Кіріспе
Еркек бұзаудың ең алдымен олардың шығу тегі (қандай ата-тегінен қандай туыстас топтардан, енесінің сүті қандай), өсіп жетілуі бойынша сұрыптайды. Олардың тұқымдық бұқа алу үшін: таза тұқымдысын, дене пішін келісімді, тірідей салмағы 10 айлығынан бастап I класс стандартынан 10% -ға артық, өсу кезінде тәулігіне 800 – 1000 г салмақ қосып отырған және дене бітімі (конституциясы) мықтыларын сұрыптайды. Әсіресе, шығу тегіндегі, ене сүтінің майлылығына көңіл бөлінеді. Мәселен, қырдың қызыл сиырының еркек бұзауларын жоғарыдай сұрыптағанда, ене сүтінің майлылығы 4,2%-дан және әулиеата сиыры еркек бұзауының ене сүтінің майлылығы 4,1%-дан болуға тиіс.
Д.Н.Пак деректері бойынша сүтті сиырды асылдандыру үшін, бұқаны сұрыптағанда тек әкелерінің қабілетін есептеп қоймай, енесінің де тұқым қуалаушылық қасиетін ескеріп, олардың сүтін және сүтінің майлылығын, осы ата -енеден тараған ұрпақтарының жақсы қасиеттерін еске алады.
13-15 айлығында бұқа дене пішіні және өсіп - жетілуі, ұрығының сапасы және бұқалық қабілеті бойынша бағаланады. Ең жақсылары ұрпағының сапасы бойынша бағалануға қалдырылады.
Бұқаның тұқым қуалаушылық қасиетін екі тәсілмен анықтайды, бұқа ұрпағының жалпы өнімділігі (бонитировка мәләметтерінен) және бақылау қорасындағы олардан тараған ұрпақтардың сапасы мен өнімі бойынша.
Қазіргі уақытта бұқаны ұрпақ сапасы бойынша бағалаудың бірнеше тәсілі бар, оған: бұқа ұрпағының өнім көрсеткішін енесінің көрсеткішімен салыстыру, ұрпақтардың өнім көрсеткішін, онымен жастас сиырлардың өнім көрсеткішімен, ұрпағының өнім көрсеткішін сиыр табанының өнім көрсеткішімен, ұрпағының өнім көрсеткішін I класс стандарт көрсеткішімен және бұқа ұрпағының өнім көрсеткішін бірімен бірін салыстыру арқылы. Әрине, бұқаны ұрпағының өнім көрсеткіші бойынша бағаланады, ұрпақтарында да, енелерінде де және өзімен қатар сиырларда да күтіп бағу жағдайлары бірдей болғаны шарт. Ұрпақ сапасы бойынша бағаланаиын бұқа енесі екі рет немесе одан да көп бұзаулаған болуы және тұқымдылығы IV ұрпақ буданынан кем емес, сүті I класс стандарт көрсеткішімен салыстырғанда - 140% артық, сүтінің тез сауылғыштығы – 10 балл, желіні жақсы жетілген, яғни тостаған немесе дөңгелек тәрізді, ал желін бағасы 5 балл болғаны шарт және тірідей салмағы I класс стандарт көрсеткішінен кем болғаны жөн. Бағаланатын бұқа енесінің дене бітімі мықты, дене пішіні келісіті, бұзаушылықтық қасиеті жоғары және қорытынды класта элита - рекорд және элита болуы керек. Сондай - ақ бұқа енелері машинамен саууға икемді болғаны дұрыс.
Ұрпақ сапасы бойынша бағаланатын бұқаның әкесі тұқымдық сапасы багалы аталық ізден және өз ортасында ұрпақтарын өсіруге бейім, әрі өңімді болған жөн. Әкесінің қорытынды класы - элита - рекорд, экстерьері мен конституциясы 8 балдан кем болмауы тиіс.
Ұрпақ сапасы бойынша бағаланатын бұқашықтарды мейлінше тез және жақсы өсіріп, жетілдіреді. Олар тэулэгәне 850 – 1000 г салмақ қосуға тиісті.
Шығу тегін анықтау үшін қаны да тексеріледі. 10-12 айлығында тірідей салмағы I класс стандарт көрсеткішінен 10 - 20% артық болуға тиіс.
Бұқашықтарды қорада бос ұстаған жөн. Ол үшін 6 айлығынан бастап бір топ бұқашық үнемі бірге болады, ал қыс айларында таза ауада, далада көп серуендетіледі. Жаз айларында жайылымда бағылады.
Бұқашықтарды 10 - 12 айлығында басқа тұқымды шаруашылықтарға, немесе малды қолданұрықтандыру станцияларын береді. Сондай - ақ өсу кезінде бұқашықтың дене бітімінің мықтылығын, сырт пішінін және өсіп -жетілу қарқынын қадағалайды, ол үшін ай сайын өлшейді, ал тірідей салмағы нашарларын сұрыптау ісінен шығарады. 10-12 айлығында экстерьері мен конституциясының бағасы 4 балдан кем болмағаны жөн.
Бұқаларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда, тәжірибе шаруашылықтарында және сүт өндіру кешендерінің бөлімшелері негізінде жүргізіледі. Бұл шаруашылықтарда мал жұқпалы аурулардан таза, мал азығы жеткілікті, малды күтіп - бағуға мүмкіншілігі бар, зоотехникалық және мал асыландыру есептері толығымен қамтылғаны абзал.
Бұқаларды ұрпақ сапасы бойынша бақылауға қойған шаруашылықтарында немесе фермаларында осы мақсатқа арналып 350 - 400 сиыр бөлінеді, оларды 3-4 бұқа шәуетімен ұрықтандырады. Кәрі (7 рет және одан да көп бұзаулаған), жыныс органдарында ауруы бар сиырлар бұл үрдіске қатыспайды. Сиырлар 3 - 4 ай ішінде ұрықтандырылуы тиіс.
Бұқаны ұрпағының сапасы бойынша бағалау кезінде олардың ұрығы үнемі алынып түрады, содан соң жартысын мұздатып (-196°С), сұйыққа азотты сақтайды. Бұқаны ұрпағының сапасы бойынша бағалауда 4 - 4,5 жыл ішінде әр бұқадан 10 мың дозаға дейін ұрық жинайды. Алынған төлді есепке алады, қандай аталық ізден шыққанын білу үшін қанын да тексереді. Ұрғашы бұзауларды бір жерде өсіріп бағады, ұрпағының сапасы бойынша бағаланатын әр бұқаның ұрығынан алынған 25 және одан да көп ұрғашы бұзаулар бұқа бағалаудан өткенше шаруашылықта әрі қарай өсіледі. Бұзаулардың 2 - 3 ай бүрын қашарларды - бағаланатын бұқаның ұрпақтарын бақылау фермасына жинайды, оларды күн сайын серуендетіп түрады. Ұрғашы бұзаулар тайынша - қашар кезінде, олардың тірідей салмағы I класс стандарт көрсеткішінен 10 - 20% артық болғаны жөн. Олардың азық құрамында: шөп, шөп үны, жүгері сүрлемі және жаздакөк шөп болғаны жөн. Жем жалпы азық күрамының 25 - 30% - нан аспауы тиіс. Бақылаудағы қашарлар қорада байламай бағылады, қыста күн сайын серуендетіледі, жазда жайылымда ұсталады. Бақылаудағы қашарлардың 15-18 айлығында тірідей салмағы, осы жастағы I класс стандарт көрсеткішінен 10 - 20% артық болса, бұқа шәуетімен ұрықтандырыла бастайды. Қашарлар 10, 12 және 18 айлығында 5 балдық шкаламен экстерьері, конституциясы бойынша бағаланады, ал бұзаулағаннан кейін сауын маусымының 2 - 5 ай кезінде 10 балдық шкаламен бағаланады.
1 Негізгі бөлім
Әдебиетке шолу
1.1.1 Бұқаны ата - тегі бойынша сынау
Асыл тұқымды мал шаруашылықтарына сүтті немесе сүтті майлы сиырларды алу үшін жұптауға бағалы, жынысы жағынан қабілетті, тұқымы жақсы және өнімділігі жоғары бұқаларды пайдаланған жөн. Мәселен сиыр сүтінің майлылығын тез көтерудің бір жолы - тұқымды таза өсіру, сол тұқымдағы сүтінің майлылығы жоғары бұқа линиясын ұрықтандыруға кеңінен пайдалану қажет.
Сиыр сүтінің майлылығын арттырудың тағы бір жолы оларды сүтінің майлылығы жоғары сиыр тұқымының бұқасымен будандастыру, мұндай будандастыруға туыстас сиырлардың тұқымын қолданады, сырт пішіні, өнім бағыты ұқсас тұқым болуы қажет. Мысалы, қырдың қызыл сиыры және латыш қызыл сиырлары сүтінің майлылығын жоғарлату үшін англер және данияның қызыл сиырының бұқасын қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланады. Бұл тұқымның қырдың қызыл сиыры және латыш қызыл сиыры тұқымдарымен сырт пішіні, сүттілігі өте ұқсас, бірақ англер және дания қызыл сиырының еттілігі жақсы жетілген, әрі сүтті (сүт өнімі 4000-6000 кг), сүтінің майлылығы да жоғары (4,1-4,5%), ал желіндері өте жақсы өскен. Бұл жаңа тұқымның қасиеті сол, машинамен саууға бейім сиыр табынын шығару үшін жәнесүт кешендерін мал тобымен эзірлеу үшін пайдаланылады.
Сол сияқты, әулиеата сиырының сүттілігін жоғарлату үшін туыстас Ресей қара ала сиырының бұқалары пайдаланылады. Қара ала сиыр дене пішіні, ірілігі, тірідей салмағы, еттілігі және сүттілігі (4000-6000 кг) жағынан әулиеата сиырынан едэуір артық. Әулиеата сиырын қара ала сиыр бұқаларымен қан жаңарту тәсілімен будандастырғанда, әулиеата сирының сүті ғана артып қоймай, дене құрылысының кемістігі де түзеліп, еті және ірілігі артады.
Ұрпағының сапасы бойынша сыналатын бұқалар асылдандыру мекемелерінде, асыл тұқымды мал зауыттары мен шаруашылықтарында өсірілген жөн. Ұрпағының сапасы бойынша жас бұқаларды арнайы бөлінген шаруашылықтарда, фермаларда, ал азбан бұқаларды сауылған ұрпағы бар асыл тұқым мал зауыттарында және қатардағы шаруашылықтарда жүргізілген бонитировканың қорытындысы блйынша сынайды.
Ұрпағының сапасы бойынша сыналатын бұқаларды келешекте кеңінен өсіру мақсатында жақсы атадан өрбіген, қорытынды класс элита - рекорд, сырт пішіні мен дене бітімінің сынақ балы 25 - 27кем емес (жас бүршақтың сырт пішінінің сынақ балы - 28), келешегі зор аталық із (линия) малының ішінен іріктеп алады.
Сыналатын бұқаның енесі белгілі аналық ұя малынан шыққан және тұқым IV буыннан кем емес, иекі және үш, одан да көп бұзаулаған, сауылған сүті және сүт майы стандарттан 150%, сүтінің майлылығы стандарттан 0,2% жоғары, тірі салмағы I класс талабынан төмен емес сиыр болуы тиіс.
Олар дене бітімінің мықтылығымен, сырт пішінінің сымбаттылығымен, жақсы жетілген астау, тегене тәріздес немесе домалақ желінімен өзгешеленеді. Желіні мен желінің бөліктері бірдейлігі 45% - дан кем емес, желінің сынақ балы 2,5 кем емес, сүт беру екпінді 5 балдан төмен болмағаны,, ал қорытында класы элита және элита - рекорд болуы тиіс.
Бұқаны ата - тегі бойынша енесінен басқа, кем дегенде 2-3 буын аналық тегінің сүттілігіне және жақындарының, қарындастарының, бауырластарының немесе туыстарының өніміне қарай бағалайды.
Олар ұрпағының сүттілігі бойынша А1 асыл тұқымдық категориясы бар, дене бітімі шығыңкы, сырт пішіні сымбатты және 27 балл алған, енелері машинамен саууға бейімделген болуы тиіс.
Егер бұқа ұрпағының сапасы бойынша сыналмаса, онда оның енесінің сүттілігі тұқым стандартымен салыстырғанда 200%артық болуы тиіс, ал сүтінің майлылығы тұқым стандартынан 0,2% жоғары болуы шарт.
- Ұрпағының сапасы бойынша сынау
Бұқаны алдын ала, еркек және ұрпақтарының өсіп жетілуі және олардың тұлғасының типі бойынша сынайды.
Дене бітімі мен сырт пішінінің тұқым қуалағандығын неғұрлым дұрыс тану үшін, жас малды ата - тегіне қарай (бұқалар бойынша) топтас, оларды көз алдынан ары - бері жүргізіп өткізген жөн.
Жас малдың сырт пішінін 10 балдық сынақ бағанасы бойынша 6,12,18 айлығында сынайды. Өсіп жетілуіне, сирақтарын басуына, сүйегінің беріктігіне, денесінің жан-жақты дамығандығына, сырт пішінінің мінсіз болғандығына ерекше мән береді.
Сонымен қатар, тірі салмағына, тәуліктік қосымша салмақ қосу қабілетіне, денсаулығына көңіл аударады.
Сыналатын бұқаны еркек, ұрғашы ұрпақтарының көрсеткіштері, құрбы-құрдастарының көрсеткіштері мен және тұқымының I класының талабымен салыстырады.
Бұқаны сынаудың қорытындысының сенімділігі бірқатар жағдайларға байланысты болады: ұрғашы ұрпағының санына (кем дегенде 95 бас), олардың сүттілік деңгейіне, шешелері мен ұрғашы ұрпақтарының және ұрғашы ұрпақтары мен олардың құрбыларының сүттілігінің айырмасы және белгілерінің өзгергіштігіне.
Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығында бұқаны ұрпағының сапасы бойынша сынаудың мынандай тәсілдері бар:
І.Сыналатын бұқаның ұрғашы ұрпағының сүттілігін, олардың енелерінін сүттілігімен салыстыру.
2.Ұрғашы ұрпағының сүттілігін олардың құрбыларының сүттілігімен салыстыру.
З.Ұрғашы ұрпағының сүттілігін табанның сол жылғы орта есеппен алғандағы сүттілігімен салыстыру.
1.1.3 Қыздары - енелері тәсілі бойынша бағалау
Қыздары мен енелерін салыстыру генетикалық жағынан өте тура тәсіл. Өйткені қызындағы өте күрделі нәсілдік қасиет құрылуына атасы да, шешесіде қатысады.
Салыстыру нәтижесінде қыздарының өнімінің жоғарылауы немесе төмендеуіне қарай атасының асылдық сапасын анықтауға мүмкіндік туады.
Бұқаны «қыздар - енелері» тәсілімен сынау оның жақсартқыш немесе төмендеткіш қасиетін біліп қана қоймай, бұқаның нәсілдік күші анықтауға жағдай тудырады. Бұқаның нәсілдік қасиеті қыздарымен енелері өнімінің арасында коррелляциялық коэффирцентті шығару арқылы анықталады.
Мысалы, қыздары мен енелері сүттілігі арасында коррелляция коэффирценті г =0,1- 0,2 болса бұқаның нәсілдігі күшті деп саналады және нәсілдік қасиетін ұрпағына тұрақты бере алады. Ал, керісінше егер г = 0,3-0,4 болса, онда қыздарының сүттілігінің жоғалуы, немесе төмендеуінде бұқаның әсері азғантай болғаны. Демек, сүттілік шешесінің нәсілдік күшіне байланысты болғаны.
Қыздары мен енелерінің өнімділігін бірдей сауын маусымындағы сүттілігімен салыстырған жөн. Егер қыздары мен енелерін әр түрлі сауын маусымындағы сүттілігі бойынша салыстыратын болса, онда сауын маусымының санына қарай түзету енгізіледі.
Бірінші бұзаулаған сиыр сүттілігін сақа сиыр сүттілігіне аудару үшін 1,26-1,30 коэффицентіне көбейтеді, ал тірі салиағын 1,2 көбейтеді. Екі бұзаулаған сиыр сүттілігін сақа сиыр сүттілігіне аудару үшін 1,11 коэффицентін, ал тірі салмағын 1,1 коэффициентіне көбейтеді.
Бұл тәсілді шаруашылыққа бірнеше жыл бойы азықтандыру, бағып - күту, пайдалану жағдайы бірдей болғанда ғана қолданған дұрыс. Және бұл шаруашылықта мал таза өсірілуі, зоотехникалық есеп дұрыс және тиянақты жүргізілуі тиіс. Бұл тәсілдің кемшілігі айтылған талаптарды қатаң сақтай алмағандық (әсересе азықтандыру типі мен деңгейі). Мұндай жағдайда алынған айырма сыналатын бұқаның генотипінің әсері емес, шаруашылықта жасалған жағдайлар өзгешелігінің әсері болып есептеледі. 13-15 айлығында бұқадене пішіні және өсіп - жетілуі, ұрығының сапасы және бұқалық қабілеті бойынша бағаланады. Ең жақсылары ұрпағының сапасы бойынша бағалануға қалдырылады.
Бұқаның тұқым қуалаушылық қасиетін екі тәсілмен анықтайды, бұқа ұрпағының жалпы өнімділігі (бонитировка мәләметтерінен) және бақылау қорасындағы олардан тараған ұрпақтардың сапасы мен өнімі бойынша.
Қазіргі уақытта бұқаны ұрпақ сапасы бойынша бағалаудың бірнеше тәсілі бар, оған: бұқа ұрпағының өнім көрсеткішін енесінің көрсеткішімен салыстыру, ұрпақтардың өнім көрсеткішін, онымен жастас сиырлардың өнім көрсеткішімен, ұрпағының өнім көрсеткішін сиыр табанының өнім көрсеткішімен, ұрпағының өнім көрсеткішін I класс стандарт көрсеткішімен және бұқа ұрпағының өнім көрсеткішін бірімен бірін салыстыру арқыдыг Әрине, бұқаны ұрпағының өнім көрсеткіші бойынша бағаланады, ұрпақтарында да, енелерінде де және өзімен катар сиырларда да күтіп бағу жағдайлары бірдей болғаны шарт. Ұрпақ сапасы бойынша бағаланаиын бұқа енесі екі рет немесе одан да көп бұзаулаған болуы және тұқымдылығы IV ұрпақ буданынан кем емес, сүті I класс стандарт көрсеткішімен салыстырғанда - 140% артық, сүтінің тез сауылғыштығы – 10 балл, желіні жақсы жетілген, яғни тостаған немесе дөңгелек тәрізді, ал желін бағасы 5 балл болғаны шарт және тірідей салмағы I класс стандарт көрсеткішінен кем болғаны жөн. Бағаланатын бұқа енесінің дене бітімі мықты, дене пішіні келісіті, бұзаушылықтық қасиеті жоғары және қорытынды класта элита -рекорд және элита болуы керек. Сондай - ақ бұқа енелері машинамен саууға икемді болғаны дұрыс.
Ұрпақ сапасы бойынша бағаланатын бұқаның әкесі тұқымдық сапасы, бағалы аталық ізден және өз ортасында ұрпақтарын өсіруге бейім, әрі өнімді болған жөн. Әкесінің қорытынды класы - элита - рекорд, экстерьері мен конституциясы 8 балдан кем болмауы тиіс.
Ұрпақ сапасы бойынша бағаланатын бұқашықтарды мейлінше тез және жақсы өсіріп, жетілдіреді. Олар тәулігіне 850 – 1000 г салмақ қосуға тиісті. Шығу тегін анықтау үшін қаны да тексеріледі. 10-12 айлығында тірідей салмағы I класс стандарт көрсеткішінен 10 - 20% артық болуға тиіс.
Бұқашықтарды қорада бос ұстаған жөн. Ол үшін 6 айлығынан бастап бір топ бұқашық үнемі бірге болады, ал қыс айларында таза ауада, далада көп серуендетіледі. Жаз айларында жайылымда бағылады.
Бұқашықтарды 10 - 12 айлығында басқа тұқымды шаруашылықтарға, немесе малды қолданұрықтандыру станцияларын береді. Сондай - ақ өсу кезінде бұқашықтың дене бітімінің мықтылығын, сырт пішінін және өсіп -жетілу қарқынын қадағалайды, ол үшін ай сайын өлшейді, ал тірідей салмағы нашарларын сұрыптау ісінен шығарады. 10-12 айлығында экстерьері мен конституциясының бағасы 4 балдан кем болмағаны жөн.
1.1.4 Қыздары - құрбылары тәсілі бойынша бағалау
Бұқаны ұрпағының сапасы бойынша сынаудағы негізгі тәсіл қыздары мен құрбыларының өнімін салыстыру.
Бұқаның асылдағы және асыл тұқымының категориясы қыздарының (кем дегенде 15 бас болу керек) алғаш сауын маусымындағы сүттілігі боцынща сынақтан өткен соң анықталады.
Сынақ барысында қыздарының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштері: сауылған сүт, сүттегі майлылық (сүт майы кг), сүттегі ақуыз (сүт белогі, кг), сүт беру жылдамдығы (кг, мин), желін индексі, желіндерінің түрі анықталады. Әр бір көрсеткіш қыздары мен олардың құрбылары арасындағы айырма, ал асыл тұқым мал зауыттары мен шаруашылықтарды олардың шешелерінің ді көрсеткіштері анықталады.
Сынақтан өтетін бұқаны қызздарының құрбылар де жастары бірдей (айырмасы 3 ай шамасында) жылдың бір мезгілінде туған және бірдей жағдайда бағып - күтілген басқа бұқалардың ұрпақтарын айтады. Сыналатын бұқаның қыздарының туған уақыты мен алғаш бұзаулағандығы жасының басқа бұқадан тараған құрбыларынан айырма алшақтығы 6 айдан аспауы тиіс.
Бағалау кезінде қосымша мына көрсеткіштер де есепке алынады: Іш тастаған мал саны, туылған бұзаулар мен кемісті бұзаулар саны, қиын туыт саны, сауын маусымы кезінде не сауын маусымы аяқталғанан кейінгі табын құрамынан шығарылған сиырлар, олардың табыннан шығу себептер, бұзаулағанан соңғы күйлеу уақыты, ұрықтандырудың қайталануы және сервис - кезең ұзақтығы.
Сынақтан өткен бұқаның асыл тұқымдық құндылығын кыздары мен құрбыларның өнімі арасындағы айырмасы бойынша анықтайды.
Ұрпағының сапасы бойынша сынақтан өткен бұқаға асыл тұқымдық категория 2 көрсеткіш бойынша сүттілігі мен сүттің майлылығы бойынша беріледе.
Егер бұқаның қыздарының сүт беру екпіні орташа есеппен төрт баллдан төмен болып және желін индексі 40 баллдан кем болса, онда бұқаға асыл тұқымдық категория тағайындалмайды.
Бұқаларға асыл тұқымдық категория береде 41 - 42 кестелерді пайдаланды. Және қыздарының санына қарай түзеткіш коэффициентті пайдаланып тұқымының тобыбы айырады.
Сүттілігі (А1 А2 АЗ) және сүттің майлылығы бойынша (Б1 Б2 БЗ) асыл тұқымды бағалауға қойылған бұқалардың қыздарының сүт майы, құрбыларының сүт майынан кем болғанда ғана тағайындайды. А1 категориясын Б категорияларын бұқаларға қыздарының сүтінің майлылығы стандарттан төмен болса ғана тағайындайды. Сонымен қатар, категориясйна бейтарап асыл тұқымдық категория алмаған бірақ қыздарының сүттілігі стандарттан 180%болған бұқалар да жатады. Егер қыздарының сүттілігі стандарттан 15 % төмен, ал сүт майлылығы 5% төмен бұқалар нәсілдік қуаты нашар болып есептелінеді. Бұқаны «қыздар - енелері» тәсілімен сынау оның жақсартқыш немесе төмендеткіш қасиетін біліп қана қоймай, бұқаның нәсілдік күші анықтауға жағдай тудырады. Бұқаның нәсілдік қасиеті қыздарымен енелері өнімінің арасында коррелляциялық коэффирцентті шығару арқылы анықталады.
Мысалы, қыздары мен енелері сүттілігі арасында коррелляция коэффирценті г =0,1- 0,2 болса бұқаның нәсілдігі күшті деп саналады және нәсілдік қасиетін ұрпағына тұрақты бере алады. Ал, керісінше егер г = 0,3-0,4 болса, онда қыздарының сүттілігінің жоғалуы, немесе төмендеуінде бұқаның әсері азғантай болғаны. Демек, сүттілік шешесінің нәсілдік күшіне байланысты болғаны.
Қыздары мен енелерінің өнімділігін бірдей сауын маусымындағы сүттілігімен салыстырған жөн. Егер қыздары мен енелерін әр түрлі сауын маусымындағы сүттілігі бойынша салыстыратын болса, онда сауын мацсымының санына қарай түзету енгізіледі.
Бірінші бұзаулаған сиыр сүттілігін сақа сиыр сүттілігіне аудару үшін 1,26-1,30 коэффицентіне көбейтеді, ал тірі салиағын 1,2 көбейтеді. Екі бұзаулаған сиыр сүттілігін сақа сиыр сүттілігіне аудару үшін 1,11 коэффицентін, ал тірі салмағын 1,1 коэффициентіне көбейтеді.
Бұл тәсілді шаруашылыққа бірнеше жыл бойы азықтандыру, бағып - күту, пайдалану жағдайы бірдей болғанда ғана қолданған дұрыс. Және бұл шаруашылықта мал таза өсірілуі, зоотехникалық есеп дұрыс және тиянақты жүргізілуі тиіс. Бұл тәсілдің кемшілігі айтылған талаптарды қатаң сақтай алмағандық (әсересе азықтандыру типі мен деңгейі). Мұндай жағдайда алынған айырма сыналатын бұқаның генотипінің әсері емес, шаруашылықта жасалған жағдайлар өзгешелігінің әсері болып есептеледі. 13-15 айлығында бұқа дене пішіні және өсіп - жетілуі, ұрығының сапасы және бұқалық қабілеті бойынша бағаланады. Ең жақсылары ұрпағының сапасы бойынша бағалануға қалдырылады.
Технологиялық бөлім
1.2.1 Етті бағыттағы тұқым бұқаларын ұрпағының сапасы бойынша және еркек ұрпағының өсіп - жетілу жылдамдығы
Ұрпағы жедел өсетін бұқаны пайдаланудың экономикалық тиімділігі зор, сондықтан оларды сапасы бойынша сынақтан өткізу қажет деп саналады.
Ұрпағының сапасы бойынша сынау үшін сынаққа қойылған әр бұқадан айында 100 бас қалыптағыдай өскен, тұқымдық типі айқындалған еркек ұрпақтарын азықтандыруы мен бағып - күтуі оңтайлы және бірдей жағдайға қояды.
1-кезең ұрпағының өнімі бойынша сынау, және 2-кезең бұқаны ұрпағының сапасы бойынша сынау.
Бұқаны алғашқы өнімі бойынша сынау 8 айынан 15 айына дейінгі өсіру кезеңінде: өсіп - жетілу қарқыны мен азықты өтеу қасиеті, бұқаның сырт пішіні мен оның ұрпағының көрсеткіштері арасында корреялктивтік байланысты анықтау арқылы жүзеге асады.
Кесте 1 - 15 айлық етті бағыттағы бұқаларды сынау бағанасы
Дене мүшелері мен малдың өсіп жетілуі |
Жоғары балмен бағалау үшін қойылатын талаптар |
Бағасы
|
||
---|---|---|---|---|
Бал-дары |
Коэф- фи-циенті |
Жалпы балл |
||
Жалпы түрі, бұлшық етінің өсіп жетілуі
Кеудесі
Шоқтық арқа, белі
Сан еті
Сирақтары
Жиыны: |
Тұлғасының өсіп жетілуі, жан- жақтылығы, тұқымға тән тұрғалы үлкен, кең, даналанған, бұлшық еті жақсы жетілген
Кең, терең, жауырын сыртында ойық жоқ. Жақсы жетілген, шығыңқы төстік.
Кең, ұзын, түзу, бұлшық еті жақсы жетілген.
Өте жақсы жетілген, бұлшық еті өкшесіне дейін, санның ішкі беті етті.
Мықты, тура басылған, тұяғы берік |
5
5
5
5
5 |
3
2
2
2
1 |
15
10
10
10
15
60 |
Бұқаларды сынағандағы қойылатын талаптар
а) 8 айынан 15 айына дейінгі тәуліктік қосымша салмақ:
5 балл - 1001 г және жоғары
4 балл-851-1000 гр
3 балл-701-850 гр
2 балл - 700 г және одан да төмен
ә) 15 айлығындағы тірі салмағын классқа жатқызу:
5 балл - тірі салмағы элита-рекорд үстінде
4 балл - -»- элита -»-
3 балл - -»-1 класс -»-
2 балл - -»- II класс -»-
б) 8 айынан 15 айлығына дейін 1 кг қосымша салмаққа шыққан азықтық
өлшем бірлігі (АӨБ)
5 балл - 7 АӨБ дейін
4 балл - 8АӨБ -»-
3 балл - 9 АӨБ -»-
2 балл - 10 АӨБ жоғары
в) Еттілігін тірісінде сынау
5 балл - сынағанда 54 балдан кем емес
4 балл - сынағанда 48 балдан кем емес
3 балл - сынағанда 42 балдан кем емес
2 балл - сынағанда 36 балдан кем емес
Бұқаны жан-жақты сынау негізінде ұрпағының сапасы бойынша класын және бұқашықтарды өз өнімі бойынша класын шығаруды 42-інші кестеге сүйене отырып жасайды.
Кесте 2 -Бұқаларды ұрпағының сапасы және бұқшықтарды еттілігі бойынша сынау бағанасы
Кластары |
Балмен бағалау |
Элита-рекорд |
45-50 |
Элита |
40-44 |
I класс |
32-39 |
II класс |
20-32 |
Бұқаны ұрпағының сапасы бойынша класын оны бонитировкадан өткізгенде қорытынды класын анықтау үшін қолданады.
Кесте 3 -Бұқаны қорытынды класын ұрпағының сапасы бойынша анықталған класын қоса есептеп, анықтау
Тірі салмағы, сырт пішіні және шығу тегі бойынша класы
|
Ұрпағының сапасы бойынша класы |
|||
Элита-рекорд |
Элита |
I класс |
II класс |
|
Элита-рекорд Элита 1 |
Эл.-рекорд Эл.-рекорд Элита |
Эл.-рекорд Элита Элита |
Элита 1 1 |
1 II II |
Бұқашықтың еттілігі бойынша класы, тірі салмағы, сырт пішіні мен дене бітімі бойынша анықталған жиын класына теңделіп, және де бонитировка кезінде қорытынды класс шығару үшін пайдалануға болады.
Бұқаларды ұрпағының сапасы бойынша класы және өз өнімі бойынша класы көбінесе азықтандыру деңгейі мен азықтандыру жағдайына байланысты, сондықтан әр түрлі шаруашылықта сынақтан өткен, немесё бір шаруашылықта әр жылда өткен бұқаларды салыстыруға байланысты сынақ нәтижесі индекспен толықтырылуы тиіс.
Сонымен бірге, барлық көрсеткіштер бойынша арифметикалық орташа көрсеткіші шығарылады.
Индекс мөлшері азықьтандыру жағдайына, бағып күтуге байланысты немесе, ол малдың тек генетикалық сапасын сипаттайды. Ол белгі, егер бұқашық өз өнімі бойынша сынақтан өтсе көрсетілген классынан «А» деген әріппен белгіленеді, ал бұқа ұрпағының сапасы бойынша сынауықтан өтсе «Б» әріпімен белгіленеді. Осымен қатар сыналатын бұқадан алынған ұрпақтардың шешелері қандай туыстық топқа немесе аталық ізге дататындығы анықталады. Сыналатын бұқаның ұрпақтары жоғары еттілік көрсетсе ондай кросстар келешекте селекция жұмысында пайдалануға ұсынылады.
Ег;ер сынақтан өткен бірнеше бұқа ұрпағының сапасы бойынша бірдей класқа жатса, онда қорытынды индексі жоғары мал таңдалады.
Өз өнімі бойынша қорытынды индексі 100-ден төмен асыл тұқым бұқашықтарды асыл тұқым мал шаруашылықтарында және қолдан ұрықтандыруға пайдалануға болмайды. Өз табынан жаңартуға индексі 120-дан жоғары бұқашықтарды пайдаланады.
Өсу қарқыны мен азықты ақтау арасындағы өте жоғары корреляция болатындықтан (0,81-0,9), асыл тұқымды фермаларында, егер берген азықты жеке-жеке есептеуге мүмкіндік болса, бұқашықты өз өнімі бойынша бұл көрсеткішсіз-ақ сынауға болады.
Бұқаны ұрпағының сапасы бойынша және бұқашықтар өз өнімі бойынша сыналатыны туралы қүжатқа директор, бас-зоотехник, зоотехник, селекционер, қолдан ұрықтандыру станциясы маманы қол қойып мөр басады. Ол қосымша сынаққа түсу үшін қажет негізгі құжат болып табылады, асыл тұқымды куәлігімен қатар жүреді.
Сынақ нәтижесі ауыл шаруашылығы басқармасына және республика ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырылады.
Ұрпағының сапасы бойынша жоғарғы класқа жататын бұқаларға жақсы рацион жағдай жасалынады. Оларды барынша толық пайдалану керек. Мұндай бұқалардың ұрығы ұзақ сақталады.
Қорытынды индексі 100-ден жоғары бұқа егер еттілігі жақсы болып, азық өтеу қабілеті және өсу қарқыны жоғары болса, тұқым типі анықталған асыл тұқымдық шаруашылықтар мен қолдан ұрықтандыру станцияларына бөлініп, бекітіледі.
2 Тіршілік қауіпсіздігі
2.1 Ірі қара шаруашылылығындағы техникалық қауіпсіздікті сақтау
Техникалық қауіпсіздік және өндірістік - санитарлық шаралар жиынтығы ірі қара шаруашылығын зооантропозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі керек.
Ірі қара шаруашылығында еңбек қорғау ережелерімен танысуы үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс.
Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру.
Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекшісі жүргізеді.Бұл нұсқау жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін практикада игерудің бастамасы болып табылады.ірі қарамен тікелей жұмыс істейтін адамдарды жеке бастың гигиенасымен таныстырады.
Кезеңі нұсқау іріқара шаруашылығы жұмысшылары үшін 6 айда бір рет жүргізіледі. Жазатайым жағдай болу фермада қосымша нұсқау жүргізіледі, оған барлық арашылар қатысады.
Ірі қара шаруашылығында еңбек шарты қора - жай ауасының зиянды газдармен, шаң - тозаңмен және микроорганизмдермен ластануына, температураның тез өзгеруіне, шуға және физикалық ауыртпашылыққа байланысты болады. Соған байланысты ірі қара шаруашылығындағы жұмысшылар көп жағдайда мамандық ауруына ұшырайды. Ірі қара шаруашылығының еңбегі бұлшық ет күшін қажет ететін физикалық жұмыстар. Шаруашылықтарды механикаландыру және автоматтандыру, азықты дайындау және тарату, суару, сауу, көңді жинау сияқты жұмыстар кезінде физикалық ауыртпалықты жеңілдетер еді. Дегенмен де, мұндай шаруашылықтарта да кейбір қолайсыз факторлар сақталады, мысалы: ұзақ уақыт бойы қора - жайларда жүру, малдың тығыз орналасуы, ауаның бактериялармен ластануы, бұлардың барлығы ірі қара шаруашылығындағы жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді.Сондықтан да ірі қара қора - жайларында оптимальді микроклиматты сақтау қызмет көрсетушілерді аурудан сақтаудың маңызды факторы болып табылады.
Ірі қара шаруашылығыдағы жұмысшылар арнайы және санитарлық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім - бұл жұмысшыларды физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резеңке шұлықтар жатады.
Химиялық дезинфектанттардың зиянды әсерінен қорғану үшін жұмысшыларға алжапқыш, қалпақ, резеңке етік және қолғап беріледі.
Санитарлық киім - бұл ет және ет өнімдерінің, сүттің жұмысшылар киімі арқылы микробпен ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың бірі.Санитариялық киімге ақ, тегіс мақта - матадан тігілген халат, қалпақ, орамал жатады.
Ауру ірі қарамен, өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қаупі төнеді.Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулез, бруцеллез, құтырық, бұзаутаз және т.б. жатады. Мұндай аурулар кезінде сақтық шаралар негізіне нақты ветеринариялық қадағалау, уақтылы балау, ауру малдарды емдеу жатады, сонымен қатар қызмет көрсетушілер де сақтық шараларды қолдануы керек.
Ірі қарамен жұмыс істеуге 18 - ге толмағандар, жүкті және бала емізетін әйелдер жіберілмейді. Қызмет көрсетушілерге арнайы киімнің сыртынан басқа киім киюге, мал қора - жайларында тамақ жеуге және ауру ірі қарадан алынған шикі сүтті ішуге тыйым салынады.
Қызмет көрсетушілер ауру ірі қараны күту барысында міндетті түрде арнайы киім кию керек, бұл киім жұмыс біткен соң зарасыздандырылады. Жұмыс аяқталған соң, қызмет көрсетушілер душқа түсіп, өз киімдерін киеді. Жұмысшылар қолдарын құрамында 100 - 150 мг/л белсенді хлоры бар ерітіндімен зарасыздандырады. Бұл ерітінді күн сайын ауыстырылады.
Зараданған қи мен өлекселерді резеңке етік, қолғап, комбинезон киіп жинайды. Бұл жұмыстан кейін арнайы киімдерді әбден зарарсыздандырады. Халат, алжапқыш, орамалдарды аптасына 1 рет 1 пайыз сілтілі ерітіндіге немесе 2 пайыз сода ерітіндісіне салып қояды, соңынан 30 мин қайнатып, сабынмен жуады.
Кейде жұмысшылардың оқыс қимылынан ірі қара шошынып, адам денесіне тістеп алуы мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұмысшылар малды күтудің қауіпсіздік ережелерін жаттауы керек.
Қызмет көрсетушілер толық медициналық тексеруден өткен соң ғана жұмысқа жіберіледі. Жұмысшылар 3 айда 1 рет, сауыншылар айына 1 рет профилактикалық тексеруден өтеді және 6 айда 1 рет бруцеллез бен туберкулезге тексеріледі. Барлық жұмысшылар уақтылы ішқұрт тасымалдауға тексеріледі.
Дезинфекциялық жұмыстарға ветеринарлар, санитарлар, механизаторлар, жүргізушілер және малшылар қатысады, олар дезқондырғылармен және дезинфекцияық ерітінділермен жұмыс істеу және қауіпсіздік ережелерін білуі керек.
Дезертінділерді дайындау жұмыстары ветеринариялық мамандардың қадағалауымен жүргізіледі.Ертінді дайындаушылар арнайы киімдер киеді.
Дезертінділермен және аэрозольдермен жұмыс істеу барысында темекі шегуге және тамақ жеуге болмайды. Ауданы аэрозольмен дезинфекциялаумен желсіз, құрғақ ауада жүргізіледі.
Дезинфекция немесе аэрзольді дезинфекциядан кейін жайларды 6-24 сағатқа жауып қояды. Мұндай жағдайда қора - жайлардың есіктеріне кіруге болмайды деген ескертпе жазулар ілінеді.
Дезинфекция мерзімі біткен соң, жайлардың іші бір тәулік бойы желдетіледі, содан кейін азық және су астаушалары ыстық сумен жуылады және желдеткішті қосып қояды .Осыдан кейін ғана адамдарға кіруге және ірі қараны жіберуге рүқсат етіледі.
Улы химикаттармен жұмыс жасаған соң, киімді шешіп тазалау керек және қолды сабындап жылы сумен жуады. Дезинфекцияда қолданылған арнайы киімдерді үйде сақтауға болмайды.
Ірі қара шаруашылығындағы жұмысшылардың барлығында санитариялық кітапшалары болады. Санитариялық кітапшаға денсаулық жағдайы, медициналық тексерудің нәтижелері, инфекциялық аурулармен ауырса, ол туралы мәліметтер, профилактикалық егулер туралы жазылады.
Туберкулезбен , бруцеллезбен және басқа да адам мен малға ортақ аурулармен ауыратын адамдар ірі қарамен жұмыс істеуге жіберілмейді.
Сүт фермасында жұмысшылардың жеке басының гигиенасын сақтаудың маңызы зор, себебі ет арқылы әртүрлі аурулар таралуы мүмкін.
Ветеринариялық мамандар үнемі ауру ірі қараны және өлекселермен тікелей қатыса болатындықтан, олар үшін жеке гигиенаны сақтауы ас қажет.
Ветеринариялық - санитариялық өткелде жұмысшылар мен мамандар өз киімдерін шешіп, киім ілгіште қалдырады да, душқа түсіп, арнайы киімдерді киіп ферманың өндірістік аймағына өтеді.І рі шаруашылықтарда осындай тәртіпке тырысу керек. Жұмыс аяқталған соң, жұмысшылар мен мамандар душқа түсіп, арнайы киімдерді өткізіп, өз киімдерін киіп, өндірістік аймақтың сыртына шығады. Арнайы киімдерді үйге алып кетуге немесе сол киімде өндірістік аймақтың сыртына шығуға тыйым салынады.
Ірі қара шаруашылығы жұмысшыларын мамандық ауруына шалдығудан сақтау үшін кешенді шаралар жүргізіледі: ірі қара қора - жайларында оптимальді микроклимат жасау ( температура, ылғалдылық, ауаның газды құрамы, жарықтандыру ) , тиімді желдеткіш және канализация орнату, жүйелі түрде дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу, ауру араны оқшаулау және емдеу, территорияны көгалдандыру және т.б.
Ірі қараны аурудан сақтаудың бірден - бір жолы - санитариялық -гигиеналық ережелерді мүлтіксіз орындау, арнайы жоспар бойынша өз уақтысында дезинфекциялық, дератизациялану және өлексені үнемі утильдеу шараларын дер кезінде жүргізу мал кәсіпорындарын аурудан сақтаудың кепілі.
Қорытынды
Қорытынды индексі 100-ден жоғары бұқа егер еттілігі жақсы болып, азық өтеу қабілеті және өсу қарқыны жоғары болса, тұқым типі анықталған асыл тұқымдық шаруашылықтар мен қолдан ұрықтандыру станцияларына бөлініп, бекітіледі.
Сиыр табындарында топтық жұптау мен жеке жұптау тәсілдерін қолдана отырып, оның нәтижесі қандай, әсіресе линия аралық жұптау нәтижесі қалай соны байқаған жөн. Бұл тәсілдер мал өнімін арттырудың бір жолы. Сондықтан зоотехник - селекционерлер мемлекеттік асылдандыру станциясының мамандары жұптау материалдарын мұқият зерттеу керек.
Асыл тұқымды мал шаруашылықтарында малды таза өсіру тәсілі қолданылса, тауарлы фермаларда - сіңіре будандастыру тәсілі будандастыру тәсілі қолданылады. Ол үшін тауарлы фермаларда мал тұқымын шоғырландыру жоспарына байланысты қырдың қызыл сиырының және әулиеата сиырларының таза тұқымдылығы төмен сиырларды ұрықтандыру үшін пайдалау қажет.
Тұқымды таза өсірудегі негізгі тәсіл - малды аталық із бойынша өсіру. Қырдың қызыл сиырын, латыш қызыл сиырын және әулиеата сиырын өсіретін әр облыстың өздеріне тән жоспарлы линиялары бар. Мысалы, Ақмола облысы бойынша қырдың қызыл сиырының жоспарлы линиясына:-Баян - Веселый, Гарольд, Хозяин, Яхонт, Веселый, Миномет бұқаларының линиясы жатса,осы облыста өсірілетін латыш қызыл сиырының линиясына: Атомс-Грестис, Донис-Одинс, Гунар-Рекс, Ингорс-Промшанс, Маргонис-Одинс, Куллис-Потримпс т.б. жатады. Әрбір асыл тұқымды мал зауытының, асыл тұқымды мал шаруашылықтары және мал фермасының өздеріне тэн жоспарлы линиясы болады. Мемлекеттік асыл тұқымды мал станциялары жоспарлы линиядан шыққан бұқамен толықтырылуы қажет. Осы мақсатта қолдан ұрықтандыру станцияларын асыл тұқымды мал зауыты мен асыл тұқымды шаруашылықтары жоспарлы линиядан шыққан бұқамен қамтамасыз етеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Бегімбеков Қ. Мал өсіру және селекция : оқулық жоғары оқу орындары үшін / Қ.Бегімбеков, А.Төреханов, Ә. Байжұманов. –Алматы, Нұр – Принт 2003.-150б.
2 А.Ә. Егеубаев. Мал азықтандыру: Оқу құралы / Құраст. А.Ә. Егеубаев, Қ.Қ. Құсаинов, Т.А. Оңгарбаев және т.б. - Алматы : АЗВИ. - 1993.,2-ші бөлiм. – 150б.
3 М.Н. Жоланов, Мал көбеюі биотехнологиясы. / М.Н. Жоланов, Қ.У. Қойбағаров, О.Т. Төребеков. Алматы 2009.- 84б.
4 Калашников А.Л. Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру нормасы мен рационы: анықтамалық / А.Л.Калашников, Н.И.Клейменов, В.В.Щеглов – Москва, 1993. -38б.
5 Yandex [электронный ресурс] : www.inform.kz/kaz/article/2339776
6 Ірі қара шаруашылығы /А.Ә.Төреханов, Н.Ә.Жазылбеков, Ш.Д.Даленов, Д.Қ.Найманов.- Алматы, 2006.- 11б.
7 Дәрібаев А. Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру: оқулық жоғары оқу орындары үшін / А.Дәрібаев. - Алматы, 2005.- 105б.
8 Yandex [Электронный ресурс] : http://kztime.ru/refkaz/29/2693-r-1179arany1187-biologiyaly1179 erekshelkter.html
9 Омарқожаұлы Н. Мал шаруашылығы: оқулық жоғары оқу орындары үшін / Н. Омарқожаұлы, Б. Әкімбеков. - Алматы, 2001.– 98б.
10 Нұрғазы Қ. Ш. Мал шаруашылығы негіздері: практикум / Қ. Ш. Нұрғазы – Алматы, ҚазҰАУ: Агроуниверситет, 2008.- 223 б.
11 Калашников А.Л. Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру нормасы мен рационы: анықтамалық / А.Л.Калашников, Н.И.Клейменов, – Москва, 1993. -38б.
12 Қ.Қ. Құсаинов Мал азықтандыру: Оқу құралы. - Алматы : АЗВИ. – 1993 1-бөлiм. -176б.
13 Бегімбеков Қ. Мал өсіру және селекция: оқулық жоғары оқу орындары үшін / Қ.Бегімбеков, А. Төреханов, Ә. Байжұманов – Алматы, Нұр – Принт 2003.-150б.
14 А.Ә. Егеубаев. Мал азықтандыру: Оқу құралы / Құраст. А.Ә. Егеубаев, Қ.Қ. Құсаинов, Т.А. Оңгарбаев және т.б. - Алматы : АЗВИ. - 1993, 2-ші бөлiм. – 150б.
15 Нұрғазы Қ.Ш. Мал шаруашылығы : оқулық /Қ.Ш. Нұрғазы.-Алматы, 2012. -28б.
16 Даленов Ш.Д. Скотоводство, технология производства молоко и говядины : учебное пособие для вузов / Ш.Д. Даленов, Ж.К. Каримов, М.Т. Жомартов. – Алматы, 2001. -55ст.
17 Изилов Ю.С. Практикум по скотоводству. / Ю.С. Изилов. –М.:Агропромиздат, 1998. -29ст.
18 Искакбаев Б.Б. Ірі қара шаруашылығы : оқулық /Б.Б. Искакбаев –А.: Қайнар, 199б.
19 Каримов Ж.К. Қазақстанның сүтті сиыры : оқулық /Ж.К. Каримов –А.: Кайнар, 1979. -38б.
20 Дәрібаев А. Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру: оқулық жоғары оқу орындары үшін / А.Дәрібаев. - Алматы, 2005.- 138б.
21 Лобанов В.Т. Практикум по племенному делу /В.Т. Лобанов –М.: Агропромиздат, 1988 -35ст.
22 Ружевский А.Б. Породы крупного рогатого скота /А.Б. Ружевский, Ю.Д. Рубан, А.П. Бердик. –М.: Колос, 1980. -110ст.
23 Қ.Қ. Құсаинов Мал азықтандыру: Оқу құралы. - Алматы : АЗВИ. – 1993 2-бөлiм. -170б.
24 Google.ru [электронный ресурс] : http://kk.wikipedia.org/wiki
25 Yandex [Электронный ресурс]: www.bestreferat.ru
Жарияланған-2018-08-17 17:31:02 Қаралды-3655
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Информатика
- Туризм
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Психология, Педагогика
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Экология
- Тіл ғылымы, Филология
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Биология
- Ветеринария
- Ауыл шаурашылық саласы