UF

ЛИБЕРИЯ (Liberia), Либерия республикасы (Republic of Liberia) - Африканың батыс бөлігіндегі мемлекет. Солтүстік-батысында Сьерра-Леонемен, солтүстігінде және солтүстік-шығысында Гвинеямен, шығысында Піл Сүйегі Жағасымен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі - Атлант мұхиты. Жері 111,4 мың км2. Халқы 4,3 млн. (2013). Астанасы - Монровия қ. Әкімшілік жағынан 9 графтыққа және 5 аймаққа бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Либерия - республика. Қазіргі Конституциясы 1847 жылы қабылданған (1955 жылы түзетулер енгізілген). Мемлекеттік және үкімет басшысы - президент. Оны халық 8 жылға (қайта сайласа 4 жыл) сайлайды. Президент кең праволы: ол сыртқы және ішкі саясатты басқарады, министрлерді тағайындайды, қарулы күштердің бас қолбасшысы. Либерия заң шығарушы өкімет органы - парламент - заң шығарушы жиналыс. Ол екі палатадан: өкілдер палатасы (62 депутаты, 4 жылға сайланады) және сенаттан құралады. Сенат құрамына 18 адам (әр графтықтан 2 адамнан) 6 жылға сайланады. Жасы 18-ге толған, қозғалмайтын меншік иесі саналатын әрбір азаматқа сайлау правосы беріледі. Либерия үкіметі - министрлер кабинеті президентке кеңесші міндет атқарады. Графтықтарды президент тағайындайтын префектылар, территорияларды комиссарлар басқарады. Жергілікті басқару ісінде ежелгі дәстүрге тәң ру, тайпа көсемдері үлкен роль атқарады. Сот жүйесіне Жоғарғы сот (құрамында 5 судья), округтық және муниципиалдық соттар, бітістіруші және арнаулы соттар жатады.

Табиғаты. Либерия жері негізінен жазық, төбелі, белесті келеді. Теңіз жағалауы батпақты жазық; орталық бөлігін Леоне-Либерия қыраты алып жатыр. Ең биік жері - Нимба тауы (1752 м). Құрлықтың кристалл докембрийлік фундаменті елдің шет жақтарында жерқазбалары - темір рудасы, алмас, алтын. Климаты ыстық, әрі ылғалды. Айлық орташа температурасы үнемі 28° С-тан жоғары. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1500-2000 мм, қыраттын; орталық жағында 5000 мм-ге дейін. Жаңбыр негізінен май - қазан айлары аралығында жауады. Өзендері қысқа, бірақ суы мол болады және өзара өте жиі орналасқан; олардың көбі Леоне-Либерия қыратынан басталып Атлант мұхитына құяды. Ірі өзендері - Мано, Лоффа, Сент-Пол (Диани), Сент-Джон, Сесс, Кавалли. Сент-Пол өзенінің төменгі ағысында ғана (50 км-ге) кеме жүзеді. Территориясының 2/3-і мәңгі жасыл экваторлық орман; қалған жері саванна, селдір орман, бұта. Қызыл каучук, кофе, майлы ағаштар өседі - Саванна арасында баобаб ағашы кездеседі, Жері негізінен қызғылт сары латерит топырақты. Саванна мен орманын буйвол, қабылан, жабайы шошқа, маймыл т. б. мекендейді. Жан-жануарға өте зиянды цеце шыбыны көп тараған.

Халқы. Либерия тұрғындары арасында саны жөнінен (47%-і) манде тілінде сөйлейтін халықтардың (кпелле, лома, мано, малинке, ваи т. б.) үлесі басым; олар елдің солтүстігінде, теңіз жағалауында қоныстанған. Оңтүстік Либерияда тұратын гвиней тобына жататын кру, гребо, краи, гера т. б. Либерия халқының 43%-і. Батыс банту тобындағы гола, киси т. б. елдің солтүстік-батыс бөлігін мекендейді. Ресми тілі - ағылшын тілі, бірақ көпшілік тұрғындар байырғы жергілікті тілде сөйлейді. Дінге нанушылар - жергілікті дінге табынушылар, мұсылмандар, христиандар болып 3 топқа бөлінеді. 1963-1970 жылдар арасында халықтың жылдық өсуі 1,7%-ке тең болды. Еңбек етуші халық 450 мың (1971), олардың 51%-і ауыл шаруашылығында, 24,5%-і тау-кең өндірісінде, 4,9%-і өңдеу кәсіпорындарында. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 жерге 14 адамнан келеді; теңіз жағалауында халық жиі қоныстанған. Қала халқы 28%; басты қалалары - Монровия (тұрғындары 150 мың, 1972), Маршалл, Бьюкенен, Харпер, Ганта.

Тарихы. Либерияның ел болып қалыптасып, мемлекеттік жүйеге келуі орта ғасырдан басталады. Бұған дейінгі көне тарихы жеке зерттелмеген. Бүгінгі Либерияның теңіз жағалауында 15 ғасырдың 1-жартысынан европалықтар (француздар, португалдар, ағылшындар, голландар) пайда болды. Бұлар натуралды шаруашылық құрып тіршілік еткен жергілікті халықпен кездесті. 1821 жылы АҚШ-тың бір топ негрлері жергілікті тайпа көсемдерінен Провиденс аралын, оның қарсысындағы құрлықты сатып алып Монровия (АҚШ-тың президенті Дж. Монроның құрметіне) мекенін салды. Отарлық жер Либерия деп аталды. 1834-1936 жылдар Мэриленд, Басса-Ков, Гринвилл елді мекендері құрылды. Аз жылдың ішінде орнаған шашыранды мекендердің басы құралып, 1847 жылы 26 шілдеде Либерия республикасы. жарияланды. Өздерін американ-либериялықтармыз деп атаған ауып келген кірмелер мемлекет, әкімшілік аппаратында, экономикада үстемдік жүргізді, олардың бір шағын бөлігі жер иемденіп, шетелге шығаратын дақылдар екті, жалдамалы адамдар еңбегін пайдаланды, ақыры мирасқор кастаға айнала бастады. Олардың арасынан офицерлер, заң қызметкерлері т. б. шықты. 1869 жылы олар Нағыз вигтер партиясын құрды, бұл партия 1878 жылдан бері өкімет басында. Франция мен Ұлыбританияның иеліктері Либерияны қоршап, 19 ғасырдың 2-жартысында қыспаққа салды. Тек 1911 жылы бастапқы жерінің 44%-ін жоғалтқаннан кейін ғана Либерия өз шекарасын айқындады. Негізгі тұрғын халықтар мен қоныс аударушылар арасындағы соғыстар, Европа державаларының агрессиясы республиканы финанс жөңінде ауыр жағдайға ұшыратты, соның салдары шетелдерден қарыз ақша алуға (1870 және 1906 жылғы ағылшын қарызы, 1912 жылғы халықаралық қарыз) мәжбүр етті. Шетел капиталистері Либерияның баж алымына, салықтан түскен пайдаға бақылау орнатты. 1918 жылдың басында Либерия сөз жүзінде Антанта жағында 1-дүние жүзілік соғысқа (1914-1918) қатысты. Соғыстан кейін Либерияға американ капиталы бойлап ене бастады. 2-дүние жүзілік соғыс (1939-1945) кезінде АҚШ Либерия жерін Таяу және Қиыр Шығысқа өз әскері мен соғыс техникасын тасымалдауға пайдаланды. АҚШ Либерияда соғыс базаларын салып, Монрови порты мен Гобертсфилд аэродромын пайдалануға праволы болды. 1944 жылы 3 қаңтарда У. Ш. Табмен президенттікке сайланып (бұл орында 1971 жылы шілдеге дейін қайтыс болғанша отырды), «бірігу саясатын-жариялады және жергілікті халык пен американ қоныс аударушылары ұрпақтарының арасындағы теңсіздікті жою қажет, өйткені елде бір тұтас халық либериялықтар тұрады деп мәлімдеді. 1945 жылы «бірігу саясаты» негізінде жергілікті тұрғындар мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеуге право алды, тайпалардың кейбір өкілдері көрнекті қызмет орнына сайланды. Дегенмен этникалық топтар арасындағы қайшылық түгелдей жойылмады. 41 жылдардың басында Либерияға шетелдіз әсіресе америкалық капитал ағылды (1970 жылы елде 1 млрд. доллар капиталы бар 45 шетелдік компания әрекет етті). 2-дүние жүзілік соғыстан кейін жұмысшы табы жедел қалыптаса бастыды. 1970 жылдардың басында жалдамалы жұмысшылардың саны 120 мың адамға жуық болды. Кәсіподақ ұйымдары (1960) құрылды.

Либерия АҚШ-пен тығыз қарым-қатыныс жасап келеді. 1959 жылы «Либерияға қарсы агрессия жасалған немесе агрессиялық қауіп төнген жағдайда» консультация алысу туралы АҚШ-пен әскери кексім жасалды. Либерия - Африкалық бірлік ұйымының белсенді мүшесі, ол Нигерия дағдарысын (1966-1970) реттеуге ықпал етті. ОАР, Оңтүстік Родезиядағы нәсілшілдікті айыптады. 1971 жылы шілдеде Либерия президенттігіне У. Толберт сайланды. 1972 жылы желтоқсанда Либерия мен СССР елшілік алмасты.

Саяси партиялары мен кәсіподактары. Нағыз вигтер партиясы (Тruе Whig Party), 1869 жылда құрылды Елдегі бірден-бір партия. 1878 жылдан өкімет басында. Ұлттык буржуазиялық тайпа көсемдерінің мүддесін көздейді. Либерияда екі кәсіподақ бірлестігі бар: Өндірістік кәсіподақтар конгресі, 1960 жылы ұйымдасты, Еңбек Конгресі, 1960 жылы құрылды. Кәсіподақтарды үкімет бақылап отырады.

Экономикасы. Либерия нашар дамыған, эномикалық жағдайы әлсіз ел. Экономидағы негізінен шетел (әсіресе АҚШ-тың ықпалы күшті) капиталының қолында. Шаруашылығының басты салалары - табиғи каучук (өнімі жөнінен Африкада 1-орын, капиталистік елдерде 6 орында) және темір рудасы (Африкада 1-орын, капиталистік елдерде 8 орында) өндіріледі. 1971 жылы елдің жалпы ұлттық табысын жан басына шаққанда 284 доллардан келді.

Ауыл шаруашылығы. Жалпы жердің 35%-і егістік, 2%-і жайылым. Егілетін маңызды дақылдары - маниок, батат, күріш. Құнарлы жерлер шетел компаниялары қарамағында; ірі жер иеленушілердің бірі - американдық «Файрстон плантейшенс лимиттед» компаниясы. Басты экспорттық дақылы - гевея (табиғи каучуктық шырын-шикізат өндірілетін өсімдік. Майлы пальма (теңіз жағалауында), какао (Оңтүстік-Шығыс Либерияда), кофе (солтүстік-батыс Либерияда, Лоффа, Мано өзенінің алабында), банан (Сино өзені алабында) өсіріледі. 1971 жылғы басты ауыл шаруашылық өнімдері (мың тонна): каучук 80,3 пальманың майлы дәні 14,1, кофе 4, 5, күріш 153, маниок 370. 1970-1971 жылғы мал саны (мың): мүйізді ірі ара 30, қой 156, ешкі 140, шошқа 83. 1971 жылы 23 мың тонна балық ауланды. Шетел капиталының қарамағында 4 млн. га, жергілікті үкімет қолында 7 млн. га бағалы экспорттық ағашты орманды алқап бар; одан 1970 жылы 1,6 млн. м3 ағаш дайындалды.

Өнеркәсібі. Басты саласы - тау-кен өндірісі; оның негізгі өнімдері - темір рудасы (Боми-Хилс және Нимба қалаларының атырабы, Мано өзені алабы т. б.), алмас (Лоффа өзені), алтын (Лоффа, Сино өзендері бойы). Либерия темір рудниктеріне «Лайбириан майнинг компани» (американдық), «Лайбириан-американ-суэдиш минералс» (бірнеше елдікі; өнімінің 50%-і Либерия үкіметіне қарайды), «Финисидер» т. б. компаниялар қожалық етеді. 1971 жылы 15 400 мың т темір рудасы, 700 мың кар алмас, 100 кг алтын өндірілді. Либерия өңдеу өнеркәсібі мұнай айыру, цемент, ағаш тілу, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін, киім тігетін шағын кәсіпорындардан құралады. 1970 жылы елде 502 млн. квт-сағ электр энергиясы өндірілді; оның 242 млн. квт-сағаты СЭС-тер үлесіне тиеді. Қолдан мата, үй төсеніштерін, зембіл тоқу т. б. майдагерлік кәсіпшілік дамыған.

Транспорты. Басты түрі - автомобиль транспорты. Тас жолы 4 мың км. Монровия - Боми-Хилс - Фоно (160 км), Монровия - Бонг (93 км), Бьюкенен - Екепа (267 км) темір жолдары бар. Ішкі және сыртқы жүк жолаушы тасымалына шетел кемелері көп пайдаланылады.  Ірі порттары - Монровия, Бьюкенен, Маршалл, Харпер. Халықаралық аэродромдары - Робертсфилд, Спрингс Пин.

Сыртқы саудасы. 1971 жылы Либерия экспортының құны 213,7, импорты 162,4 млн. долл. болды. Басқа елдерге (1971 жылы, %-пен) темір рудасы (71,7, шетке шығарған мөлшері жөнінен капиталистік елдер арасында Канададан, Швециядан, Австралиядан кейін 4 орын алады), каучук (14,5), алмас (2,5), кофе және какао (2,4), ағаш өнімдері (3,6) сатылады; олардан өзі өнеркәсіп өнімдерін, азық-түлік алады. Басты сыртқы сауда серіктестері - АҚШ, Германия, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия, Жапония.

Ақша өлшемі - либерия доллары.

Денсаулық сақтау ісі. 1971 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда баланың тууы 50,0, адамның өлімі 21; әрбір тірі туған 1000 баладан өлгені 159. Өмірдің ұзақтығы - еркектер 36,1 жас және әйелдер 38,6 жас. Инфекциялы патология, безгек, туберкулез, тері және венералық аурулар жиі кездеседі. Оның барлық жерлеріне ішек-қарын, менингит, алапес т. б. аурулар көп тараған. 1971 жылы Либерияда 2,4 мың төсектік 34 аурухана (1000 тұрғынға 2 төсек), 32 амбулатория, 1 поликлиника, 200 диспансер, 22 жылжымалы медициналық бригада және ақы алып емдейтін дәрігерлер болды. 1971 жылы 107 дәрігер (12 мың тұрғынға бір дәрігер), 13 тіс дәрігері, 700-дей орта дәрежелі білімді медициналық қызметкерлер жұмыс істеді. Дәрігерлерді Либерия университетінің медициналық факультеті және Табмен атындағы ұлттық медициналық институтыты даярлайды. Сондай-ақ медициналық сестралар мен акушеркалар даярлайтын, мектептер бар. Либерияда денсаулық сақтау ісіне 1971 жылы 6,5 млн. доллар жұмсалды.

Оқу-ағарту ісі.  1971 жылы Либерия халқының 80%-і сауатсыз болды. Оқу жүйесі американдықтар үлгісімен ағылшын тілінде жүреді. Оқу орындарының жүйесі - балалар бақшасы (4-6 жас), 6 жылдық бастауыш білім 1919 жылдан міндетті болғанмен, 1971 жылы мектеп жасындағылардың 60%-шің оқуға мүмкіндігі болмады. Орта және кәсіптік білім беретін оқу орындары ақылы. Орта мектеп 6 жылдық, 2 циклдық 3 жылдан. Бастауыш мектештердің 30%-і, орта оқу орындарының 50%-і американ миссионерлік ұйымдарының қарауында. Кәсіптік-техникалық және педагогикалық білім 1-циклді мектептер негізінде беріледі. 1970-1971 оқу жылында оқу-ағарту жүйесінің бірінші басқышында 120,2 мың оқушы, орта оқу орындарында 16,7 мың оқушы оқыды. Либерия жоғары оқу орындарының жүйесі Монровиядағы мемлекеттік университет (1951), ол (ғылым мен өнер, педагогика, ауыл шаруашылық, орман т. б.) колледжілерді, мектептер (право т. б.) және жеке адамдар қарауындағы - Суако-кодегі Каттингтон колледжі мен Мэриленд педагогикалық колледжісін қамтиды. 1971-1972 оқу жылында жоғары оқу орындарында 1,2 мың студент оқыды. Монровияда мемлекеттік көпшілік кітапхана (1959 жылы құрылған; 15 мың дана), Либерия мемлекеттік университет кітапханасы (40 мың дана) бар.

Әдеб.: Xодов  И. А. Либерия (Историч. очерк). М., 1961; Егоров В. Либерия после второй мировой войны. М., 1963; Френкель М. Ю. США и Либерия. М., 1964; Ольдерогге Д. А. Искусство народов Западной Африки в музеях СССР. Л.-М., 1958.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-09-03 12:37:48     Қаралды-1544

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »