ЖЕРҮСТІ ИНЖЕНЕРЛІК ҒИМАРАТТАРДЫҢ САЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
- Жер үсті инженерлік құрылыстарын салу туралы жалпы түсінік
- Инженерлік ғимараттардың түрлері, құрылысты тізбелі белгілері бойынша жіктеу
- Бұрғылау мұнараларын, шахта үстіндегі копраларды, технологиялық сөрелерді, қысымды су мұнараларын, градиренді, тұрақты кұбырларды, түйіршіктеу мұнараларын, домна пештері кешендерінін ғимараттарын тұрғызу
- Жұмысты өндіру әдістерін, машиналарды, механиздерді, технологиялық жабдықтарды таңдау
- Объект құрылысының бас жоспары, жұмыстарды өндірудің мерзімдік жосапары, техникалық-экономикалық көрсеткіштері
- Жер үсті инженерлік құрылыстарын салу туралы жалпы түсінік
Жер үсті инженерлік құрылыстар, әдетте пайдалы қазбаларды өндіру және ұқсату жөніндеп кәсіпорындар мен өнеркәсіп кешендерінің, энергетикалық кәсіпорындардың, химиялық және технологиялық өнеркәсіптер зауыттарының басты құрамдас бөліп болып табылады. Осы құрылыстардың биіктігі мен салмағы (биіктігі 100 метрден астам. жалпы салмағы 500-600 тоннаға дейін жетеді), сондай-ақ құндақ түріндегі күрделі геометриялық калпыпы мен құбырларының диаметрі үлкен болып келуі жер үсті инженерлік құрылыстарға тән сипаттар мен белгілер болып саналады. Өз кезегінде бұл мұнара, бағаналар, сөрелер, блоктар, агрегаттар және тұтас ғимараттар түріндегі көлбеу жағдайдағы технологиялык жабдықтарға алдын ала құрастырылған біртұтас құрылыс тізбелерімен жалғастырылган тораптық және агрегаттық-блоктық әдісті білдіреді.
- Инженерлік ғимараттардың түрлері, құрылысты тізбелі белгілері бойынша жіктеу
Өнеркәсіп кәсіпорындары кешендерінің құрамына кіретін жер үсті инженерлік ғимараттарын пайдалы аумағы үлкен құрылыстар салуды қажет ететін биік құбырларға, мұнараларға, антенналарға, діңгектерге. копраларға, домна пештеріне, өткіні үлкен үймереттерге; тасымал құралдары (ұшаотарға) арналған ангарларға; үлкеп жүк автомобильдеріне, құрылыс машиналарына арналған гараждарға; цилиндр, жұмыр және тамшы пішініндеп сұйыотарды және газды саотауға арналған жер үсті резервуарларына; эстақадалық және эстақадасыз үлгі деп линиялык инженерлік ғимараттар мен коммуникаңияларға; тұрқы ұзын ғимараттар көпірлерге, коммуникаңияларды кесіп өтетін эстақадаларға. технологиялық сөрелерге, этажеркаларға жіктеуге болады. Құрылыстық-тізбекті белгілері бойынша инженерлік ғимараттардың осындай әр түрлі болып келуі оларды тұрғызуда түрлі әдістер мен тәсілдері, машиналар мен механизмдердің жиынтығын, осы тектес ғимараттарды құрастыру жұмысын жүрпзу үшін технологиялық құрал-жабдықтарды қажет етеді.
- Бұрғылау мұнараларын, шахта үстіндегі копраларды, технологиялық сөрелерді, қысымды су мұнараларын, градиренді, тұрақты кұбырларды, түйіршіктеу мұнараларын, домна пештері кешендерінін ғимараттарын тұрғызу
Бұрғылау (жер үсті) мұнаралары мұнаймен ондіретін скважиналар бұрғылауға арналған, биіктігі 60 метрге дейін барады. Ол топсаның бойымен айналдыру тәсілмен құрастырушы крандарын, траоторларды немесе тікұшақ пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұрғылау мұнараларын құрастыру блоктарының элементтерін алдын ала ірілендіре отырып биіктету тәсілі арқылы тұрғызуға болады. Қияндағы, жетуі қиын аймаотарға бұрғылау мұнараларын жеткізу және орнату үшін тікұшақтар пайдаланған тиімді.
Біздің елімізде су саты мұнайын өндіру осыдан 40 жыл бұрын Каспий теңізінде колға алынды. Қазір бұл жерде тұрыкты бағаналар үстінде бірегей Нефтяные Камни қалашығы жасалды. Қазақстанның Маңғыстау түбепнде жер үсті мұнай өндіру ісі қолға алынған. Мұнда мұнай мен газдың сарқылмас көзі бар. Сондыотан да таяу арада бұл жерде аумағы ұлан-ғайыр әрі еңбекті кеп қажет ететін теңіз үстіндегі платформаларға құрылыс жүрпзу жоспарланғаны дұрыс.
Шахта үстіндегі үймереттер (копраларға) шахталардың өнімділіпне карай биіктігі 30-125 метрге дейін баратын аумағы бірнеше метрден ондаған метрлерге дейін жететін мұнаралар немесе көп сатылы сөрелер түрінде болып келеді. Биіктігі шамамен 70 метрге дейін баратын мұндай ғимараттар көлбеу жағдайда толығымен жерде құрастырылады да, бұдан кейін тіреу топсаның бойымен айналдыра отырып жобада қарастырылғандай, тіпнен койылады. Бұған жүк көтергіш порталь немесе шевра ретінде копраның жобалық киғаштығы қолданылады. Биіктігі 70 метрден асатын шахта үстіндегі үймеретті жылжымалы немесе сүйемелі мұнара крандарын пайдалана отырып көтеру тәсілімен құрастыруға болады.
Копраларды жобалық жағдайда құрастыруды шахтаның тік ұңғысы казылғаннан кейін жүрпзіледі, бұл шахтаны пайдалануға беру мерзімін ұзартады. Сондыотан да шахты ұңғысын, сондай-ақ оның үстіндегі үймеретті өсіру тәсілімен тұрғызу жұмыстарын бір мезплде атқару үшін, оны ұңғының аузынан шеткері жеке жерде құрастырган жобада қарастырылғандай жағдайға жылжытып әкеліп қондырған тиімді.
Шахта үстіндегі үймереттерді құрастырудың өтандық тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, құрастырудың непзінен мынадай тәсілдері – зәкірсіз, өсіре биіктету, құрастыру және жылжыта орналастыру әдістерімен құрастыруы қалыптасқан.
Копраларды зәкірсіз әдіспен құрастыруды салыстырмалы түрде биіктігі 70 метрден және шахта үстіндегі үймеретінің аумағы 6x6 метрден аспайтын болса ғана қолдануға болады. Бұл жағдайда көтерер алдындағы копраның тұрақты салмағы 220 тоннаға жетеді. 1.1-суретте кескінделгеніндей, копраны жобалық жағдайға тұрғызу А-арнайы қиысты-портальдың көмегімен жүзеге асырылады. Бұл кезде ол салмағы 41 тонналық, табаны 30, жоғарғы жағы 9 метрлік болып, жалпы биіктігі 56 метрден аспайтын уақытша іргетас бекітілген болуы тиіс.
Зәкірсіз құрастыру тәсілі копра станотын және қиғаштығының көтеру және станоктан ажырату кезіндеп күш мүмкіндіп ескерілген алдын ала тексеріс есебін жасауды қажет етеді. Станоктың немесе қиғаштыотың тұркы жеткілікті дәрежеде берік әрі орныкты болмаған жағдайда оларды тиісінше күшейте түскен абзал.
Копраны бекіту үшін құрастыру жүк көтергіштігі 25-40 тонналық жыланбауыртабанды крандардың көмегімен орындалады. Төменгі бөлігін құрастырғаннан кейін копра топсалары жұмысын және копра тұркы табаны іргетас бұрандасына дәл орнығатындығын тексеру үшін оны тік жағдайға койып айналдырып кереді. Копра құрастырмасын орнату жұмысының ба- рысында ол шахта үстіндегі үймерет элементтерін қабылдауға арналған сатылармен және аралық көпіршілермен, қабырғалық панельдерге арналған құрастыру біліктерімен жабдықталады. Орнықсыз тепе-теңдік жағдайында копраның орнықтылығын
1-сурет. Копраны зәкірсіз әдіспен құрастыру үлгісі:
I-V - қиғаш тірек-пюрталдың орны; VI-VIII - копраның көтсрілу барысындағы қалыптар; 1 - қиғаш тірек-портал: 2 - қиғаш тірек-порталдың уақытша іргетасы: 3 - лебедкаларды басқару пульті; 4 - электрлебедкасы: 5 – тежеуіш полиспас: 6 - трактор; 7 - теодолит; 1 – зәкір: 9 - арқаннан жасалған көлденең тартпа; 10 - арқанман жасалған бойлық тартпа; II - бүйір жақтардағы кергіштер; 12 - негізгі көтеру полиспасы; 13 - қиғаш тіректің жобадағы іргетасы: 14 - қиғаш тіректің құрастыру ригелі; 15 - копраның құрастыру траверсі; 16 - шахта оқпаныкүшейтуді қамтамасыз ету үшін көтеру кезінде ауыртпалық түсетін орындардың бірнеше жерінен копра тіреуіштері қойылады.
Аумағы үлкен 21 х24 м және биіктігі 100 метрден астам шахта үстіндегі үймереттер өсіру әдісімен құрастырылады, үймереттің құралымдық үлгісі пісірілген екі таңбалы рамалық қаңқадан. жабулары тегістеле төселетін құрастырмалы және құймалы темірбетоннан тұрады, аралық тізбелер керамзитті бетон іргелерден жасалады. Қаңқаның металл тізбесінің жалпы салмағы шамамен 2100 тоннаға, ал құрастырмалы темірбетон аумағы 2300 текше метрге жетеді. Бұларды құрастыру өсіре, сатылы биіктету тәсілімен жүзеге асырылады. Бұл үшін сүйемелі крандар (1.2-сурет) қолданылады.
Копраның көтергіш құралымдары салмағы 24тоннаға дейінгі тегіс блоктар түрінде құрастырылады. Құралымдарды блокқа біріктіру үнемі объекті коймасында тұратын МКГ-25 жыланбауыр табанды крандардың көмегімен орындалады. Шахта үстіндегі үймерет тізбелерін сатылы құрастырумен қабаттастыра крандардың көмегімен жаппалар үстіне жабдықтар мен түрлі материалдар да шығарылады. Әрбір қабаттың жұмысы технологиялық жабдықтарды орнату мен жалпы құрылысқа қатысты жұмыстарды орындауды қоса алғандағы 100 пайыздық дайындықпен аяқталады. Осы сипатталып отырған әдіс бойынша копраларды құрастырудың ұзақтығы шамамен 10 айға жуық уақыт
2-сурет. Шахта үсті копрасын құрастыруды механикаландыру үлгісі:
I - жылжымалы мұнаралы кран; 2 – шахта үсті ғимараты: 3 - жебелі кран; 4 - сүйемелдеуіш кран; 5 - кранды ғимаратқа бекітуге арналған диафрагма алады. Бұл өздіпнен крандардың көмегі арқылы копраларды тұрғызудың 22 ай созылатын ұзақтығына қарағанда едәуір аз мерзім.
Үймереттің тізбесін жерде құрастырған және оны жобалық жағдайға тұтасымен немесе жарым-жартылай жалғастыру арқылы тұрғызған кезде едәуір артықшылықтарға қол жеткізуге болады. Шахта үстіндегі үймеретті құрастыру және жобалық жағдайға келтіру шахта ұндыларын өту, арматуралау, оның тұрақты іргетасын жасау және оның құрастыру жұмыстарын ұштастыра жүрпзуге және барынша тиімділікке жетуге жағдай жасайды. Шахта үстіндегі үймерет салмағына ауыр болуына байланысты кейбір жағдайларда жарым-жартылай қарастырылған копраны (бүкіл биік тұрқына немесе аралық тізбелерінсіз) жылжыта орындайды. Жылжытылатын копраның салмағы шамамен 6 мың тоннаға, биіктігі 120 метрден астамға, жоспарлы аумағы 21 х24 метрге жетеді. Тізілім 42,5 метрлік белгіге дейін жүк көтергіштігі 63 -200 тонналық жебелі (созылмалы) жыланбауыр табанды үлкен крандармен, одан әрі - жанастырмалы үлгідеп БК-900 крандар пайдаланылады. Жылжытар алдында жылжытылатын шахта үстіндегі үймереттің ауырлық нүктесін азайту мақсатында бұған ғимараттың ауырлық нүктесінен сәл төмендеу жерлерден қабырғалық папельдер құрастыруы және жобалық тұтас кұймалы темірбетон жабулар жасалуы тиіс. Жылжыту тарту қуаты 120 кН болатын шығырдың көмегімен жүзеге асырылады. Оны сүйрету ушін қалыңдығы 100-150 миллиметрлік және ені 1-1,5 метрлік тұтасынан құйылған ұзынша темірбетон іргетас үстіне төселген болат жол тартылады. Жылжыту жолдарының жоғарғы және төменгі бөліктер ааралығын диаметрі 100-140 миллиметрлік, ұзындығы 0,1-1,0 метрлік цилиндр пішініндеп катоктар орналастырылады. Жылжыту қашыотығы шамамен 50 метр. БК-900 кранының тіреу рамасы да жылжымалы арбаға орнатылып, копраның тірек рамасымен берік жалғастырылады, бұл олардың бірлесе алмасып отыруларын және үймеретті жобалық жағдайга келтіргеннен кейін бірден түзілімді құрастыруды аяктауға септігін тигізеді.
Көп сатылы технологиялық сөрелер (этажеркалар) химиялық, мұнай өңдеу зауыттарындағы технологиялық кешендердің құрамдас бөлігі болып табылады. Технологиялық сөрелер жоспарлы аумағы 1x34 метрлік, биіктігі 66,6 метрлік жалпақ металл құрамалардан тұрады, әрі биіктігі 14 метрлік тұғыр-ағаш орнатылады. Ғимараттың жалпы биіктігі 10,6 метр, сөрелердің металл құрамаларының салмағы - 365 тонна.
Іс жүзінде сөрелерді ірі блок етіп құрастырудың непзінен екі тәсілі қолданылады.
Сөрелер кеңістік жағдайында көлденең блоктар түрінде құрастырған кезінде ол үш кеңістікті көлденең блоктарға бөледі. Төменгі екі блокты құрастыру алаңында тік жағдайда құрастырады, бұл сөз жоқ құрастыру жұмыстарын біршама жоғары биіктікте орындауды қажет етеді, үшінші, жоғарғы блок, алдын ала түйістірілген және пісірілген 10 жұп бағаналарға бекітіп, орнықтырады. Бұл жағдайда арнайы құрылғы жасалып, жұмыс жоғарғы блоктың аспалы жағдайында жүргізіледі.
Тік кеңістікті блоктар тәсілімен құрастырған кезде сөрелер екі тік блокқа жіктеледі. Ірі блоктар кезектестіріле құрастырылып, бұдан кейін блоктар аралығындағы жекелеген элемент- терден сөрелердің бөліктерін қарастырады. Осы екі тәсілде де құрастыру биіктігі 72 метрлік, жүк көтергіштігі 100 тонналық екі діңгек арқылы орындалады. Құрастырудың алдында діңгекті ірілендірілген блокқа еңкейтеді, бұдан кейін көтерген жүгімен бірге оны тұрыққа қарай кері кайтарады. Екі діңгекпен жұмыс істеудің мұндай күрделі түрі құрастырушылардан жоғары кәсіптік шеберлікті талап етеді, өйткені өмірге қатерлі.
Оның үстіне көтеру кезінде діңгектерді алмастыру кажеттігі де туындауы мүмкін. Соңдықтан аталған кемшіліктерді болдырмау үшін сөрелерді толық қарастырып барып құрастыру әдісі қалыптасқан.
Шектеулі дербес алып жүретін қабылеті бар толық құрастырылған сөрелерді құрастыру үшін, олардың металл-құрастырмасының көлемдік-кеңістіктік тексерісіне арналған статисти- калық есебін жасау және соған сәйкес оларды күшейту қажет. Көтерер алдында сөрелерді уақьггша күшейтудің анағұрлым сәтті тәсілі ұзындығы 36 метрлік және жүк көтергіштігі 400 тонналық ферма-траверстерді қолдану болып табылады. Ол үш белдікті дүрбі тектес кеңістікті формадан тұрады. Сөрелер оның ішкі жағына орналасып, жоғарғы екі белдік арқылы оған бекітіледі, ал үшінші белдік бос қалдырылады. Күшейтілген ферманың салмағы 50 тоннаға жетеді. Сондай-ақ құрастыру кезінде элементтерінің сынып кетуіне жол бермеу үшін сөрелердің төменгі бөлігін де бекіту қажет. Бұл үшін сөрелердің бойын бойлата екі кұбыр жіберіліп, олар өзара бір-бірімен байланыстырылады. Ал көтергіш құрал ретінде жүк көтергіштігі 400 тонналық АҚ-400 үлгісіндегі екі діңгек қолданылады. Оның биіктігі 62 метр болып келеді.
Сөрелерді жобалық жағдайға сәйкес орнатудың үш кезеңі бар (3-суретті қараңыз): көлденең калпынан I сөрелердің жоғарғы басын тұғырға қоятын көлбеу II жағдайға келтіру, сүйтіп сөрелерді тұғыр үстінде діңгек көмегімен III жобаға сәйкес орналастырады да, анкерлік бұрандалармен бекітеді. Сөрелерді құрастыру мен құрастырудың бүкіл жұмысы шамамен бес ай уақыт алады, бірақ блокты құрастыру тәсіліне қарағанда жұмысты орындаудың құны екі есеге жуық арзанға түседі.
3-сурет. Сөрелерлі дінгекпен тас үстіне көтеру үлгісі:
1 - сөре; 2 - құрастыру діңгегі; 3 - тас тұғыр; 4 - нығайту фермасы; 5 - діңгсктін ванга-гартпалары; 6 - полиспас; І-ІІІ - сөренің көтеру калыптары
Су айдайтын мұнара сумен жабдықтау жұмысын орындау кезінде айналымдық, тұрақты және қауіпті жүйелерде тиісті су қысымын жасау үшін пайдаланылады. Ғимарат диаметрі 15-20 метрлік, биіктігі 20 метрге дейін жететін, сыйымдылығы 1000- 3600 текше метр болатын тігінен қойылған болат резервуар болып келеді. Ол осы құрылғыны ұстап тұратын цилиндр немесе конус кеңістігіне орналастырылады. Су айдайтын мұнараның діні ұстап тұратын құрылғыға салмақ түсіретін орнықтырғыш сақинасы бар дөңгелек немесе конус пішінінде болып келеді. Ұстап тұратын құрылғы коспарланған екі кескінді тік бағаналар түріндегі, өзара көлденең белдіктермен және байланыстырғыш айқыш-ұйкыш торлармен жалғастырылған, тік цилиндр металл құра-лымдарынан жасалады. Сондай-ақ су айдайтын мұнараның үшбұрышты фермалардан тұратын ұстағыш құрылғылары да болады. Олар бір-біріне сатылы түрде орналасып, биіктеуіне карай фермалар саны азайтылып отырады, соның нәтижесінде мұнараның конус түріндегі фермасы (4, б-сурет) қалыптаса-ды. Бу айдайтын мұнараның жалпы биіктігі 60 метрге, металл құралымдарының салмағы 400 тоннадан астамға жетеді.
4-сурет. Градирня (а) және су қыспақты мұнарасын құрастыру (б):
1.2 — ішкі және сырткы үлгі-бесіктер; 3 - суландырушы; 4 – үлестіру) резервуары: 5 - тұтас белдік; 6 - қиғаш тіректер; 17 - мүнара тіректерінің үш бұрышты элементтері; 1 - тартпа; 9 – көтеріліп тұрған үш бұрышты элемент; 10 - құрастырушы қиғаш тіректі кран; II - металл резервуар: 12 - көлденең аланнын элементтері; 13 - шығырлы үлгі-мінбе; 14 - іргетас
Су айдайтын мұнара мұнаралы немесе жебелі крандардың көмегімен құрастырылады. Суының сыйымдылығы 1000 текше метрге дейін, ал биіктігі 40 метрге дейін жететін анағұрлым үлкен мұнараларды траотордың немесе шығырдың көмегімен тіреу топса бойымен айналдыра отырып құрастыруға болады,
Мұнараны жинастыру аяқталғаннан кейін ішіне киысты кранды орналастыру арқылы құрастыру жұмысын жүргізуге болады.
Су айдайтын мұнараларды құрастыру кезінде блокты құрастыру тәсілі кеңінен қолданылады. Бұл жағдайға бағаналар белдіктің және темір торлардың көмегімен бір-бірімен алдын ала байланыстырылып, көлденең жағдайда биіктігі 20 метрлік, салмағы 35 тоннаға дейін баратын тегіс блоктарға бекітіледі.
Дөңгелек немесе конус түріндегі діні арнайы стендіде алдын ала сынаотан өткізілген, әрқайсының салмағы 4 тонналық блоктардан құрастырылады. Бақ цилиндрі салмағы 25 тоннаға дейін жететін төрт наргтан құрастырылады. Бұлардың әрқайсысы арнайы стендіде қарастырылады. Жоғарғы наргка аяққы сақинамен бірге бекітіледі. Жабу құралымын құрастыру алдында бақ тіреуі орнатылады. Жабу құралымы таңғыштары бар екі радишіды фермалардан тұратын берікблок-секгорлардан құрас- тырылады.
Градирнялар - конус және гипербола түріндегі өнеркәсіп кәсіпорындарын кайталама сумен жабдықтау кезінде судың температурасын төмендетуге арналған мұнара үлгісіндегі ғимарат (4 сурет).
Градирня мұнарасы құрамалы темірбетон шекімелі кабырғалардан және ішкі жағы ағаш, аллюминий немесе асбестцементті табақшалармен қапталған көлденең тіреу-фермалардан және диагоналды таяныштардан тұрады. Градирня құралымы жебелі крандарды жүк көтергіштік биіктік сипатына карай соза отырып құрастырылады да, бұдан кейін дербес тұрған немесе градирен мұнарасының ортасына орналастырылған сүйемелі мұнара кранының көмегімен құрастырылады. Сондай-ақ оны мұнара ғимаратының сыртын орап өтетін сақиналы жол үстіне орналастырылған жылжымалы мұнара кранының көмегімен де құрастыруға болады.
Градирен элементтері кранның жүк көтергіштігі ескеріле отырып алдын ала құрастыру үшін блоктарға жинастырылады. Ірілендірілген блоктар, қабырғалар уақытша бекігкіштермен сұлбасы толық қалыптасқанынша сатылы түрде құрастырылып, жобада корсетілгеніндей, барлық блоктар, қабырғалар сатыларға бекітіледі.
Сорып алатын мұнара-кұбырларды құрастыру. Сорып алатын құбырлар ең алдымен газды атмосфераға шығаруға арналған және ол әдетте қаңқалы болат торлы дербес мұнарадан тұрады. Ол тотқа төзімді материалдан (тоттанбайтын болаттан. титаннан немесе алюминий қоспасынан, текстофаолиттен және басқалардан) тұрыоты құбыр түрінде жасалады. Немесе ішкі жағы тоттанбайтын жабумен не болмаса жоғарыда аталған материалдармен қапталған құрамында көміртегі аз болаттан жасалады. Сорып алатын мұнара-кұбыр сұлбасы құрылымы жағынан радио және телемұнараларына ұқсас, бірақ салмағының ауырлығы және кұбырды ұстап тұратын катты бөлшектерінің көптігі жағынан елеулі айырмашылығы бар. Бұл мұнаралардың төркөздері жиі орналасады әрі салмаоты болып келеді.
Сорып алатын мұнара-кұбырларды құрастыру тәсілі радио-телевизиялық мұнараларды, шахта үстіндегі копраларды және сөрелерді (этажеркаларды) құрастыру тәсіліне ұқсас. Биіктігі 100-120 метрге дейін жететін сорып алатын мұнара-кұбырды газ шығаратын діңімен көлденең жағдайда қондырылатын орнына таяу жерде жинастырып, бұдан кейін бүру әдістерінің бірін колдану арқылы тіпнен тұрғызады. Көтеру кезіндеп осы әдістерді қолданбас бұрын Қаңқаның барлық элементтеріне беріктігін байқау үшін тексереді. Өйткені мұнара қаңқалы құрастырылған күйінде, әдетте, көтеруге лайыоталмайды. Сондыотан да күш түсу мөлшері белгілі мөлшерден артық болған жағдайда оның құралым элементтері күшейтіледі. Сондай-ақ мұндай мұнара-құбырды сүйемелі кранды қолдана отырып биіктету тәсілімен де құрастыруға болады.
Сорып алатын құбырды тұтас күйінде бұру әдісімен көтерудің үлгісі 1.5-суретте көрсетілген. Ұзындығы 60 метрлік және салмағы 110 тонналық құбырды көлденең жағдайда жинастырады. Бұл үшін құбырдың конус түріндегі төменп боліпн тік жағдайға келтіре отырып кранның көмегімен алдын алатұғырға қондырады, бұдан кейін топсасынан іргетаска жалғастыра- ды; топсаның бойын айналдыра отырып кранның көмегімен кұбырдың конусты бөлігін тік қалпынан көлденеңге келтіріп, оны ірілендірілген цилиндр тектес бөліпмен түйістіреді. Құбырдың орныктылығын күшейту үшін шпренгельді жүйені қолданады. Бұл үшін құбырдың құрастыру порталымен жалгастырылган жеріне биіктігі 5,5 метрліктіреу қойылып, ол кұбырдың жоғарғы және төменп жағынан кермелі арқанмен тартылады.
Құбырды тік жағдайға келтіру биіктігі 30 метрлік, 200 тонна жүк көтеруге арналған төркөзді құрастыру иортал арқылы жүзеге асырылады. Диаметрі 219 миллиметрлік құбырмен қапсырылған порталдың тіреулері рельсті жолға орналастырылған арбаға орнатылады. Арбаға полипастардың жылжымалы блоктары бекітіледі, ал жылжымайтындары құбырдың іргетасына қондырылады.
Құбырды орнаткан жағдайда жүк кәтерпштіп 12,5 тонналық екі электрлі шыгыр пайдаланылады.
Сондай-ақ сорып алатын құбырды жүк көтергіштігі 25 тонналык сүйемелі мұнара крандар пайдалану тәсілімен құрастыруға болады. Құбыр қаңқасынын төменгі секциясының жұмысын тездету және оңайлату үшін 20-30 метрлік биіктікке дейін жыланбауыр табанды крандармен құрастыруға болады. Қалған секцияларын құрастыру жылжымалы айнала қозғалатын кранмен. порталды көтергішпен немесе сорып алатын кұбырдың жоғарғы секциясынаорнатылған арнайы траверстің көмегімен орындалады. Қаңқаның құрастырылатын құрамаларын көтеру үшін жүк көтергіштігі 10 тонналық электрлі шығыр қолданылады.
Салмағы 15 тоннаға дейін жететін қаңқаны стендіде құрастырады және жыланбауыр табанды кранмен құрастырылатын жерге берілетін тегіс қабырғалардан тұрғызады. Құбырдың қаңқасындағы қабырғалардың әрбір қабатын құрастырылғаннан кейін кұбыр секциясын ұзындығы 10 метр етіп өсіп отырады. Бұдан кейін қаңқаның келесі қабатын құрастыру қолға алынады.
Түйіршектеу мұнарасы азот тыңайтқыштарының түйіршіктерін алуғаарналған. Мұнара диаметрі 30 және биіктігі 100 метрден астам тұтас кұмалы темірбетоннан жасалған цилиндр үлгісіндегі ғимарат. Ол болат құрастырмалы және тұтас темірбетонды сепз жаппадан тұрады (1.6-сурет). Төменгісінен басқа әрбір жаппа арнайы терезелерге орнатылган тіреу тақталары арқылы екі ұзын болат біліктердің екі басымен мұнараның діңіне қойылады. Қалған косалкы біліктер көтергіш біліктерге койылып, үстел немесе алдын алатөселген болшектердің коме- пмен темірбетон діңге бекітіледі. Тұтас темірбетон таотаның әрбір жаппасынатүрлі технологиялык жабдықтар орнатылады. Төменгі - сегізінші жаппай (корғағыш экран) - 60,6 метрлік белгінің тұсынан негізгі жаппаға іліндіріледі.
Түйіршіктеу мұнарасының жанама құрылысы- көпқабатты 9х11 және биіктігі 120 метрлік мөлшерден сөрелерден тұрады Жанама құрылыстағы бағаналар арасы 3 және 6, әр қабаттың биіктігі 6,0 және 6,6 метр болып келеді. Арқалықтар құрама болаттан, жабуы тұтас темірбетоннан тұрады. Ал коршау құрамасы металл ермелерден жасалған темірбетонды қабырғалық панельдерден тұрғызылады. Жанама құрылыс қаңқасының геометриялық өзгермеушіліп бағаналардың тік, әрбір жаппаның көлбеу байланыстарын және жаппалардың мұнарасы темірбетон діңімен топсалы жалғастырылуын камтамасыз етеді.
Әдетте әрбір жаппа тұтас күйінде құрастырылады. Бұл үшін мұнараның діңін тұрғызу және ішкі қосалқы жабдықтарды жинастыру (жүк және жолаушы лифтілері, жұмыс алаңы, шегендегі домкратты және г. б.) жұмыстар аяқталғаннан кейін жабуды мұнара діңінің ішінде жерде жинастырады да, тұтас темірбетон жабуды жобалық деңгейге дейін көтереді.
Жабуды ірілендіріп жинастыру мұнараның ішінде, мысалы, МГК-25 БР кранының көмегімен орындайды.
5 сурет. Сору мұнарасын бұру әдісімен көтеру үлгісі:
а - құрастыру алаң планы; б - мүржаның көтеру алдындағы қалпы; 1 теодолит; 2 - тежеуіш электрлебедкасы; 3 - жүк электрлебедкасы;; 4 - рельс; 5 - мұржаның цилиндр бөлігінің царгтарын ұлғайтып жинайтын алаң; 6 - сақтаныш тартпасы; 7 - мұржаның конус бөлігін ұлғайтып жинайтын алаң; 1 - құрастырушы портал; 9 - шпрепгель жүйесінің тартпалары; 10 - тартпа құрылысы: 1 1 - уақытша тірек; 12 - тежеуіш полиспас арқаны; 13 - портал арбасы; 14 - бесрольдік блок; 15 - шпалдар; 16 - жүк полиспасы; 17 - лебедкаға жиналатып күш арқанның жүгірмелі жібі: 11 - полиспастың қозғалмайтын блоктарын бекітуге арналған камыт; 11 - айналма топса; 20 – тірек тұруы үшін оның қабырғасына тиісті мөлшерде құрастыру ойығы қарастырылады. Құралымдар жинастыру орнына автокөлік аркылы осы ойықтан беріледі. Құраманы жинастырумен бір мезгілде жабуды бетондау үшін калып орнатылады, арматуралар және бетон төсеу жұмыстары орындалады, дайын жабудың үстіне уақытша бекітілген технологиялық жабдықтар орнастырылады.
6-сурет. Түйіршектеу мұнарасы мен құрастыру құралдарын орналастыру үлгілері:
I - мұнараның темірбетон оқпаны; 2 - құрастыру ойықтары; 3 - корғаушы экран; 4 - жабындар; 5 - тұрақгы жүретін баскыш; 6 - құрастыру арқалығы; 7 - лебедка: X - лифт; 9 - жұмысшыыдардың бесіктен шығатын жері: 10 - сүйемелдеуіш кран: 11 - мұнараға жапсар салынған үй
Бетонды жабу 70 пайыздық жобалық беріктікке жеткізілгеннен кейін темірбетон діңнің жоғарғы ойығына бекітілген уақытша құрастыру біліктеріне ілгектелген төрт 100 тонналық полиспастардың сондай-ақ жабудың ұзартылған біліктеріне тартылған екі траверстің көмегімен жобалық белгіге дейін көтеріледі.
Мұнара діңінің ішінде әрбір жабуды көтерген кезде еркін жүріп-тұруға мүмкіндік болуы үшін арқалықты 120-130 миллиметрлік мөлшермен көтеріп отырады, ал жабу жобалық жағдайға көтерілгеннен кейін сопақша ойықтары бар арнайы жылжымалы үстел көмегімен бекітеді. Мұнара діңінде барлық сатыға тән және сүйемелі кранды (КБ-573) бекітуге арналған төсеніш бөлшек қарастырылады.
117,4 метрлік белгідегі косалқы құрастыру білігі жүк көтергіштігі 12 тонналық шығырға арналған алаңы бар кеңістікті көпірді көзге елестетеді. Оларды КБ-573 кранының көмегімен құрастырады. Бұдан кейін осы кранмен шығырды орнатып, бухтаны арқанмен көтереді де жүк полипастарын камдайды. Полипастарды мұнараның бүкіл өн бойына жіберіп, полипастардың жылжымалы блоктарын жабу білігінің астынан жіберілген траверстің ұшына бекітеді. Жабуды берік тарткыштың жәрдемімен бұрынғы көтерілген жабуға төрт жерінен ірілендіріледі, ал жоғарғы жабу-құрастыру білігімен жалғастырылады.
Домна пеші кешенінің ғимаратын құрастыру. Жекелеген ғимараттарының орналасуы және олардың аткаратын қызметі жағынан домна пешінің кешені домна пешіне тікелей таяу орналаскан және онымен байланысты орталык тораптар объектісіне, сондай-ақ сыртқы кешен объектілеріне жіктеледі. Олардың атқаратын қызметі мен орналасуы домна цехы сияқты, тұтастай металлургиялық зауытта нақтылы бір жағдайға тәуелді болады.
Орталық торап мынандай негізгі ғимараттардан: домна пешінен, құю ауласынан, түтін шығатын мұржасы бар ауа қыздырғыш блоктан, шаң тұтқыштан, пешке кызмет көрсетуші кызметкерлерге арналған лифтіден, шихтаны пеш калақшасына беруге арналған қондырғыдан көлбеу көпір немесе шихта беру галереясы, пеш пен ауа кыздырғышты басқару пультінен тұрады. Ал пештің аукымы 3200 текше метр, оның шлакты түйіршектеу кондырғысы көп болған жағдайда түтін шығатын мұржасы болады.
Кешеннің сыртқы объектілеріне бункерлі эстакада. құрастыру орны, газ айдағыш, кұю машиналары, жылу-электр орталығы (ТӘҢ), бу-ауа көріп станциясы (ПРС), руда, кокс, агло- мерат беретін трақта (галерея), шойын шөміштер жөндейтін депо, цехаралық газ және ауа өткізгіш, баска да қосалқы объектілер кіреді.
Елімізде соңғы 45 жыл көлемінде домна пештерінің бірыңғай пайдалы аумағы 1033-тен 5510 текше метрге дейін ұлғайтылады. Домна пештерінің пайдалы көлемінің ұлғайтылуы олардың параметрлерінің аукымы үлкеюіне, құрастыру жұмыстары санының және жекелеген құрастырма элемеиттері салмағының көбеюі мен артуына әкеліп соғады. Мұның өзі жүк көтергіштігі мен биікке шығаруы жетілдірілген крандарды қолдануды қажет етеді.
Домна пештерінің кешендерінің объектілерінде құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру мен технологиясын айқындайтын басты ерекшелік сол, аландарының тығыздығы, объектінің едәу- ір биіктігі шамамен 100 м; калыңтабақшалы (60 мм дейін)бірнеше жерінен жалғастырылған және пісірілген металл құрамаларының көптігі; жұмыс істеп тұрған домна пештерінің, әдетте жақын орналасатындағы және жаңа домна пештері салынғанға дейінгі бүкіл кезеңде пайдаланылымдағы пештердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Объектілерінің аткаратын қызметіне, орналасуына, жұмыс көлеміне, сәулеттік-жоспарлау және құралымдық шешімдеріне карай аумағы 3200 текше метр домна пешінің көлемінің ша- ғындардан елеулі айырмашылығы бар. Соңғы 25 жылда біздің елімізде көлемі 3200, 5000, 5510 текше метр болатын ірі-ірі домна пештері салынды.
Аумағы аса үлкен домна пештері орталық торабының ғимараттарын жедел құрастыру үшін көтергіштігі анағұрлым аукымды крандарды колданған тиімді. Бұл жағдайда құрастырылатын блоктардың салмағы 140 тоннаға дейін жетеді, мұның өзі қуатты мұнара крандарын (БК-1000, БК-1225) және рельс үстінде жүріп-тұратын крандарды (СКР-3500, СКР-2600) бірлесе колдануды қажет етеді. Крандар олардың әрқайсысы құрастырылатын объектіне тікелей жақын, мүмкіндігіне қарай олардан сыртқары болмайтындай етіп орналастырылуы, әрі құрылғылардың құрастырылуы бірнеше объектілерде бір мезгілде жүргізілетіндей болуы керек.
Домна пештерін құрастыру кезінде крандардың құю ауласында ұзағырақ болуы жердегі жұмыстарды орындауға, су ағатын және кабель туннелдерін және жұмыс алаңындағы бағаналардың іргетасын бетондау жұмыстарына кедергі келтіреді, ал оларды алғаш рет тұрғызу кезінде болат құрамаларды және одан кейінгі жұмыстарды құрастыру ісін едәуір кейінге қалдыруға тура келеді. Сондықтан да крандарды арнайы тұғырларға қондырып, жерден биік етіп орнатады. бұл тұғырлар темірбетон іргетасқа бекітіледі. Ал құю ауласындағы құралымдарды құрастыруға байланысты жұмыс ауқымын кеңінен өрістету үшін крандарды кұю ауласының сыртында орналасқан күн ілгері дайын етілген жолға дер кезінде көшіріледі.
Негізгі құрастырушы механизмдері жұмыс істейтін аймақта құрастырмаларды ірілендіріп жинастыру мен пісіруге арналған алаң қарастырылады, өйткені ірі көлемді және салмағы ауыр блоктарды құрастырушы крандары жұмыс істейтін аймақтан алыстау жерде жинастырған кезде тасымалдау қиынға түседі.
Домна пеші кешенінің ғимараттарының құралымдарын құрастыру кезінде металы көп болатындығына байланысты құрастыру жұмыстарыныңбірнеше ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылады. Мұның өзі олардың арасындағы өзара байланысты мүлтіксіз жоспарлауды және кешен құрылысын ұйымдастыру мен оған басшылық жасау да тораптар бойынша жүргізуді талап етеді.
Орталық торап объектілерін құрастыру отқа төзімді калау жұмыстарына кең мүмкіндік жасау үшін ауа кыздырғыштан басталады, өйткені әрбір ауа кыздырғышты жинақтауға 3-5 ай мерзім қажет етіледі.
Әсіресе, домна пеші кешенінің ғимараттарындағы құралымдарды құрастыруда домна пешінің құндағын, ауа кыздырғыш блоктарын, пеш қалақшасына шихталарды беру галереясын құрастыру аса күрделі.
Мәселен, Новолипецк металлургия комбинатының аумағы 3200 текше метрлік N 6 домна пешінің орталык торап құралымдарын құрастыру домна пеші жанындағы түйіршіктелген шлақ кондырғыларының оң және сол жағынан тиісінше СКР- 2600 және БК-1000 крандарымен аткарылды. Ара тұра пештің орталық торабының құралымдарын құрастыруға сүзгі ғимараты жағынан орнатылған СКГ-160 жебелі мұнара краны іске қосылып отырылды, БК-1000 және СКР-2600 крандарының жолы темірбетон іргетас үстіне төселген болат біліктерден жасалды. Құралымдарды ірілендіріп жинастыру жұмысы объекті жанындағы N 1 (БК-1000 краны орналасқан жағындағы), N 2 СКР- 2600 краны орналасқан жағындағы және N 3 СКР-2600 бен БК-1000 крандары жолдарының аралығындағы алаңдарда жүргізіледі. N 1 және N 2 ірілендіріп құрастыру алаңдары К- 305 төрттаған крандарымен жабдықталады, ал N 3 алаңға СКГ- 40 краны қызмет көрсетті. N 1 алаңдағы стенділерде калыңдығы 40 мм (әркайсысының салмағы 24 тонна) 16Г2АФ-ПІ болатпен қапталған көріктің сегіз құрастыру блоктары жинастырылып, электр шлақпен пісіріледі, бұдан кейін БК-1000 кранымен құрастырылады. Фермалар аймағының блоктары мен пеш күмбезін құрастыру N 2 алаңдағы стендіде ірілендірілді. Сырт- кы тұрқын (скорлупа) құрастыру N 1 алаңдағы стендіде электр-шлакты пісірумен жүзеге асырылып, БК-1000 кранымен электр-шлакты пісіруді қолдана отырып одан әрі ірілендіру және конусты тұрқына келтіру үшін N 3 алаңдары стендіге берілді. Салмағы 120 тоннаға дейін жететін бес блоктан тұратын пеш шахтасының құндағын құрастыруға жебесі мен ілмегінің ұзындығы тиісінше 46 және 31 метрлік, жүк көтергіштігі 130 тонналық рельс үстінде жүріп-тұратын СКР-2600 краны қолданылады.
ҚұЮ цехының тұрқы Г-тектес жиырма рамадан тұратын, 40 метрлік радиус бойында әрбір 11 градус сайын орналаскан әрі өзара сақиналарымен (бағаналардың және колошник алаңы- ның жоғарғы деңгейінен) және таңғыштармен тартылған. Құю ауласының тұрқы тегіс құрастыру блоктарына бөлінген. Олар салмағы 64 тонналық бағаналар блогы, салмағы 47 тонналық жабу ригельдерінің блогы және кұю алаңының салмағы 170 тонналық күмбезінің жоғарғы ұстап тұратын сақинасы. Құю ауласы күмбезінің жоғарғы ұстап тұратын сақинасы домна пешінің ұзына бойындағы 39,6 метрлік белгіден сақиналы алаңда домкрат арқылы ұсталып тұрған он құбырлы тіреулерге орналастырылған СКР-2600 және БК-1000 екі кранымен құрастырылады. Құрастыру кезінде кұю ауласы жабуының ригельдерінен түсетін көлбеуіне түскен күшті қабылдау үшін уақытша көлбеу байланыстар жүйесінің көмегімен пеш, қапсырмасына жоғарғы ұстап тұратын сақина бекітілді. Құю ауласы күмбезінің жоғарғы ұстап тұратын сақинасын құрастырылғаннан кейін, СКР- 2600 краны аткаратын жұмысының II кезеңіне арналып (жебесінің ұзындығы 51 және ілмегінің ұзындығы 44 метр, жүк көтергіштігі 75 тонналық етіліп) қайта жабдықталды.
Лифтіні, электрокабельді, шахтаны (ұзына бойына) және пешті іске косатып кұбырды 10 метрлік биіктікке дейін құрастыру ауа кыздырғышты СКР-1500 кранымен, ал 10 метрден жоғарғысы КП-І0 кранымен аткарылды.
Домна пеші жанындағы түйіршіктелген шлақ қондырғысының биіктігі 100 метрлік сорып алатын кұбыры БК-1000 және 2600 краидарымен құрастырылды. Бұл үшін олар құю ауласы- нан тысқары жаңа кранасты жолдарына орналастырылып. түйіршіктеу кондырғыларының тиісінше сол және оң жағынан қойылды. Оның үстіне сол жақтағы сорып алатын құбырды құрастыру 10 метрлік белгіден бастап КП-10 кранымен орындалды.
Ауа қыздырғыш үйі мен блогын құрастыру СКГ-63БС (жебесінің ұзындығы 30, ілмегінікі - 19 м), СКР-1500 және СКГ-160 крандарымен атқарылды. СКР-1500 кранының жолы темір- бетон іргетасқа бекітілген болаттан жасалған кран асты бөліктеріне төселді. Бүл туннельдер құрылысы мен қазылған орларды жабу жұмыстары аякталғанға дейін ауа қыздырғыш қапсырмаларын құрастыруға кірісуге мүмкіндік береді.
Көлбеу галерея диаметрі 6 метрлік, жалпы ұзындығы шамамен 320 метрлік және өтпелі жолы 10 метрге дейін жететін құбырдан тұрады. Құбырдың қабырғасы калыңдығы 10, 12, 14, 16 және 20 мм болаттабақшалардан жасалған. Галереяның өтпелі тұрқы жеті құрастыру блоктарына бөлінген. Толық дайын болған блоктың салмағы 244 тонна.
Галереяның металл құралымдарын ірілендіріп жинастыру алаңында орындалды. Галереяның өтпелі тұрқының табақшалы құралымдары құрылыс алаңына ені 12 метрлік орамалар түрінде берілді. Әр ораманың салмағы 60 тоннаға жетеді. Ұзындығы 60 метрлік осы орама галереяның үш секциясын қаптауға арналған.
Бірінші және екінші блоктары жебесінің ұзындығы 50 метрлік, жүк көтергіштігі 100 тонналық СКГ-160 және жебесінің ұзындығы 30 метрлік, жүк көтергіштігі 63 тонналық СКГ-100 кран-дарымен орнатылды.
Блоктарға белгілі бір көлбеулік және оны бүру жұмыс барысын бақылап отырып СКГ-40 кранымен аткарды. Алғашқы екі блокты тұғырға қондырған кезде олардың орнықтылығы уақытша қиғаш арқылы қамтамасыз етілді. Салмағы 201 тонналық үшінші блок жебесінің ұзындығы 30 метрлік, жүк көтергіштігі 63 тонналық үш СКГ-100 және КС-1161 және же- бесінің ұзындығы 50 метрлік, жүк көтергіштігі 100 тонналық СКГ-160 крандарымен көтерілді. Сонда СКГ-100 және КС-1161 крандарының әркайсысына 59 тонна, ал СКГ-160 кранына 90 тонна салмақ түседі. Төртінші және бесінші блоктар жебесінің ұзындығы 50 метрлік екі СКГ-160 крандарымен және домна пешінің орталық торабын құрастыруда жұмыс істеп жаткан II орындаудағы, жебесі құлашының ұзындығы 20,5 метрге жететін, жүк көтергіштің 73 тоннаға баратын СКР-2600 кранымен құрастырылды. Төртінші және бесінші блоктарды көтеру кезінде крандарға: СКГ-160-қа 17 тоннадан және СКР-2600-ге 70 тонна салмақ түсті. Алтыншы блок жүк көтергіштігі 50 тонналық СКР-2600 және БК-1000 крандармен көтерілді. Құбырлардың орныктылығын камтамасыз ету үшін тербелмелер орнына кұю ауласындағы бағаналарға бекітілген уақытша қима-кергіштер қолданылды. Ал бүкіл галереяны құрастыру үшін тек бір ғана уақытша (оның өзі бірінші блокты құрастырғанда ғана) тіреу жасалынды.
- Жұмысты өндіру әдістерін, машиналарды, механиздерді, технологиялық жабдықтарды таңдау
Кен өндіруші, химиялық және технолоғиялық өнеркәсіп ғимараттарына құрастырудың, құрастыру әдістерінің жоғарыда сипатталған технологиясынан көрініп отырғанындай, құрастыру жұмыстарын орындау технологиясы мен оларды жүзеге асыру
барысы негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер-ғимараттардың өзіндік кұнына, мерзіміне және құрастыру жұмысын жеңілдетуге елеулі әсер ететіндігі байқалады.
Кен өндіруші, химиялык және технологиялық өнеркәсіптердің объектілерін салуда негізінен блокты құрастыру, тұтас күйінде құрастырмалы-технологиялық ғимараттарды құрастыру, сондай-ақ градирняны тұрғызғандай, арнайы көпіршелі аспалы құрастырмаларды пайдалану арқылы құрастыру әдістері қолданылады.
Құралымдардың ретімен жинастырылуына қарай тігінен (төменнен жоғары карай) өрбіту (көп сатылы өнеркәсіп объектілерін, домна пештерін, градирняларды) және жоғарыдан төмен қарай кұлдилата салу (болат тік цилиндрлі құралымдар, желдеткіш мұнаралар, сорып алатын кұбырлар) әдістері колданылады.
Сол сияқты құралымдарды орнату тәсіліне қарай тіреу шығырының бойымен айналдыра еркін көтеру, бұру арқылы құрастыруды да, жылжымалы, тегіс сырғымалы құрастыруды да қолдануға болады екен.
Сондай-ақ құралымдық немесе құралымдық-технологиялық бағыттау тәсілдеріне қарай блоктарды құрастыруға еркін, шектеулі еркін және ықтиярсыз түрдегі тәсілдерін де қолдануға болады. Ғимарат элементтері мен блоктарының орналасу дәлдігін қамтамасыз ету үшін құрастырылуын алдын ала тексеріп алудың, сондай-ақ тексермей-ақ орналастырудың тәсілдері колданылады.
Құрастырудың жоғарыда аталған көптеген әдістерінің біреуін осы тектес ғимараттарды тұрғызу тәжірибесіне сүйене отырып, таңдап алу үнемі күткен нәтижеге жеткізе бермеуі мүмкін. Өйткені өнеркәсіп саласындағы техникалық прогресс жетістіктері өзінің құралымдық, технологиялық және баска да өзгешеліктеріне байланысты инженерлік ғимараттарға құрастыру және тұрғызу кезінде сапалық жаңа міндеттерді алға тартуы мүмкін.
Машиналар мен механизмдерді таңдау кезінде кажетті механизмдер мен машиналардың алдын ала тыңғылықты инженерлік есеп-қисабы жасалуы тиіс. Бұл есеп-қисаптар инженерлік колда бар есептеулерді жасауға кажетті графикалық, графикалық-талдау, талдау тәсілдерінің кез келгенін қолдана отырып, номограмның және ЭВМ-нің арнаулы бағдармалары бойынша жасауға болады. Осылардың ішінде анағұрлым ұтымдысы да әрі тиімдісі ЭВМ машинасы.
Ғимаратты тұрғызудын белгілі бір әдіс-тәсілдерін таңдап алудың екінші бір кезегі құрастырудың мейлінше негізделген техникалық-экономикалық есебін жасау. Бұл өз кезегінде құрылыстың технологиялық процестерінің параметрлері арасындағы сандық байланыстарды айкындаумен байланысты әрі ауқымды есептеу жұмыстарын орындауды кажет етеді. Бұл міндет ЭВМ-ді пайдалану арқылы сапалы да табысты шешуге болады.
Күшейткіш элементтер, уақытша бекіткіштер, кондукторлар, стенділер, арнайы алаңдар, тегістелген жолдар, домкраттар, шығырлар, полипастар, арнаулы траверстер түріндегі техиологиялық жабдықтар да жобаланып, олардың да беріктігі мен орнықтылығының бірінші кезектегі есеп-кисабы жасалады және техникалык-экономикалық жағынан н егіздел еді.
- Объект құрылысының бас жоспары, жұмыстарды өндірудің мерзімдік жоспары, техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Кен өндіруші, химиялық және технологиялық өнеркәсіп обьектілері мен кешендері ғпмараттарының құрылыстық бас жоспары жобалау кезіндегі аса күрделелігімен ерекшеленеді. Бұл құрылыс-құрастыру алаңдарында құрылыс объектілерінің, кейде кешенді іске қосуға немесе құрылыстың бірінші кезегін салуға катысты объектілер санының көптігіне байланысты. Сондай-ақ пайдалану жолдары мен инженерлік коммупикаңиялары, технологиялық кұбырлы өткізгіштері де аз емес. Оның үстіне құрылысты аумағы тар құрылыс алаңдарында жүргізуге тура келеді. Ал көп жағдайда бұлар жұмыс істеп тұрған ондіріс орындары болып табылады. Кейде құрастыру орнына құралымдарды жеткізу үшін уақытша темір жол, жай және кірме жол. инженерлік коммуникаңиялар төсеуге тура келеді.
Кен өндіруші және химия өнеркәсібі объектілері құрылысының бір ерекшелігі сол, қысқа мерзімде аукымды жүмыстар орындауды талап етеді. Әдетте құрастырылатын құралымдар аукымы үлкен, салмағы ауыр, әрі едәуір биікке - 100 метрге дейін және одан жоғары көтеріп қоюды қажет ететін блоктар болып келеді. Оның үстіне өзі де таршылық етіп отырған тер- риторияға көптеген ауыр құрылыс крандарын және түрлі құрастыру-дәнекерлеу стенділерін, баска да алаңдарды жабдықтау қажет етіледі.
Осыған байланысты құрылыстың бас жоспарын жасау кезінде крандарды орнататын жерді. Олардың түрі мен санын таңдаудың, коймалар мен құрастыру алаңдарының орналасу аукымы
мен орнын белгілеу, баска да уақытша құрылыстарды жүргізу мүмкіндіктерін ескеру өте маңызды.
Бұдан баска құрылыстың бас жоспарында асханасы, дәмханасы, дүкені. дәрігерлік пункті және басқа да қажетті өндіріс орындары бар әкімшілік-тұрмыстық уақытша үй салу да карастырылады.
Кен өндіруші, химиялық және технологиялық өнеркәсіп кәсіпорындарының іске косылатын кешендерінің құрамына кіретін объектілер құрылысының мерзімдік жоспарын жасаған кезде жүмыстың ағымды ұйымдастырылуы. объектілер мен ғимараттарды түрғызу ырғағы ескерілуі қажет. Құрылыстың бас жоспары мен мерзімдік жоспарының түпкілікті варианты құрылыс- құрастыру жұмыстарын жүргізу тиімділігіне техникалык-экономикалық көрсеткіштеріне жан-жақты талдау жасалғаннан кейін ғана тоқталуға болады.
Негізгі техпикалык-экономикалық көрсеткіштерге жұмысты атқару мсрзімінің ұзақтығы, құрылыс-құрастыру жұмыстарының енбекті көп керек етуі мен өзіндік кұны, сондай-ақ құры- лыс барысының ырғаотылығы мен біркелкіліпн таныстатын коэффиңиенггер, жүк көтергіш механизмдерін пайдалану көрсеткіштері. қурылыс салу және құрастыру машиналарының өнімділіп, жұмысшылардың жұмыс өнімділіп кіреді.
Қурылыстың бас жоспары мен мерзімдік жоспарында кабылданатын тиімділіктін қосалқы кәрсеткіштерін шешуге механикалык-энергиялық жарақтар, инженерлік коммуникаңиялар ұзындығы, уақытша жолдардың салынуы, коймалар мен уақытша әкімшілік-тұрмыстық үйлер кіреді.
Құрылыс-құрастыру жұмыстарын кешенді механикаландырудың барлық кабылданатын инженерлік шешімдері қауіпсіздік талаптарына жауап беріп санитарлық. өрт кауіпсіздігі және индустрияландырудың негізгі бағыты және қол еңбегін аз жұмсау жолы болып табылады.
Әдебиеттер:
- Хамзин С.Қ. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық. – Астана, 2003.-381 б.
- Соколов В.А. Технология возведения специальных зданий и сооружений. Учебник. – М.: Высшая школа, 2005.
- Теличенко В.И., Лапидус А.А., Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.:Высшая школа, 2003.
- Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.: Высшая школа, 2003.
- Хамзин С.К., Карасев С.К. Основы строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование. – М., 2006.
Жарияланған-2016-10-14 10:39:46 Қаралды-4163
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина