UF

Қазіргі дүниежүзіндегі дамыған  елдердің орны 

 

Жоспары:

1. Жалпы әлемдік үрдістердегі дамыған елдер.

2. Дамыған елдер арасындағы экономикалық байланыстар

 

Біріккен Ұлттар Ұйымы экономикасы дамыған елдердің қатарына Еуропаның, Азияның, Африканың, Солтүстік Американың, Австралия мен Мұхиттық аралдардың 60 елін жатқызады. Олардың бәрінің даму деңгейі жоғары. Алайда, бұл елдер тобы іштей қарағанда айтарлықтай әркелкі болып келеді және оның құрамынан төрт топты бөліп көрсетуге болады.

 

№3 кесте Экономикасы дамыған елдердің топтастырылуы

 

Экономикасы жоғары дамыған елдер

Экономикасы орташа дамыған елдер

Қоныс аударған немесе  отар елдер

1

2

3

4

1

АҚШ, Жапония, ГФР, Фран ция, Ұлыбритания, Италия, Швейцария, Бельгия, Нидер ланды, Швеция, Норвегия, Дания, Австрия, Финляндия

 

(жан басына шаққанда 8-13 мың доллар)

Испания, Португалия, Греция, Ирландия

 

 

 

(жан басына шаққанда 4-8 мың доллар)

Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, ОАР, Израиль

 

Олардың біріншісін «Батыс елдерінің үлкен жетілігі» құрайды, оған АҚШ, Жапония, Франция, Канада, Ұлыбритания, Италия, германия кіреді. Бұлар батыс дүниесінің ірі экономкикалық және саяси іс-әрекетімен көзге түсетін жетекші елдер.

Екінші топ елдеріне Еуропа елдерін жатқызады. Жекелей алғанда саяси-экономикалық қуаты үлкен болмаса да, олар дүниежүзілік мәселелерді жалпы алғанда зор, өскелең роль атқарады. Олардың көпшілігі жалпы ішкі өнімді жан басына есептегенде «үлкен жетілік» елдеріндегідей мөлшерде өндіреді.

Үшінші топты Австралия, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикалары сияқты елдер құрайды. Олар Ұлыбританияның бұрынғы отарлары. Олар іс-жүзінде феодализмнің не екенін білмеді, қазір де өзгеше саяси және экономикалық даму жолына түскен. Әдетте, біраз өзгешеліктеріне қарамастан, Израильді де осы топқа қосуға болады.

Дамыған елдердің ерекшелігі – олардағы машина жасау өндірісінің толық циклді электротехникалық саласы маңызының ұлғаюы, өнімнің сапасы мен бәсекелестік қабілетінің жоғары деңгейде болуы.

Соңғы 20 жыл ішінде дүниежүзілік машина жасаудың аумақтық құрылымында елеулі өзгерістер болып жатыр. Егер бұрындары машина жасау өнімдерінің 9/10-ы «үлкен жетілік» елдеріне тиесілі болса, соңғы он жылдықта жаңа индустриялық елдер және Қытай, Ресей, Үндістан, Түркия, Бразилия, Мексика т.б. елдердің үлесі ұлғайып отыр.

Машина жасаудың станок жасау саласында алдыңғы орында Жапония, одан кейін Қытай, Германия т.б. елдер тұр. Ал ауыл шаруашылығы машинасын жасауда алдыңғы үштікке Жапония, Үндістан және АҚШ кіреді.

Үндістан өнеркәсібінде еңбекке жарамды халықтың 1/5 бөлігі жұмыс істейді. Үндістан жеңіл өнеркәсіп пен тамақ өнеркәсібінен дамыған ауыр индустриялы елге айналды. Қазіргі Үндістан енді тек станоктар, тепловоздар, автомобильдер, транторлер, теледидарлар ғана емес, ең жаңа электрондық техника, АЭС-пен ғарыштық зерттеулерге арналған жабдықтар да шығарады. Атом өнеркәсібінің дамуы жағынан ол дамушы елдердің ішінде ең алда келеді.

Үндістандағы «өсу полюстерінің» маңыздылары Бкилай мен Бонаро ірі металлургиялық комбинаттары болды. Мұның біріншісі Декан қыратының орталық бөлігіндегі бұрын артта қалған экономиканы көтеруге, екіншісі сол қыраттың шығыс бөлігіндегі Данодар өзенінің аңғарында орналасқан Үндістанның негізгі көмір металлургияның базасын нығайтуға мүмкіндік береді. Үндістанның басты жеңіл өнеркәсіп салалары мақта-мата, кендір және тігіншілік істері. Бұлардың бәрі де едәуір мөлшерде өнімді экспорттау бағытында жұмыс істейді.

Үндістанның ауыл шаруашылығында еңбекке жарамды халықтың 3/5 бөлігі жұмыс істейді. Үндістанның жер аумағының басым бөлігінің табиғи жағдайы ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы. Елдің жер қоры едәуір жеткілікті. Жыртылатын жер көлемі жағынан ол тек АҚШ-тан ғана кейін, яғни жер аумағының жартысынан астамы жыртылады. Осы маусымдарға сәйкес Үндістанда Үнді-Ганг ойпатында орналасқан ені негізгі егін шаруашылығ аймағы құрылған. Бұл ойпаттың оңтүстік-шығыс бөлігінде Үндістанның басты күріш өсіру аймағы құрылды. Мұнда күріш кариф маусымында муссондық жаңбырдың, раби маусымында қолдан суландырудың негізінде өсіріледі. Егіншіліктің осындай жүйесі жылына екі, тіпті үш рет өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл ойпаттың солтүстік-батыс бөлігінде  Педжабта (Бес өзенде) басты бидай өсіру аймағы орналасқан. Бидайды раби маусымында негізінен суармалы жерге өсіреді. Елде мұнымен қатар талшық, шай, қант, бой сергіту дақылдары едәуір мөлшерде өсіріледі. Елде біріңғай басымдылыққа ие болған орталық жоқ. Елдің батыс, шығыс, солтүстік және оңтүстікте төрт «экономикалық астана» бар деуге болады. 1. Дели, 2.Мадрас, 3.Бомбей, 4.Калькутта.

Қазіргі таңда Үндістан экономикалық қатынастар арқылы өз елінің экономикалық жағдайын, халқының әл-ауқатын көтеріп отырған бірден-бір ел болып отыр. Дәрі-дәрмекті сапалы жоғары деңгейде өндіріп, бірнеше елмен келісім шарт жасасып ел экономикасы жылдан-жылға көтерілуде.

Бүкіл өндірілетін мұнайдың 40 пайызын халықаралық саудаға түседі. Өндірілетін табиғи газдың 15-20 пайызы халықаралық саудаға түседі. Оның негізгі бөлігі Ресей, Түркіменстан, Нидерланды, Канада, Алжир және басқа елдерден магситралда газ құбырлары арқылы экспортталады.

Көмір көбінесе сол өндірілген елдерде тұтынылады, дүниежүзілік рынокқа бүкіл көмірдің 10 пайызы ғана түседі. Энергетикалық және кокстелетін көмірді экспорттауда Австралия, АҚШ, ОАР, Канада маманданған. ЖЭС—да электр энергиясын өндіру көлемінен АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония, Германия жетекші орында.

Су электр станциялары дүние жүзілік электр энергиясын өндірудің шамамен 20 пайызын қамтамасыз етеді. СЭС-да жалпы электр энергиясын өндіру көлемінен Канада, АҚШ, Бразилия, Ресей, Қытай жетекші орында.

Атом электр энергетикасы ол дүние жүзілік электр энергиясын өндірудің 17 пайызын қамтамасыз етеді. Олар қазір дүние жүзінің 32 елінде жұмыс істейді. АЭС-да электр энергиясын ең көп АҚШ, Франция, Жапония, Германия, Ресей, Канада өндіреді, ал жалпы өндірудегі АЭС-нің үлесінен Литва, Франция, Бельгия алда тұр.

Жыл сайын халықаралық рынокқа 450 млн т темір кені түседі. Оны экспортттаушылар ретінде бір жағынан Бразилия, Венесэула, Үндістан, ал екінші жағынан Автралия, Канада, Оңтүстік Африка Республикасы ерекшеленеді.

Қара металлургия, әсіресе Қытайда тез дамуда. Қазір бұл көрсеткіштен Қытай дүние жүзінде бірінші орын алады.

Дүние жүзіндегі боксит өндіретін аса ірі аудан Солтүстік Австралиядағы Иорк түбегінде орналасқан. Мұндағы арзан ашық әдіспен өндірілетін боксит глинозенге айналдырылып, өңделеді де басқа елдерге шығарылады.

Дамыған елдер арасындағы байланыстар

АҚШ, Батыс Еуропа елдері және Жапония қазіргі дүние жүзінде өзінше бір үлгідегі «үшбұрыш» құрайды. Бұл орталықтар арасындағы арасалмақ соғыстан кейінгі кезеңде тұрақсыз болды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда АҚШ-тың Батыс еуропамен, Жапониядан басымдылығы айқынболды, капиталистік елдердің өнеркәсіп өндірісінде АҚШ-тың үлесі 1946 жылы 96 пайыз болды.

Кейіннен АҚШ өзінің позициясын біршама нығайтқанмен, оның экономикалық қаражаттық және технологиялық басымдылығы төмендеп қалды. Сонда да дүние жүзіндегі «бірінші нөмірлі» географиялық орталық АҚШ болып ақлды. Бұл мемлекет дүниежүзінде экономикалық тіршіліктің қазіргі интернационализациолануы процесінде жаңа өзгеше «генераторы» күйінде. Дүние жүзілік саудада бұрынғы позициясынан айрылған АҚШ шетелге капитал шығару саласында алда. Ол басқа көптеген салаларда да, соның ішінде ҒТР-ны жүзеге асыруда алдыңғы орында.

Экономикалық бәсекелестіктің екінші географиялық орталығы – Батыс Еуропа. АҚШ пен Жапониядан өзгеше батысеуропалық аймақ көп ұлтты сипатта. Оның дүниежүзілік шаруашылықта жағдайы екіұдай. Бір жағынан ол дүниежүзілік сауданың ірі орталығы, дүниежүзілік экспорттың салмағы АҚШ-тың деңгейінен 2 есе артық. Екінші жағынан, Батыс Еуропаның позициясы ғылым мен техниканың өнімін көп қолданатыын, өнім экспорттайтын держава. Мұнда «орташа технологиялық» деңгей басым, ал АҚШ пен Жапонияның өнеркәсібі робот жасау, икемді автоматтандырылған жүйелер, жаңа материалдар және тағы басқа рыноктарында басым.

Германия, Франция, Ұлыбритания және Италия секілді елдермен қатар Батыс Еуропа аймағында шағын елдер: Швеция, Норвегия, Дания, Бельгия, Нидерланды, Швейцария және басқалар маңызды роль атқарады. Дүниежүзілік нарықтағы бәсекелестік күресте олардың халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуының ерекше түрі - өнімнің санаулы түрлеріне икемделуі.

Эконокмикалық күш-қуаттың үшінші орталығы – Жапония. Ол АҚШ пен Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда бәсеңдеу. Ол дүниежүзілік банктер, қаржы супердержавасы. Бірқатар аса маңызды өнім түрлерін шығару жөнінен АҚШ-тан алда.

Үш орталықтың экономикасында ортақ сипат бұлардың экономикасында монополиялардың, трансұлттық корпорациялардың үстемдігі болып отыр. Бұл корпорациялардың аса ірі маонополиялары, олардың өз елдерінен тысқары жерлерде филиалдары бар.

 

Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптары:

1.АҚШ пен Қазақстанның экономикалық қарым-қатынасы.

2.Қазақстан мен Батыс Еуропаның дамыған елдерінің қарым-қатынасы

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Шетелдердің әлеуметтік-экономикалық географиясы. /Под.ред В.В.Вольского/ - Мәскеу. КРОН-ПРЕСС, 1998.

2.Липец Ю.Г., Пуляркин В.А., Шлихтер С.Б. Дүниежүзі шаруашылық географиясы. Студенттер үшін оқулық. – Мәскеу, Гуманит. Центр ВЛАДОС, 1999.

3. Максаковский В.П. Дүниежүзінің тарихи географиясы. ЖОО-на арналған оқулық. – Мәскеу, ЭКОПРОС, 1999.

4.Майдан-Әли Байгісиев. Халықаралық экономикалық қатынастар. – Алматы, 1998.

5. Витвер И.А. Шетелдердің экономикалық-әлеуметтік географиясының тарихи-географиялық кіріспесі. – Мәскеу, 1963.

6. Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. Дүниежүзінің экономикалық-әлеуметтік географиясы. – Мектеп оқулығы. – Мәскеу, Просвещение, 1993.

20.Григорьева И.В., Рогулев Ю.Н., Смирнов В.П. Еуропа Азия елдерінің жжаңа тарихы, 1945-1990 жж. ЖОО “тарих” мамандығындағы студенттер үшін оқу құралы. Е.Ф.Языкова. – Мәскеу, Жоғары мектеп, 1993.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-11-30 13:13:00     Қаралды-14629

ИСЛАНДИЯ – АТЫ ДҰРЫС ЕМЕС ЕЛ

...

Исландия ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «мұз елі» деп аталады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »