МЕЙОЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФАЗАЛАРЫ
Сомалық жасушалардың барлығында хромосомалардың жиынтығы (саны) диплоидты, ал пісіп жетілген жыныс жасушаларында хромосомалардың жиынтығы (саны) гаплоидты болып сақталады. Ендеше, жыныс жасушаларында хромосомалардың санының тұрақты, яғни хромосомалардың гаплоидты жиынтығы қалай сақталады?
Бұл сұрақтың түсінігін сома жасушаларының бөліну барысы митоздан өзгеше мейозды бөліну береді. Осы бөлінудің нәтижесінде хромосомалардың жиынтығы гаплоидты болып келетін гаметалар түзіледі. Енді осы бөлінудің жолымен танысайық. Мейоз әрекеті үздіксіз жүретін жүйелі екі кезеннен тұрады: бірінші кезеңді мейоздың бірінші бөлінуі немесе редукциялык, бөліну деп, екінші кезеңді мейоздық бөліну немесе эквационды бөліну деп атайды.
Мейоздың бірінші бөлінуінде хромосомалардың саны екі есе азаяды, сондықтан бұл бөліну редукциялы бөліну деп аталады (редукция - екі есе азаю). Мейоздың екінші бөлінуі жыныс жасушаларының пайда болуымен аяқталады.
Сонымен сома жасушаларында хромосомалардың диплоидты жиынтығы (2 n), яғни жұп гомологиялық хромосомалар, ал жыныс жасушаларында гаплоидты (n) жиынтық сақталып қалады, демек жас жыныс жасушаларында гомологиялық хромосомалардың әрбір жүбынан бір сыңары ғана қалады.
Мейоздың фазалары
Редукциялық бөліну. Редукциялық бөліну кезінде бастапқыға қарағанда хромосомалардың саны екі есе азаяды, яғни редукцияланады. Редукциялы бөліну 4 фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.
Редукциялық бөлінудің профазасында өте күрделі әрекеттер жүреді. Олар бес сатыға бөлінеді, жіңішке жіпшелер сатысы(лептонема), қосарланған жіпшелер сатысы (зигонема), жуандаған жіпшелер сатысы (пахинема), жіпшелердін, бір-бірінен алыстау сатысы (диплонема), хромосомалардың (жіпшелер) цитоплазмада ретсіз орналасу сатысы (диакиназ).
Жіңішке жіпшелер сатысы (лептонема). Бұл фазада хромосома жіпшелері ұзын шумақталған және өте жіңішке болады. Электронды микроскоппен зерттеудің нәтижесінде әрбір хромосома екі жіпшеден тұратындығы анықталды. Мүның өзі хромосомалардың редупликациясы (екі еселенуі) профазада жүзеге асатынын көрсетеді.
рисунок – Мейоз жүрісінің сызбанұсқасы.
Қосарланған жіпшелер сатысы (зигонема). Бұл сатыда гомологиялық хромосомалар бір-біріне тартылады да, конъюгация (жабысу) басталады. Кейбір хромосомаларда конъюгация әрекеті ұш жағынан басталып, ортасына қарай ауысса, ал екінші бір хромосомаларда конъюгация әрекеті олардың центромерлі үлескілерінен ұштарына қарай ауысады. Гомологты хромосомалардың бір-біріне тартылу күшінің табиғаты әлі ашылған жоқ.
Жуандаған жіпшелер сатысы (пахинема). Бұл сатыда хромосомалар ширатылады. Ширатылу аяқталғаннан кейін профазаның соңына таман хромосомалар өзіне тән пішіні мен мөлшерге келеді, яғни хромосомалар ұзынынан қысқарып, көлденеңінен жуандай бастайды.
Жіпшелердің бір-бірінен алыстау сатысы (диплонема). Бұл сатыда конъюгация барысына қарама-қарсы әрекет жүреді, яғни гомологиялық хромосомалар бір-бірінен ажырайды. Ажырау барысы центромер үлескісінен басталып, шеткі аймақтарына ауысады. Гомологиялық хромосомалар бір-бірінен ажырап, алыстағанда X тәрізденген өрнектер пайда болады. Бұл өрнектерді хиазмалардеп атайды. Хиазмалар кезінде гомологиялық хромосомалар өздерінің үлескілерімен алмасады. Бұл әрекет хромосомалардың айқасуы немесе айқаспа (кроссинговер) деп аталады. Айқасу барысында ата-ананың ақпараттары алмасады, генетикалық құрамы өзгерген хромосомалар пайда болады. Бұл ағзаның тұқым қуалау өзгергіштігін күшейтіп, жаңа формалардың пайда болуын қамтамасыз етеді. Айқасудың ұзақтығы хроматиджіпшесінің ұзындығына байланысты болады да, хроматид жіпшелері неғұрлым ұзын болса, айқаспа соғұрлым жиі болады.
Хромосомалардың санын анықтау (диакинез).Бұл фазада хромосомалардың шиыршықтануы ең жоғары шегіне жетеді. Осыған байланысты хромосомалар минимальді түрде қысқарып, максимальді түрде жуандайды. Сондықтан бұл хромосомалардың санын, пішінін анықтауға болады. Хромосомалар кариоплазмада ретсіз орналасады, осыдан метафазаның басталғанын көруге болады.
Метафаза. Бұл фазада ахроматин жіпшелері пайда болады, ядро қабықшасы еріп, ядрошықтар жойылады. Кариоплазма цитоплазмамен араласып кетеді, хромосомалар жасушаның экваторына тізіліп, хроматидтер ахроматин жіпшелеріне бекиді. Осыдан кейін анафаза басталады.
Анафаза. Бұл фазада қосарланған гомологтік хромосомалар ахроматин жіпшелеріне бекиді. Ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер жасушаның қарама-қарсы полюсіне ажырайды.
Телофаза. Бұл сатыда гомологиялык, хромосомалар екі полюске жиналады. Телофазаның уақыты (мерзімі) қысқа болады. Бұл сатыда ядро қабықшасы пайда болады, ядрошықтар синтезделеді, нәтижесінде алғашқы бір ядродан екі жас ядро пайда болады. Әрбір ядродағы хромосомалар саны гаплоидты жиынтыққа айналады. Бірінші мейоздық бөлінуді редукциялык, бөліну деп атайды.
Эквационды бөліну. Мейоздың эквационды бөліну барысы негізінен митоз әрекеті бойынша жүреді. Ол әрекет сендерге таныс.
Мейоздың биологиялық маңызы
1. Конъюгация және айқаспа барысында гендердің қайтадан комбинациялануының жүзеге асырылуы. Демек, ата-енелерінің қасиеттері өзара алмасып, жыныс жасушаларында тұқым қуалау өзгергіштігі пайда болады.
2. Хромосомалардың комбинациялануы салдарынан тұқым қуалау өзгергіштігінің күшейе түсуі, яғни жаңа формалардың пайда болуы.
3. Мейоздың биологиялық мәні хромосомалар саны екі есе азайып, гаплоидты жиынтығы бар гаметалардың түзілуі болып табылады.
Жарияланған-2020-10-27 10:50:05 Қаралды-30481
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану