UF

1. Қазақстан тарих пәні және оның міндеттері

2. Ежелігі Қазақстан тарихы туралы зерттеулері

Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы» оқу пенінің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу.

   Қазақстан тарихына қазіргі тұрғыдан қарау дегеніміз, оны дүниежүзілік тарихпен, Евразиялық контингент тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бірлікте қарастыру деген сөз. Бірте-бірте оның маңыздылығы мен көп функционалды рөлі де арта түсуде. Оның функцияларының ең бастысы, ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәніне айналып отыр, мұның өзі оның Қазақстан қоғамын дамытудың маңызды міңдеттерін жүзеге асырудағы рөлінің арта түскендігінен. Сондықтан да бұл еліміздің барлық жоғары оку орындарының (ЖОО) оқу жоспарларына енгізілді. Студенттер жоғары білім дипломын алу үшін мамандық пәні сияқты Отан тарихынан да мемлекетгік емтихан тапсырады. Мұның өзі Қазақстан тарихын оқытатын оқытушыларға да, студенттерге де, ЖОО басшыларына да үлкен міндеттер жүктейді.

- Егеменді Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, нығаю міндеттеріне жауап бере алатын тарих білімінің теориялық және әдіснамалық базасын жасау;

- Қазақстан халықтарының ортақ тарихы негізінде Қазақстандық қоғамның бірігуі үшін идеологиялық база дайындау;

- Батыс пен Шығыстың ғаламдық тарихы құрамында өзара байланыста қарастырылатын Қазақстан тарихының өзіндік қайталанбас орнын, сондай-ақ дүниежүзілік тарих пен адамзат өркениетінің тасқынында қарастыруды көздеуі;

- Тұтас қабылдауға негізделген Отан тарихының бірыңғай логикалық стержінін құру, олар мемлекет құрушы ұлттар - қазақтар мен Қазақстан халықтарының этногенезі; Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің эволюциясы; тарихи фактілер мен оқиғалардың жиынтығы;  тарихтың сабақтары;

-Тәуелсіздіктің орнығуы жылдарындағы Қазақстандық даму моделінің мазмұнын, ақиқаттың ғылыми тарихи біліммен толықтырып,осы арқылы Қазақстанның империялықтан кейінгі кезеңнен ойдағыдай шығуына әсер еткен басты себептер мен факторларды анықтау,сөйтіп оның XX-XXI ғасырлар аралығында шаруашылық және идеялық–мәдени даңғылға шығып,өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жеткенін керсету.

 "Қазақстан тарихы"оқу пәнінің негізгі мақсаты-Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезендері туралы оның  этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі,  сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.

Алғашқы кезеңде теориялық негізді жаңарту, оқу материалын дайындаудың әдіснамасы мен әдістемесін жасау қажет. Мұның езінде де тарих саласындағы барлық ізденістерді тұтас қамтитын, сапалы деп есептелінетін бірғана әмбебап теорияны басшылыққа алудан, сондай-ақ тарихи зерттеуде бірқатар жеке мәселелерді ғана қарастырудан аулақ болған дұрыс. Бұл жағдайда ең тиімді тәсіл, біздің ойымша, қазіргі тарих ғылымының теориялық нәтижелеріне сүйене отырып, Отанымыздың өткенін, қазіргісін және келешегін бүкіл адам баласы дамуын қазіргі жалпы маңызды таным нормалары принципін сақтай отырып, тұтас қарастыру.

Студенттердің оқу материалын меңгеру әдістемесі мен олардың алған білімін бағалау жүйесі темендегідей параметрлерге негізделуі керек:

Отан тарихының даму динамикасына (қозғаушы күштері, механизмдері, тенденциялары, тарихи даму зандылықтары).

Қазақстан тарихының құрылымына, оны дәуірлерге және әлеуметтік-кеңістікке белуге (белімдер, фазалар, стадиялар, формациялар, өркениеттер, дүниежүзілік системалар).

Тарихтың жалпы барысы, яғни оның динамикасы арқылы түсіндірілетін тарихтың құрылымына (өтпелік, трансформациялар, үлкен циклдер, прогресс пен регресс, эволюция).

Дүниенің түрлі аймақтарында адамның пайда болуының, қалыптасуының, дамуының кептеген ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Адамды басқа табиғаттан ерекшелеген - оның еңбек қызметі. Адамзат тарихы үлкен екі дәуірге бөлінеді: алғашқы қауым және күрделі ұйымдастырылған, әлеуметтік дифференцияланған   қоғамның   қалыптасу   дәуірі.   Алғашқы   қауым   деп қоғамдасқан адамдар тобын атайды. Олардың сипатты белгілері: саны аз, қарапайым Әлеуметтік ұйымдасу, қарапайым тұрмыс пен мәдениет. Табиғи ортаның күн көру жағдайлары мен өздерін сақтау қажеттілігі алғашқы адамдарды терімшілік пен аң аулауға мәжбүр етті, мұның өзі шаруашылықтың ең қарапайым түрі болатын, оның өзі ұжымдық еңбекке негізделді. Адамдардың осындай еңбек кызметін қамтамасыз еткен тас құралдары болды. Бұл құралдар адам баласының ежелгі ата-бабаларының тұрмыс-тіршілігі   туралы   базалық мәлімет   береді,   бұлар   Қазақстанда  да табылуда.

Адамдардың еңбек құралдары неден жасалған деген сұраққа байланысты археологияда тарихты үш үлкен дәуірге бөледі және оларды шартты түрде «Ғасырлар» деп атайды. Олар: тас, қола, темір. Ең ұзағы - тас ғасыры (2,6 млн. жыл бұрын - б.з.б. 3 мың жылға дейін). Қола дәуірі 2,5 мың жылға созылды (б.з.б. 3 мың жылдан б.з. 7-5 ғғ. дейін). Андронов мәдениетін таратушылардың негізгі шаруашылық қызметі мал бағушылық болды. Қазақ халқының этногенезінің басталуы жазба деректер бойынша ертеде Қазақстан территориясын мекендеген турлар мен арилер тайпалық одақтарымен байланысты. Көшпелі тұрмысқа ауысу б.з. дейінгі II мыңыншы жылдың аяқ кезінде басталды.

Ерте темір дәуірі барлық аймақтарда көшпелі мал шаруашылығына ауысуға әкелді. Евразия ұлы даласын скиф-сақ қауымдастығы игерді. Сақтардың тарихи-мәдени мұрасын жалғастырған үйсіндер мен қаңлылар, ал савраматтарды - сарматтар жалғастырды. Ғұн державасы Орталық Азиядағы тұңғыш көшпелі империя еді.

Түрік қағанаты - Евразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Түріктер тарихы ғұндар мемлекетінің ыдырауымен байланысты. Түркілер ғұндар мемлекеттілігі мен мәдени дәстүрін одан әрі дамытты. Қазақстан жері Түрік қағанатының құрамында болды, оның шекаралары Иранға, Солтүстік Кавказға және Қара теңіз жағалауларына дейін созылды. Қазақ мемлекеттілігі осы кезден бастап монғолдар жаулап алғанға дейін түркілер өркениетінің аясында болды. Барлық түркі мемлекеттік бірлестіктері әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму дәрежесі жөнінен бір деңгейде болды.

XI - XII ғғ. қыпшақтар қазақ халқын топтастырушы негіз болды. Қыпшақ халқының өзінің құралуының аяқталу кезеңі Шыңғысхан шапқыншылығына байланысты үзілді.

XIII ғ. аяғында - XV ғ. басы аралығындағы Көк Орда мен Ақ Орда жергілікті этникаға негізделген алғашқы ірі мемлекеттік бірлестіктер болды.

Осы блок бойынша ортағасырлық тарих проблемасының ең маңыздылары мына тақырыптар:

Қазақ халқының құралуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері.

XV - XVIII ғғ. аралығындағы Қазақ хандығы.

Орта ғасырлардағы Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы.

Қазақстан егемендік алғанға дейін оның жаңа заман тарихы. Ресейге қосылу себептерін дәлелдеу және осы тарихи актінің прогрессивтігін деріптеу талаптарына сай келу тұрғысынан баяндалуы тиіс болды. Сөйтіп осы проблеманы зерттеуші алдын ала-ақ қатаң шектеушілік шеңберінде өз зерттеуін сыңаржақ шешуге мәжбүр болды. Қазіргі тарихнама жаңа замандағы Отан тарихының көптеген проблемаларының маңыздылығын негіздеді, солардың арасында әсіресе Отанды қорғау және қазақ халқының азаттық үшін қозғалысы ерекше орын алады.

Осы айтылғандар бізді Отан тарихын зерттеудегі болған түбірлі өзгерістердің себептерін түсіндіретін бірқатар ірі проблемаларға алып шығады. Солардың арасындағы маңызды проблема XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Орталық Азиядағы геосаяси ситуация құрамындағы Қазақстанның орны.

Осы қарастырылып отырған дәуірде Шығыс елдерінің дүниежүзілік капиталистік шаруашылық ауқымына күштеп қосылып, оның аграрлық-шикізат қосымшасына айналғаны шындық. Жаңа замандағы Азия елдерінің тарихнамасының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл елдерде капиталистік укладтың қалыптасуының кешеуілдеу себептерін көрсеткенде Азияның дәстүрлі қоғамдары Қазақ хандығы да, Жоңғар мемлекеті де жеке өркениеттер екені, олардың өзіндік ішкі дамуының заңдылықтары, сондай-ақ сыртқы қатынас қызметінде қалыптасқан маңызды және құнды жүйелері болғаны ескерілмеген.

Бұл мемлекеттердің саяси тарихы сол уақытта толық түсінікті болады, егерде Азия елдері мен Қазақстанның сол дәуірдегі тағдыры қатар қарастырылса. Жаңа заманның бас кезінде тек ойрат (Жоңғар) хандығы мен Қазақстан ғана тәуелсіздігін сақтаған еді.

Шведтермен соғыстан енді ғана есін жиған Ресей, өзінің Азиядағы сыртқы саясатын белсендірек жүргізе бастады. Меселенің өзіндік ерекшелігін түсінген Ресей, «терезені сындырмай» «дарбазаны ашуға кілт» іздеді. Бұл айтылғандар XVIII ғасырдың бірінші ширегінде қазақтар мен жоңғарлар арасындағы шайқастардың өрши түсуінің сыртқы саяси себептерінің кейбір бүге-шігесін түсінуге мүмкіндік береді.

Аңырақай шайқасы Қазақстанның жаңа заман кезеңіне біржола өтуінің символы. Бұл Евразиядағы екі көшпелі халықтың отаршылдық шабуылдың алдындағы тарихының жарқын беттері. Қазақтар, дүние жүзінде болып жатқан жаңа қоғамдық экономикалық жағдайларға және геосаяси ситуацияларды байқауға қабілеттірек болғандықтан, алысқа кез жіберіп жаңара бастаған Ресейге назар аударды. Ал, жоңғарлар ез мемлекетінің тұтастығын және саяси тәуелсіздігін сақтап, өздері сияқты қазақтардан кегімізді аламыз деп жүргенде тарих олар үшін құру болды. Евразия материгіндегі соңғы көшпелілердің шын мәніндегі орнықтырушылары мен бақылаушылары олардың ұлы көршілеріне тарих қуатты державалар болуды жазған. Аңырақай рухы қазақ халқына ата-бабалар жерін шапқыншылықтан қорғаудағы қарсыласу шайқастары мен оның территориясының тұтастығын, мемлекеттік егемендігін сақтау жолындағы азаттық күресінде әлі де көрінетін болады.

Отан тарихының жаңа заман белімінің тағы бір маңызды проблемасы XVI ғ. ортасы XX ғасырдың бас кезі аралығындағы қазақ-орыс қатынастары. Бұрынғы тарихнамада бұл проблема кеңес уақытындағы «қосылудан» бастап, «құрамына ену» деген сияқты терминдер бойынша әр түрлі бағаланды. Ал, шындық факті сол, Қазақстан халықаралық жағдайдағы аса күрделі қақтығыс салдарының езінің саяси тәуелсіздігінен, мемлекеттік егемендігінен айырылды. Дүниежүзілік тарихта өзгерістер болып жатты, қалыптаса бастаған дүниежүзілік байланыстар мен ұлғая бастаған рынок адамзатты дүние жүзіне белгілі жеке мемлекеттердің сауда жолдарын иемденуге ұмтылу фактісіне куә етті. Мұның өз кезегінде сол елдердің дүние жүзі бойынша сауда да, соғыс пен өнеркәсіпте бәсекелестігін туғызды. Осындай жағдайда Орталық Азия елдерінің   тағдыры   басқаша   қалыптасты.   Тамыры   тереңнен,   жалпы адамзатқа  ортақ  жөргектен басталатын  гүлденген  дала  өркениеті  бар Қазақстан, өзінің ұлы көршілері сыртқы саясатының объектісіне айналды. Бір   орталықтанған,   абсолюттік   монархиясы   нығайған,   дипломатиялық жағынан азиялық халықтарды бағындыру және әскери экспедиция жасау тәжірибесі бар Ресей өз назарын қазақ жеріне аударды, бұл жер ол үшін «бүкіл адамзат елдері мен жерлеріне кілт, әрі дарбаза болуы» тиіс еді.

«Қазақстан   жаңа   заманда»   деп   аталатын   4   блоктың   маңызды  проблемалары төмендегілер:

- Жаңа замандағы Қазақстан тарихына дәуірлерге бөлу.

- Жаңа     замандағы     Қазақстан     тарихын     теориялық     тұрғыда  зерттеудің эволюциясы.

- Жаңа   замандағы   Қазақстан   тарихының   түйінді   проблемаларының  тарихнамасы.

- Жаңа замандағы Қазақстан тарихының негізгі деректері, олардың  ерекшеліктері.

- Қазақстанның       әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының  ерекшеліктері.

- Қазақтардың көшпелі қауымы мен менталитетінің жаңа заманға  трансформациялануы.

- Қазақстан жаңа заманда Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар жүйесінде.

- Қазақстан     және    Ресей     отаршылдықтың     біртұтас    тасқындау жағдайларында.

- Қазақстан-Ресей империясының отары.

- Қазақ   халқының   жаңа   замандағы   халық-азаттық   қозғалысы біртұтас процесс.

- Жаңа   заман   жағдайларындағы   Қазақстанның   егемендігі   мен  мемлекеттік тәуелсіздігі идеясының эволюциясы.

- XVIII және XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы этникалық процестер мен демографиялық ситуация.

- XVIII ғ. мен XX ғ. бас кезі аралығындағы Қазақстанның қоғамдық еміріндегі діни фактор. Патша екіметінің Қазақстандағы конфессионалдық саясаты.

 Жаңа замандағы Қазақстан мәдениеті.

XX ғ. Қазақстан тарихы оқиғалы материалдың көптігі, ең бастысы, идеологиялық күштеушілік және одан босану әрекеттерінің салмақтылығы жөнінен Отандық тарихымыз шежіресінің негізгі бөлімдерінің бірі болып саналады. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл ең алдымен адамзат табиғатына жасалған көз көріп, құлақ естімеген ұзаққа созылған экспериментті баяндау, сонымен қатар осы жағдайдан ұлттық-мемлекеттік деңгейде шығудың Оптималды Қазақстандық моделі. Екінші жағынан, отандық тарихнама (Кеңес кезіндегі) Кеңестік-маркстік схемамен қатаң негізделгендіктен ғылыми даму деңгейінде дүниеге көзқарастың барабар адекватты көрінісін бере алмайтын еді. Өйткені оның өзі тоталитарлық мемлекеттік системамен біте қайнасқан, соның идеялық-саяси қажетіне қарай қызмет етуге бейімделген еді. Мұның өзі алдымен кейінгі онжылдықтарда. Кеңестендіру және модернизациялау кезеңдеріне баға беруге түрліше әдіснамалық тұрғыда қарауда байланысты пайда болған тарихисофиялық, «информациялық» (Л.Тофлер) «Технотромдық» (З.Бжезинский), «Ғылыми рационалистік» (Ю.Хабермас), «техникалық-информациялық» (Дж. Мартин, Т.Сувер), "өркениеттілік-шиеленістілік» (С.Хангиктон) т.б. бағыттардан еді.

XX ғ. Қазақстан тарихы бойынша оқу материалын дайындауда төмендегідей ретпен берілетін республиканың даму этаптары магистралды бағыттар болуы мүмкін:

Большевиктердің ұлт саясаты.

Тоталитаризм жағдайында қазақ ұлттық идеясының және өзіндік ұлттық санасының өсуі.

Соцализм жағдайында этнизация процесінің жойыла басталуы.

Кеңестік өркениет жасау өрекеті.

КСРО-ның ыдырауы: жаңа баламалар.

Бүтіндей алғанда КСРО-ның 70 жылдық даму тарихында оның халықтары тоталитарлық тәжірибеден трагедиялық білім алды. Осыған байланысты Ресейге де, басқа республикаларға да большевизмнің менің ғана емес, таптық езгінің терең тамырларын түсіну де маңызды, мұның өзі қазір димып келе жатқан елдердің нағыз демократиялық жолға түсуіне кепілдік береді.

Ілгелі тарих ғылымының аса актуалды проблемаларының бірі - Теуелсіз Казақстан мемлекетінің орнығуы мен дамуының теориялық проблемаларын тарихи тұрғыда танып білу болып табылады. Бұл меселедегі міндет империя ыдырап, оның орнында ұқсас тағдырлары алдын ала анықталған ұсақ мемлекеттердің пайда болуын жай фактологиялықталдау ғана болмауы керек. Қазақстанда таңқаларлық жолдан өтті, ішкі көп этникалы әлеуметтік жағдайға және терең экономикалық құлдырау болатынына қарамастан, ол қансыз ешқандай азаматтық қарсыласу жоқ ел ретінде танылудың қиын жолынан өтті, қазір халықаралық қауымдастық өзінің толық құқылы мүшесі ретінде таныған мемлекет болып отыр. Республиканың тым қысқа уақытта егеменді ел болып орнығуы, бір жағынан тарихтың дүниежүзілік біртұтас процесс екенін түсінуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан кеш келген тарихи білімінің айналасымен байланыстылығын тағы да айқындай түседі.

Қазіргі уақытта тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның даму моделінің мазмұнын шындық тұрғыдағы ғылыми-тарихи біліммен толықтыру қажеттігі туып отыр, оның негізгі міндеті Қазақстанның империялық дәуірден кейінгі қиындықтарды ойдағыдай жеңіп, өзін-өзі шаруашылық және идеялық-мәдени жағынан жеткілікті дәрежеге жеткізуінің басты себептері мен факторларын анықтау. Осыған байланысты маңызды міндеттер қатарына төмендегілер жатады:

-Елдің бүтіндігіне кепіл болатын мемлекеттік құрылыстың унитарлық  сипаты;

-Қазақстанның әлеуметтік құрылымын жаңа этникалық қауымдастық негізінде емес, ездерінің азаматтығын өздері анықтайтын түрлі ұлттардың азаматтарының қауымдастығы ретінде қалыптастыру;

-Халық-шаруашылықтық    және     әлеуметтік-мәдени     кешендерді  модернизациялау;

-Кезең-кезеңмен  жүргізілетін  саяси реформаларды экономикалық  жағынан ең қолайлы кезде жүзеге асыру;

-Қазақстанның халықаралық аренада іс жүзінде өрекет етіп тұрған  фактор ретінде орнығуы.

Отанымыздың   қазіргі   заман   тарихының   осы   және   басқа   да бағыттары   бойынша   бізді   жақтырмайтындар   мен   қамқоршыларымыз арасындағы ғана емес, тіпті еліміздің нағыз патриоттары арасында да қиян-кескі көзқарастар күресі жүріп жатқаны белгілі. Бұның өзі көп жағдайда біздің өткеніміздің кейінгі уақыты туралы тарихи міндеті толыққанды, жан-жақты  қамтылған.  Отан  тарихының  бейнесін  жасау.  Мұнда  алдымен Қазақстан  қоғамы  даму  кезеңдерінің  құрылымын  анықтау  қажет.  Бұл біржағынан тарихты өзіндік арнайы қызметі бар ерекше сфера ретінде көрсетсе,   екінші   жағынан   оның   реттелгендігін,   осыған   сәйкес   оның түсініктілігін және рационалдығын білдіреді.

Қазіргі уақытта объективтік тарихи процеске осындай тұжырымдамалық талдау жасау, өмірдің барлық жақтарының интернационализациялануы сияқты дүниежүзілік тенденцияны есепке алмау мүмкін емес. Бұл тенденция Қазақстан үшін мына екі жағдайда ескеріледі: жаһандану жағына қарай жақындай түсу және Қазақстан Республикасының жаңа Евразия идеясына іш тартуы. Бұған байланысты тарих ғылымы қоғамдық сананы жұмылдырушы фактор есебіндегі өзінің маңызды рөлін атқарды. Кезеңнің ерекшелігі сонда, қазіргі заманның әлеуметтік-мәдени процестерді уницификациялау шақыруына, имманитеттік белгілер мен ұлттық ерекшеліктері негізінде келешекте жалпы адамзаттық өркениетке ену парадигмасын ұсынды. Сонымен қатар ол Шығыс пен Батыс және континенталдық пен атланттық арасындағы қарама-қайшылыққа да қарсы  болды.

Бұған байланысты тарихшылардың міндеті, осы екі ұғымды «мессиандықтың ролі», «дүниені ерекше сезінушілік» деп аталатын қайдағы бір түсініксіз деңгейден, жұрттың бәріне түсінікті ұғым көпцентрлік әлем дегенге дейін жеткізу. Бұған кеңістік-уақыт өлшемімен қарасақ, жаһандану тарихи өлшемде жаңа империялармен, дүниежүзілік жандармен өзара (байланыс жасамайды, керісінше Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда маршруттарьшдағы сателитт-елдермен, жаугершілік жорықтардың хронологиясы, картографиясымен емес, қайта кросс-мәдени өзара байыта түсу және дүниежүзілік адамзаттық құндылықтарды қарастыру. Бұларды әдіснамалық тұрғыда қарастырғанда тағы да проблемалар туындайды, әсіресе Шығыс пен Батыс арасындағы өзара қарым-қатынастар мәселесінде. Бұл жағдайдағы тарихшының міндеті, Евразия субконтиненті халықтар тарихы негізінде әлеуметтік-мәдени реалдардың, геосаяси мүдделер мен қазіргі заманғы құндылық нормативтік басым бағыттар арасындағы тоғысатын нүктелерді табу. Жаһандану жағдайында ұлттық және этникалық проблемаларды эскалациялау рухани және материалдық мәдениеттің өскелең унификация тенденциясына реакция туғызатынын да естен шығармау керек. Бұл тұрғыда Қазақстан тарих ғылымы өзін батыстың техногендік өркениетіне қарсы қоймайды, өзін тепе-тең әріптес ретінде ұстайды, сөйтіп бұрынғыдан да интенсивті режиммен ғасырлар бойы қоғамдық тұрмыс пен толеранттықты дүние жүзілік рухани мәдени құндылықтар қорына қосады. Мұның өзі мына жағдайға байланысты, жаһандық ғылымда субъектілік танымсыз объектілік болмайды, сондықтан адамзаттың, дүниенің бүтіндігі өзінің негізіне образдар мен мәннің өзара байланысының тұтастығын ұсынады.

       Тарих ғылымының мәселелері. Тарихи сананың іргетасын тарих ғылымы қалайды. Бертінге дейін ол идеологиялық қасаңдық құрсауында  болып келді. Қазақстан тарихы да тек қана бірқалыпты өрлеу "сызығының" бойымен баяндалып, "қара" мен "ақ" түске ғана бөліп шендестіру арқылы, таптық көзқарас тұрғысынан, тек кеңестік кезеңнің ыңғайына жығылып, сыңаржақ марапаттау тұрғысынан ғана жазылды.

     Сайып келгенде, ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихының негізгі дерек көзі Ұлы далада болып қайтқан дипломаттардың, саяхатшылардың, саудагерлердің және басқаларының жолжазбаларына, күнделіктеріне сүйенеді. Кеңес кезеңіндегі Қазақстан тарихы туралы зерттеулердің дені негізінен алғанда, орыс тілінен аударылып келді, шетел ғалымдарының еңбегінің басым көпшілігіне тыйым салынды.

     Отанымыз тарихының көптеген принципті мәселелері түбегейлі дәйектелген жоқ. "Қазақ" этнонимінің шығуы, қазақ халқының этногенезі, қазақ мемлекеттігінің тууы мен қалыптасуы; көшпелі қоғам эволюциясы секілді мәселелер кешенді зерттеуді қажет етіп отыр. Қазақстан тарихы баршамыз мойындайтындай деңгейде кезеңдерге бөлінген жоқ. Қазақстан тарихы мен қазақ этносы тарихының да аражігі ажыратылмаған.

     Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіру тарихы да өзінің әділ бағасын алған жоқ. Қазақстанның КСРО құрамындағы дамуын да реалистік тұрғыдан қарау қажет. Сондай-ақ, әр түрлі этностық қауымдардың Қазақстанға көшірілуі мен жер аударылуы, олардың осы жерден қоныс тебуі тарихының мәселелері де зерттеушілерін күтіп тұр.

     Тарих ғылымының болашағын ойласақ, оны әдістемелік жағынан қайтадан жарақтандыру керектігі бірден көзге түседі, бұл үшін әлемдік тарихнаманың әдістері мен амалдарын кеңінен пайдалану қажет. Проблемалық, суреттеп жазу, салыстырмалы, құрылымдық, феноменологиялық, идеографиялық әдістерді, тарихи және сыни тұрғыдан талдауды, аналогиялық тәсілді, т.б. әдіс-амалдарды қолдану-тарихтың түйіңді тұстарына аса бай фактологиялық материалдарды шоғырландыруға жағдай туғызып, белгілі деген тарихи жағдаяттардың өзін жаңаша талдап-түсіндіруге мүмкіндік берер еді, сөйтіп зерттеу жұмыстарына соны серпін туғызар еді.

     Тарих ғылымы нақты тарихи жағдайды саралау әдісін колдана отырып, тарихи фактілерді зерттеліп отырған уақыттың көзімен талдап бағалауға ұмтылуы керек. Өткен заман оқиғаларын баяндағанда, тек елдің саяси тарихын, мандай алды саясаткерлердің қызметін әңгімелеумен ғана шектеліп қалмай, сонымен бірге рухани және материалдық мәдениет тарихын барша болмыс-бітімімен толық зерттеген дұрыс. Бұл ретте бұрынғы ұғымдық аппаратты жаңғырту, ескірген әсіре идеологиялық терминологиядан бас тарту қажет.Қазақстанның тарих ғылымы алдында:

— Тарихи ілім-білімнің үзіктігі мен біржақтылығынан мүмкіндігінше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау;

— Ежелгі және орта ғасырлар тарихына баса назар аудару;

— Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихын қайта пайымдау;

— Еліміздің осы заманғы тарихының толғақты мәселелерін зерттеуді күшейту;

— Қазақ диаспораларының тарихын зерделеу;

— Ел тарихы мен оны мекендеген әр түрлі этностар тарихының ара жігін ажырата отырып, Қазақстандағы этностық топтардың тарихын жазуға да жеткілікті көңіл бөлу міндеті тұр.

 

Әдебиеттер

1.Қазақстан тарихы.  5 томдық. 1 т. –Алматы, 1996.

2.Қазақ ССР тарихы. 5 томдық. 1 т. – Алматы,1980.

3.Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана.-А.,1979.

4.Козыбаев М.К.,Байпаков К.М., Таймағанбетов Ж. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. –Алматы,1993.

5.Маргулан А.Х., Акишев К.А.,Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М.  Древняя культура  Центрального Казахстана. –Алматы, 1966.

6.Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская   культура Центрального Казахстана.-Алматы, 1979.

7.Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж.  Культура  древних  скотоводов и металлургов Сары-Арки. –Алматы,1992.

8.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және  орта  ғасырдағы Қазақстан.-Алматы,1995.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-01-19 19:49:03     Қаралды-46387

АСПАНДА ЖҰЛДЫЗДАР ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

...

Жұлдыздар галактикалардың негізгі «тұрғындары» болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »