Тақырып: Қара қаракөл қошқарын атырау тұқымды сұр түсті қола реңді қошқармен будандастырғанда ұрпағының сапасы
бет
|
|
|
|
Анықтамалар............................................................................. |
5 |
|
|
|
|
белгілеулер мен қысқартулар......................................... |
6 |
|
|
|
|
КІРІСПЕ............................................................................................. |
7 |
|
|
|
|
НЕГІЗГІ БӨЛІМ................................................................................ |
9 |
1.1 |
Аналитикалық бөлім........................................................................ |
9 |
1.1.1 |
Қара түсті қаракөл қойларының өнімділік ерекшеліктері............ |
9 |
1.1.2 |
Құйрықты қой тұқымдарына сипаттама......................................... |
14 |
1.1.3 |
Елтірілі-етті-майлы өнімді атырау қой тұқымының өнімділік ерекшеліктері.................................................................................... |
17 |
1.2 |
Технологиялық бөлім....................................................................... |
22 |
1.2.1 |
Әртүрлі қой тұқымдарын будандастыру – жоғары өнімді мал тобын алудың кепілі......................................................................... |
22 |
1.2.2 |
Малдарды будандастырудан алынған зерттеу нәтижелері.......... |
23 |
2 |
Тіршілік қауіпсіздігі......................................................................... |
31 |
|
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................ |
33 |
|
|
|
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................... |
34 |
Тұқым |
– |
ұқсас шаруашылықтық-биологиялық және морфо-логиялық қасиет белгілері тұқым қуалау арқылы беріліп, бір тұқымды екіншісінен ерекшелейтін ауыл шаруашылық малдарының бір түрінің тобы |
Жұптау |
– |
іріктеп алынған малдың ішінен ұнамды ұрпақ беретін бір-біріне лайықты аталық және аналық топ құру |
Біртекті жұптау |
– |
алынған ұрпақта шаруашылықтық-пайдалы белгілердің сақталуы мен күшеюі үшін өзара ұқсас малдарды негізгі селекциялық белгілері бойынша будандастыру |
Әртекті жұптау |
– |
ата-енесінің біреуіне ғана тән кемшіліктерден айырылған ұрпақ алу үшін негізгі селекциялық белгілері бойынша өзара ерекшеленетін малдарды будандастыру |
Сұр
|
|
|
|
– |
меланин бояутегінің аймақтық орналасуымен сипатталатын қаракөл тұқымы қозыларының жүн жамылғысының түсі |
Елтірі |
– |
алуан түрлі бұйра түріндегі жүн жамылғысы бар қаракөл және елтірілік тұқымдардың жаңадан туылған қозысының терісі |
Қаракөл |
– |
жаңадан туылған қаракөл тұқымының 2-3 күндік қозысының елтірісі |
Рең |
– |
сұр түстің тұқым қуалау арқылы қалыптасқан түс вариациясы |
Талшық |
– |
жүннің тері бетіне шығып тұратын бөлігі |
Түбіт |
– |
ең жіңішке (15-30 мкм), иректелген және қысқа талшықтар |
Жай қылшық |
– |
түбітке қарағанда жуан (30-120 мкм), ұзын әрі аз болатын талшықтар |
Аралық қылшық |
– |
(жуандығы 30-52 мкм) иректігі және ұзындығы бойынша түбіт пен жай қылшықтың арасында орын алады.
Белгілеулер мен қысқартулар |
плат. |
– |
платина реңі |
антр. |
– |
атрацит реңі |
♂ |
– |
аталық особь (дарақ) |
♀ |
– |
аналық особь (дарақ) |
Х |
– |
шағылыстыру белгісі |
М±m |
– |
орташа арифметикалық және оның ауытқуы қатесі |
Сν |
– |
өзгергіштік коэффициенті, % |
r |
– |
корреляция |
mr |
– |
корреляция анықтылығы |
кг |
– |
килограмм |
мм |
– |
миллиметр |
г |
– |
грамм |
см |
– |
сантиметр |
км |
– |
километр |
мкм |
– |
миллиметрдің 1/100 бөлігі |
% |
– |
пайыз |
1/10; 2/10 |
– |
талшықтың аз дәрежеде ағаруы |
3/10; 4/10 |
– |
талшықтың орташа дәрежеде ағаруы |
5/10 |
– |
талшықтың көп дәрежеде ағаруы |
ұр |
– |
ұрғашы |
ер |
– |
еркек |
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қаракөл шаруашылығы Қазақстанда мал шаруашылығының перспективті, экономикалық жағынан тиімді саласының бірі. Қазақстанда қаракөл өсірушілердің көп жылғы еңбегінің арқасында күрделі будандастырудың түрлі нұсқаларын қолдану арқылы қаракөл, ет, жүн, елтірі алу үшін селекцияда тиімді қолданылатын қаракөл тұқымының қара, көк, сұр, қоңыр және ақ түсті отарларын қалыптастыратын үлкен тәжірибе жинақталды. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында республикамыз басынан кешірген қиын экономикалық жағдай қаракөл қойы басының күрт азаюына әкеп соқтырды. Соның салдарынан көптеген ірі шаруашылықтар ұсақ кәсіпорындарға айналып, тіпті толықтай жойылып кетті.
Қаракөл қойларының генетикалық қорын сақтап қалу өте маңызды мәселе. Ал, бір тұқымның толықтай жойылып кету мүмкіндігі, оның ауыр жағдайы ғылыми ұйымдарды толғандырады.
Нарық қашан да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден бәсекеге қабілетті, ішкі және сыртқы нарықта үлкен сұранысқа ие болатындай өнім шығаруды талап етеді. Осындай қатаң талап бастама болып, Қазақ қаракөл қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының 25 жылғы күрделі селекциялық-асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде әлемдік қаракөл шаруашылығы тәжірибесінде тұңғыш рет шығарылып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 1998 жылы бекіткен атырау елтірілі-етті-майлы құйрықты қой тұқымы – осының дәлелі. Нарық сұранысына сай еліміздің әртүрлі өңірлерінде аталған тұқымның селекциялық белгілерінің тұқым қуалағыштығы бойынша тұрақты ұрпақ алынып, олардан түрлі реңді елтірі өндіру жұмыстары жүргізілуде.
Экстремальды экологиялық аймаққа төзімді қойлар тұқымының бірі – қаракөл және атырау қойлары. Қазіргі таңда әртүрлі экстремальды экологиялық аймақтарда оқшауланып өсіріліп жатқан бұл қойлар мен олардың ұрпақтары күрделі генетикалық, сондай-ақ, фенотиптік өзгергіштікке ұшырауы мүмкін. Осының нәтижесінде олардың ішіндегі летальды және жартылай летальды, сонымен қатар басқа да зиянды мутацияларды жасырын тасымалдаушы даралар популяциядағы генетикалық ауыртпалықтың өсуіне айтарлықтай әсерін тигізері анық. Мұндай жағдайда ата-енелерінің және олардың ұрпақтарының селекциялық көрсеткіштеріне негізделген дәстүрлі тәсілдер қазіргі кездегі малдарды асылдандыру технологиясының талаптарын толығымен қанағаттандырмай тұр. Осы тұрғыдан қарағанда қара түсті қаракөл және елтірілі-етті-майлы өнімді атырау қойларының сапасын жақсарта отырып, жеке шаруашылықтарға кеңінен тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - қара түсті қаракөл қойларын елтірілі-етті-майлы өнімді атырау тұқымды сұр түсті қола реңді қошқармен будандастыру нәтижесінде алынған ұрпақтарының сапасын анықтау болып табылады.
Алға қойған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- жоғары өнімді мал тобын алудың теориялық жолдарын анықтау;
- қара түсті қаракөл және сұр түсті қола реңді елтірілі-етті-майлы атырау қой тұқымдарын жұптастырғанда ұрпағының түсі мен реңдерінің тұқым қуалауын зерттеу;
- қола реңінің айқындылығын анықтау;
- алынған ұрпақтардың кластылығы бойынша бөлінуін зерттеу;
- жүн ұштарының бозаруы мен реңделуін анықтау;
- жұптау нұсқасына сәйкес жүн талшықтарын зерттеу;
- әртүрлі тұқымды малдарды шағылыстырудан алынған ұрпақтың конституциялық типін зерттеу.
1.1 Аналитикалық бөлім
1.1.1 Қара түсті қаракөл қойларының өнімділік ерекшеліктері
Ауыл шаруашылық малдарының шаруашылыққа тиімді белгілерін тұрақты түрде сұрыптай отырып, оларды тиімді пайдалану жолдарын малшылар қауымы ерте кезден ойластыра бастаған. Көптеген жылдық іс-тәжірибелері нәтижелерін пайымдай келе, олар жануарлар түстері неғұрлым қою болса, олардың тіршілікке бейімділігі де, соғұрлым жоғары болатынын байқаған.
Әр түрлі өнімділік бағытындағы мал тұқымдарын өсіруде, басқа да қажетті белгілерімен қатар, олардың түр-түс ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор. Осы бағыттағы ізденістер нәтижесінде, қаракөл қойларының түсі мен тіршілікке бейімділігінің арасындағы байланыстың байқалуына орай, оны зерттеудің де ғылыми және іс жүзіндегі маңызы зор деп саналады.
М.А. Придорогин [1]: «өзінің маңызы жағынан жануарлардың түсі мен реңдері оның басқа да, шаруашылыққа қажетті белгілермен бірдей болмағанымен де, сұрыптау жұмыстарында ескерілуі қажет», – деп есептейді. Бұған мысал ретінде, ол романов қойларындағы түстердің тіршілікке бейімділігімен байланысын айтады. Романов қойлары негізінен қара түсті болып туылады. Есейе келе қара түсті жүн талшықтарының арасынан ақ түсті талшықтар өсіп шыға бастап, бірте-бірте сақа қойлар өзіне тән көк түске енеді. Қолайсыз ауа-райының әсерінен, немесе дұрыс күтіп-бағылып және азықтандырылмаған жағдайда, олар өздеріне тән түсін жоғалтып, одан бетер ашық-боз түске енеді. Сонымен қатар, бұл қойлардың төлдегіштік көрсеткіші төмендейді, жүнінің жібектілігі нашарлап әрі тері қабатының беріктігі әлсірейді, өсіп-жетілу қарқыны бәсеңдеп, бұл өз кезегінде сойыс шығымының азаюына алып келеді.
М.А.Кошевой, Э.М.Хасанов, Б.Л.Исаянц [2] Өзбекстанның таулы алқабына жақын орналасқан далалы аймақта өсірілетін қаракөл қойларының қабырғалы және жалпақ гүлді елтірілік типтерінің сапалық көрсеткіштерін салыстыра келе, олардың жоғары өнімділікке ие екендігін атап көрсетеді. Авторлар: «жайылымдық жағдайды қатаң ескере отырып, осы бағыттағы селекциялық сұрыптау жұмыстарын жүргізе беру керек», – деген пікірге келеді.
Авторлар жаңа аймаққа әкелінген малдар ішіндегі әр түрлі конституциялық типтерге жататын қаракөл қойларының физиологиялық көрсеткіштерін зерттеп салыстыра келе, келесі қортынды жасайды: «Оңтүстік Қазақстан аймағы жағдайында Өзбекстанмен салыстырғанда сыртқы ортаның жоғары температурасына қаракөл қойларының жауап реакциясында айтарлықтай айырмашылықтар байқалмайды. Бірақта, «нәзік» конституциялық типіндегі қойларда, қоршаған ортаның температурасы 15-320С шамасында, дене қызуының реттелуінде біршама ауытқулар болатыны байқалады. «Мығым» конституциялық типтеріндегі қойларда, «дөрекі» және «нәзік» типтегі малдармен салыстырғанда қоршаған ортаның бірдей температурасы жағдайында, дем алу жиілігі бойынша біршама айырмашылықтар болады. «Мығым» конституциялық типтеріндегі қойлар, ауа температурасының жоғарылауы жағдайында, кеуденің терең тыныс алуы арқылы, ағзаға қажетті газ алмасу қарқындылығының артуын қамтамасыз ете алады».
Әр түрлі түстердегі қаракөл қойларының күннің ыстық мезгілдеріндегі физиологиялық көрсеткіштерін зерттеу нәтижесінде, дене температурасы, жүрек соғуы және дем алу жиіліктері бойынша біршама өзгешеліктер болады. Яғни мал организмінің күн инсоляциясынан қорғануы, олардың жүн қабатындағы меланин мөлшеріне байланысты.
Осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізген А.Иноятов, А.П.Воробьевский [3] шығу тегі және түр-түсі әр түрлі қаракөл қойларының тері пигментациясы мен меланин мөлшерлерін салыстырмалы түрде зерттеу нәтижесінде олардың әр түрлі деңгейде болатынын анықтаған. Авторлар: «пигменттену дәрежесі мен мал ағзасында жүретін терморегуляция процесстерінің арасындағы байланыс бар», – деген пікірге келеді.
В.С.Жилякова [4] қара және сұр түсті қойлардың биологиялық ерекшеліктерін зерттей келе, сұр түсті қойлар дене бітімі жағынан босаң түріне көбірек ауытқитынын және мұның олардың өміршеңдігіне кері әсер ететінін тілге тиек етеді. Автордың жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, сұр елтірінің бұйралары өз құрылысы жағынан қара елтірінің бұйраларына ұқсас екенін, алайда, бірқатар физика-механикалық қасиеттері жағынан олардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары барлығын анықтаған. Сұр елтірілердің бұйра сапасы, қара түсті елтірілермен салыстырғанда ендері жуандау, бұйрасы тығыз емес, жүнінің талшықтары ұзын болады. Гүлінің бұйралығы көбінесе қажетсіз (сақина, айналма бұршақ түрінде) болады, ал ондай жағдай елтірінің көрінісін нашарлатады және кавказ тобы қаракөліне жататын елтірілер үлесінің көбеюіне алып келеді
Д. Баатар [5] қаракөл қойының сапалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатындағы өз ойын келесідей тұжырымдайды: «жакеттік елтірілі типті малдардың үлесін көбейтуге бағытталған селекциялық жұмыстардың нәтижелерінің тиімділігі төмен болуының басты себебі, қаракөлдің негізгі типтерінің пайда болуын айқындайтын генотиптердің, белгілі тепе-теңдігін анықтауға алып келген, селекция жұмыстарының тиімділігін арттыратын қара түсті қаракөл қойларының, әр түрлі елтірілі типтеріндегі малдарымен үнемі араластырылып отырылғанына байланысты».
Баяғы замандардың өздерінде-ақ, адамдар малдарды таңдағанда, ең алдымен олардың түр-тұлғасына және қандай аймақта өсірілгендігіне көп көңіл бөлген. Өйткені, малдардың бойының өсуі мен дамып-жетілуі, олардың осы және басқа белгілерін жылдамдататын немесе тежейтін факторлардың бірі – қоршаған орта жайылымдық жағдайы әсерінен барынша айқын көрініс береді. Сондықтан, өнімділік қасиетімен тығыз байланысты екені пайымдалған болатын.
Малдардың тұқымдық негізінде берілген мүмкіндіктерінің толық қанды іске асып, өсіп–дамуы, олардың осы белгілерін жылдамдататын немесе тежейтін сыртқы факторлардың әсеріне тікелей байланысты болады. Қоршаған ортаның жағдайы неғұрлым жайлы болған сайын, мал тұқымында гендік деңгейде берілген өнімділік және биологиялық ерекшеліктерінің толықтай көрініс беруіне мүмкіндік туылады.
Г.Сартбаева [6] Қаратау сырты-Мойынқұм экологиялық типіне жататын Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ өңіріндегі қаракөл қойының генетикалық топтарының өсіп-жетілуін зерттей келе, олардың ішінде айтарлықтай ерекшеліктер болатынын анықтаған. Мұнда, «қара түске қарағанда, түрлі-түсті қаракөл қойының салмақтарының біршама төмен болуы, олардың қоршаған орта жағдайына бейімділігінің төмен екендігін көрсетеді», ─ деп тұжырымдайды.
Өнімділігі әр түрлі бағыттағы қойлардың ас қорыту органдарының, сүйек бітімінің, ет ұлпаларының, терілерінің, тері асты клетчаткаларының дамып-жетілуінде айтарлықтай айырмашылықтар болады. Жүн, ет және сүт бағытындағы қойлардың денесінің жекелеген бөліктерінің салмақтары, сондай-ақ, ішкі мүшелері мен ұлпаларының ара-қатынасында бір-бірінен айырмашылықтары болатынын келтіреді. Мәселен; ет және сүт бағытындағы қойлармен салыстырғанда, жүн бағытындағы қойлардың терісі мен сүйек қаңқасы салмақтырақ болады. Ет және сүт бағытындағы қойларға қарағанда, жүн бағытындағылардың ет тканьдері мен тері асты клетчаткалары нашарлау дамыған. Сүт бағытындағы қойлардың ас қорыту органдары мейлінше жақсы дамыған болса, бұған керісінше тері бағытындағылар нашарлау, ал жүндес қойлар бұл жағынан орташа дамыған аралық деңгейде орналасады.
Қаракөл қойының тұқымын Орта Азия халықтары шөл және шөлейт аймақтардың қатал жағдайында іскерлікпен сұрыптау және жұп таңдау арқылы шығарған. Ондағы табиғи-климаттық жағдайлар қаракөл қойларының организміне, экстерьеріне, физиологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне әсер етті. Сондықтан қаракөл қойларын арнайы жетілдіру және өнімділігін арттыру организмнің биологиялық заңдылықтарын, онда өтетін биологиялық құбылыс табиғатын, орта жағдайына бейімделуін, өнімділік сапасына жақсартатын орта әсерлерін, селекциялық-асылдандыру жұмыстары-ның әдістері мен амалдарын жүзеге асыру арқылы жүргізіледі.
Қаракөл тұқымы – әлемдегі ең әйгілі қой тұқымдарының бірі: ол Еуропаның, Азия, мен Американың ондаған елдерінде өсіріледі. Қаракөл қойы өсірілетін ұланғайыр аумақтың климат және азық жағдайы, селекциялық-асылдандыру жұмыстарының деңгейі, малдың биологиялық және өнімділік ерешеліктеріне әсер етеді.
Мәселен, шөбі сирек өсетін оңтүстіктің құмды шөлінде бағылатын қаракөл қойлары кең алқапта жайылуға, артық ыстықты шығаруға мейлінше бейімделген. Олардың дене құрылымы тез, әрі жеңіл қозғалатындығын көрсетеді, ал иілімді жүн жабыны біршама қою, жүн шайыры шамалы, оған жел тез өтеді, әрі артық жылуды шығаруға бейімделген. Қойлардың дене пішімі біршама созылыңқы, жүні едәуір өскелең, көбінесе қара түсті.
Тау етегіндегі шөлейт және құмды-сазбалшықты шөлде шөбі біршама қалың өскен, көксоқта қар жауатын және салқын жаңбырлы күндері жағдайында қаракөл қойлары басқаша бейімделуді қажет етеді. Мұндай жағдайда қойлардың жылуды аз шығаратын және ширақ қимылдайтын қабілеті бар. Бұл қойлардың сүйектері мен бұлшық ет жүйесі жақсы жетілгендіктен, суыққа төзімді, әрі қолайсыз жер жағдайына бейімделген. Бұған қой жүнінің біршама қоюлығы, жүнінің шайырлығы және өскелеңдігі, денесі мен сүйектерінің мығымдылығы ықпал етеді.
Организмнің қоршаған ортаға серпілісі және қолдан сұрыптау кезінде тұқымда әртүрлі типтер пайда болды. Қаракөл қойлары тұқымының үш негізігі конституциялық типі бөлінген: мығым, дөрекі және нәзік. Алайда қозылардың және сақа қойлардың кейбір конституциялық типтері бір-бірінен бірқатар биологиялық және шаруашылық-құндылық белгілерімен өзгешеленеді.
Жалпы алғанда қаракөл тұқымы қойларының конституциясы ашаң, әрі мығым, сүйектері берік, бұлшық еті күшті, ширақ қимылдайды, әрі төзімді. Табиғи және қолдан сұрапталу арқылы қаракөл қойлары табиғат жағдайына жақсы бейімделген. Қойлар жайылымда ширақ жүреді, ішкен суы жақсы минералдайды, құбылмалы ауа температурасына төзімді. Қаракөл қойының тыныс алу типін өзгертуге тез бейімделуі, өкпесінің демалу қасиетінің жоғарылығы, қандағы эритроциттер мен құрғақ қалдықтар мөлшерінің тез азаятындығының айрықша маңызы зор. Алайда осындай қасиеті бола тұрса да, ауа райының мейлінше қатал жағдайы малға қатерлі болуы мүмкін.
Қаракөл қойларының денесі біршама созылыңқы, саулығының – бөксесі едәуір ауқымды (алмұрт тәрізді). Кеудесі терең, құйымшағы салыңқы, мойыны орташа ұзындықта, басы сүйір, дөң маңдайлы, тегіс, қатқыл, жылтыр қылшықты, құлақтары салбыраңқы, ұзындығы 18 см-ге дейін, жылтыр биязы жүнді. Саулығы мүйізсіз. Қошқары иірмелі қайқы мүйізді. Сирақтары қысқа, мығым, тілерсек буыны мен тізесіне дейін қалың бұйралы жүн өскен, ал одан төмен – сәл бұйралы немесе тегіс, жүні қатқыл, әрі жылтыр. Құйрығы ұзын, жалпақ, нығыз, төмен қарай сүйірленген және иректелген жіңішке ұшы тілерсек буынына дейін түседі.
Қаракөл тұқымы қойлары өнімділігі бойынша елтірілік – сүтті тұқымға, ал морфологиялық белгілері, ең алдымен құйрығының пішімі мен көлемі бойынша майлы құйрықты қойларға жатады.
Қаракөл қойлары басқа тұқымдардың арасында кеш жетілетін қойлар тобына жатады. Ұрғашы тоқтылардың көпшілігі 6-7 айлығында жыныстық жетілуі болғанымен, алғашқы шағылысуы 1,5 жасында болып, екі жасында қоздайды.
Қаракөл қойының ең негізгі бөлу критериясы – түсі. Себебі оның шаруа-шылық үшін маңызы үлкен және ол көптеген селекциялық белгілермен коррелятивті байланысты, ал оның генотипі өсіруге сай келетін жағдайдың белгілі бір зоотехникалық сұрыптау жүйесін қажет етеді.
I.C.Mendel [7] қаракөл қойы түсінің генетикасы бойынша көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізудің негізінде ол елтірі түстерінің бөлінуі моногибридті тұқым қуалау заңдылығына сай келетіндігін айтты.
Мал тұқымын асылдандыру бағытындағы іріктеу, сұрыптау жұмыстарында қара түсті қаракөл қойларымен селекциялық шаралар жүргізу күрделірек болып саналады. Мұнда түстер бойынша малдарды гетерогенді іріктеуде кейбір қасиет ұрпақтарда тұқым қуалаудың жоғарғы тұрақтылығына ие бола алмайды [8].
Б.Н.Васиннің [9] анықтауы бойынша, доминанттық қара түс оңтүстік қара түс деп аталады және D символымен белгіленеді. Екі туыстасынан тұқым қуалау генін алған гомозиготты қойлардың қара түсі DD белгіленеді, ал тек бір туыстасынан осы генді алған гетерозиготты қойлар – Dd белгіленеді.
Қара қаракөл қойлары түсіне және түс түрлеріне бөлінбейді, бірақ қара түстері қарқынды – қара, қалыпты-қара және шамалы қара болып бөлінеді.
Қаракөл қойлары арасында қара түстілері көбірек кездеседі, әрі әдетте осы қой тұқымын сипаттайды.
Қара қаракөл қойларының қозылары жетілген сайын түк түсі өзгереді. Мәселен, 4 айлық қара қозылар тобында, яғни енесінен айырған кезде біршама түрлі түсте болады. Бір жарым жасында, яғни ұрықтандырар кездегі қара қойлардың көпшілігі әртүрлі дәрежеде ағарады, ал үш-төрт жасында олардың жабағы жүнінің жартысына жуығы қара және жартысы ақ жүн талшықтарынан тұрады. Бұл орайда қылшығы мен түбіті бірдей дәрежеде ағарады. Ал басы мен сирақтарындағы жүн өмір бойы қара күйінде қалады.
Қара түс көгіне қатысы бойынша рецессивті, қоңыр мен сұрдан басым. Қара DD х DD біртекті жұптау тек қара түсті қозылар береді.
Л.Адамец [10], Ә.Омбаев [11] және басқалардың пікірлері бойынша, қаракөл қойларының көпшілігінде болатын қара түс қоңыр және ақ меринос қойларына қарағанда басым болады.
Оңтүстік Африканың қаракөл қойларына (рондериб және сомалийлік) будандастыруға пайдаланылған ақ қойдың екі тұқымына қарағанда қара қаракөл қойларының түсі басым болды [12]. Мұның өзі осы континенттегі қой шаруашылығын тез арада жаңғыртуға ықпал етті. Алайда, негізгі қара қаракөл түсі рецессивті болатын түстер де бар. Бұлар ақ ауғандық – гильджан және көк қаракөл. Бұған парсылық жүндес қойлар да жатады, оны Намибияда пайдалана отырып ақ қойға селекция жүргізіледі, ол сомалийліқ ақ қойлардан өзгешелігі – қараға рецессивті.
Қаракөл қойларының басқа қара – рецессивті басқа түсі ерекше қызығушылық тудырады. Б.Н.Васиннің [9] пікірінше, оның өзі барлық тұқымда, сонымен қоса қаракөл қойларында кездеседі. Б.Н.Васинның мәліметтеріне сүйене отырып, П.В.Арапов [13] қоңыр туыстастарынан пайда болған қара қозылар ұрпағын, қызғылт қошқарлар мен қоңыр саулықтардан тараған көк және қара қозыларды, қара рецессивті түсінің болатынын түсіндірген.
Н.С.Гигинейшвилидің [14] пікірі бойынша, егер рецессивті қара түстің болуы дәлелденетін болса, онда көптеген факторлардың – сұр қойларды таза өсіргенде қара қозылардың пайда болуы немесе көк және басқа түстер бойынша қозылардың белгілі ара қатысының ауытқуын, - біршама қарапайым түсіндіруге болар еді.
1.1.2 Құйрықты қой тұқымдарына сипаттама
Қазақстан Республикасының иелігінде жалпы аумағы 127 млн.гектарды құрайтын шөл және шөлейт аймақта орналасқан табиғи жайылымның кең территориясы жатыр. Бұл орасан зор территория түрлі түсті, әрі түрлі реңді қаракөл және етті-майлы құйрықты – екі ерекше тұқымды шөл және шөлейт аймақта өсірудің арқасында игерілген. Бұл тұқымдар осы аймақтағы халықтың әлеуметтік-экономикалық тіршілігінде басты орында [15].
Қазақстанның кеңге жайылған территориясына тараған құйрықты қойлар кең экологиялық валенттілігімен сипатталады. Қолда бар деректерге сүйенсек, құйрықты қойлардың шыққан тегі муфлондар, ол ұзаққа созылған селекция нәтижесінде дүниеге келген. Отаны Орталық Азия саналған [16].
Қазақы құйрықты қойлар бойынша көптеген зерттеушілердің атап өткен ғажап биологиялық қасиеті – олардың жоғары дәрежедегі тезжетілгіштігі.
Қатаң тіршілік ету жағдайында көп жылғы табиғи сұрыптау мен тұқымдық селекция нәтижесінде игерген біршама құнды белгілер қатарымен ерекшеленетін құйрықты қойлардың өзіне тән тағы бір ерекшелігі оларда май құйрықтың болуы.
Белгілі ғалым М.Ф.Иванов [17] өз еңбегінде бұл қойдың 22 географиялық нұсқасы мен тармақтары Бүкілодақтық Ғылым Академиясы мен Москва зоотехния институтының экспедициясы жүргізген зерттеулері мен құйрықты қойлар популяциясын оқып-үйрену барысында белгілі болғандығын атап көрсеткен.
Еділбай тұқымы XIX-ғасырдың соңында Орал облысында табиғи сұрыптау мен халықтық селекцияның нәтижесі ретінде шығарылған. Бұл тұқымның қойларының шығу тегі туралы қандай ма болмасын құжатты мәліметтер қолда жоқ. Еділбай мен гижиндік-сломихиндік қойлар қалмақ қойларымен өте ұқсас, шамасы осы екі вариацияда құйрықты қалмақ қойларын құйрықты қазақы қойлармен будандастырудан шыққан болса керек [18].
Біздің елімізде құйрықты қойлар ішінде ең көп тараған қазақы құйрықты және еділбай қойының тұқымы жайылымдық бағып-күту жағдайына қабілеттілігі, түрлі климаттық жағдайларға төзімділігі, тез май жинап, арзан бағалы қой еті мен қылшық және жартылай қылшықты қой жүнін беру сияқты белгілі биологиялық ерекшелігі және шаруашылықтық-пайдалы белгілерімен биязы, биязылау және ұяң жүнді сияқты жаңа қой тұқымдары мен тұқымдық топтардың қалыптасу процесінде қарқынды түрде қолданылды.
Ғылыми экспедиция (1958-1980 жж.) мәліметтеріне сүйенсек, республикамыздың түрлі экологиялық-географиялық аймақтарындағы ересек құйрықты саулықтардың тірілей салмағы 51,6-дан 75,7 кг-ға дейін және жылдық жүн қырқымы 1,6-дан 2,6 кг-ға дейін болғанда шоқтығының биіктігі орташа есеппен 65,5-тен
Орталық Азия республикаларының және Қазақстанның құйрықты қой шаруашылығы аймағында соңғы жылдары жүн қырқымын арттырып, оның сапасын жақсарту үшін жартылай биязы және жартылай қылшықты құйрықты қой тұқымының қошқарлары кеңінен қолданылуда. Дегерес х құйрықты будан-дардың қозы жүнінің орташа қырқымы еділбай х құйрықты қойлармен салыс-тырғанда 14,20-19,7%-ға артық. Сонымен қатар еділбай х құйрықты қойларда ашық түсті жүнінің сапасы 12% құрап, дегерес х құйрықты будандарда 60%-дан жоғары болған. Сонымен қатар, құйрықты қойларды дегерес қошқарлары-мен будандастырғанда олардың төлдерін енелерінен айырған кезде тірілей салмақтары төмендемеді, бірақ, қозы жүнінің көлемі мен сапасы елеулі түрде артқан [19].
Жаркент ұрпағының жергілікті құйрықты саулықтарын еділбай қошқар-ларымен будандастыру жолымен алынған тірілей салмағы
Құйрықты қойлар Қазақстанда биязы, биязылау және ұяң жүнді жаңа қой тұқымдары мен тұқымдық топтарын шығаруда үлкен роль атқарды. Қазақтың құйрықты қойларын, оның ішінде еділбай қойларын, басқа өнімділік бағыттарының қошқарларымен жаппай будандастыру және асылдандыру жұмыстарының ұзақ уақыт бойы мүлдем дерлік болмауы олардың санының күрт кеміп кетуіне, өнімділігінің төмендеуіне және майдалануына әкеліп соқты.
Деректерде Орталық және Батыс Қазақстанның құйрықты қойлары, негізінен, төмен өнімділік деңгейімен сипатталады делінген. Еділбай қойының ересек аналықтарының орташа тірі салмағы
Қозылары жеткілікті деңгейде ірі туылады (еркек қозыларды тірі салмағы 4,6-
Батыс Қазақстан облысы «Бірлік» асыл тұқымды зауытының еділбай қой-лары жоғары ет, май, жүн өнімділігімен ерекшеленеді: селекциялық топтағы қошқарлардың тірілей салмағы 110-
Құйрықты қойлар тез өсіп-жетілетін малдардың бірі. Суалтылмаған кезеңдегі төлдің тірілей салмағы оларды 4-5 айлығында етке тапсыруға болатындай 7 не одан да көп есеге артуы мүмкін.
Торғай облысындағы құйрықты жас малдар (будан еділбай х құйрықты жас мал) бір жылдық жасында етке тапсыруға мүмкіндік беретін әбден қанағаттанарлық етті-майлы өнімділікке ие [19].
Бар тұқымның қалыптасуы және жоғары өнімді етті-майлы жаңа тұқымды шығару саулықтар мен қошқарлар физиологиялық жағынан толық өсіп-жетілумен қатар, ерте жастан етке тапсыруға болатындай тиімді өсіру әдістерін қолдануды қажет етеді. Тоқтылардың тез жетілгіштігі мен өсу энергиясы жоғары деңгейде болуы керек.
К.У.Медеубековтың [21] зертеулерінде таза тұқымды өсірудің ең басты міндеті – таза тұқымды асыл тұқымды малдар алу мен оларды өсіру болып табылатын қойлардың көбеюінің негізгі әдісі.
Көптеген зерттеулеріндің нәтижесінде қой еті өндірісін арттырып, оның сапасын жақсартудың бір жолы – қозыларды бордақылау. Жоғары көрініске еттілігі мен тез жетілгіштігі бойынша үйлесімді тұқымды будандастырудан алынған қойларды бордақылау кезінде қол жеткізуге болады. Будан жас мал көптеген жағдайда таза тұқымды қойлардан қарқынды өсімімен, азықты жақсы өтеуімен және жоғары сойыс сапасымен ерекшеленеді.
Малды дұрыс азықтандыру оның өніміне ғана емес, әсіресе, саулықтардың төлдегіштігіне де әсер ететіні көптен белгілі. Алайда құйрықты қойға бұл жөнінде тұңғыш зерттеу жүргізген Ж.Тажин [22]: 1) азықтандыру деңгейін жоғарылатумен қатар саулықтардың төлдегіштігі де артады, осылайша азыққа салынған қосымша шығындардың орны толады; 2) сараджин-құйрықты будандары төлдегіштігі бойынша қарағанда жоғары тұқым қуалағыштыққа ие. Ол, әсіресе, саулықтарды азықтандыруды жақсарту кезінде анық байқалады деп қорытындылайды.
Құйрықты қойлардың өсіп-дамуын зерттеу барысында егіз қоздаған саулықтардың қозылары жалқы туғандарға қарағанда ұсақ, әрі алғашқы екі айында кенжелеп өсетіні белгілі. Алайда 3-4 айлығынан бастап жақсы бағып-күтсе 1,5 жылдық жаста олар өз құрдастарымен теңеліп кетеді [22].
Түрлі тұқымның құйрықты қойларының мықты дене бітімге, жоғары етті-майлы өнімділікке иелігімен, шөл және жартылай шөлейтті жердің қатаң талаптарына қабілеттілігімен, жоғары тезжетілгішітігімен қатар, жүн жамылғысының құрамында қылшығы, құрғақ және өлі талшықтары көп, сондықтан технологиялық қасиеті күрт төмендеген қылшық жүнді біртекті емес жүн береді. Осыған байланысты құйрықты қойлардың шаруашылықтық-пайдалы белгілерін сақтау кезінде олардың жүнінің сапасын жақсарту етті-майлы қойларды жақсарту жұмыстарындағы басты міндеттердің бірі болып саналады.
Жоғарыда айтылған биологиялық ерекшеліктерді ескере отырып оларды селекциялық асылдандыру жұмыстарында қолдану алынған ұрпақтарының ет өнімділігін артыруда өз үлесін қосады.
1.1.3 Елтірілі-етті-майлы өнімді атырау қой тұқымының өнімділік ерекшеліктері
Елтірілі қой шаруашылығының нарықтық жағдайда дамуында ерекше түс пен реңге қол жеткізген қаракөл өндірісімен қатар, жоғары сапалы қозы және қой етін өндіруде де маңызды мәнге ие.
Қазақстан Республикасының шөл және шөлейт аймағындағы мал шаруашылығында елтірілі-етті-майлы өнімділіктегі жаңа құйрықты қой тұқымын шығарудың құндылығы аса ерекше.
Елтірілі-етті-майлы өнімділіктегі атырау құйрықты қой тұқымы ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор Х.И.Үкібаевтың басшылығымен 1974-1998 жылдар аралығында қазақтың қылшық жүнді құйрықты және еділбай саулықтарын қаракөл тұқымының сұрхандариялық сұр түсті және қарақалпақтық тұқым ішіндік типтегі қошқарлармен күрделі өндіре будандастыру, кейіннен екінші ұрпақтағы будандарды «өз ішінде» өсіру арқылы шығарылған [23].
Жоғары елтірілік және етті-майлылық өнімділік, жақсы тұқымдық сапа, шөлді аймақта жыл бойы бағып-күтуге қабілеттілігі - жаңа тұқымның ерекшелігі болып саналды.
Тұқым құрылымы бойынша 4 аталық із шығарылған [24].
I аталық іздің малдары кең де көлемді құйрығымен және ірі дене бітімімен ерекшеленеді. Қошқарларынің тірілей салмағы орташа есеппен
II аталық іздің малдары өте жоғары тірілей салмағымен (90-
III аталық іздің малдары елтірілік сапасының жоғарылығымен сипатталады. Жакеттік елтірі типті, жүнінің иректілігі 3/2, жүнінің ағарған ұштарының жалпы ұзындығының (
IV аталық іздің айрықша ерекшелігі – олардың жақұт реңді, қабырғагүл және жазық елтірілік типтілерден қалыптасып, көтеріңкі кең құйрықты болуында. Қошқарлардың тірілей салмағы -
Атырау тұқымының қойлары елтірісінің сапасы бойынша таза тұқымды қаракөл қойларының стандарына сәйкес. Экстерьері бойынша олар құйрықты қойлардан, етті-майлы өнімділігі бойынша қазақы қылшық жүнді қойлардан кем түспесе, жуылған жүн қырқымы бойынша олардан 322 г-ға асып түседі. Қозылары жартылай шеңберлі, қабырғагүл немесе жазық қаракөл бұйралы болып, енесінен айырардағы тірілей салмағы
Ережеге сай, үлкен салмақты саулықтан біршама ірі қозылар туады. Осы бойынша зерттеу жүргізген А.М.Омбаев және басқалар [25] және тағы басқалары тірілей салмағы
Елтірілі-етті-майлы Атырау тұқымының елтірілік өнімділігі тек құрсақта даму кезеңінде түзілетін ерекшелікке ие. Жаңа туған қозы қалыптасқан елтірісімен туылады. Сондықтан елтірі өнімділігінің сапасы атырау тұқымы-ның қойларымен асылдандыру жұмысын жүргізу жүйесінде маңызды орында [27].
Бұл тұқым түрі қазіргі уақытта жергілікті қылшық жүнді қойлардың жүн және елтірі сапасын жақсартып, өзінің биологиялық және шаруашылықтық-пайдалы белгілерін ұрпағына тұрақты түрде беруі үшін қолданылып келеді. Батыс Қазақстанның шөл және шөлейт аймағына жақсы бейімделген.
С.М.Жұмағазиеваның [28] зерттеулерінде атырау тұқымының қойларын таза тұқымды қаракөл саулықтармен, оның ішінде көк түстілермен будандастырудың тиімділігі анықталып, болашақта аталған тұқымдарда көптеген тұқымдық қасиеттердің қалыптасуына, альбиноид қозылар санының азаюына жол ашатыны көрсетілген.
Бастапқы асылдандыру жұмыстарында қошқарлар тұқымдық сапасы бойынша тексерілген. Алынған ұрпақтарда туыстық жұптарды алуан түрлі нұсқада жұптағанда сұр түсі мен реңдерінің, құйрық пішімінің, класстылығының, бұйрагүл мөлшерінің, түстерінің айқындылығын және біркелкілігін, әр түрлі генерациядағы будан салмағының, тіршілігінің әртүрлі кезеңінде өсіп-жетілуінің, конституция типінің, дене құрылымының және басқа да селекциялық белгілерінің тұқым қуалауы зерттелді.
Жаңа тұқым қойларының ерекшелігі – елтірілік, сондай-ақ етті-майлы өнімділігінің жоғарылығы, жақсы өсіп-өну сапасы және шөл аймақта жыл бойы жайылымда бағуға мейлінше бейімделуі.
Атырау елтірілі-етті-майлы өнімділіктегі қой тұқымы өнімділігі жөнінен қазақтың қылшық жүнді қойларынан кем түспейді, ал қырқылған жүнінің жуылған талшықтары бойынша 322 грамм асып түседі. Қошқарлардың салмағы 87-103 кг, саулықтары 58-66 кг. Жаңа тұқымның қойлары гомогендік жұптау кезінде өзінің биологиялық және шаруашылыққа пайдалы сапасын ұрпағына тұрақты береді, жергілікті қылшықты қойлардың жүн және елтірілік сапасын жақсарту үшін пайдаланылады. Қаракөл шаруашылығындағы қазіргі селекциялық жетістіктердің ғылыми және практикалық маңызы зор. Қаракөл мен қой етіне деген қазіргі нарықтық талаптың өзгеруі кезінде жаңа тұқым қойларының құндылық ерешеліктерін қаракөл өндірісі үшін де, қой етін өндіру үшін де ойдағыдай пайдалануға болады [29].
Атыраулық сұр түсті қой тұқымында қола, янтарь және платина түстері бар, солардың ішінде ашық түстісі сұр түсті қаракөл.
Қойдың жаңа тұқымы Батыс Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарындағы ауа райы қатаң жағдайға жақсы бейімделген. Экстерьері бойынша олар құйрықты қойларға жуықтау. Қозы жасында қаракөл бұйрагүлі жартылай шеңберлі, қабырғалы және жазық пішінде.
Қаракөл елтірісі өте әдемі, өрнектері параллель-түзу, параллель шоғырланған, бұйрагүлінің ені ұзындығы бойынша ірі және орташа. Түк жамылғысы жібектей жұмсақ, өте жылтыр, түк ұзындығында пигменті әркелкі орналасқан, сұр түсі ерекше құбылмалы.
Тұқымды құрылымдағы жүн жамылғысы ақшыл-қызылқоңыр, сәл боялған, сондықтан оны кілем өндірісінде пайлануға болады. Қазақстанда елтірілік бағыттағы қой тұқымдарының таңдаулы қойларын сақтау және көбейту бойынша жоспарлы жұмыстарды шұғыл қолға алу қажет болды. Осы мәселе бойынша Қазақстан Үкіметі арнайы бағдарлама қабылдады. Бағдарламаның мақсаты – ауыл шаруашылығы малдарының, өсімдіктерінің және микроорганизмдердің гендік қорларын сақтауды, дамытуды және тиімді пайдалануды, тұқым шаруашылығын, асылдандыру ісін, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішкі және сыртқы нарқына бәсекеге қабілеттісін өндіру үшін биопараттар шығыруды қамтамасыз ету.
Бағдарламаны іске асыру үшін төмендегі жұмыстарды жүргізу қажет болды:
- бағалы гендік қорларды ғылымнан ауылдық тауар өндірушілерге енгізу жүйесін ретке келтіру;
- мемлекеттік қолдау жүйесін құру және гендік қорлардың сақталуын, дамытылуын, әрі пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды күшейту;
- бағалы гендік қорлардың сақталуы, дамытылуы және пайдаланылуы саласындағы қызметтің заңдық негізін жетілдіру;
- мал шаруашылығы бойынша селекциялық-генетикалық орталықты ұйымдастыру;
- малдың гендік қорларының орталық және өңірлік қоймаларын құру;
- қолда бар гендік қорларды түгендеу, тіркеу, құжаттау жұмыстарын аяқтау, донорларға-шаруашылыққа бағалы көрсеткіштерін бөлу;
- мал түліктерінің гендік қоры туралы ақпараттық банк деректерін құру;
- селекциялық-генетикалық орталықтарда қой тұқымының бірегей және жойылып бара жатқан коллекциялық отарларын құрылымдау.
Қазақстандағы елтірілік тұқымның генетикалық ресурстары бұл республиканың игілігі, сондықтан да мынадай негізгі принциптерге назар аудару қажет болды.
- қаракөл шаруашылығындағы селекциялық жұмыс тәжірибеде туыстық жұптарды арнайы мақсатта жұптауға және ұнамды селекциялық тиімділікті дұрыс болжауға негізделуі тиіс. Бұл орайда фенотип бойынша жаппай селекцияның дәстүрлі жүйесі генотипті түбегейлі бағалаумен қоса жүргізілуі тиіс. Селекциялық жұмыс саласы қазіргі генетика жетістіктеріне сүйенуі қажет;
- Қазақстан жағдайында малдардың мекендеу жағдайы алуан түрлі болатындықтан, олар өзгеріп тұруы мүмкін генетикалық гомеостазбен, генетикалық резервтің өзгергіштігімен сипатталуы тиіс;
- популяцияның генетикалық құрылымына инбридинг, тұқымаралық және түраралық будандастыру күшті әсер етеді, соның нәтижесінде популяция құрылымындағы генетикалық ауытқу ұлғаяды немесе тарылады. Сондықтан қазіргі жағдайда республикада маңызды зоотехникалық шаралармен айналысу – басқа облыстардан, таяу шетел елдерінен қаракөл қойларын әкелу мүлде дерлік болмай тұрған кезде, қан жаңарту үшін қойларды туыстас жұптау мәселесіне айрықша көңіл бөлу қажет;
- әртүрлі түстегі және реңдегі жоғары өнімді таңдаулы қаракөл қойларын сақтау жөніндегі жоспарлы жұмысты бастау қажет. Елтірілік тұқымның гендік қоры проблемасы қолда бар алуан түрлі қойларды және олардың зауыдтық типтерін сақтаумен ғана шешілмейді, оларды генетикалық құндылығы бар басқа республикадан әкелу қажет;
- қаракөл қойлары өнімділігінің генетикалық жақсаруы сұрыптау және бағалы асыл тұқымды қошқарларды пайдалану арқылы ұрпағын тұрақты жаңартып, келесі ұрпақтың жоғары өнімділік сапасын қамтамасыз ету арқылы жүргізілуі тиіс.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерді сараптай келе, Қазақстан Республикасының әр түрлі географиялық–климаттық аймақтарында қаракөл қойларының елтірілік қасиеттерін жоғарылату мақсатында оларды атырау елтірі-етті-майлы өнімді қойлармен сіңіре будандастыру қажет екендігін көрсетеді. Бұл, популяцияда жалпы тұқымдық белгілері сақталып, қойлардың өздеріне тән өнімділік және биологиялық ерекшеліктері болатынын көрсетеді.
1.2 Технологиялық бөлім
1.2.1 Әртүрлі қой тұқымдарын будандастыру – жоғары өнімді мал тобын алудың кепілі
Будандастыру – мал өнімділігін арттыруда және жаңа тұқым шығаруда адам баласының ежелден қолданып келе жатқан мал өсіру әдістемелерінің бір тәсілі болып табылады.
Тұқым аралық будандастыру мал шаруашлығы іс-тәжірибесінде жиі қолданылатын әдістердің бір түрі. Көптеген ауыл шаруашылығы малдарының жаңа топтары будандастыру тәсілі арқылы алынады. Тұқым аралық будандастырудың мақсаты – негізгі мал тұқымының кейбір қасиеттерін сақтай отырып, жоғары өнімді, төзімділігі және жергілікті ортаға бейімделу дәрежесі жоғары мал тұқымын шығару деп түсіндіріледі.
Әртүрлі тұқымға жататын малдарды будандастыру мәселесі және оның мал өнімділігіне әсері жайында отандық және шетел әдебиетінде кең жазылған будандастырудың биологилық мәні екі тұқымға жататын млады шағылыстырып будан ұрпақ алу, алынған будан ата-енесіне қарағанда өсу эхнергиясы жоғары (гетерозис құбылысы), өнімділік, жаңа экологиялық жағдайға беімделгіштілік, шыдамдылық қасиеттері бойынша асып түседі. Сонымен бірге пайдалы өнім беретін жаңа қой тұқымын шығаруға таптырмайтын негізгі құнды генетикалық материал.
Ч. Дарвин будандастырудың биологиялық мәнін түсіндіре келіп, оны «табиғаттың ұлы заңына» теңеді. Ол туыстығы алыс малдарды шағылыстыру қажет және пайдалы, ал туыстығы өте жақын қойларды ұзақ мерзімге ұрпақ қуалай өсіру зиян екенін айтты. Осыған байланысты дүние жүзінің мал шаруашылығындағы мал тәжірибесінің теориялық негіздеріне сүйеніп, академик В.М. Юдин [30] будандастыруды ауыл шаруашылық малдарының өнімін көтеретін тәсіл ретінде кең қолдану керектігін айтты.
Будандастыруды қой шаруашылығында қолданудың өз ерекшеліктері бар. Себебі қой тұқымын будандастыру алдын-ала межелеген өнім сапасымен жобаланады. Бірақ ғылымда қай малды жұптағанда ойдағыдай нәтиже алуға болатынын болжау тәсілі әлі жетілдірілмеген.
Будандастырудың нәтижелі болуы қолданатын өнімділігі жоғары, шыққан тегі белгілі қошқарлардың тұқымдық тұрақтылығы, ал оған аналықтардың өнімділігінің сәйкестігін үйлесімді жұптау сәттілігінде.
Қаракөл қойы түсінің генетикасы бойынша көптеген зерттеу жұмыс-тарын жүргізудің негізінде елтірі түстерінің бөлінуі Мендельдің моно-гибридиті тұқым қуалау заңдылығына сай келеді. Мал тұқымын асылдан-дыру бағытындағы іріктеу, сұрыптау жұмыстарында қара түсті қаракөл қойларымен селекциялық шаралар жүргізу күрделікрек болып саналады. Мұнда түстер бойынша малдарды гетерогенді іріктеуде кейбір белгілер ұрпақтарындща тұқым қуалаудың жоғарғы тұрақтылығына ие бола алмайды.
Мал тұқымдарын будандастыруға таңдаған кезде мал шаруашылығы негізінде өнімділік бағытын және будандастыру мақсатын ескеру керек. Егер будандастыру бір тұқымды басқа бір тұқым арқасында жақсарту үшін қолданылса, онда жақсартатын тұқым өнімділік қасиеті бойынша негізгі жақсарту мақсаттарына және жақсаратын тұқымға өзінің сапалық қасиеттерін беру үшін, тұрақты тұқым қуалаушылығымен ерекшеленіп, тиісті талапқа сай болуы керек.
1.2.2 Малдарды будандастырудан алынған зерттеу нәтижелері
Біз зерттеу жұмыстарымызда алынған мәліметтерді Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының көп жылдық жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының деректеріне сүйене отырып талдау жасадық.
Жұмыс Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы «Жомарт» шаруа қожалығында өсірілетін қара түсті қаракөл қойларын Атырау облысы «Жасқайрат» шаруа қожалығынан әкелінген сұр түсті қола реңді атырау елтірілі-етті-майлы өнімді қой тұқымының қошқарларымен будандастыру нәтижесінде алынған ұрпақ сапасын зерделеу арқылы жүргізілді.
Сұр түстің тұқым қуалауы. Түр-түс (түс) – кез-келген бір түстің басымдығы немесе бүкіл жүнде бір ғана аймақтық түр-түстің сақталуы. Қазіргі кезде зоотехниялық класқа бөлу бойынша барлық қаракөл елтірісі түр-түсі жағынан қара, көк, сұр, ақ, қызғылт және түрлі-түсті қаракөл деп 6 топқа бөлінеді. Сұр түр-түсi күрделi түс категориясына жатады. Оның, ертеректе көрсетiлгендей, әрбiр жүн қылшығы шамасында реңделуi бiркелкi емес. Мәселен жүн қылшығының түбi анағұрлым қоңыр да, ұшы едәуір боз тартып тұрады.
Зерттеу жұмыстары нәтижелері бойынша, малдарды әртекті жұптағанда алынған қара түстілер 95,3 пайызды құраған, ал сұр түстілердің шығымы 3,6%, қоңыр – 1,1% болған (1-кесте).
1-кесте. Шағылыстыру нәтижелері бойынша түстің тұқым қуалауы, %
Жұптау нұсқасы |
Қозы саны |
Түр-түс, М±m |
|||
қара |
сұр |
қоңыр |
басқа түстер |
||
Сұр түсті қола реңді атырау қойы х қара түсті қаракөл қойы |
275 |
95,3±1,28 |
3,6±1,14 |
1,1±0,63 |
- |
Реңдердің тұқым қуалауы. Сұр қойларды селекциялаудағы маңызды белгілердің бірі рең болып табылады. Ол жүн жабынының жылтырлығы мен сипатын үйлестіре отырып, реңделуін сапалы бөлумен анықталады. Рең құрайтын бүкіл белгілер мен элементтер, олардың байқалу дәрежесі көзбен ғана анықталады. Сондықтан да қателесу жағы да әбден мүмкін. Реңдер арасындағы генетикалық арақатынаста бір реңнің басқа бір реңнен қара-пайым басымдылығы болмайды. Сондықтан да сұр қойлардың реңі полигендік белгілер болып табылады.
Сұр түсті қозылар реңдерінің бөлінуі бойынша деректерден белгілі болғаны (2-кесте), қажетті қола реңді қозылардың тұқым қуалау дәрежесі жоғары болды. Олардың үлес салмағы 94,3 пайызды құраса, платина реңділер – 1,9%, янтарь – 3,8% құрап, басқа реңді қозылар алынбады.
2-кесте. Сұр түсті қозылардың қола реңінің тұқым қуалауы, %
Жұптау нұсқасы |
Қозы саны |
Рең, M±m |
|||
қола |
платина |
янтарь |
тағы басқа реңдер |
||
♂ атырау қойы х ♀ қаракөл қойы |
262 |
94,3±1,44 |
1,9±0,85 |
3,8±1,18 |
- |
Жүн ұшының бозару дәрежесі. Жүн ұшының бозару дәрежесі қойлардың селекциясындағы негізгі белгілердің бірі болып табылады. Сұр түсті қола реңді атырау қойларын қара түсті қаракөл қойларымен жұптағанда жүн ұшының бозару дәрежесінің жоғары үлес салмағы жүнінің ұшы орташа дәрежеде бозарған (3/10–4/10) ұрпақтарда (71,3%) алынды (3-кесте). Бұл жүн ұшының бозару дәрежесі аз және көп топтарға қарағанда сәйкесінше 66,9 және 23,0% жоғары болды
3-кесте. Қозылар жүні ұшының бозару дәрежесі бойынша бөлінуі, %
Жұптау нұсқасы |
Қозы саны |
Жүннің бозару дәрежесі, M±m |
||
аз |
орташа |
көп |
||
♂ атырау қойы х ♀ қаракөл қойы |
247 |
4,4±1,31 |
71,3±2,88 |
24,3±2,73 |
Жүн ұшының бозару дәрежесі қажетті орташа (3/10–4/10) жағдайға селекциялау тұқым қуалау қасиетін берік түрде дарытатынын және одан әрі осы қажетті белгіні жетілдіретінін дәлелдейді.
Реңделудің айшықты түрде өтуі. Айшықтылық (контрастность) сұр түр-түсінің аса маңызды белгілерінің бірі болып табылады және жүннің қоңыр түстен боз түске қарай өтуі сол жүннің қоңыр түсі аяқталып, ашық түсі басталатын шекараны сипаттайды. Мұндай жағдайға бірте-бірте өткен кезде жүннің қоңыр түбі мен ашық ұшының арасынан нақты шекара белгілеуге болмайды. Сондықтан да тұқымдық еркек қозыларды сұрыптағанда осы белгіге баса назар аударылады және айшықтылығы бірте-бірте өтетін олар секілді еркек қозыларды тұқымға қалдыруға болмайды.
Реңнің айшықтылығы тұқым қуалайды және онымен еркек қозылардың бірінші дәрежелі мәні бар тұқымдық құндылығы анықталады.
Әртүрлі мал тұқымын шағылыстырудан қола реңді қозылардың айшықтылығы бойынша бөліну деректері 4-кестеде көрсетіледі.
4-кесте. Қозылардың рең айшықтылығы бойынша бөлінуі, %
Жұптау нұсқасы |
Қозы саны |
Рең айшықтылығы, М±m |
|
айқын |
көмескі (бірте-бірте) |
||
♂ атырау қойы х ♀ қаракөл қойы |
247 |
95,6±1,31 |
4,4±1,31 |
Кестеден көрініп тұрғандай, шығу тегіне қарамастан, айқын өткен қозылардың үлес салмағы едәуір көп болып, 95,6 пайызды құраса, ал көмескі, яғни бірте-бірте реңдерінің айшықтануы 4,4 пайызды құрады.
Қола реңінің айқындылығы. Реңнің айқындылығы кешенді белгі болып табылады және жүн ұшының бозару дәрежесімен, оның қаракөл елтірісінің бүкіл көлеміне таралуымен, сондай-ақ жүн түбінің қоңыр түсімен және жүн ұшының бозаңдылығымен, яғни жүннің қоңыр түбінің боз ұшына қарай айшықты өтуімен анықталады.
Сұр түсті қозылар реңінің айқындылығы қарқынды, қалыпты және әлсіз деп бөлінеді. Қола реңінің айқындылығы қарқынды болғанда, жүн ұшының бозару дәрежесі үлкен, жүн түбі қоңыр және ол боз ұшына қарай айқын өтеді.
Қола реңінің айқындылығы қалыпты болғанда жүн ұшының бозару дәрежесі орташа болады. Жүннің бозарған ұшы қаракөл терісінің бүкіл алаңына немесе негізгі көлемінің біраз бөлігіне тарайды.
Қола реңінің айқындылығы әлсіз кезде жүннің бозаң тарту дәрежесі аз болады. Жүн түбі қоңыр келеді және ол қоңыр түбі бозаң ұшына қарай айшықты өтпейді. Жүннің бозаң тартқан ұшы қаракөлдің бүкіл көлеміне тарайды. Реңі әлсіз айқындалған қаракөл елтірісі түрлі-түсті заттың бір түсіндей ғана болып көрінеді. Соған орай ешқандай әсемдік сезілмейді. Айқындылығы мұндай сұр түсті қозыларды қажетсіз деп, асыл тұқымды малға жатқызбаймыз.
Зерттеу нәтижелері бойынша қозылардың рең айқындылығының дәрежесі бойынша бөліну деректері 5-кестеде берілді.
5-кесте. Қозылардың рең айқындылығы бойынша бөлінуі, %
Жұптау нұсқасы |
Қозы саны |
Айқындылық дәрежесі, M±m |
||
қарқынды |
қалыпты |
әлсіз |
||
♂ атырау қойы х ♀ қаракөл қойы |
247 |
70,9±2,90 |
24,3±2,73 |
4,8±1,36 |
Кесте деректерін талдау реңнің айқындылық дәрежесінің қарқынды болуы 70,9 пайызды құраса, ал әлсіз қозылар шығымы 4,8 пайыз болды. Қалыпты рең айқындылығы 24,3% болып, орташа мәнді құрады.
Елтірілік типтерінің тұқым қуалауы. Қаракөл типі – терілердің бүкіл көлемі бойынша көлемдік (бұйраның ұзындығы мен ені, жүннің ұзындығы т.б.) және сапалық (жүн жабынының жібектілігі мен жалтырлығы, өрнек типі т.б.) белгілерінің пайыздық қатынасы.
И.Н.Дьячков [31] қойды қаракөлдік типі бойынша жұптаудан алған көп жылдық деректерінің негізінде мынандай қорытындыға келген:
– қаракөлдік типі бойынша біртекті жұптаудан ата-енесінің типіндей қозы күрт көбейеді; әртекті жұптау жұпталатын малдың бір немесе екінші бір қаракөлдік типке қатысына байланысты әр түрлі нәтиже береді.
Малды қажетті тип бойынша ұзақ уақыт сұрыптау мен жұптаудың белгілі бір нәтиже беретіні белгілі. Біздің зерттеулерімізде қозыларды олардың тұқымына байланысты қаракөл типінің бөліну дәрежелері анықталды (6-кесте).
6-кесте. Елтірілік типтің тұқым қуалауы, %
Жұптау нұсқасы |
Қозы саны |
Елтірілік тип, M±m |
|||
жакеттік |
қабырғагүл |
жазықгүл |
кавказдық |
||
♂ атырау қойы х ♀ қаракөл қойы |
247 |
89,5±1,95 |
6,9±1,62 |
1,0±0,63 |
2,6±1,01 |
Кестеде келтірілген деректерден, жұптау нұсқасына байланысты жакеттік елтірілік типтік үлестік шығымы жоғары болғаны (89,5±1,95%) анықталды. Басқа елтірілік типтердің шығымы бойынша сараптау нәтижелері мынадай болды: қабырғагүл – 6,9%, жазықгүл – 1,0%, ал кавказдық – 2,6%. Жалпы алынған деректер бойынша сұр түсті қола реңді қажетті малдың үлес салмағы ұлғайып, айырмашылығы статистикалық тұғыдан дәл болған.
Ұрпақтардың кластылығы бойынша бөлінуі. Қозылардың кластылығы қаракөл қойымен селекциялық жұмыстардың кешенді көрсеткіш болып табылады. В.М.Юдин [32] саулықтар кластылығының қаракөл сапасына және олардың төліне әсері мәселесі хақында: “Егер саулықтың азықтандыру жағдайы бірдей болса, олардың жасы да бірдей болса, бір конституциялық типке жатса да және тең бағалы қошқарлармен шағылысса да, жоғары класты саулықтар анағұрлым жоғары сапалы төл тууға тиіс”, – деп жазды. Бұл пікірді біздің деректеріміз де дәлелдейді (7-кесте).
7-кесте. Ұрпақтардың кластылығы, %
Жұптау нұсқасы |
Қозы саны |
Қозылар кластылығы, M±m |
|||
элита |
І |
элита+І |
ІІ |
||
♂ атырау қойы х ♀ қаракөл қойы |
221 |
39,8±3,30 |
55,7±3,35 |
95,5±1,40 |
4,5±1,40 |
Кестені талдауда зерттеу жүргізілген «Жомарт» шаруашылығында жоғары класты төлдің сапасы аса жоғары болып, 95,5 пайыз құраған. Алайда, бүкіл селекциялық жұмыс элита класты малдың үлес салмағын көтеру бағытына жүргізіліп жатыр. Ал қажетсіз екінші класс қозыларының үлес салмағын сенімді шамаға дейін азайтылған (4,5%).
Қорыта келгенде, қола реңді сұр түсті малдарды одан әрі кең ауқымда пайдалану қажетті қаракөл типіне және элита класына, “жакеттік жұқа – І” және “жакеттік қалың – І” бірінші сортқа жататын терісі керемет әсем қозы шығымын ұлғайтуға, сондай-ақ қозыларда қажетті де қалаулы белгілердің нығаюына, мал тобында асыл тұқымдық жағынан анағұрлым бағалы малдардың жинақталуына мүмкіндік береді деуге болады.
Қозылардың бұйра ұзындығы мен мөлшерінің тұқым қуалауы. Қаракөл қойын селекциялау барысында бұл белгі, яғни бұйрасының ұзындығы, қаракөл сапасына әсері болғандықтан, маңызды орын алады. Осы белгілері бойынша қаракөл қозылары бонитировкалау кезінде қысқа бұйралы (12 мм-ге дейін), орташа бұйралы (20–40 мм) және ұзын бұйралы (40 мм-ден астам) деп бөлінеді.
Зерттеуге алынған қозылардың бұйра ұзындығы 8-кестеде берілген.
8-кесте. Бұйра ұзындығының тұқым қуалауы, %
Жұптау нұсқасы |
Қозы саны |
Бұйра ұзындығы, M±m |
||
ұзын |
орташа |
қысқа |
||
♂ атырау қойы х ♀ қаракөл қойы |
221 |
71,5±3,04 |
25,8±2,95 |
2,7±1,09 |
Кестені талдауда ұзын, орташа және қысқа бұйралы қола реңді қозылар алынғаны байқалды. Мұнда ұзын бұйралы қозылар шығымы 71,5±3,04 құраса, ал қысқа бұйралылар 2,7±1,09 болды. Орташа бұйралы қозылар аралық мәнде болып, ұзын бұйралыдан 45,7% қысқа, ал қысқа бұйралыдан 231% жоғары болды. Мұнда, бұйра ұзындығына ұзақ уақыт селекциялық жұмыс жүргізу автоматты түрде қысқа бұйралықтың азаюына мүмкіндік жасайтынын айта кету керек. Бұл селекционер үшін аса маңызды мәселе.
Алынған нәтижелерден жакеттік елтірілік типті қозылардың бұйра ұзындығы 71,5 пайызға дейін тұқым қуалау белгісі болып табылады және тұқым қуалаудың полигенді типіне ие. Сондай-ақ, ұзын бұйралылыққа селекция жүргізу қысқа бұйралылықты азайтады. Бұл қаракөл қой тұқымын осы бағытта асылдандыру жұмысы дұрыс жолда екендігін көрсетеді.
Бұйра мөлшері – қозылар кластығының қатысы бар маңызды селекциялық белгі. Зерттеуге алынған сұр түсті қола реңді атырау қойларын қара түсті қаракөл қойларымен шағылыстырғанда алынған ұрпақтардың бұйра мөлшері бойынша өзгергіштігі 9-кестеде берілген.
Кесте деректері бойынша бұйраның орташа мөлшері 91,1±1,92% құрап, ірі мөлшерлі малдар үлесі 8,9% болды, ал ұсақ (<4 мм) бұйралы малдар алынбады.
9-кесте. Бұйра мөлшерінің тұқым қуалауы, %
Жұптау нұсқасы |
Қозы саны |
Бұйра ені, M±m |
||
ұсақ (< |
орташа (4- |
ірі (> |
||
♂ атырау қойы х ♀ қаракөл қойы |
221 |
- |
91,1±1,92 |
8,9±1,92 |
Осылайша, алынған мәліметтерді қорыта келе, орташа бұйралы қозылар шығымының үлес салмағының жоғарылығы алынған будан малдарды өсіруде селекциялық жұмыста қолға алған бағыттың жаңашылдығын көрсетеді.
Жүн талшығының ұзындығы мен ені. Белгілер кешенінде жүн ұзындығы белгісі ең маңыздыларының бірі болып табылады. Мәселен жүн қысқа болса қаракөл сапасы жақсарады, ал жүні ұзын болса қаракөл сапасы нашарлайды.
Бұйра төл іште жатқанда-ақ, терісі жетілуінің ерте сатысында құрала бастайды және қозы туылар сәтте бұйраның қалыптасуы мен қаракөлдің құралуы аяқталады. Онда ата-енелерінің және жаңа туылған төлдің өзінің генотипінде салынған бірнеше соларға тән белгілер іске асады.
Бұл белгі тері қалыңдығымен және оның тығыздығымен, бұйра серпімділігімен, қаракөл сортымен тығыз байланысты. Жүннің тым ұзындығы қаракөл типінің өзгеруіне, жакеттік типтен кавказдық типке, яғни І класс қозыларының ІІ класқа өтуіне әкеп соғады. Бұл, әрине, қажетсіз қасиет. Шағылыстыру нәтижесінде алынған қозылардың жүн ұзындығы туралы мәлімет 10-кестеде келтірілген.
10-кесте. Қозылар жүні ұзындығының өзгергіштігі, %
Жұптау нұсқасы |
Қозы саны |
Жүн ұзындығы, М±m |
||
< |
|
|
|
8- |
> |
||
♂ атырау қойы х ♀ қаракөл қойы |
221 |
45,7±3,35 |
51,2±3,36 |
3,1±1,18 |
Кесте деректерін талдау қажетті қысқа жүнді төл шығымы 45,7±3,35%, ал орташа жүнділер – 51,2±3,35% болғанын көрсетті. Олардың терісі бірінші сортты “жакеттік–І” теріге сай келетінін көрсетті. Ал ұзын жүнділердің үлес салмағы 3,1% құрады. Қорыта келе, жүргізілген селекциялық-асылдандыру жұмыстарының нәтижесі алынған мал ұрпақтарында жүн ұзындығын қысқартуға бағытталып, бұйра мөлшерін шағындауда деуге болады.
Жүн жабынының жібектілігі мен жалтырлығының тұқым қуалауы. Жүн жабыны жақсы жалтыр және сондай жібекті болуы қола реңді қозыларды элита және І класқа, ал қаракөл терісін бірінші сортқа жатқызуға қолайлы жағдай болып табылады. Барлық елтірілік тип қозылары туылған кезінде өзара осы белгілері бойынша ерекшеленеді.
Жалтырлықтың қарқындылығы мен сипаты жүннің қабыршақты қабығының құрылымына, қабыршақ мөлшеріне, оның тегістік дәрежесіне байланысты. Соңғысы, ең алдымен, жүн бетіне түсетін шағылысатын жарық сәулесін бөлу бұрышын анықтайды.
Жүн беті өте тегіс, ал қабыршақ үлкен болған сайын жарық сәулесі де қарқынды шағылысады. Соған орай жүн жалтырлығы да күшейеді.
Қозылардың жүнінің жібектілік және жалтырлық дәрежесі бойынша бөліуі 11-кестеде берілген.
11-кесте. Жүн жабынының жібектілігі мен жалтырлығы, %
Жұптау нұсқасы |
Жібектілігі |
Жалтырлығы |
||||
өте жібекті |
қалыпты жібекті |
аз жібекті |
өте жалтыр |
қалыпты жалтыр |
әлсіз жалтыр |
|
♂ атырау қойы х ♀ қаракөл қойы |
71,0±3,06 |
26,3±2,97 |
2,7±1,09 |
73,3±2,98 |
24,9±2,92 |
1,8±0,90 |
Кесте деректерінен алынған мал ұрпақтары жібектілігі мен жалтырлығы бойынша жоғары мәнге ие болғанын көрсетті. Ал қалыпты жібектілігі мен жалтырлығы 44,0-48,0% аралығында, аз жібектілігі мен әлсіз жалтырлығы 68,3-71,5% аралығында кем болды. Сонымен жүн жабынының жібектілігі жақсы қаракөл, әдеттегідей, өте жалтыр және қалыпты жалтыр келеді деуге болады. Екі белгі арасындағы есептелген корреляция коэффициенттері біздің теориямызды растай түседі және жүн жабыны жалтырлығы мен жібектілігі арасындағы корреляция коэффициенті дұрыс және жоғары (r= +0,799). Сондықтан да малдардың сапасына селекциялау кезінде осы қажетті белгілердің бірін нысан ету керек.
Қозылардың конституциялық типтері бойынша бөлінуі. Конститу-ция – малдың өзіндік дара қасиетін анықтайтын негізгі ерекшеліктердің бірі.
Түрлі өнімділік бағытындағы малдың конституциясы да түрліше. К.А. Ахмедов және басқалар [33] конституциясы нәзік саулықтар конституциясы берік саулықтарға қарағанда ұрпағында ұсақ бұйралы қозыларды 10,8% көп, ал, дөрекі конституциялы саулықтар тиісінше 16,8% аз табатынын анықтады. Конституциясы берік саулықтардан бұйрасының мөлшері орташа (65,6%) және бірінші класты (48,8%) қозы алынады.
Е.Байбековтің [34] конституцияны зерттей келе жазғанына қарағанда қаракөл шаруашылығы өнімдерін, қолдағы мал тобын ұдайы қалыпты өсірсе, өсіру ортасы жағдайына өте бейім, жақсы жетілген және мықты малың болса ғана, жоспарлы да орынды өнім өндіруге болады екен.
Біздің зерттеулерге алынған сұр түсті қола реңді атырау қойлары мен қаракөл қойларын шағылыстырдан алынған қозылардың конституциялық типі бойынша бөлінуі 12-кестеде келтірілді.
12-кесте. Қозылардың конституциялық типтері бойынша жіктелуі
Жұптау нұсқасы |
Қаракөлдік типтері |
Қозылар конституциясының типтері, M±m |
||
нәзік |
берік |
дөрекі |
||
♂ атырау қойы х ♀ қаракөл қойы |
жакеттік |
6,7±4,64 |
83,4±6,91 |
9,9±5,55 |
қабырғагүл |
20,0±7,43 |
73,3±8,21 |
4,7±3,93 |
|
жазықгүл |
13,3±6,31 |
80,0±7,43 |
6,7 ±4,64 |
|
кавказдық |
3,3±3,32 |
36,7±8,95 |
60,0±9,10 |
Алынған деректерден конституциялық типтері бойынша әр түрлі қатынаста қозы алынғанын, ол айырмашылықтың тиісінше: нәзік типте – 3,3 пайыздан 20,0 пайызға дейін, берік типте – 36,7 пайыздан 83,4 пайызға дейін және дөрекі типте 4,7 пайыздан 60,0 пайызға дейін болатынын көрсетеді.
Ал елтірілік типтері бойынша жіктегенде жоғары мәнді нәзік типі бойынша қабырғагүл елтірілік типте кездессе, төменгі мәні кавказдық елтірілік типте болған. Ал дөрекі типті қозылардың жоғары үлесі (60,0%) кавказдық елтірілік типті қозылардан алынған.
Конституциялық типтері бойынша берік қозылардың үлес салмағының жоғары мәні жакеттік елтірілік типте болса, төменгі мәні кавказдық қозыларда анықталған, ал қабырғагүл және жазықгүл елтірілік типті қозылар орта мәнді иеленген.
Сонымен, бұйрасының мөлшері орташа берік конституциялық типке мақсатты бағытталған жұмыс алынған мал ұрпақтарының селекциялық белгілеріне әсер ететіндігін көрсетті.
Қорыта айтқанда алынған мәліметтерден қой тұқымына қойылатын талаптарға алынған қозылар толығымен сәйкес келеді деп санаймыз. Қаракөл қойының елтірілік сапасын жоғарылату, сонымен қатар тірілей салмағы мен басқа өнімділік қасиеттерін арттыру үшін оңтүстік өңірінде сұр түсті қола реңді атырау елтірілі-етті-майлы қойларды пайдалану өз тиімділігін көрсетеді.
2 Тіршілік қауіпсіздігі
Ауылшаруашылық өндірісінде еңбектің қауіпсіздік техникасын сақтау. Жарақаттануға қарсы күресте еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасаудың және жұмысшылардың тиісті тәртібін қамтамасыз етудің шаралары іске асырылуы тиіс. Ол шаралар төмендегідей жұмыстарды қамтиды: Жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз жағдайын жасау; Барлық жұмысқа қатысушылардың тиісті тәртібін қамтамасыз ету, яғни: өндіріс мәдениетін көтеру және жұмысшылардың өндірістік шеберлігін үнемі жетілдіріп отыру; өндірістің салаларын жарақтандыру, автоматтандыру, қашықтықтан басқаруды енгізу; жұмысқа қабылдау мен жұмысшыны жұмысқа пайдаланудың талаптарын орындау; қауіпті жабдықтарды алмастыру; еңбекшілерді еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытып тұру; еңбек заңдылықтарының нормаларын сақтау; еңбек қауіпсіздігінің стандарттарын енгізу; еңбек қорғау жұмыстарына бақылау жасау; өндірістік жарақаттанудың себептеріне тиянақты талдау жасап, оны болдырмаудың шараларын іске асыру; әрбір жұмыс орнына еңбек қорғаудың нұсқауларын жасап, оның орындалуын ұйымдастыру. Әрбір кәсіпорында еңбек қорғаудың іс бөлмесі жабдықталып, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бұрыштар ұйымдастырылуы тиіс. Жұмысшылардың арнайы киімдермен, жеке қорғану құралдарымен жұмыс істеуін үнемі қадағалау қажет.
Жұмысқа қабылданатын адамдар қауіпсіздік техникасының нұсқауын алуы шарт.
Бұл бөлімшеде тасымал көліктері мен жүк көтергіш машиналарды пайдаланудағы еңбек қауіпсіздігі қарастырылады.
Электр қауіпсіздігі. Электр қауіпсіздігін ұйымдастыру үшін қолданылатын құрылғыларды жерлендіру жүйесі қолданылады. Бұл жағдайда артық тоқ қорғаныс жүйесі арқылы жерге кетіп, адам өміріне жұмыс уақытында қауіпті жағдайларды болдырмайды.
Электр қондырғыларында қорғаныс жерлеу ретінде алғашқы кезеңде табиғи жерлегіштер қолданылуы керек.
Өнеркәсіптік ғимараттардың темірбетон фундаментін табиғи жерлегіш ретінде алғанда, қосымша табиғи емес жерлегіштер қажет болмайды.
Тіршілік қауіпсіздігі, шаралар кешені ретінде болып, өндіріске және өндірістен тыс ортада қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталады. Өмірдің және еңбектің жарамды шарттарын қамти отырып, соғыс бейбітшілік бағытында және табиғи немесе өндірістік сипаттағы төтенше жағдайларда керекті шараларды қолданады. Мемлекет еңбек жағдайын, жұмыс орнын жақсартуға, еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруға, оны механизациялау, автоматизациялау арқылы қара күш жұмысты азайтуға тырысады. Ол туралы ҚР «Еңбек» кодексінде айтылады (15.05.2007ж.). Қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру мүмкіншілігі өндірістің өзінің әдісінде жату керек, ғылым мен техникалық жетістіктерін кеңінен пайдалануына байланысты.
Қазіргі заманның қауіпсіздік техникасының озық құралдарын енгізе отырып, өндірістік зақым алуды алдын алу, санитарлық-гигиеналық талаптарын қамтамасыз ету, кәсіби ауруларға жол бермеу шарттарын орындау қажет. Еңбекті дұрыс ұйымдастыру, оны қорғау тәсілдері заң-құқықтарға сай жүргізілуі керек, өйткені олар осы салада адам қатынастарын реттейді.
Соғыс кезінде немесе бейбітшілік уақыттағы төтенше жағдайларда да, зақымдаушы факторларды азайтып өмірдің қауіпсіздігін жоғарлауы, өндірісті қалыпты өткізу маңызды мәселе болып қала береді. Оны қамтамасыз ететін шарттар алдын ала көзделуі керек, өйткені төтенше жағдайлар әдетте күтпеген уақытта болып, қарсы әрекеттерге аз уақыт қалдырады. Бұндай мәселелерді Азаматтық қорғаныс қарастыруға міндетті, оны «Азаматтық қорғаныс туралы заңның 3 бабында» айтылады.
Осылайша бұл мәселелердің даму динамикасында бір-біріне үйлестіре келіп қарастырылуы керек, тек сонда ғана өмірдің, еңбектің және қоршаған ортаның қауіпсіздігі орындалуы болмақ.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Қаракөл шаруашылығының экономикасын көтеріп, асылдандыру жұмыстарын жетілдіру үшін отарларда әртүрлі өнімді қойларды пайдалану құндылығы жоғары жакеттік елтірілік топтың шығымын арттырып, оның ішінде элита класты малдарды молайтуға мүмкіншілік жасайды.
2. Қаракөл қойының елтірілік сапасын жоғарылату, сонымен қатар тірілей салмағы мен басқа өнімділік қасиеттерін арттыру үшін оңтүстік өңірінде сұр түсті қола реңді атырау елтірілі-етті-майлы қойларды пайдалану өз тиімділігін көрсетеді.
3. Шаруашылықтарда малдарды тек қана дәстүрлі әдіспен емес, сонымен қатар тиімді жұптастыру түрлерін пайдалану қажет. Бұл өз кезегінде алынатын жоғары сортты қаракөл өндіру мен оның сапасын жақсартуда тиімді болып табылады.
1 Придорогин М.А. Экстерьер сельскохозяйственных животных. –М., 1949. –С.195.
2 Кошевой М.А, Хасанов Э.М, Исаянц Б.Л. Селекция черных каракуль-ских овец на повышение качества каракуля ребристого-плоского групп в условиях предгорной полупустыни Узбекистана //Матер. III-съезда Всесоюз. общества генетиков и селекционеров им.Н.И.Вавилова. –Ленинград, 1977. –С.238-242.
3 Иноятов А., Воробьевский А.П. Содержание меланина в волосе кара-кульских ягнят различных происхождении и окрасок //Каракулеводство. –Ташкент, 1978. –Вып.VІІІ. –С.43-48.
4 Жилякова В.С. Некоторые биологические особенности каракульских овец сур //Каракулеводство и звероводство. –М., 1957. -№3. –С.30-32.
5 Баатар Д. Анализ причин возникновения плато при селекции на примере его возникновения у каракульских овец // Автореф... канд. с.-х.наук: 27.11.68. –М., 1968. –19 с.
6 Сартбаева Г. Қаракөл қойының Қаратау сырты-Мойынқұм аймағы генетикалық топтарының өсіп-жетілуі //Зоотехния ғылымы мен мал шаруашы-лығы өндірісінің қазіргі жағдайы және болашағы: Халықаралық ғыл.-өнд.конф. матер. –Шымкент, 2007. –Б.42-44.
7 Mendel I.C. Versuche űber Pflanzenhybriden verh //Naturforsen, Ver Brunn, Bd (ABN). -1865. –Р.9-13.
8 Васин Б.Н. Разведение цветного каракуля //Каракулеводство и звероводство. –М., 1948. -№1. –С.8-14.
9 Васин Б.Н. Цветные каракульские овцы и особенности племенной работы с ними // Советская зоотехния. – М., 1940. - №12.
10 Адамец Л. Общая зоотехния. – М., 1931
11 Омбаев А.М. Научные основы и практические приемы интенсивной технологии производства каракульчи в Казахстане // Дисс. доктора с.-х. наук. – Алматы, 1991.
12 Нэл Дж. Каракулеводство в следующем пятидесятилетии // Ассоциация каракулеводов Юго-Западной Африки. – 1969.
13 Арапов П.В. Опыт метизации туркменской курдючной овцы каракулем // Смушек каракульских овец /под редакцией проф. Б.Н.Васина. – М. – Л., 1935.
14 Гигинейшвили Н.С. Племенная работа в цветном каракулеводстве. – М. : Колос, 1976.
15 Елемесов К.Е., Омбаев А.М., Укбаев Х.И., Алибаев Н.Н., Кансейтов Т., Шамекенова Р.Д. Методы выведения, современное состояние и перспективы развития казахского внутрипородного типа каракульской породы и атырауской породы курдючных овец смушково-мясо-сальной продуктивности //Методическое руководство. –Алматы: Бастау, 2005. –Б.5-6.
16 Москаленко Н. К вопросу о происхождении курдючных овец //Овцеводство. –М., 1979. -№5. –С.37-38.
17 Иванов М.Ф. Мясо-сальные овцы //Полное собрание сочинений. –М.: Колос, 1964. –Т.4. –С.334-361.
18 Ермеков М.А., Голоднов А.В. Курдючные овцы Казахстана. –Алма-Ата: Кайнар, 1976. –88 с.
19 Москаленко А.Н., Шайманов Ж.Ш. Продуктивность помесного курдючного молодняка в условиях Тургайской области //Вестник с.-х. науки Казахстана. –Алма-Ата: Кайнар, 1973. -№9. –С.50-53.
20 Қанапин Қ., Ахатов А. Қазақтың құйрықты қойларының тұқымдық қоры //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2001. -№10. –Б.32-35.
21 Медеубеков К.У. Интенсивное овцеводство (кроссбредное). –Алма-Ата: Кайнар, 1976. –С.68-74.
22 Тажин Ж. Влияния уровня кормления на плодовитость курдючных овец. //Вестник с.-х. науки Казахстана. –Алма-Ата: Кайнар, 1972. -№5. –С.48-50.
23 Омбаев Ә. Қаракөл қойы. – Алматы ; Бастау, 2008. -252 б.
24 Укбаев Х.И., Шамекенова Р.Д., Кансеитов Т. Атырауская порода курдючных овец смушково-мясо-сальной продуктивности //Селекционные достижения Казахстана. –Алматы, 2001. –Т.2. –С.193-195.
25 Омбаев А.М., Виноградова М.А., Кансеитов Т., Кансеитова Э. Аспекты развития молочных ягнят атырауской породы на юге Казахстана //Зоотехния ғылымы мен мал шаруашылығы өндірісінің қазіргі жағдайы мен болашағы: Халықаралық ғыл.-өндір.конф.матер. –Шымкент: Жебе, 2007. –С.161-164.
26 Кансеитова Э., Палманов А., Ильясова С., Аралбаев Ж. Динамика развития курдюка подососных ягнят атырауской породы //Зоотехния ғылымы мен мал шаруашылығы өндірісінің қазіргі жағдайы мен болашағы: Халықаралық ғыл.-өндір.конф.матер. –Шымкент: Жебе, 2007. –С.169-170.
27 Кансеитов Т., Виноградова М.А., Шамекенова Р.Д., Алибаева Э.Т., Кансеитова Э. Смушковая продуктивность атырауской породы //Зоотехния ғылымы мен мал шаруашылығы өндірісінің қазіргі жағдайы мен болашағы: Халықаралық ғыл.-өндір.конф.матер. –Шымкент: Жебе, 2007. –С.161-164.
28 Жумагазиева С.М. Көк түсті қаракөл саулықтарын атырау тұқымы қошқарларымен будандастырудың тиімділігі // А.ш.ғ.канд...автореф.: 06.02.01. –Орал, 2008. -26 б.
29 Қансейтов Т., Жсупбеков Ж. Е. Елтірі бағытында өсірілетін қозылардың бұйра өлшемдерінің селекциялық манызды белгі //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2006. -№1. –Б.39-40.
30 Юдин В.М. Основы смушковедения в связи с бонитировкой каракульских ягнят //Селекция каракульских овец: сб.науч.трудов ВАСХНИЛ. –М., 1937. –С.28-35.
31 Дьячков И.Н. Племенное дело в каракульском овцеводстве. -Ташкент, 1980. -164 с.
32 Юдин В.М. Отбор в ягнячьем возрасте – основа племенного дела в каракулеводстве //Каракулеводство и звероводство. –М.: Сельхозиздат, 1948. -№1. –С.12-17.
33 Ахмедов К.А., Казаркин Р.Ф., Джалалов Х. Однородный подбор серых овец, путь к улучшению смушкового качества ягнят //Животно-водство. –Душанбе, 1977. -№1. -С.27-29.
34 Байбеков Е. Сұр қаракөл қойының өсуі мен дамуы //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2005. -№8. –С.3-4.
Жарияланған-2017-02-03 14:41:33 Қаралды-4159
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина