UF

Жартылай хордалылар немесе Гемихордалылар типі – Hemichordata

Жануарлардың ішінде жартылай хордалылар дамудың төменгі сатыларына жатады. Олар теңіздерде қазып немесе бекініп еркін тіршілік етеді. Кейбіреулері топтасып тіршілік етеді. Ғылымға 100-ге жуық түрлері белгілі. Жартылай хордалылардың негізгі белгісі – тұмсықтың түбін ұстап тұратын ішектің кішкене тұйық өсіндісінің дамуы. Қос метамерлі желбезек саңылауларының болуы және олар арқылы ішектің сыртқы ортамен қатынасуы. Бұл хордалылар типіне ұқсас ерекшелігі.                                                         

Нерв жүйесі арқа жүйке бағанасынан, құрсақ бағанасы да болады. Құрсақ бағанасы кеуде бөлімінде ғана жетілген. Жүйкенің негізгі бөлімі арқа жақтағы жағада орналасқан. Сезім мүшелері болмайды.

         Қан айналу жүйесі ұзын салалы арқа және құрсақ тамырларынан құралады. Арқа тамыры жаға арқылы тұмсыққа өтеді және тұмсықты целомның артқы қабырғасына жетіп қан айналу лакунасына жалпаяды. Құрсақ тамырмен қан дененің артқы бөліміне барса, ішек маңындағы тамырлар арқылы арқа тамырына қайтып келеді.

     Ас қорыту жүйесі. Аузы денесінің құрсақ жағындағы жағымен шекаралас тұмсықтың түбінде орналасқан. Аузы жағаның өн бойында жатқан қысқа жұтқыншаққа, жұтқыншақ өңешке жалғасып ішектің тыныс алу бөлімі ьолып саналады. Ортаңғы ішектің қалған бөлімі қарапайым түтік түрінде болады. Дененің артқы бөліміне таяу ортаңғы ішек артқы ішекке ауысып, аналь тесігімен сыртқа шығады.

     Зәр шығару жүйесі. Метанефридиялы құрылысқа сәйкес жасалған. Ол тұмсықтың дене қуысымен жағаның екі дене куысын қоршаған ортамен байланыстыратын екі жұп қысқа кірпікшелі түтіктерден тұрады. Жаға бүйректері бірден сыртқа ашылмайды, керісінше желбезек саңылауының бірінші жұбына ашылады.

    Жыныс мүшелері қарапайым құрылысты. Жыныс диморфизмі дамымаған. Жыныс бездері кеуденің орта бөлігіндегі ішектің екі жағында жатқан 30 жұп сопақша қапшықтар жасайды және арқа жағындағы қысқа шығарғыш өзектерімен сыртқа ашылады. Жыныс өнімдері суға шығарылады. Ұрықтану сыртта болады.

    Дамуы. Толық, тең бөлшектену алдымен бластула, одан кейін нағыз инвгинациялы гаструла жасайды. Бластопорға қарсы жатқан гаструланың полюсі жануардың болашақ алдыңғы ұшына, бластопорлы полюс артқы ұшына сәйкес келеді. Үздіксіз дамудың нәтижесінде бластопордың орнына қылаулатқыш пайда болып, дернәсілдің құрсақ жағындағы эктодерманың екінші рет ойыстануының арқасында ауыз жасалынады.

     Әрі қарай дамуда үш бунаққа сәйкес дернәсіл үш бөлімге бөлінеді. Екі алдыңғы бөлімі нашар өсіп, артқысы бірнеше рет созылады да кеуде жасайды. Біртіндеп алдынан артқа қарай бағытта желбезек саңылаулары тесіп шығады. Осы уақытқа дейін кірпікшелерінің көмегімен планктонда жүзіп жүрсе, енді дернәсіл судың түбіне түсіп қазғыш – жорғалағыш тіршілік ету тәсіліне ауысады

    Ішектыныстылар тек теңізде  тіршілік етеді, оның 80-дей түрі белгілі. Дене мөлшері 10-15 см, ең ірілері – Balanoglosus gigas – 2,5 м, қанатжелбезектілер – теңіз түбінде бекініп тіршілік етеді. 3 туысы, 22 түрі белгілі. Дене тұрқы 0,2 мм-ден бірнеше мм-ге жетеді. Ең ірі түрі Cephalodiscus densus ұзындығы 1,4 см.

    Хордалылар типі – Chordata

   Хордалшылар типіне жануарлар дүниесінің эволюциялық қатарының ең жоғарғы сатысында тұрған организмдер жатады. Тип окілдерінің сыртқы корінісі мен құрылысы, тіршілік ету тәсілдері бәрінде бірдей емес. Өйткені, бұл типке өзімізге таныс ланцетниктер, балықтар, бақалар, кесіртке мен жыландар және әр түрлі құстар мен аңдар жатады. Тіпті адамда осы типтің өкілі. Тип өкілдері ішінде сырт көрінісі құртқа ұқсаған түрлеріде бар. Бірақ тип өкілдері осындай әр алуан өзгешеліктеріне қарамастан, олардың  құрылысында бұларды бір-бірімен жақындастыратын, бәріне ортақ бірнеше белгілері бар.

   Бәрінің де денесінің ұзына бойына созылып жатқан ішкі тірек қаңқа хордасы болады. Хордасы солқылдаған серпімді созылып жатқан тұтас зат. Төменгі сатыдағы хордалыларда хорда өмір бойы сақталады, ал жоғары сатыда дамыған хордалыларда дамудың барысында хорда омыртқа жотасына айналады. Хорда эмбриональдық даму кезінде мезодерма қабатынан дамиды.

    Хорданың үстіңгі бөліміне нерв жүйесінің орталығы нерв түтігі орналасқан. Бұл түтіктің ішкі қуысын – невроцель деп атайды. Нерв түтігінің құрылысы барлық хордалылар үшін тән сипат. Дамудың барысында барлық хордалыларда нерв түтігінің алдыңғы бөлігі өсіп, үлкейіп бас миына, ал қалған бөлігі жұлынға айналады. Орталық нерв жүйесінен барлық мүшелерге нерв талшықтары тарайды.

    Ас қорыту түтігінің алдыңғы бөлігі, сыртқы ортамен екі қатар саңылаулары арқылы қатысады, оларды-желбезек саңылаулар деп атайды.Желбезек саңылаулары суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы хордалыларда да өмір бойы сақталады,басқа хордалыларда ұрықтың даму кезінде болады да, содан кейін жойылып кетеді.

      Жоғарыда айтылған үш негізгі ерекшелігімен бірге тағыда басқа хордалыларды сипаттайтын ерекшеліктері бар.Ол хордалылардың денесіндегі екінші реттегіқуыстың пайда болуы.Хордалылар екінші ауызды жануарлар.Суда және құрлықта тіршілік ететін бұл жануарлардың 50 мыңға жуық түрлері белгілі.Кейбіреулері ұшуға бейім,көпшілігі еркін қозғалады.Хордалыларға бас сүйексіздер,личинка хордалылар, дөңгелек ауыздылар,балықтар,қосмекенділер,бауырмен жорғалаушылар құстар және сүтқоректілер жатады.

     Классификациясы.Хордалылар типі өзара ерекшеліктеріне қарай үш тип тармағына бөлінеді.

 1.Личинка хордалылар-Urochordata,өкілі асцидия,салыпылар.

 2.Бас сүйексіздер-Acrania,өкілі ланцетник.

 1.Бас сүйектілер немесе омыртқалылар-Craniata немесе Vertebrata,өкілі ит,балық т.б  

   Хордалылардың маңызы.Хордалылардың теориялық және практикалық жағында маңызы зор.Барлық үй жануарлары осы хордалылар типіне жатады.

   Көптеген хордалылардың кәсіптік маңызы бар.Хордалылардың кейбіреуі ауыл зиянкестері.Сонымен қатар,көптеген түрлері орман,балық және аңшылық шаруашылықтарына зиянды әсерін тигізеді.Хордалылар типінің өкілдері адамдардың және ауыл шаруашылық малдарының қауіпті ауруларын сақтаушы және тасушы қызметін атқарады.Ондай ауруларға:чума,туляремия,бруцеллез,  лептоспироз,энцефалит т.б

  Личинка хордалылар тип тармағы-Urochordata немесе туникаттар-Tunicata.Личинка хордалыларға-асцидиялар,сальпылар және аппендикуляриялар жатады.Олар мұхиттар мен теңіздерде кеңінен таралған.Личинка хордалылардың шамамен 1100 түрі белгілі,оның 1000 түрі су түбіндегі заттарға бекініп отырып тіршілік ететін асцидия класына жатады.Көптеген асцидиялар жеке жүріп тіршілік етеді,ал қалғандары бірнешеуі бірігіп колония құрады.Олардың басқа хордалылардан айырмасы ересек личинка хордалыларда хорда мен нерв түтігі болмайды,керісінше,личинкалық дәуірде типтің барлық негізгі қасиеттері анық,көрінеді.

    Дене құрылысы.Денесі туника деп аталатын қалың қабықпен қапталған қап тәрізді болады.Денесі екі үлкен тесік арқылы сыртқы ортамен қатынас жасайды.Екі тесіктің біреуі ауыз сифоны арқылы организмге су кіреді де,төменірек орналасқан екінші клоака сифоны арқылы су сыртқа шығады.

   Нерв жүйесі.Ауыз және клоака сифондарының аралығындағы орналасқан нервтері қуыс емес.Нерв жүйесі нашар дамыған,жұтқыншақтың үстінде жатқан кішкентай ганглиядан денегебірнеше нерв талшықтары тарайды.Сезім мүшелері жетілмеген өте жұқа ет-тері қапшығы бар.

   Қан айналу жүйесі.Қан айналу жүйесі ашық.Қан жүректің жиырылып-жазылып тұру нәтижесінде қозғалады.Жүректен барлық мүшелерге қан тарайды,оның ішінде жатқан жұтқыншақта желбезек тесіктері тыныс алу қызметінде атқарады.Өйткені сумен кірген оттегі газ алмасуға қатынасып,оргрнизмді оттегімен қамтамасыз етеді.

    Зәр шығару жүйесі.Арнайы зәр шығару мүшесі жоқ.Қорытылмаған қалдықтар кейбір клеткаларда жиналып сол организм ішінде қалып қояды.

    Ас қорыту жүйесі.Кіретін ауыз сифоны арқылы сыртқы ортамен қатынас жасайтын ауыз қуысынан басталады.Су ағынымен ілесіп келген ұсақ организмдер мен органикалық бөлшектер жезді науашық эндостильдің түбіне жиналып,эпители кірпікшелерінің қозғалуының арқасында,шырынға оралған қоректі заттар ішекке түседі де сол жерде қорытылады.

   Көбеюі.Тіршілік ету ортасына бейімделгені соншалықты,олар тек жынысты жолмен ғана емес,жыныссыз жолменде көбейеді.Жынысты көбейгенде ұрықтанған жұмыртқадан өз бетімен жүретін личинкалар дамиды.Көптеген түрлері жыныссыз жолмен көбейеді.Асцидияларда отырып тірішілік етуіне байланысты көпшілік мүшелері дамымған.

   Дамуы.А.О.Ковалевский асцидияның мұқият зерттегенге дейін, жануарлар жүйесінде олардың орны белгісіз болып келеді.Личинкаларында хорда мен нерв түтіктері жақсы дамыған.Бір жерде тіршілік етуіне байланысты денесі өзгеріске ұшырайды,атап айтқанда хорда,нервтүтіктері жойылып кетеді.Сөйтеді де денесі ересек асцидияның дене пішініне ұқсап қап тәрізді болады.                   

Бас сүйексіздер тип тармағы — Асrania. Бас сүйексіздер мейлінше қарапайым, бірақ хордалылардың барлық қасиеті сақталынған сан жағынан аздау (шамамен 20 түрі бар) теңіз жануарлары. Хордалылардың үш қасиеті өмір бойына сақталады. Бас сүйексіздердің ішінде ғылымга белгілі өкілі ланцетник -Branchiostoma lanceolatum). Ланцетник ұзындығы 8 см, екі бүйірі қысыңқы кішігірім жануар. Көбіне теңіздің таяз жерлерінде құмға кіріп, тек бас жағын шығарып жатады. Бас сүйексіздердің денесінің соншалықты қарапайым болып келуі, олардың өмір сүру жағдайьша тікелей байланысхы. Олар теңіздің таяз жерлерінде тіршілік етеді, көпшілігі уақыттарын судың тұбінде, құмда өткізеді. Олардың қорегі судың ішінде кездесетін ұсақ жануарлар мен өсімдіктер дүниесі (46-сурет).

Тері қапшығы. Екі қабаттан тұрады. Сыртқысын - эпидермис, ішкісін - кутис деп атайды. Ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жүқа кутикула қаптап жатады. Кутис қабаты нашар дамыған және ол қоймалжың үлпалардан құралады.

Ет жүйесі. Денесіне біркелкі орналаспаған. Ет әсіресе денесінің арқасында көп болады. Ет жүйесі миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінеді. Миомерлер бірінен-бірі миосепта деп аталатын дәнекер үлпалармен шектелген.

Хорда ланцетниктің арқа жағында бүкіл денесін бойлап созылып жатады. Хорда негізінен қаңқа қызметін атқарады. Хорданы ең бірінші тауып, сипаттап жазған және атаған орыс ғальшы, академик К. М, Бэр (1827-1837).

Нерв жүйесі. Бүкіл дене бойынша хордамен қатарласып созылып жатқан нерв түтігі. Нерв түтігінің іші қуыс болып келеді, ол қуысты невроцель деп атайды. Түтіктің бас жақ белімінің қуысы кеңіп, бас миының өсе бастауына себебін тигізеді.

Сезім мүшелері. Мейлінше қарапайым. Жарық тітіргендіргішті жарық сезгіш - Гессе көзшелері қабылдайды. Ол нерв түтіктерінің ішінде орналасқан. Иіс щүңқыры арқылы судың химиялық қасиеттерін ажырата алады. Сонымен бірге дененің сыртқы қабаты эпидермисте бытырап жатқан сезгіш клеткалары болады.

Ac қорыту жүйесі. Бірнеше бөлімдері бар хорданың астына орналасқан. Ауыз алдындағы қармалағыш түтіктерінің түп жағында ауыз орналасқан. Ауыз қуысы екі бүйірінде жүздеген желбезек саңылаулары бар көлемді де, ұзын жұтқыншақпен жалғасады. Жүтқыншақ сыртқы ортаға ашылмай желбезек айналасындағы куысқа ашылады (атриалдық қуыс). Атриалдық қуыс сыртқы ортамен атриопор деп атадатын тесік арқылы жалғасады. Жүтқыншақтың түбінде безді және кірпікшелі клеткалармен қапталған өзекше - эндостиль болады. Су ағынымен ілесіп келген қоректік заттардың ұсақ бөлшектері эндостилдің түбіне жиналып, эпители кірпікшелерінің қозғалуының арқасында шырынға оралған қоректік заттар ішекке түседі де сол жерде қортылады. Ішектің алдыңғы бөлімінің құрсақ жағынан бір түйық өсіңці шығады. Бұл жоғары сатыдағы омыртқалылардың бауырының қызметіне үқсас қызмет атқарады. Сондықтан бұл өсіндіні - бауыр өсіндісі дейді. Дененің артқы жағында аналь тесігі орналасқан, сол арқылы қортылмаган зат сыртқа шыгады (нәжіс). Бас сүйексіздердің ас қорыту мүшелерінің белгілі дәрежеде мөлшері болғанымен, іштегі жіктелмеген үзынынан созылып жатқан түтіктен тұрады, ал тамақтың ішке түсуі өте қарапайым тәсілмен түседі.

Қан айналу жүйесі. Қан айналу жүйесі түйық. Жүрегі болмайды. Сондықтан ланцетниктің қаны көптеген қан тамырларының жиырлып-жазылып түруы нәтижесінде қозғалады. К,ан айналу жүйесі негізгі екі қан тамырларынан -арқа мен бауыр және олардың көптеген торларынан тұрады. Көмір қышқылы (СО2) газына қаныққан бүкіл денедегі қан бауыр қан тамырларьша жиналып, дененің алдыңғы жағына қарай ағады. Бауыр қан тамырларынан желбезекке қарай көптеген қан тамырлары кетеді, қанды желбезекке әкеліп оттегімен қанықтырады демек газ алмасуы жүреді. Отгегіне қаныққан қан, арқа қан тамырларына кұйылады да, денесінің артқы беліміне кетеді. Сайып келгенде қан айналу жүйесі жақсы дамыған. Қанның құрамында гемоглобин жоқ, сондықтан қаны түссіз.

Тыныс алу жүйесі. Ac қорыту мүшелерінің алдыңғы бөлігін «сұтқыншақ ауыз қуысынан денесінің ортасына дейін жүзге жуық желбезек саңылаулары алып жатады. Желбезек саңылауларының қабырғалары қан тамырларымен қамтамасыз етілген. Желбезек саңылаулары бірден сыртқа ашылмай, атриалдық қуысқа одан атриопор арқылы сыртқа шығады.

Зәр шығару жүйесі. Жүтқыншақ маңайында орналасқан көптеген (90 жұп) нефридия түтіктерінен тұрады. Әрбір мүше бірнеше тесіктерімен дене қуысына ашылады да, бір тесікпен желбезек маңындағы қуыспен жалғасады. Түтікшелердің қабырғаларында қозғалып тұратын түтіктерінің көмегімен, дене қуысының ішіндегі зәр заттары желбезек маңындағы қуысқа келіп, одан сыртқа шытарылады. Демек бұл жүйенің құрылысы меилінше қарапайым.

Көбеюі. Бас сүйексіздер жынысты жолмен көбейеді, дара жыныстылар. Көбею мүшелерінің құрылысы өте қарапайым. Олар көптеген жүп жыныс бездері тәрізді желбезек маңьшдағы қуыстың ұзына бойына орналасқан. Жетілген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс жолы арқылы желбезек маңындағы қуысқа келіп, одан атриопор арқылы сыртқа суға шығарылады. Жыныстық клеткалары су түбіне жақын қабатқа барып ұрықтанады, яғни ланцетниктің ұрықтануы сыртта болады, ұрықтың дамуы суда өтеді.

Дамуы. Бас сүйексіздердің (ланцетниктің) эмбриональдық дамуын бірінші рет зерттеген К.О.Ковалевский (1865). Зерттеудің нәтижесінде бұл топ үшін қазіргі жануарлар дүниесінің жүйесіңце қандай орын алатынын түсіндірді. Сонымен қатар ланцетниктің эмбриональдық дамуы басқа хордалылардың эмбриональдық дамуының қарапайым схемалық көрінісі болып саналады. Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды. Эмбриональдық дамудың алғашқы сатысы жұмыртқаның бөлінуі, бластуланың және инвагинациялық гаструланың түзілуі - тікентерілілер және басқа омыртқасыздардың дамуын еске түсіреді. Жұмыртқаның бөліне
бастаған мезгілінен 36 сағаттан соң ұрықтың ауызы және алғашқы желбезек саңылауы қалыптасады. Осы мезгілде энтодерма да жіктеледі. Алғашқы ішектің арқа бөлімінде өсіндісі пайда болады, келешекте бұл өсіндіден тыгыз хорда пайда болады. Ұрықтың келешек даму кезеңінде әрбір целом қапшығы үзарып және көптеген қапшықтар пайда болады. Осы қапшықтардың қабырғасының мезодермасынан бұлшық ет сегменттері қан тамырлары, зөр шығару жүйесі және тағы басқа мүшелер құрылады. Қаптардың қуыстары өзара қосылып екінші дене қуысын немесе целомды құрайды. Ұрықтың астыңгы сол жақ бетінде ассиметриялы түрде ауыз тесігі және желбезек саңылаулары дамиды. Орыстың эмбриологы А.О.Ковалевский өзінің ғылыми жұмыстарында бұл жануарларды екі үлкен жануарлар дүниесінің омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың арасындағы аралық этапы деп көрсетеді.

Бас сүйектілер тип тармағы — Craniata немесе омырткалылар — Vertebrate. Омыртқалылар - хордалылардың ішіндегі ең жоғары сатыда түрған жануарлар. Олардың жоғары дәрежеде екендігін көрсететін негізгі бір белгісі ол құрылысында жоне тіршілік әрекетінде. Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырганда, омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделуі, олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешеліктеріне байланысты. Олардың бес бөлімнен тұратын бас миы жақсы жетілген, соншалықты жетілген сезім мүшелерінің, денес^н қозғайтын аяқтарының, сүйек қаңқаларының, омыртқалар жотасының жақсы жетілуі, олардың эволюциялық даму сатысының биігіне көтерілуіне мүмкіндік берген.

Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі, жетілген нерв жүйесі, қозғалмалы жақ сүйектері бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Жақ сүйектерінің үстау, тамақтарын үстау қызметгері - төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда, омыртқалыларда өте жоғары дәрежеде шешілген. Осы қажеттіліктің нөтижесінде денесіне қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету өрекеті жоғарылай бастайды. Денесінде зат алмасу күшейе түсуіне байланысты, денеден шығатьш зәр заттарының мелшері де артады. Сондықтан да ас қорытатын- арнайы бездер - бауыр мен үйқы безі және көптеген ішкі секреция бездері жетіледі.

Төменгі сатыдағы хордалылар тек қана суда, теңізде тіршілік етсе, омыртқалылар тіршілікке қолайлы жердің бәріне таралады. Демек, эволюцияның барысында омыртқалылар бейімделген қабілетін анық керсетеді. Омыртқалылар силурда, палеозойда белгілі болды, ал юра кезеңінде (мезозой) қазіргі тіршілік етіп жатқан жануарлардың барлық класы белгілі болды. Қазіргі уақытга омыртқалылардың 43000 түрі белгілі. Олар 6 класқа бөлінеді. Дөңгелек ауыздылар класы (Cyclostomata); Балықтар класы (Pisces); Қосмекенділер класы (Amphibia); Бауырымен жорғалаушылар класы (Reptilia); Құстар класы (Aves); Сүтқоректілер класы (Mammalia).

Бұл кластар жекеленген үлкен екі топқа болінеді.

1; Жақсүйексіздер (Agnatha) - жүп қанаттары жоқ және жақсыз сорғыш ауызы бар. Оларға қазір тіршілік етіп жатқан дөңгелек ауыздылар класы (Миногалар мен Миксиндер) және девон кезеңінде өліп біткен түрлері (щитковые) жатады.

2. Алғашқы жақтыларга (Gnathostomata) барлық қалған кластар жатады. Олар өз ретімен бірінші рет суда тіршілік ететін балықтар мен қосмекенділер анамниа (Anamnia) және құрлықта тіршілік етуге бейімделген амниота (Amniota) омыртқалылар тармақтарына бөлінеді.

Дөңгелек ауыздылар класы — Cyclostomata

Жалпы сипаттама.

Дөңгелек ауыздылар аздап балыққа ұқсайтын осы кезде тіршілік ететін омыртқалылардың ішіндегі ете қарапайым құрылысты жануарлар. Олар теңіздерде және басқа да суларда тіршілік етеді. Дөңгелек ауыздылар жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделгең. Миногалар балыққа жабысып, олардың қанын сорады, кейде тіпті етін де жейді. Ал миксина болса жабысқан жануарлардың денесінің ішіне кіріп кетіп етінде, ішкі мүшелерінде жейді. Паразиттік тіршілік етуіне байланысты, сорғыш шұңқырларьшың түп жағында ауыз тесігі болады. Дөңгелек ауыздылардың аяқтары мен жақтары болмайды. Иіс капсуласы біреу, ол бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа ашылады. Олардың мүйізді тістері болады, терісі жалаңаш. Балыққа тек сырт көрінісі ғана үқсас, ал дөңгелек ауыздылар омыртқалылардын. жеке өз бетінше дамыған тарауы. Қазіргі уақытта дөңгелек ауыздылар класында екі отряд бар. Теңіз бен тұщы суларда тіршілік ететін миногалар (30 түрі бар) және мухиггар мен теңіздерде тіршілік ететін миксиналар (20 түрі бар).

Сыртқы көрінісі. Денесі бас, көкірек және қүйрық бөлімдерінен тұрады. Терісі көп қабатты эпидермистен (эктодерманың туындысы) тұрады және безді клеткалары көп, сол бездерден тері үстіне көп шырын шығады. Тері механвдсалық және сыртқы ортаның түрлі әсерлерінен қорғайды. Дененің үзындығы бірнеше сантиметрден 1 м-ге дейін (47-сурет).

Нерв жұйесі. Барлық омыртқалылар сияқты олардың да бас миы бес бөлімнен тұрады: алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық, сопақша ми. Көрсетілген ми белімдері бір тегістікте орналасқан және жоғары дамыған омыртқалылардікі секілді олардың ми қыртысында иректері болмайды. Аралық мидың үстінде көру төбешіктері мен эпифиз, ал оның төменгі жағында гипофиз орналасқан. Бас миының ішінде басқа бөлімдермен салыстырганда сопақша ми жақсы дамыған. Одан көптеген нервтер кетеді, атап айтқанда теріге, ауыз қуысына, желбезек еттеріне, көздің және бетгің етгеріне, тепе-тендік пен есту және т.б. мүшелеріне кетеді. Жұлын сопақша мидан басталып денесінің соңына дейін созылып жатады, формасы лента тәрізді.

Жұлынның іші қуыс, оны невроцель деп атайды. Барлық нерв клеткалары сол қуыстың ішінде шоғырланған. Жұлын теріні, денедегі ет жұйесі мен қүйрықті ішкі мүшелерді нервпен қамтамасыз етеді. Жоғарыда айтылған 10 жұп бас миының нерв жүйесі барлық кластарда - балықтарда, қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда да, қүстарда және сүтқоректілерде кездеседі. Ми құрылыстарының ұқсастыгына қарай барлық бас сүйектілердің шығу тегінің бір екендігіне көз жеткізесің.

Сезім мүшелері өте қарапайым. Иіс мүшелері басқа омыртқалылардікі сияқты екеу емес, дара болады. Алдыңғы мидың иіс? бөлімі дөңгелек ауыздыларда ете жақсы дамыған. Өйткені бұл жануарларда тамақтарын іздеуде иіс шешуші роль атқарады. Есту мүшесі ішкі қүлақтан ғана тұрады. Дөңгелек ауыздыларда есту мүшесі нашар дамыған. Көздері кішкентай, мңногалардың қасаң қабығы жетілмеген, ал миксиндерде паразитгі тіршілігіне байланысты көздері өте нашар жетілген. Тепе-теңдік мүшесі тек қана екі жарты шеңберлі өзектен немесе каналдан тұрады. Сыртқы ортада бағдарлап жүзіп жүру ушін сейсмосенсорлы мүшелердің маңызы зор. Бүйір сызығы бастың терісінде, дененің екі бүйірінде орналасқан. Бұл мүшелер жануардың айналасында не болып жатыр, соның бәрін қабылдап отырады. Мысалы, судың ағысын, жүзіп келе жатқан жануарларды, т.б. ацтарып отырады.

Механикалық, температуралық, химиялық қоздыргыштар теріде кездесетін неше түрлі сезгіш клеткалар мен нерв талшықтары арқылы қабылданады.

Қаңқасы. Бас сүйегі бар, бірақ құрылысы қарапайым. Ми бөлімінің асты шеміршек пластинкасынан тұрады, пластинканың бүйіріне шеміршекті есту капсуласы жалғасса, алдыңгы жагында шеміршекті иіс капсуласы жатады. Желбезек доғасы жетілмеген. Аузында шеміршекті құрылысты шүңқырлар бар. Бас сүйегінен бастап денесінің артына дейін хорда созылып жатады. Әрине ланцетникпен салыстырғанда өлде қайда жетілген, хорданың сыртында берік қорғаныс қабығы, арқа бөлімінде жүлынды сақтайтын қабаттар бар. Миногаларда болашақ омыртқалардың бастамасы, өсіп дамып келеді, ал миксиналарда ондай жоқ.

Ет жүйесі. Денесінің арқа жағында, қүйрықта еттері қарапайым құрылысты болады. Олар қабат-қабат болып жатқаң еттен құралады, оны миомер деп атайды, ал миомерлер өз ара жабын дәнекерлер арқылы жіктеледі, оны миосепта дейді. Желбезек қапшықтары, ауыз шүңқыры және тіл сақиналы еттерден тұрады. Ет жүйесінің көпшілігі жетіліп жіктелмеген, бұл олардың құрылысьшың күрделі еместігін көрсетеді. Қозғалу қызметін атқаратын мүшелері дара арқа және қүйрық жүзу қанаттары. Дөңгелек ауыздылар денесін бүраңдатып қозгалады, ал жүзгіш қанаттары олардың белгілі бір бағытга қозғалуын реттеп отырады. Олар балықтар сияқты үзақ уақыт жүзе алмайды, сондықтан жиірек балықтарға кейбір жүзіп жүрген заттарға бекініп жүреді. Көпшілік уақытын судың түбінде, қүмның арасында өткізеді.

К#н айналу жүйесі. Басқа омыртқалылар сияқты дөңгелек ауыздыларда да жүрегі бар. Жүректің жұмысьш ретгеп отыратын етгер көлденең салалы да, қан тамырларьшың еттері үзын салалы болады. Жүрегі олардың екі камерадан (жүрекше, қарынша) тұрады. Жүрек еттерінің жақсы жұмысынын, нотижесінде ланцетниктерге қарағанда оларда қан тезірек ағады. Жүрекшеге жүқа қабырғалы вена тамырлары арқылы бұкіл денеден көмір кышқыл газына қаныққан және оттегі жоқ қандар келіп қүйылады. Қарыншадан артерия қан тамыры - бауыр аортасы шығады. Бауыр ортасынан желбезекке қан таситын бірнешс жүп желбезек артериялары басталады. Желбезеқке алып келген қандар көмір қышқыл газдың біраз мелшерін беріп, оттегіне қаныққан қандар, желбезек артерияларьгна түсіп арқа қолқасына қүяды. Арқа колқасы хорданың астымен қуалай отырып, денесінің артқы белімдеріне артерия қанын таратады. Дөңгелек ауыздыларда бір қан айналым шеңбері бар, жүрек арқылы тек веноз қандары ғана өтеді. Қанның арнаулы элементтері (эритроциттер, лейкоциттер, және тромбоциттер) - бауырда, асқазанда, ішектерде, бүйректе және тағы басқа әртүрлі мүшелердің ұлпаларында түзіледі. Дөнгелек ауыздыларда көкбауыр әлі жоқ, ішектің алдыңғы белімінен бауыр дамиды, ал үйқы безі жетілмеген.

Тыныс алу жүйесі. Негізгі тыныс алу жүйесі - жүтқыншақ өсіндісінен түзіледі, сыртқы желбезек пластинкаларымен байланысқан. Сыртқы желбезек тесіктері арқылы ашылған желбезек қапшықтарынан тұрады. Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің, екі жағына 7 жүп желбезек тесіктері ашылады. Осы тесіктердің ішінде желбезек пластинкалары болады, осы пластинкаларда қан тамырының қоры құрылады. Желбезек қапшығының екінші жагындағы ішкі желбезек жолдары жүтқыншаққа барып жалғасады. Тыныс алғанда су желбезек тесіктерінен желбезек қапшықтарына еніп, ал тыныс шығарғанда ж осы жолмен қайта шығарылады. Тыныс шығарганда судағы оттегінің мөлшері азайып, көмірқышқыл газының мөлшері артып желбезек тесіктерінен шығады (47-сурет).

Зәр шығару жүйесі. Негізгі зәр шығару мүшесі бүйрек. Екі бүйрйс арқа жағында хорданың астында орналасқан. Барлық дөңгелек ауыздылардың ұрықтарында алдыңгы бүйрек немесе пронефрос қызмет етеді. Ересек дөңгелек ауыздылардың зор шығару жүйесі бүйрек каналдарынан тұрады, оны вольфов каналдары дейді. Бұл каналдар зәр жыныс қуысына барып ашылады. Ересек дөңгелек ауыздылардың көпшілігінде бас бүйрек (пронефрос) күрделірек дене бүйрегіне (мезонефрикалық) айналады. Дене бүйрегі дейтіні ол басынан бастап, денесінің біраз жеріне дейін созылып жатады.

Ac қорыту жүйесі. Ac қорыту мүшелері ауыздан және жақсы дамыған ауыз қуысы мен үлкен тілден басталады. Тілдің үстінде тамақты үстап алуына бейімделген мықты мүйіз тістері жүтқыншақтан және ішектен құрылады. Жагы жоқ, аузы дөңгелек, ол жануарлардың денесінің қай жеріне болмасын сорып жабысып алуға бейімделген. Жүтқыншақ екі тарамға бөлінеді: жоғарғы тарамымен қоректік затгар ішке қарай кетеді де, ал төменгі тарамы тұйықталып, желбезек қапшықтарымен байланысады.

Жұтқыншақ ішекпен жалғасып, аналь тесігімен аяқталады. Дөңгелек ауыздыларда қарын жоқ. Қарыны дамымағандықтан өңеш бірден ішекке келіп жалгасады. Миногаларда ішектің ішкі қабырғаларында спираль тәрізді қыртыстары болады, олар ас қорыту жүйесінің ішкі сіңіру бетін үлғайтады да, тамақтың ішек қуысынан өтуін баяулатып, оның толық қорытылуына себепші болады. Ішсктің алдыңғы бөлімінен бауыр дамиды, ішектің алдыңғы бөліміне келіп қүйылатын өті бар, ал ұйқы безі жетілмеген. Миногалардың ірі түрі балықтарға шабуыл жасап денесін кеміріп ішіне кіріп барлық ішкі мүшелерін жеп, зиянын тигізеді. Миноганың үсақ түрлері судағы омыртқасыздармен қоректенеді.

Көбеюі. Жынысты жолмен көбейеді. Дөңгелек ауыздылар дара жынысты. Жыныс бездері дара, көбею кезінде дене қуысының көпшілік жерін алып жатады. Бұл бездердің арнаулы шығару түтіктері болмайды. Жетілген жыныс гаметалары бездерден дененің қуысына қүйылып одан арнаулы тесіктер арқылы суға шыгып, сол жерде ұрықтанады.

Дамуы. Миногаларда даму түрленіп жүреді. Ұрықтанған жұмыртқалардан, ересек миногаларға үқсамайтын қүмқазгыш деп аталатын личинка шығады. Қүмқазғыштар көпшілік уақытга топырақты қазып, соның ішінде жатады. Олар бірнеше жыл емір сүреді (2-5 жыл), сол жылдардың ішінде олар ересек миногаларға айналады. Қүмқазғыш кейбір белгілерінің болуына қарағанда (эндостильдің болуы), тіршілік ету төсілдеріне қарағанда ланцетниктерге үқсайды. Миксиндер қос жынысты (гермафродит) болады. Оларда тура дамиды.

Балыңгар — Pisces

Балықтар омыртқалылардың ішіндегі төменгі сатыдағы желбезектерімен тыныс алатын аузында қозғалмалы жақтары бар, суда тіршілік ететін жануарлар. Ауыз қуысында нағыз тістері бар, көкірегінде және құрсағында қозғалыс мүшесі жүп, жүзу қанаттары болады. Суда тіршілік етуіне байланысты балықтың дене құрылысында, тіршілігіне айтарлықтай өзгерістер кірген. Барлық балықтарда бір қан айналым шеңбері, тек қостынысты балықтарда ғана ауамен тыныс алғанда қан айналым шеңбері озгереді (екі қан айналымына). Денесінің температурасы өзгеріп отырады (тұрақты емес). Балықтар қоректерін жүзіп жүріп іздеп тауып үстайды, ортаға тез бейімделе алады. Қазір балықтардың 20 мыңға жуық түрі бар. Олардың түрлерінің кептігіне қарай, балықтарға толық сипатгама беру үшін балықтарды екі топқа бөледі: бірінші — шеміршекті балықтар, екінші — сүйекті балықтар. Әрбір класс өз алдына класс тармақтарьгаа бөлінеді.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-02-01 19:45:07     Қаралды-4529

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »