МАЗМҰНЫ
Кіріспе
- Операциондық аудиттің мәні мен қажеттілігі
1.1 Операциондық аудиттің түсінігі мен жіктелінуі
1.2 Операциондық аудиттің ерекшелігі
- Операциондық аудит бизнесті талдауда пайдалану
2.1 Операциондық аудит әдістемесі
2.2 Операциондық аудит пен қаржылық аудиттің айырмашылығы
2.3 Бизнесті талдаудағы операциондық аудиттің қажеттілігі
Қорытынды
Пайдланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Тұтастай алғанда операциондық аудит зерттелетін объектілердің жұмыс істеу процедурасының және әдістерінің кез келген бөлігін тексеруші ретінде ұйымдастыру құрылымын, өндіріс жағдайын, жабдықтау, маркетииг және әр түрлі экономикалық жүйелер қызметінің басқа жақтарын бағалау ісін де қамтиды. Сонымен қатар операциялардың тиімділігі мен бизнестің өзіне объективті тұрғыдан баға беру қаржылық есептемені рәсімдеудің ережелеріне немесе стандарттарына, нұсқауларына олардың қаншалықты сәйкестігін тексеруден әлдеқайда қиын. Бұл жағынан операциондық аудит әдеттегі аудиттегіден гөрі әкімшілік консалтингісіне көбірек ұқсас.
Операциондық аудиттің зерттеу объектісіне кәсіпорын қызметінің әр түрлі салаларындағы процестер мен өзіндік ерекшелігі бар циклдер, көкейтесті мәселелер жатуы мүмкін. Ал, субъектілеріне - ішкі аудитті құрастыратын бір бөлігі ретінде қарастырылатын ішкі аудитор да: сондай-ақ менеджмент, маркетинг, заң, өндіріс, бухгалтерлік есеп, бақылау, талдау, экономикалық диагноз қою және т.б. мәселелер бойынша мүдделілік таңытқан клиентке кәсіби қызмет көрсетудің немесе кеңес берудің маңызды түрі ретінде саналатын сыртқысы да кіреді.
Операциондық аудит АҚШ, Жапония және Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде жаксы дамып келеді. Ал, ТМД елдерінде операциондық аудит үйымдарына жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей отыр. Оны жүзеге асырудың әзірленген тұжырымдамасы, әдістемелік тәсілдемесі және нормативті-әдістік базасы әлі жоқ. Осыған орай, бүгінгі таңда зерттеудің өте көкейтесті бағыттарына табыстарды алудың циклдерінің, жабдықтаудың, өнім, жұмыс және қызметті өндіру мен өткізудің кешенді операциондық аудиті мен қаржылық-экономикалық талдауын ұйымдастыру мәселесі жатады. Мұнда шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражат қозғалысы мен операциялары туралы ақпараттың толық болуы мен шындыққа жанасымдылығын, экономикалық бақылау процедураларын, есептік жүйесін, сыртқы ортасының жағдайын мұқият зерделеу қажет.
1. Оперциондық аудиттің мәні мен қажеттілігі
1.1. Операциондық аудиттің түсінігі мен жіктелінуі
Халықаралық іс-тәжірибеде бақылаушы-талдамалы жұмысты аудиторлық қызметте ұйымдастырудың негізгі үш парадигмалық типтерге бөледі: операциондық аудит, талапқа сәйкестік аудит және қаржылық есептемесінің аудиті. Аудиттің әр типін тәуелсіз аудитор мен аудиторлық фирмалар да, сонымен бірге мемлекеттік, ведомствалық және шаруашылық ішіндегі қаржылық бақылау қызметтері жүзеге асыруы мүмкін.
Аудитор іштей және сырттай пайдаланатын аудиттің тұпнұсқалы парадигмалық типіне операциондық аудит жатады. Аудит теориясы мен практика саласындағы атақты америкалық маман, профессор Дж. К. Робертсонның айтуынша, операциондық аудит - аудитор мақсаттарға тиімді жолмен қол жеткізу, компанияның жұмысын жүргізу және ресурстарды тиімді әрі үнемді пайдалану бойынша ұсыныстарды беру мақсатында компания операцияларын зерделейді.
Тұтастай алғанда операциондық аудит зерттелетін объектілердің жұмыс істеу процедурасының және әдістерінің кез келген бөлігін тексеруші ретінде ұйымдастыру құрылымын, өндіріс жағдайын, жабдықтау, маркетииг және әр түрлі экономикалық жүйелер қызметінің басқа жақтарын бағалау ісін де қамтиды. Сонымен қатар операциялардың тиімділігі мен бизнестің өзіне объективті тұрғыдан баға беру қаржылық есептемені рәсімдеудің ережелеріне немесе стандарттарына, нұсқауларына олардың қаншалықты сәйкестігін тексеруден әлдеқайда қиын. Бұл жағынан операциондық аудит әдеттегі аудиттегіден гөрі әкімшілік консалтингісіне көбірек ұқсас.
Көптеген авторлар «операциондық аудит» терминінің орнына «басқарушылық аудит» немесе «шаруашылық қызмет аудиті» терминдерін қолдануды қолайлы көреді. Бұл жағдайда операциондық аудит кеңінен түсіндіріліп, тіпті шаруашылық ішіндегі бақылаудың бағалануы мен оның тиімділігін тестілеу де оған қосылады. Кейбір жағдайларда операциондық аудит, шаруашылық қызмет аудиті және басқарушылық аудит араларына айырмашылық қойылмайды .
Мына авторлардың бұл турасындағы ой-пікірлері әлдеқайда орнықты көрінді. Олардың айтуынша, операциондық аудит - бұл зерттеудің мақсаттары мен міндеттерінде, объектісінде, мазмұнында, қолданылуында өзіндік ерекшелігі бар аудиторлық қызметтің ерекше типі. Мысалы, Э.А. Аренс және Дж. К. Лоббек өз еңбектерінде операциондық аудит пен қаржылық есептемесі аудит арасындағы үш негізгі айырмашылықты келтіреді: аудитті тағайындау, қорытындыларды ұсыну және қаржылық емес салалардағы операциондық аудит саласына қосылу.
Нақ осы тексерулерді тағайындау (белгілеу) - операциондық аудит пен қаржылық есептеме аудитінің арасындағы басты айырмашылық болып табылады. Қаржылық есептеме аудитінде басты назар шаруашылық операциядарының есеп пен есеп беруде дұрыс көрініс табуын тексеруте аударылатын болса, операциондық аудитте тиімділік пен өндірісті арттыратын резервтерді анықтауға жете мән беріледі. Қаржылық есептеме аудиті өткен шаққа бағдарланатын болса, ал операциондық аудит бизнесті жақсартудың келешегіне бағытталған, яғни болашақта бизнестің жақсаруына күш салады.
Екінші айырмашылық - қорытындыларды ұсынуда, Қаржылық есептеме аудитінде аудиттің қорытындыларын көптеген пайдаланушылар ала алады, ал операциондық аудиттің нәтижелері бойынша аудиторлық қорытындыны ен алдымен кәсіпорын қожайындары мен әкімшілік қызметкерлері рәсімделген жағдайларда ғана пайдаланады.
Үшінші айырмашылықта - операциондық аудит шаруашылық жүйедегі немесе оның белгілі бір бөлігіндегі өндірістік және тиімділіктің көптеген аспектілерін қамтып, аса үлкен диапозонда қолданылады. Ал қаржылық есептеме аудиті қаржылық есеп берулердің объективтілігіне тікелей әсер ететін көптеген мәселелермен шектеліп қалған.
Осылайша, қызмет нәтижелерін жақсарту және экономикалық потенциалдың тиімді пайдаланылуын арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеу әдістерін және нақты процестері мен операцияларының жағдайын терең зерттеу мақсатында жүргізілетін аудиторлық кызметтің ерекше түрін операциондық аудит деп ұғамыз.
Операциондық аудиттің зерттеу объектісіне кәсіпорын қызметінің әр түрлі салаларындағы процестер мен өзіндік ерекшелігі бар циклдер, көкейтесті мәселелер жатуы мүмкін. Ал, субъектілеріне - ішкі аудитті құрастыратын бір бөлігі ретінде қарастырылатын ішкі аудитор да: сондай-ақ менеджмент, маркетинг, заң, өндіріс, бухгалтерлік есеп, бақылау, талдау, экономикалық диагноз қою және т.б. мәселелер бойынша мүдделілік таңытқан клиентке кәсіби қызмет көрсетудің немесе кеңес берудің маңызды түрі ретінде саналатын сыртқысы да кіреді.
Операциондық аудит АҚШ, Жапония және Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде жаксы дамып келеді. Ал, ТМД елдерінде операциондық аудит үйымдарына жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей отыр. Оны жүзеге асырудың әзірленген тұжырымдамасы, әдістемелік тәсілдемесі және нормативті-әдістік базасы әлі жоқ. Осыған орай, бүгінгі таңда зерттеудің өте көкейтесті бағыттарына табыстарды алудың циклдерінің, жабдықтаудың, өнім, жұмыс және қызметті өндіру мен өткізудің кешенді операциондық аудиті мен қаржылық-экономикалық талдауын ұйымдастыру мәселесі жатады. Мұнда шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражат қозғалысы мен операциялары туралы ақпараттың толық болуы мен шындыққа жанасымдылығын, экономикалық бақылау процедураларын, есептік жүйесін, сыртқы ортасының жағдайын мұқият зерделеу қажет.
Халықаралық жетістікке жеткен есептік-бақылауға қатысты аса маңызды ойларды қамтыған «Монтгомерн аудиті» атты іргелі кітаптың авторларының айтуынша, операциоңдық аудит сметалардың орындалуын, тиімділікті және мақсатты бағдарламаны тексеруді ұйғарады. 1988 жылы АҚШ-тың Бас бухгалтерлік қызметі жарыққа шығарған «Мемлекеттік аудиторлық стандарттар: үкіметтік ұйымдар, бағдарламалар, қызметтер және функциялар аудитінің стандарттары» тиімділік пен үнемділікті тексеруге катыстыларды анықтап береді:
1) өндірілмеудің немесе үнемделмеудің себептері, яғни
жұмыстағы өнімсіздік пен үнемсіздіктің себептері;
2) фирманың занды және ережені сақтауы;
3) ойдағыдай нәтижелерге қол жеткізудің немесе табыстарды алудың деңгейлері;
4) ұйымның және жұмыс істеу тиімділігі.
Ресурстарды үнемдеп пайдалану - аз шығынмен белгіленген деңгейде өнім шығару. Әлдеқайда аз шығынмен белгіленген деңгейде ендіруге қол жеткізген кәсіпорын өз ресурстарын үнемдеген кәсіпорын ретінде саналады. Қосымша шығын шығармай өнімді мол өндіруге қол жеткізілсе де, бұл ресурстардың орнын артығымен толтыру арқылы оны пайдалануға болатынын көрсетеді .
Сонымен қатар, операциондық аудиттің ұйымдастырылуы арнайы белгіленген стандарттармен, нормалармен немесе нормативті-қүқықтық құжаттармен реттелмейді. Бұл операциондық аудитті жүзеге асыру барысында басқарудың, бухгалтерлік есептің, аудиттің және қаржылық-экономикалық талдаудың жалпы принциптерін сақтауға болмайды деген ұғымды бермейді. Мәселен, АҚШ-тың мемлекеттік стандарттарына (1988 ж. редакция) жалпы қабылданған АІСРА аудиторлық стандарттары, сондай-ақ АІСРА аудиторлық стандарттары туралы бірқатар ережелері қосылады, сөйтсе де GАО (АҚШ-тың Бас бюджеттік-бақылау басқармасы) стандарттарының көп бағыттары АІСРА стандарттарына қарағанда тереңірек әзірленген. Көптеген сыртқы аудиторлар федералдық демеу қаржылар (субсидия) мен бағдарламаларға тексеру жүргізеді. Олар тексеру барысында GАSS (аудиторлық стандарттар) сақтап қана қоймай, сондай-ақ бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижелері мен тиімділіктері, үнемшілдігі, тексерулер туралы есеп берудің әзірленген талаптарын қамтитын GАО стандарттарын да сақтауы тиіс. Мұқият, бастан-аяқ тексерулер объектілердің аса үлкен ауқымын қамтитындықтан (азық-түлік бағдарламасынан әскери келісім-шарттарға дейін тексереді) стандартты есеп беруді әзірлеу мүмкін емес. GАО-ның бұл стандарттарын ішкі және операциондық аудит туралы есептеме жасау немесе тәуелсіз аудиторлар дайындаған басқару мәселелері бойынша кеңес берулерде пайдаланған орынды.
1.2. Операциондық аудиттің ерекшелігі
Аудиторлық қызметтің ең озық түрлерінің біріне операциондық аудит жатады. Мұндай аудит кәсіби қызмет көрсетудің ең күрделі түрлерінің бірі әрі ұйымдастырылуы мен әдістерінде, кезендерінде оның өзіндік ерекшелігі болады.
Эккаунтинг және контроллинг сияқты басқа да белгілі аудит түрлерінен операциондық аудиттің айырмашылығы: ең алдымен шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің жеке операциялары мен белгілі бір процестерін, кезеңдерін циклдерін бақылау мен талдау, тексеру бойынша өзіндік ерекшелігі бар сала болып табылады. Оның негізгі мақсаты - зерттеу объектілерінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру және оңтайландыру бойынша баскарушылық шешімді қабылдау үшін жан-жақты негізделген ұсыныстарды әзірлеу.
Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нақты салалары мен құрылымдарын, процестерін, ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу мен сараптап баға беруді мақсат етіп алған аудиттің айрықша түрі. Оны маркетинг, өндіріс, қаржы, құқық, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, консалтинг және т.б. салаларындағы әр түрлі мәселелерді шешу барысында ішкі (ведомствалық) және сыртқы (тәуелсіз) аудиторлар қолданады.
АҚШ-тың ішкі аудиторлар институты ішкі аудит пен оның мақсаттарына мынадай анықтама берді: «Ішкі аудит - ұйым қызметінің тиімділігін тексеру мен анықтаудың сол ұйым ішіндегі тәуелсіз бағасы. Мақсаты ұйым мүшелеріне өз қызметтерін тиімді орындауына көмектесу, Ішкі аудит оларға бұл үшін тексерілген объектілер туралы ақпарат, кеңестер, ұсыныстар, бағалаулар мен талдау деректерін береді. СРА тәуелсіз фирмасы орындайтын операциондық аудитті клиентке өз фирмасының алға қойған мақсаттарына қол жеткізу, ресурстары мен қуаттылығын жақсы пайдалануы үшін көмек көрсету, сондай-ақ оған басқару мәселелері бойынша кеңес беру қызметінің ерекше түрі ретінде АІСРА комитеті белгілейді. Бұдан шығатын қорытынды: тиімділікті арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және жағдайға объективті тұрғыдан баға беру мақсаттарында бизнестің басқару жүйесіне операциондық аудитті жүргізуге хақымыз болады.
Отандық аудит теориясы мен іс-тәжірибесі дамыған ақпараттық базаға, әдістердің ауқымды спектріне, бухгалтерлік есептің, бақылаудың экономикалық талдау әдістеріне сүйеніп қалыптасуы керек. Егер бухгалтер қаржылық есептемедегі шаруашылық өмірдің фактілеріне, бастапқы құжаттарға жүгінетін болса, онда аудитор - керісінше: қаржылық есептемесінен бастап нақты операцияларға дейін тексереді және өзі тексерген қызмет операцияларына операциондық аудит жүргізуінің тұжырымдамалық мақсаттарын айғақтайды.
Расында да, теория және іс жүзінде есеп беруші және басқа да есеп деректері кешенді экономикалық талдау мен операциондық аудиттің ақпараттық базасы ретінде қарастырылады. Нақ осы аудит пен талдау есептің мәні мен мазмұнын ашып береді әрі оған мағыналы етеді. Талдамалы процедуралардың салмағы басьтм, процестер мен қүбылыстардың мэнін айқындайды, ондағы өзгерістердің статика мен динамикада шындықка жанасымды, яғни шынайы бағасын алуына мүмкіндік береді. Ақпараттарды алу мен операциондық аудиттің өзіндік ерекшелігі бар тәсілдерінің көмегімен оны зерттеудің жүйелі тәсілдемелері бизнесті ғылыми тұрғыдан басқару мүмкіндіктерін бағалаудың арнайы өлшемдері мен көрсеткіштерін, дұрыс таңдау жасауды және факторларды саралауды жүзеге асыруға мүмкіндік тудырады.
Операциондық аудитгі жүргізудің тәртіптерін ашып көрстеу оның түрлері мен нұсқаларын жіктеуге ықпал етеді, экономикалық әдебиеттерде) операциондық аудиттің оннан көп түрі бөліп көрсетілген: функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, технологиялық, жүйелі, кешенді, тақырыптық, локальды, процестік, ресурстық, аймақтық, сыртқы экономикалық және т.б. (6.2.-сурет, келесі беттен қараңыз).
Мысалы, функционалдық аудит шаруашылық жүйесінің бір немесе бірнеше функцияларын зерттейді. Функционалдық аудиттің бір артықшылығы басқарушылық қызметтің объектілері мен түрлері бойынша, оның ішінде, менеджмент, маркетинг, есеп, бақылау және талдау мәселелері бойынша аудиторларды мамандандырады.
Ұйымдық аудитте басты назар қызметтерді реттеудің қабылданған стандарттары мен нормаларының, заңдылықтың сақталу нәтижелерінің және нақты функцияларының өзара әрекеттесу нәэтижелерінің тиімділігі мен өнімділігін анықтауға бағытталған. Бұл түр үшін қызметтерді үйлестіруін ұйымдастыру мен әдісін жоспарлау маңызды орын алады.
Арнайы аудитті тағайындау әкімшіліктің қажеттілігімен анықталады. Операциондық аудиттің бұл түрі объектілері бойынша да, зерттеу тақырыптары мен бағыттары бойынша да көп қырлы, айталық, салымдардың табыстылығы, пайдалану тиімділігі, қалыптастыру көздері және т.б.
1 – сурет. Операциондық аудиттің түрлерін, нұсқаларын және фазаларын жіктеу схемасы.
2. ОПЕРАЦИОНДЫҚ АУДИТ БИЗНЕСТІ ТАЛДАУДА ПАЙДАЛАНУ
2.1.Операциондық аудит әдістемесі
Жалпы жағдайда бизнестің қаржы-экономикалық тұрақтылығы операциондық аудит әдістемесінің маңызды элементтері болып төменде келтірілгендер бола алады:
1)клиенттің бизнесімен танысу мен оның іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері деңгейін алдын ала шолу;
2)іс-қызмет процестері мен циклдеріне операциялық тексеріс жүргізудің бағдарламасы мен күтілетін жұмыс жоспарын әзірлеу;
3)аудиторлық тәуекелділіктін елеулігі мен деңгейін бағалау;
4)бизнестің жағдайы жайлы ақпараттың анық сенімділігін тексеру мен жинау, өңдеу;
5)бухгалтерлік есеп пен субъектінің іс-қызметін ішкі бақылау жүйелеріндегі болуы ықтимал «күрделі нүктені» бағалау;
6)бизнесті басқару жүйесінің оңтайлы ұйымдастыру аудиті;
7)жабдықтау, өндірістік және қаржы-өткізу іс-қызметінің функционалды аудиті;
8)жабдықтау, өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет өндірісі мен өткізу процестерін ұйымдастырудың тиімділігіне факторлық талдау;
9)өнімді өткізу, кіріс алу, ресурстарды алу мен жұмсау циклдеріне арнайы аудит;
10) тексеру нәтижелерін жинақтап қорыту, тұжырымдарды қисындастыру, резервтердің жиынтық бағасы мен бизнестің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.
Операциондық аудиттін әрбір элементі мен кезеңінің өз әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі, бағдарламасы мен процедуралардың міндетті тізбесі болады. Талдаушы процедураларға көбіне қорытындылайтын қаржылық коэффициенттерді есептеу кіреді, бұл әр түрлі пайдаланушылар тұрғысынан болатын құбылыстар арасындағы өзара байланысты түсінуге көмектеседі.
Операциондық аудиттің функционалдық, ұйымдастырушылық және арнайы сияқты ерекше түрлерін қолдану қосымша талдау мен аудиторлық тестілеуге тиісті ықтимал проблемалар саласын терең зерттеу мен ұксастандыруға мүмкіндік береді.
Ағымдағы активтердің функционалды аудитін өткізгенде мәліметтердің сол ресурстарын сатылық және циклдік қозғалысы бойынша толықтығы мен анық сенімділігіне көңіл аударған жөн. Ағымдағы активтердің айналымдылығы компания қызметінің үш: жабдықтау, өндірістік және қаржы-өткізушілік сатыларын қамтиды. Осыған орай, аудитор іс-қызметгің тексерілетін процестерінің әрбір саласында ағымдағы активтерді қалыптастыру мен пайдалану туралы акпараттық анық сенімділігін айқындауы тиіс.
Ұйымдастырушылық аудитті өткізу компанияның функционалды және желілік бөлімшелерінің іс-қызметін жоспарлаудың, үйлестірудің және реттеудің жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл оның активтері мен капиталын тиімді қалыптастыруға және қолдануға жол ашады. Сонымен бірге, шаруашылық есептің барлық түрлерінің, оның ішінде, бухгалтерлік, статистикалық және жедел-техникалық мәліметтер мүмкіндігінше толық жиналып, зерттелуі тиіс.
Кешенді сипаттағы қаржылық есеп беруде бірдей шаруашылық операциялардың әр қилы аспектілерін көрсететін мәліметтерге ерекше көңіл бөлген жөн. Мысалы, бухгалтерлік баланста (№1 форма) ұсынылған мәліметтер «Табыстар мен шығыстар туралы есепте» (№2 форма) бар мәліметтерді толықтырады және керісінше.
Операциондық аудит пен бизнестің жағдайын талдау үшін ең мол ақпаратты форма кәсіпорынның бухгалтерлік балансы болып табылады. Ол субъектілердің бар активін, меншікті капиталы мен міндеттемелерін көрсетеді, олар бизнесті тиімді жүргізуді анықтауға тікелей байланысты маңызды элементгер ретінде қызмет етеді.
Балансты оқымас бұрын оның ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары) мен бухгалтерлік есептің отандық стандарттар талаптарына сай жасалған дұрыстығына, аралық және жалпы қорытындыларды, басқадай тура және жанама бақылау арақатынастар көрсеткіштерін есептеу мен өлшем бірліктерінің біркелкілігі мен дәлдігіне көз жеткізу қажет. Дедуктивтік әдіске сүйенгенде, кешенді операциондық аудитті қаржылық есептің мәліметтерін және басқа түрлерін қатыстыра отырып, кезең басындағы, жоспарлы балансы және өткен жылдардағы балансы бар, шаруашылық іс-қызметтің өзгерген қаржылық нәтижелерімен жасалған баланс қорытындысын өзгерту қарқынын жалпы бағалаумен салыстырудан бастауға болады.
Операциондық аудитте қаржылық есептілікті түсіндірудің (интерпретация) озық тәсілдері - көлденең (горизонталды), тік (вертикалды), тренділік және факторлық талдау кеңінен қолданылады. Көлденең талдаудың басты ерекшелігі - абсолютті баланстық көрсеткіштердің өсуі мен төмендеуінің салыстырмалы жылдамдығын қатыстыра отырып, бір немесе бірнеше аналитикалық кестелер құру болып табылады. Көлденең талдау процесінде белгілі бір кезең үшін баланстың әр түрлі баптарының абсолютті және салыстырмалы өзгерістері анықталады және бағаланады. Көлденең талдаудың нұсқасы даму тенденциясын талдау (тренділік талдау) болып табылады, мұндайда активтердің, меншікті капиталдың және есепті кезең міндетемелерінің, әрбір позициясы бұрын болып өткен кезеңдермен қатар салыстырылады және тренд, яғни кездейсоқ ықпалдан тазарған және кезеңнің жеке ерекшеліктерінсіз, қаржылық есеп берудің бұл элементтері мөлшерінің өзгеру қарқынының негізгі тенденциясы айқындалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын бағалау үшін салыстырмалы көрсеткіштер түріндегі қаржылық есептілік ұсынуға мүмкіндік беретін активтерді, міндеттемелерді және меншікті капиталды тік (құрылымдық) талдаудың маңызы да кем емес. Құрылымдық талдаудың мақсаты - баланс қорытындысында жеке баптардың үлес салмағын есептеу және оның өзгеруін бағалау. Тік (вертикалды) талдаудың көмегімен инфляциялық, аймақтық және бизнестің тиімділігіне басқадай әсерді бәсеңдету арқылы аралық шаруашылық, салалық және елдік салыстырмалы салыстырулар жүргізіледі.
Кешенді операциондық аудитті және субъектілердің іс-қызметінің тиімділігін талдау белгілі бір сәтгегі қаржылық жағдайды мақсатқа сәйкес жалпы бағдарлаудан бастаған жөн. Ішкі шаруашылық және фирмааралық талдау жалпы қабылданған салыстырмалы коэффициенттер есебімен бірге жүргізіледі. Бәрінен бұрын міндеттемелер мен меншікті капитал арасындағы арақатынастар, қамтамасыз ету мен активтер құрылымын анықтайды.
Факторлық талдау тәсілдерінің негізінен шаруашылық жүргізуші субъектілер іс-қызметінің даму келешегі мен тәуекелшіл деңгейін болжау бағасы жасалады. Аудитор қойылған сұрақтарға негізді жауаптар беруге, бизнестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жағымды факторлар үшін жағдай жасап, жағымсыздарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеуге тиіс.
Коммерциялық ұйымның қаржылық-экономикалық жағдайына алдын-ала шолу олардың табыстылығын айқындаудан басталады. Табыстылық деңгейі ең бастысы сату көлеміне және өнім, жұмыс, көрсетілетін қызмет өндірісінің шығындарына байланысты. Нарық жағдайында табыстылық көрсеткіштері компанияның төлемге қабілетгілігіне, өтемділігіне және қаржылық тұрақтылығына әсер етеді. Мысалы, қаржылық тұрақтылықтың және төлемге қабілеттіліктің көрсеткіштері бірін-бірі толықтыра келіп, шаруашылық жүргізуші субъектінің өткен, ағымдағы және келешектегі кезендегі қаржылық жағдайы мен экономикалық әлеуетін қолданудың тиімділігін толық бағалауға мүмкіндік береді.
Нарықтық экономика елдерінде жеке баланстық көрсеткіштер, топтық нәтижелер мен тұтастай баланс қорытындысының арақатынастарын өлшеудің белгілі бір ережелері қалыптасты. Актив көлемі мен олардың қалыптасу көздерінің шамасы компанияның қаржылық жағдайының тұрақтылығын айқындайды. Қорлардың және қалыптасу көздері шығындарының қамтамасыз етілуі қаржылық тұрақтылықтың мәнін ашып көрсетеді, оның төлемге қабілеттілігі сыртқы түрі болып шығады.
Компанияның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі - меншікті капиталдың барлық қаржысының жалпылай жиынының үлес салмағы болып саналады. Бұл көрсеткіш «автономия (даралық) коэффиценті» атауын алды. Соған қарап кәсіпорынның қарыз капиталына қаншалықты байлынысты екендігін пайымдайды. Субъектінің меншікті қаражаты көп болған сайын ол нарықтық экономиканың «ойда жоқ сыйлықтарын» қасқая қарсы алады.
Қаржылық тұрақтылық жиынтық капиталдың құрамымен ғана емес, оның компания активінің жеке элементтеріне дұрыс салынғандығымен сипатталады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тұрақтылығын бағалау тұрғысынан икемді жұмылғыш, таза қаржының мөлшері икемді қаржы мен қысқа мерзімді борыш арасындағы айырым ретінде белгіленеді. Бұл есептеу егер барлық қысқа мерзімді борышты бірден өтесе, кәсіпорын айналымында не қалады деген сұраққа жауап береді.
Меншікті айналма капиталын есептеп шығару компанияның ақшалай қаражатының біраз бөлігі мен құнды қағаздар қалдығы ұзақ мерзімді қарыз капиталы есебінен жабылуына жол береді. Мұндайда негізгі капиталдың едәуір бөлігі де ұзақ мерзімді қарыз капиталы есебінен құралады. Бұл шарт меншікті айналма капиталын қолданудың негізгі өндірісін анықтайды. Онымен өндірістік қорлардың және өнім сатып алушылармен есеп айырысудың негізгі бөлігі жабылады.
Алайда, кәсіпорынның меншікті айналым капиталының едәуір сомасы бар болса және аса қажетті жағдайда оны негізгі капиталға салымды ұлғайту жағына қарай қайта бөлуді атқаруға болады. Сол себепті, аудитор маневрлік коэффиценттің көмегімен меншікті капиталдың жалпы сомасындағы айналма капиталының үлестік салмағын айқындау жолымен меншікті капиталды бөлу құрылымын бағалайды, мұндайда компанияның меншікті каражатының қандай бөлігі икемді (мобильді) сипаттағы құндылықтарға тағайындалмағанын және оның азды-көпті еркін маневр жасауға мүмкіндік беретін формада тұрғаны жайлы сұраққа жауап алады.
2.2. Операциондық аудит пен қаржылық аудиттің айырмашылығы
Операциондық бақылаудың кез келген басқа аудит типтері сияқты дұрыс жоспарлануы керек. Жан-жақты ойластырылып жасалған жоспар аудиторлық тексерулердің әлдеқайда тиімді әдістері мен процедуралары пайдаланылып жүргені туралы атқарушылар мен клиенттердің бойында сенімділік тудырады. Аудитор тексерулердің негізгі аспектілері мен нақты мақсаттарын келісімшарт саласын дәл анықтап алуы қажет. Осының негізінде бизнеске операциондық аудиті жүргізу бойынша жұмыс бағдарламалары мен әдістері жасалады.
Операциондық аудитті ұйымдастыру барысында еңбекте. Аталып кеткен үш фазаның орнына оның, бес негізгі кезендерін бөліп қолдану мақсатқа лайықты болады. Олар:
1) жоспарлау;
2) мәліметтерді алу;
3) фактілерді талдау және бағалау;
4) ұсыныстарды әзірлеп, негіздеу;
5) есеп беруді жасау.
«Фактілерді талдау және бағалау», «Ұсыныстарды әзірлеу» фазаларының дербестігінің ерекше мәні бар әрі операциондық аудиттің міндеттерін шешуін және мақсаттарына жетуіне ықпалдарын тигізеді.
Келісімшарт шарттары орындалуы үшін персоналды дұрыс іріктеу, клиент туралы алғашқы акпаратты алу, шаруашылық ішіндегі бақылау жүйесін түсіну, объектілерді белгілеп, оның жекелеген учаскелеріне операциялық зерттеу жүргізудегі ерекшеліктерді ашып көрсету қажет. Бұл арада операциондық аудит пен қаржылық есептеме аудитінің арасындағы мынадай өзіндік ерекшелігі бар айырмашылықты ескеру керек:
1) операциондық аудиттегі тексерулердің шектен тыс көп қырлы (түрлі) болуы нақты мақсаттарды, бағалау өлшемдерін және оны жүргізудің процедураларын анықтауда жиі қиындықтар тудырады;
2) операциондық тексерулердің ауқымы зерттеу нәтижелерінің анық болмауынан және алға қойылған мақсаттар мен объектілердің жағдайларына қарай бірден күрт (аяқ астынан) өзгеруі ықтимал;
3) операциондық аудитті жүзеге асыру ісін атқара алатын персоналды дұрыс таңдап алу өте қиын, өйткені оның зерттеу объектілері әр қилы болады. Нақтырақ айтқанда бизнес және басқа қызмет түрлерінің аспектілері мен салаларының әр түрлі болуы және т.б.;
4) операциондық аудит барысында көптеген жағдайларда әкімшілікпен, кәсіпорын қызметкерімен, осы іске қатысуға шақырылған сарапшылармен және басқа да мүдделілік танытқан тараптармен өзара әрекетті мұқият үйлестіру қажет екені дәлелденген;
5) операциондық аудиттің процедуралары, әдістері мен бағалау өлшемдері жаппы аудитте, қаржылық есептеме аудитінде және аудиторлық бақылаудың басқа түрлерінде қолданылып жүргендерден мүлдем өзгеше болуы жиі кездесетін жағдаят.
Жоспарлау процесінде аудитор қандай аудиторлық процедураларды орындау керектігін шешіп алу үшін қолайлы процедураны таңдап, қандай құжаттарды және мәліметтерді зерделеу керектігін анықтап алуы қажет. Бұл арада аудиторлық процедураны былай ұғуға болады: тексеру кезеңін, нақты элементтерді және таңдама көлемін өзгертетін аудиттің әр кезеңіндегі мәліметтер типін алудың ерекшеліктері туралы нақты нұсқау. Жоспарлау кезеңдері мен мәліметтерді алу өзара тығыз байланыста болады. ХАС (МСА) 300-320 ережелеріне сәйкес «жоспарлау» термині аудит көлемінің, өткізу мерзімінің, тексерудің детальдық тәсілдемесін және жалпы стратегияны әзірлеуді білдіретін болса, онда екінші кезеңде аудиторлар өз пікірлерін растайтын жеткілікті дәрежеде шындыққа жанасымды мәліметтерді жинауы керек.
Операциондық аудиттің үшінші кезеңінде ізденіске негізделген елеулі талдау жасалады, зерттеу объектісінің сипаттамасы анықталады. Осыдан кейін аудитор қызмет нәтижелері мен көлемін, сипатын және ондағы мәселелерді анықтау мақсаттарында бизнестің нақты жағдайына жүйелі талдау жасап, баға береді (ХАС 310 және ХАС 320).
Операциондық аудит пен қаржылық есептеме беру аудитінің айырмашылық белгілері.
Айырмашылық белгілері |
Операциондық аудит |
Қаржылық есептеме аудиті |
Мақсаты |
Экономикалык потенциалдың пайдаланылуын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу
|
Қаржылық есептеме көрсеткіштерінің дұрыстығын растау
|
Аудиттің міндеті |
Қызметтердін тиімділігі мен өнімділігін зерттеу |
Қаржылық есептемедегі шаруашылық операцияларының дұрыс көрініс табуын тексеру |
Негізгі талап, өлшемдер және көрсеткіштер |
Қызметтің тиімділігі мен өнімділігін, шешімдердің ұтымдылығын жалпы және локальды бағалау |
Дәстүрлі бағалау өлшемдері және қаржылық есептеме көрсеткіштерінің дәлдігі |
Стандарттың, нормалардың, ережелердің сақталуы |
Аудитті жүзеге асырудың белгіленген стандарттары, нормалары, ережесі мен процедуралары жоқ |
Қаржылық есептеме Аудитінің қабылданған стандарттанын қатаң сақтау |
Әдістер, тәсілдер |
Кешенді бағалау және елеулі талдау, диагноз қою, логикалық және экономикалық-математикалық әдістер |
Жаппай, іріктеп, ыңғайласта тексерулер және талаптарға сай тестілеу, т.б. |
Тексерудің аспектілері, объектілері және салалары |
Қызметтердің, оның түрлері мен салаларының көп қырлы болуы |
Есептеменің объективтілігіне қатысты мәселелермен шектелген |
Қорытындыны ұсыну |
Әкімшіліктің немесе меншік иелерінің қызмет бабымен пайдалануға арналған |
Қорытынды көптеген пайдаланушылардың қолына тиюі мүмкін |
Аудиттің субъектілері |
Ішкі және сыртқы аудиторлар; консалингтік, ғылыми, салалық және басқадай құрылымдар |
Сыртқы тәуелсіз аудиторлық фирмалар немесе маманданған аудиторлар |
Операциондық аудитті ұйымдастырудың ең қиын кезеңіне негізгі мықты, яғни орнықты ұсыныстарды әзірлеу жатады. Бұл үшін аудитор өзара байланысты-кемімелік (корреляционно-регрессионного) және функционалдық құнды талдаулардың және экономика-математикалық әдісті қолдану көмегімен қаржыландыру жағдайы мен өнім, қызметкер (персонал) туралы ақпараттарды зерделейді, айрықша назар аударуды талап ететін әдеттен тыс тексеру объектілері мен жағдайларды анықтайды, қызметті жақсартудың жолдары мен резервтерін анықтайды.
Шаруашылық ішіндегі бақылау мен талдау процедураларының жүйелері әдетте клиенттен жауап алуды, құжаттамаларды және қадағалауды кеңінен қолданатын операциондық аудиттің қиын бөлігін білдіреді. Операциондық аудит үшін арифметикалық дәлдік пен дәйек қаржылық есептеме аудитіндегідей аса маңызды емес, өйткені көптеген жағдайларда дәлдік операциондық аудиттің максатына кіре бермейді. Есептемені (қорытындыны) жасауда және оны жүзеге асыру барысында операциондық аудит пен қаржылық есептеме аудитінің арасындағы екі негізгі айырмашылықты ескеру қажет.
Біріншіден, операциондық аудиттің қорытындысы әдетте тек әкімшілікке ғана бағытталады, ал оның көшірмелері - аудитті жүргізетін ұйымдарға жіберіледі.
Екіншіден, операциондық аудиттегі тексерудің әдістері мен түрлерінің көп қырлы болуы әрбір есеп беруде аудит салаларын, табылған фактілерді, таңдау мен ұсыныстардың орнықтылығын әлдеқайда толық бейнелейтіндей етіп жасауды талап етеді.
Үшінші жақтың (пайдаланушының) болмауы операциондық аудиторлық есеп берулерді белгілі бір стандартты қалыпқа келтіруді қажет етпейді. Сондықтан да оларды дайындау үшін табылған фактідерді және зерттелген объектілердің жұмысын жақсарту мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды жіктеу үшін бірталай уақытты қажет етеді.
2.3. Бизнесті талдаудағы операциялық аудиттің қажеттілігі
Экономикалық әдебиетте табыс (пайда) әкелетін іс-қызметтің кез келген түрі сияқты «бизнес» (ағылш. «bisiness») үғымын түсіндіру кең қанат жайған. Алайда басқа пікірлер де жоқ емес. Мысалы, кейбір зерттеушілер «бизнес» сөзінің американдық шығу тегі бар («busy» - «шұғылдану» түрінен) деп санайды. Уақыт өте келе мағынасына қарай әр түрлі мәнге ие бола бастаған: іс, жұмыс, кәсіп, мамандық, мәміле, кәсіпкерлік, іскерлік топтар, компаниялар, еңбекақы көзі және т.б. «бизнес» ұғымының өрісін кеңейтіп тұр. Байқағанымыздай «бизнес» сөзі өте күрделі және көп жақты категория туралы түсінік береді. Сондықтан оны түсіндіру белгілі бір шектеулі талдауларды талап етеді.
Кең мағынасыңда категориалды сараптама (гректің «kategorіа» - айтылғандар, белгі) - зерттелетін объектінің әр түрлі жақтарын нақтылы ғылыми категориялардың элементі негізінде қарастырылатын «бизнестің» экономикалық іс-әрекетін шынайы тану тәсілі.
Бүгінгі тандағы түсінік бойынша, бизнес - жұмыспен қамту және қызмет көрсетуде өнім өндіріп, өткізуде табиғи игілікті өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ пысық адамдардың коммерциялық ісі болып табылады. Басқаша айтсақ, бизнес - пайда келтіру немесе қайсыбір материалдық пайда табу мақсатындағы шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсібі, жұмыстың нәтижесі немесе іс-әрекеттің басқадай түрлері.
Табыс немесе материалдық пайда әкелмейтін іс-әрекет немесе басқа қызмет «хобби», қайырымдылық қызмет, көмек көрсету, материалдық және ақшалай қаржыны сыйлау мен беру, жай уақыт өткізу, бос уақытты пайдалану және т.с.с. болып түсініледі.
«Бизнес» және «кәсіпкерлік» ұғымы бір-бірімен тығыз байланысты. Көбіне оларды синоним ретінде қолданады. Бұл дұрыс емес, өйткені бұл ұғымдардың мазмұныны жағынан көп айырмашылықтары бар. Кәсіпкерлік - жұмыс және қызмет көрсетудің, өнімнің жаңа түрлерін игеру мен шығару үшін мүмкіндіктерді жүзеге асыруда ізденіспен, тәуекелмен бел байлаушы жаңашыл, творчестволық және бастамашыл шаруашылық іс-әрекет ретінде түсіндіріледі. Бұрын-соңды болмаған немесе өзгелердің қолынан шықпаған бар жаңаны ізденуші іскер адамдарды ғана кәэсіпкер деп есептеуге болады.
Творчество, іс-қызметтің жаңа тиімді бағыттарын іздеу мен жүзеге асыру – кәсіпкерлік пен бизнестің арасындағы негізгі айырмашылық осы. Ендеше «бизнес» термин ретінде негізгі мақсат - табыс пен пайда алуда кез келген күнделікті немесе ең қарапайым іс-әрекетті анықтау үшін қолданылады. Алайда бұл жағдайлар бизнестің кәсіпкерлік негізінде өркендеп, кең таралуын шектемейді, керісінше, алға қойылған мақсат - ірі табыс пен мол пайдаға тез жетуін көздейді.
Категориалдық талдау «бизнес» ұғымының «кәсіпкерлік» үғымынан мазмұны жағынан ғана емес, қатысушылар құрамы жөнінен де кең екендігін көрсетеді. Ол нарықтық экономиканың барлық қатысушылары арасындағы қарым-қатынасты қамтиды және құрамына бизнесмендердің іс-әрекеттерін ғана емес, тұтынушыларды, серіктестерді, жалдамалы жұмысшыларды, мемлекеттік, шаруашылық, әлеуметтік және тағы басқа құрылымдардың қызметкерлерін өзіне тартады. Бизнестің категориалдық талдауының негізгі мақсаттық межесі қоршаған ортаны жан-жақты зерттеп-білу үшін экономикалық әлеуетті бағалап, оған барлық қатысушылардың іс-қызметі тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін айқындауда жатыр. Мұндайда бизнесті танудың ерекше маңызды категориялары: капитал, жер, өндіріс құралдары, кіріс, шығындар, қуат, өнімділік, тиімділік, үлгі (модель), жағдай, көрсеткіш, ақша ағыны, тәуекелділік, инвестициялар, қаржы, процент, мөлшерлеме, левередж (тұтқаны пайдалану нәтижесі), опцион, дисконт және т.б. қолданылады.
Кез келген адам, топ, ұйым және басқа да адамдардың бірлестігі ұйымдасқан формасы әр түрлі жеке және шағын кәсіпорыннан бастап, трансұлттық корпорацияларда, компания мен қоғамдастықтарда өз ісін бастай алады. Олардың жалпы мақсаттары - бизнеске қатысушылардың барлығы тұрмыс жағдайларын түзеуді қамтамасыз ету, материалдық игіліктер мен басқадай пайда, табыс алу, кіріс кіргізу.
Бизнестің мақсаты сипатына қарай әр түрлі болуы мүмкін. Категориалдық талдау олардың ең маңыздыларын бөлуге мүмкіндік береді. Олардың ішінде келесі негізгі мақсаттардың үлкен мәні бар:
- тұрақты және материалдық игіліктерді алу;
- бизнестің дамуы үшін капитал жинақтау;
- бизнеске қатысушылардың өзіндік мүдделерін ескере отырып, қоғам қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға резервтер іздестіру;
- нарықтағы алғы шепті алу мен ықпал ету өрісін кеңейту;
- өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметті өткізу мен өндірістің оңтайлы жағдайларын жасау;
- бизнеске катысушылардың талаптарын қанағаттандыру мен мүдделерді сақтау;
- бизнеске қатысушылардың өз қабілеттерін өздері жүзеге асыру;
- әлеуметтік-экономикалық іс-қызметтің әр түрлі салаларында табыстарға жету;
- бизнес мәселелерін шешуге творчестволықпен қарауды дамыту;
- ең көп пайда, табыс және материалдық игіліктерді тұрақты алуда сенімділікті арттыру . Бизнестің нақты мақсаттарына сүйене келе, оның жағдайын экономикалық бақылау мен кешенді талдаудың тәсілдерін анықтап, міндеттерін қою атқарылады. Еркін кәсіпкерлік экономикасы жақсы жаққа қарай түбегейлі өзгерістерге ұшырағанын ескеру қажет. Объективті бақылаусыз, функционалды-құндық талдаусыз және шаруашылық қызметінің барлық шығындары мен нәтижелерінің өлшемдестігінсіз, ұсыныстар мен бағалардың, сұраныстың арақатынастарын, бәсеке мен экономикалық конъюнктураны есепке ала отырып, нарықтық тетікті дұрыс қолданусыз тиімді бизнес жайлы сөз болуы мүмкін емес.
Әртүрлі бөліктер мен элементтерден құралатын экономикалық жүйе ретінде бизнесті бақылаудың кешенді тәсілі ерекше мәнге ие болады. Сонымен бірге, шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызметіндегі экономикалық құқықтық саяси, әлеуметтік-мәдени, географиялық, технологиялық, нарықтық және салалық жағдайларды қосып, бизнестің, макро-, мезо- және микроорта жағдайын арнайы талдауға тиісті көңіл бөлу керек. Бизнес жүйесі ретінде экономикалық қызметтің өзара байланысқан бөліктері мен элементтерінен құралатын, әрбірі жұмыс істеудің жалпы режимінде өз үлесін қосатын белгілі бір тұтастық түсіндіріледі. Бизнес кешенді талдау мен экономикалық талдау объектісі ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің іскерлік байланыстарының күрделі жүйесі болып табылады. Бизнес жүйесіне әлемдік шаруашылықтың сан қилы элементтері және оның инфрақұрылымы, жеке салалар, ұдайы өндіріс аймақтары мен процестері, менеджмент, маркетинг, қаржы және шаруашылық жүргізуші субъектілердің іскерлік қатынастарының басқа аспектілері кіруі мүмкін.
Сонымен бірге, бизнес - оған белгілі бір қатысушылардың экономикалық қарым-қатынастарының жиынтығы болып шығады. Қазіргі бизнестің көптеген қатысушыларын ірілендірілген 4 топқа бөлуге болады:
1. Кәсіпкерлер өнімді, жұмысты және көрсетілген қызметті өндіру мен өткізу жөніндегі өзінің бастамашыл іс-әрекетін жүзеге асыратын тұлғалар. Олар өз қызметі барысында басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен іскерлік қарым-қатынасқа түседі, нәтижесінде негізгі үш компонентке өнім өндірісі, сауда (коммерция) және коммерциялық делдалдық кіретін кәсіпкерлік бизнес өрісі қалыптасады.
2. Кәсіпкерлер ұсынатын өнімді жеке және ұжымдық тұтынушылар. Бұл топтың бизнесіне қатысушылардың мүдделері тауарларды алу арқылы және өзара пайда негізінде өнімдіөндірушілер мен сатушылармен қарым-қатынасты ретке келтіру жолымен жүзеге асады. Өзінің тұтынушылық мүдделерін іске асыра жүріп, қатысушылардың бұл тобы тұтынушылық бизнес өрісін жасайды.
3. Жалдамалы персонал және олардың кәсіподақтары. Осы іскерлік топтың мүддесі сатып алатын тауарлар орындалатын жұмыс нәтижесінде және екі жақтың да пайдалы қарым-қатынасы арқылы жүзеге асады. Қатысушылардың бұл тобы енбек бизнесі саласын құрайды.
4. Іс туралы мәмілеге тікелей қатысушы мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар. Олардың мүдделері тұтастай мемлекеттің де, барлық азаматтарының да қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жалпы қоғамдық, ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік және басқа бағдарламаларды іске асыру арқылы байқалады. Бұл топ мемлекеттік бизнес өрісін құрайды.
Материалдық өндіріс пен әлеуметтік сала да кіретін, адамдардың әр түрлі тіршілік әрекеттері бизнес объектілері бола алады. Іс-әрекет өрісіне байланысты, ең алдымен, өндірістік, коммерциялық және қаржылық бизнестің арасын айырып, тану керек. Олар бизнестің дербес түрі болып табылады және өзара байланыста, бірін-бірі толықтыруы мүмкін.
Өндірістік бизнес ел экономикасының дамуында маңызды және айқындауыш мәнге ие. Бұл бизнестің күрделі де қиын түрлерінің бірі. Нарықтық экономикаға өту кезеңінде ТМД елдерінде кәсіпкерлердің көпшілігі бизнестің коммерциялық саласына басымырақ ұмтылды. Қоғамдағы экономикалық жағдайдың тұрақтану шамасына қарай өндірістік бизнес кеңейеді және жетекші орынға ие болады.
Коммерциялық бизнес сату-сатып алу және сауда-делдалдық іс-қызмет бойынша операцияларды өткізуде қалыптасқан тауарлық-ақша қатынастарын сипаттайды. Бұл жерде бизнесменге бәсеке деңгейі, нарық конъюктурасы, өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің нақты түріне сұраныстың, ұсыныстың және бағаның аракатынасын анықтауына тура келеді. Нені және қалай сатып алуды, қашан және қайда сатуды, қандай тауарлар мен қызметтер сұранысқа ие болатындығын және ең бастысы, пайда әкелетіндігін дәл білу үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет.
Қаржылық бизнес - сату-сатып алу объектілері болып ақша, құнды қағаздар мен борыш міндетемелері шығатын коммерциялық қызметтің ерекше түрі. Валюталық - ақшалық және қаржы-несие операцияларын жүргізу шығындарды жабу мен пайда алу үшін кәсіпкерлік табысты қамтамасыз етуі тиіс. Қаржылық бизнес валюталық рынок пен құнды қағаздар рыногын маркетингтік зерттеуге негізделеді.
Бизнестің кез келген түрі қалыпты жұмыс істеуі үшін тиісті инфрақұрылым қажет. Бизнес инфракұрылымы - шаруашылық жүргізуші субъектілердің сан қилы іскерлік қатынастарын бір тұтас етіп байланыстыратын және жалғайтын ұйымдық-құқықтық формалардың жиынтығы.
Бизнестің инфрақұрылымының маңызды элементтері мыналар:
- акпараттық жүйелер, технологиялар мен басқадай қатынас құралдары;
- қаржы-несие жүйесі, банктер мен қор биржалары;
- инвестициялық және зейнетақы қорлары, сақтандыру мен траст компаниялары;
- сауда-делдалдық ұйымдар, тауарлық-шикізаттық биржалар, жәрмеңкелер, көрмелер мен аукциондар;
- салықтық, кедендік, бақылау және бизнесті мемлекеттік реттеудің басқа органдары;
- аудиторлық, консалтингтік, жарнамалық және ақпараттық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары;
- бизнеске қатысы бар қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар және с.с.
Бизнестің көптеген функциялары арасында, әсіресе өндірістік міндеті ерекше бөлінеді. Өнім өндірісінсіз ештеңе сатылмайды, бәсеке деңгейі мен нарық жағдайын (конъюнктурасын) жете білу мүмкін емес. Нақты өндірістік процесте дара элементтердің; жалдамалы еңбеккерлердің еңбек капиталы, табиғи ресурстардың, еңбек құралдарының және маңызы жағынан еш кем емес төртінші фактор – кәсіпкерлер мен өндірісті ұйымдастырушылардың жасампаз қызметін біріктіру жүреді. Ұдайы өндіріс процесінің барлық сатылары ең жақсы нәтижелерге, жоғары табыстарға және басқа материалдық игіліктерге жету мақсатымен оңтайлы режимде өтуі тиіс.
Бизнестің қазіргі нарықтық тұжырымдамасы бұрынғысынан да өте жоғары пайданы тез алуға бағытталмаумен, керісінше ұзақ мерзімді пайдалылық пен біркелкі табыстың тұрақтылығына бейімделумен ерекшеленеді. Бәсекенің қабылдауға боларлықтай мөлшері мен нарық конъюнктурасын баға маркетингі арқылы байланыстырып, адал бизнесті мемлекеттік реттеу мен ынталандыру көмегімен үйлестіру оның әлеуметтік мәртебесі мен этикалық деңгейін арттыруға әкеледі.
Жоғарыда қарастырылған жағдаяттардың барлығы экономиканың даму тенденцияларын тиісті табыс материалдық және рухани игілік алудағы әділеттілік пен тендік мүмкіндіктері мен принциптерін сақтау, бизнестің барлық қатысушыларының демократиялық еркіндік алуы мен бірігуін жағымды сипаттайды.
Ғалымдар мен маман практиктер - әлемдік экономиканың даму тенденциялары мен осы кезеңдегі басым фактордың жиынтығының ықпалын айқындай отырып, өздерінің бизнеске деген көзқарасын қайта қарап, оның жаңа тұжырымдарын жасап шығаруда. Сонымен бірге нарықтық экономикасы, өнеркәсібі дамыған елдерде бизнесті ұйымдастырудың түрлері, формалары мен озық тәжірибесі сын тұрғысынан талданады. Мәселен, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда бос уақыттың көбеюі, ішкі фирмалық жоспарлау, жаћандану мен бизнес дамуының халықаралық аспектілері сияқты факторларға ерекше көңіл бөлінеді.
Қай елдің де экономикалық дамуының әр түрлі кезеңдерінде бизнес жағдайына әсер ететін факторлар айқындаушы мәнге ие болады. Қазіргі уақытта жаңа технологиялар мен өнім түрлерін жасап шығаруға, ұдайы өндіріс процестерінің тиімділігін арттыруға, фирмалар, елдер мен аймақтар арасындағы шаруашылық байланыстарды оңтайландыру негізінде бизнестің жаћандануына баса назар аударылады.
Бизнесті кеңейту жағдайларын қарастырғанда ұдайы өндірістік процестің барлық сатыларында ұтымды қолданылуы тиіс табиғи, еңбек және материалдық ресурстар сияқты факторлар бірінші деңгейлі мәнге ие. Нақ осы жерде бизнеске қатысушылардың барлығының, өндірісті ұйымдастырушылардың: кәсіпкерлердің, жалдамалы қызметкерлердің, қаржы-несие мен нарықтық экономиканың басқа сала еңбеккерлерінің бастамашылдығы мен құзыреттілігі көрінуі тиіс.
Бизнес беталысының қалыптасып, нығаю жолында мемлекеттік реттеу, монополия мен инфляцияның ықпалын азайту, кәсіпкерлікті қоғам тарапынан және оның ұйымдастырушылық-институциональдық құрылымын қолдау сияқты нарықтық емес факторлар өз ролін атқаруы тиіс. Бизнеске қатысушылар өз ісінің беріктігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін экономика мен саясатта болжанбаған құбылыстарды уақтылы және барабар қабылдауға үйренуі тиіс.
Аудиторлық қызмет саласындағы халықаралық және отандық құқықтық-нормативтік акті талаптарына сәйкес жыл сайын тексеруге жататын, шаруашылық жүргізетін субъектілер тізбесі елеулі түрде кеңейді:
- халықтық акционерлік коғамның ұйымдастыру-қүқықтық формалары бар компаниялар;
- табиғи монополия субъектілері;
- банктер мен басқа кредиттік мекемелер;
- жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар, инвестициялық қорлар;
- сақтандыру ұйымдары мен өзара сақтандыру қоғамдары;
- тауарлық және қор биржалары;
269 |
- ҚР заңнамаларында қарастырылған, заңды және жеке тұлғалар жасайтын міндетті аударымдар қаржы құрау көзі болып шығатын бюджеттен тыс қорлар;
- заңды және жеке тұлғалардың ерікті аударымдары қаржы құрау көздері болып қызмет ететін қайырымдылық пен басқадай (инвестициялық) қорлар;
- ұсталымдар, егер жарғылық капиталда шетелдік инвесторларға тиесілі үлес бар болса, мөлшеріне қарамастан.
Тексеру объектісін бағалау көрсеткіштер жүйесі мен арнайы өлшем-белгілер (критерийлер), ғылыми негізделген тәсілдерді анықтау операциондық аудиттің әдістемесін жасаудың басты мәселелері болып саналады. Егер қаржылық есептеме аудиті үшін бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі халықаралық стандарттар мен басқа нормативтік құжаттарда көрсетілген принциптер, критерийлер мен көрсеткіштер белгіленсе, онда операциондық аудит үшін объектінің жағдайлары мен бизнестің тиімділігін бағалаудың мұндай құралдары мен критерийлерін жасау өте күрделі мәселе.
Экономикалық әдебиетте (34, 36, 39, 78 және т.б.) операциондық аудит пен клиент бизнесінің тиімділігін талдауды атқару процесінде қолданылатын белгі - өлшемдерді анықтаудың кейбір тәсілдері, алғышарттары мен көздері ғана белгіленген. Бизнестің тиімділігін бағалау критерийлерін жасау үшін пайдалануға болатын маңызды көздерге мыналар жатады:
• өткен кезендердегі өзгерістерді бағалау негізінде бизнесті
басқарудың қалыптасқан сипаттамасы;
• сол саладағы, аймақтағы немесе халықаралық деңгейдегі
бизнесті ұйымдастыру жағдайының салыстармалы тиімділігі;
• ұлттық экономика мен әлемдік шаруашылықтың нақтылы
салаларында қолданылатын бизнестің техникалық, технологиялық, сапалық және басқадай стандарттары мен тиімділік нормалары.
Объективті белгілерді эзірлеу көп шығындар түрғысынан қарағанда, күрделі және мақсатқа сәйкес емес болған жағдайда, оларды талқылау мен келісу жолымен алады. Бұл процеске тартылған тараптар мыналар болуы тиіс: кәсіпорынның әкімшілігі, қойылған міндетті шешуге мүдделі үшінші тұлғалар мен аудиторлар. Материалдық өндірістің нақты саласындағы бизнестің тиімділігін бағалау белгісі болып шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызметінің қаржы-экономикалық тұрақтылығының және іскер белсенділігінің, табыстылығының көрсеткіштері мен сапалық нормалары қызмет етеді.
Біз А.А. Тереховтің «Шаруашылық іс-қызмет тиімділігінің операциондық аудиті объективті қажеттілік болғандықтан, бұрынғы КСРО-да үнемі бар болған» деген көзқарасына қосыламыз. Соның ішінде, ол негізгі жұмыс орны тиісті ҒЗИ мен жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу секторлары болған жоғары білікті ғалымдар, экономистер, бухгалтерлер және басқа мамандар орындаған көптеген сан алуандығы мен көлемі жағынан зор ғылыми-зерттеу жұмыстарына сүйенеді. Мұндай жұмысты бұрын орындаған ғалымдар мен мамандардың көбі нарықтық экономикаға өту кезеңінің басында аудитор, кеңесші, талдаушы және сарапшы болып қайта маманданды, сондай-ақ өздерінің аудиторлық, консалтингтік және сарапшылық-талдамалық фирмаларын құрды .
Дж. К. Робертсон (36), Э.А. Аренс және Дж. К. Лоббек (39), А.Д. Шеремет және В.П. Суйц (42), К.Ш. Дюсембаев (44), М.С. Ержанов (47), К. Друри (54), Э.С. Хендриксен және М.Ф. Ван Бреда (58), Л.А. Бернстайн (73) сияқты белгілі шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде жалпы аудитті ұйымдастырудың, шаруашылық жүргізуші объектілерді қаржылық есеп беру мен қаржылық талдау аудитінің әдіснамалық проблемалары қаралады. Алайда, оларда бизнестің қаржы-экономикалық талдауы мен кешенді операциондық аудитті немесе шаруашылық жүргізуші субъекті іс-қызмет түрлерін ұйымдастыру мәселелеріне арналған арнайы бөлім мен немесе жеке әдістеме жоқ.
Осыған орай, бизнестің тиімділігіне қаржы-экономикалық талдау мен кешенді операциондық аудитті ұйымдастырудың тетіктерін анықтауға объективті қиындықтар бар. Мұндай жағдайды ескере отырып, транзиттік экономикадағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызметінің тиімділігін талдау мен кешенді операциондық аудит өткізудің жалпы технологиясын әзірлеудің әдіснамалық проблемаларына ерекше көңіл бөлу қажет. Операциондық аудит пен бизнесті қаржы-экономикалық талдау түрлерінің, мақсаттары мен бағыттарының сан алуандығы бухгалтерлік есеп, аудит, қаржы, эккаунтинг, менеджмент, контроллинг, маркетинг, микроэкономика, статистика, қолданбалы математика, ақпараттық жүйелер мен технологиялар. саласындағы іргелі, қолданбалы және ізашар әзірлемелерді творчестволық пен қолдануға негіз ретінде алуға мүмкіндік береді.
Соңғы уақытта ұлттық экономиканың әр түрлі буындарында пайда болған көптеген қаржылық қиындықтар жете зерттелген нормаларды, компанияның экономикалық әлеуетін басқару стандарттарын, тетіктерін іс жүзінде атқарудағы кемшіліктермен тікелей немесе жанама байланысты. Мысалы, активтерді басқарудағы кемшіліктер, әсіресе, дағдарысты ахуалдарда бөлінеді және төленбеген төлемдердің өсуімен, қаржылық жағдайдың нашарлауымен бейнеленді, бұл әрбір шаруашылық жүргізуші субъект үшін күн талабындағы мәселе болып табылады. Компанияның өтемділік және тұрақты қаржылық жағдайы шарттарының бірі - оның ағымдағы активтерінің жеткілікті мөлшерде болуы.
Операциондық аудит тек бухгалтерлік ақпаратпен ғана шектелмейді, өйткені оның аясында ішкі бақылау, ұйымдастырушылық құрылым, жабдықтау, компанияның өндірісі мең қаржылық-өткізушілік қызметі жағдайын бағалау жасалады. Іс-тәжірибе бизнестің операциондық аудиті шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп ережелері мен стандарттарына сәйкестігін бағалау процедураларына қарағанда, әлдеқайда күрделі екендігін көрсетті. Операциондық аудит пен контроллингтің байлынысы анығырақ көрінеді, өйткені контроллинг көбінесе компания іс-қызметінің түпкілікті нәтижелеріне тәсілдерінің арнайы кешенді, яғни оның табыстылығын басқару жүйесі ретінде белгіленеді.
Операциондық аудитті жүргізгенде есеп саясатын жүзеге асырудың және компанияның іс-қызметін басқарудың қолданыстағы жүйесінің дұрыстығын бағалауға көп көңіл бөлінеді. Операциондық аудиттің негізгі мақсаттары тұрғысынан, нақтылай айтқанда, тиімділік пен өнімділікті зерттеу көзқарасында есеп саясатының да, шаруашылық жүргізуші субъектінің ішкі бақылау жүйесінің де әсері мен тиімділігін ажырату қажетгілігі туындайды.
А.А. Ветровтың пайымдауынша, есеп саясатының өнімділігі қойылған мақсаттарға жетуді, ал тиімдірек - белгілі бір нәтижелікке жету үшін қолданылатын ресурстар немесе қаржылық құралдар. Компанияның есеп саясатының операциондық аудиті дебиторлық және кредиторлық борышты немесе ақшаның жалпы жетпеуін айқындап қана қоймай, жаңалықты енгізу жөнінде ұсыныстар беруі тиіс .
Егер қаржылық есептеме аудитінде тексеру ауқымын белгілеу ішкі шаруашылық бақылау жүйесін бағалаудың басты мақсаты болып саналса, ал операциондық аудит үшін мақсат бақылау жүйесінің тиімділігі мен өнімділігін бағалауда клиенттің бақылаушылық мезеттерін қаржылық үшін де, операциондық аудит үшін де бір тәсілмен анықтауға болады, алайда, бұл бағалаудың мақсаттары эр түрлі операциондык аудитор өнімді өткізу бойынша фактуралар мен кітап шоттары көшірмелерін (дубликаттарын) тексере келе актив қозғалысын ішкі шаруашылық бақылау тиімді жасалатындығын, бұл кәсіпорын контрагенттердің мүдделеріне қысым жасалу жасамауын және олардың айналымдылығын тездетуді қаншалықты қамтамасыз ететіндігін анықтай алады. Қаржылык аудитор ішкі шаруашылық бақылауды бағалау бойынша дәл осындай операцияны орындайды, дегенмен оның негізгі мақсаты - бақылау аясын тарылту немесе қаржылық есептілікті тексеру мерзімдерін қысқарту.
Қаржылық есеп беру аудиті үшін ішкі шаруашылық бақылауды бағалау қаржылық есептіліктің дәлдігіне әсер ететін сұрақтарға жауап берумен шектелген, ал операциялық аудитте бақылаудың кез келген түрінің өнімділікке әсер немесе өндірісті ұйымдастырудың немесе барлық ресурстарды қолданудың тиімділігі қарастырылады. Мысалы, ұйымдастырушылық аудиті шегінде есеп саясатын, қажеттіліктерді анықтаудың дұрыстығын, экономикалық ресурстарды ішкі шаруашылық бақылау жүйесі жағдайын тексеруге болады. Функционалды аудиттің көмегімен сатып алу циклінен бастап, өнімді, жұмысты және көрсетілетін қызметті өткізу циклімен аяқталатын, активтерді олардың қозғалысындағы әрбір саты бойынша басқару тиімділігі анықталады. Арнайы операциондық аудит пен қаржы-экономикалық талдау тәсілдері факторлардың әсерін тереңдетіп ашып көрсетуге және тұтастай кәсіпорын іс-қызметінің тиімділігін арттыру жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Есеп саясатын қалыптастыру үшін шаруашылық операцияларын белгілеудің, активтерді, міндеттемелерді және іс-қызмет нәтижелерін бағалаудың баламалы әдістеріне жол беретін бухгалтерлік есеп стандарттары база ретінде қызмет ететіні белгілі. Сондықтан ұйымдастырушылық аудитті өткізгенде саясаты қаншалықты дұрыс жасалғанын тексеріп, бизнестің тиімділігіне ықпал жасайтын аспектілеріне сипаттау беру керек. Осыдан кейін субъектінің өндірістік ресурстарға қажеттілігін айқындауда қолданылатын тәсілдер, нормалар мен нормативтердің озаттығы мен негізділігін бағалауға кіріскен жөн. Кәсіпорынның шаруашылық құралдарына ағымдағы және келешектегі қажеттілігінің ұйымдастырушылық аудит оның белгілі бір сәтіндегі қаржылық жағдайын жалпы бағалаудан басталды. Ең алдымен, активтердің жағдайы мен құрылымы, міндетемелер мен капитал, кредиторлық пен дебиторлық берешектер арасындағы арақатынас, сосын анықталған арақатынастар қолайлы ма, әлде қолайсыз екендігін бағалау қажет. Бұл үшін экономикалық әдебиетте үш әдіс: шамамен бағалау, өткен жыл қорытындылары мен сала көрсеткіштерін қолдану ұсынылады.
Көптеген аудиторлар мен тапдаушылар маңызды қаржылық коэффиценттерді анықтау үшін шамамен бағалауды қолданады. Мәселен, егер ағымдағы коэффицент (активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы) 2-ге тең болса, онда бұл жақсы. Дегенмен, мұндай көрсеткіштер одан арғы зерттеулерді өткізуге көмектессе де, олар іс-қызметтің әр түрлі салаларындағы кез келген кәсіпорындар үшін жарамды деп айтуға болмайды.
Өткен жылдардағы нәтижелер тәсілі шамамен бағалауды қабылдау алдында елеулі артықшылықтары бар. Бұл тәсіл жақсы және нашар жаққа қарай өзгерістерді көруге, сондай-ақ дамудың болашақ тенденцияларын болжауға мүмкіндік береді. Алайда, транзиттік экономика жағдайында компанияның іс-қызметіндегі өзгеріс кезендерінде болжамдарды абайлап жасаған жөн. Кейде өткендегі жақсы нәтижелер осы шақ пен болашақта жарамсыз болуы мүмкін. Көбіне экономиканың дағдарысты жағдайы, инфляция, төленбеген төлемдердің әсері және т.б. ескерілмейді.
Салалық көрсеткіштер әдісін қолдану бағалаудың алдағы тәсілдерінің жағымсыз жақтарын жоюға мүмкіндік береді. Бұл әдіс кәсіпорынның бірдей саладағы басқа фирмаларымен сол бір уақыттағы іс-қызмет қорытындыларын салыстыруды көздейді. Салалық көрсеткіштер әдісін қолданғанда, мыналарды ескеру керек:
1) екі кәсіпорын бір салада жұмыс істесе де, оларды салыстыруға келмеуі мүмкін;
2) ірі компаниялардың көпшілігі бір саладан ғана емес, басқа салаларда да қызмет жасайды;
3) жеткілікті түрде салыстыруға болатын кәсіпорындар жоқ .
Компанияның экономикалық жағдайын тексеру активтердің айналымдылығы, меншікті капитал мен қарыз қаржысы, өзгеріс қарқыны мен оның қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін есептеуге сүйенеді. Қаржылық жағдай мен бизнестің жалпы деңгейін анықтауға тиісті мұндай әдістің негізділігі күмән тудырмайды. Алайда, бизнестің операциондық аудитін өткізгенде, әрбір зерттелетін шаруашылық жүргізуші субъекті іс-қызметінің нақтылы жағдайларына негізделіп, оны басқарудың тиімділігін бағалаудың апғашқы мәліметтерін, тәсілдері мен белгі-өлшемдерін (критерийлерін) мұқият таңдауды талап етеді.
Экономикалық әдебиетте табыс (пайда) әкелетін іс-қызметтің кез келген түрі сияқты «бизнес» (ағылш. «bisiness») үғымын түсіндіру кең қанат жайған. Алайда басқа пікірлер де жоқ емес. Мысалы, кейбір зерттеушілер «бизнес» сөзінің американдық шығу тегі бар («busy» - «шұғылдану» түрінен) деп санайды. Уақыт өте келе мағынасына қарай әр түрлі мәнге ие бола бастаған: іс, жұмыс, кәсіп, мамандық, мәміле, кәсіпкерлік, іскерлік топтар, компаниялар, еңбекақы көзі және т.б. «бизнес» ұғымының өрісін кеңейтіп тұр. Байқағанымыздай «бизнес» сөзі өте күрделі және көп жақты категория туралы түсінік береді. Сондықтан оны түсіндіру белгілі бір шектеулі талдауларды талап етеді.
Кең мағынасыңда категориалды сараптама (гректің «kategorіа» - айтылғандар, белгі) - зерттелетін объектінің әр түрлі жақтарын нақтылы ғылыми категориялардың элементі негізінде қарастырылатын «бизнестің» экономикалық іс-әрекетін шынайы тану тәсілі.
Бүгінгі тандағы түсінік бойынша, бизнес - жұмыспен қамту және қызмет көрсетуде өнім өндіріп, өткізуде табиғи игілікті өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ пысық адамдардың коммерциялық ісі болып табылады. Басқаша айтсақ, бизнес - пайда келтіру немесе қайсыбір материалдық пайда табу мақсатындағы шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсібі, жұмыстың нәтижесі немесе іс-әрекеттің басқадай түрлері.
Табыс немесе материалдық пайда әкелмейтін іс-әрекет немесе басқа қызмет «хобби», қайырымдылық қызмет, көмек көрсету, материалдық және ақшалай қаржыны сыйлау мен беру, жай уақыт өткізу, бос уақытты пайдалану және т.с.с. болып түсініледі.
«Бизнес» және «кәсіпкерлік» ұғымы бір-бірімен тығыз байланысты. Көбіне оларды синоним ретінде қолданады. Бұл дұрыс емес, өйткені бұл ұғымдардың мазмұныны жағынан көп айырмашылықтары бар. Кәсіпкерлік - жұмыс және қызмет көрсетудің, өнімнің жаңа түрлерін игеру мен шығару үшін мүмкіндіктерді жүзеге асыруда ізденіспен, тәуекелмен бел байлаушы жаңашыл, творчестволық және бастамашыл шаруашылық іс-әрекет ретінде түсіндіріледі. Бұрын-соңды болмаған немесе өзгелердің қолынан шықпаған бар жаңаны ізденуші іскер адамдарды ғана кәэсіпкер деп есептеуге болады.
Творчество, іс-қызметтің жаңа тиімді бағыттарын іздеу мен жүзеге асыру – кәсіпкерлік пен бизнестің арасындағы негізгі айырмашылық осы. Ендеше «бизнес» термин ретінде негізгі мақсат - табыс пен пайда алуда кез келген күнделікті немесе ең қарапайым іс-әрекетті анықтау үшін қолданылады. Алайда бұл жағдайлар бизнестің кәсіпкерлік негізінде өркендеп, кең таралуын шектемейді, керісінше, алға қойылған мақсат - ірі табыс пен мол пайдаға тез жетуін көздейді.
Категориалдық талдау «бизнес» ұғымының «кәсіпкерлік» үғымынан мазмұны жағынан ғана емес, қатысушылар құрамы жөнінен де кең екендігін көрсетеді. Ол нарықтық экономиканың барлық қатысушылары арасындағы қарым-қатынасты қамтиды және құрамына бизнесмендердің іс-әрекеттерін ғана емес, тұтынушыларды, серіктестерді, жалдамалы жұмысшыларды, мемлекеттік, шаруашылық, әлеуметтік және тағы басқа құрылымдардың қызметкерлерін өзіне тартады. Бизнестің категориалдық талдауының негізгі мақсаттық межесі қоршаған ортаны жан-жақты зерттеп-білу үшін экономикалық әлеуетті бағалап, оған барлық қатысушылардың іс-қызметі тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін айқындауда жатыр. Мұндайда бизнесті танудың ерекше маңызды категориялары: капитал, жер, өндіріс құралдары, кіріс, шығындар, қуат, өнімділік, тиімділік, үлгі (модель), жағдай, көрсеткіш, ақша ағыны, тәуекелділік, инвестициялар, қаржы, процент, мөлшерлеме, левередж (тұтқаны пайдалану нәтижесі), опцион, дисконт және т.б. қолданылады.
Кез келген адам, топ, ұйым және басқа да адамдардың бірлестігі ұйымдасқан формасы әр түрлі жеке және шағын кәсіпорыннан бастап, трансұлттық корпорацияларда, компания мен қоғамдастықтарда өз ісін бастай алады. Олардың жалпы мақсаттары - бизнеске қатысушылардың барлығы тұрмыс жағдайларын түзеуді қамтамасыз ету, материалдық игіліктер мен басқадай пайда, табыс алу, кіріс кіргізу.
Бизнестің мақсаты сипатына қарай әр түрлі болуы мүмкін. Категориалдық талдау олардың ең маңыздыларын бөлуге мүмкіндік береді. Олардың ішінде келесі негізгі мақсаттардың үлкен мәні бар:
- тұрақты және материалдық игіліктерді алу;
- бизнестің дамуы үшін капитал жинақтау;
- бизнеске қатысушылардың өзіндік мүдделерін ескере отырып, қоғам қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға резервтер іздестіру;
- нарықтағы алғы шепті алу мен ықпал ету өрісін кеңейту;
- өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметті өткізу мен өндірістің оңтайлы жағдайларын жасау;
- бизнеске катысушылардың талаптарын қанағаттандыру мен мүдделерді сақтау;
- бизнеске қатысушылардың өз қабілеттерін өздері жүзеге асыру;
-әлеуметтік-экономикалық іс-қызметтің әр түрлі салаларында табыстарға жету;
- бизнес мәселелерін шешуге творчестволықпен қарауды дамыту;
- ең көп пайда, табыс және материалдық игіліктерді тұрақты алуда сенімділікті арттыру .
Бизнестің нақты мақсаттарына сүйене келе, оның жағдайын экономикалық бақылау мен кешенді талдаудың тәсілдерін анықтап, міндеттерін қою атқарылады. Еркін кәсіпкерлік экономикасы жақсы жаққа қарай түбегейлі өзгерістерге ұшырағанын ескеру қажет. Объективті бақылаусыз, функционалды-құндық талдаусыз және шаруашылық қызметінің барлық шығындары мен нәтижелерінің өлшемдестігінсіз, ұсыныстар мен бағалардың, сұраныстың арақатынастарын, бәсеке мен экономикалық конъюнктураны есепке ала отырып, нарықтық тетікті дұрыс қолданусыз тиімді бизнес жайлы сөз болуы мүмкін емес.
Әртүрлі бөліктер мен элементтерден құралатын экономикалық жүйе ретінде бизнесті бақылаудың кешенді тәсілі ерекше мәнге ие болады. Сонымен бірге, шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызметіндегі экономикалық құқықтық саяси, әлеуметтік-мәдени, географиялық, технологиялық, нарықтық және салалық жағдайларды қосып, бизнестің, макро-, мезо- және микроорта жағдайын арнайы талдауға тиісті көңіл бөлу керек. Бизнес жүйесі ретінде экономикалық қызметтің өзара байланысқан бөліктері мен элементтерінен құралатын, әрбірі жұмыс істеудің жалпы режимінде өз үлесін қосатын белгілі бір тұтастық түсіндіріледі. Бизнес кешенді талдау мен экономикалық талдау объектісі ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің іскерлік байланыстарының күрделі жүйесі болып табылады. Бизнес жүйесіне әлемдік шаруашылықтың сан қилы элементтері және оның инфрақұрылымы, жеке салалар, ұдайы өндіріс аймақтары мен процестері, менеджмент, маркетинг, қаржы және шаруашылық жүргізуші субъектілердің іскерлік қатынастарының басқа аспектілері кіруі мүмкін.
Қорытынды
Операциондық аудит тек бухгалтерлік ақпаратпен ғана шектелмейді, өйткені оның аясында ішкі бақылау, ұйымдастырушылық құрылым, жабдықтау, компанияның өндірісі мең қаржылық-өткізушілік қызметі жағдайын бағалау жасалады. Іс-тәжірибе бизнестің операциондық аудиті шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп ережелері мен стандарттарына сәйкестігін бағалау процедураларына қарағанда, әлдеқайда кұрделі екендігін көрсетті. Операциондық аудит пен контроллингтің байлынысы анығырақ көрінеді, өйткені контроллинг көбінесе компания іс-қызметінің тұпкілікті нәтижелеріне тәсілдерінің арнайы кешенді, яғни оның табыстылығын басқару жұйесі ретінде белгіленеді .
Операциондық аудитті жұргізгенде есеп саясатын жұзеге асырудың және компанияның іс-қызметін басқарудың қолданыстағы жұйесінің дұрыстығын бағалауға көп көңіл бөлінеді. Операциондық аудиттің негізгі мақсаттары тұрғысынан, нақтылай айтқанда, тиімділік пен өнімділікті зерттеу көзқарасында есеп саясатының да, шаруашылық жұргізуші субъектінің ішкі бақылау жұйесінің де әсері мен тиімділігін ажырату қажетгілігі туындайды.
Қаржылық есеп беру аудиті ұшін ішкі шаруашылық бақылауды бағалау қаржылық есептіліктің дәлдігіне әсер ететін сұрақтарға жауап берумен шектелген, ал операциялық аудитте бақылаудың кез келген тұрінің өнімділікке әсер немесе өндірісті ұйымдастырудың немесе барлық ресурстарды қолданудың тиімділігі қарастырылады. Мысалы, ұйымдастырушылық аудиті шегінде есеп саясатын, қажеттіліктерді анықтаудың дұрыстығын, экономикалық ресурстарды ішкі шаруашылық бақылау жұйесі жағдайын тексеруге болады. Функционалды аудиттің көмегімен сатып алу циклінен бастап, өнімді, жұмысты және көрсетілетін қызметті өткізу циклімен аяқталатын, активтерді олардың қозғалысындағы әрбір саты бойынша басқару тиімділігі анықталады. Арнайы операциондық аудит пен қаржы-экономикалық талдау тәсілдері факторлардың әсерін тереңдетіп ашып көрсетуге және тұтастай кәсіпорын іс-қызметінің тиімділігін арттыру жолдарын анықтауға мұмкіндік береді.
Жалпы жағдайда бизнестің қаржы-экономикалық тұрақтылығы операциондық аудит әдістемесінің маңызды элементтері болып төменде келтірілгендер бола алады:
1. клиенттің бизнесімен танысу мен оның іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері деңгейін алдын ала шолу;
2. іс-қызмет процестері мен циклдеріне операциялық тексеріс жұргізудің бағдарламасы мен кұтілетін жұмыс жоспарын әзірлеу;
3. аудиторлық тәуекелділіктін елеулігі мен деңгейін бағалау;
4. бизнестің жағдайы жайлы ақпараттың анық сенімділігін тексеру мен жинау, өңдеу;
5. бухгалтерлік есеп пен субъектінің іс-қызметін ішкі бақылау жұйелеріндегі болуы ықтимал «кұрделі нұктені» бағалау;
6. бизнесті басқару жұйесінің оңтайлы ұйымдастыру аудиті;
7. жабдықтау, өндірістік және қаржы-өткізу іс-қызметінің функционалды аудиті;
8. жабдықтау, өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет өндірісі мен өткізу процестерін ұйымдастырудың тиімділігіне факторлық талдау;
9. өнімді өткізу, кіріс алу, ресурстарды алу мен жұмсау циклдеріне арнайы аудит;
10 тексеру нәтижелерін жинақтап қорыту, тұжырымдарды қисындастыру, резервтердің жиынтық бағасы мен бизнестің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.
Операциондық аудиттін әрбір элементі мен кезеңінің өз әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі, бағдарламасы мен процедуралардың міндетті тізбесі болады. Талдаушы процедураларға көбіне қорытындылайтын қаржылық коэффициенттерді есептеу кіреді, бұл әр тұрлі пайдаланушылар тұрғысынан болатын құбылыстар арасындағы өзара байланысты тұсінуге көмектеседі.
Операциондық аудиттің функционалдық, ұйымдастырушылық және арнайы сияқты ерекше тұрлерін қолдану қосымша талдау мен аудиторлық тестілеуге тиісті ықтимал проблемалар саласын терең зерттеу мен ұксастандыруға мұмкіндік береді.
Ағымдағы активтердің функционалды аудитін өткізгенде мәліметтердің сол ресурстарын сатылық және циклдік қозғалысы бойынша толықтығы мен анық сенімділігіне көңіл аударған жөн. Ағымдағы активтердің айналымдылығы компания қызметінің ұш: жабдықтау, өндірістік және қаржы-өткізушілік сатыларын қамтиды. Осыған орай, аудитор іс-қызметгің тексерілетін процестерінің әрбір саласында ағымдағы активтерді қалыптастыру мен пайдалану туралы акпараттық анық сенімділігін айқындауы тиіс.
Операциондық аудит пен бизнестің жағдайын талдау ұшін ең мол ақпаратты форма кәсіпорынның бухгалтерлік балансы болып табылады. Ол субъектілердің бар активін, меншікті капиталы мен міндеттемелерін көрсетеді, олар бизнесті тиімді жұргізуді анықтауға тікелей байланысты маңызды элементгер ретінде қызмет етеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Қазақстан Республикасының Заңы Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы , Жариялануы: "Егемен Қазақстан" 2007 ж. 12 наурыз № 63-64 (24641)
- Ұлттық қаржылық есептіліктің № 1,2 стандарты
- Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2007 жылғы 22 маусымдағы № 221 Бұйрығы,
- Халықаралық қаржылық есеп стандарты
- Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет жайлы 1998 ж бекітілген ҚР –ның заңы
- 1998-2000 жылдарға ҚР-да бухгалтерлік есеп пен аудиттің дамуы мен жүзеге асуының мемлекеттік бағдарламасы жөнінде №3838 1998 жылдың 28 қаңтарындағы ҚР Президентінің жарлығы.
- 1996ж.12.10. бухгалтерлік есеп жөнінде ҚР-ның Ұлттық комиссиясының дайындығы мен ұсынысы үшін окцептуалдық негіз №2 «ҚР бухгалтерлік есеп стандарты» - Алматы,-1996ж.
- Аренс Э.А. «Аудит»: Оқу құралы
- Дүйсембаев К.Ш. «Қаржылық есеп беру аудиті мен талдау» –Алматы-1998ж.
- Дүйсембаева З.К., Ержанова С.М. «ҚР-ның кәсіпорында есеп саясаты»-Алматы -1999ж.
- Дүйсембаева З. К. «Аудит жүйесіндегі қаржылық талдау» 1999 ж.
- Абленов Д.А. Аудит теориясы Алматы 2005 ж
- Төлегенов Е, Бейсенбаева А.К., «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2007ж.
- Радостовец В.К. «Кәсіпорындағы қаржылық және басқару есебі» Алматы -1997ж.
- Ержанов М.С. «Аудит 1» Алматы 2005 ж
- Абленов Д.А. «Теория аудита» Алматы 2003 ж.
- Скала В.И. «Основы бухгалтерского учета в стройтельстве».-Алматы ЛЕМ.2006 г
- Ткач В.И. Ткач М.В. Управленческий учет : международный опыт. – М: Финансы и статистика, 1994.
- Радостовец В.К. Финансовый и управленческий учет на предприятии.- Алматы : НАК «Центраудит»,1997.
- Радостовец В.К. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2002 ж
- /Библиотека бухгалтера и предпринимателя № 11 ноябрь 2007
- /Библиотека бухгалтера и предпринимателя № 12 декабрь 2007
- /Бухучет на практике №5 2006 жыл
- Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бухгалтерлік есеп» Оқулық. Алматы: Экономика, 2005 ж.
Жарияланған-2013-10-23 19:42:04 Қаралды-5665
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина