UF

Тақырып 1. Ақпараттық жүйедегі «1 С Бухгалтерия».

 

1.Негізгі түсінік және объектілер.

2.Анықтамалар

3.Құжат пен есеп регистрлері

 

1.1.     1991 жылы ресейлік фирмада ең алғаш «1 С» бағдарламасы қолданыла басталды,бұл әр түрлі жобалар  мен бағдарламаларды іске асырды, сонымен қатар оқитын бағдарламалар мен компьютерлік ойындар шығарылды.

Фирманың танымалдылығын «1 С: Кәсіпорын» жұртқа әйгілі етті.Бухгалтерлік есептің негізі болып «1С Бухгалтерияның 8» бағдарламасы саналады. «1 С Бухгалтерия 8»- бұл әмбебап бағдарлама,ол автоматтандырылған бухгалтерлік және салық есебінің толығымен есептейді.Бұл дайын жоба мекемелерге есепті әр түрлі коммерциялық жүйелерге, яғни соның ішінде: өндіріс,құрылыс,халыққа қызмет көрсетуге,сатудың әр-түрлі түрлерін жатқызуға болады.Сонымен қатар «1 С Бухгалтерия 8» бағдарламасының көмегімен  жеке кәсіпкерлер салық есебінің екі түрлі жүйесін жүргізуге болады:

тікелей салық

жалпы салық

«1 С бухгалтерия 8» бағдарламасындағы бухгалтерлік есеп шот  Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің №185 бұйрығымен   23 мамыр 2007 жылы  «Бекітілген бухгалтерлік есеп шоттың үлгісі».

«1С Бухгалтерлік» бағдарламаның көмегімен  бір ақпараттық базамен бірнеше  мекемелерді жүргізуге болады  және практикалық негізінде бухгалтерлік және салық есептерін есептейді:

  • Ақшалық операциялар;
  • Қорларды;
  • Негіздерді және материалдық емес активтерді;
  • Өндірістерді және қызмет көрсетуді;
  • Контагенттермен есеп айырысуды;
  • Есеп айырысу міндеттемелерді;
  • Кадрлық есепті іске асыру жіне т.б.

«1С Бухгалтерия» ақпаратын еңгізу әр-түрлі дәрежедегі жағдайда автоматты түрде іске қосылуы мүмкін:

  • Операцияны қолмен іске қосу бағыты;
  • Түрлі операцияның бағыты;
  • Құжат бойынша бағытты автоматтық түрде операцияны нысанға келтіру;

«1С Бухгалтерия» жүйесі екі бағытпен жұмыс істей алады:

  • Конфигуратор бағыты – автоматтындырылған жүйені,негізгі базада сақтайды.
  • «1С Конфигурация» барлық мекемелерді ақпаратты түрде жүргізуге болады, сонымен қатар, өңдеп, сақтап нақты ақпаратты  кәсіпорынға бере алады.

    Конфигурацияны өңдеудегі ақпаратты өңдеуге әр түрлі алгоритм атауының жазылуынан басқа ақпарат базасын әкімшілік функциясы қолданылады.

Жүйені конфигурациялағанда пайдаланушының рөлін және интерфейс жүйесін құруға болады. Әр бір пайдаланушы үшін арнайы интерфейс пен оған арналған рөлі қондырылады.

Әкімшілік функцияларына келесілері жатады:

  • Активті пайдаланушылардың тізімі;
  • Пайдаланушылардың әрекетін тіркейтін журнал жүргізу;
  • Ақпарат базасын шығару;
  • Ақпараттық базаны тестілеу және дұрыстау;

Пайдаланушылар тізімін енгізу жүйенің әр бір пайдаланушы ақпаратқа еркін кіре алады, олар анықтамалар, тұрақтылар және т.б.

Бір жағынан әр бір пайдаланушы тек өзіне қатысты ақпаратпен жұмыс  жасауы керек.

1С:кәсіпорын жүйесінде, бұл жүйелік жұмыс жасайтын пайдаланушылардың тізімін жасауға болады. Бұл тізім пайдаланушының жүйемен жұмысын авторизациялауға қажет,әр бір пайдаланушының паролі болуы керек.

Пайдаланушының тізімін өңдеу үшін конфигуратор тәртібінде мәзірді ашып, «Әкімшіліктеу – пайдаланушылар» командасын орындау керек. Жаңа пайдаланушыларды келесідей жағдайларда енгізуге болады:

  • Мәзір командасында «әрекет тақтасы – қосу»;
  • Құрал-саймандар тақтасында пиктограмманы басу арқылы;
  • «Insert» командасын басу;
  • Мәзір командасын тышқанның оң жағын басу арқылы «қосу» командасын таңдау.
  • Ашылған терезеде келесідей деректерді толтыру қажет.

Аты – пайдаланушының қысқа аты. Ақпарат базасында оның атына басқа пайдаланушылардың ерекше болуы керек. Пайдаланушының атауы 1С:кәсіпорын жүйесіне енгізген негізгі ақпаратты енгізгенде жазылуы керек.

Толық атауы – пайдаланушылар туралы толық ақпарат алу мүмкіндігі. Ол үшін тек пайдаланушыны таңдамағанда мүмкіндік береді.

 1С:кәсіпорынды аутентификациялау – 1С:кәсіпорын   пайдаланушысы оның аты мен паролін енгізгеннен кейін аутентификациялау керек.

Пароль – пайдаланушы жұмысқа кіру үшін пароль енгізуі қажет. Ол тек, 1С:кәсіпорын аутентификациясы қосылып тұрмағанда қолданылады.

Парольдің дұрыстығы – аутентификациялау үшін пайдаланушының паролі. Парольді теріс жазбау үшін, бірдей парольді 2 рет енгізу қажет.

Рольдерге қол жеткізу – бұл конфигурациядағы белгіленген рольдердің тізімі. Арнайы пайдаланушыға арналған рольдер таңбалануы керек.

Негізгі интерфейс – белгіленген конфигурация ішіндегі пайдаланушының негізгі интерфейсі.

Тіл – бұл пайдаланушылармен жұмыс жасағанда тілдер мен елді мекенін өзгерту.

Интерфейстермен жұмыс жасау үшін конфигурацияда бірнеше бағыттар көрсетілген. Басқару есебіндегі есептерді шешу:

Бухгалтерлік – бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қажет. Әр бір мәзірдің интерфейсі нақты есепке сәйкес келеді және керекті бухгалтерлік және салықтық есеп объектілеріне кіруге мүмкіндік береді.

Әкімшілікті – бухгалтерлік интерфейсте енгізуге болмайтын, берілген мәліметтерді енгізуге және конфигурацияның барлық объектісіне кіруге мүмкіндік береді.

Әкімшілікті интерфейсі- мәзірдің бір пунктінен құрылады, ол операциялар «операциялар» мәзірі, өз кезегінде бірнеше мәзір ішіндегілерден тұрады. Олар: анықтамалар, шот жоспары, мәлімет регистрлері.

Толық – «Бухгалтерлік» және «әкімшілікті» интерфейстің қосымшасынан құрылады, негізінен бұл интерфейстің «операция» мәзірінің көшірмесі.

Интерфейсқа өту «Сервис- интерфейсқа өту» мәзірі арқылы жүзеге асады.

Белсенді пайдаланушының тізімін қарау – 1С:кәсіпорын жүйесінде 1С:кәсіпорын 8.1 жүйесінде жұмыс жасап отырған белседі пайдаланушының тізімін көруге болады. Тізімді алу үшін бұл тәртіпте «конфигуратор» пунктінен «әкімшіліктеу» -белсенді пайдаланушылар немесе белсенді пайдаланушылар журналын қарауға мүмкіндік бар.

Пайдаланушылардың әрекетін тіркеу журналын енгізу;

1С: кәсіпорын жүйесімен жұмыс жасағанда пайдаланушыны белгілі бір мерзім мен уақытты қандай іс-әрекет орындағаның білу қажет. Ол үшін тіркеу журналы қолданылады. Тіркеу журналын ашу үшін мәзірдің «әкімшіліктеу – тіркеу журналы» пунктын таңдау қажет.

Ақпарат базасын шығару                          

Ақпараттың жойылуына байланысты, мәліметтер базасындағы ақпаратты әлсін-әлсін сақтау керек. Ақпараттың базасының мұрағатты көшірмесін сақтау үшін «әкімшіліктеу – ақпараттық базасын шығару командаларын орындау қажет. Ашылған терезеде сақталатын файлға атау қойып, ақпарат базасының шығару жолын көрсту қажет. Архивтерді сақтау үшін арнайы бөлек тізімдеме жасау керек, онда сақталған мұрағаттың аты белгіленуі қажет.

Ақпараттық базаны енгізу

Керек уақытта мұрағаттағы мәліметтерді қайта қалпына келтіруге болады. Ол конфигуратор бағытында қайта құрылады, яғни ондағы «әкімшіліктеу –ақпарат базасының жолымен, қайта қалпына келтірілетін файлды таңдау қажет.

Ақпараттық базаны дұрыстау және тестілеу

1С: кәсіпорын жұмыс жасағанда ауытқулар болуы мүмкін, яғни ол компьютер желілерінің өшіп қалуы, операциялар жүйесінің жасалмай қалуы т.б. Бұл жағдайлар ақпарат базасының дұрыс жасалмауына алып келеді. Бұл жағдайды түзету үшін ақпарат базасын тестілеу қажет. Ол конфигуратор тәртібінде мәзірден «әкімшіліктеу – тестілеу және дұрыстау» командалары арқылы жүзеге асады.

Тестілеу процесінде ақпарат базасының кестесіндегі өзгерістерді қайта өзгертуге келмейді, яғни сол қалпына қалады.Сондықтан тестілеу рәсімінде іске асырылмас бұрын, ақпарат базасының резервті базасының резервті көшірмесін жасау керек.

1.2.  1С: кәсіпорын жүйесінде анықтамының шексіз мөлшерін жүргізуге мүмкіндік болады. Анықтама элементтерін оңай қолдану үшін, арнайы қағидаты бойынша топтамаларға жіктеле аладу. Мысалы, номенклатура анықтамысында келесідей топтар құрылуы мүмкін:

●  Дайын өнім;

● Шикізат пен материалдар;

● Сатуға арналған тауарлар;

● Қызмет көрсету;

● Және т.б.

Бұндай топтарды құру анықтама конфигурациясында «Иерархиалық» объект арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда анықтамадағы элемент өзінде көрсетілген топтардың ең басты элементі болып саналады. Бұл иерархия түрін «иерархия топтары және элементтері» деп атайды.

Басқа иерархия түрі бар. Ол элементтер иерархиясы. Бұл жағдайда басты элементтер, бұл анықтамалардың элементі мен топтары емес, тек анықтаманың ішіндегі элементтердің бірі болып саналады. Мысалы, бұл иерархия түрін»номенклатура» анықтамасын жасағанда қолданылады.

Иерархия тізімінің тәртібін қосу және өшіру жолымен жүзеге асырылады.:

●   Мәзір командалар панелінен әрекет ету – иерархиялық көрсету;

●   Құрал-саймандар панелінде пиктограмманы ашу;

● Тышқанның оң жағын басып, мәзір тізімінен иерархиялық көрсету командалары арқылы.

Анықтаманы қараудың 2 тәртібі бар:

1. Иерархиялық – бұл тәртіпте 1-ші деңгейдегі топтар мен элементтерді, ал белгілі бір топтарды таңдағанда 2-ші деңгейдегі топтар мен элементтерді көруге болады.

2. Иерархиялық емес – бұл тәртіпте барлық элементтер мен топтар бір үлкен тізімде көрсетіледі.

Анықтамалармен жұмыс істегенде басты функционалдық мүмкіндіктерін қарастырайық.

1.Жаңа топты құру.

  Анықтаманың жаңа элементтер тобын құру үшін келесідей мүмкіндіктерді қолданылады. Олар:

● Мәзір командасында әрекет ету тақтасы – жаңа топ;

● Құрал-саймандар  панелінде пиктограмманы басу арқылы;

● «Ctrl+f9» пернелерін басу;

●  Тышқанның оң жағын басып, мәзір терезесінен жаңа топты ашу.

2. Анықтаманың жаңа элементтерін құру.

 Оны құру үшін келесідей жағдайлар болады:

  • мәзір командасында әректе ету тақтасы – қосу;
  • құрал-саймандар тақтасында пиктограмманы басу арқылы;
  • «Insert» пернесін басу арқылы.;
  • тышқанның оң жағын басып, мәзір командаларының ішінен қосу таңдау.

Егер иерархиялық анықтамаларға енгізілетін жаңа элемент, белгілі бір топқа кіру үшін, онда элементті сол топтың ішінен ашу керек. Анықтаманың элементтерін тіркеуді жеңілдету үшін 1С: кәсіпорын жүйесінде мәліметтерді көшіру механизмі қарастырылған.

3.Анықтама топтары мен элементтерін көшіру.

Анықтамадағы жаңа топтар мен элементтерді енгізу бұрын енгізілген топтар мен элементтерді көшіру арқылы жүзеге асыруға болады..

 Анықтамадағы мәліметтердің бірін көшіру үшін белгілі бір әдістерді қолданылуы мүмкін, ол үшін тышқанды көшірілетін топтың немесе элементтің үстіне апарылады:

  • мәзір командасында әрекет ету тақтасы – көшіру,
  •  құрал-саймандар панелінде пиктограмманы басу;
  • «F9» пернесін басу;
  • Тышқанның оң жағын басып, мәзір терезесіндегі көшіру командасын таңдау.

Нәтижесінде анықтаманың жаңа элементтеріндегі барлық  элемент үлгісінің деректемелерінен көшіріледі, жаңа элемент нөмірімен белгіленеді. 1С: кәсіпорын тәртібінде анықтамадағы барлық топтар мен элементтерді өзгертуге болады.

4.Анықтама элементтері мен топтарын өзгерту.

Анықтама элементтері мен топтарын өзгерту үшін келесідей әрекет жасауға болады:

  • мәзір командасында әрекет тақтасы- өзгерту;
  • құрал-саймандар тақтасында пиктограмманы таңдау;
  • «Enter» пернесін басу;
  • «F2» пернесін басу;
  • Топты (элементті) тышқанды екі рет басу арқылы ашу.

Тышқанның оң жағын басып, мән-мәтін мәзіріндегі - өзгерту командасын таңдау.

5. Жою таңбасын және анықтама элементтерін жою.

Объектілерді жою үшін 2 тәртіп қарастырылған – объектіні жоюға таңбалау және объектіні бірден жою.

Анықтаманың элементі мен тобын жоюға таңбалау келесі жолдармен жүзеге асырылады:

  • мәзір командасындағы әрекет ету құралдары – жою таңбасын орнату;
  • құрал-саймандар тақтасындағы пиктограмма басу;
  • өшіру пернесін басу;
  • Тышқанның оң жағындағы мерзімді ашып, жою таңбасын таңдау.

Сервистік рәсім көмегімен элементтер мен топтарды келесі жағдайлармен өшіруге болады. Операция – таңдалған объектіні жою. Егер де конфигурациялау кезеңінде элемент немесе топты жою таңбалаусыз мүмкін болса, келесі мүмкіндіктер қолданылады.:

  • мәзір командасының әрекет ету – жою құралдары арқылы;
  • «Shift + delete» пернелерін басу арқылы;
  • Тышқанның оң жағындағы мәзірді ашып, «жою» командасын таңдау.

6. Жою таңбасын келесі мүмкіндіктер арқылы жүзеге асады:

- мәзір командасы құралынан әрекет ету – жою таңбасын орнату;

- құралдар тақтасында пиктограмманы басу;

- «delete» пернесін басу арқылы;

- тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы, мән-мәтін мәзірін шақыру және жою таңбасын алу командасын таңдау.

7. Элементтерді көшіру

Егер анықтама көпдеңгейлі болса және бірнеше топтардан тұратын болса, онда онымен жұмыс барысында элементтердің бір топтан екінші топқа көшу, сонымен қатар бүкіл топтардың көшу қажеттілігі туу мүмкін.

Элементті және топтарды басқа анықтама тобына көшіру үшін, басқа анықтама орнына көшіру қажетті элемент және топ жолына анықтама тізімдемесінде курсорды орнату керек және мәліметтерді көшіру әдістерінің біреуін қолдану қажет:

  • мәзір асты командасынан әрекет ету тақтасын – орын ауыстыру;
  • құралдар тақтасында пиктограмма басу арқылы;
  • «Ctrl +shift +M» пернесін басу арқылы;
  • Тышқанның оң жағын басу арқылы мән-мәтін мәзірінен топқа орын ауыстыру командасын таңдау қажет;

Жоғарыда көрсетілген әдістердің бірін таңдаған соң, ашылған барлық топтар ішінен таңдалған элементтерді көшіруге арналған топ атауын таңдау қажет.

Анықтама элементін ашу керек және «номенклатура тобы» деректемелерінде

Жаңа топты көрсету көрсету қажет. Берілген іс-әрекеттерді орындаған соң элемент жаңа топқа ауысады.

Жоғарыда көрсетілген элементтерді топтан топқа ауыстыру әдістерінен басқа, «Drop and Drop» механизмі қарастырылады. Ол үшін тышқан курсорын көшіру қажет элементке орнату қажет және тышқанның сол жағын баса отырып, оны қажетті топқа апару қажет.

8. Таңдама және іріктеу

Анықтамаларда деректемелер бойынша таңдама және іріктеу жүргізуге  болады. Ол үшін келесі әдістердің біреуін қолдануға болады:

  • мәзірасты командаларына әрекет тақтасы – таңдама және іріктеу тізімін жасау;
  • мәзірасты командасындағы әрекет тақтасы – іріктеу – қалпына келтіру;
  •  құрал-саймандар тақтасында пиктограмманы таңдау арқылы;
  • Тышқанның оң жағын басу арқылы, мән-мәтіндік мәзірді шақыру және тізімдемені таңдамалау және іріктеу орнату командасын таңдау;
  •  Тышқанның оң жағын басып, мән-мәтінді мәзірмен іріктеу – қалыпқа келтіру командаларын таңдау;

Жоғарыда көрсетілген анықтаманың элементтері мен топтары жүргізілген іс-әрекеттерден басқа келесі операцияларды орындаған болады: ағымдағы бағанада мағынасы бойынша таңдама жасауға, таңдама тарихын қарастыруға, таңдаманы өшіруге, тізімдеме жасауға, тізімдеме жөндеуін жүргізуге, тізімдемені жаңартуға. Бұл кезеңде арнайы таңдау белгілерін таңдауға болады. Ол қажетті анықтама немесе құжаттар туралы ақпаратты іздеуге ат салысады.

1.3.  1С:кәсіпорын 8.1 жүйесіндегі кәсіпорынның шаруашылық операциялары жөніндегі мәліметтерді құжаттар көмегімен тіркелді және құжаттар журналында сақталады.

Конфигурация кезінде құжаттардың сақталуы бойынша жөңдеу жүргізіледі және қайсы бір журналға тиесілігі жүргізіледі. Құжаттар журналы сақталған құжаттардың жылдам және ыңғайлы қарауға арналған.

Бір құжат бірнеше журналдарда көрініс табуы мүмкін немесе бірден-бір журналда көрсетілмеуі мүмкін. Ол конфигуратор кезінде анықталған жөңдеулерге тәуелді болады.

Конфигурацияны жөңдеу кезінде әр бір құжатқа жеке журнал арнауға болады, сонымен қатар барлық құжаттардың көрсетілген журнал құруға болады.

Экранға нақты журналды шығару үшін, басты мәзір бөлімдері, құрал-саймандар тақтасының түймесімен басқа да іс-әрекеттер қолданылуы мүмкін, егер ол конфигурацияның кезеңіңде берілген болса.

Құжаттар журналын Операциялар-Құжаттар мәзірі арқылы ашуға болады. Экранда жүйеде көрсетілген барлық құжаттар журналының тізімі көрсетіледі.

Сізге керекті журналды таңдау үшін, сол журнал жолына тышқанды апарып «ОК» түймесін басу керек.

Журналдың түрі, оны конфигураторда жөңделген өзгеріске байланысты әр бір журнал, келесідей басты бағанадан тұрады.

Мерзім-құжаттың мерзімі.

Уақыт- құжаттың уақыты.

Құжат-құжат атауы.

Номер-құжат номері.

Осы бағанадан басқа, қосымша бағаналар бар. Журналдың басында, оған конфигурация жасағанда қойылған аты көрсетіледі.

Журналда құжаттардың қалыпын көруге болады. Ол үшін журналдың сол жақ бағанасында келесідей белгілер көрсетіледі:

Құжат жазылады, бірақ өткізілген жоқ.

Құжат өткізілді.

Құжат жоюға таңбаланған.

Кейбір құжат түріне өткізу тәртібі қарастырылмаған.Бұл жағдайда құжаттың қалпы оны жазылғаннан кейін, таңбамен белгіленеді. Кейбір көп құжаттарды сақталған журналда қажетті құжатты таңдау қиын болады. Бұл жағдайда көру аралығын қолдануға болады, ол тек көрсетілген мерзім уақытындағы құжаттарды ғана көрсетеді.

Көру аралығын келесі мүмкіндіктер арқылы жүзеге асыруға болады:

  • мәзір командасынан «әрекет – мерзім аралығын таңдау»;
  • құрал-саймандар тақтасынан пиктограмманы таңдау;
  • тышқанның оң жағын басып, «мерзім аралығын орнату» командасын таңдау.

Егер де конфигурацияда көрсетілмесе журналдағы құжаттарды оның деректемелері арқылы немесе құжат түріне байланысты таңдау жасауға  болады. Журналдарда құжаттарды таңдау және бөлу, анықтамаларындағы көрсетілген қағидаты бойынша жүргізіледі.

Құжаттың құрылымы конфигурацияға өзгеріс енгізгенде жасалынады. Құжат бірнеше бөліктен тұруы мүмкін. Құжаттың басында оның деректемелері көрсетіледі. Мысалы, кәсіпорын, контрагент, қойма, келісімшарт және т.б. Ал, кестелік бөлігінде бір үлгідегі ақпараттар беріледі, олар номенклатура, көлемі, бағасы, ҚҚС соммасы және т.б.

Жаңа құжаттарды көшіру, өшіру немесе өзгерту жұмыстары  жоғарыда көрсетілген анықтамалармен жұмыс жасау қағидаты.

Құжатты өткізген кезде оның күйі өзгеру мүмкін, құжаттың қозғалысын регистрден қару үшін келесідей командаларды орындау қажет:

  • Ішкі мәзірді ашып құжаттың жылжу регистріне өтеміз.
  • Ішкі мәзірді ашып «Өту» және қозғалыс жасалған регистрді таңдау қажет.

Мәзірдің ішінен жасалатын құжатың керекті көріністі таңдап алу қажет. Содан соң экранда керекті құжаттың нысаны шығады. Нысанын толтыруы конфигурацияның кезңінде көрсетіледі. Бөлек құжаттардың конфигурациясында үлгіні өзгертуге мүмкіндік бар, ол келесідей жолдармен орындалады:

  • мәзір асты командасынан әрекет тақтасын – «негізгі»
  • құрал-саймандар тақтасынан пиктограмманы басу арқылы;
  • тышқанның оң жағын басып, мән-мәтін мәзірінен «негізгі» командасын таңдау.

Құжаттар тізімінің арасынан осы құжатқа қатысты құжатты таңдау керек. Одан кейін экранға жаңа құжаттардың үлгісі толтырылады,  оның жолдары басты құжаттың мәліметтері негізінде толтырылады. Толтыру ережелері конфигурация кезеңінде анықталады.

Кейбір операцияларының үлгілері конфигурация құжаттарында көрсетіледі. Мысалы, «шығыс төлем тапсырмасы», «салық есептері» немесе «жалақыны есептеу» операция түрін келесі жағдайлар бойынша өзгертуге болады. Мәзірдің командалары арасынан «операция» және қажетті құжаттың түрін таңдау.

Құжаттардан басқа келесі мүмкіндіктерді орындауға болады. Ол үшін құжаттың құрал-саймандар тақтасында пиктограмманы таңдау.

Тізімнен табу – осы мүмкіндікті орындағанда құжаттардың тізімі ашылады және курсор өзгертілетін құжатқа апарылады.

 Ағымдағы тізімді жаңарту – осы мүмкіндікті орындаған жағдайда құжаттағы бар ақпарат жаңарады. (бұл желілік жұмыс жасаған кезде қолданылады).

Өткізу- осы әрекеті орындаған кезде құжаттар өткізеледі.

Анықтаманы ашу – осы әрекетті орындағанда құжаттың анықтамалармен тізімі терезесі ашылады.

Құжаттың төмендегі командалық тақтасында арнайы түймелер бар, сол арқылы келесідей әрекеттер орындалады:

● Шығару – шығару түймесінің қасындағы көрсеткішті басқанда құжаттың шығарылуының бірнеше түрі көрсетіледі.

 ● «ОК» - бұл түймені басқанда мүмкін құжатты сақтауға «өткізуге немесе жабуға мүмкіндік береді».

● «Жабу» - бұл түймені басқанда құжаттар сақталмай жабылу мүмкіндігі бар.

● «Жазу» - бұл түймені басқанда көрсетілген құжатты жазу, яғни сақтау арқылы мүмкін көрсетеді.

 

Тақырып 2. 1С:Бухгалтерия жұмысының бағдарламасын дайындау

 

2.1  Қазақстан үшін «lС: Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу мүмкіндігі «Зодиак» ЖШС кәсіпорны мысалы негізінде қарастырылады. Автоматтандыру кезеңінде ұйым қаржылық – шаруашылық қызметті жүзеге асырды және бухгалтерлік есеп шоттары бойынша балансы бар.  

«Зодиак» ЖШС коммерциялық кәсіпорын болып табылады және қызметтің бірнеше түрімен айналысады: сервистік қызметтер көрсетеді, автобөлшектер саудасымен және жөндеу комплектісін өндірумен айналысады.  

Кәсіпорын құрылымы бірнеше құрылымдық бөлімшелерден тұрады: 

Әкімшілік;

Дүкен;

Өндірістік цех;

ТЖС

Токарлық цехы.

Сауда қыземті «Дүкен» бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады. 

Ары қарай басқа ұйыммен өткізіуі мүмкін және кәсіпорынның басқа құрылымдық бөлімшелерінде, мысалы автомашинаны жөндеу бойынша техникалық қызмет көрсету  станциясында өндірістік процеске қолданылатын жөндеу комплектілерін жасау өндірістік цехта жүзеге асырылады. Өндірістік цех өнімді тек өз шикізатынан жасап қана қоймай, берілген шикізатты қайта өңдеумен айналысады. 

Тапсырысшы материалы мен шикізатын қайта өңдеу келесі сатылардан тұрады: 

  • Тапсырысшы материалын жеткізу;
  • Тапсырысшы материалынан жөндеу комплектілерін жасау;
  • Дайын өнімді дайындағаннан кейін қалған қолданылмаған материалдарды       қайтару;
  • Дайын  өнімді тиеу.

Өз кезінде кәсіпорын жөндеу комплектілерін жасаумен айналысатын басқа да ұйымдармен араласады. Өндіруші – кәсіпорынға басқа ұйыммен дайын комплектіні жасау үшін материалдар беріледі, пайдаланылмаған материалдар қоймаға қайтарылады. 

Техникалыө қызмет көрсету станциясында автомашиналарды ағымдық жөндеу жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда автотранспорттық құралдарды жөндеуге кәсіпорынның қоймасынан шығарылатын қорлардың бөліктері қолданылуы мүмкін. 

Токарлы цех қосымша бөлімше болып табылады. Бұл бөлімше техникалық қызмет көрсету станциясы мен жөндеу комплектісін дайындау цехына қызмет көрсетеді, бөлшектің механикалық өңдеуімен айналысады. 

 «Зодиак» ұйымында келесі штаттық кесте бекітілген: 

 

Бөлімше атауы

Лауазым

 Ставка саны

Әкімшілік

  Басқарушы

1

 Бас бухгалтер

1

  Кассир

1

Дүкен

  Сату бойынша менеджер

1

Техникалық қызмет көрсету

 станция  

 Механик

1

 

 

Жөндеу комплектісін жасау бойынша цех

 Мастер

1

Токарный цех

 Токарь

1

 

Кәсіпорынның қызметкерлеріне еңбекақы төлеу орнатылған оклад көлемімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, әр түрлі қосымша төлемдер болуы мүмкін, мысалы сыйақы, басқалай қосымша төлемдер және т.б.  

 Ақша қаржылары есебі 

Зодиак ұйымының екі кассасы бар:

Негізгі касса-есеп валютасы теңге 

Касса (валюталық) – есеп валютасы ресей рублі  

Сонымен қатар қолма – қолсыз ақша қаржылары үшін екі есеп айырысу шоттары ашылған: 

№ 004581450 ТуранАлем Банкінде, есеп валютасы теңге 

№ 09854870 Альянс Банкінде, есеп валютасы ресей рублі  

ҚҚС және корпоративтік салық 

«Зодиак» ЖШС корпоративті табыс салығы мен қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. ҚҚС есепке енгізу жағдайында үйлесімді әдіс қолданылады, ҚҚС бойынша декларация салық комитетіне тоқсанына бір рет көрсетіледі. 

ТМҚ есептеу тәсілдері 

Кәсіпорын қоймасындағы ТМҚ есебі сандық – сомалық көрсеткіште жүргізіледі. Шикізат пен материалдардың өзіндік құнын бағалау жалпы кәсіпорын бойынша орташа өлшемді әдіс бойынша жүзеге асырылады. Тауарлар, дайын өнім сияқты ТМҚ басқа түрлерінің өзіндік құны ФИФО әдісі арқылы есептелінеді. 

Сатып алушы мен тапсырысшылармен өзара есеп айырысулар 

Сатып алушы мен тапсырысшылармен өзара есеп айырысулар  келісім – шарт бойынша, әр бір контрагентті бөлек қарастырып жүргізіледі. ТМҚ сатып алу кезінде «Кіріс» баға типі, өткізу кезінде келесі сызба бойынша есептелінетін: бөлшек баға = кіріс баға + 30% * кіріс бағасы «Бөлшек» баға түрі қолданылады. Мысалы, егер тауарды сатып алу бағасы 1000 тг болса, онда бөлшек баға = 1000 + (1000*30%) = 1300 тг.  

НҚ және МЕА есебі 

НҚ мен материалдық емес активтердің тозу сомасын есептеу үшін кәсіпорында тікесызықты әдіс қолданылады. НҚ «транспорттық құралдар» тобы үшін өндірістік әдіс қолданылады. Транспроттық құралдар бойынша амортизация сомасы жүрген километражға қарап анықталады. Әр бір транспорттық құрал бойынша тозу сомасын нақты көрсету үшін материалды жауапты тұлға ай сайын құрамында есепті кезеңде автомобильдің жүрген киломерт мөлшері туралы ақпарат болатын есеп ұсынады. 

Дайын өнім мен қызмет көрсету өндірісі есебі 

Шығарылған дайын өнім мен өндірілген қызмет өзіндік құнының нақты есебі қайта бөлісу бойынша жүргізіледі. Жанама шығындарды бөлу базасы болып материалды шығындар жатады. Жалпы өндірістік шығындар сомасы ай аяғында 8110 – негізгі өндіріс шотына жабылады, барлық бөлімшелер, номенклатуралы топ және шығын баптары бойынша бөлінеді. 

2.2  Конфигурациямен жұмыстың бірінші сатысында кәсіпорын туралы мәліметтер енгізу керек, классификаторлар мен анықтамаларды толтыру, көрсеткіштер тізімін енгізу және ағымдық көрсеткіш параметрін өңдеу, шоттар мен операциялар қалдығын енгізу керек, егер бағдарламаны орнату кезінде кәсіпорын қаржылық - шаруашылық қызмет жүргізсе.

Жүйенің ақпараттық базасын бірінші рет жіберген кезде бірінші ретті толтыруды жүргізу ұсынылады, сонымен қатар оны ары қарай жаңарту үшін Ақпараттық базаны жаңарту арнайы өңдемесін қолдану ұсынылады, форма автоматты түрде ашылады және ақпараттық базамен жұмыстың бірінші сатысында орындауға ұсынылатын қызметтер сипаттамасынан тұрады. 

Ақпараттық базаны бірінші рет жібергенде бағдарлама Ұйым, Бөлімше, Касса  сияқты анықтамаларды автоматты түрде толтырады. Ақпараттық базаны толтыруды анықтамалық ақпарат мен классификаторларды толтырудан бастау қажет. Классификаторлар ақпараттық базамен жұмыстың кез келген кезінде толтырыла алады, бірақ кейбір жүйелер оларды бірінші ретті жібергенде толтыруды ұсынады. 

Валюта анықтамасында ұйым есеп жүргізетін валюта бағамы туралы ақпарат болады, оны банк және касса – Валюта мәзіріі арқылы ашуға болады. Бірінші жіберу кезінде Валюта анықтамасы екі валютадан тұрады, бұл қазастандық теңге мен евро.  Бұл анықтамаға жаңа валютаны қосуды валюта классификаторында жүзеге асыруға болады. Ол үшін анқытамада «Таңдау» түймесі бар, бұл түймені басқанда текстік файл ашылады, онда керекті жазбаны тауып, сол жақ түймені екі рет басу арқылы жаңа валюта енгізуге болады. Валюта анықтамасын толтыру кезінде валюта параметрлерін, осы параметрлердің мәнін және бағамын көрсету керек

Ұйым туралы мәлімет тұрақты және шартты – тұрақты ақпаратқа жатады. Қазақстан үшін «lС: Бухгалтерия            8.1» конфигурациясында бір ақпараттық базаға бірнеше заңды тұлға есебін енгізуге болады.  Өзара есептесу әр ұйымның өз атынан бөлек жүргізіледі.  

Әр бір ұйым бойынша мәліметтерді енгізу үшін Ұйымдар анқытамасы арналған, оны Кәсіпорын – Ұйымдар мәзірі арқылы ашуға болады. Ұйымдар анқытамасын бірінші жібергенде ол негізгі ретінде орнатылған «Біздің ұйым» деген бір ұйымнан тұрады. Жұмыстың бірінші сатысында анықтаманың бұл элементін ашып, оған ұйым бойынша ақапаратты енгізу маңызды болып табылады. 

Ұйымдар анықытамасында келесі негізгі мәндер көрсетіледі: РНН, КБЕ, Салық Комитеті, негізгі банктік шот, ҚҚС бойынша есеп беру куәлігі. «Байланыс ақпараты» бет-белгіде ұйымның заңды, пошталық  мекен – жайы бойынша, электронды мекен – жай, және ұйымның байланыс телефондары көрсетіледі. «Кодтар» анықтамасында көрсетілген мәліметтер құжаттың баспа формасында және есепте көрсетіледі. Егер ұйымның Контрагенттер анықтамасындағы Контрагенттер жолында «Басқалай» бет-белгідегі филиалы болса, онда филиалдарда онымен есеп айырысуда ұйымды идентификациялайтын мәндер алынады. Бас ұйым жолында өзіндік заңды тұлға болып табылмайтын филиалдар, өкілдіктер үшін арналған.  

«Кассалар» бет-белгіде ақпараттық базаны бірінші рет жібергенде »Негізгі касса» атаулы жазба шығарылады, осы жазбаны ашып, сәйкес өзгерістер енгізген жөн. 

2.3  Жүйені әр бір пайдаланаушы үшін бөлек өңдеулер мен мәндерді көрсетуге болады, мысалы: 

«Басқалай өңдемелер» тобы 

Құжатты ашқанда күнге жайғасым – егер бұл деректемелері бойынша осы жалауды орнатса, пайдаланушы жаңа құжат жасағанда, курсор автоматты түрде «Күн» жолында жайғасады.

   Валюта мәліметтерінсіз есепті құрастыру – егер бұл белгі деректемелер орнатылса, онда «Валюталық» белгісі орнатылған бухгалтерлік есеп шоттары бойынша барлық есептерді ақпараттар валюта көрсетілімінсіз көрсетіледі. 

«Құжаттар мен анықтамаларда негізгі мәндер» тобы:

Жаңасын енгізген кезде операция түрлерін сұрау – деректемелер бойынша осы жалау орнатылса, онда жаңа құжаттарды жасау кезінде операцияның нақты түрі сұрастырылады; 

Салықтық есепте құжаттарды көрсетпеу – бұл белгіні орнату кезінде кіріс және шығыс бөлігін құратын барлық құжаттарда «Салықтық есепте көрсету» белгісі айырылады; 

  Өзара есептесудің негізгі валютасы  - берілген пайдаланушы енгізетін контрагенттермен келісім – шарттың валютасы;

Классификаторға өлшемнің негізгі бірлігі – өлшем бірлігі жаңа жазбаларды енгізген кезде Номенклатура анықтамасына өздігінен енгізіледі; 

Негізгі ұйым   - жаңа құжаттар құрылатын ұйым;

Акциздің негізгі мөлшерлемесі   – ТМҚ өткізу бойынша құжаттарда акциздің негізгі мөлшерлемесі;

Негізгі касса – жаңа касса құжатын құру кезінде орнатылтан касса;

ҚҚС негізгі мөлшерлемесіі - жаңа жазбаларды енгізген кезде Номенклатура анықтамасына өздігінен енгізілетін ҚҚС мөлшерлемесі;

Ұйымның негізгі бөлімшесі Бөлімше мөлшерлемесі кездесетін жаңа құрылған құжаттарда орнатылатын ұйым бөлімшесі;

Айналымның негізгі түрі – ҚҚС есептегенде айналым түрі;

Акцизделетін операциялардың негізгі түрі - ТМҚ өткізу құжаттарында акциз декларациясында нақты көрсетілуге арналған акциз бойынша операциялардың негізгі түрі;

Өткізу операциялары негізгі түрі – өткізу құжаттарында қойылатын өткізу операцияларының негізгі түрі;

Акцизделетін ТМҚ негізгі түрі – Номенклатура анықтамасының жаңа элементтері үшін орнатылатын акцизделетін ТМҚ түрі;

ҚҚС үшін түсудің негізгі түрі  - есептелетін ҚҚС негізгі түрі;

Негізгі жауапты түлға – құжатта шаруашылық операцияның аяқталуына жауапты тұлға ретінде көрсетілетін ұйым жұмысшысы;

Негізгі қойма   - Қорлардың келуі мен қозғалысы операцияларын көрсететін құжаттарда көрсетілетін сақтау орны; 

Сату бағасының негізгі түрі – сату бойынша жаңа құжаттарда қолданылатын номенклатура құнының түрі. 

«Қызметтер панелі» тобы: 

Қызметтер панелін көрсету – бұл белігін орнатуда бағдарламаны қосқанда қызметтер панелі әрқашан көрсетіледі; 

Жабу кезінде растауды сұрау  – бұл белгі бағдарламаны жапқанда ағымдағы ақпарттық базаны жабу/жаппау туралы растау мәлімдемесі шығу үшін орнатылады. 

Корреспонденциялық шоттарды бақылау   - корреспонденциялық шоттарды бақылау үшін орнатылады. 

Есептің басталған енгізілген күні – есепті кезеңнің басталу күні ретінде орнатылатын күн. 

Көрсеткіштер файлдарының негізгі тізімдемесі– сыртқы файлдар сақталынатын тізімдеменің аты. 

Құжаттарда есеп шоттарын көрсету – барлық құжаттарда бұл белгіні орнатқанда, «Есеп шоттарын Көрсету/Жасыру» бағытымен айырылады. 

Жүргізу кезінде қозғалысты көрсету – егер бұл белгі орнатылса, құжатты жүргізгеннен кейін барлық регистерлер бойынша осы құжаттық қозғалысы көрсетіледі. 

Барлық ұйым бойынша есеп  – бұл жалауды орнатқанда, Ұйымдар анықтамасында құрылған барлық ұйымдар есебін жүргізуге мүмкіндік береді. 

Есеп саясаты «бухгалтерлік есеп) 

0 Есеп саясаты қаржылық есепті жасау және көрсету кезінде кәсіпорынмен қабылданған қағидаттар, әдістер,рәсімдемелер мен тәртіптерден тұрады. Есеп саясатын жасау әр бір стандартта көрсетілетін бір тәсілді таңдап алу, кәсіпорын қызметі шартына байланысты оны негіздеу, бухгалтерлік есепті жүргізудің негізі ретінде қабылдауда болып табылады. Ұйымның есеп саясатының бөлек элементтері Қазақстан үшін «lС:Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында автоматты бағытпен ұсталынады. Бухгалтерлік есептің есеп саясаты мәліметтерін толтыру үшін Кәсіпорын – Есеп саясаты – Есеп саясаты (бухгалтерлік есеп) мәзірін таңдау керек. 

Есеп саясаты туралы жаңа жазба енгізу кезінде кезеңді көрсету керек – берліген есеп саясаты қолданылатын жылдың басталу күнін көрсетілуі керек. Өндірістік қызметпен айналысатын ұйым үшін есеп саясатында бухгалтерлік есепті, өндірістің өзіндік құнын есептеу әдісін бөлім мен шек бойынша көрсету керек. Шек бойынша есептеу әдісі бөлек бөлімдермен жартылай фабрикаттарды шығару есебінде қатаң түрде бақыланады. Егер «шығыршықтану» жағдайы туындаса, шек тәртібін пайдаланушы анықтайды. Өнімнің мұндай шығарылымы өндіріс бойынша қарама – қарсы қызмет шығарылымы деп аталады.  

Бөлім бойынша есептеу әдісі оңайлау және шектер бөілмдермен сәйкес келетін жағдайларда пайдаланыла алады. 

Есеп саясаты (салықтық есеп)

Салық есебі бойынша ұйымның есеп саясаты мәліметтерін толтыру үшін конфигурацияда Есеп саясаты мәліметтер регистрі қолданылады. 

Салық есебі Есеп саясаты туралы жаңа жазба енгізген кезде «Кезең» жолындағы «негізгі» бет*белгісінде басталу уақыты көрсетіледі. 

Берілген регистрде ұйым ҚҚС, әлде табыс салығы төлеушісі болатын белгісі көрсетіледі. «ҚҚС» бет-белгіде ҚҚС декларациясын көрсететін салық кезеңі және ҚҚС есепке енгізу әдісі көрсетіледі. «Салықтар, салымдар, еңбекақы жарналары» бет-белгісінде жеке табыс салығын есептеу және салық есебі бойынша міндетті зейнетақы төлемдерін есептеу әдістері анықталады, мысалы, «ЖТС және ЗҚ есептеу кезінде есептелген сомаларды есепке ұсталынған ретінде қабылдау» белгісін орнату кезінде салық есебі бойынша ЖТС және ЗҚ сомалары нақты бережақ, қағидат бойынша есептелінеді. Егер бұл белгі орнатылмаса, ЖТС және ЗҚ сомалары төленген кірістердің үлестік салмағы бойынша есептелінеді. «Тіркеу кезеңі бойынша көрсету» деректемелері салықты есептеу кезеңіне әсерін тигізеді, егер жалау орнатылса, салықтар кірістерді тіркеу уақытында ұсталынады. Бұл белгі орнатылған кездегі мысалды қарастырайық. Қызметкер 15.02.2008 ж. 25.01. – 10.02. уақыты аралығындағы ауруханалық қағазды ұсынды, бұл қағаз бойынша есептеу ақпанда тіркеледі, сәйкесінше, бағдарлама салық бойынша төлемді осы айда ұстайды. Салық есебі бойынша есеп саясатында әлеуметтік салықты есептеу тәртібі орнатылады. 

Есеп саясаты (персонал бойынша).

Қазақстан үшін «lС:Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында қызметкерлердің құрамы қозғалыс есебін жұмысшылар есебін бір жұмыс орны бойынша және қосарлау арқылы жүргізуге болады. Сонымен қатар есепті жұмысшылардың табельдік нөмірі және табельдік номір есебінсіз жүргізуге болады. Есеп саясатын қызметкерлер құрамы есебіне бейімдеу үшін Кәсіпорын – Есеп саясаты – Есеп саясаты (қызметкерлер құрамы бойынша) мәзірін ашу керек. 

Шоттар бойынша бағамдық айырманы есептеуді орнату 

Бағамдық айырма бойынша операцияларды орындау параметрлерін орнату үшін «Қазақстан үшін бухгалтерия» конфигурациясында арнайы мәліметтер регистрі қарастырлған: қайта бағалаудың ерекше  тәртібі бар шоттар және бағамдық айырманы көрсету шоттары. 

«Валюталық құралдарды қайта бағалау» операциясымен алғашқы құжаттарды және Айдың жабылуы құжатын жүргізген кезде бағдарлама автоматты түрде бағамдық айырма бойынша проводкалар құрады. Егер ұйымда шоттағы валюта сомаларына қайта бағалау жүргізу қажеттігі болмаса, алғашқы құжаттарды жүргізу кезінде Қайта бағалаудың ерекше тәртібі бар шоттар регистрін толтыру қажет. Бұл регистрде орнатылған мойындау әдісіне сәйкес қайта есептелетін барлық шоттар көрсетіледі:  

Есептемеу– шоттар бойынша қалдықтар қайта бағаланбайды. 

Регламентті – валюталық қалдық бойынша қайта бағалау тек Айдың жабылуы құжаты арқылы жүзеге асырылады. 

Операциялар бойынша– валюталық қалдықтарды бағалау тек алғашқы құжаттар арқылы жүзеге асырылады. «Валюталық құралдарды қайта бағалау (БЕ)» операциясында Айдың жабылуы құжаты қатыспайды. 

Бағамдық айырмашылықты көрсету әдісі мәліметтер регистрінде бухгалтерлік, салықтық есеп шоттары туралы, аналитикалық есеп объектілері туралы мәліметтер сақталынады. 

Есептеу парамертлерін өңдеу 

Ақпараттық базаны дайындаудың маңызды сатысына ТМҚ аналитикалық есебін сақтау орны бойынша және контрагенттермен есеп айырысу аналитикалық есебін өңдеу болып табылады. Анатиликалық есеп параметрлері Кәсіпорын – Есеп параметрлерін өңдеу мәзірі арқылы жүзеге асырылады. 

«ТМҚ аналитикалық есебі» бет-белгісінде сақтау орны бойынша ТМҚ аналитикалық есебі үшін белгілер орнатылады: 

Қоймалық есепті жүргізу – бұл жалауды орнатқанда, конфигурацияда ТМҚ есебін ақтау орнында жүргіу мүмкіндігі туады. 

Қойма бойынша сомалық есеп жүргізу – бұл белгіні орнату ұйымның барлық қоймасы бойынша ТМҚ есебін сандық – сомалық сипатта жүргізуді көрсетеді, егер жалау орнатылмаса, ТМҚ өзіндік құны әр бір қойма бойынша бөлек есептелінеді. 

Есеп айырысу құжаттарында контрагнеттермен аналитикалық есебі «Контрагенттремен есеп айырысу аналитикалық есебі» бет-белгісінде «Құжат бойынша есеп жүргізу» жалауын орнату арқылы жүзеге асырылады. Бұл белгіні орнатқанда, контрагенттермен есеп айырысу есеп шоттарында тағы бір аналитикалық тілім қосылады – «Контрагенттремен есеп айырысу құжаты» субконтосы. 

Егер ұйымда кірістер мен шығыстар есебін бөлімдер бойынша жүргізу қажеттігі туса, «Құрылымдық бөлімшелер» бет-белгісінде «Құрылымдық бөлімшелермен жұмысты қолдау» белгісін орнату қажет. 

Тауарлы – материалдық қорлар параметрлері өңдемесі 

Конфигурациямен жұмыстың бірінші сатысында қорларды бағалау әдісін көрсету керек, бұл – тауарларғ материалдар, дайын өнімді түсіру және шығару кезінде құнын бағалау әдісі.Қорларды бағалау әдісін көрсету үшін Кәсіпорын – Қорды бағалау әдісі мәзірін ашу керек. Конфигурацияда қорларды бағалаудың үш әдісі қарастырылған:

- Орташа бойынша;

- ФИФО;

- ЛИФО;

Типтік шоттар жоспары

Қазақстан үшін «1С:Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында бухгалтерлік есептің шоттар жоспары мен салық есебінің арнайы шоттар жоспары бар.  

Қазақстан үшін «1С:Бухгалтерия 8.1» конфигурациясы заңнамада көрсетілген тәртіпте шоттар мен, субшоттармен толтырылған шоттар жоспарымен бірге келеді. 

Шоттар жоспары барлық ұйымдар үшін біркелкі болып келеді. 

Бухгалтерлік есептің шоттар жоспарын қарау үшін Кәсіпорын – Шоттар жоспары – Типтік шоттар жоспары мәзірін басу керек. Шоттар жоспары жазбалар тізімінен тұрады, оның әр қайсысы сипаттамалармен сипатталады:   

- Бағыт белгісі;

- Код;

- Атау;

- Бағыныш;

- шот түрі ;

- шот түрі;

- Проводкада қолданылуы;

- Валюталық және сандық есеп белгілері;

- аналитикалық есепті жүргізу.

Шоттар жоспарының шоттары «Конфигуратор» немесе «1С:Кәсіпорын» бағытында енгізіледі. Бухгалтерлік есептің бірінші және екінші деңгейлі шоттары Шоттар жоспарында біркелкі көрсетіледі. 

Шоттар жоспарының әрбір шоты мен аналитикалық шотының нөмірі бар. 

Синтетикалық шоттың «Атауы» деректемелерде шоттың немесе синтетикалық шоттың толық атауы болады. 

«Шотқа бағынышты» деректемені шот пен оған ашылған синтетикалық шот арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. «Шотқа бағынышты» жолында осы синтетикалық шот жататын шоттың сілтемесі көрсетіледі. Мысалы, синтетикалық шот ­«1020» - «жолдағы ақша қаржылары» «1030» - «ақшалай қаржылар» шотына бағынышты. 

Әрбір шотқа, синтетикалық шотқа оның балансқа қатынасы бойынша оның түрі беріледі. Шот активті, пассивті, активті – пассивті болып бөлінеді. Тізім формасында шот түрі «Акт» графасында көрсетіледі: 

А - активті;

П - пассивті;

А/П - активті-пассивті.

Шот немесе синтетикалық шот келесі мінездемеде болуы мүмкін:

Баланстан тыс – конфигурация корреспонденциялық шоттың барын бақыламайды, баланстан тыс шоттар бойынша екіжақты жазу қағидасын ұстану бақыланбайды.  

Валюталық – валюталық есеп жүргізу белгісі. 

Сандық – сандық есепті жүргізу белгісі 

Проводкаларда қолдануға шек қою – бұл жалауды орнатқанда, бағдарлама жалпы шот бойынша проводка құруға мүмкіндік бермейді.   

Конфигурацияда шоттар мен синтетикалық шоттарда синтетикалықтан басқа аналитикалық шотты жүргізуге болады. Мысалы, 1300 «қорлар» шотында аналитикалық шотты сақтау орнымен номенклатура бойынша жүргізу керек. 

Аналитикалық шот өңдемесі – шот белгісі ретінде көрсетілетін субконто түрі. Әрбір шот бойынша параллельді түрде субконтоның үш түрін қолданып аналитикалық жүргізіле алады. 

Салық есебінің шоттар жоспары. 

Шоттар жоспары шаруашылық операцияларды салықтық есепте көрсету үшін қолданылады. Сонымен қатар, берілген шоттар жоспары нақты және уақытша айырмашылықтар есебі үшін қолданылады.

Салықтық есептің шоттар жоспары шоттар құрылымы мен орнатылған сипатына байланысты бухгалтерлік есептің шоттар жоспарына ұқсас. Бұл бухгалтерлік және салықтық есеп мәліметтерін сәйкестендіруді оңайлатады. 

Салық есебінің шоттар жоспарын Кәсіпорын – Шоттар жоспары – Салық есебінің шоттар жоспары мәзірі арқылы ашуға болады. 

Салық және бухгалтерлік есеп шоттар жоспарының арасындағы айырмашылықтар келесілер: 

- салық есебінің барлық шоттары баланстан тыс болып табылады, яғни салық есебінде проводкалар корреспонденциялық шоттарсыз бола алады. 

- салық есебінің шоттар жоспарында Н410 «мүлік, жұмыс, қызмет, құқықтық келуі мен кетуі» шоты бар. 

- табыс салығына әсер етпейтін есеп шот объектілері жоқ. 

Субконто түрлері (бухгалтерлік және салықтық есеп)

Бір түрдегі объектілер топын көрсету үшін конфигурацияда «субконто түрлері» түсінігі қолданылады. Мысалы, субконто түрлері контрагенттер, заңды тұлғалар, бюджетке төлем түрлері және т.б. жатады. Субконтоның әрбір түріне бір түрдегі көптеген объект түрлері сәйкес келеді. 

Бухгалтерлік және салықтық есептің сәйкестігі 

Бухгалтерлік және салықтық есептер шоттарын орнату үшін БЕ және СЕ шоттар сәйкестігін орнату құжатымен жүзеге асыруға болады.

Шоттар сәйкестігі қолданылады: 

- құжаттар деректемелерін толтыру кезінде салық есеп шоттарын автоматты түрде орнату үшін;

- Бе және Се бойынша алғашқы құжаттарды жүргізу нәтижесінде шығарылған активтер мен міндеттемелерді бағалауда айырмашылықтарды көрсету және есептеу үшін. 

Бұл құжат автоматты түрде «Толтыру» түймесі арқылы толтырылады.  Құжатты толтырудың екі нұсқасы бар: 

- Ағымдағы сәйкестік бойынша.

- Өзіндік.  

БЕ және СЕ шоттар сәйкестігін орнату құжаты 01.01.1980 ж. бастап конфигурацияны бірінші жібергенде немесе жаңартқанда автоматты түрде толтырылады. 

Шоттар бойынша алғашқы қалдықты енгізу 

Қазақстан үшін «1С:Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында әрекеттегі ұйым жұмыс жасай бастаса, ақпараттық базаны қолдануға дайындауды шоттардағы кіріс қалдықты енгізу аяқтайды.  

Ұйым есепті жүргізе бастау күнін анықтауы керек. Есепті жүргізуді жылғы, тоқсан, ай басынан бастау ұсынылады. Бастапқы қалдықты енгізу күні алдыңғы жылдың ең соңғы календарлық күні болу қажет. 

Кіріс қалдықты енгізу үшін Операция құжаты қолданылады. 

Бухгалтерлік есеп шоттар қалдықтарын енгізу кезінде корреспонденциялық шот ретінде субшоты жоқ «000» қосымша шоты қолданылады. Шоттар бойынша қалдықтар келесі қағидаттар бойынша енгізіледі: егер шот бойынша қалдық дебеттік болса, онда қалдықты енгізген кезде «ДТ шоты» жолында бізге қажетті шотты таңдаймыз, ал «КТ шоты» жолына «000» шотын таңдаймыз.  

Егер шотта валюталық есеп жүргізу жалауы орнатылса, қалдықтарды енгізу кезінде валютаны таңдап, валюталық соманы көрсету керек. 

Егер шот бойынша аналитикалық есеп жүргізілсе, онда қалдықты енгізу кезінде есеп шоттарымен қоса аналитикалық есеп объектілерінің нақты мәні көрсетіледі. 

Кіріс қалдықтары дұрыс енгізілгеніне көз жеткізу үшін Айналыс – қалдықтық тізімдеме стандартты есебін қолануға болады. Есепті құрастыру алдында кезеңді қалдықты енгізу күні немесе нәтиже кезеңінің ішінде,кейде орнатылған кезеңнің алдында болатындай етіп бухгалтерлік нәтиже кезеңін орнату керек. Айналыс – қалдықтық тізімдемеде «000» шоты бойынша қалдыққа көңіл бөлген дұрыс. Барлық кіріс қалдықты енгізгеннен кейін бұл шотта қалдық болмауы тиіс.  

Алдыңғы салықтық кезеңдерден орын ауыстыратын ҚҚС сомасын Жинақтама регистрлер жазбаларын түзету құжатында көрсету керек. Құжатта операцияны орныдау күні көрсетіледі. Берілген регистрдің кестелік бөлігін келесідей толтырамыз: 

Қозғалыс түрі – Кіріс;

Ұйым – алдыңғы кезеңдегі ҚҚС сомасын аударуды жүзеге асыратын ұйым.  

ҚҚС сомасы - ҚҚС сомасы. 

Бухгалтерлік есеп шоттар бойынша кіріс қалдықтар бухгалтерлік есептің әрбір бөлімін қарастыру бойынша енгізіледі. 

Есептің актуальдылығы күні 

Ақпараттық базада жинақталған мәліметтердің үлкен көлемі, сонымен қатар есепті бөлшектеудің үлкен деңгейінда ақпараттық базаға жаңа құжаттарды енгізу және оларды жүзеге асыру мәнді түрде тежеледі. 

Оперативті жұмысты тездету үшін Есептің актуальдылығы күні формасын қолдануға болады. 

Бұл формада ұйым мен күн көрсетіледі. Осыдан кейін құжатты кейінгі күнмен жүзеге асыру жеңілдетілген сызба бойынша жүзеге асырылады. 

Есептің әр түрі үшін есептің актуальдылық күнін бөлек көрсетуге болады. 

Актуальдылық күнін кейінгі күнге ауыстыруға болады. Актуальдылық күнін өзгерту кезінде  жүйе құжатты қайта жүзеге асыру рәсімдеуін ұсынады. Берілген рәсімдеу ұзақ уақыт алады.   

Мәліметті өзгертуге тыйым салу

Кезеңді жапқаннан және септі тапсырғаннан кейін жабылған кезең есеп мәліметтеріне өзгеріс енгізуге тыйым салуды орнатқан жөн. Мәліметті өзгертуге тыйым салу күнін орнату үшін Мәліметті өзгертуге тыйым салу функциясын қолданған жөн. Форманы ашу үшін Сервис - Мәліметті өзгертуге тыйым салу менюін ашу керек. .  

Формада мәліметті өзгертуге тыйым салу күнін орнатудың бірнеше әдісін таңдауға болады: 

Жалпы күн – жұмыс ақпараттық базасында бар барлық ұйымдар мен көрсеткіштер үшін редакциялауға тыйым салудың жалпы күні.

Ұйымдар бойынша – бұл әдісті таңдағанда, тыйым салу күнін әрбір ұйым үшін бөлек орнатуға болады. 

Ұйым мен рөл бойынша – редакциялауға тыйым салу күні әр бір ұйым мен көрсеткіш рөлі бойынша бөлек орнатылады. 

Бұл формада орнатылған күн жүйе оған дейін құжатты қайта жүзеге асыру немесе өзгертуге тыйым салынатын күн болып табылады.  

Пайдаланушы немесе пайдаланушы тобы бойынша тыйым салу күнін орнату үшін «Негізгі күн» бет-белгісінде «Қосу» түймесін басу керек және сәйкес мәндерді таңдау керек: «Пайдаланушы тобын қосу» немесе «Пайдаланушыны қосу. «Күніне» жолында мәліметті өзгертуге тыйым салу күнін орнату. 

2.4   Жеке тұлғалар анықтамасы 

Кәсіпорынның жеке тұлғалары туралы ақпарат  Жеке тұлғалар анықтамасында сақталады. Анықтаманы Еңбекақы – Жеке тұлғалар мәзірі арқылы ашуға болады. 

Жеке тұлғалар бойынша ақпаратты оңай табу және қарау үшін анықтамадағы жазбаларды құрылымдауға болады. Мысалы, жеке тұлғалар туралы ақпаратты қызметкерлер жасайтын бөлімдер бойынша құрылымдауға болады. 

Жеке тұлғалар анықтамасы келесі деректемелерден тұрады: 

Аты – анықтама элементі атауы, бұл жолда қызметкердің аты, жөні және фамилиясын, сонымен қатар қызметкерді тез табуға көмектесетін қосымша ақпарларды көрсетуге болады.  «Аты» жолында көрсетілетін ақпарат бір фамилиялы немес бір аттыларды айыруға мүмкіндік береді;

Аты – жөні, тегі – бұл деректемеде жеке тұлғаның аты, жөні, тегі көрсетіледі. Бұл деректеме кезеңдік болып табылады. Бұл деректеменің жұмыс істеу уақытын «Дәлірек» түймесін басу арқылы жүзеге асыруға болады, деректеменің тарихын «Тарих» түймесін басу арқылы жүзеге асыруға болады. 

«Жалпы» бет-белгісінде барлық негізгі жеке мәліметтер толтырылады: РНН, СИК, зейнетақы қоры, туылған күні, жынысы және т.б, сонымен қатар мүгедектік туралы және ҰОС мүгедектері туралы ақпарат көрсетіледі. 

«Қосымша ақпарат» бет-белгісінде келесі ақпарат көрсетіледі: еңбекақы аударған уақытта карт. Шоты туралы ақпарат, мекен – жай, телефон сияқты байланыс ақпараты. 

 

Тақырып 3. Ақшалай қаржылар есебі

 

3.1 Қазақстан үшін «lС: Бухгалтерия  8.1» конфигурациясында қолма – қол және қолма – қолсыз ақшалай қаржылар есебін жүргізу мүмкіндігі жүзеге асырылған.  Ұйымның касса және есеп айырысу шоттары бойынша ақшалай қаржылар қозғалысы есебін ұйымдастыру үшін келесі анықтамалар қарастырылған: 

  • Ақшалай қаржылар қозғалысы баптары
  • Кассалар
  • Банктер.

Құжаттар:

  • Кіріс касса ордері;
  • Шығыс касса ордері;
  • Кіріс төлем тапсырмасы;
  • Шығыс төлем тапсырмасы;
  • Ақшалай қаржының түсуі туралы төлем ордері ;
  • Ақшалай қаржының шығуы туралы төлем ордері;

Сонымен қатар «банк көшірмесі» өңдемесі.

Ақшалай қаржылар қозғалысы Баптары анықтамасы

Конфигурациядағы ақшалай қаржылылар есебінің барлық шоттарының  Ақшалай қаржылар қозғалысы баптары атты анықтамада негізделген «Ақшалай қаржылар қозғалысы шоттары» кері субконтосы бар. Берліген субконто бойынша есепті ұйымдастыру конфигурацияда ақшалай қаржылар объектілері бойынша ғана емес, сонымен қатар ақшалай қаржылар қозғалысы операциялары бойынша ақпаратты бақылауға мүмкіндік береді. Бұл үшін ақшалай қаржылар есебі бойынша барлық құжаттарда «АҚҚ бартары» атты деректемелер болады. Бұл деректемелрді толтырған кезде Ақшалай қаржылар қозғалысы баптары атты анықтамасынан элементтер таңдалынып алынады, мысалы: «жабдықтаушылар мен мердігерлерге төлемдер», «Тауарды, жұмысты, қызметті сатудан түскен ақшалай қаржылар» және т.б. Ақшалай қаржылар қозғалысы баптары атты анықтамасын Банк және касса - Ақшалай қаржылар қозғалысы баптары мәзір арқылы ашуға болады.

Ақшалай қаржылар қозғалысы Баптары анықтамасында келесі деректемелермен толтырылады: 

Атауы – бап атауы;

Қызмет түрі - операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтер;

Қозғалыс түрі – түсуі және шығуы;

Ақшалай қаржылар қозғалысы – «Ақшалай қаржылар қозғалысы туралы есеп» атты регламенттелген есепте көрсетілген қозғалыс түрлеріне сәйкес келетін қозғалыс түрлері, анықтаманың анықталған элементтері.

Ақшалай қаржылар қозғалысы баптары атты анықтамасын өздігінен немесе анықтама терезесінің командалық панелінде орналасқан «Толтыру» жапсырмасын басу арқылы автоматты түрде толтыруға болады.

Ақшалай қаржылар қозғалысы баптары атты анықтамасын дұрыс толтыру Ақшалай қаржылар қозғалысы туралы регламенттелген есепті дұрыс толтыруға әсер етеді. 

3.2.Кассалар анықтамасы

Кассалар анықтамасы кәсіпорын кассалары бойынша ақпаратты сақтауға арналған. Кассалық операциялар есебін регламенттелген есеп  валютасы бойынша ғана емес, Валюта анықтамасында анықталған баспа да валютада жүргізуге болады.  Касса анықтамасын мәзірдің Банк және касса – Кассалар арқылы ашуға болады. 

Кассалар анықтама элементі келесі деректемелерден тұрады:

Атауы – касса атауы. Касса анықтамасында әрқашан да «негізгі касса» атты элемент болады.  Атауы кассы;

Жауапты тұлға – кассаның материалды жауапты тұлғасы (кассир), бұл жолды толтыру кезінде Жеке тұлғалар анықтамасы ашылады, одан қажетті мәнді таңдап алу керек. «Жауапты тұлға» деректемелері кезең деректеме болып табылады, бұл деректеме мәнінің өзгеру тарихын «Тарих» түймесін көмегімен тексеруге болады. 

Валюта – есеп валютасы.

Ұйым кассасындағы ақшалай қаржылар қозғалысы бойынша проводка құрылатын есеп шоттары «Өту» түймесі көмегімен жүзеге асырылады. 

Кіріс касса ордері

Ақшалай қаржылардың касса түсуі операцияларын Кіріс касса ордері құжаты көмегімен жүзеге асырылады. Бұл құжат арқылы келесі шаруашылық операциялар түрлері көрсетіледі: 

  • «Сатып алушының төлемі»
  • «Есепті тұлғаның ақша қаржыларын қайтаруы»;
  • «Жабдықтаушылардың ақша қаржыларын қайтаруы»;
  • «Жұмысшылардың ақша қаржыларын қайтаруы»;
  • «Банкте қолма – қол ақша қаржыларын алу»;
  • «Контрагенттермен несие және қарыздар бойынша есеп айырысу»;
  • «ақша қаржыларының басқалай түсуі».

Операция түрі «Операция» түймесі арқылы орнатылады. Шаруашылық операция түрін таңдауға байланысты Кіріс касса ордері құжатының деректемелік құрамы өзгереді. 

«Сатып алушы төлемі» операциясымен сатып алушыдан келіп түскен қолма – қол ақша қаржы тіркеледі. Құжатта ақша қаржысы келіп түсетін контрагентті алып тастап, оны келісім – шартта көрсету керек. Өзара есеп айырысу бойынша келісім – шарт ретінде «сатып алуышымен» түрі орнатылған келісім – шартты таңдау керек.  Қосылған құн салығы мөлшерлеме мен сомасын көрсету, проводкаларды құру үшін корреспонденциялық шоттарды көрсету. Құжатты жасау кезінде автоматты түрде келісім – шарт бойынша есеп айырысу жағдайы анықталынады. Егер құжатта «аванс шоты» деректемесі толтырылып тұрса, онда келіп түскен сома автоматты түрде аванс пен төлемге бөлінеді. 

Есепті тұлғаның ақшалай қаржы қайтарымын тіркеуге «Есепті тұлғаның ақша қаржыларын қайтаруы» операциясы арналған. Берілген операция түрін таңдау кезінде құжаттың сыртқы түрі өзгереді, түрде жұмысшылар тізімінен есепті тұлғаны таңдау жолы көрсетіледі, құжаттың кестелік бөлігінде есепті тұлға бойынша қарыздың мағынасы көрсетіледі. 

Жабдықтаушының қайтарған қолма – қол ақша қаржысының келіп түсуі «Жабдықтаушының ақша қаржысын қайтаруы» операциясымен бейнеленеді. Келісім – шарт ретінде «жабдықтаушымен» түрі орнатылған келісім – шартты таңдау керек. 

«Сатып алушыдан төлем» және «жабдықтаушының ақша қаржысын қайтаруы» операциялары үшін командалық панельде «Тізім» түймесі арналған. Оны басу кезінде «Төлем деректемесі» бет-белгіде «Төлем түрі» бөлімі кесте түріне енеді. Бөлімнің мұндай түрі бір кіріс ордері бойынша бірнеше келісім – шарт немесе бірнеше есеп айырысу құжаттарындағы ақша қаржылары алынған жағдайда таңдалынады. 

«Жұмысшылардың ақша қаржыларын қайтаруы» операциясы ұйым жұмысшысына бұрын берілген ақшалай қаржы қайтарылған жағдайда рәсімделеді. Бұл операцияны таңдаған кезде жұмысшыны және ұйым кассасына қайтатын соманы таңдау керек.  

«Банкте қолма – қол ақша қаржыларын алу» операциясы ұйымның есеп айырысу шотынан кассаға қолма – қол ақшаны алу фактісін көрсету үшін арналған. Құжатта ақша қаржысы мен ақша қаржысы қозғалыс түрі алынған банктік шотты көрсету қажет.  

Несие мен қарыз бойынша қолма – қол ақшалай қаржы келіп түскенде «Контрагенттермен несие және қарыздар бойынша есеп айырысу»  операциясы қолданылады.  Келісім – шартта «басқасы» түрі орнатылуы тиіс. 

Кіріс касса ордері құжатында сауда операцияларының біріне тікелей жатпайтын басқалай сомалар деп аталатын сомаларды тіркеу мүмкіндігі қарастырылған, Мысалы – бұл акция бойынша пайыз ретіндегі ақшаның түсуі болуы мүмкін. Бұл жағдайда төлем түрі «Ақша қаржысының басқалай түсуі» құжатымен анықталады, ал құжатта ақша қаржылары қозғалысының сәйкес баптары толтырылады.   

Кіріс касса ордері құжатының «баспа» түймесі арқылы ашуға болатын баспалы түрі болады.

Шығыс касса ордері

Ұйым кассасынан ақшалай қаржыны беру операциясын көрсетуге Шығыс касса ордері құжаты арналған. 

Берілген құжатта шаруашылық операциялардың келесі түрлері безендіріледі: 

  • «Жабдықтаушыға төлем»;
  • «Сатып алушыға ақша қаржысын қайтару»;
  • «Есепті тұлғаға ақша қаражатын беру»;
  • «Тізімдеме бойынша жалақы төлеу»;
  • «Жұмысшыға жалақы төлеу»;
  • «Банкке қолма – қол  салым»;
  • «Ақша қаржыларын инкассациялау»;
  • «Контрагенттермен несие мен қарыздар бойынша есеп айырысу»;
  • «Орындау қағазы бойынша төлем»;
  • «Ақшалай қаржылардың басқалай шығысы».

«Жабдықтаушыға төлем» операциясын таңдау кезінде құжатта жабдықтаушы мен келісім – шартты таңдау керек, контрагентпен келісім – шарт «жабдықтаушымен» түріне жатқызылуы тиіс. 

Сатып алушыға ақша қаржысын қайтару операциясын тіркеу «Сатып алушыға ақша қаржысын қайтару» операциясы арқылы жүзеге асырылады. Бұл операцияны таңдау кезінде сатып алушы мен келісім – шартты көрсету керек, контрагентпен келісім – шарт «сатып алушымен» түріне жатқызылуы тиіс. 

Егер кассадан ақша қаржысын есепті тұлғаға берсе, онда Шығыс касса ордері құжатында «Есепті тұлғаға ақша қаражатын беру» операциясы таңдалынады. Құжатта есепті тұлға көрсетіледі. Құжаттың кестелік бөлігінде жеткілікті ақпарат беріліп, ақша қандай мақсатқа берілгені және ақша қаржылары қозғалысының баптары көрсетіледі. 

«Тізімдеме бойынша жалақы төлеу» операциясы шығыс касса ордері төлем тізімдемесі бойынша, төленген сома бойынша берілсе, таңдалынады. Формада Ұйым төлеуге арналған жалақы құжаты көрсетіледі. 

«Жұмысшыға жалақы төлеу» операция түріндегі шығыс касса ордері ұйымның белгілі бір жұмысшысына жалақы төлеу кезінде құрылады. «Жұмысшыға жалақы төлеу» операциясы бар Шығыс касса ордері құжаты Жалақыны шығыс ордерлерімен төлеу өңдігішімен құруға болады. 

«Банкке қолма – қол  салым» операциясы кассадағы түсім ұйымның есеп айырысу шотына салынған жағдайда таңдалынады. Бұл операцияны құжат түрінде таңдағанда ақша қаржылары салынатын шот пен ақшалай қаржылар баптары көрсетіледі.  

Егер ұйым кассасындағы қолма – қол ақша қаржылары есеп айырысу шотына искассациялық қызметтер арқылы аударылса, онда Шығыс касса ордері құжатына «Ақша қаржыларын инкассациялау» операциясы орнатылады. Бұл жағдайдағы корреспонденциялық шот «Жолдағы ақша қаржылары» болып табылады. 

«Контрагенттермен несие мен қарыз бойынша есеп айырысу» операциясы қолма – қол ақша қаржылараның несие мен қарыз бойынша шығындалуын көрсетуі арналған.  

 «Орындау қағазы бойынша төлем» операциясы кассадан орындау қағазы бойынша сомалар берілген уақытта таңдалады.  

Операцияның өзіндік түрі қарастырылмаған басқа жағдайларда «Ақшалай қаржының басқалай шығысы» операциясы қолданылады. Мысалы – бұл ғимаратты жалдау төлемі, өкілдік шығындарға ақшалай қаржылар беру және т.б. болуы мүмкін. 

Кассалық кітап

Барлық орындалған касса құжаттары, яғни кассадан ақша қаржылары алынып, берілген құжаттар кассир арқылы жиналып, олардың негізінде касса кітабы толтырылады. Бұл есепте әр бір жұмыс күні басындағы кассадағы ақша қаржылары қалдығы, күн ішіндегі ақша қаржыларының келуі мен кету операциялары тіркеліп, күн аяғында кассадағы қолма – қол қалдық есептелінеді. Конфигурацияда бұл Касса кітабы есебін құру үшін Банк және кассалар – Касса кітабі мәзірді таңдау керек.   

Есеп түрінің жоғарғы жағында пайдаланушы есепті құру параметрлері өңдемесін бере алады: есеп құрылатын кезең мен касса.

 «Беттерді күн бойынша бөлу» параметрі касса кітабын күндер бойынша бөлінген түрінде алуға мүмкіндік береді, егер бұл деректемелерді орнатпаса, касса кітабын кезең ішінде толығымен алуға болады.  

«Құжатты түрі бойынша сұрыптау» және құжатты нөмірі бойынша сұрыптау» параметрлері бір күн шегіндегі құжаттары түрі мен нөмірі бойынша сұрыптау жасауға мүмкіндік береді. 

Есепте «касса ордерлері негізінде көрсету» жалаушасын орнатқан кезде, кіріс және шығыс касса ордерлерінің «Негіз» жолындағы мәліметтері көрсетіледі. 

Аванстық есеп

Есепті ақша қаражаты берілген ұйым қызметкері олар берілген күннен немесе іссапардан қайтқан күннен үш жұмыс күнінен қалдырмай ақша қаржыларының мақсатты пайдаланылғандығы туралы бухгалтерияға есеп беруі және олар бойынша түпкілікті есеп айырысу жүргізуі тиіс.   Бұл есеп Аванстық есеп құжаты болып табылады. 

Жұмысшымен шығындалған соманы есепті тұлғаға кассадан беру Шығыс касса ордері құжатымен безендіріледі. Жұмысшының шаруашылық қажеттілікке немес іссапарлық шығынға алынған соманың пайдаланылмаған бөлігін қайтару Кіріс касса ордері құжатының «Есепті тұлғаның ақша қаржысын қайтаруы» операциясымен жүзеге асырылады. 

Аванстық есеп деректемелерін келесі сызба бойынша толтыруға болады: 

Жеке тұлға жолында – Жеке тұлға анықтамасында аванстық есепті ұсынған тұлға көрсетіледі. 

Арналым деректемеде – аванстың арналған мәтіні жазылады, мысалы, іссапарлық немес ағымдағы шығындар.  

«Аванстар» бет-белгідегі есепті ақша қаржылары қай шығыс касса ордері арқылы берілгенін көрсетеміз. 

«ТМҚ» құжатының кестелік бөлігінде есепті тұлғамен қандай тауарлы – материалдық қорлар сатылып алынғандығы толықтай көрсетіледі. ТМҚ дұрыс кірістеу үшін құралдар панелінде «Баға мен валюта» түймесін басып, баға мен валюта түрін таңдап, соманың ҚҚС есеп айырысу нұсқасын таңдау қажет. ТМҚ келіп түсетін қойма құжат нысанының басында орналасады. 

«Төлем» құжатында есепті тұлға сатып алынған ТМҚ мен қызмет үшін есеп айырысқан контрагент және контрагенттермен өзара есебіне қажетті басқалай мәліметтер көрсетіледі. Контрагентті енгізгеннен кейін жүйе есеп айырысу есебі шоттарын және аванс есебі шоттарын  көрсетеді. 

Іссапарлық шығындар бойынша мәліметтер, сонымен қатар бухгалтер кәсіпорын шығындарына жатқызғысы келетін басқа да шығындар туралы ақпараттар Басқалай бет-белгіде көрсетіледі. Құжаттың кестелік бөлігінде келесілер көрсетіледі:  

Төлем жүргізілген құжаттар;

Есепті тұлға бойынша борыш түрі;

Жабдықтаушы, бұл жол келесі борыш түрлері таңдалған кезде толтырылады: актив сатып алу, жабдықтаушыға төлем, тұрғын үй жалдау шығындары, борыштың басқа түрлері;

Шығын жатқызылатын корреспонденциялық шот;

Есептің аналитикалық объектілері.

3.3  Ұйымның банктік шоттары

Ұйымның банктік шоттары туралы мәлімет Банктік шоттар анықтамасында сақталынады. Әр бір ұйым үшін банктік шоттардың өзіндік тізімі анықталған. Ұйымның есеп айырысу шоттары туралы ақпаратын ашу үшін Кәсіпорын – Ұйым мәзірін ашып, «Өту» түймесін басып, берілген тізімнен Банктік шоттар пунктін таңдау керек. Банктік шоттар  туралы мәліметтерді толтыру кезінде келесі ақпараттар көрсетіледі: 

Атауы – есеп айырысу шоты атауы көрсетіледі. 

Банк Банктер анықтамасынан есеп айырысу шоты ашылған банк таңдалынады. 

Шот №  - банктегі шот нөмірі.

Түр – шот түрі: есеп айырысу, депозиттік, басқалай және т.б.

 Ашылу күні – есеп айырысу шотының ашылған күні.

Жабылу күні – есеп айырысу шотының жабылған күні.

Валюта – банктік шот есебі валютасы. Валютаны Валюта анықтамасынан таңдауға болады.

Тікелей емес есеп айырысу банкі – Банктер анықтамасынан тікелей емес есеп айырысулар жағдайындағыбанк таңдалынады.  

Топтың «Төлемнің ерекше шарттары үшін төлем тапсырмасы жаузалары» жолында төлем құралдары баспа нысанының сәйкес жолдарында құрылатын мәтінін енгізуге болады.  

Құжатта күнді жазбаша көрсету – берілген банктік шот таңдалған құжаттың баспа түрінде осы жалаушаны қою кезінде құжат күнінде ай санмен емес, жазбаша жазылады. Мысалы, егер төлем тапсырмасы күні 18.01.2009 ж. болатын болса, құжаттың баспа түрінде ол келесі түрде көрсетіледі – 2009 ж. 18 қаңтары.  

Бүтін болған жағдайда, соманы 00 – сіз көрсету – бұл жалаушаны орнатқан кезде төлем тапсырмасындағы бүтін сома «=» белгісімен басылады, мысалы, сома 20 теңге, егер жалау орнатылса, 20= түрінде басылады, екінші жағдайда 20-00 болады.   

Әр бір банктік шот үшін ұйымның банктік шоттары бойынша ақша қаржыларының қозғалысы проводкалары құрылатын есеп шоттары орнатылады. Ұйым банк шоттары есеп шоттары Банктік шот анықтамасы элемент түрінің құралдар панелінде орналасқан «Өту» түймесі көмегімен беріледі. 

Банктік шот анықтамасында контрагенттердің банктік шоттары туралы ақпарат та сақталады. Әр бір контрагент үшін өзіндік банктік шот немесе банктік шот тізімі анықталады. Контрагенттің банктік шотын Контрагенттер анқытамасы элементі түрінен беруге болады

Банктер

Банктер анықтамасында контрагенттердің есеп айырысу шоттары мен ұйымның банктік шоттары ашылған банк туралы ақпарат сақталынады. Банктер анықтамасын Банктер мен кассалар – Банктер мәзірмен ашуға болады. 

Банктер анықтамасын толтырған кезде келесі деректер көрсетіледі : 

Атауы – банк атауы;

БИК - БИК банка;

Корр.шот - банктің корреспонденттік шоты;

РНН - банк РНН - і;

Қала – банк орналасқан қала;

Төлем жүйесіндегі код – КЦМР төлем жүйесіндегі банкішілік код жүйесі. Бұл деректі зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы төлемдері, міндетті әлеуметтік төлемдер, ұйым жұмысшыларының өзіндік шоттарына төлемдер аударатын банктерге толтыру міндетті. Код 8 белгіден тұрады, бұл жол келесі қағидаға сәйкес толтырылады: «К» әрпі (латын бас әрпі),  «3», «4», «7», «8», «9» банк БИК  мәні цифрлары және «0» екі белгісі. Мысалы, банк БИК 190701310, онда төлем жүйесі коды келесі түрде болады - К0731000. 

Комиссия пайызы – банк операцияларын жүзеге асыруы үшін банк алатын комиссия пайызы.  

Сонымен қатар банк мекен – жайы мен телефоны бойынша байланыс ақпараты көрсетіледі. 

Кіріс төлем тапсырмасы

Кіріс төлем тапсырмасы құжаты ұйымның есеп айырысу шотына басқа ұйымдардан төлем тапсырмасы бойынша ақша қаржыларының келіп түсу операцияларын тіркейді. Бұл құжатты Банктер мен кассаларКіріс төлем тапсырмасы әзірі көмегімен жүзеге асыруға болады. 

Жаңа төлем тапсырмасын құру кезінде бағдарлама ағымдағы пайдалану үшін орнатылған бөлек мәндерді автоматты түрде орнатады. 

«Кіріс нөмірі» жолында төлем тапсырмасы нөмірі мен оның күні көрсетіледі. «Ұйым» жолына Ұйымдар анықтамасынан ұйым таңдалынып, ақша қаржылары есептелінетін банк шоты «Банктік шот» жолына жазылады. 

«Төлеуші» жолы Контрагенттер анықтамсынан таңдау арқылы толтырылады. 

Құжаттың деректемелік құрамы төлем алынған операция түріне байланысты болады. Кіріс Төлем тапсырмасы құжатында келесі шаруашылық операциялар болады:

«Сатып алушы төлемі»;

«Жабдықтаушының ақша қаражатын қайтаруы»;

«Несие мен қарыз бойынша есептесу»;

«қолма – қолсыз ақша қаржыларының басқалай келіп түсуі»;

«контрагенттермен басқалай есеп айырысулар»;

«Шетел валютасын сатып алу»;

«шетел валютасын сатудан түсім»;

«Зейнетақы салымдарын қайтару»;

«Әлеуметтік төлемдерді қайтару»;

«Сатып алушы төлемі» операциясымен сатып алушыдан қолма – қолсыз ақша қаржыларының келуі тіркеледі. Өзара есептесу келісім – шарты ретінде  «сатып алушымен» түрі орнатылған келісім – шарт таңдалынады. Құжатты толтыру кезінде автоматты түрде келісім – шарт бойынша есеп айырысу жағдайы анықталып, түскен сома аванс және төлемге бөлінеді. 

Жабыдықтаушы қайтарған есеп айырысу шотына ақша қаржыларының түсуін тіркеу «Жабдықтаушының ақша қаражатын қайтаруы» операциясы арқылы рәсімделеді. Келісім – шарты ретінде  «жабдықтаушымен» түрі орнатылған келісім – шарт таңдалынады. 

«Сатып алушы төлемі» мен «Жабдықтаушының ақша қаражатын қайтаруы» операциялары үшін командалық панельде «Тізім» түймесі бар. Мұндай түр бір құжат бойынша ақша қаржылары бірнеше келісім – шарт немесе бірнеше есеп айырысу құжаттары бойынша немесе төлем кезінде әр түрлі ҚҚС мөлшерменмен алынса таңдалады. 

Қолма – қолсыз ақша қаржылары несие және қарыз бойынша түскен кезде «Несие мен қарыз бойынша есептесу» операциясы қолданылады.   Келісім – шарты ретінде  «басқалай» түрі орнатылған келісім – шарт таңдалынады. 

«Контрагенттермен басқалай есеп айырысулар» операциясы ұйымдар бойынша басқалай есеп айырысулар тіркеледі, жүйені қолданушы корреспонденциялық шотты өзі таңдап, орнатып, есептің аналитикалық объектілерін өзі толтыруы тиіс. 

Валюталық шотқа сатып алынған құралдарды есептеу дәлелін тіркеу үшін «Шетел валютасын сатып алу» операциясы қолданылады. Берілген операцияны таңдау кезінде валютаны конвертациялау күніне нарықтық бағамды  және банк валютаны сатып алу бағамын көрсету керек. «Келісім – шарт» жолын толтырған кезде есеп валютасы теңге - KZT болып табылатын келісім – шарт таңдалынуы тиіс. 

«Шетел валютасын сатудан түсім» операциясымен шетел валютасын сатудан теңгелік түсімін есептеу фактісін тіркеледі. Осы операцияны таңдау кезінде валютаны конвертациялау күніне нарықтық бағамды және шетел валютасын сатып отырған банктің  бағамын көрсету керек. 

«Зейнетақы салымдарын қайтару» операциясы есептелінген міндетті зейнетақы төлемдер жұмысшылар пайдасынан қайтарылған уақытта көрсетіледі. Құжатының кестелік бөлігінде «ЗҚ Салымдарды қайтару» құжаттар тізімі көрсетіледі, олардың негізінде ақша есеп айырысу шотына қайтарылады

«Әлеуметтік төлемдерді қайтару» операциясы есептелінген әлеуметтік төлемдер жұмысшылар пайдасынан қайтарылған уақытта көрсетіледі.   Кіріс төлем тапсырмасы  құжатының кестелік бөлігінде «ӘСҚ Салымдарды қайтару» құжаттар тізімі көрсетіледі, олардың негізінде ақша есеп айырысу шотына қайтарылады

Арнайы операция түрі қарасытырлмаған басқа жағдайлар үшін «қолма – қолсыз ақша қаржыларының басқалай келіп түсуі» операциясы прайдалынады. 

Шығыс төлем тапсырмасы

Ұйымның есеп айырысу шотынан ақша қаржыларын шығару операцияларын көрсету үшін Шығыс төлем тапсырмасы құжатын пайдаланылады. 

Жаңа төлем тапсырмасын құру кезінде конфигурация ағымдағы пайдалану үшін орнатылған бөлек мәндерді автоматты түрде орнатады. Түрдің  толтыру құжаты, түрдің командалық панеліндегі «Операциялар» мәзірі арқылы таңдалатын төлем сипатына байланысты болады. 

Шығыс төлем тапсырмасы құжатында келесі шаруашылық операцияларды таңдауға болады:

«Жабдықтаушыға төлем»;

«Сатып алушыға ақша қаржыларын қайтару»;

 «Контрагенттермен несие мен қарыздар бойынша есеп айырысу»;

 «Салықты аудару»;

«Ұйымның басқа шотына аудару»;

«Контрагенттермен басқалай есеп айырысу»;

«Жалақыны аудару»;

«зейнетақы салымдарын аудару»;

«Әлеуметтік төлемдерді аудару»;

«Орындау қағазы бойынша аудару»;

 «Басқалай қолма – қолсыз ақша қаржыларын шығару».

«Жабдықтаушыға төлем» операциясын таңдау кезінде құжатта жабдықтаушы мен келісім – шартты таңдау керек, контрагентпен келісім – шарт «жабдықтаушымен» түріне жатқызылуы тиіс. 

Сатып алушыға ақша қаржысын қайтару операциясын тіркеу «Сатып алушыға ақша қаржысын қайтару» операциясы арқылы жүзеге асырылады. Бұл операцияны таңдау кезінде сатып алушы мен келісім – шартты көрсету керек, контрагентпен келісім – шарт «сатып алушымен» түріне жатқызылуы тиіс. 

«Жабдықтаушыға төлемі» мен «Сатып алушының ақша қаражатын қайтаруы» операциялары үшін командалық панельде «Тізім» түймесі бар. Мұндай түр бір құжат бойынша ақша қаржылары бірнеше келісім – шарт немесе бірнеше есеп айырысу құжаттары бойынша немесе төлем кезінде әр түрлі ҚҚС мөлшерімен алынса таңдалады. 

Қолма – қолсыз ақша қаржылары несие және қарыз бойынша түскен кезде «Контрагенттермен несие мен қарыз бойынша есептесу» операциясы қолданылады.   Келісім – шарты ретінде  «басқалай» түрі орнатылған келісім – шарт таңдалынады. 

Салық бойынша берешекті жабу үшін «Салықты аудару» операциясын қолдануға болады. Бұл операцияны таңдау кезінде құжат түрінде «Төлемді ашып көрсету» жолдар тобы пайда болады. Бұл жолдарда салық төлемдерін идентификациялау үшін мәліметтер көрсетіледі.  Салық түрі, төлем түрі және салық есебі шоттары көрсетіледі. 

«Ұйымның басқа шотына аудару» операциясы есеп айырысу, валюталық және арнайы шоттарды қосып алғанда ақша қаржыларын ұйымның басқа шотына аударуды көрсетеді

«Контрагенттермен басқалай есеп айырысулар» операциясы ұйымдар бойынша басқалай есеп айырысулар тіркеледі, жүйені қолданушы корреспонденциялық шотты өзі таңдап, орнатып, есептің аналитикалық объектілерін өзі толтыруы тиіс.   

«Жалақыны аудару» операциясы ақша қаржыларын жалақыны төлеуге шығындалуын көрсетеді. Кестелік бөлікте  «Ұйым төлеуге тиіс жалақы» құжаты көрсетіледі, оның негізінде жұмысшыларының жеке шоттарына жалақыны аудару төлем тапсырмасы құрылады. Шығыс төлем тапсырмасы құжатында карт – шоттарға аудару үшін электрондық файлдар құруға мүмкіндік бар, бұл үшін «Файл құру» түймесі бар.  

Міндетті зейнетақы салымдары мен зейнетақы төлемдеріне жұмысшылар кірісінен қолма – қолсыз ақша қаржыларын аудару үшін «Зейнетақы салымдарын аудару» және «Әлеуметтік төлемдерді аудару» операциялары пайдаланылады. Құжаттың кестелік бөлігінде  зейнетақы және әлеуметтік төлемдер тізімдемесін көрсету керек. Шығыс төлем тапсырмасы құжаты Swift файлдарды құру мүмкіндігі бар. Ол үшін «Swift файл құру» түймесі арнлаған.

Өзіндік операция түрі қарастырылмаған басқа жағдайларда    «Басқалай қолма – қолсыз ақша қаржыларын шығару»  операциясы қолданылады. «

«Орындау қағазы бойынша аудару» операциясы кассадан орындау қағазы бойынша сомалар берілген уақытта таңдалады.  

«Баспа» құжатында құжаттың баспалы түрінде болуы тиіс ақпарат көрсетіледі, көбінесе төлем арналым мәтіні, төлем арналым коды, бюджеттік классификация коды.  

Шығыс төлем тапсырмасы құжатында «Төленді» және «Салық есебінде көрсетілсін» жолдары бар. «Төленді» жолы егер төлем тапсырмасы банкпен орындалса және құжатты төлеу күні көрсетілсе, толтырылады. «Салық есебінде көрсетілсін» жолы құжатты салық есебінде көрсету қажеттігі болған жағдайда толтырылады. 

 

 Тақырып 4. Қорлар  есебі

 

1.Номенклатура

2.Қорлардың түсуі

 

Салықтық есеп шоттары және тапсыру есебі – салықтық есеп бойынша есеп шоттары мен тапсыру есебі 

«Кіріс есебі шоттары»

Бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша ТМҚ сатудан кіріс есеп шоттары – деректемелердің бұл тобында Бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша ТМҚ сатудан кіріс есеп шоттары көрсетіледі. 

Кірістер – ТМҚ сатқаннан пайда болған кіріс түрі 

«Сатудың өзіндік құны есебі»

Бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша ТМҚ сатудан өзіндік құн есебі шоттары – деректемелерінің бұл тобында Бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша ТМҚ сатудан өзіндік құн есебі шоттары көрсетіледі.  

Шығын баптары – ТМҚ сатқаннан пайда болған шығын түрі  «ҚҚС»

Сатып алу бойынша ҚҚС есебі шоттары – ТМҚ сатып алу операцияларындағы ҚҚС есебі шоттары 

Сатудағы  ҚҚС есебі шоттары – сату операцияларындағы ҚҚС сомасы есептелінетін есеп шоттары 

Баж салығы төленген ҚҚС есеп шоттары – Баж салығы бойынша ҚҚС сомасы есептелінетін есеп шоттары. 

ТМҚ қозғалысы туралы құжаттарында автоматты түрде қойылған шоттар пайдаланушы еркімен өзгертіле алады. 

Номенклатура бағасы түрлері 

Әр бір кәсіпорынның өзіндік бағалық саясаты болады, яғни бағаның әр түрлі түрлері пайдаланыла алады, мысалы: кіріс, бөлшек, көтерме, сатып алушылардың ерекше категориясы бағасы және т.б.  «1 С: Қазақстан үшін  бухгалтерия 8.1» Конфигурациясында тауарлы – материалды қорларға әр түрлі баға түрлерін қою мүмкіндігі бар. Тауарлы – материалдық қорлар есебі бойынша құжаттармен жүмыс жасау кезінде пайдаланушы  өз еркінше бағаның керекті түрін қоя алады. Баға түрі туралы ақпарат Номенклатура баға түрлеріі анықтамасында сақталынады.  Бұл анықтаманы Негізгі қызмет – тауарлар – номенклатура баға түрі мәзірі арқылы ашуға болады. 

Номенклатура баға түрлері анықтамасы элементі карточкасында келесі ақпарат көрсетіледі: 

Атауы – баға атауы, мысалы: кіріс, бөлшек, көтерме, ұсақ – көтерме және т.б. 

Бағаға ҚҚС енгізіледі – бұл жолдағы орнатылған жалау ҚҚС сомасымен есептесуге әсерін тигізеді. Бағаға ҚҚС енгізіледі – егер жалау орнатылса, бағаға ҚҚС енгізілмейді – егер жалау орнатылмаса.    

Дөңгелектеу әдісі – арифметикалық ереже немесе үлкен жағына қарай бағаны дөңгелектеу әдісі. Егер дөңгелектеу әдісі – арифметикалық ереже бойынша болса, онда «Дейін дөңгелектеу» жолын толтыру арқылы дөңгелектеу өлшемін көрсету керек. 

Номенклатура бағасын орнату 

Номенклатура бағасы түрлері анықталғаннан кейін әр бір номенклатуралы жайғасым үшін баға түрлерін орнату керек. Номенклатура немесе номенклатура тізімі үшін белгілі бір нақты баға түрін орнату үшін Номенклатура бағасын орнату құжатын қолдануға болады, оны Негізгі қызмет – тауарлар - Номенклатура бағасын орнату мәзірі арқылы ашуға болады. 

Номенклатура бағасын орнату құжатында номенклатура бағасы бойынша ақпарат сақталынады. Ары қарай тауарлы – материалдық қорлардың қозғалысы құжаттарында баға түрін таңдау кезінде Номенклатура бағасын орнату  құжаты құрылған таңдалған номенклатура жайғасым бағалар түрі автоматты түрде қойылады. Мұндай Автотолтырылу механизмі құжатты өңдеу уақытын азайтып, пайдаланушы жұмысын оңайлатуға көмектеседі. Егер пайдаланушы ақпараттық базада номенклатура бағасы туралы ақпарды сақтағысы келемесе, онда бұл құжатты құрудың қажеті жоқ. Алайда  тауарлы – материалдық қорлардың қозғалысы құжаттарында  бағаны әр уақытта қолмен көрсету керек болады. 

Номенклатура бағасын орнату құжатын Тауаралар мен қызметтердің келуі құжаты негізінде енгізуге болады. Кестелік бөлік негіз болған құжаттың барлық номенклатуралық жайғасымен, бағасымен толтырылады. 

Номенклатура бағасын орнату құжаты бірнеше құжаттармен немесе ақпараттық базада сақталған номенклатуралық жайғасым тізімімен толтырылуы мүмкін. Құжаттың кестелік бөлігін автоматты толтыру үшін «Толтыру» түймесі қолданылады. Сонымен қатар, автотолтыру механизмін пайдалана отырып, кез келген баға түрін өзгертуге немесе бағаның бір түрі негізінде басқа түр үшін мән орнатуға болады. Осылайша, құжатта көрсетілген барлық номенклатуралық жайғасым үшін құжат күніне «Сатып алу» бағасы түріне байланысты орнатылады.  Ары қарай ұқсас құжат құрып, оны «Толтыру» түймесі көмегімен кез келген әдіспен толтырып, содан соң «Өзгерту» түймесі көмегімен бағаны белгілі бір пайызға немесе табиғи шамаға  көтеріп, «Бөлшек» баға түрін орнатып, құжатты жасау.   

Дайын өнімнің жоспарлы өзіндік құны автоматты есебі үшін пайдаланылатын номенклатура бағасының ерекше түрі номенклатураның жоспарлы түрі болып табылады. Номенклатура өзіндік құнының жоспарлы баға түрі «Өндіріс» бет-белгідегі есеп параметрлерінде көрсетіледі. Өндірістік есеп жүргізетін кәсіпорындар үшін бөлек жоспарлы өзіндік құн баға түрлерін орнату орында болады. 

Номенклатура бағасы

Номенклатураның орнатылған бағалары мәліметтер регистрінде сақталады, оны Негізгі қызмет – Тауарлар – Номенклатура бағасы мәзірі арқылы ашуға болады. 

Нақты номенклатуралы жайғасым бағасын «Өту» түймесін пайдалана отырып, Номенклатура анықтамасы элементі формасынан қарауға болады. 

Номенклатура бағасы мәліметтер регистрінде пайда болу күніне байланысты номенклатура бағалары бойынша ақпарат сақталады. 

Қоймалар (сақтау орны)

Тауарлы – материалды қорлардың есебін қойма бойынша да, жалпы кәсіпорын бойынша да жүргізуге болады. Қорлар есебін қойма бойынша жүргізу үшін Қазақстан үшін «lС: Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында есептің параметрлерінде «Қоймалық есепті енгізу» белгісін орнату керек.   Бұл белгіні орнату кезінде ТМҚ есебі шоттары жоспар шоттарында «Қойма» қосымша субконтосы құрылады. ТМҚ қозғалысы құжаттарында ТМҚ келетін немесе шығатын қойманы көрсету керек. Егер кәсіпорында ТМҚ есебі жалпы кәсіпорын бойынша жүргізілсе, «Қоймалық есепті енгізу» белгісін алып тастау керек. 

Қойма тізімін Қоймалар анықтамасында көруге болады. 

Қоймалар анықтамасының әр бір элементі үшін сақтау орны атауы мен коды көрсетіледі. Анықтаманың жаңа элементін құру кезінде  автоматты түрде жазылады. 

Қойма бойынша есепті «Қойма бойынша сомалық есеп жүргізу» есебі параметрлеріне сәйкес сандық және сомалық көрсеткіште жүргізуге болады. 

«Қойма бойынша сомалық есеп жүргізу» белгісі қосылып тұрса, ТМҚ өзіндік құнын есептеу белгілі бір қойма бойынша жүзеге асырылады. Егер бұл белгі айырылып тұрса, ТМҚ өзіндік құны жалпы ұйым бойынша есептелінеді. Мысал қарастырайық,  «Қойма бойынша сомалық есеп жүргізу» белгісін қосқан және айрылған кездегі ТМҚ өзіндік құны сомасын есептеу, бағалау үшін орташа өлшенген әдіс қолданылады. 01.01.2009 ж. жағдайы бойынша орталық қоймада Поршенді топ   ЗИЛ-130 (8Г +8П) 5200 тг тұратын 10 данасы бар, ал дүкен қоймасында 5500 тг 10 данасы бар. 

1 нұсқа – «Қоймалар бойынша сомалық есеп енгізу» белгісі енгізілді:

 

Қойма

Қоймадағы ТМҚ Саны

/

Cомасы

ТМҚ кіруі мен шығуы кезіндегі өзіндік құны (1 дана) 

 

Саны/сомасы

Номенклатура

Орталық қойма

Поршенді топ   ЗИЛ-130 (8Г +8П)

Саны 10

Сомасы- 5200

1 дана өзіндік құны 520 тг  құрайды (5200/10)

 

Дүкен қоймасы

Поршенді топ   ЗИЛ-130

(8Г +8П)

Саны 10

Сомасы-

5500

1 дана өзіндік құны 550 тг  құрайды (5500/10)

 

2 нұсқа - «Қоймалар бойынша сомалық есеп енгізу» белгісі енгізілді:

Қойма

Қоймадағы ТМҚ Саны

/

Cомасы

ТМҚ кіруі мен шығуы кезіндегі өзіндік құны (1 дана) 

 

Саны/сомасы

Номенклатура

Орталық қойма

Поршенді топ   ЗИЛ-130 (8Г+8П)

Саны 10

Сомасы- 5200

1 дана өзіндік құны 535 тг  құрайды (5200+5500)/20

Дүкен қоймасы

Поршенді топ   ЗИЛ-130 (8Г +8П)

Саны 10

Сомасы  - 5500

1 дана өзіндік құны 535 тг  құрайды (5200+5500)/20

 

4.2    Тауарлы – материалдық қорлардың , қызметтердің, сонымен қатар негізгі құралдардың түсуі конфигурацияда ТМҚ мен қызметтердің келіп түсуі құжаты көмегімен рәсімделеді. 

ТМҚ мен қызметтердің келіп түсуі құжаты көмегімен операциялардың бірнеше түрін жүзеге асыруға болады. Операция түрледі құжаттың командалық панелінде орналасқан «Операция» түймесі көмегімен орнатылады. 

«Сатып алу» операциясы жабдықтаушылардан ТМҚ, негізгі құралдарды және қызметтерді сатып алу кезінде таңдалады. 

 «Өңдеуге» операциясы арқылы ары қарайғы өңдеуді қажет ететін тапсырысшыдан  келіп түскен шикізат көрсетіледі.

«Импорт» операциясы импортты тауарлы – материалды қорлардың келіп түсуін көрсету керек кезде таңдалынады.

ТМҚ мен қызметтердің келіп түсуі құжатын жасау кезінде бағдарлама автоматты түрде бөлек жолдарды толтырады, сонымен қатар ағымдағы пайдаланушылардың орнатқанын да. 

Командалық панельде орналасқан «бағалар мен валюта» түймесі көмегімен ТМҚ сатып алу бойынша баға түрлері, валюта және ҚҚС сомасын есептеу нұсқасы көрсетіледі. 

 «Контрагент» жолында Контрагенттер анықтамасынан таңдалған жабдықтаушы көрсетіледі.  

 «Қойма» жолында Қоймалар анықтамасынан ТМҚ кірістелетін қойма таңдалынады. 

Құжат әмбебап болып табылатындықтан, яғни бұл құжаттың көмегімен негізгі құралдарды да, тауарларды да, қызметтерді де кірістеуге болады. 

Негізгі құралдардың келіп түсуі жағдайында «негізгі құралдар» бет-белгіні таңдау керек. Ұйымға келіп түскен ТМҚ туралы мәліметтер «Тауарлар» бет-белгіде көрсетіледі. Әр бір келіп түскен жайғасым бойынша атауы, саны, дана бағасы, салық сомасы мен мөлшерлеме, есеп шоттары және есеп шоттары бойынша аналитикалық объектілер көрсетіледі.  Құжаттың кестелік бөлігінде ҚҚС есебіне әсер ететін деректемелер болады. 

Егер кәсіпорынға басқа ұйымдармен кәсіпорын шығынын жатқызылған қызметтер, мысалы электроэнергия қызметі, ұялы телефон қызметі және т.б. көрсетілсе, бұл шығындар бойынша ақпарат «Қызметтер» бет белгіде көрсетіледі.  

ТМҚ мен қызметтердің келіп түсуі құжаты негізінде «Негізінде» командасы арқылы қосымша құжаттарды енгізуге болады. 

Алынған шот – фактура құжатын енгізу үшін ТМҚ мен қызметтердің келіп түсуі құжаты формасында «шот – фактураны енгізу» гиперсілтемесін басу керек немесе құжатты «Негізінде» командасы арқылы құру керек. 

ТМҚ мен қызметтердің келіп түсуі құжатының бірнеше баспалы формасы бар: ТМҚ – 3 түрлік формасы, ТМҚ кірістеу жүкқұжаты. Құжаттың баспалы формасын «Баспа» түймесі арқылы алуға болады. 

Қосымша шығындардың келуі 

Көптеген жағдайларда ТМҚ нақты өзіндік құны сатып алу бойынша қосымша шығындардан  тұруы мүмкін. Мұндай шығындар құрамына келесілер енуі мүмкін: ТМҚ дайындау және оларды пайдалану жеріне дейін жеткізу шығындары, құрал – жабдық монтажы және басқалай шығындар ТМҚ сатып алу бойынша қосымша шығындар операциясын тіркеу үшін Қосымша шығындардың келуі құжаты пайдаланылады. 

­ Қосымша шығындардың келуі құжатында «бастап» жолында жұмыс күні жазылады. Құжат күнін қолмен немесе орнатылған күнтізбе көмегімен өзгертуге болады.

«Контрагент» жолында  Контрагенттер анықтамасынан қызмет көрсеткен жабдықтаушы туралы ақпарат алынады. «Келісім – шарт» жолында келісім жүргізілген өзара есеп айырысу келісім – шарты көрсетіледі.   

«Шығыс сомасы» жолында – қызмет құны көрсетіледі.

«Құрамы» жолында құжаттың баспалық формасында нақты ақпаратты көрсету үшін қосымша шығындар атауларын енгізу керек. 

Қосымша шығындардың сомасы ТМҚ бір әдіспен бөліне алады: 

Саны бойынша – «Саны бойынша» шығынды бөлу әдісін таңдау кезінде қосымша шығындар сомасы келесі жолмен бөлінеді. Бөліну коэффициенті номенклатуралық жайғасым санының жалпы номенклатуралық жайғасым санына қатынасы арқылы анықталады. Алынған бөліну коэффициенті шығын сомасына көбейтіледі, осылайша әр бір номенклатуралық жайғасым бойынша қосымша шығын сомасы алынады.     

Сомасы бойынша – қосымша шығын сомасы құжаттың кестелік бөлігінде көрсетілген номнеклатуралық жайғасым сомасына сәйкес бөлінеді. Бөліну коэффициенті номенклатуралық жайғасым сомасының жалпы номенклатуралық жайғасым сомасына қатынасы ретінде табылады. Алынған бөліну коэффициенті шығын сомасына көбейтіледі, осыдан әр бір номенклатуралық жайғасым бойынша қосымша шығын сомасы анықталады. 

Қосымша шығын сомасы әр бір жайғасым  бойынша анықталады  - бұл жағдайда «Бөліну әдісі» жолы толтырылмайды. Құжаттың кестелік бөлігінде «Қосымша шығын сомасы» мен «ҚҚС сомасы» жолдарын пайдаланушы өз қолымен толтырады. 

Қосымша шығынды бөлудің екі нұсқасын ұйқастыру – Қосымша шығыннның келуі құжатында пайдаланушы бөліну әдісін таңдай алады, құжаттың кестелік бөлігінде «Шығын сомасы» және «ҚҚС сомасы» жолдарын толтырады, сонда шығын сомасы таңдалған әдіс бойынша бөлінеді, содан соң осы сомаға «Қосымша шығын сомасы» қосылады. 

Келу бойынша бұрын тіркелген құжаттарға сәйкес ТМҚ туралы ақпаратты автоматты түрде толтыру мүмкіндігі қарастырылған. Автоматты толтыру «Толтыру» түймесі көмегімен жүзеге асырылады. Құжаттың кестелік бөлігін екі жолмен толтыруға болады: ТМҚ мен қызметтің келуі құжатын таңдау арқылы немесе сатып алу бойынша бірнеше құжаттардан тауарлы – материалдық қорларды таңдау.

Қосымша шығынның келуі құжаты негізінде жабдықтаушы шот – фактурасын енгізуге болады, ол үшін құжат формасында «Шот – фактура» енгізу гиперсілтемесін басу керек. 

Құжаттың баспалы формасын «Баспа» түймесі көмегімен құруға болады.

Импорт бойынша ГТД

Импорт бойынша тауарлар мен негізгі құралдардың түсуі кезінде баж құны мен баж салықтары бойынша ақпаратты Импорт бойынша ГТД құжаты арқылы жүзеге асыруға болады. 

«Негізгілер» бет белгіде баж декларациясы нөмірі, кеденмен есеп айырысу депозиттері көрсетіледі, «Депозит KZT» және «Валюталық депозит» жолдары Контрагенттер келісім – шарттары анқытамасынан таңдалынып толтырылады.  

Импорт бойынша ГТД құжаты бойынша валюта «Баға мен валюта» түймесі арқылы орнатылады. «ГТД бөлімдері бет белгісінде келесі мәліметтер көрсетіледі: 

Баж салығы құны (КZT) – теңгедегі баж салығы құны көрсетіледі;

Баж салығын жинау – кедендік сома жинау, Валюталық депозит (EUR) валюта депозитінің мағынасына сәйкес келуі керек.

Кедендік жиын (KZT) – кеден жинағындағы сома теңге түрінде.Егер баж көлемін валютада көрсету керек болса, «Валютадағы баж» белгісі орнатылады. Баж мөлшері көрсетіледі, баж сомасы автоматты түрде есептелінеді. 

ҚҚС сомасы теңгеде де, валютада да көрсетіледі. 

Құжаттың кестелік бөлімінің «ГТД бөлімдері» бет белгіде келіп түскен импорттық тауарлар туралы немесе импорт бойынша сатып алынған негізгі құралдар бойынша ақпараттар толтырылады. Тауарлардың фактуралық құны «импорт бойынша ГТД» құжатының валютасына енгізіледі. Тауарлар тізімі ТМҚ мен қызметтің келуі құжатынан алынуы мүмкін. Сонымен қатар тауарлар тізімі  ТМҚ мен қызметтің келуі құжатынан сәйкес бөлімнің кестелік бөлігіне барып түседі. Бұл бөлімге жатпайтын тауарларды алып тастауға болады. 

Егер сатып алынған тауардың ҚҚС төлеу уақыты өзгертілсе, ҚҚС төлеу уақытын көрсету керек. ГТД бөлімдерін қосу немесе алу «ГТД бөлімдері» түймесі арқылы және «Қосу» немесе «Алу» мәндерін таңдау арқылы жүзеге асырылады.  

«Бөлу» түймесі арқылы баж салығы, алымдар және ҚҚС  туралы енгізілген ақпарат автоматты түрде тауардың фактуралық құнына пропорционалды бөлінеді. ГТД бөлімдерін қосу немесе алу «ГТД бөлімдері» түймесі арқылы және «Қосу» немесе «Алу» мәндерін таңдау арқылы жүзеге асырылады.   

Керек жағдайда баж салығы және ҚҚС туралы ақпаратты қолмен түзетуге болады. 

Құжат бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша жүргізілуі мүмкін. Бухгалтерлік және салықтық есеп шоттары туралы ақпарат «ТМҚ» кестелік бөлігінде, «Есеп шоттары (БЕ)», «ҚҚС есеп шоттары», «Есеп шоттары (СЕ)»  колонкаларында толтырылады. Регламенттелген кеден валютасындағы және шетелдік валютадағы есеп айырысу есеп шоттары туралы ақпарат «Есеп айырысу есеп шоттары» бет -белгісінде енгізіледі. 

Құжатты  жүргізу кезінде бухгалтерлік және салықтық есеп жазбаларынан басқа ҚҚС бөлімінде «ҚҚС өтеу» регистрі жазбалары, сонымен қатар «Төлем уақытының өзгертілуіне қатысты ҚҚС бойынша бюджетпен есеп айырысу» регистрі жазбалары толтырылады. 

Сенімхат

Есепті тұлғаға басқа ұйымдардан тауарды – материалды қорларды алуға сенімхат рәсімдеу үшін конфигурацияда Сенімхат құжаты арналған. 

Берілген құжат ешқандай бухгалтерлік операциялар мен қозғалысты құрамайды, бухгалтерлік және салықтық есепте көрсетілмейді, бірақ оның көмегімен бухгалтер әруақытта есепті тұлғаның жұмысын бақылай алады.  

Жеке тұлға анықтамасындағы «Жеке тұлға» жолынан сенімхат берілетін тұлға таңдалынады.  Осымен бірдей уақытта қызметкердің паспорттық мәліметтері автоматты түрде толтырылады. Паспортты мәліметтерді құжат формасында тікелей  өңдеуге болады. Түймені басу кезінде қызметкердің паспорттық мәліметтерін қосу немесе өңдеуге болатын қызметкер формасы ашылады. 

Контрагенттер анықтамасында «Контрагент» немесе «Келісім – шарт» жолында өзара есеп айырысулар жүзеге асырылатын ұйым мен келісім – шарт таңдалынады. 

Сенімді тұлғаға сенімхат брелігеннен кейін ТМҚ алынбаған жағдайларда оны ақтаушы құжаттарды ұсыну немесе сенімхатты қайтару арқылы жабуы керек. «Есеп айырысу Құжаты» жолында ақтаушы құжаттарды таңдау үшін сәйкес құжатты көрсетуге болады. 

Сенімхаттың кестелік бөлігін өз еркімен толтыруға болады, құжаттың кестелі бөлігіне тестік ақпарат «Номенклатура» жолына енгізіледі. 

Сенімхат құжатының  бірнеше баспалы формасы бар: ТМҚ - 1 а, ТМҚ-l. Құжаттың баспалы формасын алу үшін «баспа» түймесін басу керек. 

Жабдықтаушыға ТМҚ қайтару 

Бүліну байқалған жағдайда, стандартқа сәйкессіздік жағдайында немесе тауаралар келісім – шарт пен тапсырыста тапсырылған тауараларға сәйкес келмеген жағдайда жабдықтаушыға тауарлы – материалдық қорларды қайтару конфигурацияда Жабдықтаушыға ТМҚ қайтару  құжатымен рәсімделеді. Құжатты Негізгі қызмет – Сатып алу - Жабдықтаушыға ТМҚ қайтару мәзіріі арқылы ашуға болады. 

«Контрагент» жолына  Контрагенттер анықтамасынан тауар қайтарылатын жабдықтаушы таңдалады, «Келісім – шарт» жолында келісім жүзеге асырылған келісім – шарт көрсетіледі. 

Құжаттың кестелік бөлігі құжаттың кестелік бөлігінің командалық панелінде орналасқан «Толтыру» түймесі көмегімен автоматты түрде толтырылады. Құжаттың кестелік бөлігінде жабдықтаушыға қайтару керек номенклатура жайғасымы мөлшерін қалдыруға болады. Құжатты жасау кезінде ТМҚ қайтару бойынша проводка құрылады. Осылайша, жабдықтаушы алдындағы берешек азайып, ТМҚ шығарылады, және ҚҚС түзету жүргізіледі. 

Бұл құжатты ТМҚ мен қызметтің келуі құжаты негізінде құруға болады, бұл үшін «Кірістеу құжаты» жолына ТМҚ мен қызметтің келуі құжат журналынан сәйкес құжат таңдалынады. 

Берілген құжат негізінде ҚҚС дұрыс есептеу үшін керекті Алынған шот – фактура құжатын енгізуге болады. Бұл үшін «Шот – фактураны енгізу» гиперсілтемесін басу керек. 

Жабдықтаушыға ТМҚ қайтару құжатының баспалы формасы болады, ол үшін «Баспа» түймесін басу керек. 

Сатып алушы төлем шоты 

Шот құжаты төлем шоттарын беруге арналған. Төлем шоты құжаты құжатты орындау үшін міндетті болып табылмайды. Құжаттың негізгі арналымы – құжаттың баспалық формасын құру және ТМҚ сату бойынша шығыс жөнелтпе құжат негізінде оны беру болып табылады. Сатып алушы төлем шоты құжатын Негізгі қызмет – Сату - Сатып алушы төлем шоты  мәзірі арқылы жүзеге асыруға болады. 

Сатып алушы төлем шоты құжатының кестелік бөлігінде сатылуға тиісті ТМҚ және оның құны көрсетіледі. Құжаттың баспалық формасын «Баспа» түймесі арқылы жүзеге асыруға болады. 

4.3  Тауралар мен көрсетілген қызметтерді жүзеге асыру операцияларын көрсету үшін ТМҚ мен қызметтерді сату құжаты пайдаланылады. 

«Контрагент» жолында Контрагенттер анықтамасынан сатып алушы көрсетіледі. «Келісім – шарт» жолында жүкті түсіру жүзеге асырылған келісім – шарт көрсетіледі. Құжат әмбебап болып табылғандықтан, бұл құжаттың көмегімен тауараларды сатуды, қызметтерді сатуды жүзеге асыруға болады, құжаттың бірнеше кестелік бөілктері бар. Құжаттың кестелік бөлігінің «ТМҚ» бет белгісінде ұйым сатып алушыға сататын тауарлар көрсетіледі. Құжаттың кестелік бөлігін «Таңдау» түймесі көмегімен жүзеге асыруға болады.  Номенклатуралы жайғасымын таңдаудың бірнеше түрі бар:  

 Номенклатура қалдығы мен құны – құжатты құру күніне Таңдау терезесінде қоймадағы тауаралар қалдығы мен құжатта таңдалған баға түрі бойынша бағалар көрсетіледі. 

Номенклатура қалдығы – таңдау терезесінде номенклатуралы жайғасым бойынша қалдықтар көрінеді. 

Анықтама бойынша – таңдауды номенклатура атауы бойынша жүзеге асыруға болады. 

Баға бойынша – таңдауды атау мен номенклатура құны бойынша жүзеге асыруға болады. 

«Таңдау» түймесі көмегімен құжаттың құрылу күніндегі қоймадағы тауар қалдығын қарау ыңғайлы. 

Егер ТМҚ мен қызметті сату құжатында қоймада жоқ тауарлар көрсетілсе немесе көрсетілген тауарлардың саны қоймадағы тауар санына асып кетсе, құжат алынбайды және жүйе бойынша сәйкес хабарлама жіберіледі. 

ТМҚ мен қызметті сату құжатында көрсетілген қызметтер мен орындалған жұмыстар туралы ақпарат «Қызметтер» бет белгісінде толтырылады. Соынмен қатар «Қызметтер» бет белгісінде Номенклатура анқытамасында «Қызметтер» белгісі орнатылған номенклатуралық жайғасымдарды көрсетуге болады. 

«Қосымша» бет белгіде шот – фактура құжатының баспалық формасында көрсетілетін мәліметтер болады, керек жағдайда деректемелер мәнін өзгертуге болады.  

Құжаттың баспалық формасын алу үшін «БАспа» түймесі арналған, осы түймені басқанда құжаттың екі баспалық формасын алуға болады. 

ТМҚ мен қызметті сату құжаты негізінде «шот – фактураны енгізу» гиперсілтемсін басу арқылы Шот – фактура құжатын тіркеуге болады. 

Сатып алушының ТМҚ қайтаруы 

Ұйымнан бұрын сатып алған тауарды сатып алушы қайтаратын жағдайда Сатып алушыдан қайтарым құжаты толтырылады. Ол құжатты Негізгі қызмет – Сатылым – Сатып алушыдан қайтарым мәзірі арқылы ашуға болады. 

Сатып алушыдан қайтарым құжатында қайтарым операциясы жасалынатын шығыс құжатын таңдауға болады.  Құжатты толтыруға болады:

  • сату құжаты бойынша;
  • құжаттың кестелік бөлігіне сату бойынша әр түрлі құжаттан жайғасымдар таңдау арқылы.

 

ТМҚ кірістеу

Түгендеу жүргізген кезде немесе тауарлардың артығын рәсімдеген жағдайда табылған қорлардың артығын кірістеуді ТМҚ кірістеу құжатының көмегімен жүзеге асыруға болады. 

Құжаттың кестелік бөлігі стандартты тәсілмен толтырылады – Номенклатура анықтамасынан номенклатуралық жайғасымды қосумен немесе «таңдау» терезесі формасынан жазбаларды таңдаумен. 

Құжатты Қоймадағы ТМҚ түгендеу құжаты негізінде толтырғанда ТМҚ кірістеу құжатының кестелік бөлігі Қоймадағы ТМҚ түгендеу құжаты мәліметтеріне сәйкес толтырылады. 

ТМҚ кірістеу құжатының кестелік бөлігін жүргізілген түгендеуге сәйкес  автоматты түрде толтыру «Толтыру» түймесі көмегімен жүзеге асырылады.  

Қоймада түгендеу жүргізу кезінде тауарлардың жетіспеушілігін шығыстау операциясын немесе ТМҚ шаруашылық қажеттілікке шығыстау операциясын ТМҚ шығыстау құжаты көмегімен жүргізуге болады.

ТМҚ кірістеу құжаты Қоймадағы ТМҚ түгендеу құжаты негізінде толтырылса, құжаттың кестелік бөлігі Қоймадағы ТМҚ түгендеу құжатында көрсетілген мәліметтерге сәйкес құрылады. 

Құжаттың кестелік бөлігін жаңа жолды қосу және Номенклатура анықтамасынан номенклатуралық жайғасымды таңдау арқылы, «Таңдау» түймесінің көмегімен толтыруға болады. 

ТМҚ шығуы құжаты баспалы формада болады, баспалы форманы алу үшін «Баспа» түймесін басу керек. 

4.4.Таңдалған кезеңдегі материалды есеп құруды Негізгі қызмет – Қоймалық операциялар – Материалды тізімдемені мәзірі көмегімен жүзеге асыруға болады. Материалды тізімдемені есептің әр түрлі шоттары арқылы алуға болады, ол үшін «Шот» жолынан ТМҚ керекті шоттар жоспарын таңдау керек. 

 

 

Тақырып 5. Негізгі құралдар мен МЕА есебі

 

 

1.Негізгі құралдар есебі

2.МЕА есебі

3.Амортизация параметрлері

4.Тіркелген активтер бойынша салықтық есеп

 

1.  Кәіпорынның шаруашлық қызыметінде ерекше орынды негізгі құралдар алады. Негізгі құралдар – ұзақ уақыт қызмет ететін және жалпы жылдық табыс алуға пайдаланылатын материалдық активтер. 

Бухгалтерлік есеп процесінде негізгі құралдарды бірнеше сатыларға бөлуге болады. Мүндай сатыларға келесілер жатады: 

1. негізгі құралдарды есепке алу 

2. негізгі қүрал амортизациясын есептеу 

3. негізгі құралдардың орнын ауыстыру 

4. негізгі құралдарды қайта бағалау 

5. кәсіпорын балансына негізгі құралдарды енгізу және шығару 

Дайындаушы – завод, шығару уақыты, есепке қажетті басқа да ақпараттар сияқты негізгі құралдар туралы мәліметтер Негізгі құралдар анқытамасында сақталады. 

Бұл анықтамаға негізгі құрал туралы қажетті ақпарат енгізіледі. Егер Негізгі құралдар анықтамасына бір түрлі объектілерді енгізу керек болса, Топтық қосу өңдеуін пайдалануға болады. 

Мысалы, егер кәсіпорын бір дайындаушы – заводтан, бірдей бағада 10 бірдей компьютер сатып алса, онда бұл өңдемені қолданып, деректемелерді келесі жолмен толтыруға болады: 

Топ қосу – бұл жолда жазба енгізілетін топ таңдалады

«бастап» «дейін» кодтарды енгізу – НҚ(негізгі құралдар) нөмірленуі басталатын код көрсетіледі. 

Элемент саны – НҚ анықтамасына енгізілетін жазба саны көрсетіледі 

Атауы  - НҚ атауы 

Толық атауы  - Нқ толық атауы 

Дайындаушы – актив дайындалған ұйымның атауы 

Завод нөмірі   - завод нөмірі 

Паспорт нөмірі   - паспорт нөмірі 

Шығару уақыты  - НҚ дайындалған уақыты 

НҚ тобы   - НҚ тобын таңдау 

Автотранспорт – егер НҚ транспорттық құрал болып табылса, «Автотранспорт» белгісі қойылады. 

НҚ бастапқы қалдығын шығаруы 

Егер есеп жүргізген уақытқа дейін кәсіпорын шаруашылық қызмет жүргізсе және НҚ балансы болса, онда бұл НҚ бойынша қалдықтарды НҚ бастапқы қалдығын енгізу құжаты көмегімен жүзеге асыра аламыз

Құжаттық деректемелерді келесі жолмен толтырылады: 

НҚ коды   – НҚ коды 

НҚ   - жылжымайын мүлік, ғимарат, құрал – жабдықтар анықтамасынан актив таңдалынады. 

Түгендеу. № - НҚ түгендеу нөмірі 

Есепке алу уақыты   - актив есепке алынған уақыт 

Құжат атауы   - есепке алынған актив бойынша құжат уақыты 

Келу тәсілі   - ұйымға келіп түсу тәсілі 

Бастапқы құны – есепке алу уақытында НҚ бастапқы құны 

Ағымдағы құны   - Қалдықты енгізу уақытындағы негізгі құралдардың ағымдағы құны 

Жинақталған амортизация  - қалдықты енгізу уақытына жинақталған амортизация сомасы  

Нқ тиімді пайдалану уақыты (БЕ) ай. – негізгі құралды тиімді пайдаланудың жалпы уақыты 

Есеп шоттары (БЕ)  - Бухгалтерлік есеп бойынша негізгі құралдар есепке алынатын есеп шоттары, мысалы, «2410» шоты – Негізгі құралдар  

Амортизация шоты   - бухгалтерлік есеп бойынша жинақталған амортизация есепке алынатын есеп шоттары. 

МЖТ – НҚ материалды – жауапты тұлға. Ол Жеке тұлғалар анықтамасынан таңдалынады. 

Негізгі құралдардың келуі мен шығуы операциялары есебін көрсететін құжаттар үшін жолдар тобы: 

БЕ модернизациялау шығындар есепшоттары – негізгі құралдарды модернизациялау шығындар есеп шоттары, түрлік шоттар жоспарында негізгі құралдарды модернизациялау және күрделі жөндеу шығындар есебі үшін  «2933» шоты қарастырылған. 

Сатып алу бойынша ҚҚС есебі – Негізгі құралдарды сатып алу бойынша операцияларда ҚҚС есеп шоттары 

Сату бойынша ҚҚС есеп шоттары – негізгі құралдарды сату бойынша операцияларда ҚҚС есеп шоттары 

Сату түсімі шоттары – негізгі құралдарды сатудан түскен түсім есеп шоттары 

Сату кезіндегі өзіндік құн шоттары – НҚ сату кезінде өзіндік құн есеп шоттары 

Негізгі құралдар есебін салық есебі бойынша көрсету құжаттарына арналған жолдар тобы:  

СЕ тіркелген актив болып табылады – салық есебінде тіркелген актив болып мойындалуы мүмкін белгі болып табылады. 

СЕ топтары – салық есебіндегі тіркелген активтердің амортизациялық тобы 

Ағымдық құны  - салық есебі бойынша негізгі құралдың ағымдық құны 

Бағалаудағы тұрақты айырмашылық   - егер бухгалтерлік және салық есебіндегі актив құндыраның арасында айырмашылық болса, бұл сома активті бағалауда тұрақты айырмашылық ретінде қарастырылады. 

Ата – аналық НҚ – егер қалдық енгізілетін негізгі құрал басқа негізгі құралдың құрамына кіретін болса, бұл жолда оны қосуға тиісті негізгі құралды таңдау керек. 

«Қорытынды» бет-белгісінде «негізгі құралдар» кестесінің кейбір колонкалары бойынша қорытынды мәлімет енгізіледі. 

Құжатты жасау кезінде келесідей проводкаларды құрады: 

Дт «Есеп шоттары (БЕ)» - Кт  000 «Қосымша шот»

Дт 000 «Қосымша шот» - Кт «Амортизация шоты (БЕ)»

НҚ келуі 

Негізгі құралдар келуі операцияларын бағдарламада көрсету үшін ТМҚ мен қызметтердің келуі құжаты арналған. 

ТМҚ мен қызметтердің келуі құжатында негізгі құралдардың келуін көрсету үшін «Негізгі құралдар» бет-белгісіне өтіп, негізгі құрал сатып алынған жабдықтаушы туралы ақпарат көрсету керек. Кестелік бөлігінде сатып алынған актив пен оның құны туралы ақпарат көрсетіледі. 

НҚ есепке алу 

Бухгалтерлік есепке негізгі құралдар объектілерін алуды НҚ есепке алу құжаты арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл құжатты НҚ және МЕА – НҚ есепке алу мәзірі арқылы құруға болады.  

Негізгі құралдар есепке келесілер түрінде алынуы мүмкін: 

Құрал – жабдықтар 

Құрылыс объектілері 

Сатып алынған негізгі құралдар 

Түгендеу нәтижесі бойынша. 

Құрылыс объектілері шығындары есебі үшін конфуигурацияда «2931» «Аяқталмаған өндіріс»  шоты  арналған. Кезең ішінде бұл шотта келесілерді жинақтауға болады:  

1. Материалды шығындар – материалдарды ТМҚ шығуы құжатымен шығаруға болады, шот ретінде «2931» шотын көрсетуге болады, 

2. Үстеме шығындар – мердігер ұйымдар қызметін немесе ағымдағы шығындарды шығаруды ТМҚ мен қызметтердің келуі құжаты арқылы жүзеге асыруға болады. 

3. Еңбекақы шығындары  - ұйым жұмысшыларының еңбекақы шығындарын көрсету үшін Еңбекақыны есепте көрсету құжаты пайдаланылады. 

НҚ орнын ауыстыру 

НҚ орнын ауыстыру құжаты НҚ бөлімшелер немесе материалды – жауапты тұлғалар арасында ішкі орын ауыстыру үшін арналған. Құжатты НҚ және МЕА - НҚ орнын ауыстыру  мәзірі арқылы құруға болады. 

Егер ұйым бөлімшелері арасында ішкі орын ауыстыру болса, онда «Бөлімше» жолында объект орын ауысқан бөлімше көрсетіледі, және осы тіркелген активтің материалды – жауапты тұлғасы міндетті түрде көрсетіледі.   Егер негізгі құралдардың материалды – жауапты тұлғасын өзгерту керек болса, онда бөлімше жолында объект кіретін бөлімшені таңдап, ал «Материалды – жауапты тұлға» жолына жаңа мән таңдау керек. 

НҚ модернизациялау

Түрлік конфигурацияда негізгі құралдарға күрделі жөндеу жүргізу және модернизациялау шығындарын аккумуляциялау үшін «2933» - «Модернизация және күрделі жөндеу» шоты қарастырылған. Бұл шығындарды модернизациялау объектісіне жатқызу қажеттігі туса, онда НҚ модернизациялау  құжаты толтырылады. 

НҚ шығуы 

Негізгі құралдар объектілері құнын баланстан объектілердің келесі себептермен шығуы нәтижесінде шығарылады: 

Сату;

Қайтарымсыз беру;

Моральдық және физикалық тозу нәтижесінде шығу;

Жарғылық капиталға салым ретінде беру және т.б.

Егер негізгі құралдың шығуы басқа ұйымдарға сату немесе қайтарымсыз беру нәтижесінде жүзеге асса, онда конфигурацияда НҚ беру құжаты құрылады. НҚ беру құжаты баланстан шығаруға, шығу айында амортизацияны есептеуге, өзара есеп айырысу бойынша қарызды көрсетуге мүмкіндік береді. 

Құжат басында келесі деректерді көрсетіледі: 

Контрагент – негізгі құралдар жүзеге асырылатын ұйым 

Келісім - шарт – өзара есеп айырысу келісім – шарты 

Оқиға  - негізгі құрал аударылатын жағдай. 

Кестелік бөліктің деректемелері: 

Атауы  - сатылатын негізгі құрал тізімі көрсетіледі.  

Құны (БЕ) – НҚ есепке алу басындағы құны 

Қалдық құны (БЕ) – бухгалтерлік есеп бойынша қалдық құн 

Тозу амортизациясы (БЕ) – негізгі құралды есепке алғаннан бастап НҚ тозуының жинақталған сомасы  

Ай ішіндегі амортизация – сату жүзеге асырылатын айдағы амортизация сомасы 

Сома – объектілер сатылатын сома көрсетіледі. 

ҚҚС %  - Нқ сатылатын ҚҚС мөлшерлеме 

Қалған деректемелер ҚҚС мөлшерлемесіне байланысты автоматты түрде есептелінеді. 

Құжат «Толтыру» түймесінің көмегімен автоматты түрде толтырылуы мүмкін. 

«Баспа» түймесінің көмегімен «НҚ – 1 Формасы» формасын алуға болады. 

Құжаттың кестелік бөлігінде шығаруға тиісті негізгі құрал таңдалынады. 

НҚ түгендеу 

Бухгалтерлік есеп пен есептілік мәліметтерінің нақтылығы мақсатында негізгі құралдарды түгендеу жүргізіледі. Одан басқа, оны жүзеге асыру жауапты тұлға ауысқан кезде керек. Негізгі құралды түгендеу құжатты безендірудің бар болуын тексеруден басталады.    

Негізгі құралдарды түгендеуді жүргізу операцияларын тіркеу үшін конфигурацияда НҚ түгендеу құжаты арналған. 

Түгендеу тізімдемесінің баспа формасын «Баспа» түймесі арқылы құруға болады. 

Кезеңдегі НҚ амортизациясы тізімдемесі  

Негізгі құралдар бойынша жиынтық ақпаратты Кезеңдегі НҚ амортизациясы тізімдемесі есебі арқылы алуға болады. 

Бұл есептің көмегімен негізгі құралдың бастапқы жағдайы туралы, оның өзгерісі туралы, оған есептелген амортизация туралы ақпаратты алуға болады. 

2   Шаруашылық қызметте ұйымдар материалдық негізі жоқ объектілермен жұмыс істеуі мүмкін. Ондай объектілерді материалдық емес активтер деп атайды, оған бағдарламалық қамсыздандыру, гудвилл және т.б. жатқызуға болады. Материалдық емес активтер ұйымға табыс әкеледі. 

 

Материалдық емес активтер 

Бағдарламада материалдық емес активтердің есебі «2700» «материалдық емес активтер» шотының көмегімен жүзеге асырылады.

Материалдық емес активтер анықтамасының әр бір элементі үшін материалдық емес активтің аты, түрі және басқалай мәліметтер көрсетіледі. 

МЕА келуі

Есепте материалдық активті сатып алу шығындарын көрсету үшін МЕА келуі құжаты арналған. 

«Контрагент» жолында Контрагенттер анықтамасынан МЕА сатып алынған ұйым көрсетіледі, ал «келісім шарт» жолында өзара есеп айырысу келісім – шарты көрсетіледі. 

Кестелік бөлігінің «Материалдық емес активтер» бет-белгісінде жаңа жолды қоса отырып, материалдық емес активтер анықтамасынан сатып алынған активтер тізімі таңдалынады. «Сома» жолында сатып алу бағасы, «%ҚҚС» жолында қосылған құн салығы мөлшерлемесі көрсетіледі. 

Жабдықтаушының шот фактурасын «Шот фактураны енгізу» гиперсілтемесі арқылы тіркеуге болады. 

МЕА есепке алу

Материалдық емес активтер объектілерін бухгалтерлік есепке алу операцияларын көрсету үшін МЕА есепке алу құжаты арналған. 

Құжат келесі жолмен толтырылады:  

Материалдық емес актив – есепке алынатын актив 

Алғашқы сомасы (БЕ) – материалдық емес актив есепке алынатын құн. Бұл сома сатып алуға төленген немесе материалдық емес актив объектілерін құруға шығындалған сома. 

Пайдалы қолдану уақыты – экономикалық пайдалау мақсатында материалдық емес активтерді пайдалану уақыты 

Есеп шоттары (БЕ)  - Бухгалтерлік есеп бойынша материалдық емес активтерді  есепке алынатын есеп шоттары.  

Амортизация шоты   - бухгалтерлік есеп бойынша жинақталған амортизация есепке алынатын есеп шоттары. 

Амортизацияны есептеу – амортизацияны есептеу белгісі 

Амортизацияны есептеу тәсілі - Амортизацияны есептеу тәсілі (тікесызықты, кішірейген қалдықты, өндірістік).  

Шығынды көрсету тәсілі – бухгалтерлік есепте амортизация шығынын көрсету тәсілі 

Натуралды өлшемде амортизацияны есептеу үшін өнім көлемі -   өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеу деректемелері. 

 

Салық есебі бойынша деректемелер тобы: 

Тіркелген есеп белгісі – салықтық есепте тіркелген актив танылатындығы, танылмайтындығы  туралы белгі 

СЕ тобы – салық есебі бойынша тіркелген активтердің амортизациялық тобы 

МЕА шығуы

Тиімді пайдалану уақытының аяқталуы немесе материалдық емес активтің шығуы нәтижесінде активтің алғашқы құны мен жинақталған амортизация да шығарылады. Материалдық емес активтің шығу операциясын көрсету үшін конфигурацияда МЕА шығуы құжаты арналған. 

Пайдалану құқығын басқа ұйымға беру арқылы МЕА шығу кезінде  МЕА беру құжаты пайдаланылады. 

3   Өндіріс процесінде пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер уақыт өте келе пайдалану процесінде тозады. Тозу – негізгі құрал объектілерінің физикалық және моральдық сипатын жоғалту процесі. 

Амортизация – тозуды көрсету тәсілі. Бухгалтерлік есеп қағидасына сәйкес негізгі құралдар мен метериалдық емес активтер құны оларды пайдалану уақыты кезінде есепті кезеңдерге бөле отырып біртекті бөлінуі тиіс. Амортизациялық төлемдер – өнімнің, қызметтің және жұмыстың өзіндік құнын құрайтын негізгі элементтердің бірі. Қайта пайдалануға енгізілген негізгі құралдарға амортизация есептеу енгізілген айдан кейінгі айдан кейін басталады. 

Конфигурацияда негізгі құралдарға амортизацияны есептеудің келесі тәсілдері жүзеге асырылған: 

Түзусызықты тәсіл

Кішірейген қалдық тәсілі 

Тиімді пайдалану уақытының жылдар саны сомасы бойынша 

Өндірістік 

НҚ амортизациясы кестесінің өзгеруі 

Егер негізгі құралдың бір немесе бірнеше объектілері үшін амортизация кестесін өзгерту керек болса, конфигурацияда ол үшін НҚ амортизациясы кестесінің өзгеруі құжаты арналған.  

Құжатта «кесте» жолында амортизацияның өзгеру жаңа кестені көрсетіледі, ал кестелік бөлігінде амортизацияның жаңа кестелігін орнату керек негізгі құрал объектілері көрсетіледі. 

НҚ амортизациясы кестесінің өзгеруі құжатын жүргізу кезінде бұл мәліметтер регистрге жазылып, амортизация есептелген кезде Айдың жабылуы құжатында пайдаланылады.  

Берілген құжат ешқандай проводка құрмайды, ол НҚ амортизация Кестелері мәліметтер регистрінің сәйкес ресурстарын өзгертеді. 

4.  Қазақстан үшін  «1С: Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында  тіркелген активтер бойынша салық есебін жүргізу мүмкіндігі жүзеге асырылған. Конфигурация келесі операцияларды орындауға мүмкіндік береді: 

Табыс салығы бойынша кірістер мен шығыстарды есептеу үшін тіркелген активтер есебі 

Салық есебінің топтары мен топшаларында тіркелген активтердің баланстық құны есебі 

Салық есебі бойынша тіркелген активтердің құнын жабу бойынша шығындар есебі 

Салық есебі бойынша тіркелген активтер үшін келесі анықтамалар арналған:

Тіркелген активтер тобы

Тіркелген активтер тобы бойынша мәліметтер 

Тіркелген актив тобы (салық есебі) 

Тіркелген актив тобы анықтамасында салық есебі бойынша тіркелген активтердің амортизациялық тобы көрсетіледі. Бұл анықтаманы НҚ мен МЕА – Тіркелген активтер тобы мәзірі көмегімен ашуға болады. 

Анықтамада топтың атауы және тіркелген актив тобындағы есеп түрі; объект бойынша және жалпы топ бойынша көрсетіледі. 

Тіркелген активтер тобы туралы мәліметтер (салық есебі) 

Амортизацияның шекті нормасы, амортизацияның қолданыстағы нормасы, жөндеу шығыны пайыздары сияқты тіркелген активтің салықтық есебі параметрлері туралы мәліметтер Тіркелген актив тобы туралы мәліметтер регистрінде сақталады. 

Мәліметтер салық есебі жүргізілетін әрбір тіркелген актив тобы бойынша көрсетілуі тиіс. Әр бір объект бойынша  есеп бөлек жүргізілетін «Ғимараттар мен құрылыстар» бірінші топ активтері үшін  егер салық есебі параметрлері топ үшін жалпы орнатылған параметрлерден ерекше болса, бірінші топтың әр бір объектісі үшін мәндерді орнату керек. 

Салық есебі бойынша тіркелген активтердің қозғалысы 

Қазақстан үшін «1 С:Бухгалтерия 8.1» конфигурациясында салық есебі бойынша тіркелген актив қозғалысы операциялары бухгалтерлік есеп бойынша НҚ мен МЕА есебінің бастапқы құжаттары бойынша жүзеге асырылады. НҚ мен МЕа келуі мен НҚ мен МЕА шығуы операциялары бейнеленетін құжаттарда салық есебі бойынша тіркелген активтер үшін деректемелер бар.  

Салық есебін жүргізуге арналған шоттар жоспарында салық есебі бойынша тіркелген актив есебі үшін арнайы шоттар арналған: 

Н311 – салық есебінде мойындалған және баланс құныныа енгізілген тіркелген активтер есеп шоты 

Н311 – пайдаланудың бірінші жылында амортизацияның екі нормасы қолданылған және баланс құнына енгізілмеген тіркелген активтер есеп шоты 

Н320 – амортизацияға жатқызылмайтын тіркелге активтер есептелінетін есеп шот. 

Салық есебі бойынша НҚ мен МЕА келуі операциясы келесі құжаттар көмегімен рәсімделеді: 

НҚ бойынша бастапқы қалдықты енгізу

ТМҚ мен қыземттердің келуі 

МЕА келуі.

Бұл құжаттарда салық есебі бойынша тіркелген актив есептелінетін Салық есебі бойынша есеп шоттарды орналастыру керек. Бағдарлама өз бетінше Н311 шотын орналастырады, керек жағдайда бұл шотты өзгертуге болады. 

НҚ мен МЕа есепке алу құжаттарында салық есебі бойынша тіркелген актив танылатыны туралы белгі қойылады, салық есебі бойынша ФА амортизациялық тобы көрсетіледі, сонымен қатар салық есебі бойынша құнды өтеу тәсілі беріледі. 

Салық есебі бойынша тіркелген активті шығару келесі құжаттар көмегімен рәсімделеді: 

Нқ беру;

Нқ шығару;

 МЕА беру;

МЕА шығару.

Бұл құжаттарда салық есебі бойынша кіріс есебі шоттары және шығыс есеп шоттары, сонымен қатар аналитикалық есеп жүргізу үшін қажетті объектілер көрсетіледі.  

 

Тақырып 6. Контрагенттермен бір-бірімен есеп айырысу есебі.

 

1.Контрагенттер

 2. Бір-бірімен есеп айырысу салыстыру актісі

 3. Дебиторлық және кредиторлық борыштың жабылуы

 

  1. Барлық шаруашылық ұйымдарда сатып алушылармен және жабдықтаушылармен бір-бірімен есеп айырысу есебі болады. Дебиторлық және кредиторлық борыштардың есебін дұрыс ұйымдастыру және осы борыш бойынша толық ақпаратты уақытылы алу өте маңызды.

Борыштардың пайда болуы және оларды өтеу есеп айырысу қатынасын білдіреді. Мұнда бір кәсіпорын сатып алушы және жабдықтаушы бола алады.

Кредиторлық және дебиторлық борыштың аналитикалық есебін ұйымдастырушы үшін конфигурацияда Контрагенттер анықтамасы белгіленген. Бұл анықтамада кәсіпорын бір-бірімен есеп айырысуды жүргізетін барлық жеке заңды тұлғалар туралы ақпарат сақталынады. Зейнетақы қоры, банктер және т.б. сияқты бюджеттік ұйымдар, жабдықтаушылар, сатып алушылар болуы мүмкін. Негізгі қызметКонтрагенттер мәзір арқылы анықтама алуға болады.

Қолайлы іздеу үшін анықтаманы топтар, қасиеттер бойынша құрастыру керек. Мысалы, «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Қорлар» және т.б.

Әр контрагент үшін қажетті анықтама ақпарат, бір-бірімен есеп айырысуды негізгі және банк шоттары бойынша ақпарат енгізіледі.

Контрагент кредитор және дебитор ретінде бола алатындықтан бірнеше мәмілері болады:

1.Сатып алушымен;

2. Жабдықтаушымен;

3. Тағы басқалар.

Контрагенттермен есеп айырысу көп жағдайда контрагентпен, бір-бірімен есеп айырысу мәмілесінде, бір-бірімен есеп айырысудың қандай валютасы анықталғаннан және бір-бірімен есеп айырысудың қозғалысын анықтайтын құжат қалай жасалғаннан тәуелді болып келеді.

Бір мәміленің шегінде контрагентпен бір-бірімен есеп айырысуды мәміле бойынша немесе есеп құжаттары бойынша жүргізуге болады, мәміленің сәйкес түрінде бұл белгіленеді.

 

Тақырып 7.  Мамандар есебі және  ұйым жұмысының еңбек ақы есебі.

 

Мамандар есебі

2.Еңбек ақыны есептеу

3.Салықтар,салымдар және аударымдарды есептеу

4.Еңбек ақы бойынша есеп беру

 

1. Еңбек және еңбекақы есебі қиын және көп күш жұмсауды қажет ететін бухгалтерлік есеп болып табылады. Кәсіпорын жұмысшылары үшін еңбекақы өмірлік қажеттілікті қанағаттандырудың басты көзі болып келеді, ал кәсіпорын үшін жұмысшыларға еңбекақы төлеудегі шығындар мекеменің қаржылық көрсеткіштеріне әсер етеді. Сондықтан бухгалтерлік есепте кадрлық және кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбекақы есебін дұрыс ұйымдастыру өте маңызды болып келеді.

 «Бухгалтерия 8.1 Қазақстан үшін» құрамына кіретін еңбекақының және кадрлардың арнайы қосалқы жүйе есебі төмендегі тапсырмаларды  орындайды:

  • Кадрлардың әр мекемелер бойынша қозғалыс есебі, соның ішінде құжаттарды даярлауды (жұмысқа қабылдау туралы бұйрық, аудару, жұмыстан шығару туралы бұйрық) және есеп беруді (Т – 2 үлгісі бойынша жұмысшылардың жеке карточкалары, кәсіпорындағы жұмысшылардың құрамы есебі) қоса алғанда;
  • Мекеменің қызметкерлер құрамына еңбекақы есептеу, тиісті құжаттарды дайындаумен бірге (төлем құжаттарын қоса алғанда);
  • Регламенттелген салықтарды
  • Есептелген еңбекақының көрсеткіші, сонымен қатар салықтардың,    сомасы және бухгалтерлік пен салықтық есебінде есептелуі

Еңбекақыны есептеуді реттеу

Кадрлық есеп ұйымнан еңбекақы есебінен және салықтардан бұрын ең алдымен маңызды есептерге реттеу жүргізу керек.

Есеп саясаты (Салық есебі)

Есеп саясатын реттеуде «ЖТС және ЗҚ» көрсеткіштерінде  жеке табыс салығына және міндетті зейнетақы жарнасына әсер ететін келесідей өлшемдер белгіленеді. (Кәсіпорын мәзіріі – есеп саясаты – есеп саясаты (салық есебі)).

 «ЖТС және ЗҚ» - ны ықшамдау есебі – егер белгі белгіленсе, онда «жеке табыс салығы бойынша есептің 201.00 үлгісі» декларациясын, «аударымға жататын міндетті зейнетақы жарналарын» құрастырғанда үрдіс бойынша жазылады, салықтарды және жарналарды есептеу сомасы аударым сомасына тең.

Тіркеу кезеңі бойынша көрініс – бұл белгіні орнатқан кезде, еңбекақы бойынша есептеу сомасы есептеу бойынша құжаттарды тіркеу кезеңінде көрініс табады.

Өндірістік күнтізбе

Жұмыс істелінген уақыттың есебін жүргізу үшін конфигурацияда өндірістік күнтізбе қарастырылған. Бұл күнтізбеде жұмыс күндері, мерекелік және демалыс күндері жайлы ақпараттар сақталынады. Бұл күнтізбені Еңбек ақы – Өндірістік күнтізбе мәзірі арқылы ашуға болады. Ақпараттық базаның алғашқы іске қосылуында күнтізбедегі мәндер автоматты түрде қойылады. Істелінген жұмыс уақыты есебінің дұрыстығы үшін өндірістік күнтізбенің алғашқы толтырымы міндетті шарт болып табылады. Қолданушы осы күнтізбенің мәндерін өз бетінше өзгертуіне болады. Бұл үшін күнтізбені белгілеп, тышқанның сол жақ батырмасымен күнтізбені 2 рет басу қажет, және мәндерді тандаймыз: мерекелік күндер, демалыс күндері, қосымша демалыс күндері және жұмыс күндері. Өзгерістерді енгізгеннен кейін күнтізбедегі мәндерді жазу керек. («Жазу» батырмасы) Егер енгізілген өзгерістер жазылмаса күнтізбе алғашқы сипатта қалады.

Кәсіпорынның негізгі аударымдары

Еңбекақы төлеу ережелерінде қарастырылатын аударымдардың барлық түрлері жайлы ақпараттар кәсіпорынның негізгі аударымдары есебі түрінің жоспарында сақталады. Толтыру үшін анықтаманы «Еңбек ақы –Еңбек ақы есебін келтіру – Ұйымдағы негізгі еңбекақыны есептеу» - мәзірдің көмегімен ашуға болады.

Аударымдардың әр түрлеріне есептің тәсілдері қойылады. Егер аударымның есеп сомасы пайызбен берілсе, онда «Басқа» белгісінде аударымдардың пайызбен аударылатын базалық түрлері беріледі. Мысалы: сыйақы айлықақыдан 30% болып саналатын  болса, аударымның «Сый-ақы» түріндегі «Есептеу тәсілі» жолында міндетті түрде «Пайызбен» тәсілін таңдау қажет, ал есептің базалық түрі ретінде «Еңбек ақы мөлшері күнмен» түрін таңдау керек. «Айлық көрсеткіші» аударым сомасының есебі тәсілін аударым сомасы койылған айлық есеп көрсеткішінің көлемінен есептелгенде көрсетуге болады.  Мысалы, мекемеде сомасы 1,6 айлық есептік көрсеткішті  құрайтын аударымның бір түрі – экологиялық төлемдер деген аударымдар бар.

Орташа жалақының дұрыс есептелуі үшін есеп түрлерінің жоспарында «Басқа» көрінісінің «Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы ны есептеу және «Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы» аударымдардың барлық түрлерін көрсету керек, олар кәсіпорынға жұмысшылардың орташа жалақыларының есебінің базасына кіреді. Сонымен қатар, орташа жалақы есебінің аударым кезеңдері бойынша қызметкердің табыс сомасын дұрыс көрсету үшін «Сыйақы түрлері» деректемесі тағайындалған. Мысалы, қызметкер демалысқа 2008 жылы мамыр айында шықты, ал 2007 жылға оған 5000тенге көлемінде сыйақы бөлінген, орташа жалақыны есептеу үшін осы соманың тек 7/12 бөлігін ғана алу керек. «Сый ақы» аударымының түріне «Сый ақы болып табылады» деген белгі қойылады. Егер орташа жалақыны есептеу үшін өткен жылдағы сый ақының сомасын толығымен алу керек болса, онда «Сый ақы» аударымының түріне «сыйақы болып табылмайды» деген белгі қойылады. Әрбір аударым үшін оның жеке табыс салығын салу, міндетті зейнетақы қорларының, әлеуметтік аударымдардың тәртібін тізімдеу керек, сонымен қатар, аударым соммаларын бухгалтерлік және салықтық есепте көрсету керек. Декларациядағы әлеуметтік салық бойынша аударым түрлері сомасын көрсету үшін «ӘС Декларациясы бойынша жолдар коды» алаңын дұрыс толтыру қажет.

 «Төлеу қоры» алаңында кәсіпорындағы жұмысшыларға төленетін жалақы пайда болатын Қор көрсетіледі.

Кәсіпорынның ұсталымдары

Еңбекақы қалпында қарастырылған ұсталым түрлерінің тізімі «Кәсіпорынның ұсталымдары» деп аталатын есептеме жоспарында сақталады, оны «Еңбекақы – еңбекақы есебін реттеу – кәсіпорынның ұсталымдары» мәзірінің көмегімен ашуға болады.

Атқарушы парақтарды есептеу кезінде қолданылатын ұсталымдар анықталған болып келеді және осы анықтамаға енгізілген. «Атқарушы парақ бойынша пошта жинағы» ұсталым түріне пошта жинағын есептеуге арналған мөлшерлеме шкаласын көрсетуге болады,

Қолданушы өзінің ұсталым түрлерін қоса алады және олардың нәтижесін есептеу тәсілін көрсете алады:

  • орындалған сомамен;
  • пайызбен;

Егер есептесудің «Пайызбен» деген түрі таңдалса, онда есептесу түріне пайыз мөлшерін қою керек және аударымдардың базалық түрлерін анықтау керек.

Кәсіпорында жұмыскерлердің жеке құрамының есебі үшін кадрлық есеп ұйымдастырылған.

Кадрлық есепте кәсіпорынның қызметкерлер құрамы жайлы мағлұмат құжаттар сақталады, мысалы қызметкердің аты-жөні, еңбек шарты, атқаратын лауазымы жазылады. Кадрлық құжаттар болып мыналар табылады:

-Жұмыска қабылдау туралы бұйрық;

-Кадрлық ауысу;

-Жұмыстан шығу туралы бұйрық;

Лауазымдар

Лауазымдар анықтамасында кәсіпорында қолданылатын лауазымдар тізімі жазылады (Еңбекақы-Кадрлық есеп-Лауазымдар мәзірі).

Тұлғаны куәландыратын құжаттар

Әрбір жеке тұлға үшін оны куәландыратын құжаттардың деректемелерін нұсқауға болады. Бұл құжаттың түрін көрсету үшін Тұлғаны растайтын құжаттар анықтамасы қолданылады. Аңықтаманы толтыру үшін Еңбекақы- Кадрлық есеп-Тұлғаны растайтын құжаттар мәзірі арқылы толтыруға болады.

Анықтама жіктеменің ішінен «Іріктеу» түймесі арқылы толтырылады.

Жұмысқа қабылдау

Жеке тұлғаны жұмысқа қабылдау туралы ақпараттық факт базасын көрсету үшін «Жұмысқа қабылдау» құжаты арналған (Еңбекақы- Кадрлық есеп- Жұмысқа қабылдау мәзірі).

Құжатты бір адамға да, жұмыскерлер тобына да толтыруға болады. Құжаттың басында құжаттың нөмірі және атқаратын қызмет түрі көрсетіледі.

Құжаттың кестелі бөліміндегі Жұмыскер бағанасын анықтамасының ішіндегі жеке тұлға элементін таңдау арқылы толтырылады. Келесі кезекте кәсіпорынға жұмысқа қабылданған мерзімі, жұмыскердің бөлімшесі толтырылады.

 «Аударым» бөлімінде есептесудің түрі және еңбекақы мөлшері көрсетіледі.

Атқарылатын парақтар. Алушы арқылы аудару.

Жұмыскерлер еңбекақысынан атқарылатын парақтар бойынша ұсталымдарды аудару үшін «Атқарылатын парақтар. Алушы арқылы аудары» құжаты арналған, Еңбекақы- Атқарылатын парақтар арқылы екі жақты есеп айырысу-Атқарылатын парақтар. Алушы арқылы аудару мәзірі.

Аударымға жататын сома автоматты түрде «Толтыру» батырмасымен мына тәсілдер арқылы толтыруға болады:

-Құжат мерзіміне берешегі бойынша;

Ай соңына берешегі бойынша,

Осы құжат негізінде ШКО немесе Төлем тапсырмасы (шығыс) құжаттарын енгізу керек, «Атқарылатын парақтар бойынша төлем» операциясымен.

SWIFT файлын құру.

Міндетті зейнетақы жарналарына және Әлеуметтік шығыстарға Электронды түрде аудару үшін конфигурацияда сервистік мүмкіндіктер қарастырылған. Ол үшін «Зейнетақы қорларыныңаударымдары» немесе «Әлеуметтік шығыстардың аударымдары» операциялар түрі қойылған «Төлем тапсырмасы шығыс» құжатының ішінде «SWIFT файл құру» батырмасы арналған. Бұл файлды құрғанда толтыруға қажетті мәліметтердің толықтығы, дұрыстығы тексеріледі, мысалы, СИК, СТН, төлем тапсырмасы және т.б. Егер жүйеде қателік болса, онда қателік табылған жұмыскерлердің тізімі көрсетілген хабарлама келеді, содан файл құрылмай қалады. Қателер түзетілген соң файл МТ-102 форматында құрылады, ол қорға жатқызылады.

Еңбекақының төлемі және депазитке салу.

Еңбекақының төлемі және депозиттеу үшін кәсіпорын қызметкерлеріне конфигурацияда келесідей арнайы құжаттар қарастырылған:

-Төлем тізімдемесі

-Еңбекақыны депозиттеу

-Еңбекақының шығыс ордерлерімен төлемі.

Төлем тізімдемесі.

Конфигурацияда еңбекақы бойынша төлемді дайындау үшін Кәсіпорынның төлемі үшін еңбекақы құжаты арналған, Еңбекақы-Төлем тізімдемесі мәзірі арқылы ашылады.

Құжаттың «бас жағында» төлем тізімдемесінің құрылған мерзімі, еңбекақының аударылған айы және оның төлем тәсілі (касса арқылы немесе банк арқылы аудару) көрсетіледі. Егер «Банк арқылы» тәсілі таңдалса, онда кестелі бөлімге Жеке тұлғалар анықтамасында «Карт.есеп» және еңбекақы бойынша қарызы толтырылған қызметкерлер таңдалынады. «Банк» жолында карт. шоты арқылы аударылатын банкті таңдауға болады.

Кестелі бөлімінде төлем тапсырмасына кіретін жұмыскерлер тізімі жазылады, және төлем үшін сома қойылады.Кестелі бөлімді толтыру үшін «Толтыру» батырмасы арналған.

Кәсіпорынның төлемі үшін еңбекақы құжаты Т-2 түрлік формасын құруға әсерін тигізеді.

Еңбекақының төлемінің касса арқылы тәсілі таңдалса құжаттың кестелі бөлімінде «Еңбекақының төленуі» бағанасы құрылады. Бұл бағанада келесідей мәндерді көрсетуге болады:

-Төленді;

-депозиттелінген;

-Төленбеген;

Егер кәсіпорын карточкалык шоттарға еңбекақыны банк арқылы аударса, аударым тізімдерін электронды түрде құруға болады, «Файлдарды құру» батырмасын қолдануға болады.

Еңбекақыны шығыс ордерлері арқылы төлемі.

Егер еңбекақының төлемі касса арқылы жүргізілсе әр қызметкерлерге Шығыс касссалық ордер құжаты толтырылады. Бұл операцияны орындау үшін Еңбекақының шығыс ордерлері арқылы төлемі өңдеуі арналған (Еңбекақы-Еңбекақының шығыс ордерлері арқылы төлемі мәзірі).

Еңбекақының шығыс ордерлері арқылы төлемі өңдеуімен жұмыс тәртібі.

1. Төлем тізімдемесі құжат журналындағы «Төлем тізімдемесі» жолында әр қызметкерге Шығыс кассалық ордерін құруға негіз болатын құжат таңдалынады;

2. Шығыс кассалық ордерлерін құру үшін терезенің командалық жинақтамасында орналасқан «Құру

 Түймесін басу;

3. Кестелі бөлімде Шығыс кассалық ордерін құру керек қызметкердің тізіміне қарама-қарсы жалау қойылады.

4. «Өткізу» түймесі Шығыс кассалық ордерін автоматты түрде өткізуге арналған.

5. «Басып шығару» түймесі құрылған кассалық ордерлерді басып шығаруға арналған.

Еңбекақыны депозиттеу.

Депозиттелген еңбекақының есебі үшін Еңбекақынны депозиттеу құжаты арналған (Еңбекақы- Еңбекақыны депозиттеу мәзірі).

Есептеме нәтижелерінің есепте көрсетілуі.

 Бухгалтерлік есепте еңбекақының есебін көрсету үшін Еңбекақының есепте көрсетілуі құжатын толтыру қажет.

 Құжаттың көмегімен кәсіпорын бойынша аударым мен ұсталымдардың барлық түрлері  құрылады.

Құжаттың кестелі бөлімі «Толтыру» түймесі арқылы автоматты түрде толтырылады.

Еңбекақының есепте көрсетілу тәртібі.

Еңбекақы аударымы нәтижелері мен соған байланысты салықтар, жарналар, аударымдардың сәйкестігі еңбекақының көрінісі тәсілінің кестелі бөлімінде регламенттелген есеп түрінде жинақталған.

Бұл ережелер Еңбекақы көрінісің регламенттелген тәсілі анықтамасында көрсетіледі (Еңбекақы-Еңбекақының есебі- Еңбекақының есепте корсетілу тәсілі мәзірі).

Жоспарлы аударымдар туралы мәліметті енгізу.

Кәсіпорын қызметкерлерінің тұрақты аударымдарының көрінісінде өзгерістерді регламенттелген есепте тіркеу үшін Жоспарлы аударымдардың мәліметтерін енгізу құжаты арналған (Еңбекақы-Еңбекақы есебі-Жоспарлы аударымдардың мәліметтерін енгізу мәзірі).

Құжатта міндетті түрде мыналар көрсетіледі:

-Жұмыскерлер тізімі;

-Есеп мәліметтерінің өзгерген мерзімі;

-Аударымдардың регламенттелген есепте көрсетілу тәсілі;

4. Конфигурация еңбекақымен байланысты қажет есепті алуға мүмкіндік береді.

Есеп айырысу парақшасы

Еңбекақы – Есеп айырысу парақшасы мәзірі арқылы есеп беруді құруға болады.

Есеп айырысу тізімдемесі

Еңбекақы – Есеп айырысу тізімдемесі мәзірі арқылы есеп беруді құруға болады.

Ақша есептеу және ұстап қалу жиынтығы

Ақшаны есептеу және ұстап қалудың барлық түрлері бойынша мәліметтерді ақшаны есептеу және ұстап қалу есеп беруі арқылы алуға болады.Оны Еңбекақы – Еңбекақы – Ақшаны есептеу және ұстап қалу менюі арқылы құруға болады.

Жұмыскерлер алдындағы берешектер құрылымы

Жалақы бойынша берешектер мәліметтерін көрсету үшін Жұмыскерлер алдындағы берешектер құрылымы есебі арналған. Оны Жалақы – Жұмыскерлер алдындағы берешектер құрылымы мәзірі арқылы құруға болады.

ЗҚ бойынша кәсіпорындардың құрылымы

Міндетті зейнетақы қорының есептеу және аудару сомалары бойынша мәліметтерді Әлеуметтік сақтандыру қоры бойынша кәсіпорынның берешектер құрылымы есебі арқылы алуға болады. Бұл есепті Жалақы – Салықтар - ЗҚ бойынша кәсіпорынның берешектер мәзірі арқылы құруға болады.

Әлеуметтік сақтандыру қоры  бойынша берешектер құрылымы

Әлеуметтік аударымдардың есептеу және аудару сомалары бойынша мәліметтерді Әлеуметтік сақтандыру қоры бойынша кәсіпорындардың берешектер құрылымы есебі арқылы алуға болады.

Салық есебі бойынша ЖТС және ЗҚ ұстап қалу

Салық есебі бойынша ЖТС және ЗҚ ұстап қалу құжаты бюджетке және қорға аударуға жататын жеке табыс салығы және міндетті зейнетақы аударымның сомаларын есептеу үшін арналған. Егер ықшамдалған ЖТС және ЗҚ есебі қолданылмайтын болса, онда құжатты әрбір есеп айырысу айдың соңында құру керек. Құжатты құру Жалақы – Салықтар – Салық есебі бойынша ЖТС және ЗҚ ұстап қалу мәзірі арқылы болады.

Кесте бөліктерін автоматты түрде толтырған кезде есеп айырысу айдың соңына аударылмаған сомалары бар заңды тұлғалар тізімі құрылады. Есеп айырысу кезінде есеп саясатында (салық есебі) белгіленген параметрлер қолданылады: «Тіркеу кезеңі бойынша көрініс», «ИЛ бойынша төленген табысқа ұсталымдарды есептеу».

       

Тақырып 8. Өндірістің есебі

 

1Өндірістік есептің параметрлерінін өңдеу

2.Өндірістік есептегі өзіндік шикізаттың есебі

3.Өндірістік есептегі өңделме шиказаттың есебі

 

1. Өндірістегі бухгалтерлік есептің басты мақсаты- өндірістегі шығындарды есептеу, калькуляциялау және дайын өнімнің өзіндік бағасын есептеу. Ол келесі баптар бойынша есептелінеді:

- Өнімнің өзіндік бағасы бойынша.

- Өнімнің түрі бойынша.

- Шығынның пайда болу орны бойынша

- Шығынның түрі бойынша.

            Бұл конфигурациялар кәсіпорынның шаруашылық іс- әрекетін ашуға мүмкіндік береді, яғни:

  • Өнімді өндіруде шығындарды көрсету
  • Жоспарлы бағамен ай ішінде есептеу және ай соңында нақты бағамен есептеу
  • Кәсіпорынның ішкі бөлімдерінің қызметі
  • Басқа кәсіпорындарға қызмет көрсету
  • Басқа кәсіпорындарға өнімді қайта өндіріп беру.

Өндірістік есепті жүргізу үшін өндірістік процессте қолданылатын конфигурацияларды қабылдау керек және оларға әсер ету керек.Осыған байланысты өндірістегі шығындарды анықтау үшін келесі анықтамалар қабылданған:

Тікелей шығындар - өнімнің түріне байланысты шығындар. Мысалы материалдар,қызметкерлердің еңбек ақысы, басты өндірістік қорлардың амортизациясы.

Жанама шығындар - өндірілетін өнімдерге және көрсетілетін қызметтерге байланысты бір уақыттық шығындар.

Номенклатуралық топтар

Номенклатуралық топтар арқылы біз номенклатуралық жайғасымды топтарға жинақтаймыз.Топты жасау үшін мәзір – басты қызмет – тауарлар (материал,өнім,қызмет) -номенклатуралық топ. Жайғасымды біріктіру арқылы біз өндірістегі шығындардың есебін және өнімді, тауарды өндіру бойынша қызмет көрсету бойынша пайданы біле аламыз.

Бір номенклатуралық топқа саны шексіз номенклатуралық жайғасым кіре алады, бірақ бір жайғасым бір топқа ғана жатқызылады.

Номенкулатураның басты спецификациясы.

Тауарлы-материалдық қорлардың есебі спецификация бөлімінде іске асады. Спецификация – бұл ТМҚ жеке түрін өндіру ( алу ) немесе өңдеу бойынша технологиялық процессті сипаттау және материалды ресурстарды қолдану бойынша нормативтері.ТМҚ бойынша спецификацияны енгізу номенклатуралық жайғасым карточкалары арқылы.Ол үшін номенклатуралық жайғасым «өту» түймесін басып анықтамалар мәзірінде «номенклатураның спецификациясы» деген түймені таңдау керек.

Әрбір спецификацияға жеке атау беріледі және номенклатурасы көрсетіледі, бірге өндіріліп шығатын бөлшектері анықталады,қандай ТМҚ түрі қажет және саны.

Спецификация тізімін номенклатураны басты спецификация тіркеуінде көре аламыз (мәзір басты қызмет –тауар (материал,өнім,қызмет) номенклатураның басты спецификациясы.

Жанама шығындарды кәіпорында жіктеу әдістері. Жанам шығындар барлық өндірілетін тауарға және көрсететін қызметке байланысты. Бұл шығындар ай соңында жалпы өндірістік шығындар және басқа да шығындар болып жіктеледі.

Жанама шығындардың базасы( жанама шығындарды кәсіпорында жіктеу әдістері) тіркелімге орнаталыды, бұл тіркелімді  ашу үшін –кәсіпорын –есеп саясаты –жанама шығындарды жіктеу әдістері.

База ретінде келесілер болуы мүмкін: шығару көлемі-ағымдағы ай ішінде шығарылған өнім мен көрсетілген қызмет саны.

Жоспарлы құны –ағымдағы ай ішінде шығарылған өніммен көрсетілген қызмет бойынша жоспарлы құны.

Еңбекті төлеу- бабында көрсетілген жалпы шығын көлемі.

Бөлінбейді- бөлінбейтін жанама шығындар сомасы.

Әдісті орнату кезінде( жанама шығындарды кәсіпорында жіктеу әдістері) тіркеуінде қабылданған әдістің күші енетін күні көрсетіледі. Ал егер жаңа әдіс болатын болса , тіркеуге енгізіліп, әдістің қолданылу күні көрсетіледі.

Жанама шығындардың конфигурациясында жинақталу үшін 8440  шоты арналады. Жанама шығындар оның аналитикасы «бөлім» және «шығындар» бабы.

Жанама шығындарды бөлуді, келесі сызбасымен көрсетуге болады:

  1. Ағымдағы айда 8440 шотында бірден өзіндік құнға апарылмайтын
  2. шығындар болады, олар өнім өндіруде және қызмет көрсетуден болуы мүмкін.

Ондай шығыстарды еңбек ақыны жарамдылық қызметкерлер құрамына бөлу кезінде, (мысалы: өндірістік  телімдердің жинайтын адамдарға, қауіпсіздік қызметіне т.с.с.) көп функционалды станоктарға амортизацияны есептеу.

  1. Ағымдағы шығындарды өнімнің нақты бағасымен есептеместен бұрын,

қабылданған әдіс бойынша жанама шығындарды бөлу қажет.

Жанама шығындарды жабу «айдың жабылу» құжаты мен өнімнің( қызметтің) бағаны және бағаны өзгерту операциялық регламентімен жүзеге асады.

Жанама шығындарды бөлудің кең таралған сызбасы аналитикасы көрсетілмеген сызба болып табылады. Ол былай бейнеленеді.

Шығын шоты

Бөлімше

Шығын бабы

Жабылу шоты

8440

 

 

 

 

Айды жабу кезінде жанама шығындар тікелей шығындар бойынша комерциялық топтар бойынша, және бөлімшелер және шығын баптары бойынша бөлінеді, яғни 8440 шотында көрсетіледі.

Өзгертілімді анықтау тәртібі:

Бұл әдіс шығындар есебін және өнімнің калькуляциялық құнын білу үшін қлоданылады,шикізат бірнеше өңдеу сатысы мен жеке фазадан өткен кезде.Бұл өңдеу кәсіпорын үшін дайын өнім есес, жартылай фабрикат алуға мүмкіндік береді.

Калькуляция обьектісі-әр бір жеке өзгертуден өткен өнім болып тұрады.

Есеп саясатында конфигурация өзгертілімдері  анықтаудың екі тәртібін қамтиды.

Бөлімше бойынша- қолданушы өзгертілімдердің тәртібін өзі орнатады(мәзір-есеп саясаты-есеп саясаты бухгатерлік есеп)

Өзгертілімдер бойынша- өзгертілімдер тәртібі автоматты түрде өзі анықталады.

Шоттарды жабу үшін бөлімшелердің тәртібі.

Өндірістік шоттарды жабу үшін ,бастапқы бөлімшелердің орналасу тәртібі бойынша. «Шоттарды» жабу үшін, орналастыру, бөлімшелерді тәртібі құжаты.

Мәзір- кәсіпорын-есеп саясаты- шоттарды жабу үшін бөлімшелердің тәртібін орналастыру.

Бұны қарастыру үшін- мәзір арқылы кәсіпорын- есеп саясаты шоттарды жабу үшін бөлімшелердің тәртібі.

Қарсы алу өнім тәртібі.

Бөлімшелердің бір біріне қызмет көрсетуі қарсы алу деп аталады. Есеп айырысу өнім және қызмет бойынша қолданушы өзі орнатады,мәзір-кәсіпорын-есеп саясаты-қарсы алу өнімі,қызметі.

2. Дайын өнім өндіру өндірістік процестің бірнеше сатысын қамтиды:

-ТМҚ өндіріске жеткізілуі;

-Жоспарлы құны бойынша дайын өнімді өндіру және өндірістік қызметті жүзеге асыру.

-Нақты құны бойынша есеп айырысу.

Талап ету-жөнелтпе құжат.

Материалдарды өндіріске жіберу үшін талап ету-жөнелтпе құжат құжаты арналған,оны мәзір- басты қызмет өндірісте талап ететін  жөнелтпе құжат арқылы істеуге болады.

«Материалдар» бет белгісінде өнім өндіруге және қызмет көрсетуге кететін материалдар тізімі көшіріледі.

«Шот есебі» бет-белгісінде шығын шоты яғни материалды көшіру бойынша шығындар көрсетіледі.

«Тапсырыс берушінің материалы» бет-белгісінде керек болған жағдайды өнім өндіру және қызмет көрсетуге басты тапсырыс берушінің мериалдары көрсетіледі.

Бұл құжат «кезең бойынша өндірістің есебі» құжаты негізінде құралады соның негізінде талап ету жөнелтпе құжат кесте бөлігі автоматты түрде толтырылады. Ол кезең бойынша өндірістің есебі құжатының негізінде, яғни бұл өніміді өндіру кезінде ТМҚ ның құрамына енетін қосымша бөлшектердің спецификасы арқылы.

Кезең бойынша өндірістің есебі.

Дайын өнімді өндіру және қоймаға келген өнім бойынша фактіні растау кезең бойынша өндірістің есебі құжатының негізінде жүзеге асады.

Оны құрастыру үшін мәзір –басты қызмет -өндіріс кезеңі бойынша өндірістің есебі.

Қоймаға дайын өнім жоспарлы бағасы бойынша енгізіледі. Жоспарлы құны «өндіріс» бет белгісінде есеп параметрінде көрсетілген бағаға негізделеді. Нақты бағасы айды жабу кезінде өнімнің (қызметтің) бағасы және бағаны түзету регламентіне негізделеді.

Құжаттың атауы ретінде қоймаға жіберілгені көрсетіледі.

«Анықтама» номенклатура құжатында номенклатураның жайғасымын таңдатылады. Жоспарлы құны және саны көрсетіледі. Егер құжаттама өнімнің жоспарлы құны көрсетілмесе, айдың соңында өнімнің нақты бағасы дұрыс есептелмейді.

Өндірістегі қызметтің қосымша бөлімі кезең бойынша өндірісітң есебі құжатымен жасалады және қызмет бет белгісі толтырылады. Кезең бойынша өндірістің есебі құжатында атауында, «8330»

Бөлімше жолында өндірістің қосымша бөлімшесі көрсетіледі.

Құжаттың «қызметтер» бет белгісінде номенклатур жолында номенклатура  жайғасымын   көрсетіледі. Егер сызбаны енгізу керек болса, құны(жоспарылы енгізіліп) коэффициент тең бөлінеді.

Өндірістік қызмет көрсеткені үшін акт.

Өндірістегі көрсетілген қызмет бойынша операцияларды бейнелейтін құжат , өндірістің қызмет көрсеткені үшін акт, оны әзірлеу үшін мәзір- Басты қызмет—өндіріс-кезең бойынша өндірістік есеп.

Құжаттың атауы өнімінде, контр агент жолында «ұйым» таңдалады.

Яғни біз қызмет көрсеткен ұйым,ал бірінші бөлімінде осы қызметті жүзеге асырған бөлім көрсетіледі. Кестенің қызмет бөлімінде көрсетілген қызмет тізімі, және  саны,бағасы көрсетіледі.

«Шығын шоты есебі» бет белгісінде деректемелер тобы көрсетіледі.

Кезең бойынша өндірістік есеп құжатын жасау мақсаты қоймаға келіп түскен өнім және қызмет , ал, « өндірістің қызмет көрсеткені үшін акт» құжаты бойынша қоймаға келіп түскен өнім және қызмет бойынша мәлімет келіп түспейді .

Аяқталмаған өндірістің түгенделуі.

Өндірістік үрдіс аяқталмағаннан кейін шығындар есебі жүгізіледі.Ал аяқталмаған өндірістің шығынын басқа кезеңда көрсетілуі тиіс, осы арқылы ағымдағы айда шығарылған жартылай фабрикат, қызмет бағасы көрсетіледі. Бұл операцияны аяқталмаған өндірістің түгендеу құжатымен көрсетіледі, оны әзірлеу үшін мәзір-басты қызмет- өндіріс-аяқталмаған -өндірістің түгенделуі.

Бұл құжат әрбір бөлімше бойынша акт соңында жеке жүргізіледі.

Құжаттың кесте бөлімінде номенклатуралық топ бухгалтерлік нормативтік құжаттар негізінде аяқталмаған өндірістің сомасы көрсетіледі.

Бұл құжат ешқандай қозғалысты көрсетпейді.

3. Ұйым жаңа өнімді өз шикізатынан өндіріп қана қоймай тапсырыс берушілердің шикізатынан және өнімді қайта өңдеуден өткізеді. Өңделме өңдеудің мәні өнімнің иесі ( беруші) өнімді өндіруді беруші мақсат тұтады. Бұл мақсаттар үшін беруші мен ұйым (өңдеуші) арасында келісім-шарт жасалады.

Бұл ұйымның өнімді қай өңдейтін базасы болу керек. Бірақ- та өнімнің қайта өңдеушісінде өнімді иеленуге құқығы жоқ.

«1С Бухгалтерия 8.1. Қазақстан үшін» конфигурациясы арқылы, өңделме өнім бойынша өнімнің әртүрлі сызбасын көруге болады( яғни қайта өңдеуге келген және жіберілген материалдар тізімі).

Қайта өңдеуге келген тауарлар.

Тапсырыс берушіден (өңделме өнімнің) келіп түскен материалдарының операцияларының конфигурацияда бейнелеу үшін «келіп түскен тауарлар және қызметтер» құжаты қолданылады.

Оны әзірлеу үшін мәзір- Басты қызмет- сатып алу- ТМҚ мен қызметтің келіп түсуі, «қайта өңдеуге» операцияның негізінде.

Тапсырыс берушінің шикізатын өндіріске жібері.

Тапсырыс берушінің материалдарын өндіріске жіберу «талап ету жөнелтпе құжат» құжаты арқылы жүзеге асады. Талап ету жөнелтпе құжаты «тауардың және қызметтің келіп түсуі» құжатының негізінде құрылады.

Тапсырыс берушінің өндіріске жіберілген материалдары , құжатта «тапсырыс» берушінің материалы « бет белгісінде» көрсетіледі.

Өңделме шикізатты өндіру бойынша өндірістің өзіндік шығындар есебі.

Тапсырыс берушінің шикізатын өндіру кезінде өндірістің өзіндік шығындары болуы мүмкін, олар басқа ұймдардың көрсеткен қызметтері, еңбекті төлеу бойынша шығындар негізгі құралдардың амортизациясына шығындар және тағы басқа .

Барлық шығындарды есептеп болған соң кезең бойынша өндірістің есебі құжаты жасалады.

Тапсырыс берушінің шикізаты бойынша қызмет көрсету(сату).

 Тапсырыс берушінің шикізаты бойынша қызмет көрсету өнімді сату қайта өңдеу бойынша қызметтер құжат негізінде құралады. Оны ашу үшін мәзір –Басты қызмет-сатып алу қызметі және тауарды сатып алу.

Құжаттың атауына, қайта өңдеуді қай кәсіпорын үшін жасағанымыз көрсетіледі.

«Өнім» бет белгісінде өндірілген өнім көрсетіледі және де қайта өңдеу бойынша көрсеткен қызметтері

«Тапсырыс берушінің материалы» бет белгісінде қайта өңдеуге қабылданған және өнімді өндіру кезінде жұмсалған материалдары тізімі көрсетіледі.Егер қабылданған және жұмсалған материалдар саны сәйкес тең болса,( қайта өңдеу бойынша қызмет) құжаты жасалады.

Ал егер қайта өңдеуге қабылданған материалдар саны жұмсалған тауарлар санынан өзгеше болса, мысалы: жұмсалмаған материалдар болса, онда «тапсырыс берушіге тауарды қайтару құжаты жасалады). Бұл құжат қайта өңдеуге қабылданған өнім бойынша автоматты түрде тапсырылуы мүмкін.

Қайта өңдеуге жіберу(қайта өңдеуден).

Өзіндік материалдарды қайта өңдеуші ұйымға өнімді өндіруге өзіндік шикізаттан немес өңделме шикізаттан жіберуді бейнелеу үшін қайта өңдеуге жіберу (қайта өңдеуден) құжаты арқылы жүзеге асырылады. Бұл құжатты әзірлеу үшін мәзір- Басты қызмет- өндіріс- қайта өңдеуге жіберу( қайта өңдеуден). Құжаттарда сәйкес  келетін операцияларды таңдау қажет.

Егер материалдар басқа ұйымға өнімді өндіру үшін жіберілетін болса, құжаттың кесте бөлімінде «толтыру» батырмасы арқылы тапсыруға болады.

Есеп айырысу және кестенің өнім бойынша қосымша бөліктері туралы мәліметті толтыру үшін «өнім бойынша және спецификация пунктін таңдау қажет».

Қайта өңдеуден өнімді алу.

Шығарылған өнім бойынша қайта өңдеушілерге өнім бойынша қызмет көрсетуді бейнелеу үшін қолданған материалдар конфигурациясында « қайта өңдеу өнімді алу құжаты» қолданылады. Бұл құжатты әзірлеу үшін мәзір-Басты қызмет.

Өндіріс-қайта өңдеуден өнімді алу.Өнім бет белгісінде шығарылған өнім дайын өнімді өндіру мен айналысқан ұйым.

«Қызмет» бет белгісінде шикізатты дайын өнім әзірлеудегі қайта өңдеу барысында қолданылған қызметтер тізімі.

 

Тақырып 9. ҚҚС есебі және табыс салығының есебі

 

1. Салық есебінің шоттар жоспары

 2.Қайтарылатын ҚҚС

 3.Есептелген ҚҚС

 4. Табыс салығының есебін жүргізу

 

1. «1С Кәсіпорын 8.1» үйлесімінде салық салынатын табыс есебін жүргізу мүмкіндігі жүзеге асты.

Салық есебінің шоттар жоспары:

Салық салынатын табыс есебін жүргізу үйлесімінде салық есебінің шоттар жоспары көрсетілген және бұл шоттар жоспарын пайдалану келесілермен  анықталған:

Яғни:

-Көптеген бухгалтерлік есеп бойынша операциялар салық салынатын табысқа тікелей әсер етпейді.

-Салық есебінде қолданылатын ақпараттар бухгалтерлік есеп ақпараттарына ұқсамайды.

-Бухгалтерлік және Салық есептеріндегі кіріс және шығыс бойынша сомалары мен құжаттарда көрсету уақытында ғана айырмашылықтар бар.

Салық есебінің шоттар жоспары бухгалтерлік есеп шоттарынан ерекше құрылымды болып келеді және салық есебі бойынша кірістер мен шығыстар есебін жүргізуге мүмкіндік береді.

Салық есебіндегі белгіленген активтерінің қалдығын анықтау үшін қолданылатын «Айналымнан тыс активтер» шотынан басқа көбінесе салық есебіндегі барлық шоттар айналымды болып келеді.

Салық есебінің шоттар жоспарын (с.с т бойынша) мәзір арқылы көруге болады:

Кәсіпорын – Шоттар жоспары

Кіріс немесе шығыс бөлігін құрайтын барлық құжаттарында Салық есебінің деректемелері  қатысады.

Бұл жолдарды автоматты түрде толтыру үшін бухгалтерлік және салық есебінің шоттарын сәйкестендіре қою керек.

БЕ және СЕ шоттарын сәйкестендіре қою (орнату).

Бухгалтерлік және Салық есебінің сәйкестігін орнату үшін келесі құжат – БЕ

және СЕ –ң шоттарының сәйкестігін орнату қолданылады және сол арқылы мәзірдегі Кәсіпорын – шоттар жоспары – БЕ және СЕ шоттарының сәйкестігін орнатуын ұйымдастыруға болады.

Сәйкестендіру шоттары келесілерге қолданылады, яғни:

-Құжаттардың деректемелерін толтыру кезінде Салық есебінің шоттарын автоматты түрде қолдану, егер пайдаланушы құжаттарды толтыру кезінде бухгалтерлік есептің шоттарын өзгеретін болса, онда Салық есебінің шоттары да автоматты түрде өзгереді, егер таңдалған мәліметтер регистрлерінде бухгалтерлік есептің шоттарына сәйкесінше деген белгіленсе (берілгені);

-Бастапқы құжаттарды жүргізу нәтижесінде анықталған активтер мен міндеттемелерді бағалау кезінде айырмашылықтарды есептеп көрсету.

Бұл құжат «Толтыру» деген түймесінің көмегі арқылы автоматты түрде толтырылады, құжатты толтырудың 2 нұсқасы бар:

  1. Ағымдағы сәйкестігі бойынша – егер БЕ және СЕ – ң шоттарының бір ғана сәйкестігі бойынша ережесін өзгерту қажет болса, онда «Ағымдағы сәйкестік бойынша» нұсқасын қолданған жөн.
  2. (по умолчанию) үндемеу бойынша – нұсқасы бойынша құжат үйлесімнің (конфигурация) жеткізу құрамына кіретін макеттің мәліметтері бойынша толтырылады.

БЕ және СЕ –ң шоттары келесі салық есебі бойынша деректемелер тобының жолдарын толтыру көрсетілген:

1.Біріншіден, Кіріс және шығыс бөліктерін СЕ –ң жолдар тобы бойынша қалыптастырылған құжаттар шоттар есебінің ақпараттары бар регистрлеріндегі көрсетілген мәліметтермен толтырылады.

2. Егер есеп шоттарының мәліметтер регистрлерінде Салық есебінің жолдар тобының деректемелері толтырылмаса, онда барлық құжаттарда бухгалтерлік есеп және салық есептерінің жолдар шоттары автоматты түрде БЕ және СЕ шоттарын сәйкестендіре қою құжаты арқылы орнығады.

2. «Қазақстан үшін 1С:Бухгалтерия» Конфигурациясында салық есебінің ҚҚС енгізуге және салық есебі формаларының құралуына мүмкіндік бар, «ҚҚС декларациясы 300,00 форма»,  және «Тауарға шот фактуралық реестр, 307 форма» сияқты.

ҚҚС есебінің дұрыстығына бірнеше конфигурациялық параметрлер әсер етеді, ең алдымен салық есебінің есеп саясатын.

ҚҚС төлеушілеренің белгілері егер ұйым ҚҚС төлеуші болса ғана орнатылады. Ол ҚҚС деректемелерінің тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы есебі құжаттарында көрініс табуына әсер етеді.

ТМҚ есебі құжаттарына ұйымның ҚҚС есебі туралы деректемелер автоматты түрде көшу үшін пайдаланушы құрылымында  келесідей белгілерді орнату қажет:

ҚҚС негізгі мөлшерлеме

Айналымның негізгі түрін

Негізгі сату операцияларының түрлерін

ҚҚС үшін негізгі түсімдерін

Бухгалтерлік операцияларын ҚҚС есебі ТМҚ мен қызмет көрсетуді алып-сату құжаттарын өткізгеннен кейін құрылады.

ҚҚС декларациясы жолдарының кодтары.

Салық есебінің «ҚҚС декларациясы 300 форма» жолдары автоматты түрде толтыру үшін ҚҚС декларация жолдарының кодтары (мәзір негізгі қызмет- ҚҚС- ҚҚС  декларациясының жолдарының кодтары) мәліметтерін конфигурацияда толтыру қажет.

Регистрлердің мәліметтерін толтырғанда ТМҚ сату түрлері анықтамасында ҚҚС декларация жолдарының кодтары таңдалынып алынады. ҚҚС түзетулері бар сату түрлеріне мысалы, «ТМҚ қайтару», «Сату айналым түзетулері» белгілері орнатылуы керек .

ҚҚС декларация жолдарының кодтарының мәліметтері жиі болып табылады, белгілері күні бойынша өзгертілуі тиіс, салық есебінң жаңа формалары шыққанда ҚҚС декларация жолдарының кодтарының іс әрекеті мерзімі бойынша өзгертіледі.

Есептелетін ҚҚС декларация жолдарының кодтары.

Алынған ТМҚ және есептелінетін ҚҚС декларация жолдарының кодтарын автоматты түрде толтыру үшін, ҚҚС декларация жолдарының кодтары (мәзір негізгі қызмет-ҚҚС-есептелінетін ҚҚ декларация жолдарынң кодтары) регистрлерін дұрыс толтыру қажет.

Регистр ТМҚ сату түрлері анықтамасы негізінде толтырылады. Әр алынған ТМҚ- ға ҚҚС декларация жолдарының кодтары толтырылады. Әр жолдың кодтары белгілі бір күнді көрсетеді, бұл өз жағынан егер жолдардың кодтары өзгерсе жаңа сату түрін енгізбей-ақ өзгертуге жол береді. ҚҚС түзетулері көрініс табатын түсім түрлерінде, мысалы : «бүлінген,жоғалған», есептеуге жатқызылатын ҚҚС түзетулерінің белгілерін орнату қажет.

Қайтарылатын ҚҚС.

Алынған ТМҚ бойынша ҚҚС салалары қайтарылатын ҚҚС жинақтаушы регистрлерінде есептеледі.

Жинақтаушы регистрге мәліметтер түскен ТМҚ құжаттарынан алынады.

Осы регистрдегі ақпараттың негізінде ҚҚС декларациясы (300.00 форма) толтырылады.

Қайтарылатын ҚҚС түзетулері.

Айналым ҚҚС түзету сомасына қайтарылатын ҚҚС түзетулері регистрі қолданылады.

Осы регистрге мәліметтер ҚҚС түзетулер құжаттарынан түседі. Мысалы: Жабдықтаушыға тауарды қайтарғанда бүлінуге байланысты есептен шығарылғанда и т.б.

3.Сатылған ТМҚ құжаттарын өткізгенде есептелетін ҚҚС сомалары ҚҚС салығы регистрлерінде ескеріледі.

Бұл регистрлерге мәліметтер сатылған ТМҚ құжаттарынан түседі.

Осы регстрдегі ақпараттың негізінде ҚҚС декларация (300.00 форма) толтырылады.

Есептелген ҚҚС түзету.

Айналымдағы ҚҚС түзету сомаларын есептеуге ҚҚС түзету регистрлері қолданылады.

Осы регистрге мәліметтер сату айналымы ҚҚС түзету сомасы құжаттарынан алынады. Мысалы: сатып алушылардан тауар қайтарылғанда, келісім-шартқа өзгертілер енгізілсе,т.б.

Сату операциялары бойынша есептелеген ҚҚС.

Тауарларды  сату бойынша операциялар конфигурацияда келесідей құжаттар негізінде көрініс табады.

  • тауарлармен қызметті сату
  • көрсетілетін өндірістік қызмет актілері
  • өндірістік қызметті стау
  • материалдық емес активтерді өткізу
  • жабдықтаушыға тауарды қайтару.

Берілетін шот-фактура.

Шот-фактураны ТМҚ өткізу бойынша құжаттары негізінде толтыруға болады, ол үшін «шот-фактура енгізу» гиперссылканы басу қажет.

Шот-фактураны өздігінше құрастыруға болады, ол үшін негізгі қызмет- шот-фактура- берілген шот-фактура.

Белгілі бір мерзімге шот-фактураның журнал регистрлерін құру үшін: мәзір негізгі қызмет- берілген шот-фактура- берілген шот-фактураның журналдағы есебі.

ТМҚ түсімі бойынша операцияларды ҚҚС тіркеу.

ТМҚ мен қызмет бойынша операцияларды ҚҚС есептелген тіркеу келесідей құжаттар негізінде жүреді:

  • тауарлармен қызметтердің түсімі
  • өндірістен түсімдер
  • қосымша шығындар
  • материалдық емес активтердің түсімі
  • аванстық есеп.

Осы құжатты өткізгенде ҚҚС есеп айырысу бойынша бухгалтерлік проводкалар және ҚҚС қайтару есебі бойынша регистрлер толтырылады.

Алынған шот-фактуралар.

Жабдықтаушының шот-фактурасын алынған ТМҚ құжаттарында тіркеуге болады, ол үшін «шот-фактураны енгізу» гиперссылкасын басу қажет. Немесе өздігінше мәзір арқылы негізгі қызмет- алынған шот-фактуралар алынған шот фактуралар енгізуге болады.

Белгілі бір мерзімде алынған және журналда  тіркелеген шот-фактураны мәзір арқылы негізгі қызмет-алынған шот-фактуралар енгізуге болады.

ҚҚС есебенің анализі.

Қайтарылатын ҚҚС тің және ҚҚС саласының анализін жасау, сонымен қатар ҚҚС түзету бойынша айналым анализін жасауға тізімдеме /кросс- таблица (мәзір есеп-тізімдеме/ кросс кесте) арқылы болады.

Есепте «Есеп бөлімі» алаңында келесі белгілерді таңдауға болады:

ҚҚС

Қайтарылатын ҚҚС

ҚҚС түзету қайтарылатын ҚҚС түзету.      

4. Бухгалтерлік және Салық есебі бойынша С.С.Т-ң айырмашылықтарын анықтау үшін көптеген ұйымдар С.С.Т –қа екі еселік (двойной) есеп жүргізеді. Ал бұл ережеге сәйкес, бухгалтерлік және Салық есебі бойынша кірістер мен шығыстарын есепте көрсетуі бойынша айырмашылықтары бар.

Бірінші кезекте бұл бағдарламамен жұмыс істеу үшін салық есебінің есеп саясатының өлшемдерін орнату керек. Егер кәсіпорын корпоротивтік табыс салығын төлеуші болса, онда салық есебі бойынша есеп саясатында «Корпоративтік табыс салығын төлеуші» деген көрсеткішті белгілеу қажет (мәзір – кәсіпорын – есеп саясаты- есеп саясаты (салық есебі бойынша).

Кәсіпорынның кірістер мен шығыстарына әсерін тигізетін С.С.Т есебін жүргізудегі қолданыстағы барлық құжаттарда СЕ деректемелері бар. Егер бағдарламада «Табысқа салынатын салықты төлеуші» деген көрсеткіші болмаса, онда Салық есебін жүргізу үшін қолданылатын құжаттарда деректемелер болмайды (отсутствуют).

Егер ұйымның есеп саясаты С.С.Т бойынша уақытша айырмашылықтар есебін қарастырса, онда бұл көрсеткішіті бухгалтерлік есеп саясатында орнатуға болады. (мәзір кәсіпорын – есеп саясаты-есеп саясаты (бухгалтерлік есеп бойынша).

«С.С.Т бойынша уақытша айырмашылықтар есебін жүргізу» көрсеткіші Корпоративтік табыс салығын төлеуші ұйымдарда ғана болуы мүмкін.

С.С.Т – қа бухгалтерлік және салық есебінің өзара байланысындағы теңдікті келесіндейкөрсетуге болады:

 

                               БЕ=СЕ+УА+ТА

БЕ – Бухгалтерлік есеп бойынша қабылданған активтер мен міндеттемелер;

СЕ-Салық есебі бойынша қабылданған активтер мен міндеттемелер;

УА-Уақытша айырмашылықтар (амортизация және басқа да салық есебі бойынша активтердің есебі);

ТА-Салық есебі бойынша активтер мен міндеттемелерді бағалау кезіндегі тұрақты айырмашылықтар.

Шаруашылық операциялардағы тұрақты айырмашылықтар түрлері:

-Салық есебінде көрсетілмейді;

-СГД алумен байланыссыз;

-Бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдар;

Балансты реформалау.

Балансты реформалау операциясы табыстың жиының есептеуге мүмкіндік береді және «5410». Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы шоты арқылы кірістер мен шығыстар шоттарының соммаларын жабады.

ҚҚС төлеу үшін қоса есептеу

ҚҚС төлеу үшін қоса есептеу операциясы ҚҚС соммасын есептеу үшін жүргізіледі. ҚҚС есеп соммасы ҚҚС соммасын таңдалған әдіске байланысты төленуге жатқызылады. ҚҚС (в зачет)  есепке алынуына қарай 2 әдісі бар- үйлесімді және бөлек.

Үйлесімді әдіс  бойынша – төленуге (в зачет) жататын ҚҚС сомасы жалпы айналым сомасынан шығатын салық салынатын салыстырмалы айналым көлемінен анықталады.

Бөлек әдісі бойынша – салық төлеуші шығындарға, сонымен қатар алынған тауарлар бойынша салық салынатын және босатылған айналымдарды мақсаты үшін пайдаланудан алынған ҚҚС сомасына бөлек есеп жүргізеді.

Салық салынатын табыстың есептеуі.

Есепті кезеңді жабу барысында тұрақты активті және міндеттемелер салығы мен бөлініп қойылған ,салықтық активтер мен міндеттемелер бойынша, салық салынатын табыс есебі есептелінеді.

Келесі тізбе бойынша:

Табысқа салынатын  салық =(есепті кезең ішіндегі салық есебі бойынша кірістер – кезең ішіндегі салық есебі бойынша шегерім)*салық мөлшері (%).

Кейінге қалдырылған салық = уақытша айырмалар сомасмы * салық мөлшеріне (%).    

 

Тақырып 10. Есептілік

 

1. Стандарттық есептер

2. «Әмбебап есептер

3.Регламенттелген есептер

 

Компьютерлік бухгалтердің басты жұмыс кезең жалпы есептілік мәліметтерді, ақпараттық базада жинақталған және түрлі есептілікті жинақтау болып табылады. Компьютерлік бухгалтерияда ақпараттардың қорытындысын есептеуден алуға болады.

Құрамына қарай есептерді үш топқа бөлуге болады: стандарттық есептер, әмбебап есептер, регламантелген есептер.

            Стандарттық есептер.

            Стандарттық есептерге жататындар:

  • айналым қалдық тізімдемесі
  • шоттар бойынша айналым қалдық тізімдемесі
  • шахматтық тізімдеме
  • шоттар айналымы
  • сараптамалық шоттар
  • карточкалық шот
  • сараптама субконтысы
  • карточка субконтасы
  • субконталар арасындағы айналым
  • проводкалар бойынша есептер
  • бас кітап
  • диаграмма

Аталған есептерді  мәзір көмегімен есептер түймесі арқылы топтастыруға болады. 

Есептер бухгалтерлік есептің синтетикалық және аналитикалық мәліметтерінде беріледі.

Кез- келген есепті белгілі кәсіпорынға және де белгілі уақыт аралығында топтастыруға болады. Стандарттық есепті топтасытырған кезде автоматты түрде кәсіпорынға және оның уақыт аралығына байланысты проводкалар журналы таңдалады.

Кез – келген стандарттық есептің экранға шығуы және топтастырылуы мәзірдегі есептер пунктінен кейін болады. Сонымен қатар автоматты түрде шығындар мәліметтері шығады. Кәсіпорын ретінде басты кәсіпорын таңдалады, соңғы рет топтастырылып, қолданылған уақыт аралығы қолданылады.

Салықтық есепте аналогтық теру есебі қарастырылған. Стандарттық есепте теру салықтық есепте мәзір түймесіндегі « есеп » арқылы ашуға болады.

Конфигурациядағы стандарттық есепте « Қазақстанға арналған 1С Бухгалтерия » толық жүйені көрсетеді, бір есеп негізінде басқа да есептерді алу, ақпарат нәтижесін көрсету.

Бөлшектік ақпараттар есебі экранда көрсету үшін тышқанның сол жақ түймесі 2 басу арқылы көрсетіледі.

Айналым қалдық тізімдемесі

Айналым қалдық тізімдемесі айқас регистр көрсетіледі, онда жұмыс жоспарының қалдық шоттары белгіленген мерзімнің басында, ал дебеті мен кредиті бойынша қалдық мерзім соңына жасалады.

Айналым қалдық тізімдемесі қалдық шоттары бойынша бақылау жүргізіледі. Егер шот активті, кредиттік қалдық болса онда айналым тізімдемесінде қалдық « алу »  белгісімен көрсетеді. Аналогтық ретте дебеттік қалдық пассивті шоттар деп белгіленеді.

Есепті мәзірдің көмегімен есептер – айналым қалдық тізімдемесінде түймесі арқылы топтастыруға болады.

Командалық панельде « Орнату » түймесі арқылы  келтіріп параметірінің есептерін топтастырудың формалары ашылады, онда « жалпы » бет пернесінде көрсетіледі:

  • регистрдің топтастыру мерзім аралығы
  • кәсіпорынның есептілік мәліметтері
  • қосымша енгізілетін мәліметтер

Егер бірде – бір жолақ қойылмаса онда айналым қалдық тізімдемесінде баланстық шоттардағы қалдық  және айналым мәліметтері валюталық регламенттелген есепте көрсетіледі.

Шоттарға мәліметтер валютасы бойынша жолақ белгісі қойылған тізімдемедегі валюталық есептілікте жеке жолдар бөлек валютада көрсетіледі.

Жолақ бойынша « баланстық шоттар бойынша мәліметтер » есептілігінде қосымша қалдық және шоттардағы айналым ақпараттары енгізіледі. Субшоттар және субконта бойынша мәліметтер  жолағында қалдық және айналым шоттардағы субшоттар және бөлек аналитикалық белгілер бойынша топтастыру режимі орналыстырылады.

Шоттар бойынша айналым қалдық тізімдемесі

Шоттар бойынша айналым қалдық тізімдемесі регистрді көрсетеді, қай жерде шотқа немесе субшотқа аналитикалық есептің қосылуы қалдық басына алып келеді, дебет және кредит және қалдық соңы берілген уақытта объект бойынша айналады. Есепті мәзірдің көмегімен есептер – шотар бойынша айналым қалдық тізімдемесі батырмасы арқылы топтастыруға болады.

« Шоттар » жолағында шоттар таңдалады, ол бойынша тізімдеме алуға болады. « Кезең » жолағында тізімнің топтастырылған кезеңді көрсетіледі.

« Өзгертулер » түймесіндегі топтастырылған есептерді параметірін өзгерту көрсетіледі.

Валюталық шоттардың көрсеткіштері үшін шоттар деректемелері « Валюта бойынша мәліметтер » қолданылады. Қойылған жолақ есепте қосымша валюталық соммалар туралы ақпарат қосылады.

Егер шоттар бойынша сандық есеп көрсетілсе, онда « сандық бойынша мәліметтер » жолағы есепте суммалық түрде ғана емес сандық көрсеткіштер қолданылады.

Шахматтық тізімдеме

Шахматтық тізімдеме – ол қосымша проводкалардың кестенің аналогы. Тізімдеме корреспонденцияланатын шоттар арасындағы айналымды көрсетеді, бірақ қағаздық тасымалдауда ені бойынша бірнеше парақты алады. Мәзірдегі есептер – шахматтық тізімдеме көмегімен есепті топтастыруға болады.

Тізімдеме дебеттік шоттар бойынша жолдар, кредиттік шоттар бойынша бағаналар ұяшықтың қиылысқан жерінде дебеттік шоттардың белгіленген мерзім аралығында жолдың сол жақ бөлігінде айналым сомасы көрсетіледі, кредит бойынша бағананың  жоғары бөлігінде көрсетіледі. Сол және жоғарғы дебеттік және кредитік шоттардың номерлары белгіленеді, ал оң және төменгі шоттар бойынша айналым көрсетіледі.

Талдау шоттары

Талдау шоттары есебі – мерзім аралығындағы айналым шоттары мен басқа да шоттар туралы ақпаратты бар регистірі болып табылады, сонымен қатар бастапқы және соңғы қалдық көрсетіледі. Есепті мәзірдің көмегімен есептер – талдау шоттары бойынша топтастыруға болады.

« Шоттар » жолағында қабылданған есептер бойынша талданатын шоттар көрсетіледі.

Айналым жалпы мерзім аралығында көрсетіледі. « Кезең » жолағында қосыша топтың  мерзім аралық қорытындысын белгілеуге болады: күндер бойынша , апта бойынша, ай бойынша.

Валюталық есеп сипаттамасы бар шоттарға « валюталық ақпарат » деректемелері қол жетімді болып келеді. Есепте белгіленген жолақта қосымша валюталық сома бойынша ақпарат қосылады.

Егер талданатын шоттарда санды есеп жүргізілсе, онда « сандық мәліметтер » есебінде тек қана соммалық және сандық ақпарат көрсетіледі.

Субшоттар және субконталық корресподенциялық шотар бойынша жолақта таңдалатын және корреспонденцияланатын шоттар бойынша аналитикалық субшоттар және объектілер туралы қосымша ақпарат алуға болады.

Шоттар карточкасы

Шоттар карточкасы есебінде шоттар бойынша проводкалардың қозғалысы туралы ақпаратты көрсететін регистр болып табылады. Ашық аналитикалық есепте шоттар бойынша субконталық мәлімет есебінде ақпараттарды шығаруға болады. Есепті мәзірдің көмегімен есептер – карточкалық шоттар бойынша топтастыруға болады.

Есеп тізбе түрінде көрсетіледі, әрбір жолдар бір проводкаға сәйкес келеді. Солдан оңға қарай келесі акқпараттар реті көрсетіледі:

  • күні
  • топтастырылған проводкалардың құжаттары мен операцияларының мәліметтері
  • бұл проводкада таңдалған шоттардың дебеттік айналымның мәліметтері,дебеттік айналымын корреспонденцияланатын шоттары мен сомалары
  • жазылған проводкалар қабылданғаннан кейінгі таңдалған қалдықтықтық шоттар.

Бұдан басқа кестеде қорытынды ақпараттар шығарылады, таңдалған шоттар бойынша  бастапқы қалдық, сонымен қатар қорытынды айналым және соңғы қалдық.

Карточкалық шоттар есебінен құжаттарды қайта өндеуге және қарау бағытына өтуге болады, топтастырылған проводканы өткізгеннен кейін. Ол үшін проводканы белгілеп, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет басу керек.

Айналым шоттары

Айналым шоттар есебінде жалпылама регистр көрсетіледі, онда нақты шоттарға есепті айдың қалдығы оның бастапқы және соңғы, дебет және кредит бойынша айналым жалпы корреспонденцияланатын шоттар бойынша жүргізіледі.

Есепті мәзірдің көмегімен есептер – айналым шоттары арқылы топтастыруға болады.

Әр кезеңге әр түрлі жолдар есебі сәйкес келеді. Әр жолдың есебінде солдан оңға келесі мәліметтер көрсетіледі:

  • мерзім аралығы ( ай , тоқсан және жыл )
  • бастапқы қалдық ( дебеттік және кредиттік)
  • соммалық дебеттік шоттары
  • корреспонденцияланатын шоттар бойынша дебеттік айналым шоттарының бөлігі
  • соммалық кредиттік айналым шоттары
  • корреспонденцияланатын шоттар бойынша кредиттік айналым шоттарының бөлігі
  • соңғы қалдық ( дебеттік және кредиттік )

Талдау субкнотасы.

Талдау субкнотасының есебі ақпаратты талдаудың ыңғайлы құралы болып табылады. Бір уақытта бірнеше шоттарды аналитикалық есепте қолдануға болады. Талдау субкнотасының есебінде әрбір (обьекті) таңдалған аналитикалық есептің обьектісіне шоттар бойынша айналым, сонымен қатар айналдырылған және кері айналым қалдығы келтіріледі.

Есепті мәзірдің көмегеімен -Есептер-талдау субкнотасы арқылы топтастыруға болады.

Субкноталар арасындағы айналым.

Субкноталар арасындағы айналым есебінде 1 талдалған мерзім кезең ішіндегі 2 таңдалған субкнота түрлері барлық айналым тізімін шығарады. Есепті мәзірдің көмегімен Есептер – Субконта арасындағы айналым арқылы топтасытруға болады.

Субконттың карточкасы.

Карточкалық-субконттың есептілік стандарттық есептілік бөлшектерімен проводкаға дейін көрсетіледі.

Есепті мәзірдің көмегеімен Есептер- субконттық карточка арқылы топтастыруға болады.

Есеп кесте түрінде көрсетіледі, онда әрбір жолдар бір проводкаға сәйкес келеді. Құрылымы бойынша есеп құпиялы есеп карточкалық шоттар болып табылады.

Тізбеде қорытынды ақпараттар көрсетіледі: таңдалған шот бойынша бастапқы қалдық, сонымен қатар соңғы қалдық және қорытынды айналым.

Жинақтау проводкалары.

Бұл есепте таңдалған уақыт аралығындағы жиынтық проводкалар тізімі сақталады. Есепті бабына келтіріп бөлшектік есепті субконтаға дейін, Дебеттік шоттар немесе кредиттік шоттар бойынша реттеу сонымен қатар волюта бойынша талдауды орналастыру жүзеге асырылады.

Таңдалған есепті мәзірдің көмегімен есептер-жинақ проводкалар түймесі арқылы топтастыруға болады.

Проводкалар бойынша есептілік.

Бұл есептілікте проводкалар мәліметтері шығарылады, таңдалған өлшем бойынша. Өзгертуді қолданған жағдайда есепте проводкалар тізімі шығады. Проводкалар журналына қарағанда бұл тізімді қағаз бетіне  басып шығаруға болады. Есепті өзгерту формасында өлшемді көрсетуге болады: дебет шоты,кредит шоты, валюта,құжат, мәтін және т.б. Есепті мәзірдің көмегімен Есептер- проводкалар бойынша есептер түймесі арқылы топтастыруға болады.

Бас кітап.

Бұл есептілік әрбір шоттардың бастапқы және соңғы қалдығын, оның басқа шоттармен және таңдалған уақыт кезеңін сонымен қатар айналымын көрсетеді. Есептілікті мәзірдің көмегімен Есептер-Бас кітап түймесі арқылы топтастыруға болады.

Бұл есепте бөлшектену субшоттары қарастырылмаған, бірақ өзгертулер есебінде  бөлшектенуді кезең бойынша көрсетуге болады, құрамы бойынша ай, тоқсан, жарты жыл, жыл таңдалады. Сонымен қатар парақты бөлу бойынша сапасы көрсетіледі. Есепті баспаға шығару кезінде әрбір шоттың мәліметтері бас кітаптың бөлек парақтарына шығарылады.

Диаграмма.

Бұл есептілікте таңдалған уақыт кезеңінде бухгалтерлік есептің бастапқы түрі көрсетіледі. Есептілік мәзірдің көмегімен -Есептер- Диограмма түймесі арқылы топтастыруға болады.

«өзгертулер» түймесі арқылы шақырылған қосымша диалог шоттар параметрін талдауға мүмкіндік береді. Мұнда диограмма түрін кәсіпорында, талданған қорытынды түрін, енгізілген мәліметтер кезеңнің, сериялармен нүктелердің шығыс мәліметтерін көрсетуге болады.

Бұл мәліметтерге шарт талдау мүмкіндігін көрсетуге болады: мәліметтердің белгілі категорияларына суреттер енгізуге және басқа категорияларға суреттерді көрсетуге тыйым салуға.

2. Әмбебабтық есептілікке 2 есеп жатқызылады:

Тізім (кросс кестесі)

Қалдық және айналым

Қалдық және айналым есебінде айналым қалдық бойынша тізімді және таңдалған регистрді алуға болады. Тізім кесте түріндегі колонкалармен шығарылады «Бастапқы қалдық», «Кіріс», «шығыс», «соңғы қалдық».

Тізім/кросс кесте есебі қалдық тізімін таңдалған мерзімде алуға болады. Тіркелген мәліметтер тізім түрінде шығарылады, сонымен қатар кросс/таблица.

15.3. Регламенттелген есептілік келесі топтардан тұрады:

-салықтық есептілік

-қаржылық есептілік

-мемлекеттік статистикалық есептілік

- басқалар

Регламенттелген тізімді мәзірдің көмегімен Есептер-регламенттелген есептер батырмасы арқылы алуға болады.

Көрсетілген анықтамада әрбір регламенттелген есеп бөлек элементтер сияқты анықтамасына ұсынылады. Анықтама элементтері есептілік түрі бойынша топтарға топтастырылған. Регламенттелген есептердің әрбір элемент анықтамасы конфигурациясының бір обьектісіне немес файлға, регламенттелген есептің қызметін жүзеге асырушы мәліметтерінен тұрады.

Егер регламенттелген есеп әр түрлі нысанда құрастырылған болса, бастапқы нысанына басылатын батырмасы «нысанды таңдау» және пайдаланушыда нысан редакциясы регламенттік есепті таңдау мүмкіндігі болады, егер ондай бар болса, өте жақсы ұсынылған бағдарлама түрінде. Осындай мүмкіндікті нысан арасында қосқанда қосылмағанда және салық органында соңғы емес нысан редакциясының есебін тапсырғанда қолданылады.

Анықтамада регламенттік тізім есебі регламенттік есебі құпия түрінде толған: регламенттік айтылған есепте бүкіл есептер конфигурацияға қосылған. Конфигурацияны жаңарту тізімді жаңартуға автоматты түрде қосылады. Осы жағдайда анықтама есеп нысанынан басқа анықтамада сондай ақ жаңа нысандар болады.

Регламенттелген есепті дайындау.

Жаңа регламенттелген есепті анықтамада регламенттелеген есептер жолағын таңдап оны тышқанды екі рет басу арқылы немесе «жаңа» батырмасын басу арқылы енгізіледі.

Экран бетінде бастапқы терезеде пайда болады, онда есептілік жүргізілетін кәсіпорынды белгілеп, оның есептік айлық көрінісінің кезеңін немесе әрбір тоқсандық және есептің құралған кезеңін таңдау керек. Жарты жылдық көрініс 2 тоқсандық және 4 тоқсандық кезеңін көрсету.

Егер регламенттелеген есептілік әртүрлі нысанда құрастырылған болса, бастапқы нысанды «нысанды таңдау» батырмасы арқылы және қолданушыда регламенттелегн есепті таңдау мүмкіндігі пайда болады.

 «ок» түймесін басқаннан кейін бастапқы терезеде регламенттелген есептің нысаны ашылады, онда есептер бланкілері және диалогты толтыруға және есепті басуға болады. Бастапқыда есептер бланкілерінде кәсіпорынның және кәсіпорынның жауапты тұлғалары туралы ақпараттар толтырылады.

Егер есеп көптеген бөлімдерден тұрса (мысалы,барлық салық декларациясы), онда сәйкесінше бет пернелер нысандарынан тұрады. Ал бастапқы терезенің жоғарғы командалық панелінде «Өзгертулер» түймесі тұрады.

           

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Балабайченко Е.Е. Компьютер для бухгалтера. – Ростов на Дону: Феникс, 2003 – 320с.

2.Бухгалтерские информационные системы: Учебное пособие. /Э.Т.Тулегенов, Н.Б.Бралиева, Л.А.Стороженко,  И.А.Матвеева.- Алматы: Экономика, 1999-120 с.

3.Васина Е.Н., Партыка Т.Л., Попов И.И. Автоматизированные информационные системы бухгалтерского учета: Учебное пособие.-М:ФОРУМ: ИНФА-М, 2006.-432с.:ил.

4.Информационные технологии бухгалтерского учета – СПб, 2202-688 с.

5.Конфигурация Бухгалтерия для Казахстана 1С Предприятие 8.1, Фирма 1С,москва,руководство пользователя 1С Предприятие 8.1, Фирма 1С, Москва

1. Журнал «Бухгалтер плюс Компьютер», Алматы

2. Коноплева И:А:, Хохлова О.А., Денисов А.В. Информационные технологии: учебное пособие /под ред. И:А:Коноплевой.-М: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007-304с.: ил.

3. Кольвах О.И. Компьютерная бухгалтерия для всех. Ростов на Дону, 1996-41 с.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-28 16:43:28     Қаралды-29080

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »