UF

Қазақстан жеріндегі қола ғасыры.

1.Қазақстан аумағын қола ғасыры

2. Қола ғасыры ескерткіштерінің хронологиясы мен кезеңдері.

Ф. Энгельстің айтуы бойынша, “Аналық-рулық құрылыстың ыдырауы, жеке семьялардың дамуын туғызады.” Қола дауірінің жеке семьялық обалар бұл пікірді толығымен қуаттайды.

Қола дәуірінің соңғы кезінде аталық-рулық құрылыс әлеуметтік жағынан өзгеріске түседі. Біріншіден, металдан жасалған құрал-жабдықтың пайда болуының өзінен біртіндеп өндіргіш күштің өскендігін көрсетсе, екіншіден өндірістік қатынастың да дамығанын байқатады. Оның өзі Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырай бастағаны.

Қола дәуірінің қоныстарынан, молаларынан табылған үй жануарлары- ның сүйектері мал шаруашылығының  дамығанын да көрсетеді. Ф. Энгельс “бұл дәуірде пайда болған, мал бағушы адамдар тағылар тобының арасынан бөлініп шыға бастаған – осының өзі алғашқы еңбек бөлінісінің пайда болғаны” – дейді.

Мал басының көбеюі алғаш рет өнім көзінің өсуін көрсетеді. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы қатар дами бастайды. Қола дәурінде мал басы көбейіп, енді жайылым іздеп, жаз айларында жайлауға шығатын көшпелі мал шаруашылығы пайда болады.

Қоладан жасалған  құрал-жабдықтың және әшекей бұйымдардың көптеп табылуына қарағанда, адамдар руда бар жерді тауып металл өндеуді игерген. Академик Қ. Сәтбаевтың айтуына қарағанда, ертедегі кеншілер құрамында 5 фаиз  мысы бар рудаларды пайдаланған. Ертедегі Жезқазған рудасынан 1000000 тоннадай алынған. Сонымен қатар бұл кездегі адамдар әлі де болса тастан, сүйектен  құрал жасаудан бас тартпаған. Оған дәлел қоладан жасалған құрал-жабдықтардың өзі өмірге деген қажеттілікті толық өтей алмағандығын көрсетеді.

Қазақстан территориясындағы қола дәуірі мәдениеті үш кезеңге бөліп зерттеледі:

-бірінші кезеңі  - б.з.б. ХVIII--ХVI ғғ;

-екінші кезеңі    - б.з.б. ХV – ХIII ғғ;

-үшінші кезеңі   - б.з.б. ХII--VIII ғғ.              

Қазақстан аумағын қола ғасырында мекендеген тайпалар андронов мәдениетіне жататын археологиялық ескерткіштер (қоныстар, қорымдар, кен орындары, жартас суреттері) қалдырды. Бұл атау шартты түрде Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының жанындағы Андроново селосы маңындағы бірінші рет қазылған қорым орындарына байланысты таңдап алынған. Қазба жұмыстарын 1913 ж. Б.А.Андрианов жүргізген, ал 1927 ж. археолог М.П.Грязнов Батыс Қазақстаннан осындай жерлеу орындарын табады да, андронов мәдениеттерінің ескерткіштері – шығыста Минусиннен батыста Оралға дейінгі орасан зор аймақта таралғандығын анықтайды. Кейін андронов ескерткіштерін Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудан да табудың сәті түсті.

Андронов мәдениетін зерттеуге байланысты күрделі сауалдардың бірі хронологиясын, оның біртұтас дамуындағы уақыт шеңберін анықтау, сондай-ақ қазба жүргізілген ескерткіштер мерзімін айқындау болып келеді.

Қазір зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің уақытын үш кезеңге бөледі: ерте қола - б.з.б. ХVШ-ХVІ ғғ.; орта - б.з.б. XV-XII ғғ; соңғы - б.з.б. XII - VIII ғ. бас кезі. Ескерткіштердің аталуына байланысты, ерте кезі - федоров; орта - алакөл, соңғысы - замараев аталады. Күні көшеге дейін бұлардан андронов мәдениетінің дамуындағы түрлі кезеңдер көрініс тапты деп есептеліп келді. Соңынан, федоров ескерткіштері ерте емес, орта қоламен мерзімделінетіндігі анықталды және де андронов мәдениетінің үйлесімді даму суреті бұзылған еді. Кейіннен федоров ескерткіштері – ерте және соңғы болып белінетіндігін анықтаудың сәті түсті. Бірінші топ б.з.б. ХV-ХІV ғасырларға, екіншісі - б.з.б. ХIII-ХІІ ғасырларға жатады. Егер ерте уақыттағы ескерткіштер Орталық Қазақстан мен Оралдан белгіленсе, кейінгілері - өте кең аумақтан: Батыс Сібірден, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысынан, Орта Азиядан жиі 9шырасқан. Федоров тайпаларының қоныстанған негізгі орталығы Қазақстан болған сияқты. Бұл жерден оларды Орталық Қазақстанға батыстан келген алакөл тайпалары ығыстырған.

Сонымен, алакол және федоров тайпалары бір уақытта өмір сүрді, және де, олар қалдырған ескерткіштері де бұған сәйкес келеді. Тайпалардың араласуы нәтижесінде аралас түрдегі ескерткіштер қалыптасады: Жетісуда – жетісулық тип, батыста – қожамберді.

Андронов мәдениеті біртұтас емес еді деуге болады: онда бұрын өмір сүрген тайпалар мәдениетін сипаттайтын көптеген нұсқалар бар. Сондықтан қазір бір-біріне жақын үнді-иран тайпаларын біріктірген андронов мәдени қауымдастығы жайлы сөз өрбіткен жөн.

        Далалық жайылымдары, өзен аңғарлары, шүйгін жайылмасы мен кентастарға бай Орталық Қазақстан андронов қауымдастығына кірген тайпалардың негізгі және ірі аудандарының бірі болды. Бұл өңірдің батыстағы шекарасы Жезқазған-Ұлытау, Арғанаты, Теріс-аққан өзенінің жоғарғы ағысынан отті, шығыста ол Ертістің сол жақ жағалауына дейін жетті, оңтүстікте – Бетпақдаланың солтүстік жиектеріне шейін созылды. Нұра, Шерубай-Нұра, Атасу, Сарысу өзендерінің алаптары, Бұғылы, Беғазы, Қызыларай, Кент тауаралық алқаптары, Ұлытау, Қарқаралы, Баянауыл және Көкшетау тауларының беткейлері неғұрлым жақсы игерілген аудандар болды. Бұл жерлерден көптеген қоныстар, қорымдар, ежелгі кен орындары, ғұрыптық орындар мен жартас суреттері - петроглифтер табылған. Қазіргі уақытта бұл аумақтан табылған 30-дан астам қоныстар мен 150-ден астам қорымдар белгілі.

Андронов мәдениетіне бейіт құрылыстарын салуда көрнектілік пен күрделілік, тасты өңдеуге байланысты дамыған құрылыс техникасы тән.

Ерте кезең, немесе нұра кезеңіндегі жерлеу ғұрпына өлікті өртеу (кремация) тән. Өлікті молаға қою ғұрпы да кездеседі. Молалар – шағын, үйілген топырақтардан тұрады, тас тақталардан тұратын дөңгелек немесе тік бұрышты қоршаулармен қоршалған. Қоршау ішінде қабір орналасты, ол тік бұрышты шұңқыр, немесе шеті тас тақталармен қаланған шұңқыр (циста), не болмаса тас жәшік еді. Жерлеу ғұрпы жасалғаннан кейін шұңқыр тас тақталармен жабылды. Бұғылы-1, Ақсу-Аюлы қорымдарында осындай бірнеше ондаған қоршаулар бар.

Қыштан жасалған ыдыстар ою-өрнектермен әшекейленген. Ою-өрнекте үш бұрыштар мен меаңдр, қатарлас басу үйлескен. Ыдыстардың тек жоғарғы бөліктері ғана әшекейленген. Дөңгелек қола айна, қола моншақ табылған. Молалардан және олардың жанынан үй жануарларының сүйектері табылғанды.

Келесі атасу кезеңінде, игерілген аумақ үлкейе түсті, соның ішінде далалық және жартылай шөлейтті аудандар игерілді. Тау-кен ісінің де көлемі ұлғайғандығына көптеген кен орындары куә бола алады.

Былқылдақ, Қарасай, Темірастау, Қарабие, Елшібек, Беласар қорымдары жақсы зерттелген. Атасу өзені бойынан молалар мен қоныстардың үлкен тобы табылған. Қоршау ішінде, бұрынғыдай шұңқырлар, жәшіктер мен цисталар болды. Өлікті қырынан қойып жерлеу ғұрпы басым бола бастайды.

Қоныстар өзіндік жоспарымен ерекшеленеді: баспаналар (олар 10-нан 80-ге дейін болады) ортада ішкі алаң қалдырылып айналдырыла салынды, ал ортасы мал қамауға арналды. Баспаналар негізін қазылған шұңқыр құрады, олардың қабырғасы тақтатастармен шегенделді. Жан-жақты зерттелген Атасу қонысыиың ауданы 1500 шаршы м болды және ол 35 жертөлелер меп шаруашылық құрылыстарынан тұрды. Кейбір баспаналар ұзынша жолдармен жалғасты. Қоныстарда мыс қорытқан баспана-шеберханалар болды. Қорыту пештері мен олардың жанынан мыс кесектері, күл-қалдық, құю қалыптарының сынықтары, кентасты уатуға арналған құралдар аршып алынған.

Осы уақыттарда "ғұрыптық құрылыстар" ("құрбан шалатын орындар") пайда бола бастайды. Олар биіктеу жерлерде, қоныстардан тысқары орналасты және дөңгелек немесе сопақ бітімді, жалпағынан қойылған шомбал тастардан тұрды. Қазу барысында олардан көмір мен күл қабаттары, еңбек құралдары, қыш ыдыстар шыққан.

Қоныстар мен молалардан қоладан жасалған құралдар, қару-жарақтар, әшекей бұйымдары көптеп табылған.

Зерттеушілердің топшылауынша, Орталық Қазақстандағы қоланың кейінгі кезеңі дәндібай-беғазы аталатын жаңа мәдениеттің қалыптасуымен сипатталынады. Оған андроновтық дәстүрлердің сақталуы мен жаңа элементтердің – қабір үстіндегі ерекше түрдегі құрылыстардың, саз ыдыстардың жаңаша тұрпаттарының шығуы тен еді. Сонымен қатар, бұрынғы аяқ-қолын жинап қырынан жатқызып жерлеу ғұрпымен бірге ұзынынан арқасымен қою да ұшырасады.

 

  Әдебиеттер

1.Қазақстан тарихы.  5 томдық. 1 т. –Алматы, 1996.

2.Қазақ ССР тарихы. 5 томдық. 1 т. – Алматы,1980.

3.Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана.-А.,1979.

4.Козыбаев М.К.,Байпаков К.М., Таймағанбетов Ж. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. –Алматы,1993.

5.Маргулан А.Х., Акишев К.А.,Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М.  Древняя культура  Центрального Казахстана. –Алматы, 1966.

6. Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская   культура Центрального Казахстана.-Алматы, 1979.

6.Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж.  Культура  древних  скотоводов и металлургов Сары-Арки. –Алматы,1992.

7.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және  орта  ғасырдағы Қазақстан.-Алматы,1995.

8.Әлиев Ө.Ә. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы. – Шымкент, 2005, 85 б

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-01-20 19:43:29     Қаралды-4730

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »