НЕПАЛ - Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Жер шарындағы ең биік Гималай тауының орталық бөлігіне орналасқан. Солтүстітінде ҚХР-мен, Оңтүстік Батыс және ІІІығыс жағында Үндістанмен, шығысында Сиккиммен шектеседі. Жері 140,8 мың км2. Халқы 30,4 млн (2017). Астанасы - Катманду қаласы. Әкімшілік жағынан Непал 14 аймақ (анчол) пен 75 ауданға бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысы. Непал - монархия. Қазіргі конститудиясы 1962 жылы қабылданған (1967 жылы толықтырылған). Өкімет билігі корольдың қолында, ол премьер-министрді, үкімет мүшелерін ұлттық панчаяттық (парламенттің) құрамынан тағайындайды, қарулы күштердің бас қолбасшысы да сол. Король жоғары соттық үстемдікті де іске асырады. Оның кеңесші органдары Мемлекеттік совет және ұлттық басқару Советі. Ұлттық панчаят 125 мүшеден құралады, оның 90-ы жергілікті өзін-өзі басқару органдары ауданы панчаяттар мен аймақтық ассамблеялардан 6 жылға, функционалдық және профессионалдық топтардан 4 жылға сайланады немесе король тағайындайды. Ұлттық панчаяттың заң шығару правосы шектелген, ол қабылдаган заңдар король бекіткеннен соң күшіне енеді. Жоғары сот басқаратын Непал сот жүйесі аудандық, аймақтык және регионалдық соттарды қамтиды.
Табиғаты. Непал жері таулы келеді. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып, 2 қатар тау жотасы жатыр, бұлардың аралығында үлкен-үлкен аңғарлар мен қазан шұңқырлар бар. Солтүстік қатары Гималайдың орталық бөлігінің оңтүстік етектерінен құралған. Непалдың солтүстік және шығыс шекараларында Джомолунгма (8848 м) және Канченджанга (8585 м) шыңдары тұр; биіктігі 8000 м-ден асатын бірнеше басқа да ежелгі шыңдар бар. Тау етегіндегі жоталар бұдан едәуір төмен келеді (Махабхарат 2959 м-ге дейін, Сивалик 2277 м-ге дейін). Тау беткейлері альпі бедерлес келеді, көптеген ежелгі және осы замаңғы мұздықтар, терең құздар мен тік жартастар бар, құлама жыныстар өте көп кездеседі. Таза ішіндегі қазан шұңқырлар (1-1,5 мың м) шоқылы-төбелі, жатаған ылдилы болып біткен. Непал халқының негізгі бөлігі осында тұрады (мыс., Катманду алқабы). Оңтүстікте Үнді-Ганг жазығының солтүстік аймағы жатыр (биіктігі 200-250 м).
Субэкваторлық муссондық климат басым, биіктік белдеулері қатты сезіліп тұрады. Оңтүстікте қаңтардың орташа температурасы 15° С, тау ішіндегі қазан шұңқырларда – 0-10°С; 4000 м-ден биікте жыл он екі айдың басым көпшілігінде температура 0°С-тан төмен болады. Шілдеде оңтүстікте ауаның жылылығы 30°С-қа, тау ішіндегі қазан шұңқырларда 20°С-қа жетеді, 4,5-5 мың м биікте температура 10°С-ка дейін төмендейді. Таудың оңтүстік етектері мен көлбеу беткейлерінде жылына 2 мың мм-ден аса, қазан шұңқырларға 1500 мм-ден сәл кем жауын-шашын түседі (көбі жазғы муссон кезінде). Биік тауларда негізінен қар жауады жаңбыр өте сирек болады. Өзендері (Ганг алабы) ағыны қатты, су құламалары көп, гидроэнергияға өте бан келеді, қар, мұз, жаңбыр суымен және көктемгі тасқын сулармен толады. Ірі өзендері: Каргали, Гандак, Коси, Багхмати.
Гималай өтектері мен тау беткейлерінде муссондық қалың ормандар бар. Аллювий текті топырақтар мен таудың сары топырағына сал ағашы, қарағай, пальма, әр түрлі шырмауық бұталар мен эпифиттер өседі. ЬІлғалы көп, батпақты-қорысты жерлерді ит тұмсығы өтпейтін джунгли алып жатыр. Төменгі белдеулерде селдір орман кездеседі. Ылдидың орта бойына мәңгі жасыл және жалпақ жапырақты ағаштар өседі (емен, үйеңкі, магнолия т. б.). 3 мың м-ден аса қылқан жапырақты орман (самырсын, шырша, май-қарағай, қарағай) қалыңдай түседі. 4 мың м-ден жоғары қарай қалың бұталар (рододендрон, арша), субальпілік және альпілік шалғындар көп. Жануарлар дүниесі аса бай және алуан түрлі. Джунглиде піл, жолбарыс, қабылан, керік, жабайы шошқа, неше түрлі маймылдар, құстардан тоты, тауыс т. б. кездеседі. Улы жыландар көп. Тауларды гималай аюы, барыс, арқар, тау теке мекендейді. Читауэн резерватында (Үндістанмен шектес), Лантанг, Сагарматха, Нагарджун ұлттық парктерінде және Рара көлінде тропиктік жан-жануарлар мен өсімдіктер мемлекеттік қорғауына алынған.
Халқы. Непалдың этникалық құрамы өте күрделі болып қалыптасқан; халқы үнді-европа және қытай-тибет тіл семьяларының 60 шақты тілі мен диалектісінде сөйлейді (бұлардың 14-інің өз жазбасы бар). Негізгі халық - непалдықтар, негізінен елдің орталық және оңтүстік-батыс бөліктерін мекендейді. Бұдан басқа неварлар, гурунгілер, магарлар, тамангілер (немесе мурмилер), киранттар (кираттар) немесе раилар, лимбулер, лепчалар, сунварлар, шерпалар, бихарлықтар, тхарулар тұрады.
Үндістаннан ауып келгендер де бар. Мемлекеттік тілі - непали (Непал тілі). Халқының 90%-тейі индуизм, 7,5 %-і буддизм (негізінен ламаизм), 2%-і ислам дінін ұстайды. Халқы жылына (1963-1971) орта есеппен 1,8% өседі (негізінен табиғи өсім). Бұрын эмиграция көп болғандықтан, еркектер саны әйелдерден аз. Еңбекке жарамды халықтың 91,6%-і ауыл шаруашылығында істейді (1970), жұмысшы табының саны 50 мыңдай ғана. Халқының тығыздығы 1 км2-ге 80 адамнан, ал Катманду аңғарында (Непал аңғары деп те аталады) 800 адамнан көледі. Қала халқы 3,84% қана. Ірі қалалары: Катманду, Лалитпур (Патан), Бхактапур (Бхадгаон), Биратнагар, Непалгандж, Биргандж.
Тарихы. Б. з. б. 1-мың жылдықтың орта кезінде Үнді-Ганг жазықтығымен іргелес жатқан ну ормандарды видех, шакья, малла, личчхав тайпаларының бірлестіктөрі мекендеген. Таулы алқаптарды мезолит заманында экваторлық (негр-австралоид) және монголоид тайпалар (неварлардың, кираттардың және басқа гималай халықтарының арғы аталары) қоныстанған.
Б. з. алғашқы ғасырларда Непал алқабында (Катманду алқабы) Личчхавтар әулеті бастаған ерте феодалдық невар мемлекеті пайда болды. Үнді деректемелерінде Непал деп аталатын бұл мемлекет үнді мәдениетінің ықпалымен дамыды (дін, право, мемлекеттік тілі), Тибетпен және Қытаймен байланыс жасады. Личчхавтар мемлекеті ыдырағаннан көйін (8 ғ.) Катманду алқабында 13 ғасырда жаңа мемлекет құрылды (оны Малл әулеті бастап, 1769 жылға дейін билік жүргізді). 15 ғасырда Катманду алқабындағы мемлекет Бхадгаон, Катманду, Патан князьдықтарына бөлінді; Карнали ө. алабында сол кезде 22 князьдың болды (Джумла, Джаджаркот т. б.). Гандак ө. алабында 24 князьдық өмір сүрді (Палпа, Танахун т. б.). Шығыста кираттар мен лимбулардың тайпалық бірлестіктері сақталып қалды. Князьдықтарда феодалдық қатынастар қалыптасты (патриархалдық құлдықтың қалдықтары сақталды). Катманду алқабында қала мәдениеті өрге басты.
Үндістан жағынан үнді-арий халқы көптеп көліп (12 ғасырдан бастап), жергілікті магар, гурунг т. б. тайпалармен араласуы нәтижесінде бірте-бірте кхас халқы қалыптасты, ол үнді-арий, тобының кхас-кура тілінде (осы заманғы непали) сөйледі. 15-16 ғасырларда кхастар Непал жеріндегі ең көп этникалық топқа айналды. 16-17 ғасырларда кхас-магарлардың Горкх князьдығы күшейді. Оның билеушісі Рам Шах (1605-1632 жылдар үстемдік етті) әкімшілік реформалар жүргізіп, орталық өкіметті күшейту шараларын жүзеге асырды. Невар князьдықтары арасында бірліктің жоқтығын пайдаланып, 1769 жылы Притхви Нараян (Горкхте 1742-1769 жылдар билік етті) бастаған гуркхтар (горкхтер) Макванпур, Катманду, Патан, Бхадгаон князьдықтары мен кират жерлерін басып алды. Притхви Нараян бір орталыққа бағынған Непал мемлекетінің королы, астанасы - Катманду қаласы болды. 18 ғасырдың аяқ шенінде Непал жері Батыста Кашмир, Шығыста Сикким шекараларына дейін жетті.
18 ғасырдың 2-жартысынан бастап ағылшындардың Оңтүстік Үндістан бірлестігі Непалдың тарихи тағдырларына аса елеулі ықпал жасады. 1814 жылы гуркхтарды ағылшындардың шекаралық аймақтарына шабуыл жасады деп айыптап, бірлестік Непалға соғыс жариялады. 1816 жылы Сегаул шарты бойынша Непал бірқатар жерлерін бірлестікке берді, Катмандуда ағылшын өкілі орнығатын болды, Непалдың сыртқы қатынастары ағылшын бақылауына алынды. 1846 жылы бірлестік Рана руының басшысы Джанг Бахадурдың мемлекеттік төңкеріс жасауына жәрдемдесті. Мұның нәтижесінде Джанг Бахадур премьер-министр болды. Рана руының билігі (1846-1951) тұсында Непал британиялықтардың отаршыл армиясына кісі беріп тұрды. Феодалдық қатынастардың үстемдігі, ақша қаражатының сыртқа көп шығуы, экономикалық бытыраңқылық өндіргіш күштердің дамуын тежеді. 3 млн-нан аса адам жұмыс іздеп басқа елдерге (негізінен Үндістанға, Бирмаға, Малайяға) көшіп көтті.
2-дүние жүзілік соғыстан (1939-1945) кейін Азия елдерінде ұлт-азаттық күрестің өрге басып, отаршылдықтың күйреуі непал халқының феодализм мен империализмге қарсы қозғалысының дамуына қолайлы жағдай жасады. 1947 жылы Калькуттада Непал ұлттық конгресі партиясы құрылды (1950 жылдан бастап Непал конгресі), мұнда күйзеліске ұшыраған феодалдық рулар мен ұсақ буржуазия интеллигенция өкілдері басшы роль атқарды. Партия Рана өктемдігіне қарсы күштерді топтастырып, олардың белсенділігін арттыруға көп еңбек сіңірді. 1949 жылы Непал Коммунистік партиясы құрылды. Ранаға қарсы күштердің бірыңғай майданы қимыл жасады (1951-1952). 1951 жылғы революция нәтижесінде Рана өкіметі құлады. Сол жылы 18 ақпанда король Трибхувана (1911-1955 жылдар тақта отырды) мирасқор премьер-министрлер тәртібін жойды. Непалдың уақытша конститутциясы (1951 жылы 10 сәуірде жарияланды) конститутциялық монархия орнатты, азаматтық праволар мен бостандықтарға жод берді. Бірақ 1959 жылы жаңа конституция жарияланып, халықтың демократиялық праволары мен бостандықтарына шек қойылды. Непал тарихындағы тұңғыш парламент сайлауында (1959) Непал конгресі партиясының кандидаттары жеңіске жөтті. Алайда партия аграрлық реформа жасау, әкімшілік аппаратты қайта құру, еңбекшілердің жағдайын жақсарту жөніндегі уәделерін орындамады.
Қатты шиеленіскен әлеуметтік және экономикалық жанжалдар жағдайында король Махендра (1955 жылдан 1972 жылдың қаңтар аралығында билік етті) 1960 жылы 15 желтоқсанда парламент пен үкіметті таратып, заң шығару және атқару өкіметін түгелдей өз қолына алды. 1961 жылы 5 қаңтарда барлық саяси партиялар мен ұйымдардың қызметіне тыйым салынды (1962 жылғы конституция бұл жағдайды заңдастырып берді). Парламент орнына ұлттық панчаят пен жергілікті панчаяттар (өзін-өзі басқару органдары) сайланды. Бұл жүйе Непал қоғамын капиталистік жолмен қайта құру барысында таптық қайшылықтарды бәсеңдетіп, «таптық бітім» орнатуға тиісті. Тыйым салынған партиялардың орнына үкіметтің бақылауымен іс жүргізетін таптық ұйымдар құрылды (шаруалар, жұмысшылар, жастар, әйелдер ұйымдары т. б.).
Непал БҰҰ мүшесі (1955), басқа да халықаралық ұйымдарға қатысады; 56 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатқан (1974 жылы шілдеде дейін), СССР-мен 1956 жылы 20 шілдеден бері дипломатиялық қатынаста. СССР мен Непал арасында экономикалық (1959, 1964, 1973), сауда (1965, 1970), мәдени (1964) ынтымақ туралы келісімдерге қол қойылған. Непал соғыс одақтарына қосылмаған мемлекеттердің Белградта (1961), Каирде (1964), Лусакада (1970), Алжирде (1973) болған конференцияларына қатысты. Непал жұртшылығының прогресшіл мүшелері Африка-Азия ынтымағы мен бейбітшілік жолындағы күреске белсене ат салысып отыр. Непал өкілдері бейбітшілік сүйгіш күштердің Бүкіл дүние жүзілік конгресіне қатысты (Москва, 1973).
Экономикасы. Непал - мешеу қалған аграрлы ел. Экономикасында феодалдық және жартылай феодалдық қатынастар үстемдік етеді. Нешеме ғасырлар бойы Непал сыртқы дүниеден қол үзген және ішкі шаруашылығы бытыраңқы болған жағдайда өмір сүрді. Аграрлы реформа туралы заңдар қабылдануына байланысты, 1960 жылдан бері әлеуметтік экономикалық өзгерістер бола бастады. Үкімет ауыл шаруашылығын, транспортты, энергетика мен жер суландыруды өркендетуге көп көңіл бөлуде. Непалдың көптеген елдермен және БҰҰ-ның арнаулы мекемелерімен іскерлік байланыстарын кеңейтуі елдің экономикалық дамуына жәрдемдесіп келеді. Мәселен, СССР Непалға автомобиль жолдарын, су-электр станцияларын (Панаути), бірсыпыра өнеркәсіп орындарын (қант з-дын, ауыл шаруашылық құрал-саймандары з-дын, сигарет ф-касын) салуға көмектесті. Жалпы ұлттық өнімнің 70%-і ауыл шаруашылығында, 12%-тейі өнеркәсіп пен құрылыста, 3%-і саудада, 2%-тейі транспорт пен байланыста жасалады (1970).
Ауыл шаруашылығы. Өңделетін жердің жартысынан көбі ірі жер иелерінің қолында; бұлар оны шаруаларға жалға береді. Непал жерінің 28%- тейі ауыл шаруашылығына пайдаланылады (1971); 2 млн. га-дай жер өңделеді, шабындық пен жайылымдар 1,9 млн. га. Негізгі ауыл шаруашылық дақылы - күріш (егіс көлемінің 3/6-і), қалған жерге қант құрағы, шай жапырағы, майлы дақылдар, манго, банан, бидай, жүгері, соя, қара бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, картоп т. б. егіледі. Мал шаруашылығы негізінен Солтүстік Непалдың таулы аудандарында; мұнда қодас және қой-ешкі өсіріледі. 10 млн. ірі қара (оның ішінде 3,5 млн. буйвол), 2,2 млн. қой, 2,3 млн. ешкі, 0,3 млн. шошқа бар.
Өнеркәсібі нашар дамыған. Жер қойнауы аз зерттелген. Майдагерлік әдіспен көмір, темір рудасы, жоса, тальк, слюда, селитра, мыс, алтын өндіріледі, магнезит кен орындары табылды. 90 млн. квт-сағ электр энергиясы өндірілді (1973). Өңдеу өнеркәсібі негізінен ауыл шаруашылық шикізатын ұқсатумен шұғылданады. Жекелеген фабрика-завод кәсіпорындары бар (қант, темекі, мақта матасын өндіреді, күріш тазалайды). Ағаш өңдеу, қағаз, химия, былғары аяқ киім, металл өңдеу өндірістері (Биргандждағы ауыл шаруашылық машиналары з-ды т. б.) бар. Қолөнер кәсібі кең тараған.
Транспорты нашар дамыған; біртұтас транспорт жүйесі жоқ. Автомобиль және ат-арба жолдарының ұзындығының 4,4 мың км (1972). Тар табанды темір жолдарының ұзындығы 102 км. Үндістанмен, Бангладешпен, Бирмамен, Пакистанмен, Таиландпен авиация байланысы бар. Сыртқы саудасында зат шығарып сатудан гөрі шеттен әкелудің үлесі көп. Сыртқы сауда айналымының 70%-тейі Үндістанмен жасалады (1972). Совет Непал сауда қатынастары енді ғана дамып көледі. Ақшасы - непал рупийі.
Денсаулық сақтау ісі. 1 мың адамға шаққанда жылына 44,6 адам туып, 22,9 адам өледі (1971). Жұқпалы аурулар көп (туберкулез, дизентерия, шешек, сүзек, безгек, оба, басыр, алапес, қызылша т. б.). 1971 жылы 2 мың төсектік 55 аурухана болды (әрбір 10 мың адамға 1,8 төсектен). 97 медициналық орталық, 14 диспансер, 21 медициналық пункт бар. 1963 жылы СССР Катмандуда госпиталь салып (емханасымен), Непалға тарту етті. 1969 жылы 291 дәрігер (3,7 мың адамға 1 дәрігер), 7 тіс дәрігері, 8 фармацевт, 300-ден аса орта мамандығы бар медициналық қызметкерлері болды.
Оқу-ағарту ісі және ғылыми мекемелері. 1952-1954 жылдар халқының 96%-і сауатсыз болды. 1967-1968 оқу жылында сауатсыздықты жою жөніндегі 37 орталықта 80 мың адам оқыды. 1971 жылдан білім беру жүйесінде реформа жүргізілуде. Кәсіптік және техникалық білімге баса көңіл аударылуда, оқу орындарының программалары қайта қаралуда. Оқу орындары мемлекеттің және жеке адамдар қарауында. Оқу негізінен ақылы, мемлекеттік қарауындағы кейбір бастауыш мектептерде ғана оқу ақысыз. Непалда білім берудің 2 жүйесі құрылған: ағылшын, санскриттік. Ағылшын жүйесі көбірек тараған: 5 жылдық бастауыш мектеп (оқу непал тілінде, 3-кластан ағылшын тілі енгізіледі); орта мектеп 2 басқышты (3 және 2 жыл). Санскриттік мектепке 6 жастан және негізінен индуизмді уағыздаушы семьялар балаларынан алынады. Оқу мерзімі бастауыш мектепте 6 жыл, орта мектепте 3 жыл.
1969-1970 оқу жылында барлық бастауыш мектептерде 449 мың, орта мектептерде 97 мыңға жуық оқушы оқыды. Жаңа оқу жүйесі - бастауыш (1-3 класс), орталау (4-7 класс), орта (8-10 класс) мектеп. Орта мектеп жалпы, кәсіптік және санскриттік болып бөлінеді. Кәсіптік-техникалық даярлық ағылшын типіндегі орталау мектептер негізінде жүзеге асады. Ауыл шаруашылық техникалық, орман өсіру, тау-кен мектептері, медицина және педагогика училищелер бар. 1969-1970 оқу жылында кәсіптік-техникалық оқу орындарында 6 мың, педагогика училищелерде 365 оқушы оқыды. Жоғары білімді мамандарды Трибхуван атындағы унивесритет даярлайды. Университет бірнеше колледждерді біріктіреді. 1972 жылы жаңадан ауыл шаруашылығы, мал-дәрігерлік, орман өсіру, инженерлік, қолданбалы ғылымдар мен технология, педагогика, Непал және Азия елдері колледждері ашылды. Катмандуда өнер және музыка, санскриттік колледж бар. Жоғары оқу орындарында 1973-1974 оқу жылында 17 мың студент оқыды. 1969 жылы 1300 непалдықтар жоғары білімді шетелдерде алды (негізінен Үндістан, СССР, АҚШ-та). Ғылыми орталығы - Непалдық Корольдық академиясы (1957 жылы құрылған). Академия әдебиет тану, тіл білімі, өнер тану, мәдениет және Непал тарихы саласында еңбектер, оқулықтар мен сөздіктер шығарады. Академияның 3 бөлімі бар: мәдениет; әдебиет; музыка, халық әндері мен билері. Ғылыми қызметкерлері негізінен университеттің мұғалімдері мен Археологиялық департаментінің және басқа да ведомстволардың қызметкерлері. Катмандуда - Ұлттық кітапхана (кітап қоры 35 мың дана кітаптар мен 7500 ежелгі қолжазбалар), Трибхуван университетінің кітапханасы (40 мың дана), Орталық кітапхана, Непал Ұлттық музейі (1938 жылы құрылған) бар.
Әдеб.: Маркс К. Хронологические выписки по истории Индии. -М., 1947; Народы Южной Азии. -М., 1963; Редько И. Б. Непал после второй мировой войны. М., 1960; Современный Непал. Справочник, М., 1967; Аганина Л.А. Непальская литература. М., 1964; Короцкая А.А. Архитектура Непала. в кн.: Всеобщая история архитектуры. т. 9. –Л.-М., 1971; Прокофьев О. Искусство Непала, в кн.: Всеобщая история искусства. -Т.2. кн. 2. -М., 1961.
Жарияланған-2020-03-10 13:59:40 Қаралды-3699
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану