UF

 Отандық тарихты зерттеу мен насихаттау

Жоспар

1.Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы мен мәдениетін қалыптастыру

2.Қазақстанның қазіргі кезеңінің тарихнамасы бойынша монографиялар шығару

3.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінің тарихи маңызы

 

1.Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы мен мәдениетін қалыптастыру      1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, финанс-кредит, салық және таможня мәселелері, Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 1992 ж. 4 маусымда мемлекеттік жалау, елтаңба, мәтіні 11 желтоқсанда бекітілген гимні бар. 1992 ж. Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданды. 29 қыркүйекте қазақтардың Бірінші дүниежүзілік құрылтайы ашылды.

           1993 ж. қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді.

           1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңестің депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты. 1995 ж. 30 тамызда республиканың жаңа конституциясы қабылданды. Желтоқсанда екі палаталы (Сенат және Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

           1997 ж. ел президентінің Қазақстан халқына үндеуі "Қазақстан-2030" жарияланды. Онда барлық қазақстандықтардың өркендеуі, әл-ауқатының жақсаруы, қауіпсіздігінің шарттары айтылды. Сондай-ақ ел дамуының болашаққа арналған жоспар, бағдарламасы көрсетіліп, оған жан-жақты талдаулар жасалынды. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995) және оның маңызы. Құқықтық мемлекет үшін күрес.

           1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді.

Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. Конституция бойынша елімізде жоғарғы палатасы - Сенат, төменгі палатасы - Мәжіліс болып табылатын қос палаталы заң шығарушы орган - Парламент пайда болды. 1995 ж. 30 тамыздағы жаңа Конституция тәуелсіз мемлекеттің конституциялық құрылысының процесін аяқтады.

2.Қазақстанның қазіргі кезеңінің тарихнамасы бойынша монографиялар шығару. Еліміз егемендік алғаннан соңғы кезеңде, яғни ғасырлар тоғысы дәуірінде отандық тарих ғылымының ұлттык мүдде тұрғысынан пайымдалуы заман талабымен ғана емес, ғылыми сұраныстармен  де тікелей байланысты. Ұзақ жылдар бойы тапталған тарихи сананы калпына келтіріп, ұлттык мүддені басшылыққа алу бүгінгі таңдағы еліміздің жағдайында басты міндеттердің біріне айналып отыр. Соған орай тарихымыздың бұрындары бұрмаланып келген, немесе айтылмай тарихтың «ақтандық» беттеріне айналған тұстарын объективті тұрғыда ашып көрсету жолында еліміздің тарихшылары бірқатар жұмыстар аткарып, ғылыми және қоғамдық сұраныстарға сай көптеген ғылыми еңбектерді жарыққа шығарды. Осы ғалымдардың қошбасында болған академик М.Қ. Қозыбаевтың есімен  ерекше атауға болады.

Академик М.Қ. Қозыбаев Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғы шарттары пайда болып, егемендікке кол жеткізген алғашқы жылдарынан-ақ еліміздің тарихының өзекті мәселелерін, соның ішінде қазақ халкының этникалық  тарихын, қазак қоғамының саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуының тарихы мен өзіндік ерекшеліктерін зерттеуді кайта пайымдау қажеттігін мемлекеттік деңгейде көтере отырып, оларды тарих ғылымының басым  бағыттарына айналдыруда маңызды роль атқарды. Сонымен катар ол XX ғасыр басындағы  қазақ зиялыларының тарихын зерттеуге тың жол салды.

Қазак зиялыларының XX ғасыр басындағы қоғамдық-саяси қызметін жаңа көзқарас тұрғысынан  зерттеуді академик М. Козыбаев бастап  берді десек кателеспейміз. Ол осы мәселеге  қатысты өткен ғасырдың  1980-ші жылдарының соңынан бастап, 1990-шы жылдардың бастапқы кзеңінде бірнеше еңбек жариялады   

Академик бұл еңбектерінде күрделі мәселені ескі, ұлы державалык мүдде тұрғысынан емес, ұлттык ерекшеліктер мен мүддеге, жалпы адамзаттық  қасиеттерге негізделген жаңа әдістемелік және теориялық деңгейде зерттеуді ұсына отырып, өзіндік құнды тұжырымдар жасаған болатын.

Қазақ зиялыларының өмір жолы және аткарған қоғамдык-саяси қызметі кеңес дәуірінде аракідік зерттеліп, көбіне ол революцияларға, шаруалар көтерілісіне, Қазан төңкерісінен кейінгі қайраткерлерге арналғаны баршамызға аян. Маркстік- лениндік методологияны басшылыққа алған кеңестік тарихшылардың қазақ зиялыларынын толыққанды тарихын ашық жазуға мүмкіндігі шектеулі болғандығы белгілі. Коммунистік  идеологияға негізделген ұстанымдар Қазан төңкерісіне дейін қазақта ұлттық зиялылар қауымы калыптасып үлгермеді деген солақай, біржакты тұжырымды қалыптастырды.

Дегенмен де, белгілі қайраткер, қазақ зиялыларының алғашкы толқынының өкілі С. Асфендияров кеңестік дәуірдің бастапқы  кезеңінде-ақ XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларын үш топқа былайша бөліп көрсеткен: «Біріншісі- ол қызметкер зиялы қауым: негізінен қазақтың феодалдық аристократтарының сұлтандар - төрелер) ортасынан шыққан чиновниктер мен офицерлер; екіншісі - бұлар да феодалдық аристократтар мен байлардың ортасынан шыққан әртүрлі мамандар: дәрігерлер, инженерлер, т.б.; ақыр аяғында, үшіншісі - бұл демократиялық қауым, басым көпшілігі мұғалімдер,  жазушылар және басқалары». 

Сондай-ақ М. Қозыбаев та XX ғасыр басындағы ұлт зиялыларын ірі-ірі үш топқа біріктіреді. «Бірінші топ - қазақ қоғамын реформа арқылы, конституциялық жол арқылы   өзгерту,   халыктың   толғағы   жеткен әлеуметтік-экономикалық, мәдени, саяси проблемаларын өркениеттік жолмен шешуді мақсат тұтты. Екінші топқа қоғамның пісіп жетілген проблемаларын революциялық жолмен шешуді ойлаған жастар бірікті: Олардың қалың көбі экстремистік күрес жолын қалайтын социал-демократиялық бағыттағы (эсерлер мен большевиктерге дейін) оппозициялық жастар еді», - дей келіп, үшінші топтағылар,- «Ауыл зиялылары ру таласына қатысып, отаршыл режим мен ел арасын жалғайтын компродорлык буржуазия ролін атқарды, консервативтік батпаққа белшесінен бата түсті. Олардың мүшкіл халін Абай жырлап кетті. Олар ел болашағын діни, монархиялық партиялар мен  қозғалыстарға байланыстырып, бақай есеп аясында қала берді»,  - деп көрсетеді ғалым. Осы аталған үш топтың ішінде М. Қозыбаев бірінші топқа жоғары баға беріп, олар ұлттық  зиялылардың ең саналы тобынан құралды, ғылыми-теориялық  потенциалы  мол болды, қазақ  қауымының  қалың  тобын  аузына қарата алды дейді. Оның себебін ғалым бұл топтың отаршылдықтан құтылу, Ресей империясының  ішінде іргелі ел болып, автономиялы отау тігу, орыс шаруаларын қазақ даласына қоныс аударылуын тоқтату, дінді мемлекеттен бөлу, ұлтты рухани жаңғырту секілді мәселелерді көтеруімен, жалпы ұлттық мүдделерді жоғары тұтуымен байланыстырады. Сонымен қатар бірінші топтың ерекшелігі қатарына оның саяси күресте шыңдалған қайраткерлерден кұралуын жатқызады.

Кеңес өкіметі тұсында қазақ зиялыларының  тарихын жасау ісі ресми саясатқа тікелей тәуелді болды, соған сай өзгеріп отырды. Ол негізінен XX ғасыр басындағы алаш қозғалысы қайраткерлеріне кеңестік тарих ғылымының берген бағасына байланысты жүрді. Осылайша қазақ зиялыларының тарихы кеңес заманымен шектелді. Оның үстіне зиялы қауым жұмысшы мен шаруалардың арасын қосатын дәнекер топ ретінде қаралу үрдісі де орын алды. Сөйтіп, марксизм-ленинизм методологиясының  аясында ұлттық  зиялы қауымның шынайы тарихын жасау мүмкін емес жағдай қалыптасты. 

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі алғашқы жылдарда XX ғасыр басындағы ұлт зиялыларының  тарихын зерттеу отандық  тарих ғылымындағы  аса өзекті мәселелердің бірі екендігін  алғаш көтерген М. Қозыбаев болды. Тарих ғылымының   жариялылық   тұсындағы зиялылар тарихын зерттеудегі басты міндеттері ретінде мына бағыттарды:

  - осы уакытқа дейін зерттеліп келген  Алашорда қозағлысының бағдарламалық құжаттарының маңызы; 

алашордалықтардың революцияның әр кезеңіндегі стратегиялық және тактикалық әрекеттері;

Ресейдегі үш революция кезіндегі қазақ зиялыларының тарихы;

Алаш  қозғалысы – ұлт-азаттық қозғалысы, яғни  ғасыр басындағы ұлттық сана өсуі үрдісінің құрамды бөлігі ретіндегі алар орны;

- Алаштықтардың, жалпы ғасыр  басындағы ұлт зиялыларының  көзқарастары  мен идеологиясының негізгі өзектерін замана талаптарын қанағаттандыру мақсатында мұрағат құжаттары  мен баспасөз материалдарына сай  қайта қарастыратын уақыт жеткендігін баса керсеткен болатын.

Ғасыр басындағы  зиялылар тарихын  зерделеуді үнемі назарда ұстаған ғалым осы мәселеге оқтын-оқтын оралып, әркез жаңа  қырынан қарастырып, тың пайымдаулар жасап отырған. Тәуелсіздіктің тұғыры беки түскен сайын, өткен тарихымыз бен біртуар тұлғалар туралы айтар ойлар мен жасар қорытындылар барынша тереңдей түскені анық. Осыған орай  академик  М. Қозыбаев былай деп жазды: «Біз  қазақ зиялыларының  жалпы тарихын жазар белеске келіп қалдық. Онда зиялы қауым кім, ол қай заманда жеке тап болып, топ болып калыптасты, кандай кезеңдерді басынан кешірді, қазақ зиялыларының  өркениетке қосқан үлесі қандай деген сияқты келелі сауалдарға жауап беруіміз керек. Бұл үшін зиялы қауым  тарихымен айналысар жас, албырт буын тарихшылар тәрбиелеуіміз керек. Олар «Қазакстан ауылы  интеллигенциясы бәленше бесжылдықта», не болмаса «Органикалық химияның даму тарихы»  деген сияқты диссертация корғаудан бас тартып мәселелік мәні бар ғылыми жұмыстарға үзілді кесілді көшуі керек. ... Ұлттың  ұйтқысы – зиялы қауым. Ол барша халықты коса да, ыдырата да алады. Сондықтан қазақ зиялылары тарихы шын мәнінде ұлт тарихы  екендігін айтқан орынды». 

Ғалымның мұндай ой-тұжырымдары  XX ғасыр басында өрбіген алаш қозғалысы қайраткерлеріне қатысты айтылғандығы айқын аңғарылды. Алаш козғалысы мәселесінде М. Қозыбаев объективтілік принципті сақтау қажеттігін жақтады. Соған орай бұл  қозғалыстың  азаттық  күрестегі алатын орнына және оның  осал тұстарына жіті көңіл бөлді. Мұны М. Қозыбаевтың мына ой орамынан аңғаруға болады: «Алаш» козғалысының күшті, осал жерлері болды. Ұлттық бағдарлама жасау, отаршылдыққа қарсы күрес, қоғамды демократиялау, оны өркениетті жолға салу, ұлттың санасын көтеруді күн тәртібіне қойды, жалпы халықтық бірлікті талап етті. Жалпы халықтық әлеуметтік негізі бар  қозғалыстың болашағы мол еді. Алайда көп ғасырлық шапқыншылық пен күрес, ұлт-азаттық қозғалыс халықтың генофондысын, бодандық  психология оның рухын әлсіретті, ұлттық қаракетін, болмысын (менталитетін) төмендетті. Жауға ғасырлар бойы жалаң қылыш,  найзамен күресіп әдеттелген ол жаңа техникалы заманда еуропалык күрес әдісіне немқұрайды қарады, оның сырын түсінбеді. Алаш қозғалысы халықтың қалың  тобынан озық туған қозғалыс еді. Ол халықтың қаймағы боларлық ат төбеліндей зиялыларды қамтыды. Алаш қозғалысының трагедиясы осында еді. Алдыңғы авангардқа артындағы қалың қауым арасындағы алшақтықты жою үшін жылдар керек еді».

 Алаш қозғалысына  катысты академик М. Қозыбаевтың айтқан пікірлері мен тұжырымдарының    маңызды       болып табылатындығын осы мәселе бойынша арнайы зерттеу жұмысын жүргізіп отырған көрнекті ғалымдар К. Нұрпейіс пен М. Қойгелдиевтің еңбектерінде берілген бағалар нақтылай түседі. Бұл екі ғалымның еңбектерінде көптеген мұрағат құжаттары мен сол тарихи кезеңде жарық көрген мерзімді баспасөз мәліметтері ғылыми айналымға кеңінен тартылып, ондағы жасаған тұжырымдарымен академик      М. Қозыбаевтың пікірі үндестік тапқан. 

Академик М. Қозыбаев Алаш қозғалысын қазақ халкының азаттық жолындағы күресінің заңды  жалғасы, бұл күрестің жаңа сапалык деңгейге көтерілуінің көрінісі ретінде бағалап, оның қайраткерлерінің келбетін сомдауға да ерекше мән  берді. XX ғасыр басындағы  қазақ зиялыларының көшбасшысы, алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның тарихтағы орнына объективті көзқарас қалыптастыруда М. Қозыбаев өзіндік игі ықпалын тигізді. Ол Ә. Бөкейханның кайраткер ретінде  қалыптасуы жайында мынандай орынды әрі салмақты пікір білдірген-ді: «Әлихан ерте есейді. Ол ең алдымен қазақ  халқының атақты ақын, жырауларының, эпостарының рухты жырларымен сусындады, ұлт-азаттык козғалысының  дәстүрлері негізінде тәрбиеленді. Өз халқының  батырлығына сүйсінді,  бақытсыздығына күйінді. Албырт Әлекең орыс мәдениетін игерді,  оның бай әдебиетін оқып  қана қоймады, одан тәлім ала білді. Қайта жаңару кезеңінен өткен XIX ғ. орыс әдебиетінің мұраларын Әлекең  өмір бойы қадірлеп, қастерледі, талайларын тәржімелеп халқына жеткізді. Әлихан батыс мәдениетін жақсы білді, көптеген шығармаларды сол шыққан тілінде оқыды. Міне, осылай Әлихан XX ғасыр басындағы энциклопедист, Еуразия шеңберіндегі білімдар жандардың бірі болып қалыптасты. Осынын нәтижесінде ол ұлтшылдықтан ада болды, шығыс пен батысты табыстыру жолын іздеді, өз халқының деңгейін батыс деңгейіне көтеруді армандады. Абай сияқты Әлихан қазақ халқының тағдыры орыс халқымен, оның мемлекетімен байланысты екендігін терең түсінді. Орыстың демократиялық мәдениетінің өкілдерімен қоян-қолтық араласты, достасты, оппозициялык партиялармен бірігіп, ол патшалық режимге, отаршылдыққа карсы ұмтылды».

Ә. Бөкейханның өз заманының алып тұлғасы екендігін сомдай отырып, академик: «Ол Әз-Жәнібек, Керейден, Абылайдан кейін қазақ мемлекеттілігін  жаңғыртып, XX ғ. сай қайта құру ісіне  бар өмірін арнады. Бұл тұста Әлекеңнің Индияның Д. Неруі, арабтың Г. Насері сияқты бейне екендігі күмән тудырмаса керек. Әлекең осы ұлы істе алты алаштың ту көтерер ұлдарын соңына  ертті... 

Әлихан Бөкейхан бүгінгі тәуелсіздіктің қайнар бұлағы, XX ғ. қазақ ұлтының атасы, ол ұлтымыздың ұлы арысының бірі, қазақ  халқының болашағына тұғыр боларлық жарық жұлдызы»,- деп  бағалады.

XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының қатарында академик М. Қозыбаев еңбектерінде А. Байтұрсынұлы  да жоғары бағаға ие болған тұлға. А. Байтұрсынұлы жайында кеңестік дәуірде шынайы пікір білдірген алғашқы ғалымдардың бірі ұлы жазушы М. Әуезов еді. Ол 1923 жылы А. Байтұрсынұлының 50 жылдық мерейтойына орай «Ақжол» газетінде көлемді мақала  жариялап,  онда  қайраткердің 1905 жылдан  бастап саяси істерге  белсене араласқанын, ұлттық сананы ояту жолында «Қазақ»  газетін шығаруын, «Қырық мысал», «Маса», «Тіл кұралы» секілді т.б. еңбектер жариялауын  тізіп көрсете келіп, мынандай пікір білдірген  болатын: «Ахаң еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі - артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахан мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан Аханды өзінің басшысы деп санайды». 

Алайда, тарих ғылымында кеңестік идеология ықпалы салдарынан М. Әуезовтың мұндай бағасына қарамастан 1932 жылы жарық көрген Ғ. Тоғжановтың еңбегінде А. Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси қызметі барынша қараланып, халык мүддесіне қайшы әрекет ретінде түсіндірілді.  Осылайша ұзақ жылдар бойына қараланып келген А. Байтұрсыновтың  есімін ақтаған академик М. Қозыбаев өзіндік зор үлес  қосты.

«Ахмет Байтұрсынов XX ғасырдың ұлы реформаторы» деп бағалаған М. Қозыбаев біріншіден, А. Байтұрсынұлының саяси  қайраткерлігін, екіншіден, ғалымдығын терең  ашып көрсетті. Ол А. Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси қызметін патшалык Ресей дәуіріне және кеңестік кезеңге бөліп карастырды. Сөйтіп, оның келбетін, коғамдык және шығармашылық қызметін терең ашып көрсетуге қол жеткізе білді.

Өз еңбегінде А. Байтұрсынұлының болмысы жан-жақты ашылғанда ғана әлемдік ұлт-азаттық козғалысына қазақ  халкының қосқан  сүбелі үлесі сомдалатындығын  М.Қ. Қозыбаев баса ескертті. Ол осыған орай А. Байтұрсынұлының ұлылығы неде, оның ұлт тарихына, ұлт тағдырына жасаған ыкпалы қандай деген мәселе  төңірегінде  ой қозғап, мынандай тұжырымдар жасайды:

«І. Ғасыр басында үркердей алып топ - Әлихан, Ахмет, Міржақып қазақтың демократиялық  либералдық  бағыттағы зиялыларының басын косып, Еуропалық өркениеттік дәрежедегі қозғалысты қалыптастырды. 2. Ахмет Байтұрсынов қазақ зиялыларының рухани көсемі санатында 1913 ж. ұлттық биресмилік «Қазақ» газетін шығарды. 3. Ахаңның ұлылығы ұлт ұстазы дәрежесіне көтерілген еңбегінде».

Академиктің Байтұрсыновтану ғылымына қосқан үлестері қатарына А. Байтұрсынұлының кеңестік дәуірдің бастапқы кезеңінде қазақ жерінің тұтастығы жолында күрескендігін ашып көрсетуін  жатқыза аламыз. Отандық тарих ғылымында А. Байтұрсынұлының  1919 жылы Қазревком мүшесі ретінде Қостанай уезінің Қазақ автономиясы құрамында қалуына  ықпал еткендігі тек М. Қозыбаевтың еңбегінде ғана нақтылы дәлелдермен көрсетілген. Сондай-ақ А. Байтұрсыновтың 1920 жылы I Рысқұлов, Ф. Ходжаев, А.З. Валидов секілді қоғам қайраткерлерімен бірлесе  отырып, В.И. Лениннің атына жолдаған хатты да алғаш рет ғылыми айналымға тартқан ғалым       М. Қозыбаев  болды.

1996 жылы желтоқсанда өткен «Мұстафа  Шоқай және шетелдердегі қазақ  зиялылары» атты халықаралық мәслихатта академик М.Қ. Қозыбаев «Қазақ зиялы қауымы қайраткерлерінің тағдырын зерттеу мәселелері» туралы баяндама жасап, М. Шоқайдың  шығармаларын жинап, оны кітап етіп бастыру идеясын көтерді. Сөйтіп бұл жолы да ғалым Шоқайтану ғылымының дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Мәслихатта жасаған баяндамасында академик өз ойын былай білдіргеп еді: ...Мұстафа Шоқайға бағышталған конференцияда ғұмырнама жанрының арнайы сөз болуы орынды. Марқұм  Мұстафа шетелге   кетіп, эмигрантқа айналып құса болды. Ол қазақ зиялы қауымының өз ортасында, Отанында еңбек  етуіне тілектестік білдірді. Өзінің шет  жақта жүруін уақытша деп санап, елге оралуын армандады. Міне, еліміз Тәуелсіздік алған сәтте  оның есімі елге оралды, кешікпей сүйегі де ел топырағына бөленер кез де алыс емес. Осы сәтте Мұстафа Шоқайдың өмірі құжаттармен хатталуы абзал, біз  тек солай ғана оның есімін  басы артық  сөзден  қорғай  аламыз. Бұл  - бір Мұстафа еңбектері  жиналып шығарылуы керек. Бұл - екі. Оның ғылыми өмірбаяны, өмір жолы, міне, осылай  жазылуы керек. Бұл - үш. Міне,  осылай Шоқайтану саласына салынған бүгінгі  сүрлеу ертең  даңғылға айналарына күмән жок!».

Академик М. Қозыбаевтың Шоқайтану саласындағы болашақтың атқарар тарихи  парызы ретінде атап көрсетіп кеткен қыруар  істері бұл күнде жүзеге асырыла бастағаны анык. Оған   М. Шокайдың шығармаларының  жарық  көргендігін және біртуар қайраткердің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне арналған көлемді де құнды еңбектердің жарняланғандығын жатқызуға болады.

Түркістанның ұлы перзенті, түбі бір түркі халықтарының азаттық қозғалыстағы бірлігін жақтаған М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметін тереңдете зерттеу әлі де тарихшы ғалымдардың алдында тұрған басты міндет болары даусыз. Дегенмен, осы орайда М. Қозыбаевтың «егер ғасыр басында зиялы қауым ұлттық мүддеге негізделген қарекет жасаса, енді ол түркі тектес езілген халықтардың басын қосуға бағытталды  деген пікірі басшылыққа алынуы қажет. Академиктің бұл пікірі астарында түрік бірлігі идеясының азаттық қозғалыстағы орнын зерттеу қажеттілігі  меңзеліп отырғандығын байқаймыз. 1993 жылы-ақ М. Қозыбаев қазақ зиялыларының XX ғасыр басындағы азаттық қозғалыста түрік бірлігі мен исламшылдық идеологиясы арнасына тартылғанын айта келіп, былай деп жазды: «Мемлекеттік думаға сайланған депутаттар осы серпілістің қалың ортасында болды. Демократиялық күрес арнасына дінін, ділін, тілін қорғаған қалың қауымның да екпінді ағыны келіп  осылай қосылды. Біз қазақ халқының тарихында осы бір тақырыптан ауыздықты тістеп, шошына ыршып қашатынбыз. Ал шын мәнінде дін мен парасат, ағартушылык, тәлім-тәрбие ісі де астарласып  жатқанын, халықтың қалың кауымы діндарлардың ықпалында болғанын қалай жасыруға болады. Ендеше болашақта бұл тақырып та халқымыздың тарихының бір көрінісі екендігін ескергеніміз жөн». 

Осылайша, академик М. Қозыбаев XX ғасыр басындағы ұлт зиялыларының тарихын зерттеуге сүбелі үлес қосумен катар,    оның болашақта зерттеле түсуі тиіс басым бағыттарын да көрсетіп берді. Академик тұжырымына кайтара жүгінер болсақ: «Тарих тағылымы тарихшы қауымның бас ориентирі. Оны жасау үшін осы күнгі тарихи зерттеу тақырыптарын қайта карау керек...      Егер біз ертеңімізді ойласақ, тарихымыздың  қалай дәуірлейміз, көшпелі өркениет дегеніміз не, қазақ халкы қалай калыптасты, оның  территориясының калыптасу заңдылықтары  қандай, қазақ-орыс,  қазақ-өзбек, қазақ-қырғыз, қазақ-қытай, ... қатынастары ғасырлар  бойы қалай өрбіді, орыс империясы елімізді  қалай жаулап алды, орыстандырды, шоқындырды, әскери отарлады, қара шекпенді мұжықтарды көшіру арқылы отарлады, орыс, шетел капиталы  қалай отарлады, қазақ  мемлекеттілігі қалай дамыды, қалай жойылды, ұлттық сана қашан, қалай ұялады, қазақ зиялы кауымы  қашан, қалай қалыптасты, саяси қоғамдык ұйымдар тарихы, ұлт - азаттық қозғалысы, ғасырларда біртуар халық перзенттерінің өмір жолдары сияқты өзекті проблемаларды зерттеуіміз абзал». Осы  бағыттарда ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу бүгінгі таңда колға алынып, жүзеге асырылып жатқаны баршамызға аян.

Сонымен, акдемик М. Қозыбаевтың XX ғасыр басындағы ұлт зиялыларының тарихына терең бойлай отырып, жасаған басты тұжырымдары:

Алаш зиялы қауымы ғасыр басында Ресейде қалыптаса бастаған интеллектуалдардың жаңа ұрпағы

Қазақ зиялы кауымының  көш басындағы Әлихан бастаған реформаторлар ағартушылық идеясын жаңа сатыға көтерді

Олар таптық мүдде емес, тұтас  ұлт мүддесін корғай отырып, отаршылдыққа қарсы ұлттық майдан ашуды көздеді

Әлихан мен Ахмет бастаған зиялылардың жаңашылдығы, реформаторлығы - ұлт болашағы;   ұлттық-территориялық автономия туралы тұжырымдамалары; ұлт мәселесін шешуі

Қазақ ұлттық зиялыларының шығысқа тигізген әсері мен ықпалының зор болғандығы

Олар «XX ғасырда Ұлттық жаңғыруға бастады, ұлттың өзін-өзі танып қана қоймай, мемлекеттік санатына көтерді, ол егемендік тәуелсіздік,  демократиялық мемлекет, ұлт татулығы,  дін    мен   мемлекет   ара—қатынасы проблемаларын  XX ғасырда күн тәртібіне койды».

3.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінің тарихи маңызы

Нұрсұлтан Әбiшұлының еңбектерiнiң ғылыми және практикалық маңызы мүлде басқа ендiк пен басқа бойлықтан анықталып жатады. Онда отандық, өңiрлiк және әлемдiк ауқымдағы құбылыстар түгел қамтылады. Республика өмiрi үшiн маңызды бiр шешiм қабылдау үшiн, Елбасының әлемнiң iрi мемлекеттерiнiң даму тарихындағы осы тектес мәселенiң оң шешiмiн табуы жолындағы тәжiрибелердi түгел сараптап шығатынын және соның негiзiнде өзiнiң стратегиялық болжамдары мен тұжырымдарын мейлiнше айқын, дәлелдi, негiздi қасиеттермен даралай түсетiнiн аңғардым. Мұндай қарымды ғылыми жаңалықтардың тұтасқан жүйесi мен шешiмдердiң дүниеге келуi, мемлекеттiк басқару iсiнде пайдаланылу процесi Елбасының мемлекет басшысы ретiнде атқарып келе жатқан көпқырлы, көпсалалы қызметiнен де, мемлекеттiк басқарудың түрлi салалары мен бағыттары бойынша жазылған ғылыми және ғылыми көпшiлiк сипаттағы кезеңдiк еңбектерiнен де байқалады.

Елбасының әр еңбегiнiң өзi арнайы зерттеудi қажет ететiн жаңалықтарға, жаңашыл, шынайы байқаулар мен байымдауларға, ғылыми және практикалық маңызы жоғары тұжырымдар мен шешiмдерге бай. Осы орайда Нұрсұлтан Әбiшұлының өзiм күнделiктi қолыма ұстап, мәнiне үңiлiп, үңiлген сайын жаңа мағына тауып отырған зерттеулерiнiң қатарынан бiр топ еңбектi ерекше бөлiп көрсеткiм келедi: “Әдiлеттiң ақ жолы” (1991), “Тәуелсiздiгiмiздiң бес жылы” (1996), “Ғасырлар тоғысында” (1996), “Тарих тағылымдары және қазiргi Қазақстан” (1997), “Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы” (1997), “Қалың елiм, қазағым” (1998), “Тарих толқынында” (1999), “Қазақстан Ресей қатынастары” (1999), “Бейбiтшiлiк кiндiгi” (2001), “Сындарлы он жыл” (2003), “Евразия жүрегiнде” (2005). Көрсетiлген еңбектерде Елбасының тәуелсiз Қазақстанның тағдыры, келешегi туралы асыл мұраттары мен биiк ойлары, терең толғаныстары менi ғана толқытпай, елiмiздiң барша зиялы қауымын, Қазақстанның әрбiр патриотын үлкен тебiренiске түсiретiн болар, Елi мен Елбасы үшiн мақтаныш сезiмiне бөлер деп ойлаймын.

Озық ойлы прагматик, ол әрқашан уақыт үніне деген сезімталдығымен ерекшеленеді. Кеңестік дәуірде қалыптасқан Назарбаев қайта құру мен жаңаша ойлаудың құндылықтарын бүкіл жан-дүниесімен қабылдады. Одан соң батыс пен шығыс реформаторларының теориясы мен тәжірибесін, нарық экономикасы мен либералды еркіндік идеяларын бойына сіңірді.

Азиялық жолбарыстардың табыстары оған айрықша әсер етті. Ол өзінің Оңтүстік Кореяға, Сингапурге, Малайзияға барған сапарларын әсерлене әңгімелейді. Әр уақыттарда ол елдердің белгілі экономистері кеңесші ретінде шақырылды. Олардың арасында экономика докторы Ч.Бэнг, доктор Хасан және басқалар бар.

Президенттің көрегендігі елдік тұ­ғы­рымызды шайқамай, жала-пәлеге жолықтырмай өркендеудің озық үлгісі не­гізінде бүгінгі күнге жеткізді. Дүние жүзі қазақты таныды. Қазақстанды білді.

Кезінде Джордж Вашингтон, Мұс­тафа Кемал Ататүрік, Махатма Ганди секілді ұлы тұлғалар өз мемлекеттері үшін мәңгілік мақтаныш болатын та­рихи қадамдар жасап, туған елдерінің жа­дында қалса, осындай ұлы перзент­тер­дің жалғасқан жақсы керуенінде Нұрсұлтан Назарбаев алдыңғы сапта көш бастап келеді. Ол бүгінде мәртебелі мем­лекет құрушы, ұлт атасы деп орын­ды мақтан етіледі.

Оның үстiне мемлекет басқару iсiнде Н.Назарбаев жеткен тұтастыққа, iшкi тұрақтылық пен татулыққа, әлеуметтiк әдiлеттiлiк пен еларалық ынтымақтастыққа, саяси-экономикалық даму қарқынына Қазақстанның арғы-бергi тарихында бiр де бiр қайраткер жеткен емес. Ойлауының ауқымдылығы мен айқындығы, стратегиялық тұжырымдары мен ұстанымдарының жүйелiлiгi њәм тегеурiндiлiгi, iшкi және сыртқы саясатының ашықтығы мен нәтижелiлiгi жағынан Қазақстан Президентiмен тең түсердей көреген мемлекет басшысы, М.Тэтчер айтқандай, жер-жанатының өзiнде бiрен-саран ғана.

Қазақстан Президентiнiң әлемдiк саясат көгiнде жарқырап тұруының негiзi оның табиғат дарытқан көрегендiгi, көсемдiгi, даналығы секiлдi қасиеттерiнде. Ал Елбасының бұл қасиеттерiне жарық пен жылу, күш пен қуат берушi – оның елiне, Отанына деген оттай ыстық, мөлдiр сүйiспеншiлiгi.

Егемен елiмiздiң, қањарман халқымыздың бақ-дәулетiнiң артуы, құт-берекесiнiң өсуi, ырысының тасуы Елбасымыздың жасампаздық қызметiмен тiкелей байланысты. Сондықтан да тәуелсiз мемлекеттiгiмiздiң бастауында тұрған әрi өзiне халық алдында ел тағдыры үшiн жеке дара жауапкершiлiк алған Елбасының Қазақстанның экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңаруы, әлемдегi бәсекеге қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiруi жолындағы бастамаларын қолдап, олардың iске асырылуына лайықты үлес қосу – бiздiң әрқайсымыздың басты мiндетiмiз.

         Қорыта айтқанда – біздің мемле­кетіміз дүниеде болып жатқан құбылыс­тарға сырттан бақылаушы болып, тағдыр не сыйлар екен деп қол қусырып отырған жоқ. Қазақстан әлемге өзінің ізгілікті, бейбіт ниеті, өркендеуге, дамуға әзірлігі, тиянақты бағыты, бағдарламасы бар, бәсекелестікке қабілетті ел екендігін дәлелдеп, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі ретінде танылып, әлем елдерімен жіті қатынасын кеңейтіп отырған жаңа сипаттағы болашағы мол ірі мемлекет. Мемлекеттiң жетiстiгi мемлекет басшысының ел бастау қабiлетiнiң айрықша жоғары деңгейдегi қызметiмен тiкелей байланысты. Тәуелсiз Қазақстанның бүгiнгi жетiстiктерiнiң бәрiне де Н.Назарбаевтың тiкелей бастауымен қолымыз жеттi. Қазақстанның тәуелсiз даму бағыттарындағы табыстарымыздың бәрiнде де Елбасының ақыл-ой қуатының, алақан табының iзi бар. Елiмiзде Елбасының назарынан, ақыл-ой қуаты мен жүрек қызуынан тыс бiр де бiр салада да алға басу болған емес. Ойымды Ресей Федерациясының Премьер-министрі Владимир Путиннің сөзімен қорытындылағым келеді, «Қазақстан үшін Нұрсұл­тан Назарбаев - өте ерекше тарихи тұлға. Ол тек қана Қазақстан­ның тұңғыш Президенті ғана емес, ол – қа­зақтық, қазақстандық мемлекеттіліктің іргетасын қалаушы.»

 

Әдебиеттер тізімі:

1.Асфендияров С. История Казахстана с древнейших времен. – Алматы: Қазақ университеті, 1993.

2. Вопросы историографии и источниковедения Казахстана.- Алматы, 1998.

3. Вопросы историграфии Казахстана. – Алматы, 1989.

4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).Очерктер Алматы., 1994.

5.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 5 томдық. 1-2 томдар.- Алматы, 1996, 1998.

6. Омарбеков Т.О., Омарбеков Ш.Т. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – Алматы, 2005

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-04-07 20:08:33     Қаралды-5266

ИСЛАНДИЯ – АТЫ ДҰРЫС ЕМЕС ЕЛ

...

Исландия ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «мұз елі» деп аталады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »