UF

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Оңтүстік  Қазақстан  облысының топырақ қабаты мен климаттық жағдайының қалыптасу ерекшелігі ауылшаруашылық саласының барлық түрлерін дамытуға қолайлы аймақ болып есептеледі. Өңірде ауылшаруашылық дақылдарының егіс көлемі 765,7 мың гектарды алып жатса, оның дәнді және бұршақты дәнді дақылдар өсірілетін колемі 226,5 гектарды құрайды. Егін шаруашылығының көлемі жөнінен оңтүстік өңірі республикада алдыңғы қатарлы аймаққа жататындықтан мұнда егістік үшін қолданылатын жер көлемі жыл өте келе тұрақталып келеді. Осыған орай өңірде өсірілетін дақылдардың өнімін арттыру, оның сапассын жақсартудың негізі болып оларға  әртүрлі органикалық тыңайтқыштарды тиімді қолдану қажеттілігі туындауда. Топырақ құрамындағы қоректік затттар қаншалықты жеткілікті мөлшерде болғанымен, бірнеше жыл қатарынан егілген дақылдарға оны пайдалануда бұл қорлар ертеме, кешпе азаяды. Дәндік жүгерінің әртоннасы топырақтан 100 килограмға жуық қорекзат пайдаланылатыны ғылыми дәлелденгендіктен, осы қорекзаттар шығындарының орнын үнемі әртүрлі тыңайтқыштармен толықтырылу қажеттілігі туындап отыр.

Бұл бағытта минералды тыңайтқыштарды өсімдіктер үшін пайдалануда әртүрлі қоректік макролементтердің (азот, фосфор, калий, т.б.), сонымен қатар микроэлементтердің (марганец, бор, мыс, мырыш, молибден, йод, кобальт және басқалар) маңыздылығы аса зор. Аталған элементтердің бірі топыракта кездеспейтін болса, өсімдік дұрыс дамып, өспейді. Себебі бұлар өсімдіктердің сабақтарын, жапырактарын, гулдерін, жемiстерін, туйнектерін түзу үшін өте қажет және маңызды болып табылады. Минералды тынайтқыштар пайдалану – бұл егіншілік жүйесінде қолданылатын қарқынды әдістердін бірі. Жыртылган жерлерде тынайтқыштар қолданып, әртүрлі дақыл егістіктерін косымша шығынсыз арттыруға болады.  

Топырақ қабатында әдетте өсімдік үшін кажетті барлық қоректік элементтер кездескенімен, өсімдіктердін жақсы дамуы үшін кейбір элементтерддін жеткіліксіздігі жиі кездеседі. Мысалы, құмдақ топыракта -магний, ал шымтезектіде – молибден, карашірікте – марганец тапшылығы байқалады. Сол себепті өсімдікке жетіспейтін кейббір элементтер тынайткыштармен толықтырылады.  Осы бағытта алғанда өсімдіктің жақсы дамып-өсуі үшін микроэлементтердін әсерін зерттеу өте өзекті болып табылады деп санаймыз.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Оңтүстік өңірінде өсірілетін жүгері дақылына микроэлементтердің тигізетін әсерін зерттеу.

Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндьеттер қойылды:

- оңтүстіктің шөлейт аймағында өсірілетін жүгері дақылына микроэлементтер мен қоректік элементтердің әсерін зерттеу;

- егіншілік жүйесінде қолданылатын агротехникалық шаралардың жүгері өсірудегі тиімділігін анықтау;

- сүрлемдік жүгері дайындауда микроэлементтердің өнімділікке әсерін зерттеу;

- зерттеу жұмыстарының экономикаплық тиімділігін анықтау.

Ғылыми жаңалығы. Жан-жақты жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысында өсірілетін жүгерінің Қазақстан 43ТВ және Узбекстанская зубовидная сорттарына микроэлементтерді және минералды тыңайтқыштарды пайдаланудың тиімділігі анықталды.

Практикалық маңызы. Егіншілік жүйесінде маңызды орын алатын әртүрлі микроэлементтердің топырақ қабатында жетіспеген жағдайда қосымша осы микроэлементтердің тұздарымен байыту және тамырынан тыс қоректендіру арқылы жүгерінің өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік туды

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс 72 бетте компьютерлік мәтінмен терілген. Ол кіріспеден, әдебиетке шолу, зерттеу зерзаты мен әдістемелерінен, нәтижелерінен, қорытындыдан,  9 сурет, 31 кесте  және 57 пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. 

 

ӘДЕБИЕТКЕ  ШОЛУ

 

1.1 Оңтүстік Қазақстан облысы топырақ құрылымының ерекшелігі

 

Қазақстанның оңтүстік өңірінде жүгері негізгі бағалы мал азығындық дақылдың бірі. Аймақтын егіншілік жүйесінде астық мал азықтық, мақта, көкөніс дақылдарының ауыспалы егісінде өсіріледі. Жүгерінің ауыспалы егістегі маңызы ерекше, ол бірден-бір топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп, физикалық қасиетін жақсартатын өсімдік. Өкінішке орай, соңғы жылдары бұл бағалы мал азығындық дақылдың облыс бойынша егіс көлемі 150 мың гектарға азайып кетті. Кеңес Одағы кезінде біздің өлкемізде мал азығын дайындау мақсатында өсірілетін жоңышқа егіс көлемі 350-400 мың гектар жерді құраса, тұқымдыққа себілетін егістік 40-41 мың гектар, әр жылы себілетін егістік 80-85 мың гектарды қамтитын [1].

Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстігінде қалыптасқан жағдайда, егіншіліктегі ұсынылған ауыспалы егіс жүйесі түбегейлі бұзылған. Көптеген дақылдар жылда бір танапқа монодақыл ретінде өсіріледі. Нәтижесінде топырақ құнарлылығы төмендеп, жарамсыз жерлердің көбеюіне септігін тигізуде. Бұл мәселенің шешімін табу, яғни Оңтүстік Қазақстан облысында егіс көлемін қалпына келтіру үшін тәлімі және суармалы егіншілікте қысқа ротациалы ауыспалы егісте топырақты үнемді өңдеу және топырақты өңдемей тікелей себу технологиясымен дақылдарды өсіруді қалыптастыру қажет [2]. Шағын және орта шаруа қожалықтарындағы қаржы және техникалық жағдай дәстүрлі технологиямен әртүрлі дақылдарды өсіруді қолға алуға мүмкіндік бермейді, сонымен қатар дақылдар тұқымының сапасыз немесе тым қымбат болуы шаруалардың бұларды өсіруіне кері әсерін тигізуде.

В.М. Денисов, Т.Н. Сидорцеваның [3] деректері бойынша нарықтық қатынас жағдайында шаруалардың өндірісте қалыптасқан технологиямен жоңышқа өсіру, яғни топырақты 28-30 см тереңдікте аудара жырту, тегістеу, тырмалау т.б. агротехникалық іс-шараларды жүргізуге қыруар шығынды талап етеді, және ол жұмыстарды өз деңгейінде жүргізуге мүмкіншіліктері келмейді. Сондықтан да егіншілік жүйесінде топырақты үнемді өңдеу және тікелей себу технологиясымен жоңышқаны өсіру, яғни тұқым шаруашылығын жетілдіру бүгінгі таңда өзекті мәселе екені анық.

Қазіргі таңдағы егіс алқаптарында топырақтың өңделетін қабат құнарлылығының төмендеуі көптеген факторларға байланысты. Атап айтқанда, жерді пайдалану жағдайына және ауыспалы егістікке дақылдардың орналасуы мен топырақты өңдеу тәсілдеріне қарай өзгереді. Соңғы жылдары егістік жерлерді дұрыс пайдаланбаудан жарамсыз жерлер көлемі артып, алқаптардың құнарсыздануына әкеліп соғуда. Ауыл шаруашылығында аудара жыртылатын егістік топырақты жел мен су эрозияларына ұшырайды. Сондай-ақ техногенді ластану, яғни топырақтың тығыздануы мен тұздануына ұшыратуда. Егістік алқапты ұдайы аудара жырту топырақтың агрофизикалық қасиетінің нашарлауына, макро- және микроқұрылымның бұзылуына әкеп соқтырады. Топырақ жыртуға пайдаланылатын техникалармен өңделетін қабаттың көлем салмағы мен тығыздығына ықпал етіп, нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынатын өнім 5-50% азаяды. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын ауыр техникалар мен машиналар егістік топырағын өңдегенде оны таптап тығыздық көрсеткішін жоғарылатады. Сондықтан да егістік алқаптарды ауыл шаруашылығына  жарамсыз болудан сақтандыру, болдырмау жолдарын қарастыру қажет. Тәлімі егіншіліктегі ауыспалы егісте көп жылдық шөптесін өсімдіктерді егу жолымен топырақ құнарлылығын бастапқы қалыпқа келтіруге, яғни тәлімі және суғармалы егіншілік жағдайында сұр топырақтарда органикалық қалдықтар жиналуына бағытталуы тиіс [4].

Топырақты үнемді өңдеу және аңызақты өңдеусіз тікелей себу технология-сымен дақылдарды өсіруді және жоғары сапалы тұқым өндіруде аса қажеттілік тудырады. Сол себепті топырақты өңдемей тікелей себу және үнемді өңдеу технологиясын пайдалана отырып дақылдарды өсірудің маңыздылығы бар.

Д.А. Зыков [5] деректері бойынша Оңтүстік Қазақстанның орталық  аймағының топырағы кәдімгі сұр, қалың саздақ қабатты жоғары қабаттың механикалық құрамы орташа сазды. Өңделетін қабаттағы қара шірік мөлшері 1,26%, жылжымалы фосфор -19,9 мг/кг, нитратты азот – 19,1 мг/кг, ауыспалы калий - 278 мг/кг. Суармалы егіншілік жағдайында танаптың макроэлемент-термен қамтамасыз етілу дәрежесі фосформен орташа, калиймен жоғары мөлшерде қамтылғандығы анықталған.

Егістік жерлердің бедері биіктеген сайын топырақ айырмашалығы, жалпы алғанда аймақтық түрін сақтай отырып, бірте-бірте өзгереді. Осы факторларға қарай ауыл шаруашылығын өркендету жағдайлары да өзгереді. Мерзімінде егілген және жоғары сапада өңделген топырақта көп өнім өндіруде топырақтың сапалылығы ескерілуі тиіс Негізінен тәлімі егістік жерлерде өнімділік деңгейі көп жағдайда күз, қыс және көктемнің алғашқы айларында жинақталған пайдалы ылғал қорын тиімді пайдалануға тікелей байланысты болып келеді. Оңтүстік Қазақстан өңірінде суармалы егістік жерлер аз болғандықтан ауылшапруашылық дақылдапрын тәлімі жерлерде өсіруге тура келеді. Сондықтан барлық агротехнологиялық іс-шаралар жинақталған ылғал қорын тиімді пайдалануға бағытталуы тиіс. Топырақты өңдеу жұмыстарының негізгі бағыты күз және қыс айларында түскен ылғалды мүмкіндігінше толық жинақтап сақтап қалуға және ауаға буланып ұшпауына бағытталуы керек.    

Ауыл шаруашылық саласының егіншілік жүйесін дамытудағы негізгі мақсат міндеттерінің бірі егіс алқаптағы  топырак кунарлылығын сақтап, ұдайы арттыру жолдарын қарастыру болып табылады. Мұның басым бағыттарына: егіншілікте ғылыми тұрғыда негізделген ауыспалы егісті енгізу; топырақты ұтымды өңдеу жүйесін қалыптастыру; өсірілетін дақылға және топырақ құрамындағы макро- және микроэлементтерге байланысты органикалық, минералды тыңайтқыштарды енгізу болып келеді. Егістік дақылдардан жоғарғы және тұрақты өнім жинауды тек ғылыми негіздегі ауыспалы егістікті дұрыс пайдалануда қол жеткеізуге болады [6].

С.Б.Кененбаев [7] қазіргі таңда ауыл шаруашылығында пайдаланатын егіс алқаптарында топырақтың өңделетін қабат құнарлығының өзгеруі көптеген факторларға байланысты. Атап айтқанда, жерді пайдалану жағдайы мен ауыспалы егістікке дақылдардың орналасуымен топырақты өңдеу тәсілдеріне қарай өзгереді. Соңғы жылдары егістік жерлерді дұрыс пайдаланбаудан жарамсыз жерлер саны артып, алқаптардың құнарсыздануына алып келуде. Ауыл шаруашылығында аудара жыртылатын егістік топырақтары жел мен су эрозияларына ұшырайды, сондай-ақ техногенді ластану, яғни топырақ тығыздануы мен тұздану жағдайына әкелуде. Деректерге сүйенсек, қара топырақты көптеген жылдар аудара жырту нәтижесінде топырақтағы қарашірік мөлшері бастапқы қалыптан 20-24% азайған, ал сұр топырақтарда 17-20% қарашірік жоғалтқан.

Егіс алқапты ұдайы аудара жырту топырақтың агрофизикалық қасиетінің нашарлауына, макро, микроструктураларының бұзылуына әкеледі. Топырақты жыртудағы пайдаланатын техникалармен өңделетін қабаттың көлем салмағы мен тығыздығына ықпал етіп, нәтижесінде ауыл шаруашылық дақылдарынан алатын өнімділік 5-тен 50% азаяды.

Ауыл шаруашылығында пайдаланатын ауыр техникалар мен машиналар топырақты өңдеуде, оның тығыздалуына және көлем салмағының жоғарлауына әкеледі.

М.К. Сулейменовтің [8] деректеріне сүйенсек, топырақ қорғау егіншілігінің негізін қалау жұмыстарының келесі кезеңі 1956 жылы А.И.Бараев Канада елінің егіншілік жүйесімен танысып қайтқаннан кейін қолға алынды. Топырақты өңдеу идеясына түбегейлі өзгерістер еніп, жаңа технологиялар бағыты қолға алына бастады. Канада елінен жаңа техникасын алып Қазақстан жағдайында сынап – бақылап көрді. Мұндағы топырактын құнарлы қабаты сақталып, егіс алқаптардың ауыл шаруашылығына жарамсыз болудан сақтандыру, болдырмау жолдары қарастырылған.

Тәлімі егіншіліктегі ауыспалы егісте көпжылдық шөптесін өсімдіктерді егу арқылы топырақ құнарлығын 5 жылда қалыпқа келтіруге, яғни тәлімі егіншілік жағдайындағы сұр топырақтарда 1 гектарға 6 тонна органикалық қалдықтар жиналады [9].

Тікелей егу тәсілі – бұл топырақты негізгі өңдеусіз, аудармай дән себу әдісі. Қазіргі егіншілік саласында топырак қабатын механникалык өндеу жүйесі мен әдістерін жетілдіруге көп мән беріліп отыр. Өйткені, ауылшаруашылык өндірісінің өнімділігін арттырып, энергетикалық және еңбек шығындарын төмендетіп, кең ауқымды өнім алудың алғы шарттары болып табылады. Адам еңбегінің топыраққа әсерінің күшеюі, топыракты әртүрлі эрозиялардан қорғау мәселесінің өзектілігі ескерілуі қажет. Топырақты үнемді өңдеудің теориялық және практикалық негіздемесін жасау егіншілік жүйесін жетілдірудегі аграрлық ғылымның зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі.

Егіншілік жүйесінің негізгі буыны – топырақты өңдеу. Оны дұрыс ғылыми негізде жүргізу өсімдік талаптарына жауап бере алатын және топырақ құнарының артуына мүмкіндік беретін топырақтың физикалық қасиеттерінің жақсаруына аса қолайлы жағдай жасайды. Егіншілік жүйесінің өсіп келе жатқан мәдени деңгейі, оны қарқынды дамыту, әртүрлі шаруашылық дақылдарды өсірудің технологиясын жетілдіру – осының бәрі топырақты өңдеу жүйесі мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуді талап етеді [10].

Көп жылдар бойы жүргізілген тәжірибе нәтижесінде Т.С.Мальцевтің [11] деректеріне сүйенсек, топырақты қайырмасыз өңдеу шынында да жан баспаған тың бағыт екендігіне егіншілердің көзін жеткізді. Топырақ қабатын аудара терең жыртқан кезде егілетін дақылдың белгілі өлшеміне тиетін топырақ жамылғысының көлемі молайып, өсімдіктің қорек алатын жер көлемі кеңейеді, соның нәтижесінде топырақ қыртысының шығымдылығы артады.  Ғалымдар мен егіншілік жүйесінің мамандарына Т.С.Мальцев [12] тәжірибесін қалай болса, солай қолданбай, әрбір жердің топырақ қыртысы мен климат жағдайына ыңғайлай отырып, қайырмасыз өңдеудің өзіндік жүйесін жасауды ұсынған болатын. Ол бір жылдық өсімдіктің топырақ құнарлығын арттыра алатынын білгендіктен біздің енді оны сақтап қана қоймай молайта түсуге де мүмкіндігі бар екенін көрсеткен, яғни өсімдіктерге қолайлы жағдай жасаған кезде мұны толық жүзеге асыруға болатындығын мәлімдеген. Сонымен қатар жерді жыртқанда немесе оқта-текте ғана, әрі қайырмасыз жыртқан кезде онда топырақ құнарлығын арттыруға әлдеқайда мол мүмкіншілік бар екенін тұжырымдады. Бұрын мол өнім алынғанда топырактын құнарлығы кеміп, жер аза түседі деген ұғым қалыптасқан болатын. Автордың айтуына қарағанда өнім жоғрылағанда топырақта органикалық заттар молырақ қалады. Өйткені өсімдік мықты да қалың болып өскендіктен, оның тамыр жүйесі де күшті дамып аңызда сабақ және тамыр қалдықтары көбірек қалып, топырақты белгілі дәрежеде органикалық заттармен байыта түседі деп мәлімдеген.

А.И. Бараевтың [13] мәліметтеріне сүйенсек, жерді өңдеу әдістері мен топырақты жырту тереңдігі әсіресе құрғақшылық аймақтарда барлық кезде ғалымдардың назарларын аударған. Өткен ғасырдың соңына қарай жерді тереңдей өңдеудің пайдалылығы туралы пікірлер көп болды. Құрғақшылық жылдары ауыл шаруашылығы дақылдарынан көп өнім алудың бірден-бір жолы осы деп білді.

А.К.Киреевтің [14] зерттеулерінде, Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның кәдімгі сұр топырағында, топырақты күзде негізгі өңдегенде топырақтағы ылғалдылык пен су өткізгіштігінің төмендеуіне әкелмеген. Кәдімгі сұр топырақтың жыртылатын қабат тығыздығының жоғарлауы топырақ ылғалдылығының азаюын болдырмайды. Әрі қарай олардың көрсетуінше, жеңіл және нөлдік өңдеу нұсқаларында жыртылатын қабаттың тығыздалу процесі орташа қамтамасыз етілген жауын-шашын жылдарымен айрықшаланады. Ұзақ уақыт жауын-шашын болмауынан немесе керісінше жауын-шашынның мол түсуіне байланысты көлемдік салмақтың жоғарлауы байқалады, бірақ ол тәлімі сұр топырақтағы астық дақылдарының көрсеткіштеріне қолайсыз болады.

Үнемді және тікелей себу технологиясының тиімділігі Қостанай мен Көкшетау облыстарының үлкен өндірістік егіс даласында қолданылып, кең қолданысқа ие болды С.С. Сдобников [15] тәлімі аймақтағы басты міндет топыраққа ылғал қорын жинау деп жазады. Қазіргі таңда егін шаруашылығында топырақты өңдеу жұмыстарына қыруар энергия шығыны жұмсалуда, нақтырақ айтар болсақ, ауылшаруашылық дақылын өсіруде жалпы технологиялық процестерге жұмсалатын энергетикалық шығынның жартысынан да көбі осы топырақты өңдеудің еншісінде. Сондықтан,әртүрлі дақылдардды өсіруде топырақты минималды өңдеуге немесе мұның кеңінен қолданысқа енуде, ал кей жағдайларда тіпті танапты күзде өңдеусіз қалдыру мүмкіндіктері анықталып отыр.

Батыс Сібір қара топырақтарында В.Н.Слесарев, А.Г.Шитовтың [16] зерттеулері көрсеткендей, топырак құрылымынын тығыздығы мен ылғалдылығы, механикалық құрамы, өсірілетін дақыл, алдыңғы дақыл, егістіктің ластануы анықталып соған байланысты өңделуі керек. Сондықтан, ол келесі қағиданы басшылыққа алуды ұсынады: егер күз өте құрғақ болып, топырақтың 1 м дейінгі тереңдігіндегі ылғал қоры <30 мм болса және өте ылғалды >100 мм болған жағдайда топырақты өңдеу тереңдігін азайту керек.

В.Г. Люфт, А.Ф.Динкелакер, Н.И. Буянкин [17] Солтүстік Қазақстан жағ-дайында, күз маусымының көпшілік жағдайда құрғақ болып келетінін мәлімдеп, кепкен топырақты сыдыра өңдеуіш құралдармен терең өңдеу мүмкін болмайтынын ескертеді, ал егерде оны терең өңдейтіндей жағдай болса ол жұмыс сапасыз атқарылады дейді. Мұндай өңдеуде қар тегіс тоқтатылмайды, қар жинақталу деңгейін тексеру қиын болады, нәтижесінде көктемде буланып көп ылғалды жоғалтады, себілген дәннің шығу сапасы мен біркелкілігі төмендейді. Көктемде бір мезгілде жүргізілген сыдыра өңдеуіш құралдармен өңдеу және қопсыту топырақтың қар суын сіңіретін төменгі қабатын тығыздай-ды. Тәжірибеде жүргізілген ең тиімді топырақты өңдеу әдісіне Арқалык АШТБ жэне Көкшетау АШҒЗИ-да жүргізілген жаңа әдіс топырақты саңылаулап қопсыту жатады. Өңдеу жұмысы арақашықтығы бір-біріне жақын орналасқан табансыз құралдармен жүргізіледі, саңылау аралық қопсытудың оқшаулануы топырақтың тік сынуы және жылжу есебінен тік және көлденең бағытта қалыптасады.

И.И. Градасовтың [18] тәжірибесінде, топырақты өңдеу технологиясын зерттеу кезінде қалыптасқан жер жырту әдісіне қарағанда топырақты өңдеуді жеңілдету топырақтың агрегаттық жағдайын арттыруға, эрозия процесін азайтуға мүмкіндік туғызатыны дәлелденді. Оның ең басты ерекшеліктері топырақ құнарлылығын арттыру, эрозияның алдын алу, жер өңдеуге кететін шығынды азайту болып табылады. Топырақты аударып жыртқанда микро-

1-сурет. Қазақстанның топырақ қабатының түрлері

организмдердің тіршілігінің белсенділігі топырақтың беткі қабатында емес, 10-20см-де, ал аудармай жыртқанда керісінше жүреді. Топырақтың газ режимін жақсартатын негізгі агротехникалық әдістер-топырақты өңдеу, органикалық тыңайтқыштар беру, жыртылатын қабатты тереңдету өңдеудің қандай түрі болмасын сапасын жақсартады.

И.Гавваның [19] мәліметтері бойынша, ауыр тракторлармен жерді өңдеген кезде 1 м тереңдікке дейін жер тығыздалып кетеді. Тығыздалған жерді өңдеу үшін өте көп энергия шығындалады. Жыртылатын қабаттың тығыздалуы дакылдардың өсіп-дамуына кері әсерін тигізеді. Өңделетін топырақтың тығыздалуынан егін өнімділігі азаяды, топырақтың эрозияға төзімділігі төмендеп, тыңайтқыштың әсері нашарлайды. Топырақты жеңіл өңдеген кезде егін даласында тракторлар, топырақ өңдегіш және егін егетін техника жүруін азайтады. Қазіргі таңда өсімдікті химиялық жағдаймен корғау нәтижесінде механикалық өңдеуді минимумға дейін жеткізуге, тіпті кейбір жағдайларда одан бас тартуға болады (жерді өңдемей тікелей себу). Көптеген зерттеулер топырақты жеңіл және жерді өңдемей тікелей себудің тиімділігін анықтады.

Микробиологтардың көптеген зерттеулері көрсеткендей, биологиялық процестер топырақтың ең жоғарғы қабатында жақсы жүреді. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қалыңдығы 0-7 см топырағы бар ыдыста өсіру, 14-21 см қалыңдықты топырақпен салыстырғанда өнім екі-үш есе жоғары болғаны Ш.А.Чулаков [20] деректері бойынша анықталды. Бұдан жасайтын қорытынды жыртылатын қабаттың құнарлылығының тиімділігі бойынша әр түрлі сапалы бөлімдерге бөлінеді. Топырақтың биологиялық белсенділігі жыртылатын қабатты араластыру нәтижесінде болады.

Топырақтың физикалық жағдайын реттеу арқылы дақылдардың өсіп-жетілуін де реттеуге болады, - деп Н.Н.Бакаев [21] мәлімдейді. Екпе дақылдар үшін тұқымның танапқа түскеннен бастап егін орылғанға дейін топырақ тығыздығын нақтылау аса маңызды. Ондеу уақытында тым жоғары деңгейде қопсытылған топыраққа түскен дән топырақ түйіршіктерімен тікелей жанасу деңгейі төмен болатындығы себебінен ылғалды нашар сіңіріп, өсіп-өнуі елеулі уақытқа кешігуі мүмкін.

Топырақты негізгі өндеудің мақсаты: топырақтағы ылғалды сақтау және жинау, дақылға қолайлы ылғал, ауа және қоректік заттар режимін жасау, әртүрлі эрозиядан сақтандыру, арамшөптерді жою, аурулар, зиянкестер және арамшөптермен тиімді күресу. Ылғалдың топырақта сіңуі көбінесе күзгі – қысқы – жазғытұрымғы мезгілдерде жүреді. Ылғалдың топырақтағы ең жоғары мөлшері наурыз –сәуір айларында байқалады. Осыдан кейін жауатын жауын-шашынға қарағанда шығын болатын ылғалдың мөлшері арта бастайды. Басты шығын булану есебінен болады. Зерттеу жағдайларында таза сүрі танап бетіндегі буланудың физикалық шамасы жылдық жауын-шашынның 65-70 пайызын құрайды.

Топырақ құнарлылығын В.Р. Вильямс [22] 2 түрге бөлген: потенциалды және тиімді. Топырақта өсімдікке қажетті элементтер көп болуы мүмкін, дегенмен ол көп өнім алуға кепілдік бола алмайды. Өсімдікке керекті элемент топырақта сіңімсіз түрде болып, жиналатын дақылдың өсуін тежейді. Бұл жағдайда топырақтың құнарлылығы «потенциалды» болып келіп, оны өңдеген кезде ол «тиімді құнарлы» топыраққа айналады, ал бұндай топырақтан көп өнім алуға болады. Қара топырақ сияқты бай, тың жерді зерттеген кезде, өңделмеген топырақтан аз өнім алынған.

Ылғал мәселесі қуаңшылық жағдайда аса маңызды және топырақтың су режимін реттеуде ылғалды аса тиімді пайдалануға, булануды азайтуға бағытталған топырақ өңдеу тәсілдерін іздестіруге ерекше мән берілед. Сондықтан астық пен мал азығының едәуір мөлшері тәлімі жерлерде өндіріледі. Дегенмен, тәлімі жерлерден өнім алу ылғалдылықтың, егістіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты [23, 24]. Сонымен қатар үнемді технологиямен топырақты өңдеудің бірқатар экономикалық және экологиялық жетістіктері бар, мұнда топырак абаты әртүрлі эрозхияларға ұшырауы мүлдем жойылады, қарашірік мөлшері артады және ылғалды жинау, сақтау мүмкіндігі жоғарылайды. Сондай-ақ тиімді ауыспалы егісті қолдана отырып, энергетикалық, егін шығындары 30-40% азайып, жоғары сапалы өнімге қол жеткізіледі.

Е.Н. Нұрманбетов [25] тұжырымы бойынша ауылшаруашылык дакылларын өсіруде мынадай негізгі іс-шараларды атқару көзделеді: арамшөптерге қарсы өңдеу; тікелей егу + үстеп қоректендіру; өнім жинаудан кейін өсімдік қалдықтарын майдалап шашып қалдыру.

Әлемдік тәжірибелер көрсеткендей тікелей егу жүйесі мен тікелей себу технологиясын қолданғанда ылғал көлемі аз аймақтар мен құрғақшылық әсері тән аудандарда топыракты механикалық өндеу ылғалдың буланып, топырақтың құрғауына әкеп соқтырудан; жауын-шашын бірден қатты нөсерлетіп жауатын аймақтарда топырақтағы су эрозияларынан; топырағының құрылымы нашар аймақтарда құрғақ ауа райында топыраккабаты тез тозса, ылғал көп мезгілде топырақ кесектеніп кететіндігінен сақтайды; дала жұмыстарын ерте бастауға және механикалық өңдеу жұмыстарына ауа райы кедергі келтіретін аймақтарда қолдануға ұтымдылығы жоғарлайды. Тікелей себу тәсілінің артықшылығы ретінде дәстүрлі өңдеуге (аудара жырту) қарағанда, оның экономикалық және энергетикалық тұрғыдан тиімді-лігінде, топыраққа техниканың әсер ету мүмкіндігінің мейлінше азаюы нәтиже-сінде топырақ қабатының тығызданбауы, топырақты эрозиядан сақтауы және оның құнарлылығын арттыруы, топыраққа өнімді ылғал қорын тиімді жинауы және сақтауы, т.б. ұтымды жақтарын атап өтуге болады.

 

1.2 Микроэлементтер және олардың қолданылуы

 

Өсімдіктердің құрамында 74 элемент кездеседі. Олар макро- және микро-элементтерден тұрады. Мұнда өсімдіктің тіршілік етуі үшін микроэлементтер-дің ролі айрықша. 1922 ж. академик В.И. Вернадский [26] ағзалардың химиялық қурамы жерқыртысы қурамымен тығыз байланыстылыгы туралы мәлімдеген. Жерқыртысындағы элементтердің барлығы өсімдіктерде кездседі. Бірак, кейбір микроэлементтін қажеттілігін коректілігі бойынша емес, бұлардың заталмасу процесіне қатысуы арқылы да анықтауға болады. Қазіргі таңда темір, мыс, молибден, бор, кобальт, мырыш өсімдікктерге аса  қажетті микрэлементтер қатарына жаткызылады. Ал өсімдік үшін микроэлементтін өтезор маңызы бар, себебі, өсімдік денесіннде әртүрлі органикалық қосылыстарға қатынасып, нәтижесінде олардың физиологияллық белсенділілігі жоғарылайды [27].

 

1-кесте. Микроэлементтер жетіспеуінің белгілері

 

Белгі

Микроэлементтер

йод

мырыш

кобальт

мыс

селен

марганец

фтор

Төлдің өсіп-жетілуінің тежелуі

+

+

+

+

+

+

+

Түлеудің тежелуі

±

±

±

±

-

±

-

Терінің түссізденуі

-

-

-

+

-

-

-

Терінің құрғауы мен қыртыстануы

±

±

±

±

±

±

±

Микседема

+

-

-

-

-

-

-

Алқымның ісуі

+

-

-

-

-

-

-

Тәбеттің бұзылуы, аранның ашылуы

±

±

±

±

+

±

±

Жалағыштану (лизуха)

±

±

±

±

-

±

±

Қарынның алдыңғы бөлігінің жиырылуының әлсіреуі

±

±

±

±

±

+

-

Қимыл-қозғалыстың бұзулы

-

-

-

±

-

±

-

Салдану

-

-

-

-

+

-

-

Қан азаюы

±

-

±

±

-

-

-

Тері ауруы, паракератоз

-

+

-

-

-

-

-

Жүрек ырғағының бұзылуы

-

-

-

-

±

-

-

Миокардиодистрофия

+

+

+

+

+

+

+

Гепадодистрофия

±

±

±

±

±

±

±

Тістің мұжылуы, өсу тежелуі

+

+

+

+

+

+

+

Төлдің туа пайда болатын ақаулары

+

+

+

+

+

+

+

 

Өсімдік ағзасында микроэлементер өте аз мөлшерде кездессе де олардың дамуы мен әртүрлі ауруларға ұшырамауына өте қажет. Негізі өсімдіккте микроэлементтерден бор, мыс, марганец, фтор, йод, мырыш, титан, барий, литий, никель, молибден, бром, кобальт, т.б. болады. Бұлар ағзадагы биохимиялық процестердін қалыпты жүруіне қатысады.

Бор элементі өсімдік тіршілігіндегі физиологиялық процесттерге қатысады. Ол ауылшаруашылық өсімдіктердін қалыпты өсуіне және дамып-жетілуіне қажетті элементтің бірі. Бор жетіспеген жағдайда қант қызылшасының тамыржүйесі шіриді, жапырақтары сарғаяды.  [28]. Өсімдіктер мұны анион түрінде сіңіріп, реакцияға қатысады. Ол тамыржүйесінен жапырақтарға, әсіресе өсу нүктелеріне тез жетеді. Жасушаларға біркелкеі бөлініп таралмаған. Бор өсімдіктердегі суалмасу процесіне әсер етеді. Оның әсеретуі нәтижесінде транспирация қарқындылығы мен суды сіңіру жылдамдығы азайады. Егер өсімдікте бор болмаған жағдайда су ұстаушы күштердің күшеюіне әлсіреп, қанттар мен коллоидтардың ара-қатынасы артып, осмос қысымы жоғарылайды.

Бор басқа да элементтердің сіңірілуіне әсер етеді. Оның тиісді әсері әсіресе темекі мен үрме бұршақтың кальцийді сіңіруінен айқын байқалады [28]. Бор элементі жоғарылағангда өсімдік жапырақтарындағы еритін кальцийдің мөлшері кеміп, оның кәрі жапырақтарындағы мөлшері жоғарлайды. Ал кальций көп болғанда бор жетіспеушілігі айқын байқалады. Яғни өсімдіктердің пісіп жатқан бөліктерінде аммиак, амин қышқылдары қорланып, бір мезгілде ақуыз мөлшерін кемітеді. М.Я.Школьниктің дәлелдегеніндей, бордың жетіспеушілігін қоректік ерітіндіге рибонуклейн қышқылын енгізу аркылы ішінара толықтыруға мүмкіндік бар. Бор жетіспеушілігінен рибонуклейнқышқылы синтезі тежеледі.

Йод мал мен адам ағзасында биохимиялық процестерді жүргізуге қажет элементтердің біріне жатады. Себебі ол қалқанша безден бөлінетін тироксин гормонының құрамына кіреді. Эндемиялық зоб ауруы топырағында және суында йод жетіспейтін жерлерде жиі кезседеді. Сондықтан әртүрлі жеміс-жидек, көкөніс, дәнді дақылдар мен ауыз судың құрамында йод жетіспегенде адамдар эндемиялық зоб ауруына шалдығады. Бұл ауруға көбіне таулы және топырағы күлгін болып келетін жерлерде ұшырайды. Себебі мұндай жерлердің топырағында, сол топырақта өсетін әртүрлі дақылдар мен жергілікті судың құрамында йодтың мөлшері өте аз болады [29].

Йод препаратын малға үстеме қорекретінде азық құрамын қосып, қыс немесе ерте көктемде берген өте пайдалы. Біріншіден бұл кезде жемшөптегі йодтың мөлшері азайады. Екіншіден, буаз мал мен сауын сиырдың организмі йодты көбірек қажет етеді. Сондықтан ауылшаруашылық дақылдарының, әсіресе, жеміс пен көкөністердің, сондай-ақ шөптен басқа да мал азығының құрамындағы йодтың жетіспеуін йод препараттары арқылы толықтырып отыру ең басты міндеттердің бірі болып табылады.

Организмдегі зат алмасуында атқаратын физиологиялық қызметтері айқындалған йод элементі биологиялық маңызды, яғни биогенді, микроэлементтермен қатар тіршілікте маңыздылығы айқындалып келе жатқан шартты биогенді микроэлементтерге жатқызуға болады.

 

2-кесте. Микроэлементтердің шектен тыс жиналуының белгілері

Белгі

Микроэлементтер

фтор

селен

қорғасын

никель

стронций

молибен

мыс

бор

Төлдің өсіп-жетілуінің тежелуі

+

+

+

+

+

+

+

+

Қозу немесе есеңгіреу

-

±

±

-

±

±

±

±

Көрудің нашарлауы

-

+

-

+

-

-

±

-

Қимыл-қозғалыстың бұзылуы

±

-

±

-

±

±

+

±

Кілегей қабықтың сарғаюы

±

-

±

-

±

±

±

±

Тері мен көз ауруы

-

-

-

+

-

-

-

-

Остеодистрофия

+

-

-

-

±

-

-

-

Сілекей ағу, құсу

-

-

±

-

-

±

±

±

Қарынның алдыңғы бөлігінің жиырылуы-ның әлсіреуі

±

-

±

-

±

+

±

+

Гастроэнтерит

-

-

±

-

-

-

±

+

Гепатодистрофия

±

-

±

-

±

±

±

±

Миокардодистрофия

±

-

±

-

±

±

±

±

Сілті ауруы

-

+

-

-

-

-

-

-

 

Рационда йод жетіспейтін жағдайда эндемиялық алқым ісігі (қалқанша безінін ісуі) немесе энзоотикалық алқым ісігі – өте кең тараған геохимиялық энзоотия. Бұл ауруға шалдыққан қалқан безінің қызметі бұзылып, зат алмасу барысы зақымдалады. Алқым (қалқан) ауруы ауа, су және топырақ кұрамында йод жетіспеген жағдайда, яғни топырақта йодтың мөлшері – 0,00001%, суда – 10 мкг/л аз болғанда орын алады.

Йод жетіспеушілігімен қатар энзоотикалық ісіктің пайда болуына химиялық элементтер, яғни кальций, стронций, марганец, қорғасын, фтор, кобальт, күкірт және кейбір азықтық қосындылар құрамында  күкірті бар тұздар, зәрлік, антибиотиктер мен параминсалицил қышқылының көп мөлшері, С витаминінің жетіспеуі себептеседі [30].

Қалқан безінің ісуі және оның қызметінің бұзылуы гормон түзу құбылы-сының бұзылуына тікелей байланысты. Ол мынадай сатылармен өрбиді: қалкан безіне йодтың жиналуы; йодтің молекулалық йодқа ыдырауы; йод пен тирозин-нің монойодтирозин, дийодтирозин, үшйодтирозин  және тетрайодтирозинге айналып, тиреоглобулинмен тығыз байланысуы; қалқан безінің гормондары тиреоглобулиннен бөлініп, ыдырап, өз алдына жеке дара монойодтирозин, дийодтирозин, үшйодтирозин, тетрайод-тирозин түрінде қан айналымына сіңуі; монойодтирозин, дийодтирозиннің галогенсізденуі және қалқан безінің йодидті пайдалануы; үшйодтирозин мен тетрайодтирозиндердің қан кұрамындағы альфа-глобулинмен йодтың ақзатпен байланысқан түрін түзуі; ақзатпен байланысқан йод торшада одан бөлініп, галогенсізденіп және ацитилді йодидтанып, торша ішіндегі зат алмасу құбылысын жылдамдатуы.

Сонымен қалқан безі гормондарының негізгісі йодид пен тирозин. Егер бұл заттар жетіспесе тиреоид гормондарының түзілуі төмендеп, қалқан безінің құрылымы мен қызметі бұзылады. Энзотикалық дерт өте баяу білінеді. Малдың қоңдылығы мен өнімділігі, жүйке тамыр-тірек-қимыл тонусы төмендейді, түлеуі кешігеді.

Ірі қара малдың организімінде йод жетіспесе басы мен мойынның жүні шектен тыс өседі, яғни «жал» мен «кекіл» пайда болады. Терісі құрғақ, қатты, серпімділігі нашарлап, көзге сөлекет көрінеді. Жүрек сазы мен дүрсілі әлсірейді, малдың азыққа араны ашылады, қарынның алдыңғы бөлігінің гипотониясы, ішек-қарын қабығы қабынады. Төменгі жақ асты мен мойнына су үймелеп, ісінеді, яғни микседема болып, йодтың мөлшері 20-100 есе азаяды [31].

Қан құрамындары гемоглобиннің мөлшері, эритроцитпен лейкоциттің саны азаяды. Аналық малдың арасында іш тастау және өлідей туу кездеседі, Өлідей туған түсіктің қалқанша безі шектен тыс үлкен, жақ асты, мойын және арқа терілерінің астына сұйық жиналып, ісінген. Диагноз қойғанда сойылған және өлген малдан зерттеуге алынған заттарды тексеріп, талдап анықталады.

Геохимиялық эндемикалық зобты немесе йодтың жетіспеуін анықтауда қалқанша бездің дене массасына қатынасты салмағы арқылы, биогеоценоздағы йодтың мөлшері анықталады. Б.Д. Кальницкий [32] дерегі бойынша қалқанша безінің салыстырмалы салмағы (100 кг тірі салмаққа шаққанда) ірі қарада – 7 граммнан аспауы керек. Аурудың дауасы (емі мен алдын алу) – мал организ-мінде жетіспейтін йодтың мөлшері үстеп қоректендіру арқылы толтыру.

Йодтың жетіспеуінен пайда болатын ауруларды емдеп, алдын алу үшін йодты калий қолданылады. Калий йодидінің аурудың алдын-ала алу үшін қолданылатын мөлшері (килограмына есептгенеде) – ірі қара малға – 3 мг.

Калий йодидін ас тұзына қосып та қолданады. Йодталған ас тұзының құрамында калий йодидінің мөлшері 25 мг/кг болады, ал йодталған ас тұзын ұзақ сақтағанда оның құрамындағы йод ұшып кетеді, сондықтан йодтың мөлшерін белгілі бір уақыттан кейін тексеріп тұру қажет.

Калий йодидін йоды байланған түйіршек түрінде беруге болады, оны кайод деп атайды. Кайод – ас тұзының калий йодпен түйіршегі – оның кұрамында 3 кг калий йодиді бар, ондағы йод жылға дейін сақталады. Ірі қара малға тәулігіне – 1, ал сүтті сиырларға – 2-3 талдай береді. Калий йодидін тері астына немесе етке вазелинмен немесе А витамині ерітіндісімен араластырып енгізуге болады.

Эндемикалық зобтың алдын алудың тиімді жолы – агробиогеоценоздағы биохимиялық жағдайды қалыптастырып, топырақ құрамына йодты енгізу. Мұны йод жетіспеушілігі орын алған Қазақстан аймағында қатаң ескерген жөн. Өйткені тіпті клиникалық ісік түрінде бейімделмеген жағдайда да йод жетіспеушілігі өсімі мен көбеюі, өнімділігін төмендету арқылы сала экономикасына орасан зиян тигізеді [33].

Н. Абуталыбовтың [34] зерттеулерінде Азербайжанның топырақ құрамындағы йод, марганец, басқа да микроэлементтердің мөлшері әртүрлі болғандығы байқалады. Мұнда мырыш пен стронцийдің проценті жоғары болғанымен, йод, мыс, кобальт аз мөлшерде кездескен. Бұл аймақтың жайылым шөбіндегі йодтың бір бөлігіне кобальттың 3,2 бөлігі сәйкес келген. Мұндай арақатынас кобальттың көп болуы йодтың физиологиялық қызметіне кері әсер етуі мүмкін.

Ал таулы аймақтағы топырақ құрамында йод, кобальт, мыс, мырыш жетіспейтіндігі, ал оның есесіне молибден, мыс, қорғасын және басқалардың шектен тыс көп болатындығы анықталған [35].

Көптеген зерттеулерде марганец өсімдіктегі азоттың алмасу процесіне қатысатындығы туралы жазылған. Бұл процесте ол қорғаныш қызметін атқарады. Өсімдік ағзасында марганец жетіспегенде сіңірілген нитрат ассимиляцияланбайды. Мұндай жағдай бидай, қытайбұршақ сиықты өсімдіктерде байқалады. Сонымен қатар марганец өсімдіктердің фотосинтезіне қатысады. Бұл кезде су құрамынан оттегі бөлініп шығады. Яғни марганец электронды тасымалдаушылармен кешенді байланыс түзіп, жарықта тотықса, қараңғыда тотықсызданады [36].

Сондай-ақ марганец малдардың жыныс бездерінің жетілуіне әсер етеді. Егер мал ағзасында марганец аз болатын болса, онда көбіне қысыр қалуы, төл өлі туылуы, немесе өте нәзік болып туылуы мүмкін. Ағзада марганец жетіспегенде сүт бездерінің жұмысы нашарлап, суалу мерзімі қысқарады. Егер мал азығына марганец қосып беретін болса, суалу мерзімін ұзартуға, сонымен қатар сүттілігін жоғарылатуға болады [37].

Мал азығымен желінген мыстың қанға сіңірілуін аш ішек кілегей қабатында онымен байланысатын металтионеин белогі реттейді. Қанға  сіңірілген мыс аминқышқылдары және альбуминдермен байланысып, негізінен бауырда, сүйек кемігінде, жұлын мен жүнде, ал денедегі бүкіл мыстың жартысына дейіні бұлшық етте жиналады. Сондай-ақ, ішек, сүйек, тері құрамында кездеседі. Бауырдан қанға церулоплазмин түрінде енген мыс малдың көбеюшілігіне, сүттілігіне, жүннің өсімі мен оның түске боялуына әсер етеді [32].

Ағзаға қажетті микроэлементтердің біріне кобальт жатады. Мал азығында кобальттың жетіспеуі малдардың әртүрлі ауруларға шалдығуына алып келеді. Малдың дұрыс жетілуі үшін ірі азық құрамында кобальт мөлшері 2,4 мг/кг-ды құрауы тиіс [38]. Автордың мәліметі бойынша еліміздің оңтүстік өңірінде жүргізілген зерттеулерде мал азығында микроэлоементтердің жетіспейтіні байқалған. Осының салдарынан мал ағзасы микроэлементтермен аз қамтамасыз етілген (3-кесте).

 

3-кесте. Мал азығында кездесетін микроэлементтер құрамы, мг/кг

Азық

Марганец

Мыс

Кобальт

Бақылау тобы

Сапасыз табиғи пішен

25,9

2,5

ізі

Арпа

10,9

4,9

ізі

Азықтық сұлы

30,7

2,0

ізі

Тәжірибе тобы

Сапасыз табиғи пішен

24,7

6,7

ізі

Арпа

17,5

2,0

ізі

Азықтық сұлы

24,7

1,0

ізі

 

Кобальттың биологиялық әсері мыстікіне ұқсас келеді. Ол күйісті малдың алдыңғы қарын бөліктеріндегі микробиологиялық түзуде цианкобаламин, яғни В12 витамині құрамына мукопротеинмен байланыста еніп, оның түзілуіне, темір мен мыс болған жағдайда гемоглобинінің, глобинінің, эритроциттер мен лейкоциттердің түзілуіне ықпал етеді. Денедегі кобальт гидролитикалық ферменттерді белсендіріп, нуклеин қышқылдары мен бұлшық ет белогының түзілуін күшейтеді. Қан глобуліндерімен байланысқан кобальт бауыр, көкбауыр, бүйректе жиналады.

Мал рационында мыс пен кобальт жетіспеген жағдайда эндемиялық ауруларға ұшырайды [39, 40]. Гипокупроз мал организмінде мыстың жетіспеуінен пайда болатын ауру. Гипокупрозда эритроциттің, гемоглобиннің түзілуі бұзылып, ұлпаның тыныс алуы нашарлайды, ферменттердің белсенділігі әлсіреп, жүйке, азық қорту жүйелерінің қызметі нашарлайды.

Ауру мал азығанда мыстың мөлшері аз болса немесе жетіспесе орын алады. Әдетте, бір килограмм азықтың қурғақ затының құрамында мыстың мөлшері 6,0 мг-нан аз болса, сиырдың қанындағы мөлшері 0,7 мг/л кем болады да мыс жетіспеушілігінің белгілері айқындалады.

Қан мен бауырда мыстың мөлшері шектен тыс төмен болса оның қажетті мөлшері миға жетпейді, мидың коректенуі бұзылып, жүйке тамырдың миеленсізденуі өрбиді, ми жұмсарып, оған су жиналады. Каротиннің және ақзат сульфгидрильді тобының пайда болуы тежеледі және де басқа зат алмасу құбылыстары бұзылады.

Мал төлдерінің қоректенуі бұзылуы салдарынан атаксия байқалады.

Гипокупроз жіті, созылыңқы және созылмалы болады. Жіті және созылыңқы түрімен мал туғаннан кейін 2-3 күнде, ал созылмалы түрі 2 ай және одан үлкен кезінде ауырады.

Жасы үлкен малдардың сүттілігі, тірілей салмағы төмендейді, тәбеті бұзылады, яғни заттарды жалап, мал астына төселген зәр мен нәжіспен ластанған нәрселерді жеп, сүйек, шүберек, ағаш қиқымдарын, сымтемірді жұтып жейді, содан барып азық қорыту ағзалары зақымданып, кейбір бөлік-терін бітеп тастайды, Жүрек соғысы жиілеп, ырғағы бұзылады. Жүрек сазы әлсіз, естілер-естілмес болады.

Ауру малды азық, қан, бауырдағы мыстың мөлшсрін анықтау арқылы   анықталады. Мыс тұздарымен қоректендіру арқылы емдеп білуге болады.

Ауру малға азыққа малдың тірілей салмағының 1 килограмына 0,28мг-нан 1,0мг-ға дейін мыс сульфатын енгізіп, 30-60 күн бойы қоректендіру керек.

Егер мал азығының құрамында мыс шектен тыс төмен болса мал азығына мыс сульфатының немесе тотияинның бір пайыздық ерітіндісін не 0,5мг тұзын жемге қосып, берілетін мөлшер көлеміне шектеп беруге болады.

Егер аймақта молибден көп болып, кобальт және йод жетпесе онда мыстың мөлшерін көбейту қажет, яғни 1 кг салмаққа 1 кг мыс тұзын беруге болады.

Кобальт хлоридін, мыс сульфатын және калий йодидін бір мезгілде бірге берген жағдайда, мыстың мөлшерін азайту қажет, себебі кобальт пен йод мыстың сіңуін жылдамдатады [41].

Мал азығына мыс тұзын қосынды ретінде берген дұрыс (1 кг мыс сульфаты және 10 кг натрий хлориді бар қоспаны 1 кг салмаққа 1 г мөлшерінде беру керек) немесе құрама жемге қосып беруге болады.

Ішетін суға мыс тұзын қосып беріп суаруға болады (100 л суға 20-30 мг 5% мыс ерітіндісін қосу қажет).

Энзоотикалық атаксия – гипокупроздың бір түрі. Ол өсімдік пен мал организмінде мыс жетіспеуінен болады. Бұл аурумен негізінен малдың төлі, яғни қозы, лақ, бұзау және торайлар ауырады. Әсіресе қозы жиі ауырады: 40-65% ауырып, оның 50-90% өлім-жітімге ұшырайды. Содан барып мал басының өсуі төмендеп, өнімділігі төмендейді.   

Кейбір   жерлерде мыс мөлшері қалыпты жағдайда болғанда да бұл ауру байқалады, ал оның себебі сол жердің топырағы мен өсімдігінің мал организімнің құрамында мыстың антогонистері бор, молибден, қорғасын, марганец, мырыш, күкірт шектен тыс болуында.

Энзоотикалық атаксияның бірнеше себептері бар:

- мыстың абсолютті жетіспеуі, яғни азықпен суда мыстың мөлшерінің шектен төмен болуы;

- мыстың салыстырылмалы түрде жетпеуі, яғни мыстың антогонистерінің мөлшерінің ортада жоғары болуы;

- мал азығында мыстың жетіспеуі мен антогонистердің шектен тыс болуы. Ең соңғы себеппен ауырған мал өте ауыр ауырады.

Мал гипокупрозбен ауырғанда құрамында мыс, темір бар ферменттердің тотығуы төмендейді, жүйке тамыр жүйесінде өзгерістерге ұшырап, мыс жетіспегенде ми құрамындағы белоктық заттарға әсер ететін жүйке торшалары өледі, ал олардың ыдырауынан шыққан зат қанға сіңеді.

Ми ұлпаларының еріп, ыдырап, сінуінің салдарынан мидың жарты бөлігі қабығы жұқа қуысқа айналады, ол сұйыққа толады (гидроцефалия). Жүйке тамыр талшықтары ісініп, кеуіп, бөлектеніп, біркелкіленіп, өзгереді. Ол талшықтардың етпен жалғасуы бұзылады, яғни үзіледі, содан барып төлдің атаксиясы пайда болады немесе тірек-қимыл   жүріс-тұрысы бұзылады.

Малдың қоңдылығы, өнімділігі, ауруға қарсы тұру қабілеті төмендейді. Дене бітімі бұрыштанып, түр-тұлғасы бұзылады, жүні жығылып, түссізденеді, тері түгінің түсі түссізденеді, терісі қыртыстанып, дөрекіленіп қатайып, серпімділігі төмендейді.

Қарынның алдыңғы бөлігінің гипотониясы, асқазан мен ішек қабынады, тісі қозғалып түседі, анемия, кан кұрамындагы гемогллобин, эритроцит азаяды.

Билирубиннің мәлшері көбейеді, кілегей қабықпен тері сарғыш тартады. Малдың қозғалған және тыныштық сақтаған кезінде де атаксия байқалады.

Ауруды анықтағанда биогеоценозбен малды зерттеп тексергенде алынған мағлұматтарды жіктеп, талдап, анықтайды. Малдың ауруын алдын-ала анық-тауды клиникалық, ал – негізінен биохимиялық тәсілмен жүргізеді. Бауырдағы мыстың мөлшері 500 мг/кг төмен болса, мал ауру деп саналады.

Ауруды емдеу үшін 1 литр сиыр сүтіне 5-10мл-дей 0,1% мыс сульфатының ерітіндісін қосып, ауру малға тәулігіне бір рет береді. Ал, сауылатын сиырдың азығына кобальт және мыс тұздарын қосу қажет, себебі қой сүтімен салыстырғанда сиыр сүтінің құрамында мыс мөлшері 40 есе көп.

Мысты жалағыш ас тұзымен тотиянның 1:1000 қатынастағы қоспасын жасап беруге болады.

Гипокрупоздың алдын алудың ең негізгі жолының бірі топыраққа мыстың тұзын енгізу арқылы биогеоценоздың геохимиялық жағдайын қалыптастыру.

Гипокобальтоз – энзоотикалық созылмалы ауру, ол топырақта, өсімдікте және мал организмінде кобальт жетіспегенде туындайды. Гипокобальтозда малдың тәбеті мен дәм сезуі бұзылып, жылдам арықтайды, қаны азаяды, эритроциттің пайда болуы және зат алмасу бұзылады.

Аурудың негізгі себебі топырақта кобальттың жетіспеуі және жергілікті өсімдік құрамындағы мөлшері килограмына 0,065-0,078мг болса.

Гипокобальтоздың пайда болуына топырақпен өсімдікте кобальтқа кері әсерететін (марганец, стронций, бор) элементтердін шектен тыс болса әсер етеді. Сондай-ақ өсімдікті кальций, фосфор тыңайтқыштарымен қоректендір-генде кобальттың организімге сіңуі нашарлап төмендейді.

Кобальт организімде өте қажетті микроэлемент. Ол организімге азықпен енеді немесе витамин В12 түрінде жиылады. Кобальтпен В12 витамині бір-бірінің белсенділігін арттырып отырады, В12 витаминінің құрамында үш валентті кобальт 4,5% мөлшерінде болады. Ол қан құрылымын, ұлпа тынысын, иммундық дененің пайда болуын және зат алмасу құбылысын жылдамдатады.

Мал азығында кобальт ұзақ уақыт жетіспесе үлкен қарындағы азық қорыту, микроорганизмдердің сандық және сапалық қасиеттері өзгереді.

Малдың біртіндеп тәбетінің бұзылуы анорексиямен аяқталады. Құнарлы азықты қабылдаудан бас тартып, малдың түріне тән емес заттарды жейді, яғни зәр мен қиға былғанған төсеніш нәрселерді, темір, шүберек, ағаш, жіп және басқа заттарды. Малдың тәбеті бұзылған соң, ол жылдам азып, арықтайды, яғни іші жабысып қатып қалады – қатпа болады.

Сиырдың салмағы 150-250 кг дейін төмендеп сүттілігі азайып, жүні жығылып, ұйпаланып, кейбір аумақта түсіп қалады, түлеуі кетеді, құрғақ тартып, серпімділігі төмендейді. Кілегей қабықтың түсі ақшыл тартып, бозарады. Күйіс қайтаруы мен шайнауы әлсізденіп, күйіс қайтару уақыты азаяды. Үлкен қарынның жиырылуының саны азайып, әлсізденеді.

Жүрек сазы тармақталып, әлсізденеді, диурез бұзылады, жүйке тамыр жүйесінің сезімталдығы төмендейді.

Гипокобальтозда гемоглобин мен эритроциттің мөлшері күрт төмендейді, эритроциттің көлемі мен түрі өзгереді, яғни анизоцитоз, пойкилоцитоз, полихромазия, эозинофилия, гипохромды анемия, В12 агиповитаминозы орын алады.

Малдың сыртқы жағымсыз әсер етуші күштерге тұрақтылығы нашарлап, ауруға шалдыққыш болып, өлімге алып келеді.

Өлексе арық, құр сүйек пен теріден тұрады. Кілегей қабықтар ақшыл, сұрғылт тартады.

Еттің көлемі мүлдем кішірейеді, ішкі ағзалар іседі. Ағзалардың ұлпалары мен торшаларында атрофия және дистрофиялық өзгерістері ұшырайды.

Кобальт жетіспеген жағдайда ірі қараның қанының құрамында кобальттың мөлшері 30-60 мкг/л, қойда – 15-50; шошқада – 25-50; жылқыда – 10-50 мкг-л; сиыр сүтінің құрамында В12 витаминнің мөлшері 3,2-12,4мкг/л, қойдікінде – 1-2; шошқанікінде – 0,03-2,7мкг/л. Сау қойдың бауырындағы кобальт мөлшері орташа – 0,15, бүйрегінде – 0,25мкг/лкг (құрғақ затында), ал В12 витамині қойдың бауырында – 0,15-0,19мкг/г болуға тиіс. Егер күйіс қайтаратын малдың бауырында кобальт құрғақ затқа шаққанда килограмына 0,06мкг-нан төмен болғанда, ал В12 витамині 0,07 мкг/г төмен болса, онда ол мал организмінде кобальттың жетіспеуін білдіреді.

Ауруды емдеу жан-жақты жүргізілуі керек. Кобальттың тұздарын жеммен, ас тұзымен қосып беру қажет. Ірі қара малға кобальтты – 20-40 мг мөлшерінде беру қажет. Егер малда анемия болса, онда малдарды дәрілердің құрамында темір микроэлементі барлармен егу керек (ферроглюкин, ферродекс), яғни 150-30 мг темірді В12 витаминімен қосып етке егеді.

Зерттеу нәтижелері бойынша шаруашылықтардан алынатын жалпы өнім сапасы төмен және аз болғандығы байқалады. Сондықтан мұндай қолайсыз жағдайларды болдырмау мақсатында мал ағзасына микроэлемент тұздарын қосып, үстемелеп қоректендіру қажеттілігі туындайды.

Кейбір зерттеулерде марганец пен мыс, кобальт мал азығында бірдей мөлшерде болмайтындығы туралы жазылған. Мұның себебі өсімдік құрамындағы аталған элементтердін мөлшері өсімдіктің өсірілу аймағына, түріне және орылып алған мерзіміне тікелей байланысты болады. Мысалы, Алматы облысының кейбір шаруашылықтарында бидай құрамындағы кобальттың мөлшері 0,24 мг/кг болса, кейбір кеңшарларда 0,73 мг/кг, 0,30, 0,83 мг/кг құраған [42]. Беде пішеніндегі кобальттың мөлшері дақыл гүлдеген уақытта 0,67мг/кг құраса, гүлдегеннен соң орылғанда 0,61, ал кеш орылғанда 0,49мг/кг құрайды. Көк бедеде беде пішенімен салыстырғанда 0,71мг/кг құрап, кобальттың мөлшері көп болса, ал марганец аз (2,8 мг/кг) болған. Еркекшөһпте мыстың және бидай сабанында кобельттың тек ізі ғана кездеседі.

Мал азығының құрамын талдай келе әрбір кеңшардың малын қосымша қандай минералды заттармен қосымша үстеп қоректендіру қажеттілігін анықтағанда малдарда кездесетін аурулардың алдын алуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар микроэлементтерді мал азығына, суға қоспай, топырақ құрамында микроэлементтерді жоғарылату жағын қарастыру болса, оған жету үшін мал жайылымдарын, шабындықтарды микроэлемент тұздармен тыңайту аса оңтайлы жағдай болары сөзсіз. Топырақ құрамына микротыңайтқыштар беруден алдын оның құрамындағы микроэлемент мөлшерін анықтау аса қажет. Сөйтіп жетіспейтін микроэлементтің тұздарын жетіспейтін жерге шашуға болады. Мысалы, топырақ қабатында мыс жетіспегенде мыс тыңайтқышын күз немесе ерте көктем мерзімінде басқа тыңайтқыштарды қоса шашқан дұрыс болады.

Сары топырақты жерлерде көбінесе мырыш кездеседі. Топырақ қабаты неғұрлым қышқылды болса, мырыш өсімдік ағзасына соғұрлым көбірек енеді. Мал ағзасында мырыш жыныс бездерінің құрамына кіретіндіктен олардың дер кезінде шағылысуына және мал санының көбеюіне айтарлықтай әсеретеді.

Мал азығының құрамында мырыш аз болғанда өсуі баяулайды. Ағзада көмірқышқыл газының реакцияға түсуіне тікелей әсер етіп, карбонагидраза ферментінің құрамына кіреді. Сонымен қатар сүйетегі заталмасу процсінде фосфаттаза ферментінің қызметін жылдамдадаты. Жемшөп құрамында мырыш аз болғанда малдардың азыққа деген тәбеті нашарлап, жүндерінің түсі өзгереді, түсіп қалады. Кейбір малдар тіпті қысыр қалуы да мүмкін. Мал ағзасында мырыш аз болғанда ағзадағы қант пен ақуыздың денеге сіңуі баяулап, семіз малдар арықтайды. Сонымен қатар мал организмінде қан түзу процесінеде тигізетін әсері мол.

Тұқым себу алдында топырақ қабатын мыс, марганец, мырыш тұздарымен өңдеу дәнді және мал азықтық дақылдардың өсуіне және мол өнім алуға жағдай тудырады. Еліміздің көптеген аудандарында микроэлементтерді қолдану ауыл шаруашылық саласындағы егін және мал шаруашылығының экономикасының артуына, алынған өнім сапасының жоғарылуына септігін тигізуде. Сондықтан Қазақстан – микроэлементтердің таусыллмас шикізат қоры деп айтуға болады.

 

1.3 Минералды заттардың биогеохимиясы

 

Азық құрамындағы минералды заттар зат алмасу процесінде биологиялық маңызға ие. Олардың түрлі қосындылары, тұздары мен иондарының қатысуымен организмдегі осмостық қысым, кышқылсілтілік арақатынас, торша мембранасының жіберушілігі секілді бүкіл тотығутотықсыздану барысы мен бағытын қалыптастыратын динамикалық гомеостаз, яғни бірқалыптылық, жағдайы туғызылады. Сыртқы орта мен мал денесіндегі минералды элементтер миграциясы академик В.И.Вернадскийдің [26] биогеохимиялық ілімінің заңдылықтарымен өтеді. Олар бойынша биосфераның, яғни тіршілік иелері мекен ететін «жер, су мен ауа қабаттарының барлық қабатындағы минералды заттар миграциясы байланыса және бір-біріне күшті әсер етумен өтеді. Жер бетіндегі тіршілік жер құрылысы мен қабатындағы өзгерістерге бір жағы тәуелді болғанымен, екінші жағы сол өзгерістерге өз тарапынан кері әсер етуі арқылы дамиды».

Әр жердегі биосфера қабаттарында минералды элементтердің шоғырлану дәрежесі, алдымен олардың сол жер топырағындағы көлеміне байланысты. Топырақтағы элементтер өсімдікке жиналып, оны жеген малға, ал мал өнімімен адам тағамына өтіп, топырақ –су – өсімдік (азық) – мал өнімі – адам – болып тізілетін «биохимиялық қоректік тізбегін» түзеді. Бұл тізбектегі минералды элементтердің деңгейі әр өңір мен аймақта жергілікті жағдайларға сәйкес ерекшеленетіндіктен, биохимиялық аудандастыру іліміне сәйкес биосферасын-да бір не бірнеше элементтердің шоғырлану дәрежесі көрші жердегіден ерекшелінетін жерлерді «биогеохимиялык аймақтар мен өңірлер» деп атайды.

Жергілікті мал басын сол биогеохимиялық аудандастыру ерекшеліктерін ескере отырып жүргізгенде ғана жақсы нәтижеге, мол өнімділікке қол жеткізуге болады. Сыртқы ортада, яғни биосфера қабатында, ал одан барып биохимиялық қоректік тізбекте жетіспеген биогенді, яғни биологиялық тұрғыдан маңызды, элемент, малдың көбеюшілігін, өсіп-өнуін, өнімділігін шектейді, өнім сапасын төмендетеді.

Малдың өсіп-өнуін минералды элементтердің жетіспеуімен қатар шамадан тыс көп мөлшері де шектейді. Сондықтан сыртқы ортадағы минералдық заттар шоғырлануын біз экологиялық тұрғыдан қарап, геохимиялык, экология заңдылықтары бойынша малды азықтандыру ұйымдастырылуы қажет. М.И. Рубинштейннің [43] айтуы бойынша экологиялық ортаға байланысты әр элементтің тіршілікке қолайлы, яғни оптимум көлемі мен тіршілікке қолайсыз пессимум көлемдері болады. Сонымен қатар бұл көлемдер шегінің элементтің өзінің ғана мөлшерімен коса басқа да элементтердің мөлшеріне, олардың өзара және де басқа да қоректік заттармен арақатынасына тәуелді өзгеретіндігін ескерту қажет.

Барлық химияллык элемент меграциясы биосферада геологиялық (үлкен) және биологиялық (кіші) айналым бойынша жүреді. Осы айналым арқасында биосфераның қабаттары – литосфера, гидросфера мен атмосфера байланыса өтеді. Осы қабаттар арасындағы зат пен энергия алмасуының арқасында планетада тіршілікпайда болып, өз ретінде органикалық зат түзуі мен ыдырауы арқылы үлкен айналымға әсер ететін кіші айналым құрды. Кіші айналым биосфераның жер бетіндегі бірлік өлшемі –биогеоценоздар айналымы арқылы жүреді. Биогеоценоз өзінде тіршілік ететін тіршілік иелерінің (өсімдік, микроб, жануар) жергілікті тобының (популяциясы) таралу шекарасымен шектеледі. Олар табиғи және антропогенді, яғни адам араласқан түрлеріне бөлінеді. Сыртқы орта экологиясын бұзу арқылы, адамның өндірістік қаракеті биосфераның және оның ішіндегі биогеоценоздардың қалыптасқан элементтер миграциясын бұзады, соның салдарынан мал түрлі эндемиялық, яғни жергілікті жағдайлармен байланысты ауруларға шалдығады.

Қазіргі кезде азық құрамында минералды элементтер мөлшері мен биологиялық қызметі арқылы топтастырылған. Мөлшері бойынша минералды элементтерді В.И. Георгиевский [44] үш топқа бөлген: көп мелшерлі макроэлементтер (өсімдіктегі шоғырлану дәрежесі 0,01%-тен астам), аз мөлшерлі микроэлементтер (0,00001%-ге дейін) және өте аз мөлшердегі ультрамикроэлементтер (0,00001%-тен төмен). Макроэлементтер – г/кг, микро-элементтер – мг/кг, ультрамикро-элементтер – мкг/кг көлемінде есептеледі. Макроэлементтерге кальций, магний, фосфор, калий, натрий, хлор мен күкірт, микроэлементтерге – темір, мыс, мырыш, марганец, йод, фтор, молибден, стронций, бром, шакпақ кадмий, бор мен рубидий, ультрамикроэлементтерге – селен, кобальт, хром, никель, ванадий, титан, күміс және басқалар жатады.

Биологиялық маныздылығы бойынша ең қажеттілерін биотикалық, не биогендік минералды элементтер деп атайды. Оларға аталған 7 макроэлемент, микроэлементтерден темір, мыс, мырыш, марганец, йод, кобальт, селен мен молибден, тіршілікке қажеттілігі шамаланғандарға – фтор, шақпақ, хром, титан, жатады (4-кесте). Бүкіл денеде шашыранды түрде кездесетін элементтердің де негізгі жиналатын мүше не қосындылары болады. Мысалы, натрий мен хлор иондары қанда, күкірт – жүнде, йод – қалқанша безде.

 

4-кесте. Биогендік минералды элементтерді топтастыру

 

Шоғырлануы

Негізгі жиналатын жүйесі

Тобы  

дәрежесі

сүйек

ретикулэндо-телиалдық тоқыма

бүкіл денеде

Макро-элементтер

1-9

0,1-0,9

10-3 – 9-2

Са

 

Mg

 

P,  K,  Na,  S,  Cl

Микро-элементтер

10-3 – 9-3

10-4 – 9-4

Ғ

Вr

Fe, Cu,

Mn

Zn,  Mo

J,  Si

Ультрамикро-элементтер

10-5 – 9-5

 

Co, Cr, Ni

Se

 

Азық құрамын зоотехникалық зерттеу аркылы талдау барысында ондағы минералдық элементтерді органикалық заттардан 500 градуста жағу арқылы бөледі. Бірақ азық сынамасы жанғаннан кейін қалған күлдің мөлшері минералдық қоректіліктің тек сандық көрсеткіші болып табылады, ал оны жан-жақты бағалау үшін минералдық элементтердің азықтағы түріне, қосындысына байланысты өзгеретін сапалық сипаттама керек. Айталық, организмге катиондардың әсері аниондардікінен бөлек. Минералды тұздағы элементтің әсері оның органикалық қосындыдағы әсерінен бөлек. Мысалы, фосфор-қышқылды натрийдегі фосфордың нуклеин қышқылы, глюкозофосфаттар әсері аденозинүшфосфаттағы фосфордың әсерінен бөлек.

Металдың органикалық косындыларымен (аминқышқылы, пептид, ақзат) байланысын хелат деп атайды. Микроэлементтер хелаттары тотығу-тотықсыздану реакцияларына ықпал етіп, ферменттердің пәрменді тобын құруға қатысады. Олардың әрқайсысына өзіндік биохимиялық және физиологиялық қызметі тән. Мысалы, азықтағы үшвалентті темір ақзат, көмірсу, органикалық қышқылмен кешенді байланыста болады. Қарын сөлінің хлорлысутектік қышқылының, ал денеде аскорбин қышқылы мен цистеин қатысымен ол екі валентті түріне иондалып, сіңріледі де ішек кілегей қабығында апоферритин ақзатымен байланысып, қайта үшвалентті түріне енеді.

Ішектен әр мүшелерге темір ферритин (апоферритин + темір гигидрототы-ғының фосфор қышқылымен кешені) мен трансферритин (темір + глобулин) түрінде жеткізіледі. Ферритин түріндегі темір бауыр, көк бауыр мен жұлынға жиналады. Одан қанға еніп, гемоглобин, миоглобин мен темірі бар ферменттер түзуіне пайдаланылады. Ыдыраған эритроциттерден босаған темір де толығымен гемоглобин түзуіне пайляланылады. Гемоглобин құрамында оттегін өкпеден тоқымаларға, ал олардан көмірқышқыл газын өкпеге жеткізеді. Гемоглобиннің буферлік касиеті арқасында организмдегі қышқыл-сілтілік теңдікті қалыптастыруға қатысады. Бұлшық еттегі миоглобин байлаған оттегін біртіндеп беріп отырады.

Мыстың қанға сіңуін аш ішек кілегей қабығындағы онымен байланысатын металтионеин ақзаты реттестіреді. Сіңірілген мыс қанда аминкышқылдары және альбуминдермен байланысты түрде таратылады. да негізінен бауырда, жұлында, сүйек кемірігінде, жүнде жиналады. Бауырдан қанға мыс церулоплазмин түрінде еніп, тоқыма торшаларына жеткізіледі. Мысы бар ферменттер құрамында көптеген тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады. Фермент-тегі мыс валенттігінің өзгеруі арқылы реакцияға қатысатын электрондар санының өсіп не кемуіне әсер етеді. Эритропоэзға (эритроциттердің пайда болып жетілуіне), бауыр мен торшадан темірдің алынуына себептеседі. Алдыңғы қарын микроорганизмдері де мысты пайдаланады.

Кобальт химиялық қасиеті жағынан мысқа жакын. В12 витамині, яғни цианкобаламин кұрамында мукопротеинмен байланып сіңіріледі де, қан глобулиндерімен байланысып, бауыр, бүйрек, көк бауырда жиналады. Ферменттердің простетикалық тобымен көптеген реакцияларға қатысады. Метионин, нуклеин қышқылы, қанның эритроцит, лейкоцит, гемоглобинін түзудегі метил тобын ауыстыруға қатысады. Гемоглобин глобинінде кобальт бар. Көптеген ас қорыту ферменттерінің пәрменділігін арттырады.

Мырыш ақзатпен байланысқан түрде сіңіріледі. Оған дәнде көп болатын фитин қышқылы, кальцийдің көп мөлшері мен витаминдердің жеткіліксіздігі кедергі туғызады. Қандағы мырыш карбоангидраза кұрамында эритроцитте болады. 70-тей ферменттер кұрамына кіріп, белсендіреді, гипофиз гормондары арқылы малдың жыныстық қабілеттілігіне, организм резистенттігіне, инсулин гормонына, көмірсу алмасуына әсер етеді.

Марганец азықта хелаттық қосындылармен байланыста болады. Қандағы деңгейі азайса, жиналған мүшелерден тез арада алынады. Бірқатар ферменттер кұрамына кіреді. Тоқымалық тыныстануға, тотыққыш фосфорлануға қатысады. Аргининды орнитин мен зәрлікке (мочевинаға) ыдыратушы аргиназа ферментіне кіреді.

Йод иодидтер түрінде сіңіріліп, негізінен қалқанша безде жиналады. Онда иод молекуласы тирозинмен байланысып, бір-екі тирозин кұрады. Олардан қалқанша без гормондары Т3 – үшиодтиронин мен Т4 - төртиодтиронин, яғни тироксин түзіледі. Бұл гормондар қанда альбумин және глобулиндермен байланысады. Гормондары арқылы зат алмасуының барлық жағына күшті ықпал ететіндіктен, қалқанша безді тіпті «зат алмасуының моторы» деп те атай-ды. Жалпы алғанда йод организм резистенттігін күшейтеді. Оны организімнің жалпы динамикалық бұлшық еттік статусының жоғарылауынан (жүрек соғуы мен тамыр қағысы арқылы анықтайды) байқауға болады.

 

1.4 Жүгері өсімдігіне минералды тыңайтқыштарды пайдалану жолдары

 

Ауылшаруашылық дақылдарынан алынатын өнімді арттыру және сапасын сапасын жақсартудың басты шарттарының бірі – топырақ қабатының құнарлыгын жоғарылату. Егістікке қолданылған әр түрлі тыңайтқыштар топырақтың минералды және органикалық құрамымен әрекеттеседі. Олармен өсіімдіктердің тамырлары және әр түрлі микрофлоралар қоректенеді. Ал кейбір бөлшектері суарылған сумен ағып кетеді немесе нитрификация процесіне қатысып, газ күйінде азотпен ауаға ұшып кетеді. Тыңайтқыштардың әр түрлі мөлшерде қолданылуы топыраққабатындағы қажетті элементтердін көбеюіне әкеп соқтырады. Екінші жағынан, өсімдіктердің қоректенуіне байланысты топырақтағы қоры кеміп те отырады. Сондықтан топырақ құнарлығын  нақтылау – өсімдіктердің қоректену ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Өсімдіктер дамуында қоректік заттарды үнемі үздіксіз пайдаланады. Сол себепті топырақтағы қоректік заттардың өзгеру заңдылығын қадағалаудың маңызы зор.

Жасыл өсімдіктер – табиғи зертхана десек те болады. Олар жер бетінде теңдесі жоқ химиялық процестерді іске асырады. Біздерді тағамдық заттармен қамтамассыз етеді. Жасыл өсімдіктер жер бетінде жан жануарлар пайда болмастан көп жыл бұрын өмір сүрген. Сөйтіп фотосинтез адамзат қажетін миллиондаған жылдар бойы өтеп келеді. Өсімдіктердің ауадан және тамыр арқылы қоректену табиғаты- фотосинтез ілімі мен агрохимиктер алдын ала әзірлеген құрамы белгілі тұздардың ерітіндісінде өсімдік өсіру жұмыстарымен тығыз байланысты.

Өсімдік қажетті минералдық тұздарды кейбір органикалық заттарды және суды тамыры арқылы қабыодайды. Бұл заттар фотосинтез процесі кезінде өсімдіктің өсуіне және клеткадағы басқа да түрлі өзгерістерге қатысады. Қоректік зат өсімдік тамыры арқылы енеді. Тамыр клеткаларындағы белок құрамында негіздік, қышқылдық группалардың болуынан протоплазма беткейлігі, оң теріс зарядпен таңбаланады.

Қоректік заттың тамыр арқылы енуіне топырақ реакциясы қоректік заттар концентрациясы, тамырдың қоректік затты таңдай қабілеті, фотосинтез процесі, судың жеткілікті болуы және топырақтағы микроағзалардың әрекеті ықпал жасайды.

Топырақ ортасының қышқылдығы мен сілтілігі тамырдың өсуіне және қоректік заттың енуіне үлкен әсер етеді. Тамыр сыртындағы ерітіндінің сілтілі болуы тамырға катиондардың енуін, қышқылды болуы, аниондардың өтуін тездетеді. Сондай- ақ қоректік заттың ортасы клеткасы шырынындағы реакциияға және одан кейінгі өзгерістерге әсер етеді. Тамыр сыртындағы ерітінді концентрациясының жоғары болуы  өсімдікке судың енуін қиындатады. Тіпті концентрацияның өте жоғары болуы клетка ылғалын өзіне сіңіреді, яғни өсімдік тіршілігін біртіндеп жояды. Өсімдік тамырының ерекше қасиеті қоректі затты  таңдап алуында жатыр. Бұл кезде өсімдік қажетті қоректік затты ерітіндіге қарағанда көп мөлшерде жинақтап, клеткадағы заттардың алмасу ерекшелігіне байланысты жүреді.

Өсімдіктер ауа арқылы да қоректенеді. Өсімдік денесінің құрамды бөлігі – көміртек пен оттек – ауа арқылы қоректенуден түзіледі. Бұл кезде көмірқышқыл газы ауамен бірге устьице арқылы жапыраққа өтеді. Устьицеден су да булана алады. Өсімдіктерге жасыл түс беретін хлорофилл дәндері күн энергиясын пайдаланып көмірқышқылы газы мен судан органикалық қосылыстар түзеді. Осындай күрделі қызмет атқаратын хлорофилл жапырақтар онша көп емес, бірақ хлорофилдің беткі аумағы жапырақтікінен 200 есе үлкен және жұмыс қабілеті де жоғары. Жасыл өсімдіктердегі фотосинтез процесін екі тізбек деп қарауға болады: бірінші, жарықтың әсерінен су молекуласынан айырылып, оттектің ауаға бөлінуі, сутектің ферменттер әсерінен тотықсыздану процесіне қатысуы. Екінші көмірқышқылынын ассимиляциялау түрлі органикалық заттардың түзілуі.

Демек, фотосинтез процесінің негізгі жұмысы жаңа органикалық қосылыстарды синтездеуге қажетті жарық энергиясын химиялық энергияға айналдыру, яғни, энергиялық қоры мол аденозин 3 фосфор қышқылын түзу. Өсімдіктің органикалық затарды түзуіне қажетті көміртегі жапырақ арқылы ғана емес, тамыр арқылы да енеді. Ауадағы көмірқышқыл газы ауыр болғандықтан, топырақ арасындағы қуысқа көп жиналады. Ол суда еріп, топырақ ерітіндісінде көмір қышқылы түрінде әрдайым кездеседі. Топырақ ерітіндісіндегі көмір қышқылы тамыр түктері арқылы өсімідкке еніп оданжапыраққа көтеріледі.

Ауылшарушылык дакыдарына тыңайтқыштардың әсері жөніндегі тәжірибелер мен агрохимиялық картограм-малар тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми негізі саналады. Шаруашылықтың барлық егістерінен топырақ үлгілері алынып, оның құнарлылық құрамы анықталғаннан кейін ол агрохимиялық картограммаларға түсіріледі. География-лық карталарда тауды, суды және мұхитты белгілегендей, түрлі қоректі элементердің қорына қарай ол түрлі түске боялып, бұл жерлерге егілген дақылдарға байланысты қосымша қандай тыңайтқыштар пайдалануға болатындығы белгіленеді. Сөйтіп, агрохимиялық картограммалар егістіктерде тыңайтқытардың тиімді пайдалануадың айнасы.

Ттопырақтағы қоректік заттардың құнарлылық денгейі 4 кластан тұрады: төмен, орташа, көтеріңкі, жоғары. Бүкіл ауыл шаруашылық дақылдары қоректік заттарды пайдалану жағынан 2 топқа ажыратылады: минералды тыңайтқыштарды көп қажет ететін техникалық дақылдар (мақта, қант қызылшасы, картоп); минералды тыңайтқыштарды аз мөлшерде қажет ететін масақты дәнеді дақылдар (жаздық және күздік бидай, арпа, бидай және т.б.). Топырақтың минералды тыңайтқыштарга қажеттіліггі әр дақылда әр түрлі болады.

Жүгері дақылы егістігінде егілетін алқыптардың 1 г топырағында 30мг-ға дейін жылжымалы фосфор болатын болса, топырақтың фосфорға құнарлылық дәрежесі – төмен, 31-45 мг болса – орташа, ал 45 мг әрі қарай – жоғары саналады. Жүгері егістігінің бір килограмм топырақтағы калий мөлшері 300 мг болса – төмен, 300-400 мг – орташа, 400 мг артық болса – жоғары деп есептеледі. Сондықтан, жергілікті және минерал тыңайтқыштарды қандай мөлшерде қолдану керектігі – топырақтағы қоректік заттардың агрохимиялық картограммаларында көрсетілген мөлшерге қарап, жүзеге асырылады.

Жүгері өсімдігі өзінің вегетациялық дамуы кезінде минералдық элементтерді бір қалыпты қабылдамайды. Омскінің қара топырақты аймақтарында жүгерінің құрғақ зат түзуі мен минералды элементтерді қабылдауын 4 жыл бойы зерттеген А.П. Белов [45] бұл дақылдың қоректік зат қабылдау процесі құрғақ зат түзу процесімен сәйкес болатынын анықтаған. Жүгерінің құрғақ зат түзуінің ең жоғары шегі процент интенсивті даму кезінде, яғни, дақылдың 8 жапырақта кезінен собықтарының күлтеленгенінен дейінгі аралықта жүретінін анықтаған. Бұл кезде өсімдік топырақтағы жалпы азоттың 88,9-89,5 процентін, фосфордың 74,6-85,4 процентін, калийді 90,5-106,5 процентін қабылдайды. Күлтеленуден сүттену процесіне дейін өсімдіктің құрғақ заты мейлінше өсе түседі.

Жүгеріге пайдаланылған әртүрлі тыңайтқыштарға зерттеу жүргізгенде Б. Бәсібеков, А. Бекмағанбетов [46] өсімдіктің өзіндік салмағы жоғарылағанын, ал 11-12 жапырак байлағанда төмендегенін (45,9г), якғни екі есеге, айтады. Мұнда жүгерінің Стерлинг сорты 11-12 шығар кезеңінде қарағанда жас кезіндегі өсіп өну кезінде берілген тынайтқыштарға бейімділігі жақсы болған.

Жүгерінің жақсы өсіп- өнуі үшін топырақта минералдық қорекзат мол болу талап етіледі. Сондықтан жүгері қара, қызыл – қоңыр, сұр топырақтарда  жаксы өседі, ылғалды, құмдақ және құмайт топырақтарды да талғамайды.

Жүгеріні өсіруде оны жақсы алға дақылдан кейін еккен дұрыс. Оңтүстік өңірде жүгері үшін жақсы алға дақыл дәнді – бұршақты дақылдар, мақта, жаздық дәнді дақылдар мен бақша дақылдары қарастырылады. Дақылды күту жұмыстары мұқият жүргізілсе, жүгеріні қайталап себуге мүмкіндік бар. Ал сүрлемдік жүгері өсірілетін аймақтарда оны мал фермаларының қасына тұрақты түрде қайталап себіліпі, экономикалық жағынан тиімді және биологиялық тұрғыдан дұрыс деп саналады.

Сонымен қатар топырақта қоректік заттардың жетіспеуінен жүгерінің өсу қарқыны төмендеп, оның өнімділігіне нұқсан келтіреді. Дамудың бастапқы кезеңінде азот жеткіліксіз болғанда өсімдіктің дамуы кешеуілдеп, шашақбас шығаруын төмендейді. Сонымпен қатар дақылда фосфордың жеткілікті болғаны дұрыс, себебі оның гүлденуі, пісуі кешігеді.

Жүгері өзінің сүттеніп қамырланып, пісу кезеңінде фосфорды қайталама көп мөлшерде қажет етеді. Калийді дән өне бастағаннан шашақ шығаруға 10-12 тәулік қалғанға дейін тәуір және елеулі мөлшерде қабылдаса, ал бұдан кейін оны аса көп қажет етпейді.  Бір тонна дән құрау үшін жүгері топырақтан 24,6кг азот, 9,9кг фосфор және 25,5 кг калий тыңайтқыштарын қабылдайды, ал көк балаусаға 2,53кг азот, 0,83кг фосфор және 3,44 кг калий қолданылады.

Жүгеріден мол өнім алу үшін органикалық және минералдық тыңайтқыштарды кеңінен қолдану қажет. Тыңайтқыш жыртылған аймаққа себіліп, жер егерден бұрын культивациялағанда, дақылды екі рет үстеп қоректендіргенде жүгеріден неғұрлым мол өнім алуға болады. Органикалық тыңайтқыштарды минералдық тыңайтқыштармен ұштастырып қолданған дұрыс, мұнда әр гектарға 20-30 тонна органикалық тыңайтқыш қолданылады.

Жүгерінің себумерзімі топырақ қабатының қызуына тәуелді, өйткені тұқым сіңіру тереңдігіндегі температура 8-10 0С-тан кем емес, температура бұдан төмендесе, тұқым ұзақ топырақ қабатының астында қалып, кейін өнбей шіріп кетуі мүмкін. Сондықтан жүгерінің себу мерзімін дәл анықтау шаруашылық үшін маңызды.

Суғарылмайтын және тәліміжерлерде жүгері негізінен сүрлемдік мақсатта өсіріледі. Мұнда ауылшаруашшылык дақылдарының өсу кезінде қатар арлықтарын КРН-4,2 және КРН-5,6 кулььтиваторлармен бірінші 10-12 см, ал екінші – 7-8см тереңдікте өңдеу және үстеме қоректендіру қажет.

Еліміздің сугарылмайтын егіншілік жағдайында негізі аудандастырылған жүгері будандары өсірілледі. Жүгеріні жинар мерзімін анықтау ондағы қоректік заттың мөлшеріне және сүрлемдегі ылғалға қарай ұйымдатырылады.

 

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

2 .1 Зерттеу жүргізілген жердің климаттық-топырақ жағдайы

 

Зерттеу жұмыстары жүргізілген Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шауашылығы ғылыми-зерттеу институтына қарасты Тассай тірек пунктінің климаты құрғақ ыстық таулыаймаққа жатады. «Шымкентагрометео-рологиялық станциясының» мәліметіне сай ауаның ортажылдық жылулығы +12 0С. Тәуліктік жылулығы 00М жоғары уақыты 195-205 күнге дейін. Ауаның абсолютті максимальді жылулығы шілдеде 36,80С болса, минимальді суықтық қаңтарда –20,50С-қа жетеді. Алғашқы күзгі үсік қазан айының аяғында, ал соңғы көктемгі үсік көкек айының 2-ші онкүндігінде тоқталады. Үсіксіз кезеңнің ұзақтығы 195 күн құрайды. Ортажылдык атмосфера ылғал мөлшері 526 мм. Аймақта ылғал біріңғай түспейді, көбіне ертекөктем мен күздің аяқ кезінде түседі. Қар жамылғысы желтоқсан айының орта тұсінда болып, наурыздың бірінші онкүндігінде бітеді. Қар жамылғысының биіктігі жылына шаққанда өзгеріп тұрады және 21 см аралығын құрайды. Топырақ максимальді қату тереңдігі 20-27 см-ге төмендейді [47].

Желдің ортажылдық жылдамдығы 3,1 м/сек. «Шымкентагро» метео-станциясының көпжылдық климаттық көрсеткіштері 5, 6-кестеде келтірілген. Гидротермиялық коэффициенті 0,66 тең. Климаттық жағдайы тәлімі не суармаллы егіншілікке тиімді. Осыған байланысты бақша мен жүзім шаруашылығын дамытуға оңтайлы болып келеді. 

6-кестеде көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, ауаның жылулығы сәуірде 11,30С, ал топырақ тереңдігіндегі жылулық 10,20С – 40 см тереңдікте. Ауаның ылғалдылығы 6,1% құрады. Тәуліктегі ылғал мөлшері 82,4 мм. Шілдеде ауаның жылулығы 25,80С – 40 см тереңдікте ауаның ылғалдылығы 41% тәуліктегі ылғал мөлшері 26,9 мм. Ал қазанда ауаның жылулығы 11,90С, топырақ тереңдігіндегі жылулық 14,10С –40см тереңдікте. Ауаның ылғалдылығы 56%, тәуліктегі ылғал мөлшері 18,4 мм. 2014 жылдың күзі құрғақ болып, көпжылдық мөлшерге қарағанда 2015 ж. ылғал 118,6 мм кем түсті. Ауаның ортажылдык теммпературасы +13,40С. Ең ыстық ауасы +260С, ең суығы (қаңтарда) –0,80С. Жылдық жауынның көп түскені ақпанда -89,4мл, минимальдiсі – тамызда – 0,8 мм.

Тассай тірекпунктінің территориясындағы топырақ жамылғысы көбінесе сұр топырақты, ортақұрғақ, І агроөндірістік топқа жатқызылады. Бұл топқа сапалы игерілетін және жыртылуға жарайтын жерлер кіреді, кәдімгі аймақтық агротехника қолданылады. Қара шіріндінің горизонт күші 60-70 см. Қара шіріндінің құрамы жоғары бетінде 1,5-2,03% дейін, жалпы азоты 0,091%, жалпы фосфоры 0,158% құрап, өсімдікке қажеттілігі топырақта төмен қамтамасыз етілген [48, 49].

 

5-кесте. «Шымкентагро» метеростанциясының көпжылдық климаттық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Жыл бойынша

Ауаның жылулығының айлық және жылдық орташа көрсеткіші

-2,7

-0,9

4,8

12,9

18,0

24,3

58,0

26,1

20,2

13,3

7,0

0,7

12,6

Ауаның абсолютті минималды жылулығы (градус)

-20,5

+15,8

-5,8

36

4,8

12,3

13,0

8,7

-6,6

-3,1

9,5

-15,7

-20,5

Ауаның абсолютті максималды жылулығы (градус)

20,0

24,0

24,9

27,7

32,0

35,9

36,8

35,7

32,8

29,1

21,3

16,8

36,8

Бірінші үсік

Ылғал мөлшері

62

64

84

76

45

22

9

5

9

39

48

63

526

Ауа ылғалдылығы

70

69

69

65

59

45

28

29

37

52

68

70

55,1

Вегетациялы кезеңнің ұзақтығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

243

Үсіксіз кезеңнің ұзақтығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

195

100С жоғары жылудың қосындысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4100

 

6-кесте. «Шымкентагро» метеростанциясының көпжылдық климаттық көрсеткіштері

 

Айлар

Жылулық мөлшері 0С

ауаның

топырақ

бетіндегі

топырақ тереңдігіндегі

ауа

ылғалды-

лығы

тәуліктік

ылғал мөлшері, мм

орта-шасы

max

min

max

min

5

10

15

20

40

 

 

Қантар

-2,3

18,5

-21,3

17,0

-23,7

-

-

-

2,4

16,2

69

22,8

Ақпан

-1,6

15,4

-17,2

11,5

-24,0

-

-

-

2,7

8,0

71

140,0

Наурыз

4,0

17,6

-15,0

31,7

-10,7

-

-

-

6,6

4,5

68

67,1

Сәуір

11,3

30,1

-4,0

41,6

-35

12,1

11,2

11,2

11,0

10,2

61

47,6

Мамыр

17,9

32,0

0,7

54,2

-2,4

19,7

19,9

19,4

18,9

17,2

52

14,9

Маусым

24,0

37,1

9,9

69,8

7,5

27,9

26,9

26,3

25,7

23,1

42

4,5

Шілде

25,8

70,0

10,7

67,0

8,5

29,5

28,3

28,1

27,7

25,8

41

26,9

Тамыз

24,4

38,8

7,7

66,3

4,5

28,8

27,7

27,7

27,6

26,4

33

0

Қыркүйек

20,4

38,8

5,5

58,8

2,7

22,9

22,6

22,9

22,2

22,2

32

25,2

Қазан

11,9

28,9

-1,4

40,5

-3,1

11,9

12,8

13,4

13,8

14,1

56

18,4

Қараша

4,7

15,0

-3,5

23,1

-9,4

-

-

-

5,9

7,1

71

8,2

Желтоқсан

5,4

21,8

-8,0

20,5

-12,9

-

-

-

2,4

2,9

60

31,8

Орташа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

407,4

 

2-сурет.  Метеорологиялық көрсеткіштердің климатограммасы

 

2.2 Зерттеу зерзаты мен әдістемесі

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары 2014-2016 жылдары Тассай тірек пунктінің тәжірибе алаңында жүргізілді. Дәндік жүгеріге минералды тыңайтқыштарды енгізу мөлшерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу жұмысында алты танапты дәнді шөпті ауыспалы егіс қолданылды. Алғы дақыл ретінде пайдаланғанымыз үш жылдық жоңышқа. Тәжірибе жүргізуге жүгерінің аудандастырылған сорттары Қазақстан 43ТВ және Узбекстанская зубовидная сорттары алынды.

Зерттеулер келесідей тәжірибелермен жүргізілді:

1-тәжірибе.  Тұқымды өңдегенде біркомпонентті микроэлементтердің жүгері дақылына әсері

1. NP (орта) + Zn – 0,05% ZnSO4 × 7H2O ерітіндісінде тұқымдарды жібіту.

2. Орта +  Со – 0,05 % СО(NO3)2 × 6Н2О ерітіндісінде жібіту.

3. Орта+  Мо – 0,05 пайыздық (NH4)6×Mo7O24×4H2O ерітіндісінде тұқымдарды жібіту.

4. Орта + Cu – 0,005% CuSO4× 5H2O ерітіндідіде жібіту

5. Бақылау ортасы + Н2О – тұқымдарды дистилденген суда жібіту.

2-тәжіибе. Тұқым өңдеуде екікомпонетті микроэлементтер пайдалану.

1. Орта(NP) + Zn+ Со –0,05% ZnSO4× 7H2O + 0,05% Со (NO3)2× 6Н2О ерітіндісінде тұқымды жібіту.

2. Орта + Zn + Мо – 0,05пайыздық ерітіндіде ZnSO4× 7Н2О + 0,05% (NН4)6 × Мо7О24× 4Н2О жібіту.

3. Орта + Zn + Cu –0,05% ерітіндідіде ZnSO4× 7Н2О + 0,05% CuSO4 ×5Н2О тұқым жібіту.

4. Орта + Co + Mo – 0,05% ерітінді Co(NO3)2×6H2O + 0,05% (NH4)6×Mo7O24×4Н2О.

5. Орта+ Co + Cu –0,05 пайыздық Co(NO3)2×6H2O + 0,05% CuSO4×5Н2О ерітіндіде тұқымддарды жібіту.

6. Бақылау – дистилдеенген суда.

3-тәжірибе. Үшкомпонентті микроэлементтер пайдалану.

1. Орта (NP) + Со + Zn+ Мо –0,05% ерітіндідде  ZnSO4× 7H2O + 0,05% Со (NO3)2× 6Н2О + 0,05% (NH4)6×Mo7O24×4H2O тұқым жібіту.

2. Орта + Zn + Co + Мо + Cu– тұқымдарды 0,05% ерітіндіде ZnSO4× 7Н2О + 0,05% Co(NO3)2× 6Н2О + 0,05% (NH4)6×Mo7O24×4H2O + 0,05% CuSo4×5H2O жібіту.

3. NP(Орта) + H2O – дистиллирленген суда.

Тәжірибе 4 реттік қайталамада мөлдектерге тармақтау әдістемесі бойынша нұсқаларға бөлініп қойылды. Мөлдектер көлемі бірінше реттік 1000 м2, екінші реттік 250 м2. Тәжірибе алқабының жалпы көлемі 2 га құрады.

Жүгерінің өcy және дамуы агротехникалық әдістер бойынша анықталып, есептелді. Зертхана мен дала жағдайында дақылдардың шығымдылығы М.К. Фирсованың [50] әдістемесі бойынша анықталды.

Жүгерінің тұқымының шыдамдылығын зертхана жағдайында 4 мәрте қайтара қойылып, 22-25°С анықтлады. Өну сапалығы Петри табақшасында, сорғыш қағазды пайдалана отырып әpбір табақшасында 50дана дәннен өндірдік. Тұқымдарының шығымдылығы тоқтағанша күнде су бүркiліп, өніп шыққанын алыптастап отырдық. Күнделікті таңертең (9-10 сағ.) өнген тұқымды санап, дәптерге жаздық, зертхананың ауатемпературасы мен ылғалдылығы тексеріліп отырды [51].

Жүгеріге фенологиялық бақылаулар Бейдеман әдісімен [52] тәжрібие алаңында күнделікті бақылау жүргізілді. Алғашқы өскен шыққан күннен бастап ұзындықтары өлшенді. Өсімдік көшетін отырғызар бұрын топырақты қопсытып, жерді дайындадық. Тұқым себуді дақыл дәніне қарап кең  қатарлы бiрддей қазықтар қойып, қолмен себілді. Ара қашықтығы 70 см, тереңдінгі 2-4 см, тәжербие варианты – 4, 4 реттік қайтара оытрғызылды. Тұқымды егу алдында шығымдылығы анықталды. Көктемде толық өнген соң өлшеу мен бақылау жасадық.

Агротехникалық шаралар (себілген мөлшері, егілген тәсілі, қатараралык жиілігі, тыңайтқыш мөлшерінің өнімділікке әсері) Н.А. Доспехов [53] тәсілі бойынша жүргізілді.

Жоғарыдағы көpсeтiлгeн  сараптаулар мен қадағалаулар жан-жақты зерттелiп жаңа сорттарды сынау учаскелерiнде кeңiнeн қолданып жүрген тәсiлдемелердi пайдалана отырып ғылыми зерттеу мекемелерiнiң ұсыныстарына сәйкес орындалды.

 

2.3 Жүгерінің өсіп-дамуына микроэлементтердің тікелей әсері

 

Микроэлементтер өсімдіктің өсіп-дамуында ерекше роль атқарады. Бұл элементтер өсімдік ағзасының дәрумендері болып табылады. Сондықтан жүгері дақылдарын пайдалануда мал ағзасы қажетті дәрумендермен толық қамтамасыз етілуі үшін микроэлементтердің тасымалдануына көп көңіл аударуды қажет етеді. Зерттеу үшін алынған мырыш көптеген ферменттердің құрамына енетіндіктен, өсімдіктегі зат алмасу процестерінің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Өсімдік ағзасында мырыш жетіспегенде оның өсіп-өнуі төмендеп, ауксин мөлшері кемиді. Сол себепті мырышпен қоректендірілгенде өсімдіктердің вегетативті өсуі, тамырларының жетілуі және жемісінің дұрыс өніп-өсуі жоғарылайды.

 

7-кесте. Жүгерінің биохимиялық көрсеткіштері

                       

Сорт атауы

Құрғақ зат саны, %

С дәрумені, мг%

Жалпы қант саны, %

Крахмал, %

Қазақстан 43ТВ

22,01

19,1

1,31

16,9

Узбекстанская зубовидная

19,21

16,1

1,29

15,9

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында жүгері дақылының собықтары мен жапырақтарының өсіп-дамуына мырыш мөлшерінің әсері зерттелді. Алынған мәліметтерден статистикалық дәлелділік бар екендігі анықталды (8-кесте).

 

8-кесте. Әртүрлі дозада берілген мырыштың жүгері дақылының собықтары мен жапырақтарына әсері, см

 

Сорттар

Мырыш дозалары

Zno

Zn1

9 кг/га

Zn2

18 кг/га

Zn3

27 кг/га

Қазақстан 43ТВ

57,4

68,7

70,6

73,5

Узбекстанская зубовидная

62,5

66,1

70,1

81,9

 

Өсімдіктің биіктігі бойынша алынған мәліметтер мырыштың дозасы гектарына 18 және 27 кг-нан берілген нұсқаларында жоғары болғандығын көрсетті. Нәтижесінде жүгері дақылына мырыш микроэлементін қолдану өсімдік собығы көлемінің артқандығы байқалды. Мысалы, өсімдіктің ең жоғарғы көрсеткіштері мырыш дозасын гектарына 27 га бергенде байқалса, ең төменгі нәтиже мырыш берілмеген нұсқада анықталды. Қорыта айтқанда өсімдік ағзасында мырыштың жетіспеушілігінен олардың өсіп-дамуы нашарлауына кері әсер етеді.

Сонымен қатар тәжірибе алаңында жүгері дақылына мырыш микроэлементін әртүрлі дозада пайдаланғанда өсімдіктің үстіңгі жапырақ алаңының ерекшеліктері зерттелді (9-кесте).

 

9-кесте. Әртүрлі сортты жүгерінің жапырақ алаңына мырыш дозасының әсер етуі, см2

 

Сорттар

Мырыш дозалары

Zno

Zn1

9 кг/га

Zn2

18кг/га

Zn3

27 кг/га

Қазақстан 43ТВ

4,51

5,72

4,95

5,14

Узбекстанская зубовидная

5,49

6,85

7,94

9,03

 

Зерттеу жүргізілген бақылау жылдарында жүгері дақылдарының әртүрлі сорттарына мырыш микроэлементін пайдаланған, өсімдіктің үстіңгі жапырақ алаңының айтарлықтай ұлғайғаны байқалды.Мұнда жапырақ алаңының төменгі мөлшері Қазақстан 43ТБ сортында байқалса, ал жоғарғы мәнге Узбекистанская зубовиждная сортының мырышты гектарына 27 кг берілген нұсқасында анықталды.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында бормагнийлі тыңайтқыштар көптеп қолданылды, мысалы ашаритті ұнда бордың 7,1% кездессе, бороцитті ұнда 10% кездеседі. Бұл микротыңайтқыштарда бор элементі жақсы сіңіріледі. Жүгері өсімдігінің өнімділігіні анықтау мақсатында бор тыңайтқыштарынан бордың натрий қышқылын, бор қышқылын джәне бормагний тыңайтқышын қосып зерттедік (10-кесте).

 

10-кесте. Жүгерінің әртүрлі сорттарына бор элементінің әсері

 

Өнімі

Қазақстан 43ТВ

Узбекстанская зубовидная

борсыз

бор, 0,5 кг/га

борсыз

бор, 0,5 кг/га

Тұқымында, ц/га

8,7

12,9

5,4

11,6

1000 тұқымының салмағы, г

16,6

21,0

4,6

6,0

 

Бор тыңайтқыштарын егінді егер алдында аздаған тереңдікте пайдаланған дұрыс. Себебі бұл тыңайтқыштарды тереңдете енгізудің тиімділігі айтарлықтай емес. Алдын ала жүргізілген зерттеулерде бор тыңайтқышы егістіктің екінші және үшінші жылдарына кері әсерін тигізетіндігі айтылған.

Бор тыңайытқышын егін егіп болған соң да енгізуге болады. Бірақ бұл жағдайда өсімдіктің тамырынан тыс құнарландыра ендіру өте тиімді болып табылады. Алайда бұл жағдай негізгі тәсілді – топыраққа ендіру тәсілін ауыстыра алмайды.

Қазіргі кезде өсімдіктер өзәне қажетті қоректік заттарды тек тамырымен ғана емес, сонымен қатар жапырақтары арқылы да қабылдай алатындығы анықталған. Сондықтан біздер зерттелген жүгері дақылдарының сорттарының гүлдеп тұрған кезінде бор қышқылын себу зерттеулерін жүргізгенімізде (1 литр судағы концентрациясы 250 мг, бордың дозасы 0,5 кг/га) жақсы нәтиже алдық (11-кесте).

 

11-кесте. Өсімдікке бор тыңайтқышын тамырдан тыс ендіргендегі өнімділігі

 

Сорттар

Тұқым өнімділігі

Бордан алынатын қосымша салмақ, ц/га

ц/га

%

Қазақстан 43ТВ

2,3

100

1,5

Узбекстанская зубовидная

3,7

161

1,4

 

Зерттеу нәтижелерінен бормен жүгері дақылын тамырдан тыс қоректендірген әлдеқайда тиімді екендігін көрсетті. Алайда бұл жағдайда бордың құрамы 0,001-0,005 пайыздан аспауы тиіс. Себебі жоғары концентрацияда бор тыңайтқышын беретін болсақ, өсімдікті уландыру қаупі болады. Және де ерітінді бірқалыпты ендіру қажет. Бірақ та бор элементі өсімдіктің өсіп-дамуының физиологялық жағдайында өзіндік роль атқарады.

Қазіргі таңда кобальт барлық өсімдіктерге кездеседді. Өсімдіктерде оның құрамы килогармына шаққанда 0,05-11,6 мг құрғақ затта болады.  Егер топырақ құрамында кобальт элементі жетіспейтін болса, осы аймақта өсірілетін малдар әртүрлі эндемикалық ауруларға шалдығады. Сонымне қатар өсімдіктердегі кобальт олардың азотфиксацияланау процесіне қатысады. Зерттеуге алынған жүгері дақылының сорттарындағы кобальт құрамы 12-кестеде келтірілген.

 

12-кесте. Кобальт құрамы мен топырақтан пайдалану деңгейі

 

Сорттар

Құрғақ заттағы кобальт құрамы, мг/кг

Топырақтан пайдаланылған кобальт мөлшері. г/га

Қазақстан 43ТВ

0,22-0,49

1,9-3,0

Узбекстанская зубовидная

0,38-0,47

1,1-2,1

 

Алынған мәліметтерден жүгерінің Қазақстан 43ТВ сорты кобальтты көптеп пайдаланатындығы (1,9-3,0 г/га) байқалды. Сонымен қатар кобальт элементі жүгері дақылының жақсы дамуы үшін елеулі әсер етеді. Өсімдік өсе келе кобальттың құрамы да өзгереді. Оның тамыры мен жапырақтарында өсімдік массасы жоғарылаған сайын төмендейді. Алайда бұл элементті өсімдіктерге көп мөлшерде пайдаланған жағдайда өсімдіктің минералды заттарды алуына кері әсерін тигізеді. Және де оның сапалық құрамын нашарлатады, яғни зат алмасу бұзылып, хлорофилл саны 3 есеге дейін төмендкйді, өсімдіктің өсу темпі төмендеп, нәтижесінде өсімдіктің өлу қаупі туады.

Қорыта айтқанда, жүгері дақылдарын өсіру барысында оларға микроэлементтерді (мырыш, бор, кобальт)  микроэлементтерін қолданғанда өсімдік жапырағында, тамырында, тұқымының өнімділігінде бірқатар жоғары нәтижелер алынды. Ад бұл элементтерді дұрыс дозхада бермеу жүгері дақылының кейбір ауруларға шалдығуына, фотосинтез қарқындылығы мен өнімділігін көп мөлшерде төмендеткені анықталды, сонымен қатар алынған өнім экологиялық таза болмайтындығын көрсетті.

Жүгерідегі минералддык тынайтқыш моллшерін топырақтагы қорекзаттың шамасына, жоспарланған өнім деңгейіне және алғы дақылдарға қарай белгілейді. Жүгері ылғалдылығы өте нашар (жаңбыр мллшері 201-220мм), орташа (301-400мм), мол (551-600мм) қамтамасыз етілген не суармалық жерде өсірілгендіктен жақылға берілетін микротыңайтқыштардың мерзімдері де өзгереді.

 

3-сурет. Зерттелген жүгері сорттарының сүттеніп-қамырлану кезеңі

4-сурет. Жүгері алқабын суару

Ылғалдылықпен орта қамтылған топырақтағы 4танапты егістік аймақта дақылды (пар, жүгері, арпа) тыңайтудың ен тиімді жүйесіне: 60кг Р2О5 –ты парлық танапты жырттар алдында, 300кг азотты жүгеріні үстеп қоректендіруде және 30кг Р2О5-ты арпаны себудың алдын береді. Осылайша тыңайтылу жүйесі қосымша гектарынан 12,3ц жүгері, 4,8ц арпадәнін жинауды қамтамассыз етеді.

Жүгерінің түсіміне алғыдақыл қатты әсер ететіндіктен, зерттеуімізде алынған жоңышқа, қант кызыллшасы, сүрлемдік жугері, бұршақ-тұқымдастарды (13-кесте).

 

13-кесте. Әрүрлі алғыдақылдардың жүгері өнімділігіне әсері

 

Алғы дақылдар

Өнім, ц\ға

Қосымша өнім

% мөлшерде

Үнемі бір жерге тыңайтқышмсыз егілген күздік бидай

29,1

-

-

Сүрлемдік жүгеріден кейін

38,3

9,6

32,0

3-жылдык жонышқадан кейін

46,6

17,5

60,1

Қантқызылшасынан кейін

45,4

16,7

54,9

Бұршақтан кейін

47,1

18,0

61,8

 

Дәндік дакылдан соң егілген жүгері өнімінің мөлшері әргектарынан 26,9 – 29,2ц, қант қызылшасынан кейін 15,3-50,6ц, бұршақтан кейін 50,0-54,5ц болғанына көз жеткіземіз.

Жүргізілген ғылымизерттеу тәжірибелердің мәліметтерін сараптай отырып, топырақ типіне, алғы дақыл түріне және жоспарланған өнім деңгейіне қарай минералды тыңайтқышының мөлшері 14-кестеде берілген.

 

14-кесте. Топырақ типіне, алғы дақыл түріне және жоспарланған өнім деңгейіне байланысты хлорлы кобальт мөлшері

 

Алғы дақылдар

Ашық қара қоңыр топырақ

Шалғынды боз топырақ

Кәдімгі боз топырақ

жоспарланған өнім деңгейі, ц/га

 

35- 40

45-50

55-60

35 -40

45-50

55-60

35-40

45-60

55-60

Үшжылдық жоңышқа

30

45

60

30

60

90

30

60

90

Отамалы және дәнді дақылдар

60

120

150

90

150

180

120

150

180

 

Жүгері өнімінің жоғарылауына тиімді әсер ететін шаралардың бірі – егістікті ертекөктемде микротыңайтқыштармен қоректендіру және тұқымды себу кезінде қатар аралығына 0,30-0,45мг хлорлы кобальт беру. Аталған тәсілдің әсерінен жүгері өнімі егістік жерлерде 2-4ц, ал суармалы жерлерде 7-11ц дейін жоғарылайды.

Микротыңайтқыштарды ерте коктемде үстемелеп қоректендіруге қолданудың тиімді болуының басты себебі топырактын темепратурасы төмендегенде нитрификация процесінің жүруі тежеледі. Қыстан әлсіреп шыққан кезде жүгері қаулап көктеуі үшін микротыңайтқыштарды өте керек етеді.

Кейінгі кездері жүгері дәнінің құрамындағы белок пен ұлпа мөлшерін арттыру үшін, оны масақтану – собықтану және дән салу кезінде мочевинаның 20 проценттік судағы ерітіндісімен қоректендіріледі. Жүгеріге күзде мочевинаны, күкірт қышқыл аммонийді, көктемде аммонний селиттрасын, тамырдантыс үстеммелп қоректендіруге мочевинаның судағы 20%-тік ерітіндісін қолдану сапалы мол алуға мүмкіндік береді.

Мыс және кобальт тыңайткыштарын топырақ қабатындағы кездесуіне байланысты болады. Өңделетін топырақ қабатынын 1кг-да 0,30-0,35мг хлорлы кобаль және 0,40мг мыс болса, жүгерінің микротынайтқыштармен қоректеніуіне онтайлы жағдай туады. Сондықтан хлорлы кобальт пен мыстың мөлшері топырақтагы агрохимиялық картограмма не танаппаспорты, өнімнің өну денгейі жоніндегі мәліметтерді пайдалана отырып белгілеген дұрыс.

Жүгері алқабында 0,15-0,20мг Со тұқымменбірге қолданылды. Тынайтқыш көп қолданылатын қант қызылшасы, бидай, көконіс дакылдарынан кейін жүгеріге Со немесе Сu қолданудың қажеті жоқ (15-кесте).

 

15-кесте. Жоспарланған өнім деңгейіне байланысты жүгеріге берілген Со, Cu тыңайтқыштарының мөлшері

 

Топырақтың қоректік затпен қамтамасыз етілу деңгейі

Жоспарланған өнім деңгейі, ц/га

35-40

45-50

55-60

1 гектарға арналған тыңайтқыш мөлшері (әсерлі зат, мг)

Со

Cu

Со

Cu

Со

Cu

Төмен

Орташа

Жоғары

0,60

0,30

0,40

0,90

0,45

0,15-0,20

0,60

0,40

0,120

0,60

0,15-0,20

0,60

0,40

 

15-кестеде көрсетілгендей, жүгері өнмінің жоғарылауына микро-тыңайтқыштарды пайдалану өнім сапалылығын арттырып, жоғары мәнге топырақтың қоректік заттармен төмен қамтылған абатында байқалды.

Сонымен қатар жүгерінің өнімділігінің жоғарылауына органикалық тыңайтқыштардың тиімділігі өте жоғары. Мәселен, 20т көң енгізгенде га-на 1,7-2,1, ал суарылатын алқаптарда 5,2-6,1ц қосымша өнім жинауға болады.

Микротыңайтқыштарды пайдалану моллшері, мерзімі жүгері сорттарының түріне қарай да өзгеріп отырады. Мәселен, түрлі сорттарына қарай минералдық тыңайтқыштардың әсері өндірістік тәжірибеде беріліп сыналды. Мұнда тыңайтқыш әсерінен 15,7-17,2ц және 1,93-12,4ц қосымша өнім алынды.

Микротыңайтқыштардың жүгерінің өнімділігіне әсері зор. Зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде, ашыққара-коңыр топыраққа себілген жүгерінің 0,5 проценттік күкірт қышқыл+мыс пен күкірт қышқыл+мырыш тұздарының ерітінділерін пайдаланғанда қосымша өнім 32-32,9ц аралығында болды.

 

2.4 Жүгерінің өсіп-өнуіне қоректік элементтерді пайдалану нәтижелері

 

Жүгері – Қазақстанда өсірілетін негізгі дәнді дақылдардың бірі. Агротехниикалык іс-шараларды дурыс және уакытылы жүргізгенде жүгері басқа астық дақылдарымен салыстарғанда әлде қайда мол өнім береді. Жүгері вегетациялық дәуірі ұзақ болуына байланыстытопырақтан қажетті затқорларды едәуір молырақ мөлшерде алады. Мысалы, 1 тонна собығы және сондай мөлшердегі сабаны 30-35кг азот, 10-15кг фосфор, 24-245кг калий пайдаланады. Әрине, бір гектардан алынатын өнім жоғары болғанда, қоректік заттар мөлшері де көбейеді. Бірақта жүгері өзінің өсу дәуіріне қоректік заттарды біркелкі қабылдамайды (16-кесте).

 

16-кесте. Жүгерінің қоректік элементтерді пайдалану мөлшері, %

 

Өсу кезеңі және даму фазасы

Азот

Фосфор

Калий

Күз және ерте көктем

47

30

48

Масақтана бастауы

69

65

68

Гүлдену (собықтану)

90

93

95

Пісе бастауы

98

97

100

Толық пісу

100

100

82

 

Жүгері сорттарының басым көпшілігі Қазақстаннан тыс климат-топырақ аймақтарында шығарылған. Қолданылатын тыңайтқыштар да әрбір климат-аймақтарға тән қасиеттерді білдіреді. Сондықтан, тыңайтқыштардың жүгері егістігінің өнімі мен сапасына әсерлерін зерттегенде Қазақстанның ғалым-селекционерлері шығарған жүгері сорттары басқа аймақтардағы сорттармен салыстырылып отырады.

Оңтүстік Қазақстан облысында егілген жүгері егістігіне (кәдімгі сұр топырақты) жүргізілген тәжірибе төмендегідей болды. Жүгерінің Казақстан – 43ТВ сортына, азоттың 210 килограмы, фосфордың 120, калийдің 90 килограмы немесе 40 тонна көң берілді. Әр гектардан 100 центнердей өнім алынды. Ал, 125 центнерлік өнім 20 тонна көң мен қоректік заттардың әсерлі заттар түріндегі N150 Р60 К90 нормасы әр гектарға араластырып қолданғанда алынды. Бақылау вариантында қосымша өнім — 69,3 центнердей, ал тыңайтылмаған алқаптардағы әр гектардан алынған өнім 54 центнер болды.

 

17-кесте. Кәдімгі сұр топырақта егілген дәндік жүгерінің өнім мен сапасына минералдық тыңантқыштардың әсері

 

Варианттар

Өнім, га

Протеин, %

негізгі

қосымша

Тыңайтылмаған алқап

63,2

-

8,1

P60

68,9

5,7

8,3

N90P60

78,0

14,8

8,7

N150K60

88,0

24,8

9,4

N150P60K60

95,5

32,3

9,4

N210P60K60

110,8

47,6

9,7

N210P120K60

117,3

54,1

9,4

N210P120K120

118,9

55,7

9,8

N240P120K120

119,5

56,3

10,4

 

Жоғары мөлшерде қолданылған тыңайтқыштар жүгері дәнінің өнімін ғана жоғарылатқан жоқ, сапасын да жақсартты. Және дәндегі ақуыздың мөлшерін 8,3 проценттен 9,6 процентке өсірді.

Казахстанская 43ТВ сорты өзінің вегетациялық өсіп-өну жағынан қысқа болғандықтан, қолданылған тыңайтқыштар арқылы әр гектарынан 80 центнерге жуық өнім алуға болады. Тәжірибе бүл сорттың өнімділігі тыңайтқыштарды дұрыс қолданса жоғары өнім алуға болатындығын көрсетті.

Жүгерінің Қазахстанская 43ТВ сортының орташа нормадағы тыңайтқыштарды (N90 К60 К90)  әсерлі зат түрінде қолданғанда қосымша өнім тыңайтылмаған алқаппен салыстырғанда 15,5 центнерге артты. Ал (N270 Р120 К150) әр гектардан алынған өнім — 74,2 центнерге, 40 тонна көң мен минералдық тыңайтқыштарды (N150 Р60 К90) қосып қолданғанда алынған өнім — 81,2 центнерге дейін өсті. Бақылау вариантының әр гектарынан алынған өнім 36,9 центнер болды.

Жүргізілген зерттеу жұмыстардың қорытындылары мынаны көрсетті (18-кесте).

Жүгерінің Узбекстанская зубовидная сорты әр гектарға 90 кг азот, фосфор мен калий (Р60 К60) қоректік зат түрінде қосылып берілді. Алынған косыммша өнім тынайтылмаған жермен салыстырғанда 17,6 ц құрап, фосфорлы тыңайт-қыштарға (90 килограмм) азот пен калийді (N90К60) қосып бергенде 19,1ц өнім өндірілді. Азотты, фосфорлы тықайтқыштардан алынған өнімдер фонды (Р60К60 және N90К60) варианттармен салыстырғанда 9,7 және 9,7 ц болса, калийлі тыңайтқыштардан 6,6-9,7ц-дей тыңайтылмаған алқаптың әр гектарынан 34,6ц  артық өнім өндірілді.

18-кесте. Кәдімгі сұр топырақтарда егілген дәндік жүгері сортарының өніміне тыңайтқыштардың әсері

 

Узбекстанская зубовидная

Өнімдер негізгі

ц/га, қосымша

Қазақстан – 43ТВ

Өнімдер негізгі

ц/га, қосымша

Тыңайтылмаған алқап

 

34,6

-

Тыңайтылмаған алқап

 

62,9

-

P60K60

42,5

7,9

N90P60

69,6

6,7

N60P60K60

46,5

11,9

N90K60

73,2

10,3

N60P60K60

49,1

14,5

P60K60

69,6

6,7

N90P60K60

52,2

17,6

N90P60K60

74,1

11,2

N120P60K60

52,0

17,4

N120P60K60

77,7

14,8

N90P60

44,0

9,4

N150P60K60

77,6

14,8

N90P60K60

49,2

14,6

N90P90K60

76,6

13,7

N90P90K60

53,7

19,1

N90P120K60

77,0

14,1

N90P120K60

53,1

18,5

N150P150K60

79,9

17,0

 

Жүгері дакылынын Қазақстан – 43ТВ сорты кәдімгі сұр тастақ топырақты жерге егілген дәндік жүгеріге минералдық тыңайтқыштар ретінде қолданылды. Оның әсері өте жоғары болды. Әр гектарға әсерлі зат түрінде азотпен фосфорлы тынайтқыштар (N90К60) қолданылды. Косымша өнім бақылау тобымен салыстырғанда 6-7ц, осы вариантқа 60кг калийді қосып қолданғанда, 11,2ц  косымша онім алынды.

Кейінгі жылдары республикамызда жүгеріге қолданылатын минералдық  тыңайтқыштар  көбейді.  Осыған байланысты орталық агрохимиялық қызмет көрсету институты (ЦИНАО) арнаулы аралас комбинациялы нұсқауларын    ұсынды. Бұл әртүрлі тыңайтқыштарды ауылшаруашылык дақылддарына пайдаланудын тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұрынғы зерттеулерде жүгері егістігіне колданылатын тыңайтқыштардың әсерін бақылау, негізінде,  екі қоректік элементтердің  (азоттың, фосфордың)   көмегімен жүргізілетін. Ал калийлі тыңайтқыштардың нормасы бір, екі нормамен ғана шектелді.   Жүгері   әртүрлі   алқаптарда егілгендіктен,   жер   бедерінің   әрқилы,   топырағындағы қоректік заттар әртүрлі дәрежеде болуы қажетті тыңайтқыштардың әсерін анықтауда көп   қиыншылықтар   туғызды. Оның үстіне коректік элементтердің ішінде жүгері егістігі өзінің өсу кезеңдерінде калийді көбірек пайдаланнады. Зерттелген жүгері алқаптары топырағының калийге кұнарлылығы төмен жерлері көп болды. Нәтижеде калийлі тыңайтқыштарды аз қолдануға тура келді. Сондықтан, біз ашықсұр топырақты жерлерде дәнді жүгері егістігіне минералдық тыңайтқыштардың жеке түрлерінің әсерін анықтау үшін бір танапта егілген жүгерінің өнімділігнін апнықтадық.

Кәдімгі сұр тастақты топрактағы жүгерінің ЗПСК-1 сортына мйнералды тыңайтқыштардың әсері туралы тәжірибелер Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Н. Крупская атындағы кеңшарда жүргізілген. Мұнда әр гектарға 120кг азот, 90кг фосфор, 60кг калий араластырып қолданылды. Одан 16,8ц-дей космшаөнім алынған. Азотты тыңайткыштардың нормасын 150-180кг дейін өсіргенде, алдағы қолданылған 120 кг азотқа қарағанда, дәндік жүгерінің өнімі онша өспеді. Әрі экономикалық жағынан тиімсіздеу болды.

Ал әр гектарға қолданылған 90кг фосфорлы тыңайтқыштардың экономикалық тиімділігі 120-150 кг фосфорға қарағанда жоғары  болды. Ал әр гектарға қолданылған 60 кг калийлі тыңайтқыштардан қосымша өнім онша көп алынбады. Ал тыңайтылмаған алқаптың әр гектарынан 22,9ц өнім алынды.

Міне, топырақтың әртүрлі климат аймақтарында орналасуынан, жүгері дақылынын сорттарымен қолданылған агротехниканың әртүрлі болуынан  олардың дәндік жүгерінің өніміне әсері де әрқилы болды.

Ал ашық сұртопырактагы жүгерінің жоғарыда аталған сортына жүргізілген тәжірибе қорытындылары мынаны көрсетті: ең жоғары өнім минералды тыңайтқыштардың әсерлі зат түріндегі нормасын әр гектарға қолданғанда алынған өнім 127,2 центнерге жетті, ал бақылау вариантындағы өнім 38,7 центнерден айналды. Минералды тыңайтқыштардың әсері туралы тәжірибелер ашық сұр топырақтарда егілген дәндік жүгеріңің кеш пісетін Вир 338 буданына жүргізілді. Шымкент облысының  көптеген шаруашылықтарын-да техникалық дақылдардың көптеп егілуіне байланысты тынайытқышттар кең пайдаланы-лады. Мұның өзі топырақтағы кейбір қоректік заттар мөлшерін өзгертіп отырады. Ал қатарынан бірнеше жыл қолданылған азотты тыңайтқыштар топырақтағы азоттың мөлшерін көп өсірмейді. Осындай дәндік жүгеріге жүргізілген үш жылдық зерттеу жұмыстары әр гектарға қолданылған тыңайтқыштардың (N210 Р60 К60) тиімділігі жоғары болатынын көрсетті. Әр гектардан 47,6ц, ал бақылау вариантында әр га-дан 63,2ц өнім алынды. Жоғарыдағы нормамен қолданылған тыңайтқыштар дәндік жүгері құрамындағы протеинді бақылау топтарымен салыстырғанда 1,6 процентке өсірді. Көбірек нормада қолданылған фосфорлы, калийлі тыңайтқыштар дәндік жүгерінің өнімін өсіргенмен, жұмсалған қаржыны ақтамады.

Сонымен бұл зерттеулер нәтижелері республиканың суармалы жерлеріндегі барлық топырақ түрлерінде толық минералдық, органикалық тыңайтқыштарды үйлестіріп  қолдану — топырақтың қоректік заттарға  құнарлылығын жақсартып, қосымша мол өнім алуға болатынын көрсетті.

 

2.5 Жүгері өсіруде агротехнологиялық шаралардың тиімділігі

 

Тәжірибеде сүрлемдік жүгері егу алдыңғы дақыл жоңышқа, күздік қара бидай орылған жер 25 см тереңдікке зяб айдалады. Ылғалдылықты сақтау, арамшөптерді кұрту үшін дискі көктемде салынып, тырмаланып, маламен жақсылап тегістеген соң көктемгі жаңбырдың ылғалдығын пайдаланып жүгері ұрығын 10 сәуірден бастап себеді. Осы кезде топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 120С болды. Жүйекті әдіспен егілген ұрықтың ара қашықтығы 45 см. Ұрық себу нормасы 38 кг/га. Алынған жүгері сорттарының пісіп-жетілу кезеңі 125-130 күн. Көк балаусаның өнімділігі 800 ц/га, дәнінің өнімділігі 105 ц/га.

Жүгеріні егу алдынан 2 күн бұрын саңырауқұлақтар және зиянды жәндіктерден сақтау үшін ұрық гранозонмен (1 ц ұрықты 100 г гранозон) уландырылды. Жүгері себу танабының топырағы кәдімгі сұр, қалың саздақ қабатты, жоғарғы қабаттың механикалық құрамы орташа сазды.

Зертханалық зерттеулер нәтижесінде топырақта қарашірік мөшері – 1,33%, жылжымалы фосфор – 17,9мг/кг, нитратты азот – 21,2 кг/кг, ауыспалы калий – 264 мг/кг.

Жүгеріні бірінші 4-5 жапырақталғаннан соң, кейінгілері топырақтың ылғалдылығы 20%-ке дейін төмендегенде суарылып отырды. Сүрлемдік жүгері сүттену-қамырлану кезеңіне дейін барлығы 5 рет суарылды. Әрбір суаруда жүгерілік егістіктің 1 гектарына 800-900 м3 су жұмсалды.

Әрбір суарудан кейін топырақтың культиватордың тісіне жабыспайтын күйге келгенде жүгері қопсытылып отырылды. Сүрлемдік жүгеріге тыңайтқыштар беру топырақтың жоғарыда көрсетілген құнарлылығына қарай мөлшерленді. Бірінші рет тыңайтқыш алғашқы суару алдында жүгерінің тез көтерілуі үшін берілді. Сонан соң шашақтану, собықтану, дән байлау кезеңдерінде қоректендірілді. Осы уақыттарда азотқа есептегенде барлығы 90 кг/а аммиак селитрасы жұмсалды.

Жоғарыда көрсетілген қысқаша агротехнологиялық шараларда өсіп-жетілген сүрлем жүгерінің түрлі вегетациялық кезеңдерінде болған морфологиялық өзгерістерді зерттеп отырдық.

Жүгерінің төрт типті тамыры болады: ұрық, бірінші және екінші (негізгі) ретті, жанама немесе тірек тамырлар. Өніп келе жатқан дәненн алдымен ұрық тамыры шығып, жанама тамырлары топыраққа ене бастайды. Негізгі (екінші ретті) тамырлар бір-біріне жақын орналасып 10-12см-ге деиін тереңдеп, сонан соң жанына таралады. Олардан тік тамырлар тереңдікті бойлай өседі. олар негізгі тамыр деп аталғанындай, өсімдікке ылғалдылықты және қорекзаттарды қамтыды. Қосалқы немес тірек тамырлар жер үстіндегі буындардан шашақтанып, жан-жаққа таралады. Олар негізгі тамырлар сияқты қызмет атқарады. Өсімдіктің алғашқы даму кезеңінде тамырлар қарқынды өсіп, салмағы, көлемі жағынан жүгерінің жер бетіндегі ағзаларынан артық болады.

Жүгері сабағының өсуі біркелкі болмайды. ылғалдылық пен жылу жеткілікті болғанда шашақтану, гүлдену кезеңінде ол тәулігіне 10-15 см көтеріледі. Собықтану кезеңінен бастап сабақтың өсуі баяулайды. Жүгерінің сабағы тығыз болғандықтан буындармен бірге тіректік қызмет атқарады. Оның құрамында қант көп болғандықтан массаның сүрленуіне үлкен септігі тиеді.

Жүгерінің сабағы 3-бөліктен тұрады: жапырак қынабы, жапырақ қатпаршасы және тілше. Жапырақ қатпаршасы сабақты орап өседі. ол сабақты қорғап, оған беріктілік және тұрақтылық береді. Жапырақ қатпаршасының орталық тарамысы оны сынбайтындай беріктілік беріп, көлемін ұстап тұрады. Жапырақ тілшесі қынап пен қатпарша аралығында орналасып, сабақ пен жапырақпен байланысқан жерге су немесе басқа заттардың түспеуін қамтамасыз етеді.

Жүгерінің гүлшоғы аталық, аналық, кейбіреуі қосжынысты болып бөлінеді. Гүлдің аталық мүшесі гүлшоғы сабақтың ұшына, кейде жанама собықты ұстап тұратын өскінге орналасады. Жүгерінің масағы жұптап орналасады. Екі гүлден тұрған масақта үш-үштен аталық мүшесі болады.

Екі ұялы аналық мүшесі ұзын аталық мүшесінде орналасады. Тозаңдану кезеңінде аталық мүше ұзарып, аналық мүшені сыртқа шығарады.

Жүгерінің собығы конус, цилиндр сияқты болып, ұзынынан қатарласқан дәні өзекке орналасады. Собық сырты қатпарлы орамдары сабақтағы буыннан басталады. Әрбір собықта 700-800 аналық гүлдер болады. Олардың саны аталық гүлшоқтарымен шамалас.

Жүгері дәні сыртқы қабық, ұрық және эндоспермадан тұрады. Қабықтық құрамындағы пигменттерге қарай дәннің реңі сары, қызғылт, т.б. болады. Ұрық тікелей өзекке жабысқандықтан ол механикалық, т.б. қорғаныста болады. Ұрық салмағының үлесі дәннің 12-15% құрайды. Эндосперм үлесіне дәннің 85% дейін тиесілі. Оның құрамында салыстырмалы түрде, май, ақуыз, қант көп кездеседі.

Біздер Қ.Н. Жайлыбаев әдісімен жүгеріні үш бөліп әр түрлі суару режи-мінде бұл дақылдардың өсіп-дамуы, фотосинтетикалық әрекеті, биологиялық өзгерістеріне зерттеулер жүргіздік (19-кесте).

 

19-кесте. Әртүрлі суару тәртібін байланысты жүгерінің өсіп-дамуы және биологиялық қасиеттерінің өзгеруі

 

Топырақтың далалық ылғалдық сиымдылы-ғына, %

Суару саны

Өсімдік биіктігі

Жапырақ алақандарының көлемі, см2

Құрғақ зат массасы, г

Фотосинтез орташа өнімді-лігі, г/м2, тәулік

Собықтың орташа салмағы, г

60-60

2-3

204

7645

252

6,09

204

70-70

4-5

235

9210

378

7,10

388

70-80

5-6

255

111020

450

7,25

467

 

19-кестедегі мәліметтерге қарағанда, егістіктегі топырақтың ылғалды-лығы көбейген сайын жүгерінің биіктігі, жапырақ алақандарының көлемі, фотосин-тездік орташа өнімділігі, жалпы құрғақ зат массасы және собықтың салмағы арта түсті. Бұл көрсеткіштің жоғарғы мәні 70-80 нұсқасында байқалды. Сонымен, жүгерідегі көкбалауса мол алыну үшін топырақтың далалық ылғал сиымдылығының 70 пайыздан, 2-ші кезенде 80 пайыздан төмен болмау шарт. Мұның себебі жүгері балаусасы тез құрайтын кезеңде өсімдікті ылғалмен қамту мақсатында 4-5 рет суарып, мол сүрлемдік өнім алуға болатындығы дәлелденді.

Өсімдіктің тамыр жүйесінің және жер бетіндегі ағзаларының өсіп-дамуының көк балауса және дән өнімі мөлшеріне әсері байқалды. Бұл агротехникалық шаралар комплексті қолдана отырып, дақылдын тамыры қанықты, ұсақ тамырлы болып, дұрыс дамуына мүмкіншілік туғандайқтан мол өнім алынды. Біздің тәжірибедегі егістік топырағындағы ылғал мөлшеріне байланысты жүгері тамыр жүйесінің өсіп-дамуы 20-кесте көрсетіледі.

 

20-кесте. Топырақтың ылғалдылығына байланысты тамырдың дамуы

 

Топырақ қабаттары, см

Суару нұсқаларына байланысты тамыр жүйесінің массасы

60-60-60

70-70-70

70-80-70

80-80-70

гекта-рына, ц

%

гекта-рына, ц

%

гекта-рына, ц

%

гекта-рына, ц

%

0-20

16,2

52,26

18,0

51,14

20,9

50,60

21,5

48,31

20-40

8,8

28,40

10,9

30,96

13,2

32,0

16,0

35,95

40-60

6,0

19,34

6,8

17,90

7,2

17,4

7,0

15,74

Барлығы

31,0

100,0

35,2

100,0

41,3

100,0

44,5

100,0

 

Екінші кезеңде (10-11 жапырақты фазасынан сүттеніп-қамырланып пісу кезіне дейін) жүгері тамыры тез өсіп, жалпы массасы интенсивті құралады. Вегетативтік массасының өсіп-дамуы аяқталғаннан кейін де (жүгері шашақтанып, собығы гүлдеген кезең) жүгері тамырының өсуі аз да болса байқалады. Осыған сәйкес, аталған кезеңде жүгері тамыры ылғалды көп мөлшерде керек етеді. Сол себепті көкбалаусаны көп өндіру мақсатында жүгері егістігін суару тәртібін ыңғайлы нұсқасы – бірінші кезеңде суару алдындағы топырақтағы ылғал деңгейі далалық ылғадық сиымдылығының 70%,2-шікезең сексен пайыздан аз болмауы шарт

Топырақ ылғалдылығы жоғары болып, суару барысында ылғал тереңгі қабаттарға көбірек сіңсе, бұл варианттағы (70-80-70, 80-80-70) жүгерінің ұсақ тамырлары өсу дәуірінің соңына дейін өліп қурайды.

Қорыта келгенде тамыр жүйесі қаншалықты жақсы өсіп дамыса, жүгерінің өнімі де жоғарылайды.

Жүгері дақылы тыңайтқыш енгізілген жерлерде тамыры ірі болып, жан-жаққа тарамданып өседі де, айналасындағы топырақтан қоректік элементтерді көптеп сіңіреді. Жүгері басқа астық тұқымдас дақылдармен салыстырғанда қоректікзаттарды жаксы пайдаланады. Көк балауса өнімі гектарына 600-700 ц болған жағдайда, жүгері топыраккабатынан 150-180кг N, 50-80кг P қышқылын, 170-200 кг калий тотығын бойына сіңіреді. Сондықтан жүгеріде көкбалауссаны мол өндіру үшін егісті жоғарыдағы аталған тыңайтқыштармен тыңайту қажет.

Азот барлық тірі организмдердің жасушаларының негізі. Ол ақуыз құрамына кіреді. Ақуыз өсімдікті осы элементпен қамтамасыз ету олардың фотосинтетикалық аппаратының жұмысын жақсартады, жапырақ алақандарының көлемін ұлғайтып, онда түзілетін органикалық заттарды толық пайдалану әсерінен жүгері дақылының өсу процесін жылдамдатады. Топырақта азот жетіспесе, жүгерінің өсуі баяулап, ондағы биохимиялық процестер жиынтығы бұзылады және хлорофил мөлшері азаяды да өнім күрт төмендейді.

Фосфор жай ақуыздарға қосылып жасуша ядросында күрделі ақуыздар құрайды. Ол биохимиялық реакцияны жеделдететін көптеген ферменттердің құрамына кіреді және өсімдік жасушаларындағы энергия алмасу процестеріне тигізетін әсері үлкен. Фосфор тұқымның тез өніп шығуына, климат жағдайының түрлі әсерлеріне, қоректік заттарға төзімділігін арттырады. Топырақта фосфордың аз болуы жүгерінің репродуктивті органдарының (собық, шашақ) өсіп-дамуын баяулатады.

Калий өсімдіктегі көмірсу мен ақуыздың алмасу процесінде маныздды рол атткарады. Топырақта калий жетіспеген жағдайда жапырақта фотосинтез арқылы түзілген органикалық заттардың репродуктивті органдарға жылжуын баяулатып, собық нашар өсіп-жетіледі.

Жүгерінің  өсіп-дамуына жоғарыдағы айтылған қоректік элементтерден басқа көптеген макро- және микроэлементтер тыңайтқыштары қолданылады.

Жүгерінің қоректік заттарға (азот) қажеттілігі ұрық өнім, 4-5 жапырақтанғаннан бастап собық піскенге дейін созылады. Оны біздің тәжірибеміздегі мәліметтерден көруге болады (21-кесте).

 

21-кесте. Азотты тыңайтқыштардың жүгері балаусасының өніміне тигізетін әсері

 

Тәжірибе нұсқалары

Көк балаусаның өнімі, ц

Қосымша өнім, ц

%

Тыңайтқыш берілмегенде

470

-

100,0

N65

493

23

105,0

N75

525

55

111,7

N85

614

144

130,6

N95

666

196

141,7

 

21-кестедегі мәліметтерге қарағанда жүгері алқабының 1 гектарына азот беруды 65, 75, 85 ,95 кг өсіріп отырғанда көк балаусаның өнімі тыңайтқыш қолданбаған нұсқадан (гектарына 470ц) жогары болды – 493, 525, 614, 666 ц/га. Алынған қосымша өнім жоғарыдағыға сәйкес берілген азоттың мөлшеріне қарағанда 5,0; 14,7; 30,6 және 41,7% артық.

Көк балауса өнімінің көбею себептерін төмендегілермен түсіндіруге болады. Жүгері 9-10 жапырақты болғанда фотосинтез өнімділігі күрт көбейіп, құрғақ заттардың жиналуы осыған сәйкес арта бастайды да, шашақ шығару және гүлдеу кезінде өнім ең көп мөлшерде жиналады. Сондықтан осы кезеңде жүгері өсімдігі қоректік элементтерді тәулігіне ең көп мөлшерде қабылдап бойына сіңіреді.

Собық пен шашақ гүлдеп ұрықтанғаннан кейін дән толыса бастайды да, жүгері өнімінің артуы собықтың өсуіне және ондағы дәннің толыстауына байланысты артады. Гүлдеу кезеңінде фотосинтез өнімділігі және құрғақ заттардың жиналуы қайтадан артады да, дән балауызданған кезеңде бұл көрсеткіштер біршама көп болады. Осыған сәйкес, шашақ шыққаннан бастап дән толысып балауыздану кезеңі ішінде жүгері қоректік заттарды бойына көп қабылдап сіңіреді. Сондықтан көптеген ғалымдардың тәжірибелерінде тыңайтқышты беру мерзіміне көп көңіл бөледі. Осыған байланысты біздердің жасаған тәжірибелерімізді талқылап көрелік.

Тәжірибемізде азоттты ең жоғарғы өнім берген нормасын негізге алдық. Азоттың 95 кг/га нормасын әр кезеңге бөліп берілді.

 

22-кесте. Минералды тыңайтқыштарды беру мерзімінің көк балаусаның өніміне тигізетін әсері

 

Нұсқалар

Тәжірибе нұсқалары

Тыңайтқыш беру мерзімі

Көк балауса өнімі, ц/га

зябке

азот

3-4 жапырақ-ты кезінде

8-9 жапырақ-ты кезінде

шашақ шыққанда

1.

Тыңайтқыш берілмегенде

-

-

-

-

272

2.

N95

-

30

65

-

490

3.

N95

30

25

40

-

615

4.

N95

-

25

30

40

694

 

22-кестенің көрсеткіштеріне қарағанда тыңайтқыш көп берілмеген танап-тан небары гектарына 272ц кок балауса орылса, 3-4 және 8-9 жапырақты кезеңдерінде берілген 30, 65, кг/га азот өнімді 490 ц/га ейін жоғарылатты. Осы жерде айта кететін жайт, азот тыңайтқышын зяб айдағанда (30 кг/га), 3-4 жапырақты (25 кг/га) және 8-9 (40 кг/га) жапырақты кезеңдерінде берілген өнім 615 ц/га жетті. Бұл жерде айта кететін жағдай азотты тыңайтқышты зяб айдағанда бергенде ол топырақ микрофлорасына жағымды әсер еткендігі байқалады.

4-ші нұсқа бойынша азотты тыңайтқышты 3-4 (25 кг/га); 8-9 (30 кг/га) жапырақталған кезеңдерінде және шашақтанған (40 кг/га) берілген кезде ең жоғары өнім алынды. Бұл жүгерінің жақсы ұрықтанып, дән байлануына, дәннің толыстауына жақсы ықпал еткендігін көрсетеді.

 

2.6 Сүрлемдік жүгері дайындауда микроэлементтердің өнімділікке әсері

 

Астық, мал азықтық және басқа дақылдардың өнімділігін жоғарылатуда минералдық тыңайытқыштардың, оның ішінде микротыңайтқыштардың алатын орны ерекше. Алайда микротыңайтқыштардың өндіріске ендірілуіндегі тиімділігі олардың әлі де жақсы зерттелмегеніне байланысты болып отыр.

Ауыл шаруашылығы саласында оларды пайдаланудың тиянақты зерттелмеуі микроэлементтердің өте аз мөлшерде кездесуіне байланысты. Бұл жағдайда нақты топырақты-климаттық жағдайлары мен дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне басты назар аудару керек.

Бұл бағытта көптеген зерттеулер жүргізілген. Мысалы П.Н. Грабаров пен У.М. Султанбаева [54] қызғылт топырақта қант қызылшасын зерттегенде дақылдардың өнімділігінің артуы мыс пен кобальтта гектарына 68 ц, борда 81ц құраса, дәнді дақылдардағы мыс пен мырыш 4,7-5,2 ц, қызанақтағы молибден 70ц құраған. Осының нәтижесінде еліміздің бірқатар аудандарында авторлар жүгері сүрлемінде мыс және мырыш тыңайтқыштарын пайдалануды ұсынады.

Шалғынды-қаратопырақты жерлерде Н.И. Кузнецов, И.В. Опенлендер [55] жүгерінің көк балаусасында мырыш пен марганецті пайдаланғанда өнімділігі 40-50ц/га артатындығын анықтаған. Авторлардың зерттеулерінде жүгерінің өнімділігі тұқымдарды микаротыңайтқыштармен тамырдан тыс бүркуден көрі жібіткенде жоғары нәтиже алынатындығы анықталған. Алайда олардың тиімділігі жылжымалы микроэлементтердің топырақта кездесуін қамтамасыз етумен анықталады.

У.М. Султанбаева мен басқалардың [54] зеттеулерінде В, Mn, Cu ерітінділерін тамырдан тыс қоректендіргенде жоңышқаның тұқым өнімділігі 10,6-19,1%-ға, жасыл массасы 22-39 пайызға жоғарылаған. Ал А.И. Маданов, Л.М. Войкин [56] зерттеулерінде жүгері тұқымдарын молибден мен мыс ерітінділерімен жібіткенде жүгерінің жамыл массасы 13 пайызға артқан.

Оңтүстік өңірінің шөлейттік аймағында сүрлемдік жүгеріге микроэлементтерді пайдалану өте аз зерттелген. Сол себепті ашық топырақта далалық жағдайда сүрлемдік жүгеріге мырыш, кобальт, мыс және молибденнің әсері зерттелді.

Сүрлемдік жүгері мал азығы ретінде негізгі дақыл болып табылады. Біздің зерттеулерімізде жүгерінің биіктігі барлық зерттеу нұсқаларында 3-ші жапырақта бірдей болды, алайда тұқымдарға микроэлементтерді жібітудің 9-ші жапырағы фазасында өсімдіктің биіктігі бақылау нұсқасынан 2-9 см-ге, вегетация соңында Мо, Cu, Zn,Со микроэлементтерімен бүркілген нұсқалары бақылаудан 11-27 см-ге артық болды (23-кесте).

23-кесте. Өсу процесіне байланысты жүгері дақылдарын себер алдында микроэлементтермен жібіту әсері 

 

Нұсқалар

Өсімдік биіктігі, см

үшінші жапырақ

тоғызыншы жапырақ

тұқым бүркуі

сүтті-қамырланып пісуі

NP (Орта)+Н2О – бақылау

4

24

225

225

Орта+Zn

5

33

250

250

Орта+Со

6

31

246

246

Орта+Мо

6

31

252

252

Орта+Cu

6

30

248

248

Орта+Zn + Со

6

33

248

248

Орта+Zn + Мо

6

33

236

236

Орта+Zn + Cu

6

29

239

239

Орта+Со + Мо

6

30

243

243

Орта+Со + Cu

6

30

242

242

Орта+Со+ Zn + Мо

6

26

235

235

Орта+Zn+ Со + Мо + Cu

6

26

233

233

 

Жүгерінің жапырағының беткі қабатының үлкен болуына микроэлементтерді пайдалану оң әсерін тигізеді, әсіресе Zn+Cu нұсқасында (24-кесте).

Сүрлемдік жүгерінің өсуінің алғашқы даму кезеңіне микроэлементтердің әсері бар екендігі анықталды. Мұнда жоғары өсімділік тұқымдапрды мырыш, мыс, кобальт және молибден ерітінділерінде жібіткенде қол жеткізілді. Бұған негізгі себеп жасушалардың физикалық-химиялық жағдайында зат алмасудың оң әсері болуы мүмкін.

Өсімдіктердің дамуы мен өсу процестерін өзгерте отырып микроэлементтер жүгерінің жапырақ қабатының қалыптасуын күшейтеді. Микроэлементтер қолданылған нұсқада 5-6 жапырақ түзгенде оның жапырақ беті алаңы 31,9-72,4%-ға, микроэлемент ерітінділері пайдаланылмаған бақылау нұсқасына қарағанда артқан. Мұнда мыс және молибден қосылған ортада (37,9-41,3%) төменгі өсімділік байқалса, жоғарғы мәні мырыш+мыс нұсқасында (72,4%) байқалды. 7-8 жапырақ байлағанда микроэлементтермен өңделген жүгерінің бастапқы өсу фазасына қарағанда төмен болды.

Алайда анықталған заңдылықтар сақталып қалды:  мыспен өңдегенде жапырақ алаңы бақылау тобымен салыстырғанда 8,9%, мырыш-мыспен өңдегенде – 20,2% құрады.  Микроэлементтердің жапырақ алаңына әсер етуі 9-10 жапырақ фазасында да сақталып қалады, мшұнда бақылау тобына қарағанда сәйкесінше 3,2 және 15,2% жоғары мәнге ие болды.

 

24-кесте. Сүрлемдік жүгерінің жапырақ алаңының қалыптасуындағы тұқымдарды себер алдында микроэлементтерді пайдалану әсері

 

Нұсқалар

5-6 жапырақ

7-8 жапырақ

9-10 жапырақ

жапырақ үсті алаңы, , м2

% бақы-лаудан

жапырақ үсті алаңы, , м2

% бақы-лаудан

жапырақ үсті алаңы, , м2

% бақы-лаудан

NP (орта)+Н2О – бақылау

0,029

-

0,079

-

0,158

-

Орта+Zn

0,043

+48,3

0,088

+11,4

0,163

+3,2

Орта + Cu

0,040

+37,9

0,086

+8,9

0,163

+3,3

Орта+Мо

0,041

+41,3

0,093

+17,7

0,179

+13,3

Орта + Zn + Cu

0,050

+72,4

0,095

+20,2

0,182

+15,2

Орта+Zn + Мо

0,044

+51,7

0,083

+5,1

0,182

+15,2

Орта + Сu + Мо

0,044

+51,7

0,094

+19,0

0,185

+17,1

Орта+ Zn + Сu + Мо

0,042

+14,8

0,091

+15,2

0,181

+14,6

М = 0,041±0,002                            М = 0,088±0,002                     М = 0,174±0,004

Sx,% =0,8%                                     Sx,% = 2,3%                            Sx,% = 2,2%   

у = 14,5%                                       у = 5,5%                                   у = 6,2%   

t = 19,6                                           t = 43,6                                      t =43,5   

 

5-сурет. Жүгері өсімдігі мен топырақ қабатындағы жылжымалы

 

6-сурет. Жүгері өсімдігі мен топырақ қабатындағы жылжымалы

 

7-сурет. Жүгері өсімдігі мен топырақ қабатындағы жылжымалы

 

Жүгері тұқымдарын микроэлементтермен жібіту жапырақтарында Zn, Cu, Со, Мо құрамын арттырады (5, 6, 7-суреттер).  Жүгері тұқымын 0,05% ZnSO4  ерітіндісімен жібіткенде жасыл массадағы мырыш құрамы 11,0-ден 18,1 мг/кг артады, мұнда бір уақытта мыс және кобальттың шығуы да арта түседі. Мұндағы мыс топырақтағы мырыш, кобальт және молибденнің сіңірілуіне, ал молибден өсімдікке мырыш, марганец және бордың түсуін жақсартады.

Жүгері дақылының жасыл массасында килограмға шаққанда мыстың 1,8 мг, мырыштың 15 мг, марганецтің 72 мг, кобальттың 0,05 мг, молибденнің 0,53 мг және бордың 3,3 мг вегетациялық кезеңде ауытқыды. Өсімдіктегі микроэлементтердің жоғарғы құрамы жүгерінің алғашқы даму кезеңінде байқалды, алайда 13-15 жапырақ фазасында олардың саны біршама төмендеді. Молибденнің құрамы бойынша жүгерінің жасыл массасында бақылау нұсқалары бойынша айтарлықтай өзгешелік байқалмады.

Алынған мәліметтердің статистикалық өңдеуі қолжетімді макроэлементтер (NPK) мен микроэлементтердің (Cu, Zn, Mn,Со, Мо) топырақ пен өсімдіктегі жүгерінің өсу фазалары бойынша олардың арасында корреляциялық байланыстың нақтылығын көрсетті (25-кесте).

Жүгерінің жасыл массасында мыс пен марганецтің құрамы барплық даму фазасында кобальт пен молибденнің 5-6 жапырақ фазасы мен бордың 9-13 жапырақ фазасы арасында қолжетімді микроэлементтердің құрамы бойынша кері байланыста болды.

Мырыштың (r= +0,76) тікелей корреляциясы 5-6 жапырақ фазасында, бордың (r= +0,90 және +0,57) 5-6 жапырақ және 13-15 жапырақ фазасында байқалды, мұнда корреляция коэффициентінің критериі (tr) теориялық тұрғыдан tr= 8,4, 22,5 және 4,1>t теор. = 2) үлкен болды.

Мырыш пен молибденнің арасында байланысты топырақ-өсімдік жүйесінде вегетациялық кезеңде әлсіз болды, ал кобальт құрамы жүгерінің өсу фазасы бойынша да тұрақты мәнде болмады, нәтижесінде 13-15 жапырақ фазасында (r= -0,79) кері корреляицялық коэффициентке ие болды, бұл кобальттың вегетациялық кезеінде тұрақты емес екендігін көрсетеді.

Жүгерінің жасыл массасының өнімділігін есептеу сумен қамтылу және ауа райы жағдайына тәуелді екендігін көрсетті. Мұнда 2014 жылы өнімділік гектарына 581 ц құраса, 2015 және 2016 жылдары 25-30% төмен болды. Алайда микроэлементтердің әсері байқалды.

Жүгері тұқымдарын Zn, Cu, Со, Мо тұздары ерітінділерінде жібіткенде жасыл массасының өнімділігі артқандығы анықталды. Мырыш, кобальт және молибденнің жасыл масса өнімділігі бақылау тобымен салыстырғанда 2014 жылы гектарына 181 және 171 центнер, немесе 45 және 43% құраса, 2015 жылы 94 және 84 центнер, немесе 32,0 және 26,0% болды. Жасыл массаның өнімділігінің артуы Zn + Мо бірге қосып пайдаланғанда алынды. 2014 жылы өнім бақылау тобымен салыстырғанда гектарына 93,0 центнер немесе 23,0%-ға артты (26-кесте).

 

25-кесте. Топырық қабатындағы және жүгеріден шығарылған миккроэлементтер арасындағы корреляциялық байланыс (n=24)

 

Микроэлементтер

5-6 жапырақ

9-13 жапырақ

13-15 жапырақ

r

Srt

tr

r

Srt

tr

r

Srt

tr

Cu

-0,21

0,19

1,1

-0,45

0,16

2,8

-0,75

0,09

8,3

Zn

+0,76

0,09

8,4

-0,48

0,16

3,0

-0,24

0,18

1,5

Mn

-0,07

0,20

0,40

-0,26

0,19

1,4

-0,18

0,19

1,0

Подпись: 49Со

-0,22

0,19

1,2

+0,20

0,20

1,0

-0,79

0,08

9,8

Мо

-0,03

0,20

0,2

-0,62

0,12

5,2

+0,23

0,19

1,2

В

+0,90

0,04

22,5

-0,12

0,20

0,6

+0,57

0,14

4,1

 

26-кесте. Жүгерінің жасыл массасының өнімділігіне микроэлементтер әсері

 

Нұсқалар

2014

2015

2016

Орташа

өнім, ц/га

үстеме

өнім, ц/га

үстеме

өнім, ц/га

үстеме

ц/га

%%

ц/га

%%

ц/га

%%

ц/га

%%

NP (Орта)+Н2О – бақылау

400

-

-

287

-

-

320

-

-

-

-

Орта+Zn

581

181

45

381

94

32

412

92

28

123

36,7

Орта+Со

581

181

45

371

84

26

398

76

23

114

34,0

Орта+Мо

571

171

43

371

84

26

393

73

23

110

32,8

Орта+Cu

542

142

35

362

75

22

378

58

18

87

26,0

Орта+Zn+Со

452

52

13

342

55

19

370

50

15

53

16,3

Орта+Zn+Мо

493

93

23

346

59

19

362

42

12

65

20,0

Орта+Zn+Cu

482

82

20

341

54

19

356

46

12

61

18,2

Орта+Со+Мо

413

13

3

338

51

18

365

45

12

37

11,0

Орта+Со+Cu

410

10

2

297

10

4

334

14

4

12

3,6

Орта+Zn+Со+Мо

410

10

2

332

45

12

356

36

11

31

9,2

Орта+Zn+Со+Мо+Cu

405

5

1

335

45

12

355

35

11

30

9,0

Тәжірибе қателігі         S  – 2,36 ц        S  – 3,7ц          S  – 2,05ц

Тәжірибе нақтылығы  S – 2,39 ц         S – 9,5ц        S – 1,58 ц

Айырма қателігі           Sd – 3,34ц            Sd – 5,2ц           Sd – 2,9 ц

НСР05                            32,6                       26,7                   29,6

НСР05%                         7,5                         6,8                     6,9

 

Жалпы орташа үш жылдың ішінде мырыш, кобальт және молибден жүгерінің жасыл массасының жоғарылауын (31-35%) қамтамасыз етті. Алынған өнімнің статистикалық өңдеуі бақылау топтарында айтарлықтай айырмашылық бар екендігін көрсетеді.

Микроэлементтер жүгерінің жасыл массасының жалпы өнімділігін жоғарылатып қана қоймай, сонымен қатар оның мал азықтық құнарлылығын да жақсартатын көрсетті (27-кесте).

 

27-кесте. Жүгерінің жасыл массасының сапасына микроэлементтер әсері

 

Тәжірибе нұсқалары

Шикі протеин, %

Шикі май, %

Шикі жасұнық, %

1 кг азық өлшемі

Қорытылатын протеин, г

Орта (NP)+Н2О – бақылау

0,25

1,32

27,12

0,50

31,25

Орта+Zn

10,06

1,96

28,94

0,54

50,30

Орта+Со

6,56

2,76

30,22

0,55

32,80

Орта+Мо

8,81

1,96

28,90

0,54

44,05

Орта+Cu

6,37

1,50

28,94

0,52

31,85

Орта+Zn+Со

7,06

2,10

30,20

0,54

35,30

Орта+ Zn + Мо

7,56

1,75

28,68

0,55

37,80

Орта+Zn+Cu

7,87

1,69

29,86

0,52

39,35

Орта+Со +Мо

6,56

1,98

28,34

0,53

32,80

Орта + Со + Cu

7,25

1,91

28,70

0,53

36,25

Орта+Zn+ Со+ Мо

6,56

1,46

28,32

0,56

32,80

Орта + Zn + Со + Мо + Cu

7,25

1,52

30,10

0,54

36,25

 

Кесте мәліметтерінен мырышпен өңделген тұқымдарда шикі протеиннің мөлшері 3,8%-ға артқандығы байқалды, кобальт майдың біршама артуына септігін тигізсе, ал мырыш пен кобальтты қоса пайдаланғанда шикі жасұнықтың қорлануы артқандығы анықталды.

Мал азықтарының негізгі көрсеткіштері болып қорыталытан протеин табылады. Жоғарыдағы кесте мәліметтерінен қорытылатын протеиннің жоғарғы шығымын мырыш пен кобальт қамтамасыз еткендігін байқаймыз. Егер бақылау тобында қорытылатын протиен жасыл массға есептегенде килограмына 31,25 кг құраса, тәжірибе тобында жүгері тұқымын мырышпен өңдегенде 50,3 г/кг, коблаьтпен – 44,05г/кг құрады.

Қорыта келе, сүрлемдік жүгерінің мал азықтық құндылығы арттыруда мырыш пен коблаьт микроэлементтері айтарлықтай әсер ететіндігі анықталды.

Тәжірибедегі бақылаулар жүгері тұқымын микроэлемент ерітінділерінде жібітуде олардың өсімдіктен шығарылуы да артатындығы көрсетеді (28-кесте).

28-кесте. Жүгерінің жасыл массасындағы микроэлементтердің шығарылуы, г/га

 

Тәжірибе нұсқалары

Cu

Zn

Mn

Co

Mo

B

(NP) Орта + Н2О – бақылау

58,8

55,4

285,6

1,8

1,7

25,2

Орта+Zn

46,1

60,7

392,4

2,0

2,4

24,6

Орта+Со

67,9

54,4

312,6

2,9

2,7

13,6

Орта+Cu

78,3

53,4

275,3

2,8

2,0

13,3

Орта+Мо

85,4

70,4

298,9

3,4

2,7

18,5

Орта+Zn + Со

67,3

59,7

295,4

2,5

2,4

17,7

Орта+Zn+ Cu

44,0

66,0

236,0

2,6

2,3

32,0

Орта+Zn+Мо

69,3

63,4

229,6

2,6

2,1

17,9

Орта+ Сu + Мо

74,4

59,5

271,5

1,9

1,9

14,0

Орта+ Со + Cu

60,7

52,0

294,9

2,2

1,8

10,4

Орта+Cu + Zn + Мо

47,6

66,2

193,7

1,9

1,7

17,3

Орта+Zn+Сu + Со + Мо

63,9

54,7

197,1

1,5

1,6

17,3

Тәжірибе бойынша орташа

61,1

59,8

278,4

2,4

2,1

18,5

 

Жүгері дақылының тұқымдарын арнайы микроэлементтемен, әсіресе басқалармен бірге үйлестіре өңдегенде олардың шығарылуы артады. Мыспен өңдегенде бұл элементтің шығарылуы 20г құраса, мырышпен өңдегенде – 5 г, ал мырыш пен мысты үйлестіре өңдлегенде бақылау тобымен салыстырғанда 11г артатындығы байқалды. Осындай мәліметтер кобальт, молибден және бор бойынша да алынды.

Жүгері тұқымын өңдегенде кобальттың шығымы 0,7-0,8 г-ға, ао молибдендікі – 0,7-0,8 г артты. Орташа алғанда барлық нұсқалар бойынша гектарына 450-500ц өсімдіктің жасыл массасы жиналғанда 1 гектардан: мыстың 61,1 г, мырыштың – 59,8 г, марганецтің – 278,4 г, кобальттың-2,4 г, молибденнің – 2,1 г және бордың 18,5 г шығарылатыны анықталды.

Жүгері дақылының жасылмассасында микроэлементтердің шығарылуы мен сіңірілуін зерттегенімізде, жүгері өзінің бойына гектарына марганецтің 278,4г-ын, мыстың – 61,1 г, мырыштың 59,8 г-ын, коблаьттың 2,4 және молибденнің 2,1 грамын сіңіріп, оның ағзадан шығарылуы топырақ құрамына байланысты орташа 5,8%, 2,0%, 2,0%, 1,5%, 2,4% және 1,6% құрады.

Микроэлементтер қолданылуы мен шығарылуы бойынша төмендегідей қатармсен бөлінеді:

Mn> Cu > Zn > B > Co > Mo

Жүгері басқа дәнді дақылдарға қарағанда микроэлементтерге қажеттілігі өте жоғары және өзінің бойынша бұл элементтерді көптеп сіңіреді.

Топырақтағы қорларын қоса алғанда жүгерінің жасыл массасындағы микроэлементтердің шығарылуын анықтау үшін гектарына 0,5 топырақ қабатындағы жылжымалы Zn, Co, Cu, Mn, Mo және B-ды анықтады (29-кесте).

 

29-кесте. Жүгерінің топырақ қабатындағы жылжымалы микроэлементтердің корреляциялық байланысы

 

Микроэлементтер

5-6 жапырақ

9-13 жапырақ

13-15 жапырақ

r

Sr±

tr

r

Sr±

tr

r

Sr±

tr

Cu

-0,21

0,19

1,1

-0,45

0,16

2,8

-0,75

0,09

8,3

Zn

+0,76

0,09

8,4

-0,48

0,16

3,0

-0,27

0,18

1,5

Mn

-0,07

0,20

0,4

-0,26

0,19

1,4

-0,18

0,19

1,0

Подпись: 59Со

-0,22

0,19

1,2

+0,20

0,20

1,0

-0,79

0,08

9,8

Мо

-0,03

0,20

0,2

-0,62

0,12

5,2

+0,23

0,19

1,2

В

+0,90

0,04

22,5

-0,12

0,20

0,6

+0,57

0,14

4,1

 

29-кестенің мәліметтері бойынша жекелеген микроэлементтердің ағзадан шығарылуы өсімдіктің дамуына байланысты екендігін көрсетті. Жылжымалы микроэлементтердің топырақ қабатындағы құрамы мен оның жүгерімен шығарылуы өсімдіктің алғашқы дамы фазасында – 5-6 жапырақ фазасында жоғары корреляциялық байланыс байқалды. Бұл кезеңде оңтайлы корреля-циялық коэффициенттің жоғарғы мәні мырышта (0,76) және борда (0,90) байқалды. 13-15 жапырақ түзу фазасында мыста (-0,75), кобальтта (-0,79) кері байланыс, ал оң байланыс борда (0,57) анықталды.

 

2.7 Жүгеріні зиянды жәндіктер мен аурулардан, арамшөптерден қорғау шаралары

 

 Жүгері егісіне топырақта тіршілік етерін зинкестер: шыртылдақ қара қоңыздардың личинкалары, мақтаның сұр, жүгерінің сабак кобелектерінін жұлдызқұрттары айтарлықтай залал тигізеді [57].

Жүгерінің өсуі мен дамуына аса көп зиян келтіртіндерге мыналар жатады: тозандды не дүнгіршек қаракүйелері, тұқымы мен өскінің зеңңденуі. Жүгері егісінде біржылдык арамшөптерден кұрмек, мысықкуйрық, көпжылдықттар-дан қумай, курак, қамыс жиі кездестіруге болад. Қосжарнақты біржылдық арамшоптерден алабұта, кәдімгі ошаған, қызылкуйрық түрлері, косжарнақты көпжылдық арамшөптерден егістік тікенқұрай, сарыкалуен, қызылкекіре кеңірек тараған. Жүгеріні зиянкес жәндіктерден, кеселдерден және арам шөптерден қорғау үшін ұсынылған препараттар 30-кестеде көрсетілген.

 

30-кесте. Жүгеріні қорғауға ұсынылған препараттар

 

Пестицид атауы

Зиянды ағзалар

Шығын мөлшері, л/га, кг/га

Қолдану мерзімі

Витавакс,200

тозаңды және дүнгір-шек қара күйелерге, тұқымның зеңденуіне қарсы

2,0-2,5

тұқымды себер алдында

ТМТД, 80%

зеңденуге қарсы

2,0-2,5

тұқымды себер алдында

Тигам, 37%

зеңденуге, топырақта тіршілік ететін зиянкестерге  қарсы

0,3-0,6

егу алдында

Базудин, 5%

топырақта тіршілік ететін зиянкестерге  қарсы

50

егу кезінде тұқыммен бірге

Децис, 2,5%

мақта сұр және жүгері жынды көбелектеріне

0,5-0,7

собық жіпшелері пайда болғанда

Дуал, 96%

біржылдық астық немесеқосжарнақты арамшөптер

1,6-2,1

еккенде немесе алғашқы өнікке дейін

 

8- сурет. Жүгері дәндері арасында пайда болған саңырауқұлақтар коллониялары

 

9-сурет. Жүгері дәні сынығының саңырауқұлақтармен зақымдануы

Ылғалды  қоймаларда жүгерінің собықтарын сақтағанда оларда микроорганизмдер, әсіресе саңырауқұлақтар көбее бастайды. Бұл саңырау-құлақтар тез арада ұлпалардың барлығын зақымдайды (8,9-суреттер).

 

2.8 Зерттеудің экономикалық тиімділігі

 

Микроэлементтердің экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштері егіннің үстемелігі мен алынған өнімнің өзіндік құнынын төмендігі болып табылады.

Суармалы дақылдардың тиімділігін топырақ қабатын азотпен, фосфор және калиймен қатар микротыңайтықыштарды қолдану арқылы жоғарылатуға болады.

Алынған сандық мәліметтер қолданылған микроэлементтер Оңтүстік Қазақстан облысының шөлейтті аймақтаындағы суармалы жерде жүгерінің жасыл массасының сапасы мен өнімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ететіндігін көрсетті. Жүгеріні себер алдында микроэлемент тұздарының ерітінділерінде тұқымдарын жібіту бақылауға шаққанда өнімділікте келесідей артықшылық көрсетті: мырыштық – 123ц/га, кобалттық – 114 ц/га, молибдендік- 110 ц/га, мыстық-87 ц/га (31-кесте).

 

31-кесте. Микроэлементтермен өңделген жүгерінің экономикалық тиімділігі

 

Тәжірибе нұсқалары

Өнімділік, ц/га

Егін үстемелігі, ц/га

Үстемелі егіннің өзіндік құны, теңге/га

Қосымша шығындар, теңге/га

Таза пайда, теңге/га

(NP) Орта+ Н2О – бақылау

335

-

-

-

-

Орта+Zn

458

123

110,70

34,44

76,26

Орта+Со

449

114

102,60

31,92

70,68

Орта+Мо

445

110

99,00

30,80

68,20

Орта+Cu

422

87

78,60

24,36

54,24

Орта + Zn + Со

388

53

47,70

14,84

32,86

Орта+Zn + Мо

400

65

58,50

18,20

40,30

Орта+ Zn + Cu

396

61

54,90

17,08

37,82

Орта+ Со + Мо

372

37

33,30

10,36

22,94

Орта +Со + Cu

347

12

10,80

3,36

7,44

Орта + Zn + Со + Мо

366

31

27,90

8,68

19,22

Орта +Zn + Со + Мо + Сu

365

30

27,00

6,40

18,60

 

Жүгері дақылы жасыл массасының бір гектарға есептегендегі қосымша өнімділігінің таза шығымы мырыш тыңайтқыштарын пайдаланғанда алынды, одан кейін кобалтта (70,68), молибденде (68,20), мыста (54,24) құрады.

Қорыта келе, біздің нәтижелерімізден жүгері тұқымдарын мырыштың, молибденнің, кобальттың және мыстың ерітінділерінде жібіткенде және аридті өсімдіктерді тамырынан тыс қоректендіргенде жоғары тиімділікке қол жеткізуге болатындығы анықталды.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1. Оңтүсік Қазақстанның  шөлді аймақтарында микроэлементтердің (мыс, мырыш, марганец, кобальт, молибден, бор) құрамы топырақ қабатының механикалық құрамына, түріне, тұздылығына, суару режиміне және басқа да факторларға байланысты.

2. Топырақ қабатындағы микроэлементтердің  жалпы құрамы мынадай: мыс – 4,5-52,5, мырыш – 10-120, марганец – 120-1445, кобальт – 0,7-17, молибден – 1,4-9,8 мг/кг. Жылжымалы микроэлементтер саны тиісінше: 0,4-12,0 мг/кг; 0,05-2,95 мг/кг; 35-500 мг/кг; 0,12-2,6 мг/кг; 0,03-0,30мг/кг.

3. Шөлейтті жайылымдар марганец және бормен жоғары дәрежеде қамтылса, молибден, кобальт, мыс және мырышпен төмен қамтылған. Мұнда аталған микроэлементтер құрамының топырақтағы биологиялық қорлану коэффициенті 1,2-1,4 құрайды.

4. Мал азықтық дақылдар үшін микротыңайтқыштарды пайдаланудың тиімділігін анықтағанда, ашық топырақта өсетін жүгері тұқымдарын микроэлемент тұздарымен жібіткенде өнімнің жасыл массасында мынадай үстемелік байқалды: мыс 26%, мырыш 36,7%. молибден 32,8^, кобальт 34%. Мұнда сүрлемдік массада бір уақытта клетчатка мен қорытылатын протеиннің құрамы артқандығы байқалды.

5. Өнімділікті жоғарылатуда тамырдан тыс қоректендіру тиімді әдіс болып табылады. Бақылау нәтижелерінде өнімнің құрғақтай ауа массасындағы қосымша өнімділігі мынадай болды: мырыштан – 28,5%. Кобальттан – 15,7, молибденнен – 20,2 және мыстан – 22,6%.

6. Жүгері тұқымдарын себер алдында микроэлементтермен жібітуді пайдалану экономикалық жағынан тиімді екендігін көрсетті. Мұнда қосымша өнімділіктің таза шығымы мырыш тыңайтқыштарын пайдаланғанда (76,20 теңге) байқалса, одан кейін кобалтта (70,68), молибденде (68,20), мыста (54,24) құрады.

7. Жалпы жүгері дақылдарын өсіру барысында оларға микроэлементтерді (мырыш, бор, кобальт) қолданғанда өсімдік жапырағында, тамырында, тұқымының өнімділігінде бірқатар жоғары нәтижелер алынды. Бұл элементтерді дұрыс дозада бермеу жүгері дақылының кейбір ауруларға шалдығуына, фотосинтез қарқындылығы мен өнімділігін көп мөлшерде төмендетеді.

Қорыта келе алынған зерттеу нәтижелері республиканың суармалы жерлеріндегі барлық топырақ түрлерінде толық минералдық, органикалық тыңайтқыштарды үйлестіріп қолдану — топырақтың қоректік заттарға  құнарлылығын жақсартып, қосымша мол өнім алуға болатынын дәлелдейді.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Асанов К.А., Денисов В.М. Кормовая база Южного Казахстана. – Алма- Ата : Кайнар, 1981. – С.33.

2 Макулбаев   А.Т.,   Сыдыков   Д.А.,   Турсунбаев   С.Б.   Проблемы эффективного использования вегетационного периода в условиях орошения Юга Казахстана // Матер. Междунар.науч.-практ.конф. – Алматы : Бастау, 2000. – С.3-4.

3 Денисов В.М., Сидорцева Т.Н. Интенсивное   использование орошаемых земель на кормовые культуры // Вопросы интенсификации с.-х. производства в Чимкентской области. – Алма-Ата : Кайнар, 1998. – С.92.

4 Сыдыков Д.А., Турсунбаев С.Б. Эффективность удобрений для культур кормового севооборота на поливе // Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. Алматы: Бастау, 2009. -№3. – С. 26-27.

5 Зыков Д.А. Агротехника поливных культур в Южном Казахстане. – Алма-Ата, 2009. – С.74.

6 Копытин И.П., Виноградов Ё.П. Уплотненные посевы кормовых культур в Казахстане. –Алма-Ата: КазНИИНТИ, 2011. –С.46.

7 Кененбаев С.Б. Зональные основы оптимизации плодородия неполив-ных пахотных почв Казахстана: автореф...докт. с.-х. наук.–Алматы, 2001.                    -С.45

8 Сулейменов Б.У. Дәнді дақылдардың химиялық құрамы және топырақ-тан қоректік элементтердің шығарылуы //Жаршы. –Алматы: Бастау, 1996.                      -№10. –7-8 б.

9 Басибеков Б. С. Минеральное питание и система удобрений орошаемой зоны Казахстана. –Алма-Ата, 1983. –С.102.

10 Бекмағанбетов А. Тәлімі жағдайда дәнді дақылдар егісін тыңайту.               –Алматы: Қайнар, 1981. –76-78б.

11 Мальцев Т.С. Вопросы земледелия. –М.: Колос, 1971. –С.390.

12 Мальцев Т.С. Өмірімнің өзегі жер. –Алма-Ата: Қайнар, 1980. –31-34б.

13 Бараев А.И. О научных основах земледелия в степных районах //Вестник с.-х. науки Казахстана. –Алма-Ата: Кайнар, 1976. -№4. –С.25-29.

14 Киреев А.К. Системы обработки почвы: справочник агронома (изд. 4-е переработ. и доп.). –Алма-Ата: Кайнар, 1985. –С.61-71.

15 Сдобникова О.В. Фосфорные удобрения и урожай. –М.: Агро-промиздат, 1985. –С.111.

16 Слесарев В.Н., Шитов А.Г. Влагозарядный эффект зяблевой обработки //Земледелие. –М.,1985. -№3. –С.30-31.

17 Люфт В.Г., Динкелакер А.Ф., Буянкин Н.И. Необходимо освоить выпуск щелевых рыхлителей //Земледелие. –М., 1988. -№3. –С.17-19.

18 Градасов И.И. Технологические и экономические преимущества мини-мальной обработки почвы //Земледелие. –М., 1997. -№1. –С.6-7.

19 Гавва И. Обработка почвы и борьба с сорняками в Канаде //Земледелие. –М., 1986. -№10. –С.53-54.

20 Чулаков Ш.А. Влияние различных способов обработки почвы на динамику микробиологических процессов //Сб.науч.трудов Ин-та микро-биологии АН КазССР. –Алма-Ата, 1960. -№7. –С.249.

21 Бакаев Н.Н. Почвенная влага и урожай. –Алма-Ата: Кайнар, 1975. –С.7-9.

22 Вильямс В.Р. Почвоведение. Земледелие с основами почвоведения //Основы земледелия. –М.:Сельхозиздат, 1949. –Ч.2. –С.279-290.

23 Докучаев В.В., Костычев П.А. Наши степи прежде и теперь. –М.: Сельхозиздат, 1953. –С.151.

24 Дояренко А.Г. Жизнь поля. –М.: Колос, 1963. –С. 71

25 Нұрманбетов Е.Н. Тәлімі жерлердің пар танабын сыдыра таяз өңдеп, сабан шашудың су режиміне ықпалы //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2002. -№3.        –12-15б.

26 Вернадский В.И. Очерки биохимии. – М. : Госиздат, 1927.

27 Школьник М.И. Влияние различных доз микроэлемента меди на активность некоторых пищеварительных ферментов // Микроэлементы в сельском хозяйстве. – Петрозаводск, 1964.

28 Битюцкий Н.П. Микроэлементы высших растений. – М., 2011. — 368 с.

29 Бломберг К. Содержание микроэлементов в растениях и пути повышения эффективности микроэлементных удобрений // Микроэлементы : тез.докл. Всесоюзн. Совез. По микроэлементам. – Рига, 1955. – С.117-122.

30 Росляков А.К., Байтурин М.А. Микроэлементы в питании животных в условиях Тянь-Шаньской предгорной зоны //Тр.АЗВИ. –Алма-Ата, 1961.                   –Т.12. –С.148-152.

31 Рисимбетов Т.К. Применение кобальта, меди, йода при выращивании молодняка крупного рогатого скота в условиях предгорной зоны Заилийского Ала-Тау. –Алма-Ата, 1960. -28 с.

32 Кальницкий Б.Д. Минеральные вещества в кормлении сельскохозяйст-венных животных. –Л.: Агропромиздат, 1985. -207 с.

33 Байтурин М.А. Научные основы применения микроэлементов в животноводства Казахстана (рекомендации). –Алма-Ата, 1986. -29 с.

34 Абуталыбов М.Г. Значение микроэлементов в жизни растений и повышение урожайности с.-х культур в условиях Азербайджана // Микроэлементы в сельском хозяйстве и медицине. – Рига, 1956. – С.136-140.

35 Деева В.П. Влияние микроэлементов на урожай и некоторые физиологические процессы сельскохозяйственных культур в условиях Белоруссии // Микроэлементы в сельском хозяйстве и медицине. -  Киев, 1963. – С.237-239.

36 Бергенсон Ф. Азотфиксация в корневых клубневых бобовых // Материалы IX Междунар. Конгресса по микробиологии. – М., 1966. – С. 69-72.

37 Егоров Е.А., Риш М.А. Микроэлементы в животноводстве. – Ташкент, 1965.

38 Кулжинский С.П. Зернобобовые культуры. – М., 1948. – 131 с.

39 Олль Ю.К. Минеральное питание животных в различных природно-хозяйственных условиях. –Л., 1967. -207 с.

40 Кормоновская М.А. Химический состав и питательность кормов Казахстана. –Алма-Ата, 1968. -238 с.

41 Омарходжаев Н. Мал азықтандыру нормалары мен рациондары.                    –Астана, 2005. -302 б.

42 Росляков А.К., Байтурин М.А. Применение микроэлементов в животноводстве Казахстана. – Алма-Ата, 1967

43 Рубинштейн М.И. Богарные почвы  предгорных равнин Тянь-Шаня, Алма-Ата, 1998, С.5-24.

44 Георгиевский В.М. Минеральное питание животных. –М.: Колос, 1979. -471 с.

45 Белов  А.П. Азот, урожай, качество. – Краснодар, 1971. – 241 с.

46 Бәсібеков Б., Бекмағанбетов А. Жүгері егістігін тыңайту. – Алматы : Қайнар, 1985. – 145 б.

47 Жаңабаев Т., Саудабаев И. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. – Алматы, 1998. – 214 б.

48 Качинский Н.А. Топырақ, оның қасиеттерi және  тiршiлiк. – Алматы : Қазақ мемлекет баспасы, 1959. – 98 б.

49 Құспанов  М. Топырақ, өсімдік, тыңайтқыш. – Алматы : Қайнар, 1976.

50 Фирсова М.К. Методы исследования и оценки качества семян. – М. : Изд –во АН СССР, 1955. - 365 с.

51 Методические указания по семеноведению интродуциентов. – М.: Наука. 1990. - 64 с.

52 Бейдеман И.Н. Методика изучения фенологии растений в раститель-ных сообществах. – Новосибирск : Наука СО, 1974. – 154 с.

53 Доспехов Б.А. Методика полевого опыта (с основами статистической обработки результатов исследований). – М.: Агропромиздат. 1985. - 351 с.

54 Грабаров П.Г., Султанбаева У.М. Микроэлементы в почвах и перспективы использования микроудобрений в Казахстане // Повышение плодородия почв Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1984. – С.157-160.

55 Кузнецов Н.И., Опенлендер И.В. Влияние бора, марганца и цинка на урожай и качество кукурузы // Агрохимия. – М., 1971. - №2. – С.142-144.

56 Маданов А.И., Войкин Л.М. Опыт применения микроэлементов для повышения урожая кукурузы // Роль микроэлементов в сельском хозяйстве. – М., 1961. – С.134-139

57 Катаева О.Е. Поражаемость кукурузы грибковыми заболеваниями в зависимости от влажности початков в условиях заводского хранения // Труды Горской сел. станции. – М.,  1965. – С. 47-56.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2018-08-17 17:37:25     Қаралды-8572

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »