UF

Тақырып: Оңтүстік Қазақстан жағдайында қытайбұршағының отандық және шетелдік сорттары мен будандарының өнімділігі мен жерсіндірілуі

Мазмұны

     бет

 

 

белгілеулер мен қысқартулар.....................................................

4

 

Кіріспе.........................................................................................................

5

1

Әдебиетке шолу....................................................................................

7

1.1

Оңтүстік Қазақстан облысы топырақ құрылымының ерекшелігі............

7

1.2

Егістік дақылдардың классификациясы.....................................................

14

1.3

Қытайбұршақтың өндірілуі мен таралуы...................................................

17

1.4

Қытайбұршақ сорттары мен оның халық шаруашылығындағы маңыздылығы................................................................................................

19

1.5

Қытайбұршақ дақылына тыңайтқыштар қолдану, арамшөптермен күресу шаралары...........................................................................................

22

1.6

Қытайбұршақ дақылын себу мерзімі мен тәсілдері..................................

29

2

ТӘЖІРИБЕ ЖҮРГІЗУ ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ...........................................................................................

37

2.1

Қытайбұршақ өсіретін аймақтың табиғи-климаттық жағдайы................

37

2.2

Зерттеудің бағдарламасымен әдістемелері................................................

41

3

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ.............................................................................

49

3.1

Қытайбұршақтың ботаникалық-биологиялық ерекшеліктері..................

49

3.2

Қытайбұршақ өсімдігінін фитосанитарлық жағдайы................................

54

3.3

Агротехникасының ерекшелігі....................................................................

56

3.4

Қытайбұршақты өсіру технологиясына тыңайтқыштар әсері..................

71

3.5

Қытайбұршақтың отандық және шетелдік селекциялық тұқымдарының өнімділігі............................................................................

74

 

Қорытынды..............................................................................................

80

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................

82

 

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

Диссертациялық жұмыста келесідей белгілеулер мен қысқартулар қолданылды:

 

ҒЗИ

– ғылыми-зерттеу институты

КСРО

– Кеңестік Социалистік республикалар одағы

КазЕжӨШҒЗИ

– Қазақ егін және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

ВНИИК

– Всесоюзный научно-исследовательский институт кормопроизводства (Бүкілодақтық мал азығы өндісі ғылыми-зерттеу институты)

0С

– Цельсий бойынша градус

мм

– миллиметр

м2

– шаршы  метр

ц/га

– 1 гектар жерден центнер есебімен алынған өнім мөлшері

рН

– топырақ ортасының реакциясы

мг

– миллиграмм

%

– пайыз

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Қытайбұршақ еліміздің халқы үшін бағалы және келешегі бар ақуыздық өсімдік. Өсіп - өну кезеңде құрамына ақуыз және май қорын жинауда қытайбұршаққа бірде-бір дақыл теңеспейді және барлық таптырмайтын амин қышқылдарымен қамтылған. Оңтүстік өңірінің егістік алқаптарында қытайбұршақты өсіру және өңдеу жыл сайын артуда. Себебі өсімдік құрамында кездесетін ақуыз мөлшері тіршіліктің қайнар көзі, сондай-ак адамдардың ас ішу және ауылшаруашылық малдарын азықтандыру барысында зор үлесі бар. Сондықтан ақуызды өсімдіктерді өндіруды ұлғайту шаруашылық үшін маңызды.

Дүниежүзілік егін шаруашылығында қытайбұршақ әмбебап дақыл болғандықтан, тағам, азық және техникалық максаттта пайдаланылып, экономикалық тұрғыдан тиімді және әртүрлі мемлекеттерде азық-түлік қауіпсіздігі шешімінде маңызды рөл атқарады. Дақылдағы кездесаетін ақуыздардың биологиялық қундылығын арттыруда маңызды жұмыс – құрамында адам және мал ағзасында синтезделінбейтін амин қышқылдарды, ас және азықпен жеткізілуі қажет, мал азығын өндіру және оның сапасы заман талаптарына сай болуы тиіс. Ақуызға қажеттілік ауыл шаруашылық малының өсуімен қатар, жыл сайын  мал өнімдерін өндіретін ірі кещендер мен құс фабрикаларын өндірістік негізбен ұйымдастыру  қиындауда, өйткені мал және құстарды азықтандыру жоғарыақуызды азықты қолданусыз мүмкін емес. 

Мал шаруашылығына маңызды ақуызды көпжылдық не біржылдық бұршақты дақылдардан, әсіресе қытайбұршақтан өндіреді. Ақуыз – адам ағзасына күнделікті қажеттілікті қамтамасыз ететін құрамыһдас бөлігі. Бір елдің ауқаттылығы сол елдің әрбір адамының тәулігіне қабылдайтын ақуыз мөлшеріне қарай анықталады.Дүниежүзілік ФАО-ның мәліметі бойынша жан басына шаққанда тәулігіне қабылданатын ақуыз мөлшері 60 г-ды құраса, оның 30 пайызы ғана мал өнімдерінен алынады. Тамақ құрамында ақуыз жетіспеуінен    адам ағзасында кері физииологиялық өзгерістер жүреді, өсу және даму процестері тоқтайды, адам тез шаршап-шалдығады. Халықты ақузбен қамтуда ең алдымен өсімдік ақуызын қазіргі жағдайға қарағанда бірнеше есе арттыру қажет.  Сонымен дүние жүзінде соңғы жылдары өсімдік белогы хақындағы проблема өте жоғары сатыға көтеріліп, стратегиялық құралға айналып отыр. Жетіспейтін ақуыздың орнын толтыру бүкіл дүние жүзі ғалымдарының күнделікті тәжірибенің алдына қойылған өте күрделі, тез арада шешілуге тиіс зор міндет.

Біздің елімізде тамақтық ақуызбен қамтамасыз ету жалпы нормаға  жакын болғанмен, өсімдіктен алынатын ақуызы аз. Ал қытайбұршақ ең жоғары сапалы және өте арзан өсімдік ақуыз өндіруде басты дақылға жатады және оны зерттеу өзекті болып табылады..

Зерттеудін мақсаты. Оңтүстік өңірінде өнімділігі жоғары, зиянкестерге және ауруларға төзімді, жергілікті топырақ-климат жағдайына бейім, бәсекелестік қабілеті жоғары қытайбұршақ сорттары мен будандарын анықтау және осы өңірге жерсіндіру шараларын қарастыру.

Зерттеу жұмыстарын жүргізуде алдымызға қойған мақсаттарымыз:

- қытайбұршақ дақылының ботаникалық және биологиялық ерекшелік-терін зерттеу;

-өсімдіктің агротехникасының ерекшелігі мен фитосанитарлық жағдайын анықтау;

- қытайбұршақты өсіруде тығайтқыштарды пайдалану өсімдік өнімді-лігіне әсерін езрттеу;

- оңтүстікке жерсіндіруге болатын отандық және шетледік сорттары мен будандарының өнімділігін анықтау;

- зерттеудің экономикалық тиімділігін зерттеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қытайбұршақты өңтүстіктің суармалы жағдайында өсіріп, жерсіндірілген сұрыптардың өнімділік дәрежесі анықталды. Сондымен қатар Қазақстанның оңтүстігінің құрғақ ыстық ауасына төзімді сорттарын бөліп алу 50-70% құрады.

Практикалық құндылығы. Қытайбұршақ көптеген мемлекеттердің егіншілік жүйесінде шешуші майлы дақылретінде пайдаланылады. Өсімдік тұрақты жоғарыөнімді болғанымен, күзгі ыстыққа шыдамай тез шашылып қалады. Сондыктан әртүрлі отандық және шетелдік селекциядағы сортүлгілерді экологиялық сортсынақта анықтап, осы өңірге жерсіндірілген сорттарын таңдап алудың теоряилық және практикалық маңызыдылығы бар.

Жұмыстын көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс  85 бетке компьютерлік текспен терілген. Ол кіріспеден, әдебиеттерді шолу, материал және зерттеу әдістерінен, зерттеу нәтижелерінен, қорытындыдан, 3 сурет, 23 кесте және 72 әдеби дереккөздерден құрылған. 

 

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

 

1.1 Оңтүстік Қазақстан облысы топырақ құрылымының ерекшелігі

 

Қазақстанның оңтүстік өңірінде қытайбұршақ негізгі майлы дақылдың бірі. Аймақтын егіншілік жүйесінде астық мал азықтық, мақта, көкөніс дақылдарының ауыспалы егісінде өсіріледі. Қытайбұршақтың ауыспалы егістегі маңызы ерекше, ол бірден-бір топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп, физикалық қасиетін жақсартатын өсімдік. Өкінішке орай, соңғы жылдары бұл бағалы дақылдың облыс бойынша егіс көлемі 110 мың гектарға азайып кетті. Кеңес Одағы кезінде біздің өлкемізде майлы дақылдарды дайындау мақсатында өсірілетін қытайбұршақ егіс көлемі 280-320 мың гектар жерді құраса, тұқымдыққа себілетін егістік 40-41 мың гектар, әр жылы себілетін егістік 80-85 мың гектарды қамтитын [1].

Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстігінде қалыптасқан жағдайда, егіншіліктегі ұсынылған ауыспалы егіс жүйесі түбегейлі бұзылған. Көптеген дақылдар жылда бір танапқа монодақыл ретінде өсіріледі. Нәтижесінде топырақ құнарлылығы төмендеп, жарамсыз жерлердің көбеюіне септігін тигізуде. Бұл мәселенің шешімін табу, яғни Оңтүстік Қазақстан облысында егіс көлемін қалпына келтіру үшін тәлімі және суармалы егіншілікте қысқа ротациалы ауыспалы егісте топырақты үнемді өңдеу және топырақты өңдемей тікелей себу технологиясымен дақылдарды өсіруді қалыптастыру қажет [2]. Шағын және орта шаруа қожалықтарындағы қаржы және техникалық жағдай дәстүрлі технологиямен әртүрлі дақылдарды өсіруді қолға алуға мүмкіндік бермейді, сонымен қатар дақылдар тұқымының сапасыз немесе тым қымбат болуы шаруалардың бұларды өсіруіне кері әсерін тигізуде.

В.М. Денисов, Т.Н. Сидорцеваның [3] деректері бойынша нарықтық қатынас жағдайында шаруалардың өндірісте қалыптасқан технологиямен жоңышқа өсіру, яғни топырақты 28-30 см тереңдікте аудара жырту, тегістеу, тырмалау т.б. агротехникалық іс-шараларды жүргізуге қыруар шығынды талап етеді, және ол жұмыстарды өз деңгейінде жүргізуге мүмкіншіліктері келмейді. Сондықтан да егіншілік жүйесінде топырақты үнемді өңдеу және тікелей себу технологиясымен жоңышқаны өсіру, яғни тұқым шаруашылығын жетілдіру бүгінгі таңда өзекті мәселе екені анық.

Қазіргі таңдағы егіс алқаптарында топырақтың өңделетін қабат құнарлылығының төмендеуі көптеген факторларға байланысты. Атап айтқанда, жерді пайдалану жағдайына және ауыспалы егістікке дақылдардың орналасуы мен топырақты өңдеу тәсілдеріне қарай өзгереді. Соңғы жылдары егістік жерлерді дұрыс пайдаланбаудан жарамсыз жерлер көлемі артып, алқаптардың құнарсыздануына әкеліп соғуда. Ауыл шаруашылығында аудара жыртылатын егістік топырақты жел мен су эрозияларына ұшырайды. Сондай-ақ техногенді ластану, яғни топырақтың тығыздануы мен тұздануына ұшыратуда. Егістік алқапты ұдайы аудара жырту топырақтың агрофизикалық қасиетінің нашарлауына, макро- және микроқұрылымның бұзылуына әкеп соқтырады. Топырақ жыртуға пайдаланылатын техникалармен өңделетін қабаттың көлем салмағы мен тығыздығына ықпал етіп, нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынатын өнім 5-50% азаяды. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын ауыр техникалар мен машиналар егістік топырағын өңдегенде оны таптап тығыздық көрсеткішін жоғарылатады. Сондықтан да егістік алқаптарды ауыл шаруашылығына  жарамсыз болудан сақтандыру, болдырмау жолдарын қарастыру қажет. Тәлімі егіншіліктегі ауыспалы егісте көп жылдық шөптесін өсімдіктерді егу жолымен топырақ құнарлылығын бастапқы қалыпқа келтіруге, яғни тәлімі және суғармалы егіншілік жағдайында сұр топырақтарда органикалық қалдықтар жиналуына бағытталуы тиіс [4].

 Топырақты үнемді өңдеу және аңызақты өңдеусіз тікелей себу технология-сымен дақылдарды өсіруді және жоғары сапалы тұқым өндіруде аса қажеттілік тудырады. Сол себепті топырақты өңдемей тікелей себу және үнемді өңдеу технологиясын пайдалана отырып дақылдарды өсірудің маңыздылығы бар.

Д.А. Зыков [5] деректері бойынша Оңтүстік Қазақстанның орталық  аймағының топырағы кәдімгі сұр, қалың саздақ қабатты жоғары қабаттың механикалық құрамы орташа сазды. Өңделетін қабаттағы қара шірік мөлшері 1,26%, жылжымалы фосфор -19,9 мг/кг, нитратты азот – 19,1 мг/кг, ауыспалы калий - 278 мг/кг. Суармалы егіншілік жағдайында танаптың макроэлемент-термен қамтамасыз етілу дәрежесі фосформен орташа, калиймен жоғары мөлшерде қамтылғандығы анықталған.

Егістік жерлердің бедері биіктеген сайын топырақ айырмашалығы, жалпы алғанда аймақтық түрін сақтай отырып, бірте-бірте өзгереді. Осы факторларға қарай ауыл шаруашылығын өркендету жағдайлары да өзгереді. Мерзімінде егілген және жоғары сапада өңделген топырақта көп өнім өндіруде топырақтың сапалылығы ескерілуі тиіс Негізінен тәлімі егістік жерлерде өнімділік деңгейі көп жағдайда күз, қыс және көктемнің алғашқы айларында жинақталған пайдалы ылғал қорын тиімді пайдалануға тікелей байланысты болып келеді. Оңтүстік Қазақстан өңірінде суармалы егістік жерлер аз болғандықтан ауылшапруашылық дақылдапрын тәлімі жерлерде өсіруге тура келеді. Сондықтан барлық агротехнологиялық іс-шаралар жинақталған ылғал қорын тиімді пайдалануға бағытталуы тиіс. Топырақты өңдеу жұмыстарының негізгі бағыты күз және қыс айларында түскен ылғалды мүмкіндігінше толық жинақтап сақтап қалуға және ауаға буланып ұшпауына бағытталуы керек.    

Ауыл шаруашылық саласының егіншілік жүйесін дамытудағы негізгі мақсат міндеттерінің бірі егіс алқаптағы  топырак кунарлылығын сақтап, ұдайы арттыру жолдарын қарастыру болып табылады. Мұның басым бағыттарына: егіншілікте ғылыми тұрғыда негізделген ауыспалы егісті енгізу; топырақты ұтымды өңдеу жүйесін қалыптастыру; өсірілетін дақылға және топырақ құрамындағы макро- және микроэлементтерге байланысты органикалық, минералды тыңайтқыштарды енгізу болып келеді. Егістік дақылдардан жоғарғы және тұрақты өнім жинауды тек ғылыми негіздегі ауыспалы егістікті дұрыс пайдалануда қол жеткеізуге болады [6].

С.Б.Кененбаев [7] қазіргі таңда ауыл шаруашылығында пайдаланатын егіс алқаптарында топырақтың өңделетін қабат құнарлығының өзгеруі көптеген факторларға байланысты. Атап айтқанда, жерді пайдалану жағдайы мен ауыспалы егістікке дақылдардың орналасуымен топырақты өңдеу тәсілдеріне қарай өзгереді. Соңғы жылдары егістік жерлерді дұрыс пайдаланбаудан жарамсыз жерлер саны артып, алқаптардың құнарсыздануына алып келуде. Ауыл шаруашылығында аудара жыртылатын егістік топырақтары жел мен су эрозияларына ұшырайды, сондай-ақ техногенді ластану, яғни топырақ тығыздануы мен тұздану жағдайына әкелуде. Деректерге сүйенсек, қара топырақты көптеген жылдар аудара жырту нәтижесінде топырақтағы қарашірік мөлшері бастапқы қалыптан 20-24% азайған, ал сұр топырақтарда 17-20% қарашірік жоғалтқан.

Егіс алқапты ұдайы аудара жырту топырақтың агрофизикалық қасиетінің нашарлауына, макро, микроструктураларының бұзылуына әкеледі. Топырақты жыртудағы пайдаланатын техникалармен өңделетін қабаттың көлем салмағы мен тығыздығына ықпал етіп, нәтижесінде ауыл шаруашылық дақылдарынан алатын өнімділік 5-тен 50% азаяды.

Ауыл шаруашылығында пайдаланатын ауыр техникалар мен машиналар топырақты өңдеуде, оның тығыздалуына және көлем салмағының жоғарлауына әкеледі.

М.К. Сулейменовтің [8] деректеріне сүйенсек, топырақ қорғау егіншілігінің негізін қалау жұмыстарының келесі кезеңі 1956 жылы А.И.Бараев Канада елінің егіншілік жүйесімен танысып қайтқаннан кейін қолға алынды. Топырақты өңдеу идеясына түбегейлі өзгерістер еніп, жаңа технологиялар бағыты қолға алына бастады. Канада елінен жаңа техникасын алып Қазақстан жағдайында сынап – бақылап көрді. Мұндағы топырактын құнарлы қабаты сақталып, егіс алқаптардың ауыл шаруашылығына жарамсыз болудан сақтандыру, болдырмау жолдары қарастырылған.

Тәлімі егіншіліктегі ауыспалы егісте көпжылдық шөптесін өсімдіктерді егу арқылы топырақ құнарлығын 5 жылда қалыпқа келтіруге, яғни тәлімі егіншілік жағдайындағы сұр топырақтарда 1 гектарға 6 тонна органикалық қалдықтар жиналады [9].

Тікелей егу тәсілі – бұл топырақты негізгі өңдеусіз, аудармай дән себу әдісі. Қазіргі егіншілік саласында топырак қабатын механникалык өндеу жүйесі мен әдістерін жетілдіруге көп мән беріліп отыр. Өйткені, ауылшаруашылык өндірісінің өнімділігін арттырып, энергетикалық және еңбек шығындарын төмендетіп, кең ауқымды өнім алудың алғы шарттары болып табылады. Адам еңбегінің топыраққа әсерінің күшеюі, топыракты әртүрлі эрозиялардан қорғау мәселесінің өзектілігі ескерілуі қажет. Топырақты үнемді өңдеудің теориялық және практикалық негіздемесін жасау егіншілік жүйесін жетілдірудегі аграрлық ғылымның зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі.

Егіншілік жүйесінің негізгі буыны – топырақты өңдеу. Оны дұрыс ғылыми негізде жүргізу өсімдік талаптарына жауап бере алатын және топырақ құнарының артуына мүмкіндік беретін топырақтың физикалық қасиеттерінің жақсаруына аса қолайлы жағдай жасайды. Егіншілік жүйесінің өсіп келе жатқан мәдени деңгейі, оны қарқынды дамыту, әртүрлі шаруашылық дақылдарды өсірудің технологиясын жетілдіру – осының бәрі топырақты өңдеу жүйесі мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуді талап етеді [10].

Көп жылдар бойы жүргізілген тәжірибе нәтижесінде Т.С.Мальцевтің [11] деректеріне сүйенсек, топырақты қайырмасыз өңдеу шынында да жан баспаған тың бағыт екендігіне егіншілердің көзін жеткізді. Топырақ қабатын аудара терең жыртқан кезде егілетін дақылдың белгілі өлшеміне тиетін топырақ жамылғысының көлемі молайып, өсімдіктің қорек алатын жер көлемі кеңейеді, соның нәтижесінде топырақ қыртысының шығымдылығы артады.  Ғалымдар мен егіншілік жүйесінің мамандарына Т.С.Мальцев [12] тәжірибесін қалай болса, солай қолданбай, әрбір жердің топырақ қыртысы мен климат жағдайына ыңғайлай отырып, қайырмасыз өңдеудің өзіндік жүйесін жасауды ұсынған болатын. Ол бір жылдық өсімдіктің топырақ құнарлығын арттыра алатынын білгендіктен біздің енді оны сақтап қана қоймай молайта түсуге де мүмкіндігі бар екенін көрсеткен, яғни өсімдіктерге қолайлы жағдай жасаған кезде мұны толық жүзеге асыруға болатындығын мәлімдеген. Сонымен қатар жерді жыртқанда немесе оқта-текте ғана, әрі қайырмасыз жыртқан кезде онда топырақ құнарлығын арттыруға әлдеқайда мол мүмкіншілік бар екенін тұжырымдады. Бұрын мол өнім алынғанда топырактын құнарлығы кеміп, жер аза түседі деген ұғым қалыптасқан болатын. Автордың айтуына қарағанда өнім жоғрылағанда топырақта органикалық заттар молырақ қалады. Өйткені өсімдік мықты да қалың болып өскендіктен, оның тамыр жүйесі де күшті дамып аңызда сабақ және тамыр қалдықтары көбірек қалып, топырақты белгілі дәрежеде органикалық заттармен байыта түседі деп мәлімдеген.

А.И. Бараевтың [13] мәліметтеріне сүйенсек, жерді өңдеу әдістері мен топырақты жырту тереңдігі әсіресе құрғақшылық аймақтарда барлық кезде ғалымдардың назарларын аударған. Өткен ғасырдың соңына қарай жерді тереңдей өңдеудің пайдалылығы туралы пікірлер көп болды. Құрғақшылық жылдары ауыл шаруашылығы дақылдарынан көп өнім алудың бірден-бір жолы осы деп білді.

А.К.Киреевтің [14] зерттеулерінде, Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның кәдімгі сұр топырағында, топырақты күзде негізгі өңдегенде топырақтағы ылғалдылык пен су өткізгіштігінің төмендеуіне әкелмеген. Кәдімгі сұр топырақтың жыртылатын қабат тығыздығының жоғарлауы топырақ ылғалдылығының азаюын болдырмайды. Әрі қарай олардың көрсетуінше, жеңіл және нөлдік өңдеу нұсқаларында жыртылатын қабаттың тығыздалу процесі орташа қамтамасыз етілген жауын-шашын жылдарымен айрықшаланады. Ұзақ уақыт жауын-шашын болмауынан немесе керісінше жауын-шашынның мол түсуіне байланысты көлемдік салмақтың жоғарлауы байқалады, бірақ ол тәлімі сұр топырақтағы астық дақылдарының көрсеткіштеріне қолайсыз болады.

Үнемді және тікелей себу технологиясының тиімділігі Қостанай мен Көкшетау облыстарының үлкен өндірістік егіс даласында қолданылып, кең қолданысқа ие болды С.С. Сдобников [15] тәлімі аймақтағы басты міндет топыраққа ылғал қорын жинау деп жазады. Қазіргі таңда егін шаруашылығында топырақты өңдеу жұмыстарына қыруар энергия шығыны жұмсалуда, нақтырақ айтар болсақ, ауылшаруашылық дақылын өсіруде жалпы технологиялық процестерге жұмсалатын энергетикалық шығынның жартысынан да көбі осы топырақты өңдеудің еншісінде. Сондықтан,әртүрлі дақылдардды өсіруде топырақты минималды өңдеуге немесе мұның кеңінен қолданысқа енуде, ал кей жағдайларда тіпті танапты күзде өңдеусіз қалдыру мүмкіндіктері анықталып отыр.

Батыс Сібір қара топырақтарында В.Н.Слесарев, А.Г.Шитовтың [16] зерттеулері көрсеткендей, топырак құрылымынын тығыздығы мен ылғалдылығы, механикалық құрамы, өсірілетін дақыл, алдыңғы дақыл, егістіктің ластануы анықталып соған байланысты өңделуі керек. Сондықтан, ол келесі қағиданы басшылыққа алуды ұсынады: егер күз өте құрғақ болып, топырақтың 1 м дейінгі тереңдігіндегі ылғал қоры <30 мм болса және өте ылғалды >100 мм болған жағдайда топырақты өңдеу тереңдігін азайту керек.

В.Г. Люфт, А.Ф.Динкелакер, Н.И. Буянкин [17] Солтүстік Қазақстан жағ-дайында, күз маусымының көпшілік жағдайда құрғақ болып келетінін мәлімдеп, кепкен топырақты сыдыра өңдеуіш құралдармен терең өңдеу мүмкін болмайтынын ескертеді, ал егерде оны терең өңдейтіндей жағдай болса ол жұмыс сапасыз атқарылады дейді. Мұндай өңдеуде қар тегіс тоқтатылмайды, қар жинақталу деңгейін тексеру қиын болады, нәтижесінде көктемде буланып көп ылғалды жоғалтады, себілген дәннің шығу сапасы мен біркелкілігі төмендейді. Көктемде бір мезгілде жүргізілген сыдыра өңдеуіш құралдармен өңдеу және қопсыту топырақтың қар суын сіңіретін төменгі қабатын тығыздай-ды. Тәжірибеде жүргізілген ең тиімді топырақты өңдеу әдісіне Арқалык АШТБ жэне Көкшетау АШҒЗИ-да жүргізілген жаңа әдіс топырақты саңылаулап қопсыту жатады. Өңдеу жұмысы арақашықтығы бір-біріне жақын орналасқан табансыз құралдармен жүргізіледі, саңылау аралық қопсытудың оқшаулануы топырақтың тік сынуы және жылжу есебінен тік және көлденең бағытта қалыптасады.

И.И. Градасовтың [18] тәжірибесінде, топырақты өңдеу технологиясын зерттеу кезінде қалыптасқан жер жырту әдісіне қарағанда топырақты өңдеуді жеңілдету топырақтың агрегаттық жағдайын арттыруға, эрозия процесін азайтуға мүмкіндік туғызатыны дәлелденді. Оның ең басты ерекшеліктері топырақ құнарлылығын арттыру, эрозияның алдын алу, жер өңдеуге кететін шығынды азайту болып табылады. Топырақты аударып жыртқанда микро- организмдердің тіршілігінің белсенділігі топырақтың беткі қабатында емес, 10-20см-де, ал аудармай жыртқанда керісінше жүреді. Топырақтың газ режимін жақсартатын негізгі агротехникалық әдістер-топырақты өңдеу, органикалық тыңайтқыштар беру, жыртылатын қабатты тереңдету өңдеудің қандай түрі болмасын сапасын жақсартады.

Сурет 1 – Қазақстанның топырақ қабатының түрлері

И.Гавваның [19] мәліметтері бойынша, ауыр тракторлармен жерді өңдеген кезде 1 м тереңдікке дейін жер тығыздалып кетеді. Тығыздалған жерді өңдеу үшін өте көп энергия шығындалады. Жыртылатын қабаттың тығыздалуы дакылдардың өсіп-дамуына кері әсерін тигізеді. Өңделетін топырақтың тығыздалуынан егін өнімділігі азаяды, топырақтың эрозияға төзімділігі төмендеп, тыңайтқыштың әсері нашарлайды. Топырақты жеңіл өңдеген кезде егін даласында тракторлар, топырақ өңдегіш және егін егетін техника жүруін азайтады. Қазіргі таңда өсімдікті химиялық жағдаймен корғау нәтижесінде механикалық өңдеуді минимумға дейін жеткізуге, тіпті кейбір жағдайларда одан бас тартуға болады (жерді өңдемей тікелей себу). Көптеген зерттеулер топырақты жеңіл және жерді өңдемей тікелей себудің тиімділігін анықтады.

Микробиологтардың көптеген зерттеулері көрсеткендей, биологиялық процестер топырақтың ең жоғарғы қабатында жақсы жүреді. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қалыңдығы 0-7 см топырағы бар ыдыста өсіру, 14-21 см қалыңдықты топырақпен салыстырғанда өнім екі-үш есе жоғары болғаны Ш.А.Чулаков [20] деректері бойынша анықталды. Бұдан жасайтын қорытынды жыртылатын қабаттың құнарлылығының тиімділігі бойынша әр түрлі сапалы бөлімдерге бөлінеді. Топырақтың биологиялық белсенділігі жыртылатын қабатты араластыру нәтижесінде болады.

Топырақтың физикалық жағдайын реттеу арқылы дақылдардың өсіп-жетілуін де реттеуге болады, - деп Н.Н.Бакаев [21] мәлімдейді. Екпе дақылдар үшін тұқымның танапқа түскеннен бастап егін орылғанға дейін топырақ тығыздығын нақтылау аса маңызды. Ондеу уақытында тым жоғары деңгейде қопсытылған топыраққа түскен дән топырақ түйіршіктерімен тікелей жанасу деңгейі төмен болатындығы себебінен ылғалды нашар сіңіріп, өсіп-өнуі елеулі уақытқа кешігуі мүмкін.

Топырақты негізгі өндеудің мақсаты: топырақтағы ылғалды сақтау және жинау, дақылға қолайлы ылғал, ауа және қоректік заттар режимін жасау, әртүрлі эрозиядан сақтандыру, арамшөптерді жою, аурулар, зиянкестер және арамшөптермен тиімді күресу. Ылғалдың топырақта сіңуі көбінесе күзгі – қысқы – жазғытұрымғы мезгілдерде жүреді. Ылғалдың топырақтағы ең жоғары мөлшері наурыз –сәуір айларында байқалады. Осыдан кейін жауатын жауын-шашынға қарағанда шығын болатын ылғалдың мөлшері арта бастайды. Басты шығын булану есебінен болады. Зерттеу жағдайларында таза сүрі танап бетіндегі буланудың физикалық шамасы жылдық жауын-шашынның 65-70 пайызын құрайды.

Топырақ құнарлылығын В.Р. Вильямс [22] 2 түрге бөлген: потенциалды және тиімді. Топырақта өсімдікке қажетті элементтер көп болуы мүмкін, дегенмен ол көп өнім алуға кепілдік бола алмайды. Өсімдікке керекті элемент топырақта сіңімсіз түрде болып, жиналатын дақылдың өсуін тежейді. Бұл жағдайда топырақтың құнарлылығы «потенциалды» болып келіп, оны өңдеген кезде ол «тиімді құнарлы» топыраққа айналады, ал бұндай топырақтан көп өнім алуға болады. Қара топырақ сияқты бай, тың жерді зерттеген кезде, өңделмеген топырақтан аз өнім алынған.

Ылғал мәселесі қуаңшылық жағдайда аса маңызды және топырақтың су режимін реттеуде ылғалды аса тиімді пайдалануға, булануды азайтуға бағытталған топырақ өңдеу тәсілдерін іздестіруге ерекше мән берілед. Сондықтан астық пен мал азығының едәуір мөлшері тәлімі жерлерде өндіріледі. Дегенмен, тәлімі жерлерден өнім алу ылғалдылықтың, егістіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты [23, 24]. Сонымен қатар үнемді технологиямен топырақты өңдеудің бірқатар экономикалық және экологиялық жетістіктері бар, мұнда топырак абаты әртүрлі эрозхияларға ұшырауы мүлдем жойылады, қарашірік мөлшері артады және ылғалды жинау, сақтау мүмкіндігі жоғарылайды. Сондай-ақ тиімді ауыспалы егісті қолдана отырып, энергетикалық, егін шығындары 30-40% азайып, жоғары сапалы өнімге қол жеткізіледі.

Е.Н. Нұрманбетов [25] тұжырымы бойынша ауылшаруашылык дакылларын өсіруде мынадай негізгі іс-шараларды атқару көзделеді: арамшөптерге қарсы өңдеу; тікелей егу + үстеп қоректендіру; өнім жинаудан кейін өсімдік қалдықтарын майдалап шашып қалдыру.

Әлемдік тәжірибелер көрсеткендей тікелей егу жүйесі мен тікелей себу технологиясын қолданғанда ылғал көлемі аз аймақтар мен құрғақшылық әсері тән аудандарда топыракты механикалық өндеу ылғалдың буланып, топырақтың құрғауына әкеп соқтырудан; жауын-шашын бірден қатты нөсерлетіп жауатын аймақтарда топырақтағы су эрозияларынан; топырағының құрылымы нашар аймақтарда құрғақ ауа райында топыраккабаты тез тозса, ылғал көп мезгілде топырақ кесектеніп кететіндігінен сақтайды; дала жұмыстарын ерте бастауға және механикалық өңдеу жұмыстарына ауа райы кедергі келтіретін аймақтарда қолдануға ұтымдылығы жоғарлайды. Тікелей себу тәсілінің артықшылығы ретінде дәстүрлі өңдеуге (аудара жырту) қарағанда, оның экономикалық және энергетикалық тұрғыдан тиімді-лігінде, топыраққа техниканың әсер ету мүмкіндігінің мейлінше азаюы нәтиже-сінде топырақ қабатының тығызданбауы, топырақты эрозиядан сақтауы және оның құнарлылығын арттыруы, топыраққа өнімді ылғал қорын тиімді жинауы және сақтауы, т.б. ұтымды жақтарын атап өтуге болады.

 

1.2 Егістік дақылдардың классификациясы

 

Егiстiк дақылдар  бірнеше дақылдардан тұрады:  дәнді және жармалық, дәнді бұршақты дақылдар, тамыр жемісті дақылдар, майлы дақылдар, талшықты дақылдар, мал азықтық шөптер.

ОҚО аталған дақылдардың көпшілігі өндіріледі. Атап айтқанда, дәнді дақылдардан күздік бидай дақылы ең негізгілерінің бірі. Дақылдың егістік көлемі жылына 220-250 мың.га егіс көлемін құрайды. Қазіргі таңдағы талап бойынша ауылшаруашылық маңызды дақылдарды нарықтық экономикалық бәсекеге сай өсіріп, арамшөптермен күрес жүргізе отырып дақылды өсіруге кететін шығын көлемін азайтып, алынатын өнім көлемін жоғарылату бүгінгі ғылымның басты бағытының бірі. Өңірдегі шагын не орта шаруа қожалықтарында және өндірістік кәсіпорындарда күздік бидайдың өнімділігі күрт төмендеп барады. Мұның негізгі себебтерінің бірі – дақылдарға агротехнологиялық күтіп-баптау жұмыстарының дер кезінде жүргізілмеуі, егістікте ауыспалық жүйенің игерілмеуінің әсерінен. Ауылшаруашылықы дақылдарды ег мен өсіруде егіс алқабының топырағын негізгі өңдеуге және егер алдындағы топырақты майдалап уақтауға кететін барлық шығын мөлшерінің 40-45 пайызды құрағанымен, ал осы шығынды азайту бағытындағы іс – шаралар толыгымен жүргізілмеуде.

Күздік бидай егіс алқаптары арамшөптермен ластануына қарай өндірілген өнім сапасы төмендеп, алынатын өнім 30-40 пайызға төмендейді. Сонымен қатар ғылыми деректерге сүйенсек, зиянкестер мен аурулар әсерінен жылдық өнімнің 25-30 пайызы жоғалып, азық-түліктік сапасы төмендейді. Агроөнеркасіп саласын реформалау кезеңінде Оңтүстік Қазақстанда дәнді дақылдардың түсімі орта есеппен гектарына 22 центрнерді құраса, аудандастырылған сорттардың потенциалды өнімділігі 45 гектар деңгейінде болып отыр. Өнімнің тұрақсыз және төмен болуының басты себебі арамшөптермен дер кезінде жүйелі күрес жүргізбеу салдарынан екені белгілі. Көптеген ұсақ не іріленген агроқұрылымдарда агротехникалық іс-шараларды уақтылы қолданбаудың әсерінен, яғни мәдени өсімдіктерді өңдеп өсіруде қателіктер жіберуінің және арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерін толық білмеу өнімнің төмен болып қалыптасуына әкеліп соғуда.

Ауыл шаруашылығы екпе дақылдарын егіп-өсіруге ұсынылған агро-технологиялық шараларды ұстануға әр түрлі жаңа ауыл шаруашылық құрылымдардың объективті және субъективті себептері мен қаржылық – техникалық жағдайының төмен және жеткіліксіз болуына байланысты егіншілік танапта жүйелі агротехнологиялық шаралар жүргізілмей келеді. Сондықтан егіншілік саласында қазіргі нарықтық бәсекеге сай топырақты үнемді өңдеу мақсатында тиімді, яғни тікелей себу технологиясын зерттеп енгізу қажет. Негізінен бұл технология барлық мемлекеттерде қолданыс тауып, нарықтық экономикаға кең көлемде себіліп, жылдан жылға кеңеюде және үнемді технология (нольдік) әлемдік қоғамда 129 млн.гектарға артқан.

Ал майлы дақылдарға деген сұраныс өңірімзде жыл өте артып келеді. Бұл дақылды өндіруде облыстың егіншілік жүйесінің потенциалы айтарлықтай жеткілікті. Сонғы кездегі майлы дақылдарға деген сұрнаытсың артуына орай, сонымен қатар онірдің климаттық жағдайының оңтайлылығын ескере отырып жалпы жылдық түсімді арттыру бағытында көптеген істер атқарылуда.

Қазіргі таңда мақсары дақылынан алынған өнім көлемі гектарына 10 центренден артса, тәлімдік жерлерде мақсарының аудандастырылған сорттарының потенциалды өнімділігі 18ц не оданда жоғары болып отыр. Өнімнің төмен болуының негізгі себептері: арамшөптермен күрес жүргізу жолдары жетілдірілмеген, зиянкестер көп зақымдауы мен егістік алқаптың арамшөптермен ластануы. Осыған байланысты жекелеген агроқұрылымдарда өнімділік көлемі төрт центнерден аса алмай отыр.

Жоңышқа  Қазақстанның оңтүстік өңірінде негізгі мал азығындық бағалы дақылдың бірі. Аймақтағы суарммалық  неемсе тәлімдік егіншілікте астық, мақта, көкөніс мал азықтық дақылдарының ауыспалы егісінде өсіріледі. Кеңес Одағы кезінде біздің өлкемізде мал азығын дайындау мақса-тында өсірілетін жоңышқа егіс көлемі 350-400 мың гектар жерді құраса, тұқымдыққа себілетін егістік 40-41 мың гектар, әр жылы себілетін егістік 80-85 мың гектарды қамтитын. Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстігінде қалыптасқан жағдайда, егіншіліктегі ұсынылған жүйелер түбегейлі бұзылған. Көптеген дақылдар жылда бір танапқа ауыстырылмай монодақыл ретінде өсіріледі. Нәтижесінде топырақ құнарлылығы төмендеп, жарамсыз жерлердің көбеюіне септігін тигізуде. Бұл мәселенің шешімін табу, яғни жоңышқа егіс көлемін қайта қалыптастыру максатында егіншілік жүйсесінде қысқа ротациалы ауыспалы егістікті үнемді агротехнологиялық жүйемен қалыптастыру қажет. Нәтижесінде қажетті мал азығын жинап топырақ құнарлығын жақсартып егістік алқаптың фитосанитарлық жағдайының жақсаруына қол жеткіземіз.

Мерзімінде егілген және жоғары сапада өңделген топырақта ауыл шаруашылығына қажетті дақылдардың өнімділік сапасы мен санын молайтуға қол жеткізуге толық мүмкіндік бар. Егістік топырағын дұрыс бағытта ондеу барысында, негізінен тәлімі егістік жерлерде өнімділік деңгейі көп жағдайда тиімді технологияларды пайдалануға арқылы өнім сапасы жоғарылайды және осы жұмыстарға тіке байланысты. Өңірдін суармалы егістік жерлері аз болғандықтан жоңышқа дақылын тәлімжерлерде өсіру қажет. Сондықтан барлық агротехнологиялық іс-шаралар жинақталған ылғал қорын тиімді пайдалануға бағытталуы тиіс. Топырақты өңдеу жұмыстарының негізгі бағыты – түскен ылғалды мүмкіндігінше толық жинақтап сақтап қалуға және ауаға буланып ұшпауына бағытталуы керек.

Көптеген шаруа қожалықтарындағы қаржы және техникалық жағдай дәстүрлі технологиямен жоңышқа өсіруді қолға алуға мүмкіндік бермейді, сонымен қатар жоңышқа тұқымының сапасыз немесе тым қымбат болуы шаруалардың бұл дақылды өсіруіне кері әсерін тигізуде. Нарықтық қатынас жағдайында шаруалардың өндірісте қалыптасқан технологиямен жоңышқа өсіру, яғни топырақты 28-30 см терең аудара жырту, тегістеу, басқа да агротехникалык істерді жүргізуге қыруар шығынды талап етеді, және ол жұмыстарды өз деңгейінде жүргізуге мүмкіншіліктері келмейді. Сондықтан да егіншілік жүйесінде топырақты үнемді өңдеу және тікелей себу технологиясымен жоңышқаны өсіру, яғни тұқым шаруашылығын жетілдіру бүгінгі таңда өзекті мәселе екені анық.

Қазіргі таңдағы егіс алқаптарында топырақтың өңделетін қабат құнарлылығының төмендеуі көптеген факторларға байланысты. Атап айтқанда, жерді пайдалану жағдайына және ауыспалы егістікке дақылдардың орналасуы мен топырақты өңдеу тәсілдеріне қарай өзгереді. Бұл өз кезегінде жарамсыз жерлер көлемінін артып, алқаптардың құнарсыздануына әкеліп соғуда. Ауыл шаруашылығында аудара жыртылатын егістік көптеген эрозияларга ұшыратады, сондай-ақ техногенді ластану, яғни топырақтың тығыздануы мен тұздануына. Егістік алқапты әрдайым аударажырту топырақтың агрофизикалық қасиетінің нашарлауына, макро және микро структураларының бұзылуына әкеп соқтырады. Топырақ жыртуға пайдаланылатын техникалармен өңделетін қабаттың көлем салмағы мен тығыздығына ықпал етіп, нәтижесінде алынатын өнім 5-50% азаяды. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын ауыр техникалар мен машиналар егістік топырағын өңдегенде оны таптап тығыздық көрсеткішін жоғарылатады. Сондықтан да егістік алқаптарды ауыл шаруашылығына  жарамсыз болудан сақтандыру, болдырмау жолда-рын қарастыру қажет. Тәлімі егіншіліктегі өсімдіктерді егу жолымен топырақ құнарлылығын бастапқы қалыпқа келтіруге, яғни тәлімі және суғармалы егіншілік жағдайында сұр топырақтарда органикалық қалдықтар жиналуына бағытталуы кажет.

 

1.3 Қытайбұршақтың өндірілуі мен таралуы

 

Қытайбұршақ (лат. Ghycine мах) - ірі бұршақ тұқымдас, шыққан жері Шығыс Азия. Қытай бұршақ гұкымдары, немесе ірі бүршақ тұқымдастары деп те аталады, біздің эрамызға дейін үшінші ғасырдан бері тамақ өнімі ретінде белгілі. Қытайбұршақты жаксы өнім ретінде айтуға толық себеп бар. Тұқым салмағының 40пайызын орта жоғары өсімдік ақуызы құрайды, ал қалған 48 -50 % - ті басқа, яғни малазықтық ретінде қолданылады.

Қытай бұршақ – ірі бұршақ тұқымдас мәдениетінде кеңінен тараған. ББҰ-ның мәліметіне қарағанда 80 жылдардың аяғында 52 млн га аймақта егілген.Соңғы 20жылдын ішінде сояның себілуі екі есе көлемінде өскен. Дүние жүзінде АҚШ , Бразилия , Аргентина мемлекеттерінде  қытайбұршақтың сыртқа шығару жөнінен алдыңғы катарлы мемлеекеттер ретінде саналады. Қытайбұршақтын мәдениетіне арналған сұраныс жақсы дамуда. Қытай буршақтың ақуыз құрамындағы жоғары дәрежелі аминоқышқылдың азықтык шөптен және тамақ өндірісіндегі мақсаттың негізгілеріне кіреді. Ғылыми- зерттеушілер көзқарастарында қытайбұршак мәдениетінің көптеген түрлерін Жалпыресейлік ҒЗИ қытайбуршактың өсіп - өнуін  зерттей отырып, ондаған жыларалығында дақылдың мәдениетінің жоғары болігін, сорттарының, кешенді механикаландырылуын, өндірістік экономикалық сұрақтарына тұжырымдар жасаған.                  

Қытайбұршақтын селекциясының жұмыстары мен оның дамуы ұзақ уақыттан бері Жалпыодақтық ҒЗИ май мәдениетімен B.C. Пустовайте  атындағы және Украина топырақ ҒЗИ, Молдавия ғылыми-зерттеуші институты, Грузия мемлекетінде Ю.И.   Ланаури, Зицкая жане Кировоград      ауылшаруашылық тәжірбиелі стансаларында өз қызметтерін көрсетті. Орта Азия аймағында қытайбұршақты асылдандыру жұмысын Қазақстан топырақ ҒЗИ-ы жұмыстар жүргізді. Алматы облысынын Талғар ауданындағы 1980ж. Алматы кеңшарында егістік жерінде эрбір 440га -ден 25,4 центнер қытай бұршақ түқымын өндріді. Дақылды өсіруге кең тараған, Азия , Оңтүстік Европа, Орта және Оңтүстік Африка , Австралия, Тынық, Үнді мұхиттарынын жағалауында 55-60 экваторға дейінгі аймақтағы аралдарында өсіріледі.

Қолда өсіру және жерсіндірілуі.  Қытайбұршақ ертедегі мәдени өсімдіктердің бірі ретінде  біздің заманымызға дейін бес мың жылдай бұрын шыққан. Қытайбұршактың суреттерін тас қалыптарында, тасбақа сүйектерінде тапқан. Дакылдың шығу тарихында біздің эрамызға дейін 3-4 ғасырларда ескі Қытай эдебиеттерінде көрсетілген. Белгілі ертедегі қытай ғалымы Мин – Гиз мынадай деп жаазады: Қытайдың негізін қалаушы император ХА-Ди халыққа бес мәдени өсімдікті өсірсуді үйреткен: күріш, бидайық, чумиза, тары, қытайбұршақты. KCPO - дің үлкен бір егіншілік маман ретінде де В.Б.Епкеннің пікірінше, мәдени өсімдіктің шығу тариқына осыдан 6-7 мың жылдар көлемінде болған. Осы танабта Қытай аймағынан күріш пен чумиз өсімдіктерінің қалдықтары табылмағандықтан, атақты император Ха-Дйдің қытайбуршақтың шығуына берген уақытана басқа ғалымдар тарабынан    күдікті    ұсыныстар түсті. Атап өте келе, қытай зерттеушілерінің жұмысына қарап бұл дакылды Қытайда біздің эрамызға дейінгі 11 ғасырларда шыққан деген  ұсыныс бар.

Келесі ел қытайбұршакты мәдениетке енгізу және тамақ  өсімдігі ретінде статус алған елдің бірі – Корея. Қытай бұршак Жапония аралдарыңа біздің эрамызға дейінгі 400 - 500жылдан бұрын келді. Деректерге сүйенсек Жапонияға қытай бұршақ Корея мемлекетінен келсе, ескі Корей мемлекеті ұзақ уақытқа дейін Жапонияның аралдарында отарлаған. Ягни дакылдың таралуынын ұқсастығын толық растайды. Неміс табиғат зерттеушісі Э. Кемпфер 1961ж. Европа ғалымдарына қытай бұршақты анықтап берген соң белгілі болған. «Шығыс және қытайбұршакты суреттеу» деп аталатын 1712ж. шыққан кітабында   «Amoentitatum   Exoticarum Politico - Physico - Medicarum»  қытайбұршақ өсімдігінің өсу тарихын толығымен анықтаған. Алғашқы мәрте дақылды АҚШ-та зерттеген. Айта келе. АҚШ - қа Азия мен Еуропадан әр түрлі сорттарының әкелінуі  басталған.

 Қиыр шығыстық белгілі селекционері Н.И. Вавилов [26] алғашқы мәрте KCPO - да қытайбұршақты ғылыми түрде селекциалауды, жабаиы және мәдени тұрлерін орыстын ғалымдарының зерттеуіне ұсынды. Мұнда алғашрет отандық саяхаттанушылар қөытайбұршақты Амур   ағысының  Маньчжұро  -  тунгус   аймағында кездестірді. В. Поярковтың жазбасында Голландия мемлекетінде  жарық көріп Кэмферд зерттеуінен  100ж. бұрын жазбасын қалдырған. Келесі ресейліктердің қытай бұршак мәдениетіне арналған көзқарастары Вена қаласында өткен Дүние жүзілік көрмеде 20 - дан аса кытайбұршақ түрлерін көрсетуде практика жүзінде іске асырылған.

Ресей Федерациясында алғаш қытайбұршақты 1877ж.  Таврия және   Херсони губерниасында өткен. Сондай-ақ 1912 - 1918 жж. арлығында амур –тәжірбиелі егістер аймағында да жүргізілген. Бұл тәжірбиені егістер 1917 – 1919 жж. өнім өспей жоғалуға әкеліп соқтырады. Тоқтамай жүргізілген сұрыптау нәтижесінде қытай бұршактын жаңа түрі «Амур сары қытайцбұршағы» отандық түрі өсірілді [27].

Селекция мамандарының пікірінше 1924-27жж. Ресей мемлекетінде қытайбұршақты жерсіндіру жылдары болды. Мұндағы Краснодар, Ставрополь аймағында, Ростов өңірлерінде кеңінен тарай бастаған.

 

1.4  Қытайбұршақ сорттары мен оның халық шаруашылығындағы маңыздылығы

 

 Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда Оңтүстік Казақстанның суармалы жер жағдайында қытайбұршақтың ортамерзімдік немесе кеш пісетін сұрыптары өнімді болады. Аудандастырылған қытайбұршақ сорттарының шаруашылық-құнды және биологиалык қасиеттеріне тоқталатын болсақ:

Гибридный 670. Бұл сортты ҚазЕжӨШҒЗИ (Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зертеу интитуты) шығарған. Ортамерзімдік пісетін сорт. Даму кезеңінің үзақтығы 130-125 күн.

Дәні- ірі, 1000дән массасы 176-200г. Дән қүрамында 37,2-38 процент протийн бар. Төменгі бұршақ шанақшасының жер бетінен биіктігі -13-14см. Шанақша толық пісіп жетілгенде өздігінен екіге жарылмайды, ал бұтағы сынып, құламайды.  Гектарына шаққандағы өнімнің шығымдылығы 35,6ц-ге дейін. Алматы не Жамбыл облыстарына аудандастырылған.

Казахстанская  200.   Мүны  да  жоғарыда аталған ҒЗИ шығарған. Аталған сорт кештеу пісетіндерге жатқызылады. Өсу кезенінің ұзақтығы - 148 - 150 күн. Дәні - біршама үлкен.  1000 дәнінін салмагы – 145-165 г. Дән құрамдылығы қорытылатын протеин мөлшері - 37,2-38%. Өсімдік биіктігі -  149 - 151 см. Төменгі бұршақ шанақтарының орналасу биктігі 21см-ге деін. Шанақтары онша ажырасып кетпейді. Мол өнімді. Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.

ВНИИМК 9186. Бүкілодақтық майлы дакылдар ғылыми-зерттеу институты шығарған. Орта мерзімде піседі. Дәні - орташа , Ббрақ мол өнімді. Тек Жамбыл облысына аудандастырылған.

Высокостебельная 2. Бұл сортты Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді АШИ шығарған. Пісу мерзімі орта, өсу-дамуы - 127 -133 күн. Өсімдік сабағының биіктігі -  133 - 157 см. Сабағы тік жығылмайды.  Жапырағы  үлкен. Жасыл     түсті. Төменгі бұршақ шарнақтарының орналасқандағы биіктігі 25 сантиметрге дейін. Дәні домалақ. Сары түсті. Мың дән массасы 210 г. Дән құрамында 41,4% гүлдену кезіндегі көк балаусасында - 19-20 процент дәнінің толысыу кезінде - 22 - 24 % протеин бар. Мол өнімді. Алматы және Талдықорған облыстарында аудандастырылған.

Қазақстанда негізгі көп    тараған    қытайбұршақ сорттарына Мутантная 359, Казахстанская 688, Высокостебельная 2, Скынтея, Букурия, Эврика, Аврора, Гибридная 670, Мерит жатады [28].

Қытайбұршақ тұрақты түрде дамитын және өнімділігі жоғары майлы дақылға жатады. Дәнінде, жасыл өнімінде құрамындағы ақуыз үлесінің жоғарылылығымен, жақсы ауыспалылығымен ерекшеленеді, өйткені топырақты азотпен байытады [29].

Түсімділігі. Ғылыми -зерттеу мекемелерінің зерттеулерінің нәтижелерімен, Қазақстанның оңтүстікі, оңтүстік- шығысының суармалы алқаптарынан бір гектардан 30-35 ц кей кездерде 50ц түсім берген. Түсетін таза пайдасы - да басқа дәнді дақылдарға қараганда жоғары. Қазақстандық жер өңцеу ҒЗИ -ы қытайбұршақ еккен 1 гектар суармалы алқаптан, он жылда орташа есеппен протейн түсімі 10,7ц, ал арпадан -2,5ц. Гибридная670, Казахстанская-4 сорттарынан гектарына 32,9ц өнім алса, кей кездері 40-45ц-ге депйін жеткен. Шығыс Қазақстан МАСС-ы суарылмайтын тәлім жерде ерте пісетін Хабаровская 4, Амурская 42 сорттарынан 7,3-21 ц өнімділік құраған [30].

Нәрлілігі. Қытайбұршақтың дәнінде 36-48% ақуыз, 17-26 % май және минералтұздар мен дәрумендер болады. Өсіп-өну кезеңде құрамына ақуыз және май қорын жинауда қытайбұршаққа бірде-бір дақыл теңеспейді, өйткені амин қышқылы қүрамымен жетік қамтылған. Жалпы ақуыз қүрамымен қытай бұршақ мал өнімі өнімдерінен жоғары. 1кг қытайбұршақтың үнының құрамындағы ақуыз 2,3кг ет , 2,3кг ірімшікке тең. Құнарлығы жағынан бұл дақылдың ұны басты орынды иемденеді. Егер 100 г бидай ұнында -  360 кг каллория, арпа – 350, сұлы – 385, бүршақ – 320 болса, қытайбұршақтың ұнында - 450 кг каллория болады. Қытайбұршақ ұнының сіңімділігі мен қорытылуы жоғары. Ақуыздың қорытылуы 77-92%, майының 94 -100, көміртектілерінің79-100, ал жалпы сіңімділігі84-90%. Қытай бұршақ шроты жоғары қүнарлы, бағалы концентратталған азық. Бір кг мүндай азықта -387г қорыттылатын протеин кездеседі. Қытайбұршақтың 1ц дәнінен 75-80кг шрот (үгілген сығынды) шығады, одан 29-30 кг қорытылатын протеин алуға болады (салыстырмалы түрде; күнбағыс дәнінен 30-35кг шрот немесе 11-13кг протейн) Қытай бұршақ шроты күнбағыс шротынан жеңіл сіңімділігімен, құрамындағы құнды амин қышқылдары және дәрумендерімен ерекшеленеді. Мысалы, 1кг қытай бұршак шротында 27,8г лизин, ал күнбағыс шротында 12,8 г құрайды. Қытай бұршақтын өзіндік құны өте төмен, өйткені қытайбұршақ майының өзі бапталуына жұмсалған шығынды толығымен жабады. Қытайбұршақтың шротындағы 1т қорытпалы протейнге жұмсалған шығын, топталған азықтың өзіндік құнын 7,1-24 есе төмендетеді. Жасыл балаусасы жоғары нәрлі, 1кг-да 0,21 азықтық бірлік, 35г қорытпалы протеин және 75мг каротин болады [31].

Пайдаланылуы. Әрі азық-түлік, техникалык не малазықтық болып пайдаланатын қытайбұршақ әмбебаптығымен, көп салалығымен өзіне теңдесі жоқ дақыл. Оның дәнінен 300-ден астам өнімдер - авиациялық май және пластмасса, қытайбұршақ сүті және конфетке дейін өндіріледі. Әлемдік өсімдік майлары өнімдерінің арасында бірінші орында. Қытайбұршақтын майынан маргарин өндіру, технологиялық барысында нәрлілігі кілегей майынан да асып түседі. Дақылды кондитерлік, нан пісіру, ет өнімдері,  басқада тағамдық өндірісте пайдаланады. Мысалы, ет өнімдеріне қытайбұршақ күшейткіштерін қосып дәмді және нәрлі тағамдар өндірілсе, үлкен  сұранысқа ие болады. Қытайбұршақты фармакалогиялық өндірісте дәрі-дәрмектер дайындайтын шикізат ретінде пайдаланады, олар мидың жұмыс істеу қабілетін жақсартады, және диабетті емдеуде қолданады. Қытайбұршақ майын тағам ретінде қолдану гипертония және атеросклероздың болдырмауын реттейді. Қытайбұршақ майынан көп мөлшерде адам өміріне қажеттілігі сәйкес гармондар алынады. Қытайбұршақ құрама ақуыздық және дәнді азықтық сүрлемдік дақылдардың құрамына енетін таптырмайтын қоспа. Ауылшаруашылық малдарды қытайбұршақ қосылған азықпен берсе өнімділігі өсіп, мал өнімдерінің сапасы жақсарады. Мысалы, А. Байракымов [32] екі айлық бұзауларды іріктеп, оларды екі топқа бөлген, бірінші топтың құрамының 25 пайызы қытайбұршақ дәні бар кешендік, ал екінші топты ақуыз қоспасыз концентраттармен жемдеген, алты айлық жасында бірінші топтағылардың тірілей салмағы 199,6кг құрап,  орташа тәуліктегі салмақ қосуы 940-1081 г болған, ал екінші топтағылар 728г.

Қытайбұршағы және биологиялық азот. Жыл сайын ауылшаруашылық өнімдермен, егістік алқаптардың көлеміне сәйкес, түсіммен топырактан азот алшактанады. Егер дәнді дақылдардың 25ц/га түсіміне қажетті азотты есептесек; 14млн га-1,4млн т. азот қажет болады. Ол дегеніміз топыракты толтыруға қосымша көздерін табуға әкеледі. Біздің планетамызда азоттың бірінші бастауы -ауа, әр гектардың үстіндегі ауа құрамында 80мың т. әйтседе осы мол қорларды адам ағзасында мал ағзасында пайдаланылмайды. Олар азотты өсімдік ағзасымен синтезделген ақукыз түрінде тағаммен және азықпен алады [30]. 1га азот қоры-5-15мың кг, соның ішінде 1% өсімдіктер қоректенуіне жарамды, жылжымалы формалар.  Осы мол қорлар, ерекше топты микро ағзалардың тіршілік барысында дәлірек айтсақ биологиялық жолмен,  жыл сайын толтырылып отырға [30]. Биологиялық азоттың жер өңдеудегі маңызы зор. Ауылшаруашылық өнімдерімен жер шарында топырақтан 100-110 млн. т. азот алынады. Ал минералды тыңайтқыштар тек 12 млн. т. орнын толықтырады. Азоттың биологиялық байланыссыз ақукыздың синтезін және жер бетіндегі барлық тіршілікті елестету мүмкін емес [32]. Маңыздылығы жағынан азоттандыру процессін фотосинтез және тыныстанумен бір қатарға қоюға болады. Жер өңдеуде биологиялық азотқа Д.Н.Прянишников т.б. [33] үлкен маңыз берген: «Химиялық өндірісті толық жетілдіре отырып әрбір техникалық азотқа көбірек биологиялық азот қосу керек, яғни азот мәселесін тек химиялық өндіріспен шешу - мүмкін емес» - деп жазған. Азот жинау жолына, яғни биологиялық тәсілге көбірек көңіл бөлу қажет. Топырақта еркін өмір сүруші азот бактериялар және клостридиум бактериялардың атмосфералық азотты топырақта байлау (фиксациялау) нәтижесінде топырақ биологиялық азотпен толықтырылады. Бұршақты өсімдіктердің тамыртүйнек бактериялары арқылы да толтырылады. Ауылшаруашылық өндірістікте соңғысының практикалық маңызы зор. Бұршақты өсімдіктермен бірігіп тіршілік ету нәтижесінде олар ауадан көп мөлшерде азотты алады. «Беде, жоңышқа, люпин әр 200 мың гектар алқабы, дұрыс өңделген жағдайда, бір жылда 30 мың т. азотты құрайды, ол қуатты азот өндіру комбинатпен тең, ал суармалы жағдайда жоңышқа төрт орымда  одан екі есе құрайды» [34].  Қазақстан бойынша бұршақты дақылдардың азотпен байыту туралы мәліметтер аз, алайда өнімді көбейту және ауыспалы егістікті қолдануға байланысты топырақты, ауа – райы жағдайын анықтай отырып, ауылшаруашылығы ғалымдары мен мамандарына азот жинаудың накты сандық көрсеткіштерін және бұршақ дақылдарының түрлері бойынша азотпен байытуын білу қажет. Мысалы З.М.Яковлеваның [35] сынақтарында Алматы    облысының   ақшыл-   сарғылт топырағында және Қызылорда облысының шалғындық-сазды топырағында, сояның ауадан алған мөлшері 174-310 кг/га, сиыржоңышқа -257, шабдардың-304, пажитниктің-250, донник-257, жоңышқа-300 кг.  Қызылорда облысында, тамыртүйнекті бактерияларының беделді штаммдарымен жұқтырған топырақта гектарына40кг-ға шейін азотты құраған. Қазақстандық жер шаруашылығы ҒЗИ -ы топырақты азотпен байытуын үш тәсілмен анықтаған: 1) азоттың тепе-теңдігінің мәліметі, 2) бұршақты және ақ егіс дақылдарының құрамындағы азот айырмашылығын есептеу.З) пайдаланған және пайдаланбаған өсімдіктердің азот айырмасы. Соңғысын тек қытайбұршаққа қолданған, өйткені нитрагинмен пайдаланса тамырдағы тамыртүйнек қалыптаспайды. Барлық үш тәсіл де егістік жағдайда-3,3% болады. Топырақ және тұқымнан азотты пайдалану коэффициентін пайдаланған [36]. Топырақта азоттың жиналған мөлшерін оның тамырдағы және қалдықтарынан алып есептейді. Кейде ол нақты болмайды. Нәтижесінде, біржылдық бұршақты дақылдар Іле -Алатауының етегінде ақшыл - сарғылт топырағында азотты аз мөлшерде жинаған, ал көпжылдық бүршақ тәріздес шөптер 1га/100-150кг жоғары азот қалдырған.

 

1.5 Қытайбұршақ дақылына тыңайтқыштар қолдану, арамшөптермен күресу шаралары

 

Ауылшаруашылық саласының егіншілік жүйесін дамытудағы негізгі мақсат-міндеттерінің бірі – егістік алқаптағы топырак қабатының құнарлы болуы мен оны сактау және ұдайы арттыру жолдары болып табылады. Мұндағы басымдылыққа егіншілікте ғылыми тұрғыда негізделген ауысымды егін егуді ендіру; топырақты ұтымды өңдеу жүйесін қалыптастыру; өсірілетін дақылға және топырақтагы макро- және микроэлементтерге байланысты органикалық жнне минералды тынайткыштар енгізу жатады. Егістік дақылдардан тұракты және жогары өнімді жинауда ғылыми негізделген ауысымды егістікті дұрыс пайдаланғанда жақсы нәтиже алынады.

Ауыспалы егісте қытайбұршақ отамалы дақылдардың арасында орналастырылады. Дегенмен қытайбұршақты күнбағыс пен жүгеріден кейін егу ұсынылмайды, себебі бұлар жақсы алғыдақыл болмайды. Қытайбұршақ алдын егілген немесе күнбағыс өсірілген егістікке жеті-сегіз жылдан соң орналастырылады. Өсірілген жағдайда қытайбұршақ егісі сұңғыламен қатты ластанады. Бұл дакылға жақсы алгыдақыл ретінде жаздық немесе күздік астық дақылдары, дәнді және сүрлемді жүгерілер жатады [37].

Қытайбұршақ дақылы жоғары өнімді күзде топырақты тереңге жыртқанда қамтамасыз етеді. Көктемде сүдігерді қайта жыртудың тиімсіздігін дәлелдейді. Көктемде мақсарыны себер алдында арамшөптер өркендерін жою үшін культивациялау дақылдардың өсуіне жағдай туғызады. Даққыл ерте егілетін болғандықтан, топырақты ерте культивациялау жақсы нәтижеге жеткізеді. Алматы облысы жағдайында С.Н. Прянишниковтың [38] көрсетуінше, мақсары дақылын соқаны пайдаланып 20-22см-де аударылған сүдігерге себу қажет. Мұнда тұқым себердін алдында сыдыра жыртқышпен 6-8см-де өндеу және екі-үші мәрте тырмалау қажет.

Терең жыртылған сүдігердің мақсары үшін тиімділігі мен тұқымды себердің алдында өңдеулерді жүргізу керек. Мақсарыдан алынантын өнім мол болуы үшін төменгі агротехникалық шараларды сақтау керек: ерте жыртылған сүдігерге себу, ерте көктемде жыртылу қабаты кеуіп қалмауы үшін тырмалау қажет. Талдықорған облысының ылғалмен қамтамасыз етілмеген тәлімі жерлерінде Г.С. Ақшановтың [39] тәжірибесі бойынша, қытайбұршақ себілетін танапты күзде соқамен 27-29 см терендікте жыртып және топырақты нығыздау және тұқым себудің алдында топрықа қопсытылуын және тырмалануын ұсынады.

Ылғалдылық мәселесі қуаңшылықта өте манызды деп бағаланып, топырақ қабатындағы ылғалдылық қорын реттегенде аса тиімді пайдалануға, булануды азайтуға бағытталған топырақ өңдеу тәсілдерін іздестіруге ерекше мән беріледе. Сондықтан астық пен мал азығының едәуір мөлшері тәлімі жерлерде өндіріледі. Дегенмен, тәлімі жерлерден өнім алу жаңбырдың мөлшері, егістіктердің сумен жақсы қамтылуына тіке байланысты. Үнемді технологиямен топырақты өңдеудің бірқатар экономикалық, экологиялық жетістіктері топырақтағы болатын әртүрлі эрозиялардың ұшырауын мүлдем жойып, қарашірік мөлшері артады және ылғалды жинау, сақтау мүмкіндігі жоғарылайды. Сондай-ақ тиімді ауыспалы егісті қолдана отырып, энергетикалық, егін шығындары азайып (30-40%), сапасы жоғары өнім алуға мүмкіндік туады.

М.Қарабаев, М.Васько [40] тұжырымдары бойынша, өсімдікті тікелей себу  және өсірудегі жалпы түсінік бойынша мынадай негізгі іс-шаралардан құралады: арамшөптерге қарсы өңдеу; тікелей егу + үстеп қоректендіру; өнім жинаудан кейін өсімдік қалдықтарын майдалап шашып қалдыру.

Әлемдік тәжірибелер көрсеткендей тікелей егу жүйесі мен технологиясын қолданғанда төмендегідей оңды нәтижеге қол жеткізіледі:

- жауынның мөлшері аз аймақтар мен құрғақшылық әсері тән аудандарда жерді механикаллық жолмен өңдеу ылғалдың буланып, топырақтың құрғауына әкеп соқтырудан сақтайды:

- жауын-шашын бірден қатты нөсерлетіп жауатын аймақтарда топырақтағы су эрозияларынан сақтайды;

- топырағының құрылымы нашар аймақтарда механикалық өңдеу кезінде құрғақшылықтан тез тозса, ылғал көп мезгілде топырақ кесектеніп кететіндігінен;

- дала жұмыстарын ерте бастауға және механикалық өңдеу жұмыстарына ауа райы кедергі келтіретін аймақтарда қолдануға ұтымдылығы.

Қазақстанның тәлімі егіншілік жерлерінде жел, су эрозиясына шалдыққан аймақтарында тікелей себу технологиясының атқаратын рөлінің болашағы зор.

Технологияның үнемді және тікелей егу жүйесінің шағын агроқұрылымдарға (фермерлерге) беретін негізгі артықшылықтарына: топырақ эрозиясы төмендейді және жарамсыздануы тоқтайды; алынған өнім құны азаяды; дақылдың еккеннен өнім жинарға дейінгі арақашықтығы барынша кемиді, бұл бірден екі өнім алуға тиімді; жерді пайдалану тиімділігі артады; өсімдіктердің су мен ылғалды пайдалануы жақсарады; топырақ кабатынынң физикалык-химиялық және биоллогиялык сипаттары жақсара отырып, топырақ құнары қалпына келеді, соның нәтижесінде өсімдіктің өнімділігі жоғарылайды; аймақта экологиялық жағдай жақсарады.

Тікелей себу тәсілінің артықшылығы ретінде дәстүрлі өңдеуге (аудара жырту) қарағанда, оның экономикалық-энергетикалық тұрғыдан тиімділігінде, топыраққа техниканың әсер ету мүмкіндігінің мейлінше азаюы нәтижесінде топырақ қабатының тығызданбауы, топырақты эрозиядан сақтау мен құнарлылылқ деңгейін арттыруы, топырақта су қорын тиімді жинауы және сақтауы, және басқа да ұтымды жақтарын қарастыруға болады. Сондықтан Қазақстанның оңтүстігіндегі тәлімі аймақта егістік танапты негізгі өңдеусіз мақсары дакылын тіке сеуіп-өсірудін ғылыми негізделген жүйелі жиынтығын жасау, өнімнің өзіндік құнын төмендету шаралары өсірілетін дақылдың көлемін арттырары сөзсіз.

Қытайбұршақ дақылын өсіруде тыңайтқыштарды қолдану. Бұл дақыл N, P және Ka элементтерін вегетациясының барлық кезеңінде бірдей қажет етеді. Дақыдын қорекзаттарды жалпы қабылдауы вегетативтік және генеративтік массаларының өсуіне байланысты көбейіп отырады. Аса көп қажеттілік кезеңі –гүлдену сатысы болып табылады. Осы кезеңде топырақтан барлық қажетті мөлшерден, 60% азот, 80% фосфор қышқылын және 90% калийді қабылдайды. Қытайбұршақ топырақ талғамайтындығына қарамай, өсіп-дамуында азот тыңайткышын енгізуге байланысты өнімділігі бақылаумен салыстырғанда гектарынан 9,8ц жоғарылаған. Ал, фосфор, калий тыңайтқыштарын енгізуде өнімділік гектарына 2,9ц артқан. Бұл зерттеу жүргізген аймақтың топырағы алдын анықталғандай азот аз, фосфор орта және калий жоғары мөлшерде болғанымен сәйкестелген.

Азот - өсімдік биіктігін, себет санын, 1000 дән салмағын, тұқымшадағы белок мөлшерін арттырады. Сабақтану - шанақтану сатыларында азотты көп беру майлылықты төмендетеді. Қ.Н. Жайлыбай, Қ. Бәкірұлы [41] мәлімет-терінде «Агро-Л» өсу реттегіші мен минерал тынайтқыштардың мақсары өніміне әсерін зерттеп егістікке форфор тыңайтқышы аз мөлшерде, ал азот (N90P90 кг/га) енгізілгенде және егісті «Агро-Л» өсу реттегішімен өңдегенде қосымша өнім гектарына 2,2-3,4ц болған. Азот тыңайтқышының мөлшерін N120P90 кг/га көбейтіп және «Агро-Л» өсу реттегішін енгізгенімізде дән өнімі артқан жоқ. Бұның себебі мақсары өсімдігінің көп бұтақтанып, егістің қалыңдап кетуі.  Марганец микротыңайтқышын гектарына 500 г мөлшерінде бүрку өнімділікті 1,04-1,45т-ға арттырған. Қытацбұршақ топырақ типтеріне жоғарғы талаптар қоймайды. Дақыл өсірілетін танаптарга органикалық-минералды тынайтқыш қосу дақылдың өнімділігін және сапасын жоғарылатады. Көптеген зерттеулерде егістікке гектарына 40-60кг мөлшерде азот және фосфордың беру керектігін айтылады.

Егіс даласында қытайбұшақтың Тага сортына суарудың әртүрлі тәсілін тиімділігі тыңайтқыштар мөлшерін NO3 25 және 50, Р205 10 және 20, сонымен қатар калийдің мөлшері жоғары етіп, қазан-ақпан айларында сазды топырақта өсіріліп оның қорытындылары келтірілген [41]. Ең жақсы өсу эвапотранспи-рациямен суаруда болған. Азот тыңайтқышын енгізгенде өсімдіктің бойы, бұтақтарының саны, гүлінің саны, 1000 дән массассы  мен тұқымы, сабағының түсімділігі жоғарылған. Сонымен қатар фосфор тыңайтқышын ендіргенде де тұқымның түсімділігі, артқаны, алайда өсімдіктің биіктігі өзгермеген. Тыңайтқыштың мөлшерін N25Р10 қолданғанда, тыңайтқыштардың мөлшерін одан әрі жоғарылатқанда тұқым түсімділігінің артуы айтарлықтай көбеймеген. Мақсарының N-62-8, Тага және Вhіmа сорттарын раби мезгілінде суармалы емес жағдайда 2жыл сазды топырақта өсіріп, себу кезінде немесе себуге дейін 20-10 күн қалғанда тыңайтқыштарды N40Р30 және N80Р60 мөлшерінде еңгізді. Сорттар азот және фосфордың болу мөлшеріне байланысты едәуір ерекшеленген. Басқа сорттармен, әсіресе N-62-8 сортымен салыстырғанда, Вhіmа сортының тұқымы мен сабағында тыңайтқыштар молшері бірталай жоғары болып, N және P мөлшерін арттырған сайын барлық сорттардың тұқымы мен сабағында ұлғайғна. Бұл өз кезегінде себуге 10 күн қалғанда тыңайтқыштарды енгізу тиімді екендігін аңғартады.

Үндістанның Пенджаб штатында В.S.Еkshinge, V.D.Sondge [42] тәжірибелерінде, қытацйбұршақты раби мезгілінде, яғни суарылмайтын жағдайында өсірілді. Тәжірибені Парбхани тәжірибелік егісінде аз сілтіленген, азоттың мөлшері төмен, фосфоры орташа, калий мөлшері жоғары сазды топырақта жүргізді. Тыңайтқыштың N40Р30 және N80Рб0 мөлшері себуге 20-10 күн қалғанда және себу кезінде енгізілді. N-62-8, Тага және Вhіmа сорттарының тұқым түсімділігі тыңайтқыштарсыз гектарына 632кг; 1209кг және 1299кг, ал N40Р30 болғанда гектарына 1077кг; 1347гк және 1759кг-ға жеткен. Басқа сорттармен салыстырғанда Вhіmа сортының түсімділігі тыңайтқыш-тармен де, тыңайтқыштарсыз да жоғары болды. Осы тәжірибелерден кейін суарылмайтын жағдайда Вhіmа сортына себу алдында немесе себу кезінде N40Р30 тыңайтқыштарын еңгізе отырып өсіруге ұсыныс берген.

Р.М. Медеубаевтың  [43] зерттеулерінде, қытайбұршақты себу (гектарына 0,3, 0,4 және 0,5 млн.дана) және минералдық тынайтқыш ендіру (N0, P0, N15, P15, N30, P30 және N60, P60) бойынша, тәжірибе жүргізіп дақылдың өнімділігі мен дән сапасына әсерін зерттеген. Нәтижесінде дақылдың жиі егілуі барлық нұсқада мың дәннің массасының азаюына әкеліп, ал тыңайтқыш енгізілуіне қарай бір өсімдіктегі қауашақтың саны 2дана көлемінде, ал қауашақтағы дәннің саны 2-3данаға артып, бұл көрсеткіштерге байланысты дәндегі майдың құрамы өзгеретіні көрсетілген. Қытайбұршақты себу мен тынайткыштар берілуіне қарай 1000 дән салмағы 30-50 г аралығында ауытқыған.

В.S.Еkshinge, V.D.Sondge [42] зерттеулерінде қыс мезгілінде жазғы мезгілден қалған өсімдіктің калдыктары мен тынайткыштың төрт түрін қолданып, оның мақсары дақылының өнімділігіне әсерін зерттеген. Маш өсімдігінің тұқым түсімділігі, аталған элементтерді еңгізуге аз тәуелді болды. Бірақ қытайбұршақта маш өсімдігінің қалдықтарының болуына байланысты оның түсімділігі едәуір жоғарылады (894 кг/га). 15:40 кт N:Р205/га және 20:20 кг/К:Р205 /га алдыңғы жаз мезгілінде мақсарының тұқым түсімділігін біршама жоғарылатты (923 және 866 кг/га). Қытайбұршақ өсімдігіне бұршақ тұқымдас өсімдіктердің қалдықтары және тыңайтқыштарды енгізу туралы ұсыныстар жасады.

Қорыта келе, қытайбұршақ егісіне ғылыми тұрғыда негізделген минералдык тынайткыштар ендірілгенде алынатын өнімды арттыруға мүмкінік бар. Демек өнделмеген егіс танабында қытайбұршақ дакылын тіке сепкенде минералды тыңайтқыштарды енгізіп жауын-шашыннан кейін тырмалау өте тиімді агротехнологиялық шара.

Егістіктегі арамшөптермен күресу шаралары. Республиканың оңтүстігінде қытайбұршақты соңғы жылдары 60 мың гектарға өсіріледі. Бірақ тәлімі егіншілікте алынатын өнімі гектарына шаққанда 3,5-4,0ц құрап отыр. Қытайбұршақтан алынатын өнімнің төмен болу себебі егістің арамшөптермен көп ластануынан. Сонымен қатар күздегі топырақты жыртудан өңделетін қабаттағы арамшөп тұқымдары төменгі қабатпен араласып қатты ластанады, яғни арамшөптердің дәндері ұзақ жылдары ешнәрсеге зақымданбайтын жерде сақталады. Кейінгі уақытта бұл өңірде қытайбұршақ егісінде арамшөптердің шектен тыс көбеюі байқалуда. Оңтүстік өңірде қытайбұршақ өсіретін агроқұрылымдар егіс алқаптарында алдын-ала зерттеу шараларын жүргізу нәтижесінде арамшөпттердін жиырмадан аса турлері мен бір шаршы алаңдағы саны 54 данада анықталып, сол себептен мақсары өнімділігі 30-40 пайызға төмендеуде. Оңтүстік өңіріндегі сұр топырақты үнемді технологиямен өңдеуде бұл тәсілдің арамшөптердің түрлері мен құрамына әсерін зерттеп біліп және олармен кешенді күресу шараларын жасақтау қажет. Шет мемлекет ғалымдарының зерттеу мәлімепттері бойынша топырақты үнемді өңдеу тиімділігі энергетикалық және қаражат шығынын азайтады, топырақты эрозиядан қорғап, ондағы пайдалы ылгалқоры сақталады -деген тұжырымға келген. Егістіктерді тиімді пайдалану мәні өсімдіктердің өсуіне ыңғайлы жагдай туғызып қана қоймай, топырақты өңдеу жүйесін дұрыс таңдау, яғни топырақ типіне, жарамдылығына байланысты үнемді өңдеу технологиясын енгізудің негізгі факторы осында жатыр.

Нарықтық экономикаға өткен көптеген шет мемлекеттерде бұл бағыттағы алуылшауаршылық дақылдарды өсіруде, зерттеу жұмыстарында кең көлемде етек алып  келеді, дүниежүзілік қауымдастықтарда тікелей себу технологиясы-мен дақылдарды өсіру 2004 жылы 90 млн. га жетті. Жиырмасыншы ғасырдың аяғында бұл технология тек батыс мемлекеттерінде кең таралса, ал қазір мұндай егіншілік жүйесі Индияда, Пәкістан, Қытай сияқты үлкен мемлекеттерде кең көлемде енгізілуде. Үнемді технологияны жетілдіруде негізінен арамшөптерді жоюға көңіл бөлінуі тиіс. Қазақстанның оңтүстігі жағдайында қытайбұршақ жаздық дақыл ретінде ерте көктемде егіледі, сондықтан арамшөптердің дамуын алғаш өне бастаған кезеңінде жою қажет. Сонда ғана мақсары дақылының өсіп-өнуіне кедергі келтірмейді.

ОҚО-да 2001-2005 жж. Д.А.Сыдықтың [44] жүргізген зерттеулерінде  қытайбұршақтың алғашқы өсу кезеңі 30-40 күнінде баяу өседі. Бұл аралықта өсімдіктің тамыр жүйесі түзіледі. Сондықтан осы кезеңде арамшөптерге қарсы күресу шараларын жүргізудің маңыздылығы бар. Яғңни егістіктегі арамшөптердің шаршы алаңдағы санының дақыл өнімділігіне әсерін анықтауда 6 біржылддық және 2 көпжыллдық арамшөпттер кездескенде гектарына алынанытн өнімділік 8,8ц болып, ал арамшөптер саны көбейген сайын, яғни біржылдық арамшөптер 15 дана + көпжылдықтар 5дана болған жағдайда өнімділік көрсеткііші гектарына 4,5ц-ге төмендеген.

Негізінде егістіктегі арамшөп тұқымының өнімділігі бойынша көптігімен ерекшеленеді. Мысалы, ақ алабұтаның бір түбі 1000 дән берсе, қызылқұйрықтан – 500, сарбаскурайдан 790 мың дән алуға болады. Арамшөптердің тұқымдары топырақ құрамында көптеген жылдар бойы өзінің өнгіштік қасиетін сақтап отыфрады. Саны жағынан мәдени өсімдіктерге қарағанда жүз, мың есе көп болады.

Х.Х. Хабибрахманов, В.Ф. Мареевтердің [45] зерттеулері көрсеткендей, Татарыстанның орманды сүр топырағында гербицид қолданғанда топырақ негізгінде жеңіл өңделеді, сыдыра жыртуды аудара жыртумен және сыдыра өңдеуді сыдыра қопсытумен алмастыруға болады. Ылғалды жылдары топырақты негізгі терең өңдеудің жоғарғы қабатын өңдеу немесе нөлдік тәсілмен алмастыруға болады. Негізгі жеңіл өңдеу жағдайында гербицидті міндетті түрде қолдану қажеттілігі туындайды.

С.Б. Кененбаевтың [7] мәлімдеуінше, тәлімі егіншілікте топырақты өңдеу ерекшелігіне байланысты арамшөптер топырақты өңдемей тікелей себуде көп болып, ең бастысы арамшөптердің өсуі топырақтың ылғалмен қаншалықты қамтамасыз етілгеніне қарай 2001 ж. Жауынның көлемі 214,3мм болғанда, бір шаршы алаңдағы арамшөптер саны 12-16 дана болса, 2002 жылы жауын мөлшері - 813,1мм 2003 жылы – 327мм құрап, топырақты өңдеу нұсқаларына қарай арамшөптер саны 102-146 дана/м2 артқаны байқалды.

Ауылшаруашыллык дақылдар егістігіндегі арам шырмауық және басқа да арамшөптерге қарсы «Цинамид» фирмасы шығарған Пивот 10%, с.к. препаратын ұсынады. Бұл гербицид бір ғана өңдеуден егіс алқаптарды арамшөптерден толық арылу, дақыл дамуынның соңғы кезеңінне дейін жалғасады. Р.М. Медеубаев, М.Н.Жамалбеков, Б.Ж.Тагаевтердың [46] есептеуінше, егістің ластануы қытайбұршақты қыс мезгілінде себілген мерзімінде жоғары болып үш жылдық орташа 76; 59; 56 дана/м2 болса, наурыз айында себілген нұсқаларда 45-35 дана/м2. Егістің ластану дәрежесінің төмен болуы, себу мерзімі кешеуілдеп арамшөп өскіндерін егу барысында механикалық жолмен жойылғаны анықталған.

Укекіре өсімдігінің егісте жаппай өсуінен елімізде жылына үш миллиард теңге көлемінде зардап шегуде. Соның салдарынан егістіктерн алынатын өнім сапрасы да төмендееп, өндірілетін ұн дәмінің ащы болуына, мал азығының нашарлаауына алып келеді, нәтижесңіне оны малдар жемей, әсіресе жылқы малдары тез уланып, өлу қаупін тудырады. Сондықтан карнатиндік өсімдіктке жататын укекірені жаппай жою агротехнологиялық шаралардың негізгісі болып табылады. Бұл өсімдіктің биологиялыөқ қасиетін агротехнологиялық әдіспен тиімді гербицидтерді біріктіре қолдану, жатаған укекіренің қаулап өсуін тоқтатып, мадени дақылдың өнімін төмендетпей жоғарылатуға болады. Астық дақылдарын орғаннан соң топырақ қабатын сыдыражырту бұл өсімдіктің көкшыбық, сабактануында Ураган препаратын гектарына 4,6л, Ураган+ Эстерон (гектарына 4,6+1л) препарататарын, немесе Ураган+Диален супер 480с.е., Ураган+Секатор, Ураган+Лонтрел біріктірілген қоспаларын шашу арқылы фотосинтездік процесте гербицидтерді пайдалану қажет. Бұл гербицидерді шашқаннан кейін 10-15 күннен сон топырақты 27-30см, 1 айдан соң 60-65см тереңдікте жыртып, каранттаиндік өсімдіктің бірнеше жыл бойына пайда болмауына жағдайлар жасалынады. Зерттеушілердің айтуы бойынша қолданылған гербицидтер қоспасы 30 күннен кейін гидролиздік процеспен өсімдік құрамындағы инуллинді ажыратып, укекіре қалың өскін жерлерде қыршуышпен бір мезгілде тереңдгі әртүрлі (10-12см; 14-17см; 18-21см) жатаған укекіренің тамырларын қырқу керек.  Мысалы, Ураган гербицидін 4л/га қоланғанда оның тиімділігі егістікті өңдегеннен соң 6-7күнде белгілі болып, Стинг гербицидімен гектарына 6 литр өңдегенде 9-11күнде нәтижесін көруге болады. Әсіресе, аталған гербицид жапырақ көлемі жалпақ келетін арамшөптерге қарсы қолданылғанда үлкен нәтиже беріп, арамшөп қауызы пайда болғанда тиімді екнедігін анықтаған.

Қытайцбұршақтың өскіндері шыққанға дейін Нейтран, 30% э.к. гербициддін гектарына 4-6л, Стомп, 33% э.к. - 4-6л және Фронтьер 90% э.к. - 1-1,3л қолданғанда алаң бірлігіндегі арамшөптердің саны Фронтьер гербицидті гектарына 1,2л қолданған нұсқада 93,2% кеміп, өнімділікті 12,9ц арттырған. Мақсарының жапырақ түзілу кезеңінде егістіктегі арамшөпке қарсы Базагран 48% э.к. гектарына 2-3л, ал Арамо 50% э.к. 1,2-1,5л қолданған нұсқаларда жақсы нәтижеге Арамоны гектарына 1,5л қолданған нұсқада шаршы алаңдағы арамшөптер саны 96 пайызға дейін жойылып, өнімділігі гектарына 14ц құрағаны анықталған.

Ш.У. Жарасов, Қ. Ішкібаев [47] зерттеулерінде, тәлімі егіншіліктегі кең тараған арамшөптің түрлерін анықталған: эфимерлер -70%, астық тұқымдастар -10%, көп жылдықтар -15%, крестігүлділілер -5% құрайды. Көптеген эфимерлердің даму кезеңі 16-30 күнге созылып, мәдени дақылдың өсуіне қауіп келтірмейді. Дегенмен тікелей себуде арамшөптер саны кәдімгі технологиямен салыстырғанда 17% артық болғаны және оларға Фюзилад-супер гербициді қолданылып арамшөптерді минимумға дейін қысқартқаны айтылған.

Ж.К. Есбергеновтің [48] деректерінде мақсары егістігінде өсімдіктін дамуының бастапқы 20-30 күнінде арамшөптерден көп зардап шегеді. Осы мерзім ішінде егістікте арамшөптердің көптеген түрі анықталған. Мұнда саны мен салмағы жағынан егістік шырмауығы (Convolvulus arvensis), жабысқақ қызылбояу (Galium aparine), егістік майданшөп (Spergula arbensis) сияқты арамшөптердің үлесі басым. Соған байланысты мақсарыны егіп өсіруде арамшөптерге қарсы күрестің тиімді тәсілдерін қолданған жөн.

Қытайбұршақтың арамшөптермен айрықша бәсекелесу қабілетін зерттеген А.С. Досжанова [49] оның кең қатарлық егістігінде тұқым өркен бергенге дейін арамшөп өсе бастағанымен өскін сатысының соңына қарай басқа өсімдік түрлері өздігінен жойылып кететінін байқаған. Мұндай таңданарлық жағдайдың себептері мақсарының топырақ қабаттарында және жердің бетіне шығуда даму мүшелерінің агресивті қасиеттерінен туындайтынын байқаған. Дақылдың даму кезеңдері қысқа арамшөп түрлері (эфимерлер) кең таралу заңдылығымен анықталады. Сондықтан Қазақстанның оңтүстігіндегі тәлімі аймақтағы қытайбұршақ егісінде арамшөпке карсы гербицид қолдануды дұрыс таңдау, танапты арамшөптерден тазартып, тұрақты өнім өндіруге қол жеткізеді.

 

1.6 Қытайбұршақ дақылын себу мерзімі мен тәсілдері

 

Қытайбұршақты себу мерзімі. Бұл дақылдан сапасы жоғары өнім алу үшін кешенді агротехникалық шараларды уақтылы жүргізу және топырақтың потенциалды мүмкіндігін толық пайдалануға қол жеткізіледі, технологияның негізгі буындарына себу мерзімі мен тәсілдері, оның мөлшері жатады.

Уақыт, тәсіл және себу мөлшері тұқым сіңірілу тереңдігі - олар негізгі нәтижемен қамтамасыз етуші, егістің маңызды элементтері болып табылоады. Бұл сұрақтарды шешудің жалпы жауабы жоқ, сондықтан оларды жеке жағдайларына байланысты шешу керек.

Әдебиеттерге шолу жасай отыра байқағанымыз, қытайбұршақ дакылын өсірілетін барлық аймақтарда оны ерте көктемде себу қажет екендігі айтылады.  Себебі ерте көктем мезгілінде егілген дақылдың танапта өскін беруі тез жүріп,  бес күннің ішінде жер бетіне өсіп шығады. Ж.К. Есбергеновтің [76] зерттеулерінде қытайбұршақты қыс түсердің алдында егуге болатындығы айтылады.  Ғалым мәліметтері бойынша, Зайсан аймағында дақылды октябрьдің аяғы – қазанның басында еккен дұрыс. Бұл дақылдың жоғары өнім беруіне ықпал етеді.

Қытайбұршақ себудегі қолайлы уақыт ерте себілетін жаздықтармен қатар жүруі тиіс. Мыысалы, «қытайбұршақты» қолайлы себілу мерзімі - көктем, ерте себілетін астық дақылдарымен қатар болады. Сонрымен қатар дақылды ерте себумен қатар қыстың алдында себу қажет. Қыстың алдында себілген қытайбұршақтың тұқымша өнімділігі ерте көктемде себілгенге қарағанда 51-63% жоғары болады. Республиканың солтүстігінде қытайбұршақөты агроклиматтық үйлесімді ыңғайлы мерзімде себуге 4 себу мезімі алынған: 1- ерте (топырақ қызуы 10-120С), 2 –орташа ерте, 3-орташа, 4- кеш. Кейінгі себу аралығы 7 күн. Дақылдың өніп-өсу кезеңіндегі температураның тиімді жиынтығы 1000 0С-тан төмендегенде өнім азайып, су тұтынуы артады. Сондықтан 25 мамырдан кейінгі себу мерзімі температураның жетіспеушілігіне әкеп  соғып, қауіпті күшейтеді [51].

Қазақстанның оңтүстігінің тәлімі жерлерінде қытайбұршақты қыстың жылынған кезеңдерінде (қаңтар-ақпан) себу керек. Республиканың әртүрлі аудандарынна зерттеу жүргізген ғалымдар бірдей пікірге келіп, қытайбұршак өте ерте себілетін дақыл деп санайды. Олар өз қөзқарастарын былай түсіндіреді, қытайбуршақ себуші негізгі аудандарда жаңбырдың көп мөлшерде түсуі қыста және көктемде болажды, сондықтан ылғалмен ең жоғарғы қамтылуы тек қана көктем; екіншіден мақсары тұқымы өте төмен температурада өнеді. Жаздық дақылдар өнген температурада мақсары да бүршіктенеді А.Я. Максимова, С.А. Гевориянцтардың [52] есептеуі бойынша, қытайбұршақ өскіні көктемгі 6-7°С үсіктен қорықпайды, үшіншіден қытайбұршақ тұқымы ылғалды қабатқа түсуі керек, себебі өнуі үшін ылғалды көптеп қажет етеді, төртіншіден, ерте егілген дақыл зиянкестермен аз зақымданады және майлылығы жоғары болады, бесіншіден, кеш себілу егістің сиреуіне әкеліп соғады, өсімдік нашар дамиды, осының барлығы өнімділіктің төмендеуіне себепкер болады. Сондықтан сатыаралық кезеңнің ұзақтығы және вегетациялық кезеңнің жалпы ұзындығы қысқарады.

Қытайбұршақ өсімдігін жазғы мезгілде сепкенде оның гүлдері негізгі сабақта 11-13 жапырақтары толық қалыптасқанда ғана пайда бола бастағанын бірқатар ғалымдар тұжырымдайды. Гүлдеу мерзімі ноябрьдің орта тұүсына дейін созылып, өсімдіктнің гүлдеуі тек ұзақ күн жағдайында емес, қысқа күнде де (8 сағат) байқалған. М. Қоңырбековтың [53] деректерінде дақылды себетін мезгіл шілде айының ортасынан аяғына дейін болғанда, оның гүлдеуі қыркүйектің ортасынан қазанның аяғына дейін созылған. Соңғы кездері дақлдың егістік аланы 86-90мың гектарды құрағанымен, оның өнімділігі әлі төмен. Мұның себебі қытайбұршақ дақылын құрғақшылыққа төзімді деп диқандар сәуір айының ішінде немесе мамыр айында егеді. Бұл қате түсінік, яғни технологияны сақтамау деген сөз. Облысымызда аудандастырылған Нұрлан сортына жердің бетінен қар кетіп, топырақтың қызуы 3-40С болған кезде себу қажет. Демек ақпан айының соңғы 10 күндігі мен наурыздын алғашкы 10 күнідігінде себілген тұқым жердің бетіне түгел шығып, өсімдік жақсы өсіп, өнімділік артады.

Ауыспалы егістікте қытайбұршақты соңғы танапта орналастырылғаны жөн. Себу мөлшерінің гектарына 11-17кг не гектарына 300-400 мың дән болғаны дұрыс. Ол кәдімгі астық себетін сеялкамен 3-4см терендікте себіледі. Қатар аралығы 30-35 см, яғни шүмектің біреуін бекітіп қою қажет. Ауаның орта темпеарутарсы 5-13°С болғанда дақылды, ал топырақ температурасы 5°С жоғары болғанда себеді. Оңтайлы мерзімде ерте себу өнімділікті жоғарылатады.

Күн сәулесінің түсуіне дақылды себу мерзімі тікелей байланысты, себебі бұл ұзақ күндік өсімдік. Топырақтың 5 см қабатында 4°С жылынғанда тұқым өне бастайды. Дақылдың себу мерзімі сабақтың биіктігіне және тұқым сапасына, даму кезеңі ұазықтығына және өнімділікке әсер етеді. Температура үйлесімді болған жағдайда ерте себу өнімділікті жоғарылатады.

Тәжірибе жұмыстарын топырақтың тұздылығы рн=7,9 құрайтын, азоты төмен, фосфоры орта, калийі жоғары құрамды топырақта, сепкенге дейін және 40 күн өткен соң азот пен фосфор тынайткыштарын қосып, себу мерзімінің тиімділігін бағалау мақсатында жүргізді. Өсімдіктің биіктігін, өсімдіктің көлденеңінің, бұтақтардың санын, гүлдеуін, тұқым саны түсімділігі (оның 1 гектарға түсімділігін), 1000 дән салмағын және тағы басқаларын В.М.Patel, S.G.Sabаrіа, [54] анықтаған. Орташа алғанда сорттарды себу мерзімін 20, 30 қазанда және 9 қараша болғанда тұқым түсімділігі төмендегідей болады: 1840; 1632; 1338 және 799 кг/га. Вhіmа, Тага, Маnуіrа, А-І және NRS-209 сорттарының тұқым түсімділігі орташа себу мерзімінде 1771; 1321; 1207; 1250 және 1461 кг/га. Вhіmа сортының себілу уақыты онынша қазан болғанда оның биіктігі және түсімділігі жоғары болып, нәтижелі қорытындылар алынған. Сондықтан тәлімі жерлерде қытайбұршақ дакылын көктемнің ерте мерзімінде себу оның ылғалдылық қорын тиімді пайдалануға ықпалын тигізеді.

Мақсары дақылын себу тәсілі. Ауыл шаруашылық дақылын өсіру технологиясында топырак кабатын механикалық жолмен өндеу жаңалық емес. Ресей ғалымдары мұны жеке элементтер түріндегі жұмыстарында, көп жағдайда алаңдар дәстүрлі технологиямен топырақты өңдеуде 20-30% өңдемей тікелей себу тәсілімен қамтылу әлемдегі егіншілік талдау тәжірибесінде көрсеткен. Өңдемей тікелей себу тәсілінің тиімділігін айта келе, бәрінің тұрақты жағдайларын балап олардың жақсы және кері әсерін зерттеп жерге байланысты уақытша климаттық, басқа факторларды қолдану. Біздің ойымызша, топырақты өңдемей тікелей себу тәсілі және минималды өңдеуде танаптың ластануының төмендеуі көп жағдайда аңыздық қалдықтарды топырақтың бетін жапқан түрінде қолданғанда байқалады.

А.К. Киреев, Е.Қ. Жүсіпбековтердің [55] мәлімдемесінде, бүгінгі таңда жер өңдеудің әдістемелік принциптерінің бірі – минималды өндеу, ол топыраққа механикалық өңдеудің кері әсерін төмендетеді, шаңдануы, топырақтың тозуын алдын алып, ылғалдың сақталуын қамтамасыз етіп энергия шығынын азайтады да, материалдық және еңбек қорын үнемдейді. Бұл дакылды өсіруде басты орын оның себу әдістеріне байлапнысты, сондықтан алыатын дақылды өсірудің алаңын дұрыс орналастыру қажет. Мұнда басты роль топырақтың ылғалды қорына, қоректік қажетті заттарына және күн энергиясыына байлланытсы. Сондыктан себу кезінде жаңа құрал-жабдықтар, машиналарды пайдалана отырып, өсірудін ұтымды әідістерін өндіріске ендіруді ұсыну қажет. Мұндай шаралар егіншілік жүйесін жоғарылатуда жерді өнднудің іс-шараларының өзгеруіне байлансты жүргізіледі.

Бұл бағытта қазір жан-жақты материалдар жинақталған. С.Г. Чикалиннің [56] зертеулерінде, қазір дүниежүзіндегі егіншілікте 20млн гектардан астам егін алқаптары үнемді технологиямен өңделіп, 70 млн.-ы тікелей себу технологиясы-мен, яғни жерді негізгі аударусыз жүргізілуде. Мұндай технология өнімділікті тұрақтандырып қана қоймай, ауа райына тәуелділікті азайтты, құрғақ климат аймақтарда топырақ эрозиясының алдын алды, топырақтағы қарашірік құрамын арттыруға мүмкіндік туды, жанар-май мен еңбек шығынын екі есеге қысқартты.

Көптеген экспериментальдық зерттеулердің шешімдері негізінде өнімділігі жағынан бірінші орында кен қатарлы себу әдісі тұрса, бірақ жеке әдебиет көздерінде бірінші орынға жай қатармен себілген нұсқалардан алынады. Көптеген авторлардың ұйғарымынша "қытайбұршақ қалыпты отамалы дақылдарға жатады". Мақсарынын өнімділігі өсірілген техноллогияға қарай топырақты өңдеу ерекшелігіне және ауыспалы егіс орнына байланысты өзгеріп, дәстүрлі технологияда өнімділік көрсеткіші гектарынна 8,8ц, үнемді технологияда 9,1ц, тікелей себуде 9,9ц болған. Қытайбуршакты әртүрлі тәсілмен қараралықтарын 30, 45, 60см-де сепкенде ең жоғарғы өнімді 60см-лік қатар аралықпен себілген нұсқада алынған.

Әдебиеттерде қатар аралық ені мен бір қатардагы өсімдік арақашықтығы туралы біркелкі пікірлер жоқ. Қытайбұршақты дискілі сепкіштермен аралығын 60-70см-мен себу керектігі көптеген ғалымдар зерттеулерінде айтылғанымен, дакылды кеңқатармен аралықты 45, 60см-де себу туралы мәліметтер бар. Дакылдан жоғарыөнім алу үшін қатар аралығын 45см қылып себу қажет. Ылғалдылығы жақсы аудандарында қатараралықты 30см-ге дейін азайтуға болады [56].

Қытайбұршақьы ерте дәнді астық дақылдармен бірге кең қатармен егуді С.Ф. Тихвинский [57] ұсынып, қатараралығы 45-60см болатын, арамшөптермен ластанған жерлерді 60-70см-мен анықтап, СУПН-8, СПЧ-6, ССТ-12А сепкіштерімен себеді. Гектарына 10-13кг, яғни әрбір метрде 4-5 немесе 6-7 өсімдік болуы керек. Дақылдың себілу теренддігі 5-6 см. Себілгеннен кейін танап нығыздалады. Өсімдік көктеп шыққанға дейін, сонан соң тырмаланады. Егер топырақтың бетінде қатпар пайда болса, онда тісті тырмалар қолданылады. Вегетациялық кезенде 2-3рет, кейде 4 ретке дейін қатараралық өңделеді.

Дакылды 60 см қатараралықта және қатардағы өсімдіктер ара қашықтығы 27-30см-ді құрауы керек. Бірақ бұл ұсыныс негізінен құрғақ аймаққа қатысты. Алтай өңірінде жүргізілген зерттеулерде, қытайбұршақтың жергілікті жиілігі анықталып, дақылдың өнімділігі негізінен өсімдіктегі тостағанша санына, тостағаншадағы дән санына және олардың ірілігіне байланысты. Дегенмен өсімдік жиілігі жоғарыласа, бұл элементтердің барлығына қарама-қайшы әсер етеді. Демек, бір шаршы алаңдағы өсімдік саны 20 данаға дейін қалыптасса, өнімділік 30-50% артады. Сол себепті себілетін тұқым ірілігіне және егуге жарамдылығы 100% болса, себу молшері гектарына 8-10кг болуы тиіс.

Қытайбұршақтың әртүрлі қатар аралықтарын және өсімдіктердің арасын зерттеген көптеген ғалымдар төмендегідей қорытындыға келген, дақыл жоғарғы өнімді кең қатармен себілгенде береді, сондықтан қытайбұршакеты отамалы осімдікке жаткызуға болады. Бірақ, әдебиеттерде жай қатармен себудің басымдылығын дәлелдейтін материалдар кездеседі, мысалы арамшөптерден таза жерлерде жақсы көрсеткішті жай қатармен сепкенде алынған.

Красноводопад мемлекеттік тәжірибе станциясында 1942-1954 жылдар аралығында мақсарының себілу тәсілінің өнімділікке әсері зерттелген. Қытайбуршақты екі мезгілде (ақпан, наурыз) кең қатармен және жай қатармен гектарына 20 кг мөлшерінде тұқым себілген. Кең қатармен себілген нұсқаларда қатардағы өсімдіктер арасын 20 см қалдырған және қатар аралықты екі рет өңдеген, ал жай қатармен себілген танаптарға үш жапырақ өсіп шыққан соң екі рет тырмаланған. Себудің қатар аралығы 45-70 см дәнсепкіштермен жүргізеді. Жалпы жаз мезгілінде жүйектер 2-3рет аралық қопсытылуы тиіс. Қытайбұршақты кең қатарлап себуден кейін жүйек аралық қопсытылу жүргізілмесе, егістіктің арамшөптермен ластануы жоғарлап, өнімділік күрт азаяды. Қытайбұршақ тұқымдары егістік стандарт талаптарына сай, арамшөптердің ендірілуі әртүрлі дақыл тұқымдарынан таза өнгіштігі және сорттың сапасы жоғары дәрежеде болуы тиіс. Қытайбұршақ , күнбағыс дақылы сияқты айқас тозаңданатын болғандықтан, әртүрлі сорттарды орналастыруда аралықты сақтау қажет (аралығы екі-үш километрден жақын болмауы тиіс). Дақылды егуде қатар тіке болып тұқым біркелкі түсуіне көңіл аударуы, өсімдік жиілігі сақталып қатардағы өсімдік аралығы 30-35 см болуы қажет. Себебі мақсарының бұтақтануы жоғары болатыны ескеріліп негізгі екі жапырақ түзу кезеңінде бір гектарға 40-50 мың өсімдік қалдырып сиретілу үшін аралығы бұзылуы тиіс. Егер өсімдік жиілігі сақталмаса егіс алқаптан жиналатын өнім азаяды. Кең қатарлап себуде гектарына 10-12кг мөлшерінде, егілу терендігі 5-6см болса, егер тұқымды құрғақ топыраққа себуден алдын топырақ тығыздануы қажет.

Г.И. Катрич [58] төмендегідей қорытындыға келген, зерттеулердің көрсетуі бойынша, жай қатармен себілген қытайбұршақтың өнімділігі көктемде және қыста себілген мерзімдерде кең қатармен сепкендегіден жоғары болған. Тәжірибе шешімдерін талдай отыра мақсарыны тәлімі жерлерде қыс мезгілінде күн жылына бастағанда (қаңтар-ақпан) қарапайым қатараралыкта  гектарына 20-22кг мөлшерінде себілуі қажет. Қытайбуршақты шаршы және тік бұрышты ұялы әдіспен орналастыру екі бағытта өндеуді орындауға мүмкіншілік беріп, өнімділігін арттырады, егістік шығындары (күтіп-баптау) азаяды   және   келесі   егілетін   дақылға   топырақ   жағдайы жақсарады және шаршы ұялы тәсілмен сепкенде (45x45 см) әр ұяға 5-6 өсімдік салу қажет.

Жоғарыда көрсетілген зерттеушілердің пікірлері ескергенде, қытайбұршақ вегетация кезеңінде күтімді аса көп талап ететін екендігі, әсіресе өсуінің бастапқы кезеңінде байқалады. Дақылды екі рет түптегенде өнімділігі гектарына 6-8ц, ал күтіп баптамағанда өте төмен болады. С.С. Арыстанғұловтың [59] 2002-2003 жылдары жүргізілген тәжірибесінде, қытайбұршақ ықтырма дақыл ретінде «Ақ бидай» ЖШС танаптарында жаздың екінші жартысында екі ізді таспа әдісімен гектарына шаққанда 1-2кг себілген. Күз аяғында қытайбұршақтың биіктыгі 50-60см құрап, егістікте жиналған қар қалыңдығы 45-52см, көктемде 1 метр тереңдікте ылғал қоры 115-130 мм құраған. Нәтижесінде топырақтың ылғал қорын молайтып негізгі дақыл өнімдерін арттыратынын мәлімдеген. Қытайбұршақ дакылы күтіп-баптауды аса қажет ететін дақыл болғандықтан, біріншіден топырақтағы ылғалдың сақталуы тиіс, екіншіден – арамшөбтер жойылады, сөйтіп алынған косымша өніммен аяқталады. Дақыл өздігінен арамшөптермен күресе алмайды, сондықтан алғашқы тырмалау жұмысы екі жапырағы қалыптасқанда бастау керек.

Жүргізілген тәжірибелер нәтижелеріне сүйене отыра, қытайбұршақты бір жағынан отамалы дақыл есебінде қарауға болады, яғни қытайбұршақ егілген сон егістікте арамшөптер болмай, астықдақылды осімдіктерге жақсы алғыегіс бола алады, бірақ онда міндетті түрде арамшөптермен күрес жүргізілуі қажет. Екіншіден, арамшөптерден таза танаптарда оны жай қатараралыкпен себілетін дақыл есебінде қарастыруымыз керек. Көпшілік аудандардың тәлімі жерлерде мақсары дакылының оңтайлы себілуі қатараралық ені 60см және бір катардағы өсімдіктер арасы 21-25см болуы тиісті (әрбір шаршы метрде 8 дана өсімдік), ал Қазақстанның оңтүстігінің арамшөбі көп танаптарда мақсарыны 60 см қатар аралықпен, арақашықтығы бір-бірінен 10-15см, арамшөптерден таза танаптарда - жаппай жайқатар арқылоы себу ұсынылады.

Егісте оңтайлы өсімдік жиілігін белгілеу - өнімділікті жоғарылатудың нақты жолы болып отыр. Егіншілікте дұрыс себілу мөлшерін пайдаланғанда топырақ кабатындагы ылғалдылык пен қорекзаттарды тиімді пайдалануға және белгілі алаңнан алынатын өнім шығымын жоғарылатуға болады. Тиімді жолмен сепкенде әрдайым тұрақты көлем алынбайды. Ол топырақтың құнарлығымен, климат жағдайымен, егіншілік мәдениетінің деңгейіне, сорт және тұқым сапасына, себілу тәсілдеріне, мерзіміне, егістік өнгіштігіне және өсімдік сақталуына, түптену дәрежесіне және топырақтың арамшөптермен ластану  көрсеткіштеріне байланысты болады. Демек, егіс танабын өңдемей мақсары дақылын СЗС 2,1 дәнсепкішімен тіке себу тәсілі алғаш рет жүргізілуімен ерекшеленеді.

Себу мөлшері. Қытайбұршақ дакылдарының тұқымдарында ылғал аз болғандықтан сақтау қиынға соқпайды. Дегенмен де, себу мөлшерін белгілегенде бұл факторларға үлкен мән беріледі, әсіресе мақсары үшін себілу мөлшері бойынша заңдылықтарды анықтауға блмайды. Себу мөлшерін белгілеуде агрономиялық ой-санада топырақ құнарлығымен байланыстылығы жөнінен біркелкі пікірлер жоқ. Кейбіреулердің есептеуінше құнарлы топырақтағы себілуін арттыру қажет, ал басқалары, керісінше құнарсыз топырақта себу мөлшерін арттыру керектігін айтады.

А. Абдрахманов, А. Ариповалардың [60] тәжірибелерінде, Алматы облысының тау бөктерінде қытайбұршақ дақылын өсіруде себілетіән мөлшеріне, жүйек аралығына зерттеу жүргізіп экономикалық тиімді әдісін анықтады. Нәтижесінде ең тиімді жүйек аралығы 30 см, себу мөлшері гектарына 7,5кг-да болған. Құнарлығы төмен топырақты жерлерде дақылды аз мөлшермен себу өсімдіктердің жалпы жапырақ аумағының аз қалыптасуына әкеліп соғады. Соның әсерінен өнімділік төмендеп, құнарсыз топырақта жиі себілген. Неғұрлым топырақ жағдайы жақсы болса, онда дақыл сирек себілу керек. Зерттеушілер арасында үшінші пікір қалыптасқан, яғни дақылдың себілу мөлшері топырақ құнарлығына байланысты емес, сондықтан барлық агрофонда ұқсас болады.

Р.М.Медеубаев, М.Н.Жамалбеков, Б.Ж.Тагаевтардың [46] тәжірибе-лерінде қытайбұршақ егілу уақыты желтоқсан-наурыз айларының І-ІІ жартысында, егілу мөлшері гектарына 300-400 мың дәнді құрайтын, жоңышқа, топырақты аудару, қара сүрі танаптан кейін күздік бидай дақылдары алғыдақыл ретінде алынып, қытайбұршақтың даму кезеңдеріне себілуне және метеорологиялық жағдайларына тәуелді болады, қыста егілген дақылдардың өскіндері наурыздың бас кезінде байқалған. Дегенмен егу мерзіміне қарай дақылдың даму кезеңдерінде айтарлықтай айырмашылық байқалмай жинау мезгіл аралығы 5-12 күн құрап, бұл дақылдың бірдей уақытта пісіп жетілгендігін байқатады.

Әдебиеттер көздерінде көрсетілген қытайбұршақтың ең төменгі себілу мөлшері кең қатармен, ал жоғарғы мөлшері жаппай жай қатараралықпен себілгенде болады. Бірақ өкінішке орай, авторлар оңтайлы өнгіш тұқым саны мен 1га-ға себілеттін тұкым санының себілу тәсілімен байланыстылығын айтпайды.

Бұл жерде көрсетуге болады, себу мөлшерін таңдаудың көптеген тәсілдері кездеседі, олар көлеммен, салмақпен және сан бірлігімен анықталады. Бірқатар дакылдардың себумөлшерін санмен белгілеу қабылданған, оның негізіне өнімді жинау алдындағы қатардағы оңтайлы өсімдіктер жиілігі немесе сабақтар тығыздылығы алынған. Ал, себілу мөлшерін салмақпен анықтау, агрономиялық талапқа сәйкес келмейді. Оның мәні ірі тұқымды сорттар, ұсақ тұқымдыға қарағанда қолайсыз жағдайға тап болады. Ірі тұқыммен сепкенде тұқым жетпей қалуы мүмкін, ал ұсақ тұқыммен сепкенде  көп себіледі, олардың кесірінен өнім аз жиналады.

А. Арипова, С.Н. Прянишниковтердің [61] мәліметтерінде қытайбұршақтың себілген мөлшерін арттыру азықтық салмағының артуына әкеледі, бірақ дән өнімділігі төмендейді. Егер дақылды егуде жүйек аралығын ұлғайтудан тұқым өнімділігі артып, биологиялық өнімділік төмендейді. Мұнда себілген тұқым мөлшерін арттырып және жүйек аралығын қысқартудан бір шаршы алаңда өсімдік саны артып өнім түзетін тостағанша сандары азаяды, нәтижесінде дән майдаланады. Қытайбұршақ дақылының өнім құрылымы онын әдістеріне, егу мөлшеріне тікелей байланысты екені дәлелденген. Қытайбұршақтың жақсы бұтақтануын ескеріп, арақашықтығы 30-50см-дей етіп егу қажет. Кең қатармен гектарына 10-12кг сепкенде, егер қатардың аралық енділігі 60-70см-ді құраса, онда оңтайлы себілуі гектарына 10кг-ды құрайды. Қытайбуршақты көктемде сепкенде бір гектарға есептегеннде 5-8кг, ал қыстың алдында 8-12кг себу керектігін ұсынады.

Қытайбұршақ жай қатарлы сепкіштермен, енділігі 60см, гектарына 8кг себілу керек. Тұқымның шаруашылық жарамдылығы 90% құрауы тиіс. Осындай тәсілмен сепкенде өсімдіктің тиімділігі қоректік алаңда 60x12; 60x15 см болады. Кытайбұршақ өсімдігін 45см қатараралықпен себуді ұсынғапн ғалымдар әр гектарына 8-16кг аралығында шашуды ұсынады. Өз тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, еліміздің оңтүстік шығыс аймағында жүргізілген зерттеулерде, максары дақылын малдың азығын дайнывдауға өсірілетін қытайбұршақтың катараралығы 46-60см, гектарына 8-10кг тұқым сепкен дұқрыс деп есептейді. Оңтүстік Қазақстан жағдайында Г.И.Картич [58] зерттеулерінде тәллімі егістікте мәдени дакылдарды міндетті түрде күн жылынған кезеңде (қыстың қантар, ақпан айларында) түгел қатараралығы гектарына 20-22кг-да себу қажет деп санайды.

Әдебиетке шолуды қорыта келе жүргізілген ғылыми-зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, қытайбұршақ дақылын өсіруде өсімдіктің биологияллык ерекшеліктеріне, оның ботаникалық құрылымна назар аудара отырып, топырақты өңдемей дақылды тіке себудің агротехнологиялық жүйесін жасақтау қажет екенін байқатады. Өмір талабына қарай нарықтық қатынас жағдайында еліміздің егіншілік жүйессін жоғарылату, яғни ғылыми негізде дәлелденген ауыспалы егісті енгізе отырып егістік алқаптағы арамшөптермен күресу дәрежесіне қарай гербицидтерді қолдану ұтымды агротехнологиялық шара болып табылады. Демек, еліміздің оңтүстік өңірнде топырақты өңдемей тікесеуіп өсірудің агротехникалық үлгісін жасақтаудың маңыздылығы жғары деп санаймыз.

 

 

2  ТӘЖІРИБЕ ЖҮРГІЗУ ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН

ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

 

2.1 Қытайбұршақ өсіретін аймақтың табиғи-климаттық жағдайы

 

Оңтүстік Қазақстан обылысы Қазақстанның Оңтүстігінде Сырдария өзені бойына және Қызылқұм, шөлі, Шығысқа қарай Тянь – Шань тау аймағы және мырза шөл Өзбекстан мен шекараланған, Шығыста Жамбыл ауданы Батыста Қызылорда обылыстарымен  шекараланған топырағы кәдімгі жер топырақ көпшілігі жере сортаң келеді. Тәжәрибе жүргізілген ауданнын топырағы сұр топырақ. Климат жағдаиы біршама жұмсақтығымен, жылу мен ылғалдың жақсы кемшілігімен ерекшеленеді, мұның өз тәлімі егіншілікті өркендетуге жағдай жасайды. Шілдедегі темперарура әдетте 32-33оС жылылықтан, сол қаңтар температурасы 5-6оС аспайды. 0оС жоғары температурадағы жылы кезенінде оң температуралардың қосындысы-көптеген аудандарда 2400-3400оС, ал шығыс аудандарда 2000-2400 градус.

Аймактың төменгі шекарасында ауаның температурасы  10оС жоғары сәуірдің екінші онкүндігінде басталып, қазанның бірінші онкүндігінде аякталад. 10оС жоғары орташа тәуліктік оң температуралардың қосындысы 2000-3000оС тең. Аймақтың жоғары шекарасында оң температуралардың қосындысы 2000оС дейін, ал 10оС жоғары кезеңінде 1400-1500 градусқа дейін кемиді. Аязсыз кезең төменгі шекарада 6айға, жоғары шекарада 3 айға дейін қысқарады.

Аймақта орташа есеппен жылына 350-620мм ылғал түседі. Қаржамылғысы желтоқсанның басында түсіп, 3 ай одан да мол мерзімде жатады. Қар қалыңдығы 35-40 см жетеді.

Аймақтың табиғи өсімдіктеріне: боз жусан, жабайы шетен, сары беде және бетегелі түрлі өсімдіктер жатады.

Топырақ жамылғысы: шалғынды шөптес өсімдіктер – қоңыр және кәдімгі сүр топырақ.

Оңтүстік Қазақстанның құрғақ аймағы климатының айрықша ерекшеліктері – күнсаулесі мен жылукорының молшылығы. Жалпы мұндағы жыл маусымдары климатының сипаттамасы туралы деректер жетерлік.

Сондықтан бұл жұмыста зерттеу жүргізген жылдардың ауа райының ерекшеліктерін Шымкент қаласындағы теңіз деңгейінен 552 м. биіктікте жатқан «Шымкент» ауа райын бақылау бекеттерінің мәліметтеріне, сондай-ақ өз бақылауымызға сүйене отырып, келтірдік. Жауын-шашынның мол түсетін кезеңі қараша, мамыр айлары. Маусым айында жаңбыр күрт азайып, шілде мен қыркүйек айларында мүлдем болмайды десек те болады.

Жылдың жауынның молшері ақпанда -89,4 мл, минимальді – тамызда -0,8 мм. Жазда күннын ыстық болуынан егістікті қолмен суғарып тұру керек.   Зерттеу жылдары алынған мәліметтерден жоғарыда аталып өткен ерекшеліктер жалпы сақталғанын байқаймыз. Дегенмен кейбір жылдары көп жылдық орташа көрсеткіштерден ауытқып отырғанын атап өткен жөн.

2014 жылдың бірінші жартысында келтірілген мәліметтерден қаңтар айының өте суық, ал ақпан айы керісінше жылы болғанын байқаймыз. Шымкент жағдайында көктемнің бірінші айы жауынды, ал соңғы екі айы төмен болып, маусымның соңғы екі күнінде жаңбыр жауып, өсімдіктердің өсуіне оң әсер етті. Осы өңірдегі келтірілген 7 айдағы түскен жаңбырдын орта көрсеткіші 70,7мм қурады.

Тәжірибеде жүргізген жерлердің топырағы алуан түрлі, жер деңгейі теңіз бетінен биіктеген сайын топырақтың айырмашылығы, жалпы алғанда аймақтық түрін сақтай отырып, бірте-бірте өзгере береді. Топырақ жамылғысы туралы деректер бірқатар еңбектерде сипатталған [62, 63]. Осы еңбектерге сәйкес тәжірибе жайының топырағы сұр топырақ аймағына жатады. Мұнда жауын құртының тіршілігінің ізі төменгі 20-40 см қабаттарында жақсы байқалады. Сондықтан топырақ құрылымы түйіршектене бастайды. Жеңіл еритін тұздардың аз кездеседі. Басқа боз сұр топырақтармен салыстырғанда құнарлы келеді.  Топырақ құраушы жыныс болып саздақты және сазды аллю-виальды ариювиалды шөгінділер есептелінеді.

Қарашірік қабатының күшсіз болуы, топырақ массасында минералды болшектердің күшсіз ыдырауы, минералды коллоидтардың өте кем мөлшерде болды. Калций мен өте тығызды болуы. Ыза сулары 5-6 метірде жатады. Кәдімгі сұр топырақ  құрамында қарашірік мөлшері 1,3 тен 1,8% ке дейін, жалпы азот мөошері 0,08 ден 0,15%, кәдімгі сұр топырақ құрамында жалпы фосфор мөлшері 0,15% аралығында болады. Топырақ тереңдеген сайын керектік заттар мөлшері кемейіп кетеді. Кәдімгі сұр трпырақта жоғары қабатында сортаңы кем болады. Кейбір кәдімгі суармалы ауданда да сортаң кездеседі. Және қарашірікке тапшы болуы оның биологиялық ағзаларға байлығы және түрлілігі. Олар өсімдік қалдықтарын шірігін одан әрі қарай жай окис түріне дейін алып барады.

 Кәдімгі сұр трпырақта  азот бөліп , олар өлі ағзалар және тірі ағзалар амалдары белоктарынан пайда болып, жалпы азоттың 93-97% миниралды есептеледі. Миниралды азот түрі негізінде нитратты және амиакты тұздар, сұр топырақ ерекшеліктері берілген азот тыңайтқышы нитратты түрге дейін өзгеріп барады. Механикалық құрамы біріңғай және ажырамайтын орташа балшықты, оның физикалық құрамы айдалатын қабатында топырақ ылғалы түйіршігі 46%, айдалмаған қабатта 48%-ті құрайды.

Ізденіс жүргізілген жердің табиғи өсімдіктері қоңыр босты-әр түрлі шөпті және жусанды-эфемер ассоцацияларымен берілген. Табиғи өсімдік жамылғысы: жатаған бидайық (Agropyron repens), жима тарғақ (Dactylis glomerata), еркекшөп (Agropyron desertorum), тарлау (Elumis gigantens), шалғынды қоңырбас (Poa pzatensis), шалғындық атқонақ (Phleum pratense), қамыс құрақ (Phragmites communis). Көктем мезгілінде эфемерлер (Poa bubbosa) кең тараған. Табиғи өсімдіктер негізінен көктемгі, жазғы эәне күздік жайылымға пайдаланылып, өнімділігі гектарына орта 7ц. Өзен бойында шалғынды қоңырбасты әртүрлі шөптер дамыған және олар көбінесе шабындыққа пайдаланады, орташа өнімділігі 15ц/га.

Тәжірибе алаңының қоңыр-сұр топырағы лесс түрдегі сазбалшықты 3-ші және 4-ші шөгінділерден қалыптасып, толық дамыған профиль құрайды. Генетикалық горизонттардың толық сипаттамасы топырақ кесіндісінің сипаттамасында келтірілді. Мәдени жағдайы – егістік, алғы дақылы – жаздық  бидай.Топырағы – карбонатты жоғарғы қабатынан қайнайды.

Морфологиялық сипаттамадан байқағанымыздай, тәжірибе алаңының топырағы жақсы дамыған профильді, қара шірікті горизонты құрылымды, тығыздау, ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге толық қолайлы. Ашық-қоңыр түсті, саз балшықты, жаңа, бос,түйірлі-шаңды, ұсақ тамырлар, тығыздылығы   және түсі бойынша бір қалыпты  ысады. Сұрғылт түсті, саз балшықты, тығыз, жаңа, Түірлі құрылымды, тамырлар аз, қайнауы. Орташа, ауысуы түс бойынша байқалабы. Ақшылт-сұр, саз балшықты, тығыз жаңа, қайнауы жылдам, карбонаттары дақ тәріздес, ауысу түсі бойынша байқалады. Құба түсті, құмбалшықты, құрылымсыз, карбонаты дақ тәріздес, 130 см төмен ылғалды темір тотығының дағы байқалады. қара қоңыр-сұр, ылғалды, түйірлі, төменгі жағы.Тығыздалған, ауыр саз балшықты, карбонатты, ауысу бояуы бойынша анық байқалады. Сұрғылт-қоңырлау, түйірлі-дәнді берік емес,карбонатты, ауыр сазды. Ауысуы бір қалыпты. Сарғыш-қоңыр сүр, әлсіз тығыздалған, карбонатты, ауыр сазды, берік емес түйірлі. ауысуы анық байқалады. сұр-күлгін, тығыздау, корбанатты, ауырсазды, кесекті-ұсақ түйірлі. Ауысуы айқын. Қоңыр-күлгін, татты дақты, карбонатты, берік Еемес, кесекті—түйірлі майда тастар кездеседі.

Тәжірибе алаңы қоңыр-сұр топырағы төмендегідей 0-40 см қабаты қара шірік мазмұны 4,1%; азот – 0,216, фосфор – 0,191%, калий 2,0%. Топырақтағы қозғалғыш фосфордың мазмұны 20-25 мг/кг, яғни өте төмен, калиймен жоғары деңгейде (700мг/кг) және азоттың жеңіл сіңірілетін формаларымен орташа деңгейде қамтамасыз етілген.

Оқу-тәжірибе шаруашылығының гидрологиялық жүйесі ашық су мөлшері мен бұлақтардан тұрады. Ашық су көздері – Ақсу өзені. Ыза сулары минералданған, құрамы карбонатты-кальцийлі және сульфатты-натрийлі. Жерлерде ыза сулары 1,4 м тереңдікте жатқандықтан шаруашылық дақылдарын суаруға пайдалануға болады. Станцияда өнімділігі 15-20 д/сек су беретін бірнеше су құбырлары бар.

Тәжірибелік алаңнын климаттық сипатын анықтауда аудан орталығының (Тассай) гидрометеорологиялық станция деректерін пайдаландық. “Тассай” метеорологиялық станциясының деректері бойынша жылдық орташа температура +7,7оС, ең жылы ай шілдеде + 21,3оС. Зерттеу жүргізілген жылдары орташа жылдық температура 9,5оС құрады. Қаңтар айының температурасы зерттеу жүргізілген жылдары орташа онжылдық көрсеткіштен 2,0оС жоғары болғанын байкалады. Ең жылы аймағының температурасы да орташа көпжылдық көрсеткіштен 2,3оС жылырақ болғанын 1-кестеден көруге болады.

Жалпы зерттеу жургізілген  жылдар температурасын орташа көпжылдык көрсеткіштермен салыстыра отыра байқағанымыз тәжірибе жургізілген  жылдардың  орташа  температурасы  көпжылдықпен  салыстырғанда  жылырақ  болды.

 

1-ші кесте -  Тәжірибе жайынын метеорологиялық ауа-райы

 

Айлар

10 күндік

Т0С

R,

мм

F,

%

Норма

R, мм

t0

Қаңтар

 

 

Орташа

І

ІІ

ІІІ

 

-4,6

-1,8

4,3

-0,5

31,1

20,7

 

51,8

64

73

54

63

20

20

20

60

-2,4

-2,6

-2,7

-2,6

Ақпан

 

 

Орташа

І

ІІ

ІІІ

 

7,1

2,9

-0,1

3,6

23,1

12,5

60,7

96,3

73

80

75

76

21

21

21

63

-1,7

-0,4

1,1

-0,2

Наурыз

 

 

Орташа

І

ІІ

ІІІ

 

2,5

8,1

9,0

6,6

9,7

7,0

55,8

72,5

62

61

76

67

29

29

29

87

2,8

5,4

8,0

5,4

Сәуір

 

 

Орташа

І

ІІ

ІІІ

 

12,1

19,0

17,2

16,0

51,6

23,9

8,6

84,1

72

69

72

71

26

26

26

78

10,6

12,8

15,0

12,8

Мамыр

 

 

Орташа

І

ІІ

ІІІ

 

17,9

17,7

22,2

19,4

8,7

35,8

0,0

44,5

63

67

47

59

14

14

14

42

17,0

18,8

20,3

18,7

Маусым

 

 

Орташа

І

ІІ

ІІІ

 

22,9

24,5

27,3

25,0

2,4

2,6

 

5,1

46

39

37

40

6

6

5

17

21,9

23,2

24,5

23,2

Шілде 

 

 

Орташа

І

ІІ

ІІІ

 

27,0

27,4

26,1

26,8

0,1

1,3

0,0

1,4

39

39

35

38

2

4

3

9

25,7

26,1

25,9

26,0

Тамыз 

 

 

Орташа

І

ІІ

ІІІ

 

27,3

24,5

26,6

26,1

1,1

 

 

1,0

37

31

27

32

1

2

1

4

25,9

24,6

23,0

24,5

Қыркүйек 

 

Орташа

І

ІІ

ІІІ

25,5

 

29

2

21,1

 

Зерттеулер жүргізілген жылдардағы жауын-шашынның жылдық мөлшерде көпжылдықпен салыстырғанда көбірек түскенін байқауға болады. Орташа көпжылдық деректер бойынша жылына 263 мм мөлшерінде ылғал түскен. Бұл көрсеткіштер көпжылдықпен салыстырғанда 26-50% артық. Жауын-шашын мөлшерінің маусымы бойынша бөліну қатынасына талдау жасасақ, барлық ылғалдың жартысына жуығы көктем аиының үлесіне тиеді екен. Көпжылдық жаңбырдын молшеры маусым бойынша төмендегідей бөлінді: қыста – 15,5%, көктемде – 42,3%, жазда – 21,4%, ал күзде - 21,8%.

Атмосфера және топырағының айлар және көпжылдық орташа температурасы көрсеткендей, оңаша айлық температуа қаңтарда +3,9о, шілдеде 27,5о-ты құрайды. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы шілде айында 48% ке дейін төмендейді. Қыс ұзақтығы 102 күн, ал жаз 120 күнге созылады. Көбірек бұлтты күндер қараша –наурыз, жаз айларында жауын әдетте болмайды. Жаусада өте кем мөлшерде жауады. Жаз күзде жауын –шашын қыс, көктемге қарағанда кем. Негізгі жауын мөлшері қыста және көктем айларында жауып өтеді.

Шаруашылыктың топырағы типтік кәдімгі сұр топырақ және суармалы болып есептеледі. Тығыз қалдық мөлшері 0,090% профил бойынша аздаған мөлшерде ауытқиды. Жалпы сілтілік (HCO3) – 0,047%. Хлор – ионның мазмұны төмен және 100 г топырақта 0,11мг/экв шамасында ауытқиды. Сіңірілетін катиондардан Са2+ катионы басым. Ыза суы тұщы, 200-210 см тереңдікте жатыр.

Шалғынды-қоңыр топырақтың морфология белгілері гумус қабатының 60см дейінгі қуатымен сипатталады. Топырақ жрғары қабатынан қайнайды. Карбонатты жаңа құрылым 45 см, ал 130 см – темір оксидінің татты дағы байқалады. Шалғыңды-қоңыр топырағының профилі созылып жатыр және түсі қара қоңыр, тереңдеген сайын ылғалдылығы артады, төменгі қабаттарында татты дақ байқалады. Осы топырақтың механикалық құрамы ауыр және жеңіл саздақтыга жатады. Кәдімгі сұрғылт топырақ құрамындағы гумус мөлшері 1,86-0,91% аралығында. Профилі төмендеген сайын бірқалыпты азаяды: сол себепті қоңыр түсті тереңге бойлайды. Тексерілген жердің топырағы карбонатты. Карбонаттың көпшілігі 70-80 см тереңдікте байқалады. Топырақ типі гидролизді азотпен (60-142 мг/кг), ауыспалы калиймен (514-1036 мг/кг) мөлшерде қамтамасыз етілген. Сондықтан, бұл жерлерге азот және калий тыңайтқыштарын сіңіру қажет емес, әсіресе қытайбұршақ дақылы үшін (2-кесте).

Сонымен, шалғынды-қоңыр топырақтың морфогенетикалық сипатынан байқағанымыз, қытайцбұршақ дақылын өсіруге жарамды. Себебі, орташа гумусты сазды емес, тұзсыз, ылғалмен қамтамасыз етілуі (34,8-41,3%) құрамында жеткілікті мөлшерде қоректік элементтері бар, жыртылу қабатының қолайлы тығыздылығымен (1,27-1,33г/см3) және кеуектілігімен (48,3-52,1%) ерекшеленеді.

Дақылға қатысты қалыпты өсуі және дамуына жыртылу қабатының оңтайлы тығыздылығы бар. Топырақтың бұзылмаған қабатының тығыздылығын білу көптеген практикалық мәселелерді шешуге көмектеседі: кеуектілікті анықтау, ылғал қорын, қоректік заттар.

2-ші кесте – Шалғынды қоңыр топырақтың агрофизикалық көрсеткіштері

 

Горизонттар (қабат см)

Көлемдік салмақ, г/см3

Жалпы кеуектілік, %

Топырақтың агрегаттық құрамы

10-0,25мм агрегаттар (%)

құрылғы коэффициенті

суға төзімді агрегаттар жиынтығы, %

0-10

1,27

51,2

76,6

3,2

34,2

10-20

1,33

48,8

73,5

2,7

30,8

20-30

1,40

46,1

68,2

2,4

29,5

30-40

1,48

44,6

62,9

1,5

29,3

0-40

1,37

47,3

70,4

2,7

30,9

 

Өте тығыз топырақ өсімдік тамырынын дамуыңа кері әсерін тигізеді, сондықтан оны өңдеуде қосымша шығын кетеді.  Өте тығыз топырақта өсімдіктің өсуіне қолайсыз жағдай туады, себебі аэрация үшін кеуектілігі жеткіліксіз. Тығыз топырақ суды нашар немесе мүлде өткізбейді. Топырақтың бетіндегі су сіңбейді және ағып кетеді, соның кесірінен эрозия процесі басталады.

2-кесте деректерінен топырақтың жоғарғы тамыр орналасқан қабатының тығыздылығын байқауға болады, 0-40см қабаттың орташа тығыздылығы – 1,37 г/см3 құрайды. Топырақ бөлшектерінің, түйірлерінің және агрегаттар құрылымының орналасуына байланысты орташа тығыздылыққа жатады, көлемдік салмағы 1,27-1,33 г/см3 құрады.

Тәжірибе алаңының шалғынды қоңыр топырағының 0-20см қабатының механикалық құрамы орташа саздақты, тереңдеген сайын ауырлай береді. Профильдер бойынша, физикалық саздың мазмұнын 41,8-50,0% құрайды.

Бұзылмаған топырақ қабатындағы жалпы кеуектілік топырақ қасиеттерінің маңызды көрсеткіштерінің бірі, ол негізінен су және ауа режимдерімен сипатталады. Топырақ қабатының орналасу тереңдігіне байланысты кеуектілігі 44,6-51,2% арасында ауытқыды. Н. А. Качинскийдің [64] шкаласына сүйеніп, топырақтың жоғарғы қабатының кеуектілігі – қанағаттандырарлық, ал 20-40см қабатының кеуектілігі қанағаттандырғысыз.

Су және ауа режимдерінің оңтайлы жағдайлары ұсақ түйірлі және дәнді құрылымды топырақта жасалады. Қазіргі кезде топырақ құрылымын агрегаттардың мөлшеріне байланысты 3 топқа бөледі: түйірлі (агрегаттары > 10мм); макроқұрылымды (агрегаттары – 10-0,25мм); микроқұрылымды (агрегаттары < 0,25мм). Костычев П.А. [65] ұсынысы бойынша, топырақ құрылымын суға берік (агрономиялық бағалы) және берік емес деп сыныптаған.

Біздің анықтауымыз бойынша, тәжірибе алаңшасының топырағының агрегаттық құрамы және суға беріктілігі алғы егіске байланысты болды. Жалпы топырақтағы 0,25-10,0мм мөлшердегі агрегаттар 60,5-79,7% құрады. Топы-рақтың құрылым коэффициентінің көрсетуі бойынша, алаңша топырағының құрылымы қанағаттандырарлық, сондықтан ауылшаруашылық дақылдар өсіруге қолайлы.

Зерттеу жүргізілген жылдардың, климат жағдайын көпжылдық көрсеткішпен салыстыра келе төмендегідей тұжырымға келеміз: оңтүстік өңірінің сұр топыракты тәлімдік аймагының ауа-райы жағдайында  қытайбұршақ дақылының өнімділік денгейін жоғарылатуға толық мүмкіндік бар.

 

2.2  Зерттеудің бағдарламасы және әдістемелері 

 

Тәжірибе Сайрам ауданы Тассай елдімекені тәжірибе шаруашылығында 2014-2016жж. жүргізілді. Қытайбұршақ дақылының өсіру технологиясын жасауда, оның негізгі буындары себілу мерзімі, тәсілі және мөлшерін нақтылы топырақ-климат жағдайында зерттеудің маңыздылығы бар. Осыған орай, дақыл технологиясының негізгі буындары республиканың оңтүстік-шығысының тәлімі жерлерінде егістік тәжірибе қою арқылы зерттелді.

Егістік тәжірибе «Тассай» оқу-тәжірибе станциясы байтағында жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде қытайбұршақтың отандық және шетелдік селекциясындағы сорттар алынды. Тәжірибеге алынған сорттар жоғары өнімді, тұқымшасында 31,6% май болады, ал ядросында – 59,1%, қауыздылығы – 45,6%. Өсімдік биіктігі – 80-90см. Корзинкасы дөңгелек диаметрі 30-35мм, бір өсімдіктегі саны 7-8 дана, тұқымшасы ақ түсті, ұзынша, 1000 тұқымша салмағы 44,3г (3-кесте).

Егістік тәжірибедегі жүргізілген байқаулар, есептеулер және талдаулар әдістемелері.

1. Мақсары дақылының өсіп-даму дәуіріне фенологиялық байқаулар негізгі өсу сатыларында жалпы қабылданған әдістемемен жүргізілді.

2. Егістік өнгіштік және есімдік жиілігі варианттар бойынша 1м2 тұрақты алаңшадан 3 жерден және екі қайталымнан анықталады.

3. Егістіктің арамшөптермен ластануын вегетация кезеңінде 3 рет (көктеу, гүлдену және өнімді жинау алдында) екі қайталымнан анықталды. Арамшөптер түрлері, саны және тығыздылығы әрбір варианттардан есептелді.

4. Топырақ ылғалдылығы 0-100см тереңдіктен әрбір 10см сайын (себер және жинау алдында) екі қайталымнан анықтадық.

5. Топырақ қабатындағы азоттың қозғалғыш формасын (нитрат) және фосфор қышқылын, жылжымалы калий мөлшерін 2 рет – себер алдында және жинау алдында әртүрлі тереңдіктен топырақ үлгісін алу және оны лабораторияда талдау арқылы анықталды.

6. Өсімдіктің биіктігі динамикасы негізгі фенологиялық сатыларда әрбір варианттың екі қайталымынан 30 дана өсімдіктерді өлшеу арқылы белгіленді.

7. Жалпы бұтақтану және генеративтік сабақтар санын белгіленген алаңшалардан шанақтану және гүлдені-пісу сатыларында есептеледі.

8. Өсімдіктегі тостағанша санын әрбір мөлдектегі 25 өсімдіктен гүлдену сатысында анықталды.

3-ші кесте – Егістік тәжірибе варианты

 

Варианты

Қатараралық ені, см

Себілу мөлшері, мың дана/га

1

15

100

200

300 бақылау

400

2

30

100

200

300

400

3

45

100

200

300

400

4

60

100

200

300

400

5

75

100

200

300

400

6

90

100

200

300

400

 

9. Дақылдың тұқымша өнімділігін әрбір 3 ұзынша метрдегі тостағаншаларды 3 қайталымнан жинап және бастыру арқылы гектарға есептеледі.

10. Әрбір тостағаншадағы тұқымша саны және оның салмағы, 1000 дән массасы әрбір мөлдектен 100 өсімдіктің генеративтік органдарын талдау арқылы анықталды.

11. Агротехникалық шаралар Б.А. Доспехов [66] тәсілі бойынша жүргізілді.

13. Өсіру технологиясы элементтерінің тиімділігі жалпы қабылданған әдіспен есептелінеді.

Қытайбұршақтың отандық және шет елдік сорттарын зерттеу суармалы егіншілік жағдайында 6 танаптық малазықтық ауыспалы егісте жүргізілді.

Барлық тәлімі жерлердің санақ алаңы 25м2, 4 реттік қайталануымен алынды.

Зерттеу зерзаты ретінде қытай бұршақтың генотиптері: Қазақстандық 2309, Жансая, Болашақ, Sponsor (Сербия), GM (Канада), ал стандарт болып табылатын сорт ретінде Эврика сорты алынды.

 

4-ші кесте – Тәлімбақтағы кологиялық сортсынақ бойынша жүргізілетін жұмыс көлемі

 

Селекция

Сорт атауы

Қайталану саны

Бөлінген жер телімі саны

 

Бөлінген жер телімінің мөлшері, м2

 
 

ҚазАжӨШҒЗИ

Эврика стандарт

4

4

25

 

Канада

GM

4

4

25

 

Сербия

Sponsor

4

4

25

 

ҚазАжӨШҒЗИ

Болашақ

4

4

25

 

ҚазАжӨШҒЗИ

Жансая

4

4

25

 

ҚазАжӨШҒЗИ

Қазақстандық 2309

4

4

25

 

 

Пайдаланылған жер өңдеу агротехникасы – Оңтүстік Қазақстан облысына ұсынылатын.

Тәжірибелер сүдігер жыртылған жерде жүргізілді.

Ерте көктемде ылғалдылықты жабу мақсатында екі жолақты сүдігер тырмаланды. Азоттық тыңайтқыштар пайдаланылған жоқ.

Қытай бұршақтың сеппес бұрын жердегі арамшөптерді жою және топырақты қопсыту мақсатында екі культивация жүргізілді: біріншісі 10-12 см тереңдікте, екіншісі –тұқымдарды өңдеу тереңдігі 8-10 см-де, соңынан тырмаланды.

Тәжірибе отырғызу үшін барлық тұқымдар себілмес бұрын ТМТД 80% улағышпен өңделді.

Қытай бұршақтың отандық және шет елдік селекциясын егу оптимальді кезеңде жүргізілді, яғни 10-120С дейін қыздырылған топырақта сәуір айының ІІІ (25 сәуір) декадасында.

Негізін қалаушы – күздік бидай.

Егу тәсілі – жүйек аралығы 70 см-мен үзік-үзік сызықты.

Қалыңдығы әр гектарға 600 мың өсімдік.

Топырақты өңдеу екі жүйекаралықпен жүргізілді, біріншісі – бір мезгілде қатар атыздарды кесу.

Топырақтың ылғалдылығын 75% деңгейінде ұстап тұру үшін үзілмелі суды 500-600 м3/га нормасында атыздар арқылы 6 вегетациялық суарылды, жердің қатты қабатын суландыру 0,5 м тереңдікте жүргізілді.

Фенологиялық бақылаулар: есептеулер дамудың негізгі фазалары – өніп шығуы, үш жапырақты сатысы, бүрленуі, гүлдеуі, бұршақтарының пайда болуы, бұршақтарының толысуы, пісуі бойынша есепке алынды.

Бақылаулар мен тіркеулер жүргізілді:

 Өсімдіктің биіктігі, см – топырақтың үстіңгі қабатынан бастап ұшына дейін сабақтың ұзындығы.

Бұтаның құрылысы: ш – кең,  к – шырағдан тәрізді, п – жартылай қысылған, с – қысылған, о – шектеулі бұтақталған, в – жоғары бұтақтылық.

Өнімді түйіндердің саны – бұршақтардың пісіп-жетілуіне әсер ететін түйіндер саны.

Өсімдіктегі бұршақтар саны.

Жатып қалуы, балл: 1 – жоқ, 2 – сабақтың жоғарғы бөлігінде, 3 – сабақтың ортасынан бастап, 4 – түбінен бастап.

 Топырақ бетінен 15 см төменде орналасқан бұршақтар үлесі, %. Бұл сипаттама комбайн салған кезде өнімнің шығынын әділ бағалауға мүмкіншілік береді.

Қытай бұршақтың тұқымдарын жинау ьұршақтарының 90% піскен кезінде қолмен жиналады.

Қытай бұршақтың тұқымдарының құрылымдық сарапталуы Н.И. Корсакова, Р.Х. Макашева, О.А. Адамовтың әдістемелері бойынша жүргізілді.

1000 тұқымның салмағы, г – 13% ылғалдылықта өлшенеді.

Потенциалды өнімділігі – әрбір өсімдіктің тұқым салмағына (г) қатынасы бойынша есептелінді.

Агротехникалық іс-шаралар кешенін дайындағанда қытайбұршақтың мына биологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.

Жарыққа талабы. Қытайбұршақ – күннің узақтығына өте жайлы өсімдік. Солтүстік  экологиялық  түрлерін   қоспағанда.   Дақыл кейбір жетілу   кезеңдерінде аз уақытты қажет етеді. Егістіктердің ұзақ күнді солтүстікке орналасуы, өсімдіктің өсіп өну массасының жетілуіне ықпал етіп, өсу мен дамуы ұлғаяды. Қытайбуршақ күн сәулесінің сапалы күрамына сезімтал. Спекторларының ұзын толқынды қызыл сәулелері кейбір жетілу кезеңцерінің басталуына кедергі, ал қысқа толқынды оны жеделдетеді. Өйткені дақыл жарық сүйгіш дақыл болғандықтан өсімдіктің өте жиілігін қаламайды. Егер өсімдіктер жиі болса төменгі бұталарына жарық түсуіне кедергі жасайды. Ол жапырақтардың мезгілсіз қарақошқылданып, түсуіне әкеледі және өсімдік бұршақтың саның аз салады.

Жылылыққа талабы. Қытайбұршақтың түқымы 6-7 градус температурада өсіп, ал өнуі сирек әрі біртегіс емес болады. Дақылдын өнуі кейде тіпті қысқа мерзімді, ал қалыптасқан топырак қабатынын температурасы 12градус болса олар 11-12 күнде, 14-16 градуста 7-8 күнде, 18-20 градуста 6-7 күнде, 22-24 градуста 5-6 күнде пайда бола бастайды. Өсуімдіктін өсіп жетілуіне 21-24 градус қолайлы. Өсіп өну кезеңінің басталуында 37 градустан жоғары температуралар зиянды. Тез пісетін сорттардың қалыпты жетілуіне 1500-2000 градус, орташа мерзімде пісетіндерге 1600-2000 градус, кешірек мерзімде пісетіндерге 2000-3000 және жоғары градус қажет [67].

Ылғалдыққа талабы. Қытайбұршақ тұқымының өну кезеңі қолайсыз қиын-қыстау, өйткені олардың ісінуіне өз салмағынан 100-120 пайыз су қажет етеді. Өсімдік қалыптасқаннан кейін, өсуден ауытқымай және түсімді төмендетпей қысқа мерзімді қуаңшылыққа төзе алады. Гүлдену кезеңінде сояның ылғалға қажеттілігі күрт өседі, жетіспеушілік өсіп - өнуін тежейді, біркелкі гүлдемейді, гүлдері және бұршақтары түсіп, түсімі азаяды. Өсіп - өну кезеңінің басында және аяғында артық ылғал да түсімді төмендетеді. Осы кезеңде бір тәулікте қытабұршақтың бір өсімдігі 310-360 кг суды буландырады. Ал өнгеннен гүлдегенге дейін 115-170 г [68].

Топыраққа талабы. Қытайбұршақ топырақты талғамайды. Ол әртүрлі механикалық құрамды: қара топырақ, сарғылт және ақшыл - сары топырактарда жақсы өнеді. Қорек заттары жеткілікті әсіресе калий, фосфор және кальций, орташа тығыз топырақта жақсы нәтижелер береді. Оны сор, сортаң, өте қышқыл, құмды, батпақты және өте тығыз топырақтарға егуге болмайды [69].

Селекциясы және түқым шаруашылығы. Қазақстанда қытайбұршақпен селекциялық жұмыс 30-ы жылдары басталған. Селекциялық жұмыстардың барысында үлгілердің көп түрлері зерттелді. Қытайбұрашақ селекциясының тиімділігін жоғарлату үшін бастапқылық материалдық қоры және генетикалық әртүрлі будандастыруға әр түрлі тұқымдық негізді ата - аналық жұптарға көңіл бөлінді. Радиациялық және мутагенез кең қолданылды. Келесі іріктеу селекциялық мақсаттарға сәйкес гибридті және мутантты тектерден ерте ұрпақтардан іріктеу тәсілімен алынды. Нәтижесінде келешегі бар қытайбуршақтың жаңа сорттары алында. Қытабұршақтың тұқым шаруашылығы екі кезеңге бөлінеді: элитаны өндіру және элиталық тұқымды көбейту. ҒЗ мекемелері облыстық сынақ стансаларында, осы аймақта барлық аудандастырылған сорттардың элиталық түқымымен,  қажетінше толығымен түқым шаруашылықтарын  қамтамасыз етеді.  ҒЗ  мекемелерден  алған сорттық түқымды көбейтіп, шаруашылықтарды қамтамасыз етеді.

Жоспарлы түрде кезеңімен республиканың шаруашылықтарында сортты жаңарту және сортты ауыстыруды ҒЗ мекемелер ауылшаруашылық мекемелермен бірге, жыл сайын элиталық және бірінші репродукциялы тұқымның мөлшерін анықтайды. F3 мекемелердің тұқымдық материалды сатуы, шаруашылықтар; қашан, кайда және қандай тұқымды алуға болатындай етіп ұйымдастырады. Мұндай тұқым шаруашылығы жүйесінде, барлық шаруашылықты жақын келешекте бірыңғай сорттық егуге мүмкіндік береді. Жақсы және дұрыс жолға қойылған тұқым шаруашылығы жұмысы нәтижесінде осындай жетістікке қол жеткізу мүмкін. Онсыз қымбатқа түсетін ҒЗ мекемелердің сорттық түқым өндірісі деңгейдегі нәтиже бермейді. Қазіргі заманда арнайы түқым шаруашылығымен айналысатын шаруашылық бірнеше ауылдық округтерді, одан артылса бір ауданды сорттық түқыммен камтамасыз ету тәжірибесі бүрынғы колхоз, совхоз дәуірінен алынған. Бірбеткей түқым өсіретін алқаптарда жылсайын топырақтың күнарлығын дүрыс ауыспалы егіншілік, топырақ өңдеу, жүйелі тыңайтқыштар беру т.б. Міне осындай жағдайы жасалғанда жоғары сапалы түқымдық материал өсіруге болады [70].

Ауыспалы егістегі орны. Қытайбуршақ өсімдігін бір жерге екінші рет екі-үш жылл өткен соң егу керек. Кейбір агрономиялық деректерге қарағанда, төрт-бес жылдан соңда себуге болады. Өйткені бұл өсімдіктердің зиянкестерімен ауруқоздырыштары топырақта көптеп сақталып, өсімдік ауруы өршиді.

Ауыспалы егісте қытайбұршақты бидайдан, жүгеріден, қант қызылшасынан, рапстан және көкөністен соң орналастыруға болады.

Егер алғы өсімдіктерге тыңайтқыщ берілген жағдайда олардың эсерін ескеру керек. Қытайбұрщақ өсімдігі жүгері, бидай, қант қызылшасы, арпа, күріштерге өтежақсы алғыдақыл болады. Олар тамырдағы түйнек бактериялары арқылы гектарына шамамен 120-140 кг т жинайды. Өсімдік түзды, сазды, құнары аз, арам шөптері мол жерлерде нашар өсіп,   өнім   де   аз   алынады.   Қазақстанның   оңтүстік аудандарында мал азығын белокпен байыту үшін, қытайбуршақты жүгері өсімдігімен қоссып себу әдістерін жүзеге асырған жөн. Арнаулы ауыспалы егіс пайдаланғанда, дақылдан дән және көкбалауса алуда суармалы егістерде таза не аралас егеді.

Оңтүстік өңірінде қытайбұршақ дақылын ауыспалы eric жүйесіне енгізу дәндік және техникалық алгыдақылдар құрамын байытады. Ауадан азот жинауы арқылы топырақтағы азот мөлшерін көбейтеді. Ең бастысы – өсімдік  ақуыздарын көбейтеді.

 

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

 3.1 Қытайбұршақтың ботаникалық-биологиялық ерекшеліктері

 

Қытайбұршақ – біржылдық өсімдік. Бұтағы қатты, тік тұратын, өніміні жинаганда толық түсіп үлгіреді. Гүлдері майдалау, жапырақ түбіне шашақша түрінде орналасқан (4-5гүлдері) (1-сурет).

 

1 – алғашқы үштік жапырақ кезеңіндегі өсімдік: а – тұқым жарнақтары,

б – примордиалды жапырақтар, в – алғашқы үштік жапырақ;

2 – гүлдену-жеміссалу кезеңіндегі өсімдік түрі; 3 – жапырақтары және гүлдерімен сабақтың бір бөлігі; 4 – тұқымдары; 5 – піскен бұршаққаптары

 

Сурет 1 – Қытайбұршақтың құрылымы

 

Қытайбурщак өзіндігінен тозаңданады. Бұршақ қыны әртүрлі пішінді және әр түсті, эрқайсысында 1-5дана дәні бар. Қытайбұршақтың сортының түсіне сай тұқымы домалақ және сопақ пішініді келедлі. Тұқымы топырақ қабатаының тем-сы 6-8градуста өнеді, алайдамұнда біртегіс көктемейді. Жастай өскіндері және қалыптасып өскен сабақтары -1-30С аязға үсіп кетеді. Топырақтың жылулыгы жоғарылағанда көктеуі тездейді. Тұқымның өнуіне тиімді температура 14-160С, аса жоғары температура қытайбұршақтың алғашқы өсуіне зиян.

Қытайбұршақтын тұқымы көктегенде не гүлдегенде ылгалдылықты аса көп қажететеді.. Басқа уақытта  құрғақшылыққа жақсы төзеді (2-сурет).  Ол  қара,  сүр  және қоңыр топырақта жақсы өседі, құрамында қорекзатары мол (әсіресе Р, К не Са) аймақтарда өсіру өнімін жоғарылатады. Қытайбұрақты сортаң, құмды және аса нығыздалған топырақтарға себілмейді. Дақыл   үшін топырақреакциясы рН-7 дейінгі дұрыс. Өсімдік жарықсүйгіш, қыска кундік, өсу-даму кезеңінін узактығы ертепісетіндерінде 120, орта   пісетіндерінде 130, кешпісетін сұрыптарында  160-170 күнге дейін құрайды.  Қытайбұршақ кіндік-тамырлы, негізгісі 1,5м-ге дейінгі кететін, ал қосалқысы жан - жаққа тарап өсетін өсімдік. Бұлардың  жүйесі гүлдеуі жане шанақтарының түгелдей пайда болганында тез өседі. Қытайбұршақтың жанаматамырында түйнекшектер көптеп кездеседі. Бір өсімдік тамырының өзінде 60 не одан коп түйнектер болад. Тамырдағы түйнек бактериялардың қызметі топырақ ылғалына, аэрациясыңа толық тәуелді (3-сурет).

 

Бұршақ тұқымдас дақылдардан, соның ішінде қытайбұршақ өсімдігінен топырақ ылғалдығы орта 70 процент болған жағдайда өнімділігі жогарылайды. Өйткені мұндай ылғалдылықта су топырақтың бүкіл беткі қабаттарын жабадыда сол арқылы өсімдіктің жіңішкетамырлары қоректік минералзатпен  қоркектенеді.  Ал  ылғал капилляр бөлінеп кеткенде тамырлары құрғап қалады, не басқаша іздеуге тура келеді, көбіне ылғал жаңадан шыққан тамыршаларды  іздейді.  Топырақта  ылғал  азайғанда  кейбір шалардың өліп қалуы да мүмкін. Сөйтіп ауа арқылы берілетін азот кеміп, өсімдіктін өніміне әсер етеді.

Топырақ аэрациясы соя өніміне тікелей эсер етілгенмен   ауадан азот жиналуына септігін тигізіп, 1мл алынуы үшін 3 мл оттегі жұмсайды. Өсімдіктің  көпшілік тамыршалары  топырақ кабатының 0-10 см  деңгейінде болады.  Егер  оттегі  өсімдік тамырына  аз  несе  онда леггомоглобин құрамы өзгеріп, ауадан азот жиналуы кемиді. Сондықтан қытайбурщақ егісі жаз бойы қопсытылып тұрылуы қажет.

Қытайбұршақтын тамырында өзіне тән түйнек бактериясы түзілу үшін тұқымды нитрогин бактериялы препаратымен өндейді. Өндеу жүмысын күндіз себер алдында жүргізіледі. Нитрогинмен өндеуді алдын - ала, 2-3 күн сайын салып жүргізуге болмайды.

Өсімдік жапырағы көлемі сол өсімдіктен мол өнім алуда өз септігін тигізеді. Себебі, күн көзінен келетін ФАР мөлшері көбейеді.ФАР дегеніміз фотосинтездің радиациялық сіңу мөлшері. Күн көзінен сіңіру мелшері қазіргі жағдайда тек 2пайз  ғана болып отыр. Сондықтан қытайбұршақ өнімін көбейтуде оның жапырақ көлемін 50-51 мың м2-ге жеткізу селекция жүмыстарымен айналысатын мамандардың ең басты міндетті.  Сонымен қатар мұндай көрсеткіштерге жету үшін соя өсімдігін оның тіршілігіне керекті барлық затпен қамтылуы керек. Былайша айтқанда ылғалмен, ауамен, жылумен қамтамасыз етіп, егіншілік завдылықтарын дүрыс сақтаған орынды.Соя өсімдігінің гүл шопағы жапырақ гойнауына орналасып, бір гүл шопағында 4-18 гүлі болады. Гүл күлтесі - ақ түсті немесе жасыл болады. Аталық гүл саны -10, бірақ оның 9 - ы топтасып ал біреуі оқшау орналасқан. Соя - өздігінен тозанданатын өсімдік. Бүл өсімдіктің бұршақ шанақтары сабақ буындарына топтасып немесе бір бірлеп тұрады. Ұзындыгы 2,7-6,1см, ені 2смдей. Әрбір бұршақ шанақта 1 - 4 көбіне 2 - 3 дән болады. Шанақ пішіні әр түрлі : орақша тәрізді иілген, жалпақ, түкшелер көп болады. Дәні - сопақша , дөңгелек , бүйрек тәрізд.Салмағы да әр қалай, мың дән салмағы 50-450 г аралығында болады. Қытайбұршақ өсімдігі қос жарнақтыларға болғантындықтан, ұрықта екі тұқым жарнағы және келешек тамыр, сабақ жапырақ орналасқан. Дәнде эндосперм болмайды.Сыртқы қабықтан және ұрықтан түрады. Тұқым шанағының ішінде бірігіп орналасқан жерін түқым кіндігі дейді, қытацбұршақта қара түсті болады. Өсімдік түқымы жақсы сақталған жағдайда өнгіштігін көпке дейін жоғалтпайды.

Қытайбұрщақ өсімдігі бүкіл өсу дәуірінде бірнеше кезендерден өтеді: көктеп, бұтақтануы, бүрленуі, гүлденуі, бұршақ шанақтарының пайда болып қалыптасуы , дәнінің толысуы, тұқымның жетіліп - пісіуі. Осы айтылған кезендерден өту үшін, оларды жылумен, ылғалдылықпен және қорекзаттармен қамтамасыз етіледі. Қытайбқршақ өсімдігі көктемгі суыққа шыдай береді. Мысалы, 1985 жылы 13 мамырда Алматы облысында қар жауды, Қаскелең ауданының территориясына жататын Алматы зооинжинерлік - мал дәрігерлік институтының Ақсай оқу – тәжірибе шаруашылығында қытайбұрщақтың егісінің өскіндері қар астында 2 тәулік жатқанның өзінде үсіген жоқ. Бірақ жаз айларында ауа температурасы +6 , +7 , градусқа дейін төмендесе дақылдын «өсу қабілеті төмендейді.

Қытайбұршақ ауа және топырақ ылғалына жазда, әсіресе жапырақ құрылу, гүлдеу және бұршақ шанақтары толысу кезендерінде талғампаз келеді. Жылудан гөрі ылғал көпетеп қажет. Егер өсімдіктің гүлдеу кезенінде ылғал жетіспесе гүлдену толық жүрмейді тіпті гү.л шоғыры мен бұршақ шанақтары үзіліп те қалады. Бұлардың бәрі сөз жоқ дәннің түсімділігіне тіке әсеретеді. Жаз бойында қытайбұршақ өсімдігі бидайға қарағанда судытөрт еседен аса жұмсайды.

Қытайбұршақтын биохимиялық құрамы. Өсімдік тұқымдарының негізгі биохимиялық компаненті ақуыз. Әлемде ауыл - шаруашылық ішінде соя ең жоғары ақуыз компанентін кұрайды. Соя ақуызының құрамы мен функциясы біркелкі емес. Олардың арасында тағамдық компанентерге қарсы заттарда бар. Мына ингивитарлық протепротеолитикаклық ферменттер, лектин, уреза, липоксиген, т.б. кездеседі. 70 процент қытайбұршақ ақуызының қосымша бөлігін 7S және 11S ақуыз класы қүрайды (5-кесте).  Қытайбұршақ ұны кең тараған ақуыз. Кезінен азық жасап алу барысында компаненттердің инастивациялық өндіру процесін керек етеді.

 

5-ші кесте – Қытайбұршақтың химиялық құрамы

 

Органикалық заттар

Мөлшері, %

Ақуыз

    40 %

Май

    20 %

Көмірсу

    20 %

    10 %

Клетчатка

     5 %

Күл элементтер

    5 %

 

Қытайбурщақтың тұқымындағы 5-10% индивитер протезі құрайды. Оларды ауытқу белсенділігі   7-30м-ге   тең.   Бұл   заттарды   айырмашылық   ерекшелігі ферменттермен әрекеттесуі, ақуыздың жарылуынан тұрақты кешендердің құрастырылуынан ингивиторлардың  жойылуын  фермент белсенділігін артуын көрсетеді . Асқазанға түскен 30 - 40% ингивитор бөлігі өзінің белсенділігін жоғалтады, ал тұрақтылары 12 елі ішек ішінде ингивиторлық пигмент түзеді. Олар асқазан асты безімен көбейеді. Нәтижесінде асқазан асты безі амалсыздан қарқынды түрде жоюға кіріседі , өйткені соңғы үлесу процесін шақырады.

Өсімдіктін ингвиттерінің субстрасты ерекшелігі құрылымы , қасиеттеріне екі бөліктен түрады :

Куница ингибиторы - ақуыздың су ертіндісінің молекулалық салмағы - 25000 Да. Изоэлектірлік 4,5 нүктесімен дисульфиді салыстырмалы санымен байланыстырады.

Бауман Бирк ингибиторы - ақуыздың спирт ертіндісінің молекулалық салмағы 6000-10000 Да және дисульфидтің шамалы санымен ингибритау.

Тирипсинмен және сол сияқты хемотрипсинмен әрекеттеседі. Изоэлектрик нүктесі 4,2-ге тең .

Лектин (фитогемагглютен) деген өзін люкопротейінді көрсетеді. Олар шырышты   ішек сору функциясын бұзады. Оның өткізгіштік әрекеті улану бактериясын  және  азықтық  шіруіне  әкеп  соқтырды.   Қан  құрамындағы  эритроцитті жояды, соның әсерінен бойдың өсуі тежеледі. Гликопротейін ақуыз құрамының 2- ден 10% дейінгіні құрайды, ұн құрамында ауытқу белсенділігі 18-ден 74 ГАЕ / мт - ға тең. Лектиндер сумен спиртпен жақсы әрекеттеседі. Зеріттеушілердің айтуына қарағанда трипсин ингибитерларынан лектиндердің препин қышқылымен немесе термиялық 10-100С 15-25 минут ішінде әрекеттесуін өңделуі оңай болады.

Уреза - ферменті дегеніміз өзегінің жиырылуы себебінен аммиак пен көмірқышқылгазы түзіледі. Уреазаның жоғары белсенділік көрсеткішін сүт мал инерциалылығында азық құрамында пайдаланылады. Уреазаның азық құрамында өзегімен әрекеттесуі салдарынан амиак мал организмін улаушы болып табылады. Қытайбұрщақ тұқымында ақуыз жұрамы 6% уреза құрайды.

Липоксисигеназ ферменті, тотықтыратын липит, құрамында цис-цисдиен бірлігі бар. Сонымен қатар тұқымды ұзақ сақтау әсерінен липоксигеннен альдегид және кетон түзіледі де, жағымсыз иіспен дәм береді. Қытайбурщақ тек қана ақуыз көзі емес, құрамында 16 дан 27% -дейін майды қүрайды. Шикімай құрамында тригмизирид және липоид заты кездеседі. Дақылдын құрамында үлкен молшерде фосфолипид басқаларға қарағанда көп. Фосфолипид соя ұрығында 1,7-2,1% аралығында ауытқиды. Фосфолипид мембромолардың регенерацияларына жағдай жасайды, бауыр детоксикациясын арттырады, антиоксид қабілетіне ие болады, қант диобетімеи ауыратындардың генсулинге қажеттілігін төмендетеді, нерв жүйесін, бұлшық еттермен, капилляр қан жүйелерін дегенеративті өзгерістерді зерттейді.

Триглицерид - құрамында    глицерин    және    май    қышқылдарынан тұрады. Негізгі бөлігін липидтер қүрайды. Қытайбұршақтың мойының 13-14% тін құраса, жануарлар мойынан 41-66% аралығында төмендігін көрсетеді.

 

 

3.2 Қытайбұршақ өсімдігінін фитосанитарлық жағдайы

 

Республикамыздың ауыл шаруашылығы өндірісі арамшөптерге    қарсы    күрес    құралдарын    алуға шамасы жетпей отырған қазіргі экономикалық қиын жағдайда егістіктерді арамшөп жайлап, дақылдар өнімділігіне елеулі нұқсан келтіруде. Осыған байланысты арамшөптерден келетін шығынды болдырмау бүгінгі егіншіліктің басты талабы.

Бұл тұрғыда егістіктер мен топырақтың фитосанитарлық жағдадайын бақылап бағдарлауға, ең алдымен егістіктерді арамшөптерден экологиялық жағынан қауіпсіз тәсілдермен тазартуға мүмкіндік беретін егіншіліктің нормативті-технологиялық жүйесін меңгерудің маңызы зор. Арамшөпке қарсы күрестің мүндай жүйесін жасаудағы басты шаралардың бірі - егістіктегі арамшөптердің негізгі басым түрлерінің нақты жағдайдағы зияндылығын анықтау болып табылады.

Қазіргі  егіншілікте  арамшөптердің  зияндылығы  олардың дақылдар егісіндегі саны немесе массасы арқылы анықталады. Осыған байланысты күрес шарасының егістіктің  1 шаршы метріндегі  20-28  дана азжылдық не 4-5дана көпжылдық, жүгері үшін 15-17 аз жылдық, 3-4 көпжылдық   қант қызылшасы үшін 3-5 аз жылдық, 1-3 көп жылдық, кортоп үшін 5-12 аз және 2-4 көп жылдық қана арамшөп болуға тиіс т.с.с.  Ал суармалы тау етегі жағдайындағы соя егісіне арамшөптердің келтіретін зияны зерттеліп, анықталмаған.

Суармалы   егіншілік   аймағындағы   аса   бағалы   осы   дәнді-бұршақ тұқымдас дақыл егісіне  зерттеу  жұмыстарын жүргіздік.    Қытайбұршақтың өндірістік    егістіктерін    зерттеу    және    танаптық тәжірибелер    мәліметтері    арамшөптердің   түр    құрамының    сан    алуан екендігін көрсетеді.

Агрофитоценоздың арамшөп әлемінің қалыптасуында олар өсіп-өну жердің экологиялық жағдайы,  ауа-райы және өсімдіктердін фитоценотикалық өзара әсері айрықша мәнге ие болды. Республиканың оңтүстік өңірінін  суармалы егіншілік аймағының өзіне тән ерекшеліктері  дакылдардың өніп-өсу жағдайын да өзгертеді, соған сәйкес олардың түрі де, егістің нақты бір өлшеміне келетін саны да өте көп.

Қытайбұрщақ егісінің арамшөптермен ластануына жүргізілген есеп алардың 10 ботаникалық тұқымдасқа жататын 46 түрден тұратынын көрсетеді. Арамшөп әлемінің осындай алуан түрлілігіне қарамай неғұрлым кең таралғаны 25 түр, соның 14-і басым түр болып табылады. Бұл басымдылар әр түрлі агробиологиялықтоптарға жатады, іштерінде көпжылдықтарда, аз жылдықтарда бар. Көп жылдықтардан -7, аз жылдықтардан 18 өкіл кездесті, оның 6-ы дара жарнақты да, 19-ы қос жарнақтылар. Дакылдын егісіне тән ерекшелік- бір жылдық арамшөптердің жөбіректігі.

Қытайбұрщактың егісіндегі арамшөптер саны шектеулі жэне олар дақылды өсіру технологиясына неғүрлым жақсы бейімделген. Зерттеу жүргізілген жылдары басым арамшөптер жалпы арамшөп мөлшерінің орта есеппен 80,6-93,2%-н құрайды. Арамшөптің бұл түрлерінің бәсекелестігі өте жоғары әрі аплынған өнімдерге кері ісерін тигізеді.

Арамшөптердің негізгі агробиологиялық топтары мен түрлерінің арақатынасы   қытайбұршақтын өсіп-жетілу  кезеңіне   қарай   өзгереді.   Себілгеннен соң бір айдан  кейін,  яғни  өсімдіктін бұтақтану кезеңінде  арамшөп саны 193,6 дана/м   болса,   кейінірек   гүлдеу   кезеңінде   247,5   дана/м   жетеді. Бұтақтанудан   пісіп-жетілуіне   дейін   ертепісетін   тамыр  сабақты  арамшөптер  саны  азайса,   кеш  жетілетін  жаздық  және атпа   тамырлы   арамшөптер   керісінше   көбейеді.    Дакылдын пісетін   кезеңде олардың үлесі жоғары шетіне (64,5%) жетеді, тұқым  салып,  қытайбұрщақтың бұршақтары пісіп жетілгенше оны  шашып та үлгереді.  Сөйтіп, арамшөптер дақылдардың тіршілік көзін тарылтып, оларды пайдалануын нашарлатады.   Дақыл   өнімділігін   күрт   азайтады.   Арамшөптерден   таза учаскелерде дақылдан гектарына 30ц-ге дейін тазаөнім алуға болады. Егістің  ластануы артқан сайын арамшөптің зияндылығы да күшейіп, өнім шығыны өседі. Жалпы дән шығыны гектарына 5,4-13, центнерге дейін жетеді. Арамшөптердің дақыл өніміне келтіретін зияны біркелкі емес, бүл олардың биологиялық ерекшеліктерінеде байланысты.

Бір жылдықтардың ішінде қытайбұрщақ егісі үшін ең зияндысы -бүрметікен. 1м жердегі 2-3 дана арамшөп дакылдың өнімін 12,8пайызга шейін азайтып, оның саны 5 данадан асқанда өнімге 47,4%-ке дейін нұсқан келеді.

Қандайда бір заттың зияндылығын бағалау үшін әлемдік практикада әдетте К коэффициенті қолдалынады, ол 1 арамшөпке немесе оның 1 г массасына есептегендегі центінермен алынған дақыл өнімділігінің орташа кемуін көрсетеді.Суармалы егіншілік жағдайында зияндылық коэффициенті біршама ерекшелігі бар, дақылдың да, арамшөптердің де ылғалмен жеткілікті мөлдерше қамтылуына байланысты ол айтарлықтай жоғары.

Қытайбұршақ егістерінде бүрметікен (0,74), егістік тікенқурай (0,56), далалық шырмауық (0,36) және кәдімгі қамыс (0,30) үшін жоғары зияндылық коэффициент белгіленген. Аралас ластанудың зияндылық коффициенті зерттеу жылдарында ортаесеппен 0,42 болады. Алынған мәліметтер қытайбұрщақ егісінің арамшөптермен ластануының да, өнімнің шығын болу коэффициентінің де жоғары екендігін көрсетеді. Арамшөптерді зияндылығы бойынща салыстыру неғұрлым зиянды түрлерді анықтауда және олармен күресуде оған  түзету  енгізуге  мүмкіндік береді.

Дақыл    өнімділігінің    кему    мөлшері    бойынша    арамшөптердің зияндылық деңгейі анықталады. Ол экономикалық зияндылық шегі тиісінше 22,8 жэне 2,8 дана/м. Арамшөптерді жоюдың тиімділігінің экономикалық шегі (ЭКШ) аз жылдықтар үшін 30 дана/м, көпжылдықтар үшін 3 дана/м.   Егістіктердің ластану деңгейі осы мәндерге жеткенде қолданылған   технологиялық  шаралар  тиісті   нәтиже бойынша дифференциациясы және дақылдардың арамшөптердің зиянды әсеріне уақыт бойынша да, ЭЗШ және ЭКШ бойынша да төзімділігі ескеріледі.

Егер өнімнің болжалды шығыны зияндылық шегінен асып кетсе, онда арамшөптерді жоюдың технологиялық шараларын қолдану жөнінде шешім қабылданды. Арамшөптерге қарсы күрес тиімділігінің экономиялық шегі жобадан асып кеткен жағдайда (ЭКШ - 35 дана/м ) қытайбұрщақ егістіктерінде гектарына 4л+0,5кг шамасында трефлан мен зенкор араластырылып қолданылады. Мұнымен қатар препараттардың улылығы, толық ыдырау уақыты, толық ыдырау уақыты, химикаттың түскен ортасында акумуляцияланбауы, топыраққа жайылуы секілді экологиялық шектеу де қойылады. Егер экологиялық өлшем сақталған болса арамшөптерменкүресу шараларын қолдану жөніндегі шешім дұрыс деп есептеледі. Олай болмаған жағдайда қабылданған шешім қайта қаралады.

 

3.3 Агротехникасының ерекшелігі

 

Қытайбұрщақтың бірқалыпты өсіп жетілуіне бірмезгілде, қолайлы өсімдіктердің өмір сүруіне әсер ететін үйлесімді жағдайлар: жарық, су, жылылық, қорек ықпал етеді. Әсіресе қолайлы биотикалық жағдай жасалуына мұқтаж. Өсімдіктін тамырында ауадан еркін азотты сіңіретін тамыр түйнекті бактериялармен байланысты. Осы процесс неғұрлым қарқынды болса дақыл көп ақуыз жинайды, ол дегеніміз өзінен кейін топырақтың күнарын жақсартады, түсімде көбейеді.

Қытайбұршақты көбінесе арамшөптерден тазартылған және өзінен соң азотты аз қалдыратын дақылдардан кейін себу пайдалы. Мұндай алғы дақылға-күздік бидай, жант қызылшасы және жүгері жатады. Қытайбрщақ үшін топырак қабатын басты өндегенде терең (27-28см) қылып сүдігерге жырту пайдалы. Ал жыртылу қабаты тайыз топырақтарды терең  қопсытқыш құралдармен немесе қайырмасыз плугпен өңдейді.

Қытайбұрщақты масақты дәндідақылдардан сон орналастырғанда, алғы дақылдардың өнімін жинаганнан кеин топырақты сыдыра өңдейді, тыңайтқыштар енгізеді. 12-15күнде топырақты шолақ түрінде соқамен жыртады. Кеш жиналатын отама дақылдардан кейін топырақты бірден жырту қажет. Өсімдікті көктемде топырақтың физикалық-механикалық қасиетін жақсартып, ылғал еақтау жэне арамшөптерді толық жою үшін егін сепкекнше бірнеше рет культиватормен өңдейді.

Арамшөппен   күресу   және   оны   құрту   үшін   трефлан   гербицидін дакылды сеппей тұрып, гектарына 1,5кг дозадағы әсерлі затты берудің пайдасы зор.   Гербицидтен   кейін   топырақты   тырмалайды  сонда арамшөптердін азаюы  70-90 пайыз құрап, арамшөптерге  қарсы  линурн препаратын ашық сұр топырақта гектарына 2-3килограмм, қаратопырақта 3-5кг енгізген жөн. Республиканың суармалы жерлерінде азотты гектарына 45-60кг түқым себуден бұрын культивациялаумен, фосфорды 60-90кг, калийді 45-60кг сүдігер жыртумен енгізіледі.

Қытайбұрщақтан мол өнім жинауда тұқым қүрамында түйнек бактериялар бар нитрагин препаравтымен өңдеу нәтижелі. Нитрагиннің әсерінен жапырақ құрамында хлорофил көбейеді, фотоцинтез жақсы жүреді, тамыр жүйелері тез жетіледі. Тұқымды себер алдында микротыңайтқыштармен, әсіресе молибденмен өңдеу қажет. Ол түйнек бактерияларының қызметін күшейтеді, дакылдын түрлі ауруларға беріктігін арттырады.

Тұқым себу. Қытайбұршақ тұқымы сорттылық сапасы жөнінен 1және 2-класс болуы қажет. Ірілігінің бір қалыпты, өңгіштігінің жоғары болғаны дұрыс. Тұқымды арамшөптерден тазартып еккенде мол өнім алынады. Тұқымды себілерден бұрын нитрагинмен өңдесе дән түсімі 15-25% артады. Сонымен қатар ақуызқұрамы да көбейеді. Нитрагиннің жақсы әсеретуіне ылғалдылык жақсы болғаны жөн. Мұндай жағдай түйнек бактерияларының жұмысын күшейтеді. Қүрғақ әрі қараңғы орындарда, шыны сауытқа салынып сақталады. Өсімдіктін тұқымын себер алдында көлеңке жерге брезент үстіне жұқалап жайып, нитрагин ертіндісін себеді де, бірнеше қайтара аударыстырып, араластырылады. Бір шыныдағы нитрагинді 8-10 литр суға езіп шамамен 5 гектарға себілетін тұқым өңделеді. Қытайбұршақты 30 сәуірден бастап, арасына 10 күннен салып себіледі. Сөйтіп 30 сәуір-9 мамыр аралығында себілген қытайбұршақтан мол өнім алынады. Ал ең соңғы мерзімде, яғни 30 мамырда себілген қытайбұршақ өсімдігінің бұршақша шанақтары толық пісіп -жетілмейді. Сондықтан кеш себілген дакылдан екі есе аз дән түсімі түсті. Себу мерзімі өсімдіктін сорттарының өнгіштігіне де әсер етеді. Мәселен, 30 сәуірде себілген Казахстанская 200 сортының өнгіштігі – 92 процент, ал 30 мамырда себілген жағдайда - 80,5 процент болады. Гибридская 670 сортының өнгіштігі 30 сәуірде себлілгенде 91,5, ал 30 мамырда себілген 74,2 проценттен аспайды.

6-шы кесте – Қытайбұршақты қарқынды технологиямен өсірудің агротехникалық картасы

 

р/с

Техналогиялық

операциялар

Орындау

мерзімі

Агротехникалық шаралар

Агрегаттар

I

II

III

IV

V

1.

Екі рет дискілеу

1 Алғы дақыл

жиналысымен

2 Арам шөптер

жаппай көктегенде

1. 6-8 см

тереңдікте

2. 10-12 см

тереңдікте

дт-75м+Л

ДТ-10Т-150К +ЛДГ-15

2.

Сүдігер жыртар

алдында гербицидпен

өңдеу

Сүдігер жыртардан

8-10 күн бүрын

2,4 д препаратын Бүрку (симин түзы 2,5 кг га, бутиль эфирі 0,7 кг га)

МТЗ-80 +

ПОУ

3.

Минералды

тыңайтқыштарды

еңгізу

Сүдігер жыртар

алдында

Р - 90 кг га

МТЗ-82+ РУМ-8МТЗ-

82+ІПМГ-4

4.

Сүдігер жырту

Екінші дискілеу

ден 10-12 күн кейін

25-27см тереңдікке

Т- 150к+П

лП-6-35

К-701+П

Н-8-40

5.

Танапты тегістеу

Сүдігерден соң

Түқымдық дән біркелкі тереңдікте

түседі

ДТ75М+П-4

ДТ-75М+П

А-3

6.

Танапта ылгал

тоқтату (2-рет)

Ақпанның аяғы

наурыз

Кесектерді

майдалау

жэне тегістеу

ДТ75М

+53ТС-1,0

70С+Ш

Б-2,5

7.

Егін себу алдында

өңдеу

Наурыздың аяғы -

сәуір

Екі рет өңдеу

1.8-10 см себу

Алдында 2.6-8 см

тереңдіктер

ДТ75М +53ГС-

3,6 К-

701+Т ШУ-18

8.

 

 

Танапқа гербицидтер

енгізу

Себуден 1-10 күн

бұрын

1 Трефлан

және нитранг 5-

10 кл га 2.250-300 л га сумен Агрегат жылдамдыл

ығы 5-6 км /саг.

МТЗ-80+ПО

У ОН-

400,овт-

ІВ

9

Егін себу

Топырақтың 6-8

см қабатты 12-14

см қызғанда

Пунктирлі

300-350 мың дән ДЭН, кең қатарлы

400-500 МЫҢ ДЭН 1 re

мтз-80+СК

ОН-4,2МТЗ-

80+СП Г-6

10

Танапқа гербицид

тер енгізу

Көктеуге деиін 3-7

күн бүрын 2. Көктеу кезінде

1.Ралирод 7,7 12,3 кг га немесе дактал -тетрал -9-24кг ра 2. Базарган-1,0-3,0 кг

га 3-4 жапырақ

пайда болғанда

МТЗ-80+ПО

УОН-

400,ОВТ-Ів

6-шы кестенің жалғасы

11

Көктеу кезінді

Тырмалау

Негізгі бір

жапырақ шыққан

кезде

Танаптың диаганалы ойынша   күн қызған  кезде

дт-75М-

+53СС-

1+С-21

12

Ара қатарлықты

қопсыту

Судан 2-3 күнен

кейін

Бірінші өңдеу 10-12 см, екінші және үшінші өңдеу 6-8 см тереңдікте

МТЗ-80+КР

Н-4,2 мтз-

80+КР Н-5,6 А

13

Зянкестерге қарсы

өңдеу

Шілде - тамыз

Фосфамид -40/.-1,0 кг га күкірт

ұнтагы 20-30 кг га

 

14

Вегатациялық

суарулар

Мамыр -

қыркүйек

Топырақтың

ылғалдылығы70

процент болғанда

Жұмсақ

шылангылар

15

Дефелиация жүргізу

(Түқым - қап)

тұқым қап

қоңырланғанда

Төмендегенде улоритмагнит 60/.

-10 кг pa+реглон 20/.1 кг pa

 

16

Өнімді жинау

90-95/. пісіп

жетілгенде

Барабанның

Айналымы 500-600 айнриенер

«НВИА»

17

Өнімді тазалау

 

Қырманға

түскенде

Дәнді механика

лық  қоспалардан және жарты кем

жәндіктерден

тазалау

овп-20

ТАВ-10

 

 Себу мерзімі. Бұрындары дәндік қытайбұршақты  өсіп-өну кезеңіндегі температуралар сомасы 2500 – 3000 градусты, ал ылғалдылық 300мм құрағанда егілген. Алайда кейінгі жылдары анықталғанындай, ертепісетіндерде 1700 - 2000 градус пісіп толыққанды түсім беретініне қол жеткізген. Қытайбұрщақ тұқымы +60С-та өніп, ал өнгендерінің сиректенуі төменгі температуралар әсерінен емес, топырақтың ылғалдылығына байланысты. Алайда мұндай температурада тек дәндік сорттары өнеді. Азықтық және жабайыларға 5 градус жеткілікті. Дакылдың өнуіне минималды температура 10, ал қолайлысы 15- 22 градус деп есептелінеді. 11-12 градуста тұқым өте баяу өнеді, ал өнгендері аурулармен көп залалданады деген пікірлер бар. 15-16 градуста біркелкі және жақсы өнеді (7-кесте). Мысалы, өсімдікті себу Индияда, себу мерзімінің әсерінің, сақтау және саңырауқулақтармен залалданғанының түсімге және дәннің сапасына әсерін болған. Ерте егілген соя тұқымының өнуі темен, тұқым салмағы, саңырауқұлақтармен залалдануы -кеш егілгендермен салыстырғанда жоғары болған. Төмен температурада сақталған тұқым саңырауқұлақпен көбірек залалданған. Ерте мерзімде егілгенде төмен сапалы жоғары түсім болған, ал кеш мерзімде егілгенде - түсім азайып дәннің сапасы жоғарлаған. Қытайбұршақ – қысқакүнді өсімдік. Ұзақ жарықты күнде оның өсіп - өнуі жетілуі созылады, 14-18 сағ. гүлдемейді. Өну және гүлдеу аралығы бірқалыпты   болуына күн сәулесінің қарқынды және оның қысқа толқынды радияциясына талабы жоғары. Басқа жетілу фазаларында осы факторларға және қысқа күнге талабы талғамсыз.

 

7-ші кесте – Қытайбұршақтың отандық сортының әртүрлі себу мерзімі мен жетілуі

 

Топырақ температурасы

Себу мерзімі

Өнген күні

Себу-өну

Өну нағыз үш жапырақ

Үш жапырақ бұтақтану

Бұтақтану гүлдену

Гүлдену басталуы аяқталуы

Пісу басталуы

Пісу басталуы аяғы

Өнуі пісу басталуы

Өну пісу аяқталуы

10-12

30.04

8.05

11

14

14

19

43

41

піседі

131

-

06.05

17.05

11

12

12

19

39

41

16

125

141

14-19

05.05

12.05

8

12

14

17

36

40

16

119

135

16.05

24.05

8

14

14

20

41

41

16

130

146

18-20

19.05

24.05

5

13

15

15

36

41

16

119

129

20.05

26.06

7

12

14

19

39

41

15

125

129

 

Сонымен, қытайбұршақты себу мерзімі физиологиялык-биохимиялық өзгеруіне үлкен эсер етеді. ерте мерзімде өсімдіктер ұзақ күн жағдайында гүлдейді, сондықтан олардың гүлдеу кезеңі созылады, ал кеш мерзімде олардың өсуі қысқарып, кейбір фазалардың жеделдетуіне (репродуктивті) жетілу түріне әкеледі. Ал себу мерзімі түйнектің қалыптасуына әсері: - күннің ұзақтығы олардың мөлшерін азайтады, ал ерте мерзімдер керісінше көбейтеді.   Тиімдісі 10-12 градус (8-кесте).

     

8-ші  кесте – Себу мерзімінің түйнектерге және соя өсімдіктеріне әсері

 

Себу топырақ темпера-турасы, С

Өсімдіктегі түйнектер саны, дана

Түйнектер салмағы, мг

рН-ы ИЭН

Ассими-ляциялық аппарат аумағы, ш/м-га

Бір құрғақ тамырдың орташа салмағы

Өсімдік биіктігі, см

10-12

36,7

745,7

5,7

51,1

5,0

139,0

14-16

25,9

590,0

5,8

41,4

4,7

134,8

18-20

25,8

491,3

5,9

39,1

4,2

131,7

22-24

18,9

553,5

6,1

38,2

5,1

127,3

 

Зерттеуге алынған қытайбұршақтың отандық сұрпытарының: орташа мерзімдік сорты Гибридная -670 және Казахстанская - 4 қолайлы мерзімі топырақтың тықым салу тереңдігіндегі температурасы 14-16 градус, ол мамырдың 1-2 бөлігіне сәйкес (9, 10-кестелер).

 

9-шы кесте – Себу мерзімінің қытайбұршақ түсіміне ықпалы

 

Себу топырақ температурасы, С

Дән

    2014

2015

2016

Орташа

10-12

25,4

31,2

30,7

29,1

14-16

25,8

29,8

25,6

27,0

18-20

24,6

26,9

21,4

24,3

22-24

23,0

26,6

17,4

22,3

17-19

-

-

-

 

 

Қытайбұршақ өсімдігін кешірек сепкен жағдайда олардың органдарының қалыптасу уақытты ұзарады. Сөйтіп бірінші мерзімде 7 күнде пайда болса, соңғы мерзімде 12 күнде бұтақшлаары қалыптасады. Дақылдын гүлдену кезеңі де шамамен осындай болады. Сонымен, қытайбқрщақ өсімдігін кеш сепкенде пісуі ұзарып, ал көптеген бұтақша шанақтар, эсіресе, түп жағынан орналасқандары жетілмей қалады.

10-шы кесте – Себу кезіндегі топырақ температурасының дақылдың түсіміне әсері

 

Себу топы рақ температурасы, 0С

Гибридная 670

Казахстанская - 4

пішен

дән

пішен

дән

10-12

59,9

28,5

57,6

13,1

14-16

60,2

20,5

63,2

24,3

18-20

53,4

22,3

53,9

19,8

22-24

47,8

15,9

47,6

12,4

24-28

44,4

11,4

41,3

9,4

 

Қытайбұршақтың Казақстанның оңтүстік аудандарында сәуірдін соңғы күндері немесе мамырайының алғашқы күндерінде себу керек. Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарында 29 сәуір - 9 мамыр аралығнда, ал Қызылорда облысында 15-20 сәуірде, кейбір жылдары 5 мамырға дейін себуге болады. Егер бүл уақыттан ерте егілсе, тұқым шіри бастайды , көпке дейін өнбей, ал шыққан көрі сирек, өсу қуаты төмен болады. Сонымен қытайбұршақтың себу мерзімі топырақ ылғкалы және жылыуына тығыз байланысты.

Егісттікте қытай бұршақ дақылы қажетті коректік зат ала алатын аймақка орналасқан жағдайда , өсімдіктің дұрыс пісіп - жетілуіне қолайлы мүмкіншік туады. Өсімдіктің жапырақтары және бұршақша шанақтары буындарында болады. Олардың  70-80 проценті төмен және орталық буында орналасқан. Мол өнім түсетін бөлігіне 8-16 буын және 1 - 3 жанама бұтақтар жатады. Сол себепті ең төменгі жэне орта буындарына күн сәулесі толық түскенде өнім  молаяды. Сондықтан түқым себу мөлшері алынатын өнім мөлшеріне тура басйланысты.

Себу тәсілі және мөлшері. Өсімдікті алқапта дұрыс орналастыру көрнекті мөлшерде оның өсу барысын және жетілуін айқындайды. Себу тәсілін таңдағанда және себу мөлшерін анықтағанда, өсуімдіктін өте жарық сүйгіш дақыл екенін ескеру қажет. Егістік жиіленсе өсімдікке жарық түсуі, әсіресе төменгі бұтактары көлеңкеленеді. Сонымен қатар жарықтың жетіспеушілігі өсімдіктерде хлорофил құрамын және фотосинтезді төмендетеді. өсімдіктің қоректену аумағының кеңеюімен олардың жарықтануы , фотосинтез өнімділігі жетілу күштілігі жоғарлайды. Мысалы; шаршы - ұялы тәсілмен еккенде қытайбұршақтың орташа мерзімді Высокостебельная - 2 сорты н 60 х60 см еккенде фотосинтез өнімділігі ең жоғары болған тәулігіне - 2,12г - ш/м . Алайда мұндай егістіктен дән түсімін алаң бірлігіне өсімдіктің аздығынан төмен. Соңғы жылдары Қазақстанда қытайбұршақтың көптеген сорттары шығарылған. Олар биологиялық және шаруашылық ерекшеліктерімен бұрынғы аудандастырылған сорттардан айырмашылығы көп. Сондықтан өсімдіктер жиілігі де әртүрлі (11-кесте).

 

11-кесте – Қытайбұршақ өсімдігінің биіктігіне және сиректенуіне егу мөлшерінің әсері

 

Тұқым себу мөлшері, мың дана/га

Гибридная 670

  Казахстанская 4

Казахстанская 200

пішен

дән

пішен

дән

пішен

дән

200

52,2

22,5

59,9

21,5

108,5

26,0

300

58,0

27,2

67,1

24,7

113,9

28,5

400

65,2

29,4

72,2

26,5

89,5

28,5

500

66,1

28,0

79,0

24,9

91,9

26,0

600

72,6

25,6

82,1

23,0

-

-

 

Мысалы; 1га/600мың өнетін тұқымды еккенде, Гибридная 670 сортының бір өсімдігінде - 43 (бобик) қайық. Казахстанская 4 - 46,9. Оларда 67,4 және 74,4 дана дән қалыптасқан. 1га/200мың өнетін тұқымды еккенде, Гибридная 670 сортының бір өсімдігінде - 64 (бобик) қайық. Казахстанская 4 - 59. Оларда 166,2 және 151,1 дана дән қалыптасқан.

Оңтүстіктің интенсивті күннің жарығы жоғары болғандықтан қысқа бойлы, өзегі жапырылмайтын соя сорттарын егістіктерде ленталық екі жолақты тәсілмен 60 х15см, егу мөлшері көбейтілген тәсілмен себуге болады. Осы тәсілмен Гибридная 670 сорты егу мөлшері 800мың дана/га белгілегенде - түсімі 36,5ц/га, ал кең қатарлы еккенде 400мың дана/га - тек 29,1ц/га болған.

Егістікті баптауы. Дән сепкеннен кейін топырақ беті кабыршақтанса егістік жеңіл тырмамен себу барысында көлденең тырмаланады. Сөйтіп жер беті копсып, арам шөптердің жаңадан қылтиып келе жатқан өскіндері қиылады. Бүл жұмыс өсімдік көктемей тұрып, дән себілгннен 3-4 күн соң жүргізіледі.

Қытайбұршақ өсімдігінің екінші жұп жапырағы шыққан соң, тырмамен тырмалау қажет. Сөйтіп арамшөп оталады, топырақ қопсып, тамырға ауа барады, тамырдың тыныс алуы жеңілденіп , тамырда түйнек бактерияларының құрылуы жақсарады.

Дакылдын өскінін тамырлау жұмыстарын күннің екінші жартысында жүргізген дұрыс. Сонда сабақшалар мен жапырақтың ылғалы азайып, тамырлау кезінде көп зиян шекпейді. Өсімдіктің өсіп - жетілген кезде олардың қатар аралығын қопсытқан дұрыс. Ол үшін культиватордың өңдейтін пышақ жүздерінің өткір болғаны жақсы. Соя мұқият түзу себілсе қатар арлықты өңдеу кезінде өсімдік қырқылмайды.

Жаз бойы қытайбұршақ егістігін бірінші рет ол көктеп шыққаннан 2-3аптадан кейін, екінші рет гүлдеу және бұршақ шанақтарының пайда болу кезінде және үшінш рет дән құрыла бастаған шағында суару қажет. Сонымен, өсімдіктен көп балаусаны көп алу үшін қолайлы суару нұсқасы бірінші кезеңде топырақ ылғалдылығы - далалық ылғал сыйымдылығының - 70 проценті, екінші кезеңде 80 проценті, үшінші кезеңде 70 процентіне тең. ОҚО  суармалы жер жадайында өсу дәуірінің бірінші кезеңінде егістікті топырқақ ылғалдылығы ДЫС - тың ( далалық ылғал сыйымдылығы ) 70 процент екінші кезеңде 80 процентімен , үшінші кезеңде 70 процентінен төмен болмауы керек. Өсімдік егісінің суару барысында дәнді мол алу үшін гүлдеу және бұршақша шанақтары пайда болуының аяқталу кезеіңдері аралығында, әсіресе күні өте ыстықты ОҚО жағдайында үш-төрт суарып, ылғалмен қамтамасызетудің манызы  зор. Қытайбұршақ өсімдігі үш-торт рет суарылады.Оны әр суғарғанда гектарына 600 - 700 м3 су қажет. Дакылдан жоғары өнім алудағы шешуші жағдай - өсімдіктердің уақтылы және мұқият күтілуі. Топырақ әрдайым ылғалды және болбыр жағдайда болуы, арамшөптерден тазаболуы қажет. Тұқымның өніп шығуына, өз салмағынан 120 пайыз су қажет, ол дәнді дақылдардың қажеттілігінен екі есе көп.

Еккеннен кейін соңынан топырақты тығыздау жүргізу керек. Тұқымның топырақпен тығыз жанасуы оларды ылғалдылыкпен жақсы қамтиды. Топырақты тығыздауды сақиналы катокпен жүргізу дүрыс, сонда топырақтың жоғарғы жағы болбырап, қатпар болмайды. Ол дакыл түсіміне 20 - 25 пайыз қосуына мүмкіндік туғызады. Топырақтың физикалық ерекшеліктеріне және ылғалдығына байланысты, еккеннен кейін 6-15 күнде өнеді. Олар өніп шыққанша алқапта арам шөптер бой көтереді, ал жауын жауса топырақ қатпарланады. өніп шығуын жеңілдету үшін және арам шөптерді жою мақсатында, егістікті жеңіл тырмамен көлденең тырмалайды. Ол арамшөптерді біраз мөлшерде жойып және түсімді жоғарлатады. Егер өсімдік түқымы өніп шыққанға дейін бір тырмалау және өніп шыққан соң екі мәрте тырмаласа: арамшөптер 32 пайызға, ал қытайбұршақ дакылы бар болғаны 6 пайызға жойылады. 

 

12-ші кесте – Егістікті тырмалаудың оның түсімі мен арамшөптердің жойылуына әсері

 

Тырмалау мерзімі

1ш/м өсімдік саны

Хлорофил құрамы, мг/г

Тәуліктегі фотосинтез өнімділігі г/ш/м

Түсім ц/га

қытай бұршақ

арам- шөптер

пішен

дән

Тырма жүргізбесе

350

90

13,0

2,1

39,3

15,8

Өніп  шығуынан 3-4 күн бұрын

370

56

14,2

2,5

46,0

17,5

Өніп шыққан соң 5 күн

40

64

14,0

2,4

45,8

17,5

Өніп шыққан соң 15 күн

315

80

13,8

2,0

42,1

16,9

Өніп шығуына 5 күн, шыққан соң 5 күн

355

35

15,7

2,6

50,3

19,6

Өніп шығуына 5 күн, шыққан соң 15 күн

330

28

16,0

2,8

53,4

20,8

 

Суармалы егіншілікте қытайбұршақ алқаптарында арамшөптер жаз бойы өседі, сондықтан қатар аралық өңдеулердің маңызы зор. Бірінші қатар аралық қопсыту 6-7см жүйек белгілегеннен кейін жүргізіледі. Жас өскіндерге зақым келтірмеуі және көмілмеуі үшін қопсытқыш қалақтарына қалқан қойылады, немесе бір жақты қалақ қойылады. Екінші қатар аралық қопсытуды біріншіден 10-15күннен сон немесе мол жауыннан кейін, болмаса су беруден кейін 10-12см терөңдікте жүргізіледі. 3-ші не кейінгі қопсытуларды арамшөптермен залалдануына және топырақтың тығыздануына байланысты жүргізеді.

Соядан жоғарғы өнімді тек суармалы егіншілікте қол жеткізуге болады. Суару режиміне толыққанды зерттеулер көрсеткендей дақылдын өсу-өну кезенінде суды жүгеріден 2000 м3/га кем пайдаланады. Топырақтың толық ылғал сыйымдылығының 70% кем болмауы қажет, немесе дақылды 3-4 мәрте, 600-700м3/га суармалы мөлшермен суару керек. Басқа агротехникалық тәсілдері толық сақталса, осы тәсіл қытайбұршақ дәнінің түсімін Казахстанская 200 сортынан 42 ц өнім алынады, немесе суару мөлшері гектарына 1000 - 1200 м3-та 2 - 3 суарылады.

 

13-ші кесте – Қатараралық өңдеулердің арамшөптерді жоюға, түйнектер қалыптасуына, фотосинтетикалық және өсімдіктің жалпы өнімділігіне әсері

 

Қатар аралық өңдеулер саны

1 ш/м арамшөптер саны

Бір өсімдіктегі түйнектер салмағы, мг

Тәуліктегі фотосинтез өнімділігі, г/ш/м

  Түсім

пішен

дән

Өңдеусіз

10,4

476

2,47

62,9

24,3

Бір мәрте

7,6

535

2,66

66,0

25,3

Екі мәрте

3,9

716

2,73

69,2

27,6

 

Тұқымды тазалау және сақтау.  Қытайбұршақтың жасыл балаусасынан да, дәніненде өнімді мол алу үшін дүрыс белгіленген орақ мерзімі ұйымдастыру. Өсімдіктің жасыл балаусасынан жоғары өнімді буршақтарының жаппай қалыптасу кезеңінде орақ салғанда болған. Келесі фазаларында орғанда төмендеген, өйткені жапырақтар сарғайып және түсе бастаған. Дапкылды дәнге орағын тек тікелей комбайнмен жүргізеді. Бұршақтардың 90-95% піскен сәтінде бастаған абзал. Бұл кезеңде бұталары (паясы) кебіңкіреп, қайығы сүр түске боялып, сілкігенде сыңғырлайды. Көп сорттардың жапырағы түсіп қалады, ол жиін терімді жеңілдетеді. Кәнігі дәндік комбайндардың қырқу аппаратын төмен кесуге өзгертеді. Дән соққышта дән жармаланбауы үшін барабанның айналымын 450 - 600 айн/мин азайту қажет. Бастыруды (обмолот) біткеннен кейін дәнектерді тазалап, 14-16 % ылғалдыққа дейін кептіру керек.

Сонымен дән себу мөлшері орташа, яғни 500мың дән бір гектарға себілген жағдайда 300 мың немесе 800 мың дән себілген жағдайға қарағанда мол өнім түседі.Бірақ бір өсімдікке келетін бұршақша шанақ саны, мың дәнінін салмағы 300 мың дән сепкен жағдайда біршама көбейді. Дегенімен жалпы түсімі орташа себу нормасымен салыстырғанда 170 кг төмен болады. Себу нормасының 800 мың дәнге көбейткен жағдайда брлық өнім көрсеткіштері төмендеп , гектарыннан 18,8 ц өнім алынады. Өйткені мұнда өсімдік бірін - бірі көлеңкелеп, күн сәулесін түсірмейді.де фотосинтез қуатын азайтып, өнім түсімін кемітеді.

Қазақтанның сауырмалы жер жағдайында қытайбұршақ өсімдігін себудің ең колайлы әдісі қатар аралығында 60см етіп, кең қатарлап себу. Кейбір жағдайда екі қатарлы таспалы әдіс те қолданылады. Мұндағы қатар аралығы 60см, тапа аралығы 20см болады. Сондықтан өсімдікті кең қатарлап (60-20см) еккен жағдайда төменгі буындардың шанақтары және жапырақтары жақсы сақталады. Қара және боз топырақта жақсы өсе алады, бірақ тұзды, сор топыраққа және бастапқы жерлерге егуге болмайды. Топырақ ылғалды болған жағдайда тереңдігі 4-5см, ылғалы аз болғанда 2 см тереңдетіп себу кажет. Дән себер алдында жерді мұқият тексеріп , жеңіл дөңбекпен нығыздаса бүл дақыл тез де бірқалыпты көктеп шығады.

Тыңайтқыш енгізу. Күз айында топырақты жыртар алдында 30 тонна көң шашу қытайбұршақтың көкбалауса және дән өнімін арттырады. Бұл көңді алғы дақылдар егілетін жерге сепкен жағдайда, өсімдік келесі жылы тимді пайдаланады. Кейде органикалық тыңайтқышқа фосфор минералы тыңайтқышы араластырылыпта себіледі. Сонымен жерді жыртар алдында,топырақтың құнарлылығын, агрохимимялық қасиетін ескеріп картаграмма көрсеткішіне сәйкес тек фосфор калий тыңайтқышы шашылады.

Қытайбұрщақ дақылына микроэлементтер ауадай қажет. Әсіресе оны молибденмен өңдеу өте тиімді. Молибден микротыңайтқышты үш әдіспен енгізіледі. Қытайбұршақ дәнінің үсті жылтыр болғандықтан молибденді шаңдатпай .бүрку әдісі қолданылады. Бір центнер дәнге 10 - 13 г тиімді зат мөлшерімен молибден қажет. Екінші әдісі – өсімдік өсіп тұрғанда 100 г молибден 300 - 500 литр суға езіліп, арнаулы машиналармен шашылады, ал самолетпен шашқанда 100 г молибден 50 - 100 литр суға қосып бүркіледі.  Үшінші әдіс - сүдігер көтергенде, форфорлы тыңайтқыштарға қоса гектарына 1,5кг тиімді зат мөлшерімен молибден микротыңайтқышы енгізіледі. Молибден мен фосфор тыңайтқышын араластырып енгізгенде соя тамырындағы түйнек бактерияларының жұмысы күшейеді, сонымен қатар супрфосфат пен молибден топырақ құрамындағы хлорофилланы жоғарыталып, дән түсіміне әсер етеді.

Қорыта келгенде нитрагинмен өңдегенде қытайбұрщақ өнімі 55,1% фосфор тыңайтқыштарын енгізгенде - 16,7% , молибден - 14,1% , ал бірнеше тыңайтқыш қосып енгізілгенде 39,1% артады. Азот тыңайтқышы түйнек    бактериясының қызметін күрт төмендетеді. Сондықтан нитрагинмен өңделген егістіке азот тыңайтқышын енгізбеген дүрыс.

Қытайбұршақтан көк балауса және дән өнімін Р мен К тыңайткыштарын қолданғанда бұрынғысынанда мол алуға болады. Өсімдіктен көкбалаусаны да , дәнді де мол алу үшін қолданатын агротехникалық шаралардың ең негізгісі - топырақты өңдеу. Күз айында органикалық және фосфор тыңайтқышы шашылған соң, тереңдік 25-27см етіліп жыртылады. Топырақ ылғалдығына байланысты тұқым сіңіру тереңдгі өзгеріп отырады. Мәселен, соя тұқымының ылғалды топыраққа 4-5см, ылғалсызда 6-7см терендікке себілген дұрыс. Қытайбұршақты күтіп-баптау кезінде топырақ борпылдақ болса ол дөңгекпен нығыздалады. Қытайбұршақ себілген соңынан тырмалайды, қатар аралығын қопсытады, үстеп қөректендіріліп, дұрыстап суарылады, арам шөп оталып отырады, зиянкестермен, өсімдік ауруларымен қүрес жүргізіледі.

Дүниежүзіндегі қытайбұршақ өсімдігі көлемі және жалпы өнім көрсеткіштері бойынша, дәнді бұршақты және майлы дакылдармен салытсрығанла алғашқы орынды иемденеді. Осы дақылдың өндірісі және өтімділігінің өсуі, белокқа деген сұраныс; мал және құс бордақылаудың өсуі, соя майының тұтыну, соя негізінде ет аналогтарының өндірісінің өсуі, (жылына 8-10) % өсуі ықпал етуде (14-кесте). 

 

14-ші кесте – Қытайбұқршақтың өсіп-өну тәжірибесінде азот байлау көрсеткіштері, кг/га

 

Сынақ

нұсқасы

Азоттың өсімдіктерде   жиналу мөлшері

Өсімдіктердің азотты пайдалануы

Байлауы,

%

топырақтан және тұқымнан

ауадан

Қара

топырақ

117,5

117,7

-

-

Қара топырақ + нитрагин

251,8

99,1

152,6

66

Ақшыл- сарғылт топырақ

83,1

83,1

 

 

Ақшыл- сарғылт топырақ+ нитрагин

171,5

61,9

109,6

64

 

Біржылдық бұршақ дақылдар 186,8-339,7кг/га, немесе 61-71,8% өсімдіктердің 1 га жалпы қоректенгені, аммиак тыңайтқыштарына есептегенде гектарына 5,5-10ц. Оның мәнісі біржылдық өсімдіктер 3-4 ай өседі. Ал ауадан сіңірілген азот көп мөлшерде дәнде жинақталады, өйткені оның құрамы белокқа бай. Егер, біржылдық бұршақты дақылдар мен арпаның азот жинауын салыстырсақ 103,9-136,5кг/га бұршақты дақылдар пайдасына шешіледі (15-кесте). 

Тәжірибе нәтижесінде гербицидтер қолдану нәтижесінде 67-80% арам-шөптер жойылып, қытай бұршақ дәнінің өнімі 37-89% көтерілген. Зерттеулер нәтижесінде прометрин тиімді болған (ол егістікте арамшөптер санын 67-97 % кеміткен), әсіресе себу алдындағы өңдеулермен қатар қолданғанда (16-кесте).

 

15-ші кесте – Біржылдық бұршақ дақылдарды баптаудағы топырақты азотпен күшейтуі немесе жұтауы, азот байлауы, кг/га

Дақыл

Азотты жинауы

Барлық азот

Өсімдікпен жұмсалғаны

Байлауы

%

Топырақ та азоттың азайуы немесе көбеюі

дәнде және сабанда

тамыр және қалдықтар да

топырақ және тұқымнан

ауадан

Арпа

90,3

31,7

120,1

120,1

-

-

-85,3

Бұршақ

305,5

152,2

457,7

129,0

328,7

71,8

+35,7

Екпе чина

226,0

149,4

375,4

124,7

256,7

68,4

+33,9

Сиыржоңышқа

139,6

166,7

306,3

119,5

186,8

61,0

+52,2

Қытайбұршақ

285,0

134,1

419,1

120,5

298,6

71,2

+18,6

 

16-шы кесте – Себу алды қопсытулар және прометприннің топыраққа, дақылға және арамшөптерге әсері

 

Сынақ нұсқасы

Себу алдында

ғы топырақтың ылғалдылығы

Тұқымның егістік өнуі

Өсімдіктің сиретілуі

Арамшөптердің саны,

мың дана/1 га

Арамшөптер салмағы ц/га

Түйіндер саны, дана

Бір культивациялау

15,4

80,5

4,8

26,2

37,1

8,8

Екі культивациялау

17,6

86,2

4,5

17,4

27,5

10,2

Үш культивациялау

17,8

88,1

3,6

13,6

14,3

13,8

Үш культивациялау+прометрин

17,8

87,9

3,6

3,9

10,1

16,9

 

17-ші кесте – Топырақты культивациялау және промитрин гөрбицидінің сояның түсіміне және кейбір физиологиялық көрсеткіштеріне әсері

 

Сынақ нүсқасы

 

 

Ассимиляциялық аппараттың алаңы, мың.м2/га

Туліктегі өсімдік фотосинтезі өнімділігі, г/м2

Дәннің түсімі

ц/га

%

Бір культивация

32

2,30

24,5

100,0

Екі культивация

33

2,43

26,9

109,8

Үш культивация

37

2,66

29,6

116,7

Үш культивация + прометрин

41

2,75

31,5

128,6

 

Өніп шығар алдында үш күн бұрын, тырма жүргізерде топырақ үсті 2л/га берген, жұмыс сұйығының жумсалу мөлшері 500л/га. Топырақты үш культивациялауын гербицидтер қолданумен салыстарғанда арам шөптер 3,5 есеге, соңғының пайдасына; марь белая және гүлтәжі (щирица) толығымен жойылған, мысыққұйрық (мышей сизый) және тауық тарысына әсері әлсіз, далалық қалуен (осот полевой) және шырмауыққа әсер етпеген. Себу алдында, содан кейін топыракты өңдеулер арам шөптерді жоюмен қатар өсімдік тамырына түйнек байлауына ықпал етеді. Тамыр түйнекті бактериялар - аэробтық, сондыктан олар үздіксіз ауаны қажет етеді. бір мәрте культивациялаумен салыстырғанда, себу алдында 2-3 қопсыту жүргізу, гүлдеу кезеңінде орта есеппен өсімдікте түйнектердің саны 15,9-56,8% артады. Промитриннің түйнектерге әсіресе түйнекті бактерияларға әсері белгісіз. Соя егістігінің арам шөптермен залалдануы және түйнекті бактериялардың біркелкі функционалдық қызметі топырақты өңдеуіне байланысты ассимиляциялық аппараттың жетілуіне және өсімдіктің фотосинтез өнімділігінің жақсы дамуына әсерін тигізеді.

Өсімдіктің жапырағының аумағы, себу алдындағы үш культивациялау және гербицидтпен өңдегенде көбірек болған. Өсімдіктерде углеводты және азотты алмастыруын күшейту, олардың фотосинтезінің өнімділігіне, яғни түсімге эсер еткен. Промитриммен өну алдында үш күн бүрын өңделіп және себу алдында үш қопсыту жүргізілгенде сояның дәнінің түсімі гектарына 32ц болған. Себуге дейінгі топыракты өңдеу және гербицидтерді қолдану нитраттар және фосфаттардың мөлшеріне әсерін тигізген. 1-3культивациялағанда өну кезеңіндегі нитраттар қүрамы, нитрофикация процессін тежеуіне байланысты бірдей болған (7-7,5мг/кг). Алайда келешекте топырақтың гидрометрикалық кестесі қалыпқа келіп, нитрификация процессі күшейіп және нитраттар мөлшері көтерілген, жаз ортасында шектеуіне жеткен.

Өсімдіктердің күзде нитраттарды пайдалануына, соңына температураның және топырақ ылғалдығының төмендеуіне байланысты ол жылдам азайды. Қопсыту, әсіресе топырақты гербицидтермен өңдеумен жұптастырғанда топырақтың азотты режимін жақсартты. Мысалы, шілденің 1-і бөлігінде нитраттардың құрамасы 27мг/кг, бір мәрте қопсытқанда 17,5мг/кг таза құрғақ топырақтың. Ол сөзсіз, топырақтың сулық-физикалық, жылылық, ауа ахуалы-ның жақсаруы мен арамшөптердің жойылуы және түйнекті бактериялардың азот байлауы күшеюімен байланысты. Арамшөптер жапырақтармен топырақты көлеңкелеумен, оның t-сы 2-4 градусқа төмендейтіні белгілі.  Ондайда микро ағзалардың тіршілігі әлсірейді, өз кезегінде топырақтың нитрификациялық қабілеті және түйнекті бактериялардың азот байлауы әлсірейді. Күшті тамыр жүйесімен ж/е жоғары транспирациясымен топырақ кабатындағы қор азайып, таза топырақпен салыстырғанда 10-12% азайады. Сонымен қоса ылғалмен бірге ерітінді нәрлі заттарда алшақтанады. Топырақтағы фосфаттар құрамасы бір мәрте қопсытқанда өсуі мен өнуінде ауытқуы мардымсыз, мысалы өну кезінде жылжымалы фосфор 18мг/кг топырақта, маусым айының ортасында 14,1мг/кг. Тек жаздың аяғында көбейуі байқалған 22,7мг/кг, ал күзге қайта төмендеген 16,5мг/кг. Екі-үш қопсытқанда, әсіресе гербицидтермен жұптастырғанда, жылжымалы фосфор қурамасы жыл мезгіліне байланысты 6-7мг/кг көбейген таза топырақтың. Прометрин арамшөптерді мардымсыз тежейтінін атау қажет, қолайлы мерзімде бермесе және өңцегеннен кейін жауын-шашын болса соя егістігін 15-20 % сиректенуіне әкеледі. Зерттеулер нәтижесінде оның дозасын 4-5кг/га бергенде арамшөптерді көп мөлшерде жойған 12,1ден 8-9 есеге азайған, ал дән түсімі өңцелмеген егістіктермен салыстырғанда 47,5-48,6% өскен. Алайды гербицидті топырақпен жаппаса арамшөптер азаймайды, өнім көбеймейді. Трефланды культивациялау немесе дискілеумен жаппаса буланып және ультрофиолетті сәулелер әсерімен ыдырайды.

Жогарыда аталган гербицидтті топыраққа тұқымды себуімен бірге жәнө өнуінен 3-4 күн бұрын беру абзал, өйткені оны топыраққа жауып тастау мүмкіндігі болады. Химиялық өңцеу сапасы мен тиімділігі жүргізілу технологиясының және оның дұрыс уйымдастырылуына байланысты. Соя егістігінің химиялық шабығы араластырғыш және штангалармен жабдықталған тракторлы бүркігіштермен жүргізіледі. Бүркігіштің штангасына УНЗ-4А шығу түтігінің диаметрі ек-үш миллиметрдей болуы қажет. Бүркудің алдында агроном топырақтық климаттық жағдайды және арам шөптердің түрлеріне сәйкес гербицидтің бүрку мөлшерін анықтайды. Ерітіндіні бүркілетін күні дайындайды. Топырақты механикалық және химиялық өңдеудің экономикалық тиімділігі зор. Шаруашылықтардың себу алдындағы топырақты тырмалауы сояны өңдеудегі тиімділігі және табыстығына жеткіліксіз. Топырақты себу алдында 3 мәрте қопсыту таза пайдаға әсері мол. 

 

3.4 Қытайбұршақты өсіру технологиясына тыңайтқыштар әсері

 

Азот. Республиканың әр түрлі топырақтық - климаттық жағдайларында жүргізілген сынақтар нәтижесінде, қытайбұршақтын жоғарғы өнімінің қалыптасуына азот тыңайтқыштары қажет. Оны дакылдын коп мөлшерде байлаған азот қажеттілігімен түсіндіріледі. Алайда соңғы жылдары зерттеулер минералды азоттың бұршақты дақылдарға қолданылуы теориялық және тәжірибелік жағдайларда нәтиже бермеген. Дәнді дақылдарға берілетін азот мөлшері бұршақты дақылдарға қолданылуы молекулалық азотты байлауына әсер етіп, өнімді азайтады. 

А.САдыков [71], минералдық тыңайтқыштардың бұршақты дақылдарға ықпалын толықтыра келе, осы дақылдар азоттық тыңайтқыштарды қажет етпейді деген тұжырым жасады. Симбиоз (жарасымдық) өсімдіктің нәрлілігін толығымен қамтамасыз етеді. «Егер өсімдіктерге минералды азотты берсе, олар оны басқа дақылдардай сіңіреді, алайда симбиотикалық байлау сол дәрежеде азаяды. Бұл жағдайда азотты тыңайтқыштар беру таза нұқсан». Минералдық азот, азот байлау процессін тежеп, сонымен қатар өсімдікті байланған азотпен сол өсіп-өну фазасына сәйкес -өсімдіктің биологиялық қажеттілігіне талаптарын қамтамасыз ете алмайын сияқты.  Бұршақ дақылдарының өсу фазалары және жетілу барысында симбиотикалық азот байлауда, азотты пайдалануда (сандық және мүмкін сапалығына) қатаң (синхронность) үйлесімдік болатын сияқты.

Минералды азотты беру таяқша түрлі формадан бактеройдтық түріне өзгеруіне әкеледі, ал түйнектер ерте өледі. Егер тыңайтқыш ретінде аммиакты азоттың орнына нитраттыны берсе, түйнекті бактериялардың азот байлау қабілеті минералды азот беру нәтижесінде төмендейді. Біржылдық бұршақтылардың түйнектері жетілуіне нитраттар 1:10000 шоғырлануын тежейді, ал аммонилық тұздарда 1:2000 шоғырлануында. Аммоний тұздарының (NH4)SO4 нитраттарымен салыстырғанда зиянды ықпалының босаңсуы, бірқатар басқа себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, аммоний сульфаты, аммиакты селитрамен салыстыр-ғанда, топырақтық араласпада неғұрлым жәй ериді, осыған байланысты дакылдың тамыр төңірегінде шоғырлануы аз болады. Екіншіден, Қазақстан топырактары, әсіресе оңтүс аудандарында көбінесе сілтілі реакциялы, ал түйнекті бактериялардың бірқалыпты жетілуіне бейтарап реакция ортасы қажет. Сульфат аммониін азот тыңайтқышы ретінде беру топырақты ерітінді қышқылдарынсыз және сонымен түйнекті бактериялардың азот байлау қабілетіне келтіретін кедергіні жұмсартамыз. Үшіншіден, топыраққа берілетін сера өсімдіктің өсуін кешеуілдетеді, қалыптасатын түйнектердің санын көбейтеді және буршақтылардың түйнекті бактериялармен үйлесімде азот байлау қабілетін жоғарлатады.

Осы қысқа мәліметтердің өзі минералды азоттың атмосфералық азотты байлауына кері ықпалын растайтыны толығымен жеткілікті, яғни бұршакты өсімдіктердің белсенді түйнекті бактериялармен үйлесімдегі нәтижелілігіне де зиян. Алайда осыған толыққанды дәйек келтіретін эксперименттер келешекте жүзеге асырылады.

Біздің жүргізген эксперимент нәтижелеріне сүйене, бұршақты дақылдардың түсіміне және азот жинақтау қабілетіне заңды және нақты ықпал ету қиын. Жасуша ішіндегі бактеройдтардың ерекшеліктері беймәлім. Жасуша ішіндегі бактеройдтардың кейбір ерекшеліктерін анықтау үшін және үйлесімдіктің тиімділігін жоғарлату факторларын аныктауда, нитрогинизация тәсілін макро және микро тыңайтқыштар берумен зерттеген.

Егістік сынақта топыраққа минералды тыңайтқыштар (P30N120), олардағы сіңімді нәрлік элементтерін ескере отырып берілді және олардың жоспарланған түсіммен алшақтануы ескерілді. Топырақта сіңімді калийдің жеткіліктілігінен, калий тыңайтқыштары қолданбады. Тыңайтқыш ретінде аммиакті селитра, түйіршіктелген суперфосфат және 1% молибден қышқылы ерітінді амониі қолданылды.

Жүргізілген сынақтар бойынша, тұқымы жұқтырылмаған өсімдіктер тамырында, түйнектер қалыптаспай, ал бактеризацияланған өсімдік тамырында -136 данаға дейін қалыптасты. Түйнектердің пайда болуына фосфор және молибденнің ықпалы ауқымды, осы топырақты - климаттық жағдайда түйнектің пайда болуына күшті қоздырғыш факторлар.

Ал минералды азоттың әсері керісінше. Сонымен молибден және фосфор түйнекті бактериялардың белсенділігін жоғарылатады, ал минералдық азот едәуір төмендетеді (18-кесте).

Зерттеу нәтижелерінде тыңайтқыштардан элементтерден сіңірілетіні: N -60, Р - 30 және К - 80% құрап, осыған сәйкес: N - 135, Р - 97 және К -70 кг/га берген жөн деп санаймыз.

Фосфор. Өсімдіктер өсу барысындағы тыныстау және ашу (брожение) функцияларына фосфор қатысты. Фосфорлық қышқыл және фотосинтез процессі тікелей байланысты.

 

18-ші кесте – Топырақтағы гумустың мөлшері, тұқымды жұқтыру және минералды азоттың соя түсіміне әсері

 

Сынақ нұсқасы

Топырақ қатпары, см

Гумус құрамасы

%

Құрғақ масса түсімі г/тамыр

Нитрагинсіз қаратопырақ

0-30

4,50

12,11

Нитрагин       + қаратопырақ

0-30

4,50

20,02

Нитрагин+ қаратопырақ

30-80

1,70

10,14

Нитрагин+ қаратопырақ  +

No.53/rraмыр

30-80

1,70

6,70

Нитрагинсіз ақшыл-сары топырақ

0-30

2,70

10,20

ақшыл-сары топырақ + нитрагин

0-30

2,70

15,36

 

Түйнектердің қалыптасуына фосфоттардың ықпалы, бұршақты дақылдардың фосфорға қажеттілігі болмасада ықпал етеді. Бұл элемент күрделі белоктардың қурамына нуклеопротейдттер түрінде болады. Жасушалардың тыныстану процессіне, өсімдіктің және мүшелері қалыптасуына қатысады.

Түйнекті бактериялар бұршакты және бұршақты емес өсімдіктердің фосформен қоректенуіне қатысады, суда ерімейтін калций фосфатың және фосфоритті ұнды еріту қабілетімен ерекшелінеді.

Нитрагин дегеніміз - қажетті мөлшерде көбейтілген, стерильденген топырақтық немесе шымтезек (торфтық)   түйнекті бактериялар дақылы. Нитрогинмен, тек сол бұршақты дақылдар сортына арналғанымен өңдеуге болады, қарама - қайшылықпен жұғатын топтар болуы тиіс. Пайдалануға дейін препараттарды қараңғы, құрғақ жерде 0 -10градус температурада сақтайды.

Тұқымды себетін күні оларды таза ыдысқа салып, таза сумен араластырады. 1литр/140 - 180кг тұқымға. Сұйықпен тұқымды мұқият араластырады. Осындай өңдеуден кейін тұқымдар ісінеді.(тұқымды) бактериялар өте тез өледі, келесі күні қайта жұктыру қажет. Тұқымды өңдейтін жұмыстар күн сәулесі түспейтін көлеңкеде істелуі қажет, сәулелер бактерияларды жояды. Тұқымды протравительдермен дәрілеу нитрагин тиімділігін төмендетеді. Протравительдермен себуден бірай бұрын өңдесе ол үйлесімді. ТМТД - ң басқалармен салыстырғанда зияны аздау [72].

Калий. Егер топырақта сіңімді калий мөлшері 85кг/га - дан аз болса сояны калиймен қоректендіру оң нәтиже береді. Гүлдеу кезеңі және дән қалыптаса бастағанда, қытайбұршақ бірінші кезекте калийді қажет етеді. Алайда оның нәтижесі топырақ ылғалдығы мөлшерінен тәуелді. Жоғарғы ылғалдықта калийді берсе түсім екі еселенеді, ал темен болса оның әсері азаяды. Соя өсімдігінің өнімділігіне және түйнекті бактерияларға калийді фосфорлы тыңайтқыштармен бірге бергенде әсері оң болады. Тек фосфорлы тыңайтқыштарды бергенімен салыстырғанда, түйнектердің улпасы қызыл түске айқын боялған, ал рН ИЭН -ға қышқыл аумаққа ауысқан (6,8-ден 6-ға дейін). Ол түйнекті бактериялар белсенділігінің артқанын, яғни молекулалық азотты байлауы да, демек өсімдіктің өсуімен өнімділігінде байқалады.

Топыраққа Р және К тыңайтқыщын бергенде өсімдіктер өсуі жақсарады. Өсіп-өну кезеңінің соңында олардың биіктігі 140 см, тыңайтқыш берілмегендерімен салыстырғанда 5сантиметрге жоғары болады.

 

 

3.5 Қытайбұршақтың отандық және шетелдік селекциялық тұқымдарының өнімділігі

 

Зерттеулер жүргізу үшін дайындық жұмыстары: отандық және шет елдік әдебиеттер қолдана отырып ғылыми-техникалық ақпараттар зерделенді. Экологиялық сортсынақ тәлімбақтарын жасау әдістемесі, тәжірибелердің орналасу кестесі мен бөліну жоспары жасалынды.

Зерттелетін сортүлгілердің зертханалық өнгіштігі анықталды, ол орташа 92-100% құрады.

Ұрықтардың алқаптық өнгіштігі және егістіктің арамшөптермен ластануы анықталды. Ұрықтардың алқаптық өнгіштігі 88-97% құрады.

Түрлік құрамы бойынша егістікте қосжарнақты біржылдық арамшөпті өсімдіктер, ал көпжылдық өсімдіктерден құмай басымдылық көрсетті.

Зерттеу кезінде қытай бұршақ егістігінде аурулар мен зиянкестер кездеспеді.

Фенологиялық байқаулар нәтижесі көрсеткендей (19-кесте), негізгі даму фазаларының басталуы мен вегетациялық кезең ұзақтығы бойынша тез пісіп жетілетін өнім ретінде Жансая (103 күн) және Болашақ (104 күн) сортүлгілері болды. Сонан соң дамуы орташа көрсеткіш шет елдік GМ (Канада) (106 күн) сортүлгісінде анықталды. Ең кеш пісетін қытай бұршақ сорттарына отандық селекцияға жататын – Эврика стандарт және Қазақстандық 2309, ал шет ел селекциясынан Sponsor (Сербия) сорттары болды, олардың орташа көрсеткіштері 111 күнді құрады.

Зерттеу нәтижелері бойынша (20-кесте) қытай бұршақ сортары бойынша дамуның алшақтығында айтарлықтай айырмашылықтар байқалмады.

21-кесте мәліметтері бойынша, біз зерттеген қытай бұршақ өсімдігінің барлық сорттары өнгіштігі мен тұқымның көктеу энергиясы бойынша жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленді. Өнімдерді жинау кезінде алқаптық өнгіштігі (Канада) және Sponsor (Сербия) сортүлгілерінде бұл көрсеткіш сәйкесінше орташа 55,2 см және 58,8 см болса, ал Болашақ және Қазақстандық 2309 сортүлгілерінде – 55,2 см және 56,7 см құрады.

 

19-шы-кесте – Қытайбұршақ дақылының отандық және шет елдік селекцияларының фенологиялық бақылаулары

 

Сорт

Отырғызу күні

Көктеуі

Гүлдеуі

Бұршақтары-ның пайда болуы

Бұршақтары-ның толысуы

Пісіп-жетілуі

Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы

Эврика стандарт

25.04.11

05.05.11

07.06.11

28.06.11

20.07.11

14.08.11

111

GM (Канада)

25.04.11

06.05.11

05.06.11

24.06.11

15.07.11

09.08.11

106

Sponsor (Сербия)

25.04.11

07.05.11

07.06.11

26.06.11

19.07.11

14.08.11

111

Болашақ

25.04.11

06.05.11

03.06.11

22.06.11

13.07.11

07.08.11

104

Жансая

25.04.11

05.05.11

02.06.11

20.06.11

12.07.11

06.08.11

103

Қазақстандық 2309

25.04.11

06.05.11

07.06.11

27.06.11

19.07.11

14.08.11

111

 

20-кесте – Қытайбұршақтың даму кезеңі қашықтығы

 

Сорт

Кезеңнің ұзақтығы, күн

егу-

шығу

шығу-гүлдеу

гүлдеу- бұршақтарының пайда болуы

бұршақтарының пайда болуы

- пісіп-жетілуі

вегетациялық кезеңнің ұзақтығы

Эврика стандарт

10

33

21

47

111

GM (Канада)

11

30

19

46

106

Sponsor (Сербия)

12

31

20

48

111

Болашақ

11

28

19

46

104

Жансая

10

28

18

47

103

Қазақстандық 2309

11

32

20

48

111

 

21-кесте – Қытайбұршақ сорттарының далалық өнгіштігі

 

Сорт

Тұқымның өну энергиясы (зертханалық), %

Зертханалық өнгіштігі, %

Далалық өнгіштігі, %

Өсімдікті жинау кезіне сақталған саны, %

Эврика стандарт

89,0

100

97

94,3

GM (Канада)

94,0

95

92

89,1

Sponsor (Сербия)

80,0

97

95

89,6

Болашақ

92,0

100

97

92,2

Жансая

88,0

100

96

95,8

Қазақстандық 2309

79,0

92

88

86,3

 

мен ұрықтарын сақтау саны бойынша ең жақсы нәтижелер Жансая (96,0%, 95,8%) және Эврика стандарт (97,0%, 94,3) сорттарынан алынды. Ал бұл көрсеткіштер бойынша ең нашар нәтижелер Қазақстандық 2309 сортында болды. Оның өнімдерді жинау кезінде алқаптық өнгіштігі мен ұрықтарын сақтау саны бойынша көрсеткіштері сәйкесінше 88,0 және 86,3% құрады.

Егінді механикаландырылған жинақ кезіндегі шығынды азайту үшін өсімдіктің ұзындығы мен бұршақтың төменгі бөлігінің бекітілу биіктігі маңызды болып табылады (22-кесте).

Зерттеу барысында ең жоғарғы биікті Жансая (64,4 см) және Эврика стандарт (63,3 см) сорттарында анықталды. Қалған сортүлгілер биіктігі бойынша бұл сорттардан төмендеу көрсеткішке ие болды, шет елдік GM

 

22-ші кесте – Қытайбұршақтың шығымдылығы, гектарына центнер есебінде

 

Сорт

Өсімдік биіктігі,

см

Төменгі бұршақтарының бекітілу биіктігі, см

1000 ұрығының массасы, г

Шығымдылығы,

ц/га

Эврика стандарт

63,3

14,6

103,7

28,8

GM (Канада)

55,2

13,4

103,7

31,3

Sponsor (Сербия)

58,8

12,8

96,4

32,9

Болашақ

55,2

14,1

92,8

32,1

Жансая

64,4

14,2

109,3

28,3

Қазақстандық 2309

56,7

15,1

99,7

21,2

НСР 0,5

 

1,45

 

2,09

 

  23-кесте – Қытайбұршақ сорттарын өңдеудің экономикалық тиімділігі

 

Сорт

Өнімділігі, ц/га

Сатылу бағасы, теңге/ц

Өнімнің бағасы, теңге/га

Шығындар, теңге/га

Түскен пайда, теңге/га

Рентабельдік

деңгейі, %

Эврика стандарт

28,8

5000

144000

51362

92638

180,4

GM (Канада)

31,3

5000

156500

51362

105138

204,7

Sponsor (Сербия)

32,9

5000

164500

51362

113138

220,3

Болашақ

32,1

5000

160500

51362

109138

212,5

Жансая

28,3

5000

141500

51362

90138

175,5

Қазақстандық 2309

21,2

5000

106000

51362

54638

106,4

 

Бұршақтың бекітілу биіктігінің ең максималды көрсеткіші Қазақстандық 2309 (15,1 см), ал ең азы – шет елдік селекция сортүлгілерінде: GM (Канада) – 13,4 см, Sponsor (Сербия) – 12,8 см анықталды.

Зерттеу нәтижелері бойынша ең жоғарғы өнімділік шет елдік селекциядағы Sponsor (Сербия) сортында және отандық селекциядағы Болашақ сортында алынды, ол сәйкесінше 32,8ц/га және 31,9ц/га құрап, Эврика стандарт (28,6ц/га) сортынан 4,1ц/га және 3,4ц/га болған. GM (Канада) сорты бойынша өнімділік көрсеткіші 31,5ц/га, ал Жансая сортында 28,3ц/га. Ең төменгі өнімділік Қазақстандық 2309 сортында 21,4ц/га құрады.

1000 ұрық массасы бойынша шет елдік селекциядағы GM (Канада) және Sponsor (Сербия) сортүлгілерінде сәйкесінше орташа 103,7 г және 96,4 г құрады, ал отандық селекциядағы Эврика стандарт сортүлгісінде 103,7 г, Болашақ – 92,8 г, Жансая – 109,3 г, Қазақстандық 2309 – 99,7 г болды.

Қытай бұршақты өңдеудің экономикалық тиімділігін анықтауда біз келесі көрсеткіштерді пайдаландық: өнімділігі, табысы, біргектарлан алынган пайдасы және рентабельдік деңгейі (23-кесте).

Осы есептеулердің нәтижелері бойынша біз зерттеген қытай бұршақ дақылы сорттарының ішінде шет елдік селекциядағы Sponsor (Сербия)  сортүлгісі тиімді және пайдалы болатындығы анықталып, түскен пайда гектарына 113138 теңгені құрады, рентабельдік деңгейі – 220,3%.

Тиімділігі төмен отандық селекциядағы Қазақстандық 2309 сорты болып, түскен пайда мен тиімділік деңгейі сәйкесінше 54638 теңге/га және 106,4% құрады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстанның оңтүстігінде қытайбұршақ бағалы дақылынан жақсы өнім алынуына еліміздің ҒЗ мекемелері және шаруашылықтары өсімдіктін агротехникасы және биологиялық маңызды мәселелеріне өз үлестерін қосуда.

Қытайбұршақтын түйнекті бактерияларға бейімделген, жасыл балаусасы, дәндік және сүрлем бағытты аудандастырылған, жоғары өнім беретін, егістік бірліктен шығатын протеин және майы, аурулармен зиянкестерге төзімді, механикаланған жиын - терімге бейімделген сорттары шығарылды. Осы сорттар республикамыздың қытайбұршақ егістіктерінің 90% орналасқан.

Өсіп – жетілу кезеңінде, негізгі фазалардың және ең қысқа вегетациялық мерзім Жансая (103 күн) және Болашақ (104 күн) сорттарында анықталды. Ең ұзақ мерзім жергілікті селекциясының қытай бұршақ сорттары Эврика стандарт және Қазақстандық 2309, сонымен қатар шетел селекциясының Sponsor (Сербия) сорттары бойынша анықталды, олардың вегетациялық кезеңі орта есеппен 111 күнді құрады.

Өсіп-өну фазаларының ұзақтығы бойынша қытай бұршақ сорттарының арасында айырмашылық байқалмады.

Далалық өнімділігі және өнімді жинау алдындағы өсімдіктердің сақталған түп саны бойынша ең жоғарғы көрсеткіштер Жансая (96,0% және 95,8%) және Эврика стандарт (97,0% және 94,3%) сорттарында анықталды. Бұл көрсеткіштер бойынша ең төмені Қазақстандық 2309 (88,0% және 86,3%) сортында байқалды.

Өсімдіктердің ең жоғарғы биіктігі Жансая (64,4 см) және Эврика стандарт (63,3 см) сорттары бойынша анықталды.

Ең жоғарғы бас байлау биіктігі Қазақстандық 2309 (15,1 см), ең төмен – шетел селекциясының GM (Канада) - 13,4 см, Sponsor (Сербия) – 12,8 см сорт үлгілерінде байқалды.

Ең жоғарғы өнім шетел селекциясының Sponsor (Сербия) және отандық селекциясының Болашақ сорттары бойынша алынды, олардың өнімі сәйкесінше 32,8ц/га және 32,9 ц/га құрады, ол дегеніміз гектарына 4,1 және 3,3ц Эврика стандартынан артық. Ең төменгі өнім Қазақстандық 2309 – 21,4ц сорты бойынша алынды.

Пайда және рентабельдік бойынша ең жоғарғы көрсеткіштер шетел селекциясының Sponsor (Сербия) сорты бойынша алынды, алынған пайда 113138 тенге/га, ал рентабельдік 220,3%-ті құрады. Ең төменгі пайда және рентабельдік көрсеткіштерді Қазақстандық 2309 сорты бойынша анықталды, сәйкесінше аталмыш көрсеткіштер 54638 теңге/га және 106,4% құрады.

Қазіргі таңда тұқым шаруашылығы қолға алынуда, элита тұқымын өндіру және шаруашылықтарда көбейту жолға қойылған. Эксперименттік жолмен, азот байлау мөлшері, түйнекті бактериялармен үйлесімдігі аныкталып, топырақты азотпен байыту ауылшаруашылық дақылтүсімін бағдарлауда маңызды ауыспалы егіншілікті және тыңайтқыштар жүйесін ұйымдастырудағы жұмыстарды жогарыдеңгейде атқаруға мүмкіндік береді. Өсімдікті бактеризациялау тәсілдерін қолданғанда, түйнекті бактериялардың белсенді нәсілдері алынды. Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында оңтүстіктің суармалы егіншілігінде 1га/30 ц дән алуға, оған жоғары өнімді сорттар және соларға арналған озық сорттық агротехниканы қолданумен жетуге болады. Шаруашылықтар қажетті техникамен, гербицидтермен және нитрогинмен қамтамасыз етілуі тиіс.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Асанов К.А., Денисов В.М. Кормовая база юга Казахстана. – Алма- Ата : Кайнар, 1981. – С.33.

2 Макулбаев   А.Т.,   Сыдыков   Д.А.,   Турсунбаев   С.Б.   Проблемы эффективного использования вегетационного периода в условиях орошения Юга Казахстана // Матер. Межд.НП конф. – Алматы : Бастау, 2000. – С.3-4.

3 Денисов В.М., Сидорцева Т.Н. Интенсиввное использованние орошаого земель на кормовые культуры // Вопросы интенсификации с.-х. производства в Чимкентской области. – Алма-Ата : Кайнар, 1998. – С.92.

4 Сыдыков Д.А., Турсунбаев С.Б. Биологическая реакция сортов сой на сроки посева при возделываний на зерно // Биология, селекция и возделывание сои.  – Алматы : Бастау, 2009.  – С. 26-27.

5 Зыков Д.А. Агротехника поливных культур в Южном Казахстанене. – Алма-Ата, 2009. – С.74.

6 Копытин И.П., Виноградов Ё.П. Уплотненные посевы кормовых культур в Казахстане. –Алма-Ата: КазНИИНТИ, 2011. –С.46.

7 Кененбаев С.Б. Зональные основы оптимизации плодородия неполив-ных пахотных почвы Казаххстана // Автореферат докторской диссертации на соискание ученой степени кандидат сельскохозяйственных наук. –Алматы, 2001. -С.45

8 Сулейменов Б.У. Дәнді дақылдардың химиялық құрамы және топырақ-тан қоректік элементтердің шығарылуы //Жаршы. –Алматы: Бастау, 1996.  -№10. –7-8 б.

9 Басибеков Б. С. Минеральное питание и система удобрений орошаемой зоны Казахстанана. –Алма-Ата, 1983. –С.102.

10 Бекмағанбетов А. Тәлімі жағдайда дәнді дақылдар егісін тыңайту. -Алматы: Қайнар, 1981. –76-78б.

11 Мальцев Т.С. Егін шаруашылығы мәселелері. –А-Ата, 1971. –С.390.

12 Мальцев Т.С. Өмірімнің өзегі жер. –Алма-Ата: Қайнар, 1980. –31-34б.

13 Бараев А.И. О научных основах земледелия в степных районах //Вестник с.-х. науки Казахстана. –Алма-Ата: Кайнар, 1976. -№4. –С.25-29.

14 Киреев А.К. Системы обработки почвы: справочник агронома (изд. 4-е переработ. и доп.). –Алма-Ата: Кайнар, 1985. –С.61-71.

15 Сдобникова О.В. Удобрения с фосфором и его влияние на урожайность. –М.: Агро-промиздат, 1985. –С.111.

16 Слесарев В.Н., Шитов А.Г. Влагозарядный эффект зяблевой обработки //Земледелие. –М.,1985. -№3. –С.30-31.

17 Люфт В.Г., Динкелакер А.Ф., Буянкин Н.И. Необходимо освоить выпуск щелевых рыхлителей //Земледелие. –М., 1988. -№3. –С.17-19.

18 Градасов И.И. Технологические и экономические преимущества мини-мальной обработки почвы //Земледелие. –М., 1997. -№1. –С.6-7.

19 Гавва И. Обработка почвы и борьба с сорняками в Канаде //Земледелие. –М., 1986. -№10. –С.53-54.

20 Чулаков Ш.А. Влияние различных способов обработки почвы на динамику микробиологических процессов //Сб.науч.трудов Ин-та микро-биологии АН КазССР. –Алма-Ата, 1960. -№7. –С.249.

21 Бакаев Н.Н. Почвенная влага и урожаи. –Алма-Ата: Кайнар, 1975. –С.7-9.

22 Вильямс В.Р. Земледелие с основами почвоведения //Основы земледелия. –М.:Сельхозиздат, 1949. –Ч.2. –С.279-290.

23 Докучаев В.В., Костычев П.А. Наши степи прежде и теперь. –М.: Сельхозиздат, 1953. –С.151.

24 Дояренко А.Г. Жизнь поля. –М.: Колос, 1963. –С. 71

25 Нұрманбетов Е.Н. Тәлімі жерлердің пар танабын сыдыра таяз өңдеп, сабан шашудың су режиміне ықпалы //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2002. -№3.        –12-15б.

26 Вавилов Н.И. Ботанические и -географические основвы селекции. – М. : Изд-во АН СССР, 1935. – С.17 – 73 .

27 Бакаева Е.В., Черноголовин В.П. Соя в России. – М., 1963. – 214 с.

28 Демолон А. Рост и развитие культуральных растении. – М., 1961. – 131 с.

29 Захарченко И.Г. Роль азотобиологического вбалансе питательного вещества в почве //Новое в изучении биологического азота. – М., 1971. – С.45-49.

30 Карягин Ю.Г. 1-летние бобовыых растения в Казахстане. – Алматы, 1968. – 49 с.

31 Карягин Ю.Г.  Кытайбьуршак. – Алматы, 1978. – 137 с.

32 Байракымов А. Бұршақ тұқымдасы. – Алматы, 1989. – 73 б.

33 Прянишников Д.Н., Якушкин И.В. Прогрессивная технология внесения минеральных удобрний. – М.: Колос, 1975. – 59 с.

34 Белов А.П. Минеральнные удобрения, их качество. – Краснодар, 1971. – 91 с.

35 Яковлева А.Н.  Бобовые растения Казахстана. – Алматы, 2001. – 46 с.

36 Елешов П.С.  және баскалар. Агрохимия. – Алматы, 2002. – 249 б.

37 Жуковский П.М. Културрные растения, их сородичи. –Л., 1971. – 45 с.

38 Прянишников С.Н. К агротехнике сафлора в пустынной и полупустын-ной зонах юго-востока Казахстана // Вестник с\х науки Казахстана - Алма-Ата. 1969г. -№9.- С.6-7.

39 Акшанов Т.С. Сроки посева сафлора в условиях жесткой богары Талдыкорганской области //Вестник с.-х. науки Казахстана. –Алматы: Бастау, 1978. -№36. – С. 21-23

40 Қарабаев М., Васько М. Значение   микроэлеметов в жизни астений и земледелий. – Алматы –Астана, 2005. – С. 7-8.

41 Жайлыбай Қ.Н., Бәкірұлы Қ. Агро-Л өсу реттегішінің және минералды тыңайтқыштардың ерте пісетін дәнді дақылдар мен мақсары өніміне әсері // Жаршы. –Алматы: Бастау, 2006. -№4. – Б. 16-17.

42 Ekshinge B.S., Sonade V.D. Studies on uptahe an Nand Ply safflower varieties unden ddvance appeication of fentilizen levels. – 1995-20.-№2 – Р.233-236

43 Медеубаев Р.М. Диверсификация богарного земледелия юга Казахстана и ресурсосберегающая технология. –Астана-Шортанды: Казахстан, 2009. – С. 326-328.

44 Сыдык Д.А. Научное обеспечение производства, переработки и хранения сельскохозяйственной продукции по регионам Казахстана на 2001-2005 гг. Т.2 – Шымкент, 2005 – С. 452-453

45 Хабибрахманов Х.Х., Мареев В.Д. Основная обработка почвы под яровую пшеницу //Земледелие. –М., 1985. -№5. – С.39-40.

46 Медеубаев Р.М., Жамалбеков М.Н., Тагаев Б.Ж. Технология выращивания масличной культуры сафлора на богаре.  – Алматы.- 2001. – С.18-20.

47 Жарасов Ш.У., Ішкібаев Қ. Жатаған укекіремен күресу жүйелері //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2006. -№3. – Б. 59-60.

48 Есбергенов Зайсан шұңқыры жағдайында мақсары өсіру ерекшеліктері //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2000. -№12. – Б. 55-57.

49 Досжанова А.С. Қазақстанның оңтүстік –шығысының тау бөктері аймағында майлы дақылдарды диверсификациялау аясында жаздық рапстың өсіру технологиясы. Автореф.канд.дис. Алматы., 2009 -61 б.

50 Есбергенов Ж.К. Зайсан қазаншұңқыры жағдайында қытайбұршақ егіп өсірудің дәстүрлі емес технологиясы // Жаршы. –Алматы: Бастау, 2001. -№7. –Б. 55-54.

51 Нұрғасенов Г.Н., Әубәкіров К.А. Солтүстік Қазақстан қара топырағында қытайбұршақты агроклиматтық үйлесімді ыңғайлы мерзімде себу // Жаршы. –Алматы: Бастау, 2006. -№4. –Б. 18-19.

52 Максимова А.Я., Гевориянц Г.А. К вопросу агротехники масличных культур в южном Казахстане. Сб. Масличные культуры в восточных районах страны. – ВНИИМЭМК – 1956. –45 с.

53 Қоңырбеков М. Қытайбұршақ – майлы дақыл // Жаршы. –Алматы: Бастау, 2002. -№7. – Б.56-57.

54 Patel B.M., Sabaria S.G. Renconmance of caffower (Carthamus tintorius) Varieties unden different sowing dates. 1997 -22, №2 – Р.133-135

55 Киреев А.К., Жүсіпбеков Е.Қ., Оңтүстік –Шығыс Қазақстанның қуаң тәлімі аймағының топырағын әртүрлі тәсілдермен өңдегенде жыртылатын қабаттың тығыздығына әсері // Жаршы. –Алматы: Бастау, 2007. -№8. – Б.11-13.

56 Чикалин С.Г. Батыс Қазақстандағы мақсары дақылы// Жаршы. –Алматы: Бастау, 2005. -№10. – Б.32.

57 Тихвинский С.Ф. Современные кормовые культуры. - Киров, 1989. -112с.

58 Картич Г.И. К вопросу агротехники масличных культур в Южном Казахстане //Сб. Масличные культуры в восточных районах страны–1956– С.32.

59 Арыстанғұлов С.С. Мақсары – ықтырма дақыл. – Өскемен, 2005.- С.139-140.

60 Абдрахманов А., Арипова А. Экономическая эффективность выращивания сафлора в условиях Алматинской области //Вестник с.-х. науки Казахстана. –Алматы, 2002 -№11. –С.20-21.

61 Арипова А., Прянишников С.Н. Основные технологические приемы возделывания сафлора в условиях предгорно-пустынной зоны Алматинской области. – Алматы,  2002. – С. 21-22.

62 Жихарева Г.А., Курмангалиев А.А., Соколов А.А. Почвоведение в Шымкентской области. –Алма-Ата : Наука, 1969. – 411 с.

63 Тазабеков Т.Т. Қазақстанның топырағы. – Алматы : Қайнар, 1974. – 140 б.

64  Качинский Н.А. Топырақтар, қасиеттерi және тiршiлiк. – Алматы : Қазақ мемлекет баспасы, 1959. – 215 б.

65 Костычев А.М. Топырақ, Өсімдік, Тыңайтқыш. – М. : Наука, 1957. – 94  с.

66 Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. – М. : Агро-промиздат, 1985. – 351 с.

67 Ержанов А.К. Ауыл экономикасының негізі //  Жаршы. – Алматы : Бастау, 2003. - №5. – Б.3-5.

68 Бекбергенов Қ. Ауыл шаруашылық мелиорациясы. – Алматы : Қайнар, 1994. – 152 б.

69 Дүйсенбеков Ә. Суармалы гектарлар. – Алматы : Қайнар, 1987. – 92 б.

70 Жаңабаев Қ., Саудабаев Т., Сеітбеков И. Өсімдікшаруашылыгы өнімдері технологиясы. – Алматы, 1998. – 315 б.

71 Садыков А.   Здоровые  семена  -  основа урожая // Защита растений в Казахстане. – Алматы, 1999. – С.57-64.

72 Бакаева.Е.В. Черноголовин.В.П. Соя в Казакстане. – Алма-Ата, 1963. – 27 с.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-06-30 17:32:43     Қаралды-3036

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »