Тақырыбы: Орта мектептегі географияны оқытудың жалпы мәселелері
1 Тақырыбы: Географияны оқыту методикасы
1. Географияны оқыту әдістемесі ғылымының дамуы.
2. Басқа пәндермен байланысы.
3. Географияны оқыту әдістемесінің міндеттері.
Географияны оқыту әдістемесі гылымы дегеніміз – мектепте өтілетін пәнді оқыту және тәрбиелеу процесі жайлы ғылым.
1. Әдістеме – оқу пәнінің мазмұнын, оқыту, тәбиелеу формасын, әдісін, оқу жұмысына қажетті құрал – жабдықтарды анықтайды, қарастырады. Яғни, географияны неліктен оқиды, қалай оқиды деген сұрақтарға жауап береді.
2. Әдістеме педагогикалық ғылым болғандықтан жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсатына, міндетіне сай құрылады. Географияны оқыту әдістемесінің негізгі пәні физикалық, экономикалық географияға жақын пәндер-геология, экономика, демография және т. б. ғылымдар қатары жатады. Географияны оқытудың мынандай заңдылықтары бар. Ол нақты обьектілерді, карта және картографиялық білімдерді қолданады. Сабақты өту барысында сарамандық жұмыстарды, көрнекілік әдістерін пайдаланады. Теориялық білімді дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған география кабинеті қажет. Себебі география пәні мектепте жастарға өндірістің ғылыми – техникалық және экономикалық негіздері жөнінде осы заманға сай терең білім береді. Теориялық біліммен практикалық білім дағдыларын өзара байланыстырып, оқушыларға физикалық,экономикалық, экологиялық тәрбие береді.
Оқыту процесі бірімен – бірі тығыз байланысты екі кезеңнен тұрады:
1. Сабақтағы мұғалімнің іс - әрекеті.
2. Сабақтағы оқушының іс - әрекеті.
Мұғалімнің іс - әрекеті.
Мұғалімнің іс әрекеті жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіреді, білімді бекітеді, сабақты қорытындылайды, тәжірибені үйретеді, сарамандық жұмысты жасатады, үйге тапсырма береді, сабақ үстінде географиялық материалдарды сурет, таблица, схема, диаграмма, карта – схемаларды қолданады.
Оқушылардың міндеті - сабақты тыңдайды, сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды мұқият орындайды, мұғалімнің берген таблицаларын жасайды, кескін карталарды сызады. Мұғалім – сауатты, білімді, жатық тілде сөйлейтін, ұйымдастыра алатын шебер болу керек. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіру кезінде көрнекілікті үнемі пайдаланып жүргізсе ғана сабақ өз нәтижесіне жетеді.
Географияны оқыту әдістемесі мынандай салалармен байланысты:,
1. Педагогикамен байланысты.
2. Химиямен байланысты.
3. Биологиямен байланысты.
4. Медицинамен байланысты.
5. Математикамен байланысты.
6. Тіл әдебиетімен байланысты.
7. Психологиямен байланысты.
Педагогикамен байланыстылығы - әр сабақта тақырыптың тәрбиелік жағына көңіл аударып, тәрбиенің түрлерін пайдалануға көмектеседі.
Психологиямен байланыстылығы – ол оқушылардың жас ерекшелігіне қарай әр турлі түсіндіру, түрлі әдістер қолдану мінез – құлақтарын білуге көмектеседі т. б. байланыстарды келтіруге болады.
Географияны оқыту әдістемесінің міндеттері үш бөлімнен тұрады.
1. Білім беру міндеті.
2. Тәрбиелеу міндеті.
3. Оқушылардың даму қабілетін қалыптастыру.
1. Оқушыларға негізгі физикалық және экономикалық географиядан, картографиядан, геологиядан, басқа да географиялық ғылымдардан нақты білім беру.
2. Оқушыларға экономикалық, экологиялық білім беру.
3. Оқушыларды географиялық мәдениетпен қаруландыру, картаны қолданумен, анықтаманы пайдаланумен, өз бетімен оқумен таныстыру.
2. Тәрбиелеу міндеті:
1. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
2. Эстетикалық тәрбие беру.
3. Еңбекке тәрбиелеу.
4. Оқушылардың даму қабілетін қалыптастыру.
1. Оқушыларды географиялық білімдер арқылы проблемалық жағдайларға қызықтыру.
2. Оқушыларды ұқыптылыққа , ойлауға, есте сақтауға, бақылай білуге үйрету.
3. Оқушыларды картамен жұмыс істеп, өздері қорытынды жасай білуге үйрету.
2 Тақырыбы: Географияны оқыту әдістемесінің даму тарихы, құрылымы
1. Рессей мектептеріндегі географиядан сабақ берудің алғашқы кезеңі.
2. 19-ғасырдағы география әдістемесінің мектептегі жағдайы.
3. 20-ғасырдың басындағы мектептегі географияның әдістемелік жағдайы.
Қандай да болмасын ғылымды ертеде қалай пайда болғанын, тарихын білмей бағалауға болмайды. Мектептегі географияның дамуы біріншіден, білім берудің жүйесіне, педагогикалық теориясына, екіншіден география ғылымдарының ерекшеліктеріне байланысты дамыды.
География ғылым ретінде өте ертеде қалыптасты. Ал мектепте географияны оқыту кейіннен енгізілген. Алдымен Батыс Европа елдерінде 17 ғасырдың екінші жартысында, кейінен Ресей мектептерінде оқытыла бастады. 1 Петр тұсында Ресейде экономика мен саясаттың дамуы білім беруді жеделдетті. Өндірістің дамуына байланысты географиялық білімі бар адамдарды қажет етті. 1710 жылы алғаш «География или краткое описание земного круга» деген авторы белгісіз европалық кітап шығады. 1719 жылы Иоганна Гюбнердің «Земноводного круга краткое описание» деген енбегінде математикалық география мен Европаның жеке елдерінің картасы туралы жазылады. Онда сұрақ жауап ретінде елдердің географиялық жағдайына, өзендеріне, халқына , басқа да жағдайларына тоқталады.
18 ғасырдың басында Ресейде алғашқы географиялық экспедициялар құрыла бастайды. Олар ең алдымен Каспий теңізіне, Солтүстік Мұзды мұхиты аралдарына, Камчаткаға, Курил аралдарына жасалды. Ресей туралы географиялық очерктерді жазып, зерттеген В.Н. Татищев болды, бұл енбек Ресейдегі алғашқы географиялық оқулық болды.
Отандық географияның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым М.В.Ломоносов, оның ұйымдастыруымен алғашқы атлас, еліміздің екі картасы, физикалық, экономикалық мәліметтер жасалынды.
1786 жылы Ресейде алғашқы училище ашылып, негізгі бөлімде 3 жыл бойы аптасына 2- 3 сабақтан оқыта бастады. Алғашқы кезде Европаның географиясын оқытып, сосын Ресейдің, одан кейін жалпы географияны оқытты. Осыдан бастап керекті құрал-жабдықтар: глобус, картаның қарапайым түрлері жасала бастады.
2. 19 ғасырда географияның дамуына байланысты барлық оқу орындарында оқытыла бастады. Гимназияларда оны 3 – ші сыныптан бастап, 8 – сыныпқа дейін оқытты. Алғашқы кезде жалпы жер туралы географиялық білімдер оқытлды. Сол кездегі ғалымдар Е. Ф. Зябловски мен А. Арсеньев тің оқулықтарында физикалық география мен экономикалық география жайлы мәліметтер болды. ХІХ-ғасырдың 2- жартысында мектептегі географияның жағдайы нашарлай түсті. Сыныптардағы сағаттарды қысқартып., география сабақтарын қиын, қызықсыз етіп жіберді. Мектептегі географияның бұл жағдайы ХІХ- ғасырдың аяғына дейін созылды. Ресейдің сол кездегі ғалымдары мектеп географиясының ролін білім саласында, оқушыларды тәрбиелеуде, жоғары деңгейде болуын талап етті. Н.В. Гоголь сол кездегі мектеп географиясын «өмірсіз, құр сүйек», деп жазды. География методикасының дамуына К. Д. Ушинский үлкен үлес қосты. Ол мектептегі географиядан сабақ беруді сынады. Ол «Біздің елімізде география ғылымдарына деген көзқарас өте төмен», - деді. К.Д. Ушинский географияны оқытуда мынандай педагогикалық принциптерді айтты:
1. Географияны оқытуда белгіліден белгісізге қарай жүру принципі, оны «Детский мир» кітабында ашып көрсетті.
2. Көрнекілік принципі. Оны қоршаған табиғатты оқудан көрсетті. К.Д. Ушинскийдің ілімін Д.Д. Семенов жалғастырып, география методикасының дамуына үлкен үлес қосты. Семенов оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне, карта сызуға, чертеж жасауға, рельефті карта дайындауға көңіл аударды.
1860-67-ші жылдары Семенов «География сабақтарында» деген 3 бөлімді оқулық жазды. 1-ші рет оқулықта өлкетану принципі қолданылды. Семеновтың ілімдері мен тәжірибелеріне қарамастан жалпы мектептердегі географияны оқыту номенклатуралық – жазбалы түрде қалды. 19-шы ғасырдың аяғына дейін география мұғалімдерін арнайы дайындамағандықтан сабақ жаттанды түрде өтіп, картаның мазмұны ғана таныстырылды. Білімнің мұндай денгейде болуы көбінесе мектеп оқулығына байланысты. Мысалы, К. Смирнованың оқулығы бір ізді номенклатуралы географиялық атауларға ғана тоқталған, оқулықтың тілі оқушылар үшін жалаң және қиын. 2 сынып оқулығында көрнекі суреттер мен тапсырмаға арналған сұрақтар жазылмаған. Мектептерде географияны оқытудың деңгейі өте төмен болуына байланысты оқушыларды қызықтырмады.
3. 19-шы ғасырдың аяғында Ресейде өндіріс орындарының дамуы көптеген ғылымдардың пайда болуына әкеп соқты. В. Власовтың айтуынша «Мектептерде географияны бұрынғы жүйемен оқыту ешқандай жақсылық әкелмейді, курсты аяқтаған оқушылардың жалпы география, отандық география бойынша бөлімдері жеткіліксіз». Педагогикалық ілімдердің дамуы география оқулығының көрнекілігін, мазмұнын жақсартты. 20-шы ғасырдың басында жаңа оқулықтар пайда болды. Олар Г. И. Иванова және ұжымдық авторлар - А.А.Крубер, А.С. Баркова, С. Г. Григорьева, С.В. Чефранов. Олар оқулықтың мазмұны мен әдістемелік жабдықталуын қадағалады.
1902 жылы шыққан Г.И. Иванованың оқулығы оқушылар үшін қызық та, оңай болды. Математикалық географияның тақырыптарына оңай сұрақтармен жауап берді. Оқулыққа сол кездегі танымал ғалымдар А.П. Нечаев пен С. Мечаның еңбектері қолданылды. 1903 жылы оқулық шықты. Бұл оқулықта номенклатураны қысқартып, тақырыпты көрнекі суреттермен, қосымша материалдармен толықтырды. Оқулықпен қатар әдістемелік нұсқаулар шықты.
1914 жылы мектептің жаңа оқу жоспары жасалынды, онда географияны оқыту тек төмен кластарда ғана емес, гимназияның жоғарғы сыныптарында да оқытылсын деді. 1915 жылы Москвада география мұғалімдерінің Бірінші Бүкілресейлік съезі болды. Съезге қатысушылар: «Географияны оқытудың әдістерін өзгертіп, оқушыларды ойлауға, айналаны бақылауға, қорытынды жасауға үйрету керек» - деді. Жаңа бағдарлама мектептегі географияның дамуына үлкен өзгеріс әкелуі тиіс болды, бірақ бұл жұмыстар мектептерде жүргізілмеді. Көптеген кедергілерге қарамастан революцияға дейінгі кезеңде географияны оқыту әдістемесі біраз деңгейде дамыды.
Кеңестік кезеңдегі география әдістемесінің дамуы.
Революциядан кейін патша өкіметінің тұсында құрылған мектептерді жойып, жалпы білім беретін еңбек мектебі етіп қайта құрылды.
Кеңестік кезеңдегі мектептердің алдындағы міндеттері:
1. Материалистік көзқарасты қалыптастыру.
2. Еңбекке тәрбиелеу.
1923 жылы Халық Комиссарлары Кеңесі жаңа бағдарлама құрды. Ол жалпы кешенді біріккен бағдарлама ретінде құрылды. Табиғат, еңбек, қоғам деп топтастырылып берілді. Бұл мұғалімдерді қанағаттандырмады. 1931 жылы 5 – ші қыркүйекте қаулы шықты, ол «Бастауыш және орта мектеп жұмысын жақсарту» - деп аталып, жаңа бағдарлама мәселесін қамтыды. 1932 жылы 25 тамызда қаулы шығып мынандай міндеттер қабылдады:
1. Бастауыш және орта мектепте оқу жұмысының негізгі ұйымдастыру формасы бар сабақ болсын.
2. Тұрақты оқу кестесі болсын.
3. Мұғалім оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуін міндет етсін.
4. Оқушы өз бетімен, картамен жұмыс істесін.
Бағдарлама бойынша география курсының оқытылу сыныптары анықталды. География ғылымдарына, карталарға көңіл бөліне бастады. Сол кезде жаңа географиялық оқулықтар шықты. Мәселен, Н.Н. Баранскийдің, И.А. Витвераның экономикалық және шетелдердің географиясы шықты. Ғылыми әдістемелік журнал «География в школе» шығарыла бастады. Біраз жоғарғы оқу орындарында география маманын даярлау қолға алына бастады. Соғыстан кейінгі жылдары мектептерде өзгерістер енгізіліп, 7 жылдық мектептер жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылды. 1953 –1954 жылғы бағдарламада практикалық жұмыстарға көп көңіл бөлінді. Оқушыларды еңбек етуге - ғылыми көзқарастарын дамытуына дағдыландыру қажет болды. 1958 жылы 24 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің шешімімен Заң қабылданып мектептегі географияға үлкен көңіл бөлінді. Мектептерде өлкетануға көңіл бөлініп , өз өлкесінің картасымен жұмыс істеуге жағдай жасалынды.
Жаңа этап кезеңінде мектептерді дамыту барысында жоғарыдан қаулы қабылданып, онда «Жалпы білім беретін мектептердің жағдайын жақсарту ісі қолға алынсын» деді. Қаулы бойынша мектептегі географияны оқытуға біраз өзгерістер енгізілді, табиғаттануға берілген уақыт көбейтіліп, 2 сыныптан бастап 4-ші сыныпқа дейін оқытылатын болды. Оқу жоспарына факультативтік курстар қосылды. Олар оқушылардың білімін жетілдіру үшін негізгі курста қамтылмаған материалды, сұрақтарды қарастыруы тиіс болды. Осы кезде жаңа бағдарламалар жасау үшін ғалым географтар мен әдіскерлер жұмыс істей бастады. Жалпы орта білім беру бағдарламасы бойынша географияны физикалық және экономикалық бөлімдерге бөлді. Сол кезде В.П. Максаковскийдің шетелдердің экономикалық географиясы оқулығына Мемлекеттік сыйлық берілді. Жаңа бағдарлама бойынша физикалық география курсына, практикалық курстарға үлкен көңіл бөлінді.
1970 жылдары Үкімет орындарының шешімімен табиғатты қорғауға, ресурстарды ұқыпты пайдалануға кірісті. Жаңа бағдарлама бойынша жасалған оқулықтарға экологиялық, табиғатты қорғау мәселелері енгізілді. Бірітіндеп географияның материалдық базасы ұлғайды, керекті құрал-жабдықтар жасалынды, техникалық құралдармен жабдықталған географиялық кабинеттер пайда болды. Оқушылар тегін оқулықтармен қамтамасыз етіліп, жаңа оқулықтар шығарыла бастады. Географияны оқыту әдістемесі педагогикалық машықтанудың кейбір мәселесін шешу арқылы ғылыми деңгейге көтерілді. Географияны оқытуды педагогикалық ғылымдар Академиясы мен ғылыми-зерттеу институтының әдістеме бөлімі жүргізді.
3 Тақырыбы: Географияны оқытудың мақсаты, орта мектеп географиялық білімнің құрылымы мен мазмұны.
1. Географияны оқыту мақсаты.
2. Мектептегі географияның мазмұны.
3. Жалпы бағдарламаға мінездеме.
Орта мектепте географияны оқытудың өте маңызды мақсаты оқушыларды төмендегіше қалыптастыру және тәрбиелеу:
• Отанның ұлттық байлықтарын аялай қарауға, шаруашылықта жеткен жетістіктерге деген мақтаныш сезіміне, оның даму болашағына деген жауапкершілікке;
• Қазақстандық отансүйгіштікке, өзара көмектесуге деген құлшынысқа, Қазақстан мен дүние жүзі халықтар арасындағы достыққа;
• Халықаралық саяси-экономикалық өмірдегі деректер мен құбылыстарды дұрыс түсінуге және бағалай білуді;
• Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, әсіресе объектілер мен құбылыстарды кешенді түрде қарастыру кезінде, өз ойларын картамен байланыстыра білуге;
• Табиғатқа және табиғат пен қоғамның өз ара қатынасына диалектикалық – материалистік көзқарасты қалыптастыруға;
• Қазіргі заманғы дүние жүзілік экономиканың дамуының негізгі бағыттарымен таныс болуға, Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстан халқының жетістіктерін қорғауға, Жер бетіндегі халықтармен интернационалдық ынтымақтастық сезімде, белсенді өмірлік көзқарасқа;
• Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау үшін керекті білім мен біліктілікке үйренуге, өндірістік қызметінде, өнеркәсіптік жэне қоғамдық өмірде атсалысудың маңызды жағдайы ретінде оқушыларды экономикалық география мен экономика саласында өзіндік білімін көтеруге дайындауға мақсат етеді.
География пәнінің оқу – тәрбиелік міндеттері.
География пәнін мектепте оқыту барысында келесі міндеттер шешіледі:
1. География ғылымы және онымен жапсарлас бірқатар Жер қоғам туралы ғылымдарды игеру, табиғат аясында жасай білу ережелеріне сай үйренген географиялық білімді кәсіптік қызметке қолдана білуді игеру.
2. Географиялық , саяси экономикалық ақпарат көздерімен, карталармен, тұрмыстық және кәсіптік міндеттерді шешу үшін электронды-есептегіш техникамен жұмыс істей білу.
3. Өз аймағындағы табиғи және шаруашылық ахуалды бағалау. Оқушылардың оқу жұмысына қажетті икемін қалыптастыру, логикалық дамыту, жадын, тілін, аумақ образын жасай білу, қоршаған ортаны эстетикалық қабылдай білу, өмірге деген шығармашылық көзқарас пен тұрақты түрде дамуға және өздігінен білімін көтеруге тырысу қабілеттерін дамыту.
Географиялық білім міндеттерін шешу барысында қазіргі заманғы география толық ғылымдар жүйесі болып табылатындығы басты назарда болды. Ол екі негізгі тарамдарға - физикалық және экономикалық география салаларына бөлінеді. Бұл бөліну география ғылымы зерттейтін обьектілердің өз танымынан туындайды, бір жағынан табиғат құбылыстары, екінші жағынан қоғамдық құбылыстар.
Физикалық география жаратылыстану ғылымдары анықтайтын табиғи құбылыстарын географиялық тұрғыда зерттейді.
Экономикалық география қоғамдық ғылымдар анықтаған заңдылық-тарға негізделген қоғамдық құбылыстарды зерттейді.
География ғылымдарының қазіргі замандық деңгейі зерттеу аумақтарының, әсіресе, Қазақстан Республикасының географиялық ерекшеліктерін, теориялық зерттеулер мен ғылыми түсініктер жүйесін теріп алу және дидактикалық өңдеу міндеттерін қойып отыр.
Қазіргі заман географиясының даму үрдісі мен оның табиғатты қайта қалыптастыру мен тиімді пайдаланудағы ролінің өсе түсуін еске ала отырып, географияның барлық курстарында табиғи ресурстарды зерттеуге адам қоғамы мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәселелеріне, табиғат қорғауға, минералды-шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға баса көңіл аудару керек.
Бұл мәселелер оқу материалының бүкіл мазмұны арқылы өтетін болуы тиіс.
География - жалпыға міндетті білім мен фундаменталдық оқу пәндерінің ішіндегі Жер планетасы туралы толық түсінік беретін, бір мезгілде жаратылыстану жэне қоғамдық ғылым болып табылатын жалғыз пән. Ол географиялық білімдердің орта мектепте алатын Жалпы ғылыми білімдер арсеналындағы синтездеуші функциясын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес, оқушылардың қоршаған әлем туралы білімдерінің толықтығы мен біртұтастығын талап ететін дәстүрлі жэне қазіргі замандық оқу әдістерінің және Жер туралы ғылымдар жүйесінің білім жинақтау құралдарының көмегімен біздің Планетамыз туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру «География» пәнінің оқу функциясының негізгі мазмұны болып табылады.
Осыған сәйкес географиялық білім оқушылардың географиялық заңдар мен заңдылықтардың, үрдістердің, әлемнің түрлі аймақтары мен елдеріндегі қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынас обьектілерін білуге және түсінуді үйретуге қызмет етеді.
Табиғатты, тұрғындар мен шаруашылықты зерттей отырып, география табиғат, адам, қоғам, жүйесін зерттеумен айналысатын үлкен интеграциялаушы әлеуетке ие. Адам, қоғам және табиғат арасындағы қатынас – адамзат қоғамының өз өмірі мен әрекеті, ортаны қорғау мәселелерін шешудегі экологиялық құрамы болып табылады. Бұл кешенді көзқарастар оқушыларды оқытудағы пәнаралық ғылыми байланыстар үшін, тәрбиелеуде, дамытуда аса ірі мүмкіндіктерге жол ашады.
Мектеп географиясының құрылымы мен мазмұнын жетілдіруге байланысты «География» пәніне Жалпы білім беретін мектепті реформалаудағы негізгі талаптарды көрсететін айтарлықтай өзгерістер енгізілді.
География пәні Қазақстан Республикасы Жалпы орта білімнің Базистік оқу жоспарында көрсетілген оқу пәндерінің тізіміне сәйкес мынандай курстарға бөлінеді:
- Базистік оқу жоспарында географияны оқуға негізгі мектепте 7,5 + 2 сағат Жаратылыстануға бөлінген.
Географияның курстары
1. 5-ші сынып – Жаратылыстану - кіріктірілген курс.
2. 6-шы сынып - Физикалық география - бастауыш курс.
3. 7-ші сынып - Материктер мен мұхиттар географиясы.
4. 8 – 9-шы сыныптар – Қазақстан географиясы тұтас курсы - Қазақстанның физикалық, экономикалық жэне әлеуметтік географиясы.
5. 10-шы сынып - Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы.
5-ші – сыныпта «Жаратылыстану» курсы бастауыш сыныптарда оқылатын Дүние тану курсы мен жаратылыстану ғылымдары биология, химия, физика, география және экология пәндері арасында жалғастырушы роль атқарады.
6-шы – сыныпта «Физикалық география» курсы оқытылады. Бұл курс кіріктірілген «Жаратылыстану» курсынан географиялық жүйелі курстарына логикалық түрде өтуді қамтамасыз етеді, сонымен бірге олар үшін негіз болып табылады. Бұл курстың басты міндеті – оқушыларға пән туралы, Жер бетіндегі табиғат пен тұрғындар туралы, географиялық карта туралы, бастапқы түсініктерді беру, және де өлкетану негізінде бастапқы географиялық біліммен жұмыс істей білуді үйрету.
7-ші – сыныпта «Материктер мен мұхиттар географиясы» курсы оқытылады. Онда оқушыларға түсінікті деңгейде Жер табиғаты мен оның қабықтарының құрылысы таныстырылады. Түрлі аумақтардың табиғатын зерттеу кезінде оқушыларда алғашында табиғат кешендерінің ендік бағытта полюстерден экваторға қарай ендік және биіктік бойынша алмасу туралы образды көзқарас қалыптасады. Онан соң бұл құбылысқа ғылыми түсінік беріледі. Оқушылар географиялық қабықтың біртұтастығы мен құрамдардан тұратыны, олардың арасындағы байланыс туралы түсінікке біртіндеп әкеледі.
Жердің әр бір құрлығы мен мұхиттарын зерттеу кезінде осы аймақтағы халықтың шаруашылық әрекетіне және табиғатына сипаттама беріледі. Дүние жүзінің саяси картасы мен жекелеген елдердің қысқаша сипаттарына үлкен мән беріледі. Және де Қазақстан туралы бірқатар географиялық мәліметтер Евразияны зерттеу кезінде беріледі. Осылармен бір мезгілде Жердің географиялық қабығымен байланысты түсініктерді қалыптастыру жалғастырылады.
8-9-шы - сыныптарда «Қазақстан Республикасының географиясы» (Қазақстанның физикалық, экономикалық және әлеуметтік географиясы) бірегей курсы оқытылады. Бұл курс жеткілікті дәрежеде Қазақстан Республикасының табиғаты, халқы мен шаруашылығы туралы толық, терең және біртұтас түсінік беруге бағытталады. Курстың мазмұнында Қазақстан Республикасының табиғи жағдайларын және ресурстарын бағалау, халықтың демографиялық аспектілерін зерттеу, салааралық, аумақтық - өнеркәсіптік кешендер талдау және Қазақстан Республикасы біртұтас шаруашылық кешенін талдау мәселелеріне баса көңіл бөлінеді.
Аймақтық тарауларда табиғатын, халқын және шаруашылығын кешенді зерттеуге маңыз бере отырып және де шаруашылық сипатына байланысты, ірі табиғат және экономикалық зоналардағы сипаттамаларына баса назар аударылады.
Бұл курста оқушыларда физикалық-географиялық білімнің қалыптасуы негізінен бітіп, экономикалық-географиялық және экологиялық білімнің негізі салынуы керек.
10-шы сыныпта “Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы” курсы оқытылады . Бүл курс оқушыларда қоршаған әлемнің біртұтастығы (яғни жер шарының халқы және шарушылығы өзара байланыста) туралы көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мұнда Жер шары халқының өсуіне баса назар аударылуы керек. Түрлі елдер арасындағы экономикалық байланыстардың күшейе түсуі ауқымды коммуникациялар желісінің аса кеңеюіне әкеліп соғады
Бұл деген пәннің мәдени-гуманистік бағытының күшеюіне алып келеді, себебі әлем халықтары географиясын, діндерді, тілдерді, мәдениеттерді т.б. оқытуға бөлінген уақыт көбейеді. Онда жеке елдер туралы материалдар қысқартылған, себебі осыдан бастап ол материалдар негізінен аймақтық шолу ретінде оқытылатын болады. Сонымен қатар адамзаттың глобальдық проблемалары мен Қазақстанның әлемдік саясат пен экономикадағы орны мен ролін көрсетуге баса назар аударылуы тиіс. Осылайша құрылуына байланысты, бұл курс елтанушылық курсынан жалпы экономикалық географиясы бар экономикалық- географиялық елтану курсына айналады.
11-сыныпта “Жалпы география” (табиғатты пайдалану аспектілері) курсы оқытылады. Оны оқытудағы негізгі мақсат: оқушылардың әлемнің географиялық сипаты туралы білімін қалыптастыруды аяқтау. Ол қоғам мен табиғаттың өзара ықпалы, халықтың көбеюі мен таралуы, әлемдік шаруашылық және географиялық еңбек бөлісуі, дүние жүзінде және жеке аймақтарда туындайтын ауқымды және аймақтың экологиялық- географиялық проблемаларда анықтау туралы теорияны түсіндіруге сүйенеді.
Бұл курста қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану проблемалары туралы білімді жинақтаушы әрі дамытушы болып табылатын табиғат пайдалану аспектілеріне баса назар аударылуы тиіс.
Кең мағынада қарастырылуға тиіс физикалық және экономикалық, географиялық біліммен қатар оқушылар тарапынан биология, химия, физика және өзге де мектеп пәндерін оқу кезінде табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау проблемасынан алған білімдерін дамытуды ойластыру.
Оқу бағдарламаларының түрлері және олардың мазмұны.
География оқу пәні шеңберінде келесі бағдарламалар жүзеге асырылады:
- білім беретін негізгі бағдарлама;
- білім беретін бағдарлы профильді бағдарлама;
- білім беретін қосымша бағдарлама (жеке жұмыстық бағдарлама немесе жоспарды қоса).
Бөлімде осы пәнің шеңберінде оқытылатын оқу бағдарламасының әрқайсысына сипаттама беріледі, оның ішінде:
- оқу бағдарламасының мазмұны, география оқу шеңберіне оқытылатын бөлімдер мен курстардың тізімі.
Негізгі курстар:
«Жаратылыстану» кіріктірілген курсының құрылымы:
Жер –Күн жүйесінің планетасы. Дүниетану дене және заттар. Дүниетану тіршілік. Табиғат және Адам. Табиғатты қорғау.
Физикалық география - Бастапқы курс. Бөлімдер: План мен карта. Жер қабықтары. Жердегі адамзат. Жергілікті жердің табиғаты.
Материктер мен мұхиттар географиясы - Бөлімдер: Жер табиғатының сипаттамасы. Мұхиттар. Құрылықтар.
Қазақстан Республикасының географиясы. – «Қазақстан Республикасы-ның географиясы» курсы екі бөліктен тұрады:
а) Бірінші бөлім – Қазақстан Республикасының географиясы.
Бөлімдері: Кіріспе және Қазақстан аумағын географиялық тұрғыда зерттеу тарихы. Қазақстан тарихына жалпы шолу. Қазақстанның табиғатын қорғау. Туған өлке табиғаты.
б) Екінші бөлім – Қазақстан Республикасы экономиялық және әлеуметтік географиясы. Бөлімдері: Кіріспе. Табиғи ресурстық әлеумет. Қазақстан Республикасың әкімшілік аумақтық бөлшектенуі. Қазақстанның геосаяси жағдайы. Халқы. Қазақстан Республикасының халық шаруашылығының жалпы сипаттамасы. Өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығы. Көлік және байланыс. Әлемдік шаруашылықтағы Қазақстанның орны. Қазақстан Республикасы экономикалық аудандары. Өз облысының (туған өлкенің) экономикалық және әлеуметтік географиясы.
Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы. -
Бөлімдер: Дүние жүзінің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы. Елтану элементтері. Дүние жүзіне аймақтық шолуы.
Жалпы география (табиғатты пайдалану). - Бөлімдері: Кіріспе. Жер табиғатына шолу. Табиғат және өркениет. Табиғатты игерудің аймақтық проблемалары, адамзаттың глобальдық проблемалары, тұжырым.
“География” оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын игеру мерзімдері:
- бастауыш мектепте географиялық құбылыстар мен үрдістер туралы мәсе-лелер “Қорғаныш әлем” және “Дүниетану” жинақтылығы курстарында қарастырылады.
- 5-ші сыныпта “Жаратылыстану ” кіріктірілген курсы.
- 6-9-шы сыныптарда география жеке оқу пәндері ретінде 4 жыл оқытылады.
- жалпы білім беретін орта мектепте(10-11-ші сыныптар) география сабағы жеке пән ретінде 2 жыл оқытылады.
- пән бойынша білімнің базалық мазмұнын игеру мерзімі Базистік оқу жоспарымен анықталады, ал пән бойынша білімнің жоғары деңгейінің мазмұны – Қазақстан Республикасының Жалпы деңгейінің мазмұны – Қазақстан Республикасының жалпы орта білімінің типтік оқу жоспарымен анықталады.
“География” оқу пәнінің оқу жоспарын (керекті деңгейлік минимум) мерзімі:
5-ші сыныпта “Жаратылыстану” кіріктірілген курсы аптасына кемінде 2 сағат (барлығы жылына 68 сағат) өтіледі.
- негізгі мектепте – 255 сағат. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы географиясын оқуға 8-9-шы сыныптарда аптасына кемінде 2 сағат бөлінеді
(барлығы жылына 136 сағат).
- орта мектепте – 68 сағат.
- гуманитарлық профильдегі жоғарғы мектепте:
а) филология және эстетикалық профильде - аптасына 1 сағат және оқу жылында 34 сағат.
б) 10 сыныпта қоғамдық-тарихи профильде – аптасына 1 сағат және оқу жылында 34 сағат, 11 сыныпта – аптасына 2 сағат және оқу жылында 68 сағат.
- Жаратылыстану ғылымы профилінде:
а) Жаратылыстану – географиялық профильде – аптасына 4 сағат және оқу жылында 136 сағат.
б) Химия-биология және физика-математика профильдерінде - аптасына 4 сағат және оқу жылында 34 сағат.
Географиядан профильді білім беру профилінде бағдарламаны игеру мерзімі (мазмұны күшейтілген деңгей):
- негізгі мектепте – 714 сағат;
- орта мектепте – 76 сағат;
Географиядан білім беру және қосымша бағдарламаларды негізгі және орта мектептерде игеру мерзімі:
- факультатив сабақтарда: оқу жылында 17 сағаттан кем емес немесе 68 сағаттан артық емес
- жеке бағдарламалар бойынша: оқу жылында 17 сағаттан кем болмау, 34 сағаттан аспау керек.
Оқушылардың оқу жүйесінің апталық және жылдық көлемі.
Оқушылардың әрбір сыныптағыоқу жүйесінің минималдық көлемі:
- негізгі мектепте – аптасына 2 сағат және оқу жылында 68 сағат.
- гуманитарлық профильді орта мектепте – аптасына 1 сағат және оқу жылында 34 сағат.
- жаратылыстану – географиялық профильдегі орта мектепте – 242
сағаттан кем болмауы тиіс (әр сыныпта аптасына 4 сағат және оқу жылында 136 сағат).
География пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
Оқу пәндері стандарттарында:
- білім бағдарламасындағы оқу жүктемесінің жалпы көлемі белгіленеді.
Білім беретін негізгі бағдарламаға сәйкес жүктеменің минималдық көлемі:
- негізгі мектепте – 323 сағат;
- гуманитарлық бағытта орта мектепте – 68 сағат;
- жаратылыстану (жаратылыстану- география ) бағдарындағы орта мектепте 232 сағат (аптасына4 сабақ);
- физика- математика бағдарындағы орта мектепте – 68 сағат (аптасына 2 сағат) құрайды.
“ География” оқу пәні бойынша оқу бағдарламаларының базалық мазмұны
География білімінің (оқу пәнінің) стандарты мемлекеттік білім нормасы ретінде қабылданатын негізгі өлшемдер жүйесін құрайды. Ол қазіргі заман деңгейіне сәйкес ғылымның, техниканың дамуына, оқытудың әдістері мен мазмұнын арттыруға бағытталған мектеп білімінің жаңа мақсаттарын көрсетеді; XX ғасырдың соңғы он жылдығындағы дүние жүзілік қоғамдастыққа және Қазақстанның қоғамдық өмірінде болған саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді.
4 Тақырыбы: Географияны оқытудың әдістері.
1. Әдістің түрлері.
2. Әдістерді пайдалану жолдары.
3. Практикалық жұмысты өткізу кезеңдері.
Әдіс дегеніміз – мүғалімнің білім беру тәсіліне оқушылардың сол білімді меңгеру тәсілін айтады. Әдістер туралы өте көптеген әдіскерлер өз ойларын айтқан. Әдістерді классификациялау туралы орыс ғалымы Б.Е. Райков (1947-1960 жж) өз ұсынысы бойынша 3-ке бөлген:
1. Баяндау
2. Көрнекілік
3. Моторлық
Б.В. Всесвятскийдің жүйелеп ұсынуы бойынша:
әдістерді
Баяндау Өзіндік жұмыс Оқулықпен жұмыс
1. Түсіндіру 1. Бақылау 1. Оқулықпен жұмыс істеу
2. Әңгіме 2. Эксперимент
3. Лекция 3. Дене еңбегі
Көптеген ғалымдар бірігіп әдістерді жүйелеуі бойынша 5 әдісті ұсынады:
1. Түсіндіру – көрнекілік әдісі.
2. Үлгі әдісі .
3. Мазмұндамалық әдісі.
4. Ізденіс әдісі.
5. Зерттеу әдісі.
1. Түсіндіру – көрнекілік әдісінің бағыты - оқушылардың білімін меңгеруін ұйымдастыру. Мұғалім оқушыға дайын мәліметті қабылдатуы тиіс. Бұл үшін мұғалім нақты мәліметті, жалпы ұғымды алады, ол үшін картаны, суреттерді т.б. құрал жабдықтарды пайдаланады. Бұл үшін мұғалім нақты деректі терең меңгерген, білімді болуы тиіс.
2. Үлгі әдісінің бағыты - оқушыларға таныс және үлгі білімімен қаруландыру. Мұғалім бұл бағыт бойынша оқушыларға өздігінен жұмыс істеуді үйретеді, жалпы өткен тақырып бойынша тапсырмалар береді.
Мысалыға: табиғаттың жеке компоненттеріне мінездеме беру, территория-ларға жалпы физикалық – географиялық мінездеме беру, жеке объектілер-ге экономикалық- географиялық (қала,өндірістер) мінездеме беру, экономикалық аудандар мен елдерге мінездеме беру, ауыл шаруашылығна мінездеме беру.
Мысалыға, жеке бір территорияға, климатқа анықтама беру керек, ол үшін мынандай жоспар құрады: 1. Территорияның географиялық орналасуы.
2. Қаңтар мен шілденінің орташа температурасы. 3. Маусым бойынша бұлттардың орналасуы 4. Жаз бен қыстың ұзақтығы 5. Климатқа әсер етуші факторлар.
Бұл әдіс бойынша оқушылар картамен жұмыс істеу арқылы географиялық координатаны, қашықтықты, бағытты анықтайды.
3. Мазмұндамалық әдістің бағыты - оқушыларға шешілген проблемалардың үлгісін көрсету, ауыр жолдың шындығын көрсету.
Мұғалім бұл әдісті қолданғанда алдымен өзі шешіп, анықтап алып сосын оқушыларға береді. Ғылыми білімнің үлгісін көрсетіп, ғылыми тұжырым жасатады және де айналаны қоршаған ортаны қорғау сұрақтарына жауап бергенде физикалық экономикалық білімдерін байланыстырып жауап береді. Мысалы: Волга өзеніне басқа өзендердің қалдықтары қосылатын болса, табиғатта қандай өзгерістер пайда болады, бұл проектінің қандай маңызы бар, осы сұрақтарға оқушы өзі ойланып жауап беруі үшін қосымша жер бетіндегі климаттың өзгеруі, мәңгі тоңның қалыптасуы жайлы түсінік беру керек.
4. Ізденіс әдісінің бағыты – оқушыларды біртіндеп шығармашылық еңбекке баулиды. Бұл үшін оқушылар белгісіз әдіспен шығармашылық тапсырмаларды, проблемаларды шешеді. Бұл әдісте мұғалім тапсырманы дайындап береді. Осыдан кейін тапсырманы бірнеше сұрақтармен беруге болады. Оқушылар берілген тапсырманы, сұрақтарды өз бетінше шешеді, бірақ мұғалім үнемі бағыт беріп отыруы керек. Мұғалім кейбір тақырыптар бойынша оқушылармен әңгіме, сұрақ – жауап ретінде әңгіме өткізуі тиіс, кей жағдайда мұғалім оқушыларға алдын ала тапсырманың жоспары мен жасалу жолдарын түсіндіруі керек.
5. Зерттеу әдісінің бағыты – бойынша оқушыларға өздігінен толық жұмыс істеуге мүмкіншілік беріледі. Практика жүзінде бұл әдіспен өлкетану бағыты жұмыс істеп келді. Сабақта аздап түсінік беріледі де, қалған тапсырманы оқушылар әдебиеттерден іздестіреді.
Оқушылардың білім меңгеру деңгейі: Географияны оқытуда
қолданылатын әдісі:
1. Деңгей – оқушылар дайын материалды Түсіндіру – көрнекілік әдіс
қабылдайды.
2. Деңгей – оқушылар білімді үлгі бойынша Үлгі әдісі.
таныс оқу әдісі бойынша.
3. Деңгей - оқушылар шығармашылық Ізденіс – зерттеу әдісі
білімді үйренуді жаңа оқулықтан қабылдайды.
Әдістерді іске асыру - Баяндау, көрнекілік, практикалық.
Білім көзі - Сөз, практикалық жұмыс жасау.
Мұғалімнің білім
беру жолдары - Сөз арқылы, көрсету, нұсқау, тапсырма беру арқылы.
Оқушының білім меңгеруі - Тыңдау, бақылау жұмыс істеу арқылы.
1. Әңгіме әдісі – мұғалімен оқушылардың белсенді қатысуымен болады. Әңгіменің нәтижесінде мұғалімнің басшылығымен оқушылар өз білгендеріне қорытынды жасайды. Әңгіме әдісінің негізгі элементі – мұғалімнің қойған сұрағы. Әңгіме әдісінің тиімді болуы мұғалімнің ізденушілігініне, дайындалуына байланысты.
Әңгіме – айтылайын деп тұрған сабақтың мазмұнын оқушыға бұрынан азды көпті таныс болған жағдайда қолданылады. Сонда ғана нәтиже береді. Әңгіме әдісін – қорыту, шолу, жаңа сабақты қорыту түсіндіру өткен сабақты мазмұнымен салыстыру кезінде қолданыламыз.
Әңгіме әдісінің негізгі талабы:
1. Мұғалім сұрақты қоя білуі керек (сұрақ өмірмен байланысты қысқа, түсінікті болғанда ғана нәтиже береді).
2. Сұрақ қою үшін мұғалім жан жақты білімді болуы керек.
3. Оқушыларға алдымен женіл сұрақ беріліп, біттіндеп күрделеніледі.
4. Әңгіме әдісі 5-6-7-8-ші – сыныптарға қолданылады.
Түсіндіру әдісі.
Оқушының белсенді түрде тыңдау мен мұғалімнің жүйелі, түсінікті, жатық тілімен баяндауына негізделген. Бұл әдіс оқушыларға таныс тақырыпты өткенде қолданылады. Түсіндіргенде – бір сыдырғы оқушыларды жалықтырып отырғызып қоймай, арасында сұрақ беріп, оқушыларды қатыстыру керек.
Лекция әдісін – көбінесе жоғарғы сыныптарға қолданылады, ұзақ уақытқа бөлінеді және жоспарланады. Уақыты 25 – 23 мин созылады.
Көрнекілік әдісі – оқушының сабаққа белсенділігін, ойлау қабілетін арттырады. Көрнекілік әдісін көрнекі-құралдармен шатастыруға болмайды. Көрнекі – құралдар мұғалімнің сөзін дәләлдеу үшін көрсетіледі.
Көрнекілік әдісін қоданғанда негізгі рольді мұғалімнің сөзі емес, кинофильм, таблицалар, карталар, глобустар атқарады.
Көрнекілік әдісінің түрлері:
1. Тәжірибені демонстрациялау, көрсету.
2. Табиғи объектілерді көрсету.
3. Бейнелеуші құралдарды көрсету.
1. Тәжиребені көрсету – мысалыға “Бүгінгі ауа – райы стенді ”. Бақылауды оқушылардың өздері жасайды. Мұғалімнің нұсқауы бойынша сабақтан тыс кезінде жасайды, көрсеткен кезде бүкіл сыныпқа көрінетіндей болуы керек.
Көрсету ережелері:
1. Көрсетілген зат бүкіл сыныпқа көрінейтіндей болуы керек.
2. Ұсақ объектілерді, коллекцияларды, схемаларды парталарды аралап жүріп көрсетеді.
3. Көрсетілген зат асықпай, жүйелі түрде түсіндірілуі тиіс.
4. Көрсетілген зат көрсеткішпен дәл , анық көрсетіледі.
5. Көрсететін затты бірден оқушыларға таратып жіберуге болмайды.
Картаны таблицаны көрсету ережелері:
1.Таблицаны сыныпқа кіре сала ілуге болмайды.
2. Мұғалім картаны, таблицаны көрсеткенде қақ ортасына тұрмай бір шетіне тұруы керек.
3. Егер суреттер түрлі – түсті мен сызылса бояуының түсін айтады.
4. Таблицаның мөлшері бір ватман қағазы, таблицаны жасағанда фон береді.
Фон солғын емес, әдемі қанық бояумен беріледі. Таблицаның шетін көмкереді, жиегін көмкергішпен көмкереді, жоғарғы жағынан қалдыратын жерді 5 см ден асырмау керек, тепе – теңдік сақталуы тиіс.
“Қандайда болмасын суреттің жазуы жаман болса, онда ешқандайда құн, көрініс, қасиет болмайды”.
5. Қазіргі кезде пластмастан жасалынған реликті (кедір - бұдыр) таблицаны пайдаланады, оның ерекшелігі: өте жеңіл, ыңғайлы, бояулары кетпейді тез жуылады.
Оқу кинофильмдерін көрсету жолдары.
Бұл техникалық құралдар арқылы іске асатын сабақтың түрі. Көрсететін фильмнің мазмұнын алдымен мұғалім толық білуі дұрыс. Фильм бойынша оқушыларға сұрақ алдын-ала дайындалады. Оқушылар кино көру барысында сұрақтарға жауап береді, бұл баға қорын көбейтуге, есте сақтау, ойлау, өздігінен қорытынды жасау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Практикалық әдіс.
Бұл әдіс – сөз көрнекілік және практикалық жұмыстың бір-біріне әсерінен туады. Практикалық әдіске табиғат объектілерін тани білу, анықтау, эксперимент жұмыстары жатады.
1. Табиғат объектілерін анықтау кезінде оқушылар үлестірілетін объектімен жұмыс істейді. Мысалы: жергілікті жердің бейнесін көрсететін, тау жотасы, теңіз жағасы, орман, саванна т. б.географиялық объектілердің жинақтап көрсететін панораманың макетін жасауға болады.
Табиғи объектіні тани білу экскурсия кезінде қолданылып, оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.
Бақылау әдісі – табиғат құбылыстарын табиғи жағдайда ерекше сезіммен қабылдау қорғау, аялай білу қабілеттерін дамытады. Бақылау әдісі – түсіндіруді алдына мақсат етіп қояды, ол оқушылардың өзі жүргізуін, қорытынды шығаруын талап етеді.
Ескерту – барлық бақылаулардың қорытындысын сабақта қолданылатын болғандықтан сабақтың мазмұнын алдын ала мұғалім жақсы біліп отыруы керек.
Түсіндіру – бақылайтын объектіні таратып берместен бұрын жүргізіледі, ал қорытындыны оқушылардан алдындағы объектіні жинап алғаннан кейін шығарады.
Эксперимент әдісі – жасанды жағдайда жасалынады И.П.Павлов: “Бақылау табиғат не ұсынса соны жинайды, ал тәжірибе табиғаттан нені алғысы келсе соны алады” – деп жазды.
Практикалық жұмыстың кезеңдері.
а). Тақырыбы, мақсаты.
б). Нұсқау (инструктаж).
в). Жұмыстың орындалуы (тәжірибені жасау).
г). Қорытындысын жазу.
д). Есеп беру – құжаттар тапсыру.
5 Тақырыбы: Географиялық сабақ.
1. Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.
2. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы.
3. Сабақтың құрылымы, оқулықпен жұмыс.
4. Оқушының білімін тексеру жолдары.
5. Географиялық дәптерге қойылатын талап.
1. Географиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Сабақта оқушылар мұғалімнің басшылығымен мемлекеттік бағдарламаға сәйкес теориялық, практикалық білім алады. Өзінің жеке басының жан- жақты дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту мен тәрбие берудің де негізгі принциптері сабақ беру кезінде қалыптасады. Сондықтан сабақтың мазмұны оқушыларға ғылыми тұрғыдан жетік тілімен түсіндіріліп диалектикалық, материалистік көзқарас қалыптасатындай болып құрылуы керек. Жаңа сабақтың материалы бұрын оқылған материалмен тығыз байланыста түсіндіріледі. Сабақ үстінде оқушылар алдымен жеке фактімен танысады, біртіндеп қортынды шығарады.
Сөйтіп логикалық ойлауға дағдыланады. Бүгінгі таңда мектеп бағдарламасына сәйкес сабақтың білім беру, дамыта оқыту, тәрбие беру жағына ерекше көңіл бөлінеді.
а) Білім беру – оқушыларға географиялық ұғымды қалыптастыру, заңдылықтарды білдіру, теория мен ғылыми жаңалықтарды ұғындырады.
б) Дамыта оқыту – кезінде оқушыларды байқауға, еске сақтауға, ойлауды дамыту, талдай білу, салыстыру, жоспар құру, сабаққа белсенді қатысуды қалыптастырады.
в) Тәрбие беру – оқушыларға тәрбиені жан – жакты беру, адамгершілікке баулу, этика-эстетикалық, еңбек тәрбиесін беру. Оқушыларда жігерлі сезім, эмоциалдықты талғам қалыптастыру.
Оқу мен тәрбие егіз.
Мұғалім сабақтың түрін әдісін, алдын ала белгілеп жасайтын тәжірибені, сол тақырыпқа сәйкес қосымша әдебиеттер керектігін күні бұрын жоспарға еңгізеді мұндай жоспарды перспективалық - жылдық (календарлық жоспар 1 жылға жасайды.) деп атайды. Перспективалық жоспарды ыңғайға қарай өзгертуге болады. Кейбір тақырыптарды ыңғайға қарай орнын рет санын ауыстыруға болады.
Перспективалық жоспар мұғалімнің жыл бойына жаңа материалдарды өту ретін қадағалауға мүмкіндік береді. Саяхаттар мен сабақтан тыс оқуды өткізуге көмектеседі.
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар 1 тарауға, жарты жылға жасалынады.
География сабақтарының құрылысы бірдей болуы мүмкін емес – ол оқытылатын материалдың мақсатына, мазмұнына және оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.
Жаңашыл мұғалімдердің сабақ үстіндегі оқу процесінің негізіне алған басты идеясы – бұрын өтілгенді қайталауды , ескі мағлұматтарды білуді және жаңаларды қалыптастыруды біртұтас бір мезгілде өтетін процеске біріктіруден тұрады. Осы идеяны практикада іске асыру аралас сабақтың құрылымын қайта қарауға әкеледі.
Алдыңғы қатардағы мұғалімдердің сабақтарының системасындағы ең маңыздылары мыналардан тұрады:
1. Өткен материалды бекітуге және сүйеніш білімді айқындауға бағытталған машықтандыратын жаттығуларды, өз бетімен істейтін немесе шығармашылық жұмыстарды енгізу жолымен сабақтың бірінші минутынан бастап оқушыларды жұмысқа кірістіру.
2. Ескі және жаңа материалды біріктіріп қосу, сондықтан сабақта жаңа материалды түсіндіру мен ескі материалды қайталаудың аралығында көрсетілген шекара жоқ. Жаңа білімнің қалыптасу кезеңінде жаңа байланыстарды анықтау жолымен оқушылардың бұрынғы білімін мүлде жетілдіре түсіп, мұғалім бұрын өтілген тарауларды қайталайды және толықтырады. Сонымен қатар жаппай өз бетімен істейтін жұмыстарды ұйымдастырғанда жаңа материалдың бекітілуін қамтамасыз етеді.
3. Жаңа материалды оқып білуде оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстарының ролін күшейту. Шығармашылық жұмыстармен айналысатын мұғалімдер, оқушылардың өздері оқулықтан, карталардан немесе лабораторияда біліп алатындарын түсіндіруге босқа уақыттарын жібермейді. Сондықтан мұғалім өз бетімен істейтін жұмыстардың әрбір түріне алдын – ала тапсырмалар дайындап қоюы керек. Жұмыстардың осындай системасы оқу процесін перспективалық жоспарлаумен анықталады.
4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың белсенділігі, сыныптың көпшілік бөлігінің жауапқа араласуы білім мен іскерлікті игерудің сапасы және беріктігі туралы пікір айтуға мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың жұмысын сабақтың соңында мұғалімнің жалпы баллмен бағалауына мүмкіндік береді. Географияның сабақтарында әр түрлі міндеттер шешілуі мүмкін: жаңа курс немесе жаңа тақырып бойынша жұмыстың мазмұны мен және түрімен оқушыларды таныстыру, жаңа білімді меңгеріп алу, жаңа ұғымдарды, картамен жұмыс істеудің іскерлігі мен дағдыларын, өткен материалды жүйелі қайталау және талдап қорыту. Әдетте сабақтың негізгі мақсаты тәуелді міндеттермен сай келеді. Негізгі оқу – тәрбие міндеттеріне байланысты сабақтың сол не басқа құрылысы айқындалады, яғни оның типі анықталады.
Қойылған дидактикалық мақсаттарға сәйкес оқу сабақтарын өткізудің белгілі жолы сабақ типі болып түсініледі.
Сабақтың типі құрамдас бөліктерінің бір ізділігімен және олардың мөлшерімен, сондай-ақ жұмыс істеудің басым әдістерімен сипатталады. Бір сабақта жаңа материалды түсіндіру, басқа бөлімінде жаттығулар, картаны оқуға машықтану, жеке территориялардың карталары бойынша суреттеме сипаттамаларды құрастыру, үшіншісінде қайталау және т.б. басым болуы мүмкін.
Мынандай сабақтың типтері ажыратылады:
Кіріспе сабақ (оқу жылының басында немесе бағдарламаның үлкен тарауының басында). Сабақтың мақсаты – оқушыларды пәнге немесе белгілі тақырыпқа қызықтырып әкету, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын тудыру, осы курстың немесе бағдарлама тарауының мазмұнымен, құрылысымен таныстыру. Әдетте мұндай сабақта мұғалімнің атақты саяхатшылардың және зерттеушілердің шығармаларын алып қатыстырған жалынды және бейнелі материалы басым болады.
Сабаққа өз көзімен көрген адамның әңгімелерін қатыстыру мұғалімді табиғатты бағындырушы және қайта жасаушы адамдардың шабытты еңбегінің айқын суретін бейнелеуге жәрдемдеседі.
5. Аралас (синтетикалық) сабақ барлық құрылым бөліктерін құрайды: білімді қайталау және тексеру, жаңа материалды оқу, алынған білімді бекіту, үйге тапсырма беру. Аралас сабақтар құрамдас бөліктерінің ара- қатынасына және құрылымына қарай айырылуы мүмкін. Мазмұнына байланысты кейде сабақ жаңа білімді хабарлаудан басталады да, қайталау мен тексеру сабақтың соңына қалдырылады; кейде сабақтың соңындағы жалпы қорытындылаудың орнына, мұғалім баяндау барысында материалды жеке бөліктері бойынша қорытындылап және бекітіп отырады. Аралас типті сабақтарда сабақтың алдында тұрған мақсаттарға байланысты оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстары мұғалімнің түсіндіруін алдын-алуы, қосарлауы және қорытуы мүмкін.
6. Жаңа білімді оқып білу сабағы. Сабақтың мақсаты – оқушыларға белгісіз, жаңа географиялық ұғымдар, құбылыстар, процесс туралы біртұтас түсінік беру. Мұндай сабақтарда түсіндіру және оны қосарлайтын оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстары басым болады.
7. Даладағы және сыныптағы практикалық жұмыс сабақтарында, далада түрлі өлшем жұмыстарын, карталар, статистикалық таблицалар және т.б. бойынша жаттығулар жүргізу оқушыларды іскерлікке, дағдыларға төселу мақсатын көздейді.
Қайталау және кеңейту сабақтары әдетте бағдарламаның ірі тарауларын өткеннен кейін немесе бірнеше тақырыптан соң, сондай – ақ бүкіл курстың аяғында өткізіледі. Сабақтың мақсаты - оқушылардың білімі мен іскерлігін бекіту және тереңдету, оларды талдап қорытуға және жүйеге келтіруге жәрдемдесу. Сонымен бірге қайталау процесінде оқушылардың білімін тексеру және бағалау іске асырылып отырылады. Қайталау сабақтарының құрылымында жаңа материалды дербес құрылым элементі ретінде хабарлау жоспарланбаса да, мұғалім дегенмен қайталау барысында оқушыларда жаңа пікірлерді тудыратын жаңа фактілерді қосып отыруы тиіс.
Сабақтың әдістемелік тұрғыдан талдауын дайындағанда студент сабақта бірнеше сұрақтарға жауап беріп, сабақтың мақсатын айқындауы керек, олар: сабақта мағлұматтарды мұғалімнің хабарлауы, ал оқушылардың ұғып алуы керек. Сабақ қандай тәрбиелік нәтиже беруі керек, оқушылардың өз беттерімен қорытынды жасауына ынталандыратын оқыту процесі қандай болуы тиіс, сабақта қандай іскерлікті сіңіруі керек. Қандай материалды қайталау және бекітуі керек. Сабақта және үйде өз бетімен істейтін қандай жұмыс болуы керек. Дидактикалық мақсаттың айқындығы құрылудың дәлдігін, яғни сабақтың типін, айтарлықтай дәрежеде анықтайды.
Географияны оқыту үлгілері. (формасы)
Ең негізгі формасы сыныпта өткізілетін сабақ. Толықтырылатын формалары – үй тапсырмасы, топсеруен, практикалық сабақ, сабақтан тыс тапсырмалар, оқу дала практикасы жатады.
Сабаққа қойылатын талаптар.
Сабақта түсіндірілетін материал ықшамды, сабақтың әдісін алдын – ала қарастырылады. Сабақта теориямен практика ылғида байланыста берілуі тиіс. Жаңа материалды оқушылардың өткен сабақта алған білімдерімен тығыз байланыста беріледі. Әр сабақта міндетті түрде көрнекілік принципіне қорытынды жасалып, оқушылардың ойлауына көңіл бөлінеді. Сабақ үстінде мұғалім оқушыларды көбірек өздігінен жұмыс орындауға баулу керек.
Мұғалімнің сабаққа әзірленуі.
Әр сабақты өз мәнінде өткізу мұғалімнің көп ізденуін талап етеді. Өйткені әр сабаққа әдісін әзірлеу сабақтың формасын дайындау - жоспар конспекті дайындау. Сабақтың құрылуын жоспарлау мұғалімнің міндеті. Жаңа сабаққа керекті материалды таңдау кезінде жергілікті жердің жағдайына ауыстыруға болады. Бұл жағдайда ғылым әлі ашпаған, дәлелденбеген деректерді пайдалануға болмайды. Қосымша материалдарды мектептен тыс қолдануға болмайды.
Мұғалімдердің сабаққа әзірленуі мынандай кезеңдерден тұрады:
1. Сабаққа арнап жоспар-конспект жасау.
2. Әр сабақтың мазмұнын толық меңгеру.
3. Алдынғы өтілген материалды күнделікті қайталап, оны жаңа сабақпен байланыстыру.
4. Сабаққа тиісті әдісті таңдай білу.
5. Сабаққа керекті көрнекі құралдарының түрлерін табу.
6. Сыныппен толық қатынас жасау. Оларың белсенділігін арттыру жолдарын іздестіру.
7. Сабақтың тәрбиелік мәнін айқындау.
Мұғалімнің сабаққа әзірленуін неден бастау керек?
Ол үшін мұғалім қолына бағдарламаны, оқулықты, күнтізбелік алады. Бағдарламадағы нұсқау бойынша оқулық әдістемелік әдебиеттер перспективалық жоспарды пайдалана отырып, түсіндірілетін материалдың көлемін мазмұнын анықтайды.
30-40 күн бұрын берілетін қойылатын тәжирибе бақылаушыларға керекті материалдарға нұсқау береді.
Жоспар конспектіні жазу үлгісі.
1. Сабақтың тақырыбы, күні сыныбы.
2. Сабақтың мақсаты, міндеті, жоспары.
3. Нені білу керек, терминдер.
4. Тәрбиелік мәні.
5. Пәнаралық пен пәнішілік байланыстар.
6. Сабақтың әдісі.
7. Құрал-жабдықтар.
8. Сабақтың барысы.
9. Жаңа сабақтың мазмұны.
10. Әдебиеттердің тізімі.
Сабақтың жоспар конспектісі әр түрлі болып дамып отырады. География мұғалімінің іс-тәжирибесінде оқу жұмысының ұйымдастырудың жаңа үлгілері пайда болады. Мысалы, жаңа материалды лекция, семинар, оқушылардың өздігінен оқу түрінде қолдану, оқулықтан өздігінен талдау.
Сабақтың құрылымы – жаңа материалды түсіндіруден, өткен материалды пысықтаудан және үйге тапсырма беруден тұрады.
45 минут уақытты минутқа бөлу.
1. 2 минут ұйымдастыруға кетеді.
2. 18 – 23 минут жаңа сабаққа бөлінеді, 5-6 сыныптарға 18 минут, жоғарғы сыныптарға 20-30 минут.
3. Пысықтауға 15 минут жібереміз.
4. Өздігінен жұмыс жасату, қорытындылауға 10 минут.
5. Қоңырауға 2-3 минут қалғанда үйге тапсырма беру керек, қоңырау соғылып болған соң тапсырманы беруге болмайды. Мұғалім жатық, қарапайым, түсінікті тілімен айту керек.
Жаңа сабақтың мазмұны.
1. Нені білу керек ?
2. Терминдер.
Сұрақ-жауап өткен тақырыппен байланыстыра жүргізіледі.
Үй тапсырмасы – бағдарламадағы берілген іскерлікті арттыруға көмектеседі. Жеке звеноға топқа, бүкіл сыныпқа, жеке оқушыға бөлуге болады. Үй тапсырмасы ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді болып бөлінеді. Оқулықтан, қосымша әдебиеттен беріледі. Үй тапсырмасы оқулықтың белгілі бір жерінен беріледі, схема толтыру көрнекі-құрал, сарамандық жұмыс жасау т. б.
Оқулықпен жұмыс істеу тәртібі.
Сабақтың тиімділігін арттыруда, оқу материалын біршама жетілдіру үшін оқулықпен істеу іскерлігін дамытудың мәні зор. Оқулықпен жұмыс істеу барысында географиялық ұғымының маңызы фактілермен, заңдылықтармен ашылады. Үй тапсырмасын орындауға аз уақыт жібереді, өз бетімен танымдылығын арттырады. Оқушылар оқулықтың тарауларын алғы сөздерін негізгі термин көрсеткіштерімен жұмыс істейді. Оқыған материалдан жоспар құрады, берілген сұраққа оқулықтан жауап береді. Мәтінде берілген суреттер мен схемаларды талдайды. Оқулықтың құрылысына байланысты жұмыс істеу іскерлігі 3 топқа бөлінеді.
1. Оқулықтың бағдарлау аппаратымен жұмыс істей білу.
2. Мәтінмен жұмыс істеу.
Бағдарлау – оқулықтың мұқабасы, сырты, алғы сөз, тараулары және қосымша материалдар. Негізгі мазмұнын оқытып, ауызша айтқызады, түйінді жерлерін бөліп жоспар жасап, қорытынды жасайды.
Оқушылардың білімін тексеру.
Білім тексерудің оқушыға да, мұғалімге де қатысы бар. Себебі, оқушының алған бағасы оның білім деңгейін көрсетсе, мұғалімнің жетістіктерінің көрсеткіші, жұмысының сапасын білдіреді. Оқушының білімін тексеру өте күрделі кезең. Мұғалімге күрделілігі – теориялық, әдістемелік, ұйымдастырушылық жағынан біліміне, оқушыға психологиялық жағынан баға береді.
Білім тексерудің маңызы.
а) Тексеру арқылы оқушылардың жаңа материалды меңгергенін анықтайды.
б) Оқушының іскерлігін арттырады, дүниетанымын дамытады.
в) Өтілген материалдың қандай бөлімі ауыр, қиын тиетінін анықтайды.
г) Оқушының оқуға, өздігінен жұмыс істеуге ұқыптылығын арттырады,
көмектеседі. Мұғалім өзінің берген теориялық білімін оқушы практикада қолдана ала ма, соны анықтайды.
Білім тексерудің жолдары.
1. Ауызша сұрау.
Ол үшін мұғалімнің қойған сұрағы анық, түсінікті, оқушыларды ойландыратындай, басқа құбылыстармен салыстыратындай болсын. Сұрақты өмірмен байланысты қою керек. Кей мектептерде сұрақты оқушыға қойғызады.
Қойылған сұрақтарға барлық оқушыларды қатыстыру керек. Алдымен сұрақ беріледі, сосын сұрайды. Сыныптың ұйымшылдығы артады, оқушылар сыныптың намысын қорғауға тырысады. Кемшілік жағы - баға аз, уақыт көп кетеді.
2. Бақылау жұмысын алу.
Бақылау жұмысына 10-15 мин бөлінеді, сұрақтарды варианттарға бөледі, тест пайдалануға болады. Алдын-ала дайындап алады, баға қоры көбейеді. Оқушылардың ойлау, жүйелеу, есте сақтау, өзіне-өзі сенімділік қабілеті артады.
Оқушылардың білімін бағалау.
- Алға қойылған мақсат пен оқушылардың жас ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып;
- Материалдың дұрыс, сапалы баяндалуын, ұғымдар мен материалдардың толық аталуын, географиялық терминологияның дәл қолдануын;
- Оқушылардың дұрыс жазуын;
- Материалдың логикалы, дәлелді баяндалуына көңіл бөледі.
“5” деген баға:
Жауап курстың негізгі материалын қамтып, толық, дұрыс берілгенде; ұғымдардың, заңдылықтар мен географиялық өзара байланыстардың мазмұны дұрыс ашылып, олар мысалдармен нақтыланғанда; карталар мен басқа да білім көздері дұрыс пайдаланылғанда; бұрын меңгерген білімін қазіргі аса маңызды географиялық оқиғалар туралы қосымша мәліметтерге сүйеніп, дербес берілгенде қойылады.
“4”деген баға :
Жауап жоғарыдағы атаған талаптарды қанағатандыратын, толық әрі дұрыс болғанда; негізгі географиялық материалды баяндауда немесе қорытындылауда мұғалімнің қосымша сұрақтары арқылы оңай түзетуге болатындығын байқағанда қойылады.
“3”деген баға:
Оқушы материалды негізімен түсінгенімен, ұғымдар мен заңдылықтарды дәл анықтай алмай, теріс жауап бергенде өзара байланыстарды түсіндіруге қиналып, материалды жүйесіз баяндағанда және жауап беру үшін картаны пайдалануда қателіктер жібергенде қойылады.
“2”деген баға:
Ешқандай жауап болмағанда, жауап жүйесіз, түсініксіз баяндалғанда қойы-лады.
6 Тақырыбы: Географиядан оқу топсеруендері
1. Топсеруен өткізудің маңызы.
2. Топсеруеннің түрлері.
3. Топсеруенді талдау.
Мектепте өтілетін топсеруен - оқу тәрбие жұмысының бір түрі. Топсеруен бағдарлама бойынша жүргізіледі. Мұғалім алдын-ала топсеруеннің тақырыбын, өтілетін орнын, мерзімін анықтап, өзінің жылдық жоспарына енгізеді. Топсеруен оқу тәрбие жұмысының бір түрі болғандықтан, оқушылар іс-әрекеттерді табиғатта жайлы жағдайда, далада, мұражайларда, өзен аңғарында т.б. өткізеді.
Топсеруеннің маңызы:
1. Топсеруен оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін кеңейтеді.
2. Оқушылырды іздемпаздыққа талпындырады.
3. Оқушылардың іздемпаздығын арттырады.
4. Өлкесін тануға, табиғатты зерттеуге талпындырады.
5. Оқушылар заттарға дұрыс қарауға, адамның еңбегін бағалауға дағдыланады.
Топсеруен кезінде оқушылар табиғат туралы, оның дамуы және шаруашылықта пайдалануы туралы білім алып қана қоймай, сонымен қатар, болашақтағы еңбек жолын және политехникалық оқытудың міндеттерін шешу үшін зор маңызы болатын өздігінен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.
Топсеруенге шығудың бірнеше түрлері бар:
1. Табиғатқа топсеруенге шығу.
2. Мұражайға, ботаникалық баққа, зоологиялық паркке, географиялық кешенге.
3. Табиғи – аймақтық кешендерге.
Тақырып бойынша жұмыс істей отырып, мына ережелерді есте сақтау керек.
1. Нақты физикалық-географиялық кешендерді таныстырып, тәрбиелеу.
2. Табиғи-әкімшілік кешенді оқып үйренуді бірте-бірте - кезеңдер бойынша жүзеге асыру.
3. Топсеруенде бақылау жасау, географиялық қабықта болып жатқан оқушыларға әлі белгісіз, құбылыстар мен процестерді түсіндіру кезінде салыстыру қажет.
4. Табиғатты зерттеудің практикалық маңызы бар, ол балаларды табиғатқа мұқият қарап, оның байлықтарын қорғауға тәрбиелейді.
Топсеруен кезінде оқушылар табиғат туралы, оның дамуы және шаруашылықта пайдалануы туралы білім алып қана қоймайды, сонымен бірге болашақтағы еңбек жолы және политехникалық оқудың міндеттерін шешу үшін зор маңызы болатын өздігінен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.
Топсеруеннің әдістемелік жоспарын мынандай үш кезеңге бөліп жасайды:
1. Әзірлік
2. Оқушылардың қатысуымен әдістемелік жоспар бойынша топсеруен өткізу.
3. Топсеруенге қатысушылардың қорытынды есебін дайындау.
Әр түрлі тақырыптарға және жергілікті жерлерге топсеруен өткізуге арналған әдістемелік талдауларды жасаған кезде табиғи кешендерді зерттегенде географиялық ғылымның логикасымен анықталатын белгілі бір дәйектілікті сақтау қажет.
ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕГІ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ.
1. Онда жергілікті жердің геологиялық құрылымына, тау жыныстарының орналасуы мен құрамының сипатына, олардың құрылу жағдайына, жер бедерінің формаларына ықпалына тоқталған жөн.
2. Минералогиялық коллекцияны жинауды және қалай ресми қағаздандыруды көрсету.
3. Жергілікті жерді геологиялық зерттеуден кейін, оқушылар қорытынды жасауы тиіс.
4. Оқушылардың есебіне қандай материалдар керектігін қарастыру.
5. Топсеруен алдында қажетті жабдықтың тізімін әзірлеу.
ЖЕР БЕДЕРІНІҢ ФОРМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ.
1. Зерттелетін жердің жалпы суреттемесін, нақты мысалдар арқылы жер бедерінің қалыптасуына, осы заманғы факторлардың ықпалын атап өту.
2. Жер бедерінің жиі кездесетін формаларын атап өту және оларды баяндап жазу (биіктігі, төбелері, олардың ұзындығы, бағыты т.б.)
ӨЗЕН АҢҒАРЫН ЗЕРТТЕП ҮЙРЕНУ.
1. Өзен туралы қысқаша мәлімет әзірлеу (ағып шығуы, сағасы, ағыс сипаты), өзен аңғарының пайда болуы туралы айтып беру.
2. Эклиметр мен рулетканың, барометр, анероид, нивелирдің көмегімен өзен аңғарының кесе көлденең профилін салуды үйрету.
3. Өзен аңғарын зерттеп үйрену нәтижесінде қорытынды жазуға үйрену.
ӨЗЕН АҢҒАРЫН ЗЕРТТЕП ҮЙРЕНУ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ.
1. Өзендегі өлшеу жұмыстарын жасату (ені тереңдігі, ағыстың беткі жылдамдығы).
ӨСІМДІК ДҮНИЕСІН ЗЕРТТЕП ҮЙРЕНУ.
1. Зерттеліп отырған жердің өсімдік дүниесінің сипатын, оның топыраққа, климатқа әсерін зерттеу.
2. Гербарийдің жасалу жолын үйрету.
3. Өсімдіктерді оқыту нәтижесінде оқушылар қандай қорытынды шығарады.
ТОПЫРАҚТЫ ЗЕРТТЕП ҮЙРЕНУ.
1. Топырақтың түзілуіндегі климаттың, жер бедерінің, өсімдіктердің ықпалы.
2. Топырақ қиындысын жасап, зерттеу.
3. Жүргізілген жұмыс нәтижесіне қорытынды жазу.
ТОПСЕРУЕНДЕ ЖОЛ-ЖӨНЕКЕЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ.
1. Топсеруеннің басы мен аяғындағы күннің биіктігі.
2. Күн тәулігінің уақытына қарай ауа температурасының өзгеруі.
3. Ылғалдылығына, түсіне, механикалық құрамына қарай топырақ температурасының ылғалдылығын анықтау.
4. Өзендегі, ескі арнадағы жылғадағы, су қоймаларындағы температура өзгерісін өзара ауаның температурасымен салыстыру.
5. Салыстыру кезінде және түрлі табиғат обьектілерінің үстіндегі батпақ, орман т.б. бұлттылық өзгерісін бақылау.
ТОПОГРАФИЯ ЖӨНІНДЕГІ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР.
1. Топографиялық жұмыстарды қайталау.
2. Көзбен өлшеп түсіруді үйрету.
3. Есеп беруге материалдар дайындау.
Топсеруенді жүргізу әдістемесі мынандай болады:
Алдымен топсеруенге қатысушылар жота – қырдың үстінен зерттеп үйреніп, белгіленген жерді қарайды, мұғалімнің кіріспе әңгімесінің көмегімен, әрі өзінің байқауларында осы жер және табиғат компоненттерінің өзара шатастығы туралы жалпы ұғым алады. Шағын маршрутта - 1км-ден аспайтын экскурсияға барлық қатысушылар оны бастапқы нүктесінен соңғы нүктесіне дейін жүріп өтеді, жол бойы мұғалім түсінік береді, әр бригаданың жұмыс орнын көрсетеді, әр маршрут бойынша орналасқан нақтылы табиғат обьектілеріне көңіл аударуды ұсынады.
Маршрутпен бара жатқан жолда топсеруенге қатынасушылардың барлығы тау жыныстарының үлгілерін, өсімдіктерді жинайды, ауа, су, топырақ температурасын өлшейді. Суреттеме, фотосуреттер жасайды. Топсеруеннің соңында қорытынды конференция – көрмелер өткізіп, басқа оқушылар қатысуын қарастырады.
7 Тақырыбы: Практикалық жұмыстардың түрлері
1. Практикалық жұмыстың маңызы.
2. Практикалық жұмысқа арналған дәптер.
3. Кескін картамен жұмыс істеу жолдары.
“Географияны оқыту әдістемесі” курсы мектепте географияны үйрену теориясының мәселелерін баяндайтын лекциялар мен практикалық сабақтардан тұрады.
Практикалық сабақтарда оқушылар оқу мен тәрбиені біртұтас деп қарап, географияны оқытудың принциптері және алған білімді жаңа модульдік технология негізінде игеруге мүмкіндік береді. Практикалық сабақтарда оқушылар (атлас, карта, суреттер) оқу құралдарын пайдаланып, білім алады. Практикалық жұмыстар оқушылардың географияға қызығушылығын арттыруға бағытталған. Берілетін тапсырма алдымен дәптерге жазылады. Сондықтан да, географияға арналған дәптер практикалық жұмыстарға арналады. Мұғалім дәптерді тоқсанына бір рет тексереді, бір тексергенде бірнеше баға қоя алады. Дәптерде бағдарламаға сәйкес практикалық жұмыстар, берілген сұрақтарға жауаптар, тест сұрақтары, тапсырмалар жазылады. Сонымен қатар, оқып үйрену, білімін бекіту, жинақтау кезіндегі суреттемелер, карта-кескіндер, диаграмма, таблицалар баяндалады. Географияның тілі - графика.
Мысалыға, «Атмосфера» тақырыбын өткенде оқушылар ауа райына бақылау жүргізеді, тиісті мағлұматтарды жазып алады. Орташа температураны есептеп шығарады, бір айға, бір жылға есептеген график жасайды. Желдің қозғалу жылдамдығын, бұлттану, ылғалдылық диаграммасын сызады, ауа-райының тәулік, бір ай ішіндегі өзгерістерін жазып отырады. Экономикалық география курстарында практикалық жұмыстар оқытушы ұсынған немесе ұжым болып жасаған үлгі кесте бойынша ұйымдастырылады. Мұндай тапсырмаларға өнеркәсіп кешендерін, жергілікті кәсіпорындарды, транспорт жүйелерін, территориялық өнеркәсіптік кешендерді оқып үйренуді жатқызуға болады. Оқушылар географияға арналған дәптерді пайдаланғанда мынаны есте ұстау керек:
1. Бағдарламадан тыс жазбаларды жаздырмау.
2. Арнаулы графикалық санақ, графикалық материалдармен жұмыс істеуде өзіндік жұмыс пен практикалық жұмыстарды бөлек жазу.
Кескін карталармен жұмыс істеу
Кескін карталар географияны оқыту процесінде үнемі пайдаланылады. Олар географиялық атауларды салу, географиялық конспект жасау. Бағдарлама бойынша кескін карталарға әр тақырып бойынша өтілетін географиялық обектілерді (тауларды, жанартауларды, жазықтарды, мемлекеттерді, астаналарды және т. б.) салады.
Кескін картамен жұмыс істеуді ұйымдастыру барысында ұқыптылықты талап ету қажет (қандай құрал-жабдық - сондай шебер) қағидасын ұстану қажет. Бірінші сабақтан бастап оқушыға кескін картаны дұрыс және ұқыпты толтыруды талап етеді. Сондықтан, әрбір оқушыда кескін картамен жұмыс істеу үшін қажетті құралдар болуы тиіс:
1. Орташа қатты қара қалам, 2. Түрлі – түсті карандаш, 3. Сызғыш және үшбұрышты сызғыш, 4. Циркуль, 5. Өшіргіш, кей жағдайда тушь, бояу, қалам.
Кескін картамен жұмыс істеуді мыналардан бастауға болады:
1. Оқулық, атлас, әдістемелік нұсқауларды дайындау.
2. Қажетті обьектілерді дайын картадан, кескін картасынан табу.
3. Картада жазылған обьектілерді (жағалау сызығының элементтерін, өзен, көл, канал, қалалардың пунсондары т.б.) табу.
4. Картада берілмеген обьектілерді түсіру (пайдалы қазбалар, тасымалдаушы жолдар, өнеркәсіп орындары т. б.)
Кескін картасына жазғанда сызу сабағында үйренген шрифтті пайдалану керек, картаның беті жазуға толып кетпеуі тиіс, жазуды түсірудің де өзіндік талаптары бар. Мысалы өзенді жазғанда жазуды өзен ағысы бойымен қарағанда картаны бұрмай-ақ көретіндей етіп жазады, басталатын жерінен бастап жазады. Егерде өзен ұзын болса, бірнеше рет қайталауға болады. Екі қатарға қатар жазуға болмайды. Қалалардың аттарын пунсоннан оң жақтан бастап параллель бойымен жазылады. Егерде аталуы ұзақ болса, бірінші әрпін бас әріппен жазып, қалғанын картаның легендасында – аңызында ашып көрсетеді. Көлдер, аралдардың да аттары параллель бойымен жазылады. Шығанақ, бұғаз, түбек, таулы қыраттар - олардың бағыттарына қарай жазылады. Пайдалы қазбаларды түсіргенде мектепке арналған атластан онша ауытқуға болмайды, оларды да параллель бойымен түсіреді, тығыз картоннан шаблонды сызғыш жасап алып түсірген өте ыңғайлы.
Картаның легендасы (аңызы).
Әрбір кескін картаның негізі болып табылады. Онда қысқартылған аттар, пайдалы қазбалардың аттары, түсіндірме сөздер беріледі. Әрбір жаңа түсінік жаңа қатардан бастап жазылады. Дайын қатар жетпесе, келесі бетіне жазуға болады. Кескін картаны пайдалана отырып, географиялық диктант, қысқаша бақылау жұмысын алуға болады. Географиялық диктантта міндетті түрде обьектілер беріліп, оларды кескін картада белгілетуге болады. Мысалыға, «Саяхат», «Викторина» т.б. Қысқаша бақылау жұмысында мұғалім алдын ала 5-6 варианттық билеттер дайындайды, онда 3-4-і кескін картаға арналған тапсырмалар болуы мүмкін. Мұндай жұмыстарға 10-15 минут уақыт беріледі.
Картограмма және картодиаграмма.
Картограмма – бұл кескін картасында территориялардың бөліктерін төртбұрыш, дөңгелек, тік тұрғызылған сызықтар арқылы түсіру. Сандық көрсеткіштер клеткалар арқылы көрсетіледі. Картодиаграмманы жасағанда мынадай жұмыстар қолданылады:
1. Алдымен алынатын аймақтың шекарасын біріктіреді.
2. Диаграммалық белгілерді масштабқа байланысты орналастырады (шекаралары аудандарына сәйкес келетіндей).
3. Кескінге диаграммалық белгілерді орналастырып тексеру.
4. Картодиаграмманы соңғы өрнектеу.
Кескін карталар.
Көбінесе материалдың берілуінде анық және тез арада түсінуіне көмектеседі, аз уақыт кетеді. Белгілі бір елдің, жердің географиялық жағдайын салыстырады. Практикалық жұмыстардың жасалуына көмектеседі.
8 Тақырыбы: Географиялық кабинет және алаңды жабдықтау
1. Географиялық кабинеттің жабдықталуы.
2. Географиялық кабинетке қойылатын талаптар.
3. Географиялық алаң жасау жолдары.
Оқу құралдарын толық пайдалануда, оларды іріктеп алуда белгілі бір шарт болуы қажет. Оқыту құралдарын оқу процесінде толық пайдалану үшін, еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру принциптеріне сүйеніп жасайды.
1. Оқыту құралдарының мазмұны диалектикалық мүмкіндіктері жағынан астарласып жатуы керек.
2. Құралдарды оқу процесінде тез пайдалану керек.
Бұл шарттар тек кабинеттік жүйе жағдайында ғана іске асады.
География кабинеттері мынандай талаптарға сай келуі керек:
1. География кабинеті арнайы мебельдермен, жұмыс істеуге қажет тетіктермен, техникалық құралдармен, жұмыс және тәжірибе жасайтын столдармен (стол, басқару пульті, графопроектор үшін керек тумбадан құрастырылған) жабдықталуы керек.
2. Кабинет оқытудың арнаулы құралдарымен - аспаптар, модельдер, коллекциялар, гербарийлер, макеттер, карталар, суреттер, кестелер, диафильмдер, диапозитивтер, графопроектор үшін транспоранттар, кинофрагменттермен қамтамасыз етілуі тиіс.
Кабинетте жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу – көрнекі құралдар және оқу жабдықтарының үлгі тізіміне сәйкес оқытудың арнаулы құралдарымен жабдықталады.
3. Кабинетте ішкі және халықаралық өмірді баяндайтын:
А. Географияның халық шаруашылығы проблемаларын маңызы, «география және экономика»
Б. Шәкірттерді оқу жұмысының тәсілдеріне баулуды ұйымдастыратын «Білім алып үйрен», «Бүгін сабақта».
В. Өз өлкеңді оқып үйрену мақсатында қойылатын экспозициялық материалдар болады.
4. Кабинетте қоғамдық-саяси анықтамалар, ғылыми-бұқаралық әдебиеттер, оқулықтар, ғылыми-әдістемелік құралдар болады.
А. Кабинетте оқушылардың практикалық және жеке бастарының жұмыстарының жақсы үлгілері, олимпиада тапсырмаларының топтамалары және басқалары сақталады.
5. География кабинетіндегі оқыту құралдары:
А. Олардың түрлері (карталар, картиналар, кестелер, модельдер, оқытудың техникалық құралдары).
Б. Курстар бойынша жүйеленіп қойылған қолда бар құрал-жабдықтардың картотекасы оқыту құралдарын оқу процесінде тез қолдануға мүмкіндік береді.
6. Кабинетте жеке топ болып және жаппай дербес оқыту жұмысын ұйымдастыру үшін қажет үлестірме материалдар, оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру үшін қажет карточка-тапсырмалар. Мысалы, журнал материалдары, алдын-ала тапсырмалар даярланған, атластар, минералдар мен тау жыныстарының коллекциялары, гербарийлер, т.б. болады.
7. География кабинеттері санитарлық-гигиеналық шарттарға, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келуі керек.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АЛАҢ.
Географиялық алаң - география кабинетінің бір саласы болып табылады. Онда көптеген бақылау, тексеру жұмыстарын жүргізуге болады.
Дүниежүзінің көптеген өркениетті елдеріндегі мектептерде 30-ға жуық құралдары бар географиялық алаңдар бар. Алаңды жасау үшін алдымен метеорологиялық үйшік тұрғызу керек. Оны ағаштан құрастырып, ішіне барометр, гигрометр, термометр орналастырады. Термометрдің төменгі ұшы жер бетінен 2 м биіктікте болуы керек. Метеоүйшіктің есігі міндетті түрде солтүстік жаққа ашылуы тиіс, себебі температураны есептеп жатқан кезде күн сәулесі үйшіктің ішіне тікелей түсетін болса, термометр ауаның температурасын емес шыны түтіктің күн сәулесі қыздырған температурасын көрсетеді. Жауын-шашын мөлшерін өлшегіш географиялық алаңға жер бетіне жаңбыр, қар бұршақ түрінде түскен қарды жел үрлеп кетпеуі үшін жан-жағына қоршау орнатылады. Жаңбыр жауған соң шелектегі судың мөлшерін өлшейді. Соған қарап, егер жаңбыр суы топыраққа сіңіп немесе буланып кетпесе, жауын – шашын мөлшерін өлшегіш құралдардың жоғарғы бөлігі жер бетінен 2 м. биіктікте болу керек.
Флюгер желдің бағытын өлшейді. Флюгердің бағдаршасы кіндікте еркін айналып, үшкір ұшы желге қарама – қарсы тұруы керек. Егер жел солтүстік-батыстан тұрса: солтүстік-батыс желі, егер оңтүстік – шығыстан тұрса: оңтүстік-шығыс желі деп аталады. Флюгер негізінен 10 м биіктікте орналастырылады. Флюгер орнатылған 10 метрлік бағананы төменнен жоғары қарай 1 метрін ақ, 1 метрін қара бояумен кезек бояп, өлшеуіш бағана жасайды. Бағанаға қарап оқушылар сол маңайда тұрған үйлердің, ағаштардың тағы басқа заттардың биіктіктерін салыстырып өлшей алады. Бұл оқушылардың көзбен өлшеуін дамытады.
Полярлық жұлдызды табу оңай болу үшін, географиялық алаңға полярлық жұлдызды көрсеткішті орнату керек. Географиялық координатты көрсету үшін, алаңға төрт бағана орнатып, биіктігі 1,5 – 2 м бағаналардың ортасын сыммен қосып меридиан және параллель жасау қажет. Тиісті бағанаға ортасын сыммен қосып төрт бұрышты темірді бекітіп, соған мектептің географиялық бойлығы мен ендігін жазып қояды. Күннің горизонттан биіктігін анықтау мақсатында гномон немесе күн сағатын алаңға орнатуға болады.
Оқушыларға кез келген жердің ауданы мен өлшеуді үйрету үшін, алаңға ағаштан квадрат және куб пішінінде фигуралар және сонымен қатар, жер бедерінің көптеген жасанды пішіндерін жасауына болады. Мысалы, төбе, шығанақ, түбек, тау, су қоймасы, сарқырама т.б. Алаңда оқушылар отырып тапсырма орындайтын орындық және үстел болғаны дұрыс.
Алаңдағы барлық заттар негізінен ақ түсті бояумен боялады, алаңның өлшемі шамамен 10х10 м болады, мүмкіндігі болғанша жан – жағында ешқандай кедергісі жоқ, тегіс, жазық жерге орналастыру керек. Дүниежүзілік стандарт бойынша географиялық алаңның көлемі 26х26 м.
2 Географиялық кабинет. Географиялық алаң.
2.1. Географиялық кабинеттің географияны оқытуда алатын орны
Кабинет – бұл құрамына жиһаз, оқу құрал-жабдықтары, экпозициялық материалдар, оқу-әдістемелік комлектісі бар бар күрделі жүйе. Қазіргі заманға лайықты географиялық кабинет оқушылардың «география» пәніне деген қызығушылығын арттыруға, оқу процесін жаңашалауда, оның тиімділігін арттыруда орны ерекше болу керек. Қазіргі заманғы география кабинетінде мынадай жабдықтар болуы керек:
Кабинет барлық талаптарға сай болуы үшін мына құрал-жабдықтар болу керек:
-оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтама, географиялық сөздік, ғылыми және жаңа оқулықтар, әдеби кітаптар;
-дидактикалық материалдар (оқушылардың өзіндік және практикалық жұмыстарын тиімді жүргізу мақсатында);
-география курстары бойынша тематикалық (пәнаралық) материалдар;
-Қазақстан Республикасындағы баллдық системаға сәйкес анықтама материалдар, практикалық жұмыстар, контур карталармен жұмыс істеу, дәптер жүргізуге арналған баға кретерийлері;
- дәптер жүргізуге, практикалық, сарамандық жұмыстар, контур карталармен істелінетін жұмыстар, реферат жазу және қорғау, тағы да басқа оқушылардың өзіндік жұмыстарына қойылатын талаптар;
-олимпиада, жарыстар өтізуге арналған материалдар;
-сыныптан тыс жүргізілетін тапсырмаларға арналған материалдар (мейрам, географиялық кеш, КТК, ойындар, үйірме программалары, географиялық апталықтар, т.б.);
-өлкетану зерттеу жұмыстары, туристік экскурсиялар жоспарлары.
Кабинетте мына талап бойынша документация болуы шарт:
1. Кабинет паспорты (кабинеттің көлемі, жиһазбен жабдықталуы, қараңғылау мүмкіндігі, экран (егер бар болса), таблица, карточка, картина, карта салатын суырмалар.
2. Кабинеттегі құрал-жабдықтардың рұқсат қағазы.
3. Оқу жылына арналған кабинет жоспарлары.
4. Кабинеттің жұмыс істеу графигі.
5. Техника қауіпсіздік шаралары жайлы анықтама.
Жоғарыда көрсетілген материалдар және көрнекіліктер стендтер мен сөрелерде сақталынады, оларды тақырып бойынша бөлуге болады:
-оқушылар бұрышы («Оқуды үйрен», «Бүгінгі сабақта» тақырыптары бойыншы оқушыға жәрдем);
-«Экологиялық білім беру», «Экологиялық проблемалар» немесе «экология және табиғат» бұрыштары;
-географиялық газеттер,журналдар;
-өлкетану бұрышы
Бұл бұрышта келесі материалдар болуы мүмкін:
-өз облысының карталары (физикалық, экономикалық);
-өз облысының әлеуметтік-экономикалық обьектілері көрсетілген картосхемасы,;
-Өлкетану бойынша ғылыми, анықтамалық әдебиеттер, әдістемелер, мақалалар, БАҚ беттеріндегі жаңалықтар;
-фотоматериалдар, өз өлкесінің табиғат ерекшеліктері, тарихи-архитектуралық ескерткіштері суреті;
-Табиғи қорықтар,өлкедегі өнеркәсіп орындарына жасалған экскурсия материалдары;
- жергілікті жердің өсімдік гербарийлері, табиғи жыныстардың комлекті,;
-оқушылардың өзіндік жұмыстары (рефераттар, проект, анықтамалар, ғылыми зерттеу жұмыстары, суреттер, сұрақтар, ойындар);
-күнтізбе және ауа-райы
Кабинет дуалдарында көп қолданысқа ие карталар тұруына болады: Дүние жүзінің физикалық, әлеуметтік-экономикалық, Қазақстан Республикасының физикалық және экономикалық, дүние жүзінің саяси карталары.
Сонымен қатар, география кабинеті оқу-тәрбиелік процессте кино көруге, видеофильмдер, слайд, компакт-дискілер қолдануға қолайлы болып, жағдай жасалынуы керек. Кино көруге мүмкіндігінше толық немесе жартылай қараңғылау әдісі де болуы керек.
Кабинетке баға берерде мына кретерийлер бойынша қаралады:
1. Кабинет құжаттамасы.
-Паспорты
-оқу жылына арналған жұмыстардың жоспары
-жұмыс істеу уақыты
-Кабинетте бар құралдардың паспорты
-санитарлық гигиеналық талаптар және техника қауіпсіздік ережелері сақталынуы тиіс.
2. Кабинет жабдықталуы:
-Эстетикалық жағынан
- мәліметтер базасы
- экспозиция материалдарының ауысуы, жаңаруы, қазіргі заманға сай болуы
3. Оқу-тәрбие процесі бойынша:
-мәліметтік-техникалық базасының болуы
-оқу-тәрбие кезеңдерінде бар құрал-жабдықтың қолданылуы
- дидактикалық-көрнекілік материалдар
-өзін-өзі оқыту бойынша жүргізілген жұмыстар
4. кабинет ерекшеліктері (басқа кабинеттермен салыстырғанда, белгілі-бір уақыт аралығындағы өзгерістер).
5. кабинет бағасы (тексеру қорытындысы бойынша)
2.2 Географиялық кабинет жабдықталуы, қойылатын талаптар
Оқу құралдарын толық пайдалануда, оларды іріктеп алуда белгілі шарт болуы қажет. Оқыту құралдарын оқу процесінде толық пайдалану үшін, еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру принциптеріне сүйеніп жасайды.
1. оқыту құралдарын мазмұны диалектикалық мүмкіндіктері жағынан астарласып жатуы керек.
2. құралдарды оқыту процесінде тест пайдалану керек.
Бұл шарттар тек кабинеттік жүйе жағдайында ғана іске асады.
География кабинеттері мынадай талаптарға сай келуі керек:
1. География кабинеті арнайы модельдер мен жұмыс істеуге қажет тетіктермен, техникалық құралдармен, жұмыс және тәжірибе жасайтын столдар мен (стол, басқару пульті, графопроектор үшін керек тумбадан құрастырылған) жабдықталуы керек.
2. Кабинет оқытудың арнаулы құралдарымен – аспаптар, модельдер, коллекциялар, гербарийлер, макеттер, карталар, суреттер, кестелер, диафильмдер, диапозитивтер, кинофрагменттермен, видеофильмдермен, слайдтармен қамтамасыз етілуі тиіс. Кабинете жалпы білім беретін мектептерге арналған оқү-көрнекі құралдар және оқу жабдықтарының үлгі-тізіміне сәйкес оқытудың арнаулы құралдарымен жабдықталады
3. Кабинетте ішкі және халықаралық өмірді баяндайтын:
А. Географияның халық шаруашылығы проблемаларын маңызы, «география және экономика»
Б. Шәкірттерді оқу жұмысының тәсілдеріне баулуды ұйымдастыратын «Білім алып үйрен», «Бүгін сабақта».
В. Өз өлкеңді оқып-үйрену мақсатында қойылатын экспозициялық материалдар болады.
4. Кабинетте қоғамдық-саясианықтамалар, ғылыми-бұқаралық әдебиеттер, оқулықтар, ғылыми-әдістемелік құралдар болады.
А. Кабинетте оқушылардың практикалық және жеке бастарының жұмыстарының жақсы үлгілері, олимпиада тапсырмаларының топтамалары және басқалары сақталады.
5. География кабинетіндегі оқыту құралдары:
А. Олардың түрлері (карталар, картиналар, кестелер, модельдер, оқытудың техникалық құралдары ).
Б. Курстар бойынша жүйеленіп қойылған қолда бар құрал-жабдықтардың картотекасы оқыту құралдарын оқу процесінде тез қолдануға мүмкіндік береді.
6. Кабинете жеке топ болып және жаппай дербес оқыту жұмысын ұйымдастыру үшін қажет үлестірме материалдар, оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру үшін қажет карточка-тапсырмалар. Мысалы,журнал материалдары, алдын-ала тапсырмалар даярланған, атластар, минералдар мен тау жыныстарының коллекциялары, гербарийлер, тағы да басқа болады.
7. География кабинеттері санитарлық-гигиеналық шарттарға, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келуі керек.
Қазіргі таңда жалпы орта білім беру мақсаты өзгерді. Жаңа үрдістік іс- әрекеттерге негізделген мазмұнымен қатар оқыту нәтижелеріне де талап қойылған білім берудің жаңа концепциялары, стандарттары жасалуда.
Барлық педагогикалық жүйе құрамы бөліктерінде“инновациялық”, “жаңалық тану” үрдісі іске асуы үшін төмендегідей жұмыстар істелуі тиіс. Біріншіден , өсіп келе жатқан ұрпақтын білім алуын жаңа бағытқа салу үшін оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс – тәсілдерден қолдану. Екіншіден, жалпы білім беретін мектептегі оқу жүйесінің мазмұнына өзгерістер енгізу. Үшіншіден, оқушылардың ойлау қаблеті жаңалықтарды тез қабылдауды қалыптастыру және ол жаңалықтарды өмірде қолдана білуге үйрету. Бірақ оқыту технологиясын енгізу оқытудың дәстүрлі әдістерін алмастыру емес, қатарластырып қолдану, себебі ол да пәннің әдістемелік құрамдас бөлігі болып табылады.
“Технология” термині шетел әдістемесінен алынған. “Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі”. Педагогикалық технология-практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы . Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз- белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі.
Географияны оқыту әдістемесінде оқыту технологиясын қолданудың едеуір тәжірбиесі жинақталған. Оның ішінде ең танымалы оқыту технологияларының бірі –оқу жұмысы әрекетерін қалыптастыру технологиясы. Оқу жұмысы әрекетерін қалыптастыру технологиясында ережелер, үлгілер, алгоритмдер және географиялық обьектілердің жазбалары мен сипаттамаларының жоспары келтіріледі. Бұл технгология бірқатар география оқулықтарында, әдістемелік нұсқауларда жеткілікті түрде орын алған және көптеген география мұғалімдері жұмысында жақсы игерілген.
Географияны оқыту процесінде бұрыннан бері Шаталовтың тірек – сигналдары технологиясы (логикалық тірек конспектілері – ЛОК) жеткілікті түрде қолданылып келе жатыр. Географияны оқытудағы логикалық байланыстар схемасының ролі туралы Н.Н. Баранский былай деп жазған! «схемалар басты және негізгіні айыруға үйретеді, логикалық байланыстарды іздеуге, анықтауға және сабақты игеруге оқушыларға едеуір көмек береді». Байланыс схемаларын мұғалімдер үнемі пайдалануда. Жасалынған тірек конспектілер, оқушылардың танымдық әрекетін басқаруда мұғалімдерге көмек береді, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамытады, және де оқу жұмысы нәтижелерін өз бетімен бақылауды іске асыруда тіреу болады. Практикум мұғалімдер бұл технология жақсы меңгерген. Бұл технологияға байланысты бір қатар мақалалар және кітаптар жарық көрді.
Көптеген география оқулықтарына енгізілген, журнал беттерінде жарық көрген оқытушылардың жұмыс тәжірибесінен және мақалаларда жарияланған технологияларының бірі -оқушылардың оқу әрекетін қалыптастыру технологиясы. Бұл технологияда оқу әрекеті оқушылардың дәрістегі белсенділігінің ерекше бір түрі ретінде қарастырылады. Олар оқу тапсырмаларын шешу көмегімен білім алуға бағытталған. Егер қалыптасқан әдістеме мұғалімге не істеу керек екенін жазса , оқу әрекетін қалыптастыру технологиясы оқушы оқу тапсырмасын қалай шешу керек екеніндігін түсіндіреді. Сабақ алдында сыныпқа оқу тапсырмалары таратылады, ол сабақ барысында шешіледі де сабақ соңында нәтижесіне тесттің көмегімен диагностикалық тексеру жүргізіледі. Оқу әрекетін қалыптастыру технологиясы , оқу тапсырмаларының жүйесін мұғалім қандайда бір курс, тарау немесе тақырып бойынша құрастырады. Өз қызметінің және соған байланысты оқушылар әрекетінің өзара байланысын ұйымдастыру жобаларын жасайды және де тест тапсырмаларын дайындайды. Оқу тапсырмалары мен тесттер жүйесін әдістемелік құралдардан (практикум, мектеп түлектерін дайындау сапасын бағалау жинақтары және т.б.) алуға болады. Бұл технологияны қолдану В.П. Сухов, В.Я. Ромм және В.П. Дроновтың оқулықтарында және журналдардың бірқатар мақалаларында жақсы ашылып көрсетілген.
Дифференциалдық оқыту технологиясы да география әдістемесінде жақсы белгілі. Оны қолдану кезінде сынып оқушыларының типологиялық ерекшеліктері ескіріліп, шартты топтарға бөлінеді. Топтарды жинақтау кезінде, оқушылардың оқуға деген жеке көзқарасы, білімділік деңгейі, пәнді оқуға қызығушылық деңгейі ескеріледі. Тапсырманы орындау мазмұны, көлемі, күрделілігі, әдісі мен тәсілдері бойынша және де оқыту нәтижелерін диагностикалау үшін әртүрлі деңгейлестірілген бағдарламалар жасалады.
География мұғалімдері жұмысы практикасында ойын сабақ әрекеті технологиясы кеңінен тараған. Бірақ оны іске асыру бір сәтті ғана (эпизод), болады онда танымдық әрекетті ұйымдастыру жүйесі жоқ.Ойынмен оқыту ұзақ дайындық жүргізгенде ғана оң нәтиже береді. Оқу тапсырмаларында ойынның әрбір позициясы айқын белгіленген, күрделі жағдайдан шығудың мүмкін болатын әдістемелік тәсілдерді анықталған және нәтижелерді бағалау тәсілдері жоспарланған ойын сценарийі ерекше орын алады.
Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр:
• Білім сапасын арттыру;
• Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
• Орта білімді ақпараттандыру;
• Интернет жүйесін пайдалану;
• Электрондық оқулықтар;
• Қашықтықтан басқару:
Осы міндеттерді шешуде қазіргі жаңашыл мектеп өз алдына мынадай мақсат қойып отыр: “Жаңа ақпараттық технология арқылы білім мазмұнын жаңарту”. Осы мақсатқа сай бүгінгі мектеп мұғалімі білімділікпен қоса, өзіндік ой-пікірі бар, заман ағымына сай жеке тұлғаны қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақты “ақпараттық қоғамға” тәрбиелеу барысында оқу-тәрбие процесінің заман талабына сай әдіс-тәсілдерін таңдай білуі қажет. Қазіргі таңда толық, сапалы, бәсекелестік қабілеттегі білім беруді ұйымдастыруда көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда. Солардың бірі – жаңа ақпараттық коммуникативтік технология. Компьютерлер білім беруге кеңінен қолданыла бастағанда “оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары” термині пайда болды. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы- ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі, оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуде есептеуіш техника құралдарының ролі мен орны. Мектепте компьютерлік технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңа ақпараттық технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:
• Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;
• Ғылыми - көпшілік журналының сайтына кіру;
• Әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;
• Интернет- олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу;
Осыдан бірнеше жыл бұрын оқушылар компьютерді қорқып ұстайтын болса, қазіргі уақытта олар информатиканы екінші сыныптан бастап оқуда. Сондай-ақ компьютерді информатика сабағында ғана пайдалану кезеңі артта қалды. Қазіргі уақытта компьютерлік технология барлық мектеп пәндерінде белсенді түрде пайдаланылады.
Ноосфералық даму кезеңінде география пәні мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде оқытудың дәстүрлі әдістерімен қатар, белсенді оқыту әдістері, оқытудың инновациялық технологиялары пайдаланылады. Мен өз тәжірибемде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, өз алдыма төмендегідей мақсат қоямын;
• Жаңа ақпараттық технология арқылы білім сапасын арттыру;
• Қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін баланы ақпараттық қоғамға тәрбиелеу:
Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. География сабағында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім білім беруші ролін атқарып, оқыту құралы ретінде қызмет атқарады. Ал оқытудың компьютерлік ақпараттық ортасы білімді өздігінен меңгерудің объектісі бола отырып, төмендегідей парадигманы қалыптастырады: Оқушы- оқу ортасы – технология жүйесі. Осы жүйе негізінде оқушы өздігінен білім алады. Оқушының іс-әрекетін тым қатал басқару оның өзіндік ой-пікірі мен өз бетінше жұмыс істеу қабілетінен айырады. География пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияның тиімділігіне тоқталатын болсақ, оны төмендегідей атап өтуге болады:
• Мәтіндік редакторы- географиялық құжаттарды құру құралы (реферат, таблицалар)
• Графикалық редактор- шығармашылық сабақтардың жұмысын құру құралы (шартты белгілерді жасау, географиялық план жасау, табиғаттың көрінісі, температураның, жауын- шашынның, желдің графигін сызу)
• Мультимедиялық редактор- сабақта табиғи процестерді құру құралы(геологиялық, климаттық).
• Презентациялық- елдің, объектінің презентациясын жасау.
• Лазерлік дискідегі географиялық кітапхананы пайдалану (карта, анықтамалық, энциклопедия)
• Локальдық тестілеу.
• Интернет жүйесіне кіру. әлемнің кез- келген жеріне виртуалды саяхат жасау;
География ғылымы бойынша өзінің интернет- қорын құру; тәжірибе алмасу; тікелей эфирде атақты мұғалімдердің сабақтары.
• Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігі. Географиялық ақпараттар жөнінде ой бөлісу, жаңалықтар алмасу.
• Білім мазмұнының заман талабына сай болуы.
• Қажетті білімді толығымен алу.
• Білімді өздігімен меңгеру.
• Өзін-өзі бағалау
• Жалған ақпарат алу қаупінен құтылу
• Жалған бағадан арылу
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам – дегеніміз не?
Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
ACTIVwandуказкасы
Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.
ACTIVpanelpro
ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.
ACTIVslate
Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
ACTIVtablet
ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.
ACTIVote
ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.
ACTIVote қолдана отырып:
«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түріндекомпьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады
ACTIVstudio программасы
ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа
ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер
қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
Флипчарт
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
« Активті экран » кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
« Активті экран » бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.
Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
- Алған білімді жүйелеу ;
- Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқуматериалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, өзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
География кабинетінің негізі компьютермен, мнтертақтамен жабдықталудан тұрса, кабинеттің оқушылардың қызығушылығын арттыруында басқа да факторлар улкен роль атқарады.
1. Табиғи обьектілер- бұл өсімдіктер гербарийлері, тау жыныстары коллекциясы, табиғатта кездесетін объектілер коллекциясы, тағы да басқа тікелей табиғатпен байланыс жасауға ықпал ететін, табиғатқа бір қадам болса да жақынырақ болуға көмектесетін материалдар. Оқу процесінде олардың алатын орны ерекше деп айтуға болады. Мысалыға, гербарийлерді алсақ, Қазақстанда кездесетін сирек өсімдіктер жайлы болсын. Оқушылар ол өсімдіктер жайлы оқып, айтып қана коймай, оның қандай, қай түсті екенін біліп отырса, ол оны жаттап алып, есте сақтауына көмек болады. Қазыргі мектептерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін компаниялар дайын гербарий, табиғи объектілер коллекциясын турлі деңгейде ұсына алады.
Сурет 1
Табиғаттағы кварц коллекциясы
2.Географиялық модельдербұл көбінесе бастауыш немесе орта сыныптарда, физикалық географияны өту барысында көп қолдануға тиіс және жәрдемі мол географиялық құралдар болып табылады. Модельдердің ең көп қолданылатыны-қарапайым глобус. Глобусты мектеп оқушыларының білмейтіні, танымайтыны жоқ шығар. Глобус картадан бөлек, жаратылыстану пәнін алғаш өткен күннен бастап, қолдануға болады.
Глобустан бөлек жер қыртысы моделі, вулкан моделі, жер қыртысы моделі, таулардың пайда болуы моделі, мұхит асты қыртысы, тағы да басқа тақырыптарда болуы мүмкін. Көптеген модельдер, мысалы, вулкан моделін алсақ, ол вулкандар тақырыбын өту кезінде моделі алмалы-салмалы болуынан оқушылар вулканның ішкі процесстерін, лаваның ағу процесін көру арқылы елестете алады.
Сурет 2
«Вулкан» модел
Сурет 3
Меутеп глобусы
Географиялық карталар- көбінесе дүниежүзінің физикалық, әлеуметтік-экономикалық географиясы курсында кең қолданысқа ие болады, Қазақстанның физикалық,әлеуметтік-экономикалық географиясын, сонымен бірге, дүние жүзі елдерін өткенде пайдасы зор. Сондықтан, география кабинетінде картаның түрлері көп болуы керек. Масштабы бойынша, дүниежүзілік, материктік, жеке елдер мен аймақтар картасы, Қазақстанның картасы, Оңтүстік Қазақстан облысы картасы өлкетану тақырыптары кезінде қолдануға, болуы тиіс.
Сурет 4
Географиялық картаның түрі
Приборлар-компас, өлшегіш приборлар, географиялық алаңға қажет приборлар, т.б
Сурет 5
«Компас» приборы
Сурет 6
«Термометр» приборы
Баспа материалдары-көрнекілік және таралымдық болып бөлінеді. Оның ішіне таблицалар, портреттер, бейнесюжеттер, т.б. кіреді. Мысалы, «атериктер мен мұхиттар»таблицасы, «география» таблицасы, т.б.
Сурет 6
«Африка» кестесі
Бейне-дыбыстық құралдар: бұл компакт-дисілер, видеобейнефильмдер, слайд-альбомдар, фолия және т.б. Бұлар география кабинеті қазіргі заманға сай жабдықталса, сабақты жаңа технологиямен өтуге, оқушыларға қандай тақырып болмасын тереңдетіп түсіндіруге ықпал жасары анық. Мысалы, слайд-альбомдарды оқушылар өздері де өзіндік жұмыс ретінде, практикалық жұмыс ретінде жасай алады. Видеофильмдердің көмегі тіпті зор, мысалыға алсақ, географиялық ашылулар деген тақырыпта фильм көру арқылы оқушылар географтарды да, ғалымдар-зерттеушілерді де, ашылған жердің нақты координаттары мен қазыіргі жағдайы жайлы нақты мәлімет алады.
Интерактив көрнекілер- бұл жерде көбінесе интерактивті тақтаны қолдану барысында жай баспалық карталарды емес, электронды картаны қолдану басым. Яғни, кез-келген аймақтың қазіргі таңда электронды картасы бар. Тақта арқылы осы карталарды көріп, кез-келген нүктені жакындатып, нақты координаттарын білуге болады. Бұл әрине, оқушылар мен мұғалім үшін пайдасы айтпаса да анық.
2.3.Географиялық алаң және оның маңызы
Географиялық алаң – география кабинетінің бір саласы болып табылады. Онда көптеген бақылау, тексеру жұмыстарын жүргізуге болады. Дүние жүзінің көптеген өркениетті елдеріндегі мектептерде 30-ға жуық құралдары бар географиялық алаңдар бар. Алаңды жасау үшін алдымен метереологиялық үйшік тұрғызу керек. Оны ағаштан құрастырып, ішіне барометр, гигрометр, термометр орналастырады. Термометрдыі төменгі ұшы жер бетінен 2 метр биіктікте болуы керек. Метеоүйшіктің есігі міндетті түрде солтүстік жаққа ашылуы тиіс, себебі, температураны есептеп жатқан кезде күн сәулесі үйшіктің тікелей тусетін болса, термометр ауаның температурасын емес, шыны түтіктің күн сәулесі қыздырған температурасын көрсетеді. Жауын-шашын мөлшерін өлшегіш географиялық алаңға жер бетіне жаңбыр, қар, бұршақ түрінде түскен қарды жел үрлеп кетпеуі үшін жан жағына қоршау орнатылады. Жаңбыр жауған соң шелектегі судың мөлшерін өлшейді. Соған қарап, егер жаңбыр суы топыраққа сіңіп немесе буланып кетпесе, жауын-шашын мөлшерін өлшегіш құралдардың жоғарғы бөлігі жер бетінен 2 метр биіктікте болу керек.
Флюгер желдің бағытын өлшейді. Флюгердің бағдаршасы кіндікте еркін айналып үшкір ұшы желге қарама-қарсы тұруы керек. Егер жел солтүстік-батыстан тұрса: солтүстік-батыс желі, егер оңтүстік-шығыстан тұрса: онда оңтүстік-шығыс желі деп аталады. Флюгер негізінен 10 метр биіктікте орналастырылады. Флюгер орнатылған 10 метрлік бағананы төменнен жоғары қарай 1 метрін ақ, 1 метрін қара бояумен кезек бояп өлшеуіш бағана жасайды. Бағанаға қарап оқушылар сол маңайда тұрған үйлердің, ағаштардың тағы басқа заттардың биіктіктерін салыстырып өлшей алады. Бұл оқушылардың көзбен өлшеуән дамытады.
Полярлық жұлдызды табу оңай болу үшін, географиялық алаңға полярлық жұлдызды көрсеткішті орнату керек. Географиялық координаты көрсету үшін, алаңға төрт бағана орнатып, биіктігі 1,5-2 метр бағаналардың ортасын сыммен қосып меридиан және параллель жасау қажет. Тиісті бағанаға ортасын сыммен қосып төрт бұрышты темірді бекітіп, соған мектептің географиялық бойлығы мен ендігін жазып қояды. Күннің горизонтттан биіктігін анықтау мақсатында гномон немесе күн сағатын алаңға орнатуға болады.
Оқушыларға ке-келген жердің ауданы мен өлшеуді үйрені үшін, алаңға ағаштан квадрат және куб пішінінде фигуралар, сонымен қатар, жер бедерінің көптеген жасанды пішіндерін жасауға болады. Мысалы, төбе, шығанақ, түбек, тау, су қоймасы, сарқырама т.б. алаңда оқушылар отырып тапсырма орындайтын орындық және үстел болғаны дұрыс.
Алаңдағы барлық заттар негізінен ақ түсті бояумен боялады, алаңның өлшемі шамамен 10/10 метр болады, мүмкіндігі болғанша жан-жағында ешқандай кедергісі жоқ, тегіс, жазық жерге орналастыру керек. Дүниежүзілік стандарт бойынша географиялық алаңның көлемі 26/26 метр.
Географиялық алаң – бұл географиялық кабинетпен бірге оқушылардың түрлі зерттеулері мен өзіндік жұмістары іске асатын, өзіне сай, зерттеулерге керекті барлық құрал-жабдықтармен толтырылған алаңды айтамыз.Алаңның жалпы көлемі әртүрлі болуы мүмкін. В.Г.Эрдели зерттеулерінде ең ыңғайлы көлем - 21X21м деп көрсетілген. Бірақ, әр мектептің немесе басқа оқу орындарының бос алаңына қарай бұл көлем өзгеріп отыруы да мүмкін,яғни, бұдан кіші алаңда да география алаңын жасау мүмкіншілігі бар. Ыңғайына орай, географиялық алаңды ашығ алаңқайда, жазық жерде құру тиімді болады. Себебі, ашық жерден оқушылар зерттеулер кезінде көкжиекті де,жұлдыздар, күн көрінісі жеңіл болуы керек.Сонымен қатар, географиялық алаңды мектепке жақын жерге орналастырса, тиімдірек болады. Ол мектеп пен алаңнаң арасында көп уақыт құртпай, зерттеулер жүргізуге және алаңның қауіпсіздігіне көңіл бөлінуі оңай болуы ушін.
Ал, алаңды қандай жабдықтармен жабдықтау керек деген сұраққа келсек, ол алаңда қандай зерттеулер және қай сыныптарға жүргізілуімен байланысты. Бастауыш сынып алаңы мен жоғары сыныптар алаңы құрал-жабдықтары әрине әртүрлі болады.
Мысалы, бастауыш сыныпта көбінесе мұғалім алаңда оқушылардың көзбен алшақтықты дұрыс табуға баулиды. Бұл үшін, алаңды қоршап тұрған тіреуіштерді қолдануға болады. Тіреуіштің бір жағынан жарқын түсті бояумен бір, бес, он деп алшақтықтарды санмен жазып қоямыз, ал, қарама-қарсы жағынан, бір, үш, бес, сегіз, он бес деп алшақтықты белгілеп, бірақ санмен жазбау керек. Осы сабақ кезінде мұғалім бір белгіге барып, мынау қанша деп сурап, оқушылардың дамуына үлес қосады.
Бұл жаттығулар туристік зерттеулерге шыққанда да, тауға, көлге саяхат жасағанда да жалғаса береді. Яғни, балаларға біршама алыста орналасқан су, ағаш немесе тағы басқа затты көрсетіп, көзбен қанша метр шығатынын сұрау арқылы және оны артынша басқан ізбен өлшеп, тексеру арқылы жаттықса болады.
Бұл жерде әр оқушы өз басқан қадамдарының метрмен қанша болатынын да біліп отырады.
Осы сияқты жаттығуларды тек бастауышта емес, кейінгі орта сынып оқушыларына да жасатуға болады, ол оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Сонымен қатар, көзбен өлшеу жаттығуларына биіктікті өлшеу де жатады. Ол үшін көбінесе нивелир немесе тік бұрашөлшегішті қолдануға болады. Яғни, географиялық алаңда болсын немесе экскурсияларда болсын, кез-келген биікте тұрған затты осы приборлар арқылы өлшеуге болады. Осы приборларды қолмен де ағаштан жасап, оған бояумен нақты өлшенген сандарды жазып, оны да экскурсия кезінде қолдануға болады.
Жоғарыда көрсетілген жаттығуларды барынша географиялық алаңда жасауға тырысу керек. Ол үшін алаңда:
Гномон. Оңтүстіктен солтүстікке, батыстан шығысқа жүргізілген.
Сонымен қатар, географиялық алаңда керекті барлық приборлар болуы керек: флюгер, термометр орнатылған будка, жауын-шашын мөлшерін өлшеуге жағдай, қар қалыңдығын өлшейтін прибор, т.б.
Географиялық алаңда түрлі географиялық обьекттердің қолдан жасалған модельдері, макеттері болуы да шарт. Оқушылардың өздері қолдан гидрографиялық обьектілердің:өзен, көл, бұғаз, модельдерін, сонымен қатар, құм қолдану арқылы, рельеф формаларын, жазықтар, үстірттер, тау, шатқал, т.б. обьектілерді жасауға мүмкіншілік бар болуы тиіс. Осы жаттығулар кезінде өз өлкелерінде бар географиялық обьектілерді жасаудың ролі ерекше, өлкетану жұмыстарына улкен септігін тигізеді.
Жұмыстарды жүргізу жыл мезгілдеріне де байланысты, жазда модельдер жасау, макеттер жасау, құммен, балшықпен жұмыс істеуге болады. Ал, қыс мезгілінде, қар жамысғысын өлшеу, күн сәулесіне байланысты жұмыстар жүргізуге қолайлы.
Географиялық алаңда жумыс істеудің белгілі бір ережесі немесе бекітілген жоспары жоқ, ол мұғалім мен оқушылардың ойлау қабілетіне, қиялына да байланысты болады.
9 Тақырыбы: Физикалық географияның құрылымы мен мазмұны
1. Физикалық география курсының мазмұны.
2. Оқушылардың пән бойынша білім деңгейіне қойылатын талаптар.
3. Тараулар бойынша істелінетін жұмыстар.
Физикалық географияның бастапқы курсында Жердің географиялық қабығы мен оның жеке бөліктері қарастырылады. Географиялық қабық - литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфералардың өзара байланысымен сипатталатын, біртұтас ауқымды әрі күрделі табиғат кешені.
Физикалық географияның бастапқы курсы «План және карта», «Жер қабықтары», «Табиғат компоненттерінің байланысы», «Жер және адамзат», «Жергілікті халық пен табиғат» тарауларын оқытуды қарастырады. «План және карта» тарауы - «масштаб», «азимут», «абсолюттік биіктік», «салыстырмалы биіктік» түсініктері, жер бетінің обьектілерін планшетте және картада көрсету географиялық обьектілер мен құбылыстарды картаға түсіру тәсілдері. Адам өміріндегі картаның маңызы.
«Жер қабықтары» тақырыбын оқу кезінде оқушылар литосфера, гидросфера, атмосфера және түрлі организмдер (биосфера) өзара кіріккен сфералардан тұратын географиялық қабық туралы қарапайым түсініктер алады.
«Гидросфера» тақырыбы дүниежүзілік мұхит пен құрылық суларынан (жер асты және жер үсті) тұратын әрі күрделі, бірақ тұтас, қабықты қамтиды. Дүние бөліктерінің аса ірі өзендері мен көлдері өзен алаптары, суайрық, өзендердің қоректенуі мен режимі, адам өмірінде су ресурстарын пайдалану.
Дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктері, аса ірі теңіздер, бұғаздар мен шығанақтар. Дүниежүзілік мұхиттың суының қасиеттері. Ағыстар. Теңіздер мен мұхиттардың шаруашылықтағы маңызы.
Литосфера, жер қыртысының құрылымы, жер қыртысын қалыптастырушы ішкі және сыртқы күштер. Литосфераның - жер қыртысының орнықты және қозғалыстағы телімдері. Пайдалы қазбалардың таралуындағы негізгі заңдылықтар.
Жер бетінің формалыры, нысандары. Ойпаттар, жазықтар, үстірттер, ойыстар, таулар.
Аса ірі таулар, ойпаттар, дүниежүзі бөліктерінің жазықтары. Адам өміріндегі жер бедерінің маңызы.
«Атмосфера» тақырыбы жердің ауа қабығы туралы білімді, ауа райының құбылыстары мен элементтерін, жер климатының көп жылдық орташа сипаттамаларын және жергілікті климатты, сонымен бірге климат қалыптастырушы факторларды қамтиды. Атмосфера туралы түсінік, жел және оның қалыптасуы. Атмосфералық жауын-шашын, жер климаты, негізгі климат түзуші факторлар, климат белдеулерінің сипаттамасы.
«Биосфера» тақырыбы тірі организмдер географиялық қабықтың бір бөлігі екендігі туралы түсінікке негізделген. Жер және адамзат тақырыбына адам табиғаттың бір бөлігі, нәсілдер, сыртқы белгілеріне байланысты нәсілдік өзгешеліктер туралы мәліметтер кіреді. Жер бетін-дегі халықтардың орналасуы мен саны, этностар, қазіргі заманғы дүниежүзілік саяси карта.
Жергілікті халық және табиғат тақырыбы айтарлықтай дәрежеде келесі құрылықтар мен мұхиттар географиясына кіріспе болып табылады.
Оқушылардың пән бойынша білім деңгейіне қойылатын талаптар.
Оқушы білуі керек:
- план, масштаб, географиялық карта, абсолюттік және салыстырмалы биіктік, географиялық координаттар туралы түсініктердің мазмұнын;
- географиялық обьектілер мен құбылыстарды план мен картада бейнелеу тәсілдерін;
- градустың негізгі элементтерін;
- тұрақты бейнелеу түрлерінің ерекшеліктері, план мен географиялық картаның өзгешеліктері мен ұқсастығын;
Литосфера:
- жердің сыртқы қабығы туралы қарапайым түсініктер қалыптастыру;
- жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының негізгі түрлері;
- жер қыртысының қозғалыс түрлері; жанартаулық көріністер;
- құрылық бедерінің негізгі нысандары, таулар, жазықтар;
- жердің ішкі құрылымының ерекшеліктері;
Гидросфера:
- гидросфераның құрамы, дүниежүзілік су айналымы негізінде;
- дүниежүзілік мұхиттың құрамды бөліктері теңіздер; шығанақтар; бұғаздар;
- құрылық суының құрамы;
- құрылықтардың, дүние бөліктерінің, мұхиттар мен теңіздердің, аса ірі таулардың, жазықтардың, өзендердің, көлдердің географиялық картадағы орны;
- дүние жүзілік мұхиттың табан бедерінің ерекшеліктері;
- өзендердің, көлдердің, жерасты суларының, мұздықтардың ерекшеліктері;
- бағдарламада аталған көлдердің, көл шұңқырларының типтері;
- каналдар мен бөгендер туралы түсінік;
- судың шаруашылықтағы маңызы, оны ұқыпты пайдалану және қорғау шаралары;
Атмосфера:
- атмосфера, ауа райы, климат, жел, атмосфералық жауын-шашын түсініктерінің мазмұны;
- температура, жел, қысым, ауа ылғалдылығы, атмосфералық жауын – шашын тәрізді ауа-райының сипаттамалары;
- бриздер мен муссондар туралы түсінік;
- жыл мезгілдерінің жергілікті ерекшеліктері;
- атмосфералық ауаны қорғаудың негізгі шаралары;
- атмосфера құрылымы (құбылыстардың сипаты, өзге қабықтармен байланыстары);
- «жел кестесі» бойынша желдің басым бағытын анықтау;
- жердің тәуліктік және жылдық айналымының ерекшеліктері, оның салдары;
Биосфера:
- биосфераның құрамы;
- жер шары халқының саны;
- негізгі адам нәсілдері, олардың сыртқы белгілерін, нәсілдер теңдігі;
- литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфера тәрізді жер қабықтарының өзара байланыс мысалдары;
Істей білу керек:
- планмен, географиялық картамен және глобуспен жұмыс істеу;
- нүктені оның географиялық координатталары арқылы анықтау;
- глобустан, жарты шарлар картасынан, Қазақстанның физикалық картасынан географиялық координатталарды анықтау;
- көкжиек жақтары бойынша бағыттарды анықтау;
- картадан жеке шыңдарды (Кавказ таулары, Орал тауы, Гималай, Тәңіртауы және т.б. ) көрсету;
- картадан тауларды, құрылықтағы жазықтарды, құрылықтар мен мұхиттарды көрсетуді және анықтау;
- картадан Дүние жүзілік мұхит бөліктерін көрсету, оларды кескін картада белгілеу;
- кескін картада географиялық обьектілерді белгілеу және жазу;
- план және карта бойынша ағын және тұйық көлдерді анықтап, картадан көрсету;
- каналдар мен бөгендердің географиялық орнын анықтау;
- жергілікті климат ерекшеліктерінің жазбасын құрастыру;
- саяси карталарды оқу, ондағы мемлекеттер мен олардың астаналарын көрсету;
- шартты белгілерді көрсете отырып обьектілерді анықтау;
- жер обьектілерін, бағыттарды, қашықтықтарды, нүкте биіктіктерін, планда және картада анықтауды көрсету;
- жеке аймақтар мен обьектілердің абсолюттік биіктігін, тереңдігін анықтау, обьектілердің ұзақтығын градуспен және километрмен анықтау;
- шөгінді және магмалық жыныстарды сыртқы белгілері бойынша анықтау;
- физикалық карта бойынша ірі жазықтар мен тау жүйелерінің сипаттамасын құрастыру;
- гидросфералық обьектілердің географиялық орнын анықтау;
- карта бойынша теңіздер мен мұхиттардың тереңдігін анықтау;
- өзен ағысының бағыты сипаты мен бағытының жер бедеріне тәуелділігін анықтау;
- көл шұңқырының пайда болуын анықтау;
- температура жүрісінің кестесін, жел кестесін, жауын-шашын диаграммасын тұрғызу және оларды талдау;
- ауаның орташа температурасын, температура ауытқуларын есептеу;
- жарықтану белдеулеріне қарай обьектілерінің орнын анықтау;
- өз жерінің табиғат кешенінің сипаттамасын құрастыру;
10 Тақырыбы: Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы курсының құрылымы мен мазмұны.
1. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы курсының мазмұны.
2. Оқушылардың пән бойынша білім деңгейіне қойылатын талаптар.
3. Тараулар бойынша істелінетін жұмыстар.
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы курсы – мектептегі аймақтық елтанудың алғашқы курсы. Оқушылардың бастапқы сыныптарда география сабағынан алған біліміне сүйене отырып, құрылықтардың халқы, саяси картасы мен физикалық географиялық ерекшеліктері туралы білім қалыптасады. Бұл курсты оқыту нәтижесінде оқушылар табиғат байлықтарының алуан түрлілігі, жер шарының барлық бөліктеріндегі халықтардың тіршілік жағдайларындағы өзгешіліктерінің себептері туралы білім алады. Сонымен қатар, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы курсы – оқушыларды түрлі арнайы жалпы географиялық карталармен толықтырады, олармен жұмыс істей білу қабілеттілігін қалыптастырады және арттырады.
Жер бедері, құрылықтағы пайдалы қазбалар және жер қыртысының құрылымы туралы түсініктер жүйесі. Оқушылар әрбір жеке құрылық бетінің жалпы және оның ірі аймақтарының құрылымы, жер шарындағы негізгі бедер нысандарының және материктер мен мұхиттардың бедерінің даму заңдылықтары туралы түсінік болуы керек.
Материктер мен мұхиттар географиясы пәні жер табиғатының жалпы сипаттамасы: мұхиттар, құрылықтар атты тараудан тұрады. Құрылықтар географиясы туралы білім оқушыларға әр алуан елдердің халықтарының өмір сүру ерекшеліктерін, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды түсінуге, білуге көмектеседі. Мысалы, оқушылар Африка материгінің жер бедері туралы өтіп жатқанда, оның Оңтүстік Америка жер бедерінен ерек-шеленуін салыстырмалы ретінде білуіне көмегін көрсетер еді. Материктер мен мұхиттар географиясы курсы – физикалық-географиялық бастауыш курсының логикалық жалғасы болып табылады, Қазақстанның физикалық географиясы курсына табиғи түрде өтеді қамтамасыз етеді.
Жер табиғатының жалпы сипаттамасы. Литосфера жер бедері. Атмосфера және климат. Адам мен табиғат арасындағы өзара ықпал.
1. Табиғаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіндегі маңызы.
2. Адамның шаруашылық әрекетіне байланысты табиғаттың өзгеруі.
3. Табиғатта адамның өмір сүру жағдайына әсері.
4. Жер табиғатын игеру мен қорғауда халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі.
5. Жер табиғат кешендері.
6. Географиялық қабықтың құрылымы мен қасиеттері.
Мұхиттар.
Аттары, шекаралары, өлшемдері. Мұхитты зерттеудің тарихы. Географиялық орны, жағалаулар, теңіздер, аралдар және олардың пайда болуы. Мұхиттың іргелес жатқан құрылық бөліктерімен өзара ықпалы. Мұхит табиғатының өзге де ерекшеліктері. Шаруашылық игерілуі, Мұхиттың минералды байлықтары. Мұхит суын ластаудан қорғау. Келешекте мұхит суын игеру.
Материктер.
Материктердің физикалық-географиялық орнына сипаттама. Еуразия, Солтүстік және Онтүстік Америка, Африка, Австралия, Антарктида.
- материктердің ашылуы, зерттелу тарихы;
- материктік жер бедерінің қалыптасуы, құрылымы пайдалы қазбалары;
- материктің климат ерекшеліктері , климат түзуші факторлар;
- материктің ішкі сулары; басты өзен және көл жүйелері;
- материктің табиғат зоналары, органикалық әлемі. Материктің ендік зоналылығы және биіктік белдеулігі;
- табиғат қорғау проблемалары;
- халық шаруашылық әрекеті;
1. Материктік және мұхиттық жер қыртысының қасиеттері.
2. Жер бедерінің жер қыртысының құрамына тәуелділігі.
3. Материктегі табиғат зоналарының орналасуы.
4. Табиғат кешендерінің қалыптасуындағы климат пен жер бедерінің ролі.
5. Табиғат кешені, табиғат зонасы, ендік және биіктік зоналығы туралы мәліметтер.
6. Материктің ашылу және зерттелу тарихының негізгі мәліметтері.
7. Ірі өзендер мен олардың климат пен жер бедеріне тәуелділігі.
8. Материктің органикалық дүниесінің өзгешелігі.
9. Халықтың этникалық құрамы және орналасуы.
10. Материктің негізгі климат қалыптастырушы факторлары.
11. Климаттың жер бедері мен ауа массаларының қозғалысы мен байланысты ерекшеліктері.
12. Материктегі ендік зоналық пен биіктік белдеулігінің көрініс ерекшеліктері.
13. Материкті мекендейтін халықтар мен тұрғылықты халықтардың жағдайы.
14. Адам тіршілігі нәтижесі дәрежесіндегі материктегі табиғаттың өзгеруі.
15. Мұхиттардың физикалық – географиялық орнының олардың табиғатына әсері.
16. Мұхиттардың зерттелу тарихы.
17. Әлемдік су айналымы.
18. Дүние жүзілік мұхиттың органикалық әлемінің ерекшеліктері.
19. Дүние жүзі мұхит суының температурасы, тұздылығы, таралу ерекшелігі.
20. Дүние жүзілік мұхит суын қорғаудың қажеттілігі.
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясынан ұғымдарды қалыптастыру.
Оқып үйренудің тиімділігін арттырудың аса маңызды шарты терең де тиянақты білім беруге, оқушыларды дамыту және тәрбиелеуге – ұғымдарды қалыптастыруға назар аударылуына жету. Ұғымдар кез келген ғылым білімінің, оның ішінде география ғылымы білімнің негізгі бөлігін құрайды. Физикалық география негізін игеру дегеніміз - ең алдымен осы ғылымның ұғымдарын игеру деген сөз. Ұғымдарды білмейінше, обьективті шындықта орын алып отырған байланыстарды, географиялық қабықтың, ірі территориялық табиғат комплекстерінің пайда болуы және даму заңдылықтарын ашуға болмайды, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, оқушылардың курстың негізгі идеясын түсінуіне жетуге болмайды.
Оқу процесін барынша тиімді ұйымдастыру үшін қандай ұғымды, қандай жүйемен ұйымдастыру керектігін және олардың арасында қандай байланыстар және өзара тәуелділіктер болатынын айқын білу керек. Материктер географиясы курсы беретін білім құрамы сан қилы. Негізгі мектепте оқып үйренілетін физикалық географияның жеке салаларына сәйкес, оған жалпы жертану, дербес физикалық-географиялық (геоморфологиялық, климатологиялық және басқалар), физикалық – географиялық елтану, картографиялық ұғымдар системасы енгізілген. Жеке-дара алынып отырған білім системаларының әрқайсысының ұғымдарды түсіндіруінде өзіне тән жолы бар.
Ұғымдар осы системалардың қайсысына жатсын, бір-бірімен белгілі бір қатынаста болады. Сондай-ақ түрлі жүйеге жататын ұғымдар да өзара байланыста болады. Сондықтан да, ұғымдардың меңгерілуіне қарай топтарға бөлінетіндігін ескеру маңызды іс. Ұғымдарды тектік – жетекші меңгеруші ұғымдар; түрлік – бағынышты ұғымдар деп ажыратуға болады. Сондай-ақ мысалы, климатологиялық ұғымдар жүйесінде жетекші ұғымға климатты түзуші факторлар және климат типтері жатады. «Климат түзуші факторлар» ұғымына «Күн радиациясы», «Атмосфера циркуляциясы», «Жер беті төсеніші», «Рельеф» ұғымдары бағынышты болады.
Сонымен қатар, климат түзетін факторлардың әрқайсысына жататын ұғымдарды екінші қатардағы бағынышты ұғымдарға бөлуге болады. Мәселен «Атмосфера циркуляциясы» ұғымы «Атмосфералық қысым белдеуі», «Ауа массалары», «Үстем (аймақтық) желдер» ұғымдарын қоса қамтиды. Екінші қатардағы ұғымды үшінші қатардағы ұғымға да бөлшектеуге болады, мысалы, «Үстем желдер» ұғымы «Пассаттар», «Батыс қоңыржай ендік желдері», «Биік белдеулердің шығыс бағыттағы желдері» дегендерге бөлінеді. Аймақтық желдер турасындағы бұл ұғымдар бағынышты ұғымдарға жатады, өйткені оларды «Үстем желдер» деген бір ұғым біріктіріп тұр. Білімде көрініс тапқан объектілер мен құбылыстарды қамту арқылы ұғымдар жалпы (мысалы, тау) және жеке – регионалды (мысалы, Килиманджаро тауы) ұғымдарға бөлінеді.
Сөйтіп, ұғымдарды мазмұнына, тәуелділігіне және қамтыған объектілеріне, сондай-ақ басқа да белгілеріне қарай, мысалы, қалыптасу дәрежесіне, күрделілігіне қарай бөлуге болады. Осы топтардың бәрін бірдей ескерудің ұғымдарды қалыптастырудың неғұрлым тиімді жолын анықтау – көрнекі құралдарды іріктеу, баяндау үшін зор маңызы бар.
Оқу танымында сезіну мен қабылдау ғылымдағы сияқты бастапқы форма болып саналады, олардың негізінде түсінік болып қалыптасады. Географиялық елес – бұл бір кезде қабылданғанымен қазіргі сәтте сезім мүшелеріне әсер етпейтін географиялық объектілер мен құбылыстардың бейнесін көз алдына елестету. Елестер есте сақталатын және қиялдау елесі болып бөлінеді. Көбін оқушылар өз көзімен көре алмайтын географиялық объектілер мен құбылыстарды оқып үйрететін материктер географиясы курсы үшін қиялдаудың маңызы зор, оқыту процесінде оған ерекше назар аударған жөн.
Материктер географиясы курсындағы елес системасы географиялық қабықта болып жататын объектілер мен процестерді білдіретін жетекші ұғымдармен айқындалады. Ондай жетекші ұғымдар болып: географиялық қабық, табиғат компоненттері, түрлі дәрежедегі территориялық – табиғат кешендері саналады. Жеке материктердің географиялық қабығының түзілуі және даму ерекшеліктерін түсіну үшін оқушылар жинақталған және жеке елесті алуы керек.
Мектеп географиясында негізінен географиялық объектілер мен құбылыстардың орналасу мәселелеріне көңіл аударатын картографиялық елестің маңызы зор. Сондай ақ, уақыт пен мөлшер жөніндегі елестің де маңызы үлкен.
Жаңа географиялық объектіні немесе құбылыстарды елестету үшін оны сол қалпында немесе картадан, диапозитивтен, кескіннен, кинофильмнен т.б. көрсету керек. Географиялық бейнені әсерлі сөз, тартымды әңгіме, географиялық объектілерді суреттеп сипаттау арқылы жасауға болады. Өзінің сезіну тәжірибесін келтірудің, қабылданатын объектіні оқушылардың бұдан бұрын алған түсінігімен, өмір тәжірибесімен салыстырудың маңызы зор.
Картографиялық елестерді қалыптастыру кезінде оқушылардың ақыл қабілетінің барлық түрін – есту, көру, қозғалыс, сөйлеу-ойлау қабілеттеріне сүйенудің маңызы зор және сонымен бірге бұл тәсілдерді түрлі байланыста пайдалану керек, мысалы, объектіні картадан және глобустан көрсету, дидактикалық материалдарды қолдану: картаға шартты белгілерді шаншып қою, бағдармен, сызықшамен көрсету, картинада бейнеленген объектінің картадағы орнын анықтау, кескін картамен жұмыс істеу, объектілердің өзара орналасуын көрсететін кескіндер жасау, объектінің географиялық орны сипатын көз алдына елестету және дауыстап айтып беру, мәселен, мұғалім материктің жер бедерін оқыту кезінде картаға теріс қарап тұрған оқушыға материкте қандай тау, жазық, таулы үстірт бар және олардың материкке қарағандағы орнын, өзара орналасуын айтып беруді ұсынады. Географиялық диктант өткізгенде объектілердің өзара орналасуын түсіндіретіндей сұрақтарды, мәселен, мынадай сұрақтарды көбірек қойған жөн: Бразилия таулы үстірті материктің қай бөлігінде орналасқан? Оңтүстік Америкада экватор қай ойпатты кесіп өтеді? Гвиан таулы үстірті экватордан қай бағытта орналасқан? Елестету көбіне географиялық объектілердің және құбылыстардың сыртқы көрінісі туралы білім береді де, олардың мәнін әрдайым көрсете бермейді. Географиялық заттар мен құбылыстардың елеулі белгілерін немесе тән сипаттарын айқындау ұғымды қалыптастырудың және тұтастай алғандағы оқу процесінің негізгі мақсаты. Ұғымның елеулі белгілерін айқындау және оларды елеусіз белгілерден ажырату, сондай ақ олардың ұғым ретіндегі анықтамасын белгілеу, оқушылардың белсенді ойлау әрекеті арқылы жүзеге асырылады да, логикалық таным құрайды. Ұғымның жасалуы кезінде сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді, сондай-ақ бұрын қалыптасқан тірек ұғымдарды өңдеу жүзеге асырылады. Осыған орай, ойлау құбылыстардың жалпы елеулі қасиеттерін ажыратуға және оларды абстракциялауға, ішкі байланыстарын айқындауға, географиялық процестердің өзгерістері мен дамуын ашуға бағытталады. Алайда, логикалық таным әрқашан нақты сезім танымымен ұштаса отырып, жүзеге асырылады. Ол оқушылардың ойлаудың күрделі операцияларын – талдауды, синтездеуді, абстракциялауды талап етеді.
Материктер географиясы курсында оқытудың мақсаттарына қарай жеке ұғымдармен қатар көптеген жалпы ұғымдар да қалыптасады. Жалпы және жеке ұғымдар біртұтас байланыста қалыптасады. Жалпы ұғымдарды қалыптастыру кезінде жеке ұғымдар жинақталған елестерді қалыптастыру және ұғымның елеулі белгілерін ажырату үшін нақты сезім негізі ретінде пайдаланылады. Оқушылардың ұғымының елеулі белгілерін жақсы меңгеретінін, ал ажыратып түсіндіргенде – елеусіз белгілерін де меңгеретінін психологтар дәлелдеп берді. Мәселен, «тропиктік шөлдер және шөлейттер» ұғымы үшін елеулі белгілерге: температураның жоғарылығы, әсіресе жазда, ауаның тым құрғақтығы, соның салдарынан тұтас өсімдік жамылғысының болмауы, осыған орай өсімдіктер мен жануарлардың шөл климатына бейімделуі, топырағының нашар дамуы, физикалық үгілудің басым болуы жатады. Осы ұғымның елеусіз белгілеріне өсімдік және жануарлар дүниесінің өкілдері: финик пальмасы, кенгуру, түйе, оазистер және басқалар жатады. Елеулі және елеусіз белгілерді ажырату тәсілін алғашқы рет Е.Н. Кабанова-Меллер енгізді және ол бөлшектеуіш абстракция тәсілі деп аталынды. Елеулі және елеусіз белгілерді жинақтау мұның алғашқысын жақсы меңгеруге және елеуліні елеусізбен шатастырмауға мүмкіндік берді.
Ұғымды қалыптастырудың негізгі жолы – индуктивті (жалқыдан жалпыға көшу) және дедуктивті (жалпыдан жалқыға көшу). Мектеп практикасында индукция мен дедукция таза күйінде сирек қолданылады. Көбіне бұл екі тәсіл қатар қолданылады да, оқу материалының мазмұны және педагогикалық жағдайларға байланысты, индукция не дедукция басым түсіп отырады.
Ұғымды қалыптастыру – бұл ұзақ та күрделі жол, ол мұғалімнің басшылығы және оқушылардың өздерінің зор ынтасы арқылы іске асады. Ғылыми таным процесі тәрізді оқушылардың білімді меңгеруі білмеуден білуге қарайғы дәл емес, толық емес білімнен дәл де толық білімге қарайғы қозғалыс болып табылады.
Жалпы ұғымдарды қалыптастыру процесін бірнеше кезеңге бөлуге болады. Материктер географиясы курсы үшін ұғымдарды қалыптастырудың үш кезеңі қарастырылған. Кезеңдерді белгілегенде ұғымдардың сырын ашу дәрежесі, мұғалімнің және оқушылардың іс-әрекеті, қайсы бір оқу жұмыстары тәсілдерінің басым болу жағы, ұғымдарды қалыптастыру жолдары, сондай-ақ ойлау қызметінің тәсілдері ескеріледі.
Бірінші кезең – жаңа ұғымды енгізу, яғни оның елеулі белгілерін ашу. Оқушылардың іс-әрекеті ұғымдардың елеулі белгілерін саналы түсінуі және оны соған ұқсас келетін жағдайда қолдана білу арқылы сипатталады. Мәселен, Африка табиғат зоналарын оқыту кезінде айқындалған тропиктік шөлдер ұғымының елеулі белгілері материктің табиғат аймақтарын қарастыру кезінде қайталанып, пысықталады. Бірінші кезеңде қалыптасқан ұғымды алғашқы ұғым деп есептеуге болады, өйткені қорытынды бір материктің шөлдері жөнінде ғана жасалады және оның белгілері әлі де болса, елеулі және елеусіз деп бөлуге келмейді.
Екінші кезең – ұғымының аумағын кеңейту және ұғымның мазмұнын тереңдете түсу. Бұл кезең келесі материктерді оқып үйренгенде жүзеге асырылады. Бұл бірінші кезеңге қарағанда ұғымдарды ұқсас жағдайларда және жаңа жағдайларда әлдеқайда кең және саналы түрде қолдану арқылы сипатталады.
Әдетте ұғымды қалыптастыру кезінде дедуктивті жол басым болады. Басқа материктердің шөлдерін оқып үйренгенде жүзеге асырылады. Топырақтың ерекшеліктерін және өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде орын алған маусымдық өзгерістерді оқушылардың өздері сипаттайтын болады. Өсімдіктер мен жануарлардың түр құрамы жөнінде мұғалім өзі айтып береді. Әрбір материк шөлдерінің ортақ белгілерімен қатар, өзіне ғана тән белгілері болатынына өсімдік пен жануарлардың түрлері басқа, олардың таралу шекарасы өзгеше болатынына оқушылардың көзі жетеді. Бүкіл жер шары шөлдерін салыстыра отырып, оқушылар елеулі және елеусіз белгілерін ажыратады және талдап қорытады. Осыған орай олар жалпы ұғымның елеусіз белгілері жеке ұғымдар үшін елеулі белгілері болатынына көзін жеткізеді. Екінші кезеңде әрқайсысы өткендегіге қарағанда, әлдеқайда жоғары ғылыми дәрежеде бірнеше жалпы қорытынды жасайды, бұл жалпы ұғымның байи түсуіне себін тигізеді.
Үшінші кезең – ұғымның мәнін түсіну үшін басты белгілерді және ұғымның анықтамасын меңгеру тіпті жеткіліксіз, алайда мектеп практикасында ұғымдарды қалыптастыру көбіне осымен аяқталады. Жалпы ұғымды дамытудың келесі кезеңі – оны белгілі бір жүйеге жеткізу осы жүйенің ұғымдары арасындағы байланыстарды, сондай ақ қаралып отырған ұғымдардың қатынасы бар жеке жүйелер арасындағы байланыстарды ашу. Мәселен, курстың соңғы бөлімінде табиғат зоналарымен географиялық белдеулер арасындағы байланыстар, зоналардың материктерде орналасу заңдылықтары айқындалады.
Меңгерілген ұғымдардың түрлі ұғымдармен жаңа қатынасын анықтау оған басқаша ыңғайда қарау, жаңа бағыттарын байқауға, орналасу заңдылығын ашуға мүмкіндік береді. Мәселен, климаттық белдеулердің жалпы шолуы әр белдеуде климаттық аймақтардың орналасу ерекшеліктерін көруге жағдай жасайды. Абстрактты білімді меңгеру оны нақты сезім мазмұнымен толықтыра түсу арқылы жүргізіледі. Алғашқы қорытынды абстрактты болған сайын, бұл курста болған жалпы географиялық заңдылықтар ұғымы жатады, оны меңгеру нақтылай түсуді көбірек талап етеді. Міне сондықтан, жалпы географиялық заңдылықтарды ашып білгеннен кейін олардың ірі территориялық-табиғат кешендерінде – географиялық белдеулерде қандай көрініс алатынын қарастырудың маңызы аса зор. Сезімдік таным, ойлау және практика - өз бетімен істейтін практикалық жұмыстар – ұғымды қалыптастырудың бүкіл барысында өзара тығыз байланыста болады.
Курстың құрылымдық өзгеріске ұшырауы – геоморфологиялық және климатологиялық білім системалары жөніндегі жетекші ұғымдарды курстың соңынан алдына шығару – осы ұғымдарды қалыптастырудағы дедукция ролін күшейте түседі.
Бұл үшін бастапқы шарт жеке ұғымдарды түсіндіру емес, карталарға талдау жасау негізінде бүкіл жер бетінде байқалатын жалпы елеулі байланыстарды анықтау болады.
Егер белгілі шарттар орындалып отырса, ұғымдарды қалыптастыру әлдеқайда табысты болады. Ұғымдарды қалыптастырудың табысты болуы шартына мыналарды жатқызуға болады:
• Күрделі ұғымдарды құрамдас ұғымдарға ажырату және олардың арасындағы байланыстарды айқындау;
• Тірек ұғымдары мен елестерді анықтау, пән аралық, курс аралық және курстың ішкі байланыстарын анықтау;
• Ұғымдардың ерекшеліктерін және олардың қалыптасу кезеңдерін ескере отырып, көрнекі құралдарды іріктеу;
• Оқушыларда күрделі физикалық-географиялық процестерді меңгеру үшін қажетті оқу жұмысының тәсілдерін, әуелі түрлі тақырыптық карталармен жұмыс істеу тәсілін, сондай-ақ ойлау қызметі тәсілдерін қалыптастыру;
• Курсты оқыту кезінде проблемалық тәсілді пайдаланған жөн, өйткені ұғымды қалыптастыру оқушылардан көп ойлануды және шығармашылық жұмысты талап етеді;
• Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге тарту;
• Мұғалімнің дер кезінде оқушылардың оқу материалын меңгеруі ерекшеліктері туралы хабардар болуы;
• Оқу процесін дұрыс жоспарлау;
Материктер географиясы курсындағы ұғымдарды қалыптастырудың негізгі жолдары мен тәсілдері оқулықта көрсетілген. Ұғымды қалыптастыру мүмкіндіктерін білу үшін, мұғалімге оқулықты – алғашқы ғылыми кітапты – оқу процесінде толық және тиімді пайдалануына жағдай жасайды. Соларға қысқаша тоқталып өтейік:
1. Курста жаңадан қалыптасатын жалпы географиялық ұғымдардың бәрі шрифтпен ерекшеленіп берілген. Бұдан бұрынғы басылымдарында оқулықтың соңында оқушылар меңгеруге тиісті ұғымдардың тізімі берілген болатын.
2. Жаңа ұғымдарды енгізгенде оның елеулі белгілеріне, сондай-ақ осы белгілердің пайда болуына себін тигізген себеп-салдар байланыстарын ашуға ерекше назар аударылады. Оқушылардың елеулі белгілерді жақсы меңгеруі үшін оқулықта тиісті абзацты оқып шығу және ұғымның басты белгілерін атап көрсету жөнінде тапсырма беріледі.
3. Алда өтілген курстарда енгізілген физикалық –географиялық процестер тұрғысынан маңызды ұғымдар 7 сынып оқулығында толық ашылмайды. Тек тірек білім ретінде ғана пайдаланылады. Оларды оқушылардың есіне түсіру үшін параграф алдында сұрақтар қойылады. Сабақтас пәндер жөніндегі білімдер де дәл солай ескеріледі.
4. Жаңадан сыры ашылған ұғымдардың елеулі белгілерін пысықтау үшін параграфтың соңында
тапсырмалар берілген.
5. Оқулықта жетекші ұғымдарды қалыптастыру кезеңін көрсетуге қадам жасалған. Мәселен, алғашқы материкті оқып үйренген кезде бағдарлама бойынша: материктің географиялық орны, ылғалды экваторлық орман және басқа ұғымдар сыры қайтадан ашылмайды, материктердің ерекшеліктерін сипаттау үшін бұрыннан белгілі материал ретінде пайдаланылады. Мысалы, Австралияның және басқа материктердің географиялық орнын қарастырғанда оқулықта сұрақ жүйелері келтірілген, оны пайдалана отырып, оқушылардың өздері материктердің географиялық орындарының ерекшеліктерін айқындайды, тап сол сияқты Австралияның, Оңтүстік Американың және Евразияның ылғалды экваторлық ормандар зонасын сипаттау кезінде осы зонаның елеулі белгілері ашылмайды, тек оның жеке материктердегі ерекшеліктері ғана қарастырылады. Жалпы географиялық зандылықтар бөлімінде ылғалды экваторлық ормандардың бәрі тұтас экваторлық географиялық белдеуге біріктірілген. Бұл ұғымдарды ұқсас жағдайларда осы ұғымдар қолданылған сол материктердің аймақтарын қарағанда да қолдануға болатынын атап көрсеткен жөн. “Жалпы географиялық заңдылықтар” бөлімінде бұрын қаралған ұғымдар системаға келтіріледі, жаңа байланыстар белгіленеді және соның негізінде оқушылар жалпы географиялық заңдылықтарды түсінетін болады.
6. Курс аралық және пән аралық байланыстарға қоса курс ішіндегі байланыстарға үлкен назар аударылады. 5-ші – пунктте көрсетілген тәсілдермен қатар басқа тәсілдер де, мысалы, салыстыру тәсілдері, бұрын оқып үйренген материктерге сілтеме жасалады немесе мынадай нұсқаулар: “егер жауап беруге қиналсаңдар, мына ... параграфты қара” беріледі. Бұл ұғымды жақсы меңгеруге ғана себін тигізіп қоймайды, сонымен қатар оқушыларды көп ойлап толғануға, соның үстінде ақыл -ой әрекетінің кейбір тәсілдерін пайдалануға дағдыландырады, ал мұның өзі олардың дамуына әсер етеді.
7. Ұғымдардың елеулі белгілерін ашып көрсетуге географиялық объектілер сипаттамасының жоспарын білу себін тигізеді. Көбіне жоспар осы белгілерді көрсетеді, мысалы, материктің географиялық орны сипаттамасының жоспары. Сондықтан оқулықта барлық табиғат компоненттері мен теориялық-табиғат кешендері сипаттамаларының жоспары берілген, ал қойылған сұрақтар оқушылардың осы жоспармен жұмыс істеуін бағытқа салады.
8. Географиялық елестерді қалыптастыру мақсатын көздеп оқулыққа түрлі қызмет атқаратын иллюстрациялар енгізілген: схемалар күрделі физикалық-географиялық процестер туралы елестерді қалыптастыруға, фотографиялар – жергілікті орын немесе басқа да географиялық объектілердің бейнелі елесін жасауға көмектеседі. Текстке жарқын географиялық суреттемелер енгізілген, бірақ оқулықтың көлеміне байланысты олардың саны аз. Елестерді қалыптастыру және қиялдау қабілетін дамыту үшін мынадай тапсырмалардың да маңызы болады: географиялық сипаттама беру, белгілі параллельдер және меридиандар бойынша саяхат жасау. Мұндай тапсырмаларды да оқулықтың көлеміне қарай шектеуге тұра келеді, мұғалімнің творчестволық жұмысына кең мүмкіндік жасалады.
9. Ұғымды қалыптастырудың құрамды бөлегі – себеп-салдар байланыстарын ашу. Оқулықта жаңа ұғымдарды енгізу кезінде олардың байланыстарын ашу үшін қажетті тапсырмалар беріледі, сондай-ақ белгілі бір жүйемен себептері көрсетіледі.
10. Оқулықта ұғымдарды енгізу кезінде, яғни оларды қалыптастырудың алғашқы кезеңінде «Жердің рельефі және оның климаты» бөлімінен басқа бөлімдерде индуктивті жол басым болады. Мәселен, оқушылар ыстық белдеудің климат типтерін Африка климатын талдау арқылы түсінеді. Ұғымды қалыптастырудың келесі кезеңдерінде, керісінше ұғымды ашудың дедуктивті жолы басым болады, бұл мәліметтердің бір бөлігін текстте түсіндірмей, оларды түрлі білім көздерін, әсіресе карталарды пайдаланып, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеп білуіне қалдыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Австралияның климатын оқып үйренгенде төмендегі ендіктер климатының типтері ғана аталады, ал олардың сипаттамасын түрлі білім көздерін пайдалана отырып, оқушылардың өздері жасайды.
11. Ұғымды қалыптастыру және оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өзара байланысты процесс. Осы бағытта мақсатқа жеткізетін жұмыс жүргізілсе, ол неғұрлым табысты болады. Осыған орай оқулыққа арнайы сұрақтар, себеп-салдар байланыстарын ашуға, ұғымдарды жүйелеуге, салыстыру тәсілдеріне, қорытындылауға, талдауға, синтездеуге және т.б. үйрету тапсырмалары енгізлген.
12. Ұғымдарды қалыптастыру оқушылардың оқу жұмысы тәсілдерін меңгеруіне тікелей байланысты болады. Оқулықта картамен, климаттық диаграммалармен және цифрлық материалдармен жұмыс істеу тәсілдерін қалыптастыруға елеулі көңіл аударылған. Жұмыс тәсілдеріне үйрету үшін арнайы параграфтар мен параграф тармақшалары белгіленген, сондай-ақ өз бетімен істейтін жұмыстар үшін тапсырмалар берілген.
13. Оқулықта оқушылардың білім алуға ынтасын арттыруға айтарлықтай назар аударылған, онсыз ұғымды қалыптастырудың табысты болуы мүмкін емес. Өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуге бағытталған арнайы сұрақтардан басқа оқулыққа проблемалық жағдайлар, өлкетану материалдарын пайдалану үшін тапсырмалар және басқалар енгізілген.
Оқушылардың оқу жұмыстары тәсілдерін қалыптастыру.
Географияның әрбір курсында мұғалімнің жүргізетін жұмысының құрамды бөлігі – оқушылардың оқу жұмысы тәсілдері системасын қалыптастыру. Тәсілдерге үйрету «Адамды өз білімін дербес толықтыра білуге, ғылыми және саяси ақпараттың үдеген тасқынында бағдар таба білуге баулу» - міндетін шешудегі басты бағыт деп қаралуы керек.
Тәсілдер жүйесі материктер географиясы курсының білімдік және тәрбиелік мақсаттарына жетуді қамтамасыз етеді. Бұл курс көптеген тәсілдерді қамтиды, олар географиялық мазмұнына, білім көздеріне, ақыл-ой әрекеттерінің мазмұнына және оларды орындау формаларына қарай ерекшеленеді.
Оқу жұмысын географиялық мазмұнына қарай негізгі үш топқа біріктіруге болады:
1. Көлеміне қарай түрлі территориялардың табиғаты мен халқы жөнінде кешенді суреттеме жасау тәсілдері. Оларды әрдайым карта бойынша орындау ұсынылғанымен, бірнеше білім көздерін пайдалануға тура келетіндіктен, бұл тәсілдер аса күрделі болады. Оның үстіне кешенді суреттемелерде сипаттамалардың элементтері – объектілер мен құбылыстар арасында себеп байланыстарын табу, салыстыру және т.б. бар. Бағдарламада Оңтүстік Америка территориясының, Солтүстік Америка және Евразия мемлекеттерінің кешенді суреттемесін беру қарастырылған.
2. Территорияның географиялық орнын және табиғат кешендерінің әрқайсысының жеке-жеке – жер бедерін, климатын, ішкі суларын, топырағын, табиғат зоналарын суреттеу тәсілдері. Халқын суреттеу де осыған жатады. Мұндай тапсырмалар оқулықта біршама көп, олар бағдарламада көрсетілген практикалық жұмыстарды орындауға көмектеседі.
3. Материктердің табиғат кешендері компоненттерінің құрамды бөліктерін суреттеу. Мәселен, климатты суреттеу үшін төмендегідей тәсілдерді білген жөн. Климаттық карталар бойынша температураны – изотермалар мен сандық мәліметтерге қарай, желдің бағытын және маусымдылығын – стрелкаларға және олардың бояуларына қарай климат типін – осы көрсеткіштердің бәрінің жиынтығы бойынша суреттеу. Бұл ең көп және құрамы мейлінше алуан түрлі болып келетін тәсілдер тобы. Географиялық білімдер мазмұнының күрделілене түсуі оқулық мәтінімен алуан түрлі жұмыс істеуді талап етеді.
Оқушылардың ақыл-ой әрекетіне қарай да тәсілдер белгілеуге болады. Солардың ішінде әсіресе маңыздылары мыналар: салыстыру, себеп-салдар байланыстарын табу, талдау (табиғаттың түрлі сипаттарын, географиялық орны ерекшеліктерін атап көрсету, сандық мәліметтерді табу және басқалар), жинақтау т.б. Тәсілдердің бұл тобы пән аралық топ болады да, мектеп пәндерінің бірқатарына ортақ саналады.
Оқу жұмысы тәсілдерінің формасы алуан түрлі: карта бойынша көптеген сипаттамалар, өлшеулер орындалады, оқулық мәтіні бойынша іріктеп оқыту, жоспар жасау, мәтінді бөлікке ажырату т. б. қолданылады.
Материктер географиясы курсында оқу жұмысы тәсілдерінің көпшілігін қалыптастыру тиісті ұғымдарды қалыптастырумен бір кезде басталады немесе солардың негізінде қалыптасады. Мысалы, материк рельефтерінің ерекшеліктерін меңгеру физикалық және тектоникалық карталар бойынша рельефті оқыту тәсіліне үйретуді көздейді.
Материктер географиясы жөніндегі оқу тәсілдерінің тұтас алғандағы жүйесі негізгі ұғымдар мазмұнына, курстың білімдік және тәрбиелік мақсаттарына лайық келеді. Тәсілдер әрбір білім көзі бойынша әсіресе, карта мен оқулық мәтіні бойынша байланысты болуы қажет.
Тәсілдерге үйретудің негізгі бағыттары. Оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстарының маңызды шарты олардың оқу жұмысы тәсілдерін меңгеруі болып табылады, ал осы тәсілдердің өзін өз бетімен істейтін жұмыстар және практикалық жұмыстар арқылы қалыптастыруға болады. Сондықтан сабақта практикалық және өз бетімен істейтін жұмыстарды өткізуді жоспарлағанда оқушылардың ұсынып отырған тапсырма арқылы оқу жұмысының қандай тәсілін меңгеретіндігін айқындаған жөн.
Әрбір оқу жұмысы тәсіліне үйретудің төмендегі сызбасын беруге болады:
1. Оқылатын тақырыптың мәнін көрсету. Бұл үшін қажетті мәлімет оқулықта бар. Олардың көбі Африка бөлімінде берілген. Мысалы, материктің географиялық орнын оқып үйренудің неге қажет екендігі түсіндіріледі, жер бедерінің климатқа, өзендерге, табиғат зоналарының орналасуына тигізетін ықпалын айқындау кезінде жер бедері туралы білімнің мән-мақсаты ашылады т.б. Осындай мәліметтер материктің табиғат кешеніндегі табиғаттың әр компонентінің орнын оқушылардың дұрыс аңғара білуіне және тиісті оқу жұмысы тәсілдерін меңгеруіне көмектеседі.
2. Жаңа материалды оқып үйренудің жүйесімен және бұл үшін қажет оқу жұмысы тәсілдерімен таныстыру. Мәселен, жер бедерін оқып үйренгенде физикалық карта бойынша ең алдымен жер бетінің жалпы белгілері айқындалады: оның жалпы сипаты жер бедерінің басым түсетін формалары ең жоғары және ең төмен биіктіктердің таралуы, жер бедерінің төмендеуі мен жоғарылауы бағыттары белгіленеді.
3. Мектеп оқушылары меңгеруі тиісті тәсілдердің атауы. Бұларды үйрену кезінде оқушыларды тәсілді меңгеру сапасына қойылатын кейбір талаптарымен таныстырған дұрыс. Мәселен, карта бойынша берілетін суреттеменің толық, дұрыс және жүйелі болуы, картаның нақты деректеріне, соның ішінде сандық мәліметтеріне сілтеме берілуі керек.
4. Тәсіл құрамын айтып беру және ақыл-ой әрі практикалық әрекеттердің орындалу жүйесін ұғыну. Оқытудың елеулі ерекшелігі үлгі жоспарлардың картаны оқу үшін де, географиялық білімдердің басқа көздерімен істелетін жұмыс үшін де – оқу мәтінімен қабырға картиналарымен жұмыс істегенде кеңінен пайдаланатындығы. Үлгі жоспарлар салыстыруға үйрету үшін де, себеп-салдар байланыстарын табу үшін де, қорытынды жасауға үйрету кезінде де керек. Оқушылар жоспарды сабақ үстінде ғана пайдалану үшін емес, үйге берілген тапсырмаларды орындау кезінде де пайдалану үшін дәптерлеріне жазып алады. Жоспардың мәтіні жазылған арнайы плакат жасап, оның меңгерілуін оқта-текте тексеріп отырған жөн. Оқулықтағы тапсырманың біразы картамен және мәтінмен жұмыс істеу жүйесінің меңгерілуін бақылауға бағытталған. Мұндай тапсырмалар санын көбейткен дұрыс, өйткені әрекеттер жүйесін, әсіресе ақыл-ой әрекетті жүйесін меңгеру қиынға түседі.
5. Мұғалімнің тәсілді қолданудың үлгісін көрсетуі. Оқытудың осы бір елеулі жағы іс жүзінде дұрыс бағаланбайды. Әдетте мұғалімдер тәсілдерді қалай пайдалану кректігін айтып береді де, оны қалай іске асыру керектігін көрсетпейді. Күні бұрын әзірленген жауап үлгілері де пайдалы болады. Кейбір жағдайда олар жұмыс тәртібімен біріктіріліп жіберілуі мүмкін. Сондай-ақ жіберілуі мүмкін қателер жөнінде де нұсқау беру керек, өйткені олардың қайталанып отыруы ықтимал. Мысалы: қашықтықты шамамен анықтау, объектінің кескін картадағы орны, келтірілген деректердің түсіндірілмеу қалулары және басқалар.
6. Оқу жұмысы тәсілдерін түгелдей, сондай-ақ мейлінше күрделі әрекеттерді меңгеру үшін машықтандыру жаттығулары. Бұл жаттығулар тәсілді үлгі дәрежесінде немесе мұғалім нұсқауы деңгейінде меңгеруді қамтамасыз етеді. Бұл үшін мазмұны алуан түрлі көп тапсырма қажет болады. Оқулықтың тапсырмалары географиялық білімдерді меңгеруді ғана емес, сонымен қатар көптеген оқу жұмысы тәсілдерін меңгеруді де көздейді. Тапсырманың бір бөлігі – курс бағдарламасында көрсетілген практикалық жұмыстар.
11 Тақырыбы: Қазақстанның физикалық географиясы курсының мазмұны мен құрылымы
1. Қазақстанның физикалық географиясының мазмұны.
2. Оқушылырдың пән бойынша білім деңгейіне қойылатын талаптар.
3. Тараулар бойынша істелінетін жұмыстар.
Қазақстан Республикасының физикалық географиясы курсының білім берудегі маңыздылығы – оқушылыр оқу барысында еліміздің табиғатына, оның аумағындағы жалпы табиғат келбетіне географиялық қабықтың дамуының жалпы заңдылықтарының көрініс беруі туралы, еліміздің жеке аумақтарына тән географиялық құрылымдар мен табиғи ресурстарды салыстырмалы түрде сақталған арнайы білім жүйесін игереді.
Бұл оқулық курсының өзге пәндерден ерекшелігі сол, ол оқулықтарды Отан аумағындағы табиғаттың – аумақтық географиялық кешендердегі себеп-салдарлық байланыстарды ажырата білуге және түсіндіруге үйретеді. Оның дүниетанымдық және тәжірибелік үлкен маңызы бар. Әртүрлі көзқарастар қалыптастыруға, ғылыми түрде табиғи орталық элементтері арасындағы өзара әсердің барлық күрделілігін түсіндіретін, табиғатты өзгерту мен тиімді пайдалану, оны қорғау және қалпына келтіру жолдарын түсіндіруге көмектеседі.
Қазақстан Республикасы физикалық географиясы курсының мазмұны басқа географиялық курстармен органикалық байланыстарға ие. Ол оқушылардың өзге жапсарлас пәндерден және жергілікті табиғатты бақылаудан алған білімдеріне сүйенеді. Курстың барлық тақырыптары оқушылардың дүниетануға деген қызығушылығын қажетті деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жалпы курс оқу материалдарын мынандай тарауға бөліп қарастырады.
Кіріспе: Қазақстан табиғатына жалпы шолу; Қазақстан табиғат зоналары; ірі табиғи географиялық аудандар; Қазақстан табиғатын қорғау; Туған өлке табиғаты.
1-ші тарау бойынша Қазақстанның геологиялық құрылысы және жер бедерінің қалыптасу ерекшеліктерінің тарихы, Қазақстан климатының жалпы сипаттамасы. Қазақстан табиғат жағдайлары және оның ішкі суларының таралуына және қалыптасуына әсер етуші факторлар. Қазақстанның негізгі топырақ-өсімдік жамылғысының, жануарлар әлемінің , табиғат зоналарының ерекшеліктері.
Келесі тарауда Қазақстанның ірі табиғи географиялық аудандары. Шығыс Европа жазығы, Батыс Сібір жазығы, Тұран ойпаты, Үстірт үстірті, Торғай жазығы, Бетпақдала, Орал, Мұғалжар, Сарыарқа, (Қазақтың ұсақ шоқысы), Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тәңіртау, (Тянь – Шань). Ірі аудандардың физикалық-географиялық сипаттамасы.
Геологиялық құрылысы және оның жер бедерінің ерекшеліктеріне және пайдалы қазбалардың орналасуына әсері. Табиғат жағдайлары мен ресурстарын шаруашылық жағынан бағалау.
Табиғатты қорғау.
3-ші тарауда Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдылықтарын қарастырады
Оқушылар білу керек:
1. Дүние жүзінің саяси картасындағы Қазақстанның географиялық орнының ерекшеліктерін, шекарасымен шекералас мемлекеттерді, шеткі нүктелерін;
2. Қазақстан аумағын сағаттық белдеулерге бөлу себептерін;
3. Қазақстан аумағын зерттеу тарихының кезеңдерін;
4. Қ. Сатбаевтың, Ш. Уалихановтың өмірі мен ғылыми шығармашылығын
5. Әл-Фараби мен М. Қашқаридің ғылыми еңбектерінің әлемдік ғылымға қосқан үлесін;
6. Қазақстан аумағын зерттеген орыс ғалымдарын;
7. Қазақстанның басты зоналарын: орманды дала, дала, шөлейттер және шөлдерін;
8. Түрлі табиғат зоналарында орналасқан табиғат қорықтарын;
8. Қазақстан аумағының табиғат ресурстарын, оларды қорғау және қалпына келтіру шараларын;
9. Қазақстан Қызыл кітабына кіргізілген өсімдіктер мен жануарлар түрлерін білулері керек.
Тараулар бойынша істелінетін жұмыстарға:
1. Еліміздің географиялық жағдайларын сипаттау;
2. Сағаттық белдеулер картасымен жұмыс істеуді, түрлі пунктердегі жергілікті уақытты анықтау;
3. Кескін картаға Қазақстанның географиялық орнын түсіру;
4. Картадан пайдалы қазбалардың кен орындарын анықтау;
5. Климаттық карталарды пайдалана білу, олар бойынша аумақтың климаттық ерекшеліктеріне сипаттама беру;
6. Карталардан өзендерді: Сырдария, Жайық, Жем, Есіл, Ертіс, Арыс т.б.көрсету;
7. Көлдерді және теңіздерді: Балқаш, Арал. Каспий, Зайсан, Алакөл т.б. тауып көрсету;
8. Топырақ және өсімдік картасын талдау;
9. Түрлі аудандардың табиғат ерекшеліктерін салыстыру, өзгешеліктері мен ұқсастықтарын анықтау;
10. Табиғат кешендеріндегі компоненттерінің өзара байланыстарын талдау т.б. жұмыстары жатады.
12 Тақырыбы: «Қазақстаннның экономикалық-әлеуметтік географиясы» курсының құрылымы мен мазмұны.
1. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы курсының мазмұны.
2. Оқушылардың пән бойынша білім деңгейіне қойылатын талаптары.
3. Тараулар бойынша істелінетін жұмыстар.
Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік кеңістігі туралы біртұтас түсінікті қалыптастыру, оның аумағындағы және жеке аймақтарындағы халықтың және шаруашылықтардың орналасуы заңдылықтарын қарастыру курстың мақсаты болып табылады.
Курс 4 тараудан тұрады: жалпы, салалық, аймақтық және өз облысының экономикалық-әлеуметтік географиясы.
I тарау. Кіріспе. Табиғат ресурстарының әлеуметтік, Қазақстанның аумақтық бөлінуі. Қазақстанның геосаяси жағдайы.
II тарау. Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының жалпы сипаттамасы. Өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс, әлемдік шаруашылықтағы Қазақстанның орны. Республика шаруашылық кешенінің салалық құрамы. Халық шаруашылық кешенінің салаларының орналасу және даму факторлары мен принциптері. Өндірісті ұйымдастыру нысандары: мамандандыру, кооперациялау, құрастырылмалы және концентрациялау.
III тарау. Қазақстан Республикасының экономикалық аудандары. Еңбекті аумақтық бөлудің географиялық негіздері. Қазақстан Республикасының аумағын экономикалық аудандар: Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан.
1. Экономикалық-географиялық жағдайы, экономикалық ауданының құрамы;
2. Табиғат жағдайлары және ресурстары, олардың шаруашылық бағалануы;
3. Халқы, ұлттық құрамы, орналасуы, типтері, еңбек ресурстары;
4. Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасындағы мамандануы, еңбектің географиялық бөлудегі оның шаруашылықтарының жеке салаларының сипаттамасы;
5. Шаруашылық салаларының нақты жағдайларға тәуелділігі, өзге аймақтармен байланыстары;
6. Басты өнеркәсіп орталықтары;
7. Аумақтардың көлік желілері;
8. Экономикалық дамудың проблемалары мен болашағы;
9. Аймақтық экологиялық проблемалары, оларды шешу;
IV тарау. Өз облысының (туған өлкенің) экономикалық және әлеуметтік географиясы.
1. Оқушылардың білуі керек:
1. Экономикалық және әлеуметтік географиясының ғылыми анықтамасы, оның географиялық ғылымдар жүйесіндегі орны;
2. Экономикалық-географиялық жағдай туралы түсінік;
3. «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасы;
4. Мемлекет аумағы түсінігін, аумақтың ауданын, мемлекеттік құрылысын, Қазақстан Республикасының рәміздерін білуі;
5. Қазақстан Республикасының аса маңызды табиғат ресурстарымен қамтамасыздығын және олардың шаруашылық бағасын;
6. Қазақстан халқының санын, оның өзгеру факторларын;
7. Қазақстан Республикасының шаруашылық құрамы мен құрылымын;
8. Қазақстан Республикасының экономикалық және экологиялық проблеммалары;
9. Қазақстанның түсті металлдар кең қазба орындары;
10. Қазақстан Республикасының ірі экономикалық аудандары;
11. Карталарды, кестелдерді, диаграммаларды пайдалана отырып, Қазақстанның шаруашылық салаларының дамуы мен орналасуының қазіргі кездегі ахуалын қарастыру;
12. Қазақстанның қара металлургиясының дамуының шикізат және отын базасын;
13. Қазақстанның химиялық кешенінің шикізат базасын;
14. Халықтың тұтыну тауарларының құрамы мен көтерме, жеке мемлекеттік кооперативтік, коммерциялық және нарықтық сауда түсініктерінің мазмұнын;
15. Қазақстан Республикасының жалпы шаруашылығының, аймақтық экономикалық маңызын;
2. Оқушылар не істей біліуі керек?
1. Экономикалық, статистикалық және картографиялық түрлі ақпарат көздерімен жұмыс;
2. Кескін картасында Қазақстан Республикасының шекарасын белгілеу;
3. Өндіргіш күштері орналыстырудағы экономикалық және әулеметтік географиялық ролін анықтау;
4. Картадан пайдалы қазбаларды, топырақтарды, өсімдіктерді, су және агроклиматтық рессурстарды табу;
Курстарды анықтау, Қазақстанның табиғат ресурстарының басты түрлерінің сипаттамасын қарастыру;
5. Графиктер мен статистикалық деректерді тұрғызу және талдау;
6. Карталар бойынша халықтың орналасуы шаруашылығының объектілері мен табиғат жағдайлары, Қазақстан ресурстары арасындағы байланыстарды туғызу;
7. Картадан негізгі отын ресурстарының кен орындарын, ең ірі электростанцияларын, мұнай және газ құбырларының магистралдарын көрсету;
8. Қазақстан түсті металлургиясының негізгі салаларының сипаттамасын беру: алюминий, мыс қорыту, қорғасын, мырыш және т.б.
9. Карта және статистикалық материалдар бойынша отын ресурстары-ның кен орындарын құрастыру;
10. Карталардан орман, ағаш өңдеу, құрылыс өнекәсіптерінің және халық тұтынудың өнеркәсіп товарларын, өндіру кешенін, негізгі даму аудандарды көрсету т.б. қарастырады.
13 Тақырыбы: Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы курсының құрылымы мен мазмұны
1. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясының мазмұны.
2. Оқушылардың пән бойынша білім деңгейіне қойылатын талаптары.
3. Оқушылардың осы пән бойынша жасайтын жұмыстары.
Жалпы курстың мақсаты қазіргі замандағы дүние жүзі, оның аймақтары мен жеке елдер туралы, шаруашылықтардың орналасуы мен даму заңдылықтары туралы біртұтас көзқарас қалыптастыру болып табылады.
Курс екі тараудан тұрады: жалпы (саяси және экономикалық географияның негізгі түсініктері, әлемдік шаруашылықтың даму және орналасу заңдылықтары) және аймақтық (елтану).
I-тарау. Дүние жүзінің жалпы экономикалық-географиялық сипаттамасы.
Әлемнің саяси картасы. Әлем халықтарының географиясы. Әлемнің табиғат ресурстарының географиясы. Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және әлемдік шаруашылық.
Әлемдік шаруашылықтың салаларының сипаттамасы:
1. Сала құрамы, өндірілетін өнім, әлемдік шаруашылықтағы маңызы.
2. Саланың шикізат және отын ресурстары, олардың орналасуы және экономикалық бағалануы.
3. Өндірістің орналасу факторлары, ҒТР салаларының құрылымы мен орналасуына әсері, даму болашағы.
4. Өндірілген өнім көлемі, басты өндіруші елдер, сала өнімін экспорттаушы және импорттаушы.
5. Шикізат пен салалық өнімнің аса маңызды әлемдік жүк ағындары.
6. Әлемдік шаруашылықтың түрлі саласының дамуымен байланысты туындайтын экологиялық проблемалар.
Әлемдік ауылшаруашылық географиясы. Егіншілік пен мал шаруашылық географиясы және құрылымы. Көлік және байланыс географиясы. Негізгі жүк ағындары географиясы. Халықаралық туризм географиясы және құрылымы.
II-тарау. Елтану элементтері бар дүние жүзін аймақтық шолу.
Аудандау принциптері мен критерийлері. Аймақтар және субаймақтар. Мемлекеттерді аймақтарға жатқызу.
Елдер мен әлем аймақтарының сипаттамасы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары, ішкі айырмашылықтар. Өнеркәсіптің, ауыл және орман шаруашылықтарының, көліктің, туризмнің және рекреацияның дамуы үшін табиғи алғышарттар.
Халқы: демографиялық ахуал, проблемалар, оларды шешу. Шетелдік Еуропаның субаймақтары:
- Батыс Еуропа (Франция, Ұлыбритания, Германия);
- Шығыс Еуропа (Польша, Украина, Ресей және т.б.);
- Солтүстік Еуропа (Финляндия);
- Орталық және Оңтүстік Еуропа (Италия, Греция, Чехия және т.б.);
Шетелдік Азия субаймақтары:
- Шығыс және Орталық Азия (Жапония, Қытай);
- Оңтүстік Азия (Үндістан);
- Оңтүстік, Шығыс Азия (Индонезия, Сингапур);
- Оңтүстік-батыс Азия (Сауд Арабиясы);
- Азияның түркі тілді мемлекеттері (Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан);
- Азияның жаңа мемлекеттері (Грузия, Тәжікстан, Армения);
- Солтүстік Америка елдері (АҚШ, Канада);
- Оңтүстік және Орталық Америка елдері (Мексика, Бразилия);
- Африканың субаймақтары: Солтүстік (Египет), Батыс (Нигерия), Шығыс, Орталық, Оңтүстік Африка (ОАР);
- Австралия одағы. Мұхит елдері (Океания);
- Елдің экономикалық-географиялық сипаттамасы:
1. Экономикалық-географиялық жағдайы, көршілері, мемлекеттік құрылымы.
2. Табиғат жағдайлары мен ресурстары, оларды шаруашылық бағалау.
3. Халқы, саны, ұлттық құрамы, орналасуы, елді мекен типтері, аса ірі қалалары.
4. Елдің шаруашылығының және оның жеке салаларының сипаттамасы.
5. Шаруашылық салаларының орналасуының нақты жағдайларға тәуелділігі. Экономикалық аудандар.
6. Аса маңызды экономикалық байланыстар.
Оқушылардың пән бойынша білім деңгейіне қойылатын талаптары:
1. Әлемнің саяси картасының анықтамасын, қалыптасу кезеңдерін;
2. Әлемнің жетекші елдерінің мемлекеттік құрылымы мен басқару нысандарын, елдер мен олардың астаналарын;
3. Мемлекеттің аумағының анықтамасын, шекараны жіктеуді;
4. Дамушы және дамыған елдерді бөлуді;
5. Демографиялық саясат, табиғи өсім, әлемдегі басты нәсілдерді;
6. Әлемдегі ең көп тараған тілдерді;
7. Ұлттық, мәдени-тарихи орталықтарды;
8. Ғылыми-техникалық революцияның анықтамасын;
9. Глобальді проблемаларды, унитарлық мемлекет, монархия, республика, федеративтік мемлекет терминдері мәндерін түсіндіре білуді;
10. Демография, демографиялық жарылыс, демографиялық дағдарыс терминдерінің анықтамасын, олардың себептерін;
11. Урбандану, субурбандану түсініктерін;
12. Агломерация, мегаполис анықтамаларын;
13. Географиялық номенклатура мен терминологиясын білуді айтып, түсіндіре алу.
Істей білу керек:
1. Кескін картаға түсіруді;
2. Негізгі жүк ағындарын анықтауды;
3. Қосымша көздердің көмегімен елдердің ерекшеліктерін анықтауды (өлшемі, халқының саны, басқару нысаны, әкімшілік-аумақтық құрылысы);
4. Атласпен жұмыс, теңіздер мен мұхиттарға шығатын немесе шықпайтын елдерді іріктеуді;
5. Әлем халықтарының тығыздығы, атлас карталармен жұмысты;
6. Статистикалық кестелер бойынша есептеу, талдау, болжауды;
7. Атлас карталарын талдау және кәсіпорындардың өндіріс бағытына мысалдар келтіруді;
8. Түрлі ақпарат көздеріне сүйене отырып, жер шарының ірі аймақтарын-дағы дүние жүзі шаруашылық салаларының орналасу ерекшеліктері-нен деңгейін анықтауды, кескін картаға түсіруді жасай білуді;
9. Экономикалық-статистикалық және картографиялық материалдар-ды пайдалана отырып, бірнеше елдердің толық экономикалық-географиялық сипаттамасын жасауды үйрену;
10. Экономика, саясат, әлемтану, экология мәселелері бойынша қоғамдық қызметтің мәслихаттар, диспуттар, дөңгелек стол және өзге де түрлерін өткізуді біліп, үйрену;
11. Реферат, баяндама жазуды, тезистер құрастыруды, қорғай білу.
14 Тақырыбы: Түрлі әдістерге байланысты сабақ өткізудің түрлері
1. Жалпы сабақтың өткізілу әдісі.
2. Аралас сабақ, конференция сабақ.
3. Проблемалық-іздену сабағы, тексеру-қайталау сабағы.
4. Қорытынды – ойын сабақ.
Әдістемелік нұсқаудың бұл бөлігінде география сабағын өткізуде тиімді кейбір әдістерге байланысты сабақ үлгілері беріліп отыр. Тақырыпты қарастырған кезде оның негізгі мазмұны, мақсаты атап көрсетіледі де, бұл тақырыптарды оқыту үстінде қалыптасатын ұғымдар ашылып, қажетті оқу жабдықтарының тізімі беріледі. Осыдан кейін тақырып бойынша әдіске сай нақтылы сабақтың барысы баяндалады. Сабақтың өткізу тәсілдері көрсетіледі.
Сабақтың тақырыбы : «Қазақстанның географиялық орны және шекаралары».
Сабақтың мақсаты : 1. Қазақстан республикасы және оның зерттелу тарихымен таныстыру. 2. Республика географиясын сүйіп оқуға, ол жайында көп білуге оқушыларды ынталандыру.
Оқу жабдықтары: Қазақстанның картасы, жалауы, елтаңбасы, әнұраны, зерттеушілердің портреттері, Қазақстан жайындағы кітаптар көрмесі.
Сабақтың барысы : Сабақ мұғалімнің баяндауынан басталады:
- Табиғаты алуан түрлі әрі әсем, табиғат ресурстарына орасан бай, астығы мол, малы күйлі, халқы бақытқа кенеліп, гүлденген Егеменді Қазақстан басында - 1920 жылы 26 тамызда РСФСР құрамында автономиялық республика болып құрылған болатын. 1936 жылы КСРО–ның жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты, ол одақтас республика болып қайта құрылды.
Ұлы Октьябь революциясына дейін Қазақстан жері, оның табиғат байлықтары зерттелмеді десек те болады. Патшалы Ресей тұсында Қазақстан жерінде зерттеу жүргізушілер санаулы ғана болды. Олардың ішінен П..П. Семенов–Тян-Шанскийді, Н.А. Северцовты, Л.С. Бергты Ш.Ш. Уалихановты атауға болады.
Қазақстан жерінің табиғатының зерттеліп, таныла басталуы Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов өмірімен де байланысты. Сарыарқа табиғатының әсемдігі Шоқанның табиғатқа деген ынтасын арттырып, оның саяхатшы болуына себеп болды. Шоқан тек саяхатшы емес, кең өрісті ғалым болды. Мысалы, Балқаш–Алакөл ойысында болғанда, ол бұл жерде өткен геологиялық замандарда тұтас үлкен көл болғаны жайында ғылыми тұжырым жасады. Жоңғар Алатауының табиғаты жайында жаңа мәліметтерді бірінші рет қағазға түсірді. Шоқанның Қашқарға жасаған саяхатының да ғылыми маңызы болды.
Совет өкіметінің орнауымен байланысты Қазақстан жері кеңінен зерттеліп, аз уақыт ішінде көптеген кен орындары ашылды. Бұл салада қазақтың ұлы перзенті академик Қаныш Сатпаев мол үлес қосты. Ол тек Қазақстан жерін зерттеуді ғана ұйымдастырып қана қойған жоқ, ол өзі басқарған Қазақ ССР Ғылым Академиясының көптеген ғалымдарын дайындап шығуына еңбек етті. Қазақстан географиясы жайында шыққан кітаптар да, жасалған географиялық карталар да аз емес.
Мұнан кейін, мұғалім қысқаша басқа ғалымдарға тоқтала отырып, қысқаша республика географиясын оқудың маңызына тоқталады.
Сабақ – конференция.
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның ойпаттары, қыраттары. Аласа таулы аймақтары».
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан ойпаттары, қыраттары және аласа таулы аймақтарының жер бетінің ерекшеліктері жайында ұғымдардың қалыптасуын қамтамасыз ету.
2. Географиялық тақырып бойынша баяндама жасауға үйрету.
Оқу жабдықтары: карталар (физикалық, географиялық), жер бедерінің макеттері, диафильм, тақырыпқа байланысты тау жыныстарының коллекциясы.
Бұл сабаққа әзірлік алдын ала жүргізіледі, яғни мұғалім баяндама жасауға, хабар жүргізуге оқушыларға тапсырма береді. Әр тақырыпқа екі – үш оқушы әзірленеді, баяндамашылар және қосымша баяндамашылар. Сабақтың көрнекілігін қамтамасыз ету және қосымша әдебиеттерден қажет үзінділер келтіру солардың өзіне тапсырылады. Сабақ ғылыми конференция сияқты өтетін болады. Мұғалім өзінің кіріспе сөзінде сабақта қаралатын жер беті құрылысының географиялық ландшафтындағы және шаруашылықтағы маңызына нақтылы мысалдар келтіре отырып тоқталады.
Сабақ үстінде оқушылар баяндамашыларға сұрақтар қоюына немесе толықтыруына мүмкіндік беріледі. Конференция барысын төмендегіше ұйымдастыруға болады:
Мұғалім:
- Жер беті құрылысының географиялық ландшафтының түзілуінде маңызы зор. Бұл климатқа да әсер етеді. Ағын сулардың режимі мен өзен торының және топырақ пен өсімдіктің жамылғыларының таралу ерекшеліктерін анықтайды (бұл жерде мұғалім өз ауданының жер бетіне толық сипаттама беріп, оның табиғат компоненттеріне әсерін нақтылы көрсетуі тиіс). Адам жер бетінің ерекшеліктерін зерттеп білу арқылы, әрі соған бейімдей отырып, белгілі бір территорияда шаруашылықтың алуан түрлерін дамыта алады. Бұл салада географ ғалымдардың шаруашылық қызметкерлерінің тәжірибесі мол. Ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып, мамандар ауыл шаруашылығының белгілі салаларын дамытып, мол өнім алуды қамтамасыз етеді. Бұл міндеттер территориядағы жер бетінің ерекшеліктерін дұрыс және тиімді пайдаланумен байланыстырылады. Ендігі сөзді баяндамашыға берелік:
Бірінші баяндамашы:
- Қазақстан ойпаттарын айналып шығу оңайға түспейді, ол бірнеше күнді қажет етеді. Қазақстандағы ең ірі ойпаттар - Батыс Сібір, Тұран және Каспий маңы ойпаттары. Батыс Сібір ойпаты республиканың солтүстігіндегі Орал мен Алтай тауларының аралығындағы өңірді алып жатыр. Оның жер беті біркелкі тегіс және солтүстікке қарай еңкіш келеді. Тек қиыр оңтүстігінде ғана салыстырмалы биіктігі 5-8 метрден аспайтын аласа жалдар, кей жерлерінде оқшауланған төбешіктер кездеседі. Олардың арасында үлкенді-кішілі көлдер көп. Геологиялық дәуірлерде бұл территория бірнеше рет теңіз астында қалып отырған. Сондықтан ойпат горизонталь жатқан теңіз шөгінділерінен (саз, саздақ, құм) түзілген. Батыс Сібір ойпаты бетінің тегіс болып келуі де, міне, осыдан. Ал Ертіс бойы және Есіл-Тобыл жазықтары болса, олар өзен шөгінділерінен түзілген.
Қосымша баяндамашы Тұран ойпатына тоқталады. Ол ойпаттың географиялық орнын көрсетіп, жалпы сипатын айта келіп, былай дейді:
- Мұндағы назар аударарлық жер бедерінің ерекше бір түрі - ол тақырлар. Бұлар өсімдіксіз, жалаңаш теп-тегіс сазды алаңдар. Саздың беткі қабаты кеуіп кететіндіктен, шытынап, қолдан қалаған паркетті еден тәрізденіп, кішігірім жеке көпбұрыштарға бөлініп кетеді. Тақырлардың көлемі ондаған метрден бірнеше километрге жетеді. Бұлар нағыз шөл зонасына тән жер бетінің формалары. Олардың кепкен беткі қабатының қаттылығы сонша, тіпті жүріп өткен тағалы аттардан да із қалмайды. Осыған орай кейде оны «шөл асфальті» деп те атайды. Тақырлар әдетте лай сулар жиналатын шамалы ойыс болып келеді. Көктемде қар ерігеннен соң, олар үлкенді-кішілі көл сияқтанып жатады да, жазға қарай нағыз тақыр бетіне айналады.
Сөз келесі баяндамашыға беріледі. Ол оқулықтағы мәтінге жақын түрде Каспий маңы ойпатын әсерлендіре баяндай келіп, өз көзімен көргендей былай дейді:
- Көз алдымызда кеңінен көсіліп жатқан теңбіл-теңбіл шөл. Айнала ашық, дәл теңіз айдынындай дала. Тек анда-санда шалқыған теңіз толқынының өркешіндей ұсақ шоқылар мен ойыстар. Мұндағы шоқылар Бэр шоқысы деп аталады. Өйткені оларды бірінші рет зерттеп, ғылыми тұрғыдан сипаттаған орыс ғалымы, академик Бэр болатынды.
Каспий маңы ойпатында каналдар тартылып, жер асты сулары бұрғылау арқылы жер бетіне шығарылды. Тіпті кей жерлерде жер бетіне шығып жатқан сулардың көлге айналғанын да көрдік. Бұл аудан келешекте түгел игеріліп, гүлденген өңірге айналмақ.
Келесі баяндамашы республиканың аласа таулы аймақтарын атап. Олардың георафиялық орнын картадан көрсетіп. Рельефінің ерекшеліктерін, даму тарихын, өздері жасаған суреттер мен кескіндерді тақтаға іліп, соларды пайдалана отырып баяндайды. Баяндамада Қазақтың қатпарлы өлкесіне ерекше назар аудару қажет.
Сабақтың соңында қойылған сұрақтарға (жазбаша сұраққа) баяндамашылар жауап қайырғаннан соң, оқу құралы бойынша үйге тапсырма беріледі. Ал баяндамашыларға келесі сабақта оқушылардың білімін тексеру үшін тақырып бойынша билеттер жазып келу тапсырылады. Мұғалім жазылған билеттердің құпия сақталуын, жақсы жасалған билеттер үшін баяндамашыларға баға қоятындығын ескертеді.
Аралас сабақ.
Сабақтың тақырыбы: «Биік таулы аймақтары».
Сабақтың мақсаты: 1. Биік таулы аймақтармен және олардың рельефінің ерекшеліктерімен таныстыру. 2. Күрделі схемаларды (31 - бет) оқи білуді үйрету. 3. Қазақстанның геологиялық құрылысы және даму тарихы бойынша алған білімдерін пысықтау.
Оқу жабдықтары: карталар (физикалық, тектоникалық), үлкейтілген карта-схема (31-беттегі), суреттер, географиялық аттары бар карточкалар және контурлар.
Сабақтың барысы: баяндамашылар әзірлеп келген билеттерін мұғалімге тапсырады. Мұғалім алдыңғы партаға екі оқушыны шақырып, билет бойынша жауапқа әзірленуін ұсынады. Үшінші билетке жауап қайыру үшін тағы да бір оқушы тақта алдына шақырылады. Билет бойынша оқушылар жауап қайырғаннан соң, мұғалім қалған оқушылардан, егер бар болса, қосымша сұрақ қоюды талап етеді. Егер сұрақ жоқ болса, немесе берілген жауап дұрыс болмаса, мұғалім бұл сұрақты қойған оқушының өзі айтып беруін тапсырады. Билеттер бойынша айтылған жауаптарды баяндамашылардың жағалауы ұсынылады. Қажет болған жағдайда мұғалім өзі араласып, оқушылардың сұрақ – жауабын ретке салып отырады.
Мұнан кейін оқушылардың географиялық ойынға қатысуы ұсынылады. Стол үстіне өтілген материалдар бойынша географиялық аттары бар карточкалар қойылған. Тақтаға екі оқушы шақырылады. Мұғалім олардың біреуіне аласа таулы аймақтарға жер беті формаларының карточкаға жазылған аттарын алып карта-схемадағы орындарына ілуді ұсынады, ал екіншісіне осындай жұмысты қыраттар мен ойпаттар үшін жасау тапсырылады.
Сыныптағы оқушылар олардың жұмыстарын байқап отырады да, бұрыс жері болса, немесе толықтырғысы келсе, қолын көтеріп мұғалімнің рұқсатымен айтатын болады. Тақтадағы жұмыс аяқталғаннан кейін, мұғалім өткен берілген жоспар бойынша оқушылардың Тұран ойпатын, Каспий маңы ойпатын, Торғай мен Бетпақдала үстірттерін, Қазақтың қатпарлы өлкесін және Мұғалжарды ауызша сипаттауын талап етеді.
Қазақстанның басқа таулы өлкелері жайында да көп әңгімелеуге болады, бірақ мен қазір сендерді жұмыстың жаңа түрімен таныстырамын. Сол арқылы сендер қалған биік таулы өлкелерді сипаттап шығатын боласыңдар.
Әдетте ірі ғалымдар немесе қоғам қайраткерлері өте көлемді баяндамаға дайындалғанда, олар тексті тұтас жазбастан, тек негізгілерін ғана жазып қояды. Осындай қысқартылған баяндаманы «тезис» деп атайды. Бүгін біз тезис құруды үйренетін боламыз.
Т А П С Ы Р М А Н Ы Ж А З Ы Ң Д А Р: Қазақстанның биік таулы өлкелері жайында тезис құру.
Мұғалім оқушыларды жұмыстың ретімен таныстырады:
1. Оқу құралындағы «Биік таулы аймақтар» тақырыбын оқып, тау жүйелерінің аттарын дәптерлеріңе жазыңдар.
2. « Гетектоникалық аймақтар » тақырыбын қайталап, әр тау жүйелерінің пайда болуы жөніндегі мәліметтерді дәптерлеріңе жазып алыңдар.
3. «Рельефтің қазіргі дамуы» тақырыбын қайталап, оларды түзуші тау жыныстары жайындағы материалдармен жазғандарыңды толықтырыңдар.
Бірінші тезисті құруда мұғалімнің өзі араласып, керек материалды таңдап алып. тезисті дұрыс ұйқастыруға көмектескені орынды. Сабақтың соңында тезисті үйлерінде аяқтап келуі тапсырылады.
Проблемалық – іздену сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары.
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан территориясында пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын анықтау. 2. Жаңа кен орындарын болжау әдістерімен таныстыру. 3. Еліміздің жер қойнауындағы байлық көзін ашуға оқушыларды ынталандыруға тәрбиелеу.
Оқу жабдықтары: карталар Қазақстанның пайдалы қазбалары, физикалық, тектоникалық, геологиялық, минералдар мен тау жыныстарының коллекциясы.
Сабақтың барысы: Мұғалім оқушылардың дәптерлерін ашқызып, берілген тапсырманың орындалуын қарастырады. Сонан кейін мұғалім:
- Сендер таңертең мектепке жүрерде автобуспен, троллейбуспен келесіңдер. Сендер үшін жақсы мектептер, оқушылар үйі салынған. Халық үшін мәдениет орындары салынуда.
Халықтың тұрмысын және мәдениетін одан әрі жақсарту үшін тұрмысқа қажет машиналарды өндіретін өнеркәсіп орындарын одан әрі дамыту керек. Осы мақсатпен көптеген барлаушы геологтар отряды қысы-жазы жаңа кен орындарын онан әрі кең масштабта іздеп, көптеген кен орындарын ашуы керек. Сендер де ертеңгі күні осындай жұмыстармен айналысуларың мүмкін. Сондықтан ол жұмысты - республикамыздың жер қойнауын барлауды біз бүгіннен бастайық. Сөйтіп, алдағы міндет - қазба байлықтың жаңа кендерін ашу.
- Жұмысты неден бастаймыз?
- Қандай қазба байлық түрін іздейтінімізді анықтаймыз.
-Оны қалай анықтаймыз?
- Жалпы қандай қазба байлық болатынын анықтау керек.
- Қазба байлықтардың негізгі түрлерін атайық.
Пайда болуына қарай қазба байлықтың негізгі типтерін (шөгінді, магмалық, метаморфоздық) оқушылар сипаттай бастайды.
Сонымен геологиялық карта бойынша қазбаларды анықтауға кіріседі.
- Қазақстан ойпаттары қандай жыныстардан түзілген.
- Бұл жерден қазба байлықтардың қай түрін іздеуіміз керек, не себептен.
- Тянь – Шань, Мұғалжар, Қазақтың қатпарлы өлкесі қандай жыныстардан түзілген.
- Қазақстан территориясының қай жерінен сирек кездесетін металдарды (вольфрам, молибден, висмут т. б )
Мұғалім падалы қазбалар картасын ашқызып , өзднрінің болжауларын , ашқан кендерін салыстыруды ұсынады. Сонымен қатар « Қазақстанның кен байлығы » деген тақырыпта кеш өткізген жөн. Мұғалім оқушыларды тақырыптың жұмыс жоспарымен таныстырады. Себебі, Қазақстан жер қойнауында Менделеев таблицасындағы элементтердің барлығы дерлік кездеседі. Сондықтан кеште көптеген қызықты оқиғалар мен әңгімелер айтылады.
Мұғалім кешке қатынасатын оқушыларды сабақтың соңынан алып қалып, оларды жұмыстың жоспарымен таныстырады.
Тексеру-қайталау сабағы.
С а б а қ т ы ң т а қ ы р ы б ы: Қазақстанның жер бедері және климаты.
С а б а қ т ы ң м а қ с а т ы : Теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын пысықтау: 1. Жер бедері мен климаттың қалыптасуы туралы, 2. Жер бедері номенклатурасы бойынша. 3. Картаның көмегімен табиғат компоненттерінің өз ара байланыстылығын анықтау.
О қ у ж а б д ы қ т а р ы: карталар ( физикалық, тектоникалық, климат, табиғат зоналары), кескін карталар, жер беті бейнеленген картиналар.
С а б а қ т ы ң б а р ы с ы : оқушыларға кескін картаны үлестіргеннен кейін мұғалім::
- Қазір сендерге бірнеше тапсырма беріледі. Олардың шешімін сендер кескін картаға түсіресіңдер. Тапсырманы картаның сыртына жазыңдар да, шешімін кезекті номермен кескін картаға түсіріңдер. Алдымен бәрің жақсылап тыңдап алыңдар, сонан кейін жазып, картаға түсіріңдер.
1 – тапсырма. Бұл ойпаттың жер бедері біркелкі тегіс. Кең сазды жазықтар мен құмды массивтер басым, қыраттар сирек кездеседі. Рын – мұндағы ең ірі құм массиві болып есептеледі. Құмның жер беті ойлы – қырлы белесті. Мұнда бекіген құм массивтерінің арасында көшпе құмдар – бархандарда аз емес. Сазды жазықтың ойыс жерлері көлге немесе сорға айналған. Бұл қай жерде? Оны тауып кескін картасына түсіріңдер.
2 – тапсырма. Үстірт рельефінің өзіне тән ерекшелігі мұнда кең ойыстар мен тік беткейлі онша биік емес қыраттар ( 250 м шамасында ) кезектесіп отырады. Дәл ортасында солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып ойыс жатыр. Үстірт негізінен горизонталь жайласқан теңіздік және континенттік шөгінділерден ( саз, сазды мергель, құм т. б.) түзілген. Бұл жер қалай деп аталады?
3 – тапсырма. Әбден үгіліп жемірілген өте көне таулы өлке. Мұнда миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстық пен аяз, қар мен ағын су өзінің бұзу әрекетін жүргізген. Қазіргі кезде таудың тек негізі ғана сақталып қалған. Мұнда жартасты, басы сүйір және жіңішке келген қырқалар мен үйілген қорым тас сияқты формалар кездеседі. Тіпті оқшауланып қалған пирамидаларда байқалады. Бұл қандай өлке?
- Енді өздерің Бетпақдала үстіртіне және Балқаш маңы жазығына ауызша тапсырма әзірлеңдер.
- Қазір мен атаған тауларды цифрмен кескін картадан белгілеңдер. 1, 2, 3 цифрларын біз жаздық, сондықтан бұл обьектілерді 4 – тен әрі қарай жазасыңдар.
1 -вариант 2 – вариант
4. Алтай Мұғалжар
5. Сауыр – Тарбағатай Орталық Тянь - Шань
6. Жоңғар қақпасы Торғай қақрасы
7. Қарақия Хан Тәңірі.
Мұнан Алтайдың тау жыныстары мен пайдалы қазбаларын айтып, оларды коллекциядан тауып көрсету ұсынылады.
Оқушының жауабын әрі қарай жалғастырып мұғалім:
Бұл аталған тау жыныстары мен қазба байлықтардың маңызы үлкен. Мысал үшін қорғасынды алайық. Қорғасыннан тек оқ жасалмайды. Оның пайдаланатын орны өте кең. Оны баспаханада да пайдаланады. Одан типография шрифтерін жасайды.
Қорғасынның ерекше бір қасиеті ол радиоактивтік сәулелерді өте нашар өткізеді. Сондықтан адамның бұл сәулелерден қорғануында қорғасынның маңызы өте күшті. Қазіргі кезде атом электр станцияларында, атом кемелерінде немесе басқа да атом ыдырататын ор-ындарда радиоактивтік сәулелердің онда қызмет істейтін адамның денсаулығына әсер етпейтін қорғасын қорғаныштар жасалған. Осы сияқты басқа да металдардың өзіндік ерекшелігі, қасиеті және маңызы бар. Бұл жайында жоғарыда аталған А. Е. Ферсманның кітабынан оқып білуге болады.
Қазба байлықтардың кендерін ашумен қатар, сол жердің климатын да зерттеп білудің қажаеттілігі туады. Өйткені климат жағдайы кен орнында жұмыс істейтін адамға әсер етеді. Кен орнында тұрғызылатын түрлі үй құрылыстарын анықтайды. Мұғалім:
- Сендердің араларыңнан біреулеріңе Батыс Сібір, екінші біреулеріңе Тұран ойпатында климаттық зерттеу тапсырылды делік. Бірінші қатардағылар Батыс Сібір, екінші қатардағылар Тұран ойпатының климатын сипаттайсыңдар. Климатты мына жоспармен сипаттау керек (карта тақтаға ілінеді):
1. Обьектінің географиялық орны (координаттары).
2. Ең суық және ең жылы айдың температуралары. Температуралық амплитудалар.
3. Жауын-шашын түсімі.
4. Басым ауа массалары.
5. Желдің басым бағыттары.
6. Жалпы қорытынды (климаттың типі, оның маңызын көрсету).
Жұмыс аяқталғаннан кейін кезекші оқушылардың дәптерлері мен карталарын жинай бастайды. Егер уақыт қалып бара жатса, мұғалім мына жұмыстарды істеуді оқушыларға ұсынады.
1. Қыс. Қыстың қатаңдығы шамалы. Циклондар мен тропиктік жылы ауа массалары жиі әсер етеді. Соның салдарынан жылымық құбылыстар болып, кейде жаңбыр да жауады.
- Бұл жағдай қай территорияда байқалады? Кәне, шілде және қаңтар айларының орташа температурасын айтыңдар. Мұнда циклондар мен тропиктік жылы ауа массаларының өту себебін түсіндіріңдер.
2. Жаз. Жазы ыстық, құрғақ. Кейде күздегі температура + 450-қа жетеді.
Қай территория жайында айтылып отыр? Жазда ауаның құрғақтығын немен түсіндіруге болады?
Мұғалім оқушылардың жауабын қорытындылай келе, географиялық құбылыстардың және обьектілердің тынымсыз дамып, үнемі өзгеріп отыратынын көрсетеді. Егер өткен замандарда адам табиғаттың құлы болса, қазіргі кезде, оны тиімді өзгертіп, басқа бағыт бере алады. Сондықтан алдағы материалды өткенде де республика табиғат байлығын тиімді пайдалану және табиғатты қорғау мәселелерімен танысады.
Қорытынды - ойын сабақ.
С а б а қ т ы ң м а қ с а т ы: 1. Қазақстанның физикалық географиясы бойынша алған білімдерін пысықтау.
1. Өз республикасын оқып-білуге ынтасын арттыру.
2. Барлық жасалған жұмысты қорытындылау.
С а б а қ т ы ң б а р ы сы: Бұл сабаққа әзірлік бүкіл курсты оқу процесінде жүргізіледі. Сынып екі командаға бөлініп, әр командаға арналып жеке тапсырмалар беріледі:
1. Гербарий мен коллекциялар әзірлеу.
2. Жұмбақ пен кроссворд құрып, әңгімелер таңдап жинау.
3. Географиялық модельдер, макеттер, карталар, суреттер және фотографиялар жасау.
4. Табиғатты қорғау жайында белгілі тапсырма орындау.
5. Қазақстан жайлы кітаптарды қарап шығу.
6. Ғалымдармен, ертеде қоныстанған тұрғындармен байланысу, т. б. Оқушылар да ұсыныс жасауы мүмкін.
Мына мәселелерді білуге ерекше назар аудару керек:
1. Картамен жұмыс істей білу;
2. Географиялық тақырыпқа баяндама жасап, әңгіме және жұмбақ құра білу;
3. Географиялық обьектілер мен құбылыстарды байқай білу т. с.
Әр команда өзінің капитанын сайлайды. Ойын сабақты әрине мұғалімнің өзі жүргізеді. Берілген тапсырмаларды орындауға көмектесіп, олардың шешімін құпия ұстауды талап етеді.
О қ у ж а б д ы қ т а р ы:
1. Республика туы, елтаңбасы.
2. Карталар (тектоникалық, геологикалық – 2 данадан ).
3. Атластар.
4. Команда эмблемасы.
5. Ұпай есептеу үшін команда эмблемасы бейнеленген қағаз қималар.
6. Оқушылардың істеген жұмыстарының көрмесі.
Әрбір қайтарылған дұрыс жауапқа белгілі ұпай – қима беріледі. Сабақтың соңында сол қималардың саны бойынша қайсы команданың жеңіп шыққаны анықталады.
С а б а қ т ы ң б а р ы с ы: мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Бүгінгі сабақ әдеттегіден басқаша. Мұнда біз өзіміз тұратын республикамыздың табиғаты жайында не білетінімізді анықтамақпыз.
Отан осы жерден басталады. Отан - өзіміздің мектеп, өзіміздің қала, бізді қоршаған табиғат, оның байлықтары, тұрған республикамыз - Қазақстан. Республикамызды кім жақсы біледі? Мұғалім командалардың капитандарын шақырып, картадан орындарын белгілейді. Мысалы, біреуі Алтай, екіншісі Тұран ойпаты тұсынан орын алады. Мұғалім жоспар бойынша (географиялық орны, рельефі, ауа температурасы, жауын – шашын мөлшері, өсімдігі мен жануарлар дүниесі) әр командаға өздері тұрған территорияның табиғатын сипаттап, тақтаның екі жақ жартысына жазуды талап етеді.
Келесі тапсырма пайдалы қазбаларды барлау үшін команда капитандары үш оқушыдан саяхат ұйымдастырады (географиялық карта бойынша). Барлау үстінде не себепті осы жерден іздейтіндігіне түсіндірме беріп отыруы қажет. Әр экспедиция өз картасымен істейтін болады да, бірақ зерттейтін ауданы біреу болады. Барлау процесінде карта бетінде пайдалы қазбалардың шартты белгілері көріне бастайды. Әр команда мүшелеріне қажет жағдайда толықтырып отыруына немесе қателерін түзеуіне мүмкіндік беріледі.
Мұнан кейін мұғалім команда капитандарына ойша саяхатқа шығу үшін дайындық жүргізуді ұсынады. Команда мүшелеріне тау жыныстарының коллекцияларын (олардың үлгілері стол үстіне қойылады) жинау тапсырылады. Команданың біреуі Мұғалжарға, екіншісі Қаратауға аттанады. Команда капитандары: 1. Ол жерде ауа –райы қандай болмақ. 2. Қандай киімдер алу қажет - осыларды анықтаулары керек.
Саяхатқа қатысушылар стол үстіндегі үлгілерден сол тауда кездесетін тау жыныстарын таңдап алып, олардың аттарын тақтаға жазады. Команданың қалған мүшелеріне палеозойдағы Қазақстан жер бетінің құрылысын сипаттау тапсырылады.
Содан кейін Қазақстан жайлы ең қызық әңгімеге конкурс жарияланады.
Бұдан кейін командаларға кроссворд беріледі: 1. кроссворд «Таулар», 2. кроссворд «Өзендер».
1- кроссворд «Таулар».
1 д
2 д
3
4 д
1. Еліміздегі қазба байлықтарға ең бай тау (Алтай).
2. Қазақстандағы ең биік тау (Тянь-Шань).
3. Қазақтың қатпарлы өлкесінің шығыс қанаты (Сауыр-Тарбағатай).
4. Қазақстандағы фосфорит өндірілетін тау (Қаратау).
2-кроссворд «Өзендер».
1
2
3
4
5
1. Обьқа құятын өзен (Ертіс).
2. Ертістің мол сулы саласы (Бұқтырма).
3. Ішкі бассейнге құятын өзен (Жайық).
4. Белгілі сағасы жоқ өзен (Талас).
5. Жазға қарай суы тартылып, көл тізбегіне айналатын өзен (Ырғыз).
Сабақтың соңында қорытынды жасалып, командалардың ұпай саны есептеліп, жеңген команда анықталады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын талдай келіп, олардың өз республикасының географиясын жақсы білетінін көрсетіп, бұдан былай да өз Отанының табиғатымен, өмірімен үнемі хабардар болуға жұмылдырады.
15 Тақырыбы: Географиядан жүргізілетін сыныптан тыс өлкетану жұмыстары
1. Географиялық - өлкетану жұмыстарының түрлері.
2. Өлкетану жұмыстарының әдістері мен мазмұны.
3. Өлкетану мүйісі жөніндегі ереже.
Сыныптан тыс өлкетану жұмыстары мектептегі оқу-тәрбие жұмысының бір бөлігі. Ол мектеп бағдарламасына сәйкес жүргізіліп, мұғалімге міндетті жұмыс болып табылады. Оқушылар өлкетану жұмыстарына қалауы бойынша өз еріктерімен қатысады.
Сыныптан тыс өлкетану жұмыстары оқу мен тәрбиені бір жұмыс процесі ретінде қарауға негізделеді. Бұл жұмыстар нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілеті дамиды, өздігінен білімін жетілдіреді, шығармашылық, қызығушылық, байқампаздық қасиеттері қалыптасады. Жұмыс жасау барысында алған білімдері мен тәжірибелерін іс жүзінде меңгеріп, өмірде пайдалануға жол сілтейді.
Сыныптан тыс өлкетану жұмыстары оқушыларды еңбек етуге тәрбиелеп, болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. Өлкетану жұмыстарымен айналысу барысында оқушылар нақты мысалдармен өлкенің табиғатын танып біледі, оны қорғауға, аялауға жауапкершілігін арттырады.
Өлкетанудың мақсаты - сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіріп, оқушылардың дамуына, ғылыми-қызығушылық көзқарасын, тарихи, табиғи байлықтарын білуге, әлеуметтік-географиялық сұрақтарды меңгеруге (мәдениет, ғылым, білім, сауда қатынасы, халықтың шаруашылық әрекеті) жетелейді. Мұндай бағыт-бағдар, әлеуметтік- экономикалық география саласының географиялық білімдердің негізгі бөлігі екенін көрсетеді. Мәселен, кішігірім қалаларды өткенде көбінесе халқына, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлінеді.
Сыныптан тыс өлкетану жұмыстары мектепте (бағдарламадан тыс) екі бағытта дамиды - біріншісі, өз өлкесін геоэкологиялық жағынан танып білу: екіншісі - өлкетану үйірмесін құру. Үйірменің мазмұны екі бағыттың біреуімен байланысты жүргізілуі тиіс.
Негізгі мектептегі өлкетану жұмыстарының көп тарағаны топсеруен мен табиғатқа саяхат, өнеркәсіп кешендеріне, тарихи жерлерге, археологиялық қазбалармен танысуға, сәулет өнерімен, тарихи әдеби мұраларды танып білу, танысумен ерекшеленеді.
Барлық мектептегі өлкетану жұмыстары алдын-ала жоспарланады. Жалпы мектептегі географиялық-өлкетану жұмыстары мен өлкетану үйірмелерінің жұмыстары бір-бірімен тығыз байлапысты. Жалпы мектептегі өлкетану жұмыстары өлкетану үйірмелерінің негізінде жұмыс атқарады.
Мәселен, география мұғалімі бір сынып бойынша өлкетану үйірмесін ұйымдастырады, әрі сыныптың жетекшілік қызметін атқарады. Үйірменің негізгі мазмұны - өз облысының өлкесін тану, оқу. Екі жылда ...... үйірме мүшелері мен ...... саяхатқа және туған өлкеге топсеруенге шықты, көптеген географиялық материалдар жинады. Саяхаттар мен топсеруендердің қорытындысын күнделікке толтырады.
Жалпы мектептегі география-өлкетану жұмыстарын өлкетану штабы мен ұйым құрудан бастау қажет. Ұйым құрамына 6-10 сынып оқушылары алынады және мектептегі тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші басшылық жасайды. Жалпы мектептік өлкетану жұмысының жоспары жасалып оқытушылардың педагогикалық мәжілісінде жетекші тағайындалып бекітіледі. Жоспарға қажетті: тақырып, сыныптар бойынша тапсырма, сыныптар немесе отрядтар бойынша топсеруенге немесе саяхатқа шығу мерзімі, орындалуына жауаптылар. Жалпы мектептік жоспар экспедициялық отряд, сыныптардың жоспары негізінде жасалынады.
Әрбір сыныпта экспедициялық отряд құрылады, олар жалпы мектептік жұмыстарға қатынасады. Өлкетану ұйымының шешімімен әрбір отряд арнайы тапсырмалар бағыттары бойынша алады, тапсырма орындауға кіріседі.
Тапсырманы орындау барысында жұмыстың жоспары жасалынады. Экспедициялық отряд мүшелері, зерттеу жұмыстарына дайындалып, оның мерзімін, алынған нәтижесін толтыру, жауаптылары көрсетіледі.
Зерттеуге дайындық: картографиялық материалдар мен әдебиеттерді дайындау.
Зерттеу обьектілерінің маршруттарына арналған нұсқаулар:
Картографиялық негізді дайындау, оқу обьектілерін дайындау. Обьектінің анықтамасына толық жоспар жасау, қажетті құрал-жабдықтарды дайындау, табиғатқа саяхаттың мерзімін анықтау, өнеркәсіп кешендері, мұражай т. б. жауапты жұмыстарды экспедиция мүшелеріне бөлу.
Зерттеуді өткізу: топсеруен, саяхат және стационарлық бақылау, әрбір отряд алдын-ала жоспар бойынша табиғат обьектісімен танысады, өнеркәсіп кешендері мен, ауылшаруашылық орындарымен танысады. Жоспарда қандай географиялық жұмыстар, коллекциялар, көрнекі материалдар жасалынатыны қарастырылады. Мектепте өлкетану жұмыстарына оқушыларды қызықтыру мақсатында экспедициялық отрядтардың арасында жарыстар ұйымдастырылады. Жарыстың қорытындысы жылына бір рет қазан айының басында шығарылады.
Жарыста қойылатын талаптар: жиналған материалдың құндылығы, оны безендірудегі сапасы, бір сыныптан қатынасқан оқушылардың саны, өткізілген экспедиция мен саяхаттың саны, қорытындысы бойынша 1-3 орын алғандар марапатталады. Экспедициялық отрядтардың жұмыстары көрме түрінде көрсетіледі, ол аудандық немесе қалалық көрмеге жіберіледі. Жоғары дәрежеде жұмыс жасаған экспедициялық отрядтар, республикалық, жергілікті әкімшілік тарапынан іздену, туристік жұмыстарының нәтижесінде мақтаулармен марапатталады.
Географиялық-өлкетану жұмыстарының әдістері мен мазмұны.
Географиялық-өлкетанудың негізгі мазмұны:
1. Аймаққа физикалық-географиялық сипаттама, шолу жасау, табиғи - аймақтық кешендерге сипаттама беру, аймаққа ауылшаруашылық жағынан сипаттама бере отырып, бір жылдық даму ритмін бақылау.
2. Өз өлкесіне, табиғатына, халқына, өнеркәсіп кешендеріне, транспортына экономикалық-географиялық сипаттама беру. Әсіресе халықтың әлеуметтік жағдайына, мәдениетін (салт-дәстүрін, мақал - мәтелдерін) оқуға көп көңіл бөлу.
Аймақты физикалық-географиялық кешенді оқу.
Мектеп деңгейінде табиғатты оқыту өте қарапайым беріледі. Оның жеке компоненттеріне түсінік берумен шектелмей іс жүзінде практикалық сабақтарда жұмыстар жасалынады.
Мектепте аймақты физикалық-географиялық кешенді оқыту үш ірі кезеңнен тұрады:
1. Дайындық;
2. Далалық;
3. Камералық;
Дайындық кезеңінде:
а) Келешекте оқытылатын ауданның табиғаты анықталады.
б) Экспедицияға қатысатын отрядтың тапсырмасы құрылады.
«Өз өлкесін» оқытуда келешекте оқытылатын ауданның табиғатын анықтағанда негізделінеді. Алынатын аймақ мектептен 7-8 шақырым қашықтықта алынады. Алынатын аймаққа ауданның әкімшілік аймағы, қала типтес село, аудандық-қалалық типтегі жасыл желек, ауылдық әкімшіліктің бір бөлігі, әкімшілік аймақтың шекарасы т.б. алуға болады. Өлкені оқытудағы ауданды анықтауда қойылатын талаптың бірі: карта жасау. Ол өлкетануға қажетті материалдарды жинағанда далалық жұмыстардың қорытындысы бойынша (тау жыныстарының коллекциясы, гербарий, суреттер, кестелер). Егерде әкімшілік аймақтың шекарасының картасы болса, физикалық-географиялық кешенді сипаттау өте оңай жүргізіледі.
Жер бетіндегі бақылауға алынған табиғат кешендерінің көлемі, пішіні, құрылымы жағынан әртүрлі: елдердің физикалық-географиялық зоналары, облыстың аудандары, ландшафттары. Қазіргі таңда географ мамандар ландшафттық бағытқа көп көңіл бөлуде. Оқушылардың білім деңгейін дамыту мақсатында кейбір табиғат кешендеріне анықтама беруге болады.
Фация – жер бедерінің ұсақ бөлшектерінде қалыптасқан ландшафт құрылымындағы ең төменгі рангтан орын алатын территориялық табиғат кешені. Ол территориялық бөлшектерге бөлінбейді.
Ландшафт – құрамдық, құрылымдық, бөліктерінің баламалары қайталанбайтын нақтылы территориялық табиғат кешені.
Қоныс – ландшафттардың құрылымдық бөлігін құрайтын территориялық табиғат кешені.
Ірі елді мекендер мен қалаларда орналасқан мектептер үшін алынатын аймақ өз өлкесіне сәйкес, мынандай талаптарға сай келетін болуы тиіс: табиғат зонасы физикалық-географиялық жағынан әртүрлі, күрделі жер бедері, жақсы жабылған тау жыныстары, түрлі топырақ өсімдік жамылғысы, аудан саяхат жасауға өте қолайлы, мектеп маңына жақын орналасқан болуы тиіс.
Экспедициялық отрядтың тапсырмалары:
1. Өз аймағының, елді мекенінің географиялық координатын анықтау (карта бойынша).
2. Өз елді мекенінің географиялық ендігін анықтау.
3. Жергілікті жердің бойлық меридианын анықтау.
4. Өз облысының солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа дейінгі қашықтығын анықтау (карта бойынша).
5. Өз облысының көлемін көрші облыстармен салыстыру.
6. Өз облысың қандай табиғи кешендерді басып өтеді.
Облыстың табиғи ресурстары мен табиғат жағдайлары:
1. Облыстың геологиялық картасын оқи отырып өз облысының геологияның жағдайына қорытынды жасау.
2. Өз облысының пайдалы қазба байлықтарын оқи отырып, кескін картаға түсіру, халық шаруашылығында қалай пайдаланатынын түсіндіру.
3. Тау жыныстарының пайдалы қазбалар мен қазынды организмдердің үлгі коллекцияларын жинау.
4. Өз облысының жер бедері қалай қалыптасты, облыстың жер бедеріне, шаруашылық жағынан баға беру, жер бедері мен жолдардың арасындағы байланыс, жергілікті халықтың орналасуы, егістік дала, бау - бақша, жер бедеріне жүргізілген суару жұмыстары туралы мәлімет беру.
5. Өз қалаңның, ауданның, елді мекеннің жер бедерін жазу: өзен маңындағы, карьерлердегі жүргізілетін жұмыстарды түсіндіру, жазықтардың жыныстары туралы түсіндіру.
6. Аймаққа геология-геоморфологиялық профиль (кескіндеме) жасау.
7. Жер бедерінің тереңдігі, ені, биіктігін өлшеу (өзен, арна, жайлы жерлер, жарықтар, карстік жерлер. т.б.).
Өзен жағалауына, арнасы мен аңғарына бақылау жасау.
Климаты:
1. Өз облысының жылдың жеке мезгілдеріне сипаттама жасап, оның түзілу жағдайына түсіндіру (климат картасы мен өз ауа-райын бақылауын пайдалана отырып).
2. Өз облысында көбінесе ауылшаруашылығына қолайсыз ауа райы қандай, анықтау.
3. Ауа райына систематикалық бақылау жасау.
4. Мектептегі ауа-райына жасалған бақылау бойынша ауа температурасының өзгерісіне, қысымға ауаның ылғалдығы мен жер рязасына график сыздыру. (айлар бойынша).
5. Күнделікті ауа-райына бақылау, жергілікті жердің ауа-райының өзгеруіне, радио, телеақпарат арқылы берілген ауа-райына өздігінен қорытынды шығарады.
Өлкетану мүйісі жөніндегі ереже.
Өлкетану мүйісі географияны оқытудың өлкетану принципін неғұрлым толығырақ іске асыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі бағдарлама географияны оқытуда жергілікті материалдарға кеңірек сүйеніп өткізуге есептелген. Өз өлкенің географиясына арнайы бөлінген тақырыптар бұл сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге неғұрлым тиянақты қарауды, оқушылардың жеке жұмысы олардың қабілетін дамытуды, неғұрлым тығыз пәнаралық байланыс орнатуды талап етеді. Мұғалім көрнекі және демонстрациялық, дидактикалық материалдарды өз өлкесін оқып үйренуге кеңінен қолдануы керек. Ал, бұл өз облысының географиялық жеке оқулығы болмағандықтан, барынша ерекше методикалық маңызға ие болады.
Жинастырылған өлкетану материалдары және обьектілер оқушылардың географиялық ұғымдарды, заңдылықтарды, оқу жұмысының әдістерін меңгеруін қамтамасыз етіп, экономикалық және экологиялық білімдерінің қалыптасуына септігін тигізеді.
Өлкетану мүйісінің мазмұны
Өлкетану мүйісіне материалды стенділерде безендіру және оны қорда сақтау кіреді.
Тұрақты жұмыс істейтін стендіге ауыстырып тұрылатын мазмұны төмендегідей материал орналастыру керек:
1. Шымкенттің географиялық координаттары, ауа райының күнтізбегі, оған маусым ішінде берілген талдау.
2. Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық және экономикалық картасы, мұғалім дәл қазір шәкірттерінің көңілін аудару керек деп тапқан өз ауданының физикалық, экономикалық обьектілері, құбылыстары ерекше көрсетілген карта-схема.
3. Газеттер мен журналдардан алынған өлкетану жөніндегі мақалалар.
4. Шымкент пен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тақырыптық материал.
5. Папкаларда ерекше топтамаларда шағын экспозиция формалары қор материалдары сақталады. Оған мыналарды кіргізуге болады:
1. Физикалық және экономикалық география курстарын өткенде пайдаланатын демонстациялық материал. Мысалы, ОҚО жер бедері, ОҚО еңбек ресурстары, ОҚО өнеркәсібі. т.б.
2. Мұғалімнің және оқушылардың аудан, Шымкент және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинаған хрестоматия материалдары.
3. Оқушылардың бағдарламаға сәйкес, өлкетану сипатындағы орындалған практикалық жұмыстарының үлгілері.
4. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат кешенін, кәсіпорындарын оқып үйренуге байланысты жинастырылған саяхат материалдары.
5. Оқушылардың ғылыми шығармашылық жұмыстары (хабарлары, рефераттары, фотографиялары, суреттері, кроссвордттары, викториналары, құралдары және басқалары).
6. Әр жұмыс орнына арналған үлестірме материал (ОҚО контуры, атластар, карталар, топырақтардың тау жыныстарының, өсімдіктердің үлгілері, картаның бетіне модель жасау үшін қажетті трафареттер, шартты белгілер, оқу ойындарын өткізуге керек значоктер және басқалар).
Өлкетану мүйісін бағалағанда есте болатындар:
1. Экспозиция және қор материалдарының мазмұны.
2. Өлкетану материалдарын сабақтарда және сабақтан тыс жұмыста дұрыс пайдалану.
3. Материалды жүйеге келтіру, оқу тәрбие процесінде тез қолдану мүмкіндігі.
4. Эстетикалық тұрғыдан безендірілу.
16 Тақырыбы: География сабағын әдістемелік тұрғыдан талдау
1. Сабақтың құрылымдық бөлімдеріне талдау.
2. Сабақтың өту барысына талдау.
3. Сабақтың бағалануына талдау.
Сабақтарға дайындалу барысындағы қажетті жәйттер:
1. Ұғымдар мен басқа білімдердің мазмұнына анализ жасау керек, ол үшін:
Ұғымдардың негізгі белгілерін (мысалы, таудың негізгі белгілерін: басы, беткейлері, табан және басқалары) айқындау. Ұғымның түрлемелі белгілерін (сырт көрінісіне, биіктігіне, беткейлерінің тіктігіне, төбелерінің формасына және басқаларына қарап таулардың өзгешеліктерін) анықтау;
Құбылыстардың, заттардың мәнін ашатын себеп-салдар байланыстарын (таулардың өзгешеліктері жасына, тауларды құрайтын жыныстардың құрамына, қирату жұмыстарын жүргізетін қазіргі мұздықтардың қозғалысына, үгілу процестеріне және басқаларға байланыстылығын) айқындау. Оқулықтан ұғымның анықтамасын табу және оның мазмұнына сәйкес келуі (онда мәнді белгілер мен байланыстар көрсетілгендігі) туралы қорытынды жасау;
Ұғым мазмұнын анализдеу негізінде, оның ішінен мағыналық бірліктерді ажыратып, түсіндірме дайындау. Мәселен, «таулар» деген жалпы түсінік (V класс) әр түрлі жастағы таулардың сыртқы көрінісін сипаттауды, жалпы және ерекше белгілерін айқындауды, бұл айырмашылықтарды тудырушы себептерді анықтауды қамтиды.
2. Жаңа білімді қалыптастыруға негіз болатын сүйеніш білімді есепке алу, яғни өткен курстардың бағдарламалары және оқулықтары бойынша оқушылардың осы ұғымды қабылдауға мүмкіншілік тудырарлық дайындылығын айқындау. Сонымен: объектілердің, құбылыстардың айрықша белгілерін анықтау үшін қандай сүйеніш білімдерді қатыстыру қажет екендігін белгілеп, яғни оқушылар өзінің бақылауы мен өмір тәжірибесі арқасында олар туралы нені білуі мүмкін екендігін есепке алу. Оқушылар карталармен, графиктер, оқулық текстімен, суреттермен және т.б. қандай әрекеттер жасай білетіндігін, жаңа ұғымды қалыптастырумен байланысты оларды алғашқы рет қандай әрекеттер жасауға үйрету керектігін есепке алу.
3. Білім мен іскерлкіті игеруді қамтамасыз етуге қажетті жағдайларды анықтау, ол үшін: ұғымдардың мазмұны және оқушылардың даму дәрежесіне сәйкес, олармен (карталармен, суреттермен, оқу фильмдерінің фрагменттерімен, диапозитивтермен коллекциялармен және т.б.) жұмыс істегенде, оқушылар ұғымдарды меңгеріп алуына қажетті оқыту құралдарын іріктеп алу. Ұғымдардың белгілерін дәл анықтауды, сондай-ақ себеп-салдарлы байланыстарды анықтау үшін сүйеніш білімді қатыстыруды және оқушыларды білімнің әр түрлі көздерімен жұмыс істеу әдістеріне үйретуді қамтамасыз етуге тиісті білімді ауызша баяндау методтарын таңдап алу, сонымен бірге практикалық және дербес істейтін жұмыстардың мақсаттары мен міндеттерін анықтау, осында – бағдарламалық және проблемалық оқытудың элементтерін пайдалануына болады.
4. Осы сабақтың оқу материалының (логикалық құрылуын) құрылым және ұғымдардың күрделілігі мен оқушылардың жұмысқа дайындығына байланысты оқушылардың білімді игеру жүйелілігін анықтау.
5. Орындаған жұмыстың негізінде мұғалімнің білімді ауызша баяндау әдістері мен оқушылардың дербес жұмыс істеуінің үйлесімін анықтау.
Үлесімді таңдап алу мыналарға байланысты:
- Материалдың мазмұнына (фактіге негізделген, суреттеме, немесе өте - мөте ғылыми материал сабақтың басты мазмұнын құрайды);
- Оқушыларда сол немесе басқа ойлағыштық операция жасау (анализдеу, дәлелдеу, салыстыру, талдап қорыту және т.б.) іскерлігін дамытуды қажеттігіне;
- Осы сабақта қандай да болсын дағдылар мен іскерлікті оқушылардың алу мүмкіншілігіне;
- Материалдың оқушыларға қатысты дәрежесіне;
- Оқушылардың дайындық дәрежесіне байланысты.
Егер оқуға жататын материал оқушыларға белгісіз немесе күрделі жаңа ғылыми ұғымдар болса, мұғалім оны толығынан баяндауы керек. Түсіндіру жүйелі, дәлелді, түсінуге оңай болып құрылуы керек. Түсіндіру барысында көрнекі құралдарды кең пайдалану керек. Мұндай сабақтарда материалдың күрделілігіне қарай түсіндіру, 20-дан 30 минутқа дейін уақыт алады, қалған уақыт мұғалімнің қанша түсіндіру және оқушылардың сұрауына, дербес істейтін жұмыстарына бөлінеді. Тапсырма бойынша оқушылар карталарды оқу негізінде анықтамаларға немесе мұғалімнің баяндауындағы кейбір ережелерді растайтын, әсіресе себеп-салдар байланыстарын анықтағанда, нақты мысалдар таңдап алады.
Дербес істейтін жұмыстар және сұрақтарға берілген жауаптар мұғалімнің түсіндіруін қорыта алады. Бұл жағдайда жаңа материалды түсіндіргеннен кейін оқушылар мәтінмен жұмыс істейді де, ол бойынша таблицалар, кескіндер, немесе түсіндіру кезінде қолданылмаған оқулықтағы иллюстрация материалын өз бетімен анализдейді.
Жұмыс методтарының басқа үйлестіктері және оларға сай келетін ойланғыштық операциялар, белгісізді белгімен табиғи біріктірген материалды, мәселен 8 сыныпта Қазақстанның ірі территорияларын оқығанда қолданылады. Осы сияқты сабақтарда дербес істейтін жұмыстар әлде қайда көп орын алады да, бірінші планға шығады.
Егер сабақтың мазмұнында көп суреттеме материал (ауа райын, өзендерді, өсімдік зоналарын сипаттау) болса, қосымша үзінділерді оқумен, оқу фильмдерін қараумен, суреттерді, фотографияларды көрсетумен мұғалімнің әңгімесі басым орын алады. Алайда, құралдарды қараудың, олардың мазмұнын оқушылардың өз бетімен анализдеуін міндеттейді. Бұл көпшілік жағдайда жаппай әңгімелесу процесіне өтеді.
Жаңа білімді қалыптастыруда мұғалумнің сұрақтары бойынша әңгімелесу үлкен роль атқарады. Баяндау сұрақтары мазмұны мен методтарына байланысты әр сабақта әр түрлі орын алады. Мәселен ұзақ түсіндіруді талап ететін мектеп лекциясы методын қолданғанда, сұрақтар әдетте сабақтың бас кезінде проблема ретінде қойылады.
Егер баяндалатын материал оқушыларға жарым-жартылай таныс болса, сұрақтарды баяндау барысында қоюға болады. Бұл жағдайда олар оқушылардың назарын карталарды оқуға, оларды салыстыру үшін дербес жұмыстар істеуге, бұрынғы білім мен мен өмір тәжірибесін қатыстыруға бағыттайды.
Сұрақтарды қоюда мұғалім қандай дидактикалық мақсаттарды көздесе де, оқушыдан қандай ақыл ой әрекетінің түрі қажет екендігі, жауаптың қанша уақыт алатындығы, берілген сұрақтың жауабы жауабы қысқа немесе тыңғылықты болуының ерекшелігі туралы ол әр уақытта ойланып отыруы керек.
Сұрыпталған материалды сабаққа дайындағанда оны жеке бөліктерге бөле отырып, олардың ішінен қайсысы мұғалімнің түсіндіруін немесе суреттеме әңгімесін керек ететіндігін, қайсылары жаппай әңгімелесу кезінде, немесе дербес істейтін жұмыстарды орындау процесінде шешіле алатындығын анықтау керек.
6. Білімді игеру процесінде оқушылардың таным әрекетін дамытуға бағытталған мұғалімнің жұмысының әдістерін ойлау.
Ақыл-ой және практикалық әрекеттерінің әдістерін оқушылардың қаншалықты меңгергендігін анықтауға мүмкіндік беретін келесі критерийлерді студенттер анықтап алуға тиісті. Оқушы осы, не басқа тапсырманы орындауға керекті әрекеттің тәсілін, оны пайдалана алуды және өзінің әрекетін ауызша түсіндіре білуі керек. Мәселен, климаттың типін, климаттық картаны және температуралар мен жауын-шашынның диаграммаларының негізінде анықтау керектігін білуі керек. Кез келген аймақтың климат типін анықтағанда оқушы осы тәсілді қолдана білуге тиісті: климаттық карталардың климаттық сандық көрсеткіштерін (қаңтар мен шілде изотермаларын, олардың амплитудасы, жауын-шашынның жылдық мөлшері , диаграммаларға қарап, жауын-шашынның жыл маусымында таралуын және т.б. алынған мәліметтерді әр түрлі климат типтерінің белгілі көрсеткіштерімен) салыстыра отырып, осының негізінде, не басқа аймақтың климат типін анықтай білу.
7. Келесі сабақта қайталау және оқушылардың білімін тексеру үшін, сұрақтар дайындағанда мыналар ескерілуі керек:
Қайталау оқушылардың білімін айқындап қана қоймай, оларды кеңейтіп, қорытындылар шығару іскерлігін, карталарды білімнің дербес көзі ретінде қарап, олармен саналы жұмыс істей алатындығын айқындауы тиіс. Сондықтан, сұрақтарды тұжырымдауды «неге», «қалай», «немен түсіндіріледі» деген сұраулы сөздерден бастау керек.
Қайталау материалды саналы түрде игеруге, онда еркін бағыт-бағдар ала білуі керек, сондықтан сұрақтарды оқушылардың ой-өрісін дамытатын салыстыруларды кеңінен қолдану қажет.
Сұрақтар бұрын өтілген материалдың негізінде құрастырылумен бірге, пәнге деген қызығуды арттыруға әсерін тигізуі керек, ол үшін мазмұны әр алуан карталарды, суреттерді, гербарийлерді, пайдалы қазбалар мен тау жыныстарының коллекцияларын кеңінен пайдалану қажет.
Сұрақтар бұрын өтілген материалдың негізінде құрастырылумен бірге, өтіп жатқан сабақ тақырыбы мен логикалық үйлесімде болуы керек.
1. Сабақтың бас кезінде оқушыларды ұйымдастыру.
Оқушыларды сабақтың бас кезінде ұйымдастырудағы мұғалімнің әдісін бағалау: сабақты жабдықтаудың даярлығы мен оқушылардың жұмыс орнын, сабаққа келмей қалған оқушыларды тексерудегі жылдамдығы, алдағы жұмысқа оқушылардың зейінін аудару, сабақтың бас кезінде оқушылардың сабаққа қатысуы.
2. Оқушылардың білімін тексеру және қайталаудағы әдістер мен формалар.
1. Оқушылардың ырықты зейінін ұйымдастыру мен қайталау, тақырыпты қайталау сипаты жөніндегі мұғалімнің қызметіне баға беру (тапсырмалар мен сұрақтарды проблемалы қоя білу, жауап беруші мен оны тыңдаушының міндеттерін жеке және жалпылама берілетін тапсырмаларды түсіндіруі).
2. Сұрақтар мен тапсырмалардың мазмұнының сипаты.
3. Сабақты сұрау формалары (жалпылама, жеке).
4. Оқушылардың біліміне баға қоя білуі, оны не үшін қойғанына мұғалімнің мотиві.
3. Жаңа материалды оқып үйрену.
1. Оқушылардың жаңа білімді оқып үйренуін ұйымдастырудағы мұғалімнің жұмыс әдісін анықтау.
2. Мұғалім баяндап берген жаңа білімнің мазмұнын бағалау: білімдік- тәрбиелік құндылығы, идеялық бағыты, білімді бағалау үстіндегі мұғалімнің сенімінің күштілігі, негізгі дидактикалық принциптерді ұштастыра білуі, ғылымилық пен терең білімділікті түсініктілікпен және көрнекілікпен ұштастыруы оқушылардың жас ерекшелігіне сай болуы, пән аралық байланыстың болуы, жаңа материалды оқып үйренумен байланыстыра отырып, география бойынша, басқа пәндер бойынша алған тірек білімдерін анықтай білу.
3. Білімді ауызша баяндаудағы методтар мен әдістерді анықтау және олардың мақсаты, мазмұны жағынан оқушылардың сабаққа даярлығы мен баяндау әдісінің әр түрлілігі жағынан бағалау (сұрақтардың сипатына қарай, олар ойлау қызметін бағыттауы фактілі білімдерді оқушылардың қалай білетінін анықтауда, жалпы ұғым мен заңдылықты, себеп – байланысты т.б. айқындауда қалай бағытталған)
4. Жаңа материалды пысықтау.
Жаңа сабақты пысықтау кезіндегі анықталатындар: материал сабақтың қай бөлімінде пысықталды, қай материал қандай мақсатпен қайталанды, сұрақтар – оқылған білім ойша не жай елестетуге немесе оқыған жаңа білімді жаңа жағдайға қолдануға бағытталынуы керек. Картамен, таблицамен және т.б. жұмыс істеу кезінде қандай жаңа іскерліктер қалыптасты, оқушылардың ойын дамытатын, оның байқағыштығын арттыратын қызықты сұрақттар болды ма .
5. Үйге тапсырма.
Үйге тапсырмалар бергенде не істеулері керек, үйге берілген материалдың көлемі қандай, өздігінен оқитын материал тапсырылды ма, үй тапсырмасы қандай формада берілді деген мәселелерді анықтау керек.
Қай жолдармен мәтінді оқып қайталауы керектігі, нені және қалай дәптеріне жазып, кескін карталарына т.б. түсіруі тиіс екендігі туралы мұғалім түсіндіріп, нақты нұсқау бере алды ма, үй тапсырмасын беруге уақыт жеткілікті түрде бөлінді ме, оны оқушылардың бәрі бірдей түсінді ме және күнделіктеріне жазып үлгерді ме, -- деген мәселелерді анықтау.
6. Сабақтың барлық кезеңінде оқушылардың жұмысын бағалау:
1. Ұқыптылығы мен жинақылығы, саналылығы мен белсенділігі туралы жалпы пікір, сонымен бірге мұғалімнің сұрағына сыныптың әсер жылдамдығы және орнында тұрып бірден жауап беруі.
2. Тақта алдындағы жауап берушінің жұмысын бағалау: жауап беру кезінде материалды толық және анық айту ептілігі, жауабын картадан үйлестіре отырып көрсету, өзінің әрекетін түсіндіріп, материалды бір жүйелілікпен баяндау ептілігі ол оқулықта қалай берілген.
3. Оқушылардың жұмысының қорытынды бағасын шығару; қайталау уақыты мен білім есебінен, мұғалімнің жаңа білімді түсіндіруінің, сабақтың қорытынды бөлімінің қорытындысын шығаруы керек.
7. Сабаққа мынандай көрсеткіштер бойынша жалпы баға беру.
Оқушылардың дамуы мен тәрбиесінде, оқытуында сабақтың тапсырмасы орындалды ма? Мұғалімнің іс-әрекеті осы сабақ үстінде мақсатпен, міндетпен және оқыту әдісімен үйлесті ме? Сыныпты және өзін басқаруда мұғалімнің іскерлігі неден көрінеді? Қандай қызық формалар мен жаңа методикалық әдістермен танысты. Неге үйренді? Жас мұғалімдер үшін мұғалімнің жеке өз басының құрметтейтін және еліктеуге тұрарлық қандай қасиеті
17 Тақырыбы: Географияны оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану
1. Сабақта компьютерді пайдалану жолдары.
2. Компьютердің танымдық әсері.
3. Кесте-схемаларды пайдалану.
Сабақ оқытуды ұйымдастырудың формасы ғана емес, жалпы педагогикалық процестің жүйесіндегі ең басты, күрделі, жауапты кезең. Сондықтан, бүкіл білім беру мен тәрбиелеудің, дамудың заңдылықтарына сүйенгенде бүгінгі оқытудың жаңа технологиясында мұғалім мен баланың тиімді іс-әрекеттерінің жүйесі болып шығады. Мұғалім сабақты ойластырғанда, жоспарлағанда оқу материалының мазмұнына орай бағыт ұстауы, оларға жетудің мүмкіндіктерін есепке алуы қажет.
- Сынып оқушыларының дағдысы, мүмкіндігі, шамасы ескеріледі.
- Өтілетін проблемалық материалды әдістемелік тұрғыда қайта қарастырады.
- Нақты ұғымдар, түсініктер мен анықтамалар іріктеп алынады.
Осы орайда география сабағында оқытудың жаңа технологиялық процесін қалыптастыруда компьютерлік сауаттандыруды қолдануға болады. Сабақ процесінде компьютер тек көмектесіп қана қоймай, сабақ процесінің құрылымы мен жүйесін өзгертуге ықпал етеді.
Танымдық негіздер қай салада да маңызды болады, өйткені адамзаттың әрбір даму жолындағы жаңалық-танымдық жолындағы жаңалық ретінде пайдаланылады. Сондықтан география сабағында оқушының танымдық іс-әрекеттерін компьютердің көмегімен жетілдіру барысында, сөзжұмбақтар құрастыруды, шешуді жүзеге асыру. Ол үшін алдын-ала компьютерде тексттік редактор Wopd-тың көмегімен сөзжұмбақтың торы сызылады. Бұл жерде эпидиаскоп арқылы сұрақтар рет-ретімен беріліп, әрбір тор көз толтырылады.
Сондай-ақ, сөзжұмбақтар шешуде сканерлеу арқылы оқушының ой - өрісін кеңейтіп, әрі уақытты үнемдеуге болады. Мысалы, «Қазақстан» сөзжұмбағын кескінді карта түрінде шешу үшін сканер арқылы қағаздағы көріністі дисплей экранына түсірдім. Көрініс сканерленгеннен кейін оны өңдеуге (үлкейтуге, кішірейтуге, бояуға) болады.
Экрандағы сөзжұмбақ бейнесі төмендегіше болады. Қажетті сөздер жазылып, дұрыс жауабы толық беріледі. Сөзжұмбақты шешуге қажетті сөздер мына төмендегі сауалдар арқылы табылады:
1. Көкшетау облысындағы аудан.
2. Маңғышлақ облысындағы аудан.
3. Ақмола облысындағы аудан.
4. Солтүстік Қазақстан облысындағы аудан.
5. Қостанай облысындағы аудан.
6. Жамбыл облысындағы аудан.
7. Семей облысындағы аудан.
8. Ақтөбе облысындағы аудан.
9. Шығыс Қазақстан облысындағы аудан.
10. Алматы облысындағы аудан. Павлодар облысындағы аудан.
11. Қарағанды облысындағы аудан.
12. Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан.
13. Қызылорда облысындағы аудан.
14. Атырау облысындағы аудан.
15. Батыс Қазақстан облысындағы аудан.
9-шы сыныптағы «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы» курсын оқыту барысында анықтама мәліметтер көптеп беріледі. Осы сандық мәліметтерді компьютерде алдын-ала мұғалім орындап, сабақ өту барысында графиктер, диаграммалар арқылы салыстырмалы мәлімет беру оқушы ойын жүйелеуге, тиянақтауға әсер етеді.
Ол үшін мынандай іс-әрекеттер жасауымыз керек. Кестені құрудың қарапайым жолы – кестені енгізу батырмасын қолдану. Мұндай бағаналар ені мәтін қатарының толық ені мен бағаналар саны негізінде автоматты түрде бірден анықталады.
• Құрылатын кестенің сол жақ жоғарғы шетіне курсорды алып бару.
• Тышқан тетігімен саймандар панеліндегі кестені енгізу батырмасын басып ұстап тұру крек.
• Керекті торлар санын бейнелеп алып, тышқан батырмасын жіберсек, қажетті өлшемдегі кесте шығады.
Жоғарыдағыдай бірнеше кесте құра отырып, алынған мәліметтер бойынша диаграмма құру үшін Excel бағдарламасына ену керек. Оны іске қосу үшін, онымен байланысқан шарт белгіні тауып, тышқанды екі рет басу керек. Сонда экранға терезе шығады. Excel ерекшеліктерінің бірі – сандар қатары мен бағаналарын ақпараттық толық көрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен диаграммаларға айналдыру. География сабағындағы мәліметтерді сандық шамаларды үңіліп қарағаннан гөрі, салыстырмалы түрде бағалау, оқушы ойын тез қорытып, жинақтауға мүмкіндік береді.
Excel бағдарламасында диаграмманы құру үшін оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып, диаграммалар шебері батырнамасында тышқанды шертіп, қажетті диаграмма типін таңдаймыз. Қалаған диаграмманы экранға шығарып, өзімізге қажетті мәліметтерді алуға болады.
География кабинетіндегі компьютер бір комплект болғандықтан, алынған мәліметтерді, диаграммаларды баяу оқушыларға принтерге беру арқылы қағазға шығарып, таратып беріп, әр оқушының жеке жұмыс жасауына мүмкіндік туғызамыз.
Компьютермен сабақ өту біріншіден, мұғалімнің уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды, ең бастысы оқытудың дидактикалық принциптерін жаңа технологиямен ұштастыруға мүмкіндік туғызады. Дискеттің соңына бірнеше вариантта тапсырмалар мен тесттік жұмыстар енгізіледі. Мысалы, он сұрақтан тұратын тесттік тапсырманы тақтаға жазып, немесе ауызша баяндап жаздырса уақыттан ұтамыз. Ал компьютер арқылы көрсетіліп, жарамсыз қағазға белгілей қойса, уақыт тиімділігі артады. Сонымен қатар, зейінді оқушылармен бірлесе отырып интернет желісімен жұмыс жүргізу. Керекті жердегі желі нүктесімен байланысып, қажетті материалдарды алуға болады.
Осылайша, бірнеше тақырып материалдармен жұмыс істеп, оқушы білімін компьютермен сауаттандыру - оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқытуды ақпараттандыруға қадам жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, компьютерлік технологияларды пайдалану, адамның білім алуына принципті жаңа мүмкіндіктер жасайды. Оқу материалдарын тақырыптық жағынан біріктіріп қана қоймай, бейнелік, мәтіндік ақпаратпен, музыкалық шығармалармен көркемдеу, оқып үйренушілердің көркемдік талғамын жақсартып, мәдениет, өнер, адамзат, тарихының салаларында бір мезгілде білім алуына мүмкіндік туғызады. Әрбір материал өзіне сәйкес әнмен көркемделсе және соңында тесттік тапсырма, блоктық тапсырмалар берілсе, оларды орындау арқылы, оқушының шығармашылық қабілеті артады, пәнге деген қызығушылығы жетіледі.
Сонымен қатар, сабақтың көрнекілігі артып, пәнаралық байланыс, жүзеге асырылады. Нарық заманындағы өз елінің экономикалық даму сатысын жете біледі.
18 Тақырыбы: Географияны оқыту әдістемесіндегі ақпараттық технологиялардың ролі
1. Географияны оқыту әдістемесі пәнінде техникалық оқыту құралдарын пайдалану
2. Географияда компьютерді қолдану әдістері
3. Географиялық бейнелер мен олармен жұмыс жасау әдістері
4. Географияны оқыту барысында кино мен теледидар мүмкіндіктерін қолдану
5. Интерактивті тақта дегеніміз не?
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай – ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында «Он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет » деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу–тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.
Ақпараттық–коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы– Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр–бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру–жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу–тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық–коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»-деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі-бағдарламалық–техникалық кешен болып саналатын
« Активті экран» болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы-оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық-техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;
оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Бүгінгі күні оқытуды ақпараттандыру үрдісінде ерекше көңіл бөлінуде. Оқыту үрдісін ақпараттандыру-қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып саналады. Ал барлық арнайы ақпараттық техникалық құралдары ЭЕМ, аудио, бейнефильм, кино қолданылатын технологияларды тәжірибеде ақпараттық технологиялар деп атаймыз. Компъютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастағанда оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары термині пайда бола бастады. Бұл технологиялар бағдарламалап оқыту идеясын дамыта отырып, қазіргі компъютерлер мен телекоммуникацияның дамуымен байланысты оқытудың жаңа, әлі толық зерттелмеген әдіс-тәсілдерін ашады. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары ақпаратты оқушыға компъютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі болып саналады.
Алдымен жаңа ақпараттық технологияларға көшпей тұрып, оқу тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз оқу мен оқу тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептеуші техника құралдарының оқу үрдісіндегі ролі мен орны, мұғалімдермен оқушылардың еңбегін жеңілдету, оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі екені белгілі.
Оқытудағы жаңа ақпаратты технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға негізделген. Жаңа ақпараттық технологияның білім саласына енуі педагогтерге оқытудың мазмұнын,әдістері мен ұйымдастыру түрлерін сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдаланудың педагогикалық сәйкестігін ескеріп оқыту үрдісіне енгізу сабақты ұйымдастырудың және оқыту әдістерінің өзгеруіне әкеледі. Сондықтан да жаңа ақпараттық технологиялар келесі үш нұсқа түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.
• Тереңдетілген технология ретінде компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша қолдану;
• Негізгі технология ретінде белгілі бір юөлімді оқытқанда қолданылатын технологиялардың ең маңыздысы ретінде қолдану;
• Монотехнология ретінде барлық оқыту,оқытудың басқару үрдісі, яғни, диагностика, моноторинг компьютерді қолдануға негізделген.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:
• Ақпаратпен жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру, коммуникативтік қабілетін дамыту;
• Ақпараттық қоғамның жеке тұлғасын дайындау;
• Берілетін оқу материалының өмегімен оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;
• Зерттеу іскерлігін,тиімді шешімін қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру;
Концептуальды ұстанымдар төмендегідей:
• Оқыту–бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы;
• Компьютердің баланың жеке ерекшеліктеріне икемделе алуы;
• Оқытудың диалог ретінде болуы;
• Басқарылуы:мұғалімнің кез-келген уақытта оқу үрдісінде өзгерістер енгізе алуы;
• Оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субьект-обьект, субьект-субьект, обьект-субект;
• Жеке және топпен жұмыстардың үйлесуі;
• Оқушының компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалын демеу.
Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті, графиканы, мультимедианы, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыға психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мативін күшейтуге мүмкіндік береді.
Компьютермен жұмыс істей отырып, оқушыға кез-келген тапсырманы аяғына дейін орындау мүмкіндігіне ие болады. Компьютер барлық жауаптарды тексеруге мүмкіндік береді,ал көпшілік жағдайда ол қателерді көрсетіп қана қоймайды, оның типін анықтап,дер кезінде оның пайда болу себебін көрсетеді. Оқу үрдісін компьютер көмегімен басқару диапазоны өте кең,оқушының сұрақ қоя алу мүмкіндігінен оқыту стратегиясын,тапсырмалардың қиындық деңейін, көмек мөлшерін, кейбір жағдайда оқу материалын түсіндіру ретінде тыңдауға дейін. Компьютер оқушыда өз іс әрекетінің Рефлекциясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Ең алдымен, компьютер оқушыға өз іс әрекет нәтижесін көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді.
Білім мазмұнының негізгі ерекшелігі ақпарат көлемінің көп есе артуы мен компьютерлік ақпараттық ортаның болуы. Бүгінгі күні компьютерлік ақпараттық ортаның құрамына: мәліметтер қоры, гипермәтін және мультимедия, имитациялық оқыту, электронды коммуникациялар желілері, экспертті жүйелер енеді.
Мәліметтер қоры дегеніміз-компьютерлік техниканы пайдаланып ақпаратты енгізу, жүйелеу, сақтау және беру болып табылады. Мәліметтер қоры құрамына әр түрлі статистикалық мәтіндік, графикалық ақпарат енеді. Мәліметтер қорында ақпаратты жүйелеу және іздеу үш негізгі тәсілмен жүзеге асырылады.
1. Иерархиялық мәліметтер–қорының классификациялық негізгі каталогтар мен рубрикаторлар, яғни иерархиялық типті ақпараттық іздеу тілдері болып саналады.
2. Реляциялық мәліметтер қорының әрбір ақпарат бірлігіне белгілі бірқатар атрибуттар меншіктеледі, және оны іздеу осы көрсеткіштердің біреуімен жүзеге асырылады.
3. Статистикалық мәліметтер қоры екі өлшемді кейде үш өлшемді, матрицаның көмегімен ұйымдастырылған сандық ақпаратты өңдеумен айналысады. Статистикалық мәліметтер қорын басқаша электронды кестелер деп те атайды.
Мәліметтер қоры оқытуда мұғалім мен оқушыға оқулықтар мен оқу құралдарының құрамына енбеген ақпаратты алуға арналады. Оқыту үрдісіндегі ақпараттық технологияны пайдалану педагогикалық психологияның алдына бірқатар көкейкесті мәселелер қояды.
Студентке кәсіби білім беру жүйесінде болашақ маманның кәсіби дайындығын толық шығармашылық үрдіске жұмылдырылуы ең басты мәселе. Мұндай даярлық моральдық,психологиялық кәсіби әрі көркемсуреттік дайындықтарды және жеке тұлғаның, талапқа сай сол мамандықтың ерекшелігімен ғана жүзеге асады. Студенттерді компьютерлік графиканы кәсіби іс әрекеттерде,пайдалануға даярлау үрдісі күрделі ұйымдастырылатын нысан. Ғылыми әдебиеттерге жүгінсек, психологияның жаңа бағыттары екі негізгі теориялық бағытты көрсетеді: функционалды және жеке.
Дайындық алдында тұрған іс-әрекетке негізделеді, ал дайындау болашақ кәсіби іс-әрекетке тұлғаның ұзақ әрі қанық дайындалуы. Ұзақ дайындықтың құрылымына: 1/ Іс әрекетке дұрыс компьютерлік графиканы пайдалану; 2/ Іс-әрекеттің талаптарына, мінез-құлық, біліктілік, темперамент, мотивация, 3/ Керекті білім, білгірлік, жұмыс істей білу қабілеті; 4/ Қабылдау мен беру, ойлау мен эмоциялық тұрақты кәсіби ерекшелік жатады. Осы көрсетілген жолдар студентті компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерге пайдалануға даярлау мақсатында белгіленген бөліктер.
Компьютерлік графиканы шығармашылық үрдісте пайдалануға даярлау түсінігі студент өзінің іс-әрекетін құруда жаңа технологияны пайдалану арқылы толықтырады, сондай-ақ шығармашылық ойлау қабілетін, түрлі күрделі операцияларды орындауын, жаңаша ойлау сияқты қабілеттерін толықтыра түседі.
«Компьютерлік графика» пәнін оқытуда жиналған тәжірибелер екі алдыңғы функцияларды көрсетеді: Студенттердің компьютерлік білімдерін қалыптастыру, білім және компьютермен жұмыс істеу біліктілігі, ақпараттық көркем графикалық мәдениетінің дамуы, оған шығармашылық жолмен кәсіби іс әрекетке компьютерлік графиканы қолдану кіреді. Студенттерді компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерге пайдалануға даярлау жүйесінің құрамына мыналарды недіруге болады:
• Компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау мазмұндық бөлігі;
• Компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың және іс-әрекет бөлігі;
• Компьютерлік графиканы кәсіби іс әрекеттерде пайдалануға даярлауды ұйымдастыру және соған сәйкес келетін жүйелі әдіс, құрал әрі формаларының технологиялық бөлігі.
3. Географиялық бейнелер мен олармен жұмыс жасау әдістері
Географиялық бейнелерге суреттер, фотосуреттер, табиғат суреттері, географиялық бейнелер, құбылыстар жатады. Географиялық иллюстрациялардың арасында география оқулықтарына орналастырылған суреттер мен бейнелер үлкен мағынаға ие. Оқулықтарда ақ-қара және түрлі-түсті иллюстрациялар көп. Көп жағдайларда оқулықтардағы суреттердің мазмұны кітаптағы материал мәтініне сәйкес.
Географиялық иллюстрациялардың маңызды түрі–арнайы шығарылған қабырғаға ілінетін оқу материалдары. Мысалы, 5 сыныпқа арналған география материктері бойынша 20 суреттен тұратын серия, жеке шығарылған «Жануарлар әлемінің өкілдері», «Өсімдіктер әлемінің өкілдері», «Саяхатшылардың суреттері». Бұл суреттердің барлығы түстерін түрлі–түсті үлкен форматта. Олар бүкіл сынып оқушыларына анық көрініп тұрады. (Егер тақтаға немесе қабырғаға ілінсе).
География сабағындағы иллюстрацияларды әр түрлі мақсатта қолданады. Кейбірде жаңа материалды баяндауды иллюстрациялардан бастайды. Мысалы: 5 сыныптың физикалық географиясы курсындағы тау мен тегістіктердің өзендерін оқытуды оқулықтағы суреттерден бастауға болады.
Иллюстрацияларды қажеттілігіне байланысты материалды баяндау барысында көрсетуге болады. Мысалы: VІ сыныпта Евразия өзендерін оқытқанда Атлант мұхиты бассейні өзендерінің ерекшеліктерін сипаттайды, оны «Дунай» өзені суреті үлгісінде сипаттап, көрсетеді.
Ашық хат, фотосуреттер және кіші форматтағы иллюстрацияларды әдетте эпидоскоп көмегімен бейнеленеді. Кейбір жағдайларда арнайы щиттерге суреттерлі жинақтап іледі.
Иллюстрациялардың ерекші түрі экранды құралдар-диапозитивтер мен диафильмдер. Мектепте курс тақырыптары бойынша диапозитивтер мен диафильмдердің үлкен жиынтығы болады. 6 сынып курсы бойынша барлық материктер бойынша диапозитивтің жиынтығы бар, ал материктердің барлық облыстары бойынша диафильмдер болады.
Диапозитивтерді әр түрлі оқу ситуацияларында қолдануға болады. Мысалы 5 сыныпта вулкандарды оқыту кезінде «Литосфера» сериясынан диапозитивтерді келесі ретте қолдануға болады. Оқытушы «Жанартау пйзажы–Камчатка» диапозитивін көрсетуді жанартау туралы түсіндіруді бастайды.Одан кейін «Неаполь тарапынан Визувийдің түрі», «Визувий бейнесі», «Помпейдің қазып алу» және К.Брюлловтың «Помпеидің соңғы күні» атты сұңғат бейнелерінің диапозитивін көрсетіп, б.э 79 жылы Визувидің жарылысы орын алғандығын, Помпейдің күйреуі жайлы әңгімелейді.
«Кратер» және «Вулкан Кракатау» диапозитивтерін көрсеткенде оқытушы жанартау құрылымын, жанартаудың атқылау механизмін түсіндіреді. Содан соң оқытушы картадағы жанартаулардың орналасуын көрсетеді. Соңында «Ключев шоқысы», «Фудзияма» және «Страмболи» диапозитивтері бейнеленіп, оларға сипаттама беріледі. Бұл диапозитивтер материалды бекіту үшін қолданады. «Кратер», «кракатау жанартауы» диапозитивтерін көрсетіп оқушыларға жанартау құрылымын айтып беруін ұсынуға болады.
Диапозитивтерге қарағанда диафильмдер диакадрлар жүйесінің сценариімен сәйкес жинақталған кадрлардан тұрады. Оларды сабақ барысында және фрагменттермен көрсетуге болады. Диафильмдер–күрделі түсініктерді қалыптастыру кезінде,табиғи процестерді ашу кезінде,құбылыстарды дамытуды анықтау кезінде, яғни мазмұны бір, байланысы бар диакадрлардың бірқатарын ізгілікті көрсетуін талап еткен уақытта үлкен артықшылықтарға ие.
«Жер сілкінісі» диафильмін қолдану үлгісін 5 сыныптағы ішкі күш әсерлерінен жер рельефінің өзгерісі туралы сұрақты зерттеу барысында көрсетеміз.
Бұл диафильм 4 фрагменттен тұрады: 1)Жер сілкінісі адамдарға не әкеледі? 2)Жер сілкінісінің себептері ? 3)Сейсмограф не дейді? 4)Жер сілкінісінен қалай қорғанамыз?
Диафильмдер мазмұны бұл курстағы қаралған мәселелердің бәрін қамтиды, және мұғалім диафильм негізінде оқу материалын баяндай алады. Сонымен қатар ол картамен жұмыс істеу мен қоса басқа әдістерді қолданады (мысалы кадрларда көрсетілген территорияны картадан көрсету), әңгімелей орытып оқушыларға сабақ соңынан жауап берулері тиіс сұрақтарға жауап іздеулерін баяндайды.
Диафильмдерді материктерді, елдерді, мемлекеттер аудандарын оқыту кезінде олардың шаруашылық салаларын, облыстарын белгілі бір тәртіпте көрсету үшін тиімді.
Сондықтан, осы принцип бойынша аймақтар жайлы барлық диафильмдер құрастырылған. Диапозитивтер сияқты диафильмдер диапроекторлардың көмегімен көрсетіледі.
Соңғы кездері мектептерде диапроекторлармен қатар кодоскопты қолданады–сыныптық оптикалық тақта. Бұл ірі көлемдегі кодоскоптарға арналған диапозитивтер өндірісіне түрткі болады. Әрбір жаңа диапозитив суреті салынған соң кодоскопта алдыңғы даипозитивтің мазмұны ескеріліп, динамикалық сезімі қалыптастырылады. Бұл әртүрлі процесстерді көрсету үшін ыңғайлы. Кодоскопта диапозитив үстіне пленка бекітіліп, оған мұғалім көрсету барысында қажетті жазбаларды түсіруіне мүмкіндік алад
4. Географияны оқыту барысында кино мен теледидар мүмкіндіктерін қолдану
Кино – географияны оқытуда кең қолданылатын көрнекі құралдардың ең көп тарағандарының бірі. Ол оқушыларды әлемнің кез келген бұрышымен көрнекі түрде танысуына мүмкіндік береді. Әсіресе кино табиғи ландшафтылар, адамдардың шаруашылық әрекеттері жайлы мәлімет алуына мүмкіндік береді. Кино табиғи процестерді көрнекі ете алады, яғни баяу көрсету арқылы жедел жүретін табиғи процестің жүру барысын бейнелейді, немесе керісінше баяу жүретін процессті жеделдетіп түсінікті етіп ұсынады. (жер сілкінісін баяулатып та, жеделдетіп те көрсетеді). Кино көмегімен ауыл шаруашылық пен өндірістегі әр түрлі процестерді көрсете алады.
Оқу кинофильмдерін өндіру көп уақытты талап етіп, өте қымбатқа түседі. Кинофильмді көрсету үшін арнайы жабдықтар қажет. Қазіргі кезде кино көрсететін жабдықтары бар мектептер саны арта түсті. Олардың сапасы да артты. Мектептерде географиялық мазмұндағы оқу фильмдері және көп мөлшердегі кинофрагменттер жинақталып, олар мектеп географиясында документальды–хроникальды фильмдерді қолдануға болады. Қордың едәуір бөлігі дыбысты, кейбіреулері дыбыссыз, түрлі–түсті және ақ–қар нұсқадағы фильмдер.
Экранда бір минут ішінде шамамен 22 м пленка проекцияланады, яғни киноның бір бөлігін бейнелеу 7-8 минутты алады,ал әңгімелесуді қосқанда– 12-15 минут жұмсалады.
Жаңа материалдың түсіндіріліп, бекітілуі тиіс сабақтарда, үй тапсырмасын тексеріп, жаттығу орындауын талап етілсе, онда мұндай сабақтарда кинофильмді немесе кіші-гірім фильдер қолдану мүмкіндігі ашылады.
География сабақтарында кинофильмдер картамен жұмыс жасаумен қатар ауызша баяндаудың әр түрлі түрін қолданады. Кинофильмді көрсетуді бастау кіріспе әңгімеден кейін жүреді. Оның негізгі мақсаты–оқушылардың фильмді дұрыс қабылдауына қол жеткізу. Сол үшін оқытушы фильм мазмұны жөнінде қысқаша мәлімет беріп, фильмдерді көріп болған соң жауап берулері тиіс сұрақтарды ұсынады. Оқытушы сұрақты қоя отырып, кинофильмді көрсетуге көшеді.
Дыбыссыз фильмді көру барысында оқытушы көрсету кезінде айтып жатқан әңгіме мазмұны мен кадрлардың синхрондығын баяндайды, жазуларды ауызша оқып, қысқаша және қосымша мәлімет береді,қысқаша екі ауыз сөздерімен, сұрақтарымен оқушылардың зейінін мазмұнды,маңызды объектілерге бағыттайды.
Дыбысты фильмді көрсету кезінде ауыз екі сөздер, сөйлемдер оқушылар зейінін бағыттау үшін қолданылады, түсіндірулер мен қосымша жасалу бөліктер арасында немесе көрсету алдын, немесе ақырында жобалайды. Форматы тар кинофильмдерді көрсету кезінде мұғалім жеке кадрларды экранда ұстай алады. Осы тұрғыда кадрлармен жұмыс жасау диапозитивтермен жұмыс жасауға ұқсас. Кинофильмді көріп болған соң қорытынды әңгіме жүргізіліп, оқытушы оқушыларда туындаған сұрақтарына жауап береді.
«Кольск түбегі» атты–кинофрагманті бойынша кіріспе әңгімеде хибинге үлкен мән беріледі. Оқытушы оқушыларға: «Хибин деп аталатын таудың ерекшеліктеріне зейін аударыңдар.Оның сыртқы пішіні қандай?»деп, Хибин тауын көрсетіп жатқанда оқытушы: «Шоқылардың, шың, жартастарының қияларына зейін аударыңдар!, Ормандар шыңына дейін жетеді ме? Таудың қай шетінде аппатитті өндіреді?» деген сұрақтарды қояды. Кинокартина көріп болғаннан соң картадан Хибин тауының орналасқан жері бар екендігін оқушыдан көрсетуін сұрайды.
Кинофильмді дұрыс таңдау үшін мұғалім оларды жақсы білуі тиіс. Ол алдымен кинофильмдерді өзі көріп алуы тиіс. Алдымен кіріспе және қорытынды әңгімені белгілеп алады, және киноны көру барысында айтылатын әңгімелерін құрып алады.
Мектеп географиясы үшін теледидар үлкен мүмкіндіктерді ашып отыр. Күндізгі және кешкі уақытта география тақырыбындағы деректі фильмдерді көрсету қолға алынған. Телеарналар арқылы оқушыларға «географиялық саяхат» жасатуға болады.
Оқу телекөрмелер кинофильмдер, фотосуреттер көрмелері, натуралды түсірілімдерді (мұражайлардан, кәсіпорындардан, мекемелерден, мультипликациялық түсірілімдер, схемалар мен графиктер) тақырыпқа көрсетуге болады. 5 сыныптағы «Ауа райы мен оны болжау» тақырыбына сай жасанды жер серігінен, ғарыштан түсірілген деректі фильмдерді көрсетуге болады.
Оқу телехабарларының алдында оқытушы оқушыларды хабарды көруге даярлайды. Хабарда көрсетілетін объектілерді картадан көрсетіп, сұрақтарды алдын–ала береді. Телехабарларды көріп болғаннан соң алынған мәліметтерді сұрақ қоюмен бекітеді. Кешкі оқу–білім беруші хабарларды оқушылардың танымын кеңейту үшін көрсетеді. Көптеген оқытушылар телехабарлардың материалдарын жеке берілген тапсырмаларда қолдануын кеңес етеді. Әсіресе, «киносаяхатшылар» және т.б.с.с. хабарлардың маңызы осы тұрғыда өте маңызды..
5. Интерактивті тақта дегеніміз не?
Қазіргі уақытта жаратылыстану-ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология-мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интерактивті тақта–дегеніміз не?
Интерактивті тақта–бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.
ACTIVboard (Promethean компаниясы)-ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам–дегеніміз не?
Aктивті қалам бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
Бағдарламалық-техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
- Алған білімді жүйелеу ;
- Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенін 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио–және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік–бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім–оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте–мөте қажет» -жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Іс тәжірибемде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс– шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым.
- Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану
- Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын ( проблемалық, ұйымдастырушылық іс - әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану.
- Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.
- Жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия–технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық– техникалық базасын жетілдіру.
Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын–ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал–саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.
Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.
Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары–презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер–сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, « Активті экран » кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.
Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық–психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Еліміздегі саяси, әлеуметтік–экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
XXI ғасыр–ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық- психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай–ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.
Жедел дамып отырған ғылыми–техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады. Ақпараттық-технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар маңызды роль атқарады.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу–ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда–мектеп.
Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу–тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүиежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде-өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды
2.Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады
4.Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады
5.ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді
19 Тақырыбы: Географиялық диктанттар
1. Географиялық диктанттың маңызы.
2. Диктантты өткізу тәртібі.
3. Диктанттың үлгі түрлері.
Географиялық диктант барлық оқушылардың білімін аз уақытта анықтауға өте ыңғайлы. Баға қорын молайтуға болады.
Географиялық диктант алу үшін, алдымен дайындық жұмысы жүргізіледі:
1. Қайталау (жалпы материк бойынша).
2. Диктант немесе үлестірмелер арқылы білімдерін тексеру.
Диктантты өткізу тәртібі. Алдымен мұғалім тақтаға географиялық бөліктерін жазып қояды, оны оқушылар ақ бетке немесе дәптерлеріне көшіріп жазып алады. Мұғалім сұрақтарды оқыған кезде оқушылар географиялық бөліктерге сәйкес, номердің жауабын өзі белгілейді.
Үлестірме арқылы арқылы оқушылармен жеке жұмыс жүргізеді. Әр оқушы өз бетімен жұмыс істейді (диктантта жіберген қателерін өзі түзей алады).
Әр жұмысты бағалау үшін жұмыс соңында бағалар критерийлері берілген. Егер география пәніне «Материктер мен мұхиттар» тарауы бойынша, оқушылардың білім деңгейін тексеруге және қайталауға арналған географиялық диктанттардың үлгісін ұсынсақ:
Климаттық белдеулер
Экваторлық белдеу – 1, 6, 8, 15, 16, 17, 18.
Субэкваторлық белдеу – 3, 5, 9, 11, 14.
Тропиктік белдеу – 2, 4, 7, 10, 12, 13.
Субтропиктік белдеу – 10, 20.
1. Қай климаттық белдеу 20 о. е. 50 с. е. орналасқан?
2. Қай климаттық белдеу 170 – 30 с. е. 2 – 300 о. е. орналасқан?
3. Қай климаттық белдеу 20 - 50 о. е. 150 – 200 орналасқан?
4. Жыл бойы ауа райы ыстық және құрғақ.
5. Қысы ыстық, құрғақ, жазы ыстық ылғалды.
6. Ауа райы жыл бойы ыстық, ылғалды.
7. Жыл бойы ылғалды ауа массалары әсер етеді.
8. Жыл бойы құрғақ ауа массалары әсер етеді және пассат желдері соғады.
9. Жазда ылғалды ауа массалары, қыста құрғақ ауа массалары әсер етеді.
10. Жазда күн ашық, ыстық температура көлеңкеде +500 С жетеді.
11. Қысы ыстық, құрғақ, өсімдіктер өсуін тоқтатады.
12. Жауын-шашын мөлшері жазда да, қыста да 100 мм –ге жетпейді.
13. Жаңбыр - құрылықтағы жазықтарда ғана емес, тіпті мұхит үстінде де сирек кездеседі. Жылдық жауын-шашын мөлшері 800-1000 мм-ге жетпейді.
14. Бір жыл – жаз мезгілі.
15. Таңертең күн ашық, түс уақытында қалың жауын жауады.
16. Жыл бойы жауын-шашын бір қалыпты.
17. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 – 2000 мм ге жетеді.
18. Жазы ыстық (+ 270с +280 С). Қысы жылы (+100 С).
19. Қай климат белдеуіне Жерорта теңізі әсер етеді?
Баға беру: 17 – 20 сұраққа жауап бергендер – “5”, 14 – 16 сұраққа дұрыс жауап бергендерге “4”, 11 – 13 сұраққа – “3”, 10-нан төмен “2” бағасы қойылады.
Африка табиғат белдемдері.
Ылғалды экватор орманы – 2, 3, 15, 17.
Саванналар белдемі – 7, 8, 12, 14, 16.
Шөл-шөлейт белдемі – 1, 9, 10, 11, 18.
1. Аспанда бұлттар сирек кездеседі.
2. Конго өзен алабы мен Гвиней шығанағы арасында қай табиғат белдемі орналасқан?
3. Топырағы қызғылт-сары фералитті.
4. Өтпелі - ылғалды орман белдемі, қылқанды және жапырақты ағаштардан тұрады.
5. Қатты жапырақты ориан белдемі мен бұта тәрізділер.
6. Жазы ыстық, құрғақ, қысы жылы ылғалды.
7. Субэкваторлық климат белдеуі, жазы ыстық, ылғалды қысы жылы құрғақ.
8. Топырағы қызыл-қоңыр құнарлы.
9. Температура бір тәулікте қатар өзгереді.
10. Топырағы құнарсыз, кей жерлерде топырақ мүлде түзілмеген.
11. Негізгі жануарлары жорғалаушылар, фенак, аддакс бөкені.
12. Өсімдіктерден аса таралған баобаб , шатырлы акация.
13. Климат жағдайы өте ыңғайлы, жүзім, бау-бақша өсіруге.
14. Жануарлар дүниесі өте бай, алуан түрде кездеседі. Қорықтарда дүние жүзіндегі ең үлкен құстар сақталған.
15. Өсімдіктері көп қабатты болып өседі.
16. Өсімдіктер көбінесе биік шөпті.
17. Жануар дүниесінің ерекшелігі әсіресе маймыл түрлері горилла, шимпанзе т. б. кездеседі.
18. Оазистерінде құрма пальмасын, жеміс-жидек ағаштарын, мақта, бидай өсіреді.
Баға беру: 16-18 сұраққа жауапқа – «5», 13-15 - «4», 10-12 «3», 9-дан төмен жауапқа «2» бағасы беріледі.
Австралия мен мұхиттық аралдар
Солтүстік Австралия – 1, 5, 9, 14, 19.
Шығыс Австралия – 6, 7, 8, 17, 18.
Орталық және Батыс Австралия – 2,10, 11, 16, 20.
Мұхиттық аралдар – 3, 4, 12, 13, 15.
1. Жыл бойы температурасы жоғары. Жазы ылғалды, қысы құрғақ.
2. Жылдық және тәулік температура құбылыстары өте үлкен.
3. Тәулік және маусымдық температура құбылыстары аса білінбейді.
4. Гейзерлер, сөнген және сөнбеген жанартаулар көп кездеседі.
5. Оңтүстікте жауын-шашын мөлшері 300-500 мм, солтүстікте 2000мм жетеді.
6. Шығыс бөлігінде батыс бөлігіне қарағанда жауын-шашын көп түседі.
7. Материктегі ең орманды аймақ.
8. Пайдалы қазбалардан қалайы, мырыш, мыс, алтын т.б. кездеседі.
9. Саванна қызыл, қызыл-қоңыр топырағымен көп жерін алады.
10. Өсімдіктерден ағаш тәріздес кактустар, аласа ағаштар, ұсақ қалың жапырақты бұталар кездеседі.
11. Жануарлардан кездесетін бандикут, түрпі, жорғалаушылар арасынан – молох, келес.
12. Құстардан кездесетіні қоқыстауық, жұмақ құстар, қызғылт какаду.
13. Әсіресе көп кездесетін өсімдіктер бамбук, кокос пальмасы, банан.
14. Өсімдіктерден эвкалипттер, бөтелке ағашы, шөп ағашы өседі.
15. Жергілікті адамдар көбінесе какао, кофе өсіреді, егіншілік пен аңшылық, балық аулаумен айналысады.
16. Материкте “жансыз жүрек” жері бар.
17. Өсімдік арасында бағалы қызыл, сары ағаш, эвкалипт түрлері, шаң – жапырақтылар бар.
18. Тығыз қоныстанған аймақ.
19. Жануарлар дүниесінен кездесетін – түйеқұс эму, кенгуру, түрпі, тотықұс, коала.
20. Жақсы жерлер – жайылым. Кей жерлері мал шаруашылығына жарамайды. Ондай жерлерде аборигендер тұрады.
Баға беру: 17-20 жауапқа – “5”, 14-16 жауапқа – “4”, 10-13 жауапқа – “3”, 9-дан төмен жауапқа – “2” бағасы беріледі.
Антарктида және Антарктика
1. Антарктида дегеніміз не?
2. “Антарктика” қандай сөзден шыққан?
3. Антарктиданың көлемі қандай?
4. 1772 ж. Қай экспедиция Оңтүстік поляр шеңберіне жетті?
5. Антарктида қай жылы ашылды?
6. Кім ашты?
7. Кім және қашан Оңтүстік полюсті ашты?
8. Оңтүстік полюсті қай экспедиция бір айдан кейін ашты?
9. Осы саяхатшылардың қайсысы Оңтүстік полюстен қайтқан жолда қаза тапқан?
10. Қай жылы Антарктида халықаралық шарт бойынша бейбіт және ғылыми пайдаланатын белдем болып табылады?
11. Қандай КСРО антарктикалық станцияларын білесіздер?
12. Орташа мұз қалыңдығы?
13. Ең қалың мұз қалыңдығы?
14. Дүниежүзілік тұщы су қоры неше % болып есептеледі?
15. Неліктен Антарктида суық?
16. Материкте қандай өсімдіктер өседі?
17. Материкте қандай жануарлар кездеседі?
Жауабы:
1. Материк.
2. Грек сөзі “анти” – қарсы, яғни жер шарының солтүстік поляр аймағы.
3. 14 млн. шаршы шақырым.
4. Джеймс Кук.
5. 28 қаңтар 1820ж.
6. “Восток”, “Мирный” кемесімен Белинсгаузен мен Лазарев экспедициясы ашқан.
7. Р. Амундсенмен 1911 жылы ашты.
8. Р. Скотт.
9. Р. Скотт.
10. 1957 жылы.
11. Мирный, Восток, Новолазеревская, Аяқ жетпес полюсі, Молодежная.
12. 2600м.
13. 4500м.
14. 90%.
15. а) 90% -ын қар мен мен мұз кейін қайтарады.
ә) Материктер қатты салқындап қатады.
б) Материк жоғары орналасқан
16. Мүктер, қыналар, балдырлар, ұсақ саңырауқұлақтар.
17. Киттер, пингвиндер, итбалықтар мен құстар.
Оңтүстік Американың табиғат кешені
Амазонка ойпаты – 2, 3, 7, 8, 12, 14, 19.
Бразилия қыраты және Пампа – 1, 9, 10, 11, 15, 17,20.
Анд таулары – 4, 5, 6, 13, 16, 18.
1. Бұл табиғат кешені субэкватор тропик, субтропик белдеу арасында орналасқан.
2. Ауа райы жыл бойы бір қалыпты.
3. Табиғат белдемі экваторлық ТК толық экваторлық белдеуде және ылғалды орман белдемінде орналасқан.
4. Бұл табиғат кешенінде Атакама шөлі орналасқан.
5. Бір жыл ішінде 200 күн жаңбыр жауады. Жалпақ жапырақты және аралас ормандарда үлкен ағаштар, шаң жапырақтар, мүктер өседі.
6. Бұл аймақ қалайыға, мысқа, т.б. түсті металлдарға бай.
7. Адам қоныстануы төмен. 5 млн км2 - 3,5 млн. адам тұрады. Жергілікті халқы – кабокло, метистер.
8. Адам өте сирек қоныстанған. Адамдар керектерін орманнан жинайды.
9. Климаты – қысы құрғақ, жазы ылғалды. Шілде, қаңтар температурасы жоғары.
10. Адам қоныстануы төмен. Адамдар мал шаруашылығымен айналысады.
11. Көп бөлігінде плантациялар орналасқан (кофе, какао, мақта, банан, апельсин және т.б. ағаштар).
12. Өсімдіктердің өзгеруі тек ендік бойынша емес, биіктік белдеулер бойынша да өзгереді.
13. Жануарлар арасында ілмек құйрықты маймылдар, талқауан, тапир, ягуар, су шошқасы – капибара.
14. Бұл аймақ темір, марганец, түсті металл, алмаз, уранға өте бай.
15. Осы бір табиғат белдемінде температура жыл бойы 15-200 С жылы, жауын-шашын 300м-ге дейін жетеді, климаты “мәңгі көктем”.
16. Бұл аймақта бидай, жүгері және мал шаруашылық өнімдері – ет, жүн, тері шығаратын ірі аудандар орналасқан.
17. Бұл жерде мекендейтін жануарлар – лама, шиншилла, кондор құсы.
18. Ылғалды экватор орманы көп орын алады.
19. Оңтүстік Американың ең ірі мемлекеті орналасқан.
Баға беру: 20-17 жауапқа – “5”, 16-14 жауапқа – “4”, 13-12 жауапқа – “3”, 11-ден төмен жауапқа “2” бағасы беріледі.
Шетелдік Азия.
Оңтүстік-Батыс Азия – 4, 5, 10, 11, 17, 20.
Орталық Азия – 3, 6, 12, 13, 19, 21.
Шығыс Азия – 1, 7, 14, 18.
Оңтүстік Азия – 2, 8, 9, 15, 16, 22.
1. Муссон климаты. Осы аймақта жиі жер сілкінеді, тайфун болады.
2. Географиялық орындары – түбек, арал климаты ыстық, муссонды. Халқы өте көп.
3. Еуразия бөлігінің жері бұл ең биікте және мұхиттардан алыс орналасқан.
4. Ең ірі сөнген жанартау – Үлкен Арарат 5165 м орналасқан.
5. Көбінесе халқы түйе ұстайды, ал құрма кедейлердің наны болып келеді.
6. Осы жерде Тұран ойпаты 154 м теңіз деңгейі бойынша төмен орналасқан. Жазғы орта температурасы шілде айында + 340 C.
7. Фудзияма жанартауы орналасқан.
8. Дүниежүзіндегі ең ірі Малай архипелагы орналасқан.
9. Кей бөлігінде жауын-шашын мөлшері 1000-5000 мм жетеді.
10. Көбінесе жер бедерінде таулы үстірттер мен қыраттар тек жағалауында біраз жазықты жер.
11. Байлығының бірі – мұнай. Мұнай қоры 2/3 жетеді.
12. Кен орындары - онша зерттелмеген пайдалы қазбалардан тас көмір, мұнай бар.
13. Осы аймақты зерттеп, үлкен үлес қосқан орыс саяхатшысы Н.М. Пржевальский.
14. Янцзы өзені сағасында дүниежүзіндегі ірі қаланың бірі – Шанхай орналасқан.
15. Осы бөлікте Гималай тауы орналасқан.
16. Климты субэкватор мен экватор белдеуінде көп орын алады.
17. Солтүстігінде субтропикалық, ал оңтүстігінде тропиктік климат қалыптасқан.
18. Ниптон – «Күншығыс елі», ал Чосон – “Таңшапағат елі”, қайда орналасқан.
19. Климаты қатаң континентік температурасы жоғары, құрғақ.
20. Территориясына Месопотам ойпаты мен Иран тау үстірті орналасқан.
21. Тибет тау үстіртінің биіктігі 4500м жетеді. Бұл қай бөлікте орналасқан?
22. Кракатау жанартауы атқылағанда тас күлі 80 км биіктікке көтерілген. Осы жағдайда қай бөлікте болған.
Баға беру: 19-22 жауапқа – “5”, 16-18 жауапқа – “4”, 12-15 жауапқа – “3”, 11-ден төмен жауапқа “2” бағасы қойылады.
20 Тақырыбы: Жаңа технологияны пайдаланып сабақ өту жолдары
1. “Дүниежүзілік мұхит” тарауын жаңа әдіспен өту жолдары.
Қазіргі уақытта “Педагогикалық технология” оқытушының практикалық қызметінде іске асатын педагогикалық жүйенің логикалық негізделген жобасында. Қазір дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүруде. Солардың бірі – үздіксіз білім беру.
Осы бағытта материктер мен мұхиттар географиясын “Дүниежүзілік мұхит” тақырыбына жаңа модульдік бағытта өтуді ұсынып отырмыз.
Жалпы, 7 сыныптың “Материктер мен мұхиттар географиясының” ішінде мұхиттарды біріктіріп, бір тақырыпта салуды ұйғардық. Әрине, бұл әдіс мұхиттарды өтіп болған соң қорытынды ретінде оқушылардың білімін саралау нәтижесінде жүреді.
М. Жанпейісованың модульдік технологиясы негізінде “Дүниежүзілік мұхит” модуль сабағынан оқушылардың алған білімдерін саралау.
Мұғалім “Дүниежүзілік мұхит” тақырыбын тарауға салып өтуде мұнда, яғни тарау ішінде тақырыптар қаралады.
Мұғалім тарауды өткенде Дүниежүзілік физикалық картасы, мұхиттардың жеке физикалық картасы, климат картасына сүйене отырып, оқу материалын қысқаша түсіндіреді.
Оқушы бұл бөлімде “Дүниежүзілік мұхит” туралы жалпы мағлұмат алады.
М. Жанпейісованың тірек кестесіне қарап, тарауды мектепте өту әдісін ұсынамыз:
Қ/С Бөлім Сабақ саны Сабақтың маңызы Уақыт
1. Кіріспе 1 сабақ Модуль құрылысымен таныстыру. Тірек кесте арқылы. 45 м.
2. Сөйлеу 2 – сабақ Деңгейлік жұмыс 45 м.
3 – 4 сабақ “Брейнг ринг” ойыны 45 м.
5 – 6 сабақ “Блиц – турнир” ойыны 45 м.
3. Қорытынды. 7 – сабақ Тест сұрақтар. Рефератты қорғау қорғау. Қорытынды. 20 м.
20 м.
5 м.
Біз бұл тарауды 7 сабаққа бөліп өтуді ұйғардық:
- 1-ші модуль бойынша: бұл бөлім - Кіріспе бөлім, яғни мұнда оқушыларды тақырып құрылысымен таныстыру. Кіріспе бөлім уақыты 45 минутты қамтиды.
- 2-ші модуль бойынша: бұл бөлім – Сөйлеу бөлімі деп аталады. Сөйлеу бөлімі 2 сабақтан тұрады. 1-ші: Деңгейлік жұмыс, оның уақыты 45 минутты қамтуы керек.
- 3-4 сабақта оқушылардың тарауға немесе тақырыпқа деген қызығушылығын, сөйлеу қабілетін дамыту үшін ойын түрінде өткізу. Ойын уақыты 45 минут.
- 3-ші модуль: Қорытынды бөлім. Уақыты 45 минут. Мұнда 45 минуттың 20 минутын - тест сұрақтарына, 20 минутын – реферат қорғауға, 5 минутын – қорытындылауға жұмсау керек. Бұлардың барлығы, яғни тесттер, рефераттар міндетті түрде тақырыпқа сай болуы керек. Рефераттар оқушының жан-жақты ізденуге: кітап, газет, журналдармен, яғни өз бетінше ізденуге ұмтылдырады.
Енді бөлім бойынша мұғалім модуль құрылысымен таныстырады.
Күні:
Сыныбы: 7 сынып.
Тақырыбы: “Дүниежүзілік мұхит.”
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап.
Сабақ түрі: Дәстүрлі аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік – оқушыларға “Дүниежүзілік мұхит” тақырыбын өту барысында, мұхиттардың құрылысымен таныстыру.
ә) Дамытушылық – оқушыларды көрнекі құралдарды қолдана отырып, есте сақтау, дағды, зейінін қалыптастыру.
б) Тәрбиелік мәні – оқушыларға “Дүниежүзілік суды қорғау”
проблемаларын түсіндіру.
Көрнекі құралдар: Дүние жүзінің физикалық картасы, мұхиттар картасы.
Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушыларды түгелдеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Оқушылардың даярлығын білу.
4. Жаңа сабақты түсіндіру.
5. Үйге тапсырма.
Жаңа сабақ:
Жоспар:
а) Дүниежүзілік мұхитты қорғайтын су тораптары.
ә) Олардың көлемі.
б) Олардың физикалық орны.
Әлемдік су қорын құратын Дүние жүзілік мұхит 4 мұхиттан тұрады. Олар: Тынық, Атлант, Солтүстік Мұзды, Үнді мұхиттардан тұрады. Әлемнің 361 млн. км2 жерін сулы бөлік алып жатыр. Солтүстік жарты шары 39%, Оңтүстік жарты шары 19%-ті құрайды. Жер шарының су айнасы бірыңғай әлемдік мұхит деп аталатын су көзінен тұрады. Түрлі ерекшеліктеріне қарай Дүние жүзілік мұхит түрлі бөліктерге, мысалы, теңіздерге, шығанақтарға, бұғаздарға т.б. бөлінеді.
1. Атлант және Солтүстік Мұзды Мұхитқа құятын өзен ағындарын құрайтын беткей 60% алып жатыр.
2. Тынық және Үнді Мұхиттарына құятын өзен ағындарын құрайтын беткей 40% алып жатыр. Дүние жүзілік мұхиттың пайда болуы жер қыртысындағы мұхиттың, жер қыртысындағы геологиялық процестерге байланысты болып келеді. Дүние жүзілік мұхиттың көлемі жағынан ең үлкені – Тынық Мұхиты болып табылады.
Үйге тапсырма.
Сұрақтар.
Қорытынды сұрақтар:
1. Дүниежүзілік мұхиттың негізгі су торабы нені құрайды?
2. Дүниежүзілік мұхиттың ішіндегі ең үлкені мен ең кішісінің көлеміне қарай салыстыру.
3. Дүниежүзілік су айналым.
4. Үлкен су айналымы.
5. Кіші су айналымы.
Сөйлеу бөліміндегі 2 сабақ. Деңгейлік жұмыс. Уақыты 45 минут. Деңгейлік жұмыс арқылы “Дүние жүзілік мұхит” тақырыбына салыстырмалы түрде сабақ. Онда мұғалім тарауға сай мұхиттың көлемін, тереңдігін, жер бедерін, тұздылығын кескін картаға сабақ өту барысында түсіру. Осының нәтижесінде оқушының пәнге деген қызығушылығы, тапқырлық қасиеттері арта түседі. Мұғалім деңгейлік жұмыс нәтижесінде оқушыларға түрлі суреттерді, схемаларды көрсетуге болады. Кескін карта міндетті түрде болуы тиіс.
Деңгейлік жұмыстарында сонымен қатар, Дүние жүзілік мұхиттарды жеке-жеке алып, олардың градустарын сызғыш арқылы есептетіп, климатын анықтауға болады. Әрине, модульдік жүйе бойынша жеңілден күрделіге өту нәтижесі арқылы оқушының білім деңгейін қалыптастыру болып табылады.
3. Қорытынды бөлім.
Қорытынды сабақ 45 минут, яғни, 1 сабақтың үстінде өтеді. Қорытынды бөлім бойынша мұғалім тест сұрақтары, рефераттарды қорғау және қорытындылау арқылы аяқтайды.
Тест сұрақтары оқушылардың білім деңгейінің қаншалықты екендігін көрсетеді. Ал, рефераттарды қорғау оқушылардың қосымша әдебиетпен жұмыс істеуін, ізденуін, жан-жақты білім зердесін қалыптастыруға көмекші құрал. Қорытынды бөлімінің 20 минуты тест сұрақтарына, соның ішінде,10 минуты тест сұрақтарын жазуға, одан кейін оны орындауға 10 минут беріп, болған соң жинап алып, 20 минут рефератты қорғауға беру керек. Берілген сұрақ-тапсырмалардың бәрі тақырыпқа сай болуы керек. Кей жағдайларда тақырыптан ауытқу, негізінде, сынып білімінің дәрежесіне қарай көп төмендетіп жіберуі мүмкін. 20 минут ішінде 2-3 оқушыға қорғатуға болады. Ал, қалған 5 минуты – қорытындылау уақыты болады.
Жарыс – ойын сабағы.
Ойын түрінде ұйымдастырылатын бұл ойынның аты “Брейн-ринг” оқыта үйрету ойыны. Ойынның орындалу тәсілі оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі.
Жалпы ойынның құрал-жабдығы.
1. Нөмірлері және атқаратын рөлі жазылған жетондар.
2. Тапсырмаларға арнап 6 (4) бөлікке бөлінген жаймалар. Бұл жаймаларға карточкалар қою арқылы оқушыларды жарыстырамыз.
3. Сандар жазылған қосымшалар. Ол оқушылардың өзінде және карточканың сыртында болады.
4. Сары (“3” бағасы), жасыл (“4” бағасы), көк (“5” бағасы) түсті фишкалар. Бұл фишкалар оқушылардың жауабына қойылатын бағалар, ал жарты фишкалар сұрақтарды толықтыру кезінде беріледі.
5. Үстел сілтемесі - әр қатарға арнайы нөмір беріледі.
6. Ортақ бағалау парағы, оған оқушының неше балл жинағаны баллдық жүйемен есептеледі немесе жетон түсіне қарай ерекшелінеді.
7. Үш деңгейдегі жазылған тапсырмаларды карточкаға жазу. Жаймаға карточкаларды қойып, оқушыларды жарыстырамыз. Бұл карточкалар қатырма қағаздан жасалады.
8. Жауап үлгілері жасалған қатырма қағаз.
Ойын түрінің жүру барысы.
Сыныпты 7(5) оқушыдан тұратын топтарға бөледі. Мұнда 6(4) ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір команда жеке үстелге отырады, яғни, ол да бір команда есебінде жүреді. Олар отырған үстелге 6 (4) бөлікке бөлінген жайма төселеді. Жайма үстіне деңгейлік карточка қойылады. Деңгейлік карточкада 1-ші қатардағы сұраққа дайындықсыз жауап беріледі, яғни, бірінші сұрақ жеңілдетілген түрде болады. Дайындықсыз жауап берілген тур – блиц-турнир деп аталады. Мысалыға алатын болсақ, сыныпта 28 оқушы бар делік. Бұл ойын шарты бойынша 6 ойыншы, бір жүргізуші қатыстырылады. Сонда алып қарасақ, сыныпты 4 топқа бөлдік. Одан кейін, оларды жеке топ ретінде орналастырдық, сонда 4 партада немесе үстелде 4 команда отырады. Одан оқушылардың отыруына байланысты нөмір немесе жетон тараттық. Содан кейін үстелдің үстін 4 бөлікке бөлінген 6 жайма тастадық. Сынып оқушыларының бөлікке бөлінуіне байланысты бір оқушы жүргізуші ретінде танылады. Оқушыларға алдымен ойын шарттарын түсіндіреміз. Бұл ойын барысында оқушының білімін, есте сақтау қабілетінің дәрежесін және түс ажыратуы, тапқырлығы мен баллдық жүйе жинау арқылы көзге түседі. Сонымен, оқушыларға фишкаларды түсіне қарай қанша баға алғаны айқындалады. Ал, егерде, оқушы толық жауап бермесе, жарты фишка беріледі.
Жалпы ойын шартын түсіндірген соң, ойынды бастамас бұрын, үш деңгейлік сұрақ қойылатынын алдында ескерткен болатынбыз.
1-қатар – жеңіл сұрақ. (дайындықсыз).
2-қатар – орташа сұрақ. (3-5 минут).
3-қатар – күрделі сұрақ. (7-10 минут).
Жүргізуші ойынды бастайды. Ойынды бастағанда оқушы жаймадан сұрақтарды алады, сосын жауап береді. Егер жауап толық болса, ойыншыға фишка беріледі. Егерде жауап толық болмаса, оны басқа бір оқушы толықтырады, толықтырған оқушыға жарты фишка беріледі.
Біздің ұсынысымыз бойынша үш деңгейлік сұрақтарды араластырып өту – оқушының қабылдау қабілетін анықтайды деп ойлаймыз. Карточкаларға да түс береміз, түске байланысты оқушыларға орындалу уақыты беріледі. Сонда ішіндегі сұраққа байланысты түс қоямыз.
- Архипелаг - өзара жақын орналасқан аралдар тобы.
- Шығанақ – теңіздің немесе мұхиттың құрылыққа еніп жатқан бөлігі.
- Бұғаз – екі жағы материктердің немесе аралдардың жағалары шектеп тұрған айтарлықтай енсіз су айдыны.
- Түбек – мұхитқа еніп жатқан құрылық бөлігі.
Тынық Мұхиттың ауданы – 178,7.
Атлант Мұхитының ауданы – 91,7.
Солтүстік Мұзды Мұхитының ауданы – 14,8.
Үнді Мұхитының ауданы – 78,2.
Біз оқушыларға жеңіл сұрақ ретінде мына сұрақтарды беруді ұйғардық. Ол үшін біз 1-ші жаймаға дайындаған сұрағымыз бойынша жеңілден бастаймыз. Бұл сұрақтарға оқушылар ойланбастан жауап беруі тиіс. Бірінші – жеңіл сұрақ, екінші – орташа, үшінші – күрделі сұрақ болу керек:
1-жеңіл сұрақ - әлемдік су қорына нелер жатады?
2-жеңіл сұрақ – көлемі жағынан ең үлкен мұхит?
3-жеңіл сұрақ – Гидросфера деген не?
4-жеңіл сұрақ – көлемі жағынан ең кіші мұхит?
Бұл сұрақтарға берілетін уақыты 3-5 минут болу керек:
1-орташа сұрақ – Дүние жүзілік су айналым дегеніміз не?
2-орташа сұрақ – Атлант Мұхитының ауданы қанша млн. км2?
3-орташа сұрақ – Солтүстік Мұзды Мұхитының ауданы қанша млн. км2?
4-орташа сұрақ – Үнді Мұхитының ауданы қанша млн. км2?
Бұл сұрақтарға берілетін уақыт 7-10 минут болу керек:
1-күрделі сұрақ – Архипелаг дегеніміз не?
2-күрделі сұрақ – Шығанақ дегеніміз не?
3-күрделі сұрақ – Бұғаз дегеніміз не?
4-күрделі сұрақ – Түбек дегеніміз не?
Осы берілген сұрақтарға оқушылар жауап беру арқылы фишка жинайды. Сол арқылы оқушылар балл жинайды.
Блиц – турнир.
Бұл бір жақты жауаптарды талап ететін 5-10 сұрақтарды қамтиды. Блиц – турнир ойынында ойыншылардан тек фактілерді (мерзім, аттар, атаулар және т.б.), өтілген тақырыптары бойынша білімдері тексеріледі.Олар әрбір тақырып бойынша қорытынды сынақ ретінде жиі жүргізіледі. Бұл ойын оқушының есте сақтау және таным қабілеттерінің қаншалықты екенін көрсетеді.
Блиц-турнирге қатысқан немесе жауап берген оқушыға балл бойынша баға беріледі.
Біз өзіміз өткен тақырыптарымыз бойынша, сол тақырыптар аясында, Дүние жүзілік мұхитқа саяхат жасаушыларды блиц-турнир ойынына енгіздік. Мұндағы мақсат – оқушыларды саяхатшылардың аттарын, олардың саяхат жасаған мерзімдерін оқушылардың қаншалықты білетіндіктерін көрсету. Оқушыларға жауап беру талаптарын қоюда Дүние жүзілік мұхитты зерттеген зерттеушілерді сұрақ ретінде қойдық. Біз онда 1-ші Тынық Мұхитынан бастағанды жөн көрдік.
1. 1803 ж. тынық Мұхитының көптеген аралдарын кімдер ашты? – Ол И.Ф. Крузенштерн, Ю.Ф. Лисянский.
2. Тур Хейердал 1947 ж. Тынық Мұхитына саяхат жасады.
3. Үнді Мұхитына: 1741 ж. Беринг, Чириков.
4. Джеймс Кук 1773 ж. қай мұхитқа саяхат жасады?
5. Васко да Гама 1497-1499 ж. қай мұхитқа саяхат жасады?
6. Христофор Колумб 1492-1502 ж. қай мұхитқа саяхат жасады?
7. Д. Кабот 1497 ж. қай мұхитқа саяхат жасады?
8. Америго Веспуччи 1502 ж. қай мұхитқа саяхат жасады?
9. Викингтер қай ғасырларда келді?
10. Дежнев 1648 ж. қай мұхитқа саяхат жасады?
Осы сұрақтарды карточка түрінде оқушыларға таратып немесе сыныпты 5 топқа бөліп, 2 сұрақтан тапсырма немесе тест түрінде оқушыларға беруге болады. Бұл ойын көбінесе сынақ түрінде, қосымша материал түрінде пайдалануға болады. Бұл ойынды бақылау түрлері, диктант, мазмұндама ретінде де қолдана беруге болады. Ойын нәтижесінде оқушылардың есінде саяхатшылар туралы көптеген мәліметтерді қалыптастыруға болады. Ойын алдында көрнекілік ретінде саяхатшылардың суреттері көрсетіледі. Одан кейін кескін картаға түсіру арқылы оқушылармен жұмыс істеуге болады. Бұл саяхатшылардың жүрген жолын кескін картаға түсіру үшін керек. Дүние жүзінің кескін картасын әкелуді оқушының есіне алдын-ала салуды ұйғару керек. Онда бұл ойынды жалпы сыныппен жұмыс ретінде де қолдануға болады.
Қатысушылар жетоны. Қосымша №1.
Жүргізуші жетоны.
Билеттер орналасатын шеңбер
Қосымша №2.
(6 – адамнан тұратын топқа).
Билеттер орналасатын шеңбер.
(4 – адамнан тұратын топқа).
Ойынға қатысушылар жетоны. Қосымша №3.
Ортақ бағалау парағы. Қосымша №4.
1 – нұсқасы.
Оқушының аты – жөні Баға. Ортақ балл.
1. 2. 3.
1. Абдирова Ш. 4 3 3 10
2. Әбдибекова Г. 2 2 3 7
3. Байменов Н. 3 1 3 7
4. Байдосов Б. 4 4 1 9
5. Ишипанова С. 2 5 2 9
6. Нұрмаханов А. 3 4 2 9
2 – нұсқасы.
Оқушының
аты –жөні “Көк” үстел “Қызыл” үстел “Жасыл” үстел “Сары” үстел. Ортақ балл
1. Нысатов Н. 5 2 4 3 14
2. Шертаева Д. 5 2 4 3 14
3. Тоқбаев Н. 5 2 4 3 14
4. Сартаева Г. 5 2 4 3 14
5. Орынбеков Ғ. 5 2 4 3 14
6. Мелдеханова А. 5 2 4 3 14
Жүргізушіге арналған карточкалар. Қосымша №6
Жүргізуші жайманы жаяды. Мысалыға, “2” саны түсті делік, яғни 2 – нөмірлі ойыншы жауап береді. Егер жауап толық болса, ойыншыға фишка беріледі. Егер жауап толық болмаса, онда кез келген ойыншы оны толықтырып, жарты фишка ала алады. Әрбір топқа бірдей тапсырмалар даярланады, алайда олар әртүрлі болуы да мүмкін, онда ойны екінші нұсқасы бойынша жүргізіледі .
Екінші нұсқаның ерекшелігі: бөліктерге бөлінген әрбір жаймаға бір ғана тапсырма карточкасы (онда 1 – 2 сұрақтан) қойылады. Бір үстелге – қызыл түсті карточка, екіншісіне – көк, сосын – сары, жасыл түсті карточкалар қойылады.
Топ қызыл үстелдегі тапсырманы орындаған соң, көк үстелге, одан – жасыл, сары үстелдерге көшеді. (Б суретін қараңыз).
Дайындауға міндетті түрде уақыт беріледі. (5-7 минут). Командалар бір уақытта ойнайды. Бір үстел басындағы ойынның уақыты немесе тиісті деңгей сұрақтарына жауап беру уақыты – 10-12 минут (әр немесе тиісті деңгей сұрақтарына жауап беру уақыты) (әр ойыншыға 1,5 - 2 минут есебінен). Ойын барысында әрбір ойыншы фишка алып отырады. Солардың санына және түсіне қарай баға қойылады. Сөйтіп бір ойында әр оқушы әртүрлі күнделік деңгейіндегі 18 – 24 тапсырма орындайды.
Тарауды қайталауға арналған тест сұрақтары.
1. Гидросфера нені зерттейді?
а) Ауа.
б) Су.
в ) Жер топырақ.
г) Өсімдік.
2. Дүние жүзілік мұхит неше мұхитты құрайды?
а) 6.
б) 5.
в) 4.
г) 2.
3. Өзара жақын орналасқан аралдар тобы:
а) Архипелаг.
б) Бұғаз.
в) Түбек.
г) Шығанақ.
4. Көлемі жөнінен ең үлкен мұхит:
а) Үнді.
б) Атлант.
в) Тынық.
г) Солтүстік мұхит.
5. Цунами деген не?
а) толқын.
б) вулкан.
в) жел.
г) бұлт.
6. Мұхиттың құрлыққа еніп жатқан бөлігі:
а) Бұғаз.
б) Түбек.
в) Шығанақ
г) Теңіз.
7. Ең кіші мұхит аты:
а) Тынық.
б) С. М. мұхиты
в) Үнді.
г) Атлант.
24. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясынан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар.
1.2 География пәнінің сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстары
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу әрбір үстем таптың мақсатына бағындырылып отырды. Қоғамдық-экономикалық формациялардың ауысуымен оқыту мен тәрбиенің мақсаты мен мазмұны да өзгерді. Мұнымен бірге оқытудың ұйымдастыру түрлері де жаңарды.
Көне Афин елінде жекелеп оқыту жүйесі пайдаланылған. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттыға жұмыстарын тексеретін, тексті оқытып тыңдайтын, қалай оқу керек екенін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын және жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Орта ғасырда оқу ісін дін қызметкерлері шіркеуде ұйымдастырды. Мұғалім оқушылардың азғана тобына оқу материалының мазмұнын қысқашабаяндайтын немесе кітаптан оқып беретін. Ал оқушылар матриелдың мазмұнын түсінбей, тек шіркеулік уағыздарды жаттайтын. Күнделікті өтетін сабақты қашан бастап, қай уақытта аяқтайтын мерзімі көрсетілмейтін, ол мұғалімнің өз еркінде болатын. Сөйтіп, оқу ісінде белгілі бір жүйелілік болмады. Оны ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшеліктері мен зейінділігі ескерілмеді.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқытуы да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдында жүгініп отырып, әр кітаптан оқитын. Кітаптарды – мұқсатар, құран, әптиек деп аталатын діни әдебиеттер болатын. Бұл кітаптар араб әрпімен араб тілінде жазылған еді. Оқыған текстерінің мазмұнын шәкірттер де, молданың өзі де түсінбейтін.
Еуропа мен Ресейдегы жоғары дәрежелі мектептерде лекция оқылды, диспуттар жүргізілді. Бұлардың өзі шіркеу догматтарының уағыздарына сүйенген, өмір тәжірибелерінен аулақ схоластика болды.
Кейін сауда мен өнеркәсіптің дамуына байланысты ғылым алға басты. Сондықтан да мектепте оқытудың сапасы жақсарды. Осыған орай чех халқының белгілі педагогы А.Я.Коменский мектептерде оқыту жұмысын ұйымдастырудың ең негізгі түрі – класс-сабақ жүйесін ұсынды.
Я.А.Коменский мұндай пікірді ұсыну үшін алдыңғы қатардағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеді. Әсіресе Ресей мектептерінен көптеген педагогикалық тәлім-тәжірибелер алды. Сөйтіп, ол – оқу ісін жүйелі түрде ұйымдастыру үшін, оқушыларды сыныптарға лайықтап, топтастыру қажет деп тапты. Топтастырылған оқушылардың жасы мен білімі біркелкі болуын талап етті. Күнбе-күн әр пәннен өтетін сабақтың тұрақты оқу кестесі жасалсын, жеке пәндердің оқу материалдары сабаққа жіктелсін және олардың өзіндік диалектикалық мақсаты болсын деді.
Я.А.Коменский сабақ үстінде мұғалімнің материалдық мазмұнын түсіндіруін талап етті. Сөйтіп, ұстаздың сабақтағы белсенділік ролін көтерді. Ол сабақта оқушылардың тапсырманы орындауларын бақылап, оған басшылық ететін болсын және материалдың мазмұнын түсіндіруге өте қолайлы әңгіме әдісін қолдансын деді. Оның оқу ісін мұндай жүйемен ұйымдастыру туралы пікірі қоғам талабына сай келді.
Класс – сабақ жүйесі бойынша сыныптағы оқушылар саны 50-60 баламен шектелді. Мұнан былай жүйелі білім алу талабы кең етек алды. Оқуға балаларды көбірек тарту мақсаты көзделді.
Алайда Я.А.Коменский ұсынған дидактикалық бағалы пікірлер бірден жүзеге асты деуге болмайды. Бұл кезде мұғалімнің материалдың мазмұнын сыныпта түсіндіруге уақыт аз бөлінді. Уақыттың көбі шәкірттерден сұрауға кетті.
ХУІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Англияда Белль-Ланкестер оқу жүйесі тарады. Бұның негізін салушылар дін қызметкері А.Белль және мұғалім Д.Ланкестер еді. Белль-Ланкестер оқу жүйесі бойынша бір оқу залында 600-ден астам оқушылар оқыды. Жасы кіші оқушыларды мұғалімнің жәрдемшісі ретінде жақсы оқитын жоғары сыныптағы ерексек оқушылар оқытты. Ал ұстаздар ересек оқушылардың жүргізген оқу ісін оқу залында жүріп бақылады.
Ересек оқушылардың жүргізген жұмысынан нәтиже шықпады. Өйткені олардың білім дәрежесі өте төмен болды. Енді мұндай оқу жүйесі ұзақ өріс ала алмады.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында немістің метафизикалық көзқарастағы педагогы И.Ф.Гербарт класс-сабақ жүйесін қайта құру мәселесімен шұғылданды. Ол сабақтың негізгі төрт кезеңін көрсетті:
1.Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі.
2.Жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі.
3.Сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі.
4.Қысқаша қорытынжы жасау кезеңі.
И.Ф.Гербарттың және оны жақтаушылардың айтуы бойынша, сабақ бір ізділікпен құрылды, материал жүйелі баяндалды және материалдардың өзара байланысы болды.
Бірақ бұл жүйеде сабақты шығармашылық жолмен құру болмады. Оқу ісін ұйымдастыруда өзгермейтін бір-ақ схеманы ұстады. Мұның өзі оқу ісін ұйымдастыруда формализмді туғызды және ұстаздың сабақты шығармашылық жолмен құруына нұқсан келтірді.
Неміс мектептерінде оқу ісін демократиялық жолмен дамытуда неміс халқының атақты педагогы А.Дистерверг бағалы пікірлер ұсынды. Ол оқытудың үдетпелі жолын ұсынып, білімнің дер кезінде берілуін қолдап, оқушының белсенділігін көтере отырып, оқу үрдісін жақсарту қажет деп тапты. Неміс мұғалімдеріне арнап жазған басшылық құралында сабақ үстінде оқушылардың ойлау қабілетін дамытуды талап етті. Ол өзінің мұғалімдік еңбегіне сүйене отырып, сабақ үстінде балалардың ойлау белсенділігін көтеру арқылы олардың білім сапасын арттыру туралы тәжірибелер жасады.
Оқу ісін жүйелі ұйымдастырудың өте-мөте бағалы жолдарын зерттеуде орыс халқының ұлы педагогы К.Д.Ушинский көп еңбек сіңірді. Ол И.Ф.Гербарттың консервативтік көзқарасына қарсы күрес жүргізді. К.Д.Ушинский оқушыларды біліммен қаруландырумен қатар, оларды жан-жақты дамыту амалдарын қарастырды. Оқу ісін жақсартудың ең негізгі шарты мұғалімнің өзінің педагогикалық шеберлігін арттыра білуде деп түсінді. Сабақ үстінде оқушыларды оқыта білуді үйрену қажет екендігін талап етті. Олардың сабаққа енжар қараушылығын жою жақтарымен шұғылданды және материалдың мазмұнын өздігінен шеше білу жолын іздестірді. Мұғалім материалды баяндаумен қатар, оны оқушылардың үй тапсырмасымен және өткен материалдарды тұтастай процестерімен байланыстыра білу шараларын көздеді.
Оқушыларға шамасы келмейтін тым ауыр материалдарды оқыту олардың ақыл-ой белсенділігінің дамуына өте зиянды деп есептеді. Материалдың оқушылардың шамасына лайық болуына үлкен мән берді. К.Д.Ушинский өз заманындағы озат педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, оқу ісін ұйымдастыру үшін аса қажетті дидактикалық және психологиялық принциптерді ұсынды.
Кең-байтақ Ресейдің мұндай прогрестік педагогикалық идеялары басқа да ұлт аймақтарына тарады, оның ішінде қазақ сахарасына да келіп жетті.
Қазақ даласында Ресейдің прогрестік педагогикалық идеясын жалғастырушылардың бірі Ы.Алтынсарин болды. Ол К.Д.Ушинскийдің, И.И.Паульсонның педагогикалық көзқарастарын зерттеді.
Сабақты өткізу жолдары. Жаңа сабақты түсіндіруде әр түрлі тәсілдерді пайдаланумен қатар көрнекі материалдарды молынан пайдалану жолдарын қарастыру мұғалімнің міндеті.
Әңгіме, баяндау, тек түсіндіру арқылы географияны оқыту онша ойдағыдай нәтиже бермейді. Оқушылардың оқу материалын оқып-үйрену кезінде таным белсенділігі жоғары болатын сабақтар білім мен біліктілікті сапалы түрде меңгеруді қамтамасыз ете алады. Оқу үрдісін жандандыру түрлі әдісті таңдай білуге, қолда бар көрнекілікке, құрал-жабдыққа т.б. көптеген себептерге байланысты.
Жаңа сабақты түсіндіру мұғалімнің қойған сұрақтарына тікелей қатысты. Күрделі сұрақтарға жауап беруі оқушылардың географиялық білім деңгейіне байланысты, қойылған сұрақтарға да қатысты.
Түсіндіру, қалыптастыру жолында дәптерге жазу, тақтаны пайдалану, оқулық бетіндегі анықтамаларды, қосымшаны пайдалну жолдарын іздестіру қажет.
Қайталау сабақтарының болашағы зор. Қайталу жаңа сабақты бекітуде, жаңа танымдар мен түсініктерде қалыптастыруда үлкен роль атқарады.
«География» пәндерін өтуде қазіргі кезде сабақтардың әр түрлері қолданылады. Әр сабақтың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдері бар. Бір сабақтар жаңа сабақтар өтуде, екіншілері үй тапсырмасын сұрауда, үшіншілері сабақты қайталау мен қорытындылауда қолданылады. Зерттеу жұмысында сабақтың бірнеше түрлерін ұсынды.
1.Сарамандық және зертханалық сабақтар. Оқушылардың іскерлік дағдыларын қалыптастыру бағытында зертханалық және сарамандық жұмыстардың маңызы зор. Сарамандық жұмыстардың дидактикалық қызметі қазіргі таңда күннен-күнге өсіп келеді. Сарамандық жұмыстар оқушылардың теориялық және сарамандық біліміне бақылау қызметін ғана атқармайды, сонымен қатар олардың ойлау қабілетін, шығармашылық белсенділігін, өз бетінше жұмыс істеу дағдысының дамуына жағдай жасайды. Оқуды еңбекпен ұштастыру оқушыларға өндіріс орындарының әлеуметтік тәжірибелерін игеруге, қоғам байлығын өндіруге, араласуына, маманды таңдауына мүмкіндік береді. География сабағының әр тақырыптарында сарамандық және зертханалық сабақтар өтуге болады. Мысалы, Қазақстанның жер бедері, геологиялық құрылымы, тектоникасы, климаты, ішкі суы, пайдалы қазбалары, территориялық аудандары т.б. тақырыбының барлығында карта және кескін картамен жұмыс жасататын сармандық жұмыстар орындалады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырда көбіне дәстүрлі емес сабақтар орындалады. Олар: сот, конференция, баспасөз-конференция, инновация, топпен жұмыс жасау, кіріктірме, мәслихат т.б. сабақтары.
Оқушылардың сабаққа белсене қатысып, сабақта еркін сөйлеп, өзара сұрақтар қойып, өз пікірлерін айтып, өз ойларын кеңейтуге мүмкіндік беретін сабақтар. Оқушылардың өз бетімен даярлануына, ізденуіне мол мүмкіндік жасап, нашар оқитын оқушыларда талпыныс тудырады. Оларды еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа, әртістік шеберлікке баулиды. Мысалы, қазіргі таңда географияда экологиялық мәселелер көп айтылады. Қазақстандағы Арал, Каспий, Балқаш көлдерінің, Семей, Байқоңыр, Сарышаған аймақтарының экологиялық жағдайлары туралы оқушылардан құралған әртүрлі маман иелерін сомдап, баспасөз-конференция, конференция сабақтарын өтуге болады. Оқушылар мамандар кейпіне ену үшін көп ізденеді, оқиды, тіпті шеберліктерін шыңдайды.
«Жаңа технология» мен «инновациялық әдістер».
«Білім берудегі жаңа технология» АҚШ-да 40-жылдары пайда болды. Алғашқы кезде жаңа техникалық құрал-жабдықтарды (инженерлік ақыл-ойдың жетістіктерін) оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мағынасында қолданылып жүрді. Кейінірек «Оқыту технологиясы» дегеніміз – ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде оқыту қызметін оңайландыру мағынасына ие болды.
Қазіргі уақытта «Педагогикалық технология» оқытушының практикалық қызметіне іске асатын (модель). Қазір дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру жүріп жатыр. Солардың бірі үздіксіз географиялық білім беру, оның алдына қойған негізгі мақсаты:
- біріншіден, адамдардың өмірінің әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасау;
- екіншіден, адамдардың өз бетінше білім жинақтауға шығармашылықпен қызмет етіп, тез өзгергіш өмірге бейімделуіне жағдай жасау;
- үшіншіден, оқушылардың жаңалықтарды тез қабылдауын қалыптастыру. Жаңалықтарды өмірде қолдана білуге үйрету.
Жалпы білім беру жүйесіне енгізілген жаңалыққа оқушылардың білімін тексеруде:
- топпен жұмыс істеуді ұйымдастыру;
- оқушының өзін-өзі тексеруі;
- оқушылардың бірін-бірі тексеруі;
- дарынды балалармен жұмыс істеудің жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану жатады.
Оқушылардың білімін тексеруде:
Сынақ;
Тест;
Рейтинг жүйелері қолданылады.
Соңғы жылдары көптеген мектептерде оқытудың жаңа формасы – блокпен сабақ беру іске асырылуда. Блок түрінде оқытқанда оқытудың арнайы міндеті, тәрбиелеу және дара тұлға тәрбиелеу бірден іске асады.
Оқу материалын блокпен емесе модульмен беру көптеген географиялық, экологиялық, экономикалық мәселелерді біртұтас беруге мүмкіндік туғызады.
Блок (модуль) ҚР білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу бағдарламасы негізінде жүргізіледі.
География сабағына қажетті көрнекілік, жаңаны тану ретінде де, ой немесе әңгімені елестету үшін де, аңғарымдылығын дамыту үшін де, материалды есте сақтау үшін де қолданылады. Көрнекілік құралдар оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа білімді хабарлаған кезде, кейде мұғалім жаңа білімді хабарлауы, орнына (мысалы, кинофильмді көрсету, тәжірибе жасау); білімді орнықтыру және іскерлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде үйге берілген тапсырмаларды орындаған кезде сызбаларды сызу, кестелерді жасау, суреттемелерді орындау және т.б. меңгеруді бақылаған кезде (мысалы, карта, кесте бойынша айтып беру аспаптар құрылысын түсіндіру). Көрнекілік оқушылардың жас екершелігін ескере отырып пайдаланылады.
Қазіргі заманғы жаңа технологиялық әдістер негізіне тоқтала кетсек, соның бірі – кейстік технология бойынша сабақ өту.
Кейстік технология. Кейс – бірыңғай ақпаратты кешен, ол 3 бөлімнен тұрады.
1.Кейсті талдауға қажетті қосалқы ақпараттар.
2.Нақты ситуацияны сипаттау.
3.Кейске кіретін тапсырмалары.
Кейтсің түрлері: Баспалы (мәтін, сурет, диаграмма), мультимедиялы, бейнелік, кітапханалық, көпшілік, класарлық, кабинеттік.
Кейс мазмұны бойынша типтерге бөлінеді;
- бағалау мен талдауға үйрету;
- проблемаларды шешу мен шешім қабылдауға үйрету;
- проблеманы шешу, тұжырымды иллюстрацияны үйрету.
Кейс құрамындағы материалды ұйымдастыру тәсілі бойынша ерекшеленеді:
Құрылымдамалық;
Кішігірім сұлбалық;
Жалпыламалық;
Алғашқылық.
Жан-жақты оқу нақтылық ситуация кейстегі қарастыратын шешімдерді оқытушылармен студенттер үшін тиімді білім беру тәжірибесіне айналдыруға көмектеседі.
Оқу нақтылық ситуация нені білдіреді:
1. Қызықты оқиғаны айта отырып, басты кейіпкердің роліне ену;
2. Цитацияларды ендіру;
3. Оқырман үшін мәнді болу;
4. Педагогикалық құндылық;
5. Шиеленіс тудырып, оның шешімдерін табуға талпындыру;
6. Әр түрлі ауданды мақсатына қолдану икемділігі;
7. Проблемаларды шешуге көмектеседі;
8. Жан-жақты қолдану;
9. Әлеуметтік жауапкершілік сезіміне ынталандыру;
10. Қоғамдағы маңызды өзгерістерді жүргізуге жағдай жасау;
11. Оқытудың жалпы және пәнаралық функциясын орындау.
Кейс әдісі негізінде оқытудың формалық пікір-сайысын қолдануға болады:
Студент-студент рольдік ойын;
Оқытушы -студент болжаулау, гипотетикалық;
Оқытушы-студент қарсы сұрақ;
Оқытушы-студент өзін анықтау;
Студент-студент емес
Оқытушы-аудитория, тым-тырыс қалуы.
«Оқу нақтылық ситуациясын талдауға оқытушы», «белсенді» немесе «енжарлық» рольдерді атқаруы мүмкін. Кейде ол «талдауға» басшылық жасаса, кейде пікірсайыс қорытындылаумен шектеледі.
Жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқушыларға бiлiм мен тәрбие беру мектепте жүргiзiлетiн сабақтан және мектептен тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырғанда ғана белгiлi бiр нәтижеге жетуге болады. Бұл екеуi де бiрiн-бiрi толықтырып отыруы қажет. Сабақта өтiлетiн тақырыптарды кеңiрек оқып меңгеру үшiн сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды осы бағытта жүргiзу орынды болмақ.
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны оқушының теориялық бiлiмiнiң кеңеюiне, толықтыра түсуiне лайықталып, олардың жеке қабiлетiн дамыта түсерлiктей болғаны жөн. Сонымен бiрге жақсы адамгершiлiк мiнез-құлықтың оқушы бойына дағды болып сiңiсуi де қарастырылуы керек.
Қазiргi уақытта орта бiлiм беретiн мектептердiң алдында тұрған негiзгi мақсат оқушылардың ой-өрiсiн жан-жақты дамыту, оларға қазiргi заман талабына сай бiлiм беру және тәрбиелеу. Ал оқушыны жан-жақты дамыту дегенiмiз - оның тек қана дене бiтiмi жағынан өсiп жетiлуi емес, сондай-ақ баланың жан-дүниесiнiң байып, рухани өсуi, қабiлетi мен дарынының анықталып, кең өрiстеуi, парасаттылық, ой мен адамгершiлiк көзқарастарының қалыптасуы болып табылады. Оқушының бойында осындай iзгi қасиетттердi қалыптастыру, олардың iске асырылуы мектепте жүргiзiлетiн сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға тiкелей байланысты.
Сыныптан тыс жүргiзiлетiн жұмыстардың түрлерi көп. Бiрақ, бәрiнiң де мақсаты - баланы жан-жақты жетiлдiру, оның бойында адамгершiлiк қасиеттердi дамыту. Тек олардың қай түрiн оқушылармен жүргiзу керек дегенде мiндеттi түрде ескерiлетiн нәрсе - оқушының жас ерекшелiгi, жүргiзгелi отырған жұмыс мазмұны, тәрбиенiң өз мүмкiндiктерi.
Өмiр өзгерiп, заман жаңарып елiмiз дамудың жаңа жолына түскен кезде мектептердiң мiндетi, борышы бұрынғыдан әлдеқайда ауырлай түсетiнi белгiлi. Бұл мiндет әрбiр пәнге, әрбiр пән бойынша жүргiзiлетiн сыныптан тыс жұмыстарға қатысты болуға тиiс.
Кез-келген пәндi оқыту мен жеке пәндер бойынша жүргiзiлетiн сыныптардан тыс жұмыстар жаңа заман тудырып отырған әлеуметтiк-экономикалық талаптарға жауап беруi тиiс. Оқушыларға бiлiм мен тәрбие беруде сыныптан тыс жүргiзiлетiн жұмыстар мектептегi оқу-тәрбие жүйесiнiң бiр бөлiгi болып саналады.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың бiлiмдерi мен бiлiктiлiктерiн қалыптастыру мұғалiмнiң жеке басына, оның жалпы кәсiби бiлiмi мен сабақтан тыс түрлi көпшiлiк қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру қабiлетiне байланысты. Осының бәрi бiр-бiрiмен үйлесiмдi жүруi оқушылардың бiлiмi мен iскерлiгiнiң дамуына жол ашады.
Сыныптан тыс жұмыстар төмендегiдей мiндеттер негiзiнде құрылады;
1). Оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiктерiн дамытып оқу iс-әрекетiнде белсендiлiктерiн арттыруға, бағдарлама бойынша берiлген материалдарды тез меңгеруiне көмектеседi;
2). Сыныптап тыс жұмыстар өткiзу және оған дайындық барысы оқушылардың бақылау жүргiзуiне, қарапайым тәжiрибелер қоя бiлуiне, белгiленген әдебиеттердi оқуына мүмкiндiк бередi.
3). Сыныптан тыс жұмыстар - оқушылардың iскерлiгiн арттыру бағытында жүргiзiлетiн педагогикалық бiлiм, тәрбие беруде басты орын алатын жұмыстардың басты салаларының бiрi.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрi көп, бiрақ олардың әрқайсысының өзiндiк ерекшелiктерi бола тұрса да бiрдей орындалуға тиiстi мынадай ортақ ұстанымдары бар деп есептеймiз:
1). Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар түрлерiне оқушыларды қатыстыру тек қана ерiктi түрде iске асырылады;
2). Қандай жұмыстың түрi болса да оның қоғамдық және қолданбалы бағыты болуы керек;
3). Сыныптан тыс және мектептен тыс жүргiзiлетiн жұмыс түрiн белгiлегенде әр оқушының ықыласына, ұсынысына, құштарлығы мен құмарлығына сүйенген жөн;
4). Ұйымдастырылған жұмыс түрi оқушылардың белсене қатысуына, iзденушiлiктерiне бағыттайтындай болу керек;
5). Балалар мен ұйымдастырылатын жұмыстардың әртүрiнде романтика (елiктiргiштiк) басым болғаны дұрыс;
6). Нәтижелi болу үшiн бұл жұмыстардың нақты белгiленген күнi, мерзiмi немесе айқын жасалған графигi болуы керек;
7). Сыныптан тыс жұмыстардың кешендi түрде iске асырылу талабы үнемi сақталып отыруы қажет;
8). Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарға оқушыларды түгел қатыстыру жолын қарастыру керек;
9). Сыныптан тыс жұмыстарға тартылатын және тартылған оқушылармен жұмыс жүргiзгенде олардың жас ерекшелiктерiн, қабiлетiн ескеру қажет.
25. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы географиядан өзіндік жұмыстың формасы.
Жоғары мектептің орта мектептен айырмашылығы – оқытуда маман даярлауында ғана емес, ең бастысы ізденімпаздыққа, оқу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мен дербестігі, нәтижелі саналы еңбекке ұмтылуына байланысты. Жоғары оқу орнының оқытушысы тек белгілі бір түрде студенттердің танымдық іс-әрекетін ұйымдастырадыда, ол танымдық еңбекті студент өзі жүзеге асырады.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған, бірақ оның қызметін, ерекшеліктерін, ұйымдастыру мазмұнын анықтауда қалыптасқан бір көзқарас жоқ.
Р.Г.Лемберг пікірінше, өзіндік жұмыста оның мақсатын айқын түсіну, оның нәтижесіне жетуге ұмтылу және қызығу маңызды деп түсіндіреді.
П.И.Пидкасистый өзіндік жұмысты танымдық іс-әрекетті дамыту құралы ретінде қарастырылады.
Б.П.Есипов: «оқушылардың өзіндік жұмысы мұғалімнің тікелей қатысуымен емес, бірақ оның белгілі уақыт мөлшеріне есептелген тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыс, бұл кезде оқушылар өздерінің ой-өрістерін және іс-әрекеттерін қорытындылай отырып алға қойған мақсатына жетуге ұмтылады».
Г.Н. Кулагина өзіндік жұмысты студенттің іс-әрекет құралы, белсенділігі мен өз бетімен білім алуға дайындығы деп түсіндіріледі.
А.Н. Леонтьев жоғары оқу орындарында терең теориялық білім беруге, кәсібіне қатысты зерделеу сияқты қасиеттерге дұрыс ұйымдастырылған оқыту жұмысы мен аудиториядан тыс жүргізілетін өзіндік жұмыс негізінде қол жеткізуге болады деген пікір айтуға болады. Оның пікірінше, адамның жеке қасиеттерінің шын мәнінде қалыптасуы тек жеке бас ерекшеліктері мен табиғи дарындылықтарына ғана емес, осы бағыттағы нақты жүргізілетін жүйелі жұмыстарға да байланысты.
Кейбір авторлар өзіндік жұмысты оқытушының нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (А.К.Маркова, М.И.Низамов, Ә.М. Құдайқұлов т.б.), басқалары өзіндік жұмысқа оның мақсаты арқылы баға береді (В.Б Бондаревский, Н.Д. Хмель, Р.С. Омарова т.б.).
Н.Д. Никондров пікірінше, өзіндік жұмыс оқытушының бағыттауы және ұйымдастыруымен, тапсырманы студенттің өз бетімен орындауы.
Өзіндік жұмысты болашақ маманның шығармашылық ойлауын, танымдық қызығушылығын және арнайы білім алуын қамтамасыз ететін жоғары оқу орындарындағы оқыту әдісі деп түсіндіріледі.
Мұндай түрлі пікірлер құбылыстың күрделілігін, дидактикалық сипатын көрсетеді.
Өзіндік жұмыс мәселесі төңірегінде жазылған еңбектерді талдай отырып, оның негізгі мағынасы әр түрлі бағытта талқыланатынын байқауға болады.
Сонымен, өзіндік жұмыс – студенттердің ойлау қабілетін дамытып олардың белсенділігін және танымдық бағдарын, өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастыратын және танымдық біліктерін қажет ететін шығармашылық сипаттағы оқу жұмысы.
Өз бетінше атқарылатын жұмыс, ең алдымен, оқу жұмыстарының мақсат-міндеттерін қамти отырып, танымдық қызмет атқарады. Өз бетінше атқарылатын жұмыс практикалық маңыздылығы мен қатар, белгілі бір дағды мен біліктерінің жиынтығы ретінде ғана емес, қазіргі заманғы жоғары білімді маманның тұлғалық құрылымында белгілі роль атқаратынбіліктілік белгісі ретінде маңызы бар. Сондықтан жоғары оқу орындарында әрбір курста оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмыстары тыңғылықты іріктеліп жүйелі жүргізілуі керек.
Өзіндік жұмыс – болашақ қызметінде маңызды білімі мен біліктігін қамтитын, стандартты емес шығармашылық тәжірибелерді жинақьайтын, танымдық ой-өрісті кеңейтуге маңызды, студенттердің оқу және одан тыс уақыттарда орындайтын әр түрлі тапсырмалар жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Өзіндік жұмыс істеу шеберлігі өзінен-өзі пайда болмайды, ол оқу мақсатына сәйкес, түрлі танымдық тапсырмаларды орындау, ізденімпаздықпен жұмыс істеу нәтижесінде жүзеге асады.
Кәсіби бағдарланған және педагогикалық тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар студенттердің кәсіптік даярлығын шыңдауға қолайлы жағдайлар жасайды.
Зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, студенттердің өзіндік жұмыс барысында танымдық біліктілігінің қалыптасу шарттарына: студенттің өзіндік іс-әрекетінің қарапайым дағдыларын төменгі курстан бастап меңгеріу; оқу жұмыстары, тапсырмалары студенттердің танымдық қызығушылығымен қажетсінуін қамтамасыз ететіндей деңгейде болуы; танымдық тапсырмалардың біртіндеп күрделенуі мен деңгейлерге жіктелінуі, танымдық іс-әрекет нәтижелерінің тексеріліп, дұрыс бағаланып отыруын қамтамасыз ету қажеттілігі айқындалады.
Өзіндік жұмыс барысында танымдық біліктіліктерін қалыптастыру: танымдық іс-әрекет мән-мағынасын, мақсатын түсінуді; оған деген ызығушылықпен қажеттілікті қамтитын мотивтерді; танымдық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті білім мен біліктілікті, дағдыларды және студенттің жеке басына тән интеллектуалдық қасиеттерін қамтитын, іс-әрекетті алдын ала жоспарлай білуді, оны ұйымдастыра алуды; іс-әркеттің нәтижесіне деген жауапкершілікті сезінуді қамтитын; өз іс-әркетіне есеп беріп, реттеп отыруды; нәтижені бағалай білу және саралай білуді қамтитын реттеуші – бақылау түрінде анықталады.
Демек, болашақ мамандардың теориялық білімінің жо,ары деңгейіне, танымдық ізденімпаздығына, шығармашылық ұмтылысына, мәдениеттілігіне, біліктерінің қалыптасуына дұрыс ұйымдастырылған оқу ісі мен аудиториядан тыс өзіндік жұмыс арқылы қол жеткізе алады.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын оңтайлы ұйымдастыру түрлі әдістері, тәсілдері мен принциптерге байланысты.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мынадай принциптерге негізделеді:
1. Жоспарлау принципі – студенттердің оқу танымдық жұмыстарын ұйымдастыруды аудиториялық және одан тыс уақыттағы жұмыстарын тиімді ұштастыруға олардың өз уақыттарын ұтымды пайдалана білуге негізделеді. Қажетті шарты мыналар болып табылады:
- сабақ кестесінің тиімді болуы;
- өзіндік жұмыс көлемінің анықталуы және олардың негізділігі;
- өзіндік жұмыс формаларының оқу жоспары мен сабақтастығы;
- өзіндік жұмыстардың көкейтесті мәселені қамтуын, студенттердің қажетті біліктілігін дамытуға т.б. бағыттылығын ескеру;
- өзіндік жұмыстар көлемін, берілетін уақытты, нәтижесін бағалау т.б. жоспарлау.
2. Студенттің танымдық белсенділігі - өзіндік жұмыста студенттердің білімі мен біліктілігін ұтымды, әрі белсенді пайдалана алуы нәтижесінде шығармашылық сипатта еңбек етуіне негізделеді. Мынадай шарттар ескерілуі қажет:
- уақытты тиімді пайдалану;
- танымдық қызығушылығының болуы;
- танымдық біліктерінің жеткілікті деңгейі;
- танымдық ізденімпаздығының жоғарғы деңгейі.
3. Өзектілік принципі – мәселені, тапсырманы шешуде және өзіндік танымдық іс-әрекеттерде өзекті проблемаларды таңдау, проблемалық ситуацияларды дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы нәтижеге жетуге негізделеді.
Шарттары:
- ғылымның көкейтесті мәселелерін шешуге ұмтылу;
- танымдық ізденімпаздығы мен шығармашылық ой өрісін жетілдіруге ұмтылысы;
- дәстүрлі емес тәсілдерді пайдалана білу;
- жаңашылдыққа құмарлық;
- нәтижеге жетуге ынтызарлық, мақсаткерлік.
4. Өзіндік жұмыстардың болашақ маңыздылығы мен сабақтастық принциптері – студенттердің болашақтағы кәсіби қызметі мен байланысы және кәсіби маңызды біліктерінің жетілдіруге бағытталуына негізделеді:
- өзіндік жұмыстар мазмұны кәсіби қызметінен тығыз байланыста болуы;
- кәсіби біліктерін дамытуға бағытталуы;
- теориялық білімі мен біліктерін нақты жағдайда пайдалана алуы т.б.
5. Өзіндік жұмыстардың бір ізділігі, жүйелік принципі – студенттердің танымдық іс-әркеттерінің жүйелі жүргізілуі және біртіндеп күрделендіре отырып, ғылыми нәтижеге жетуге бағыттауға негізделеді.
6. Бақылау, бағалау принципі – оқытушының, студенттердің бір-бірін, өзіндік бағалауы, жұмысқа дұрыс баға беруге бағытталады.
Өзіндік жұмыстар қызметтерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- өзіндік тапсырмаларды орындау кезінде студенттің кәсіптік-ақпараттық ой-өрісін, сенімін және кәсіптік маңызды біліктерінің қалыптасуын жүзеге асыру;
- студенттердің өз бетімен тапсырмалар жүйесін орындау барысында өздерінің танымдық іс-әрекеттеріне сай тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып білімдерін бекіту;
- өз бетімен кәсіби маңызды және жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған танымдық іс-әрекетін дамыту;
- студенттердің кәсіптік бағдарлауын, қабілеті мен мүмкінділігін, кәсіби ынтасын ескере отырып өзіндік жұмыстарды, танымдық тапсырмаларды орындау барысында ізденімпаздығы мен шығармашылық бағытын қалыптастыру;
- озат тәжірибе мен алдыңғы қатарлы ғылыми идеяларды практикада шығармашылықпен пайдалануға баулу:
Р.С. Омарова өз зерттеулерінде жоғары оқу орындарындағы оқу-танымдық өзіндік жұмыстарды дидактикалық шарттары мен ерекшеліктеріне қарай 5 топқа жіктейді:
1. жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар;
2. жаңа эмпирикалық және практикалық білім алуға арналған өзіндік жұмыстар;
3. білік және дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстар;
4. шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстар;
5. алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік жұмыстар.
1. Жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар.
Өзіндік жұмыстардың бұл тобының дидактикалық шарттары мен ерекшеліктері теориялық білім, оның кәсіби әрекетіне байланыстылық дәрежесіне қарай анықталады. Мұндай жұмыстарға: өз бетімен әдебиеттерді оқу, жоспар құру, тезис, конспект жасау, логикалық тапсырмалар орындау, өз бетінше формула құрастыру, теорема дәлелдеу, ғылыми түсініктер қалыптастыратын түрлі жұмыстар жасау.
Көрсетілген жұмыстардың дидактикалық шарты мен негізгі ерекшелігі – оны басқарудағы педагог әрекетіне байланыстылығы. Оқытушы жаңа түсініксіз болған терминдердің мағынасын студенттерге түсіндіріп, қажеттілік болған жағдайда бұрын айтылғанды естеріне түсіру бағыт беруі керек.
2. Жаңа эмпирикалық және практикалық білім алуға арналған өзіндік жұмыстар – аталуына сәйкес, эмпирикалық, практикалық білім алуға негізделген. Бұл жұмыстардың бір топқа біріктілігінің қажеттілігі мынадай дидактикалық шарттарға байланысты: біріншіден, практикалық білім, сондай-ақ эмпирикалық сәйкес өзіндік жұмыс үрдісінде орындалуы қажет; екіншіден, мұндай өзіндік жұмыс түрі арнайы дидактикалық материалдарды (практикалық тапсырмалар, жағдайлар т.б.) талдауды қажет етеді; үшіншіден, оны өткізу әдістемесі оқулықта, оқу бағдарламаларында көрсетіледі, төртіншіден, оқу әрекетінің құрылымдық компоненттерінің жалпы ерекшеліктеріне ұқсас.
Өзіндік жұмыстардың бұл түрі танымдық ізденімпаздықты қалыптастыруды және ақыл-ой мен эмпирикалық парктикалық білім игеруде жетекші роль атқарады. Бұл жұмыстар оқытудың өзіндік формаларын ұсынады: іскерлік ойыны, конференция, мәжіліс, пікірталас т.б.
3. Білік және дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстарға – жалпы оқу және кәсіби білік, дағды қалыптастыратын жұмыстар жатады. Тапсырмаларды бірте-бірте күрделендіре отырып, жұмысты өздігінен орындау дәрежесіне жеткізіледі.
4. Шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстардың мақсаты – оқу материалы негізінде шығармашылыққа ұмтылу, соның нәтижесінде жаңалық ашу, жаңаны игеру.
Жұмыстың бұл түрі мәселенің ұзақ зерттелуін талап етеді. Сондықтан сабақтан тыс уақыттарда зерттеуді өткізу әдістемесі, материал жинау әдістері, осы материалдарды ірктеу, қорытынды шығару, талдау т.б. қажет болады. әсіресе, бұл жұмыстарды курстық, дипломдық жұмыстармен дидактикалық байланысын қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Жұмыстың қорытындысына байланысты сабақта, конференция т.б. хабарламалар, баяндамалар жасалынады.
5. Алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік жұмыстар – жоғары да көрсетілген өзіндік жұмыстар түрлерін орындау үрдісінде жүзеге асады. Мысалы, жаңа эмпирикалық және практикалық білім алу үрдісінде теориялық білім бекітіліп, жүйеленіп отырады. Сондай-ақ білік пен дағды қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстар да осы міндеттердің орындалуына септігін тигізеді. Бірақ бұл жұмыстар сапалы білім алуда үлкен маңызы болғанымен, білімді жүйелеу мен бекітудің барлық міндеттерін шеше алмайды.
Кәсіптік түрде бағытталған және педагогикалық тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар, студенттердің кәсіби дайындығын дамытуға тиімді жағдайлар жасайды. Бұл мәселелерді шешу жұмыс істеуге жағдай жасау, уақыттағы тиімді пайдалану, орындайтын тапсырмаларды жоспарлай және ұйымдастыра білу тәсілдерін игеру арқылы мүмкіндік болады.
1 Географиядан өлкетануды оқыту
1.1 «Өлкетану» пәнінің мақсаты
« Өлкетану» пәні өзің туған, өніп-өскен жеріңді танып, білуге, зерттеуге үйретеді. Зерттеу нәтижесінде жинақталған өлкетанымдақ материалдар арқылы әр өзіндік географиялық көзқарас қалыптасады. Сабақ барысында туған өлкеде табиғат құбылыстарын бақылау, практикалық жұмыстар, туристік экскурсиялар, зерттеулер жүргізіледі. Өлкетанымдық ұстаным география пәнін мынадай заңдылық бойынша: « белгілі нәрсе арқылы білмейтініңді анықтау, жақын дүниені білу арқылы алысыңды тануды» оқытуға дағдылайды [1].
Ұсынылы отырған авторлық бағдарлама мына бағыттарды көздейді.
1. Оқушыларды отангерлік рухта тәрбиелеу.
2. Туған өлкенің тарихын, жер бедерін, табиғатын зерттеп танысу арқылы географиялық білімін тереңдету.
3. Жекелеген оқушының пәнге сүйіспеншілігін арттыру және олардың келешек мамандық таңдауларына көмектесу.
Географиялық өлктанудың мән-мазмұны.
География пәні мұғалімі өз еркімен мектептің өлкетану негізінде өз өлкесінің географиялық құбылыстарын зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оны микрогеография-физикалық, экономикалық немесе географиялық өлкетану десе де болады.
Географиялық өлкетануды төмендегі мазмұнда қарастыру өте тиімді.
1. Туған жердің жер қыртысын зерттеу , өсімдіктерін, жан-жануарларын, микроклиматы айырмашылығын зерттеп салыстыру.
2 Адамзаттың әсерінен табиғи ортаның қалай өзгеруін зерттеу.
3. Жер бетінің эрозияға ұшырауы, су аңғарларының өзгеруі, суалу, көшкін сияқты құбылыстарды бақылау.
4. Тұрған мекеннің ( қала, ауыл, т.б.) тұрғындарының географиялық құбылысын анықтау.
5. Тұрғындардың немен қандай шаруашылықты жұмыс істейтіндігі жайлы, табиғаттың бұл жұмыстарға әсері жайлы зерттеулер жүргізу.
6. Жеке кәсіпорын, мекемені зерттеу.
7. Туған жердің, ауданның физикалық-экономикалық карталарын жасау.
Аудан географиясын оқытудың 8-9 сыныптарға арналған бағдарламасы.
8-сынып. Ауданның физикалық-географиясы
1. Географиялық орнының жалпы сипаттамасы.
2. Ауданның зерттелу тарихы.
3. Жер бедері, географиялық құрылысы.
4. Пайдалы қазбалар. № 1 сарамандық жұмыс.
5. Климаты. № 2 сарамандық жұмыс.
6. Рекрациялық ресурстарды қоғрғау.
7. Ішкі сулаы және жер асты суларды.
8. Топырағы, өсімдігі және жануарлары.
9. Орман шаруашылығы және табиғатты қорғау шаралары.
9-сынып. Ауданның экономикалық географиясы
1. Зайсан ауданының халқы.
2. Ауданның егіншілік және мал шаруаылығы № 1 сарамандық жұмыс.
3. Тамақ кәсіпорындары. № 2 сарамандық жұмыс.
4. Отын энергетика саласы ( көмір, мұнай, электроэнергиясы).
5. Шикізат пен материал саласы (құрылыс материалдары).
6. Көлік кешені.
1.2 Өлкетану жұмыстарының әдістері мен мазмұны
Сыныптан тыс өлкетану жұмыстары мектептегі оқу-тәрбие жұмысының бір бөлігі. Ол мектеп бағдарламасына сәйкес жүргізіліп, мұғалімге міндетті жұмыс болып табылады. Оқушылар өлкетану жұмыстарына қалауы бойынша өз еріктерімен қатысады.
Сыныптан тыс өлкетану жұмыстары оқу мен тәрбиені бір жұмыс процесі ретінде қарауға негізделеді. Бұл жұмыстар нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілеті дамиды, өздігінен білімін жетілдіреді, шығармашылық, қызығушылық, байқампаздық қасиеттері қалыптасады. Жұмыс жасау барысында алған білімдері мен тәжірибелерін іс жүзінде меңгеріп, өмірде пайдалануға жол сілтейді.
Сыныптан тыс өлкетану жұмыстары оқушыларды еңбек етуге тәрбиелеп, болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. Өлкетану жұмыстарымен айналысу барысында оқушылар нақты мысалдармен өлкенің табиғатын танып біледі, оны қорғауға, аялауға жауапкершілігін арттырады.
Өлкетанудың мақсаты – сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіру, оқушылардың дамуына, ғылыми-қызығушылық көзқарасын, тарихи, байлықтарын білуге әлеуметтік-географиялық сұрақтарды меңгнруге ( мәдени, ғылыми, білім, сауда қатынасы, халықтың шаруашылық әрекеті) жетелейді. Мұндай бағыт-бағдар, әлеуметтік-экономикалық география саласының географиялық білімдердің негізгі бөлігі екендігін көрсетеді. Мәселен, кішігірім қалаларды көбінесе халқына, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөледі.
Негізгі мектептегі өлкетану жұмыстарының көп тарағаны топсеруен мен табиғатқа саяхат, өнеркәсіп кешендеріне, тарихи жерлерге, археологилық қазбалармен танысуға, сәулет өнерімен, тарихи-әдеби мұраларды танып білуге, танысумен ерекшеленеді [2].
Барлық мектептегі өлкетану жұмыстары алдын-ала жоспарланады. Жалпы мектептегі географиялық-өлкетану жұмыстары мен өлкетану үйірмелерінің жұмыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Жалпы мектептегі өлкетану жұмыстары өлкетану үйірмелерінің негізінде жұмыс атқарады.
Мәселен, география мұғалімі бір сынып бойынша өлкетану үйірмесін ұйымдастырады, әрі сыныптың жетекшілік қызыметін атқарады. Үйірменің негізгі мазмұны - өз облысының өлкесін тану, оқу. Екі жылда .... үйірме мүшелері мен .... саяхатқа және туған өлкеге топсеруенге шықты, көптеген географиялық материалдар жинады. Саяхаттар мен топсеруендердің қорытындысы күнделікке толтырады.
Жалпы мектептегі география - өлкетану жұмыстарын өлкетану штабы мен ұйым құрудан бастау қажет. Ұйым құрамына 6-10 сынып оқушылары алынады және мектептегі тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі басшылық жасайды. Жалпы мектептік өлкетану жұмысының жоспары жасалып оқытушылардың педагогикалық мәжілісінде жетекші тағайындалып бекітіледі. Жоспарға қажетті: тақырып, сыныптар бойынша тапсырма, сыныптар немесе отрядтар бойынша топсеруенге немесе саяхатқа шығу мерзімі, орындалуына жауаптылар. Жалпы мектептік жоспар экспедициялық отряд, сыныптардың жоспары негізінде жасалынады.
Әрбір сыныпта экспедициялық отряд құрылады, олар жалпы мектептік жұмыстарға қатысады. Өлкетану ұйымының шешімімен әрбір отряд арнайы тапсырмалар бағыттары бойынша алады, тапсырма орындауға кіріседі.
Тапсырманы орында убарысында жұмыстың жоспары жасалынады. Экспедициялық отряд мүшелері, зерттеу жұмыстарына дайындалып, оның мерзімін, алынған нәтижесін толтыру, жауаптылары көрсетіледі.
Зертеуге дайындық: картографиял ық материалдар мен әдебиеттерді дайындау.
Зерттеу объектілерінің маршруттарына арналған нұсқаулар:
Картографиялық негізді дайындау, оқу объекиілерін дайындау. Объектінің анықтамасына толық жоспар жасау, қажетті құрал-жабдықтарды дайындау, табиғатқа саяхаттың мерзімін анықтау, өнеркәсіп кешендері, мұражай т.б. жауапты жұмыстарды экспедиция мүшелеріне бөлу.
Зерттеуді өткізу: топсеруен, саяхат және стационарлық бақылау, әрбәр отряд алдын-ала жоспар бойынша табиғат объектісімен танысады, жоспарда қандай географиялық жұмыстар, колекциялар, көрнекті материалдар жасалынатыны қарастырылады. Мектепте өлкетану жұмыстарына оқушыларды қызықтыру мақсатында экспедициялық отрядтардың арасында жарыстар ұйымдастырылады. Жарыстың қорытындысы жылына бір рет қаз ан айының басында шығарылады.
Жарыста қойылатын талаптар: жиналған материалдардың құндылығы, оны безендірудегі сапасы, бір сыныптан қатынасчқан оқушылардың саны, өткізілегн экспедиция мен саяхаттардың саны, қорытында бойынша 1-3 орын алғандарды марапаттайды. Экспедициялық отрядтардың жұмыстары көрме түрінде көрсетіледі, ал аудандық немесе қалалық көрмеге жіберіледі. Жоғары дәрежеде жұмыс жасаған экспедициялық отрядтар, республикалық, жергілікті әкімшілік тарапынан іздену, туристік жұмыстарының нәтижесінде мақтаулармен марапатталады.
Географиялық өлкетанудың негізгі мазмұны:
1. Аймаққа физфкалық-географиялық сипаттама, шолу жасау, табиғи-аймақтық кешендерге сипаттама беру, аймаққа ауыл шаруашылық жағынан сипаттама бере отырып, бір жылдық даму ритмін бақылау.
2. Өз өлкесіне, табиғатына, халқына, өнекәсіпкешендеріне, транспортына экономикалық-географиялық сипаттама беру. Әсіресе халықтың әлеуметтік жағдайына, мәдениетіне ( салт-дәстүрін, мақал-мәтелдерін) оқуға көп көңіл бөлу.
Аймақты физика-географиялық кешенде оқыту.
Мектеп деңгейінде табиғатты оқыту өте қарапайым беріледі. Оның жеке компаненттетріне түсінік берумен шектелмей іс жүзінде практикалық сабақтарда жұмыстар жасалынады.
Мектепте аймақтық физикалық-географиялық кешенді оқыту үшін үш кезеңнен тұрады:
1. Дайындық;
2. Далалық;
3. Камералық;
Дайындық кезеңі:
А) Келешекте оқытылатын ауданның табиғатын анықтау.
Б) Экспедицияға қатысатын отрядтың тапсырмасы құрылады.
« Өз өлкесін» оқытуда келешекте оқытылатын ауданның табиғатын анықтағанды негізделеді. Алынатын аймақ мектептегіден 7-8 шақырым қашықтықта алынады. Алынатын аймаққа ауданның әкімшілік аймағы, қала типтес село, аудандық-ұалалық типтегі жасыл желек, ауылдық әкімшіліктің бір бөлігі, әкімшілік аймақтың шекарасы т.б. алуға болады. Өлкені оқытудағы ауданды анықтауда қойылатын талаптардың бірі: карта жасау. Ол өлкетануға қажетті материалдарды жинағанда далалық жұмыстардың қорытындысы бойынша ( тау жыныстарынның коллекциясы, гербарий, суреттер, кестелер). Егерде әкімшілік аймақтың шекарасының картасы болсы, физикалық-географиялық кешенді сипаттау өте оңай жүргізіледі.
Жер бетіндегі бақылауға алынған табиғат кешендерінің көлемі, пішіні, құрылымы жағынан әртүрлі: елдердің физикалық-географиялық зоналары, облыстың аудандары, ландшафттары. Қазіргі таңда географ мамандар ландшафттық бағытқа көп көңіл бөлуде. Оқушылардың білім деңгейін дамыту мақсатында кейбір табиғат кешендеріне анықтама беруге болады.
Фация – жер бедерінің ұсақ бөлшектерінде қалыптасқан ландшафт құрылымындағы ең төменгі рангтан орын алатын территориялық табиғат кешені. Ол территориялық бөлшектерге бөлінбейді.
Ландшафт – құрамдық, құрылымдық бөліктерінің баламалары қайталанбайтын нақтылы территориялық табиғат кешені.
Қоныс – ландшафттардың құрылымдық бөлігін құрайтын территориялық табиғат кешені.
Ірі елді мекендер мен қаларда орналасқан мектептер үшін алынатын аймақ өз өлкесіне сәйкес , мынадай талаптарға сай келуі тиіс: табиғат зонасы физикалық-географиялық жағынан әртүрлі, күрделі жер бедері, жақсы жабылған тау жыныстары, түрлі топырақ өсімдік жамылғысы, аудан саяхат жасауға өте қолайлы, мектеп маңына өте жақын орналасқан болуы тиіс.
Экспедициялық отрядтың тапсырмалары:
1. Өз аймағанаң, елді мекенінің географиялық координатын анықтау ( карта бойынша).
2. Өз еллді мекеннінің географиялық ендігіне сипаттама беру.
3. Жергілікті жердің бойлық меридианын анықтау.
4.Өз облысының солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа дейінгі қашықтықты анықтау ( карта бойынша).
5. Өз облысынның көлемін көрші облыстармен салыстыру.
6. Өз облысын қандай табиғи кешендерді басып өтеді.
Облыстың табиғи ресурстары мен табиғат жағдайлары:
1. Облыстың геологиялық картасын оқи отырып өз облысының геологиялық жағдайына қорытында жасау.
2. Өз облысынының табиғи қазба байлықтарын оқи отырып, кескін картаға түсіру, халық шаруашылығында қалай пайдаланатынын түсіндіру.
3. тау жыныстарының пайдалы қазбалары мен қазында организмдердің үлгі коллекцияларын жинау.
4. Өз болысынның жер бедері қалай қалыптасты, облыстың жер бедеріне, шаруашылық жағынан баға беру, жер бедері мен жолдардың арасындағы байланыс, жергілікті халықтың орналасуы, егістік дала, бау-бақша, жер бедеріне жүргізілген суару жұмыстары туралы мәлімет беру.
5. Өз қалаңның, аудынның, елді мекеннің жер бедерін жазу: өзен маңындағы, карьерлердегі жүргізілетін жұмыстарды түсіндіру, жазықтардың жыныстары туралы түсіндіру.
6.Аймаққа геология-геоморфологиялық профиль ( кескіндеме) жасау.
7. Жер бедерінің тереңдігі, ені, биіктігін өлшеу ( өзен, арна, жайлы жерлер, жарықтар, карстық жерлер т.б.).
8. Өзен жағалауына,арнасы мен аңғарына бақылау жасау.
Климаты:
1. Өз облысының жылдық жеке мезгілдеріне сипаттама жасап, оның түзілу жағдайынатүсіндіру (климат картасы мен өз ауа райын бақылауын пайдалана отырып).
2. Өз облысында көбінесе ауыл шаруашылығына қолайлы ауа райы қандай анықтау.
3. Ауа райына систематикалық бақылау жасау.
4. Мектептегі ауа- райына жасалған бақылау бойынша ауа температурасының өзгерісіне, қысымға ауаның ылғалдылығы мен жер рязасына график сыздыру.
5. Күнделікті ауа-райына бақылау, жергілікті жердің ауа рацының өзгеруіне, радио, телеақпарат арқылы берілген ауа-райына өздігінен қорытынды щығарады.
Өлкетану ұстанымының өрісі кең
Қазақстан Республикасының дамыған бәсекеге қабілеті 50 ел қатарына ену туралы алдына мақсат қойған тарихи кезеңде «Қазақстан Республикасының географиясы» курсын өткенде, қазіргі уақытта өзгеріп жатқан Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша оқу материалдары толықтырылып, әлемдік білім қорына Қазастан географиясынан не қосылды, қандай жаңа технологиялық жаңалық ашылды, ғалымдарымыздың мақтаныш тұтатын еңбектері қайсы, міне, осы мәселелер төңірегінде әдістемелік ізденістер жасалып, нәтижесі оқу үрдісіне көрініс тапқаны дұрыс. Ұлтжанды ел азаматтарын тәрбиелеуде өлкетану ұстанымы - географияны оқытуды өмірмен жақындастыруға қолдау көрсететін маңызды ұстанымдардың бірі [5].
Жалпы ортп білім беретін мектептердің 8-9 сыныптарында оқылатын « Қазақстан Республикасының географиясы» курсын оқытуды дұрыс жолға қойғанда және алдыңғы курстарда алған өлкетанушылық білімге арқа сүйей отырып өз облысының ( ауданның) аумағындағы табиғатты неғұрлым тереңірек тануға және сезінуге қол жеткізуге мүмкіндік пайда болады.
Өлкетану ұстанымы бағдарламадағы географиялық білімдер мәселелерін тану құралы және қоршаған табиғи ортамен байланыстару қызметтерін орындайды. Өз мекенінің табиғатындағы ерекшеліктерді оқып- үйрену үрдісінде оқушылар бойында алуан түрлі сарамандық дағды қалыптасады және географиялық зерттеу әдістерімен танысады.
Курсытың осындай құрылымдық негізде белгіленген физикалық-географиялық байланыстарды және олардағы табиғи жағдайлардың өзіндік ерекшеліктерін түсіндіруде географиялық жалпы ұғымдар мен заңдылықтарды пайдалану және тереңдете рқыту әрбір келесі аймақ табиғатын қарастыруға өз мүмкіндігін ұсынады. Осы мүмкіндікті игергенде ғана табиғат құбылыстарының мәнін неғұрлым тереңірек зерттеу, оларды ғалашарлық ауқымда ( 6-7 сыныптар), сосын елді тұспа-тұсымен, ірі табиғат аймақтарын (8-сынып) талдауға раналған жағдай жасалады.
Мұндай курс құрылысы оқушылардың пәнге қызығушылығын дамыту міндетіне де жауап береді. Оқытудағы өлкетанушылық ұстанымы – жаңа білімді игеру үрдісіне оқушылардың өзіне қоршаған өмірде бақыланған айғақтарды тұрақты және органикалық қосу болып табылады.
Мұндай курс құрылысы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамытады.
Өлкетану ұстанымын жүзеге асыру – төл оқулықтың маңызды қызметі, міндеті.
Оңтүстік Қазақстан облысында ұзындығы 10-нан 200 км-ге жететін 118 кіші өзендер бар. Олардың көбісі антропогендік зиян көріп отыр: ағынды сулардың қабылдағышы ретінде немесе сулары түгелімен ауыл шаруашылығына қолданылады.
Шымкент қаласының тазаланған ағынды сулармен суландыратын диханды жерлердің салынуы өте баяу өтуде. Жоспарланған 7 мың га жер көлемінің орнына 2095 га ғана салынған.
Ауылды аудандардағы табиғат қорғау мәселелерінің өздеріне тән, ерекшеліктері бар және олар адам денсаулығына өте қауіпті, себебі, ол жерлерде суды тазарту жүйелері аз немесе мүлдем жоқ десе де болады. Ауыл түрғындарының көбісі азотты ластанудан зардап шегуде. Оған қоса облыстың кейбір аудандары Арал апатының да зиянды әсерінің ықпалында.
Арал теңізінің шөгуінен, теңіз экожүйесінің өзгеруінен, климаттың континентальдылығының күшеюінен, табиғи ландшафтар мен ауыл шаруашылық егістер мен шалғындардың шөлге айналуы мен деградацияның әсерінен, Амудария мен Сырдария өзендерінің төменгі жақтарындағы жерүсті және жерасты суларының азаюы мен күрделі экологиялық және санитарлы-эпидемиологиялық жағдай қалыптасты. Экологиялық дағдарыс алдында Оңтүстік Қазақстанның 5 ауданы еніп тұр.
Суға ақы төлеуді енгізу басты мәселені шешпеді, себебі, су тұтынушылары қолданылған суға төлемейді. Ал судың тегін болуы, оны тиімді пайдалануға итермелемейді.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы жер қорының жалпы ауданы 12 млн. га асады. Соңғы жылдарда жер ресурстарының деградациясы тоқтамаған. Деградацияға үшыраған жердің ауданы 4 млн га, соның ішінде ауа эрозиясынан 3 млн га, ал су эрозиясынан 1 млн га. Эрозияға қарсы жұмыстар қажетті қарқында жүргізілмейді. Облысымыздағы суланатын жер көлемі соңғы жылдарда 500,5 мың гектарға жетті. Сонымен қатар, екіншілік түздану процестері жандана түсуде. Тік дренаждың 840 қоймалар әр түрлі себептермен жұмыс істемейді, құртылған жерлердің (карьерлер, ішкі және сыртқы үйінділер, желілі құрылыстарының салыну кезіндегі жіберген қателіктер, қолданудан және ашық дренаж жүйесінен шыққан каналдар) жалпы көлемі - 1,5 мың га /40/. Сонымен бірге, соңғы жылдары ол жерлердің рекультивациясы мүлдем тоқтап қалған. Сондықтан, қазіргі кезде төмендегі шараларды жүргізу керек:
• органикалық тыңайтқыштардың ғылыми негізделген көлемін қолдану арқасында топырақтың органикалық заттар жағынан дефицитсіз баланс құру;
• балаларға диета және емдік тағамдар жасау үшін қолданылатын ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін пестицидтерді қолданбайтын экологиялық жағынан таза шаруашылықтарды бөліп алу;
• теплица-парниктік шаруашылықтарда пестицидтерді қолдануға тиым салу, оның орнына өсімдіктерді қорғаудың тек биологиялық әдістерін қолдану;
• зиян келтірілген жерлерді қалпына келтіру үшін жеткілікті айып пұлды талап етіп, оны өңдіріп алу;
• өндірістік кәсіпорындардың (әсіресе токсикалық қалдықтары бар) санитарлы-қорғаныш зоналарын санитарлы қалыптарға жеткізу;
• мемлекеттік қорықтардың беделін және ролің көтеру мен материалды-техникалық базаны нығайту үшін, Ресей қорықтары кеңінен қолданылатын халықаралық мекемелердің әр түрлі грант жүйесімен экология мәселелерімен айналысып жүрген ғылыми қызметкерлерді қызықтыру;
• облыстық орман шаруашылығының дамуының және ұйымдастыруының жоспарын жасау;
• эрозияға қарсы қорған ретінде орман өсіруді қаржылау ынталандыру, ол ең тиімді және ұзақ уақыт тұратын шара, ал кейбір жағдайларда мелиорациялық қызметтің тек қолдануға болатын жалғыз ғана түрі болып табылады;
• лабораторияларда анықталатын көрсеткіштердің тізімінің ішіне топырақтағы гумусты, бензин буларын анықтауда және т.б. кіргізіп кеңейту керек.
Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысы территориясында 250 млн.т. астам өндіріс және тұтыну қалдықтары жиналған. Барлық қалдықтардың, урбанизацияның деңгейі биік жерлерде орналасқандықтан, экологиялық қаупі жоғары болып табылады (6-кесте).
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Методика обучения географии в средней школе под редакцией Л.М. Панчешниковой. Москва. Просвещение. 1983 г.
2. Орта мектептегі география сабағы. А.В. Даринский. М. Просвещение. 1984 ж.
3. Методика обучение географии в средней школе. Под редакцией А.Е. Бибик. М. Просвещение. 1982 г.
4. Научное пособие школьной географии. В.П. Максаковский. М. Просвещение. 1982 г.
5. Основы обучение начальному курсу физической географии. Г.П. Герасимова. М. Просвещение. 1984 г.
6. Картины и таблицы в преподовании географии. Л. Д. Прозоров, В.П. Голов. М. Л. Просвещение 1977г.
7. Учебные экскурсий по географии. Е.Я. Черникова. М. ПР. 1977г.
8. Применение компьютеров в преподавании географии. Л.М. Панчешникова. М. Просвещение. 1977 г.
9. Географические наглядности в преподовании географии. Р.А.Заездный. М. Просвещение. 1977 г.
10. Средства обучения географии и условия их эффективного использования. В.П. Голов. М. Просвещение. 1987 г.
11. Элементы картографии в средней школе. Н.Р. Маликов. М. Пр. 1972.
12. Кабинет географии. М. Просвещение. 1983 г.
13. Шетелдердің экономикалық географиясынан оқушылардың өзіндік жұмыстары. М. Просвещение. 1981 ж.
14. Методика преподования экономической географии. Н.И. Баранский. М. Просвещение. 1990 г.
15. Материктер географиясын оқытудағы әдістерді біріктіру туралы түсінік. В.А. Коринский. М. Педагогика. 1979 ж.
16. Географияны оқыту методикасы. Практикалық жұмыстар. Под ред. И.В. Белевич. Алматы. Мектеп. 1976 ж.
17. География пәні бойынша жүргізілетін мектепішілік бақылау. Әдістемелік нұсқау. Алматы. 1991 ж.
18. ТМД-ның физикалық географиясы бойынша оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстары. М.И. Давыдова. Алматы. Мектеп. 1986 ж.
Жарияланған-2016-02-01 16:46:45 Қаралды-48474
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина