UF

Молдавия (Молдова) - алғашқыда УССР құрамында Молдавия АССР (1924 жылы 12 қазанда) болып, кейіннен Бессарабия Совет Одағына қосылғаннан кейін (1940 жылы 2 тамызда) Молдавия одақтас республикаға айналды. Еліміздің Европалық бөлігінің оңтүстік-батыс жағында орналасқан. Батысында Румыниямен, солтүстік-шығысында және оңтустігінде Украинамен шектеседі. Жері 33,7 мың км2. Халқы 3,5 млн. (2017). Астанасы - Кишинёв қаласы. Республика 33 әкімшілік ауданға бөлінеді; 20 қаласы, 34 қалалық типі поселкесі бар.

Табиғаты. Шығыс Европа жазығының Днестр мен Прут өзендері аралығындағы болігіне орналасқан. Молдавия жері жонды, жазықты келеді. Республиканың орталығын Орталық Молдавия қыраты - Кодры алып жатыр; ең биік жері - Баланешты тауы (429 м). Днестрдің оң жағалауы - Днестр маңы қыраты (биіктігі 250-347 м), сол жағалауы - Подоль қыратының қиыр шеті; республиканың солтүстігінде Солтүстік Молдавия жазығы (биіктігі 250-300 мм) жайласқан. Молдавияның оңтүстігіндегі Оңтүстік Молдавия жазығы Қара теңіз маңы ойпатына жалғасады. Геологиялыққұрылымы жөнінен Молдавия жері Шығыс Европа платформасының оңтүстік-батыс шеті болып есептеледі. ОңтүстікМолдавияда (Кагул және Вулканешты аудандарында) герцин қатпарлығынан түзілген Скиф платформасының да шеті байқалады. Осы екі құрылым арасында юралық Молдавия ойысы пайда болған. Ойыстың кристалдық негізі архей мен төменгі протерозойдың гранитінен, чарнокитінен және мигматитінен түзілген; оның үстіне жоғары протерозойдың, палеозойдың, мезозойдың және кайнозойдың шөгінді жыныстар қабаты (қалыңдығы 6000 м) шоғырланған. Кейбір аудандарда әк тас, гипс, шынылық құм, қиыршық тас, Кагул және Вулканешты аудандарында мұнай-газ кендері бар.

Климаты қоңыржай континенттік; қысы қысқа, қары жұқа, жазы ұзақ, ыстық келеді. Шілденің орташа температурасы 19,5°С-22°С; абсолюттік максимумы 41°С. Қаңтардың орта температурасы – 3-5°С; минимумы - 36°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 370-500 мм. Республика өзендері Қара теңіз алабына жатады. Аса ірі өзені - Днестр (Молдавия жеріндегі ұзындығы 657 км; басты салалары - Реут, Бык, Ботна),одан кейінгі ірі өзені - Прут (Молдавиядағы ұзындығы 695 км; салалары Чугур, Каменка, Ларга, Лапушна т.б.). Ағын сулары негізінен жаңбыр суымен қоректенеді. Өзен жайылмаларында Белеу, Драчеле, Ротунда, Руптура т.б. көлдер бар. Республика жерінде суармалы егіншілік пен балық шаруашылығына арнап салынған көптеген бөгендер (53) мен тоғандар (1500) бар. Днестр, Прут өзендерінде кеме жүзеді.

Территорияның 75%-і қара топырақты; қалған бөлігі қоңыр, сұр және аллювийлі-шалғын. Далалық және орманды-далалық зонаға тән өсімдік жамылғысы тараған. Жерінің 8%-і орман (негізінен қыратты бөлігі). Өзен жайылмалары шалғынды келеді. Орманды алқаптарында елік, қабан, қасқыр, түлкі, борсық, Прут пен Днестр жағалауында қабан, тағы мысық, ондатра кездеседі. Құстық 70-ке тарта түрі мекендейді. Бұғы, жанат тәрізді ит, қырғауыл т. б. аң мен құстар жерсіндірілген. Өзен-көлдерінде қара сазан, табан балық, көксерке т. б. балық түрлері өсіп-өнеді. Молдавияда табиғатты қорғауға қатты көңіл бөлінеді. ОрталықМолдавияның табиғи ландшафтысын сақтау және қалпына келтіру үшін «Кодры» қорығы (2,7 мың га)ұйымдастырылған. 17 геологиялық және палеонтологиялық объект, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануар түрлері мемлекеттік бақылауға алынған.

Молдавия өзендері табиғи жағдайына байланысты 3 аймаққа бөлінеді. Олар: Солтүстік молдавия орманды-далалық ауданы (территориясының 43,3%-і), Орталық Молдавия орманды ауданы (14,5%-і) жәнеОңтүстік Молдавиядалалық ауданы (42,2%-і).

Халқы. Негізінен молдавандар, олармен бірге украиндар, орыстар, гагауздар, еврейлер, болгарлар, белорустар тұрады. Халықтың тығыздығы 1 км2 жерге 110,4 адам. Бұл жөнінде Молдавия одақтас республикалар ішінде 1-орын алады. Халқының 53,2%-і әйелдер. Қала халқы 35%. Басты қалалары -Кишинёв, Тирасполь, Бельцы. Совет өкіметі жылдары Рыбница, Дубоссары, Унгены, Единцы, Флорешты, Комрат, Чадыр-Лунга қалалары пайда болды.

Тарихы. Молдавия жерін адам баласы алғаш төменгі палеолит дәуірінде мекендей бастады. Жоғарғы палеолит дәуірінде ру қоғамы туды. Неолит дәуірінің ең көне ескерткіші Буг - Днепр мәдениетінің б.з.б. 6-5-мың жылдығына жататын деректері. Бұл өңірді б.з.б. 5-мың жылдықта сызықшалы-ленталы керамика мәдениетінің және Боян мадениетінің тайпалары, 4-мың жылдықта Триполия мәдениетінің тайпалары мекендеді. Қола дәуіріндеМолдавия жеріне Ноа мәдениеті тарады, егіншілік шықты. Б. з. б. 2-мың жылдықтың аяғында темір дәуіріне көшу басталды. Б. з. б. 4-3 ғасырларда Молдавия фракиялықтар (гет, дак тайпалары) мекендеген аймақтың шығыс шеті болды. Б. з. б. 2-1 ғасырларда алғашқы тайпалық одақтар пайда болды. 101-102 және 105-106 жылғы император Троянның жорығынан кейін дактар елі (Дакия) Рим провинцияна айналды. Содан романдандыру басталды. Латын тілі тарады да, шығыс роман тілінің (молдаван тілінің де) негізіне айналды. Болашақ Молдавия жері Рим Дакиясына кірмеді, оны Черняхов мәдениетін жасаушылар (сарматтар, гет, дак, скиф, славян, готтар болса керек) мекендеді. Бұл өлкедегі роман тілдес ерікті волох (влах) тайпаларының қауымдары негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Әлеуметтік, таптық жікке бөлінді, феодалдар пайда болды.

Молдавия жерінде феодалдық қатынастардың тууы, дамуы 6-18 ғасырлар арасы. Патриархалдық-рулық құрылыс 9 ғасырға таман едәуір ыдырады, феодалдық қатынастар дамыды. 10-12 ғасырларда бұл өлкеге көшпелі пеленег, қыпшақ, тайпалары кірді. Мұнда ертедегі феодалдық мемлекет іспеттес бірлестік - Берлад жері (12 ғ.), Бродников жері (12-13 ғ.) пайда болды. 13 ғасырдың ортасы - 14 ғасырдың 1-жартысында Молдавия татар-монғолдардың қол астында қалды. Венгрлер монголдарды ығыстырғаннан кейін бұл жерлер венгр феодалдарының қолына көшті. 1359 жылы Марамурешт воеводасы волох Богдан бастаған көтерілістің нәтижесінде тәуелсіз Молдаван князьдығы құрылды. 15 ғасырда шаруалардың көбі феодалдық тәуелділікке түсті (вечиндерге айналды). 17-18 ғасырларда олар шаруаларға айналды да, көбі басыбайлы болып қалды. Шаруалар феодалдық езгіге қарсы күресті (1490-1492,1563, 1581, 1671-1672 жылғы көтерілістер).

Молдавия түрік, татар, поляк, венгрлермен соғыс жүргізді. 1456 жылы Молдавия алғаш рет Түркияға салық төлей бастады. 15 ғасырдың 80 жылдары Иван III Васильевичпен саяси-соғыс одағы жасалып, Москва князының араласуымен Молдавия Польша королы Ян-Ольбрахтың әскерін 1497 жылы Козьмин орманында талқандады. 16 ғасырда Молдавияның Түркияға тәуелділігі күшейді. 300 жылдан астам уақыт бойы Молдавия Түркияға азық-түлік түрінде салық төлеп тұрды, қарулы әскер берді. Бір жағынан қырым татарларының шапқыншылығына ұшырады. 1749 жылы господарь Маврокордаттың шығарған заңы бойынша вечиндік жойылды.

Ұлт-азаттық қозғалысы түрлі формада жүріп жатты. 1574 жылыИван Лютыйдың басшылығымен азаттық соғысы басталды. Оған Украина казактары одақ боп көмектесті. 16-17 ғасырларда казактар түрік гарнизондарына жорық жасады (И.Подкова 1577-1578; С.Наливайко, Г.Лобода 16 ғасырдың аяғы). Украинаға қашқан молдаван шаруалары Б. Хмельницкий әскерінде жеке отряд құрды. Молдавия Россияға қосылуға ниет білдірді (1656, 1674, 1683 г. б. жылдары).

1711 жылы орыс-түрік соғысы басталғанда Молдавияның Россияға қарайтындығы туралы Луцк келісімі жасалды. Бірақ 1711 жылы Станилешт түбіндегі шайқаста түріктерден жеңілген орыс әскері Молдавияны тастап шықты. Молдавия түріктердің қолында қалды.

18 ғасырдағы орыс-түрік соғыстарында орыс әскері 3 рет Молдавияны босатты. Бірақ Молдавия түріктерге қарап қала берді. 1774 жылғы Кічік-Қайнарджа бітімі Молдавияны азат ете алмағанымен, түрік езгісінің әлсірей бастағанын көрсетті. 1791 жылы Яссы бітім шарты бойынша сол жағалаудағы Молдавия Россияға қарады. Келесі бөлігі 1793 жылы Речь Посполитаяны 2-рет бөліскенде Россияға қосылды.

1812 жылғы Бухарест бітім шарты бойынша Молдавияның Прут-Днестр аралығындағы Бессараб обл. (1873 жылдан губ.) аталатын жері Россияға берілді. Молдавия шаруалары (царандары) басы бос, азат адам болып есептелді, бірақ помещик жерінде тұрғандықтан, түрлі міндеткерліктер атқаруға тиіс болды. Осыдан тартыс, қайшылықтар туды. 1834 жылы «Царандар туралы ереже», 1846 жылы «Қалыпты шарт» шықты. 1861-1875 жылдар Бессарабияда шаруалар реформасы жүзеге асырылды, Царандар үшін реформа 1868 жылы жүргізілді. Шаруаларға жердің аз тиюі, қымбатқа сатылуы тап күресін шиеленістірді. 1869-1872 жылдар шаруалардың 80-нен астам толқуы болды.

Шаруалар реформасы Бессарабияда капиталистік қатынастардың дамуы, әлеуметтік жіктелу процесін тездетті. Кишинев, Бельцы, Измаил т. б. қалалар елдің сауда орталығына айналды. Реформадан кейінгі кезеңде пролетариат, буржуазия қалыптасты. Қоғамдықой-пікір, революциялық қозғалыс жергілікті әлеуметтік қайшылықтардың негізінде Россиядағы қозғалыстардың бір бөлігі түрінде дамыды. Кишинёвте 19 ғасырдың басында декабристердің «Береке қоғамы», «Оңтүстік қоғамы» болды. 70 жылдардың ортасында Молдавияда халықшылдардың алғашқы үйірмелері туды. 90 жылдардың аяғында бұл өлкеде марксизм тарады, с.-д. қозғалысы туды. Молдавияның ұлттық қозғалысында 2 ағым ұлт-азаттық және буржуазия-ұлтшылдық ағым пайда болды. Мәдениет саласында Молдавия патшалық Россияның мешеу аймағы болып қалды. 19 ғасырдың аяғында молдавандардың 90%-і сауатсыз еді. Патша өкіметі мектеп-оқу жүйесін орыстандыру саясатын жүргізді.

Дами бастаған капиталистікқатынастар, әлеуметтік, мәдени өзгерістер 20 ғасырдың басында молдаван халқының ұлт болып қалыптасуына жағдай жасады. 1905 жылы Россияда буржуазия-демократиялық революция басталғанда Молдавияда көптеген митингілер, Кишинёв, Тирасполь, Бельцы, Бендерыда стачкалар өтті. 1905-1907 жылдарМолдавияның 170-тен аса селоларында шаруалардың толқуы байқалды. 1917 жылы Февраль буржуазия революциясынан кейінМолдавияда да қос үкімет орнады. Жұмысшы табының аздығы, бытыраңқылығы, большевиктер ұйымының әлсіздігі Молдавияда революцияның өрістеуін қиындатты. 1917 жылықыркүйекте жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Бессараб губерниялық съезі өкіметті Советтерге беруді талап еткен қарар қабылдады. Контрреволюцияшыл ұлтшыл күштер қазанда әскери молдаван съезінде «Сфатул цэрий» («Өлкенің кеңесі») дегенді құрды, Бессарабияны автономия етуге шешім қабылдады.

1917 жылдың қараша-желтоқсанда жекелеген қалалар мен қыстақтарда өкімет билігі Советтердің қолына көшті. Еңбекші шаруалар жер туралы декретті ішінара жүзеге асыра бастады. Контрреволюцияшыл «Сфатул цэридің» басшылары 2(15) желтоқсанда Молдавияны «Халық республикасы» деп, өзін соның «жоғарғы өкіметі» деп жариялады. Соның көмекке шақыруымен және Антанта елдерінің қолдауымен 1917 жылыжелтоқсанда Бессарабияға корольдың Румынияның әскері кірді. Контрреволюциямен күресу үшін1917жылы 24 желтоқсанда (6қаңтар 1918 ж.) Кишиневте Бессараб ауданының Советтік жалпы республика әскерінің революцияшыл штабы құрылды. 1918 жылы 1(14) қаңтарда Кишинёвте Совет өкіметі орнады. 1917 жылыжелтоқсанның аяғы – 1918жылықаңтардың басында Молдавияның барлық жерінде дерлік Совет өкіметі жеңді.

Молдавиядағы Совет өкіметін құлату үшін Киевтен Орталық рада жіберген отрядты Кишинёвте революцияшыл күштер қарусыздандырды. Бір жағынан Румын әскерлері Молдавияға шабуылға шықты. 13 (26) қаңтарда интервенттер Кишиневті, наурыздың ортасында бүкіл Бессарабияны алды. 1918 жылы 5-9 наурызда жасалған совет-румын шарты бойынша Румынияның корольдық үкіметі 2 ай ішінде Бессарабиядан өз әскерін әкетуге міндеттенді. Австрия-Германия әскерінің Украинаға жасаған интервенциясын пайдаланып Румыния үкіметі Совет өкіметімен келісімді бұзды да, Бессарабияны аннекциялады. 1918-1920 жылдарМолдавияжерінің бөліктері біресе Румынияға қарады, бірде онда Петлюраның Украина Директориясы орнаған, біресе Антанта әскері басып алды, артынша Қызыл Армия азат етті, одан С. В. Петлюра мен А. И. Деникин әскері қайта алды. Азамат соғысына қатысқан мыңдаған молдавандардың ішінен Қызыл Армияның Г. И. Котовский, С. Г. Лазо, А.С.Курссер, М. В. Молкочанов, С. И. Нягу, М. В. Фрунзе сияқты даңқты командирлері шықты. 1920 жылыақпанда сол жағалаудағы Молдавияда Совет өкіметі біржолата орнады. Бірақ Молдавияның негізгі бөлігі (Бессарабия) Румынияның қол астында қалды. Азамат соғысы аяқталып, сол жағалаудағы Молдавияда социалистік құрылыс басталғанда, УССР құрамындағы бұл жерде 1924 жылы 12 қазанда Молд. АССР-і құрылды. 1925 жылғы Молд. АССР-і Советтерінің 1-съезінде республиканың Конституциясы қабылданды. ОАК сайланды. Республиканың Халкомсовы құрылды.

Совет халықтарының көмегімен Молдавияның шаруашылығы қалпына келтіріліп, 1926-1927 жылы соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетті. 1929 жылы жаппай колхоздастыру науқаны жүргізілді. 1937 жылдың аяғына шаруалардың 96,5% колхоздастырылды, егіс, жүзім бауының көлемі артты.

Соғысқа дейінгі бес жылдықтар кезінде (1929-1940) ескі өнеркәсіп орындарына реконструкция жүргізілді, ірі өнеркәсіп орындарының кобі жаңадан салынды. 1939 жылы өнеркәсіп өнімі 1913 жылмен салыстырғанда 33 есе асып түсті. Мәдени революция жүзеге асырылды. Сауатсыздық негізінен жойылды. Ұлт жұмысшы табы мен халық интеллигенциясының маман кадрлары қалыптасты. Жоғарғы оқу орындары, ғылыми және мәдени- ағарту мекемелері, ұлт театры, кітапхана, клубтар ашылды.

Румынияның қол астына қараған Бессарабияда еңбекшілердің көптеген қарулы көтерілістері болды (Хотинда 1919 ж., Бендерыда 1919 ж., Татар- бунарда 1924 ж.). Революциялық қозғалыстар «Советтік Отанға қайта қосылу» деген ұранмен өтті.

2-дүние жүзілік соғыс басталғаннан кейін Румынияның билеуші топтары соғысқа әзірленуге кіріскенде Бессарабия Совет Одағына шабуыл жасаудын плацдармына айналды. 1940 жылы 26 маусымдағы нотасында Совет үкіметі Бессарабияны қайтарып беруді Румыниядан талап етті. Талап орындалды. 1940 жылы 28 маусымда Қызыл Армия белімдері Бессарабия жеріне кірді. Елде Совет өкіметінің органдары құрылды. 1940 жылы 2 тамызда СССР Жоғары Советінін 7-сессиясы Молдаван ССР-н кұру туралы заң қабылдады. 1940 жылы 15 тамызда СССР Жоғары Советінің Указы бойынша совет зандары Румыниядан қайтарылған территорияда қалпына келтірілді: жер, банк, темір жол, су транспорты, ірі және орташа өнеркәсіп, сауда орындары, байланыс ңұралдары на- ционализацияланды; помещиктік жер иелену жойылды, кедей шаруалар 230 мың га шамасында егістік жер алды, жүзім баулары, мал берілді, колхоз, МТС құрылды. 1941 жылы 10 ақпанда Молдавияның Жоғары Советі республиканың Конституциясын қабылдады.

Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде-ақ Молдавия ұрыстардың аренасына айналды. Совет әскерлері 1941 жылы 16 шілдеде Кишиневті тастап шықты. Оккупацияда қалған жерде халықтық қозғалыс басталды. Әсіресе 1944 жылы партизан қозғалысы күшейді. Молдаван партизан құрамалары Украина жерінде де соғыс жүргізді. Жүздеген мың молдаван Совет Армиясы қатарында соғысты. Солардың ішінде 85 мың адам ордендермен, медальдармен наградталды. 16 адамға Совет Одағының Батыры атағы берілді.

1944 жылдың көктемінде Молдавияның солтүстік бөлігі смен Днестрдің сол жағалауы азат етілді. 1944 жылы Яссы - Кишинев операциясы нәтижесінде тамызда бүкіл Молдавия жаудан тазартылды. 24 тамызда Кишинев алынды. Соғыс кезінде Молдавияның халық шаруашылығына 1944 жылдың бағасымен 15 млрд. сом зиян келтірілді.

Соғыстан кейінгі жылдарда социалистік құрылыс Молдавияда кең көлемде өрістеді. Халық шаруашылығын қалпына келтірудің 1946-1950 жылға арналған 5 жылдық жоспары өнеркәсіпті реконструкциялау, ауыл шаруашылығын коллективтендіру жоспары болды. Өнеркәсіп 1948 жылы соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетті. СССР үкіметінің 1952 жылы ақпандағы қаулысынан кейін республиканың экономикалық даму бағыты айқындалып, мұнда азық-түлік өнеркәсібінің ірі орталығы қалыптасты. 1951-1958 жылдар 160 ірі завод, цех іске қосылды. Социалистік индустриализацияның нәтижесінде Молдавия экономикалық мешеуліктен арылды. Социализмнің материалдық-техникалық базасы жасалды. Соғыстан кейінгі 1-бесжылдықта колхоздастыру жүргізілді. Ауыл шаруашылығындағы социалистік қайта құру ісі 1950 жылы аяқталды.

50-60 жылдары өнеркәсіптің құрылымында елеулі өзгеріс болды. Азық- түлік өнеркәсібімен қатар, мұнда машина жасау, металл өңдеу, прибор жасау, электр энергиясын шығару, құрылыс материалдары өнеркәсібі жасалды. Жұмысшы табы сан, сапа жағынан өсті. Мәдени революция жүзеге асырылды, сауатсыздық жойылды. Молдавияда ҒА, жаңа жоғары оқу орындары, ғылыми, мәдени-ағарту мекемелері, ұлт театры, кітапхана, клубтар ашылды. Түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениет гүлденді. Молдавия дамыған индустриялы-аграрлы елге айналды. Молдавандар социалистік ұлт болып қалыптасты.

Кәсіпшілер одақтары. 19 ғасырдың аяғы - 20 ғасырдың басында Молдавияда өзара көмек кассасы, ереуіл комитеттері құрыла бастады. Алғашқы кәсіподақ ұйымдары (етікшілер, нан пісірушілер мен кондитершілер, сауда-өндіріс қызметкерлері, темір жолшылар мен матростар одағы) 1905-1907 жылдар революция кезінде пайда болды. 1917 жылы көптеген кәсіпорындарда кәсіподақ ұйымы құрылды. Олар жұмысшылар мен қызметшілердің экономикалық күресіне басшылық етті. 1917 жылы күзінен бастап Совет өкіметі үшін күреске қатысты. 1925 жылы ақпанда Балтада кәсіподақтардың Бүкіл молдавиялық 1-съезі өтті.

Корольдық Румыния басып алған Бессарабияда капиталистер жұмысшылар арасына жік салу мақсатымен «сары» кәсіподақ құрды. Коммунистер ашық келісімпаз кәсіподақтарға қарама-қарсы жасырын жұмыс істейтін революциялық кәсіподақтар ұйымдастырды. 1920 жылдан бастап коммунистер күрестің ашық түрін пайдалана отырып, реакциялық кәсіподаққа кірді. 1928 жылы Кишинёвте Кәсіподақтар советі (комиссия локолэ) құрылды. Жұмыссыздар комитеті зор белсенділік көрсетті. Кәсіподақтар жұмысшылардың көптеген ереуілдері мен саяси бас көтерулеріне басшылық етті. 1929 жылы румын полициясы кәсіподақ орталығы - «Жұмысшы үйін» қиратты.

Соғыстың алдындағы жылдарда Молдавия кәсіподақтары, партияның басшылығымен, бұқараны елді индустрияландыру, ауыл шаруашылығын коллективтендіру, мәдени революция жоспарын жүзеге асыруға жұмылдырды. Олар социялистік жарыстың ұйымдастырушысы болды. Жұмысшылар мен қызметшілердің материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсарту жолында жұмыс жүргізді.

1940 жылы бүкіл Молдавия қайта қосылғаннан кейін, республика кәсіподақтары бірыңғай салалық кәсіподаққа бірікті. Соғыстан соң Молдавия кәсіподақтары республиканың бүлінген экономикасын қалпына келтіруге, оның халық шаруашылығын жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру жолында күрес жүргізіп, жұмысшылардың мен қызметшілердің еңбегі мен тұрмысын жақсартуға, еңбек заңын сақтауға қамқорлық жасайды, мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық саласында өз қызметін кең өрістетеді. Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және колхозшыларды әлеуметтік қамтамасыздандыру Молдавия кәсіподақтарыңың қарауына берілген. 1973 жылы қаңтарда Молдавияда 20 салалық кәсіподақтың 7409 бастауыш ұйымы болды. Оларға 1170 мың адам, немесе республикадағы барлық жұмысшы қызметшілердің 97,4%-і біріккен. Молдавия кәсіподақтарының қарауында 118 клуб, 164 кітапхана, 2551 қызыл мүйіс, 2 санаторий, 5 демалыс үйі, 180 пионер лагері, туристік лагерь т. б. бар.

Халық шаруашылығы. Советтік Молдавия - индустриялы-аграрлы республика. Ұлы революциясына дейін Молдавия өнеркәсібі мешеу дамыған аграрлы аймақ еді. Совет Одағы халықтарының туысқандық көмегі арқасында, қысқа мерзім ішінде Молдавияда ірі өнеркәсіп орындары салынды, ауыл шаруашылығына индустриялық бағыт берілді, ғылым мен мәдениет кеңінен дамыды.

1972 жылы жалпы қоғамдық өнімнің 56,4%-ін өнеркәсіп, 25,3%-ін ауыл шаруашылық өндірді. Еліміздегі социалистік еңбек бөлісу процесінде Молдавия Совет Одағындағы жүзім (1973 жылғы жалпы одақтық өнімнің 23%-і осында жиналды), жеміс-жидек (11%-і), жүгері (11,7%), күнбағыс (5,7%), қант қызылшасы (2,8%), көкөніс (3,5%) егетін аса маңызды аудандардың бірі саналады. Елімізде 1972 жылы шығарылған жүзім шарабының 9,1%-і, консервінің 9,4 %-і, өсімдік майы 5,2 %-і, құм шекердің 3,6%-і, кір жуатын машинаның 7,4 %-і, тоңазытқыштың 3,8 %-і, былғары аяқ киімнің 1,9%-і, трактордың 1,6%-і Молдавия өнеркәсібінің өнімі. Темекі мен раушан гүлінің майын шығару жөнінен Молдавия Совет Одағында 1-орын алған кезінде. Экономикасының үлес салмағында одақтас республикалардан әкелінетін өндірістік шикізат пен өнеркәсіп өнімдерінің маңызы зор, Украинадан мұнда көмір, табиғи газ, шойын, қара металл прокаты, болат, тыңайтқыш, трактор, жүгері және қант қызылшасын жинайтын комбайн, станок, автомобиль, экскаватор, мата, мұнай өнімдері, комбайн, қара металл прокаты, ағаш, қағаз, Қазақстаннан астық, жүн, мақта, мата жібі, Балтык маңы республикаларынан электро-техникалық бұйымдары, радиоаппаратура, балық консервілері, Белоруссиядан жүк автомобильдері, трактор, мотоцикл, телевизор т. б. әкелінген СССР кезінде. Молдавиядан еліміздің барлық аудандарына жүзім, жеміс, шарап, темекі, өсімдік майлары, бау-бақша комбайндары, тоңазытқыш т. б. шығарылады. Молдавияның 50 шетелмен сыртқы сауда байланысы бар.

Өнеркәсібі Молдавия өнеркәсіп өнімі 1940-1973 жылдар арасында 32 есе артты. Жалпы өнім құны жөнінен 1-орынды тамақ, 2-орынды ауыр, 3-орынды жеңіл өнеркәсіп алады.

Электроэнергетика жедел қарқынмен дамуда. 1973 жылы электр станцияларының қуаты 2 млн. квт болды. Жылу электр станцияларының үлесі басым; ең ірі Молдавия ГРЭС-інің (Днестровск поселкесі) қуаты 1,8 млн. квт. Кишинёв, Бельцы, ЖЭО, Дубоссары СЭС-тері бар.

Басты өнеркәсіп саласы - тамақ өндірісі: мұның үлесіне жалпы өнеркәсіп өнімі құнының 50%-і келеді. Шарап, жеміс-көкөніс консервілеу, қант, май, темекі, эфир майы өндірістерінің одақтық маңызы бар. Шарап өндірісі өнімінің мөлшері 1940-1972 жылдар аралығында 24 есе артты. Жүзім шарабы мен коньягіне қоса шампан шарабын жасау (1972 жылы 2418 мың бөтелке) өндірісі де қалыптасқан. Шарап өнеркәсібінің орталықтары - Кишинёв (шарап-коньяк, шарап-шампан комбинаттары), Калараш (шарап-коньяк заводы), Рыбница (шарап комбинаты), Тирасполь (шарап зауыды). Республикада 13 аймақтық өндірістік жүзім өсіру мен шарап жасау бірлестігі ұйымдастырылған. Бұл 114 шарап жасауға мамандандырылған заводты біріктіреді. Олар Молдавияның маркалы шарабының 90%-ін шығарды. Молдавия коньягі мен шарабы халықаралық конкурстарда 100-ден астам медаль алған.

Молдавия консерві өнеркәсібі (20-дан астам заводтарды біріктіреді) жеміс және көкніс консервілерінің 100-ден астам түрін шығарады. Консервілеу кәсіпорындары Днестр, Прут аңғарындағы және республиканың орталық бөлігіндегі елді мекендерге шоғырланған. Экономикалық маңызы жөнінен қант өнеркәсібі 3-орын алады. Ол негізінен республиканың солтүстігіндегі Бируинца, Фрунзе, Дондюшаны, Дрокия, Бельңы т. б. аймақтарында кеңінен дамыған.

1940-1972 жылдар май соғу өндірісінің өнімі 10,5 есе артты; ірі кәсіпорындары - Бельцы комбинаты, Атаки, Бендеры зауыдтары. Кишинёв, Дубоссары, Оргеев, Флорешты, Чадыр-Лунга қалаларында темекі кәсіпорындары, Кишинёв, Бельцы, Бендеры, Тираспольде ет комбинаттары бар. Молдавия еліміздегі хош иісті өсімдіктерден эфир майларын өндіретін ірі аудандардың бірі.

Молдавияда машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібі негізінен 60 жылдары қалыптасты, трактор, ауыл шаруашылық машиналар, насостар, электродвигательдер, тоңазытқыштар, құю машиналары, трансформаторлар т. б. шығарылады. Орталықтары - Кишинёв, Тирасполь, Бельцы, Бендеры, Единцы, Чадыр-Лунга. Химия өнеркәсібінің ірі орталығы - Кишинёв (жасанды былғары және резинотехникалық бұйымдар комбинаты, шина жөндеу, лак-бояу, «Фармако» з-дтары). Құрылыс материалдары (Рыбница, Бельцы, Кишинёв, Кагуль т. б.), ағаш өңдеу (Кишинёв, Бельцы, Тирасполь, Бендеры, Оргеев, Дрокия), жеңіл өнеркәсіп (Кишинёв, Бендеры, Бельцы, Тирасполь, Оргеев, Рыбница, Комрат) кәсіпорындары бар.

Ауыл шаруашылығы. Молдавияда жоғары механикаландырылған ауыл шаруашылығы дамыған. 1974 жылдың басында 2-да совхоз және 481 колхоз болды. 1973 жылы шаруашылықтарда 40 мың трактор, 3,3 мың астық комбайны, 19,8 мың жүк автомобилі т. б. ауыл шаруашылық техникасы болды, жерге 755 мың т минералдық тыңайтқыш енгізілді. 1940-1973 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 3,4 есе, 1951-1973 жылдар еңбек өнімділігі колхоздарда 3,4, совхоздарда 2,2 есе асты. 1972 жылғы ауыл шаруашылық жері 2,7 млн. га болды; бұның ішінде егістігі 1,9 млн. га, бақ пен жүзімдігі 0,4 млн. га, жайылымы 0,36 млн. га. Егін және жеміс шаруашылығы бүкіл ауыл шаруашылық жалпы өнім құнының 72,1%-ін өндіреді. Жүзім және жеміс өсіру - Молдавия ауыл шаруашылығының басты саласы. Негізінен асханалық және шараптық жүзім өсіріледі. Жүзімдік Молдавияның орталық және оңтүстік аудандарына шоғырланған. Мұнда алма, алмұрт, шабдал, шие т. б. жеміс өсіріледі. Бақ шаруашылығы Днестр бойындағы аудандарда, республиканың солтүстік және орталық бойында дамыған. Республиканың оңтүстік және солтүстік бөлігінде күнбағыс, солтүстік, орталық аймақтарында темекі, солтүстік Молдавияда қант қызылшасы егіледі. Молдавияда қазанлық, қырымдық раушан гүлдері т. б. эфир майлы өсімдіктер өсіруге және өңдеуге маманданған 14 завод жұмыс істейді. Днестр, Прут өзендері аңғарларында көкөніс егіледі. Басты астық дақылдары: жүгері (барлық егістіктің 49,4%), күздік бидай (34,0%). Молдавияда мүйізді ірі қара (барлық аудандарында дамыған), шошқа (негізінен солтүстік бөлігінде), қой (оңтүстік жағында) шаруашылықтары дамыған; мал шаруашылығының колхоз аралық ірі комплекстері қалыптасқан. 1974 жылғы мал саны (мың бас): мүйізді ірі қара 1053, оның ішінде сиыр 395, шошқа 1564, қой мен ешкі 1281.

Молдавия ауыл шаруашылық басты өнімдерінің 1973 жылғы мөлшері (мың т): жүзім 1041, жеміс 948, қант қызылшасы 2429, күнбағыс 414, овощ 861, ет 213, сүт 928, жүн 2,7.

Транспорты. Республика аралық жүк тасымалында темір жол транспортының маңызы күшті. Темір жолының жалпы ұзындығы 1,1 мың км. 1972 жылы Молдавия темір жолымен 13,8 млн. т жүк және 10,1 млн. жолаушылар тасылды. Басты темір жол тармақтары: Раздельная - Тирасполь - Бендеры - Кишинёв - Унгень - Бельцы - Окница - Черновцы, Бельцы - Рыбница - Слободка, Бендеры - Бессарабка - Рени. Республика ішіндегі жүк айналым негізінен автомобиль транспортымен тасылады. Автожолдар ұзындығы 10,2 мың км, оның ішінде тас жол 7,6 мың км (1972). Басты тас жолдары: Одесса - Тирасполь - Бендеры - Кишинёв - Бельцы - Липканы - Черновцы, Кишинёв – Котовск - Комрат - Болград – Тирасполь - Дубоссары - Рыбница, Кишинёв - Калараш - Унгены. Днестр өзенінде кеме жүзеді. 1973 жылғы жүк айналымы 171 млн. км болды. Республикада елді мекендері өзара әуе жолдарымен байланысқан. Кишинёв қаласы мен еліміздің ірі орталықтары арасында тұрақты әуе байланысы қалыптасты.

Экономикалық-географиялық аудандары. Солтүстік аудан - республика территориясының 36,9%-ін алып жатыр. Молдавия халқының 34,6%-і осында тұрады. Тамақ (қант, май, темекі) және құрылыс материалдары кәсіпорындары шоғырланған. Астық пен техникалық дақылдары, бау-бақша және етті-сүтті шаруашылықтар дамыған. Орталық ауданы (Молдавия территориясының 28,6%-і, халқының 36,2%-і) - машина жасау, тамақ (әсіресе шарап өндірісі), жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібінің үлесі басым. Ауыл шаруашылық жүзім, жеміс, темекі өсіруге, сүтті мал ұстауға маманданған. Оңтүстік шығыс ауданы (Молдавия территориясының 10,2%-і, халқының 12,2%-і) - бақ және қой шаруашылығы дамыған аймақ. Шығарылған консерв және электроэнергия мөлшері жөнінен Молдавияда 1-орын алады. Машина жасау, жеңіл, ағаш өңдеу кәсіпорындары бар. Оңтүстік ауданы (Молдавия территориясының 24,3%-і, халқының 16,3%-і) - астық, жүзім және мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін маңызды өңір. Негізінен тамақ (шарап, жеміс консервілеу, май өндірістері) өнеркәсібі дамыған.

Денсаулық сақтау ісі. 1972 жылы әрбірі 1000 адамға шаққанда баланың тууы 20,6, адамның өлімі 7,6 (1940 - 16,9); 1940 жылмен салыстырғанда 1972 жылы бала өлімі 7 есе кеміді. Өлімнің негізгі себебі қан айналу жүйесінің аурулары, қатерлі ісік. Елде безгек, басыр, полиомиелит іс жүзінде жойылып, туберкулез және тері аурулары кеміді. 1960 жылмен салыстырғанда 1972 жылы күл ауруы 48 есе, сіреспе 17 есе, әсіресе көкжөтел, қызылша т. б. аурулар азайды. Молдавияда 1972 жылы 1,5 мың төсектік 365 аурухана (1000 тұрғынға 10,1 төсек) болды. 1913 жылы елде 2,5 мың төсектік 68 аурухана (1000 тұрғынға 1,2 төсек) болған. Ауруханаларда ішкі ауруларға (5,2 мың), хирургиялық (3,8 мың), онкологиялық (0,6 мың), көз аурулары (0,5 мың), мұрын, тамақ, құлақ ауруларына (0,6 мың), нерв ауруларына (1,1 мың), жүкті және босанған әйелдерге (2,9 мың) арналған төсек болды. Ауруханадан тыс дәрігерлік көмек 435 амбулаторлы-поликлиникалық мекемелер арқылы көрсетіледі. Өндіріс орындарында халыққа 2 медициналық санитарлық бөлім және 31 денсаулық сақтау пункттері, туберкулезге қарсы 6, онкологиялық 2 және 8 тері-венералық диспансер жұмыс істеді. Молдавияда 1972 жылы 224 әйелдер консультациясы және балалар поликлиникасы, 321 аптек және 3,0 мың аптек пункті, сондай-ақ санитарня-эпидемия мекемелер ұйымдастырылды, оның ішінде 4 санэпидстанция бар.

Молдавияда 1972 жылы барлық мамандық бойынша 8,4 мың дәрігер (441 тұрғынға 1 дәрігер) және 29,8 мың орта білімді медициналық қызметкерлер болды. Дәрігерлерді Кишинёв медициналық институты және 7 медициналық училищеде даярлайды. Институт жанынан дәрігерлер бөлімін жетілдіретін курстар ашылған. Молдавияда 3 ғылыми-зерттеу (онкология, туберкулез, гигиена және эпидемиология) институттары бар. Молдавия жерінде 1972 жылы 2,9 мың адам қабылдайтын 17 санаторий (8 санаторий балаларға арналған), 11 мың адам қабылдайтын 8 демалыс үйі мен пансионаттар болды. 1972 жылы денсаулық сақтау ісіне республика бюджетінен 49,9 млн. сом жұмсалды.

Оқу-ағарту ісі. 18 ғасырдың орта шеніне дейін молдаван феодалдарының балалары ірі монастырьлар жанындағы мектептерде оқыды. 1766 жылы уездік қалаларда алғашқы дүниетаным мектептері ашылды. Бессарабияның Россияға қосылуынан кейін (1812), 19 ғасырдың 20-30 жылдарында барлық қалаларда 3 кластық уездік училищелер ашылды. 30 жылдардың ортасынан бастап, шіркеу-приход мектептері өріс алды. 1897 жылғы санақ бойынша Бессарабиядағы сауатсыздық 82% болса, молдавандар арасында 90%-ке жуық болды. 1914-1915 оқу жылында Молдавияда 1314 жалпы білім беретін мектеп болды. Жоғары оқу орындары болған жоқ. Ұлы социалистік революциясынан кейін, оқу ана тілінде жүргізіле бастады. 1939 жылдың қарсаңында ересектер арасындағы сауатсыздық жойылды. І938 жылы жаппай 7 жылдық білім беру міндеті шешілді. 1940-1941 оқу жылында Молдавияда 1864 мектеп, 22 арнаулы орта оқу орны, 6 жоғары оқу орны болды. Бессарабия СССР-ге қосылып, Молдавия құрылғаннан (1940) кейін, білім жүйесін жақсартуда республикаға көп көмек көрсетілді, РСФСР мен Украинадан 1 мың оқытушы жіберілді. Молдавияда Ұлы Отан соғысы жылдарында 600-ден астам мектеп қирады. 1962-1963 оқу жылында 8 жылдық міндетті оқуға көшу ісі толығымен аяқталды. 1972 жылы 1235 балалар бақшаларында 123,4 мың бала тәрбиеленді және колхоздардың маусымдық 1218 ясли-бақшалары болды. 1973-1974 оқу жылында 2140 жалпы білім беретін мектептерде 815,2 мың оқушы болды, 45679 оқытушы жұмыс істеді, 64 кәсіптік-техникалық училищелерде 20,3 мың адам оқыды. 1973-1974 оқу жылында 8 жоғары оқу орындарында 15,4 мың студент, 46 арнаулы орта оқу орындарында 52,4 мың оқушы оқыды.

1973 жылы Молдавияда 1918 кітапхана (кітап қоры 18,6 млн. дана кітап пен журналдар), 21 музей, 1780 клубтық мекемелер, 66 пионерлер мен оқушылар сарайлары және үйлері, 18 жас техниктер станция, 6 жас натуралистер станция, экскурсия-туристік станциялар болды.

Ғылым және ғылыми мекемелері. Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар. 19 ғасырға дейінгі Молдавиядағы жаратылыс тану ғылымы мен техникалық білімдер мал шаруашылығы, шарап жасау, қолөнер кәсібі, құрылыстың дамуына байланысты жинақталды. Түркияның езгісінен шаруашылықтың құлдырауына қарамастан 18 ғасырдың өзінде-ақ белгілі Молдавия ғалымдары Н. Милеску (Спафария) мен Д. Кантемирдің жаратылыс тану жайлы ғылыми еңбектері Европаға белгілі болды. Милеску 1675-1678 жылдар Қытайда болып, Қытай табиғатының сипаттамасын жазды. Кантемир Молдавияның табиғи географиялық жағдайын, жануарлар мен өсімдік дүниесін зерттеді.

Бессарабия Россияға қосылғаннан (1812) кейін, жаратылыс тану жайында ғылыми-зерттеулер дами бастады. Орыс экспедициялары Молдавияныц табиғаты, ең алдымен геологиялық қоры туралы көп материал жинақтады. 19 ғасырдың 1-жартысында жаратылыс тану ғылымындағы материалистік бағыт қалыптасты (К. Вырнав, Т. Стамати, Я. Чихак). 1842 жылы Бессарабия бақ шаруашылығы мектебі ашылды, онда А. Д. Денгинктің басшылығымен метеорогиялық бақылаулар мен селекциялық жұмыстар жүргізілді.

19 ғасырдың 2-жартысында дәнді және жеміс дақылдары өндірісінің артуымен қатар топырақ тану ғылымы мен ауыл шаруашылық ғылымы дамыды (А. П. Билло, И. Гросул-Толстой, К. И. Тардан т. б.). Бессарабия жер қыртысын В. Докучаев, М. В. Корчевский т. б. зерттеді. Жеміс, шарап жасау, темекі шаруашылығы саласындағы зерттеулерді К. Д. Декенбах, Э. Боден де Бапю т. б. жүргізді. 80-90 жылдары молдавия энтомологы И. М. Красильщиктің жарияланған еңбектерінде филлоксераға қарсы жүргізілген күрес тәжірибелері қорытындыланды. Зоология музейі, ауыл шаруашылық және Бессарабия земствосының қолөнер өндірісі (1890 жылы негізі қаланған) қызметкерлері биологиямен, ауыл шаруашылық мәселелерімен шұғылданды. А. А. Браунер мен Ф. Ф. Остерманның жұмыстары Молдавияның фаунасын зерттеуге арналған. 20 ғасырдың басында көрнекті биолог әрі агроном Н. К. Могилянский бірқатар зерттеулер жүргізді. Геологиялық және гидрологиялық іздестірулерді Одесса зерттеушілері И. Ф. Синцов, А. Н. Дорбиньи т. б. жүргізді. 1886 жылы Кишинёвте Метеорологиялық обсерватория ашылды. Геология бойынша (А. Г. Барладян, П. И. Роговский) бірқатар еңбек жариялаған. Молдаван ғалым-дәрігерлері Н. А. Дорошевский, Г. Н. Дурдуфи, А. Д. Коцовский және басқалардың еңбектері жұртқа мәлім болды. Алайда, жалпы алғанда, Ұлы социалистік революциясына дейінгі Молдавиядағы ғылыми-зерттеулер мемлекеттік тарапынан қолдау таппады, ол жеке ғалымдардыц ісі болып қалды.

Молдавияда Совет өкіметінің орнауы ғылыми зерттеудің тез дамуына жол ашты. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жолға қоюға және кадрларды даярлауға туысқан республикалардың ғылыми орталықтары көмектесті. 1918 жылы Петроградта көрнекті совет ғалымы Л. С. Бергтің «Бессарабия. Ел - адам - шаруашылық» деген еңбегі орыс тілінде басылып шықты. 30 жылдары жоғары оқу орындары мен ауыл шаруашылық станциялары ашылды. Өсімдік шаруашылыгы (П. И. Дворников т. б.) өсімдіктердің физиологиясы мен биологиясы (А. М. Шумаков, Б. И. Библина т. б.), агротехника (П. П. Дорофеев т. б.) саласындағы зерттеулер Молдавия ғылымының бой түзеуіне көмектесті. Бессарабия СССР-ге қосылғаннан кейін, оның жерінде ауыл шаруашылық тәжірибе станциялары ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі алғашқы жылдары ғылыми зерттеулердің негізгі бағыты экономика мен мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне байланысты белгіленді.

Биология және ауыл шаруашылық ғылымы. 60 жылдары Молдавия жерінің топырағы жан-жақты зерттеліп, Молдавия топырағынын картасы жасалды. Бұл жұмыстар (акад. Н. А. Димо басқарған) жерді тиімді пайдаланудың ғылыми негізін қалады. Ғалым-агрохимиктердің тыңайтқыштарды әр түрлі топырақ типіне қолдану жөніндегі ұсыныстары практикаға енгізілген (басқарушы И. Г. Дикусар). Кейбір ауыл шаруашылық дақылдарын сұрыптаудың теориялық негізі жетілдірілген (К. В. Морару т. б.). А. Е. Коварскийдің басшылығымен жүгері мен сояның өнімді сорттары шығарылған. Көкөністің Молдавияда шығарылған кейбір сорттары шет елдерде егіледі.

Өсімдіктердің физиологиясы мен биохимиясы зерттелуде. Өсімдік клеткаларының су буын бойына сіңіру құбылысы ашылған (Л. Н. Бабушкин). Өсімдік белогы мен аминоқышқыл химиясының мәселелері (В. Г. Клименко т. б.), фотосинтез процесі зерттелуде. Өсімдіктің дамуы, өсуі, қоректену физиологиясы мәселелерімен С. М. Иванов т. б. шұғылдануда. Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері және ауруларымен күрес жүргізу әдістері мен ғылыми негіздері жасалуда (Д. Д. Вердеревский, И. С. Попушой т. б.). Бақ өнеркәсібі ғылыми негізде дамуда. Дәнді бұршақтар мен жеміс- жидек дақылдарының жаңа сорттарын шығару және оларды егудің агротехникасы жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Ботаниктер республиканың өсімдік картасы және Молдавия өсімдіктерінің анықтамалығын жасаған. Жергілікті флорасынан келешегі мол өсімдіктер ашылуда (Т. С. Гейдеман), өсімдіктердің эмбрионалдық даму мәселесі (А.А.Чеботарь), жемістердің анатомиялық құрылысының заңдылығы (Б. Т. Матвенко) зерттелуде.

Зоологтар Молдавияның фаунасына есеп жүргізіп, оларды жан-жақты зерттеді (Г. А. Успенский, И. М. Ганя, М. Н. Лозан). Ветеринария, мал шаруашылығы және зоотехникалық саласындағы зерттеулер дамытылуда. Филлоксера мен оған ие өсімдіктер арасындағы трофиктік қарым-қатынас және онымен күресу шаралары туралы Я. И. Принцтың еңбегі энтомологтар арасында жер жүзіне белгілі болды. Гидробиологтар мен ихтиологтар гидрофаунаның құрамын, бөгендер мен өзендердің балық өсіруге мүмкіншілігін анықтады (М. Ф. Ярошенко т. б.).

Медицина саласында жоғары нерв қызметінің мәселесі, ми қабығының ішкі секреция безіне тигізетін әсері, аурулардың генезі мен дамуының моделі, нейрондардың қызметі зерттелуде (Б. Е. Мельник, М. С. Кахана, А. М. Мариц, С. А. Кузнецов). Патологилық анатомия, хирургия, онкология, гигиена мен эпидемиология, фармакология бойынша жұмыстар жүргізілуде (В. X. Анестиади, Н. К. Георгиу, К. А. Цыбырнэ т. б.). Түйнеме ауруының диагностикасына арналған «Антраксин» препараты көпшілікке белгілі  болды.

Xимия. Молдавия ҒА Химия институтында бпонеорганикалық (ауыспалы металдардың үйлесімді қосылыстары) және биоорганикалық (алкалоидтар, термоноидтер, эстрогендер) химия мәселелері зерттелуде. Биологиялық маңызды жүйелердің комплексі синтезделген (А. В. Аблов). Жаңа дәрілік препарат - бревиколлин практикаға енгізілген (Г.В. Лазурьевский). Радиожиіліктік полярограф модельдері СССР-дегі алгаттіқылардың бірі болып конструкцияланған (Ю. С. Ляликов).

Физика саласындағы зерттеулер Молдавия ҒА институттарында, Кишинёв университетінде және Кишинёв политехникалық институтында жүргізілуде. 60 жылдардан қатты денелер физикасы саласында эксперименттік және теориялық зерттеулер жүргізілуде. Күрделі кристалды және шыны тәрізді жартылай өткізгіштердің физика-химиялық қасиеттері, энергиялық спектрі, гетероауысудағы физикалық процестер зерттелуде (С. И. Радауцан, Д. В. Гицу т. б.). Лазер сәулесінің өрісіндегі деформацияланатын кристалдағы электрондар мен экситондардың күйі зерттелген (В. А. Коварский, С. А. Москаленко, Ю. Е. Перлин т. б.). Жартылай өткізгіштегі асқын өткізгіштік теориясы дамытылуда және қысым мен қоспалардың асқын өткізгіштердің қасиетіне тигізетін әсері зерттелуде (В. А. Москаленко т. б.), ядро мен ядролық реакциялардың теориясы дамытылуда.

Математика және кибернетика. Математика зерттеулердің негізгі бағыты: алгебра, математикалық логика, дифференциалдық теңдеу, геометрия, топология, функциональдық анализ. Сақина радикалдары мен алгебралық радикалдар теориясы, сақинаның құрылымдық теориясы, алгебралық жүйелердің аддитивтік теориясы, квазитоптар теориясы дамытылған (В. А. Андрунакиевич, В. И. Арнаутов, В. Д. Белоусов т. б.). Кристаллографияның математикалық мәселелері, жиынның дөңестік қасиеті, графтар теориясы, жалпы топологияның кейбір мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізілген (А. М. Заморзаев, И. И. Паровиченко, П. С. Солтан т. б.). Программалауды автоматтандыру, математикалық тәсілдері мен ЭЕМ-ді механика мәселелеріне және өндірісті тиімді дамытуға қолдану жөнінде бірқатар жұмыс істелген.

Техника ғылымы. Тамақ өнеркәсібінің машиналары мен технологиялық процестерін жасау жөнінде зерттеулер жүргізілуде. Тамақ және шарап жасау өндірісі өнімінің жаңа түрлері жетілдірілген. Өлшемдік электр ұшқындық өңдеу процестерінің физикалық табиғаты мен негізгі заңдылықтары зерттелуде және осы процестерді жүзеге асыратын құрылғы жасалуда (Б. Р. Лазаренко). Аса жоғары жиілік энергиясын технологиялық процестерге қолдану негізі жасалуда (М. К. Болога т. б.). СССР-дегі тұңғыш рет шынымен изоляцияланған құйма микросым дайындау технологиясы Молдавияда өндіріске енгізілген. Осының негізінде дәлдігі өте жоғары әрі тұрақты жоғары кедергілі приборлар жасалды. Молдавия ультрадыбыстық дефектоскопты конструкциялауда СССР-де жетекші орында келеді.

География. Молдавия ҒА-ның География бөлімі Молдавияның табиғи қорлары мен табиғат жағдайларын зерттеуде. Республиканың ғылыми мекемелері табиғатты қорғау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бөгендерді қорғау және ағынсыз суды тазарту проблемалары зерттелуде.

Геология, геофизика. Мемлекеттік геологиялық түсіру жұмысы жүргізілген, тереңдігі 4,5 км-ге дейін баратын бірқатар скважиналар бұрғыланған, геофизика жұмыстар жүргізілген. Тау жыныстарының стратиграфиясы және заттың құрамы мен геологиялық даму тарихы зерттелген. Құрылыс материалдары (өк тас, гипс, құм, керамзит шикізаты) кен орындары ашылған минерал және тұщы жер асты суы барланған.

Ұлы социалистік революциясына дейінгі қоғамдық ғылымдар. Молдавиядағы алғашқы қоғамдық ойдың ескерткіштері Молдавияның жылнамалары болды. Жылнамалар Молдавияда 15 ғасырдан 18 ғасырға дейінгі кезеңдерде жазылды. 15-16 ғасырларда жылнамалар әуелі шіркеулік-славян кейінірек молдаван және грек тілдерінде жазылды. 16-19 ғасырлар аралығында молдаван халқының озық ойлы өкілдері өз халқының тәуелсіздігі үшін күрес проблемаларына көп көңіл бөлді. Бұл проблемалар жылнамаларда әр түрлі жазылды. Мыс., 15 ғасырда анонимдік жылнама, 16 ғасырда Макария, Евфимия және Азария жылнамаларында ұлт-азаттық күрес идеясы айтылмаған, Г. Урек (1359-1592 жылғы жағдайлар), М. Костин (1592-1662 жылғы жағдайлар), И. Некулче (1662-1743 жылғы жағдайлар) жылнамаларында ірі боярлар идеологиясы сипатталғанмен онда алғашқы гуманистік көзқарастар да байқалады. Д. Кантемир, Н. Милеску (Спафария) еңбектері (17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басы) жарық көрді. Д. Кантемир М. және Түркия тарихы туралы құнды еңбектер қалдырды. Н. Милеску Қытай тарихы жөнінде бағалы деректер берді. Екеуі де орыс, молдаван мәдениеті мен ғылыми байланысының нығаюына көп еңбек сіңірді.

18 ғасырдың 2-жартысында Молдавияның қоғамдық ойларында түрлі ағымдар мен бағыттар пайда болды. Амфилохий 18 ғасырдың аяғы) Молдавияның оқу-ағарту ісінің дамуында көп еңбек сіңірді. Молдавияда алдыңғы қатарлы орыс және батыс-европа қоғамдық ғылымдарының ықпалы кушейе бастады. Мұнда Вольтер, Монтескье еңбектері, француз «Энциклопедиясы» пайда болды. А.Н.Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхат» атты шығармасының қолжазбасы кеңінен тарады. Бессарабия Россияның құрамына қосылғаннан кейін, Молдавиядағы қоғамдық ғылымдар орыс, украин және басқа Россия империясы халықтарының қоғамдық ғылымдарымен тығыз байланыста дамыды. Осы кезеңде Молдавияда декабристердің және орыс революционер демократтарының шығармалары тарай бастады. Молдавияда 19 ғасырдың 1-жартысында А. Руссо революция-демократиялық идеологияның көрнекті өкілі болды. 19 ғасырдың 2-жартысында Молдавияда В. Г. Белинскийдің, А. И. Герценнің, Н. А. Добролюбовтың, Н. Г. Чернышевскийдің патша өкіметі тыйым салған еңбектері көптеп тарады. Легалды философиялық әдебиет беттерінде идеализм мен материализм арасындағы күрес күшейді. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында идеализммен күреске тарихи материализмнің өкілдері (И. М. Красилыцик, А.Д. Коцовский, Н. К. Могилянский т. б.) едәуір үлес қосты. 19 ғасырдың аяғынан бастап Молдавияда марксизмді насихаттаушы социал-демократтар болды.

Баспасөз, радиохабар, телевизия. Молдавияда кітап басу ісі 17 ғасырдан басталады «Жарте де ынвэцэтурэ», 1643). 18 ғасырдың аяғында молдаван кітап бастырушысы М. Стрельбицкий бірнеше Молдавия әліппесін басып шығарды. 1814 жылы Кишинёвте тұңғыш баспахана ашылды. 1917 жылыны дейін Бессарабияда негізінен орыс тілінде ресми газеттер шығып тұрды. 1901-1902 жылдар Кишинёвте «Искра» газетінің астыртын баспаханасы жұмыс істеді.

Молдавияда Совет өкіметінің орнауы (1918 жылы қаңтар) ұлттық баспасөздің дамуына кең жол ашты. 1924 жылы 1 мамырда молдаван тіліндегі тұңғыш газет - «Плугарул рошу» («Қызыл егінші») шыға бастады.

1944 жылы Молдавия басқыншылардан азат етілгеннен кейін республиканың полиграфиялық базасы қалпына келтірілді. Молдавияда «Картя Молдовеняскэ» («Молдаван кітабы»), «Лумина» («Сәуле»), «Штинца» («Ғылым») республикалық баспалары жұмыс істейді. 77 журнал және журнал басылымдары, 120 газет шығып тұрды (1973).

Республикалық газеттері: молдаван тілінде - «Молдова социалистэ» («Социалистік Молдавия», 1924 жылдан), «Вяца сатулуй» («Ауыл өмірі», 1945 жылдан), «Тинеримя Молдовей» («Молдавия жастары», 1928 жылдан), «Тынэрул ленинист» («Жас лениншіл», 1941 жылдан), «Култура» («Мәдениет», 1954 жылдан); орыс тілінде - «Советская Молдавия» (1925 жылдан), «Молодёжь Молдавии» (1940 жылдан), «Юный ленинец» (1941 жылдан) т. б. қоғамдық-саяси, әдеби, ғылыми-техникалық, жастар, әйелдер, сатиралық журналдары: молдаван және орыс тілдерінде - «Комунистул Молдовей» («Молдавия коммунист»), «Трибуна»; молдаван тілінде - «Лимба ши литература молдовеняскэ» («Молдаван тілі мен әдебиеті»), «Ынвэцэторул советик») («Совет мұғалімі»), «Нистру» («Днестр»), «Скынтея ленинистэ» («Лениндік ұшқын»), «Фомея Молдовей» («Молдавия әйелдері») т. б.; орыс тілінде - «Кодры» т. б. Кишинёвте информациялық агенттігі - АТЕМ жұмыс істейді.

Тұңғыш радиохабары Тираспольде 1930 жылдан беріле бастады. 1958 жылдан Кишпнёв телеорталығы жұмыс істейді. Республикалық радио мен телевизиясы молдаван және орыс тілдерінде 3 радиопрограмма және 2 телепрограмма бойынша хабар береді, Москва хабарларын қабылдайды.

 Молдавия жазба әдебиеті дамып қалыптасуына ауыз әдебиетіндегі қарапайым өлеңдер мен ертегілердің, лиро-эпикалық, батырлық дастандардың зор ықпалы болды. Халық поэзиясының ішіндегі әрі көлемдісі, әрі құндысы - «Миорица» балладасы. 9-10 ғасырдан 17 ғасырға дейін діни шығармалар мен іс қағаздары, жылнамалар және митрополит Варлаамның (1590-1657) шіркеулік-славян тілінде жазылған «Казания» атты кітабы тұңғыш рет жарияланды. Кейін Варлаамның мирасқоры митрополит Досифей (1624-1693) «Псалтырь» атты шығармасын жазу арқылы Молдавия жазба әдебиетіне жол салды. Жылнамашы Мирон Костин (1633-1691) Молдавия халқының шығу тегі жайлы «Әлем тіршілігі» атты поэмасын жазды. Молдавияның сол кездегі көрнекті мәдениет өкілі Николай Милеску (Спарфарий, 1636-1708) «Жорық журналы», «Қытай туралы суреттеме» атты кітаптарын жариялады. А. Д. Кантемирдің әкесі - орыс ақыны, ірі ғалым-энциклопедист, жазушы әрі саяси қайраткер Д. Кантемир (1673-1723) творчествосы 18 ғасырдағы Молдавия әдебиетінің шыңы болды. Ол «Иероглифтік тарих» атты аллегориялық романын, Молдавияның тарихын, географиясын, саяси өмірін сипаттайтын еңбектер жазды.

18 ғасырдың аяғында Молдавия тілінде лирикалық өлеңдер пайда болды. Француз, орыс т. б. тілдердегі көркем шығармалар аударыла бастады. Бессарабияның Россияға қосылуы (1812) декабристердің, демократиялық идеялары мен С. Пушкиндей бостандық суйгіш ақындар өлеңдерінің Молдавияға тарауына себепші болды. 19 ғасырдың 1-жартысында орыс тілінде жазатын А. Хыждеу (1811-1874), К. Конаки (1778-1849), К. Стамати (1786-1869) Молдавия әдебиетінің дамуына белгілі үлес қосты. «Әдеби Дакия» журналының шыға бастауы (1840), А. Донич (1806-1866), Александри (1821-1890) өлеңдері мен К. Негруццидің реалистік прозасы төл әдебиетті дамыта түсті. В. П. Хашдеу (1838-1907) ұлт әдебиетіне сыншыл реализмді ендірді. «Контемпоранул» («Современник», 1881-1891), «Басарабия» (1906-1907) журналдары орыс әдебиетімен байланысты күшейтіп, демократиялық бағыт ұстады. 1917 жылдан кейін Молдавия әдебиетінің нағыз даму кезеңі басталды. Д. Милевтің (1887-1944) «Горицэ атай» (1926), «Таң алдында» (1928), Н. Марковтың (1903-1941).        «Партия шақырады» (1935), «Қазына» (1936) атты романдары мен повестері, Т. Малайдың Азамат соғысы кезеңін суреттейтін поэмалары социалистік шындықты бейнелеген таңдаулы туындылар болды. 1918-1940 жылдар корольдық Румынияға қараған буржуазия-помещиктік құрылыстағы Бессарабия жеріндегі А. Лупан (1912 ж. т.), Е. Буков (1909 ж. т.) т. б. ақын-жазушылар жасырын революция қозғалыстарға араласты, фашизмге қарсы күрес жүргізді. Молдавия ССР-і құрылған соң (1940), ақын-жазушылардың творчествосына кең жол ашилды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Буковтың «Қараймын саған, Молдавия» (1942), «Днестрдегі көктем» (1944) атты өлеңдер жинағы шықты. Соғыстан кейінгі жылдары барлық жанр, оның ішінде поэзия күшті дамыды. Драматургия, балалар әдебиеті, проза жедел өсті. И. Друцэнің (1928 ж. т.) «Қайғы жапырағы», И. Чобанудың (1927 ж. т.) «Кодры» (1954-1957), Шляхудың «Соқа айдаған солдат» (1957), «Төменгі шалғай» (1962), А. Шаларьдың (1923 ж.т.) «Адамдар, тағдырлар» (1958), А. Лупанның (1922 ж. т.) «Желпіген самал» (1957), «Жер, диқаның қайда» (1963) роман, повестері жазылды. Драматургияда Лупанның «Сәуле» (1928), Буковтың «Буырқанған Дунай» (1957), Р.Партнойдың (1908-1965) «Ұшпайтын құстар» (1957) атты пьесалары жарияланды. 60-70 жылдары Чобанудың «Көпірлер» (1965), Друцэнің «Дала балладасы» (1963) романдары мен Лупан, Боцу т. б. ақындардың өлеңдер жинағы баспадан шықты. Гагауыз әдебиеті саласында Д. Карачобан (1933 ж. т.), Д. Танасоглы т. б. ақын-жазушылар еңбек етуде. Молдавия әдебиетінен қазақ тіліне «Қырмызы» (1954) атты халық ертегілерінің жинағы, Ставскаяның «Жыр сарайы» (1956), С. Романның «Алтын қылыш» (1958) кітаптары аударылды.

Архитектурасы. Молдавия территориясында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде б. з. б. 3-2-мың жылдыққа саятын триполь мәдениеті мекен-жайлары, фракиялықтар (б. з. б. 9 ғасырдан) мен славян тайпаларының (б. з. б. 6 ғасырдан) мәдени ескерткіштері табылды. 14 ғасырдың ортасынан молдаван князьдықтарында архитектура жандана бастады. Қалалар тас қорғандармен қоршайды. 16 ғасырда Сороки мен Бендеры қалаларында алып мұнаралы, аркалы қорғандар тұрғызылды. Жергілікті үлгімен тұрғызылған ғибадатханалар (Каушанадағы Успен шіркеуі, 16-18 ғ.) бой көтерді. 15-16 ғасырларда сағаналы шіркеулер (Руд монастырының шіркеуі, 1774) салына бастады. 14-15 ғасырлардағы азаматтық құрылыстар (сарай, монша т. б.) ағаш пен шикі кірпіштен тұрғызылса, бертін келе негізінен тастан (Ескі Орхейдегі қамал 14-15 ғ.) қаланды. 18 ғасырдың аяғында қала мен село тұрғын үйлерінің түрі қалыптасты. Түріктер үстемдігі кезінде (15-18 ғасырлар) Молдавияның көптеген архитектуралық ескерткіштері бүліншілікке ұшырады. 16-17 ғасырдағы тарихи ескерткіштерден тас-үңгір монастырьлар (Сахарна мен Жабкада) мен ғибадатханалар (Бутучены селосында) сақталған. Бессарабияның Россияға қосылуынан кейін (1812) қала салу ісі көркейе түсті. Классицизм стилінде тұрғын үйлер мен ансамбльдер (Кишинёвтегі собор, 1830-1835, арх. А. И. Мельников; Цыганештыдағы монастырь, 1846) салынды. 19-20 ғасырлардың басында қала ішінен маңы бау-бақпен қоршалған 1 қабатты дербес үйлер салу етек алды. 1950 жылдары фашист басқыншылығынан азат етілген қалалар мен селоларды қалпына келтіру, абаттандыру жұмыстары қолға алынды. Кишинёв, Тирасполь, Бельцы, Бендеры, Оргеев, Кагул қалаларында мәдени-әкімшілік орталықтары, негізгі жол тораптары, тұрғын үй аудандары комплексті түрде салына бастады. 1955 жылдан қала шетінен микроаудандар (Боюканы, Рышкановка, Ботаника - Кишинёвте), 60 жылдардың басынан жаңа құрылыс материалдары пайдаланылған балконды, лоджиялы тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар бой көтерді. Белгілі архитекторлары: Р. Е. Курц, В. А. Войцеховский, В. П. Меднек, А. В. Колотовкин, С. М. Шойхет. Ауыл-село архитектурасы да дамуда. Селоларда кәсіптік үйлер, мектептер, клубтар, стадиондар, демалыс орындары салынды. Ұлы Отан соғысы қаһармандарына бірқатар мемориалдық комплекстер тұрғызылды; қоғамдық үйлер нақышты бедер, мозаикамен, рельефтермен көркемделеді. 1945 жылы Кишинёвте Молдавия Архитекторлар одағы құрылды.

Бейнелеу өнері. Молдавиядан табылған өнер туындылары кейінгі палеолит (рельефті фигуралар) және неолит (түрлі ою-өрнекті керамикалар) дәуіріне саяды. Триполь мәдениеті қыш-ыдыстары сәндік өрнектермен қатар адам мен аңдардың пішіндерімен әсемделген. Б. з. 1-мың жылдығының 1-жартысынан зергерлік өнері өркендеді. Қыштан жасалған мүсіншелер мен құтылар славяндар мұрасына саналады. 13-14 ғасырлардағы сән және қосалқы өнері Византия мен Шығыс мұсылмандары өнерінің ықпалында болды. 15-16 ғасырларда жазбалар көгеріс өрнекті нақыштармен көркемделді. Каушанадағы 18 ғасырда салынған Успен шіркеуінде қабырға өрнектер, портреттер сақталған. 14-17 ғасырларда зер төгу, 18-19 ғасырларда кілем тоқу, икона өнері дамыды. 19 ғасырларда діни өнер канондарын бойына сақтаған зиялылар өнерінің портрет жанры (И.Краус, 19 ғасырдың ортасы) қанат жайды. 19 ғасырдың 2-жартысынан профессионал суретшілер өмірге келді, сурет мектебі (1887, 1940 жылдан Республикалық көркемсурет училищесі) ашылды, көрмелер ұйымдастырылды. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында передвижниктердің әсерімен реалистік пейзаждар, жанрлық картиналар, портреттер (В. Ф. Окушко, Е. М. Малешевская) өмірге келді. Молдавия өнері украин және орыс өнерімен қатар дамыды. Оккупациядағы Бессарабия өнерінде модернистік ағым аңғарылғанымен, суретшілер негізінен реалистік бағыт ұстанды (А. М. Пламадяланың монументті және жанрлық мүсіндері, А. И. Бальердің портреттері мен натюрморттары т. б.). 1941-1945 жылдар Л. И. Добиновский, М. Е. Гамбурд шығармаларына Ұлы Отан соғысы тақырыбын өзек етті. Соғыстан кейінгі жылдары Молдавия суретшілері жаңа социалистік заманды, революция тарихын, совет адамдарының рухани бейнесін шығармаларының негізгі желісіне айналдырды. Мүсінші Л. И. Дубиновский совет әйелінің шынайы бейнесін жасады. Кескіндемешілер В. Г. Руссу-Чобану, Г. В. Саинчук, В. Д. Зазерская картиналарында ұлттық қолтаңба басым. Тарихи картина жанрынан Л. П. Григорашенконың, тұрмыстық көріністен И. Д. Жуматия, Лэичер (кілемше). А. Г. Барановичтің, портрет жанрынан К. Д. Китайка, О. Д. Орлованың, пейзаждан А. А. Васильев, И. Ф. Степанов, М. П. Петриктің, графика саласынан И. Т. Богдеско, Л. Г. Беляев, В. Г. Коваляның, сатиралық суреттен Б. Н. Широкорадтыц еңбектерін атауға болады. Монументті өнер саласындағы кескіндемешілері - В. А. Обух, А. А. Давид, мүсіншілері - Б. П. Марченко, Н. М. Горенышев, театр суретшілері - А. Е. Шубин, Н. А. Алентьев, А. И. Матер, сән және қосалқы өнер саласында С.С. Чоколов, Н. И. Коцофан, В. К. Полякова. Халық өнерінің ішінде тас шеку, ағаш ұқсату, кілем тоқу (геометриялық және көгеріс өрнекті түкті кілем), кесте, керамика (шарапқа арналған ыдыстар, көзелер, сырлы ожаулар т. б.) дамыған. 1945 жылы Кишинёвте Молдавия Суретшілер одағы құрылды.

Музыкасы. Молдавия музыка мәдениеті көршілес славян және шығыс халықтарының музыка творчествосымен тікелей байланыста дамыды. Халық музыкасы 7 сатылы диатоникалық ладқа негізделген. Молдавияның ежелгі әндеріне дыбыс қатары толық емес пентатоника тән. Халық әндері негізінен бір дауысты болып келеді. Ежелден келе жатқан тұрмыс-салт және еңбек әндері: колядки, бочет (жоқтау). Басқа жанрлары: дойна, кынтэк бэтрынеск (баллада), лирикалық, дастарқан басында айтылатын әндер т. б. Молдавия халық билері (молдовеняска, сырба, хора, жок т. б.) тартымды әрі билену ерекшеліктері әр түрлі. Музыкалық аспаптары: кавал (флейтаның бір түрі), най (пан флейтасы), бучум (трембита), кобза (ішекті-ысқылы), цымбалы т. б. Молдавия халық музыкасында скрипка ертеден келе жатқан музыкалық аспап болып табылады. 19 ғасырда керней, кларнет, тромбон, контрабас қолданыла бастады. Халық музыка мәдениетін таратушылар кезбе музыканттар мен лэутарлар («лэута» немесө «алэута» атты лютна тәрізді аспапқа байланысты шыққан) болды. 19-20 ғасырлардағы лэутарлар: Барбу Лэутару, Костаке Марин, Костаке Парно, Тимотей Няга, Георге Мурга т. б.

Профессионалдық музыка өнері Бессарабияның Россияға қосылғанынан кейін пайда болды. 1899 жылы Кишинёвте Орыс музыкалық қоғамы бөлімі, 1900 жылы музыкалық училище ашылды. Композитор, дирижер, педагог Г. Музическу осы кезеңнін көрнекті музыка қайраткері саналады. Ұлттық профессионал музыкалық өнерінін нағыз даму кезеңі Совет өкіметі орнағаннан кейін басталды. «Дойна» хор капелласы (1930), Молдаван музыкалық драма театры (1939) , симфониялық оркестр (1935) және көптеген көркем өнерпаздар ансамбльдері ұйымдастырылды. 1937 жылы Одессадағы Украина композиторлар одағы жанынан молдаван композиторлары бөлімі құрылды. 1940 жылы Молд. СССР болып қайта құрылғаннан кейін Кипшнёвте респулика филармония, Композиторлар одағы, консерватория, музыкалық училище, музыкалық мектеп, халықтық би ансамблі жұмыс істей бастады. 1946 жылы халық аспаптар оркестрі, 1957 жылы Молдавиянның опера және балет театры ашылады. Композиторлары: Е. К. Кока, Л. С. Гуров, Д. Г. Гершил. А. Г. Стырча, П. Б. Ривилис, М. Лобель, С. В. Лунгул, Е. Д. Дога, З. М. Ткач көптеген симфониялық, аспаптық шығармалар, кантаталар, әндер жазды. Д. Г. Гершфельд «Гроза» (1956) атты алғашқы ұлттық өпераның авторы.

Театры. Театр өнерінің қайнар көзі халык творчествосына, ескілікті әдет-гұрып пен ойын-сауықтарға саяды. 14 ғасырда сарап және кезбе театр труппалары (« Пеливань», «Мэскэричь») белгілі болды, ал 18-19 ғасырларда би мен музыкаға толы халық театрының түрлері («Ирозий», «Пэпушарий») кең өріс алды. 19 ғасырдың басында Россиямен қарым-қатынастың нығаюымен байланысты ұлттық театрдың дамуына қолайлы жағдай туды. Драматургиялық шығармалар дүниеге келді. Ұлттық театрдың негізін салушы Г. Асаки 1816 жылы тұңғыш спектакль қойып, Яссыда актерлер даярлайтын консерватория (1836-1838) ұйымдастырды. 1840 жылы Яссыда молдаванның тұңғыш профессионалдық театры жұмыс істей бастады. В. Александри, М. Когэлничанув, К.Негруцци сынды драматургтар ұлттық театрдың қалыптасуына мол үлес қосты. Молдавиядағы реалистік актер өнері мектебінің негізін салушы - М. Милло болды. Кишинёвте тұрақты орыс труппалары ашылып, орыс және украин актерлері гастрольдік сапармен өнер көрсетіп тұрды. Бессарабияның оккупацияға ұшырауы (1918) театрдың дамуына кедергі келтірді. Ұлттық театр өнерінің қалыптасып өрлеуі Молдавиянің құрылуымен тығыз байланысты. 1933 жылы Тираспольде Молдаван драма театры ашылып, ол 1939 жылы музыкалы драма театрына айналды. Бұдан басқа украин (1930-1940) және орыс (1935; 1959 жылдан А. П. Чехов атында) театры ұйымдасты. Театрларда орыс (А. Островский), шетел классиктерінің және совет драматургтарының (Горький, Тренев, Киршон, Корнейчук) пьесалары қойылды. 50 жылдардан бастап театрлар молдаван драматургтарының пьесаларын қоюға баса көңіл аударды. 1960 жылы ұлттық театр Москвада өткен молдаван әдебиеті мен өнерінің он күндігіне қатысты. 60-70 жылдардағы Молдавия театр өнері репертуардан ұлттық драматургияның мол орын алуымен, творчестволық жағынан өсіп-толысуымен ерекшеленді. Молдаван драматургтарының (Друцэ т. б.) пьесалары Совет Одағының, сондай-ақ Қазақстан театрларында да қойылуда. 1960 жылы Кишинёвте жастарға арналған «Лучафэрул» театры құрылды. Театрлар репертуарынан классикалық (Шекспир, Лермонтов, А. Островский) және ұлттық (Лупан, Друцэ, Кондри, Маларчук) драматургтардың пьесалары орын алды. 1958 жылы Молдаван театр қоғамы құрылды. Молдавияда (1974) 7 драма театры жұмыс істеді. Кишинёвтің Г. Музическу атындағы өнер институтында актерлік (1958) және режиссерлік (1967) факультеттер бар. Театр өнер қайраткерлері (1974): СССР халық артистері Д. Т. Дариенко, Н. Н. Масальская, Е. В. Уреке, К. А. Штирбул; Молд. ССР халық артистері М. М. Апостолов, Е. Г. Казимирова, К. Т. Константинов т. б.

Киносы. Молдавия территориясында түсірілген алғашқы кадрлар Ұлы революциясының 10 жылдығына арналған «Замана документі» (1927) атты документті фильмнің құрамына енді. Оператор И. А. Грязнов 1944 жылы Кишинёвте киножурналдар түсірді. 1952 жылы документті-хроникалық фильмдер студиясы ұйымдасып, ол 1957 жылы «Молдова-фильм» деген атпен документті-хроникалық және көркем фильмдер шығарылатын киностудияға айналды.

«Молдавия сазы» атты тұңғыш көркем фильмді 1955 жылы режиссер А. В. Золотниц кий қойды. 60-70 жылдары негізінен тарихи-революция және патриоттық тақырыпқа арналған фильмдер жасалды: «Марианна» (1967), «Тәуекел» (1970), «Қызыл боран» (1970), «Көпірлер» (1973, реж. В.Я. Паскару), «Сергей Лазо» (1967, реж. А. В. Гордон), «Лаутары» (1971, реж. Э. В. Лотяну), «Соңғы гайдук» (1972, реж. В. Г. Гажиу), «Дмитрий Кантемир» (1973, реж. В. И. Иовицэ, В. А. Калашников), «Бір жаздағы он қыс» (1969, реж. В.Г. Гажиу) пен «Туған үй» (1973, реж.В. И. Демин) фильмі қазіргі Молдавия адамдарының өмір-тұрмысын көрсетеді. Ғылыми-көпшілік фильмдері шығарылды, ал документті-хроникалық картиналар Молдавияның тарихын, ерлікке толы өткен жолы мен бүгінгі өмірін бейнелейді. 1970-1972 жылдар Молдавияда барлық одақтас республикалар сондай-ақ Болгария, МХР, КХДР т. б. социалистік елдер фильмдерінің фестивалы өтті. Бұған қазақ кинематографистері де қатысты. 1972 жылы ауыл шаруашылық фильмдерінің халықаралық кинофестивалы өткізілді. 1962 жылы Молдавия Кинематографистер одағы құрылды. Молдавияда 1834 кино қондырғы жұмыс істеді (1974).

Әдеб.: Тектоника Молдавской ССР. М., 1961; Геология СССР. т. 45. Молдавская ССР. М., 1969; Молдавия. М., 1970 (серия «Советский Союз»); Украина и Молдавия. -М., 1972 (Природные условия и естественные ресурсы СССР); Типы леса и лесные ассоциации Молдавской ССР. Киш., 1964; Агропочвенное районирование Молдавской СССР. Киш., 1965; Прока В. Е. Анализ ландшафтной структуры и динамики современных ландшафтообразующих процессов Кодр Молдавии. М., 1970; История Молдавской ССР. т. 1-2, Киіп., 1965-1968; Материалы и исследования по археологии Юго-Запада СССР и Румынской Народной Республики. Киш., 1960; Мохов Н. А. Молдавия эпохи феодализма. Киш., 1964; Советов П.В. Исследования по истории феодализма в Молдавии. Киш., 1972; Гросул Я. С., Вудак И. Г. Очерки истории народного хозяйства Бессарабии (1812-1861). Киш., 1967; их же, Очерки истории народного хозяйства Бессарабии (1861-1905). Киш., 1972; Сабадырев И. Л. Борьба большевиков за ленинскую аграрную программу на юге Украины и в Молдавии (1903 - февраль 1917), Киш., 1972; Революционное движение в 1917 г. и установление Советской власти в Молдавии. Киш., 1964; Лазарев А. М. Воссоединение молдавского народа в единое Советское государство. Киш., 1965; Гудым А., Тон Д., Создание тяжелой промышленности в Молдавской ССР. Киш., 1967; Козуб К. Стукалов Г. Расцвет экономики Молдавской ССР. Киш., 1969; Народное хозяйство Молдавской ССР. Стат. сб. Киш., 1970; Гильман Ф. М., Голенко Т. Гудым А. А. Развитие и размещение производительных сил Молдавской ССР. М., 1972; Бодюл И. И. Экономические и социально-политические проблемы сближения города и деревни. Киш., 1972; Гросул Я. С. Наука Советской Молдавии. М., 1970; Литература и современность. Киш., 1963; Очерк истории молдавской советской литературы. М., 1963; Захаров А. И. Народная архитектура Молдавии. Каменная архитектура центральных районов. М., 1960; Прикладное искусство Молдавии. -Киш., 1963 (на рус. и молд. яз.); Беров Л. Молдавские музыкальные народные инструменты. Киш., 1964; Ошурко Л. Народные танцы Молдавии. Киш., 1957; Королева Э. А. Хореографическое искусство Молдавии. Киш., 1970; Прилепов Д. Молдавский театр. М., 1967; Хействер В. Русский драматический театр имени А. П. Чехова. Киш., 1960; Грошев А. Советское кино в послевоенные годы (1945-1953 гг.). М., 1960.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-09-03 12:28:38     Қаралды-2583

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »