ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КӨЛЕМДЕРІН, ЕҢБЕК ШЫҒЫНДАРЫН, МАШИНАЛАР МЕН МЕХАНИЗМДЕРДІ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ӨНДІРІСІНІҢ ЖОСПАРЫН ЖАСАУ
Мазмұны
Мөлшерлік сілтемелер....................................................................................
Анықтамалар....................................................................................................
Белгілеулер және қысқартулар.......................................................................
Кіріспе.............................................................................................................
1 Құрылыс жұмыстарының көлемдерін, еңбек шығындарын, машиналар мен механизмдерді таңдау және жұмыс өндірісінің жоспарын жасау………...
1.1 Жұмыс көлемдерін анықтау.....................................................................
1.2 Машина уақыт, еңбек шығыны және еңбек ақысы калькуляциясын жасау.....................................................................................................................
1.3 Жұмыс өндірісі үшін машиналарды және механизмдерді таңдау......
1.4 Жұмыс өндірісінің сызбасын................................................................
1.5 Техникалық-экономикалық көрсеткіштерді анықтау.........................
2 Құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау...............................................
3 Техникалық қауіпсіздік бойынша шаралар............................................
Қорытынды....................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................
Мөлшерлік сілтемелер
Курстық жұмысты орындау барысында келесі мөлшерлік құжаттарға сілтемелер жасалынды.
1.СНиП РК 2.02-05-2002 «Пожарная безопасность зданий и сооружений». Астана, 2002.
2.СНиП РК 2\04-05-2002* «Естественное и искусственное освещение». Астана, 2002.
3.СНиП РК 1.03-05-2001 «Охрана труда и техника безопасности в строительстве». Астана, 2002.
4.СНиП РК 2.03-01-84 «Бетонные и железобетонные конструкции». Москва, 1985.
5. ЕНиР§4-1-1 «Установка фундаментных блоков ».
6. ЕНиР§4-1-4 «Установка колонн ».
7. ЕНиР§4-1-6 «Монтаж балок ».
8. ЕНиР§4-1-7 «Монтаж плит покрытий и перекрытий».
9. ЕНиР§4-1-8 «Установка стеновых панелей».
10. ЕНиР§4-1-25 «Заделка стыков колонн с фундаментами ».
11. ЕНиР§5-1-15 «Установка оконных переплетов ».
12. ЕНиР§4-1-26 «Заливка швов плит покрытий и перекрытий».
13. ЕНиР§4-1-26 «Заливка швов стеновых панелей».
14. ЕНиР§4-2-13 «Установка подкрановых балок».
15. ЕНиР§4-1-9 «Монтаж рам коробчатого сечения, рама ворот».
16. ЕНиР§22-1-1 «Электросварка стыков стеновых панелей».
17. ЕНиР§4-1-27 «Герметизация швов стеновых панелей».
Анықтамалар
Өндіріс - уақыт бірлігіндегі (сағат, смен, апта, ай және т.с.с.) шығарылған құрылыс өнімінің мөлшері.
Еңбек сыйымдылығы – адам-сағат, адам-күнмен көрсетілген жоғары сапалы өнім бірлігін шығаруға жұмыс уақытының шығыны. Еңбек сиымдылығы еңбек өнімділігін және жобалық шешімдердің технологиялылығын бағалаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнім бірлігіне жұмсалатын жұмыс уақыты неғұрлым аз болса, еңбек өнімділігі соғұрлым жоғары және жобалық шешімнің технологиялығы толық жетілген болады.
Уақыт мөлшері – тиісті кәсібі және дәрежесі бар жұмысшының жоғары сапалы өнім бірлігін шығару үшін керекті жұмыс уақытының саны, ол адам-сағатпен белгіленеді.
Мерзімді еңбекақы төлеу – разрядқа сәйкес тариф ақысы бойынша нақты еңбек сіңірілген уақытқа төлуді ескереді. Әдетте жалақының осы түрі еңбекті тура мөлшерлеуге және есепке алуға келмейтін жұмысшылыр үшін қолданылады.
Кесімді еңбекақы төлеу – жоғары сапалы өнімнің бірлігіне бағалар бойынша нақты орындалған жұмыс көлеміне төлеуді ескереді. Төлеудің осы түрі ең үдемелі, өйткені ол еңбек өнімділігін көтеруді қамтамассыз етеді және жұмысшылардың разрядын жоғарылатуға ынталандырады.
Звено – жұмысшылар тобы (2-5 жұмысшы) тұрады, оның құрамы мен саны орындайтын операцияның күрделілігін еске алып және оны орындағанда еңбекті ұтымды ұйымдастырумен анықталады.
Бригада - звенодан неғұрлым көп жұмысшылардан немесе бірнеше звенолардан тұрады. Бригаданың санын және дәрежелік құрамын жұмыс көлеміне және процестердің күрделілігіне байланысты белгілейді.
Кешенді механикаландыру - құрылыс-жинақтау жұмысының әдісі, осы әдіспен барлық негізгі және қосалқы, ауыр және еңбекті көп қажет ететін процестер жұмысқа қойылған қарқынын және үйлесімді техника-экономикалық көрсеткіштерін қамтамассыз ететін технологиялық міндеті, техникалық деңгейі және өнімділігі бойынша өзара байланысқан машина немесе машиналар жинағымен орындалады.
Құрылыс сапасы - тұрғызылған үймереттер мен ғимараттар және олардың бөлшектері жобалық шешімдер мен мөлшерлерге сәйкестігі.
Құрылыста еңбекті қорғау – еңбекті жеңілдететін және оның өнімділігін көтеруге мүмкіндік туғызатын қауіпсіз және сау жағдайлар жасауға бағытталған өзара байланысқан заң шығару, әлеуметтік-экономикалық, техникалық, тазалық және ұйымдастыру шараларының жүйесі.
Белгілеулер және қысқартулар
mэ – ең ауыр элементтің массасы;
mт – такелажды қондырғылар массасы;
h0 – алдын-ала жинақталып қойылған конструкциялар биіктігі;
hэ – көтерілетін элементтің биіктігі;
h3 – артық биіктік;
hс – строптау биіктігі;
hn – полипастаның биіктігі;
hм – кран тұрағы деңгейінен оның жебесінің бұрылу осіне дейінгі ара қашықтық (1,5м);
в – жинақталатын элементпен жебенің арасындағы минимальді ашық жер(1,0м);
в1 – кранның орталық тартылысынан жақындатылған жебесінен элементке дейінгі ара қашықтық (1,5м);
в2 – жоғарғы жинақталатын элементтің деңгейіндегі жебенің жарты қалыңдығы;
Смаш-см – крандардың маш-см құны;
Тмаш-см – жинақтаудың ұзақтық мерзімі;
Сед3 – жинақтауға, бұзуға, тасымалдауға, жол жасауға кететін бірлік уақыт шығынының құны;
3n – жинақтаушылардың жалақысының қосындысы;
Тмех – краншылардың еңбек шығыны адам ·сағ.;
Труч – сол сияқты жинақтаушылардың, сағ адам ·.;
Тпут – сол сияқты кранды ажыратуға, орнатуға және техникалық қызмет етуге, адам ·сағ.;
Тэк – кранды эксплуатацияға және техникалық қызметтеуге кететін шығын;
Тпер – кранды алаңға әкелу, жинақтау демонтаждау және қосымша қондырғыларды орнатуға кететін шығын;
Пр монт – конструкцияны жинақтау ұзақтығы;смен
Пр всп – кранды жинақтау және демонтаждау ұзақтығы;
Иитж – инженер-техникалық жұмысшылар саны;
Nжұм – сеттік кестеден алынатын жұмысшылар саны (жұмысшылар қозғалысының графигін);
Nқыз – қызметкерлер саны;
Nққ – кіші қызметкерлер мен қарауылдар саны;
К – жұмысшылардың ауырып қалуына байланысты коэффициент;
Q - құрылысқа қажетті материалдардың жалпы саны;
Т – есептік кезеңнің ұзақтығы, сеттік кестеден қабылданады;
α - қоймаға түсетін материалдардың бір қалыпты түспеуі коэффициенті α=1,1;
n – материалдардың артық мөлшері;
k – материалдардың бір қалыпты қолданбау коэффициенті.
Кіріспе
Тақырып өзектілігінің дәлелі. Оңтүстік Қазақстан облысында халық саны артып келеді. Осыған ораи ауыл шаруашылық өнімдерін арттыру мақсатында егу алқаптарын және ғимараттарының санын көбеиту қажет. Осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін мен осы типтік жобаны таңдадым.
Ғылыми жаңалығы. Ұстынды стаканды іргетасқа орнатудын жаңа технологиясы қарастырылды. Ұстынды алдымен құрылыс обьектісіне автокөлікпен алып келеді. Содан соң ұстынды орнататың аймаққа жақын арада түсіреді. Ұстынды орнатардан алдын кондукторды стакан іргетасқа орнатып қояды. Содан кейін ғана іргетасқа ұстынды орнатып бекітеді.
Жұмыстың мақсаты және жұмысты орындаудағы шешілген мәселелері. Жобаланып жатқан кариз суларын тазалау гимараты жақсы қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда осындаи гимараттар коптеп қолданады. Осы мәліметтерге сүйене отырып жобаланып жатқан ғимараттың практикалық маңызы осында.
Салынып жатқан құрылыс жобалары мен техниканың ең жаңа жетістіктері негізінде тұрғызылуы қажет, ал өндірістік кәсіпорындар пайдалануға берілгенге дейін салынатын тұрғын үй, қоғамдық және басқа да үймереттер мен ғимараттар техникалық жағынан озық және қазіргі заман талаптарына сай болуы керек. Барлық құрылыс-құрастыру жұмыстары сапалы әрі қысқа мерзімде жүргізе асырылуы тиіс.
Құрылыс салуды жеделдету, құрылыс-құрастыру жұмыстарының өзіндік құнын арзандату және құрылысшылардың еңбек өнімділігін арттыру үймереттер мен ғимараттардың түрлеріне және олардың ең қолайлы деген құрылымдық шешімін табуына едәуір байланысты.
Жобаларда тиімді, типті үйлестірілген, құрамалы ірі көлемді құрылымдарды барынша көп пайдалану ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағытын құрылысқа тезірек енгізуге мүмкіндік береді. Бұл бағытқа жүйелі индустрияландыру, құрылыс өндірісін дайын құрылыс құралымдары мен бөлшектерінен және зауытта жасалған технологиялық тораптар мен инженерлік жабдықтардан үймереттер мен ғимараттар құрастыру жұмыстарын кешенді механикаландырылған үздіксіз процеске айналдыру жинақталады.
1 Құрылыс жұмыстарының көлемдерін, еңбек шығындарын, машиналар мен механизмдерді таңдау және жұмыс өндірісінің жоспарын жасау
1.1 Жұмыстар көлемдерін анықтау
Жұмыстар көлемдерін анықтаймыз және оны кестелі түрде көрсетеміз (1-кесте).
«1» -ші бағанаға ЕНиР сб. 4 в.1, бойынша атаулары жазылады.
«2» -ші бағанаға ЕНиР параграфына сәйкес өлшем бірліктері жазылады.
1-кесте. Жұмыстар көлемдерін анықтау
№ |
Жұмыстың аталуы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
Ескерту |
1 |
Қазан шұңқырды 2топ топыракты драглаин экскаваторымен өңдеу |
м3 |
5071,56 |
|
2 |
Қазан шұңқырды қолмен тегістеу(тазалау) |
м3 |
181,7 |
|
3 |
Іргетас астына қабаттап нығыздап малта тасты өңдеп негіз жасау, |
м3 |
39,52 |
|
4 |
Жолақы іргетасты құю. |
|
190,8 |
|
5 |
Бульдозермен топыракты ысырып қазан шұңқырды көму,қустарды қолмен топырақты төсеп нығыздау, |
м3 |
951,1 |
|
6 |
Автосамасвалмен жүк тасымалдау |
т |
709,49 |
|
7 |
Жертөле қабырғаларын жинақтау |
м3 |
464 |
|
8 |
Құймалы үстін |
м3 |
11,04 |
|
9 |
Құймалы аралық құю |
м3 |
11,0 |
|
10 |
Сыртқы қабырға қалау |
м3 |
469,78 |
|
10 |
Ішкі қабырға қалау |
м2 |
475,9 |
|
11 |
Қоршау қабырғаларды қалау |
м2 |
1182,1 |
|
12 |
Жабын плиталарды орналастру |
дана |
303 |
|
13 |
Құймалы жабын плиталарын орнату |
м3 |
40,9 |
|
14 |
Бу өткізгіш қабат |
м3 |
11,2 |
|
15 |
Жылу өткізгіш қабат |
м3 |
68,54 |
|
16 |
Стропиланы орнату |
м3 |
12,43 |
|
17 |
Ағаштан қаңқа қабаттар |
м3 |
1,9 |
|
18 |
Металочерапицаны орнату |
М2 |
850 |
|
19 |
Шатыр қоршаулау |
м |
100 |
|
20 |
Баспалдақтарды жинақтау |
т |
3,9 |
|
21 |
Құймалы баспалдақ алаңын құю |
м3 |
11,79 |
|
22 |
Еден асты төсемдер жасау |
м2 |
1891,5 |
|
23 |
Ленолюм төсеу |
м2 |
1717,1 |
|
24 |
Плинтустарды бояу |
м2 |
504,54 |
|
25 |
Төбені сырлау |
м2 |
2515,4 |
|
26 |
Сырлау |
м2 |
135,0 |
|
27 |
Қасбетті бояу |
м2 |
1625,0 |
|
1.2 Машина уақыт,еңбек шығыны және еңбек ақысы калькуляциясын жасау
Машина уақыт, еңбек шығыны және еңбек ақысы калькуляциясы жұмыс көлемдерін пайдалана отырып, кесте түрінде орындалады.
3,5 бағандарда сәйкесінше жұмыстар мен шығындардың аталуы, жұмыс көлемі жазылады. Осыдан соң 2, 4, 6, 7, 8, 9, 10 бағандары БМБ бойынша толтырылады. Ал 11, 12, 13, 14 бағандары 7, 8, 9, 10 бағандарына көбейту негізінде анықталады.
Еңбек және машиналық уақыт шығындарының калькуляциясы әр механикаландырған жұмыстардың зерттеліп жатқан нұсқаларына жасалады. Калькуляцияға процестін құрамасына кіреді.
Негізгі мөлшер құжаты болып құрылыс, жинақтау және құрылыс жөндеу жұмыстарына арналған «БМБ» жатады. Бұл құжат әр жұмыстын түріне бөлек жинақпен бастырылып шығады. Мысалы, осы жұмысты орындау үшін орыс тілінде бастырылып шығарған жиынтық 2 «Жер жұмыстары» 1 шығару «Механикалық және қол жер жұмыстары» деген құжатты пайдалану керек.
БМБ жұмысшылар уақыт мөлшері адам сағат, ал машинистердігі-машина-сағатпен берілген.
Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары тек қана техника экономикалық көрсеткіштерін салыстырып таңдап алынған (негізгі) нұсқаға жасалады.
Мерзімдік жоспар жұмыс жүйелерін, әр түрлі өзара технологиялық байланысты жұмыстардың орындау мезгілін анықтайды. Жұмыс өндірісін тездету үшін алдын ала машиналар жұмыс уақытын 2-3 сменаға белгілеу керек.
- Машина уақыт, еңбек шығыны және еңбек ақысы калькуляциясын жасау кестесі:
№ |
ЕНиР аталуы |
Жұмыстар мен шығындардың аталуы |
Өлшем бірлігі |
Жұмыс көлемі |
Звено құрамы |
Уақыт мөлшері, адам*сағ |
Бағалануы, тенге |
Еңбек шығындары, адам*сағ |
Еңбек ақы, тенге |
||||
монтажникке |
машиниске |
монтажникке |
машинистке |
монтажникке |
машинистке |
монтажникке |
машинистке |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
1 |
Е2-1-22.
|
Өсімдік қабатын кесу |
1000 м2 |
4,81 |
машинист 6р-1 |
- |
2,9 |
- |
1709 |
- |
5,1 |
- |
3009 |
2 |
Е2-1-9
|
Траншеяны экскаватормен өңдеу |
100 м3 |
5,07 |
машинист 6р-1 көмекші 5р-1 |
- |
2,4 |
- |
1414 |
- |
7,92 |
- |
4667 |
3 |
Е2-1-57 |
Траншеяны қолымен өндеу |
1 м3 |
4.06 |
жер қазушы 1р-1 |
0,11 |
- |
46 |
- |
0.90 |
- |
380 |
- |
4 |
Е4-1-1
|
Іргетас асты төсем орнату |
м3 |
39,5 |
Монтаждаушы 4р-1 3р-1 2р-1 Кран машинисті 6р-1 |
1,3 |
0,43 |
520 |
254 |
50,7 |
16,77 |
20280 |
9906 |
5 |
Е4-1-1
|
Жолақты іргетасты құю |
м3 |
190,8 |
Монтаждаушы 4р-1 3р-1 Кран машинисті 6р-1 |
0,96 |
0,32 |
378 |
183 |
38,4 |
12,8 |
15120 |
7320 |
6 |
Е4-1-4 |
Ұстын асты іргетас орнату |
м3 |
10,28 |
Монтаждаушы 5р-1 4р-1 3р-2 2р-1 Кран машинисті 6р-1 |
5,5 |
1,1 |
2288 |
651 |
297 |
59,4 |
12356 |
18954 |
7 |
Е4-1-6 |
Жертөле қабырғаларын жинақтау
|
м3 |
464
|
Монтаждаушы 5р-1 4р-1 3р-2 2р-1 Кран машинисті 6р-1 |
1,9 |
0,38 |
791 |
222 |
68,4 |
13,68 |
28476 |
7992 |
8
|
Е4-1-6 |
Құймалы үстін орнату |
м3 |
11,04 |
Монтаждаушы 6р-1 5р-1 4р-1 3р-2 2р-1 Кран машинисті 6р-1 |
8 |
1,6 |
3654 |
947 |
80 |
16 |
36540 |
9470 |
9 |
Е4-1-6 |
Құймалы аралық құю |
м3 |
11,0 |
Монтаждаушы 6р-1 5р-1 4р-1 3р-1 2р-1 Кран машинисті 6р-1 |
11 |
2,2 |
5013 |
1298 |
198 |
39,6 |
90234 |
23364 |
10 |
Е4-1-7
|
Сыртқы қабырға қалау |
м3 |
469,78 |
Монтаждаушы 4р-1 3р-2 2р-1 Кран машинисті 6р-1 |
1,1 |
0,28 |
434 |
166 |
56,1 |
14,28 |
22134 |
8466 |
11 |
Е4-1-8
|
Ішкі қабырға қалау |
м2 |
475,9 |
Монтаждаушы 5р-1 4р-1 3р-1 2р-1 Кран машинисті 6р-1 |
4,8 |
1,2 |
2050 |
707 |
1008 |
252 |
430500 |
148470 |
12 |
Е4-1-8
|
Қоршау қабырғаларды қалау |
м2 |
1182,1 |
Тасқалаушылар 4р-1 3р-1 |
3,7 |
- |
1443 |
- |
240,5 |
- |
93795 |
- |
13 |
Е4-1-7
|
Жабын плиталарды орналастру |
дана |
303 |
Монтаждаушы 4р-1 3р-2 2р-1 Кран машинисті 6р-1 |
1,2 |
0,3 |
472 |
177 |
86,4 |
21,6 |
33984 |
12744 |
14 |
Е4-1-1
|
Құймалы жабын плиталарын орнату |
м3 |
40,9 |
Монтаждаушы 4р-1 3р-2 2р-1 |
0,44 |
- |
173 |
- |
657 |
- |
258635 |
- |
15 |
Е7-1 |
Бу өткізгіш қабат |
м3 |
11,2 |
Шатыр жабушы 4р-1 3р-1
|
0,34 |
- |
478 |
- |
5,083 |
- |
7147 |
- |
16 |
Е4-1-26 |
Жылу өткізгіш қабат |
м3 |
68,54 |
Монтаждаушы 4р-1 3р-1
|
12 |
- |
4979 |
- |
68 |
- |
28231 |
- |
17
|
Е4-1-10 |
Стропиланы орнату |
м3 |
12,43 |
Монтаждаушы 4р-2 3р-1 2р-1 Кран машинисті 6р-1 |
1,4 |
0,35 |
568 |
206 |
4,2 |
1,05 |
1704 |
618 |
18 |
Е2-1-29 |
Ағаштан қаңқа қабаттар |
м3 |
1,9 |
Машинисті 6р-1 |
- |
1 |
- |
591 |
- |
13 |
- |
7683 |
19 |
Е19-21 |
Металочерапицаны орнату |
М2 |
850 |
Бетондаушы 4р-1 3р-1 |
1,1 |
- |
456 |
- |
14,3 |
- |
5928 |
- |
20 |
Е6-13
|
Шатыр қоршаулау |
м |
100 |
Ұста 4р-1 3р-1 |
0,51 |
- |
877 |
- |
24,5 |
- |
42096 |
- |
21 |
Е6-13
|
Баспалдақтарды жинақтау |
т |
3,9 |
Ұста 4р-1 3р-1 |
0,85 |
- |
974 |
- |
21,25 |
- |
24365 |
- |
22 |
Е4-1-9 |
Құймалы баспалдақ алаңын құю |
м3 |
11,79 |
Монтаждаушы 4р-1 3р-1 Кран машинисті 6р-1 |
0,75 |
0,25 |
295 |
147 |
3,75 |
1,25 |
1475 |
735 |
23 |
Е8-1-4 |
Еден асты төсемдер жасау |
м2 |
1891,5 |
Сылаушы 4р-1 2р-1 |
0,85 |
- |
510 |
- |
24,35 |
- |
14610 |
- |
24 |
Е8-1-4 |
Ленолюм төсеу |
м2 |
1717,1 |
Сылаушы 4р-1 2р-1 |
0,89 |
- |
580 |
- |
9,39 |
- |
6124,8 |
- |
25 |
|
Плинтустарды бояу |
м2 |
504,54 |
|
- |
- |
- |
- |
295,1 |
- |
- |
- |
26 |
|
Төбені сырлау |
м2 |
2515,4 |
|
- |
- |
- |
- |
236,1 |
- |
- |
- |
27 |
|
Сырлау |
м2 |
135,0 |
|
- |
- |
- |
- |
59,02 |
- |
- |
- |
28 |
|
Қасбетті бояу |
м2 |
1625,0 |
|
- |
- |
- |
- |
88,53 |
- |
- |
- |
1.3 Жұмыс өндірісінің сызбасын жасау
Жұмыс өндірісінің сызбасы — жалпы құрылыстық арнаулы және жинақтау жұмыстарының реттілігі мен ұзақтығын үйлестіру және жұмыс процестерін мүмкіндігінше қатар жүргізу, олардың орындалу мерзімін реттеу, құрылыс машиналарының мөлшерлік уақытын, еңбек ресурстары мен механикаландыру құралдарына деген қажеттілігін анықтау үшін жасалады. Ол негізгі құжат есебінде құрылысты ұйымдастыру мен жұмыс өндірісі жобаларының құрамына енгізіледі, сондықтан да оның негізгі көрсеткіштерінің құрылымы, құрамы және нақтылы деңгейі жобалық құжаттардың қандай максаттарға арналғанына байланысты болады. Жұмыс өндірісі жобасының құрамындағы жұмыс өндірісінің сызбасын жасау үшін қажет бастапқы мәліметтер қатарына мына құжаттар жатады:
құрылыстың мөлшерлік ұзақтығы немесе нұсқаулы тапсырма;
жұмыс сызбалары мен сметалар;
Негізгі мамандықтар мен кәсіптік шеберліктері бойынша кадрлармен, өндірістік техникалық жинақтар мен құрылыс жүктерін тасымалдау, қолда бар механизмдердің мәліметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі шарттар. Мерзімдік жоспарлау негізінде жұмыс барысында бақылау жасалады және орындаушылардың жұмыстары үлестіріліп отырылады.
Жұмыс өндірісінің сызбасын екі бөлімнен тұрады: сол жақтық - есептік (кесте-5) және оң жақтық - сызбалық. сызбалық бөлімі сызбалы (Ганттың графигі, циклограмма) немесе тор көзді болуы мүмкін.
2-графасына (жұмыс аталуы) жұмыстардың технологиялық реттілігі мен орындалуы және жұмыстардың түрлсрі мен кезеңдері бойынша тоқталуы көрсетіліп жазылады. Бір ескеретін жайт, түрлі орындаушылар (құрылыс басқармалары, учаскелер, бригадалар немесе звенолар) атқаратын жұмыстардан өзгелерін біріктіру қажет.
5-кесте. Жұмыс өндірісінің сызбасының есептік бөлімінің кестесі
Реттік нөмірі |
Жұмыс аталуы |
Өлшем бірлігі |
Жұмыс көлемі |
Еңбек сыйымдылығы адам*күн |
Машиналар |
Смена саны |
Бригада құрамы |
Ұзақтылығы, күн |
|
Маркасы |
Саны |
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Жұмыс көлемі - (4 гр.) жұмыс сызбалары мен сметалар бойынша анықталып, бірыңғай мөлшерлер мен БМБ қабылданған бірлікпен бейнелейді. Егер еңбек сыйымдылығы өнімділік бойынша есептелетін болса арнаулы жұмыстар көлемі күн түрінде (смета бойынша) анықталады, ірілендірілген көрсеткіштерді пайдаланғанда - оларға сәйкес келетін өлшемдермен есептеледі.
Жұмыстардың еңбек сыйымдылығы (5 гр.) мен машина уақытының шығындары пайдаланылып жүрген БМБ бойынша мөлшерді асыра орындауға байланысты түзету коэффициентін енгізу жолымен еңбек өнімділігінің жоспарлы түрде өсіп, назарға алынып есептеледі. Осы сияқты 5, 6 графаларды негізгі жетекші машиналардың еңбек өнімділігі бойынша алынған есептеулер нәтижесімен толтыруға да болады.
Жұмыс ұзақтығы - (10 гр.) мерзімдік жоспар жасалғанға дейін жұмыс өндірісінің әдістері мен машиналар және механизмдер таңдап алынуы керек. Сонымен қатар негізгі машиналарды қарқынды пайдалану жағдайлары да ойластырылуға тиіс. Механикаландырылған жұмыстардың ұзақтығы тек машиналардың пайдалану кезіндегі өнімділігімен анықталуы керек. Сондықтан алдымен механикаландырылған жұмыстар ұзақтығын белгілейді, ал механикаландырылған жұмыстар ырғағы график жасаудың негізін анықтайды, одан кейін қолмен атқарылатын жұмыстардың ұзақтығы есептелін шығарылады.
Сменалар саны (8 гр.) бейнеленген. Негізгі машиналарды, жинақтау крандарын, экскаваторларды пайдаланғанда сменалар саны екеуден кем болмауы керек деп есептеледі.
Машиналар (6 және 7гр.) Таңдалып алынған машиналар мен механизмдердің маркалары мен саны көрсетіледі.
Сменадағы жұмысшылар саны және бригада құрамы (9 гр.) еңбек сыйымдылығына және жұмыс ұзақтылығына сәйкес белгіленеді. Бригада құрамын есептеген кезде біралымнан екінші алымға аусқанда ондағы адамдар саны мен мамандық түрлерінің де өзгермеуін ескеру қажет. Осыған байланысты кешенді бригаданың құрамында тапсырылған жұмысты атқаруға қажетті мамандық иелерінің болуы мұқият ескеріледі. Бригада мүшелерінің саны жетекші машинаның өнімділігіне сәйкес болуы керек, есеп негізіне машина жұмысының, есепті уақыты бойынша анықталатын жұмыс мерзімін алу қажет.
Әр звеноның сандық құрамы - п; звеноға тапсырылған жұмыстарға кеткен еңбек шығыны - Qзв адам-күн және жетекші процестің орындалу ұзақтығы - Тмех негізінде мына формуламен анықталады
пзв = Qж /(Тмех т)
Жұмыс өндірісінің сызбасы: оң жақ бөлігі жұмыс барысы уақыт бойынша, реттілігі және олардың өзара үйлестірілуін нақтылы бейнелейді. Жеке жұмыстарды орындаудың технологиялық мерзімдері реттілікті қатаң сақтау талаптарына орай белгіленеді. Бұл ретте келесі процесті орындау үшін жұмыс майданымен мейлінше аз уақыт ішінде қамтамасыз етілуге тиіс.
Жұмыстарды орындаудың технологиялық, реттілігі нақтылы жобалық шешімдерге, технологиялық үзілістерге, жыл мезгіліне, құрылыс ауданына және басқа да жағдайларға тәуелді болып келеді.
Сызба жасауды объекті құрылысын салу мерзіміне шешуші дәрежеде әсер ететін жетекші жұмыстан немесе процестен бастау керек, Құрылыстың мерзімін қысқартудың негізгі әдісі – құрылыс-жинақтау жұмыстарын тасқынды-жарыспалы және біріктіріп жүргізу болып табылады. Өзара байланысты емес жұмыстар қатар және бір-бірінен тәуелсіз жүргізілуі қажет. Мұнда еңбекті қорғау ережелерін қатаң сақтауды қамтамасыз ету керек.
Жетекші процестің ұзақтығын сменаларды және механизмдер санын немесе қолмен атқарылатын жұмыстарды орындаушылар санын арттыру арқылы қысқартуға болады. Қалған процетердің орындалу мерзімі жетекші процеспен байланыстырылады. Жұмысшы күші қозғалысының графигі төменгі жағында орналастырылады. Жалпы объект бойынша жұмысшы кадрларын деген қажеттілік графигін теңестіруге жұмыстардын басталу және аяқтау мерзімін ауыстыру арқылы қол жеткізіледі.
1.5 Техника-экономикалық көрсеткіштері
Құрылымдарды құрастырудың кешенді процестері жөнінде қабылданған шешімдерді бағалау жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау негізінде жүргізіледі. Бұл көрсеткіштерге жалпы еңбек сыйымдылығы(адам*күн), жалпы құрылыс ұзақтығы(күн), ҚМжЕ бойынша жалпы ұзақтылық(күн), бір адамға шаққандағы өнімділік(м3/адам*сағ) жатады.
6-кесте. Техника-экономикалық көрсеткіштерінің кестесі
Аталуы |
Өлшем бірлігі |
Көрсеткіштер |
Жалпы еңбек сыйымдылығы |
адам*күн |
12475 |
Жалпы құрылыс ұзақтығы |
күн |
134 |
ҚМжЕ бойынша жалпы ұзақтылық |
күн |
145 |
Бір адамға шаққандағы өнімділік |
м3/адам*сағ |
1,4 |
2 Әрлеу жұмыстарын жүргізу технологиялық картасы
Жалпы құрылыс – жинақтау жұмыстарының кезеңі - әрлеу жұмыстары, оның құрамына: сылау, қаптау, әйнектер сырлау және еден салу жұмыстары кіреді.
Құрылысты индустрияландыру дәрежесі өсуіне байланысты, үймереттерді бірыңғайлы заводтарда жасалатын құрастырмалы түзілістердің элементтерімен тұрғызу және жинақтау процесін кешенді – механикаландыруға айналдыру, әрлеу жұмыстарының да сипаттамаларын шұғыл өзгертіп отыр.
Толық жиналмалы үйлерді салғанда әрлеу жұмыстарының 70-82% операциялары заводтарда жасалады (ірі панельді) үйлерде 70-75%, көлемді блокаты – 80%-ке дейін.
Бірақта кірпіштен, майда блоктардан және басқа да жергілікті материалдардан салынған үйлерді, әсіресе ауылшаруашылық құрылысында, әрлеу және сылау жұмысын жүргізу көлемі жоғары.
Сондықтан заводта бөлшектерді дайындаумен қатар, әрлеу жұмыстарын да индустрияландыруға тарасу қажет. Әрлеу жұмыстары технологиялық ретімен, негізгі процестерді мүмкіншілігінше механикаландырылып, индустриялық түрде ұйымдастыру және орындау әдістерін қолдана отырып жүргізіледі.
Әрлеу жұмыстарын жүргізу дәрежесі индустрияландыруына байланысты заводтарда істеген жұмыс көлемі мен объекттерде істелген жұмыстардың қатысымен сипатталады.
Әрлеу жұмыстары мекемесінің даму дәрежесіне және құрастырмалы элементтердің дайындығына байланысты ұйымдастыру жұмыстарының үш түрі болады:
Бірінші түрі - әрлеу материалдарын орталықта дайындауға мүмкіншілік болмаған кезде қолданады.
Әрлеу материалдарының қосапалары, жылжымалы механикаландырылған қондырғылар арқылы тікелей құрылыс алаңында дайындалады.
Әрлеу жұмыстырының ұйымдастырылуының мұндай түрлі объектілер әр жерде орналасқанда, яғни ауыл шаруашылық құрылыстарында қолданады.
Екінші түрі - әрлеу материалдарын орталықтан дайындап және жүк тасуға арналған жабдықтармен (контейнерлермен) құрылыс объектісінде жеткізіледі. Бұл ұйымдастыру түрінің ерекшелігі құрылыс объектісіне қажетті материалдар жинақтамалы-өндірістік базасында, толық іс жүзінде пайдалануға болатындай дайындалады.
Үшінші түрі – индустриялық түрге жатады және көлемді-блокты үй құрылыстарында қолданылады, мұнда әрлеу жұмыстарының барлығы заводтарда жасалады.
2.1 Негізгі мәліметтер және жоба құрамы
Әрлеу жұмыстарын орындау жобасын (ӘЖОЖ) жасауға арналған бастапқы мәліметтер:
- объектінің жұмысының сызбасы;
- ЖӨӨ-дың құрамына кіретін құрылыстың бас жоспары;
- жинақтау жұмысының мезгілдік жоспары;
- құрылыс салынатын аудан.
Әрлеу жұмыстары жобасының түсініктемесінде олардың көлемі мен еңбек сиымдылығы есептеледі, әрлеу жұмысының әр түрлі орындайтын әдістер, негізгі және қосалқы машина-механизмдер құрамы, алымдардың өлшемі мен оның саны, бригада және звено құрамы, техника-экономикалық көрсеткіштер және қауіпсіздік сақтау шаралары көрсетіледі.
Жобаның графикалық бөлімінде үймереттердің алымдары және биіктік бөліктері (ярустары), көрсетілген планы мен қимасы, әрлеу жұмыстарының түрлері және орындау реті, механизмдердің және әр мамандарға арналған жұмыс орны көрсетілген құрылыстың бас жоспары, әрлеу жұмысының мерзімдік жоспары көрсетіледі.
2.2 Әрлеу жұмыстарының көлемін және еңбек сиымдылығын анықтау
Сылау, сырлау, қаптау жұмыстарының көлемі сәулеттік сызбалар бойынша есептеліп олардың өлшемдері текше метрмен, ал әйнектеу жұмыстарының көлемі әйнек салынатын көздердің сыртқы шеттік ұзындығы өлшеніп метрмен көрсетіледі.
Үймереттердің жалпы тұрғын, пайдалы аудандарын, пәтердегі бөлмелер санын, бөлмелерді әрдеу және үймереттің қасбетін сипаттамаларына және сәулеттік сызбаларды көрсеткіштеріне сүйене отырып үймереттердің толық жұмыс көлемдері есептелінеді. Әрлеу жұмыстарының әр түрлерәнәі есептелген көлемдері жазылып отырады.
2.3 Әрлеу жұмыстарының механикаландыру құралдарын таңдау
Әрлеу жұмыстарының мехникалық құралдары атқару жұмыстарыны байланысты төменгі ашылған пластарға бөлінеді: әрлеу ішкі заттардың орталықта дайындауға; материалдардың тасымалдауға; әрлеу жабылғыларын орнатуға; төсеніш құралдары; қосалқы жабдықтар.
Әрлеу жұмыстарының түрлеріне байланысты механикалық құралдар төмендегідей бөлінеді: сылау, сырлау, қаптау, әйнектеу және еден салу жұмыстарына арналған.
Тұрғын үй және өнеркәсіп құрылыстарына арналан объектілердің ішінде ең толық механикаландырылған жұмыстар сылау және сырлау жұмыстары болып табылады.
Көрсеткіштері |
СО-57А |
СБ-8 |
Дайын қоспаның көлемі, л Толтырылған араластырғыш қораб сиымдылығы, л Ертінді дайындаудың орташа өнімділігі, м3/сағ Қалау орнатылған өсті айналу саны, 1 минутта Шөміштің көтерілу жылдамдығы, м/сек Су өлшегі ыдыстың мөлшерлеу шегі, л Суды мөлшерлеу дәлдігі, % Электроқозғалтқыш қуаттылығы, квт Айналым саны, мин Шектік өлшемдері, мм Ұзындығы Ені Биіктігі Салмағы, кг |
31,2 0,28 15-40 2 2,8
1340 1495 1690 840 |
31,2 0,30 25-80 2 4,5
1775 2180 2140 1500 |
Егер ертінділер құрылыс алаңында дайындалса, онда сылау станциялары СО-57А әлде СБ-8 типті ертінді араластырғыштардан құралады (олардың техникалық сипаттамалары жоғарыдағы кестеде көрсетілген).
Сылау станцияларының жабдықтар құрамына ертінді сорғыш компрессор, құбырдар және оның бөлшектері кіреді. Ертінді өткізгіш ретінде диаметрі 3,8; 5,0 және 6,5 см резеңкені және былғар құбырлар қолданылады.
Ертінді өткізгіштердің типі мен диаметрлері және ертінді сорғыштардың қуаттылығы жүргізілетін сылақтың көлеміне үймереттердің қабат санына және жеткізу қашықтығына байланысты таңдалады.
Ертінді сорғыштармен жеткізілетін ертінділердің алыстығы тегістіккен 200 және биіктікке – 40 м.
Механикалық сылау жүргізу үшін ертінділердің жылжымалылығы
Сылақ қабаттарының аты |
Конустың бату тереңдігі, см |
Дайындық қабаты Әрлеу қабаты: Гипс қосылған ертінділер Гипс қосылмаған ертінділер |
6-10
9-12 7-8 |
Бес қабатқа дейінгі үймереттерге ертінділер тасымалдау ертінді сорғыштармен жүргізіледі, бес қабаттан жоғарыда әр қабаттарға қабылдау қорабтары (бункерлер) қойылады және қабырға бетіне ертіндіні жағу үшін өтімділігі сағатына 1-3 м3 ертінді сорғыштар орнатылады.
Сырлау жұмыстары. Сырлау жұмыстары жүргізу үшін жылжымалы сырлау қондырғылары пайдаланылады, онжа салмағы 200 кг-ға дейін қажетті шикізаттарды механикалық көтеріп, араластырып, бояй қоспаларын толық дайындап беруге арналған барлық аспаптармен жабдықталады.
Бұл қондырғыны пайдалан отырып негізгі сырлау процестердің (олифтеу, тегістеу, желімдеу және бояу) механикалық тәсілмен жүргізуге болады.
Желімді шпаклевканы және дайындалған бояуларды жұмыс орындаған ыдыстарға ертінді сорғыштар арқылы жеткізеді де, бояйтын жерге қармақшамен әлде машинкаланған баяуды жаятын құралмен жағад. Майлы шпаклевкалар және майлы бояулар құрамы үй қабаттарына механикалық көтеріліп, жұмыс орнындағы ыдыстырға қолмен құйылады.
Майлы бояулар құрамын құбырлармен ағызып жеткізіп тәсілін қолданбайды, себебі тасымалдау кезінде оның шығыны көп болады және әртүрлі бояу қоспаларын пайдалануға мүмкіндік болмайды.
Желім-сырлы сырлау қоспаларымен бояуға сағатына 400 және 600 м2 өндіретін электробояғыштар, сырлау, шпаклевка жағатын агрегаттар, жұмыстың көлемі көп болғанда бір мезгілде төрт қармақтарды қосуға болатын арнайы ертінді сорғыштар қолданады. Аталған агрегаттар мен бояушашқыштар темірді сырлауға да пайдаланады. Жылу жүйелері мен аспаптары сағатына 50 м2 өндіретін бояғыштармен сырланады. Басқа әрлеу жұмыстарына қажетті машиналарды таңдау қолданылатын шикізаттардың сипаттамаларына байланысты. Әр әрлеу жұмысына лайықты машина механизмдерді пайдалану анықтама ұсыныстарында көрсетіледі.
2.4 Қаптау жұмыстары
Қабырғаларды керамикалық плиткалармен қаптауға дейін олардың бетін қоқыстан, шаңнан мұқият тазалау керек, ертінді массасынан шығып тұрған жерлерде, тегіс беттерді өлшеуге әкеліп оларды бұрышымен бастап әрбір 1-2 м сайын бағыттаушы плиткаларда немесе бағыттаушы қашарлардан орналастырады – деңгей бойынша горизонтальды, отвес бойынша вертикальды, қаптау жұмыстары төменнен бастап жүргізіледі, төменгі қатары ағаш рейкаға тіреледі, уақытша едендішті (плинтус) ауыстырып тұрған ағаш, плиткалардың қабырғаға бекітілуі үшін қабырғаларға пластикалық ертіндімен шашыратады, сонан соң 1-2 см ертінді шашады, оның үстінен қаптаулар орнатылады. Ертінді құрамы 1:5 цемент маркасы 300-400 кезінде қолданылады.
Плитка бетін дымқылдандырады, оны цементті сүтпен немесе сумен жағу арқасында жүргізіледі. Сонан соң плиткаларды қабырғаға қысып алдын қойылған плиткалар қатарына орналастырады. Күрекшенің ұстайтын жағымен жеңіл соққылармен ұрып осы шөккізіп және қатарға түзулендіреді. Қаптау жұмыстары тігістерді ақ цемент ертіндісімен жағы арқылы аяқталады.
2.5 Еңбек шығындары калькуляциясы және мерзімдік жоспарын жасау.
Еңбек шығынының калькуляциясы орындалатын әрлеу жұмысын толық көлемдік жасалады, ол үшін әр әрлеу жұмыстарының көлемі ЕНиР-де көрсетілген уақыттар мөлшерге көбейтіледі. Есептелген нәтижелер кестеге жазылады. Содан соң адам-сағатен есептегенде әр жұмыстың нәтижесін 8,2 сағатқа тең жұмыс сменаның уақытша бөліп, оның еңбек сиымдылығын (адам-күнмен өлшенетін) анықтайды да, ашылған кестее жазып отырады.
Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспарын жасағанда әрлеу жұмыстарын орындау негізгі белгіленген технологиялық ретімен құрылысшылар кестене жазылады. Мұндай жағдайда дәрежелері бірдей құрылысшылар мамандырымен істелінетін біркелкі жұмыстар өзара толтырылады. Егер жобада әрлеу жұмыстарын бірнеше варианттары белгіленген болса (мысалы, еденді паркет әлден линолеум салғанда) графикте барлық варианттары жеке көрсетіледі.
Содан соң еңбек шығынының калькуляциясына және белгіленген жұмыс көлемінің кестесіне сүйене отырып мерзімдік жоспардың басқа графалары толтырылады.
Жұмыстың ұзақтығы мына формуламен анықталады:
мұнда Qж - әрлеу жұмыстарының жалпы еңбек сиымдылығы, адам – күні, n – берілген жұмыс көлемін орындайтын жұмысшылар саны.
2.6 Әрлеу жұмыстарына еңбек шығынының калькуляциясы
Пунктер |
Жұмыстардың аталуы |
Өлш. бірл. |
Жұм. көл. |
Еңбек сиымд. ад/күн |
Машина, механизм маркасы |
саны |
ұзақтығы |
Ауысым саны |
Жұмысшы саны |
1
2
3
4
|
Төбелерді сырлау
Төбелерді қарапайым бояумен әрлеу
Кірпішті қабырғалар мен бөлмеаралық сылау
Бөлме беттеуін майлы бояумен сырлау |
100 м2
100 м2
100 м2
100 м2
|
25,15
25,15
63,99
387
|
94
49
592
598
|
Агрегат СО-57А
Агрегат СО-57А
Агрегат СО-57А
Электрокраскоконульт СО-61 |
1
1
1
1
|
12
12
30
2 |
2
1
2
1
|
4
4
10
4
|
2.7 Техника-экономикалық көрсеткіштер
Әрлеу жұмыстарын механикаландыруын салыстыруға арналған техника экономикалық көрсеткіштер (жұмыс ұзақтығы, жұмыстың бірлік еңбек өнімдлігі). Егер көп варианттардың бірі варианты бойынша әрлеу жұмыстарының ұзақтығы кемитін болса, онда толық экономикалық мөлшерін анықтау үшін қосымша шығынның, жалақы, босағанда механизмдер шығынын есептеп, соңында қорытынды шешімдер қабылданады.
Жұмыс ұзақтығына байланысты қосымша шығынның экономикалық мөлшері мына формуламен аныталады:
мұнда Қ - өзіндік құына кіретін тұрақты қлсыша шығын (ең ұзақ вариант бойынша), жалпы әлде мөлшерлі құнның 60% шамасында қабылданады.
Т1, Т2 – салыстырмалы варианттар бойынша әрлеу жұмыстарын орындау ұзақтығы, жыл.
Бөлінетін жалақы мөлшерінің үнемделуі мына формуламен анықталады:
мұнда а – еңбек өнімділігінің өсуі, %; в – жалақының өсуй, %;.
Босаған механизмдерді пайдалануына байланысты үнемдеу мөлшері мына формуламен шығарылады:
Эб=EmK(T1-T2), тг,
мұнда Em - 0,15 мөлшерлі жылдық үнемдеу коэффициенті, K – босаған барлық механизмдердің құны, тг.
2.8 Әрлеу жұмыстарын қауіпсіз орындау шаралары
Әрлеу жұмыстарын орындауға СНиП-ІІІ-4-80-ге сәйкес жобаның сызбасында және түсініктемесінде қауіпсіздік сақтау шаралары қаралуы қажет.
Ішкі сылақ жұмыстарын жүргізгенде жылжымалы мінбелер әлде төсеніштер, ал сыртқы жұмыстарына инвентарлы текшелі және аспалы сатылар (бесіктер) әлде жылжымаоы мұнаралы мінбелер қолданылады.
Сыртқы текшелер ағаштар болмаған жағдайда сыртқы терезе оймасының беттерін сылауңа аспалы әлде ойықтардың шығарылған қоршауды төсеніштер қолданылады.
Сыртық текшелі мінбелерді оның тірлеулері нығыздалып тегістелген негіз үстіне тік орнатылады. Тіркеулердің астына төсеніштер салынады.
Текшелі мінбелер үстіне салынатын төсеніш ені 1,5 м-ден, текшелер аралығында биіктігін 1,8 м-ден кем болмауы керек.
Сыртқы сылау жұмыстарын жүргізгенде қабырға мен төсеніш аралығындағы қашықтық 150 мм-ден жоғары орналасқан текшелер төсеніштерінің кемінде 1 м қоршауы болуы қажет.
Текшелі мінбелердің қабаты аралығындағы қатынас үшін саты орнатылады (көлбеулігі 60-тан аспауы керек), оның жоғары шеттері бекітіледі. Электр сымдары текшелі мінбелерге тиіп тұрмауы тиіс. Текшелі мінбелер жермен жалғастырылуы қажет.
Текшелі мінбелер (ағаштар) үстінде нөсер және күші 6 баллдан асатын жел кезінде жұмыс істеуге тиым салынады. Ертінді араластырғыштар, ертінді сорғыштары және басқа машиналар ағаш және болат рамаларға орнатылып, өткелі болаттармен бекітілуі тиіс. Сырлау жұмыстары жүргізілетін бөлмелердің ауасы терезе әлде ауа сорғыш арқылы тазартылып тұруы тиіс. Ішкі әрлеу беттеріне қорғасынды сыр және бояуларды қолдануға болмайды.
Өртке қауіпті бояуларды өтқа төзімді арнайы қоймаларда сақтайды. Әйнектер қоршалып, арнайы белгіленген жерде ғана кесіледі.
3. Құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау
Жобалық шешімдер үймереттермен ғимараттарды тұрғызу процесінде жүзеге асырылады. Ал құрылыс өнімінің түнкі сапасы құрылыс-құрастыру жұмыстардын жоғары деңгейде жүргізу мен пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдармен құралымдардың сапасына байланысты.
Жоғарыда атап көрсетілгеніндей, құрылыста қажетті сапа деңгейіне қол жеткізу құрылқа қатысушылардын барлығына:жоспарлау органдары, тапсырма берушілер, жобалаушы және құрастыру-құрылыс ұйымдары, жабдықтаушы зауыттар және бақылаушы органдарына тікелей байланысты кешенді проблема болып табылады. Сондықтан да өнімді жобалау, өндіріс және пайдалану кездерінде өнімнің белгіленген қажетті сапа деңгейін әрдайым қамтамасыз ету жүйелі бақылау арқылы жүзеге асырылады жәнежәне сапа деңгейіне әсер ететін жағдайлар мен факторлар (ГОСТ-15467-79) мақсаткерлікпен реттеліп отырылуға тиіс.
Құрылыстағы сапаны басқару жүйесін құрудін негізіне өнім сапасын мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесі алынады.Осы ережеге сәйкес сапаны басқару мемелекеттік, ведомстволық және өндірістік деңгейінде жүзеге асырылады. Құрылыстағы сапаны басқаруда мемелекеттік деңгейде құрылыс жөніндегі мемелекеттік департаменттер жүргізеді.
Сапаны басқаруды ведомстволық деңгейін құрылыс Министрліктері, территориялық бас басқармалар атқарады. Бұл деңгейдегі міндеттер мемелекеттік деңгейдегімен ұқсас, тек ведомство шеңберңмен шектеледі.
Сапаны басқарудың өндірістік деңгейі жобалау ұйымдарда, кәсіпорындар мен құрылыс ұйымдарда (бірлестіктерде, фирмаларда, басқармаларда) ішкі өндірістік қызметтер арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік деңгей орындаушылық денгей болғандықтан оның негізгі міндетіне қолданылып жүрген мөлшерлер мен құжаттарға сәйкес сапаны қамтамасыз өту жөніндегі шаралар жүйесін жасау жатады. Құрылыс-құрастыру жұмыстарының сапасы әрбір өндірістік процестін орындалуына жүйелі бақылау жасау арқылы қамтамасыз етеді.
Ұйымдастыру тұрғысынан сапаға бақылау ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Жұмыс өндірісінің барлық кезеңдерінде ішкі бақылауды жүргізу құрылыс ұйымның әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің міндетіне жатады. Жұмыс өндірісіне жедел бақылау негізінен жұмыс басқарушыға, құрылыс шеберлеріне және бригадирге жүктеледі. Олар бақылауды үздіксіз және тұрақты түрде жүргізеді.
4. Техникалық қауіпіздік бойынша шаралар
Жер жұмыстары басталуға дейін барлық қазіргі жер асты коммуникацияларының орналасуын тура белгілеу керек. Олардың қасында топырақты өңдеуді тек осы коммуникацияларды пайдаланатын мекемелердің жазбаша рұқсат қағазы болса және мекеменің қатысқан өкілінің көзінше және жұмыс жүргізуші немесе мастер бақылауымен ғана рұқсат етіледі. Топырақ өңдеуді электр кабелі, қысым су, газ құбырларына тікелей таяулықта соқпа құрал-сайманын қолданусыз жүргізіледі.
Қазаншұңкырлар мен қазын орларды өңдегенде құламаны қазіргі мөлшер құжатына сәйкес немесе уақытша бекіткіш істеледі.
Жұмыс істеп тұрған экскаватор шөміші немесе жебесі астында тұруға және қазым жағынан жұмыс жасауға рұқсат етілмейді. Экскаватормен топырақты езіп қопарғыш автокөлліктердің артқы немесе бүйір жақ ернеуінен түсіреді, экскаватор мен автомашина аралығында адамдар тұруға рұқсат етілмейді.
Біреуі соқпа тәсілімен қатқан топырақты бұзып, ал екіншісі қопсытылған топырақты өңдеп жатқан екі экскаватор 50 м радиусында бір учаскеде қатар жұмыс істеуге болмайды.
Қалыпты 8 м дейін биіктікте орнатқанда биіктігі 1 м сүйеніш тетігі және биіктігі 15 см бүйір берік тақтайы бар төсеніштер қолдану керек. Биіктігі 8 м жоғары жерде жұмыс істегенде арнайы тіреу ағаштарға қоршауы бар ені 70 см кем емес төсем орнату керек.
Кернеулі тоқта тұрған электр пісіру қондырғылардың барлық бөліктерін қаптамалармен жауып қою керек. Жұмыс мезгілінде ток кернеуінде емес қондырғылардың металл бөліктерін (пісіру трансформаторлар, генераторлар тұрқыларын) және пісіріленетін құралымдар мен бұйымдарды жерге қосу керек.
Бетон сорғыш төңірегінде ені 1 м кем емес өтетін жер жасалады. Бетон құбырын сығылған ауамен тазалағанда жұмысшылар оны кіру тесігінен 10 м кем емес аралықта болу керек. Бетон қоспасын 30° және одан да артық еңісі бар құралымдар төсегенде бетоншыларды сақтану белдігімен жабдықтайды.
Дірілдеткіштің тұрқын жұмыс басталғанша жерге қосу керек. Дірілдеткіштер электр жүйесіне 220 немесе 380 кернеуді 36 В дейін өзгертетін төмендеткіш трансформаторлар арқылы косылады. Дірілдеткіштер сабында амортизаторлар болу керек.Дірілдеткіштермен жұмысты тек қана резеңке қолғап және резеңке етікпен істеуге рұқсат етіледі. Дірілдеткіштерді жұмыс үзілісінде және бетоншылар бір жұмыс орнынан келесіге ауысқанда сөндіріп отыру керек.
Қысқы жағдайда және құрғақ ыстық ауа райында бетондағанда жұмыс өндірісінің ерекшелігімен тудырылған және жұмысшылар еңбегіне қауіптілік туғызатын қосымша факторлар болады.
Осындай факторларға жататындар: құрылыс алаңының құралымдар бетондау орнына берілетін токтың кернеуі (380 В дейін) дағдылы жағдаймен салыстырғанда көтеріңкі болуы; бетон қоспасының құрамында әр түрлі химиялық қосымшалар бар болуы; қысқы мерзімде ауа температурасының төмендігі; ыстық ауа райы жағдайында ауаның жоғары температурасы мен ауаның төмен ылғалдылығы күн радиациясымен бірге үйлеседі.
Қазіргі құрылыс құрылыс-жинақтау жұмыстарын биіктікте жүргізу кажеттілігімен тығыз байланысты. Уақытша жинақтау құрылғыларынан немесе жер бетінен 5 м артығырақ құралымдардан тікелей жабындылардан немесе жұмыс төсемдерінен орындалатын құралымдарды орнату, дәлдеу, жинақтау және жөндеу бойынша жұмыстар жоғарыға өрмелеп шығатын деп саналады.
Жобалық қалпына орнатылған элементтерді ілмектен босату оларды тек сенімді және берікті бекіткен соң ғана рұқсат беріледі. Жеткілікті қаттылығы жоқ элементтер көтеру кезеңінде нығайтылу керек.
Жинақтаушылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі құралдар қауіпті жерлерді қоршау және қорғану құралдары көмегімен жұмыс орындарында қауіпсіз жағдайлар жасау болады.
Жабыннын, шеткі қатар тақталарын көтерер алдында тұрақты немесе уақытша қоршаулармен жабдықтайды.
Сақтықтың ерекше шараларын желді ауа райында қолдану керек. Жел күші бес балдан артығырақ болғанда (жел жылдамдығы 7,5-9,8 м/с) үлкен желкені бар ірі өлшемді панельдерді (саңылаусыз қабырға панельдері, табақ металл құралымдары және т.б.) жинақтау тоқтатылады.
Жинактау жұмыстарын қауіпсіз орындаудың ең бір маңызды шарты жинақтау крандарының тұрақтылығын және жүк көтергіш құралдардың сенімділігін қамтамасыз ететіндей етіп оларды дұрыс пайдалану. Тұрақтылық дәлме-дәл көлденең және тік қалыпта сенімді негізгі дұрыс орнатумен қамтамасыз етіледі. Мұнаралы крандардың тұрақтылығын жоюға әкеліп соғатын негізгі факторлар: шамадан артық жүк тиеу, жел күшінің әсер етуі, рельс жолдарының нашар жағдайы, кранға динамикалық әсер ету болады.
Желдің күші алты балл болғанда (жел жылдамдығы 10-12 м/с) крандағы жұмыстар тоқтатылады және айдауға қарсы тетіктер көмегімен оны рельс жолына бекітеді.
Кранасты жолын үймеретке жақын орналастырғанда үймереттің шығып тұрған бөлігі мен кранның айналатын құралымдар аралығы, ең кемінде 75 см, қауіпсіз арақашықтығын қамтамасыз ету керек.
Жүк көтергіштері, жинақтау крандары және басқа машиналар мен механизмдер жұмыс істегенде қауіпті аймақ пайда болады. Осы аймақты анықтау және қоршау жұмыс өндірісінің кауіпсіздігін көтеретін шараның бірі болады.
Егерде кранмен ауыстырғанда - жүкті көтеру биіктігі 20 м дейін болғанда бұл аралық 7 м кем емес, биіктгі 20-100 м дейін болғанда — 10 м кем емес, ал көтергішпен ауыстырғанда — жүк көтеру биіктігінің 1/4 кем емес болу керек. Сонымен қауіпті аймақтың өлшемі планда көтергіш платформасының ең үлкен өлшемі есебімен және жүкті көтеру биіктігінің 1/4 кем емес қосылып алынады, бірақ барлық жағдайда 5 м кем алынбайды.
Қазіргі мөлшерге сәйкес строптар, қамту және басқа такелаждық аспаптарды мезгіл-мезгіл сынаудан өткізу керек. Стрелтгарды пайдалану алдында жүк салмағы шамасынан
2 есе асатын жүкпен сыналады. Траверстер мен қамту ілмектерін есептеп 25% асатын жүкпен 10 мин ішінде сыпайды.
Ішкі сылақ жұмыстарын өңдіргенде беріктік және тұрақтылыққа сай келетін төсеніштер қолдану керек. Сыртқы тірек-ағаштарда ярустар бойынша қоршаулар болу және қабырғаға сенімді бекітілуі тиіс.
Ерітінді сорғыштарымен жұмыс істейтін оператор-жұмысшыларда қорғаныш көзілдіріктер және респираторлар болуы керек.
Қаптаушылардың жұмыс орындары жұмысты өндіргенде толық қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылуы керек.
Жарылуға қауіпті және адам денсаулығына зиянды үшпа бу шығаратын полимерлер негізіндегі желімдер мен мастикалар қолданып жұмыс жүргізілетін бөлмелерде мәжбүрлік тартып-шығаратын желдеткіштер орнатылуы керек.
Әрлеу жұмыстарын өндіргенде механизмдер механикаландырылған құрал-саймандар, ток қабылдағыштар, төсенішгер мен ағаштарды пайдалану ережелері сақталу керек.
Әйнектерді және басқа материалдарды әйнек жұмыстарын биікте орындағанда арнайы жәшіктерде сақтау керек. Әйнекті көтеретін аймақ және жұмыс өндірілетін жерлер ұқыпты қоршалу керек. Сыртқы әйнектерді сүртерде және қондырарда әйнекші қорғаныш белдігін пайдалану керек.
Қорытынды
Әр түрлі тағайындалуы бойынша үйлер мен ғимараттарды құрылыс өндіріс жұмыстарын және құрылыс өндірісін ұйымдастыру қазіргі заманғы тәсілдермен тұрғызу.
Курстық жұмыс жер асты және жер үсті бөлігінің құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау, еңбек шығынының және еңбек ақы калькуляциясын түзеу, техника қауіпсіздігі, сондай-ақ, машиналар мен жабдықтардың өнімділігін анықтау мен оған әсері бар факторлар берілген. Курстық жұмыста 12743м2 құрылыс алаңы тегістеу, 1808,2м3 траншеяны өңдеу және 8,25 м3 траншеяны қолымен тегістеп нығыздау, іргетастарды, іргетас арқалықтарын, ұстындарды, жабындар, баспалдақтар, сыртқы және ішкі қабырғаларды орнату бойынша жұмыстардын көлемдері есептелінді. Барлық негізгі және қосымша жұмыс көлемдері бойынша жұмыс өндірісінің күнтізбелік жоспары түзеліп 222 күн мерзімде орындалатыны есептеп жоспарланды.
Құрылыс өндірісінің технологиясының құрылыс жұмыстарының өндірісі бойынша алынған тәжірибелер шын мәніндегі есептеп жобалауда есептемелерді және жұмыстарды ұйымдастыру технологиясын іс-тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Хамзин С.К. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы Астана, 2003 ж
2. Хамзин С.Қ., Жанаев А.Б. Құрылыс өндірісінің технологиясы. Курстық және дипломды жобалау. Алматы, 1995
3. Теличенков В.И. Технология возведения зданий и сооружений М. Высшая школа, 2003г
4. Хамзин С.К., Карасев С.К. Курсовое и дипломное проектирование М., 2006г
5.Методические указания к курсовой работе по курсу «ТСП», Н.К.Мураталин, В.М.Ачох, М.И.Карабаев, Шымкент 1990г.
6.ЕНиР. Сборник Е4. Монтаж сборных и устройство монолитных железобетонных конструкций. Вып. 1. Здания и промышленные сооружения. – М.: Стройиздат, 1987. – 84 с.
Жарияланған-2016-10-14 13:43:31 Қаралды-10163
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина