UF

 Мұражайлық өлкетану және ескерткіштерді қорғау ісінің дамуы

Жоспар

1.Мұражай ісінің Қазақстанда дамуы

2.Тарихи өлкетану мұражайлары (Орынбор, Семей, Жетісу, т.б. мұражайлар)

3.Қазақстан мұражайларын қорғау қоғамы және оның өлкені зерттеудегі қызмет қайраткерлігі

 

Музeй типтері

       Музeй типтері мемориалдық, ғылыми-ағартушылық, зерттеу,  оқулық.

        Музeй профилі: тарихи, техникалық жаратылыстану, ғылыми- өнертанушылық , әдеби және мемориалдық, кешендік, өлкетанулық.

«Музeй» грек аңызында Зевс және Мнемосинаның қыздары, өнер және поэзияның қамқоршы құдайлары болған. Эвтерпа –лирикалық поэзия, Клио-тарих, Талия - комедия, Мельпомена - трагедия,Терпсихора - би,Эрато-махабат поэзиясы, Полигимния –гимн, Урания -  астраномия, Келиопа –эпос.

            Музаларды бейнелеу көптеген ақындар, суретшілер, мүсіншілер, музыкантарға жігер болды. Олар туралы әсіресе қайта өрлеу дәуірінің суретшілері көп сурет салды (Рафаэль, Ботичелли, Тинторетто, Пусен, Лорейн). Ақындар және музыканттар оларға көптеген шығармалар арнады. (Гендельдің «Миомосина» операсы)

     Әлемнің жеті кереметі. Бұл атаулары мәдениеттің көне әлемдегі әртүрлі мемлекеттерінде салынған жеті ескерткіш біріккен. Олар адамдарды таң қалдырып, бұны адамдар емес құдайлар салған деген ойға әкелген.

            Өкінішке орай барлық ескерткіштерден сақталып, қазіріг күнге жеткен Египет пирамидалары. Олар шөл далада ғажайып құрылыстар ретінде онда фараондар және олардың әйелдері жерленген.

            Басқа ғажайыптарға жататындар Навуходондағы ІІ-нің патшалық құрған кездегі Вавилондағы аспалылқ бақ. Бұл биік сарай қабырғаларына егілген үлкен бақ болған. Су көтергіш машиналардың көмегімен суғарылған. Патша жарлығымен әйелдерінің біріне сый ретінде салдырған.

            Эфес қаласындағы Артемида храм құдайы мрамордан салынған. Кейбір қалдықтарды Лондондағы Британ музейінде сақтаулы.

            Олимпия храмындағы Зевс статуясы ол таза алтыннан құйылған, ал беті және қолдары піл сүйегінен жасалған.

            Мавзол патшалық Галикарнас қаласындағы жерлеу орны. Алтын жалатқан тәжі жағалаудан ондаған километр жерден көрінетін болған.

            Александрия маягі  біздің дәуірімізге дейінгі 5270 жылдары салынған. Фарос шағын аралында  болған. Архимед ойлап тапқан айнаның арқасында оның жарығы теңізшілерге өте алыстап көрінген.

            Өнер заттарын жүйелі түрде жинау қайта жаңғыру дәуірінде басталып, алғашқы музeй –галереялар Уффинци, Прадо, Лувр пайда болды.

     Негізгі Еуропа музeйлері ХІХ-ғасырда толық қалыптасты, көрермендерге есік ашты. Бұл ең алдымен Ұлттық және Лондондағы Тейт галереялары, Мюнхен пинакотекасы, Вена өнер тарихы музейлері, Лувр.

     Ресейде алғашқы жинақтар шіркеу және монастырларда пайда болды. ХVІ –ғасырдан бастап Кремльдің Қару-жарақ палатасы құрылды. ХVІІІ-ғасырдың басында Петр І жарлығымен Ресейде тұңғыш жаратылыстану тарихы музейі Петербургте Кунсткамера ашылды. 1764 жылы император Екатерина ІІ-нің жеке жинағы ретінде Эрмитаж пайда болды. ХІХ ғасырда К.Солдатенкова, Морозовтардың жеке коллекцияларымен қатар көпшілікке Эрмитажы және Александр ІІІ-нің музейі (қазіргі Орыс музейі) жұмыс  істей бастады. Алғашқы жалпыға бірдей көруге  болатын Орыс өнерінің  музейі Мәскеуде Третьяков галереясы ашылды.

     1912 жылы Мәскеуде  алғашқы тұрмыстық  Египеттік көне дәуір ХVІ-ХХ ғасырдағы Еуропа өнерінің ортағасырлық мәдениетінің ескерткіштерінің бай коллекциясы әсемдік өнер музей ашылды. Оны құрудың бастамасы профессор И.А.Цветаев болды. Оған арнайы көшірмелер дайындалды.

            1913 жылы коллекционер А.А.Бахрушин өзінің ғажайып жинақтарын Ресей Ғылым академиясының қарамағына берді, содан бері осы күнге шейін оның үйінде жалпыға бірдей кіру мүмкіндігі бар театр Музeй жұмыс істейді.

            Музeйтану объектісі - бұл музей, қоғамдық құбылыс ретінде музейлік іс.

            Музeй тарихы –мәдени және жаратылыстану құндылықтарды сақтауға, ақпаратты музей заттары арқылы жинақтап таратуға арналған,  әлеуметтік ақпараттың алдын-ала келісілген көпфункцияналды институт. Қоғам және табиғаттағы құбылыстар мен процестерді құжаттай отырып музей                       заттары коллекцияларын жинақтап, сақтап зерттейді. әрі оларды ғылыми, білім беру-тәрбиелік және насихаттау мақсаттарына қолданады.

            Музeйтану пәні- әлеуметтік ақпараттарды жинақтап, сақтайтын танып- біліп білімді, дәстүрді беретін  музей  ісі, мұражайдың  қоғамдық функциясы, пайда болуы,  дамуын, көңіл күйді музeй заттары арқылы беретін процестерге жататын объективті заңдылықтар ортасы.

            Музeйтанудың зерттеу объектісі - музейлік маңызы бар материалдар, музeй заттары, салаларында музeй ісі.

            Музeйтану - сақтау және тікелей музeй заттары арқылы әлеуметтік ақпараттарды беретін процестерге жататын заңдылықтар шеңбері, әрі музейдің жалпы қоғамдық қызметі, музей ісімен байланысты заңдылықтар.

            Музей заты - шынайы өмірден алынған, музейде тұратын, бойында семантикалық және көңіл-күй ақпараты бар, тарихи-мәдени байлық, құндылық болып табылатын білім мен түпнұсқа деректемесі.

            Музeйтану - ғалымдар қоғамдағы музей қызметтерінің негізгі бағыттарын зерттей келе музeйде төмендегідей әлеуметтік функцияларын ерекшелейді.

     Білім беру тәрбие функциясы. Ол музeйде тәрбие жұмысы бойынша оларға белгілі ақпарат пен нақты білім беру арқылы анықталады. Мемлекеттік музeйде білім беру тәрбие функциясын  музeй экспозициясын  безендіріп, музей ашылған соң ғана іске асырылады.

     Құжаттану функциясы.  Музeй таңдаған тақырып  бойынша қоғамдық немесе табиғи құбылыстар  мен процестерді құжаттау. Ол көбінесе музей қорына материалдарды жинақтау  мен таңдау жолы арқылы іске асырылады.

     Сақтау функциясы жиналған заттар мен құжаттарды есепке алу, сақтау, реставрациялау  процестері арқылы іске асырылады.

     Зерттеу функциясы музeй құрудың барлық кезеңдерінде және  одан кейінгі қызметтеріндегі  жиналғанмузeй материалдары  негізінде іске асырылады.

      «Музей»ұғымы антика дәуірінде ежелгі Грекияда  ерекше салтанатпен  безендірілген,  жиын   жасауға арналған  сәнді  ғимараттары  «мусейсон» немесе «музалар храмы» деп аталған.Музейлердің  қорында  ең   бастысы  заттық және бейнелеу, өнер туындылары,  жазбаша  деректер   сақталады.         

     Қазіргі   таңда   әлемдік   музейлердің  бірнеше  түрлері   бар. Олар:

     1.Тарихи музейлер – тарих ғылымдардың   жүйесімен   біріктірілген музейлер  жатады:  тарихи, археологиялық, нумизматикалық, тарихи-революциялық, әскери-тарихи, тарихи-экономикалық, ағарту және білім тарихы,  арнайы тарихи

     2.Өнертану музейлері - өнер және өнертану тарихына жататын музейлер.  (бейнелеу өнері, сурет галереялары,мүсін),қолданбалы өнер музейлері, қолөнер, гравюра   кабинеттері, театр, музыка, киноөнері

     3.Жаратылыстану   тарихи музейлері – жаратылыстану ғылымдарына жататын музейлер,оларға биологиялық, ботаникалық (өсімдіктану), жануартану, геология,  минералогия, палентология, антропология  (адамтану)   және   экологиялық   музейлер  жатады.

     4.Техникалық музейлерге – техника ғылымдар және өндіріспен байланысты музейлер: политехникалық, техникалық, авиация, байланыс, тау-кен ісі, темір жол көлігі,  жеке кәсіпорындар музейлері, техника ескерткіштері т.б.

     5.Әдебиеттану  музейлеріне әдебиетке, жазушылардың   өмірі  мен қызметіне   байланысты   музейлер.

     6.Мемориалдық музейлер маңызды топты құрайды.

     7.Кешенді музейлер – екі не одан да көп негізгі салалары байланыстыратын   музейлер: тарихи-өнертану, тарихи-сәулет, ауыл-шаруашылық музейлері (жаратылыстану ғылымы мен тарих салаларының бірігуі) ж.т.б.

     Қазақстандағы ақпарат құралдары мен мерзімді басылым беттерінде соңғы кездері  «музей»  ұғымының   орнына «мұражай» сөзі аудармасын қолданып жүр.  Алайда, мемлекеттік терминологиялық комитеттің шешімімен  мұражай емес, ғасырлар бойы әлем жұртшылығы қолданып жүрген халықаралық   нұсқада   «музей»   болып аталатын болды.

      Республикамыздағы  музейлер  бағытының  ең  басты  міндеті – мәдени және рухани  мәдениетімізді  сақтау,  дамыту  және   қолдау болып табылады.

       Музей  пәні - әлеуметтік  жағдаймен  байланысты  заңдылықтарды  және музейлер  жүйесін,  арнайы  мамандандырылуға  сәйкес  деректерді,  сондай-ақ,   қоғамдаға  және  табиғаттағы  дамуын  зерттейді.

       Музей тарихи қоғамдық институт ретінде, музей жүйесін және әлеуметтік талаптар мен түрлі салаларға тәуелді ұйымдастырылуын зерттейді. Музейдегі   зерттеу – музей заттарының коммуникативті жүйелерін (сақтау режимі,  консервациялау, реставрациялау тәсілдері) толық анықтау болып табылады.   Аталмыш жағдай музей заттарын зерттеп, жүйелеуде маңызды рөл атқарады.

       Музейлердің  қызметінің  негізгі бағыттары: қор  сақтау,  экспозиция  және көрмелер  ұйымдастыру,  ғылыми-зерттеу,  экскурсия  ұйымдастыру бағыттарына  жүргізіледі.  

      Музей құрылымына музей ісінің теориясы, тарихы (музей тарихнамасы), деректану, ғылыми зерттеудегі  ғылыми  әдістер  жатады. Объективті   тұрғыдан    алсақ,    музей   басқа  ғылымдармен   байланысты -тарих, археология, этнография, әдебиеттану, жануартану, өнертану, геология,   өнертану және т.б. арнайы  және  қосалқы ғылыми  пәндермен.

     100-ден   аса   музейге   арналған   журналдар:ЮНЕСКО-да   Халықаралық    музейлер кеңесі шығарған журналдар:  «The  museums  journai»   (Ұлыбритания), «Museum   news»  (АҚШ),  «Musees de   France»    (Франция)   және     т.б. Сол    кездерде бұрынғы       КСРО-да   «Советтік   музей», «Музейное дело в СССР» және т.б. түрлері де жарық көрген.

      2002  ж.  желтоқсан   айынан   бастап Қазақстан  Республикасы   Президенттік  мәдениет орталығы  көненің көзіндей,   тарихтың    өзіндей болған  жәдігерлерді   насихаттау үшін «Қазақстан музейлері» мәдени-танымдық     және   ғылыми-әдістемелік журнал   шығара   бастады.

      Алғашқы  мұражайлар  қазақ  даласында  19 ғасырдан  бастап  қалыптаса  бастады. 1830 жылы  12  қараша  күні Орынбор  генерал-губернаторы   граф  П.П. Сухтелен  жергілікті  халықты  және  тұрғындарын  өлкенің   табиғатын,  тарихын мен  этнографиясын  бейнелейтін  жәдігерлерді  губерния  орталығында  ұйымдастырғалы жатқан  мұражай  үшін  табыстауға  шақырады Бұл  шақыру  қала  тұрғындары  мен  жергілікті  халық  өкілдерінің  қолдауына  ие  болып,  нәтижесінде  ашылғалы  отырған  мұражай  үшін  түрлі  жәдігерлер  жинала  бастады.  Олардың  арасында  ескі  қару-жарақ,  үй  тұрмысы  және  этнографиялық  бұйымдар,  кітаптар  мен  портреттер  болды. Жинастырылған  жәдігерлер  негізінде  1831  жылы  Неплюев әскери училищесі  жанынан  Орынбор губерниялық мұражайы  ашылды. [3]

       Мұражайы  ұйымдастырау  жұмысына  және оның жәдігерлері қорының қалыптасуына 1830-1838  жылдар  аралығында  Орынбор  қаласында    қызмет    жасаған   орыстың белгілі ғалымы  Владимир  Иванович Даль (1801-1972)   қосқан    үлесі ерекше. Орынборда  өткізген  8  жылын аралығында  В.И. Даль  Орал,  Гурьев,  Бөкей  ордасына  және  т.б.  жерлерге  жыл  сайын  сапарға  шығып  қазақ  халқының  тұрмысы, фольклоры  мен  этнографиясы  жайында  көптеген  деректер  жинастырда. Орынбор  мұражайының  алғашқы  қорын  жергілікті  табиғатты  бейнелейтін  жәдігерлер  мен  өлкені  мекендейтің  халықтардың  үй  тұрмысы  және  этнорафиялық  бұйымдары, аздаған  ескі  жару-жарақтар  құрады.  Олардың  арасында  түрлі  ыдыс-ақ,  киім-кешек  және  тарихта  белгілі  адамдардың  жеке  заттары  да  болды.  Атап  айтсақ,  олардың  арасындағы  ханы  Жәңгірдің  жұбайы  Фатима  ханымның  күміс  шалып  тоқыған  матадан  тіккен шелекауыз  жеңді  ұзын  кең  көйлегі  ,қынай  бел  пішіліп,  күрең  қызыл  барқыттан  тігілген  алтын,  күміс  жіптермен  кестеленген  тірсек  жең,  шолақ  төбе  құндыз  бөрігі  көксауыр  етектері  және  Жәңгірдің  өзі  мұражайы  сыйлаған  қымбат  тастармен  өрнектеліп  тігілген  сәукеле  мен  шапан  қазақ  халқының  киім-кешек  үлгілерінің  сол  кезеңдегі  жетістіктерін  көрсетеді.

          1833   жылы   Орынбор  мұражайы  қорында:  геологиядан – 972, ботаникадан – 1575,  зоологиядан – 30   жәдігер,  кітапханасында – 5  шығыс,  35    басқа   да   халықтар  тілдердегі  кітаптар,  орыс  және  шығыс  тіліндегі  7  қолжазба,  9  гравюра,  9  портрет  болды.

 

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1.Асфендияров С.Д. Қазақстан тарихы.(көне дәуірден)- Алматы, 1995.

2.Қазақтың көне тарихы. Алматы., 1993.

3.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 5 томдық. 1-2 томдар.- Алматы, 1996, 1998.

4.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).Очерктер Алматы., 1994.

5.История Казахстана: народы и культуры/ Масанов Н.Э. и др.- Алматы.,2000.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-04-28 20:55:24     Қаралды-3864

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »