UF

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ  МАҒЫНА

 

Жоспар

 

І  Кіріспе:  Лингвистикалық  мағына.

ІІ  Негізгі  бөлім:    Парадигмалық  қатынастың  байланысы:

1) сининимдес

2) антонимдес 

3) ұштас  мағыналы  сөздер.

ІІІ  Қорытынды.

Лингвистикалық мағына екі жол арқылы беріледі: 1) парадигмалық мағына.2) синтагмалық мағына.

 

Парадигмалық мағына

 

Парадигма деп -  тілдік  бірліктің  тілдік  система  элементі ретінде бір-біріне  сыбайлас  не  қарсы  келетін  қасиеттерімен  адам  санасында  жинақтаған,  яғни  тіл  элементтерінің  сол  тілді  пайдаланушы  адамның  санасында  жинақталуын  айтамыз.(Ахманова 66,310). Демек  парадигма  тек сөздер  аралығында  ғана  болмай,  тілдің  барлық  элементтері  арасынла  болады.  Сондықтан  да  дыбыстардың  парадигмасы,  морфемалардың  парадигмасы, сөздердің  парадигмасы,  сөйлемдердің  парадигмасы  деген  бар.  Олардың  әрқайсысының  өз  қызметі,  өз  қасиеттері  бар.  Лексикалық  мағынамен  байланысты  парадигма  семантикалық  парадигма  деп  аталынады  да,  сөздер  аралығында  болады.

Семантикалық  парадигма  дегенде  біз  белгілі  бір  топтағы  сөздердің  өзара  мағыналық  жақындығымен,  сыбайластығымен  байланысты  топтастырылып,  араларындағы  семантикалық  байланысты  белгілеуді  айтамыз.

Парадигмалық  байланысты  тең  дәрежелі  тіл  элементтерінің  арасындағы  байланыс  дедік,  бірақ  тіл  элементтерінің  барлығы  бірдей  мағына  білдіре  бермейді.  Сондықтан  парадигмалық  байланыс  бар  жердің  барлығынан  мән  іздей  беру  де  дұрыс  болмайды.  Мысалы,  тілдегі  дауысты  дыбыстар  өзара  парадигмалық  байланыс  жасайды.  Әрине  дауысты  дыбыстар  түрлі  белгілеріне  қарай(ерін  мен  езудің  қалпына  қарай, ауыздың  ашылу  қалпына  қарай,  тілдің  қалпына  қарай)  парадигмалық  белгісін  анықтауы  мүмкін,  бірақ  олар  тікелей  мағына  білдірмейді.  Сондықтан  олардың  арасынан  семантикалық  парадигмалық  байланыс  іздеу  бос  әурешілік.  Рас,  семантикалық  парадигма  морфемалар,  сөйлемдер  аралығында  бар.  Бір  ескеретін  нәрсн  -  морфемалар  арсындағы  семантикалық  парадигма,  негізінен,  грамматикалық  мағыналармен  не  лексико-грамматикалық  мағыналарарасында  болса,  сөйлемдер  арасындағы  парадигмалық  байланыс  күрделі  оймен,  пайымдаумен  байланысты  болады. 

Сөздердің  арасындағы  мағыналық  байланыстарды  анықтауда  тематикалық  топтар  мен  лексико-семантикалық  топтарға  бөлу  арасында  айырмашылық  бар.  Мысалы,  тематикалық  топқа  семантикалық  байланысы жоқ,  тек объектив  дүниедегі  заттардың  өзара  қатынасы  негізіеде  топтастырылған  сөздер  енеді.  Мысалы,  қол  мен  көз,  құлақ  пен  аяқ,  бас  пен  қабырға  дегендер  бір  тематикалық  топқа  енеді  де,  бір  система  жасайды.  Әрине  бұл  жерде  парадигмалық  мағынаны  табу  қиындау,  себебі,  олар  экстролингвистикалық  мағынаға  негізделген.  Осы  экстролинвистикалық  мағына  негізінде  ұштас  мағына  анықталады  да,  парадигмалық  байланыс  осы  мағынаға  негізделеді. 

Парадигмалық  мағына  лексикалық  мағынадан  басқа  мағына  ретінде  жеке  өмір  сүрмейді.  Олар,  сонымен  бірге,  тілдің  ішкі  элементі  ретінде  қабылданады,  себебі,  парадигмалық  мағына  белгілі  бір  топқа  енген  сөздердің  лексикалық  мағынасының  барлығына  бірдей  ортақ  мағына  элементіне  негізделінеді.  Д.Н.Шмелев  мұндай  ортақ  мағыналық  элементті  семантикалық  тема  деп  атайды. (Шмелев 73,107) Осы  семантикалық  тема  парадигмалық  мағынаның  қалыптасуына,  өмір  сүруіне  жағдай  жасайды.

Семантикалық  тема  бөлек-бөлек  өмір  сүрмейтіндіктен  оны  анықтау  үшін  лексико-семантикалық  топқа  енген  сөздердің  мағыналарын  салыстыру,  олардың  ара  қатынасын  анықтау  қажет  болады.  Сондықтан  Ф. Де Соссюр  синтагмалық  қатынас  пен  парадигмалық  қатынасты  салыстыра  отырып:  синтагмалық  мағына  әрқашанда  анық,  нақты,  ол  бірінен  кейін  бірі  келетін  кемінде  системаның  екі  мүшесінің  қатынасы.

Демек,  парадигмалық  байланыс  сөздерді  ойда  топтастыру,  жинақтау,  саралау  арқылы  жасалады.  Осы  қасиетін  ескере  отырып  Л.А.Новиков  парадигмалық  қатынас  негізінде  жасалынған  мәнді  сөз  мағынасындағы  сигнификатпен  салыстырады,  сигнификаттың  бір  элементі  ретінде  көрсетеді. 

Парадигмалық  қатынас  лексико-семантикалық  топтың  мүшелерінің  арасында  болады да,  олар  түрлі  байланыста болады.  Олар  синонимдес,  антонимдес,  ұштас  мәндес  мағыналық  қатынастар.  Бұл  үш  қатынастың  үшеуі де  бір  лнксико-семантикалық  топтың  құрамында  кездесіп,  өзара  байланысып  та  жатады. 

Синонимдер  тіл-тілдердің  барлығында  да  кездесетін  кең  таралғанжәне  ең  көп  қолданылатын  тілдік  категория.  Көпшілік  ғылыми  еңбектерде  олардың  мағыналары  өзара  жуық  болатындығын,  бірінің  орнына  екіншісі  қолданыла  беретіндігін  бірінші  белгісі  етіп  көрсеткен.  Мысалы,  қазақ  тіліндегі  арнайы  синонимдер  жайлы  зерттеу  жасап,  еңбек  жазған  Ә.Болғанбаев  «Синонимдер  сөздердің  жалпы  мағыналық  бірлестігіне  қарай  топтастырылады.  Яғни  бір  ғана  ақиқат  шындықты  көрсетіпбір  ғана  ұғымды  білдіретіндіктен,  олар  сининим болып  табылады»,-деп  анықтама  берген.  Ә.Болғанбаев  жауын,  жаңбыр,  нөсер  сөздерін  синоним  деп  берген.  Егер,  талдасақ,  жауын  сөзінің  мағынасына  тек  жаңбыр  ғана  емес,  қар  да,  бұршақ  та  енеді. Ал  нөсер  тек  жаңбыр  ғана  емес,  қатты,  шелектеп  құйған  жаңбыр.Бірақ  бұлар  мағынасы  жақын,  синонимдік  парадигмаға  енетін  сөздер.

Тілдердегі  семантикалық  парадигманың  бір  көрінісі  -  антонимдік  қатарлар.  Қазіргі  кезде,  антонимдерді  мағыналық  байланыстарына  қарай  топтастырушылар  бар,  мысалы,  А.А.Новиков  сөздердің  мағынасының  антонимдік  байланыстарының  түрлеріне  қарай  оларды  үшке  бөлген:  1.

Қарама-қарсылық.  2.  Орта  қарама-қарсылық,  бірінші  топтағы  антонимнен  айырмашылығы  -  орталық  мағыналық  өлшемнің  болмауында.  Мысалы,  тірі  мен  өлі,  шын  мен  өтірік,  бірге  мен  бөлек. 3.  Векторлық  қарама-қарсылық,  бұл  топтағы  антонимдер  белгілі  бір  бағытқа  байланысты  бірі  екіншісімен  антонимдік  парадигмалық  қатынасқа  түседі.  Мысалы,  төмен  мен  жоғары,  кіру  мен  шығу т.б.

Тілдік  мағынаны  анықтайтын  парадигмалық  байланыстың  бір  түрі  -  ұштас  мағыналы  сөздер  аралығында  болады.Бұл  синонимдік,  антонимдік  байланыстарға  қарағанда  кең  таралған,  көп  сөздердің  ара  қатынасын  қамтитын  семантикалық  құбылыс. Бірақ  түркі  тілінде  күні  бүгінге  дейін  ұштас  мәнді  сөздерге  талдау  жасалынбаған,  олардың  өзіндік  еркшеліктерін  белгілейтін  принциптері  анықталынбаған.  Қазірге  анығы  -  ұштас  мағыналы  сөздер  синонимдермен,  антонимдермен  біргебір  лексико-семантикалық,  тематикалық  топтардың  арасында  ғана  өмір  сүреді.  Соңғы  екеуінен  ұштас  мағыналы  сөздердің  айырмашылығы  -  олар  өзара  бір  не  екі  мағыналық  элементтері  арқылы  байланысып  жатады.  Ұштас  мағыналы  сөздердің  құрамында  бір  тектессөздердің  тіркесін  талап  еткенімен,  синоним  сөздердей  бірінің  орнына  бірі  қолданылып,  мағынасы  жағынан  кең  түсіп  жатпайды.  Сондай-ақ  бірі  екіншісінің  мағынасын  жоққа  шығармайды.  Олар  бір  тектес  зат  не  ұғым  арасында  ғана  өмір  сүреді.  Сондықтан  да  Ф,П.Филин  антонимдерге  «бір  құбылыстың  қарама-қарсы  қасиетін  көрсететін  мағынаға  ие  болған  сөздер»  деп  анықтама  берген,  ал  синонимдерге  «бір  ұғымды  түрлі  жақтан  қарап  көрсететін  мағынасы  жақын  сөздер»  деп  анықтама  берген.  Ал  ұштас  мағынада  сөздер  аралығында  мұндай  мағыналық сәйкес  келу  де,  жоққа  шығару  да  болмайды,  тек  олар  бірін-бірі  мағына  жағынан  толықтырып  қолданылатын  екі  түрлі  мағыналы  сөздер. Мысалы,  қызыл, сары, көк, қара, т.б.  сөздер  өзара  синоним де  антоним  де  емес.  Олардың  бастарын  қосып,  мағыналарын  байланыстырып  тұрған  заттың  түсін  білдіретін  сема  ғана.

Сөз  мағынасының  қалыптасуында  парадигмалық  мағынамен  бірге  синтагмалық  мағынаның  да  қызметі  бар.  Мысалы,  Демеңдер  өнбес  іске  жұбаналық,  Ақыл  тапсақ,  мал  тапсақ  қуаналық(Абай)  дегендегі  мал  сөзі  тек  төрт  түлікке  байланысты  қолданылып  тұрған  жоқ,  осы  мал  сияқты  жаңа  мағынада  қолданылу  синтагмалық  мағынаның  үлесіне  тиеді.

Сөздердің  контексте,  текст  құрамында  келіп  қолданылуын,  олардың  тілдік  система  арасындағы  қатынасын  анықтау  синтагмалық  байланыс  негізінде  анықталынса,  сөздердің  контексте,  тексте  қолданылып,  мағынасында  болатын  өзгерістерді  анықтау  синтагмалық  мағынамен  байланысты  болады.  Әрине  сөз  мағынасы  құрамындағы  синтагмалық  элементтер  тіркеске,  контекске  түскенде  ғана  пайда  болмайды,  керісінше,  контексте  анықталады.

Синтагмалық  мағына  сөздердің  көп  мағыналылығы,  ауыспалы  мағынада  қолданылуы,  метафора,  метонимия  сияқты  сематикалық  категориялармен  де  байланысты  байқалса,  синтагмалық  қатынассөз  аралығындағы  байланыстармен,  сөздердің  валенттілік  қасиеттерімен  қатысты  болады.

Синтагмалық  мағына  да  парадигмалық  мағына  сияқты  өздігінен  өмір  сүреді,  бірақ  арнайы  ғылыми  талдау  болмаса,  анық  көрінбейді.  Тіпті  айтушы  да,  тыңдаушы  да  күнделікті  дағды  бойынша,  оның  түп-төркініне  қарай  қолдана  береді.  Дегенмен де  синтагмалық  мағына  тіркеске   түскен,  сөздердің  барлығында  да  бар,  кездеседі.  Бірақ  олардың  мағынаның  қалыптасуына,  өзгеруіне  тигізетін  ықпалы  бірдей  болмайды.  Мысал  үшін  сөздердің  белгілі  бір  текст  құрамында  келіп,  өзара  байланысып  келуіндегі  синтагмалық  байланыстың  қызметі  бір  басқа  да,  сөздердің  мағынаға  еніп,  контекстің  көмегімен  анықталынатын  синтагмалық  элемент  екінші  басқа  қасиетке ие.  Синтагмалық  мағына  полисемантикалық  сөздердің,  сөздердің  ауыспалы  мағынада  қолдануының  метафора  мен  метонимияның,  сөз  мағынасының  тарылуы  мен  кеңеюінің,  тұрақты  тіркестер  мен  контекстік  қолданулар  негізінде  сөз  мағынасының  өзгеруімен  байланысы бар.    

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-12-08 16:21:58     Қаралды-5902

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »