UF

Қазақстанды зерттеу қоғамы - Республикадағы өлкетанушылық жұмыстарының орталығы.

1.ХХ ғ. 20-жылдарындағы ғылыми қоғамдар және олардың өлкетану жұмыстарын қалыптастырудағы ролі

2.Қазақстанды зерттеп - тану қоғамының қызмет қайраткерлері М.Тынышбаев., Ә.Диваев, А.Затаевич және т.б. іс қайраткерлері

3.Қазақстанда өлкетану жұмыстарының қазіргі уақыттағы барысы

 

     1.Қазақстанды зерттеу қоғамы-республикалық өлкетану жұмыстарының орталығы.     

     Қазақстанды зерттеу қоғамы Орынбор ғылыми архив комиссиясы және Орынбор орыс географиялық қоғамы бөлiмшесiнiң және де Қырвоенкомат штабы тарихи-статистикасы бөлiмiнiң мұрагерi болды.     Қазақстанды зерттеу қоғамы 1920 жылы 15 қазанда ҚазССР Халық-ағарту комиссариятының ғылыми комиссиясында ұйымдастырылып хаттамамен бекiтiлген. Ал оның жұмысы 1920 жылы 1 қарашадан бастап ресми тiркелген. 1925 жылы Қазақ халық-ағарту комиссариатының ғылыми бөлiмнен өз алдына жеке бөлiмше болып Қазақстанда зерттеу қоғамы бөлiнiп шықты. Қоғамды құруға бастамашы болғандар-тарихшы-өлкетанушы А.П.Чулошников,Орынбор өлкесiн алғашқы зерттеушi, бұрынғы Орынбор архив комиссиясының құрметтi мүшесi А.П. ГРА, тарихшы-этнографтарА.А.Диваев, С.М.Петров,А.Л.Мелков,И.В.Мелкова,А.А.Четыркина,И.М.Расторгуев, Н.А.Чулошникова, жер қыртысын зерттеушi биологтар Л.П. Лошкарев, М.И.Рожанец, К.К.Саховский, В.Е.Тележников және басқалар Құрылтайшы-мүшелерi арасында ҚазЦИК-тiң төрағасы С.Меңдешов, Қазвоенкоматтың штаб бастығы А.Н. Турский болды.

     Қоғам ретiнде өз уставын қабылдады.

     -республика туралы жергiлiктi архивтер, кiтапханалар, жекелеген кiсiлердегi мәлiметтердi iздестiрiп, жүйеге келтiрiп, оның ғылыми маңызын бағалап, өңдейдi.

     -тұрғылықты жерде ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастырып, өлкенi зерттеу үшiн экспедиция жабдықтайды.

     -өлкеге ғылыми мақсатпен келген кiсiлерге көмек көрсетедi және де осы өлкенi зерттеушiлердi көптеп тарту, олардың бiлiмi мен тәжiрибесiн қоғамға пайдалану басқа да ғылыми қоғамдермен байланыс орнату.

     -ғылыми материалдарды, кiтаптар, қолжазбалар, актілер, карталар басқа да басылымдарды, өнер туындыларын жинау мен сақтау өлкетану музейі құруға жан-жақты ат салысу.

     Қазақстанды зерттеу қоғамының жұмысын алғашқы он екi жылын сипаты бойынша үш кезеңге болуге болады:Орынборлық 1920-1925,Қызыл-Ордалық-1925-1929 және Алматылық 1929 жылдан бастап.

     Қазақстанды зерттеу қоғамының мақсаты мен мiндеттерi, сол кездегi елдегi жаппай бастаған өлкетану қозғалысының мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес келдi.

     Қазақстанды зерттеу қоғамы көп кешiкпей өз бөлiмшелерiн Оралда, Қостанайда Ордада, Көкшетауда ашты. 1922 жылы ҚазАССР-нiң Орталық атқару комитетi ауылдық жерге Қызыл керуен жiбердi, қоғамды белсендi құрушылардың бiрi этнограф А.А. Четыркина Торғай, Ақмола, Семей облыстарының елдi мекендерiнде өлең, ертегi аңыз, қазақ ою, өрнектерiн жинаумен болды. Ал қоғамның келесi мүшесi А.Л.Мелков 1923-24 жж. қазақ ауылдарын аралай жүрiп көптеген фольклорлық материалдар мен халық қолөнерi бұйымдарын жинады. Оның жинаған экспонаттары 1925 жыл сәуiрде Парижде өткен бүкiл дүниежүзiлiк көркем-қол өнер көрмесiнде көрсетiлдi.

 

     1923 жылы Қоғам Москвада бүкiлодақтық ауыл шаруашылық көрмесiне қатысып, Қазақстан халықтары тұрмысын суреттейтiн бөлiмдi дайындады. Политехника музейінде конкурс-концерт өткiзiлiп, әсем қазақ әндерiн тыңдаушыларға жеткiзу сәттi аяқтайды.

    Қоғамда ғылыми кiтапхана құрылды. Оған бұрынғы орыс географиялық қоғамының бай кiтап қоры және Орынбор ғылыми архив комиссиясының қоры кiрдi. 1923 жылы кiтапхана қоры 40 мың болды.

     Қоғам қызметiнiң қажеттi бағытының бiрi 1924 жылы мектеп өлкетануы бөлiмiн құру болды. Оның мiндеттерi - өлкетану жұмысына оқытушылар мен мұғалiмдерiн нығайту болды. Қазақ халық-ағарту комиссариатының тапсырысы бойынша мектептерге арналып Қазақстанның географиялық картасы жасалынды, оқулықтар қазақ тiлiне аударылды. Әдiстемелер дайындалды. 1921 жылы Орынборда «Қырғыз өлкесiн зерттеудегi Орынбор қоғамының еңбектерi» тұңғыш шығарылымы жарық көрдi. 1924 жылға шейiн ол «Еңбектер» алты рет шықты. Тарихи-археологиялық және этнографиялық секция қазақ халқының тарихын архив материалдары арқылы зерттеуге көп көңiл бөлдi.

 

     Қазақстанды зерттеу қоғамының тұңғыш төрағасы А.П. Чулошников қазақ халқының шығу тегiн зерттеуде жемiстi еңбек еттi. Қазақтың тарихи аңыздары мен басқа белгiсiз деректерге сүйене отырып жаңа мәлiметтердi ендiрдi. Оның «Қазақ-қырғыз халқының басқа түркi тайпаларымен байланысы очеркi» алға жылдыған қадам болды.

    А.Ф.Рязановтың «Қазақ халқының тәуелсiздiк үшiн 40-жылғы күресi» (1797-1838) және «Исатай Таймановтың көтерiлiсi» еңбектерi тарих ғылымында елеулi үлес қосты. Iрi ғалым, фольклоршы, этнограф, тiл маманы Абубәкир Ахметжанұлы Диваевтың еңбегi Қазақстандаы зерттеумен тығыз байланысты. 1920-22 жылы Түркiстан түпкi тұрғылықты халықтарын зерттеу үшiн ол этнографиялық экспедицияға басшылық жасады. Ол экспедиция сегiз айдың iшiнде ұланғайыр материалдар жинап (3500 парақ). Соның негiзiнде этнографиялық карта құрастырылды. Қоғам мүшесi, белгiлi композитор А.В. Затаевич 1920 жылы қазақ ауылдарын аралап жүрiп қазақ өлеңдерi мен әуендерiн жазып алды. Затаевич 1000 қазақ әндерiн жинады. Бұл еңбек Ромэн Роллан, М.Горькийдiң жоғарғы бағасын алды. Бұл музыка-этнография саласындағы үлкен мәдени жеңiс болды. сол еңбегi үшiн 1923 жылы Затаевичке Қазақ Республикасының халық артiсi атағы берiлдi.

    Екiншi - Қызыл-Орда  кезеңi ендi өркендеп келе жатқан өлкетану қозғалысы үшiн оңайға түскен жоқ. Қырғыз өлкесiн зерттеу қоғамының қызметi 1924 жылға дейiн Орынбор, Орал, Торғай территориясы шеңберiнен шыға қоймады. 1925 жылдан бастап оңтүстiк өлкелер Қаз АССР территориясына бiрiккен соң, ол Қазақстанды зерттеу  қоғамы деп атала бастады..

    Қызыл-Ордада болған кезеңде қоғам өз еңбектерiнiң 4 томын шығарды онда өндiрiстiк қуат, Қазақстан халық шаруашылығының, физико-географиялық ортасы қазiргi кезге дейiнгi түйе шаруашылығы туралы П.В.Иванованың жұмысы өз маңыздылығын жойған жоқ.

     1927 жылы Қазақстанда жұмыс iстеп тұрған 9 мұражай, 6 ғылыми қоғам, 5 қорық, 5 ғылыми кiтапхана, кiтап палатасы, 2 кiтап сақтау орны. Бiрақ олардың барлығы материалдық жақсартуды қажет еттi. КАССР халық комиссарлар кеңесi 1927ж. 13 қарашада арнайы қаулы қабылдап, Халық-ағарту комиссариатына, мәдени-экономикалық құрылысқа байланысты өлкетану жұмысын өркендетуге, мектеп өлкетануының белсендiлiгiн арттыруға, уездер, болыстар, кәсiпорындарда өлкетану жұмысын жетiлдiру қолға алынды.

     Қазақстанды зерттеу қоғамы жұмысын Санжар Жаппарұлы Аспендияров (1889-1937) та көп үлес қысты.Профессор С.Д. Асфендияров Қазақстан тарихы туралы көптеген ғылыми мақалалар, монография, оқу құралдары мен құжатты жинақтардың авторы. Мәскеуден 1928-1930 жылы оралған ол Қазақстанды зерттеу қоғамымен тығыз байланыста болды. Өлкетану съездерi мен кеңестерiнде бiрнеше рет мақала оқыды.

    1930 жылы сәуiрде Асфендияров Қазақстанды зерттеу қоғамы кеңесiнiң төрағасы, кейiнiрек Қазақстан Өлкетануының орталық бюросының төрағасының төрағасы болды. Казақстанды зерттеу қоғамының бөлiмшелерi Оралда, Семейде,Алматыда,Ақмолада, Құстанайда, Шымкенте, Өскеменде т.б. қалаларда табысты жұмыс iстей бастады.

 

     Сонымен қатар Қазақстанда зерттеу қоғамымен қатар Орыс географиялық қоғамының Батыс-Сiбiр бөлiмi, Семей бөлiмшесi өз жұмысын жалғастыра бердi. Оның қарамағында мұражай, кiтапхана(13 мың том), ауа-райын бақылайтын лаборатория болды.

     Қазақстанды зерттеу қоғамының бөлiмшелерi Оралда, Семейде, Алматыда, Петропавлда, Ақмолада, Құстанайда, Шымкенте, Өскеменде т.б. қалаларда табысты жұмыс iстей бастады.

     Орыс географиялық қоғамының Семей бөлiмшесiнiң әрi бүкiл Қазақстан өлкетану қозғалысының өмiрiндегi ең маңызды оқиға бiрiншi губерниялық өлкетану конференциясының 24-31 тамыз 1924 жылы шақырылуы. Бұл Қазақстан тарихы мен өлкетану өмiрiнде тұңғыш конференция  едi, оған қоғамның 74 мүшесi мен 200 дей меймандар қатысты.

     Семей бөлiмшесiнiң белсендi мүшелерi болғандар. Б.Герасимов – төраға, М.Ө.Әуезов төрағаның орынбасары, Ж.Шанин, Ш.Айманов, Тұрғамбаев, А.А.Шубин және басқалар.

    Мұқтар Омарханұлы Әуезов өлкетану үйiрмелерiн Өскеменде, Павлодарда, Риддерде, педагогикалық, ауылшаруашылық, өндiрiстiк техникумда ұйымдастырушы болды. Ол Семей конференциясының ұйымдастырушыларының бiрi болып, Абайдың қазақ әдебиетiндегi орны атты мақала оқыды 1924 жылы Абайдың қайтыс болғанына 20-жыл толуына арналған еске алу кешiн өткiздi. 1927 жылы Мәскеуде өткен III-Бүкiл-Ресейлiк өлкетану конференциясында М.О. Әуезов Өлкетану орталық бюросының мүшесi болып сайланды.

     Сырдария губерниясында өлкетану қоғамының ресми ашылуы және оның жарғысының бекiтiлуi 1926 жылы сәуiрде болды. Бiрiшi ұйымдастыру жиналысында басқарма мына құрамда сайланды: Б.П.Тризна – Сырдария губерниясы өнер табиғат көне ескерткiштердi қорғау жөнiнде өкiл Басқарма төрағасы, И.К.Шпота –губерниялық мұражай меңгерушiсi, басқарма төрағасының орынбасары, П.Г.Афанасьев–ғылыми хатшы т.б. 1926 жыл қазаннан бастап жергiлiктi қоғам Қазақстанды зерттеу қоғамының Сырдария бөлiмi болып құрылды.

     Басқарма өлкетану жұмысына әр түрлi аудан өкiлдерiн, мектеп қызметкерлерi мен оқушы жастарды тартты. Басқарма мүшелерi оның iшiнде И.К.Шпота Шымкент қаласы және көне Сайрам ауданына тарихи-археологиялық зерттеулер жүргiздi. Археологиялық тұрғыдан Ақсу-Жабағлы қорығын зерттедi. 1927 жылы шiлде айында Б.П.Тризна, И.К.Шпота Ленинградтан келген Мемлекеттiк академияның қызметкерi А.Ю.Якубовскиймен Төмен-Арық (қазiргi Қызыл-Орда облысы Жаңа-Қорған ауданы) сапарға шығып, мазарлардың қалдығын, үлкен мешiттiң қыраған орнын, Көк-кесене архитектуралық ескерткiштерiн ссуретке түсiрдi.

    Александр Юрьевич Якубовский (1896-1953) Өзбек дәне Тәжiк ССР-i ғылымына еңбек сiңiрген қайраткер, археолог-тарихшы-шығыстанушы. 1926-27жж. Қазақстан мен Орта Азияда жұмыс iстеп, бұл өлкенi мекен етушi халықтардың тарихы мен мәдениетiн комплекстi зерттедi. Оның еңбектерi: «Орта Азия қалалары тарихын зерттеудiң басты мәселелерi», «Эрмитаждық археологиялық коллекциялары» (1940), «Темiр мен Темiр ұрпақтары кезiндегi Самарканд» (1933», «Темiр заманындағы Иран мен Орта Азия шеберлерi» (1979), Қазақстанның оңтүстiгi туралы жақсы мағлұмат бердi.

    Қазақстанды зерттеу қоғасы Сырдария бөлiмiнiң қызметiне Михаил Евгеньевич Массонның сiңiрген еңбегi өте жоғары. 1926-27жж. Әулие-Ата, Бiшкек, Алматы төңiрегiнiң археологиясын зерттеумен айналысты.

     Сырдария губерниясы Қазалы уезiнiң өлкетанушылары iшiндегi Әлқуат Қайнарбаевты (1898-1979) атап өтуге болады. Ол қазақ халқы тарихы мен мәдениетiнiң ауыз өнерiн жунаушы. Өз өлкетану жұмысы мен этнографиялық, фольклорлық, деректемелердi жинауды 1918 жылдан бастап жинай бастаған. Ол Ғылым Академиясы орталық ғылыми кiтапханасының қорына 200 мың жол этнографиялық, фольклорлық, материалдар өткiзедi. Оның төртен-үшi әдебиет пен тiлтануға, қалғандары қазақ халқының тарихы, этнографиясы, әдет-ғұрпына арналған. Олар «XVIII-ХIХ ғасырдағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962), «ХХ-ғасырдың басындағы қазақ ақындарының шығармалары» (1963), «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Қазақ эпосi» (Т.1. 1958, Т.2. 1961, Т.3. 1964), «Айтыс» (Т.1. 1964, Т.2. 1968).

     Орал губерниясы территориясында өлкетану ұйымдары өз қызметтерiн 1925 жылы қаңтарда бастады. Бұл бөлiмiне профессор С.С.Неуструевтың басшылығымен, мүшелерi И.В.Ларин, Н.И. Мусатаев, В.И. Верушкин және басқалар арқылы жұмыс атқара бастады.    

     1927 жылы Оралда Орал-Каспий өлкесiн мекендейтiн орыс тұрғындарының тұрмысы экономикасы, географиясы, тарихы туралы өлкетану анықтамасы аты еңбек шықты. Ол клубтарға, оқу залдары мен кiтапханаларға мәдени-ағарту ұйымдарына арналды.

    Атбасарлықтар 1924 жылы ашылған өлкетану үйрмесiн Мәдениеттiң жаңа ошағы деп атады үйiрменiң мiндетiне өлкенi зерттеу, төл әдебиеттi, көне ескерткiштердi, халық әндерiн, ертегiлерiн, аңыз, мақал-мәтелдерiн жинау.[1]

     1929 жылы республика орталық мекемелерiнiң Алматыға көшуiне байланысты Орта Азия, Орынбор архив, кiтап сақтау орны, мұражайлардан Қазақстан туралы материалдарды жинап, оларды Алматыға орналастыру басталды. Бұнымен қатар қоғамның жоспары бойынша 1929 жылы арнайы экспедиция күшiмен 1929 жылы арнайы экспедиция күшiмен Шу және Қостанай аудандарында жем-шөп мәселелерi, түйе шаруашылығын өркендету мәселелерi үшiн арнаулы этнографиялық экспедиция ұйымдастырылды.

     Қазақстанды зерттеу қоғамының қызметiнiң Алматы кезеңi О. Жандосов, С.Д. Асфендияров, М.Д.Жұлдыбаева, Т.Шонанова, Б.И.Дублицкий, А.К.Горячева және басқалардың аттарымен тығыз байланысты. 1930 жылы Бүкiл-Қазақстандық ғылыми-өлкетану ұйымдастыру бюросының төрағасы О. Жандосовтың «Өз өлкеңдi таны» мақаласы үлкен қызығушылық тудырды. 

     О.Жандосовты ұйымдастыру бюросының төрағасы етiп сайлағаннан бастап, қоғамның беделi артып, оған Жер халық комитетi, Қазақ су шаруашылығы, архив басқармасы мемлекеттiк ұйымдары қосылып нығайды. Сол жылдары елде өлкетанудың апталығын айлығын өткiзу тәжiрбиеге айналды. Арнайы штабтар құрыла бастады.

     1930 жылы 6 сәуiрде Қызыл әскерлер үйiнде Бүкiл Қазақстандық ғылыми-өлкетану съезi ашылды. Съезге Москва, Ленинград, Харьков, ташкент, Новосибирскдегi iрi ғалым мамандар келдi. Солардың iшiнде академиктер А.Е. Ферсман, П.П. Маслов, профессорлар Н.М. Тулайков, С.И.Руденко, М.В.Культпасов, Л.И.Цукерман, инженер-геологтарМ.П.Русаков,В.Е. Недзвецкий, Орталық Түркiстан өлкетану бюросының төрағасы Т.С. Козлов, Шығыстанудың Бүкiл Украйналық ассоциациясының өкiлi И.И. Ланде, «Союззолото» – Э. Эренбург және басқалар. Барлық тiркелген делегаттар 238 болды. Съезд делегаттары пленерлықмәэжшгджжiлiсте 22 баяндама, ал алты секцияда: ұйымдастыру-әдiстемелiк, ауа, су, жер қойнауы, өсімдік ресурстары, жан-жануарлар ресурстары. Қазақстан экономикасы, тарихи, мәдениетінде 100-ден аса баяндама тыңдады.

     Академик А.Е. Ферсманның «Қазақстандағы өндіріс күштері, және оның мәдени-шаруашылық құрылыстағы маңызы» С.И.Руденко «Қазақстандағы СССР Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу жұмысының өқорытындысы мен болашағы. Н.М. Тулайновтың «Қазақстан ауыл-шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмсының міндеттері».

    Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы О. Исаевтың «Қазақстан бес жылдығы» профессор С.Д. Асфендировтың «Шығыстағы қоғамның өркендеу түрлерінің тарихи» О. Жандосовтың «Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері» т.б. мақалалар үлкен қызығушылық тудырды. Республикада 30-жылдары геологииялық жарықтар кең қанат жайды№ ол көпшілік ұжымдар және өлкетану қоғамдары күшімен іске асты.

    Геологиялық жорықтар екі бағытта жүргізілді: біреулер пайдалы қазбаар туралы тұрғындар арасынан мәліметтер іздесе, келесілері дала іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ауданның өлкетанушы белсенілері жергілікті тұрғындар арасында сұрау жүргізіп. Пайдалы қазбалаларды тіркеді, тікелей іздестіру геологтардың басқаруымен өлкетанушылар мен, студенттер күшімен атқарылды. Облыс және аудан архивтерінде жатқан материалдарға да көп көңіл бөлнді.

    Өлкетану ұжымдарының жұмысына тікелей шаруашылық органдарының жұмысына тікелей араласуының үлгісі Қазжолтранстың тапсыруы бойынша жол жағдайын зерттеу Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының ішкі аудандарындағы автожол құрылысын жоспарлау№ 1933 жылғы Қазақстан орталық өлкетану бюросы мен Қазжолтранс арасындағы келісім бойынша Ақтөбенің 6 ауданы Оңтүстік Қазақстанның 11 ауданы зерттелді.[2]

    Оның үстіне мектеп өлкетануы да өркендей бастады. 1920 жылдардың өзінде ақ Жетісу губерниясы мектептерінде, В.Д.Городецкийдің оқулығы «Жетісуға мектеп саяхатшылары үшін материалдар» оқулығы таратылды. Бұл бірінші мұғалімдер мен оқушылардың қарапайым мектептеріне арналған өлкетану оқулығы еді ол  1923 жылы қаңтарда қайтта басылып шықты.[3]

     Семей өлкетану қоғамы мен округтың мұражай мектепте туған өлкені оқыту үшін жеке бағдарлама кітапшасын шығарды. Ол губерния мектептеріне таратылды. Қазақстанның  барлық мектептерінде өлкетану үйірмелері, мектеп өлкетану мұражайлары, жарық пен саяхаттар ұймдастырыла бастады. Жас өлкетанушылар геологияны, гидрогеологияны, өлкенің өсімдігі мен жануарларын, құрылыс материалдары шығатын жерлерді  зерттеп, өлке туралы тарихи  мәліметтер, азамат соғысының ардагерлері туралы, тарихи ескерткіштер туралы мәліметтер жинады.

     Геологиялық жарықтар ұйымдастыруға өлкенің табиғи байлығын зерттеуге. П.А.Мягков,[4] Г.А.Тимченко,Н.В.Горбаньның[5] әдістемелік нұсқаулары көмектестті. Қазақтардың шаруашылық тұрмыс өмірін зерттеуге арналған А.Л.Мелковтың[6] бағдарламасы одан басқа «ескертулер», «өлкетану серігі» басшылық әдістемелік материалдар шыға бастады.[7] 1930 жылы барлық елде өлкетану оқу бағдарламасына енді. Ол әр ауданның тарихи-әлеуметтік жағдайымен ерекшеленді.

    Қазақстанды зерттеу қоғамы сонымен қатар мәдениетті тарату орталығы болды. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен тарихын зерттей отырып, қоғам мүшелері жер-жерлерде бұқаралық мәдени шараларды өткізуші, баяндамалар мен лекция оқыды. Кітапханалар құрылды, мұражайлар ұйымдастырды экспонаттар жинап, көне ескерткіштер мен өнерді жаңғыртты. Қазақстанды зерттеу қоғамы мен басқа да өлкетану ұйымдары қазақ зиялыларын қалыптастыру факторларының бірі болды. Ғылыми және мәдени ағарту мекемелері кадрларының өсуіне, мектеп оқу-тәрбие процесін

 

     Көне ескерткіштерді, өнер шығармаларын қиратудан, бүлдіруден қорғау мәселесі ежелден-ақ пайда болған. Грек жылнамашысы Полибий 2000 жыл бұрын жазған: «Болашақ жеңімпаздар өздері басып алған қалаларды тонауды тыйып, өз елдерін басқа халықтардың қайғысы мен кедейшілігі есебінен гүлдендірмейді деп үміттенемін», деп айтқан.

     Ұлттық игіліктерді есепке алу, қорғау және насихаттаудың жалпы мемлекеттік жүйесінің жекелеген ережелері революциядан бұрын да, Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары да қабылданған. 1918 жылы 5 қазанда Халық Комиссарлар Кеңесі «Жеке адамдар, қоғам және мекемелер иелігіндегі өнер және көне ескерткіштерді қорғауға алу, тіркеу және есепке алу туралы» Декрет қабылдады.

     Осының негізінде Қазақстан территориясындағы ескерткіштерді есепке алуды Орынбор губерниялық музейінің ескерткіштерді қорғау секциясы жүргізді. 1920 жылы қаңтарда музейлер және өнер мен көне ескерткіштерді қорғау ісі бойынша бөлім ашылды. Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің Декретімен 14.05.1921 жылы Халық-ағарту комиссариатының құрамында жеке дербес ұйым  ретінде музейлер және көне, өнер мен табиғат ескерткіштерін қорғау ісі бойынша Түркістан комитеті ( Туркомстарис ), ал 1925 жылдан сол мақсат міндеттермен СРЕДАЗКОМСТАРИС құрылды. 1921 жылдан бастап Туркомстарис Қазақстанның оңтүстігінде көне ескерткіштерді есепке алу, зерттеу, қорғау, жөндеу және реставрациялау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізді. Оның қызметімен біздің оңтүстік аймақтың архитектуралық және археологиялық зерттеуі тығыз байланысты: комитет экспедициялары әрқилы материалдар жинады, өткеннің мұрасын зерттеу жүргізілді.

 

     Мысал ретінде, 1922 жылы Туркомстаристің арнайы ғылыми комиссиясы  (проф. Д.И. Нечкин, А.А. Семенов, проф. А.Э. Шмидт ж.б. ) Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне бақылау өлшемін жүргізіп, ең бірінші кезекте конструкциясын нығайтып, одан әрі реставрация жүргізу қажеттігін ұсынды.

 

     1926 жылы Комитет мәліметі бойынша оңтүстік өңірде 110 тарих және мәдениет ескерткіштері жойылған. Мәдени мұраны қорғаудың актісі  «Қаз.ССР архитектура және археология ескерткіштерін қорғау  және сақтау бойынша шаралары туралы» Қаулысы болды. Бұл құжаттың оңтүстік өңірде жүзеге асқаны туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивіндегі құжаттар куә(қор 121,жазу 8, іс 273, бет 310-315). Мысал ретінде, 1946 жылғы 24 қаңтардағы архитектура бөлімінің жою жөніндегі анықтамасынан : «...келесідей ахитектура мен археология ескерткіштері Сайрам елді мекеніндегі Созақ-Ата мазары, Ыдырыс Пайғамбар мешіті, Ағай-Ата мазары, Махамбет-Анапия мазары. 1942 жылы Шымкентте жергілікті биліктің рұқсатымен Қошқар-Ата мавзолейі жойылды. Мақтарал ауданында Ташкент-Самарқанд керуен жолында 1926-1930 ж.ж. кезеңінде Сардаба-Мирзарабад жойылды. Осылардың бәрін ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы Атқару комитетінің 1948 жылы 29 наурызда №173 «Мемлекеттік қорғауға жататын архитектура ескерткіштері, ежелгі қалалар мен қалашықтар тізімін анықтау туралы» шешімі шықты. Бұл жергілікті Кеңес үкіметінің шешімі мен заңы көптеген ұрпақтарды тәрбиелеу үшін ескерткіштерді насихаттау мен ғылыми-зерттеу үшін негіз болды. Қазіргі күні де ескерткіштерді қорғау көкейкестілігін жойған жоқ.       

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Әбілғазы. Түрік шежіресі.- Алматы, 1992.

2. Гумилев Л. Н. Көне түріктер.- Алматы, 1994.

3. Дулати М. Х. Тарих-и Рашиди.- Алматы, 2003.

4. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі.- Алматы, 1994.

5. Абдрахманов Х. Қазақ халқының тарихы, тағдыры.- Астана, 2002.

6. Маданов Х. М., Мусин Ч. Ұлы дала тарихы.- Алматы, 1994. 

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-04-27 19:28:57     Қаралды-8456

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »