UF

ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ

 

Жоспар:

1.Қытай тарихының зерттелуі
2.Табиғат жағдайы және халқы
3.Шан (Инь) мемлекеті. Шаруашылығы
4.Чжоу патшалығы және елдің ыдырау кезеңі (Чжан Го)
5.Цинь империясы
6.Хань империясы
7.Ежелгі Қытай мәдениеті

 

1. Қытай тарихының зерттелуі.

Европаға ежелгі Қытай (орта ғасырлық Қытай сияқты) көпке дейін белгісіздеу болып келді. Ол жайында сақталған антик заманнан қалған деректер өте мардымсыз еді. Тарихтың атасы Геродот Үнді аңғарынан шығысқа қарай орналасқан елдер жайлы ешнәрсе білмеді. Александр Македонскийдің жорықтарынан кейін жазба деректер қалдырған неғұрлым кейініректегі антик авторлары да эллиндік державалар мен Римге жібек жіберіп тұрған ел жайында көмескі және үзік-үзік мәліметтер ғана келтіреді.

Орта ғасырларда Қытай жөніндегі түсінік бұл елдің өткен тарихына оншалықты тереңірек үңілуді мақсат етпеген саяхатшылардың жазбаларымен ғана (мысалы венениялық Марко Полоның) шектелетін еді.

Тек б. э. XVI ғасырынан бастап европалық миссионерлер мен көпестер Шығыс Азияның сол кездегі жағдайы мен өткеніне көбірек көңіл бөле бастады. 1585 жылы португалдық Мендоза жазған «Ұлы қытай халқының тарихы» пайда болды.

XIX ғасырда француздардың Қытайды зерттеуші ғалымы Э. Шаванн Сым Цяньның «Тарихи жазбаларын» аударуды қолға алады.

Қытай тарихын зерттеуде аса көрнекті роль атқарған орыс саяхатшыларынан, әсіресе, Н. Я. Бичуринді (Иакинф монахты) атап өту жөн. Ол Қытайда пекиндік діни миссияның бастығы болып 14 жыл тұрған (1807—1821 жылдар) және өте көп қытай документтерінің түп нұсқасымен танысқан. Н. Я. Бичурин мен орыстың өзге де оқымыстылары өз еңбектерінде қытай халқына сүйіспеншілік танытады және қытай мәдениетінің дүние жүзілік маңызын мойындайды.

Қытайлар жөнінде (үнділер сияқты) бір орнында қозғалмай тұра беретін, ілгері басуға қабілетсіз халық деген көзқарас кең тараған еді.

 

2. Табиғат жағдайы және халқы.

Біздер Қытай деп атайтын елді қытайлықтардың өздері бірде Чжун Го (Ортада жатқан патшалық), бірде Чжун Хуа (Ортада жатқан Гүлденген ел) десе, бірде династиялардың аттарымен (мысалы, Цинь) атаған. Бұл соңғы атау кейбір өзгерістермен батысевропалық географиялық ресми тізімге енген.

Қытай мемлекеті бастапқыда Хуанхэ бассейнінде пайда болады да, бірте-бірте өзінің қазіргі шегіне жетеді.

Қытайдың халық аңыздарының бірінде Юй есімді мифтік патшалардың бірі өзен жағалауларын бекіту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырғаны үшін даңққа бөленетіні туралы айтылуы тегін емес. Солтүстік Қытайдың жері (негізінен лессті) өте құнарлы болып келеді.

Ежелгі Қытайда елеулі мөлшерде орман алқаптары болған (қазір көп жерлерде ол жойылып кеткен, тек шеткері аймақтарда ғана сақталған). Оның табиғаты мен жан-жануарлар дүниесі, ежелгі қытай анторларының суреттеулеріне қарағанда, бай және әр түрлі болған, мұны археологиялық қазбалар да растайды. Қазір халық тығыз орналасқан көп жерлерде бұғылар, қабандар, аюлар және жолбарыстар сияқты қорқынышты жыртқыш аңдар көп болған. Қытай әндерінің ең ежелгі жинағында (Ши Цзин) жыл сайын көпшіліктің жаппай түлкілерді, жанаттарды және жабайы мысықтарды аулауға шығатыны жайлы сөз болады, әрі мүның өзі қазіргі кезде жабайы аңдары мүлде дерлік құрып кеткен Хуанхэ бассейнінде болғаны айтылады. Қытайдың экономикасы дамуы үшін оның тауларында кендер мен өзге де пайдалы қазбалардың молдығының үлкен маңызы болды.

Қытайлықтар ғасырлар бойы күрес жүргізген шет жерлік халықтар ішінде түп нұсқа жазуларда әсіресе сюннулар көбірек аталады, бұлар кейінірек (б. э. IV ғ.) Европаға өтеді де, осы жерде біршама өзгертілген гундар деген атпен белгілі болады.

Қытайлықтармен көршілес болған этникалық топтардың елеулі бөлігі уақыттың өтуімен байланысты қытайлықтармен араласып, олардың тілі мен мәдениетін қабылдаған. Дегенмен, қазір де оңтүстік Қытайдың кей жерлерінде және батыс Қытай территориясының елеулі бөлігінде жергілікті халық қытай тілінен өзге тілдерде сөйлейді және оларды зорлап қытайландыру жөнінде талай рет әрекеттер жасалғанмен өздерінің жергілікті мәдени дәстүрлерін сақтап келеді.

 

 

3. Шан (Инь) мемлекеті. Шаруашылығы.

Еңбек құралдары мен қару-жарақтар жасау үшін негізгі материал ретінде ол кезде өлі де тас пен сүйек қолданылатын болған. Алайда мыстан, кейін қоладан жасалған құралдар да (пышақ, күрек, балта, біз т. б.) пайда бола бастайды.

Шан (Инь) патшалығында қолөнер жоғары дәрежеде дамиды. Оның астанасының (ол да Шан атарған) қираған орнынан қола бұйымдарын жасайтын құю шеберханасының қалдықтары табылған. Мұнда дайын өнімнің қалдықтары мен қоқыс қана емес, сондай ақ құю қалыптары да сақталған.

Керамика, атап айтқанда ақ балшықтан (каолиннен) бұйымдар жасау шеберліктін жоғары дәрежесіне жеткен. Қыш шеңбері белгілі болған. Ағаш материалдары да кеңінен қолданылған: үйлер (тіпті сәулетті сарайлар да) ағаштан салынған.

Егіншіліктен Колөнердің бөлініп шығуы айырбастың дамуына алып келді. Бағаның өлшемі қызметін ерекше қабыршақтар (каурилар) атқарды. Шығыс Азияның әр түрлі елдерімен, атап айтқанда мыс пен қалайы өндірілетін Янцзы бассейнімен (ол Қытай жеріне кірмейтін) сауда байланыстары орнады.

Хуанхэ алқабынан   солтүстікке   және   батысқа қарай созылып жатқан таулы өлкелер мен далалық аймақтардан мал, тері, аң терілері және тастар (яшма, нефрит т. б.) әкелінетін еді. Айырбасталып алынған қытай қолөнер бұйымдары Енисей жағасына дейін жеткен.

Өндіргіш күштердің дамуы және ішкі, сыртқы айырба-күшеюі мүлік теңсіздігіне еріксіз алып келді. Қазбалар қейн бай үйлермен және мазарлармен қатар кедейлердің тұрған үйлері мен қойылған орындарының қалдықтары да ұшырасады. Кей иероглифтер құлдарды (қолы байланған тұтқындар мен басы байлы үй қызметкерлерін) бейнелейді. Дегенмен, құл иелену әлі алғашқы қарапайым сатысында болды. Бал аштырғанда, немесе ел билеушілерді көмгенде құлдарды құрбандыққа шалу ғұрпы еріксіз еңбекке мұқтаждықтың әлі де күшті болмағандығын көрсетеді.

 

4. Чжоу патшалығы және елдің ыдырау кезеңі (Чжан Го).

Шан (Инь) патшалығы берік болмайды. Жазба тарихи аңыздарда бағындырылған тайпалардың көтерілістері жайлы бірқатар деректер ұшырасады. Әсіресе Вей өзенінің (Хуанхэнің саласы) екі жағын жайлаған батыстағы чжоу тайпалары қауіпті жау болып шығады.

Бұл тайпаның көсемі У Ван Шан (Инь) династиясының соңғы өкілі Шоу Синьді соғыста жеңіп шығады да, бұл соңғысы өзін-өзі өлтіріп тынады. Бұрынғы патшалықтың қираған орнында енді (тағы да үстемдік құрған тайпа мен елді басқаратын династияның атымен аталатын) Чжоу патшалығы құралады. Ол б. э. дейінгі XII ғасырдың аяқ кезінен б. э. дейінгі III ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді.

Бұл кезең елдің астанасы Хао қаласы болып тұрғандағы Батыстық Чжоу және елдің астанасы шығыстағы Лои қаласына (Хэнандағы осы күығ Лоян қаласы) көшірілген кездегі Шығыстық   Чжоу   уақыттарына   бөлінеді.   Соыдай-ақ   бұл жерде Чжоу династиясы өзі өмір сүрген соңғы ғасырларда тек номиналды билікке ғана ие болғанын және бұл б. э. дейінгі IV ғасырды және III ғасырдың едәуір бөлегін қамтитын дәуірді қытай жылнамашылары өтпелі дәуірге жатқызатынын, ол Чжан Го («Жаулаушы патшалықтар»)  деп аталатының ескеру қажет.

Көршілес көшпелі тайпалармен, соның ішінде сюнну (гуннда)" тайпаларымен болып тұрған соғыстарда қолға түскен тұтқындар да құлдарға айналдырылды. Қейінірек құлдар қатары сотталған қылмыскерлер есебінен де толықтырылды.

Кауымдық жерлерді тонау мен құлдар санының көбейе түсуі шонжар семьялар қарауындағы ірі жеке меншікті шаруашылықтар кұрылуына жағдай туғызды. Жерді мұраға қалдыру енді жеке меншік ретінде иеленуге (басқаша айтқанда оны қалай пайдаланам десе де шек қойылмаушылыққа және басқаға беру мен сатуға да ерікті болушылыққа) жақындай түсті.

Мемлекеттің жоғарғы органын құру туралы деректер сақталған. Ол патшаның үш кеңесшісінен (ұлы ақылшысынан, ұлы ұстазынан, ұлы қамқоршысынан) және үш басқарушысынан тұрған, бұлардың бірі—дін істерін, екіншісі—қоғамдық жұмыстарды (суландыру жүйелерінің құрылыстарын қоса), үшінші сі — әскери істерді басқарған.

Көпестер мен өсімқорлардың ролі күшейе түседі. Олардың ішінен шыққан көп адамдар ата тегінен аристократтарды ығыстырып, көрнекті мемлекеттік қызметтерді иемдене бастайды, қызмет орнын сату жүйесінің шығуы бұған дем бере түседі. Ақша шаруашылығының дамуы барысында қауымдастардың көпшілігініқ жағдайы шұғыл нашарлап кетті. Олардың көпшілігі қарыздарын төлеуге шамалары келмегендіктен өз учаскелерін (алғашқыда огородтары мен бақтарын, соңынан егіс алқабын да) өсімқорларға беріп отырды. Жерден айрылған соң олар батырақтар ретінде жалдануға мәжбүр болды. Іс мұнымен тынбайтын. Жұмыс таба алмаған кедейлер үйсіз-күйсіз қаңғыбастарға айналып, қуғындауға ұшырады, «жалқаулығы үшін» құлдарға айналдырылды. Мемлекеттік құл иеленумен бірге жеке құл иеленушілік те дамыды. Жүздеген және мыңдаған құлдары болған ірі жер неленушілер мен көпестердің есімдері бізге белгілі. Құлдар көтерілістері жайлы хабарлар да кездесіп қалады.

Б. э. дейінгі IV ғасыр мен III ғасырдың басында Қытайдың ыдырауы өінің жоғарғы шегіне жетті де, мұның өзі өндіргіш күштер мен айырбастың дамуына кедергі жасады. Біртұтас суландыру жүйесін жасау және өзен суларын бүкіл ел көлемінде белгілі жүйемен бөліп отыру үшін әр түрлі аймақтардың күш біріктіруі керек еді, ал бұл бытыраңқылық жағдайда мүмкін болмады. Бөгеттерді өзге аудандармен келіспей салудың өзі табиғат апаттарына ұшыратып отырды. Екінші жағынан жауласушы патшалықтардың шекараларындағы таможнялық кедергілер шаруашылық қарым-қатынасқа бөгет жасады. Саудамен айналысушы топтың мүддесі елдің әр түрлі бөліктерін тығыз біріктіруді қажет етті. Сонымен бірге таптық күрестің күшеюі мен көшпелілердіқ қауіп төндіруі де билеуші топтар арасында елдің бірлігін қайта қалпына келтіруге деген талпыныстар туғызды. Ішкі және сыртқы жауларды басын отыру үшін қытай құл иеленушілері орталық биліктің күшейтілуін қалады.

 

5. Цинь империясы.

Елді қайта біріктіру процесінде Қытайдың батыс аймағын қаратып және өз билігін оңтүстік өлкелерге де, Янцзы өзенінің жағасына дейін жүргізіп тұрған Цинь патшалығы басты ролі атқарды. 

Шан Янның реформалары арқасында Цинь патшалығының армиясы жауынгерлік сапасы жөнінен өзге қытай патшалықтарының әскерлерінен асып түсті, мұның нәтижелері кейінгі қырқысу соғыстарында көрінді. Б. э. дейінгі III ғасырдың алғашқы жартысында Цинь патшалары өздерінің барлық қарсыластарын жеңіп шығады. Б. э. дейінгі III ғасырдың орта шенінде Чжоу династиясы іс жүзінде ғана емес, ресми түрде де өзінің билігінен айрылады.

Цинь Шихуанди өлісімен-ақ шаруалардың жаппай көтеріліс басталып, бұларға кұлдар да косылды. Осы қозғалыстың көсемдерінің бірі деревня старостасы Лю Баньның жолы болды. Ол өз жағына халықтың қалың көпшілігін ғана емес, сонымен бірге Цинь Шихуанди тұсында талқандалған шонжарлардың қалдықтарын да тарта отырып, әр түрлі амалдармен өз қарсыластарын ығыстыра білді. Б. э. дейінгі 207 жылы ол Цинь династнясының ең соңғы өкілін тақтан құлатып, Бірінші немесе Үлкен Хань династиясы аталған жаңа династияның негізін салды.

 

6. Хань империясы.

 Хань империясы (б. э. дейінгі 206 ж.—б. э. 220 ж.). Бірінші (Үлкен) Хань династиясына Цинь империясы құлауына беп болған бүліншіліктер кезінде ел ішін жайлап алған күйзелушілік пен қиындықтарға қарсы күресуге тура келді. Аштықтан, аурулар мен қырқысу соғыстарынан көп халық қырылып кетті.

Лю Бань ел бірлігін қайтадан калпына келтірді, сонымен бірге Цинь династиясы тұсында жәбір көргендерге белгілі жеңілдіктер жасады. Ол борыштары мен қылмыстары үшін мемлекет меншігіндегі құлдарға айналдырылған көптеген адамдарға бостандық берді, өте-мөте ауыр салықтар мен міндеткерліктерді жойды, жергілікті істерді жүргізу міндетін сайланып  қойылатын старосталардың қолына берді. Осының алдындағы кезеңде қудалауға түскен ескі шонжарлар әулетіне кейбір жеңілдіктер жасалды.

Хань империясының күшеюі барысында бірте-бірте Цинь Шихуанди тұсындағы деспоттық тәртіптер қайтадан қалпына келтіріле бастады. Бұл әсіресе Бірінші Хань династиясының ең көрнекті өкілі У Ди император тұсында (б. э. дейінгі 140—87 жылдар) барынша анық байқалады. Оның тұсында жергілікті шонжарларға қайтадан тежеу қойылып, олар император чиновниктерінің бақылауына алынады.

Қытай әскерлері алғашқы жорықтарында Лоб-Нор көліне жетті, ал екінші жорық кезінде (б. э. дейінгі 102 ж.) Фергананы уақытша бағындырып алды. Оңтүстікте У Ди Үндіқытайдың солтүстік бөлігінде бекініп алуды көздесе, солтүстік-батысында Кореяның бір бөлігін бағындырып алды.

Б. э. II ғасырында тағы да Қытайды дүр сілкіндірген оқиғалар болды. «Сары орамалдылар» көтерілісі (б. э. 185 ж.) деп аталған халықтың кең көлемдегі жаңа қозғалысы өріс алды. Оны талантты көсем Чжаи Цзяо меп екі туысы басқарды. Бұл көтеріліс 20 жылдай уақытқа созылды және күшпен басылса да, Хань империясының іргесін мықтап шайқалтты. Б. э. 220 жылы ол үш патшалыққа белініп кетті. Осындай саяси бөлшектену жағдайында құл иеленупіі қогамның жойылу және феодализмнің қалыптасу процесі жүзеге асады.

 

7.     Ежелгі Қытай мәдениеті.

Жазуы мен әдебиеті.  Қытайда   өте   ертеде   иероглифтік   жазу   пайда

болған еді. Қытай иероглифтері тігінен, жоғарыдан төмен қарай жазылады. Қытай жазуы әлемдегі ең киын да күрделі жазу. Соған карамастан Қытайда б. з. б.    I мыңжылдыктың бірінші жартысында-ақ кітаптар жазылған. Олар ені 1 см, ал ұзындығы 20-дан 40 сантиметрге дейінгі ағаш тақтайшаға жазылыпты. Тақтайшалар тігінен, жазуы бар беті үстіне қарайтындай етіп, оңнан солға қарай реттеліп, жіппен тізілді. Б. з. б. I мыңжылдықтың ортасында жібек матаға жаза бастады. Б. з. б. II ғасырда Қытайда қағаз пайда болды. Сөйтіп әлемде бірінші рет қағазға жазу қалыптасты.

Қытайдың сонау ежелгі замандардағы иероглифтік жазулары бүгінгі таңға дейін сақталған. Бізге ежелгі Қытайдың көптеген әдеби шығармалары белгілі. Солардың ең көнелерінің бірінде дүниенің жаратылуы туралы мәселе былайша баяндалады.

...Ұзақ уақыт әлемді ретсіз тұңғиық басып тұрды. Ешнәрсені ажыратып білу мүмкін емес еді. Одан соң Жарық пен Түнек белгілі болды. Аспан мен Жер қалыптасты. Алғашқы адам пайда болды. Ол Панъгу деп аталды. Бұл өте алып адам ұзақ өмір сүрді. Ол өлгеннен кейін, оның денесінен табиғат пен адам пайда болды. Оның демі жел мен бұлтқа, даусы күн күркіреуіне, сол көзі күнге, оң көзі айға, қолдары мен аяқтары дүниенің төрт бұрышына, кеудесі бес үлкен тауға, денесінен шыққан тер жаңбырға айналды. Қаны жердегі өзен боп ақты. Бұлшық еттері топыраққа, шашы шөппен ағашқа айналды. Тістері мен сүйектерінен тастар мен металдар, ал миынан меруерттер мен асыл тастар пайда болды.

Ежелгі Қытайдың ән-өлеңдері де, ақындары да көп болған. Солардың бірі б. з. б. II ғасырда өмір сүрген Сыма Сянжу атты ақын. Ол өлеңдерінде өз өмірін көбірек баяндаған.

        Ғылыми білімі мен өнер табыстары.

Егіншілік пен құрылыс істері көптеген ғылым салаларының қалыптасуына әсер етті.

Жұлдызнамашылар аспан денелерінің қозғалысын, орын ауыстыруын жете зерттеді. Соның нәтижесінде қытай жұлдызнамашылары әлемде бірінші болып жылдың ұзақтығын дәл есептеп шықты. Бір жылда 365,25 тәулік, яғни 365 және ширек тәулік бар деп есептеді. Қытай жұлдызнамашылары жұлдызды аспанның қартасын жасады. Онда Темірқазық жұлдызының айналасына топтасқан 28 шоқ жұлдыз көрсетілді.

Жер шаруашылығының кең түрде дамуы, білімнің осы саласынан да мәліметтер қалдырды. Оларда үш танапты жер өңдеу тәсілі, жерді өңдеу мен суғару жолдары, жібек құртын өсіру, шай бұталарын күту туралы жазылған.

"ІІІай" сөзі қытайлықтардан шықты. Алғаш шайды сырқат адамның күш-қуатын сақтайтын дәрі ретінде пайдаланған. Кейіннен сусын ретінде қолданды. Сөйтіп, ол басқа елдерге де тарады.

Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында Қытайда ғылыми білім басқа көптеген елдерден анағұрлым алда тұрды. Соның нәтижесінде ғылыми білім адам игілігіне қызмет ете бастады. Көптеген өнертабыстар мен жаңалықтар дүниеге келді.

Қытайда әлемдегі ең алғашқы құбыланама (компас) ойлап табылды. Ол өзі қазіргі құбыланамаға ұқсамағанымен, сол дәуірдің өзінде дүниенің төрт бұрышын дәл бағдарлауға мүмкіндік берді. Әсіресе қытай теңізшілері осы құбыланама арқылы ашық теңізге шығып, Үндістан жеріне дейін бара алатын еді.

Ең ежелгі сейсмографты, яғни жердің сілкінісін алдын ала болжауға, жер сілкінген кезде оның қай жерде қаншалықты дәрежеде болғанын айқын-дауға мүмкіндік беретін аспапты да ойлап тапқан қытайлар болды.

Қытайда ойлап табылған, адамзат әлеміне бүгінге дейін кең түрде қызмет етіп келе жатқан заттың бірі - қағаз. Қағазды олар ұсақ, жұмсар-тылған маталардың қалдықтарын арнайы пеште қайнатып, қоймалжың күйге келтіріп, одан соң қағазға айналдырады.

Мылтық атуға арналған оң дәрісін алғаш ойлап тапқан да қытайлар. Бұлармен бірге жоғарыда айтылған жібек матаны, жұлдыздар картасын да алғаш қытайлар ойлап тапты.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-05-19 19:50:35     Қаралды-31410

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »