UF

БИОФИЗИКА, биологиялық физика - тірі организмде жүретін физикалық және физика-химиялық процестерді, сол сияқты тірі материя құрылысының барлық сатысындағы - (субмолекулалық пен молекулалықтан клетка мен организмге дейінгі) биологиялық жүйенің ультраструктурасын зерттейтін ғылым. Осы кездегі биология, физика, химия, математика ғылымдарының идеясы, теориялық негіздері, әдістерінің бір-біріне ұштасып келуі Биофизиканың дамуына зор мүмкіндік туғызды. Биологияның дамуы ең негізгі биологиялық құбылыстарды зерттеу үшін жоғарыда аталған ғылымдар түсініктері мен әдістерін қолдану қажет екенін дәлелдеді. Өйткені барлық биологиялық объектілер, сайып келгенде, атомдар мен молекуладан құралған, олар физика-химиялық заңдарға бағынады. Дегенмен биологиялық жүйе эволюция процесінде қалыптасқан өзін-өзі басқаратын жүйе болғандықтан, бұған тән көптеген қасиеттер өлі табиғатта кездеспейді. Осыған орай биофизикалық зерттеудің өзіне тән ерекше әдістері болады.

Теориялық және іс жүзінде қолданылатын халықаралық биофизика одағының шешіміне сәйкес (1961) осы кездегі Биофизика мынадай негізгі тарауларға бөлінеді: молекула Биофизикасы; мұның міндеті - организмді түзетін макромолекула мен молекулалық комплекстердің физикалық және химиялық қасиеттерін, сол сияқты оларда жүретін процестердің қарым-қатынасы мен энергия сипатын зерттеу; клетка Биофизикасы;мұның міндеті - клетка қызметінің физика-химиялық негізін, мембрана мен клеткалы органелдің молекула құрылысының, олардың атқаратын қызметіне байланысын, механикалық және электр қасиеттерін, клетка процесінің энергиясы мен термодинамикасын зерттеу; басқару және реттеу процесінің Биофизикасы; мұның міндеті - организмдегі басқару жүйесінің ішкі байланысын зерттеу және оның моделін жасау, олардың физикалық табиғатын анықтау.

Биофизикада қарастыратын мәселелер бұл айтылғандармен шектелмейді. Организмге физикалық факторлар әсері, иондалған сәуленің биологиялық әсері (радиобиология), көз оптикасы, қозғалыс, тыныс алу, қан айналыс органдары жұмыс әрекетінің анализі - міне, осылардың бәрі -Биофизиканың маңызды және тарихи қалыптасқан салалары.

Физика мен химияда қалыптасқан түсінік, ережелерді, биологиялық құбылыстарды талдауға қолдану жөнінде биофизикалық сипатты жеке зерттеулер 17 ғасырдан белгілі. Француз ғалымы Р. Декарт адам денесін күрделі машина деп қараған. Ол сезім органдары - биоакустика мен оптика жөнінде бірнеше еңбектер жариялады. Петербург университетінің профессор Л. Әйлер қан тамырында қанның қозғалысын алғаш сипаттап жазды. Көздің түрлі түсті ажырату қабілеті жөніндегі алғашқы гипотезаны 1756 жылы М. В. Ломоносов ұсынды. 19 ғасырдың аяғында И. М. Сеченов газдардың қанда еруін және қозғалыс биомеханикасын зерттеді. Н. К. Кольцов физика-химиялық факторлардың (беткейлік созылу, сутек иондарының, катиондардың концентрациясы) клетка тіршілігіндегі маңызы жөнінде тамаша зерттеу жүргізді. 1919 жылы П. П. Лазарев Москвада Биология физикалық институтын ұйымдастырып, онда қозудың иондық теориясы, жарық әсерінен жүретін реакция кипотикасы, сыртқы ортаның организмге тигізетін өсері және т. б. мәселелер жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілді. 20-30 жылдары Биофизиканың дамуына үлкен әсер еткен көптеген ғылыми еңбектер шығарылды (мыс., В. И. Вернадскийдің «Биосфера», Э. С. Бауэрдің «Теоретическая биология», Н. К. Кольцовтың «Организация клетки» атты еңбектері).

Биофизиканың жеке салаларының қалыптасуы. Молекула Биофизикасы биологиялық құбылыстар сырын атомдар мен молекулалар, иондар мен радикалдар әрекеттесуі тұрғысынан зерттейді. Биологиялық жүйелердің кеңістік құрылысы, физика-химиялық қасиеттері молекула дәрежесінде қаралады. Бұл мәселелер биохимияға тығыз байланысты. Белоктың кеңістік құрылысына байланысты зерттеу жұмыстары негізінен Москва мемлекеттік университетінің физикалық факультетінде, СССР ҒА-ның Биофизикалық институтында жүргізіледі. Фибрильді белоктардың (коллаген, жібек фибрионы) құрылысы зерттеуден мынадай жағдай анықталды: бұл белоктар құрылысында реттесіп келіп отыратын амин қышқылдары болады. 1968 жылдың қарсаңында 200-дей белоктардың құрылысы анықталды.

Молекулалық Биофизика жөніндегі зерттеулер биохимия, генетика, цитология, молекулалықбиологияға тығыз байланысты. Отандық Биофизика саласында қол жеткен ең бір маңызды мәселе - кейбір өсімдіктер мен жануарлардың өте нашар улыракүлгін жарық шығаруын зерттеу және осы жарық шығарудың бос радикалдардың қайта топтасуына байланысты екендігін дәлелдеу болды.

Биофизиканың маңызды саласының бірі - клетканың физика-химиялық қасиеттерін және әр түрлі заттардың биологиялық мембранадан өту қабілетін зерттеу. Жасанды мембрана жасау және иондарды жедел өткізудің (тасымалдаудың) маңызы арта түсуде. Биофизика, биохимиялық, физиологиялық саласынан қорытылған білімдерге сүйеніп, жасанды бүйрек жасау - осы жасанды мембрананың іс жүзінде қолданылуы.

Басқару процесінің Биофизикасы -биологиялық кибернетика және биомеханикамен тығыз байланысты. Басқару жүйесін жасау, адам мен жануарлар қозғалысын басқару принципін анықтау жөніндегі жұмыстар Совет ғалымы Н. А. Бернштейннің еңбектерінен басталады. Қозғалыстың (жүру, жүгіру, жұмыс кезіндегі қимылдар), тыныс алудың, қан айналысының биомеханикасын зерттеудің, еңбек пен спорт, космосқа ұшу физиологиясы, сол сияқты жүрек, қантамыр ауруларының себебін анықтауда, қолдан тыныс алдыратын және қан айналысын реттейтін аппараттар жасауда маңызы үлкен.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-08-04 14:25:15     Қаралды-1855

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »