САН-ТОМЕ ЖӘНЕ ПРИНСИПИ (Sаn Тоmе еnd Рrіnсіре), Сан-Томе және Принсипи Демократиялық республикасы - Орталық Африканың батыс жағалауындағы Сан-Томе (836 км2) және Принсипи (128 км2) аралдарында орналасқан мемлекет. Гвинея шығанағы қоршап жатыр. Жері 964 км2. Халқы 163,0 мың (2009). Астанасы - Сан-Томе қаласы.
Мемлекеттік құрылысы. 1975 жылы 12 шілдеде Ұлттық жиналыс Сан-Томе және Припниспиді тәуелсіз демократиялық республика деп жариялады. Сан-Томе және Припниспидің тәуелсіз мемлекет болуы Португал отаршыларына қарсы 1950 жылдардан бері жүргізген ұлт-азаттық қозғалысының нәтижесі.
Табиғаты. Сан-Томе және Принсипи жері негізінен базальт қабаттарынан түзілген. Сөнген вулкан конустары (ең биік жері 2024 м, Сан-Томе аралында) жақсы сақталған. Бұлардың кратерлерінде шағын көлдер пайда болған. Принсипи аралының климаты экваторлық, өне бойы ылғалды келеді; Сан-Томе аралында экваторлықтан бірте-бірте жаңбырлы (қазан-мамыр) және қуаң (маусым-қыркүйек) маусымдары кезектесіп отыратын тропиктік климатқа ауысады. Айлық орташа температура 23-27°С. Жылдық жауын-шашыны 1000-3000 мм. Көпшілік жөрінде ылғалды экваторлық қалың орман өседі. Өзен сағаларында мангралық өсімдік жамылғысы қалыптасқан.
Халқы. Елдің қазіргі халқы 15-16 ғасырларда Анголадан, Мозамбиктен, Жасыл Мүйіс аралдарынан плантациялық жұмыстар үшін осында әкелінген африкалықтардың ұрпақтарынан құралған. 1,2 мыңдай европалықтар (негізінен португалдықтар) тұрады. Қала халқы 10%-ке жуық (1970). Ресми тілі - португал тілі. Діні - католицизм. Ресми календары - григориандық.
Тарихы. 15 ғасырларда аралдарды португалдар ашты да өз иелігіне айналдырды. Қант плантацияларында жұмыс істету үшін аралдарға африкалық құлдар коптеп әкелінді. 16-17 ғасырларда Сан-Томе аралы Африка, Вест-Үндістан және Бразилия аралығындағы құл саудасында маңызды өтпелі база болды. Португал өкімет орындары аралдарда африкалықтардың еңбегін кең көлемде зорлап пайдаланып, аралдарға Ангола меп Мозамбикте контракт жасалған жұмысшыларды жылма-жыл мыңдап әкеліп отырды. Сан-Томе және Принсипи халықтары португал отаршылдарына қарсы сонау 16 ғасырдың басында-ақ күреске шықты: Сан-Томедегі 1517 жылғы көтеріліс, 16 ғасырдын аяғында аралдарда болған көтеріліс т. б. 1953 жылы аралдарда 20 ғасырдағы ең ірі көтеріліс болып өтті. Азаттық қозғалысты 1960 жылы құрылған Сан-Томе және Принсипиді азат ету Комитеті басқарды. Комитет 1972 жылы Сан-Томе және Принсипи аралдарын азат ету жолындағы қозғалыс (МЛСТП) болып қайта құрылды. 1974 жылы қарашада қозғалыс делегациясы мен португал үкіметінің (1974 жылғы революция төңкерістен кейін өкімет басына келген) өкілдері Сан-Томе және Принсипиге тәуелсіздік беру туралы келісімге қол қойды. 1974 жылы желтоқсанда МЛСТП мен Португалия өкілдерінің қатысуымен өтпелі үкімет қойылды. 1975 жылы 12 шілдеде Ұлттық жиналыс Сан-Томе және Принсипиді тәуелсіз Демократиялық Республика деп жариялады.
Экономикасы. Сан-Томе және Принсипи - өнеркәсіп салалары дамымаған аграрлы ел. Ұлттық табыстың көпшілік бөлігі ауыл шаруашылығынан түседі. Экономикасы елдің бұрынғы метрополиясы Португалиямен тығыз байланысты. Территориясының 2/3-не жуығы өңделеді. Басты дақылдары мен жемістері (көбіне экспортқа) - какао (33 мың га, 10 мың т, 1972), кофе (500 га, 140 т, 1972), майды (2,5 мың т дән, 1 мың т май) және кокосты (49 мың т жаңғақ, 6,5 мың т копра) пальма, банан. Елдің ішкі қажеті үшін тары, маниок, жүгері, ямс егіледі. Мал шаруашылығы егіншілікке қосалқы роль атқарады. 1972 жылғы мал басы (мың): мүйізді ірі қара 3, шошқа 3, қой 2, ешкі 1, үй құсы 6 (5 мың тауық, 1 мың, күрке тауық). 1972 жылы 0,9 мың т балық ауланды. Теңізден тасбақа, сегізаяк ұлу т. б. да ауланады. Ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдейтін (ұн тарту, сабын қайнату, пальма майын алу т. б.) шағын кәсіпорындары бар. 5,4 млн. квт-сағ электр энергиясы өндіріледі. Автомобиль жолының ұзындығы 340 км (1972). Шетке ауыл шаруашылық шикізаттарын шығарады. Өзі басқа елдерден онеркәсіп және мұнай өнімдерін, цемент алады. Басты сыртқы сауда серіктесі -Португалия. Ақша өлшемі - Сан-Томе эскудосы.
Денсаулық сақтау ісі. 1970 жылы әрбір мың адамға шаққанда баланың тууы 53,7, адамның өлімі 15,1, тірі туған әрбір мың баладан өлгені 35,1. Елде жұқпалы және паразиттік аурулар көбірек тараған. 1968 жылы 7 мың адамның безгекпен ауырғаны тіркелген. 1969 жылы елде 18 дәрігер (3,3 мың адамға 1 дәрігер) болды, оның 13-і мемлекет қарамағында жұмыс істеді, 100-ге жуық орта білімді медициналық қызметкерлер бар. 1969 жылы 1,9 мың төсектік 50 аурухана (1 мың адамға 30 төсек) болды, оның ішінде 427 төсектік 14 аурухана мемлекет қарамағында. Ауруханадан тыс медициналық көмек аурухана жанындағы поликлиникаларда көрсетіледі.
Оқу-ағарту ісі. Халқының 85%-тен астамы сауатсыз. 6-12 жастағы балалар оқуы міндетті. 60 жылдар орта шенінде оқу жасындағы балалардын 25%-і ғана мектепке қамтылды. Мектептердің жартысынан астамы жеке адамдар мен католиктік миссиялар қарауында. Балалар 7 жастан 4 жылдық бастауыш мектепке қабылданады. Орта мектеп 5 жылдық (2-3). Оқу португал тілінде жүреді. 1971-1972 оқу жылында 44 бастауыш мектепте 9 мыңнан, 2 орта мектепте 1460-тан астам оқушы оқыды. Кәсіптік даярлық бастауыш және орталау мектеп негізінде жүзеге асады. 1971-1972 оқу жылында 4 кәсіптік мектепте 112 оқушы окьтды. Бастауыш мектеп мұғалімдерін орталау мектеп негізінде педагогикалық училищелер даярлайды.
Әдеб.: Грин Л. Острова, не тронутые временем. пер. с англ., -М., 1972; Шейнис В. Л. Португальский империализм в Африке после второй мировой войны. М., 1969.
Жарияланған-2020-09-29 15:49:20 Қаралды-1021
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану