UF

Кіріспе.

 

Ірі қара шаруашылығы – мал шаруашылығындағы ең маңызды сала, біріншіден – халқымыз ірі қара етін өндірудегі ең алғашқы проблема, олардың тірі салмағын жоғарылату, әсіресе жас малдардың салмағын, себебі етке өткізетін жас малдардың үлесі 60-70 пайызға дейін. Жас малдардың қарқынды өсіруді ұйымдастыру және бордақылаудың нәтижесінде олардың тірідей салмағы 14-18 айлықтарында 400-500 кг-ға дейін жетеді. Ғылыми деректер бойынша, осы жаста сойылатын малдардың еттік қасиеті жоғарыланып, ет өнімін көбейтуге себебін тигізеді. Сонымен қатар, 1 ц. ет өніміне мал азығын және еңбек шығындары 1,5-2 есеге азаяды. Қарқынды бордақылау мезгілдерінде малдың тұқымына, жынысына және жасына қарай, олардың салмағы 20 - 40 пайыз - ға дейін жоғарылайды.

Шаруашылықтарда ет өнімінің көбейюіне көп әсер ететін жылына туатын бұзаулардың басы және буаз қашарлардың үлесі көп болса, бұзаудың саны көбейіп, оларды етке дайындауға мүмкіндік туады. Сүтті сиыр шаруашылықтарында бұзауды жыл бойы алып, оларды әрі қарай өсіреді. Әрине, көптеген аймақтарда, ірі арнайы шаруашылықтарда төлдерді 10 -20 күндігінен бастап әрі қарай өсіріп -дамытады. Бұл шаруашылықтарда жас малдарды 13-14 айлығына дейін қарқынды өсіріп, етке тірі салмақтары 400 - 500 кг-ға жеткенде өткізуге, немесе сатуға болады. Алыстағы, жайылымы бай аймақтарда, жас малдарды 18- 20 айлығына дейін өсіріп, ал 15 айлығынан бастап, бордақылауға қойса, олардың салмағы 450- 500 кг-ға дейін жетеді. Жаңа технологияға көшу ірі қара етін көп өндіруге әсерін тигізеді. Ондай шаруашылықтарда, малдарды күту, бағу және азықтандыру   жаңа технология бойынша өтіп, еңбектің өнімділігін арттырып, арзан ірі қара етін алуға болады.Ет өндіру шаруашылықтарында мамандандырудың жаңа түрін қолданып, әрі табиғи және эккономикалық шаруашылықтардың мамандануына қарай,  оларда ет өндіру технологиясы да өзгереді.Сондықтан әр түрлі мамандандырылған шаруашылықтарда ет өндіру технологияларының өзінше ерекшеліктері бар. Жас малды өсіріп дамыту және оларды бордақылау жұмыстарымен ірі, жоғары механикаландырылған шаруашылықтар үздіксіз - цех тәсілі бойынша және мамандандырылған мал бордақылау шаруашылықтары айналасады.

Осы шаруашылықтарға болашақ бордақыланатын малдар, осы аймақтарға басқа ұсақ шаруашылықтардан әкелінуі және осы жұмыс келісім шарт бойынша іске асады. Көптеген тәжірибелер бойынша, әсіресе Ресей, Украина, Балтық теңізі бойындағы республикалардың шаруашылықтары осы тәсілді қолданып үлкен нәтижеге жетті. Шаруашылық ұжымдары қант және вино зауыттарының маңайында ұйымдастырған, ол шаруашылықтар, потока және барданы пайдаланып, малдарды бордақылайды.

 

1 Негізгі бөлім

 

1.1 Әдебиетке  шолу

 

1.1.1 Ірі қара ет өнімі

 

Ірі қара етінің тағамдылығы және дәмділігі өте жоғары, себебі оның құрамында белоктар, майлар, минералды заттар, тағы да витамин топтары А, Д, В бар. Еттің тағамдылық құндылығы оның құрамындағы белоктарына байланысты. Оған: глобулин, альбумин, миозин және т.б. кіреді. Ірі қара етінің адам организміне сіңуі өте жоғары - 95 пайыз. Әр түрлі тұқымға жататын ірі қара етінің сапасы оның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне де байланысты. Ол ерекшеліктері тұқымдылығына, азықтандыруына, бағып - күтуіне, өсіп - жетілуіне тығыз байланысты. Ірі қара етінің көрсеткішіне, оның сапасы мен ұшасының салмағы жатады. Әсіресе тірідей салмағы, сойыс салмағы және ет шығымы. Сапасының көрсеткішіне ұшаның шеміршегі, тағы да химиялық құрамы мен ет калориясы жатады. Ірі қара етін бағалағанда 12 кг қосқан салмағына қанша азық өлшемі жұмсалды және төлдердің өсіп - даму қарқыны қандай екені анықталды. Ірі қара етінің салмағына азықтандырудың және өсіп дамуының ерекшеліктері де көп әсер етеді, ал соның сапалығына ірі қараның тұқымының, жынысының және жасының да әсері зор.

Малды сойғанда таза ет және іш май алумен қатар, қосымша көптеген тағамда алады. Тағамдылығына қарай қосымшалары екі топқа бөлінеді. Біріншісіне: бауыр, бүйрек, тіл, жүрек, желін тағы басқалары жатса, екіншісіне: қарын, өкпе, ішек-қарын т.б. жатады. Ірі қараны союдың нәтижесінде, жеңіл өнеркәсібінде пайдаланылатын: тері, мүйіз, сүйек, жүн т.б. алса, ішінен әр түрлі фармацевтикалық көптеген бездер алады.

Ірі қара қанынан: қан ұнтағын және альбумин дайындаса, ал сүйгінен: сүйек, етті - сүйекті ұнтақтарын және клейді дайындайды. Ірі қара майын тағам өнеркәсібінде пайдаланса, соныменг қатар, глицерин т.б. жасау үшін де пайдаланады.

Ірі қараның ет өнімі, оның тұқымына, тұқымдылығына, азықтандыру деңгейіне, бордақылауына, жасына және жынысына да байланысты. Осы аталған көрсеткіштердің, әрқайсысының тұқым қуалаушылық қасиеттері бар. Әрине, әр көрсеткіштердің тұқым қуалаушылық қасиеті әр түрлі.Әсіресе, ол малдардың тұқымына көп байланысты.

Тұқым қуалаушылық белгілерінің бір - бірімен қатынасы әр түрлі. Мысалы, бұзаудың туғандағы салмағымен енесінің тірі салмағының арасындағы байланыс жоғары Ғылыми деректер бойынша төлдердің қарқынды өсуі мен азықты өтеу арасында да байланыс корреляциясы жоғары. Малдың тәуліктік салмағының жоғарлауына байланысты, оған шығатын азықтың арзандайтынын байқаймыз.

Малдың өсіп - дамуына және май болып қалыптасуына көптеген жағдайлар әсер етеді. Оған: жасы, азықтандырылуы, тұқымы және жынысы жатады. Сонымен қатар еттің морфологиялық және химиялық құрамдары да өзгереді. Әр жастағы малды сойғанда, олардың таза етінің, майының, сүйегінің, дәнекерінің, шандыр - шеміршектерінің өзара қатынасы әр түрлі, әрине ол ұшадағы белок пен майдың да өзара қатынасына байланысты. Сондықтан, ұшаның тағамдық қасиеті де өзгеріп тұрады.

Шаруашылықтарда малдардың етінің сапасын оның тірідей салмағы, тез өсіп - дамуы және 1 кг тәулік салмағына мал азығының жұмсалуы бойынша бағалайды.

Мал сойылғаннан кейін, оның ұшасының шығымы, ұшасының морфологиялық құрамы, етінің химиялық құрамы және етінің дәмділігіне қарай бағалайды.

Малдың тірі уақытында, оның қондылығын дене бітіміне, етінің жетілуіне, тері астындағы май бітісіне қарап айырады, сойылғаннан кейін ұша жүйелеріне майдың бітуі, ішкі органдары мен ет бұлшықтарының арасындағы майға қарап айырады.

Ірі қара тұқымдары бір - брінен өнімінің жетілгіштігі, дене бтімі, сырт пішіні, бордақылау мүмкіндігі , етінің сапасы, тағы басқа шаруашылық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

Қазақстанда мамандандырылған етті бағыттағы қазақтың ақбас, әулиекөл, қалмақ, герефорд, санта - гертруда, галловей тұқымдары кеңінен таралған. Етті бағыттағы ірі қарадан алынатын өнім екі топқа бөлінеді : ірі қарадан алынатын шикізат және ірі қара өнімдерін қайта өңдеу қалдықтары.

 

  1. Етке арналған төлдерді өсіру

 

Етті ірі қара мал шаруашылықтарында туған бұзаулар 6-8 айлығына дейін енесінің бауырында болып, енесінің сүтін еміп өседі. Етті ірі қара мал шаруашылықтары жайылымы мол жерлерге орналасқан, оның малды жайып семіртуге әсері мол, ал бордақылайтын шаруашылықтар егісті жақсы дамыған аумақтарға шоғырланған. Жалпы шаруашылықтардың мамандандырылуына, шоғырландыруына, шаруашылық бағытына, бордақылау ерекшеліктеріне, әрі мал азығымен қамтамасыз етілуіне байланысты төмендегідей арнайы комплекстер мен фермалар бар:

-   бұзауларды 10-20 тәулігінен бастап өсіріп 13,5 - 14 айлығында тірідей салмағы 420 - 450 кг жеткенде етке өткізеді;

  • төлдерді 15-18 айлығына дейін бордақылап тірідей салмағы 400 - 450 кг жеткенде етке өткізеді; ал бұл шаруашылықтар сүтті және сүтті - етті шаруашылықтардан бұзауларды 4-6 айлығында қабылдаса, етті ірі қара мал шаруашылықтарынан 7-10 айлығынан бастап қабылдайды;
  • төлдерді 10-12 айлықтарына дейін өсіріп, тірідей салмағы 260 - 300 кг жеткенде, оны басқа арнайы мамандандырылған бордақылау шаруашылықтарына, немесе бордақылау алаңына өткізеді;
  • төлдерді және бракқа шыққан малдарды бордақылау алаңында және кешендерде бордақылайды.

Мамандандырылған етті ірі қара мал шаруашылықтары мен фермалары көптеген топқа бөлінеді.Оған:

-   мамандандырылғн етті асыл тұқымды шаруашылықтар, негізгі міндеті төлдерін өсіріп, бордақылау; бұл шаруашылықтарда бұзауларды енесінің бауырында 8-10 айлығына дейін өсіріп, мамандандырылған бордақылау шаруашылықтарына өткізеді;

  • мамандандырылған етті шаруашылықтарда төлдерін өсіріп, 15-20 айлықтарында тірідей салмақтары 400 - 450 кг жеткенде етке өткізеді;
  • етті ірі қара мал фермаларында бұзауларын 6-8 айлықтарына дейін енелерінен бауырында өсіріп, бордақылдау шаруашылықтарына өткізеді;
  • асыл тұқымды мал зауыттары мен фермаларының негізгі мақсаты етті тұқымды ірі қара малын одан әрі асылдандыру және басқа фермалардың табынын толықтыратын асыл тұқымды төл өсіру.

Ет өндіретін шаруашылықтар көбінесе табиғи - экономикалық қолайлы аймақтарда, әсіресе табиғи жайлымы және мал азығы мол жерлерде шоғырланған.

Ет өнімін өндіруде сүті аз сүтті тұқымның сиырларын етті тұқымының бұқаларымен шағылыстырады. Одан алынған будан төлдердің еттілік сапасы жоғары және мамандандырылған шаруашылықтарда жақсы бордақыланады. Мұндай жұмысты іске асыру үшін шаруашылықтар өз табындарының 20-30 пайыз сиырларын шағылыстыру үшін бөледі. Барлық будан төлдерді сүтті сиыр табындарынан арнайы комплекстер мен фермаларға өсіру үшін өткізеді. Әрине бұл арнайы шаруашылықтарда мал азығымен толық қамтамасыз етілгеннен кейін, төлдердің өсіп - жетілуіне және өнім беруіне үлкен мүмкіндік туады. Ал, ірі қара мал тұқымдарын бірімен-бірін шағылыстыруға дайындағанда, одан алынатын будан ұрпақтарының келешек еттілік сапасын, көбеюін, әрі бағып - күтуге бейімділігін ескерген жөн.

Ғылыми деректер бойынша төмендегідей нұсқау бойынша малдарды өндірістік негізде шағылыстыруға болады. Мысалы, қырдың қызыл сиырларын герефорд, қазақтың ақбасы, шароле, санта - гертруда және абердин - ангусс бұқаларымен; ал қара ала және әулиеата тұқымдарының сиырларын шароле, киан, герефорд және абердин ангус бұқаларымен, симментал және сычев сүтті тұқымды сиырларын -шароле, киан герефордтың бұқаларымен; қоңыр және алатау тұқымды сиырларды - киан және герефордтың бұқаларымен өндірістік будандастырудың сүтті ірі қара шаруашылықтары үшін маңызы зор, себебі, ол шаруашылықтарда жоғары сапалы ет алуға болады.

Шаруашылықтың екі-үш фермасы болса, оның біреуіне ет өнімін өндіруге арнауға болады, ол фермада етке арналған төлдерді, бракқа шыққан ірі қараны 2-3 айдай бордақылайды.

Өндірістік будандастырудың нәтижесі малдың тұқымына, шағылыстыру тәсіліне және будан малдарды азықтандыру деңгейіне байланысты.

Малдарды шағылыстыру уақытында әр мал тұқымының биологиялық ерекшеліктерін және ұрпақтарының тұқым қуалаушылық қасиетін ескереді. Сүтті және қос бағыттағы ірі қара тұқымдарының өсіп - даму қарқынының жоғары екенін анық. Етті ірі қара тұқым малдарының өсіп - дамуы ерте аяқталады да, жас уақытынан бастап, олардың дене майы біте бастайды және оларды сойғанда жоғары сортты етті көбірек алады. Өндірістік будандастыру тәсілінің нәтижесінде, будан малдарының қарқынды өсуін байқаймыз. Етті тұқым малдарының, шароле мен кианнан басқасының, бұқаларының туғандағы салмағы, сүтті және қос бағытты тұқымдармен салыстырғанда төмендеу. Сүтті және қос бағытты сиырларды етті бағытты бұқалармен шағылыстырғанда бұзауларының салмағы төмендеп, жеңіл туады. Сондықтан, тауарлы шаруашылықтарда жас қашарлардың біразын етті бағыттағы бұқалармен шағылыстырған жөн. Будан бұзаулардың туғандағы салмағы орташа болып келеді, ол етті тұқым бұзауларынан салмағы аздау.

Будан бұзаулардың өсіп - даму қарқыны жоғары, ал азық төлеуі жақсы. Өндірістік будандастыруды жүргізуде, шаруашылықтарды табиғи -экономикалық жағдайын, төл өсіру тәсілін, ірі малдардың жайып семіру және бордақылау, тұқым қуалау ерекшеліктерін ескереді. Олардан алынған ұрпақтардың ет өніміне әсерін анықтайды. Тәжірибе бойынша, етті бағыттағы абердин - ангусс бұқаларын сүтті және қос бағыттағы сиырлармен шағылыстырғанда, алынған будан малдардың етінің сапасының жақсы екені анықталды.

Ыстық аймақтарда санта - гертруда тұқым будандарының өсу қарқыны жақсы, ал етінің сапасы жағынан, басқа етті тұқымдардан төмендеу. Герефорд және шортгорн тұқымдарының будандарын қарқынды өсірсе, олардың тірідей салмағы тез жоғарылайды, дене майлары ерте біте бастайды, сондықтан ондай будан малдарын, басқаларына қарағанда ертерек етке өткізуге болады. Шароле тұқымының будандары туғанда ірі туады, ал сиырлар туарда қиналады.

Өндірістік будандастыруда бір тұқымды екінші тұқыммен шағылыстыру алдында олардың дене бітімінде ескереді.Әсіресе, қолайлысы өте ірі, еттілігі жақсы жетілген, жас уақытарында өсу қарқыны жоғары, мал азығы шығымы арзан болған малдарды жұптастырады.Ұша құрамының сүйегі аздау малдарды іріктейді. Еті тұқым бұқалары шағылыстыру нәтижесінде өзіндік тұқымдық қасиетін тұрақты түрде қайталайды, әсіресе түсін. Мысалы, герефорд тұқым будандарының басы ақ, денесінің төменгі орта бөлімінің ақ таңбалары болса, абердин - ангусс будандарының басы қара және мұқыл, ал шароле будандары ақшыл - көк т.б. болып келеді.

Көптеген тәжірибелер бойынша будан малдардың сүтті және қос бағытты малдардан көптеген артықшылығы болады. Әсіресе, будан малдардың 15-18 айлықтарында қарқынды өсіп - даму нәтижесінде тірі салмағы 5-20 пайыз, ал ұша шығымы 3-5 пайыз артық. Аса ірі етті бағыттағы будан малдарының өсу қарқыны, тәулік қосатын салмағы, таза тұқымдыларға қарағанда 50 - 200 г артық болса, ал 1 кг тәулік қосатын салмағына 5-8 пайыз мал азығы аз жұмсалынады. Будан малдар дене бітімі жағынан таза тұқымдыларға қарағанда орташа деңгейде дамыса, ал аяқтарының ұзындығы, етті тұқымға қарағанда биіктеу, дене тұрқы ұзындау келеді. Англияның етті тұқым будандары шардле, лимузин, киан т.б. тұқымдарымен салыстырғанда дене майлары ерте біте бастайды.Сондықтан оларды сойған кезде майы 3- 5 пайыз артық, себебі майы ет аралық және ет ішіне көбірек бітеді.

Будан малдардың ет ұлпасы мен майының өзара қатынасы жоғары. Будан малдарында етіне, майдың көбірек бітуіне байланысты, дәнекер ұлпа азаяды, сондықтан еттің дәмі сапалы келеді. Әсіресе будан, қара ала,   қырдың   қызыл  т.б.   сүтті   және   сүтті  -  етті   бағыттағы малдардың ұшасында сүйек үлесі азаяды. Будан малдардың ет ұлпасының көлемі ұлғайып, оның ұшасымен аралық коррелиясының оң болып келеді. Будан малдардың тұқым қуалаушылық қасиетіне қарай әр түрлі өзгерісте болуы мүмкін.

Будан малдардың ет өніміне көп әсер ететін, олардың өсіп - дамуы
және бордақылануы. Әсіресе, жақсы нәтиже, егерде жас малдарды
қарқынды өсірсе үлкен нәтижеге жетуге болады. Жоғары деңгейде
азықтандырылған будан малдардың өнім көрсеткіші де жоғары. Олардың сүйегі жеңіл, денесіне майдың қалыптасуы ерте басталып, етті ірі қара тұқымына көп ұқсас келеді. Ал, азықтандыру деңгейі төмен болса, будан малдардың көрсеткіштері төмендейді, әсіресе абердин - ангусстан алынған будандардың тірі салмағы, сүтті бағыттағы малдардан да төмен. Етті ірі қара шаруашылықтарында өнеркәсіптік будандастыру XX ғасырдың алғашқы мезгілінде басталды. Ол үшін қалмақ және шортгорн ірі қара тұқымы, тағы да украинаның көк және шароле тұқымдары пайдаланылған. Нәтижесінде,
будан малдардың тірі салмағы, ет шығымы, ет сапасы таза тұқымды
малдардан артық болды. Әсіресе, қалмақ ірі қарасымен герефордтың,
шортгорн т.б. будан малдарының көрсеткіштері жоғары болды. Сонымен
қатар, англияның етті тұқым малдарын бірімен-бірін будандастырғанда, олардың экономикалық тиімділігі жоғарылады.Әсіресе шортгорн ірі қарасын герефорд тұқымымен шағылыстырғанда нәтижесі жоғарылады. Будан малдарды таза тұқымды малдармен салыстырғанда тірі салмағы, ет шығымы артық болды. Будан малдардың тәуліктік өсу қарқыны және етінің сапасы, әсіресе шароле мен шортгорнды, немесе герефордпен шағылыстырғанда байқалды. Қазақтың ақбас ірі қарасын шет мемлекеттердің тұқымымен шағылыстырғанда жақсы нәтижеге жетті.

Етті ірі қара шаруашылығының, екі тұқымды бір-бірімен шағылыстырудан гөрі, үш тұқымды бір-бірімен шағылыстыру көп мезгілді қажет етеді, сондықтан тәжірибе жүзінде сирек қолданылады.

 

  1. Етті ірі қара шаруашылығы

 

Етті ірі қара шаруашылығының дамуы өткен ғасырдың 20-жылдарынан Ресейдің оңтүстік шығыс және Қазақстанның жерінде мамандандырылған арнайы шаруашылықтарының құрылуынан басталды, кейін осындай шаруашылықтар басқа да аймақтарда ашылды. Алғашқы уақытта, ондай шаруашылықтардың табыны қалмақ және жергілікті қазақ ірі қарасынан құралды. 1928 - 1933 жылдар аралығында Англиядан және Уругвайдан герефорд, шортгорн және абердин - ангусс ірі қара тұқымдары көптеп әкелінді. Сонымен қатар, жергілікті малдарды шет мемлекеттен әкелінген мал тұқымдарымен шағылыстыра бастады, соның нәтижесінде көптеген герефорд будан малдарының тобы құрылды, кейін қазақтың ақбас ірі қара тұқымы шығарылды.

Табиғи - экономикалық жағдайларға байланысты, етті ірі қара шаруашылығының ұйымдастырушылық және технологиялық ерекшеліктері болады.Оның алғашқы ерекшелігі табиғи жайылымды молымен пайдалану және азық дайындау, төлдерді өсіріп - дамыту тәсілі және сақа малдарды бағып - күту, шығынды азайтып мал өнімін көп алу, мал қорларын салу болды. Ең негізгі көрсеткіш, әр сиырдан жылына бұзау алу және ол бұзауларды 6-8 айына дейін енесінің бауырында өсіру. Сиырларды бұзауларымен бірге бос ұстау мезгілдерінде жұмыс шығыны 2-3 рет арзандайды. Көптеген мемлекеттерде: Аргентина, Уругвай, Австралия, Канада т.б. мемлекеттердің табиғи жайылымы мол, оларда етті ірі қара тұқымын жайылым аз болғандықтан, етті ірі қара шаруашылығы қарқынды түрде өтеді, оған: екпе жайылымды пайдалану, мал жемін дайындау және көп қаражат бөлуді қажет етеді. Ресейдің Сібір, Забайкөл, алыс Шығыс және басқа да аймақтарында табиғи жайылымның мол болуы, етті ірі қара тұқымын өсіру және оның санын көбейтуге көп мүмкіндік береді. Әр аймақтың табиғи - экономикалық жағдайына қарай және әкелінген етті ірі қара тұқымдарының биологиялық ерекшеліктеріне қарай, оларда сіңіре будандастыру және өндіре будандастыру арқылы аймақтық жаңа топ және жаңа етті ірі қара тұқымын шығаруда. Шет мемлекеттерден асыл тұқымды малдарды әкелу, әсіресе Франция мен Италиядан, жаңадан асыл тұқымды шаруашылықтарды құруда маңызы зор болып тұр. Францияның, Италияның етті ірі қара тұқымдары Англияның етті ірі қара тұқымдарына қарағанда дене тұлғасы өте ірі, тірі салмағы өте жоғары, өсіп - дамуы қарқынды, әрі денелеріне май кеш бітсе де, тәуліктік қосатын салмағына мал азығы аз жұмсалынады. Осындай жаңа типті малдардың дене майы аз және ұша салмағы жоғары, осындай тәсілдің болашағы мол, сондықтан етті ірі қара тұқымын өсіру өте тиімді. Францияның және Италияның етті ірі қара тұқымдарын пайдалану көптеген мемлекеттерде жүргізілуде.

АҚТТТ-тың көптеген штаттарында табиғи және экономикалық жағдайына қарай, етті ірі қара шаруашылығының жаңа аймақтық топтары құрылуда. Бір штатта аналық малдарды ұстап, бұзау алып, енесінен бөлгенше ұстайды, одан кейін, оларды басқа аймақтың шаруашылығына таратады, ал олар әрі өсіріп - дамытып, бордақылайды. Кезінде Қазақстанның көптеген шаруашылықтары мамандандырылған еді. Асыл тұқымды фермалар және төлдерді өсіру және бордақылау шаруашылықтары болды. Бұл фермалар әр түрлі. Егерде жас малдарды 12-14 айлығында сататын болса, онда оның табанында сиырлар 40 - 50 пайыз құрайды, ал жас малдарды 18-20 айлығында сататын болса, онда сиырлардың табындғы үлесі 30-35 пайыз ғана. Табында сиырлардың үлесі көбейсе, онда төл басы көбейеді және ет өнімі жоғарылайды.

Жайылымы мол шаруашылықтарда, егерде жыл бойы азықпен қамтамасыз ететін болса, бұзауларды енесінен айырғаннан кейін қарқынды өсіріп, одан кейін бордақылап тірі салмағы 380 - 420 кг жеткеннен кейін етке өткізеді, немесе сатады. Ал, бордақылауға мүмкіндік болмаса, онда 18-20 айлықтарында тірі салмағы 450 - 50 кг жеткенде сатады. Ондай жағдайда қыс айларында көлемді азық және сүрлемді көбірек беріп, жемді аздап жұмсайды. Рацион тәулігіне 400 -500 г салмақ алуын есептелген. Жаз айларында малдарды жайып семіртеді, қосымша жем береді, ондай жағдайда, тәулігіне 800 - 1000 г салмақ алуға болады.

Етті ірі қара шаруашылығында төлдерді қарқынды өсіру, жайып семірту және бордақылау, күтіп - бағу жұмыстары механикаландырылған, жазда көк шөп егу, көп жылдық жайылым құру көзделген. Көптеген шаруашылықтарда, ірі қараны таза өсірумен қатар, етті ірі қара тұқымдарын пайдаланып, өнеркәсіптік будандастыру тәсілін қолдануда.

Қашыруда науқанын мамыр - маусым айларында жүргізген жөн, ондай сиырлар қыстың соңында, немесе көктем айларында бұзаулайды. Сиырлар осы уақытта бұзауласа, бұзаулар жаз алдында әжептеуір өсіп, жайлымды пайдалана алады. Әрі, төлдер жасы және тірі салмағы жағынан бір - бірінен айырмашылығы аз болып, топ - тобымен жайылатын табын құруға болады.Осындай тәсіл, сиырлардың бір уақытта бұзаулауына, бұзауларды мезгілді уақытында енесінен бөлуге, өсіруге, бордақылауға, топ - тобымен сатуға мүмкіндік туғызады. Бұзаулардың енесінің бауырында өсіру, олардың қарқынды өсуіне және 6-8 айлықтарында тірі салмағы 180 - 220 кг, одан жоғары болуына  мүмкіндік  туғызады.Кейбір  жағдайларды   бір   бұзау  туған сиырларға екінші бұзауды телітеді, әрине олардың жасы бірдей болуы қажет. Еркек бұзауларды 4-5 айлығында піштіреді.

Жас малдардың қорада бос ұстау тәсілі қолданылады, олар азыққа өздері еркін келіп пайдаланады, оладың тәуліктік азығының көпшілігі көк шөп болса, жемді аз береді. Қыс айларында жас малдарға жылы су береді.

Сиырларды бұзаулау қорасында бұзаулатады, оған бұзаулаудан бірнеше күн бұрын әкеледі. Сиырлар бұзаулағаннан бірнеше күн бұрын әкеледі.Сиырлар бұзаулағаннан кейін бұзауымен бірге жеке клеткада болады, клетканың мөлшері 2*3 м , бұзаулау бөлмесінде 8-10 күн болса, одан кейін 3-4 апта бойы, 10-15 сиыр мен бұзау топ - тобымен болады. Малды қолда ұстаған мезгілдерінде әр сиыр мен бұзауына 7 -10 м алаңды бөледі. Осы уақытта бұзауларға қосымша жем, шөп, сүрлем, көк майса және минералды заттарды береді, ол үшін әр бұзауға алаңның ішінен 1,2 м бөліп, жеке - жеке азықтандырады. Жаз айларында бұзаулар енесімен бірге жайылымда болып, жайылымға үйрене бастайды.

 

  1. Малды бордақылау және оны ұуйымдастыру

 

Ірі қара етін өндіру бордақылаумен аяқталады. Нәтижесінде малдың тірі салмағы жоғарылап, семіздігі жақсарып, етті сапалы болады. Бордақылаумен өткен малдардың ет шығымы 55-60 пайыз және одан көп болады да, дәмділігі жақсарады. Бордақылаудың нәтижесі ірі қара малының тұқымына, мал азығының құрылымына және сапалылығына байланысты, әсіресе рациондағы қант пен протеиннің өзара қатынасының да маңызы зор.

ВИЖ - дің тәжірибесі бойынша бордақыланған малдардың рациондағы қант пен протеиннің қатынасы зерттелген, нәтижесінде шортгорн мен симментал тұқым малдарының буданына берілген 1 кг азық өлшемінде 105г қорытылған протеин және 21г қант болған, ал сол будан малдарының денесіне май бітуі төмен болған.

Малдың жасына қарай бордақылаудың өзінше ерекшеліктері болады, ет ұлпасының бітуі және қалыптасуы олардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, май ұлпасы көбінесе сақа уақында көбірек бітеді. Оған: 13-15 айға дейінгі, 18-20 айға дейінгі, екі жастан жоғары малдар жатады.13-15 айдағы бордақыланған жас малдарды қарқынды өсіріп, содан кейін бордақылайды, олардың тірі салмағы 420-450 кг -нан кем болмауы қажет, ал 18-20 айлық жас малдардың салмағы 340-360 кг болғанда, оларды үш айлық бордақылауға қойып, тәулігіне 900-1000г салмаққа жеткізіп, олардың сатылар алдындағы салмағы 430-470кг жетуі қажет, ет шығымы 56-60 пайызға жетуі тиісті. Осындай бордақылау мезгілдерінде рациондағы жемнің үлесі 30-35 пайызға жетеді. Кәрі малдарды 2-3 айдай бордақыласа, олардың тәуліктік қосатын салмағы 900-1000 г жетуі тиісті және осы уақытта 60-90кг салмақ қосады. Малдардың жасына, жынысына және тірі салмағына байланысты азықтандыру рационын құрастырады. Мал рационы жан-жақты сапалы болуы қажет. Бордақылау кезіндегі жұмыстар, әсіресе мал азығын тарату және қораны тазалау механизация тәсілімен өтеді.

Мамандандырылған шаруашылықтар малды бордақылауды жом және барда беру арқылы іске асырылады. Бордақылауға қоятын малдардың тірі салмағы 250-270 кг-нан кем болмауы қажет, ал бордақылау мерзімі 90-120 күнге дейін созылады.

Жоммен бордақылау. Алдын ала дайындау 7-10 күнге созылады. Осы уақытта малдарды жомды жеуге үйретеді, бірте-бірте мөлшерін көбейтеді. Бір жетіден кейін, жомның мөлшері 45-55 кг-ға дейін жетсе, ал сақа малдарға 60-70 кг дейін жеткізеді. Жоммен бордақылау екі мезгіл бойы өтеді: біріншісі 30-50 күн болса, екіншісі 40-60 күнге созылады. Бордақылау аяқталар кезінде жомның мөлшерін азайтып, шөп пен жемді көбірек береді. Шөпті, әрбір 10кг жомның орнына 0,5 кг -нан береді. Жемді малдың жасына қарай алға шқы да 1,5-2,0 кг-нан берсе, екінші бордақылау уақытында 2-3 кг-нан береді.

Жомның құрамында кальций көп, сондықтан басқа минералды заттарды қосады, әсіресе фосфоры бар заттарды. Қосымша 60-80 г ас тұзын және арнайы премиксты да қосады. Рационда протеиннің үлесін көбейту үшін, өсімдік ұнтағын және т.б. азықтарды қосады.

Бардамен бордақылау. Бардамен бордақылау екі мезгіл бойы өтеді, алғашқыда оған үйретеді, бірте - бірте беру мөлшерін көбейтеді. Наннан жасалынған барданы сүрлейді, ал картоптан жасалған бардаға, салмағына қарай 6-8 пайыз ұсталған сабан қосады. Жаңадан дайындалған барданы 25-30 градус дейін суытады. Малдардың жасына қарай тәулігіне 50-80 кг-ға дейін барда, 4-7 кг шөп және 1-3 кг жем береді. Тәулігіне малға барданы 3 рет берсе, әр бергенін екі бөліп береді және берген сайын ұсатылған көлемді азықты қосады. Барданы малға б ерген уақытында, оларды суармайды, ал сүрленген барданы берсе тәулігіне бір рет суарады. Барданың құрамында көміртегі және кальций аз болғандықтан, оның рационына арпа, жүгері, сұлы және минералды заттарды да қосады, оған бор, трикальций фосфат т.б. Малдардың жасына қарай, бардамен бордақылаған мезгілдерінде малдар тәулігіне 800-1000 г салмақ қосады.

Сұрлем азықтармен бордақылау. Мамандандырылған шаруашылықтарда және фермаларда ірі қараны жүгері сүрлемінде бордақылайды.Тәжірибелер нәтижесі бойынша сүрлеммен бордақылаған мезгілдерде, оның үлесі 40 пайыздан - 60 пайызға дейін құрайды. Ал, жүгері сүрлемінің құрамында протеин аз болғандықтан, рационының құрамында карбамид, аммоний тұздарын және минералды заттарды қосады. Сүрлеммен бордақылау мезгілдерінде рационға қосымша 10-20 пайыз тамыртүйнекті азықтарды қосқан жөн, ол малдың тәулік қосатын салмағын жоғарылатып, сою сапасын және азық төлеу қабілетін жақсартады, ал жем азықтарын тәулігіне әр малға 2-3 кг-нан береді. Сүрлеммен бордақылау мезгілдерінде, сүрлемді молымен беруге тырысады. Егерде малдар қорада ұсталса, онда ертемен сүрлем, сосын жем және көлемді азықты таратады, күндіз тамыртүйнекті және сүрлемді, ал кешке-сүрлем және көлемді азықтарды таратады. Кейінгі уақыттарда сүрлем мен көлемді азықтардың орнына сенажды қолданып жүр.

Жеммен бордақылау. АҚШ-та, Англияда т.б, шет мемлекеттерде жеммен бордақылау кеңінен тараған. Жеммен бордақылау мезгілдерінде, рационның 50 пайызын жем құрайды. Мысалы, Англияда малдарды қарқынды бордақылау арқылы 3 айлығынан 12 айлығына дейін арпа дәнінің 18-22 пайыз ылғалдылығымен берді. АҚШ - та жас малдардың өсіп - даму мезгілдерінде және бордақылау уақыттарында жүгері сүрлемін кеңінен пайдаланды. Кейбір Еуропа мемлекеттерінде малдарды комбикорм беру арқылы бордақылайды. АҚШ пен Англияда мал астауларын бір жетіге дейін толтырып қояды.Малдар қажетіне қарай азықтанады.

Қазақстанда малдарды сенаж бен жемді қосып бордақылайды. Оңтүстік облыстарында малды бордақылау ашық, немесе жартылай ашық алаңдарда өткізіледі. Шығын аз кетеді, ал нәтижесі жоғары, еттің өзіндік құны азаяды. Ал, қыс айларында 1 ц өнімге мал азығының шығыны 10-12 пайызға жоғарылайды. Малдарды ашық және жартылай ашық алаңдарда бордақылау Орта Азия, Закавказье, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстан және Ресейде кең тараған.

Жайылымы мол аймақтарда малды жайып семірту технологиясын қолдану арқылы ірі қара етін өндірудің нәтижесі өте жоғары , өзіндік құны арзан. Малды жайып семірту Қазақстанда, Ресейдің оңтүстік шығысында, Батыс және Шығыс Сібірде т.б. ТМД аймақтарында кеңінен тараған. Малды жайып семірту ірі қара етінің өнімін көбейтуде маңызы өте зор, жайылымды дұрыс пайдалану ет өнімінің өзіндік құнын төмендетуге көп әсер етеді. Жайылым уақытында жас малдардың тірі салмағы 40-60 пайызға жоғарыласа, ал сақа малдардың тірі салмағы 25- 30 пайызға дейін жоғарылап, семіздігі де жақсарады. Ет шығымы жайылым соңында 52 - 55 пайыз және одан жоғары болады.

Жайып семіртудің нәтижесі мал табын құруға, жайылым алдындағы малдардың күйіне және жайылымды дұрыс пайдалануына байланысты. Әсіресе, етке өткізетін, немесе сатуға арналған малдарды бұрынырақ жайылымға жібереді. Жайылым малдарды жынысына және жасына қарай топ-топқа бөледі. Жасы жағынан мал жастарының айырмашылығы 6 айдан аспауы керек. Малдардың тобы біркелкі болса, жайылымды ұтымды пайдалануға мүмкіндік туады, сонымен қатар тәуліктік қосатын салмағы да жоғарылайды. Жайып семіртудің нәтижесі, оның жайылымға шығар алдындағы күйіне де байланысты.Жайылым алдындағы рационы көлемді және сүрлем азықтарынан түрса, ал тәуліктік қосатын салмағы 500 г жетсе, жайып семіртудің нәтижесі де жақсы болады.Күйі төмен малдар жайылым уақытында 800 - 1000 г дейін тәулігіне салмақ қосады.

Әр түрлі табиғи - экономикалық аймақтарда малды жайып семіртудің өзінше ерекшелігі бар. Оған мал жайылымының ұзақтығы және жайылымның молдығы жатады. Мал жайылуға әр түрлі аймақта әр малға 1 га - дан 4 га - ға дейін жер көлемі бөлінеді.

Малды таңертең ерте және кешкі мезгілдерде шаруашылық кестесі бойынша жаяды, әрі жайылым жерлерін ауыстырып тұрады. Арасында мал демалатын орындарды және суаратын жерлейді белгілейді.Демелатын жерлерде мал басына есептеп 50 - 100 г - нан тұз және минералды заттарды астауға қойып та ра та ды . Жайылым азайған кезде, немесе күнге күйген мезгілдерінде, малға қосымша екпелі көк майса беруді үйымдастырады, жайылымның соңында э р малға 1 кг - нан 3 кг - ға дейін жем береді.Күйі төмен малдарды бордақылауға қояды.

Малдарды бордақылау алаңдары. Бордақылау мезгіліне, ауа райына және малдардың бордақылау салмагына байланысты, бордақылау алаңын ашық, жартылай ашық алаңдар және жеңіл қорасы бар деп бөледі.

Ашық алаңда бордақылау мезгілінде ет өніміне қаржы аз жұмсалып еңбек нәтижелі болады.Бұл тісілдің арқасында 1 кг тірілей салмақтың өзіндік құны, кешендер мен фермаларға қарағанда 65 - 68 пайыз азаяды.

Ашық алаңдарда ірі қара малды бордақылағнда, сол аумақтың ауа райын ескереді.Мүндай алаңдар оңтүстік аймақтарда, әсіресе Орта Азия және Закавказье Республикаларына өте қолайлы.Басқа аймақтарда бордақылау алаңының үш қбырғасы немесе төрт қабырғасы болу қажет.Кеңес дэуірінде жоба бойынша 1, 2, 5, 10 және 20 мың басқа арналған бордақылау алаңдары салынған.

1 және 2 мыңдық бордақылау алаңы. Осындай көлемде ірі қар малын бордақылауға арналған 819 - 167 жобасы бар. Бұл жоба суығы - 160 градустан - 200 градусқ дейінгі аймақтарға арналған. Ал, температурасы - 100 градус аймақтарда малды жыл бойы бордақылап, 3 турға бөледі, ал температурасы - 200 градус болса, бордақылау мерзімі көкек айынан басталып, қараша айында аяқталып, 2 турда өтеді.Әр    турдың ұзақтығы 120 күнге созылады.1 мың бастық алаң 8 албардан 2 лбар, 4 мал азықтандыру линияларынан тұрады. Әр албарға 125 бас мал сияды. Малдардың демалуы және азықтандыруы үшін жабық көлеңке құрылған. Бордақылау алаңына төлдерді тірідей салмағы 260 - 280 кг -ға жеткенде қояды. Малдар алаңда бос жүреді, еденінде қалың төсеніш, азықтандыру астауы бетоннан жасалынған. Мал азығына сүрлем, сенаж, екпелі шөп жем кіреді. Мал азығын КТУ - 10 техникасымен таратады, ал суды автоматты АГК - 1А жылы суымен қамтамасыз етеді.Мал қиын булдезер арқылы тазалайды.

5, 10 және 20 мың басқа арналған бордақылау алаңдары.

Негізінде шаруашылық аралық ірі қара малын бордақылауға арналған. Бұл жоба негізінде температурасы - 200 градус дейінгі аймақтарға арналған. Бұл алаңдар 2, 4 және 6 мал азығы линиясымен және 28, 54 және 108 албарлардан тұрады. Әр албарға 190 - 200 мал сияды.Азық алаңы бетондалған. Мал азықтандыру астауының үстінде көлеңкесі бар. Бұл алаңға етті тұқымының төлдері 8 айлығынан бастап, тірідей салмағы 125 кг жеткенде бордақылауға әкелінеді.

Етті тұқымның төлдерін алғашқы уақытта 3 қабырғалы төбесі бар албарларда ұстаса, 130 күннен кейін ашық албарға ауыстырады.

Сүтті тұқымды сиырдың төлдерін алғашқы 67 күн бойы 400 басқа арналған жылытылмаған қорада ұстаса, кейін 3 қабырғалы албарға ауыстырады, ал 113 күннен кейін ашық албарда ұстайды. Етті тұқымға жататын төлдерді 260 күн бордақылап, тірідей салмағын 450 - ге дейін жеткізсе, сүтті тұқымға жататын төлдерді 310 күн бордақылап, тірідей салмағын 425 - ке дейін жеткізеді.Төлдерді топтап, бос ұстайды.

Мал азығына шөптің бірнеше түрі, сүрлем және жем кіреді, оның барлығын азық цехында дайындайды. Мал азығын тарату және суару механикаландырылса, малдың қиын булдозермен тазалайды.

Бордақыланған малдарды етке өткізу және тасу.

Бордақыланған малдарды ет комбинатына темір жолмен, машинамен немесе айдап апарады.Тасымалдауға сау малдарды дайындайды.Етке өткізу үшін алды ала малдәрігерлік куэлік және әр гурттың тізімін дайындайды.

Теміржол торабымен малды тасығанда арнайы вагондарды пайдаланады, онда әр мал байлаулы, ішінде суы және азықтандыру астауы болады.Әр вагонға 8 - 12 ірі қара немесе 12-20 төл сияды.Әрбір 2 вагонда 1 жұмысшы болады.

Малды машинамен тасу үшін 2 метрлік борты болуы қажет, арнайы машинаға 10 мал сияды, ал малды айдап өткізу, тек қана жақын аралықта болса қолданылады.Малды етке өткізерден бұрын, шаруашылық пен ет комбинатының арасында келісім жасалынып, сонан соң графикке сәйкес өткізеді.

Ірі қараны тірідей салмағы немесе ұша салмағы бойынша және ет сапасына қарап қабылдайды.Малды тірідей өткізгенде, оны өлшейді және қоңдылығын анықтайды, ал сойып өткізсе, онда ұшаның салмағын, семіздігін және ет категориясын анықтап, мемлекеттік стандартпен салыстырады.

 

2.Өзіндік тексеру

 

2.1 Ірі қара етін өндіру технологиясы

 

Ірі қара етін өндірудегі ең алғашқы проблема, олардың тірі салмағын жоғарылату, әсіресе жас малдардың салмағын, себебі етке өткізетін жас малдардың үлесі 60 - 70 пайыз -ға дейін .Жас малдардың қарқынды өсіруді ұйымдастыру және бордақылаудың нәтижесінде олардың тірідей салмағы 14 - 18 айлықтарында 400 - 500 кг-ға дейін жетеді. Ғылыми деректер бойынша, осы жаста сойылатын малдардың еттік қасиеті жоғарыланып, ет өнімін көбейтуге себебін тигізеді.Сонымен қатар, 1 ц. Ет өніміне мал азығын және еңбек шығындары 1,5-2 есеге азаяды. Қарқынды бордақылау мезгілдерінде малдың тұқымына, жынысына және жасына қарай, олардың салмағы 20 - 40 пайызға дейін жоғарылайды.

Малдардың өсіп - дамуына және бордақылауына байланысты көптеген мемлекеттік және шаруашылық кооперативті шаруашылықтарда, өндірістік технологияны енгізуге байланысты еңбектің өнімділігі жогарылап, ал алынған өнімдердің өзіндік құны төмендеуде. Көптеген Еуропа мемлекеттерінде және біздің елде, ірі қара етін сүтті және сүтті - етті ірі қара тұқымдарынан алуда. Сондықтан ет өнімін көбейту үшін, сүтті және сүтті - етті малын өсіретін шаруашылықтарда, олардың еттілік қасиетін жақсартатын шараларға көп көңіл бөлу қажет. Сүтті және сүтті - етті бағыттағы малдармен асылдандыру жұмысын жүргізгенде, олардың қарқынды өсуіне, тірі салмағының жоғарылауына және дене бітімінің жақсаруына мән берген жөн. Көптеген тәжірибелерге қарасақ, көптеген ірі қара тұқымдарының еттілік қасиеті жақсаруда. Оған мысал ретінде қара - ала, қызыл, әулиеата, алатау, симментал ірі қара тұқымдарын айтуға болады. Шаруашылықтарда ет өнімінің көбейюіне көп әсер ететін жылына туатын бұзаулардың басы және буаз қашарлардың үлесі көп болса, бұзаудың саны көбейіп, оларды етке дайындауға мүмкіндік туады.

Сүтті сиыр шаруашылықтарында бұзауды жыл бойы алып, оларды әрі қарай өсіреді. Әрине, көптеген аймақтарда, ірі арнайы шаруашылықтард төлдерді 10 -20 күндігінен бастап әрі қарай өсіріп -дамытады.Бұл шаруашылықтарда жас малдарды 13-14 айлығына дейін қарқынды өсіріп, етке тірі салмақтары 400 - 500 кг-ға жеткенде өткізуге, немесе сатуға болады. Алыстағы, жайылымы бай аймақтарда, жас малдарды 18- 20 айлығына дейін өсіріп, ал 15 айлығынан бастап, бордақылауға қойса, олардың салмағы 450- 500 кг-ға дейін жетеді. Жаңа технологияға көшу ірі қара етін көп өндіруге әсерін тигізеді. Ондай шаруашылықтарда, малдарды күту, бағу және азықтандыру жаңа технология бойынша өтіп, еңбектің өнімділігін арттырып, арзан ірі қара етін алуға болады.

Ауыл шаруашылығында сүтті, сүтті - етті және етті ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор. Ірі қара малынан алынатын өнімнің түрі көп: сүт, ет және тері жатады. Ал, оның қиы топырақтың құнарлығын арттыру үшін қолданылады.

Жалпы мал шаруашылығының ішінде ірі қара мал шаруашылығынан алынатын өнім 60 - пайыздан асса, ал Ресейдің солтүстік - батыс облыстарында, Балтық теңізі бойындағы республикаларда және ауыр өнеркәсіпті тәуелсіз мемлекеттер достастықтарының аймақтарында бұл өнім 65-70 пайызға дейін жетеді.

Сүт өнімі жағынан ірі қара мал басқа ауыл шщаруашылық малдарына қарағанда көп алда. Көптеген алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда әр сиырдан жылына 7000 кг- нан артық сүт сауса, ал аса сүтті сиырлардан бір маусымда 27600 кг дейін сүт сауған, ол Кубаның Убре - Бланки атты сиыры тәулігіне 110,9 кг сүт берген. Бордақыланған төлдердің тәулікте қосатын салмағы 1500 г-нан да асуда.

Ірі қара малды өте төзімді және өмір сүретін орталығына тез бейімделгіш, сондықтан да әлемнің орталығына тез бейімделгіш, сондықтан да әлемнің барлық аймақтарында өсіріледі.Сонымен ТМД -ның 45-50 градус ыстықты аймақтарында және -60 градус қысы өте аязды аймақтарда өсіріледі.

Ірі қара малының қорыту органдарының ерекшеліктеріне байланысты клетчаткасы көп азықтарды жақсы қорытады, әрі қорытуы 55-6 пайызға дейін жетеді.Жылқы мен шошқа малдарын алсақ олардың азөық клетчаткасын қорытуы тек қана 18-30 пайызға дейін ғана жетеді.

Жаз айларында ірі қаоа жайылымды жақсы пайдаланып, өнім өндіріп, шаруашылыққа көп пайда келтіре алады.

Кейбір етті асыл тұқымды ірі қара малының бүқалары 20 жасқа дейін де шаруашылықта пайдаланылады.Ал сүтті сиырлар одан да көп пайдаланып, 23 жасқа дейін өмір сүре алады.Ғылыми деректер бойынша 35 - 40 жасқа дейін өмір сүрген сиырлар бар.Ал, орташа шаруашылықтарда сиырларды 10-12 жасқа, бүқаларды 7-8 жасқа дейін ұстайды, себебі Бұл малдардың жасы үлғайған сайын өнімі азайып, төлдеуі кеми бастайды.

 

             Техникалық қауіпсіздік

 

Техникалық қауіпсіздік және өндірістік - санитарлық шаралар жиынтығы ірі қара шаруашылығын зооантропозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі керек.

Ірі қара шаруашылығында еңбек қорғау ережелерімен танысуы үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс.

Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру.

Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекшісі жүргізеді.Бұл нұсқау жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін практикада игерудің бастамасы болып табылады.ірі қарамен тікелей жұмыс істейтін адамдарды жеке бастың гигиенасымен таныстырады.

Кезеңі нұсқау іріқара шаруашылығы жұмысшылары үшін 6 айда бір рет жүргізіледі. Жазатайым жағдай болу фермада қосымша нұсқау жүргізіледі, оған барлық арашылар қатысады.

Ірі қара шаруашылығында еңбек шарты қора - жай ауасының зиянды газдармен, шаң-тозаңмен және микроорганизмдермен ластануына, температураның тез өзгеруіне, шуға және физикалық ауыртпашылыққа байланысты болады. Соған байланысты ірі қара  шаруашылығындағы жұмысшылар көп жағдайда мамандық ауруына ұшырайды. Ірі қара шаруашылығының еңбегі бұлшық ет күшін қажет ететін физикалық жұмыстар. Шаруашылықтарды механикаландыру және автоматтандыру, азықты дайындау және тарату, суару, сауу, көңді жинау сияқты жұмыстар кезінде физикалық ауыртпалықты жеңілдетер еді. Дегенмен де, мұндай шаруашылықтарта да кейбір қолайсыз факторлар сақталады, мысалы: ұзақ уақыт бойы қора - жайларда жүру, малдың тығыз орналасуы, ауаның бактериялармен ластануы, бұлардың барлығы ірі қара шаруашылығындағы жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді.Сондықтан да ірі қара қора - жайларында оптимальді микроклиматты сақтау қызмет көрсетушілерді аурудан сақтаудың маңызды факторы болып табылады.

Ірі қара шаруашылығыдағы жұмысшылар арнайы және санитарлық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім - бұл жұмысшыларды физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резеңке шұлықтар жатады.

Химиялық дезинфектанттардың зиянды әсерінен қорғану үшін жұмысшыларға алжапқыш, қалпақ, резеңке етік және қолғап беріледі.

Санитарлық киім - бұл ет және ет өнімдерінің, сүттің жұмысшылар киімі арқылы микробпен ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың бірі.Санитариялық киімге ақ, тегіс мақта - матадан тігілген халат, қалпақ, орамал жатады.

Ауру ірі қарамен , өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қаупі төнеді.Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулез, бруцеллез, құтырық, бұзаутаз және т.б. жатады. Мұндай аурулар кезінде сақтық шаралар негізіне нақты ветеринариялық қадағалау, уақтылы балау, ауру малдарды емдеу жатады, сонымен қатар қызмет көрсетушілер де сақтық шараларды қолдануы керек.

Ірі қарамен жұмыс істеуге 18 - ге толмағандар, жүкті және бала емізетін әйелдер жіберілмейді. Қызмет көрсетушілерге арнайы киімнің сыртынан басқа киім киюге, мал қора - жайларында тамақ жеуге және ауру ірі қарадан алынған шикі сүтті ішуге тыйым салынады.

Қызмет көрсетушілер ауру ірі қараны күту барысында міндетті түрде арнайы киім кию керек, бұл киім жұмыс біткен соң зарасыздандырылады. Жұмыс аяқталған соң, қызмет көрсетушілер душқа түсіп, өз киімдерін киеді.                 Жұмысшылар қолдарын құрамында 100 - 150 мг/л белсенді хлоры бар ерітіндімен зарасыздандырады. Бұл ерітінді күн сайын ауыстырылады.

Зараданған қи мен өлекселерді резеңке етік, қолғап, комбинезон киіп
жинайды. Бұл жұмыстан кейін арнайы киімдерді әбден зарарсыздандырады. Халат, алжапқыш, орамалдарды аптасына 1 рет 1 пайыз сілтілі ерітіндіге немесе 2 пайыз сода ерітіндісіне салып қояды, соңынан 30 мин қайнатып, сабынмен жуады.

Кейде жұмысшылардың оқыс қимылынан ірі қара шошынып, адам денесіне тістеп алуы мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұмысшылар малды күтудің қауіпсіздік ережелерін жаттауы керек.

Қызмет көрсетушілер толық медициналық тексеруден өткен соң ғана жұмысқа жіберіледі. Жұмысшылар 3 айда 1 рет, сауыншылар айына 1 рет профилактикалық тексеруден өтеді және 6 айда 1 рет бруцеллез бен туберкулезге тексеріледі. Барлық жұмысшылар уақтылы ішқұрт тасымалдауға тексеріледі.

Дезинфекциялық жұмыстарға ветеринарлар, санитарлар, механизаторлар, жүргізушілер және малшылар қатысады, олар дезқондырғылармен және дезинфекцияық ерітінділермен жұмыс істеу және қауіпсіздік ережелерін білуі керек.

Ірі қара шаруашылығындағы жұмысшылардың барлығында санитариялық кітапшалары болады. Санитариялық кітапшаға денсаулық жағдайы, медициналық тексерудің нәтижелері, инфекциялық аурулармен ауырса, ол туралы мәліметтер, профилактикалық егулер туралы жазылады.

Туберкулезбен , бруцеллезбен және басқа да адам мен малға ортақ аурулармен ауыратын адамдар ірі қарамен жұмыс істеуге жіберілмейді.

Ірі қара шаруашылығы жұмысшыларын мамандық ауруына шалдығудан сақтау үшін кешенді шаралар жүргізіледі: ірі қара қора - жайларында оптимальді микроклимат жасау ( температура, ылғалдылық, ауаның газды құрамы, жарықтандыру ) , тиімді желдеткіш және канализация орнату, жүйелі түрде дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу, ауру араны оқшаулау және емдеу, территорияны көгалдандыру және т.б.

Ірі қараны аурудан сақтаудың бірден - бір жолы - санитариялық -гигиеналық ережелерді мүлтіксіз орындау, арнайы жоспар бойынша өз уақтысында дезинфекциялық, дератизациялану және өлексені үнемі утильдеу шараларын дер кезінде жүргізу мал  кәсіпорындарын аурудан сақтаудың кепілі.

 

Қорытынды

 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында сүтті және сүтті - етті бағытқа жататвын : қырдың қызыл, әулиеата, қара ала, алатау, симментал, латыштың қызыл қоңыр, айршир ірі қара тұқымдары болса, ал етті бағытқа жататын : Қазақтың ақбас, әулиекөл, санта - гертруда, абердин - ангусс, галловей, шароле, қалмақ, герефорд ірі қаралары жатады.

Республикамыздың сүтті, сүтті - етті ірі қарасын одан әрі асылдандыру және дамыту үшін элемдік генофондтары дұрыс пайдалану қажет.Әсіресе АКДІ - тың голштин, данияның дат, германияның англер, швейцарияның швиц, францияның монбельярд, немістердің қызыл ала ірі қараларын пайдаланудың маңызы зор.

Ірі қара мал шаруашылығын нәтижелі дамытудың ерекше жолы, Бұл саланың толығымен қарқынды технологияға көшіру, әрі әр табынның сапасын жақсарту, сүрыптау және жүп таңдау тәсілдерін молымен қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапсын жақсарту болып саналады.

Ірі қараны дамытудың негізі, осы саланы өндірістік негізде дамытып, сүт және ет өнімдерін көбейту.Әсіресе, ірі қара төлінің тірідей салмағын өсіріп, бордақыланғаннан кейін төлдерінің тірідей салмағын 400 - 500 кг дейін жеткізу.Әрбір шаруашылықта сүт өнімін 3000 кг дейін жеткізсе, ал сүтті аймақтарда 4000 - 5000 кг дейін жеткізу қажет.

Келешектегі мақсат ірі қара малын сапалық жағынан одан әрі асылдандыру және жоғары өнім алу, жоғары өнімді малдардың тобын шығару.Әсіресе, сүтті сиырлардың сүттілігін молайту, әрі осы шаруашылықты өндірістік негізге айналдыру.

Республикамыз бойынша етті сиыр тұқымының санын көбейту,асылдандыру жұмысын жақсарту, әрі ірі қара малын толық етіп азық - түлікпен қамтамасыз ету.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.Қобылбаев Қ.П Ірі қараны бордақылау - Алматы Қайнар 1995 ж, 45-65 беттер

2.Оразбеков Ж , Төлебаева Б.К Ірі қара шаруашылығы -Алматы Қайнар 1991 ж, 78-85 беттер

3.Ысқақбаев Б.Б Сиырды қолда өсіру -Алматы Қайнар 1987 ж, 36-54 беттер

4.Төреханов А.Ә, Каримов Ж.К, Даленов Ш.Д, Найманов Д.Қ, Жазылбеков Н.Ә Ірі қара шаруашылығы -Алматы Триумф 2006 ж, 251-269 беттер

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2018-08-17 17:51:47     Қаралды-4165

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »