UF

Мазмұны

   

 

КІРІСПЕ...............................................................................................

4

1

ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ...................................................................

8

1.1

Дәрілік өсімдіктерді өсірудің тарихынан..........................................

8

1.2

Дәрілік өсімдіктердегі биологиялық ерекшеліктер..........................

16

1.3

Өсімдіктердің жасы ерекшеліктеріне сай өзгеруі............................

25

1.4

Дәрілік шүйгіншөпке фармакологиялық жағынан туыстас өсімдіктер.............................................................................................

26

1.5

Оңтүстік Қазақстанда жерсіндірілген дәрілік өсімдіктер................

32

2

ЗЕРТТЕУ ЗЕРЗАТЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕРІ...................................

37

2.1

Зерттеудің нысандары.........................................................................

37

2.2

Тәжірибе жайларының орналасуы.....................................................

41

2.3

Зерттеудің орны, нысаны мен әдістемесі..........................................

43

2.4

Өсу және даму ерекшеліктері.............................................................

46

3

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ...................................................................

50

3.1

Егілген тұқым сапасын анықтау.........................................................

50

3.2

Дәрілік шүйгіншөптің морфогенезі...................................................

51

3.3

Valeriana officinalis L .  өсіру сипаты.................................................

64

3.4

Дәрілік шүйгіншөп өнімдерін жинау ерекшеліктері........................

70

3.5

Дәрілік шүйгіншөпті өңдеу және сақтау технологиясы...................

72

3.6

Зерттеудің экономикалық тиімділігі.................................................

75

 

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................

77

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................

79

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі: Ғасыралар бойы ежелгі адамзатты ауырғанда әртүрлі дәрілік өсімдіктермен емдеуді пайдаланған. Еліміздегі ғылыми-техниканың, химиялық синтездік процесінің көш ілгері дамуы адамдарда кездесетін бірнеше ауру түрлерін жазу мақсатында синтетикалық препарттар фармацевтикалық зауыттардан шығарылып жатыр. Осыған орай фитопрепараттарға, яғни шөптен дайындалып шығарыллатын емдік дәрі-дәрмектерге оң көзқарастың етек алғаны байқалады.

Өсімдік шаруашылығы саласының жаңа бағыты – дәрілік өсімдіктер шаруашылығының маңыздылығы қазіргі заман талабынна зор ықпал етіп отыр. Нарықтық кезеңде Қазақстанда дәрілік өсімдіктер шаруашылығының алдында тұрған негізгі міндет – еліміздегі дәрі-дәрмектер өндіретін кәсіппорындардың яғни химиялық-фармацевтикаллық және фармацевтикалық заводтар, т.б. жекеменшік шаруашылықтар дәрілік шикізаттарға сұранысын толығымен қамтамассыз ету.

Соңғы он жылдық көлемде химиялық бұйымдарды шығаруда қол жеткізілген жетістіктердің көптігіне қарамастан фитопрепараттарға  сұраным артып отыр. Бұның негізгі себебі - өсімдіктегі кездесетін белсенді заттарға тәуелділік байқалады және  синтетикалық  дәрі дәрмектерге қарағанда қосымша, кері әсері кездеспейді. Алада, қазіргі республикамыздағы дәрі-дәрмектік заттарды шығаратын зауытттар еліміздің дәрі-дәрмектерге қажеттілігінің 6-10 пайыздық көлемінде қанағаттандырса, ал қалғаны шетелдерден сұраныспен жеткізілуде.   

Шығу тегі жағынан табиғи келетін дәрілікзаттарға әсерлі көқарас күн өткен саййын артудп, өйткені өсімдіктегі белсендізаттар әдетте жан-жақты болып, және табиғатта ешқашан кездеспейтіндіктен, синтездік жолмен алынып отырған химиялық заттарға тән жанамалык әсер «жасыл дәріхана» заттарында айтарлықтай болмайды.

Өндіргіш күштері дамуының салыстырмалы деңгейі төмен елдердің халықтарының басымды бөлігі дәріханалардан дәрі сатып алуға хал-жағдайларының келебермейтіндігінен, сондай-ак емдеудің дәстүрлі әдістерін қолдануларын ескере келе, Бүкіләлемдік денсаулыксақтау (БДСҰ) ұйымы фито, яғни өсімдіктектес дәрізаттарға көп көңіл бөлуде. БДСҰ тұжырымынша әлемнің 80 % халықтары күнкөріс көзі төмен жағдайда болып табылады [1].

Сондықтан, дәрілік өсімдіктерді, оынн жиынтығын қолдануды көбейте отырып, отандық шикізат қорын жетілдіру қажеттігі туындауда. Ол үшін дәрілк өсімдіктерді кенінен танаптарда өсіруге көп көңіл бөлінуі тиіс және мұнын болашағы бар. Қойылған мәселелерді жүзеге асыруда дәрілік өсімдіктердің егуді молайтумен қоса, өндіріске жоғарыөнімді түрлерін және сорттарын кеңінен пайдалану, тұқым шаруашылығын жақсарту және өсірудің технологиясын жасап өнімділік пн шикізат сапасын жоғарылату қажет.

Қазір еліміздің фитодәрілерді  өндіруші кәсіпорындар халық қажеттілігінің небарі 3-5пайзын құрайды. Осыған рай шикізат қорын құрап отырған дәрілік бағыттағы өсімдіктерді ғылыми тұрғыдан келесі бағыттарда жүргізу қажет: дәрілік өсімдіктерді дақылдар қатаррына енгізу, өсірудің үдемелі тәсілдерін жетілдіріп, сақтап, алдын-ала өндеу.

Дәрілік шөптерді даярлау және өңдеу Шымкенттегі фармацевтикалық зауыт құрудан бастау алады, қазіргі «Химфарм» акционерлік қоғам. Бұл зауытқа шикізат өндіруде Қазақстанның дәрілік өсімдіктер тәжирбиесі стансасы (БДӨЗИ) елеулі еңбек қосты. Олар майкене, сана т.с.с өндіріске ендіріп, дәрмене, тау қылшасы қоры анықталды. Бұл ізденістер шаруашылықтарға дәрілік өсімдіктердің өнімін ұлғайтуға себепші болып, шикізаттарды даярлаудың негізінде өте құнды жартылайдайын саласамен, антросенин, глауцин, мукалтин, т.б. шығарады.

Өңтүстік Қазақстан өңірінің ауа-райы жағдайлары дәрілік өсімдіктер өсіруге өте қолайлылығына қарай 1985-1990жж. дәрілік өсімдіктердің егіс көлемі 2000 гектарға дейін жетіп, және дәрілік өсімдіктер шикізаты фармацевтика зауыттында өңделетінін. Соңғы кезенде нарықтық экономикаға көшу және қайта құру кезеңінде мамандандырылған шаруашылықтар жойылып, дәрілік өсімдіктердің егіс көлемі күрт төменндеп кетті.

Онтүстік Қазақстан өңірінде фармацевтика өңдірісінде шикізаттық дәрілік өсімдіктердің 200 астам түрлері кездеседі. Бұл дәрілік өсімдікктердің ішінде айрыкша орын алатынның бірі – дәрілік шүйгіншөп. Дәрілік шүйгіншөп (Valeriana officinalis) тамырынан, тамырсабағынан және әртүрлі қоспалармен бірге дайындайтын 70-ке жуық  құраса, оларды көбіне өте қауіпті деп есептлінетін жүрек-қантамыр және жүйке ауруларын емдеу үшін қолданады.  Сонымен қатар қош иісті райхангүл және бақ чабері.

Еліміздін оңтүстік өңірі табиғи байлығы және ауарайының жылылығы көптеген құнды дәрілік өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді. Мұндай дақылдарға сұраныс ұлғаюына орай бұларды жинап, жерсіндірілгенін кешенді түрде зерттеуді және келешегі бар, сұранымы өсе түседі деген дәрілік өсімдіктерді өндеу техннологиясын Оңтүстік Қазақстан өңірінде түрлі экологиялық аймақтарда анықтау аса маңыздылығы бар. Оның ішінде фармацевтикалық өндірісте жоғары бағаланатын және химиялық-фармацевтикалық өндірістің шикізаты болатындай болса. ОҚО-да жүргізілген зерттеулердін нәтижесінде ғалымдар емдік дәрілік шөптердің 60-тай айрыққша түрлерін тапқан. Мысалы, 1996 жылы ҰАА корр.-мүшесі С.А. Абдраимов кеңкөлемде зерттеген. Мұнда экспедиция арқылы дәрілік шөптердің ұрығын жинактау жұмыстары қолға алынып, коллекциялық питомник ұйымдастырылып, дәрілік шөптерді өсіру агротехникалык жуйесі зерттелді. Дәрілік шалфей, мускат шалфей, түймедақ, қырмызыгүл, т.с.с. өнімдер шығарылған.

Дәрілік шөптерге сұранымның ұлғаюы себепті оны жинактау, жерсіндірілуі, кешенді түрде зерттеулермен және болашак дәрілік өсімдіктерді дұрыс өңдеу жұмыстары маңызды мәселе.

Зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеті:  Оңтүстік Қазақстан жағдайында фармацевтика өндірісінде қажетті құнды дәрілік шүйгіншөпты өсіру, сақтау және алғашқы өңдеу технологиясының ғылыми негізделген жүйесін жасау зерттеудің басты мақсаты болып алынды.

Алға қойылған мақсаты орындау үшін, төмендегідей міндеттер белгіленді:

  • Valeriana officinalis L. өсімдіктерінің  биоморфологиясы;
  • Valeriana officinalis L. онтогенез кезеңдері
  • Valeriana officinalis L. өсімдігінің агротехникасы.
  • Дәрілік шүйгіншөптің кәдімгі сұр топырағында  өсіру тәсілдерін зерттеу;
  • Дәрілік шүйгіншөптің биологиялық ерекшеліктері мен Оңтүстік Қазақстанның ауа-райы өзгешелігіне байланысты себу мөлшері мен мерзімін зерттеп, көшет отырғызу тәсілінің мерзімі мен қоректену әсерін анықтау;

Дәрілік шүйгіншөптің морфогенезін анықтау.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Оңтүстік Қазақстан таулы аймағында дәрілік өсімдіктердің ішінде Valeriana officinalis L.  жерсіндіріліп, олардың биологиялық қасиеттері  және кәдімгі сұр топырағында  өсіру тәсілдері анықталды.

Зерттеудің теориялық құндылығы. Зерттеу барысында Valeriana officinalis L. Оңтүстік  Қазақстанда жерсіндіріліп, биоэкологиялық ерекшеліктері анықталды.

Зерттеудің практикалық мәні.  Мәдени түрде өсірілген Valeriana officinalis L.  онтогенездің барлық кезеңінен өтіп, табиғи жағдайда өзінің өсу реттіліктерін сақтайды. Олар вегетацияны  уақытында аяқтайды және уақытында гүлдейді, бұл жерсіндіру үшін өте маңызды болып табылады. Бұл дәрілік өсімдіктерді Оңтүстік Қазақстанда фармацевтік қасиетінің жоғарлығына, сапасының құндылығына байланысты өндіріске ұсынуға болады.

Алынған  мәліметтерді ғалымдар, магистранттар, студенттер анықтама құрал ретінде пайдалана алады.

Жұмыс жетістіктерін мақұлдау.  Зерттеу нәтижелері Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы университетінің және жаратылыстану пәндері кафедрасының ғылыми кеңес отырыстарында (2015-2016) талқылынып дұрыс бағаланады. Зерттеу нәтижелері ғылыми жетістіктері аймақтық конференцияларда тезистер ретінде және ЖАК ұсынған басылымдарда жарияланды.

Зерттеулер нәтижелерінің жариялануы. Диссертация нәтижелерінің өзекті туындылары мынадай журналдарда жарияланды:

Диссертация бойынша 3 ғылыми мақала жарияланды.

Диссертацияның құрылысы мен көлемі. Диссертация 82 бетке компьютерлік текспен терілген. Ол кіріспеден, әдебиеттерді шолу, материал және зерттеу әдістерінен, зерттеу нәтижелерінен, қорытындыдан, 19 сурет, 16 кесте  және  61  әдебиет санынан тұрады. 

Кілттік сөздер – өнгіштік, морфогенез, онтогенез, жарнақ, гипокотель, эпикотель, вегетативтік, генеративтік, жапырақ, сабақ, өркен, агротехника.

 

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

 

1.1 Дәрілік өсімдіктерді өсірудің тарихынан

 

Қазақстан – Еуразияның орталығында орналасқан байтақ ел, жерінің аумағы 2 млн. 715 мың2 шақырымды қурайды. Мұнда өсiмдiк дүниесi айтарлыктай бай және алуан-түрлi. Қазақстанда жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 5754 түрі кездеседі [1]. Мундай байлықты игеруде дарілік өсімдіктерді зерттеудi, оны таннып-бiлудiң маңызы көп. Қазақстанның артүрлі аймактарында жасалған өсімдік зерттеушілерінін жұмыстары ғылыми жаңалық ретінде жана түрлерімен толықтырылады. Соның арқасында емдік өсiмдiктер де әрқилы тiршiлiк пішінінде кездесіп, өсірілетін ағаштар, биiк және жатаған, сирек-төселгiш бұталар, бұташықтар, көп- және біржылдық түрлiшөптер [2].

Алшақтан мал бағумен айналысқан көшпендi қазақ халқы өсiмдiктердiн емдiк жане дәрiлiк қасиеттерiн ежелден байқаған. Соның арқасында ауру-сырқауға ұшырағандарды емдік қасиеті бар өсiмдiктермен емдеген. Республикамыздағы емдік өсiмдiктеррдiн 600-ге жуығы дәрi-дірмек дайындауға шикiзаттык болса, оның 200-ге жуықы емдлік өсiмдiк күйінде жиналады. Қазақстанда шүйгiншөп, қарааңдыз, итшоған, мыңжапырақ, дәрiлік туймедак, емен, арша, шайшөп, бақбақ, деримене, өгейшөп, қалақай, атқұлақ, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл, жұмыршақ, долана, сиырсiллекей, итмұрын, есекммия, ақмия, дәрiлiк жаңышқа, миялык тамыр, сасықшөп, қызыл семiзот, киiк оты, тасшөп, т.б. кездеседі [3].

Қазақстаннын ормандылык қоры 21,8 млн.гектарды құрайды, яғни республикамыздың 2пайызға жуығын. Ормандар мұнандай типтерге бөлінеді: сексеуiл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар. Мұнда қайың ағаштарынан қотыр қайың, көктерек кездеседі. Адам құмырында қотыр қайының маңыздылығы мындай: жапырағы мен бүршiкі бүйрек, буыннын ауруына, тiптi, терiнін катерлiк iсiкiн емдеу үшін қолданылады. Ал көктеректін бүршiктеррі мен жапырағы ағзаға тез әсер етіп, үй ауасын тазартуға халықтық медицинада кеңнен қолданылады. Өкпе, безгек, уланғанда қолданылады.

Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылым жерлер басымдылық танытады. Мұнда өсiмдiк құрамынын 57000-і кездессе, оның 506-ы қорғауды қажет етеді. Бұл мақсатта жойылу қаупі барларды сақтап қалу мақсатымен 1981жылы «Қызыл кiтап» шығарылған. Оның мақсаты қурып бара жатқан өсiмдiктердi есепке ала отырып, сақтап қалу және іс-шаралар жүргiзу. Солардың бiрi – жойылып бара жатқан өсімдікқорын адам қамқорлығына ала оытырып, қорықтар ұйымдастыру. Осы мақсатта республикамызда соңғы кезде 10 қорық, 5 ұлттық парк, 17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық-геологиялық қорықшалар құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды, т.б. қалаларда ботаникалық бақтар ұйымдастырылған.

Жойылу қаупі бар және сирек дәрiлiк өсiмдiктер Іле және Жоңғар Алатаулары, Алтай таулары мен Қаратау таужоталарында көп шоғырланған. Бұл жерлерде алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ мың жапырақ, таужуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т.б. медициналық бағытта  көптеп қолданылады.

Қазақстанда дәрiлiк өсiмдiктермен қатар сирек кездесетiн, декоративтік де бар. Олардың саны күн өткен сайын азаюда. Мәселен, Қаратау аймағында 1500 түрi кездеседі. Сондықтан Қаратауды өсiмдiктердiң «Меккесi» деп атайды. Табиғаттың әсемділігі табиғи ортаның ластануынан, жайылымдардың тозуынан, және санының азаюынан бүлiнуде. Кең-байтақ даламыздан қызғалдақтардың, қызыл адыраспан, сөгетсасыры, iле бөрiқарақаты, iлеұшқаты, жатаған шырша, алтай қасқыр жидегi, жiңiшке көкнәр, алмұрт-шөп, сарытұңғиық, шықшөп, меруертгүл, т.б. біртіндеп жойылып барад [4].

Еліміздегі өсімдіктер байлығы қамқорлық пен асқан үнемділікті қажет етеді. Антропогендік факторлардың (адам әрекетінің) күшіне түсуіне қарай бірқатар өсімдіктер саны кеміп, популяциялық құрамы қысқарып, өздігінен қалпына келуі бұзылуда. Әсіресе бұл жағдай емдік, сәндік, техникалық, азықтық өсімдіктерге қатысты. Бұл мәселенің маңыздылығына байланысты Қазақстан Үкіметі – еліміздің қайталанбас биологиялық алуантүрлілігін сақтап қалу үшін қажетті әрекеттер қолданады. Дегенменде, түрлердің өзін Қызыл кітапқа енгізіп қойып, оның текті қоры толығымен сақталады деп кепілдік беруге болмайды, бұған заңдастырылған актілер мен олардың орындалуы қажет. Өкінішке қарай, Қазақстанда әлі күнге дейін, егеменді мемлекет үшін аса маңызды өсімдіктер әлемін қорғау жөніндегі Заң жобасы жасалмаған және қабылданбаған [5].

Флористикалық алуантүрлілікті сақтауда табиғи мемлекеттік қорықтар маңызы роль атқарады. Қазақстанда 10 қорық бар, олардың аймағында 2800-ден аса жоғарғы сатылы өсімдіктер құрайды, яғни бүкіл Қазақстан флорасының жартысынан астам. Дегенменде, ұлттық бақтар, қорықтар өсімдік түрлерін толық қорғамайды. Қайталанбас популяциялар мен жекетүрлердің сақталуы үшін, арнайыланған ботаникалық қорықтарды ұлғайту қажет. Қазақстанның көптеген аймақтарында сиректеу кездесетін дәрілік өсімдіктердің, оның ішінде жекелеген түрлерді қорғау туралы қағидалар, өсімдіктерді жинағандарға айыппұл салынғанымен, бұндай санкциялар 1993 ж. алынып, тек 2001 жылғы 12 қыркүйекте ҚР Үкіметінің арнайы қарары қабылданған (№ 1186). Әрине өсімдік қорғау, оның тіршілік үшін маңыздылығын жеке адамның өзі түсінбесе, мұнан ешқандай шектеуде, айыппұл төлеу де онсызда сиреккездесетін өсімдіктерімізді қорғамайды [6].

Қазақстанның өсімдіктер әлемінде кездесетін 228 дәрілік өсімдіктердің 69 түрінде шипалық қасиеті бар биологиялық белсендізат тамырының жүйесінде жинақталады. Мұнда жинақталатын биологиялық белсендізаттар қазіргі кезеңдегі халықтық және медициналық тұрғыда жиі кездесетін жүрек, өкпе қабынуына, жүйке жүйесінің бұзылуына не өт айдауға, қан қысымының өзгеруіне және т.б. аурутүрлерін емдеуде қолданылады.

Көп уақыт бойы ежелгі адамзат ауырғанда әртүрлі табиғи жағдайда ұшырасатын дәрілік өсімдіктер пайдаланған. Өткен ғасырдың соңында, яғни еліміздегі ғылым-техника саласының, оның ішінде химиялық синтездің қарқынды жетілунде көптеген ауру түрлерін емдеуде пайдалануға мүмкіндігі бар синтетикалық заттар фармацевтикалық зауыттардан шығарылған. Осыған себепті фитопрепараттарға оңкөзқарас байқалды.

Өсімдік шаруашылығы саласының жаңа бағыты -дәрілік өсімдіктер шаруашылығының маңызы қазіргі заман талабына сай. Нарықтық кезеңде Қазақстанда дәрілік өсімдіктер шаруашылығындағы негізгі міндет-еліміздегі дәрі-дәрмектер өндіретін кәсіпорындардың яғни химфармзауытттар, фармацевтикалық кәсіпорындар, т.б. дәрілік шикізаттарға сұранысын толығымен қамтамассыз етеді [7].

Қазақстан мен Орталық Азия флоралық өсімдік қорына өте бай. Бұлар биологиялық белсенділігі өте күшті заттар. Мұнда бірқатар өсімдіктер ежелден медицина саласында кең қолданып жатсақ, кейбіреулері зерттеулерді қажет етеді.

Адамзат даму барысында өз санасының, ойының күрделене түсуіне қарай, халық емшілігі өсімдіктердің емдік қасиетін ұғына түсті. Тек қана емдік қасиетіне ғана емес, оның ішінде, уы барын, хошты иістісін, сұлулығын, асқа пайдалылығын түсінді. Бұл адамның мұқтаждығынан келіп шыққан жағдай. Кейбір өсімдіктер ғылым жағынан, биологиялық, химиялық қасиеттерін зерттесе, кейбіреулері әлі белгісіз.

Емдіктану және фитотерапияны толық қамту мүмкін емес. Бұл ғылым көне кітаптардан, ғалымдардың көптеген еңбектерінен, медициналық, философиялық ТаяуШығыс, Қытайдағы, Греция, Ежелгі Рим мектептерінен келіп шығады. Бұл тарихты айналып өтпеуіміздің себебі, ол медицина мен фармация Қазақстанда өз орнымен дамитын еді.

Қазақстанның флоралық өсімдіктері әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мұндағы әртүрлі аймақтың ауа райлық өсімдіктердің қолайлы өсуіне, өздеріне емдізаттар жинақталуына ықпал етеді. Кеңес уақытында Қазақстанда және Орталық Азияда 80% дәрілік шикізат дайындалған.

Табиғи өсімдіктер барлық ауруға шипа дей алмағанымыз түсінікті, бірақ, медициналық, синтетикалық және биоқұрылғыларда, физиотерапия тәсілдерінде үлкен рөл атқарады. Мысалыға, адам организмінде үлкен қорған ретінде белгісіз бір ішкі күш бар және ол адамның емделіп кетуіне әсер етеді. Көптеген медициналық ежелгі философиялық школдарда, дүниежүзі дінінде, дәрігерлерде айтқан. Бұл кісілердің барлығы ішкі күш, адам денсаулығына да емделуінде, шешуші рөл атқаратынын білдіруде.

Қазақстан оңтүстік өнірінін флоралық әлемінде емдік қасиеті бар бірқатар өсімдіктер қатарына тоқталатын болсақ [8]:

Аққаңбақ түсті шөптесін өсімдік, таулық-орманды жерлерде кездеседі, ұзындығы 50-80см. Сабақ құрылымы тіке, ақшыл жалаңаш н/е қызғылт түстес сабақтардан тұрады. Жапырағына келетін болсақ қарама-қарсы орналасқан, сызықты, 1-2см, оданда көп ұзындықта. Жалаңаш, төмен жағында толық ортаңғы сабақтан тұрады. Гүлі майдалау, теріле орналасқан, ақ күлгін түсті.

Таулық-далалық өңірде тек Оңтүстік Қазақстанда, Жамбыл аумақтарында тастақты-далалық құрғақ жерлерінде 5 түрі өсіріледі. Терім уақыты сәуір-мамыр. Химиялық құрамыбойынша, тамырыжүйесінде 25% тритерпендік сопонин, гликозид гипсогениннен тұрады.

Дәрілік қасиеттері – тамырының тұндырмасы халық емшілігінде бронхитке, құры жөтелге қолданады.

Аңдыз тамыр көпжылдық көлденең бойлап, қызғылт тамырлық, өрмелеп шыққан тамыры мен жапырақтары қатарласа орналасқан. Сабағы тамырымен  қоса алмағанда 100 см ұзындыққа дейін барады. Гүлі майда, сары-жасыл. Қазақстанның Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай аймақтырында кездеседі. Тамырында 5%-ға дейін қошиісімен эфирмайы, құрамында озерон (73%), анерон және колонан комфен (73%), бор неол (3%), камфора (8%) кездесед. Құрамындағы ащы гликозид, анорин, аскарбинқышқылы, химиялық зерттелмеген заттар табылған. Емдік қасиеттеріне келетін болсақ, акорин және эфир нязік дәмділікті жоғарылатады. Ішектегі сөлдерді, өтті асқазан жұмыстарын жақсартады.

Дәрілік жалбызтікен. Тамыржүйесі жуан көпжылдық өсімдік. Жапырақтары қатарласа орналасқан. Гүлшоғыры көкжасыл 3-5 см жоғары орналасқан гүлі толық. Гүлдері сабағын айналдыра орналасқан. Гүлдері жапырағы үстіне ал-қызыл гүлдер орналасқан. Әсіресе Қазақстанның оңтүстік аймақтарында кездеседі. Емдік қасиеті – тамырынан жасалған тұндырманы гастрит, іш бүруі, асқазан жарасы, он екі бармақ ішек, әсіресе іш кету жағдайларында қолданады.

Қырғыз жантақ. Шөлді-далалы өңірлеріде өсетін өсімдік. Шалажапырақты сабағы 90см құрайды. Сабағы жапырағы жалаңаш-жасыл. Жапырақ қарапайым, ұзынырақ. Сабақтары тікенекті жайылған. Гүлі ал-қызыл, тамырының жүйесі 6м-ге дейін. Жартылай-шөлді н/е құмды-шөлді жерлерде өсетін өсімдікке жатқызылады. Әсіресе, Сары-су Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы аймақтарында, құмды, игерілмеген орындарда кездеседі. Шөбін дайындау мамырда жүргізіледі.

Шикізат ретінде шөбі, сабағы және жапырағы қолданылады. Иіссіз, дәмді. Шөбінде құрамында флевоноидты–гликозидті изорамнетина тамориксетин, дәрумен С, органикалық қышқылдар, кетехиндар, лейноцианидиндер көп мөлшерде кездеседі.

Өсімдікті халық емшілігінде тұнбасын қолданады. Бұл тұнбаны геморойға, асқазан жарасына, бауырдың ауруларына, ангинаға, іріңді жараларға қолданады. Токсинді емес. Бұл өсімдіктің тікенегінен, жапырағынан, қант сұйықтығы бөлінеді. Бұл сұйықтықты нәрестелердің тамақтарына қосылады.

Оңтүстік Қазақстан өсімдік қорына өте бай. Оның 26% дәрілік өсімдік осында өседі. Оңтүстік Қазақстанда долана, итмұрын, шайшөп, қырғыз жантақ,  т.б. бірнеше өсімдікқорлары бар. Зерттеуші–ғалымдар сараптама жасап, Оңтүстік Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер құрамын зерттеген [9-12].  Көпшілік халық емшілігіне теріс көзқарас береді. Ол неге? Олар жергілікті өсімдіктерден қолданады.

Қазір кезде ауылшаруашылығына келсек, гербицидтер, пастицидтер қолдану нәтижесінде қалаларда құрғақшылық нәтижесінде, мысалға өкімет шешімі әсерінен Ақсу-жабағылы қорығында режимі бұзылып кеткен. Бұл жағдайдың барлығы антропогендік, экологиялық факторлардың әсерінен болып тұр. Осы антропогендік факторлардың әсерінен ауаға қаншама газдар азот қышқылы, концерогенді көмірсулар, фосфор қосындысы, күкірт газы амиак, фенол тағы басқа заттар ауаға көтерілуде. Ол дегеніміз көлмен суларда қоймаларға келіп түсуде. Кейін адамға жұғады. Бірінші жағдайда бұларды асқазан ішек органдарын жұмыстан шығарады, яғни тікелей әсеретеді. Мұнда фитотерапияға көңіл аударуымыз толық себеп болады. Ботаникалық қоры мыналарды зерттейді: өсімдік түрлерін, олардың халық арасында қандай жағдайларда қолданатынын, халық арасында қандай айналымда; өсімдік бөліктерін, қайта өңдеу үшін (шикізатын);  өсімдіктердің өзара бір-бірімен байланыстылығын; популяциясын өсінділерін зерттейді [13].

Қазіргі таңда дәрілік өсімдіктер медицина тәжірибесінде миллион жылдардан бері адамдар мен жануарлар, адамдар мен микроорганизмдер арасындағы тепе-теңдікті сақтап келеді. Бұл жағдайда елшілердің негізгі емдік әдісі өсімдіктерге негізделген. Медицинаның бұл саласы фитотерапия деп аталған. Оның негізгі қағидасы – адамның денсаулығын ұзақ мерзімге дейін нығайту және қалпына келтіру болған. Қазіргі дәрі-дәрмектің 40-пайызы өсімдіктерден жасалады, және де 400-ге жуық өсімдіктер пайдаланады. Тибет медицинасының көзқарасымен бұл өте аз.

Дәрілік-емдік қасиеті бар өсімдіктер әртурлі ауруларды жазудағы тиімділігі олардың қадір-қасиетін, оларға деген сұранысын арттырып келеді. Адам денсаулығын қорғауда дәрілік өсімдіктердің қызметі жылдан-жылға артуда, өйткені көп ауруларды емдеуде өсімдік тектес дәрілік заттары қолданылады. Өсімдіктерден алынатын дәрілер синтетикалық дәріленген, құрамында макро- және микроэлементтердің табиғи жүйеде болатындығымен, сондай-ақ тірі табиғи қосылысының адам ағзасына қолайлы қатынасы болуы және оңай сіңірілетіндігімен ерекшелінеді [14].

Өсімдіктер және өсімдік тектес дәрі-дәрімектермен емдеу уақыттың қатан сынақтарынан өткен қазіргі уақытта барлық елднрді медицина саласында кең қолдау тауып отыр. Өсімдік текткс дәрі-дәрмектерді ығаруда тұрақты шикізат құрудың негізгі жолы дәрілік  өсімдіктерді егіс алқаптарда дақыл ретінде кең көлемді өсіру болып табылады.

Қазақстанның өсімдіктерінде көптеген дәрілік өсімдік түрлері бар. Бұрын табиғи орталықтарда өскен дәрілік өсімдіктер фармациялық өндірістің негізгі шикізат қоры. Кейінгі уақыттта бұларды көзсіз, есепсіз жинаудын кесірінен кейбір өсімдіктер жойылу қауіпі төніп тұр. Сондықтан олардың табиғи қоры өндірістік шикізатқа сұранысты қамти алмайтындыгы түсінікті.

Оған қоса  кейбір дәрілік өсімдіктер Қазақстанда табиғи орталықта өспейді, ал фармацевтика өндірісінің оларға сұранысы өте үлкен. Бұл өсімдіктерді жерсіндіру жұмысымен шұғылдандыру қажет. Жерсіндіру ісі негізгі үш бағытта жүргізіледі: басқа мемлекеттен мәдени өсімдіктердін жаңа турлерін, сорттарын әкелу; дақылдарды бір аймақтан екінші аймаққа көшіріп, аталған аймакта қолдану; дақылдар қатарына отандық шетелдік табиғи жолмен жаңа өсімдік енгізу [14].

Қазақстанда барлыгы 3% -қана дәрі-дәрмек өндіріледі, қалған дәрілік шетелдерден әкелінеді. Осыған қарай мемлекеттік фармацевтикалық-медицина-лық өнеркәсіптік даму бағдарламасында «Қазақстан-2030» стратегиялык багдарламасында өз мемлекетімізде тәуелсіз фармацевтикалық өндірісте өркендету мақсатында, өзімізде шикізат даярлауды қолға алу қажеттілігі туындайды.

Дәрілік-емдік өсімдіктерді ғылым тұрғысынан ізденіс жұмыстары 1996 ж. басталган. Алғашқыда БӨИ әдістемелік нұсқауына орау жекеше коллекциялық питомник құрудан бастау алған. Бүгінгі таңда коллекциялық тәлімбакта жүзден аса өсімдік түрлері өсіріледі. Олардың ішінде болашакта сұранымы жоғары және Оңтүстік өңірге бейім дәрілік шөптер бөлектеніп, олардын биологиялық ерекшеліктері, өсіп-өну ерекшеліктері, өндірудегі агротехникалық іс-шаралары, дәнінің өсу ерекшеліктері және ББЗ-нын құрамы зерттелінген. Ол өсімдіктер: дәрілік валериана, дәрілік түймедақ, дәрілік қырмызыгүл, дәрілік шалфей, мускат шалфейі.

Шығыстың атақты ойшыл-ғуламасы Абу Али Ибн Сина [15] өткен мыңжылдықтың бас кезінде өзінің «дәрігерлік ғылымның негізі» атты еңбегінде өзі анықтаған 900 дәрінің мәнездемесін және оны қолдану әдістерін берген. Негізінде ол дәрілік-емдік өсімдіктерден даярлалган. Ғылыми медицина он сегізінші ғасырдағы Ресейдегі бірінші дәріхана және фармакологиялық маңызы бар «Ол жақтың және бұл жақтың тұнбасы» деген бірінші  кітаптың жарық көруі  фитотерапиясының өркендеуіне негiзболды. Аптекарлық қала-бақшалар ұйымдастырылды, соның бiрi – Кеңес одағы кезіндегі Ботаникалық институт.

1921жылы дәрiлiк-емділік өсiмдiктердi жинап-теру және мәдени бағытта өсіру жөнінде декрет шыққан. 1930 ж. әpтурлі жағрафиялық мамандандырылыган тәжiрибелік шаруашылыкттар құрылды. 1931ж.-дан олардың барлығы БОДӨИ қарамағына ауыстыырылды. Осы біріктіріліген ғылыми орталықта жүзден аса фитопрепараттар дүниеге келген.

Мемлекеттін әpтүрлi табиғи аймақтарында дәрiлiк касиетi бар жабайы- шөптерді жинаумен қоса тажрибиелiк және арнайыланған дәрілік өсімдікпен шуғылданатын шаруашылықтар құрылды. Отызыншы жылдың басында 129 әртүрлi дәрiлiк өсiмдiктерден 90-ға жуығы мәдени түрде өсіріліп, фармацевтикалық өндіріске шикiзаттык қор ретінде қолданылды. Даярланатын шикiзаттаррдын 70%-ке жуығы жабайы шөптерден құралған.

Мол көлемдегі дәрілік шикізатты өндіру химикалық-фармацевтикалық  өнеркасіптін нығаюына себепшілік етті. Тәуелсіз мемлекеттер достастығында 250-ден аса медицииналық және 82 фармацевтикалық зауытар бар.

Қазақстанда 1940ж-дан фармацевтикалық өндірістік кәсіпорындар құрылган. Ал 1968 ж. Алматылық фармацевтикалық фабрикасы ашылды, жергілікті және шетелден әкелінетін шикiзаттан галогендi препараттар - тұнба, тамшы, сықпа, май, қойыртпа жасалына бастады. Соңғы 5 жылдың аралығында елімізде түрлi тұнба мен тамшының өзі 1218 т., экстракт – 113т., сироптар - 567т дайындалса, бұл тұнбалар: жалбыз, жолжелкен, долана, әдемі қырмызгул, ащыжусан және басқалардан өндірілген [16].

Қазақстанның оңтустік өңірінің табиғи байлығы және біркалыпты жылы климаттык жағдайы көптеген құнды дәрiөсiмдiктердi өcipyгe жағдай жасайды. Сондыктан, 100 жылдан аса уақытта елемізде алғашқы рет Шымкенттік химико-фармацевтикалық зауыт құрылды. Соның өнiмдерi шетел ақшасын инвестициялайтын бiрден-бiр өндiрiс болды. Осыған шикiзатты даярлдайтын өндiрiстік шаруашылық болып 1950 ж. «Дермене» (Арыс ауданы) және «Фрунзе» (Сайрам ауданы) арнайы мамандандырылған шаруашылықтар құрылды. Табиғат жағдайы жақсы мерзімдерде «Дермене» шаруашылығы екіжарым мың тоннаға дейін дәрiлiк өсiмдiк өндiрген. Оның баса арнайылары дермене, тау қылшасы, мыңжапырақ, черкез, т.б. [17].

Табиғи жабайы өсiмдiктерден бөлек, шаруашылық мәдени түрде де дәрiлiк-емдік өсiмдiк егумен айналысқан: майкене, сана, қызғыш катараннтус, т.б. Жылдық өндiрiстік көлемi 600-700 т. құрaп, дайындалған шикізаттың көпшілігін шаруашылық Шымкенттік фармацевтикалық зауытқа және республикасының дәріхана құрылымдарына өткізген. Өнімнің біркатар түpiн, мәселен кассияны, Ресей Федерациясына жөнелткен.

«Фрунзе» шаруашылығы 1970 ж. 1 мың га-ға дейiн аталған емдік дақылдар өндіріп, шикiзаттың көлемiн жылсайын 2 мың т.-ға жеткізіп отырған. Мұнда басты дакылдардан майкене, сана, сары шашақтыгүл. Бүгінгі таңғы сұранымның болмауынан, шаруашылық дәрілік шикiзатты өндiру мәселесін қысқартып, тек азғантай (50 га) алаңға сары мачек пен дәрiлiк-емдік жалбызтiкeн отырғызады.

1954 жылы Шымкентте алғаш және Оңтүстік ауданға жалғыз Бүкiлодақтық дәрiлiк өсiмдiк зерттеу институтының (БДӨЗИ) тәжiрибе кеңшары ретiнде Қазақтың ғылыми-зерттеу мекемесі құрылған. Оның міндеті дақылдарды жан-жакты зерттеп және өндіріске мынадай дақылдарды өндіру болды: майкене, сана, қызғыш катapaнтуc, сары шашақтыгүл.

Қазақстанның егемендiгімен қатар бұл жүйе жоғалып, мамандандырылған шаруашылықтар басқа күнделікті өтімді дақылдарға ауысты, тәжiрибелiк стансасы өз жұмысын токтатты. Соның кесірінен, зауытқа өткізілетін фитопрепараттар өндіру күрт азайды. Бұл республика халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудее үлкен кері әсірін келтіруде. Fылыми-өндiрiстiк жағынан дәрілік дақылдарды өндіріп, оны өңдеу қазіргі күннің және осы тақырыптың өзекті бағыты [18].

Кейінгі уакытта химиялық өндірістік саланың жетістеріне, синтетикалық препараттардың көптігіне қарамастан фитозаттарға оң көзқарас өсе түсуде. Шығу тегі жағынан табиғи болатын дәрілік заттар едәуір әсер етеді деген көзқарас күн өте келе артып, өсімдіктегі белсенді заттар әдетте жан-жақты болып, табиғатта ешқашан кездеспейтін заттардан тұратын синтездік жолмен өндірілген, химиялық заттарға тән қосымша әсер ететін «жасыл дәріхана» препаратында айтарлықтай байқалмайды.

Дамыган елдердің халықтарының көп бөлігі дәріханалардан дәрі алуға хал-жағдайларының болабермейтіндігін, және емдеудің әр түрлі әдістерін қолдануларын байқай отырып, ВОЗ өсімдіктен жасалынған дәрілерге көп көңіл бөлуде. Бұлардың ойларынша, әлемнің 80% халықтары осыдай жағдайда өмір сіруде.

Негізінен бүгінгі таңда дәрілік заттар шығыратын өндірістік кәсіпорындар еліміздін қажеттілігінің бар-жоғы 3-5пайызын ғана қамтиды. Бұл дегеніміз халықтың қажеттілігін қамтымай, дәрілік-емдік заттарға қажеттілігі орташа 300 млн. АҚШ доларын құрайтындыгын байқай отырып, 55 пайызын ТМД елде-рінен, 42пайызы алыс-жақын шетелдерден жеткізіледі. Сол себепті өсімдіктен өндірілетін шикізат қорын арттырып, оларды алу мақсатындағы ҒЗЖ-ын мына бағыта жүргізу қажет: дәрілік өсімдіктерді дақылдар санына енгізу, өсірудің үдемелік әдістерін жетілдіру, оларды сақтап, өндеу.

 

1.2 Дәрілік өсімдіктердегі биологиялық ерекшеліктер

 

Дәрілік(емдік) өсімдіктер–адамдар мен жануарлардың ауруларының алдыналуға н/е емдеуге колданылатын өсімдіктер және осы мақсатқа дәрілік түрлерді жасайтын, дәрілік заттарды колдана отырып, таза дәрілік заттар алынатын өсімдік түрлері. Өсімдіктер ағзаларға өздерінің құрамындағы белсенді биологиялық заттар арқылы әсер етеді, бұлар олардың ағзаларында біртекті орналаспайды. 

Биологиялық белсенді заттар (ББЗ) көптеп жиналған өсімдік мүшелерін дәрі жасауға қолданады және дәрілік шикізат болып саналады. Щикізат ретінде жербетіне көрініп тұрған (жапырақ, жапырақ бүршіктері, түйіндер, гүлдер, тұқымдар, жемістер, жеміс қабықтары не жербетіндегі барлық шөптер) және жерастындағы өсімдік бөліктері (тамыры, тамыршаллары, тамырқабықтары, тамыржемістері, пиязшық, түйнектер) қолданылады. Өсімдік және мал өнімдері болып саналады: майлы және эфирмайлары, щайыр, камеди, май тәріздесзат (ланолин, спермацет т.б.), крахмал, ара өнімдері (бал, арауы, балауызы, бозаң сүт және прополис), жыланулары жаткызылад [19].

Дәрілік шикізатты дайындауда мындай жагдайлар қарастырылады [20]:

- дәрілік шөптер ауарайы ашық, құрғақ мезгілдерде жиналады. Шөптерді жинаудың алдын шық түссе н/е жаңбыр жауса, өсімдіктер кептірілгенше тоқтай тұру қажет. Шикізатты ылғал күйінше жинасақ, олардың кебуі қиын болып, көгереді, қараяды, әсерлік заттарының шіруіне әкеледі.

- дәрілік шөптердің тек қана қажетті мүшелері жиналады, қажетсіз мүшелеріне және басқа да өсімдіктерге зиянын келтірмеу тиісті.

- жинаған шикізат жылдам кептіргішке жөнелтіледі. Кептіргенге дейін дәрілік өсімдіктер салынған ыдыстағы өсімдіктер майдаланбай, араыктары қуыстау болуы керек, әйтпесе қажетті элементтері бұзылып кетеді.

- дәрілік өсімдіктер олардың бойындағы қажетті заттары пісіп жетілгенде ғана жналады. Бұл мерзімде өсімдіктегі вегетациялық фаза әрбір мүшеде әртүрлі жүруі мүмкін. Жапырақтар, өсімдіктер гүлдер алдын не гүлдегенде жиналса, олардағы әсерлік заттар көбейеді. Жапырақтарды гүлдеуден бұрын жиналмайды, себебі құрамындағы белсенді биологиялық зат азаяды.

Екінші жағынан, жапырағынан, басқа да мүшелерінен айырылған өсімдіктер ауруға шалдығады. Жапырақты өсімдікке зияндылығыжоқ етіп қолмен жинаған дурыс. Бұл үшін шикізат тазалығы сақталады (сарғайған, қураған, жәндіктермен, саңырауқұлақтармен залалданған жапырақтар жұлынбайды). Жапырақтарды жинағанда улы өсімдіктердің жапырақтарына сақтық шарасы қарастырулуы керек: адамның қолында жарақат болмауы тиіс, жинаганда көзді уқаламау, сонан соң қолды жақсылап жуу керек. Бұл сақтықты улы өсімдіктердің басқа да мүшелерін жинаған уақытта ұстау қажет. Шөптерді (жерқабаты бетіндегі өсімдіктер) толық гүлдегенде, не гүлдеп біткенше, жеміс байлағанда жинаған тиімді. Шөп ашық күнде дайындалған бөлігін, қайшымен, секаттормен, орақпен жиналады. Өсімдікті тамырмен қосып жұлып алу дұрыс емес, әсіресе көп жылдық шөптерді, біріншіден шикізат ластанып, екіншіден дәрілік өсімдіктің табиғи өсуі жоғалад. Гүлдерді және гүл шоғырларын ашық ауада толық гүлдегенде қолмен жинайды, олардың әрбір гүлін және гүл шоғырын қайшының көмегімен, қайшы н/е секкатормен, арнайы әдістермен кесеміз. Гүлді жинағанда тек гүл тәжі ғана алынады. Жемістері мен тұқымдары толық піскенде жиналады. Шырынды жеміс пен жидектерді жайлап, қолмен жинайды және езіп жібермеуі қадағаланады. Бір ыдыстан екіншісіне аудармауы қажет. Жерастындағы мүшелерді (тамыр, тамыр аймақтары, түйіндер және пиязшық) әдетте қысқы мерзімде, өсімдіктер тынышталған уақытта, қара күзден ерте көктемге дейінгі аралықта жиналып, кетменмен, күрекпен, қайшымен және басқа да ыңғайлы әдістермен орындалады, егілген алқаптан трактор соқаларының көмегімен жиналып, тазартылады, сумен жуылады, ірі тамырларды кесіліп, майдаланылады, кептіріледі [20].

Суармалықтарда дәрілік өсімдіктер өсіру әдістерінің жиынтығы.  Медициналық, мал дәрігерлік, өсімдік және қоршаған ортаны қорғауда, тамақ өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіпте, косметологияда Қазақстанда өсетін 200-ден аса дәрілік шөптерде қолданылады.  1970-1985 жж. Оңтүстік Қазақстанда кейбір дәрілік өсімдіктердің (алақа, өткір жапырақты кассий, ақжусан, дәрілік ноғаттық, сасық меңдуана) егіс көлемі 1500-1600 га құрап, бұл өсімдіктердің егіс көлемін 6000 гектарға жеткізу көзделген еді.

Қазіргі уакыттта ОҚО шаруашылықтарының 160-170 га егіс алқаптарында дәрілік шүйгіншөп (валериана лекарственная), дәрілік түймедақ (ромашка аптечная), дәрілік жалбызтікен (алтей лекарственный), өткір жапырақты кассий (кассия остролистная), дәрілік тырнақгүл (календула лекарственная) өсірілуде [21].

 Дәрілік шүйгіншөптің тамыр және тамырсабағынан алынған дәрі-дәрмектер медициналық салада тыныштандырғыш зат есебінде, ұйқысыздықта, жүрек-қантамыр жүйесінің тозуында, тахикардияның кезінде қолданылады.

Дәрілік шүйгіншөпке ең тиімді алғы дақыл – астық не сүрлемдік дақылдар қаратырылады. Топырақтағы тамырдың өнімділік сапалылыгын төмендететін-діктен дәнді-бұршақты дақылдардан кейінгі екінші жылы ғана орналастырылады. Оны өсіру үшін топырақтың механикалық жағынан жеңіл болғаны қолайлы.

Топырақты өңдеу жұмысы жерді күзде 28-32 см тереңдікте аудара-қопсыта жырту және егіс алдындағы өңдеуден тұрады.

Дәрілік шүйгіншөп егісіне тыңайтқыш енгізу оның тамырөнімін және сапалылығын едәуір көтереді. Оргтынайтқыш алғашқы өңдеу алдын 20-30 т/га мөлшерде беріледі. Минтыңайтқыштың 25-30% негізгі өңдеумен, 5-10% сепкенмен бірге берілуі қажет [22].

Оңтүстік Қазақстан өңірінде дәрілік шүйгіншөптің өсірілуінінің оңтайлы әдісіне көшетінен көбейту жаткызылады. Көшетті даярлау үшін жаңадан жиналған тұқымды тамыздың алғашқы онкүндігінде себеді. Қатар аралықтары шаршы алаңда (10-12) 1,5-2,0 г тұқым қажет. Тұқымды отырғызғаннан кейін танаптың бетін 1-2 см қалыңдықта көң төселінеді. 1 гектарға қажетті көшет үшін 100-150 шаршы метр көшет алаңы кажет. Өнімді молынан алу үшін көшетті күзде (қазан айының екінші жартылығында) не ерте көктемде 70 х 20 не 70 х 25 қоректену алаңына отырғызған өте тиімді. Күтіп-бапталу жұмыстары топырақ ылғалдылығын бір қалыпты сақтауды (өсіп-жетілу кезінде суаруды 6-8 рет жүргізу қажет), танаптың арамшөптерден таза, топырақтың физикалық құрамының өсімдік үшін қолайлы болуы (2 рет қопсыту) және үстеп қоректендіруді қамтамасыз етуі қажет.

Дәрілік шүйгіншөпті көлемді егіс алқабына отырғызғанда 1 га-на 3-4 кг тұқымдарын себеді. Ол үшін көкөніс сепкішін қолдануға мүмкіндік бар.

Негізгі өңдеу (28-32 см-де аудара) жұмыстары себерден 25-30 күн бұрын жүргізіледі. Тұқым топырақтың қатты беткі қабатына түсу үшін алдыңғы өңдеуде міндетті түрде топырақты тығыздау жұмысы жүргізіледі.

Алғы дақыл тыңайтылмағанда, негізі өңдеудің алдын 20-30 т/га органикалық тыңайтқыш енгізіледі. Толық минералдық тыңайту дәрілік түймедақтың гүл өнімін едәуір көбейтеді.

Оңтүстік өңірі үшін дәрілік түймедақты себудің оңтайлы мерзімі – күзгі не ерте көктемгі (10 сәуірге дейін) мезгіл. Тұқымның мөлшері гектарға шаққанда 2 кг құрайды. Себілу жұмыстарын шектеулері бар сепкіштермен қатар аралықтарын 45-60 см етіп себеді. Агротехникалық іс-шараларды өз мерзімінде жүргізген жағдайда егін көгі 10-20 күннен соң көгеріп шығарады. Дәрілік түймедақ өте баяу өсетіндіктен арам шөптермен тез ластанып, егін көгі шыққанан кейін арам шөптермен күресіп, қатар аралықтары қопсытылады. Өсіп-жетілу кезінде 2 рет қопсытылып, 3-4 рет суғарады.

Дәрілік жалбызтікен дәрілік өсімдік ретінде тамырына, жапырағы мен гүліне байланысты өсіріледі. Жалбызтікен медициналық салады қабынуға қарсы, бүркеуші және қақырық түсіретінтікден қолданылады [22].

Дәрілік жалбызтікеннің алғы дақылдары – астық, мал азығындық және отамалық дақылдар. Топырактын қабатын өндеуді 28-32 см тереңдікте күзде жүргізіледі. Алдыңғы топырақ өңдеу мен егушілік жұмыстарының аралыгы 1-3 күннен аспайды. Дақылды отырғызу жұмыстары ерте көктемде 15 сәуірге дейін (қатар аралықтары 70-90 см) гектарға шаққанда 10-14 кг-дай жүргізіледі. Өсіп-жетілу кезінде егісті күтіп-бапталу жұмыстары топырақты борпылдақ күйінде және арамшөптен таза ұстаудан тұрады.

Егін көгі шықканнан кейін, яғни нағыз 3-4 жапырақ пайда болғанда қопсытылып, егін көгі сиретіледі (өсімдік аралыгы 20-25 см) және га-на 45-60 кг азот беріліп, топырақ тыңайтылады. Өсіп-жетілу кезінде 5-7 рет суғарады.

Өткір жапырақты кассий жапырақтарынан жасалынған тұнба уытқайтар-ғыш әсері бар құнды дәрілікөсімдік. Мұның жақсы алғы дакылдары – астық дақылдары, көп жылдық бұршақ дақылдары және отамалық дақылдар.

Негізгі өңдеудің алдын (28-32 см) топыраққа 150-200 кг/га суперфосфат енгізіледі. Азот тыңайтқышы өсіп-жетілу кезінде га-на 60кг-нан үстеп қоректендіріледі.

Кассий тұқымының сыртқы қабаты қатты болғандықтан өніп-шығуы қиын, сондықтан себудін алдын оны 15-20 минут күкірт қышқылының  50% ерітіндісімен өңдейді. Топырақ 150С-дан асқанда кассий СКОН-4,2 дәнсепкішімен қатар аралығы 70 см, тереңдік 3-4см етіп себіледі, мөлшері -8-10 кг/га. Сонан кейін қанықтыра суғарылады. Күтіп-бапталу жұмыстары суғарудан  (өсіп-жетілу кезеңінде 900-1000 м/га, 5-6рет), қатар аралығын өңдеуден (қопсыту 2рет), үстеп қоректендіруден (азот тыңайтқышы) және арамшөптерден, зиянкес және аурулардан қорғаудан тұрады [23].

Дәрілік тырнақгүл дәрі-дәрмектерінің қабынуға қарсы, жараны жазып, қан тоқтататын, бактериоцидтік және өтау кабілеті бар. Емдік мақсатқа гүл қауызы қолданады. Дәрілік тырнақгүлдін алғы дакылы– отамалылар. Орта ылғалды жазықтарда жақсы өседі. Оргтынайтқыш топырақ қабатында негізгіөндеу алдын га-на 20-25 т мөлшерде топыраққа енгізіледі.  Фосфор тыңайтқышының 75 пайзын өңдеуден бұрын, ал қалғаны үстеп қоректендірумен беріледі. Азот тыңайтқышы өсіп-жетілу кезінде 2 рет үстеп қоректендірумен (алғашқыда 30%, кейінгі 70%) топыраққа енгізіледі.

Топырақты негізгі өңдеу күзде  27-30 см тереңдікте жүргізіледі. Егінді себудін алдын 1-2 күн бұрын топырақтың өңделуі тиіс.

Тырнақгүл тұқымы ерте көктемде егістікке га-на шақканда 10-12 кг мөлшерінде, қатар аралығы 60-70 см етіліп, 2-3 см тереңдікте себіледі. Өскіндері сепкеннан соң 6-12күнде өсіп шығады, 38-50 күннен кейін гүлдейді. Өсіп-жетілу кезінде 2 рет қопсытылып, га-на 800-900м3 мөлшерінде 4-5рет суғарады.

Жинау-кептіру, сақтау және алдын-ала өңдеу. Дәрілік өсімдіктерді белсенді заттардың көп жиналған кезінде  жинаған дұрыс. Әдетте гүлдерде, жапырақтарда гүлдеу, бүршіктерінің ісіну, жерастындағы бөліктерінде (тамыры, түйнегі, тамырсабағы) жемістердің пісу кезеңдерінде көп қорланады. Дәрілік шүйгіншөпті жинаудың қолайлы мерзімі – 20 қыркүйектен  1-қазанға дейін. Тамырларын қолмен не күрекпен, қайырмасыз соқамен, ақтүйнек қазғышпен қазады. Қазылған жерлерді ұқыпты түрде топырақтан тазартып, пышақпен тамырсабақтан тамырын бүлдірмейтіндей етіп, сабақмойыны маңынан кеседі. Бұдан кейін шүйгіншөптің тамырын арнайы жуғыштарға не кәрзеңкелерге, уадағы ағын суға салады, мұндағы әсер етушызаттар және сапалылығы төмендемес үшін, жылдам жуылады. Дақылдың тамырсабағы өте үлкен болғанда, яғни оны топырақтан тазалау қиындаса, оны ұзына бойы кеседі, бірақ тамыры жылдам жуылады. Жуылған тамырсабақты 10-15 см қалыңдыққа, 1-2 тәулікте жабық ғимаратта, ал күн ашық болганда далалықта құрғатады. Шикізат бірқалыпты құрғау үшін тәулігіне бірнеше мәрте аударып, құрғатқаннан кейін арнайы кептіргіштерде 35-400С кептіреді [24].

Толық кепкен тамырларын сынғақ болғанша кептіріле береді. Кептірілгеннен кейін біраз уақыт желді ауада қалдырады. Бұдан кейін елегіште топырақтан тазалап, 50, 75 және 100 кг салмақ болатындай етіп  тығыздап, тең н/е кенепқаптарға салынады, өткізгенше құрғақ, жақсы желдетілетін ғимараттарда сақтайды.

Дәрілік түймедақтың гүл себеттері гүлдеу кезеңінің баскезінде гүл тұғыры конус тәрізді және тілді гүлдері көлденең жағдайда болғанда жиналап, бұдан кешігу өнім сапалылығын кемітеді. Дақылдың өсіп-жетілу кезінде 4-5 рет, гүл себеттерін арнайы жиналады. Дәрілік түймедақ үздіксіз гүлдейтіндіктен гүлдеу басталғанда күніге, ал кейін бірнеше күнде бір рет жинақталып, күн жылы және жарық күндері іске асырылады.

Жиналған гүл себеттерін кәрзеңкеде, үймеде 2-3 сағаттан көп ұстауға рұқсат етілмеді, себебі олардың қызыл түсі өзгеріп, сапалылығы төмендейді. Өсімдіктердің гүл себеттері көлеңкелілікте арнайы ғимаратта, ауакептіргіштерде кептіріледі. Мұнда температура 40-450С-тан артық болмайды. 1 м2 алаңға 1 кг жаңа  гүл себеттері жайылады. Жақсы жағдайда 5-6 күнде кебеді.

Дәрілік жалбызтікеннің жапырағы шанақтану кезінде жиналып, сабағын 10 см биіктікте орақпен н/е шөпшапқыш құрылғымен орылады. Жапырақтарды сабақтан бөліп алып, жұқалап төсеп, қаранғы да құрғақ және желдетіліп тұратын ғимараттарда кептіреді.

Дәрілік жалбызтікенді 40-450С-та кептіреді. Өсімдікті орған соң, өсу кезінде жапырақтары жетіледі, сөйтіп күзге дейін екінші мәрте жиналады.

Кассий жапырақтары пісуіне қарай бірнеше мәрте жиналып, алғашқы терім тамыздың аяғында жүргізіледі. Кейінгі жинау аралықтары -15-20 күн. Бұл өсімдікті орақпен, шөпшапқыш құрылғымен орып, кейін жапырақтарды сабағынан бөліп, бөлмелерде 3-4 см етіп кептіреді.

Дәрілік тырнақгүл гүлдеудің бас кезеңінде гүл қауызының түбірінен жұлу әдісімен теріледі. Өсімдіктердің гүл қауызын кептіргіштерде 40-450С ғимарат ішінде, ашық қырмандарда кептіреді.

Шөл және шөлейт аймақтың дәрілік өсімдіктері. Қазақстан жерінде өсетін 5600-ден аса гүлді өсімдіктердің дені өнеркәсіпте, ауылшаруашылықта және басқада өнеркәсіптерде пайдаланыда. Олардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының шөл және шөлейт аймақтарында кездесетін дәрілік, халықтық медициналықта дәрі-дәрмек үшін бірнеше жүздеген улы, дәруменді, алколоидты, флованоидты, тағы басқа өсімдіктер бар.

Кейінгі кезде осы аймақтағы ғылыми медициналық салада қолданылатын дәрілік өсімдіктердің саны толықтырылмай, ескерусіз ұмыт қалып келеді [25].

Жергілікті халық көптеген өсімдіктерді өз еркімен жинап, олардың біртіндеп құрып кетуіне мүмкіндік тудыруда. Осыған орай Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шруашылығы ғылыми-зерттеу институтының шөл және шөлейтті мал азығын өндіру бөлімі Оңтүстік Қазақстан облысының шөл және шөлейт аймағындағы дәрілік өсімдіктердің табиғи  жағдайдағы қорын анықтау, егудің тәсілі, күтіп-баптау және жерсіндіру жұмыстарына үлкен үлес қосып келеді.

Алғашқы зерттеулердің нәтижесінде біріншіден фармацевтикалық өнеркәсіп үшін маңызы бар дәрілік өсімдіктер түрі анықталды. Олардың табиғи жағдайдағы ерекшеліктері және халықты емдеу тәжірибесіндегі алатын орны анықталды [26].

Мұндай өсімдіктерге сырттан, аққурай, сүйелжазар, күшәлә, таспашөп, ақтікен, қызыл  жыңғыл, т.б. көптеген өсімдіктер жатқызылады. Соларға кішкене тоқталсақ:

1. Сырттан (Вruonia alda). Асқабақ тұқымдасына кіретін, биіктігі 1,5-2,0м құрайтын көп жылдық шөптесін өсімдік. Мамырда гүлдеп, жемісін қыркүйектің бірінші онкүндігінде береді.

Емдік мақсатқа дәрілік шикізат ретінде оның тамыржүйесі, жапырағы, жемісі қолданылады. Химиялық құрамы: тамырында улы брионин көп, токсинді қасиеті бар кукурбицин және сапонин крахмалы кездеседі. Жемісінде 25% эфирмайы, жапырағында аскорбинді қышқылы бар. Сырттанды халық емінде жөтелге қарсы, ревматизм және қан толықтыруға қолданады.

Оңтүстік Қызылқұмда көптеп кездеседі, яғни сексеуіл мен жүзгінге жанаса, симбиоздық тіршілік етеді. Бұл өсімдікті га-на 2-10данадан және дәрілікке – тамырының салмағы 1-2,5 кг не одан да көп жағдйда өндіріледі.

2. Сүйелжазар (Heleotropium arguziodes). Айлауықтар тұқымдасына жатқызылады, биіктігі 20-40 см, көпжылдық шөптесін өсімдік, шілдеде гүлдеп, жемісін тамызда береді. Емдік мақсатқа дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің сабағы, жапырағы және дәні алынады.

Сүйелжазардың химиялық құрамы, сабағы мен жапырағында алкалоид – триходесмин, С, Р- дәрумендері және гелиотрин, флавоноид, кверцетин, тағы басқалар кездеседі.

Сүйелжазармен қан қысымын төмендету үшін, бауырдың қабынуын емдейді. Бұл өсімдік Оңтүстік Қызылқұмда және Оңтүстік-Батыс Мойынқұмда көптеп кездеседі. Сүйелжазарды га-на 2,0ц-ге  дейін өнім береді.

3. Аққурай (Psoralea drupacea).  Бұршақтар тұқымдасына жатқызылатын, биіктігі 55-78 см, көпжылдық шөптесін өсімдік. Мамыр мен шілдеде гүлдеп, қыркүйекте жемістенеді. Емдік мақсатқа дәрілік шикізат үшін өсімдік тамыры, жеміс бұршағы пайдаланылады. Химиялық құрамы: тамырында, бұршақ жемісінде фуракумарин көп және бактериялардың өсуін тежейтетін антибиотик – бакучиол бөліп шығарады.

Халық емінде аққурайдың жапырақ ұнтағынан жасалған дәрі қабынған жаралар, көршиқан, витилиго және шаштың түсуін емдеу үшін қолданылады.

Аққурай шөлейт аймақтарда көптеп кездеседі. Бұл өсімдіктің шығымы климаттың оңтайлы мерзімдеріне қарай өзгеріп отырады, яғни бірде жаппай, ал кейде сирек шығады. Аққурайға қолайлы  жағдайы туңындағанда га-нан 15-20ц өнім алуға болады.

4. Имекті таспашөп. Бұршақ тұқымдасты, биіктігі 20-25 см жететін көп жылдық шөптесін өсімдік. Мамырда гүлдеп, жемісін маусымда береді. Емдік мақсатқа дәрілік шикізат ретінде жапырағы, сабағы және гүлі қолданылады.

Химиялық құрамы: имекті таспашөбінің құрамы толық зерттелмегенімен кейбір мәліметтерге қарағанда құрамында 0,1-0,2%  алкалоид бар. Халық емінде несеп айдау мақсатында дәрі ретінде, жүрек, қантамырларын емдеуге пайдаланылады.

Бұл дақыл Қызылқұмның шөл және шөлейт аймағында көптеп кездеседі. Өсімдіктің беткі бөлімінің өнімділігі га-на 1,7 ц.

5. Қызыл жыңғыл. Жыңғылдар тұқымдасына жатзыкызалатын, биіктігі 1,5-4,7 м-лік бұта не кішілеу ағаш. Маусымда, шілдеде гүлдеп, қазанда жемісі піседі. Емдік мақсатқа дәрілік шикізат ретінде жыңғылдың өркені, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі және тамырын пайдаланады.

Химиялық құрамы: жыңғылдың сабағы мен жапырағының құрамында стероидтар (холестерин, холестерол, авенастерол), қабығында кумариндер, флавоноидтар; бұтақшасында кумариндер, кварцетин, гүлінде, жемісінде – амоцион бар.

Қызыл жыңғылдан бактерия жойғыш дәрі жасайды, сабағының қайнатпасымен ауыз қуысын шайып,  қызыл иекті бекемделінеді. Жыңғылдың құрғақ ұнтақ жапырағын сыртқы жараларға сеуіп емдейді. Қызыл жыңғыл Қызылқұм, Мойынқұм жағаларында көптеп кездеседі.

6. Күшәлә. Ароидылар тұқымдасы, биіктігі 15-36см, шөптесін улы өсімдік. Мамырда гүлдеп, 1аптадан соң қурап қалады, тамыржемісі қазанда піседі. Емдік мақсатқа дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің тамыржемісі қолданады.

Химиялық құрамы: тамыржемісінде улы алкалоид, сапонин және 30% крахмал бар. Халық емінде күшәләнің тамыр жүйесін сүйек қақсағанда және ревматизмде қолданылады және оның қайнатпасынан жергілікті халық қасқырға, қарсаққа және жабайы итке қарсы у жасалынады. Күшәлә өте сирек кездесетін өсімдік, Оңтүстік Қызылқұмда Нәлібай және Орынбай елді мекендерінің аралығында көптеп кездеседі.

7. Ақтікен. Ақтікен тұқымдасты, бұталы көп жылдық өсімдік, биіктігі 1-2 м жетеді. Мамырда гүлдеп, шілдеде жемісі піседі. Емдік мақсаты: ақтікеннің жапырағын, гүлін, жемісін, дәнін және тамыры пайдаланылады.

Химиялық құрамы: ақтікеннің құрамында алкалоидтар (нитралин, карболин, изонетрин, нитрамиддин, шобердин, нитрамин, шеберин) кездеседі. Жоғарыдағылар қан қысымын төмендететін, қабынуға қарсы және тыныштандырғыш дәрі және буындағы қанның, лимфалардың ұюына қарсы шипалық қасиеті бар.

Мал және құстарға жемдік, азықтық өсімдік. Ақтікеннің көп кездесетін жері Қызылқұмның етегі, Мойынқарақ алқабының сораңды жерлері.

8. Қызыл сораң. Алабұталар тұқымдасы, биіктігі 10-40 см жететін бір жылдық өсімдік. Маусымда-шілдеде гүлдеп, жемісі тамызда піседі. Емдік мақсатқа дәрілік шикізат ретінде қызыл сораңның жерүсті бөлігін қолдананады.

Химиялық құрамы: қызыл сораңның құрамында алкалоидтар (солиноршн, силигербин, беталин, холин) және тамыржүйесінде флавоноидтар көп.

Қызыл сораң іш айдағыш, ас қорытуды жақсартатын, қабынуға қарсы ем және жара жазуға, ісіктерді емдейтін өсімдік. Өсімдік қайнатпасы зәр айдағыш және құрқұлақты емдейді. Ұнтақталған қызыл сораң әр түрлі жәндіктерді жоюға қолданылады.

Қызыл сораң шөл және шөлейт аймақтардың сораңды жерлерінде көптеп кездеседі.

9. Турчаниннің таспашөбі. Бұршақ тұқымдасы, биіктігі  28-35 см жететін екі жылдық шөптесін өсімдік. Мамырда гүлдеп, маусымда тұқымы піседі. Емдік мақсатқа дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің жерүсті мүшелерін пайдаланамыз.

Химиялық құрамы: жапырақ сабағында 0,3% дейін алкалоидтар бар. Емдік қасиеті  әзірше белгісіз.

Турчанин таспашөбі Қызылқұмның, Мойынқұмның шөлейт аймағында көптеп кездеседі. Бұл өсімдік га-на 2-5 ц. өнім береді.

Аталған өсімдіктерден басқа усойқы, киікоты, кәдімгі жантақ, кермек, жұмыршақ, түйешетен, шағыр, жусан, рауғаш, теміртікен, тағы басқа өсімдіктердің табиғи қорын сақтап, кешенді түрде зерттеуді қажет етеді. Осы дәрілік шөптердің тағы басқа да дәрілік қасиеттері бар. Бұл өсімдіктердің өңірдегі дәрі қорын жасап, фармацевтік өндіріске енгізу, көптеген дәрі шығару үшін маңызды болып табылады.

Дәрілік өсімдіктерді сақтаудың іс-шаралары. Дәрілік шүйгіншөп саңырауқұлақтармен зақымданады. Саңырауқұлақ сабақ негізінде ақ дөнгелек түрінде болып, сабақ зақымданғанда сабан-сары түсті, жапырақтары солып, салбырайды. Зақымданған өсімдіктерді оңай жұлып тастау мүмкін, себебі оның тамыржүйесі шіріп өледі. Саңырауқұлақтардың жақсы дамуы күннің және топырақтың жоғарғы ылғалдылығы қолайлы келеді [27, 28].

Дәрілік шүйгіншөпті тат зақымдағанда төменгі жапырақтарында сары-қызғылт, сары дақтар кездеседі. Бұл ауру екінші жылда байқалады, сондыктан татпен күресу үшін бордосс сұйығын пайдаланған ұсынылады.

Өсімдік ұнтақпен де зақымданады. Мұндай саңырауқұлақ дақылдың жапырағын зақымдайды, ақ дақтар байқалады. Бұл ауруға қарсы күкірт ұнтағын қолданады, оны 12-15 күнде өсімдіктерге себеді.

Шүйгіншөпті көбінесе мамырда заузакоңызы зақымдайды. Ол сабақ өзегіне жұмыртқа салып, өсімдіктің топырақтан жоғары  жағы сола бастайды, дақыл өледі. Бұл аыуруымен күресу үшін барлық құрғақ сабақтарды жинақтап, өртеу қажет, содан соң дәрілік шүйгіншөпті бір жерде қатарынан 2-3 жыл отырғызбау қажет.

Дақылдың гүлдерін және жапырағын қызылша биттері де зақымдайды. Биттерді құрту үшін 0,05-0,1% тифостық ерітіндіні қолданады. Өнімді жинағаннан кейін қалдықтарды жинап, зиянкестерді жойған ең жақсы агротехникалық шара. Биттермен дәрілік түймедақ, дәрілік жалбызтікен өсімдіктерінің гүлдері және жапырағы зақымданады. Бұларға да дәрілік шүйгіншөпке қолданылатын әдістер қолданылады.

         

1.3 Өсімдіктердің жасы ерекшеліктеріне сай өзгеруі

 

Өсімдіктердің тіршілік етуі – өсу-даму барысындағы жүретін процестердің ең қарапайым бірлігі. Тіршілік әрекеті өсімдіктердің анатомиялық және морфологиялық бөлімінде қарастырылады. Алғаш рет аталған ұғымды  ғылымға  еңгізген Е. Warming  [29].  1903 ж. Дания ғалымы C.Raunkier [30], ғылыми мәліметтерді қорытындылай келе, өсімдіктердің классификаторын  жасаған. Ол негізінен климаттың қолайсыздығында, мәселен қысқы мерзімде, қайта көктеуге арналған жаңару бүршіктеріне сай негізделген. Өсімдіктің морфогенезі негізінен оның биологиялық және ауаның қолайлылығына тікелей әсеретеді. Басқа климаттық жағдайға ауысқанда өсімдік өскенде бейімделеді. Дәрілік өсімдіктердің морфологиясының және тіршілік  етуін зерттеген  белгілі ғалымдар Я.Е. Гатцук [31], Е.С. Смирнова [32].  

Онтогенез дегеніміз өсімдіктің ұрықтанған зиготадан (2n) табиғи жолмен қурапқалғанға дейін, яғни  өлгенге дейінгі аралықтағы  дамуын айтапды. Ол  үш кезеңнен тұрады: проэмбрионалды, эмбрионалды, постэмбрионалды. Өсімдік өмірінде онтогенез процесі тұқымның өсе бастағаныннан (латенттық кезеңінен) толықтай өліп-қурағанға дейінгі (сенильді кезең) аралықта байқалады.  

Өсімдіктер біржыл өмір суретіндер (терофит), екі жыл және көпжыл өмір суруы де кездеседі. Біржылдык өсімдік вегетациялық кезендерінің барлығын біржылда өткізеді: гүлдейді, жеміс береді, бүтін құрап қалады. Оларды терофиттер (theros) деп атаған, жылдың қолайсыз кезін тұқым түрінде өткізеді. Оларға  дара  жарнақтылар, астық тұқымдастар, т.с.с. жатқызылады. Терофиттер негізінен монокарпты, өмірінде бір-ақ мәрте гүлдейды және жеміс береді. Екі жылдықтарда, мысал, қант кызылщасында, сәбізде, монокарптыға жатып,  екінші жылы жеміс береді.

Көпжылдық шөптесін өсімдіктер гемикриптофит және ағаш тәрізді өсімдіктер. Бұлар 2 жылдан аса өсіп суріп, бірақ жылсайын жемісін береді, бұларды поликарптылар дейді.

Тіршілік ету кезеңдеріне сай өсімдік қауымдасы 4 кезеңге бөлінеді:

- жасырын (латенттік) – бірінші тыныштық кезеңі, оны өсімдік өмірін тұқым ретінде өткізеді (покоящие семена).

- прегенеративті – тұқым өсуден өркендер жүйесі мен тамыржүйесінің пайда болуына дейін.

- генеративтік – өркендер, гүлдерден бастап жеміс, тұқым береді.

- постгенеративтік –өркендердің, біртіндеп тірілей өркен болдырмауынан, тамыржүйесінің партикуляциясын, яғни біртіндеп өлуі жатқызылады (1-кесте).

Төмендегі кестеде келтірілген кезеңдер өздері ішінара, бірнеше кезендерге  немесе тіршілік күйлеріне бөлінуы мүмкін.

1-кесте. Тұқымды өсімдіктердің жастық кезеңдері және тіршілік күйі

 

Кезең

Тіршілік күйі

Индексі

Латенттік

1. Тұқым

sm

Прегенеративті

2. Өскін

3. Ювенильді

4. Имматурлық

5. Виргинильдік

p

j

im

w

Генеративтік

6. Жас

7. Піскен

8. Қартайған

q1

q2

q3

Постгенеративті

9. Субсенильдік

10. Сенильдік

11. Қурап бара жатқан

SS

S

Sc

 

1.4 Дәрілік шүйгіншөпке фармакологиялық жағынан туыстас өсімдіктер

 

Дәрілік шүйгіншөптен жасалынған фитопрепараттар жүйкежүйесін тыныштандырып, ұйқыны қалпына келтіріп, бронхтық демікпеде, басауруында, тахикардияда, іштің түйнеп ауырғанында қолданады [33].

Жоғары аталған ауруларға басқа да дәрілік өсімдіктер әсер етеді. Соларға қысқаша тоқталайық.

Бес салалы сасық шөп (пустырник  пятилопастный –Leonurus quinquelobatus Gilib.). Бес салалы сасықшөптің биіктігі 1,0-1,5 м-ге дейін құрайтын, көп-жылдық шөпті өсімдік. Сабағы ұзын, төрт қырлы. Жапырақтары кезектесіп  орналасқан, төменгі жапырақтарының формасы жұмыртқа тәрізді, бес салалы, ортадағылары үш салалы болып келеді, ұштары сүйір, жоғары жапырақтары жіңішке болады. Барлық жапырақтары ірі, щеттері ара тісті. Гүлі қос ерінді, жоғарыда орналасқан жапырақтары қуысында шоғырланады. Күлте жапырақтары ашық қызыл, гүл серігі өткір біз тәрізді. Жемісі-үш қырлы болып келеді, кішкене жаңғақша. Маусымда-шілдеде гүлдеп, тамызда тұқымы піседі. Тау етектерінде, орманның аралықтарында, тастақты беткейлерде, арықтың маңайында, жайылымдарда өседі (1-сурет).

Дәрі-дәрмек жасауда өсімдіктің жерүстінде орналаскан бөлігі алынады. Құрамында леонурин, стахидрин, кверцетин, рутин, сапониндер, илікті заттар, эфирмайлары, А, С дәрумендер бар.

Қазақстанда сасықшөптің екі түрі кездеседі: көкшіл және түркістандық. Олар біріне-бірі көптеген қасиеттері бойынша ұсқсас.

 

1-сурет.   Leonurus quinquelobatus Gilib – гүлдеу кезеңі

 

Сасық шөп «Ұмыт болған» өсімдіктердің бірі. Бұл өсімдік жайында XV  ғасырдағы ғалымдардың еңбектерінде көптеп жазылган. Бірақ XX  ғасырда қолданыстан шығып кеткен. Тек осы ғасырдың  1930 ж. ғана оған қайтадан көңіл бөлінуде.

Сасық шөптен жасалған дәрілердің жүйке жүйесін тыныштық күйге салып, қанқысымын төмендететін, жүрек-бұлшық еттерінің күшін көбейтып, соғуын қалпына келтіретін қасиеттері бар. Жүйке жүйесін тыныштандыру қасиеті дәрілік шүйгіншөптен артық болғанымен, жүрек жүйесіне, гипертонияға қарсы және жүректің тұсы қысып ауырғанда қолданыллады. Бұл өсімдіктен дайындалған дәрі-дәрмектер атеросклероз, жүрек-бұлшық еттерінің қабынуын, жемсауды емдеу үшін қолданылады.

Дәріні даярлаудың, қолданудың тәсілі. Дакылдың 20 г-ы қайнаған суға 1 стакан салып, 20 мин тұндырылып, 2 ас қасықтан 3 мәрте тамақтанудың алдын 0,5 сағ. бұрын ішу керек.

Спирттік тұнба: 30 г-ын 100 мл спирттік тұнбаға салынып, 10 күн тұндырып, 30-40 тамшымен 3 мәрте күнге пайдалануға болады [33].

Бұрышты жалбыз (мята перечная – Mentha piperita L.). биіктігі 20-60 см-ді құрайтын көпжылдық шөпті өсімдік. Тік өсетін төртқырлы сабағы бар, тамыр көлбей тарамданып, ұзынша келеді. Гүлдері майдалау, қызылтүсті, жасыл түсті, масақ тәрізді, сабақтың бас жағында орналасқан. Маусымнан қыркүйекке дейін гүлдейді. Өсімдіктің жағымды хош иісі бар (2-сурет).

 

2-сурет. Mentha piperita L. – гүлдеу кезеңі

 

Бұрышты жалбыз табиғатта жабайы күйінде кездеспейді. XVII Англия мемлекетінде сужалбызы мен жасылжалбызды будандастыру арқылы бұрыш жалбыз алынғандығы жөнінде бірқатар мәліметтер бар. Ресейге XVII ғасырда мәдени өсімдік ретінде әкелінген. Елімізде бұл өсімдік бұрынғы кеңшарларда көптеп өсірілген.

Өсімдікті вегетативтік түрде тамыр арқылы көбейеді. Халықтық медицинада бұл жалбыздың «сужалбызы» түрі қолданылады. Оның дәрілік қасиеттері бұрыш жалбызының дәрілік қасиеттеріне ұқсайды. Сужалбызы аласа бойыл, ылғалды, таудың сайсалаларында өсетін өсімдік. Дәрілік мақсатта оның гүлдеген кезінде түскен бөлігін жинайды. Құрамында эфирмайлары, оның ішінде ментол бар. Өсімдіктің құрамында бұлардан басқа каротин және флавоноидті қосылыстар бар. Өсімдіктің құрамындағы ментолдың қабынуға қарсы әсер ететін, жүректің, мидың, өкпенің қантамырларын кеңейтетін, өт айдайтын қасиеттері бар. Жүректің тұсы шаншығанда, асқазан және ішек түйіліп ауырғанда бұрыш жалбыздың тұнбасы жақсы жәрдем береді. Тіс ауырғанда, жоғарғы тыныс жолдары мен бронх қабынғанда ем үшін қолданылады.

Орыстың халық медицинада бұрыш жалбыз өт қуатын, тер шығаратын және бүйрекке тасбайланғанда зәр айдайтын дәрі есебінде пайдаланылған. Кейбір ғалымдар бұрыш жалбызды гипертония, атеросклероз, бүйрек, бауыр, асқазан ауруларына қарсы және дизентерияны емдеуде қолданады. Бұрыш жалбыздың жапырағынан жасалған тұнбаны ауыз қуысы уылғанда, тіс түбінің еттері қабынғанда шаю үшін қолданады.

Дәріні дайындап, қолдану тәсілі. 10 грамм өсімдікті 1 стакан қайнап тұрған суға арластырып, 20 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет тамақтанардан жарты сағат бұрын ішеді.

Асқазан қышқылы қалыптан тыс көбейгенде бұрыш жалбызды мынадай өсімдктермен қоса қабылдау өте тиімді. Бұрыш жалбыздың жапырақтарынан 15 грамм, үш жапырақты субеденің жапырақтарынан 2 грамм, мыңжапырақтың гүлдерінен 15 грамм, иісті аскөктің тұқымынан 15 грамм, шайқурайдың шөбінен 30 граммнан араластырып, осы қоспаның 2 ас  қасығын 2 стакан қайнап тұрған суда 2 сағат булайды. Дайын болған дәріні салқындатып, сүзіп, шетінен ұрттап ішіп, бір күн ішінде тауысуы керек.

Дәрілік мелисса (Мелисса лекарственная – Melissa officinalis L.) биіктігі 60 см көп жылдық шөпті өсімдік. Сабактары тіке, төрт қырлы, аздаған түктері бар. Жапырағы біріне-бірі қарсы орналасып, шеті тіс тәрізді, жоғарғысы үшкір, жапырагынын беті коныржасыл, асты суржасыл түсті, айнала дақылға тән түкті. Гүлшоғыры жапырақтын түп жагында болып, қызыл не ақ түсті. Шілде-тамызда гүлдейді. Гүлдері майдалау, 6-8-ден жапыпарақтын жоғарысындагы қуыста орналасады. Гүл тостаганшасы  қос ерінді, жоғарғы ерінде 3 қалакша, төменгісінде 2 қалақшасы бар (3-сурет).

Кавказ-Кырым, Еділдің төменгі жағасында, Украина жерлерінде кенінен тараған. Орталық Азия елдерінде бал арасын ұстайтын жерлерде егіледі.  Дәрілікке бұл өсімдіктің шөбі алынады. Тұнбалық максатта дәрілік мелиссаның  жербетіндегісінде гүлдеп, сол кезінде жинайды. Құрамында эфирмайлары, С дәрумендері, кофеин, урсол қышқылдары, илікті зат бар.

 

3-сурет. Melissa officinalis L. – гүлдеу кезі

 

Халықтық медициналарда дәрілік мелиссанын тұндырмасын жаракаттанғанда тыныштыру және қол-аяқтын бұлшық еттерінің тырысу әрекетіне қарсы әсеретуші дәрі деп қолданылады.

Тұнбаны даярлаудын және қолданудын тәсілі. 15 г өсімдікті 1 ст. қайнаған суға араластырып, 40 мин. тұндырып 1 ас қасықтан 3рет ішеді.

Долана (боярышник – Crataégus) сабақтары тікенекті кішкенекелген бұта. Жапырақтары ірі, қою жасыл түсті, кезектесіп орналасқан. Гүлдері майда, ақтүсті, гүлінін шоғыры қалқан тәрізді. Жемісі уақ, алма пішінді, ашық-қызыл түсті, диаметрі 8-10 см. Мамырда-маусымда гүлдеп, жемісін тамызда-қыркүйекте береді.

Жершарынын  Европалық бөлігінде, Батыс және Шығыс Сібірдің тоғайлы жерлерінде, Орталық Азия мен Қазақстанның таулыжерлерінде кенінен тараган. Өзен жағалаулары мен арналары, тауетектерінде өседі. Қазір бау-бақтар мен саябақтарда да егілуде. Ем үшін долананың жемісі мен гүлі қолданылады. Жемісінде гликозит, органикалык қышқылдар, холин болса, жемісі мен гүлінен дайындалған тұнбалар қантамырының қысымын төмендетіп, адам ұйқысын реттеуде пайдаланылады (4-сурет).

 

4-сурет. Crataеgusжеміс пісу кезеңі

 

Емдеуге керекті тұнбалар төмендегідей дайындалады:

1. Жемісі уатылып, 70 проценттік спиртке салынып, біраз ұсталынады. Мұнда дақыл жемісі және спирт 1:0 мөлшерінде алынып, дайын тұнбаның 20-30 тамшысын тамақтан бұрын күніне 3-4 мезгіл пайдаланады.

2. Бес грамм дакыл гүліне бір стакан қайнаған ыстык су құйып, беті жабылып, су құйылған кеңірек ыдысқа орналастырылып, 15 мин. қайнатады. Бөлмелык температурада 45 мин суытылады, сүзіледі. Алынған тұнба стаканға құйылып, толмаған жеріне қайнаған ыссы су құйып, толтырылады. Осындай тұнбаны күніне үш мезгіл 4-5 ас қасықтан ішеді.

 

1.5 Оңтүстік Қазақстанда жерсіндірілген дәрілік өсімдіктер

 

Дәрілік өсімдіктердің жерсіндірулік табыстарын бағалау үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады, ол тіршілік ету  түріне және аймақтағы жерсіндіру жағдайына байланысты анықталды, бағалар баллдық жүйеде белгіленеді. Е.В.Вульф [34] сызбасында өздігінен егілу және тұқым салуы ескерілсе, Н.А. Базилевскаяның [35] 6 баллдық шкаласымен бағалануында өсімдіктің суыққа төзімділігі мен фенологиясы қарастырылған. Бұл өте маңызды шкала бойынша зерттелген, мұнда өсімдіктердің өміршеңдігінің 12 градациясы жазылған және гүлдеудің үздіксіз гүлдеуі, жеміс салуы және қыстан шығуы айтылған.

Біздің зерттеп отырған дәрілік өсімдіктер жиынтығына И.В.Белолиповтың [36] және Р.А. Карписонованың [37] жерсіндірулік бағалары сәйкес келеді, олар шөптесін өсімдіктерге арналған. Дәрілік өсімдіктердің жерсіндіруіне қорытынды жасау үшін біздер өсімдіктің төрт көрсеткішін кешенді түрде өсімдіктің жергілікті жерге бейімделу сипаттары бойынша бағаладық (2-кесте).

 

2-кесте. Дәрілік өсімдіктердің  жерсіндірілуінің нәтижесін бағалауға арналған көрсеткіштерге сипаттама

 

Көрсет-кіштер

Баллдар

Белгілей-тін коэф-фициент

Жоға-ры баға

1

2

3

4

Тұқымдық көбеюге қабілет-тілігі

өсімдік жеміс бермейді

жемісті сирек береді

үздіксіз  жеміс береді

үздіксіз және мол жеміс береді

10

40

Ыстық темпера-тураға тө-зімділігі

жер бетіндегі мүшелері солады

бір жылдық өркендері солады

жеке жапырақ-тары солады

солмайды

7

28

Суық темпера-тураға тө-зімділігі

өсімдік толығымен қураған

жер бетіндегі мүшелері-нің зақым-данғаны

жеке жапырақ-тарының зақым-данғаны

зақым-  данбаған

5

20

Түрлі аурулар мен  зиян-кестерге төзімді-лігі

жаппай зақымдану

жеке өсімдіктің

зақымдан-ғаны

жеке жапырақ-тың зақым-данғаны

зақым-данбаған

3

12

 

Бұл бағалау 4 баллдық шкаламен есептелген. Баллдың қорытындысында 70%-ды аз перспективалы, 71-80 – потенциалды перспективалы, 81-90 – перспективалы, 91-100%-ын перспективасы жоғары өсімдіктер болған. Зерттелген өсімдіктер бойынша анықталғаны: барлық өсімдіктер өседі, тұқым салады, гүлдейді, тек қана – Tиssilago farfara, Helianthus tuberosus-ден басқасында жазғы ыстықтарға (38,8; 40,90С-ге дейінгі ауа райында) күйіп кету, қурап кету және жапырақтарының түсіп қалуы байқалған. Қурап кету айрықша байқалған жоқ, себебі жергілікті өсімдіктер суармалы жерде өседі. Valeriana officinalis өсімдігі көлеңке жерде өсірілді. Қыста температура 14,90С – 23,10С дейін төмендегенде көп жылдық дәрілік өсімдіктердің үсіп кетуі кездескен жоқ. Бірақ – Aerva lanata, Calendula arvensis, Calendula officinalis, Dioscorea nipponica, Hypericum perforatum, Glaucium flavum, Althaea rosea, Polygonum hydropiper, Potentilla erecta температура сәл төмендегенде жапырақтары ширатылып, өсімдіктер қурады. Басқа түрлеріне зақым келген жоқ.

Өсімдіктердің температураның төмендеуіне байланысты реакциялары, олардың тек географиялық шыққан тектеріне ғана емес, өсімдіктің сол уақыттағы дамуы және өсу фазасына да байланысты. Жерсіндіру кезінде көптеген түрлер ауруға шалдықпайды және зиянкестермен бұзылмайды. Кейбір жылдары көктемгі жаңбырлардың әсерінен саңырауқұлақпен ауырған өсімдіктер (жапырақтары) кездесті. Calendula officinalis құрттармен зақымданды.  Valeriana officinalis және Mentha piperita «қара күйе»,  Salvia  sclarea және lnula helenium ұнтақ деген ауруларға шалдықты. Саңырауқұлақ аурулары суғарғаннан соң арамшөптерде де пайда болған. Бұл аурулардың жайылып кетуі сирек болып, олар ескі экземплярларды зақымдайды. Шіркейлермен жалпылама залалдану Digitalis lanata және Digitalis grandiflora-ның екінші жылдығында және Silibum marianum өрмекші тәрізді кенелермен бірінші жылы зақымданды. Бұлар гүлдеу фазасында ауруға шалдығады.

Фармацевтика өндірісінің сұранысына сүйене отырып перспективті және өте перспективті топтан 12 дәрілік өсімдіктерді болашақта кең көлемде өндіруге болады. Өсімдіктің көктеп шығуының қалыптасу критерийі және егудің өсу динамикасы оңтүстікте өсірілетін барлық дәрілік өсімдіктер үшін үш топқа бөлінді [38]:

Бірінші топта жылдам өсетін өсімдіктер, олардың өнгіштігі 9-14 күн аралығында болып, қалған 45-60 күн вегетациялық массасы дамиды. Бұл топқа бір жылдық өсімдіктерден дәрілік қырмызыгүл, шұбар алатікен, дәрілік түймедақ, кәдімгі мыңжапырақ, түкті эрва жатқызылды.

Екінші топта көпжылдық дәрілік өсімдіктердің орташа жылдамдықпен өсетін түрлері. Олар 14-21 күн аралығында жаппай өніп,  вегетациялық массасы 60-90 күн аралығында дамиды. Бұларға жататындар: бес  салалы сасықшөп, кәдімгі түймешетен, сафлор тәріздес левзея, дәрілік шүйгіншөп, биік аңдыз, дәрілік жалбызтікен.

Үшінші, құрамында бірнеше өсімдік түрлері бар топ, жәй өсетін дәрілік және эфирлі майлы өсімдіктобы, олардың тұқымдары ұзақ мерзімде жетіледі (3-6 аптадан) және вегетативтік массасы 90-105 күн аралығында болады. Бұларға: эхинацейдің 2 түрі, дәрілік сайсағыз, түкті оймақша, кәдімгі киік оты, дәрілік мелисса, үлкен сүйелшөп, шілтер жапырақ шәйқұрай, сары жағынды, т.б. жатқызылған.

Өсiмдiктерді жерсіндіруде олардың биологиясын терең түрде білгенде ғана үлкен жетістікке қол жеткізуге болады. Оларды әp түрлі экологиялық жағдайларда өсіргенде ғана, онтогенезі мен морфогенезiнiң ерекшелiктерiн бiлуге болады.

Әр өсімдіктің өзіндік биоморфасы, ерекше онтогенезі болады. Қазiргi жағдайда әрқайсысының өмiрлiк формасы – терең морфологиялық категория, әp түрдiң пайда болуы, сол ортаға бейімделуiне байланысты.

Сондықтан өте қажетті биологиялық белсенді заттарды жерасты мүшелеріндегі өсімдікте дұрыс дамып, сапалы жетілген даму кезеңінде көп мөлшерде алып, пайдалана білген дұрыс. Ол үшін дәрілік өсімдіктердің қажетті ерекшеліктерін зерттеп білу өзекті мәселе. Тек сонда ғана біздер дәрілік өсімдіктердің табиғаттағы қорын тиімді, өсімдік үшін зиянсыз мөлшерде пайдалана аламыз. Осы мәліметтер өсімдіктерді  жерсіндіруде аса кажет. Мұндай жұмыстың мақсаты, әрине қажетті дәрілік өсімдіктің жесрасты мүшелірін қалыптастыру ерекшеліктеріне баға бере отырып сипаттау болып табылады.

Тұқымды зерттегенде зерттеуші олардың алуан типтерімен кездеседі. Жабық тұқымды өсімдіктердің ортасының жер астында өсу тамыр, өркен және аралас текті мүшелерін кездестіруге болады. Тамырға қатысты - негізгі, жанама, қосалқы тамырларды тамыр түйнектерін, әркилы метаморфоздарын, ал өркенге қатысты тамырсабақты, столондарды, пиязшықтарды сипаттауға болады. Сонымен қатар каудекс, тамыр-жеміс, сабақ-тамырлар және басқа да қалыптасуында тамырлар және өркендер қатысатын, яғни шығу тегі аралас жерасты органдарын да ажырата білу керек [39].

Жалпы өсімдіктердің, әсіресе көпжылдық шөптесін поликарптылардың жердінастынғы бөлігінде орналаскан органдарына толық талдау жасау үшін олардың антоморфогенездік тұрғыдан анатомо-морфологиялық құрылымына талдау жасау қажет. Осы уақытқа дейін Қазақстан флорасында кездесетін көптеген  дәрілік өсімдіктер бұл тұрғыдан арнайы зерттелмеген. Ал бұл мәліметтер, табиғи фитоценоздардағы дәрілік өсімдіктерді қарқынды пайдалану үшін  өте қажет. Сонымен бірге өсімдіктерді, әсіресе дәрілік өсімдіктерді жергілікті жерлерге жерсіндіру үшін өсімдіктердің бейімделу мүмкіншіліктерін толық білу керек. Ал, шөптесін өсімдіктердің жаңа жағдайға бейімделу белгілер жерқырытысының астындағы өзгерісінен байқалады. Бұл мәселенің өзектілігі  өсімдіктердің онтогенез үрдісінде біржылдык-екіжылдык және кейбір кіндіктамырлы шөптесін поликарпиктердің тіршілік формалары өзгермейді.

Ал, көптеген шөптесіндерде әрекет ету пішіндері өзгеріп отырады. Мысалы, бірінші жылы кіндік тамыр болғанымен, келесі жылдары олар кіндік шашақ тамырлы, тамырсабақты, шашақтамырлы, түйнек түзуші, түйнекті болып келеді. Демек көпжылдық шөптесін өсімдіктердің жаңа жағдайға бейімделуі өзгеріске ұшырайтындығын көрсетеді. Сондықтанда шөптесін поликарпты өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін толық біліп, олардың тіршілік формаларына ғылыми тұрғыдан сипаттама беру үшін белгілі бір жағдайдағы   онтогенездік морфогенезін білу өте қажет [40].

Емдік-дәрілік өсімдіктердін биоалуантүрлілігін сақтап қалу үшін, жергілікті және жерсіндірілген өсімдіктерді көбейту, мәдени түрде егілетін, яғни басқа жақтан алып келінген жаңа түрлерінің биологиялык- фармакологиялық қасиеттерін зерттеп, нәтижесінде тиімділерін медицинаға, мал дәрігерлігіне, тамақ өнеркәсібіне енгізу қажеттілігі туындауда.

Оңтустік өңір тұрғындарын дәрілік өсімдіктермен және фармацевтика, тамақ өндірісін шикізатпен толықтай қамтудапайдалы өсімдіктердін дақыл ретінде егуге егістерінің көлемін Оңтүстік Қазақстанда арттыру және табиғи жағдайларда өсетін өсімдіктер  дайындауды дұрыс жолға қою керек. Әр түрлі меншіктегі шаруашылықтарды дәрілік өсімдіктердін егілу көлемін арттыруда егістіктерде егуге ынталандыру үшін фармацевтика өндірісін, дақылдарды жерсіндірумен, өндеуді,  өндіруді, сақтауды жетілдірумен айналасатын ғылыми мекемелер маркетинг жүргізу арқылы шаруашылықтарға қандай өсімдікті егу керек, оның пайдалы қасиеттерін  дер кезінде хабарлап отыруы және өндірілген шикізатты дұрыс  сақтауға көмектесуі қажет [41].

Медицинада, фармацияда, мал дәрігерлігінде, қоршаған ортаны қорғауда, тамақ өнеркәсібі мен жеңіл өнеркәсіпте, парфюмерияда Қазақстанда өсірілетін дәрілікөсімдікті  пайдалануға болық мүмкіндік бар. Сол себепті, Қазақстан флорасы дәрілік өсімдіктергі өте бай, оның ішінде маңызы болып саналатын түрлер  аз емес. Олардан өндірілетін дәрілердің пайдалы қасиеттерін анықтау соңғы кездегі фиотерапия өркендеп дамуына әкелуде.

Соңғы жылдары пайдалы өсімдіктерді  жоспарсыз әр-түрлі антропогендік пайдаланудың салдарынан олар азайып, мүлдем жойылып кету қаупі төнуде.. Осыған байланысты олардың қорын толықтыру үшін жерсіндіріп, олардың табиғи қоры қорғалуы тиіс. Олар әртурлі ауруларға қолданылатын дәрілік шикізаттын негізгі көзі, қоры болып есептеледі. Олардан 40пайыздай дәрізаттар мен дәрі-дәрмектер  алынады.

Қорыта келе, жоғарыда аталған ғалымдардың ізденісіндегі заңдылықтарға сүйене отырып, тәсілдерін  пайдаланып, Оңтүстiк Қазақстан жағдайында дәрілік шүйгіншөпті өсіруде биологиялык және дәрілік-емдік қасиетттеріне жан-жақты талдау жасалынды.

 

2 ЗЕРТТЕУ ЗЕРЗАТЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

 

2.1 Зерттеудің нысандары

 

Бөлiм           Magnoliophyta

Класс           Magnoliopsida

Тұқымдас    Valerianасеae

Туыс                     Valeriana

Түрі:            V. Officinalis

 

Дәрілік шүйгіншөптің (валериана лекарственная – Valeriana officinalis L.) – 200-ден аса географияллык аймактарға таралуына жане әртүрлі климаттық жағдайларына байланысты өсірілу түрлерінің жиынтығын құрайды.

К. Линейдің жіктеуі бойынша дәрілік шүйгіншөптің 42 түрі ТМД мемле-кеттері аумағында, оның ішінде 7 – Еуропа, 1 – Кавказ, 34 – Азия бөлігінде кездеседі [42]. М.К. Кукенов, В.Ю. Аверина және басқалардың [43, 44, 45] мәліметтері бойынша Қазақстанда шүйгіншөптің 9 түрі кездесіп, көбіне Альпі және Субальпі шабындықтарында, 2000-4000 метр биіктікке дейінгі шөпті егістерде өседі.

Дәрілік шүйгіншөп (Valeriana officinalis L.) біржарым  метрді құрайтын көпжылдыл шөптекті өсімдік. Тамыржүесі қыскалау, бірқатар ұсақтамырлы. Сабақтары тіке, іші қуыс келеді. Тамырыннан тіке өсеттін сабактары ұзынша, томенгі жақтағы жапырақтары қысқа, жоғары жағы отырықшы келеді. Жапырак пішіні құсқауырсыны тәріздес, гүлі майда, ашық қызыл түсті, иісі қошты болады. Гүлтәжі 5-жапыракты, тостағаншасы 5 гүлимек қалашадан құралыды. Тұқымдары шеткі жағында шашақты, сопақша, кішкене жеміс. Мамырмен тамызда гүлдеп, маусыммен қыркүйекте піседі (5-сурет).

Бұл өсімдікті ағзаны тыныштандыру мақсатында пайдаланудын себебі құрамында кездесетін эфирлі майларға тауелді. Ағзада бұл процесс жәй дамығанымен, тұрақты жүреді. Шүйгіншөптың қышқылдық не валепотриаттар-дың спазмалитикалық әсері әлсіз болғандықтан, асқазан-ішек, бұлшықет пен зәршығару жүйесіне қатысады. Өсімдікте кездесетін белсендік заттардың биокешені өт айдау, ас қорытудағы секреция бездерінің жұмысын күшейтіп, жүрек-қантамырларын кеңейтіп, жүрек соғу ырғағын байаулатады.

Шүйгіншөп көбінесе шабындықтарда, көгалдарда, өзендер жағаларында, орманмен батпақтарда кездеседі. Гүлдеу кезені тоқтағанда жерүсті бөлігі қурайды да, тамыры жиналайды. Тамыр жүйесіндегі эфирлік майлар, изо-валерианакышқылы, алкалоид бірнеше ауруларға емдік мақсатта қолданылады [46]. Тамшы түрінде эфир-майына толы гиподерма жасушалары болады. Қабық бөлігінде крахмал түйіршіктері кездеседі.

 

5-сурет. Дәрілік шүйгіншөп, Валериана лекарственная, Valeriana officinalis

 

Қазіргі кезде ОҚО шаруашылықтарының 160-170га егістіктерде дәрішүйгіншөп, дәрітүймедақ, дәріжалбызтікен, өткір жапырақты кассий, дәрілік тырнақгүл өсірілуде.

Дәрілік шүйгіншөптің тамырынан жасалынған дәрілерді медициналық салада тыныштандырғыш зат есебінде, ұйқысыздықта, жүрек-қантамыр жуйесінін неврозында, жүректің қатты соғуы кезінде қолданылады.

Дәрілік шүйгіншөптің алғыдақылы болып астық немесе сүрлемдік дақылдар табылады. Топырақтағы тамыр өнімінің сапасын төмендететіндіктен дәнді-бұршақты дақылдардан кейінгі екінші жылы ғана орналастыру керек. Ол үшін топырақтың механикалық жағынан жеңіл болғаны қолайлы. Топырақты өңдеу жұмысы жерді күзде 28-32 см тереңдікте аудара жырту және егіс алдындағы өңдеуден тұрады. 

Дәрілік шүйгіншөп егісіне тыңайтқыш енгізу оның тамыр өнімін және сапасын едәуір көтереді. Органикалық тыңайтқыш негізгі өңдеу алдында 20-30 т/га мөлшерде беріледі. Минералды тыңайтқыштың 25-30% негізгі өңдеумен, 5-10% себумен бірге және 60-70% үстеп қоректендірумен бірге берілуі қажет.

Оңтүстік Қазақстан өңірінде дәрілік шүйгіншөптің қолайлы көбейту жолы – көшетінен көбейту. Көшетті дайындау үшін жаңадан жиналған тұқымды тамыз айының алғашқы онкүндігінде себеді. Қатар аралықтары 10-12 шаршы алаңға 1,5-2,0 г тұқым қажет. Тұқым сепкен соң танаптың бетін   1-2 см қалыңдықта көңмен жабады. 1 гектарға қажетті көшет дайындау үшін 100-150 шаршы метр көшет алаңы керек. Мол өнім алу үшін көшетті күзде (қазан айының екінші жартысында) немесе ерте көктемде 70 х 20 не 70 х 25 қоректену алаңына отырғызған өте тиімді. Күтіп-баптау жұмыстары топырақ ылғалдылығын бір қалыпты сақтауды (өсіп-жетілу кезінде 6-8 рет суару қажет), танаптың арам шөптерден таза, топырақтың физикалық құрамының өсімдік үшін қолайлы болуын (2 рет қопсыту) және үстеп қоректендіруді қамтамасыз ету керек.

Дәрілік шүйгіншөпті көлемді егіс алқабына еккенде 1 га жерге 3-4 кг тұқым себіледі. Себу үшін көкөніс сепкішін қолдануға болады.

Негізгі өңдеу (аудара жырту 28-32 см) жұмыстары себуден 25-30 күн бұрын жүргізілуі керек. Тұқым топырақтың қатты беткі қабатына түсу үшін егер алдындағы өңдеуде міндетті түрде топырақты тығыздау жұмысы жүргізіледі.

Алғы дақыл тыңайтылмаған болса, негізі өңдеу алдында 20-30 т/га органикалық тыңайтқыш енгізіледі. Толық минералды тыңайту түймедақтың гүл өнімін едәуір молайтады.

Дәрілік шүйгіншөп жоғары экологиялық, пластикалық қасиеті бар. Дәрілік мысықтамырдың тамыры көлденең топырақтың жоғары қабатында орналасқан. Шүйгіншөптің қалыптасқан және үлкен өсімдігі ұсақ құрғақшылық төзеді, бірақ жоғары егістік алу үшін ылғалды жерге егу керек. Шүйгіншөп аязбен зақымдалмайды, ал өсімдік жоғары қысқа беріктілікке ие. Шүйгіншөптің тұқымы 50С температурада өседі, оптималды температуралардың өсуі үшін шамамен 20-300С.

Егісті сепкеннен кейін 12-20 күнде жерге шығады, жапырақтары күзге дейін көбейеді, күздің соңында жапырақтары түседі. Екінші және соңғы жылдары шүйгіншөптің өсуі қардың кетуінен кейін тез өсе бастайды, бутанизация 30-50 күннен кейін оған жол береді. Гүлденуі 45-55 күн және тұқымы 75-110 күннен кейін өседі. Шүйгіншөп тұқымын сақтау кезінде өнгіштігін тез жоғалтады. Қоймада 1 жылдың өзінде-ақ сапасы төмендейді, сондықтан шүйгін шөптің тұқымын тергеннен кейін 1 жылға дейін сақтауға ұсынады.

Температура қатынасы. Табиғат жағдайда шүйгіншөп әр түрлі температурада өседі. Шүйгіншөп дақылы жоғары суыққа төзімдігі: өсімдік қар жамылғысы жоқ 10-150С суыққа өлмейді. Шүйгіншөп баптау сапасы кезеңінде өтеді. Баптау сапасы төмен температурада 20С дейін шүйгіншөп дақылы үшін жақса район – бұл орманды және орманды дала, Еуропаның бөлігі, Батыс және Шығыс сібірі сонымен бірге тау аймақтарындағы райондар Орта Азия.

Жарыққа қатынасы. Шүйгіншөп күннің ұзақтығына әсерін тигізбейді. Тәжірибелі ВИЛАР әр түрлі күннің ұзақтығы [47] сағат және табиғи күн) шүйгіншөптің дамуына, өсуіне әсер етпейді.

Ылғалдылығына қатынасы. Шүйгіншөп ылғал сүйгіш және төмендеу жерді топырақ суына жақын жерді қалайды. Шүйгіншөпті өсімдігі құрғақшылыққа төзімді, ылғалдың жетіспеуі көбеюіне, өсуіне әсер етеді. Көктемгі жел өсімдікті құртуға әсер етеді.

Топыраққа қатынасы. Табиғи жағдайда дәрілік шүйгіншөп әртүрлі топырақта өседі. Дақыл ретінде құнарлы жерде оңай егістік береді, ортаңғы механикалық құрамы нейтралды немесе сілтемелі реакция. Жақсы топырақ шүйгін шөп үшін құрғатылған және шымтезекті, жаманы – ауыр, саз, ыдырату, судың жетіспеуі және ауаның денеге ене алу қасиеті төмендігі және төменгі қыртысты жер. Құм және батпақты топырақ шүйгін шөп үшін пайдалы емес.

Тыңайтқышқа қатынасы. Тәжірибеде көрсеткендей шүйгіншөптін егістік тамырында органикалық және минералды тыңайтқыштар тез жоғарлайды. Қатты әсер ететін органикалық минералды тыңайтқыштар. Егістегі шүйгіншөптің тамырына 2-3 рет қолданады. Тыңайтқыштың жоғарлауы егістіктегі тамырында эфир майының мөлшеріне байланысты. Тәжірибелі Украиндық станциясы ВИЛАР толық минералдық тыңайтқыштар гектарға есептегенде 90 кг шүйгіншөптің тамырындағы эфирмайынын 2,3 пайызға дейін жоғарлайды. Калий тыңайтқышы жоғарғы дозада нәтиже береді.

Өкінішке орай барлық тәжірибелерде тыңайтқыштарды қолданады, шүйгіншөптің егістіктегі сапасын анықтауға шек қойды, эфир майын дәрілік шүйгіншөптің сапасын дәрілік ретінде сипаттай алмады. Емдік ретінде шүйгіншөп эфир майына ғана тәуелді емес және басқа да заттар шүйгіншөптің тамырында толық анықталмаған. Шүйгіншөптің сапасы тек ғана фармакологиялық әдісті анықтайды. Егістіктегі шүйгіншөптің тамырынын сапасы тәжірибелі Украиндық станция ВИЛАР мамандырылған тәжірибе қойылған, алдағы көрсетілген тыңайтқыштар жоғарғы фактор болып табылады. Жоғарғы биологиялық шүйгіншөптің тамыры қара тыңайтқыштарда өсіріледі.

 

2.2 Тәжірибе жайларының орналасуы

 

Зерттеу жұмыстары Оңтүстік-батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында 2014-2015жж. және тау бөктеріндегі жауынмен жартыллай қамтылған тәлімді аймақтағы физиологиялық кешенде  жүргізілді.

Тірек бекеті ОҚО (Тассай ауылы) тау жүйесінің эфемероиды, қысқа шөпті, жарты  саваналы тау маңында, теңіз деңгейінен 400-500 м биіктікте орналаскан. Зерттеудің жүргізілетін аймақтық жер бедері тау етегіндегі адырлы-бұйратты жазық  дала.

Климаттық жағдайы өте көп өзгереді, жылылық мөлшері мол, күннің жарығы жеткілікті, суығы ұзаққа созылмайтын кезеңімен, көктемнің ертерек түсуімен және  өте көп түсетін жаңбырмен ерекшеленеді. Жылдық жауыншашын мөлшері 4500-5000 мм. Жоғарыда аталған көрсеткіш -бұл жылдық жаңбыр мөлшерінің 80-90пайызын күзгі-қысқы-көктемгі мезгілдерде түсуінде.

Ауаның жылдық орта температурасы -12,00С. Аяз болмайтын кезеңнің ұзақтығы ортаесеппен алғанда 200 тәулік. Соңғы суықтар наурыздың басы не сәуірдің басында тоқтайды және қазан айының соңынан қараша айының басынан қайта түседі.

 «Шымкент» метеобьектінің мәліметтерінде бақылаудың жүргізілген кезінде (2014-2015) жауыншашынның жылдық мөлшері 530,2-860,0 мм аралығын құраған (3-кесте). 3-кестеде көрінгендей, 2014 жылдың мамыры өте құрғақты, әрі ыстыктау болып, бар-жоғы 3,4мм ғана жанбыржауды, ауаның орта-айлық температурасы 14,70С көтерілген. 2015ж. 860,0 мм ылғал түсіп, наурыздағы айлық температура 5,90 болған, сәуірдің де салқын болғаны байқалды – 10,50С.

Тау бөктерінің ылғалымен толықтай емес қамтылган тәлімжеріндегі климаттық бақылаулары, яғни ылғал мен температура  жазықшөлге қарағанда артықтау айырмашылықта болды. Бұл өсімдіктердің өсуіне, дамууына, барлық онтогенез кезендеріне әсер етеді. 

Тәжірибе жасалынған аланқайдың топырағы кәдімгі оңтүстік сұр саздакты топырақ, топырақтың қабатындағы қарашірік мөлшері задау, 1,2-1,3%. Жылжыйтын минерал қоректік затпен қамтамассыздануы келесі:  N-пен – орта, P-пен – әлсіз, K-мен – жақсы. Механикалық құрамжағынан топырагы сазы көп, құмы аз [48, 49].

Институттың тәжірибелік егістік алқабының топырағы орта сазды, ашық сұр топырақ. Ағынды сулар топырақ бетінен 25-30 см төмен, сондықтан ол топырақ қалыптасу процесіне ешқандай әсер етпейді. Қара шірік қабаты 20-28 см. Механикалық құрамы орташа сазды. Қарашірік және азот фосфор, калий мөлшері топырақтың жыртылу қабатында (0-30 см) 0,11%-ден 1,5%-ке дейінгі

 

3-кесте. «Шымкент» метеобекетінің ылғалдылық пен температура туралы мәліметтері

 

Жылдар

Айлар

Жылдын орта тем-пературасы

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Ортайлық температурасы, С0

 

2014

3,41

2,22

5,8

11,6

16,6

22,0

25,4

25,6

20,5

14,8

6,8

0,7

13,0

2015

3,12

5,68

7,5

12,6

19,2

24,5

25,5

25,0

21,1

11,2

10,1

1,8

14,1

Орташа айлык жауын-шашын мөлшері, мм.

Жылдын ылғалды-лық мөлшері

2014

41,1

131,8

137,6

56,9

151,1

33,8

3,6

0,1

0,3

66,2

141,2

102,8

8687

2015

50,0

40,1

82,1

58,2

37,4

16,2

14,4

9,3

0,2

22,5

77,4

127,0

535,2

Ауаның орташаайлық салыстырмалы ылғалдылығы, %

2014

72

73

72

64

61

58

67

44

31

37

52

74

 

2015

74

62

64

62

54

38

33

35

32

53

71

74

 

мәнде. Тәжірибелік егістік алқаптау етегінде теңіз бетінен 600-650 метр биіктікке орналасқан. Бұл алқап құрғақ ыстық аймаққа кіреді. Оң температура жиынтығы 100С-ден жоғары, 3300-43000С аралығын құрайды (4-кесте).

 

4-кесте. Тәжірибе участогынын топырағының механикалык қурамы

 

Топырақ қабаты, см

Түйірлер көлемі, мм (пайыз есебінен)

1,0-0,25

0,26-0,05

0,06-0,01

0,02-0,005

0,006-0,001

0,002

< 0,02

0-10

1,28

54,69

22,18

5,45

11,07

5,38

21,88

10-20

1,39

57,73

19,93

5,73

9,25

5,98

20,95

20-30

0,66

53,92

22,82

6,53

9,62

6,46

22,58

30-40

0,58

56,38

20,04

6,59

8,39

8,15

23,07

40-50

0,42

56,43

19,54

6,15

9,45

8,12

23,68

50-60

0,53

55,44

20,88

5,02

9,48

8,72

23,23

60-70

0,62

55,87

21,26

6,18

7,85

8,32

22,32

70-80

0,67

56,01

20,68

5,62

8,35

8,73

22,66

80-90

0,46

58,12

18,45

5,33

8,72

8,98

23,01

90-100

0,56

57,12

21,34

4,59

9,04

8,71

22,35

 

Қатты суық болмайтын кезеңнің ұзақтығы 185-200 күн, зерттеу жумыстарын жүргізілген жылдары жауыннын мөлшері 650 мм құраған.

 

2.3 Зерттеудің орны, нысаны мен әдістемесі

 

Тұқымның ең негізгі сапалық белгіллері – олардың өнгіштігі және өсу энергиясының жоғарылыгы. Өсімдіктердің тұқымының өнгіштігін зертханалык жағдайында 4 нусқада, яғни 4 мәрте қайтара қойылып, 22-25°С қойылды. Tұқым өндірудің сапалығын Петри табақшасында, сорғыш қағазды сулап, әpбір табақшасында 100 дана  дәннен салынып, өндірдік. Күнде бақылау жүргізіп, су тамшылатып, шыққандарын пинцеттаркылы алынып тасталынды. Күнделікті таңғы уақытта өнген тұқым саналды, дәптерге көрсетіліп, зертхананың ылғалдылыгы зерттеліп, тексеріліп дәптерге жазылды. Олардың зертханалық, дала жағдайларында өнуін зерттеуде И.Г. Серебряков [51]  жұмыстарындағы негізгі әдістемесі басшылыққа алынды.

Фенологиялық бакылаулар И.Н. Бейдаман әдісімен [51] тәжiрибелік алаңында күнделікті бақылау жасап, алгашыкы өскеннің шыққан күнінен саналды, ұзындықтары өлшенді, өсуі анықталды.

Бақылаулар екі бағытта жүргізілді. Біріншісі: дәрілік шүйгіншөптің биологиялық сипаты, онтогенез кезендерін анықтап, тамыржүйесін зерттеу болса, екіншісі, агротехникалық ерекшеліктерін анықтау бағытында өсіру тәсілдері, тұқым себумөлшері мен мерзімі, көшеттерді даярлау, отырғызу мерзімін анықтау, қоректену алаңы, тамырын жинақтау мерзімі және дәнін жинақтау тәсілін анықтау.  Шикізатты, яғни қазылған тамырды өндеу және сақтау кезінде кептіріп, сақтап қою мөселелері қаралды.

Зерттеудің нысаны – дәрілік шүйгіншөптің "Маун" сорты. Жұмыс бағдарламасын толық орныдауда 4 далалық және 2 зертханалық төжірибелер қойылды.

1-далалық тәжірибе дәрілік шүйгіншөпті көбейту тәсілінің тиімдісін анықталды. Танаптық тәжірибе 3 қайталаулы рендомизациялану тәсілімен жүргізілді. Тәжірибе қойылған танаптын көлемі 0,15 га, мөлдектіңкі – 120 м2.

2-танаптық тәжірибе дәрілік шүйгіншөптің көшеттерін отырғызудың қолайлы мерзімін және тиімді қорекгену алаңын анықгау үшін жүргізілді. Екіфакторлы танаптық тәжірибе 3 қайталаулы мөлдектерді бөлшектеу әдісі қолданды. Тәжірибе жүргізілетін танап 0,35 га, мөлдек - 50м2 құрады.

3-танаптық тәжірибе дәрілік шүйгіншөптің көшетін дайындауда оның себілумерзімін және мөлшерін анықтау мақсатында жүргізілді. Танаптық тәжірибе 3 қайталаулы мөлдектерді ыдырату әдісімен жүргізіілді. Тәжірибе қойылған танаптың ауданы 100 м2. Мөлдектің есептелгені – 3м2.

4-танаптық тәжірибе дәрілік шүйгіншөптің тамыржүйесін жинаудың оңтайлы мерзімін анықтау үшін жүргізідді. Танаптық тәжірибе 3 қайталаулы рендомизациялау тәсілімен орындалды. Тәжірибе қойылған танаптың көлемі 0,35 га.

1-зертханалық тәжірибе дәрілік шүйгіншөптің шикізатын оңтайлы кептіру тәсілін, темпаратурасы және жағдайын анықгау үшін жұргізілді. Лабораториялық тәжірибе 3 кайталана жүргізілген.

2- зертханалық тәжірибе дәрілік шүйгіншөптің тамыржүйесі сақтауға  қолайлы  жағдайлары  мен  сақтау мерзімдеріндегі  эфир майының өзгерістерін белгілеу мақсатында жүргізілді. Зертханалық төжірибе 3 қайталаулы.

Тәжірибеге қажетті ғылыми мәліметтерді жеткілікті жинау үшін төмендегідей байқаулар мен сараптаулар жүргізілді:

Тұқымның лабораториялық өнгіштігі - лабораториялық жағдайда 100 тұқымнан өнген өскіндер санының пайыздык үлесіне қарай, ал өну күші алғашқы өскіндер шыққаннан соң 3 күн ішіндегі қалыпты өскіндердің пайыз үлесіне орай аныкталды. Түқымның далалық өнгіштігі - егін көгі толық шыққандан соң себілген тұқым мен өскен өскіндердің пайыз үлесі арқылы анықталды.

Өсудің және даму дарежесі тәжірибе нұсқаларының барлық қайталауларынан 25 өсімдіктің биіктігін жөне өсімдіктің жапырақ саны арқылы анықгалды. Өсімдіктің сақталуы тәжірибе нұсқаларының барлық қайталауларынан өсімдік данасын 1м2-тен 3 қайталап әрбір он бес күнде саналды, шыкқан өскіндер санының пайыздыкүлесі арқылы анықталды. Топырақтағы қорек зат мөлшері 0-30 және 30-50 см қабаттарының топырақ үлгілерін қопсытылып, жеңіл гидролизді азот – Тюрин- Кононова әдісімен, фосфор - фотоэлектрокаллориметрде Мачигиннің әдісімен, жылжыйтын калий –жалын фотометрде, ал қарашірік – В.И. Тюрин әдісін қолданумен анықталды. Танаптағы арамшөптер үлесі алқаптан көлбеу жүріп 3 аймақтан 1м2 аудандағы арамшөптердің санымен анықталды.

Жерүстіне өсіп шыққан өсімдіктерді жинау алдын қайталаулар 1 кума метрдегі өсімдіктердің тамырмойнынан кесіліп, тездетіп өлшеу арқылы өнімі анықталды. Тамырдың ылғалды өнімін анықтау үшін барлық нұсқалар мен қайталаулар 3 нұсқадан 1 қума метрдегі тамырың қазылып, оны ағын суда жуып, топырақтан түгел тазартқаннан соң өлшенді.

Шикізат сапалык белгілері: ылғал, күл, экстрактивті заттар, эфирлі майлары ГОСТ 24027.0-80 [52] анықгалды.

Дақылды өсірудің экономикалық тиімділігін суғарымалы жердегі шикізатты өндіруге шыққан барлық шығындар мен сатылған тамырдың бағасының айырмашылығын табу арқылы анықталды.

Бақылау мәліметтерінің статистикалық өндеуі Б.А. Доспеховтың [53] математикалық өндеу әдісімен есептелінді.

Тәжірибелер өсірілу аймаққа тән агротехникалық ерекшеліктеріне қарай жүргізілді.

Зертханадық жұмыстар жоғарыда аталған ҒЗИ-дің сараптамалық лабораториясында орындалган. Зерттеудің нысаны – дәрілік шүйгіншөптің тамырсабағы, жапырағы мен сабағы.

Дәрілік шүйгіншөптің шикізатын дайындауда бірінші қазылып, топырақтан тазартылып, 20 минут ағынды суда тазарттылып, көлеңкеде 3-5 сағат солдырылды. Кейін толық кептіруге жіберіледі. Кептіру БДС-3516-58 мемлекеттік өлшемдеуге сәйкес ылғалдылығы 16%-ға дейін жүргізілді.

Өсімдіктің құрамындағы эфир майының мөлшері кептіргенде және сақтағанда анықталды. Су буын пайдаланып, кейін түзілген мөлшерін анықтап, құрғақ шикізатқа шакқанда пайыздық өлшемін табуаркылы  негізделді. Эфирлі майды анықтаудың үш тәсілі бар: Гинзбург әдісі; Клевенджер әдісі А және Клевенджерәдісі Б. Өз жұмыстарымызда біз Гинзбург әдісін қолдандық.

Алдымен зертханалык таразыда (ГОСТ19491-74) шикізат үлгісін 40 граммда алынды(ГОСТ24027,0-80). Оны электрлі лабораториялық диірменде (ГОСТ5.692-70) ұнтақтап, тек 0,8 номерлі елегіштен өткен шикізат ғана пайдалаңнылды. Ұсақталған шикізат үлгісін кең, дөңгелек, сыйымдылығы 1000 мл (ГОСТ 10394-72) колбаға салынып, үстінен 300 мл су құйылғаннан соң резина тығынмен жаптык. Резина тығынның ортасындағы тесігінен кері, дөңгелекті зертханалық тоңазытқышты (ГОСТ 9499-70) орнаттық. Тығынның астынгы жағынан аранйыланған бөлшектерге бөлініп, көрсетілген көлемі 2,5 мл және әрбір бөлік шамамен 0,025 мл-де Гинзбург қабылдағышына берілді [54].

 

2.4 Өсу және даму ерекшеліктері

 

Өсімдіктің негізгі қасиеттерінің бірі – оның өсіп- дамуы. Ағза мүшелерінің бір-бірімен байланысының заңдылығы, құрылымы, аткаратын қызметі, белгілі бір орта жағдайында арнайы бір уақытта тарихи дамудан өткен қорытындысы болып есептелінеді. Атқаратын қызметімен құрылысына орай олар вегвтативтік және генеративтік болады. Вегетативтікке өсімдіктің негізгі денесін құрайтын және атқаратын қызметіне қарай жоғары сатыдағы өсімдіктерде тамырын, сабағын, жапырағын, төменгі сатыдағыларга - жіптесінді, ұлпалык, тамыр қызметін атқаратын ризоидка бөлінеді. Генеративтік мүшелер көбею үшін қызмет атқарады.

 

6-сурет. Ұрықтың өніп шығуы

Өсімдік мүшелері неғурлым үлкейген сайын тіршілік ортасымен қарым-қатынасы соғұрлым мол болады да, оған келіп жатқан қорек заттар аса жеткілікті болып, өсімдіктің тез өсуіне жағдай жасалынады. Өсуі төмендеп, дамуы қалыпты не өте қарқынды болғанда өсімдік бойықыска, жапырақтары майда, жемісберуі төмендейді. Өсуі қарқындылағанда, баяу дамитындарының жапырақ сандары көбейіп, жақсы гүлдегенімен нашар жемістенеді.

Өсімдіктін өсуі тірішілік етудегі ең маңызды көрінісі. Негізгі атқаратын қызметі – зат алмасуға қатысу. Өсудің процестері төмендей ерекшеленеді: өсімдіктің, жеке мүше олшемдерінін жогарылауы; мүшелерінің сандық көбеуі; жасушаларының саны мен көлемінін ұлғайуы; құрғақтық салмақ арттуы; протоплазмалық мөлшер санының жоғарылығы: жасушада жана құрылымдардың пайда болуы.

Өсімдік ағзасында жеке мүшелер, ұлпалардын өсуі бірдей болмайды. Бұлар әдетте өсу төбешігінде не мүше ұштарында байқалады. Өсуі 3кезеңге бөлінеді: ұрықтык, созылынкы өсуі мен жіктелуі. Эмбрриондық (ұрыктық) кезде жасуша цитоплазмасында тола, вакуолі жок болып келеді [55].

 

 

7-сурет.  Өскіннің пайда болуы

Өсімдіктін тұқымының өсуіп-дамнуы өнуден басталады. Ол 3 негізгі бөліктен тұрады: жабындық ұлпалар (тұқымның ішкі бөліктерін зақымданудан, сыртқы қолайсыз әсерлерден корғап, газ бен су алмасканды реттейді); ұрықтық ұлпалары (сабағы, тамыржүйесі, жапырақтын басты жағы); қорсактаушы (эндосперм).

Көптеген қос жарнақтыларда қорзат тұқым жарнақта, дара жарнақтыларда-эндоспермада сақталады.

 

8-сурет. Тұқымның жарып шығуы

          

Өсімдік сабағынын өсуі өркенге ұқсас келеді. Сабақ өсу аймагындағы жасушалар төбелік меристеманы құрап, өте тез бөлінеді. Жіктелу аймағындағы эпидермистен орталық өткізгіш шоқ және алғашқы қабық ұлпалары қалыптасады. Қос жарнақты өсімдіктерде өзекше айналасын ксилема,ксилеманың айналасын флоэма клеткалары қоршап жайғасады. Дара жарнақтыларда ксилема және флоэмалы түтік шоқтары қабықты да,орталық өзекшеде де (цилиндр) таралып орналасуы мүмкін.Сабақ анатомиясы генетикалық белгі болғанымен,сыртқы жағдайлар да сабақтың өсуіне айтарлықтай ықпал жасайды.

 

9-сурет.  Ұрықтың өсу динамикасы

 

Өсімдік тамырының өсіп қалыптасуы тамырдан басталады. Оның  өсу төбешігі құрылысы жағынан онша күрделенбей, ұзындық олшемі 1-2 мм құрайды. Тамыр меристемасынан тамыр ұлпаларының қыны қалыптасады.

Тамыржүйесі төрт зонаға бөлінеді: тамыр қыны; өсу; тамыр түтікшелері; бұтақтану аймақтары.

Өсудің сигмоидтық қисығы төрт негізгі бөліктен құралады:

1. Бастанқы пәрмендену (индукциялық),немесе лаг-кезеңінде анық өсуді дайындайтын жасырын процестер жүреді;

2. Логарифмдік (қарқынды) өсу кезеңінде өсу уақытқа байланысты түзу сызықпен бейнеленеді;

3. Баяу өсу кезеңі;

4. Бір сарынды (стацинарлы)кезеңде өсудің көзге көрінетін процестері байқалмайды.

Сонымен өсімдіктердің тіршілік жағдайларының өзгеруіне байланысты ішкі прцестерді өздігінен реттеушілік қабілеті екі жолмен –ферменттердің  синтезделуін реттеу және олардың ырықтығын реттеу арқылы жүзеге асады.

 

3  ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

3.1 Егілген тұқым сапасын анықтау

 

Дәрілік өсімдіктерден жақсы өнім алу үшін тұқымнын сапасы жоғары болуы тиіс. Дәрілік өсімдіктердің біртегіс қалың болып өсуі тұқымының сапасына әсіресе морфологиясына және өнгіштігіне тікелей байланысты. Өсу энергиясының негізгі көрсеткіштері ол өскен тұқымның жалпы мөлшері белгілі бір үш күннің ішінде, жаппай өсіп, шыққан күніне байланысты.   Тұқымның өнгіштігі,тазалығы, шаруашылық үшін маңыздылығы егілген тұқым сапасының ен  басты көрсеткіші, оны анықтамай тұқымды егуге болмайды [56, 57, 58].

Тұқым сапасына келетін болсақ, ондай талаптап келесідей болу керек: тазалығы жоғары, бөгде дақыл тұқымдарынын болмауы, өңгіштігі артық болса, дәннің толықтығы, үлкендігі ойдағыдай болып, көлемі жағынан да бірдей болуы шарт. Тұқымның ішінде әртүрлі зиянкестер мен аурулар болмау керек.

Өңгіштік деп тұқымның ылғал, жылу мен ауаның әсерінен өніп көктеуін айтады. Ол пайыз көрсеткішімен көрсетіледі. Бұған таза тұқымды жақсылап араластырып, 4 үлгі алады. Мундағы өнудің энергиясы - 3күнде өңген тұқымның пайыз көрсеткішін көрсетеді.

1000 тұқымның салмағы -тұқым сапалылығының басты көрсеткіші – олардың жаппай өніп шыққан күнімен  және жалпы өсу мөлшеріне байланысты анықталады. Зерттеу кезінде дәрілік шүйгіншөптің   1000 дананың салмағы – 0,59 г, ұзындығы 3,4мм, көлденеңінен 1,18 мм болады (5-кесте).

 

5-кесте. Дәрілік шүйгіншөптің тұқымына сипаттама

 

Түр

1000 дананың салмағы, г

Мөлшері, см

Түсі

ұзындығы

еңі

Дәрілік шүйгіншөп

0,59±0,01

3,4±0,12

1,18±0,04

ашық

қоңыр

 

Дәрілік шүйгіншөптің тұқымы зертханалық жағдайда 22-200С температурада 3  тәулік ішінде өсе бастайды, шығымы төмен болады – 26-62%.

Тұқымның сақталу мерзімі ұзарған сайын оның өнімдігі төмендейді. Сақталудың 2 жылында өнімділігі 26 пайыз болды.  Тұқымды сақтаудың тиімді мерзімі 0,5 жыл құрады. Тұқымның топырақта тез өніп шығуы климаттык сипаттарға байланысты. Тұқымның шығымы 2014 жылы 50,2%-ды құрады (6- кесте ).

 

6-кесте. Дәрілік өсімдіктердің тұқымдарының  сапасы

 

Өсімдіктің түрі

Көрсеткіші

Сақталу жылдары

Өсу мерзімі

Шығым-дылығы, %

басталу күні

ұзақтығы

Дәрілік шүйгіншөп

Зертханалық шығымдылық

0,5

3

7

62±3,43

1

3

7

40±3,46

2

3

5

26±3,10

Далалық егілген шығымдылық

-

-

-

26,5±3,21

 

Сонымен, дәрілік шүйгіншөптің  зертханалық және далалық өнгіштігі төмен  екені анықталды, бұл жерсіндірудің негізгі көрсеткішінің бірі болып есептеледі, тұқымды терілген жылы егу керек.

 

 

3.2  Дәрілік шүйгіншөптің  морфогенезі

 

Экологиялық факторларға мән бере отырып, дәрілік шүйгіншөп өсімдігінің оңтүстіктің ыстық және құрғақ жазына, суық, ызғарлы қысына төзімділігін және өсіп, өну, гүлдеу, пісіп-жетілу фазаларына кеңінен мән берілді.

Морфологиялық өсу, өну, өсімдіктің бойы, диаметрі, тамыр сабақтар саны, жапырақтар саны, оның формасы, өлшемі, гүл шоғырындағы гүл себетінің саны, буын аралығы, оның ұзындығының формасы, реңі, гүлінің мөлшері, тұқымы, тұқым қауашағы, гүлдерінің мөлшері, гүлдеу ұзақтығы, ашылуы И.Г. Серебряковтың [56], А.А. Федоровтың [58] әдістемесімен жүргізілді.

Тұқымның өніп-шығуы бірқатар факторларға тәуелді – ылғалдылық, температура, сақталу мерзімі, сақталу орны [59].

Лабораториялық жағдайда бөлменің температурасы 19-210С болғанда шашка Петрияға 50 дана дәннен 4 мәрте қайталау әдісімен, түбіне фильтр қағазын төсеп, оны дистиленген сумен нәмдап өну қоямыз. Нәтижеде үшінші тәлікте өне бастайды. Өніміділігін анықтау үшін күнделікті бір мезгілде назар аударып, қарап, өнген дәнді санап отырамыз. Соңынан пайыздық есеппен өнімділігін анықтаймыз. Дәрілік шүйгіншөптің лабораториялық өнімділігі 40-70%.

Ең жоғары өну көрсеткіші 6 тәулікке дейін, одан кейін дәннің өну сапасы күрт төмендейді.

Латентті кезең (Se). Тұқымы майда, тұқымшасы ұзын жұмыртқа тәріздес айдаршасы кейде көлденеңінен жұмыртқа тәрізді, бір жақты ісінген тостағаншасының түрі коронка тәрізді 8-12 қанатты түктенген айдарлы, сәулелі. Тісін жетілген тұқымдары айдаршасының сәулесі ішке қарай бүгілген толық піскен тұқымдарының дөңес бетінде үш көлденең жүйкелер бауыр жағында бір қырлы, екі жақтауында жіңішке каймалы.

 Виргинильды кезең (V). Тұқым ұрығынан өсіп шыққан вегетативтік мүшелердің бастамасы бар өсімдік - өскін. Күзгі себілген тұқымнан наурыздың ортасында алғашқы өскіндер қолайлы жағдай туғызғанда өнеді. Қауызынан жарылған тұқым жарнағының формасы (түрі) жұмыртқа тәріздес, бүтін жиекті, ұзынша қынапты, ұзындықөлшемі  3,0 мм, ені 1,5 мм болып келеді.  Бұл өскіннің ұзақтығы 13-18 күнге созылады. Бұл кезеңде өскін сыртқы ортаның әсеріне сәл төзімсіздеу келеді.

Ювенильды кезең (J). Бұл алғашқы формасы дөңгелек келген жапырақтың пайда болуынан басталады. Жапырақ ұзындығы бұл кезеңде 2,0 см, енділігі 1,0 см болып келеді.

Бұл кезеңде шүйгіншөптің 2-3 жапырақты болып тамырының саны 2-4 қосалқы тамыршалардан тұрады. Мамырдың аяғында өсімдіктің ұзындығы 4,5-4,7 см, тамыр ұзындығы 5,1см-ге дейін, жапырақтың ұзындығы 3,9-4,2 см, ені 1,8-2,1см. Ювенильдің кезеңдегі өсімдіктің маусымның ортасында өркеннің ұзындығы 15,0 см, формасы екі құлақты.

Онтогенез барысында өсімдіктің пішіні мен өсуі өзгеріп отырады. Бұл процесс қайталана жүргендіктен, бір-бірінен жақсы ажыратылып көзге байқалатын кезеңдерден тұрады.

Ювенильдық кезеңнің ұзақтығы 30 күнге дейін. Бұл кезеңде жапырақтарының көлемінің ұлғаюы және тамыр жүйесінің өсуінен айқындалады. Вегетацияның 1-ші жылының соңында өсімдік имматурлы (im) жағдайға келеді. Бұл кезеңде 6-7 жапырақ, 9-12дана қосалқы тамырлар пайда болады. Өсімдік ұзындығы 45-50см құрайды. 13-18см-ге шейіін тереңдейтін 200-ге дейін саны жететін қосалқытамыр шығады (12, 13-суреттер).

2 құлақ жапырақтары күздің соңына дейін өсіп одан кейін опат болады. Наурыздың соңында жаңадан екі құлақ жапырақтар шыға бастайды. Өркендері қысқа метамерлі, гүлдеген кезінде жапырақтарының көбісі қурай бастайды.

Генеративті кезең (q). Екі құлақ өскіннен 1 үлкен генеративті өсімдік пайда болады. Өсімдік гүлдеу кезеңінде интенсивті тез өсуі байқалады. Өсімдіктің өскіннен гүлдегенге дейінгі күні 48-52 күн. Генеративті өркендерінің ұзындығы 80,0-130,0 см7 8-бөлшекті. Буын аралықтарындағы базальды өркендерінің метамерлерінің ұзындығы, орта және ұшындағы ярустарында 2,5-нан 17,2см-ге жетеді. Сабақтануы баритонды, өркендердің өсуі симподиальды. Сабақтағы жапырақтар супротивті қауырсын күрделі жапырақ. Бұл ярустағы

 

12-сурет. Valeriana officinalis –Дәрілік шүйгіншөп гүлдену фазасында

 

13-сурет.  Valeriana officinalis –Дәрілік шүйгіншөптің  онтогенез кезендері

 

7 кесте.  Дәрілік өсімдіктерінің өркендерінің морфологиясы

Түр

Өркен-дерінің биіктігі, см

Өркендерінің ярустығына байланысты буынаралықтарының ұзындығы, см

Өркендерінің ярустарына байланысты жапырақтарының мөлшері, см

ұзындығы

еңі

төменгі

Ортаңғы

жоғарғы

төменгі

ортаңғы

жоғарғы

төменгі

ортаңғы

жоғарғы

Вегетативті өркендер

Дәрілік шүйгіншөп

47,7±1,31

9,9±0,23

17,1±0,27

7,2±0,23

21,8±1,71

9,2±0,22

2,9±0,24

10,9±0,60

10,1±0,31

0,9±0,03

Мамандандырылмаған  генеративті өркендер

Дәрілік шүйгіншөп

150,5±6,2

9,8±0,20

17,2±0,26

2,7±0,16

21,1±1,4

9,1±0,21

3,2±0,15

10,4±0,4

9,9±0,30

3,9±0,16

 

жапырақтың ұзындығы 3,23-тен 21,0 см, гетерофильді өсімдік. 20-25 мамырда гүлдейді де 14 күннен кейін маусымның басында ірі жетілген тұқымдар пайда болады. Генеративті өркендері 15-нен 30 тамыз аралығында түгелімен қурап, опат болады. Тамыздың басында өсімдіктің 77%-не қурайды. Қайтадан жаңаратын бүршіктері жердің астында болады. Екі құлақ өскіндер кейде ескі сабақ қурағанға дейін шыға бастайды. Жердің астындағы бөліктері сақталмайды, ескі сабақпен бірге опат болады. 

Дәрілік шүйгіншөптің (Valeriana officinalis) тамыры – негізгі вегетативтік жүйе қызметін атқарады. Ол өсімдіктерді топырақ қабатына бекіндіреді, топырактың қабатындағы сумен ондағы ерігіш қорек заттарды сорады. Тамырдың өркеннен айырмашылығы – мұнда бүршік не жапырақ қалыптаспайды.

 

14-сурет.  Valeriana officinalis –Дәрілік шүйгіншөптің  тамыры

Өсімдік тамыры өсе келе бұтақтанады, соның нәтижесінде тамыржүйесі қалыптасады. Тамыржүйесі – тамырлардығы жиынтығы. Олар үшке болінеді: негізгісі, жанамалық және қосалқысы. Негізгі тамыр деп, тұқым ұрығынан тамыршаның өсе келе негізгі тамырға айналуы. Жанамалы тамырларға негізгі тамырдағы тамырларжүйесі жатқызады. Қосалқы тамырлар – өсімдіктің басқа мүшелеріндегі тамырлар, мысалы, сабақтан, жапырақтан. Тамыржүйесінің 2 түрі бар: кіндік тамыр (негізгі тамыржүйесі жақсы жетілген, қосжарнакты өсімдіктерге тән);  шашақ тамыр (тамыры нащар дамыған не ерте өліп қалып, дамымаған), оның есебіне көптеген қосалқылары жақсы жетілген, даражарнакты өсімдіктерге тән келеді.

Тамырдың әртүрлі бөлімі құрылысының әртүрлілігіне қарай бірқатар қызметтер жүргізеді. Тамырдың ұшы тамыр оймақшасын жапса, тамырдың ұшына орналасқан төбе меристемасы–апексті, сынбаудан, сыртқы күштердің әсерінен, топырақтың түйіршіктерінен  қорғайды. Тамыр оймақшасы көп қабатты тірі клеткалардан тұрады, оның сыртқы қабаты тамырдын тереңдегеніне қарай түседі, одан шырындар бөліп шығады, ал ол тамырдың топыраққа үйкелуін жеңілдететіп тұрады. Түскен жасушалардың орннынан тамыр оймақшаның ішкі  қабаттарынан жаңа клеткалар түзіледі.

 

15-сурет. Кіндік (1) және шашақ (2) тамырлар жүйесі

 

А – сору аймағы (тамыр түтікшелері көрінеді); Б – өсу аймағы;

В – жасушаларды бөлу аймағы; Г – тамыр кіндігі

 

16-сурет. Тамырдың ұзыннан кесіндісі

Тамыр оймақшасының астыңда, тамырдың төбесінен (түзушы ұлпа) тұратын бөліну аймағы орналасқан. Бұл жасушаларының бөлінуінің нәтижесінде тамырлардың  қалған аймақтары және ұлпалары болып, ұзындығы 1мм-ді құрайды.

Мұнан кейін өсу аймағы орналасқан. Бұл аймақ та аса үлкен емес, бірнеше мм, оның ерекшелігі – клетка бөлінбейді, қайта созылыңқы өседі, оны тағы созылатын аймақ дейді.

Жоғары қарай тамырдың сору аймағы орналасқан. Мұнда   көптеген ұсақ тамыртүкшелері кездеседі. Сору аймақтың  ұзындығы бірнеше мм-ден бірнеше см-ге дейін жетедді. Аймақтың атқаратын қызметі – топырак қабатындағы су мен минерал заттарды сору. Тамыр түтікшелері эпиблема жасушаларының өсіндісі. Шамамен 10-20 күн өмір сүреді, түлеп түсіп қалады, ал тамырдың ұшынан жаңа тамыртүкшелері пайда болып,  сору аймағының ұзындығы, тамыр түктерінің саны барлық  уақытта да тұрақтыланады.

Сору аймағынан жоғары қарай өткізгіш аймаққа өтеді, бұл аймақта өткізгіш ұлпалар жақсы жетілген, оның негізгі қызметі – зат өткізу.

Тамырдың негізгі қасиеттерін ескере отырып және - өсімдіктің негізгі вегетативтік мүшесі,  оның морфологиясы мен құрылымы өте күрделі, ол өсімдікті жер астының көптеген күрделі функцияларымен байланыстырады. Зерттелген дәрілік өсімдіктердің ішінде дәрілік шүйгіншөптің  тамыры емдік қасиеті пайдалы шикізат болып саналады, оны көптеген ғалымдар  зерттеген [60, 61].  Сондықтан біз осы  өсімдіктердің тамыр жүйесін зерттедік. Біз тамыр жүйесін өмір ұзақтығына байланысты талдау жасадық Красильниковтың тәсілі бойынша.   

Зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей дәрілік өсімдіктің бірінші жылының аяғында имматурлы жағдайда болады, сондықтан олардың тамыры терең болмайды.

Valeriana officinalis L. ылғал сүйгіш өсімдік тамыр жүйесі  бірінші жылы қысқа 22,0 см топыраққа енеді, 5,0 см терендікте  II-реттік тамырлар шығып, 12,0 см терендікте – III реттік. Екінші жылы тамыр 38,0 см терендікке дейін барады, ал үшінші жылы 35,0 см дейін қысқарады. Жоғарғы жағында тамыр жақсы тармақталған, осылайша олар ылғалдылық пен қорекзаттарды мүмкіндігінше оңтайлы пайдаланады.

Максимальды морфологиялық көрсеткіштер өсімдіктің өмірінің 2 жылы байқалады  (8-кесте, 17-сурет).

 

8-кесте. Әр жылдардағы Valeriana officinalis тамыр жүйесінің негізгі морфологиялық көрсеткіштері

 

Түр

Тамырдың ұзындығы, см

Тарма-қталу диаметрі

Топырақ аумағы  бойынша тамырлардың диаметрі,см

Тамырлардың  ұзындығы, см

0-10

10-30

30-40

I-реттік

II-реттік

III-реттік

1-ші жылы

22,0±1,5

 

1,0±0,07

0,3±0,03

0,1±0,01

0-8

12-18

 

2-ші жылы

38,0±2,1

22,0±1,3

2,3±1,1

0,3±0,03

0,1±0,01

0-10

12-20

23-28

3-ші жылы

35,0±2,0

28,0±1,5

2,2±1,0

0,3±0,03

0,1±0,01

0-10

13-19

24-29

 

17-сурет. Әр жылдардағы Valeriana officinalis L .  тамыр жүйесінің өсуі мен дамуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-сурет. Дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді үйде егіп өсіру

 

 

 

 

 

 

3.3 Valeriana officinalis L .  өсіру сипаты

 

Өсімдікті тиімді көбейту тәсілінің дұрыс таңдау мол өнім мен сапалы шикізат алудың бірден-бір кепілі, Оңтүстік Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайлары мен дәрілік шүйгіншөптің биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оны көбейтудің көшеттік және тұқымды танапқа себудің әр түрлі мерзімдері зерттелді (9-кесте). Көшет өсіру үшін тұқым себудің әр түрлі мерзімдерінде ауаның оң температурасы 278,3-312,80С жетіп, шүйгіншөп тұқымының (биологиялық касиетіне байланысты өнуіне қолайлы температура 20-300С) өнуіне оң әсер тигізіп, нәтижесінде далалық өнгіштік түқымды танапқа себудің әр турлі мерзімдеріне қарағанда 40,2-58,1 пайызға артық болды.

 

9-кесте. Дақылдың өнімділігін көбейту тәсілдері

 

Көбейту жолдары

Жылдары

 

Тамыр жүйесінің өнімі, ц/га

Ылғалды та-мырдан құрғак тамыр шығымы, %

ылғал

құрғақ

Түқымды  танапқа  жазда себу (бақылау)

2014

69,4

12,3

14,1

2015

54,1

11,2

15,2

Тұқымды танапқа

ерте көктемде себу

мерзімі

2014

26,4

3,3

12,1

2015

20,5

2,8

13,1

Көшетпен себу

2014

87,8

16,7

19,0

2015

67,5

14,2

20,5

ЕЕА05

2014

0,42 ц/га ,  Sx = 2,9 %

ЕЕА05

2015

0,32 ц/га , Sx = 2,1 %

 

Көшеттік көбейту тәсілінде шүйгіншөптің сыртқы ортаның факторлары, әсіресе жылу (670,6-712,40С) мен ылғал (ДЫС-75,5-70,0%) толық болғандықтан  алғашқы нағыз жапырақтары жазғы түқым себуге қарағанда 2-3, қысқы себуге қарағанда 4-5 күнге және ерте көктемгі (сәуір айы) себуге қарағанда 3-5 күнге ерте пайда болды.                                                        

Себу мерзімдерінің бірдей және өскіңдердің өсуі мен дамуына қолайлы температура (18-200С) болуына қарамастан көшеттік көбейту тәсілін туқымды танапқа жазғы мерзімде себумен салыстырғанда өсімдіктердің сақталуы 27,1-36,9 пайызға артық болды.

Көбейту төсілдеріне байланысты зерттеу жүргізілген жылдары тамырдың ылғал өнімі гектарына 15,6-дан 87,9ц-ге шейін ауытқыды.

Құрғақ тамыр өнімі дәрілік шүйгіншөптің көшеттік көбейту тәсілінде гектарына 12,3-16,8ц түрақтады, бұл тұқымды танапқа себудің жазғы мерзімдерімен салыстырғанда 3,3-11,7 центнерге артық.

Көбейту тәсілдерінің әр түрлілігі тек өнім мөлшеріне ғана емес, сол сияқты онын сапасына әсер етті. Дәрілік шүйгіншөптің орташа тамыр диаметрі көшеттік көбейту тәсіліңде басқа көбейту түрлеріне қараганда 0,9-1,2 мм-ге, ал орташа тамыр ұзындығы шамамен 15мм-ге дейінгі аралықта жоғары болды (10-кесте).

 

10-кесте. Көбейту тәсілдеріне байланысты Valeriana officinalis өсімдігінің  тамырының  сапасы

 

Көбейту

тәсілдері

Тамырының сапасы

 тамыр

диаметрі, мм

 

 

тамыр

ұзындығы,

мм

тамыр үлесі, %

<2 см

>2 см

тамыр-сабақ

Тұкымды  жазғы мерзімде себу

2,1

43,2

49,1

16,9

35,3

Түқымды  қыста себу

1,4

40,5

36,8

29,3

34,3

Түқымды  көктемде себу

1,5

38,1

23,2

44,3

32,1

Көшетпен

2,8

53,7

61,0

2,6

36,1

 

Дәрілік шүйгіншөптің көбейту тәсілдері шүйгіншөтің дамуына тікелей әсер етіп, нәтижесінде оның тамырында жинақталатын биологиялық белсенді заттар мөлшеріне де ықпалын тигізді. Эфир майының мөлшері көшеттік көбейту тәсілінде танапқа тұқым себу тәсілінің әр түрлі мерзімдеріне қарағаңда 0,46-1,2 пайызға артық, тіпті себу мерзімдері бірдей болса да тұқымды танапқа жазғы мерзімде себуге қарағанда орта 0,49пайызға артық болды. Сірінді заттар мөлшері бойынша да дәл осындай жағдай қалыптасты. Ауа-райьшың неғұрлым құрғақ болуы дәрілік шүйгіншөптің өніміне кері әсер етіп сапасының жоғары болуына оң  ықпал етті.

Оңтүстік Қазақстан өңірінің климаттық жағдайларыңда, дәрілік шүйгіншөпті көшетпен өсіру оның өсіп-дамуына оң әсер етіп, сапалы шикізат қалыптастырып гектарына есептегенде 12,3-16,7ц өнімді өндіру қамтылды.

Ауыл шаруашьшық өндірісінде дақылдарды отырғызуды дұрыс жұргізу олардың өнімдітігіне тікелей әсер ететіңдіктен ол жауапты жұмыс болып табылады.

Бұл өнірде қыстың алғашқы суықтары қазан айының соңында болатыңдығына және шүйгіншөп көшеттерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, көшет отырғызу ұшін қазан айының бірінші жартысы мен көктемгі мерзімдер зерттелді. Шикізат ұшін өсірілетін дәрілік шүйгіншөптің тамырын жинар алдында оның биіктігі 35-40 см, ал диаметрі 25-33 см тиімді болатындығын ескере отырып, қоректену алаңының 70 х 15; 70 х 20; 70 X 25; және 70 х 30 см нұсқалары бойынша зертгеу жұмыстары жұргізілді.

Көктемгі көшет отырғызу мерзімдеріндегі алғашқы онкүндікте өсімдіктердің сақталуы едәуір төмен, әсіресе 5-8 мамырда отырғызылған көшеттер саны 9,7 пайызға дейін төмендеді. Себебі, бұл кезде ауаның орташа температурасы 20-250 С болып біршама жетіліп қалған көшеттерге кері әсер етті. Жаздың ыстық мезгілдерінде көктемде отырғызылған көшеттердің опат болуы күзде отырғызылған көшеттерге қарағаңда едәуір көп болып, тамыр жинау қарсаңында (қазан) өсімдік саны 75,8-84,9% аралығында тұрақтады. Біздің тұжырымымызша көктемгі көшет отырғызу мерзімдеріндегі өсімдіктердің көп опат болуын көшеттердің жаздың ыстық мезгілдеріне дейін толық тамырлана алмағандықгарымен түсіндіруге болады.

Күзде отырғызылған дәрілік шүйгіншөп көшеттері көктемгі қайта көктеуін наурыз айының екінші және үшінші онкүндіктерінде бастап, жаздың ыстық мезгілдеріне дейін жақсы өсіп-жетіліп тамыр жинар қарсаңында биіктігі 26,9-36,7см жетті.  Бұл кезде  70 х  30  см  қоректену нұсқасын  70 х  15  см қоректену нұсқасымен салыстырғанда отырғызудың әр тұрлі мерзімдерінде өсімдік биіктігі 8см-ден кем болды. Яғни, шүйгіншөптің қоректену алаңдарын кеміткен сайын өсімдіктер бір-бірін көлеңкелейді де жарыкқа таласып фотосинтез процесінің толық өтуі үшін бойлай өседі.

Зерттеу жүргізілген асылдары анықталғандай, 1-3 қазан көшет отырғызу нұсқасында гүл сабақтарын түзген өсімдіктер улесі 4,9% құраса, көшет отырғызуды 15 күнге кешіктіргенде бұл көрсеткіш 1,9 пайызға азайғаны белгілі болды. Себебі, көшетті неғұрлым ертерек отырғызу өсімдіктердің өсу кезеңдерінен ертерек өтуіне ықпал жасайды. Дәрілік шүйгіншөптің қоректену алаңдарын кеңейткен сайын ондағы өсімдіктер жарықты, жылуды, қоректік заттарды тиімді пайдаланып, өсіп-дамуы біршама жақсарады да нәтежиесінде гүл сабақтарын түзетін өсімдіктер санының үлесі арта түсетіні анықталынды. Тамыр алу үшін өсірілетін шүйгіншөптерде пайда болған гүл сабақтарын алып тастау қосымша шығын әкеледі, яғни өсімдіктердің қоректену алаңдарын кеңейту тиімсіз болып табылады.

Отырғызу мерзімдері мен қоректену алаңдарының әр түрлі болуы дәрілік шүйгіншөптің сақталуына, өсіп-дамуына өсер етіп ғана қоймай, сонымен бірге олардан алынатын тамырдың сапасына да тікелей әсер етеді. 1-3 қазан көшет отырғызудың  70x20 см қоректену алаңы нұсқасында орташа тамыр ұзындығы 8,35 см жетіп, ол көкгемнің соңғы мерзімінде отырғызылған нұсқаларға карағанда 2,17 см артық болды. Отырғызу мерзімдерін созған сайын ұзын тамыр үлесі азайып, шикізаттағы тамырсабақ үлесі кемитіні анықталды.

Мол өнім көшеттерді тұрақты орынға отырғызудың 1-3 қазан нұсқасында алынды (6-кесте). Бұл өнім деңгейі 15-18 казан көшет отырғызу нұсқасымен салыстырғанда 1 гектардан орташа 6,5 ц, ал көктемгі көшет отырғызу нұсқаларымен салыстырғанда сәйкесінше 15,6; 22,2 және 25,2 ц артық. Яғни, көшеттерді күзде (1-3 қазан) қысқы суық түскенше отырғызу өнім деңгейін ең жоғары көрсеткішке жеткізетін бірден-бір тәсілі болып табылады.

Ылғалды тамыр өнімі мен кұрғақ заттар шығымы бойынша анықталған құрғақ тамыр өнімінің ең төменгі шегі 5-8 мамырда гектарына шақканда 9 ц кұрады. Бұл күзгі көшет отырғызу нүсқаларымен салыстырғанда 45,5-51,1 пайызға төмен. Дәрілік шүйгіншөпті 1-3 қазанда отырғызғанда өнімнің (20,1ц/га) жоғары болуының басты себебі, өсімдіктер қыстауға кеткенге дейін жақсы тамырланып, келесі жылы жақсы өсіп-дамиды да, жазда күн ыстық пен  құрғақшылыққа төзімді болып қоректік заттарды бойына көп мөлшерде жинақгайды.

Көшет отырғызу мерзімдеріне қарамастан 70 х 20 см қоректену нұсқасыңда өсімдік санының көп болуы мен құрғақ заттар шығымының жоғары болуы есебінен өнім (гектарға 22,4ц) деңгейі басқа қоректену аландарына қарағанда 0,5-5,9 центнерге дейін жоғары болуына себепші, соңдықган өнім деңгейі бойынша шүйгіншөптің  көшетін отырғызудың оңтайлы қоректену алаңы 70 х 20 см.

Шүйгіншөп  тамырының биологиялық белсенділігі сірінді заттар мен эфир майының мөлшерімен белгіленеді және зерттеу кезіңде байқағанымыздай олар көшет отырғызу мерзімдері мен қоректену аландарына байланысты айтарлықтай өзгеріп отырады.

Көшеттерді 1-3 қазанда отырғызғанда сірінді заттар мөлшері 34,7 пайызды кұрады, отырғызу мерзімін кешіктірген сайын сірінді заттар мөлшері төмендеп 5-8 мамыр көшет отырғызу нұсқасында 23,9 пайызға тұрақтады. Эфир майы мөлшері бойынша дәл осы заңдылық байқалды. Мұнда эфир майының төмендеуі 1,63 пайызды құрады.

Алынған эфир майының жалпы түсімі 1-3 қазан көшет отырғызу нұсқасында 5-8 мамыр көшет отырғызу нұсқасымен салыстырғанда 5 есе артық. Яғни, дәрілік шүйгіншөп көшеттерін отырғызуды кешіктіру олардың өсіп-дамуына қолайсыз болып, нәтижесінде өнімге, шикізат сапасына және құрамына кері әсер етеді.

 

11-кесте. Дәрілік шүйгіншөптің өнімділігіне көшет отырғызу мен қоректену аландарының әсері

 

Отырғызу

мерзімдері

Қорек-

тену алаңда-ры, см

Жалпы ылғады

өнім,

ц/га

Тауарлы өнім

ылғалды тамыр өнімі

құрғақ заттар

шығымы,%

қүрғақ тамыр өнімі,

ц/га

ц/га

ауыткуы, +

5-8   сәуір (бақылау)

70x15

86,3

82,1

-4,2

19,0

15,1

70x20

89,2

88,1

-1,1

19,4

16,3

70x25

61,1

60,4

-0,7

19,7

13,0

70x30

54,3

54,3

-

19,9

10,6

Орташа

70,2

68,7

-1,5

19,5

13,8

20-23 сәуір

70x15

77,5

71,1

-6,4

17,6

12,2

70x20

78,6

73,3

-4,3

18,0

13,2

70x25

56,9

54,5

-2,4

18,3

10,4

70x30

45,0

44,6

-0,4

18,6

8,1

Орташа

65,1

61,8

-3,3

18,1

11,0

5-8 мамыр

70x15

60,2

50,0

-10,2

15,0

10,3

70x20

63,2

55,8

-7,4

15,8

11,7

70x25

46,2

42,4

-3,8

16,4

8,4

70x30

19,0

17,3

-1,7

16,9

6,1

Орташа

43,1

38,1

-5,7

16,0

9,1

1-3 қазан

70x15

103,1

103,1

-

22,1

21,1

70x20

108,9

108,9

-

22,4

22,4

70x25

87,1

87,1

-

22,5

19,4

70x30

78,7

78,7

-

22,6

17,8

Орташа

86,7

86,7

-

22,4

20,1

15-18 қазан

70x15

91,0

-91,0

-

21,4

19,2

70x20

92,6

92,6

-

21,7

20,1

70x25

79,8

79,8

-

21,8

17,0

70 X 30

67,1

67,1

-

21,9

14,7

Орташа

82,1

82,1

-

21,7

17,8

ЕЕА05(көшет отырғызу мерзімдері бойынша)  -1,08 ц/га;    Sх = 4,2 %

ЕЕА05 (қоректену алаңдары бойынша)  -0,79 ц/га;    Sх = 3,1 %

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінен байқағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі суармалы сүр топырақты танаптарда дәрілік шүйгіншөп көшетін қазан айының алғашқы онкүндігінде тиімді қоректену алаңымен отырғызу, өсімдіктер санын толығымен сақгалуын және қолайлы өсіп-дамуын қамтамасыз етіп, нәтижесінде мол өнім мен сапалы шикізат алуға негіз болады.

Дәрілік шүйгіншөптен сапасы жогары өнімді алуда көшет дайындау жұмыстарының ерекше маңызы бар. Оңтүстік Қазақстан өңірі үшін оңтайлы көшет отырғызу 1-3 қазан екендігін ескере отырып осы мерзімге дейін отырғызуға жарамды көшет дайындау ұшін оның тұқымын себу мерзімін анықгауда шілде айының соңы мен тамыз айы алынды.

Сепкен мерзімдері мен мөлшеріне байланысты көшеттік алаңдағы тұқымның далалық өнгіштігі 87,0-91,1% аралығында ауытқыды. Температураның жеткілікті болуына байланысты 30.VII мен 02.VIII арасында себілген тұқымның далалық өнгіштігі (оң температура жиынтығы 312,8°С) 15 күннен кейінгі себілген тұқымға (оң темпераіура жиынтығы 294,4°С) қарағанда 2,3 пайызға, ал 30 күннен кейінгі себілген тұқымға (оң температура жиынтығы 278,3°С) қарағанда 2,8 пайызға артық болды.

4-6 жапырақтану кезеңі немесе отырғызуға жарамды өсімдіктердің биіктігі мен жапырақ саны бойынша оң нәтижелер 15-18-тамыз себу мерзімі нұсқасында байқалды (12-кесте).

 

12-кесте. Себу мерзімі мен мөлшердін дақылдың өсуі мен жапырақ санына өсері

 

Себу мерзімі

Себу мөлшері,

г/м2

4-6 жапырақтарының пайда болуы кезеңіндегі көшеттердің

Кешеттердің

дайын болу

үзақтығы, күн

биіктігі,

см

жапырақ саны, дана

кезең үзақ-тығы, күн

30.07-02.08

0,8

10,4

5,6

30

58

1,6

10,0

6,0

31

59

2,4

9,9

5,2

31

59

15.08-18. 08

0,8

12,0

5,8

32

61

1,6

11,6

6,1

32

61

2,4

10,1

5,3

33

62

30.08-02.09

0,8

10,7

5,0

34

63

1,6

9,5

5,9

34

63

2,4

8,4

4,7

35

64

 

Бұл мезгілде себу шүйгіншөп өскіндерінің дамуына жөне өсуіне қолайлы әсер етіп басқа себу мерзімдеріне қарағанда орташа өсімдік биіктігі 1,6см, ал орташа бір өсімдіктегі жапырақ саны 1,1данаға дейін артық болды.

Көшеттердің дайын болу ұзақтығы алғашқы себу мерзімінде 58-59 күн, ал кейінгі себу мерзімдерінде 61-62 және 63-64 күн қүрады. Аймақтағы алғашқы суықтар қазан айының аяғында болатынын және көшет отырғызғаннан кейін олар тұракты орында тамыр алғанша 14-20 күн тұруына байланысты, онда жоғары сапалы көшеттер дайындау үшін оңтайлы себу мерзімі шілде айының соңы мен тамыз айының басы және тұқым себудің 1,6 г/м2 нұсқасы қолайлы болатындығы анықталды.

 

3.4 Дәрілік шүйгіншөп өнімдерін жинау ерекшеліктері

 

Жинау мерзімін дұрыс таңдау айтарлықтай маңызды орын алады. Ерте немесе кеш жүргізілген жинау жүмыстары өнімді төмендетіп, шикізат өзінің сапасы мен биологиялық белсенділігін жоғалтады. Жоғары сапалы тамыр алуда дәрілік шүйгіншептің өсіру ұзақтығы себу немесе отырғызу мерзіміне және өсірілетін ауданға тікелей байланысты. Өнімді анықтауда ылғалды тамырдың ең жоғары мөлшері шүйгіншөп көшетін 1-3 қазанда отырғызу мерзімінде алынды (13-кесте).

 

13-кесте. Отырғызу жөне жинау мерзімдерінің шикізат құрамына әсері

 

Отырғызу мерзімдері

Жинау мерзімдері

Құрғақ тамыр

өнімі, ц/га

Ылғалдылығы, %

Күлділігі, %

Сірінді заттар, %

Эфир майы, %

Эфир майы-ның жалпы түсімі, кг/га

5-8 сәуір

10-13 қыркүйек

11,9

14,6

11,1

39,7

1,81

21,5

25-28 қыркүйек

13,5

14,8

12,1

35,2

2,12

28,6

10-13 қазан

9,5

14,6

12,3

35,5

2,12

30,1

20-23 сәуір

10-13 қыркүйек

9,5

14,7

10,9

34,3

1,43

13,5

25-28 қыркүйек

10,3

14,8

11,3

34,8

1,67

17,2

10-13 қазан

10,9

14,5

11,5

35,0

1,67

21,3

5-8 мамыр

10-13 қыркүйек

7,5

14,6

10,5

33,1

1,38

10,3

25-28 қыркүйек

9,1

14,7

10,8

33,8

1,56

13,7

10-13 қазан

9,3

14,8

11,0

34,0

1,56

14,7

1-3 қазан

10-13 қыркүйек

21,0

14,4

12,7

37,8

2,55

46,9

25-28 қыркүйек

20,6

14,5

13,6

38,9

2,81

57,1

10-13 қазан

21,0

14,5

13,7

39,3

2,81

59,9

15-18 қазан

10-13 қыркүйек

15,8

14,3

12,5

37,3

2,37

37,4

25-28 қыржүйек

18,1

14,5

13,4

38,3

2,66

47,6

10-13 қазан

18,6

14,4

13,6

38,6

2,66

47,6

ЕЕА05 (отырғызу мерзімдері бойынша)

0,09

ЕЕА05 (жинау мерзімдері бойынша)

0,07

Зерттеу  жұмыстарының нәтижесі бойынша, шүйгіншөптің  отырғызу мерзімдерінің әр түрлілігіне карамастан тамыр жинаудың 25-28 қыркүйек және 10-13 қазан мерзімдерінде кұрғақ заттар шығымы бірдей, 25-30 қыркүйектен ары карай өнімділік айырмашылығы бар, бірақ өнім деңгейінің артуы елеусіз.

Тамырдағы эфир майының мөлшері 25-28 қыркүйекте ең жоғары мөлшеріне жетіп, келесі тамыр жинау мерзімінде (10-13 қазан) осы деңгейде сақталды. Яғни, дәрілік шүйгіншөптің биологиялық белсенділігі 25-28 қыркүйекке дейін артып, одан әрі мүлде тоқтайды.

Тамыр жинаудың 25-28 қыркүйек мерзімінде 2 см артық тамыр үлесі басқа жинау мерзімдеріне қарағаңда 3,2-14,9 пайызға артық болды, ал 10-13 қазан тамыр жинау мерзімінде тамырсабақ үлесі мемлекеттік өлшемдеуден біршама  артық болып өнімді іріктеуге қосымша жүмыстар жүргізуге ықпал етті.

Сонымен, Оңтүстік Казақстанда шүйгіншөпті өсіргенде өнім мөлшері мен шикізат күрамымен қатар шикізаттың сапасы басқа өнім жинау мен шикізат күрамымен қатар шикізаттың сапасы басқа өнім жинау мерзімдеріне қарағаңда 8% жоғары болатын қыркүйек айының соңғы онкүндігіндегі тамыр жинау мерзімі оңтайлы болады.

Дәрілік өсімдіктерді өндіріске дақыл ретінде өндіру үшін алдымен егіске қажетті тұқыммен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет. Осыған байланысты біздің ғылыми жүмыстарымызда дәрілік шүйгіншөптің дәнін жинаудың үш түрлі тәсілі зерттелді: дәндер қапшықтарға бірнеше рет сілкілеп алынды (бақылау нұсқасы); -өсімдіктің гүл шоғырына капрон қапшықгар кигізілді; -гүлшоғырға дәке қапшықтар кигізілді.

Дәрілік шүйгіншөптің биологиялық ерекшеліктеріне көңіл аударсақ, онда оның дәні біркелкі уақытта пісіп-жетілмейтінін оңай аңғаруға болады. Бір өсімдіктің өзіңде бір мезгілде гүл түйіндері, гүлдер, дәндер кездеседі және оның толық жетілуі 40-45 күнді қүрайды, сондықтан бұларды шығынсыз жинау өте қиынға соғады.

Гүлшоғырға капрон капшық кигізілген нұсқада дән шығыны байқалған жоқ, есесіне бақылау нұсқасымен салыстырғанда 30,6% өнім жоғары болды, бірақ іріктеу кезінде көгерген, шіріген жиі кездесіп, түқымды ластайды. Ең жоғары өнім гүлшоғырға дәке қапшық қигізілген нұсқада 246 кг/га алынды, бұл бақылау ңұсқасымен салыстырғанда 67,6 пайызға жоғары (14-кесте).

Дәрілік шүйгіншөп дәндерінің лабораториялық өнгіштік нәтижелерінде жақсы көрсеткіш гұлшоғырға дәке қапшық кигізілген нұсқада 96,3% болса, төменгісі гүлшоғырға капрон кигізілген нұсқада (86,3%) байқалды. Яғни, капрон   қапшық  гүлшоғырға   күн   куаты   мен   ауаны   жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ете алмағаңдықтан тұқымның жетілу кезеңінің толық өтпеуіне себепші болды.

 

 

 

14-кесте. Тұқым жинау әдістеріне байланысты дән өнімділігі мен өнгіштігі

 

Жинау әдісі

Зерттеу жүргізілген жылдар

Орташа

2014

2015

өнімділік

өнгіш-

тік,%

кг/га

%

Тұқымды гүлшоғырдан

қапшыққа сілку (бақылау)

156

138

147,3

100

91,6

Гүшпоғырға капрон капшық кигізу

197

195

192,3

130,6

86,3

Гүлшоғырға

дәке қапшық кигізу

235

261

246

167,6

96,3,

 

Жоғарыда келтірілген мәліметтерді сараптау бойынша, дәрілік шүйгіншөптің алғашқы дәні пісе бастаған кезеңде оның гұлшоғырына дәке қапшықтар кигізілу тәсілімен жинау тиімді. Гұлшоғырға дәке қапшықтар кигізіп дән жинау тәсілі дәннің ысырапсыз (100%) жиналуына және 67,6% қосымша өнім алуға негіз болады.


 

3.5 Дәрілік шүйгіншөпті өңдеу және сақтау технологиясы

 

Дәрілік өсімдіктердің алдын-ала өңдеу технологиясы іріктеу, ұсақтау жөне кептіру жұмыстарын қамтиды.

Бастапқы өсімдіктен оның мүшелерін емдік затқа айналдыратын шикізатты дайыңдауда кептіру маңызды процестердің бірі, сондықтан бұл жұмысты дер кезінде жөне қажетті жағдайда жүргізу кажет. Ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген жылдары кептіру тәсілдерінің әр түрлілігіне байланысты шүйгіншөп тамырының кебу ұзақгығы 14-42 сағат аралығында ауытқыды.

Кептіру тәсілдерінің әр түрлілігіне қарамастан кептіру температурасы жоғары болған сайын кебу ұзақгығы да соғұрлым аз болды. Мысалы, кептіргіш шкафтағы температураны 25°С-ден 40°С-ге дейін 5°С жиілікпен жоғарылатқанда алғашқы кезде кебу жиілігі 8 сағат құраса, кейіннен ол 6 жөне 3,5 сағатқа қысқарды. Сол сияқгы жағдай вакуумды кептіргіш шкафта да қайталанды.

Дәрілік шүйгіншөп тамырын кептіру кезінде кептіру тәсілі және температурасы оның эфир майының өзгеруіне себепші болды. Кептіргіш шкафта орта есеппен эфир майының мөлшері 2,75 пайызды құраса, вакуумды кептіргіш шкафта — 2,71, ал көлеңкеде — 2,68 пайызды құрады (15-кесте) .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19-сурет. Магистрант көшет дайындау барысында

 

 

 

 

 

 

 

 

15-кесте. Эфир майының мөлшеріне кептіру жағдайларының әсері

 

Кептіру тәсілі

Кептіру

темпера-турасы, °С

Кептіргіш-тегі қысым, атм.

Эфир майының мөлшері, %

зерттеу жылдары

орташа

2007

2008

Кептіргіш шкаф

25

-

2,83

2,84

2,84+0,04

30

-

2,8

2,79

2,79+004

35

-

2,74

2,75

2,75±0,03

40

-

2,63

2,6

2,62±0,04

Вакуумды

кептіргіш

шкаф

30

-0,2

2,84

2,84

2,84±0,04

-0,4

2,86

2,87

2,86±0,04

-0,6

2,87

2,88

2,88±0,04

-0,8

2,88

2,88

2,88±0,0

40

-0,2

2,81

2,81

2,81±0,04

-0,4

2,83

2,83

2,84+0,04

0,6

2,85

2,84

2,85+0,04

-0,8

2,85

2,85

2,85+0,0

50

-0,2

2,62

2,63

2,63+0,04

-0,4

2,66

2,67

2,66±0,06

-0,6

2,68

2,68

2,68±0,04

-0,8

2,68

2,68

2,68+0,0

60

-0,2

2,32

2,34

2,34+0,04

-0,4

2,4

2,39

2,39±0,04

-0,6

2,41

2,41

2,41+0,04

-0,8

2,41

2,41

2,41±0,0

Көлеңке

30-35

-

2,68

2,69

2,68+0,04

 

 

Зерттеу кезінде анықғалғаңдай, кептіру тәсіддерінің әр түрлілігіне қарамастан кептіру температурасын көтерген сайын шүйгіншөптің биологиялық белсенділігі төмеңдей түседі. Мысалы, кептіргіш шкафтың температурасын 25°С-ден 5°С жиілікпен 40°С-ге дейін көтергеңде эфир майының мөлшері 0,04-0,13 пайызға төмеңдеді. Вакуумды кептіргіштегі температураны 60°С-ге көтергенде эфир майының шығыны 30°С кептіру температурасына карағанда 8,5 есе көп болды, ал қысымды төмендету шүйгіншөп тамырының тезірек кебуіне ықпал ете отырып, ондағы биологиялық белсенді зат болып табылатын эфир майының сақгалуына себепші болды. Дегенмен, қысым деңгейін 0,6 атмосфераға дейін төмеңдеткеңде айтарлықтай нәтежиелерге қол жеткізгенмен, одан әрі қысымды 0,8 атмосфераға төмендеткенде айқын айырмашылық байқалмады.

Сондықган да, эфир майының ең жоғарғы мөлшері (2,88%) болуы үшін дәрілік шүйгіншөп тамырын ваккумды кептіргіш шкафта 30°С температурамен -0,6 атмосфералық қысымда кептіру кажет.

Дәрілік шикізатты сақтау жағдайлары, оның сыртқы түсін жөне ондағы өсерлі заттар мөлшерінің бірқалыпты сақгалуын қамтамасыздандырады. Шикізатты дұрыс сақтамау, оның жарамсыздығына алып келеді, Біздің зерттеу мәліметтеріміз бойынша кенеп, қағаз, полиэтилен қапшықгарда және бос күйінде сақтауға қойылған дәрілік мысықтамыр тамырындағы эфир майы мөлшері 2,76-2,8 пайыз аралығында ғана ауытқыды.

Сақтау жағдайларының әр түрлілігіне қарамастан алғашқы үш айда эфир майының шығыны өте кеп болды, 3 ай сақтағаннан соң эфир майының шығыны біртіндеп төмендеп 18 айдан соң оның мөлшері кенеп, қағаз және полиэтилен қапшықтарда тұрақтады.

Сақтау жағдайларына байланысты эфир майының ең көп шығыны бос күйінде сақталған тамырда 0,5 пайызды құрады. Дәрілік шүйгіншөп тамырын полиэтиленді капшықта сақтау бос күйінде сақтауға қарағанда 3 есеге дейін эфир майының шығын болмауын қамтамасыз етті. Яғни, полиэтиленді капшықта сақталған шүйгіншөп тамырының биологиялық белсенділігі біршама жоғары болды.

Зерттеу нәтежиелері көрсеткендей, сақтау режимдерін дұрыс ұстап отырғанымен сақтаудың әр түрлі жағдайларында да эфир майының шығыны болады. Дәрілік шүйгіншөп тамырын сақгаудың ең тиімді жолы оны тиісті орында және режимде полиэтиленді қапшықгарда сақтаған қолайлы болып табылады. Полиэтиленді қапшықтарда шүйгіншөп тамырын сақтағанда эфир майының шығыны 24 айда небары 0,03 пайызға ғана елеусіз төмеңдейді.

 

3.6 Зерттеудің экономикалық тиімділігі

 

Аграрлық өнеркәсіп кешенінің нарықтық қезеңінде өсімдік шаруашылығы-ның алдындағы өзекті мәселе, оның экономикалық тиімді болуы. Шаруашылық құрылымдарының келешегі олардың өсіретін дақылдарынан түсетін таза пайда мен рентабельділікке тікелей байланысты. Зерттеудегі дәрілік шүйгіншөпті көшеттік тәсілмен өсіру, оның көшеттерін қазан айының алғашқы күндерінде, 70x20 см қоректену алаңына отырғызып, өнімді қыркүйек айының соңғы он күндігінде жинау дақылдың әр гектарының шығымын арттырып,  өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатты (16-кесте).

 

16-кесте. Зерттеудің оңтайлы тиімділігі

 

Көрсеткіштер

Оңтайлы тәжірибе варианттары

тұқьімды

танапқа

күзде себу

көшеттерді танапқа 1-5 қазанда отырғызу

Өнімділік, ц/га

9,9

22,4

20,6

1 кг шикізаттың бағасы, тенге

250

290

290

Шикізаттың жалпы құны, тенге

247500

696000

597400

Жалпы      жұмсалатын      шығындар, теңге, оның ішінде:

160348

59745

58644

Алғашқы реттік өндеу, теңге

6436

5882

5882

Тұқым, теңге

108000

4400

4140

Таза басқа шығындар, теңге

15600

13800

13800

Таза пайда, теңге

87152

636255

538756

1 кг шикізаттың өзіндік құны, теңге

161,9

26,7

28,5

 

Ұсынылған технология бойынша дақылды өсіруге жұмсалынған жалпы шығын 58,6-59,7 мың теңге, ал тұқымды танапқа тікелей себу нұсқасында - 160,3 мың теңге құрады. Дәрілік шүйгіншөптің танапқа себілетін тұқымының (4-5кг/га) көп болуына байланысты тұқымға жұмсалынған шығын 108 мың теңге құрап, бұл керсеткіш көшетпен өсіру тәсіліне (140-160 г/га) қарағанда 20,2-21,3 есеге артық бодды.

Дақылды өсірудің тиімді технологиясын қолдануда әр гектардан 538,8-636,2 мың теңге шартты таза пайда алынды. Бұл көрсеткіш тұқымды танапқа күзде себу нұсқасымен салыстырғанда 138,3% жоғары. Өнімділіктің жоғары және шикізаттың сатылу бағасы қымбат болуына байланысты көшеттік тәсілмен өсірілген дәрілік мысықтамырдың таза пайдасы көп болып 1кг шикізат өндіруге кеткен шығын 26,7-28,5 теңгеге дейін төмендеді, бұл тұқымды танапқа себудің күзгі мерзімімен (161,9 тг/кг) салыстырғаңда 6,7 есе темен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

                  

Зертханалық жағдайда дәрілік шүйгіншөп  өсімдіктердігінің тұқымының сапасы анықталды.

1000 тұқымның салмағы -тұқым сапалылығының басты көрсеткіші – олардың жаппай өніп шыққан күнімен  және жалпы өсу мөлшеріне байланысты анықталды. Зерттеу кезінде дәрілік шүйгіншөптің   1000 дананың салмағы – 0,59 г, ұзындығы 3,2 мм, көлдеңеңі 1,18 мм болады.

Дәрілік шүйгіншөптің тұқымы зертханалық жағдайда 22-200С температурада 3  тәулік ішінде өсе бастайды, шығымы төмен болады – 26-62%.

Тұқымның сақталу мерзімі ұзарған сайын оның өнімдігі төмендейді. Сақталудың 2 жылында өнімділігі 26 пайыз болды.  Тұқымды сақтаудың тиімді мерзімі 0,5 жыл құрады. Тұқымның топырақта тез өніп шығуы климаттык жағдайға байланысты. Тұқымның шығымы 2013 жылы 50,2%-ды құрады.

Мәдени түрде өсірілген дәрілік шүйгіншөп онтогенездің барлық кезеңінен уақытылы өтіп, табиғи жағдайда өзінің өсу жағдайын сақтайды. Олар вегетациялық кезеңдерді аяқтайды және уақытында гүлдейді, бұл өсімдіктерді жерсіндіру үшін аса қажет.

 Дәрілік  шүйгіншөптің тамыр жүйесі негізінен бастапты кіндік тамырға және оның айналасына таралуына, жанама тамырдың ұзындығына, санына тәуелді. Осы тамырлар нәтижесінде топырақтан қорек және ылғал алады.

 Оңтүстік Қазақстан жағдайында дәрілік шүйгіншөпті өсірудің тиімді тәсілі, оларды көшетпен өсіру болып табылады. Аймақтың топырақ-климаттық жағдайлары мен дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне үйлесе алатын көшеттік көбейту тәсілмен өсірілетін мысықтамырдың көшетін қазан айының алғашқы күндерінде отырғызғанда өнім басқа отырғызу мерзімдеріне қарағанда 2,0-10,0ц-ге, ал эфир майының жалпы түсімі 8,0-43,0 кг-ға артық жиналады.

Дәрілік шүйгіншөп өскендері сыртқы орта жағдайының  оңтайлы пайдаланып жақсы өсіп-дамып, көшеттердің дайын болуы 59 күнді құрайды. Көшеттік жастағы өсімдіктердің ортабиіктікі 10см-ге жеткенде ғана, тұрақты алаңға отырғызуға болады.

Дәрілік шүйгіншөптің тамырын шикізат ретінде жинау мерзімінің, алғашқы өңдеу және сақтау технологиясының тиімділігі анықталынды. Тамырдағы биологиялық белсенді заттар мөлшері қыркүйек айының соңғы онкүндігіне дейін артады және осы мерзімде эфир майының мөлшері (2,5%) ең жоғары деңгейі қалыптасып, одан әрі артуы мүлде тоқтайды.

Дәрілік шүйгіншөп дәнінен өнімді мол алуда өсімдіктің гүлшоғырына тұқым пісіп жетілу басында дәке қапшықтар кигізу тиімді. Бұл жағдайда шүйгіншөптің тұқымын 100% жинап, оның өнгіштігін 90 пайызға дейін жеткізуге болады.

Дәрілік өсімдіктерді 1 ай сақтағанда эфир майының мөлшері онша өзгеріске өзгермейді. Оның мөлшері осы уақытта тек  ғана 0,05 пайызға дейінгі бірлікке қана кеміді.

Дәрілік шикізаттарды 6 ай сақтағаннан кейін дәрілік шүйгіншөпте эфир майының мөлшері – 0,12 %  бірлікке кеміді.   

Оңтүстік Қазақстан жағдайында дәрілік шүйгіншөпті өсірудің тиімді тәсілі, оларды көшетпен өсіру болып табылады. Дәрілік шүйгіншөпті көшеттік тәсілмен өсіргенде өнім деңгейі басқа өсіру тәсілдерімен салыстырғанда гектарына есептегенде 3,3-11,0ц, ал эфир майы 1 пайызға артық болады.

Дәрілік шүйгіншөпты Оңтүстік Қазақстанда фармацевтік қасиетінің жоғарлығына, сапасының құндылығына байланысты өндіріске ұсынуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Әлемқұлова Р.Ә., Тәртенова М.А. Өсімдік – табиғат қазынасы. – Алматы: Қайнар, 1984.

2. Дәуренбеков Ж. Асқаров Ә. Жасыл әлемге саяхат. – Алматы: Қайнар, 1985.

3. Баймухамбетов М.А., Никонов Г.К. Пути и перспективы развития ресурсов лекарственного растительного сырья //Тез. докл. 3-го съезда фармацевтов Казахской ССР. –Кустанай, 1987. –С.323-329

4. Иващенко А.А. Қазақстанның өсімдіктер әлемі. –Алматы: Кітап, 2004.

5. Әметов Ә.Ә. Ботаника – Алматы: Дәуір, 2005.

6. Государственный кадастр растений Южно-Казахстанской области //Красная книга: Дикорастущие редкие и исчезающие виды растений. –Алматы: Ғылым, 2002. –Кн.II. -148 с.

7. Егеубаева Р.А. Эфирномасличные растения юго-востока Казахстана и пути их рационального использования //Автореф. дисс. … док. биол. наук. –Алматы, 2002.  -51 с.

8. Ибрагимов Т., Абдраимов С., Сейткаримов А. К изучению флоры юго-восточного Кызылкума //Ботаническая наука на службе устойчивого развития стран Центральной Азии: тез. докл. –Алматы, 2003. –С.78.

9. Массагетов П.С. Источники растительного сырья для химической промышленности Казахстана // Пути химизации Казахстана. - Алма-Ата. 1962. - С.119-134.

10. Кармышева Н.Х. Флора и растительность западных отрогов Таласского  Алатау. - Алма-Ата: Наука. 1982. - 160 с.

11. Нелина Н.В. Анализ древесно-кустарниковой флоры Киргизского        Алатау // Автореф. дисс. … канд. биол.  наук. - Алма-Ата.  1993. - 23 с.

12. Павлов Н.В. Растительные ресурсы Южного Казахстана. – М.: МО ИП. 1947. - 200 с.

13. Культиасов М.В. Экологические основы интродукции растений  природной флоры //Экология и интродукция растений: сб.трудов ГБС АН СССР. –М., 1963. –Т.9. –С.3-7.

14. Синицин Г.С.. Новые лекарственные растения Казахстана. – Алматы : Наука, 1982.

15. Правдин И.Н. Дарвинизм. – М. : Просвещение, 1986.

16. Мынбаева Р.О. Интродукция редких и эндемичных растений в Центральном Казахстане //Автореф. дисс.…канд. биол. наук. –Алматы, 1996. -22 с.

17. Әбдіраимов С., Сейіткәрімов А. Қазақстанда тәлімі жер жағдайында мәдени жайылымдықтар жасау және мал азықтық өсімдіктердің тұқым шаруашылығы (ұсыныстар) – Алматы: Қайнар, 1979. -24 б.

18. Байтулин И.О., Карибаева К.И. Предпосылки и тенденция опустынивания в Казахстане //Трансформация природных экосистем и их компонентов при опустынивании /Научный сборник. –Алматы, 1999. –С.7-15.

19. Коновалов И.Н. Физиология интродуцируемых растений. –М.-Л.: Изд-во Ан СССР, 1963. -64 с.

20. Кукенов М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. –Алматы: Ғылым, 1999.  -160 с.

21. Малеев В.П. Теоретические основы акклиматизации. -Л.: Сельхозгиз, 1933. -355 с.

22. Машковский М.Д.  Лекарственные средства. –М.: Новая волна, 2000. – Изд. XIV. –Т.1. –С.302.

23. Джанабаев Т.Н. Биологические основы культуры кассии остро-листной в условиях Южного Казахстана //Автореф. дис. … канд. биол. наук. - Алма-Ата, 1972.  -28 с.

24. Рахимов К.Д., Сатыбалдиева Ж.А., Суходоева П.С., Адекенов С.М., Тулемисова К.А. Руководство по работе с лекарственными растениями. – Алматы: РГКП «Дәрі-дәрмек», 1999. -230 с.

25. Айдосова С.С., Мухитдинов Н.М. Первые итоги и перспективы анатомических исследований кафедры ботаники //Итоги и перспективы развития ботанической науки в Казахстане //Матер. Межд.  науч. конф. – Алматы, 2002. –С.11-13.

26. Бутник А.А., Ашурметов О.А., Пайзиева С.А., Нигманова  Р.Н. Экологическая анатомия пустынных растений Средней Азии. –Ташкент: Фан, 2002. – Т.2.  -128  с.

27. Кукенов М.К., Егеубаева Р.А., Аверина В.Ю. Эфирномасличные растения Казахстана и их рациональное использование. –Алма-Ата: Наука, 1990. – 141 с.

28. Мамыкова Р.У., Ашурметов О.А. Диагностические признаки  Echina-cea  purpurea (L.) Moench  //Узб. биол. журн. –Ташкент, 2004. -№5. –С.55-58.

29. Warmig E. Uber perenne Gewachse // Bot. Gent-ralblatt for Geografien. Kjоbenhavn, 1907. - 132 p.

30. Raunkiaer C. Planterigets livsformer og deres Betydning for Geografien. Kjobenhavn, 1907.-132 p.

31. Гатцук Л.Е. К методам описания и определения жизненных форм в сезонном климате //Бюлл. МОИП. Отд. биол. 1974 б. Т.79. Вып.3. -С.84 -100.

32. Смирнова Е.С. Биоморфологические структуры побеговой системы тропических и субтропических цветковых растений в природе и оранжерейной культуре // Интродукция тропических  и субтропических растений. -М.: Наука. 1980. - С. 52-91.

33. Мухитдинов Н.М., Мамурова  А.Т. Дәрілік өсімдіктер. – Алматы, 2013. – 399 б.

34. Вульф Е.В. Введение в историческую географию растений. -Л.: Изд-во ВАСХНИЛ, 1932. -355 с.

35. Базилевская Н.А. Об основах теории адаптации растений при интродукции //Бюлл. ГБС. -1981. –Вып.120. -С.3-9.

36. Белолипов И.В. Краткие итоги первичной интродукции растений природной флоры Средней Азии в Ботанический сад АН УзССР //Интродукция и акклиматизация растений. –Ташкент: Фан, 1976. –Вып.13. –С.9-58.

37. Карписонова Р.А. Оценка успешности интродукции многолетни-ков по данным визуальных наблюдений //Тез. докл.VI делегат. съезда ВБО. – Л.: Наука, 1978. –С.175-176.

38. Кукенов М.К. Ресурсы официальных и перспективных лекарственных растений Южного Казахстана //Автореф. дисс. … док. биол. наук. –Ташкент, 1989. -47 с.

39. Маралбаев А.М. Некоторые вопросы биологии и продуктив-ности катарантуса розового в условиях юга Казахстана //Рациональное использование растительных ресурсов Казахстана. –Алма-Ата: Наука, 1986. -С.159-161.

40. Рахимов К.Д., Сатыбалдиева Ж.А., Суходоева П.С., Адекенов С.М., Тулемисова К.А. Руководство по работе с лекарственными растениями. – Алматы: РГКП «Дәрі-дәрмек», 1999. -230 с.

41. Султангазина Г.Ж., Мынбаева Р.О., Тулемисова К.А., Адекенов С.А. Первичное испытание Inula helenium L. в условиях Южного Казахстана // Вестник с.-х. науки Казахстана. –Алматы: Бастау, 1996. -№8. –С.148-153.

42. Қурамысова И.И. Лекарственные растения. – Алматы : Қайнар, 1989.

43. Кукенов М.К., Аверина В.Ю., Гусак Л.Е., Самойлова В.А. Распространение и запасы некоторых лекарственных растений Чимкентской области //Проблемы рационального использования лекарственно-технических растений Казахстана.  - Алма-Ата: Наука. 1986. - С. 107 - 112.

44. Кукенов М.К. Рациональное использование ресурсов лекарственных растений Казахстана //Изучение лекарственных растений Казахстана. -          Алма-Ата : Наука, 1988. – С. 15-29.

45. Кукенов М.К., Аверина В.Ю., Егеубаева Р.А. Ресурсы лекарственных растений северного макросклона Киргизского Алатау //Изв. АН Каз.ССР 1989.  № 2. - С.3-8.

46.  Чиков П. С. Лекарственные растения // Справочник (2-е изд. перераб. и доп). – М : Агропромиздат, 1989. – 428 с.

 47. Тазабеков Т.Т.  Қазақстанның топырағы. – Алматы : Қайнар, 1974.              -140 б.

48. Фирсова М.К. Методы исследования и оценки качества семян. – М. :          Изд –во АН СССР, 1955. - 365 с.                     

49. Работнов Т.А. Методика изучения семенного размножения травянистых растений в сообществах // Полевая геоботаника. – М. – Л. : Изд-во АН СССР, 1960. – Т. 2. – С. 20-40.

50. Серебряков И.Г. Морфология вегетативных органов высших растений. - М. : Советская наука,  1952. - 391 с.                

51. Бейдеман И.Н. Методика изучения фенологии растений в растительных сообществах. – Новосибирск : Наука СО, 1974. – 154 с.

52. ГОСТ 24027.1-80. Сырье лекарственное. Методы определения подлинности, зараженности амбарными вредителями, измельченности и содержания примесей. – М. : Стандартов, 1980. – С. 27-30.

53. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта (с основами статисти-ческой обработки результатов исследований). –М.: Агропромиздат, 1985.             -351 с.

54. Рутовский Б.Н. Эфирные масла // Способы получения эфирных масел и их анализа. – М. -Л.: Изд-во АН СССР, 1961. – Т. 1. – 594 с.

55. Агелеуов Е., Дөненбаева К. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. – Алматы : Санат, 1998. – 231 б.

56. Серебрякова А.А., Кирьянова А.Т. К вопросу сохранения всхожести семян лекарственных растений  //Сб. научн. трудов. –М., 1973. –Вып.5. - 128 с.

57. Федоров А.А., Кирпичников М.Э., Артюшенко З.Т. Атлас по описательной морфологии высших растений. -М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1956. -304 с.

58. Федоров А.А., Кирпичников М.Э., Артюшенко З.Т. Атлас по описательной морфологии высших растений. Стебель и корень. -М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1962. -352 с.

59. Филимонов М.А. Влияние температуры и влажности на прорастание семян //Вестник с.-х. науки Казахстана. –Алма-Ата: Кайнар, 1957. -№5. –С.147.

60. Кулешев Н.Н. Процесс семенообразования и полноценность Семен-ного материала //Биологические основы повышения качества семян сельскохозяйственных растений. –М.: Наука, 1964. –С.43-47.

61. Ворошилов В.Н. Лекарственная валериана. –М.: Изд-во АН СССР, 1959. -24 с.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2018-04-03 16:57:16     Қаралды-9658

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »