UF

НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР ЖӘНЕ РЕТТЕУШІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

  1. Құрылыс терминологиясы
  2. Құрылыс объектілерін атқаратын міндетіне және құрылыстық-құралымдық сипаттамасына қарап бағалау
  3. Тасқынды құрылыстың жалпы принциптері
  4. Тасқынның есепті параметрлері
  5. Алмаспайтын құрылыстың жалпы принциптері
  6. Жұмыс өндірісін ұйымдастыруды және жүргізуді жобалау туралы
  7. Жұмыстар өндірісінің жобасы
  8. Үймереттер мен имараттардың салу технологиясын вариантты жобалау
  9. Мерзімдік жоспарлаудың негізгі ережелері тиімділік белгілері (өлшемдері)
  10. Құрылыстық бас жоспар
  11. Құрылыс өнімінің сапасын қамтамассыз ету
  12. Қоршаған ортаны қорғау

 

  1. Құрылыс терминологиясы.

 

Алым - жұмыс құрамы және көлемі қайталанып отыратын құрылыс-құрастыру жұмыстары тасқынды әдіспен орындалатын үймереттің, ғимараттың бір бөлігі (учаскесі).

Біркелкі объектілер - құралымдары мен көлемі қайталанатын, осының нәтижесінде өндіріс технологиясы да, тиісінше жұмыстардың аумағы мен еңбек сыйымдылығы да бірдей болатын үймереттер (ғимараттар).

Біртектес объектілер - өзара ұқсас құралымды элементтерден тұратын, бірдей материалдармен және бірдей технологиямен салынатын, алайда атқарылатын жұмыс көлемі мен жұмсалатын күште айырмашылығы болатын үймереттер (ғимараттар).

Бірыңғай объектілер - біртекті элементтерден, құралымдардан, өткіндерден, секциялардан тұратын, олардың бірдей немесе бір-бірінен көлемі жағынан ғана айырмашылығы бар, алайда бірдей өндіріс технологиясы бойынша салынатын үймереттер (ғимараттар).

Еңбек процестерінің картасы - жиі қайталанылатын өндірістік операциялардан құралған белгілі бір өндірістік процесс технологиясының тиімділігі мен тұрақтылығын және осы операциялардың іс жүзіне асырылу жағдайын, әдісін және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін белгілейтін құжат.

Еңбек сыйымдылығы - құрылыс өндірісін жүзеге асыру үшін кететін жалпы еңбек шығыны, адам-күн немесе адам-сағат өлшемімен есептеледі.

Жана құрылыс - жаңа алаңда немесе өзінің маңызын жоғалтқан үймереттер мен ғимараттардан босатылған аландарда салынатын кәсіпорындардың құрылысы.

Жанғырту - жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жабдықтарын жаңа жетілдірілген техникалармен қайта жабдықтау, көмекші және өндірістік аландарды қажетінше ұлғайту арқылы қайта құру (бұл ретте барлық құрылыс-құрастыру жұмысына бөлінген қаржы күрделі қаржының жалпы көлемінің 50 пайызы деңгейінде болуы керек).

Жеке тасқын - объектілердің бір бөлігінде бірқатар процестердің біреуін ғана дәйекті орындайтын қарапайым құрылыс тасқыны.

Жинақтау учаскесі - мамандандырылған тасқынды шараларды орындау үшін қамтылған орындар жиынтығы. Бұл салынып жатқан үймерет пен ғимараттың бір бригадаға күрделі кешенді құрылыс процесін (мәселен, құралымдарды құрастыру) жүзеге асыру үшін бөлінетін белгілі бір бөлігі. Бөлінетін учаскенің көлемі жұмысшыларға техника қауіпсіздігі талаптары бойынша жұмыс жағдайын қалыптастыруға, сонымен бірге жұмыс процесін орындауға пайдаланылатын машиналардың барынша тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек алаңын жасауға байланысты анықталады.

Жобалаушы - құрылысты жобалау және құрылыс барысында авторлық бақылау жасайтын және оның сметалық құнының дұрыстығына және жобалық шешімінің сапасына, техникалық дәрежесіне, прогрессивтілігіне жауап беретін ұйым.

Жұмыс көлемі - құрылысты (процесті) жүзеге асыру барысында орындалатын жұмыс аумағы.

Жұмыс майданы - бөлінген еңбек құралдары (механизмдер, қосымша құралдар, материалдар) бар жұмысшылар еңбек етуге тиісті салынып жатқан объектінің бір бөлігі.

Жұмыс орны - құрылыс процесіне қатысушы жұмысшылар жүріп-тұратын және олардың еңбек құралдары, заттары, көмекші құралдары мен өнімдері тұратын жұмыс алаңы.

Жұмыс өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) - құрылыс-құрастыру жұмыстарының технологиясын, орындалу мерзімін, қаржылармен жабдықтау тәртібін анықтайтын жоба, ол үймереттердің (ғимараттардың) жеке бөлшектерін тұрғызу жөніндегі өндірістік процестерді ұйымдастыру кезеңінде басшылыққа алынатын негізгі құжат қызметін атқарады.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту - жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жаңа өндірістік кешендерін, олардың екінші және одан кейінгі кезектерінің құрылысын салу.

Жылдам әдіс - процестерді барынша біріктіру және қаржыларды мейлінше құрастыру (мүмкіндігінше жұмысшыларды, машиналарды, материалдарды, ақша қаражатын көп те тиімді пайдалану) жолымен құрылысты қысқа мерзімде техникалық жағынан ақталатындай және үнемділік жағынан тиімді болатындай уақыт ішінде жүргізу әдісі.

Жылдам құрылыс - үймереттер мен ғимараттарды жылдам әдіспен тұрғызу.

Тапсырма беруші - жобалауды және құрылыс салуды жоспарлаушы және оған қаржы бөлуші, жабдықтармен, аспаптармен және біркатар арнаулы құрылыс материалдарымен, бұйымдарымен қамтамасыз етуші, осы сияқты құрылыс жұмыстарының барысына, салынып біткен үймереттер мен ғимараттар объектілеріне техникалық бақылау жасаушы ұйым.

Звено - жеке құрылыс процесін орындау үшін жеткілікті болып саналатын барынша шағын жұмысшы тобы.

Инженерлік жүйелер - поселке, тұрғын үй, зауыт, комбинат құрылыстарының кешендері құрамында салынатын су, жылу, газбен жабдықтау, канализация құбырларының магистралі және тарату жүйелері; тасымал жүйелері - жол, темір жол; энергиямен жабдықтау, байланыс және белгі беру қондырғылары.

Кесінді - бір орындаушы (жұмыс звеносы) үшін бөлінетін жұмыс учаскесі.

Кешенді бригада - кешенді жұмыс түрлерін немесе осы жұмыс түрлеріне байланысты бірнеше кешенді технологияларды орындайтын жұмысшылар тобы.

Кешенді механикаландыру - бір-бірімен байланысты барлық технологиялық операцияларды негізгі және қосымша бірін-бірі өзара толықтырып отыратын және тығыз байланыстары жүйе бойынша жұмыс істейтін машиналардың көмегімен орындайтын жұмыс өндірісінің әдісі.

Кешенді тасқын - кешенді үймереттер мен ғимараттар түріндегі ортақ өнім негізінде бірлескен, ұйымдық жағынан байланысты объектілік тасқындар тобы.

Күрделі жөндеу - үздіксіз пайдалану салдарынан ескерген үймереттер мен ғимараттарды қалпына келтіру.

Күрделі құрылыс - жаңа құрылыс объектілерің салуды, бұрынғы объектілерді кеңейтуді, қайта жабдықтау және техникалық жағынан қайта жарақтауды, сонымен бірге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар, мекемелер мен ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтитын материалдық өндірістік маңызды салаларының бірі.

Қабат - жоспарлау, техникалық немесе құралымдық жағынан аумағы біртұтас болатын, биіктігі жағынан шартты түрде шектелген үймереттің (ғимараттың) бір бөлігі.

Қатар әдісті құрылыс - барлық немесе бірқатар құрылыс объектілерінде бір мезгілде біртүрлі процестерді жүзеге асыру арқылы үймереттер мен ғимараттар салу әдісі.

Құрылыс алаңы - жобаға сәйкес белгіленген тәртіп бойынша құрылыс объектісі мен құрылыс-құрастыру ұйымдарының қызметтерін тұрақты орнықтыру үшін бөлінген жер учаскесі.

Құрылыс-құрастыру жұмыстары - ол жалпы құрылыс, өңдеу, санитарлық-техникалық, арнаулы және құрастыру жұмыстары кіретін үймереттер мен ғимараттар тұрғызу барысында атқарылатын кешенді жұмыстар.

Құрылыс көлемі - құрылысты жүргізу кезінде де, ол біткеннен кейін де құрылыс заты болып табылатын үймерет немесе ғимарат.

Құрылыс егуі - қуаты және бөлінген күрделі қаржы көлемі толық игерілмеген және құрылыс-құрастыру жұмыстары бітпеген құрылыс көлемі. Бұл - негізгі қорларды жоспарлы түрде пайдалануға беруді және құрылыс өндірісінің ырғақтылығын қамтамасыз өту мақсатымен жоспарланған кезеңдерден кейінгі уақытта көшіріліп, іске қосылатын объектілер мен кешендер.

Құрылыс өндірісі - а) үймереттер мен ғимараттарды тұрғызуды, жөндеуді, қалпына келтіруді, жаңғыртуды, бөлшектеуді және орнынан жылжытуды көздейтін материалды өндіріс саласы; б) үймереттер мен ғимараттарды тұрғызуға және жөндеуге көмектесетін құрылыс процестерінің жиынтығы.

Құрылыс өндірісінің технологиясы - а) құрылыс индустриясы деңгейін дамыту мен арттыру негізінде бұйымдарды, құралымдарды жасау жөніндегі және оларды дайын құрылыс өніміне - үймереттер мен ғимараттарға айналдыру процестерінің жиынтығы; б) техниканы пайдалануды, құрылыс аландарында жүзеге асырылатын өндірістік процестерді ұйымдастыру және экономика салаларындағы білім жиынтығы.

Құрылыс өнімі - құрылыс процестерінің орындалу нәтижелері: біткен жұмыс (жекетасқын), дайын болған элементтер немесе салынып біткен үймерет бөліктері (мамандандырылған тасқын), салынып біткен үймереттер мен ғимараттар (объектілік тасқын), салынып болған үймереттер кешені (кешенді тасқын).

Құрылыс өнімінің бірлігі - құрылыс тасқыны өнімдерінің бірлігі: жекеше-алым; мамандандырылған-учаске; объектілік-құрылыс объектісі немесе оның бір бөлігі, кешенді-тасқындық әдіспен салынып жатқан объектілер тобы (квартал, аймақ).

Құрылыс процесі - түпкі мақсаты үймеретті немесе ғимаратты тұрғызуды, қалпына келтіруді, жөндеуді, жаңғыртуды, бөлшектеуді немесе жылжытуды көздейтін, құрылыс алаңының аумағында жүргізілетін өндірістік процесс.

Құрылыс тасқыны - құрылысты бір қалыпта және үздіксіз жүргізу (тасқынды әдісті қараңыз).

Құрылыстың ұзақтылығы (мерзімі) - құрылыс алаңында жұмыс басталғаннан толық қуатында пайдалануға берілгенге дейін кәсіпорындарда, олардың кезектерінде, кешендер мен жекелеген объектілерінде жобада қарастырылған жұмыс құрамы толық орындалған уақыт кезеңі.

Құрылысты ұйымдастыру - а) құрылысты дайындау жүйесі, жұмыс мерзімі және кезектігін, жалпы тәртіпті белгілеу және оны қамтамасыз ету мен басқару, қаржылармен жабдықтау; б) құрылыс тиімділігін қамтамасыз ететін, басқару әдісін, ресурстармен жабдықтауды, жұмыстың мерзімі мен кезектілігін, жалпы тәртіпті қамтамасыз етуді, құрылыс жүйесін дайындауды зерттейтін ғылыми жүйе.

Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) - құрылыстың ұзақтылығын және кезендік мерзімдерін, күрделі қаржыны бөлуді және ққрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемін, материалдық-техникалық және еңбек ресурстарын және олардың орнын толтыратын кездерді, құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүзеге асырудың негізгі әдістерін және объектілердің құрылысын басқарудың құрылымын анықтайтын техникалық (жұмыс-техникалық) жобаның құрамдас бөлігі.

Мамандандырылған тасқын - бірыңғай параметрлер жүйесімен және тасқын үлгісімен, осы сияқты құралымдық элемент немесе үймереттің (ғимараттың) бөлігі түріндегі жалпы құрылыс өнімдерімен біріктірілген жеке тасқындар жиынтығы.

Мердігер - тапсырыс берушімен шарт бойынша бүкіл құрылыс кешенін және барлық жалпы құрылыстық жұмыстарды атқаратын бас мердігер мен арнаулы және құрастыру жұмыстарын атқаратын қосымша мердігермен жоспарда белгіленген құрылыс сапасы, құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісінің техникалық деңгейі, мерзімдік жоспарды сақтау үшін жауап береді және бекітілген құрылысқа бөлінген сметалық қаржының дұрыс жұмсалуын қадағалайды.

Нөлдік цикл - үймереттер немесе ғимараттар мен инженерлік коммуникациялардың құрылысын салу кезіндегі шартты жобалық белгіден төмен "нөлдік" деп алынатын өлшемде жүргізілетін құрылыс-құрастыру жұмыстарының кешені.

Объектілік тасқын - бірлескен өнімі дайын үймерет (ғимарат) немесе бір топ үймереттер (ғимараттар) болып саналатын мамандандырылған тасқындар жинағы.

Өндірістің бірқалыптылығы - жұмысқа қатысатын машина сандарының бірдей деңгейін сақтайтын, белгілі бір уақытта материалдардың, ақша қаржысының және өндірістің басқа да ресурстарының түсіп тұруын қамтамасыз ететін, сол сияқты белгіленген уақыттарда әрдайым тұрақты мөлшерде құрылыс өнімдерінің шығарылуын қамтамасыз ететін тасқынды өндірістің негізгі принциптерінің бірі.

Өндіріс ресурстары - құрылыс ұйымының өндірістік мүмкіндігін анықтайтын қаржысы және еңбек, материалдық құралдары.

Өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштері - құрылыс өндірісінің тиімділік дәрежесін көрсететін, құрылыс өнімі бірлігін шығаруға кететін уақыт, еңбек, материалды және ақша қаражаты шығындарының мөлшерлік көрсеткіштері.

Өндірістік-технологиялық жинақтау - арнайы ұйымдастырылған базаларда өндірісте пайдалану үшін толық дайындықтан өткізілген материалдарды, бұйымдар мен құралымдарды жұмыс аймағына жинақтап жеткізу.

Өндіріс ырғағы - қайталанатын процестердің бірқалыпты ауысуы.

Өнім мөлшері - белгілі бір жұмыс уақытында: бір сағатта, сменада шығарылатын сапалы өнім мөлшері.

Тасқын адымы - шектес екі жеке тасқын арасындағы уақыт.

Тасқын есебі - тасқынның параметрлерін, уақытын, ресурс шығындарын және өндіріс тиімділігін айқындайды.

Тасқын қарқыны - кесімді уақыт ішіндегі тасқын дамуының көрсеткіші, ол шартты өлшеммен белгілі бір уақыт ішінде жасалған құрылыс өнімінің мөлшерін анықтайды.

Тасқын параметрі – тасқын дамуының уақыт және көлемінің көрсеткіші.

Тасқын сенімділігі - алдын ала есептеу өлшемдерінің нақты іспен сәйкес келуінің дәрежесі.

Тасқын үлгісі - объектілерді, учаскелерді, алымдарды тасқынға қосу және оларды тасқыннан шығару тәртібінің графикалық бейнеленуі.

Тасқын ырғағы - тасқынды өндірістегі процестердің бірқалыпты ауысуын өлшейтін уақыт мөлшері.

Тасқынды-бөлшекті әдіс - технологиялық процестерді қарапайым жұмыс процестеріне дейін, кейбір жағдайларда жекелеген операцияларға дейін толық бөлшектейтін тасқындық әдіс.

Тасқынды әдіс - жалпы өндірістік процестерді бөліп атқаруға, еңбек бөлінісіне, процестерді біріктіруге және ырғақты жүргізуге негізделген жұмыстар өндірісін үздіксіз және ырғақты жүргізу әдісі.

Тасқынды-жедел әдіс - жұмысты ең аз мерзімде, үздіксіз және бірқалыпты жүргізу әдісі.

Тасқынды тежеу кезеңі - біртіндеп жұмыстың аяқталуына байланысты құрылыс тасқынынан жеке тасқындарды бірте-бірте қысқартудың уақыт кесіндісі.

Тасқынның қалыптасқан кезеңі - барлық жеке тасқындар бірдей жұмыс істейтін (жеке тасқындардың саны да қуаты да өзгермейді) уақыт кесіндісі.

Тасқынның қуаты - белгіленген уақыт өлшемі ішінде нақты көрсеткіш-бойынша (бір күнде м3, бір күнде м2 және басқа) құрылыс тасқынында шығарылатын өнім мөлшері.

Тасқынның технологиялық құрылымы - құрылыс процестерінің құрамы мен мазмұны, ол технологиялық параметрлердің маңыздылығымен бейнеленеді.

Тасқынның технологиялық параметрі - құрылыс процестерінің санымен, жүйелілігімен және өзгешелігімен анықталатын параметрлер.

Тасқынның ұлғайтылу кезеңі - құрылыс тасқынына бірте-бірте жекелеген тасқындар қосылатын уақыт кесіндісі.

Технологиялық қарта - а) жеке құрылыс процесінің технологиясын (техникасын, ұйымдастыруды және экономиканы) анықтайтын жобалық құжат; б) жиі қайталанатын құрылыс-құрастыру жұмыстары түрлерінің тиімді және тұрақты өндірістік технологиясын белгілейтін және жұмыс өндірісі жобасын алмастыратын немесе оған қосымша ретінде пайдаланылатын құжат.

Технологиялық негіз - аяқталмаған құрылыс өнімінің көлемі, оның номенклатурасы мен жұмыс аймағында жаппай орналастырылған барлық жеке тасқындардың үздіксіз және ырғақты жұмысы дайын құрылыс өнімін толассыз және ырғақты шығаруды қамтамасыз етеді.

Технологиялық торап - пайдалануға берілетін және реттелетін, агрегаттарды, механизмдерді, құрылғыларды (учаскенің түрі) байқап көру жұмыстарын жүргізуге қажет техникалық әзірлікке дейінгі құрылыс-құрастыру жұмыстарының өндірісін қамтамасыз ететін процестер ішіне кіретін технологиялық линияның (қондырғының) конструктивті ерекшеленген бөлігі.

Технологиялық үзіліс - қолданылған материалдардың (бетонды күту, сылақты кептіру) қасиетінен туындайтын өндірістегі үзіліс.

Техникалық қайта жарақтану - жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды (цехты) қайта жабдықтау және қайта құру. Олардың барысында пайдаланалып отырған үймереттер мен ғимараттар аумағында (шағын көлемдегі құрылыс-құрастыру жұмыстарын атқару арқылы) ескі жабдықтар техникалық жағынан жетілдірілген жаңа жабдықтарға алмастырылады.

Технологиялық цикл - құрылыс өнімін шығару барысында атқарылатын барлық құрылыс процестерінің жиынтығы. Оның ұзақтығы құрылыс өнімін шығару үшін атқарылатын бірінші процесс пен соңғы қорытындылаушы процесс аралығында өткен уақытпен анықталады.

Типтік график - өзгеріп отырған жергілікті жағдайда көп қайталанады деген есепке негізделген типті объектіні тұрғызу жөніндегі жұмыстар кестесі.

Тасымалдық процесс - ішіне арту-түсіру жұмыстары кіретін, құрылыс материалдарын, бөлшектерді, құралымдарды тасымалдау жөніндегі өндірістік процесс.

Тасымал құралдары үстінен құрастыру - зауытта жасалынған құралымдарды құрылыс алаңының жұмыс аймағына белгілі бір мезгілде жеткізілгеннен кейін тасымал құралдарынан алып бірден жобалық жағдайда сәйқес қою.

Тұрақтанған тасқын - барлық жеке тасқындар бір мезгілде жүзеге асырылып, толық дамуына жеткізілген тасқын.

Ұйымдық үзіліс - келесі жұмыс процесіне (тасқынына) қажетті дайындықтар жүргізу үшін құрылыс процесінің (тасқынның) арасында болатын, сол сияқты ресурстар мезгілінде жеткізілмеуіне байланысты болатын үзілістер.

Үздіксіз өндіріс - тасқынды өндірістің негізгі шарттарының бірі, ол жұмысты жүргізудің мынадай тәртібімен дәйектеледі: өндіріске қажетті материалдар мен басқа да ресурстардың жеткізілуінде, технологиялық процестер мен өнім шығаруда ешбір үзіліс болмауға тиіс.

Үздіксіз процесс - жергілікті жағдайларға қарамастан кешіктірілмей, бірінен соң бірі тоқтаусыз жүргізілетін процесс.

Үздіксіз тасқын - шектеусіз ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін тасқынды әдіс.

Цикл - құрылыс тасқынының мазмұнын құрайтын көп қайталанатын операциялардың немесе процестердің жиынтығы.

Циклограмма - уақыт өлшемі және жұмыс аумағының дамуын бейнелейтін құрылыс тасқынының графигі.

ЬІрғақты тасқын - циклдерінің ұзақтығы бірдей тасқындар түрі.

 

2. Құрылыс объектілерін атқаратын міндетіне және құрылыстық-құралымдық сипаттамасына қарап бағалау

 

Құрылыс өндірісінің негізгі өнімі үймереттер мен ғимараттар болып табылады.

Үймереттер - көтергіштер мен қоршаулардан немесе олардың жиынтығынан (көтергіштер мен қоршаулардан) құралған құралымдардан жасалған, жер үстінде өзара тұтасатын аумақ болып қалыптасқан құрылыс жүйесі. Онда адамдар тұрады, болмаса атқаратын міндеттеріне байланысты келіп-кетіп жұмыс істейді. Және ол түрлі өндірістік процестерді атқару үшін пайдаланылады.

  

1-сурет. Құрылыс объектілерінін жіктелуі

 

Ғимараттар - түрлі өндірістік процестерді атқаруға, түрлі материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды сақтауға, адамдардың болуына, жүк және адамдардың алмасып тұруына және басқа да мақсаттарға пайдаланылатын құрылыс жүйесі. Ғимараттар аумақты, жазықты немесе ұзынша, жерастылық, жерүстілік және жердегі болып келеді.

Телевизиялық мұнаралар, көпірлер, стадиондартағы басқалар ғимараттар болып табылады.

Үймереттер мен ғимараттар пайдалану мақсатына орай өндірістік және азаматтық, инженерлік және гидротехникалық болып бөлінеді (1 - сурет).

Өндірістік ғимараттар - өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісін орналастыру, адамдардың еңбек етуіне және технологиялық жабдықтарды пайдалануға қажетті жағдайлар жасау үшін қызмет етеді.

Азаматтық үймереттер мен ғимараттар - тұрғын үй және қоғамдық болып бөлінеді. Тұрғын үй үймереттері қатарына адамдардың тұрақты тұруына арналған пәтерлік үйлер, уақытша тұруына арналған жатақханалар мен қонақүйлер жатады. Қоғамдық үймереттер мен ғимараттар тұрғындарға әлеуметтік қызмет етуге (мектептер, театрлар, мұражайлар, ауруханалар) арналған; қоғамдық ғимараттарға метрополитендер, стадиондар және басқалар жатады.

Барлық өндірісті және азаматтық ғимараттар, инженерлік құрылыстар кеңістікке орналастырылуына қарай жинақталған, желі-бойлаған, территориялық-шашылыңқы түрлеріне бөлінеді. Құрастырылған объектілер шектелген территорияға орналасуымен сипатталады. Желі - бойлаған объектілерге көпірлер, туннелдер, эстакадалар, жолдар, құбырлар жүйелері және басқалар жатады.

Территориялық-шашылыңқы объектілер бір-бірінен мақсаты жағынан байланыспаған, едәуір қашықтықта орналасқан, пайдалану мақсаты жағынан бір-біріне байланысты емес (Мәселен, ауылдық жерлердегі тұрғын үйлер және азаматтық ғимараттар, автомобиль және теміржол бойына орналасқан үймереттер мен ғимараттар).

Құрылыстық-технологиялық белгілері жағынан бұл объектілер біртекті және әртекті болып бөлінеді.

Біртекті объектілер - бірыңғай құралымдарды қолданумен ерекшеленеді. Сондықтан мұндай объектілер біртүрлі тұрақты технологиялар бойынша салына береді. Бұл объектілер біртүрлі және әртүрлі учаскелерден тұруы мүмкін. Оларда атқарылатын жұмыс көлемі мен мөлшері құралымдарды құрастыру реттілігі мен әдістеріне байланысты болады.

Біртекті объектілердің мөлшері мен көлемі бірдей және бірнеше рет қайталанатын типтік секциялардан құралатындығына байланысты оларды салуда ырғақты объектілік тасқын әдісін қолдану тиімді. Мұндай объектілерге жеңіл, аспаптар жасау, радиотехникалық және басқа да өнеркәсіп салаларының тұрғын үйлері, бірқатар азаматтық, бірқабатты және көпқабатты үймереттер, бойлап салынған ғимараттар (жолдар, құбыр жүйелері және басқалар) жатады.

Біртекті объектілер өз кезегінде біртүрлі және әртүрліге бөлінеді.

Учаскелері әртүрлі біртекті объектілерге орта және ауыр машина жасау өнеркәсібінің, автомобиль зауыттарының, тоқыма комбинаттарының, көпшілік бірқабатты үймереттері және басқалары жатады. Бұл объектілер тиісті типтік құралымдарды толық бірқалыпка келтірген күннің өзінде де жұмыс мөлшері мен көлемі бірдей учаскелерге бөлуге келмейді. Мәселен, көп өткінді бірқабатты үймереттердің ішкі учаскелерінде сыртқы қорғағыш қабырғалары болмайды, кейбір учаскелерде негізгі құралымдарды жинақтау жамылғы элементтерін құрастырумен шектелуі мүмкін, ал бағаналар мен кранасты арқалықтар шектес учаскелерге кран қатынай алатын болса алдын ала орнатылады. Әртүрлі учаскелері бар біртекті объектілерді салу кезінде жұмыс өндірісінің тұрақты технологиясы сақталады, алайда тасқындарды жүзеге асыру ұзақтығы түрліше болады.

Әртекті объектілерде типтік көп қайталанатын секциялар болмайды, жұмыс көлемі әркелкі, үймереттің түрлі бөлектерінде әртүрлі құралымдар (болатты, құрама темірбетон, біртұтас темір-бетон және басқалар) пайдаланылады, күрделі және үлкен технологиялық жабдықтар орнатылады, олардың астына қуатты іргетас құйылады. Әртекті объектілер қатарына көмір және тау-кен кәсіпорындарының, металлургиялық зауыттардың, химия өнеркәсібінің, бірқатар кәсіпорындарының, қант және цемент зауыттарының, жылу және атом электр станцияларының және тағы басқалардың корпустары жатады.

Жұмыс көлемін біркелкі бөлмеу және үймереттердің түрлі бөлшектерінде әртүрлі құралымдарды пайдалану әдетте тұрақты құрылыс технологиясын қолдануға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, жекелеген учаскелерде жұмыс өндірісінің түрлі реттілігі мен әдістерін пайдалануға тура келеді.

 

  1. Тасқынды құрылыстың жалпы принциптері

 

Құрылыс өнімдері - үймереттер немесе олардың бөліктерін бірқалыпты шығару үшін жұмыстың үздіксіз және ырғақты жүргізілуін қамтамасыз ету, қаржы, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, өндірістік базаларды, құрылыс машиналарын және жабдықтарды толық іске қосу тасқынды құрылыстың міндеті болып есептеледі.

Осыған орай қажетті қазіргі заманғы және кешенді материалдық-техникалық ресурстармен жабдықталған еңбек ұжымдарының (бригадалар, тасқындар) тұрақты құрамдарының үздіксіз және бірқалыпты жұмыстарының нәтижесінде дайын құрылыс өнімдерін (салынып біткен үймереттер, ғимараттар, аяқталған жұмыс түрлері және тағы басқалар) жоспарлы түрде, ырғақты шығарып отыруын қамтамасыз ететін құрылыс жұмыстарын және тұтастай құрылысты ұйымдастыру мен жүргізуді тасқынды әдіс деп атайды.

Жалпы құрылысты жүйелі, жарыспалы немесе тасқынды әдістерімен ұйымдастыруға болады (2, а, б, в-сурет).

2-сурет. Объектілерді әртүрлі тәсілдермен құру графигі:

а – жүйелі, б – жарыспалы, 4 – тасқынды.

Жүйелі әдіс бойынша (2,а-сурет) әрбір келесі үймерет (ғимарат) оның алдындағы құрылыс аяқталғаннан кейін салынады. Бұл жағдайда құрылыс мерзімі ұзарады (Т = тТц мұндағы Тц - бір үймеретті салудың өндірістік циклінің ұзақтығы, бірақ уақыт бірлігінде қаржыларды тұтыну салыстырмалы түрде біршама аз болады уақыт бірлігі ішінде қаржыларды тұтыну интенсивтілігі r = R/Т, мұндағы R үймеретті тұрғызуға кеткен жалпы қаржы шығыны).

Жарыспалы әдіс бойынша (2, б-сурет) барлық үймереттер (ғимараттар) бір мезгілде салынады, бұл қаржылардың көп шоғырландыруын талап етеді (), ал құрылыстың жалпы ұзақтығы едәуір қысқарады (Т = Тц).

Тасқынды әдісті (2, в-сурет) қолдану кезінде үймереттер мен ғимараттарды салудың технологиялық процесі құрама процестерге жіктеледі (жер жұмыстарының өндірісі, іргетасты орналастыру, қабырғалар мен жабындарды салу, шатырларды салу, әрлеу жұмыстары және басқалар), олардың әрқайсысын салу үшін бірдей уақыт бөлінеді және әртүрлі үймереттерде олардың ырғақты орындалуы қадағаланады.

Тасқынды әдіс салыстырмалы түрдегі қысқа мерзімді құрылыстарда жүйелі және жарыспалы әдістердің ең тиімді дегендерін өз бойына жинақтайды (Т<тТц).

Құрылыс тасқынын жасау үшін:

- аумақтық-жоспарлық және құралымдық шешімдері, құрылыс технологиясы жөнінен өзара ұқсас объектілерді анықтауды;

- объектілерді салу процесін еңбек сыйымдылығы жөнінен шамамен тең немесе есе болатындай етіп бөлуді;

- құрылыстың тоқтаусыз жүргізілуіне қол жеткізетін жұмыстарды орындалу реттілігіне қарай белгілеуді және өзара байланысты процестерді біріктіруді, олардың үйлесімділігін қамтамасыз етуді;

- жұмыстың жеке түрлерін жұмысшылар бригадаларына нақтылы бекітуді, жекелеген объектілерді тасқынға қосу және жекелеген объектілердегі жұмыстарды орындау процесі кезінде бригадалардың жұмыс істеуінің реттілігін белгілеуді;

- көпшілік жұмыстардың қатар орындалуын және жұмыстың жеке түрлерін орындау мерзімін үйлестіруді, жұмысқа қатысатын машиналар мен жұмысшы бригадаларының мүмкіндіктерін назарға ала отырып тасқынның негізгі параметрлерінің есебін жасауды;

- жоспарда белгіленген құрылыс ырғақтылығына сәйкес жетекші деген құрылыс бригадаларының жұмысшылары мен машиналардың объектіден объектіге ауыстырылып отырылуы реттілігінің есебін жасауды жүзеге асыру керек.

Объектілер құрылысы күрделілігі әртүрлі кешенді, объектілік, мамандандырылған және жекелеген тасқындармен жүргізіледі (3-сурет).

Кешенді тасқын - тұрғын үй кварталының және тағы басқалардың құрамына кіретін жекелеген үймереттер мен ғимараттардың құрылысымен бір мезгілде айналысатын объектілік тасқындардан құралады.

Объектілік тасқын - мамандандырылған тасқындардың жиынтығы, ол құрылыстың тиісті объектісін салу жөніндегі барлық кешенді жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді. Құрылыс технологиясы ортақ жекелеген үймереттер, ғимараттар немесе олардың топтары тасқын өнімі болып табылады.

Мамандандырылған тасқын - бірыңғай параметр жүйесімен және тасқын схемасымен біріктірілген бірқатар жеке тасқындардан құралады. Мамандандырылған тасқындар тасқынның негізгі құрылымдық элементтері қатарына жатады. Аяқталған жұмыс түрлері, құралымдық элементтер және үймереттердің бөліктері (нөлдік цикл жұмыстары, құралымдарды құрастыру, өндеу жұмыстары және басқалар) мамандандырылған тасқын өнімдері болып табылады.

Жеке тасқын – қарапайым, қатардағы құрылыс тасқыны.

Ол белгілі бір ұжым (бригада, звено) күшімен бірқатар арнайы бөлінген алымдарда бір процестің жүйелі орындалуын қамтамасыз етеді. Жеке тасқынның өнімдері - жер жұмыстары, іргетастарды жасау, қабырғаларды тұрғызу, сылақ жұмыстары және тағы басқалар. Жеке тасқын негізінен түрлі алымдарда жұмысты тасқынды-бөлу әдісімен орындау мүмкіндігі бар жерлерде ұйымдастырылады.

              

3-сурет. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс жұмыстарының құрылымы

 

Біртекті объектілерді салудың технологиялық процесін мынадай кезеңдерге бөлуге болады: жерасты құралымдарын орналастыру; жерүсті құралымдарын тұрғызу; тұрғын үй үймереттерінде шатырлар жасау; өнеркәсіптік, тұрғын үй үймереттерінде арнаулы және әрлеу жұмыстарын жүргізу; өнеркәсіптік ғимараттарда технологиялық жабдықтарды орнату. Әр кезеңдегі жұмыс орындалатын процестердің, қолданылатын машиналар мен материалдардың түрімен ерекшеленеді. Әр кезеңнің жұмысын бір немесе бірнеше мамандандырылған тасқындарда ұйымдастыруға болады, ал олар өз кезегінде жеке тасқындардан құралады. Өзара үйлестірілген мамандандырылған тасқындардан объектілік тасқын туындайды.

Әртекті объектілерді салудың технологиялық процесінде нақтылы айқындалған жұмыс өндірісінің кезеңдері жоқ, ол құрамалы кешенді және жұмысшы процестеріне бөлінеді. Бір немесе бірнеше кешенді процестер мамандандырылған тасқындармен жүзеге асырылады.

Объектілік тасқынды құрайтын мамандандырылған тасқындар ішінде еңбек сыйымдылығы ең көп, бүкіл объектілік тасқын жұмысы қарқынының тағдырын шешер күрделі де қымбат, қуатты машиналар пайдалануды қажет ететін негізгі деп есептелетін тасқын айрықша ерекшеленеді. Объектілік тасқыннын құрамындағы қалған мамандандырылған тасқындардың қуаты мен санын, олардың толық қуатына қосылуға кететін уақытын жетекші негізгі тасқынның дамуына тендестіру немесе үздіксіз өндіріс жағдайын сақтау үшін еселенген жарыспалы тасқынды іске қосу арқылы анықтайды.

Тасқынды дамыту әдетте сызық мерзімдік график немесе циклограмма түрінде бейнеленеді (2,в,г-сурет). Сызық графикте тасқынның әрбір мамандандырылған бригадасы көлденең жолақпен белгіленеді, ал мұндай бригаданың түрлі алымдардағы жұмыс кезеңі бір-бірімен араласқан бөліктер арқылы көрсетіледі. Циклограммада сызық графиктің мерзімдік шкаласы сақталады, алайда алымдар үшін көлденең жолақ нөмір реттері бойынша төменнен жоғары қарай тартылады. Циклограмма сызықтық графикке қарағанда тасқындардың уақыт және кеңістік бойынша дамуын әлдеқайда көрнекті бейнелейді.

 

4. Тасқынның есепті параметрлері

 

Уақыттық, технологиялық және кеңістіктік сипаттамалар - тасқынның уақыт және кеңістік бойынша даму көрсеткіштері болып табылады.

Тасқынның уақыттық параметрлеріне мыналар жатады:

То - тұтастай тасқын бойынша жалпы жұмыс ұзақтығы;

Т1 - тасқын бригадаларының бір алымдағы барлық жұмыстар орындалуының жалпы ұзақтығы;

Тбр - барлық алымдардағы әрбір жеке бригаданың жалпы жұмыс ұзақтығы;

tбр - алымдағы бригаданың жұмыс ырғағы, бригада жұмысының ұзақтығы;

tұй - бір алымдағы шектес бригадалардың жұмыстары аралығындағы ұйымдық үзілістер;

tтехн - бір алымдағы шектес бригадалардың жұмыстары аралығындағы технологиялық үзілістер;

tа - тасқын ырғағы (адымы), бір алымдағы жеке немесе мамандандырылған тасқынды құрайтын және бір бригада (звено) күшімен атқарылатын барлық технологиялық және ұйымдық жағынан бөлінбейтін операциялар мен жұмыстардың орындалу уақыты.

Технологиялық параметрлерге жататындар:

п - объект құрылысының барлық өндірістік процестерінің қанша жекелеген процестерге бөлінетіндігін көрсететін сан, тасқынға қатысатын бригадалар саны және бірінші алмасуда істейтіндер;

Р - объект, кешен ішіндегі жарыспалы тасқындардың саны. Кеңістіктік параметрлерге алымдардың жалпы саны N жатады.

Тасқынның есепті формуласы төменгі болжамдарға сүйене отырып шығарылады:

а) әрбір келесі алымдағы жұмыс тасқын адымына тең аралықта басталады;

б) бір алымда бір бригада (звено) немесе бірнеше бригада бірдей ырғакта істей алады;

в) әрбір алымның көлемі алымдарда істелетін жұмыстардың барлық түрі үшін тұрақты болып қалады;

г) бір алымдағы барлық жұмыс кешені орындалғаннан кейін келесі алымдардағы жұмыс тасқын адымына тең аралықтан кеш бітпеуі тиіс.

Бұл болжамдар тасқынның ең қарапайым деген бірқалыпты ырғақты және қысқа ырғақты түрлері үшін параметрлер есебін жасауға мүмкіндік береді.

Бірқалыпты ырғақты тасқындарда барлық бригадалар жұмысының ырғағы tбр бірдей және тасқын ырғағына тең, яғни tбр = tа.

Тасқынның негізгі параметрлерін өзара байланыстырушы формуларды 4- суреттердегі графиктер көмегімен есептеп шығаруға болады.

Тасқындары барлық бригадалардың жалпы жұмыс ұзақтығы бірдей, ал объекті бойынша жалпы жұмыс ұзақтығын екі бөлікке Т1 және Т2 бөлуге болады, сонда:

Т012

ал

Т0=ta (n+N-1)

екені кестеден көрініп тұр, бұдан объекті бойынша жұмыстың жалпы ұзақтығының мөлшері тасқын ырғағы tа мазмұнына тәуелді екенін байқау қиын емес.

Ал tа өлшемін ең аз деген мәнге дейін азайту тасқынның көптеген басқа да факторларының өлшемдерімен шектеледі, оған бірінші кезекте мыналар жатады: алымдардың көлемдері; бригадаларды жұмысшылардың саны мен кәсібіне қарай ұтымды болатындай етіп құру, жұмысты атқарудың технологиялық жағдайлары және оларды шектес бригадалар арасына үйлестіру, еңбекті қорғау талаптарын орындау және тағы басқалар.

 

4-сурет. Тең ырғақты тасқынның сызық график, циклограмма және диаграмма қаржысы.

 

Алғашқы мәліметтердің сипаттамасына байланысты осы формула бойынша тасқынның түрлі элементтерін есептеп шығаруға болады. Мысалы, құрылысты салудың жалпы мерзімі және оған қатысатын бригадалар, тасқындар саны нақтылы қарастырылған жағдайда тасқын өлшемі:

tа = То/ (п+N - 1) болады.

Бекітілген Т0-де қабылдаған tа және N -де бригадалар саны:

п = То/ (tа + 1 N),

ал алымдар саны:

N = То/ (tа + 1 – n) болып шығады.

Алымдағы келесі жұмыстарды жұмыстар технологиясының шарттарына сәйкес (мәселен, сылақты әрлеу жұмыстары басталғанға дейін кептіру, цементтік тартқышты еденді салғанға дейін ұстап, әбден қатыру, тағы басқаларды) белгілі үзілістерден кейін ғана орындауға болатынына байланысты технологиялық үзілістерге (tтехн) де қажеттілік пайда болады.

Ұйымдық өзгерістер (tұй) бірқатар жағдайларға еңбекті қорғау, ал ырғақты емес тасқындарда бригада жұмыстарының мерзімін ауыстыру жағдайында туындайды. Егер бұл өзгерістер тасқын адымының ұзақтығында ескерілмеген болса, онда олардың мәні тасқынның жалпы ұзақтығының есеп формуласына енгізіледі:

T0 = ta/ (n + N  1) + Stтехн+Stүй

Құрылыс тасқынының объект немесе кешен көлемінде дамуының үш кезеңін айырып көрсетуге болады (4-суретті қараңыз):

1) тасқынның алымына тең уақыт аралығында бригадалар мен қажетті машиналарды тасқын жұмысына қосуға кететін уақытты тасқынды даму кезеңі (Тдаму) деп аталады;

2) тасқынның тұрақты жұмыс істей бастаған кезеңінде (Ттұр) тасқын жұмысшылармен қажетінше қамтамасыз етіледі және олар тұрақты түрде жұмыс істейді;

3) тасқынның адымына тең аралықта жұмысшылар бригадаларын (звеноларын) тасқынның жүйелі түрде шығара бастауды тасқынды тежеу кезеңі (Ттеж) дейді (осы сияқты Ттеж тасқынның өнім шығаратын кезеңі).

Тасқынды өрістету кезеңі (Тдаму) мына формула бойынша анықталады:

Тдаму = ta (n - 1)

Бірқалыпты ырғақты тасқындарды дамыту және оны тежеу кезеңдері тең;

Тдаму = Ттеж =  ta (n - 1)

Жұмысшы күші қозғалысының графигі бойынша (4-суретті қараңыз):

Тдаму = аб, Ттур =  бв, Ттеж =  вг онда аб = вг

Тасқынды ұйымдастыру кезінде қалыптасқан кезеңнің ұзақтығын барынша қамтамасыз етуге күш салынады. Тасқынның бірқалыптылығы уақыт немесе жұмыс атқарылатын уақыт ішінде жұмысшылар санының өзгеруіне қарай қалыптасқан кезеңнің ұзақтығымен бағаланады.

Қ1 - тасқынның бірқалыптылығы жұмысшылар санына тәуелді - бұл жұмысшылардың бір күнде мейлінше көп болғандығының қатынасы птах тасқынның жұмыс істеген уақытындағы олардың бір күндегі орташа көрсеткіші - пор, яғни:

Қ1 = nmax/nop

мұндағы пор = Qбо, Qб - тасқынның жұмыс істеген уақыты ішіндегі барлық жұмыстың енбек сыйымдылығы.

Қ1 - маңызы әруақытта бірліктен жоғары, алайда тұрақты кезең қаншалықты ұзақ болса (оған алымдар санының көбейтілуімен қол жеткізіледі), соғұрлым Қ1 маңызы азаяды және керісінше болады.

­ілуімен кол жеткізіледі), соғұрлым Қ1 маңызы азаяды және керісінше болады.

К2 –таскынныңбірқалыптылығы, ол таскынның тұракты кезеңі ұзақтығы Ттұр  мен жалпы ұзақтығының Тж катынасы: К2 = Ттұр / Тж

К2 - маңызы да әрқашан бірліктен аз. Қалыптаспаған таскын үшін N<n + 1 болғанда К2 = 0, тұракты тасқын үшін К2 > 0 және өлшем үлкен, ал п аз болған сайын оның маңызы да ұлғая береді.

 

  1. Алмаспайтын құрылыс тасқыны.

Алмаспайтын үздіксіз құрылыс тасқынын әдетте өздерінің практикалык кызметінде үй салатын комбинаттар, ал соңғы жылдары селолык құрылыс комбинаттары да пайдаланып жүр. Ол құрылыс және өндірістік таскындар жиынтығынан құралады.

Құрылыс тасқыны-үймереттер құрылысын салуды калыпты және үздіксіз жүзеге асыруды камтамасыз ететін, уакыт және кеңістік бойынша дамитын, өндіретін процесс.

Өндірістік тасқын - бұл да уақыт және кеңістік бойынша дамитын өндірістік процесс. Ол кесілген уакыт ішінде белгіленген барлық технологиялық процестердің қатаң орындалуын және тапсырмаға сай каркында шығарылатын өндіріс өнімдерін технологиялық бағыт бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді.

Уакыт және кеңістік бойынша тасқынның дамуын сипаттайтын тәуелсіз өлшемдер мен катынастар жүйесі алмаспайтын құрылыс таскынының параметрлері болады.

Алмаспайтын үздіксіз таскынның параметрлері ортак белгілеріне қарай төмендегідей болып бөлінеді:

құрылыс және өндірістік таскындар параметрлерінің жүйесі пайдаланылғанда ұйымдық-технологиялыкка;

  • алмаспайтын үздіксіз таскын құрылымындағы таскын түрлеріне (кешенді, объектілік, мамандандырылған және жеке таск­ындар параметрлерінің жүйелері болады);
  • параметр түрлері: кеңістіктікті - жұмыс аукымы, кабат, құрастыру учаскесі, технологиялык торап, алым, кесінді; технологиялық-өнім шығару көлемі,таскын куаты, өнімнің еңбек сыйымдылығы, жеке тасқындар саны; уақыттық - циклдық модуль, таскын адымы, таскын қаркыны.

Өндірістік және құрылыс таскындарының күрамындағы же­текші деген екі таскынның параметрлері жүйелерінің арасында өзара байланыс орнату алмастырылмайтын құрылыс таскындары әдісімен жұмыс атқаруын қамтамасыз етудің маңызды мәселесі болып табылады.

Алмаспайтын құрылыс таскынының қуаты осы екі тасқынды үйлестірудің негізгі параметрі деп есептеледі. Мәселен, зауыт өндірісі мен кешенді таскындар денгейіндегі құрылысты үйлестірудің шарты - құрамалы темірбетон шығаратын кәсіпорынның қуатымен сол өнімді тұтынушы құрылыс ұйымдары-ның қуаты тең болуы керек. Өндірістің және құрылыс таскындарының өзара байланысы жөніндегі бұл шарт алмаспайтын үздіксіз таскынның тиімді жұмыс істеуінің негізгі факторы бо­лып табылады.

Өндіріс саласының кешенді таскындары мен құрылыстың өзара байланысының шарты мынатеңсіздікпен айқындалады: Ртб.к > Рк.к

Мұндағы Ртб.к-құрама темірбетон шығару куаты; Ркк-құрастыру тасқынының қуаты. Егер құрама темірбетон бұл деңгейден көп не аз шығарылатын болса, тиісінше қоймаларда өнімнің шектен тыс шоғырлануына немесе құрылыс саласында өндіретін буындардың тоқтауына әкеліп соғады.

 

  1. Жұмыс өндірісін ұйымдастыруды және жүргізуді жобалау туралы

Құрылысты және жұмыс өндірісін ұйымдастыруды жобалаудың құрамы, мазмұны және тәртібі СНиП 3.01.01 -85 "Құрылыс өндірісін ұйымдастырудың" негізгі ережелеріне сәйкес реттеліп отырылады. Құжаттар озат тәжірибе мен құрылыс және техниканың жаңа жетістіктеріне негізделуі, оларда еңбек өнімділігімен механикаландыру деңгейін арттыру және енбекті көп қажет ететін жұмыстар мен құрылыс құнын азайту жоспарларын орындаудың жолдарын қарастыруы керек. Мұндай құжаттар құрылысты ұйымдастыру жобалары (ҚҰЖ) мен жұмыс өнідірісін ұйымдастыру жобаларынан (ЖӨЖ) тұрады.

Жаңа объектілер тұрғызу, жұмыс істеп тұрған объектілерді кеңейту және жаңғырту құрылыстарын ұйымдастыру жобала­ры (ҚҰЖ) құрылысты салудың мерзімдерін аныктауға, күрделі каржыны және құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемін жылдарға және кезеңдерге бөлуге, құрылыстарды материал­дық-техникалык жағынан камтамасыз ету мәселелерін шешуге қызмет етеді.

Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) осы жобаны бекітетін және толық жүзеге асыратын ұйыммен немесе бас жобалаушымен шартқа отырған мамандандырылған ұйыммен бірлесе отырып екі сатылы етіп жасалады.

Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) тапсырма берушіні, мердігерлер мен не каржыландыруды, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ететін ұйымдар үшін міндетті кұжат болып табылады.

ҚҰЖ-ның алғашқы негізгі материалдарына мыналар жатады: техникалык-экономикалык негізделулер (ТЭН) немесе техникалық-экономикалық есептеулер (ТЭЕ); инженерлік ізденістер; мердігерлермен келісілген материалдарды, құралымдарды және механикаландыру құралдарын пайдалану жөніндегі шешімдер; материалдар және жабдықтармен камтамасыз ету шарттары және оларды тасымалдау; объектілер құрылысының іске косылатын жиынтықтарын белгілеу; құрылысты электр куатымен және сумен қамтамасыз ететін кездер туралы деректер және тапсырма беруші мен мердігерлердің баска да талаптары (уакытша тұрғын үй, өндірістік үймереттер мен ғимараттар, тағы баскалар); құрылыстың нұсқаулы мерзімдері.

Жұмыс көлемдері мен материалдық және энергетика ресурстарына деген қажеттілік, үймереттер мен ғимараттардың ұксас жобаларының мәліметтері, қазір пайдаланылып жүрген анықтамалардағы ресурстардың ірілендірілген сметалық кұны мен каржыларды пайдалану керсеткіштері, үймереттер мен ғимараттар ұлғайтылған сметалык мөлшерлері, ресурстар және ба­ска да материалдардың сметалық құны мен шығындарының көрсеткіштерін назарға ала отырып оңайлатылған әдістермен есептеліп шығарылады. Машиналарға, көлікке деген кажеттілік есептеу жолымен немесе 1 миллион теңгелік құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізуге арналған нормативтер бойынша аныкталады. Құрылыста жұмыс істейтіндер саны шығарылатын орташа жылдық өнім негізінде белгіленеді.

ҚҰЖ-на: құрылыстың даярлык және негізгі кезеңдеріне арналған құрылыстың бас жоспары, құрылыстың мерзімдік жоспары және даярлык кезеңінің бөлек жоспары кіреді. Құрылыстың мерзімдік жоспары негізінде құрылыстағы құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісінің графигі, жұмыстарды орындаудың реттілігі көрсетілген объектілерді салудың ұйымдық-технологиялык нобайы, негізгі объектілер мен кешендерде және құрылыс кезеңдеріндегі жұмыстар көрсетілген Құрылыс -құрастыру және арнайы жұмыстар көлемінің ведомостісі, объектілерге және құрылыс кезендеріне бөлінетін құралымдарға, бұйымдарға және жабдықтарға деген қажеттілік ведомості, жалпы құрылыс бойынша негізгі құрылыс машиналары мен көлік кажеттілігінің графигі, құрылыс кадрларына деген кажеттілік графигі, құрылыс жағдайының қыска сипаттамасы бар түсініктеме және негізгі жұмыстар өндірісі әдістерінің сипаттамасы, қажетті есептер, негіздеме және техникалық-экономикалық көрсеткіштер кіреді. ҚҰЖ-ны жасау құрамы келтірілген.

 

  1. Жұмыстар өндірісінің жобасы

Жұмыстар өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) жұмыстың өзіндік құнын және көп еңбекті қажет ететін жұмыстарды азайтуға, құрылыс мерзімін кыскартуға, құрылыс машиналарының, механизмдердің және жабдықтардың пайдалану деңгейін арттыруға, жұмыс сапасын жаксартуға көмектесетін, құрылыс-құрастыру жұмыстарын аткарудың тиімді индустриалды әдістерін аныктауға кызмет етеді.

ЖӨЖ-ын мердігерлік ұйым немесе оның тапсырмасы бой­ынша жоғарғы құрылыс баскармасының немесе оның меншігіндегі құрылыс фирмалары немесе облыстық құрылыс басқармаларындағы технологиялық жобалау ұйымдары жасайды.

ЖӨЖ-ын жасау кұны жобалау жұмыстарыньщ сметалы есебінен төленетін аса күрделі объекттерден (металлургия объектілері, ГӘС және т. б.) баска жағдайларда косымша шығындар есебінен төленеді. Жұмыс өндірісінің жобасысыз объектілер салуға рұқсат берілмейді.

ЖӨЖ-ын жасауға негіз болатын алғашқы материалдар катарына: бұрын бекітілген жоба, оның ішінде ҚҰЖ-да бар жұмыс құжаттары және сметалар; технологиялык, энергетикалық және баска да жабдықтармен камтамасыз ету туралы мәліметтер; құра-малы құралымдармен, бөлшектермен, бұйымдармен және жартылай шикізатармен камтамасыз ету туралы мәліметтер; құрылыс және құрастырушы ұйымдарының колда бар машиналары мен механизмдері және оларды көбейту мүмкіндігі мен оларды пайдалану туралы мәліметтері; казір колданылып жүрген нормативті құжаттар (ҚМЕ (СНиП), құрылыс, арнаулы және құрастыру жұмыстарын жүргізу мен кабылдау).

Жұмыс өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) технологиялық құжаттардың негізгі үш түрінен тұрады: мерзімдік жоспарлар, құрылыстың бас жоспарлары мен технологиялық карталар, Объектінің көлеміне, пайдалану максатына және күрделілігіне қарай жобада бұл кұжатардың нақтылануы түрлі дәрежеде болып, бәрі бірдей көрініс таба бермеуі де мүмкін.

Жұмыс өнідірісі жобасында жұмыс көлемі құжаттарға, өзгешеліктеріне және сметаларына қарай аныкталады. Ресурстардың барлық түрлерінің есебі өндірістік мөлшерлерге сәйкес жүргізіледі.

Үймереттер мен ғимараттарды немесе оның бөліктерін салудың жұмыс өндірісінің жобасына:

а) объект бойынша жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары немесе кешенді тораптық графигі;

б) құрылыстың бас жоспары;

в) объектіге құрылыс құралымдарын, бұйымдарды, материалдарды және олардың жеткізілу графигі;

г) объекті бойынша жұмысшы кадрлары мен негізгі құрылыс машиналарының козғалысының графигі;

д) технологиялық карталар (схемалар);

е) геодезиялык жұмыстар өндірісі жөніндегі шешімдер;

ж) алмаспайтын тасқынды бригадалық мердігерлік әдіс пен орындалатын жұмыстар жөніндегі шаралар;

з) су және жылумен, энергия қуатымен және жарықпен қамтамасыз ететін уақытша жүйелер тарту жөніндегі шешімдер;

и) технологиялык саймандар тізімі, осы сияқты жүктерді түсіріп, жылжытудың, қажетті жерге әперудің үлгісі;

к) негізделіп қабылданған шешімдер, жұмыс өндірісінің әдістері мен тәсілдері, ресурстар мен техникалық-экономикалық көрсеткіштер туралы түсініктеме кіреді.

Даярлык жұмыстарына арналған жұмыс өндірісінің жоба­сы негізгі жұмыстар үшін жасалған жоба құрамының үлгісімен, бірақ шағын көлемде жасалады. Техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін әдетте мерзімдік жоспар, құрылыстың бас жоспары жасалады және кысқа түсініктеме жазылады.

 

  1. Үймереттер мен имараттардың салу технологиясын вариантты жобалау.

Вариантты жобалау нақтылы обьектіні салу технологиясы және ұйымдастыру жөніндегі көптеген шешімдердің ішінен максатқа толық жауап беретіндей ең тиімді деген жобаны таңдауға мүмкіндік береді. Салыстырылатын варианттардың тиімділігін бағалаудың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері: құрылыстың өзіндік кұны, еңбек сыйымдылығы және құрылысты салу мерзімі болып табылады.

Бұл ретте оған негіз болар алғашқы мәліметтер ішіне объектіні салу шарттары мен оның көлемдік-пландық және конструкциялық шешімдері кіреді. Объектіні тұрғызу шарттарына:

  • құрылыс ауданының геологиялық-климаттык сипаттамасы (аймақтың климаттық ерекшеліктері, құрылыс алаңының геологиясы, су корлары және басқалар);
  • құрылыс алаңының жағдайы, (тарлық деңгейі, әсіресе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңғырту жағдайында; жерасты коммуникацияларының барлығы, ғимараттар мен үймереттерді бұзу қажеттілігі);
  • ресурстык сипаттамалар (өндірістік базалардың, жергілікті құрылыс материалдарының барлығы және қуаты, қүрама элементтер және құралыммдармен жабдықтау мүмкіндігі мен реттілігі, тасымал құралдарының түрлері, энергетикалық және басқа да ресурстар жатады).

Объектіні салудың, көлемдік-жоспарлык және құралымдық шешімдердің шарттарын талдау нәтижесі бойынша құрылыс жұмыстарының тізімі мен құрамы белгіленеді. Осыдан кейін ішінен құрылыстың нақтылы жағдайына неғұрлым тиімді бола­ды дегенін таңдап алу үшін олардың түрлі варианттары жасала­ды.

Құрылысты ұйымдастыру және жұмыс өндірісінің технологиясын жобалау тәжірибесі көрсетіп жүргеніндей, ұйымдық-технологиялык шешімдерді таңдау кезінде кандай да болсын шешім кабылдаудың нәтижелері кандай болатынын күні бүрын кешенді түрде есепке алудың маңызы зор. Мәселе құрылыс жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастыруы құрылыстың негізгі техникалык-экономикалық көрсеткіштеріне үлкен әсерін тигізуінде болып отыр. Мысалы, жұмыстың өзіндік құнының кандай болуы, құрылыс мерзімінің қаншалыққа созылуы, жұмысшылардың еңбек өнімділігінің деңгейі және баска да аса маңызды көрсеткіштер осыларға тәуелді.

Әдетте жұмыстардың біреуінің технологиясын өзгерту бас­ка да жұмыстарға әсерін тигізеді. Сондықтан ұйымдық-технологиялык шешімдерді таңдау кезінде барынша жаксы нәтижеге жетумен бірге баска да жұмыстардағы көрсеткіштердің жақсаруына әсер етіп, экономикалық ұтыс беретіндей түріне тоқталу керек. Бұл, құрылыстың барлық, технологиясы мен ұйымдастыруына жүйелі, кешенді талдау жүргізуді талап етеді. Осымен бірге баға көрсеткіштері мен еңбек шығындары тұрғы­сынан тандап алынатын жұмыс өндірісініңтиімділігін бағалайтын кешенді көрсеткіштердің әлі жасалмағанын назарда ұстау қажеттігін ескеріп отырған дұрыс. Сондықтан бағасы жөнінен үнемді әдіс еңбек шығындары немесе еңбекті қорғау талаптарын камтамасыз ету жөнінен тиімсіз болып шығуы мүмкін.

Жұмыстың өзіндік құны - құрылыс жұмыстары өндірісіне кеткен шығынның акшалай түрі. Жұмыстардың өзіндік кұнына заттай еңбек (материалдық элементтер, энергия, негізгі корлардың аммортизациясы) және тірі еңбек (жалакы және косымша акылар) кіреді. Жұмыстардың өзіндік кұны осы өндірістің техникалык және ұйымдық  жетілдірілуінің деңгейін бейнелейтін басты көрсеткіштердің бірі болып есептеледі. Ол мына төмендегі формула бойынша анықталады:

К= (Ж+М+П+Т) кк

Мұндағы Ж - жұмысшылардың тапкан жалакысы; М - материалдардың, бұйымдардың және құралымдардың кұны, бұған дайындау-қоймалык шығын мен объекті жанындағы коймаға материалдардың әкелу кұны да косылады; П - машиналарды, механизмдерді және жабдықтарды пайалануға кететін шығындар; Т - көлік шығындары; Кк - косымша шығындарды есепке алып отыратын коэффициент, оның ішіне әкімшілік-шаруашылык шығындары, өрттен қорғаушылар мен күзет кызметкерлерін ұстауға кететін каржы, ескірген саймандар мен құралдарды жөндеуге, алмастыруға, материалдар мен құралымдарды пайдалануға кететін т.б. шығындар кіреді.

Машиналар мен механизмдерді пайдалануға кететін шығындар мына формула бойынша есептеледі:

П=Б+П ж  +Тнж + Пал   Тн

Мұндағы Б - машиналарды тасымалдауға, жинақтауға және оларды бөлшектеуге, машиналардың жұмыс істеуі үшін кажет уакытша қондырғылар жасауға кететін бірмезгілдегі шығындар (кран жүретін жолдар, әлектр желілерін тарту және баскалар); Пж - жылдық пайдалану шығындары (механизмдердің амортизациясына бөлінген қаржы және т. б.); Пал - алмасудағы пайдалану шығындары (машиналардың жұмыс істеуін қамта­масыз ететін машинистердің және басқа да адамдардың еңбегіне төленетін акы, энергоресурстардың - электр қуатының, отынның, сығымдалған ауаның, жағар май мен сүрту материалдарының кұны, күрделі жөндеу және соған ұксастар, косымша бөлінген каржылары барлардың баска барлық жөндеу түрлеріне кететін шығындар); Тн - процесті орындау кезінде машиналарды пайдалану алмасулардың мөлшерлі саны; Тж-бір жыл ішінде машиналардың жұмыс істеу алмасулардың мөлшерлі саны.

Құрылыс процесінің өзіндік кұнының элементтері БМБ (ЕН и Р), ҚМЕ-нің (СНиП) 4 бөліміне сәйкес материалдардың жинақтарында көрсетілген бұйымдардың және жабдықтардың, құрылыс машиналары мен жабдықтардың машина-алмасу бағаларын, осы сиякты басқа да мөлшерлік кұжаттарды басшылыкка ала отырып есептеледі.

Жұмыстың енбек сыйымдылығы - жұмыстарға кеткен еңбек шығындарымен сипатталады. Еңбек сыйымдылығы бірлігінің өлшеміне адам-сағат (ад-с) немесе адам-күн (ад-к) алынады. Олар жүмыс өндірісіндегі мөлшерлі жұмыс уакытының шығынын көрсетеді. Жұмыстардың барлық түрлері бой­ынша жұмыс бірлігінің еңбек сыйымдылығының көрсеткіштері БМБ-да көрсетілген.

Процесті орындаудың ұзактығы - операцияларды бірыңғай технологиялык процестерге байланыстыру және сызыктык графиктер мен циклограммаларды жасауда анықталады. Нақтылы жұмыс көлемін орындауға кететін уақыт шығыны көптеген өндірістік факторларға:

Жұмыстың түрлері мен көлеміне, тех­нологиялык процестерді ұйымдастьіру түрлеріне және оны механикаландыру дәрежесіне, жұмысшылар саны мен олардың кәсіптік шеберліктерінің деңгейіне және басқаларга тәуелді. Ұзактық өлшемінің бірлігіне сағат, алмасу, күн алынады.

Вариантта қабылданған машиналар жинағы негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерге едәуір дәрежеде әсер етеді. Вариантты жобада алынған машиналар жинағының тиімділігіне үлесті келтірілген шығындар аз болса, солғұрлым тиімді болмак.

Үлесті келтірілген шыгындар:

Күлбн+ Кқ

Мұндағы К6~өнім бірлігінің өзіндік құны,теңге; Ән-күрделі қаржының экономикалық тиімділігінің мөлшерлі коэффициенті (Ән = 0,12); Кк- үлесті күрделі қаржы, теңге.

Кешенді-механикаландырылған процестердің өнім бірлігінің өзіндік кұны кешенге кіретін машиналардың сменалык өнімділігін және карастырылып отырған территориялық аудандағы құрылыс үшін белгіленген машина-смена құны бойынша төмендегі формула аркылы аныкталады:

Қб=(1,08Қм-ал + 1,5Жор )Q ап  +Қ д

Мұндағы £Қ - жинаққа кіретін (жалакысыз) машина-алмасу машиналар кұнының жалпы сомасы, теңге; ІЖ - құрылыс процесін орындаушы жұмысшылардың алмасулық орташа жалакысы, теңге; 1,08 және 1,5- машиналарды пайдалануға кететін шығындар мен жалакының коәффициенті; Q -машиналар жинағының алмасулык өнімділігі, ол жинақтағы жетекші машинаның өнімділігі бойынша кабылданады, м3, м2, т және басқалар; Қд-даярлық және. қорытынды жұмыстардың құны; Ж-тиісті бірліктердегі жалпы жұмыс көлемі.

Біз дәстүрлі талдау әдісімен және техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу технологиясының ең тиімді деген вариантын таңдау жолдарымен таныстық. Осымен бірге кешен мүмкіндігін барынша толық пайдалану үшін құрылыс технологиясы мен ұйымдастырудың қолайлы деген вариантын анықтау көп еңбек сіңіруді қажет ететін есептер жасауға тура келетіндігін де атап көрсету керек. Бұл өз әсерлерін тигізетін өзаратығыз байланысты көптеген факторларды есепке алу қажеттігінен туындайды.

Тиімді шешімге келу үшін барлык варианттарды белгілі бір өлшемдер бойынша салыстыру керек. Егер құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастыру мәселелері көп варианттылықпен сипатталатынын ескерсек, бұл аса күрделі міндет болып табылады. Әдеттегідей, кез келген құрылыс-құрастыру процесін түрлі техниканы қолдану және жұмысшылардың әртүрлі санын пай­далану, әртүрлі мерзімде және әртүрлі ұйымдастыру аркылы да атқаруға болады. Мәселен, бір кабатты көп өткінді өндірістік үймереттің көтеруші қаңкасының құралымдрын қүрастырудан құралады; үймереттер өткіндері мен секцияларында кран козғалысының түрлі үлгілері, орнатылатын жерге күрылыс күра-лымдарын әртүрлі әдіспен әперу, құрамалы күрылымдарын көтерудің және орнатудың әртүрлі реттілігі, оларды бекіту дәрежесінің әртүрлігі, құрастыру құрылымдарын баска құрылыс процестерімен түрлі дәрежеде біріктіру, жинақтаушылар бригадалары құрамының әртүрлілігі жағдайында еңбекті ұйымдастырудың түрлі әдістері және баскалар аркылы құрастыруға бо­лады.

Көріп отырғанымыздай,тиімді шешімдерді іздестірудің аукымы кең, ал міндеттер сипаты, күрделілігі және шешу әдістері жағынан тіпті көптеген варианттардың ішінен ең жақсы деген өлшем тұрғысынан барынша тиімдісін ғана тандап алу керек, яғни ол мазмұны жағынан алға койған мақсатка жауап беруге тиіс. Халык шаруашылығының маңызды бір саласы ретінде құрылыстың алдына койылған басты мақсаты-тек негізгі қорларды жасау ғана емес, оларды дер мезгілінде іске косу, яғни құрылыстың салыну мерзімін қыскарту болып табылады. Мұның өзі аз кезегінде қолданылып жүрген экономикалық реттеу жүйесін тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.

Осы себепті де құрылыс-құрастыру жұмыстарының құрамына кіретін құрылыс процестерінің барлығының да тиісті параметрлері мен құрамдас бөліктерін есепке ала отырып құрылыс мерзімін нақтылы аныктау ғимараттар мен үйлерді салудың басты міндеті деп танылады. Жұмыс өндірісінің түрлі өлшемдері мен шарттары түрлерінің көп екендігіне байланысты бұл мақсаттарда әлектронды есептеу машиналарын (ӘЕМ) пайда-ланған жөн. Алайда бүгінде бұл міндетті шешудің әдістері мен тәсілдері әртүрлі, тиімді вариантты танцаудың бірыңғай әдісі жоқ.

 

  1. Мерзімдік жоспарлаудың негізгі ережелері тиімділік белгілері (өлшемдері)

Өндіріс жұмыстарының мерзімдік жоспары - жалпы құрылыстык арнаулы және құрастыру жұмыстарының реттілігі мен ұзактығын үйлестіру және жұмыс процестерін мүмкіндігінше қатар жүргізу, олардың орындалу мерзімін реттеу, Құрылыс  ма-шиналарының нормативті уақытын, еңбек ресурстары мен механикаландыру құралдарына деген қажеттілігін анықтау үшін жасалады. Ол негізгі кұжат есебінде құрылысты ұйымдастыру мен жұмыс өндірісі жобаларының күрамына енгізіледі, сондықтан да оның негізгі көрсеткіштерінің құрылымы, құрамы және нақтылану деңгейі жобалық құжаттардың қандай мақсаттарға арналғанына байланысты болады.

Жұмыс ондірісі жобасының құрамындағы мерзімдік жоспарды жасау үшін кажет бастапқы мәліметтер қатарына мына құжаттар жатады:

  • құрылыстың мөлшерлі ұзақтығы немесе нұсқаулы тапсырма;
  • жұмыс сызбалары мен сметалар;

- негізгі мамандықтар мен кәсіптік шеберліктері бойынша кадрлармен, ондірістік-техникалық жинақтар мен құрылыс жүктерін тасымалдау, қолда бар механизмдердің мәліметтерімен камтамасыз өту жоніндегі шарттар.

Мерзімдік жоспарлау негізінде жұмыс барысына бакылау жасалады және орындаушылардың жұмыстары үйлестіріліп отырылады.

Жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары екі бөлімнен тұрады: сол жактык - есептік (1 -кесте) және оң жақтық - графикалык. Графикалық бөлімі сызбалы (Ганттың графигі, циклог­рамма) немесе тор көзді болуы мүмкін.

1-графасына (жұмыс тізімі) жұмыстардың технологиялык реттілігі мен орындалуы және жұмыстардың түрлері мен кезеңдері бойыншатопталуы көрсетіліп жазылады. Бір ескеретін жайт, түрлі орындаушылар (құрылыс баскармалары, учаскелер, бригадалар немесе звенолар) аткаратын жұмыстардан өзгелерін біріктіру кажет.

 

1-кесте

 

Жұмыс

Жұмыс көлемі

еңбек шыгыны, адам - күн

Қажетті машиналар

жұмыс, ұзактыгы, күн

Сменалар саны

Сменадағы жүмыс-шылардын саны

Бригада күрамы

Жұмыс графигі (күндер, айлар)

 

 

өлшем бірлігі

саны

 

 

аттары

маш - см саны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс көлемі - (2, 3 гр.) жұмысшы орындары мен сметалар аныкталып, бірыңғай мөлшерлер мен БМБ-де кабылданған бірлікпен бейнеленеді. Егер еңбек сыйымдылығы онімділік бойынша есептелетін болса арнаулы жұмыстар келемі күн түрінде (смета бойынша) аныкталады, ірілендірілген көрсеткіштерді пайдаланғанда - оларға сәйкес келетін олшемдермен есептеледі.

Жұмыстардың еңбек сыйымдылығы (4 гр.) мен маши­на уақытының шығындары пайдаланылып жүрген БМБ бойын­ша норманы асыра орындауға байланысты түзету коэффиценті еңгізу жолымен еңбек өнімділігінің жоспарлы түрде өсіп наза-рға алынып есептеледі. Осы сияқты 5,6-графаларды да негізгі жетекші машиналардың еңбек енімділігі бойынша алынған есептеулер нәтижесімен толтыруға да болады.

Жұмыстардың ұзактығы - 7 гр. Мерзімдік жоспар жасалғанға дейін жұмыс өндірісінің әдістері мен машиналар және механизмдер таңдап алынуы керек. Және негізгі машиналарды карқынды пайдалану жағдайлары да ойластырылуға тиіс. Ме-ханикаландырылған жұмыстардың ұзактығы тек машиналардың пайдалану кезіндегі өнімділігімен аныкталуы керек. Сондықтан алдымен механикаландырылған жұмыстар ұзактығын белгілейді, ал механикаландырылған жұмыстар ырғағы график жасаудың негізін анықтайды, одан кейін колмен аткарылатын жұмыстардың ұзактығы есептеліп шығарылады.

Механикаландырылған жұмыстарды орындаудың ұзақтығы күн есебімен мына формула бойынша аныкталады:

Т мех = N маш-ал /п маш   m

Мұндағы Nm - қажетті машина-сменалар саны (6 гр.); Пмаш - машина саны; m - тәулік ішіндегі алмасу саны (8 гр.).

Қолмен атқарылатын жұмыстардың ұзақтығы Тқ күн есебімен былайша есептеп шығарылады: енбек сыйымдылығы QK адам-күнді жұмысшылар санына пж -ға болу аркылы жұмыс-шылар камти алатын жұмыс майданы аныкталады немесе оны былайша бейнелеуге болады:

Т к =Q к  /n ж

Алымда жұмыс істей алатын ең көп деген жұмысшылардың саны жұмыс майданының көлемін звеноның немесе бір жұмысшының бір алмасудагы өнімділігіне тең болатын кесінділерге бөлу аркылы аныкталады. Кесімдер санын звено құрамына көбейтсе жүмыс істеуге барынша кажет бригадалар санын білуге болады.

Алмасу саны 8 гр. бейнеленген. Негізгі машиналарды құрастыру крандары, әкскаваторлар пайдалану кезінде алмасу саны екеуден кем болмауы керек деп есептеледі.

Алмасудағы жұмысшылар саны және бригада құрамы (9 және 10 гр.) еңбек сыйымдылыгына және жұмыс ұзактығына сәйкес белгіленеді. Бригада құрамын есептеген кезде бір алымнан екінші алымға ауысқанда ондағы адамдар саны мен мамандық түрлерінің де өзгермеуін ескеру кажет. Осыган байланысты кейінді бригаданың құрамында тапсырылған жұмысты аткаруға қажетті мамандық иелерінің болуы мұкият ескеріледі. Бригада мүшелерінің саны жетекші машинаның өнімділігіне сәйкес болуы керек, есеп негізіне машина жұмысының есепті уакыты бойынша аныкталатын жұмыс мерзімін алу кажет.

Әр звеноның сандық құрамы - пзв; звеноға тапсырылған жұмыстарға кеткен еңбек шығыны – Qж; адам-кун және жетекші процестің орындалу ұзақтығы -Тмех негізінде мына формуламен аныкталады:

n зв  = Qж / Т мех m

Жұмыс өндірісінін графигі. Мерзімдік жоспардың оң жақ бөлігі жұмыс барысын уақыт бойынша, реттілікті және олардың өзара үйлестірілуін нақтылы бейнелейді. Жеке жұмыстарды орындаудың технологиялық мерзімдері реттілікті қатаң сактау талаптарына орай белгіленеді. Бұл ретте келесі процесті орындау үшін жұмыс майданымен мейлінше аз уақыт ішінде қамтамасыз етілуге тиіс.

Жұмыстарды орындаудың технологиялық реттілігі нақтылы жобалык шешімдерге, технологиялык үзілістерге, жыл мезгіліне, құрылыс ауданына және баска да жағдайларға тәуелді бо­лып келеді.

График жасауды объекті құрылысын салу мерзіміне шешуші дәрежеде әсер ететін жетекші жұмыстан немесе процестен бастау керек. Құрылыстың мерзімін қыскартудың негізгі әдісі - құрылыс-құрастыру жұмыстарын тасқынды-жарыспалы және біріктіріп жүргізу болып табылады. Өзара байланысты емес жұмыстар катар және бір-бірінен тәуелсіз жүргізілуі қажет. Мұнда еңбекті қорғау ережелерін катаң сактауды қамтамасыз ету ке­рек.

Жетекші процестің ұзактығын алмасуларды және механизмдер санын немесе колмен аткарылатын жұмыстарды орындаушылар санын арттыру аркылы кыскартуға болады. Қалған процестердің орындалу мерзімі жетекші процеспен байланыстырылады.

Жұмысшы күші қозғалысының графигі төменгі жағында орналастырылады. Жалпы объект бойынша жұмысшы кадрларына деген кажеттілік графигін теңестіруге жұмыстардың басталу және аяқтау мерзімін ауыстыру аркылы кол жеткізіледі.

 

  1. Құрылыстық бас жоспар

Ішінде негізгі құрастыру және жүк көтеретін механизмдердің, құрылыс кезеңінде салынып, пайдаланылатын уакытша үймереттер мен ғимараттардың, жабдықтардың орналастырылуы көрсетілген құрылыс алаңының бас жоспары құрылыстық бас жоспары деп аталады.

Ол құрылыс шаруашылығы объектілерінің құрамын аныктау және оларды орналастыру үшін пайдаланылады. Бас жоспарда құрылыс мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану және еңбекті корғау талаптарын камтамасыз етудің жолдары да мұқият карастырылады. Ол техникалык кұжаттардың өте маңызды күрамды бөлігі және алаңды ұйымдастыру мен уақытша құрылыс көлемін реттейтін негізгі кұжат болып есептеледі.

Құрылыстык бас жоспар жалпы аландық және объектілік болып екі түргебөлінеді (1-сурет). Біріншісін жобалаушы ұйым жұмыс жобасы деңгейінде құрылысты ұйымдастыру жобасының (ҚҰЖ), ал екіншісін құрылыс ұйымы жұмыс құжаттары деңгейінде жұмыс өндірісі жобасының (ЖӨЖ) құрамында жасайды.

Объектілік құрылыстык бас жоспар жалпыалаңдық құрылыстык бас жоспарға кіретін барлык салынып жаткан үймереттер мен ғимараттарға арналып, бөлек жасалады. Күрделі үймереттер үшін объектілік құрылыстық бас жоспар түрлі кезеңдерге (даярлык, негізгі, т.б.) және жұмыс түрлеріне (жер жұмыстары, жерасты ғимараттарын немесе жерасты бөлігін салу, жабын жұмыстары және баска) арналып жасалуы мүмкін.

 

 

1-сурет. Тұрғын үйдің объектілік құрылысының бас жоспары

 

Құрылыстык бас жоспарды жасау үшін пайдаланылатын бастапкы кұжаттар:

  • құрылысты ұйымдастыру жобасының құрамындағы құрылыстық бас жоспар шешімі;
  • кешенді торкөзді (сеттік) график немесе жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары;
  • технологиялык карталар, үймереттің немесе ғимараттың жұмыс сызбасы.

Объектілік құрылыстык бас жоспарды мердігер немесе оның тапсырмасымен бірлестіктің немесе ведомствоның жобалау-технологиялык ұйымы жасайды.

Жұмыс өндірісі жобасының құрамындағы объектілік құрылыстык бас жоспардың графикалык бөлігі әдетте 1:500, 1:200,

1:100 және 1:50 масштабымен орындалады және ол негізінен құрылысты ұйымдастыру жобасындағы құрылыстык бас жос­пар әлементтерінен құралады.

Құрылыстық бас жоспар құрылысты ұйымдастыру жобасында кабылданған принципті шешімдерді дәлдей, анықтай түседі және онда жобалық шешімдерді нақтылы жүзеге асыруға қажет егжей-тегжейлі талданған және мейлінше жанжакты қамтылған мәліметтер бар. Құрылыстык бас жоспарда нақтылы үймеретті немесе ғимаратты салумен тікелей байланысты және объектіге жалғаскан территорияны қамтитын құрылыс шаруашылығы алаңын ұйымдастыру жөніндегі ойластырылған шешімдер көрсетіледі.

Құрылыстық бас жоспар құрылыс алаңының шекаралары, оның коршауларының түрлері, пайдаланылып жүрген және уақытша жерасты, жерүсті және әуе жүйелері мен коммуникациясы, тұракты және уакытша жолдар, көлік құралдары мен механизмдердің қозғалыс үлгілері, құрылыс және жүк көтергіш машиналарды орнататын жерлер мен олардың жүріс жолдары және пайдалану аймағы, тұракты, салынып жатқан және уақытша үймереттер мен ғимараттар, кауіпті аймақтар, жоғарғы кабаттарда жұмыс істейтіндерді жұмыс орындарына жеткізу жолда­ры, осы сиякты үймереттер мен ғимараттардың өткіндері, энер­гия куатымен камтамасыз ететін көздер, мен құралдардың орналасуы, жерге қосылған контурлары, материалдар мен құралымдарды үйетін қоймалар мен алаңдар, жұмысшыларға санитарлық-тұрмыстык қызмет көрсететін үйлердің орналасуы, ішетін су қондырғылары, демалыс орындары, кауіптілігі жоғары аймактар, белгіленген құрылыс алаңын игеру жолдары көрсетіліп жасалады.

Есептеу-түсініктеме - жұмысшы кұжаттардың деректері бойынша анықталған жұмыстардың физикалык көлемі негізінде уақытша құрылыс шаруашылығында косымша құрылыстар салу кажеттілігінің дәлелдері мен дәлелденген есептеулері келтіріледі, осы сиякты механикаландырылған жабдықтарды орнатудың уакытша үймереттер мен ғимараттарды, жолдар салудың, куаттар және жарык жүйелерін арттырудың, су және жылумен камтамасыз етудің, телефондандырудың нақтылы техникалык шешімдері көрсетіледі. Осылардың кайсысының қажет екендігін анықтағанда да, салуды жоспарлағанда да мердігерлік ұйымның нақтылы мүмкіндіктерін есепке алу кажет.

Жобалау тәртібі. Құрылыс шаруашылығының уакытша объектілерін орналастыруды құрастыру және жүк көтергіш механизмдерден бастау керек, өйткені құрылыстык бас жоспардың калған барлык шешімдерінің орындалуы  ең алдымен, солардың қалай орналастырылуына байланысты.

Құрастыру крандары мен жүк көтергіштерді орналастыру мен объектіге байлау, құрылыс алаңындағы жұмыстарды те­жеу және кауіпті аймактарды анықтауға байланысты мәселелерді жұмыс өндірісінің әрбір нақтылы жағдайын, кауіпсіздікті сактаудың техникалык талаптарын, жұмыс өндірісінің картасын ескере отырып жобалау керек.

Құрастыру крандары жүретін жолдарды, әдеттегідей үймереттің өн бойымен салу кажет. Машиналарды топырағы алынған жерлерде (ор, шұңкыр, канау және баскаларда) еңістен кауіпсіз кашықтыкта пайдалануға рұксат етіледі.

Объектілер жанындағы коймалар құрылыс ішіндегі жолдар мен негізгі тасымал магистральдары аркылы жеткізілетін материалдарды түсіріп, кабылдап алуға жеңіл боладыау деген жерлерге салынады. Құрама құралымдар, материалдар, жартылай шикізаттар коймалары кран жұмыс істейтін аймакта орналасуы керек.

Қоймаларды орналастыру кезінде өндіріс жұмыстарынын технологиялык карталары мен үлгілерінде кабылданған шешімдерді басшылыкка алу керек. Осымен бірге механизмдердің жұмыс істейтін аймағындағы койма аландарының габаритті үлгілерін аныктаумен ғана шектелмей, құрастырудың технология­лык реттілігін есепке ала отырып құрама құралымдардың түрлері мен маркаларына қарай сұрыптап, реттеп орналастыру кажет.

Объекті жанындағы механикаландырылған койманың ені тиеу-түсіру жұмыстарының параметрлеріне байланысты белгіленеді және ол әдетте 10 метрден аспайды. Мұнаралы кран жұмыс істейтін ірілендірілген құралымдар коймасының ені кран жебесінің ұзындығынан аспауы керек. Егер мұнаралы кран койманың ортасынан жүретіндей етіп орналастырылса қойманың ені кран жебесінің ұзындығынан артык болмауы керек.

Бұйымдарды, құралымдарды және жартылай шикізаттарды ашық коймаларға үйгенде қойманың он бойымен және көлденеңінен ені 0,7 метрден кем емес өткін калдырылады және көлденең өткіндер әр 25-30 метр сайын болуы керек.

Өрт каупі бар және шаң-тозаңды материалдар сакталатын ашык коймалар баска үймереттер мен ғимараттардың ық жағына орналастырылады және олардың 20 метрден кем кашықтыкта болмауы керек. Барлык коймалар жол шетінен кем дегенде 0,5 метр жерде орналастырылады.

Құрылыс алаңындағы ішкі құрылыс жолдары коймалар мен механикаландырылған жабдықтардың жұмысын токтаусыз кам­тамасыз етуі тиіс. Уакытша жолдардың ені және олардағы козғалыс катарының саны автомобиль түрлеріне, жолдардың категорияларына байланысты аныкталады және көлік бір бағытта жүрсе жол ені - 3,5 метр, ал екі бағытта жүрсе 6 метр деп кабылданады (2-кесте).

 

2-кесте

 

Параметрі

Козғалыс  қатарларының саны үшін көрсеткіштер, м

         1

       2

Қозғалыс катарының ені

        3,5

       3

Жолдың жүргінші бөлігінің ені

        3,5

       6

Топырақ үйіндісінің ені

         6

       8,5

Пландағы кисыктардың ең аз радиусы

        12-18

      12-18

 

Ені 3 және 4 метрге дейінгі автомашиналарды пайдалану кезінде (МАЗ-525, МАЗ-530) жолдың жүргінші болімінің ені тиісінше 4 және 8 метрге дейін үлкейеді. Құрылыс  ішіндегі жолдар жүйесі шеңберленуі керек.

Қоймалар мен құрылыс ішіндегі автомобиль жолдарын орналастырғаннан кейін уақытша құрылыстарды салуға кошеді. Уақытша (негізінен инвентарлық) ендірістік, санитарлық-тұрмыстық, әкімшілік үймереттері жұмысшылардың жұмыс орындарына кауіпсіз және ыңғайлы откіндермен баруын және үймереттердің озара тұруын камтамасыз ететіндей орналасуы кажет. Бұл үймереттерді коммуникацияға косуға кететін және пайда­лану шығындарын азайтуға көмектеседі. Егер жалпы алаңдық құрылыстық бас жоспар бар болатын болса, онда объектілік жоспарда тек салынып жатқан объектіге жалғас территориялардағы уакытша үймереттер, ғимараттар мен жабдықтардың орналасу жағдайы ғана аныкталады.

Объектілік құрылыстык бас жоспарында техника кауіпсіздігі талаптары нақтылана түсіп, жұмысқа қауіпті деп коршалған механизмдер орналаскан және жоғары кернеулі электр желілері отетін аймактар, темір жол өткелдері, көлік қозғалысын реттейтін белгілердің қойылған жерлері, тағы баскалар көрсетіледі. Осы сияқты құрылыс шаруашылығының баска да элементтері аныкталады.

 

  1. Құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету

Өндірістің сапалық көрсеткіштерін жақсарту қазіргі заманғы құрылыстың озекжарды міндеттерінің бірі болып табылады. Жобалау кезеңіндегі құрылыс өнімінің сапасы ғылыми-тех­никалық прогрестің казіргі дәрежесіне, колданылып жүрген мөлшерлік талаптарға сай келетіндей жоғарғы деңгейдегі жоба шешімдерімен айкындалады.

Жобалық шешімдер үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу процесінде жүзеге асырылады. Ал құрылыс өнімінің түпкі сапасы құрылыс-құрастыру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу мен пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдар мен құралымдардың сапасына байланысты.

Үймереттер мен ғимараттарды салу әдістері мен құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісінің технологиясын жетілдіру құрылысты интенсивтендіруге көмектеседі және оның тиімділігін арттырудағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бұл саладағы техникалық саясаттың негізгі бағыттары мынадай: құрылысты индустрияландыру мен механикаландыру; ауыр және еңбек сыйымдылығын көп қажет ететін құралымдар мен бөлшектерді дайындау жөніндегі барлык жұмыс көлемін зауыттарға көшіру; олардың дайындық деңгейін арттыру; құрылыс объектілерін барынша тез қүрастырудың және құрастыру күрделігін азайту жолдары карастырылған жобалар жасау және оларды пайда­лану; зауытта пайдалануға толық дайын құралымдар және бұйымдарды жиынтык түрде жеткізу; жұмыстарды кешенді механи­каландыру мен автоматтандыруға негізделген жаңа жоғары өнімді технологиялык процестерді пайдалану.

Тек казіргі заманғы ғылыми-техникалык прогресс жетістіктерін ұтымды пайдалану және құрылыс (ғылыми - жобалау -құрылыс) өндірісінің озық үлгілері мен тәжірибелеріне сүйене отырылып баскарылса ғана бұл міндеттер ойдағыдай жүзеге асырылады.

Жоғарыда атап көрсетілгеніндей, құрылыста қажетті сапа деңгейіне кол жеткізу құрылысқа катысушылардың бәріне: жоспарлау органдары, тапсырма берушілер, жобалаушы және құрастыру-құрылыс ұйымдары, жабдықтаушы зауыттар және бакы-лаушы органдарына тікелей байланысты кешенді проблема бо­лып табылады. Сондықтан да өнімді жобалау, өндіріс және пайда­лану кездерінде өнімнің белгіленген кажетті сапа деңгейін әрдайым камтамасыз ету жүйелі бакылау аркылы жүзеге асыры­лады және сапа деңгейіне әсер ететін жағдайлар мен факторлар (ГОСТ-15467-79) мақсаткерлікпен реттеліп отырылуға тиіс.

Құрылыстағы сапаны баскару жүйесін құрудың негізіне өнім сапасын мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесі алынады. Осы ережеге сәйкес сапаны баскару мемлекеттік, ведомстволық және өндірістік деңгейінде жүзеге асырылады (1.7-сурет). Құрылыстағы сапаны басқаруды мемлекеттік деңгейде құрылыс жөніндегі мемлекеттік департаменттер жүргізеді. Олардың негізгі міндеттеріне мыналар жатады: өнім сапасын жоспарлау, сапа-ны сактауға мемлекеттік бакылауды ұйымдастыру, сапаны жақсарту жөніндегі шаралар жасау.

Сапаны баскаруды ведомстволық деңгейін құрылыс министрліктері, территориялық бас баскармалар аткарады. Бұл деңгейдегі міндеттер мемлекеттік деңгейдегімен ұксас,тек ведом­ство шеңберімен шектеледі.

Сапаны басқарудың өндірістік деңгейі жобалау ұйымдарда, кәсіпорындар мен құрылыс ұйымдарында (бірлестіктерде, фирмаларда, баскармаларында) ішкі өндірістік қызметтер арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік деңгей орындаушылық деңгей болғандықтан оның негізгі міндетіне қолданылып жүрген мөлшерлер мен кұжаттарға сәйкес сапаны камтамасыз өту жөніндегі шаралар жүйесін жасау жатады. құрылыс-құрастыру жұмыс-тарының сапасы әрбір өндірістік процестің орындалуына жүйелі бақылау жасау аркылы қамтамасыз етіледі.

Ұйымдастыру тұрғысынан сапаға бақылау ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Жүмыс өндірісінің барлық кезендерінде ішкі бакылауды жүргізу күрылыс ұйымының әкімшілік-техникалык қызметкерлерінің міндетіне жатады. Жұмыс өндірісіне жедел бакылау негізінен жұмыс басқарушыға, құрылыс шеберлеріне және бригадирге жүктеледі. Олар бақылауды үздіксіз және тұрақты түрде жүргізеді.

Сырткы бақылау (техникалык кадағалау) - тапсырыс бой­ынша құрылыс салынып жаткан тапсырма берушінің және жо­балау ұйымының авторлык кадағалау м індеті.

Тапсырма берушінің техникалық қадағалауы (құрылысты салушының)- құрылысты салудың барлык мерзімінде жұмыс көлемі мен сапасына бакылау жасайды және мердігерден пайдалануға берілуге даяр объектіні кабылдайды. Тапсырма беруші алғашкы, аралык және түпкі кабылдау кездерінде бақылауға катысады, бұл жөнінде кұжаттар толтырылады.

Жобалаушы ұйымдардың авторлық қадағалауы құрылыстың сапасын жаксарту, салыну мерзімін кыскарту және пайдалануға берілетін объектілердің сапасын және жетілдірілген материалдар мен құралымдарды құрылыстарда пайдалануды жобалау, құрылыс ұйымдарының және тапсырма берушінің жауапкершілігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Авторлық кадағалау жобадан ауытқулар мен жұмыстардың орындалуында олқылықтар табатын болса құрылысты тоқтатуға кұқығы бар. Барлық табылған кемшіліктер толык түзетілгеннен кейін ғана жұмысты жалғастыруға рұқсат беріледі.

Жобалау ұйымдары құрылыстың сапасы және авторлык қада­ғалаудың мұкият жүргізілуі мен байкалған кемшіліктерді түзеу үшін толық жауап береді.

Пайдалануға берілетін үймереттер мен ғимараттарды кабылдауды ұйымдастыру. Құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілетін объектілерді қабылдау сапаны бакылаудың қорытындылаушы және ең жауапты түрі болып табылады. Қабылдау тәртібі ҚМЕ Ш-3-76 "Құрылыстары аякталған кәсіпорындарды, үймереттер мен ғимараттарды пайдалануға кабылдау. Негізгі ережелер" арқылы реттеледі. Тапсыру мен қабылдау екі кезеңде жүзеге асырылады. Тапсырма берушінің жұмысшы комиссиясының мердігерден объектіні алдын ала техникалық кабылдауы және мемлекеттік комиссияныңтүпкілікті қабылдауы.

 

  1. Қоршаған ортаны қорғау.

Біздің елімізде қоршаған ортаны корғау бүкіл мемлекеттік міндет болып табылады. Табиғатты корғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі зандардың талаптарына сәйкес салаларды дамытудың жоспарларын, жаңа объектілерді жобалауды, салуды жоспарлағанда табиғат корғау шараларын жүзеге асыру барлық министрліктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға міндеттелген.

Табиғат экологиялык процестерде байланыстырушы буын болып табылады, сондықтан аса сақтык жасап, қандайда болсын шаруашылық шешімдерінің зардаптарын көре білу керек.

Қалалар мен елді мекендерді, өндірістік және тұрғын аудандарды жобалағанда олардың бас жоспарлары мен жобаларында табиғат ортасының барлық элементтерін корғау мен қалпына келтіру жөніндегі тиісті шаралар міндетті түрде қарастырылуға тиіс.

Табиғаттың шынайы келбетін сактауды қамтамасыз етуде құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісіне маңызды орын беріледі, өйткені жете ойластрылмаған жұмыс әдістері орны толмас зардаптарға ұрындырады, мәселен, ормандардың және жас көшеттердің жойылуына, ортаның өзгеруіне, жерасты және жерүсті суларының режимін, ортаның экологиялық тепе-тендігін бұзуға әкеліп соғады.

Табиғатты қорғау шараларын инженерлік-геодезиялык іздеулер кезеңінен бастап жүзеге асыра бастау кажет. Көлік жолдарының құрылысы бұрын бар болмаса болашақта жоспарлы түрде салынатын немесе салынып жатқан тұракты, уақытша жолдарды да іске жаратуды ойластыру керек. Геодезиялық дайындық кезінде орманды орынсыз аршып жол сала беруге, ағаштар шығыны болуына жол берілмеуге тиіс. Іздеу жұмыстары жүргізілгенде шөгуге бейім жерлерді шамадан тыс көп суландыруға және кешкіндердің пайда болуына бөгет жасайтын және баска да қажетті шараларды ойластыру керек. Іздеу жұмыстары аякталғанынан кейін шурфтарды және баска косымша казылған жерлерді калпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Құрылыс алаңы талшіліктерден және бағалы емес ағаштардың түрлерінен тазартылады, бұл жұмыс құрылыс салына­тын территория  ішінде жүргізіледі. Құрылыс алаңын дайындағанда топырақтың өсімдік өсетін кабаты өте ұкыптылыкпен алынып, құрылыстың баска жерлерінде немесе басқаучаскелерінде көгалдандыру максатында пайдаланылуға тиіс. Ағаштардың  түптерін  атжалдағы топырақтармен жабуға болмайды, өйткені кейбір ағаш тұқымдары одан қурап калады.

Жерасты коммуникацияларын жобалау және тарту жұмыстары құрылыстың бас жоспары бойынша жүргізіліп, жоба қатаң сақталуы керек.  Жер жұмыстарын, оның ішінде  іргетастар  мен  жертөле құрылыстарын салу жобадағы белгілерге сәйкес қатаң сакталып, жүргізілуге тиіс.

Тұракты немесе уақытша орнатылған су деңгейін төмендеткіш қондырғы дренаж өсімдіктердің өсіп-өнуіне әсер етуіне карай 300 метрге дейін кашықтықта орнатылады. Қондырғы мен дренажды салғанда оған жақын территорияда шпунтты кабырғалар тұрғызылады.

Құрылыс салынып жаткан территорияда сакталуға тиіс ағаштар мен бағалы көшеттер арнайы қоршаулармен қоршалады, тамыр жүйелерін корғайтын тиісті гумус кабаты сақталуға тиіс, ал ағаштың діңі ағаш қораптармен жабылады. Ағаштардың және көшеттердің бағалы түрлері жобада көрсетілгендей нөмірленіп қабылданады, ал оларды өткізу акті бойынша дендрологтың қатысуымен жүргізіледі.

Ағаштар баска жерлерге механикаландырылған әдіспен отыргызылады. Ағаш тамыр жүйесінің айналасындағы топыракпен бірге ойылып алынады, ал оны кранмен көтерген кезде арканмен ілетін жерлері арнайы қаптамалармен оралады. Егер ағаш басқа территорияға апарылатын болса оның тамыр жүйесі ағаш жәшікпен қапталады. Қыста ағаш тамырының топырағы катып калған жағдайда оны каптаудың керегі жок.

Үймереттің жерүсті бөлігін тұрғызғанда территорияны шаңдатпас үшін құрылыс қалдықтары мен қоқысты шығарып тастап отыру керек. Олар арнайы контейнерлерге тиеліп төгіледі немесе қораптармен қабылдау бункерлеріне түсіріледі. Құрылыста жарамсыз деп табылған құрылыс бұйымдары мен бөлшектерін және пайдаланылмаған құрылыс материалдарын кемуге болмайды. Осы сиякты құрылыс алаңында материалдардың қалдықтарын, әсіресе битум негізіндегі орамаларды, айырушы материалдарды, бояғыштарды, автоқаптағыштарды және басқа да ауаны ластайтын қоқыстарды жағуға болмайды.

Республикамыздың жер жөніндегі заңдары негізіне сәйкес ауыл шаруашылығы жерлерінде құрылыс немесе басқа жұмыстар жүргізуші барлык кәсіпорындар жұмыс барысы көзінің өзінде-ақ ол жерлерді пайдалануға жарайтын етуі керек, ал оған мүмкіншілік болмаған жерде барлық жұмыс аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде бүлінген жер қалпына келтірілуге тиіс.

Объект жобада көрсетілген көріктендіру және айналадағы территорияны көгалдандыру жұмыстары біткеннен соң су, ауа, газ тазартатын құрылыстарды алдын ала техникалык кабылдаудан, осы секілді қатты қалдықтар территориядан шығарылғаннан кейін ғана пайдалануға кабылданады.

 

Әдебиеттер:

 

  1. Хамзин С.Қ. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық. – Астана, 2003.-381 б.
  2. Соколов В.А. Технология возведения специальных зданий и сооружений. Учебник. – М.: Высшая школа, 2005.
  3. Теличенко В.И., Лапидус А.А., Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.:Высшая школа, 2003.
  4. Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.: Высшая школа, 2003.
  5. Хамзин С.К., Карасев С.К. Основы строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование. – М., 2006.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-10-13 14:18:26     Қаралды-8134

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »