БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ, СӘН ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ ӨНЕР
Ерте дәуірдегі бейнелеу, сән және қосалқы өнер. Қазақстан территориясындағы Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрінде кездесетін бейнелеу өнерінің ежелгі ескерткіштері палеолит дәуіріне саяды. Осы секілді неолит дәуірінен қалған көне өнер нұсқалары Баянауыл мен Жасыбай (Павлодар обл.) үңгірлерінен де ұшырасады. Б. з. б. 2-мың жылдықтың аяғы мен 4-мың жылдықтың басындағы андронов мәдениетінің мұрасы саналатын Тамғалы (Алматы обл.) аңғарындағы бұғы, таутеке, садақты аңшы т. б. бейнелері, қалыптау, ою түсіру арқылы жасалған геометриялық өрнекті қыш ыдыстар, сонымен қатар Бетпақдала, Тянь-Шапь және Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы жақпар тастарда жиі кездесетіи суреттер неолит және қола дәуірінің ескерткіштері болып табылады. Бұл суреттер арқылы ежелгі қазақ жерінде өмір сүрген көне тайпалардың тұрмыс-тіршілігін, айналысқан кәсібін пайымдауға болады. Алтай мен Тарбағатай аймағында діни нанымдағы суреттер де кездеседі. Мұндай суреттер ежелгі заман суретшілерінің шеберлігінен елес береді. Ежелден қазақ жерін мекендеген Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ, Арғын, Адай, Қоңырат, Дулат, Найман т. б. тайпалардың өнері негізінен скиф мәдениетімен тығыз байланысты дамыды. Бұл байланысты Шілікті қорғанынан табылған бұғы кескіні пішінделген алтын белдік тоғаларының (б. з. б. 7-6 ғ.), Есік қазынасына жататын қоладан жасалған құрбандық тақтасындағы қанатты арыстан (б. з. б. 5-3 ғ.) жәнеҚарғалы кенішінен табылған ұшқан құс, жүгірген аң мен жануарларды (бұғы, қапатты ат, айдаһар; б. з. б. 2 ғ. - б. з. 2 ғ.) бейнелейтін мүсіншелердің скифтерге тән аңдарды бейнелеу стилінде, яғни аңдар мен жан- ануарларды сол қалпында немесе қиял-ғажайып тұрғыда бейнелеуінен айқын аңғаруға болады. Б. з. б. 4 ғасыр да байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері және осының негізінде 6-8 ғасырларда байырғы түркі өнері өркен жайды. Мұның өзі археологиялық қазбалар жүргізу кезінде Ертіс, Есік, Өлеңті, Сілеті, Шідерті,Сыр бойындағы, сонымен бірге Орталық, Батыс және Солтүстік Қазақстан өлкесіндегі ежелгі обалар мен қорымдардан табылған әр түрлі әшекейлі заттар арқылы айқындала түсті. Әсіресе ежелгі тайпалар арасында зергерлік өнерімеп қатар көзешілік те кең етек алып, жоғары сатыға көтерілді. Орга ғасырдағы (7-17ғ.) Қазақстанныңбейнелеу өнері тастан қашалып жасалған ер мен әйелдердің, жануарлардың бейнелері, сондай-ақ қыз-келіншектердің қола мүсіншелері түріндеөз өрісін тапты. 1970 жылы Алматы облысы, Есік қаласы маңынан табылған алтын бұйымдар («алтын адам», 4 мыңға тарта әсемдік заттар) б. з. б. 5 ғасырлардағықазақ жерінде өмір кешкен тайпалар өнерінің озық үлгілеріне жатады. Қолөнері мен сән және қосалқы өнерінің ағаш, тері ұқсату, зергерлік өнері, кесте мен кілем тоқу секілді салалары да кең өріс алды. Бұған киіз үй түріндегі қыш ыдыстар, бедерлеу, кесу, жапсыру арқылы жасалып, қара, қоңыр, сары, қызыл түсті бояуларды өзара астастыра әшекейлеген қабырға өрнектер мен су құбырлары (Тараз қаласының орталығы), ромб немесе шеңбер түріндегі айшықты да айқын ұлттық ою-өрнектермен көмкерілген теріден, металдан жасалған түрлі бұйымдар толық дәлел. Сән және қосалқы өнердің ежелгі ұлпық үлгілері мен дәстүрлері ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырды. Тіпті, 18-19 ғасырларға дейін жеткен қазақ өнерінің халықтық үлгілері өзінің одан әрі даму жолын тапты. Мыс., қазақтың ежелден келе жатқан киіз үйі мен күнделікті өмір-тұрмыста пайдаланылатын барлық бұйым-заттары ұлттық ою-өрнекпенкөркемделіп отырды. Киіз үйдің баубасқұры мен іші-сыртына тұтынатын әр түрлі сәндік жиһаздарының көз тартар әдемі ою-өрнекпен әсемделуінен халықтың рухани мәдениетін байқауға болады. Киіз үйдің іщінетөселетін текемет көгілдір, ашық сары, қызыл түсті жайылмалы өрнек- ке, ал сырмақ негізінен ашық ақ-қа- ра түсті ою-өрнекке, түс киіз көбіне қара түсті мата мен қызыл түсті ма- тадан сырып немесе кестелеп келті- рілетін көгеріс өрнекке, кілем сәнді құлпырмалы түстерге орайластырып жасалады. Ою-өрнегі қайталанбалы әрі ашық түсті болып келетін алаша, текшелі өрнекті тақыр кілем, шартты түрдегі суреттер мен көгеріс өрнекті сындастыра қолдану арқылы тоқылатын түкті кілем, әшекей-оюлы кебеже сияқты киіз үйдің ішіне тұтынатын сәндік жиһаздар жасаумен қатар ағаш ұқсату өнері (негізінен жазық рельефті суретті), алтын зер және жібек жіптермен кесте тоқу, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу, тері ұқсату (бедерлі, инкрустациялы) және оймыш, шекіме, бұрама, қалыптама, қаптырма, қара алалау, көз салу секілді зергерлік өнерінің түрлері де өркен жайды.
Ә. Қастеев. «Түрксіб». 1932. Алматы. Мемлекеттік өнер музейі.
Адам және ат бейнелі тас таяқшалар. Қола дәуірі. Семей. Тарих-өлке тану музейі.
Билікөл таңбалы тасы. 6-8 ғ. Жамбыл. Тарих-өлке тану музейі.
18 ғасыр мен 20 ғасырдың басындағы бейнелеу өнері, сән және қосалқы өнер. 18-19 ғасырлардағы Қазақстан бейнелеу өнерінің сурет пен кескіндеме жанрлары сол кезеңдегі орыстың озық, мәдениетінен тәлім алған суретшілер мен әуесқой суретшілердің кейбір туындыларымен тығыз байланысты болды. Бұған 18 ғасырларда Россияның Закавказье, Сібір, Орта Азия мен Қазақстанға тарихи-этнографиялық және географиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатымен экспедициялар аттандырып, әскери жорықтар жасауы себепкерлік етті. Бұл мәдени байланыс қазақ топырағында Қазақстанның Россияға қосылуына тұстас жандана түсті. Экспедициялар қатарында географиялық этнографиялық жұмыстарды иллюстрациялық материалдармен көркемдеу ісіне суретшілер көптеп араласқан еді. Суретшілер бейтаныс өлкеден өз көргендерін бәз қалпында дәл нышандауға тырысып, соңынан сол нобайлар бойынша суреттер салып, гравюралар ойды. Саяхатшы суретшілердің гравюралық жұмыстарының ішінен өнердің үздік үлгілері пе кезігіп отырады. Дегенмен «көшпенділер» өміріне үстіртін қараған орыс суретшілері қазақтардың өмірі меп тұрмысын этнографиялық тұрғыдан суреттеп, негізінен салт ерекшелігіне, киім үлгілеріне, уй іші жиһазының сыртқы тұрқына баса көңіл аударды. Сондықтан да олардың туындыларында таптық қайшылық пен қазақ халқының қоғамдық мінездемесі ашылмай, оның орнына жалпылама қарабайыр сипаттау басым бопды. Қазақ топырағына суретші ретінде алғашқылардың бірі болып орыс кескіндемешісі В. И. Штернберг (1818-1845) генерал-губернатор В. А. Перовскийдін шакыруымен 1840 жылы Орынборға келді. Орынбор даласында суретші украиндардың, сондай-ақ қазақтардын өмірі мен тұрмысын бейнелейтін көркем картиналар салды. Оның Алматыдағы Қазақ ССР-інің Мемлекеттік өнер музейінде сақтаулы «Түйе», «Киіз үйлер» атты суреттерінде қазақтардын тіршілік харакеті өміршең әрі шынайы бейнеленген. 1803 жылы Ақмешітті (Қызылорда) басып алуға жіберілген әскери экспедиция құрамына көркем жылнама жасау мақсатымен орыс суретшісі А. Н. Горонович (1818-1889) және жастардың революциялық ұйымына араласқаны үшін жер ауып жүрген поляктың әуесқой суретшісі Б. Залесский (1820-1880) де қабылданды. Осы сапар нәтижесінде салған Гороновичтің «Қыз қуу» атты қазақтың ұлтгык ойынын желі еткен суреті мен «Ақмешітті алуы» және Залесскийдін «Маңқыстаудағы Ақеспеяр бейіті». «Ақтау сілемі», «Қазақтың киелі ағашы» секілді 22 иллюстрациядан тұратын қазақтың көне өскерткіштерін, тұрмысын, табиғат көрінісін сипаттаған «Қазақ даласының өмірі» деген түсіндірме суретті Парижде жарияланған альбомы белгілі. Орынборлық А. О. Чернышев (1824-1863) жергілікті өлке табиғаты мен оның тұрғындарын өз ерекшелігімен кескіндеген «Қырғыздар (қазақтар) кеші», «Қырғыз (қазақ)», «Қоныстанып жатқан қырғыздар (қазақтар)» атты еңбектерімен қатар «Шевченко Орынборға жер аударылған поляктармен бірге» деп аталатып үлкен суреттің де авторы. Дегенмен бұл суретшілер қазаң жерінде өткінші жолаушы ретінде аз уақыт қана болғандықтан қоғамның әлеуметтік құрылысын, жергілікті халықтың ұлттық ерекшелігін терең танып, толық мінездеме жасай алмай жалпылама үстіртін баяндаумен шектелді.
Украин ақыны, суретші, ойшыл, революцияшыл демократ Т. Г. Шевченко қазақ жеріне жер аударылып (1847-1857), алғашында Орск, кейіннен Маңқыстаудағы Новопетровское (қазіргі Форт-Шевченко) қамалында болған кезінде жазу мен сурет салуына тыйым салынуына қарамастан кескіндемілік, графикалық еңбектерінде қазақтар өмірін ез тұстастарымен салыстырғанда терең ашып суреттеді. Ұлы суреткер қазақ халқының өміріне революционер-күрескер көзімен қарап. «Байғұстар» (1853), «Киіз үйде» (1848-1849); «Қазақ қызы» (1856-1857) атты картипаларында дала халқынын кешіп журген ауыр тұрмысын, қазақ жері табиғатының кеңдігі мен сұлулығын үлкен сезіммен, іңкәр көңілмен бейнеледі. «Мемлекет жұдырығы» шығармасында жетімектер патша өкіметі өкілінің терезесіне телміре қол созып тұрған кезінде терезеден оларға өкілетті кісілердің мейірім орнына жұдырық көрсетуі ащы уытпен баяндалған. Шевченко өзінің үздік шеберлікпен айтар ой шешімін тапқан туындыларында қазақ жеріндегі әлеуметтік, ұлттық теңсіздікке, үстемдік пен құлдыққа қарсы шыға отырып, қазақ халқына деген құрметі мен ыстық ниетін айқын байқатты әрі қазақтың көркемсурет өнері мұрасына осы ірі ниеттерімен етене ұштасқан құнды дүниелер қосты.
Орыс тарихшысы әрі суретші М. С. Знаменский (1833-1892) 1864 ж. М. С. Черняев басқарған әскери экспедицияға қатысып, жергілікті халықтардың (қазақ, қырғыз, өзбек) өмірі мен тұрмысын бейнелейтін «Қырғыз (қазақ) киіз үйінің ішкі көрінісі», «Үй тігу», «Түркістан киіз үйі», «1867 жылдың 3 июні» атты этнографиялық тұрғыдағы шапқыншылықты бейнелейтін суреттер салып, 1873 жылы «Маляр» журналында «Қымызға саяхат» деген сықақ суреттерден құралған повесін жариялады. Осыдан он жыл өткеннен кейін (1874) Орта Азия мен Қазақстан тақырыбына романдар, повестер жазып, әдеби шығармаларын өзі безендірген орыс жазушысы әрі кескіндемеші Н. Н. Каразин (1842-1908) ғылыми экспедиция құрамымен Амудария, Жетісу, Ертіс бойын аралады. Кейіннен осы сапар нәтижесінде «Орынбордан Ташкентке дейін» атты суреттер альбомын жариялады. Суретші творчествосынан Қазақстан тақырыбына салған суреттері ерекше орын алды. Оның пейзаждық жұмыстарында Маңқыстаудың жалаңаш таулары, Ырғыз өзенінің арынды ағысы, Омбы мен Семей қалаларының төңірегі бейнеленсе, «Түйе мінген қазақ», «Қалпақты қазақ», «Бай қазақ ауылының көші», «Кедей шаруаның үйі», «Қазақ пен орыс», «Ат жүгендеп жатқан қазақ», «Намаз оқып отырған қазақ», «Өгіз мінген, түйе мінген қазақтар», «Бәйге», «Бота», «Бақсы» секілді көптеген картиналарында қазақтардың әдет-ғұрпы, салт-санасы, тұрмысы кеңінен суреттелген.
60 жылдардың аяғы мен 70 жылдардың басында орыс әскери бөлімшелері құрамымен Түркістанға екі рет 1867-68, 1869-1870) келген орыстың баталист (соғыс жанры тақырыбының) суретшісі - В. В. Верещагин (1842-1904) осы сапарларынан алған әсерімен әйгілі Түркістан тақырыбындағы топтама кескіндемелерін салды. «Алатауда» және «Шу өзені бойындағы қырғыз (қазақ) киіз үйлері» (1869-1870) атты шығармасынан суретшінің жергілікті халық - қазақтардың ғұрпы мен тұрмысын дұрыс қырынан көріп танығаны аңғарылады. «Лепсі алабын қоршаған таулар» (1871) пейзажында бурыл таулардың құлама беткейден қарағандағы әсем көрінісін бейнелесе, «Аңшы қырғыз (қазақ)» (1871) картинасында зерлі ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген тартымды киімді, пілтелі мылтықты, қолына қаршыға ұстаған құсбегі қазақ қариясын асқан шынайылықпен кескіндеді. Верещагиннің қазақ елі мен табиғаты тақырыбындағы еліміздің өнер мұрасының алтын қорына қосылған үздік туындыларьшап көне замандарға тамырын терең жайған қазақтың сән және қосалқы өнеріне деген ыстық ықыласы байкалды.
19 ғасырдың әр кезеңдерінде түрлі экспедициялар құрамымен жоғарыда аты аталған өнер шеберлерінен басқа да В. И. Белослюдов (1883-1916), В. М. Васнецов (1848-1926), Г. В. Глушков (1860-1916 ж. ш.), Н. Д. Дмитриев- Оренбургский (1838-1898), А.О.Орловский (1777-1832), В.П.Петров (1770-1810), В. Н. Плотников (1832-1909 ж. ш.) т. б. көптеген орыс, украин, поляк суретшілері қазақ өлкесінде болды. Дегенмен бұлардың шығармалары өз тұстастары жасаған суреттерді этнографиялық тұрғыдан толықтыру дәрежесінен аспады.
Қазақтың 19 ғасырдағы бейнелеу өнері қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, ориенталист әрі профессионал дәрежесіне көтерілген әуесқой суретші Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлиханов (1835-1865) творчествосымен тығыз байланысты. Жасынан сурет салуға құмар болған Шоқанның суретшілік өнерінің ұшталуына Уәлихановтар үйінде тұрған орыс ғалымдары мен геодезистерінің (А. И. Шренк, С. М. Семенов, Н. О. Басаргин) игі әсері болды. Омбы кадет корпусында Шоқан сурет пәнінің мұғалімі А. Померанцевтен сабақ алып әрі ұстазының қазақ тұрмысын бейнелейтін суреттер салып, еңбек жазуына ықпал етті. Шоқаннан қалған 150 шақты бейнелеу өнері саласындағы мұралары негізінен портреттік, пейзаждық және тұрмыстық жанрдағы суреттерден тұрады. Оның қаламмен, тушьпен, сулы және майлы бояумен салынған суреттік туындылары кезінде «Всемирная иллюстрация», «Искра», «Русский художественный лист» журналдарында.
В. В. Верещагин. «Аңшы кырғыз (қазақ)». 1871. Москва. Третьяков галереясы.
Орыс Географиялық қоғамының «Хабаршысында» жиі жарияланып отырды. Шоқан өзі тұстас орыс ғалымдарына сіңген дәстүр бойынша жолжазба-күнделіктеріне тұрмыстық көріністер шыншыл бейнеленген түсіндірме суреттер салып отырған. Бұл суреттерінен ғалымның сезімталдығы, көрегендігімен қатар халқына, туған өлкесіне деген шынайы сүйіспеншілігі аңғарылады. Оның әзірше белгілі болған (көбіне «Хабар-аға» т. б. лақап атпен жариялап отырған) суреттері ішіндегіең таңдаулылары қатарына «Сартай - Сарыбағыш руынан», «Боранбай» портреттері, «Шапан киген қырғыз», «Хан қожа күйші», «Ұлы жүздің қазақтары», «Шақырым бағандары» суреттері жатады. Портреттерде Шоқан халықтың типін (Ұлы жүз қазақтарының, қырғыздардың, Шығыс Түркістан тұрғындарының) ғана нышандаумен шектелмей, әр образдың өзіне тән мінез-құлық ерекшелігін, ішкі жан дүниесінің қырларын ашуға талпынған. Аякөз, Іле, Мерке, Қарқара бойы, Күнгей, Теріскей Алатау мен Хантәңірінің мұзарт шыңдарын бейнелеген суреттерінде («Шатқалдағы керуен», «Тасма қаласының көрінісі» т. б.) документті дәлдік пен образдылық тоғыстық тапқан. Ата қонысы Сырымбет қыстауының, көптегеп ауылдардың топографиялық пейзаждары елді қоныстарды бейнелейтін тарихи, мәдени мәні зор еңбектер санатына жатады. «Ханшаның ескі үйінің сипаты», «Жылқы үйірі», «Корпустан елге демалысқа барғанда жазылған суреттер», «Вақсы», «Үш әйел» атты суреттер қазақтың көне тұрмысын, қазақ этнографиясын зерттеуге арналған Г. Н. Потаниннің дәптеріне саятшылық құрал-жабдықтарын (томаға, тұғыр, дауылпаз т. б.) бейнелеген суреттері дәуір этнографиясының құнды документтері болып табылады. Шоқан мұнымен бірге таңбалы тастардың («Қапшағай таңбалы тасы»), тас мүсіндердің (қыз тас, келіншек тас, кемпір тастар), көне жазулардың сыртқы сипатын қағазға айнытпай түсіру арқылы кейінгі ұрпақтың баға беруіне, бағалауына үлкен жағдай жасады. Өз сөзімен айтқанда «Ең алдымен озінің туған халқын, сосын Сібірді, сосын бүкіл Россияны, содан кейін барлық әлемді сүйген» қазақ халқының, Россияның ұлы патриоты әрі шын мәніндегі ізгі гуманист, «Шығыс тану әлемінің аспанындағы құйрықты жұлдыздай» (Н. И. Веселовский) көрінген Шоқан қазақ бейнелеу өнері тарихына да өшпес ізгі мұра қалдырды. Шоқан інісі Мақының (Мақыжан, Әбілмақыжан Уәлиханов, 1845-1916) да Петербург Көркемсурет академиясы профессорларынан арнайы сабақ алуына мүмкіндік жасап, қазақтың тұңғыш маман суретшілерінің бірінің өнер әлеміне келуіне себепкер болды. Мақы 1855-1864 жылдар Петербургтегі саңыраулар училищесінен білім алған соң, тілмаштық, іс жүргізушілік қызметтермен қатар суретшілік өнерді де жалғастырды. Оның қолөнері саласындағы үздік еңбектері халықаралық және бүкіл россиялық көрмелерде қойылып, бір еңбегі 1876 жылы Петербургте өткен шығыс зерттеушілерінің 3-конгресіндегі көрмеде алтын медальды жеңіп алды. Ол негізінен үй-іші жиһаздық заттарындағы қазақтың ұлттық сән және қосалқы өнері дәстүрін Европа үлгілерімен ұштастыра отырып тартымды ою-өрнекпен әсемдеуге жол салды. Мақы туындыларында ұлттық ою-өрнек ырғақтары күрделі композициялық құрылымдарға ұласып жатады. «Күш атасын танымас» атты суреттен тұратын ауыл өмірі тақырыбындағы көркем туынды жасағандығы жайлы дерек сақталған. Осы кезеңде ағартушы әрі маман адвокат Серәлі Мұңайтпас ұлы Лапин (1868-1919) қазақ топырағында алғаш рет шығыс сәулет өнері тарихын зерттеуге ат салысты. Жасында ою- өрнек өнеріне әуес болған Лапин 1891 ж. Петербург университетінің заң факультетін бітіріп, кейіннен аудармашылық, адвокаттық қызметтерде болды. Ол шығыс тілдерін (араб, парсы т. б.) жете білу арқасында Самарқандағы көне архитектуралық ескерткіштердің (Гөр Әмір мавзолейі, Регистан, Шаһи-Зинда, Көкілташ медресесі т. б.) көркем жазбаларын (эпиграфтарын) парсы тілінен орыс тіліне өлеңмен аударды және олардың салынған жылын (араб әріптерінің орналасу жүйесіне байланысты), салдырған адамдар (мыс., Самарқандағы Шер-Дар, Тиллә-кор медресесін Кіші жүз құрамындағы Төртқара руынан шыққан Жалаңтөс баһадүр салдырған) мен тұрғызған сәулетшілердің есімін анықтап Қазақстан және Орта Азия сәулет өнері тарихы мен өнер, тану іліміне елеулі үлес қосты. «Түркістан ведомостары» мен «Орынбор листогында» қазақ, өзбек, қырғыз атауларын дұрыс қолдану проблемаларымен бірге, «Самарқан қаласындағы тарихи ескерткіш жазбаларының аудармасы», «Шаһи-Зинда және ондағы мүрде үстіндегі құлпытас», «Шер-Дар және т. б. ескерткіш жазбаларының парсы тілінен өлеңмен аударылуы» секілді өнер тарихы мәселелерін көтерді. Революциядан бұрынғы Қазақстанның бейнелеу өнері тарихында 1878 жылдан өмірінің соңына дейін Верныйда (Алматы) тұрған орыс суретшісі Н. Г. Хлудовтың (1850-1935) алар орны ерекше. Хлудов қазақ халқының өрбу кезеңдерімен тұстас революциядан бұрынғы өнер мен Советтік Қазақстан өнеріне 50 жылдан астам уақыт ат салысқан бірден-бір профессионал суретші болып табылады. Оның «Отынға аттану» (1886), «Мал айдау» (1887), «Дауылда қалғандар» (1896), «Тайынша мінген бала» (1907), «Бие сауу» (1908), «Жасауыл» (1916) атты туындылары тартымдылығымен, шыншылдығымен, байыптылығымен ерекшеленеді. Орыс реалистік өнерінен үлгі алған суретшінің қазақ өлкесінің табиғат көрінісі және оның тұрғындары қазақтар хақындағы жанрлық һәм пейзаждық жұмыстары да шынайы реализм тұрғысында орындалды. Хлудов қазақ халқының негізгі жақсы қырларын үлкен сүйіспеншілікпен беріле суреттеу арқылы қазақ көрермендері жүрегінен жылы орын алған суретшілердің бірі болып табылады.
Осы кезде Азия мен Европадағы күмбезді архитектуралық құрылыстардағы секілді қазақтың киіз үйі ежелгі замандардан бастап халық қолөнерінің үздік үлгілерін жинақтаған қазынаға саналады. Киіз үйдің іші мен сырты, бау-басқұры т. б. үй-іші жиһаздық заттары тартымды әрі биязы ою-өрнекпен әсемделді. Әшекейлер қазақ ою-өрнегінің атасы «қошқар мүйізден» басталып, үйлесім таба толысу арқылы геометриялық және көгеріс өрнекке ұласты. Текемет негізінен көгілдір, ашық сары, қызыл түсті жайылмалы өрнекке, сырмақ қаралы-ақты графикалық анық түсті өрнекке, тұс киіз кобіне қызыл түсті мата мен қара түсті матадан сырып не кестелеп келтірілетін көгеріс өрнекке, кілем ал қызыл бояу тудыратын құлпырымды түстерге орайластырып жасалды. Жоғарыда аталған сәндік-тұтыну заттарынан басқа да басқұр (геометриялық орнекті), алаша (ою-өрнегі қайталанбалы әрі ашық түсті), тықыр кілем (текшелі орнекті), кебеже (геометриялық және көгеріс өрнекті және инкрустациялы) т. б. көптеген қолөнері бұйымдары киіз үй ішін безендіруде басты орын алды. Алтын зер және жібек жіптермен кесте тоқу, ағаш ұқсату өнері (негізінен жазық рельефті суретті), ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу, тері ұқсату (бедерлі, инкрустациялы), зергерлік өнері де (шекіме, оймыш, қаптырма, қара-алалау, көздеу, көз салу) дами түсті. Қазақ ою-өрнегі негізінен көрнекті, монументті, ішінара кіші масштабты үлгіге ойыса бастады. Нақты ұлттық, рулық үлгі нұсқасына орныққан ою-орнек түрлері әсемдік әшекейі деңгейінен көне өнер тарихының көзі, өткен өмірдің өнер тілімеи таңбалаған тұрмыс харакетінің, заманалардың символикалы үнмен аяндаған ғұрыптық мінездемесіне айналды. Мерзім ауып, халықтың әсемдікке деген талғамы өсуіне орай ою-өрнек мәнерлері заттардың көлемі мен түр-сипатына, өзіндік ерекшелігіне, арналған мақсатына қарай түрленіп, жаңа ырғақтармен толығып, жаңа мазмун-мағынаға ие болды. Осы кезеңде де орта ғасырларда түркі, монғол халықтарының әр басты рулары жорықта шейіт болған батырларды қастерлеп басына ру таңбасы бедерленген өрнек-нақышты құлпытастар қою салты өз мәнін жойған жоқ. Сондықтан 17-19 ғасырлардың басындағы ою-өрнек үлгілерінен әр рулық қауымның талғамын: географиялық тұрған орнына, шаруашылығымен климатына, көршілес ру-тайпалардың ресім-салтына байланысты қалыптасқан төл ою-өрнек мәнерінін ішінде оюдың ең негізгі құрамды бөлігі ретінде өрнекті жасаған рулардың таңбасы да нақышталып отырды. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін жинаушы әрі өзі жасаушы Ғани Иляевтің (1918 ж. т.) жинақтаған 18-19 ғасырлардағы ұлттық ою-өрнек үлгілері ішінде сирек кезігетін бадия аяқ (көзе) өрнегі, талдырма оюлар, қазақша қысқа енді нақыштау, өрнек ортасын оя орналасатын сымбатты қазан гүлдер архитектуралық өрнек үлгісінде жасалған басқұр өрнектері ұшырасады. Бұған қарағанда 18-19 ғасырларға дейін халықтың ою-өрнек үлгілерінде Айша бибі күмбезі, Ахмед Яссауи ескерткіші секілді сәулет өнері қабырға нақыштарымен ою-орнек үлгілерінің сабақтастығы аңғарылады. Қазақ бейнелеу өнеріндегі ұлттық дәстүрдің айқын сүрлеу-соқпағы әсіресе осы кезеңдегі ою-өрнек үлгілерінен айрықша көзге түседі. Мұның басты себебі ою-өрнек өнерінің халық арасында күнделікті тұрмыс харакетімен біте қайнасып жалпы бұқаралық сипат алуынан. Өнердің ұшқыр бұл түріне ешбір әлеуметтік өзгеріс, діни сана-сенім тосқауыл бола алмады. Ілгерішіл бағыттағы ою-өрнек өнерінің үлгілері халықтың іс-әрекеті мен мінез-құлқын, рухани жан-дүниесін толассыз сипаттаушы бірден-бір көркемдік тіл болып қала берді. Қазақтың күрделі ою-өрнек үлгілерінде ою нақышы мен қосымша сызықтар арқылы ежелгі грек көзелеріндегі әсем жазбалар секілді, адамның бет-әлпеті мен хайуанат тұрпатын шынайы бейнелеу тәсілі сирек те болса ұшырасып отырды. Ою-өрнектің бейнелік бұл өткір тілі ислам діні кең етек алған кезеңде қашалған құлпытастарда да бой көрсетті. Қазақ халық шеберлері дін қысымынан жасқанбай, адам бейнесін стилизациялау арқылы тұрпаттауға талпынды. «Сәлем» геометриялық өрнегінде (Иляев нұсқасы) айыр қалпақты үш жігіттің қолдарыи кеудесіне баса малдас құрып, көрерменге қарап отырған сәті геометриялық мәнердегі өрнекпен тартымды бейнеленген. Ислам діні қуат алған 17 ғасырдың соңына дейін сақталған мүсін өнері дәстүрі 18-19 ғасырларда ою-өрнек үлгілерінде өз ұласымын тапты.
Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы, 1979. –Б.92-93.
Жарияланған-2023-03-06 14:55:26 Қаралды-702
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану