UF

СТАЛИНГРАД ШАЙҚАСЫ (1942-1943) - совет әскерлерінің 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысында 1942 жылғы 17 шілдеден 1943 жылғы 2 ақпанға дейін Сталинград қаласын қорғау және Дон мен Волга өзендері аралығындағы неміс-фашист әскерлерінің ірі стратегиялық тобын талқандау жолындағы жауынгерлік қимылдары. Ол қорғаныс (1942 жылы 17 шілде - 18 қараша) және шабуыл (1942 жылы 19 қараша - 1943 жылы 2 ақпан) кезеңдеріне бөлінді.

Сталинград қорғанысы (1942). 1942 жылы маусымның аяғында неміс-фашист әскерлері шабуылды күшейте түсті. Брянск, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік майдандарындағы совет жауынгерлері Донның сыртына, Воронежден Клетскіге, Суровикинодан Ростовқа дейін шегінуге мәжбүр болды. Жаудың көздегені Сталинградты басып алу еді. Осы жағдайда Жоғары Бас командованиенің Ставкасы Сталинград бағытында берік қорғаныс ұйымдастыру үшін шұғыл шара қолданды. 12 шілдеде Оңтүстік-Батыс майданы басқармасыныц негізінде Сталинград майданыпың жаңа басқармасы құрылды. Оның құрамына 62, 63-64-армиялар, сонымен бірге бұрынғы Оңтүстік-Батыс майданның 21 және 8 - әуе армиялары, жаңадан құрылған 1-, 4- танк армиялары, 28-, 38-, 57- армиялардың кейбір бөлімдері кірді. 17 шілдегі бұл майданның қорғаныс шебінің ұзындығы 530 км-ге жетті. Волга мен Дон араларында қорғаныс құрылысы күшейтілді. Партия және совет ұйымдарының шақыруымен оған мыңдаған тұрғындар қатысты.

17-22 шілдеде 62-, 64-армиялардың алғы шептегі отрядтары Чир мен Цимла өзен бойында жаумен кескілескен ұрыс жүргізгеннен кейін негізгі қорғаныс шебіне шегінді. 22 шілдедегі жаудың Сталинград бағытында 18 дивизиясы, барлығы 250 мыңдай адамы, 740-қа жуық танкі, 1200 самолеті, 7500 зеңбіректері мен минометтері болды. Ал Совет Армиясының күші әлдеқайда кем еді. 1942 жылы 23 шілдеде генерал-полк. Ф. Паулюстің 6-армиясы Сталинград, Астраханьды басып алып, Волгада бекіну үшін шабуылға шықты. 62-64-армиялардың бағытында кескілескен шайқастар болды. Шілде-тамыз айларында жау Совет Армиясының қорғаныс шебін бірнеше жерден бұзып өтті. Бірақ сталинградтықтар неміс-фашистерінің бұл шабуылын да тоқтатып, берік қорғаныс жасады. Бұл майданның ерекше маңызын ескеріп, Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті 12 тамызда Бас штаб бастығы генерал-полковник А.М.Василевскийді, 29 тамызда Жоғары Бас қолбасшының орынбасары армия генерал Г. К. Жуковты комекке жіберді.

Сталинград майданының әскерлері (1-гвардия, 24-және 66-армиялар) қыркүйектің басында 2-рет шабуылға шықты, бұл қаланы қорғаушы-еңбекшілердің жағдайын едәуір жеңілдетті. Неміс-фашист әскері үлкен шығынға ұшырағанына қарамастан 13-15 қыркүйекте Волга шебіне шабуылды қайта үдетті. Мамай қорғаны мен вокзалға бағыт ұстады. 28 қыркүйекте Сталинград майданы - Дон (қолбасшысы генерал-лейтенант К. К. Рокоссовский) және Оңтүстік Шығыс майданы (колбасшысы генерал-полковник Ерёменко) болып бөлінді. Сталинградтықтар ерлікпен күресті. Шілде мен қараша аралығында жау 700 мыңдай адамынан, 1 мыңнан астам танкілер, 2 мыңнан астам зеңбірегі мен минометінен, 1400 самолетінен айрылды. Жаудың бұл бағыттағы шабуылы тоқтатылды.

Сталинград түбіндегі қарсы шабуыл (1942-1943). Неміс-фашист командованиесі 1942-1943 жылдың қысында өздері орналасқан шепті 1943 жылдың көктеміне дейін ұстап тұруды, сонан соң қайта шабуылға шығуды жоспарлады. Ал Совет командованиесі қарсы шабуылға күш пен құрал-жабдықтар жинақтады. Жоғары Бас командованиенің Ставкасы мен Бас штаб оны өткізудің жоспарын жасауға кірісті. Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті 13 қарашада бұл жоспарды бекітті. Осы жоспарға сәйкес Совет Армиясы Сталинградтағы генерал-фельдмаршал Ф. Паулюстің 6-армиясын қоршауға алып, тізе бүктірді. 1943 жылы 2 ақпанда неміс генерал-фельдмаршалы қалған әскерімен тұтқынға алынды. Сталинграл шайқасы осымен аяқталды.

Сталинградты бүкіл совет халқы қорғады. Даңқты 62-армияның құрамында 3800-ден астам қазақ болды. Сталинграл шайқасына Қазақстанда жасақталған барлық әскери құрамалар мен бөлімдердің үштен біріне жуығы қатысты. Әйгілі 64-армияның құрамында қазақстандық 29-және 38-атқыштар дивизиясы болды.

Сталинграл шайқасында көрсеткен табандылығы мен қаһармандығы үшін 29-және 38-атқыштар дивизиялары 72-және 73- гвардиялық атқыштар дивизиясы атанды, ал 73-гвардиялық атқыштар дивизиясына «Сталинградтық» құрметті атағы қоса берілді.

Сталинграл шайқасында жүздеген мың совет жауынгерлері ерліктің үлгісін көрсетті. Шайқасқа ерекше көзге түскен 55 құрамалар мен бөлімдер ордендермен наградталды. 100-ге жуық жауынгерге Совет Одағының Батыры атағы берілді. Сталинград қаһарман-қала атағына ие болды. Сталинграл шайқасы батырларының ерлігін мәңгі есте сақтау үшін 1963-1967 жылдар Мамай қорғанында мемориалды комплекс салынды.

Әдеб.: Василевский А. М. Дело всей жизни. М., 1973; Рокоссовский К. К. Солдатский долг. 2 изд., М., 1972; Жуков Г. К. Воспоминания и размышления. М., 1969.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-10-14 14:24:59     Қаралды-3246

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »