ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫСТЫҢ ДІҢГЕКТІ-МҰНАРАЛЫ ҒИМАРАТТАРЫН ТҰРҒЫЗУ
- Діңгекті-мұнаралы ғимараттарды тұрғызудың жалпы принциптерін және үлгісін таңдау
- Радио және теледидар діңгектері мен мұнараларын, прожектор тіректері мен электр жүйелерін, аппараттар мен құралымдарды тұрғызу
- Жұмыс өндірісін, машиналарды, механизмдерді, технологиялық жарақтарын әдістерін таңдау
- Объект құрылысының бас жоспары, техникалық-экономикалық көрсеткіштері
- Діңгек-мұнаралы ғимараттарды тұрғызу мәселері
- Діңгекті-мұнаралы ғимараттарды тұрғызудың жалпы принциптерін және үлгісін таңдау
Пландағы көлемінің аздығы, салмактары мен биіктерінің едәуір болуы діңгекті-мұнаралы ғимараттардың өзіндік ерекшеліктері болып табылады. Құралымдық шешімдеріне, құрастырылатын элементтердің салмактарына және биіктіктеріне қарай оларды құрастыру да төмендегідей үлгілер қолданылады: тұтастай жерде құрастырылған құралымдарды жебелі крандармен көтеріп, жобалық жағдайына орнату; тұтастай жерде құрастырылған құралымдарды тірек топсасын айналдыра бұрып тік жағдайға келтіру; жобалық жағдайда түрлі жүк көтергіш құралдарды, оның ішінде әуеде ыктайтын құралдарды пайдалану арқылы жеке элементтер мен ірілендірілген блоктардан құрастыру.
Пландағы тұтас биік ғимараттарды жебелі өздігінен жүретін крандармен құрастыру әрі оңайлығымен, әрі аз еңбек сыйымдылығымен мейлінше тиімді, өйткені құралымдарды толық, құрастыру жерде жүргізіледі. Құралымдар ауырлық орталығынан біршама жоғарылау стропыланады да олар тіректерге тік көтеріліп орныктырылады немесе сырғытылып бұрылады да содан кейін көтеріледі. Биіктігі 40-60 метрлік ғимараттар осы әдіспен құрастырылады.
Көлбеу жағдайдағы тұтас биік құрылымдар тірек топсасын айналдырып бұру арқылы жерден көтерілмей-ақ құрастырылады. Қолданылатын жүк көтергіш құралдарға және құрастыру үлгісіне қарай ол бірнеше түрлі болады.
Құрастырудың осы әдісі бойынша ғимараттар төмендегіше тұрғызылады: кранды (бір немесе екі) қолдану; құралым ауырлық орталығынан жоғарылау стропыланып кран имегіне ілінеді және оны көтеру барысында кран бұрылыс топсасының тірегі бағытында қозғалады; тірек кадасы мен жебелі кран аралығы пайдаланылады, олардың көмелмен құрылымды екі кезеңмен көтереді: алдымен көтеру әдеттегі бұру әдісімен, одан кейін көтеру тірек қадасының төменгі жағына стропылар арқылы жүзеге асырылады, ал бұл имектің көтеру биіктігін қолданылып жатқан тірек қадасының биіктігіне дейін төмендетуге мүмкіндік береді, көтерілгелі жаткан құралыммен тікелей байланыстырылған арқан күшін пайдалану, тартып көтеру үшін трактор және лебедкамен камтамасыз ету; зәкірмен бекітілген "құлдилайтын" ("кұлдилап құлайтын") жебенің (діңгектің, шевроның немесе порталдың) және арқан күшімен іске асырылады. Осы сияқты көмекші бұрылғыш жебенің (діңгектің, шевроның, порталдың) және трос күшін қолдану; бұрылатын және сырғитын (тірек топсасының бағытында) порталдың және трос күшімен; осы секілді арқан күші мен тікұшақтың көтеру күшін қолдану арқылы көтеріледі.
Биіктігі 120 метрге дейінгі діңгекті-мұнаралы ғимараттарды арасық тірек кадалар-тіреулерді қолдана отырып жебелі крандармен тұрғызу әрі технологиялык жағынан да, пайдалылығы жағынан да ең тиімді әдіс болып табылады. Бұл жағдайда құрастыру төмендегі реттілік бойынша жүргізіледі. Құралым кранмен тірек топсасына қатысты көлбеуге мүмкіндігінше бұрышталып бұрылады, ол имектің ең жоғарғы көтеру биіктігіне сәйкес келеді. Осыдан кейін тіректі көтеру жағдайына келтіреді, имек күралымның бас жарындағы стропыдан босатылады, осылайша салмак тіректің төменгі жағына түсіріледі. Бұдан соң құралымды біржолата көтеру үшін кран орнатылады. Осыдан кейін құралым кран имегімен тіректіңтөменгі жағын көтеру арқылы жобалық жағдайға келтіріледі.
Осы әдістің басқаша жан-жақтылау түрі бар, мұнда крандардың жебелерін еркінірек пайдалануға және оларды жылжытумен бір мезгілде полиспастың ұзындығын да қыскартып отыруға мүмкіндік болады. Бұл вариант құралымды кранды іске қосумен қатар полиспастың ұзындығын қыскартуға, жебенің бұрылуына және полиспастың ұзындығын азайтуға, имектің құлашын өзгерту мен полиспастың ұзындығын қыскартуға, имекті көтеру мен жоғарыда аталған операциялардың кез келгенін үйлестіруге мүмкіндік жасайды.
"Құлдилайтын" жебе, діңгек, шевро немесе портал әдісін қолдану кезінде олардың ұзындығы көтерілгелі жаткан ғимараттың үштен біріндей болады деп алынады және бұл жағдайда зәкірлерді үлкен күшке төтеп беретіндей етіп орналастыру керек. Діңгекті-мұнаралы үймереттерді зәкірсіз құрастыру кезінде (көтеру барысында) күш үлгісі ғимараттың іргетасымен шектеледі. Портал моментсіз топсамен жабдықталады және тікелей жерге орнатылады.
Құрастыру діңгегінің тірегіне ауысатын зәкірсіз көтеру әдісі металл сыйымдылығын және құрастыру жарақтарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл әдіспен көтеру алдында мұнарадағы технологиялық ойыққа жүгі бар полипасты құрастыру діңгегін еңгізеді, тартқыш жасалатын жерде мұнара стропыланады және мұнара іргетасы мен құрастыру діңгегінің тірек бөлігі қосымша полиспаст арқылы байланыстырылады, ал мұнараны көтеру кезінде құрастыру діңгегінің тірек бөлігін қосымша полиспаспен құрастырғалы жатқан мұнара іргетас жағына қарай жылжытылады.
Бірте-бірте биіктеу әдісімен элементтерді рет-ретімен төменнен жоғарыға қарай көтерумен жобалық жағдайға келтіріледі. Әдетте бұл әдіс түрлі типті өздігінен көтерілгіш крандар, ауыстырмалы жүк көтергіш порталдар мен діңгектерді, мұнаралы-жебелі жабдықтарды және басқа да қондырғыларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Биік діңгекті-мұнаралы ғимараттарды әуеде калқитын жүк көтеретін құралдармен құрастыру барып-жетуі қиын жағдайларда (орманды, батпакты, таулы және басқа да жерлерде) осы сиякты ғимараттардың аса биік болғанында (120-150 метр) аса тиімді. Жерде көлбеу жағдайда құрастырылғанындағы салмағы мен көлеміне қарай оларды бір немесе екі тікұшақпен бұрып құрастырудың түрлі үлгілері қолданылады. Құрастырылатын ғимараттың салмағы тікұшақ көтере алатындай болған жағдайда оны тігінен көтеріп іргетас тіректеріне орнатумен жүзеге асырылады. Биіктігі жоғары ғимараттарды тұрғызғанда құрастыру аралас әдістермен жүргізіледі. Жинақтауды алдымен сүйендірілген немесе өздігінен көтерілетін кранмен жүргізіліп, олар салмак көтеру кабілеті шектелгеннен кейін құрастыру тікұшақпен жалғастырылады. Бұл жағдайда құрастырылатын блоктар салмағы тікұшақтың көтеру күшіне сай болуы керек, ал блоктардың құралымдарында оларды алдында құрастырылғандарына бағыттауды жеңілдететіндей және оның жобалық жағдайға толық келтіріп орнықтырылуын қамтамасыз ететіндей арнаулы ұстағыштар мен бекіткіштер қарастырылуы тиіс.
- Радио және теледидар діңгектері мен мұнараларын, прожектор тіректері мен электр жүйелерін, аппараттар мен құралымдарды тұрғызу
Радио және теледидар дінгектері секциялары бойынша бірте-бірте өсіру немесе тұтас күйінде бұру әдісімен құрастырылады.
Алдын ала табалдырықтары және алаңдарымен бірге жиналған жазықтардан құрастырылған секциялар жорғалағыш кранмен өсіріледі. Жорғалағыш кранның тірек байпақтарын бекіту үшін тесік қалдырылу қарастырылады. Діңгектердің құрылымына қарай жорғалағыш крандардың түрлі түрлері қолданылады: құбырлы діңгектерді ПКТ кранымен, ал торлылары ПКР және СПК крандарымен құрастырылады.
Радиодіңгегінің тірек секциясы құрастырылады да оның үстіне жыланбауыр табанды кран көмегімен жорғалағыш ПКТ-6 краны орнатылады. Қалған секциялар жорғалағыш кранмен құрастырылады. Жұмысшыларға қызмет ету үшін кран оқшантайына табалдырықты алаң бекітіледі. Радиодіңгектің секцияларын түйістіру және пісіру жөніндегі операциялары сатылы алаңның төменгі және жоғарғы жағынан жүргізіледі. Радиодіңгектің әр секциясы жобаға
келтіріліп бекітілгеннен кейін кран дәл қарама-қарсындағы жерде ауыстырылып, төрт жерден бұрандамен бекітіледі немесе электрмен пісіріліп, орнатылады. Мінбелер траверс және стропалардың көмегімен кран жебесімен ауыстырылады. Әрбір төрт секциялардан кейін радиодіңгекке балконды алаң (БА) орнатылады, ол келесі секция биіктігіне көтерілгеннен кейін жорғалағыш кранмен құрастырылады. Балкон алаңдарынан уақытша және тұрақты тартқыштарды бекітеді. Мұнараны өсіру кезінде оның орнықтылығы мен тіктігін қамтамасыз ететін уақытша тартқыштар екі кабаттан, ал тұрақты тартқыштар олардың әрбір екі қабатының үстіне орнатылады. Тартқыштардың орналастырылуына қарай олардың үстіне орнатылған тартпалар алынады. Радиодіңгектің тіктігін құрастыру процесінде, әрбір кабаттың тұрақты және уақытша тартқыштарын орнату және тарту кезінде тексереді. Ең соңғы тексеріс бүкіл діңгекті орнатып, кранды бұзып алғаннан кейін және тұрақты тартқыштарды жобалық деңгейге дейін тартып болғаннан соң ғана жүргізіледі. Уақытша және тұрақты тартқыштарды тартуды индикатордың көмегімен тексереді. Жоғарыда және төменде жұмыс істейтін жинақтаушылар радио-телефон арқылы байланысады. Діңгекті жарык белгілермен жабдықтайды.
Радиодіңгектерді және кырының ені 5 метрге дейін үш-төрт қырлы қималы басқа да биік ғимараттарды құрастыруда жүк көтергішті төрт тонналық шайқалып тұратын өздігінен көтерілетін кран пайдаланылады. Кран А әрпі тәрізді кұбырлардан пісірілген рама сипатты болып келеді, оның жоғарғы ригеліне қапқышы бар жүкті сым арқылы (трос) ілінеді. Жұмыс жағдайында кран діңгек секцияларының цапфасына бекітілген тірек арқалығы бойынша жүреді. Раманың төменгі жағында қарсы жүктер бекітілген, соның есебінен кранның бүкіл ауыртпалык орталығы тірек арқалығынан темен ойысады және бұл жағдайда қарсы жүктер рама белдіктерінің нақ ортасына бекітіледі және кран ешқандай бағыттаушысыз және тартқыштарсыз тік қалыпта орналасқан тірек арқалығына еркін орнатылады. Фаркөпф-итергішті ұзарта отырып кранды кезекті секцияны стропылауға және көтеруге қажет жағдайға бұрады. Бұдан кейін секцияны мұның алдында ғана құрастырылғанның жоғарғы жағынан 200-300 мм биікке көтереді және фаркөпф-итергіштің көмегімен оның ұзындығын азайта отырып, құрастырылатын секцияны оның алдында құрастырылғанына бағыттайды, оны фланецтерге орнатып, бұрандалармен бекітеді.
Кран келесі тұрақты ауыстыру процесі кезінде орныкты тік қалыпта ұсталады да ешқандай қосымша тартпалақ немесе бағыттаушылардың қажеті жоқ. Кранды тұрақтан тұраққа көшіру арнаулы полиспаспен жүзеге асырылады.
Жорғалаушы кранмен салыстырғанда шайқалғыш кранды дайындау оңай, шешімінің өзіндік ерекшелігі барына және қарапайымдылығына қарамастан бірте-бірте өсіру әдісімен құрастыру процесі кранның еңбек өнімділігінің аздығынан және биіктіктегі жұмыс өндірісінің үлкен еңбек сыйымдылығын қажет ететіндігінен тым ұзаққа созылады. Сондықтан биіктігі шамамен 140 м, 40 тонналық діңгектерді түрғызғанда тиімдірек әдіс - оны толығымен діңгек топсасының айналасымен бүру әдісі қолданылады.
1-сурет. Дінгекті күрастыру үлгісі: 1 - кран МГК-25; 2 - жұк көтергішті 50 т траверс; 3 - фактор С-100; 4 - кран МГК-16; 5 -жүк көтергіштігі 20 т траверс |
Діңгекті мұндай әдіспен көтеру полиспасты пайдалану аркылы екі жыланбауыртабанды кранмен немесе жинақжебесінің көмегімен болмаса бұдан биік діңгектерді тікұшактың көмегімен атқарылады.
Теледидар діңгектері бұл әдіспен мына реттілікпен құрастырылады. Құрастыру алаңында торлы құралым жазықтықтарынан блок секциялары ірілендіріліп құрастырылады. Іргетасқа тірелетін жерге төменгі блокқа бұрылыс топсасының жоғарғы жағын пісіріп бекітеді. Құрастыру алаңында діңгек шпалды тордағы екі блоктан жинайды. Оны төменгі жағынан топса арқылы іргетасқа тірейді. Топса тақтасын іргетасқа байланыстырғаннан кейін діңгекке (оның көлбеу жағдайында) антеннаны, кабель жүйесін, белгі, жарық қондырғыларын, бақылау құралдарын орнатады, сым тартпаларын бекітеді және басқа да жұмыстар атқарылады. Такелаж жөніндегі барлық әзірлік жұмыстары аяқталып және крандар жұмыс жағдайына келтірілгеннен кейін барлық такелаждық жарақтар сынақтан өткізіледі: діңгекті кран жұмысын, топса бұрылысын және стропылауды тексеру үшін 45° көлбеуге кетереді. Діңгекті тік жағдайға екі кезеңде көтереді (9.1-сурет): алдымен екі МГК-25 және МГК-16 крандарымен топса айналасымен бұрады, осыдан кейін С-100 тракторымен діңгекті тартпалармен (вант) байланысқан полиспаспен тік жағдайға келтіреді және осымен бір мезгілде бүйір тартпаларын С-100 тракторымен тартады. Төменгі тартқыштарды арқан ретінде, ал діңгек өсіне бұрыш болып орналасқан жоғарғы екеуін жобалық жағдайға келтіргенде көлбеу бойынша ауып кетпеуі үшін сақтық ретінде пайдаланылады. Полиспастың төменге түскен тарамын С-80 тракторымен тартады. Діңгекті стропылау ұшындағы салмақтары крандардың қуаттарына қарай бөлінетін арнаулы траверспен жүргізіледі. Стропылау діңгек фермасының төменгі жазықтығына бекітілген құрастыру арқалығына жасалады. Теледіңгекті жобалық жағдайға келтіруге қажет негізгі зәкір міндетін екі-екіден қосақталған төрт С-100 тракторы атқарады. Зәкірлік тракторларды полиспаспен біріктіру жүккөтергіштігі 50 тонналық траверс арқылы атқарылады. Діңгекті көтеру барысында кранды көтеру тік бағытта ұстау үшін іргетасқа бұрады. Діңгекті топса айналысымен 40-43° бұрады. Бұдан кейін көтерудің екінші кезеңі басталады. Төменгі тартпалармен біріктірілген 50 тонналық полиспаст керіледі, осыдан кейін крандар стропсыздандырылады. Одан әргі көтеру трактор күшімен жүргізіледі.
Бұлардан биік діңгектер-тұтас қалпында құрастыру жебесінің немесе тікұшақтың көмегімен жүзеге асырылады. Салмағы 29 тонна, бүйірі 135 мм дұрыс үш бұрыш түріндегі қиылысты, толық жиналған, биіктігі 142,5 метр радиодіңгек-антенна осылайша құрастырылды. Биіктігі 40 метр құрастырма жебесі радиодіңгекке көтеру тартқыштарымен қозғалмайтындай етіп бекітілді, ал полиспас жүк көтергіштігі 75 тонна (9.2-сурет) қозғалатындай етіп зәкірге байланды.
2-сурет. Діңгек-антеннаны айналдыру әдісімен көтеру: 1 - діңгек-антенна; 2 - көтергіш тартпалар; 3 - тұрақты тартпалар тежеуіш-ванталар- 4 - құрастырма жебесі; 5 - көтергіш полиспас; 6 - зәкір, 7 - уақытша тірек (топса); 8 - орталық іргетас; 9 - анкерлік іргетас |
3-сурет. Биіктігі 80 м мұнараны Ми-10К тікұшағын колданып құрастырыу үлгісі: 1 - кұрастыратын мұнара; 2 - тікұшак Ми-10К; 3 - көтерудің бірінші кезеңі: 4 - көтерудің екінші кезеңі 5 - тенгергіш траверс; 6 - кетерпш-тежеу жүйесі; 7 - мұнараның ауырлык центрі; 8 - айналма топса; 9 - косымша тірек
Құрастыру жұмыстары орталық іргетасқа уақытша тірек (топса) орнатудан, діңгек-антеннаны және құрастырма жебесін ірілендіріп құрастырудан басталады. Құрастырма жебесін көтеру үшін оған көтерілетін полиспаст пен көтеруші арқан ілінеді. Осыдан кейін тұрақты тартқыштар жиналады. Көтеру жазығында орналасқан олардың екеуі бірден діңгек-антеннаға және анкерлі іргетасқа бекітіледі. Діңгек-антеннаның тұрақты консоліне басқа екі бағыттағы тартпаларды көтеру үшін трос ілінеді.
Радио-теледидар мұнараларын құрастыру басым көпшілігінде құрастырма діңгегінің әмбебап аспалы немесе өздігінен көтерілетін кранның, болмаса тікұшақтың көмегімен жүргізіледі. Биіктігі үлкен емес мұнараларды (биіктігі 100 метрге дейін, салмағы 50 тоннаға дейін) құрастырушы жебелі кранның немесе тікұшақтың (3-сурет) көмегімен атқарылады. Жекелеген жағдайларда мұнаралар қосып өсіру әдісімен тұрғызылады. Теледидар мұнарасын аспалы кранмен құрастыру кезінде (4-сурет) кран мұнараның өсі бойынша орнатылып, қозғалатын болады.
4-сурет. Теледидар мұнарасын аспалы кранмен құрастыру үлгісі: I - тұтқалар; 2, 10 - тартпалар; 3, 6 -консольдар; 4 - аркандардың жүгірмелі жіптері; 5 - полиспас; 7 - кран шеңбері; 8 - када; б -камыттар; 11 - діңгектер; 12 - рама; 13 -карсы салмак; 14 -жебелі полиспас; 15 -жүк полиспасы; 16 - жебе; 17 - айналма дөңгелек |
Кран оқшантайын ілмекпен орнатылған секциялардың жақтауларына іледі де оқшантайдайғы қамыттарға және жақтаулардағы қапсырмаларға бекітілген тартқыштармен кереді. Оқшантайдың консолі мен діңгектің төменгі жағындағы консолі арасында полиспасты орна-ластырады да оның көмегімен діңгекті жоғары көтереді. Бес секциядан тұратын діңгек бойымен жылжитын раманың ішінен өтеді. Рама жұмыс жағдайында штырмен бекітіліп, діңгектің аяқ-жағына тростармен керіледі. Мұнара ішіндегі әкеткіш роликтер арқылы өтетін діңгектің жоғарғы бұрылыс шеңберінде баулығымен кран тағаны орналасқан. Полиспастың, жебелі полиспастың жүк арқандары және көтергіш арқан да кран діңгегінің ішінен өтеді. Төменде арқандардың төмен түскен барлық тарамдары тиісті лебедкалардың барабандарына жіберіледі.
Теледидар мұнараларын тұрғызудың жоғарыда келтірілген екі әдісінің соңғысы - аспалы құрастыру кранын пайдалану. Құрастыру діңгегін қолдану көп көлемде тросты қажет етеді, оның жоғарғы жағын жерде орналастырылған зәкірге керу үшін кергішер зәкірлерін орналастыруға едәуір бос алаң қажет; мүнараны тұрғызу ұзақтығы көп, құрастыру діңгегінің орнын ауыстырғанда және оны бекіткенде жұмыс қауіпсіздігін камтамасыз етілуге ерекше мән беру қажет.
Биіктігі 315 метрліктеледидар мұнарасының болат түзілістерін (9.5-сурет) жобалық жағдайында лифтілердің және антенналардың шахталарымен көтерілетін жүккөтергіштігі 15 тонналық арнайы өздігінен көтерілгіш кранның көмегімен құрастырылады. Антеннаның құралымдары, әсіресе оның жоғарғы жактары өзі кәтерілгіш кранның құрастырмалық ауыртпалығын көтере алмайтындай болды. Осыған байланысты антеннаны құрастыру кезінде салмақ краннан шахтаға және мұнара дініне түсетіндей ұзын діңгекті кран жасалынды. Кран жебесінің ұзындығы 17 метр бұрылыс баулығы мен қарсы салмақ консолінен құралды. Онда БК-300 кранының негізгі тораптары мен қилысы 1,47x1,47 м, ұзындығы 123 метр торлы қырлы діңгек пайдаланылады.
Биіктігі 370 метрлік Алматы радиотеледидары мұнарасының едәуірі осы әдіспен құрастырылды. Ол тірек бөлігінен, діңнен және антеннадан диаметрі 18,5 м негізден құралады. Мұнараның тірек бөлігі көлденең диафрагмалармен байланыстырылған екі концентрикалық қабыршык тәрізді сақиналық элемент болып табылады. Планда дің төбесіне пісірілген екі таңбадан жасалған қада-бағаналар орнатылған оналты қырлы түрде шешімін тапкан. Діңнің кырлары сәйкестендіріліп жасалған панельдерімен қапталған. Мұнараның жоғарғы бөлігі - биіктігі 120 метрлік антенналық этажерка биіктігі бойынша құрастырылған цилиндрлік қаптаулардан тұрады, олардың диаметрі сатылған сайын өзгеріп отырады, төменгі жағында 3 метр болса, жоғарыда - 0,7 метр. Болат құралымдардың салмағы - 4760 тонна да, алюминий қаптауларының ауырлығы - 198 тонна.
Жоғарыда айтылғанындай, құрылымдарды құрастыру жүккөтергіштігі 18тонна, 13 метр биіктікте П13СПК-18 кранымен жүргізілді. Кран өздігінен көтерілгіш, ол орталықтан ауытқуы - 2,8 метр қашықтықта мұнара діңінің ішінде орнатылды.
5-сурет. Теледидар мүнарасын құрастыру: 1 -өзін-өзі көтеретін краннын клыбы; 2 - мұнаралы кран; 3 - мұнара окпаны; 4 - лифт шахтасы; 5 -мұнараның антенна бөлімі; 6 - тар-туға арналған өзен зәкірі |
6-сурет. Мұнараның антенна бөлімін ұлғайтып құрастыру және оны жобалық орнына келтіру үлгілері: 1 - полиспастың қозғалмайтын блогы; 2 - бағыттаушылар; 3 - полиспас; 4 - антеннаның окпаны; 5 - антеннанын тірек бөлімі; 6 - полиспастың жылжымалы блогы; 7 - тіреу орны; 8 - полиспастың жүгірмелі жіптері; 9 - радиоделедидар жабдықтарды орнатуға арналған мінбесі бар үлдірік; 10 - антенның тіреу стаканы
Антеннаны жылжытып көтеру жүккөтергіштігі 20 тонналық теңдестіру роликтері арқылы екі ЛМН-12 электр лебедкаларымен запастандырылған жүккөтергіштігі 100 тонналықекі полиспаспен жүзеге асырылады.
Антеннаны жылжыту әдісімен құрастыру құрылыс мерзімін едәуір қысқартады, өйткені мұнараның антенналық бөлігін ірілендіріп құрастырумен және мұнараның негізгі діңін құрастыру үшін нақтылы мүмкіндік жасалады. Оның үстіне еңбек жағдайы мен еңбек қауіпсіздігі бірте-бірте өсіру әдісіне қарағанда едәуір артыкшылықка ие. Тікұшақ өзінен салмағы 2-3 есе көп (жүк орталығының ауыртпалық жағдайына қарай) құралымдарды құрастырады. Тікұшақ ілмекке еркін ілінген, салбыраған жүкпен емес, құрастыру топсаларына бекітілген жүкпен өзара байланыста жұмыс атқарады. Осыған байланысты бағыттаушы және бекіткіш қосалқы құралдардың (ұстағыштардың) және түйісетін жерлердегі мінбелердің маңыз-мәні азаяды, оларды дайындауға және орнын ауыстыруға кететін еңбек шығыны болмайды. Құралымдарды орнатудың дәлдігі тікұшақты тек жақсы басқарудан ғана емес, құралымдарды көлденең жағдайда жинастырудың, анкерлі қондырғыларды іргетасқа орнатудың сапасына көп тәуелдірек. Жұмыс қауіпсіздігі барынша қамтамасыз етіледі, өйткені жинақтаушылар мұнараны көтеру кезінде қауіпті аймақтан тыс жерде болады. Жерде көлбеу жағдайда жиналған мұнараны іргетасқа орнатылған бұрылыс топсаларына берік етіп бекітеді. Мұнараның бас жағында консолдерден, көтеруші және шешуші тартқыштардан, балансирлі траверстерден т.б. құралған жүйе орнатылады. Тікұшақ электр кұлпы бар күні бұрын төмен түсіріліп жіберілген сыртқы ілмегі бар мұнараның жоғарғы бөлігінің үстінде қалыктап тұрады. Екі құрастыру траверсті электр құлпына бекітеді де құрастыру аймағынан кетеді. Тікұшақ секундына 0,2 метр шапшаңдықпен тік көтеріліп, мұнара басын шамамен 3 метрге көтереді де көтеру дәлдігін тексеру үшін соңғы рет калықтап тұрады, осыдан кейін жерден берілген нұскау бойынша элиптикалық траекториямен алға және жоғарыға қарай қозғала бастайды. Тікұшақтың көтеру жазықтығынан көп ауытқымауына қысқа стропылау (0,5-0, 75 м көп емес) өз әсерін тигізеді. Осы жағдайда мұнара басы тікұшақпен бірге қозғалып, ұшқышка жақсы бағдар болып отырады. Мұнараның ауырлық орталығы бұрылыс топсасымен бір тіктікте болатын бейтарап аймақты тікұшақ шапшаңдығын барынша азайтып, мұнараны алға жібереді. Күш көтергіш тартпадан жедегіш тартпаға ауысады. Бірінші кезенде мұнараны көлбеу қалыптан бейтарап қалыпқа дейін көтеру көтергіш тартқыш жүйедегі күш ең жоғарғы деңгейден нөлге дейін түседі, жедегіш тартқышта күш болмайды. Екінші кезенде мұнараны бейтарап қалыптан жобалық қалыпқа дейін тежеу жедегіш тартпадағы күш нөлден ең жоғарғы деңгейге дейін көбейеді. Егер көтергіш тартқыштары күш тікұшақтың түрлі қозғалысынан туса, тежеуші тартқышта тік қалыпқа келуге ұмтылатын мұнара салмағынан туындайды. Тікұшақ бұл жағдайда орынын ауыстырып, қозғалыста болатын зәкірдің қызметін атқарады.
Көтергіш - тежеуші жүйенің (консоль және арқанды тартқыш) геометриялық көлемі Мұст = 1,2М болатындай есеппен таңдап алынады. Бұл жағдайда тартқыштардағы ең көп деген күш тікұшақтың асылып тұратын жағдайындағы ең жоғарғы жүк көтергіштігінен аз болуы керек. Бұдан кейін тікұшақ мұнараны жобалық жағдайға келтіріп орнатқанша мұнараны тежеп тұрады және сыртқы аспаны босатыңқырап 1,5-2 м темендейді. Тікұшақ екінші тексеру қалықтауын жасайды, бұл кезде құрастырушылар струбциналармен мұнараның артқы башмактарын қосымша тіреулерге бекітеді. Осыдан кейін стропылардан босанады да тік жоғары көтеріліп кетеді.
Электр беру желілерінің тіректері (ЭБЖ) трассадағы мақсаты мен жағдайы бойыншасымдарды көтеріп тұратын аралыктың негізгі мақсаты - сымдар мен тростарды керуге арналған анкерлі болып бөлінеді. Анкерлі тіректер ЭБЖ бойындағы бұрылыс нүктелерінде (жерлерінде) орналастырылатын - бұрышты және трассаның басында және аяғында орнатылатын - шеткі болып бөлінеді. Тіректер болаттан (330-350 кВ кернеуге арналған), темірбетон (110-500 кВ кернеуге арналган) және ағаштан 110-220 кВ және одан аз кернеулерге арналып жасалады. Кернеуі 110-500 кВ-ты, бедері жақсы трассаларда тіректердің биіктігі - 15-30 метр, ал белгілердің айырмашылықтары үлкен болғанында, мәселен, өзендер мен ойпаттар, су коймалары, шатқалдармен, теміржол, автомобиль жолдары, каналдар және басқадай бөгетті жерлерде 120 метрге дейін жетеді. Тіректердің құрамалы іргетастар автомобиль және жыланбауыр табанды крандарының көмегімен орнатылады. Іргетастардың көлемдері мен салмақтарына және жол жағдайына қарай жүк көтергіштігі 6,3-10 тонналық автомобиль крандары, құбыр төсегіш крандар және басқалар қолданылады. Барлық төрт іргетастың дұрыс жағдайын қамтамасыз ету үшін кең базалы тіректердің астына іргетастары бұрандалардың орналасу жағдайына сәйкес келетін тесіктері бар бұрыштық бұрандалардан жасалған қатты рама түріндегі аспаптык үлгі салынады, үлгіні кран көмегімен бірден шұңқырға түсірілген тіректерге орнатады, олар сызаттар бойынша электр беру желілерінің өсіне қатысты бағдарланады. Осыдан кейін әрбір іргетастар кранмен бұрандылар раманың тесіктеріне кіретіндей етіп жылжытылады, үлгі іргетастарды түпкілікті тексеріп, аз дегенде шұңкырдың жарты тереңдігі жабылғаннан кейін алынады. Тіректерді бұру әдісімен орнатқан кезде олардың көлбеу құрастыру жағдайында түсетін күшке төтеп беруін қамтамасыз ету үшін діңгектің жоғарғы бөлігі мен тығыз топырақ арасында уақытша тіректер орнату қажет.
Электр беру желілерінің болат тіректері көп ретте пісірілген кеңістікті секциялармен дайындалады. Тасымалдау жағдайына қарай бұл секциялар құрастыру алаңдарында ірілендіріледі де тұтас күйінде (траверстермен немесе оларсыз) орнатылатын жерге жеткізіледі. Егер тасымалдаудың жағдайы (жолдардың тарлығы, тасымал құралдарының жүк көтергіштігі т. б.) тіректерді секциялармен тасымалдауға мүмкіндік бермесе, оларды бөлек бөлшектерден дайындап, пакеттермен тасымалдайды және бұрандалармен орнатылатын жерде құрастырылады. Тіректер автомобиль немесе жыланбауыр табанды крандардың көмегімен орнатылады: ірілендірілетін бөліктер жобада корсетілген құрама бұрандалармен байланыстырылады да, орнатылған құралым тексеріледі. Егер зауытдайындаушыда қорытынды құрастыру жүргізілген болса, құрастыратын жерде (пикеттерде) бөлшекті байланыстыру құрастырусыз, жобадағы көрсетілген бұрандалармен жасалады. Жиналған тіректерде геометриялық көлемдерден басқа қималардың тірек өсіне симметриялығы; тірек өсі траверстерінің перпендикулярлығы; қималар және тіректері остерінің траверс остеріне перпендикуляр бір жазықта орналасуы тексеріледі.
Биіктігі 50 метрге дейінгі тіректер басым көпшілігінде жыланбауыр табанды немесе тракторлық жебелі крандардың көмегімен орнатылады. Тірек ауырлық орталығынан жоғарылау жерінен стропыланып, әдеттегі әдіспен орнатылады. Тіректің ауырлық орталығын азайту үшін оның төменгі бөлігіне ауыр инвентарлық тақталарды бекітуге болады, үлкен көлемді және салмағы үлкен тіректерді тартатын жәнем тежейтін лебедкаларды пайдаланып, құлдилайтын жебелердің көмегімен көтеріледі, алайда бұл ретте күрделі кешенді блокты, арқанды және зәкірлі әмбебап полиспастар қажет. Көтеру үшін жыланбауыр табанды крандар мен тежеу үшін тракторларды бірге пайдаланған тиімді, бұл жұмысты оңайлатады және оның мерзімін қысқартады және бұл жағдайда тірек кранмен көтеріледі, кран параметріне қарай еңісті етіп орнатылады, осыдан кейін ол трактормен жобалық жағдайға келтіріледі. Құлдилайтын жебені пайдаланған кезде тіректі топсаның айналысымен бұрғаннан кейін іргетастары жобада көрсетілген орнына келетіндей етіп жинайды.
Жебені тірек негізіне бекітеді де тартатын арқанды оның жоғарғы белігіне байлайды.
Электр беру желілерінің тіректері осы сияқты зәкірсіз әдіспен де құрастырылады (9.7-сурет). Бұл ретте қосымша діңгекті тіректің ішінде орнатады да оны башмактарының сыртынан екі тартпамен бекітеді. Тіректі оның ауырлық орталығы бұрылыс топсаның башмактарына орнатылған өс үстіне келетіндей етіп көтергеннен кейін, оның аударылып кетпеуі үшін тракторға бекітілген тежегіш тартпаның көмегімен ұстап тұрады. Осы үлгімен көтеру нәтижесінде тіректен іргетасқа түсетін көлбеу күш аз болады, Сондықтан да бағаналы іргетастарды қосымша босатудың керегі болмайды.
7-сурет. Электр желісінін тіректерін зәкірсіз әдіспен құрастыру: 1 - тартпа арқаны; 2 - төменгі тартпалар; 3 - жоғары тартпалар; 4 - көтеру полиспасы; 5 - жәрдемші діңгек; 6 - тіректің құрастыру кезеңіндегі калпы; 7 -трактор |
Көп күшті қажет ететін ауыр тіректерді көтерудің бас кезінде екі трактор (кейде үшеу) пайдаланылады, ал тіректі 50-60 градусқа көтергеннен кейін оның бірі тежеу жұмысына ауысады. Ауыр аралық тіректерді ойнату кезінде бірігіп істейтін екі С-100 тракторы, анкерлі тіректерде - үш, бұрышты тіректерді орнатқанда төрт трактор пайдаланылады. Толық жиналған аралық порталды тіректер А әрпі тәріздес құлдилайтын жебе мен екі С-100 тракторымен көтеріледі. Тіреу тартқыштары бар тіректерді көтергенде оны іргетасқа (тұғыр) косылып жасалған домкраты бар алынбалы топсамен бекітеді. Көтерудің соңғы кезеңінде тіректің түбі (табаны) таған штырінен (сынасынан) жоғары орналастырылады. Домкраттың көмегімен тіректің табаны таған штыріне түсіріледі, осыдан кейін топса алынып тасталады. Анкерлі-бұрышты тіректерді үш-төрт трактормен орнатады, оның екеуі көтерудің соңғы кезеңінде тежеушіге көшіріледі. Мұндай тіректердің торлы қималары тірек орнатылғаннан кейін көтеріліп, бекітіледі. Тірек оның орнатылу жағдайы тексерілгеннен кейін ғана түпкілікті бекітіледі.
Тіректерді орнатуға трассаның белгілі бір учаскесіне қажет барлық іргетастар және тіректер түгел, бірде-бірі қалдырылмай құрастырығаннан кейін ғана кіріскен жөн, өйткені қалдырылып койған пикеттермен кайта айналысу қосымша шығынға және уақыт жоғалтуға ұрындырады.
Биіктігі үлкен және салмағы ауыр өтпелі тіректерді бірте-бірте өсіру әдісімен құрастырады, секциялар тік жағдайда жылжымалы кранмен, тікұшақпен немесе құрастыру магнитасының көмегімен жиналады.
Темірбетонды тіректер аса сактықпен тиеліп, тасылады және түсіріледі, олар болат тіректерден гөрі тез зақымданады. Ұзын тіреуіштерді құрастыру траверстермен тиеген дұрыс, ал теміржолмен тасымалдағанда үш платформадан құралған тіркемелерге тиеледі. Пикетке траверссіз жеткізілген тіректің темірбетон тіреуіштері болат траверстермен бұрандалар арқылы байланыстырылады. Бұрандалар траверс бұрыштарындағы тесіктер және жасалынған кезінде тіреуіштермен бірге істелінген болат тетіктер арқылы өткізіледі. Бекіту тіреуіштерді орап алған болат қамыттармен де жүргізіледі.
Анкерлі жазық тіректерді арқанды екі траверспен құрастырған кезде екі тіреуіш пен траверстер орнатылатын жерде тегістелген жазықка койылады. Осыдан кейін тіреуіштерді траверстермен байланыстырып, кергіштердің ұшын бекітеді.
Болат траверсті темірбетон тіректері ілінген жағдайда жебелі крандардың көмегімен орнатылады. Ауыр траверсті темірбетонды тіректерді құлдилаушы жебесі бар тракторлармен көтереді. Биіктігі 15 м және одан көп темірбетон тіректері болат тіректердегідей емес, көтеретін арқандардың ұштары құрастыру қысымын азайту үшін тіреуіштің екі жеріне - жоғарғы және төменгі траверстердің астына бекітіледі. Көтерудің бас кезінде тіректің төменгі жағы шұңқырлардың қабырғасына тіреледі, осының нәтижесінде төменгі тежеуші арқанның қажеті болмайды. Көтерудің аяқ кезінде, жебелер жұмысы аяқталғаннан кейін қажет тежеуші тартпаларды ортадағы траверстің астындағы тіреуішіне бекітеді.
Электр беру желілерін тікұшақтың көмегімен құрастыру. Өтуі қиын, жолы жаман, таулы, батпақты және орманды жерге электр беру желілерінің тіректерін олардың бөлшектерін көлікпен тасымалдауы қиын, экономикалық жағынан тиімсіз немесе техникалық жағынан мүмкіндік жоқ болғанда пикеттерге оларды тікұшақпен тасымалдаған жөн, құрастыруды да тікұшақпен жүргізген тиімді. Бұл жағдайда тіректер немесе секциялар орнатылатын жеріне көлбеу қалыпта стропаға ілініп жеткізіледі және тікұшақ оны қалыктап тұрып, баяу ғана іргетастың жанына түсіреді. Тікұшақ біршама төмендеген кезде стропа босайды да жүкті босату оңай болады. Тірек элементтері жерде жиналып, инвентарлы топса арқылы іргетасқа бекітіледі. Тікұшақ пен құрастырушылар арасындағы байланыс радио немесе ішкі сөйлесу қондырғылары арқылы жүргізіледі.
8 – сурет. Прожектор тәректерін зәкірсіз әдіспен құрастыру: I, II – шевірлі әртүрлі қалыптары; 1 – көтергіш полиспас; 2 – тедеуіш полиспас; 3 – тракторге баратын жіп; 4 – тіректі нығайту; 5 – тірек пен шевр табандарын қосушы күш; 6 – құрастырушы кергіш; 7 – шевр
Биік тіректерді құрастыру тұтас күйінде бір-екі тікұшақтың көмегімен атқарылады немесе тікұшақпен ірі блоктармен бірте-бірте өсіру әдісімен тұрғызылады. 50 метр биіктікке дейін тіректің төменгі бөлігі жыланбауыр табанды кранмен құрастырылады. Блоктарды жобалық жағдайда орнату үшін құрастырылатын блок белдігінің шығыңкы ұштарына алдын ала еңісті бағыттаушы шыбыктары бар түйіс коскыштар бекітіледі, олар құрастыры-латын секцияларды орнатуды едәуір жеңілдетеді және олардың шеттерінің түйіс коскыштарынан сырғып кетуінен сактайды. құрастырылатын секция белдіктерініңтөменгі шеттерінің ажы-рап кетпесі үшін оларды болат сыммен тартып тастайды. Сек-циялардың әуеде теңселмеуі және айналмауы үшін тікұшақ фюзеляжінің төменгі жағынан ілінген секцияның жоғарғы жағын қапсырып ұстайтын қатты рама бекітіледі.
Прожектор тіректерін құрастыру да электр беру желілерін құрастыратын әдістермен жүргізіледі. Тіректерді зәкірсіз көтеру кезінде ең алдымен крандар және жүк полиспатарының көмегімен шеврді белгілі бір мөлшерлі бұрышка дейін көтереді, бұрыш мөлшері шевр башмактарының, стропыланатын орнына, шеврдің және көтерілетін тіректердің салмағына байланысты болады. Бұдан кейін шеврмен сол жүк полиспастысын қолдана отырып тірек көтеріледі. Тіректі жобалық жағдайға көтеріп, бекіткеннен кейін шевр көтеру полиспастысының көмегімен түсіріледі. Шевр башмактарында көтерудің бас кезінде пайда болған көлбеу салмак башмактар мен тірекке бекітілген топсаларды байланыстыратын тартқыштарға түседі (9.8-сурет).
Зәкірсіз көтеру әдісі жұмысты ыңғайсыз жағдайда зәкірлерді орнатпай-ак орындауға және құрастыру мерзімін қыскартуға мүмкіндік береді.
Тік аппараттар мен құралымдарды құрастыру. Кранмен құрастырылатын салмағы 100 тоннаға дейінгі аппараттар саны жағынан - 82 пайыз, салмағы жөнінен тек 44 пайыз құрайды. Ал, салмағы 201-ден 300 тонна және одан да көп аппараттар саны жағынан 11 пайыз, ал салмағы бойынша 42 пайыз. Салмағы 300 тонна және одан да көп аппараттар саны жағынан 11 пайыз, ал салмағы бойынша 42 пайыз және салмағы 300 тоннадан көп аппараттар арнаулы құрастырмалык жүк көтергіш қондырғылары қажет етеді, өйткені крандардың жүк көтергіштік мүмкіндігін жебелер қысқа және оның кұлаштары мейілінше аз болғанда ғана оларды барынша толық күшінде пайдалануға болады. Бұл жай биіктігі 41 метрден асатын аппараттарды құрастыруға да тән. Биіктігі осыншалыкты көтерілетін аппаратты оны іргетасқа орнатудың тиімді әдісін таңдап алып, жүккөтергіш қондырғылармен құрастыру тиімді. Биік іргетасқа аппараттарды, әсіресе салмағы үлкендерін биік іргетастарға орнату күрделі жұмыс, өйткені кранның жебесі ұзарған сайын оның жүккөтергіштігі азаяды. Биік іргетасқа аппараттарды топса айналасымен бұру арқылы орнату тиімді емес, өйткені аппараттардың төңкеріліп, іргетасқа түсіп кетіп, оны бұзып тастау қауіпін туғызатын едәуір көлбеу күш пайда болады. Бұл қағиданың сығу әдісіне қатысы жоқ.
Тік аппараттарды қауіпті биіктік жағдайында жинақтаудың мерзімін кыскарту және жұмыс аумағын азайту үшін "кешенді құрастыру" деп аталатын әдіс тәжірибеге енгізілуде, бұл әдіс бойынша аппараттарды орнату металдан жасалған қызметтік құралымдарды орайтын технологиялық құбырлы тартпаларды пайдаланылып жүргізіледі және сыртқы жылуды сақтайтын айырғыштар алаңда жасалады және бұл жұмыс көлемі іргетас, тұғыр, этажерканың құрама құралымдарды құрылысымен қатар аппаратты тік қалыпқа көтергенге дейін атқарылады.
Орайтын кұбыр тартпалары құрылыс алаңына дайын торап қалпында әкелінеді. Қаттылығы және орнықтылығы жеткіліксіз кұбыр тартпалары уақытша қосымша бекіткіштермен бекітіледі. Құбыр тарпаларының ашық ұштары тығындалады.
Тік құралымдарды құрастыруда діңгек және басқа да құрылмалы қондырғылардан гөрі өздігінен жүретін жебелі крандарды пайдалану еңбек өнімділігін арттырады, құрастыру жұмыстарының еңбек сыйымдылығын азайтады және жұмыстардың атқарылу мерзімін кысқартады.
Тірек іргетасының салмағына, аумағына, көлеміне және биіктігіне, оның орналасқан жерінің жағдайына, алаңның салынуына, осы сиякты қолда бар жебелі крандардың сипаттамасына байланысты тік құралымдар тірек бөлігі бір-екі кранмен "жерден ажыратылып" тікелей іргетасқа немесе топса айналасымен бүру арқылы орнатылады. Соңғы жылдары екі-үш және одан да көп крандарды қатар пайдалану тәжірибесі өндіріске кеңінен енуде.
Өздігінен жүретін жебелі крандарды пайдалану тәжірибесі көрсеткеніндей, "жерден ажыратылып" орнатылатын әдіспен іргетасқа тұтас құрастырылған күйінде қойылатын аппараттың ең көп деген салмағы 160 тонна болады, бұлар бір кранмен, ал салмағы 280 тонналықтары екі кранмен орнатылады. Топса айналысымен бұру әдісі арқылы толық құрастырылған күйінде бір кранмен құрастырылатын аппараттың ең көп деген салмағы 218 тонна, ал екі кранмен құрастырылатындарынікі 491 тонна құрайды.
Салмағы 300 тоннадан, биіктігі 40 метрден асатын және диаметрі 2-5 метрліктік аппараттар мен құралымдарды құрастыру үшін өздігінен жүретін жебелі крандарды пайдалану әркез тиімді бола бермейді. Бұл мақсаттар үшін діңгек, порталды және төрт бағынды көтергіш сияқты құрастыру қондырғыларын қолдану кең өріс алып келеді. Осымен бірге мұндай жүк көтергіш құралдар құрастыру жұмыстарының ұзақка созылуына және дайындық жұмыстарының құнын күрт арттыруға әкеліп соғады.
Тік аппараттар мен құралымдарды толық құрастырылған күйінде "жерден ажырату" әдісімен құрастыру діңгектері, порталды торт бағаналы көтергіштермен және басқа да жүккөтергіш құралдармен төмендегідей кезекпен құрастырылады: іргетаспен қатар жүккөтергіш қондырғы орнатылады; аппарат немесе құралым ілмектеніп жер жүккөтергіш қондырғылының жүк полиспастарының астына келетіндей етіп орнатылады; аппарат жинақ штуцеріне немесе цапфыға стропыланады, осыдан кейін лебедкалар немесе полиспастарының көмегімен көтеріледі.
Жүк полиспастарының тік қалыпын сақтау үшін арбаға (платформата немесе шанаға) тірелген аппараттың немесе құралымның төменгі жағын көтеру барысында лебедкалардың, тракторлардың немесе басқа құралдардың көмегімен іргетасқа жақындатылады, іргетасқа таянған кезде аппараттың немесе құралымның төменгі жағын жерден ажыратып, іргетас үстіне көтереді, оның іргетасқа соғылмауы үшін ол тартылмалы полиспаспен тартылып отырылады. Тартылмалы полиспас аппарат тік жағдайға келгенінше тарқалады. Осыдан кейін аппаратты немесе құралымды іргетасқа түсіреді де анкерлі бұрандалармен бекітеді.
"Жерден ажырату" әдісінің артықшылыктары төмендегідей: аппараттар мен құралымдарды кез келген биіктігі бар іргетасқа орнатуға болады: құрастыру кезінде жобада көрсетілген көлем мен бағыттардан ауытқитын өзгеше қосымша күш пайда болмайды; жарактандыру мэселелері оңайға түседі.
- Жұмыс өндірісін, машиналарды, механизмдерді, технологиялық жарақтарын әдістерін таңдау
Ірі көлемді тік аппараттар мен құралымдарды құрастыру механика-құрастыру жұмыстарының ішіндегі еңбек сыйымдылығы ең бір үлкен түрі болып табылады. Құрастырудың экономикалық және техникалық тиімділігі жүк көтергіш құралдарды құрастыруға, орнату мен оларды қайта бұзып алуға кететін шығындардың және осы такелаж құралдары мен оларды пайдалану үлгісімен анықталатын көтеру әдісінің еңбек сыйымдылығын деңгейімен байланысты болады. Осылайша көп ретте құрастыру жұмыстарының экономикалық тиімділігі көтеру құралдарының құрылысына, құрылымына, олардың салмағына, полиспастардың жалпы көтеру мүмкіндігіне, электр лебедкаларының санына, жабдықтың алып жатқан алаңының көлеміне, биіктігіне және оны жүк көтергіштігі аз жебелі крандармен жұмыс жағдайына келтіру мүмкіндігіне байланысты.
Тік ауырсалмақты аппараттар мен құрылымдарды құрастыруда колайлы әрі экономикалық жағынан тиімді жүккөтергіш құралдар жебелі өздігінен жүретін крандар. Крандардың жүккөтергіштігі және өнімділігі мүмкіндігінше ұзақ уақыт пайдаланылғанында ғана крандар барынша тиімді қолданылды деп есептеледі. Кранның жүк көтергіштігі неғұрлым көп болған сайын оның параметрлері бойынша бір объектіде барынша пайдалануды камтамасыз ету соншалықты қиынға соғады. Осымен бірге оны бір объектіден екінші объектіге ауыстыру да күрделі болады, әрі кымбатқа түседі. Бұл карама-қайшылық жебелі өздігінен жүретін крандардың жүк көтергіштігін уақытша арттырудың түрлі әдістерін жасауға және салмақтары жеке алынған краннан едәуір көп аппараттар мен құралымдарды құрастыру кезінде екі, үш немесе төрт кранды катар пайдалануға тура келеді.
Ауыр өздігінен жүретін крандардың салмақ көтергіштік сипаттамасы мен сандарының артуына карамастан отандық және шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, салмақтары 300 тоннадан және биіктіктері 40 метрден асатын аппараттарды құрастыруда өздігінен журетін құрастырушы крандары пайдаланылмайды десе де болады. Бұл мына себептермен түсіндіріледі: ауыр крандарды пайдалану, әсіресе оларды көшіру тым қымбатқа түседі, 1-2 ауыр салмақты аппараттарды көтеру үшін ауыр крандарды құрастыру алаңында ұстап отыру тиімсіз. Жебенің ұзындығын ұлғайту кранның жүк көтергіштігін күрт төмендетеді. Сондықтан биік аппараттарды құрастыру үшін тұрғызыла-тын аппараттың салмағынан жүккөтергіштігі едәуір жоғары крандар қажет. Кран жебелеріне тартпа жасау және жебелерін тіреу кран мүмкіндіктерін арттырғанмен тұракты, орынды жұмыс істеу мерзімін көбейте алмайды және еркін пайдалану мүмкіндігін азайтады. Осының нәтижесінде жабдықтың жинақталуына кеткен пайдалану шығыны едәуір артады. Қуатты крандар жылжығанында жолдардың да, тұрақтарының да саты қатты болуын талап етеді, ал бұл дайындық жұмыстарының құнын арттыра түседі.
Салмағы 300 тоннадан 700 тоннаға дейінгі тік аппараттарды орнату үшін діңгек, порталды және төрт тағанды көтергіштер сияқты жинақ қондырғылары кеңінен пайдаланылады.
Құрастырудың түрлі әдістерінің тиімділігін салыстыру кезінде жинақтау мерзімін кысқартудан және объектілерді пайдалануға беруді жеделдетуден алынатын экономикалық тиімділікті есепке алу қажет. Сондықтан жұмыс өндірісі жобаларында ауыр-салмақты аппараттар мен құрылымдарды көтеру мен орнатудың экономикалық жағынан барынша тиімді әдістерін негізге алу керек.
Ол үшін біркелкі ауырсалмақты аппараттар тобына оларды көтеру мен құрастыру әдістері үлгісінің бірнеше варианттарын алдын ала жасау негізінде еңбек шығыны мен жұмыстардың өзіндік құндарының егжей-тегжейлі есебін (калькуляциясын) жасаған жөн. Бұл, әсіресе салмағы 300 тонна және одан көп аппараттар құралымдарын құрастырғанда ерекше маңызды.
Өнеркэсіптік объектілерді салудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеудің статистикалық көрсеткіш зерттеудің көрсеткіштері салмағы 300 тонна осыдан да үлкен аппараттарын құрастыру кезінде салыстыру үшін төмендегі әдістер алынғанын көрсетті: "жерден ажыратылмай-ақ" жылжымалы топсалы (платформалы), әр кайсысының жүк көтергіштігі 100 тонналық төрт діңгектің (төрт тағанды кетергіш) көмегімен құрастыру; "жерден ажыратып" әр қайсысының жүккөтергіштігі 400 тонналық екі діңгекпен құрастыру; "жерден ажыратып" жүк көтергіштігі 600 тонналық порталды көтергішпен құрастыру; топсаны айналдыра жүк көтергіштігі 200 тонналық екі діңгекпен және жүк көтергіштігі 600 тонналық екі рамалық қүралдың көмегімен асыру.
- Объект құрылысының бас жоспары, техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылысы немесе оларды жаңғырту жағдайында аппарат құрамаларын орнатуға дайындау үшін бүкіл даярлық жұмыстары атқарылатын құрастыру алаңы ұйымдастырылады. Алаң көлемі аппараттарды көлденеңінен, қажетті уақытша үймереттерді (материалдар, аппараттардың бөлшектері, қосымша құралдар т.б. үшін коймалар), жүк көтергіш механизмдер және такелаж, қосымша қүралдарын орналастыруға болатындай есеппен белгіленеді. Құрастыру алаңының ауданында жер асты коммуникацияларын алдын ала қүрастыру, алавды тегістеу, аппараттарды орнатылатын жерге жеткізу үшін апаратын жолдарды даярлау керек. Алаңдар сумен, электр куатымен, сығымдалған ауамен, ал қыс жағдайында бумен қамтамасыз етілуге тиіс. Тік аппараттарды іргетасқа орнатқанға дейін оларды қүрастыруды қиындататын үймереттер мен ғимараттардың жер үсті құрылыс құрылымдары салынбауы қажет, бұл біріктірілген кестеде атап көрсетіледі.
Сақтау әдісі бойынша жабдықтар мынадай топтарға бөлінеді: жауын-шашыннан қорғауды қажет етпейтін жабдықтар ашық алаңдар мен эстакадаларда, ал жауын-шашыннан қорғауды керек ететін және температуралык өзгерістер әсер етпейтін жабдықтар жартылай ашық қоймаларда (ортақ және жекелеген жаппалар), жауын-шашыннан корғауды керек ететін және температуралық өзгерістер аз эсер ететін, осы сияқты ұсақ бөлшектер жабық жылытылмайтын қоймаларда, температуралық өзгерістер әсер ететін аспаптар, жауапты механизмдер жабық жылы қоймаларда сакталады.
Жабдықтарды сақтайтын қоймалар, жаппалар, эстакадалар, жүк түсіретін, орнататын, таситын және жабдықтарды тиейтін жүк көтергіш құралдармен жарақтандырылады.
Жабдықтарды объекті жанындағы қоймаларда олардың бұзылып, бүлінуіне жол бермейтіндей және оларды тексеруге, орындарын ауыстыруға, құрастыруға кешенді түрінде беруге болатындай етіп орналастыру және сактау керек.
Салмағы 300 және одан көп тонналық тік аппараттарды құрастыру вариантының техникалық-экономикалық тиімділігін анықтау әдісінің негізіне төмендегі негізгі қағидалар алынған:
Тік аппараттарды құрылыс алаңында құрастыру жағдайының біркелкілігі және салыстырмалы варианттарда қондырғыларды, қосымша қүралдарды, жебелі өздігінен жүретін крандарды және тасымал құралдарын пайдалану мүмкіндігі, осы сияқты аппаратты іргетасқа құрастырылған, сыналған, оны көтерер алдында бұруды қажет етпейтіндей жағдайға келтірілген қалыпта жеткізу;
Жалпы қосымша процестерді, мәселен такелаждық жарақтар мен қосымша қүралдарды құрастырылатын орынға жеткізу, топсаларды, зәкірлерді, лебедкаларды орнату, осы сияқты рельс жолдарын (тірек негіздерін) арбалардың (платформаның) астына аппараттың төменгі бөлігін тіреу үшін орнатуды ыңғайластырып, бірыңғайлау;
"Материалдық каржылар" көрсеткіштеріне тік аппараттарды көтеруде бір рет қолданылатын қосымша құралдарды дайындалудың құнын көрсету;
Жұмыстардың тиімді технологиясы және әрбір вариантын крандарының және такелаждық жабдықтардың параметрлері;
Әрбір әдістің экономикалық көрсеткіштері: еңбек шығынын, машиналар мен механизмдерді, материалдарды пайдалануға кеткен шығынды, жалақыны, бөлінген қажетті күрделі қаржының пайдалану бөлігі, жұмыс ұзақтығы мен қарастырылмаған шығындарды бейнелейді.
Біркелкі тік аппараттар тобын құрастыруға кеткен жалпы шығынның есебі мына формуламен шығарылады
мұндағы С -бір немесе аппараттар тобын құрастыру жұмыстарының өзіндік қүны, теңге есебімен (өзіндік құнын шығару кезінде жалақы, қарастырылмаған шығындар, машиналарды пайдалануға, материалдарға кеткен шығындар есепке алынады); Ең құрылыс өндірісі тиімділігінің мөлшерлі коэффициенті; К - бір немесе аппараттар тобына бөлінген күрделі қаржы, теңге есебімен
мұндағы Кi - машинаның әр түрінің инвентарлы есеп-баланстық құны; і- әртүрлі машинаның бір жылдағы жұмыс алмасуының саны; Тi. - бір немесе аппараттар тобын құрастырудағы машиналар саны.
Әдебиеттер:
- Хамзин С.Қ. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық. – Астана, 2003.-381 б.
- Соколов В.А. Технология возведения специальных зданий и сооружений. Учебник. – М.: Высшая школа, 2005.
- Теличенко В.И., Лапидус А.А., Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.:Высшая школа, 2003.
- Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.: Высшая школа, 2003.
- Хамзин С.К., Карасев С.К. Основы строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование. – М., 2006.
Жарияланған-2016-10-14 11:53:14 Қаралды-3251
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина