XVIII ғасырдың аяқ шенінде Францияда ұлы өзгеріс - буржуазиялық революция болды: король өкіметі құлатылып, әр түрлі феодалдық тәртіптер жойылды. Ескі тәртіппен бірге григориан календары да лақтырылды. 1793жылғы 5 желтоқсанда Ұлттық Конвенттің қаулысы бойынша бүкіл Францияда жаңа календарь қолданыла бастады. Бұл календарьдың әрбір ережесі дінге қарсы соққы болып тиді.
Алдымен жаңа календарь «Христос туғаннан» басталатын жыл санау системасын жойып, есепті король өкіметі құлатылғаннан - республиканың жарияланғанынан бастады. 1 қаңтар жыл басы болудан қалды, жыл басы 22 қыркүйекке көшті.
Жеті күндік апта календарьдан мүлде шығарылды, оның орнына онкүндік - декада алынды. Әр ай үш декадаға бөлінігі, 30 күннен саналды.
Декада күндері былай, реттік сан есімдер арқылы, айтылатын болды:
пирамиди - бірінші күн, дуоди - екінші күн, триди - үшінші күн, квартиди - төртінші күн, квинтиди - бесінші күн, секстиди - алтыншы күн, септиди - жетінші күн, октиди - сегізінші күн, нониди - тоғызыншы күн, декади - опыншы күн.
Мұңың нәтижесінде календарьдан вавилон құдайлары алынып тасталды. Әр күннің атауы өзінің декададағы орнына сәйкес келіп отырды. Декади демалыс күні болды.
Жыл 12 айға бөлінді, жыл аяғында айлардан тыс 5 күн (кібісе жылдары 6 күн) қосылып, олар революция күндері ретінде мейрамдалып отырды. Бұл күндер біздіңше қыркүйектің 17 мен 22 аралығына келеді.
Қалендарь римдіктердің құдайлары мен императорларынан да тазартылды, ай аттары Францияның табиғаты мен шаруашылығына сәйкестендіріліп, жаңадан қойылды. Айлар былай аталды:
вандемьер - жүзім жинайтын ай, брюмер - тұман болатын ай, фример - бозғырау түсетін ай, нивоз - қар жауатып ай, плювиоз - жаңбыр жауатын ай, пентоз - жел соғатын ай, жермиипль- жер көктейтін ай, флореаль - гүлдер шығатын ай, прериаль - жер отаятын ай, месендор егін оратын ай, термидор - ыстық болатын ай, фрюктидор - жемістер пісетін ай.
Жылдың бірінші тоқсаны (22 қыркүйектен 20 желтоқсанға шейін) - күз айлары, екінші тоқсаны (21 желтоқсаннан 20 наурызға шейін) - қыс айлары, үшінші тоқсаны (21 наурыздан 18 маусымға шейін) - көктем айлары, төртінші тоқсаны (19 маусымнан 16 қыркүйекке шейін) - жаз айлары. Күз айлары «мер», қыс айлары «оз», көктем айлары «аль», жаз айлары «ор» болып аяқталып отырады.
Жаңа жылды 1 қаңтарда мейрамдауға тыйым салынған.
Бұл календарь юлиан календарынан да, григориан календарынан да дәл, Омар Хайям жасаған календарьға сәйкес келеді.
Республика календарының математикалық және астрономиялық жағын математик Жильбер Ромм (1750-1795) дайындаған, ол революциядан бұрын бірнеше жыл Россияда тұрған, календарь терминологиясын ақын Фабр Эглантин жасаған. Календарь комиссиясының жұмысына атақты математик және астроном Пьер Лаплас (1749-1827) қатынасқан, ол Омар Хайямның еңбектерін оқыған.
Француз революциясының календарындағы ай аттары славяндар мен ертедегі қазақ календарындағы ай аттарына өте ұқсас. Мәселен, мағынасы жағынан, флореаль славяндардың цветень айындай, фример славяндардың студень, қазақтың ақпан айындай, мессидор серпень мен сарша, термидор шілде сияқты.
Республикалық календарь 13 жылдан астам уақыт өмір сүрді. Оны 1805 жылғы 31 желтоқсан (республиканың 14 жылындағы 10 нивозда) император Наполеон арнаулы декретпен қолданудан шығарды, бұрынғы григориан календары қайта енгізілді.
65 жыл өткеннен кейін, 1871 жылғы наурызда, Париж еңбекшілері революциялық үкімет құрып, Париж коммунасын жариялады. Жаңа үкімет республика календарын қайта қабылдады. Париж коммунасы тұсында осы календарь қолданылды.
Бұл календарь халыққа түсінікті, қолдануға оңай және ғылыми жағынан дұрыс болды. Алайда оның кейбір кемшіліктері де бар еді. Біріншіден, кібісе жылдар григориан календарындағыдай тиянақты ереже (4-жылдар) бойынша емес, тікелей, астрономиялық бақылаулар бойынша тағайындалып отырды. Жылдар 4-жылдық айналымдарға біріктірілді, тортжылдықтар, француз халқының құрметіне, франсиадалар деп аталды. Франсиадалардың қай жылы кібісе болатынын Париж обсерваториясы шешетін болды. Екіншіден, жұмыс аптасы тым ұзақ - жұмыс күні 9, демалыс тек оныншы күнде ғана болады. Үшіншіден, барлық мейрамдар жыл аяғына жиналған. Бұл да қолайсыз.
Француз революциясының республикалық календары адамзаттың мәдени дамуында белгілі тарихи роль атқарды.
Календарьдың баяндалып өткен тарихы оның бір күнде тумағанын, ғасырлар бойы қорланып, уақыт өткен сайын жетіліп, дәлдігі артып, ұзақ дамудың нәтижесінде қалыптасқанын көрсетеді. Оны жасауға көптеген халықтар қатынасқан, әрбір тарихи заман өз үлесін қосып, ізін қалдырған. Календарьдың шығуына, жетіле түсуіне өндіргіш күштердің өркендеуі себеп болған. Өндіргіш күштердің өркендеуіндегі әрбір тарихи-экономикалық сатыға календарьдың бір белгілі түрі сәйкестеніп отырады. Мәселен, табиғи немесе маусымдық календарь алғашқы қауымдық құрылысқа, юлиан календары құлдық пен феодалдық құрылысқа сай болды. Қазіргі заманның талаптарын григориан календары қанағаттандыра алмайтындығы айқын көрініп отыр. Сондықтан да дүние жүзілік жаңа календарьдың жобасы жасалды.
Осы арада календарь жібінің ұшып бір түйіп қояйық. Біз жоғарыда бірінен бірінің принципті айырмашылығы бар жеті түрлі календарьды қарастырып өттік. Олардың ең дәлі - Медлер календары (кететін дәлсіздіктен 80 мың жылда 1 күн жиналады), дәлдігі ең төмені - ежелгі египет календары (дәлсіздіктен 4 жылда 1 күн жиналады). Астрономиялық жыл 365, 24219 тәулік деп алғанда айтылып отырғап календарьлар дәлдігіне қарай былай орналасады:
1 |
ежелгі египет календары |
365, |
2 |
юлиан (Созиген) |
365, 25, |
3 |
григориан (Лилий) |
365, 2425, |
4 |
джәләли (Хайям) |
365, 24242, |
5 |
майя календары |
365, 2420, |
6 |
Миланкович календары |
365, 24222. |
7 |
Медлер календары |
365, 24218 |
Соңгы екеуі дәлірек болғанымен, кібісе жылдарының ережелері күрделірек болып келеді, сондықтан қолдануға онша қолайлы емес.
Жарияланған-2019-05-30 16:04:08 Қаралды-2985
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина