МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМПЛЕКСТЕРІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН МАЛ АУРУЛАРЫ
БҰЗАУДЫҢ РЕСПИРАТОРЛЫҚ АУРУЛАРЫ
Бұл ауру көпшілік жағдайда ірі мал шаруашылығы комплекстерінде, дәлірек айтқанда шаруашылықаралық мал бордақылау крмплеқстерінде кездеседі, Респираторлық ауруға шалдыққан бұзаудың, торайдың, қозының тыныс алу органдары қабынады, жалпы күйі нашарлайды, жем-судан қала бастайды.
Аурудың пайда болу себептері. Аурудың пайда болуы мен тез өршуіне әсер ететін жағдайлардың негізгілері: төл өсіретін шаруашылықтар мен комплекстерде буаз сиырлар мен жаңа туған бұзауларды азықтандыру және күтіп-бағу жұмыстарының нашар жүргізілуі. Осының салдарынан әлсіз, сыртқы ортаның қатерлі әсеріне төтеп беру қабілеті нашар төл алынады да, ол кейіннен комплексте өнеркәсіптік негізде күтіп-баққанда респираторлық ауруға тез шалдығады.
Мәселен, 1974 жылдан бері жұмыс істейтін «Жетіген» комплексіне бұзаулар Алматы облысының 27 шаруашылығынан 15-20 күндігінде келеді. Әрбір 13 күнде комплекске 360 бұзау әкелінеді. Оларды енеркәсіптік негізде күтіп-бағудың алғашқы кезеңінде әлсіз туған бұзаулар респираторлық аурулармен ауырып, сау бұзауларға жұқтырады.
Қазақ мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу институтының төл ауруларын зерттейтін лабораториясы ғалымдарының зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша респираторлық аурудың пайда болуына әр түрлі вирустар (парагрипп-3, жұқпалы ринотрахеит, диарея, аленовирустар) хламидиялар, микоплазм және әр түрлі бактериялар (стрептококк, стафилококк, ішек таяқшалары, сальмонелла, цитробактер, пастерелла, проте микробтары) және олардың аралас қоспалары әлсіз организмге зиянды әсер етеді.
Респираторлық ауруларды пайда болдыратын себептер жан-жақты. «Жетіген» комплексінде кейбір жылдары бұзаулардың 60-70 проценті респираторлық ауруға шалдығады да эпизоотия түрінде өтеді. Көктемнің алғашқы айларында комплекске сыртқы ортаның әсеріне төтеп беру қабілеті нашар бұзаулар жиі әкелінеді, осы кезде олар ауруға тез шалдығады.
Көбіне комплекстерде тыныс алу органдары аурулары диплококк, пастерелла, сальмонелла т. б. микроб түрлерімен асқынып, қосалқы індет түрінде жиі кездеседі.
Аурудың таралу жолдары. 1976-1987 жылдары «Жетіген» ірі қара бордақылау комплексінде Қазақ мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу институтының төл ауруларын зерттеу, вирусология лабораториялары мен комплекстің мал дәрігерлігі қызметкерлері бірлесіп жүргізген иммунологиялық, бактериологиялық зерттеулер нәтижесінде тыныс алу органдары ауруларының таралуына себепкер парагрипп-3, диарея, риновирустар мен әр түрлі микробтар екені анықталды. Ауырған және шығынға ұшыраған төл организмінен әркез уытты ішек, кек ірің таяқшалары, протей, клебсиелла, цитробактер, стрептококк микробтары кездесті. «Жетіген» комплексінің бірінші мерзімінде (115 күн) өсірілетін бұзауларға жүргізілген эпизоотологиялық, зоогигиеналық зерттеулер тыныс органдары ауруларына шалдыққан бұзаулар саны көктем айларында 9-17,2 процент, жаз айларында 6,1-35,3 процент, күз айларында 20,8-29,1 процент, қыста 13,1-24,4 процент болатынын көрсетті.
Аурудың өршуі секция ауасының температурасына тікелей байланысты. Жаз айларында кейбір күндері секциядағы ауаның температурасы -40 градусқа дейін жетуі бұзаулар арасында тыныс органдары ауруларының көп таралуына себеп болады.
Аурудың клиникалық белгілері. Тыныс алу органдары ауруының клиникалық белгілері бұзаулар арасында комплекске келіп түскеннен соң алғашқы 5-10 күннен кейін біліне бастайды.
Ауру бұзаулар жемшөп жемей, көп жата береді. Дене қызуы 40-41,5 градусқа дейін көтеріліп, танауларынан кілегейлі не іріңді сұйық, көздерінен жас ағуы жиілей түседі де, құрғақ жөтел пайда болады. Бұл белгілер ертеңгісін өте айқын байқалады. Жөтел көбінесе секцияның есігі ашылып, ішіне салқын ауа кіргенде күшейе түседі. Ауру асқынған кезде құрғақ жөтел жұмсарып, қақырық түседі, тыныс алуы жиілеп, ентікпе пайда болады да, қос бүйірін соғып жиі дем алады, кейде тынысы тарылған кезде аузын ашып, ьщқылдап, басын салбыратып, алдыңғы аяқтарын алшақ қойып тұрып алады. Клиникалық белгілер 7-15 күнге созылады. Егер бұзауларды дер кезінде емдемесе өлім-жітімге ұшырайды.
Ауруды анықтау. Тыныс алу органдары ауруларының алдын алу үшін зоогигиеналық-санитарлық шараларды кеңінен жүргізу қажет. Аурулардың негізгі себептері комплекстерде өндірістік тәжірибеде зерттелді. Әзірге тыныс алу органдары ауруларына қарсы аралас вакциналар жоқтығынан, ауруларға қарсы күресте антибиотиктер мен химиялық дәрілер қолданылады. Емдік алдын-алу шараларын дұрыс жүргізу үшін аурудың негізгі және қосалқы қоздырғыштарын анықтау, олардың дәрілерге төзімділігін зерттеу өте маңызды іс.
Ауруды анықтағанда клиникалық байқаулардың, эпизоотологиялық зерттеу деректері мен елекседегі өзгерістер ескеріледі.
Ауруды уақтылы анықтау үшін бұзауларды күнделікті қарап тексеріп, клиникалық белгісі біліне бастағандарын 10-20 бастан топтап (қажет болған жағдайда барлық бұзаулардың), ертеңгісін және кешкілік дене қызуын өлшеп, аурудың өршу деңгейін білу қажет.
Тыныс алу органдары аурулары пастереллез немесе паратиф қоздырғыштары қанға тараған кезінде анықтау үшін ауру бұзаулардың (денесінің қызуы өте жоғары, яғни 41-41,5°) қанын бактериологиялық әдіспен зерттеу керек. Ал жаңа өлген не амалсыз сойылған бұзаулардың ішкі орган кесінділері бактериологиялық зерттеледі.
Мад дәрігерлігі лабораториясына ауруды анықтау үшін мал мүшелері арнайы зарарсыздандырылған ыдыспен (банка) бактериологиялық не вирусологиялық зерттеулерге жіберіледі. Егер 24 сағат ішінде жеткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда материалдарды 4-5 есе көбейтіп, 30 проценттік глицериннің физиологиялық ерітіндісімен зарарсыздандырылған күйінде жіберу қажет.
Қан, ірің, жалқаяқ, өт, несеп зарарсыздандырылған пробирка не флаконға кұйып алынып, аузы тығыз тығынмен жабылып, парафинмен сылап жіберілуі керек.
Түтік тәрізді сүйекті (ұршық, асық не тоқпан жілік) етінен арылтып, 5 проценттік карбол қышқылы ерітіндісімен дымқылданған дәкеге орап жіберген жөн.
Ірі комплекстер мен фермаларда шағын мал дәрігерлік бақылау лабораториясы ұйымдастырылады.
Аурудан сақтандыру шаралары. Ет өндіретін өнеркәсіптік комплексте де бұзаулар арасында өте жиі кездесетін тыныс алу органдары ауруларыньщ алдын алу үшін төл өткізетін шаруашылықтардан дені сау, организмі мықты, 40-50 килограмм тартатын 10-15 күндік бұзаулар ғана әкелінуге тиісті.
Комплекстегі секциялардың ішкі микроклиматы зоогигиеналық талаптарға сай болуы керек. Санитарлық жұмыстар сапалы жүргізіліп, технологиялық дезинфекция шараларын мұқият орындау, төлді талапқа сай жемшөппен азықтандыру, уақтылы індетті ауруларға қарсы егу - бұзаулардың жақсы өсіп, олардан ет өнімін мол өндіруге мүмкіндік жасайды.
Ет өндіретін мал комплекстері микроклиматының автоматты режиммен төмендегі көрсеткіштерге сәйкес ұсталуы керек: ауа температурасы 15-18°, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-70%, жел жылдамдығы 0,1-0,3 м/сек, аммиак мөлшері 1 м2 ауада 0,02 г аспауы қажет, ал күкіртті сутегі - 0,01 г, көмір қышқыл газы 0,3%.
«Жетіген» комплексінде 5 мал дәрігері, малға егу жұмыстарын жүргізетін 3 оператор (мал санитарлары), дезинфекция жасайтын отряд және комплекске шаруашылықтардан бұзау жеткізіп тұратын мал дәрігерлері немесе зоотехниктер жұмыс істейді. Бұзау жеткізіп тұратын мал дәрігерлері мен зоотехниктер бұзаулардың мүйіз-құйрықтарын кесу сияқты қосымша жұмыстарды да қоса атқарады.
Дезинфекция жасайтын отряд өздеріне бекітілген ДУК және «Бабич» машиналарымен комплекстің бас мал дәрігерінің жасаған кестесі бойынша секцияларды зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Босаған секциялардың едені механикалық жолдармен (күрекпен қыру, шлангамен, яғни су қысымымен шайып-жуу) тазаланып, 2 проценттік каустикалық сода ертіндісімен (1 л/м2), содан кейін 24 сағат бойы 20 мл/м3 мөлшерінде формалин (38-40 проценттік формальдегид) қолдана отырып «Бабич» машинасымен аэрозоль түрінде зарарсыздандырылады. Қелесі күні есік терезелер ашылып, 2-3 сағат желдетіледі. Егер формалин иісін жоғалту қажеттігі туса, мүсәтір спиртінің 12 проценттік ерітіндісін 40-50 мл/м3 мөлшерде тұмандатса, формалин иісі 15 минут ішінде кетеді. Содан кейін секция қабырғалары жаңа сөндірілген әкпен әктеледі де 3 күн бойы бос тұрады. Шаруашылықтардан әкелінген бұзаулар мал дәрігерлік байқаудан өткізіліп, толық қабылданғанда олар тұратын секциялар тәулігіне 1-1,5 сағат хлорлы скипидар қоспасымен түтіндетіледі (1 м3 ауа үшін 2 г хлорлы әкке 0,2 г скипидар құйылады). Хлорлы скипидарды түскі үзіліске кетер кезде не болмаса жұмыс аяқталған (секцияда адамдар болмайтын кезде) соң түтіндету керек. Бұзаулардың жалпы клиникалық жағдайларына орай түтіндетуді 7-8 рет қайталаған дұрыс. Сөйтіп аэрозоль-тұман ауаға тарап, микробтардың өршуіне жол бермейді. Аэрозоль әдісімен жасалынған дезинфекция өте нәтижелі болады. Бактерицидтік аэрозоль жабық секцияның қол жетпейтін қуыстарының бәріне тарап, қабырға, еден, шатыр, металл конструкцияларының беттерін, ауаны тоық зарарсыздандырады.
Шаруашылықтардан қабылданған бұзаулардың клиникалық түрде денсаулығы тексеріледі, денесінің қызуы өлшеніп, ак тышқақ пен қылау ауруларына қарсы егілген-егілмегендігі анықталады, тасымалдау кезінде күйі төмен түспес үшін әр бұзаудың бұлшық етіне 10 мың ЕД/кг мөлшерінде тетрациклин антибиотиктері, 0,25 мг/кг хлорпромазин болмаса 0,5 мг/кг аминазин егеді. Әрі 125 гр глюкоза ерітіндісі ішкізіледі. Бұзаулар арнаулы микроклимат режимін сақтайтын автомашиналармен тасымалданады.
Қомплекске келіп түскен бұзауларды мал дәрігері (әрбір мал дәрігеріне үш секция бекітілген, әр секцияда 360 бас бұзау тұрады) қабылдау бөлмелерінде мұқият клиникалық тексеруден өткізіп, оператормен бірге олардың үстін тазалайды, аяқтарын 0,5 процент креолин, формалин немесе басқа дезинфекциялық ерітінділердің бірімен шайып, әрбір бұзауға қылауға қарсы вакцина егеді. Бұзаулардың танау қуыстарын 10 мл 1:500 риванол және 3-5 тамшы экмолиң ерітінділерімен жуады. Риванол мен экмолин ерітінділері бұзаулардың танау кілегейлі қабықтарында жиі кездесетін және тыныс алу органдары ауруларын асқындыруға себеп болатын пастерелла микробтары мен вирустардан тазарады. Бұзаулардың сыртқы ортаның қатерлі әсерлеріне және ауруларға қарсы төзімділік қасиеттерін арттыру үшін әрбір бұзаудың бұлшық етіне 5 мл тривитамин егіліп, көздерінің кілегейлі қабығына новарсенолдың 60 проценттік ерітіндісінен үш тамшыдан тамызылады. Бұзаулар дезинфекцияланған бос секцияларға орналастырылады да (әр клеткаға 18-20 бұзаудан, секцияда барлығы 360 бұзау болады), технологиялық режимге сәйкес күтіп-бағу жұмыстары жүргізіледі. Бұзаулардың денсаулықтарына және физиологиялык жетілуіне қарай алғашқы бес күн ішінде (секцияға орналасқаннан кейін үш күннен соң) асқазан-ішек, тыныс алу органдары зуруларына шалдықпау үшін алдын-алу шаралары ретінде әр бұзауға ішкізетін жасанды сүтпен бірге 5 мг/кг мөлшерінде фурозолидон беріледі. Араға екі күн салып келесі бес күн ішінде биовит 80, тағы да екі күннен кейін соңғы бес күн бойы емдік мөлшерде сульфаниламид препараттары ішкізіледі. Бір ай бойы әрбір он күн сайын тривитамин салынады.
Бұзаулар жылжымалы қондырғылар арқылы ПРК-4* сынап - кварц шамымен нұсқауға сәйкес ультракүлгін сәулелермен қыздырылады. Мұның әсерінен бір-екі айлық бұзаулардың организмінде қоректік заттардың, витаминдердің сіңуі жақсарып, организмнің сыртқы ортаның қатерлі әсеріне қарсы тұру қасиеті артады және ауадағы микробтар саны азаяды.
Комплекстегі бұзаулар арасында жалпы індетті аурулар тарамас үшін, облыс эпизоотиялық жағдайларына және технологиялық ережеге сәйкес бірінші мерзімде өсірілетін (115 күн) бұзауларға таз қотыр мен қараталаққа қарсы, ал екінші мерзімде өсіріліп, бордақыланатын (277 күн) бұзауларға лептоспироз бен аусылға қарсы вакциналар егу жұмыстарын жүргізеді.
Емі. Ауру бұзауларды ғылым мен озық тәжірибелердің жетістіктерін жүйелі түрде енгізе отырып емдеген жөн. Аурудың себептерін анықтап, қоздырғыштарының антибиотиктер мен химиялық дәрілерге сезімталдығы зерттеледі. Антибиотиктерді жекелей емес, аралас қоспалар ретінде қолданса, ол дәрілердің емдік қасиетін күшейтумен қатар микробтардың оларға төзімділігін, бейімделу қабілетін жоюға себін тигізеді.
Ауру бұзауларды емдеу үшін мал организміне ұзақ мерзімге әсер ететін дәрілер қолданған пайдалы. Айталық - дибиомицин, бициллин-5 антибиотигін 5-7 күнде бір рет қана бұлшық етке егу жолымен емдеу әрі жұмыс қолын жеңілдетеді, әрі аз шығын жұмсап, көп бұзау емдеуге мүмкіндік береді. Сонымен тетрациклин қатарына жататын препараттар: тетрациклин, хлортетрациклин, дибиомицин, дитетрациклин, морфоциклин, олететрин - микрплазма, хламидиямен асқынған тыныс алу органдары ауруларын емдеуде жақсы нәтиже береді. Емдеу жұмыстарының нәтижесі ауру бұзаулардың клиникалық жағдайлары жақсарып, дене қызуы қалыпқа түскен кезде ғана белгілі болады.
Емдеу жұмыстары 7-10 күннен кем жүрмеуі керек. Егер осы уақытта ауру малда өзгеріс болмаса емдеу схемаларын алмастыру қажет. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын алдын-ала зерттеп, микробтардың көптеп қолданылып жүрген антибиотиктерге бейімделуін жою үшін, емдеу схемаларын әрбір үш-төрт айда алмастырып отырады.
Өте асқынып диффузиялық іріңді-өліеттенген өкпе зақымына ұшыраған ауру бұзаулар дер кезінде санитарлық бракқа шығарылады.
Ауру бұзауларды клиникалық, эпизоотологиялық көрсеткіштеріне орай, дәрілерді микробтарға қарсы кеңінен қолданумен қатар организмнің ауруларға қарсы тұру қасиетін күшейту үшін жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсарту мақсатында әр түрлі сергіткіш препараттар қолданған жөн.
Өнеркәсіптік комплекстерде тыныс алу органдары ауруларының өте тез тарап, төлді ауруға шалдықтыруына байланысты ауырған малды топтап емдеу қажеттігі туды. Тіпті кейде бірнеше клеткадағы немесе букіл секциядағы бузауларды емдеуге не болмаса сақтандыру жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Осы мақсатпен микробтарға қарсы дәрілерді арнаулы нұсқаулар негізінде аэрозольдік-тұмандату әдісімен пайдалану өте тиімді.
Дәрілерді аэрозольдік-тұмандату әдісімен қолданса, ол тыныс алу органдарына өте жақсы тарап, тікелей өкпе тканьдерінде (бұлшық етке енгізу әдісімен салыстырғанда) концентрациясы 5-10 есе көп болады. Әрі мал қанында дәрі концентрациясы үш сағатта емдік мөлшерге толық жетеді де, дәрілердің емдік қасиеті 30-48 сағат бойы сақталады. Сонымен қатар еңбек шығыны да азаяды. Әрбір малды емдеу үшін бұлшық етке енгізумен салыстырғанда 10-15 есе аз дәрі жұмсалып, ақшалай қаржы үнемделеді.
Аэрозоль әдісімен емдеу үшін бұзауларды жан-жағын бітеп, арнайы жасаған жабық, садыра ағып кететін канализациясы бар және желдетілетін, әрі дезинфекция жасауға да қолайлы камераға кіргізеді. Камераның көлемі әр бұзауға 1,0-1,5 м3 болу керек. Қамераға САГ-1, САГ-2 немесе ДАГ-2 аэрозоль генераторлары арқылы антибиотиктер немесе химиялық дәрілер ауа қысымымен бүркіледі.
Дем алған кезде ауамен бірге бұзаулардың тыныс органдарына дәрілердің белгілі мөлшері еніп, шипалық етеді. Аэрозольдік тұмандату мерзімі – 40-60 минут. Сондықтан аэрозоль біркелкі майда болып, әрі тыныс алу органдарына бірқалыпты енуі үшін компрессорды әлсін-әлсін үзіліс жасай отырып қосу керек. Аэрозольдік-тұмандату әдісі бойынша антибиотик ерітінділерімен тәулігіне бір рет, ал суда еритін сульфаниламид дәрілерінің ерітіндісімен тәулігіне екі рет мал толық жазылғанға дейін емдейді.
Дәрілер ерітіндісін аэрозоль генератторларының стакандарына құяр алдында аэрозоль түйіршіктерінің біркелкі болуы үшін 60 г глюкоза қосып ерітіледі.
Қомплексте ауру бұзауларды емдеу мақсатында микробтардың дәрілерге сезімталдығын ескеріп, антибиотиктер мен сульфаниламидті дәрілерді және нитрофуран препараттарының әр түрлі қоспаларын пайдаландық.
Тыныс алу органдары ауруларын асқындырушы микробтар көк ірің таяқшалары (синегнойная палочка) болған жағдайда тек гентамицин мен карбеницилин антибиотиктерін ғана қолданған жақсы. Тыныс алу органдары ауруы қосалқы індет - қанталап қағыну (пастереллез) түрінде өршісе, көбінесе гентамицинді ампицилинмен немесе олеандомицин, эритромицин, болмаса бисептол, сульфотрим препараттарын гентамицин, олеандомицин, тетрациклин, левомицетин дәрілерімен қоспа түрінде емдеу қажет.
Ал ауру сальмонелла микробтарымен асқынғанда (яғни паратиф болған жағдайда) гентамицин, ниеовегин, мономицин - аминогликозидтік дәрілерін сульфантрол дәрісімен қосып емдеу аурудың өршуін тез тоқтатып, шипалық етеді.
Тыныс алу органдары аурулары қоздырғыш микробтар қанға кенеттен тарап асқынған кезде (пастереллез түрінде) өршіген жағдайда малды аман сақтау мақсатында қымбаттылығына қарамастан морфоциклин, ристомицин, тетраолеан және цепорнн (күніне 2 реттен 100 мың ЕД) секілді антибиотиктердің ерітінділері тікелей қан тамырына құйылады.
Асқынып ауырған бұзаулардан бактериологиялық әдістермен бөлініп алынған микробтардың 11 антибиотикке сезімталдығын зерттеу нәтижелері пеницилин, тетрациклин, аминогликозид және фуразолидон дәрілерінің күштілігін көрсетті.
Дибиомицинді қатарынан бірнеше жыл кеңінен қолдану комплексте жиі кездесетін шартты патогенді микробтардың тетрациклинге бейімделу қабілетін күшейте түсті.
Мысалы ең жиі асқындыратын сальмонелла микробтарының сезімталдығы неоветинге 0,5-2 мкг/мл, фуразолидонға 4-8, ал тетрациклинге - 128 мкг/мл болды.
Осыған орай тетрациклин препараттарын қолдану күрт шегерілді. Болашақта емдеу мақсатында гликозид препараты мен сульфаниламид дәрілері кеңінен қолданылады.
Еліміздің ет өндіретін ірі комплекстерінде вирустік, тыныс алу органдары ауруларының алдын-алу шаралары ретінде ауырып жазылған малдың қан сарысуы кеңінен қолданылып, жақсы нәтижелер беруде.
Бұл үшін 300 кг не одан да көп тартатын, бұрын тыныс алу органдары ауруымен ауырып жазылған, қан сарысуын тексергенде парагрипп-3 вирусына қарсы гемагглютинині 1 : 160 қатынастан кем емес, ал жұқпалы ринотрахеит және диарея вирустарына қарсы антителасы 1 : 8 және 1 : 32 қатынастан кем емес ірі қара (бұқа) қанын ет комбинаттарында сою кезінде жинап, одан сарысу бөліп алынады. Не болмаса шаруашылықтарда, комплекстерде аталған аурумен ауырып жазылған бұзаулардың қанынан мал дәрігерлігі лабораториясының қызметкерлері, бұзаулар толық жазылып, аурудың клиникалық белгілері әбден кеткеннен кейін 30-60 күннен соң сарысу бөліп алып пайдаланды.
Аурудан сақтандыру мақсатында ауырып жазылған малдың қан сарысуымен биофабрика шығаратын глобулиндер бұзауларға араға 12-15 күн салып үш рет мына мөлшерде қолданылады: сарысу - 1 мл/кг, глобулин - 0,7 мл/кг (тері астына егіледі), не болмаса танау қуысына арнаулы медициналық бүріккішпен әр малға сарысу - 2 мл, ал глобулин 1 мл. Бұл препараттарды 10 процент глицерин қосып 2 және 1,5 мл/м3 мөлшерінде аэрозоль түрінде де үш рет қолданған дұрыс.
Егер қан сарысуын дайындауға мүмкіндік болмаған жағдайда тыныс алу органдары ауруымен ауырып жазылған малдың екі айдан соң цитрат қосылған канын тікелей пайдалануға да болады. Бұл үшін хлорлы натрийдің физиологиялық ерітіндісіне 10 ироценттік лимон қишқылды натрий ерітіндісі жасалынып, 1 л қанға 50 мл мөлшерде араластырып қолданылады.
Комплекстерде бұзау арасында сальмонеллез, пастереллез, диплококкоз аурулары таралу қаупі туғанда осы ауруларға қарсы гипериммунды қан сарысуын 1 м3 қораға (секция, тамбур) 2 мл мөлшерде аэрозоль әдісімен қолдану қажет. Бұл сақтандыру шарасы 24-48 сағаттан соң қайталанады.
Комплекстегі пастереллезге шалдыққан бұзау ауруын асқындырмау үшін Азербайжан мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу институты шығаратын вакцинаны қолданған жақсы. Сонымен қоса Қазақ мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу институтының вирусолог мамандары өздері жасаған иммунолактосарысуын (сүт сарысуы) 10 күн үзіліс жасай отырып, аэрозоль ретінде қатарынан 3 рет қолданды. Соның нәтижесінде малды аман сақтаумен қатар бақылау тобындағы бұзаулармен салыстырғанда бірінші мерзімде ұсталған (115 күн) бұзаулардың әрқайсысы салмақты 15 килограмнан артық қосты.
Соңғы жылдары еліміздің ірі комплекстерінде отандық синтетикалық препарат - этоний кеңінен қолданылуда. Этоний микроорганизмдердің антибиотиктерге бейімделу қабілетін жойып, антибиотиктердің дәрулік қасиетін арттырады. Осы мақсатпен комплексте этонийдің 0,25 проценттік ерітіндісін аэрозоль ретінде 10-12 мл/м3 мөлшерде бір рет қана қолдану, ал ауырған бұзауларға аминогликозид, сульфаниламид дәрілерін беру нәтижесінде тәжірибе тобындағы бұзаулардың 97,0 проценті, ал бақылау тобындағы бұзаулардың 92,8 проценті аман сақталды.
Комплексте мал дәрігерлігі ғылымының жетістіктерін өндіріске кеңінен енгізе отырып, мал дәрігерлік-санитарлық шараларды бұлжытпай орындау, тыныс алу органдары ауруларының алдын алу және емдеу жүйелі түрде жүргізіледі.
Әдеб.: Мал аурулары. -Алматы, 1985. -256 б.
Жарияланған-2021-07-07 17:34:08 Қаралды-1210
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану