ИРАН ӘДЕБИЕТІ - АВЕСТА
Иран әдебиеті екі мыңжылдық тарихы бар әдебиет болып саналады. «Иран әдебиеті» деген шартты термин себебі, ежелгі иран әдебиетінің туған аймағы аса кең аумақты қамтиды, оған риан тайпалары мен халықтары мекендеген Орта Азия өлкелерін енгізеді. Орта ғасырлар әдебиетінің, оның ішінде, 19-15 ғасырлар иран халықтары мен парсы тілін әдеби тіл тінде қолданған халықтардың әдеби көркем қазыналар жасаған ғасырлары еді. Сондықтан да мұндай әдебиетті жаауға Иранда, Ауғанстанда және Орта Азияда тұратын халықтар ғана емес, сондай-ақ Үндістанның солтүстік-батысында тұратын, Кіші Азия халықтары да қатысты. Ал 16 ғасырдан бастап, парсы ұлты қалыптаса бастады. Иран әдебиметі деген ұғым бүгінгі Иран жерінде тұратын парсыларға ғана тиісті еді.
Иран әдебиетін қлыптастыруға ирандықтармен қатар шыңыс иран тайпалары мен халықтары қатынасты. Шығыс және батыс ирандықтардың саяси, шаруашылық, тілдік көп ғасырлық қарым-қатынасы өзара мәдени байланыстардың дамуына әсер етті. Мұның өзі иран дүниесінің шығысында және батысында туған көркемдік шығармашылықтың кейбір тарихи дәуірлерде бірігіп, тұтас әдебиеттің негізін қалауға әкелді. Біздің дәуірімізге дейінгі 3ғасырдағы классикалық әдебиет те сондай жолдан өткен.
Ежелгі Иранның мәдени дәстүрі ежелгі Екі өзен аралығы, Египеғт, Грецимя халықтарының мәдени жетістіктерін, бойына сіңіріп барып, феодализм дәуірінде жаңа дамуларға бет алды. Орта ғасырларда араб мәдениеті арқылы байып, басқа халықтарға да сіңеді. Содан иран мәдениеті «мұсылман дүниесі» деп аталатын мәдениеттер мен әдебиеттер арасында үлкен орын алады.
19 ғасырдан бастап, Иран поэзиясына зерттеуші ғалымдар, жазушылар назарын тіге бастады. Фирдоуси, Хафиз, Омар Хаям, Сағди есімдері Гомер, Данте, Петрарка, Шекспир, Пушкин есімдерімен қатар тұрады.
Ирандықтарға жазбаша әдебиет белгісі 7ғасырда, ал кітап басу ісі 19ғасырда пайда болды, есте сақтап қалу және қолжазба әдісі әдеби жәдігерлерді түгел сақтап, қала алмады. Дінді уағыздаушылар өздерінің діни уағыз ескерткіштерінің есте саұталуына қамқорлық жасады.
Классикалық әдебиеттің үлгілерін басып шығаруда Мұхаммед Казвини, Саид Нафисф және басқаларының ролі зор. Иран әдебиетін зқерттеуге үнді ғалымдары үлкен үлес қосқан. Жәдігерлердің бірқатары Түркияда басылып шыққан.
«Авеста» европа тіліне 18ғасырда бірінші рет аударылған. Иран әдебиетінің тарихын Европада, Россияда зерттеу 19ғасырда басталды. Алғашында поэтикалық шығармалар аударылды. Ортағасыр анталогияларының сюжеттері қайталанды. Дегенмен «Персия көркемсөзінің тарихы» дейтін Хаммер-Пургшталль еңбегі сондай ауытқулардан емес-тін. Тек 19ғасырдың орта кезінен бастап, жәдігерлердің өзіне сүйенген ежелгі және ортағасырлық иран әдебиетінің тарихы жайлы еңбектер пайда бола бастады.
1956жылы Прагада академик Я.Рыпканың редакциясымен парсы, тәжік әдебиетінің тарихы туралы авторлар ұжымының еңбегі жарық көрді, ол батыс европа тілдерінде аударылды.
Иран әдебиеті өмір сүрген уақытта бірнеше қоғамдық-экономикалық формациялар, династиялар ауысты, ересен тарихи оқиғалар болып өтті.
Сондай ерекшеліктерін ескере отырып, Иран әдебиетінің тарихын мынандай шартты бөліктерге бөлсек:
- Ескі дәуір әдебиеті, яғни алғашқы қоғамдық құрылыстан феодализм пайда болғанға дейін.
- Орта ғасырлар дәуіріндегі феодализмнің шығуынан 17ғасырдың ортасына дейін.
- Жаңа уақыт әдебиеті. 17ғ.
- Жаңаша уақыттың әдебиеті.
Иранның сөз қазынасын жасауға Орта Азия мен көптеген иран тайпалры мен халықтары қатынасты.
«Авеста» -«негіз», «заң» -деген мағынаны білдіреді. Кейбір зерттеушілер бұл ілім сөзінен шыққан дейді. Түп мәні «мадаұқтауға» әкеледі.
Грак құдайларына табыну зоратуштрамен қатар жүрді. Жаңа эраның бірінші ғасырына дейін теңгелерінде грек тілімен жазылған аңыздар болушы еді. Тек жаңа эраның 1ғасыр орта кезінен жергілікті реакцияның тежеуімен грек тілі парфян тілінен арамей алфавитіне ауысты.
Зорастризмнің негізгі діңгегі - отқа табыну еді, ал от арнаулы храмдарда ұдайы жанып тұрды. Сондықтан да оларды отқа табынушылар деп атақды. Жарық жеңіс құдайы Митраның да культі сақталған, бұлар мал шаруашылығымен байланысты еді. Адамның адал, сыншыл, кішіпейіл болуы керек деген этика да сақталған.
Зорастризм бүгінде сәл өзгерістерімен Үндістанда сақталған. Мұсылмандар оларды сол жаққа ығыстырған. Оның қалдықтары қазір де парсыларда сақталған, өзінің діни қоғамы бар.
Ежелгі иран әдебиеті ұзақ уақыт бойы филология ғылымының тақырыбы болып келген. Ескі әдебиет жәдігерліктері зерттелген, бұл слада қол ждеткізген табыстар мол еді.
Ежелгі иранның сөз ескерткіштері ескі иран тілінің дәуіріне жатады. «Авеста» және ежелгі иран тілінде жасалған ескерткіштер де жатады. Бұған батыс және шығыс ирандықтар да қатысқан. «Авеста» - тәжік, ауған, әзірбайжан халықтарына да ортақ мұра болып есептеледі.
Ауызша дәстүрде де, эпиканың да, лириканың да түрлері ән түрінде тараған. Драма ұрығы енді туып келе жатыр еді. Ирандықтардың ежелгі ескерткіші - «Авеста» әдеби тектер мен түрлердің бұлақ бастауы еді. Онда халықтың ауыз шығармашылығы түрлері басым болатын.
«Авеста» - көпқырлы жәдігер. Онда қайталаулар, қайшылықтар бар, «Авестаның» бірқатар тарауларының тілі мсен стилі әрқилы. Онда әртүрлі танымдар, әрбір тарихи дәуірлерге орай ауызша сөйлеудің түрі мен тәсілдері мол жазбаша сөз элементтері де ұшырайды.
Иран дәстүрі жаңа дін ілімінің аты аңызға айналған Зорастрдың атымен байланыстырады. «Гаты» деген шығарманы Зорастр жазған деседі, яғни («ән айту» деген) - «Авестаның негізі содан шыққан. «Авеста» - жақсылық пен зұлымжықтың күресін қуаттайтын ілімді жақтайды.
Заратуштра дүниеде болған кісі сияқты, зерттеулерге қарағанда, «Гаты» шешендік өнердің нәтижесінде туған. 13ғасырда Заратуштра ғұмырнамасы өлеңмен жасалған. Ол да Будда, Махавири, Конфуции секілді тұлға болған екен. Ол спотамы тегінен шыққан, жаңа шариғаттың негіңзін қалаушы, белгілі бір қоғамдық топтардың идеологиясын жақтайды. Әрине басқа көзқрастағылармен оның күресуіне, қуғынға ұшырауына тура келді. Заратуштра өз сөздерінде ондай жағдайлардың болғанын айта кетеді:
«Гатыда» Заратуштра жүргізген идеологиялық күрестің белгісі бар, ол «жалған абыздармен» айқасып, елді отырықшылыққа, егіншілікпен айналысуға шақырған. Ол өз қызының тойында да осы тақылеттес уағыздарды да айтуды ұмытпаған. Оның талантты шәкірттерңі мен ізбасарлары болған. Олардың есімдері өз сөздерінде айтыла кеткен. Виштаспа, Фпаштра, Джамаспа, Мадилмолха секілді оқушылары, шәкірттері болғанын қуаттайды. Дәстүрге байланысты Зороастр бір орыннан екінші орынға ауысып отырған. Шәкірттері де сөйтсе керек. Заратуштра өз уағыздарын ауызша таратқан оны «Гатының» формасын қуаттайды. «Авестада» ауызша дәстүр басым, «шешендік шығармашылықтың» кезеңінде туған» деседі. Сонда да Гатыда жекелік творчествоның белгісі жоқ емес. Зерттеушілер де бірауыздан солай дейді. «Авестаның» негізі ядросында Зороастрдың жеке өмірі, ізбасарлары аталған.
Гатының тілі Авестаның басқа бөлімдерінің тілдерінен ерекшелеу, ескілеу тіл болып саналады. «Авеста» ескі иран тайпасының тілінде туған деседі. Ескерткіштің тілі - «авестийский» деп аталады. Бұл тілді сақтауға да тырысқан. «Авеста» пайда болған күннен бастап, біздің заманымызға дейін Зороастр негізін қалаған дін ілімін ұстанушылырдың арасында оқылатын дін білімі болған.
«Гаты» формасы түрі жағынан алып қараған шешендік өнерден, суырыпсалмадан туғандығын көрсетеді. Уағыз-дұғалар бірінші жақтан айтылады, тәңірімен диалог, кеңес ретінде беріледі. Ауызша сөзге тән риторикалық қаратпа сөздер мен сұраулар мен параллелизмдер бар. «Құранда» да осындай көріністер бар. Оның басты негізі - Мұхаммед пайғамбардың қасиетті уағыз сөздерінен құралып жинақталған.
«Авестаның» жазылуы діни әдебиеттің бастамасы еді. Сонан соң да бұл ескерткіш ауызша қалпында қала берді. Алғашқы нұсқасы жоғалғаннан кейін, оның мазмұны мен мәтінін қайтадан қалпына келтіруге тура келді.
Сасанидтер тұсында «Авеста» тұрақты 21 кітаптан құралды. «Авеста» сол уақыттағы білімнің жиынтығы секілді еді. Мысалы, біріншісі - адамгершілікті, тақуа дін жолын ұстанушылықты, екіншісі - діни әдеттерді, үшіншісі - Зороастр діні және оның ғылыми теорияларын, төртіншісі - күн, жер, ай, жұлдыздардың қайдан шыққандығы жөнінде мазмұнды қамтитын, бесіншісі - астрономия, сегізіншісі - заңдылық үрдістер, оныншысы - аңыз патша Гүштасптың Зороастр кезіндегі өмірі, он екіншісі – адамзат және иран патшаларының тарихы, он үшіншісі - қайырымды істер және Зороастрдың балалық шағы, он төртінші - істегі әділдік, өлшем, сопылық жолы, он алтыншы - азаматтық және әскери заңдар жөнінде, туысқан некелер жайлы, дін принциптері, он жетінші - салт жоралар, абыздар міндеті, күнәсі үшін жазалау, жұлдыз санап бал ашу, он тоғызыншы - қор қылу, салттық тазалау, жиырмасыншы - ізгілік және өлімнен кейінгі жан тағдырын, жиырма бірінші - Ахура –Мазданы, Зороастр мазарларын мадақтайды.
Бұл кітаптардың көпшілігі сақталмаған, араб басқыншылығы кезінде жойылып кетуі кәдік, немесе кейбір тараулары исламның шығуына қарай азайып кеткен. Сақталғаны - төртеу, оның ішінде он тоғызыншы - «Вендидад» - жын перілерге қарсы қолданылатын кодекс толық жеткен. «Авестаның» бұрынғы кітаптарынан қалған үзінділер де кездеседі.
Бізге жеткен «Авеста» сынықтардың жиынтығы болсы да одан ескі наным-сенімдердің ереже салттарын көруге болады. «Ясна» да сондай күрделі, мұның арасында «Гаты» бар. Ең көнесі иран творчествосының үлгілерін сақтаған «Яштының» үзіктері еді. «Авеста» тілі көшірушілер үшін «өлі» тіл-тін. Ең көне қолжазба біздің эрамыздың 1324жылына жатады.
«Авестаны» қасиетті кітаптармен салыстырып қараған кезде, «Авестаның» алғашқы нұсқаларының барлық ілімінің тарауларын және халықтың ауызша шығарған шығармашылығын біріктіргенін байқау қиын емес. Заманалар ауысқан сайын сол ен байлықтан зороастр абыздары құдайға құлшылық ету жағын көбірек қалдыруға тырысқан. «Авестаның» қалған әуелгі қабаты поэзияның ілкі қабаттары іспеттес, ол халық еңбегімен, тәжірибесімен, айнала қоршаған дүниені қабылдауына орай туған еді. «Авестаның» «Вендидада» деген бөлімінде ең жақсы жер қай жер деген сауалға жауап беріледі. Бұл тұсы қазақтың, Асанқайғысы айтқан сөздерді еске оралтады. Сөйтсе, Ахура-мазданың құлшылық етушісі қай жерден егін өсірсе, сол тұста болмақ. Онан әрі мынандай текст бар:
«Кімде-кім жерді жұмсартса, сол қолымен және оң қолымен және сол сондай жерден өнім алмақ».
«Авестада» ат пен итті дәріптеу үрдісі бар, әсіресе, итті «сүйкімді жаратылыс» деп қарайды, өгізге арналған арнайы гимн де бар. «Гатыда» жәдігері өгіз жаны қорғаушы деп мадақталады. «Вендидатта» қораз, құс дәріптелген.
Діни кітапта анемистік сенімдерге мол орын берілген. «Авестаның» кез-келген тарауында жүр, айрықша «Яшта» тарауында көп. Онда табиғат күштерінің, құдайлардың, мал-жануарлардың, құстардың, шөптердің, адамдардың қасиеттері мадақталады.
«Авестада» отқа табыну да күшті, күнге, айға, аспанға, өсімдіктерге табынған. Табиғат культі қатты дамыған, бұдан кейін Зороастр, манихей, будда діндеріне де кірген. Гимндер ескі ирандар магиясының көзі болған. Өзін қоршаған затқа сөзбен әрекет арқылы ықпал жасауға тырысқан. «Авестада» тәңіріне сыйынған сөздің қасиет-күші дәріптелген. «Авеста» - сиқырлы дұға сөздеріне толы, сиқырлы күш гимндерінің сөздеріне де, әніне де беріледі.
Сиқырлы әрекеттердің әннен айырмасы болмай, бір қимылға бірігетін ескі грек авторлары Геродот, Стробон жазып кеткен. Гимннің өзі мелодиядан, магиялық сөзден және қимылдан құралады. Содан барып шумақ-бунақ шығады. Мысалы, «Ард-яштан» алынған «Бақыр гимні» адамның жер үстіндегі бақытқа ұмтылғанын, шындыққа стихиялық-материалистік көзқарасын байқатады. Шумақтар біркелкі емес, бірақ рефрені - жол аяғында қавйырмасы бар.
«Авестаның» ескі сөз қабаттары да солай, келесі тарауы табиғат культінен шығатын мифологиялық творчествоға ауысады. Кей3н бабалар5а табынудан эпос0а ауысып6 одан со4 батырлы0 эрос шы5ады7 Батырлы0 эпоста отыры0шы иранды0тарды4 к-шпел3лермен 2скери 0а0ты5ыстары айтылады7 Бұл поэзия И.С.Брагинскийдің айтуынша, табиғатпен күресті, тайпалардың тарихи жағдайын бейнелейді.
«Авестада» эпикалық сюжет ерекше орын алады, Араш туралы эпос бар, оның жебесі түскен жер Иран иелігінң шекарасын көрсетеді. «Оғызнама» жырында үш оқ бар, оғыз үш үлына жерін бөліп береді. Мысал, сюжеттері «Авестада» сақталмаса да Иран халықтарында Скифтерде сақталған Скилур өлер алдында сексен ұлын шақыртып алдырады, әрқайсысына бір бау найза береді, сындырыңдар дейді, олар сындыра алмайды, өзі бір – біреуден алып, сындырады. Біріксеңдер сендерді де ешкім жеңе алмайды»,- дейді.
Мынадай скиф мақалдары бар: «Достықты сатқаннан өткен масқаралық жоқ», «Қорқақ ит көп үреді», «Шусыз аққан өзендер терең болады», «Кім дән сепсе, игілік себеді», «Авестада» - эпитет, гипербола көркемдік құрал ретінде жиі қолданылған. Мысалы, «Мың құлақты», «Данышпан», «Бәрін білгіш», «Алысты көргіш» т.б. Уақиға жерде, аспанда болып жатады.
Зороастр тыңдаушыларды зұлымдық жолынан шығып, жақсылық жасауға шақырады. «Гарт» - гимндерден тұрады. Құдайларын суреттеуі адамды суреттеуден жақын, ойын, күйзелісін береді.
«Авестаның» соңғы бөлімі төл әдебиетін, шешендік өнерді, жазбаша сөздің қасиетін қамтиды.
Жарияланған-2016-12-08 16:17:08 Қаралды-6662
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану