СОВЕТТІК СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАЛАР ОДАҒЫ, СССР, Совет Одағы - Шығыс Европада, Солтүстік және Орта Азияда орналасқан көп ұлтты мемлекет, жер шарындағы тұңғыш социалистік держава. Ұлы Октябрьлық социалистік революциясы жеңгеннен кейін бұрынғы патшалық Россияның территориясында пайда болған социалистік республикалардың бірігуі нәтижесінде 1922 ж. 30 желтоқсанда құрылды. Солтүстігіндегі шеті Франц-Йосиф архипелагындағы Рудольф аралы (81° 51' солтүстік ендікте), оңтүстігінде - Түрікменстандағы Кушка қаласының маңы (35°08' солтүстік ендікте), батысында - Калининград облысы (19°38' шығыс бойлықта), шығысындағы шеті - Беринг бұғазындағы Ратманов аралы (169°02' батыс бойлықта). Жері 22,4 млн. км2 (дүние жүзінде 1-орын). Халқы 255,5 млн. адам (1.1.1976, дүние жүзінде 3-орын). Құрлықта 12 елмен: батысында - Норвегия, Финляндия, Польша, Чехословакия, Венгрия және Румыниямен, оңтүстігінде - Түркия, Иран, Ауғанстан, Қытай, Монғолия, Корей Халық Демократиялық Республикасымен шектеседі. Құрлықтық шекарасының ұзындығы 20 мың км, теңіздегі шекарасы 40 мың км. Құрамында 15 одақтас республика бар, оларға 20 автономиялық республика, 6 өлке, 120 облыс, 8 автономиялық облыс, 10 ұлт округы, 2029 қала, 3757 қала типі поселке кіреді. Астанасы - Москва қаласы.
Мемлекеттік құрылысы. СССР - социалистік мемлекет. СССР-де бүкіл өкімет билігі қала мен деревнядағы еңбекшілер депутаттары Советтерінің қолында. Пролетариат диктатурасы ретіндегі тұңғыш Совет мемлекеті елімізде социализм толық және түпкілікті жеңуі нәтижесінде жалпы халықтық мемлекетке айналды. Совет қоғамының жетекшісі және бағыттаушы куші -Совет Одағы Коммунистік партиясы (КПСС). СССР-дің, қазіргі Конституциясы 1936 жылы 5 желтоқсанда қабылданды. СССР-дің саяси негізі - жалпы совет халқының мызғымас бірлігі мен еркін білдіретін - еңбекшілер депутаттарының Советтері болып табылады. СССР-дің экономикалық негізі - шаруашылықтың социалистік системасы және өндіріс құралдары мен құрал-жабдықтары мемлекеттік меншігі (бүкіл халық дәулеті), яғни социалистік меншік формасында, не кооператив-колхоз меншігі (жеке колхоздар мен кооператив бірлестіктерінің меншігі) формасында болады. Социалистік меншік мемлекеттік халық шаруашылығын жоспар бойынша белгілеп, тиісті бағытта дамытуды қамтамасыз етеді. СССР-дің шаруашылық тіршілігі қоғам байлығын арттыру, еңбекшілердің материалдық жағдайын және мәдени дәрежесін үздіксіз көтеру, СССР-дің тәуелсіздігін нығайту және оның қорғаныс қабілетін арттыра беру мақсатына бағытталады. СССР - тең праволы Советтік Социалистік Республикалардың өз еркімен бірігуі негізінде құралған одақтық мемлекет. СССР-дің жалпы территориясы өз еркімен біріккен одақтас республикалардың территориясынан құралады, бірыңғай азаматтық (Одақтас республиканың әрбір азаматы СССР азаматы болып табылады), мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары мен мемлекеттік басқару органдары бірыңғай одақтық бюджетке, бірыңғай ақша жүйесіне, СССР-дің біртұтас Қарулы Күштеріне басшылық етеді. СССР заңдарының барлық республикалар территориясында күші бірдей, республика заңы жалпы одақтық заңға сәйкес келмесе, одақтық заң қолданылады. СССР-дің билігіне жататын мәселелер, жұмыстар: халықаралық қатынастарға өкілдік ету, басқа елдермен келісім шарт жасасу, оларды ратификациялау және денонсациялау, одақтас республикалардың шет мемлекеттермен арақатынастарының жалпы тәртібін белгілеу; соғыс және бітім мәселелері; СССР құрамына жаңа республикаларқабылдау; СССР Конституциясыныц мүлтіксіз орындалуын бақылау және одақтас республикалардың Конституцияларының СССР Конституциясына сәйкес болуын қамтамасыз ету; одақтас республикалардың арасындағы шекара өзгерістерін бекіту; одақтас республикалардың құрамында жаңа автономиялы республикалар мен автономиялы облыстардың қүрылуып бекіту; СССР-дің Отан қорғау ісін ұйымдастыру; СССР-дің барлық қарулы күштеріне басшылық ету; одақтас республикалардың әскери құрамаларын ұйымдастырудың басшы негіздерін белгілеу; мемлекеттік монополия негізінде сыртқы сауда жүргізу; мемлекеттік қауіпсіздігін қорғау; СССР-дің халық шаруашылық жоспарларын белгілеу; СССР-дің бірыңғай мемлекеттік бюджетін және оның орындалуы жайындағы есепті бекіту; одақтық, республикалық және жергілікті бюджеттерді құруға түсетін салықтар мен кірістерді белгілеу; жалпы одаққа бағынатын банкілерді, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық мекемелері, мен кәсіподақтарын, сауда кәсіпорындарын басқару; одақтық-республикалық онеркәсіпке және құрылысқа жалпы басшылық ету; жалпы одақтық маңызы бар транспорт пен байланыс жұмыстарын басқару; ақша және кредит жүйесіне басшылық ету; мемлекеттік қауіпсіздендіру ісін ұйымдастыру; қарыз беру; жерді, кен байлығын, ормандар мен суларды пайдалану және оқу-ағарту ісі мен денсаулық сақтау істері жөніндегі ережелерді белгілеу; халық шаруашылық есебінің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру; еңбек жайындағы заң негіздерін белгілеу; сот құрылысы және сот істерін жүргізу туралы заңдардың негіздерін; азаматтық, қылмыстық істер және еңбекпен түзеу заңдарының негіздерін белгілеу; одақ азаматтығы және шетел азаматтарының праволары жайында заң шығару; неке және семья туралы заң негіздерін белгілеу; амнистия туралы жалпы одақтық актілер шығару. Одақтас республикалар - суверенді советтік социалистік ұлттық мемлекеттер (Одақтас Совет республикасы). Советтік социалистік мемлекет СССР-дегі ұлттарға саяси немесе әкімшілік автономия беру негізінде олардың өз еркімен дамуын қамтамасыз етіп отырады. Әрбір республиканың СССР құрамынан еркін шығу правосы сақталады. СССР-дің мемлекеттік өкіметінің жоғарғы органы - СССР Жоғары Советі, ол төрт жылға сайланады және екі палатадан -Одақ Советі мен Ұлттар Советінен құралады; Жоғары Советтің сессиялары аралығында -СССР Жоғарғы Советінің Президиумы. СССР мемлекеттік өкіметінің жоғарғы атқарушы және басқарушы органы -СССР Министрлер Советі. Одақтас және автономиялық республикалардың мемлекеттік өкіметінің жоғарғы органы және жоғарғы басқарушы органы - сол республикалардың Жоғары Советтері мен Министрлер Советі. Мемлекеттік өкіметтің жергілікті органдары - өлкелік, облыстық, автономиялы облыстық, округтік, аудандық, қалалық, селолық еңбекшілер депутаттарының Советтері болып табылады. Жергілікті Советтер өзінің атқарушы басқарушы органдары - атқару комитеттерін сайлайды. Сот жүйесі: СССР Жоғары соты, одақтас және автономиялық республикалардың Жоғары соттары, өлкелік, облыстық, автономиялық облыс соттары, ұлттық, окруттік, аудандық (қалалық) халық соттары және СССР-дің арнаулы соттары (соғыс трибуналдары) - сот әділдігін жүзеге асырады. Мемлекеттік жоғарғы бақылау міндеті СССР-дің Бас Прокурорына жүктеледі. СССР Конституциясы азаматтардың негізгі праволары мен міндеттерін қамтамасыз етіп бекітеді. Ұлты мен нәсіліне, жынысына қарамай шаруашылық, мемлекеттік, мәдени және қоғамдық-саяси өмірдің барлық салаларына қатысуда азаматтардың тең праволы болуы - бұлжымайтын заң. СССР-дің әрбір азаматы СССР Конституциясын, заңдарды мүлтіксіз орындауға, еңбек тәртібін сақтауға, қоғамдық борышын адал атқаруға, социалистік қоғам өмірінің ережелерін құрметтеуге, қоғамдық социалистік меншікті, совет қоғамының, социалистік құрылыстың ардақты негізі ретінде сақтап, нығайтуға міндетті. Отанды қорғау - әрбір азаматтың қасиетті борышы. Отанға опасыздық - барып тұрған жауыздық деп есептеліп, қатал жазаланады. СССР сайлау жүйесінің негізгі принциптері: жалпыға бірдей, тең және төте сайлау правосы негізінде, дауысты жасырын беру жолымен болады. Жасы 18-ге толған барлық азаматтар сайлауға праволы. Жасы 23-ке толған әрбір азамат СССР Жоғары Советіне, 21-ге толған азамат Одақтас республикалар Жоғары Советіне депутат, 18-ге толған азамат жергілікті Советке депутат болып сайлана алады. СССР-дің мемлекеттік гербі, жалауы және гимні бар.
Табиғаты.
Рельефі. СССР территориясы батысынан шығысына қарай 10,0 мың км, солтүстігінен оңтүстігіне - 5,0 мың км. Ең биік жері - Памир тауларындағы Коммунизм шыңы (7495 м), құрлықтың ең төмен жері – Каспийтеңізінің шығыс жағалауындағы Қарақия ойысы (-132 м). СССР-дің батыс бөлігін Шығыс Европа жазығы алып жатыр. Солтүстік-батысында - Карелия мен Кола түбегінің үстірттері, оңтүстік-батысында - Карпат таулары (2061 м), оңтүстігінде -Қырым (биіктігі 1545 м-ге дейін) және Кавказ (биіктігі 5642 м- ге дейін) таулары, шығысында - (Орта орыс, Валдай, Волга маңы, Шығыс Европа жазығының жер бедері біркелкі емес - онда биік қыраттар (Орта орыс, Валдай, Волга маңы, Волга бойы, Днепр маңы, Жалпы Сырт т. б.), төмен ойпаттар (Каспий маңы, Печора, Полесье т. б.) және жазықтар кездеседі. Оралдың шығыс жағында Батыс Сібір жазығы жатыр. Бұл жазық пен Тұран ойпатының екі арасын Торғай үстірті мен Сарыарқа бөліп жатыр. Орта Азияның оңтүстігі мен Тұран ойпатының шығыс жағында «Копетдаг, Тянь-Шань (биіктігі 7439 м-ге дейін) және Памир тау жүйелері орналасқан. Енисей және Лена өзендерінің аралығында Орта Сібір таулы үстірті жайласқан. Одан оңтүстікке қарай Алтай (биіктігі 4506 м-ге дейін), Саян (биіктігі 3491 м-ге дейін), Байқал алдының және Байқал сыртының таулары орналасқан, ал солтүстігінде - Солтүстік Сібір ойпаты мен Бырранга тауы бар. Байқал сырты тауларының шығыс жағында Орал маңы және Приморье жазықтары орналасқан. Бұдан басқа Солтүстік-Шығыс Сібірде, Сахалинде, Камчаткада, Солтүстік Мұзды мұхит аралдарында толып жатқан тау жүйелері қалыптасқан.
Геологиялық құрылысы. СССР территориясы докембрий қатпарлықтарына шалынған көне платформаға (Шығыс Европа және Сібір), палеозой қатпарлықтарынан қалыптасқан Орал-Монғол белдеуіне, мезозой (киммерий) қатпарлықтары орын алған. Чукот-Приморье белдеуіне және альпі қатпарлығының екі белдеуіне (Тынықмұхиттық және Жерортатеңіздік) бөлінеді.
Орал-Монғол белдеуі. Шығыс Европа платформасын оңтүстіктен қоршап, Орал, Жаңа Жер, Батыс Сібір, Таймыр арқылы оны Сібір платформасына жалғастырады. Белдеу оңтүст тікте Қазақстанды, Тянь-Шань, Ал- тай, Салаир, Саян тауларын біріктіріп, Монғолия арқылы шығыста Байқалдың шығыс сыртына жетеді. Осы белдеу Азияның көне өзегі болған Сібір және Қытай платформаларын да бір-біріне жалғастырған және палеозой эрасының соңында байтақ Ангарида материгін түзген. Белдеудің таулы-қыратты өлкелерінде табаны докембрий мен палеозой жыныстарынан құралған палеозойлық және беті мезозой-кайнозой шөгінділерімен жабылған палеозойлық қалқандар, эпигерциндік плиталар (Скиф, Тұран, Батыс Сібір, Торғай ойысы) дамыған. Белдеудің каледондық және герциндік қатпарлы жүйелері Оралда бойлық бағытта, Сарыарқада иіні шығысқа қарай ашылған доғалар жүйесі, Тянь-Шаньда ендік бағыттан солтүстік-батысқа қайқая біткен, Алтайда үнемі солтүстік-батысқа, Салаир-Саян тауларында әр бағытқа (солтүстік-батыс пен ендікке таяу бағытта), Жаңа Жер мен Таймырда солтүстік-шығыс бағытта созылған және көптеген терең жарылықтармен тілінген.
Орал-Монғол белдеуіндегі каж дон қатпарлықтарына Солтүстік Жер аралдары, Көкшетау-Ұлытау, Ерем ментау-Бетпақдала, Солтүстік Тянь-Шань Шыңғыс-Тарбағатай доғалары мен Таулы Алтай, Салаир-Саян жүйесі кіреді. Бұл жүйелерді пәрменді қатпарланып, метаморфизмге шалынған түрлі құрамды интрузиялармен қиылған, құрамы әр текті (терригендік спилит-кератофирлік, флиштік, карбонаттық) докембрийдің, төменгі палеозойдың, силурдың геосинклинальдық жыныстары құраған. Девоннан басталған майысулардан мұнда Теңіз, Жезказған, Шу, Кузнецк, Тува, Минуса, Чулым-Енисей сияқты ойыстар пайда болды. Төменгі девоннан жоғарғы палеозойға дейінгі түрлі құрамды жыныстармен толған бұл ойыстарда тұз, мыс, көмір қабаттары жиылды.
Белдеудің жоғары палеозойда қалыптасқан және герцин қатпарлықтары дамыған аймақтарына Донбасс, Орал мен Жаңа Жер, Таймыр, Оңтүстік Тянь- Шань, Жоңғар-Балқаш геосинклиналы, Алтай жатады. Белдеудің оңтүстік бөлігінде (Тянь-Шань, Жоңғар, Алтай, Салаир-Саян, Шығыс Байқал сырты) неоген-антропоген кезеңдеріндегі аса қарқынды жақпарлық көтерілімдер мен опырылулар неогенге дейін пенепленге айналған тауларды қайта жаңғыртты. Ферғана, Нарын, Ыстық-көл, Шығыс Шу, Іле, Балқаш, Алакөл тауаралық ойыстары қалыптасты.
Орал-Монғол белдеуінің қалған өлкелері горизонтал жатқан мезозой- кайнозой топтарының негізінен континенттік, ішінара теңіздік (жоғары юра,жоғары бор, палеоцен-эоцен) шөгінділерін бүркелген эпигерциндік плиталарға жатады. Дунай сағасын, Қырым, Казказ етектерін қамтыған аумақта Скиф плитасы жатыр. Үстірт, Қара-кұм,Қызылқұм, Арал маңы аймақтап Тұран плитасын құрайды. Батыс Сібір ойысы осы плита құрамында. Торғай ойысы кейінгі осы екі плитаны бір-біріне жалғастырады. Эпигерциндік плиталардың табаны 3500-4000 м құлдилаған (Валах, Солтүстік Үстірт, Оңтүстік Маңғыстау, Ханты-Манси, Омбы т. б. ойыстар). Антеклизалық құрылымдарда палеозой табаны анда-санда жер бетіне шығып (Добруджи, Маңқыстау, Туарқыр), 100-200 м-денКостанай белі) 1000-1500 м-ге дейін (Ставрополь, Қара бұғаз, Қарақтау, Жалы, Васюган) төмен шөккен.
Чукот-Приморье белдеуі. Сібір платформасы мен Монғол палеозой катпарлықтарынан шығысқа қалай Тынық мұхит жағалауына дейін мезозой қатпарлығынан қалыптасқан Чукот-Приморье белдеуі орналасқан. Қатпарлану, интрузиялар енуі, метаморфизм процестері, бұл өлкеде төменгі бор дәуірінде анықталған. Мезозой қатпарлықтары солтүстікте Лена аңғарынан Чукот түбегіне дейін созылған. Жоғары Яна-Чукот жүйесінен, оңтүстікте Байқалдың шығыс сыртынан теңіз жағалауына дейінгі Амур-Приморье сілемінен тұрады. Докемби мен палеозойда бекін платформалық дамуға ауысқан және осы екеуін жан-жағынан қоршаған ортаңғы массивтерге Жоғары Яна-Чукот жүесіндегі Омолон, Колыма, Тайгонос, Амур-Приморье аймағындағы Бурея, Ханка массивтері жатады. Ортаңғы массивтері қоршаған мезозой қатпарлықтары әрі бағытқа созылған антиклинолийлер мен синклинолийлерді құрайды. Антиклиноли йлердің ядролары палеозой, қанаттары триас-юра жыныстарынан, синклинорийлер баяу қатпарланған мезозойдың шөгінді және эффузиялық-шөгінді жыныстарынан түзілген.
Жерортатеңіздік белдеуді Шығыс Карпат, Қырым, Кавказ, Кіші Кавказ, Балқаш, Копет-Даг, Памир антиклинорийлер тізбегі, осы тау жоталарымен аттас бөктерлік ойпаңдар, Рион-Кура ойысы, Қара теңіз бен Оңтүстік Каспий шұңғымалары құрайды. Аталған антиклинорийлердің ядросы докембрий, палеозой қатпарлықтарына шалынған жыныстардан, интрузиялардан, қанаттары мезозой мен палеоген-неогеннің геосинклиналдық-терригендік, флиш, карбонат формацияларынан, ал Кіші Кавказда вулканды жыныстардан түзілген. Қара теңіз, Оңтүстік Каспий шұңғымалары түбінде жер қыртысының мұхиттық типі орын тепкен.
Тынықмұхиттық белдеудің морфоқұрылымдары антиклинорийлер (Коряк, Орта және Шығыс Камчатка, Куриль тізбегі, Сахалин) мен Куриль-Камчатка (тереңдігі 10 300 м), Шығыс Охота сияқты тар, жағалары тікшіл терең сулы науалардан құралған. Бұл өлкеде жоғары антропоген жыныстарына дейін қатпарланғап тау сілемдері көтеріліп, оларға шектес науалар төмен құлдырап, күшті жер сілкінулер мен вулкан әрекеттері қазіргі ұрпақтың көз алдына үздіксіз өтіп жатыр. Жер қыртысы науалар түбінде мұхиттық, Беринг, Охота, Жапон теңіздерінің астында субмұхиттық құрылымды. Сондықтан Тынық-мұхиттық белдеу әрекетті геосинклинальдың қазіргі моделі ретінде қарастырылады. Куриль-Камчатка бойында жарықтарды қуалай орналасқан жүздеген вулкандардың 67-сі әрекетті.
Пайдалы қазындылары. Көмір, газ, темір, марганец, мыс, никель, кобальт, қорғасын, вольфрам, молибден, сүрме, күкірт, фосфорит, калий тұздары, асбест кендерінің барланған қорының мөлшерінен СССР дүние жүзінде 1-орында, ал мұнай, алюминий, жанғыш тақта тастар қоры жөнінен жоғарғы орындардың бірінде.
Көмірдің геологиялық қоры 8670 млрд. т. Оның 80%-і Оралдан шығыстағы өлкелерде орналасқан. Басты бассейндері: Донбасс, Днепрдің оң жағасы, Москва маңы, Печора, Оралдағы Кизель, Кама, Челябинск, Кавказдағы Ткварчели, Ткибули, Қазақстандағы Обаған, Қарағанды, Екібастұз, Орта Азиядағы Ферғана, Сібірдегі Кузбасс, Тунгус, Минуса, Канск-Ачинск, Иркутск, Лена-Вилюй, Оңтүстік Якут, Қиыр Шығыстағы Бурея, Сучан, Сахалин. Жанғыш тақта тастардың барланған қоры 156 млрд. т. Ол Балтық маңында, Волга бойында, Кендірлікте (Қазақ ССР) кездеседі.
Мұнай мен газдың 520-дан артық кен орындары пайдаланылуда. Ірі-ірі бассейндері: Карпат, Днепр-Дон ойысы, Кавказ бөктерлері, Каспий маңы, Волга-Орал, Тиман-Печора, Маңқыстау-Үстірт, Бұхара-Хиуа аудандары, Түрікмен-Тәжік, Батыс Сібір, Ангара-Лена, Таймыр, Сахалин өлкелері.
Темірдің барланған қоры 60 млрд. тоннадан астам, дүние жүзі қорының 40%-і осында. Негізгі қорлары докембрий қабаттарымен байланысты. Ірі бассейндері - Кривой Рог, Курск магнит аномалиясы, Керчь, Тула-Липецк ауданы, Орал, Торғай ойысы, Салаир-Саян, Кавказ (Дашкесан) таулары, Ангара бойы, Оңтүстік Якут ауданы, Кіші Хинган тауы. Титан кендері Оралда, Оңтүстік Украина, Қазақстанда бар.
Марганецтің барланған қоры 760 млн. т. Никополь (Донбасс) мен Чиатура (Кавказ) марганецтің дүние жүзіндегі ең ірі кен орындары. Жезді, Атасу ауданы, Салаир тауларында едәуір қорлары бар. Xромның мол кендері Ақтөбе маңында, Оралда, Кавказ сыртында кездеседі. Никель - кобальт кендеріне Норильск ауд., Кола түбегі, Орал таулары, Сарыарқа бай. Мысалы, кен орындары Қазақстанда (Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл, Ертіс бойы), Орал тауларында, Орта Азияда (Алмалық), Арменияда, Кавказда, Сібір платформасында (Удокан, Норильск тобы) шоғырланған. Қорғасын - мырыш кендері барлық қатпарлы аудандарда бар. Әсіресе Солтүстік Кавказ, Кенді Алтай, Сары-Арқа, Орал, Жоңғар Алатауы, Қаратау, Байқал сырты кендері ерекше орында.
Вольфрам-молибденнің негізгі кен орындары Солтүстік Кавказда, Сарыарқада, Орта Азияда, Байқал сыртында, Қалба-Нарын атырабында шоғырланған. Бұларға және қалайы кендеріне Жоғары Яна-Чукот, Приморье өлкелері аса бай.
Сурьма-сынап кен шоғырлары Тәжікстан, Қырғызстан, Таулы Алтай, Жоғары Яна-Чукот, Камчатка өлкелерінде орналасқан. Асыл металдар (алтын, күміс, платина) Оралда, Сарыарқада, Кавказда, Батыс Өзбекстанда, Алтайда, Шығыс Сібірде, Монғол-Охота, Жоғары Яна-Чукот белдеулерінде, Приморьеде мол кездеседі.
Алюминий өндіретін боксит рудалары Тихвинде, Орал мен Орал сыртында, Торғай ойысында, Орта Азияда, Салаирда, Енисей бұйратындаөндіріледі. Нефелинді сиениттердің өте мол қоры Кола түбегінде, Азербайжанда, Красноярск маңында мол. Фосфор шикізатының барланған қоры 4500 млн. тонна. Оның жартысынан көбі Қаратауда, Хибин тауында, Балтық маңында, Киров-Вятка, Курск, Ақтөбе аудандарында шоғырланған. Калий тұздары қоры жөнінен СССР дүние жүзінде 1-орында. Тек ірі үш бассейннің (Днепр-Дон, Жоғары Кама, Карпат бөктері) қоры 200 млрд. тоннадан асты. Олармен қоса Каспий маңында, Ақтөбе ауданында, Тәжікстанда, Кавказ сыртында біраз кендері бар. Слюдалардың, алмастың, асбестің, әр түрлі тұздардың, флюориттің, күкірттің, графиттің көптеген кендері табылды. Негізгі қазба байлықтар қоры жөнінен Қазақстанның Одақтағы үлесі өте зор. Совет Одағының өндірісі барлық қазба байлықтармен ұзақ мерзімге қамтамасыз етілген.
Климаты. СССР жерінің көпшілік бөлігі қоңыржай белдеуде орналасқан. Поляр шеңберінен солтүстіктегі және солтүстік-шығыстағы өңірлерде субарктикалық және арктикалық климат, Қырымның оңтүстік жағалауында, Кавказдың Қара теңіз жағалауында, Шығыс Кавказ сыртында, Орта Азия оңтүстігінде субтропиктік климат. Қалған бөлігі континенттік климатты. Ауа қабаттары көбінесе батыстан шығысқа қарай қозғалады, бұған Атлант мұхитының үстінде қалыптасатын ауа массаларының тигізетін әсері орасан зор. Климаттың континенттігі батыстан шығысқа қарай арта түседі. СССР территориясы Солтүстік Мұзды мұхит жақтан ашық жатыр, сондықтан арктикалық ауа массалары кейде елдің оңтүстік аудандарына дейін жетеді. Қиыр Шығыстың оңтүстік аудандарына Тынық мұхит теңіздерінің әсері басым, сондықтан мұнда - муссондық климат. Атмосфера циркуляциясының ерекшелігі жылдық маусымына байланысты. Қыста территориясының көпшілік бөлігіне Азия антициклоны әсер етеді. Қыста СССР-дің Европалық бөлігінің оңтүстік өңірлеріне ғана Атлантикадан соғатын циклонның әсері жетеді. Жазда СССР-дің Азиялық бөлігінде томенгі қысым аймағы қалыптасады. Жел мұхиттан материкке қарай соғады. Қаңтардың температурасы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 7°С-тан (Батуми) - 16°С, 28°С-қа (Оңтүстік Сібір, Орал) дейін, - 50° С-қа дейін (Оймяконда абсолюттік минимум - 71° С-қа дейін) төмендейді. Ауаның температурасы шілдеде Солтүстік Мұзды мұхит аралдарында 0°С, тундрада 10-12°С, СССР-дің Европалық бөлігінің орта өңірі мен Оңтүстік Сібірде 16-24°С, елдің оңтүстік шетінде 30-32° С-қа дейін (Термезде абсолюттік максимум 50°С-қа дейін жетеді). Жылдық жауын-шашын мөлшері Европалық бөліктің жазықтары мен Батыс Сібірде 700-400 мм, Шығыс Сібірде 400 мм-ден кем. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияда 200 мм. Таулы өңірлерде жауын-шашын мол болады (Батыс Кавказда 2000-4000 мм-ге дейін). Орманды дала аймағынан оңтүстікке қарай жатқан жерлер жауын-шашын кем түсетін өңір, ал солтүстікке қарай жатқан жерлер жауын-шашын мол түсетін өңір деп есептеледі. СССР территориясының жартысына жуығын (негізінен Енисейден шығысқа қарай) көп жылдық тоң басқан.
Гидрографиясы. СССР-дің территориясы Солтүстік Мұзды мұхиттың, Тынық және Атлант мұхиттарының 12 теңізімен: Ақ, Баренц, Қара, Лаптевтер, Шығыс-Сібір, Чукот, Беринг, Охота, Жапон, Балтық, Қара, Азов теңіздерінің суларымен қоршалған. Ұзындығы 10 км-ден асатын 150 мың шамалы өзен бар. Олардың ішінен ірілері: Солтүстік Двина, Печора, Обь, Енисей, Пясина, Анабар, Лена, Колыма, Яна (жерінің 54%-і, жылдық су ағынының 61%-і Солтүстік Мұзды мұхит алабына жатады), Амур, Анадырь, Камчатка (Тынық мұхит алабы, жерінің 15%-тейі, су ағынының 21%-і), Волга, Жайық, Кура, Амудария, Сырдария (Арал-Каспий алабы, жерінің 23%-і, ағын судың 10%-і), Нева, БатысДвина, Неман, Дунай, Днепр, Дон, Кубань (Атлант мұхиты алабы, жерінің 8%-і, ағын судың 8%-і). Кеме жүзуге және ағаш ағызуға жарамды өзендерінің жалпы ұзындығы 500 мың км-ден астам. Жасанды су жолдары 18,7 мың км Өзендердің энергетика қоры 434 млн. квт (дүние жүзінде 1-орын).
СССР территориясында 2800 мың көл бар; олардың 14-нің әрқайсысының аумағы 1 мың км2-ден асады. Ірілері: Каспий және Арал көлдері аса үлкен әрі тұзды болғандықтан теңіз деп аталады. Бұлардан кейінгілері - Байқал, Балқаш, Ладога, Онега, Ыстықкөл, Таймыр, Ханка. Совет өкіметі жылдарында өзендерде су электр станциялары жанынан Куйбышев, Братск, Рыбинск, Волгоград, Цимлянск, Кременчуг, Каховка, Киев, Бұқтырма, Шардара, Қапшағай богендері жасалды. Территорпясында 2,1 млн. км2 шамалы батпақты жерлер бар (негізінен орманды, орманды- тундра және тундра аймақтарында). Орта Азия, Кавказ, Алтай тауларында, Арктикалық аралдарда 71,7 мың км2 шамалы мұздық бар.
Топырағы, өсімдіктер жамылғысы және жануарлар дүниесі. СССР территориясында топырақтың 90-нан аса типі кездеседі. Папоротник, қырық- буын, плаун тектес өсімдіктердің 17 мыңға жуық түрі өседі. Жануарлар дүниесінде насекомдардың 80-90 мыңдай, моллюскілердің 4 мың, балықтың 1400 түрі, қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 171, құстың 700, сүт қоректілердің 300-ден астам түрі бар. Топырақтың негізгі типтері, өсімдіктері және соған сәйкес жануарлар дүниесінің негізгі түрлері ендік зоналар бойынша орналасқан. СССР территориясы мынадай зоналарға бөлінеді: мұзды зона (арктикалық белдеу), тундра зонасы, орманды тундра зонасы (субарктикалық белдеу), орманды зона, орманды дала зонасы, далалық зона, шөлейт зона, шөлді зона (қоңыржай белдеу), субтропиктер (субтропиктік белдеу). Солтүстік Мұзды мұхит аралдарының басым бөлігі арктикалық жапан мұз зонасына жатады. Жануарлары: ақ аю, ит балық, морж, құстары - кайра, гага, чистик. Елдің Солтүстік Мұзды мұхитқа іргелес жатқан солтүстік бөлігі - тундра және орманды тундра. Тундралық-шөгінді топырақты келеді, батпақ көп. Өсімдіктері - мүк және бұталар, орманды тундрада тырбық ағаштар өседі. Жануарлары: солтүстік бұғысы, ақ түлкі, лемминг, поляр жапалағы, ақ құр; жазда қаз, үйрек, жылқышы көп болады. Орманды тундраның оңтүстігінде батыстан шығысқа қарай орманды зона орналасқан (СССР территориясының 33%-і). Бүкіл елдегі орман өскен жер 746,8 млн. га, орманды жердіц орташа мөлшері 33,4%. Шымқабатты-күлгін топырақты, тоңды-тайгалық топырақты болып келеді т. б. Бұл зонаның оңтүстік бөлігін де қылқан жапырақты орман (шырша, қылқан жапырақтылар, май қарағай, Сібір бал қарағайы, батысында - самырсын, шығысында - даур бал қарағайы) өседі. Европалық бөлікте және Қиыр Шығыста бұл кіші зонаның оңтүстігінде - аралас және жалпақ жапырақты орман кіші зонасы (тек Сібірде ғана жоқ). Неғұрлым көп тараған жануарлары: бұлан, қоңыр аю, сілеусін, құну, бұлғын, қоян, тиін, сұр тышқан, саңырау құр, шіл, сары шымшық, тоқылдақ; оңтүстік-батыста - жабайы шошқа, европа елігі, бұғы, орман сусары; Қиыр шығыста - қара аю, уссури жолбарысы, орман мысығы, жанат тектес ит мекендейді, үйрек, қарабас сарғалдақ т. б. бар. Орманды дала зонасы, әсіресе Шығыс-Европа жазығы мен Батыс Сібір, көбінесе күлгін және қара топырақты келеді. Шағын орман массивтері (батысында - емен, шығысында -терек-қайың ормандары) әр түрлі шөп өскен шалғынды далалармен алмасып отырады. Одан әрі оңтүстікке қарай орманды дала зонасы дала зонасына ұласады. Топырағы - кәдімгі және оңтүстікке тән қара топырақ, оңтүстігінде - қызыл қоңыр топырақ. Әр түрлі шөп өседі. Жануарлары: саршұнақ, атжалман, сұр тышқан, сасық күзен; құстардан: дуадақ, безгелдек, қыран, бөктергі, тырна бар; бауырымен жорғалаушылар көп. Каспий маңы ойпатын, БатысҚазақстан далаларын, Орта Азия жазықтарын шөл және шөлейт зоналар алып жатыр. Бұлар боз-қызыл қоңыр, сұр, қара топырақты келеді, сортаң және сор топырақты жерлер де бар. Өсімдігі сирек. Жусан, сораң шөптермен және сексеуілмен аралас өседі. Жануарлары: тышқан, құм тышқан, бауырымен жорғалаушылар, тұяқтылардан - құлан, ақбөкен, құстардан - сексеуіл және шөл торғайлары т. б. кездеседі. Елдің оңтүстік бөлігінде шағын субтропиктік аудандар бар. Кавказ сыртының батыс жағалауындағы сары және қызыл топырақты жерлерде ылғалды субтропиктік орман өседі, Кавказ сыртының шығысында және Орта Азияның тау бөктерлеріндегі сұр қызыл қоңыр топырақты жерлер - эфемер-жусанды және сораң өсімдікті шөлейт дала. Тауларда топырақ пен өсімдік биіктік белдеу бойынша орналасқан, бұл әсіресе Кавказда айқын байқалады, ал Карпат, Қырым және Орал тауларында, Орта Азия тауларында кемірек кездеседі. Сібір мен Қиыр Шығыс тауларында таулық-тайга мен таулық-тундра ландшафты басым. СССР территориясында90-нан астам қорық бар, олар 7 млн. га-дан астам жерді қамтиды.
Халқы.1976 жылдың басында СССР халқы 255,5 млн-ға жетті. 1913 жылғымен салыстырғанда 56,2%, 1959 жылғымен салыстырғанда 19,0% өсті. Халықтың 83%-тен астамы Октябрьлық революциясынан кейін туғандар. Еркектер 46,3%, әйелдер 53,7%. СССР халықтың саны жағынан дүние жүзінде 3-орында. Одақтас республикалардың ішінде халқыныц саны жағынан РСФСР 1-орында - 53,2%, УССР 2-орында - 19,4%, Қаз. ССР-і 3-орында - 5,5%; одан кейін Өзб. ССР-і - 5,2%, БССР - 3,7%. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 11,1 адамнан. Халық неғұрлым тығыз орналасқан аймақтары - СССР-дің Европалық бөлігінің орталық аудандары, Донбасс, Украинаның оң жағалауы, Молдавия, Кавказ сырты мен Орта Азияның интенсивті ауыл шаруашылық және өнеркәсібі бар аудандары. Сібір мен Қиыр Шығыстың солтүстік аудандарында, Орта Азия мен Қазақстанның шөл және шөлейт аудандарында халық сирек орналасқан. Көптеген жаңа қалалар пайда болды, ескілері әлде-қайда жаңарып өсті. Қалалардың халқы олардағы табиғи өсім, селолық мекендерді қалаларға айналдыру, село халқының біразының қалаға көшуі нәтижесінде көбейді. Елімізде 1926 жылы халқының саны 100 мыңнан асатын 28 қала болған еді, 1973 жылы мұндай қалалардың саны 236-ға жетті. СССР-де халқының саны 1 млн-нан асатын 11 қала бар. (1975-1976): Москва (7734 мың), Ленинград (4311 мың), Киев (2013 мың), Ташкент (1643 мың), Баку (1406 мың), Харьков (1357 мың), Горький (1283 мың), Новосибирск (1265 мың), Куйбышев (1164 мың), Свердловск (1147 мың), Минск (1189 мың). Соңғы жылдары халқының саны миллионнан асқан қалалар саны көбейіп келеді.
1922 жылдан 1972 жылға дейінгі 50 жылда Орта Азия мен Қиыр Шығыста халық саны 4 еседен астам көбейді (бұл мерзім ішінде СССР-де 81,8% өсті). Халық шаруашылығында барлық халықтың 47,8%-і істейді, бұл еңбекке жарамды халықтың 84,8%-не тең. Семья мүшелерімен қоса есептегенде барлық халықтың 59,8%-і жұмысшылар болып табылады. СССР-де 100-ден астам ұлттар мен шағын халықтардың өкілдері мекендейді. СССР-дегі социалистік құрылысжылдарында адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы - совет халқы қалыптасты. Революцияға дейінгі Россияда халықтың 3/4%-і сауатсыз болатын. 1970 жылы халықтың (9 жастан үлкендері) 99,5%-і сауатты болған дәрежеге қол жетті, олардың ішінен 9,4 млн. адамның жоғары дәрежелі білімі болды.
Тарихы.Алғашқы қауымдық құрылыс. СССР жерінде сақталған ежелгі адам мекендері тас дәуірінің (Армениядағы Сатани-Дар тұрағы) шелль мәдениетіне (550-400 мың жыл бұрын) жатады. Кавказдан, Украинадан ашель мәдениетінің (400-100 мың жыл бұрын) ескерткіштері табылған. Мустьер мәдениетінің (100-35 мың жыл бұрын) тұрағы онан әрі Солтүстікке, Еділ мен Десна өзендерінің орта ағысына дейін тараған. Мұндай қоныстар, әсіресе, Қырым мен Орта Азияда көп кездеседі. Бертінгі палеолит кезеңіндегі (б. з. б. 35-10 мың жыл) адамдар мустьер тұрғындарына қарағанда, бұрынғыдан да үлкен аймаққа қоныстанды; олар Орал төңірегі мен Печораға, Батыс-Сібір ойпаты мен Байқал жағалауына, орта Ленаның жазықтығына дейін жетті. Бұл уақытта адамның қазіргі түрі пайда болды. Тұрмыстық қарулар жасалды. Жер асты және жер үсті тұрғын үйлер салынып, аң терісінен киім тігу қолға алынды. Күн көру көзі - аңшылық, балық аулау болды. Алғашқы қауымдық адам шоғыры қоғамдық ұйымның жаңа формасы - аналық туысқандық қауыммен ауыстырылды. Мезолит дәуірінде (б. з. б. 10-6 мыңжыл) садақ пен жебенің жасалуына орай аңшылықтың жаңа түрі қалыптасты. Ал неолит дәуірінде адамдар жартылай отырықшылық тұрмысқа көшті, егін және мал шаруашылығымен айналыса бастады. Қаруды дайындаудың жаңа техникалық сипаты материалдарды арамен кесу, қашау, жону, тас тесу болды. Тұрмыстық заттарды әшекейлеу, жіп иіру, киім тоқу, тігін өнері дамыды. Неолит дәуірінің аяғында металдан, мыстан жасаған қару шықты. Жеке рулардың бірігуі мен өсуі нәтижесінде ірі тайпалар пайда болды. Егіншілік пен мал шаруашылығы, сонымен бірге металлургия алдымен елдің оңтүстігінде дамыды. Б. з. б. 6-5-мың жылдықта Түрікменстанның оңтүстігінде отырықшы егіншілердің ежелгі мәдениеті өмірге келді. Ал 4-3-мың жылдықта тек Орта Азияда ғана емес, Кавказда, Украинада, Молдавияда отырықшы егіншілер мен малшылар қоныс тепті. Солтүстік Кавказда, Оралда және Қазақстанда металлургия орталықтары пайда болды. Олар басқа аймақтарды металмен, одан жасалған бұйымдармен қамтамасыз етті. Шығыс Европаның негізгі бөліктерінде, Орта Азияда, Сібірдің бірқатар аудандарында, Қиыр Шығыста шаруашылықтың өнім беретін салалары игерілді, қоғамдық еңбек бөлісі процестері нығайды, тайпалар арасындағы қарым-қатынас күшейді. Егіншілер мен малшылар, сондай-ақ тайпалар арасында айырбас өсті. Адамдар өнімді мол шығара бастады. Негізгі байлық патриархалды семья басшыларының қолында болды.
Қоғамдық қатынастардың дамуы, тайпалар мәдениетінің өсуі Кавказдағы триалет, Кобан мәдениетінің ескерткіштерінен айқын көрінеді. Кавказдың мәдени-тарихи өркендеуі оның Шығыс елдерімен байланысын күшейтті. Б. з. б. 1-мың жылдықтың 1-жартысында темір металлургиясы дамыды. Темір құралдарын пайдалану өндіргіш күштерді онан әрі өркендетуге жол ашты. Алғашқы қауымдық тұрмыс елдің солтүстігінде - тайгада, тундрада ғана сақталып қалды. Бұл кезеңде оңтүстікте Закавказье мемлекеті өңірінде Урарту, Қырымда грек қалалары мемлекеті; скифтерде (кейін сарматтар) Төменгі Еділден Азов жағалауына дейінгі, онан әрі Батыстың кең аймағын алып жатқан жерлерде алғашқы таптық қоғам мен мемлекеттер құрылды. Скифтер мен сарматтар Солтүстік Доннан Днепрдің орта ағысына дейінгі жерді мекендеген, көршілері егіншілікпен айналысқан тайпалар болғаны зарубинец мәдениеті мен черняхов мәдениетінің ескерткіштерінен көрінеді. Б. з. б. 1-мың жылдықтың орта шенінде Сібір мен Алтайда темір ғасыры туды. Кейінгі қола мен темір ғасырында Қиыр Шығыс тайпалары өзіндік мәдениет жасады. Темір ғасыры көптеген қазіргі халықтардың алғашқы қалыптасу уақыты болды. Кейбір ғалымдардың айтуынша, этногенездік дәйекті пікір болмағанмен, зарубинец пен черняхов тайпалары - славяндардың, дьяков тайпалары - мери, муром және вестердің, городец тайпалары - мордвалардың, ананьин мен пьянобор тайпалары удмурдтар мен комийлердің арғы ата-тегі болса керек. Б. з. б. 1-мың жылдықта СССР территориясында өмір сүріп, басқа тайпалар тағдырына ерекше ықпал жасаған, аты тарихқа белгілі көшпелі халықтар ғундар, аландар, аварлар, булғарлар мен туріктер болды. Бұл көшпелілер рулық-тайпалық құрылысқа бөліну қарсаңында тұрғанымен кейіннен мемлекетке айналған ірі тайпалық одақтарға кірді.
Құл иеленуші құрылыс. СССР территориясында алғашқы қауымдық құрылыстан таптық құрылысқа көшу процесі әрқилы кезеңде өтті. Закавказье мен Орта Азияда, кейбір оңтүстік аудандарда ол б. з. б. 1-мың жылдықта басталды және құл иеленуші мемлекеттердің құрылуына әкеп соқты, ал еліміздің көптеген территориясында ол кешірек - 1-мың жылдықтың 2-жартысы мен 2-мың жылдықтың басында келді. Кешпелі мал өсіруші тайпалар мен халықтарда нақты тарихи жағдайларға байланысты бұл процестердің өзіндік ерекшеліктері болды. Закавказьенің оңтүстік аймақтары б. з. б. 9-6 ғасырларда ежелгі Шығыс Урарту құл иеленуші мемлекетінің құрамына енді. Өзінің билік қуатының күшейген кезецінде (б. з. б. 9 ғасырдың аяғы мен 8 ғасырдың 1-жартысында) таулы Арменияның барлық территориясына иелік етті. Тейшебайни, Тушпа, Эребуни, Халда т. б. урартулық қала-қамалдар Урарту мәдениетінің жоғарылығын көрсетеді. Закавказьеде кейінірек басқа да құл иеленуші мемлекеттер пайда болды. Олар - Колхида патшалығы (б. з. б. 6 ғ.), Иберлер (б. з. б. 4-3 ғ.), Кавказ Албаниясы (б. з. б. 2 ғ.), Ұлы Армения (б. з. б. 2 ғ.). Б. з. б. 1-мың жылдықтың 2-жартысында армян, грузин, албан халықтары (Азербайжан территориясында) қалыптасты. Орта Азияда құл иеленушілік қатынас б. з. б. 1-мың жылдықтың 1-жартысында туды. Жоғары дамыған егіншілік мәдениетінің орталығы Хорезм мен Соғды болды. Кейіннен Грек-Бактрия патшалығы (б. з. б. 250-130 ж. ш.), ал б. з. басында Кушан патшалығы құрылды. Ол б. з. б. 1-3 ғасырларда Бактрияны. Соғдыны, сондай-ақ қазіргі Ауғанстан территориясын, Батыс Пакистан мен Солтүстік Үндістанды өзіне қаратты. 5 ғасырдан бастап Орта Азияда тәжік халқының қалыптасу процесі басталды. Орта Азия мен Закавказье халықтарының тарихы сыртқы жаулармен және көшпелі тайпалармен үздіксіз күрес үстінде қалыптасты. Мәселен, б. з. 1 ғасырда Закавказье Римнің қол астына қарады, сонан кейін Парфия мен Рим арасындағы соғыс аренасына айналды.
Б. з. б. 1-мың жылдықта Солтүстік Қара теңіз жағалауында да таптық қоғам мен мемлекеттер пайда болды. Б. з. б. 6-1 ғасырларда грек отаршылары негізін қалаған қала-мемлекеттер дамыды, 5-4 ғасырларда Боспор патшалығы құрылды. Оның құрамына Шығыс Қырымдағы скиф жерлері және Тамань жарты аралы мен Төменгі Кубань, Шығыс Азов жағалауының меот тайпаларының жерлері түгелдей енді. Грек қалалары жоғары дамыған көне мәдениеттің ошағы болды, ол жергілікті тайпаларға үлкен ықпал жасады. Б. з. б. 2 ғасырда Пантикапеяда Савмак бастаған құлдардың көтерілісі болды. Бұл - СССР территориясындағы тап күресі тарихындағы ірі оқиға. Б. з. б. 7-3 ғасырларда Қара теңіз жағалауы далаларында көшпелі және егіншілікпен айналысатын скиф атты тайпалар өмір сүрді. Олар б. з. б. 7 ғ-да бай елдерге жорық жасап, Закавказьеге, Алдыңғы Азияға, Ассирияның кейбір бөліктеріне басып кірді, Египетке дейін барды. Б. з. б. 5-4 ғасырлардың аралығында Азов теңізінен Төменгі Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан құл иеленуші мемлекеттің іргесін қалады. Б. з. 1 ғасырда бұл аймақ алдымен Рим империясының, кейінірек готтардың, ғұндардың т. б. көшпелі тайпалардың басқыншылық аренасына айналды.
Феодалдық құрылыс. Б. з. 1-мың жылдықтың ортасында Армения, Кавказ Албаниясы (қазіргі Азербайжан территориясы), Грузияда феодалдық қатынастар қалыптасты. Ал кейіннен Азияда орнықты. 7-8 ғасырларда Орта Азия мен Закавказьені арабтар жаулап алды. Олардың халықтары жаулап алушылардың езгісіне қарсы күресті. Орта Азияда (Муканна бастаған, 776- 783), Азербайжанда (Бабек бастаған, 816-837 ж. ш.), Арменияда (арменияның тарих эпосы «Давид Сасунский» жаулап алушылармен күресті жырлайды) ірі көтерілістер болды. Б. з. б. 1-мың жылдықтың ортасында еліміздің Европалық бөлігінде, Сібір мен Қазақстан территорияларында тұратын көптеген егінші және малшы тайпалардың алғашқы қауымдық құрылысында ыдырау процесі басталды. 6 ғасырдың ортасында алтайлық тайпалар ең ірі Турік қағандығы мемлекетін құрды. Ол көп кешікпей Шығыс-Түрік және Батыс-Түрік қағандығына бөлінді. Соңғысының орталығы Жетісу болды, ол Кавказдан Қырымға дейін иелік етті. 704-766 жылдар Іле мен Шу өзендерінің аралығында түркештер тайпалары түрік қағандығын құрды, ал 8 ғасырдың орта шеніне дейін қарлуқ тайпалары Қарлуққағандығын (766-940) құрды. 7 ғасырдың ортасында Солтүстік Кавказ, Азов пен Дон далаларындағы көшпелі және жартылай көшпелі тайпаларды біріктірген Хазар уағандығы Батыс-Түрік қағандығының батысындағы жерлерге ие болды. 7 ғасырдың аяғында қазіргі Советтік Қиыр Шығыс пен кейбір шекаралық аудандарда тунгус тайпаларының мохэ мемлекеті пайда болды. Ол 8 ғасырда Бохай деп аталды. Оның билеушілері тан қытайлары императорларымен күрес жүргізді, 10 ғасырдың басында Бохай мемлекеті құлады.
Шығыс славяндар 9 ғасырда Куявия, Славия және Артакия секілді алғашқы феодалдық мемлекеттердің іргесін қалады. Ал 9 ғасырдың 2-жартысында олар ортағасырлық Европадағы ең ірі мемлекет - Киев Русін құрды. Ол Византия империясының, печенегтер мен половецтердің (қыпшақтардың) шабуылына қарсы табанды күрес жүргізді. Киев Русінің пайда болуы шығыс славян тайпаларының бірігіп, ертедегі орыс жұрты құралуына мүмкіндік туғызды. Соның нәтижесінде кейін орыс, украин, белорус сияқты туысқан халықтар қалыптасты.
10 ғасырда Орта Еділ бойында Еділ-Кама Бұлғариясы пайда болды. Армения мен Грузияда жауынгер феодалдық мемлекеттер құрылып, арабтардың езгісінен босады. 11-12 ғасырларда Закавказье мен Орта Азия халықтары түрік салжұқтарына қарсы күрес жүргізді. 13 ғасырға дейін азербайжан халқының қалыптасу кезеңі аяқталды. Тәжіктер 9-10 ғасырларда Самани әулеті мемлекетін, 11-13 ғасырларда Хорезм мемлекетін құрды. Ал 11-12 ғасырларда өзбек, 14-16 ғасырларда түрікмен, 15-16 ғасырларда қырғыз халықтары қалыптасты.
Натуральды шаруашылықтың үстемдігі жағдайында феодалдық жер иеленушіліктің өсуі сөзсіз жеке феодалдық иеленушіліктің тууына және феодалдық бытыраңқылыққа әкеліп соқты, феодалдардың өзара жер және жұмысшы күші - шаруалар күресін туғызды. Бұл феодализмнің заңды даму кезеңі болды. Ол өндіргіш күштердің, шаруашылықтың өсуін, жаңа жерлердің игерілуін, жаңа қалалардың тууын сипаттады. Көптеген қалалар кәсіпшілік өндірісі мен сауданың, сонымен бірге феодалдық үстемдіктің орталығына айналды. Русьте феодалдық бытыраңқылық 11 ғасырдың 2-жартысында көріне бастады, ал 12 ғасырда өз алдына жеке-жеке бірнеше мемлекет: Оңтүстік-Батыста - Галицк-Волынь князьдығы, Солтүстік-Батыста - новгород феодалдық республикасы пайда болды.
13 ғасырдың басында Орталық Азияда Шыңғысхан бастаған көшпелі монғол тайпаларының алғашқы феодалдық мемлекеті құрылды. Олар Азия мен Европаның едәуір бөлігін басып алып, Монғол империясын құрды. СССР-дің қазіргі территориясы шеңберінен олар Хорезм мемлекетін (1219-1221) талқандады. Закавказьеге басып кірді, ал 1236-1240 жылдар Еділ-Кама Бұлғариясын және орыс князьдықтарын бағындырды. Орыстардың монғол-татарлармен алғашқы соқтығысуы 1223 жылы Калка өзеннде болды. 1237-1238 жылдарБатый хан әскері Рязань, Коломно, Москва, Козельск т. б. орыс қалаларын талқандады. Бірақ Монғол феодалдық империясы іргесі мықты мемлекет емес еді. 13 ғасырдың ортасында екі ірі монғол-татар мемлекеті: Шататай улысы мен Алтын Орда құрылды. Орыс князьдықтары Алтын Ордаға саяси бағынышты болды. Алтын Орданың мемлекеттік құрылысы жартылай әскери сипатта болатын. Ол Жошы балалары билейтін ұлыстарға бөлінді. Бұлар Батыйға бағынатын. Жәнібек тұсында (1342-1357) ұлыстар облысқа айналды. Алтын Орда өзінің әскери ұлылық билігіне жетті. Алайда феодалдық қатынастардың дамуы, орыс және басқа халықтардың азаттық күресінің күшеюі 15 ғасырда Алтын Орданың бірнеше хандықтарға [Қырым (1443), Қазан (1438), Астрахань (1459 ж. ш.), Ноғай Орда (14 ғасырдың аяғы - 15 ғасырдың басы)] бөлініп, күйреуіне әкеліп соқты. 15 ғасырда Қазақстан территориясында Әбілхайыр ханның (1428-1468) мемлекеті қалыптасты.
13 ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Литва мен Солтүстік-Батыс Белоруссия жерінде алғашқы феодалдық мемлекеттік Литва ұлы князьдығы құрылды. Литван және белорус халықтары біріге бастады. Шығыста монғол-татарлардың шапқыншылығына, ал батыста неміс рыцарьларының крест жорықтарына тойтарыс бере отырып (1340 жылдан 1410 жылға дейін жүзге жуық шабуылға тойтарыс берілді), Литваның ұлы князьдығы өз жерін кеңейте түсті: Белоруссияның шығыс және оңтүстік өлкелерін, Украинаны, Смоленск, Северск жерлерін және басқа да орыс аймақтарын өзіне қосып алды. Неміс рыцарьларына қарсы күресін күшейту үшін ұлы литва князы Ягайло Польша королевасы Ядвигамен некеге тұрып, екі мемлекетті Ягайлоның билігіне берді. Сөйтіп 1440 жылдан бастап Ягайлоның мұрагері: бір жағынан Литваның ұлы князы, екінші жағынан Польша королы болып саналды. 1410 жылы 15 шілдеде поляк, литван, белорус, орыс әскерлері Грюнвалъд шайқасында Тевтон ордені әскеріне ойсырата соққы берді. 1569 жылы Польша мен Литваның ұлы князы бір тұтас Речъ Посполита мемлекетіне бірікті.
Латвия мен Эстонияның территориясындағы алғашқы феодалдық мемлекеттердің дамуына Семсерлілер орденінің феодалдық шіркеулік шапқыншылығы елеулі түрде кедергі келтірді. Ливтерді, эсттерді курштерді (1267), зегалдарды (1290) бағындыру нәтижесінде Балтық жағалауында неміс мемлекеттері - Ливон ордені (1237 жылдап), Тевтон ордені, Рига архиепископтігі т. б. құрылған болатын. 14 ғасырдың 50 жылдарына таман дербес Молдавия феодалдық мемлекеті пайда болып, молдаван халқы қалыптаса бастады. 17 ғасырдың басында Молдавия Түркияның тепкісіне түсті. 14-15 ғасырларда дербес мемлекеттер Грузияда (Картли, Кахетия, Имеретия патшалықтары), Азербайжанда оз алдына шаңырақ көтеріп, Түркия мен Иранның шапқыншылығына қарсы күрес жүргізді. Солтүстік-Шығыс Русьтегі орыс князьдықтары 13-14 ғасырлардың аралығында бір мемлекетке бірігу қажеттігін сезіне бастады. Москва, Рязань, Тверь князьдықтары нығая берді. 14 ғасырдың 2-жартысында Москва монғол-татар езгісіне қарсы күрестің бастаушысы болды. Куликов шайқасында (1380) Дмитрий Иванович Донской бастаған орыс әскерлері татар ханы Мамайдың қалың қолын тасталқан етіп жеңді. Иван III Васильевич билік құрған кезде (1462-1505), орыс халқы монғол-татар езгісінен біржола арылды (1480). Москва князьдығына 1478 ж. Ұлы Новгород, 1480 жылдардан кейін Тверь, Вятка, Рязань қосылды. Польша - Литва ұлы мемлекетіне қарсы соғыстың нәтижесінде Верховск және Северск князьдықтары мен Смоленск жері қайтарылды. Сөйтіп 15 ғасырдың 2- жартысы - 16 ғасырдың басында орыстың көп жері біртұтас құдіретті мемлекетке біріктірілді. Мемлекетті орталықтандыру ісін күшейте түсу мақсатымен Иван IV Васильевич (1530-1584 жылдар өмір сүрген, 1547 жылдан патша) әкімшілік, әскери және басқа реформаларды жүзеге асырды; аса қатыгез шаралар (қ. Опричнина) жүйесі арқылы ең соңғы ірі ұлыстарды жойып, боярлардың айбынын басты, шіркеудің қарсылығын тойтарып, патшалық өктем билікке ие болды. Қызмет атқарушы дворяндардың ықпалы күшейді, олар самодержавиенің негізгі тірегіне айналды; ал шаруалардың кіріптарлығы күшейе түсті.
16 ғасырдың ортасында орыс мемлекетіне Қазан хандығы (1552), Астрахань хандығы (1556) қосылды. Оралдың, Сібірдің, Орталық Россиядағы қара топырақты аймақтың байлығын игеру басталды. Батыстағы орыс жерлерін біріктіру Речь Посполитаға қарсы күрес арқылы жүргізілді, өйткені Украина мен Белоруссия соның құрамында еді.
Орыс әскерлерінің Ливония соғысындаты (1558-1583) жеңісі нәтижесінде Ливон ордені ыдырап, оның жерлері Речь Посполитаның билігіне көшті. Отыз жылдыту сотыстан кейін (1618-1648) Балтық жағалауын Швеция мен Речь Посполита өзара бөлісіп алды. 16 ғасырдың басында латыш және эстон халықтарының қалыптасуы аяқталды. 15 ғасырда Закавказье елдеріндегі феодалдық ыдыраушылық күшейе түсті. Грузия, Армения, Азербайжан жерлеріндегі жеке-дара князьдықтарға 16 ғасырда түрік-иран шапқыншылықтары көз алартуын жиілетті. 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басында Орта Азияның егіншілікті аймақтарын түркі тілдес көшпелі өзбек тайпалары жаулап алды. 16 ғасырдың соңында Орта Азияда Бухар хандығы пайда болып, Россиямен дипломатиялық және сауда байланысын орнатты. Өзара ішкі қырқыс, көшпелі тайпалардың жаугершілігі, керуен жолдарының жиі ауысуы 17 ғасырда Орта Азия мен Қазақстан халықтарының дамуын едәуір тежеді. Қазіргі Қазақстан территориясында 16-17 ғасырларда бірнеше хандықтар болды. Олар өзара, көршілерімен қақтығысумен жүрді. 16-17 ғасырларда Қазақстанда феодалдық қатынастар баяу дами бастады. Тұрғындары негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. 16 ғасырдың 40-80 жылдарында Қазақстан мен Бұхар арасында тату көршілік қатынас орнады, бірақ 16 ғасырдың аяғында қазақ феодалдары Сібір хандығымен жәнеБұхармен куреске шықты. 1594 жылы Москваға қазақ елшісі жіберілді, онда Россиямен достық қарым-қатынас орнату мәселесі сөз болды. 16 ғасырдың басында қазақ халқының қалыптасуы негізінен аяқталды.
17 ғасырдың басында Россияда тап қайшылықтары күшейіп, халықаралық жағдай шиеленісе түсті. Қарапайым халық наразылығын туғызды. И. И. Болотников бастаған шаруалар көтерілісін (1606-1607) поляк-литван және швед феодалдары өз мүддесіне пайдалануға тырысты. Итаршылары Лжедмитрий I мен Лжедмитрий ІІ-нің және басқаларының көмегімен, ал кейін поляк-литван феодалдарының ашықтан-ашық жасаған басқыншылығы нәтижесінде Москваны (1610) және Европаның біраз бөлегін басып алды. Басқыншыларға қарсы қалың бұқара көтерілді, М. Минин мен Д. Пожарский бастаған халық жасағы құрылды. Олар интервенттерді Москвадан қуып, Россия мемлекетін қалпына келтірді. 1613 жылы Земский собор орыс патшасы етіп Михаил Федорович Романовты (1613-1645) сайлады, сөйтіп Россияда Романовтар әулетінің патшалық құруы басталды. Феодалдардың саяси және экономикалық үстемдігі нығая түсті. 1649 жылы крепостнойлықты шектеу жойылды.
Речь Посполита мемлекетінде де крепостнойлық тәртіп орнады. Белоруссияда шаруашылықтың фольварлық-барщина жүйесі нығайды. Украин, белорус халықтары крепостнойлық қанауға қоса, ұлттық және діни езгінің де азабын тартты. 16 ғасырдың аяғында украин және белорус халықтарының ұлт-азаттық күресі кең өріс алды. Бүл күресте басты әскери күш Запорожье Сечінің казактары болды. 1590 жылы Белоруссияда Матюша мен Голый бастаған шаруалар Могилев ауданындағы помещиктер тұрағын талқандады. Украинадағы тұңғыш көтеріліс 1591 жылы басталды. Бірқатар ереуілдер өрши келіп, украин және белорус халықтарының 1648-1654 жылдардағы азаттық соғысына ұласты.
1654 жылы Украина Россияға қосылды. 1654-1667 жылдардағы орыс-поляк соғысының нәтижесінде Россия Смоленск жерлерін қайтарып алды. 16-17 ғасырларда Россияның құрамына Поволжьенің, Оралдың, Сібірдің көптеген халықтары қосылды, Қабарда да өз еркімен Россияның құрамына кірді. Крепостнойлық, ұлттық және діни езгіге түскеніне қарамастан, шет аймақтағы ұсақ ұлттардың Россияғақосылуының прогрессивтік мәні бар еді, бұл аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуы жеделдеді. 17 ғасырда Бүкіл россиялық біртұтас рынок құрылып, қалалардың экономикалық және саяси ролі артты, мануфактуралар пайда болды. Сонымен бір мезгілде шаруалардың және қалалардағы бұқара халықтын феодалдардан қашып, іргесін аулақ салуы жиілей берді. Дондағы бұқара ереуілдері Степан Разин бастаған шаруалар соғысына (1670-1671) келіп ұласты.
18 ғасырдың алғашқы тоқсанында Петр І-нің (1682-1725) үкіметі елдің мемлекеттік құрылысы мен экономикасына өзгеріс жасады. Соның нәтижесінде орталық билік нығайып, абсолютизм орнықты. 1721 жылы Россия империя деп жарияланды. Оның халқы 1725 жылы 15,6 млн. адам болды. Ұлан-асыр өнеркәсіп құрылысы басталып, сыртқы саясат жанданды. Халықты қанау да күшейе түсті; мұның өзі қалың бұқараның наразылығын күшейтті ( Астрахань көтерілісі, 1705-1706; Булавин көтерілісі, 1707-1708).
Солтустік соғыстың (1700-1721) нәтижесінде Россия Балтық теңізіне шықты, оның жағалауының басым бөлегін (Эстонияны, Латвияның едәуір жерін) өзіне қосып алды. 1703 жылы Нева өзенінің сағасында Санкт-Петербург қаласы салынды, ол 1712 жылдан бастап Россияның астанасы болды. Россия Қара теңіз бен Азов теңізіне шығу, Балтық теңізінің жағалауына ие болу үшін тынбай күрес жүргізді. Түркиямен болған соғыстың (1735-1739) нәтижесінде Запорожьені, Азовты, ал Швециямен соғыстың (1741-1743) қорытындысында Финляндияның біраз жерін өзіне қосып алды. 1731 жылы Кіші жүз, 1740 жылы Орта жүз қазақтары Россияның құрамына кірді. 1754 жылы ішкі таможня жойылып, ақтық межені айқындау басталды. Мұның өзі дворяндық жер иеленушілікті нығайтып, кеңейте түсті. 1775 жылғы губерния реформасының нәтижесінде Россияда уездерге бөлінген 50 губерния құрылды, дворяндар билігі нығайды (дворяндарға сыйлық грамотасы, 1785), Россияның территориясы кеңейді. Крепостнойлықтың күшеюі Е. И. Пугачев бастаған шаруалар сотысына (1773-1775) әкеп соқтырды. Бұл соғыс аяқталған соң Екатеринаның (1762-1796) үкіметі казактардың өзін-өзі билеу еркіндігін, Жаңа Сечьті жойды.
1772 жылы Речь Посполитаны алғашқы бөліске салудың нәтижесінде (Россия, Пруссия және Австрия арасында) Шығыс Белоруссияның бір бөлігі (Днепр - Батыс Двина линиясына дейін) Россиямен бірікті, Латвия да қосып алынды. 1768-1774 жылдардағы орыс-түрік соғысынан соң Россия Қара теңіздің солтүстік жағалауын, Азов жағалауын, Кубань маңын, 1783 жылыҚырым хандығын қосып алды, 1787-1791 жылдардағы соғыста Түркияны жеңген соң (орыс әскерінің қолбасшысы А. В. Суворов, флот қолбасшысы Ф. Ф. Ушаков) шекара Днестр өзенінің бойымен белгіленді (18-19 ғасырлардағы орыс-турік соғыстары).
Речь Посполитаны екінші рет бөліске салудың нәтижесінде (1793) Украинаның оң жағалауы мен Белоруссияның біраз бөлігі (Минскіні қоса) Россиямен бірікті.
лақ салуы жиілей берді. Дондағы бұқара ереуілдері Степан Разин бастаған шаруалар соғысына (1670-1671) келіп ұласты.
1794 жылы патша әскерлері Т. Костюшко бастаған поляк ұлт-азаттық көтерілісін тұншықтырып басты. Сөйтіп Речь Посполитаның үшінші рет бөліске түсуі (1795) оны мемлекет ретінде жойды; Батыс Белоруссияның біраз бөлігі, Волынь, Курляндия, Литваның басым бөлегі Россияның иелігіне тиді. 18 ғасырың соңына таман Россия халқы 35,5 миллион адамға жетті, қала халқы 4,1% болды.
18 ғасырда орыс ұлтының қалыптасу және ұлттық мәдениетінің даму процесі жүріп жатты; украин, литван, латыш, эстон халықтарының ынтымақтасуы басталды. 1725 жылы Ғылым академиясы өз жұмысын бастады. 1741 жылдан онда М. В. Ломоносов қызмет істеді. 1755 жылы Москва университеті құрылды. Өнеркәсіптің өсуі техникалық ой-өріс белсенділігін арттырды. Әдебиет, өнер, архитектура дамыды. 1801 жылы Шығыс Грузия, 1812 жылы Батыс Грузия мен Бессарабия Россиямен бірікті, 1809 жылы Финляндияны қосып алды.
1812 жылы Отан соғысында орыс армиясы (бас қолбасшы М. И. Кутузов) халықтың қолдауымен Наполеон I бастаған француз басқыншыларын талқандап, Россияның тәуелсіздігін қорғап қалды. Вена конгресініц (1814-1815) шешімі бойынша Польшаның негізгі бөлігі - Польша патшалығы Россияға қосылды. Соғыста жеңіске жету орыс патшалығын нығайтты, енді ол «Европаның жандармы» болып алды. Отан соғысынан кейін (1812) елде азаттық қозғалыс күшейе түсті. 1825 жылы 14 (26) желтоқсанда Петербургте декабристер көтерілісі бұрқ етті. Бұл Россия самодержавиесіне қарсы ең тұңғыш ашықтан-ашық бас көтеру еді (Декабристер). Николай I (1825-1855) патшалық құрған кезеңде, реакцияның күшейе түскеніне қарамастан, революция-демократиялық лагерь қалыптаса бастады (В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. П. Огарёв), астыртын социалистік үйірмелер пайда болды (петрашевскийшілер), идеялық күрес шиеленісе түсті («Батысшылдар», Славянофилдер). Озат ойды таратуда әдебиеттің ролі зор болды (А. Пушкиннің, А. Грибоедовтың, М. Лермонтовтың, Н. Гогольдің творчествосы).
19 ғасырдың 1-жартысында патша саясаты реакциялық сипат алды. Патша ішкі саясатта да, сыртқы саясатта да реакциялық бағыт ұстады, ол Польшадағы (1830-1831) көтерілісті тұншықтырды, Венгр революциясын (1849) басып-жаншуға қатысты. Шығыс мәселесін күшейтті, Кавказды жаулап алуды қолға алды.
19 ғасырдағы орыс-иран соғыстары нәтижесінде Россия Кавказда мықтап орнығып алды; 1804-1806 жылдар Россияға Солтүстік Азербайжан, 1813 жылы Дағыстан, 1828 жылы Шығыс Армения қосылды (Кавказ соғыстары, Орыс-иран соғыстары).Кавказ халықтарының Орыс мемлекетіне қосылуы оларды түрік және иран басқыншыларының тепкісінен құтқарып, капиталистік жолмендамуын тездетті; грузин, армян және азербайжан ұлттарының жақындасуына қолайлы жағдай туғызды. Орыс империясының тұрғындары 1860 жылы 74 млн-нан асып түсті.
Россия мен Таяу Шыгыстагы оған дұшпан мемлекеттердің экономикалық және саяси мүдделерінің қайшылығы бұл елдерді Қырым соғысына (1853-1856) душар етті. Осы соғыста Россияның жеңілуі тап күресін шиеленістірді, крепостнойлық правоны тұйыққа тіреді. Осының бәрі 1861 жылы Александр II патшаны (1855-1881) крепостнойлық правоны жоюға мәжбүр етті.
Капиталистік құрылыс. Монополистік капитализмге дейінгі кезеңдегі Россия (1861-1900). 19 ғасырдың 2-жартысында Россия капиталистікформацияға аяқ басты 1861 жылғы шаруалар реформасы нәтижесінде 22,5 млн. помещик шаруалары еркіндік алды. Реформа барысында көптеген губерниялық шаруалары біраз жерінен айрылды. 1863 жылы басыбайлы шаруалар (2 млн. адамдай), 1886 жылы мемлекеттік шаруалар (18 млн. адам) реформасы басталды. Реформа помещиктердің пайдасына шешілді, бұл шаруалардың наразылығын туғызды. Крепостнойлық правоның жойылуы, кейінгі земстволық (1864), сот (1864), қалалық (1870), әскери т. б. реформалар феодалдық монархиядан буржуазия монархияға өтудің бірден-бір дұрыс жолы болды. Бұл өнеркәсіпте, сондай-ақ ауыл шаруашылығында капиталистік қатынастардың дамуына қолайлы жағдай туғызды.
Шаруалардың жіктелу процесі жеделдей түсті. Мануфактура өндірісі фабрикалық өндіріске ұласты. 1860 жылдан 1900 жылға дейін Россиядағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 7 еседен астам өсті; сыртқы сауданың өсуі Россияның теңіз сауда флотының дамуына мүмкіндік берді. Жаңа қоғамдық таптар-буржуазия мен пролетариат қалыптасты. Өндіріс шоғырланып, акционерлік кәсіпорындар көбейді, синдикаттар құрылды, өнеркәсіптік жаңа аймақтар пайда болды (Оңтүстік, Донбасс, Баку). Орталық аймақтардан жер ауып келгендер Сібірдің тың жерлерін, Солтүстік Кавказдың, Орал маңы мен Приморьенің далаларын игере бастады. 19 ғасырдың 60-80 жылдарында Россияга Орта Азия қосылды. 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы құрылды. 60 жылдарда қазақ жерінің Россияға бірігуі аяқталды. Россияға бірігудің Орта Азия халықтары үшін үлкен прогрессивтік маңызы болды. Алдыңғы қатарлы орыс мәдениетіне жақындаса отырып, Орта Азия мен Қазақстан еңбекшілері жалпы россиялық революциялық қозғалысқа қосылды. 19 ғасырдың аяғында Россия империясының территориясы 22,4 млн. шаршы км болды, халқының саны (1897 жылғы санақ бойынша) 128,2 млн. адамға жетті. Орыс, украин, белорус, латыш, литван, эстон, грузин, армян, молдаван халықтарының буржуазия ұлт ретінде қалыптасуы аяқталды, азербайжан, қазақ, қырғыз, тәжік, түрікмен, өзбекхалықтарының буржуазиялық ұлт болып қалыптасуы күшейе түсті.
Крепостнойлық право жойылғаннан кейін азаттық қозғалысында екінші кезең - буржуазиялық-демократиялық кезең басталды. Россияда бірнеше революция астыртын ұйымдар құрылды. Оның ішінде ең ірілері: 60 жылдарда «Жер және ерік», 70 жылдарда «Халық еркі», «Қаралай бөліс» болды. Революционер-разночиншілер самодержавиені шаруалар революциясы мен жекедара террор жүргізу арқылы құлатуды қолдады. Бірақ Александр II патшаның өлтірілуі (1. 3. 1881) самодержавиені құлатуға ешбір әсер еткен жоқ. Царизм халықшылдар ұйымдарының талқанын шығарды. Жаңа патша Александр ІІІ-нің үкіметі (1881-1894) саяси реакцияны өршітті. Либерал помещиктердің буржуазия-оппозициялық қозғалысы - земство қозғалысы басталды, студенттік қозғалыс күшейді. 70 жылы жұмысшы қозғалысы белсенді сипат алды. Алғашқы жұмысшылар ұйымдары: Одессада «Жумысшылардыц оңтустік россиялық одаты» (1875), Петербургте «Орыс жұмыстарының солтустік одаты» (1878) пайда болды. 80 жылдарда Россияда марксизм тарала бастады. Бұл салада Г. В. Плехановтың 1883 жылы шетелде ұйымдастырған тұңғыш орыс марксистік ұйымы «Еңбекті азат ету» тобының сіңірген еңбегі зор.
19 ғасырдың аяғында бірқатар қалаларда марксистік үйірмелер: Петербургте (1883 жылдың аяғы) Д. Н. Благоевтің, П. В. Точисскийдің (1885), М.И.Брусневтің (1889), Қазанда Н. Е. Федосеевтің (1888) үйірмелері құрылды. В. И. Ленин өзінің революциялық қызметін Федосеевтің үйірмесінде бастады, ал 1893 жылы ол Петербургке келіп, 1895 жылы Петербургтегі «Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағының» негізін қалады, Россияда марксистік революция жұмысшы партиясын құру жолында күресті. Мұндай одақтар Москва, Киев, Екатеринославта құрылды. Орыс азаттық қозғалысының үшінші кезеңі - пролетарлық, лениндік кезең басталды.
1898 жылы 1-3 (13-15) наурызда Минскіде РСДЖП бірінші съезі өтті, ол Россияда марксистік с.-д. жұмысшы партиясының құрылғанын жариялады. Бірақ іс жүзінде партия біртұтас орталықтандырылған ұйым ретінде әлі құрылмаған еді.
Империализм және буржуазия-демократиялық революция кезеңіндегі Россия (1900-1917). 19-20 ғасырлардың екі аралығында Россия алдыңғы қатарлы капиталистік елдермен қатар капитализм жолымен дамудың империалистік сатысына көшті. Өнеркәсіптік монополиялармен бірге Азов-Дон, Петербург, Орыс-Азиаттық т. б. банк түрлері сияқты банк бірлестіктері қаулап өсіп, шетел капиталының ағындап келіп құйылуы да күшейе берді. Россиядағы империализмнің өзіне тән ерекшеліктері болды. Империяның кейбір аудандарында капиталистік қатынастар енді-енді қалыптасып келе жатса, Орта Азияның, Қазақстанның т. б. аймақ халықтары феодалдық даму сатысында ғана отырған болатын; ал көптеген орыс емес халықтарда патриархтық-рулық қатынастардың қалдықтары сақталып қалғанды. Жалпы алғанда Россия әлі аграрлық ел еді.
20 ғасырдың қарсаңында Россияда халық революциясының экономикалық және әлеуметтік алғы шарттары пісіп жетілді. Халықаралық революция қозғалыстың орталығы Батыс Европадан Россияға ойысты. 20 ғасырдың басында Россия өнеркәсібін экономикалық дағдарыс жайлап, 1902-1903 жылдар ол ең жоғарғы шегіне жетті. Фабрика-заводтық инспекцияның толық емес есебіне қарағанда, 1900-1903 жылдар 3 мыңнан астам кәсіпорындар жабылған. Бұл патша мен капитализмге қарсы революциялық қозғалысты жаңа сатыға көтерді. Саяси демонстрациялар мен стачкалар жаппай етек алды. Ленин мен басқа да марксистер пролетарлық партияны құру жолындағы жұмысты кең өрістетті. 1900 жылы лениндік «Искра» газеті шыға бастады. РСДЖП екінші съезінде (1903) партияның Программасы мен Уставы қабылданды. Жаңа сипатты партия Россия еңбекшілерінің революция күресін ұйымдастырушы лениндік большевиктер партиясы құрылды (Совет Одағының Коммунистік партиясы). Большевизм РСДЖП-дегі оппортунистік ағым - меньшевизмге қарсы саяси күреске басшылық етті.
1904-1905 жылдардағы орыс-жапон сотысында жеңіліске ұшырау елдегі революциялық дағдарысты жеңілдетті. 1905 жылғы 9 (22) қаңтарда Россияда буржуазия-демократиялық бірінші орыс революциясы басталды (Буржуазиялық-демократиялық революция). Бұл революциялық кезінде 50 қала мен ірі өнеркәсіпті поселкелерде жұмысшылар депутаттарының Советтері құрылды. Мәмілеге келуге мәжбүр болған патша үкіметі азаматтық бостандық, сөз, жиналыс еркіндігі жөнінде заң шығарушы Мемлекеттік думаны шақыру туралы 1905 жылғы 17 октябрьлық манифесін жариялады. Буржуазиялық партиялар (кадеттер, октябристер) патша үкіметімен ауыз жаласуға асықты. Революцияның шырқау шегі 1905 жылғы Декабрьқарулы көтерілісі болды. Шаруалар қозғалысы кең өрістеді (Россия уездерінің 37%-ін қамтыды), қазан-желтоқсанда 200-дей солдаттар толқуы болды. Патша үкіметі Москва көтерілісін басып-жанышқаннан кейін, революцияның шегіну кезеңі басталды. Патша үкіметі шабуылға шықты. Елде жазалаушы отрядтар мен әскери-дала соттары іске кірісті. Столыпиннің аграрлық реформасы кулактардың нығаюына жағдай туғызды, ал самодержавие кулактардың өзінің революцияға қарсы күресіндегі сенімді тірегі деп білді. 1909 жылдан басталған өнеркәсіптің өрлеуі буржуазияның экономикалық жағынан нығая түсуіне ықпал етті. 1910 жылдан бастап жаңа революция өрлеу басталды, ал Лена қырғынынан кейін (1912) ол бүкіл елді қамтыды. Революциялық қозғалысты ұйымдастыруда «Правда» газеті үлкен роль атқарды.
1914 жылы Германия бірінші дуние жузілік соғысты (1914-1918) бастады. Бұл соғыста Россия Антанта жағына шықты. Соғыс екі жақтан да әділетсіз, басқыншылық соғыс болды. 1915 жылы Россия ірі жеңіліске ұшырады. Немістер Польшаны, Галицияны, Батыс Белоруссияны, Литваны және Латвияның біраз бөлігін басып алды. Бұл соғыс Россияның қоғамдық-экономикалық құрылысы қаншалықты іріп-шірігенін айқын көрсетті, тап қайшылықтарын өршітті. Сонымен бірге ол капитализм дамуын, социалистік революцияның материалдық алғы шартын жасауды тездетті.
1916 жылдың күзінде Россияда революция қайта бас көтерді. Жұмысшы қозғалысы ұлғайды. 1917 жылдыңқаңтарда 270 мың адам қатысқан ереуіл болды. Россияда жаңа халықтық революция пісіп жетілді. 24 ақпандағы (9 наурыз) ереуіл 200 мың жұмысшыны қамтыды. 25 ақпанда (10 наурыз) Петроград жұмысшыларының жаппай саяси ереуілі басталды. Болльшевиктер бастаған Петроград жұмысшылары мен солдаттарының 1917 жылы26ақпандағы (11 наурыздағы) көтерілісі буржуазия-демократиялық ақпан буржуазия революциясына (1917) ұласты (Буржуазиялық революция). 2(15) наурызда Николай II патша тақтан бас тартты. Билік Петроград Советінің қолына тиді, бірақ оның құрамындағы ұсақ буржуазиялық өкілдері - эсер, меньшевиктер үкімет билігін буржуазиялық партияларға беріп қойды. Сөйтіп 2(15) наурызда буржуазиялықУақытша укімет құрылып, кос өкімет жағдайы қалыптасты. Шеткері ұлттық аймақтарында ұлт-азаттық қозғалысы қаулады. Алғашында олардың тізгініне жергілікті ұлттық буржуазиялық ие болды. Украинада «Орталык рада», Түркістанда «Шура-и-Ислам», Қазақстанда «Алаш» сияқты буржуазия-ұлттық партиялар туды. Россияда революциялық буржуазия-демократиялық кезеңмен тоқырап қалмау керек еді, оның социалистік революциямен ұласуы сөзсіз болды.
Социализм дәуірі. Ұлы Октябрь социалистік революциясы (1917) Советтік социалистік мемлекеттің құрылуы. Ақпан революциясы социалистік революция жолындағы маңызды кезең болды. Әлеуметтік прогрестің жолындағы күрестің жоспарын белгіледі. «Барлық өкімет Советтерге берілсін!» деген ұранмен большевиктер партиясы социалистік революцияны бейбіт жолмен дамыту бағытын ұстады. Революциялық мәселелері жөніндегі партия саясатын РСДЖ(б)П Букіл россиялық жетінші (Апрель) конференциясы тұжырымдап берді. Конференция шешімдерінің негізіне В.И. Лениннің «Апрель тезистері» алынған болатын. Большевиктер жұмысшылар арасында, армияда, селода бұқараның қолдауына ие болу үшін белсенді саяси күрес жүргізді. Олар социалистік революциялық жеңісі жолындағы күрестің шешуші күші - жұмысшы табы мен село кедейлерінің одағын шыңдай берді. Советтерде көпшілік дауысқа ие болуға тырысты. Елді шыңырауға тартып бара жатқан үкіметтің қаскөйлік саясатына еңбекшілер қатты наразы екенін көрсетті. Оны Апрелъ дағдарысы (1917), Июнь дағдарысы (1917) және Июль күндерінен көруге болады. Июль күндерінен кейін (1917) қос өкімет те, революцияның бейбіт дамуы да аяқталды. Билік А. Ф. Керенский басқаратын Уақытша үкімет қолына көшті.
Эсер, меньшевиктердің сатқындығы салдарынан Советтер өкімет органдығынан айырылып қалды. Елдегі саяси жағдай күрестің жаңа тактикасын ұсынды. В. И. Ленин «Барлық өкімет Советтерге берілсін!» ұранын алып тастауды ұсынды, қарулы көтеріліске шақырды. РСДЖ(б)П алтыншы съезі (1917 жылдың шілде-тамызы) партияны қарулы көтеріліс әзірлеуге бағыттады.
Корниловшылдық талқандалғаннан кейін Советтерді большевиктендіру кезеңі басталды. «Барлық өкімет Советтерге берілсін!» дейтін ұран енді Уақытша үкіметке қарсы қарулы көтеріліске үндеді. Петроград Советі Президиумының шешімі бойынша1917 жылы 12(25) қазанда қарулы көтерілісті даярлау жөніндегі Орталық Әскери-революциялық комитет құрылды. 1917 жылы 16(29) қазанда РСДЖ(б)П ОК Әскери-революциялық партиялық орталық құрды. Бұл орталық Әскери-революциялық комитеттің құрамына кіріп, онық басшы түйініне айналды.
1917 жылы 24 қазанда (6 қараша) Петроградта қарулы көтеріліс басталды, 1917 жылы 25 қазанында (7 қарашада) революция жеңіске жетті. В. И. Лениннің «Россия азаматтарына» ұраны жарияланды (Ұлы Октябрь социалистік революциясы). Жұмысшы және солдат депутаттары Советтерінің Букіл россиялық екінші съезі [25. 10. (7. 11). 1917] елдегі барлық биліктің Советтерге көшкенін жариялады. Ол Бейбітшілік туралы декрет пен Жер туралы декрет қабылдады, БОАК сайлады, ең тұңгыш жұмысшы-шаруа үкіметін - В.И.Ленин бастаған Халкомсовын құрды. Жаңа тұрпатты мемлекет - пролетариат диктатурасының ірге тасы қалана бастады.
Бүкіл Россияның халықтары социалистік революциялық жолына түсті [Совет өкіметінің салтанатты шеруі, Россия халықтары праволарының декларациясы 2 (15). 11. 1917]. Совет үкіметі елдегі барлық халықтардың теңдігі мен суверенитетін, өзін-өзі билеу, қажет десе жеке бөлініп, өз алдына мемлекет құру правосын жариялады; ұлттық және дінп артықшылықтар мен шектеулерді жоятынын, шағын ұлттар мен этникалық топтардың еркін дамуына жол ашатынын паш етті. Дегенмен шеткері ұлт аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағынан кенже қалуына, жергілікті пролетариат пен большевиктік ұйымдардың әлсіздігіне байланысты бұл жерлерде социалистік революция кешеуілдеп, көптеген қиыншылықтарға кездесті. 1918 жылынаурызға дейін Совет өкіметі орталық губернияларда, Белоруссияда (1917 жылықарашаның ортасы), Украинада, Балтық жағалауында, Азербайжанда, Солтүстік Кавказда, Орта Азияда, Қазақстанда және басқа жерлерде жеңіске жеткен болатын.
Ұлы Октябрьлық социалистік революциясы капиталистер мен помещиктер өкіметін құлатып, әлеуметтік және ұлттық қанаушылықты жойды. Пролетариат диктатурасын орнатып, социализм мен коммунизм құрылысына жол ашты. Октябрьлық революциясының бүкіл дүние жүзілік тарихи жеңісінің дем берушісі және ұйымдастырушысы В. И. Ленин бастаған Компартпя болды. Жұмысшы табы мен кедей шаруалардың одағы социалистік революцияның жеңісіүшін күрестің шешуші күші еді. Октябрьлық революциясының жеңісі нәтижесінде жұмысшы табы қаналушы таптан билеуші тапқа, ал Компартия социалистік мемлекеттің басқарушы партиясына айналды.
1918 жылы қаңтарда Советтердің Біріккен съезі Еңбекші және қаналған халық праволарының Декларациясын қабылдады. Бұл Декларация Советтер Республикасын жариялап, Советтерді пролетариат диктатурасының мемлекеттік формасы ретінде заң жүзінде бекітті. Советтердің Букіл россиялың бесінші съезі (4-10. 7. 1918) алғашқы совет Конституциясын - РСФСР Конституциясын қабылдады. Бұл конституция советтік социалистік қоғамдық және мемлекеттік құрылысты бекітті.
Азамат соғысы және соғыс интервенциясы (1918-1920). Россияның қанаушы таптары шетел империалистерімен одақтаса отырып, Совет өкіметін жоюды, ескі буржуазия-помещиктік тәртіпті қайта қалпына келтіруді басты мақсат етіп қойды. Елдің кейбір аймақтарында контрреволюциялық қарулы қарсылық көрсете бастады. 1918 жылдардың жазына дейін ел территориясының төрттен үшін интервенттер мен ақ гвардияшылар басып алды. Компартия мен Совет үкіметі барлық күшті жауға тойтарыс беруге жұмылдырды. 1918-1919 жылдар Совет үкіметі бірталай саяси және экономикалық шараларды жүзеге асырды, ол тарихқа соғыс коммунизмі деген атпен енді.
РК(б)П сегізінші съезі (1919 жылы наурыз) Компартияның жаңа программасын қабылдады, ол программа елімізде социалистік қоғам орнату жолдарын белгілеп берді. Интервенттерге және ақ гвардияшыларға қарсы жүргізілген кескілескен шайқастарда совет республикаларының әскери-саяси одағы қалыптасты. 1919 жылы маусымда ішкі және сыртқы жауларға қарсы күресу мақсатымен РСФСР, Украина, Латвия және Белоруссияның әскери және шаруашылық жағынан бірігуі жүзеге асырылды («Совет республикалары. Россияның, Украинаның, Латвияның, Белоруссияның дуние жузілік империализммен куресуі ушін бірігуі туралы» Декрет). 1918 жылы 30 сәуірдеТүркістан АССР-і, 1920 жылы 26 сәуірде Хорезм халықтық советтік республикасы, сондай-ақ Бұхар халықтық советтік республикасы (8. 10. 1920) құрылды. Закавказьені азат ету нәтижесінде Азерб. ССР-і (28. 4. 1920), Арм. ССР-і (29. 11. 1920), Груз. ССР-і (25. 2. 1921) жарияланып, бұлар 1922 жылы 12 наурызда федерация құрды, ал сол жылдардың аяғында бұл федерация Закавказье Социалистік Федерациялық Совет Республикасы (ЗСФСР) болып қайта құрылды. РСФСР құрамына Қиыр Шығыс Республикасы қосылды (6. 4. 1920-15. 11. 1922 жылдары өз алдына республика болған). Буржуазиялық өкімет қайта орнаған Эстония, Литва, Латвия және Финляндиямен 1920 жылы бітім шарты бойынша (1921) Батыс Белоруссия мен Батыс Украина буржуазиялық Польшаның қарауына көшті.
Совет республикасының Азамат соғысындағы жеңісі Октябрьлық революциясы жеңісін нығайта түсті және бүкіл дүние жүзілік коммунистік, ұлт-азаттық қозғалыстың етек алуына үлкен ықпал жасады. Совет елі өзіне социалистік құрылыс үшін жағдай туғызды, капиталистік елдермен бейбіт қатар өмір сүруді қамтамасыз етті.
Халық шаруашылыгын қалпына келтіру (1921-1925). Бейбіт құрылысқа көшу күрделі халықаралық жағдайда өтті. Империалистік елдердің басшылары жаңа соғыс жоспарын жасаумен әлектенді, сонымен бірге Советтік Россиямен сауда қатынасын жасаушылар да табылды. Бейбіт құрылысқа көшу кезеңінде Советтердің Букіл россиялық сегізінші съезінің (22-29. 12. 1920) үлкен маңызы болды. Ол өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, транспортты қалпына келтіру жөніндегі шаралар белгіледі, Россияны электрлендіру жоспарын (ГОЭЛРО) бекітті. В. И. Лениннің бастамасы бойынша РК(б)П оныншы съезі (1920 жылынаурыз) азық-түлік салғыртынан азық-түлік салығына, әскери коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа (нэп) көшу туралы шешім қабылдады. Халық шаруашылығын қалпына келтіруге, социалистік экономиканың ірге тасын қалауға жағдай туды.
Экономикалық және мәдени дамудың күллі барысы суверенді Совет республикаларын біртұтас қуатты социалистік мемлекетке біріктіру қажеттігін талап ете бастады. Лениннің жоспары мемлекеттік жаңа бірлестік - Советтік Социалистік Республикалар Одағын құрып, оған барлық совет республикаларын тең праволы жағдайда кіргізуді көздеді. УССР, БССР, ЗСФСР Советтерінің съездері, Советтердің Букіл россиялық оныншы съезі совет республикаларының біртұтас мемлекеттік болып бірігуінің толғағы жеткенін атап көрсетті. 1922 жылы 30 желтоқсанда СССР Советтерінің бірінші съезі ССР Одағын құру туралы Декларацияны бекітті. Онда республикаларды біріктірудің негізгі принциптері: ССР Одағына кірудегі тең праволылық пен еріктілік, Одақтан өз еркімен шығу правосы және Одаққа жаңа социалистік республикалардың емін-еркін кіре алуы тұжырымдалды. Съезд СССР-дің құрылуы туралы Шартты бекітті. ССР Одағы өкіметінің жоғарғы органын - СССР ОАК-ін сайлады (председательдері: М. И. Калинин, Г. И. Петровский, Н. Н. Нариманов, А. Г. Червяков). ОАК-тің 2-сессиясында СССР өкіметі - В. И. Ленин бастаған СССР Халкомсовы құрылды. СССР-ге алғашында РСФСР, УССР, БССР, ЗСФСР кірді.
Материалдық және еңбек ресурстарын біртұтас мемлекетке біріктіру социализм құрылысына қолайлы жағдайлар жасап берді, Компартияның лениндік ұлт саясатының салтанатына айналды. 1924 жылы 24 қаңтарда В. И. Ленин қайтыс болды. Партия ОК-нің шұғыл Пленумы «Партияға, барлық еңбекшілерге» үндеуін қабылдады. РК(б)П ОК партияға кіруге лениндік шақыруын жариялады. Қысқа мерзімде партияға 240 мыңнан астам жұмысшы кірді. СССР Советтерінің екінші съезі (1924 жылы 26 қаңтар - 2 ақпан) СССР-дің 1-Конституциясын бекітті (1924 жылы 31 қаңтар), ОАК құрамында правосы бірдей екі палата: Одақ Советі мен Ұлттар Советі құрылды.
СССР-дегі ұлттық-мемлекеттік құрылыс жалғаса берді. 1925 жылы РСФСР-дің құрамында, губернияларды есептемегенде, 9 автономиялық республика, 15 автономиялық округтар болды. РСФСР 1924-1926 жылдар БССР-ге Витебск, Гомель және Смоленск губернияларының негізінен белорустар мекендеген бірталай уездерің берді; БССР.территориясы 2 еседең астам өсті. УССР-дің құрамында Молд. АССР-і құрылды. 1924-1925 жылдар Орта Азия Совет республикаларының ұлттық мемлекеттік шекараларын белгілеу жүргізілді, соның нәтижесінде Өзб. ССР-і (Тәж. АССР-ін қоса) мен Түрікм. ССР-і құрылды, СССР Советтерінің ушінші съезінде (1925 жылымамыр), олар СССР құрамына қабылданды.
1922-1923 жылдардағы еңбектерінде В. И. Ленин социализм орнату жоспарын одан әрі дамытты, елді индустрияландыру, ауыл шаруашылығын коллективтендіру және мәдени революцияны жүзеге асыру міндеттері тұжырымдалды. 1926 жылы СССР-дің халық шаруашылығы соғысқа дейінгі дәрежеге жетті. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі жөнінен 1927 жылы СССР дүние жүзінде 5-орынға шықты. Партия совет халқының алдына мешеу қалған аграрлы елді алдыңғы қатарлы индустриялық социалистік мемлекетке айналдыру міндетін қойды. БК(б)П он төртінші съезі (1925 жылыжелтоқсан) СССР-ді индустрияландыру міндетін - халық шаруашылығының барлық салаларын техникалық қайта жарақтандыру мен ауыл шаруашылығын социалистік негізге көшіру үшін материалдық база жасау міндетін алға тартты. БК(б)П он бесінші съезі (1927 жылыжелтоқсан) СССР-дегі социалистік құрылыстың алдағы міндеттерін белгілеп, СССР халық шаруашылығын дамытудың 1-бесжылдық жоспарын (1928-1932) жасауға нұсқау берді, ауыл шаруашылығын коллективтендіру бағытын белгіледі. «Бесжылдықты 4 жылда орындайық!» деген ұранмен жұмысшы табы социалистік жарысты өрістетті. 1930 жылдың соңында елдегі жұмыссыздық толық жойылды. 1929-1930 жылдары ауыл шаруашылығын жаппай коллективтендіру және соның негізінде кулактарды тап ретінде жою басталды. СССР халық шаруашылығын дамытудың БК(б)П он жетінші съезі (1933 жылықаңтар-ақпан) бекіткен 2-бесжылдық жоспарының (1933-1937) орындалуы нәтижесінде бүкіл халық шаруашылығын техникалық қайта жарақтандыру мен ауыл шаруашылығын коллективтендіру жүзеге асырылды, еңбекшілердің материалдық және мәдени дәрежесі артты.
1937 жылдың аяғында СССР өнеркәсібінің өнімі 1913 жылғымен салыстырғанда 5,9 есе өсті. Өнеркәсіп өнімін шығару қарқыны бопынша (2- бесжылдықтағы орташа жылдық өсім - 17,1%) СССР басты-басты капиталистік елдерді басып озды, өл өнеркәсіп өнімінің көлемі жөнінен Европада бірінші, дүние жүзінде екінші (АҚШ-тан кейінгі) орынға шықты. СССР-де жаңа, социалистік экономика жасалды, қанаушы таптар жойылды. Жаңа таптар-совет жұмысшы табы мен колхозшы шаруалар табы қалыптасты; жаңа тұрпатты халықтық интеллигенция өсіп жетілді. Мәдени революцияны жүзеге асырудың арқасында 1937 жылы сауатсыздық жойылды. Жұмысшылар мен шаруалардың мәдени-техникалық дәрежесі өсті, олардың социалистік сана-сезімі қалыптасты, түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениет гүлденді. Россияның мешеу қалған шеткері аймақтары өнеркәсіптік-аграрлы социалистік республикаларға айналды. Советтер елі құдіретті индустриялық-колхозды мемлекетке айналды. Компартияның басшылығымен СССР халықтары социализм жеңісіне жетті.
1936 жылы СССР-дің құрамында 11 одақтас республика: РСФСР, Украина, Белоруссия, Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Азербайжан, Грузия және Армения республикалары болды. СССР-дегі социализм жеңісі 1936 жылы 5 желтоқсанда СССР Советтерінің төтенше сегізінші съезінде қабылданған СССР Конституциясында заңдандырылып, бекітілді. Жаңа конституция бойынша 1936 жылы 12 желтоқсанда бірінші СССР Жоғары Советі сайланды. БК(б)П он сегізінші съезі (1939 жылынаурыз) СССР халық шаруашылығын дамытудың 3-бесжылдық жоспарын (1938-1942) бекітті.
Социалистік құрылыстың бұдан соңғы қадамдары 2-дүние жүзілік соғыс (1939-1945) жағдайында өтті. 2-дүние жүзілік соғыс 1939 жылы 1 қыркүйекте фашистік Германияның Польшаға шабуыл жасауымен басталды. Бауырлас халықтарға қол ұшын созған Қызыл Армия 1939 жылы 17 қыркүйекте шекарадан өтіп, қысқа мерзімде Батыс Белоруссия мен Батыс Украинаны азат етті. СССР Жоғары Советінің 5-сессиясы (1-2. 11. 1939) Батыс Белоруссия мен Батыс Украина халықтарының СССР-дің құрамына кіру жөніндегі тілегін қанағаттандырды. Батыс Белоруссия БССР-мен, Батыс Украина УССР-мен біріктірілді. Қызыл Армия азат еткен Вилен өлкесі Литваға берілді. 1940 жылы маусым-шілде айларында Балтық жағалауындағы мемлекеттердің халықтары буржуазия-ұлтшыл үкіметтерін құлатып, Совет өкіметін құрды. Литва, Латыш және Эстон ССР-лері құрылып, СССР құрамына кірді. 1939 жылықараша айында Финляндия соғысқұмарларының арандатуы совет-финн соғысының (1939-1940) басталуына себепші болды. Бітім шарты бойынша (12. 3. 1940) Финляндия территориясының біраз бөлігі СССР-ге тпіп, ол Карель АССР-іне берілді. 1940 жылынаурызда Карель АССР-і Карело-Финн ССР-і болып қайта құрылды. СССР-мен келісім бойынша 1940 жылымаусымда Румыния Совет Одағына Бессарабияны және Буковинаның солтүстік бөлегін қайтарып берді. Бессарабияның көп жері Молд. АССР-іне қосылды, 1940 жылы 2 тамызда Молд. ССР-і құрылды. Украиндықтар мекендеген Солтүстік Буковина мен Бессарабия уездерінің біразы УССР-мен біріктірілді. Ұлы Отан соғысы қарсаңында СССР құрамында 16 одақтас республикасы бар, халқы 191,7 млн. адамға жеткен аса ірі индустриялы-колхозды социалистік мемлекет еді.
Совет Одағының Ұлы Отан соғысы (1941-1945). Шабуыл жасамау жөніндегі шартты арсыздықпен бұзып 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия СССР-ге тарпа бас салды. СССР-ге қарсы соғысқа оның одақтастары - Италия, Финляндия, Румыния, Венгрия қосылды. Фашистік Германия «Барбаросс жоспары» бойынша қимылдай отырып тез жеңіске жетуді ойластырды Компартия мен Совет үкіметінің басшылығымен СССР халықтары басқыншыларға қарсы азаттық соғысына көтеріліп, социалистік Отанын қорғауда табандылық пен батырлықтың өнегесін көрсетті. Совет Одағының Ұлы Отан соғысы (1941-1945), Партизан қозғалысы, Брест қорғанысы (1941), Одесса қорғанысы (1941-1945), Гомель қорғанысы (1941), Могилев қорғанысы (1941), Киев қорғаныс операциясы (1941), Севастополь қорғанысы (1941-1942), Смоленск операциясы (1941), Москва шайқасы (1941-1942), Сталинград шайқасы (1942-1943), Ленинград шайңасы (1941-1944), Курск шайқасы (1943), Смоленск операциясы (1943), Белорус операциясы (1944), Яссы-Кишинев операциясы (1944), Белград операциясы (1944), Балатон операциясы (1945), Висла-Одер операциясы (1945), Берлин операциясы (1945), Ұлы Отан соғысындағы халық ополчениесі (1941-1945).
Совет Армиясы дұшпанның негізгі күштерін талқандап, 1944 жылдың аяғында совет жерін неміс-фашистік басқыншыларынан толық азат етті. 1945 жылы совет әскерлері гитлершілерді Польшадан, Венгриядан, Австриядан, Чехословакиядан қуып шықты. 1945 жылы 8 мамырда фашистік Германия тізе бүкті. Империалистік Жапонияға қарсы соғыс Жапонияның тізе бүгуімен аяқталды.
Ұлы Отан соғысында СССР букіл дүние жүзілік тарихи жеңіске жетті. Ол тек өз бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қана қоймай, Европа мен Азия халықтарын фашистік езгіден сақтап қалды. СССР Батыс пен Шығыстағы өз шекарасының қауіпсіздігін нығайтты. Потсдам конференциясының (1945) шешіміне сәйкес СССР-дің құрамына Кенигсберг округы (1946 жылдан Калининград обл.) кірді. Финляндия мен СССР бітім шартына байланысты СССР-ге Печенг облысы қайтарылды. СССР, АҚШ және Ұлыбритания үкіметтері басшыларының Қырым конференциясының (1945) шешіміне орай Оңтүстік Сахалин мен Куриль аралдары Совет Одағына қайтып берілді. 2-дүние жүзілік соғыстың нәтижесінде дүние жүзілік аренадағы күштердің арасалмағы социализмнің пайдасына шешілді. Дүние жүзілік социалистік система құрылды, отар және тәуелді елдердегі халықтардың ұлт-азаттық қозғалысы кең құлаш жайды, капитализмнің отарлық системасы ыдырай бастады.
Социалпзм құрылысыпың аяқталу кезеңіндегі СССР-дің онан әрі дамуы және бірте-бірте коммунизмге өтуі. Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтап, СССР бейбіт құрылысты қайта қалпына келтірді. Соғыс кезінде еңбекке жарамды адамдар саны барынша азайып кеткен болатын; СССР 20 млн. адамынан, ұлттық байлығының 30%- тейінен немесе 2600 млрд. сомға жуық (соғысқа дейінгі бағамен) байлығынан айрылған еді. Басқыншылар жүздеген қалаларды, 70 мыңнан астам поселкелер мен селоларды, 32 мың өнеркәсіп орындарын өртеп, талқандады, 98 мың колхозды, 1876 совхоз бен 2890 МТС-ті тонады, егістік жердің төрттен бірі кәдеге жарамай қалды. 1948 жылдың аяғында өнеркәсіп соғысқа дейінгі деңгейіне жетті. 4-бесжылдықтың кезінде (1946-1950) 6200 ірі өнеркәсіп орындары қалпына келтірілді және жаңадан салынды, қалалар мен поселкелерде 100 млн. шаршы метр тұрғын үй, селолық жерлерде 2,7 млн. үй салынып, қалпына келтірілді. Елдің соғыс және соғыстан кейінгі жылдардағы (13 жылғы) саяси, шаруашылық және мәдени даму қорытындысын КПСС он тоғызыншы съезі (1952 жылықазан) тұжырымдады. Социалистік шаруашылықты қалпына келтіру мен дамыту халықаралықжаңа жағдайларда жүзеге асырылды. Дүние жүзілік социалистік система пайда болды. 1949 жылықаңтарда Экономикалық Өзара Көмек Советі (СЭВ) құрылды. Совет үкіметінің сыртқы саясатының негізіне әр түрлі қоғамдық құрылыстағы елдердің бейбіт қатар өмір сүру принциптері алынды. Европада соғыс қаупі күшеюіне байланысты (НАТО-ның құрылуы) 1955 жылы 14 мамырда СССР Европаның 8 социалистік мемлекетімен бірге достық, ынтымақ және өзара көмек туралы Варшава шартына (1955) қол қойды.
КПСС жиырмасыншы съезі (14-25. 2. 1957) 5-бесжылдықты қорытындылады, халық шаруашылығын дамытудың 1956-1960 жылдарға арналған Директиваларын қабылдады. Шаруашылықтың барлық салаларында елеулі табыстарға жетудің нәтижесінде 1957 жылға дейін (Совет өкіметінің 40 жылы ішінде) өнімнің жалпы көлемі 1913 жылғымен салыстырғанда 33 есе ұлғайды. 1957 жылы 4 қазанда Жердің бірінші жасанды серігінің ұшырылуы совет ғылымы мен техникасының таңғажайып табысы болды. КПСС жиырма бірінші съезі (27. 1-5. 2. 1959) СССР-де социализм толық және түбегейлі жеңді деп мәлімдеді, елдің экономикалық саяси және идеологиялық тіршілік-тынысының негізгі міндеттерін белгілеп берді. КПСС жиырма екінші съезі (17-31. 10. 1961) Совет Одағы Коммунистік партиясының жаңа, үшінші Программасын қабылдады. Съезд 1919 жылы РК(б)П сегізінші съезінде қабылданған партия Программасының толық орындалғанын хабарлады. СССР-де социализмнің толық және түпкілікті жеңуі оның басты қорытындысы болды. Жаңа Программада СССР-дегі коммунистік құрылыстың негізгі бағыты: коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасау, коммунистік қоғамдық қатынастарды дамыту, жаңа адамды-коммунистік қоғамның белсенді құрылысшысын тәрбиелеу айқындалды. Жұмысшы табының партиясы ретінде туған Компартия енді бүкіл совет халқының партиясы болды.
1964 жылы 14 қазанда КПСС ОК-нің 1-секретары болыпЛ. И. Брежнев сайланды (1977 жылғы 16 маусым СССР Жоғары Советі Президиумының Председателі қызметін қоса атқарады). 1964 жылы 15 қазанда СССР Жоғары Советінің Президиумы А. Н. Косыгинді СССР Министрлік Советінің Председателі етіп тағайындады. 1965 жылы желтоқсанда СССР Жоғары Советі Президиумының Председателі болып Н. В. Подгорный сайланды. КПСС ОК мен Совет үкіметі барлық күш-жігерді совет қоғамындағы экономикалық қатынастарды жетілдірудің түбегейлі мәселелерін шешуге жұмылдырды. Ауыл шаруашылығын дамыту шараларын белгіледі; ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың тұрақты жоспарлары тағайындалды, сатып алу бағасы арттырылды, сөйтіп колхозшылардың қоғамдық өндірісті дамытуға деген материалдық ынтасы артты. КПСС ОКқырқүйек (1965) пленумының «Өнеркәсіпке басшылықты жақсарту, жоспарлауды жетілдіру мен өнеркәсіп өндірісін экономикалық жағынан ынталандыруды күшейту туралы» қаулысы елдің өндіргіш күштерін дамытуға улкен ықпал жасады. Өндірістің көлемі өсті, еңбекшілердің мамандығы, халықтың әл-ауқаты мен мәдени дәрежесі артты. 1961 жылы 12 сәуірде Ю. А. Гагарин басқарған дүние жүзіндегі тұңғыш «Восход» космос кораблін ұшырып, совет ғылымы мен техникасы жаңа жетістіктерін әлемге паш етті. КПСС жиырма ушінші съезі (29. 3.-8. 4. 1966) жеті жылдық жоспардың орындалу қорытындысын жасап, коммунистік құрылысты одан әрі дамытудың негізгі міндеттерін белгіледі, КПСС Уставына өзгерістер енгізді.
60 жылдарда социализм позициялары нығая түсті. СССР коммунистік қоғам орнату кезеңіне көшті, халықтық демократия елдерінің көпшілігі социализм құрылысын аяқтау кезеңіне қадам басты. Социалистік ынтымақ елдерінің дүние жүзілік өнеркәсіп өнімдерін өндірудегі үлес салмағы 1965 жылы 38% болды. СССР Азия мен Африканың өзіндік даму жолына түскен көптеген елдерімен экономикалық сауда және мәдени байланыс орнатты, Кубаны АҚШ-тың агрессиясынан (1961), Біріккен Араб Республикасын, Сирияны және Иорданияны Израиль агрессиясынан (1967) қорғауды батыл жақтады. Екі системаның бейбіт қатар өмір сүру саясаты негізінде көптеген капиталистік елдермен саяси, сауда және мәдени байланыс жақсарды. Коммунистік және жұмысшы партияларының Москвада өткен халықаралық кеңестері (1957, 1960, 1969) қазіргі дәуірдің сипаты, коммунистік және жұмысшы қозғалысының міндеттері жөнінде аса маңызды саяси және теориялық қағидаларды ұсынды. 1970 жылы марксизм-ленинизмнің салтанат құруының бүкілхалықтық мерекесі ретінде В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы тойланды.
КПСС жиырма төртінші съезі (30 наурыз - 9 сәуір1971) КПСС ОК-нің саяси бағыты мен практикалық қызметін мақұлдады. КПСС ОК-нің съезге Есепті баяндамасында атап көрсетілгендей, СССР-де кемелденген социалистік қоғам орнатылуы, оның ерекшелігі «біржолата жеңіп, нығайған социализмнен толық коммунизмге аяқ басқанында» еді (Ленин В. И., Шығ., 22-т., 146-6.). Съезд социалистік құрылыс жылдарында СССР-де адамдардың тарихи жаңа қауымдастығы - совет халқы өсіп қалыптасқанын атап көрсетті. Съезд 8-бесжылдықтың (1966-1970) қорытындыларын шығарып, 9-бесжылдыққа (1971-1975) арналған Директиваларды бекітті. Онда ұлттық табыс 37-40%, өнеркәсіп өнімдерін өндіру 42-46% өсетіні атап көрсетілген. Жоспар бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің орташа жылдық өсімі 20-22% болатыны көзделген. Съезд совет қоғамының бірлігін одан әрі нығайту, социалистік демократияны ұдайы дамыту, қоғам мен мемлекеттікістерін шешуге бұқараны барынша белсенді қатыстыру, еңбекшілердің коммунистік саналылығын көтеру міндетін қойды. Коммунистік құрылыс жоспары совет халқының саяси және еңбек белсенділігін шырқау биікке көтерді.
КПСС жиырма бесініші съезі елімізді жаңа белеске бастап отыр. Онда советтік Отанымызда кемелденген социалистік қоғам орнатып, коммунистік қоғам құрудың ұлы Программасы жасалды. Ол 10-бесжылдық жоспарында айқын бейнеленді. КПСС 25-съезінде жасаған баяндамасында Л. И. Брежнев: «Өткен бесжылдықтың қорытындылары Совет Одағының Коммунистік партиясы лениндік бағытпен жүріп келгенін айқын сипаттап берді. Ол жұмысшы табының, барлық еңбекшілердің, бүкіл халықтың саяси көсемі ролін лайықты орындап келді. Партияның ғылми көрегендігінің күші және саясатының реализмі, оның бұқараның қажыр-қайратын коммунистік құрылыстың міндеттерін шешугө бағыттай білу қабілеті тағы да айқын танылды» - деп атап көрсетті (КПСС XXV съезінің материалдары, А., 1976, 78-6). Біздің партиямыз коммунистік мұраттардың салтанат құруы жолында қажырлы күрес жүргізуде.
Совет Одағының Коммунистік партиясын, Бүкіл одақтық Лениншіл Коммунистік Жастар Одағын, Кәсіпшілер одақтарын Совет Одағының Коммунистік партиясы, Букіл одақтық Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы, Кәсіпшілер одақтары жәнеКәсіподақтардың Букіл одақтық Орталық Советі мақалаларынан қараңыз.
СССР Қарулы Күштері. Қарулы күш совет халқының социалистік жеңістерін, Совет Одағының бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау үшін құрылған. Империалистік мемлекеттердің қарулы күштері - өз еліндегі буржуазияның таптық үстемдігінің қаруы, басқа мемлекеттерді, отар халықтарды басып алу және басып-жаншу құралы. Совет Одағы мен басқа да социалистік елдердің қарулы күштері - революцияның жеңісін, өз елінің және барлық социалистік елдер ынтымағының қауіпсіздігін қорғауға арналған, әрі жер бетіндегі бейбітшілік тірегі, Ол Совет елі халықтарымен біте қайнасқан; советтік патриотизм мен пролетарлық интернационализм рухында,басқа елдердің халықтарын құрметтеу рухында тәрбиеленеді. Қарулы күштердің 5 түрінен (құрғақ жердегі әскерлер, стратегиялық мақсаттағы ракета әскерлері, әуе шабуылынан қорғау әскерлері, Әскери-Әуе Күштері мен Әскери-Теңіз Флоты), әскери басшылықтың жоғарғы органдарынан, шекара әскерлері мен ішкі әскерлерден құралады. СССР Қарулы Күштерінің әрбір түрі әскер (күш) тектерінен және арнаулы әскерлерден тұрады да, оларды бас қолбасшы басқарады. СССР-дің бүкіл территориясы әскери-әкімшілік жағынан алғанда әскери округтарға бөлінген (мыс., Орта Азия әскери округы), теңіздерде Әскери-Теңіз Флоттары мен флотилиялары құрылған. Совет Қарулы Күштерінің жоғарғы басшылығын СССР Жоғары Советі атқарады, ол соғыс және бітім туралы, елдің қорғанысын ұйымдастыру жөнінде заңдар қабылдайды. СССР Жоғары Советінің Президиумы жоғары әскери қолбасшыньі тағайындайды және ауыстырады, Жоғары Советтің сессиялары аралығында жалпы немесе ішінара мобилизация, жекелеген жерлер немесе бүкіл ел бойынша әскери жағдай, соғыс жағдайын жариялайды, әскери атақтар белгілеп, маршал атағын береді. Қарулы күштердің жалпы құрылысына КПСС ОК мен СССР Мин. Советі басшылық етеді. Ал тікелей басшылықты Қорғаныс министрлігі жүргізеді, оның құрамына СССР Қарулы Күштерінің Бас штабы, бас басқармалары мен орталық басқармалары кіреді. Жауынгерлер арасындағы партиялық саяси жұмысты Совет Армиясы мен Әскери-Теңіз Флотының Саяси бас басқармасы бағыттап отырады. Материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді тыл органдары жүзеге асырады. Офицерлер құрамының кадрларын әскери академиялар, училищелер мен білімін жетілдірудің жоғарғы курстары даярлайды. СССР Қарулы Күштерін нығайту мәселесі КПСС-тің ұдайы назарында. Совет Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару - СССР азаматтарының құрметті борышы, ол міндетті түрдегі әскери қызметтен (әскери қызметшілер) және запастағы қызметтен (әскери міндеттілер) тұрады. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің тиісті әскери атағы бар.
СССР Қарулы Күштері даңқты да айбынды жауынгерлік жолдан өтті. Коммунистік партия мен Совет өкіметі оны сыртқы және ішкі контрреволюциядан жас Совет мемлекетін қорғау үшін құрған болатын. 1917 жылы 26 қазан (8 қараша) Халкомсов жанынан Әскери және теңіз істері жөніндегі Комитет құрылды, 1917 жылыжелтоқсанда ол Әскери істер жөніндегі Халкоматы деп аталды. В. И. Ленин 1918 жылы 15(28) қаңтарда Жұмысшы-Шаруа Қызыл Армиясын, ал 1918 жылы 29 қаңтарда (11 ақпан) Жұмысшы-Шаруа Қызыл Флотын құру туралы Халкомсов декретіне қол қойды. СССР Қарулы Күштерінің негізін Қызыл гвардияның отрядтары және бұрынғы патша армиясының революция бөлімдері мен бөлімшелері құрады. 1918 жылы 23 ақпан халықтың барлық күшін социалистік Отанды қорғауға жұмылдыру, еріктілердің Қызыл Армияға жаппай жазылу күні болды, содан бері ол СССР Совет Армиясы мен Әскери-Теңіз Флотының күні ретінде жылма-жыл атап өтіледі. Соғыс қимылдарына басшылық жүргізу үшін 1918 жылы 4 наурызда Жоғары әскери совет құрылды. 1918 жылы 8 сәуірде Халкомсов болыстық, уездік, губерниялық және окр.-әскери комиссариаттар құру туралы декрет қабылдады. 1918 жылдың 22 сәуірінде БОАК-тың салтанатты әскери ант туралы декреті бекітілді, еңбекшілерге жаппай әскерп білім беру тәртібі енгізілді. Советтердің Бүкіл росс. бесінші съезі (10. 7. 1918) жалпыға бірдей әскери міндеттілік негізінде «Қызыл Армияны құру туралы» қаулы қабылдады. 1918 жылдың соңы мен 1919 жылдың басында Қызыл Армияның алғашқы Уставтары енгізілді, 1918-1920 жылдар әскери басшылықтың жоғарғы органдары мен орталық әскери аппараты құрылды. 1918 жылдың күзінде соғыстағы армияның барлық құрамалары армиялар мен майдандарға біріге бастады, оларға Революция-Әскери Советтер басшылық етті.
1919 жылы тұрақты армияға көшу аяқталды. 1920 жылдың аяғында елде 78 атқыштар дивизиясы мен 23 атты әскер дивизиясы, 35 дербес атқыштар бригадасы мен 5 дербес атты әскер бригадасы болды. Азамат соғысы кезінде курстар мен мектептерде, әскери академияларда жұмысшылар мен шаруалардан 40 мың командирлер даярланды.
СССР Қарулы Күштерін құру мен нығайту партияның тікелей басшы- лығы арқылы жүргізілді. 1920 жылытамыздың басында СССР Қарулы Күштеріндегі коммунистердің саны 300 мыңға жетті, бұл бүкіл партия құрамының жартысына жуығы болатын. Азамат соғысы мен шетел интервенциясы кезінде (1918-1920) СССР Қарулы Күштері революцияның жауларын тас-талқан етті; көрнекті қолбасшылар мен әскер басылары өсіп жетілді, совет әскери ғылымы мен әскери доктринасының негізі қаланды. 1924-1925 жылдар әскери реформа жүзеге асырылды. 1925 жылы 18 қыркүйекте міндетті әскери қызмет туралы заң қабылданды, СССР Қарулы Күштері құрлықтағы әскерлер (атқыштар әскері, атты әскер, артиллерия, бронетанк күштері, инженер мен байланыс әскерлері), әуе және теңіз күштері, Біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) әскерлері және конвой күзеті болып бөлінді. 1927 жылдың басында СССР Қарулы Күштерінде 586 мың адам болды. Совет экономикасын ойдағыдай дамытудың арқасында 1929-1941 жылдар СССР Қарулы Күштерінің әскери-техникалық қуаты жедел қарқынмен өсті.
Фашистік агрессияның Совет еліне шабуыл қаупі күшеюіне байланысты БК(б)П мен Совет үкіметі СССР Қарулы Күштерін жан-жақты нығайтуға зор көңіл бөлді. Қайта құру, қайта жарақтандыру және жауынгерлік әзірлік шаралары жүргізілді. Ұлы Отан соғысы басталысымен Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. БК(б)П ОК СССР Қарулы Күштеріне партиялық басшы қызметке 48 мыңнан астам коммунист жіберді, соғыс аяқталған кезде 3 млн. 325 мың коммунист болды (яғни партия мүшесі мен мүшелігіне кандидаттардың 60%-тейі). Партияның саяси және ұйымдастырушылық жұмысы совет халқының қажырлы күш-жігері Совет Қарулы Күштерін ең таңдаулы, техникалық жағынан берік қаруланған армияға айналдыруға көмектесті. СССР Қарулы Күштері неміс фашистерінің күлін көкке ұшырып, Польшаны, Чехословакияны, Югославияны, Болгарияны, Румынияны, Венгрияны, Австрияны, Солтүстік Норвегияны азат етті.
2-дүние жүзілік соғыстан кейін империалистік мемлекеттер НАТО, СЕАТО, СЕНТО т. б. бірқатар агрессияшыл әскери блоктар құрды. Солтүстік атлантикалық одақта (НАТО) біріккен қарулы күштер құрылды, онда АҚШ, сонымен бірге Ұлыбритания мен Герман Федеративтік республикасы басты роль атқарды. Империалистік державалар жанталаса қаруланып жатқан жағдайда, СССР өздерінің қарулы күштерін үнемі жауынгерлік сапта ұстауы керек. Қорғаныс мақсатымен европалық социалистік елдердің Варшава шартына (1955) қол қойылды, оның біріккен қарулы күштері құрылды. СССР Қарулы Күштері Варшава шартына қатысушы елдердің біріккен қарулы күштерін нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға белсене қатысады, социализмнің жемістерін қырағы күзетеді, бейбітшілікті қорғау жөніндегі борышын адал ақтайды.
Халық шаруашылығы. Жалпы сипаттамасы. Октябрьлық революциясына дейін өнеркәсіп өндірісі жөнінен Россия дүние жүзінде 5-орында, Европада 4-орында еді. Өнеркәсіптің неғұрлым маңызды салалары шетелдік капиталдың қарамағында болды. Революциядан кейін елдің экономикасында түбегейлі өзгерістер жасалды. Тарихи қысқа мерзімнің ішін де СССР бұрынғы мешеу қалған аграрлы елден осы заманғы қуатты индустриясы, жоғары дәрежеде дамыған ауыл шаруашылық бар державаға айналды.
Совет Одағы - экономикасы күшті дамыған ел. Коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасау жолында совет қоғамы ілгері қарай ірі қадам жасады. 1960-1970 жылдар ішінде елдің экономикалық потенциалы іс жүзінде екі есе өсті. Өнеркәсіп өнімінің, күрделі қаржылардың, халықтың түрмыс дәрежесін көтеруге мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының абс. өсімі жағынан әсіресе 9-бесжылдықтың еліміз тарихында алатын орны ерекше зор болды.
Елімізде 1970-1975 жылдар ұлттық табыстың жалпы көлемі 34% өсті, оның 75%-і тұтынуға, қалғаны қор жинауға жұмсалды.
1972 жылы СССР-дің өнеркәсіп өнімі бүкіл дүние жүзілік өнімінің 20%-не тең болды. Совет Одағы өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөнінен дүние жүзінде 2-, Европада 1-, шойын және болат қорытудан, темір және марганец рудалары мен тас көмір өндіруден, магистралдық тепловоздар, электровоздар жасаудан, кокс, болат, құбыр, цемент, құрастырмалы темір-бетон конструкциялар мен бөлшектер, мақта, жүн және кенеп мата, май, қант өндіруден, бидайдың, қара бидайдың, арпаның, сұлының, қант қызылшасының, күнбағыстың, бұршақтың, зығырдың жалпы өнімі жөнінен, ағаш дайындау, т. ж. транспортьіның жүк айналымы және электрлендірілген темір жолдың ұзындығы жөнінен дүние жүзінде 2-, Европада 1-орын алады. 1971 жылы қоғамдық өнімнің жалпы мөлшерінің салалық құрылымында өнеркәсіп өнімі 63,3%, ауыл шаруашылық өнімі 15,9%, транспорт пен байланыс өнімі 3,9%, құрылыс өнімі 10,9% сауда, дайындау т. б. салалардың үлесі 6,1% болды.
Халық шаруашылығының барлық салаларының шапшаң дамытылуы еңбекшілердің әл-ауқат дәрежесінің ұдайы артуын қамтамасыз етіп келеді. СССР-де халықтың жан басына шаққандағы нақты табыс әр 15 жыл сайын екі есе өседі. 9-бесжылдықта жұмысшылар мен қызметкерлердің ақшалай жалақысынын орташа айлық мөлшері 20% артып 146 сомға, ал қоғамдық қорлардан берілетін жәрдем мен жеңілдіктерді қосқанда - айына 198 сомға жетті. Село еңбеккерлерінің тұрмыс дәрежесі де едәуір артты. 9-бесжылдық жылдарында өндіріс құралдарын өндіру мен тұтыну бұйымдарын өндірудің қарқыны одан әрі жақындай түсті. Ауыл шаруашылық одан әрі дамуда, еңбек өнімділігі артып келеді, өндірістік күштерді орналастыру жақсаруда. Халық шаруашылығын дамытуда СССР дүние жүзілік социализм системасының басқа елдерімен тығыз ынтымақтасып отырады. СССР және Экономикалық Өзара Көмек Советіне кіретін басқа елдер өнеркәсіп және транспорт объектілері құрылысы, отын және шикізат базасын дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асыруда, машина жасау, металлургия, химиялық және халық шаруашылығының басқа салаларын барған сайын кеңінен кооперациялауда.
Өнеркәсібі -халық шаруашылығының басты саласы; қоғамдық өнімнің жалпы мөлшері жөнінен (1971) ауыл шаруашылығынан 4 есе асып түседі. СССР-де өнеркәсіптің даму қарқыны басты-басты капиталистік елдердегіден едәуір жоғары. 1951-1971 жылдар өнеркәсіп өнімінің өсімі СССР-де 10% болса, АҚШ-та 4,2%, ГФР-де 7,3%, Ұлыбританияда 2,8% болды. 9-бесжылдықта СССР дамыған капиталистік елдермен экономикалық жарыста едәуір ілгеріледі. Біздің елімізде өнеркәсіп өнімін өндіру жылына орта есеппен 7,4% артты, ал АҚШ пен «Ортақ рынок» елдерінде не бары 1,2% өсті. Ал 1950-1975 жылдар арасындағы 25 жылда өнеркәсіп өнімі өсімінің орташа жылдық қарқыны СССР-де 9,6% болғанда, дамыған капиталистік елдерде - 4,6% мөлшерінде қалды.
1913 жылғымен салыстырганда 1972 жылы өндіріс құралдарын өндіру 246, көпшілік тұтынатын бұйымдар өндіру 35 есе артты. Электр энергиясын өндіру 400, машина жасау мен металл өңдеу 934, химиялық және мұнай- химия өнеркәсібі 517 есе өсті. Өнеркәсіп өндірісі негізгі қорларының 85%-ке жуығы және елдің өнеркәсіп жұмысшыларьіның 75%-тейі ауыр өнеркәсіп салаларында шоғырланған. Революцияға дейінгі дәуірде өнеркәсіп өнімінің 3/4-тейін Орталық, Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік өнеркәсіпті аудандары беретін еді. Шығыс аудандардың (Оралды қоспағанда) беретіні елдегі өнеркәсіп өнімінің 10%-не де жетпейтін. Совет өкіметі тұсында елдің шығысында екінші көмір-металлургия базасы жасалды. 1971 жылы шығыс аудандар барлық өндірілген электр энергиясының 37,9 %-ін, көмірдің 51,2%-ін, қорытылған шойынның 38,5%-ін, болаттың 42,5%-ін, өндірілген мұнайдың 28,4%-ін, газдың 33,2%-ін, құрылыс ағашының 49,1%-ін берді. СССР-дің Европалық бөлігінде де өнеркәсіптің орналасуында өзгерістер болды. Жаңа өнеркәсіп орталықтары (Череповец, Киров, Волхов, Воркута, Курск магнит аномалиясы ауданында т. б.) құрылды, бұрынғы кәсіпорындар жаңартылды, металлургия, машина жасау және химиялық зауыдтары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары салынды. Өнеркәсіпті дамытуда барлық одақтас республикалар орасан зор табыстарға жетті. 1972 жылы өнеркәсіптің жалпы өнімі 1913 жылғымен салыстырғанда РСФСР-де 106 есе, УССР-де 69, БССР-де 124, Өзб. ССР-нде 48, Қаз. ССР-нде 169, Груз. ССР-нде 90, Азерб. ССР-нде 36, Литв. ССР-нде 95, Молд. ССР-нде 170, Лат. ССР-нде 30, Қырғ. ССР-нде 227, Тәж. ССР-нде 99, Арм. ССР-нде 209, Түрікм. ССР-нде 53, Эст. ССР-нде 41 есе өсті.
Жалпы одақтық территориялық еңбек бөлінісінде басқа одақтас республикалар сияқты Қаз. ССР-інің алатын орны ерекше. Түсті металлургияның, көмір, машина жасау өнеркәсібінің, химиялық өнеркәсібінің кейбір салаларының одақтық маңызы бар. Қара металлургия жалпы одақтық мамандандыру дәрежесіне жетті. Өнеркәсіптің жалпы өнімі жөнінен Қазақстан 3-орында (РСФСР мен УССР-ден кейін). 1961-1971 жылдар бүкіл өнеркәсіп өнімі 2,8 есе, электр энергиясын өндіру 3,6 есе, қара металлургия өнімі 4,3 есе, химиялық және мұнай өнеркәсібі өнімі - 5 есе, машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібінің өнімі 3,6 есе арттырылды. Еліміздің 3- (Қарағанды бассейні) және 4-(Екібастұз бассейні) көмір ошақтары Қазақстанда. Республиканың батысында мұнай және газ өнеркәсібі құрылып, ол шапшаң дамып келеді. Маңғышлақ игеріле бастағалы, 10 жылға толмайтын уақыт ішінде, 100 млн. тге-дан астам мұнай өндірілді. 9-бесжылдықта негізгі өндірістік қорлар 1,6 есе ұлғайды, электр энергиясын өндіру 1,5 есе, мұнай өндіру 1,8 есе, газ өндіру 2,5 есе, шойын қорыту 2,1 есе, болат қорыту 2,2 есе, қара металдар прокатын өндіру 1,6 есе, минералдық тыңайтқыштар өндіру 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе, полиэтилен өндіру 2,1 есе кобейді.
КПСС 25-съезінің шешімдеріне сәйкес республика өнеркәсібін одан әрі өркендету жолында жаңа міндеттер жүзеге асырылуда.
1975 жылы жаңа өндіріс қуаттарын іске қосудың, бұрыннан бар кәсіпорындарды кеңейтудің және жаңартудың нәтижесінде аса маңызды өнімдерін өндіру жөнінен төмендегідей мөлшерде қосымша өнім алынды; электр энергиясы 62,2 млрд. квт-саг, мұнай (газ конденсатын қоса) өнімдері - млн. т, газ - 28,7 млрд. м3, көмір - 16,8 млн. т, шойын-3,1 млн. т, болат - 5 млн. т, қара металдар прокаты -6,1 млн. т, темір рудасы - млн. т. минералдық тыңайтқыштар (шартты өлшеммен) - 9,8 млн. т, автомобиль - 118 мың, тракторлар -19,3 мың, астық комбайны - 9,2 мың.
1971 жылы елдің отын балансында мұнай мен газдың үлесі 61,3%-ке жетті, ал көмірдің үлесі 37%-ке дейін кеміді (1913 жылы көмір 48%, мұнай 30,5%, ағаш 20,1%, шымтезек 1,4% болған еді). Патшалық Россияда өндірілетін барлық мұнайдың 97%-ін Кавказдағы кәсіпшіліктер (Баку, Грозный, Майкоп) беретін. Соғыстан кейінгі кезеңде Волга-Орал мұнайлы ауданы мұнай ендіретін негізгі ауданға айналды. Батыс Сібірдің мұнай кен орындары игерілуде; Қазақстанда (Маңқыстау түбегінде), Коми АССР-нде, Белоруссияда мұнай өндірілетін жаңа аудандар ашылды. Елдің барлық экономикалық аудандарында дерлік мұнай айыру зауыдтары салынған. Табиғи газ Украинада, Солтүстік Кавказда, Кавказ сыртында, Волга бойы, Өзбекстанда, Қазақстанда, Түрікменстанда т. б. жерде өндіріледі. Батыс Сібірдегі, Коми АССР-ндегі, Орынбор облысындағы аса бай газ кен орындары игерілуде. Совет өкіметі тұсында жаңа көмір бассейндері игерілді: Кузнецк, Қарағанды, Печора, Канск-Ачинск, Екібастұз. Бұларда өндірілетін көмірдің жалпы мөлшері революңияға дейінгі елдегі көмірдің 9/10-ын беріп келген Донбасстан асып түсетін болды. Отын өнеркәсібінің шымтезек (БССР-де), тақта тас (Эст. ССР-нде) өндіру сияқты салалары да дамыды. Электр станцияларының қуаты 1971 жылы 175,4 млн. квт-қа жетті. СССР электр энергетика шаруашылығының негізі жылу электр станциялары, олар барлық электр энергиясының 83%-ін береді. Негізгі өнеркәсіп аудандарында қуаты 2 млн. квт және одан артық электр станциялары шешуші роль атқарады. Өзендерде дүние жүзіндегі аса ірі СЭС-тер: Волга-Кама, Днепр, Ангара-Енисей каскадтары салынған. Атом энергетикасы дамытылуда. Елдің Европалық бөлігінің, Орталық Сібірдің, Солтүстік Қазақстанның т. б. біріккен энергетика жүйесі жасалынған. Революцияға дейінгі Россияда шойын мен болат қорыту Донбасс пен оған іргелес аудандарда, Оралда шоғырланған еді. Совет өкіметі тұсында Сібірде, елдің Солтүстік-Батысы мен Оңтүстігінде, Қазақстанда ірі металлургия кәсіпорындары пайда болды. Қара металлургияның басты орталықтары: Магнитогорск, Төменгі Тагил, Челябинск, Донецк, Макеевка, Енакиево, Краматорск, Жданов, Запорожье, Днепродзержинск, Днепропетровск, Кривой Рог, Новокузнецк, Череповец, Липецк, Тула, Қарағанды, Рустави. Түсті металлургия дамыды: мыс, мырыш, қорғасын қорыту өсті, алюминий, магний, никель, қалайы, асыл және сирек кездесетін металдар өндірісі қалыптасты. Түсті металл рудаларын өндіруде Орал, Қазақстан, Сібір, Қиыр Шығыс, Орта Азия, Кавказ басты роль атқарады. Машина жасау мен металл өңдеу (барлық жұмысшылардың */з- нен артығы осында істейді) - өнеркәсіптің басты саласы. Совет өкіметі тұсында трактор, автомобиль, самолет, станок, прибор жасау салалары т. б. пайда болды және кеңінен өркендетілді. Революцияға дейінгі Россияда ең қарапайым станоктар мен механизмдер ғана жасалатын, ал аса күрделі жабдықтар шетелдерден әкелінетін. Бесжылдықтар кезінде СССР-де аса күрделі машиналар мен жабдықтарды жасау игерілді. Машиналардың көптеген түрлерін жасау жөнінен СССР неғұрлым өркендеген капиталистік елдерді басып озды. Елдің барлық экономикалық аудандарында машина жасау орталықтары бар. Орта Азияда, Кавказда, Қазақстанда, Белоруссияда, Литвада машина жасау өндірісі кеңінен дамытылуда. Машина жасаудың негізгі аудандары және олардың мамандандырылуы: Орталық (жалпы, транспорт, ауыл шаруашылық машиналарын, станок, автомобиль, трактор, прибор, электр-техникалық машиналарын жасау), Ленинград (ауыр, транспорт, дәл машина жасау), Донецк-Днепр маңы (ауыр, транспорт, ауыл шаруашылық, машиналарын, автомобиль жасау), Орал (ауыр, транспорт машиналарын, станок, трактор жасау), Волга бойы (станок, автомобиль, транспорт машиналарын жасау), Белоруссия (станок, автомобиль, трактор, ауыл шаруашылық машиналарын жасау), Балтық маңы (дәл, транспорт машиналарын, станок жасау), Солтүстік Кавказ (ауыл шаруашылық және транспорт машиналарын жасау), Сібір (ауыр, ауыл шаруашылық, транспорт машиналарын, станок жасау), Кавказ сырты (станок және автомобиль, транспорт машиналарын жасау), Қазақстан (транспорт, ауыл шаруашылық машиналарын жасау), Орта Азия (ауыл шаруашылық машиналарын жасау), Қиыр Шығыс (транспорт машиналарын жасау) аудандары. Отандық шикізат базасында қуатты химиялық өнеркәсібі қалыптасты. Оның жақа салалары: азот, пластмасса, химиялық талшығы, синтетикалық каучук т. б. шығару дамытылды. Минерал тыңайтқыштар, қышқылдар, содалар өндіру орасан зор мөлшерде арттырылды. Химиялық өнеркәсібінің ірі орталықтары Украинада, Орталықта, Волга бойында, Оралда, Сібірде, Қазақстанда, Орта Азияда, Белоруссияда, Балтық маңы, Кавказ сыртында. Патшалық Россияда барлық дайындалатын ағаштың 52%-і елдің Европалық бөлігінің орталық және батыс аудандарында ендірілетін еді. 1971 жылы солтүстік және шығыс аудандарда құрылыс ағаштарының 78%-ін берді. Күрделі құрылыстың кең өрістелуі құрылыс материалдарының ірі өнеркәсібін жасауды талап етті. Совет өкіметі тұсында тұрғын үй-коммуналдық өнеркәсіп те жақсы дамытылды.
1913-1972 жылдар қалалардағы тұрғын үй қоры 180 млн. м2-ден 1700 млн. м2-ге дейін өсті. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көп арттырылды. Революңияға дейін жеңіл өнеркәсіп негізінен Орталық аудандарда шоғырланған және сырттан алынатын шикізатпен жұмыс істеген еді. Бесжылдықтар кезінде Орта Азияда, Кавказ сыртында, Белоруссияда, Украинада, Оралда, Қазақстанда, Сібірде жеңіл өнеркәсіп орындары салынды. 1913-1972 жылдар жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру 24,6 есе арттырылды. Революцияға дейін тамақ өнеркәсібі жалпы өнімінің құны жөнінен 1-орын алатын. Ұсақ майдагерлік кәсіпорындар басым еді. Социалистік құрылыс жылдарында аса қуатты тамақ индустриясы жасалды. Елдің барлық республикаларында, өлкелері мен облыстарында ірі тамақ кәсіпорындары салынды. Балық негізінен ашық мұхиттардан ауланады. Балық аулау флотының негізгі базалары Қиыр Шығыс пен Балтық жағалауында, бұларда елімізде өндірілетін балықтың жартысынан көбі ауланады. 9-бесжылдықты орындаудың нәтижесінде 1975 жылы өнеркәсіп өнімі 1970 жылғы дәрежеден 47%-ке көбейді. Электроэнергетиканың (әсіресе атомдық), машина жасаудың, химиялық, мұнай-химиялық, кен өнеркәсібінің жедел дамытылуы қамтамасыз етілді, еңбек өнімділігі 39%і-ке жуық арттырылды.
Ауыл шаруашылығы. Революцияға дейінгі Россияда ауыл шаруашылық-халық шаруашылығының негізгі саласы болатын; өнімнің 2/3%-сі осы саладан алынды, халықтың 3/4%-і осы салада істеді; мешеу қалған, товарлығы төмен еді. Ауыл шаруашылық жарамды 367 млн. га жерден 232 млн. га жер помещиктердің, монастырьлардың, кулактардың меншігінде болды. Совет өкіметі тұсында лениндік кооперация жоспарын жүзеге асырудың нәтижесінде дүние жүзіндегі жоғары дәрежеде механикаландырылған ірі ауыл шаруашылық өндірісі жасалды.
Совет өкіметі тұсында ауыл шаруашылығына 320 млрд. сом күрделі қаржы, оның ішінде соңғы екі бесжылдықта ғана (1966-1975 жылдар) 213 млрд. сом күрделіқаржы жұмсалды; колхоздар мен совхоздар 3 млн-нан астам трактор, 900 мың астық комбайнын, 1 мпн. 800 мың жүк және арнаулы автомоб., көп млрд-таған сомға басқа да ауыл шаруашылық техникасын алды; минералдың тыңайтқыштарды пайдалану 2,8 есе, өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын қолдану 2 есе-ден астам өсті; 6,4 га суармалы жерлер пайдалануға берілді. 1974 жылы ауыл шаруашылығында электр энергиясын пайдалану 1965 жылғыдан 3,5 есе, ал 1940 жылы бүкіл одақ көлемінде пайдаланылғаннан 1,5 есе артты. Осы екі бесжылдық ішінде дәнді дақылдардың шығымдылығы 1,4 есе, қоғамдық шаруашылықтағы еңбек өнімділігі 5-8% өсті. 9-бесжылдықта астықтың орташа жылдық түсімі 14 млн. т көбейді.
1974 жылдың басында СССР-де 30 мың колхоз, 18 мың совхоз болды. Колхоздардың жері 337,8 млн. га, совхоздардікі 701,8 млн. га (1971). 1972 жылдың басында СССР-дің ауыл шаруашылығында 2046 мың трактор, 639 мың астық комбайны, 1243 мың жүк автомобиль т. б. болды. Ауылшаруашылығының жылма-жыл пайдаланатын электр энергиясы 1940 жылғы дәрежеден 85,5 есе (1971) асып түсті. 1975 жылы суармалы және құрғатылған жерлердің көлемі 25 млн. га болды. 1913 жылғы 188 мың т орнына, 1975 жылы 73,2 млн. т минералдық тыңайтқыш пайдаланылды. 1913 жылғы мен салыстырғанда, 1971 жылы астық 2,1 есе, бұршақ дақылдары 9,5 есе, қант қызылшасы 6,4 есе, күнбағыс 7,6 есе, картоп 2,9 есе, огород дақылдары 3,8 есе, ет 2,6 есе, сүт 2,8 есе, жұмыртқа 3,8 есе, жүн 2,2 есе көп өндірілді.
Еліміздің ауыл шаруашылығын жан-жақты дамытуда, өнеркәсіптік шикізат, халық үшін азық-түлік молшылығын жасауда Қазақстан СССР-дің аса ірі азық-түлік және шикізат базасы. 1954-1960 жылда Қаз. ССР-інде 25,5 млн. га тың және тыңайған жерлер игерілді. Еліміздің астық балансында республиканың үлесі 1940 жылы 2,5% болса, 1970 жылы 12%-ке жетті. 1971 жылы СССР ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 12%-ін Қаз. ССР-і берді. 1974 жылы дәнді дақылдар өнімінің 10%-і, мемлекетке сатылатын барлық астықтың 13%-тен астамы жалпы одақтық қорға осы республикадан түсті.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді ұдайы арттыра беруге Қазақстан әр бесжылдық сайын келелі үлес қосып келеді. 9-бесжылдықта село еңбеккерлері Отан қоймасына 3 млрд. 744 млн. пұт астық құйды; 1972 және 1973 жылы әр жылда мемлекетке миллиард пұттан астам астық сатты. 8-бесжылдықпен салыстырғанда мал мен құс 32%, сүт 12%, қаракөл елтірісі 2%, жүн 14%, ал жұмыртқа 2,4 есе артық сатылды.
Ауыл шаруашылығының басты саласы - егіншілік. Ескі аудандар - Украина, Солтүстік Кавказ, Волга бойы, Орталық қара топырақты аудандармен қатар Қазақстан мен Сібірде тың және тыңайған жерлерді игерудің арқасында астық өндіру арттырылды. Астықтың жарымынан астамы бидай, көбінесе жаздық бидай. Астық өндіретін басты аудандар: Қазақстанның солтүстік аймағы, Батыс Сібір, Оңтүстік Орал, Волганың солтүстік жағалауы. Күздік бидай Оңтүстік-батыс пен Оңтүстікте өсіріледі. Қара бидай (Европалық бөліктің орманды зонасы), сұлы егісінің көлемі азайтылып, арпа, дәндік жүгері, күріш егісі көбейтілді.
СССР-де техникалық дақылдардың көптеген түрлері өсіріледі. Мақта шаруашылығының негізгі базасы - Орта Азия. Салалы зытыр өндіру артты, ол негізінен СССР-дің Европалық бөлігінде, оның ішінде БССР-де өсіріледі. Украинада, Орталық қара топырақты аудандарда, Волга бойында, Солтүстік Кавказда, Алтай өлкесінде, БССР-де, Балтық маңында, ОңтүстікҚазақстанда және Қырғызстанда қант қызылшасы егісінің көлемі ұлғайды. Күнбағыс егісінің 9/10-нан астамы Украинада, Солтүстік Кавказда, Волга бойында, Орталық қара топырақты ауданда. Картоп егетін негізгі аудан - елдің Европалық бөлігінің орталық өңірі, сондай-ақ Шығ. пен Оңтүстікте де бұл дақылдың егіс көлемі ұлғайды. Огород дақылдарын егу негізінен қалалардың маңында дамыған. Оңтүстікте бақша егу өркендеген. 1940 жылдан 1971 жылға дейін бау және жеміс-жидек көлемі 1,8 млн. га-дан 3,8 млн. га-ға дейін, жүзімдік 0,4 млн. га-дан 1,1 млн. га-ға дейін ұлғайтылды. Егіншілікпен бірге мал шаруашылығы мықтап өркендетілуде. Ауыл шаруашылығының бұл саласы мал санының тез өсуімен, оның өнімділігінің ұдайы артуымен сипатталады.
Сүтті мал өсіру ірі қалалардың төңірегінде, орманды, орманды дала және дала зоналарында күшті дамыған. Қуаң дала және шөлейт аймақтарда етті мал өсіріледі. Картоп және астық көп егілетін аудандарда шошқа өсіру басым (Украина, Солтүстік Кавказ, Орталық қара топырақты аудан, Белоруссия, Балтық маңында). Қой шаруашылығы көбінесе дала, шөл және шөлейт зоналарда, таулы өңірлерде дамыған. Қиыр Солтүстікте бұғы, шөлді жерлерде түйе өсірудің маңызы орасан зор. СССР-де аң, тоғандық балық, жібек құртын өсіру, омарта шаруашылықтары да дамыған.
Транспорты.СССР-де транспорттың барлық түрі: темір жол, теңіз, өзен, автомоб., әуе және құбыр транспорты дамыған. Темір жолдың (ұзындығы 138,3 мың км, 1975) үлесіне жүк айналымының 63,8 %-і тиеді. 38,9 мың км темір жол желісі электрлендірілген. Барлық жүктің 96%-і электровоздармен және тепловоздармен тасылады. Шығыс аудандарда жаңа темір жол линиялары салынды, олардың ішінен аса маңыздылары; Түркістан - Сібір, Оңтүстік Сібір, Орта Сібір, Волочаевка - Советтік Гавань т. б. 10-бесжылдықта Байкал - Амур темір жол магистралы (БАМ) салынуда. Мұнай құбырларының ұзындығы 53,2 мың км, газ құбырларының ұзындығы 92,1 мың км (1974). Жалпы одақтық мұнай құбыры жүйесі жасалуда, ол бойынша мұнай Татарстан мен Башқұртстан кен орындарынан Орталыққа, Ленинград облысына, Балтық маңына апарылады; Польшаға, ЧССР-ге, ГДР-ге, Венгрияға («Дружба» мұнай құбыры), Шығыс Сібірге жеткізіледі. Бұл мұнай құбыры жүйесі Волга бойының, Пермь облысының, Батыс Сібірдің, Батыс Ңазақстанның кен орындарымен байланысқан. Кавказда мұнай құбырларының жүйесі қалыптасуда. Батыс Сібірде, Омбы-Шымкент, Ухта-Ярославль т. б. мұнай құбырлары салынуда. Негізгі газ құбырлары Орта Азияның, Батыс Сібірдің, Солтүстік Кавказдың, Волга бойының т. б. газға бай аудандарды СССР-дің Европалық бөлігінің, Оралдың өнеркәсіп орталықтарымен байланыстырады. Орта Азия мен Батыс Сібірден Орталыққа жаңа газ құбырлары тартылуда. Автомобиль транспорты дамып келеді, 1940-1972 жылдар оның жүк айналымы 30 есе өсті. 10-бесжылдықта автомобиль транспорттың Жүк айналымы 42% арттырылады. Кемінде 65 мың км қатқыл жабынды жолдар салынады және жаңартылады. СССР-дің маңдай алды теңіз флоты бар: 6,5 мыңдай кемелердің жалпы жүк көтеру қуаты 14,7 млн. брут. рег. т (1971). 1940-1971 жылы жүк айналымы 29,4 есе артты. Тасымалдың 1/3-нен астамы Азов-Қара теңіз алабының үлесіне тиеді. Теңіз транспортының жалпы жұмысында сыртқы тасымалдың үлесі 90%-тен асады. 1971-1975 жылдар теңіз транспортының жүк айналымы 1,4 есе, теңіз флотының тоннажы 37% өсті. Өзен транспортының маңызы да зор. Кеме жүзетін су жолдарының ұзындығы 144,6 мың км (1971), оның ішінде жасанды жолдар 18,7 мың км. Жалпы жүк айналымының жартысынан астамы Волга-Кама алабының үлесіне тиеді. Волга мен Камада бөгендер және Ақ теңіз-Балтық, Волга-Дон, Москва атындағы Волга-Балтық каналдарының жасалуымен байланысты өзен транспортының ролі өсе түсті. СССР әуе жолдарының ұзындығы жөнінен дүние жүзінде 1-орын алады (827 мың км, 1975). Жолаушы тасу басым. Негізгі аэропорттары Москвада, Ленинградта, Киевте, Свердловскіде, Новосибирскіде, Адлерде, Красноярскіде т. б. 70 (1976) шетелмен әуе қатынасы бар. 1970 жылғымен салыстырганда, 1975 жылы жолаушы тасу 1,7 есе көбейді. СССР-де байланыстың барлық түрі дамыған.
Ішкі және сыртқы саудасы.1971 жылы бөлшек сауда айналымы 169,7 млрд. сомға (1940 ж. 20,4 млрд. сом), ал бөлшек сауда орындарының саны 684,2 мыңға (1940 ж. 407,2 мың), қоғамдық тамақтандыру орындарының саны 245,0 мыңға (1940 ж. 87,6 мың) жетті; 1928 жылғымен салыстырғанда мемлекеттік және кооператтивтік сауданың бөлшек сауда айналымы 17,2 есе өсіп, жан басына шаққанда жылына қалаларда 912 сомға, селоларда 357 сомға жетті. Сыртқы сауда айналымы 1913 жылғы 2270 млн. сомнан 1975 ж. 30 млрд. сомға дейін өсті. Совет Одағы 40 жылдардың аяғында 20 елмен сауда жасаса, 1975 жылы 100-ден артық елмен сауда қатынасын жасады. Патшалық Россия экспортының 64%-і ауыл шаруашылық өнімдері, 36%-і кен-руда және ағаш өнімдері болатын, 1971 жылы СССР экспортының 21,8%-і машиналар мен жабдықтар, транспорт құралдары, 9,2%-і тамақ өнімдері және тамақ өндірілетін шикізаттар болды. Импортта өндірісті дамытуға қажетті өнімдерінің үлес салмағы басым. СССР-дің басты сауда серіктестері: социалистік елдер, әсіресе Экономикалық Өзара Көмек Советінің мүшелері; сыртқы сауда айналымының жартысынан көбі солардың үлесіне тиеді. Дамып келе жатқан елдермен (мыс., Үндістан) сауда байланысы дамып келеді. Соғыстан кейінгі дәуірде СССР-дің жәрдемімен социалистік елдерде - 1216, дамып келе жатқан елдерде - 370 объект салынды. Дамыған капиталистік елдермен сауда айналымы жылына 5 млрд. сомға дейін жетті.
Экономикалық аудандары. СССР-де 18 ірі экономикалық аудан қалыптасқан: РСФСР-де - 10, УССР-де - 3, бұдан басқа Белоруссия, Қазақстан, Балтық маңы, Кавказ сырты, Орта Азия экономикалық аудандары бар; Молд. ССР-і өз алдына бөлек аудан саналады. Солтүстік-Батыс аудан - машина жасау (энергетикалық, электротехникалық машиналар, кеме, станок, прибор жасау), түсті металлургия, химиялық, орман, ағаш өңдеу, қағаз, балық өнеркәсібі, зығыр егісі, сүт өндіру. Орталық аудан - елдің негізгі экономикалық ауданы; негізгі салалары: машина жасау (электротехникалық машина, автомобиль, прибор), химиялық және тоқыма өнеркәсібі. Огород дақылдары, картоп егісі, сүтті мал шаруашылығы. Волга-Вятка ауданы - машина жасау (автомобиль, кеме, станок, электротехникалық машина жасау), орман, ағаш өңдеу, қағаз, химиялық өнеркәсібі. Орталық қара топырақты аудан - қара металлургия, кен-руда, машина жасау, химия, цемент өнеркәсібі. Дәнді дақылдар, күнбағыс, қант қызылшасы, темекі егісі; етті-сүтті мал шаруашылығы, шошқа өсіру. Волга бойы ауданы - машина жасау, энергетика, химия, тамақ, цемент өнеркәсібі, мұнай өндіру, дәнді дақылдар егісі. Солтүстік Кавказ ауданы - отын, машина жасау, цемент, тамақ, химиялық өнеркәсібі; дәнді дақылдар, күнбағыс, қант қызылшасы егісі, жүзім, бау, огород шаруашылығы. Орал ауданы - қара және түсті металлургия, машина жасау, химия, ағаш және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі. Батыс Сібір ауданы - отын-энергетика өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, машина жасау, химия, ағаш және тамақ өнеркәсібі; дәнді дақылдар егісі, мал шаруашылығы. Шығыс Сібірауданы - энергетика, отын, түсті металлургия, орман және ағаш өңдеу, химия, кен-руда өнеркәсібі. Қиыр Шығыс ауданы - балық аулау, кеме жасау, түсті және қара металл рудаларын өндіру және өңдеу, орман, ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі; Балтық маңы ауданы - машина және прибор жасау, электротехникалық және радиоэлектроника, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, транспорт машина жасау, станок жасау өнеркәсібі; мамандандырылған мал шаруашылығы. Белоруссия ауданы - әр түрлі машина жасау (автомобиль, трактор, прибор, станок жасау), радиотехника, химия (калий тыңайтқыштарын өндіру), жеңіл және тамақ өнеркәсібі; зығыр, картоп егісі, етті, сүтті мал шаруашылығы, шошқа өсіру; Оңтүстік-Батыс аудан - машина жасау, металл өңдеу, отын, жеңіл және тамақ өнеркәсібі; зығыр, картоп егісі, етті-сүтті мал шаруашылығы, шошқа өсіру; Донецк - Днепр маңы ауданы - елдің басты көмір-металлургия базасы; негізгі салалары: газ, металлургия, машина жасау, химия, құрылыс, тамақ өнеркәсібі; дәнді дақылдар, қант қызылшасы, күнбағыс егісі. Оңтүстік аудан - кеме жасау, электротехникалық өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, құрылыс материалдарын өндіру, жеңіл және тамақ өнеркәсібі; дәнді дақылдар; қант қызылшасы, күнбағыс егісі, жүзім өсіру; Кавказ сырты ауданы - мұнай, химия, тамақ өнеркәсібі, дәл және мұнай машиналарын жасау; субтропиктік егіншілік; Қазақстан ауданы - түсті және қара металлургия, отын, энергетика, химиялық өнеркәсібі; дәнді дақылдар егісі, мал шаруашылығы; Орта Азия ауданы - мақта егісі, қаракөл елтірісін, табиғи жібек өндіру, күріш егісі, бау, жүзім өсіру; мұнай, газ, түсті және сирек металдар өндіру, ауыл шаруашылық машиналарын жасау; Молдавия ССР-і тамақ өнеркәсібі (шарап жасау, жеміс-огород өнімдерін консервілеу), жүзім, жугері, бидай, қант қызылшасы егісі.
Денсаулық сақтау ісі.СССР-де 1913 жылға қарағанда 1976 жылы адам саны 96 млн-ға артты. Адамның өлімі 3 еседен аса, оның ішінде бала өлімі 10 еседен аса кеміді. Адам өмірініц ұзақтығы 1896-1897 жылдар 32 жас болса, 1971-1972 жылдар 70 жасқа жетті. Киев Русьнда науқас адамға көмек көрсету туралы алғашқы дерек 10-11 ғасырлардан белгілі. Россияда медицина ісімен айналысқан алғашқы мемлекеттік орған Аптекірлік палата 1581 жылы құрылған. Шетелден жұқпалы ауру таралудың алдын алу мақсатында 1592 жылы шекаралық алғашқы станция ұйымдастырылған. 18 ғасырда денсаулық сақтау жұмысын Медициналық канцелярия, ал 1763 жылдан Медициналық коллегия басқарған. Бұл 1803 жылы Ішкі істер министрлігі қарамағындағы Медициналық департаментке айналды. 19 ғасырда земство мед., фабрика-завод медицинасы пайда болды.
СССР-дегі денсаулық сақтау мекемелерінің жүйесі совет халқының аса үлкен жетістіктерінің бірі. Денсаулық сақтау ісіндегі мемлекеттің міндеттерін алғаш В. И. Ленин анықтап берді және РСДЖП-нің 1903 жылғы 1-Программасында көрсетілді. Совет үкіметінің денсаулық сақтау саласындағы саясаты РК(б)П-нің 1919 жылы 8-съезде қабылданған 2-Программасында тұжырымдалған. Денсаулық сақтаудың негізгі принциптері КПСС-тің 22-съезінде (1961) қабылдаған Программада одан әрі дамытылды. Денсаулық сақтау ісі мен медициналық ғылымына КПСС ОК-і мен Совет үкіметінің көптегенқаулылары арналған. Инфекциялы аурулардың таралуы жөнінен революцияға дейінгі Россия Европада 1-орын алды. Мыс., 1912 жылы 13 млн-ға жуық адам инфекциялы ауруға ұшыраған. Балалар инфекциясы да көп болған. Совет үкіметінің іске асырған шаралары нәтижесінде 1927 жылы қарсаңында бөртпе сүзек 100 есе кеміп, кейін бірен-саран ғана байқалды. Қайталама сүзек 1927 жылы 100 есе кеміп, 1938 жылдың қарсаңында түгелдей жойылды. 1930 жылы карсаңында безгек 3 есе кеміп, 1963 жылдан кейін мүлде сиреді. 1913 жылмен салыстырғанда түйнеме 1971 жылы 45 есе, іш сүзегі және қылау 40 еседей, көкжөтел 53 есе кеміп, күл, полиомиелит, туляремия сирек кездесетін болды.
50 жылдан бастап СССР-де жүрек-тамыр, қатерлі ісік аурулары байқала бастады. Бұл - экономикасы дамыған елдердің бәріне тән ауру. Бірақ мұндай ауруларды алдын ала анықтау, емдеу жұмыстары нәтижесінде СССР көптеген жетістіктерге ие болды. Қазіргі кең таралған аурулар - атеросклероз, гипертониялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы, ревматизм. Инфекциялы аурулардан грипп, тыныс жолдарының инфекциясы басым. Ішек инфекциясы, мыс., дизентерия, әдетте індет түрінде байқалмайды. Балалардың инфекциялы ауруынан қызылша, қызамық, көкжөтел, эпидемиялық паротит бар, бірақ науқас саны кемуде. 1913 жылы Россияда 28,1 мың дәрігер болды (5656 адамға бір дәрігер). Тәжік ССР-і мен Қырғыз ССР-нің қазіргі территориясында 50 мың адамға 1 дәрігер, Өзбек ССР-нде 33 мың және Қазақ ССР-нде 26 мың адамға 1 дәрігер болған. 1913 жылғымен салыстырғанда 1975 жылы дәрігерлер саны 30 есе өсті. Дәрігерлер саны және онымен халықты қамтамасыз етуден СССР жер жүзінде 1-орында. 1913 жылға қарағанда (46 мың-дай) орта медицина қызметкерлер саны 1976 жылы 56 есе өсті. СССР дәрігерлер, фармацевтер және орта білімді медицина қызметкерлер даярлауда жер жүзінде 1-орында. Революцияға дейінгі Россияда жыл сайың 900 дәрігер даярланса, 1975 жылы бұл 50 еседен астам өсті. Әр дәрігер 3-5 жылда мамандығын жетілдіреді.
СССР-де індетке қарсы жүйелі күрес түгелдей жүргізетін мемлекеттік мекеме құрылған. Ауруханада көмек көрсету мекемелері 1913 жылға қарағанда 1975 жылы 5 есе, ал төсек саны 14 есе артты. Амбулатория-поликлиникада тегін көмек көрсету-совет денсаулық сақтау ісінің ең бір ерекшелігі. Бұл мекемелер 1913 жылға қарағанда. 30 еседей өсті. Революцияға дейінгі Россияда медициналық жедел жәрдем көрсету тек қана 9 қалада болса, 1955 жылға қарағанда, 1973 жылы жедел жәрдем станциялар саны 1675-тен3896-ғажетті. Революцияға дейін Россияда 3 мың орынды 60 санаторий болса, 1913 жылмен салыстырғанда санаторий саны 1973 жылы 39 есе артты. СССР-де қажетті курорттардың негізгі барлық түрі бар. 1975 жылдың 1 қаңтарына 440 мың орынды 504 курорт, 2,4 мың санаторий, 828 мың орынды 6203 демалыс үйі және пансионат болды, бұнда 19 млн-нан астам адам демалды. СССР-де әйелдер мен балаларға емпрофилактикалық көмек көрсетіледі. Арнайы заңмен әйел еңбегі, әсіресе жүктілік кезінде қорғалады. Жүкті әйел түнгі жұмысқа және мерзімінен артық уақытқа қалдырылмайды, мүмкіндігінше жеңіл жұмысқа ауыстырылады, 112 күнге демалыс (56 күні босанғанға дейін) беріледі. СССР көптеген шетелдердің денсаулық сақтау ісіне көмектесуде. Мыс., Гвинеяға ірі госпиталь салып, оны тарту ретінде берді, Иракқа фармацевтика зауыдын, синтетикалық дәрілер, хирургиялық аспаптар шығаратын өндірістер салды. Көптеген елге медицина мамандарын даярлайды. СССР-де 1973 жылы 100 мемлекеттен 2500-ден астам адам оқыды. Бұларды СССР Медициналық институттарымен қатар Москвадағы Патрис Лумумбу атындағы университеттің медициналық факультеті даярлайды.
Совет дәрігерлері жыл сайын халыақарлық медицина конгрестерге, съездер мен конференцияларға қатысады. Мұндай мәжілістер СССР-де де өткізіледі. Мыс, 1966-1973 жылдар 70-тен астам семинар, симпозиум, конгресс т. б. кеңестер өткізілген. СССР, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Финляндия т. б. елдермен денсаулық сақтау, медициналық ғылымы саласынан жан-жақты келісім жасаған. СССР-дің Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғам бірлестігі де халықаралық үлкен жұмыс жүргізуде.
Туризм. Россияда алғашқы туристік ұйымдар 1885-1890 жылдары Петербургте, Одессада, Тифлисте құрылған. 1901 жылы Россия туристері қоғамы құрылды. Советтіктуризм 20 жылдары қалыптаса бастады, осы жылдардың аяқ кезінде «Советский турист», «Интурист», Пролетарлық туризм қоғамы, балалар экскурсиясы және туризмі, орталық станциясы құрылды. «Советский турист» және Пролетарлық туризм қоғамы негізінде 1930 жылы Бүкіл одақтық пролетарлық туризм және экскурсиялық ерікті қоғам ұйымдастырылды. Саяхат және экскурсия ісін басқару 1936 жылдан бастап ВЦСПС және оның ұйымдарына тапсырылды. Ұлы Отан соғысынан кейін туризм ісі қайта қолға алынып, барлық одақтас республикаларда туристік-экскурсиялық басқармалар құрылды, 144 қалада туристер клубы ашылды. 1962 жылы бұл басқармалар туризм советіне айналдырылып, Москвада туризмнің Орталық Советі құрылды. 1969 жылы КПСС ОК мен СССР Министр Советі және ВЦСПС «Елімізде туризм мен экскурсия ісін одан әрі дамыту шаралары» жөнінде қаулы алды және туризмнің Орталық Советі - Туризм және экскурсия Орталық Советі болып қайта құрылды.
1971-1975 жылдар туризмнің материалдық базасын нығайтуға кәсіподақтары 500 млн. сом бөлді. Турбаза, қонақүйі, кемпинг саны 1 мыңға, ал мұндағы орын 157 мыңнан 300 мыңға жеткізілді. 1975 жылы 26 млн. туристер және 131 млн. экскурсанттарға қызмет көрсетілді. 350 бүкіл одақтық және 6 мың-нан астам жергілікті маршруттар болды. Жыл сайын 6 мыңнан астам теңіз, өзен круиздері (2 млн-дай адам), 7 мыңнан астам темір жол (3,5 млн-дай адам), 25 мыңдай әуе (1 млн-дай адам), 200 мыңнан астам автобус (6 млн-ға жуық адам) саяхаттары ұйымдастырылды. Туризмнің әр түрлі саласынан жарыстар өткізіледі, 100 мыңнан астам адамның (1975) спорттық разрядтары және 600-ден астам адамның туризм жөнінде спорт шебері атағы бар.
50 жылдардың аяғы мен 60 жылдардың басынан СССР-дің халықаралық туризм байланысы артып, «Интурист» қызметі үдей түсті, халықаралық жастар туризмі «Спутник» бюросы құрылды. 1975 жылы СССР-ге 3,7 млн. шетел туристері келді, 2,5 млн-дай совет азаматтары шетелдерде болып қайтты. Туризм жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары СССР-де арнайы институт, лабораторияларда жүргізіледі, кадрлар арнайы оқу орындарында даярланады. «Турист», «Туристические маршруты», «Путешествие в СССР» т. б. журналдар шығарылады.
Физкультура және спорт. Жас өспірімдерді еңбекке, әскери іске даярлау мақсатында түрлі жаттығулар, ойын, спорттық жекпе-жек, сайыс (жүзу, жүгіру, садақ тарту, күрес, ат шабыс т. б.) қазіргі СССР территориясын мекендейтін халықтар арасында кең тараған. 19 ғасырдың 1-жартысында ірі қалаларда алғашқы спорт мектептері, клубтар, қоғамдар пайда болып, спорттық ресми жарыстар өткізіле бастаған. Алғашқы Олимпиадалық ойын 1913 жылы Киевте, ал 1914 жылы Ригада 2-ойыны өткізілген. 1920 жылы Физкультура Жоғары Советі, 1936 жылы СССР Халкомсовы жанында Бүкіл Одақтық физкультура комитеті құрылды (1954 жылдан СССР Мин. Советі жанындағы физкультура және спорт комитеті). 1923 жылы Бүкіл одақтық физкультура мейрамы, 1928 жылы Бүкіл одақтық алғашқы спартакиада өткізілді, 1939 жылы физкультурашылар күні белгіленді. Физкультуралық тәрбиенің программасы және нормативтік негізі 1931 жылы қабылданған ГТО (Еңбекке және Отан қорғауға дайын бол!) комплексі болды. Мұның соңғы өзгерістерін 1972 жылы КПСС ОК және СССР Мин. Советі бекітті. Физкультура және спорт жұмыстарына барлың оқу орындарының оқушылары, СССР Қарулы Күштері, милиция т. б. кейбір мекемелер қызметкерлері міндетті түрде, ал басқа азаматтар ерікті түрде, оқу-жаттығу орындарында үйреніп, спорттық жарысқа қатысады. Оқу-жаттығу жұмыстарын спорт мектептері де жүргізеді. 1976 жылы мұндай 5,4 мың мектеп және спорттық жоғары шеберлікке үйрететін 100-ге жуық мектеп болды. 138 мың кәсіпорындары мен мекеме, оқу орындарында күнделікті еңбек гимнастикасы ендірілген. 1975 жылы физкультура және спорт саласындағы штатта 300 мыңға жуық адам (70%-і физкультура саласынан жоғары және орта білімді) және қоғамдық негізде 5,8 млн. нұсқаушылар, жаттықтырушылар қызмет істеді. Физкультура кадрларын 220-дан астам жоғары және арнайы оқу орындары, оның ішінде 21 институт даярлайды. Жыл сайын 15 мыңнан астам жоғары және 10 мыңнан астам орта білімді мамандар даярланады, арнайы 3 ғылыми-зерттеу институт бар. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында 1,4 мыңнан астам ғылми дәрежесі және атағы бар мамандар қызмет істейді.
Физкультура және спорт ісіне қаржы мемлекет және кәсіподақтары бюджетінен бөлінеді, сондай-ақ кооперативтік қаржылар, физкультура-спорт ұйымдарына түскен пайда қаржылар пайдаланылады. Жыл сайын 2 млрд. сомдық спорт жабдықтары мен құралдар шығарылады.
СССР-де жыл сайын Бүкіл одақтық календарь бойынша ғана 300-дей спорт жарыстары өткізіледі. 1956 жылдан 4 жылда бір рет СССР халықтары спартакиадасы өткізіледі. 30-дан астам спорт газеттері мен журналдар, 700-ден астам арнайы кітап, 40-қа жуық әр түрлі кино шығарылады, орталық телевизия хабары жылына 900 сағатқа жетті. СССР Спорт федерациялары - халықаралық спорт бірлестігіне мүше. 1951 ж. СССР Олимпиада комитеті құрылды. 1952 жылдан СССР олимпиадалық ойындарға (жазғы ойынына 1956 жылдан) қатысуда және спорттық үлкен табыстарға ие болуда.
1976 жылға дейін СССР-де дүние жүзілік 44, Европалық 26 чемпионат, 5 рет Европа кубогына жарыс, жастардың халықаралық достық спорт ойыны (1957), Универсиада (1973), Спорт ғылымы дүние жүзілік конгресі өткізілді (1974).
1980 жылы Олимпиадалық ойын Москвада өткізілмекші. Физкультура және спортта аса жетістікке жеткен және оның дамуына көп еңбек сінірген 2,8 мың спортшылар мен физкультура-спорт ұйымдары қызметкерлері 1977 жылы СССР ордендері және медальдарымен наградталды.
СССР-де Физкультура және спорт мәдени құрылыстың бір саласына айналды. Казіргі дәуірде физкультура қозғалысын бүкілхалықтық іске айналдыру, барлық жастағы адамды қамту мақсаты қойылып, рухани бай, адамгершілігі таза, дені сау совет азаматын тәрбиелеу көзделуде.
Оқу ағарту ісі.1897 жылғы санақ бойынша, Россияда 9-49 жас арасындағы сауатсыздардың саны 72% болды (ері1971-1972 жылдар СССР-де 811 жоғары оқу орны (4597 мың студент бар) жұмыс істеді: оның РСФСР-де 462 (2683,8 мың), Украинада 138 60%, әйелі 83%). Ауыр жағдай салдарынан әрбір 5-бала мен 4-ересек- тің оқуға мүмкіндігі болмады. Россияның шет аймақтары, әсіресе Қиыр Солтүстік пен Орта Азия халқының көпшілігі сауатсыз болды. Тәжікстанда 9-49 жас арасындағы сауатсыздар саны 97,7%, Қырғызстанда - 96,9, Өзбекстанда - 96,4, Түрікменстанда - 92,2, Қазақстанда - 91,9, Арменияда - 91,8, Азербайжанда - 90,8, Молдавияда - 77,8, Грузияда - 76,4, Белоруссияда - 68% болды. 40-тан астам ұлттың жазуы болмады. 1913 жылы халық ағарту мүддесіне жан басына шаққанда 1 сом 20 тиын келді. 1914-1915 оқу жылында оқудың барлық түрін қамтитын 123 687 мектеп (9656 мың оқушысы бар) болды, оның 119 430 бастауыш, 1961 орталау, 2296 орта мектеп, 105 жоғары оқу орны (127,4 мың студент бар), 450 орта арнаулы оқу орны (54,3 мың оқушысы бар) болды. Орта және жоғары оқу мекемелері еңбекшілердің балалары үшін тиімсіз болды. Жоғары және орта арнаулы оқу орындары территорияға сәйкес орналаспаған. Белоруссия, Өзбекстан, Қазақстан, Азербайжан, Молдавия Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Түрікменстанда бірде-бір жоғары оқу орны болған жоқ. Грузия мен Латвияда бірден ғана жоғары оқу орны болды. 1914 жылы 76 мың кітапхана (46 млн. кітап пен журналы бар), 200 халық үйлері, 1500 кино қондырғы, 177 театр болды; 1913 жылы 1472 журнал т. б. мерзімді басылымдар, 1055 газет, 30,1 мың кітап басылды.
Коммунистік партияның халық-ағарту саласындағы негізгі саясаты 8-съезд қабылдаған Программада баяндалды. Программада бір типті, еңбек мектебінің негізгі принциптері анықталды: ана тілінде оқу, балалар мен қыздарды бірге оқыту, мектепті діннен бөлу, оқудың қоғамдық-пайдалы еңбекпен байланысы. Совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы ең басты міндет сауатсыздықты жою болды. 1921-1940 жылдар шамамен 60 млн. сауатсыздар оқыды. 1959 жылғы санақ бойынша елде сауатсыздық мүлде жойылды. Совет үкіметі жылдарында барлық ана тілінде оқитын мектептің саны көбейді. 1971-1972 оқу жылында елде 169,5 мың күндізгі жалпы білім беретін мектеп (45,2 млн. оқушы бар) болды, оның 45,5 млн-ы орта мектеп (30,9 млн. оқушы) болды. 1970 жылы оқушылардың жалпы саны 1914 жылмен салыстырғанда 5,1 есе, 5-10(11) кластарда 46 есе көбейді. 1971 жылы1қаңтарда мектепке дейінгі мекемелердің саны (9281 мың балалық) 102 330-ға жетті. 1971/72 оқу жылында СССР-де 4260 орта арнаулы оқу мекемелерінде 4421 мың бала оқыды. Жоғары оқу орындарының саны өсті. Барлық одақтас республикаларда өлке мен облыстарда жоғары оқу орындары ашылып, халық шаруашылығының әр түрлі саласы үшін ұлт кадрларын даярлаудың саны өсті. 1971-1972 жылдар СССР-де 811 жоғары оқу орны (4597 мың студент бар) жұмыс істейді: оның РСФСР-де 492 (2683,8 мың), Украинада 138 (802,9 мың) Белоруссияда 28 (142,8 мың), Өзбекстанда 38 (234,3 мың), Қазақстанда 44 (200,5 мың), Грузияда 18 (89,2 мың), Азербайжанда 13 (100,1 мың), Литвада 10 (41 мың), Қырғызстанда 9 (48,9 мың), Тәжікстанда 8(45,9 мың), Арменияда 12 (54,9 мың), Түрікменстанда 5 (29,2 мың), Эстонияда 6(22 мың). Әрбір одақтасжәне автономиялы республиканың өзінің университеті бар. Елде (1972) 57 университет (Қазақстанда С. М. Киров атынд. Еңбек Қызыл Ту орденді қазақ мемлекеттік университеті) бар. СССР-де (1971) студенттердің саны Англия, Франция, ГФР және Италияны бірге қосқандағыдан 2,5 есе көп. Жоғары оқу орындарындағы студенттердің 72%-і, арнаулы орта оқу орындарындағы оқушылардың 70%-і стипендия алады. Совет өкіметі жылдарында жоғары және арнаулы оқу орандары 23,7 млн. маман даярлады, оның 9,8 млн. жоғары және 15,9 млн-ы арнаулы орта білімді маман. 1971 жылдың басында 5,4 мың кәсіптік-техникалық училищеде 2,4 млн. адам оқыды. 1941-1970 жылдар арасында кәсіптік-техникалық училищені мамандандырылған 23 млн. жұмысшы бітірді. СССР-де 1970 жылдың басында 95 млн. адамның жоғары және орта (толық және толық емес) білімі болды, 1939 жылы ол 15,9 млн. ғана еді. 1000 адамға шаққанда 42 адамның жоғары білімі болды, 441-і толық емес жоғары білім алды. Халық шаруашылығында істейтін 1000 жұмысшының 550-нің орталау, орта және жоғары білімі болды. 1970-1971 оқу жылында 80 млн. адам оқуға тартылды. Демек, әрбір үшінші адам (мектеп жасына дейінгі балаларды қоспағанда) оқыды.
Елімізде 1972 жылдың басында 3,3 млрд. дана кітап қоры бар, 359,4 мың кітапхана жұмыс істеді. 1913 жылмен салыстырғанда кітапхананың саны 5 есе, кітап қоры - 72 есе өсті. 1972 жылдың басында 133 мың мәдениет үйі мен сарайлар, клубтар т. б. клуб типті мекемелер, 157,1 мың кино қондырғы, 553 ұлт театры, 1173 музей бар.
Ғылым және ғылыми мекемелері СССР-дің ғылми-техникалық потенциалы. 20 ғасырдың 70 жылдарының ортасында СССР-де тез өсіп келе жатқан ғылыми-техникалық потенциал (РТП) жасалды. Оның құрамына белгілі бір әлеуметтік-экономикалық жағдай тарихындағы қоғамдық өндірістің ғылыми-техникалық дәрежесін анықтайтын материалдық және рухани қорлардың жиынтығы енеді. ҒТП-ның маңызды бөлімдері - өндірістің нағыз ғылыми потенциалы, инженерлік-конструкторлық, білім алу потенциалы, техникалық потенциалы. ҒТП-ның негізгі параметрлері:ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және жоспарлау ұйымдары; ғалымдар мен маман кадрлар; ғылыми және инженерлік техникалық кадрлар даярлау; ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру; ғылми эксперименттік және өндірістік базаларды дамыту; информациямен қамсыздандыру жүйесі, алдыңғы қатарлы тәжірибені тарату, ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттау; ғылми-зерттеу мен техникалық жетістіктердегі халықаралық мамандануға қатысу; ғылми зерттеулер мен техникалық жетістіктерді ұйымдастыру және басқару, ғылым мен техниканың жетістіктерін практикаға енгізу.
Социализм жағдайында ҒТП жоспарлы түрде жүзеге асады. ҒТП-ны дамытуды жоспарлау СССР-де барлық басқару жүйесінің құрамды бөлігі болады. СССР-де ҒТП Компартияның басшылығымен дамып қалыптасады.
СССР-де 1975 жылы 1,2 млн-нан астам ғылми қызметкер болды. Ғылым мен ғылымға қызмет көрсету саласында 4 млн., ал оқу және мәдениет саласында 9,1 млн. адам шұғылданды. Инженерлердің саны 3,7 млн-нан артады. 121,5 млн. адамның жоғары және орта білімі бар. 1975 жылы халық шаруашылығында 9,5 млн. жоғары және 13,3 млн. орта білімді маман қызмет атқарды. Бұл революцияға дейінгі Россиядағыдан 120 есе көп.
Октябрьлық революциясынан кейін ғылми мекемелер мен ғылми қызметкерлердің саны тез өсті. 1914 жылы 11,6 мың ғылми қызметкер және 300-дей ғылми мекеме болса, 1975 жылы ғылми қызметкердің саны 100 еседен артық, ал ғылми мекеменің саны 18 есе дерлік өсті.
Еліміздегі ғылыми-техникалық зерттеулерді жалпы басқаратын СССР Министрлік Советі. Ғылми-техникалық прогресс ісіне жауапты арнаулы орган - СССР Министрлік Советінің Ғылым мен техника жөніндегі мемлекеттік комитеті. СССР-дің жоғары ғылыми мекемесі -СССР Ғылым Академиясы.
СССР ҒА-ның қарамағындағы ғылми қызметкерлердің жалпы саны 1960 жылы 2377 (оның ішінде академиктер мен корр. мүшелері 534) болса, 1975 жылы 41 836 (697) болды, ал ғылми мекемелер саны 1960 жылы 241 болса, 1975 жылы 246 болды.
ҒТП-ны дамытуда жоғары оқу орындары зор роль атқарды. 1975 жылы СССР-де 850-ден аса (революцияға дейінгі Россиядағыдан 8 есе көп) жоғары оқу орны болды. Совет өкіметі жылдарында Жбғары білімді 12 млн-нан аса маман даярланды. 1972 жылы жоғары оқу орындарында 366,2 мың оқытушылар мен ғылми қызметкерлер (оның ішінде 12,6 мың ғылыми докторы, 120,9 мың ғылыми кандидаты) қызмет атқарды. СССР-де жоғары оқу орнының 3 тобы [университеттер, политехникалық институттар және арнаулы (салалық) институттар] қалыптасты. Жоғары білімді мамандарды даярлаумен қатар, ғылми кадрларды даярлау жүйесі кеңейтілді. 1960-1974 жылдар аспиранттар саны 2,64 есе артты.
ҒТП-ны дамытуға мемлекет, өндіріс салалары, жоғары оқу орындары т. б. есебінен қаржы жұмсалады. 1960-1974 жылдар ғылымға жұмсалатын қаржының абс. шамасы 4,2 есе, ал оның мемлекеттік бюджеттегі үлесі 2,69%-тен 5%-ке дейін артты.
ҒТП-ның маңызды құрамды бөліктері - ғылыми-зерттеу мекемелері, жоспарлау институттары, өнеркәсіптің конструкторлық бюросы, бұларда қолданылмалы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік, конструкторлық жұмыстар топтастырылған. Министрліктер мен ведомстволардың салалық ғылыми-зерттеу институттарында 70 жылдары барлық ғылми қызметкерлердің 45%-і болды.
1975 жылы ғылым мен техникалық саласындағы информациялық жүйеде 10 бүкіл одақтық ғылыми-зерттеу институты, 86 орталық салалық орган және 93 информациялық территориялық орталығы болды, бұларда 166 мың адам қызмет атқарды. Ғылым мен техника саласындағы халықаралық қарым-қатынас ҒТП дамуының басты шарты. Ғылми-техникалық достықты дамытуда халықаралық ұйымдар маңызды роль атқарды. СССР - 600-дей халықаралық саяси, экономикалық, ғылми-техникалық, мәдени т. б. ұйымдардың мүшесі.
СССР-де ҒТП-ны бұдан былай дамытуда ғылми-техникалық прогрестің алғаш рет жасалған Комплексті программасы зор міндет атқарады.
Ғылми мекемелері. 1917 жылға дейінгі мекемелер. СССР территориясында орта ғасырда пайда болған білім ордалары дүние жүзілік ғылым тарихына енді. Олардың ішінде Мервтегі обсерватория (9 ғ.), Бұхарадағы «Даналық үйі» (10 ғ.), Хорезмдегі «Ғылым үйі» (11 ғ.), Самарқан маңындағы Ұлықбек обсерваториясы (15 ғ.), Армениядағы Гладзор (13-14 ғ.) және Татев (14-15 ғ.) университеттері, Грузиядағы Икалтой (11 ғ.) және Гелат (12 ғ.) академиялары бар. Киевтегі Князь Владимирдің (10 ғ.), Новгородтағы Ярослав Мудрыйдың (11 ғ.) мектептері ірі мәдени орталық болды.
16 ғасырда Россияның мемлекеттік басқару органдарында - приказдарында білімнің жеке салаларынан мамандар, ал 17 ғасырда Аптекарлық приказда мамандықтар бойынша әр түрлі штаттар болды. 18 ғасырда Петр I тұсында Петербург аптекарлық бақшасы (1714, 1823 - Ботаникалық бақ), Мемлекеттік ғылми кітапхана (1714, кейін - ҒА кітапханасы), Кунсткамера (1719 жылы ашылған) - Россиядағы алғашқы табиғат тану ғылми музейі пайда болды. 1724 жылы Петербург ҒА ашылды. Петербургте Минералогиялық қоғам (1817), Физика-медициналық қоғам (1805), Балтықмаңында Рига табиғат зерттеушілер (1805), Белорус еркін экономикалық (1824), Украинада Филотехникалық (1811) қоғамдары болды. 19 ғасырда ғылми зерттеулер жүргізген мекеменің ваны 18 ғасырдағыдан 4 есе артты.
19 ғасырдың 2-жартысында крепостнойлық правоның (1861) жойылып, капитализмнің өсуіне байланысты ғылми қызмет дамыды. Москвада Петров егіншілік және орман академиясы, Москва жоғары техникалық училищесі т. б. ашылды. 1860-1900 жылы 100-ге жуық ғылми мекемелер құрылды. Осы кездегі ғылымның ірі орталықтары Орыс географиялық қоғамы (1845), Москва математикалық қоғамы (1867), Орыс физико-химиялық қоғамы (1878) т. б. болды. 1755 жылы Москва университеті ашылды. 1839 жылы Пулков Бас астронавт обсерваториясы, 1849 жылы Бас физикалық обсерватория, Дерптте, Казанда, Харьковте, Петербургте, Киевте унивесритеттер ашылды.
1917 жылы Окт. революциясының қарсаңында елімізде 300-ге жуық ғылми мекемелер (оның ішінде комитеттер, комиссиялар, жоғары оқу орындары т. б.) болды. Олардың бәрі дерлік Москва, Петербургте және Батыс, Орталық Россияның ірі қалаларында шоғырланды.
Октябрь революциясынан кейінгі ғылыми мекемелердің дамуы. 1917 жылы Окт. революциясы ғылым мен ғылми мекемелердің дамуында жаңа дәуір туғызды. В. И. Лениннің басшылығымен ғылми қызметтің жаңа соң жолмен ұйымдастырылу принципі қолға алынды. В. И. Лениннің «Совет өкіметінің кезектегі міндеттері» (1918), «Пролетарлық мәдениет туралы» (1920) деген еңбектерінде совет ғылымының даму стратегиясы белгіленді. РК(б)П 8-съезінде қабылданған Партия программасы қағидаларының ғылым дамуында зор маңызы болды. Елімізді электрлендіру жөніндегі жұмыс (ГОЭЛРО жоспары, 1920) басталды, Курск магниттік аномалиясы зерттелді. Азамат соғысына қарамастан 20 жылдары совет ғылымын дамытуда көрнекті орын алған 70 ғылми институттар құрылды. Олардың ішінде Мемлекеттік оптикалық институт (1918, негізін салушы Д. С. Рождественский), Орталық аэрогидродинамикалық институты (1918, алғашқы директоры Н. Е. Жуковский) т. б. бар.
20 жылдардың ортасында 600-ден аса ғылми мекеме (революциядан бұрынғы кезеңнен 2 есе көп) болды. 1929-1940 жылдар ғылыми-зерттеу мекемелерінің саны 1227-ден 2359-ға, ғылми қызметкердің саны 5 еседен аса (18,2 мың-нан 98,3 мыңға дейін) артты.
1929 жылы В. И. Ленин атындағы бүкіл одақтық ауыл шаруашылық ғылым академиясы (ВАСХНИЛ) құрылып, 1930 жылы онда 11 жаңа ғылми институттар болды. 30 жылдары СССР ҒА-нын, Закавказье мен Орта Азияда құрғап ғылми мекемелері жергілікті шикізат қорын зерттеуге және ұлттық кадрлар даярлауға көмектесті. 1929 жылы БССР ҒА ашылды. 1940 жылы УССР-де 14,3 мың, БССР-де 2,2 мың, Закавказьеде 6,5 мың, Орта Азия республикалары мен Қазақстанда 5,9 мың ғылми қызметкер болды.
1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы кезінде ғылымның барлық күші фронтқа көмектесуге бағытталды. Осы кезде 240 жаңа ғылми мекемелер құрылды. 1944 жылы СССР Мед. ҒА, 1943 ж. РСФСР Пед. ҒА, Грузияда (1941), Арменияда (1943), Өзбекстанда (1943), Азербайжанда (1945), Қазақстанда (1946) ҒА-лары ашылды.
Соғыстан кейінгі кезеңде совет ғылымының алдында ғылыми-техникалық революцияны өрістетуге, ядролық энергияға ие болуға, электрондық есептеу машиналарын жасауға, өндірісті комплексті механикаландыруға және автоматтандыруға, электроника проблемасын жетілдіруге, ракеталық және космостық техниканы жасауға т. б. байланысты міндеттерді шешу мәселесі тұрды. 1946 жылы 2060, ал 1960 жылы 4196 ғылми мекеме болды. Ғылми қызметкердің саны үш есе (354,2 мың) өсті. 1946 жылы КПСС ОК жанынан Қоғамдық ғылымдар академиясы ашылып, 40 жылдардың соңында КПСС ОК жанындағы Марксизм-ленинизм институтының 14 одақтас республика мен Москва, Ленинградта филиалдары, ал 1957 жылы СССР ҒА-ның Сібір бөлімі ашылды.
50 жылдардың соңында Орта Азия республикаларында 300 ғылми мекеме (16,6 мың ғылми қызметкер), Қазақстанда 159 (9,6 мың), Закавказье республикаларында 382(14,2 мың),Балтық маңы республикаларында 216 ғылми мекеме (8,9 мың ғылми қызметкер) болды. Латвияда (1946), Эстонияда (1947), Түрікмения мен Тәжікстанда (1951), Қырғызстанда (1954), Молдавияда (1961) ҒА-лары ашылды.
СССР-дің кемелденген социализм кезеңіне енуіне байланысты ғылми мекемелер жүйесі 1975 жылы 5275-ке дейін өсті. Еліміздегі ғылми-техникалық прогресс ісіне жауапты және бірыңғай ғылми саясат жүргізетін жалпы мемлекеттік орган - СССР Министрлік Советінің Ғылым және техника жөніндегі мемлекеттік комитеті (1965). Жаратылыс тану және қоғамдық ғылымның жетекші бағыты жөнінде зерттеулерді ұйымдастыру СССР ҒА-на жүктелген. 1975 жылы СССР ҒА 250-ге жуық ғылми мекемелерді біріктірді. Академияның меншікті зерттеу флоты бар. Совет ғалымдарының ірі күші одақтас республикалардың ҒА-лары жүйесінде шоғырланған. Осындай 14 академия 400-дей ғылми мекемені біріктірді жұлдыздардың каталогы жасалуда (СССР ҒА-ның Астрономиялық советі). Күннің асқын тажы ашылып зерттелді (1951, В. В. Виткевич). 60 жылдары галактиканың пайда болуында оның ядроларындағы процестер маңызды роль атқаратындығы жайындағы теория1971 жылы СССР Медицина ҒА-ның Сібір филиалы ашылды. РСФСР Пед. ҒА 1966 ж. СССР Пед. ҒА болып қайта құрылды. 1975 жылы ВАСХНИЛ құрамында 7 регионалдық бөлім болды, ВАСХНИЛ жүйесінде 60 ғылыми-зерттеу институты, оншақты лаборатория, тәжірибе ст. т. б. бар (1975).
Одақтас республикалар туралы мақаланың «Ғылым және ғылыми мекемелері» бөлімін, СССР салалық ҒА-лары мақалаларын, алдыңғы «СССР- дің ғылми-техникалық потенциалын» қараңыз.
Жаратылыс тану ғылымдары.Астрономия. 10-13 ғасырларда Русьте әлемнің құрылысы, Күн мен Айдың тұтылу себептері жайындағы кітаптар таралды. 10-15 ғасырларда Орта Азияда әл-Бируни дүние жүзі халықтарының жыл есебі жайында трактат жазды, Самарқандағы Ұлықбек обсерваториясында 1019 жұлдыздың қаталогы жасалды. Петербург ҒА обсерваториясында И. Делиль ғылми жұмыс жүргізді. 1761 жылы М. В. Ломоносов Шолпан планетасының атмосферасын байқады.
19 ғасырда Харьков, Юрьев, Тарту, Қазан, Москва, Киев унивсерситеттерінде астрономиялық обсерваториялар, 1839 жылы Петербургте Пулков астрономиялық обсерваториясы (директоры В. Я. Струве), Одесса мен Ташкентте жаңа обсерватория ашылып, жұлдыз жүйесінің құрылысы мен жұлдыз қозғалысының заңдылықтары (В. Я. Струве, М.А.Ковальский), астрофизика (Ф.А.Бредихин, А.А.Белопольский), жұлдыздық астрономия зерттелді.
Совет астрономиясын дамыту үшін Ленинград астрономиялық институты (1919), Москва университетінде П.К.Штернберг атындағы мемлекеттік астрономиялық институты (1931), Груз. ССР ҒА-ның Абастумани обсерваториясы (1932), Арм. ССР ҒА-ның Бюракан обсерваториясы (1946), Азерб. ССР ҒА-ның Шемаха астрофизиялық обсерваториясы (1956), Қаз. ССР ҒА-ның Астрофизизиялық институты (1950), 40 жыпдары СССР ҒА-ның Қырым астрофизикалық обсерваториясы т. б. ашылды. Обсерваториялар жаңа астрономиялық аспаптармен жабдықталды.
СССР-де жұлдыздар мен Күндегі тұрақты емес процестер, галактика ядроларының активтілігі мен жұлдыз жаралуы, фундаментальды астрономия, Күн физикасы проблемасы, космостағы магнетизм т. б. зерттелді. Ендіктің өзгерісін (А. Я. Орлов, Е. П. Федоров т. б.), біздің Галактиканың компоненттерін (Б. В. Кукаркин) зерттеу, газ тұмандығының физикалық теориясын (В. А. Амбарцумян т. б.) жетілдіру жұмыстары өрістетілдй Жұлдыздардың әлсіз магниттік өрісі алғаш рет байқалып зерттелді (А. Б. Северный). Құсжолының мыңдаған жұлдыздарының классификациясы жүзеге асырылды (Е. К. Харадзе, П. Ф. Шайн т. б.). Біздің Галактиканың ядросы алғаш тіркелген (А. А. Калиняк т. б.). 1958 жылдан айнымажасалған (Амбарцумян). Планеталар физикасы (Н. П. Барабашев, Г. А. Тихов т. б.), комета физикасы (С. К. Всехсвятский т. б.), Зодиактік жарық теориясын жасау (1944-1948, В.Г.Фесенков) жөніндегі жұмыстар істелді. Күн жүйесіндегі Жер мен планеталардың шығу тегі мәселесі жетілдірілуде (В. Г. Фесенков, О. Ю. Шмидт). Аспан механикасы зерттелді (Б. В. Нумеров, Г. Н. Дубошин т. б.). 1957 жылы Жердің жасанды спутнигін бақылайтын астрономияның жаңа бөлімі пайда болды. СССР-де астрономиялық зерттеулерді СССР ҒА-ның Астрономиялық советі үйлестіреді.
Математика. 18 ғасырда Россиядағы математикалық ғылми зерттеулерді Петербург ҒА жүргізді (Л. Эйлер, Д. Бернулли т. б.). 19 ғасырда Н. И. Лобачевский эвклидтік емес геометрияны жасады. 19 ғасырда ҒА-ның көрнекті мүшелері М. В. Остроградский, В. Я. Буняковекий, П. Л. Чебышев Петербургте математикалық мектептің негізін қалады, оған А. М. Ляпунов, А. А. Марков, В. С. Стеклов қатысты. Н. Е. Жуковский мен С. А. Чаплыгиннің еңбектері ұшу теориясын жасауға және авиацияны дамытуға, А. Н. Крыловтың еңбегі корабль теориясы мен оны жасауға арналған.
СССР-де математикалық саласынан СССР ҒА-ның В.А.Стеклов атындағы математикалық институты (1934, Москва), Қолданылмалы математикалық институты (1963, Москва); Есептеу орталығы (1955, Москва), Сібір бөлімінің Математикалық институты (1957, Новосибирск), университеттердің математикалық кафедралары жетекші орында келеді. Сандар теориясы саласында И.М.Виноградов, тригонометриялық қосындылар тәсілінде Ю. В. Линник, трансценденттік теориясында А. О. Гельфоид көрнекті нәтижеге жетті. Алгебра математикалық логикамен байланыса зерттелді. П. С. Новиков, А. И. Мальцев, А. А. Марков өз еңбектерінде математикалық логикаға сүйенеді. Алгебра саласында Д.А. Граве, О. Ю. Шмидт т. б., математикалық логикада Ю. Л. Ершов, А. А. Ляпунов, С. В. Яблонский т. б. еңбек етті. Н. Н. Боголюбов тербеліс теориясының асимптоталық тәсілін, А.М.Ляпунов нақты жүйенің тұрақтылығын, Н. Н. Лузин нақты айнымалы функция теориясын зерттесе, А. Н. Колмогоров, Д. Е. Меньшов т. б. тригонометриялық қатарлар теориясын жетілдірді. Н. Е. Жуковский мен С. А. Чаплыгин аналитикалық функция теориясын аэромеханикаға қолданды. М. В. Келдыш аэромеханикаға зор үлес қосты. Н. И. Мусхелишвили мен И. Н. Векуаның еңбектері серпімділік теориясы мен тұтас орта механикасындақолданылды. Л. С. Понтрягин алгебралық топология мектебінің негізін салды. Геометрия саласында А. Д. Александров, дербес туынды дифференциалдық теңдеулер теориясы бойынша В. И. Смирнов, А. Н. Колмогоров, И. Г. Петровский зерттеулер жүргізді. Теориялық физикада Н. Н. Боголюбов пен В. С. Владимиров, математикалық статистика мен ықтималдықтар теорпясы саласында А. М. Ляпунов, А.А. Марков еңбек етіп келеді. Қолданылмалы математикада Н. Н. Боголюбов, М. В. Келдыш, А. Н. Крылов т. б. ғалымдар еңбектерінің зор мәні бар. Есептеу математикасы саласында А. Н. Тихонов және В. К. Иванов, М. М. Лаврентьев т. б. еңбек етсе, Б.М. Глушков, А. А. Дородницын т. б. электрондық есептеу машинасын математикалық есептерді шығаруға қолданды.
Физика. Россияда физикалық зерттеулер 1725 жылы Петербург ҒА құрылғаннан кейін, Петр I шақырып әкелген Д. Бернулли мен Л. Эйлердің еңбектерімен байланысты жүргізілді. Жылудың атом-молекулалық теориясының негізін М. В. Ломоносов қалады. Ломоносов, Г. В. Рихман және басқа орыс академиктері оптикалық, электрлік магниттік құбылыстарды зерттеді. 1802 жылы В. В. Петров тұрақты доғалық разряд алды. Э. X. Ленц индукцияланған ток бағытын анықтау үшін өз атымен аталған ережені тапты. 1888 жылы А. Г. Столетов фотоэффектінің бірінші заңын ашты. 1874 жылы Н. А. Умов энергия ағыны тығыздығының векторын енгізді 1885-1890 жылдар Е. С. Федоров кристалдардың спмметриясы мен құрылымы жөніндегі жұмыстарды орындады. Г.В.Вульф рентген құрылымдық анализдің негізін салушының бірі болды. П. Н. Лебедев Москвадағы Физикалықинститутының лабораториясын баскарып, жарықтың қатты дене (1899) мен газға (1907) түсіретін қысымын анықтады.
1918 жылы Д. С. Рождественскийдің басшылығымен Мемлекеттік оптикалық институт, А. Ф. Поффенің басшылығымен Физикалық-техникалықинститут ашылды. СССР ҒА-ның Физикалықинституты 1934 жылы С. И. Вавиловтың басшылығымен ғылми орталыққа айналды. 1934 жылы П. Л. Капица СССР ҒА- ның Физикалық проблемалар институтын құрып, төменгі температура физикасы мен теориялық физика мәселелерін зерттеді. Кейін физиканың әр саласынан Москвада одақтас республикаларда және СССР ҒА-ның Сібір бөлімінде физикалықинститутында (1943, Москва), Біріккен элементар бөлшектер физикасы саласындағы зерттеулер Атом энергиясы институтында (1934, Москва), Біріккен ядролық зерттеулер институтында (1956, Дубна) жүргізілді. Совет физиктерінің ашкан жаңалығы үшін алты физикке Нобель сыйлығы берілді.
Сұйықтар және кристалдар саласында А.Ф.Иоффе және оның шәкірттері А. П. Александров, Ф. Ф. Витман, Я. И. Френкель т. б. кристалдар физикасының негізін қалады. Л. Ф. Верещагин т. б. ғалымдар алмасты шығарып алу тәсілін ұсынып, ол өнеркәсіпке енгізілді (1960), А.В.Шубников пьезоэлектрлік материалдың жаңа түрін - поликристалдық пьезоқұрылымды ашты (1946).
Металдар теориясының жетістігі Я. И. Френкельдің еңбектеріне байланысты. Металдағы фотоэффектінің кванттық теориясын 1931 жылы И. Е. Тамм және С. П. Шубин жетілдірді. 50-60 жылдары И. М. Лифшиц электрондық өткізгіштің динамикасын көрсетті.
Диэлектриктер физикасы саласындағы жетістік А. Ф. Иоффе мен оның мектебіне жатады. 20 жылдың аяғында И. В. Курчатов сегнет тұзын зерттеп, сегнетоэлектриктерді зерттеудің негізін қалады.
СССР-де жартылай өткізгіштерді 1921 жылы О.В.Лосев алғаш зерттеді. 1932 жылы И.Е.Тамм жартылай өткізгіштердің идеал бетінде ерекше энергетикалық күй болатындығын теория жүзінде көрсетті. 1932 жылы В.П. Жузе мен Б.В.Курчатов жартылай өткізгіштің меншікті және қоспа өткізгіштігі болатындығын теория жүзінде дәлелдеді. Иоффе мен Френкель металл-жартылай откізгіш контактісіндегі токтың түзелуіне түсінік берді. 1938 жылы Б.И.Давыдов токты түзетудің диффузиялық теориясын жетілдірді. Алғашқы квазибөлшек - фононды 1929 жылы Тамм, жаңа квазибөлшек-экситонды 1931 жылы Френкель енгізді. СССР-де алғашқы германий диоды мен триодын 50 жылдары Б. М. Вул, В. С. Вавилов, В. М. Тучкевич т. б. ғалымдар жетілдірді.
Магнетизм саласында ферромагнетизмнің алғашқы кванттық-механикалық теориясы жасалды (1928), ферромагнетиктердің домналық құрылымы Я.И.Френкель, Я.Г.Дорфман, Л.Д.Ландау, Е.М.Лифшиц еңбектерінде түсіндірілді. А.С.Боровик-Романов пьезомагнетизм құбылысын ашты (1959). Ландау мен Лифшицтің еңбектері ферромагниттік резонанс теориясына негіз болды (1935).
Теориялық физика саласында Л. И. Мандельштам мен М.А.Леонтовичтің энергия-уақыт үшін анықталмау қатысы жөніндегі еңбегінің маңызы зор болды (1928). В. А. Фок Шредингер теңдеулерін релятивистік жолмен қорытты. 50-60 жылдары өрістің кванттық теориясының дамуына үлес қосты (В. А. Фок, Н. Н. Боголюбов, Л. Д. Ландау, И. Е. Тамм т. б.). Жалпы салыстырмалық теориясына А. А. Фридман үлес қосты.
Оптика, атом және молекула физикасы, спектроскопия. Д. С. Рождественскийдің басшылығымен жүргізілген физикалық және қолданылмалы оптикадағы зерттеулер оптикамеханикалық өнеркәсібін құруға негіз болды. И. В. Гребешциков, Н. Н. Качалов еңбектерінің негізінде СССР-де оптикалық шыны өнеркәсібі құрылды. Айналы-менискалы астрономиялық телескоптың конструкциясын Д. Д. Максутов ойлап тапты (1941). 1928 ж. Л. И. Мандельштам мен Г. С. Ландсберг жарықтың кристалдардағы комбинациялық шашырау құбылысын ашты, бұл молекулалық спектрлік анализдің негізі болды. 1934 жылы П. А. Черенков радиоактивтік заттың сәуле шығару әсерінен таза сұйықтың жарқырайтындығын ашты.Вавилов мұндай жарқыраудың еркін электрондар қозғалысына байланысты екендігін көрсетті (Черенков-Вавилов эффектісі). 30-40 жылдары С. И. Вавилов өз шәкірттерімен (В. Л. Лёвшин т. б.) ерітінділер және кристаллофосфордағы люминесценцияны зерттеп, осының негізінде люминесценттік лампыны жаппай өндіру технологиясын жетілдірді. Атом спектроскопиясы саласында Рождественский мен оның шәкірттерінің еңбектерінде сутек атомының моделі күрделі атом моделіне таратылды. А. Н. Теренин мен Л. Н. Добрецов (1928) натрий сызығының асқын нәзік құрылымын, А. Н. Теренин, Е. Ф. Гросс (1930) сынап сызығының асқын нәзік құрылымын ашты. Лазер ойлап табылғаннан кейін оптиканың жаңа саласы - голография үдей дамыды.
Атом ядросы, элементар бөлшектер, космостық сәулелер. СССР-де ядро физикасы жөніндегі зерттеулер 30 жылдары ядроның протон-нейтрон моделі (Д. Д. Иваненко), айырбастық күштер (И. Е. Тамм, Иваненко) сияқты теориялық жұмыстан басталды. 1935 жылы Л. В. Мысовский, И. В. Курчатов өз шәкірттерімен (Л. И. Русинов т. б.) радиоактивтілік элементтердің ядролық изометриясы құбылысын, 1940 жылы Г. Н. Флеров пен К. А. Петржак уранның өздігінен бөліну құбылысын ашты. Курчатов басқарған ғалымдар мен инженерлер коллективі ядролық энергетика мәселелері мен жаңа қару жасау міндеттерін шешті. Бұған А. П. Александров, А. И. Алиханов, Л. А. Арцимовпч т. б. ғалымдар үлестерін қосты. 1944 жылы В. И. Векслер ұсынған автофазировка принципі үдеткіш техникасының дамуына революциоландыратын әсер етті. 1957 жылы Дубнада протонды 10 Гэвэнергияға үдететін синхрофазотрон іске қосылды (В. И. Векслер, А. Л. Минц т. б.). Осы синхрофазотронда жаңа элементар бөлшек – антисигма-минус гиперон ашылды (1960). 1967 жылы Серпуховта протонды үдеткіш (76 Гэв) іске қосылды (В. В. Владимирский, А. А. Логунов т. б.). Онда антигелий ядросы (1970) алғаш тіркеліп (Ю. Д. Прокошкин), жаңа элементар бөлшек (һ-мезон) байқалған. 1929 жылы Д. В. Скобельцын Вильсон камерасында космостық бөлшек нөсерін бақылады. Космостық сәулелердің атом ядроларымен өзара әсерлесуін Скобельцын, С. Н. Вернов, Н. А. Добротин, В. И. Векслер зерттеді. 1934 жылы П.Л.Капица жер жүзіндегі алғашқы гелийлік сұйытқышты жасап, 1939 жылы газдарды сұйылту әдісін ұсынды. Бұл әдіс осы заманғы ірі сұйылтқыштардың негізі болды.
Тербеліс теориясы, радиофизика, эмиссия электроникасы. Осы заманғы радиофизика, радиотехника, тербеліс теориясы негізін М. А. Бонч-Бруевич, В. П. Вологдин, А. Ф. Шорин т. б. (Нижегород лабораториясында), М. В. Шулейкин (Москвада), Л. И. Мандельштам мен Н. Д. Папалекси (Одессада), А. А. Чернышев, Д. А. Рожанский т. б. ғалымдар (Ленинградта) қалады. Эмиссия электроникасындағы маңызды жұмыс П. И. Лукирскиймен, С. А. Векшинскийдің мектебіне жатады.
Кванттық электроника жөнінде 1951 жылы А. М. Прохоровтың бастамасымен іргелі зерттеулер жүргізілді. 1955 жылы Прохоров пен Н. Г. Басов алғашқы молекулалық генераторды (мазерді) жасады. СССР-де алғашқы жартылай өткізгіш лазері Б. М. Вул басқарған лабораторияда жасалды.
Жоғары температуралық плазма саласында Л. Д. Ландау, А. А. Власов, И. Е. Тамм, А. Д. Сахаров, Л. А. Арцимович, М. А. Леонтович, М. С. Иоффе т. б. ғалымдар жемісті зерттеулер жүргізді.
Акустиканың әр түрлі саласынан Н. Н. Андреев басқарған совет акустиктерінің мектебі зерттеулер жүргізді.
Механика. 18 ғасырда Россиядағы механиканың дамуына Д. Бернулли мен Л. Эйлер зор үлес қосып, идеал сұйықтың теориялық гидродинамикасын жасады. 19 ғасырдың ортасында Петербургте М. В. Остроградский мен П. Л. Чебышев шұғылданса, 19 ғасырдың 2-жартысында механиканың москвалық мектебі қалыптасып, 20 ғасырдың басында Н. Е. Жуковский мен С. А. Чаплыгиннің басшылығымен кемеліне келді.
Окт. революциясынан кейін 1918 жылы Москвада Орталық аэрогидродинамика институты (1937 жылы Н. Е. Жуковский атында) ашылды. 30 жылдары мұнда Чаплыгин теориялық және эксперименттік зерттеулердің ғылми орталығын жасады. Механика бойынша зерттеулер Москва және Ленинград университегі мен ғылыми-зерттеу институттарында, сондай-ақ одақтас республикалардың ғылыми-техникалық институттарында жүргізілді.
А. М. Ляпуновтың орнықтылық теориясына Н. Г. Четаев елеулі үлес қосты. 30-40 жылдары гироскоп пен гироскоптық жүйе динамикасы (А. Н. Крылов, Б. В. Булгаков т. б.), оған байланысты инерциялық навигацияХимия мен химиялық технология саласы Совет өкіметі тұсында кең дамыды. 1918-1919 жылы Физикалық-химиялық анализ институты, Л. Я. Карпов атындағы физикалық-химиялық институт, 1920 жылы теориясы (А. Ю. Ишлинский т. б.) кең дамыды. Жасанды спутниктердің қозғалысы мен бағдарлануын зерттеуге байланысты космосқа ұшу динамикасы зерттелді (Д. Е. Охоцимский, Т. М. Энеев т. б.). Сызықтық емес тербелістердің теориялық және эксперименттік негізі Л. И. Мандельштам - Н. Д. Папалекси және Н. М. Крылов - Н. Н. Боголюбов еңбектерінде қаланды. 20-30 жылдары қанат теориясына В. В. Голубев, М. В. Келдыш, Н. Е. Кочин т. б. өз үлестерін қосты. Дыбыс жылдамдығына дейінгі аэродинамикада 30 жылдары С. А. Христианович, И. М. Юрьев, Л. И. Седов, дыбыстан тыс ағыс тәсіліне Ф. И. Франкль зерттеу жұргізді. 60-70 жылдары денелерді дыбыстан тез жылдамдықпен орағыта ағу мәселесін шешу бағыты дамыды (К. И. Бабанко, О.М.Белоцерковский т. б.). 50 жылдары сиреген газ аэродинамикасы қарқындай дамыды (С. В. Валландер, М. Н. Коган т. б.). Тұтқыр сұйық гидродинамикасына В. В. Голубев, Л. С. Лейбензон т. б. елеулі үлес қосты. 30 жылдары серпімділік теориясымен қатар (Г. В. Колосов, Н. И. Мусхелишвили), пластикалық теория, сырғанау теориясы мен грунт механикасы (А. А. Гвоздев, А. А. Новоторцев, Н. М. Герсеванов т. б.) зерттелді. Серпімділік теориясындағы (50 жылдары) негізгі жетістіктер жалпы сызықтық емес теорпя (В. В. Новожилов, Л. И. Седов) мен қабықтық сызықтық емес теориясына (К. З. Галимов, X. М. Муштари, А. В. Погорелов т. б.) жатады.
Химия. 18 ғасырдың ортасында Россияда М. В. Ломоносов химия саласынан көптеген ғылыми тәжірибелер жүргізді. Ол физикалық химияға ғылми анықтама берді. 1803 жылы В. В. Петров электр доғасындағы алғашқы химиялық реакцияны жасады. Г. И. Гесс химиялық процестердің негізгі жылулық заңын ашты (1840). Анорганикалық химияда элементтердің қасиеті және олардың қосылыстары зерттелді, жаңа рутений элементі ашылды (К. К. Клаус, 1844). Органикалық заттарды синтездеу әдісі жетілдіріліп, мыс., хинон (А. А. Воскресенский, 1838) және анилин (Н. Н. Зинин, 1842) синтезделді. А. М. Бутлеров жасаған химиялық құрылыс теориясы (1861) органикалық химияның негізі болды. 1869 жылы Д. И. Менделеев ашқан периодтық заң, барлық химиялық элементтер мен олардың қосылыстары систематикасының негізі болды, осы заңның негізінде сол кезде белгісіз болған элементтердің бар екендігін болжап, оның қасиеттерін баяндауға мүмкіндік туды. Н. С. Курнаковтың жұмысы химиялық тепе-теңдікті әр түрлі физикалық-химиялық жүйелерге колдануға болатындығына арналған. 1906 жылы Л.А.Чугаев комплексті қосылыстардың түзілу заңдылығын анықтады.
Қолданылмалы химиялық институты ұйымдастырылған. В. И. Ленин химиялық өнім өндірісін арттыру мүмкіншілігін қарастырды. КПСС ОК-нің мамыр пленумы шешімдерінде (1958) синтездік материалдар, тыңайтқыштар- және химиялық өнімдер өндіру процестерін жасау жөнінде нақты міндеттер көрсетілді. Химиялық ғылымы мен өндірісі халықаралық қарым-қатынас жағдайында дамиды. Мәселен, СССР мен ГДР химиктерінің қарым-қатынасы нәтижесінде полиэтилен өндірісінің автоматтандырылған процесі игерілді (қуаты жылына 70 мың т).
Физикалық химия. Химиялық кинетиканың дамуына Н. Н. Семенов пен оның шәкірттері үлес қосты. 1926-1933 жылдар бұл мектеп тізбекті реакцияның осы заманғы теориясын жасады. Тарамдалған тізбекті реакция механизмі - мыс., фосфордың (Ю. Б. Харитон, З. С. Вольт), сутектің (Н. Н. Семенов т. б.) тотығу процесі арқылы орындалды. Химиялық реакцияның абсолюттік нөл маңында өтетін құбылысы ашылды (А. Д. Абкин, В.И. Гольданский). Баяу тізбекті реакциялар зерттелді (Н. М. Эмануэль). СССР-дегі катализ теориясы жөніндегі алғашқы жұмыс Н. Д. Зелинский мен оның шәкірттеріне (А. А. Валандин, Б. А. Казанский т. б.) жатады. Жартылай өткізгіштердегі катализдің электрондық теориясын В.З.Рогинский мен Ф. Ф. Волькенштейн жасады. Өнеркәсіптік катализаторларды зерттеу және оларды зерттеудің жаңа тәсілдерін жасау ісі Азерб. ССР ҒА (М. Ф. Нагиев) мен Қаз. ССР ҒА-нда (Д. В. Сокольский) жүргізілуде. Радиациялық-химиялық тотықтыру теориясын А. Н. Бах, С. Я. Пшежецкий т. б. жасады. А. Н. Фрумкиннің мектебі электрохимияның дамуына зор үлес қосты. П. А. Ребиндер мектебі коллоидты химияның жаңа саласы - дисперстік жүйенің физикалық-химиялық механикасын жетілдірді. Н.А.Шиловтың жұмысын жалғастырушы М. М. Дубининнің басшылығымен адсорбция зерттелуде. Ерітінділер туралы ілім негізін Д. И. Менделеев пен Д. П. Коновалов салса, оны Н. С. Курнаков, И. А. Каблуков т. б. ғалымдар ілгері дамытты. Я. К. Сыркин мен М. Е. Дяткина бастаған кванттық химия жөніндегі жұмыс жалғастырылуда.
Анорганикалық химия.Қатты ерітінділердегі реакцияларды зерттеу металлохимияны жасауға негіз болды (Н. Курнаков, Г. Г. Уразов т. б.). Вольфрам мен молибден химиясы мен технологиясын зерттеу негізінде (Т. М. Сербин, Г. А. Меерсон т. б.) вольфрам мен молибден өндірісі ұйымдастырылды. 1920 жылы комплексті қосылыстар саласында Л. А. Чугаев теория жүзінде болжанған төрт валентті платинаның пентаминін қосылысын синтездеді. Жартылай өткізгіш химия саласындағы зерттеулер дамыды (Н. П. Сажин, А. Д. Петров т. б.). Радиохимия саласында 1921 жылы В. Г. Хлопин мен И. Я. Башиловтардың басшылығымен СССР-де алғаш рет радий препараты алынды, радиоактивті элементтердің маңызды зерттеулері орындалды (Б. А. Никитин, А. П. Ратнер т. б.). №104-106 жаңа элементтер синтезделген, 106 және 107-элементтерді бөліп алу жолы ұсынылды (Г. Н. Флеров).
Аналитикалық химия. Анализдің жаңа тәсілі, мыс., металл анализі үшін жоңқасыз тәсіл (1922, Н. А. Тананаев), кинетикалық анализ 1958-1960, К. Б. Яцимирский), ультрамикроанализ (1959-1960, И. П. Алимарин) ұсынылып қолданылған. 1946-1949 жылдар хроматографиялық анализ тәсілі жетілдіріліп енгізілген (А. В. Киселев, К. В. Чмутов т. б.). Анализдің оптикалық, электрохимиялық, радиохимиялық тәсілдері жетілдірілуде.
Органикалық химия. Н. Д. Зелинский, С. С. Наметкин т. б. мұнайдың құрамындағы көмір сутегін үнемі зерттеуде. Көмір сутектерінің гидрогенизациялық катализ заңдылығы анықталған (С. В. Лебедев, Б. А. Казанский, 1920-1930), модельдік көмір сутек синтезделген (А. Д. Петров, Р. Я. Левин т. б., 1940). Синтез үшін зор маңызы бар, гидрополимеризация және гидроконденсация реакциялары ашылған (Я. Т. Эйдус, Н. Д. Зелинский, 1926-1948). Табиғи косылыстар саласында 20-40 жылдары әр түрлі табиғи қосылыстардың - терпендердің (С. С. Наметкин, А. Е. Арбузов т. б.), қанттар мен целлюлозалардың (П. П. Шорыгин, С. Н. Данилов), алколоидтардың (А. П. Орехов, А. Е. Чичибабин, А. С. Садыков т. б.) құрамы мен құрылысы анықталған.
Жоғары молекулалы қосылыстар саласындағы алғашқы зерттеулерді 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында А. М. Бутлеров, И. Л. Кондаков, Г. С. Петров т. б. ғалымдар жатады. 1930 жылдары С. С. Медведев және оның мектебі радикалдық полимеризация механизмін зерттеді. Б. А. Долгоплоскінің полимеризацияның тұтығу-тотықсыздануын, қоздыруды ашуы каучуктардың өнеркәсіптік синтезін жасау негізін салды. Б.А.Долгоплоск мектебі диендердің координациялык-пондық полимеризациясын зерттеді. В. В. Коршак мектебі поликонденсация механизміне қатысты маңызды қорытындылар жасады. Каучуктарды вулканизациялау заңдылығы зерттелді (Б. А. Догадкин). Полимерлердің физикалық қасиеттерін зерттеуге А. П. Александровтың, П. П. Кобекожын т. б. ғалымдардың еңбектері негіз болды. Полимерлік тізбектердің формациялық күйінің алғашқы сандық молекулалық теориясын Я. И. Фтенкель және С. Е. Бреслер ұсынды.
Физика-географиялық ғылымдар. Россия табиғатын алғашқы ғылми тұрғыда зерттеу 18 ғасырдың 1-жартысында әсіресе Петр I есіміне тығыз байланысты жүргізілді. Россиядағы географиялық ғылымның теориялық негізін алғаш В. Н. Татищев тұжырымдады. Географиялық ғылымның дамуына географиялық департаментті басқарған (1758) М. В. Ломоносовтың ісі зор әсер етті (Окт. революциясына дейінгі кезеңді РСФСР мақаласының Ғылым мен ғылми мекемелері бөлімін қараңыз).
Окт. революциясынан кейін (1917) еліміздің өндіргіш күштерін зерттеуге байланысты ұйымдастырылған көптеген ғылми экспедициялар мен географиялық саладағы мекемелердің құрыла бастауы физикалық географияның негізгі салаларының дамуына ықпал етті.
Геоморфология. 30 жылдары геоморфология бойынша алғашқы мәліметтер (темір жол құрылысы, СЭС-терді жобалау, пайдалы қазындылар іздестіру т. б. мақсатта) жинақталды (И. С. Щукин, 1934-1938, Я. С. Эдельштейн, 1938). Төрттік кезеңнің палеогеографиялық мәселесі И. П. Герасимов пен К. К. Марковтың (1939) еңбектерінде, А. П. Карпинский, В. А. Обручев бастаған жер қыртысының жаңа қозғалысы туралы ілім Б. Л. Личков (1936), С. С. Шульц (1948) және Н. И. Николаев (1962) т. б. еңбектерінде дамытылды. Герасимов, Ю. А. Мещеряков т. б. ғалымдардың еңбектері негізінде рельефтің негізгі генетикалық категориялары -морфоқұрылым және морфомусін (1967) ажыратылды. Морфоқұрылымды тереңірек зерттеу құрылымдық геоморфологияны қалыптастырып (К. И. Геренчук, С. С. Коржуев т. б.), оны мұнай мен газды барлау жұмыстарына кеңінен қолдануға жол ашты. 50 жылдары мұхит түбін зерттеу жұмыстары (О. К. Леонтьев, Г. Б. Удинцев т. б.) кең етек алды. Отан соғысынан кейін жалпы геоморфология (Щукин, 1960-1974), СССР рельефі (Воскресенский, 1968 ж.) т. б. салалары бойынша монографиялар шықты. 1960 ж. Гера- симов пен Б. А. Федоровичтің басшылығымен СССР-дің алғашқы құрама геоморфологиялық картасы (масштабы 1:4 000 000), 1961 жылы 1:5 000 000 масштабты геоморфологиялық карта (Г. С. Ганешин, И. И. Краснов т. б.) басып шығарылды. Геоморфологиялық зерттеулерді СССР мен одақтас республикалық ҒА-ларының географиялық және геологиялық мекемелері, СССР Геологиялық министрлігі жүргізуде.
Климатология. Окт. революциясынан кейін метеорологиялық станциялар жүйесінің тез қарқындап өсуі еліміздің ауа райын зерттеу жұмыстарына мол деректер жпнақтап берді. Дүние жүзінің Үлкен Совет атласы үшін дүние жүзілік климатологиялық карта сериялары жасалды (1937). Соғыстан кейін СССР-дің жеке физика-географиялық аудандары бойынша көптеген климатологиялық мәліметтер мен анықтамалар жасалды (оның ішінде «СССР климаты» монографиясы бар). «Теңіз атласы» үшін климатологиялық карталар сериясы (1953), «Дүние жүзілік физика-географиялық атласы» (1964) шығарылып, «СССР-дің климатологиялық атласы» (1-2-т., 1960-1963), «Дүние жүзінің агроклиматологиялық атласы» (1972), «Жер шарының жылулық баланс атласы» (1963) жасалған. Аэроклиматологиялық зерттеулер тропосфера мен стратосферадағы ауа температурасының, атмосфералық қысымының, желдің, ылғалдылықтың т. б. таралуы туралы ғылми деректерді толықтыра түсті (И. В. Ханевская, И. Г. Гутерман). Ауа райын қалыптастыру факторларын М. И. Будыко (1956), ауа райының өзгеру проблемасын Будыко, В. Ю. Визе т. б. ғалымдар зерттеді. Климатология саласындағы халықаралық байланыс Халықаралық геофизика және геодезия одағы және Халықаралық географиялық одақ арқылы жүзеге асырылады.
Құрлық гидрологиясы. Гидрологияның дамуына ГОЭЛРО жоспары шешуші әсер етті. 1919 жылы Петроградта Россия гидрологиялық институты құрылды (қазір Мемлекеттік гидрологиялық институт). Институтта су қабаттарын зерттеу әдісі жетілдірілді (В. Г. Глушков, В. А. Урываев т. б.), Д. И. Кочерин Қырымның су қорларын зерттей келе (1924), таулы аймақта ағынның таралуындағы биіктік белдеуді анықтады. 1927 жылы ол СССР-дің Европалық бөлігіндегі өзендердің орташа ағынының алғашқы картасын жасап, жылдық ағынның өзгергіштігін зерттеуді ұсынды. Су балансы туралы ілімді тұңгыш жасаушылардың бірі - Великанов СССР мен шетелде кең дамыған ағын станцияларын жасау идеясын ұсынды. Глобаль гидрология мен дүние жүзілік су балансы проблемасын Б. А. Аполлов (1952), Г. П. Калинин (1968) қарастырды. СССР өзендері бойынша жалпы мәліметті Л. К. Давыдов (1953-1955), А. А. Соколов (1952), М. И. Львович (1971) жасады. Көлдер жөнінде жасалған жалпы қорытынды Л. Л. Россолимоға (1952), Б. Б. Богословский мен С. Д. Муравейскийге (1955), Б. Д. Зайковқа (1955-1960) жатады. СССР гидрологтары халықаралық ғылми программаларды жүзеге асыруға қатысты.
Гляциология. 1932-1933 жылдар совет мұздық экспедициялардың зерттеулері Кавказ, Жаңа Жер, Орал, Памир, Тянь-Шань, Алтай мұздықтарын қамтыды. Осының негізінде гляциология жөнінде теориялық қорытындылар жасалды (С. В. Калесник, 1937, 1939). Халықаралық геофизикалық жыл (1957-1959) материалдары жалпы гляциологпя бойынша қорытынды зерттеулер жасауға мүмкіндік берді (Калесник, 1963). Қар қорының елімізде таралуы қарастырылды, қардың еріп суга айналу процесі зерттелді (П. П. Кузьмин, 1960-1961), қардың желмен көшу теориясы жасалды (А. К. Дюсечнин, 1963). Әр түрлі таулы аудандардағы қар көшкіні қаупі (Г. К. Тушинский, 1963) қар көшкіні қозғалысының механизмі, қар көшкінінің ауадағы толқынының табиғаты мен оның кедергіге соққысы (Г. К. Сулаквелидзе, К. С. Лосев т. б., 1966) зерттелген. СССР мұздықтарының толық каталогы жасалуда, 200-дей мұздықтардың тербелісі бақылануда. Гляциологиялық зерттеулердің практикалық маңызы мұздық ағынын (әсіресе Орта Азияда) бағалау және қар тасқыны мен селден қорғану шараларын (әсіресе Алматыда)жетілдіру қажеттілігімен байланысты.
Топырақ географиясы.СССР ҒА басқарған 1924 жылдан жүргізілген экспедицияларға еліміздің көрнекті топырақ зерттеушілері С. С. Неуструев, Л. И. Прасолов т. б. қатысты. 1927 жылы Прасолов т. б. СССР-дің Азиялық бөлігінің топырақ картасын (масштабы 1:4 200 000), 1930 жылы СССР-дің Европалық бөлігінің топырақ картасын (масштабы 1:2 520 000), 1927 жылы К. Д. Глинканың редакциясымен дүние жүзінің шолулық топырақ картасы жасалды. СССР-дің (Ю. А. Ливеровский, 1974) және дүние жүзінің (М. А. Глазовская, 1972-1973, 1975) топырақтары бойынша мәліметтер жарияланған. Топырақ географиясы бойынша зерттеулерді В. В. Докучаев атындағы топырақ институты басқарады.
Биогеография. Биогеографияның Совет өкіметі тұсында қалыптасуына В. И. Вернадскийдің 20-30 жылдары жетілдірілген биосфера туралы ілімі себепші болды. Н. И. Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу тегінің орталықтары туралы классикалық еңбегі, Е. В. Вульф пен А. Н. Криштофовичтің СССР және барлық жер шары флорасының шығу тегі мен дамуы туралы зерттеулері осы кезеңге жатады. Геоботаникадағы экологиялық бағытты Л. Г. Раменский дамытты. СССР өсімдігі жөніндегі коллективтік мәлімет (1938-1940), СССР өсімдігінің шолу картасы (масштабы 1:5 000 000; 1939 ж.) жарияланды.
1964 жылы Физика-географиялық атлас үшін жеке материктер мен барлық Жер шарының геоботаникалық және зоогеографиялық картасы жасалды. Биогеографияның жалпы мәселесіне П. Д. Ярошенконың (1961), А. И. Толмачевтің (1962), А. П. Шенниковтың (1964), Е. Е. Сыроечковский мен Э. В. Рогачеваның (1975) монографиялары арналған. Биогеография жөніндегі зерттеулерді СССР ҒА-ның ботаникалық, зоологиялық және географиялық институттары мен одақтас республика ҒА-лары жүргізеді.
Физикалық география. 30 жылдары комплексті физика-географиялық теориясында негізгі екі бағыт - ландшафт тану және жалпы жер тану ғылымы қалыптасты. Біріншісін Л. С. Берг басқарды, ол 1931 жылы СССР-дің ландшафт-географиялық зоналарына сипаттама берді. Бұл бағытты Л. Г. Раменский дамытты (1938). Жалпы жер тану ғылымының дамуына В. И. Вернадскийдің организмдердіц геологиялық және геохимиялық ролі туралы, геосфера жүйесі және осы жүйедегі заттар айналымы туралы (20-40 жылдары) идеясы әсер етті. Планетарлық масштабтағы географиялық проблемаларды зерттеу жалпы жер тану ғылымын дамытуға көмектесті (С. В. Калесник, К. К. Марков т. б.). Жалпы географиялық заңдылықтарды зерттеумен қатар көптеген регионалдық физика-географиялық зерттеулер жарияланды. СССР-дің барлық территориясының табиғаты Б. Ф. Добрынин (1948) мен С. П. Сусловтың (1954) монографияларында баяндалды. Жер шарының негізгі табиғи заңдылықтарының толық картографиялық бейнеленуі Дүние жүзінің физика географиялық атласында көрсетілген.
Метеорология. 1849 жылы Петербургтегі Бас физикалық (қазіргі Бас геофизикалық) обсерватория еліміздің орталық метеорологиялық мекемесі ретінде құрылды. Г. И. Вильд Россияда (19 ғасырдың 2-жартысы) метеорологиялық станциялардың жүйесін қалыптастырды. 1929 жылы СССР Гидрометеорологиялық қызметі ұйымдастырылды. Актинометриялық аспаптар конструкциясы жасалды (Н. Н. Калитин т. б.). П. А. Молчановтың радиозондты ойлап табуы (1930) атмосфераның күйін бақылауға мүмкіндік берді. 40 жылдары атмосфераныц күйін бақылауға радиолокация қолданылды (В. В. Костарев т. б.). 50 жылдары метеорологиялық ракетаның, 60 жылдары метеорологиялық спутник пен лазерлік зондылаудың пайда болуы атмосфераның жоғарғы қабатын зерттеуге мүмкіндік туғызды. Москвада Гидрометорталық - Дүние жүзілік ауа райы қызметінің 4 орталығының бірі пайда болды. 20 жылдары атмосферадағы теориялық турбуленттілік пен құйынның пайда болу саласындағы А. А. Фридманның еңбегі совет динамикалық метеорология мектебінің негізі болды. 30-40 жылдары синоптикалық метеорологияның зерттелуі жалғастырылды (А. И. Аскиназий, В. А. Бугаев т. б.). Синоптикалық зерттеу қысқа мерзімді ауа райын болжау әдісін жақсартты. Б. П. Мультановский бастаған ұзақ мерзімді ауа райын болжау әдісі атмосфераның жалпы циркуляциясын зерттеу негізінде жүргізілуде (С. Т. Пагава, Г. Я. Вангенгейм т. б.). Атмосферадағы электр құбылысын (электрлік бұлтты) П. Н. Тверский, Я. И. Френкель т. б. ғалымдар зерттеді. Совет метеорологтары Дүние жүзілік метеорологиялық ұйымға қатысады.
Океанология.Орыс ғалымдары мұхитты бақылаудың алғашқы әдісін жетілдірді (И. Ф. Крузенштерн, 1803-1806; Э. X.Ленц, 1823-1826), мұхиттың толы суын бақылау жұмыстары жүргізілген (Ф. П. Литке, 1844), мұхиттың тік циркуляциясының схемасы жасалған (Ленц, 1845), бұғаздар туралы ілімнің негізі қаланды (С. О. Макаров, 1885, 1894). СССР-де 1921 жылы В. И. Лениннің декреті бойынша Жүзбелі теңіз ғылми институты құрылды, ол Солтүстік теңіздердің комплексті океанологиялық зерттеу жүйесіне жол ашты. Біздің елімізде океанологиялық жұмыстармен СССР ҒА-ның П. П. Ширшов атындағы океанологиялық институты (1946 жылдан), УССР ҒА- ның Теңіздік гидрофизикалық институты (1947 жылдан), МГУ, ЛГУ т. б. ғылми мекемелер мен оқу орындары шұғылданады. Океанологияның негізгі физикалық мәселелері - мұхит пен атмосфера арасындағы қарым-қатынас заңдылықтарын ашу (В. В. Шулейкин, В. Ю. Визе т. б.). Мұхит суының әр түрлі географиялық жағдайда вертикальды араласу ерекшеліктері, оның мөлшерін анықтау тәсілдері (Н. Н. Зубов, В. Б. Штокман т. б.) жетілдірілді. Мұхит оптикасы және акустикасы (жарықтың тереңдікке байланысты таралуы, теңіз суының қанығу ерекшеліктеріне байланысты жарықты жұтуы т. б.) жөнінде көптеген мәліметтер алынды (Шулейкин, М. В. Козлянинов т. б.). Мұхит және теңіз мұзының түзілу заңдылықтары, таралуы (Зубов, Визе, И. Д. Папанин, П. П. Ширшов т. б.) зерттелді. Мұхит геологиясын зерттеуде Н. И. Андрусов, А. Д. Архангельский, Н. М. Страхов т. б. көп еңбек сіңірді. Қ. Мухит, Мухит геологиясы.
Геодезия. Алғашқы топографиялық түсіру және астрономиялық-геодезиялық жұмыс Россияда 17-18 ғасырларда басталды. 17 ғасырдың 30 жылдары Петербург ҒА бүкіл әлемдік тартылыс заңының негізділігін тексеру, Жердің өлшемін анықтау, сондай-ақ геодезиялық тірек торын жасау үшін градустық өлшеуге әрекет жасалды. СССР-дегі геодезия мен картографияны дамытудың бастамасы 1919 жылы 15 наурызда Жоғары геодезиялық басқарма (қазіргі СССР Мин. Советі жанындағы Геодезия және картография бас басқармасы) құру үшін В. И. Ленин қол қойған декрет болды. Ол басқарма Совет Одағының мемлекеттік картография-геодезиялық қызметін басқарды. 1928 жылы Ф. Н. Красовский жасаған жаңа зерттеу программасында СССР территориясында топографиялық түсіруді негіздеу және Жердің пішіні мен өлшемін анықтауға байланысты геодезияның ғылми проблемаларын шешу мақсатымен астрономия-геодезиялық тор жасау қарастырылған. 70 жылдардың ортасында барлық СССР территориясына осындай тор, ал оның едәуір бөлігіне топографиялық түсіру мен инженерлік-геодезиялық жұмыстың негізі болатын мемлекеттік триангуляцияның тұтас торы жасалған. 30 жылдары Красовский, кейінірек Н. А. Урмаев т. б.астрономия-геодезиялық тор мен триангуляцияның тұтас торының теңдеулері әдісі мен теориясын жетілдірді. М. Е. Хейфец, Ю. Д. Буланже т. б. ғалымдардың еңбектері негізінде 70 жылдары тіректік гравиметриялық пункттердің аса дәл торы жасалды.
50 жылдары нивелирлеу жөніндегі көп материал жинақталды. 20 жылдары аэрофототүсіру, топографиялық түсіру үшін, 50 жылдары геология, мелиоративтік, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, құрылыс, транспорт т. б. инженерлік зерттеулер үшін қолданылды. Геодезиялық және аэрофотографиялық жұмыстың дамуы еліміздің барлық территориясына 1:100 000 масштабпен бірыңғай топографиялық карта жасауға мүмкіндік берді.
Картография. 1919 жылы 15 наурызда Жоғары геодезиялық басқарма (СССР Министрлік Советі жанындағы Геодезия және картографиялық бас басқармасы) ұйымдастыру туралы В. И. Ленин қол қойған декрет совет картографиясын ғылми және өндіріс ретінде дамытуға негіз болды. Соғысқа дейінгі жылдары әр түрлі масштабтағы топографиялық карталар жасалды (оның ішінде 1: 1000 000 масштабтағы СССР Мемлекеттік картасы бар). Отан соғысы кезінде Совет Армиясы осы заманғы дәл карталармен қамтамасыз тақырыптық карталар (геология, топырақ т. б.), сондай-ақ 1:2 500 000 масштабты СССР картасы (гипосометриялық, геология, тектоникалық, металлогениялық, гидрогеологиялық т. б.; 1:4 000 000 масштабты геморфологиялық, топырақ, өсімдік т. б.) жасалды.
Одақтас республикалардың комплексті атласы - картографияның дамығандығының дәлелі. Сондай-ақ Ленин - тарихи-биографиялық атлас (1970), «СССР-дің құрылуы және дамуы» атласы (1972), «КПСС тарихы» атласы (1976) жарық көрді. Картографияның теориясы мен практикасының дамуына Москваның геодезия, аэрофото түсіру және картографиялық инженерлері институты, Москва мемлекеттік университетінің географиялық факультеті, салалық ғылыми-зерттеу институттары т. б. зор үлес қосты. Картографиялық ғылымының жеке салаларын дамытуға Ю. М. Шокальский, Ф. Н. Красовский, Н. М. Волков, Н. Н. Баранский, Л. И. Прасолов, В. Б. Сочава, Н. С. Шатский, З. А. Сваричевская, А. Г. Исаченко, А. С. Барков, А. А. Борзов, М. А. Цветков т. б. ғалымдар үлес қосты. Картографияның негізгі мәселелерін Ю. В. Филиппов, Д. А. Ларин, А. Д. Копылов т. б. ғалымдар жетілдірді. СССР-дегі картографиялық жөніндегі халықаралық іс 1:2 500 000 масштабты Дүние жүзінің халықаралық картасын (1964-1975), 1:2 500 000 масштабты Европаның халықаралық тектоникалық картасын т. б. жасаумен байланысты болды. Космостық кеңістікті зерттеу картографтардың алдына Ай, Марс т. б. картасын жасау міндетін қойып отыр.
Геологиялық ғылымдар. Түбегейлі геологиялық зерттеулер 19 ғасырдың 1-жартысынан басталды. Геология ғылымының түрлі салалары, олардың өзекті мәселелері Ф. Ю. Левинсон-Лессинг, И. М. Губкин, В. И. Вернадский Н. И. Андрусов еңбектерінің арқасында қарқынды дамыды. Совет өкіметі жылдарында геология саласында арнаулы жоғары оқу орындары, факультеттер, түрлі ғылыми-зерттеу институттары ашылды, мекемелер құрылды. Аймақтық геологиялық зерттеулер, геологиялық барлау жұмыстары кеңінен жүргізілуі арқасында мыстың, темірдің (Орал, Сары- арқа) жаңа кендері, сурьма-сынап (Орта Азия), апатит (Кола түбегі), алтын кендері (Сібір) ашылды. Палеонтология, палеография зерттеулер (Д. В. Наливкин) өрістеді. Геологиялық түзілімдердің абсолют жасын анықтауға изотоптық анализ енгізілді. Геосинклинальдар, фациялар (А. А. Борисяк, Ю. А. Жемчужников, Д. В. Наливкин) туралы ілім қалыптасып дамыды. Мұнай тудырушы жыныстар қалыптасуының проблемалары (А. Д. Архангельский, Н. М. Страхов) зерттелді. Шөгінді жыныстардың геохимиялық фациялары бөлінді, шөгінділер жиылуының дүркінділігі негізделді (Л. В. Пустовалов). Техникалық петрография қалыптасты, биогеохимия ғылымы пайда болды. Сейсмологиялық зерттеулер өрістеді, электрлік барлау мен каротаждың теориясы, методикасы, агромагниттік тәсіл жасалды (А. А. Логачев). Пайдалы қазындылар туралы ілімде металлогениялық бағыт өрістеді (Қ. И. Сәтбаев, С. С. Смирнов, Ю. А. Билибин), фосфориттер жаралуының хемогендік теориясы жасалды, көмір петрографиясының негізі салынды, мұнай мен газ кендері орналасуының заңдылықтары анықталды. Жер асты суларының динамикасы, зоналылығы, химиялық құрамы зерттелді, инженерлік геология дамыды. Геологиялық ғылымдары саласында зерттеулер жүргізетін 80- нен астам ғылыми-зерттеу институттары бар.
Стратиграфия. Барлық стратиграфиялық бөліністердің абсолют жастарының жинақ шкаласы жасалды (Г. Д. Афанасьев). Фанерозой мен докембрийдің шегі негізделді. Жасы белгісіз (мылқау) шөгінділердің жасын анықтауға споралық-тозаңдық анализ практикаға енгізілді.
Тектоника. Неотектоника, тектонофизика дамып келеді. Жер қыртысының нығайған учаскелерінің жандануы жөнінде ілім (В. В. Белоусов) жасалды. Платформа тысындағы жарылыстар бойынша көне құрылымдар кейін анықтау методикасы (А. Л. Яншин) жасалды. Магматизмнің терең жарылыстарға байланыстылығы, рифтік зоналар генезисі жөніндегі түсініктер қалыптасты. Жалпы планеталық тектоникалық модельдер, жер қыртысының жоғарғы қабаттарының даму ерекшеліктерін жердің терең зоналарының геологиясымен байланыстыратын бірнеше теориялық қағидалар ұсынылды.
Литология. Формациялар туралы ілім (Н. С. Шатский, Н. П. Херасков, 1955) қалыптасты. Көмірлі қабаттардың фациалдық-циклдік анализі жасалды (Ю. А. Жемчужников т. б.). Диагенезден кейінгі құбылыстарды зерттеу көптеген пайдалы қазындылар кендерінің қалыптасу процестеріндегі заңдылықтарды тусінуге жол ашты (А. В. Копелиовпч, А. Г. Косовская). 1960-1975 жылдарда докембрийлік түзілістер литологиясы қалыптасты (А. В. Сидоренко т. б.).
Минералогия. Минералдардың біртектілігі мен типоморфизмінің проблемасы зерттелді. Жаңа физика тәсілдер (электрондық микрозондтау, электрондық спектроскопия, мессбауэрлік спектроскопия, электрондық парамагниттік резонанс) кеңейтіліп жетілдірілді (Г.П.Барсанов, Г.С. Грицаенко т. б.). Минералдар мен руда түзілудегі коллоидтық ерітінділердің алатын орны анықталды (Ф. В. Чухров). Минералдардағы саз және сұйық кірмелердің әрекеті зерттелді.
Петрография. Магмалық, метаморфтық жыныстардың формациялық анализ тәсілдері (Ю. А. Кузнецов т. б.) ғылым мен практикаға енгізілді. СССР территориясының магмалық формацияларының картасы (Ю. А. Кузнецов, 1964, Д. С. Штернберг, 1970), метаморфтық фациялардың жаңа классификациясы (В. С. Соболев т. б.), жыныстарды құраушы минералдар парагенезисінің жаңа физика-химиялық тәсілі (Д. С. Коржинский) метасоматикалық жыныстар мен рудалар зоналылығының теориясы жасалды.
Геохимия. 50 жылдарда изотоптық геохимияның қалыптасуы (А.П. Виноградов) тау жыныстарының абсолют жасын анықтау жөніндегі зерттеулерді дамытты (Э. К. Герлинг, И. Е. Старик т. б.). Органикалық геохимия қалыптасты. Химиялық элементтер миграциясының теориясы жасалып, жер қыртысының химиялық құрамының сандық жаңа моделі ұсынылды. Мұхит түбінің жыныстары, космостық бөлшектер, Айдан әкелінген жыныстар зерттелді.
Геофизика. Жердің термиялық тарихына радиогендік жылу ықпал жасағаны анықталды (Е. А. Любимова). Мантиядағы аралық қабаттың, баяу жылдамдықтар қабатының теориясы зерттелді (В. А. Магницкий т. б.). Жер айналуының ғасырлық үдеуінің ішкі процестерге байланыстылығы анықталды (Н. Н. Парпиский, 1975).
Магнитометрия. Палеомагниттік зерттеулердің физикалық негіздері жасалды (Г. Н. Петрова, А. И. Храмов).
Планетааралық өрісті зерттеу жолдары игерілді. (В. А. Троицкая).
Гравиметрия. Бүкіл СССР территориясындағы гравитациялык, аномалиялар зерттелді (М. С. Молоденский т. б.). Гравитациялық және магниттік аномалияларды түсіндірудің математикалық тәсілдері енгізілді (Б. В. Нумеров, В. Н. Страхов).
Сейсмология. Жердің серпімділік қасиеттері, жер сілкіну ошақтарының орны, жер сілкіну қозғалыстарының механизмі, параметрлері зерттелді. СССР-дің жер сілкіну атласы, Жер сілкінуді алдын ала білуге болатын белгілерді іздеу тәсілдері жасалды. Антисейсмикалық құрылыстардың нормалары белгіленді (М. А. Садовский т. б., 1970).
Пайдалы қазындыларды іздеудің геофизикалық тәсілдері. Әуеде, теңізде жүргізілетін гравиметриялық түсірудің методикасы, аппаратуралары, электрлік барлаудың жаңа әдістері жасалды (М. Н. Бердичевский, Л. Л. Ваньян, 1955-1965). Жер қыртысының тереңдегі құрылымын зерттейтін сейсмикалық зондтау тәсілі жасалды (Г.А.Гамбурцев, 1949). Тау жыныстарының пьезоэлектрлік эффектісі ашылып, оның негізінде жаңа геофизикалық барлау әдісі (М. П. Воларович т. б.), шөгінді жыныстарды зерттеудің ядролық физикалық импульстық тәсілі жасалды (Г. Н. Флёров т. б.).
Пайдалы қазындылар геологиясы. Түрлі генезисті рудалы кендердің орналасу заңдылықтары, генезистері анықталды, зерттеу методикасы жасалды. Бүкіл СССР-де рудалы провинциялар мен формациялардың типтері белгіленді. Магмалық кендердің қалыптасуына магманың тереңде жіктелуінің әсері күшті екені дәлелденді. Эндогендік руда кендерін формациялық жүйелеу іске асты.
Мұнай мен газ геологиясында мұнай пайда болуының литогенез сатысына байланыстылығы анықталды, мұнай мен газ кендері жаралуының биогендік теориясы жасалды (Н. Б. Вассоевич т. б.). Батыс Сібір, Тиман - Печора, Орта Азия (Газли, Шатлық т. б.), мұнайлы-газды провинциялары ашылды. Көмір геологиясындағы зерттеулер негізінде бүкіл СССР территориясы көмірлігінің болжамдық картасы жасалды.
Гидрогеология. 50-70 жылдардағы зерттеулер жер асты сулары орналасуының зоналылығын, жер-астылық су ағынын анықтауға бағытталды. СССР территориясын гидрогеологиялықаудандарға бөлу принциптері жасалды.
Инженерлік геология. Инженерлікгеология карталарын жасаудың, экзогендік процестерді алдын ала болжаудың, тау жыныстарын бекітудің методикалары жасалды.
Математикалық геология. Геологиялық-процестердің заңдылығын түсінуге математикалық тәсілдер енгізілді (А. Б.Вптелиус т. б.). Информацияларды жинақтап қорытындылаудың, өңдеудің автоматтандырылған жүйесін құрудың принциптері анықталды.
Тау-кен ісі ғылымдары. СССР-де дүние жүзілік тау-кен өндірісінің 25%-і орналасқан, жылына 6 млрд. т пайдалы қазындылар мен тау жыныстары өндіріледі. 1929-1940 жылдарда тау-кен жұмыстарын механикаландыру жүзеге асырылды (А. М. Терпигорев, А. О. Спиваковский т. б.). Тау жыныстары мен рудалардың физика-механикалық қасиеттері зерттелді. Тау-кен механикасының, тау-кен геометриясының, маркшейдерияның негіздері салынды. 1960-1970 жылдарда тау-кен ісінің түрлі салаларында арнаулы ғылми зерттеулер өрістеді. Кенді пайдаланудың тиімді жүйелері практикаға енгізілді, дайындау және аршу жұмыстары кеңінен механикаландырылды, өнімділігі жоғары машиналар жасалды. Руда кендерін пайдаланудың ғылми негіздері жасалды (Н. И. Трушков, Н. А. Стариков т. б.). Рудник аэродинамикасында шахталарды желдететін жүйелер есебінің аналитикалық әдістері жасалды (А. А. Скочинский, В. Н. Воронин т. б.). Көмір шахталарын газсыздандыруға, кенді құрғатуға, суға қаныққан жыныстарды қатыруға т. б. бағытталған жұмыстар жүргізілді. Көмірді жер астынан гидравликалық жолменен өндірудің негізі жасалды. Тау жыныстарының физика-техникалық қасиеттерін жан-жақты зерттеу жұмыстары өрістеді (Л. И. Барон, В. В. Ржевский т. б.). Карьерлердегі аршу және ондіру жұмыстарының технологиясы мен комплексті механизациясы ғылми негіз алды. Пайдалы қазындыларды байытудың гравитациялық, флотациялық, электромагниттік т. б. тәсілдерінің теориялық негізі қаланды. 70 жылдарда геотехнология жеке салаға айналды. Мұнай мен газ алуға бағытталған бұрғылау ісіне тиімді жаңа техника меп бұрғылау технологиясы енгізілді. Мұнай, газ кендерін пайдаланудың ғылми негіздері жасалды. Қабат қысымын арттыру арқылы мұнай мен газ шығымын жоғарылататын бірнеше тиімді шаралар қолданылды. Кеуекті ортадағы мұнай мен газдың фильтрациясы жөнінде теориялық зерттеулер комплексі орындалды. Мұнай қабатының қасиеттерін қалпына келтіру тәсілдері жасалды. Тау-кен ғылымы саласындағы зерттеулер салалық арнаулы ғылыми-зерттеу институттарында, жоғары оқу орындарының тау-кен факультеттерінде жүргізіледі.
Топырақ тапу. 19 ғ-дың аяғында осы заманғы топырақ танудың негі- зін Россияда В. В. Докучаев қалады. П. А. Костычев, В. Р. Вильямс, Г. А. Дояренко топырақ танудың агрономиялық бөлімін дамытты. 1918 жылы СССР РА жанынан Топырақ бөлімі құрылды, 1927 жылы В. В. Докучаев атындағы топырақ институтына айналды. Осы институттың программасын ұйымдастырып анықтауға Ф. Ю. Левинсон-Лессинг, Б. А. Келлер т. б. қатысты. 1922 жылы СССР-дің европалық бөлігінің топырағы туралы мәліметтер дайындалды (Л. И. Прасолов), Волхов СЭС-ін жобалауға байланысты Волхов өзені алабының топырағы зерттелді (1920-1926, Прасолов, Н. Н. Соколов). 20 жылдары Қазақстан мен Орта Азияның (И. А. Димо, Е. Н. Иванова т. б.), Сібір, Қиыр Шығыстың (К. П. Горшенин, Н. В. Орловский т. б.) т. б. топырағы зерттелді. 30 жылдары ауыл шаруашылығын түбегейлі қайта құруға, колхоздар мен совхсздарды ұйымдастыруға байланысты топырақты кең масштабта зерттеу және колхоз жерінің топырағын, әсіресе мелиорация жүргізу аудандарында (Волга сырты, Орта Азия, Кавказ сырты) картаға түсіру ісі басталып, ол 70 жылдардың ортасында аяқталды. Сортаңданған және батпақталған топырақты зерттеу негізінде мелиорациялық топырақ тану ісі дамыды. Практикалық міндеттер топырақ эрозиясы және онымен күресу жөніндегі ілімді дамытты (А. М. Панков, А. С. Козменко т. б.). Прасоловтың басшылығымен топырақтың әр түрлі типтерінің дүние жүзілік ауданы есепке алынды. Д. Г. Виленский (1927) топырақ сипаттамасының әр түрлі белдеудегі ауа райының ылғалдылық дәрежесіне тәуелділігін анықтады. 60 жылдары топырақты классификациялау және картографиялау жөніндегі жұмыс кеңи түсті. Совет топырақ тану және оның қолданылмалы салалары халық шаруашылығының өндіргіш күшіне айналды. Совет топырақ тану ғылымы жетістіктерінің танылуы - 1974 жылы СССР-де өткізілген Топырақ тану мамандарының халықаралық конгресі болды.
Биологиялық ғылымдар. Россияда биологиялық ғылым дамуы 18 ғасырдан оның флорасы мен фаунасын зерттеуден басталады. Октбрьлық революцисынан кейін генетика, физиология, биохимия, микробиология, цитология, гистология, биоценология, экология, протистология, гидробиология, палеонтология т. б. ғылым салалары кең дами түсті. СССР-де 50 жылдары тіршілік құбылысын субклетка және молекула дәрежесінде зерттеу, осыған орай биологияға физика, химия, математика зерттеу әдістерін енгізу кең өріс алды. Жануарлар систематикасы, экологиясы, эволюциясы, морфологиясының жалпы мәселелері, фауна құрамы, пайдалы, зиянды жануарлардың экологиясы, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қорғаудың ғылми негізін құру мәселелері зерттелді. Қарапайымдар систематикасы (В. А. Догель), гельминттердің түр құрамы (К. И. Скрябин, И. Н. Филипьев, А. А. Парамонов), насекомдардың топырақ арасында тіршілік етуге бейімділіктері, қан сорғыш насекомдар мен қан сорғыш буын аяқтылардың ауру таратудағы ролі (Е. Н. Павловский бастаған паразитологтар), балық паразиттері анықталды, моногенетикалы сорғыш құрттардың қазіргі жаңа систематикасы құрылды (Б.Е.Быховский). Жануарлардың таралу заңдылығын қорытындылау пайдалы жануарларды жерсіндіру шараларына ғылми негіз болған зоогеографияны дамытты.
Постэмбрионалдық дамуды және оның гормоналды реттеуін зерттеу қойдан көп төл алуға мүмкіндік туғызды. Совет физиологтары орталық нерв жүйесінің әсіресе ми қыртысының ішкі органдарға әсерінің көптеген механизмін алғаш рет ашты. Өсімдік дүниесін биосфера құрамы тұрғысынан қарап, оны пайдалану, қорғаудың ғылми негізін іздестіруге көп көңіл бөлінді. Өсімдік дүниесінің филогениялық жаңа жүйесі ұсынылды, пайдалы өсімдіктер іздестірілуде, геоботаникалық зерттеулер халық шаруашылығымен тығыз байланыста жүргізілуде. Өсімдіктің суыққа, қуаңшылыққа, тұзға төзімділігі жемісті зерттелді. Өсімдік қоректенуінің теориялық негізі анықталды, өсімдіктегі зат алмасу процесі зерттелуде. Вирус генетикасы, ісік вирустары, вирусқа қарсы иммунитет мәселелерінен теориялық зерттеулер жүргізілуде. Қазіргі палеонтология зерттеулер жануарлар мен өсімдіктердің ірі топтарының эволюциясын анықтауға бағытталған. Биогеохимияның зерттеулері нәтижесінде палеохимия дамыды. Теңіз организмдерінің химиялық элемент құрамы, топырақ зерттелді. Геохимиялық экология және биогеохимиялық аймақтар жүйесі құрылды. Адам тамағы және мал жеміндегі химиялық микроэлементтер мөлшерінің, ветеринарияда, медицинадағы аурудың алдын алу маңызы зерттелуде. Белок биохимиялық зерттеулерінің теориялық үлкен маңызы болды. ДНК-ның тек жануарлар клеткасы ядросында емес, сондай-ақ өсімдік және микроорганизмдер клеткасында да бар екені анықталды. Көптеген антибиотиктерді алудың жаңа әдістері ашылды. Космос жағдайындағы салмақсыздық әсерінен зат алмасу процесінің өзгерістерін зерттеудің космостық зерттеу программаларын жоспарлауда үлкен маңызы болды. Тасымалдаушы РНК-ның, бірқатар белоктың алғашқы структурасы анықталды. Бактерия РНК-сы, РНК-ның жаңа типі, рибонуклеопротеидтер ашылды, молекула биологиялық жетістіктерін вирусология, онкологияда пайдалану зерттелуде. Тірі тканьнің иондық қозу теориясынан зерттеулер жүргізілді. 50-60 жылдары бірқатар жануарлар мен өсімдіктердің әсіре әлсіз ультра күлгін сәуле шығаратындығы анықталды. Хлорофиллдің және оның аналогтарының фотохимиялық қайта тотығу реакциясы ашылды. 70 жылдары молекулалық биофизикалық клетка, сезім органдары биофизикасы зерттеле бастады. Иондауыш сәулені ауыл шаруашылық өсімдіктері өнімін арттыруға пайдалануға болатындығы анықталды. Совет радиобиологтарының күші сәуле ауруының алдын алу, емдеу проблемаларын зерттеуге бағытталған. Адамды ядролық сәуленің зиянды әсерінен, биология, химия қорғау мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Иондауыш радиациядан кейін клетканың қайта қалпына келу құбылысы ашылған, радиотоксиннің маңызы анықталған, сәуле ауруының генетикалық теориясы дамыды. Радиацияның биологиялық әсерінің структура-метаболизмдік теориясы құрылған. Цитологиялық ғылымынан цитоэкологиялық, радиациялық цитологиялық дамуда. Прокариот және бір клеткалы эукариот организмдерді зерттеудің ең басты проблемасы - генетикалық жүйелер эволюциясының заңдылықтарын анықтау. Хромосоманың молекулалық құрылысы және матрицалық репродукциясы туралы жорамал, геннің күрделі құрылыстылығы, оның бөлінетіндігі, ген құрылысы теориясы, популяциялық генетика және генетика мен эволюциялық ілім байланысы, радиациялық және химиялық мутагенез мәселелері ашылып, одан әрі зерттелуде. Полиплоидия құбылысы туралы зерттеулер жер жүзіне әйгілі болды. Жануарлар селекциясының генетикалық негізі, медициналық генетикасы, молекулалық генетика дами түсті. Космостық генетика негізі құрылды. СССР-де 60 жылдардан бастап генетика қайта дамып, оның ішінде тұқым қуудың хромосомалық теориясы мен мутация теориясы туралы зерттеулер өріс алды.
Ауыл шаруашылығы ғылымдары. Ауыл шаруашылық ғылымының Россияда негізін қалаған М. В. Ломоносов болды. Отандық агрохимияның тууы Д. И. Менделеевтің атымен байланысты. Окт. революциясынан кейін ауыл шаруашылық ғылымының барлық саласы дамуына жағдай туып, ғылми зерттеулер кең қанат жайды. 1929 жылы В. И. Ленин атындағы Бүкіл одақтық Ауыл шаруашылық ғылым академиясы (ВАСХНИЛ) құрылды, бұның қазір бірнеше жерде бөлімдері бар. 1975 жылдың басында ауыл шаруашылық саласында 889 ғылыми-зерттеу мекемесі, оның ішінде 310 ғылыми-зерттеу институты болды. Совет ауыл шаруашылық ғалымдары жерді пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, оны өңдеу, ауыл шаруашылық өсімдіктерін егу, өсіру технологиясын, арам шөппен, өсімдік зиянкестері және ауруларымен, топырақ эрозиясымен күресу шараларын зерттеуде, егістікті қорғайтын орман салу, суландыру, жерді құрғату т. б. мәселелеріне бағытталған зерттеулерде үлкен табыстарға жетті. Әр түрлі аймаққа сай ауыспалы егіс жүйесі ұсынылған, тыңайтқыш түрлерінің тиімділігі, оның қандай түрінің қандай аймаққа тиімді екені анықталуда және бұл жөнінде еліміздің 22 ауыл шаруашылық аймағына ұсыныс дайындалған. Бактериялы тыңайтқыштар пайдалану аймақтары анықталды, микробты препараттар, сүрлем ашытқысы, кемірушілерге қарсы бактероденцид, колорадо қоңызы, қоңыр көбелекке қарсы битоксибациллин дайындалды. 1960-1975 жылдары селекционер ғалымдардың басшылығымен (П. Ф. Гаркавый, Ф. Г. Кириченко т. б.) бидайдың, арпа, сұлы, дәнді бұршақ, қант қызылшасының т. б. көптеген жаңа өнімді сорттары, қара бидайдың диплоид, тетраплоид сорттары, ғылми және практикалық маңызы бар жаңа дақыл - қара бидай мен бидай буданы тритикале шығарылды. Овощ дақылдарының жаңа гибрид сорттары алынды, жеміс жидектің 1500-ден астам жаңа сорттары егіледі. Мал азығы дақылдарының өнімі жоғары жаңа сорттары шығарылып, оларды өсіру технологиясы жетілдірілген. Пішендеме, шөп ұнын дайындау, пішен престеу, жемді брикеттеу, түйіршіктеудің жаңа әдістері, тәсілдері ашылып өндіріске енгізілді. Белокты мал жемін микробиологиялық, химиялық синтез есебінен өндіру ұсынылған, белокты жемдік заттарды мұнай көмірсутегінен алу зерттелуде. 1965-1975 жылдар мелиорация техникасы, машиналары аса күшті жетілдірілді. СССР орман қоры картасы (1955) жасалды, биогеоценоз ілімі құрылды. Орман типі классификациясы, селекциясы, генетикасы, топырағы зерттелуде (Г. Ф. Морозов, А. А. Роде, А. В. Альбенский, Г. П. Озолин т. б.).
Мал шаруашылығында 1935-1975 жылдар мүйізді ірі қараның (А. С. Всяких, С. Я. Дудин т. б.), қойдың, жылқының т. б. бірнеше жаңа тұқымдары шығарылды. Қазір тек биязы, биязылау жүнді қойдың 16 жаңа тұқымы бар. Малды қолдан ұрықтандыру (И. И. Иванов т. б.) кең қолданылуда. Мал ауруларының алдын алу, оны анықтау, емдеудің жаңа және жетілдірілген әдістері ашылды, тиімді вакциналар шығарылды. СССР-де көптеген мал аурулары (маңқа, чума, ала-өкпе) жойылды, бірқатары өте сирек байқалады. К. И. Скрябин негізін құрған совет гельминтология мектебін дүние жүзі таныды. Аэрозолды вакцина, сыворотка (қан сарысуы), иммунизация кең қолданылуда. Ауыл шаруашылық жұмыстарының көптеген салалары механикаландырылуда (В. Н. Болтинский, В. А. Желиговский т. б.), мыс., жем дайындау, сиыр, бие, түйе сауу, мал қораны көңнен тазарту, қой қырқу т. б. Советтік ауыл шаруашылық ғылымының барлық саласынан халықаралық байланыс ұйымдастырылған. Совет ғалымдары конгресс, симпозиумдерге, конференцияларға қатысады, басқа елдермен біріккен жұмыстар жүргізеді.
Медицина ғылымдары. Россия территориясында ғылми медицина 18 және 19 ғасырларда дамыды. Совет өкіметі алғашқы кезден-ақ медициналық ғылымы дамуына жағдай туғызды. 1918-1921 жылдар алғашқы ғылыми-зерттеу институттары, лабораториялары құрылды. 20-30 жылдары көптеген жаңа институттар, ал 1944 жылы СССР Медициналық ҒА құрылды. 1975 жылы мұның құрамында 40 ғылыми-зерттеу институты мен лабораториялар болды. 1974 жылы 400-ге жуық медициналық ғылыми-зерттеу мекемелері, 3 мыңнан астам медициналық институт кафедралары болды және бұларда 70 мыңға жуық ғылми қызметкер жұмыс істеді. Гигиена, эпидемиология және микробиология саласынан әлеуметтік гигиенаға көп көңіл бөлінді, халық денсаулығын сақтау, жақсартудың теориялық негіздері белгіленген гигиенаның көптеген саласы дамыды. 70 жылдардан тагам биохимиясы саласындағы жұмыстардың маңызы арта түсті. Медицина микробиология, паразитология және эпидемиологияның күрделі мәселелері зерттелді. Эпидемиялық процестер заңдылықтары трансмиссивті және паразиттік аурулардың табиғи ошағы туралы ілім құрылды (Е. Н. Павловский). СССР-де безгек ауруы жойылды. 50 жылдардан бастап медицинаның жаңа саласы географиялық патологиялық дамуда. Холера, чума т. б. аса қауіпті инфекциялы аурулардыц эпидемиологиясы зерттелді, жаңа вакциналар дайындалды. 50-60 жылдары вирусқа қарсы иммунитет, радиациялық иммунология, иммунопатологияны т. б. зерттеулер саласында табыстарға қол жетті. Совет медицина генетиктері бірқатар тұқым қуатын аурулардың пайда болу жиілігін және таралуын, сәби балада кездесетін хромосома ауытқулары жиілігін т. б. генетикаға байланысты мәселелерді ашты. Фармакологияда жаңа препараттар алынған. Патологияда клиника-анатомиялық бағыт дамыды. Клиникалық медицинада кардиологиялық мәселелерінен түбегейлі зерттеулер (гипертониялық ауру, атеросклероз, миокард инфарктісі, ревматизм, қан айналысы жетіспеу- шілік т. б.) жүргізілген (Г. Ф. Ланг, А. Л. Мясников, Е. И. Чазов т. б.). Гастроэнтерологияда, нефрологияда, гематологияда үлкен табыстарға жетті. Хирургияда жергілікті анестезия әдістері (А. В. Вишневский), бауыр, бүйрек, ішек-асқазан, зәр шығару т. б. органдарға операция жасау әдістері баяндалды (И. И. Греков т. б.). Жүрек, ірі қан тамырлары (А. Н. Бакулев, Б. В. Петровский т. б.), өкпе т. б. аурулар хирургиясы жемісті дамуда. Трансплантологияда тері пластикасы, бүйрек т. б. органдарды алмастыру жөнінде елеулі табыстар бар, бауырды алмастыру, жасанды жүрек аппаратын пайдалану мүмкіндігі зерттелуде. Совет ғалымдары организмді тірілту мәселелерін зерттеуде алғашқы зерттеушілер болып саналады (С. С. Брюхоненко, В. А. Неговский т. б.). Травматология, ортопедия, нейрохирургия (СССР-де нейрохирургияның негізін салушы А. Л. Поленов, Н. Н. Бурденко) жақсы дамыды, бұрын операция жасауға болмайды деп саналған ми ісіктері 70 жылдардан емделе бастады. Онкология клиникалық, теориялық және эксперименттік ғылым ретінде дамыды. Аурудың пайда болу себебі, да муы, хирургиялық операциясыз емдеу жолдары зерттелді және зерттелуде (Н. Н. Петров, П. А. Герцен т. б.). Нерв жүйесі патологиясы көптеген жаңа мәселелерді ашты. Акушерлік және гинекологиялық саласынан, босану физиологиясынан, психопрофилактика, оперативті гмнекология т. б. байланысты зерттеулер жүргізілді (А. П. Губарев, М. С. Малиновский т. б.). Совет педиатриясы бала гигиенасы мен қорегіне, бала организмінің анатомия-физиолиялық ерекшелігіне, балалар инфекциясының алдын алу, емдеу әдістерін ашуға, ішек-қарын, жүрекқан тамырлары, ревматизм, рахит т. б. бала ауруларын зерттеуге көп көңіл бөледі (А. А. Кисель, Г. Н. Сперанский, Ю. Ф. Домбровская т. б.). Геронтология және гериатрия мәселелері де зерттелуде, оториноларингол. саласынан жүргізілген зерттеулер авиациялық, космостық медицинаның дамуына жағдай туғызды. 70 жылдардағы медицина зерттеулердің негізгі бағыты - жүрек-қан тамырлары ауруларының, вирусты инфекциялардың, қатерлі ісік этиологиясын, патогенезін, клиникасын, эпидемиологиясын зерттеуге және ауруды ерте анықтау, емдеу, аурудың алдын алу әдістерін табуға, табиғат қорғау мәселелеріне арналды.
Авиация ғылымы мен техникасы.Революцияға дейін Россияда түрлі конструкциялы самолеттер пайда болды. 1909-1914 жылдар Я.М. Гаккельдің, Д. П. Григоровичтің, В. А. Слесаревтің т. б. самолеттері жасалды. И. И. Сикорский көп моторлы «Русский Витязь» (1913) және «Илья Муромец» (1913-1918) самолеттерін құрастырды. 20 ғасырдың басында аэродинамика ғылымының өркендеуіне Н. Е. Жуковский, С. А. Чаплыгин т. б. ғалымдар зор үлес қосты. Октябрьлық революциясының жеңісінен кейін авиация ғылымы мен техникасы жедел дами бастады. 20 жылдары А. Н. Туполевтың, Н. Н. Поликарповтың т. б. конструкторлық бюролары алғашқы советтік самолеттерді (АНТ-І, И-І, АК-І) құрастырды. 1924 жылы алғашқы металл конструкциялы АНТ-2 самолеті жасалды.
Авиациялық өнеркәсібін құру - 1-бесжылдық жоспардың негізгі мәселелерінің бірі болды. Авиациялық саласында көптеген ғылыми-зерттеу орталықтары мен конструкторлық бюролар (КБ) ұйымдастырылды. 1939 жылы Авиация өнеркәсібінің халық комиссариаты құрылды. Соғыс жылдарында отандық авиациялық өнеркәсібі майданды жаңа, техникалық ұшу сипаттамалары жоғары самолеттермен (Як-3, Ла-5, Ил-8, Ту-2 т. б.) қамтамасыз етіп отырды. 1940 жылы сұйық ракета двпгателі орнатылған ракетоплан (С. П. Королев) мен 1942 жылы реактивті самолет (А. Я. Березняк және А. М. Исаев) жасалып ұшырылды. 1943-1944 жылдар советтік бірінші турбореактивті двигатель (А. М. Люлька) құрастырылды. 1945 жылы мотокомпрессорлалы самолет ұшырылды. 1946 жылдан бастап советтік авиацияда реактивті двигательдер қолданыла бастады. 50 жылдардың басында вертолеттер жасау ісі қолға алынды (М. Л. Миль және II. И. Камовтың конструкциясы бойынша).
60 жылдары дыбыс жылдамдығынан шапшаң ұшатын самолеттер құрастырылды. 1965 жылы дүние жүзінде ең алып «Ан-22» (О. К. Антонов) самолеті жасалды. 70 жылдары Отанымыздың әуе жолында жаңа лайнерлер (Ту-154, Ил-62 М, Ту-134 А, Як- 40) ұша бастады. 1975 жылыжелтоқсанда дыбыс жылдамдығынан шапшаң ұшатын Ту-144 жолаушы самолеті Аэрофлоттың әуе трассасында қатынай бастады. 1976 жылы ең алып Ил-86 жолаушы самолеті («аэробус») сынала бастады.
Ракета жасау ісі және космонавтика. 19 ғасырда Россияда дәрімен атылатын ракета кеңінен пайдаланылды (А. Д. Засядко, К. И. Константинов т. б.). Россиядағы ең бірінші ракеталық ұшу аппараты - «ауада жүзу приборын» 1881 жылы Н. II. Кибалъчич жобалады. Космос кеңістігіне ұшуға реактивтік қозғалысты пайдалану мәселесін К. Э. Циолковский ғылми тұрғыдан түсіндіріп берді. Н. Е. Жуковскийдің, И. В. Мещерскийдің т. б. еңбектері реактивтік қозғалыс теориясына арналды.
Октябрьлық революциясынан кейін ракеталық техника саласындағы ғылми жұмыстар жүйелі әрі кең көлемде жүргізілді (1921 жылдан бастап), 1933 жылы С. П. Королевтыц басшылығымен әр түрлі сұйық отынды ракеталар сынала бастады. 1937-1939 жылдар қатты отынды реактивтік снарядтар, көп зарядты реактивтік қондырғылар («Катюша») жасалды. Советтік ракета жасау ісінің негізі 1946-1955 жылдар қаланды. 1955 жылы 15 мамырда Байқоңыр космодромын салу туралы шешім қабылданды. 1957 жылы 21 тамызда бірінші континент аралық баллистикалық ракета, ал сол жылдың 4 қазанда дүние жүзінде тұңғыш рет Жердің жасанды спутнигі ұшырылды. 1961 жылы 12 сәуір - адамның космосқа алғаш рет қадам басқан күні. Бұл күні совет азаматы Ю. А. Гагарин «Восток» космос кораблімен космосқа ұшты. 1963 жылымаусымда тұңғыш әйел космонавт В. В. Николаева-Терешкова космосқа ұшты. 1965 жылынаурызда алғаш рет адам ашың космос кеңістігіне шықты. 1959 жылы 2 қаңтарынан бастап біздің елде Айға және Күн жүйесінің басқа планеталарына планета аралық автомат станциялары ұшырыла бастады («Луна», «Зонд», «Марс», «Венера»), Жер төңірегіндегі космос кеңістігіи зерттеу мақсатында да Жердің жасанды спутниктері ұшырылды («Космос», «Протон», «Электрон»). 1967 жылдан бастап көп орынды «Союз» космос кораблі жобаланып ұшырыла бастады. Космонавтиканың дамуындағы жаңа кезең 1971 жылы 19 сәуірде «Салют» орбиталық станцияның ұшырылуынан басталды. Жердің жасанды спутниктерінің («Молния», «Радуга», «Метеор») халық шаруашылығында орасан маңызы бар. СССР космос кеңістігін шетелдермен ынтымақтаса отырып игеруде. 1969-1976 жылдар аралығында «Интеркосмос» сериялы 14 спутник ушырылды. 1975 жылышілдеде ЭПАС программасы жүзеге асырылды.
Энергетика ғылымы мен техникасы. Патшалық Россияда энергетика саласындағы ғылми зерттеулер өз дәрежесінде дами алмады. 1877 жылы Ф. А. Пироцкий электр энергиясын тұтынушыға жеткізетін гидрокүштік қондырғыны жасау идеясын ұсынды. 1910-1911 жылдар Г. О. Графтио Волхов СЭС-інің жобасын дайындады. 1913 жылы Г. М. Кржижановский Волга өзенінің бойында ірі СЭС-тер салу идеясын ұсынды. Р. Э. Классонның басшылығымен салынған жылу электр станция шымтезекпен жұмыс істейтін тұңғыш станция болды.
Электр энергетикасы. Окт. революциясынан кейін Россияны электрлендіру жөніндегі мемлекеттік жоспар (ГОЭЛРО) қабылданды. Жоспарда еліміздегі энергетиканың даму бағыттары көрсетілді. 1935 жылы Москваның энергетикалық жүйесі Европадағы ірі жүйелердің бірі болып саналды. 40 жылдардың орта шенінен бастап Бір тұтас энергетикалық жүйе құру көзделді. 1945-1960 жылдар Кржижановский және Вейцтің басшылығымен энергетикалық жүйелердің техника-экономикалық тиімділігін арттыру, Бір тұтас энергетикалық жүйенің жұмыс режимін тағайындау жолы көрсетілді. Сібірдің энергетикалық қорын игеру т. б. мәселелер шешілді. СССР-дің электр энергетикасы дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде. 1976 жылы елімізде 60-тан астам ірі ЖЭС пен СЭС жұмыс істеді. Жылу энергиясын электр энергиясына бірден түрлендіру тәсілі жүзеге асырылды. 1971 жылы магнитогидродинамикалық генераторы бар қондырғы алғаш рет ток берді. Бұл қондырғының кезекті бөлігі 1975 жылынаурызда іске қосылды.
Гидроэнергетика. 20 жылдардың соңында 6 СЭС іске қосылды. Алғашқы гидротурбиналар Москва, Ленинград зауыдтарында жасалды. 1932 жылы аса қуатты Днепр СЭС-і іске қосылды. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары совет гидроэнергетикасы дамып жоғары сатыға көтерілді. СЭС-терді басқару жүйесінде техниканың соңғы жаңалықтары мен жетістіктері пайдаланылды. Қазақстанда, Сібірде т. б. жерлерде қуатты СЭС-тер салына бастады. 1959-1965 жылдар 14 СЭС-тің құрылысы аяқталды.
Жылуэнергетикасы. ГОЭЛРО жоспары бойынша ЖЭС-тер салыну көзделді. Жылу техникасының ғылми теориясы негізделді (А. А. Радциг, М. П. Вукалович, И. И. Новиков, Д. Л. Тимрот). ЖЭС-тердің негізгі бөлігі бу қазандарының құрылысы кемелдендіріліп, оның бу өндіру қабілеті т. б. қасиеттері жоғарылатылды (Л. К. Рамзин, Э. И. Ромм т. б.).
Ядролық энергетика. 1949 жылы И. В. Курчатовтың басшылығымен атом электр станцияның (АЭС) жобасы жасала бастады. Дүние жүзінде ең бірінші АЭС 1954 жылы 27 маусымда іске қосылды (Обнинск, Калуга обл.). 1958 жылы Сібір АЭС-інің 1-блогы іске қосылды (қуаты 100 Мвт). 1958 жылы Уралда И. В. Курчатов атындағы Белоярск АЭС-інің құрылысы басталды. 1956 жылы салынған Ульяновск АЭС-інде ВК-50 реакторы пайдаланылды. 70 жылдардан бастап қуатты АЭС-тер салына бастады. 1973 жылдан Шевченко қаласында (Қаз. ССР) шапшаң нейтронды реакторы бар АЭС жұмыс істейді.
Гелиоэнергетика. Гелиоэнергетика саласындағы жұмыстар 1926 жылдан басталды. Соғыстан кейінгі жылдары М. В. Кирпичев және В. А. Бауманның басшылығымен бұл саладағы зерттеулер Г. М. Кржижановский атындағы институтта өріс алды. 60 жылдардан Күн сәулесінің энергиясын пайдалану жөнінде зерттеулер жүргізілді (Өзбек ССР-і, Түрікмен ССР-і, Азербайжан ССР-і ҒА-лары институттарында). Совет ғалымдары әр түрлі мақсатта пайдаланылатын гелиоқондырғыларды (ауа мен суды жылытатын, материал мен өнімді кептіретін, су тұщыландыратын) жасады. Біздің елде жасалған Күн энергиясымен қоректенетін батарея космостық ұшу аппараттарында қолданылады.
Жел энергетикасы. 20 ғасырдың басында Н. Е. Жуковский жел двигателінің теориясын тұжырымдады. Жел энергиясын ауыл шаруашылығына пайдалану мақсатында көптеген станциялар салынды. Жел- энергетикасын дамыту мәселелері Н. В. Красовский, Г. X. Сабинпн, Е. М. Фатеев т. б. есімдерімен тығыз байланысты.
Электротехника. 19 ғасырда Россияда электротехникадағы ірі жетістіктерге электр доғасы құбылысының ашылуы (В. В. Петров, 1802), электролит диссоциациясы теориясы бойынша еңбек (К. Гротгус, 1805), электромагниттік телеграфты (П. Л. Шиллинг, 1832), электр двигателін (Б. С. Якоби, 1834), гальванопластиканы (Якоби, 1838) ойлап табу, токтың жылулық әсерінің заңы (Э. X. Ленц, 1842 т. б.) жатады. Кейінірек практикаға жарамды доғалық шам (П. Н. Яблочков, 1876), қыздыру шамы (А. Н. Лодыгин, 1872), электр доғасымен пісіру әдісі (Н. Н. Бенардос, Н. Г. Славянов, 1885-1890) т. б. ойлап шығарылды. М. О. Доливо-Добровольский айнымалы токтың үш фазалы тізбегінің барлық элементтерін жетілдірді (1888-1891). Октябрьлық революциясынан кейін совет энергетиктерінің алдында электр станцияларын салып, оны пайдалануға беру мәселесі тұрды (Р. Э. Классон т. б.). Электр станциялары мен желілерін автоматтандыру мәселесі шешілді. 1920-1930 жылдары жоғары кернеу техникасын зерттеу жұмысы өрістетілді (Б. И. Угримов т. б.). Релелік қорғау саласындағы зерттеулерді В. И. Иванов, А. М. Федосеев т. б. жүргізген. Айнымалы ток энергиясын жеткізу техникасының дамуы іс жүзінде кез келген электр қуатын қандай да болса қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік туғызды. Электр энергиясын жеткізу техникасы жөнінде Совет Одағы дүние жүзінде 1-орынға шықты. Сондай-ақ жоғары вольтты аппарат жасау мәселелерін жетілдіру, аппараттағы электр доғасын үзу мен сөндірудің физика процестерін зерттеу, майлы, ауалы т. б. ажыратқыштарды, сондай-ақ жоғары кернеулі қондырғыларға арналған ток трансформаторларын, реакторларды, разрядтауыштарды т. б. жасау ісі қоса жүрді (А. Я. Буйлов, Ю. В. Буткевич т. б.). Қуатты үлкен гидрогенераторлар т. б. зерттеліп жасалды (Р. А. Лютер, А. Е. Алексеев т. б.). Көп зерттеулердің негізінде электротехникалық құрылғылар, мыс., қуаты 10 Квт-қа дейінгі синхронды двигательдер сериясы жасалды. 1948 жылы дүние жүзі практикасында прокат станын комплексті автоматтандыру алғаш жүзеге асырылды. Локомотивтерге электр қозғалтқышын пайдалану негізінде темір жол транспорты электрлендірілді (А. В. Вульф, Н. Н. Костромитин т. б.). СССР-де электротехникалық ғылми-зерттеулер В. И. Ленин атынд. Бүкіл одақтық электротехникалық институтта, т. б. ғылыми-зерттеу институттарында жүргізілуде. Совет ғалымдары электротехникалық мәселелерін Экономикалық Өзара Көмек Советіне мүше елдердің ғылми үйымдарымен бірлесе отырып жүргізеді.
Радиоэлектроника және электр байланысы. Россиядағы электр байланысы саласында электромагниттік телеграфияның негізін салушы П. Л. Шиллинг, телеграф аппаратының конструкциясын жасаған (1839) Б. С. Якоби, отандық телефонияның пионері (1881-1887) П. М. Голубницкий көрнекті орын алды. 19 ғасырда Россияда Петербург - Москва (1852), Петербург - Варшава (1854), Петербург - Киев (1855) араларына телеграф желілері салынды. 1895 жылы 7 мамырда А. С. Попов қашыққа сымсыз сигнал беретін аппаратының ісін демонстрациялады. Бұл радиобайланыстың (радионың) дүниеге келгендігін білдірді. Окт. революциясы жеңгеннен кейін (1917) еліміздің радиотехникалық шаруашылығы Почта және телеграф халық комиссариатының қарамағына берілді. 1918 жылы В. И. Ленин «Нижегород радиолабораториясы туралы» Ережеге қол қойды. Ол алғашқы ғылыми-зерттеу орталығы болды (басқарушысы М. А. Бонч-Бруевич). 1920 жылы Москвада қуаты 100 квт доғалық генератормен істейтін радиостанцияның құрылысы аяқталды. 1933 жылы Коминтерн атындағы 500 киловаттық радиостанция іске қосылды.
Электр байланысы саласында алғашқы қысқа толқынды ішкі (мыс., Москва-Ташкент) және халықаралық (Москва - Нью-Йорк, Москва - Париж) радио байланыс желісі іске қосылды. 1937 жылы 70 қабылдау және тарату радиоорталықтары болды. 30 жылдардың аяғында еліміздіқ біраз қалалары, сондай-ақ Москва мен Берлин арасында фототелеграфтық жүйе жасалды. 20 жылдардың аяғында СССР-де телевизия дами бастады. 1931 жылы Москвада орташа толқында түрақты телевизиялық хабар берілді. 1931 жылыкионоскоп (С. И. Катаев), 1933 жылы супериконоскоп (П. В. Тимофеев) т. б. жасалды, сезгіштігі жоғары түтік (Л. А. Кубецкий), баяу электронды жазбасы бар түтік (В. И. Кузнецов), 1938 жылы екі жақты нысанасы бар түтік жетілдірілді. 40 жылдары Москва-Ленинград, Киевте телевизиялық орталықтар іске қосылды.
30 жылдары СССР-де радиолокация және радионавигация дүниеге келді. Совет радиолокациясының пионерлері - Ю. К. Коровин, П. К. Ощепков т. б. үздіксіз әсер ететін радиолокация жүйесін жетілдірді (1933-1935). Совет радиолокациясыныц дамуына көрнекті мемл. қайраткерлері С. М. Киров, К. Е. Ворошилов, М. Н. Тухачевский, көрнекті ғалымдар А. Ф. Иоффе, Д. Р. Рожанский, С. И. Вавиловтар зор әсер етті, Радионавигацияның қалыптасуы В. И. Баженов, М. В. Шулейкин, А. А. Пистолькорс, А. И. Берг, А. Н. Щукин, Л. И. Мандельштам, Н. Д. Папалекси т. б. ғалымдар атымен байланысты. Отан соғысы кезінде Совет Армиясы үздіксіз байланыспен, қажетті радиожабдықпен қамтамасыз етілді, жаңа әскери радиостанцияларды, пеленгаторларды жетілдіруге бағытталды. Отандық радиолокация дамытылды (А. И. Берг т. б.), радиотолқынды тарату (В. А. Фок т. б.), антенналық құрылғы (А. А. Пистолькорс т. б.), интерференциялық навигациялық жүйе (Е. Я. Щеголев, Л. И. Мандельштам т. б.) саласында теориялық зерттеулер жүргізілді. 40 жылдары радиотехника мен электротехниканың бірігуінен радиоэлектроника пайда болды. Бұл бағыт радиотехника мүмкіншілігінің сипаттамасын өзгертті. Аса жоғары жиілік тербелістерін генерациялау және күшейту үшін магнетрон, клистрон, жүгірме толқын лампысы, кері толқын лампысы жетілдірілді. 50 жылдары кванттық электроника пайда болды, оны дамытуға кванттық генераторлар мен күшейткіштердің - лазерлер (1960) мен мазерлердің жасалуы (Н. Г. Басов, А. М. Прохоров) себепші болды. 50 жылдары импульстық техника қалыптасты. 40 жылдары жартылай өткізгіш электроникасы дамып, 50 жылдары радио өнеркәсібі қабылдау техникасы үшін транзисторлар шығарып, жартылай өткізгіш приборлары электрондық лампыны ығыстырып шығарды. Жартылай өткізгіш электроникасы мен микроэлектроникаға А. Ф. Иоффе, Н. П. Сажин, Я. И. Френкель, Л. В. Келдыш т. б. үлкен үлес қосты. Отан соғысынан кейін отандық телевизия телевизиялық кадрларды аса жоғары стандартқа ажыратуға (625 жол) көшті, қала арасындағы алмасу программасы кабель желісі, радиорелелік, 1965 жылдан байланыстық спутник желісі («Молния-1» байланыс спутнигі, 1967 жылы «Орбита» жүйесі) бойынша телевизиялық таратқыш торап қалыптасты. Түсті телевизия ойдағыдай дамуда. 1967 жылы СССР мен Франция мамандары жетілдірген түсті телевизия жүйесі қабылданды. СССР-дегі электр байланысы 60 жылдары Бірыңғай автоматтандырылған байланыс жүйесін ендіру жолымен дамып келеді.
Техникалық кибернетика. Есептеу техникасы. 19 ғасырдың аяғында автоматтық басқарудың классикалық теориясының негізін орыс ғалымдары И. А. Вышнеградский, А. М. Ляпунов, Н. Е. Жуковский салды. Окт. революциясынан кейін 30-40 жылдары совет ғалымдарының автоматтық реттеу жүйесі (АРЖ) саласындағы зерттеулері техникалық кибернетика қалыптасуының басты дайындық кезеңі болды. Сызықтық АРЖ-ның тұрақтылық критериясы жетілдірілді (А. В. Михайлов, 1938), сызықтық АРЖ-ның тұрақтылық теориясының негізгі бөлімдері дамытылды (М. В. Мееров, Л. С. Понтрягин т. б.). Сызықтық емес АРЖ-ның осы заманғы тұрақтылық теориясының дамуына Б. В. Булгаков, Н. Н. Красовскийдің т. б. ғалымдар еңбектері ықпал етті. Тиімді басқару жүйесінің (ТБЖ) теориясы саласында тиімділік критерийін анықтаудың жалпы тәсілі - Понтрягиннің максимум принципі ұсынылған (1956). Объектіні тиімді басқару теориясы жетілдірілген (А. Г. Бутковский, 1959-1973). Көзге көрінбейтін бейнелерді айырып тану тәсілдерін практикаға қолдану приоритетіне совет ғалымдары ие болды (М. М. Бонгард, М. А. Губерман т. б.). Релелік құрылғының құрылымдық анализінің тәсілі (А. К. Кутти, 1928; В. А. Розенберг, 1939), логика алгебрасының аппаратын қолдану (В. И. Шестаков, 1935-1938) және релелік құрылғы теориясының негізін баяндау (М. А. Гаврилов, 1950-1954) жөніндегі алғашқы жұмыстар орындалған. 60 жылдары толықсу автоматтарының теориясы жасалды (Я. М. Бардзинь т. б.). Кездейсоқ ортадағы автоматтардың қозғалыс теориясы зерттелді (М. Л. Цетлин, 1961-1963). Техникалық кибернетиканың тез дамыған бағыты - күрделі техникалық жүйені басқару (А. И. Берг, А. Н. Колмогоров, В. А. Трапезников, т. б.). Информация тарату теориясы саласында алғашқы зерттеуді В. А. Котельников жүргізді (1933), оны Колмогоров анықтап қорытты (1956). Совет ғалымдары есептеу техникасының дамуына елеулі үлес қосты. СССР-де тор моделін салу негізі жетілдірілді (С. А. Гершгорин, 1927). 1949 жылы айнымалы токқа арналған ұқсастық есептеу машиналары жасалды (басқарушылар Б. В. Ушаков, Трапезников т. б.). СССР-дегі алғашқы есептеу техникасы - электрондық цифрлы есептеуіш машина (ЦЕМ) 1950 жылы жасалды. 60 жылдары СССР-де электрондық есептеуіш машиналардың 2-буыны (ЭЕМ) шығарыла бастады. Инженерлік есептерді орындау үшін МИР сериялы шағын ЦЕМ (МИР-2, 1969) жетілдірілді. Программалау саласында оперативтік тәсілдердің елеулі маңызы болды (А. А. Ляпунов, 1952-1958). 70 жылдарда СССР-дегі техникалық кибернетиканың даму ерекшелігі - есептеу техникасын «адам-машина» класы жүйесінде, оның ішінде басқарудың автоматтандырылған жүйесінде (БАЖ) кең қолдану. Экономиканың әр түрлі саласында қолданылатын БАЖ 50 жылдардың аяғы 60 жылдардың басында СССР-де шығарыла бастады. СССР-де 1966-1970 жылдар 370 кәсіпорынды және 174 технологиялық процесті БАЖ іске қосылды. 70 жылдардың басында БАЖ-ды жасауға 40 мың маман қатысты. 9-бесжылдықта (1971-1975) 1800 кәсіпорынды және 700 технологиялық процесті БАЖ болды. 10- бесжылдық жоспар (1976-1980) бойынша ЭЕМ негізінде басқару жүйесін жасап, өндіріске енгізуді едәуір арттыру жұмысы қарастырылған. 70 жылдар басынан халық шаруашылығын есепке алу, жоспарлау және басқару үшін информация жинау әрі оны өңдеудің жалпы мемлекеттік автоматтандыру жүйесін жасау шаралары жүзеге асырылуда. Кибернетика мен есептеу техникасы ғылми пән ретінде 200-ден астам жоғары оқу орындарының оқу программасына енді, ал бұл саладағы зерттеулер ғылыми-зерттеу институттары мен еліміздің ірі есептеу орталықтарында жүргізіледі.
Машина тану және машина өндірісінің технологиясы. Машиналар мен механизмдер теориясының дамуына П. Л. Чебышев, П. О. Сомов, Л. В. Ассур, И. И. Артоболевский, Г. Г. Баранов, С. И. Артоболевский, А. Е. Кобринский т. б. орыс және совет ғалымдары үлкен үлес қосты. Бұл сала бойынша еліміздегі басты институттар: Машина тану институты, Геотехникалық механикалық институты (УССР-і), Грузин политехникалық институты, Ленинград оптика механикалық институты т. б.
19 ғасыр және 20 ғасырдың басындағы орыс ғалымдары мен инженерлері машина құрастыру және есептеу теориясы мен практикасын (Н. Е. Жуковский, А. И. Сидоров, П. К. Худяков) байыта түсті, беріктілік теориясының (Н. Е. Жуковский, А. Н. Крылов, Н. Г. Бубнов т. б.) маңызды мәселелерін зерттеді. 50-60 жылдары қуаты 100-150 квт-қа жететін гидрожетектер жасалды. Техникалық прогресс машина детальдарын дайындау дәлдігінің жоғарылауына байланысты. Бұл саладағы зерттеулерге 70 жылдардан бастап электрондық есептеуіш машиналар қолданыла бастады. Қазіргі металл танудың негізін П. П. Аносов пен Д. К. Чернов қалады. Металл тану ғылымы Окт. революциясынан кейін күшті қарқынмен дамыды. Бұл сала бойынша көптеген ғылыми-зерттеу институттары, заводтық лабораториялар құрылды. 20-30 жылдары Н. С. Курнаков т. б. ғалымдар қорытпалардың физикалық химиялық анализі туралы ілімді қалыптастырды. Металл тану ғылымының дамуында 20 жылдардан бастап рентген құрылымдық анализ тәсілі маңызды роль атқарды. 60-70 жылдары халық шаруашылығын металл материалдармен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. СССР-де құю өндірісі, сондай-ақ металды қысым арқылы өңдеу және пісіру техникасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Металдарды механикалық жолмен өңдеуде де үлкен табыстарға қол жетті. Экономикалық Өзара Көмек Советі мүшелерінің арасында металл өңдеу саласынан негізгі ғылыми-техникалық мәселелерді бірігіп шешу жөнінде келісім жасалған.
Металлургия ғылымы, техникасы және технологиясы. Орыс ғалымдары (М. В. Ломоносов, П. П. Аносов, Д. К. Чернов А. А. Байков, Н. С. Курнаков, М. А. Павлов, М. К. Курако, А. А. Износков, К. П. Поленов, ағайынды А. М. және Ю. М. Горяиновтар т. б.) металл туралы ғылымның және оларды өндірудің техникасы мен технологиясының дамуына үлкен үлес қосты. Елімізде Окт. революциясына дейін металлургиялық ғылыми-зерттеуинституты болмады, тек кейбір ірі заводтар мен тау-кен институттарының кафедраларында шағын ғылыми-зерттеу лабораториялары болды.
Окт. революциясы өндіргіш күштердің (соның ішінде металлургияның да) дамуына күшті ықпал етті. Совет өкіметі тұсында А. А. Байков атындағы СССР ҒА-ның Металлургия институты, И. П. Бардин атындағы Орталық қара металлургия ғылыми-зерттеу институты, Қара металлургия институты, Қаз. ССР ҒА-ның Металлургия және кен байыту институты т. б. ғылми орталықтар ұйымдастырылды; металлургия базасы ұлғайтылды (Уралда, Батыс және Сібірде, Қазақстанда, Өзбекстанда т. б.), коксты химиялық өнеркәсібі пайда болып, ол онан әрі дамытылды; отқа төзімді бұйымдардың кейбір түрлері шетелдерге сатыла бастады. Домна өндірісі мен болат қорыту өндірісінің қарқындылығын арттыру үшін оларда оттек пен табиғи газ пайдаланылды. 50 жылдардың ортасынан бастап оттекті конвертерлерде (И. П. Бардин т. б.) болат өндіру ісі ұлғая түсті. СССР-де авиация, автомобиль т. б. өнеркәсіптерінің жасалуына байланысты электрлік металлургияның даму қарқыны жоғарылады. 60 жылдардан бастап электрлік металлургияда болат пен қорытпаларды жоғары жиілікті индукциялық пештерде балқыту, вакуум жағдайында доғалық және индукциялық жолмен балқыту (Е. О. Патон атындағы электрлік балқыту институты ғалымдары), электр шлактық балқыту процестері қолданыла бастады. Совет өкіметі тұсында ферроқорытпалар мен түсті металлургия саласынан да елеулі табыстарға қол жетті. СССР-дегі прокат өндірісі өнім сапасын арттыру және оның сортаментін ұлғайту бағытында дамып келеді.
Құрылыс ғылымы мен техникасы. Революцияға дейінгі Россияда құрылыс ғылымы өдәуір қарқынмен дамыды. Бұған 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында салынған техникалық жағынан күрделі инжеперлік құрылыстар, кейбір өнеркәсіптік объектілер дәлел болады. Бұл кезеңдегі Д. И. Журавский, X. С. Головин, Ф. М. Ясинский,Н. Крылов, И. Г. Бубнов, Б. Г. Галеркин, А. Р. Шуляченко т. б. ғалымдардың құрылыс ғылымы саласынан жүргізген зерттеулері дүние жүзіне белгілі болды.
Күрделі құрылыс саласындағы міндеттерді жузеге асыру үшін жас Совет мемлекеті инженер-техникалық кадрларды даярлау ісін жоспарлы түрде ұйымдастыруы қажет болды. 1918 жылы И. Лениннің инициативасы бойынша Ғылми-эксперименттік жол қатынасы институты ұйымдастырылды. Құрылыс жөніндегі ірі ғылми орталықтарды ұйымдастырудағы аса маңызды кезең - 1927 жылы Мемлекеттік құрылыс институтын ашу болды. Бұл институт құрылыс ғылымының барлық саласы бойынша жүргізілген зерттеулерді біріктіріп отырды. Құрылысты түпкілікті қайта құру жұмысы алғашқы бесжылдықтарда басталды. Құрылыс жұмыстарының қажетіне байланысты 30 жылдары құрылыс механикасы (В. З. Власов, А. А. Уманский т. б.), металл, темір-бетон (А. Ф. Лолейта, В. В. Михайлов, П. Л. Пастернак т. б.), тас (Л. И. Онищик, С. А. Семенцов т. б.) және ағаш (Г. Г. Карлсен т. б.) конструкциялар жөнінде әр түрлі зерттеулер жүргізіліп, олардың нәтижелері құрылыс практикасында кеңінен қолданылып отырылды. Ұлы Отан соғысы (1941-1945) кезінде металл мен темір-бетонпың тапшы болуына байланысты құрылыс жұмыстарында ағаш және тас конструкцияларды пайдалану ісі қайта өрістеді. Ірі панельді үйлерді салу жөнінде зерттеулер жүргізілді. Болат конструкциялардың дамуына пісіру саласындағы жетістіктер күшті әсер етті. 50 жылдардан бастап желімделген агаш конструкциялар жөнінде теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізілді. 60 жылдардьщ соңында мұндай конструкциялар ауыл шаруашылық үйлері мен кейбір өнеркәсіптік үйлерде қолданыла бастады. Шекті күйдегі конструкцияларды есептеу тәсілінің жасалуы (В. М. Келдыш, И. И. Гольденблат т. б.) - советтік құрылыс ғылымының ең ірі табысы. Құрылыс механикасының дамуындағы табыстар едәуір дәрежеде есептеу техникасының жетістіктеріне байланысты болды. Қазіргі құрылыс ғылымының негізгі мәселелері - материалдар шығынын, құрылыстың құнын төмендету, сондай-ақ конструкцияның сапасын көтеру. Совет ғалымдары Экономикалық Өзара Көмек Советі шеңберінде де маңызды зерттеулер жүргізуде.
Қоғамдық ғылымдар.
Философия. СССР халықтарының философия-қоғамдық ойы дүние жүзілік философияның бөлінбес құрамдас бөлігі ретінде ұзақ әрі күрделі жолдан өтті. Қазіргі СССР халықтарының мекендеріндегі алғашқы қауым мен ертедегі феодалдық қоғамдық рухани өмірінде пұтқа табынушылықпен қатар дүние жүзілік діндердің ролі арта түсті. Грузия мен Арменияда ерте орта ғасыр бойы антик философиясының ішінара аристотелизм мен неоплатонизмнің (П. Ивер, Д. Анахт, И. Петрици) дәстүрлері сақталып келді. Орта Азия және Закавказьенің кейбір бөлігінде ислам дінінің етек алуымен байланысты грек философиясы тарала бастады. Діни философиялық ағымдар мен (мұсылмандық схоластика - «калам», «мутазилиттер» т. б.) қатар, шығыс аристотелизмі зор ықпал етті. Осы кезде Орта Азия, Закавказье, Таяу және Орта Шығыс халықтарының аса ірі ойшылдары: Әл-Фараби, Әл-Кинди, Ибн-Сина, Бахманяр, Омар һайям болды. Орта ғасырлық Русьтің діни философиялық ойында шығыс патристика рухындағы теизм өктемдік етті (Иларион, Владимир Мономах, Максим Грек, А. Курбский т. б.). 17 ғасырда орыс, украин, белорус ойшылдары арасында тығыз байланыс жасалып (С. Полоцкий, С. Медведев, Е. Славинецкий), философияның діннен бөлінуі жөнінде мәселе көтерілді. Славян-грек-латын академиясында (1687 жылы Москвада ашылған) схоластикалық философия оқытыла бастады. Петр I реформасы орта ғасырлық схоластиканы сынап, философия ойды діннің ықпалынан босатуға, Батыс Европа философиясымен кеңейтуге (Ф. Прокопович, В. Н. Татищев,Д. Кантемир т. б.) бағытталды. Россияның феодализмнен капитализмге өту жағдайында ағартушылық идеология мен философияның алғашқы формалары пайда болды. Россияда тәжірибелік жаратылыс тану мен материалистік философияның тарауы М. В. Ломоносовтың творчествосымен байланысты. 18 ғасырдың 2-жартысында орыстың философиялық ойы А. Н. Радищевтің революциялық ағартушылық және материалистік философиясы арқылы өзінің кемеліне жетті. 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында феодалды-клерикалдық идеология негізінде ұлтшылдық идеялар (панславизм, панисламизм, пантуркизм) тарала бастады.
20 ғасырдың басында россиялық либерализм рационалдық-идеалистік (П. Струве) немесе діни-философиялық ойдың (Н. Бердяев, С. Булгаков), позитивизм (П. Н. Милюков т. б.) негізінде дамыды. 19 ғасырдың 30 жылдарының аяғы мен 60 жылдар ағартушылық-материалистік ойдың классикалық даму кезеңі болды (Н. В. Станкевич - М. А. Бакунин - В. Г. Белинский және Герцен, Н. П. Огарев үйірмелері). 60 жылдары Россияда революңияшыл демократиялық социялистік және материалистік ойлар өрлеп дамыды (Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, сондай-ақ М. А. Антонович, Н. В. Шелгунов т. б.). 70 жылдары халықшылдардың философиялық және социологиялық концепциясы тарала бастады (П. Л. Лавров, М. А. Бакунин т. б.). 19 ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдың басында Россияның барлық халықтарының қоғамдық және философиялық ойларында ағартушылық революцияшыл-демократиялық және утопиялық социалистік идеялар (Т. ПІевченко, К. Калиновский, П. Баллод, И. Чавчавадзе, X. Абовян, М. Ф. Ахундов, Абай Құнанбаев, С. Айни, Ғ. Тоқай, М. Ғафури, К.Хетагуров т. б.) дамыды. Г. В. Плехановтьіц халықшылдардан марксизм жағына көшуі, марксизмді насихаттауы, Россияның барлық халықтарының философия және қоғамдық ойларының дамуына үлкен әсер етті. Окт. революциясына дейінгі Россияда марксизм мен маркстік философия
И. Лениннің еңбектерінде өзінің дамуының жоғарғы сатысына жетті. Лениннің философиялық басты еңбектері «Материализм және эмпириокритицизм», «Философиялық дәптерлері» маркстік философияның лениндік кезеңінің негізі болып табылады.
Советтік философия ғылымы - интернационалдық маркстік-лениндік философияның құрамды бөлігі. Маркстік-лениндік философиялық КПСС және Совет мемлекеті саясатының ғылми негізі болып табылады; КПСС және Совет мемлекеті өзінің ішкі және сыртқы саясатын дүниеге диалектикалық материалистік көзқарас пен әдіс негізінде жасайды, социалистік қоғамның даму программасын белгілейді.
1917 жылы Октябрьден 30 жылдардың ортасына дейінгі философия ғылым. Бұл кезде Лениннің, Коммунистік партия мен Совет ғылымының ғылми-философиялық қызметінің басты мақсаты - жауынгерлік материализмді қорғау, философия идеализмді, реакцияшыл идеологияны сынау, материалистік диалектиканы ғылымға, логикаға және таным теориясына қолдану болды. В.И. Лениннің «Совет өкіметінің кезектегі міндеттері», «Пролетарлық революция және ренегат Каутский», «Коммунизмдегі солшылдықтың балалық ауруы», «Жастар Одағының міндеттері» т. б. еңбектерінің зор саяси-идеялық және ғылми-философиялық мәні болды. В. И. Лениннен кейін И. В. Сталиннің және басқа партия қайраткерлерінің (М. И. Калинин, С. М. Киров, В. В. Куйбышев т. б.), белгілі совет философтары мен қоғам тарихын зерттеушілердің (В. В. Адоратский, А. В. Луначарский, И. И. Скворцов-Степанов т. б.) еңбектерінде қазіргі дәуірдегі объективті процестер мен субъективті факторлардың диалектикалық бір тұтастығы зерттелді. СССР-де маркстік философиялықойдың дамуында Маркс, Энгельс, Лениннің теориялық мұрасын (А. А. Жданов, М. И. Калинин, М. А. Суслов, П. Н. Федосеев) онан әрі зерттеп үйренудің әсері зор болды.
30 жылдардың ортасы мен 50 жылдардыц аяғына дейінгі философия ғылымы. Бұл кезеңде социализм негізінен нығайып, оның жеңістерін империалистік реакция мен фашистік агрессиядан қорғау міндеті алда тұрды. Совет философтары тарихи материализм теориясын, коммунизмнің екі фазасы жөніндегі маркстік-лениндік ілімді, социалистік экономиканы, социалистік мәдени революцияны белсене насихаттады (Г. Е. Глезерман, М. Д. Каммари, Ф. В. Кон- стантинов, П. Ф. Юдин т. б.). Философиялық тарихы жөніндегі зерттеулер онан әрі жүргізіліп, маркстік-лениндік философиялық мұралар халыққа кеңінен насихатталды. «Философия тарихы» атты (1-3 т.,1940-1943) көлемдікітап шықты. 30 жылдардың аяғы мен 50 жылдардың басында философияда Сталиннің «Диалектикалық және тарихи материализм жайында» атты еңбегінің едәуір ықпалы болды.
60 жылдардағы философия. СССР-де социализмнің толық жеңуі, социализмнің дүние жүзілік системасының нығаюы, ірі ғылми жетістіктер мен ғылми-техникалық революцияның етек алуы маркстік философия алдына жаңадан маңызды мәселелер қойды. Советтік философиялық ғылымының дамуына КПСС съездерінің, партияның ОК пленумдарының шешімдері мен материалдарының, КПСС ОК Бас секретары Л. И. Брежневтің баяндамалары мен сөйлеген сөздерінің маңызы зор. Қазіргі заман қоғам дамуының маңызды мәселелеріне арналған көптеген еңбектер (Федосеевтің, Ц. А. Степанянның, Глезерманның т. б. коллективтік еңбектері мен монографиялары) жарық көрді. 1957-1965 жылдар «Философия тарихының» 6 томдық кітабы шықты. Диалектика жайында бірнеше жаңа еңбектер (М. А. Дынник, Э. Б. Ильенков, Ж. М. Әбділдин т. б.) жарық көрді. СССР халықтарының философиялық және қоғамдық ой тарихы кең зерттелуде (М. С. Асимов, А. Алтмышбаев, А. X. Қасымжанов, Ш. Маников, М. Хайруллаев т. б.). СССР-де философиялық жөніндегі зерттеу жұмыстарын СССР ҒА және одақтас республикалар ҒА-на енетін ғылми мекемелер жүргізеді.
Тарих ғылымдары - адамзат тарихын, қоғамның даму процесін, оның кезеңдерін, өткені мен бүгінгісін зерттейтін ғылым. СССР территориясын мекендеген халықтардың алғашқы тарихи түсінігі ертегі, аңыздар, батырлар жыры т. б. негізінде пайда болды. Закавказьенің (Урарту), Орта Азияның (Бактрия, Соғды) т. б. құл иеленушілік мемлекеттерінде, Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы көне қалаларда тарихты білу ауызша және жазбаша ескерткіштер негізінде қалыптасты (урарту және көне иран жазбалары, эпиграфиялық жазулар, эллиндік мәдениеттің тарихи шығармалары т. б.). Феодализм дәуірінің шығармалары тарихи процесті провиденциализм тұрғысынан түсіндіреді. Осы дәуірдің тарихнамасында Закавказье халықтарының тарихында Яков Цуртавелидің, Иоанн Сабанидзенің, Павстос Бузанданың, Леонтий Мровелидің, Орта Азия халықтарының тарихында Табари, Нариіаһи, Фирдауси, Раиіид ад-Дин, Рузбехан, Исфахани, Гиясуддин Әли, Абд-ар-Раззақ Самарқанди, Махмуд Қаштағари шығармаларының мәні зор.
Ертедегі орыс мемлекетінің тарихнамасы аңыздар мен ауыз әдебиетінің үлгілеріне, Шығыс славяндардың т. б. ескерткіштеріне сүйенді. 11 ғасырды Киевте, Новгородта алғашқы жылнамалар пайда болды. «Игорь жорығы туралы жыр» тарихи кең оқиғаларды қамтиды. Киев мемлекетіне байланысты жазылған жылнамалар жүйесі орыс, украин және белорус тарихнамасының дамуына себеп болды. Феодализм дәуірінің тарихи шығармаларында тап күресі, бір тұтас феодалдық мемлекет құру, сыртқы жаулар мен басқыншыларға қарсы күрес идеялары кездеседі. Бір тұтас орыс мемлекеті құрылғаннан кейін тарихи білім негізі саяси міндет - орталық өкімет билігін нығайту мақсатына бағындырылды. Орыс тарихын зерттеу 1724 жылы құрылған Россия ҒА-нда жүргізілді. Академияда жұмыс істеген неміс ғалымдары Г. З. Байер мен Г. Ф. Миллер орыс мемлекетінің пайда болуы туралы ғылымға қайшы норман теориясының негізін салды. Бұған қарсы шыққан М. В. Ломоносов Россияның ерте заманнан 1054 жылы дейінгі тарихын жазды. Әр түрлі тарихи ескерткіштерді зерттеу арқылы ғылымға зор үлес қосқан орыс тарихшысы В. Н. Татищев болды. Ол дворяндық тарихи ғылым тұргысында ең бірінші болып «Россияның ең ерте заманнан бергі тарихын» жазып шықты (1-5 кіт., 1768, 1848). Дворян тарихшыларының белгілі өкілдерінің бірі П. Н. Болтин алғаш рет тарихты зерттеудің салыстырмалы әдісін қолдануды, тарихи құбылыстардың себеп-салдарын анықтау керек екендігін айтты. 18 ғасырдың 1-жартысынан бастап, Россияда тарихи білімнің ғылымға айналу процесі басталды. Осыған байланысты кейіннен шыға бастаған тарихи еңбектерде Россияның саяси тарихын оның шаруашылық және экономикалық дамуымен байланыстыру орын ала бастады. Осы уақытта тарихи процеске революция-демократиялық көзқарас тұрғысынан түсінік берген тұңғыш орыс революционері, ағартушы А. Н. Радищев болды.
19 ғасырдың 1-жартысында саяси-идеялық күрестің шиеленісуі және 1812 жылы Отан соғысынан кейін ұлттық мерейдің өсуі Россия тарихына назар аударуды күшейтті. 1829 жылы археограф П.М.Строевтың бастауымен Археографиялық экспедиция (1834 жылдан Археографиялық комиссия) құрылып, ол ертедегі тарихи актілер, жылнамалар т. б. ескерткіштер жинағын жасады. 1835 жылы бастап университеттерде Россия тарихының кафедралары құрылып, олар ғылымның ірі орталықтарына айналды. 19 ғасырдың 20 жылдарында дворяндар мен ақсүйектер тобының идеологы Н. М. Карамзиннің тарихи концепциясы пайда болды. Онын жазған 12 томдық «Россия мемлекетінің тарихында» (1816-1829) тарихи процестің қозғаушы күші дворяндарға сүйенген самодержавие деп жарпяланды. Бірақ Карамзиннен кейін дворяндық тарихнаманың терең кұлдырауы басталды. Декабристер (Н. М. Муравьев, П. И. Пестель, П. Г. Каховский, Н. А. Бестужев, А. О. Корниловпч) Карамзиннің концепциясын жоққа шығарып, тарихи прогресс идеясын дамытты.
19 ғасырдың 2-жартысындағы буржуазия тарихнамада С. М. Соловьевтің еңбектері аса көрнекті орын алды («Россияның ерте заманнан бергі тарихы», т. 1-29, 1851-1879). Ол өз еңбектерінде орыс тарихын рулық құрылыстан мемлекеттік қатынастардың орнығуына дейінгі бір тұтас заңды процесс деп тұжырымдады. Орыс буржуазиясының саяси мәні тарих ғылымында, әсіресе, К. Д. Кавелин мен Б. Н. Чичерин негізін қалаған «мемлекеттік мектепте» айқын көрінді. Оның өкілдері тарихи процестің ең басты қозғаушы күші мемлекет деп есептеді. Россияда революция- демократиялық тарихи ойдың дамуы В. Г. Белинскийдің, А. И. Герценнің, Н. П. Огаревтің, Н. Г. Чернышевскийдің, Н. А. Добролюбовтың есімдерімен тығыз байланысты. Олар Россияда тұңғыш рет тарих ғылымына принципті жаңа көзқарас тұрғысынан қарап, матерпалдық игілікті жасаудың маңызы, әсіресе қоғам тарихындағы халықтың ролі туралы маңызды жалпы методологиялық тұжырымдарды енгізді. Осы кезде зерттеулердің тематикасы кеңейіп, археологиялық ескерткіштерді зерттеу басталды. Қосымша тарихи пәндер ретінде эпиграфика, нумизматика және этнография дами бастады (Н. И. Надеждин, В. И. Даль, И. М. Снегирев т. б.). Россияның құрамына Закавказье мен Орта Азияның қосылуы және Сібір мен Алясканы игеру Шығысты зерттеуге жол ашты. 1855 жылы Петербург университетінде шығыс факультеті ашылды. Қазан университеті шығыс танудың ірі орталығына айналды. Осы кезеңде буржуазия тарихнамада украин, белорус, армян, грузин, азербайжан, Прибалтика және Орта Азия халықтары тарихын жазуда да елеулі қадам жасалды. 19 ғасырдың 80 жылдарында тарих ғылымында маркстік бағыт пайда болды. Бұл «Еңбекті азат ету» тобы мен көрнекті орыс марксисі Г. В. Плехановтың атымен байланысты. В. И. Ленііннің еңбектерінде орыс тарихнамасының барлық бағыттарына (дворяндық, бүржуазиялық, революция-демократиялық және маркстік) ғылми баға берудің методологиялық негізі жасалған. Көптеген тарихшыларға нақтылы баға беріліп, олар жасаған тарихи теориялардың таптық сипаты мен саяси мәні көрсетілген.
1917 жылы Окт. революциясынан кейін советтік тарих ғылымының қалыптасуы мен дамуы басталды. Методологиялық жағынан совет тарих ғылымы үшіп В. И. Лениннің барлық теориялық мұрасы негіз болды. В. И. Ленин қоғам дамуының жалпы, ерекше және жекелеген заңдарының өзара байланысы, капитализм тұсындағы таптар мен тап күресі, мемлекет пен социалистік революция, жаңа тұрпатты маркстік партия, ұлт-азаттық қозғалысы, қоғамдық сана мен идеяның қоғамның дамуындағы ролі туралы ілімге аса ірі үлес қосты. Ол орта ғасырлық Россиядағы феодализм мен оның даму тарихын кезеңдерге бөліп, царизмнің ішкі және сыртқы саясаты туралы мәселені зерттеді. Капитализм туралы маркстік талдауды толықтырып, империализм туралы ілімді жасады. Маркстік тарихнаманың берік қалыптасуына Лениннің тарих ғылымындағы партиялық принципі зор әсер етті. Қоғамдық дамудың маркстік теориясын дамытып, социалистік революция мен социализм орнатудың заңдылықтарын тұжырымдады.
Совет тарих ғылымы негізінен 1920-1930 жылдары қалыптасты. Оның көрнекті өкілдері М. Н. Покровский, А. М. Панкратова т. б. революцияға дейінгі СССР тарихын жазды. А. С. Бубнов, Е. М. Ярославский т. б. Россиядағы революция қозғалыс пен коммунистік партия тарихын жазды. Революцияға дейінгі буржуазия тарихнама өкілдері С. В. Бахрушин, Б. Д. Греков, И. А. Орбели, В. В. Бартольд, Е. В. Тарле т. б. маркстік позицияға көшті.
1918 жылы Лениннің нұсқауымен ашылған қоғамдық ғылымдардың Социалистік академиясы, 1921 жылы құрылған К. Маркс пен Ф. Энгельс институты (1956 жылдан КПСС ОК жанындағы марксизм-ленинизм институты) т. б. ғылми мекемелер совет тарих ғылымының дамуына зор әсер етті. Тарих ғылымының көптеген мекемелері мен қоғамдарының одақтас республикаларда филиалдары ашылды. Совет тарих ғылымының онан әрі дамуына БК(б)П ОК мен СССР Халкомсовының тарихты зерттеу және оны оқыту туралы қаулылары (1934-1936) ерекше орын алды. Осы қаулыларға сәйкес университеттерде 20 жылдарда жабылған тарих факультеттері қайтадан ашылып, тарих ғылымының негізгі салалары бойынша оқулықтар мен ірі еңбектер жазылды.
СССР-де социализмнің жеңуіне байланысты коллективтік зерттеулер кең қолданыла бастады. Отандық және жалпы тарихтың барлық салалары бойынша зерттеулер кеңінен жүргізілді. Отан соғысы жылдарында совет тарихшылары герман фашизмінің тарихи концепциясына қарсы белсенді идеялық күрес жүргізді. Соғыстан кейінгі кезеңде совет тарих ғылымының масштабы ұлғайды. 1946 жылы КПСС ОК жанынан Қоғамдық ғылымдар академиясы, Славяндар тарихын зерттеу институты т. б. ғылми мекемелер ашылды. Одақтас республикалар академияларында тарих институттарының ашылуы, оларда тарих ғылымының кеңінен дамуына жол салды. Советтік тарих ғылымының жаңа сатыға көтерілуіне КПСС 20-съезінің және КПСС-тің соңғы съездерінің шешімдері елеулі әсерін тигізді. КПСС ОК-нің «Қоғамдық ғылымдарды онан әрі дамыту шаралары туралы және коммунистік құрылыста олардың ролін арттыру» (1967) қаулысы, Ұлы Окт. социалистік революциясының 50 жылдығына, Лениннің туғанына 100 жыл (1969), СССР-дің құрылғанына 50 жыл (1972) толуына байланысты КПСС ОК тезистері т. б. қаулылар совет тарихшыларының осы заманғы игі зерттеулеріне дұрыс бағыт сілтеді. 60-70 жылдары совет тарихшылары Ұлы Окт. революциясы проблематикасы (И. И. Минц, Э. Н. Бурджалов, М. Митин т. б.), СССР-дің әрбір аймақтарында Совет окіметі үшін күресу социализм құрылысы (М. П. Ким, Ю. А. Поляков, С. П. Трапезников т. б.) туралы және 1941-1945 жылдарҰлы Отан соғысы мәселелеріне арналған тарихи еңбектер, көрнекті әскери қайраткерлердің естеліктері жарық көрді (А. А. Гречко, Г. К. Жуков, С. М. Штеменко т. б.). Социалистік қоғамның дамыған сатысында совет тарихшыларының еңбектерінде коммунизмнің материалдық-техникалық базасының жасалуы, тарихи жаңа совет қауымының қалыптасуы т. б. проблематикалар тиісті орын алуда. Тарих ғылымында КПСС тарихына арналған көптеген еңбектер ерекше назар аударады. Совет елі республикаларының тарихын жан-жақты зерттеп жазу жұмысы да кең өріс алды. Украин (В. А. Голобуцкий, Ф. П. Шевченко т. б.), белорус (Н. В. Каменская, И. С. Кравченко т. б.), өзбек (Р. X. Аминова, Я. Г. Гулямов, X. Ш. Иноятов т. б.), қырғыз (Б. Д. Джамгерчинов, С. И. Ильясов т. б.), қазақ (С. Б. Бейсембаев, А. Н. Нүсіпбеков, Ә. Б. Тұрсынбаев, С. Н. Покровский, Г. Ф. Дахшлейгер, Б. Төлепбаев, Е. Бекмаханов, М. Қозыбаев, Т. Балақаев, Б. Сүлейменов, Р. Сүлейменов, Ә. Марғұлан т. б.) совет тарихшыларының еңбектері белгілі.
СССР-де дүние жүзі тарихының барлық негізгі мәселелері зерттеледі. Жалпы еңбектердің ішінде еліміздің көрнекті ғылми орталықтары шығарған көп томды басылымдар («Дүние жүзі тарихы», 1-10-т., 1955-1966, «История СССР с древнейших времен до наших дней», т. 1-4, 1966-1973) т. б. көптеген құнды зерттеулер оқушыларға кеңінен белгілі. Тарихшылар совет қоғамы мен КПСС тарихын зерттеуге ерекше көңіл бөліп, буржуазия идеологияға, тарихты бұрмалаушылыққа ревизионистік көзқарасқа қарсы күрес жүргізуде.
«Советская историческая энциклопедия», сондай-ақ тарих ғылымдарының мәселелеріне арналған «Вопросы истории», «Вестник древней истории», «История СССР», «Вопросы истории КПСС», «Новая и новейшая история», Вестник истории мировой культуры», «Военно-исторический журнал», «Народы Азии и Африки» т. б. ғылми еңбектердің шығуы совет тарих ғылымының үлкен табысы болып есептеледі. Тарих ғылымының зерттеу орталықтары - СССР ҒА-ның, оның Сібір бөлімінің, одақтас республикалар ҒА-ларының тарих институттары, КПСС ОК жанындағы марксизм-ленинизм институты, одақтас республикалар КП ОК және Москва, Ленинград қалалық, обл., партия комитеттері жанындағы Партия тарихы институттары, Орта Азия, Закавказье республикалары ҒА-ларының Шығыс тану институттары (Ташкент, Душанбе, Ереван), СССР Қорғаныс министрлігінің Соғыс тарихы институты т. б.
Экономика ғылымы. Орыс мемлекеті өзінің айналасына көптеген халықтарды және ұлттарды біріктірді, сөйтіп экономикалық ойдың дамуының қуатты факторына айналды. 15-18 ғасырларда Россияны мекен еткен халықтардан шыққан қоғам қайраткерлері мен ойшылдар халықтың мұң-мұқтажын білдіретін ой-толғамдары мен пікірлерін қалдырды (И. Вишенский, Г. С. Сковорода, Г. Ф. Скорина, И. Хрептович, М. Летувис, И. Г. Эйзен, Г. Яннау, Ә. Науаи, Д. Азади, Махтұмқұлы және т. б.). 19 ғасырдың орта шені мен 2-жартысында орыс экономикалық ойының дамуына революцияшыл демократтар - В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. П. Огарев, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов зор роль атқарды.
Экономикалық ойдағы ревюциялық-демократиялық бағыттар қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен ағартушылардың шығармаларында көрініс тапты (Т. Г. Шевченко, И. И. Горбачевский, И. Чавчавадзе, С. Ереванци, Ф. Савич, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев т. б.).
Россияда 19 ғасырдың 80 жылдарында марксизм тарай бастады. 1872 жылы К. Маркстің «Капиталы» тұңғыш рет орыс тіліне аударылды. Г. В. Плеханов ұйымдастырған «Еңбекті азат ету» тобы (1883) К. Маркс пен Ф. Энгельстің көптеген шығармаларын орыс тіліне аударды. 90 жылдары В. И. Лениннің саяси және теориялық қызметі басталды. Сол кезде жазылған еңбектерінде В. И. Ленин халықшылдық теориялар мен «жария марксистердің» ғылми дәрменсіздігін дәлелдеді. Ол помещиктік шаруашылыққа, Россияның экономикалық құрылысына, таптық құрылымына сипаттама беріп, елдің экономикалық даму бағдарын анықтады.
20 ғасырдағы Лениннің теориялық және саяси қызметі марксизмді, оның құрамды бөліктерін дамытудағы жаңа лениндік кезеңнің негізін салды. Октябрьге дейінгі еңбектерінде В. И. Ленин марксизмнің саяси экономия пәні мен тәсілі туралы, оның партиялылығы, капитализмнің өнеркәсіптегі даму сатысы, капиталистік ұдайы өндіріс және дағдарыстар жайлы ілімін одан әрі дамытты. Лениннің еңбектерінде империализмнің маркстік теориясы, мемлекеттік-монополиялық капитализм теориясы жасалып, капитализмнің жалпы дағдарысының басталуы көрсетілді.
1917 жылы Октябрьлық революциясы СССР-де экономика ғылымының дамуында жаңа кезең ашты. Лениннің «Мемлекет және революция» (1917), «Совет өкіметінің кезектегі (1918), «Пролетариат дәуіріндегі экономика міндеттері» диктатурасы және саясат» т. б. еңбектерінде пролетариат диктатурасы мемлекетінің экономикалық ролі мен қызметін ғылми жағынан негіздеп, социалистік шаруашылықты жүргізудің принциптерін, тәсілдері мен формаларын жасады. Онан әрі Ленин «Соғыс коммунизмі» саясатынан жаңа экономикалық саясат дегенге көшуді негіздеді, ірі индустрияны жасауды, ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрудың қажеттігін дәлелдеді, мәдени революцияның міндеттерін белгіледі. Сондай-ақ мешеу қалған елдердің капиталистік даму сатысына соқпай өту мүмкіндігі жөніндегі ілімді дамытты. Ленин социализмнің саяси экономикасының негізін қалады. Оның теориялық еңбектерінде социализм тұсында объективтік экономикалық заңдардың әрекет ету, социализмнің материалдық-техникалық базасын жасау, халық шаруашылығына басшылық етудің принциптері мен тәсілдері туралы негізгі қағидалар тұжырымдалды. Совет экономика ғылымының ірі жетістігі Лениннің бастамасы бойынша 1920 жылы жасалған ГОЭЛРО жоспары болды. Совет экономистері 20 жылдары капиталистік экономиканың проблемаларын зерттеу жөнінде үлкен жұмыстар жүргізді. Осы жылдары саяси экономияның методологиялық мәселелері жөнінде айтыс ұйымдастырылды. 30 жылдардың орта шенінен бастап, социалистік қоғамның өндірістік қатынастары, экономикалық заңдары зерттеле бастады. Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) совет экономистерінің назары халық шаруашылығын социалистік отанды қорғау қажетіне жұмылдыруға жинақталды. 50 жылдары «Саяси экономия» оқулығы әзірленді. 60-70 жылдары экономика ғылымы кемелденген социализм экономикасы және коммунизм құрылысының комплексті проблемаларын зерттеді. Қазіргі кездегі аса маңызды проблемалар - шаруашылық механизмін жетілдіру, халық шаруашылығын жоспарлаудың жаңа түрлері мен тәсілдері, қоғамдық өндірісті басқарудың ұйымдық формаларын дамыту, товар-ақша қатынастары мен шаруашылық есепті тиімді пайдалану, социалистік экономикалық интеграцияның артықшылықтарын пайдалану мүмкіндіктерін анықтау. Совет экономика ғылымы СССР-де шаруашылық реформаны жүргізуде едәуір роль атқарды. Партия съездерінің, ОК пленумдарының шешімдерінде, басшы партия және мемлекеттік қайраткерлерінің сөйлеген сөздерінде социалистік және коммунистік құрылыстың тәжірибесі қорытылып талданды. КПСС-тің 25-съезінің (1976) шешімдерінде қазіргі кезеңдер халық шаруашылығын дамыту программасын жүзеге асыру жолындағы партияның экономикалық стратегиясы тұжырымдалды. Экономика ғылымын дамытуда совет экономистерінің зерттеулері үлкен роль атқарды (И. В. Сталин, В. В. Куйбышев, Г. К. Орджоникидзе, Н. А. Вознесенский, Г. М. Кржижановский, К. В. Островитянов, А. М. Румянцев, С. Г. Струмилин, Т. С. Хачатуров, А. Г. Аганбегян, А. Н. Ефимов, Л. В. Канторович, В. С. Немчинов, Н. П. Федоренко, Е. И. Капустин, Г. А. Арбатов, А. А. Арзуманян, Е. С. Варга, Н. Н. Иноземцев, И. А. Трахтенберг, А. И. Пашков, П. И. Лященко т. б.). Әрбір одақтас республиканың экономика ғылымы СССР-дегі экономика ғылымының құрамды бөлігі ретінде дамыды. Одақтас республиканың экономистері көптеген экономикалық проблемаларды зерттеуге үлес қосып келеді (А. М. Аминов, О. Б. Жамалов, И. К. Нарзикулов, Р. К. Рахимов, А. А. Аннаклычев, Т. Әшімбаев, С. Б. Бәйі- шев, М. Ғ. Елеусізов, А. А. Аракелян, М. Аллахвердиев, Г. Дадашев, П. Гугушвили, Ю. Н. Пахомов, С. М. Ямпольский, Ф. С. Мартинкевич, А. Ф. Кожухарь, Г. Либерман, В. Малишаускас, А. Цеерне т. б.). Совет экономика ғылымының теориялық проблемаларына арналған іргелі зерттеулері негізінен СССР ҒА мен одақтас республикалар ҒА-ның институттарында іске асырылады. Экономика ғылымының мәселелері жөніндегі мақалалар мерзімді басылымдарда жарияланып тұрады.
Заң ғылымы. Ертедегі орыс мемлекеті (Киев Русі - 12 ғ.) және феодалдық бытыраңқы кезеңінде қоғамның праволық қондырмасы жөнінде бір жүйеге келтірілген заң ғылымы болған жоқ. Үстем таптың праволық көзқарасы соттық ережелер, халықаралық актілер, келісім-шарттарда көрініс тапты. Россияда заң ғылымы шын мәнінде Петр І-ден бастап қалыптасты. 1775 жылы ұйымдасқан Москва университетінің 3 факультетінің біреуі заң факультеті болды. Бірінші право профессорлары С. Е. Десницкий мен И. А. Третьяковтың еңбектері орыс заң ғылымының қалыптасуына үлкен әсер етті. Правоның жеке салаларына арналған алғашқы ғылми жұмыстар 19 ғасырдың басында жарық көрді. Правоны зерттеуде революциялық демократиялық пікірді алғаш А. Н. Радищев еңгізді. Оның көзқарастары декабристерге (П. И. Пестелъдің конституция жобасы «Орыс правдасына») әсерін тигізді. Правоның тарихи мектебінің концепциялары Россия империясы заңдарының толық жинағына (1832) елеулі ықпал етті. Бұл актілерді шығаруда М. М. Сперанский жетекші роль атқарды. 19 ғасырдың 60 жылдары сот, қала басқармасы, жер жүйесі т. б. буржуазия реформалар жасалуы, ғылми жұмыстар жариялануы, журналдар шығуы заң ғылымының дамуына себеп болды. А. И. Герцен, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов т. б. заң ғылымын демократиялық тұрғыдан зерттеуді насихаттады. Олардың еңбектері буржуазия помещиктік, крепостнойлық басыбайлылықты дәріптейтін ресми правоның кертартпа ролін әшкерелеп, Россияның барлық халықтарының саяси сана-сезімінің оянуына үлкен әсер етті. В. И. Лениннің, орыс марксистерінің мемлекет пен право жөніндегі еңбектері пролетариаттың праволық сана-сезімінің қалыптасуында шешуші роль атқарды.
Социалистік заң ғылымы 1917 жылы Окт. революциясынан кейін марксизм-ленинизм негізінде қалыптасып дамыды (Право, Социалистік право). В. И. Лениннің еңбектері заң ғылымының дамуына негіз болды. Конституциялар, алғашқы кодекстер мен заң негіздері жасалды (Еңбек заңдары туралы кодекс 1918, Азаматтық кодекс - 1922 жылы т. б.). Ірі ғалым марксистер П. П. Стучка, Е. Б. Пашуканис, Н. В. Крыленко заң ғылымына елеулі үлес қосты. 30 жылдары социалистік заңдылық пен право нормаларын насихаттау жөнінде елеулі жұмыстар істелді. 1936 жылы қабылданған СССР Конституциясы заң ғылымының право салаларының одан әрі дамуына, проблемалық мәселелерді зерттеуде ғылми негіз болды. Ұлы Отан соғысы (1941-1945) кезінде фашизмнің бейбітшілік пен халықтардың қауіпсіздігіне қарсы жауыздық әрекеттерін әшкерелеу жолында көптеген ғылми жұмыстар жазылды. Совет ғалымдары фашистік басты соғыс қылмыстыларын жазалауды дәйекті, тұжырымды түрде іске асыруда қажырлы еңбек етті (Нюрнберг процесі, Токио процесі). Олар Халықаралық соғыс трибуналы, Халықаралық сот, БҰҰ уставтарын даярлауға қатысты. Правоның барлық салалары бойынша СССР және одақтас республика заңдарының негіздері қабылданды. Совет ғалымдары КПСС съездері қарарларын негізге алып, социалистік, мемлекет пен правоның даму заңдылығын, социалистік қоғам құрылысының саяси, экономикалық артықшылығын, жалпы халықтық мемлекеттің функциясы мен құрылымын жан-жақты зерттеуде. Заң ғылымы шаруашылық салаларында техникалық прогресс, еңбекті ғылми тұрғыдан ұйымдастыру мәселелеріне айрықша көңіл бөледі. Социалистік заңдылықтың теориялық және практикалық мәселелерін, мемлекет пен право тарихын, республикаларда ұлттық мемлекет пен право тарихын зерттеуде совет ғалымдары (П. Н. Галанза, М. Н. Гернет, С. 3. Зиманов, А. И. Ишанов, С. Ф. Кеченьян, С. А. Раджабов т. б.) елеулі еңбек етті. Совет заң ғылымы қазіргі халықаралық мәселелер мен экономикалық қатынас проблемаларына, сондай-ақ социалистік елдердегі мемлекет пен право заңдылықтарына және социалистік интеграция мәселелерін зерттеуде. Совет ғалым-юристері халықаралық ұйымдардың (Халықаралық право ассоциациясының, Заң ғылымдарының халықаралық ассоциациясының, халықаралық юрист-демократтары ассоциациясының т. б.) жұмыстарына белсене қатысуда. Заң ғылымының проблемаларын зерттеу СССР ҒА-ның Мемлекет және право институтында (Москвадағы), одақтас республикалық ҒА-ларында (институттар, секторларында), университеттердің заң факультеттерінде, СССР Юстиция министрлігінің Совет заңының бүкіл одақтық институтында т. б. ғылми орталықтарында жүзеге асырылуда.
Психология. Психологияны материалистік, жаратылыс тану-ғылми тұрғыда түсінуге 18-19 ғасырлардағы орыс ойшылдары елеулі үлес қосты. В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, А. И. Герцен еңбектері И. М. Сеченовтьің рефлекторлық теориясының қалыптасуына зор ықпал етті. Психологиядағы Сеченов дәстүрін И. П. Павлов жалғастырды, ол совет психологиясының жаратылыс тану-ғылми негізі - шартты рефлексті ашты.
19 ғасырдың аяғы 20 ғасырдың басында немістің идеалистік философиясы бағытындағы философ-психологтарға (А. И. Введенский, Л. М. Лопатин т. б.) Сеченов идеясымен дамып отырған жаратылыс тану-ғылми бағыттағы (В. М. Бехтерев «Психорефлексология», В. А. Вагнер «биопсихология») психология тойтарыс берді. Бұл кезеңде эксперименттік психология едәуір дамыды. Оған Москва психология институтын ұйымдастырушы Г. И. Челпановтың зор ықпалы тиді.
Окт. революциясынан кейінгі алғашқы жылдарда психология ғылымында жаратылыс тану-ғылми бағыт маңызды роль атқарды. Оны жаратылыс тану ғылымымен (биологиялық, физиологиялық, эволюциялық теория) байланыстыру және психологияны нағыз ғылым ретінде дамыту мәселесі қойылды. Мұны дамытуда П. П. Павловтың жоғарғы нерв жүйесінің қызметі жөніндегі ілімінің мәні ерекше болды. 20 жылдардың 2-жартысында психологияның қолданылмалы саласын: психотехника, еңбек психологиясы, балалар психологиясы, педагогикалық психологияны т. б. дамыту бірінші кезекке қойылды. 30 жылдарда Лениндік бейнелеу теориясы негізінде таным процестерінің психологиялық құрылымын зерттеу бірінші орынға шықты. Осы негізде түйсіктен ойлауға көшуді зерттеу, көру және есту түйсігінің мәнін аша түсу маңызды орын алды. Бағдар теориясы (Д. Н. Узнадзе) мен коллективтегі жеке адам психологиясын дамыту (А. С. Макаренко) айтарлықтай роль атқарды. Ұлы отан соғысы жылдарында психологияда қорғанысқа байланысты тақырыптарды зерттеу қажеттілігі туды. Соғыстан кейінгі жылдарда теориялық және эксперименттік проблемалар кеңінен зерттелді. РСФСР Педагогикалық ГА-ның (1943) құрылуы психологтарға оқыту мен тәрбие пноблемаларын зерттеуге мүмкіндік берді. Психологтардың Бүкіл одақтық кеңесінде (1952, 1953, 1955) жеке адам психологиясы, тәрбие және таным процестері, адам қызметі психикасының физиологиялық механизмі, психологияның т. б. саласындағы табыстары қорытындыланды. 1957 жылы РСФСР Педагогикалық ҒА жанынан Психологтар қоғамы құрылды. 1959 жылы Москвада оның 1-съезі өтті. 4-съезде (Тбилиси, 1971) СССР Педагогикалық ҒА жанындағы Психологтар қоғамының уставы қабылданды.
70 жылдарда СССР-дегі психология көп салалы ғылымға айналды. Әсіресе, ақыл-ой дамуы мен оқытудың байланысын, жеке адамды қалыптастыру және оқыту, балалармен жүргізілетін жұмыстардың психологиялық ерекшелігін зерттейтін - педагогика, және балалар психологиясы қарыштап дамыды. Еңбек психологиясы, оның ішінде инженерлік, космостық психология және әлеуметтік психология дами түсуде. Психология және медициналық орталықтарда: патопсихология, нейропсихологпя проб лемалары кеңінен зерттелуде.
Психология зерттеу орталыктары: СССР ҒА-ның Психология институты және СССР Педагогикалық ҒА-ның Жалпы және педагогикалық психология ғылыми-зерттеу институты (Москва). Грузия ССР ҒА Психология институты (Тбилиси), УССР-і Оқу министрлігінің (Киев) Психология институты, СССР Педагогикалық ҒА-ның Мектепке дейінгі тәрбие ғылыми-зерттеу институты және Дефектология ғылыми-зерттеу институты т. б. Москва, Ленинград, Тбилиси университетінің психологиялық факультеттерінде де ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. 1955 жылдан «Вопросы по психологии» журналы, 1963 жылдан «Новые исследования в психологии» мерзімді жинағы шығарылады.
Педагогика. Орыс жерінде алғашқы педагогикалық ой-пікірлер Руське Византия мәдениетінің элементтері, оның ішінде педагогикалық сипаттағы аударма әдебиеті енген кезеңде 10-11 ғасырларда туа бастады. 16 ғасырдың ортасында кітап басу әдісінің табылуы ағартушылық пен оқулық әдебиетінің дамуына үлкен түрткі болды. Орыстың алғашқы оқулығы «Әліппе» 1574 жылы Львовта шықты. Петр І-нің реформалары (18 ғасырдың басы) педагогикалық ой-пікірді, оқулық әдебиетті жандандыруға, халық ағарту жүйесін ұйымдастыруға ықпал етті. Азаматтық шрифтерді және әріппен таңбаланып келген сандар орнына араб цифрын алу (1708) білім салаларын меңгеруді жеңілдетті.
18 ғасырда тұңғыш мемлекеттік мектеп жүйесі қалыптаса бастады. Россияда университеттік білімді және педагогикалық ой-пікірді үйымдастыруға М. В. Ломоносов елеулі үлес қосты. 18 ғасырдың аяғында дидактика дамыды. Орыстың педагогикалық ой-пікірін дамытушының бірі - А. Н. Радищев тәрбиенің басты мақсатын революция-демократиялық позициядан анықтады.
19 ғасырдың оптасына дейін прогресшіл педагогикалық идеялар революциялық-демократиялық қоғамдық ой-пікірдің арнасында дамыды (В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский, Д. И. Писарев т. б.). Россия империясы халықтарының озат өкілдері 18-19 ғасырларда білім беру жүйесін демократияландыруды, гуманизм, ұлттық патриотизмді тәрбие мәселесінде ту етіп көтерді. Өз халқының педагогикалық ой-пікірін дамытуға Украинада - Г. С. Сковорода, В. Н. Каразин, А. В. Духнович; Белоруссия мен Литвада И. Ф. Коппевич, Г. Конисский, С. Даукантас; Латвияда Г. Меркель, И. Брауншвейг; Эстонияда И. X. Петри, Г. Ф. Паррот; Грузияда И. Багратион, Г. Бараташвили; Арменияда А. Аламдарян, X. Абовян; Азербайжанда М. Ф. Ахундов, М. Казембек; Қазақстанда Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев т. б. үлес қосты. Мектеп реформасын жасау мәселесін талқылауға Л. Н. Толстой, Н. И. Пирогов, Н. X. Вессель т. б. белсене қатысты. Россияда педагогиканың ғылым болып қалыптасуы К. Д. Ушинскийдің атымен байланысты. 19 ғасырдың аяғы - 20 ғасырдың басында педагогикалық мен дидактика проблемаларын шешу (П. Ф. Каптерев, В. П. Острогорский, В. П. Вахтеров, Н. Ф. Бунаков, И. Н. Ульянов, П. Ф. Лесгафт т. б.), жеке пән методикасын жасау (В. Я. Стоюнин, В. И. Водовозов, Д. Д. Семенов т. б.) мәселесі қолға алынды. Ушинскийдің идеясы Россия халықтарының педагогикалық ой-пікірін дамытуға әсер етті (Арменияда Г. Агаян, Қазақстанда Ы. Алтынсарин, Грузияда Я. С. Гогебашвили, Азербайжанда Р. Эфендиев, Чувашияда И. Я. Яковлев).
Тәрбие жайындағы маркстік ілімнің негізгі қағидаларын жаңа тарихи кезенге сәйкес В. И. Ленин дамытты. Алғашқы совет мектептері мен педагогиканы дамытуда оқу-тәрбие жұмыстарының жаңа формасы мен әдістерін іздеу батыл жүргізілді (А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, П. Н. Лепешинский, П. П. Блонский, С. Т. Шацкий, М. Н. Покровский т. б.). А. С. Макаренко жасаған тәрбие системасы совет педагогикасының ірі табысы болды. Совет педагогикасының дамуы көрнекті педагогтар және ғылми-зерттеу монографиялары мен оқулықтардың авторлары - Ш. И. Ганелин, Б. П. Есипов, Л. В. Занков, И. Т. Огородников, М. Н. Скаткин, И. А. Каиров, Э. И. Моносзон, В. А. Сухомлинский, А. Э. Измайлов, С. Р. Раджабов, Ә. I. Сембаев, Ң. Б. Бержанов т. б. есімімен байланысты.
Қазіргі ғылыми-техникалық революция заманы орта мектеп беретін білім көлемін ұлғайтуды қажет етеді. Осыған сәйкес жалпы білімнің мазмұнын іріктеудің жаңа принциптері мен критерийлері жасалуда. Педагогикалық саласында ғылыми-зерттеу жұмысы СССР Педагогикалық ҒА-нда, одақтас республикалардың Оқу министрлігінде, Бүкіл одақтық кәсіптік-техникалық білім ғылыми-зерттеу институтында, Жоғары мектеп проблемалары ғылыми-зерттеу институтында жүргізіледі. Педагогика саласының негізгі баспасөзі - «Советская педагогика» (1937 жылдан), «Вопросы психологии» (1955) журналдары, «Дефектология» (1969) ғылми-методикалық журналы, «Известия АПН» (1945), «Новые исследования в педагогических науках» мерзімді жинағы т. б.
Тіл білімі. Орыс тіл білімінің тууы 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың алғашқы кезіне жатады. Бұл кезде славян тілдерінің тұңғыш грамматикалары жасалды (Л. Зизаний, М. Смотрицкий). 18 ғасырда тіл білімінің дамуында М. В. Ломоносовтың тіл және әдеби тіл жайындағы еңбектері жетекші роль атқарды. 19 ғасырда Россияда тілдерді зерттеуде типологиялық және салыстырмалы-тарихи әдісті өрістету, тіл білімінің теориялық мәселелерін (тілдің әлеуметтік мәні, тілдің ойлаумен, халық тарихымен байланысы, тіл жүйесі, синтаксис, морфология т. б.) зерттеу жұмыстары жүргізілді (Ф. Е. Корш, Ф. И. Буслаев, А. X. Шахматов, И. А. Бодуэн де Куртенэ, А. А. Потебня, Ф. Ф. Фортунатов т. б.). Орыс тілінің лингвистикалық географиясы жасалды, славян тану ғылымы лингвистикалық жеке пән болып қалыптасты. 19-20 ғасырларда туркі тілдерін зерттеу жедел қолға алынды. Балтық (Г. К. Ульянов, Ф. Ф. Фортунатов), финн-угор (Ф. И. Видеман, М. А. Кастрен т. б.), Кавказ (М. И. Броссе, Н. Я. Марр, П. К. Услар), армян [К. П. Паткапов (Патканян), А. И. Томсон], роман, герман, семит тілдерінің жалпы мәселелері, кене шығыс тілдерін т. б. зерттеу қолға алынды.
Совет тіл білімі отандық лингвистиканың ізгі дәстүрлерін жалғастыра отырып, Ұлы Окт. социалистік революциясынан кейін коп салалы ғылми пән болып қалыптасты. СССР-де тіл білімі теориялары лениндік ұлт саясатына, СССР халықтары тілдерінің тең праволылығына негізделді. Тілдің қоғамдық, әлеуметтік мәні артты, ұлт тілдерінің дамуына қолайлы жағдай туды, маман кадрлары жетілді. Окт. революциясына дейін жазу-сызуы болмаған 50 тілдің алфавиті жасалды. Құмық, ноғай, қазақ, өзбек, қарақалпақ, гагауз т. б. тілдердің тұңғыш ғылми грамматикалары, түркі тілдерінің әр түрлі сөздіктері (этимология, диалектология, көне түркі тілі т. б.) пайда болды. Түркі тілдерін зерттеу мәселесі кең қанат жайды (П. А. Азимов, Н. А. Баскаков, И. А. Батманов, Н. З. Гаджиева, В. А. Гордлевский, Н. К. Дмитриев, I. Кеңесбаев, Ә. Т. Қайдаров, А. Н. Кононов, С. Е. Малов, Е. Д. Поливанов, Э. Р. Тенишев, Э. В. Севортян, Е. И. Убрятова, М. Ш. Ширалиев, А. М. Щербак, К. К. Юдахин т. б.). Көне жазба ескерткіштер тілін зерттеуге мән берілуде. Қазақстанда көне түркі, көне ұйғыр жазба ескерткіштері мен қазақ тілі жөніндегі зерттеулер жалпы түркология, алтаистика мәселелерімен ұштастырыла жүргізілуде (Ә. Т. Қайдаров, Ғ. Айдаров, А. Аманжолов, А. Есенғұлов, Ә. Қурылжанов т. б.).
Совет халықтарының ұлттық әдеби тілінің жасалып, қалыптасып дамуына және оның тарихына көңіл бөлінуде (И. К. Белодед, Л. А. Булаховский, В. В. Виноградов, В. М. Жирмунский, Н. И. Конрад, Ф. Н. Филин, В. Н. Ярцева, I. Кеңесбаев, Ә. Т. Қайдаров, М. Ш. Ширалиев т. б.), корнекті ақын-жазушылардың (А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Т. Г. Шевченко, И. Франко, Абай, Науаи т. б.) тілі зерттеліп, сөздіктері жасалды. Орыс тілі көп ұлтты СССР халықтарының тілін байыту, ұлтаралық қатынасын нығайту құралы болды. Ұлттық мектептерінде орыс тілін оқыту теориясы мен методикасы айқындалды. Тіл білімінің жалпы теориялық мәселелерімен ғылми мекемелер (СССР ҒА мен одақтас және автономиялы республикалар ҒА-ларының арнайы ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары жанындағы кафедралар) шұғылданады. Тіл білімі мәселелеріне байланысты арнайы мерзімді басылымдар шығып тұрады (Лингвистикалық журналдар).
Әдебиет тану. Әдебиет тану ғылымының тарихы Россияда 18 ғасырдың аяғында басталса да (ол кезде нормативті пішінде ғана болатын), негізінен жеке сала ретінде дамуы 19 ғасырдың бас кезі болды. Н. Г. Белинский 18 ғасыр мен 19 ғасырдың басындағы орыс әдебиетін түгел қарастырып, көркем әдебиет проблемаларына байланысты прогрессивті идеяларды қозғады. Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Д. И. Писаревтің әдеби сын еңбектері де ерекше орын алды. Бұл кезде орыстың революция-демократиялық идеялары украин, азербайжан, армян, грузин, осеинн әдебиеттеріне де әсер етті. 20 ғасырда Г. В. Плеханов, В. И. Ленин, В. Луначарский өз еңбектері арқылы әдебиет ғылымын маркстік іліммен қаруландырып, көркем шығарманы зерттеудің толық бағыт-бағдарын айқындап берді. Окт. революциясынан кейін әдебиет тану ғылымы әрі тез, әрі жаңа бағытта дамыды. Алайда бұл кезде әр түрлі кемшіліктер де бел алды (Пролеткулът). 30 жылдарда социалистік реализмнің принциптерін теориялық жағынан талдауға арналған дискуссияның айрықша мәні болды. Бұның өзі әдебиеттегі формализмнен арылып, көркем шындыктың өзіндік ерекшелігін анықтауға мүмкіндік берді. 60-70 жылдары өткізілген конференциялар социалистік реализмге жат ішкі және шетелдік пікірлердің бәріне тойтарыс берді (Ю. Я. Барабаш, А. С. Бушмин, В. М. Озеров, Л. И. Тимофеев, М. Қаратаев т. б.). Сыншыл реализм мен социалистік реализмнің тарихы, теориясы, Октябрьге дейінгі және Октябрьден кейінгі әдебиет тарихы СССР ҒА институттары мен Одақтас республикалар ҒА-ның тиісті институттарында зерттеліп келеді. 30 жылдардан бастап А. С. Пушкин, М. Горький, В. Маяковский, С. А. Есенин творчестволарын арнайы зерттеу жұмыстары қолға алынды. Бұл дәстүр СССР халықтары әдебиетін зерттеу салаларында да жүзеге асырылуда. Мыс., Украина әдебиетінде Шевченко тану (А. И. Белецкий т. б.), грузин әдебиетінде Руставели тану (И. Абашидзе т. б.), қазақ әдебиетінде Абай тану (М. Әуезов, З. Ахметов, Ы. Дүйсенбаев, М. Сильченко) т. б. СССР-дегі әдебиет тану ғылымының интернационалдық дәстүрі СССР халықтары әдебиетінің ортақ даму арналары мен ұлттық ерекшеліктерін, олардың өзара бір-біріне әсер-ықпалын зерттеу барысында қалыптасып келеді. 1972 жылы КПСС ОК-нің «Әдеби-көркем сын туралы» қаулысы сын белсенділігін арттырды (Одақтас республикалардың ғылымы туралы бөлімдерін).
Өнер тану Россияда 19 ғасырда қалыптаса бастады. 19 ғасырдың бас кезінде ұлттық өнер тарихын (И. А. Акимов), оның азаматтық программасын (А. X. Востоков) зерттеу қолға алынды.
Г. Велинский, А. И. Герцен, Н. П. Огарев орыс өнерін прогресшіл-демократиялық программаға бағыттады. 19 ғасырдың 2-жартысы - 20 ғасырдың басында орыстың орта ғасыр мен жаңа замандағы өнер тарихы жүйелі түрде зерттеле бастады. В. И. Лениннің ұлт мәдениеті жайындағы ілімі революция қарсаңындағы марксистік көркем сынға негіз болды. Окт. революциясынан кейін өнер тану Коммунистік партияның идеологиясымен сабақтас дамыды. Б. И. Арватов, А. В. Луначарский, А. А. Федоров-Давыдов, А. М. Эфрос т. б. өнердің революция мазмұны мен шынайылығы үшін күресті. 30 жылдары социалистік дәуірдің мұраттары үшін күрес өнер танудың даму бағытын айқындап берді. Классиканы меңгеру, өнердегі адам бейнесін зерттеу мәселелері алға қойылды. 50 жылдары социалистік реализм принциптерін, осы заманғы өнер мәселелерін зерттеу өрістеді. 60-70 жылдары осы заманғы көркемөнер мәдениетінің актуалды проблемалары творчестволықпен талқыланып, оның жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасалды. Совет дәуірінде тарихи ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Өнердің жалпы тарихы жан-жақты зерттеле бастады. Музейлер мен ғылыми-зерттеу институттары өнер тану ғылымын дамытуда үлкен роль атқарды. Москва, Ленинград, Свердловск институттарында өнер мамандары даярланады. Өнер тарихы, теориясы мен негізгі мәселелері жөнінде көпшілікке арналған ғылми кітаптар, журналдар мен газеттер шығып тұрады.
Музыка тану. Ежелде дамыған музыкалық-теориялық ой-пікір орта ғасырда Орта Азия халықтарында дами түсті. Музыка мәселелері Әл-Фараби (10 ғ.), Ибн Сина (10-11 ғ.) еңбектерінен кең орын алды. Россияда ән өнерін зерттеу 17 ғасырда пайда болып, 18-19 ғасырда кең етек алды (А. Н. Серов, В. В. Стасов, Ц. А. Кюи т. б.). 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында түрлі халықтардың (украин, грузин, армян т. б.) музыкалық фольклоры зерттеле бастады. 1917 жылы Окт. революциясынан кейін музыкалық тану ғылымы жедел қарқынмен өркендеді. Ғылми мекемелер ашылды. Совет музыкалық тану ілімінің дамуына В. И. Лениннің әдебиет пен өнер жөніндегі идеялары, А. В. Луначарскийдің музыкалық зерттеу еңбектері игі әсерін тигізді. 20-30 жылдары Б. В. Асафьев, Н. А. Гарбузов, К. А. Кузнецов, Б. Л. Яворский музыкалық тарихы мен теориясының өрбуіне үлкен еңбек сіңірді. Гармонияны (Г. Л. Катуар, С. В. Евсеев, В. О. Берков, Ю. Н. Тюлин, Л. А. Мазель), жанр теориясын (В. А. Васина-Гроссман, М. С. Друскин, Б. М. Ярустовский), музыкалық тарихын (Н. Ф. Финдейзен, Т. Н. Ливанова, Ю. В. Келдыш, А. Н. Сохор), музыканың басқа салаларын (А. Д. Алексеев, В. И. Музалевский, Л. С. Гинзбург, Л. Н. Раабен) зерттеу жедел қарқынмен өсті. 1956-1961 жылдар 4 томдық «Совет музыкасының тарихы» жарық көрді. Совет және шетел композиторларының творчествосы кеңінен зерттелуде. Қазақстан ғалымдары А. Қ. Жубанов, Б. Г. Ерзакович музыкалық тану іліміне ат салысты. Музыкалық тану мәселелері өнер тарихы институты (Москва) және басқа жоғары оқу орындары мен ГА жанында зерттеледі. Музыкалық жайында көптеген кітаптар, газет-журналдар шығып тұрады.
Театр тану ғылымының дамуы театр ролінің қоғам өмірінде күшеюіне байланысты болды. Орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы және басқа қайраткерлері сияқты классицизм теоретиктерінің бірі А. П. Сумароков театрды азаматтық мұраттардың трибуны, прогресшіл идеяны таратушы деп бағалады. Театр туралы ғылым 20 ғасырдың бас кезінде өз алдына жеке сала болып қалыптасты. Оның жедел еркендеуі 1917 жылы Окт. революциясының алғашқы жылдарында-ақ басталды. Совет театр тану ғылымы өзінің даму барысында А. С. Пушкиннің, Н. В. Гогольдің, А. Н. Островскийдің бай эстетикалық мұраларына, сондай-ақ театр танудың маркстік зерттеу әдісінің негізін қалаған Г. В. Плеханов, В. В. Воровский, А. В. Луначарский еңбектеріне сүйенді.
1944 жылы Москвада Өнер тарихы институты (СССР халықтары театрының секторы бар) құрылды. 60-70 жылдары орыс және көп ұлтты совет театрының тарихы жөнінде ғылми коллективтік еңбектер басылып шықты. Солардың ішінде 6 томдық «Совет драма театрының тарихы» (1966-1971) көрнекті орын алады. Одақтас республикалардағы ғылыми-зерттеу мекемелері мен театр жоғары оқу орындары елеулі табыстарға жетті. Театр зерттеуші маман кадрлар өсті.
Кино тану 1917 жылы Окт. социалистік революциясынан кейін өз алдына ғылым ретінде даму жолына түсті. Бұған В. И. Ленин киноның өнердегі орны мен бұқараға коммунистік тәрбие берудегі маңызын жоғары бағалауы негіз болды. Совет режиссерлері Л. В. Кулешовтың, С. М. Эйзенштейннің, В. И. Пудовкиннің т. б. жасаған кинодағы монтаж теориясы мен реалистік әдіс дүние жүзілік кино танудағы принципті жаңа құбылыс болды. Документті киноның тұңғыш теориялық негізін қалаушы - Д. Вертов, А. В. Луначарскийдің мақалалары мен сөздері киноның коммунистік идея бағытымен дамуына жағдай туғызды. В. Б. Шкловскийдің, А. И. Пиотровскийдің т. б. еңбектерінде совет киносының творчестволық түрлері, оның бағыттары («поэзиялық», «прозалық» т. б.) жайында мәселе көтерілді. 30 жылдары совет кино тану ғылымы кинода жаңа адамды - социализм құрылысшыларын көрсету, коммунист бейнесін жасау міндетін алға қойды. Мұның өзі СССР-де социалистік реализм әдісінің орнығуына, кино тану ғылымының идеялық өсіп дамуына игі әсер етті. 60-70 жылдары совет кино тану ғылымын жан-жақты дамыту мақсатымен: кемелденген социалистік қоғам жағдайындағы өнердің халықтығы, партиялылығы, социалистік реализм принциптері сияқты теориялық және проблемалық мәселелер зерттелуде.
Баспасөз, телевизия, радиохабары. 1971 жылы СССР-де 5966 журнал т. б. мерзімді басылымдар басылып шықты (жылдық тиражы 2536 млн. дана), соның ішінде журналдар: «Коммунист», «Политическое самообразование», «Агитатор», «Партийная жизнь», «Крестьянка», «Работница», «Наука и жизнь», «Новый мир», «Октябрь», «Знамя», «Техника молодежи», «Здоровье», «Знание - сила», «Пионер», «Крокодил», «Огонек», «Мурзилка» т. б. 7863 газет (тиражы 145 млн. дана), соның ішінде «Правда», «Известия Советов депутатов трудящихся СССР», «Труд», «Комсомольская правда», «Сельская жизнъ», «Советская кулътура», «Социалистическая индустрия», «Экономическая газета», «Пионерская правда», «Красная звезда», «Литературная газета» т. б., 85,5 мың кітап басылды (тиражы - 1617 млн. дана). Ең ірі баспалар: «Политиздат», «Наука», «Мысль», «Молодая гвардия», «Художественная литература», «Колос», «Искусство», «Прогресс», «Советский писатель», «Советская энциклопедия» т. б. 1971 жылы СССР-де 1223 телевизия ретрансляция станциясы; орыс және СССР халықтарының ұлт тілдерінде 131 телестудия, радиохабары жұмыс істеді.
СССР-де советтік социалистік мәдениет бірыңғай рухани және мазмұны жағынан қалыптасып дамыды. Ол өзіне біздің отанымыздағы халықтар мәдениетінің ең таңдаулыларын жинақтады. Ұлы Окт. социалистік революциясы туғызған совет өнері реалистік негізде социалистік идея туын жоғары көтеріп, СССР халықтарының ұлт мәдениеті дамуының жаңа кезеңі болды. Көркем творчествоның халықтығы, партиялылығы, еңбекші бұқараның өмірімен тығыз байланыстылығы, социализм мұраттарына лайықты бейнелеу шеберлігі - социализм жолындағы совет әдебиеті мен өнерін дамытудың басты принциптері әрі мақсаты.
Советтік ұлттық өнердің қай саласы болса да, өзінің ұлттық шеңберінде қалып қоймай, басқа халықтардың рухани байлығынан да қорек алып отырады, әрі бір-бірінің өнерін байытуға игі ықпал жасайды. Советтік социалистік өнердің әр алуан ұлттық формасы барған сайын жалпы интернационалдық бейнеге ұласуда. Бұл прогресшіл процесс біздің еліміздің барлық халықтарының мүддесіне сай келеді. Жаңа коммунистік мәдениет барлық еңбек адамдарына бірдей қызмет етеді.
Әдебиеті. Окт. социалистік революциясынан кейін құрылған совет халықтары одағының көркем әдебиеті. Қазір совет әдебиеті 72 тілде жасалады. Тең праволы халықтардыц әрқайсысы өздерінің ана тілдерінде көркем шығармалар туғызып, бүкіл совет әдебиетінің қорын жыл өткен сайын байыта, дамыта түсіп келеді. Әрбір совет ұлты әдебиетінің басынан кешкен тарихы, қалыптасу, даму кезеңдері, жетілу жолдары бар. Сондықтан да, совет әдебиеті туысқан халықтар әдебиетінің жай ғана қосындысы емес, әлеуметтік идеяларының бір бағыт ұстауымен, гуманистік және эстетикалық принциптерінің бір бағытта дамуымен бір тұтас көркемөнер болып есептеледі. Әрбір ұлт әдебиеті өзінің үлкен, кішілігіне қарамастан туған елінің дәстүрлі көркем өнер тәжірибесін пайдаланып, оны жаңа дәуір талабына сай ілгері дамытады. Өз халықтарының тіл байлықтарын сарқа пайдаланып, көркемдеу құралдарын жетілте түседі. Совет халықтары өзара тығыз байланыстағы тағдырлас елдер болғандықтан бұлардың әдебиеті мен өнері өзектесе өседі.
Біріккен көп ұлтты совет әдебиетінің жасалуы - социалистік революцияның жеңуінің, совет қоғамының мәдени, әлеуметтік жаңа құрылысының, оның социализмнен коммунизмге қарай аршынды қадам басуының, Компартияның ұлттық, қоғамдық және мәдениет пен өнер саласындағы әділ де озық идеясының бірден-бір нәтижесі болды. В. И. Ленин Окт. социалистік революцпясына дейін-ақ жаңа сападағы әдебиеттің пайда болуының объективтік қажеттігін, оның идеялық, эстетикалық жағынан өзгеше әдебиет болуға тиіс екенін дәлелдеп берді, ол әдебиеттің революцияшыл жұмысшы табы мен социализм үшін күресшілер әдебиеті, коммунистік партиялылығы жоғары әдебиет болуға тиіс екенін атап көрсетті. Совет Одағының Компартиясы В. И. Ленин нұсқаған сара бағытпен совет әдебиетінің дүние жүзіндегі ең алдыңғы қатарлы озық идеялы, көркемдігі жоғары шын мәніндегі көркем өнер дәрежесіне көтерілуіне қамқорлықпен басшылық етіп келеді.
Совет әдебиеті - көркем өнер тарихында принципті түрде жаңашыл әдебиет. Ол - дүние жүзілік социалистік әдебиеттің ең тұңғышы. Бұл тәрізді көп ұлтты жаңа әдебиет әлем тарихында бұрын-соңды болмаған. Совет әдебиетінің негізгі әдісі - социалистік реализм. Бұл көркемөнер әдісін СССР Жазушылар Одағының 1-съезі қабылдады. Съезде баяндама жасаған А. М. Горький жаңа бір тұтас көп ұлтты совет әдебиетінің жасалғанын хабарлады. Жазушылардың 1-съезі совет әдебиетінің эстетикалық принциптерінің бірлігін, социалистік реализм әдісімен дамитынын, оның дүние жүзілік көркемөнерде жаңалық боп танылғанын айқындады. Съезд уставында социалистік реализм анықтамасы берілді; өмірді шындық тұрғыда таныту, нақтылы тарихи болмысты өзгеріс үстінде бейнелеу мақсаттарын атап көрсетті. Социалистік реализмнің әрбір ұлт әдебиетінде өзінше өрістеп отыратынын, оның ұлттық дәстүрге қайшы келмейтінін, қайта оның өміршең боп, көркемдік тәсілдерді кеңейтетінін тұжырымдады.
Совет әдебиетінің өсу жолы әрбір ұлттар әдебиетінің жетілу, өсу тарихымен байланысты әр түрлі кезеңдерді басынан өткерді. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында совет әдебиеті әр түрлі идеологиялық қайшылықтарға, шовинистік, ұлтшылдық, буржуазия идеяларға қарсы күрес жүргізуге тиіс болды. Социалистік революция мен Совет өкіметінің жеңістерін нығайтып, совет халқының пролетарлық санасын оята түсу міндеттерін атқарды. Үкімет пен партияның әрбір тұстағы саясатына үн қосып, совет халықтарын жаңа дәуір рухында тәрбиеледі. Бұл тұстағы совет әдебиетінде (1920 жылдары) үгітшілдік, ұраншылдық басым болып, жанр жағынан кейбір ұлттар әдебиетінде поэзия ғана оперативтік қызмет атқарды. Әсіресе, бұрыннан қалыптасқан прозасы мөн драматургиясы жоқ ұлттар әдебиеті осындай жағдайда болды. Ал алдыңғы қатарлы, озық дәстүрлі әдебиеттер (орыс, украин, белорус, латыш, грузин, армян т. б.) барлық жанрларда жаңа сападағы көркем шығарма туғызды. М. Горький, В. Маяковский, Д. Бедный, Серафимович, А.Упит, А.Акопян, С. Сейфуллин, Ғ. Қулахметов т. б. революциялық күреске өздері араласқан алғашқы топ ретінде совет әдебиетінің өркендеуіне зор үлес қосты. Азамат соғысы майданынан тура әдебиетке келген бірқатар жалынды жас жазушылар (Д. Фурманов, Н. Островский, А. Фадеев т. б.), революцияға дейін демократтық идеяны ұсынған көптеген ұлт жазушылары (С. Айни, С. Торайтыров, С. Қудашев т. б.) революциялық өзгерістерін шығармаларына арқау етті. Совет поэзиясында революцияшыл пафосқа негізделген романтизм стилі (С. Есенин, Н. Тихонов, Н. Асеев, М. Светлов т. б.) бой көрсетіп, революцияшыл ода, гимн, үндеу, марштар, үгіт-насихат жырлар (А. Блок, «Он екі», 1918; Д. Бедный, «Бас көше», 1922; В. Маяковский, «Революция одасы», 1918; С. Сейфуллин, «Жас қазақ марсельезасы», 1918 т. б.) өрістеді.
Революциялық жеңістің салтанат құруы тек поэзияда ғана емес прозалық шығармаларда да (А. Малышкин, «Дайырдың құлауы», 1923; Б. Лавренев, «Жел», 1924 ж.; В. Иванов, «Партизан повестері», 1922-1924 т. б.) бейнеленді. Ұлттар әдебиетінде әйел теңдігі мәселесі, фольклорлық тақырыптар, әр халықтың өз ерекшеліктеріне сай саяси-әлеуметтік, тарихи мәселелер көтерілді (Б. Майлин, Я. Купала, М. Бажан, П. Тычина, Е. Чаренц, Г. Табидзе, X. Тахташ т. б. шығармалары). Бұл кезеңде М. Горькийдің «Артамоновтар ісі» (1925), Д. Фурмановтың «Чапаев» (1923), А. Фадеевтің «Тас талқан» (1927), Ф. Гладковтыц «Цемент» (1925), К. Треневтің «Любовь Яровая» (1926), С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» (1927), Маяковскийдің «Владимир Ильич Ленин» (1924) шығармалары туды.
30 жылдары совет әдебиеті күрт өрлеу жолына түсті. 20 жылдары орын тепкен идеялық ауытқушылықтан қол үзіп, өзінің творчестволық бағытын айқындады, ұйымдық негізін нығайтты. Бұл ретте БК(б)П ОК-нің 1932 жылы 23 сәуірдегі «Көркем әдебиет және өнер ұйымдарын қайта құру туралы» қаулысы зор тарихи роль атқарды. РАПП таратылып, бірыңғай Совет Жазушылар одағы құрылды. 30 жылдардағы совет әдебиеті көркемдік дәрежесінің өсуімен де, мазмұндылығының артуымен де есейген, кемелденген социалистік әдебиет ретінде назар аударды. Бұл тұста А. Сурков, М. Исаковский, А. Твардовский, А. Прокофъев (Россия), П. Тычина, М. Бажан, Л. Первомайский (Украина), Я. Купала, П. Бровка, А. Кулешев (Белоруссия), С. Рустам, С. Вургун, С. Рагимов (Азербайжан), А. Дехоти, М. Турсун-заде, М. Миршакар (Тәжікстан), Б. Майлин, I. Жансүгіров, А. Тоцматамбетов, Т. Жароков, Ә. Тәжібаев (Қазақстан), Ғ. Ғулам, Міртемір (Өзбекстан), А. Тоқамбаев, Т. Үметалиев, А. Османов (Қыргызстан) т. б. ақындар патриоттық шығармаларымен ерекше көзге тұсті. Олар алғашқы бесжылдықтар табыстарын, советтік өмір шындығын шабыттана жырға қосты. Осы кезде М. Шолоховтың «Тынық Дон», «Көтерілген тың» романдарының алғашқы кітаптары туды. Л. Леонов, К. Лордкипанидзе, Ф. Панферов, С. Муцанов, Р. Мусірепов, К. Наджими, Т. Сыдықбеков, А. Абульгасан, Г. Коцуба т. б. жазушылардың романдары мен повестері дүниеге келді. Жазба әдебиетпен бірге халық ауыз әдебиеті де қарыштап дамыды. Жамбыл Жабаев, Сулейман Стальский, Ата Салих сынды халық поэзиясының ерен өкілдері Социалистік Отанның тамаша жетістіктерін бейнелейтін оптимистік пафосқа толы шығармаларын тудырды. А. Толстой, М. Айбек, М. Әуезов т. б. жазушылар тарихи тақырыпқа арналған эпикалық шығармаларын жаза бастады. Совет прозасы өлемдік аренаға шықты. Көркемдік тәсілге жетілу, өмірдің шынайы бейнесін типтік образдар арқылы таныту дәрежесі биіктеді. Сөвет әдебиетінің өзіндік озық өрнегі қалыптасты.
Совет әдебиетінің мәртебесі Ұлы Отан соғысы (1941-1945) тұсында арта түсті. Фашизмге қарсы шайқаста совет жазушылары рухани жеңісті қамтамасыз еткен орасан күш болды. Олар социалистік қоғам азаматтарының идеялық шыныққан, мызғымас ерен ерліктерін танытты. И. Эренбург, А. Толстой, М. Шолохов, А. Фадеев, Я. Галан, В. Василевская, Я. Судрабкалн, Г. Мүсірепов, М. Рыльский, X. Әлімжан, А. Исаакян, Қ. Аманжолов т. б. ақын-жазушылардың кекке суарылған шығармалары халық жүрегін отжігерге бөледі. Жамбыл бастаған халық ақындары өздерінің жалынды жырларын фашистер шебін талқандауға арнады. Осы кезеңде туған М. Алигердің «Зоя» (1942), П. Антокольскийдің «Ұлым» (1943), М. Светловтың «Жиырма сегіз» (1942), Л. Соболевтің «Теңіз жаны» (1942), Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» (1944), А. Твардовскийдің «Василий Теркин» (1942), К. Симоновтың «Күндер мен түндер» (1943-1944) т. б. шығармалары ерлік шежіресіне айналды. А. Фадеев «Жас гвардия» (1945), Ғ. Мүсірепов «Қазақ солдаты» (1945), Л. Леонов «Басқыншылық» (1942), А. Корнейчук «Майдан» (1942) т. б. туындыларын жазды.
Соғыстан кейінгі жылдарда совет әдебиеті жаңа қарқынмен дами түсті. КПСС-тің тарихи 19-25-съездерінің программалық қаулы-қарарларымен рухтанған совет жазушылары социалистік реализм туын биік көтеріп, тың белеске қадам басты. Олардың озық туындылары дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылып, әлем әдебиетінің алтын қазынасына қосылды. СССР Жазушылар одағының 2-6-съездері болып өтті. Совет жазушылары елімізде коммунизм орнату жөнінде партия белгілеген сара бағытқа зор дауыспен үн қосып, еңбекшілерді коммунистік рухта тәрбиелеу ісінө белсене қызмет етті. Олар көркем сөз өнерінің сапалық қасиетін арттыруға ерекше күш салды. Өмір шындығына терең бойлап, замандастарымыздың жарқын бейнесін жасауға талпынды. Кейіпкер образдарын даралау, типтендіру, көркем бояуларын қанық ету талаптарын алға қойды. Социалистік реализм әдісінің шексіз мүмкіндіктерін толық пайдаланып, советтік дәуірдің ұлылығын, жасампаз совет адамдарының қаһармандығын бейнелейтін сан алуан күрделі шығармалар туғызды. Бұл кезеңде М. Шолохов «Котерілген тың» романының 2-кітабын (1955-1960), «Олар Отан үшін шайқасты» романының жаңа тарауларын (1943-1969), Ф. Гладков «Балалық шақ туралы повесть» (1949), К. Федин «Алау» (1957), М. Әуезов «Абай жолы» (1942-1956), Н. Погодин «Үшінші патетикалық» (1959), Ғ. Мүсірепов «Оянған өлке» (1953), С. Айни «Бұхара» (1948-1954), Г. Марков «Сибирь» (1969-1973), Ш. Айтматов «Жәмила» (1958), С. Смирнов «Брест қамалы» (1957), В. Лацис «Дауыл» (1945-1948), Б. Кербабаев «Шешуші қадам» (1940-1955), Ғ. Мұстафин «Қарағанды» т. б. эпикалық туындыларын жариялады. Н. Тихонов, С. Вургун, М. Турсун-заде, И. Абашидзе, Қ. Бекқожин, Э. Межелайтис, Р. Гамзатов, Қ. Кулиев, М. Карим, Е. Евтушенко, О. Сулейменов, М. Луконин, Л. Мартынов т. б. ақындардың жаңа шығармалары жарық көрді.
Көп ұлтты совет әдебиеті өзінің өсу тарихында Совет Одағы халықтарының коммунистік құрылыстағы жаңқиярлық күресі мен еңбегінің шыншыл шежіресі ролін атқарған ең алдыңғы қатарлы озық әдебиет атанып отыр. Совет елінің жасампаздық ісін бейнелеген оның тамаша туындылары дүние жүзілік прогресшіл адамзат мәдениетінің тарихына зор үлес боп қосылды. Одан социалистік елдер мен бостандық үшін күресуші халықтардың жазушылары көп тәлім, тәжірибе алып келеді. Совет әдебиеті үшін коммунистік құрылыс өзгерістерін кеңінен қамту, совет адамдарының ерлік, патриоттық істерін жарқын бейнелеу, түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениетті жаңа туындылармен көркейту, халыққа рухани тәлім-тәрбие беруде Компартияның сенімді көмекшісі бола білу сияқты жауапты да құрметті міндет күн тәртібінен түспек емес.
СССР өнері. СССР халықтарының Ұлы Окт. социалистік революциясына дейінгі архитектурасы мен бейнелеу өнері. РСФСР мен УССР территориясынан табылған алғашқы өнер ескерткіштері палеолит дәуіріне саяды. Белоруссия, Закавказье, Орта Азия, Прибалтика жерінде мезолит және неолит дәуірінің мәдени мұралары сақталған. Б. з. б. 1 ғасыр мен б. з. 1 ғасырының бас кезінде темір дәуірі мәдениетімен қатар таптық қоғам енері (Бактрия, Кавказ Албаниясы, Мидия мен Хорезмде) өркендеді. Солтүстік Қара теңіз жағалауы, Парфия, Грек-Бактрия патшалығы, Кушан патшалығындағы көне қалалар мәдениеті биік сатыға көтерілді. Құл иеленуші мемлекеттер өнерінен алғашқы қауымдық құрылыс және таптық дәуірдің алғашқы сатысындағы елдер (скиф, сармат, сақ, славян т. б.) мәдениеті елеулі орын алды.
Тарихи тегі бір орта ғасыр өнері әрбір халықтардың әлеуметтік-экономикалық және діни құрылымына қарай өзіндік сипатқа ие болды. Орта Азия мен Азербайжанда мұсылмандардың діни құрылыстары (мешіт, медресе, мазар, мавзолей) мен зиялылар ғимараттарын (сарай, керуен сарай т. б.) өзіндік өрнекпен салу етек алды. Әсем оймыш, кітап миниатюрасы биік дәрежеге көтерілді. Грузия мен Арменияда алып ғибадатханалар мен қамал-қорғандар, сарайлар ірге көтеріп, металл шеку және тоқымашылық өнері дамыды.
СССР-дің Европалық бөлігінде славян мәдениеті дәстүрін бойына сіңіре отырып, Византия өнерінің тегеурінді ықпалын өзінше жаңғыртқан (крест-күмбезді ғибадатханалар, мозаика, фреска, иконалар) Киев Русі мәдениеті қанат жайды. 14 ғасырдан Киев Русі дәстүрінің негізінде бір-бірімен тығыз байланысты орыс, украин, белорустың орта ғасырлық мәдениеті қалыптасып, өзіндік ұлттық ерекшеліктерге ие болды.
14 ғасырдың қарсаңында орыс өнері бірте-бірте дамудың жаңа кезеңін бастады. Өнер дін ықпалында болғанымен адамгершілік терең мазмұн, үлкен қоғамдық идеямен суарылып отырды. Москва, Новгород, Псков, Ростов, Ярославль, Тверь, Вологданың архитектура және кескіндеме мектептері өркендеді. Осы дәуірдегі ежелгі орыс өнерінің тамаша үлгісі - Москва архитектуралық ескерткіштері (Москва Кремлі комплексі, Василий Блаженный ғибадатханасы т. б.), А. Рублев пен Дионисийдің иконалары мен фрескалары. 17 ғасырдағы орыс өнерінде фольклорлың және декоративтік әуен, сонымен бірге батыс-европалық ықпал басым болды.
Украина мен Белоруссияда орта ғасыр бекініс және діни құрылыстарының тамаша үлгілері пайда болып, кескіндеме мен мүсін өнері өрістеді. Прибалтика өнерінде 13-16 ғасырларда готика үлгісі белең алды. 16-17 ғасырларда Украина, Белоруссия және Прибалтика мәдениетінен Қайта өркендеу дәуірі, 17 ғасырдан барокко үлгілері орын тепті.
17-18 ғасырларда қарсаңындагы өнер мен архитектура жалпы реалистік сипат алды. Орыс сәулет өнеріндегі барокко стилін 18 ғасырдың ортасында В. В. Растрелли өзінің ғажайып туындыларымен қорытындылады. 18 ғасырдың 2-жартысы мен 19 ғасырдың бас кезінде классицизм (сәулетшілер В. И. Баженов, А. Н. Воронихин, А. Д. Захаров, М. Ф. Казаков, К. И. Росси, В. П. Стасов т. б.) дәуірледі. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың бас кезіндегі орыс өнерінің озық тенденциялары В. Л. Боровиковский, Д. Г. Левицкий, Ф. С. Рокотовтың портреттері мен М. И. Козловский, И. П. Мартостың мүсіндерінен көрініс тапты.
18 ғасырда Украинада барокко стилінің салтанатты да сәнді бай нақышты өзіндік түрі қалыптасты. 18 ғасырда Украина, Белоруссия, Прибалтика өперінен бароккодан классицизмге эволюциялық жолмен өте бастағандық аңғарылады.
19 ғасырда Россияда ұлттық сана-сезімнің өсіп, революция қозғалыстың күшеюіне байланысты реалистік өнердің екпінді ағысын әкелген, бастапқыда романтизм тенденцияларымен үндес демократиялық мәдениет қалыптасты. Кескіндеме мен графика (К. П. Брюллов, А. Г. Венецианов, А. А. Иванов, О. Л. Кипренский, В. А. Тропинин, П. А. Федотов), мүсін өнері (В. И. Демут- Малиновский, С. С. Пименов) қанат жайды. 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың бас кезіндегі демократиялық реализмнің ірі өкілдері передвижниктер төңірегіне топтасты. Осы кезеңдегі белгілі орыс суретшілері - В. М. Васнецов, Н. Н. Ге, И. Н. Крамской, А. И. Куинджи, И. И. Левитан, В. Б. Маковский, В. Г. Перов, В. Д. Поленов, И. Е. Репин, А. К. Саврасов, В. И. Суриков, И. И. Шишкин. Реализм тенденциясын қалыптастыруда Украинада Т. Г. Шевченко, Грузияда А. Беридзе, Латвияда Ю. Розенталь жемісті еңбек етті. 19 ғасырдың аяғындағы Россия, Украина, Прибалтика кескіндемешілеріне импрессионизм принциптері елеулі ықпал жасады.
19 ғасырдың мен 20 ғасырдың бас кезіндегі Орта Азия мен Сібір халықтары мәдениетінен халықтық дәстүрге негізделген сән және қосалқы өнер туындылары басты орын алды. Ал осы кезеңдегі сәулет өнерінен (Россия, Украина, Белоруссия, Прибалтика) «модерн» стилі, сондай-ақ орта ғасырлық ұлттық архитектура үлгілерін қайта қорытуға ден қойған ағымдар бой көрсетті. Алайда революциядан бұрынғы сәулет өнерінің ең прогресшіл тенденцияларының өзі капиталистік өмір жағдайында органикалық даму сатысына көтеріле алмады.
20 ғасырдың бас кезіндегі орыс бейнелеу өнерінде екі мәдениеттің - тоқырауға ұшыраған буржуазия-дворяндық және жаңадан туып келе жатқан пролетарлық мәдениеттің қақтығысы күрделі формада сипатталады. Реалистік өнер топырағында туындаған жаңашыл өзгерістер В. Э. Борисов- Мусатов, М. А. Врубель, К. А. Коровин, Б. М. Кустодиев, М. В. Нестеров, А. Серов кескіндемелері мен графикасынан, «Өнер әлемі» шеберлерінің (Л. С. Бакст, А. Н. Бенуа, А. Я. Головип, М. В. Добужинский, Е. Е. Лансере, Н. К. Рерих, К. А. Сомов) творчествосынан, А. С. Голубкина, Т. Коненков, А. Т. Матвеев, П. П. Трубецкой мүсіндерінен айқын аңғарылды. Осы кезеңде гравюра, кітап графикасы мен театр кескіндемесі өркендеді.
1907-1917 жылдар аралығында жаңа бейнелеу тәсілдерін, ізденімпаздық (И. С. Гончаров, П. П. Кончаловский, П. В. Кузнецов, А. В. Куприн, А. В. Лентулов, И. И. Машков, К. С. Петров-Водкин, М. Сарян кескіндемелері мен графикалары) пен формалистік тенденцияларды бір тұтастықта қарамақ болған бағыттар бой көрсетті. Бейнелеу өнеріндегі көркемдік қасиеттерден мүлде кол үзген М. Ф. Ларионов, абстракті өнердің көшбасшылары В. В. Кандинский, К. С. Малевич творчествосы белең алды.
Россия империясы халықтарының бейнелеу өнерінде (Украинада Ф. Г. Кричевский, Г. И. Нарбут, Грузияда Я. Николадзе, Арменияда Е. Суреньянц, Литвада Жмуйдзинавичюс, П.Римши, Латвияда Т. Залькалн, В. Пурвит, Эстонияда К. Рауд және П. Рауд шығармалары) реализм дәстүрі қарапайым ұлттық формамен толысты. Литван кескіндемешісі әрі композитор Чюрленис пен грузин кескіндемешісі Н. Пиросманашвили творчествосына ұлттық өрнек пен нәзік сыршылдық тән.
1905-1907 жылдар революция кезеңінде демократиялық реализм дәстүрі (А. Е. Архипов, С. В. Иванов, Н. А. Касаткин, С. А. Коровин кескіндемелері мен графикалары) нығая түсті.
Совет бейнелеу өнері мен сән және қосалқы өнері. Ұлы Окт. социалистік революциясы СССР халықтары өнер тарихының жаңа дәуірін бастады. Ол өнер мазмұны мен оның қоғамдағы ролін түбегейлі өзгертті. Совет халқының революциялық күрес пен жаңа қоғам орнату жолындағы жігерлілігін паш етер өнер туындылары жалпы халық игілігіне айналды.
Совет өкіметінің алғашқы жылдарында қоғамдық-тәрбиелік ықпалы мол революция, жалпы халықтық үгіт плакаттары (Окна РОСТА т. б.), монументті мүсін (В. И. Лениннің монументті насихат жоспарына байланысты) жедел қарқынмен өрістеді. Көркем ұйымдардың көп құрылуы 20 жылдардағы бейнелеу өнеріне тән қасиет. Революция күрес пен жаңа өмір құбылыстары Революциялық Россия суретшілерінің ассоциациясы құрамындағы шеберлердің (АХРР; АХРР филиалдары мен Украина, Белоруссия, Грузия, Армения, Өзбекстан, Башкирия, Та- тарстандағы осыған ұқсас мекемелер) туындыларында шынайы бейнеленді.
Советтік шындықты көркем пайымдау мен социалистік реализм әдісін қалыптастыру жолындағы күрес барысында өнердің бағыты һәм мақсаты жайындағы эстеттік көзқарастар мен формалистік әрі натуралистік тенденциялар жеңіліс табуда.
Дамыған профессионалдық бейнелеу өнерін меңгермеген Окт. революциясынан бұрынғы халықтардың ұлттық онер жетістіктерін қазіргі өнер прпнциптерімен тоғыстықта қарау 20 жылдардағы жалпы мәдени революциялық процесінің негізгі белгілерінің бірі болып табылады.
Орта Азия мен Сібір халықтары өнеріндегі көркем форма дәстүрін терең түсініп, оны ұтымды пайдалану бапырғы ұлттық мектеп шеберлерінің көмегімен жүзеге асырылды. 1932 жылы 23 сәуірдегі БК(б)П ОК-нің «Әдебиет пен өнер мекемелерін қайта құру» жайындағы қаулысы суретшілердің бір одақ құрамына топтасуына жағдай жасап, көп ұлтты совет өнерінің жаңа даму кезеңіне жол ашты. Социалистік реализм теориясының қалыптасуы осы жаңа кезеңмен байланысты. Социалистік құрылыс жетістіктерін саналы түрде терец ұғыну идеясымен шыңдалған 30 жылдардағы совет өнері 1-бесжылдық дәуірінің оптимистік пафосын паш етті.
1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы кезінде өнердің барлық саласы соғыс тақырыбына ден қойды. Сұсты да драмалық шиыршық атқан графика өнері, плакат, саяси карикатура фашистерге оқ болып қадалды. Кескілескен ұрыс пен қауырт еңбек көріністері соғыс кезіндегі және одан кейінгі кезеңдегі кескіндеме мен мүсін өнерінен кең орын алды. Соғыстан кейінгі кезең мен 50-60 жылдары ұлттық мектептер қауырт өркендеді. 1947 жылы ұрыс пен қауырт еңбек көріністері совет өнерінің ғылми және творчестволық орталығы - СССР Көркемсурет академиясы, 1957 жылы СССР Суретшілер одағы құрылды.
Кемелденген социалистік қоғам дәуіріндегі советтік өнерде ұлттық мектептердің бір-бірімен тәжірибе алмасып, бірін-бірі толықтырп отыруы өрістей түседі. Көркем творчество түрлері мен салаларының гармониялық үйлесім табуы - сән және қосалқы өнер туындыларынан бастап бейнелеу өнері шығармаларының ауқымы кең идеологиялық мәселелерге ден қоюы 60-70 жылдардағы совет өнерінің негізгі ерекшелігі. Осы ерекшелік негізінде совет адамдарының тұрмыстық және рухани өмірін жан-жақты тұтас қамтитын бүтін бір эстетикалық ортаны қалыптастыру шаралары жүзеге асты. Қазіргі совет суретшілері романтикалық серпін мен драмалық экспрессияны, лирикалық образ сыршылдығын бір-бірімен тұтастықта қарай отырып, халықтардың коммунистік мұрат үшін күресі мен социалистік қоғам мүшелерінің рухани өсуін, еңбектегі ерлігін, жалпы совет халқы тұрмысын шынайы бейнелейтін туындылар жазды. Совет өнерінің өмірмен байланысын нығайту барысында КПСС 25-съезінің (1976) тарихи шешімдері қыруар роль атқарды.
Қаһарман халық өмірінің шынайы көрінісі колхоз, совхоз, қалалар мен селоларда ұйымдастырылатын көрмелердің негізгі тақырыбына айналып отыр. Совет өнерінің халықаралық өрісі күн санап кеңеюде.
Совет кескіндемешілері тарихи-революциялық картина (РСФСР-де И. И. Бродский, М. Б. Греков, Б. В. Иогансон, Петров-Водкин, В. А. Серов, Украинада Ф. Г. Кричевский, Н. С. Самокиш, В. А. Чеканюк, Латвияда О. Скулме), жанрлық кескіндеме (РСФСР-де А. А. Дейнека, Ю. И. Пименов, А. А. Пластов, Ф. П. Решетников, Украинада С. А.Григорьев, Т. Н. Яблонская, Арменияда О. Зардарян, Латвияда Э. К. Илтнер, Молдавияда Д. Л. Янку, Қазақстанда Ә. Қастеев, Қ. Т. Телжанов, Н. Нұрмұхамедов, Өзбекстанда П. П. Беньков, А. Н. Волков, М. А. Саидов, Қырғызстанда С. А. Чуйков, Г. Айтиев, Түрікменстанда Д. Байрамов, Тәжікстанда X. Д. Хушвақтов т. б.), портрет (РСФСР-де А. М. Герасимов, И. Э. Грабарь, П. Д. Корин, С. В. Малютин, М. В. Нестеров, Г. Г. Ряжский, Украинада А. А. Шовкуненко, Азербайжанда Т. Т. Салахов), пейзаж (РСФСР-де В. Н. Бакшеев, С. В. Герасимов, П. П. Кончаловский, Н. П. Крымов, П. В. Куприн, Г. Г. Нисский, Н. М. Ромадин, А. А. Рылов, К. Ф. Юон, Украинада И. И. Бокшай, Арменияда Сарьян, Грузияда Д. Какабадзе, Өзбекстанда О. Таңсықбаев, Литвада Жмуйдзинавичюс), монументті кескіндеме (РСФСР-де Дейнека, Лансере, Өзбекстанда Ч. Ахмаров; 60 жылдары бөлгілі болған жас суретшілер тобы) саласында ірі табысқа жетті. Мусіншілер (РСФСР-де Н. А Андреев, М. К. Аникушин, Е. В. Вучетич, Л. Е. Кербель, П. П. Кибальников, Конёнков, С. Д. Лебедева, М. Г. Манизер, А. Т. Матвеев, С. Д. Меркурев, В. И. Мухина, Н. В. Томский, И. Д. Шадр, Белоруссияда З. И. Азгур, О. А. Бембель, Грузияда Николадзе, Латвияда Залькалн, К. Замдега, Литвада Ю. Микенас, Эстонияда Старкопф) совет адамының шаттыққа толы шынайы бейнесін жасады. Графика жанрында РСФСР-де Г. С. Верейский, В. Н. Дени, Е. А. Кибрик, Кукрыникстер, А. П. Остроумова-Лебедева, И. Н. Павлов, Б. И. Пророков, В. А. Фаворский, Д. А. Шмаринов, Украинада М. Г. Дерегус, И. Касиян, Грузияда С. Кобуладзе, Литвада И. Кузминскис, Эстонияда Э. Окас, Г. Рейндорфтың есімдері белгілі болды. Театр декорация өнері драматург пен композитор идеясын реалистік тұрғыда ашып бейнелеуге (П. В. Вильямс, С. Б. Вирсаладзе, Б. И. Волков, В. В. Дмитриев, А. Г. Петрицкий, Ф. Ф. Федоровский т. б.) ден қойды.
Сән және қосалқы өнер саласында құнды туындылар жасаумен бірге күнделікті тұрмысқа қажетті заттардың көркемдік сапасына арнайы көңіл бөлінді. Керамика, шыны, ағаш ою, тас қашау, сүйек пен мүйіз қырнау сияқты қол өнеркәсібі әр халықтың байырғы ұлттық өнері дәстүрінде дамыды.
Совет архитектурасы. Совет өкіметінің жер және ірі қала құрылыстарьш меншіктенуді жою, сондай-ақ өнеркәсіп орындарын национализациялау, халық шаруашылығын жоспарлы түрде ұйымдастыру жайындағы алғашқы декреттерінің өзі қала салу ісі мен архитектураның дамуына жаңа мүмкіндіктер туғызды. Сәулет өнері туындылары жалпы халық игілігіне айналды. Қала салу принциптері мен жаңа ғимараттар жүйесін жетілдіру Совет өкіметінің алғашқы жылдарындағы кейбір жеке құрылыстар мен электр станцияларын, поселкелерді тұрғызу барысында жүзеге асырыла бастады. 1918-1919 жылдар Москва (А. В. Щусев пен И. В. Жолтовскийдің басшылығымен), Ленинград (И. А. Фоминнің басшылығымен) т.б. қалаларды жоспарлау шеберханалары ұйымдастырылды. Қалаларды абаттандыру ісінде тұрғын үй аудандарына арнайы көңіл бөлінді (Москвадағы Усачев поселкесі, 1924-1930. арх. А. И. Мешков т. б.). Осы жылдардағы сәулет өнерінен конструктивизм принциптері елеулі орын алды; архитектуралық көркемдеу құралдары ұдайы қолданылып отырды. 1920-1930 жылдардағы совет сәулет өнерінің ірі туындылары - Москвадағы В. И. Ленин мавзолейі (1924-1930, арх. Щусев), В. И. Ленин атындағы Днепр ГЭС-і, 1927-1932, арх. В. А. Веснин, Н. Я. Колли, Г. М. Орлов, С. Г. Андриевский; бас инженер И. Г. Александров), Москвадағы В. И. Ленин атындағы Бүкіл одақтық кітапхана (1928-1940, арх. В. А. Щуко, В. Г. Гельфрейх).
Осы кезеңде әр түрлі бағыттағы архитектуралық топтар (Москва архитектуралық қоғамы т. б.) мол болса, 1932 жылы бір тұтас СССР Архитекторлар одағы құрылды. Көп ұлтты совет сәулет өнері мұнан былайғы даму барысында негізінен классикалық архитектура тәсілдерін ұстанды.
2-және 3-бесжылдық кезеңінде өнеркәсіп құрылыстарын жедел қарқынмен жүргізу, құрылыс ісінде металл конструкция мен құрастырмалы темір-бетонды қолдану етек алды. Социалистік индустрияның жедел өркендеуі қалалар мен поселкелер санын арттыру (Амурдағы Комсомольск, Электросталь т. б.) қажеттігін туғызды. СССР Халкомсовы мен БК(б)П ОК-нің 1935 жылы 10 июльдегі «Москва қаласын реконструкциялаудың бас жоспары» жайындағы қаулысы советтік қала салу өнеріндегі жаңа бетбұрыс болды. Бұл бастама Ленпнград, Свердловск, Минск, Фрунзе, Душанбе секілді қалаларда да жүзеге асырыла бастады. Дүние жүзілік және ұлттық архитектура дәстүрін қоғамдық ғимарат салу ісінде (Еревандағы А. Спендиаров атындағы опера және балет театры, 1926-1939, арх. А. Таманян; Киевтегі УССР Үкімет үйі, 1938, арх. Фомин, П. В. Абросимов т. б.; Нью-Йорктегі Халықаралық көрменің СССР павильоны, 1939, арх. К. С. Алабян, Б. М. Иофан) пайдаланып, образ мәніне үңілу өріс алды.
Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін бүлінген қалаларды қалпына келтіру әрі халық шаруашылығына өте қажет құрылыстарды жедел салу науқаны жүзеге асырылды. Тұрғын үй кварталдары мен аудандардың, ірі магистральдардың, тұтас ансамбльдік бірлікте тұрғызылуы - соғыстан кейінгі жылдардағы қала салу өнерінің басты ерекшеліктері болып саналады. Осы кезеңде Москвада бой көтерген зәулім ғимараттар (Ленин тауларындағы университет, 1949-1953, арх. Л. В. Руднев, С. Е. Чернышев т. б.) совет сәулет өнерінің ірі жетістігін сипаттайды.
1954 жылы желтоқсанда өткен құрылысшылар мен архитекторлардың бүкіл одақтық кеңесінен кейін архитектуралық-құрылыс жұмыстарын жаңаша құру құрылысты индустрияландыруға жол ашты. Құрылысты механикалық жолмен құрастыру (ірі блок т. б.), үй құрылысы комбинаттарын салу еңбекшілер мұқтажын тез арада қамтамасыз етудің жаңа мүмкіндіктерін туғызды; микроаудандар сап түзеді. Барлық республикаларда ірі тұрғын үй комплекстері ірге көтерді. 60-70 жылдары ірі панельді үй құрылысын салуды жетілдіру, оны әр түрлі биіктіктегі ғимараттармен сындастыра орналастыру архитектуралық комплекстердің көркемдік қасиетін арттыра түсті.
60-70 жылдардағы архитектурадағы ықшам образдық шешімдердің функционалдық жағынан ұтымды болып келуі осы тұста бой көтерген қоғамдық ғимараттар мен комплекстерден (Москвадағы Кремльдің Съездер сарайы, 1961, арх. М. В. Посохин, А. А. Мидоянц т. б.; Ульяновскідегі Ленин мемориалы, 1967-1970, арх. Б. С. Мезенцев т. б.; Ташкенттегі Ленин алаңы ансамблі, 1966-1972, арх. Мезенцев, Б. А. Зарицкий т. б.) айқын көрініс тапты; архитектурамен синтездік бірліктегі монументті-сән өнерінің (мозаика, фреска) ролі артты. Өнеркәсіп және су шаруашылығы құрылыстарын (Братск ГЭС-і, 1955-1961, арх. Г. М. Орлов т. б.) салуда тың шешімдер аңғарылып, қоғамдық (Москвадағы оқушылар мен пионерлер сарайы, 1959-1963, арх. И. А. Покровский т. б.; Артектегі «Морской» және «Прибрежный» лагерьлері. 1960-1964, арх. А. Т. Полянский, Д. С. Витухин) және спорт (Москвадағы В. И. Ленин атындағы стадион комплексі, 1955-1956, арх. А. В. Власов т. б.) құрылыстары архитектурасы жетілдірілуде. Қазіргі кездегі ауыл-село архитектурасы қаладағы тұрмыстық және мәдени қызмет ету құрылыстарын ауыл-селоға да мол салу бағытында жүргізіліп отыр. КПСС 25-съезі белгілеп берген 1976-1980 жылдардың алып құрылыс программасы совет сәулет өнерінің жаңа белестеріне жол ашты.
Совет музыкасы. Совет музыка өнері СССР халықтары музыкасының жаңа даму кезеңімен сипатталады. Ол классикалық дәстүр негізінде өркендегенімен өзінен бұрынғы музыкалық кезеңдерден өзіндік сапасымен ерекшеленеді. Совет музыкасы демократизм, гуманизм азаматтық пафос пен айқын шындық, ұлттық бояу қанықтығы, ежелгі мәдени мұраларға ілтифатпен қарау сияқты прогресшіл қағидаларға сүйене отырып, әр дәуірдегі отандық һәм дүние жүзілік музыкалық өнерінің ірі жетістіктері негізінде өркен жайды. Ол сонымен бірге партиялық, халықтық, интернационализм сынды социалистік реализм эстетикалық принциптерін басшылыққа ала отырып, дүние жүзін революциялық саналылықпен қайта құру және коммунистік қоғам орнату сияқты жаңа идеялармен рухтанып отырады. Совет өнерінің басқа салалары сияқты совет музыкасы да қоғам өміріне белсене араласып, совет азаматтарының мінез-құлқы мен эстетикалық танымын, идеялық беріктігін айқындау, кемелденген социалистік қоғам мүшелерін тәрбиелеу құралына айналады. Көп ұлтты совет музыкасын дамытуға барлық халықтар мен ұлт өкілдері ат салысады. Оның құрамына енетін ұлттық музыкалық мәдениеттеріне тән идеялық-эстетикалық принциптер негізінде өзінің ішкі мүмкіндіктеріп жетілдіре отырып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түседі, бірін-бірі байытып, жақындасады.
Социалистік музыкалық мәдениеті 1917 жылы Окт. революциясы жеңген күннен бастап қалыптаса бастады. Алғашқы жылдары классикалық музыкалық мұраларын еңбекшілер санасын ояту құралына, сондай-ақ оны музыкалық білімнің негізіне айналдыру, жалпы халық игілігіне пайдалану шаралары жүзеге асырылды. Ірі музыкалық мекемелері совет мемлекетінің қолына көшті. Жаңа музыкалық ағарту ұйымдары мен музыкалық оқу орындары ашылды. Классикалық дәстүрді дамыту барысында орыстың аға буып композиторлары А. К. Глазунов, М. М. Ипполитов-Иванов, А. Д. Кастальский мен ұлттық музыкалық классиктері У. Гаджибеков (Азербайжан), А. А. Спендиаров (Армения), З. П. Палиашвили (Грузия), Н. Д. Леонтович, Л. Н. Ревуцкий (Украина) творчестволары һәм олардың музыкалық қоғам қайраткерлігі маңызды роль атқарды. Тұңғыш совет әндері (Дм. Я. Покрасстың «Буденный маршы» т. б.) дүниеге келді.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін музыкалық мекемелері мен ұйымдарының жұмысын жаңаша құру, музыкалық өмірін жедел қарқынмен өркендету ісі қолға алынды. Көркемөнерпаздар үйірмесі кең қанат жайды. Барлық ұлт республикаларында музыкалық өнерін дамытуға көңіл аударылып, көбіне орыс совет музыканттарының көмегімен ұлттық кадрлар даярланды. Музыкалық орындаушылық саласында аға буын шеберлермен (дирижер В. И. Сук, пианист К. Н. Игумнов, әншілер И. В. Ершов, А. В. Нежданова, Л. В. Собинов т. б.) қатар революциядан кейін дүниеге келген музыкалық өкілдері де (дирижер Н. С. Голованов, пианист Л. Н. Оборин, В. В. Софрониңкий, скрипкашы М. Б. Полякин, әншілер Бюль-Бюль, А. Б. Даниэлян, И. С. Козловский, С. Я. Лемешев, Н. А. Обухова, И. С. Паторжинский) жоғары өнер танытты. Совет музыкалық мәдениетін қалыптастыруға белгілі мемлекеттік және қоғам қайраткері А. В. Луначарский қыруар еңбек сіңірді.
20-30 жылдардың бас кезінде музыкалық өнерінде революциялық әкелген тың тақырып, жаңа идеяларды игеру, соған орай музыкалық жанр мен формалардың интонациялық бұрауын табу процестері жүргізілді. Революциялық халық қаһармандары хор шығармаларынан (А. А. Давыденко) орын алды. Музыкалық театрына арналған алғашқы шығармалар (Р. М. Глиэрдің «Қызыл гүлі», 1927; Д. Д. Шостаковичтің «Мұрыны», 1930) жарық көрді. Революция жылдар тынысы Н. Я. Мясковскийдің 6-симфониясы (1923) мен Шостаковичтің 1-симфониясында (1925) айқын бейнеленді.
1932-1941 жылдар совет музыкалық мәдениеті жоғары сатыға көтерілді. Барлық одақтас және кейбір автономиялық республикаларда ұлттық музыкалық театрлары жұмыс істеді. Көптеген республикаларда симфониялық оркестрлері мен камералық ансамбльдер ұйымдастырылды. Кейін халықаралық дәрежеге көтерілген совет музыкалық орындаушылық мектебі түлектерінің есімі (дирижер Е. А. Мравинский, пианист Э. Г. Гилельс, скрипкашы Д. Ф. Ойстрах, әншілер Л. П. Александровская, К. Ж. Байсейітова, М. Д. Михайлов, X. Насырова) көпке танылды. 1932 жылы бірқатар республикаларда социалистік реализм принциптері негізінде советтік музыкалық творчество өкілдерін бір бағытқа жұмылдырған композиторлар одақтары құрылды. Музыкалық творчество ауқымы кеңіп, замани және тарихи-революциялық тақырыппен қатар ұлттық тарихи патриоттық мәселелерді де қамтыды. Сонымен бірге жеке адам тақырыбының ролі артып, осыған орай лирика жанры белең алды. Осы кезеңде ұлттық мектептер мен кейбір жеке стильдерді жалпы бір бағытқа жұмылдыру шаралары жүргізілді. Ұлттық мәдениет қарым-қатынасы артты. 1936-1941 жылдар Москвада өткізіліп тұрған Украина, Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Азербайжан, Қырғызстан, Армения, Белоруссия, Тәжікстан әдебиеті мен өнерінің он күндіктері ұлттық мәдениет жетістіктерінің бір-бірімен тәжірибе алмасуына мол мүмкіндік туғызды.
Мазмұны барлық ұлтқа ортақ, түр жағынан көпшілікке түсінікті совет әні (А. В. Александров, М. И. Блантер, И. О. Дунаевский, В. П. Захаров, Дм. Я. және Дан. Я. Покрасстар) жалпы халықтық сипат алды. Ол осы кезеңдегі өзге жанрларға да әсер етіп, халық арасына кең таралып кетті. Шостаковичтің «Катерина Измайлова» (1934; 2-ред, 1963), И. И. Дзержинскийдің «Тынық Дон» (1935), У. Гаджибековтің «Көрұғлы» (1936), Д. Б. Кабалевскийдің «Кола Брюньон» (1938; 2-ред. 1968), Б. Н. Лятошинскийдің «Щорс» (1938), Т. Н. Хренниковтың «Дауылда» (1939), С. С. Прокофьевтің «Семен Котко» (1940) операларында бұрынғы мен қазіргі заманның реалистік бейнелері жасалды. Орта Азия мен Қазақстанда ерекше жанр - музыкалық спектакльдер өріс алды. Алғашқы ұлттық музкалық спектакльдер мен опералар авторлары: М. Ашрафи, С. Н. Василенко (Өзбекстан), Е. Г. Брусиловский, А. Қ. Жұбанов, Л. Хамиди (Қазақстан), В. А. Власов, А. Малдыбаев, В. Г. Фере (Қырғызстан), Глиэр, Т. Садықов, В. А. Успенский (Өзбекстан) дүниеге келді. Балет жанры тарихи һәм классикалық әдебиет идеялары және образдарымен (Б. В. Асафьевтің «Париж жалыны» мен «Бақшасарай фонтаны», 1932-1934; А. М. Баланчивадзенің «Тау жүрегі», 1938; А. А. Крейннің «Лауренсиясы», 1939; дүние жүзілік және совет реалистік балетінің шыңы - Прокофьевтің «Ромео мен Джульеттасы», 1936) толықты. Совет музыкасының ірі жетістігі саналатын таңдаулы туындылар - Шостаковичтің 5-симфониясы (1937), А. И. Хачатурянның оркестр үшін фортепьяно (1936) мен скрипкаға (1940) жазған конңерттері; тарихи-патриоттық тақырыптағы вокальдық симфониялық шығармалар - Прокофьевтің «Александр Невский» кантатасы (1939), Ю. А. Шапоринның «Куликово даласында» (1939) симфониялық кантатасы т. б.
1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы кезінде басқа өнер түрлері сияқты музыка да фашизммен күрес мақсатына жұмылдырылды. Көптеген музыканттар өз творчествосын әскер қатарынды жүріп жазды. Орыс, украин, белорус композиторларының еңбегі нәтижесінде Солтүстік Кавказ, Закавказье, Орта Азия республикаларында СССР халықтары ұлттық музыкалық мәдениетінің бір-бірімен тоғысу процестері жеделдей түсті. Музыкадан Отан қорғау, жауға қарсы жаппай күрес тақырыбы басты орын алды. А. В. Александров («Қасиетті соғыс»), В. П. Захаров, С. А. Кац, Б. А. Мокроусов, М. Г. Фрадкин, Т. Н. Хренников сынды композиторлардың гимндері, марштары мен әндерінің патриоттық мәні зор болды. Н. Н. Блантер, Н. В. Богословский, К. Я. Листов, А. Г. Новиков, әсіресе В. П. Соловьев-Седойдың лирикалық және сықақ әндері жауға оқ болып атылды. Эпикалық және философиялық-этикалық мәселелердің алдыңғы қатарға қойылуына орай симфония жанры қанат жайды. Шостаковичтің 7- («Ленинград», 1941) және 8- (1943), А. Я. Хачатурянның 2- (1943), Г. Н. Поповтың 2- («Отан», 1943), Прокофьевтің 5- (1944) симфониялары жарық көрді.
Музыкалық театр жанры жаңа опералармен (Прокофьевтің «Соғыс және бейбітшілігі», 1944; Хачатурянның «Гаянэ» балеті, 1942) толықты.
Соғыстан кейінгі он жыл ішінде бүлінген музыкалық мекемелерін қалпына келтіру және кеңейту шаралары жүзеге асырылды. 1950 жылдан Москвада одақтас және автономиялы республикалар ұлттық өнерінің он күндіктерін өткізу қайта қолға алынды. Музыкалық орындаушылық өнері (пианист С. Т. Рихтер, скрипкашы Л. Б. Коган, әншілер И. К. Архипова, Г. М. Гаспарян, Ж. Гейне-Вагнер, Б. Р. Гмыря, З. А. Долуханова, Т. Куузик) жаңа белеске көтерілді. Музыкалық шығармашылық саласында еңбек, бейбітшілік үшін күрес, соғыс зардабын еске алу тақырыбы басты мәселеге айналды. Тарихи-патриоттық және тарихи-революциялық тақырыбы бұрынғы даму қарқынын бәсеңдетпеді. Музыкалық театр репертуарынан М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» (Қазақстан, 1946), Г. Г. Эрнесакстың «Дауылды жағалауы» (Эстония, 1949), Кабалевскийдің «Тарас семьясы» (1950), Ю. С. Мейтустың «Жас гвардия» (Украина, 1950), К. Ф. Данькевичтің «Богдан Хмельницкий» (Украина, 1951), Ф. М. Амировтың «Севиль» (Азербайжан, 1953), Шапориннің «Декабристер» (1953), М. О. Зариннің «Жаңа жағалауға» (Латвия, 1954), В. Я. Шебалиннің «Асауға тұсау» (1955) операсы мен Э. А. Капптың «Калевипоэг» (Эстония, 1948), Прокофьевтің «Тас гүл туралы аңыз» (1950), Қ. Қараевтың «Жеті ару» (Азербайжан, 1952), Хачатурянның «Спартак» (Армения, 1954) балеттері, И. О. Дунаевскийдің «Еркін жел» (1947), Ю. С. Милютиннің «Трембита» (1949) оперетталары орын алды. Мясковскийдің 27- (1949), Прокофьевтің 7- (1952), Шостаковичтің 10- (1953) симфониясы; Шостаковичтің «Орман туралы аңыз» (1949), Прокофьевтің «Бейбітшілік күзетінде» (1951) ораториясы; Б. Д. Дварионас (Литва) пен Г. А. Гасановтың (Дағыстан), O. В. Тактакишвили мен С. Ф. Цинцадзенің (Грузия), А. А. Бабаджанянның (Армения) аспап пен оркестр үшін жазған концерттері, камералық-аспаптық ансамбльдер мен фортепьянолық циклдары; Г. В. Свиридовтың камералық-вокальдық циклдары (өлеңі А. Исаакян мен Р. Бернстікі) жарық көрді. Хор (М. Бурханов, М. В. Коваль, Г. Н. Попов, Шебалин, Г. Эрнесакс) мен ән (Блантер, Дунаевский, Захаров, Мокроусов, В. И. Мурадели, Новиков, Соловьев-Седой, С. С. Туликов, А. Н. Холминов, Т. А. Кулиев, С. А. Рустамов, Р. К. Габичвадзе, P. И. Лагидзе, А. Малдыбаев, С. З. Сайдашев, А. И. Кос-Анатольский, П. И. Майборода, Н. Тілендиев) жанры өркендеді.
Алайда, 40 жылдардың аяғы мен 50 жылдардың бас кезіндегі совет музыкасында ең негізгі эстетикалық мәселелерді тым жеңіл әрі догмалық тұрғыда пайымдау етек алды. Бұл көпшілік жағдайда реализм, халықтық пен жаңашылдық хақында тар, көбіне қате түсініктерге ұрындырды. Ірі композиторлар творчествосына баға беруде кейбір субъективтік қателер жіберілді. Бұл қателіктер КПСС ОК- нің 1958 жылы 28 мамырдағы «Ұлы достық», «Богдан Хмельницкий» және «Шын жүректен» операларын бағалаудағы кейбір қателіктерді жою» жайындағы қаулысында дұрыс жолға келтірілді.
1950 жылдардың 2-жартысынан совет музыкасы социалистік реализм әдісі негізінде жаңа ізденістерге ден қойды. Идеялық бір бағыттас стиль мен жанр түрлері молайды. Ұлттық музыкалық мәдениетін байыту әрі жақындастыру процесі бел алып, олардың даму деңгейі теңесті. Жаңа орындаушылар отрядының қатары (дирижерлер Г. Н. Рождественский, Е. Ф. Светланов; опера режиссері Б. А. Покровский, әншілер М. Л. Биешу, А. Ф. Ведерников, Ю. А. Гуляев, Е. Е. Нестеренко, В. Норейка, Е. В. Образцова, Г. С. Отс, Е. Б. Серкебаев) молайды. Бұл кезең тақырып пен образ тереңдігін, сондай-ақ бейнелеу құралдары ауқымын одан әрі кеңейтіп, қазіргі музыкалық тәжірибені тез игеруге негіз жасап берді. Музыкалық театр жанры тарихи және замани тақырып арнасында өркендеп, ішінара жаңғырды (Н. Г. Жигановтың «Жалилі», 1956; Тактакишвилидің «Миндиясы», 1961; Мураделидің «Октябрі», 1964; Холминовтың «Опти- мистік трагедиясы», 1965; С. М. Слонимскийдің «Виринеясы», 1967; В. С. Губаренконың «Эскадраның күйреуі», 1967; В. И. Рубиннің «Июльдегі жексенбісі», 1969; А. П. Петровтың «Петр І-сі», 1975; балеттен - Қараевтың «Найзағай ізімені» 1957; В. Д. Мачаварианидың «Отеллосы», 1957; Р. К. Шедриннің «Анна Каренинасы», 1972; А. Я. Эшпайдың «Ангарасы», 1976). Көркем сөз бен поэзияға ден қою артты. Ірі әлеуметтік философиялық, адамгершілік мәселелерін көтеру тенденциясының артуы вокальдық симфониялық жанрының өркендеуіне (Свиридовтің «Сергей Есенинді еске алу поэмасы» мен «Патетикалық ораториясы», 1956-1959; Кабалевскийдің «Реквиемі», 1963; Шостаковичтің «Степан Разинді дарға асу» атты вокальдық-симфониялық поэмасы, 1964; Щедриннің «Ленин халық жүрегінде» ораториясы, 1970), симфония жанрының одан әрі дамуына [Шостаковичтің 11- («1905 жыл»), 12- («1917 жыл»), 13-, 14-және 15-симфониялары, Я. А. Иванов, Г. А. Канчели, Қараев, Э. М. Мирзоян, Б. А. Чайковский, Ю. А. Юзелюнастың симфониялық шығармалары] себепкер болды. Аспап пен оркестр немесе камералық-аспаптық ансамбль үшін жазылған концерттерден соны ізденістер (М. С. Вайнберг, А. А. Пярт, Б. И. Тищенко, Хренников, Эшпай) аңғарылды. Фольклорға, оның тереңде жатқан інжу-маржанына үңілу (Свиридовтің «Курск әні» кантатасы, В. Р. Тормистың хор циклдері, Е. Рахмадиевтің оркестрлік пьесалары т. б.) күшейді.
Ән жанры азаматтық, лирикалық және эстрадалық туындылармен кемелдене түсті. Хор әні етек алды. Мурадели, Новпков, А. И. Островский, Соловьев-Седой, Туликов, Фрадкин сынды ірі шеберлермен өкшелес жаңа композиторлар тобы (Бабаджанян, В. Е. Баснер, М. М. Кажлаев, Э. С. Колмановский, И. М. Лученок, А. Н. Пахмутова, Петров, Г. Г. Раман, М. Л. Таривердиев, О. Б. Фельцман, А. Г. Флярковский, Я. А. Френкель, Эшпай т. б.) сап құрды.
Совет музыкасының халықаралық мәні зор. Көрнекті совет композиторлары мен музыкалық орындаушылары дүние жүзіне танылды. Совет музыкалық тәжірибесін социалистік ынтымақтас мемлекеттер, сондай-ақ жаңа даму сатысындағы елдер музыкалық мәдениеті іргесін қалау процесінде творчестволықпен пайдаланып отыр. Өйткені совет музыкасындағы барлық халықтар музыкалық мәдениетін жедел өркендету әрі оның ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, қазіргі музыкалық өнері жетістіктерін толық меңгерген халықтар музыкасын одан әрі дамыту принциптері мен әдістері өте құнды қасиет болып табылады.
Совет балет өнері. Орыс балетінің жаңа даму кезеңі Окт. революциясынан кейін басталды. Ол Совет өкіметінің алғашқы жылдарында өзіне дейінгі балет өнерінің құнды жақтарын сақтай отырып, жаңа заман талабына сай репертуар жасаумен шұғылданды. Балет өнерінің белгілі шеберлері классикалық дәстүрдің тиімді жақтарын одан әрі дамытты. Жаңа мазмұн, тың тақырып іздеу барысында хореографияға «еркін би», «машина биі», ритмопластикалық би, дене шынықтыру биі сияқты тың терминдер еніп, олар көптеген студияларда қойылып жүрді. Бұл салада А. А. Горский, Е. В. Гельцер, В. Д. Тихомиров (Москва), А. В. Ширяев, Л. С. Леонтьев, А. Я. Ваганова, Е. М. Люк, Е. П. Гердт (Ленинград) мол еңбек сіңірді. Олар классикалық принциптерді берік ұстана отырып, тың тақырыпқа, ұлттық өрнек пен революциялық сюжетке баса назар аударды. Академиялық театр балетмейстерлері дө игі ізденістерге жұмылып, өз постановкаларында ұлы дәуір өзгерісін бейнелеуге ат салысты. Осы кезеңде бірқатар балет туындылары (В. М. Дешевовтың «Қызыл құйыны» мен Бетховеннің 4-симфониясына жазған «Әлем тұлғасы» - екеуінің де балетмейстері Ф. В. Лопухов) жарық көрді. 1917 жылы тұңғыш көп актылы совет балеті - Р. М. Глиэрдің «Қызыл гүлі» (балетмейстерлер Д. А. Лашилин, В. Д. Тихомиров) дүниеге келді. «Яблочко» деп аталатын матрос биі көпшілік қаһармандық биінің тууына негіз болды. Драматургиялық жағынан жетілдірілген көп актылы балет жанры дамыды. Композиторлар (осы салада елеулі табысқа жеткен Б. В. Асафьев) классикалық әдебиет сюжеттеріне ден қойды. Осы бағытта балетмейстерлер Р. В. Захаров пен Л. М. Лавровский (Асафьевтің «Бақшасарай фонтаны», 1934; С. С. Прокофьевтің «Ромео мен Джульеттасы», 1940) жемісті еңбек етті. Балет қаһармандары әрекет үстінде танылып, образды алуан сезімге кенелтті. Бұл тенденция балет өнерінде ешқашан қайталанбас трагедиялық образдар жасаған Г. С. Уланова творчествосынан айқын көрініс тапты. Совет балетінің өзіндік бір ерекшелігі - оның көп ұлттылығы. 20 жылдардың өзінде Свердловск, Саратов, Ташкент, Киев, Одесса, Харьков, Баку қалаларында опера және балет театрлары ұйымдастырылды. 30 жылдардың аягы мен 40 жылдардың бас кезінде одақтас республикалар театрларында профессионалдық шеберлікті ұлттық ерекшелікпен ұштастырған балет спектакльдері қойыла бастады. Грузияда А. М. Баланчивадзенің «Тау жүрегі» (1936), Азербайжанда А. Б. Бадалбейлидің «Қыз мұнарасы» (1940), Арменияда А. И. Хачатурянның «Бақыты» (1939), Белоруссияда М. Е. Крешнердің «Бұлбұлы» (1939), Казақстанда В. В. Великановтың «Қалқаман - Мамыры» (1938), Қырғызстанда В. А. Власов пен В. Н. Ференің «Анары» қойылды. Осы тұста Украинада К. Ф. Данькевичтің «Лилеясы» (1940), Өзбекстанда X. Рахимов пен Е. Г. Брусиловскийдің «Гюляндомы» (1939), Тәжікстанда А. С. Ленскийдің «Қос гүлі» (1941), Түрікменстанда К. А. Корчмарёвтің «Алдар Көсесі» (1942) қойылды. Москва мен Ленинградтың хореографиялық училищелерінде жаңа кадрлардың даярлануы республика балет театрларының өркендеуіне қолайлы жағдай туғызды. Соғыстан кейінгі жылдарда Литва, Латвия, Эстония, Молдавия балет труппалары елеулі табысқа жетті. Опера және балет театрлары жоқ автономиялы республикаларда да балеттер қойыла бастады. 50 жылдардың 2-жартысында аға буын балет шеберлерінің өкшесін баса жаңа толқын (Ю. Н. Григорович, И. Д. Бельский, В. М. Виноградов) пайда болып, хореографиялық өнерін жаңа сахналық бейнелеу тәсілдерімен байытты. Балет спектакльдерінен замани тақырыптар кең орын алды. Оның балеттік симфония, -хореографиялық поэма сияқты жаңа жанрлары өркендеді. 60 жылдардағы таңдаулы балеттік спектакльдер: Ленинградта - Ф. Отказов пен Г. И. Фиртичтің «Қандаласы» (1962) мен Б. И. Тищенконың «Он екісі» (1964; екеуінің де балетмейстері Л. В. Якобсон); Москвада - Н. Н. Каретниковтың «Қаһармандық поэмасы» (1964) мен И. Ф. Стравинскийдің «Қасиетті көктемі» (1965; екеуінің де балетмейстері Н. Д. Касаткина мен В. Ю. Васильев); Новосибирскіде - Прокофьевтің «Ромео мен Джульеттасы» (1965, балетмейстері О. М. Виноградов); Ереванда - Э. А. Ариставесянның «Прометейі» (1967; балетмейстері Е. Я. Чанги); сонымен бірге А. Д. Меликовтың «Махаббат туралы аңызы» (1961, Ленинград) мен Хачатурянның «Спартагы» (1968, Москва; екеуінің де балетмейстері Григорович) және П. И. Чайковский балеттерінің жаңа редакциясы. Бұл балеттерде қай тақырып болмасын замани тұрғыдан пайымдалып, адам бойындағы күрделі қасиеттер өмір шындығымен шендестіре суреттелді. Балетмейстерлер сюжетті баяндаумен шектелмей, сан қырлы қомақты образдар жасауға, көбіне поэтикалық метафораға ден қойды. 60 жылдардың аяғы мен 70 жылдардың бас кезінде жаңа спектакльдер (С. М. Слонимскийдің «Икары», Бизе-Щедриннің «Кармен-сюитасы» мен Щедриннің «Анна Каренинасы», Тищепконың «Ярославнасы») пайда болды. Григорович «Иван Грозный» балетін (1975, Москва; Прокофьевтің музыкасы бойынша) сахнаға шығарды. Театрлардан жаңашыл спектакльдер жиі көріне бастады. Осындай ізденімпаздық Бакуде Р. Г. Ахундова мен М. Д. Мамедовтық, Киевте А. Ф. Шикеро мен Г. А. Майоровтың, Таллинде М. О. Мурдмааның, Тбилисиде Г. Д. Алексидзенің, Пермьде Н. Н. Боярчиковтың, Ереванда М. С. Мартиросянның, Одессада И. А. Чернышевтың балеттерінен айқын аңғарылады. 60-70 жылдары көпке танылған балет артистері: И. А. Колпакова, Е. С. Максимова, Н. Н. Бессмертнова, Н. В. Тимофеева, А. И. Сизова, А. Е. Осипенко, Н. А. Кургапкина, В. Б. Васильев, М. Э. Лиепа, М. Л. Лавровский, Ю. В. Соловьев, В. К. Владимирова, Н. А. Долгушин, В. В. Тихонов, Б. Годунов, М. А. Сабырова, X. А. Пуур, Т. Рандвийр, Б. Р. Қариева, Ф. Калиновская, И. В. Меновщикова, Л. В. Гершунова, Н. В. Павлова, В. Ш. Галстян, В. П. Ковтун т. б.
Совет балет театры дүние жүзілік балет өнерінің дамуына елеулі ықпалын тигізді. Таңдаулы балет коллективтері жер шарының көптеген елдерінде гастрольдік сапармен өнер көрсетіп тұрады.
1975 жылы СССР-де 42 опера және балет театры (сонымен бірге музыкалы драма театрларында да балеттер қойылады) жұмыс істеді. Профессионал бишілер даярлайтын 16 хореографиялық училищесі бар. Халық балет театрлары, хореографиялық ансамбльдер өркендеді.
Театры. СССР халықтары театрының шығу төркіні ұлттық ойын-сауықтар мен салт-жораларға саяды. Халық театрлары (славяндарда скоморохтар; грузиндерде берикаоба; өзбектер мен тәжіктерде масқарапаздар, қызықшылар - бұлар кейін профессионал актерлерге айналды) ертеден келе жатқан ойын түрінен саналады. Грузиндердің профессионалды театры өте ертеден белгілі. Армяндардың театр тарихы екі мың жылдан астам дәуірді қамтиды. 17-18 ғасырда орыс, армян, украин, грузин т. б. халықтарда діни семинариялардың жанынан мектеп театры пайда болып, сарай театрлары (Россия, Грузияда) ірге тепті. 18 ғасырда көптеген қалаларда әуесқойлар труппасы ұйымдастырылып, көпшілік алдына ойын-сауық қойып тұрды. 1756 жылы Петербургте Ф. Г. Волковтың труппасы негізінде тұрақты, жалпы көрермендерге есігі ашық, тұңғыш профессионалды орыс мемлекеттік театры ашылды. 1757 жылдан Москва университеті жанындағы театр негізінде Москваның профессионалды труппасы ірге қалай бастады. 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың бас кезінде крепостнойлық театрлар (Россия, Украина, Белоруссия және Грузияда) шаңырақ көтерді.
19 ғасырдың 30 жылдарына дейін жанр саласына бөлінбей келген труппалар бірте-бірте саралана бастады. 1824 жылдан Москва драма труппасы өз ойындарын театрға лайықтап қайта салынған көпес Варгиннің үйінде (кейін Кіші театр атанды) көрсете бастады. 1832 жылы Петербург драма труппасына арнап Александрин театры ғимараты тұрғызылды. Опера және балет спектакльдері Үлкен театр (1825) мен Марин театрында (1860, Петербург) қойылды.
19 ғасырда орыстың озық ойлы драматургиясы (Д. И. Фонвизин, А. С. Грибоедов, Н. В. Гоголь, А. Н. Островский т. б.) қалыптасты. Бұл драмалар өмір құбылыстарын типтік терең характерлер арқылы реалистік тұрғыда бейнеледі. Одан революциялық романтика да орын алды.
19-20 ғасырлардың бас кезіндегі белгілі актерлер: М. С. Щепкин, П. С. Мочалов, А. Е. Мартынов, П. М., М. П. және О. О. Садовскийлер, М. Н. Ермолова, А. И. Южин, М. Г. Савина, К. А. Варламов, В. Н. Давыдов, В. Ф. Комиссаржевская, А. П. Ленский т. б.
1898 жылы К. С. Станиславский мен В. И. Немирович-Данченконың басшылығымен театр тарихының жаңа кезеңін белгілеген Москваның Көркем театры шаңырақ көтерді. МХАТ-та драматургия, режиссура және актер ойынының жаңа принңиптері бекіп, спектакльге қатысушылардың нағыз ансамблі қалыптасты. Осы театрда Станиславский сахна ойынының жаңа жүйесін енгізді. Ол кейін Станиславский жуйесі деп аталды. 1914 жылы Москва Камералық театры (жетекшісі А. Я. Таиров) ірге көтерді.
Орыс реалистік өнері дәстүрі Россия халықтары театр мәдениетінің қалыптасуына игілікті ықпал жасады. 19 ғасырдың бас кезінде Украинада профессионалды театрлар пайда болды. 1850 жылы грузин, 1860 жылдары армян мен латыштың, 1870 жылдары эстон мен азербайжанның, 20 ғасырдың бас кезінде оелорус пен татардың профессионалды театрлары құрылды. Театр өнерінің өркендеуі ұлттық драматургияның өсуімен (Украинада И. К. Карпенко-Карый немесе Тобилевич, М. Л. Крушельницкий, М. П. Старицкий, И. Я. Франко, Леся Украинка; Грузияда Г. Д. Эристави, А. Цагарели; Армения мен Азербайжанда Г. М. Сундукян, М. Ф. Ахундов, А. Ширванзаде; Белоруссияда В. И. Дунин-Марцинкевич) тығыз байланысты болды. Осы кезеңдегі белгілі актерлер: П. Адамян, Г. Чмшкян, О. Абелян (Армения), Алехси-Месхишвили (Грузия), М. Заньковецкая, П. Саксаганский, М. Кропивницкий (Украина), Д. Зейналов (Азербайжан), А. Алунан (Латвия), Т. Альтерман (Эстония).
Ұлы Окт. социалистік революциясы көп ұлтты совет және дүние жүзі халықтары өнерін ілгері дамытуда маңызды роль атқарды. 1919 жылы 26 тамызда В. И. Ленин «Театр ісін біріктіру декретіне» (театрларды национализациялау декреті) қол қойды. Бұл совет театр өнері тарихындағы елеулі оқиға болды. Ірі колллективтер академиялық театрларға (Кіші театр, Москваның Көркем театры, Александрин театры - қазіргі Ленинградтың Пушкин атындағы академиялық драма театры) айналды. Осы кезеңде ірге көтерген жаңа театрлар: Москвада - РСФСР-дің 1-театры (1920, кейінірек Мейерхольд атындағы театр), Москва Көркем театрының 3-студиясы (1921, бертін келе Вахтангов атындағы театр), Революция театры (1922, қазіргі Маяковский атындағы театр), МГСПС атындағы театр (1922, қазіргі Моссовет атындағы театр); Петроградта - Үлкен драма театры (1919); Одессада «Красный факел» театры (1920; 1932 жылдан Новосибирскіде) т. б. Балалар театры пайда болды. 1919 жылы Киевтің Шевченко атындағы драма театры, Минскіде Бірінші Белорус драма театры (қазір Купала атында), Винницада Украинның Франко атындағы театры (кейін Киевке көшірілді), Бакуде Азербайжан драма театры (қазір Азизбеков атында), 1921 жылы Ереванда Армян драма театры (қазір Сундукян атында) және Тбилисиде Грузиннің Руставели атындағы театры, 1922 жылы Киевте «Березиль» театры [(қазіргі Харьковтың Шевченко атындағы театры мен Заньковецкая атындағы театр (қазір Львовта)] құрылды. 20 жылдары бұрын профессионалды театр өнері болмаған халықтардың сахна өнеріне негіз жасалды. Көркемөнерпаздар коллективтері негізінде өзбек (1920 жылы Өлкелік үлгілі драма труппасы құрылды; қазіргі Хамза атындағы театр) және қазақ (1925 жылдан Қызылордада, 1928 жылдан Алматыда; қазіргі Әуезов атындағы театр) театры отау тікті.
20 жылдардың 2-жартысы мен 30 жылдардың бас кезінде жұмысшы жастар театры (ТРАМ),Қызыл Армия театры, колхоз-совхоз театрлары жұмыс істеп, одақтас республикалар астаналарында тұрақты орыс драма театрлары ұйымдастырылды. РСФСР және кейбір республика қалаларында жаңа театрлар ірге тепті. 1926 жылы Витебскіде Екінші белорус театры (қазір Я. Колас атында), 1928 жылы Кутаисиде грузин театры (қазір Марджанишвили атында), 1929 жылы Душанбеде Тәжік драма театры (қазір Лахути атында), Ашхабадта Түрікмен драма театры (қазір Молланапес атында), 1930 жылы Қырғыз драма театры ашылды. Автономиялы республикаларда да театрлар құрылды. 20 жылдардың ортасында театр өнерінің өркендеуіне негіз болған совет драматургиясы (К. А. Тренев, В. Н. Билль-Белоцерковский, В. В. Вишневский пьесалары) жоғары сатыға көтерілді. Театр өнеріндегі жаңалық атаулы әр түрлі ағымдардың творчестволық бәсекелесуі негізінде жүзеге асып отырды. Терең психологизмге толы МХАТ спектакльдері Кіші театрдың тамаша тұрмыстық постановкаларымен қатар жүріп, сахналық шарттылыққа құрылған туындылар (Мейерхольд атынд. театр, Камералық театр) қойыла бастады. 20-30 жылдары Станиславский, Немирович- Данченко, Вахтангов, Мейерхольд, Таиров сынды режиссерлер өздерінің таңдаулы постановкаларын қойды. Осы кезеңде театр тарихынан елеулі орын алған спектакльдер: Билль-Белоцерковскийдің «Дауылы» (1925, МГСПС атындағы театр), Треневтің «Любовь Яроваясы» (1926, Кіші театр), Вс. Ивановтың «Бронепоезд 14-69-ы» (1927, МХАТ), Маяковскийдің «Қандала» (1929) мен «Моншасы» (1930, Мейерхольд атындағы театр), Вишневскийдің «Оптимистік трагедиясы» (1933, Камералық театр). 30 жылдары социалистік реализм әдісінің қалыптасуы барлық республикалар театр өнері мен драматургиясының дамуына жағдай жасады. Погодиннің «Балта туралы поэмасы» мен «Менің досымы» (1931, 1932, екеуі де Москваның Революциялық театрында), Афиногеновтың «Қорқынышы» (1931, Ленинградтың академиялық драма театры), Корнейчуктың «Эскадраның күйреуі» (1933, Украинның Франко атындағы театры, Қызыл Армияның Орталық театры), Кор нейчуктың «Платон Кречеті» (1934, Украинның Франко атындағы театры; 1935, МХАТ), Шаншиашвилидің «Арсені» (1936, Руставели атындағы театр) совет театрының кезеңдік спектакльдерінен саналады. Погодиннің «Мылтықты адам» (1937, Вахтангов атындағы театр, Ленин ролінде В. В. Щукин), Корнейчуктың «Шындың» (1937, Москваның Революциялық театры, Ленин ролінде М. М. Штраух) пьесаларындағы В. И. Ленин бейнесінің театр сахнасына шығуы совет театрының ұлы жетістігі болып табылады. Совет театрының дамуына социалистік реализмнің негізін салушы А. М. Горькийдің идеялық-көркемдік принциптері үлкен әсер етті. Горький пьесалары бойынша қойылған таңдаулы спектакльдер: «Егор Булычев және басқалар» (1932, Вахтангов атындағы театр; 1933, Сундукян атындағы театр), «Дұшпандар» (1935, МХАТ), «Тоғышарлар» (1935, Қызыл Армияның Орталық театры), «Саябақшылар» (1939, Ленинградтың Үлкен драма театры), «Жауыздар» (1941, Кіші театр).
Социалистік эстетика принциптерінің театрга түбегейлі енуі 30 жылдардағы екі дәуір актерлерінің еңбектерінен айқын аңғарылып отырды. МХАТ-та О. Л. Книппер-Чехова, В. И. Качалов, Л. М. Леонидов, И. М. Москвин, М. М. Тарханов сияқты белгілі шеберлердің екшесін баса екінші толқын актерлер (Н. П. Хмелев, Б. Г. Добронравов, А. К. Тарасова, А, Н. Грибов, Б. Н. Ливанов, М. М. Яншин) сахна майданына араласты. Кіші театрда А. Яблочкпна, В. О. Массалитинова, В. Н. Рыжова, Е. Д. Турчанинова, М. М. Климов, А. А. Остужев, П. М. Садовский сынды сахна майталмандарымен қатар талант көзі совет дәуірінде ашылған В. Н. Пашенная мен Е. Н. Гоголева қызмет етті. Труппаға 30 жылдары М. И. Жаров, К. А. Зубов, И. В. Ильинский, М. И. Царев қосылды. Сахна тарландары Е. П. Корчагина-Александровская, В. А. Мичурина-Самойлова, И. Н. Певцов, Ю. М. Юрьев өнер толғаған Ленинградтың академиялық драма театры коллективі талантты жастармен (Н. К. Черкасов, А. Ф. Борисов, Н. К. Симонов, Б. А. Бабочкин т. б.) толықты. Осы кезеңде Щукин, М. И; Бабанова, М. Ф. Астангов, А. Г. Коонен, П. Марецкая, Р. Я. Плятт, И. А. Слонов, А. Г. Крамов, М. Ф. Романов (РСФСР); А. М. Бучма, И. А. Марьяненко, Н. М. Ужвий, Ю. В. Шумский, Г. П. Юра (Украина); Г. П. Глебов, Б. В. Платонов, П. С. Молчанов (Белоруссия); В. И. Анджапаридзе, А. А. Васадзе, А. А. Хорава (Грузия); В. Б. Вагаршян, Р. Н. Нерсесян, В. Б. Папазян, Асмик, А. Восканян, А. М. Аветисян, Г. Д. Джанибекян (Армения); С. Ишантураева, А. Хидоятов (Өзбекстан); Қ. Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Қ. О. Бадыров, Ш. К. Айманов, X. Бөкеева, С. Майқанова (Қазақстан), М. Рысқұлов, Б. Қыдыкеева (Қырғызстан) сынды совет театр шеберлері творчестволарын шыңдай түсті.
Совет театрының терең идеялы әрі көркем сапалы болып, оның алуан шешім мен түрлі формаға құрылуы режиссерлік өнер жетістігімен тікелей байланысты. Бұл салада жемісті еңбек еткен белгілі режиссерлер: Станиславский, Немирович-Данченко, Мейерхольд, Таиров, Е. О. Любимов- Ланской, А. Д. Попов, Ю. А. Завадский, Н. В. Петров, С. М. Михоэлс, Р. Н. Симонов, А. Д. Дикий, И. Н. Берсенев, Н. П. Охлопков, Н. П. Акимов (РСФСР), К. А. Марджанишвили, Ахметели (Грузия), Л. Курбас, Юра (Украина) Ж. Шанин (Қазақстан) т. б. Классикалық туындыларды сахнаға шығарудың тамаша үлгісі (Островскийдің «Ыстық жүрегі», 1926; Бомаршенің «Фигароның үйленуі», 1927; Толстой романдарының желісімен қойылған «Арылу», 1930, «Анна Каренина», 1937; Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуі», 1940- МХАТ-та, Шекспирдің «Оттеллосы», 1935- Кіші театрда) жасалды. Орыс, сондай-ақ Батыс-Европа классикасы жалпы СССР халықтары театрының өркендеуіне игілікті әсерін тигізді.
Совет өкіметі тұсында Латвия, Литва, Эстония мен Молдавияның ірі коллективтері - Латыш драма театры мен Көркем театры (Рига), Эстон драма театры (Таллин) мен «Ванемуйне» театры (Тарту), Лптван драма театры (Вильнюс), Молдаван музыкалы драма театры ірі табыстарға жетіп, көп ұлтты совет театрының дамуына елеулі үлес қосты. Режиссерлер Э. Я. Смилгис, Б. Ф. Даугуветис, К. Ирд, М. Лаутер, А. Ф. Амтман-Бриедит, актерлер В. М. Лине, А. Филипсон, Л. Берзинь, Я. А. Осис, А. Тальви, К. Карм, Ю. В. Сипарис, И. Каваляускас, К. А. Штирбу, Д. Т. Дариенко өз творчестволары арқылы сахна өнерін биік дәрежеге көтерді.
1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы кезінде майдан театрлары мен бригадалары құрылып, жауынгерлер алдында спектакль, концерттер қойды. Соғыс жылдарындағы постановкалардан (Симоновтың «Орыс адамдары», Леоновтың «Шапқыншылығы», Корнейчуктың «Майданы») қаһармандық пафос пен патриоттық сезім, халықпен етене жақындық басты орын алды.
50-60 жылдары сахнаға шыққан В. Маяковскийдің «Монша», «Қандала» және «Мистерия-Буфы» (1953, 1955, 1957, Москваның сатира театры), Вишневскийдің «Оптимистік трагедиясы» (1955, Ленинградтың академиялық драма театры) совет театрының елеулі жетістігінен саналады. Сухово-Кобылиннің «Іс» (1958, Ленинградтың Ленсовет атындағы театры), Л. Толстойдың «Ағарту жемісі» (1951, МХАТ) мен «Қараңғылық патшалығы» (1956, Кіші театр), Лермонтовтың «Маскарад» (1952, Москваның Моссовет атындағы театры), А. К. Толстойдың «Патша Федор Иоаннович» (1973, Кіші театр), Софоклдың «Эдип патша» (1956, Руставели атындағы грузин театры; 1969, Хамза атындағы өзбек театры), Еврипидтің «Медеясы» (1962, Марджанишвили атындағы грузин театры) т. б. спектакльдерде классикалық дәстүр тың шешімдермен шендестірілді. В. С. Розовтың «Сәт сағат!» (1954, Орталық балалар театры),А. Н. Арбузовтың «Иркутск хикаясы» (1956, Вахтангов атындағы театр; 1960, Маяковский атындағы театр; Ленинградтың Үлкен драма театры), А. М. Володиннің «Менің әпкем» (1961, Ленинградтың Үлкен драма театры), Дворецкийдің «Бөгде адам» (1971, Малая Броннаядағы Москва драма театры; Ленинградтың Ленсовет атындағы театры), Г. Бокаревтің «Болат қорытушылар» (1972, МХАТ); А. Гельманның «Партком отырысы» (1975, сонда), Шатровтың «Ертеңгі ауа райы» (1975, Москваның «Современник» театры) атты пьесаларында жоғары коммунистік-моральдық қасиетімен ерекшеленетін, коммунизм ірге тасын қалаушы - қазіргі замандастар бейнесі өзекті мәселеге айналды. Социалистік революция көсемі - В. И. Ленин бейнесі Погодиннің «Кремль куранттары» (1956, жаңа редакциясы) мен «Үшінші шабыт» (1958), М. Ф. Шатровтың «Алтыншы июль» (1965) - МХАТ; Д. И. Зориннің «Мәңгі бастау» (1957, Кіші театр); А. П. Штейннің «Нөсер аралығында» (1964, Маяковский атындағы театр мен Ленинградтың академиялық драма театры) спектакльдерінде асқан шынайылықпен суреттелді.
50-70 жылдары театр өнерін өркендетуге ат салысқан белгілі режиссерлер - Г. А. Товстоногов, Б. И. Равенских, В. Н. Плучек, О. Н. Ефремов, Е. Р. Симонов, Ю. П. Любимов, А. В. Эфрос (РСФСР), Э. Кайду, В. Пансо (Эстония), Ю. Мильтинис (Литва), Р. Капланян (Армения), Н. Чхеидзе, Р. Стуруа (Грузия), Ә. М. Мәмбетов (Қазақстан); актерлер - Ю. К. Борисова, И. М. Смоктуновский, М. А. Ульянов, Т. В. Доронина, Е. А. Лебедев, С. Юрский, К. Ю. Лавров, А. Б. Фрейндлих, О. М. Яковлева, Л. К. Дуров, А. С. Демидова (РСФСР), X. Абрамян, Б.Нерсесян (Армения), Р. Чихвадзе (Грузия), В. Артмане, X. Лиепинь, Э. Радзиня (Латвия), Д. Банионис, Р. Адомайтис (Литва), Н. Жантөрин, Ы. Ноғайбаев, Ф. Шәріпова, А. Әшімов, С. Қ. Оразбаев, Ә. Молдабеков (Қазақстан) т. б.
Киносы. Россияда тұңғыш кино 1896 жылы түсірілді. Оған негізінен әуесқой кинематографтар қатысты. 1908 жылы тұңғыш толық метражды «Стенька Разин және князь әйел» фильмі (реж. Б. Ромашков) жарық көрді. Революциядан бұрынғы белгілі кино қайраткерлері: режиссерлер Я. Протазанов, В. Р. Гардин, Е. Ф. Бауэр, П. П. Чардынин; актерлер В. Холодная, И. И. Мозжухин, О. П. Преображенская, В. В. Максимов, В. Г. Орлова; операторлар А. А. Левицкий, Е. И. Славинский, Н. Ф. Козловский т. б.
1919 жылы 27 тамызда В. И. Ленин РСФСР Халкомсовының Киноөнеркәсіптерін национализациялау декретіне қол қойды. Бұл советтік кино өнері тарихының жаңа кезеңін белгілеп берді. Совет кинохроникасы дүниеге келіп, үгіт фильмдері шығарылды; жаңа көркем кинематографияға негіз жасалды. 20 жылдары национализацияланған кинофабрикалар мен кинопрокат пункттеріне мемлекеттік басшылық жасау мекемелері құрылды. 20 жылдардың 2-жартысында киноленталар саны, оның идеялық әрі көркемдік сапасы артып, «дыбыссыз» киноның эстетикасы қалыптасты. Халықты тарихтың негізгі қозғаушы күші ретінде суреттеген жаңашыл картиналар жасалды. Л. В. Кулешовтың «Мистер Весттың большевиктер елінде таңғажайып басынан кешкендері» (1924) мен «Заң жүзінде» (1926), С. М. Эйзенштейннің «„Потемкин“ броненосеці» (1925) мен «Октябрь» (1927), В. И. Пудовкиннің «Ана» (1926) және «„Санкт-Петербургтің“ ақыры», Д. Вертовтың «Қарышта Советі», «Әлемнің алтыншы бөлігі» (екеуі де 1929), А. П. Довженконыц «Арсенал» (1929), «Жер» (1930) фильмдері совет кинематографиялық мектебіне негіз жасап, дүние жүзілік кино өнері дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Кинематографияға көп ұлтты совет кино өнерін жоғары дәрежеге көтеруге мол үлес қосқан режиссөрлер А. И. Бек-Назаров, Ф. М. Эрмлер, Г. М. Козинцев, Л. З. Трауберг, ағайынды С. және Д. Васильевтер, В. В. Корш-Саблин, С. И. Юткевич, Ю. Я. Райзман, И. А. Пырьев, М. Э. Чиаурели, Н. М. Шенгелая, Г. Л. Рошаль, А. М. Роом, Б. В. Барнет, В. М. Петров, Е. В. Червяков келіп қосылды.
30 жылдардың бас кезінде дыбысты кино пайда болды. Кино өнеріндегі бұл жаңа құбылыс Н. В. Экктің «Өмірге жолдама» (1931), Юткевичтің «Алтын таулар» (1931), Довженконың «Иван» (1932) фильмдерінде ұтымды қолданылды. 30 жылдардағы совет кинематографиясы жанр жаңашылдығы, тақырып тыңдығы әрі өмір шындығын кең ауқымда қамтуымен, социалистік құрылысшылары пафосын терең суреттеуімен ерекшеленеді. Осы кезеңдегі кино өңерінің таңдаулы шығармалары: ағайынды Васильевтердің «Чапаевы» (1934), Козинцев пен Траубергтің Максим туралы трилогиясы (1935-1939), Е. Л. Дзиганның «Біз Кронштадтанбыз» (1936), А. Г. Зархи мен И. Е. Хейфицтің «Балтық депутаты» (1937) мен «Үкімет мүшесі» (1940), Эрмлердің «Ұлы азаматы» (1937-1939), М. И. Роммның «Ленин Октябрьде» (1937) және «Ленин 1918 жылы» (1939), Юткевичтің «Мылтықты адамы» (1938) Окт. революциясы табиғаты мен социалистік құрылыс барысындағы ұлы шындықты әңгімеледі.
1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы кезінде совет кинематографиясы соғыс талабына жұмылдырылып, совет халқының неміс фашистерімен қаһармандық күресін суреттеуге ден қойды. Осы тұста Пырьевтің «Райком секретары» (1942), Эрмлердің «Ол Отанын қорғайды» (1943) және «Ұлы бетбұрыс» (1945), М. С. Донскойдың «Кемпірқосақ» (1944) және «Бас имегендер» (1945), Роомның «Шапқыншылық» (1945) фильмдері түсірілді. Совет жауынгерлерінің қаһармандық ерліктері И. П. Копалин мен Л. В. Варламовтың «Неміс әскерлерінің Москва түбінде тасталқан болуы» (1942), Р. Л. Кармен, В. М. Соловцов, Е. Ю. Учитель мен Н. Г. Комаревцевтің «Ұлы шайқас күндеріндегі Ленинград» (1942), М. Я. Слуцкийдің «Соғыс күндері» (1942), В. Н. Беляевтің «Халық кекшілдері» (1943), Варламовтың «Сталинград» (1943), Довженко мөн Ю. И. Солнцеваның «Совөттік Украина үшін шайқас» (1943), Райзманның «Берлин» (1945) фильмдерінде шынайы бейнеленді. «Ұлы Отан соғысы киножылнамасы» деп аталатын документті кинолента (3,5 млн. метрден астам) әлемді фашизм басқыншылығынан қорғап қалған совет халқының қаһармандық ерлігі мен патриотизміне арналды. Соғыс аяқталғаннан кейін бүлінген шаруашылықты қалпына келтіре отырып, экономикалық өрлеу, совет адамдарының бейбіт еңбектегі ерлік істері Донскойдың «Село мұғалимасы» (1947), К. Я. Ярматовтың «Әлішер Науаи» (1947), Барнеттің «Барлаушы ерлігі» (1947), С. А. Герасимовтың «Жас гвардия» (1948, А. А. Фадеевтің романы бойынша), А. Б. Столиердің «Нағыз адам туралы аңыз» (1948, Б. Н. Полевойдың шығармасы бойынша), Рошальдың «Академик Иван Павлов» (1949), Райзманның «Райнис» (1949) фильмдерінде тяртымды бейнеленді. Бұл фильмдер социалистік реализм әдісінің совет кино өнеріндегі айқын көрінісі болып табылды. Мультипликациялық фильм жасау шеберлігі артып, ғылми-көпшілік киносы кинематографияның ірі саласына айналды. 50 жылдардың ортасынан көркем фильм шығару мен прокаттау ісі жедел өркендеп, Литва, Латвия, Эстония, Молдавия, Қазақстан республикаларында киностудиялар салынды. Кино өнеріне кең экран, кинопанорама, стереодыбыс енгізілді. Қазіргі замандастар бейнесін шынайы бейнелей отырып, өмірдің алуан сырын терең ұғындыруға, ауқымды тақырыпқа ден қойған туындылар санатына Хейфицтің «Үлкен семья» (1954), М. К. Калатозовтың «Тырналар ұшып барады» (1957), Солнцеваның «Теңіз туралы жыр» (1958), Г. Н. Чухрайдың «Солдат туралы баллада» (1959), С. Ф. Бондарчуктың «Адам тағдыры» (1959, М. А. Шолохов шығармасы бойынша) фильмдері саналады. Халықтың тарих алдындағы шешуші ролі, қаһарман мен дәуір арақатынасы таңдаулы тарихи-революциялық киноленталардың негізгі тақырыбына айналды. Ол әсіресе Райзманның «Коммунист» (1958) фильмінен айқын көрінді. Республика киностудияларында Б. А. Кимягаровтың «Дохунда» (1957), Л. А. Файзиевтің «Ленин жолдамасымен» (1957), С. А. Кеворковтың «Есімі аян» (1958), П. Н. Армандтың «Қазбауыр бұлттан әріде» (1957) фильмдері қойылды.
60-70 жылдардың орта кезіндегі кино туындыларында реалистік бейнелеу құралдарының ауқымы кеңіп, замандастар мінез құлқын жаңаша пайымдауға, күрделі процестер мен құбылыстарды аналитикалық тұрғыда қарауға, коммунистік құрылыстың алып қадамын суреттей отырып, совет адамының ішкі жан-дүниесіне терең үңіле түсуге баса назар аударылды. Революциялық көсемі В. И. Ленин бейнесі Юткевичтің «Ленин Польшада» (1965), Л. А. Нулиджановтың «Көк дәптер» (1963), Ю. Ю. Карасиктің «Алтыншы июль» (1968) фильмдерінде асқан шынайылықпен суреттелді. Өмір шындығын бейнелеу пафосы, кейіпкердің болып жатқан өмір құбылыстары алдындағы жауапкершілігіне баса назар аудару, замани тақырыптың өзекті мәселеге айналуы көркемдік шешімі жағынан әр алуан көптеген фильмдерге ортақ қасиет болып табылады. Олар: Солнцеваның «Отты күндер хикаясы» (1961) мен Роммның «Нағыз фашизм» (1965), Герасимовтың «Адамдар мен хайуандар» (1962), А. А. Тарковскийдің «Иванның балалық шағы» (1962), Столпердің «Тірілер мен өлілер» (1964, К. М. Симонов шығармасы бойынша), В. Жалакявичустың «Ешкімнің өлгісі келген жоқ» (1965), А. А. Салтыковтың «Председатель» (1965), А. С. Михалков-Кончаловскийдің «Алғашқы мұғалім» (1965), М. С. Бегалиннің «Артымызда Москва» (1966), О. Ш. Иоселианидың «Жапырақтар жауғанда» (1967), Райзманның «Сенің замандасың» (1968), Ш. К. Аймановтың «Атамекен» (1968), И. Ш. Мұхамедовтың «Нәзіктік» фильмдері. Ю. Н. Озеровтың «Азаттық» (1970-1971, 4 сериялы), Ю. Г. Ильенконың «Қара дақты ақ құс» (1971), С. И. Ростоцкийдің «Бұл аймақтың арайлы таңы...» (1972), Жалакявичустың «Бостандық деген тәтті сөз» (1973), Ш. С. Аббасовтың «Әбу Райхан Бируни» (1971), Бондарчуктың «Олар Отан үшін шайқасты» (1975), Т. Океевтің «Қызыл алма» (1975) фильмдері совет кино өнерінің ірі жетістігінен саналады. Әдеби шығармаларды экрандау ісі елеулі табысқа жетті: Хейфицтің «Ит жетелеген әйел» (1960, А. П. Чехов шығармасы бойынша), С. И. Самсоновтың «Оптимистік трагедия» (1963, Вс. Вишневский шығармасы бойынша), Козинцевтің «Гамлет» (1964, Шекспир шығармасы бойынша), Бондарчуктың «Соғыс және бейбітшілігі» (1966-1967, Л. Н. Толстойдың романы бойынша) т. б. И. П. Иванов-Вано, В. Г. Стуеев, В. Д. Дегтярев, Р. А. Качанов, Ф. С. Хитрук, Н. Н. Серебряков, В. М. Котеночкин сынды режиссерлер мен суретшілер жасаған мультипликациялық фильмдер жанр жаңалығы, көркемдік шешімі және тақырып сонылығымен ерекшеленеді. Осы тұста жарық көрген таңдаулы кинокомедиялар: Р. А. Быковтың «Айболит-66» (1966), Л. И. Гайдайдың «,,ЬІ“ операциясы және Шуриктің басынан кешкендері» (1965), Э. А. Рязановтың «Автомобильден сақтаны» (1966) т. б.
Хроникалық-документті және ғылми-көпшілік киносы жанрында режиссерлер Р. Л. Кармен, И. П. Копалин, А. М. Згуриди, В. Г. Долин, В. П. Лисакович, Р. Г. Григорьев, А. И. Медведкин, Е. Ю. Учитель, М. Каюмов, Л. В. Махнач, Ю. Б. Каравкин табысты еңбек етті. Ғылми-көпшілік фильмдерінен Ф. А. Тяпкиннің «Ленин қолжазбалары» (1960), «Партия туы» (1961) және «Ленин. Соңғы беттер» (1963) деп аталатын туындылары жоғары бағаға ие болды. Жыл сайын 50-ге тарта киножурналдар («Новости дня», «Пионерия», «Наука и техника», «Фитиль» т. б.) шығып тұрады. Совет кино өнері - көп ұлтты өнер. Ол Совет Одағы халықтары мәдениетінің ілгерішіл дәстүрлері мен жетістіктерін қорыта отырып дамиды. Туысқан республика кино шеберлері РСФСР кино қайраткерлерін басшылыққа ала отырып, 1960 жылдан Одақ бойынша шығарылатын кино өнімінің жартысына жуығын беріп тұрады. Кадрларды Москвадағы Бүкіл одақтық мемлекеттік кинематографиялық институты (ВГИК, 1919 жылы негізі қаланды), Ленинградтың кинематографиялық институты (1930) т. б. институттар даярлайды. Кино тану ісімен ВГИК, СССР Мемлекеттік фильм қоры, Киев пен Ленинградтағы институттардың киносекторлары, Армения, Белоруссия, Қазақстан мен Өзбекстан өнер тану институттары т.б. шұғылданады. 1974 жылы Москвада Кино теориясы мен тарихы институты ашылды. СССР-де көркем, документті және ғылми-көпшілік фильмдерінің фестивалы өткізіліп тұрады. 1959 жылдан Москвада Халықаралық кинофестивальдары өткізіледі. 1968 жылдан Ташкентте Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің Халықаралық кинофестивалы өтіп тұратын болды.
Совет киностудиялары социалистік мемлекеттер, сондай-ақ капиталистік елдер студияларымен творчестволық қарым-қатынаста жұмыс жүргізеді. Совет кино өнері жетістіктері шетел кинематографиясына игілікті әсерін тигізіп отыр.
СССР-де (1975) 40 көркем, хроникалық-документті, ғылми-көпшілік киностудиялары жұмыс істейді. 1974 жылы 261 толық метражды фильм жарық көрді. 1957 жылы СССР Кинематографистер одағы құрылды.
Әдеб.: К. Маркс, Ф. Энгельс и революционная Россия, [Сб.], М., 1967; Переписка К. Маркса и Ф. Энгельса с русскими политическими деятелями, 2 изд., М., 1951; Ленин В. И., Шығ. тол. жин., 1- 55-т. Конституция и конституционные акты Союза ССР (1922-1936), Сб. документов, М., 1940; Конституции и конституционные акты РСФСР (1918-1937). Сб. документов, М., 1940; Конституция (Основной Закон) СССР, Конституции (Основные Законы) Союзных Советских Социалистических Республик. М., 1972. Брежнев Л. И., Советтік Социалистік Республикалар Одағы Конституциясының жобасы туралы. КПСС Орталық Комитетінің Пленумында жасаған баяндамасы. 1977 жылғы 24 май, А., 1977; Бүкілхалықтық талқылауға салу үшін Конституциялық комиссия ұсынып, СССР Жоғарғы Советінің Президиумы мақұлдаған Советтік Социалистік Республикалар Одағы Конституциясының жобасы. Советтік Социалистік Республикалар Одағының Конституциясы (Негізгі Заңы), А., 1977. Ленин В. И. Развитие капитализма в России, Полн. собр. соч., 5 изд., т. 3; Гозулов А. И., Григорьянц М. Г. Народонаселение СССР, М., 1969; Гозулов А. И. Переписи населения земного шара, М., 1970; Итоги Всесоюзной переписи населения 1970 года, т. 1-7, М., 1972-74; Кваша А. Я., Проблемы экономико-демократического развития СССР, М., 1974; Ковалев С. А. Сельское расселение. М., 1963; Лаппо Г. М. География городов с основами градостроительства. М., 1969; Миграционная подвижность населения в СССР, М., 1974; Народы Европейской части СССР, [т.] 1-2, М., 1964; Народы Кавказа, [т.] 1-2, М., 1960-62; Народы Сибири, М.-Л., 1956; Народы Средней Азии и Казахстана, [т.] 1-2. М., 1962-63. Берг Л. С. Географические зоны Советского Союза, [т.1], 3 изд., М., 1947, т. 2, М., 1952; Зубов С. М. Физическая география СССР, ч. 1-3, М., 1965-1971; Корулин Д. М. Геология и полезные ископаемые СССР, 2 изд., Минск, 1970; Мельников Н. В. Топливно-энергетические ресурсы СССР. М., 1971; Энергетические ресурсы СССР, т. 1-2, М., 1967-1968; Дроздов О. А. и Григорьев А. А. Экономическая география СССР, М., 1972; Саушкин Ю. Г. Комплексное развитие народного хозяйства СССР, М., 1966; Многолетние циклические колебания атмосферных осадков на територии ССР, Л., 1971 және басқа қлолданылған әдебиеттер.
Жарияланған-2021-05-04 13:39:22 Қаралды-1920
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану