UF

ЖЕР ЖӘНЕ ЖЕР АСТЫ ҒИМАРАТТАРЫН САЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

  1. Жер ғимараттарының түрлері және жұмыстардың өндіріс тәсілдері мен механикаландырылуы
  2. Жұмыс өндірісі жобасының құрамы мен сипаттамасы
  3. Жер асты ғимараттарын салу технологиясы
  4. Жер асты ғимараттарын салудың ашық әдісі
  5. Жұмыс процесінде қолданылатын машиналарды, жабдықтарды және материалдарды таңдау
  6. Түсірме әдіс, оның технологиялық ерекшеліктері мен қолдану салалары
  7. Тереңдетілген, сыйымды және табиғат қорғау ғимараттарын тұрғызу
  8. Жер асты ғимараттарын салу технологиясы саласындағы проблемалық мәселелер

 

  1. Жер ғимараттарының түрлері және жұмыстардың өндіріс тәсілдері мен механикаландырылуы

 

Пайдаланылуы жағынан жер ғимараттары гидротехникалық (плотиналар, каналдар, қашылар, көтермелер және т. б.), жолдар (автомобиль және темір жол төсемдері), ирригациялық және мелиоративтік (тоған су, әуіт, қарасу, суару және құрғату каналдары және басқа), өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстар (алаңдарды тігінен тегістеу, орлар, шұңкырлар және басқа) болып бөлінеді.

Пайдалану мерзімдеріне байланысты жер ғимараттары тұрақты (жолдардың, плотиналардың, жыралардың үйінділері, төсемдері, оларды үйуге алынған топырақ) және уақытша (ғимараттар мен үймереттердің іргетас үшін шұңқырлар немесе түрлі мақсатта пайдаланылатын құбырлар мен кабельдерді тарту) болады.

Тұрақты жерғимараттары ұзақуақыт пайдаланылады. Уақытша жер ғимараттары салынып жатқан ғимарат немесе үймерет аяқталғанға дейін ағынды немесе жер асты суларынын, әсерле- рінен қорғану, осы сияқты оларда ғимараттар мен үймереттердің жерасты бөліктерін салу немесе жерасты мағистральдарын тарту үшін пайдаланылады. Құрылыс аяқталғаннан кейін уақытша ғимараттар бұзылып, алынып тасталады.

Жер ғимараттары әдетте шұңқыр немесе үйінді түрінде салынады. Өнеркәсіптік және тұрғын үй, азаматтық құрылыстарында алаңды тегістеумен, орлар және қазаншұңқырлар қазуға байланысты жұмыстар жиі атқарылады. Үймереттер қабырғаларының іргегастары үшін қазылатын орлардың ұзындығымен салыстырғанда ені мен тереңдігі үлкен болмайды.

Территорияны тігінен тегістеу құрылыс алаңын тазарту жөніндегі жұмыстар және қазылатын орлардың тереңдігі мен үйіндінің биіктігі көрсетілген геодезиялық бөлу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Жекелеген өнеркәсіптік үймереттер мен ғимараттардың, автомобиль және темір жолдардың, плотиналардың, бөгеттердің төсемдері үшін аландарды тігінен тегістеу, осы секілді объектілер іргетасгарының қуыстарын қайта жабу сапалы төсемдер қатарына жатады. Сондықтан олар құрамы, ылғалдылығы, орнықтылығы, тығыздығы, су өтқізгіштігі жөнінен белгіленген талаптарға жауап беруі керек.

Жұмысты жүргізу, топырақты орналастыру және оны үюге, үйіндінің орынын ойластырмай қайта-қайта ауыстыра беруге жол бермейтіндей тәртіп белгілейтін негізгі техникалық кұжат - жер жұмыстарының балансы болып табылады.

Құрылыс алаңы бойынша жер жұмыстарының балансы жоспарланған ойықтар қазу мен үйінділер жасау және оларды қайта жабу жұмыстарының көлемінен құралады. Ойықтарды қазудан және төсемдерді жасауға қажет деп алынған топырақ көлемі мен оларды қайта жабуға керек топырақ көлемінің айырмашылығы мейлінше аз болуы керек.

Топырақ көлемінің балансын анықтағанда үймереттердің салыну мақсатын, жалпы тегістеу белгілерін, жердің физикалық механикалық қасиеттерін, топыраққа қойылатын талаптарды, топыраққа деген қажеттілікті және т.б. ескеру қажет. Топырақ көлемінің балансын анықтаумен бір мезгілде топырақты мейлінше қысқа жолмен жылжытудың нобайы жасалады. Топырақты тасымалдаудың орташа арақашықтығы, яғни топырақ алынатын жерлер мен тәсемдер, үйінділер жасалатын орындар арасының қашықтығы анықталады.

Жер жұмыстары өндірісінің технологиялық үлгісі негізгі төрт жұмыс процестерінен құралады: топырақ алу, оны төсейтін, құрылыс жүргізілетін жерлерге тасымалдау, үйінді, төсем немесе атжал жасау, үймеретті өндеу, яғни шұңқырлар мен үйіндіні төсемді жобалық пішінге жеткізу.

Алғашқы үш процесс технологиялық және уақыт жағынан да өзара тығыз байланысты, ал төртіншісінің алдындағылармен байланысы жоқ, кейін де атқарыла береді. Әр процесті орындау үшін - арнаулы машиналар пайдаланылады. Алайда кешенді әдіс қолданылған жағдайда үш процестің бәрін де бір машинамен атқаруға болады. Оған мысал ретінде скреперді алуға болады. Онымен қазу, тасымалдау, түсіру, атжал жасалатын жерді тегістеу және алаңдарды тегістеу кезінде біржолата нығыздау, жердің өсімдік өсетін қабағын алу және оны атжалдарға жеткізу. жолдар мен каналдар және т.б. үшін ойықтар (окпандарды, шұңқырларды) жасагі, өңдеу сияқты жұмыстар істеледі. Экскаваторлардың атжалдағы жер жұмыстарын атқаруы туралы да осыны айтуға болады. Мұнда топырақты өңдеу және колданылатын жеріне жеткізу тасымал құралдарынсыз-ақ тікелей экскаватордың жұмысшы жабдығымен өткеріледі. Бұл әдіс аса үлкен емес шұңкырлар мен орларды. жолдар мен каналдар. т.б. үшін ойыктар жасау. оңдеу кезінде колданыдады.

Жер жұмыстарын экскаваторлармен жүргізу кезінде топырақты алыс кашыктыққа тасымалдауға тура келетін болса кешенді механикаландырылған әдіс –топырақты өздігінен копар ғыш автомобильдермен тасымалдауға көшу керек. Бұл әдіс ірі шұңкырларды қазуда, жолдар мен каналдар т.б. үшін топырак дайындауда пайдаланылады.

Негізгі технологиялык процестермен қатар жер ғимаратының пайдалану мақсаты мен жұмыс өндірісінің жергілікті жағдайларына байланысты қажет болған кездерде жалпы технологиялық нобайында есепке алынатын қосымша жұмыстардың да (тоң болып қатып қалған топырақты қопсыту. тасты жыныстарды ұқсату, үйінді жасалатын және төсем төселетін жерлерді даярлау жарқабақтарды, еңістерді өңдеу, орларды бекіту, т. б.) жүргізілуі мүмкін.

Жер ғимараттарын салудың бүкіл технологиялық процесінің барлық негізгі және қосымша операциялары машиналармен атқарылған жағдайда бұлар кешенді-механикаландырылған жұмыстар деп есептелінеді.

Қажетті машиналардың жинақтарын және жер жұмыстары өндірісінің әдістерін таңдау топырақтың түріне, жер бедері мен гидрогеологиялық жағдайларға. тұрғызылып жатқан ғимараттың түрі мен көлеміне, топырақты тасымалдаудың алыстығы мен көлік түрлеріне, құрылыстың мерзімдеріне және басқа да факторларға (себептерге) байланысты.

Жер жұмыстары өнідірісін кешенді-механикаландырылған әдіспен жүргізу үшін машиналарды дұрыс іріктеп, таңдап алудың негізгі шарттары төмендегідей:

-            технологиялық процеске қатысатын машиналар саны барынша аз болуы керек;

-            әрбір машиналар жинағының құрамынан негізінен бүкіл жинақтың жұмысын ұйымдастыру деңгейін және жұмыс өндірісінің қарқынын айқындайтындай бір немесе бірнеше жетекші машиналарды арнайы бөліп, белгілеу қажет;

-             машиналар жинағының құрамы топырақ алынатын жерлерден атжалдар немесе үйінділер, төсемдер жасалатын орындарға, топырақтың толассыз тасымалдануын қамтамасыз етуге тиіс;

-жинақтын құрамына кіретін әрбір машинаның еңбекөнімділігі жетекші машина (машиналардың) жұмысының барынша тиімді болуын камтамасыз етуі керек.

Негізгі процестердің үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз ету үшін қосымша машиналарды жалпы пайдаланудың алмасудағы өнімділігі жетекші машинаның еңбек өнімділігімен тең немесе артық болуға тиіс.

Жұмыс кешенді-механикалацдырылған әдіспен атқарылғанда. мәселен, өздігінен қопарғыш автомашиналарға топырақ тиеу экскаватормен, үйінділерде топырақты тегістеу бульдозермен, топырақты тығыздау тығыздауышпен жүргізілгенде бұл талап мына шарттарға сай келуі керек

Qд<NaQa   Qa<NбQа  Qб<NкQк                            

мұндағы QдQaQбQк - тиісінше экскаватордың. өздігінен қопаратын автомашинаның, бульдозердің және топырақ нығыздағыш машинаның сменалық пайдалану өнімділігі сменасына м3 есебімен: NaNбNк - тиісінше өздігінен қопарғыш автомашиналар бульдозерлер және топырақты тығыздағыш машиналар саны.

Жер қазатын машиналар қатарына бір шөмішті экскаваторлар және үздіксіз жұмыс істейтін экскаваторлар (жерақазғыштар, роторлы, орлық, шынжырлы, карьерлік) жатады.

Жер казып-тасымалдайтын машиналар: скреперлер, бульдозерлер, бір шөмішті алдынан артатын тиегіштер.

Алаңды тігінен тегістеу тиісінше ҚМжЕ 111 - 8-76 "Жер ғимраттары" және ҚМжЕ Ш -4-80 "Құрылыстағы техника кауіпсіздігі", осы сияқты жұмыстар өндірісінің жобасының талаптарына толық сәйкес келетіндей жасалуға тиіс.

Тегістелетін үйінділерге топырақ көлденең қабаттармен немесе қабаттары 0,005-тен биік емес еңіспен салынады. Қабаттардың қалыңдығы топырақты тығыздауға пайдаланатын машиналар мен жабдықтардың түрлеріне байланысты болады.

Топырағы тығыздалмаған қатты жерлерге жасалатын үйінділерге, төсемдерге кейін осынша мөлшерге шөгеді-ау деген есеппен топырақ молдау етіп салынады, мәселен, тасты топырақ үйілетін төсемдерге барлық топырақ көлемінің 6 пайыз, тасты емес топырақ үйілетін жерлерге барлық топырақтың 9 пайыз мөлшерінен артық салынуы керек.

Тігінен тегістеуде топырақты жылжыту немесе тасымалдау қашықтығына байланысты жер жұмыстарын жүргізу үшін мынадай машиналар мен жабдықтар ұсынылады: автогрейдерлер - 20 метрге дейін, бульдозерлер: 30-50 - ДТ - 54: 50-70 - Д'Г - 75, Т- 100; 70-100-Т - 130, Т- 180; өздігінен жүретін скреперлер: 300-1500 м - МАЗ - 529М шөмішінің көлемі - 8м3 дейін); 400-2500 МоАЗ - 546П (шөмішінің көлемі -9-10 м3).

Бір шөмішті экскаваторлар топырақты 1,5 км жылжыту үшін және скеперлерді қолдануға болмайтын құм топырақты жерлерде пайдаланылады. Ал өздігінен қопарғыш автомашиналардан түсірілген топырақ бульдозермен немесе экскаватор-тегістегішпен тегістеледі. Қабаттардың қалыңдығы пайдаланылатын тығыздаушы жабдықтарға байланысты болады.

Бірігуі жақсы топырақты тығыздау үшін пневмомашиналарға орнатылған жұдырықшалы, кереге көзді тығыздауыштар, таптағыш машиналар, ал сусымалы топырақты тығыздауға вибрациялык, вибротаптағыш нығыздауыштар пайдалану ұсынылады.

Территорияны тегістеу жөніндегі жұмысты қабылдағанда аландағы белгілермен еңістердің және топырақты тығыздау деңгейінің жобада белгіленген көрсеткіштермен сәйкес келетіндігін мұқият тексертіп алу қажет.

Тереңдігі 1,5 метрге дейінгі орлар мен шүңқырлар теріс күрекпен немесе драглайнмен жабдықталған бір шөмішті экскаватормен, ал тереңдегі 1,5 метрге дейінгілері тік күрекпен де қазылады. Өткіннің ені шұңқырларды теріс күректермен жабдықталған экскаваторлармен қазғанда олардың шөміштерінің-жерді тілу радиусының ең үлкен көрсеткіштері мен тілінген жердің тереңдігіне байланысты белгіленеді. Келесі істелер жұмыстар майданың үлғайту үшін қажетті жағдайда ені үлкейтіледі, жұмыс кеңейтілген өткін бойымен, экскаватордың иректеп жүруі арқылы атқарылады.

Ордың түбінде жұмыс шөміштің еніне тең ауқыммен жүргізіледі, экскаватор алымының өсін ор өсімен үйлестіріп отыру дұрыс, егер ор түбінің ені экскаватор шөмішінің енінен үлкен болган жағдайда өткін өсі ор өсі мен еңіс табанының арасында болуы керек (1 - сурет)

1 – сурет. Экскаватордың ор қазған кездегі өту өсі:

а – ордың төменгі ені экскаватордың шөмішінің енімен тең болғанда; б – ордың төменгі ені шөміштің енінен артық болғанда; 1 – ордың өсі; 2 – экскавтордың өту өсу; d – іргетас құрылымының ені; В  - ордың төменгі ені.

Ленталы және дарат тұратын іргетастар үшін шұңқырлар мен орлар енін іргестастар құралымдарының, гидроайырғыштардың (гидроизоляциялардың), қалыптардың, бекіткіштердің енінен 0,2 м үлкен болып белгіленеді. Еңісті шұңқырлар үшін еңіс табаны мен ғимарат (үймерет) арасының қашықтығы 0,3 м болуы керек.

Іргетастарға арналған шұңкырлар мен орларды түбіндегі топырақтың табиғи құрылымын бүлдірмей жасаған лазым. Шұңкырлардың түптері арнайы тазалау шөміштері бар бульдозерлермен, экскаваторлармен немесе тегістеуші машиналармен тазаланады. Шұңқырлардың түбіндегі топырақ жобаларда белгіленгеннен тек 5-7 сантиметр ғана кем алынуы тиіс, іргетастар орнатылатын шұңкырлардың түбінен топырақ алу тек қол күшімен аткарылады.

 

  1. Жұмыс өндірісі жобасының құрамы мен сипаттамасы

Жер жұмыстары өндірісінің жобалары келесі кезектерде атқарылатын жалпы қүрылыстык және құрастыру жүмыстарын ескере отырылып жалпы жобаларымен тығыз байланыста жасалады.

Жұмыстар өндірісінін жобалары төмендегі құжатгар негізінде дайындалады: ішіне құрылысты ұйымдастыру жобасы негізгі болім ретінде кіргізіліп, бекітілген техникалық немесе техникалық-жұмыс жобасы; құрылыстық бас жоспардың жер жұмыстары өнідрісімен байланысты элементтері ішіне кіргізіліп, анықтала түскен құрылыс алаңының кешеннің немесе объектінің бас жоспары; тігінен тегістеудің жұмыс сызбасы: жер жүмыстарымен байланысқан үймереттер мен ғимараттардың немесе олардың бөліктерінің жұмыс сызбалары; жолдар мен жерасты коммуникацияларының жоспарлары мен олардың көлденең пішіні; графикалық материалдары бөлек жасалғап қосымшасы бар құрылыс алаңында жүргізілген инженерлік-геологиялық іздеулер туралы есептер.

Жұмыс өндірісінің жобасында жалпы құрылыс алаңы немесе жеке обьект бойынша жер жұмыстарының барлық кешенін орындаудың технологиясы жөнінде толық және негізделген шсшімдер болуы қажет. Осыған қоса жобаны дайындау кезінде құрылысқа даярлық кезінде де, оның негізгі кезеңдерінде де жер жұмыстарынын, көлемдері мен орындалу мерзімдері, жер машиналарына, тасымал құралдарына деген қажеттіліктер де мұкият тексеріліп анықтала түсуі керек.

Жер жұмыстары өндірісінің жобасында мыналар көрсетілуге тиіс: объектінің. кешеннің немесе алаң объектілері тобының құрылыстық бас жоспары: объектілер бойынша жұмыстар өндірісінің жұмыс сызбалары және технологиялық үлгілері; жер жұмыстарын жүргізу әдістері мен тасымал құралдарының түрлеріне карай бөлініп көрсетілген объекті, объектілер тобы. кешен немесе алаң бойынша топырақ балансы.

Шүңкырлардың жұмыс сызбаларында оның жұмыс жүргізідетін қабаттары. механизмдер өткіндерінін өстік желісі, тасымал құралдары жүретін жолдар, шұңкырлар мен орлардың түбін тазалау жөніндегі жұмыс әдістері. техника кауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулар керсетіледі.

Жерасты сулары, олардың ағып келу арналары, суланған горизон пар топырақт арының сипаттамалары туралы деректерді және олардың астындагы су өткізбейтін қабаттардың бар-жок екендігін білу арқылы олардың суын жер үстімен, не жер астымен тартып алу немесе ағызып жіберу, құрғак және сулы топырақтарды алудың шектерін белгілейді. Шұңқырлар мен орларда жұмыс жүргізілгенде жерасты суларының бар болуы үлкен рөл аткарады өйткені бұл жағдайда орнықты еңістердің тіктігі күрт азаяды, ал бұл тиісінше жер жұмыстары көлемінің артуына және олардың күрделене түсуіне. құрылыстың қымбаттауына әкеліп соғады.

Жұмыстар өндірісінің мерзімдік жоспарының жұмыс сызбалары бойынша басқа да құрылыс-құрастыру жұмыстарымен үйлестіріп жүргізілегін жер жүмыстарының тізімі мен көлемдері олардың орындшы мерзімдері және реттілігі анықтала түседі.

Мерзімдік жоспардың аса маңызды элементтерініц бірі - жер қазатын машиналар өнімділігінің алмасулық көрсеткішін анықтау.

  1. Жер асты ғимараттарын салудың ашық әдісі

Азаматтық (гараждар, сауда орталықтары, қоймалар. кинотеатрлар және г. б.) және өнеркәсіптік (байыту фабрикаларының I және II тарту цехтары. болатты үздіксіз кұю жабдықтары және т. б.), мақсатта пайдаланылатын жерасты ғимараттарын бас саға ғимараттарын (сорғыш станциясы, тазарткыш объектілері), жерасты көшелері мен өткіштер, тасымалдық ұсақ туннелдер, шлюздерді, су жағалары құрылыстарын, қала жағдайында үймереттер төңірегіне орналасқан шұңқырларға қоршау салуды, осы сияқты күрделі гидрогеологиялық жағдайларда (жерасты суларының деңгейі жоғары болғанда) құрылысты "топырақтағы қабырға" әдісімен жүргізу барынша тиімді болады.

Жерасты ғимараттарын бұл әдіспен тұрғызу технологиясының мәні мынада: шөмішінің аумағы 1 м' және одан да көп экскаваторға орнатылған арнаулы штангалы немесе грейферлі жабдықтардың көмегімен ені 0.2-1. 0, ал тереңдігі 18 метр және одан да үлкен болатын орлар қазылады. Орлардың тік кабырғаларының ойырылып кетуіне жол бермеу үшін қажетті гидростатикалық қысымды қамтамасыз ететін топырақ ерітіндісі пайдаланылады. Бұл мақсатта басқаларына карағанда тиксотроптық қасиеттері мол бетонды топырақ ерітіндісі жиірек колданылады. Ордың бір учаскесі қажетті тереңдікте қазылғаннан кейін экскаватор ордың келесі бөлігіне ауысады. ал ордың ашық учаскесінде тұтас темірбетоннан немесе құрама элементгерден қабырға тұрғызылады. "Топырактағы қабырға" тұрғызылып болғаннан кейін ғимараттан немесе шұңкырдың параметрі бой- ынша топырақ қазыла бастайды да ол әдеттегідей экскаваторлармен, қопарғыш автомобильдермен және баска да құралдармен тасымалданады.

"Топырақтағы қабырға" әдісімен салынған ғимараттардың қабырғалары мен шұңқырлардың қоршаулары тік бұрышты, көпбұрышты, дөңгелек, крест түрінде де және басқа да пішіндерде болуы мүмкін.

Қабырғалары тік және көлбеу орларды өңдеуде ордың бүкіл биіктігі бойынша үздіксіз және циклды жұмыс істеуді камтамасыз ететін жерқазғыш машиналарды колдану ең тиімді жол деп есептеледі. Мұндай машиналардың қатарына теріс күректі экскаваторлар (тереңдігі 7,4 метрге дейінгі орлар үшін)терендігі 16,3 метрге дейінгі орлар үшін драглайндар, 40 және 20 метр орлар үшін тиісінше бұрғылау-фрезерлік СВД-500Р машиналары және механикаландырылған орқазғышты жатқызуға болады. Кейде орлардың соңынан бетондап бекітілетін түтік тәрізді діңгектер орнатылады. Діңгектердің арақашыктығы олардың орта жерінің диаметрінен кем болуы керек. Бір-біріне жақын орналасқан діңгектерден жоғары тұсы толқын тәріздес тұтас қабырға қаралады.

"Топырақтағы қабырға" әдістің тиімді болуы және жұмыс өндірісі үшін механизмдерді таңдау құрылыс алаңының гидростатистикалық жағдайларына және салынып жатқан ғимараттың сипаттамасына байланысты. Бұл әдісті көп ретте мына жағдайларда: су өткізбейтін қабаттарға құралымдарды үңгірлеп орнатуда, аумағы шағын территориялардағы құрылыста, құрылыс ауданында жерасты суларының деңгейі жоғары болғанда, ғимараттарды 5-7 метр тереңдікте салғанда, жер жұмыстарының көлемі көп болғанда колданылады.

 

  1. Жұмыс процесінде қолданылатын машиналарды, жабдықтарды және материалдарды  тандау

Топырақ алу циклды және үздіксіз жұмыс істейтін машиналар арқылы жүргізіледі. Бірінші топқа теріс күрекпен жабдықталған кәдімгі шөмішті экскаваторлар жатады. Ордың тереңдігі 7 метрден 13-ге дейін болғанда оларға ұзартылган тұтқалар орнатуға болады.

Бүгіндері кран-экскаватор жебесінің арқанына ілінгей немесе арнайы қатты штангіге бекітілген қосжақты грейдер тәріздес жұмысшы органы бар жабдықты пайдалану кең еріс алып келеді. Соңғы жылдары ені 1 м және тереңдігі 30 м дейінгі орларды қаза алатын арқанды кеңалымды ШГ-600 грейферлі қондырғылар және қатты штангілерге бекітілген электргидравлиқалық грейферлер, грейферлі механизмдер пайдаланыла бастады.

Үздіксіз жұмыс жабдықтары өнімді келеді, алайда бағалары қымбаттау және пайдалануда да күрделі болады. Бұл топқа гидравликалық орқазғыш жатады. Ол құмды, сазды, саздақ топырақты жерлерде тереңдігі 20 м және ені 0,5-0, 8 метрге дейінгі орларды қазуға арналған.

Соңғы жылдары дүниежүзілік тәжірибеде батыратын қондырғымен, бұрғылау сайманымен және бұзылған топырақты алып тастайтын қондырғымен жабдықталған топыракты блоктап қазатын машиналар өндіріске кеңінен енгізілуде.

Орларда бетон мен темірбетоннан тұрғызылатын тұтас қабырғалар топырақ ерітіндісін қолдану арқылы тігінен жылжитын құбыр атанған әдіспен салынады. Бетон қоспаларын төсейтін арнаулы жабдықтарға жиынына түтікті мұнара, бетон құятын секциялы құбыр, тірек шайбасы және бетон қоспасына арналған қауға кіреді.

Терендігі 20 метрге дейін орларда телескоптық бетонтосегішті колдануға болады.

  1. Түсірме әдіс, оның технологиялық ерекшеліктері мен қолдану салалары

"Түсірме құдық" әдісі сорғыш станцияларының жер астына үңгілеп салынатын ғимараттарын, су көтергіштерді, домна пештерінің балқытқыш шұңқырларын вагон аударғыштарды, үздіксіз болат құюшы қондырғыларды, жерасты гараждарын салуда, ал "түсірме құдықтың" өзі көпір тіректерінің аумақты және үңгіленген іргетастың механикалык пресс (сығымдаушы) және түрлі сынақ стенділері ретінде қолданылады.

"Түсірме кұдықтар" былайша ерекшеленеді:

материалдары бойынша: темірбетон, бетон, металл, ағаш, тас және кірпіштен жасалған құдықтар (ағаштан, тастан және кірпіштерден жасалған түсірме құдықтар сирек пайдаланылады).

Құдықтың түрлері бойынша: дөңгелек, тікбұрышты, шаршы және дөңгеленген көлденең қабырғалы болады.

Қабырғасының құрылысы бойынша "түсірме құдықтар" үш топқа бөлініп, тұтас темірбетоннан, жұқа қабырғалы темірбстонды панельдерден, құрамалы темірбетонды қуыс блоктардан жасалады.

Тұтас темірбетонды құдықтарды жоспарда көрсетілген жоба бойынша жерасты үймереттің технологиялық талаптарын орындау тым күрделі болғанда, құрама панельдерді дайындауға және жинақтауға мүмкіндік жоқ болғанда, тасты немесе кесек тастары көп жерлерде құрылыс салғанда жәнс құрамалы "түсірме құдықты" жасау тым қиынга түсетін жағдайда пайдалану ұсынылады.

Басқа жағдайларда "түсірме құдықтарды" құрамалы жұқа кабырғалы темірбетонды тегіс панельдерден және қуыс блоктардан салған дұрыс. Қуыс темірбетонды блоктарды 30-40 метр және одан да көп тереңдікке түсірілетін ірі құдықтарды жасағанда пайдаланғ ан жөн, ал 20-25 метр тереңдікте орнатылатын құдық үшін тегіс, жұқа қабырғалы темірбетонды панельдерді пайдаланған тиімді.

"Түсірме-құдықты" жасаудың технологиясы келесі процестерден турады: пышақтың табанын жасау, пышақты дайындау; құдықтың қабырғасын жасау; қудықты жобалық тереңдікке түсіру; құдықтың түбін жасау және судан қорғау жұмыстарын атқару.

Құдықты салу процесінің маңызды кезеңі - пышақтың түбін. яғни табанын жасау болып табылады. Оның беріктігі, құдықты жерасты құрылысы орналасатын жердің бетіне орнықтырудың дұрыс тиімді үлгісін таңдай білу, оны уақытша тұрған тіректерден алу кезінде және жер астына батырудың алғашқы сәтінде оның тепе-теңдігін сақтап түсіруге мүмкіндік береді. "Түсірме кұдық" пышағының түбі когі ретте бес түрлі: батырылған құм жастық және ағашпен қапталған; құм құйылған призма; арнайы даярланған ор (шұңқыр); құм-қиыршық тас (ұсақталған тас) толтырылған призма және ағаш тіректі төсеніш болып жасалады.

Құм-қиыршық тастан жасалған жастық астына диаметрі 0,5 м ағаш төсеніш орнатылады. Жастықтың биіктігі 50-70 см болады, ал ені ағаш төсеніштің ұзындығына 100 см қосу арқылы анықталады. Төсеніштің әдеттегі ұзындығы 2-3,5 м шамасында болады.

Ірі "түсірме құдықтар" үшін кызмет атқаратын құм-киыршық тастан призма салынады. ал құдық пышағын арнайы даярланған орда (шұңкырда) бетондайды.

"Түсірме құдықтар" бетонын жасау кезінде оның тек беріктігіне ғана емес, тығыздығы мен су өткізбейтін болуьіна ерекше назар аударылуы қажет. Құдықтың қабырғасы мен түбіне су -өткізбегіштегі В:4 пен В:6 маркасы 200 және одан да жоғары болатын бетон пайдаланылады.

Құдықтың қабырғаларын бетондау кезінде олар кабаттарға, ал кабаттар блоктарға бөлінеді. Қабаттың биіктігін жұмыс өндірісі жобасында қүдық пышағы бөлігінің астына қаншалықты қысым түсетіндігіне және крандар жұмысына қарай белгіленеді. Биіктігі 10 метрге дейінгі құдықтар бір кабат етілігі бетондалады. Одан биіктері әр қабатының биіктігі 6-8 метр болатын бірнеше белдеу етіп бетондалады. Әрбір келесі қабатты бетон беріктігі 1,2- 1, 5 МПа-ға жеткенде ғана бетондауға болады.

"Түсірме кұдықтар" түптерінің қалыңдығы үлкен (1,2-1,5 м) болса олар да блоктарға бөлініп барып бетондалады. Алдымен төменгі бөлігі, одан кейін қалғандары жасалады, яғни екі қабатты бетондау жүйесі колданылады.

Соңғы уакытта тегіс, бірыңғай, ұзындығы 12 метрге дейін, ені. 1,4-2.0 және қалыңдығы 0,4-0,8 м панельдер түріндегі құрамалы темірбетон элементтерінен жасалған құдықтар кеңінен пайдаланыла бастады.

Аздаған лайлы және қорысты топырақтарға ұзартылған пышақтары жәнс бетондау үшін қажет науашалары бар құдықтар түсіріледі. Мұндай топырақты жерлерге кұдықтарды батыру ондағы топырақты өңдеуден едәуір бұрын бастау ұсынылады, ал бұл жағдайда құдық түсірілген кезде онымен бірге жер астына опырылып түсетін топырак азаяды.

Құдық кенерелері мен түптерін су өткізгіштермен қаптау олардың бетондарын жерасты сулары әсерінен бұзылуынан сақтайды. Бетонды судан қорғаудың негізгі түрлері: торкрет, битум-бензинді ертіндімен бояу, құйылған асфальт-битум, жапсырғыштар, металл.

Әдетте кұдық өз салмағының күшімен батырылады. Қазіргі уакытта құдықты түсірудің екі әдісі: суын тартып алу немесе жерасты суларының деңгейін қолдан төмендете отырып топырақтың құрғақ кезінде тұсіру; суын шығарып алмай-ақ түсіру, яғни топырақты су астында оңдеу.

Құдықтар топырақтың құрғақ жағдайында түсірілгенде олардың ішіндегі топырақты өңдеу және оны сыртқа шығару үш үлгі бойынша жүргізіледі. Біріншісінде құдық ішіндегі топырақ экскаваторлармен немесе бульдозсрлермен өңделеді және топырақ сыртқа кран күшімен қауғаларға салынып шығарылады. Екінші үлгі бойынша қүдықтағы топырақ грейдерлермен өңделеді. Үшіншісі бойынша шағын үш үлгіден құралатын гид- ромеханикаландырылған әдіс колданылады: топырақ гидромоторлармсн өңделеді де сыртқа топырақ-сорғыш снарядтармсн немесе комірсорғыштармен шығарылады; топырақ гидромониторлармен өңделеді, ал жер бетіне гидроэлеваторлармен тасымалданады; топырақ экскаваторлармен өңделеді де сыртқа шығару гидромеханика құралдарымен атқарылады.

Жұмыстар өндірісінің жобасында құдықтарды тұсіру мерзімі құрылыс алаңындағы гидрогеологиялық және құрылыстың жергілікті жағдайларына қарай анықталады.

Мысалы, грейферлерді жеңіл кұмды, жеңіл кұмдақ, кұмды- малтасты, лайлы топырақтармен жұмыс істеуге пайдаланған тиімді. Құдыққа ағын судың көптен құйылуына байланысты немесе суды сыртқа айдап шығу болмаса жерасты суы деңгейін төмендету экономикалық жағынан тиімді болмаған кездерде су астынан топырақты сыртқа шығаруда грейферлер қолданылады.

Көп ретте топырақты экскаватор мен бульдозер көмегімен өңдейтін құдықты құрғақ түсіру әдісі пайдаланылады. Жеңіл топырақтар бульдозермен өңделеді де, ал экскаваторлар қауғаларға топырақ артады. Бульдозер көмекші операцияларда да қол- данылады: ол экскаватор жұмыс істейтін аймақтағы топырақты атжалдарға және қауғаға артуға ыңғайлы жерлерге жинайды, бермаларды сатылары бойынша ойып алады және экскаватордың жұмыс істеуі үшін аланды әзірлейді.

Әдетте бермаларды өңдеуді бастау құдықты түсірудің басы деп есептеледі. Егер бермаларды банкетканың деңгейіне дейін толық өңдегеннен кейін пышақ түбіне түспесе, онда белгіленген аймақты өндеуге кіріседі. Аймақтар бір мезгілде тік күректі немесе теріс күректі экскаватормен шетінен ортасына қарай өңделеді. Құрғақ әдіс бойынша тік күректі қолданған тиімді, өйткені оның көмегімен тіпті еңкейіп түскен кұдық пышағының астынан да біршама топырақ шығаруға болады.

"Түсірме құдықтарды" орнату кезінде олардын киғаш түсуі, ілініп, кептеліп қалуы, ортүбіне еріксіз түсіп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда құдықтың қиғаш түсуін төмендегідей әдістермен түзетуге болады: құдықтың пышағы астындағы аздап тереңдет- ілген жері күні бұрын тездете әңделеді, құдық қабырғасының аз батырылған учаскесінің салмағы арттырылады, топырак су инесімен шайылады. Құдықтың еріксіз түсіп кетуін арнаулы бейнелі темірбетонды блоктар немесе іргетас блоктарын еңкейтіңкіреп орнату арқылы тоқтатады. Құдық ілініп, кептеліп қалғанда да осы әдістер қолданылады.

  1. Терендетілген, сыйымды және табиғат қорғау ғимараттарын тұрғызу

Жерге тереңдетіліп салынатын ғимараттар құрылысы әдетте күрделі геологиялық, гидрогеологиялык және гидрологиялык жағдайларда жүргізіледі. Мұндайлардың қатарына су алу, су айдау және сақтау, тазарту ғимараттары кіреді.

Тереңдетілген ғимараттар әдетте темірбетоннан салынады Жоспардағы түрі бойынша олар тікбұрышты, шаршы немесе дөңгелек болады, шөгіп калатындай жағдай болса, оны түзеу үшін ғимараттың төменгі жағы тиісінше еңіспен салынады. Көп ретте ғимараттың астыңғы жағы шалкасынан жатқызылған конус немесе пирамида түрінде жасалады. Тереңдетілген ғимаратты салудың белгілі негізгі түрлері мыналар: ашық шұңкырларда салу, түсірме және "топырактағы қабырға" әдістерін қолдану.

Біріншісі -дәстүрлі және ең көп таралған әдіс. Оның мәні мынада: тереңдетілген құрылыс басталғанға дейін тегістігі мен тереңдігі белгіленген, еңістері бар шұңқыр қазыла бастайды, оның тіктігі топырақтың қасиеттері мен жерасты сулары деңгейінің қандай болатындығына (яғни, еңістердің орнықтылығын қамтамасыз ететіндігіне) байланысты белгіленеді.

Объектінің төменгі жағы, яғни негізі аз тереңдікте, құрғақ жерлерде қаланатын болса, жоспарда күрделі кескінді (пішінді), көлемі үлкен болып жобаланғанда тереңдегілген ғимараттар құрылысын ашық шұңкырларда жүргізген деп саналады. Жер сулы болған жағдайда шұңқырды суын тартып алу немесе су деңгейін төмендету арқылы құрғатуға тура келеді. Суы тым көп, омырылып кететін жерлерде шұңқырларды тақтайдан немесе темірден жасалған қалқандармен (шпунттармен), кейде әдейі қатырылған мұз тәріздес қабырғалармен қоршау қажет. Бұл әдіс құрылыс құнын тым кымбаттатып, экономикалық жағынан тиімсіз ететін болса, онда жоғарыда аталған екі әдістің біріне тоқтаған жөн.

Ашық шұңқырларда жүргізілетін құрылыстардың өзіндік ерекшеліктеріне: шұңқырлардың түптері мен құламаларын, шұңкырларға түсер және шығар жолдарды негіздеп, есептеп алу; бермалар мен құрғату механизмдері және құралдарын ор- наластыратын алаңдар жасау; шұңкырды қайта жабу жұмыстары жатады. Құрылыстар түрі және көлемі жағынан кез келген түрде болуы мүмкін. Көп ретте ол жабдықтарды орналастыруға қолайлы тікбұрышты формада болады.

Тереңдетілген ғимараттар құрылысы ашық шұңқырларда әдетте тасты, кұмды-қиыршыктасты, малтатасты және қойтасты топырақтарда жүргізіледі. Құмды және сазды топырактарда бұл әдісті келесі жағдайларда қолданған тиімді:құмды суы көп топырақтарда - 6-7 м тереңдікке дейін; табиғи ылғалды құмды топырақта- 10-11 м терендікке дейін;суы тым көп сазды топырақтарда- 10-12 м тереңдікке дейін;табиғи ылғалды сазды топырақтарда - 13-16 м тереңдікке дейін.

Ашық әдіспен салынағын көптеген табиғат қорғау ғимараттарының ішінде (аәротенктер, тұндырғыштар. резервуарлар, компрессорлар т.б.) тереңдетілген сорғыш станциялары мен бас сағалар (сутартқыштар. суалғыштар) құрылыстары ең күрделі де әрі еңбекті көп кажег етеді. Олар жерүсті және жерасты бөліктерінен құралады. Жерасты бөлігіне қабырғалары мен каңқалары, едендері ғана бар қабылдаушы камера мен машина залы кіреді.

Шұңқырда салынатын құрылыстар жоспарда көлемі жағынан үйлестіріледі. Олар тұтас (55-60% дейін) және құрама темірбетоннан салынады. Табиғат қорғау ғимараттарының жоспардағы геометриялык көлемі 150X50 метр. ал терендігі 20-30 метрге дейін жетеді.

Ғимараттардың құралымдық үлгісіне инженерлік-геодезиялық жағдағдайларына және көлеміне байланысты олардың сыртқы темірбетонды кабырғалары тұтас болғанында 0.4-1,5 м дейін. ал құрамалы болса 0.24-0,8 м дейін болады.

Алынаған топырақ көлеміне және бос алаңдардың каншалықты екендігіне байланысты шүңқырлардағы топырақты өңдей төмендегідей тәртіппен жүргізіледі: топырақ экскаваторлармен атжалдарға салынады, кейіннен ол бульдозерлермен ысырыдады; терең шұңкырларда топырақты өңдеу екі және одан да көп қабатта жүргізіледі. Ылғалды және су топырақтарда драглайнды немесе теріс күректі, ал күрғак топырақтарда экскаватордың аспалы жабдықтарының барлық түрлерін пайдаланған тиімді.

Топырақты жобада белгіленген деңгейге дейін өңдеу экскаватор-тегістегіштермен жүргізі.туі керек. 150-200 мм топырақ қабатын алуға мүмкіндік берегін шнекті тегістегішті пайдаланған өте тиімді.

Тұтас кабырғаларды тұрғызу үшін арммоқалыпты блоктарды пайдалану ұсыньлады.

Құрама темірбетонды құралымдар құрылыс көлеміне құралымдардың салмағына. шұңқырдың тереңдігіне және құрылыс алаңының нақтылы ерекшеліктеріне қарай жылан бауыр табанды немесе пневмодоңғалақты, мұнаралы. төрттағанды крандар күшімен құрастырылады.

Құрастыру үлгілері көп түрлі болады және әдетте тереңдетілген ғимараттардың типтік жобаларында көрсетіледі.

Ғимараттар тұрғызылғаннан кейін су айырғыш жұмыстар жүргізіледі және салынған құрылыс пеп шұңкыр құламалары арасындағы қуыстар шұңқырға түсетін және шығатын жолдар қайтадан топырақпен жабылады. Қуыстарды жабуда және тығыздауда жер жұмыстары процестерін барынша механикаландыруға мүмкіндік жасау үшін тиісінше шұңқыр көлемін ұлғайтуға да рұқсат беріледі.

  1. Жерасты ғимараттарың салу технологиясы саласындағы проблемалық мәселелер

Жерасты үймереттерін жобалау және салу өте күрделі де еңбекті көп кажет ететін процесс, сондықтан көп вариантты орындау негізінде барынша тиімді құралымдық-технологиялық шешімдерді таңдай білудің маңызы өте зор.

Жұмыс өндірісінің әдісі салынып жатқан объектілердің құралымдық шешімдеріне де. осы сияқты жұмыстардың тиімді технологиясы мен механикаландыру жолдарын таңдауға да елеулі әсерін тигізеді, ал бұл түптеп келгенде таңдалынған вариант тиімділігі тағдырын шешеді. Мұндай міндеттерді шешу үшін ең жақсы көп вариантты жобалық шешімдерді іздестіруге және барынша тиімді парамстрлі құрылыс құралымы мен технологиясының ең дұрыс деген вариантын таңдап алуға жағдай жасайтын электронды-есептеу техникасының мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Жұмыстардың сметалык құнының қаншалықты арзан-қымбат болуы мен құрылыс мерзімінің ұзақтығы да тиісінше осы таңдап алынған варианттың қаншалықты тиімді екеніне тікелей тәуелді болады.

 

Әдебиеттер:

 

  1. Хамзин С.Қ. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық. – Астана, 2003.-381 б.
  2. Соколов В.А. Технология возведения специальных зданий и сооружений. Учебник. –  М.: Высшая школа, 2005.
  3. Теличенко В.И., Лапидус А.А., Терентьев О.М. Технология возведения зданий и  сооружений. – М.:Высшая школа, 2003.
  4. Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.: Высшая школа, 2003.
  5. Хамзин С.К., Карасев С.К. Основы строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование. – М., 2006. 
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-10-13 14:26:42     Қаралды-7712

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »