UF

Латвия (Lаtvijа). Евразия Европалық бөлігінің солтүстік-батысында орналасқан, батыс жағынан Балтық теңізі және Рига шығанағы қоршайды. Эстония, Ресеймен, Белорусиямен және Литвамен шектеседі. Жері 63,7 мың км2. Халқы 1,9 млн. (2020). Астанасы - Рига қаласы. 26 ауданға бөлінеді; 56 қаласы, 35 қ. т. поселкесі бар.

Табигаты. Латвия жері Шығыс Европа жазығында, Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауында, Даугава (Батыс Двина) өзені алабында орналасқан. Теңіз жағалауы азғана тілімделген, тек Рига шығанағы құрлыққа көбірек кіреді. Балтық теңізі жағалауын бойлай ені 2-3 км, кей жері 50 км-ге дейін жететін ойпат созылып жатыр. Республиканың батыс бөлігінде Курзем (биіктігі 184 м), орталығында Видзем (республиканық ең биік жері Гайзинькалнс төбесі, 311 м осында), шығысында Латгаль (289 м) қыраттары, солтүстік-шығыс бөлігінде - Солтүстік Латыш ойпаты (биіктігі 40-60 м) орналасқан.

Геологиялық құрылымы жөнінен Латвия жері Шығыс Европа платформасы құрамына енеді. Платформаның кристалды фундаменті құрамында (700 м-дей тереңдікте, (Лимбаж ауданы) темір рудасы бар; кембрий мен ордовик шөгінділерінен 1965 жылы мұнай табылды; девон шөгінділерінен гипс тасы, квард және әйнек құмы, доломиттер, пермь шөгінділерінен әк тас, юра шөгінділерінен қоңыр көмір, антропоген шөгінділерінен түрлі саздар, құмдар, шым-тезек т. б. алынады. Балтық теңізі мен Рига шығанағы жағалауларында янтарь кездеседі. Минералды су көздері (Кемери, Балдоне) бар.

Республика жері теңіздік және континенттік климатты. Батыс желдері басым. Шілденің орташа температурасы 16-18°С; қаңтарда Балтық теңізінің жағалауында - 2°С, -3°С; шығыс аудандарында -7°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 500-800 мм, оның 70%-і жылы маусымда түседі.

Өзендері Балтық теңізі алабына жатады. Ірі өзендері: Даугава, Лиелупе, Вента, Гауя. Даугава өзені бойынан Плявинь және Кегум бөгендері жасалған. Су энергетика қоры - 3,9 млрд. квт-сағ (оның 90%-і Даугаваның үлесіне тиеді). 3195 көл бар, олар республика жерінің 1,5%-ін алып жатыр; бәрі де мұздық ерекетінен пайда болған. Ірі көлдері: Лубанас, Резнас, Буртниеку, Усмас, Лиепаяс. Ең терең көлі - Дридза (65,1 м). Көлдері балық шаруашылығына пайдаланылады (әсіресе Лубана көлі). Латыш жерінің 52%-і күлгін, 4%-і шым қабатты-карбонатты, 2%-і аллювий, 23%-і батпақ топырақты келеді; 19%-і шымтезек алынатын жерлер. Ауыл шаруашылық жерінің 70%-ке жуығында ылғал өте мол. Мелиорация жұмыстарын кеңінен жүргізу нәтижесінде құрғатылған жер 1972 жылы 1217 мың га-ға жетті. Орман көлемі 2,4 млн. га (территориясының 38%-і). Орманының 67%-і -қылқан жапырақты (50%-і қарағай, 17%-і шырша), 33%-і жалпақ жапырақты (24%-і қайың, 4%-і терек т. б.). Қоян, тиын, елік, бұлан, бұғы, түлкі, борсық, сусар, жанат тектес ит кездеседі. Кәсіптік балықтары - салака, май шабақ, лосось, таймень т. б. Республикада 5 мемлекеттік балық зауыды бар.

Совет өкіметі тұсында табиғатты қорғау шаралары кең көлемде жүргізіліп келеді. Слитере орманы (жалпақ жапырақты), Усмас көліндегі «Морицсала» аралы, Энгуре көлі мемлекеттің қорғауында. Салаца өзенде, Бабитес, Валгума, Каниера көлдерінде балық; Слоцене, Скуйупе өзендерінде құндыз қорықтары т. б. ұйымдастырылған. Ескі өзен аңғарларының кейбір учаскелері, аса көрнекті геологиялық обьектілер, 91 бақ, өсімдік пен жануарлардың сирек түрлері қорғауға алынған.

Латвия жері - теңіз жағалауындағы ойпат (құмдауьгт жазық, қарағай орманы өседі, батпақтары, құм төбелері бар), Батыс Латвия (негізінен Курзем қыратын қамтиды, климаты жұмсақ), Орта Латвия (Орта Латыш ойпатын, Видзем қыратын алып жатыр; егістіктің кебі, бақтар осында), Шығыс Латвия (Шығыс Латыш жазығын, Латгаль қыратын алып жатыр; климаты - республикадағы ең континенттік климат) табиғи аудандарына бөлінеді.

Халқы. Республиканың негізгі тұрғындары - латыштар. Сонымен бірге орыстар, белорустар, поляктар, украиндар, литвандар, еврейлер т. б. тұрады.

1913-1973 жылдар қала халқы 38%-тен 64%-ке дейін өсті, село халқы 62 %-тен 36%-ке дейін кеміді. Халықтың жалпы санында еркектер 46%, әйелдер 54%. Орташа тығыздығы 1 км2-ге 38,1 адамнан. Ірі қалалары: Рига, Даугавпилс, Лиепая, Елгава, Юрмала.

Тарихы. Латвия жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс (б. з. 9 ғасырына дейін). Латвия жерін адам баласы алғаш мезолит дәуірінде (б. з. б. 9-4-мың жылдық) мекендеген. Неолит дәуірінде (б. з. б. 4-2-мың жылдық) тастан, сүйектен бұрынғыдан гөрі жетілдірілген құралдар жасап үйренген, балшықтан ыдыс жасайтын болған. 2-мың жылдықта егіншілік, мал шаруашылығы шығады. 2-мың жылдықтың орта шенінде шеттен келген қола құралдар пайда болады. Б. з. б. 1-мың жылдықта Латвия жеріп мекендеген тайпаларда мал шаруашылығының мәні арта түседі. Қоғамдық қатынаста матриархат орнына патриархат орнады. Алғашқы темір құралдар б. з. б. 1-мың жылдықта кездеседі. Б. з. 2 ғасырында егіншілік негізгі кәсіпке айналды. Өндіргіш күштердін дамуы нәтижесінде патриархалдык қоғамдық қатынастар ыдырап, 5 ғасырда таптық қоғам қалыптаса бастайды. Латвия жерін неолит дәуірінде мекендеген фин-угор тайпалары деп есептелінеді, бірақ б. з. б. 2-мың жылдықтан Латвия жерінде Балтық тайпалары, яғни латыш-литван тайпаларының арғы аталары пайда болған. Б. з. алғашқы ғасырларында бұл жерде қалыптасқан курши, земгал, латгал, сондай-ақ фин- угор тектес лив тайпаларының этникалық бірлестіктерінен келе-келе латыш халқы құралды.

Феодалдық қатынастар Латвия жерінде 10 ғасырдан бастап қалыптасты. Шаруашылыққа үш танапты егіншілік, темір түренді соқа қолданылды. Темір ұсталығы, көзе ыдыстар жасау т.б. қолөнер саудасы дамыды. Латвияға христиан діні Ежелгі Русьпен келді. Алғашқы мемлекеттік бірлестік 10-13 ғасырларда Шығыс Латвияда (Латгалдарлық 8 князьдығы) пайда болды. 12 ғасырдың 2-жартысында Даугава сағасына Солтүстік Германияның көпестері келді. Агрессорлардың көсемдері (епископтері Германиядан крест тағушылар ирядын алдырып, Семсерлілер орденін құрды. Семсерлілер ордені 1236 жылы кұлағанда, оның орнына 1237 жылы Ливон ордені құрылып, агрессияны жалғастырды. 13 ғасырдың аяғында крест тағушылар жаулап алған Латвияда неміс феодалдарының экономикалық және саяси үстемдігі орнады. 13 ғасырдың 1-жартысынан 1561 жылға дейін Латвия Ливонияның құрамына кірді. Латвия қалаларында неміс қолөнершілері мен көпестері тұрды, неміс помещиктері селолық жерлерге орналасып, замок салды. Ондай селодан ығыстырылған латыш шаруалары сол маңайдағы учаскелерде, ормандарда бытыраңқылықпен күн кешті. Латвияда кейін кең тараған хутор жүйесі осыдан басталды.

16-17 ғасырлардың басына таман латыш халқы қалыптасты. Шаруалар феодалдық және отаршылдық езгіге түсті. Шаруалардың қарсылығы, қашып кетуі жиіледі. Қашқан шаруаларды ұстап, иесіне қайтару туралы 1494 жылы Риганың архиепископы М. Хилдебранд пен оның вассалдары арасында шарт жасалды. Осы арқылы Латвияда басыбайлы право документ жүзінде алғаш рет қалыптасты. 15 ғасырда шаруалар өзара жіктеліп, помещик пен шіркеуге феодалдық рента төлейтін шаруашылығы бар шаруалар және жері аз, құрал-сайманы жоқ шаруалар, өзге де әлеуметтік топтар пайда болды. Ливонияның ішінде, әсіресе Ливон ордені мен Рига архиепископтігі арасында саяси үстемдікке талас үздіксіз жүріп жатты. 1410 жылы Грюнвальд шайқасынан кейін Рига архиепископтігі бұған дейін басым боп келген Ливон орденімен теңесіп қалды. 16 ғасырдың 20 жылдарында Латвияда реформация басталып, бәсең лютерандық тарады. Феодалдық синьорлар - епископтар, Ливон орденінің мүшелері ғана католик қалпында қалды. Бұл Ливонияның саяси құрылысын одан әрі шиеленістірді. Содан Ливон соғысының (1558-1583) басында-ақ Ливонияның ұсақ мемлекеттері Речь посполитаға қарады. Латвия жері тағы да бөліске түсті. 1599 жылы Д. Гильхен кодексінің жобасы деп аталатын документ жасалып, Латвияда басыбайлы правоның тәртібі алғаш рет заңдандырылды, 1600-1629 жылдар поляк-швед соғысы Латвия жерін күйзелтіп кетті. Соғыста жеңген Швеция Видзема алабын (Риганы қосып Айвиекста ө-не дейінгі жерді) алды. Латвияның шығыс бөлігі (Латгалия) Речь посполитаның қол астында қалды.

Кейінгі феодализм дәуірінде (17 ғасырда) Курляндия герцогтігі мен Видземада мануфактуралар пайда болды, 17 ғасырдың 80-90 жылдары Швеция королы Карл XI имениелердің көпшілігін тәж-тақтың меншігі деп жариялап, Видзема жерінің 80%-ін мемлекетке алды.

Латвия жерінің бұдан кейінгі тағдыры Солтүстік соғысында (1700-1721) шешілді. 1721 жылы Ништадт бітімі бойынша Швеция Видземаны Россияға берді. Бөлшектенген Латвия жері Россия империясының қол астына біріге бастады. Латвия жерінің бірігуі латыштың буржуазиялық ұлт болып қалыптасуына жағдай жасады.

Феодалдық құрылыстың ыдырауы мен капиталистік қатынастардың тууы дәуіріндегі (18 ғасырдың аяғы - 19 ғасырдың 1-жартысы) Латвияда товарлы егін шаруашылығы дамыды. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу (шарап жасау, сыра қайнату т. б.) жетілдірілді. Бірақ басыбайлылардың еңбегі өнімсіз болды. Шаруалар көтеріліс жасады. 1804 жылы латыш дворяндары шаруаларға болмашы жеңілдік беріп, басыбайлылықты аздап шектейтін шаруа заңы дегенді шығарды. Бірақ бұл заңның 1809 жылғы қосымшасы осы болмашы жеңілдіктердің өзін қайтарып алуға, тіпті феодалдық рентаны көбейтуге мүмкіндік берді. Шаруалар қозғалысы өрістеді, оған 1812 жылы оқиғаларының да әсері тиді. Патша үкіметі 1817 жылы Курляндия, 1819 жылы Лифляндия губернияларында реформа жүргізіп, шаруаларға бас бостандығын берді, біраң жері помещикте қалды. Шаруалар енді өз жерін өзі арендаға алды, оның құнын барщинамен өтеді. Сөйтіп, латыш қыстағында капитализмнің дамуы шаруаларға ауыр тиетін Пруссиялық жолмен кетті. Капиталистік катынастарға көшу процесі қалаларда жедел жүрді.

Капитализм дәуіріне (19 ғасырдың 2-жартысы) ауысу қарсаңындағы Латвияда шаруалар қозғалысы жиілей түсті. 1861 жылы Латгалияда басыбайлылық жойылды; Видзема, Курзема шаруалары жер сатып алу правосына ие болды; бір жерден бір жерге ауысуға ерік берілді. Жалдамалы еңбек, ауыл шаруашылық машиналары қолданылды. Өнеркәсіптез есті. Латвияның өнеркәсібіне шетел, өсіресе Германия капиталы кірді. Қалалар өсті. Село буржуазиясы мен жерсіз шаруалар, ауыл шаруашылық жұмысшылары пайда болды. Латыш халқы Видзема, Курземада неміс помещиктерінің, Латгалияда поляк пандарының, бір жағынан патшалық самодержавиенің езгісіне түсті. Капитализмге ауысу процесінде латыш халқы ұлт болып қалыптасты. Буржуазия, жұмысшы табы туды. 19 ғасырдың 70-80 жылдарында Латвияда алғаш рет жұмысшы қозгалысы басталды. 70 жылдардың аяғында демократиялық интеллигенция қозғалысы туып, 90 жылдарда Латвияда марксизм идеясы тарады, алғашқы с.-д. ұйымдар пайда болды.

Империализм дәуірі мен Россиядағы буржуазиялық-демократиялық Революциялар дәуіріне (1900-1917) қадам басар шақтың қарсаңында Латвия Россия империясының капиталистік дамыған аймағының бірі болды.

Россия жұмысшы қозғалысының әсерімен күшейген стачкалық күрестер Латвияда 1904 жылдың аяғында саяси сипатқа ие болды. 1905-1907 жылдар революцияда латыш пролетариаты мен социал-демократтар, В. И. Ленин айтқандай, «...самодержавиеге және ескі құрылыстың барлық күштеріне қарсы күресте алдыңғы қатардағы аса маңызды орынның біріне ие болды». 1905 жылы күзінде Тукумс, Талсы т. б. жерлерде саяси ереуіл қарулы көтеріліске ұласты. Вентспилсте, Руиен, Мазсалац, Салдус дуандарында, Кандавада өкімет билігі көтерілісшілердің қолына көшті. Алайда ереуіл кушпен басылды. 1-дүние жүзілік соғыста 1915 жылдың аяғында Латвия жерінің бір бөлігі (Курзема) герман әскерлерінің қолында қалды. Бүкіл Латвия соғыстың ауыр апатына ұшырады.

1917 жылы Февраль революциясын Латвия еңбекшілері мен Солтүстік майданның әскерлері (оның ішінде латыш атқыштары) қызу қолдады. Солдат депутаттарының аткомдары құрылды, бірақ ондағы көпшілік орынды әсер, меньшевиктер алды. Латвияда Уақытша Үкіметтің комиссарлары тағайындалды, буржуазиялық ұйымдар құрылды. Бүкіл Россиядағы сияқты, Латвияда да қос өкімет орнады. Рига Советі Уақытша Үкіметтің комиссарларын Латвиядан қуып, губерния, уезд комиссары етіп ЛЕСД мүшелерінен тағайындатты. Жұмысшылар мен жерсіз шаруалар, батырақтардың съезі помещиктер мен шіркеу жерлерін конфискелеуді қолдады. Ригада латыш атқыштарының 2-съезінде буржуазия Уақытша Үкімет туралы мәселе бойынша большевиктік қарар қабылданды. 18 маусымда (1 шілде) Рига, Валмиер, Валкада, болыстарда «Соғыс жойылсын!», «Барлық өкімет Советтерге берілсін!» деген ұранмен демонстрациялар өтті. 30 шілдеде (12 тамыз) Латвияның біріккен Советтерінің Атқару Комитеті құрылды, оны большевиктер басқарды. 21 тамызда (3 қыркүйек) генералы. Л. Г. Корнилов Риганы неміс әскерлеріне беріп кетті.

Ұлы социалистік революциясы мен Совет өкіметін құру жолындағы күрес кезіндегі Латвия (1917-1919 жылдар наурыз) 25-26 қазанда (7-8 қараша) көтеріліс Петроградта жеңгеннен кейін, революцияшыл латыш, орыс әскерлері Цесис, Валмиер, Валка, Тарту т. б. қалаларды алды. Жұмысшы, солдат және жерсіз шаруалар советінің депутаттары Валкада 7 (20) қарашада Латвияның оккупацияланбаған жерінде Совет өкіметін жариялады. Совет Латвияның астанасына айналған Валкада большевиктік жаңа Атқару комитеті құрылды. Қызыл ғвардия бөлімдері туды. РСДЖ(б)П ОК-нің шешімі бойынша Петроградқа латыш атқыштарының ротасы Смольныйдағы Халкомсов пен БОАК-н күзетіп тұруға жіберілді.

1918 жылы ақпанда герман әскерлері Латвияны түгел алды. Германия жеңілгеннен кейін де американ-ағылшын империалистерінің келісуімен оның әскері Латвияда қалды. 18 қарашада буржуазиялық лидер К. Ульманис бастаған буржуазиялық Уақытша үкімет құрылды. Ол неміс, латыш, орыс ақ гвардияшыларынан тұратын Балтық Ландесвері дегенді құру туралы 7 желтоқсанда Германия өкілдерімен келісімге қол қойды. 1918 жылы 9 желтоқсанда ағылшын эскадрасы Лиепаяға, 18 желтоқсанда Ригаға кірді. 4 желтоқсанда ЛСД (бұрынғы ЛӨСД) Рига, Валка Советтерінің өкілімен бірлесе отырып, Латвияның уақытша Совет үкіметін құрды. 17 желтоқсанда Совет үкіметі өз манифесінде бүкіл Латвияда өкімет билігі Советтердің қолы-кіит қызылшасы (оңтүстігінде). Астана маңында - овощ өсіру, батыс және оңтүстік аймақтарда бақ өсіру ісі дамыған.

Мал шаруашылығының басты бағыты - етті-сүтті мал өсіру. 1972 жылдың аяғында республикада 1289 мың мүйізді ірі қара (оның ішінде 595 мың сиыр), 1136 мың шошқа, 330 мың қой, 61 мың жылқы болды. 61 шаруашылықтың құс фермалары бар. «Кекава» құс фабрикасы жылына 40 млн. бройлер әсіреді. Республиканың батыс бөлігінде омарта шаруашылығы дамыған. Кей шаруашылыңтарда күзен, ақсүр түлкі, көгілдір түлкі өсіріледі.

Транспорты. Темір жолының ұзындығы 2484 км, одан электрлендірілгені 247 км (1972). Маңызды темір жолдары: Рига - Москва (Даугавпилс - Орёл тармағы бар), Рига - Псков – Санкт-Петербург; Рига - Вильнюс; Рига - Калининград; Псков - Резекне - Даугавпилс - Вильнюс. Автомобиль жолдарының ұзындығы 24,2 мың км, оның ішінде асфальт төселгені 12 мың км. Автотранспорттың жүк айналымы 1940 жылғыдан 44 есе артты (1972). Сауда флоты ең жаңа конструкциялы кемелермен, танкерлермен, газ, жеміс таситын кемелермен толықтырылған. Жүк тасымалы 1950 жылғыдан 18 есе өсті (1972). Басты порттары: Рига және Вентопилс. Ішкі кеме жолдарының ұзындығы 358 км (Лиелупе, Вента өзендері; Даутаваның кейбір учаскесі).

Рига қаласы еліміздің 56 ірі қалаларымен авиалиниялар арқылы байланысады.

Латвия экономикалық-географиялық жағдайына байланысты Орталық (жерінің 29%-і, халқының 53,6%-і), Видзем (жерінің 27%-і, халқының 13,4%-і), Латгаль (жерінің 22,6%-і, халқының 18,7%-і), Курзем (жерінің 20,9%-і, халқының 14,3%-і) аудандарына бөлінеді.

Денсаулық сақтау ісі. 1971 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда баланың тууы 14,7, адамның өлімі 11 (1940 жылы 15,7); әрбір тірі туған 1000 баладан өлгені 16 (1940 жылы 73). Өмірдің ұзақтығы 70 жас. Өлімнің негізгі себебі: жүрек, қан-тамыр аурулары, қатерлі ісік. Буржуазия Латвияда жұқпалы аурулар көп таралған еді. Балалар арасында полиомиелит байқалып тұратын. Совет өкіметі орнағаннан кейін жүргізілген көптеген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде күл, безгек сияқты аурулар іс жүзінде жойылды. Туляремия, аскаридоз және трихоцефалёз ауруларының табиғи ошағы Курзем жерінде, сондай-ақ Екабпилск және Тукумск аудандарында склероз т. б. аурулар кездеседі. 1971 жылы 28,8 мың төсектік 199 аурухана жұмыс істесе (1000 тұрғынға 12 төсек), ал 1940 жылы 12 мың төсектік 89 аурухана (1000 тұрғынға 6,3 төсек) болды. Ауруханаларда арнайы терапиялық 5,3 мың, хирургиялық 4,4 мың, онкологиялық 0,8 мың, оториноларингологиялық 0,3 мың, офтальмологиялық 0,3 мың, неврологиялық 0,8 мың, әйелдер босанатын 1,4 мың, гинекологиялық 1,5 мың, жұқпалы емес, балалар ауруларын емдейтін 2,5 мың төсек бөлінген. Елде 393, амбулатория және поликлиникалық мекеме, 505 фельдшер акушерлік пункт, бұдан басқа 6 медициналық бөлімше, 9 денсаулық сақтау пункті болды. Латвияда 216 әйелдер және балалар консультациясы, 38 туберкулез, 64 тері ауруларының, 56 онкологиялық кабинеттер мен диспансерлер, 352 алтек, 639 аптекалық пункттер, 42 санэпидстанция жұмыс істеді. 1971 жылы республикада, 8,7 мың дәрігер (275 тұрғынға 1 дәрігер), 22,7 мың орта дәрежелі білімді медициналық қызметкерлер болды. Дәрігерлерді Ригадағы медициналық институт және 8 медицина училище даярлайды. Республикада 1971 жылы 611 ғылыми-медицина қызметкер, оның ішінде 70 ғылым докторы және 399 медицина ғылыми кандидаты қызмет істеді. Латвияда 1971 жылы 10,4 мың орындық 45 санаторий, балаларға арналған 1,8 мың орындық 14 санаторий, 7,9 мың орындық 28 демалыс үйі және пансионаттар бар. Курорттары: Юрмала, Сигулда, Лиепая, Кемери, Балдоне т. б. 1971 жылы денсаулық сақтау ісіне 98 117 мың сом қаржы жұмсалды.

Латвияда 1973 жылы 2,6 мың физкультра коллективінде 26 стадион, 179 футбол алаңы, 75 теннис алаңы, 12 жүзу бассейні, 2 мыңдай спорт алаңы бар. 63 балалар және 2 жоғары спорт мектебінде 26,1 мың адам спортпен шұғылданады. «Даугава» ерікті спорт қоғамы 1944 жылы құрылды. Республикада 1945-1972 жылдар 300 адам СССР чемпионы, 60 Европа, 32 дүние жүзінің, 6 Олимпиялық ойындардың чемпиондары болды. Республикада 1973 жылы 400-дей спорт лагері, туристік база, аңшылар мен балықшылар үйі т. б. болды.

Оқу-ағарту ісі. Латвиядағы алғашқы мектеп 1211 жылы Ригада құрылған. 16 ғасырдың 2-жартысында Ригада латыштар үшін бірінші мектеп ашылды. 17 ғасырда жоғары типті оқу орындары жұмыс істей бастады. 1775 жылы Елгавада Петрин академиясының негізі қаланды. 1817 және 1819 жылғы шаруаларды басыбайлылықтан азат ету жөніндегі заңдар латыш мектептерін ашуды ескергенмен, бұл іс тым баяу дамыды. Осы кезеңдерде қалаларда неміс тұрғындары мен ауқатты латыштардың балаларына арналған мектептердің саны артты. Балтық жағалауының дворяндық басқармасы мұғалімдер семинарияларын (1839-1840) аша бастады (оқу неміс тілінде). Олардың негізгі мақсаты дворяндарға бағынышты оқытушылар даярлау еді. Халық ағарту министрлігінің ер балалар оқитын орыс гимназиясын (1867), Ломоносов атындағы қыздар гимназиясын (1868), орыс мұғалімдер семинариясын (1870, 1894), политехникум ашуының прогресшіл мәні болды. Латыш өлкесінде орыс мәдениетінің ықпалы күшейе бастады. Дворяндар басқаруындағы мектептерде тұрғын халықты немістендіру мақсатында оқу неміс тілінде жүрді.

19 ғасырдың 2-жартысында «жас латыш» қозғалысының өкілдері мектепті шіркеуге бағындыруға, немістендіруге қарсы болды шәне оқудың ана тілінде болуын, мектептегі білім беру мазмұнын кеңейтуді талап етті. 1919 жылы қаңтарда советтік Латвияда алғаш рет ана тіліндегі ақысыз бірыңгай білім беру жүйесі құрылды. 6 жылдық бастауыш, 4 жылдық орта мектептер ашылды. 1919 жылы Ригада Латвия мемлекеттік унивесритеті ашылып, оған студенттер негізінен еңбекші семьяларынан қабылданды. Буржуазиялық Латвия кезінде (1920-1940) халыққа білім беру ісі баяулап кетті. 1940 жылы Латвияда Совет өкіметі қайта орнағаннан кейін, оқу орындары мемлекеттік қарауына өтіп, мектептер шіркеуден бөлінді, оқу жоспарлары мен программалары қайта жасала бастады. Соғыстан кейінгі жылдарда орталау білім беру міндеті толығымен жүзеге асырылып, жаппай орта білім беру міндетіне көшті. 1972-1973 оқу жылында 1101 жалпы білім беретін мектептерде 363 мың оқушы болды. 1972 жылы 772 балалар бақшасы мен яслилерде 78,4 мың бала тәрбиеленді. 1973 жылы Латвияда 34 пионер сарайлары мен үйлері, 8 жас техниктер, 3 жас натуралистер станциясы, 43 балалар және жас өспірімдер спорт мектебі, 1 экскурсиялық-туристік станция жұмыс істеді. 1973 жылы 67 кәсіптік-техникалық училищелерде 25 мың оқушы оқыды. Арнаулы оқу орындары дами бастады. 1945-1971 жылдар арнаулы орта оқу орындарын 139,4 мың, жоғары оқу орындарын 66,8 мың адам бітірді. 1972-1973 оқу жылында 55 арнаулы орта оқу орындарында 39,4 мың оқушы, 10 жоғары оқу орнында 42,5 мың студент оқыды. Ірі жоғары оқу орындары: Латвия университеті, политехникалық институт, медициналық институ, азаматтық авиациалық инженерлері институты, Латвия ауыл шаруашылық академиясы.

1973 жылы республикада 1495 кітапхана (кітап қоры 17 млн-нан астам дана) жұмыс істеді. Ірі кітапханалары: Латыш В.Лацис атындағы мемлекеттік кітапханасы, Латыш ҒА-ның кітапханасы. Басты музейлері: Латыш тарих музейі, Латыш революциялық музейі, Рига қаласының және теңізде жүзу тарихы музейі. Латвия Көркемөнер музейі, Латвия Я. Райнис атындағы Әдебиет және өнер тарихы музейі, П. Страдынь атындағы Медицина тарихы музейі, Латвия Табиғат музейі, Тарих және теңізде балық аулау шаруашылығының ашық музейі, 1029 клубтық мекеме бар.

Ғылым және ғылыми мекемелер. Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар. 1920 жылға дейінгі жаратылыс танудың зерттеулері. 16 ғасырдан бастап Латвияда ғылыми зерттеулермен дәрігер, фармацевтер, гимназияның т. б. оқу орындарының оқытушылары шұғылданды. Белгілі физик Г. Ф. Паррот (кейіннен Петербург ҒА мүшесі) 1795-1801 жылдар Ригада қызмет іетеп, космостың және гальвани құбылыстарын зерттеп, «Физика мен химияның дәрігерлік іске тигізетін әсері» деген тақырыпта диссертация жазды. Латыш химигі Д.-Г. Гриндель Россияда бірінші химия-фармацевтік Рига қоғамын ұйымдастырып, тұңғыш фармацевтік журнал шығарды (1803-1810). 16-18 ғасырларда Латвия жерінің географиясы мен геологиясы зерттеле бастады. 18-19 ғасырларда Елгава ғылыми орталыққа айналын, ондағы Петрин академиясында швед минералогы И.Я.Фербер, химик Т. Гротгус, метролог М.Г.Пауккер т.б. ғалымдар оқытушылықпен айналысты. Рига политехникумы (1862 жылы ашылған) ірі ғылыми-зерттеу орталығына айналады. Мұнда химия және кейбір техника ғылымдары саласында зерттеулер жүргізілді. 1882-1887 жылдар физика химия ғылымының негізін салушы В. Оствальд химиялық ұсақтық теориясы, электрохимия және катализ мәселелерінен түбегейлі зерттеулер жүргізіп, өзінің белгілі еңбектерін жазды. Оствальд лабораториясында 1886 жылы С.Аррениус, химиялық кинетпка мен электролиттік диссоциация теориясының мәселелерін зерттеумен шұғылданды. Оствальдтың басшылығымен физикалық химия, стереохимия салаларындағы зерттеулерімен белгілі болған П.И.Вальден ғылыми жұмысын бастайды. Рига политехникалық институтында (1896-1919 ж.). катализ женінде (И.С.Телетов), аса қанық ерітінділердің кристалдануы (В. Фишер), инертті газдардың ерігіштігі (А. Антропов), радиоактивті ыдырау (Р. Свинне), оптикалық активті органикалық қосылыстардың физика-химиялық қасиеттері бойынша түбегейлі зерттеулер (П. Вальден, О. Луц) жүргізілді. Латыш математиктері елеулі табыстарға жетті. П.Боль периодты функцияның негізін салды. Ракета жасау мен космосқа ұшу теориясымен Ф. А. Цандер студент кезінен-ақ шұғылдана бастады. Латвиядан шыққан көптеген ғалымдар Петербург ҒА, Россияның университеттері мен институттарында қызмет істеді (физик А. Купфер, астроном Ф. Блумбах, биологтар Э. Эйхвальд, X. Пандер, микробиологтар Э. Земмер мен X. Гельман, математик К. Петерсон, химик К. Шмидт т. б.).

Советтік Латвиядағы жаратылыс тану және техникалық ғылымдардың дамуы. 1946 жылы Латвия ССР-інің ҒА ашылып, жаратылыс тану ғылымдары саласында бірнеше ғылыми-зерттеу инстиуттарының негізі қаланды. Ғылыми жұмыстар университет пен жоғары оқу орындарында өрістей түседі. Энергетикалық және шикізаттар қорын зерттеуге, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін шешуге ерекше назар аударылды. Металлургия, химия, машина жасау, фармация және тамақ өндірісінің техникасын жетілдіру, орман шаруашылығы мен ағаш өңдеу мәселелерін шешуде түбегейлі жұмыстар жүргізілді. Ауыл шаруашылық саласында мәдени дақылдардың түсімін арттыру жағдайлары, мал шаруашылығында витаминдер мен минералды тұздарды пайдаланудың ерекшеліктері зерттеліп, топырақ құрылымының карталары жасалды. Латвия ғылымының дамуында П. Я. Леин (агрономия және мал шаруашылығы), П.Я. Номалс (батпақты жерлерде зерттеу ілімі), П.В.Ризги (омарта шаруашылығы), К.К.Нейланд (металлургия), Я.Я.Микельсон және П.Страдынь (медицина) еңбектерінің маңызы зор болды. 1958 жылы Рига политехникалық институты қалпына келтіріліп, техникалық ғылымдарды зерттеудің орталығына айналды. Латвия ССР-і ҒА-ның 1957 жылы Органикалық синтез институты, 1960 жылы Электроника және есептеу техникасы институты, 1963 жылы Полимерлер механикасының институты ашылды.

60-70 жылдардың бас кезінде неорганикалық химия саласында металдармен олардың қосылыстарының физика-химиялық қасиеттері әрі реакциялық қабілеттілігі, металл иондарымен органикалық комплекс түзгіштердің өзара әсер етуі, плазмохимия мәселелері зерттелді. Коррозия және металдарды қорғау теориясы саласындағы зерттеулер (Л. К. Лепинь т. б.) коррозиядан халық шаруашылығында қолданылатын жаңа тәсілдерін табуға мүмкіндік берді. Бірқатар металдар мен олардың аса таза қосылыстарын алудың экстракциялық-электрохимиялық ерекше әдістері жасалды (Б. А. Пурин).

Органикалық химия саласында синтездеу әдістері айқындалды. Латвия ҒА-ның органикалық синтез лабораториясында М. Г. Воронков пен оның қарауындағы қызметкерлері - қосылыстардың жаңа класы - атранды ашып, оның қасиеттерін зерттеп шықты. Физиологиялық активті қосылыстар химиясы ерекше дамыды (С. А. Гиллер т. б.), жұқпалы ауруларды (фурагин, солафур, нитрофурилен, летилан), нерв-психикалық ауруларды (метиндион, мидантан т. б.), қагерлі ісіктерді емдейтін (фторафур, имифос т. б.), қан - тамырлар жүйесін емдеуге (омефин, дитримин т. б.) қажет медициналық препараттардың жаңа турлері жасалды.

Физика және астрономия саласында сұйық металдардағы электромагниттік процестер зерттеліп, индукциялы және кондукциялы магнитті гидродинамикалық машиналардың теориялық негіздері (И.М. Кирко т. б.) және магнитті-гидродинамика процестеріндегі жылу және масса алмасу теориясы (Ю. А. Михайлов); химиктермен бірге плазма химиясы зерттелуде. Латвия ҒА-ың Физикалық институтының ядролық реакторының іске қосылуы мен радиацияның заттарға әсер етуін анықтау тәжірибелелі ядролық спектроскопияны зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізіле бастады. Университет физиктері жартылай өткізгіштер мен сегнетоэлектр материалдарын зерттеп, атомдық қақтығыс мәселелерін талдау жұмыстарын жүргізді (В. Я. Фриңберг, Ю. Р. Заклс, Э. К. Краулинь). Астрономдар кіші планеталардың эфемеридтері мен олардың орбиталарын есептеу, қызыл алып жұлдыздарын зерттеумен, радиоастрономия мәселелерімен шұғылдануда.

Математика және кибернетика салаларында жай дифференциалды теңдеулер мәселелері, сапалық теория мен шекаралық есептер асимптоталық жіктеу теориясы, интегралды теңдеулердің жуық тәсілдері дамытылды. Алгебра, математика, логика, автоматтардың математикалық теориясы, функционалды анализ салаларында зерттеулер жүргізілуде. Техникалық кибернетика саласында Э.А.Якубайтистың басқаруымен дискретті аппараттар мен машиналардың жаңа математикалық модельдері жасалуда, автоматтардың оптималдық теориялары, автоматтандырылған басқару жүйесі құрылымының математикалық модельдері зерттеліп (В. В. Пирогов т. б.), халық шаруашылығында қолданылады.

Техникалық ғылымдар. Республика энергетиктері Латвияның - энергетика шаруашылығын қайта құруда СССР-дің Солтүстік-батысының бір тұттас энергетикалық жүйесін құруда елеулі жұмыстар істелді.

Биология, ауыл шаруашылық, медицина ғылымдары. Өсімдікті қоректендірудегі микроэлементтердің ролі Я. В. Пейве) және витаминдер мен микроэлементтердің үй хайуандары организміндегі ролін анықтау, осы саттармен азықтандырудың оптимальды нормаларын белгілеуге (Я.М. Берзинь, А.Р.Вальдман т. б.) мүмкіндік береді. Латвияның халық шаруашылық үшін А. М. Озол мен Г. С. Сабардиннің ботаника және экология салаларындағы еңбектерінің маңызы зор болды. Республика жерін микроаудандарға бөлу мен геоботаникалық Картасын жасау аяқталды. Лимонолог ғалымдары республика көлдерінің ботаникалық типологиясын жасады. А. М. Кирхенштейннің басшылығымен Латвияда ауыл шаруашылық, техникалық, медициналық және ветеринариялық микробиология дами бастайды. Адам және жануар организмдерін инфекциядан сақтауға назар аударады. Топырақ тану мен агрохимия мәселелері (К.К. Бамберг, М. Е. Бекер т. б.) ауыл шаруашылық жануарларының зоологиясы мен селекциясы (Я.-А. Я. Лус) ауыл шаруашылығын механикаландыру мен электрлендіру (А. А.Цекулина т.б.), мелиорация (Э.П.Эйхе т. б.) мәселелері кеңінен зерттелуде. Медициналық ғылымы саласында онкология, патология мәселелері қолға алынуда. П. Я. Геркенің эмбриология, А. А. Шмндттің тамақтану, В.К. Калнберздың травматология мен ортопедия саласындағы еңбектері көпшілікке танымал. Ғалымдар гидрогеология саласында қалалар мен елді пункттерді сумен қамтамасыз ету, минералды су қорын анықтау мәселелерімен шұғылдануда. Теңіздегі геологиялық-геофизикалық зерттеу жұмыстарьшен Теңіз геологиясы-геофизикасы институты шұғылданады. Физика және экономикалық география бойынша зерттеу жұмыстарын П. Стучка атындағы Латыш мемлекеттік университетінің ғалымдары жүргізеді. Республика ғалымдары табиғатты қоргау ісімен де шұғылдануда.

Қоғамдық ғылымдар 1920 жылға дейінгі Латвиядағы қоғамдық ой. Латыштың қоғамдық ойы өз бастауын халықтың ауыз әдебиетінен алады; халықтың табиғат құбылыстарын түсіндіруінен аңғырт материализм мен стихиялы диалектика нышандары байқалады. Ауыз әдебиетінде латыш шаруаларының әсемдік жөніндегі алғашқы эстетикалық түсініктері бейнеленеді. Сондай-ақ фольклорда феодалдық қоғамдағы таптық қайшылықтар, бірнеше ғасыр бойы Прибалтика халықтарын езіп-жаншып келген неміс басқыншыларына қарсы латыш өшпенділігі суреттеледі. 13-14 ғасырларда неміс агрессорлары - крест жорығына қатысушылар өздерінің Прибалтикадагы үстемдік етуін дәріптеу үшін «хроника» құрастыра бастайды. Тек кейбір хроникерлер ғана (Б. Руссов 16 ғасырдың және К. Кельх 17 ғасырдың аяғы) шаруалардың қайыршылық жағдайын бейнелейді.

17 ғасырдың ағартушылық идеяларының ықпалымен прибалтикадағы неміс интеллигенциясы жеке өкілдерінің (И.Г.Эйзен, Г.Яннау, К.Снель т.б.) феодализмге қарсы шығармалары жарық көрді. Прибалтиканың Россияға қосылуы латыштардың ұлт мәдениетін орыс халқының демократияшыл мәдениетімен өзара ықпал ету жағдайында дамытуға мүмкіншілік берді.

18 ғасырдың 50-60 жылдары Латвияда орыс революциялық демократтарының еңбектері кеңінен тарайды. 60 жылдары П. Баллод сияқты Латвияның кейбір материалист озат қайраткерлері орыс революционерлерімен тығыз байланыста болды. 19 ғасырдың ортасында «жас латыштардың» буржуазиялық ұлтшыл-либералдық қозғалысы туады. Бұл қозғалыс неміс барондарының феодалдық артықшылығына қарсы бағытталды. «Жас латыштар» латыш халқының мәдениетінің дамуына, халықтық ағарту ісіне ат салысты. Олар латыш әдебиетінде тұңғыш рет философия мәселелерін кеңінен қозғап, латыш тілінде философиялық терминология жасады. «Жас латыштардың» өкілдері Ю. Алунан және К. Биезбардис табиғат тануда материалистік көзқарасты насихаттап дінге қарсы күресті, дүниені танып білуге болады деп дәлелдеді. 19 ғасырдың соңғы ширегінде шыққан латыштың буржуазиялық философтарының ең ірісі Я. Осис болды. 18 ғасырдың аяғында Тарту университетінде прогрессшіл ғалым Г. Меркельдің еңбектері шықты. Ол өз еңбектерінде латыш шаруаларын қанаган басыбайлылық пен феодализмді сынап, Россиямен достықты нығайтуды жақтайды. 19 ғасырдың 60 жылдары тарих ғылымында неміс дворяндары мен бюргерлердің саяси артықшылығын сақтап қалу жайында прибалтикалық неміс тарихшылары (К. Ширрен) мен славянофильдердің (Ю. Самарин) арасында қызу айтыс басталады. 90 жылдардың басында «Диенас лапа» газетінде диалектикалық және тарихи материализм жайында мақалалар басылып, халықты К. Маркс пен Ф. Энгельс, А. Бебельдің, Г. В. Плехановтың т. б. еңбектерімен таныстыра бастады. «Яуна страва» ағымының негізін қалаған Я. Райнис, П. Стунка, Ф. Розинь, Я. Янсон (Браун) еңбекшілер арасында философия мен ғылыми социализм идеяларын таратып, буржуазиялық философиясы мен социологиясының әр түрлі ағымдарына қарсы күреседі. Латвияда жұмысшы қозғалысының дамуы және марксизм идеяларының таралуымен байланысты. Латвия тарихы жөнінде тұңғыш маркстік еңбектер (Ф. Розинь «Латыш шаруасы», 1904, К. Ландер «Латвия тарихы», 1-3-т., 1908-1909) пайда болды. Латвияда революциялық ұйымдардың дамып, марксизмнің таралуында 1900 жылы К. Маркс пен Ф. Энгельстің «Коммунистік партия манифесінің» латыш тілінде шығуы мен Лениннің (1900 жылы көктемде) Ригаға келуі және 1904 жылы Латыш с.-д. жұмысшы партиясының құрылуының зор мәні болды. 1905-1907 жылдардағы революциялық кезінде Маркстің, Энгельстің, Лениннің бірқатар шығармалары латыш тіліне аударылды. Революция жеңілгеннен кейін Латвиядағы марксист-философтар революция теорияның тазалығы үшін күресіп, мистицизм мен буржуазия индивидуализмге қарсы шықты. Осы кезде Я. Райние, П. Стучка және Я. Янсонның еңбектері зор роль атқарды. Ұлы социалистік революциясына өзірлік кезінде латыш марксистерінің негізгі мақсат-ойы буржуазиялық-демократиялық революцияны социалистік революцияға айналдыру жөніндегі лениндік жоспарды насихаттап, іс жүзіне асыруға бағытталды.

Тарих ғылымы. Ұлы Отан соғысынан кейін (Латвияда Совет өкіметі қайта орнағаннан кейін) Латвия ССР-і ҒА-ның Тарих институтында (1946) латыш халқының маркстік тарихын жазу жұмысы қайта басталды. К. Я. Страздиннің басқаруымен 3 томдық «Латыш ССР-і тарихының» академиялық маркстік курсы жасалды (1952-1958 жылдар орыс тілінде, 1953-1959 жылдар латыш тілінде). Феодализм тарихы жөнінде де бірқатар еңбектер жарық көрді. Экономикалық тарих жөнінде коллективтік еңбек «Латвияның экономикалық тарихи очерктері» шықты (1-2-кіт., 1968-1972), Я.П.Крастынның «Латвиядағы 1905-1907 жылдардағы революция», А.А. Дризулдың «Латвиядағы жұмысшылар қозғалысының тарихи очерктері (1920-1940)» деген еңбектері. А.П.Спреслистің монографиясы, латыш қызыл атқыштары жөніндегі коллективтік еңбектер т. б. латыш халқының революция күресі тарихының проблемаларына арналды. Октябрьден кейінгі кезең тарихы А. А. Дризулдың «Латвия фашизм езгісінде» (1959 жылы латыш тілінде, 1960 жылы орыс тілінде) және коллективтік монография «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы латыш халқының күресі» атты еңбектерде Латвияның Октябрьден кейінгі тарихы баяндалған. Латвия территориясында археологтар 100-ден астам ескерткіштерді зерттеген. Жыл сайынғы этнографиялық экспедициялар латыш халқының тұрмысы мен мәдениетін зерттеуге арналуда. Тарих ғылымы саласындағы зерттеулер Латвия университетінің тарих факультетінде, университеттің және басқа да жоғары оқу орындарының тарихы кафедраларында жүргізіледі.

Экономика ғылымы. Латвияда экономика ғылымы 1940 жылдан кейін жедел дами бастады. Капитализмнің саяси экономиясы, халық шаруашылығы мен экономикалық ойдың даму тарихы зерттеліп (Ф. Н. Деглов, А. И. Лейт, А. Я. Свикис, Л. Стародубский, Я. К. Калнинь, Г. Я. Либерман т. б.), буржуазия әр түрлі экономия концепциялары сыналады. Социализмнің саяси экономиясы саласында индустрияландыру, шаруаларды кооператпвтендіру, Латвиядағы социализмнің материалдық-техникалық базасы, өндіріс күштерін орналастыру, одақтас республикалармен экономикалық байланыс мәселелері зерттелді. 60-70 жылдарда республиканың өндіріс күштерін онан әрі дамытуға арналған П.Гулянның «Латыш ССР халық шаруашылығы жүйесінде» (1967 ж.), республика ҒА-ның экономика институтының «Латыш ССР-нде халық шаруашылығының даму мәселелері», «Ауыл шаруашылығы өндірісін экономикалық жағынан ынталандыру» (1969), «Колхоздарға еңбек ақы төлеудің жиынтық қорын жасау» (1972) атты монографиялық еңбектер жарық көрді. Латвия халық шаруашылығының түрлі сатыларына арналған жоспарлаудың және басқарудың автоматтандырылған жүйелері жобалануда. Экономика ғылымының орталықтары: Латвия ҒА-ның Экономика институты (1946 жылы құрылған), Латвия ССР-інің Мемлекеттік жоспарлау ғылыми-зерттеу институты (1970). Есептеу орталықтары мен акономикалық информация жүйелерін жобалау және коньюктуралар мен талап-тілекті анықтаудың одақтық ғылыми-зерттеу институттарының Латвия бөлімі.

Заң ғылымы. 20 ғасырға дейін Латвияда заң қызметкерлерін даярлайтын бірде-бір жоғары оқу орны болған жоқ. Латвия университеті экономика факультетінің право бөлімінде (1919 жылы ашылған) буржуазия юристері сабақ берді. Совет өкіметі қалпына келтірілгеннен кейін бұл факультетте жоғары оқу орындарында білім алған оқытушылар, сонымен қатар қарт профессорлардың бір бөлігі жұмыс істеді. 1944 жылы Латвия университетінде заң факультеті құрылды. Осы факультет кафедраларында және Латвия ҒА Экономика институтының 1958 жылы құрылған право секторында мемлекеттік және право жөнінде ғылыми жұмыстар жүргізілуде (1963 жылы университеттің ғылыми мекемелер жүйесінде). Ғалым-юристер право ғылымының негізгі салаларын зерттеумен шұғылдануда. О. П. Гринберг, В. О. Милшер, Э. Я. Стумбина және басқалар Латвия мемлекет және право тарихы мен теориясы, мемлекеттік және әкімшілік право, заң және саяси ой-пікірдің дамуы салаларында жұмыс істеуде. Қылмыстық право, қылмыстық процесс және криминалистика саласында зерттеулер жүргізіліп, қылмыскерлікке қарсы күрес нәтижелілігін арттыру жолдары қарастырылуда (А. А. Лиеде, Э. Я. Стумбина т. б.). Совет құрылысы, азаматтық, еңбек, семья және колхоз праволары проблемалары кең көлемде зерттелуде (Я. Я. Страутманис, Я. Р. Веберс). Латия заң ғалымдары республика кодекстері мен заң актыларын жасауға қатынасуда.

Ғылыми мекемелері. Латвияның 101 ғылыми мекемесінде (жоғары оқу орындарымен қоса) 9800 ғылыми қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 220 ғылым докторы, 2900 ғылым жандидаты, Латвия ҒА-ның 23 толық мүшесі, 26 корр. мүшесі бар. Басты ғылыми мекемелері: Латвия ҒА (1946 жылы құрылған), оның құрамында 3 бөлім, 16 ғылыми-зерттеу институттары мен мекемелер бар. Латвияның ғалымдары одақтас республикалар академияларының, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, бүкіл одақтық ғылыми орталықтардың мамандарымен бірлесіп қызмет істейді. Латвия ҒА-ның Биологиялық институты Совет Одағының бірқатар ғылыми мекемелерінің мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында микроэлементтерді қолдану проблемалары жөніндегі жұмыстарын үйлестіреді. Институт ҒА-ның К. А. Тимирязев атындағы өсімдік фнзиологиясы институты, МГУ, Белоруссияның Топырақ тану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтымен үздіксіз байланыста жұмыс істейді. Латвия ҒА-ның Микробиологиялық институты ҒА-ның А. Н. Бах атындағы био-химиялық институтымен бірлесіп қызмет еітеді.

Әдебиеті. Латыш халқының ұлттық әдебиеті 19 ғасырдың орта кезінен бастап, ұлт-азаттық қозғалысының ықпалымен өрлеу жолына түсті. Оған дейін неміс феодалдарының езгісінде (13 ғасырдан) болған елдің көркем әдебиетінің кең дамуына мүмкіндік болмады. Тек 16 ғасырда ғана латыш тілінде діни мазмұнда жазылған бірен-саран кітаптар жарық көрді. Латыш әдебиеті негізгі бастауын халықтық бай фольклордан алды. Халық творчествосының ертегі, аңыз, анекдот сияқты үлгілері, әсіресе, халық өлеңдері мол дамыған. Латыш халықтық жырларының «Латыш дайналары» (1-6-т., 1894-1915) деп аталатын алғашқы толық басылымын белгілі латыш фольклорисі Кр. Барон (1835-1923) құрастырып шығарды. Ю. А. Алунанның (1832-1864) «Өлеңдер» атты жинағы (1856) латыш жазба поэзиясының негізін салды. 19 ғасырдың 2-жартысында Латвия әдебиетінде романтизм өріс алды. Оның басты өкілдері - Аусеклис (шын аты - М. Крогземис, 1850-1879) пен А. Пумпур (1841-1902). Бұлардың шығармаларында бостандык идеясы басым суреттелді. А. Пумпур «Лачплееис» атты еңбегінде (1888) халық бақыты үшін күрескен қаһарманның образын жасады. Проза саласындағы алғашқы елеулі туынды - ағайынды Матис (1848-1926) және Райнис (1839-1920) Кауцзиттердің «Жер әлшеушілер дәуірі» (1879) романы болды. А. Алунан (1848-1912) пьесалары латыш драматургиясының негізін қалады. Бұл кездегі Латвия жазушыларының творчествосына орыстың реалистік әдебиеті үлкен ықпал етті.

Латыш әдебиеті дамуының жаңа дәуірі 19 ғасырдың 90 жылдарынан басталады. Бұл кезде латыштың аса көрнекті ақыны Я. Райнис (Плиекшан, 1865-1929) шығармалары, буржуазия қоғамды сынап, қанаушыларды жоюға шақырған революционер ақын Ә. Вейденбаум (1867-1892) өлеңдері және осы кезеңнің белгілі ақын-жазушылары Аспазия (1865-1943), Э.Трейманис (1866-1950), Я. Янсон (1872-1917), Р. Блауманис (1863-1908) т. б. туындылары халыққа кеңінен мәлім болды.

1905-1907 жылдардағы буржуазия революция тұсында Я.Райнистің «Көкшіл кештегі алыстан естілген үндер» (1903), «Дауыл егісі» (1905), «Жаңа дәуір» (1906), «Тыныш кітап» (1909), «Ұмытылмайтын жандар» (1911) т. б. кітаптарында халықтың революцияны жақтаған көңіл күйі шынайы суреттелді. Оның «От пен түн» (1905) пьесасы еңбекші халықтың азаттық жолындағы күресі мен ой-арманын жарқын бейнеледі. Судрабу Эджус (1860-1941), А. Боукленайс (1891-1918), В. Плудонис (1874-1940) т. б. шығармаларында да революция рух көрініс тапты. 20 ғасырдың басында латыш әдебиетінде сыншыл реализм нығая түсті. Оның басты өкілі - А.Упит (1877-1970) өзінің «Буржуа» (1907), «Жаңа бастаулар» (1908), «Әйел» (1910), «Жібек торда» (1912), «Алтын» (1914) т. б. роман-повестерінде дәуір шындығып терең суреттеді.

Ұлы революциясы кезінде латыштың советтік әдебиеті туды. Оның алғашқы өкілдері - Л. Паэгле (1890-1926), Я. Судрабкалн (1894 ж. т.) т. б. шығармалары революцияшыл әдебиеттің даму бет алысын айқындады, әдебиеттің идеялылығы мен партиялылығының үлгісі болды. Алайда, бұл бағыттағы латыш әдебиеті ұзақ өмір сүре алмады. 1919 жылы мамырда Латвияда буржуазия өкімет үстемдікке ие болды. Буржуазия Латвияда әдебиет таптық күрес жағдайында дамыды. Прогресшіл жазушылар буржуазия демократияны (1920-1934), фашистік диктатураны (1934-1940) сынға алды. Алдыңғы қатарлы жазушылар шығармаларын астыртын бастырып таратты. 20-30 жылдары А.Упиттің, В.Ланистің (1904-1966) таланттары ерекше танылды. Упиттің «Ян Робежниектің қайтып оралуы» (1932), «Ян Робежниектің өлімі», В. Лацистің «Балықшының баласы» (1934) романдары халық сүйіп оқитын туындылар болды.1940 жылы Латвияда Совет өкіметі қайта орнады. Содан кейінгі дәуірде латыш әдебиетінде социалистік реализм қалыптасты. Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі кезеңде А. Ушіттің «Жасыл жер» (1945, СССР Мемлекеттік сыйлығы, 1946), «Бұлттағы сәуле» (1951), В.Лацистің «Дауыл» (1945-1948, СССР Мемлекеттік сыйлығы, 1949), «Жаңа жағаға» (1950-1951, СССР Мемлекеттік сыйлығы, 1952), А. Саксенің (1905 ж. т.) «Тау ішінде» (1948, СССР Мемл. сыйлығы, 1949), т. б. романдары туды. Я. Судрабкалн «Туысқандық семьяда» өлеңдер жинағын (1947, СССР Мемл. сыйлығы, 1948) шариялады. Ол көп жылғы жемісті әдеби және қоғамдық қызметі үшін Соц. Еңбек Ері атағын (1972) алды.

Кейінгі жылдар ішінде А. Янсон (1915 ж. т.), А. Веян (1927 ж. т.), М. Зиедонис (1933 ж. т.), М. Вирзе (1921) т. б. көптеген талантты ақын- жазушылар өздерінің прозалық, поэзиялық және драматургиялық сәтті туындыларымен көзге түсті. Латыш әдебиет тану ғылымына 6 томдық «Латыш әдебиетінің тарихы» (1956-1963) және басқа күрделі әдеби ғылыми-зерттеу еңбектер үлкен үлес больш қосылды. Латыш әдебиетінің үздік туындылары дүние жүзінің және СССР халықтарының көптеген тілдеріне аударылып басылды. В. Лацистің «Дауыл» романы (1953), «Латыш ертегілері» (1960), Я. Райнистің «Өлеңдері» (1968), «Даугава дабылы» (1965) атты жинағы қазақ тілінде жарық көрді.

Архитектурасы. Латвия жерінде байырғы бекініс қоныстардың (б. з. б. 1-мың жылдық) қалдықтары сақталған. Құрылыс ісінде ғасырлар бойы ағаш (тұрғын үйлер мен шіркеулер) қолданылып келді. 12 ғасырдан бастап тас құрылыстар (Икшкиледегі шіркеу) ірге көтерді. 13 ғасырда Цесис, Сигулда, Лудза, Бауска қалаларынан қамалдар салынды. Латвия архитектурасынан әр түрлі стильдер орын алды. Валмиера мен Цесистегі (13 ғасырдың аяғы), Ригадағы (Григорий мен Яков шіркеулері) шіркеулер роман стилі мен готика үлгісін жергілікті сәулет өнері тәсілдерімен сындастыра отырып салынған. Ұзақ уақыт бойы сан рет салынып, бірнеше қабат өзгерістерге ұшыраған әр түрлі дәуір архитектурасын бейнелейтін көптеген ғимараттар (Ригадағы Домск соборы, Ионна шіркеуі, Петер соборы т. б.) бар. Ригадағы Данненштерн мен Рейтерн үйлері (17 ғасырдың аяғы), Рундале мен Елгавадағы сарайлар (18 ғ., арх.В.В.Растрелли) барокко стилінде тұрғызылды. Көптеген архитектуралық ескерткіштерден өз уақытына орай құрылыс техникасының жоғары болғандығы (Петер ооборының биіктігі 120,7 м ағаш мұнарасы т. б.) байқалады. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың 1 жартысында классицизм үлгісіндегі көптеген ғимараттар бой көтерді: Ригадағы Петер мен Павел соборы, қазіргі Тарих музейінің залы (арх. К. Хаберланд) т. б. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап өнеркәсіптің жедел қарқынмен өркендеуіне байланысты қалаларда ретсіз салынған құрылыстар (банктер, дүкендер мен жабық базарлар, театрлар, музейлер мен кітапханалар т. б.) көбейді. Ғимараттардың денін латыш архитекторлары Я. Ф. А. Бауманис пен К. Пекшен тұрғызды. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында модерн стилі тарады. Совет өкіметі тұсында Латвияда жаңа бас жоспар бойынша көптеген қоғамдық ғимараттар, ірі комплекстер салынды. 1940 жылдардың 2-жартысы мен 50 жылдардағы архитектурадан эклектикалық әлеміне бой ұру байқалады. 1955 жылдан жүйелі жоба бойынша темір-бетон мен кірпіштен, 60 жылдары табиғи материалдар мен металдан түрғын үйлер мен ғимараттар (латыш атқыштарына арналған музей-ескерткіш, арх. Д.Дриба және Г. Луоис-Гринберг; Дзпнтаридегі жазғы концерт залы, 1959-1960, арх. М. Глезис, А. Вецсилис т. б.) салу өріс алды. Латвия архитекторларының жобасы бойынша Москвадағы «Рига» метрополитені (1958, арх. В. Апситис т.б.), Целиноградтағы Тың игерушілер сарайы (1960-1963, арх. О. Крауклис т. б.) салынды. Латвия архитекторлары жасаған жалпы білім беру мектептерін салудың типтік жобасы РСФСР және басқа да республикалық қалаларында қолданылып келеді. 1945 жылы Ригада Латвия Архитекторлар одағы құрылды.

Бейнелеу өнері. Латвия жерінен табылған өнер ескерткіштері (қанжар тұтқасындағы хайуанат суреттері) б. з. б. 5 ғасырға салды. Б. з. б. 4-3 ғасырларда ағаш лен сүйектен, мүйіз бен янтарьдан жасалған адамның, аңның мүсіншелері сақталған. 13-19 ғасырдың ортасына дейін Латвия бейнелеу өнері негізінен ұлттық өнерді дамыта отырып, Батыс Европа мәдениетімен тығыз қарым-қатынаста болды. 13 ғасырда роман және готика үлгісіндегі тас мүсіндеу өнері (негізінен ғимараттар салу ісінде) туды. Барокко дәуірінде (17 ғасырдың 2-жартысы - 18 ғ.) ағаш мүсіндеу жоғары сатыға көтерілді. 19 ғасырдың бас кезінде Латвия өнерінен классицизм белең алды. 19 ғасырдың ортасында Латвия мен Россия өнері арасындағы қарым-қатынас артты. Латыш суретшілері негізінен Петербургтегі Көркемсурет академиясы мен Штиглиц училищесінен білім алды. 19 ғасырдың 2-жартысында орыс демократиялық мәдениеті және ұлт-азаттық идеялардың ықпалымен латыш бейнелеу өнері мектебі (К. Гун, Ю. Федер) қалыптасты. 1900-1910 жылдары графика, саяси карикатура (19051907) дамыды. 20 ғасырдағы латыш мүсін өнерінің алғашқы өкілдері Т. Залькалн мен Г. Шкилтер творчествосы алғашқы сәтте 19 ғасырдың 2-жартысындағы орыс реализмі мен О. Роденнің ықпалында болды. Осы кезеңде театр декорация кескіндемесінің ірі өкілі Я.Куг творчествосы дамыды. 20 ғасырдың бас кезінде декаденттік ағым мен модернизм ықпалы басым болды. Дегенмен Я. Тилберг, К. Миесниек, Э. Бренгенс сынды суретшілер реалистік дәстүрді жалғастырып, буржуазия диктатура кезеңінің (1920-1940) өзінде сол бағытты ұстанды. 20-30 жылдары қатарға қосылған көптеген суретшілер (О. Скулме, Э. Калнынь, А. Скриде, Г. Элиас, В. Калнрозе, Я. Лиепинь т б.) алдыңғы буын Тилберг, Миесниек, Шкилтер мен Залькалннің жолымен прогресшіл бағытты ұстады. композициялық шешімінің сан алуандығы, бейнелердің жинақты әрі айқындығы, түр мен фактураның ширақтығы қазіргі Латвия кескіндемесінің негізгі сипаты болып табылады. 50 жылдардың аяқ кезінен линогравюра Г. Кроллис, Д. Рожкалн т. б.) өркен жайды. 20 ғасырда Латвия мүсін өнері (әсіресе монументті пластика) жоғары сатыға көтерілді (мыс., Саласпилстегі фашистік террор құрбаны болғандардың құрметіне арналған мемориалдық ансамбль, 1961-1967, мүсінші Л.Буковский, Я.Заринь, О.Скарайнис, арх. Г. Асарис, О.Н.Закаменный т.б.). Сән және қосалқы өнерде ойма, ағаш бетіне жонып немесе күйдіріп өрнек салу, керамика, тоқыма, металл қақтау, былғары бедерлеу, янтарь өңдеу дамыған. 1951 жылы Ригада Латвия Суретшілер одағы құрылды.

Музыкасы. Латыштың халық әні лирикалық сазға құрылған. Байырғы әдет-ғұрып (үйлену тойына арналған) әндері суырып салма, шешендік мәнерде орындалады. «Лиго» деп аталатын ән қайырмасы ертеден белгілі. Ұлттық билері: руцавиетис, судмалиняс, ачкупс, тудалинь-тагадынь т. б. Музыкалық аспаптары: кокле (гусли тектес), дига (ішекті), тридекснис (соқпалы), ажарагс, дудас (үрлемелі). 19 ғасырда профессионалдық музыка кең қанат жайды. Хор әні - негізгі музыкалық жанрларының бірі болып саналады. Бұл салада Я.Цимзе, К.Бауманис, Э.Вигнер сынды композиторлар елеулі еңбек етті. 1873 жылдан ән мерекесін өткізу дәстүрге айналды. Белгілі латыш композиторлары - А. Юрьян, Я. Витол, Э. Дарзинь, Э. Мелнгайлис, А. Калнинь, Я. Залитис. 1917 жылы Ригада мемлекеттік опера және балет театры құрылып, музыкалық ағарту жұмыстары қолға алынды. 1940 жылы Совет өкіметі орнағаннан кейін музыкалық мәдениеті елеулі сатыға көтерілді. Әр түрлі жанрдағы музыкалық туындылар (опера, балет, симфония) дүниеге келді. Латвия музыка мәдениетінің көрнекті өкілдері: дирижерлері - Латыш ССР халық артисі Л. Вигнер, РСФСР халық артисі А. Янсонс; хор дирижерлері - Латыш ССР халық артистері - Т.Калнинь, Яков Мединь, Я. Озолинь; әншілері - СССР халық артистері Ж. Гейпе-Вагнер, А. Фринберг, Латыш ССР халық артистері Р. Берзинь, П. Гравелис, А. Дашков, К. Заринь, А. Лудинь, Э. Пакуль, М. Фишер, Р. Фринберг; пианистері - Латыш ССР-інің еңбек сіңірген артистері В.Цируле, И.Граубинь, скрипкашылары - В.Заринь, Я.Шволковский; органшылары - Латыш ССР халық арт. Н. Ванадзинь, Латыш ССР-інің еңбек сіңірген артисі П.Сиполниек т. б. Латыш ССР-нде (1973): Опера және балет театры, Рига оперетта театры, филармония, Латыш телевизиясы мен радиосының симфониялық оркестрі, Латыш ССР-інің Мемлекеттік академиялық хоры (1942), камералық оркестр, Рига эстрадалық оркестрі т. б.; Я. Витол атынд. Латыш консерваториясы, 8 музыкалық училище жұмыс істейді. 1944 жылы Композиторлар одағы құрылды.

Театры. Латыш халық творчествосының көне турлері еңбек процесімен байланысты дамыған. Әдет-ғұрып сауықтары мен түрлі халықтық мерекелерге байланысты ойындарда театр элементтері мол кездеседі. Ригада алғашқы спектакльдерді неміс театрлары ұйымдастырды. 19 ғасырдың 50 жылдары Даугавпшісте, 1883 жылы Ригада орыс театрлары ашылды. 1870 жылы әуесқойлар коллективінің негізінде Латвияның профессионалдық театры ұйымдастырылды. Оның тұңғыш жетекшісі - «латыш театрының атасы» актер, режиссер әрі драматург А. Алунан. 19 ғасырдың 90 жылдары театр прогресшіл және реакциялық күштердің тартыс алаңына айналды. 20 ғасырдың басында халық мүддесін қорғауды көздеген театрлар туа бастады. 1902 жылы ұйымдасып, 1905 жылы патша өкіметі жауып тастаған Жаңа латыш театрының Латвия театр өперін дамытудағы маңызы зор болды. Латыштың прогресшіл өнерінің дамуына Жаңа Рига театры (1908-1915) үлкен үлес (әсіресе Я. Райнистің пьесаларын қоюдағы табыстары) қосты. Театр сахнасында Л. Толстойдың, М. Горькийдің, А. Упиттің, Аспазияның, Р. Блауманнстің, Г. Ибсеннің, Г. Гауптманның т. б. шығармалары қойылды. 20 ғасырда Е. Дубур, А. Миерлаук, Д. Акментинь, Б. Румниеце, Ю. Скайдрите сынды актерлер тамаша өнерімен көрермендер ілтипатына бөленді. Совет өкіметі орнағаннан кейін (1919) жаңа театрлар ұйымдастырыла бастады. Ригада А. Упиттің басшылығымен мемлекеттік Жұмысшы театры (Латыш драма театры) құрылды.

1920-1940 жылдар Латвияда театр өнерінің дамуы біршама тоқырады. Я. Райнис, Я. Заринь, А. Миерлаук, А. Амтман- Бриедит, Э. Фельдманис сияқты театр қайраткерлері оның қайта өркендеуіне ат салысты. 1920 жылы Э. Смильгистің басшылығымен Ригада Көркем театр ашылды. Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірде латыш театрының прогресшілдік дәстүрі қайта жанданып, СССР халықтары театрының тәжірибесін, социалистік реализм әдісін меңгеру жолына түсті. Театр репертуарында бүгінгі латыш авторларымен бірге көп ұлтты совет қаламгерлерінің және социалистік елдер прогресшіл драматургтарының шығармалары бар.

Республикада А. Упит атындағы Латыш драма театры, Я. Райнис атындағы Көркем театр, Орыс драма театры, Ленин комсомолы атындағы балалар мен жас өспірімдер театры (латыш және орыс труппасы бар), Қуыршақ театры, Лиепая, Валмиер, Даугавпилс қаларында драма театрлары жұмыс істейді. Латыштың театр өнерін дамытуға СССР халық артистері А. Амтман-Бриедит, Я. Осис, Э. Смильгис, Ю. И. Юровский, Латыш ССР халық артистері Э. Баруне, Ж. Катлап, А. Клинт, И. Митревиңе, Н. Мурниек, Б. Румниеце, М. Шмитхене, Л. Шпилберг, Э. Эзеринь, суретшілер - Г.Вилкс, А. Лапинь мол үлес қосты. Қазіргі театр қайраткерлері (1973): СССР халық артистері В. Артмане, Л. Берзинь, Л. Фрейман, А. Яунушан т. б. 1945 жылы Латыш театр қоғамы құрылды. 1948 жылы ашылған Латыш театр институты 1951 жылы Латыш консерваториясына факультет болып қосылды.

Киносы. Латвияда кино шығару 1910-1911 жылдар басталды. 1939 жылы В.Лацистің «Балықшы ұлы» романы бойынша түсірілген фильм латыш кино шеберлерінің тұңғыш ірі табысы болды. 1940 жылы Рига киностудиясы ұйымдастырылды. «Каугурт көтерілісі» атты тұңғыш советтік фильм 1941 жылы түсірілді. Ұлы Отан соғысынан кейінгі латыш кино өнерінің дамуына Ленинград пен Москва кино шеберлері үлкен көмек көрсетті. 50-60 жылдары Р. Блауманистің новелласы бойынша «Көктемгі қатқақ» (1955, реж.П.Н. Арманд және Л. Лейманис), В.Лацистің романдары бойынша «Жаңа жағалауға» (1955, реж. Л. Д. Луков), «Балықшы ұлы» (1957, реж. В. Круминь), «Дауыл» (1961, реж. В. Круминь, Р. Калнинь) және бірнеше тарихи-революциялық тақырыптағы киношығармалар жарық көрді. 60 жылдардан бастап Рига киностудиясы шығарған фильмдердің тақырыптық, жанрлық ауқымы кеңейе түсті. Р. Блауманистің («Эдгар мен Кристина», 1967, реж. Л. Лейманис, «Ажал көлеңкесінде», 1971, реж. Г. Пиесис), А. Упиттің («Бәйбіше үйінде», 1968, реж. Л. Лейманис) шығармалары экранға шықты. Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған «Үш дүркін тексеру» (1969), «Жеке ағаштары астындағы қала» (1971 - екеуініңде реж.А.Бренч) фильмдері дүниеге келді. Реж. А.Лейманис жастарға арнап революция-романтикалық «Шымшықтар армиясы» (1964), «Шымшықтар армиясы тағы да соғыста» (1968) атты дилогиясын қойды.

 Бірнеше опералық шығармалар экрандалды. 60 жылдардың аяғы мен 70 жылдардың бас кезіндегі О. Дункердің «Бұрылыстан кейінгі - бұрылыс» (1968), «Клав - Мартиннің ұлы» (1971) атты фильмдері бүгінгі өмір тақырыбына арналды. 50-60 жылдары Латвия кино өнерінің өркендеуіне үлес қосқан режиссерлері: П.Н.Арманд, У.Браун, А.Фрейманис, Л.Лейманис, И. В. Масс, К.Пиесис, М.А.Пярн, М.А.Шнейдеров, Г.В.Шулятин; актерлері: В. Артмане, Я.Грантинь, Б.Зандбергс, X.Лиепинь, Я.Осис, Э.Павулс, У. Пуцитис, Э.Радзинь, Д.Ритенберг, К.Себрис, Г.Цилинский; операторлары: М. Звирбулис, М. Рудзитис; композиторлары: М. Заринь, Я. Иванов, А. Скулте т. б. Көптеген Латвия актерлері басқа да республикалық киностудияларының көркем фильмдеріне түсті. 1962 жылы Латвия кинематографистер одағы құрылды. 1972 жылы Қазақстанда Латыш ССР-і кино өнерінің байқауы өткізілді.

Әдеб.: Прибалтийский экономический район. М., 1970; Проблемы развития народного хозяйства Латвийской ССР. -Рига, 1970; История Латвийской ССР. т. 1-3, Рига, 1952-1958; Зутис Я. Я. Фетзейский вопрос в XVIII в. Рига, 1946; Крастынь Я. П. Революция 1905-1907 гг. в Латвии. -М., 1952; Дризул А. А. Латвия под игом фашизма. Рига, 1960; Дорошенко В.В. Очерки аграрной истории Латвии в XVI в. -Рига, 1960; Вилкс Б.Я. Формирование промышленного пролетарвата в Латвии во 2-й половине XIX в. Рига, 1957; Борьба за Советскую власть в Прибалтике. М., 1967; Дризул А. А., В. И. Ленин и революционная Латвия. Рига, 1970; Борьба латышского народа в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945, Рига, 1970; Очерки экономической истории Латвии. 1860-1900, Рига, 1972; Очерки истории Коммунистической партии Латвии. ч. 1-2, Рига, 1962-1966; Канеп В.В. Закономерности и перепективы развития здравоохранения в Латвийской ССР. Рига, 1971; Плауде К.К. Наука Советской Латвии. в кн.; Ленин и современная наука. кн. 2, М., 1970; Очерк истории латышской советской литературы. -Рига, 1957; Бирзениек А. Архитектура Латвии конца 16-первой пол. 19 в., в кн.: Всеобщая история архитектуры. -т. 7, М., 1969; Витолинь Я. Грюнфельд Н. Латвийская ССР. -М., 1957 («Музыкальная культура союзных республик»); Сосновский И. Киноискусство Советской Латвии. –М., 1965.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-09-01 17:16:39     Қаралды-2695

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »