UF

КІРІСПЕ

 

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста тәрбие үрдісі жағдайындағы психикалық іс-әрекеттер заңдылықтарын, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуінің психологиялық негізін, зейін қасиеттерін зерттеу және дамыту жолдарын іздестіре отырып, тұлғаны қалыптастырудағы ықпалы зерттелді.

Жеткіншектердің жаңа психологиялық мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағыттау, баланың психикалық дамуы, оны ілгері өрбіту, мақсатқа бағдарлай ұйымдастыру, тәрбиелеуді басқару және өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруға кең өрісті жағдай туғызады. Сондықтан біздің зерттеуімізде оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің теориялық-әдіснамалық негіздері зейін қасиеттерін дамыта отырып қарастырылған. Бұл мәселелер Л. С. Выготскийдің адам тұлғасының жалпы дамуында «интеллект және аффект» байланыс идеялары арқылы зерттелді.

Қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі психологиялық-педагогикалық үрдісте оқушының өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызды. Бұл зерттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің теориялыҚ-әдіснамалық және эксперименталды әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыруға бағдарланған.

Жұмыстың негізгі мазмұнын тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейіннің қасиеттерін зерттеу және олардың негізінде психологиялық көмекті ұйымдастыру құрайды.

Өзін-өзі тәрбиелеу механизмдері жас ерекшелігін ескере, қойылған міндеттерге сәйкес реттей білу психологиялық-педагогикалық зерттеулерді жүйелі қатынас бағытымен жүргізуді талап етеді.

Зерттеудін өзектілігі. Педагогикалық психологияда қазіргі кездегі негізгі ағымдарды, жаңа тұжырымдамаларды негіздей отырып, жеткіншектердің өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін белсендендіріп, өнегелілік қасиеттерін қалыптастыру білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі.

Бүгінгі әлеуметтік-психологиялық жағдайлар, білім беру жүйесінде тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуіне психологтардың, педагогтардың және физиологтардың ерекше назар аударуларын қажет етеді.

Тұлғаның өнегелілік - еріктік өрісін, адамгершілік санасын, түсініктерін, ұғымын, принциптерін, сенімдерін, қылығының адами негіздерін, басқаларға өзінің эмпатияларын, әлеуметке деген қатынасын көрсететін мінез-құлық сапалары мен әдеттерін дамытудағы психологиялық механизмдерді аша отырып, балалық шақтың түрлі кезеңдеріндегі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың шарттары мен ерекшелігінің жалпы заңдылықтарын қарастыру жұмысымыздың өзектілігіне дәлел.

Қазіргі психологиялық-педагогикалық үрдістің арнайы толығырақ міндеттерін бейнелейтін құбылыстардың ішінде өзін-өзі тәрбиелеу, әсіресе психикалық әрекеттердің (зейіннің қасиеттерін арнайы дамыту жолдарымен),

маңызды мәселенің бірі деуге болады. Бұл бағытта мәдени құндылықты, психологиялық-педагогикалық және жалпы ғылыми категорияларының әлеуметтік өмір аумағында дәстүрлі және жаңашыл байланыстары ерекше қалыптасуда.

Өскелең ұрпақты дамытуда соңғы жылдары өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі жалпы тәрбиенің өзекті саласы ретінде әр түрлі ғылыми зерттеулердің объектісіне  айналуда.

Тұлғаны мақсатты түрде қалыптастырудағы айқын заңдылықтарды табу, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми негізде құру, сонымен бірге психологиялық теорияның даму мүмкіндіктерін ескеру бүгінгі күннің талабына сәйкес жалпы тәрбие үрдісін қамтамасыз етеді.

Тұлға дамуының әлеуметті түрде ұйымдастырылатын оқыту шарттарына байланысты ақыл-ой сияқты саласын дамытуда психикалық әрекеттердің шешуші міндеттері, оның ішінде зейіннің рөлі жетекші екені көптеген психологиялық зерттеулерден Л. СВыготский, Н. Ф. Добрынин, И. В. Страхов, Ж. Ы. Намазбаева жане т.б. еңбектерінен белгілі.

Адамның саналы белсенді іс-әрекеті - оның тұлғалығының психологиялық өзгешеліктерін дамытудың негізі. Қалыптасқан жеке адам өзінің көзқарасы, ұғымы, өнегелілік талаптары, бағалауымен, саналы қойған мақсатымен, өзінің қылығын, іс-әрекетін басқара білуімен сипатталады.

Өзін-өзі тәрбиелеудегі өзіндік сананың теориялары Л. С. Выготский, В.В. Столин, ИС. Кон, В.С. Мерлин, И.И. Чеснокова, М.И. Лисина, Ч. Кули, Дж.Г.Мид еңбектерінде жан-жақты қарастырылып талданған, ал педагогикалық психология саласында өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін зерттегендер: В. И. Селиванов, Н.С. Ликин, А.Г. Ковалев, Ю.М. Орлов т. б.

Жұмыста Б.Г. Ананьевтің, С.Л. Рубинштейннің тұлғаны дамытуда кешенді қатынас жүйелері, және Н.Ф. Добрынин, П.Я. Гальпериннің зейінге байланысты зерттеулерінің эксперименталды бөлімдері, Ж.Ы.Намазбаеваның тұлғаны кешенді жүйемен дамыту теориясы басшылыққа алынды.

Сонымен бірге зейінің әр түрлі аспектерін профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жетекшілігімен қазақстандық психологгар О.С.Сангилбаев, Ш.С.  Сатиева, И.В. Андреев, С.В. Тихомирова зерттеген.

Зерттеу мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейін қасиеттерін дамыту арқылы ғылыми-теориялық жолмен дәделдеу.

Зерттеу міндеттері:

-   зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, еңбектерді теориялық талдау;

-   өзіндік сананың және өзін-өзі тәрбиелеудің теориясын зерттеп ашу;

-   өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін және тәсілдерін теориялық талдау;

-   зейін теориялары және зейіннің түрлері мен қасиеттерінің мазмұнын сипаттау;

-тұлғаның талаптану деңгейінің контексінде зейіннің қасиеттерін эксперименталды зерттеп, солардың негізінде оқушыларға, ата-аналарға, педагогтарға өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейіндерінің қасиеттерін дамыту арқылы психологиялық көмек көрсетуге нұсқа-кеңестер құру.

Зерттеу нысаны: тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі.

Зетттеу пәні: талаптану деңгейі мен оқушылар зейінін өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің контексінде зерттеу жатады.

Зерттеудің ғылыми болжамдары: өзіндік сананы теориялық талдау өзін-өзі тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық негізін құрайды. Мұндай болжам келесі жеке болжамдармен бекітіледі:

-    өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі тұлғалық дамуды кешенді ұйымдастыру
арқылы мақсатқа бағдарлайды;

-    зейіннің көлемін, шоғырлануын және тұрақтылығын арнайы дамыту, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін тиімді етеді.

Қорғауға ұсынылатын ғылыми қағидалар:

1.Өзіндік сананың теориялық мазмұны мен құрылымы өзін-өзі тәрбиелеудегі теориялық-әдіснамалық бағытты анықтаушы ретінде, яғни, өзіндік сана тұтас субъектіге тән және өз іс-әрекетін айналадағылармен қатынасын ұйымдастырудағы қызметі.

2.«Мен-тұжырымдамасы» немесе «Мен-бейнесі» өзіндік сананың нәтижелі жемісі. Өзіндік сананы дамытатын қозғаушы күштерді индивидтің шынайы өздігінше әрекеттене, айналадағылармен ара-қатынасын өзгерте алады.

3.Өзіндік сана – мәдени феномен ретінде өз қылықтарының тұрақтылығын сақтауға және индивидтің игерген әлеуметтік құндылықтарға зейінділікпен жауапкершілік сезімін басынан кешіруге мүмкіндік береді.

4.Жеткіншектің қатынас іс-әрекетінде өзіндік сана қалыптасып, негізгі
жаңа құрылым — әлеуметтік. сананың ішке аударылуына мүмкіндік туады.
Сондықтан, өзін «мен» ретінде ұғынуы, тұлғаның өзіндік санасының дамуы, өз
бетінше шынайы іс-әрекеттің субъектісі ретінде, өсу үрдісінде орын алады.

5.Өзін-өзі тәрбиелеу күрделі реалды үрдіс және бұл құбылысты зерттеу, оның өтуінің объективті заңдылықтарына негізделген. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі нақты логикалық құрылыммен сипаталады.

6.Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде зейін механизмдерін зерттеудің практикалық маңыздылығы ерекше.

7.Жеткіншектердің зейін қасиеттерін: шоғырлануын, тұрақтылығын және іскерлігі мен іс-әрекеттерінің деңгейін анықтау, олар оқу-тәрбие жұмысына, өзін-өзі тәрбиелеуіне нақты кеңестер беруге мүмкіндік туғызады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

Өзіндік сананың теориялық мазмұны мен өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдерінің байланысы және талаптану деңгейін, өзін-өзі бағалауды анықтау арқылы нақты зейін касиеттерінің деңгейлері зерттелді. Өзін-өзі тәрбиелеу мен зейін қасиеттерінің теориялық негіздері және эксперименталды зерттеулердің мүмкіндіктері қарастырылды. Солардың негізінде оқушыларға, ата-аналарға және педагог-психологтарға нұсқау кеңестер ұсынылды.

Жетекші идея

Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның өзіндік санасымен және зейіннің қасиеттерімен тығыз байланысты. Өзіндік сананың нәтижелігі тәрбиелеу үрдісінде талаптану деңгейі мен өзін-өзі бағалауды ескеріп, оқу-тәрбие шараларын арнайы ұйымдастыруға тәуелді.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізіне Л.С. Выготскийдің (мәдени-тарихи теориясы), А.Г. Спиркиннің (сана және өзіндік сана тұжырымы), Ч. Кулидің, Дж.Г. Мидтің, Д. Бемдердің (өзіндік сана және оны қалыптастыру туралы теориялары), В.И. Селиванованың, А.Г. Ковалевтің, Л. И.Рувинскийлердің (өзін-өзі тәрбиелеу туралы теориялары), Б.П.Ананьевтің, С.Л. Рубинштейннің және Ж.Ы Намазбаеваның (тұлғаны дамытуда кешенді қатынас жүйелері), Н.Ф. Добрыниннің (зейінді эксперименталды зерттеулері) басшылыққа алынды.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы:

-өзіндік сана мен өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің теориялық-әдіснамалық мазмұны ашылды;

-өзін-өзі тәрбиелеуде зейін қасиеттерін дамытудың практикалық
мүмкіндіктері талданды;

-   зейін қасиеттерінің өзін-өзі тәрбиелеуде алатын орны мен дамытуға қажет ерекшеліктерін дұрыс бағдарлауға мүмкіндік туғызатыны дәлелденді;

-   зерттеу мақсатына байланысты әдістер мен әдістемелерді практикалық іске асыру жолдары жүйеге енгізілді;

-өзін-өзі   тәрбиелеуде   қолданылатын   психологиялық   мүмкіндіктер
оқушыға, ата-аналарға және педагогтарға, нұсқау-кеңес түрінде құрастырылып ұсынылды.

Зерттеуде қолданылатын әдістер мен әдістемелер: Шварцландердің «Талаптану деңгейін анықтау», Будассидің «Өзін-өзі бағалау» әдістемелері;

-Мюнстерберг-Дворяшина және Бурдонның «Корректуралық сынақ»
эксперименталды әдістемелері;

-практикалық зерттеуде алынған мәліметтерді статистикалық өңдеуде χ2-критериінің деңгейін анықтайтын әдіс;

-әңгімелесу әдісін кейбір мәселелі жағдайларды толықтыруда қолдану.

Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, кестелерден (диаграммалар мен гистограммалардан), суреттерден, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

1 БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

1.1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК САНА МЕН ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

 

Әрбір адам өзінің өмірлік жолын өзі құрып, таңдау жасайды. Өзге адамдармен де өзі қарым-қатынас орнатады. Сонымен қатар, өз өмірінде кейбір қателерді өзі жасап,  өзі түзеп жатады. Отбасы мен білім беру орталықтарының алдына қойған мақсаттары – қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін өсіп келе жатқан адамның жекелік қасиеттеріне тікелей әсер ету ғана емес, сонымен қатар, өзіндік дамуы мен өзіндік сана механизмдерін жетілдіруде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі қалыптастыру, өзін-өзі құруы үшін қажетті жағдайды жасау болып табылады.

Ғылым мен практикада гуманистік бағыт  шеңберіндегі арнайы технологиялар өңделіп, дайындалады. Онда өзін-өзі дамыту идеясы басты мәселеге айналып, “Жеке тұлғаға бағытталушы қатынас”, “Жеке, бағытталған білім беру”   түсініктері қалыптасқан.

Болашақ мамандардың психологиялық тұрғыдан дайындығының жетілуі адамның жеке басының өсуіне байланысты. Көптеген психологтар жеке тұлғаны дамыту мәселелерімен айналысады, бірақ жалпы психология мен жеке тұлға психологиясы арасындағы “Жеке тұлғаның өсуі” аспектісі психотерапиялық тәжірибе мен жалпы психологиялық теория арасындағы алшақтықтың себебінен қажетті деңгейде зерттелмеген.

Бұл термин күнделікті қолданылатын қарапайым сөздік қорда  “Жеке тұлғаның дамуы” сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Көптеген әдебиеттерде “Өзін-өзі жетілдіру”, “Өзін-өзі дамыту”, “Өмірлік жол”, “Жеке тұлға потенциалдарының дамуы” және т.б. түсініктермен кездеседі. Көрініп тұрғандай, әртүрлі терминдермен бір мағыналы сөздер айтылады немесе бір атаумен мүлдем сәйкес келмейтін терминдер кездеседі.

Отандық психологиялық сөздіктер мен оқулықтарда ”Жекелік өсу“ терминінің  түсінігі көрсетілмеген. Дәстүрлі түрде ол К.Роджерс, Джеймс, Фрейд, Юнг, Адлер, Райха, Александер, Перлз, Маслоу Ассаджоли есімдерімен және шығыстық іліммен байланыстырады.

К.Роджерстің көзқарасына сүйене отырып жекелік өсу туралы түсінік аламыз. Біздің түсінігімізше К.Роджерс жекелік өсуді құрайтын үш негізгі басты компоненттерді бөліп көрсетті: актуализация механизмі, жеке тұлғаны бағалау процесі және адамның өзін-өзі құрудағы позитивті бағытталуы.

Даму – адамның сандық жəне сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нəтижесі. Даму нəтижесінде адам биологиялық түр жəне əлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тəн- дене дамуынан көрінеді. Ал əлеуметтік даму оның психикалық, рухани, интелектуал кемелденуінен байқалады.

Егер адам сана жəне өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-əрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттік дəреже даму барысында қалыптасады. “Адам” ұғымынан өзгеше “тұлға” түсінігі – адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан əлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіреді. Тұлға ретінде əрбір адам əлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы жəне ойластырылған тəрбие барысында қалыптасады. Əрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тəжірибені игеру деңгейімен, екінші жағынан, материалдық жəне рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген жəне өмір мен тəрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі шарт.

Адам дамуы – бұл өте күрделі, ұзақ мерзімді жəне қарама-қайшылықты процесс. Біздің ағзамызда болып жатқан өзгерістер өмір бойына ұласады. Ал адамның тəн-дене болмысы мен рухани дүниесі, əсіресе, балалық жəне жас өспірімдік шақта қарқынды ауысуларға кезігеді. Адамның дамуы сандық өзгерістердің қарапайым жиынтығы немесе төменннен жоғарыға бағытталған ілгерілі қозғалыс тобы емес., бұл процестің өзіне тəн ерекшелігі – сандық өзгерістердің тұлғаның физикалық, психикалық жəне рухани сапалық қасиеттеріне диалектикалық түрде өтіп, жаңалануы.

Бұл құбылыстарды түсіндіруде əртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Мамандардың бір бөлігі адамдардың дамуын кездейсоқ, басқарымға келмейтін өзінше жүрісі бар, даму өмір шарттарына тəуелсіз, сондықтан, тумадан берілген күштерге байланысты; адамның дамуын ешкім, еш уақытта өзгертуі мүмкін емес, тағдыр белгілейді. Ал басқа бір зерттеушілер тобының пайымдауынша: даму – бұл əуел бастан қозғалысқа қабілетті тірі материя. Даму жолында көне жойылып, жаңа туындап барады. Өмірге енжар икемдесуші жануарлардан адам өз дамуы үшін қажеттерін өз еңбегімен жасай алатындығымен ажыралады.

Дамуды қозғаушы күш – қарама-қарсылықтар тайталасы. Қарама-қарсылықтардың арқасында үздіксіз қайта жасалулар мен жаңғыртулар дүниеге келеді. Қарама-қарсылықтар – бұл өзара екі полярлы күштердің бір-біріне сиымсыздығынан туындайтын диалектикалық процесс. Адам қайшылықтарды іздеп немесе ойдан шығарып, əлектенуінің қажеті жоқ, олар қадам сайын өмірлік қажеттіктердің өзгеру салдарынан пайда болып отырады. Табиғатынан адамның өзі де қарама-қайшылықты дүние болмысы.

Қарама-қайшылықтар барша адамдардың дамуына ықпал жасаушы ішкі жəне сыртқы, жалпы (əмбебап), сонымен бірге қарапайым материалдық жəне ең жоғары рухани қажеттерінің жəне оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтар əмбебап сипатқа ие. Ішкі қарама-қайшылықтар əр адамның өз болмысына қанағаттанбауынан туындайды. Олар жеке-дара ниеттерде көрінеді. Негізгі ішкі қайшылықтардың бірі – жаңадан пайда болған қажеттер мен оларды іске асыру мүмкіндіктерінің арасындағы алшақтықтар. Мысалы, оқушылардың өз психикасы мен интеллект, əлеуметтік деңгейінің жетімсіздігіне қарамай, мүмкіндіктері толысқан ересектермен бірге іс алып баруға ұмтылуы. “Қалаймын -“қолымнан келмейді”, “білемін” - “білмеймін”, “мүмкін”-“болмайды”, “бар”-“жоқ” – мəңгі қарама-қайшылықтарды белгілейтін қосарлы ұғымдар. Адам дамуын зерттей отырып, ғалымдар даму жəне оның нəтижелері – бір жағынан, жəне оларға ықпал жасаушы себептер – екінші жағынан, арасындағы заңдылықты байланыстарды аңдатушы бірнеше маңызды тəуелділіктерді ашты.

Неліктен кей адамдар өз дамуында өте биік нəтижелерге жетіседі, ал екінші біреулер - ондай мүмкіндікке ие емес? Бұл процестің жəне оның нəтижесі неге байланысты? Ұзаққа созылған зерттеулер осы сұраққа орай жалпы заңдылық ашты: адам дамуы ішкі жəне сыртқы жағдайларға тəуелді. Ішкі жағдайлар – адам ағзасының физиологиялық жəне психикалық қасиеттері. Сыртқы жағдайлар – бұл адамның қоршаған ортасы, ол жасаған жəне дамыған аймақ, сыртқы ортамен ықпалды араласу процесінде адамның ішкі мəні өзгереді, жаңа қасиеттері қалыптасады, ал бұл, өз кезегінде алдағы өзгерістерге жол ашады.

Сонымен, адамның дамуы сандық жəне сапалық өзгерістердің желісі мен нəтижесі. Даму барысында адам тұлғаға айналып, сана мен өзіндік сана, дербес жаңғыртушы іс-əрекет иесі болып жетіледі. Дамудың қозғаушы күші-қарама-қарсылықтар күресі. Адамның дамуы ішкі жəне сыртқы жағдайлармен анықталады.

Дамудың қай қырлары адамның өзіне тəуелді жəне қай тараптары сыртқы жағдайларға, жағдаяттарға байланысты? Дамуды айқындаушы себептер тобы – жағдайлар деп аталады, ал сол қарапайым себептердің ішіндегі ең маңызды, мəнді себеп – жағдаят (фактор) деп аталады. Даму процесі мен оның нəтижесіне əсер етуші жалпы жағдайлар мен жағдаяттар қандай?

Белгілі болғандай, адамның даму процесі мен оның нəтижесі үш өзекті жағдаяттардың бірлікті əрекетімен жасалады, олар –нəсілдік, қоршаған орта жəне тəрбие. Негізге “нəсілдік” деп аталатын адамның тума, табиғи ерешеліктері алынады. Нəсілдік – бұл атадан балаға берілетін тұрақты сапалар мен ерешеліктер. Нəсілдікті тасушы – биологиялық ген (грек сөзі - туындатушы). Организм қасиеттері табиғат жаратқан гендік кодтарда өрнектеліп, белгілі ақпарат күйінде тіршілік өкілі тəнінде сақталатынын жəне бірден бірге ауысып баратынын бүгінгі ғылым дəлелдеп отыр.

Генетика – адам дамуының нəсілдік бағдарлама құпияларын ашып, жариялайды. Адамның нəсілдік бағдарламасы адамды адам кейпінде танытатын жалпы, сонымен бірге əрбір адамның басқаға ұқсамас өзгешілігін білдіретін айрықша детерминатты (тұрақты) жəне ауыспалы бөліктерді өз ішіне алады. Нəсілдік бағдарламаның т ұ р а қ т ы бөлігі адамзаттық ұрпақ жалғастыру жəне адам тегіне тəн нышандарды – сөйлеу, тік жүру, еңбек іс-əрекеті, ойлау, т.б. – қамтамасыз етеді. Атадан балаға адамның сырт-қы белгілері: дене құрылысы, шаш, көз, тері түстері – ауысады. Қан тобы, резус-фактор, ағзадағы ақуыздардың əртүрлі бірігімі қатаң генетикалық бағдарламаға тəуелді түзілген.

Адамның жүйке жүйесі, мінезі, психикалық процестердің өту ерекшелігі осы нəсілдік қасиеттер тобынан. Ата-аналар тəнінде болған жүйке жүйесінің кемшіліктері, олардың арасында психикалық күйзеліс, сырқаттар – патологиялық ауытқулар ұрпақтан-ұрпаққа өтіп отырады. Сондай-ақ, қан аурулары (гемофилия), қан диабеті, кейбір эндокриндік бұзылыстар, мысалы – ергежейлілік, нəсілдік сипатқа ие. Ұрпаққа ауыр зиян келтіретін жағдаяттардың бір тобы – ата- аналардың алкагольдік жəне нашақорлық зиянды əдеттерінен.

Нəсілдік бағдарламаның ауыспалы бөлімі адамға тіршілік жағдайларының өзгермелі шарттарына икемдесіп баруына көмегін тигізеді. Нəсілдік бағдарлама жетілдіре алмаған адамның сапа-қасиеттері өмір бойы жүріп жататын тəрбиемен толықтырылады. Бағдарламаның бұл бөлігін əрбір адам өз бетінше дамыта алады. Осылайша табиғат əрбір адамға өзіндік даму жəне өзіндік жетілу жолымен өзінің адамилық мүмкіндіктерін іске асыруға жол ашады. Сонымен, тəрбие қажеттігі адамға оның табиғатынан берілген.

Балалар өз ата-аналарынан нені мұра етіп алады – ақыл əрекетіне дайын қабілеттерді ме немесе қабілеттерді дамыту үшін қажет, мүмкін болған нышандарды ма? Эксперименталды зерттеулерде топталған деректерді талдау бұл сұрақтарға нақты бір жауап мүмкіндігін берді: нəсілдіктен өтетін қабілеттер емес, тек қана – нышандар. Əулетке өткен нышанның кейін дамуы да мүмкін не қолайлы жағдайлар болмаса, өшіп кетуі де ықтимал. Бəрі жағдайға байланысты: егер адамның нəсілдік бастаулары нақты қабілетке өту мүмкіндіктеріне кез болса жəне тұрмыс шарттары, тəрбиесі, адам мен қоғамның қажеттері орынды үйлесім тапса, нышан қабілет деңгейінен көрінеді.

Барша қалыпты адамдар табиғатынан өзінің ақыл жəне танымдық күштерін дамыту мүмкіндігіне ие, сонымен бірге шексіз рухани дамуға қабілетті. Жоғары жүйке қызметі типтеріндегі айырмашылық ойлау процестерінің жүрісін ғана өзгертуі мүмкін, ал ақыл-парасат əрекеттері деңгейіне олардың ешқандай əсері жоқ. Солай да болса, бүкіл дүние педагогтары нышандардың ақыл ой қабілеттерінің дамуына кедергі де болатынын айғақтайды. Мысалы, маскүнемдерден туған балалардың бас миындағы енжар жасушалар, нашақорларда болатын гендік құрылым бұзылымдары, кейбір нəсілдік психикалық сырқаттар– қабілеттердің орнығуына көп кедергі келтіреді. Шылымкеш ата-аналардан туған балалар өкпе ауруына шалдыққыш келеді.

Ақыл-ой əрекетіне негіз –жалпы нышандармен бірге арнайы нышандар да ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Белгілі іс əрекет түрінде адамды қалыптастырудың бастауы осы арнайы нышандарда. Егер адамға қажетті жағдайлар жасалса, арнайы нышандар ерте жастан-ақ белгілі болады. Мұндай нышандар: əн-күй, сурет өнері, математика, лингвистика, спорт жəне т.б. үлкен маңызға ие.

Дамуға нəсілдіктің, қоршаған ортаның жəне тəрбиенің ықпалына қосымша əсер ететін аса маңызды жағдаяттардың жəне бірі – бұл тұлға іс-əрекеті. Іс-əрекет ұғымы қандай да жұмысты орындау үшін жасаған адам қимыл-қозғалыстарының бəрін аңдатады.

Тарих тұңғиығынан іс-əрекет бабында небір дана бақылаулар бізге дейін жеткен: «балаңның немен жəне қалай шұғылданатынын айтсаң, оның қандай адам болып жетілетінін айтып беремін»; «қаңғыбас болғанның ешқайсысы да, дегеніне жете алмаған»; «қанша тер төксең – сонша емерсің», «адам өз бақытының ұстасы»; «ерте тұрғанның ырысы артық»; «еңбегіне қарай – сый-сияпаты»; «өнерлінің қолы гүл» т.б.

Даму нəтижелері мен іс-əрекет қарқындылығы арасында тікелей байланыс болатыны айдан анық. Бұдан даму процесінің жəне бір жалпы заңдылығы ашылады: оқушы неғұрлым белгілі салада көбірек іс-əрекет жасаса, оның сол саладағы даму деңгейі соншама жоғары келеді. Əлбетте, бұл заңдылықтың шексіз қолданыла беруі мүмкін емес. Ол жағдай əрбір адамның қабілеттеріне, жасына, іс-əрекеттің өзінің қарқындылығы мен ұйымдасуына тəуелді келеді.

Іс-əрекет барысында адамның жан-жақты жəне біртұтас тұлғалық дамуы жүріп жатады, оның қоршаған дүниеге көзқарас, қарым-қатынасы қалыптасады. Таңдалған іс-əрекет көзделген тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал етуі үшін оны қажетті деңгейде ұйымдастыру жəне келелі бағдарлап отыру қажет. Бұл тəрбие практикасында өте күрделі іс. Өкінішке орай, көп жағдайларда осы күрделілік даму мүмкіндіктерін шектейді; кейде тəрбиеленушілер ең қажетті болған жағдаяттарға – қоғамдық, еңбек, таным əрекеттеріне белсенді араласа алмай, енжар бақылаушы күйінде қалып, дайын ережелерді жаттаудан ары өте алмайды.

Балалар мен жасөспірімдердің іс-əрекеттерінің негізгі түрлері – ойын, оқу, еңбек. Бағдары бойынша іс-əрекет танымдық, қоғамдық, спорттық, көркем өнерлік, техникалық, кəсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып ажыралады. Барлық жастағы оқушылардың іс-əрекеттерінің ерекше түрі – тілдесу, қатынасу (ортақтасу).

Іс-əрекет сипаты бойынша белсенді (актив) жəне енжар (пассив) болуы мүмкін. Тіпті, құрттай ғана сəбидің өзі белсенді тіршілік иесі болып көрінгенді қалайды. Ол жасына қарамай үлкендерге, қатарына қандай да талаптар қояды, төңірегіндегі кісілерге, заттарға, болып жатқан оқиғаларға өз қатынасын білдіруге тырысады. Уақыттың озуымен қоршаған орта жəне тəрбиенің ықпалы арқасында белсенділік көтерілуі де мүмкін, кейде төмендеуі де ықтимал. Мысалы, адам көп жұмыс істеуі мүмкін, бірақ іске құлықсыз, көңілі құламай, орындалуы қалай болса, солай – енжар. Əлбетте, мұндай іс-əрекет адамды жоғары нəтижелерге жеткізбейді. Дамудың тиімді болуы іс-əрекеттің белсенділігіне, көңіл-күй жарасымдылығына тəуелді. Адам таңдаған ісіне жан-тəнімен кірісіп, өзіндегі бар мүмкіндіктердің бəрін іске жұмылдырып, өзін кемелденген тұлға ретінде көрсете білуі қажет. Мұндай қызмет адамға қанағат лəззатын əкеліп, шабыт пен қуаттың көзіне айналады. Сондықтан да, іс-əрекеттің маңыздылығы оның өздігінен ғана емес сол əрекетте көрінетін тұлға белсенділігінің деңгейіне байланысты.

Белсенділік оқу барысында шəкіртке тезірек жəне табысты əлеуметтік тəжірибе топтауға мүмкіндік береді. Оның қарым-қатынас, тілдесу қабілеттерін дамытады, қоршаған болмысқа деген көзқарасын қалыптастырады. Баланың ақыл-парасатты дамуын танымдық белсенділік қамтамасыз етеді. Бұл үшін балаға танымдық мəселелерді шешуімен бірге игерілген білімдерді практикада қолдану қажеттігі де тəн болуы тиіс. Себебі еңбектегі белсенділік тұлғаны өзінің рухани жəне адамгершілік дүниесін тез арада жəне тиімді қалыптастыруға ынталандырады, оны көп жəне нəтижелі еңбектенуге бағыттайды.

Белсенділіктің барша көріністерінің негізінде бір ғана тұрақты дерек көзі- қажеттік орын алған. Адам қажеттіктерінің көп түрлілігі оларды қанағаттандыру үшін қолданылатын іс-əрекеттердің де сан қилылығын туындатады. Өсіп келе жатқан адамға белсенділіктің пайдалы бағыттарын көрсетіп, алдамшы қырларын мейлінше бəсеңсіту – педагогтар үшін тұрақты да жəне өте күрделі де міндет. Күрделілігі – адамның жеделдете кемелденуі дəуірінде іс-əрекет қажеттері мен сеп- түрткілері (мотивтері) өте қозғалмалы жəне ауыспалы келеді. Сондықтан, əртүрлі жас сатыларында іс-əрекет түрлері ауысып баруы шарт. Жалпы мектептік тəрбиенің өзгерістер ізімен үлгере орындалуы өте қиын, солай да бола, əрқандай тəрбиелік іс мезетінен бір де кешікпей жүргізіліп, келеңсіз салдардың алдын алып отыруы қажет.

Əрбір адамның өзіндік белсенділігі оның қабілеттері мен дарынының дамуы жəне табыстарға жетуінің міндетті кепілі. Оқушы тəрбиесімен қандай да бір ғажайып тəрбиеші шұғылданбасын, оқушының өз əрекет- ықыласы болмаса, ешқандай нəтиже болуы мүмкін емес. К.Д.Ушинскийдің пікірінше, бала өзі оқуы тиіс, ал педагогтың қызметі – оған игерілуі қажет материалды ұсынып беру, оның оқу процесін басқару. Осыдан, дұрыс қойылған тəрбиеде оқушы педагогикалық ықпалдың тек объекті ғана емес, ол сонымен бірге өз тəрбиесін белсенді өз қолына алған- субъект.

Іс-əрекет сияқты тұлға белсенділігі де таңдамалы сипатқа ие. Тұлғаның дамуы кез-келген əсерден болмайды, солардың ішінде адамның өз қажетіне сай келген, оның тұлғасына жарасымды болған, шынайы болмысқа деген оның жеке көзқарастарына сəйкес ықпал болса ғана, бала дамуы қарқынды жүреді.

Тұлғаның белсенділігі дамудың тек алғы шарты емес, оның нəтижесі де. Қоғамдық белсенді, ынталы, шығармашыл жəне өзі мен төңірегіндегі қатысқан адамдардың бəріне бірдей жақсылық пен қуаныш беретін тұлға қалыптастырушы тəрбие əрдайым өз мақсатына жетіп отырады. Саналы, педагогикалық сынақтан өтіп, ұйымдастырылған оқушы іс-əрекеті белсенділіктің қай түрін де қамтамасыз ете алады. Өсіп келе жатқан адамға толық іс-əрекет мүмкіндігін ашып беру, өз күш-қуатын белсенді қолдануға қажет əрекет тəсілдерімен қаруландыру, тұлғалық ерекшеліктерді жете зерттеу жəне əр тұлғаның болмысындағы табиғаттан берілген нышандар мен дарындылықты мейлінше жайып салу- əрбір тұлғаның даму процесін ақылгөйлікпен бағыттаушы ұстаз-педагогтың өз ар-намысы мен қоғам алдындағы борышы. Сонымен, оқушы дамуының маңызды жағдаяттарының бірі – оның меншікті өз əрекет –қызметі. Мұғалім қаншама жақсы бола берсін, өз үстінде еңбектенбеген оқушы көздеген мақсатына жете алмайды. Əрқандай іс-əрекет оқушы ықылысымен орындалып, шартты түрде белсенді болуы қажет. Орындаған ісінен шəкірт лəззат жəне қанағат табуы лəзім. Белсенді іс ешқашан шаршатпайды.

Сонымен ”Жеке тұлғаның жекелік өсуі“ ұғымының мәні:

О.В.Неширинский:  “Адам өзінің өсіп жетілуі барысында көптеген параметрлер бойынша өзгереді, ол кейбір қасиеттерден арылып, ал кейбір қасиеттерді өзіне алады. Оның бойындағы әрбір іс-әрекеттер әсер ететін мотивтер бірде көбейіп, бірде азайып отырады”.

Н.Л.Иванова жекелік өсу туралы қазіргі кезде зерттеушілердің пікірлерін жалпылай келе мынадай тұжырым жасайды: бұл процесті сипаттайтын жалпы келісілген феномен – “Өзін-өзі дамытуда жеке адам бойындағы өзгерістің позитивті жақтарының көп болуы”.

Адам индивид болып туылады, ал жеке тұлға болып қалыптасады.

А.Н.Леонтьев “Адам өзге адамдармен қоғамдық қатынастар жасай отырып жеке тұлға болып қалыптасады”- деп жазды өзінің еңбектерінде.

Мінез-құлқы, көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әр түрлі адамдарды түсіне білгенде, олардың жақсы қасиеттерін аша білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжірибесінен алынады. Өзгелермен қарым - қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық.

Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз - оны мәдениетке үйрету, білім  беру, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту.

Жеке тұлғаның белгілі бір мәдени ортада болып, оның тұлғалық және танымдық дамутына ерекше әсерін тигізеді. Қалыптасуына қарай жеке, тұлғаның белгілі бір мәдениетінің субьектісі ретінде екі түрлі фактор бар: біріншісі - сол халықтың мәдени ерекшеліктері, екіншіден - танымдық процестері, темперамент, мінез-құлқын сапалы түрде танып ажырата білу.

Әлеуметтік жеке адамды әсер етуші субъект ретінде қарастырады. Әлеуметтену процесінде ие болған жекелік қасиеті, әлеуметтік бағдары бір орында тұрып, қатып қалған жоқ, бірақ жеке адам нақты топта, шынайы әлеуметтік ортада үнемі түзетулерге ұшырайды.Шынайы, нақты топтың ролі өте күшті, маңызды орын алады.

Адам баласының мінез-құлықтық айналасындағы адамдарының тұрмыс қалпы, іс-әрекет, қылықтарының көрінісі болып табылады. Өйткені қоғамда өмір сүрген индивид қай уақытта болса да физикалық жағынан басқа адамдармен қатынаста болады. Сол адамдар арасындағы қатынас уақыт пен кеңістік аралығында күрделі немесе көп қырлы болып келеді.

Адамдар қандай да болмасын, әлеуметтік мәртебеге ие индивидтен өзіне тиісті міндет пен нақты мінез-құлықты күтеді. Мысалы: мұғалім мәртебесі – оған дәрісті жақсы ұйымдастыру, өз пәнін жақсы білуді, тындаушыларына сұрақ қоя отырып қызықтыруды, жастар үшін тәрбиенің үлгісі болуын, жоғарғы мәдениеттілікті , т.б. талап етеді.

Әлеуметтік қатынастың объектісі ретінде тұлғаның өзін ұқсастыру процесінің 3 түрі бар:

1) Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату;

2) Өзін белгілі бір әлеуметтік топқа ендіру;

3) Нақтылы әлеуметтік топқа, ұжымға жатамын деген сезіммен өзін соларға қосу.

 

 

Сурет 1 – Тұлғаның өзін ұқсастыру процесінің түрлері

 

 

Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иеленеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни, белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Әлеуметтік рөл адамның үлкен топтың өкілі ретінде қоғамдағы орны. Жеке мәртебе индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің бағалауы мен қабылдауына байланысты болады.

Адамның - тұғалық жетілу үрдісі, сана мен өзіндік санасының бөлінбейтін конпоненті ретінде қалыптасуы тұлғаның даму үрдісі. Тұлға саналы субъект ретінде қоршаған ортаны ғана емес, сонымен қатар айналасындағылармен қатынаста өзін де түсінеді. Тұлғаны өзіндік санасымен «менін» бөлмей қарастырған жөн.

Сана өзіндік санадан, «мен»-нен туындамайды, керісінше өзіндік сана тұлға санасы мен оның дербес субъект ретінде даму барысында дамиды. Практикалық және теориялық іс-әрекеттің субъектісі боларда, оның «мен»-і сол үрдісте қалыптасады.

Өзін түсініп және «Мен» ұғымының қалыптасуы, заттарға және ситуа-цяларға қатынасы оның оқу іс-әрекетіне, еріктік сферасына, болашақ өмірлік жолының анықталуына септігін тигізеді.

Өзіндік сана үрдісін зерттеуге арналған көптеген жұмыстар бар. Ол зерттеулер екі топқа бөлінген сұрақтар аумағында шоғырланған. Б.Г.Ананьев, Л.И. Божови, А.Н. Леонтъев, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Спиркин И.И. Чеснокова еңбектерінде өзіндік сананың дамуы туралы сұрақ тұлға дамуының мәселелері контексінде жалпы теориялық және әдіснамалық тұрғысынан талданған. А. Бодалевтің зерттеулерінде әлеуметтік перцепцияға бағыттталған басқа адамдарды және өзін тануға байланысты сұрақтарға қызығушылық танытқанын көруге болады.

И.С. Конның еңбектерінде философиялық, жалпы және әлеуметтік- психологиялық, тарихи-мәдени аспектілер, теориялық мәселелер мен нақты эксперименталды алынғандарды талдаулары жоғарыда аталған психологиядағы бұрыннан қарастырылып келген сұрақтың жаңа қырлары ашылған.

Сана психологиясына шетел ғалымдарының У. Джеймс (сананың тү-рақты және айнымалы күйлері бар деп түсіндірген), К. Роджерс (тұлғаның өзінің ұғымы мен өмірлік тәжірбиесінін тұрақтылығы конгруэнттік (сәйкестік) мәселелері туралы зерттеулер жүргізген), Р.В. Бернс (Мен-тұжырымы мен өзін-өзі тәрбиелеуге байланысты пікірлер айтқан), Э. Берн еңбектерінде де өзіндік санаға қатысы бар әр түрлі көзқарастар жеткілікті.

Өзіндік сана сананың ең жоғарғы деңгейі. Өзіндік сана - пікірлер мен әрекеттердің қалыптасуына негіз болатын ақыл-ойдың іс-әрекеті. Өзіндік сананы өзі және өзіне қатынасы туралы бейнесі деп анықтауға болады.

А.Г. Спиркиннің пікірі бойынша, өзіндік сана адамның өз әрекеттерін, олардың нәтижелерін, ойларын, сезімдерін, өнегелілік бейнесін және қызығушылықтарын, идеалдары мен қылықтарының түрткілерін (мотивтерін), өзін және өмірдегі өз орнын толық бағалай алуынан көрініс береді дейді.

Өзіндік сана, өзінің «Менін» ұғыну адамның тұлға ретінде жетілуінің нәтижесі. Өзіндік сана тұлғаның әрекеттік қатынас түрінің феноменологиялық түрге айналуының себебі және субъектісі болып танылады. Өзіндік сана жоғары психикалық функциялардың дамуына негіз болады. Өзіндік сана тұтас субъектіге тән және өз іс-әрекетін, айналадағылармен қатынасын ұйымдастыруға қызмет атқарады. Мұны екі кезеңге бөлуге болады:

1) өзінің ерекшелігін басқалардың өзгешеліктерін тану арқылы білу, салыстыру және дифференциациялау;

2)өзін-өзі талдауды қолдану.

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2  - Тұлғаның өз іс-әрекетін ұйымдастыруының кезеңдері

 

 

Адам қоршаған ортаны таниды, сонымен бірге сол ортамен белсенді қатынас арқылы өзін де таниды. Қалыптасу кезеңдерін анықтап, олардағы жаңа мүмкіндіктерді субъект ретінде басқа заттар мен адамдардан өзін айырады; өз бетімен қоршаған ортаға әсер ететін әрекеттерді қарастырады. Бастапқы кезде басқалардың өзі туралы білетіндерінің интериоризациялану механизмінің орны маңызды. Осылай игеріп пайдаланады:

1) құндылықтар, бағалау және өзін-өзі бағалау мөлшері (нормалары);

2)өзінің бейнесі;

3)өзіне қатынасы және ата-анасының ол туралы бағалаулары;

4)басқалардың бағалаулары;

5) қылықтарын басқару (түзету) жолдары;

6)үміттену және талаптану деңгейлері.

 

 

 

Сурет 3 - Басқалардың өзі туралы білетіндерін интериоризациялау механизмі

 

 

Өзіндік сана - индивидтің игерген өзінің қылықтары тұрақты және әлеуметтік құндылықтары үшін жауапкершілік сезімін сақтауға мүмкіндік беретін мәдени феномен. «Объективтік өзіндік сана» тұжырымдамасының аумағында ол ситуацияның талабы бойынша орындалатын қылық пен жасалған қылықты салыстыру, өзі туралы пікірмен қарастырылады.

Адамның өзіндік санасы, тұлға болмысын шынайы бейнелейді. Басқа адамдар туралы адамның практикалық жалпылама қорытындылай алатын білімдері тұлғаның өзіне деген қатынасының басты қайнар көзі болып табылады. Бала өзінің санасы арқылы қоршаған ортадағы басқаларды анық бейнелей бастайды. Оның санасының жалпы дамуына адамдардың бейнесін білу белгілі рөл атқарады. Көргендерін жалпылау үрдісінде ғана, өзінің тұлғасы туралы жалпы білімдер негізінде өзіндік сана қалыптасады.

Сана құрылымы әр түрлі деңгейде болуы мүмкін:

1.Нақты іс-әрекеттің мотивациялануы («идеалды-Мен») ұғымында немесе қазіргі-Мен, «болашақ-Меннің» сәйкес келмеуінен де болады.

2.Мақсатты құрастыруға қатысу.

3.Қандай-да бір әрекеттерге тыйым салу.

4.Айналадағыларға қатынасты себептендіру.

5.Қандайда бір тұлағалық қасиеттердің дамуына әсер ету.

 

 

 

Сурет 4 – Сана құрылымының деңгейлері

 

 

Өзіндік сананың басты құрамдастықтары өзін-өзі бағалау және өзін-өзі реттеу, олар тұлғалық дамуда негізгі орын алады. Психологиялық зерттеулер бойынша тұлғаның өзі туралы пікірін, әрі қарай іс-әрекетінің реттеушісі ретінде қарастыру орынды. Адекватты өзін бағалау мүмкіндіктері арқылы тұлға өз жетістіктерін шынайы бағалауды үйреніп өнегелік дамуға бағытталады.

Тұлғаның өзіндік санасының пайда болуы әйгілі ғалымдардың И.С.Кон және А.Г Спиркиннің еңбектерінде ұзақ мерзімдік зерттеу нәтижесінде талданып, «...тұлға қарым-қатынас және іс-әрекет үрдісінде өзін әлеуметтің мүшесі ретінде ұғынып сананың ұжымдық түрін игереді» - деген тұжырым жасалған.

Өзіндік сана сезімнің ерекшеліктері Б.Г. Ананьевтің, Л.С.Выготскийдің, С.Л. Рубинштейннің пікірінше, баланың өзіндік әрекеттерінің субъектісі ретінде қабылдағанда мақсатқа бағытталған іс-әрекетке зейіні ауысып өз әрекеттерін бағалай алады.

Тұлғаның өзін «Мен» ретінде ұғыну, өзіндік сананың қалыптасуы, ортадағылармен бірге өзін ұғыну - іс-әрекетінің, өздігінен тәуелсіз саналы іске асырылуы және жеткіншектің өзін бағалау үрдісін қалыптасуы оқу іс-әрекетіне берілген баға, даралық сапалар, мінез-құлық басты болып танылады.

Жеткіншек қоршаған шынайылықтан өзін ажырата алатындықтан және соларға әрі өзіне қатынасы өзіндік санасының жемісі ретінде сананың бір жағы болады. Мотивациялық байланыстардың қалыптасуы, жеткіншектің саналы іс-әрекетінің құралы ретінде оның өзіндік анықталуының және қажеттіліктер иерархиясында із қалдырады. Жеткіншекте шығармашылық (креативті) ойлау қабілеті пайда болып, дүниетанымы қалыптасады, өйткені дербес өмір сүру кезеңі ерекше түрде, оның алдына мен не істей аламын, не нәрсеге жараймын, қабілеттері мен бейімділікгері неге сәйкес деген сұрақтар, оны өзі туралы ойланып өзіндік санасын айрықша дамуына жетелейді.

Мұндай саналы өзін анықтау оның өзіндік санасында көрінеді. Өзіндік сана - күрделі психологиялық құрылым. Өзіндік сана:

-   өзінің теңдестігін ұғынуды;

-   белсенді іс-әрекеттің негізінде өз «менін» ұғынуды;

         -өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды;

-өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін
қамтиды. Бұл элементтердің барлығы бірімен-бірі функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты.

 

Кесте 1 - Өзіндік сана құрылымы

 

 

 

Өзіндік сана

қамтиды:

өзінің теңдестігін ұғынуды;

белсенді іс-әрекеттің негізінде өз «менін» ұғынуды;

өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды;

өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін.

 

Өзінің психикалық қасиеттерін ұғыну мен өзін бағалау жеткіншектік кезеңде неғұрлым маңызды орын алады.

Жеткіншек игіліктерге белсенді ие болады, бұлар оның сана-сезімінің жана мазмұнын құрайды, мінез-құлық пен іс-әрекеттің мақсаттары мен себептері, өзіне және басқаларға қойылатын талаптар, бағалау мен өзін-өзі бағалаудың критерийі болады.

 

1.2 ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘСІЛДЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

 

 

Қазіргі білім беру ісі жаңаша бағытта, адам санасын тазарту, оны жоғары деңгейге көтеру үшін жұмыс істеуі тиіс. Ұлы адамдар, данышпандар, ағартушылар, ғалымдар мен жазушылардың барлығы дерлік осы ыңғайда іс атқарған.

Өзін-өзі тану курсы біздің күнделікті өміріміздегі көкейкесті мәселелерді шешуімізге, қарым-қатынас жасауымызға көп көмек көрсетеді. Мінез-құлқы, көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әр түрлі адамдарды түсіне білгенде, олардың жақсы қасиеттерін аша білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжірибесінен алынады. Өзгелермен қарым - қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде

қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де, басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалай қалыптасуға болады ? Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану. Өзін-өзі тану курсы адамгершілік тақырыптарын қамтитын материалдар жинағынан тұрады. Ол студенттің өз ойын жинақтап жеткізуге ғана емес өзін танып, тексеруге мүмкіндік береді. Өзін - өзі тану курсы бір күндік емес, ғұмыр ұзақтығындай жол. Сондықтан бұл пәнде берілген даналардан шыққан ұлы сөздер, би-шешендердің айтқандары біздің өмірімізге бағыт – бағдар береді.        

Адамдар көбіне өзіне жақын адамдармен немесе симпатия тудыратын, ұнайтын адамдармен жақын қарым-қатынас орнатуға бейім келеді. Индивидке  басқа адамның психологиялық мәселесін қарым-қатынас пен толық әсерлесу негізінде қарастыру керек. Психологиялық ғылымда психлогиялық әсер және әсерлесу мәселесінің зерттеулері кең таралған. Олар бір мезетте теориялық әрі қолданбалы болып табылады.                     В.Н. Куликов көрсеткендей, бұл мәселеде толық ғылымның қоғамдық практикасы мен қажеттіліктерінің сұраныстарының негізі жатыр. Топтық әсер және әсерлесу мәселесі - бұл  психиканы  толық және оның жеке бөліктерін өздігінен басқару әдістері психологиялық ғылым өзектілігінің бірі. Психология даму теориясы психиканың бейнелеу формасынан басқа психикалық қалыпына, функциялануы мен дамуына тән білімдер мен әдістерді қамтуы керек. Жеке адам және топ теориясы бұл аталған феномендердің негізін ғана емес, сонымен қатар олардың сөздік және сөздік емес әдістерін және оларды басқару мен өзіндік басқару түрлерін ендірді. 

Мысалы: Ертеде  Фейербах  танымның субектісі сана деп түсіндірді, сана адамға тән рухани құбылыс екен көрсеткен. Ал адам Фейербех  түсінігінен кеңістік пен уақытта өмір сүретін адамға ешқашан  жете алмайды  «адам» деген  абстракциядан   өте алмайды, тек сезім санасындағы «шын, тәні бар, адамды мойындаумен  шектеледі.

Дегенмен таным субьектісі деп жеке адамдарды, топтар мен әлеуметтік топтарды, тұтас тарихи   қоғамды айтуға  болады. Демек, субьект аз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным обьектісі ретінде қарайды. Таным процесі адамның дүниені тануының тарихи қалыптасқан құрылысына, танымның даму дәрежесіне байланысты.

Өзін -өзі тану мен өзін-өзі дамыту өз уақытында қолдау көрсете отырып, кеңес беруді, көмек көрсетуді, өзінің тәжірибесіне немесе өзге адамдардың тәжірибесіне сүйенуге үйрететін оқытушылардың тактикалық сүйемелдеуін қажет етеді.

Өзін - өзі тану дегеніміз не?

Өзін-өзі тану – бұл өзге адамдармен қарым-қатынасын, мінез-құлық ерекшеліктерін, жеке тұлғалық, ақыл-ой ерекшеліктерін, жалпы өзін-өзі тану процесі.

Өзін-өзі   танудың көптеген негізгі маңызды жақтары психологияда ашылады:

  • өзін-өзі тану –  жеке тұлғаның психологиялық денсаулығы мен психикалық хал жағдайын тануы;
  • өзін-өзі тану –  ішкі үндестік пен психологиялық жетілудің әдіс тәсілі;
  • өзін-өзі тану –  жеке адамның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі  жетілдіруінің негізгі жолы.

 Өзін-өзі тану мәселелерінде негізінен гуманистік психологияға ерекше мән беріледі. Мұнда өзін-өзі тану жеке тұлғаның дамуының қажеттілігі, өзін-өзі актуализациялау ретінде қаралады, яғни, өзі кім болғысы келсе, сондай болуға қабілеттілігі, басқалардың айтуымен немесе әлеуметтік ортаның әсерінен болуы  емес (К. Роджерс).

Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әртүрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.

Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізу үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді.

Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” – ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.

Өзін-өзі тану  - бұл өз бойындағы қасиеттерді көре білу, оны жан-жақты анализ жасап қабылдау және бағалай білу. Студенттік жастағы маңызды психологиялық процесс – бұл өзіндік сананың қалыптасуы мен жеке тұлға образының, өзіндік “Меннің” қалыптасуы.

Өзіндік сананың қалыптасуы бірнеше бағытта өтеді:

  • Өзінің ішкі жан-дүниесінің ашылуы – жасөспірім өзінің эмоцияларын сыртқы ортаның әсері деп емес, өзінің  “Мені” деп қабылдай бастайды, басқаларға ұқсамайтын жеке ерекшеліктері, кей кезде жалғыздық сезімі де пайда болады.
  • Өткен уақыттың қайта оралмайтынын, өзінің өмір сүруінің соңы болатынын түсіну пайда болады. Өлімнен қашып құтылмайтынын түсіну - адамды  өмірдің мәнін, өз перспективалары, өзінің болашағы, мақсаттары туралы терең ойлануға итермелейді. Барлығы мүмкін деген армандардан және абстрактылы идеялардан, қол жетпес үлгіден жайлап азды-көпті шындыққа жақын жоспарлар шыға бастайды Өзін--өзі анықтаудың барлық сферасын, яғни, моральды бейне, өмір сүру стилі, мамандық таңдау және өмірден өз орнын таба білуді жеке адамның өзі құрған өмірлік жоспары қамтиды. Өзінің мақсаттарын, өмірлік ұмтылыстарын, өмірлік жоспарын саналы түрде түсіну -  өзіндік сананың басты элементі.
  • Өзі туралы толық көзқарас, өзіне деген қатынас, біріншіден, адамның денесінің, сыртқы келбеті, өз тартымдылығы бағаланады, содан соң моральды-психологиялық, интеллектуальды, еріктік сапалары туралы түсінік қалыптасады. Өзін-өзі бақылау, өзі туралы басқа адамдардың ойы, өзінің мүмкіндіктері мен өз бойындағы қасиеттерін есепке ала отырып және жеткен жетістіктерінің нәтижесінің негізінде адамда өзін-өзі сыйлау, өзіне деген жан-жақты қатынас қалыптасады.

Өкінішке орай, дәл осы осы этаптарда көптеген қателіктер жасалады.  

“Өзін-өзі тану” бағдарламасын дер кезінде ендіру мен қажеттілігі өмір талабынан туып отыр және де барлығы да соңына дейін жеткізіледі деген сенімділік пайда болады.

“Мен кіммін? Мен қандаймын? Мен неге талпынамын?” деген сұрақтарды өзіне қоя отырып, оларға өзі жауап бере отырып  студент:

  1. өзіндік сана - өзі туралы көзқарас, өзіне деген эмоциональды қатынас, өзінің сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, сапалық қасиеттерін, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін білу негізінде өзін-өзі тәрбиелеу өзіндік өсуге мүмкіндік туады деген пікір қалыптастырады.
  2. өзінің жекелік қасиеттерін және ерекшеліктерін өзі бекітеді, өмірдің мәні туралы – бақыт, махаббат, саясат және т.б. туралы өзіндік теориясын құрады және жалпы қоршаған орта туралы критикалық талқылаулар жасап өмірді жаңадан тануға талпынады.

Болашақ мамандардың психологиялық тұрғыдан дайындығының жетілуі студенттердің жеке басының өсуіне байланысты.көптеген психологтар жеке тұлғаны дамыту мәселелерімен айналысады, бірақ жалпы психология мен жеке тұлға психологиясы арасындағы “Жеке тұлғаның өсуі” аспектісі психотерапиялық тәжірибе мен жалпы психологиялық теория арасындағы алшақтықтың себебінен қажетті деңгейде зерттелмеген. Бұл термин күнделікті қолданылатын қарапайым сөздік қорда  “Жеке тұлғаның дамуы” сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Көптеген әдебеттерде “Өзін-өзі жетілдіру”, “Өзін-өзі дамыту”, “Өмірлік жол”, “Жеке тұлға потенциалдарының дамуы” және т.б. түсініктермен кездеседі. Көрініп тұрғандай, әртүрлі терминдермен бір мағыналы сөздер айтылады немесе бір атаумен мүлдем сәйкес келмейтін терминдер кездеседі.

Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы,  құмарлығы, әр түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.

Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізуі үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді.

Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” – ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.

Әлеуметтік жеке адамды әсер етуші субъект ретінде қарастырады. Әлеуметтену процесінде ие болған жекелік қасиеті, әлеуметтік бағдары бір орында тұрып, қатып қалған жоқ, бірақ жеке адам нақты топта, шынайы әлеуметтік ортада үнемі түзетулерге ұшырайды.Шынайы, нақты топтың ролі өте күшті, маңызды орын алады.

Өзін қылықтың субьектісі ретінде сезініп, өзіне қатынасы зейінділік немесе рефлексивтілік қасиетке айналу үшін көп тәжірибе жинақтау қажет. Зейінділікке қабілеттігі өзін-өзі танумен тығыз байланысты. Басқаша айтқанда, «нақты мен ойлаймын, түсінемін және есіме түсіремін» деген қабілеттілігін білдіре, Мен - әрекеттенуші және Мен - рефлексияланған болып екіге бөлінеді.

 

 

 

 

Сурет 5 – Зейінділікке қабілеттіліктің түрлері

 

Адам өзін-өзі бақылауға жиі жүгінбейді, біріншіден, өйткені көптеген қылықтық актілер автоматты түрде басқарылады, екіншіден, адам, өзін-өзі бағалауына көбінесе қанағаттанбайды. Өзіндік сана қажет кезінде ғана орын алады. Мысалы, ереже мен талапт қылықпен сәйкес келмеген жағдайда немесе өзіне зейін қою керек болғанда. Өзіндік сана- мәдени феномен ретінде өз қылықтарының тұрақтылығын сақтауға және индивидтің игерген әлеуметтік құндылықтарға жауапкершілік сезімін басынан кешіруге мүмкіндік береді. Өзін-өзі бақылай алу қабілеті өзінің зейінділігімен, яғни еріктік күш-жігерімен байланысты. Өзін-өзі басқара алу өзіндік сананың өзіне қатынасы, өзін сыйлауы және өзін бағалауы сияқты эмоционалдық құрамдастықтарымен тығыз байланысты. Өзін-өзі бағалау - бір жағынан, өзін тану аумағындағы интегративті жұмыстың нәтижесі болса, екіншіден өзіне эмоционалды құндылық жағынан қатынасы. Өзін бағалау - тұрақсыз шама, ол өркендей келе, әр түрлі болып өзгереді. Өзін бағалау адамға тән, өзі туралы білім және дүниетаным, тәртіптер мен құндылықтардың ұштасуымен дәнекерленеді. Өзін-өзі бағалау көрсеткіші қылықты және іс-әрекеггі басқаратын міндетті атқарады, өйткені адамның қажеттіліктері мен талаптану деңгейлерін оның мүмкіндіктерімен салыстыруға жағдай тутызады және төмендегі қатынастан анықталады:

 


мұндағы Ө. б. - өзін бағалау;

Т — талаптану денгейі;

М - мүмкіндіктердің деңгейі.

Өзін-өзі бағалау өзін-өзі басқаруды іске асырудың «өзегі» бола мотивацияның құрылымына еніп, өзін басқарудың бағыттылығын, құралдарын таңдауды және қылықтың нәтижелі болуын талқылай анықтайды. Барлық ұғынылған қылықтық реакцияларды және жүріс тұрыстарын дифференцияцияланған және адекватгы көрінісі, қылығын басқара алуының жеткілікті дәрежедегі деңгейі, өзіндік сананы тұтастай дамып жетілген дәрежесіне, басқалардың бағалауына емес өзін-өзі адекватты бағалауына және өзін-өзі бағалауға зейінін бағдарлауға сәйкес келеді. Өзін-өзі бағалау - бастапқы кезде басқалардың өзін бағалауының интериоризациясының нәтижесі соңынан эмансипацияланып айналадағылардың бағасынан қылықты ішінен басқаратын зейінділікке біртіндеп ауысады.

Өзін-өзі реттеп басқарудың екі деңгейлі үрдістерін бөліп айтуға болады:

1. Тактикалық нақты қылық актісі үрдісінде өзін басқару айқын уақыт

аралығымен шектеледі;

2.Стратегиялық - мұны өзін ұйымдастыру деңгейі деп атауға болады
- белгілі уақытқа  созылған үрдіс,  тұлғалық өзгеруін  жоспарлауымен, даралы тұтастай бағыттауды қамтамасыздандырып, өзін-өзі тәрбиелеумен
байланысты.

 

           
 

 

 

 

 

Сурет 6 - Өзін-өзі реттеп басқарудың үрдістері

 

 

Мұндай үрдістер өмірлік мотивтерін бір-біріне бағындыруды қамтып, мотивтер иерархиясын ұұрастыруға, даралық және әлеуметтік мотивтер мен рухтық мотивтер арасындағы келіспеушіліктерді шешуге жәрдемдеседі.

Өзіндік сананың әлеуметтік-реттеушілік функциясы ретінде:

-   өзінің теңдестігін ұғынуды,

-   белсенді, іс-әрекеттің негізі ретінде өз «менін» ұғынуды,

-   өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды,

-   өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйелігі қарастырылады.

 

 

 

 

Сурет 7 - Өзіндік сананың әлеуметтік-реттеушілік функциялары

Бұлар бірімен-бірі функциялық тұрғыдан тығыз байланысты.

Л.С. Выготскиийдің анықтамасы бойынша «мазмұны жөнінен өзіндік сана ішкі дүниеге көшірілген әлеуметтік сана-сезім» - болады.

Өзіне зейін қойып, өзі туралы ойлай бастаудың шығуы - жеткіншек жастағы балаларға тән ерекшелік. Өзі туралы пайымдаулардың әлеуметтік-реттеушілік функциясы мынадан айқын көрінеді, жеткіншек. әуелі негізінен өзінің кемшіліктеріне зейін аударып, оларды жойғысы келетінін сезінеді, ал кейін жеке адамның жалпы ерекшеліктеріне зейін аударып, өзінің мүмкіндіктерін, қасиеттерін білуге тырысады.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі, тәрбиелеуді тек нығайтпай, сонымен қатар толықтырады. Негіз ретінде тәрбиелеу үрдісінде қалыптасқан интеллектуалдық және эмоциялық еріктік қасиеттер қызмет атқарады.

Бұл бағдарлама әр оқушының қызығушылығын, жеке қажеттіліктерін талаптарын, қабілеттерін ескермейді. Бірқатар жағдайда өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбиелеу бағдарламасынан озық жүреді. Сонымен тәрбиелеу өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты және негізі ретінде болады. Өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбиелеу бағдарламасын тек күшейтпей, сонымен қатар дамытады.

 

 

 

 БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУДІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ

 

2.1 ОҚУШЫЛАРДЫ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАУ

 

 

Өзін-өзі тәрбиелеу - өзімен жұмыс істеуді бастаған оқушымен жұмыс атқарудағы күрделі үрдіс, осы жағдайда оқушыда сырттан көмек күту мәселесі пайда болады. Оқушы өзімен жұмыс атқаруда өзін тәрбиелеудің нәтижелілігі сырттан беретін көмекке, бағыттылыққа, ұйымдастырушылыққа тәуелді. Мұнда тәуелділік екі жақты. Тәрбиелеу өзін-өзі тәрбиелеу үшін қажетті жағдайлар туғызады, ал өзін-өзі тәрбиелеу өз кезегінде тәрбиелеуді жетістікке әкеледі. Сондықтан бұл құбылыстар әрекеттесіп бір тұтастықпен дамиды. Дәл осыны ескеретін өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырып басқаратын педагог тәрбиеші белгілі нәтиже алады. Бұл жағдайда педагог тәрбиеші өз алдына оқушыларды тәрбиелеуге байланысты белгілі мақсат қоя отырып, дамудың жалпы мақсатымен жұмыстардың жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі тәрбиелеу бойынша міндеттерді ұсынуы қажет.

Көптеген психологиялық-педагогикалық эксперименттердің көрсеткіштері бойынша оқушылардың қабілеттерінің жемістілігі қаншалықты өзін-өзі басқару мүмкіндіктері мен құралдары терең қолданылса, соншалықты өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі нәтижелі болады.

Осы заңдылыққа сүйенсе, келесі принцип орын алады - диалектикалық тұтастық және оқу үрдісіндегі педагог жетекшінің оқушының өзін-өзі басқаруына өту принципі, яғни оның негізінде тұлға қарқынды дамуға мүмкіндік алады.

Осы принципті іске асыру ережелері:

1.   Оқушылардың сырттың көмегінсіз орындай алатын іс-әрекеттерінің бәрін, өз бетінше орындаулары тиіс.

2.   Іс-әрекеттерін психологиялық-педагогикалык басқару жүйесінде жанама және өрбітуші құралдары жетекші орында болуы тиіс, яғни педагог тікелей, оператавті құралдарды қолданса, оқушылардың екпінділігін және шығармашылығын тежейді.

З.Оқушылармен қарым-катынас стилі оқу-тәрбие үрдісінде демократиялық және қайырымды болуы тиіс.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге талаптандыру жеткіншектің қызығушылықтарын, ойларын, құштарлықтарын, психикалық ерекшеліктерін терең білген кезде ғана мүмкін болады. Сондықтан педагог және тәрбиеші оқушыны жүйелі түрде зерттеп танып, олардың дамуын мінез-құлқындағы өзгерістерді байқап отыру қажет. Мұндай әрекет олардың мүмкіндіктерін нақты білуге, әсер етудің бағыттылығын анықтауға және керек кезде көмек көрсетуге жағдай туғызады.

Өзін-өзі тәрбиелеу сипаты және пайда болуы тек әр түрлі жастағы оқушыларда ғана емес бірдей жастағы оқушыларда да бірдей болмайды, ол окушының тек қазіргі уақыттағы өмір жағдайларына, оның іс-әрекетіне ғана тәуелді болмай, оның жалпы жеке басының даму деңгейіне де байланысты болатынын педагог ескеріп, ұмытпауы қажет.

Жеткіншектер, жоғарғы сынып оқушыларына қарағанда өзін-өзі тәрбиелеуде сәтсіздік жағдайларда үмітін үзеді, сондықтан үнемі айналасындағылардан қолдауды қажет етеді. Сондай-ақ жеткіншектің сезімталдығын және осыдан шығатын тез ренжігіштігін, кінәмшылдығын және оның сұраныстарымен, талаптарымен санаспаған, оның ар-намысына тиген жағдайда мойындамауды ескеруге тиісті. Сондықтан педагогтың жеткіншек және жоғары сынып оқушысына қатынасы - тұлғаға мүмкіндігінше көбірек сый көрсету, мүмкіндігінше оған көбірек талап қою принципіне жауап беруі қажет.

Өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыру және басқару кезінде педагог үнемі оқушылардың жеке ерекшеліктерін және ұсыныстарын ескереді.

Педагог мүмкіндігінше әр оқушының алдында тұрған мәселелерді зерттеп және әдептілік сақтап оған өзін-өзі тәрбиелеудің дұрыс жолын таңдауға көмектесуі қажет. Өзімен жұмыс істеуге болатын негізгі элемент педагог жағынан оқушының коғамдық және оқу іс-әрекетінің бағасы болып табылады. Сондықтан жағымсыз баға, жағымды баға оқушының жұмысын қолдауы мүмкін. Педагогтың әр бағасы жеткіншекті жаңа жетістіктерге итермелейтін жағымды нәтижелер беруге бағытталады.

Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің көп факторларының арасында ең негізгі бір орынды отбасы (жанұя) алады. Тарихи тәжірибе және арнайы бақылау негізінде баланың туылған кезінен мектепке барғанша отбасы жетекші тәрбиелік күш болып табылады деуге болады.

Қиын оқушы көбінесе ішімдік ішетін, ұрыс-керіс және ата-ананың бір - біріне деген қатыгез отбасылар жағдайында өмір сүреді. Бұл жағдайлар балаға зиян келтіретіні айқын.

Отбасында тәрбиелеудің өз қиыншылықтары мен артықшылықтары бар. Артықшылықтары, ол ата-анасы баласын өнегелік-еріктік, эмоционалдық және интеллектуалдық ерекшеліктерін жане олардың пайда болу себептерін жақсы біледі. Сондай-ақ бала мектепке қарағанда өз ата-анасы алдында өзін шынайы ұстайды. Анасы және әкесі, баласына қарап байқап жүрген жағдайда қалыптасып келе жаткан тұлғаның ерекшеліктерін өңдеуге мүмкіндік болады.

Ал қиыншылықтарына келетін болсақ, ол бір жағынан ата-ананың отбасындағы ашық көрсететін мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты, екіншіден, көп ата-аналарда педагогикалық, психологиялық білімдердің және шеберліктердің жетіспеушілігіне байланысты.

Көбінесе ата-аналар балаларды өз басынан өткен тәжірибе негізінде тәрбиелейді. Нәтижесінде дұрыс тәрбиелеудің орнына ісіне, көңіліне қарап еркелетумен шектеледі немесе өте қатал талаптар қояды. Отбасында және мектепте осындай қатынастың нәтижесі өзіне сенбеушілер және өзін кемсітіп сезінуіне алып келеді. Өз қасиеттерін бағаламаған жеткіншек тұйық болады, немесе әдейі бетімен кетеді. Сондықтан отбасында баланы тәрбиелеуді бірінші орында ата-ананын үлгісі, олардың өнегелік бейнесі, бір-біріне және балалардың қатынасы тұруы керек.

Психологиялық-педагогикалық бағалау және өзін-өзі бағалау принципінің іске асу ережелері төмендегідей:

-мотивациялық, интеллектуалдық, үұйымдастырушылық, коммуникативтік және т.б. оқушынын тұлғалық шығармашылық қабілеттерін зерттеу үрдісінде кешенді, жүйелі және тұтастық қатынастарды іске асыру қажет;

-оқушылардың дамуындағы даралық ерекшеліктерін, сонымен қатар ішкі қайшылықтарын және кейбір құрамдастықтарының дамуының біркелкі болмауын анықтап, оны әрі қарай дамыту үшін зерттеу қажет.

Жеткіншектік кезеңде мақсаттылық, дербестік және адамгершілік сезімнің дамуы байқалады. Өзін-өзі тәрбиелеуге көптеген мотивтер мен себептер: кемшіліктерді жойып, сыныптың, әлеуметтің сыйлы мүшесі болу жатады. Мұндай талап-тілектерді іске асыруға тек оқушының тілегі аз. Өзін тәрбиелейтін оқушыларды, мұғалімдер, ата-аналар қолдап, тәрбиелеу тәсілдерін талдап, оларды іске асыруға өз үлестерін қосу қажет.

Педагогикалық практикада оқушының даму деңгейіне байланысты жетістіктерді дер уақытында зерттеп тұру қажеттігі күннен-күнге үлкен маңызға ие болуда. Бұл қажеттік тұлғаның қалыптасу процесін тиімді басқару үшін, ондағы жүріп жатқан өзгерістердің тереңдігін, қарқыны мен ерекшеліктерін білу керектігінен туындаған. К.Д.Ушинский : «Егер педагогика адамды барша тараптан тəрбиелегісі келсе, онда ол сол адамды ең алдымен жан-жақты білуі шарт» -деп өз уақытында диагностиканың нақты оқу тəрбие процесіндегі маңызын баса көрсеткен.

Диагностика (грек сөзі: диа – ашық, айқын жəне гнозис - білу) – зерттелуші объект немесе процесс жөніндегі ақпараттарды күні ілгері алудың жалпы тəсілі. Педагогикалық даму саласындағы диагностиканың мəн-мағынасы, медицинадағы сырқатты күні бұрын анықтаумен бірдей. Диагностика жолымен тəрбие процесіндегі қандай да өзгерістердің белгілері мен себептері, оның сипаты анықталып, ол тəрбиені болашақта дұрыс жолға келтірудің жоспарына негіз береді. Дұрыс орындалмаған диагностика барлық еңбекті зая етіп, алдағы тұрған мақсатқа жетудің кедергісін азайтпақ түгіл, оны асқындырып жібереді. Сондықтан да, даму желісін диагностикалау жоғары мамандық пен жауапкершілікті талап ететін өте маңызды практикалық іс.

Оқушының тəн-дене дамуын диагностикалау қиындық тудырмайды. Бұл үшін бүкіл дүниежүзінде жалпы жəне айрықша сапалардың даму дəрежесін өлшестіруші ерекше тестер (нұсқау-көрсетпелер) қолданылады. Берілген тапсырманы орындауына қарай оқушының қажетті деңгейге, тəн-дене дамуындағы нақты өлшемдерге сəйкестігі анықталады. Алынған деректер жас мүмкіндіктермен салыстырылады.

Рухани, əлеуметтік дамуды диагностикалау үлкен қиындық тудырады. Бұл мақсатта қолданылатын əдістемелер əзірше күрделі, қорытынды дəлдігін қамтамасыз ете бермейді. Диагноз анықтаудың сенімділігін көтеруге орай комплексті тексерістер, антропометриялық, əлеуметтік жəне психологиялық деректер жинақталып, өзара салыстырылады, ал бұл үшін арнайы жабдықталған клиникалар мен зертханалар, дайындықты мамандар қажет. Нақты педагогикалық практикада мектеп психологтары мен мұғалімдері тұлғаның жекеленген қасиет-сапаларын анықтауы мүмкін, бірақ мұндай зерттеулердің нəтижесіне негіздеп, даму құрылымдарына жалпы баға беріп болмайды.

Оқушылардың дамуындағы кейбір ерекшеліктерді диагностикалау-дың қарапайым əдістерін үйреніп алу кəсіби педагогикалық дайындықтың аса маңызды шарты. Мектеп мұғалімдерін аса қызықтыратын жəйттер – оқушылардың ақыл-ой əрекеттерін, мінез-құлық сеп- түрткілерін, қажетсіну деңгейін, көңіл-күй шабытын, əлеуметтік бітістер дамуы мен т.б. маңызды сапаларын күні ілгері байқастыру. Аталған сапаларды зерттеудің кең тараған əдісі - бұл тестілеу.

 

 

 

2.2 «МЕН» БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ӨЗІНДІК БАҒАЛАУДЫҢ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

 «Мен» бейнесі адамның әлемдік бейнесін жасайтын болмыстық форма мен сфера ретінде туынды сипатқа ие болады. Жасөспірімдердің «мен» бейнесі өзіндік ерекшелік, ал өзіндік сана сезімдері символикалық сипатқа ие болады. Идеалды нақтыланған «Мен» бейнесі бір мифологиялық табиғатқа ие болады. Миф ұғымы «Мен» бейнесі, тұлғаның өмірлік стратегияларын біріктіруге мүмкіндік береді. Өзіндік бағалау агрессиялық мінез-құлыққа белгілі бір өзгешеліктер әкеледі және көп жағдайда тұлғааралық өзара әрекеті, ішкі әсерленулер мен эмоциялық реакцияларды, өзіне және басқаларға не оң, не теріс қатынасты жасайды.

Өзіндік бағалау процесі субъективті агрессивті мінез-құлықтың шешуші дитерминанты не қарсыласатын, не оны жандандыратын ішкі міндетті нормативті стандарттарды реттейді. Агрессия сферасын анықтайтын нормативті стандарттарды адам дағдыланған әрекеттермен реттемейді. Жасөспірімдер қоғамда өтіп жатқан процестерді өзіне лайықты болатындай қабылдап, оған тез бейімделіп, соған сәйкес мінез-құлықтың стереотиптерін қалыптастырады. Өзіндік сана тұрғысында жасөспірім өзін қоғам мүшесі ретінде ұғынады және қоғамдық мәнді позицияларда нақтыланады. Жасөспірімдердің конфликтілігі және «Мені» бір жағынан болмыста энергетикалық қуатты өзіндік көрінуге ұмтылуынан тұрса, басқа жағынан белгілі бір таңдаумен іс амалдарға жете қоймаған тәжірибесіздігінен тұрады.

Жасөспірім жасында өзіндік бағалаудың негізгі функциясы: іс-әрекетін мінез-құлықты реттеу болып табылады. Мысалы: «мен қандай ақылдымын» деп ойласа, қоршаған ортаға сенбеген қатынаспен қарағандай болып табылады. Адекватты емес күмәндануларда жасөспірім өзінің адамгершілік қасиеттерін өзі айтып, басқа адамдарды менсінбесе, қоршаған орта да оған негативті тұрғыда қарайды.

Жоғары өзіндік бағалау болған кезде жасөспірімдердің шектен тыс ренжігіштік мінездік қырын көруге болады. Реніш-сезім, яғни бұл қоршаған орта оған әділетсіз түрде қараған кезде көрінеді. Шын мәнінде бұдан да басқа көріністер көрініп жатады.

Ал өзіндік бағалауы төмен жасөспірімдер қарым-қатынаста қандай қиыншылықтармен қақтығысады? - Өзі туралы көзқарасы өзгереді, мен бақытсызбын, әдемі емеспін, жолым болмайды деп санайды, мұндай жағдайларда көбінесе мінез акцентуациясының педанттық типі жатады және мазасызданудың деңгейі жоғары болатын балаларға тән құбылыс. Олар сонымен қатар көңіл күйдің төменгі күйін қалыптастырады.

Зейін бір анықтама бойынша, - бұл психиканың бағыттылығы {сананың белгілі объектілер мен құбылыстарға, субъекттің іс-әрекетіндегі қажеттілігіне, мақсатына және міндеттеріне). Басқа анықтама бойынша: сананың шынайылықтың кейбір (жекелік немесе ситуациялық мәні бар) жақтарына шоғырлануы. Алғашында зейінді зерттеу апперцепция ұғымын зерттейтін аумаққа енген. "Апперцепция" ұғымы жалпылай қарағанда шынайылықты қабылдаудың бұрынғы тәжірибеден, адамның психикалық іс-әрекетінің жалпы мазмұнынан және оның даралық қабілеттіліктерінен тәуелдігін білдіреді. В. Вундт зейінді қабылданатын мазмұнды анық мағыналығын және бұрынғы тәжірибенің тұтастық құрылымдығының интеграциялануын қамтамасыз ететін үрдіс ("шығармашылық синтез" деп атаған) ретінде талқылаған. Өзінің ғылыми зерттеулерінде ол зейін мен сананың ара қатынасын және сана мазмұнын ұйымдастыруда қандай функцияларды орындайтынын анықтауға әрекеттеніп, мұны "перцепция" және "апперцепция" деген ұғымдардың ара қатынасы арқылы қарастырған. Перцепция деп қандай-да бір мазмұнның санаға ену үрдісін айтады. Апперцепция - бұл зейіннің белгілі бір объектіге шоғырлануы, яғни қандай-да бір мазмұнның сана өрісіне енуі.

Зейін басқа психикалық үрдістердің құрамында солардың бірлігі немесе факторы ретінде деген тұжырым да болды. Мұнымен келіспейтіндер, зейін актісінің мазмұны ресми зерттеуге ыңғайлы мүмкіндіктер тудырады деп санайды. Когнитивтік психологияда психиканың ақпаратты өңдеуде тұтастық үрдісті ұғынумен қатар, зейіннің болуы бұрыннан адамның ішкі тәжірибесінде айқын факті ретінде қарастырылған. Зейіннің нақты күйі түрлі өтуі мүмкін: күш салуқызығутаңқалубелсенді болу және т.с.с. Зейін мотивтермен де тығыз, әрі үздіксіз байланыста: біз шынайылықтағы құ-былыстардың өзекті қажеттіліктерімізді бейнелейтін жақтарына шоғырланамыз. Зейін әлемді тануда және адамның қылықтарын реттеуде басты рөл атқарады.

Зейіннің физиологиялық негізі ми қызметінің жалпы белсенділігін және мидың ерекше бағаналық құрылымы - ретикулярлық формацияның қарқынды қозуымен енжардан белсенді сергектікке көшуді қамтамасыздандырады; мұндай құрылымның белсендірілуі, өз кезегінде, бастағы ми қыртысының қабілеттілігін көтеруге жетелейді. Ретикулярлық формацияны "іске асыратын механизмдер" ішінде бағдарлы рефлекс қоршаған ортадағы кез келген күтпеген өзгерістерге ағзаның туыла берілген шартсыз рефлекторлы реакциясы ретінде орын алады. Әсердің осындай механизміне бағына, қандай-да бір іс-әрекетті орындауда, мысалы хат жазуда, терезенің арғы жағынан шыққан қатты дыбысқа ырықсыз зейін аударамыз. Стимулдың екі параметрі бағдарлы реакцияны тудырады: жоғары қарқындылығы және жаңалығы.

Сол сәттегі зейіннің таңдамалығын И.П. Павловтың ашқан жүйке үрдістерінің индукция заңы арқылы түсіндіріледі. Индукция заңының психологиялық мәні қандай-да объектіге немесе іс-әрекет аумағына зейіннің шоғырлануы жанама, яғни, субъекттің өзекті қажеттілігі мен міндеттеріне сәйкес келмейтін бәсекелесті белсенділікті және сыртқы әсерлерді аңғармауды талап етеді. Эксперимент бойынша таңдамалықты белсендіруді қамтамасыздандыратын ретикулярлық формация.

И.П. Павловтың ілімінен туындайтын қорытындыларға сәйкес, академик А.А. Ухтомский жаратылыстану ғылым тұрғысынан адамдарды қоршап тұрған дүниеден сезім мүшелері (көз, құлақ, тері және т. б.) арқылы миға түрлі тітіркендіргіштер әсер етеді, осының нәтижесінде мида қозу алаптары пайда болады. Бұл қозулардың арасында өзара "талас" басталады, соның нәтижесінде жеңіп шыққан қозу алабы үстем. Ол жеңілгендердің күшін өзіне тартып алады да, қуаттана түседі. Осындай дәрежесі басым үстемдік алған қозу алабын А.А. Ухтомский доминанта (лат. Оотіпапя - үстемдік) деп атады.

Зейіннін физиологиялық болмысын түсіндіруде А.А. Ухтомскийдің ұсынған доминанта принципінің маңызы зор. Бұл принцип бойынша, мида барлық уақытта жетекші қозу ошағы, сол мезеттегі миға түсетін барлық жүйкелік импульстарды өзіне тартып, өз "билігін" күшейтеді. Психологиялық тұрғыдан доминанта зейіннің таңдамалы бір ғана тітіркендіргішке шоғырланып, басқаларын елемеуінен көрінеді. Мысалы, әрең естілетін сылдырға, адам дыбыс бағытына қарай басын бұрады, және сонымен қатар арнайы бұлшық ет құлақтың пердесін тартып, оның сезімталдығын күшейтеді. Өте қатты дыбыс, құлақ пердесінің тартылуын керісінше босаңсытып, ішкі құлаққа дыбыс толқынының берілуін нашарлатады. Зейіннің жоғары кезіндегі, демалудың тежелуі немесе тоқтауы да сезгіштіктің жағдайға сәйкес болуына мүмкіндік туғызады.

XIX ғасырдың соңында орыс психологы Н.Н. Ланге зейінді тұлғаның ерікті үрдістерімен салыстырып "ерікті зейін" теориясын құрастырды. Ол зейінді "қабылдау шартын лезде жақсартатын ағзаның мақсатқа сәйкес реакциясы" деп анықтады. Зейіннің өту актісін Н.Н. Ланге үш фазаға бөлді: бірінші алғашқы қабылдау; екінші қабылдауды жақсартатын реакция; үшінші өздігінен жақсартып қабылдау. Ол зейін туралы тұжырымдарды келесіше топтады:

1.  Зейін - қозғалыстық бейімделудің нәтижесі. Бұл тұжырымды басшылыққа алатындар,   бұлшық  еттің   күшінсіз  зейін   іске   аспайды   деген  болжамды ұстанады.   Мұнда   қозғалыстар   сезім   мүшелерінің   стимулға   және   жақсы қабылдауға тиімді бейімделуін қамтамасыздандырады.

2.  Зейін - сана аумағының шектеулігінің нәтижесі. Сана аумағы шектеулі болғандықтан, рухтық өмірдің динамикасымен сипатталатын қарқындылығы жоғары елестер, қарқындылығы төмендерін басып немесе ығыстырып отырады.

3.Зейін - эмоциялардың нәтижесі. Бұл теория бойынша зейін қандай-да бір эмоционалдық күйгеен тәуелді.

4.Зейін  - апперцепцияның нәтижесі,  яғни өзекті қабылданатын үрдіспен субъектің бұрынғы тәжірибесін байланыстыру.

5. Зейін - рухтың ерекше және өздік белсендігі. Бұл теория бойынша зейін тек алғашқы қабілеттілік ретінде, яғни басқа психикалық феномендер арқылы түсіндірілмейді.

6. Зейін - жүйкелік қозу күшінің нәтижесі. Бұл теория тұрғысынан, зейін орталық жүйке жүйесінің белгілі бөлімдерінің қозуынан пайда болады.

7. Зейін - жүйкелік қысымның нәтижесі. Санада бір мазмұнның басқасымен салыстырғанда   басым   болуы,   зейін   актісіндегі   бір   жүйкелік   үрдістің басқаларынан басым немесе оларды тежеп, ерекше шоғырлануы байқалады.

Бала өмірінің алғашқы айларында ырықсыз зейіні бар екені байқалады. Бастапқыда бала тек қана сыртқы тітіркендіргіштердің әсеріне реакция білдіреді, әсіресе олардың тез әрі күрт өзгерулеріне қарай. Сондыктан бұл кезеңде ырықсыз зейіннің қарқынды дамуы орын алады. Ырықты зейіннің пайда болып қалыптасуын баланы тәрбиелеу үрдісінде байқауға болады. Айналадағы адамдар, баланың қалағанын ғана істеп емес, сонымен қатар істеуге тиісті міндеттерді де орындауына үйретуге тиісті. Тәрбиелеу нәтижесінде олар қойылатын талаптарға зейін аударады, және біртіндеп, қарапайым түрде болса да саналы әрекеттер жасай бастайды. Мектепке дейінгі жастағы балаларда ырықсыз зейінмен қатар өсе келе ырықты зейін де көрінеді. Ырықты зейінді дамытуда ересектердің балаға беретін тапсырмаларының әсері бар. Әдетте балаға берілетін тапсырмалардың бәрі бірдей қызық бола бермейді, яғни бала олардың бәріне бірдей ықылас қоя бермейді. Бірақ ересектер тарапынан болатын қатынастың түріне қарай, бала тапсырманы қызық болмаса да орындап шығады. Мұндай жағдай баланың ырықты зейінін дамытады. Орындалуға тиісті тапсырманы қызық болмаса да іске асыру балаларда бірте-бірте шыдамдылық, ұқыптылық, тұрақтылық қасиеттерін қалыптастырады.

Бастауыш мектеп жасында баланың зейіні біртіндеп ырықты түріне кеше бастайды. Бұл жаста олардың ырықсыз және ырықты зейіндері ауыспалы жағдайда болады. Бала зейінінің кейбір қасиеттері дами түседі. Ырықты зейінін дамытуда мектептегі оқу үрдісінің рөлі ерекше орында. Оқу іс-әрекетінде баланың тәртіптілігі, тұрақтылығы және өзінің қылықтарын бақылай алу қабілеттері қалыптасады. Ырықты зейіннің дамуы белгілі кезеңдермен өтетіні ескерілуі тиіс. Бірінші сыныптағы сабақтарда бала қылықтарын толық бақылай алмайды. Оның ырықсыз зейіні әлі де болса жетекші орында болуы ықтимал. Баланы қызықтыру мақсатында оқу материалын түсіндіру мүмкіндігінше көрнекілікті болса зейіндерін басқаруды қамтамасыз етеді. Біртіндеп, мақсатты танымдық іс әрекет үрдісінде, баланың зейіні жоғары дәрежеге дами бастайды. Олардың зейіні осы жасқа дейінгі жалпы психикалық, дамуына да байланысты. Мектепке қабылданған балалардың жалпы дамуы мен психикалық дамуы барлығында бірдей дәрежеде емес. Зерттеулердің көрсеткіштерінде баланың психикалық дамуының деңгейі үйінде және балалар бақшасында алған тәлім-тәрбиесіне тығыз байланысты.

Жеткіншектер мен жасөспірімдердің зейіндерін зерттеуде негізгі қасиеттері ретінде оның бөлінуі мен тұрақтылығы қарастырылады. Жеткіншек (5-9 сыныптар) жасындағылардың зейіні тәлім-тәрбиенің нәтижесінде бұрынғыға қарағанда дамыған болады. Жеткіншектердің зейіні келешекке деген саналы қатынастың ықпалымен дамиды. Жеткіншектер арасында кейде зейінсіздері де кездеседі. Мұндай жағдайды түсіну үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болатын кейбір психикалық үрдістермен танысу қажет. Әдетте жеткіншектердің дене дамуы олардың психикалық дамуынан, ой-өрісінің дамуынан біраз озып кетеді. Физиологиялық дамуында түрлі өзгерістер байқалады. Жеткіншек жас жағынан әлі бала болғанымен, ол өзінің мүмкіндігі мен ақылын ересек кісілерден кем деп санамайды. Жеткіншек ересектер тарапынан   болатын   тәлім-тәрбие   жұмысының   нәтижесінде,   тек   өзінің ұнатқанына ғана емес, біртіндеп өзінің қажет дегеніне зейін салуға көше бастайды. Ырықты басқару механизмдерін жетілдіру, жас өскен сайын зейіннің таңдамалылығын арттырады. Жеткіншектердің негізгі тапсырманы қосымша тапсырмалармен салыстырғанда нәтижелі орындаулары жоғарылайды. Бұл зейіннің арнайы таңдамалылығын арттырып, маңызды мәселеге зейінін шоғырландыра алу қабілетінің арасындағы байланысты көрсетеді. Жеткіншек жасы зейіннің барлық қасиеттерінің қарқынды дамуымен ерекшелінеді: тұрақтылығы жоғарылайды, көлемі артады, ауысуы мен бөлінуі жақсарады.

Жасөспірім жастағы (9-11 сыныптар) оқушылардың зейіндерінің ерекшелігіне келсек, бұлар болашақ мамандықтарын таңдауларына байланысты, оқу уақытын үнемді пайдаланып, сабақтарда зейінін басқара алады. Жасөспірімдер болашақ мамандығы арқылы өмірмен жақындасады, белгілі мамандық алуға талпынады. Сондықтан оқыту мазмұны тәжірибеге негізделіп, терең құрылса, олардың ынтасы артып, зейіні күшейеді. Біраз уақыт өткен соң, баланың зейінді болуы дағдыға айналып, ол оқушының тұрақты қасиеті болып қалыптасады.

Орта ересектік 41-46 жас аралығында зейін функцияларының ең жоғары даму деңгейлері болатыны әйгілі. Ес функциясының ең төмен деңгейде болуына қарамастан, бұл жасқа келген адамның белсенді оқуға және өздігінен білімін жетілдіруге, танымдық іс-әрекетке мүмкіндіктері сақталған. Сонымен орташа ересек жасына келген адамдарда психофизикалық функцияларының салыстырмалы түрде төмендегені байқалады. Бірақ, олардың іскерлігіне жоғарыдағы аталған жайт әсер етпейді — жұмысқа және шығармашылық белсенділігі толығымен сақталады.

Л. Шоемфельд пен В. Оуэнстің лонгитюдтік және жас аралық әдістерін бірлестіре қолданып жүргізген зерттеулер көрсеткіштерінде вербалды-логикалық функциялар, алғашқы оптимумға ерте жастық шағында жетіп, 50 жасқа жеткенше дамуы мүмкін, 60 жасқа таяғанда ғана біртіндеп төмендейді. Жас ерекшелігі аралығын ескере зерттейтін әдістердің нәтижесі бойынша жалпы интеллектуалдық белсенділіктің мүмкіндіктері 18 ден 60 жасқа дейінгі аралықта тұрақты күйде болатынын көрсетеді. Даралық модификациясын және генетикалык байланыстарын ескере жүргізілген лонгитюдтік әдістер бойынша 18 ден 50 жас аралығында интеллектуалдық дамудың күрт жоғарылайтыны, содан кейін біртіндеп индекстерінің шамалы төмендейтіні байқалды.

Кеш ересектік уақытты 60-тан 75-ке дейін геронтогенез, немесе қартаю уақыты деп атайды. Зерттеушілердің басым көпшілігі бұл кезең адамның 60 жасқа толғаннан басталады деп есептейді. Кейбір зерттеулер әйелдерде бұл кезең 55-тен, ал ерлерде 60-тан деп жорамалдайды. Бұл жасқа келген адамдарды үш топқа бөледі: ересек жастағылар, кәрі жастағылар және ұзак өмірсүретіндер. Мұндай сараптаулар жалғыз емес.

Л.С. Выготскийге зейін мәселесіне кең өрісті ғылыми жолдармен қарау тән, ол адам болмысының тарихымен ұштастырып зейіннің біртіндеп дамуына байланысты екі "негізгі жолды" атады: біріншісі, зейіннің тарихи даму жолы; екіншісі, зейіннің мәдени даму жолы. Оның зейін мәселесін дамытуда маңызды ғылыми жетістігі: зейін мәселесіне әлеуметтік және генетикалық тәсілдерді қолдануы. Ол ырықты зейінге жағдай жасап сөйлеу функцияларының бағыттылығын кеңейту: зейінді дамытуда сөйлеудің рөлі және зейінді ойлау қабілетімен біріктіре түсіндіруді басшылыққа алған. А.Н.Леонтьев, Л.С.Выготскийдің психологиялық тұжырымдамаларынан туындайтын жайларды жалғастырды, әсіресе зейіннің сатылық дамуы мен ынталандыру құралдарына балалардың зейініне эксперименталды зерттеулер негізінде назар аударды.

К.Д. Ушинский "Адам тәрбие пәні ретінде" атты еңбегінде зейін психологиясын талдауда жекелік ерекшелікті ескеретін тәсілді ұстанған. Ол әрекетті психологиялық негізде зерттей отырып, зейіннің ғылыми жаратылысын түсіндіру барысында өз уақытының физиологиялық білімдер жетістіктерін ескеріп, тұжырымдары психологиялық дидактикалық тұрғыдан бағалы болды. Н.Ф. Добрынин негізгі тұжырымдамасын құрастыруда зейін мен іс-әрекеттің арақатынасын зерттеп талдаудың маныздылығын түсіндірді. Д.Н. Узнадзе зейін туралы тұжырымдамасын екі жоспарлы, психикалық іс-әрекетпен "импульсивтік" және "жанама түрде" сипатын жіктеді. Бірінші сипаты зейіннің міндетінсіз, ал, екіншісі оның тікелей қатысуымен өтетінін анықтады.

Оқу-тәрбие үрдісін, әсіресе өзін-өзі тәрбиелеудің жолын ұйымдастыруда оқушылар зейінінің қасиеттерін зерттеу арқылы қойылған мақсатқа жетуде даралық жас ерекшеліктерін ескере отырып кешенді түрде қарастыру қажет. Зейінді тәрбиелеу оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына тікелей тәуелді. Сабақ, немесе өз бетімен атқарылатын жұмыс түрлендіріліп, мотивациялы және қызықты етіп ұйымдастырылса, оқушының зейінді болуына септігін тигізеді. Оқуды практикамен тығыз байланыстыру міндеттері, қолданылатын оқыту, тәрбиелеу әдістемесін жаңа талаптарға сай жетілдіре түсу қазіргі білім саласының   талабы.   Бүгінде   инновациялық   мүмкіндіктерді   оқу-тәрбиелеу үрдісіне пайдалана білу педагогтан дайындықты қажет етеді. Сабақ өткізудің белсенділік принципі мен зейінді тәрбиелеу мүмкіндіктері арасында тығыз байланыс байқалады Оқушының өзін-өзі тәрбиелеуі ата-ана, педагог-психолог және ұжымның көмегін талап етеді. Олардың тарапынан педагогикалық және психологиялық көмек дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі нәтижелі әрі жемісті болады. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін орындауда оқушыны тәрбиелеуге және оның өзін-өзі тәрбиелеуге қолданылатын әдістерді көпөлшемді қатынаспен іске асыруды талап етеді (2-кестені караңыз).

 

Кесте 2 - Тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу әдістерінің жіктелуіне көпөлшемді қатынас

Субъективті-

объективті қаты-

настар (кім кімді тәрбиелейді)

Жетекші мақсат

(міндеттер)

Үрдісті басқарудағы жетекші

функциялар

Тәрбиелеу

Өзін-өзі

тәрбиелеу

Тәрбиелеу

Өзін-өзі

тәрбиелеу

а) тәрбиелеу әдіс

тері (педагог тәр-

биелейді)

ә) өзін тәрбиелеу

әдістері     (тұлға

өзін тәрбиелейді)

ақыл-ойды

тәрбиелеу

әдістері

өнегелілікке

және еңбекке

тәрбиелейтін

әдістер

ақыл-

ойын өзі

тәрбиелеу

әдістері

өзін өнегелі-

лікке және

енбекке

тәрбиелейтін

әдістер

Педагогикалық

басқару

әдістері:

1) мақсат қою

2) жоспарлау

3) ұйымдастыру

4) қолдау (сти-

мулдау)

өзін басқару

әдістері:

1) мақсат қою

2) жоспар

3) өзін

ұйымдастыру

4) шоғырлану

5) релаксация

6) өзін бақылау

б)тұлғаны ұжымда тәрбиелеу әдістері   (ұжым   тәрбиелейді)

1)ортаның пікірі;

2) ұжым дәстүрі;

3) бәсекелестік

4) қарым-қатынас;

5) жақсы үлгілер;

6) талапты жоға-

рылату,    міндетті

күрделендіру және

тапсырмалар;

7) мадақтау және

ескерту (жазалау)

әлеуметтік-

саяси

тәрбиелеу

әдістері

дене шынық

тыру әдістері

эстетикалық

тәрбиелеу

әдістері

тәрбиелеу

әдістері

өзін әлеумет-

тік-саяси

тәрбиелеу

әдістері

денесін өзі

шынықтыру

әдістері

өзін эстети-

калық

тәрбиелеу

әдістері

өзін тәрбие-

леу әдістері

5) релаксация

6) бақылау

7) мелшерлеу

8) есепке алу

9) педагоги-

калық талдау

10)түзету

7) мөлшерлеу

8) есепке алу

9) өзін талдау

10) түзету

 

 

Психологияда зейін қасиеттерін зерттеу күрделі ғылыми дәстүр ретінде қолданылады. С.Л. Рубинштейн, Н.Ф. Добрынин, Ф.Н. Гоноболин, И.В. Страхов, П.Я. Гальперин және т.б. еңбектерінде зейін қасиеттерінің табиғаты, ара-қатынас байланыстары, іс-әрекеттегі арнайы көріністері, жеке адамның ерекшелігімен байланысы жете талданады. Қазақстанда зейін қасиеттерінің тұлғалық қасиеттерді дамытуға атқаратын міндеттерін және оқушының өзін-өзі тәрбиелеуге байланысты мәселелердің ғылыми бағыттарын Ж.Ы. Намазбаева т.б. ғалымдардың теорияларынан байқауға болады.

Шоғырлану - іс-әрекетті бір затқа, объектіге жұмылдыру дәрежесін сипаттайды. Егер зейіннің шоғырлануы жеткіліксіз болса, сана тәрбиелеуге тиісті нәрсені шала қамтиды, толық игермейді.

Зейіннің маңызды сипатының бірі — тұрақтылығы болып табылады. Өзін-өзі тәрбиелеуде іс-әрекеттің нәтижелі болуына зейін тұрақтылығының рөлі өте жоғары. Зерттеу барысында зейіннің тұрақтылығы жағынан жоғары ұпай жинақтаған оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеулері де жоғары екені байқалады.

П. Я. Гальперин (1974), өз зерттеулерінде ырықты зейін жоспармен, яғни алдын ала құрастырылған үлгімен бақылау формасы ретінде іске асырылатын зейін деген қорытынды жасады.

Сыналушының іс-әрекетіне байланысты зейіннің ырықты және үйреншікті түрлерін, яғни зейіннің бөлінуі, ауысуы сияқты қасиеттерін зерттеген Н.Ф. Добрынин, И.В. Страхов, О.Ю. Ермолаева т.б. еңбектерін негізге ала отырып, біздің зерттеулердің барлығында стандартталынған, зерттеудің мақсаттарына сәйкес сынақтар шкалалары қолданылды. Өзін-өзі тәрбиелеуді эксперименталды зерттеудің бағыты - кейбір психикалық үрдістер мен функциялардың көрінісімен сипатталады. Мұнда зейінді эксперименталды зерттеу ауқымды ақпарат береді. Ол тек даралық ерекшеліктерді ғана емес, адамдағы жетекші зейін қасиеттерінің - шоғырлануы және бөлінуі немесе зейіннің ауысуы мен тұрақтылығы арқылы оқушының өзін-өзі тәрбиелеуін реттеуші ретінде көрсетуге болады. Зейіннің тұрақтылығы - адамның табандылығының көрсеткіші десек, зейіннің тұрақтылығын эксперименталды зерттейтін әдістемелер қандай да бір табандылықты анықтауға, ал сыртқы тітіркендіргіштерге зейіннің бөлінуін зерттейтін әдістемелерді ұстамдылықты анықтауға пайдалануға болады (3-кестені қараңыз).

 

Кесте 3 – Тәрбие үрдісіндегі жетекші әдістері мен тәсілдері

 

Тәрбие үрдісінде

ынталандыру

Өзін тәрбиелеуде

тұлғаның

жинақылығы

Тәрбиелеудегі

релаксация

әдістері

Өзін тәрбиелеу-

дегі релаксация

әдістері

Стимулдау

(қолдау) әдістері:

1. Іс-әрекеттін

нәтижелігіне

және әлеуметтік

және жекелік

маңыздылығына

сенім туғызу

2. Міндеттері мен

тапсырмаларына

талап деңгейін

көтеру

3. Мәселелі ситуа-

цияны жасау

4. Дискуссия

ситуациясын

жасау

5. Өнегелі

ситуацияны жасау

6. Рөлдік қатынас

ситуациясын

жасау

7. Мадактау және

ескерту

Шоғырлану

әдістері:

1. Іс-әрекеттің

Нәтижелігіне

және әлеуметгік

және жекелік

маңыздылығына

өзінің сенімін

туғызу

2. Міндеттері мен

тапсырмаларына

талап деңгейін

көтеру

3. Мәселелі

ситуацияны жасау

4. Дискуссиялы

ситуацияға қатысу

5. Өнегелі

ситуацияны шешу

6. Рөлдік ситуа-

цияға қатысу

7. Өзін мадақтап

және ескерту

1. Тәрбиеленуші-

лердің зорлану-

ларын жеңілдетуге

сендіру

2. Міндеттері мен

тапсырмаларына

талаптарды төмен-

дету

3. Психикалық

зорлануды ығыс-

тыратын ситуация

туғызу

а) Функционалды

музыка қолдану

ә) Арнайы позаны

қолдану арқылы

мысалы «ат жүр-

гізушінің»

б) маңыздылығы

төмендеу іс-әрекет-

терге ауысу т.с.с.

4. Гипноз

1 .Тәрбиеленуші-

лердің зорлану-

ларын жеңілде-

тетініне сендіру

2.Міндеттері мен

тапсырмалардың

қиындықтарына

талаптарды төмен-

дету

З.Өз бетімен пси-

хикалық зорлану-

ды ығыстыру:

а)Функционалды

музыка қолдану

арқылы,

ә)Арнайы позаны

қолдану арқылы

мысалы «ат жүр-

гізушінің»

б)Маңыздылығы

төмендеу іс-әре-

кеттерге ауысу

т.с.с.

4.Аутогенді жат-

тығу

 

 

 

Зейінді анықтағанда  сананың санаулы объектіні қамтитынын: бірнеше әсердің, бірін анық, қалғандарын анық емес қабылдайтынын ескереді.

Сондықтан сабақта белсенділік принципін қолдана отырып, оқушыларға білім берумен ғана шектелмей, сонымен қатар олардың зейінін тәрбиелеу қажет. Осыған дейін білім алу, дағдылану үрдістерімен бірге зейінді тәрбиелеу мәселелері оқыту әдістемесіне қойылатын талап қатарына енгізілгенімен ғана шектелмейді. Оқыту әдістемесіне қойылатын тағы бір негізгі талап - оқушылардың зеректігін, ойлай білетін қабілетін дамыту. И.П.Павловтың ілімі бойынша, бұрынғы болған қозуды теріс өзара индукцияның күшімен тежелту үшін, мұғалімнің сөзі, қолданатын әдісі оқушыларға ықпал етіп келген әсерден басым болуы керек. Өйтпесе мұғалім оқушылардың қозуын басып, олардың зейініне ие бола алмайды. Оқушылардың сабақ басталар кезінде зейінді болуы, мұғалімдер сыныпқа келмес бұрын жоспарын алдын ала ойлап, сабақ беру әдістерін түрлендіріп, қызықты өткізуінен тікелей туындайды. Оқыту жұмысы және оның ішінде зейінге ие болу мұғалімнің шығармашылық қабілетін талап ететін іс екені белгілі. Негізгі мәселе - әрбір айтылған ереже тек тиісті жерінде қолданғанда ғана іске пайда келтіреді. Зейінді ұйымдастыру үшін ескеретін мәселенің бірі - сыныптағы бір оқушының зейіні басқа оқушылардан тәуелділігі. Егер сыныптағы оқушылардың көпшілігі тәртіпті, зейінді болып, олардың ішінде тек бірен-сарандары ғана тәртіп бұзса, бұларға әдетте еркіндік берілмейді, олар амалсыздан бірте-бірте тәртіпті және зейінді бола бастайды. Мұғалім әрбір оқушыны жеке байқап, одан зейінді болуды талап ете отырып, алдымен өзі балаларға зейінді болғанда мақсатына жете алады. Психологиялық білімдер мен нұсқаулардың мектеп тәжірибесіне енгізулерді талқылағанда педагогтардың психологиялық тұрғыдан мамандануының жеткіліксіздігі байқалады. Мектеп психологының негізгі міндеті педагогикалық психология ғылымының жетістіктерін мектеп тәжірибесіне енгізумен байланысты. Психолог-практиктер өз жұмыстарын ұйымдастыруда, нақгы әдістемелік материалдарға және т.с.с. көмектерді қажетсінуде. Өкінішке орай өзіміздің ана тілімізде осы айтылған мәселелерге байланысты материалдар кемде кем. Бала және педагогикалық психологияның ғылыми жетістіктерін, білім беру жүйесінде жүзеге асырудың өнімділік жолының бірі мектепте психологаялық қызмет атқаруды жеткілікті деңгейге көтеру.

Даралық-типологиялық ерекшелік негізінде зейінді дамыту мүмкіндіктері педагогтарға оқушылардың жеке басына тән қасиеттерін ғылым негізінде терең зерттеу арқылы бұл қасиеттердің бір түрін екінші түрінен ажырата білу және осыған сәйкес алуан түрлі педагогикалық әдістер қолданып оқушылардың зейініне ие болуға әрекеттену мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі. Сабақта оқушылардың зейінін ұйымдастыру үшін, қолданылатын әдістер темперамент типтеріне, мінез-құлықтарына сәйкес болғаны тиімді. Жұмыста даралық-типологиялық ерекешелік негізінде зейінді сипаттау орын алады.

Оқыту барысында балалар білімді, іскерлік және дағдыны меңгереді. Білімді меңгерудің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Оны толық меңгеруге барлық жағдай тек қана мектептерде жасалады. Оқу ici мазмұнының ерекше өзгешеліктері бар: оның нeгiзгi белгісі ғылыми жаңалықтap, ғылым заңдар мен соларға сүйенетін практикалық міндеттерді шешудің жалпы тәслдерін құрайды. Тек оқыту ісінде ғана ғылыми білімдерді және соларға сәйкес іскерліктерді ілгеpi негіздеп  басты нәтижесі ретінде байқалады.

Оқу іс-әрекетінің белгілі бip құрылымы болады. Оның құрамдас бөліктері мыналар: 

1) оқу ситуациялары (немесе міндеттері);

2) оқу әрекеті;

3) бақылау;

 4) бағалау.

Гальпериннің анықтаған оқу әрекетінің  әр сатысына жеке тоқтап өтейік.

Оқу ситуацияларының ерекшеліктері. Оқу ситуациялары бірқатар бөліктермен      сипатталады.      Біріншіден,      мұнда      оқушылар балалардың қасиеттерін бөліп  алудың немесе нақтылы тәжірибелік қабілеттердің  кейбір  кластарын  шешудің  жалпы  тәсілдерін  игеретіндіктен, осы тәсілдердің бейнелерін қайта жасау оқу жұмысының мысалы ретінде келтіреді.

Нақтылы-тәжірибелік міндеттер тікелей өмірлерінің мазмұны болады және мәнді нәтижелерге сүйенеді.   

Оқушылар оқу әрекеттерінің ерекшеліктері. Оқу ситуацияларында оқушы  жұмысы   түрлі    ic-әрекеттерден   құрылады.   Олардың арасынан оқу әрекеттері ерекше орын алады. Оқушылар оқу міндеттерін оқудың жалпы әдістері үлгілерінің және оларды қолдану шарттарын қостаудың жалпы тәсілдерін қайта жаңғыртып игереді. Бұл әрекеттер ақыл-ойды дамыту шеңберінде де  орындалады. 

Эксперименттік зерттеудің нәтижесін өңдеуде алғашқы (бірінші) статистикалық берілгендер тәсілі пайдаланылады: іріктелген арифметикалық орташа мәні (эксперименттегі психологиялық қасиеттің орташа бағасының көрсеткіші) дисперсия деп аталады. Ол іріктелген жиілік арасындағы таңдамалы стандартты ауытқулардың орташа арифметикалық мәндерін сипаттайды. Мұндай есептеулер көрсеткіштердің көмегімен эксперименттен алынған нәтижелерді математикалық тұрғыдан бағалау үшін пайдаланылады. Алғашында берілгендерді өңдеуде жиі қолданылатын орталық тенденцияның өлшемін - іріктелген арифметикалык шаманың орташа X мәнімен анықталды. Орташа арифметикалық іріктелген мәні  бастапқы  шамаларды  біртіндеп  біріктіру  арқылы  есептеледі.  Ол қосынды санды жалпы алынғандардың N санына бөлу арқылы төменде келтірілген теңдікпен анықталады

 

 

мұндағы Σ - сандық көрсеткіштердің қосындысы,

N,Х1 -іріктелген топтар саны.

Нәтижелердің өлшемдік өзгергіштері, кейбір шаманың орташа арифметикалық аумағында шашылу дәрежесін сипаттаушы ретінде, дисперсияны және таңдамалы стандарттық ауытқуларды есептеу келесіше жүргізілді:

1.Орташа арифметикалық (О.А.) шама (X) есептелді.

2.Әр өлшенген (X) нәтиженің ауытқуын (О.А.) табамыз

Х=Х1

3.Іріктелген нәтиженің таңдамалы орташа мәнін квадраттаймыз

Х ^ 2

4.Әр нәтиженің ауытқу квадратының қосындысын табамыз

[Х ^ 2]

5.Ауытқу квадратының қосындыларын, жалпы іріктелген топтардың
N санына беліп, дисперсия шамасы Д табамыз

 

 

   Д =

ΣXt

N

 

6.     Квадрат түбірінен дисперсияны шығарып іріктелген мәндердің

стандарттық ауытқуын анықтаймыз

S = Д

         7. Эксперименттік әдістеменің дұрыстығын тексеруге және дәлелдеуге екінші (қайтара) статистикалық өңдеу әдістемесі, яғни Х2 – критерий («хи-квадрат критерий»)көрсеткіштері пайдаланылды.

         Эксперименттерге Шымкент қаласының №18 жалпы білім беретін орта мектептің 8-9 сынып оқушылары қатысты. Эксперимент барысында 10 ұпайлық көлемінде анықталған сыналушылардың зейін қасиеттерінің көрсеткіштері анықталды.

Мысалы, 1-ші экспериментке қатысқан екі сыналушы - 9 ұпай, он бір сыналушы - 8 ұпай, он сыналушы - 7 ұпай, төрт сыналушы - 6 ұпай жинаған. Онда Рк= 2, 11, 10, 4 топтарына бөлінген сыналушылардың жиілік мәндеріне ие болады. Экспериментте 10 ұпай көлемімен анықталып, сыналушылардың зейін қасиеттерінің ұпайлық көрсеткіштері матрица (эксперименттің) деректерінен алынады. Мұнда экспериментке қатысқан сегіз сыналушы - 10 ұпай, он үш сыналушы - 9 ұпай, бес сыналушы - 8 ұпай, бір сыналушы - 7 ұпай жинаған, ал  - 6 ұпай жинаған ешкім жоқ.  Онда Vк = 8, 13, 5, 1 топтарына бөлінген сыналушылардың жиілік мәндеріне ие болады. Бостандық дәрежесінің саны m - 1=4-1=3 Осы анықталған мәндерді пайдаланып X2 критерийінің деңгейі анықталады.


 

X2 -ның эксперименттік есеп мәні кестедегі мәнінен көп болғандықтан және жіберілген қате 1% -дан аз болады деп қабылдағанда эксперименттің нәтижелік жорамалы орындалды деп есептеледі.

Зерттеу жеткіншек жасындағылардың құндылықтары: өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы және бүгінгі жағдайлардың талабына байланысты өзін-өзі басқару және өзін-өзі бақылау ерекшеліктерін ескере ұйымдастырылды. Зерттеуде зейін қасиеттерінің шоғырлануын, тұрақтылыгын анықтап, соның нәтижесінде сыналушылардың іскерлік және іс-әрекеттерінің нәтижелік коэффициенттерінің мәні анықталды. Зерттеу барысында білім жүйесіне кейінгі кездерде психологиялық іс атқару бағыттарының енуіне байланыста, олардың да мүмкіндіктері ескерілді. Зерттеудің сыналушылары: Шымкент қаласындағы №18 жалпы білім беретін орта мектептің 9 «Ә» сыныбынан - 27 оқушы, 9 «Б» сыныбынан - 20 оқушы және 8 «Ә» сыныбынан - 26 оқушы, 8 «Г» сыныптарынан - 25 оқушы.

Зерттеу барысында қыздардың белсенділігі және жауапкершіліктері ұлдармен салыстырғанда жоғары болады.

Зейіін қасиеттерін зерттеу таным үрдістерінің динамикалыц сипаттамасы ретінде танылды.

Кестедегі тұрақтылар: 1-3 минут, сыналушылардың бланкімен жұмыс істеуіне берілген уақыт, Ж=9 (әріптер тізбегінің жол саны), 8=35 (әріп жолдарының арасындағы сөздердің саны). Эксперименттің кестедегі есептеу көрсеткіштері бойынша сыналушылар дұрыс жауаптарының ұпайлық мәндері бойынша - 4 топқа бөлінді. Топтардың орташа жинаған ұпайлары Б = 7,5; Зейіндерінің шоғырлануының орта мәні Ш = 7,9; тұрақтылығы Т = 7,8; дұрыстык (іскерлік) Д = 0,65; жұмыстарының өнімділігінің орта мәні Ө =22,8  (4-кестені қараңыз)

Кесте 4 — Окушылардың іске қабілеттігі мен іс-әрекетінің нәтижелілігінің зейін қасиеттеріне тәуелділігі

Сыналушы-лардың

топқа жіктелген сандары

%-дық көрсет-кіштері

Дұрыс жауап-тары

ның көрсет-кіштері

Зейіннің шоғыр-лануы

Зейіннің тұрақты-лығы

Іске кабілеттігі Іск.қ.

Іс-әреке-тінің нәти-желігі

Н.к.

2

8

9

12

9,5

0,8

28

11

41

8

8,3

8,4

0,7

24,5

10

38

7

6

7,2

0,6

21

4

13

6

4,8

6,2

0,5

17,5

Σ127

Σ100

Б = 7,5

111 = 7,9

Т = 7,8

Іск.қ=0,65

Н.к.=22,8

Ескерту: Шымкент қаласындағы №18 жалпы білім беретін орта мектептің 9 «ә» сыныбынан 27 оқушы экспериментке қатысты

Сонымен біздің зерттеуіміздің жорамалы зейін қасиеттерін арнайы әдістеме құрастырып анықтауға болатыны жайлы, соның негізінде сыналушылардың жетекші іс-әрекетінің кейбір жағына қатынас жасай, зейін қасиеттерінің әр түрлі деңгейде екені айқындалады. Эксперименттің барысында қарастырылған зейін қасиеттері — таным үрдістерінің динамикалык сипаттамасы. Мұндай касиеттерді сандық мәні арқылы бағалап және соның негізінде дифференциялдық диагностика жасау мүмкіндіктері айқындалады. Бұл дегеніміз - арнайы әдістемелер мен тәсілдер көмегімен адам зейінінің қасиеттерінің даму деңгейін белгілеуге болады деген ұғым туғызады.

Шымкент қаласындағы №18 жалпы білім беретін орта мектептің сынып оқушылары зейіндерінің тұрақтылығы ұзақ мерзімді бақылаудан да көрінеді.

Сонымен зерттеулердің нәтижесі зейіннің шоғырлануы, тұрақтылығы және басқа да қасиеттерінің келесі себептермен анықталатынын көрсетті.

-адамның  жекелік  физиологиялық   ерекшеліктерімен,  оның  жүйке
жүйесінің қасиеттерімен, осы сәтгегі организмнің жалпы күйімен;

-писихикалық күйлермен (қозу күші; тежелу күші және т.б.);
   -мотивациямен салыстырылады (іс-әрекетке қызығушылықтың

жоқтығы немесе керісінше болуы, оның адамға маңыздылығы);

-іс-әрекеттің атқарылуының сыртқы жағдайлары (ауа, температура,
салыстырмалы ылғалдылық, жиһаз, сынып тақтасы т.б.).

Сыртқы тітіркендіргіштер жоқ жағдайда, зейін тұрақтылығы жеткілікті дәрежеде болады. Ал сыртқы тітіркендіргіштердің көп болғаны зейіннің тұрақсыздығын және толқуын, тербелісін күшейтеді. Өмірде зейіннің жалпы тұрақтылығының сипаты осы айтылған факторлардың үйлесімділігімен анықталады.

Жалпы балалардың зейін қасиеттерінің дамулары қазіргі әлеуметтік жағдайлардың деңгейімен айқындалады.

Зерттеу нәтижелерін салыстырмалы түрде талдасақ, зейін қасиеттерінің даму деңгейі жағынан нақты сандық мәнімен дәлелдейтін кестені және соның негізінде құрастырылған қорытынды гистограмма ұсынылды. (1-суретті, 5-кестені караңыз).

Кесте 5 - Зейін қасиеттерінің даму деңгейі

Мекен-жайы, Шымкент қаласы № 18 мектеп

Сыналушылар саны

Ұ

Ш

Т

І

Н

9 «ә» сынып

27

7,5

7,9

7,8

0,65

22,8

8 «ә» сынып

26

5,5

4,7

5,1

0,4

14,6

9 «б» сынып

20

4,0

3,3

3,2

0,25

8,9

8 «г» сынып

25

4,5

3,5

3,7

0,30

10,7

Ескерту: Ұ - сыналушылардың ұпайлық көрсеткіштері, Ш -  зейіннің шоғырлануы,  Т- зейіннің тұрақтылығыІ - іске қабілеттілік коэффициенті, Н - іс-әрекеттің нәтижелік коэффициенті

 

Бұл жерде жалпы білім беретін орта мектептегі балалардың зейінін ырықты басқара алу дәрежесінің төмендігі, оны шоғырландыруға талаптанбауы және соның жолын білмеуі әңгімелесу арқылы анықталды. Ондағы мақсат - балалардағы зейін қасиеттерін дамытуды кешенді қатынас жолымен ұйымдастыру.

 

 

Сурет 8 - Оқушылардың іс-әрекеттерінің нәтижелік коэффициенттері

 

Сонымен біздің зерттеуіміздің жорамалы зейін қасиеттерін арнайы әдістеме құрастырып анықтауға болатыны жайлы, соның негізінде сыналушылардың жетекші іс-әрекетінің кейбір жағына қатынас жасай, зейін қасиеттерінің әр түрлі деңгейде екені айқындалады. Негізгі мақсат зерттеуге қатысқан сыналушылардың мектептерде қызмет атқарып жатқан психологтың жұмыс үрдісіне дәнекерленіп зейіндерінің қасиеттерін зерттейтін экспериментті талдау. Эксперименттердің нәтижесінде сыналушылардың тілектері, яғни мүмкіндіктері осындай талап қояды.

 

 

2.3 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУЫ МЕН ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ТРЕНИНГТЕРІ

 

Сыналушылардың талаптану деңгейін бейімделген Шварцвандер әдістемесі көмегімен анықтадық.

Өзін-өзі бағалау - жеке адамның өзін, өзінің мүмкіндіктерін, қасиеттерін және басқа да адамдар арасындағы орнын бағалауы - сөзсіз бұл жеке адамның негізгі қасиеттеріне жатады. Дәл осы айналадағылармен қарым-қатынасы, сыншылдықты, өз-өзіне талап етушілікті, сәтсіздіктермен жетістіктерге қатынасын белгілейді.

Өзін-өзі бағалау сынақ (тест) сұрақнама көмегімен анықталады. Бұл сұрақнама 32 пікірден тұрады, ол пікірлерге 5 жауап нұсқалары берілген, олардың әрқайсысы 0-ден 5 ұпайға дейін сәйкес.

Кесте 6  - Өзін-өзі бағалау деңгейі

 

Өте жиі

5 ұпай

Жиі

3 ұпай

Сирек

1 ұпай

Еш уақытта

0 ұпай

 

 

Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау үшін барлық 32 пікір бойынша ұпайлардың жиынтығы анықталады. 0-ден 25-ке дейін ұпай шамасы өзін-өзі бағалаудың жоғары деңгейде екені мәлімденеді, бұл кезде адамға «өзін төмен бағалау кешені» ауырлығын түсірмейді, басқалардың ескертулерін дұрыс түсініп және өз іс-әрекетінде сирек күмәнданады. 26-дан 46-ға дейінгі ұпай шамасы өзін бағалау орташа деңгейде екенін дәлелдейді. Мұндай кезде адам «Өзін-өзі төмен бағалау кешенінен» сирек зардап шегеді және кейде басқалардың пікіріне бейімделуге тырысады.

46-дан 128-ге дейінгі үпай шамасы өзін бағалаудың деңгейінің төмендігін көрсетеді, Бүл жағдайда сыналушы оған арналған сын ескертулерге қатты көңіл аударып, басқалардың пікірімен санасуға тырысып «өзін төмен бағалау кешенінен» жиі зардап шегеді. Эксперименталды зерттеу жұмысы Шымкент қаласындағы №8 мектептің 8 «ә» (26 оқушы) және 8 «г» (25 оқушы), 9 «ә» (27 оқушы), 9 «б» (20 оқушы) сыныптарында оқушылардың өздерінің келісімімен өткізіліп келесі 1-кестеде зерттеу нәтижелері бейнеленді.

 

Кесте 7 - Оқушылардың талаптану деңгейлерін зерттеу нәтижесінің көрсеткіштері

 

Сынып

Сыналушылар саны

ТД көрсеткіші

Көрсеткіштер көлемі %

8 «ә»

26

15/11

70,4

8 «г»

25

13/12

48,3

9 «ә»

27

21/6

81,2

9 «б»

20

15/5

84,1

 

Талаптану деңгейі (ТД)=5 және одан жоғары - шындыққа сай емес жоғары, ТД=3+4,99 - жоғары, ТД=1+2,99 - орташа, ТД= -1,49+0,99 - төмен, ТД= -1,50 және төмен - шындықка сай емес төмен. Талаптану деңгейі, сыналушы ұмтылатын оларға жету оқушыны қызықтыратын және мүмкін болып көрінетін мақсаттардың қиындық дәрежесімен сипатталады. Талаптану деңгейіне өмірлік жолдағы және нақты іс-эрекеттегі сәттілік пен сәтсіздіктердің динамикасы кері әсер етеді, Адекватты талаптану деңгейлері болады (адам өз алдына өзі жете алатын мақсаттарды қояды, олар оның қабілеттеріне және мүмкіндіктеріне сәйкес келеді) және адекватты емес: аса көтерілген (жете алмайтын мақсаттарта талаптану) және аса төмендетілген (жеңілдетілген мақсаттарды таңдайды, одан көп қабілеті болса да). Сыналушының өзін-өзі бағалауы адекватты болған сайын, оның талаптану деңгейі де адекватты болады.

Талаптану деңгейі аса көтерілмеген оқушылар өз қабілеттерін және мүмкіндіктерін асыра бағалап, әлі келмейтін тапсырмаларды алып жиі сәтсіздікке ұшырайды. Талаптану деңгейі жоғары, бірақ шындыққа сай келетін оқушылар үнемі өз жетістіктерін арттыруға, өздігінен жетілуге, күрделі мәселелерді шешуге, қиын мақсаттарға жетуге ұмтылады. Талаптану деңгейі орташа адамдар өз жетістіктерін, қабілеттіліктерін және күрделірек мақсаттарға көшуге ұмтылмай, орташа қиын мәселелерді нақты, табысты шешеді. Талаптану деңгейі төмен немесе шындыққа сай емес төмен сыналушылар өте жеңіл және қарапайым мақсаттарды таңдайды; бұл мыналармен түсіндірілуі мүмкін:

а) өзін-өзі төмен бағалау, өз күшіне сенбеу;

б)«әлеуметтік қулықпен», яғни өзін сыйлаумен қатар, оқушы қоғамдық белсенділікпен, қиын және жауапты  істерден және  мақсаттардан қашқақтайды.

Жеткіншектік жас қарама-қайшылыққа және толқынысқа толы, сондықтан мұғалімдер және ата-аналар тарапынан көп зейін аударуды талап етеді.

Тренинг сабақтарын жүргізгенде ескеріп отыратын бірнеше ережелер мен принциптер болады. Солардың арасынан негізгі принциптерді бөліп көрсететін болсақ:

1.Өзара әсер диалогизациясы принципі, яғни қарым-қатынастағы тұлға аралық теңдік, қатысушылардың өзара силасуы мен бір-біріне деген толық сеніміне негізделген. Егер топта біреуі немесе бірнешеуі басым болса, онда қарым-қатынас диалогқа тән қасиеттерді жоғалтады, да монологқа ауысады. Бұл тренинг табиғатына қарама-қайшы келеді және тренингтің өту барысын қиындатады.

2.Тұрақты кері байланыс принципі, яғни қатысушының өзі туралы информацияны барлық іс-әрекетінің нәтижелерін талдап отырған басқа топмүшелеріне ұдайы алып отыруы. Кері байланыс арқылы адам келесі қадамдарына коррекция жасауға, сәтсіз қарым-қатынас тәсілін жаңаға ауыстыруға, оның қоршаған ортаға әсерін байқауға мүмкіндік алады. Ол үшін қатысушының басқаларға солар туралы пікірін айтуға және өздері туралы пікірлер тыңдауға барлық жағдайлар жасалуы керек. Осындай арнайы саналы түрде ұйымдастырылған кері байланыс максималды дамыту эффектісін береді.

3.Өзін-өзі диагностикалау принципі, қатысушылардың өзін-өзі ашуына, өздерінің жеке маңызды проблемаларын анықтап, түсіне алуға көмектеседі. Тренинг мазмұнында адамға өзін, өз тұлғасының ерекшеліктерін тануға көмектесетін жаттығулар қарастырылады. Топтың әр мүшесінің белгілі бір шешеім мен оны жүзеге асыруды талап ететін түрлі жағдайларда өзін көрсете білуіне көмектесу керек. Бұған вербальды қарым-қатынас тәсілі емес, практикалық әрекет көмектеседі.

4.Интеллектілі және эмоциялы сфералар гармонизациясы принципі, бір жағынан тренингте жоғары эмоциялы қатысушылар болған жағдайда ол шынайы өтеді. Бұл ашықтыққа бағыттап, топ мүшелерін сенімге, ізгілікті қарым-қатынасқа жетелейді. Ал екінші жағынан, болған жағдайларды талқылау кезінде интеллектілі аналитикалық процестерді ынталандырады. Мұндай әрекеттің формасы – барлық тренинг бойы қолданылатын топтық дискуссия.

5.Дамытуды оңтайландыру принципі, жүргізушіден нақты диагностика, бөлек қатысушылар мен толық топтың белгілі бір психологиялық күйінің квалификацияланған констатациясы, сонымен қатар шарттарды оптимизациялау мақсатында болып жатқан іске белсенді түрде араласуын көздеу. Арнайы жаттығуларды қолдану арқылы жүргізуші қатысушылардың өзіндік дамуына түрткі беруі, олардың барлық күшін керек арнаға бағыттауы керек.

6.Барлық тренингке, жеке сабақтар мен жаттығуларға өз еркімен қатысу принципі, әрбір тренингке қатысушының жұмыс барысындағы өзгеруінетабиғи түрде ішкі қызығушылығы болуы керек. Тұлғаның позитивті өзгерістері мәжбүр ету кезіндепайда болмайды, оны талап етудің де қажеті жоқ.ъ

7.Топтың тұрақты құрамы принципі, егер тренингтік топ жабық болып тұрақты құрам болып, жаңа адамдар қосылып отырмаса, онда топта топ мүшелерінің ашылуына әсер ететін ерекше процестер пайда болады, тренингтік топ өнімді түрде жұмыс істейді. Топтың қалыптасу принципі туралы сұрақтар аса маңызды болып табылады. Жұмысқа қатысу үшін ең қолайлы жас 16 мен 40 жас деп есептеген. Оның құрамына мектеп жасындағыларды да қосуға болады. Бірақ бұл үшін жүргізуші тренингтен кейінгі психологиялық көмек пен жүріс-тұрысына коррекция жасау мақсатында қатысушылармен контакт жасауға мүмкіндігі болуы керек. Мектептерде практик-психолог қызметінде жұмыс істеп жүрген педагог мұндай мүмкіншілікке ие. Өзіндік тренингпен алғаш рет айналысушыға кішкентай топпен /10-12 адам/ жұмыс істеген қолайлы. Белгілі бір тәжірибе жинақтаған соң қатысушылар санын 30-40 адамға дейін көбейтуге болады.

8.Ену принципі, сабақ ұзақтығы жұмыс басында айқындалуы керек. Оларды жүргізу тәжірибесі толық түрде негізделген қорытындыға дәйек береді: өте ауқымдыэффектіге ірі уақыт блоктарымен жұмыс істегенде ғана қол жеткізуге болады, 3-4 сағат енумен, кейде бұдан ұзақ кезең бойына. Бұл қатысушыларды “елітуге”, олрдың ұзақ үзілістен кейін толық процестерге эмоциялы енулеріне көп уақыт кететіндігімен байланысты. Қосарланған сабақты аптасына кем дегенде бір рет өткізген жөн.

9.Бөлектену принципі, бұл жағдайда қатысушылардың сөздерін бөтен ешкім естіп қоймауы шарт. Егер жүргізушіге аудио немесе видео жазбалар қажет болса, топтың барлық мүшелерінен рұқсат сұрауы қажет. Тренингтік жаттығулар мен тапсырмалардың үлкен бөлігі осы материалдармен кейінірек өзіндік жұмыстары үшін арнайы жазылады.

10.Еркін кеңістік принципі, бөлмеде қатысушылардың еркін қозғалуына, шеңбер құруларына, 3-4 және 7-8 адамнан микротоптарға бөлінуіне, оқшаулануына мүмкіндік болуы керек. Тренинг дайындығының негізгі элементі, болашақ ұжыммен алғашқы кездесуі болып табылады.Бұл екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде, міндеттері, мерзімі кездесу ұзақтылығы туралы топтық әңгіме жүргізіледі. Жиналғандар тренингке қатысу немесе қандай да бір себептермен бас тарту сияқты шешімдер қабылдайды. Екінші кезеңде сабаққа қатысуға ниет білдіргендермен жекелеген түрде сөйлеседі.

Тренинг өткізуде принциптерді жүйелі түрде жүзеге асыру, дәстүрлі оқыту әдістерінің (лекция, семинар, көркем әдебиеттерді оқыту) сала жағынан айырмашылығымен қамтамасыз етеді, олар:

1.Белсенділік, әркімнің топ жұмысының нәтижелігіне жауапкершілігі.

2.Топ жұмысына қатысу тұрақтылығы. Әр топ мүшесінің топ жұмысына басынан аяғына дейін үзіліссіз қатысуы міндетті.

3.Топтың тұйықтығы. Топтағы болған оқиға топтан сыртқа шықпауы керек.

4.Ашықтық пен адалдық.

5.“Тоқта” ережесі. Ойынға қатысқысы немесе қандайда бір сұраққа жауап бергісі, шынын айтқысы келмейтін адамның “Тоқта” деп айтуына және ойыннан шығуына болады. 

Тренингтің мақсаты:

  • өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;
  • ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту;
  • ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;
  • қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;
  • өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;
  • коммуникативтік дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру;
  • өзі жайында, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;
  • көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу;

Басқаларды қабылдау, олармен әртүрлі қатынастар жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен-бірі не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз (антипатия, ұнатпау) эмоциялық қарым-қатынас орнатады. Эмоциялық қатынастар іскерлік, ұғымдық, рольдік қатынастарға өз әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда мәдениаралық өзара тренинг жаттығу жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

Тренингті сипаттау

1.Таныстық: Есім және ән. Тренинг мүшелері келесідей тұрғыда өздерін таныстырулары тиіс: әркім өзінің есімі, тегін атайды, содан соң өлең айтады. Ол өлең сол адамның мінезі мен көңіл-күйін толығырақ бейнелейтіндей болуы керек.

2.Мақсаты: Тренингтің барлықмүшелері берілген тренингке қатысу мақсатын және одан не күтетінін дауыстап айтады. Тренинг соңында олармен тағы әңгімелесіп, мақсаты мен күтулерін салыстыруды, не нәрсеге қол жеткізгендерін сұрау керек.

1.Жұмыс тәртібі: Тренинг мүшелері ми шабуылы әдісі көмегімен тренинг барысындағы топтағы жұмыс тәртібі мен ережелерінің нұсқаларын айтады, оны ватманға жазып отыру керек. Бұл топтағы жұмыс өнімді, жайлы болуы үшін жасалады.

2.Энерджайзер: Тренингке қатысушыларды жұмысқа бағыттап ыңғайлау үшін, қозғалыс жаттығулары (разминка) жүргізіледі. Егер де топтағылар бір-бірін жақсы білсе, онда энерджайзер өткізбесе де болады. Немесе “Сыйлық” деген тренинг жүргізсе болады. Яғни, тренингке қатысушылар шеңбер бойына тұрады да, бір-біріне кезекпен кез-келген сыйлық сыйлайды, әрі бұны сөзсіз вербальды емес түрде, ым-ишарамен білдіреді, бірде-бір сөз айтпайды. Ал сыйлық алған адам не сыйлық алғанын көрсетуі тиіс. Себебі, кейбіреулер қандай сыйлық екенін түсінбей қалулары әбден мүмкін.

Тренингті талқылау және нәтижелерді қорытындылау: Барлық қатысушылар шеңбер бойына тізіліп өз  пікірлерін келесі тұрғыда айтып шығады:

  • жаңа не нәрсені білдіңіз;
  • жаңа материал қаншалықты меңгерілді;
  • қатысушылардың мақсаты мен күткендері ақталды ма;
  • тренингтен алған әсері;
  • алынған ақпаратты өмірде қолдануға болады ма.

Тренинг мүшелерінің барлығына тілек және қоштасу: Барлық қатысушылар кезекпен бір-біріне бақыт, сәттілік, денсаулық тілейді, жағымды эмоциялармен қуаттандырады да шеңбер бойымен жүреді. Әрбір адамның қасына тоқтап, оның көзіне қарап тұрып, қолынан ұстап, өз тілектерін айтады. Осылайша қоштасса да болады.

Ұсынылып отырған  жаттығуларда адамдардың эмоциялық дүниесінің ерекшелігі, сонымен қатар эмоциясы мен сезіміне әлеуметтік және психологиялық әсерлер қарастырылады. Тренингтің көмегімен, басқаларадың көзімен қарағанда мен қандаймын, қандай болғым келетінін анықтауға болады. Сонымен бірге өзімен және адамдармен өз қатынасын қалай құру керектігін, адам қоршаған әлеммен қалай өзара әрекет жасайтынын үйренеді және өзіне деген сенімділік, рефлексия дағдысы және тұлға аралық қатынас мәдениеті дамытылады. Жаттығулар барысында адам дәл сол мезетте не сезеді немесе не ойлайды соны айту керек. Адам өзін-өзі ашпаса, өзін-өзі терең танып білуі мүмкін емес. Жаттығулар адамның тұлға ретінде дамуына және өмірде өз әлеуетін   барынша көп қолдануына бағытталған. Олардың  тұлғалық өсуіне ықпал етеді. Әрбір адамның өзін-өзі тануына, ойдағыдай әлеуметтік бейімделулеріне көмектеседі және өзінің жеке ерекшеліктерін, қабілеттіліктерін танып білуге жағдай жасайды. Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тануға байланысты жаттығулардың негізгі мақсаты: жаттығулардың көмегімен тұлғаның өзін-өзі түсінуі мен өзін зерттеуі және өзі туралы білімін кеңейту.

І тренинг

Тақырыбы: “Тазару” (5 минут).

Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін-өзі түсіну.

Бұл күнделікті проблемамен  жайсыздықтан құтылудың жақсы тәсілі. Жаттығуды сабақтың басында өткізген қолайлы. Топтың мүшелері жағымсыз жайларын айтып, уақытша оны ұмытады. Жұмысқа толығымен кірісулері үшін осы жаттығудан бастау маңызды.

Жаттығудың барысы:

1. Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Әрбіреуі 2 минут ішінде әріптесіне өзінің проблемалары, жайсыз жайлары, сонымен бірге ойлары, сезімдері және қуаныштары жайлы әңгімелейді. 

2. Біреуі сөйлеп жатқанда, екіншісі сөзді бөлмейді және айтылғандарға өз сезімін білдірмейді. Екі минуттан соң жұптар рольдерін ауыстырады.

Жүргізушіге нұсқау: Осы кезде қолыңызға себет ұстап  жүрген сияқты кейпіңізбен бөлме ішінде жүресіз. Әр жұптың жанына барасыз және  барлық жайсыз жайларын себетке “Салуын” сұрайсыз. Мұны әркім ишараның және ымның көмегімен жүктің ауырлығын көрсете отырып істейді. Басқалары оны көрулері және бағалаулары керек. Егер жағымсыз жайдың жүгі тым ауыр болса, онда оны себетке салмай, бірден айту керек. Барлық жағымсыз жайлар себетке “түскен”  соң, сабақ соңында қатысушылардың тағы да оны қайталауларын ұсынып көріңіз. Әрине, олар оны орындағысы келсе қайталасын.

Талқылау: Жағымсыз жайларды айту оңай тиді ме? Қиындығы неде болды? Қандай әсер алдың? Қазір өзіңді қалай сезінудесің?

 

ІІ  тренинг

Тақырыбы: “Өзіне хат ”.

Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін түсіну және тұлғалық даму тәсілдерін таба білу.  Бұл жаттығу адамға өзі үшін ең маңызды нәрсені жасауға, өзін сүюге, оған өзіне рұқсат беруге, өзінің махаббатын сезінуге көмектеседі.

Жаттығудың барысы: Қатысушылар шеңбер бойымен отырады, жүргізуші бәрінен бір парақ пен қалам алуларын сұрайды.

Нұсқау: “Қазір сіздер өздеріңізге хат жазасыздар. Сіз бұл хатты алдыңыз. Бірақ хатты алған адамдар не істейді? Хатқа жауап береді. Сондықтан қазір өздеріңіздің хаттарыңызға жауап жазатын 10 минут уақыттарыңыз бар. Өздеріңіз алған хатқа нақты жауап жазыңыздар.”

Талқылау: Хат жазу оңай тиді ме? Әлде жауап жазу оңай болды ма? Жазу кезінде не туралы ойладыңыз? Өзіңізді қалай сезінудесіз?

 

ІІІ тренинг

Тақырыбы: “Өзін-өзі бағалау” медитациясы.

Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзі туралы ойын дамыту.

Жаттығудың барысы: “Жүргізуші дауыстап оқиды. Өзінің жоғары бағалануына өзін сендіру үшін, қатысушылар ақырын дауыспен қайталап отырады”.

Мен ол мен. Бүкіл әлемде дәл мен секілді ешкім жоқ... Маған бір нәрсесімен ұқсас бар, бірақ дәл мен секілді, ешкім жоқ. Маған тиістінің бәрі менде бар: менің денем, оған қоса, оның жасайтындары; барлық ойым мен жоспарымды қоса алғандағы менің санам; барлық бейнелерді көре алатын менің көздерім; қандай болмасын, менің сезімдерім – үрей, қанағаттану, күш түсіру, махаббат, ызалану, қуаныш. Барлық сөздерді - әдепті, мейірімді немесе дөрекі, дұрыс немесе дұрыс емес сөздерді  айта алатын менің   аузым; қатты немесе ақырын болатын менің даусым; басқа адамдарға немесе өзіме деген қатынасым, яғни менің барлық әрекетім. Менің барлық қиялым, менің арманым, менің барлық үмітім мен менің қорқыныштарым маған тиісті. Менің барлық жеңістерім мен жетістіктерім, менің барлық жеңілістерім мен қателерім өзіме тиісті. Осының бәрі маған тән, себебі мен оны таңдадым. Бұл бар. Бұл өзіңді сүю мен өзіңе қызығуға негіз болуға жеткілікті.

Әрине, мені таң қалдыратын, менде бір нәрсе бар. Мен лайықты емес нәрселерден бас тарта аламын, өте қажет дегендерді сақтай аламын және менің өзім де жаңа бірдеңелерді аша аламын.

Мен көре, ести, ойлай, сезе, сөйлей және әрекер ете аламын, яғни менде өмір сүру үшін бәрі де бар. Басқа адамдармен жақын болатындай менде бәрі бар. Мен өз әрекеттеріме жауап беремін, сондықтан мен өзімді өзгерте аламын.

Талқылау: Жаттығу ұнады ма? Нені көз алдыңызға елестеттіңіз? Не туралы ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыздар? Қазір не сезіп тұрсыздар?

 

ІҮ тренинг

Тақырыбы: “Өмірлік мақсаттар” .

Мақсаты: Өзін-өзі тану, өзін түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, өзі туралы ойын дамыту.

Жаттығудың барысы:

  1. 3 минуттың ішінде мына сұраққа жауап жазыңыздар: “Менің өмірлік мақсаттарым қандай?”.
  2. 3 минуттың ішінде мына сұраққа жауап жазыңыздар: “Алдағы үш жылда мен қандай табысқа жеткім келеді?”
  3. 5 минутта жауап беріңіз: “Емделмейтін ауруыма байланысты маған алты ай ғана өмір сүру қалғанын естігенде, мен не істер едім және қалай істер едім?”.
  4. Барлық ертеректе жазылғандарды зейін қойып оқыңыз және сіздің мақсатыңыз үшін маңызды болатын ең басты үшеуін таңдап алыңыз.
  5. Осы мақсаттарға шынында да жетуге тырысасыз ба және ол қаншалықты сәтті (сәтсіз) болатынын бағалаңыз.
  6. Өзіңіздің өмірлік мақсаттарыңыз туралы өз бетіңізбен салмақты түрде үнемі ойланасыз ба, соны бағалаңыз.
  7. Балалық шақта (4-6 жас) сіз қандай болдыңыз, әсіресе, балалық шақтың есте қалған эпизодтарын есіңізге түсіріңіз және суретін салыңыз.
  8. Осы кездегі сіздің өміріңіздің эпизодтарын, яғни қазір сіз қандайсыз, суретін салыңыз.
  9. Болашақта сізді не күтіп тұр, сіз қандай боласыз, суретін салыңыз.
  10. Сіздің өміріңізді, тағдырыңызды өзгерткен, өмірде болған жағдайларыңызға қатты әсер еткен жайларды еске түсіріңіз және онв суреттеп жазыңыз.

Талқылау: Мақсаттарды жазу жеңіл болды ма? Нені көзіңізге елестеттіңіз? Не туралы ойладыңыз? Не қиындық туғызды? Бірінші кезекте неге назар аударылды? Қазір нені сезінудесіз? 

Жеке тұлғаны  дамыту үшін оның өмірдегі алатын орнын анықтау қажет. Олай дейтініміз, жеке тұлға жалпы қоғамда және білім беру жүйесінде басты орын алады.  Сондықтан да жеке тұлға идеясы қазіргі педагогикалық ұғымда екі түрде: күнделікті  және ғылыми түрде қаралып отыр. Бірінші түрде білім беру барысында жеке тұлғаға этикалық-гуманистік тұрғыдан қарау, сыйлау, бірлесіп жұмыс істеу, ынтымақтасу, пікір алысу, т.б. Ал, жеке тұлғаға білім беру барысында тұжырымдаманы қарастыруға байланысты әр түрлі тұжырым-ұғым құрылымы болады. Оқу процесінде міндеті жеке тұлға деңгейінде шешіледі, ал қазіргі оқу процесінің әдістері  жеке тұлғаны дамытуға сәйкес келмейді. Жеке тұлғаға бағытталған оқу процесінде оқу кезеңдерінде әрбір білім алушының белсенділігін арттыру мақсатында өздерінің қажеттілігін сезіндіретін педагогикалық жағдаят туғызу керек.

Жалпы жеке тұлға оқу процесінде өзін-өзі көрсете білуі тиіс. Мұнда жеке тұлғаның шығармашылық еркіндігі, өз бетімен қызмет етуі, өмірде кездесетін қиындықтарға қарсы тұра білуі, өзінің жеке басының өмірде рухани дамуын қамтамасыз етуі секілді қызметі дамиды. Жеке тұлғаның рефлексивтік және ойша іздену қызметі қалыптасады. Өзінің “Мені”  және өзін-өзі көрсете білуі дамып, адам қарым-қатынас әлемінің есігін ашады. Сол себепті, оқу-тәрбие процесінде арттерапия элементері мен дамытушы-түзетуші жаттығулар кешенін бірлікте ұйымдастырып, жүйелі өткізу оқу-тәрбие процесін жандандыра түседі деген тұжырым жасаймын.

 

 

 

 

 

Эксперимент жүргізу барысында жалпы жұмыс барысына

сипаттама беру

1-сабақ. “Көңіл-күйді саламыз”

1.”Көңіл-күй түстері” атты диагностикалық тапсырма.

Мұнда әрбір қатысушы адам силуэтін салып, оның көңіл-күйін білдіретін бояу түстерімен безендіреді. Осы арқылы біз қатысушылармен әңгіме-дүкен құруға ақпарат жинаймыз.

2. “Қамығу” сабағы.

Бұл сабақта адамдардың сезімдері мен көңіл-күйлері, “қамығу” туралы әңгіме жүргізіледі. Адамда қай кездері қамығу болады? Қамығу дегеніміз не? деген сұрақтар қойылып, қамығып тұрған адамның суретін салу ұсынылады. Көптеген суреттердің арасынан қамығып тұрған адамның суретін алып, оның себебін талқылайық.

3. “Бөлме кеңістігіне бейімделу” тапсырмасы.

Мұнда әрбір қатысушы бөлмедегі жабырқаулы болып көрініп тұрған затты іздеп табады. Олардың мына зат жабырқаулы деген пікірлері әртүрлі болады. Әркімнің өзіндік жеке пікірі болады. Бұл тапсырма олардың жекелік ерекшеліктерін танып білуге көмектеседі.

5. “Жетістікке жетуге жағдай жасау” тапсырмасы.

Күзгі уақытта жапырақтардың түсуі адамның көңілін жабырқаулы күйге әкеледі, ал кепкен жапырақтардың сыңғыры көптеген қуанышты сезімдер сыйлауы мүмкін. Бұл жаттығуда жүргізуші стол үстіне шығып, жапырақтарды жоғарыдан себелейді. Әрбір қатысушы түсіп келе жатқан жапырақтарды қағып алуға тырысып, қағып алған жапырақтарды өзінің басына қарай лақтырады. Ол фейерберк сезімін тудырады. Сонымен қатар қолдағы жапырақтармен сурет салуға да болады. Қағаз  бетіне клей жағып, қолдағы жапырақты ұсақтап қағазға себеді. Нәтижелі картина шыққанша қайталайды.

Бұл сабақта алғашқы екі жаттығу қатысушыларды белсендіреді. Ал соңғы жаттығу тыныштандырады.

 

Өзін-өзі тану әдістері

“Танысу”

  • Өмір сүру салтыңызды бейнелейтін сурет салыңыз.
  • Суретте өз қызығушылықтарыңызды, құндылықтарыңызды, отбасыңызды, айналысатын іс-әрекеттеріңізді көрсетуге тырысыңыз.
  • Түстердің түрлері мен сызықтардың көмегімен өзіңіздің өмірді сезіну ерекшеліктеріңізді көрсетіңіз.

“Автопортрет”

  • Өзіңіздің дәл қазіргі уақыттағы бейнеңізді салыңыз.
  • Автопортрет – 2 минутта.
  • Өзіңіздің қалауыңыздай етіп сыртқы ортаның сізді қабылдағанын салыңыз.
  • Сізді дос және дос емес адамдардың қалай көретінің бейнелеңіз.
  • “Адамның өткен, қазіргі өмірі мен болашағы”. Өзіңіздің болашағыңызды, өткен және қазіргі өміріңізді бейнелейтін  үш сурет салыңыз.
  • Журналдар қиындыларын пайдаланыңыз.
  • Өзіңіздің болашағыңызды, өткен және қазіргі өміріңізді бейнелейтін  үш сурет салыңыз.
  • Өткен өміріңізде жоғалтқандарыңызды және болашақта нені алғыңыз келетінін суреттеңіз.
  • Сіздің өткен және қазіргі өміріңізде орны ерекше маңызды адамдарды суреттеңіз.

“Жол”. Өзіңіздің таңдап алған жолмен жүріп өтіңіз.

  • Жеті параққа мына жеті сөздің  суретін салып шығыңыз: жол, көпір, түсінушілік, метамарфоза, күш, кедергілер, мәңгілік өмір.
  • Бірінші орынға жолдың суретін, екінші орынға көпірдің суретін, ал  қалған суреттерді қалауыңыз бойынша қойып шығыңыз.

“Жақсылық пен жамандық”. Адамдардың бойында кездесетін  сізге ұнайтын жақсы және жаман жақтарын, жетістіктері мен кемшіліктерін салыңыз.

  • Жағымды және жағымсыз жақтарын салып болғаннан соң, олардың арасында әңгіме құрамыз

“Менің ішкі “Менімнің” шегі”. Өіңіздің суретіңізді парақтың ортасына салып, жан-жағына сіздің ерекшеліктеріңізді анықтайтын көрсеткіштерді жабыстырыңыз.

  • Сіздің  қатынастарыңызды көрсететін заттар мен адамдарды өзіңіздің айналаңызға орналастырып шығыңыз.
  • Бір парақтың үш түспен боялған алаңында сіздің өміріңіздің  рухани, интеллектуалды және физикалық аспектілерін көрсететін символдарды суреттеңіз.

“Түстермен байланыс”. Әртүрлі түсініктерді әртүрлі түспен байланыстыру қажет, мысалы:

  • Эмоциялар (қайғы, қуаныш, тыныштық, үрей).
  • Өмір этаптары (балалық шақ, жастық шақ, ересектік кезең, қарттық кезең).
  • Тәулік пен жыл мезгілі және т.б.

“Герб пен символ”. Сіздің жекелік ерекшеліктеріңізді көрсететін “Герб пен символ” ойлап тауып, оның суретін салыңыз.

“Метамарфозалық автопортрет”. Өзіңізді бір зат немесе  жануар түрінде суреттеп, бейнелеңіз.  Оның фонын да салуға болады.

  • Бейнені салып болғаннан соң, ол туралы өзіңіздің атыңыздан айтып беріңіз.
  • Өзіңізді, сіздің қазіргі хал-жағдайыңызды көрсететін зат түрінде бейнелеңіз.
  • Өзіңізді өсімдіктің қайсыбір өсу этапына теңеп, суреттеңіз.
  • Осы кездегі пайда болған өз сезімдеріңізге дейін бөліп, көрсетіп отырыңыз.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Зерттеуде өзіндік сананың теориялық талдамасы, өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде талаптану деңгейі мен зейіннің қасиеттерін эксперименталды зерттеулерге негізделіп келесі тұжырымдар қарастырылды:

1.       Өзіндік сана - бұл:

-   өзінің теңдестігін ұғынуды;

-   белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз «менін» ұғынуды;

-   өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды;

-   өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің барлығы бірімен-бірі функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты.

2. Мотивациялық байланыстардың қалыптасуы, жеткіншектің саналы іс-әрекетінің құралы ретінде оның өзіндік анықталуының және қажеттіліктер иерархиясында із қалдырады. Жеткіншекте шығармашылық сынап ойлау қабілеті пайда болып, дүниетанымы қалыптасады, өйткені дербес өмір сүру кезеңі ерекше түрде, оның алдына мен не істей аламын, не нәрсеге жараймын, қабілеттері мен бейімділіктері неге сәйкес деген сұрақтар, оны өзі туралы ойланып өзіндік санасын айрықша дамуына жетелейді.

3. Жеткіншекте ересек адамның бағыттылығы қалыптаса бастайды, оған ересек сезімнің дамуы және жеткіншектің ересектігін басқа адамдардың тануы негіз болады. Бұл бағыт жеткіншектің өмірдегі объективтік жағдайына әлі сай келмесе де, оның пайда болуы жеткіншектің өз айналасындағы ересек дүниесімен жаңа қатынастарға субъективті тұрғыда аяқ басқанын білдіреді. Жеткіншек бұл игіліктерге белсенді ие болады, бұлар оның сана-сезімінің жаңа мазмұнын құрайды, мінез-құлық пен іс-әрекеттің максаттары мен себептері, өзіне және басқаларға қойылатын талаптар, бағалау мен өзін-өзі бағалаудың критерийі болады.

4. Мотивациялық, интеллектуалдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік және т.б. оқушының тұлғалық шығармашылық қабілеттерін зерттеу үрдісінде кешенді, жүйелі және тұтастық қатынастарды іске асыру қажет. Сыналушылардың дамуындағы даралық ерекшеліктерін, сонымен қатар ішкі қайшылықтарын және кейбір құрамдастықтарының дамуының біркелкі боямауын анықтап, соның негізінде әрі қарай жетілдіреді.

5. Жеткіншектік кезеңде мақсаттылық, дербестік және адамгершілік
сезімінің дамуы байқалады. Өзін-өзі тәрбиелеуге көптеген мотивтер мен
себептер кемшіліктерді жою, сыныптың әлеуметті сыйлы мүшесі болу
жатады. Мұндай талап-тілектерді іске асыруға өзін тәрбиелейтін оқушыны
мұғалімдер, ата-аналар қолдап, тәрбиелеу тәсілдерін талдап, оларды іске
асыруға өз үлестерін қосуға тиіс.

6. Өзін тәрбиелеудін нәтижелілігі балалардың психикалық үрдістері:
зейіні, қабылдаулары, есте сақтау қабілеттілігі т.с.с дұрыс ұйымдастырылуына
тәуелді. Балалардың зейінін ұйымдастыру педагогикалык үрдістің нәтижелі
болуына жетелейді. Зейін балалардың өзін-өзі тәрбиелеу бағдарын анық
және есеп бере алатын дәрежеде қабылдауын, жылдам әрі дәл ойлауын, іс-
әрекетті бақылауын қамтиды.

7.Ырықты басқару механизмдерін жетілдіру, жас өскен сайын зейіннің таңдамалығын арттырады. Жеткіншектердің негізгі тапсырманы қосымша тапсырмалармен салыстырғанда нәтижелі орындаулары жоғарылайды. Зейіннің арнайы таңдамалылығының артып,  маңызды мәселеге зейінін шоғырландыра  алу  қабілетін  нақты  жас  ерекшеліктеріне  байланысты дамығанын көрсетеді.

8.  Негізгісі оқушының өзінің өзгерістерін өзі ұғына алуы қажет. Бұл
мақсатта, ол өзін, тұлғалығын, білімдерін, икемділіктерін және дағдыларының құрылымын, іс-әрекетінің процедуралық жақтарын, кемшіліктерін талдап үйренуі тиіс. Бастысы, оқушы болашаққа жоспарын ертеректе қандай болғанымен, не білетінімен салыстыра ұйымдастыруы болады.  Бұлай өзін бақылау, өз бетінше тапсырмалар мен тәсілдерді, әрекеттерінің нәтижелерін ескеру тек қана рефлексияның - өзінің даралығына, қылығына, тұлғалық ерекшеліктеріне  зейінінің дамуы негізінде ғана қалыптасады.  Өзін-өзі бақылауды зейінді ұйымдастыра, өзінің іс-әрекетін және қылықтарын игеруі мүмкін.

9.  Зейін көрінісінің көпжақтылығы мен салыстырмалы тәуелсіздігі бір қасиеттерінің жақсы, басқаларының нашар дамығанын көрсетеді. Зейін қасиеттерінің жоғары деңгейі оқу-тәрбие жұмысында алғы жоспарға шығып негізгі орындаушы міндеттерді өзіне алады. Зейіндерін жақсы ұйымдастыра алу  өзін тәрбиелеуде  жетекші  фактор  ретінде  қалыптасады.  Сонымен бірге өзін тәрбиелеудің зейін қасиеттерін дамытуға да ықпал болады. Арнайы талдау бойынша зейіндері кең, тұрақты және жақсы бөле алатын оқушылардың, зейіндері тар, тұрақсыз және дұрыс бөле алмайтындармен салыстырғанда әлдеқайда өздерін тәрбиелеуде және оқуда жақсы үлгере алатындары көрінеді.

10.Жеткіншек жасы зейіннің барлық қасиеттерінің қарқынды дамуымен ерекшеленеді:  тұрақтылығы  жоғарылайды, көлемі  артады, ауысуы  мен бөлінуі жақсарады. Сонымен жақсы дамыған зейін әр түрлі тапсырмаларды орындауда өзінің іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға жәрдемдесіп, оларды нақты және ыңғайлы ырғақпен жұмыстың тепе-теңдік тұрақты күйін қолдайды. Зейінді жаттықтыру қандайда бір мөлшерде оқушының өзін тәрбиелеуде даралық мүмкіндіктерін орнықтырады.

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.  Алдамұратова Э. Жалпы психология. - Алматы: «Білім», 1996.

2.           Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. - М, 2001.

3.           Ананьев Б.Г. Психология    психологической    оценки,    (избранные психологические труды в 2 т.под ред. А.А.Бодалева и др. - М., 1980.

4.           Анастази А. Психологическое тестирование. М., 1982.

5.           Асмолов А.Г. Психология личности. - М., 1990.

6.           Андреева Г.М. Социальная психология. М., 1980.

7.           БитяноваМ.Р. Практическая психология. - М., 1997.

8.           Валлон А. Психическое развитие ребенка. - М., 1997.

9.           Венгер А.Л. Схема индивидуального обследования детей школьного возраста. (Для психологов-консультантов) М., 1989.

10.Возрастная и педагогическая психология. Под ред. М.В.Гомезо. -М., 1995.

11.Григоренко   Е.Л., Рутман Э.Н. Диагностика  готовности к школе по показателям устойчивости внимания. Вестник МГУ.(серия 14). - М., 1990.

12.Гуревич К.М. и др. Школьный тест умственного развития (1ПТУР). Методические рекомендации по работе с тестом. Для школьного психолога.   - М., 1987.

 13.Гуревич   К.М.,   Горбачева   Е.И. Умственное развитие школьников: критерии и нормативы. - М., 1992.

14.Н.Гудкина Н.И. Несколько случаев из практики школьного психолога. - М., 1991.

15.Гильбух Ю.З. Внимание: одаренные дети. М., 1991.

16.Дубровина    И.В.,     Прихожан     Л.И.     Положение     о    школьной психологической службе - М.,1985.

17. Диагностика умственного развития дошкольников.

18.Добрович А.Б. Воспитателю о пситхологии и психогигиене общения.-М.,   1987.

19.Дибровина И.В. Настольная книга школьного психолога. М.,   1996. 20.Жарықбаев К.- Жантану негіздері Алматы, 2002.

21.Жарықбаев К.- Психология. Алматы, 2002.

22. Леонтьев А.Н. Дестельность. Развитие. М., 1989.

23.Мухина B.C. Детская психология. М., 1990.

24.Нұрмахамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. I, П. Шымкент, 2006. 25.Немов Р.С. Психология. В 3 т. М., 1998.

26.Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога М., 1996. 27.Платонов К.К. Психологический практикум. - М., 1980.

28. Психологический       словарь.       Под       ред.       А.В.Петровского, В.И.Ярошевского. - М, 1990.

29.Психологические тесты. В 2 т. Под ред. А.А.Карелина. М., 2000. 30.Психодиагностические методы. Под ред. А.А.Бодалева. Ленинград, 1976.

31 .Психологическая    диагностика. Проблемы    исследования Под ред. К.М.Гуревича. - М.,   1981.

32.Развитие личности ребенка. Под ред. А.М.Фонарева. М., 1987. 33.Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. -М., 1996.

34.Тесты, тесты, тесты. Подред. М.Мацковского. - М., 1990.

35. Теп лов Б.М. Проблемы индивидуальных различий. М., 1987. 36.Эльконин Д.Б. Избранные педагогические труды. М., 1989. 37.Эриксон Э.   Детство и общество.   Санкт-Петербург, 1996.

38. Кле М. Психология подростка: Психосексуа/іьное развитие. М., 1991.

39. Козлов Н.И. Какртноситься к себе и людям, или Практическая
психология на каждый день. М., 1998.

40. Кои И.С. Психология ранней юности. Книга для учителя. М., 1989.

41. Крутецкий А.В. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1979.

42. Қоянбаев Ж.Б. , Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана, 1999.

43. Қыдыршаев А. Балалардық жас ерекшеліктерін ескеру. «Ұлағат», 2000.

44. Кристофер Э., Смит Л. Тренинг лидерства. Питер, 2001.

45. Леонтьев А.Н. ГІроблемы развития психики. МГУ, 1981.

46. Матсйчик 3. Родитсли и дети. Книга для учителя. М., 1992.   г""

47. Морозов А.В. Деловая психология. С-Пб., 2000.

48. Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға

арналған психодиагностикалық қызмет. Алматы, 2004.

49. Махмутов М.И. Развивающее обучение. М., 1976.

50. Мухина В.С. Детская психология. М., 1990.

51. Мухина В.С. Изучение особенностей детской психологии. М., 1990.

52. Манасбаева Қ. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері. «Бастауыш мектеп», 1999, 2.

53. Нұрмұхамбетова Т.Р., Рсмаханбетова Ш.Е. Тәжірибелік психология.

Шымкент, 2004.

54. Немчин Т.А. Состояния нервно-психологического напряжения. Л.,

1983.

55. Немов Р.С. Психология. В 3 т. т.З. М, 1996.

56. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17 лет. Под ред. И.В.Дубровиной, Б.С.Кругловой. М, 1998.

57. Овчарова Р.В. Семейная академия: Вопросы и ответы. М., 1996.

58. Овчарова Р.В. Детская психология. М., 1999.

59. Ордабекова Г. Дидактикалық ойындарды қолдану. «Бастауыш мектеп», 1997, 3.

60. Осипова А.А. Введение в практическую психокоррекцию. М., 2000.

61. Петровскии А.В., Ярошевский М.Г. Психологический словарь. М., 1990.

62. Популярная психология для родителей. Под ред. А.С.Спишковской.

С-ІІб., 1997.

63. Платонов К.К. Психологический прайтикум. М., 1980.

64. Поддьяков Н.К. К вопросу о развитйи мышления. М., 1981.

65. Петровский А,В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы.

Алматы, 1987.

66. Петровский А.В. Способности и труд. М., 1996.

67. Психологические тесты . М., 2002.

68. Психологические методы. Под ред. А.А.Бодалева. Ленинград, 1997.

69. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995.

70. Рыбалко Е.Ф. Возрастная и дифференциальная психология, М., 1990.

71. Римский С, Римская Р. Практическая психология. М, 1999.

72. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону, 2002.

73. Семья в психологической консультации. Под ред. А.А.Бодалева,

В.В.Столина. М., 1999.

74. Сәрсенғалиева Т., Дүтбаева ҚТабиғатпен таныстыруда өткізілетін дәстүрден тыс сабақ. «Бастауыш мектеп», 1998, 5.

75. Субботский Е.В, Ребенок открывает мир. М., 1991.

76. Снайдер Д. Практическая психология для подростков. М, 1999.
77. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы., 1993.

78. Теплов Б.М. Проблемы индивидуальных различий. М., 1963.

79. Тұрғынбаева Б. Бастауыш кластар үшін ұсынылатын үлгі тақырыптар. Алматы, 1993.

80. Учителям и родителям о психологаи подростка. Под ред. Г.Г.Аракелова. М., 1990.            

81. Херсонский Б.Г., Дворяк С.р. Психология и психопрофилактика семейных конфликтов. Киев, 1991.                            

82. Хоменстаускас Г.Т. Семъя глазами ребенка. М., 1989.

83. Холмогоров А.Б. Психические аспекты микросоциального в контексте психических расстройств. М., 2000.

84. Цукерман Г.А., Мастеров Б.М. Психология саморазвития. М., 1995.

85. Щербаков А.И. Лроблемы возрастной психологии. М., 1987.

86. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М., 1995.

87. Чернявская А.ГТ. Психологическое консультирование. М., 2004.

88 Эльконин Д.Б. Детская психология. М., 1990.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-10-29 22:47:08     Қаралды-37434

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »