UF

Хронология 

         Біріншісі уақытта есептеу жүйесінің зерттегенде оларды тарихи дамуы үстінде қарастырады, олардың арасындағы өзара қатынастарды айқындайды және детельдарды бір хронологиялық жүйеден екіншісіне аудару принціптерін жасап шығарады. Екінші оқиғалардың датасын қазіргі эраға және жыл санаудың жалпы қолданбаған жүйесіні аудару үшін, осыған байланысты тарихи оқиғалардың датасын анықтау және нақтылау үшін жоғарыда көрсетілген ережелерді жүзеге асыруды қамтиды. Қосалқы тарихи пәндердің ішінен хронология ең маңыздыларының бірі бірі болып саналады. Өйткені тарихтың қандайда болсын кесегін оқып үйренудің негізгі шарты оқиғалардың жүйелілігімен  дата дұрыс қою болып табылыды. Хронологиялық методтарына сүйене отырып, тарихшы тарихи документтермен фактілердің дәл ортасын қалпына келтіреді. Бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін, белгілі бір тарихи кезеңдегі белгілі бір халықтың қолданған уақыт өлшуінің қалыптасуымен ерекшеліктерінің бүкіл тарихын жақсы білу қажет.

    Шежірелік оқиғаларға даталар қоюмен байланысты, бір қатар мәселелерді шешудің қажеттілігімен ежелгі Русьте ХІІ ғасырдың өінде-ақ хронологиялық міселеллеріне арналған новгороттық Кшумтің еңбегі шықты. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда хронология мәселеріне ынта қою Россияда кейбір практикалық қажеттіліктерге де байланысты болды. Бірақ тарихи хронология дербес ғылыми пән ретінде ХҮІІ ғасырдың аяғында ХІХ ғасырдың басында  қалыптаса бастады. Алайда Ұлы октябрь социолистік революциясына дейін хронология ғылыми ретінде әлі де болса қалыптасу сатысынан шыға алмаған еді. Ұлы қазан социолистік революциясынан кейін хронология қосалқы тарихи пән болып түпкілікті қалыптасты. 20- жылдары мұнымен Ф.М. Большаков, И. Ф. Полок, Г.П.Соор, С.Н.Быковский, 30-жылдары В.А. Рассорвская, В.К. Неспольский, Л.В. Черепиннің оқу құралдары пайда болды. 1967 жылы университеттердің студентеріне арналған хронология жөніндегі В.И Коменскийдің оқу құралы басылып шықты. 

      Уақыт туралы  түсінік адамдарда білгілі бір табиғат құбылыстармен байланысты қоғамдық дамудың алғашқы сатыларында-ақ пайда болды. Ол шаруашылық тіршілігінің мұқтаждары уақыт өлшем бірлігін орнатып, оларды есепке алу қажеттігін тудырды. Адамдар әр қашан уақыт аралығындағы ны қабылдайды, күн мен түннің ауысуын біліп отырып, қоршаған ортаның  әсерімен байланысты жыл мерзімдерін айырды. Адамзат тарихында уақыт өлшеудің өлшем бірлігі күн тәуліктері, яғни белгілі бір нүктедегі Күннің екі дәйектегі жағдайының арасындағы уақыт кесіндісі болды. Өз өсінің төнірегінде жер шарының айналуы жыл бойында бір қалыпты емес және оның эклиптикалық күн маңы орбитадағы орынынна байланысты болғандықтан есептеп шығаруға қолайлы болу үшін өлшем бірлігіне әдетте орташа күн тәуліктерін, яғни идеалды дөнгелек орбитада біркелкі айналғанда, осы төнірегіндегі айналымға жердің жұмсай алатын уықыт кескіндісін алады. Тәулікті сағатқа, минут пен сикундқа қазіргі баяу өзінің шығу тегін есептеудің ежелгі Вавилондық он екілік жүйесінен алды. Жыл мерзімінің тұрақты ауысып отыруы енді ежелгі дүние астрономдарына жұлдызды аспан бойынша Күн қозғалысының маусымдардың байланысын орындауға мүмкіндік береді. Уақыт өлшеудің тағы бір өлшем бірлігі – Жердің Күн айналысында толық айналуына сәйкес келетін жыл осылай келіп шықты. Астрономиялық жылдың ұзақтығы 365/4 тәулік, ал кейінірек нақтылағанда 365 тәулік 5 сағат 48 минут 46 секунда болып аңықталды.

      2. Тарихи оқиғалардың болған уақыты айтылмай, тек болған жері мен қалай болғанды ғана айтылса, онда олар тарихи мінің жойып, ертегіге айналар еді де, ақыры ұмыр болар еді. Мәселен, Москва түбінде, Дубросеково разъезінде қазақстандық 28 батыр Василий Колочков, Әлікбай Косаев, Нұрсұлтбай Есболатов, Асқар Қожабергенов, Мұсабек Сеңгірбаев тағы басқалар жаудың 50 танкіне төтеп беріп, асқан ерлікпен соғысты десек, оқиға шала баяндалады болады да, тарихта тиісті орының ала алмайды. Тарихи маңызы барлық дәрежеге жеткізу үшін олардың уақытың көрсету керек. Өткендегі оқиғаны айту үшін оның қашан болғаның анықтау керек.

          Кейбір халықтардың ертедең келе жатқан жазба тарихтары мен шежірелері бар. Оларды арнаулы жылнамашылар жазып отырған. Орыс жылнамашылары өз халқының соңғы мың жыл ішінде болған елеулі оқиғаларын тізіп жазып кеткен. Бұл жазбалар аса құнды еңбек болып табылады.

       Ертеде болған оқиғаның белгісіз уақытын анықтау оңай емес: Ол үшін көптеген архивтер қаралады. Ескі қалалардың жұрттары қазылыды, сан алуан ғылыми таңдаулар жасалады. Тарихи оқиғалардың болған уақытын табу жолдарын зерттейтін ғылым хронолоия деп аталады. Хронология -  жөнінде  көпшілікке арналған кітаптар жоқтың қасы. Бұл саладан ғылыми монографияларда да аз. Дүние жұзілік тарихтың хронологиясын менгеру өте қиын жұмыс. Әдетте мамандар тиісті мәселені бөлектеп алып зерттейді, біреулер Ежелгі Египеттің, біреулер ежелгі Вавилонның т.с.с. хронологиясын қарастырады. Жалпы хронологиядан жазылған көлемді еңбектер мыналар.

 

Бұлардың бірсыныптпры материалы  қазір ескіріп қалды, алайда кейбір нақты мағұлматтарды  осылардан табуға болады. 1969 жылы ағылшын тілінде Колумбия университетінің профессоры Э.Бикермонның “Ежелгі дүние хронологиясы” атты кітабы шықты. Онда таяу шығыс пен ежелгі ежелгі заманның хронологиясы баяндалған. Бұл кітап 1975 жылы орыс тілінде аударылып. Молеквада басылды. Э.Бикерманның кітабында хронологиядан европалық тілдерде жазылған 74 кітаптың тізімі келтірілген.

    Оқырмандарға орыс тілінде кітаптардан С.И.Селешинковтың “история комендария и хронология” Москва 1970. Л.В.Черепиннің “Русская хронололгия”, Катановтың “Восточная хронология” атты шығармаларын тағы басқаларды ұсынуға болады.

   Хронологияның ғылым ретінде қалыптасуында алдыңғы тақырыпта алып өткен Клавдий Птоломейдің “Патшалар каноны” атты еңбегінің айрықша маңызы болды птоломей өз тұсында аса көрнекті ғалым болған, астрономиядан, математикадан, тарихтан,географиядан т.б. ғылым саласынан бірталай шығармалар жазған. Ежелгі грек тілінде жазылған “Патшалар канионы” мағынасы бойынша “патшалар тізімі” деуге деболады. Онда ежелгі Вавилон патшасы Набонассардан бастап Рим императоры 161 жылы өлген. Демек Птоломеймен замандас болған. Антоний Пийге дейінгі 907 жыл ішінже өкімін жүргізген патшалардың аттары жазылған жалаң тізім болса, оның ешқандай пайдасы болмас еді, сүйектері әлдеқашан шіріп, күл болып кекен патшалардың құр еместігі кімге керек? Бірақ Птоломей солар арқылы хронологялық таблица жасады. Ол өз тұсында мүмкін болған деректерді мұқият жинап, әр патшаның қанша уақыт және қай уақыттан қай уақытқа дейін тақта отрғандығын анықтап алды, сөйтіп жылдар есебін тәртіпке келтірді. Бұрын “Пәлен патша таққа отырғаннан кейін екі ай өткенде пәлендей соғыс өтті” деген сияқты оқиғалар Птоломей кітабында нақты болған уақытын табатын болды.

    Птоломей, өзі грек бола тұрып өзінің 900 жыл бұрын өткен, тарихта не ісімен, не күшімен із қалдырған Вавилон патшасы Набонассарды неліктен тізімін басына қойды? Мәселен мынада Птоломейдің қолына түскен сенімді деректері осы Набонассардың тұсында басталған. Вавилон абыздары біздің заманымыздан бұрын ҮІІ ғасырдан бастап аспанды жүйелі түрде бақылап планетелар мен жұлдыздардың әр кезде көрінетін орындарын, ай мен күннің тұтылуларын, “Жұлдыз жаңбырларын”, сирек кездесетін құбылыстарды, табиға апаттарды, тағы сол сияқтыларды тізіп жазып отырған. Қай патшаның өлгені, қайсысының таққа отырғаны, соғыстан тағы басқа жоғарыда айтылған астрономиялық мәліметтермен бірге келтірілген. Өзі кеменгер астроном болғандықтан, Птоломей елеулі аспан құбылыстарының  болған уақыттарын есептеп шығарып абыздардың жазбаларын тексеріп және жүйеге келтіріп шыққын. Набонассардың таққа отырған жылын бірінші жыл деп есептеп тарихи оқиғаларды содан бастап тізген. “ Канонның” құрлысын оқырмандарға есептеу үшін, одан қысқаша үзінді келтірейік;

    Вавилон патшалары.

    Набонассар          б.з.б. 747ж 27 февраль

                                  б.з.б. 733ж 22 февраль

   Набу-нодин-зери  б.з.б. 733ж 23 февраль

                                  б.з.б. 731ж 21 февраль

   Укин-зер и Пуну    б.з.б. 731ж 22 февраль

                                  б.з.б. 126ж 20 февраль

     Оқырмандарға түсінікті болу үшін, біз птоломей жазған жылдар мен айларды қазіргі Григориян календары  бойынша келтіріп отырмыз. “Канионда” әр патшаның тұсында болған астрономиялық құбаластар кетірмеген, олардың маңыздылары ғылымның астрономиядан жазған кітаптапдан баяндалған. Тізім Вавилон патшаларыннан, кейін Иран, Египет, Македония, Ассирия, Элам, Пергам т.б. елдердің патшалары тізілген. 

    Біз жоғарыда, хронологияны реттеу үшін, күн мен айдың туылған кездерін білу қажет болды дедік. Бұл жөніндегі мағұлматтар осы күнді де керек. Қазір тұтылудың діл таблицалары жасалды. Мәселен, Авестрия астрономия Теодро Оппольцер б.з.б 1208 ж біздің заманымыздың 2116 жылына дейінгі және ілгеріде болатын тұтылулардың таблицасын жасап жариялады. Теодор Оппольцер бұл жұмысты 20 жылда орындап шыққан. Неміс ғалымы математикалық ғалымдар тарихының белгілі шаманы отто Нейгебауэр алдыңғы айтылған таблицада кеңейтіп берді. Ол б.з.б. 4200жылдан б.з.б 1208 жылға дейін аралықта болған тұтылулардың таблтцасын жасады. Кейбір жанама деректерден оң, хронологиялық әдістерін пайдаланып, көтерген оқиғалардың уқытын табуға болды. Мәселен, ертедегі Ассирия мемлекетінен қалған бір документте былай делінген: «Сивану айында күн түтылады. Амурда көтерлісі болды». Жылы айтылған, астрономия заңдары бойынша күннің Ассирия жерінде, сивону айында байқалған тұтылуы б.з.б. 763 жылдың 15 июнінде  болғаны есептеп шығарылды. Осыдан көтерілістің болған уақыт анықталды.

     Бір жылнаманы орыс княздарының моңғолдарман алғашқы шайқасы, «дүние жаралғаннан» басталған 6731 жылдың 31 майында болды деп жазған, ол екінші бір жылнаманы 16 июньде деп көрсеткен.

    Кейбір көне жазбалар бұл оқиға 6732 жылы делінген. «Дүние жаралғанннан» басталатын жыл себебін біздің заманымызға аудару үшін осы айтылған жылдан 5508 жыл шегу келек.

     Содан кейін 1223 және 1224жылдар шығады. Демек, қанқа өзеніндегі соғыс мынандай, төрт түрлі уақыттың бірінде болған.

     1223 жылғы 31 май. 1223 жылғы 16 июнь

     1224 жылғы 31 май, 1224 жылғы 16 июнь

      1223 және 1224жылдардың екеуінде де 31 май мен 16 июнь бар. Осы төрт түрлі уақыттың қайсысы дұрыс? Мұны шешуге орыстың атақты тарихшысы және жазушысы Н. М. Коромзиннің (1766-1926) « Россия мемлекетінің  төрағасы» атты кітабында келтірілген бір дерек себтігін тигізді. Кітапта Н.М. Корамзин бір ескі жазбадан «комка ұрысы жұма күні болды» деген мәлімет келтірген екен. Есептеп шығарғанда 1223 жылғы 31 май жұма күндеріне келеді екен. Бұдан кейңн жоғарыдағы төрт түрлі уақыттың екеуі ғана қалды.

    Әр түрлі халықтардың тарихында болған оқиғалардың уақыты, жазылып қалған күннің өзінде де, түсінік бола бермейді. Ватикан сарайындағы Рим папасының архивтарында   Шыңғыс ханның немересіКүйік ханның Инокенти 6 папаға жолдаған хаты сақталған.

   Бір календарь бойынша айтылған уақыт екінші бір каллендардың уақытына аудару педукция деп атлады.

   Қазақстан ғалымдары хронология мәліметтеріне әзір жеткілікті түнде көңіл бөле алмай келеді. Соның салдарынан халқымыздың тарихында болған бірталай елеулі оқиғалардың нақты уақыттары көрсетілмей, көбінесе «пәлен ғасырда» болып баяндалып жүр. Хронологиядан диссертация қорғаушалра да жоқ.

       Қаза әдебиеті мен өнері саласында аты шыққан бір сыпыры қайраткерлардің туғаны жіне қайтыс болған жылдары анықталды. Бұл бағыт қазақтың белгілі жазушылары  мен ғалымдары:С.Сейфулин, Ә.Марғұлан, А.Жұбанов, М.Ғабдулин тағы басқалар елеулі еңбектер етті. Алайда әдебиетіміз бен өнеріміздің хронологиясында әлі де ашылмаған сәселелер көп.

      1973-1978ж 12 том болып қазақ совет энциклопедиясы басып шықты. Бұл Халқымыздың тарихындағы тұңғыш энциклопедия. Ғалымдар мен мамандар оны алты-ақ жылда және сапалы етіп дайындап үлгерді. Энциклопедияда жалпы саны 48931 мақал бар. Олар шаруашылық пен мәдениеттің барлық салаларынан дәйекті мағұлмат берді. Бұл коллективтік еңбектің жарыққа шығуы республикамыздың ғылым мен мәдениеттің жоғары сатыға көтерілгендігін көрсетеді. Хронологиялық жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра беру керек, халқымыздың тарихындағы көптеген мәселелер сона ғана ертегілер ауқымынан шығып, ғылым шеңберіне түседі. Энциклопедияда «хронология»ұғымына да тиісті түсінік берілген.

   Алматы өнер музейі мен медецина тарихы музейінің да Қазақстанның мәдени тарихындағы хронологияның кемелденуіне пайдасын тигізеді.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-12-06 22:10:53     Қаралды-18069

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »