UF

ИРАН (1935 жылға дейін Персия) - Азияның оңтүстік-батыс бөлігіндегі мемлекет. Солтүстігінде Әзербайжан, Түркменстан, Армениямен, батысында Тұркия, Иракпен, шығысында Ауганстан және Пакистанмен шектеседі. Солтүстігінде - Каспий теңізі, оңтүстігінде - Парсы және Оман шығанақтары. Жері 1,6 млн. км2. Халқы 75,1 млн. (2011). Астанасы-Тегеран қаласы. Әкімшілік жағынан остандарға (провинцияға) және бас губернаторлықтарға бөлінеді.

ТЕГЕРАН - Иранның астанасы, ірі саяси, экономикалық, сауда-финанс және мәдени орталығы, жол торабы, халықаралық аэропорт. Эльбрус тауының атырабындағы Демавенд тауы баурайына (биіктігі 1100-1300 м) орналасқан. Атырабының климаты субтропиктік, континенттік; ауаның орташа температурасы қаңтарда 2°С, шілдеде 29,4°С. Жылына 240 мм-дей жауын-шашын түседі. Тегеранда Иран өнеркәсіп жалпы өнімдері құнының 35%-ке жуығы қалыптасады. Әсіресе машина жасау, металл өңдеу, химия, мұнай айыру, құрылыс материалдары, шыны, фарфор-фаянс бұйымдары, мата тоқу, тамақ өнеркәсіп орындарының маңызы күшті. Университет, политехникалық, педагогикалық институттар, ғылым академиясы, ірі кітапханалар, музейлер, Рудаки атындағы операжәне балет театры т. б. мәдени-ағарту орындары бар. 1943 жылы Тегеранда одақтас СССР, АҚШ, Ұлыбритания үкімет басшыларының конференциясы өтті (Тегеран конференциясы).

ТЕГЕРАН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ (1943) Совет Одағы, АҚШ, Ұлыбритания үкімет басшылары қатысуымен 1943 жылы 28 қарашада 1желтоқсанға дейін өтті. Одақтас елдер басшыларының бірінші кездесуіне дипломатия кеңесшілері мен әскери штабтардың өкілдері де қатысты. Күн тәртібінде соғыстың барысы және соғыстан кейінгі бейбітшілік мәселелері талқыланды. Одақтас елдердің гитлершіл Германияға қарсы соғыс қимылдарын бірлесіп жүргізу жоспарын жасау Тегеран конференцияның басты мәселесі болды. Бұған дейін АҚШ пен Ұлыбритания Европада соғыс майданын ашамыз деген уәделерін орындамағандықтан, соғыстың негізгі ауыртпалығын Совет Одағы көтерді. Европада 2-майдан ашу, соғыстың аяқталуын тездету мәселесі Совет делегациясының ұсынысы бойынша қаралды. Черчилль 2-майданды Балқан түбегі арқылы жүргізуді жақтады. Ол ағылшын және американ қарулы күштерін Совет Армиясынан бұрынырақ Оңтүстік-Шығыс және Орталық Европаға жайғастырып, Европа халықтарын билеп-төстеуді көздеді. Бұл жоспардың осал жақтарына тоқталып, И. В. Сталин екінші майданды Франция территориясынан ашудың дұрыстығын дәлелдеді. АҚШ пен Ұлыбритания басшылары оған көнуге мәжбүр болды, бірақ ұрыс қимылдарын 1944 жылымамырға дейін бастай алмайтындығын мәлімдеді. Тегеран конференциясында Түркияның одақтас елдер жағында соғысқа қатысуы қаралды. АҚШ пен Ұлыбританияның өтініштеріне байланысты Совет Одағы Европадағы соғыс бітісімен империалистік Жапонияға қарсы соғысқа қатысатынын білдірді. Рузвельт Германияны бір-біріне тәуелсіз бес мемлекетке бөлшектеу туралы мәселе көтерді. Черчилль бұл ұсынысты қабылдап Австрия, Венгрия және Оңтүстік Германияның кейбір аудандарын қамтитын «Дунай федерациясын» құру жөніндегі жоспарды қолдады. Совет өкілдері бұл ұсыныстарды сынап, неміс халқының мүддесіне қайшы келетін Германияны бөлшектеу жоспарын қабылдатпады. Тегеран конференция Иранның тәуелсіздігін, суверенитетін және территориялық тұтастығын сақтау керек екенін ескертті. Польшаның шекарасы шығыс «Керзон линиясымен», ал батыста Одер өзен бойымен өтуі жобаланды. Үш ел соғыстан кейін бейбітшілік орнату жолында бірлесіп әрекет етеміз деп уәделесті. Тегеран конференция шешімдері соғыс барысында Совет Одағы, АҚШ, Ұлыбританияның өзара әскери-саяси ынтымағын одан әрі жоғарғы сатыға көтеріп, көлешектегі қатынастарын нығайтуға жол ашты. Бірақ соғыс бітісімен батыс елдердің реакцияшыл топтары бұл келісімдөрді бұзуы, халықаралық жағдайды шиеленістіруге әкеліп соқты.

Мемлекеттік құрылысы. Иран - конституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1905-1911 жылдар Иран революциясы кезінде қабылданған. Мемлекеттік басшысы - шаһ. Ол парламент қабылдаған заңдарды бекітеді, премьер-министрді тағайындайды, үкімет құрамын бекітеді, қарулы күштердің жогарғы басқолбасшысы да сол. Заң шығарушы жоғары өкімет органы - екі палаталы парламент. Төменгі палатаның (меджлис) депутаттарын (268 адам) халық 4 жылға сайлайды. Жоғарғы палатада (сенат) 60 сенатор бар. Оның 30-ын шаһ тағайындайды. Қалғандарын халық сайлайды. Сенаторлардың өкілдік мерзімі 4 жыл. 20 жасқа толғандарға сайлау правосы беріледі (әйелдер 1963 жылдан бастап сайлауға қатынасатын болды). Атқарушы өкімет билігін министрлер кабинеті жүзеге асырады. Сот жүйесіне: Жоғарғы кассациялық сот, апелляциялық, губерниялық және бітім соттары кіреді. Коммерсиялық, әкімшілік, әскери трибунал т. б. арнаулы соттар да бар.

Табиғаты. Жерінің көбі тау; ол Армян таулы қыратының оңтүстік-шығыс жағы мен Иран таулы қыратының батыс бөлігінде орналасқан. Иранның шет жақтарын Солтүстік Иран (Эльбурс, ТүрікменХорасан таупары), Оңтүстік Иран (Загрос, ІІекран таулары) және Шығыс Иран Серхед, Пеленган, Боран, Келат жоталары) таулары, орталық бөлігін Кухруд жотасы, Деште-Кевир, Деште-Лут шөлдері алып жатыр. Солтүстік-батысында Оңтүстік Каспий және Кура-Аракс ойпаттары, солтүстік-шығысында Горган жазығы, оңтүстік шетінде-Гермезир шөлді казыты. Геологиялық құрылымы жағынан алғанда, Иранның жері альпілік геосинклиналь аймағы құрамына кіреді. Ежелгі метаморфтық жыныстар төменгі қабаттағы байқал фундаментіні құайды, ал оның үстіңгі жағын шөгінді палеозой-триас, теңіздік мезозой-кайнозой жыныстары жапқан. Пайдалы қазындылары - мұнай (табиғи қоры 7,5 млрд. т, 1971), газ 6 триллион м3),тас көмір (1 млрд. т), темір тудасы (560 млн. т), хромит (60 млн.т) т. б. Климаты субтропиктік, континенттік, жазы ыстық, қысы солгүстігінде салқын, оңтүстігінде жылы. Парсы және Оман шығанақтары жағалауының климаты тропиктік. Қаңтардың орташа температурасы 2,0°С-тан (Тегеранда) 19,4°С-қа (Оман шығанағы жағалауында) дейін, шілдеде 29,4-32,5°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 500 мм, Эльбурс тауы беткейінде 2000 мм, Систан ойысында 50-60 мм.Иран территориясында жер беті суы аз, ірі өзендері - Карун, Сефидруд, Гильменд. Қиыр солтүстік бөлігінде Атрек, Аракс өзендері бар. Карун өзенінде кеме жүзеді. Таулы аудандарында көптеген көлдер бар; олардың ішіндегі ірілері - Резайе, Дерьячейе-Немек, Хамун. Жері сары, қоңыр жөне ңызғылт топырақты келеді; ойыстары мен өзен аңғарлары сортаң топырақты. Тау беткейлері (әсіресе Эльбурс, Загрос таулары) орманды, өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары - шөлейт, шөл. Иран жерінде сүт қоректілердің 100-ге тарта, құстың 400-ге жуық және бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Солтүстігіндегі таулы бөлігінде қоңыр аю, жабайы шошқа, бұғы, елік т. б. кездеседі. Шектес теңіздер балыққа бай. Иран территориясы 7 табиғи аймаққа бөлінеді, олар - Солтүстік Иран, Оңтүстік-батыс Иран таулары, Шығыс Иранның шөлді таулары, Иран таулы қыратының ішкі бөлігі, Оңтүстік Иран таулары, Оңтүстік Иранның теңіз жағалауындағы ойпаттары, Солтүстік Иранның ойпатты жазықтары.

Халқы. Иранда 30-дан астам халық тұрады. Халқының 75%-і иран тілі тобына жатады, олар парсылар (13,5 млн., 1970), гиляндар (1,6 млн.), мазендерандар (1,2 млн.), курдтар (2,5 млн.), лурлар (0,8 млн.), бахтиарлар (0,5 млн.) т. б. түркі тілдес халықтар 20%-тен астам, олардың ішіндегі ең көбі азербайжандар (5 млн.). Ресми тілі - парсы тілі. Халқының 90%-і мұсылмандар, Еңбек етуші халық 7,6 млн. (1966). Халықтың орташа тығыздығы1 км2-ге 18,6 адамнан келеді (1971); халқының 46,5%-і солтүстік бөлігінде қоныстанған. Ірі қалалары - Тегеран, Исфаһан, Мешхед, Тебриз, Шираз, Абадан.

Тарихы. Қазіргі Иран территориясын адамның тым ерте заманнан бері мекендегенін дәлелдейтін мағлұматтар төменгі палеолиттің аяң кезіне жатады. Б. з. б. 7-5 мың жылдықтарда Иранның кейбір аймақтарында мәдени дақылдар егіле бастаған; 3 мың жылдықтың басында таптык, қоғам (елдің оңтүстік-батысында) пайда болды; әуелі бірсыпыра жеке кала-мемлекеттер, одан кейін Элам мемлекеті (орталығы Сузы қаласы) құрылды. Б. з. б. 3 мың жылдықтың 2-жартысында лулубейлер мемлекеті болған; 2 мың жылдықта Иран жеріне (Орта Азия немесе Закавказье арқылы) үнді-иран тілдерінде сөйлейтін иран тобының үнді-европалық тайпалары келді. Б. з. б. 7 ғасырға дейін Иранның негізгі егіншілік аудандарының бәрінде таптық қоғам қалыптаса бастады. 673-672 жылдар шаруашылығында Иранның солтүстік-батыс бөлігінде Мидия мемлекеті пайда болды. 616-605 жылдар Мидия Вавилониямен бірлесе отырып, Ассирияны талқандағаннан кейін, аса ірі мемлекетке айналды. Б. з. б. 553-550 жылдар Мидия өзінің қол астындағы Персида патшалығымен соғысты, мұның нәтижесінде 550 жылы елдегі өкімет билігі парсылық Ахемен әулетіне көшті, 1971 жылы Иран мемлекетінің 2500 жылдығы аталып өтілді. Ежелгі гректер, кейінірек европалық басқа халықтар да Персида деген атауды (Парса, Парс, осы заманда Фарс) бүкіл елдің аты ретінде қолданды (Иранның Персия деген бұл аты европалық әдебиетте 1935 жылға дейін сақталды.). Б. з. б. 6 ғасырдың аяғында Ахемен әулеті мемлекетіиің шекарасы шығысында Үнді өзенінен батысындағы Эгей теңізіне дейін, солтүстігінде Армениядан оңтүстігіндегі Ніл өзенінің алғашқы шоңғалына дейін жетті. Дарий I патшалық еткен кезде (б. з. б. 522-486 жылдар) парсы халқының едәуір бөлігі әскердің командалық құрамына және әкімшілік орындарға енгізіліп, турлі алым-салықтардан босатылды. Мемлекет сатраптықтарға бөлінді. Батыс пен Шығыс арасындағы сауда жолдары үшін курес Ахемен әулетін Грециямен ұзақ соғыс жүргізуге киліктірді (қ. Грек-парсы соғыстары). Б. з. б. 330 ж. Александр Македонский армиясы Ахемен әулеті билеген мемлекетті құлатты. Кейіннен И. Селевки І-нің эллиндік мемлекетінің құрамына енді. Селевки әулеті тұсында құл иеленуші қала-полистер өзін-өзі биледі, олардың ішкі істеріне орталық өкімет араласқан жоқ. Б. з. б. 3 ғасырдың ортасында қазіргі Иран мен Түрікменстанның шекарасында Парфия патшалығы құрылып, б. з. б. 2 ғасырдың ортасында Иранның бүкіл территориясы соның құрамына кірді. Б. з-дың 2 ғасырына қарай кейбір билеуші өкілдер мен тәуелді хандықтардың күшеюі салдарынан Парфия мемлекеті әлсіреді. 224 жылы Парфияға тәуелді Персиданы билеуші Ардашир парфия патшасы Артабан V-ге күйрете соққы беріп, Сасани мемлекетін құрды.

Сасани әулеті тұсында Иранда құл иеленушілік құрылыс құлдырай бастады. Құлдарға ішінара еркіндік берілді, әскери-әкімшілік орындардағы ақсүйектер мен қауымдағы жоғарғы топ феодалдық ақсүйектерге айналды. Иранда феодалдық қатынастардың қашан қалыптасқаны туралы мәселе әзірше даулы (б. з-дың 3-4 ғасырынан 6-7 ғасырына дейін деп есептеліп жүр). Сасани әулетінің аяқ кезінде иран қоғамы ресми түрде 4 сословиеге бөлінді, олар абыздар, әскери жоғарғы топ, чиновниктер, салық төлейтін халық. Сасани әулеті мемлекеті нығайып, Оңтүстік Арабияны, Сирияны, Палестинаны, Египетті жаулап алды, Византияға қауіп төндірді. Алайда, феодалдық сепаратистік тенденциялардың қайта кушеюі салдарынан Сасани әулеті мемлекеті арабтардың шабуылына төтеп бере алмады. Сөйтіп 7 ғасырда Иран Араб халифатының құрамына қосылды. Арабтар жүргізген соғыстар кезінде жергілікті халықтың бірсыпырасы құлға айналып, Иран жерінің едәуір бөлігі араб тайпаларына берілді. Араб тілі мемлекеттік және әдеби тіл болып қалды. Иранда ислам діні тарай бастады, ол 10 ғасырда халықтың басым көпшілігінің дініне айналды. Араб үстемдігіне қарсы халықтың наразылығы күшейді. Мұны 7 ғасырдың 80 жылдарындағы шаруа көтерілістерінен айқын көруге болады. Омейя халифтарына қарсы 747 жылы Мерв оазисінде (Әбу Мүслимнің бастауымен) басталған халықтық қозғалыс Иранға да тарады. Аббас әулеті тұсында жаңадан шаруа көтерілістері болды (755 жылы Сумбадмагтың, 767 ж. Устад Систің көтерілістері, 778-779 ж. «сорх алем» көтерілісі т. б.). 816-37 жылдар шаруашылығында Бабек бастаған шаруалар соғысы болды.

9-10 ғасырларда Иран территориясында араб халифатына номиналды турде ғана тәуелді болған әмірліктер құрылды. 10 ғасырда, 11 ғасырдың 1-жартысында Иранда экономикалық және мәдени өрге басу байқалды, бұған феодалдық қоғамның қалыптасуы, феодалдық типтегі қалалардың дамуы т. б. әсер етті. Самани әулеті мемлекеті құлағаннан кейін шығ. Иран Орта Азияның бір бөлігімен және осы күнгі Ауғанстанмен бірге Ғазнеуи әулеті мемлекетінің құрамына енді. 11 ғасырда Иранға түрік-оғыздар кіре бастады. Олардың бір ордасы (салжұқ) Ғазнеуи әулеті әскерін талқандап, бүкіл Иранды жәңе оған көрші елдерді басып алып, салжұқтар мемлекетін құрды. Феодалдық бытыраңқылықтың өсуі 12 ғасырдың басында салжұқтар мемлекетінің бірнеше сұлтандыққа бөлінуіне әкеп соқты. 12 ғасырдың аяғына таман бүкіл Иранды түгел дерлік хорезмшах Текеш (1172-1200 ж. биледі) басып алды.

1220-1256 жылдар Иранды монғолдар жаулап алды. 13 ғасырдың ортасында Иран Хулагу әулеті ильхандарының монғол ұлысының құрамында болды. 14 ғасырдың 30 жылдарында Хулагу әулеті мемлекеті ыдырап, оның орнында бірнеше феодалдық мемлекеттер пайда болды. Монғол басқыншыларының үстемдігіне қарсы көптеген көтерілістер шықты. 1380-1393 жылдар Иранды Темірдің әскерлері басып алды. Темір өлгеннен кейін Шығыс Иран Темір әулеті қол астындағы жерлерге кірді, ал батыс Иранда Қарақойлы мемлекеті құрылды. 15 ғасырдың 1-жартысында Иранда бірнеше халық көтерілісі (1405 жылы Себзеварда, 1406 жылы Мазендеранда т. б.) болды. 1453-1457 жылдар бүкіл батыс Иранды Қарақойлы мемлекеті басып алды. Шығыс Иран Темір әулетінің қол астында қалды. Кіші Азиядан шыққан көшпелі түркі тайпалары (қызыл бастар) 1501-1610 жылдар арасында бүкіл Иранды қаратып алып, Сефеви әулеті мемлекетінің іргесін қалады.

17 ғасырдың аяқ кезінен Иран экономикалық және саяси құлдырау дәуіріне аяқ басты. Феодалдық ренталардың, турлі салықтардың өсуі иран деревнясының куйзелуіне, товарлы өндіріс пен сауданың қысқаруына, таптық қайшылықтардың шиеленісуіне өкеп соқты. 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында антифеодалдық көтерілістер болды, езілген халықтардың - ауғандардың, түрікмендердің, курдтардың, армяндардың, грузиндердің, азербайжандардың азаттық қозғалысы басталды. 18 ғасырдың 2-жартысында Иранда феодалдық өзара қырқысу өріс алды. Зенд және Каджар хандарының арасындағы ұзақ күрестің нәтижесінде 18 ғасырдың аяғында Иранда Каджар әулеті таққа отырды. 18 ғасырдың аяғында феодалдық Иран европалық капиталистік мемлекеттердің отаршылдық экспансиясының объектісіне айналды. Ұлыбритания мен Францияның Иранды өзіне қаратып алуға ұмтылуы, 19 ғасырдың басындағы орыс-иран соғысы Иранның Ұлыбританиямен, Франциямеп, Россиямен, Европаның басқа мемлеттерімен, сондай-ақ АҚШ-пен кіріптарлық шарт жасасуына әкеп соқты. Шетел капиталының енуі, Иранның европалық өнеркәсіп товарларын өткізетін рынокқа айналуы феодалдық құрылыстың дағдарысын күшейтті, әлеуметтік қайшылықтар туғызды. Үстем таптың бір бөлігі бұл дағдарыстан шығу жолын шет мемлекеттердің ықпалын тежеп, орталық өкіметті күшейтуден, ұлттық тәуелсіздікті ныгайтудан іздеді (мыс., Таш-хан Әмір Кебирдің реформалары).

19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Иран империалистік мемлекеттердің жартылай отарына айналды. Патшалық Россия мен Ұлыбритания бірқатар телеграф, жол т. б. концессиялатын алды; ағылшын және орыс банкілері ашылды. 1901 жылы ағылшындар Иран мұнайын пайдалануға концессияға алды. 1909 жылы ағылшын-парсы мұнай компаниясын құрды. Иранның солтүстігінде патшалық Россия, оңтүстігінде Ұлыбритания қожалық етті, шетел товарларының бәсекесі ұлттық өнеркәсіптің өркендеуін тұншықтырды, қолөнерін әлсіретті, көпестерді жұтатты. Иранның ауыл шаруашылық сыртқы рыноктың қажетін өтеуге бейімделді.

19 ғасырдың аяғында парсылар, азербайжандар және кейбір басқа халықтар ұлт болып қалыптаса бастады. Ұлттық сана-сезім өсті, буржуазия ұлт-шылдық идеялар туды. Империалистік езушіліктің күшеюі мен әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі 1905-1911 жылдар антиимпериалистік және антифеодалдықИран революциясына негіз салды, оның барысында конституция жарияланды, меджлис шақырылды, титулдар жойылды т. б. кейбір прогресшіл өзгерістер жасалды. Ирандағы демократиялық қозғалыс 1908-1909 жылдар Тебриз көтерілісі кезінде күшейе түсті. Россиядан, әсіресе Закавказьеден келген революционерлер көтеріліске шыққан тебриздіктерге үлкен көмек көрсетті. Мұхаммед-Әлишаһ (1907 жылдан биледі) тақтан құлатылғаннан кейін, 1909 жылдың шілдеде өкімет басына либерал феодалдық - помещиктік топтар мен ірі сауда буржуазиясы келді; олар демократиялық қозғалысты тежеуге тырысты. 1911 жылдың аяғында ағылшын империализмі мен патшалық Россияның және Иран реакциясының біріккен күштері Иран революциясын басып тастады. 1-дүние жүзілік соғыс 1914-1918 жылдар кезінде Иран соғысушы мемлекеттердің соғыс қимылдары мен олардың агенттерінің әрекет жасайтын аренасына айналды.

Иран революциясы (1905-1911) - империализм мен феодализмге қарсы буржуазиялық революция. Оған Каджар әулеті бастаған билеуші реакцияшыл феодалдар тобы және оларды қолдайтын империалистер мен жаңадан пайда бола бастаған ұлттық буржуазия, шаруалар, қолөнершілер және жұмысшылар арасындағы қайшылықтар себеп болды. Бұл қайшылықтар Иранның 20 ғасырдың басында Англия мен патшалық Россияның жартылай отарына айналуына байланысты күшейе түскен еді. 1905-1907 жылдар орыс революциясы Иранға үлкен әсер етіп, революцияның басталуын тездетті. Иран революция 1905 жылдың аяғында жаппай ереуілдермен және Тегеран, Шираз, Мешхед т. б. қалаларда шаһ өкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы жалпы халықтық қызу демонстрациялармен басталды. Халық қозғалысының дүмпуінен қауіптенген шаһ 1906 жылы 5 тамызда конституциялық құрылысты енгізуге мәжбүр болды. 7 қазанда бірінші Иран мәжілісі ашылды. Ол шаһ өкіметіне шек қоятын Иран конституциясының бірінші бөлімін - Негізгі заңды жасады. Негізгі заң бекітілгеннен кейін (1906), революцияның бірінші кезеңі аяқталды. 1907 жылы революцияның екінші кезеңі басталды. Демократиялық және реакциялық күштер арасындағы күрес шиеленісе түсті. Революцияға қатысушылар арасында либералдық және демократиялық бағыт өріс алды.

1907 жылы 7 қазанда мәжіліс қабылдаған Негізгі заңға қосымшаларды бекітті. Иран конституциясының ең маңызды бөлімі болған бұл қосымшалар азаматтардың буржуазия праволарын енгізді. Империалистік елдер Иран революцияна қарсы болды. 1907 жылы Англия мен патшалық Россия өзара келісім жасасып, 1909 жылдың көктемінде Оңтүстік Иранға ағылшын әскерлері, Иран Азербайжаны меи Гилян қаласына патша әскерлері кірді. Бұл Иран реакцияшыларының жағдайын жақсарта түсті. Сөйтіп 1908 жылы 23 маусымда Мұхаммед-Әли шаһ патша офицерлері бастаған парсы казактар бригадасының күшімен контрреволюциялық төңкеріс жасады. Будан кейін революциялық күрес орталығы ИранАзербайжанына ауысып, 1908-1909 жылдар Тебриз көтерілісі басталды. Бұл революцияның ең жоғарғы сатысы - қарулы көтеріліске ұласып, кей жерлерде (Тебриз) қозғалыс басында демократияшыл топтар тұрды. Революцияшыл Тебризге Закавказье революционерлері үлкен көмек көроетті. Олар Тебризге еріктілер отрядтарын, қару-жарақ жіберіп, шаһ әскерлерімен шайқасқа қатысты.

Гилян революционерлеріне Г.К.Орджоникидзе бастаған Закавказье большевиктері көп көмек көрсетті. 1909 жылышілдеде гилян федайлары Мен бахтияр отрядтарының Тегеранға жасаған табысты жорығының нәтижесінде Мұхаммед-Әли шаһ тақтан түсіріліп, кәмелетке толмаған оның баласы Ахмед шаһ болып жарияланды. Бұдан кейін-ақ революция өзінің соңғы кезеңіне енді (1909-1911).

1911 жылышілдеде патша үкіметінің құпия қолдауымен Иранға бұрынғы шаһ Мұхаммед Әли келді. Курдистан қаласында оның інісі Салар-әд-Доул реакцияшыл бүліншілік көтерді. Реакцияның ескі тәртібін қайтадан орнатып, революция жетістіктерін жоймақ болған әрекеті халықты ызаландыра түсті. Бүкіл Иранда контрреволюцияға соққы беруді талап еткен жаппай митингілер мен демострациялар өріс алды. Сөйтіпқайтадан революцияшыл қарулы федай отрядтары құрыла бастады. 1911 жылдың күзінде Мұхаммед Әли мен Салар-әд-Доулдың қарақшылары біріккен үкімет күштері мен ерікті отрядтардан ойсырап жеңілді. Иран революция 1911 жылдың аяғында империалистік державалардың және Иран реакциясының біріккен күштерімен басылды.

Иран революция – 1905-1907 жылғы орыс революциясынан кейін көтерілген, империализм мен феодализмге қарсы толқынның бір бөлігі. Бұл толқын шығыста буржуазиялық-демократиялық және ұлт-азаттық революциялар заманын ашты.

Россиядағы социалистік революциясының ықпалымен 1918 жылыИранда антиимпериалистік және демократиялық қозғалыс өрге басты. Жұмысшы қозғалысы өрістеді, дженгелийліктер (партизандар) әрекетін жандандырды, елдің оңтүстігіндегі тайпалар ағылшын езушілігіне қарсы көтеріліске шықты. Иранның халықтары антиимпериалистік күресте Совет ұкіметінен зор көмек алды. Совет үкіметі патшалық Россияның Иранмен жасасқан кіріптарлық шарттар мен келісімдерінің бәрін жойды, орыс әскерлерін Ираннан әкетті. 1918 жылы ағылшын империалистері бұкіл Иранды басып алып, 1919 жылы оны кіріптарлық келісімге қол қоюға мәжбұр етті (Ағылшын-иран шарттары мен келісімдері).Иранда 1918 жылытамызда ағылшындардың бақылауымен құрылған үкімет жас Совет республикасы жөнінде дұпшандық саясат жүргізді. 1918 жылы 3 қарашада Тегерандағы совет миссиясы талқандалды, 1919 жылытамызда совет елшісі И. О. Коломийцев ақ гвардияшылдардың қолынан қаза тапты. Ағылшын оккупациясы және Восуг ад-Доуле үкіметінің реакцияшыл саясаты Иранда ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа күшті толқынын туғызды (1920 жылыИранАзербайжанында, 1920-1921 жылдар Гилянда, 1921 жылы Хорасанда). 1920 жылы Иран коммунистік партиясы (ИКП) құрылды.

1921 жылы 21 ақпанда Резаханның командованиесіндегі парсы казактарының бөлімдері мемлекеттік төңкеріс жасады. Сейд Зия-эд-Дин бастаған жаңа үкімет (онда Резахан әскери министр болды) жұртшылықтың қысымымен 1919 жылғы ағылшын-иран келісімің жойылды деп жариялауға мәжбүр болды, 1921 жылы 26 ақпанда совет-иран шартына қол койды (Совет-иран шарттары).

Қайта құрылған армияға сүйеніп, Резахан ірі феодалдардың сепаратизміне қарсы, орталық өкіметті күшейту үшін күрес жүргізді. 1925 жылы 31 қазанда 5-меджлис Каджар әулетін тақтан тусті деп хабарлап, 12желтоқсанда Құрылтай жиналысы Резаханды Реза-шаһ Пехлеви деген атпен Иранның шаһы деп жариялады. Буржуазия қатынастардың дамуына жәрдемдесетін заңдар мен қаулылар қабылданды. 30 жылдарда мәдениет пен тұрмыс саласында кейбір өзгерістер енгізілді. Сонымен бірге жұмысшы және шаруа қозғалысы ғана емес, демократиялық оппозициялық қозғалыстардың қандайы болсын қудаланды. 1929-1933 жылдар дүние жүзілік экономикалық дағдарыс Иран экономикасына, әсіресе оның ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Егіс көлемі азайды, помещиктердің түрлі алымдары, жанама салықтар өсті, жұмыссыздық көбейді. Бұл тап кұресінің шиеленісуіне, шаруа және жұмысшы қозғалысының өрістеуіне әкеп соқтырды. Алайда жұмысшылардыц, шаруалардың, тайпалардың қозғалыстары қарулы күшпен басылып отырды.

Совет-иран экономикалық және саяси қатынастары ойдағыдай дамыды, 1927 жылы кепілдеме және бейтараптық туралы совет-иран шартына қол қойылды. Бірақ 30 жылдардан бастап Иран ұкіметі СССР-мен достық катынаста болу саясатынан ауытқи бастады. Иранды совет еліне қарсы күресте бекініс ретінде пайдалантысы келген фашистік Германия бұл елге біртіндеп кіре бастады.

СССР-ге қарсы агрессияшыл соғысты бастағаннан кейін фашистік Германия Ирандағы антисовет әрекетін одан әрі күшейте түсті. Совет үкіметі 1941 жылытамызда (1921 жылғы совет-иран шарты негізінде) Иран жеріне уақытша әскер енгізуге мәжбүр болды; мұнда ағылшын әскерлері, 1942 жылдың аяғында американ әскерлері де енгізілді (соғыс біткен соң одақтастардың әскерлері Ираннан әкетілді). 1941 жылы 16 қыркүйекте Реза-шаһ тақтан өз еркімен бас тартты. Оның баласы Мухаммед Реза Пехлеви шаһ болды. 1942 жылы 29 қаңтарда СССР, Ұлыбритания және Иран арасындағы одақ туралы шартқа қол қойылды. СССР мен Ұлыбритания Иран территориясының тұтастығын, суверенитеті мен тәуелсіздігін құрметтеуге, оны қандай мемлекеттің болсын агрессиясынан қорғауға міндеттенді. Иран өз тарапынан одақтас мемлекеттермен ынтымақтасуға міндеттеме алды. 1943 жылы 9 қыркүйекте Иран Германияға қарсы соғыс жариялады, бірақ соғыс қимылдарына қатысқан жоқ. Үш одақтас мемлекеттік басшыларының Тегеран конференциясында 1943 жылы 1 желтоқсанда қабылданған Иран туралы декларациясында СССР, АҚШ және Ұлыбритания үкіметтері Иранға әкономика жағынан барынша жәрдемдесуге, оның толық тәуелсіздігін, суверенитетін, территориясының тұтастығын сақтауға әзір екеңдіктерін мәлімдеді. Алайда Иранды өзіне бағындыруға тырысып, АҚШ иран армиясына, жандармериясы мен полициясына кеңесшілер жіберді; 1943 жылы американ финанс және экономика миссиясы жіберілді.

Фашистік Германия мен милитаристік Жапонияның талқандалуы 1945-1946 жылдар Иранда демократиялық антиимпериалистік қозғалыстың жаңадан өрістеуіне қозғау салды. 1941 жылы құрылған Иран Халық партиясының (ИХП) беделі мен ықпалы күшейді. 1946 жылы өкімет басына келген Кавама-әс-Салтане үкіметі АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауына сүйеніп, Ирандағы демократиялық қозғалысты күшпен басты. Елдегі демократиялық қозғалысты талқандау мақсатында 1949 жылы 4 ақпанда арандатушылық әрекет жасалды - шаһқа қастық істелді. Бұдан соң ИХП заңнан тыс деп жарияланды, прогресшіл газеттерге тыйым салынды, жаппай тұтқындау жүргізілді. Дегенмен 1950 жылыжәне 1951 жылдың басында ағылшын-иран мұнай компаниясына қарсы қозғалыс тағы да күшейе түсті. Мұнай өнеркәсібін национализациялау жолындағы қозғалысты 1949 жылы құрылған Ұлттық майдан басқарды. 1951 жылы 15 наурызда меджлис мұнай өнеркәсібін национализациялау туралы заң қабылдады. 1951 жылы 29 сәуірде Мосаддык бастаған, ұлттық буржуазияның мүддесін қорғаған үкімет құрылды. 1951 жылықазанда барлық мұнай кәсіпшіліктері мен мұнай айыру зауыдтарынан ағылшын мамандары түгелдей қуылды. 1952 жыды 22 қазанда Ұлыбританиямен дипломатиялық қатынас үзіліп, оның барлық өкілдері Ираннан қуылды. Алайда үкімет империалистер мен Иран реакциясының шабуылына қарсы ақырына дейін батыл шаралар қолданбады. 1953 жылы 19 тамыздағы мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде генерал Захеди премьер-министр болды. Захеди үкіметі 1953 жылыҰлыбританиямен дипломатиялық қатынасты қалпына келтірді, 1954 жылы Оңтүстік Иран мұнайын пайдалануға беру туралы Халықаралық мұнай консорциумымен (ХМК) келісімге қол қойды. 1955 жылыИран агрессияшыл Бағдад пактысына (1959 жылдан - СЕНТО) қосылды. Мұнай туралы шетел компанияларымен жаңа келісімдер жасалды. Иран экономикасына ГФР капиталының енуі күшейді. Иранның Бағдад пактысына қатысуы соғыс шығынын көбейтті (1948-1962 жылдарИранның өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына жұмсаған қаржысынан 4 есе көп). 1961 жылдың басына дейін шетел қарызының мөлшері 700 млн. долларға жуықтады. 1936 жылғымен салыстырғанда тұрмыс нарқы 16 есе өсті. Ауыл шаруашылық халықты азықпен қамтамасыз ете алмады. Иран жыл сайын астық т. б. азық-түлікті сырттан сатып алуға мәжбүр болды.

І960-1961 жылдарИран халық бұқарасының имдериалистік езушілікке қарсы, феодализмнің қалдықтарына қарсы, демократиялық бостандық жолындағы күресі күшейді. Иран үкіметі экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға тырысып, 60 жылдардың басында бірқатар әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізуге кірісті (Иранда бұл шаралар «Ақ революция» деп аталды). Аграрлық реформа ірі жер иеленушілікке шек қойды; помещиктердің артық жері ауыл шаруашылық банкісі арқылы шаруаларға сатылды. Сөйтіп, ауыл шаруашылығында капиталистікқатынастардың дамуына зор мүмкіндік туды. Өнеркәсіп саласында да маңызды қадамдар жасалды; білім беру, денсаулық сақтау салаларында да кейбір шаралар іске асырылды. 1963 жылы әйелдерге сайлау правосы берілді.

60 жылдардан бастап АҚШ-қа және батыс европалық капиталистік елдерге бір жақты бағыт үстаудан Иран біртіндеп бас тарта бастады. Совет үкіметі совет-иран қатынастарын жақсарту үшін бірқатар шаралар қолданды; 1954 жылы шекара және финанс мәселелерін реттеу туралы келісімге, 1957 жылыИран үшін аса тиімді транзит туралы келісімге сондай-ақ шекара режимі және шекарадағы жанжалдарды реттеу тәртібі туралы шартқа қол қойылды. Алайда 1959 жылы 5 наурызда Иранның АҚШ-пен екі жақты соғыс келісімін жасасуы совет-иран қатынастарын толық реттеуге едәуір кедергі болды.

1963-1972 жылдар СССР мен Иран арасында экономика, техника, ғылыми, мәдени ынтымақ туралы, өндірістік-техника оқу т. б. салаларда ынтымақтасу туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды. Совет Одағының қатысуымен бірсыпыра өнеркәсіп т. б. объектілер салынды. СССР мен Иран арасындағы тату көршілік қатынастардың кеңеюіне және нығаюына екі елдің мемлекеттік қайраткерлерінің өзара байланысы маңызды роль атқарып келеді. 60 жылдарда Иранбасқа социалистік елдермен де экономикалық келісімдер жасасты. Иран СЕНТО-ның мүшесі болып қалуда; сондай-ақ Иран мен АҚШ арасындағы 1959 жылғы екі жақты соғыс келісімі де сақталуда.

Саяси партиялары, кәсіподақтары және басқа қоғамдық ұйымдары.Жаңа Иран (Иране новин) - 1963 жылы құрылған буржуазия-ұлтшылдық партия, шаһ жариялаған реформалардың іске асырылуын қолдайды, 1964 жылдан ел билеуші партия; Халық (Мардом) - 1957 жылы құрылған буржуазия-помещиктік партия; Иран халық партиясы (Хезбе тудейе Иран) - 1941 жылы құрылған партия, жұмысшылардың, шаруалардың және интеллигенцияның прогресшіл бөлігін біріктіреді. 1949 жылы заңнан тыс деп жарияланды.

Иран жұмысшылары ұйымы кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде құрылған кәсіподақ ұйымдарын біріктіреді. 1972 жылы 1 млн-ға жуық мүшесі болды. СССР-мен мәдени байланыс жасау жөніндегі Иран қоғамы 1943 жылы құрылған.

Экономикасы.Иран аграрлы-индустриялы ел. 50 жылдардың орта кезінен, әсіресе 60 жылдардың басынан елдің экономикасында елеулі өзгерістер болды. Ұлттық өнеркәсіп, әсіресе ауыр өнеркәсіп салалары үкімет тарапынан қолдау тапты. Алғашқы экономикалық жеті жылдық жоспар (1949/50-1955/56) жүзеге асырылды; 60 жылдардан бастап аграрлы реформа іске асырыла бастады. Жалпы ұлттық өнім 1959/60 жылғы 281,5 млрд. риалдан 1970/71 жылдар 645,5 млрд. риалға жетті. Экономикасында ауыл шаруашылығының үлесі төмендеп, өнеркәсіптің маңызы жоғарылауда. Өнеркәсібі дамыған ескі қалалар (Тегеран, Тебриз, Исфаһан, Абадан) одан әрі өсті, жаңа өнеркәсіп орталықтары (Эрак, Ахваз, Керманшаһ, Бендер-Шахпур, Бендер-Аббас) пайда болды. Экономикасының басты саласы - мұнай өндіру өнеркәсібінде шетел капиталының ықпалы әлі де сақталып келеді.

Ауыл шаруашылығы. 60 жылдардың басында өңделетін жердің 70%-і помещиктердің, 15%-і шаруалардың қарамағында болды, қалған жер үкіметке қарады. Аграрлық реформа бойынша (аграрлы реформа туралы заң 1962 жылы қабылданды) помещиктердің иеліктері азайтылды; олардан алынған жерлер шаруаларға ұзақ мерзімге жалға берілді. 1969 жылықаңтарда егістік жерлерді шаруаларға түпкілікті сату туралы заң қабылданды. Жерсіз шаруалар ауыл шаруашылық кооперативтеріне біріге бастады (1972 жылы олардың саны 7,8 мыңға, мүшелері 1,7 млн-ға жетті). 1968 жылышілдеде бұрын помещиктердің қолында болып келген су жүйелері национализацияланды; жаңадан бірнеше плотиналар, ирригациялық жүйелер іске қосылды. Аграрлы реформа ауыл шаруашылығын техникамен қамтамасыз ету жағдайын жақсартты: 1970 жылы елде 26,8 мың трактор (1952 жылы - 1,2 мың), 1950 комбайн болды, химиялық тыңайтқыш мөлшері 120 мың т-ға (1955 жылы - 0,2 мың т) жетті. Ауыл шаруашылығының басты саласы - егіншілік; оның үлесіне ауыл шаруашылық өнімі құнының 60%-і тиеді. Өңдеуге жарамды жері 50 млн. га,егістігі 19,0 млн. га, суармалы жері 3,2 млн. га (1967/68). Басты дақылдары - бидай, арпа, күріш, мақта, қант қызылшасы. 1970/71 жылғы жиналған өнім (мың т): бидай 4262; арпа 1083, күріш 1350, мақта 153, қант қызылшасы 3800. Гилян мен Мазендеран остандарында шай, темекі өсіріледі. Экстенсивтік көшпелі мал шаруашылығы дамыған. 1970-1971 жылдар мал саны (млн.): қой 30, ешкі 13,0 мүйізді - ірі қара 6, есек 2,1, түйе 0,4, жылқы және қашыр 0,6, шошқа 0,05. Каспий теңізінен жылына 2-3 мың т бекіре тұқымдас балықтар ауланады. Қызыл балық уылдырығын өндіруден (1970-1972 жылдар 210 т)Иран дүние жүзінде 2-орын (Совет Одағынан кейін) алады.

Өнеркәсібі. 1953-1963 жылдарИранныңөнеркәсіп өнімі 2 есе өсті. Металлургия, машина жасау, мұнай химиясы және өнеркәсіптің т. б. жаңа салалары пайда болды. Мұнай өндіру жөнінен (1972) Иран капиталистік дүниеде 3-орын (АҚШ және Сауд Арабиясынан кейін) алады. Өндірілетін мұнайдың 90%-ін Халықаралық мұнай консорциумі қарамағындағы кәсіпшіліктер береді.

1971 жылғы келісім бойынша консорциум пайдасының 58%-і Иран үкіметіне түседі. 1970 жылы елде 192 млн. т мұнай өндірілді, оның 0,2-0,3%-ін Иран ұлттық мұнай компаниясы (1951 жылы кұрылған) берді. 1971 жылыИранда 14,4 млрд. м3 табиғи газ өндірілді; ел ішінде газ онша пайдаланылмайды. Гечсаран-Астара газ құбырымен (1970) Иран газы Совет Одағына экспортқа шығарылады. Тау-кен өндірісінің 1969-1970 жылғы өнімдері (мың т): көмір 379,9, хромит 118,3, мыс 12,9. Иран электр станцияларының қуаты (1969-1970)1,5 млн. квт; 1970-1971 жылдар олар 7 млрд. квт-сағ электр энергиясын берді. Мұнай айыру және мұнай-газ химиясы өнеркәсібінің орталықтары - Абадан, Тегеран, Керманшаһ, Бендер-Шахпур. Жалпы өнеркәсіп өнімі құнының 1/3-і тамақ өнеркәсібінің үлесіне тиеді; оның ішінде қант өндірісінің маңызы зор. Елде 34 қант зауыды бар. 60 жылдардан бастап өсімдік майын, колбаса, макарон шығаратын, ет, жеміс және овощ консервілейтін кәсіпорындар көбейді. Шай өңдеу орындарының көбі Гилян останында. Мата тоқу өнеркәсібінің орталықтары - Исфаһан, Йезд, Тегеран. Кілем тоқу дамыған. Жалпы өнеркәсіп өнімі құнының 20%-ке жуығын қара металлургия, машина жасау, металл өндеу өнеркәсібі береді. Совет Одағының көмегімен салынған Исфаһан ірі металлургиязауыды (Ирандағы тұңғыш металлургия зауыды) өзінің алғашқы өнімін 1971 жылыжелтоқсанда берді. Ахвазда 2 болат-прокат зауыды, труба зауыды жұмыс істейді. Эрак қаласында алюминий зауыды салынуда (1972). Тегеранда автомобиль құрастыру, Тебризде трактор зауыдтары бар. Эракта (Совет Одағының көмегімен) және Тебризде (Чехословакияның қатысуымен) машина жасау зауыдтары салынуда (1972).

Транспорты. Темір жолының ұзындығы 4,5 мың км (1972); ең бастысы - трансиран темір жол (1440 км). Ел ішінде тасылатын жүк айналымының 86%-і автомобиль транспортының үлесіне тиеді. Автомобиль жолдарының ұзындығы 40 мың км, оның 11 мың км-і асфальттанған. 1972 жылы елде 396 мың автомашина болды, оның ішінде жеңіл машина 322 мың, жүк машинасы 55 мың, со автобус 18,5 мың. Сыртқы сауда жүгінің 85%-і Хорремшехр және Бендер-Шахпур порттарынан өтеді; басқа маңызды порттары - Бушир, Бендер-Аббас, Пехлеви, Ноушехр. Мұнайды экспортқа шығаратын басты порттары - Харк, Бендер-Махшехр, Абадан. Әуе транспорты «Иран эйр» мемлекеттік авиакомпаниясының қарамағында. Тегеранда, Абаданда, Бендер-Аббаста халықаралық аэропорттар бар.

Сыртқы саудасы. Экспортқа шығарылатын басты өнімдері: мұнай және мұнай өнімдері (1971/72 жылы 199 млн. т), табиғи газ, кілем, мақта, кептірілген жеміс, жаңғақ, мал терісі, балық уылдырығы. Басқа елдерден машина және өндіріс құрал-жабдықтары, металдар, химикаттар, дәрі-дәрмек, тұтыну бұйымдары алынады. Сыртқы сауда серіктестері:                       ГФР,АҚШ, СССР, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Италия, Африканың кейбір елдері. Ақшасы- риал.

Экономикалық аудандары. Экономикалық даму дәрежесіне және шаруашылығының мамандануына қарай Иран8 ауданға бөлінеді. Орталық немесе Орталық Тегеран ауданы- Орталық және Исфаһан остандары мен Семнан губернаторлығын біріктіреді. Ауыл шаруашылығының басты саласы - суармалы егіншілік; елдегі өнеркәсіп орындарының 2/3-сі осында шоғырланған. Солтүстік-батыс ауданы- Шығыс және Батыс Азербайжаннан тұрады. Иран жерінің 1/10-і, халқының 1/6-і, малының 20%-і осында. Экономикасының негізі - тәлімі егіншілік; елдегі барлық бидайдың ұн осында өсіріледі. Солтүстік ауданға Гилян, Горган, Мазендеран остандары кіреді. Иран жерінің 1/20-і, халқының 1/7 осында. Күріш, шай, мақта егетін басты аудан. Балық аулау дамыған. Солтүстік шығыс ауданы (Хорасан останы) -Ирандағы жері шұрайлы, егін түсімі мол өлке. Мал шаруашылығы дамыған. Өнеркәсібі мешеу қалған. Шығыс немесе Xорасан-Систан ауданы (Белуджистан және Систан останы) -Ирандағы ең мешеу дамыған аудандардың бірі. Тұрғындардың негізгі кәсібі - жайылымдық мал шаруашылығы. Оңтүстік ауданға Керман, Фарс остандары, Оман және Парсы шығанақтарының жағалауы жатады. Экономикасының негізі көшпелі мал шаруашылығы және мақта, күнжіт, құрма пальмасы өеіріледі. Мақта тазалайтын, мата тоқитын фабрикалар бар. Оңтүстік-батыс ауданға Хузистан және Загрос тауының етегіндегі аймақ кіреді. Мұнай өндіретін басты аудан; мал шаруашылығы және құрма өсіру дамыған. Батыс аудан (Курдистан останы, Луристан губернаторлығы) шаруашылығының негізі - көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Мұнайөндіру және айыру кәсіпорындары бар.

Денсаулық сақтау ісі.Иранда 1968 жылы әрбір1000 адамға шаққанда баланың тууы 38,9, адамның өлімі 6,1, тірі туған әрбір 1000 баладан өлгені 55,4 болды. Елде туберкулез, басыр, іш сүзегі т. б. жұқпалы аурулар, әсіресе безгек көп таралған. Курдстанда обаның табиғи ошағы бар. 1968 жылыИранда 3 мың төсектік (1000 адамға, 1,1 төсек) 433 аурухана болды; 1969 жылы 9,9 мың дәрігер (3,5 мың адамға 1 дәрігер), 190 дәрігердің көмекшілері, 1,5 мың тіс дәрігері, 2,7 мың фармацевт, 1 мың акушерка және 2,2 мың медсестра жұмыс істеді. Медицина кадрларын университеттер мен арнаулы орта білім беретін медицина оқу орындары дайындайды. Село тұрғындарына дәрігерлік көмек беру үшін 1963 жылы «денсаулық сақтау корпусы» ұйымдастырылды. Бұл «корпус» жүйесінде 1970 жылы 2 мың дәрігер, 4,5 мың фельдшер жұмыс істеді.

Оқу-ағарту ісі.Иранда 1927 жылы ақысыз жаппай бастауыш білім беру жөнінде заң қабылданды және бірыңғай мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп ашу мақсатымен оқу-ағарту саласында реформа жүргізілді. Оқудың барлық сатысында дін міндетті пән болып саналады. 1943 жылы 10 жыл ішінде жаппай бастауыш білім беру жөнінде жаңа заң қабылданды. Дегенмен 1966 жылдың басында ерлердің 67%-і, әйелдердің 88%-і сауатсыз болды. Иран үкіметі оқу-ағарту ісін дамытуды, сауатсыздықты жою мен ұлт кадрларын дайындау мәселесін алға қойды. 1963 жылы армиядан қайтқан орта білімді жастардан «оқу-ағарту корпусы» ұйымдастырылды, олар мектеп жоқ деревнялардағы халықты сауаттандыру жұмысымен айналысты. «Оқу- ағарту корпусының» - көмегімен 1968-1970 жылдар 1,6 млн. адам сауаттандырылды. Қазіргі халық ағарту жүйесі - 5 жылдық бастауыш мектеп, орта мектеп (2 сатылы, оқу мерзімі 3 жыл). Кәсіптік оқу орындары орта мектептің 1-сатысы негізінде (оқу мерзімі 2-3 жыл) құрылған. СССР Иранның техникалық кадрларын, маман жұмысшыларын даярлау үшін оқу орталықтарын ұйымдастыруға көмектесті. Мұғалімдерді 2 жылдық педагогика училищелер және Тегеран университеті жанындағы педагогикалық институт даярлайды. Жоғары оқу орыпдарында оқу ақылы. 1969/70 оқу жылында Иранның жоғары оқу орнында 76 мың студент оқыды. Иранда көптеген құнды қолжазбалардың түп нұсқасы мен фотокопиялары және бағалы кітаптардың жинақтары сақталған бірнеше кітапханалар, маңызды археология, этнография т. б. музейлер бар.

Ғылым және ғылыми мекемелері. Жаратылыстану ғылымы, Иранда жаратылыс тану ғылымы ислам кезеңінен бұрын, Сасани әулеті (3-7 ғ.) тұсында дамыды. Математика, астрономия, медицина, ветеринария және ауыл шаруашылық ғылымдарынан ертедегі сирия және пехлеви тілдерінде жазылған кітаптар сақталған. Ислам кезеңінде әсіресе география (8-11 ғ.) ерекше дамыды (әл-Балхи мен әл-Истахри еңбектері). Бұл кезде медицина (ар-Рази, Ибн-Сина) мен математика ғылымының (Омар һайям) жетістіктері де ерекше көзге тусті. Насреддин Тусидің (13 ғ.) математика, астрономия, метеорология т. б. жазған еңбегінің ерекше маңызы болды. 1260-1272 жылдар Марагада астрономия обсерватория салынды. 19 ғасырда ғылымның дамуына Әмір Незамидің жазған реформасы (1849-1851) көмектесті. Ол реформа бойынша Тегеранда политехникалық мектеп ашылды, шетел ғалымдары шақырылды. Осы кезде кітап басып шығарылды.

20 ғасырда Пастер институты ашылды (1920). 40 жылдары Тегеранда ғылыми-зерттеу жұмысы дами бастады. Тегеран университетінің жанынан медицина, атом энергиясы, география, геофизика ғылыми орталықтар ашылды. 1967 жылы зерттеу жүргізілетін атом реакторы пайдалануға берілді. Тебриз университетінің жанынан Францияның ғылыми мекемелермен байланыс жасап тұратын медицина зерттеу университеті құрылды. Рази институтында ветеринария бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіледі. Шираздағы Пехлевп университетінде физика, математика ғылымы (АҚШ, ГФР ғалымдарымен бірге) зерттелуде.

Иранда 100-ден астам ғылыми-зерттеу мекемелері бар. Бұл елде ғылымның дамуына ғылыми кадрлардың жетіспеуі кедергі болып отыр. 30 жылдардан бастап Совет шәне Иран ғалымдары бірлесіп, ауыл шаруашылық зиянкестерімен күресу, эпидемиология мәселелерімен шұғылданып келеді. 60 жылдары Иран мен СССР ғалымдары Каспий суын таза ұстау мен сақтау жөнінде бірлесіп жұмыс істеді. 1971 жылы Совет Одағы мен Иран Ғылыми-техникалық қарым-қатынас жөніндегі шартқа қол қойды.

Қоғамдық ғылымдар. Философия. Үнді-иран тайпаларының космологиялық түсініктері баяндалған зороастризмнің қасиетті кітаптар жинағы - «Авестінің» құрамына кірген текстер Ирандағы философиялық ойдың ең көне ескерткіші. Мұнда болмысты екі бастама - жарық пен түнектін, Ормазд (Ахурамазды) пен Ахриманның (Анхра-Майнью) күресі деп түсіндіреді. Бұл күрес мөлшерлі циклді (қайталану) сипатта болып келеді. Ормазд жаратқан дүние және алғашқы адам Ахриманның билігіне түседі, бірақ уақыты жеткен соң Ормаздың қуаты болып саналатын жарықтың қараңғы түнектен, қапастан босанумен әлем қайтадан бастапқы қалпына келеді. Дүниенің жаратылуы иерархиялық сатылардан, әлденеше «Періштелер» әулетінен өтеді дейді. Бұл түсініктер орта ғасырдағы философиялықойға негіз болды. Сасани әулеті тұсында (3-7 ғ.) Иранда ежелгі грек ғылымы, неоплатонизм философия тарап, Мани мен Маздақтың гностикалың ілімінің ықпалы күшті болды. Иран Араб халифаты құрамына кіргеннен кейін, ондағы философиялық ой шығыстағы мұсылман халықтарына ортақ идеялар арнасымен дамыды. Көне иран философия түсініктерін одан әрі дамытушы болмыстық барлық циклді өзгерістерінің түп негізі деп саналган мәңгі уақыт (зурван, дахр) жөніндегі ілім болды. Орта ғасырдың алғашқы кезеңінде бұл ілім ислам догмаларына қарсы шығады. Еретиктер ішінен ар-Рази, Насир Хосроу т. б. ірі ойшылдар шықты. Иранда шығыс аристотелизмі кең өрістеп, оның басты өкілі Ибн Сина болды. Сухравардидің хикмат-и ишракиі (нұрландыру философиясы, 12 ғ.) аристотелизм мен суфизмнің ежелгі Иран ілімдерімен ұласуына жол ашты. Ирандағы философия ойдың жаңадан өрістеуі 16-17 ғасырлардағы исфаһандық қайта өркендеу кезеңінде басталды. Осы кезде Баха ад-Дин Амили, Мир Дамад, Молла Садр,А.Лахиджи, Мұхсин Файз Кашани, Мұхаммед Хусейн хан т. б. ірі ойшылдар аристотелизм мен хикмат-и ишракиді одан әрі дамытты. 18-19 ғасырдағы идеялық дамудың ерекшелігі - діни-философиялық мектептер «осули» мен «ахбари» арасындағы тартыс нәтижесінде «шейхи» мектебінің қалыптасуы болды. 19 ғасырдыңИранда бабизм мен бехаизм ағымдары пайда болды. Ол кездегі көрнекті ойшылдар X. Себзевари, Кашфи Боруджерди, Абдул Хасан Исфаһани т. б. болды. Батыстың ықпалымен, қапиталистік қатынастардың дамуына байланысты пайда болған әр түрлі ағартушылық ағымдар Мальком хан, Талибов, Мерагеи, т. б.) идеалистік метафизикаға қарсы шықты. 20 ғасырда Иранда марксизм идеялары тарады. Иран коммунистік партиясы басшыларының бірі Таги Эрани Ирандағы марксизмнің көрнекті өкілі болды. Батыс Европа философиясын исламның діни көзқарасымен үйлестіруте тырысу осы кездегі Иран философиясына тән сипат болып отыр мыс., экзистенциализм, суфизм т. б. Мұсылман схоластикасының дәстүрі сақталуымен қатар, 2-дүние жүзілік соғыстан кейін нақтылы социологиялық зерттеулер де жүргізілуде (Дж. Бехнам, Ш. Расех, Г. Нароки т. б.). Философиялық ғылым орталығы - Тегеран университетінің филологиялық факультеті жанындағы Иранның философия және қоғамдық ғылымдар коғамы философия ойдың мұраларын зерттеп, қайта басып шығарумен шұғылдануда.

Иран зерттеу ғылымы, иранистика- иран тілінде сөйлейтін барлық халықтардың (тар мағынада - Иранның өз халықтарының) тарихын,экономикасын, тілін, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін ғылымдардың жиынтығы. И. з. ғ. 19 ғасырдың орта шенінде ғылым болып қалыптасты, ал термин түрінде әдебиетте кейінірек пайда болды. Иран тілінде сөйлейтін халықтардың тарихы мен мәдениетін зерттеуді ирандықтардың өздері және басқа халықтардың өкілдері ежелгі заманнан-ақ бастаған болатын. Олардың еңбектері - И. з. ғ. үшін бағалы деректеме.

Европа еддерінің Иранмен, Орта Азиямен және Үндістандағы Ұлы Моғолдармен сауда, дипломатиялық қатынастарының дамуы, сондай-ақ христиандың миссионерлік насихаттың Шығыстағы практикалық міндеттері Батыс Европада Иран зерттеу ғылымының тууына жағдай жасады. Ел кезуші монахтардың, көпестердің, әскери басшылар мен дипломаттардың жазбалары мен шығармалары (13 ғасырда Дж. Карпини, В. Рубрук, Марко Поло; 14 ғасырда Порденоннан шыққан Одорико; 15 ғасырда Г. де Клавихо; И. Шильтбергер, Дж. Барбаро, Дж. Анджолелло; 16 ғасырда А. Дженкинсон, А. Ширли т. б.), сондай-ақ Дж. Рамузионың, Р. Хэклейттің 16 ғасырдағы құрама еңбектері, Б. Бриссонияның көне заманғы авторлардың мәліметтеріне негіздеп жазған Персия туралы еңбегі (1580) баяндау сипатында болды. Тек 17 ғасырда және 18 ғасырдың 1-жартысында ғана Иран зерттеу ғылымын ғылыми тұрғыдан дамыту ұшін алғы шарттар жасалды. Батыс және Шығыс деректемелерін ескере отырып, Иран туралы алғашқы мәліметтер берген голланд ғалымы де Лет пен христиан дінін қабылдаған парсы дипломаты Урудж-бек (Хуан де Персия) болды. Кейбір парсы тарихи шығармалары европалық тілдерге аударылып шықты, атап айтқанда, олар француз шығыс зерттеушісі Б. д’Эрбелоның «Шығыс кітапханасында» 1667 жылы жарияланды. Ағылшын ғалымы Том Хайдтың еңбегі (1700) мен француз ғалымы Мами-Клерактың еңбегі (1750) тұңғыш ғылыми зерттеулер болды.

18 ғасырдың 2-жартысынан 19 ғасырдың орта шеніне дейін Иран зерттеу ғылымы«Авестаны»зерттеуге, ежелгі заманғы парсы жазуын анықтауға, парсы тіліндегі классикалық поэзияны, Иранның тарихын зерттеумен шұғылданатын ғылым ретінде қалыптасты.

Отаршылдық саясаттың дамуына байланысты Шығыс елдеріне европалықтар назарының кұшеюі, Европадағы қоғамдық ғылымдардың жалпы өрлеуі, кұллі Шығыс тану ілімі сияқты Иран зерттеу ғылымының да ірі табыстарға жетуіне жол ашты. Иран зерттеу ғылымында екі бағыт - Шығыс мәдениетінің жалпы адамзат үшін бағалылығын мойындайтын, оның халықтарының тағдырына ниеттес гуманистік бағыт (Анкетиль - Дюперрон, Сильвестр де Саси, Гаммер-Пургшталь, А. Вамбери) және европацентризм мен отаршылдар апологиясы сипатындағы отаршылдық бағыт (Дж. Малькольм,Г. Роулинсон, Ж. А. Гобино) қалыптасты. Иранды зерттеуші ғалымдардың көпшілігінде бұл екі бағыттың да сарыны байқалды. Мұның өзі, әсіресе кейінгі кезеңдерде Иран зерттеу ғылымының мазмұнын белгіледі.

19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында Иранды зерттеу жұмыстарының өрісі кеңіп, Иран зерттеу ғылымы жеке салаларға саралана бастады. Зерттелетін тілдер мен диалектілердің саны көбейді, тарихи география, манихеистика, жаңа тарих, этнографиялық ғылымы жасалды; палеография, эпиграфика, нумизматика дамыды. Қолжазбалардың каталогтары басылып шықты, лингвистика, тарихи лингвистика, әдебиет тарихы, ежелгі ирандық және орта ирандық мұсылмандарға дейінгі мәдениет тарихы, медиевистика және жаңа заман тарихы, Иран және оған көршілес халықтар мәдениетінің тарихы, археология, өнер тарихы Иран зерттеу ғылымындағы жеке сала болып қалыптасты. Ауған зерттеу, курд тану, осетин тану ғылымдары өз алдына жеке пән болып бөлінді. 20 ғасырда Иран зерттеу ғылымы Европа мен АҚШ-та, Иран мен Үндістанда, Пакистан мен Түркияда, Ауғанстанда едәуір дамыды.

Россияда Иран туралы алғашқы деректер ерте кезде белгілі бола бастады (15 ғасырда А. Никитиннің «Үш теңіздің арғы жағына сапары», 17 ғасырда «Көпес Федот Котовтың парсы патшалығына сапары»), Ал тұңғыш ғылыми еңбектер тек 18 ғасырдың аяқ шенінде ғана (Ф. И. Соймонов, В. Братищев және т. б.) пайда болды. 19 ғасырда патшалы Россияның Иранда өз саясатын күшейтуі орыс дипломаттары мен әскери чиновниктерінің, сауда-өнеркәсіп топтары өкілдерінің бұл ел туралы жазбаларын көбейтті. ӘсіресеВ.В. Бартольд ірі еңбектер жазды. Ол Иранның саяси тарихын ғана жазып қоймай, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді де тұжырымдады. В.А.Жуковский Мервте археологиялық қазба, К.А.Иностранцев Сасани әулеті жөнінде көптеген зерттеу жұмыстарын жұргізді.

Ежелгі заманда және орта ғасырларда халықтары Иран халықтарымен өзара тығыз байланыста дамып, жалпы иран мәдениетін жасауға қатысқан Совет Шығыс республикаларында Иран мәдениетін зерттеу кең өріс алды. Әдебиет зерттеу ісінде С. Айпидің еңбектері ерекше орын алады. Иран филологиясы жеке салаға бөлініп, қарқындап дамыды Иран тарихын зерттеу үдей түсті. Құнды-құнды күрделі еңбектер жазылды. Ал Орта Азия республикалары мен Закавказьеде жүргізіліп жатқан тарихи және археологиялық зерттеулердің Иран зерттеу ғылымы үшін орасан зор маңызы бар.

Тарих ғылымы. Ирандағы тарихнама араб тіліндегі тарихи әдебиеттер  мен ежелгі және орта ғасырлардағы иран тілдес халықтар аңызы негізгінде 10-11 ғасырларда жазыла бастайды. Иранның феодалдық тарихнамасының көрнекті өкілзері Ата Мелик Джувейни, Фазлалах Рашид ад-Дин, Хамдаллах Казвжп, Мирхонд болды. Феод. та- г-:гүрлері 19 ғ-ға дейін сақталып келді (Резакулихан Хедаят, Мырза Мухаммез Таги Сепехр т. б.). Орта ғасырлық қарапайым баяндау- тьгтт орнына Иран тарихына сүйене отырып, коғамның даму тарихын ашпақ болған буржуазия тарихнама (Ағахан Кермани, 1853-1996) 19 ғасырда пайдаболды. 20 ғасырда тарих ғылымының дамуына 1905-1911 жылғы Иран революциясының ықпалы ерекше болды. Халық бұқарасының ауыр жағдайын тұңғыш баяндаған шығармалар осы кезде жарыққа шығады (Назим оль-Ислам Кермапи). Жазба тарихи ескерткіштерді басып шығару мақсатын көздеген Мұхаммед Казвини т. б. негізін қалаған тарихи-филологиялық мектеп өріс ала бастады. Ежелгі және орта ғасырлардағы Иран тарихы мен мәдениет ескерткіштері тарихын баяндайтын монографиялар жазылды. 40 жылдарда 1905-1911 жылғы Иран революциясының тарихы (А. Кесрави), 20 ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық және демократиялық қозғалыс, 20-30 жылдардағы Иран тарихы жөнінде ғылыми еңбектер жарыққа шықты. А. Эгбаль «Ядигар» атты тұңғыш тарих журналын шығара бастады. 1949-1953 жылдар ұлт-азаттық, демократиялыққозғалыстың өріс алуына байланысты, британ саясатын әшкерелейтін документтер жинағы және бірқатар монографиялар жарық көрді. 50-60 жылдарда түп нұсқаларды жарыққа шығару елеулі орын алды. Оның ішінде орта ғасыр тарихымен қатар жаңа және ең жаңа тарих документтері мен Иран тарихының жеке мәселелері жөніндегі араб, ескі француз т. б. тілдердегі түп нұсқалар аударылып, оларға көлемді түсініктемелер берілді. Саяси қайраткерлердің мемуарлары, естеліктері жарыққа шықты. 50-60 жылдардағы Иран тарихшыларының еңбектері ғылыми-зерттеу мен сыншыл талдау сипатында жазылған құнды еңбектер болды. Қоғамдық ой тарихын зерттеуде Иран тарихшылары Ф. Адамият, Модарреси-Чехардехи, И. Афшар елеулі үлес қосты. Иран марксистері И. Искендер, А. Агахи т. б. еңбектері Иранда марксизм-ленинизм идеяларының таралуы, жұмысшы қозғалысының тарихы, аграрлы мәселеге арналған.

2-дүние жүзілік соғыстан кейінгі әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі нәтижесінде 60 жылдарда экономик өзгерістер әлеуметтік және тарихи-экономикалық мәселелерге жұрттың назарын аударды. Экономикалық тұңғыш зерттеу -1-дүние жүзілік соғыс кезінде шыққан М. Джамалзаданың Иран экономикасы жөніндегі кітабы. 50 жылдарда Тағи Бахрамидің «Иранның жер өңдеу тарихы» атты еңбегі жарыққа шықты. 60 жылдарда Расех Шапур, Хасан Нерагидің әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі еңбектері жарияланды. Иранда жүргізілген ресми реформаның мазмұны Мұхаммед Реза-шаһтың «Ақ революция» кітабында және Ашраф Ахмеди, Табатабаи т. б. еңбектерінде баяндалды. Тарихи зерттеулер Тегеран, Шираз т. б. Иран университеттері мен музейлерінде жүргізіледі. Шираз университеті жанынан Орта Шығыс елдерінің экономикасымен, саясатымен шұғылданатын және Иранның оңтүстік. аудандарында археологиялық зерттеулер жүргізетін Азия институты бар.

Тіл білімі.Иран тіл білімінің лексикографикалық дәстүрі өте бай. Парсы тілінің жазба түсіндірме сөздіктері 11 ғасырдан белгілі. Иран ғалымы С. Нафиси өзінің «Фархангнамейе фарси» (1939-1940) атты сөздігінің кіріспесінде 202 түсіндірме сөздікті атап, оның көпшілігі өзіне де түсініксіз екенін айтады. Фарсидари тіліндегі осындай сөздіктердің тұңғышы - бұл кезде сақталмаған Әбу Хавса Согдидің сөздігі болса керек. Осы кезге дейін сақталған түсіндірме сөздіктердің ішіндегі ең көнесі - Асади Тусидің (11 ғ.) «Лугате фурс», одан кейінгі ғасырларда шыққан сөздіктердің ішіндегі елеулілері - Махмұд ибн шейх Зияод-Дин Мұхаммедтің (16 ғ.) «Тохфат оссаадаты», Мұхаммед Қасым Сорури Кашанидің (17 ғ.) «Маджма оль- Форсы», Мұхаммед Падшахтың (19 ғ.) «Фарханге Анандраджы» т. б. Екі тілді аударма сөздіктер араб-парсы тілдерінде 11 ғасырдан, парсы-түрік тілдерінде 15 ғасырдан, француз-парсы тілдерінде 19 ғасырдан белгілі.

Ерте заманда шыққан араб-парсы сөздіктерінің бірі - 12 ғасырда хорезмдік Әбілқасым Мұхаммед әз-Замахшари құрастырған «Мугаддимат әл-адаб». Қазіргі кездегі Иранда А. Дехход пен М. Моинның энциклопедиялық түсіндірме сөздігі, А.Нафиси, X.Амидтың түсіндірме сөздіктері, терминологиялық т. б. сөздіктер жарыққа шығуда. Парсы нормативті грамматикасының негізін қалаушылардың бірі - Хусеин Инджудің «Фарханге Джехангириге» жазған кіріспесін парсы тілінің нормативті грамматикасын қалыптастырудың алғашқы нұсқасы деуге болады. 20 ғасырдың ортасынан бастап парсы тілінің шығу тегі, әдеби тіл мен диалектінің арақатынасы, басқа тілдердің ықпалы, ана тілінің «тазалығын» сақтау, этимология, сапалық терминология, орфоэпия және орфография т. б. мәселелер жүйелі түрде зерттеле бастады. Қазіргі кезде Иран ғалымдары ежелгі иран, парсы тілі тарихы және диалектологияға байланысты мәселелермен шұғылдануда. Грамматика мен лексикологияны зерттеу, тарих және әдеби ескерткіштерге лексикологаялық түсіндірмелер беру, Иран классиктерінің стилі, басқа елдерде парсы тілін оқыту мәселелері кеңінен зерттелуде. Арнаулы лингвистикалық мерзімді баспасөз жоқ.

Тіл білімі жөніндегі мақалалар әдебиет факультеттерінің ғылыми журналдарында, саяси-қоғамдық және әдеби журнал «Сохан» т. б. мерзімді баспаларда шығып тұрады.

Баспасөз, радиохабар, телевизиясы.Иранда 1972 ж. 120-ға жуық газет, 80 журнал шықты. Парсы тіліндегі аса ірі күнделікті газеттері:«Эттелаат»(1925), «Кейхан» (1942), «Аяндеган», (1967), «Пейгаме эмруз» (1960), «Недае Иране новин» (1964) - Иране новин партиясының органы, «Мехре Иран» (1942) - Мардом партиясының органы, «Бурс» (1961); журналдары: «Ханданиха» (1939), «Техране Мосаввар» (1929), «Сепид ва сиях» (1953); француз тілінде «Журналь де Техран» (1935); ағылшын тілінде «Техран джорнал» (екеуі де «Эттелаат» газетінің басылымы).

Иран информация агенттігі ПАРС (РАК8) 1936 жылықұрылған. Иранда тұңғыш радиохабар 1940 жылы берілді. Шетел халықтарына арналып орыс, ағылшын, француз, араб, түрік, курд, урду тіддерінде хабар жүргізіледі. Теливизия хабарлары 50 жылдардың аягында беріле бастады. Тегеран, Решт, Мешхед, Тебриз, Бендер-Аббас, Шираз қалаларында телеорталық жұмыс істейді. Тегерандағы АҚШ қарулы күштері радиостанциясы мен телевизия орталығы хабарды ағылшын тілінде жүргізеді.

Әдебиеті. Иран әдебиеті көне және орта ғасырда иран тілі тобына жататын халықтар (парсы, тәжік, ауған, курд т. б.) мен түркі тілінде сөйлейтін (өзбек, түрікмен, азербайжан, түрік) халықтардың және үндістанның кейбір халықтарының әдебиеті арқылы қалыптасты. Бұл халықтардың бірнеше рет парсы мемлекетінің құрамына енуіне байланысты, парсы тілі бәріне ортақ тіл болып есептелді де, олардың әдебиеті, негізінен сол тілде дамыды. Иран әдебиетінің классикалық дәуірін (7-16 ғ.) парсы не парсы-тәжік әдебиеті деп атады. Сасани әулеті мемлекетін Араб халифаты басып алған соң (7 ғ.), араб тілі негізгі әдеби тіл болып, парсы тіліндегі құнды шығармалар араб тіліне аударылды («Калила және Димна» т. б.). Бұл кезде әл-Хурайми (8 ғ.), Башшар ибн Бурд (783 ж. ө.), Әбу Нувас (762-815) т. б. ақындар өз шығармаларын араб тілінде жазды. 9 ғасырдан бастап араб тіліндегі әдебиеттермен қатар парсы тілінде де шығармалар туып, ол әсіресе халифаттан бөлініп шыққан Орта Азия, Хорасан жерінде жедел дамыды. Парсы тіліндегі әдебиет жанрлары (рубаи, ғазел, қасида, масневи, қыта), әсіресе Рудаки (941 ж. е.) Түсында толық қалыптасты, кейінірек Фиррдауси (940-1020 ж.) «Шаһнама» әпопеясын жазды. Самани әулеті мемлекеті құлап, Шығыс Иран мен Орта Азияның бір бөлігі Ғазнауи әулеті мемлекетініц құрамына енген кезде Фаррохи (1038 ж. ө.), «ақындар патшасы» Унсури (1039 ж. ө.) т. б. ақындар шықты. Эпикалық дастан жазу дәстүрін Асади Туси («Гершасинама», 1062-1064), Атаи («Барзу-нама») дамытты. Ал Әбу-л-Фаварис Канаризи «Синдбаднама» (1050) атты прозалық шығарма жазды. Баба Кухи (1050 ж. ө.), Абдаллах Аисари (1006-1088) шығармаларында суфизм берік орын алса, Насир Хосроу (1004-1072) адам баласын қанаушылыққа қарсы шықты. Көрнекті философ, ақын әрі ғалым Омар Һайям(1048 ж. ш. т. - 1122 жылдан кейін) сол уақыттағы қоғамдық құрылысты сынады. Азербайжан ақыны Низамидің (1141-1209) «Бестік» («Хамса») атты, шығармасы жазылған қезден бастап Иранәдебиетінде адамгершілік тақырыбы өріс алды. Иран әдебиетінің гүлденген кезі – 13-14 ғасырлар. Бұл кезде Закани, ибн-Ямин, Сатди, Хафиз сияқты атақты ақындар шықты. Ал 15 ғасырда Иран әдебиетінен тәжік әдебиеті бөліне бастады. Бұрын парсы тілінде дамыған азербайжан, өзбек, түрік әдебиеті енді өз тілдерінде жазылатын болды. 19 ғасырдың басында Иран әдет биетінде жолжазбалар және мемуар түрінде жазылған прозалық шығармалар да туды.

Иранның ұлттық кітапханасы- 1937 жылы Тегеран қаласында Оқу министрлігі кітапханасының «Дарольфонун мектебі қарамағындағы кітап коры негізінде ұйымдасқан кітапхана. Ұлттық кітапхана Иранның Оқу министрлігіне карайды. 3 этажды үйге орналасқан. Кітапхананың кітап коймасы,2 оқу залы (біреуі кітаптармен, екіншісі колжазбалармен жұмыс істеуге арналған), каталогтар және әкімшілік бөлмелері бар. Иранның ұлттық кітапханасы орта есеппен күніне 150-дей, жылына 45-50 мыңдай оқырманға қызмет етеді. Ұлттық кітапхана қоймасында араб, парсы т. б. Шығыс және Европа халықтары тілдерінде 80 мыңға жуық кітап, парсы жөне араб тілдерінде 6 мыңдай қолжазба, 200-дей фотокопия бар. Иранның ұлттық кітапханасы қоймасында Ибн Синаның қолжазбасы және басқа да сирек кездесетін қолжазбалар сақталған. 1949 жылы Тегеранда Иранның ұлттық кітапханасының, бір жылдан кейін Гулстан сарайы кітапханасы қолжазбаларының көрмесі ұйымдастырылды. Екі көрмеде де өте құнды уникалды қолжазбалармен қатар, өткен ғасырлардағы шебер каллиграфтардың жұмыстары көрсетілді.

Иран революциясы (1905-1911) және азаттық қозғалысы (1918-1921) кездерінде А. Фарахани, М. Кермани және М. Т. Бехар т. б. поэзиялық шығармалары арқылы демократиялық идеяның жаршысы болды. Социализм идеясын жырлаған Әбілқасым Лахути шығармаларында феодализм мен отаршылдыққа қарсы күрес тақырыбы көтерілді. М. Багердің Ирандағы монғол үстемдігі туралы «Шамс-о-Тогра» (1910) т. б. тарихи романдары шықты. 20 ғасырдың бас кезінде, буржуазия революция жеңіліп, репрессия күшейген кезде М. М. Каземидің (1887 ж. т.) «Алапат Тегеран» (1921-1924), А. Халилидің «Адам» (1925), «Сұрқай тұрмыс» (1931) т. б. торығушылық сарындағы романдары жарияланды. 1930 жылдары, Реза шаһ устемдігі тұсында Иранәдебиеті үшін «қаралы дәуір» басталды. Көптеген ақындар шығармаларын жасырын жазды. Реза шаһ үкіметі құлаған соң (1941), әдебиет қайта жанданып, әсіресе проза жанры кеңінен өрістеді. Бұл кезде С. Хедаяттың «Қаңғыбас төбет» (1943), «Азғындық» (1944) әңгімелер жинақтары мен «Хаджи аға» повесі (1945), Б. Алевидің «Елу үш» (1942), «Түрме жазбалары» (1941) сияқты репрессия жылдарын суреттеген романдары жарияланды. Бехазиннің (1914 ж. т.) әңгімелері, Э. Табаридің (1917 ж. т.) прозасы мен поэзиясы, X.Нушиннің (1910-1971) Иран жұмысшыларының күресі туралы «Алғашқы өтеш» пьесасы, Ф. Таваллолидің (1917 ж. т.) В. И. Ленин туралы поэмасы адамгершілікті жырлаған құнды шығармалар болды. 50 жылдардың 2-жартысынан бастап кейбір ақын шығармаларында торығушылық сарын етек алды. Ал 1960 жылдары Ускуидің «Періште жылағанда» (1963), Саркоштың «Көз жасының зары» (1965), А.М.Афганидің «Аху-ханумның күйеуі» (1962) т. б. роман, повестерінде Ирандағы әлеуметтік проблемалар сөз болды. Иран әдебиетінен «Парсы ертегілері» (І958), Омар һайям рубаилары (1965), Сағдидің «Бустан» дастаны (1970) т. б. қазақ тіліне аударылды.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Иран территориясында неолит дәуіріне жататын, қабырғалары өрнектелген егіншілік құрылыстары, адам және жануарлар бейнелері, әшекейлі қыш ыдыстар (б. з. б. 5-4 ғ., Сузы, Тепе- Сиалк, Тали-Бакун) сақталған. Б. з. б. 3-2 ғасырлардағы Элам патшалығы тұсында өркендеген өнер б. з. б. 1 ғасырдын1-жартысында одан әрі дами түсті. Хұзыстан, Курдистан жартастарындағы рельефтер, Сұзыдан табылған асыл металдан жасалған көркем заттар Иран өнерінің өз заманында жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейді. Ахемен әулеті дәуірінде (б. з. б. 6-4 ғ.) көп колонналы жақтаулары алтынмен көмкеріліп, суреттермен өрнектелген Пасарғады, ІІерсеполь, Сұзы сарайлар комплексі салынды. Селевки әулеті өнерінде эллинистік үлгілер басым болды (Кенгавердегі Анахидтер ғибадатханасы, б. з. б. 2 ғ.). Парфияндық дәуірде ашық аулалы құрылыстар салу өркендеді. Сасани әулеті дәуірінде (3-7 ғ.) қалаларды қорған ішіне жүйелі жоба бойынша салу қанат жайды (мыс., Нишапур қаласы шахмат жүйесімен салынған). Мүсін жасау, жартастарға рельеф қашау елеулі орын алды. Сарайлардың интерьері мүсіндермен, үй қабырғалары ою-өрнекпен безендірілді. Алтын, күміс, қола және әйнектен әр түрлі бұйымдар жасау, жүн және жібек мата тоқу өркен жайды. 7 ғасырда арабтардың ислам дінін таратуына байланысты мұнаралы мешіттер, медіреселер, күмбездер пайда болды. 12 ғасырдағы мешіттердің тік бұрышты ауласы төрт айуанның ортасына орналасып, бір айуаны күмбезді залмен жалғасады (Исфаһандағы үлкен мешіт). Бұрынғы мұнаралар сегіз қырлы болса, 11 ғасырдан бастап дөңгелек күмбезді, алты қырлы етіп салу дәстүрге айналды (Йездегі Доуаздех-Имам мавзолейі). 1305-1313 жылдар осы дәуірдегі сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші Ольджейту-Ходабенде мавзолейі (сәулетші Әли-Шаһ) тұрғызылды. 14 ғасырдан кейін қолжазба көркемдеу («Шаһнама», 1333, Ленинград, Салтыков-Щедрин атындағы кітапхана; «Ескендірдің антологиясы»,1410, Лиссабон), қабырғаға сурет салу дамыды. 15 ғасырда Иран миниатюрасының өркендеуіне герат мектебіүлкен әсер етті. 16-17 ғасырларда пайда болған тебриз мектебі, шираз мектебі, исфаһан мектебі (Риза-Аббасит. б.) миниатюра өнерін жоғары дәрежеге көтерді. 18-19 ғасырларда европалық өнердің ықпалымен сулы және майлы бояумен орындалган алғашқы туындылар өмірге келді (Сани-әл-Мүлік, Махмұд Мәлік ош-Шоар). 20 ғасырда жаңа типті архитектуралық құрылыстар (Тегерандагы университет, арх. А. Годар) салына бастады. 50 жылдардан кейін үкімет үйлері, мектеп пен ауруханалар салынды. Иранның жаңа архитектуралық мұралары қазіргі стиль мен ұлттық үлгідегі сәулет өнерін ұштастырған (Хамадандагы ибн-Сина мавзолейі, 1952, арх. X. Сейхун). Ариашахр қаласын салуға совет архитекторлары (А. И. Мелик-Пашаев т. б.) қатысты. 20 ғасырдың басыйан мүсін, графика, кескіндеме жанры дамып келеді. Реалистік бағыттағы суретшілері: Кемал әл-Мүлік, Хасан әли Уәзири, Мохсен Мокаддам, Әбілқасым Садеги (мүсінші). Миниатюршылар ежелгі дәстүрді кайта жаңғыртуға ұмтылуда (Хүсейін Бехзад т. б.). Сән және қосалқы енердің дәстүрлі түрлері сақталған. 1960 жылы Сән өнерінің жоғары мектебі ашылды.

Музыкасы. Профессионалдық және халық музыкасының ғасырлық дәстүрі бар. Иран музыкасы негізінен монодиялық (бір дауысты) түрде кездеседі. Оның негізіне дестгахтардың ладтық системасы - тонның ширек және үш ширек интервалы бойынша 24 дыбыстан тұратын дыбыс қатары жатады. Дестгах 7 негізгі (шур, маху, хумаюн, сегах, нехаргах, нава, раст) және қосымша қатарлардан тұтары. Композиторлар өз шығармаларынжазғанда бұүларды кеңінен пайдаланды. Халық музыкасының теснифа (баллада), теране (жергілікті әуен), қасида (ода), ғазел (лирикалық ән) түрлері көп тараған. Музыкалық аспаптары:         саз,    тар (ішекті), кеманча (ішекті-ысқылы), керней, зурна (үрлемелі), зарб (соқпалы).

Ежелгі музыкасы жайлы мәліметтер сақталмаған. Арабтар жаулап алғаннан кейін Иран музыкасына мұсылмандық араб мәдениетінің ықпалы тиді. 9 ғасырдан бастап сарай өнері дамып, халық арасында мутребтердің (әнші-бишілер) даңқы жайылды. 15 ғасырдан музыка жазу белгілердің болғандығына деректер бар. 19 ғасырдың 2-жартысынан Иран музыкасына европалық музыка мәдениеті әсер етті. 20ғасырдың 20жылдары композитор әрі тарда шебер орындаушы, Тегеран университетінің профессоры Әли Наги Уәзири ұлттың музыканы оқып-үйренудің негізін салды. Ол дестгахтарды нотага түсіріп, музыкалық теориясынан оқулық жазды, Тегеранда музыкалық мектебін ашты. Мұнда Иранның алғашқы профессионал музыканттары білім алды. 30 жылдардың басында Тегеранда Жоғары музыка мектебі (40 жылдардан кейін консерватория) ашылды. Иранның композиторлары мен музыкалық зерттеушілері: Абдулхасан Себа, Әли Наги Уәзири, Р. Халеги, Ф. Ферзане, X. Сенджари; опера және балет артистері: Ф. Себа, Ф. Панах, Т. Ашот, С. Таджбахш т. б. Иранда Рудаки атындағы опера және балет театры (1967, Тегеран), Телевизия балет труппасы, Филармония (1953), 2 симфония оркестрі жұмыс істейді. 1968 жылдан Ширазда ұлттық өнер фестивальдары өткізіліп тұрады.

Театры. Театр негізі халықтық салт-дәстүрлерде жатыр. Ежелгі базигер театры жайлы деректерсақталған. Пантомима, көлеңке және қуыршақ театрлары болған. 10 ғасырда пайда болған мистерия діни ғұрып шахсей- вахсейдің құрамына енді. 17-18 ғасырларда ол трагедиялық мистерия түрлерінің бірі -тазийенің негізін қалады. 20 ғасырдың 30 жылдарына дейін кезбе актерлер -масқарапаздар өнер көрсетіп келді. 1890 жылы Тегерандағы политехникалық мектеп жанынан сарай театры ашылды. 20 ғасырдың басында «Фарханг» («Мәдениет») акционерлік театр қоғамы құрылды. 1911-1912 жылдар европалық театрлар тәжірибелерін пайдалана отырып Ұлттық театр, 1917 жылы Иранның комедия театры ашылды. Бұл театрларды құруда актер Сейед Әли Нәсірдің еңбегі зор. 1929 жылдан бастап әйел актерлер көріне бастады (бұған дейін барлық рольдерді ерлер орындаған). 1932 жылы алғашқы театр суретшісі С. Керманшахи Тегеранда театр студиясын құрды. 1930-1940 жылдар театр репертуарларынан өңделген Батыс Европа драмалары мен мелодрамалар орын алды. 1945-1949 жылдар Тегеранда «Фирдауси» театры жұмыс істеді. Осы театрда прогресшіл жазушылардың пьесаларын қойғаны үшін театрдын режиссері әрі белгілі актері А. Нушин қудаланды. 1940 жылдан бастап Иран театры дағдарысқа ұшырады. 1960 жылдардың басында қайта өрлеу жолына түсті. 1963 жылы Тегеранда профессионал актерлер дайындайтын драматикалық студия ашылды. «Бүгінгі театр» (жетекшісі М. Жаффари), «Ұлттық труппа» (жетекшісі М. Жөванмерд) және Өнер мен мәдениет министрлігі жанынан труппалар құрылды. Белгілі актерлері:М. жәнеМ. Оскуйи, М. Кешаварз, Р. Хосрауи,Ж. Уәли, А. Шеруан. 1968-1969 жылы «Талар музе» театрында А. Н. Островскийдің «Найзағайы», Б. Брехтың т. б-дың шығармалары қойылды. Тегеранда «25-шахривар», «Касра», «Нәсір», «Жамейе Барбод», Мешхедте Ұлттық театр, Исфаһанда «Сепахан», Хамаданда «Буали» театрлары жұмыс істейді. 1968 жылдан бастап Ширазда театр фестивалы өткізіліп тұрады. 1973 жылы осы фестивальга Қазақ драма театрының труппасы қатысып,

Ш. Айтматовтың «Ана - Жер-ана» спектаклін көрсетті. Тегеранда «Меджелейе театр» («Театр журналы», 1958) журналы шығып тұрады.

Киносы. 1930 жылы тұңғыш «Әби Раби» атты фарстық фильм (реж. Эханиян), 1934 жылы дыбысты «Лор қызы» фильмі (реж. А. X. Сепента) түсірілді. 40 жылдарға дейін көбіне шетелдік фильмдер көрсетіліп келді. 1946 жылы Тегеранда «Митра-фильм» киностудиясы құрылды. 50 шылдардың үздік фильмі «Порт ұрысы» (1954, реж.А.Ширази) болды. 1960-1970 жылдар музыкалық комедияларға, шағын драмаларға, мифтік және тарихи сюжеттерге құрылған фильмдер қойылды. Үздік фильмдері: «Мазандеран жолбарысы» (реш. С. Хачикян), «Күту жағалауы» (реж. С. Ясеми). Тегеранда 1955 жылдан халықаралық, 1970 жылдан ұлттық кинофестивальдар өткізіліп тұрады. 1964 жылы Кинематография жоғары советі құрылып, ұлттық кино өнеріне бақылау жасай бастады. Иран кинематографиясының дамуына реж. И. Кушан, М. Мисагие, Мохтасем, М. Мохсени, С. Ясеми, Ш. Рафия елеулі улес қосты. Киноактерлері: Восуги, Фардин, Арман, Шохла т. б. Өндірістік киностудиялары:          ««Парс-фильм», «Асия-фильм», «Асре-Телаи», «Мисагие», «Керуен» (1971). Жылына 100-ден астам көркем фильм шығарылады (1971). 500-ге жуық кинотеатр жұмыс істейді (1971).

Әдеб.: Маркс К. Англо-персидская война, Маркс К. иЭнгельс Ф., Соч.,2 изд., т. 12; Ленин В. И. Дүние жүзілік саясаттағы жосығыш материал. Шығ., 15-т., 178-185; сонікі, Балкан елдері мен Персиядағы оңиғалар, бұл да сонда,219-230; Петров М.П. Иран. (Физико-географический очерк). М., 1955; Полюкайтис И.И. Экономическое развитие Ирана. М., 1965; История Иранского государства и культуры. М., 1971; Грантовский Э.А. Ранняя история иранских племен Передней Азии. М., 1970; Григорян С.Н. Средневековая философия народов Ближнего и Среднего Востока. М., 1966; Бертельс Е. Э. Очерки истории персидской литературы. Л., 1928; Брагинский И., Комиссаров Д. Персидская литература, М., 1963; Денике Б. П. Живопись Ирана. М., 1938; Луконин А.Г. Искусство Ирана. в кн.: Искусство древнего Востока. М., 1968 (Памятники мирового искусства); Бертельс Е.Э. Персидский театр. Л., 1924; Кримський А. Е. Перський театр. Кіів, 1925; Бартольд В. В. Историяизучения Востока в Европе и в России. 2 изд., Л., 1925; Очерки истории исторической науки в СССР. т. 1-3, М., 1955-1963; Постовская Н.М. Изучение древней истории Ближнего Востока вСССР(1917-1959 гг.).-М., 1961; Брагинский И.С. К вопросу о периодизации истории народов Средней Азии и Казахстана в досоветскую эпоху. в кн.; Материалы объединённой научной сессии, посвященной истории Средней Азии и Казахстана в дооктябрьский период. -Таш., 1955; Очерки по истории изучения иранских языков. М., 1962.

Әдеб.: История внешней политики СССР 1945-1975. М., 1976; Бережков В. М. Тегеран. 1943. На конференции Большой тройки и в кулуарах. М:, 1968.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-09-01 15:37:33     Қаралды-7361

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »