UF

СУДАН, Судан Республикасы, (Джумхурият ас-Судан) – Солтүстік-Шығыс Африкадағы мемлекет. Египетпен, Либиямен, Чадпен, Орталық Африка республикасымен, Заирмен, Угандамен, кениямен және Эфиопиямен шектеседі. Солтүстік-шығыс жағын Қызыл теңіз шайып жатады. Жері 2,5 млн. км2. Халқы 39,5 млн (2016). Әкімшілік жағынан 15 провинцияға бөлінеді. Астанасы – хартум қаласы.

Мемлекеттік құрылысы. 1973 жылы қабылданған Конституция бойынша «демократиялық мемлекет» деп жарияланды. Жоғарғы өкімет билігін шаруалар мен интеллигенцияны және ұлттық буржуазияны біріктіретін «еңбекші күштер одағы» жүзеге асырады. Мемлекет пен үкімет басшысы президент 6 жылға сайланады. Жоғары заң шығаратын органы – халық жиналысына 225 депутатты халық 5 жылға сайлайды және 25 депутатты президент тағайындайды.

Табиғаты. Жері негізінен үстіртті келеді. Солтүстік жағын Либия, Нубия шөлдері, батысын Дарфур және Кордофан үстірттері шығысын Эфиопия таулы қыратының сілемдері, солтүстік-шығысын Қызылтеңіздік таулар, оңтүстік жағын Орталық Африка қыратының (елдің ең биік жері - Киньети тауы, 318 м осында) сілемдері алып жатыр. Геологиялық құрылымы жөнінен Судан жері Африка платформасының солтүстік-шығыс жағын қамтиды. Платформа фундаменті жыныстарында мыс, алтын, хромит, темір рудасы, мәрмәр т. б. пайдалы қазындылары шоғырланған. Климаты тропиктік шөлдік (солтүстік бөлігінде) және экваторлық муссондық (оңтүстігінде). Ауаның орташа айлық температурасы 23-35°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм-ден (солтүстігінде) 1400 мм-ге (оңтүстік жағында) дейін. Өзендері Ніл өзені алабына жатады. Басты өзендері - Ніл, Бахр-әл-Джебель, Собат, Ақ және Көк Ніл, Атбара. Көп жері сұр және қызыл ферралиттік қоңыр топырақты. Солтүстік Судан өңірі осімдік жамылғысына өте кедей, Оңтүстік Судан саванналы келеді. Кейбір саваннада баобаб ағашы, қараған түрлері т. б. аралас өседі. Елік, газель, жираф, піл, қабылан, арыстан, крокодил т. б. кездеседі. Жануарлар дүниесін сақтау үшін Диндер, Нимулс, Эрковит қорықтары ұйымдастырылған.

Халқы. Жартысынан көбі арабтар. Олармен бірге Ніл атырабында нубиліктер, елдің солтүстік-шығыс жағында беджалар, оңтүстігінде динналар, нуэрлер, шпллуктер т. б., батысында азанделер, форлар т. б. халықтар тұрады. Ресми тілі - араб тілі. Тұрғындарының діні - мұсылмандар. Григориандық және мұсылмандық (һижра) календарьлар қатар қолданылады. 1963-1974 жылдар аралығында Судан халқы жыл сайын 2,8%-ке өсіп отырды. Еңбек етуші халық 4940 мың (1973-1974); олардың 79,9%-і ауыл шаруашылық, балық және орман шаруашылықтарымен айналысады. Орташа тығыздығы 1 км2 жерге 7 адамнан келеді. Елдің негізгі мақта егуші ауданы - Ақ және Көк Ніл аралығында халық тығыз (1 км2-ге 100 адамға дейін) қоныстанған. Судан тұрғындарының 1/5-і - көшпелі және жартылай көшпелі халық. Қала халқы 12% (1972). Қалалары мен елді мекендерінің көбі Ніл және оның салалары бойында жайласқан. Маңызды қалалары: Хартум, Омдурман, Солтүстік Хартум, Порт-Судан.

Тарихы. Ежелгі тас дәуірінде-ақ қазіргі Судан жерін адам мекендеген (Хартум мәдениеті). Б. з. б. 4-3-мың жылдықта бұл аймақ Куш елі деп аталған да, кейіннен (10 ғасырдан бері) Нубия делінген. Ол тұста қазіргі Судан жерінің едәуір бөлігін ежелгі египеттіктермен туыстас семит-хамит және кушит тайпалары мекендеген. Б. з. б. 2-мың жылдықта оларға оңтүстіктен барған негроидтар қосылған. Б. з. б. 16-12 ғасырларда Судан жері Египет қол астында болды. Б. з. б. 8 ғасырдың шамасында Нілдің 3- және 4-шоңғалдары аралығында жеке патшалық қалыптасып, оның орталығы Напатада болды. Б. з. б. 6 ғасырдың 2-жартысында астана Мероэге көшті. Мұнда Африкадағы тұңғыш алфавитті жазу пайда болды (Мероэ тілі). Б. з. б. 4 ғасырдың басында Суданның едәуір бөлігін Аксум патшалығы басып алды. 6 ғасырда Суданға христиан діні тарап, 7 ғасырда бірнеше христиан мемлекеттері құрылды. 639-642 жылдар Египетті жаулап алған арабтар Суданға көптеп өте бастады. Осыған байланысты Суданға ислам діні мен араб мәдениетінің діні - мұсылмандар. Қалалары мен елді мекендерінің көбі Ніл және оның салалары ниеті тарап, феодалдық қатынастар қалыптасты. 14-16 ғасырларда мұнда бірнеше мұсылман мемлекеттері болды. 1820-1822 жылдар Судан жерінің көбін Египет билеушісі Мұхаммед Әли басып алды. 19 ғасырдың 2-жартысында Суданда ағылшын ықпалы күшейді. 1899 жылы Судан. Ұлыбритания мен Египеттің бірігіп басқаратын аймағы деп жарияланды (кондоминиум), сөйтіп Ағылшын - Египет Суданы деген ресми атақ алды. Іс жүзінде Судан ағылшын отарына айналды да, негізінен мақта өндіруге бейімделді.

2-дүние жүзілік соғыс кезінде (1939-1945) Судан Ұлыбританияның Африкадағы аса маңызды әскери базаларының бірі болды. Судандықтардың гитлершілдерге қарсы күреске қатысуы ел ішінде азаттық пиғылдың тарауына жағдай жасады. Саяси партиялар құрылды. Соғыстан кейін ұлт-азаттық қозғалысы өрлей түсті. Кондоминиумды жою, ағылшын әскерлерін шығару талабы күшейді. Отаршылардың қарсылығына қарамастан, 1955 жылы желтоқсанда Судан парламенті 1956 жылы 1 қаңтардан елді тәуелсіз мемлекет деп жариялау туралы шешім қабылдады. 1956 жылы Судан БҰҰ-ға қабылданды. Сол жылы наурызда Судан мен СССР арасында дипломатиялық қатынас орнады. Өкімет басына келген компрадор-буржуазиялық және феодалдық-рулық топтар реакцияшыл саясат ұстап, империалистермен ауыз жаласып кетті. Осының салдарынан ел экономикасы құлдыраған үстіне құлдырай берді.

Халық бұқарасы бұған қатты қарсылық көрсетті. Ел ішінде демократиялық қозғалыс өсіп, СКП жетекші роль атқарды; оның бастауымен 1953 жылы империализмге қарсы майдан құрылды. Осы жағдайда Судан армиясының командованиесі 1958 жылы 17 қарашада мемлекеттік төңкеріс жасады. Өкімет билігі ген. И. Аббуд бастаған Қарулы күштердің жоғары советіне көшті. Парламент таратылып, саяси партиялар мен кәсіподақтарға тыйым салынды, 1956 жылы қабылданған уақытша конституция жойылды, демократиялық күштер қуғынға ұшырады. П. Аббуд үкіметі Судан экономикасына шетел капиталының енуін барынша қолдады. Билеуші топтардың реакцияшыл саясаты халықтың қатты наразылығын туғызды. 1964 жылы басталған бұл қозғалыс нәтижесінде Аббуд диктатурасы құлады.

СКП-нің бастауымен құрылған Біріккен ұлттық майдан үкіметіне буржуазия-помещиктік партиялардың өкілдерімен қатар (бұлар Ұлттық жиналыстағы орындардың 80%-тейін алды) прогресшіл күштер, соның ішінде СКП өкілдері де енді. Бірақ көпке шікпей оңшыл күштер бел алып, елді демократияландыру процесі тоқтап қалды. 1965 жылы желтоқсанда Суданда буржуазия-помещиктік, феодалдық-рулық топтар өкімет басына келді. 1969 жылы 25 мамырда Судан армиясының патриот офицерлері жасаған революциялық төңкеріс нәтижесінде реакциялық тәртіп құлады. Өкімет басына келген генерал-майор Джафар Нимейри бастаған Революциялық совет құрамына демократия қайраткерлер мен коммунистер енді. Ел Судан Демократиялық Республикасы (СДР) деп аталды. Бірқатар әлеуметтік-экономикалық реформалар жасалды: шетел бірлестіктері национализацияланды, феодалдық-рулық билеп- төстеуші топтардың меншігі мемлекеттік пайдасына алынды, мемлекеттік аппаратты демократияландыру шаралары жүргізілді. СДР-дің ұлттық, діни, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері бар оңтүстік провинцияларына автономия берілетіні жарияланды (1969 жылы 9 маусым). Сыртқы саясатта СДР империализмге қарсы бағыт ұстады. ГДР-мен, ВСР-мен, КХДР-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды; СДР Оңтүстік Вьетнамның уақытша революция үкіметін таныды. Араб елдеріне қарсы Израиль агрессиясы кезінде (1967) Судан Израильге қарсы соғыс жариялап, Египетке жәрдем беру үшін әскер бөлімдерін жіберді.

Алайда реакцияшыл және империалистік топтардың зиянкестігі салдарынан СДР-дің прогресс жолымен дамуы барған сайын қиындай түсті. Оңтүстік Судан сепаратистері мен үкіметі әскерлері арасында соғыс қимылдары басталды. Демократиялық күштердің қатарында ала ауыздық шықты. Әсіресе 1971 жылы 19-22 шілдедегі оқиғалардың зардабы тым ауыр болды. Мұнда солшыл пиғылдағы офицерлер мемлекеттік төңкеріс жасауға және Нимейриді орнынан түсіруге әрекеттенді. Бұл қимылға араласушылар қатты жазаланып, СКП-нің кейбір басшылары, оның ішінде СКП бас секретары А. X. Махджуб дарға асылды. Оңшыл күштердің ықпалымен Джафар Нимейри үкіметі жеке меншікті секторды және шетел капиталын көтермелеуге бағыт алды. Капиталистік елдермен (АҚШ, ГФР, Ұлыбритания т. б.) және монархиялық араб мемлекеттерімен байланыс күшейді. Социалистік елдермен қарым-қатынас бәсеңдеді. Кейбір шетелдік және Судан фирмаларының меншігін национализациялау туралы 1970 жылы қабылданған бірқатар шешімдердің күші жойылды.

1972 жылы бір тұтас Судан мемлекеті шеңберінде Оңтүстік Суданға автономия беру туралы заң қабылданды. 1973 жылы Оңтүстік Суданның алғашқы үкіметі құрылды. 1974 жылы қаңтарда Судан социалистік одағының (ССО) 1-ұлттық конгресі болды. СДР-де рұқсат етілген бұл бірден-бір саяси ұйымның программалық документтерінде ССО «еңбекші халық күштерінің - шаруалардың, жұмысшылардың, интеллигенцияның, ұлттық капиталистердің және солдаттардың одағы» деп сипатталады.

Экономикасы. Судан - экономикасы онша дамымаған аграрлы ел. Дүние жүзіндегі басты мақта экспортерлерінің бірі. Жалпы ұлттық өнімінің 38,2%-і ауыл шаруашылығынан, 11%-і өнеркәсіптен, 4,2 %-і құрылыстан, 8,1%-і транспорттан, 16,1%-і сауда және тұрмыстық орындардан, 22,4%-і басқа салалардан түседі (1972).

Революциялық төңкерістен кейін (1969) елде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасала бастады. Ежелгі тиімді шаруашылық саласы одан әрі дамуда, жеңіл және тамақ өнеркәсібі қалыптасуда, транспорттық, гидроэнергетикалық, мелиорациялық құрылыстар салынуда. Мемлекеттік сектордың мөлшері үнемі өсуде. Ел экономикасында әлі де шетел (әсіресе ағылшын) капиталының үлесі басым. Совет Одағының көмегімен Кареймада және Вауда көкөніс пен жеміс консервілеу, Кассалада жуа кептіру, Бабануста ұнтақ сүт зауытары, Порт-Суданда және Гедарефте астық элеваторлары салынды.

Ауыл шаруашылығы. Пайдалануға жарамды өңірлер мемлекет, қауым және жеке меншік қарамағында. Ірі товарлы шаруашылықтар мемлекет және жеке меншік шаруашылықтарымен қатар дамыған. Жерді арендалау да кеңінен сақталған. Ел территориясының 3%-і ғана (7 млн. га) өңделеді, 9%-і шалғын және  жайылым, 37%-і орман және бұталы алқап. Ауыл шаруашылығының басты саласы - егіншілік; негізгі товарлы дақылы - мақта. Судан мақта өнімін жинаудан Африкада 2-орын (Египеттен кейін) алады. Басты мақта өсіруші аймақтары - Гезир өңірі, Барака, Гаш атыраулары. Келесі экспорттық дақылдары - күнжіт (Кордофан, Көк Ніл, Кассала провинцияларында) және жер жаңғағы (Дарфур, Көк Ніл т. б.). Тары, қонақ жүгері, құрма пальмасы (2 млн. ағаш, өнімі 72 мың т құрма, 1972) өсіріледі. Басты ауыл шаруашылық дақылдарының егіс мөлшері және өнімі (мың га және мың т, 1974): мақта 481 және 235, жер жаңғағы 787 және 540, күнжіт 924 және  240, қонақ жүгері 1910 және 1630, тары 1120 және 270. Мал шаруашылығының басты саласы - түйе өсіру 1973-1974 жылғы мал басы (млн.): мүйізді ірі қара 13,4, қой 12,3, ешкі 8,0, түйе 3,0, құс 21,0. Ніл және оның салаларынан балық 1973-1974 жылдар 60 мың т ауланады. 1972 жылы елде 92 млн. м3 ағаш дайындалды.

Өнеркәсібі. Негізінен ауыл шаруашылық өиімдері мен ағаш өңдеу орындарынан құралады. Тамақ өнеркәсіп салаларынан май соғу, көкөніс, жеміс консервілеу (орталықтары – Карейма, Вау, Кассала), сүт (Бабанус), қант (Гунейда, Хашм-әл-Гирба), жеңіл өнеркәсіптен мақта тазалау (Гезир маңы), мата тоқу (Хартум), былғары аяқ-киім (Хартум) өндірістері дамыған. Атбара, Солтүстік Хартум, Порт-Судан қалаларында машина жасау және металл өңдеу, Порт-Суданда мұнай айыру, Атбарада цемент кәсіпорындары бар. Жер қойнауынан алтын, хром, темір және марганец рудалары, теңіз суынан тұз өндіріледі. Электр станцияларының қуаты 118,4 мың квт (1972), сол жылы 503,9 квт-сағ энергия өндірілді, жылу және дизель электр станцияларының үлесі басым. Ірі Росейрес СЭС-і бар. Басты өнеркәсіп орталықтары - Хартум, Солтүстік Хартум, Омдурман, Порт-Судан, Вад-Медани, Атбара.

Транспорты. Темір жолынын ұзындығы 4,7 мың км, автомобиль жолы 15,3 мың км (1973). Автопаркінде 30 мың жеңіл және 18 мың жүк автомобилі бар (1971). Ніл өзенімен (3,7 мың км) кеме жүзеді. Әуе тасымалы шетел және мемлекеттік ұлттық авиокомпанияларының күшімен іске асырылады. Хартумда халықаралық аэропорт бар. Елдің ең ірі теңіз порты - Порт-Судан (жүк айналымы 3,08 млн. т, 1973).

Сыртқы саудасы. 1974 жылғы экспорттың құны 122,1 млн., импорты 223,6 млн. судан фунтына тең болды. Экспортқа: мақта, жер жаңғағы, күнжіт, мал терісі және былғары т. б. шығарылады. Басқа елдерден машина және өндіріс жабдықтар, химия өнеркәсібінің өнімдері, азық-түлік, өндірістік тұтыну товарлары сатылып алынады. Басты сауда партнерлері (1973): Үндістан (экспортының 17,4%-і, импортының 9,6%-і), Ұлыбритания (4,8 %-і және 18,6%-і), ГФР (9,9%-і және 6,3%-і), Италия (экспортының 12,3%-і), Жапония (экспортының 11,5%-і). Ақша өлшемі - судан фунты.

Денсаулық сақтау ісі. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының 1971 жылы мәліметі бойынша әрбір 1000 адамға шаққанда баланың тууы 45, адамның өлімі 20, әрбір тірі туған баладан өлгені 130. Өмірдің ұзақтығы ерлер үшін 44,6 және әйелдер үшін 46,9 жас. Елде туберкулез, шешек, алапес, венералық аурулар, басыр, балалардың жұқпалы аурулары өте көп таралған. 1971 жылы 15,1 мың төсектік 698 аурухана, 144 медициналық орталық, 606 диспансер және 1,2 мың медициналық пункт, 114 ана мен бала денсаулығын сақтау орталықтары болды. Елде 1971 жылы 1,2 мың дәрігер, 64 тіс дәрігері, 306 фармацевт және 13 мың орта білімді медициналық қызметкер болды. Дәрігерлер мен фармацевтер Хартум университетінің медицина факультетінде, ал орта білімді медициналық қызметкерлер арнайы 14 мектеп пен колледждерде даярланады. Денсаулық сақтау ісіне 8,4 млн. судан фунті бөлінген (1975).

Баспасөзі, радиохабар, телевизиясы. Суданда (1976 ж.) араб тілінде: «Әл-Айям» (1954 жылдан) күнделікті газет (тиражы 60 мың дана), «Ас-Сахафа» (1962 жылдан) күнделікті газет (тиражы 100 мың дана), «Әл-Кувват әл-Мусалляха» күнделікті газет (тиражы 15 мың дана) шығарылды. ІІнформация агенттігі - Судан ньюс Эйдженси, 1970 жылы құрылған, 1971 жылғы майдан жұмыс істей бастаған, Хартумға орналасқан. Радиохабар 1940 жылдан беріледі. Оның қызметі мемлекет қарауында, Омдурманға орналасқан. Телевизия 1962 жылдан жұмыс істей бастады.

Оқу-ағарту ісі. Міндетті оқу заңы жоқ. 1973 жылы халықтың 80,5%-і сауатсыз. Мектепке 7-8 жастан қабылданады. Бастауыш мектеп 6 жылдық, тегін. Оқу араб тілінде жүреді, ислам діні міндетті пән ретінде оқытылады. Орта мектепте оқу ақылы, екі басқышты (3-3), оқу ағылшын тілінде жүреді. 1974-1975 оқу жылында бастауыш мектепте 1195 мың оқушы, орталау мектепте 37 мың оқушы болды. Орталау немесе бастауыш мектептің негізінде жұмыс істейтін кәсіптік-техникалық училищелерде (3 немесе 4 жыл) 1973-1974 оқу жылында 4 мыңға жуық оқушы оқыды. Бастауыш мектеп мұғалімдерін орталау мектеп негізіндегі педагогикалық училищелер (6 ерлер, 3 қыздар училищесі), орталау мектеп мұғалімдерін орта мектеп негізінде жұмыс істейтін 2 педагогикалық училище (1 ерлер, 1 қыздар училищесі) даярлайды. 1960 жылы Омдурманда орта мектептерге оқытушылар даярлайтын 4 жылдық колледж ашылды. Жоғары білім беретін Хартум университеті (1956 жылы негізі қаланған), Каир унверситетінің Хартум филиалы (1955), Хартум политехникалық институты (1950), Шамбат ауыл шаруашылық институты (1954), оқу ақылы. Ірі кітапханалары: Хартум университетінің кітапханасы (1945 жылы құрылған, кітап қоры 200 мың дана), Омдурмандағы көпшілік кітапханасы (1951; 17,7 мың дана).

Басты музейлері: Суданның Ұлттық музейі (1971), Этнографиялық музейі (1956), Хартумдағы Суданның табиғат тану музейі (1920), Мероэдегі қорық музейі.

Әдебиеті. Қазіргі Судан территориясының бір бөлігінде ежелгі нубилердіц әдебпеті өркендеді. Араб мәдениетінің бір тармағы болып, араб классикалық әдебиетінің арнасында дамыған Судан әдебиетінде поэзия басым. 18 ғасырдағы аса көрнекті жазушылары - Хаммад ибн Мұхаммед ибн Әли әл-Мумайух (1646-1730) және Мұхаммед әл-Джали (1728-1809). 19 ғасырдың аяқ кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыстың ықпалымен ақындар (Яхья ас-Саляви т. б.) ағылшын экспансиясына қарсы күресті жырлап, арабтарды бірлікке шақырды. 20 ғасырдың 10-20 жылдарында ұлттық баспасөз, публицистика дамыды. 1910 жылы Абд әл-Кадер әл-Мұхтардың «Судан бастамасы» атты пьесасы жарияланды. «Мадраса әл-Фадиср» («Таңғы мектеп») әдеби ағымы және «Әл-Фаджер» (1934 жылы шілде - 1935 жылы тамыз) журналы әдебиеттің өркендеуіне ықпал етті. Бұл ағымның идеологы - философ әрі сыншы Мухаммед Ахмед Махджуб (1908 ж. т.) болды. Мұхаммед Саид әл-Аббаси, Абдаллах Абд әр-Рахман және Абдаллах Омар әл-Банну сияқты ақындар неоклассикалық бағыт ұстады. Мұхаммед Ахмед Маджуб және Абд әл-Халим Мұхаммед роман және повесть жанрының негізін қалады. Гели Абд ар-Рахман (1931 ж. т.), Тадж ас-Сирра Хасан (1929 ж. т.), ат-Тайиб Салех (1929 ж. т., «Аз Зинаның тойы» романы 1966) антиимпериалистік идеяны бейнеледі. Ибраһим аш-Шуша, Абдоллах ат-Тайиб қазіргі драматургия мен сынды бастады. Судан жазушыларының ассоциациясы (1956) және Судан әдебиетшілерінің лигасы бар.

Архитектурасы мен бейнелеу онері. Неолит дәуіріндегі мәдени ескерткіштерден саздан жасалған хайуанаттар мүсіншелері, жапсырма керамика мен тастағы таңбалар сақталған. Б. з. б. 2-мың жылдықта Судан өнері Ежелгі Египет мәдениеті арнасымен дамыды. Дегенмен б. з. б. 1-мың жылдықтың аяғында жергілікті мәдениет нышаны аңғарыла түсті. 15-16 ғасырларда Шығыс Африка елдерінің орта ғасырлық тас құрылыстарына ұқсас ғимараттар бой көтерді. Негізгі баспаналары - шикі кірпіш немесе теңіз ұлуының қабығынан шаршы үлгімен тұрғызылған лашықтар, төбесі шөппен жабылған киіз үйге ұқсас балшықтан домбаздалған, яки талдан тоқылған күркелер. Европалық үлгідегі ғимараттар 20 ғасырдың ортасына дейін тек ірі орталықтарда (Хартум т. б.) ғана салынды. 1956 жылдан өнеркәсіп және тұрғын үй құрылысы жоспарлы түрде жүргізіле бастады. Суданда кең тараған дәстүрлі бейнелеу, сән және қосалқы өнері туындылары - ағаш мүсіншелер, саздан пішінделген ұсақ пластика, нәзік әшекейлі мыс және күміс бұйымдар т. б. Тері өңдеу, түр салып бойра тоқу дамыған. 20 ғасырдың ортасынан ұлттық өнер мен европалық дәстүрді ұштастырған қондырғылы өнер мектебі (мүсіншілер М. Куа, А. Хамида; кескіндемешілер X. Аббас, М. О. Бешир, графикашы А. А. Борхан) қалыптасты.

Театры. Суданның театр өнері араб мәдениетіне жақын. 1936 жылы Театр қоғамы құрылды, 1950 жылы осы қоғамның негізінде драмалық және музыкалық труппа құрылып, спектакльдерін араб тілінде қойды. Труппа құрамына ұлттық театр өнерін дамытуға ат салысқан әдебиет пен өнер қайраткерлері енді. Суданда Қазіргі Судан театры, Хартум труппасы және бірнеше халық би ансамбльдері (1961) жұмыс істейді. Актерлері ЕАР мен Италия мектептерінде тәрбиеленеді.

Киносы. 1968 жылы оқу және хроникалық фильмдер шығаратын кино басқармасы құрылды. Алғашқы толық метражды көркем фильмі - «Үміт пен арман» (1969, реж. әл-Рашид Махди). Фильмді прокатқа шығару ісімен, 1970 жылға дейін гректің «Ликас дистрибюторс» және отандық «Суданз синема» компаниялары айналысты. 1970 жылдан прокат орындары мен кинотеатрлар мемлекеттік қарамағына көшіп, Информация министрлігі жанынан кинокорпорация мекемесі құрылды. Алайда 1972-1973 жылдар кинотеатрлар мемлекеттік тарапынан жеке меншік қарамағына көшті. Реж. А. Хашем Каир студенттерінің өмірі жайында «Ұрпақ күресі» (1972) және АҚШ-тағы нәсілшілдікке қарсы «Ақ иттер» (1973) т. б. қысқа метражды, «Бауырлар қақтығысы» (1973) атты көркем фильм қойды. 1973 жылы 53 кинотеатр болды.

Әдеб.: Дмитревский Ю. Д., Шахнович К. А., Ягья В. С. Экономическая география стран Северо-Восточной и Восточной Африки. Л., 1972; Демократическая Республика Судан. Справочник. М., 1973; Кацнельсон И. С., Напата и Мероэ - древние царства Судана. М., 1970; Смирнов С. Р. История Судана (1821-1956). М., 1968; Поэгы Судана. М., 1967.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-10-15 10:54:10     Қаралды-2810

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »