UF

Таяу Шығыстағы ежелгі мемлекеттер

 

  1. Кіші Азияның табиғат жағдайы мен халқы
  2. Хет тарихнамасы
  3. Ежелгі Хет патшалығы
  4. Жаңа Хет патшалығы. Хеттар мемлекетінің құлдырауы
  5. Хет мәдениеті

 

         1. Қосөзен мен Египетте бір орталыққа бағынған қуатты мемлекеттер құрылып, олар уақытша әлсіреу мен ыдырау кезеңдерін бастан кешкенднріне қарамастан, мыңдаған жылдар бойына өмір сүрген кезде Кіші Азияда жағдай басқаша қалыптасты.

         Үш жағынан бірдей теңізбен қоршалған және жерін тау тізбектері бөліп жатқан бұл үлкен түбектің табиғи жағдайы өзін мекендеген тайпалар мен ұлт топтарының бірігу процесіне оншалықты қолайлы емес еді. Мұнда ірі өзен алқаптары жоқ болатын. Ең үлкен өзен – Қара теңізге қуятын Галисті Нилмен немесе Ефратпен салыстыруға мүлде келмейтін.

         Шағын каналдар қызылғанмен де, жергілікті жер бедері біріңғай суландыру жүйесін жасауға мүмкіндік бермеді.

         Мал өсіру басым роль атқарды, жайылымға жарайтын далалы алқаптардың көп болуы бұған жағдай туғызды. Бал арасын өсірудің де үлкен маңызы болды.

         Тауларын қалың орман басып жатты, ал олардың қойнаулары металдарға бай болатын.

 Кіші Азияны мекндеген негізгі халық – хеттер әр тіліде сөйлейтін тайпалар конгломераты еді. Олар б.э.дейінгі ІІ мың жылдықта негізін салған патшалық аз уақытқа болса да құдіретті болғанымен, бар болғаны бірнеше ғасыр ғана өмір сүрді.

         Б.э.дейінгі І мың жылдықта хетт халқының атының өзі ұмытыла бастайды. Егер библияда хеттер туралы әлі айтылатын болса, кейінгі гректер оларды білмейді. «Одиссеяның» бір жерінде ғана Трояға көмекке келген «кетейлердің» көсемі жайлы бір ауыз ғана айтылып өтеді. Гередот, өзі Кіші Азиядан шыға тұра хетт халқы мен хет патшалығы туралы ештеңе білмеген. Шамасы, б.з.дейінгі V ғасырда хеттер өзге халықтарға толық сіңісіп кетіп, өз ерекшеліктерін, тіпті өздерінің аттарын да жойса керек.

 

         2. Хетт тарихын зерттеу кешігіп басталды. Рас, өткен ғасырда табылып зерттелген египет және аккад текстерінде, Вавилонмен және Ассириямен әскери қақтығыстары және дипломатиялық байланыстары болып тұрған Ұлы Хетт патшалығы тұралы дерек ұшырасады. Кші Азия мен Сирияға шашырап жатқан хетт ескерткіштерімен танысу әлі үстірт және материалдық мәдениетт зерттеу түрінде ғана болатын.

         Тек 1906 жылы ғана Шығысты зерттеуші неміс ғалымы Г. Винклер Богазкеой төбесін жүйелі түрде қазуға кіріседі, оның астында Хетт астанасы Хаттусаның қалдығы бар болып шығады. Хетт патшаларының сарайлары қазылып, одан сына жазуы текстері бар ежелгі Шығыс халықтарының әр – түрлі тілдерінеде жазылған саз балшық тақталары табылған.

         Егер бұлардың ішінде аз кездеспейтін аккад текстерін бірден оқудың сәті түссе, хеттардың өз тілінде жазылған жазуларды бірден оқуға мүмкіндік болмады. Бұл істе 1915 жылы ол жазуларды оқудың және түсінудің кілтің тапқан чех ғалымы Б.Грозныйдың еңбегі зор болғаның атап айту жөн. Бұл арадан көп мөлшердегі сына жазба документтерімен бірге едәуір мөлшерде хеттардың иероглиф жазуларыда табылған. Сырт көріністері жағынан олар египет иероглифтерімен ұқсас болғанымен, жақынрақ танысып қараған адам оның өзіндік ерекшеліктерінде байқай алады. Хетт иероглифтері сирек, көбінесе хетт елінің орталығында емес, шығыс аймағында қолданылған. Хетт жазу – сызуын көне тарихын зерттеу ісінде совет ғалымдарыда ат салысты. Мәселен, В.В.Струве хеттарды құл иеленудің үлкен рөл атқарғанына көңіл аударды. Сөйтіп хеттология шығыстану ғылымының ерекше саласы ретінде тек біздің ғасырымызда ғана пайда болды.

         Хетт жазуларын зерттеу хетт халқының әр – түрлі элементтерінің берік емес бірлестігі нәтижесінде қалыптасқаның көрсетті. Олардың ежелдегі этниалық түп негіздері – абхаз – адыгей тобының тілінде сөйлейтің және деректерге сүйенсек, Кавказбен тығыз байланысыты болған хеттар немесе протохеттар болған. Оларға кейінрек индоевропа семья топтарын жататын тілдерде сөйлейтің өзге тайпалар келіп қосыла берген. Олардың лексикасында славян, сондай – ақ гек, латын т.б. тілдерімен ұқсастық белгілері бар. Мемлекеттік бұл тіл ежелгі кезде несит тілі деп аталған. Бұл тілде хеттардың заңдары, указдары, жылнамалар және өзге ресми документері жазылған. Несит тілінде сөйлеген тайпалар Каспий теңізінің жағасынан келді деген болжам бар.

         Бұл негізгі тұрғын халыққа бөтен тілде сөйлейтін және өзіңдік дәстүрлерін сақтаған өзге тайпалар келіп қосылып отырған. Бірақ біржола толық араласып, сіңісіп кетушілік болмаған.

 

3. Хеттардың рулық – тайпалық құрылысы б.э.дейінгі ІІІ және ІІ мың жылдықтар шекарасында ыдырай бастайды. Бұл процестің жеделдеуіне семиттік колонистердің келуі де ықпал еткен. Аккад көпестері б.э.дейінгі ХХІІІ – ХХ ғасырларда Галис өзені алқабында өздерінің колониялары құрған. Олар жергілікті тайпалар шонжараларымен келісімге келу арқылы жергілікті мал және егін өсіруші тұрғындарды қанап отырған.

         Б.э.дейінгі ІІ мың жылдықтың бас кезінде Кіші Азия түбегінің шығыс бөлігін біріктіру үшін алғашқы талпыныстар жасалады. Хеттің тұңғыш ұлы патшасы Анитта, патшалықтың мемлекеттік тілге өз атауын берген Неса қаласы болды.

         Хетт державасы б.э. дейінгі 1660 – 1650 жылдар шамасында Табарна патшаның тұсында ғана біржола қалыптасып болды. Бұл державаның егізгі орталығы өзеңінің бассейіні болған. Б.э.дейінгі XVI ғасырдан бастап оның астанасы Хаттуса болады.

         Табарна династиясының неғұрлым көрнекті өкілі жаулаушы патша Мурсили болған.Ол тонаушылық сипаттағы бірқатар жорықтар жасаған.Хетта әскери шонжарлары,ал ішнара қатардағы жауынгерлер де өзге епдерден көбірек құлдар түсіруге және оларға өз егістік далаларында жұмыс істеуге тырысып баққан.Мурсили Солтүстік Сирияның стратегиялық және экономикалық орталығы болып табылған Халпа қаласын басып алды. Осы жерден ол Ефратқа қарай жылжып, өзенді жағалай отырып, Вавилонға дейін түсіп, аса үлкен бұл қаланы да басып алып, ойрандады.

         Алайда бұл табыстары тұрақты болмады. Хетт патшалығының өз ішінде талай рет бүліншіліктер болып тұрған. Құлдардың көтерілісі жайында да еміс – еміс дерек бар. Екінші жағынан хетт шонжаралары орталық билікпен оншалықты санаса бермеген.

         Хетт патшалар Египет фараондары сияқты мейлінше күшті бола алмаған. Аса маңызды істер жөнінде олар тулиамен ақылдасуға, ал кейде панкуспен де келісуге мәжбүр болған.

         Ұзақ уақытқа созылған өз ара қырқысу соғыстары мен сарай төңкерістерінен кейін, б.э.дейінгі XVI ғасырдың аяғына таман елдегі басқарушы топтар арасында белгілі дәрежеде мәмлеге келушілікті көрсететін бірқатар реформалар жүзеге асады.

         Телепин патша таққа мұрагер отыруының қатаң жүйесін указбен бекітеді. Патша өлген соң ел билігі оның үлкен ұлына, ал егер ол да кездесоқ өле қалса, одан кейінгі ұлына көшуі керек делінеді. Патшаның ұл балалары болмаған жағдайда билік ең үлкен күйеу баласына көшуге тиіс т.б. Сонымен бірге патша өз бетімен ешкімге де өлім жазасына кеспеуге, өлімге кесілгендердің мүліктерін тулиа мен панкусқа айтпай өз бетінше конфискелемеугеміндеттенеді. Біз бұған хетт монархиясының деспоттық болмағанын, хетт патшаларының Египет фараондары немесе Шумердің, Аккад пен Вавилонның әміршілері сияқты шексіз билікке ие бола алмағанын көреміз.

 

         4. Жаңа патшалық кезеңінде орталық билік едәуір күшейе түседі. Елдің түкпір – түкпірінде шашырап жатқан патшаның меншік жерлері көбейді. Олар арнаулы кеңселер арқылы басқарылды қауымдастар өз үлесіндегі жерлерді билеу еркінен айрылады және оны бұдан былай өз балаларына да мұра етіп қалдыра алмайтын болды.

         Қауымдық жерлердің елеулі бөлегі де жеке меншік иелерінің қолдарына өтіп, ал олар өз учаскелерін айналымға еркін жіберіп отырған. Қатардағы қауымдастар кедейленіп, өздерінің бұрынғы проваларын жоғалтады және кейбіреулері тіпті борыштық құлдыққа түседі.

         Буржуазиялық тарихшылар хетт заң шығарулары өте үлкен адамгершілікке ие болған – мыс деп жиі дәріптейді. Олар кез келген қылмыс үшін айытылардың заттай немесе ақшалай айып төлеу жазасына кесілетінен назар аударады.

         Хетт патшалығында кісі өлтірген адам өлген адамды өз есебінен жерлесе және оның туыстарына төрт адам берсе жазадан құтылатын болған. Ұры да, өрт қойған адам да, төбелесте қарсылысып жазым еткен тентек те жазадан ақы беріп құтыла алған. Өлім жазасын мүлде дерлік қолтанбайтын «жұмсақ» заңдары болуы вавилондық семиттерге қарағанда жоғары, арийлық нәсілге жататын хетт халқының адамгершілік қасиеттерін көрсетеді – міс. Алайда, анықтап қараған адамда мұндай «адамгершіліктің» таптық тамырлары айқындалып қалмайды. Малы көп өзгенің жақсы атына қызығып, сұғанақтық жасаса, сөйтіп қолға түсіп қалса, онда жәбірленушіге өз табынан он бес жылқы беріп, құтыла алған. Ал ұры кедей болып шықса, онда ол айыбын он бес есе асырып төлеп құтылу үшін борышты болып, құлдыққа түскен. Құлдарға оданда қиын болды. Құл егер біреудің үйін өртесе, оның құлақтары мен мұрның кескен, егер ол әлдекімге ажал шақырып, сиқырлап, дуа жасады деп айыпталса өлім жазасына кесілген.

Хетт державасының ішкі жағдайы берік емес еді. Оның экономикалық біріңғай базасы болмайды,күш – қуатын уақытша болса да кемітпей ұстап тұру үшін үстін – үстіне жорықтарға шығу қажет болды.

         Реформашы фараон Эхнатонның замандасы болған Суппилулиума патшаның тұсында – Хетт державасы ең гүлденген шағына жетеді. Өз көршілерінің әлсіздігін пайдаланған Суппилулиума Митанниды талқандап, бағындырды, одан соң бұл патшалықтың тағына өзінің күйеу баласын отырғызды. Бұдан кейін ол Египет патшалығынан оның азиялық иеліктерінің елеулі бөлігін тартып алды және тіпті өзінің балаларының бірін династия аралық неке жолымен фараон етуге де әрекеттеніп көрді.

         Алайда мұндай әскери – дипломатиялық әрекеттердің бәрі күйреуіл және баянсыз болып шықты. Египетпен арадағы соғыс созылып кетті, ал шығыс жақтан жаңа әрі қатерлі жау – Ассирия қауіп төндірді. ІІІ Хаттусили Египет фараоны ІІ Рамсеспен асығыс түрде келісімге келуге мәжбүр болды, өйткені ол ассириялық әскерлер өзіне тыл жақтан келіп тиісер деп қауіптенді. Сонымен бірге ол өзімен бітім шартын жасасқан Вавилонияны Ассирияға қарсы айдап салуды да көздеді. Алайда, мұның бәрінің көмегі тимеді. Ассириялықтар хеттарға соққы үстіне соққы берумен болды, ал батыстан іштерінде гректер және этрустар тайпалары бар «теңіз халықтары» келе жатты. Б.э.дейінгі 1200 жылдың шамасында олар Хаттусуды талқандап жеңді де, ол бұл соққыдан соң қайтып еңсе көтере алмады.

         Шағын хетт князьдықтары – бұрынғы державаның бөлшектері – тағы да бірнеше жүз жыл өмір сүрді, содан соң Ассирия оларды жұтып қойды да, хетт халқы өзге халықтардың ішіне сіңіп өздері туралы ешқандай дерлік естелік қалдырмай, біржолата жойылып кетті.

 

         5. Хет мәдениеті Вавилон және Египет мәдениетінің күшті ықпалында болған. Хетт көшірмешілері вавилон поэмалары ынталана көшіріп, өздерінше өзгертіп алып отырған. Хетт астанасының архивінен жылқы өсіру және күймелерді басқару жөніндегі митаниялық ережелер тобылған. Дегенмен мұнда төл тума поэмалар да туған. Солардың бірі көктем құдайы Телепинге арналады, ол әуелде жат жерге кетіп қалады, одан соң құдайлардың шақыруы болйынша қайтып оралады, осыдан кейінгі табиғат қайта жанданады.  Хеттер бейнелеу өнерінде тамаша шығармалар шығарған. Әсіресе жартастарға қашап салынған құдайлар мен қасиетті жануарлар суреті көңіл аударарық. Месопотамия сюжеттерінің гректерге ауысуына елеулі қызмет еткен. Әйел бетін бейнелеген хетт сфинкстері, грек сфинкстерінің өзгеруіне ықпал еткен. Хеттер, осылайша, тарих сахнасынан кетіп бара жатып та, өздерін шығыс және грек әлемінің арасындағы дәнекер ретінде таныта білді.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-05-05 19:22:28     Қаралды-3425

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »