UF

Буржуазиялық білгіштер мен батысқа табынған жаттанды тарихшылар ұзақ уақыт Орта Азия халықтарының тарихын бұрмалап, жоққа шығарып, өзбек, тәжік, түрікмен, қазақ, қырғыз, ұйғыр, қарақалпақ т. б. халықтарды «тарих жасай алмаған» (?) халықтар деп құбыжық көрсетіп келді. Олардың айтуынша Орта Азия халықтары мәдениетсіз, дәрменсіз болған, онда өнер-білімді парсылар, арабтар т. с. с. басқыншылар әкелген-міс. Бұл - шапқыншылық пен соғысты жақтайтып колониализм сандырағы. Шынында ортаазиялықтар тамаша тарих жасаған, дүние жүзілік ғылым мен мәдениеттің дамуына үлес қосқан халықтар болды.

Орта Азия адамзат мәдениетінің алғашқы бесіктерінің бірі. Онда бұдан жүз мыңдаған жылдар бұрын адам тектері болған. Орта Азия халықтары - согдалықтар, хорезмдіктер тағы басқалар Иран, Үндістан, Сибирь, Кавказ, Шығыс Европа елдерімен ерте заманның өзінде-ақ экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастарда болған. Көрші елдердің мәдени табыстарын игеріп, кезегі келгенде оларға өздері де елеулі әсер етіп отырған. Көк есек пен нар түйе Орта Азияның білім алу жолында белін буып, «түн қатып, түсі қашып, қырық күншілік шөлден өтіп, сапар шеккеи» ержүрек ұлдарын дүниенің талай түкпірлеріне жеткізген. Мәселен, бұдан мың жыл бұрын өмір сүрген тәжіктің ұлы ғалымы Әбуали ибн Сина (980-1037) Орта Шығыс елдерінің көпшілігін аралап қайтқан. Ұлы өзбек ғалымы Әбурайхан Бируни (973-1048) бірнеше жыл Үндістанда тұрып, «Үндістан» атты үлкен еңбек жазған. Абайсыйынған ұлы ақындардың бірі, тәжік Муслихидден Сағади Ширази (1184-1292) Үндістанда, Египетте, Иракта, Сирияда болған. Араб елдеріне бұлардан бұрын Орта Азия ғалымдарының ұстазы Мұхаммед Фараби (870-950) барған болатын.

Ежелгі соғдалықтар мен хорезмдіктердің календары жалпы алғанда көне парсы календарына жақын. Бұл календарь да, парсынікі сияқты, Күн қозғалысына негізделген. Орта Азия халықтары Айға негізделген араб календарын ұзақ уақыт бойы қолданбай, өздерінің ескі календарын пайдаланып келген. 1072 жылы өлген тәжік ақыны Әбунәсір Асадидын бір өлеңінде:

«Арабтар Айға қарап жасайды есеп,

Жыл шамасын біздің жақ күнмен шешед»,-

делінген.

Орта Азия халықтары тәуліктің басын күннің шығуынан есептеген. 365 күнді бір жылға балаған. Жыл 30 күннен 12 айға бөлінгеп, артық 5 күн айлардан тыс қосылған. Апта есебі болмаған. Айдағы 30 күннің әрқайсысының жеке аттары болған. Бұлар Бирунидің еңбектерінде толық келтірілген. Соғдалықтардың айлары былай аталған:

1. Наусарыз

2. Джарджн

3. Писандж

4. Бісәкандж

5. Ашнахинза

6. Мжехииза

7. Фігәз

8. Абандж

9. Фұғ

10. Мысафұғ

11. Жимдахидж

12. Хұшұм.

Қосалқы бес күн жыл аяғына, хұшұм айынан кейін қойылған. Соғдалықтар осылай 119 жыл санап, 120 жылға қосымша, он үшінші ай енгізген.

Хорезмдіктердің айлары да 30 күндік болған.

Хорезмдіктерде қосалқы бес күннің айырықша атаулары болмаған. Олар мұнда да жыл аяғында қойылған (парсы календарында сегізінші және тоғызыншы аплардың аралығында болатын).

Жыл басы - Соғда да, Хорезмде де - наурыз болған.

Әбурайхан Бируни ескі аңыздар мен жазба мұраларды талдай отырып, ежелгі Орта Азияда жыл санаудың екі жүйесі болғанын анықтаған. Мұның бірі - «қойыстану заманы», екіншісі - «Сиявуш заманы». Хорезм өлкесіне, Бирунидің айтуынша, халық Селевкі заманынан 980 жыл бұрын (б. з. б. 1292 жылы) келіп орныққан. 1979 жыл қоныстану заманы бойынша 3271 жыл болады. Б. з. б. XV-XII ғасырларда Амудария «Қашқадария жүлгесі» деп аталатын арнамен аққан еді. Соңғы тарихи зерттеулер бойынша сол кезде Орта Азияға, бұрынғы аз халықтың үстіне, қалың ел келіп орналасқан.

Сиявуш заманы қоныстану заманынан 92 жыл кейін, басқаша айтқанда, б. з. б. 1200 жылдан басталады. Бұл системаның 1 жылы, аңыз бойынша, Кейқауыстың баласы Сиянуш Хорезмге келген, оның баласы Кейқысырау патша болған. Кейқысырауға соғдалықтар және түркілердің бір бөлігі бағынған.

Орта Англиядан бірталай астрономдар шыққан. Біз олардың тек календарына еңбек сіңіргендеріне ғана тоқталамыз.

Өзбектің ұлы ғалымы Әбурайхан Мұхаммед бин-Ахмед әл-Бируни 973 жылы 4 қазанда Қият қаласының («Қобыланды» жырындағы Қараманның елі) іргесінде бір елеусіз жерде туған. «Бирун» - үлкен қаланың сырты деген сөз. Бируни жастай жетім қалып, халық ортасында өскен. Өзінің тегі туралы ол былай деп жазған: «Шынын айтқанда, мен өз шежіремді білмеймін. Мен атамды білмеймін, ол түгіл туған әкемді анық білмеймін».

Өз тұсындағы ғылымның асыл қазыналанын толық меңгеріп, Бируни 22 жасында әйгілі ғалым болады. Ол парсы, араб, грек, санскрит тілдерін жетік біледі. ІІІығыс елдерін зерттеу мақсатымен бірталай саяхаттар жасайды. Бірнеше жыл Үндістанда тұрады.

Ұлы ғалымның ірі еңбсктерінің бірі - «Үндістан» 1030 жылы жазылған. Бұл 80 тараудан құралған, екі том. Кітапта Үндістанның табиғаты, тарихы, мәдениеті, тілі, ғылымы, әдет-ғұрыптары, календары т. б. айтылады. Үнді ғалымдарынын астрономиялық еңбектері баяндалады. Ариабхатаның, Брамагуптаның ілімдерін Шығыс елдері осы кітаптан оқып біледі. Кітапта атеистік сарын мен қанаушы таптарға қарсы пікірлер күшті. «Бірталай дүмшелер өзі білмеген мәселесін алланың әмірі деп салады», - дейді автор. Одаң әрі мынадай сөздер келтірілген: «Надан адамдар әр халықта бар, ал олардың жұртқа ақыл айтқыш пысық көсемдері әлгілердің өздерінен асқан надан, іс жүзінде шәкірттері сияқты, ұстаздары да надан».

Бирунидің қолынан шыққан кесек шығармалардың бірі - ежелгі Шығыс халықтарының календарьларын баяндайтын «Әл-әсер әл-Бақия», яғни «Өткен буындардың ескерткіштері». Бұл кітапты данышпан ғалым 27 жасында, дәл 1000-жылы жазған. Кітаптың көлемі 50 баспа табақ.

«Ескерткіштерді» неміс ғалымы Эдуард Захау 1876-78 жылдары неміс тіліне аударып, Лейпцигте, 1879 жылы ағылшын тіліне аударып Лондонда бастырып шығарған. 1943 жылы Тегеранда парсы тілінде басылып шыққан. 1957 жылы Ташкентте орыс тіліне аударылып басылып шықты.

«Ескерткіштерде» әр халықтың астрономиялық білімдері, қол жеткен табыстары, қателіктері баяндалады.

Уақытты есептеу әдістері, жыл мен ай, апта мен күн есептері, көптеген эралар - замандар айтылады. Автордың өз зерттеулерінің қорытындылары да келтіріледі.

Омар Хайям - тәжік және парсы халықтарының орта ғасырларда өмір сүрген ұлы ғалымы, көреген ойшылы, дарынды ақыны. Оның ғылыми зерттеулері математика мен астрономияны жаңа сатыға көтерді. Философиялық еңбектері кейінгі ұрпақтардың ой-өрісін кеңейтті, ал өлеңдері поэзияның жаңа түрін қалыптастырды.

Омар Хайям елу шақты кітагі жазған, бірақ олардың көпшілігі бізге жетпеген. Кейбір кітаптарының аты да белгісіз.

Ерте кезде Күн жазғытұрғы күн мен түннің теңелу нүктесінде болған. Аңызға сүйеніп, парсылар фервердиннің бірін жыл басы етіп есептейді де, оны жаңа жыл күні - наурыз, деп атайды («нау» - «жаңа» - «руз» - «күн» деген сөз). Қазақтың наурызы осыдан шыққан. Күн мен түннің күзгі теңелуін парсылар «меһран» деген, бұдан қазақтың «мейрам» сөзі жасалған. Наурыз бен меһран парсылардың негізгі мейрамдары болған. «Ай мен Күн - аспанның екі көзі, наурыз бен меһран - уақыттың екі көзі» деп жырлаған парсы ақындары.

Наурыз астрономиялық есеп бойынша 22 мартқа келеді. Абыздар дұрыс бақылап отырмағандықтан, ол 22 наурыздан тайып, жылдың басқа айларына шығып кеткен. Бұл жағдай парсы шаруаларын күйзеліске ұшыратын отырған, өйткені жер өнімдерінен патшаларға, әкімдерге төленетін салық наурызға шейін төленіп бітуге тиісті болған. Ерте кезде Иран жерінде наурызға шейін егін пісіп, халықтың көпшілігі салықты мерзімінде төлеп келген. Бертін наурызда егін жиналмаған, тіпті кейбір жерлерде жаңа ғана көктей бастаған. Осының салдарынан календарьды түзету жайында патшаға шаруалардан көптеген арыздар түскен. Патшалардың көпшілігі ол арыздарға құлақ аспай, ескі календарьды сақтап, салықты төлемеген кедейлерді қатал жазалап отырған. Ақыры, шаруаларды мыңдап жазалағанмен қазынасы толмайтынын түсінген, Мүтәуәкіл халиф (847-861) хиджра жыл санауының 243 жылғы мұхаррам айының 11 күні (біздің календарымызша 857 жылғы 10 май) арнаулы декрет шығарады. Декрет бойынша наурыз сирия есебімен хазиран (біздіңше шілде) айының 17-не көшірілген. Бірақ Мүтәуәкіл өлгеннен кейін декрет жүзеге аспай қалған. Наурыз Мүтәдид патшаның (892*902) тұсында біраз орнықты. Мүтәдид хазиран айының 11 наурыз болсын деген декрет шығарды. Бұл да наурыздың тиісті орны емес, өйткені 11 хазиранда күн мен түн теңелмейді.

Селжүктерден шыққан үшінші сұлтан, жоғарыда айтылған Жәлеледдин Мәлікшәһ, шатасқан календарьды түзеуге мәжбүр болды. Ол календарь реформасының жобасын жасауды сол кездегі ұлы математик және астроном Омар Хайямға тапсырды. Хайям математиктерден, астрономдардан және тарихшылардан жеті адамды - Әбдаррахман Хазиниді, Әбілаббас Лукәриді, Әбухатам Мұзаффариды, Маймұн ибн Нәджаб әл-Вәситиді тағы басқаларды қатынастыра отырып жаңа календарь жасады.

Хайям наурызды әрдайым 22 наурызға келетін етті, ол үшін кібісе жыл енгізді. Хайям календары бойынша әрбір 33 жылдың 25 жылы 365 күндік - жай жыл, 8 жылы 366 күндік - кібісе жыл болып отырады. 33 жыл ішіндегі кібісе жылдар - 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28, 33 - жылдар, калғандары - жай жылдар. 25 жай жылда 9125 күн, 8 кібісе жылда 2928 күн болады, сондықтан 33 жылда 12 053 күн болады. Сонда бір жылдың орташа ұзақтығы 365, 2424 күн болады. Ал нақты жыл, астрономиялық есеп бойынша, 365, 2422 күн деп есептеледі. Бұдан Хайям календарының дәлсіздігі жылына 19 секунд болатындығы шығады. Осы дәлсіздіктен 1 күн жиналу үшін 4400 жыл өтуі керек. Қазір қолданылып жүрген григориан календарының дәлсіздігі 26 секунд, одан 1 күн жиналу үшін 3333 жыл өтуі керек. Ерте заманда, өлшеу техникасының нашар кезінде, календарьды осыншама дәлдікке жеткізуі Хайямның ұлы астроном болғандығын көрсетеді.

Омар Хайямның календары - дүние жүзі халықтарында болған календарьлардың ең жақсысы. Ол 1079 жылғы 15 наурыздан (хиджра бойынша 471 жылғы 10 рамазаннан, ескі парсы календары бойынша 448 жылғы 19 ақпаннан бастап) қолданыла бастады. Сол күні Мәлікшәһ жобаны декретпеп бекіткен болатын. Тарихи уақиғаның осы календарь бойынша көрсетілген уақыты селжүктер заманының уақыты деп аталады.

Жылды Омар Хайям да 12 айға бөлген, ол айларда 30 күннен болған. Бұдан 360 күн шығады, ал жылда 365 немесе 366 күн болуы керек. Сондықтан жыл аяғында, 12 айдан кейін, жай жылдары 5 күн, кібісе жылдары 6 күн қосылып отырған. Соның арқасында жылдың ұзақтығы 365,2424 күн болып отырған. Халықтың айтуына және есте сақтауына оңай болу үшін Хайям айлардың ертеден келе жатқан парсыша атауларын пайдаланған. Олар: фервердии, өрдібеһишт, хордад, тир, мордад, шахривар, меһр, абан, азар, дәй, бахман, әсфендармуз. Жыл аяғында қосылатын 5 күн (кібісе жылдары - 6 күн) фанджи деп аталған. Айлар Иранның қазіргі календарында да осылай аталады.

«Наурызнәмада» Хайям ай атауларының алғашқы мағынасын түсіндіреді, әр айдың табиғи ерекшеліктерін сипаттайды, зодиакпен байланысын айтады.

Календарь тарихында әділетсіздіктер көп болған. Астроном Созиген жасаған календарь - ескі санат Созиген календары делінбей, оны бекіткен император Юлий Цезарьдың атымен юлиан календары деп аталған. Лилий жасаған жаңа санат бекіткен рим папасы Григорий XIII атымен григориан календары деп аталған. Сол сияқты, Омар Хайямның календары да ресми түрде Мәлікшәһтың атымен аталған. Тарихи документтерде ол «Тарихи Мәлики», «Тарихи Джәлели», «Тарихи Сұлтани» делінеді.

Іс жүзінде Хайям календары 12 жыл ғана қолданылған. Мәлікшәһ өлгеннен кейін, оның орнына отырған сұлтандар календарьды бұрынғы «таз қалпына» келтірген.

Хайям календарының екі ерекшелігі бар: бірі - оның аса дәлдігі, екіншісі - Күн қозғалысына негізделуі. Ол кезде ислам дініндегі елдердің көпшілігі Мұхаммедтің нұсқауы бойынша, 631 жылдан бастап, қолданылған ай календарын пайдаланатын еді. Календарьды жасағанда Хайямның дінге қарсы көзқарасы әсер еткен болу керек.

1793 жылы Франция үкіметі бұрын қолданылып келген календарьды тастап, жаңа календарь қабылдаған. Бұл календарьды жасауға атақты математик және астроном Пьер Лаплас (1749-1827) қатынасқан, ол Хайямның календарымен таныс болған. Лапластың ұсынысы бойынша француз календарындағы жылдың ұзақтығы, Хайям календарындағыдай, 365,2424 күн болып алынған. Бұл календарьды қолдануды Наполеон тоқтатқан.

Хайямның наурызы қазақ календарына да ауысқан. Наурызды қазақтар 1926 жылға дейін мейрамдан келді.

Ұлықбек - Ақсақ Темір (қазақша кейде Сәтемір делінеді, орыс тарихында - Тамерлан) ханның немересі, оның ІІІахрух деген үшінші баласынан туған.

Ол өз төңірегіне көбінесе ақындар мен ғалымдарды жинады, Бұхар, Гиждуван, Самарқанд қалаларында медреселер ұйымдастырды. Обсерватория салдырды. Бұл өзтұсында теңдесі жоқ обсерватория болды. Оның жер болып кеткен қалдықтарын 1908 жылы археолог В. Л. Вяткин тапты. Ұлықбек обсерваториясының жұрты Шопан-ата деген адырдың оңтүстігінде Көкек деген төбеде, Әби-Рахмат арығына жақын. Бұл Самарқандтан 4 км жер.

Обсерваторияда аспанды бақылау және соған байлалысты гылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Мырза Ұлықбек аспанды зерттеп, жұлдыздарды түгендеп, кітаптар жазып, ғылыммеп шұғылданып жүргенде төбесін бұлт қоршап, найзағай ойнай бастағапын аңғармай да қалды. Шапқыншылықтан дәндеген ақсүйектер Ұлықбектің бейбітшілік саясатын жақтырмады, атаның туын жықты деп жазғырды. Қожа, молдалар, диуана-дәруіштер Ұлықбектің ғалымдар мен ақындарға қамқорлық жасауын күндеді, мешітке сирек баратынын дәлел етіп, оны діннен безді деп лақаптар таратты. Өз әулетінен шыққан таққа таласушылар да соларға қосылды. Ақыры ұлы ғалым өмірмен өкінішті түрде қош айтысты...

Ұлықбектің негізгі ғылыми еңбегі  - «Зидж-и Гурагани», яғни «Көрегеннің жаңа астрономиялық таблицалары». Бұл еңбек төрт бөлімнен құралған. Бірінші бөлімі уақытты есептеу әдістері мен календарьлар системасына арналған. Екінші бөлімде астрономиялық есептеулер мен бақылау методикасы баяндалған. Үшінші бөлімде Күн мен планеталардың қозғалыстары айтылған. Төртінші бөлімде астрологиялық «мәліметтер» келтірілген. Кітаптың құнды материалы алдыңғы үш бөлімінде. 1018 жұлдыздың орны көрсетілген. Бұл еңбек Европа астрономдарына зор әсер еткен. Сондықтан 1650, 1652, 1665, 1767, 1843, 1879 жылдары Лондонда ағылшын тілінде, 1853, 1879 жылдары Парижде француз тілінде, 1917 жылы Вашингтонда ағылшын тілінде т. б. жерлерде басылып шыққан. Шынында «Көреген таблицалары» Үлықбектің басшылығымен жазылған коллективтік еңбек, оны жазуға басқа да ғалымдар қатынасқан.

Ұлықбек обсерваториясында он шақты астроном қызмет істеген. Олардың Ұлықбектен кейінгі дарындысы Әли Құсшы болған. Құсшы - саятшы, құсбегі, қыран ұстаушы деген сөз. Ұлықбек сейілге шыққанда лашынды осы Әли алып жүрген. Сондықтан құсшы аталып кеткен. Ұлықбек өлген соң ол «қажыға барам» деп Самарқандтан кетіп, Стамбулға орналасқан. Құсшы «Таблицалардың» бір данасын ала кеткен. Ол сонда тұрып, әуелде тәжік тілінде жазылған кітапты араб тіліне аударып, Ұлықбектің есімін ғылым тарихында мәңгі қалдырған. Құсшы 1474 жылы Түркияда өлген. Кітаптың араб тіліндегі данасы Стамбулдағы белгілі Ая-София мешітінің кітапханасында сақталған. Ағылшындар содан алып аударған.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-05-30 16:01:58     Қаралды-4554

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »