UF

ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАЦИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ (ГФР) - Орталық Европадағы мемлекет. Батысында Нидерландымен, Бельгиямен, Люксембургпен, Франциямен, оңтүстігінде Швейцариямен және Австриямен, шығысында ЧССР-мен және ГДР-мен, солтүстігінде Даниямен шектеседі. Солтүстігі - Балтық және Солтүстік теңіздері. Жері 248 мың км2, халқы 59,7 млн. (1970). Астанасы - Бонн қаласы. ГФР-Баден-Вюртемберг, Бавария, Бремен, Гамбург, Гессен, Төменгі Саксония, Рейнланд - Пфальц, Саар, Солтүстік Рейн - Вестфалия, Шлезвит - Гольштейн өлкелерінен құрылған федерация.

Мемлекеттік құрылысы. ГФР - 10 өлкеден құрылған федерациялық республика. Мемлекеттік басшысы - президент. Оны бундестаг мүшелері мен жер-жердің парламенттері (ландтагтар) сайлаған адамдардан құрылған коллегия сайлайды. Заң шығаратын өкімет органы парламент (бундестаг) төте сайлаумен 4 жыл мерзімге сайланады. Жер өкілдіктерінің жоғары органы - бундестаг - өлкелік үкімет мүшелерінен (әр өлкеден 3-5 өкілден) құрылады. ГФР үкіметін федералды канцлер басқарады. 21 жасқа толған адамға сайлау правосы беріледі.

Табиғаты. Солтүстігін Орта Европа жазығы алып жатыр. Одан оңтүстікке қарай биіктігі орташа (600-700 м) таулар бар; олардың арасында жазық учаскелер де кездеседі. Бұл таулардың солтүстік-батыс бөлігін Рейн Тақтатасты таулары (500-700 м), шығысын Чех массивінің сыртқы беткейлері мен жоталары алып жатыр. Оңтүстігінде Шығыс Альпінің (биіктігі 2963 м-ге дейін) тау жоталары бар.

Климаты батысы мен солтүстік-батысында қоңыржай, теңіздік; оңтүстік-шығысында теңіздік климаттан қоңыржай-континенттік климатқа ауысады. Солтүстігінде қаңтардың орташа температурасы 0°С шамасында, қыста тұман жиі түседі, қар жамылғысы тұрақсыз. Шілденің орташа температурасы 16°, 17° С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 600-800 мм. Тау аралық ойпаттарда жазы жылырақ, шілденің орташа температурасы 20°, 21° С; жауын-шашыны 500-600 мм. Таулардың жоғарғы белдеулерінде жылына 1000-2000 м-ге дейін жауын-шашын түседі; жазы салқын.

Өзендерінің көбі Солтүстік теңізге (Рейн, Эмс, Везер, Эльба жүйелері) құяды, оңтүстік бөлігіндегі өзендері Дунай алабына жатады. Оңтүстігіндегі тауларда көптеген көлдер бар, олар негізінен мұздық әрекетінен пайда болған.

Жері көбінесе шымқабатты-күлгін және орманды өңірге тән қоңыр топырақты. Солтүстік теңіз жағасының жиегі құнары мол шөгінді топырақты. Жерінің 28%-тейі орман, алайда, ірі орман алқаптары жоқ, көбінесе парк типтес ормандар. Тау беткейлерінің төменгі және орта белдеулерінде шамшат, емен өседі, одан жоғарырақта аралас және шыршалы-майқарағайлы орман. Адам әрекетінің әсерінен жануарлар дүниесі едәуір өзгерген; зубр, қоңыр аю, сілеусін, бұлан, қасқыр, киік және құндыз секілді сүт қоректілер құрып біткен немесе өте сирек кездеседі. Кейбір жерлерде ғана ірі тұяқтылар (бұғы, елік, тау ешкі, лань, жабайы шошқа) кездеседі.

Халқының 99%-і немістер; сонымен бірге даттар мен голландықтар да тұрады. Еңбек етуге жарамды халықтың (1969 жылы 25,8 млн.) өнеркәсіпте 49%-і, ауыл шаруашылық мен орман шаруашылығында 10%-і, транспорт пен саудада 17,8%-і істейді. Еңбек етуге жарамды халықтың жарымына жуығы жұмысшылар; сонымен қабат ГФР-де 2 млн-нан астам (1970) шетелдік жұмысшылар бар. Халықтың ең тығыз орналасқан жері - Рейн, Майн, Неккар өзендерінің аңғарлары мен Саар обл. Халқының 75%-тен астамы қалаларда тұрады, Ірі қалалары (500 мыңнан астам халқы бар): Гамбург, Мюнхен, Кёльн, Эссен, Дюссельдорф, Майндағы Франкфурт, Дортмунд, Штутгарт, Бремен, Ганновер.

Тарихы. ГФР Германия тізе бүккеннен кейін Германияда ұйымдастырылған АҚШ, Англия, Франция оккупациялық аймақтарының жерінде құрылды. Оның құрылуына Батыс Германияның реакцияшыл монополистік топтарына сүйенгенүш Батыс державасының неміс ұлтын бөлшектеу, 1945 жылғы Потсдам келісімдерін (қ. Потсдам конференциясы, 1945) бұзу, батыс аймақтарын оқшаулау саясаты себепші болды. ГФР-ді құру туралы шешім АҚШ, Англия, Франция, Бельгия, Нидерланды, Люксембург қатысқан Лондон кеңесінде (1948 жылы наурыз-маусым) қабылданды. Кеңесте белгіленген жоспарға сәйкес, 1948 жылы 20 маусымда Батыс Германияда сепараттық ақша реформасы жүргізілді; тамызда бір топ батыс герман эксперттері ГФР Негізгі заңының жобасын жасап, батыс-герман жерлерінің 65 өкіліне (Парламенттік Совет) тапсырды. ГФР конституциясын үш Батыс державасының әскери губернаторлары бекітті; ол 1949 жылы 23 мамырда күшіне енді. 1949 жылы 7 қыркүйек Боннда тұңғыш бундестаг шақырылды; бундестаг Христиандық-демократиялық одақтың [ХДО; 1945 жылы негізі қаланған; оған Христиандық-әлеуметтік одақ (ХӘО) қосылды] жетекшісі К. Аденауэр бастаған коалициялық үкіметтің құрамын бекітті. 12 қыркүйекте елдің президенті [Т.Хойс - 1948 жылы құрылған Ерікті демократиялық партияның (ЕДП) негізін қалаушылардың бірі] сайланды.

ГФР-де герман монополияларының өкіметі жедел көркейе бастады. 1953 жылдың аяғында елдің акционерлік капиталының 77,8%-і 289 ірі компанияның қолында болды. 1950 жылдың аяғында ГФР-дің экономикасы соғысқа дейінгі дәрежеге жетті. Мол күрделі қаржы жұмсау, табысты молайтып, халық тұтынатын заттарды тежеу есебінен өндіріс қарқындап өсті. 1957 жылдан 1966 жылға дейін ГФР-дің жұмсаған күрделі қаржысы Латын Америкасында 514 млн. маркадан 1615 млн., Африкада 93 млн. маркадан 565 млн., Азияда 76 млн. маркадан 314 млн. маркаға дейін артты. 1965 жылдың қарсаңында ГФР-дің өнеркәсіптік өнімінің көлемі Францияны, Италияны, Бельгияны, Нидерландыны, Люксембургті қосып есептегенде, солардың бәрінің өнеркәсіптік өнімінің көлемімен теңесті.

Ел ішінде билеуші топ демократиялық күштерді басып-жаншуға бағыт ұстады. 1951 жылы қарашада ГФР үкіметі ГКП-ге тыйым салу туралы іс қозғады. 1956 жылы ГКП-ге тыйым салынды. 1951 жылдан 1958 жылға дейін ГФР-де 200-ден астам демократиялық ұйымдар мен бірлестіктерге тыйым салынды. Оның есесіне, ГФР-дің мемлекеттік аппараты бұрынғы белсенді нацистерге толып кетті. 1958 жылы ГФР үкіметі парламент правосын, азаматтық право мен бостандықты едәуір тежеуді көздеген «төтенше заңдар» белгілеуге кірісті. Демократиялық күштердің жаппай қарсылық көрсетуіне қарамастан «төтенше заңдар» 1968 жылы бундестаг арқылы өткізілді.

Кек алу, Германияның 1937 жылғы шекарасын қалпына келтіру, ГДР-ді жалмап-жұтып қою талаптары ГФР-дің сыртқы саясат доктринасының негізіне айналды. Бұл талаптар ГФР-дің саяси документтері мен заң шығару актілерінде негізге алынды.

Құрылғаннан кейінгі алғашқы жылдары ГФР-дің шетелдерде өз өкілдері болмады және халықаралық ұйымдардың т. б. мүшесі бола алмады. Оккупациялық өкімет орындары елдің ішкі істеріне араласу, «басы артық» өнеркәсіптік қуатын бөлшектеп тастау, өнеркәсіптік өндірісіне бақылау жасау правосын сақтап қалды. Бірақ көп кешікпей ГФР үш мемлекеттің көптеген шек қою және бақылау жөніндегі қаулыларын жойдыртты немесе жеңілдеттірді. 1949 жылы аса маңызды кәсіпорындарды бөлшектеу тоқтатылды, 1950 жылы полициялық құрамалар деген желеумен өз армиясын құруға рұқсат етілді. 1950 жылы шілдеде ГФР Европалық Советтің, 1951 жылы сәуірде көмір мен болаттың европалық бірлестігінің мүшесі болды. 1952 жылы 26 мамырда «ГФР мен үш держава (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) арасындағы қатынастар туралы» Бонн шартына, майда Европалық қорғаныс қоғамын (ЕҚҚ) құру туралы шартқа қол қойылды. Францияның ЕҚҚ шартын ратификациялаудан бас тартуына байланысты, 1954 жылы келісімдердің жүйесі біраз қайта қаралды. 1955 жылы 5 мамырда Париж келісімдері (1954) күшіне еніп, ГФР-дің суверенитеті жарияланды. Бірақ батыс мемлекеттері ГФР-дің саясатына бақылау жасау жөніндегі бірсыпыра маңызды праволарды, оның ішінде «төтенше жағдай» жариялау правосын өздеріне қалдырды. Париж келісімдері негізінде ГФР НАТО-ға кіргізілді де, 12 дивизия жасақтауға міндеттеме алды; бундесверде 1966 жылдың өзінде-ақ 468 мың адам болды; батыс-герман өнеркәсібі оның қару-жарақ жөніндегі қажеттерінің 65%-ін қамтамасыз етті; елде 34 атом реакторы салынып, жұмыс істеді. ГФР Европалық экономикалық қоғамда (ЕӘҚ) 1957-1958 жылдар жетекші орын алды.

Қарулану және «күш көрсету саясатын» ұстаған ГФР үкіметі ГДР мен Совет Одағының герман мәселесін бейбіт демократиялық жолмен шешу жөніндегі барлық ұсыныстарын (жалпы герман Құрылтай Советін құру және бітім шартын даярлау туралы ГДР- дің 1950 жылғы 30 ақпандағы ұсынысы, жалпы герман сайлауы жөнінде бундестагаен келіссөздер жүргізу туралы ГДР Халық Палатасының 1951 жылғы 15 қыркүйектегі ұсынысы, Германиямен бітім шарты негіздерінің жобасы туралы Совет үкіметінің 1952 жылғы 10 наурыздағы ұсынысы т. б.) қабылдамай тастады. ГФР билеуші топтарының саясатына елдің демократиялық күштері батыл наразылық көрсетті. 1952 жылы Баварияда кәсіподақ мүшелері ГФР-дің ЕҚҚ-ға қатысуына қарсы жаппай бас көтерді (оған 900 мың кәсіподақ мүшесі қатысты), Әссенде еңбекшілер демонстрация, Рурдың кеншілері мен металлургтері, Гамбургтің, Солтүстік Рейн-Вестфалияның, Ганновердің, Бременнің жұмысшылары ереуілдер жасады. 1954-1955 жылдар ГФР-дегі ереуілдердің 70%-і Бонн және Париж келісімдеріне қарсы күрес ұрандарымен өтті. Бірақ та оппозициядағы күштердің бытыранқылығы, ұлтшылдық және реваншистік насихат, полицейлік қатал террор, Германия с.-д. партиясының (ГСДП; батыс-герман партиясы ретінде 1946 жылы мамырда құрылды) дәйексіз позициясы ГФР билеуші топтарының агрессиялық, антидемократиялық бағыт ұстауына мүмкіндік берді.

1955 жылы СССР мен ГФР арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. Бірақ ГФР билеуші топтарының реваншистік бағыты совет-батыс-герман қатынастарын дұрыс жолға салып, дамытуға кедергі жасады. Сонымен қатар, 60 жылдардың ортасынан бастап ГФР билеуші топтары саясатының келешексіз екені және шындыққа жанаспайтыны барған сайын айқындала түсті. Бонның батыс европалық мемлекеттер тобында үстем жағдайға ұмтылуына байланысты ГФР-дің батыс одақтастарымен қатынастағы қақтығыстары күшейді. Аденауәр үкіметінің орнына келген Л. Эрхард (1963) және К. Г. Кизингер (1966) үкіметтері бұрыңғы саясатты жалғастырып, оның мәнін «бейбітшілік сүйгіш пиғыл» туралы жалаң мәлімдемелерімен бүркемелеуге тырысты. 1964 жылы ГФР-де неофашистік ұлтшыл-демократиялық партия жария жұмыс істей бастады; көп кешікпей оның өкілдері кейбір батыс-герман жерлерінің ландтагтарына кіріп алды. Сонымен қатар ГФР-де елдің төл мүдделері мен мүмкіндіктеріне сай келетін шыншыл саясат жүргізуді жақтаған пиғылдар күшейе түсті. Мұндай пиғылдар ГСДП-нің Нюрнберг (1968) және Бадгодесбергтегі (1969) съездерінде, батыс-герман кәсіподақтары мен жастар ұйымдарының мәлімдемелерінде ашық көрсетілген. 1969 жылы ГФР-де Герман Коммунистік партиясының негізі қаланып, жұмыс істей бастады.

1969 жылы қыркүйекте бундестаг сайлауынан кейін ХДО/ХӘО өкімет билігінен тайдырылды. ГСДП мен Ерікті демократиялық партия басшыларының арасында жасалған келісімдердің нәтижесінде В. Брандт бастаған коалициялық үкімет құрылды (бұдан бұрын, 1969 жылы мамырда ХДО мүшесі, 1959 жылдан президент, отставкаға шыққан Г. Любкенің орнына с.-д. Г. Хейнеман президент болып сайланған еді). ГФР-дегі саяси күштердің орналасуында белгілі бір өзгеріс болды. 1969 жылы 28 ақпанда ГФР ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды. ГФР үкіметі суверенді мемлекеттік ретінде ГДР-дің өмір сүріп отырғанын мойындауға мәжбүр болды. 1970 жылы наурызда Эрфуртта, 1970 жылы мамырда Кассельде ГДР Министрлік Советінің председателі

В.Штоф пен ГФР канцлері В. Брандт кездесті. ГФР үкіметі күш қолданудан бас тарту мәселелері жөнінде СССР және ПХР үкіметтерімен келіссөздер жүргізді.

1970 жылы 12 тамызда Москвада СССР мен ГФР арасындағы шартқа қол қойылды; шартта екі жақ Европада болған өзгерістер негізінде бұл аудандағы жағдайды ретке келтіруге және европалық мемлекеттер арасындағы бейбіт қатынастарды дамытуға ат салысатындығы айтылды. Европадағы барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын бұлжытпай сақтауға, Европадағы шекараны, оның ішінде Одер-Нейстегі, ГДР мен ГФР арасындағы шекараны қазір де, келешекте де мызғымайды деп есептеуге екі жақ міндеттеме қабылдады. 1970 жылы 7 желтоқсанда Варшавада ПХР мен ГФР арасындағы өзара қатынастарды ретке келтіру негіздері туралы шартқа қол қойылды. Совет-батыс герман және поляк-батыс герман қатынастарын дамыту үшін қолайлы алғы шарттар жасай отырып, СССР мен ГФР арасындағы, ПХР мен ГФР арасындағы шарттар Европадағы жағдайды жақсартуға маңызды үлес қосады.

СССР мен ПХР-дің ГФР-мен жасасқан шарттары ГФР жерінде де, одан сырт жерлерде де кеңінен қолдау тапты. Ал ХДО/ХӘО блогы Европадағы шындықты мойындаудан бас тарту, «қырги қабақ» саясатына қайта оралу, ГФР-ді социалистік елдерге қарсы қою мақсатымен шарттарға қарсы шықты; блоктың реваншистік қанаты коалициялық үкіметтің парламентте көпшілік даусы жоқ екенін және экономикалық қиыншылықтарды (инфляция, қымбатшылықтың өсуі, бюджет мәселелері жөніндегі алауыздықтар) пайдалана отырып, қол қойылған шарттарды ратификациялауға жол бермеуге тырысты. Жасалған шарттарды ратификациялау мәселесі төңірегінде өріс алған күшті күрес ел ішіндегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді. Батыс Берлинге қатысты мәселелер жөнінде СССР, АҚШ, Ұлыбритания, Франция үкіметтерінің 1971 жылы 9 қыркүйекте қол қойылған келісімі ГФР-де шарттарды жақтаушылардың позициясын нығайтуға едәуір көмектесті (келісімде Батыс Берлин қазір де ГФР-дің құрамды бөлігі емес және ГФР алдағы уақытта да оған басшылық етпейді, сондықтан да ГФР Батыс Берлинмен тек осы негізде байланыс жасай алады деп көрсетілді; осының негізінде ГДР үкіметі ГФР үкіметімен және Батыс Берлин сенатымен маңызды келісім жасасты). КПСС ОК-нің Бас секретары Л. И. Брежневтің ГФР канцлері В. Брандтпен 1971 жылы 16-18 қыркүйекте Қырымда кездесуі совет-герман қатынастарын дамытудағы атаулы оқиға болды. Осындай жағдайда ХДО басшылары өзара қолайлы келісімдер жасасу үшін Брандт үкіметімен келіс сөздер жүргізуге келісті. 1972 жылы 18 мамырда бундестаг ГФР-дің Совет Одағымен (қолдап дауыс бергені - 248, қарсы - 10, қалыс қалғаны - 238) және Польшамен (қолдағаны - 248, қарсы - 17, қалыс - 230) жасасқан шарттарын көпшілік дауыспен мақұлдады, 19 майда шарттарды бундестаг мақұлдады. Ал батыс-герман парламентінің қос палатасы үкімет коалициясы мен оппозиция өкілдері белгілеген біріккен қарарды мақұлдады. 23 мамырда ГФР президенті екі шартты ратификациялау туралы заңга қол қойды.

СССР мен ГФР арасындағы, Польша мен ГФР арасындағы шарттардың ратификаңиялануы Европадағы шиеленісті бәсеңдету және бейбітшілік үшін күресуші күштердің ірі табысы болды.

Саяси партиялары, кәсіподақтары, қоғамдық ұйымдары. Христиандық-демократиялық одақ, бір тұтас ұйым ретінде 1950 жылы қалыптасты. 330 мыңга жуық мүшесі бар (1971). Батыс-герман монополияларының партиясы. Шіркеумен байланысты. Христиандық - әлеуметтік одақ, 1945 жылы негізі қаланды. Баварияда; Христиандық-демократиялық одаққа қосылады. 110 мыңнан астам мүшесі бар (1971). Германия Социал-демократиялық партиясы - батыс-герман партиясы ретінде 1946 жылы мамырда құрылған. 820 мың мүшесі бар (1971). Ерікті демократиялық партия - 1948 жылы негізі қаланған. 100 мыңға жуық мүшесі бар (1971). Ірі және орта либералдық буржуазия мен интеллигенцияның ауқатты топтарының партиясы. Германияның ұлтшыл-демократиялық партиясы - 1964 жылы негізі қаланған. Неонацистік партия. 43 мың мүшесі бар (1971). Германия Коммунистік партиясы - 1918 жылы негізі қаланған. 1945 жылы жария қызметін қайта бастады. 1956 жылы тыйым салынды. 100 мыңға жуық мүшесі болды (1956). Астыртын жұмыс істейді. Герман Коммунистік партиясы - 1968 жылы негізі қаланған. Жария жұмыс істейді. Неміс бейбітшілік одағы - 1960 жылы негізі қаланған. Прогресшіл ұсақ буржуазия интеллигенцияның кейбір топтары мен діни қауымның мүддесін қорғайды.      Демократиялық прогресс акциясы - 1968 жылы негізі қаланған. Неміс бейбітшілік одағының, Герман Коммунистік партиясының, бейбітшілік, ГФР-ді демократиялық жолмен жаңарту жолында күресуші басқа да ұйымдардың басын біріктіреді. Оған жеке адамдар да мүше бола алады. Неміс кәсіподақтарының бірлестігі - 1949 жылы негізі қаланған. Жалпы саны 7 млн-ға жуық мүшесі бар (1971), 16 кәсіподақтың басын біріктіреді. Ерікті кәсіподақтардың халықаралық конфедерациясына (ЕКХК) кіреді. Неміс жастарының федералдық айналымы - 1969 жылы негізі қаланған; жастардың аса ірі одағы. Жалпы саны 6,5 млн. мүшесі бар (1968), 14 ұйымның басын біріктіреді.

ГФР-де ондаған ревангаистік одақтар әрекет етеді. Солардың ең ірісі - «Қуылғандар одағы» - 1958 жылы негізі қаланған. 2,5 млн-ға жуық мүшесі бар (1968). 23 землячествоның басын біріктіреді. «Шығыстың неміс жастары» атты жастар ұйымы бар.

Экономикасы. ГФР-дің экономикасы 50 жылдарда және 60 жылдардың басында жедел дамыды. Ол өнеркәсіп өндірісі (1970 жылы 9,7%) мен экспорт көлемі жөнінен капиталистік дүниеде 2-орынға (АҚШ-тан кейінгі) шықты, кредит беруші және алтын-валюта ұстаушы екінші елге айналды. ГФР жалпы ұлттық өнім мөлшері жөнінен капиталистік елдер арасында АҚШ пен Жапониядан кейінгі (1968 жылдан) орында келеді.

ГФР-де ондаған орасан зор әскери өнеркәсіп концерндері мен ірі банкілер мемлекетпен бірігіп, жоғары дамыған мемлекеттік-монополистік капитализм орнатты. Ол - халықаралық мемлекеттік-монополистік бірлестіктердің (Европалық Экономикалық Ынтымақтың, Евроатомның т. б.) мүшесі.

Өнеркөсібі. ГФР - жоғары дәрежеде дамыған индустриялы ел. Ұлттық табысының жарымынан астамын өнеркәсіп береді. 1939-1945 жылдардағы 2-дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан бері өндіріс көл. 4 есе өсті. Өнеркәсіптің құрылымында елеулі өзгерістер болып жатыр: өңдеу өнеркәсібінің, әсіресе жаңа салалардың және соғыс өнеркәсібінің үлесі өсуде, ал оған керісінше - көмір, темір рудасы, тоқыма өнеркәсібі салаларында дағдарыс, өндірістің қысқаруы байқалуда. Импорттық шикізатқа тәуелділік өсті.

Отын-энергетика шаруашылығы қатты өзгеріске ұшырады. Отынды пайдалануда мұнай 1-орынға шықты (негізінен импорт есебінен, өзінде 1970 жылы 8 млн. т шама мұнай өндірілді), табиғи газдың үлесі өсуде (12 млрд. м3 газ өндірілді). 50-60 жылдарда Роттердам - Кёльн, Вильгельмсхафен - Кёльн, Марсель – Карлсруэ - Ингольштадт мұнай құбырлары салынды. Генуя мен Триестен Ингольштадтқа мұнай құбырлары тартылды. Бірнеше мұнай айыру з-дтары салынды (жалпы қуаты 127 млн. т, 1970). Мұнай айыру өндірісі негізінен шетел (американ, ағылшын) капиталының бақылауында. Газ құбырын тарту және совет газын ГФР-ге сату жөнінде СССР-мен келісім жасалған. Рур және Саар бассейндерінен тас көмір (111 млн. т, 1970). Төменгі Рейн бассейнде қоңыр көмір (108 млн. т, 1970) өндіріледі. 1970 жылы 238 млрд. квт-сағ электр энергиясы өндірілді. Рудалық қазынды байлықтардан (1969) темір (2 млн. т), қорғасын (39,3 мың т), мырыш (116,5 мың т), мыс (1,4 мың т) рудалары және бейрудадан калин тұзы (2,6 млн. т, 1969) өндіріледі. 1970 жылы 33,7 млн. т шойын, 45 млн. т болат қорытылды.

Өнеркәсібінің аса маңызды салалары - машина жасау, электротехникалық және химиялық өнеркәсібі. ГФР экспортқа автомобиль (1,9 млн., 1970) мен станок шығару жөнінен капиталистік дүниеде 1-орында. 1970 жылы 3,8 млн. автомобиль (оның ішінде 0,3 млн. жүк машиналары мен автобустар), 110 мың трактор жасалды. Ірі концерндері - «Фольксваген», «Даймлер-Бенц», «Форд» және «Дженерал Моторс» қарамағындағы «Опель». Ауыр машина және станок жасау кәсіпорындары Рейн-Вестфалия ауданында, кеме жасау - Килде, Гамбургте, Бременде, авиация-ракета өнеркәсібі Мюнхен мен Бременде шоғырланған. ГФР электротехникалық өнімдерін экспортқа шығарудан капиталистік дүниеде 1-орын алады.

Батыс-герман химиялық өнеркәсібі капиталистік дүниеде алдыңғы орындардың бірінде. Синтетикалық талшық пен пластмасса өндіру күрт өсті, олардың 80%-і мұнай мен газдан өндіріледі. Калий (2 млн. т-дан астам), азот (1,5 млн. т-дай) тыңайтқыштарын, сода, бояу, дәрі-дәрмек жасау дамыған. Құрылыс материалдары (әсіресе цемент), тоқыма өнеркәеіптерінің ірі кәсіпорындары бар.

Ауыл шаруашылығы ұлттық жалпы өнімнің 4%-ін береді. 1945-1965 жылдар аралығында жеке шаруашылық саны 500 мыңға азайды. Ұсақ шаруашылықтар күйзеліп, ірі капиталистік шаруашылықтар күшеюде. Ауыл шаруашылық жоғары дәрежеде механикаландырылған, тыңайтқыш мол қолданылады, өнімділігі жоғары; ол ел қажетінің 75%-ін өтейді. Барлық жерінің 57%-і ауыл шаруашылығына пайдаланылады, оның жарымынан астамы жыртылған. Ауыл шаруашылығының басты саласы - мал шаруашылығы (14 млн-дай мүйізді ірі қара, 19 млн-нан астам шошқа, ол барлық өнімнің 75%-ін береді). Маңызды дәнді дақылдары - бидай (1970 жылы 5,7 млн. т шамасында), күздік бидай (2,7 млн. т), сұлы (2,5 млн. т), арпа (4,8 млн. т). Басқа дақылдардан картоп (16 млн. т), қант қызылшасы (13,8 млн. т) егіледі. Рейн өзенінің алабында жүзім өсіріледі. Барлық жерде бақша, жеміс шаруашылығы дамыған.

Транспорты. Жүк айналымы жөнінен темір жол 1-орын алады. Темір жол ұзындығы 30 мың км-дей, оның 1/3 бөлігі әлектрленген. Тасымалдың 20%-і автотранспорттың үлесіне тиеді. Автомобиль жолдарының ұзындығы 163,5 мың км. Автопаркінде 16,8 млн. машина бар. Тасымалдың 25%-тейі өзен мен каналдар жүйесіндегі кеме қатынасының үлесіне тиеді. Ел ішінде мұнайдың 80%-і құбыр арқылы тасылады (магистральдық құбырларының ұзындығы 1,6 мың км).

Теңіз флотының тоннажы - 8,4 млн. рег-бр. т (1970). Ірі порттары - Гамбург (жүк айналымы 47 млн. т), Вильгельмсхафен, Бремен, Бремерхафен, Эмден. Азаматтық авиация мемлекеттік «Люфтганза» компаниясының монополиясында. Басты аэропорттары: Майндағы Франкфурт, Кёльн-Бонн.

Сыртқы экономикалық байланыстары. Экспортқа мемлекеттік тарапынан үлкен көмек көрсетіледі. Экспорттағы дайын өнеркәсіптік бұйымдарының үлесі 85% (машина жасау, әлектротехника, химиялық өнеркәсіптік онімдері). ГФР экспортының 70%-і Батыс Европа, Азия елдеріне және АҚШ-қа шығарылады. Импортының 55%-тейі Батыс Европа елдерінен келеді. Батыс Германия сыртқы саудасының 6%-і социалистік елдердің үлесіне тиеді. СССР-ден мұнай, ағаш, түсті металдар, шитті мақта алады, СССР-ге машина, кеме, химикаттар, трубалар сатады. Ақшасы - ГФР маркасы.

Денсаулық сақтау ісі. 1969 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда, баланың тууы 14,8, адамның өлімі 12,2; тірі туған әрбір 1000 баладан өлгені 23,4. Адам өмірінің орташа ұзақтығы ерлерде 67 жас, әйелдерде 73 жас. Елде жүрек қантамыр аурулары және қатерлі ісік сияқты аурулар көп таралған. 1968 жылы 665,5 мың төсектік 3618 аурухана, 103,4 мың дәрігер болды. Дәрігерлерді университеттердің 18 медицина факультеті және медицина академиясы дайындайды. ГФР-де Ахен, Баден-Баден, Бад-Вильдунген, Висбаден, Бад-Киссинген, Бад-Наухейм т. б. курорттар бар.

Оқу-ағарту ісі. Қазіргі оқу жүйесі 50 жылдардың бас кезінде енгізілген. Мемлекеттік тарапынан ашылған мектепке дейінгі мекемелер жоқ. Міндетті оқу 6 жастан басталады. Бастауыш мектептер 4 жылдық. Оны бітіргеннен кейін жалпы білім беретін мектепке түсуге право беріледі. Мұндай мектептің 3 түрі бар: негізгі мектеп (9 жылдық), реалды мектеп (10 жылдық) және гимназия (13 жылдық). 9 жылдық мектеп кәсіпшілік мектебіне түсуге право береді. Реалды мектеп кіші және орта қызметкерлер дайындайды және арнаулы орта оқу орнына түсуге мүмкіндік береді. Тек гимназия ғана оңушыларды кәмелеттік аттестат алуға әзірлеп, жоғары оқу орнына емтихансыз түсуге право береді. Жоғары оқу орындары (университеттер, техникумдар, педагогикалық институттар т. б.) гимназия мен арнаулы орта оқу орындары бастауыш мектеп негізінде құрылған. Оларда оқу мерзімі – 3-6 жыл. Ірі университеттері Бохумде, Боннда, Дюссельдорфта, Гамбургте, Кёльнде, Гёттингенде, ГФР-де 5 ҒА, 170-тен астам ғылыми-зерттеу институттары, 200-ге жуық ғылыми қоғамдар бар. Ірі кітапханалары: Мунихтегі Бавар мемлекеттік кітапханасы (2,5 млн. томнан астам), Марбургтегі мемлекеттік кітапхана (2,2 млн. том), Гамбург университеті жанындағы кітапхана (1 млн. томнан астам). ГФР-де 80-нен астам әр түрлі музейлер мен көркемсурет галереялары жұмыс істейді.

Баспасөзі, радиохабары, телевизиясы. ГФР-де 151 күнделікті және жексенбілік, 8 апталық газет т. б. басылымдар шығады (1971). ГФР баспасөзі ат төбеліндей монополистік топтардың бақылауында, олардың ішіндегі ең ірілері: «Аксель Шпрингер унд зон» акционерлі қоғамы, Бауэр, Грюнер, Бурда баспалары. Шпрингер газет, журналдары реваншистік, антикоммунистік және антидемократиялық идеяларды насихаттауда жетекші роль атқарады. ГФР газеттері «партиядан тыс», тәуелсіз деп жарияланғанмен, олар Христиандық-демократиялық одақ, Христиандық-әлеуметтік одақ, Германия социалистік демократиялық партиясы (ГСДП), Ерікті демократиялық партия (ЕДП) мен әр түрлі монополистік бірлестіктердің мүдделерін көздейді. Шпрингердің Гамбургте шығатын «Бильд-цайтунг» (1952), «Бильд-цайтунг ам зонтаг» (1952), «Велы ам зонтаг» (1946), «Ди Вельт» (1946) «Гамбургер абендблатт» (1948) т. б. газеттері мен «Рур нахрихтен (1949), «Рейнише пост» (1946), «Мюнхнер Меркур» (1946) газеттері т. б. бірсыпыра басылымдар ХДО/ХӘО блогының сойылын соғады. ГСДП орталық органы - «Форвертс», «Вестдойче альгемайне» (1948), «Нейе Рур-цайтунг» (1946), «Кельнер штадт-Анцайгер» (1876), «Франкфуртер Рундшау» (1945) т.б. газеттер ГСДП саясатын қолдайды. «Зюддойче цайтунг» (1948) газеті мен «Дер шпигель» (1947) апталық журналы либерал буржуазия мен интеллигенцияның көзқарастарын білдіреді. Германия Компартиясы (ГКП) ОК органы - «Фрайес фольк» (1956) құпия басылады. 1969 жылдан ГКО «Унзере йайт» газетін шығарып тұрады.

ГФР информациялық-телеграф агенттігі - Дойче Прессе-Агентур 1949 жылдан жұмыс істейді. 1971 жылы 2 жаңа агенттік - «Дойчер Депешендинст», «Прогресс Прессе Агентур Гмбх» құрылды.

ГФР-де ішкі радиохабары 8 радиостанция арқылы, шетелдерге арналған хабар 30 тілде 2 радиостанция арқылы беріледі. Телевизия хабарлары 2 программа бойынша жүргізіледі.

Әдебиеті. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдар әдебиетінің өкілдері фашизм алапатын көзбен көріп, ел өмірімен біте қайнасқан жазушылар болды. В. Борхерттің (1921-1947) өлеңдерінде, әңгіме-очерктері мен «Есік сыртында» (1947) атты драмасында, Г. В. Рихтердің (1908 ж. т.) «Жеңілгендер» (1949), «Олар тәңірі қолынан түскен еді» (1951) романдары мен Р. Эйхтің (1907-1970), Элизабет Ланггессердің (1899-1950) романдарында, ақын Р. Хагельштангенің шығармаларында, К. Цикмайердің (1896 ж. т.) «Сайтанның генералы» (1946) драмасы мен Г. Белльдің (1917 ж. т.) эңгіме, повесть, алғашқы романдарында («Поезд өз уақытында келеді», 1949; «Адам, сен қайда едің?», 1950) сол аласапыраң соғыс пен соғыстан кейінгі жылдардың қайғылы көріністері кеңінен бейнеленген. Г. В. Рихтердің басшылығымен 1947 жылдан 1970 жылға дейін өмір сүрген «47-лер тобы» деп аталған әдеби бірлестікте қаы құйлы фашизмнің масқаралық қылмыстарын батыл әшкерелейтін шығармалар үздіксіз талқыланып, таңдаулы авторлар сол топтың лауреаты атағына ие болды (Г. Эйх, 1950; Г. Белль, 1951; Ингеборғ Бахманн, 1953; М. Вальзер, 1955; Г. Грасс, 1958; И. Бобровский, 1962). Осы тұста күні өткен көне ұлтшылдықты көксейтін Г. Бауэр, Э. Двингер, П. Юнгер тәрізді реакционер жазушылардың шығармалары да жарық көрді. Алайда, бұлар демократиялық бағыттағы прогресшіл әдебиеттің қарыштап дамуына бөгет бола алған жоқ.

ГФР құрылғаннан кейінгі (1949) өндіріс пен сауданың, экономиканың күрт әрлеп дамуы әдебиетке де өз ықпалын тигізді, бір топ жазушылардың творчествосы жаңа сипат, тың мазмұн алды. Әлемге әйгілі Г. Белль өзінің «Бір ауыз сөз де айтқан жоқ», «Иесіз үй» т. б. романдары мен публицистикалық шығармаларында осы күнгі қоғамдық дамудың шешілмеген қатпарлы қайшылықтарын, нацизм мен милитаризмнің сарқыншақтарын батыл әшкереледі. Сондай-ақ Г. Грасстың «Қаңылтыр барабан» (1959), «Итшілеген жылдар» (1963) романдарының жарық көруі де ГФР әдебиетінде елеулі оқиға болды.

1960 жылдары саяси «Әсіресолшыл» сипатты жазушыларға (П. Вайс, Г. М, Энңенсбергер, Карзунке, Бух т. б.) қарсы мәнерлі тіл ұстарту бағытын ұстанған жас әдебиетшілердің (Ю. Бекер, Габриелла Воман, П. Хандке т. б.) күресі үдей түсті. Сөйтіп әдебиетте өмірді қаз қалпында қирата бейнелейтін «неонатуралист» жазушылар (М. Шпеер, Г. Бауэр) қалыптаса бастады.

Немістің прогресшіл әдебиеті өкілдерінің шығармаларынан қазақ тіліне аударылғаны - Г. Белльдің «Адам, сен қайда едің?» романы (1967).

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. ГФР архптектурасының өркендеуі өнеркәсіптік құрылыстың өсуімен байланысты. Өнеркәсіп, транспорттық және инженерлік құрылыстар мен фирмаларды, кеңсе гимараттарын салуда (арх. П. Шнейдер-Эслебен, Ф. Леонхардт, X. Хентрих, X. Печнигг, Э. Шеллинг) немістік функционализм дәстүрі кең қолданылғанымен, біржақтылық басым болды. Тіреуішті, аспалы конструкциялы, шыны тәрізді қабырғалардан тұрғызылган құрылыс түрлері кең өріс алды. Кассель, Кпль, Бремен, Мюнхен т. б. қалаларды қалпына келтіру, қайта салу тұсында транспорттың жүріс-тұрысына зор көңіл бөлінді.

Бейнелеу өнері көп жылдар бойы фашистік үстемдікке тәуелді болдқі. Дүние жүзілік прогресшіл мәдениеттен оқшауланып, модернистік, негізінен американдық өнердің ықпалынан шыға алмады. Сюрреалистік фантастикаға бой ұрудан кейін (суретшілер М. Циммерман, Э. Энде) 1950 жылдың орта шенінде абстракті өнер үстемдік етті (суретшілер Т. Вернер, Ф. Винтер, т. б.). Модернистік жаңа бағыттар да кең таралды (X. Р. Альверман). Неміс өнерінің гуманистік дәстурлері алғашқы буынның творчествосында сақталған (К. Шмидт-Ротлуф, О. Дикс, Г. Маркс т. б.). Суретшілер В. Гайгер, В. Кольберг, А. П. Вебер, К. Шеллеман, А. Хайнцингер, К. Хуббух, мүсіншілер X. Виммер, Р. Штеффеннің реалистік творчествосы реакциялық күштерге қарсы күресуші жұмысшы және демократиялық қозғалыспен байланысты дамуда.

Музыкасы. Соғыстан кейінгі музыкалық өнері қазіргі буржуазиялық өнерге тән қайшылықтар тенденциясының өсерімен дамуда. К. Орф, К. А. Хартман, В. Эгк, И. Н. Давид, В. Фортнер, X. В. Хенце сынды музыка шеберлері болса да немістің классикалық музыкалық дәстүрін ұстанып, өз творчестволарында өмірдегі елеулі оқиғалар мен гуманистік идеяларды көрсетуге талпынды. Сонымен қатар, ГФР өсіресе авангардшылдық ағымдарға кең жол ашып, музыкалық өнерінің озық дәстүрінен бас тартқан экспериментаторлық орталыққа айналып отыр. Мұнда авангардшылдық фестивальдар мен семинарлар (Дармштад, Донауэшинген, Кёльн) жиі өткізіліп тұрады. Орындаушылық өнері жоғары сатыға көтерілген. Европадағы озық коллективтердің қатарында Рейндегі Неміс операсы, Гамбург пен Мюнхендегі опера театрлары мен бірқатар симфониялық және камералық оркестрлерді атауға болады. ГФР-де қазіргі дәуірдің көптеген көрнекті дирижерлері мен музыкалық аспап орындаушылары, әншілері бар. Жыл сайын музыканттардың ұлттық масштабтары және халықаралық конкурстар өткізіледі. ГФР-дегі барлық опералық театрларда балет труппалары бар. Солардың ең ірілері: Штутгарт, Мюнхен, Дюссельдорф, Гамбург, Ганновер, Франкфурт, Кёльн, Вупперталь қалаларында.

Театры. 1945 жылдан кейінгі Батыс Германияның прогресшіл театр қайраткерлері неміс театрының озық дәстүрлерін қайта жаңғыртуға кірісті. 1933 жылға дейін немесе эмиграцияда жүріп жазылған пьесалар және фашистік диктатура тұсында театр сахнасына қойылуға мүмкіндігі болмаған шығармалар жиі қойыла бастады. Алайда, фашистік өкіметтің тежеуі салдарынан В. Борхерттің «Есік сыртында» (1947) пьесасынан басқа көптеген антифашистік пьесалар (Ф. Вольф, Б. Брехт) репертуарға енбей қалды. ГФР құрылғаннан кейін, (1949) бірқатар театр үйлері (Мюнхендегі «Резиденц-театр», Мангейм ұлттық театры) қалпына келтіріліп, қайта салынды. Сонымен қатар, американ т. б. шетел авторларының сауықшыл пьесалары мен ревю, музыкалық шолуларын насихаттайтын коммерциялық театрлардың саны көбейді. Бірқатар драма театрларының репертуарларынан абсурдтық театр шығармалары (С. Беккет, Э. Ионеско т. б.) деп аталатын абстракті-символикалық стильдегі спектакльдер орын алды. Бұл спектакльдерде пьесаның мазмұнын ашу жолында жосықсыз түрлі әдістер қолданылды. Кейбір алдыңғы қатарлы театр қайраткерлері ұлттық театрдың реалистік дәстүрлерін дамытуға тырысты. Олар неміс классиктерін, сондай-ақ, Н. В. Гоголь, А. Н. Островский, А. П. Чехов пьесаларын, Г. Ибсен, Б. Шоу, Ф. Дюрренматтың драмаларын, қазіргі Батыс Германия драматургтерінің (Э. Сильванус, X. Киппхардт, X. Дорст) антифашистік, соғысқа қарсы сарында жазылған шығармаларын қойды. Майндағы Франкфуртте, Гамбургте, Нюрнбергте Б. Брехт. пьесаларының қойылуы - театр өмірінде елеулі оқиға болды.

Киносы. ГФҒ құрылғаннан кейін, (1949) экрандарда американдардың мейрампаз кинолары және соған еліктеген жергілікті кино комедиялар көрсетілді. 50-60 жылдары фашизм мен милитаризмді, пасықтық пен арсыздықты өшкерелеуші киношығармалар болса да шығарыла бастады: «Кёпениктен келген капитан» (1956, реж. X. Кёйтнер), «Прокурор мырзаға арналған роза гүлі» (1959), «Жәрмеңке» (1960), «Ерлер серуені» (1964. реж. В. ІІІтаудте), «Көпір» (1959), «Малахиас атайдың кереметі» (1961, реж. В. Викки) т. б. Бірақ, бұл фильмдердің режиссерлері көбіне мораль мәселесінен әрі аса алмайтын, мағынасы тайыз фильмдер шығаруға мәжбүр болды. Кино репертуарын кинематографияны финанспен жабдықтаушы «Неміс банкісі» және «УФА» киноконцерні басқарады. Бұл концернмен байланысты студияларда жұмыс істейтін режиссерлер фашизмді жақтайтын фильмдер шығаруға маманданады. Батыс Германия фильмдерінің дені - фашизмді Гитлерге ғана теліп, басқа соғысқұмарларды отанның адал ұлы ретінде суреттейді (мыс., К. Цукмайердің пьесасы бойынша жасалған «Жын-шайтан генералы» фильмі, 1955, реж. X. Кёйтнер). Бейбастақтық, немқұрайлылық, қатыгездік мінездерді паш ететін фильмдер де шығарылады. Порнографиялық, үрейлі фильмдер өте жиі көрсетіледі.

Көркемсуретті фильмдерді экранға шығаруға мемлекеттің айтарлықтай көмек бермеуі және телевизияның бәсекелестігі салдарынан ГФҒ кинематографиясы зор дағдарысқа ұшырап, көптеген кинофирмалар мен кинотеатрлар жабылып қалды. Жекеленген режиссерлер киноөнерінің прогресшіл бағытын дамытып, реваншизм мен милитаризмге қарсы бағытталған - «Розмари деген қыз бар» (1958, реж. Ғ. Тиле), «Зеректерге арналған ордендер» (1965, реж. Ғ. Эрлер), «Келіспегендер» (1966, реж. Ж. М. НІтрауб), «Мерзімі - жеті күн» (1969, реж. А. Форер) сияқты фильмдер жасады, Киноактерлері: М. Адорф, М. Шелл, О. В. Фишер, К. Юргенс, М. Хельд т. б. 1970 жылы 100 көркемсуретті фильм жарық көрді, оның 30-ға жуығы басқа елдермен бірігіп жасалған. 3600 кинотеатр бар (1971).

Әдеб.: Лавров С. Б. География промышленности ФРГ. -Л., 1967; Сокольников Г. О. ФРГ: современные тенденции в экономике. -М., 1971; Наумов П. А. Бонн - сила и бессилие. 2 изд., -М., 1967; Восленский М.С. Внешняя политика и партии ФРГ. -М., 1961; Шумский В.С. Политика без будущего. Антикоммунизм правых лидеров СДПГ. -М., 1967; Фрадкин И. М. Литература новой Германии. -2 изд., М., 1961.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-10-12 16:04:09     Қаралды-2980

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »