UF

Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихын зерттеудің проблемалары 

 

Жоспар

1.Ұлы Отан соғысының тарихнамасы жане оның дәуірленуі.

2. Қазақстандық жауынгерлердің Ұлы Отан соғысы майданындағы ерлігі мен тылдағы ерен еңбегін дәріптеген зерттеулер тарихнамасы.

3.Соғыс ардагерлерінің мемуарлық естеліктерінің тарихнамалық маңызы

 

1.Ұлы Отан соғысының тарихнамасы жане оның дәуірленуі. Саяси және әлеуметтік қайшылықтар мен дүрбелең үстінде өтіп жатқан ХХ ғасыр жойқын соғыстар мен де адамзат санасында мәңгі қалары сөзсіз. Өйткені екінші дүниежүзілік соғыстың өзі-ақ қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп өмірін өксітті. Бұған кешегі Ұлы Отан соғысының қиындықтарын бастан кешкен еліміздің тарихы куә. Соғыс жылдары Қазақстан кешегі кеңестер одвғының құрамдас бөлігі ретінде өзінің экономикалық ресурстарымен де, адам күшімен де ортақ жауды жеңуге үлкен үлес қосқаны мәлім. Бұл туралы бұрынғы шыққан кітаптар мен зерттеулерде, оқулықтарда кеңінен жазылып келеді. Бірақ соғыс туралы, сол кездегі саяси-әлеуметтік оқиғалар жөнінде шындық ақырына дейін айтылмай келгені рас. Оның себебі соғыс тарихының бір кезде «халықтар көсемінің» өзі ұсынған Сталиндік үлгісімен, онан кейін тоталитарлық жүйенің әрқилы кезеңдерінде аздаған өзгерістерге ұшырағанымен, идеологялық тұрғыдан бәрібір сол қалыптың шектеуінде жазылып келгендігінде еді. Ал қатаң идеологиялық бақылау жағдайында зерттеушілер соғыс тарихының көлеңке жақтарын Сталиндік режимнің соғыс жағдайын пайдаланып жасаған зұлымдықтарын ашып көрсете алмады. Өйткені бұған қатаң тиым салынған болатын.

         Ұлы Отан соғысының тарихы және тарихнамасы тарих ғылымының негізгі бір бағыты болып отыр. Әр жанрда Ұлы жеңіс тарихы туралы көптеген туындылар жарық көрді.

         Тек 1945-1975 жылдардың ішінде толық емес мәлімет бойынша монографиялар, кітапшалар, ғылыми мақалалар, естеліктер; документтік жинақтар саны 15,5 мыңнан асты.жеңітің 30 жылдығына байланысты қарсаңында елімізде шыққан әрбір үшінші кітап кеңес хақының 1941-1945 жылдар ерлігіне арналады.

         КПСС Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші секретары болған Д.А.Конаев өзінің Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде  «Қаһарлы сын жылдарында майдан мен тылда Отан үшін келер күндердің бақыты үшін сағат сайын жеңісті жақындата түскендердің мәңгі өшпес даңқы ұрпақтан-ұрпаққа берілетін болады», - деп әділ көрсетті.

         1987 жылдың желтоқсанына дейін КСРО-да 20 мыңнан аса Ұлы Отан соғысы тарихына байланысты кітаптар, брошюралар, газет-журналдарда мақалалар жарық көрді.

         1941-1945 жылдар соғыс тарихына байланысты көптеген еңбектер тікелей рұқсат етілмегендіктен, көп уақыт бойы тек біржақты нәтижелі жеңістерімен табыстары ғана жазылып келді.

         Неготивті кезеңдегі жеңілісі мен сәтсіз кезеңдері айтылмай немесе шапшаң беріліп әрекеттері себеп-салдарсыз болды. Жоғары басшылардың талабына сәйкес кейбір оқиғалардың маңызы болмаған болса да оларды күрес барысында асырып айту болса, ал басқалары керісінше кеміту түрінде жазылды.

         Қазақстан тарихнамасының Ұлы Отан соғысы дәуірі жалпы одақтың Ұлы Отан соғысының тарихының  жалғасының бөлімі, сондықтан бұл да жоғары тарихи еңбектерде тексеріліп, зерттеліп жазылып жүр. Өз республикамызда бұл жөнінде арнайы еңбектер мен зерттеулер бар.

         Ұлы Отан соғысы тарихнамасын кезеңге бөлуін талқылауда көптеген мамандар әсіресе В. Т. Анисков, Е. И. Дракина, П. А. Жилин т. б. болды. 1980 жылдардың басындағы зерттеулерде 1941-1945 жылдар олардың ойларынша төрт дәуірге бөліп қарастырылды.

         1. Соғыс жылдарын қамту;

         2. Оның аяқталуы мен КПСС-тің ХХ съезіне дейін;

         3. ХХ съезден 1964 жылдың қазанына дейін;

         4. 1965 жылдан 1980 жылдардың басына дейін

         Мұндай позиция М. Қозыбаевтың еңбектерінде баяндалғаны көрсетіледі. Қазақстанның ҰОС тарихнамасы Кеңестік уақытта үлкен екі кезеңге бөлініп қарастырылады.

         Соғыс жылдарында республикада есеп бойынша 150-ге жуық кітап, брошюралар мен мақалалар жарық көрді. Төрт ғасырлық тарихи даму барысы, оның ішінде соғыс жылдары , сондай-ақ республикадағы өнер, әдебиет, ғылым салаларының дамуында да белгілі мақалалрда айтылып жүрді. Бүкіл еліміз бойынша 1946-1955 жылдары 1200-ге жуық кітаптар, брошюралар мен мақалалар жарық көрді.

         Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін мыңдаған қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Олардың 99-ы қазақ. Солардың қатарында Кеңестік Шығыстың қос қарлығаш қаһарман қыздары - Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова болды. Кеңес Одағының батыры атағы қазақстандық ұшқыштар Т. Бигельдинов, Л. И. Беда, И. Ф. Павлов, С. Д. Луганскийге екі реттен берілді. Бұлардың қатарына 1991 жылы Бауыржан Момышұлы да Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Міне осыларға арнап көптеген еңбектер же жарыққа шықты.

         Жеңістің жиырма жылдығына байланысты М. К. Қозыбаевтың «Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны» атты монографиясы жарық көрді. Мұнда республиканың және әскери экономиканың дамуын, Қазақстан Компартиясының маңызды қызметкерін бақылап, соғыс жылдарындағы еңбекші халықты халық шаруашылық еңбегіне жұмылдыру істері жөнінде жазылды. Мұнда елеулі қателіктер мен жаңсақ қорытындылар да болды. Мәселен, автор республика халық шаруашылығының хронологиялық шеңберін қате анықтап, Қазақстан экономикасын қайта құруда әскери үлгі, мазмұнға ие болып отырғандығы ашылмады.

         Қазақстан соғыстың маңызды арсеналдарының біріне айналды. Қаһарлы кезеңде қазақ даласынан майданға әскер, қару-жарақ, азық-түлік тиеген эшелондар үсті-үстіне жөнелтіліп жатты. Қарағанды көмір комбинаты, Шымкент қорғасын зауыты, Ембі мұнай кәсіпшіліктері  майдан тапсырмасын мүлтіксіз орындап отырды. Қазақстанда түсті металлургияның сан алуан түрлері пайда болды. Гитлерге атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстан қорғасыны, жезі мен мысынан жасалғаны мәлім.

2.Қазақстандық жауынгерлердің Ұлы Отан соғысы майданындағы ерлігі мен тылдағы  ерен еңбегін дәріптеген зерттеулер тарихнамасы.

Соғыстың алғашқы күндерінде мыңдаған қазақстандықтар майданға аттанды. Бұл батыр адамдардың әрқайсысы Отан алдындағы жауынгерлік борышын өтеуге өз жолымен келген. Біреулері соғыстың соңына дейін майдан жолымен жүріп өтіп, жауға қарсы шайқаста өзінің жауынгерлік есебін молайта білді, енді біреулері ғажап ерлік көрсетіп, Отан бақыты үшін ең қымбаты үшін ең қымбатты өмірін қүрбан етті. Бірақ оларды біріктіретін бір-ақ жай бар. Ол - жауынгерлік ерліктің мэңгі өшпейтіндігі - дей келе осы тақырыпқа сай 1960 жылдың басынан қазіргі уақытқа дейін көптеген авторлардың еңбектері жарыққа шықты. Мәселен, жауапты редакторы М.О. Жанғалиннің Совет Одағындағы Қазақстандық батырлары атты 1969 жылы Алматы қаласында басылып шыққан II томдық кітабында - - Қазақстанда туған немесе осында армияға шақырылған Совет Одағының Батырлары туралы очерктер жарияланған.

Туысқан республикада немесе РСФСР-дің Қазақстанмен көршілес облыстарында туған және сол жерден армияға шақырылған батыр қазақтар жөнінде 5 очерк енгізілді.

Бірінші томға 236 очерк, екінші томға 212 очерк енгізілген. Олар алфавит бойынша ретке келтірілген. Очеркте Батырлардың өмір баянынан қысқаша анықтама беріліп, жауынгерлік ерлік ісі баяндалған. Туған жері, тұрған және армияға алынған жері туралы мэліметтер, майдан бойындағы елді пунктер, қала, аудан, облыс аттары Ұлы Отан соғысының негізгі экімшілік-территориялық бөлініс бойынша берілген. Қазақстандық 500-дей солдат пен офицер, оның ішінде 98-і қазақ Совет Одағының Батыры деген жоғары атаққа ие болған ержүрек адамдардың Отан үшін жасаған жауынгерлік ерліктерін мақтаныш етіп көрсетілген. Солардың ішінде Дубосеково разъезі жанында ерлік көрсеткен панфиловшылар, Совет Одағының Батыры атағын 2 рет алған ұшқыштар Т.Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда, қазақ халқының даңқты қыздары М.Мәметова мен Ә.Молдағулова, капитан Гастеллонның ерлігін қайталаған үшқыштар Нұркен Әбдіров пен Михаил Янко, А.Матросов сияқты денесімен жау дзоттарының амбразурасын жаққан жауынгерлер Ақэділ Суханбаев, Сүлтан Баймағамбетов, Иван Бабин т.б. батырларымыздың өмірі мен ерліктері жазылған. Жинақта СССР кино-фотодокументтердің Орталық архиві фото қорларының материалдары пайдаланылған.

Ұлы Отан соғысының тарихында ерекше орын алатын Ленинград шайқасының жеңіспен аяқталғанына 65 жыл толды. Нева жағасындағы Ұлы қала от пен оқтың арасында 900 күн болған-ды. Оның қорғаушылары аштықтың да, қатал соғыстың да азабын бастан кешірді, бірақ берілмеді. Ерліктің, қайсарлықтың бүрын-соңды болмаған үлгісін көрсетті, жүз бүктеліп, ақырған арыстандай алысты. Осындай, жан алысып, жан беріскен айқасқа қазақтар да қатысты. Білек түріп, кеуде тосып, қаһарамандық көрсетті. Солардың қақ ортасында болған, сол кездегі майдан шебіндегі тілші, соғыстан кейін белгілі партия қайраткері болған, запастағы полковник, бұл күндері 80-нің сеңгіріндегі Бисен Жұмағалиевтің «Қазақтар Ленинград майданында» атты жазбалары жарық көрді.

Қ.Рысбайұлы «Қазақстан республикасының тарихы» атты еңбегінде Қазақстандық жауынгерлердің ерліктерін қысқаша жазып көрсетсе, С.Б.Бәйішев, С.Б.Бейсембаев, Ш.Ш. Уалихановтың«Қаз ССР тарихы» атты еңбегінің Ү-томында Қазақстандық жауынгерлердің ерліктерін толығымен сипаттап жазып, жауынгерлердің бейнелерін суреттермен көркемдеген. Мэселен, 316 (панфилов атындағы 8-гвардияшылар дивизиясы), 238 (30 гвардия) және 312 атқыштар дивизиясының Москва түбінде болған шайқастарда, 29-(72-гвардияшы) және 38 (73-гвардияшы) дивизияның Сталинград түбінде, Курск доғасында, Днепр өзенінінен өткен кезде, Ленинград қаласы үшін болған үрыстарда 310 және 314-дивизиялар, Қазақстандық солдаттар Ленинград пен Мәскеу үшін, Сталинград, Киев пен Мэскеу үшін, Смоленск қаласы үшін өзінің сүйікті елінің әрбір шекаралық бағанасын орнына қою үшін табандылықпен шайқасқан Б.МомышҰлы, Ә.Молдағүлова, М.Мэметова, Р.Амангелдиев, Н.Әбдіров, Ахметов С.А., А.А. Васильев, П.Е. Матвеев, Қ.Сыпатаев, С.Рахимов, Р. Қошқарбаев, Ы.Сүлейменов, Т.Бигелдинов, С.Баймағамбетов, партизан қозғалысына қатысқан Қ.Қайсенов, Украина жерін азат етуде мерт болған жауынгер-ақын Ж.Саин, Н.Сыдықов Ф.Ф. Сухов, Т.Жанкелдин, Е.Сағынов, Н.А.Бондаренко ерліктері.

3. Соғыс ардагерлерінің мемуарлық естеліктерінің тарихнамалық маңызы

1941 жылы басталып, 1945 жылға дейін тоқтаусыз жүрген Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғанына қаншама жыл өтсе де, бүрынғы Кеңес Одағындағы барша халық жанқиярлықпен жеткен жеңісті жэне ерлікпен өткен күресті, табандылық танытқан тартысты үмыта алмайды. Отаным деп от кешіп, жаңбырша жауған оқ астында өз өмірлерін Отанды жэне халықты қорғауға арнаған ұрпақ қана емес тарих та ұмытпайды. Тарих бетіндегі каһарман батырларымыздың бейнесі ешкімге үқсамайтын өзгеше ерліктің, Отаншылдықтың жэне рухани күштің айғағы. Міне, осындай ерліктер жайында көптеген авторлардың естелікке толы еңбектері жарияланды. Соның бірі Кеңес Одағының Батыры, запастағы генерал-лейтенант Г. Сафиуллиннің оқушыларға арнап «Жеңіс жолында» атты кітабында Кеңес жауынгерлерінің - өзінің қарулас жолдастарының Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарындағы үлкен де ауыр өткелдері, жауды жеңу жолындағы олардың асқан ерліктері, жеңілістің күйініші мен жеңістің қуанышы Москва мен Сталинград, Орел мен Курск түбіндегі, Молдавиядағы, Чехославакиядағы шайқастар жайлы эңгімелесе, Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысындағы партизан отрядтарының командирі Қ.Қайсеновтың 1967 жылы жазған «Жау тылында» атты кітабы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 60 жылдығына орай қайтадан 2005 жылы басылып шықты. Онда партизан жазушының Украина, Молдова, Венгрия жерінде жүріп, жау тылында жасалған ерліктері шығарма арқауына айналған. Оқиғалар шынайы суреттермен негізделген. Кітаптағы жазулардың әрбір жолынан Отанға, елге, туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік рухы сезілген. Автордың келесі «Ағалар туралы аңыз» атты естелік-әңгімелері жинағында Кеңес Одағы батырларымен жэне көптеген қоғам қайраткерлерімен бірге өткізген қиыншылықты сэттерімен қатар қызықты шақтары жазылған. Осы кітапты оқи отырып, өзімнің қысқаша ғана пікірімді білдіргенді жөн көрдім: «Қаһарман партизан батырымыз Қ.Қайсеновтың шағын ғана естелікке толы эңгімелер жинағы қазіргі өмір сүріп жатқан, адамдық қасиеттен жүрдай болып бара жатқан заманымыздыңжастарына көптеген батыр аталарымыздың бір-біріне үқсамайтын ерекше ерлік, келбеттерімен ортақ «Адам» деген Ұлы түлғаға тэн қасиеттерін қарапайым түсінікті тілмен шебер жеткізе білген».

Байдулла Қонысбек Ұлы Отан соғысының ардагері жэне еңбек ардагері полковник Өмірзақ Әтемовтың Отан қорғау соғысындағы ерліктері туралы жазған «Ұрпаққа ұлагат» деген кітабында солдаттың қатал өмірі, Курск доғасындағы шайқастары, майдандас достары жайлы жарқын естеліктер жазылған. Кітаптың алғашқы беттерінде ұлағатты ардагердің мақтан тұтатын достарының ізгі тілектері жазылған, суреттермен көркемделген.

Жақында «Арай» баспасынан «Халықтың өшпес ерлігі» («Бессмертие подвига народа») атты Ұлы Отан соғысы жэне тыл ардагерлерінің естеліктер жинағы жарыққа шығып, көпшлік оқырман қолына тиді. V 42 баспа табақтан түратын бұл кітапта негізінен бүгінде арамызда жүрген Қазақстандық Кеңес Одағының Батырларының, Халық Қаһармандарының, соғыс жэне тыл ардагерлерінің майдан жылдарында көрсеткен ерліктері мен қажырлы еңбектері өздерінің жазбалары бойынша жарияланды. Ардагерлер ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңдері, оқ пен оттың арасында жүрген шақтарын еске алып, көз алдына келтірген. Бір атап көрсететін жәйт кітаптың алғашқы беті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арнау сөзімен ашылған. Онда «... Қазақстан фашизмді талқылауға баға жетпес үлес қосты. Республика аумағында жасақталған 20-дан астам дивизия мен құрамалар Мэскеуден Берлинге дейінгі жолда асқан ерліктер көрсетті. Республика майдандары қару-жарақпен, көмір, киім-кешек, ауыл-шаруашылық жэне өнімдерді үздіксіз қамтамасыз етті. Бұл кітаптың мақсаты: Ұлы Жеңісті кейінгі ұрпаққа ескерту ретінде қолданылған. Кітап өзінің лайықты оқырмандарын табады деп білемін»,-делінген.

Майдан даласын көз алдына елестететін бұл кітапты Кеңес Одағының батыры, әрі халық қаһарманы С.Нүрмағамбетов, екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған Т.Бигелдинов, Кеңес Одағының батыры Садық Әбдіжаппаров, Михаил Абдолов, Василий Бенберин, Дмитрий Ефремов, П. Кальцов, «Даңқ» орденінің толық иегері Ибрагим Қалдыбаев, А.Капорин т.б.майдангерлердің естеліктерін тебіренбей оқу мүмкін емес.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.Асфендияров С. История Казахстана с древнейших времен. – Алматы: Қазақ университеті, 1993.

2. Вопросы историографии и источниковедения Казахстана.- Алматы, 1998.

3. Вопросы историграфии Казахстана. – Алматы, 1989.

4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).Очерктер Алматы., 1994.

5.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 5 томдық. 1-2 томдар.- Алматы, 1996, 1998.

6. Омарбеков Т.О., Омарбеков Ш.Т. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – Алматы, 2005

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-04-06 20:13:51     Қаралды-4224

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »