UF

САН-МАРИНО, Сан-МариноРеспубликасы (Republica di San Marino) - Оңтүстік Европадағы мемлекет. Апеннин түбегінде. Италия территориясымен қоршалған. Тоскано-Эмилия Апеннинінің солтүстік-шығыс етегінде, Титано (биіктігі 738 м-ге дейін) қыратының беткейлеріне орналасқан. Жері 61 км2. Халқы 33,4 мың (2019); 20мыңнан астам Сан-Марино тұрғындары Италияда, Францияда, АҚШ-та тұрады. Астанасы - Сан-Марино. Қалалары -Серравалле, Борго-Маджоре, Фаэтано, Къесануова, Монтеджардино, Фьорентино, Доманьяно, Аккуавива. Әкімшілікжағынан замоктарға (округтарға) бөлінеді. Ресми тілі - итальян тілі. Дін- католицизм. Календарь григориандық б. з. 301 жылынан бастап санайтын жергілікті календар да қолданылады.

Мемлекеттік құрылысы. Сан-Марино- республика. Мемлекеттік жоғары өкімет органы - Үлкен бас совет деп аталатын бір палаталы парламент (құрамында 60 депутат) 5 жылға сайланады. Мемлекет басшылығы мен атқарушы органдарды басқару функциясы әрбір 6 айда капитан-регенттері тағайындалатын 2 депутатқа жүктеледі. Сонымен қатар 10 департамент басшыларынан құралатын конгресте атқарушы өкімет органы болып саналады. Сот билігін әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер комиссионерлері жүргізеді. Жоғары сот міндетін көбінесе 12 мүшесі бар Совет жүзеге асырады.

Тарихы. Сан-Мариноның негізі 301 жылы қаланды деп саналады. Аңыз бойынша Сан-Мариноның негізін далмациялық тас қалаушы Марино қалаған, кейіннен ол қасиеттілер қатарына жатқызылған («сан» деген қосымша осыдан шыққан). Кейін Сан-Марино Равенна экзархтығы мен Лангобард корольдығына қарады. 11-13 ғасырларда Сан-Марино территориясы сатып алынған көрші жерлер есебінен кеңейтілді. Бір тұтас Италия мемлекеті құрылғаннан (1861) кейін, 1862 жылыСан-Марино Италиямен достық, көршілік қатынас туралы шарт (1872, 1897 және 1953 жылдары қайталанды) жасады. Шарт бойынша, Сан-Марино Италия протекторатын мойындады. Италияда фашистердің өкімет басына келуіне (1922) байланысты республикада фашистік элементтер жандана бастады. Фашистер елде демокр. атаулының бәрін жойып, оппозициядағы партияларды қуғынға салды, коммунистік партияны (1921 жылыақпанда негізі қаланған) талқандады.

2-дүние жүзілік соғыс (1939-1945) кезінде Сан-Марино бейтараптық жариялады. 1941 жылы қайта құрылған компартия елде антифашистік ереуіл ұйымдастырды. 1944 жылы 4 қыркүйекте Сан-Марино территориясын неміс- фашистік әскерлері басып алды. 1944 жылықыркүйектің аяғында оларды ағылшын-американ әскерлері қуып шықты.

1945 жылғы (наурыз) Парламент сайлауында антифашистік партиялар блогы жеціп шығып, Үлкен советте 40 орын алды. 1956 жылыСан-Марино мен СССР арасында консулдық қатынас орнады.

1957 жылы республиканың реакцияшыл күштері итальян билеуші топтарыныц қолдауымен мемлекеттік төңкеріс жасап, «уақытша үкімет» құрды. 1964 жылғы сайлауда коммунистер 14, социалистер 6, христиан демократтары 29, социал-демократтар 10 орын алды. 1966 жылдың аяғында елдегі демократиялық күштердің қысымымен христиан демократтары социал-демократтармен коалициялық одақты қалпына келтірді. 1972 жылыСан-Марино үкіметі Қарусыздандыру жөніндегі бүкіл дүние жүзілік конференцияны шақыру идеясын қолдайтынын жариялады, ал 1974 жылықаңтарда бактериологиялық және токсин қаруына тыйым салу жөніндегі конвенцияға қол қойды. Сан-Марино делегациясы Европадағы қауіпсіздік және ынтымақ, өзара қарым-қатынас жөніндегі кеңеске қатысты.

Саяси партиялары мен кәсіподақ бірлестіктері. Христиапдық-демократиялық партия. 1945-1948 жылдар негізі қаланды. Сан-Марино Коммунистік партиясы 1921 жылы негізі қаланды. Социалистік партия. 19 ғасырдың аяғында негізі қаланды. Тәуелсіз социал-демократиялық партия. 1955 жылы негізі қаланды. Бас еңбекконфедерациясы. Кәсіподақтардың бүкіл дүние жүзілік федерациясына кіреді. Еңбекшілердіц демократиялық конфедерациясы т. б.

Шаруашылығы.Сан-Марино - экономикасы көршілес мемлекеттерге тәуелді, мешеу ел. Өнеркәсібі мен майдагерлік өндірісі елдің ішкі керегін және шетелдік туристерді қамтамасыз етуге ғана негізделген. Мата тоқу (жүн және трикотаж бұйымдарын шығарады), цемент, қағаз, былғары, металл өңдеу, химия, мебель, керамика (негізінен майолика және шыны бұйымдары) кәсіпорындары бар. Жер қойнауынан құрылыстық тастар және күкірт өндіріледі. Ауыл шаруашылығында ұсақ шаруашылықтар үлесі басым. Ауыл шаруашылық жері 1 мың га (1971). Негізінен дәнді дақылдар егіліп, жүзім өсіріледі. Сан-Марино өзінің сыртқы сауда байланысын Италия порты Римнің қ. арқылы жүзеге асырады. Сыртқы сауда айналымының негізгі бөлік; Италияның үлесіне тиеді. Сан-Мариномемлекеттік бюджетінің 1/3 бөлігі шетелдік турист болды (1974 жылы мұнда 3 млн. тур болды), почта маркілерін, сувенир арнаулы Сан-Марина металяақшасын таратудан, сатудан түседі. Сан-Мариножәне Италия арасында таможнялық және почталық одақ құрылған. Елдегі радиотелевизия орталықтарынан, ойын үйлерінен түскен Италия табысына және елге әкелінетін итальян бұйымдарына таможнялық салық салынбайтындығына байланысты Сан-Мариноға Италия жыл сайын компенсаңия төлейді. Ақшаөлшемі - итальян лирасы.

Оқу-ағартуісін ұйымдастыруда 1946 жылғы устав басшылыққа алынады. Барлық мектептер мемлекет қарамағында. Міндетті оқу жасы 6-14 жас аралығы. Балалар алты жастан 5 жылдық бастауыш мектепке түседі. Орта мектеп 3 жылдық орталау және 5 жылдық толық орта мектептен тұрады. 1969-1970 оқу жылында 18 бастауыш мектепте 1580 бала, бір орта мектепте 840 бала оқыды.

Сан-Марино қаласында Мемлекеттік кітапхана, Мемлекеттік архив, Мемлекеттік музей, Мемлекеттік сурет галереясы, Көне қару-жарақ музейі бар.

Әдеб.: Матвеев Г. П., Андорра. Лихтенштейн. Монако. Сан-Марино, М., 1959.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-10-02 16:08:51     Қаралды-1261

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »