Тақырып: Сурдопсихология
Тақырыбы:Естімейтін балалардың сөйлеу тілің дамымауының пайда болу себептері.
1.Есімейтін балалардың сөйлеу тілінің дамымауының пайда болу себептері
Кереңдік – туа пайда болған және жүре пайда болған болып бөлінеді. Туғаннан керең болу – ұрпақтың дұрыс дамымау салдарынан немесе әр түрлі улы заттармен уланғаннан, әр түрлі аурулардың себебінен пайда болады. Туа пайда болған кереңдікті баланың дамуына мұқият бақылағанда ғана байқауға болады.
Балалардың тілі даму кезіндегі «гуілдеуі» еститін баладан еш айырмашылығы болмайды. Бірақ бес айдан бастап, дыбыстарды ажырату, оған еліктеуі жоғалады. Естімейтін бала сезімін білдіргенде ғана, дыбыс шығарады (мысалы, анасының түрін көргенде, қарны ашқанда, ауырғанда, қорыққанда және т.б.). Қалыпты жағдайда естімейтін бала тыныш жатады. Осы кезде шығарған дыбыстар түсініксіз, бірқалыпты болады. Жүре пайда болған кереңдікке-туғаннан кейінгі сырқаттар немесе ауырған аурулары
жатады (менингит, қызылша және т.б.). Сонымен қатар әр түрлі құлақ аурулары да жатады.
Кереңдік – мылқаулыққа әкеп соғады. Естімейтіндерде сөйлеу тілінің қандайда бір органикалық бұзылыстар байқалмайды. Қоршаған ортаның сөйлеу тілін естімегендіктен, оған еліктей алмағандықтан мылқау болып қалады. Есту қабілетінен айырылмағанға дейінгі баланың сөз қорындағы болған сөздерді есту қабілетінен айырылғанан кейін сөйлеу тілін дамытуға арналған арнайы жаттығулар керек.
Туылғаннан және жүре пайда болған кереңдіктен балаларды есту қабілетінің қалдығы болады. Мысалы, жуан дыбыстарды, қатты шуларды, дауысты дыбыстарды, қабылдайды. Алайда, бұл есту қабілетінің жағдайы, балалардың өзбетімен сөйлеуге, ауызша сөйлеу тіліне үйренуіне жеткіліксіз болып келеді.
Тақырыбы: Есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеудің маңызы және даму ерекшеліктері.
1.Есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеудің маңызды және даму ерекшеліктері
Ортаңғы ми қабығына түсетін барлық мәліметтерді есту қабілетінің зақымдылықтарын қабылдайтын болғандықтан, даму процесінің бірінші зақымдануы болып табылады. Сол себептен есту зақымдылықтары мен байланысты бірқатар психикалық даму ерекшеліктері туады. Есту қабілеті зақымдалған балалардың дамуына әсер ететін жолдарды іздеу барысында көптеген әр түрлі естімейтін және нашар еститін оқушылардың жеке ерекшеліктерімен әлеуметтік қолдауларын, кемістікті компенсациялаудың оңай, әсерлі жолдардың оқушылардың физиологиялық деңгейін ескеру керек. Ресей дефектологтары оқушылардың оқу бағдарламасындағы қажеттіліктерін анықтай отырып, осы қажеттіліктерді іс-әрекет талаптарын өзгерте отырып қалыптастыруға болатыны дәлелді.
С.А.Зыкова зерттеулері осы қажеттіліктерді заттық тәжірибиелік іс-әрекет кезінде мақсатты түзетуге үлес қосты.
Тақырыбы: Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту және тәрбиелеудің мәселелері
1. Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту принциптері
2. Оқыту әдістері мен тәрбие әдістерін қолдану
Оқыту процесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. Принцип-латын сөзі – негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді.
Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды. Сурдопедагогикада, принциптер дегеніміз, түзете-білім беру процесінің ұйымдастырылуының және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың (жандардың) танымдық іс-әрекетінің жетекшіленуінің сипаттамасы мен ерекшеліктерін белгілейтін жалпы, негізгі және тұрақты талаптардың жүйесі.
Сурдопедагогиканың өздік принциптері білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арнайы білім беруде маңызды, концептуалды ережелерді бейнелейді. Бұл принциптер сурдопедагогика үшін спецификалық (ерекше) болып саналады.
Оқытудың түзетуге бағытталған принципі оқыту процесінде арнайы әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып балалардың психикалық-физикалық дамуындағы кемшіліктерді түзетуге немесе басуға негізделген; оқушылар кемшіліктерінің құрылымын білуді және есепке алуды, психикасы мен тәртібінің сақталған және жағымды жақтарына сүйенуді көздейді, пропедевтикалық кезеңнің және оқытудың мазмұнын, темпін (жылдамдығын) және мерзімін жекешелендіруді қарастырады; жалпыланған оқу және еңбек іскерліктерімен оқушылардың дербестігінің дамуын қалыптастыруға бағытталған.
Оқытудың тәрбиелік және дамытушылық бағыттылығы принципі оқушыларда адамгершіліктің көріністері мен ұғымдарды, қоғамдағы тәртіптің қалыпты әдістерін және олардың жалпы психикалық және физикалық дамуға әсер етуін қалыптастыруының қажеттілігімен байланысты; ерекше жағдайларды туғызуды және оқушылар ортасының «педагогизациясын» талап етеді, оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне қатыстыру мен олардың танымдық белсенділігі мен дербестігін дамыту арқылы түзету-педагогикалық жұмысының сапасын жоғарлатуды талап етеді.
Оқытудың ғылымилық және түсініктілік принципі ғылымның қазіргі жетістіктерінің, оқу пәндерінің мазмұнында шынайы болмыстың және оқытуды оқушылардың шынайы мүмкіншіліктерінің деңгейіне сай ұйымдастырудын бейнесін көздейді; білім беру мазмұнының қалыптасуы барысында, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда, мұғалім мен тәрбиешілердің іс-әрекетінде жүзеге асырылады; салыстырмалы күрделі материалды түсінікті ететін әдістемелік жүйені қолдануды талап етеді. Оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.
Оқытудағы жүйелілік және бірізділік принципі оқушыларда шашыранды мәліметтер мен ұғымдарды қалыптастыру емес, ал үйлесімді логикалық білім жүйесін, өзара байланысты фактілер мен заңдылықтарды қалыптастырудың қажеттілігіне негізделеді; оқу материалының бірізділікпен және қолайлы көлемде орналасуын, оқыту процесіндегі байланысты- жаңа материалды оқу алдында алынған білімдерге сүйеніп құрылса және кейіннен өткен материалмен байланысып өтсе, оқу материалының өтуін және алдында өткенді қайталаудың бірізділігінің жоспарлауында жүзеге асырылады.
Оқытудың өмірмен байланысты принципі оқытудың қоғамдық қажеттіліктермен және оқушылардың оқыту мен тәрбие процесіне қоғамдық ортаның әсерімен туындайтыны бейнеленеді; оқу-тәрбиелік жұмыстың ұйымдастырылуы қоршаған болмыспен, мекемелердің, ұйымдардың өмірімен тығыз және көпқырлы байланыстың негізінде жүзеге асырылады; оқыту барысында балалардың өмірлік тәжірибесіне сүйенуді және қоғамдағы дербестік өмірге даярлауды көздейді.
Оқытудағы көрнекілік принципі абстрактілі ұғымдарды толығынан игеру үшін оқушыларды сезімдік танымдық тәжірибемен қамтамасыз етуді көздейді, және оқыту процесінде түрлі көрнекілік құралдарды қолдануды талап етеді; оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне тәуелді өзгеретін дифференциалды, мазмұнды, вариативті (ауыстырмалы) көрнекіліктерді қолдануды талап етеді.
Оқытудағы оқушылардың саналылық пен белсенділік принципі оқылатын оқу материалының мәнін түсінуді және оны өмір мен практикалық іс-әрекетте нәтижелі қолдануды белгілейді; оқушылардың белсенді психикалық дамуына әсер етеді; оқыту процесін белсендіруге бағытталған әдістемелік тәсілдерді қолдануды көздейді; күрделі материалды бөлшектерге бөлуді, негізгісін айқындауды, тұтасты бөлшектерден құрастыруды, жасалынатын әрекеттерді сөйлеу арқылы бейнелеуді, материалды ауыстыруды және т.б. көздейді.
Оқытудағы жеке және дифференциалды ыңғайжасау принципі оқушыларды жан-жақты зерттеудің және олардың жеке ерекшеліктерін есепке алу (жеке ыңғай жасау), сонымен қоса белгіленген оқушылар топтарына (дифференциалды ыңғай жасау) тән типтік ерекшеліктерді анықтау қажеттілігімен байланысты; жақын және болашақ міндеттерді, сыныптың фронтальды жұмысына баланы қатыстыру бойынша шаралар жүйесімен жеке түзете әсер етуді бейнелейтін, бүкіл сыныппен жұмыс істеу мен әр оқушының жеке дамуы бағдарламасының әзірленуін көздейді.
Білімді, іскерліктерді және дағдыларды игеру мықтылығы принципі оқытудағы оқушылардың саналылық пен белсенділік приницпімен байланысты және саналы алынған білімдерді тереңдету мен бекітуді және оларды іскерліктер мен дағдыларға айналдыруды көздейді; материалды жүйелі және вариативті (ауыстырмалы) қайталаумен, арнайы жаттығулар жүйесін қолданумен, практикада жүзінде қалыптасқан білімдер мен іскерліктерді қолданумен қамтамасыз етіледі.
Педагогикалық оптимизм принципі адамның ерекшеліктеріне және өмір сүру мүмкінішіліктерінің шектелуіне тәуелсіз, әр адамның білім беру процесіне қатысуына құқығының бар екендігін қолдайтын қазіргі гуманистік көзқарасқа негізделеді; білім алуда ерекше қажеттіліктері бар адамға басқаша қарауды көздейді. Ол әлеуметтік құндылығы аз индивид емес. Ол жағымды дамып келе жатқан және әлеуметті толық тұлға, егер де қоғам қажет етсе, егер де қоғам ол үшін қажетті жағдайларды жасаса.
Ерте педагогикалық көмек(жәрдем) беру принципі алғашқы айлардан бастап және адамның бүкіл өмірі бойынша арнайы білім беру қызметін ұсынуда уақытша шекараларын кеңейтіп, баланың дамуында алғашқы бұзылысты анықтау кезеңімен мақсатталған түзету-педагогикалық көмектің басталуының арасындағы үзілістің максималды қысқаруын көздейді.
Оқытуда және тәрбиеде іс-әрекетті ыңғай жасау принципі психологиядағы «жетекші әрекет» ұғымына сүйенеді. Арнайы білім беру жүйесінде заттық-сарамандық іс-әрекет, дамуында түрлі ауытқуы бар баланың компенсаторлық дамуын қамтамасыз ететін (бұзылған психикалық функцияларды түзету мен толықтыру (компенсация) құралы болып), білім беру мен еңбек әрекетінің қажетті элементтерінің пропедевтикасын қамтамасыз ететін спецификалық (ерекше) құрал болып саналады. Қалыпты баланы сөз арқылы оқытуға болса, білім ауда ерекше қажеттіліктері бар балаға арнайы ұйымдастырылған және педагогпен бағытталатын өздік іс-әрекет процесінде ғана түсінікті болады.
Арнайы педагогикалық жетекшіліктің қажеттілігі принципі. Тек арнайы педагог, баланың даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін және танымдық мүмкіншіліктерін, бір жағынан, және оған берілетін түзету мен толықтыруға бағытталған көмектің (жәрдемнің) мүмкін жолдары мен әдістерін білу – екінші жағынан, оқу-танымдық іс-әрекеті процесін ұйымдастырып, осы процесті басқара алады. Көптеген жағдайда білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуының күрделі ерекшеліктеріне байланысты олардың өздік оқу-танымдық іс-әрекеті қиындатылған немесе мүмкін емес.
Түзету-педагогикалық процесте арнайы білім беру принциптері сәйкесті әдістер мен тәсілдер, сонымен қоса білім беру технологиялар арқылы жүзеге асырылады
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар адамға білім беру процесінде арнайы педагогика арнайы білім беру технологияларын, оқыту әдістері мен тәрбие әдістерін қолданады.
Оқыту әдістері – бұл мұғалім мен оқушылардың білім беру міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері.способы совместной деятельности учителя и учащихся, направленные на решение задач образования.
Тәрбие әдістері – оқушылардың қажеттілік-мотивациялық аумағының және сананың дамуына, баланың мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына, оны түзетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері.
Қазіргі жағдайда педагогикалық санада жасөспірім адамның қалыптасуы, дамуы және әлеуметтенуі туралы, оқыту мен тәрбиені үзбей біріктіретін оның білім алу процесі туралы ретінде қарастырылуы деген, тұрақты көз қарас қалыптасқан. Оқыту мен тәрбие тәсілдерін бөліп қарастыру тек арнайы білім беру процесінің әр жақтарын зерттеп және талдау мақсатында ғана мүмкін. Сондықтанда «білім беру (педагогикалық) технологиясы» деген ұғымды қолдану, білім беруде педагог пен оқушылардың өзара әрекеттесуінің түрлі тәсілдерін біріктіретін, дұрыс болып саналады.
«Білім беру технологиясы дегеніміз педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған педагогтың бірізіділік өзара байланысты әрекеттер жүйесі немесе алдын ала жобаланған педагогикалық процестің практика жүзінде бірізділікпен жүзеге асырылуы. Педагогикалық технология – бұл нақты ғылыми жобалау және сәттілікті кепілдейтін педагогикалық әрекеттердің дәл орындалуы». Бұндай контекстте білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың дамуы мен білім алуының арнайы білім беру технологиялары туралы айтуға болады.
Оқыту әдістерін білім көзі бойынша жіктеу: сөздік, көрнекілік, практикалық.
Оқыту әдістерін оқушының танымдық әрекетінің мінездемесі бойынша жіктеу: түсіндірме-иллюстративті, репродуктивті, проблемалы баяндау, ішінара баяндау немесе эвристикалық, зерттеу.
Оқыту әдістерін дидактикалық мақсаттар бойынша жіктеу: жаңа білімдерді мазмұндау әдістері, қайталау, білімдерді бекіту әдістері, білімдерді қолдану әдістері, білімді бақылау әдістері.
Оқыту әдістерін сабақтардың дидактикалық мақсаттары мен міндеттері және сәйкесті мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің түрі бойынша жіктеу: коммуникативті, танымдық, жаңашылдандыру, жүйелендіруші, бақылаушы.
Оқыту әдістерін жіктеу
Негізгі жіктеулер |
Оқыту әдістерінің топтары |
Білім көзі |
- Сөздік - Көрнекілік - Практикалық |
Оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінің сипаттамасы |
- Түсіндірме-иллюстративті - Репродуктивті - Проблемалы баяндау -Ішінара баяндау немесе эвристикалық - Зерттеу |
Оқытудың дидактикалық мақсаттары мен міндеттері |
- Жаңа білімдерді мазмұндау әдістері - Қайталау, білімдерді бекіту әдістері - Білімдерді қолдану әдістері - Білімді бақылау әдістері
|
Оқыту процесіне тұтас ыңғай жасау |
- Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдас-тыру мен жүзеге асыру әдістері - Қызықтыру мен мотивация әдістері - Бақылау мен өздік бақылау әдістері |
Оқыту әдістерінің тандауын анықтайтын факторлар:
1. Сабақ мақсаттары мен міндеттері.
2. Сабақ тақырыбы, материалдың мазмұны.
3. Оқушыларды оқыту кезеңі.
4. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің деңгейі.
5. Оқушылардың жас, жеке және типологиялық ерекшеліктері.
6. Оқу процесінің материалдық-техникалық жабдықтануы.
7. Мұғалім-дефектологтың педагогикалық шеберлігінің деңгейі.
Оқытудың жалпыпедагогикалық әдістері мен тәсілдері арнайы педагогикамен ерекше түрде қолданылады, ол келесіні көздейді:
- оқушының білім алуда ерекше қажеттіліктеріне және онымен жүргізілетін түзету-педагогикалық жұмыстың спецификасына жауап беретін басқаша әдістер мен тәсілдердің композициясын арнайы іріктеу;
- әдістердің осы бірлестігін ерекше жүзеге асыру.
Оқыту әдістерін іріктегенде және композиция жасағанда тек алыстатылған түзете-білім беру міндеттері ғана есепке алынбай, сонымен қоса жақындағы, оқытудың нақты мақсаттары да есепке алынады, мысалы, іскерліктің белгіленген тобын қалыптастыру, жаңа материалды игеру үшін қажетті сөздікті белсендіру және т.б.
Оқушылардың білім және мүмкіндіктерін тексеру және оларды бағалау.
Оқушылардың білімін, іскерліктерін және дағдыларын тексеру мен бағалау
Функциялары:
· Оқытушы – оқушылар білімінің жүйеленуін, жалпылануын, нақтылануын, кеңейуін және толықтырылуын қамтиды.
· Тәрбиеші-дамытушы – өздік бақылауға, өздік оқу әрекетін дұрыс бағалауын қалыптастыруға және мұғалім мен сыныптастар жағынан берілетін бағаға дұрыс қатынас жасауға әкеледі.
· Түзетуші – психикалық процестердің, эмоциялық-ерік аумағының және тұлғалық аумағының түзетулуін қамтиды.
· Белсендіруші – жетілген нәтижені жақсартуға, мақсатқа жетуге машықтанды, өздік мүмкіншіліктеріне деген сенімді аттырады, жағымды мотивацияны тудырады.
· Жобалаушы – оқушылардың даму жолын қарастыруға, сәттілік пен сәтсіздік сызығын құрастыруға, білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың қалыптасу жолын бейнелеуге мүмкіндік береді.
Есепке алу түрлері:
- ағымды: бақылау әдістері – бақылау, жүгіре сұрау;
- кезеңдеп (аралық): бақылау әдістері – ауызша сұрау, бақылау мен практикалық жұмыстар;
- қорытынды: бақылау әдістері – сұрау, сынақ, емтихан, бақылау жұмыстары.
Білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды(БІД) тексеруге және бағалауға қойылатын талаптар:
1. Бағада оқушының шынайы жетістіктерінің бейнеленуінің объективтігі.
2. Материалды игеруінің динамикасы мен сапасын бейнелеу, есепке алу мен бақылаудың жүйелілігі мен жиілігі.
3. Оқушылардың БІД тексерудің түзете-белсендіруші бағыттылығы.
4. Стереотиптердің қалыптасуының алдын алу мақсатымен қолданылатын бақылау әдістері мен формалардың әр түрлілігі мен динамизмы.
5. Талаптардың дифференциалдануы, олардың оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес болуы, жеке есепке алу мен бақылауды қолдану.
Арнайы (түзету )мектепте қолданылатын тәрбие әдістері.
- практикалық әдістер – мінез-құлықты қалыптастыру әдістері (үйрету, жаттығу, тәрбиелеуші ситуацияларды туғызу, ойын);
- сөздік әдістер – сананы қалыптастыру әдістері (әңгімелесу, әңгімелеу, дәлелдеу, түсіндіру);
- белсендіру әдістері – мадақтау мен жазалау әдістері (мақтау, ризашылықты білдіру, мадақтау, ескерту, сөгіс беру, белгіленген құқытан айыру).
Оқушылардың оқуын ұйымдастыру формасы дегеніміз белгіленген рет пен күн тәртібінде жүзеге асатын оқытушымен (мұғаліммен) оқушының ұштасқан әрекетінің сыртқы көрінісі.
Арнайы (түзету) мектепте қолданылатын оқыту формалары.
Оқушыларды оқыту бойынша: ұжымдық (фронтальды), топтық, жеке
Оқытуды ұйымдастыру орны бойынша: мектепте (сабақ және сабақтан тыс уақытта).
Оқытудың дәстүрлі формалары: сабақ, саяхат (топ серуен), пәндік сабақтар, үй (оқу) жұмысы.
Арнайы түзету сабақтары: логопедиялық сабақтар, ЕДШ (ЛФК), ритмика, ПІЖО
Қосымша сабақтар: консультациялар (кеңес беру), қосымша жеке сабақтар, факультативтер, қалыптастыру топтары.
Оқытудың дәстүрлі емес формалары: сабақ-сайыстар, викториналар, конкурстар, ойындар, концерттер, мерекелер, театрландырылған сабақтар, КВН типті сабақтар және т.б.
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен үлкендердің оқуы жеке түрде басталған. Үй жағдайында, монастырьларда (шіркеуде), общиналарда және т.б. жағдайларда соқыр немесе саңырауларды жекелендіріп оқытудың көптеген мысалдары бар. Жеке түрде қолданбалы және көркемдік оқыту қолданылған. Қазіргі уақытта арнайы педагогикада оқытуды ұйымдастырудың жеке формасы келесі жағдайларда қолданылады:
- оқытылатын баланың (адамның) дамуында күрделі және көптеген бұзылыстар болса. Оқытуды ұйымдастырудың топты формасы бұл жағдайда аз нәтижелі болып саналады, өйткені оның танымдық және эмоциялық-ерік аумағы үзілмес жеке психологиялық-педагогикалық қолдау мен әр қадамдық бақылауды талап етеді;
- егерде білім беру процесінің спецификасына (ерекшелігіне), дамуындағы ауытқулардың ерекшеліктеріне, жас ерекшеліктеріне (ерте жас) сәйкес бала жеке психологиялық-педагогикалық, логопедиялық және басқада түзету көмегін мұқтаж етсе, бұл фронтальды сабақтарды толықтырады,
- егерде бала үй жағдайында оқытылса.
Жеке сабақтардың ұзақтығы көбіне 20-30 минут аралығында.
Арнайы білім беруде оқытуды ұйымдастырудың жеке-топтық формасы жеке оқытудың жалғасы ретінде қолданылады. Ол кезде жеке сабақтарда біршама (ептеген) коррекциялық-педагогикалық нәтижеге жеткен кезең. Мысалы, коррекциялық (түзету) сабақтар (тіл дамыту, өзіне өзі қызмет ету дағдылары, кеңістікте бағдар ету және т.б.) балалардың аз тобымен жұмыс етуді талап етеді. Оқытудың соңғы кезеңдерінде, белгіленген коррекциялық-педагогикалық нәтижеге жеткенде, жеке-топтық оқытуды ұйымдастыру формасы бірнеше бұзылыстары бар, кемақылдылықтың күрделі түрлері бар балалармен жұмыс істеуде қолданылады.
Сынып-сабақ жүйесі, сабақ оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы болып саналады. Сабақ – біркелкі жастағы оқушылар топтарының тұрақты құрамының, нақтыланған, бекітілген барлық оқыту бағдарламасынаортақ кесте бойынша оқытылуының ұйымдастыру формасы. Сабақ-оқытудың негізгі ұйымдастыру формасы, бұл жерде оқытушы (мұғалім) оқушылардың ұжымдық танымдық әрекетін нақтыланған уақытта, тұрақты бөлмеде, тұрақты балалар ұжымында жетекшілейді, оқытудың міндеттерін шешуге бағытталған құралдар мен әдістерді қолданады. Сабақ-тұтас, логикалық аяқталған, белгіленген уақыт шектерімен шектелген оқу-тәрбиелік процестің үзіндісі, онда оның барлық негізгі компоненттері: мақсаттары, мазмұны, құралдары, әдістері, ұйымдастырылуы, күрделі өзара байланыста болады. Сабақта оқыту мен тәрбиенің мақсаттары, міндеттері жүзеге асырылады, оқушылардың ой-өрісікеңиді, қабілеті дамиды, көзқарасы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Сабаққа қойылатын талаптар: идеологиялық, дидактикалық. Психологиялық, гигиеналық.
Сабақ функциялары: білім беру, тәрбие, түзете-дамытушы.
Дидактикалық мақсаттары бойынша сабақ типтері:
1. Жаңа білімдерді хабарлау сабағы (материалды алғашқы қарастыру сабағы).
2. Білімдер мен іскерліктерді қалыптастыру мен бекіту сабағы (тәжірибелік-практикалық сабақ).
3. Білімдерді жалпылау мен жүйелеу сабағы (қайталап-жалпылау сабағы).
4. Білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды тексеру мен бағалау сабағы (бақылау-тексеру сабағы).
5. Аралас сабақ (оқыту процесінің барлық буындарын кіргізетін сабақ).
Сабақ құрылымы сабақтың дидактикалық мақсатымен және сабақтардың жалпы жүйесінде сабақтың алатын орнымен белгіленеді Сабақтың негізгі құрылымдық элементтері:
- сабақ басының ұйымдастырылуы;
- алдында өткен материалды тексеру мен өзектілеу;
- сабақтың мақсаттарын және міндеттерін хабарлау, жаңа материалды түсіндіру;
- алынған білімдерді бекіту мен қайталау, іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру;
- сабақ нәтижесін қорытындылау, оқушылар іс-әрекетін бағалау;
- үй тапсырмасын хабарлау және оны орындауға оқушыларды даярлау.
Оқытушының (мұғалімнің) сабаққа дайындалуы.
- оқу пәнің оқытуға жалпы дайындалу: перспективті-тақырыптық жоспарлау, оқу пәнін оқытуда логикасын анықтау және пән бойынша сабақ жүйесін қарастыру;
- жеке сабақты жүргізуге дайындалу: күнделікті сабақтардың жоспар-конспектілерін құрастыру жеке тақырыпты оқытудың логикасын анықтау, оқу материалын іріктеу, әдістерді, формаларды, құралдарды, жұмыс тәсілдері мен түрлерін іріктеу.
Арнайы (коррекциялық -түзету) мектептегі саяхат (топ серуен).
Саяхат (топсеруен) типтері:
1. Пәндік мазмұны бойынша – тақырыптық және кешенді (пәнаралық).
2. Сипаттамасы мен оқу міндеттері бойынша – кіріспе, ағымды (кезектегі), қорытынды.
Саяхатты (топсеруенді) ұйымдастыру.
- мұғалімнің дайындалуы – мақсат-міндеттерін анықтау, оны жеткізудің мазмұны мен әдістерін іріктеу, топ серуен орнына бару, бақылау объектілерін анықтау және даярлау;
- оқушыларды дайындау – болашақ іс-әрекетке мақсаттандыру, топсеруенді өткізу жоспарымен таныстыру, тәртіп ережелерін қайталау, құрал-саймандармен қамтамасыз ету, тапсырманы орындауға мағлұмат беру.
Топсеруенді жүргізу әдістемесі.
1 кезең. Топсеруенді дайындау және ұйымдастыру.
2 кезең. Оқушылардың зерттелетін объектілерге шығуы. Және сабақ тақырыбы бойынша материалды игреу. Оқушылардың топсеруен кезеңіндегі іс-әрекеті-бақылау, сурет салу, материалды жинақтау, практикалық тапсырмаларды орындау, әңгімелесу.
3 кезең. Топсеруенде жиналған материалдарды өндеу, оның нәтижесін қорытындылау.
Оқушылардың үй (оқу) жұмысын ұйымдастыру.
Бағыттылығы- оқытылғанды бекіту, білімдерін кеңейту және тереңдету, танымдық қызығушылықты және дербестікті дамыту, жауапкершілікті, шыдамдылықты дамыту.
Ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
- оқушыларды үй тапсырмасын сабақта орындауға даярлау;
- оқушылардың жеке мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін еспеке алу;
- тапсырмалардың сай болуы мен дұрыстығы;
- сақталу-педагогикалық күн тәртібімен үйлесімділігі;
- мұғалім, тәрбиеші және ата-ана жағынан қойылатын талаптардың бірлестігі.
Нормативтер.
1. Үй тапсырмасының көлемі сабақта өткен материалдың 1/3 бөлігінен аспауы қажет, әлсіз оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді.
2. Өздік даярлық ұзақтығы « сынып – 30-40 мин. 2-3 сынып – 1 сағатқа дейін, 4-9 сынып – 2 сағатқа дейін.
Тақырыбы: Тәрбие заңдылықтары мақсаты, міндеттері, принциптері.
1.Есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеудің қазіргі мәселелері
2.Тәрбие заңдылықтары, мақсаттары, міндеттері, принциптері
1..Естуінде кемшіліктері бар балалар көп жағдайда мектеп интернатта оқиды. Мектеп-интернат есту қабілетін жоғалтқан балаларды жан-жақты дамыта отырып, түзете-тәрбиелеу әрекетімен қамтамасыз етеді.
Интернаттағы тәрби жұмысы келесі міндеттерді шешеді:
*Тұлғаның жағымды жақтары, танымдық, қоғамдық, еңбекке деген белсенділігін дамыту, ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбие бойынша мектеп жұмысын кеңейту және естімейтін оқушыларды жан-жақты дамыту;
*Санада азаматтылық патриотизмділікті, интернационализмдікті тәрбиелеу;
*Еңбекке деген жағымды қатынастарын тәрбиелеу;
*Естімейтін және нашар еститін оқушылардың жағымды морольдық адамгершілік этикалық сапаларын қалыптастыру, мектеп ұжымын қалыптастыру, мінез-құлық сезімін, мәдениетін тәрбиелеу;
*Қалдықты есту қабілетін пайдалана отырып, ауызша сөйлеу тілін дамыту;
*Естімейтіндер ортасында, еститіндер ұжымында жұмыс жасау, өмір сүре білуге тәрбиелеу, әлеуметтік байланысты кеңейтуге тырысу.
Интернаттағы тәрбие процесімен педагогикалық жетекшілік ету, тәрбиеленушінің өз бетімен әрекет жасауы дамыту ұсынады. Тәрбие жұмысының нәтижелігі тәрбиешінің әрбір оқушының жас және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Ең маңыздысы тәрбие нәтижесіне жетуге тырысу.
Интернаттағы педагог жұмыстарының мазмұны есту қабілеті зақымдалған балаларды тәрбиелеудің мақсаттары және міндеттерімен анықталады, балалардың түрлі әрекетінде орындалады – оқу – танымдылық, еңбек, ойындық коммуникативті.
Интернаттағы оқу-танымдық әрекет мектептегі оқу-тәрбие процесін жалғастыру болып табылады. Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқу-танымдылық әрекет түрлі ғылыми көзқарас арқылы қалыптасады, қоршаған табиғат және әлеуметтік орта туралы білім кеңейеді, тұлғалық бақыттар қалыптасады.
Интернаттағы оқу – танамдылық әрекет өз бетімен дайындықты ұйымдастыру кезінде орындалады. Бұл дыбыс күшейткіш аппараттары (ДКА) бар сынып бөлмесінде өткізіледі.
Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектептегі өз бетімен дайындықты ұйымдастыру және өткізудің негізгі талаптары болып табылады:
*Тәрбиеші әр сабаққа тынғылықты дайын болуы керек;
*Оқушылардың есту қабілетін және ауызша сөйлеу тілін дамытудағы есту – сөйлеу тәртібін және жұмысын сақтау;
*Оқушыларадың өз бетімен дайындығына жетекшілік ету және тәрбиеші жақтан жеке көмек көрсетілуі керек;
Аталған дайындықтың түрлері күн тәртібімен сәйкес, түскі астан кейінгі қосымша демалыстан кейін жүргізілуі қажет. Осы жаста өз бетімен дайындық уақытында білім беру, тәрбие, түзету міндеттері шешіледі. Естімейтіндердің үй жұмысын орындауға формальдық қарым-қатынас белгіленеді. Үй жұмысын орындаудың негізгі міндеттері балаларды өз бетімен жұмыс тәсілдерін үйреткенде ғана бекітіледі. Қажетті лекциканы үйрету арқылы тәрбиеші жаңа білімді бекітеді. Үй жұмысын орындау кезіңде соған жақын жағдай жасау керек. Тапсырманың белгілі бір бөлігін орындағаннан кейін, баламен пікір алмастырылады. Үй жұмысын орындаудың негізгі міндеттері балаларды оз бетімен жұмыс тәсілдерін үйреткенде ғана бекітіледі. Қажетті лексиканы үйрету арқылы тәрбиеші жаңа білімді бекітеді. Үй жұмысын орындау кезінде соған жақын жағдай жасау керек. Тапсырманың белгілі бір бөлігін орындағаннан кейін, баламен пікір алмасытырады. Үй жұмысын орындау уақытында тәрбиеші ауызша және жазбаша жұмыстарды өзара тексеріп, үлгерімі төмен оқушыларға көмек көресту керек. Үй жұмысын орындаудың қорытындысы жайында тәрбиеші сурдопедагогқа хабарлауы керек.
Экскурсия жаңа білімді тереңдету, кеңейту, бекіту мақсатымен өткізіледі. Экскурсия тақырыбы оқу пәнімен байланысты болу керек. Кез келген экскурсияны ұйымдастыру арнайы дайындықты талап етеді: білімділік, тәрбиелік, түзетушілік міндеттерін қою, оның мазмұнын сөздерін анықтау, жеке оқушылар үшін тапсырмалар, көрнекі құралдар дайындау. Экскурсия уақытында тәрбиеші балаларды бақылауларына жетекшілік етеді, жеке тапсырмаларды қалай орындайтындарына мән береді, қиналған кездерінде көмек береді. Экскурсиядан алған білімдерін, әсерлерін мақсатты түрде альбом, қабырға газеті, суреттер арқылы бекіту керек. Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернаттағы үйірмелік жұмыстар оқушылардың ой-өрістерін дамытуға шығармашылық қабілеттерін, ойлауын, ауызша сөйлеу тілін, қалдық есту қабілетін дамытуға бағытталған.
Үйірмелік жұмысқа қатысу белгілі білім сферасындағы тұрақтылықты, әрекет түрлерін тұрақтандырып, қоғамдық белсенділіктерді қалыптастырады, сөйлек дағдыларын жүзеге асыруға тәрбиелейді.
Есту қабілеті зақамдалған балаларға арналған мектеп-интернатта пәндік үйірмелер ұйымдастырылады (математика, физика, әдебиет, сөйлеу тілін дамыту, еріннен оқу, ЗТО т.б.). Пәндік оқу – оқу пәндері бойынша білімді кеңейтеді және тереңдетеді. Оқушылардың ой-өрісі дамып, ойлау қабілеті, сөйлеу тілі дамиды. Техникалық үйірмелер балалардың модельдеу құру дағдылары мен біліктіліктерін дамытады. Еңбек операциясын жоспарлау дағдыларын бекітеді. Мұндай жұмыстың түрі қазіргі замандағы техникаға жету туралы білімді кеңейту, техникалық кеңістіктің ойлау қабілетін дамытады.
Сурет үйірмелері естімейтін және нашар еститін балалардың қабілеттерін дамытады. Сурет үйірмелері жұмысында коррекциялық бағытты ұстанады. Сыыныптан тыс оқу әдебиеттер бойынша сыныптан тыс жұмыстың құрамды бөлігі болып табылады. Ол баланың кітапқа деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған. Сыныптан тыс оқу үшін арнайы уақыт бөлінеді. Баланың жас ерекшелігіне қарай және оның оқу дағдыларына қарай сыныптан тыс оқу түрлі формада өткізіледі.
Бастауыш сыныптан бастап, ол тәрбиеші әңгімесімен байланыстырады. Осы кезеңде ойыншықтар мен аппликациялар т.б. оқу мазмұның драматизациясы қолданылады. Мәтінмен жұмыс жасау біліктілігін меңгеру деңгейі бойыншы өз бетімен оқу жүргізіледі. Тәрбиеші мұғаліммен бірге отырып әдеби кітаптарды таңдайды.
Мұғалім мен тәрбиеші тек қана сыныптан тыс оқуды ұйымдастырып қоймайды, сонымен қатар кездескен түрлі қиындыыққа да көмектеседі. Оқуға қызығушылықты дамыту бойынша тұрақты жұмыстын орындалуына үлкен мән беріледі. Сондықтан тәрбиеші мұғаліммен бірге отырып, жазушылар туралы айтып, диафильмдер көрсетіледі, бір жазушының өмірі туралы кинофильм көрсетіледі.
Сыныпта немесе топтық бөлмеде сыныптан тыс оқу бұрышы безендіріледі. Интернатта клубтық жұмыс жүргізіледі, мысалы, кітап құмарлар клубы, жас математик және т.б. Клуб жұмысын ұйымдастыру және жетекшілік ету құрамына жоғары сыныптар, мұғалімдер, тәрбиешілер кірген кеңес болады. Клуб күндері таңдалады, сыныптан тыс сабақтар тақырыпқа сай ойындар, кештер т.б. өткізіледі.
Клуб жұмысының жоспарымен сәйкес түрлі курстар, фестивальдар өткізіледі. Клубтық форма тек мектеп пәндерінен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік өмір сфераларын да қамтиды. Клубтың ұзақ уақыттың жұмысы тәрбиешінің жағымды әдістерін қалыптастырады. Үлкен тәрбиелік мүмкіндіктер тәрбиеленушілердің теледидар бағдарламаларын көрумен бекітіледі. Тәрбиешінің міндеті – бала жасына сай, апта бойғы телебағдарламаларды талдау. Сонымен қатар баланы сол телебағдарламаларды қабылдауға тәрбиелеу керек. Естімейтін және нашар еститін оқушыларды инернатта еңбекке баулудың арнайы міндеті, еңбек ірекеті процесінде ауызша сөйлеу тілмен қатынас жасай білуді жүзеге асыру еңбек дамыту керек.
Интернаттағы тәрбиеленушілердің еңбек әрекеті өз-өзіне қызмет ету бойынша өз киімін күту, мектеп ауласын тазалау т.б. еңбек формалары арқылы орындалады. Еңбек әрекетінің маңызды, құрамды бөлігі қоғамға пайдалы еңбек болып табылады. Баланың жалпы және сөйлеу тілін дамытудағы нәтижелі құрал, бұл ойын: қозғалмалы-дидактикалық, сюжеттік-рөлдік.
Тәрбиешінің алдына қойылатын арнайы міндеті баланың ойын әрекетін дамыту болып табылады. Интернаттағы ойынды ұйымдастыра отырып, тәрбиешіні естімейтін балалардың ойын әрекеттерінің ерекшеліктерін есепке алады.
Ойынның түрлілігі сөздіктің түрлі көлемін талап етеді. Ойынды өткізудің және ұйымдастырудың жағымды маңызды жағдайы болып табылатындар:
• ойынды өткізуге тәрбиешінің тыңғылықты дайындалуы;
• ойыншықтардың, ойындардың, костюмдердің болуы, балаларды осы заттарды қолдануға үйрету;
• ойын барысында сөйлеу тіл ортасын құру;
• балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Ауызша сөйлеу тіл дағдысын және танымдық қабілетін дамытуға дидактикалық ойынның маңызы зор. Көрнекілік материалға негізделген дидактикалық ойын, сыныпты материалды бекіту және қайталауға, сөздерді талдап қорытуға, естіп-қабылдауын дамытуға әсер етеді,
Спорттық ойындар баланың денсаулығын жақсартуға, дене дамуына әсер етіп, моторлық бұзылуын түзетудің бір құрамы болып табылады. Олар ұжымдық қатынас дағдысы мен әдісін береді.
Интернаттағы ойындар арасында сюжеттік-рөлдік ойындар белгілі орынды алады. Сюжеттік-ролдік ойындар есту қабілеті закымдалған балалардың әлеуметтік мінез-құлқын ересектермен түрлі қарым-қатынастарын дамытады.
Эмоционалдық - ерік сферасын түзету үшін мінез-құлқында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеуде қазіргі уақытта арттерапевтикалық әдіс қолданылады.
Естімейтін бала сөйлесу арқылы өзінің әлеуметтік мінез-құлқын дамытады.Түрлі адамдармен, ересектермен, құрдастарымен, кішкентай тәрбиеленушілермен, естімейтін әр турлі жас кезеңіндегі балалармен сөйлесу, қарым-қатынас процесінде бала біртіндеп өзін қоршаған заттар, ойлар туралы мағлұматтар алып білімін кеңейтеді.
Естімейтін балаларға арналған интернатта қарым-қатынас екі негізгі түрде жүзеге асырылады: тұлға аралык және рөл аралық
Тәрбиеленушілердің рөлдік қарым-қатынастарында, ойындық, оқу, танымдық еңбек әрекеттерінің маңызы зор.
Интернат жағдайында балалардың қарым-қатынас ұйымдастыра отырып, тәрбиеші оның мынадай ерекшеліктерін ескеруі керек: сөздік қорының жетіспеушілігі және сөйлеу тілінің дамыуының толық сезінбеуі. Тәрбиенің қазіргі жүйесі:
• Білім беру жүйесінде Қазақстандық қоғамда әлеуметтік институт сияқты тәрбие статусын жоғарлату.
• Тәрбиенің регионалды, муниципальдық жергілікті тәрбие жүйесін қалыптастыру.
• Білім беру мекемелеріндегі тәрбие қызметін дамыту және бекіту. Тәрбие субъектісі құрамын кеңейту, білім беру мекемелері мен жанұяның өзара әрекетін дамыту.
• Тәрбие аясындағы қазіргі әдістер мен отандық дәстүрлерді интеграциялау.
Патриоттыққа, азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің механизмдері мен мазмұнын гумманистикалық принциптерді дамыту.
• Балаларға медициналық, әлеуметтік және техникалық, педагогикалық көмек көрсетуде реабилитациялық жүйені құру.
Білім беру жүйесін басқарудың кәсіби деңгейін көтеру, барлық әлеуметтік институттардың өзара әрекетін қаматамасыз ету.
2.Тәрбие адамдардың түрлі өмір әрекет сферасында өзара әрекет жасау процесінде, соның ішінде басты рөлдегі мектепте жүзеге асады.
Тәрбие қоғамдық дамудың осы кезеңінде жаңа көріністер тапты. Адам тәрбие жүйесінің орталығында өмірдің жоғары, бағалы құндылығы болып табылады. Оқыту және білім беру тәрбиенің құрамы болып табылады. Адам тұлғасының қалыптасуында таңдалған еркіндік тәрбие мәселесінің негізгі әдістемелік шешімі болып табылады.
Тәрбие просесінің негізгі бір сипаттамасы - оның мақсатты бағытталуы. Тәрбиенің мақсаты - бала тұлғасын жан-жақты дамытуға көп образды әрекет түрлері жатады (интеллектуалды, қоғамдық, еңбек, спорттық, ойындық, коммуникативті).
Қойылған мақсаттармен байланысты тәрбиешілердің алдына келесі міндеттер қойылады:
• Оқушыларға өмірдегі өз орнын табуға және анықтауға көмектесу ;
•Баланың болашақағы руханилылығын жүзеге асыру, талаптарын қалыптастыру;
• Қызметтің түрлі сферасында баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
•Еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу және еңбекке деген құлшынысын қалыптастыру;
Қоршаған ортамен барлык тұлғалық қарым-қатынасын қалыптастыру;
•Заңды құрметтеуге тәрбиелеу, адамның азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін дамыту;
• Өзіне-өзі баға беру қабілетін дамыту;
• Салауатты өмір сүру салтындағы талаптарға тәрбиелеу;
• Жақсы жанұяға ие болып, толық бақытты өмір сүре білу қабілеттілігіи дамыту.
•Естімейтін және нашар еститін оқушыларды еститіндер ортасында қабылданған сөйлеу қарым-қатынасында оқыту керек.
• Ауызша сөйлеу тілін өз ұжымында үйрету, ұжымның кез-келген мүшесімен диалогтық дағдыны қалыптастыру.
•Тәрбиеші мектеп-интернаттың педагогикалық ұжымдық бірлігінде тәрбиешінің тұлға аралық және рөлдік қарым-қатынасында қалыптастырады.
• Тәрбие-бұл қажетті әлеуметтік, рухани-адамгершілік, эмоционалды
құндылықтарды меңгере отырып, адам тұлғасының дамуы үшін жағдай туғызуды ұсынатын мақсатты бағытталған процесс.
• Жасөспірімдер мен балаларда рухани адамгершілік қалыптасуы-қоғамдық дамудың маңызды бөлігі.
• Қазіргі уақытта білім беру сферасында мемлекеттік саясат принципін жетілдіру жолында Қазақстанның білім беру жүйесінде тәрбие бағдарламасы жасалған және қабылданған. Ол тәрбиенің әлеуметтік институтының қоғамдық статусын жоғарлатуға мемлекеттік, қоғамдық, жанұялық тәрбиенің өзара байланысына, білім берудің барлық түрінде тәрбие механизмін бекітуге бағытталған.
Тәрбиенің ұйымдастырылған қағидалары:
• Тәрбие аясындағы ұлттық стратегия және саясат заңдылықтарымен анықталып, тәрбиелік ұйымдар, жүйелер, формалар, әдістер түрлігімен ұйғартылады.
• Мемлекет және институттар жасөспірімдер мен балалардың тәрбиесінің маңызды субъектісі болып табылады, тәрбие функциялары олардың өмірінің барлық сферасында жүзеге асады. Балалар және жасөспірімдер - тұлғаның өзіндік дамуында тәрбие процесінің тең құқылы субъектісі.
• Жалпы білім беру, мәдени құндылықтар мен оның негізін игеру тәрбие мазмұнының фундаменталды базасын құрайды. Тәрбиенің өзегі -тұлғаның адамдық сапалары мамандыққа қызығушылығы, азаматтық позициялары болып табылады.
• Тәрбиенің мазмұны және ұйымдастырылған түрі, тұлғаның дамуына бағытталған мәдени образды принципті негізінде ұйымдастырылады.
• Қазіргі қоғамда жастарға соның ішінде есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық көмек көрсету аса маңызды мәнге ие.
Есту қабілеті зақымдалған жастар мен балаларға білім берудің мақсаты- тек білімді меңгеру ғана емес, сонымен қатар адамдық бірлестіктегі мінез-құлық, қарым-қатынастың әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері, бағдарлау құндылықтары тұлғалық ерекшеліктердің базалық қалыптасуы, дамуды түзетуі, диагностикалауды нақтылау да болып табылады. Соңғы жылдары білім беру реформалары балалардың тұлғалық санасының қалыптасу процесінде тәрбиелеудің танымдық потенциалдарын белсендіру келе жатыр. Олардың толық жан-жақты дамуы келесі жагғай есебінде;
• Жанұялық тәрбие және қарым-қатынас, ата-аналардың төмен педагогикалық мәдениеті кезінде өз баласына деген сараң махаббаты жағдайында негативті болуы мүмкін.
• Баланың өзіндік әрекеттер мен жағдайларды талдау қабілетін дамыту үшін құрдастарымен қарым-қатынасты ұстауды қажет етеді.
Қоғамдық арнайы білім беру жанұяның орнын ауыстыра алмайды, сондықтан мектептегі білім беру жүйесіндегі тәрбие алуына ерекше міндеттер қойылады.
Бүгінгі таңдағы міндеттер мыналар болып табылады:
• Тұлғалық бағытталған позициядағы балаларды оқыту және тәрбиелеудің жаңа мазмұны бар, қазіргі бағдарламалар мен технологияларды меңгерту, кәсіби тәрбиешіні дайындау жүйесін жүзеге асыру;
Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру мекемелерін жабдықтандыру;
• Сурдопедагогика саласында ғылыми зерттеу негізін қамтамасыз ету; Балалардың тұлғалық дамуы және әлеуметтік эмоционалдық дамуы бойынша жаңа білім беру бағдарламалары мен технологиялармен оку-тәрбие мекемелерінің жұмыстарын қамтамасыз ету;
• Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру мекемелерінде жұмыс әдістері және формалары, кемістік құрылымын есепке ала отырып, есту қабілетін ерте жастан, кіші және ересек мектеп жасында жоғалтқан балаларды үздіксіз тәрбие процесінің жүйесін дамыту;
• Есту қабілетін жоғалтқан балаларды тәрбиелеу сұрақтары бойынша, жанұяға диагностикалық, әдістемелік, коррекциялық-педагогикалық көмек көрсетудің кешенді бағдарламасын дайындап жүзеге асыру;
• Баланың жанұямен жеке жұмыс жасауын жүзеге асыратын құрылымды дамыту.
• Барлық категориядағы балаларды мектепке дейінгі және мектепте оқыту жүйесіндегі тәрбиелеуді дамытуды ақпараттық түрде қамтамасыз ету.
Есту қабілеті зақымдалған балаларға білім беруге арналған арнайы мекемелерде тәрбиені дамытудың негізгі бағыттары мен жағдайларын іске асырудың жолдары мынадай:
• Өзін оқу-тәрбие үрдісіне қосатын тәрбие жүйесін қалыптастыру;
• Түрлі білім беру мекемелеріндегі нақты мүмкіншіліктерді есепке алумен есту қабілеті зақымдалған оқушылардың жас және жеке ұйымшылдық ерекшеліктері негізінде тәрбиенің мазмұнын, формасын, әдісін анықтау;
• Балалардың жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын жан-жақты зерттеуді ұйымдастыру. Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажетті портативті әдістерді құру;
• Мектеп және сынып ұжымдарын қалыптастыруда жеке сабақтар өткізу үшін, ұйымшылдық қызмет рөлін жоғарлату, балалардың әлеуметтік және мектептік дезадаптациясын алдын алуды қамтамасыздандыру;
• Тәрбиеленушіге өзін түсінуге көмектесетін оқу пәндерінің гумманитарлык бағыттарын күшейту;
• Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылық қызығушылықтарын дамытатын мектептен тыс жұмыстар мен оқу тәсілдері, формалары, оқу -
әдістемелік материалдың түрлілігіндегі оқу әрекетінің формалары мен әдістерін, мазмұнын жекешелендіруге қол жеткізу;
• Тұлғалық даму және өмір әрекетінің негізгі аспектілерін қамтитын жалпы адамгершілік құндылықтарға оқушыларды бейімдеу және бағыттау;
• Еркіндік, демократия рухында оқушыларды тәрбиелеу;
• Оқушылардың өмірінде білім беру мекемелерін эстетизациялау, түрлі өнер саласында өзін анықтауға жағдай жасау;
• Техникалық, педагогикалық, медициналық, әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға арналған оқу-кеңес берудің жеке бөлімдерінің әрбір регионда құрылуы;
• Жалпы білім беретін арнайы мекемелердегі штаттық кестелерге келесі мамандықтар кіреді; педагог-психолоттар, әлеуметтік педагогтар, сынып тәрбиешілері;
• Сынып жетекші мен тәрбие әрекетін белсендіру;
• Тәрбие процесінде жанұяға жағдай жасау, ата-ананың қоғамдық бірлесуін дамыту.
Негізгі жалпы және қосымша білім берудің интеграциясының стратегиясы - білім беру жүйесіндегі вариативтілікті бекіту. Қосымша білім берудің мақсаты - естімейтін және нашар еститін балалардың қоғамдық өмірге бейімделуін дамыту.
Кәсіби білім беру жүйесінде әдістер, статус және т.б. бойынша ерекшелінетін мекемелер дамиды. Тәрбиенің тағы да бір мәселесі - ол сапалық және анықтау, дамыту.
Осыған байланысты аталған жағдайлар келесі түрде орындалады:
• Ғылыми кеңес және басқа бірлестіктердің жұмысындағы кәсіби білім беру мекемелерін басқаруда әріптестік қатынастарын бекіту жолдары;
• Қосымша білім берудің мүмкіндіктерін қолдану, қоғамдық мамандандыру факультеттерін құру;
• Есту қабілеті зақымдалған студенттерді оқу процесінен тыс дамытудың жоғары оқу орынының аралық орталықтарын құру;
• Есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың жас ерекшелігінің мәдениетін функциялау, өмірдегі ерекше әрекеттерін дамыту;
• Кәсіби білім беру мекемелерінде және қоғамдық ұйымдарда оқитын тәрбиеленушілердің ұйымдарының әдістерін зерттеу.
Бастапқы, орташа арнайы және жоғары кәсіби білім беруде естімейтін жастарды тәрбиелеуде келесі мақсаттарды дамыту керек:
Әлеуметтік коммуникативті дағдының және біліктіліктің мотивациясының сферасында әлеуметтік және өмірлік әдістерді дамыту;
• Қойылған міндеттердің жүзеге асырылуы мен шешім қабылдауда жауапкершілік деңгейін жоғарлату;
• Саяси және қоғамдық ұйымдармен өзіндік өзара қарым-қатынастарды анықтай білу және т.б.
Осы мақсаттардың орындалуы келесі факторларға сүйенеді:
*Кәсіби білім беру мекемелерінде тәрбиелеудің құқықтық әдістемелік ұйымдастырылған экономикалық базасын жеңілдету;
*Олар дайындайтын маман үлгісі және кәсіби білім беру мекемелерінің түрі типтерін адекватты функциямен тәрбиелеу әдісін, формасын өңдеу;
*Түрлі сферада білім алатын тұлғаларға жағдай жасау және қызмет көрсету.
Тақырыбы: Мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі.
1.Есту қабілеті бұзылған балалардың естімейтіндердің және нашар еститіндердің балалық шақтағы, ерте жастағы және мектепке дейінгі жастағы даму психикасының ерекшеліктері
Есту қабілеті бұзылған мектепке дейінгі және ерте жастағы балалардың моторикалық дамуының мінездемесі.
2.Есту қабілеті бұзылған балалардың ойын, еңбек, бейнелік және конструктивті іс-әректінің негізгі формалары.
1.Қолайсыз жағдайлар мен факторлардың кешенді нәтижесінде 60 пайыздан астам балалар әртүрлі патологиялық кемшіліктермен туылуда, есту қабілеті бұзылған және нашар еститін балалар да саны аз емес. Елімізде 10000 бала сыртқы және ортаңғы құлақтын кемістіктерімен туады. Құлақ қалқанын қалпына келтіруде пластикалық операциямен оториноларингологтар мен хируртер айналысады, қазіргі уақытта оториноларингологтарға осы топтағы адамдарға есту қабілетін жақсарту үшін операция жасауға тура келеді. Құлақ қалқанын қалпына келтіру, оның күрделі бедеріне байланысты, хирургияда пластикалық операцияның ішіндегі ең қиыны болып есептеледі. Құлақ қалқанының бірнеше дәрежедегі кемістіктерін ажыратады: микротия (құлақ үлпершегінің, бөлігі тері білігі түріндегі иірім бөлігі), анотия (құлақ қалқанының және сыртқы есту түтігінің толығымен болмауы).
Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизиологиялық даму үдерісі қалыпты дамыған балаларға тән даму заңдылығымен өтеді, бірақ психикалық үдерістің өзіне тән ерекшелігі болады. Бұл ерекшелік бала дамуындағы кемшілік, ауытқушылық түрімен анықталады. Есту қабілеті бұзылған балалардың әр түрлі өзіндік ерекшеліктері болады.
Есту қабілеті бұзылған балалардың, естімейтіндердің және нашар еститіндердің балалық шақтағы психологиялық ерекшеліктеріне келіп тоқталатын болсақ, екі – үш жастан бастап ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жетекші әрекетіне айнала бастайды. Бұл топтағы балалар ойынының негізгі мазмұны – ойыншықтармен және ойыншықты алмастыратын заттармен әрекет ету. Ойынды ойнау уақыты шектеулі. Олар бір – екі рөлді және қарапайым сюжетті ойындар ойнаумен шектеледі. Ережелі ойындар бұл жаста жаңадан қалыптасады.
Баланың бейнелеу іс-әрекетінің бұл жаста жаңадан қалыптаса зат туралы түсінігі тәуелді. Кейбір балалардың заттарды бейнелеуінде жекелеген бөліктер жетіспей, кейбір суретте бөліктерді біршама толық бейнелейді. Сондай-ақ түстерді қолдануға қызығушылығы пайда болады. Нашар еститін баланың қол моторикасын дамыту да оның психологиялық, интеллектуалдық дамуына да үлкен зор үлес қосады. Ұсақ саусақ қимылдарын дамытуда мүсіндеудің маңызы зор. Олар ересек адамның басшылығымен қарапайым заттарды мүсіндеп жасай алады. Жапсыру- бала қабылдауының дамуына оң ықпал етеді. Бұл топтағы балалар жапсырудың өте қарапайым түрлерінің бірі – желімсіз жапсыруды ғана орындай алады.
2.Есту қабілеті бұзылған балалардың ойын, еңбек, бейнелік және конструктивті іс - әрекетінің негізгі формалары.
Есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы мектептерінде ең басты ойын әрекетіне көп көңіл бөлінеді. Баланың дамуына, еңбек әрекетіне және әлеуметтік ортаға енуіне ойынның ықпалы өте зор. Сонымен қатар оның психологиялық дамуына да әсер етеді. Дидактикалық ойындар естуі нашар балалардың ақыл-ойының, әлеуметтік өмірдегі нормалары, ережелері мен заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік туғызады. Ойын кезіндегі баланың ақыл-ой тәрбиесі қоршаған орта заттары мен құбылыстар жайлы түсініктер кеңейту арқылы, олардың қасиеттері мен қолдану тәсілдерін меңшеру арқылы жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі есту қабілеті нашар балаларды еңбек арқылы тәрбиелеуде олардың еңбекке деген қабілеттерінің мотивациясы қалыптасады, еңбектің әр түрлі формаларына ықыласы, үлкендерге көмек көрсету, кейбір қарапайым еңбек іс-әрекеттерін меңгеруге, құрдастармен қарым-қатынас жасауды меңгеруге көмектеседі. Еңбек арқылы тәрбиелеумен баланың тиянақтылығы, үлкендерге деген құрметі, қоршаған ортаға көмек көрсету қабілеттері дамиды. Мектепке дейіні мекемелерде балалар еңбектің әр түрлерімен танысады: өзіне өзі қызмет жасау, тұрмыстық шарушылық еңбекпен, табиғат аясындағы еңбекпен, қол еңбегі.
Нашар еститін балалардың бейнелеу және құрастыру іс-әрекетінің мақсатты бағытталған нәтижеге жетуі баланың эстетикалық және танымдық жақтарының дамуына жағдайлар жасайды. Онда балалар сурет салу, жапсыру, аппликация және де қрастыру арқылы үйренеді. Мұндағы маңызды нәрсе балалардың сенсорлық дамуы болып табылады. Үйрену барысында балалар көру арқылы, тактильді қимыл-қозғалыс және қозғалыс арқылы сенсорлық моториканы дамытады. Бейнелеу әрекеті есту қабілеті бұзылған балалардың эстетикалық тәрбиесінің оңтайлы әдістерінің бірі.
Тақырыбы: Есту қабілеті зақымдалған балаларды отбасында тәрбиелеу
1. Есту қабілеті зақымдалған балаларды отбасында тәрбиелеу.
2.Мектеп жасына дейінгі естімейтін, сөйлеу тілі дамымаған баланы отбасында тәрбиелеу.
Есту қабілеті зақымдалған балаларды отбасында тәрбиелеу, қоғамдық тәрбиеден де ерте дамыған. Естімейтін баланы отбасында жеке оқыту тәрбиесі орьа ғасырларда белгілі болады. естімейтңн баланы отбасында тәрбиелеу мен оқыту олардың ақыл ой қабілетін дамытумен анықталады. Ата аналар балалардың ерте және мектепке дейінгі оқу мен синдитивті даму кездерін жіберіп алмауға тырысады. өйткені, осы кезеңде балалардың көптешген дағдылары мен мінезі қалыптасады.
Естімейтін баланы отбасында ерте оқыту қажеттілігін, стильін дамытудың есту қабілеті зақымдалған балаларға қоғамдық тәрбие берудің пайда болуына дейінгі,XVIII-XIX ғасырларда озық сурдопедагогтар айтқан. Естімейтін балаға отбасында ерте тәрбие беру қажеттілігі, туралы отандық сурдопедагогиканың ойлары, оның ішінде В.И.Флеринің «Глухонемые, рассматриваемые вотконеми к их состоянию и к способам образавания, самым свойственным их природе» (1835) деген еңбегінде естімейтін балалардың тұлға ретінде дамуы мен қалыптасуының негізгі себептерінің бірі баланың жақын адамдары, ең алдымен анасы мейірімен, махаббатымен және зейінімен баулап алу керек екендігі айтылған. Бала тәрбиесіндегі ең бірінші адам анасы, ол баласы үшін бәрін істей алады. В.И.Флери балалардың өмірінің бірінші жылы стилін, сөздерді үйренуі, көздері арқылы еліктеумен іске асатын атап айтқан. Сондай ақ, В.И.Флери «естімейтін баланың жас ерекшелігі,оның үлгеріміне байланысты деген».
Естімейтін баланы отбасында ерте тәрбие беру және оқыту мәселесін Н.А.Е.Ф. және Ф.А.Раулер кеңінен насихаттаған. Олар естімейтін балалардың аналарына курстар және кеңестер ұйымдастырған, ауызша стильдік қалыптастыру жалпы және т.б. оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін байланысты сұрақтарға кепілдемелер берген.
50-60жылдары отбасында тәрбиелеу мәселесімен Б.Д.Корсунская белсенді байланыста және естімейтін баланы балабақшаға, мектепке дейінгі оқу мекемелеріне түсер алдындағы тәрбиелеумен оқыту жайлы бірқатар кепілдемелер мен кеңестерден тұратын «Воспитание глухого дошкольника в семье» атты оқулық жазған. Оқулықта қимыл қозғалыстардың рөлінің қалыптасуы, естімейтін балалардың стилінің дамуында арналған, баланы отбасында оқуға керекті құрлыстардың үлгісі көрсетілген. Автор стильді дамытуға бағытталған сұрақтарға көп көңіл аударған мысалы: сөз мағынасымен және сөз қоры мен жұмыс; сөйлеу және сурет баяндау тілін дамыту; дактильді стилін ақыл ой және әдептілік дамытуға арналған қарым қатнас және оқуға ерте үйрету құралы ретінде оқыту; ауызша стилін қалыптастыру Б.Д.Корсунская, стилін дамыту жұмысында ,ауызша стилімен қатар дактилогияны да кең қолдану керектігн ескереді.
60-70 жылдары А.А.Венгер, Г.Т.Выготская және Э.И.Леонгардт өздерінің зерттеулерінде, естімейтін және нашар еститінерте, мектеп жасына дейінгі балалардың отбасылық тәрбиемүмкінділігінің маңыздылығы анықталған. Бұл мүмкіндіктер ерте басталумен, отбасында сөйлеу ортасының пайда болумен, есту аппараттын қолданумен, жазбаша стилін дамытудағы арнайы жұмыстармен, стилін дамытудағы ұзақ жұмыстармен негіделген. Осы авторлар «Заданий для родителей» деген әдістемелік кепілдемелер дайындаған. Сондықтан ла баланың жалпы және стилінің жоғарғы деңгейде балаларды жалпы мектепте оқитын еститін балалармен қосып оқыту мүмкіндігін көрсетпек, оған мектеп жасына дейінгі отбасында алған білімдері мен ақыл ой дамуының жоғары деңгейі болуы көмектеседі.
Қазіргі уақытта естімейтін баланы отбасында тәрбиелеу мәселесімен, ата аналарға көмек ретінде Э.И.Леонгард, Е.Т.Самсонова, Е.А.Иванова, Н.Д.Шматко, Т.В.Пелымский және т.б. еңбектерінде қаралуда. Олардың матералдары келесі мағлұматтарды құрайды.
- Ерте жастағы балалармен жұмыс ұйымдастыру;
-Арнайы мектепке дейінгі мектептерге бармайтын, мектеп жасына дейнгі балалардың ата аналарына арналған кепілдемелер. Ата аналар балаларын үйде тәрбиелеудің себебі отбасының мектепке дейігі мекемелерден алыс жақта тұруы:
- Баланың физикалық жағдайы;
- Ата анасы интернат түріндегі мектепке және мекемелерге бергісі келмеуі;
- Баланың арнайы балабақшада алған даму деңгейі мен білімі сапасы ата анасын қанағаттандырумен және т.б. ата аналарға сурдопедагогикалық кабинеттердің және орталықтардың қызметтері, арнайы мектепке дейінгі мекемелердің мұғалімдері көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі естімейтін, сөйлеу тілі дамымаған баланы отбасында тәрбиелеу.
Егер баланы туылғанан кейін 5-6айында гуілдеуі байқалмаса, 7-8 айында әртүрлі дыбыстар шыққан жаққа қарап, көрсету керек. Егер, «балалардың есту қабілеті төмендеген немесе, мүлдем естімейді» деген анықтама берсе, ата аналар уайымдамай, дұрыс тәрбие беруді, есту қабіліндегі кемістіктердің орнын толтыруды қалауы, баланың болашағына тікелей байланысты.
Көптеген ата аналар балаларының тәрбиесімен дер кезінде айналысумен байланысты, есту қабілетінен айырлған баланың сөйлемей қалуынан сақтап, білім алуына және еңбек етуіне жағымды ықпалын тигізеді. Естімейтін, тілі дамымаған баланы отбасында тәрбиелеу, шыдамдылықты, төзімділікті, өте көп күш жігерлікті талап етеді.
Бұл балаларды есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған бөбекжайлар мен балабақшаларға қабылдау туралы өтініштерін қалалық, аудандық, обылыстық, аймақтықденсаулық сақтау бөлімдерін бағыттау керек, ол баланы балабақша немесе арнайы мектепке қабылдау туралы өтініштерін қаласақ, аудандық, обылыстық, аймақтық т.б. бөліміне бағыттау керек.
Егер есту қабілетіндегі бар балаларды қандай да бір себептермен дер кезінде, арнайы мектептерге орналастыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, балаға отбасында тәрбие беруд ұйымдастыру керек. Бұл мақсат үшін келесілер қажет:
-Балаға жақсы физикалық дамуды қамтамасыз ету және сергектік, сауық сүйгіштік жағдайн болдырмау;
- Ойлауын, тілін,зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
- Баланы қоршаған ортамен қарама қайшылыққа түсу қажеттілігіне тәрбиелеу,
-Жігерлікке әділеттілікке, батылдыққа,достық сезі мге тәрбиелеу.
- Баланы өзін өзі күтуге, мәдени гигиеналық дағдыларға үйрету.
Мұны іске асыру үшін не істеу керек? Ең басты, баланың тұрмыстық жағдайын ұйымдастыру керек. Оның жасына сай, күн тәртібін қою керек. Бала белгіленген уақыт бойынша тамақтануын, серігуін және ойнауын, таза ауада серуендеуін (балалар ауруханасындағы) өадағалау керек; балаларды тазалыққа үйрету керек: тамақтанар алдында, ойынан кейін қол жуу, өзінің сүлгісін, бет орамалын білу, олармен қолдана білуі тамақ ішу барысында ұқыпты болу және т.б.
Баланың қозғалыс тәрбиесіне үлкен көңіл аудару қажет. әсіресе, минингитпен ауырған баланың жүрісіне, өйткені осы аурудан кейін, балалардың жүрісішұғыл өзгереді: бала өрмелеуге, белге қою,алдыға, ортақ жылжу қимылдарын қоса пайдалы. Сонымен қатар қарапайым дене шынықтыру жаттығуларын жасауға болады. барлық қимылдарды юала ауыздан оқу арқылы жасау керек. Мұндай жаттығулар балаларды қалыпты жүрістіқалыптастыруға, қимылдары ұйымдастыруға және нығайтуға көмектеседі. Инфекциялы және т.б. ауруларын алдын алатын арнайы шаралар өткізу қажет. Осы мақсатпен баланы жиі дәрігерге көрсетіп, тағайындаған шараларды орындау керек. Балалардың сапасы, физикалық жағдайы оның ақыл ой дамуына және тәртібіне, мінезіне әсер етеді.
Баланың әр түрлі сергектік кезінде, жесттерді қолдануға жүгінбей, қалыпты еститін балалармен сөйлескендей түсінікті, нақты, қаттық мәнерлі түрде, балалардың бетіне қарап сқйлеу керек. Сөздерді буынға бқлмей, толық, бала дұрыс еліктейтіндей, шынайы ырғақты сақтай отырып айту керек. Қатты және нақтылап айту, баладағы есту қабілетінің қалдығы болса, қатты айту баланың есту қабілетін қабылдауын дамытуға әсер етеді.
Кішкентай балалар әр нәрсеге жеңіл және оңай еліктейді. Еститін балалар қоршаған ортаға есту қабілеті арқылы еліктейді, ал естімейтін
балалар – көру арқылы, сөйлеушінің сөйлеу тілімен ауызынан оқу арқылы еліктейді. Осы балалар ең алдымен, сөйлеу тілін түсінуді үйренеді, кейін қолдануға кіріседі. Егер отбасы мүшелері күнделікті қолданатын сөздерді бірнеше рет бетпе-бет қайталап айта берсе, бала ауыздан оқу арқылы түсініп, өзі де сөйлей бастайды. Әрине, естімейтін балалар сөзі түсініксіз, мағынасыз болуы мүмкін, бірақ уақыт өте, арнайы педагогикалық әсер ету салдарынан күнен-күнге түсінікті бола бастайды.
Балада сөйлеушінің бетіне қарау әдеті ерте дамығаны жөн, сол арқылы сөйлеу ынтасы пайда болады.
Қоршаған адамдардың аузының қимылы арқылы сөйлеу тілін-баланың ауызекі сөйлеуінің дамуыңдағы I кезең деп айтуға болады.
Бала отбасында, жалпы тәрбиені дұрыс алуы ете маңызды, оны еркелетпей, керісінше, өзбеттілікке тәрбиелеу маңызды, үй шаруашылы-ғындағы ұсақ-түйек жұмыстарды орындату керек, мысалы: біреуді шақырып жіберу, тесекті қозғалту, апарып тастау, ыдысты қою жәнет.б. өз бетімен киініп, шешінуге дағдыландыру.
Барлық тапсырмаларды ауызша сөйлеу түрінде, асықлай, шыдамды-лықпен айтып, бала тапсырманы шынымен түсінгендігіні жөн.
Балаға әрқашан әділ болыңыз, оны тындамаған үшін, талап етіп тұрғанын түсінбеген үшін жазаламау керек. Егер бала қырсық және тыңдамайтын болса, оны қызықты жұмыстармен айналыстырған дұрыс болады. Балаға «содан кейін», «кейін», «қазір», және т.б. сөздерді үйреткен жөн, яғни ата-анасы бос емес кезде мазаламауға үйрету.
Балалармен қарама-қайшылыққа түскенде, бір қалыпты және байсалды болған жөн. Баланы бірте-бірте қайшы мен қарандаш ұстауға, онымен сурет салуға, қиюға, ермаксаздан бұйым жапсыруға үйрету өте маңызды. Балаға әрқашан сурет салу, қию, жапсыру үлгісін көрсету керек. Оның еңбектері мақсатты болу керек және жұмыстарын шығармашылық іс-әрекетке деген үлкен қызығушылығын арттыру үшін сақтап қою керек. Үстелді орынды қойып, үстелдің үстіне сүйікті ойыншықтарын, кітаптарын, қарандаштарын, ермексаздарын, гүлдерін, іргесіне өзі білетін жануарлармен заттардың суретін, үстелдің жоғары жағына қойып, оған баланың жұмыстарын қою керек. Өзінің «бұрышында» тәртіп сақтауын қадағалап тұрған жөн.
Мектеп жасына дейінгі таныс суреттер, таныс сөздер бар карточкалардың үлгісін ілуге болады, ол тапсырмаларды ілетін болсақ әріптермен суреттердің аты жазылады. Балаға қолан істелген кітап құрастырып берген абзал. Әр түрлі балалар кітабынан, әліппелерден танысжануарлардың ойыншықтары-ның, заттың және қимылдардың суреттерін қиып және осы суреттерді бояп, сурет дәптеріне жабыстырып, баспа әріптермен жазып қою керек. Балалардыңәр меңгерген сөзін, осы сөздік-альбом, болатын кітапқа енгізу керек. Мұндай, қолдан істелген кітаптар, балалардың өздік қорындағы сөздердің тізімі болып есептелінеді. Балалардағы сөздердің жинақталуын, нақты ретімен құраған жөн. Кітапты қарап, жабыстырылған суреттерді атау арқылы, баспа әріптерімен жазылған сөздерді бекіту білімі мен атап айту дағдыларын бекітеді.
Балардың ауызша сөйлеу тілінің даму сәттілігі, оның тәрбие дағдыларына байланысты. Сондықтан балалардың сұрағы және әсерлері ескеріп, ауызша сөйлеу тіліне енгізу керек.
Мектеп жасына дейінгі балаларды отбасында тәрбиелеу, ерте жас кезеңінде бастаған жұмыстың жалғасы б.т. мектеп жаста дейінгі оқытуды, ата-аналар балардың дамуындағы негізгі жетістік теп білулері керек. Баланың оқушыларға сәттілігін ата-аналары шектен тыс бағалатуы керек, өйткені, ол дамудың артта қалуына, педагогткалық босап қалуына әкеп соғады. Ата-анасының бала тәрбиесі мен оқытуындағы іс-әрекеті сәтті болса, оны арнайы балабақша да немесе топтарда жалғастыру керек. Ата-ана баланы жүйелі түрде сурдопедагогқа кеңеске барып тұру керек, ол бала дамуын және оқу қорытындысын бақылап, қимылдау жұмыс бағдарламасын көрсетіп, нақты кеңестер мен түзету-педагогикалық жүлделерін береді. Егер, мүмкіндік болса, үйде тәрбиеленетін балалар қысқа ұқыптылық топтарда сурдопедагог өткізетін сабақтарда болып тұрған жен. Мұнда ата-аналар қатысын, үйде өткізетін сабақтар жайлы кеңестер алады.
Үйде тәрбиеленетін және оқитын балалардың ата-аналары, басқа естімейтін және немесе мектеп жасына дейінгі балалары бар отбасыларымен қарым-қатынаста болу шарт. Ата-аналар есту қабілеті зақымдаған мектеп жасына дейінгі балаларды отбасында тәрбиелеу мен оқытуға арналған көптеген әдебиеттер оқу керек. Ата-аналарының өз тәжірибиесі негізінде берілген бұқарамен танысу ете тығызды.
Есту қабілеті зақымдалған баларды отбасында тәрбиелеудегі негізгі талаптар мен жұмыс мазмұны, ерте жастағы балаларды тәрбиелеу жұмысымен бірдей, бірақ, жұмыс мазмұны әртүрлі бағытта кеңейеді және тереңдейді.
Тақырыбы: Есту қабілеті зақымдалған балаларға мектепке дейінгі білім беру жүйесі
1.Есту қабілеті зақымдалған балаларға мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Білім берудің үздіксіз жүйесі - қоғамдағы есту қабілеті бұзылған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудің маңызды шарты болып табылады.
Отандық сурдопедагогикада естімейтін тұлғаларға үздіксіз білім берудің нәтижелі жүйесі құрылды.
Қазіргі кезеңде психологиялық, медициналық, педагогикалық коррекциалық көмек, есту қабілеті бұзылған балалардың өмірінің алғашқы айларында көрсетіледі (есту қабілетінің төмендегенін анықтау сәтінен бастап).
Мектепке дейінгі жастағы естімейтін және нашар еститін балаларды арнайы балабақшаларда оқыту және тәрбиелеу мүмкіндігі бар.
Туа біткен немесе есту қабілетін жоғалтқан оқушылардың негізгі бөлігі естімейтін балаларға арналған арнайы білім беру мекемелерінде оқытылады. Онда олардың құқықтары еститін балалармен тең болып есептеледі.
Арнайы мектептегі білім беру процесінде оқытудың коррекциалық бағыттылығы қамтамасыз етіледі.
Есту қабілеті зақымдалған ең кішкентай балаларды қарауға арнайы сурдо кабинеттер мен медициналық кабинеттер ашылған. 2-6 жас аралығындағы балалар арнайы мектепке дейінгі оқу мекемелерінде де тәрбиеленеді.
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған орта мектептерде оқушылар 6 жастан қабылданады. Нашар еститін мектептердің I - ші бөліміне сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, есту қабілетін кейіннен жоғалтқан оқушылар кіреді.
II - ші бөліміне естімейтін сөйлеу тілі нашар балалар жатады. Мектепке дейінгі оқу орнынан балалар сөйлеу және есту деңгейіне қарай арнайы мектептерге ауысады. Нашар еститін балаларға кешкі мектептерде білім алуына болады.
2.Есту қабілеті зақымдалған балаларға мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды бөлігі арнайы мектепке дейінгі мекемелер болып табылады. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі және ерте жаста есту қабілетін жоғалтқан балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер қызмет етеді. Олардың әрекеті «мектепке дейінгі білім беру мекемелері туралы типтік жағдаймен» реттеледі. Естімейтін және нашар еститін балалар түрлі білім беру мекемелерінде оқытылады және тәрбиеленеді.
1. Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған компенсациялау түріндегі балабақша.
Бұл балабақша естімейтін және нашар еститін балалардың жеткілікті санының жағдайы кезіндегі білім беру органдарымен ашылады. Осы балабақша медициналық психологиялық педагогикалық тексеру шешімі бойынша кешенделеді. Түзету түріндегі мектепке дейінгі мекеме 1,5-2 жастағы балаларды қабылдайды. Балабақшаға түскен уақыттан бастап оқыту және тәрбиелеу процесі бес немесе төрт жылға есептеледі. Мектепке дейінгі мекеме күндізгі және кешкі уақытта, сонымен қатар тәулік бойы, мереке, демалыс күндері де қызмет етеді.
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған түзету түріндегі балабақшада күрделі кемістігі бар балаларға да топтар ашуға болады.
1. Комбинацияланған түрдегі балабақша. Бұндай балабақшаның құрамына есту қабілетінде бұзылыстары бар балалар да кіреді. Естімейтін және нашар еститін балаларды біріктіре оқытуға және тәрбиелеуге болмайды. Бір топтағы балалар жасты болуы қажет.
2. Жалпы дамыту түріндегі балабақша. Бұнда естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған мектепке дейінгі балаларды еститін балалармен интеграциялап оқыту. Есту қабілеті бұзылған балалар үшін педагогтармен, дефектолог мұғалімдермен жеке түзете дамыту жұмыстары ұйымдастырылады.
3. Естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған балаларға арналған мектеп интернаттар, арнайы мектептер бөлімі, мектепке дейінгі топтар. Осы балаларға арнайы мектепке дайындауға мақсат етеді. Мектепке дейінгі топтарға 2-3 жастағы балалар қабылданады. Қатер жағдайында ересек мектепке дейінгі жастағы топтар да ұйымдастырылады. Екі жыл уақытта жалпы дамыту және түзету жұмысы жүргізіледі. Ондағы мақсат мектепке дейінгі баланы бірініші сыныпта оқуға дайындау болып табылады. Бағдарлама түзете дамыту жұмысының екі жыл уақытына есептелген.
4. Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған түзету үлгісіндегі «бастауыш мектеп-балабақша», мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға арналған білім беру мекемесі. Осы білім беру мекемесінің құрамына мектепке дейінгі жастың алдындағы балалар, сонымен қатар естімейтін және нашар еститін балаларға арналған бастауыш мектеп сыныптары кіреді. Осы түзету жұмысының негізгі құрамы есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларды түзете оқыту және тәрбиелеудің педагогикалық технологиялар болып табылады.
5. Сурдологиялық орталықтар және кабинеттер. Психологиялық-медициналық-педагогикалық оңалту және түзету, диагностикалау, кеңес беру орталықтары. Есту қабілеті бұзылған мектепке дейінгі оқушыларға психологиялық педагогикалық көмек көрсету сурдологиялық кабинеттермен орталықтарда етеді. Сурдопедагогтар балалармен түзете дамыту сабақтарын өткізеді. Отбасында баланы оқыту және тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналарға кеңес береді.
Арнайы мектепке дейінгі мекемелер кешенді әлеуметтік міндеттерді шешеді. Балаларды мектепке дейінгі дайындаудың негізгі мақсаты баланың тұлғалық сапасын арттыру, толық гармониялық дамуы үшін жағдай жасау болып табылады. Осы арнайы мектепке дейінгі мекемелерде келесі міндеттер шешіледі: диагностикалық, тәрбиелеу-білім беру, түзете - дамыту.
Жетекші диагностикалық міндет болып баланы медициналық, психологиялық, педагогикалық зерттеу табылады. Білім бере тәрбиелеу міндеті мектепке дейінігі баланың жағымды тұлғалық сапасын арттыра тәрбиелеу, бала әрекетін пайдалану жағдайында дамыту болып табылады (жабыстыру, апликациялау, т.б.).
Түзете дамыту жұмысы есту қабілетін дамытуға ауызша сөйлей білуге және т.б. дағдыларға бағытталған.
Мектепке дейінгі естімейтін және нашар еститін баланы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы психикалық процестерінің дамуының сензитивті кезеңі және олардың дамуының жалпы заңдылықтары негізінде жасалады.
Бағдарлама мазмұны оқыту және тәрбиелеудегі келесі принциптеріне бағытталады:
• Баланың жас кезеңдік психофизикалық мүмкіндіктерін зерттеу негізінде есту қабілеті бұзылған мектепке дейінгі оқушылардың жалпы жан-жақты дамуын қамтамасыз ету;
• Баланың жеке ерекшеліктеріндегі бұзылуы құрылымының есебінен арнайы түзете дамыту жұмысын ұйымдастыру.
• Естімейтін және нашар еститін баламен тәрбие жұмысының барлық түрін жүргізу.
• Барлық жұмыстарда бағдарламаның оқу материалы тақырыбы бойынша түрлі тарауларға топтасқан.
Қоршаған орта туралы мағлұматтар және бағдарламалық талаптарды меңгеру үш әдіспен жүзеге асады: әрекетімен, бейнесімен, сөйлеу тілімен (ауызша, жазбаша, дактильді). Осы принциптер мектепке дейінгі есту қабілеті бұзылған балалардың дамуы мәселесі түсінігін және бұзылысты түзету жолдарын бейнелейді.
Бағдарламаның әрбір тарауында тұратын тәрбиелеп оқыту жұмысының нақты міндеттерін шешу дефектолог мұғалім, тәрбиеші, ата-ананың жұмысындағы тығыз байланыспен тәрбиелеудің кешенді жағдайы кезінде іске асады. Бағдарламаны орындауға жауапкершілік толығымен мектепке дейінгі мекемелерге түседі.
Бағдарлама түрлі бағыт бойынша педагогикалық жұмысты қамтамасыз ететін тоғыз бөлімге бөлінеді. Бағдарлама бөлімдері есту қабілеті бұзылған балаларды тәрбиелеу ерекшелігі есебімен белгілі кезектілікпен орындалады.
Кейбір балалар мектепке дейінгі мекемелерде оқудың екінші жылынан бастап түседі.
Мектепке дейінігі оқыту және тәрбиелеудің негізгі міндеттерін қамтамасыз етуге бағытталған жоғарыда көрсетілген бөлімдерде дене даму, негізгі қозғалысты дамыту, балалардың денсаулығын сақтау және олардың тұрмысын арнайы мектепке дейінігі мекемеде ұйымдастыру. Ойындық, өнімділік және оңай еңбек әрекетік дамыту бойынша материал беретін бөлімдер ізімен мынандай бөлімдерге бөлінеді: «Қоршаған ортамен танысу», «Сөйлеу тілін дамыту», «Оңай математикалық түсініктерін қалыптастыру».
Музыкалық тәрбиелеу - бағдарламаның соңғы тарауы, бірақ ол балаларды дамыту және эстетикалық тәрбиелеу міндеті бойынша ешқашан мағынасы аз болып саналмайды.
Арнайы балабақшадағы оқыту және тәрбиелеу дамыту бағдарламасы толығымен балаларды әлеуметтік бейімдеуге, мектептегі жаңа оқуға дайындауға, даму жолдарының бұзылуын түзеуге бағытталған.
Есту қабілеті бұзылған мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу жетістіктері барлық мамандардың әріптестігімен өзіне түсінушіліктерімен, нәтижелілікпен педагогикалық әрекетті түзете дамытуды ойластыру арқылы ғана жүзеге асып, көрінеді.
Дамуында ауытқуы бар балалар «Білім беру туралы» заң және Конститутциямен сәйкес, басқа балалармен тең құқықты мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, оларға арналған арнайы түзете - дамыта білім беру ортасын құруды қарастырады.
Қазіргі кезеңде оқытудың түрлі ұйымдастырылған формасы қарастырылған есту қабілеті бұзылған балалар I және II арнайы білім беру мекемелерінде интеграцияланған оқытудың түрлі жағдайында лингвистикалық сыныптарда, т.б. білім ала алады. Дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуға арналған арнайы мемлекеттік білім беру мекемесі мектепке дейінігі бастауыш, негізгі орта, жалпы кәсіби білім берудің бағдарламасының түзете оқыту түріне байланысты нақтыланады.
Коррекциялық мекеме азаматтың тегін білім алу конституциялық құқығын шынайыландыра отырып, тәрбиеленушінің өміріне жауап береді. Арнайы мекеме әрекеті дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуға арналған арнайы білім беру мекемесі туралы типтік жағдайлармен сәйкес құрылады.
Қазіргі кезеңде біздің елімізде мемелекеттік емес арнайы білім беру мекемелері құрылуда. Арнайы білім беру процесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың адекватты жағдайы және олардың әлеуметтік оңалтуы құрылып, еңбекке және бастапқы кәсіби дайындау жалпы білім алуға дайындау, алдын алу, сақтандыру, түзету, емдеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл балалар үшін өзекті мәселе кейіннен даму мақсатындағы ауызша сөйлеуді қабылдаудың жаңа әдістеріне қосу қажеттілігі болып табылады.
Қазіргі кезде біздің елімізде есту қабілеті бұзылған балаларға коорекциялық көмек сәби кезден көрсетілетіні белгілі. Осы жұмыс арнайы мектепке дейінгі мекемеде, сурдологиялық, оналту орталықтарында өткізіледі. І-ІІ түрдегі арнайы білім беру мекемелеріндегі оқытудың мазмұнын анықтау кезінде, оқыту және тәрбиелеудің жалпы міндеттері есепке алынады.
Оқу жоспарында және бағдарламаларында пәнаралық байланысты ұстау принципі бар. Бағдарлама қатары негізгі дидактикалық принциптерімен сәйкес келеді.
Педагогикалық процесс оқушы тұлғаның барлық жағының қалыптасуына бағытталған. Оқыту процесінде бала үшін маңызды психи-калық қызметтер және оның сапасы, қасиеттері қалыптасады. Есту қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту арқасында ойлау, сөйлеу, т.б. қабілеттері дамиды.
Есту қабілеті бұзылған балаларды арнайы оқыту білім беру мектебінде
қолданылатын құралды пайдалануды қосады. Біріншісіне сөздің дыбыстық
құрамын меңгеретін көмекші құрал сапасынында пайдаланатын дактилологияны қатыстыруға болады. Ерекше құралға сонымен қатар дыбысты күшейту аппараты, жеке есту аппарты жатады.
Құралдың екінші тобына жазбаша сөйлеу тілі жатады. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту және жазуға үйрету тех қана білімді меңгеру әдісі ғана емес, сонымен қатар сөйлеу тілін меңгерудің қайнар көзі болып табылады.
Көрнекі құралдардың рөлі өседі және өзгереді, олар бірінші кезекте оқу материалын иллюстрацияламауы қажет, керісінше оның мазмұнын көрнекі түрде ашу керек.
Еңбекке оқыту және тәрбиелеу оқыта түзету жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Еңбекке оқытудың белгілі талаптары бар. Мамандыққа дайындау өндірістік мекемелерде жүзеге асады. Күрделі кемістігі бар балаларға арналған көмекші сыныптар, ПДТ балаларға арналған сыныптар, есту, көру қабілеті бұзылған балаларға арналған сыныптар, т.б. ұйымдастырылған.
Дайындық сыныбынан 7-ші сыныпқа дейін барлық бағдарламалар түп нұсқалы болып табылады. Осы кезең үшін негізгі жалпы білім беру аясы болып ана тілі, математика, жаратылыстану, тарих, бейнелеу өнері, сызу, дене шынықтыру, еңбекке дайындау табылады.
Нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларға арналған арнайы білім беру мекемелеріндегі бастауыш сыныптар бағдарламасы жалпы мектептің материал мазмұнының көлемі ойынша сәйкес келеді (1-4сынып). Бағдарлама өзіндік коррекциялық бағыттылығымен ерекшеленіп, тәжірибелік сөйлеу дағдысын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бірінші кезекте бұл «Орыс тілі», «Қоршаған ортамен танысу», «Дыбысты айтуға
үйрету» сияқты бағдарлама бөлімдеріне қатысты. Осындай балаларды келесі екінші және үшінші сыныбында оқыту жалпы мектептің бағдарламасы бойынша жүзеге асады.
Бірінші және екінші түріндегі арнайы білім беру мекемелеріндегі оқыту жетістігінің деңгейі оқытудың барлық кезеңінде бағаланады. Осы мақсат үшін негізгі пән жұмыстары жүргізіледі.
Оқытудың барлық негізгі деңгейінде оқушылардың жетістікке жету деңгейі келесі параметрлер бойынша бағаланады: пән бойынша бағдарламалық мазмұнды білу, білімді сөйлеу тілінен безендіріу деңгейі, т.б.
Оқушыны оқытудың келесі деңгейіне ауыстыру мектеп әкімшілігі құрған бақылау жұмыстары қорытындысы бойынша жүзеге асады. Мектеп бітірушілерге арнайы білім беру мекемелері дайындаған емтихан сұрақтары беріледі. Оқушылар негізгі мектеп пәндері бойынша емтихан тапсырады.
Есту қабілеті бұзылған балалармен арнайы коррекциялық жұмыс жағдайы өмірге бейімделуге үйретеді, есту қабілетін дамыту кабинеті, сыныптар, оқу кабинеттері музыкалық ритмикалық сабақтарға арналған зал, оқу шеберханалары, ойын бөлмелері, асхана, дум спорт зал, кинокласс, кітапхана, компьютерлік сынып, т.б.
Мектеп арнайы жобада құрылады. Оқудың міндетті жағдайы дыбыс күшейткіш аппараттар, жеке есту аппаратары, музыкалық құралдар, видеотехникалар, т.б техникаларды пайдалану болып табылады. Мектеп ауласында әр түрлі жасқа арналған спорттық ойындық құрал-жабдықтар болуы керек.
Мектепте балаларға жүйелі медициналық қызмет көрсетіледі. Мектептегі емдеу жұмыстарын ұйымдастыру балалардың келесі клиникалық ерекшеліктерінен шығатын жағдайлар негізігі кемістік жүйке жүйесі қызметінің жалпы жетіспеушіліктері: соматикалық әлсіздік және т.б.
Қазіргі уақытта ресейде психологиялық, медициналық, педагогикалық тексеру бөлімдері даярлануда.
Қазіргі кезеңде дамуында ауытқуы бар балаларда білім берудегі интеграциялық жолдың шынайылануын, арнайы білім беру жүйесін кейіннен дамыту мүмкіндіктері мен перспективті жоспарда қарастыру қажет.
Жалпы мектептегі дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту қоғамдағы олардың болашақтағы интеграциясынан бағытталғанының бірінің шынайылануы қиналтады. Мектептен кейінгі талапкерлердің арнайы кәсіби дайындау қажеттілігі туындайды.
Қазіргі кезеңде ҚР есту қабілеті бұзылған балалардың бір бөлігі жалпы мектепке барады. Бұл топтағы балалар қалыпты дамыған сыныптары ортасында түрлі себептер бойынша «интегрцияланған». Бұндай балалардың төрт тобы бар:
1.Дамуындағы ауытқуы әлі анықталмаған балалар.
2.Баланың кемістігін біле тұрып, түллі себептермен болатын жалпы мектепте оқытатын ата аналары бар балалар.
3.Ұзақ уақыт коррекциялық жұмыстардан нәтижесін берген балалар.
4. Жалпы мектеп пен балабақшалардағы арнайы мектепке дейінгі топтар мен сыныптардағы тәрбиеленушілер.
Бұндай балаларды оқыту және тәрбиелеу олардың даму ауытқулықтары есебінен жүзеге асады.
Қазірігі уақытта біздің еліміздің есту қабілеті бұзылған балаларды интегрциялық оқытудағы түрлі формалары пайдаланылады: бала жалпы нұсқаулы мектеп сыныбында оқи алады, жекелеген балалар күннің бір бөлігін сонда өткізеді. Міндетті түрде түзету жұмысын жүргізеді. Қазіргі кезеңде естімейтін және нашар еститіндердің арнайы мектеп жағдайында білім алуы олардың орта және жоғарғы мамандандырылған оқу мекемелерінде білім алуына мүмкіндік береді.
Тақырыбы: Есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың білім беру жұйесі.
1.Есту қабілеті зақымдалған балаларға орта мектепте білім беру жүйесі
Қазақстан Республикасының конституциясына және «Білім туралы» заңына сәйкес, дамуында ауытқушылықтары бар балалар, басқа балалармен қатар білім алуға тең құқықты. ҚР Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына арналған еститін балалармен қатар, есту қабілеті зақымдалған балалар тең білімді меңгеруге, даму бұзылыстарының коррекциясын, емдеу, сауықтыру және әлеуметтік бейімдеуге арналған арнайы коррекциялық-дамытудың білім беру ортасын құру.
Қазіргі кезенде оқытуды ұйымдастырылуының әр түрі қарастырылады: есту қабілеті зақымдалған балалар арнайы (коррекциялық) білім беру мекемелерінің I және II түрінде, біріктіріп оқытудың әр түрлі жағдайында, жалпы білім беру мекемелерінде, үйде, стационарлық емдеу мекемелерінде білім ала алады.
Арнайы білім беру процесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім алудың адекватты жағдайлары құрылады әлеуметтік бейімдеу, емдеу профилактикалық және сауықтыру, дамудың кемшіліктерін коррекциялау, жалпы білім беру дайындығы, еңбек және бастапқы кәсіби дайындық жұмыстары жүргізіледі.
Білім беру процесінің спецификасы дамуында ауытқулықтары бар оқушылардың бейімделу әрекетінің бағытталуы бойынша, сонымен қатар білім беру мекемелерінің әр түрінде, бағдарламаларының орындалу деңгейі Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен анықталады. Естімейтін, нашар еститін және есту қабілетін кейіннен жоғалтқан балаларға арналған арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаттары жалпы білім беру, оқушыларды еңбекке оқыту. Сонымен қатар олардың дамуындағы ақаулықтардың коррекциясын орындайды. «Олардың әрекеті орта жалпы білім беру мектептің жарғысы және естімейтін, нашар еститін және есту қабілетін кейіннен жоғалтқан балаларға арналған арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаттар туралы ережесінің негізіне сүйненді.
Естімейтін, нашар еститін және есту қабілетін кейіннен жоғалтқан балаларға арналған арнайы мектеп - интернаттарда оқитын оқушылардың құрамына қарай есту қабілеті зақымдалған, ақыл-ойы кем (дебил деңгейіндегі олигофрения), сонымен қатар тірек қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы сыныптар ұйымдастырылады.
Арнайы жалпы білім беретін мектептерде білім беру бектітілген оқу жоспарының және бағдарламаның негізінде орындалады. Сыныптардың және тәрбие топтарындағы оқушылардын саны -12 адам күрделі кемістігі бар балаларға арналған сынып топтарында - 5-7 адам санын құрайды. Арнайы мектеп-интернаттарында балалардың даму деңгейін есепке алып, оларда сөйлеу тілінің, сөйлеу кезіндегі ойлауын, сөйлеген кездегі естіп қабылдауын және дыбыстарды айтуын қалыптастыруға және басқа коррекциялық оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған. Оқыту және тәрбиелеу оқушылардың түрлі еңбек әрекеттерінің негізінде құрылады. Есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған жалпы білім беретін мектеп-интернаттар туралы ережеге сәйкес келесі мектептердің түрлері ұйымдастырылады:
1. Естімейтін балаларға арналған арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты. Өзінің құрамында 1-10 сыныптарды және мектепке дейінгі дайындықты меңгермеген алты жасар балаларға арналған дайындық сыныптары бар.
2. Нашар еститін және есту қабілетін кейіннен жоғалтқан оқушыларға арналған арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты. Аталған интернат түрінде екі бөлім бар: I бөлімде 12 адам, 2- бөлімде 8, 9 адам оқиды. Күрделі кемістігі бар балалар оқитын сыныптарда - топтарда - 5.6 адам санын құрайды.
Коррекциялық мекемелерінде білім беру процесін ұйымдастыру, коррекциялық мекемелермен өңделген және бекітілген оқу жоспарымен, жылдық күнтізбелік графигімен және сабақ кестесімен жүзеге асады.
Мемлекеттік аккредитацнясы бар коррекциялық мекемелердің түлектеріне білім беру деңгейі туралы және жетілдіруі немесе осы коррекциялық мекемені бітіріп шыққаны туралы куәлік, мемлекеттік құжат беріледі.
Коррекциялық мекемелерде білім беру процесі қоррекциялық педаго-гика саласындағы мамандармен, коррекциялық мекеменің бағыты бойынша қайта даярлаудан өткен мұғалімдер, тәрбиешілермен орындалады.
Көп жылдық ғылыми ғылыми зерттеулердің және апробациялардың негізінде арнайы мектептерде Оқу жоспары I және II түрдегі арнайы (коррекциялық) білім беру мекемелерінің бағдарламасы кұрылды.
Арнайы білім беру мекемелерінде бастауыш және негізгі мектепте білім берудің ұзақтылығы І-түрде - 10-11 жыл (дайыңдық, 1-10 сыныптар), 1-ші ден 12 -ші сынып аралығындағы оқу кезеңінде оқушылар орта білімді толығымен меңгеріп шығады
Тақырыбы: Есту қабілеті зақымдалған балалар мектебінің дидактикасы
1.Есту қабілеті зақымдалған балалар мектебінің дидактикасы.
2.Естімейтін балалар мектебінің дидактикалық принципін жүзеге асыру
Бұл мектеп түрінде балалардың есту қалдығымен сөйлеу тілі біраз қалыптасқан. Оқушылардың жеткілікті сөйлеу тілінің дамуымен 1- ші бөлімге қабылдайды. 2-Ші бөлімге сөздік қоры орташа деңгейдегі балалар қабылданады. Мұндай сөйлеу тілінің даму деңгейі Р.М.Боскистің көрсетуі бойынша, есту қабілеті 80 дБ құрайды.
Есту және көру анализаторлары бір жүйенің компененттері болғандықтан нашар еститін балаларды еріннен оқуға үйрету керек. В.И.Бельтюковтың деректеріне сүйене отырып, мұғалім сөйлеудің кейбір элеметтерін есту қабілеті арқылы қабылдамаған жағдайда, көру қабілетінің көмегімен іске асырылады. Нашар еститін балалардың есту қабілетінің кемістігін көру қабілеті толықтырылады.
Нашар еститін балаларда ауызша логикалық ойлауында бірқатар қиындықтар матералды меңгеру кезінде кездеседі. Әр түрлі тарихи уақыттарда естімейтін балаларды оқу процесінде ауызша сөйлеуге оқытудың неше түрлі әдістер болған. Мысалы, дидактикалық жүйені жақтаушылар естімейтін балаларды оқытудың барлық кезеңінде жесттік сөйлеу тілін қолданады.
И.П.Павлов ғылыми арнайы дидактикаға физиологиялық оқу кіреді деп қарастырған. И.П.Павловтың жоғарғы жүйке әрекеті туралы зерттеуі естімейтін балаларда ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру заңдылықтарын анықтау алдында негізі болып табылады.
Естімейтін балалар мектебінің дидактикалық міндеттері:
1.Естімейтін балаларды дайындық кезіндегі оқытудың мазмұны, әдісін, түрін, амалын анықтау;
2.Естімейтін балалардың ауызша сөйлеу қарым қатынасының ерекшелігін анықтау;
3.Жұмыс амалдарын және әдістерін қалыптастыру;
4.Жалпы білімін, дағдысын, мамандық туралы білімін анықтау;
5.Естімейтін баланың кемістігінің орнын басу жолдарын анықтау;
6.Ұйымдастырылған оқу түрінің жұмысы.
Есту қабілетінің жетіспеушілігі естімейтін балалардың сезімділік қабылдауын біріктіреді, сондықтанда қабылдауды естіп көру немесе полисенсорлы негізінде дамыту керек. Естімейтін балаларды оқытуда ең маңызды орынды заттық тәжірибелік әрекет және қоғамдық пайдалы жұмыс басты рөл атқарады.
Естімейтін баланы оқытуда үш кезеңді бөліп көрсетуге болады:
1-ші кезеңде балаладың ауызша сөйлеу тілі қалыптаспаған;
2- ші кезеңде балаладың ауызша сөйлеу тілі қалыптасып, бір бірімен қарым қатнаста болады, ауызша, логикалық ойлауы дамиды.
3-ші кезеңде естімейтін балалардың сөйлеу тілінің дамуы жоғарғы деңгейге жетеді.
Есту қабілеті зақымдалған балалар мектебінде оқыту мазмұны
Оқыту мазмұны естімейтін балаларда оның мақсатымен міндеттерімен анықталады. Естімейтін балалар сабақ жоспарында ағылшын тілі және ән айту сабақтары жүргізілмейді.
Еңбек сабақтарын оқытуда 3 кезеңде жүргізіледі:
1.Заттық тәжірибелік оқыту (дайындық кезеңі 1-4сынып)
2. Техникалық және қызмет ету еңбегі(ұл балаларға бөлек, қыз балаларға бөлек сынып).
3.Жалпы еңбектік дайындық ( 9-сынып) және жалпытехникалық арнайы дайындық( 10-12сынып).
2.Естімейтін балалар мектебінің дидактикалық принципін жүзеге асыру
Естімейтін балалар мектебіндегі маңызды дидактикалық принцип қарым қатнас құралы ретінде сөйлеудің қалыптасуы, дактильдік немесе жестік сөйлеу тілі болсын, ол естімейтін бала мен еститін баланың арасындағы қатнасты орната алмайды. Ауызша сөйлеу тілі негізгі оқыту құралы ретінде қолданды. Адамның психикалық процесі қоршаған ортамен белсенді түрде араласуда қалыптасуы, естімейтін балалардың іс- әрекет процесіндегі сөйлеудің қалыптасуы принципінде дәлелденген.
Нашар еститін балаларды оқыту міндеттеріне жатады:
1.Ғылымның қабылдау негізін сезіну.
2.Өздерінің дамуындағы артта қалуына төзімді болу.
3.Тәжірибиеде ауызша сөйлеудің қалыптасуы және грамматикалық заңдылықты меңгеруі.
Аталған міндеттер нашар еститін балалардың оқу жоспарының мазмұнында көрсетілген. Нашар еститін балалардың оқу жоспарында ән, ырғақ пәндері жүргізілмейді. Сағаттың көп бөлігі тіл дамыту пәндеріне бөлінеді, өйткені осы пәнді оқу барысында сөйлеу тілінің қалыптасуына көп назар аударады. әр оқу курсының мазмұны бағдарламамен анықталады.
Оқыту әдістері және оны естімейтін балалар мектебінде қолдану
Оқыту әдісі мұғалім мен оқушы арасындағы тығыз қарым қатнасы болып табылады. Соңғы жылдары жалпы педагогикада оқушылардың танымдық іс әрекетінің сипатталуымен білім алуларына кең тараған әдісін ұсынады. Бұл әдістерге: түсіндірмелі суреттеу; репродуктивті; зерттеу; эвристикалық, Мәселелі; жартылай ізденіс аталған әдістер жатады.
Естімейтін балалар мектебінде жалпы дидактикалық әдістер, жеке пән бойынша оқыту әдісі, арнайы әдістер(еріннен оқу, заттық тәжірибелік оқыту) жүйесін қолдану. Жалпы мына әдістер кең түрде қолданылады: көрнекілік(бақылау, көрсету) , тәжірибиелік (жаттығу, зертханалық жұмыстар, заттық тәжірибиелік іс әрекеттің қолдануы), ауызша(әңгіме, түсіндіру, лекция, әңгімелесу) және кітаппен жұмыс.
Оқу іс әрекетін ұйымдастыру
Естімейтін балалар мектебінде әр түрлі оқу іс әрекетін ұйымдастыру қалпы қабылданған. Соның бірі сабақ. Сабақ барысында есту қабілеті дамып(2-ші естімейтін балаларға тән 2-ші кемістік дамымай, біраз тоқталады). әр түрлі есту кемістігінің сеьептерімен жеке және топтық жұмыс жүргізіледі: жаңа тақырыппен жұмыс, игерген білімдерін қалыптастыру, біріктірілген сабақтар және бақылау сұрақтар. Сабақты қортындылауда мұғалім әр баланың сөйлеу әрекетәне көңілін бөледі.
Оқытудың бір түрі экскурсия балалар бақылау жүргізіп,әр затты табиғи түрде көре алады. Оқу іс әрекетін ұйымдастыру әрекетіне оқушылардың үй жұмысы да саналады. Бұл естімейтін балалардың өзбетінше жұмыс істеуіне, берілген тапсырманы орындауға міндетті екенін сезінеді. Сабақтан тыс уақытта да, көп жұмыс жүргізу қажет.
Тақырыбы: Есту қабілеті зақымдалған балаларды еңбекке оқытудың мазмұны, ерекшеліктері, кезендері
1.Еңбекке оқыту жүйесі
2. Заттық-тәжірибелік оқыту еңбекке оқытудың кезендері.
3. Жалпы техникалық еңбек дайыңдығы
4.Жалпы еңбек, мамандандыру және кәсіби дайындық.
1.Нашар еститін балаларды еңбекке оқытуда 3 кезең арқылы жүзеге асады:
1.Заттық тәжірибелік оқыту (дайындық кезеңі 1-4).
2.Техникалық және қызмет ету еңбегін (ұл балаларға бөлек, қыз балаларға бөлек 5-8 сынып).
3.Жалпы еңбектік дайындық (9 сынып) және жалпытехникалық арнайы дайындық (10-11 сынып).
ЗТО кезеңінде қарапайым материалдармен және құралдармен танысады. Топырақ , ермексаз,қағаз, түрлі-түсті қағаз, ағаш, сымдармен әр түрлі бұйымдар жасай бастайды.
Жалпы техникалық дайындық кезеңінде нашар еститін балалар түрлі еңбек түрлерімен танысып, қарапайым металл түрлерін өңдеуді үйренеді.
Осы кезеңде оқушылар өз бетімен техникалық суреттермен немесе сызбалармен жұмыс жасауы тиіс.
Еңбекке оқыту барысында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жұмысын жүргізеді. Бұл еңбек сабақтарында өзіндік қоры қалыптасып, барлық сөйлеу материалы қолданылады.
2.Есту қабілеті зақымдалған балаларды еңбекке оқытудың
мазмұны, ерекшелігі кезеңдері
Еңбекке оқытудың 1-ші кезеңінде заттық тәжрибелік оқыту ( дайындық кезеңі 1-4 сынып) процесінде балалар қарапайым құралдармен танысып, тапсырманы ауызша нұсқаумен орындауды үйренеді. Ал 2-ші кезең(5-8 сынып) жалпы еңбекке дайындық, еңбекке оқыту, ұл және қыз балаларға бөлек жүргізіледі. Ұл балалар ағаштың металдың, машинаның элементтерімен танысып ( техникалық еңбек), ал қыздар тамақты дайындауды үйреніп (қызмет ету), матаның түрлерімен танысып, электротехника жағынан біраз мағлуматтар алады. Келесі 3-ші кезеңде жалпы еңбектік дайындықта (10-11сынып) өтеді. Бұл кезеңдерде оқушыларда ауызша сөйлеу формасы қалыптасады және ұжымда жұмыс істеуді үйретеді. Түзете тәрбиелеу жұмысы электрлі акустикалық аппаратураны кең қолдануды ұсынатын ұйымдастырылған есту, сөйлеу ортасының жағдайында шынайыланып,нақтыланады.
Оқушылардың естіп қабылдауының интенсивті даму дағдайында ауызша сөйлеу тілінің қалыптасуы маңызды мәнге ие.
Оқытудың кейінгі дифференциясының мысалына кемістіктің күрделі құрамы бар балаларды оқытудың жаңа үлгісінің қызмет етуін жатқызуымызға болады( естімеушілік және ПДТ, көрудің бұзылуы және т.б.). Бұндай жағдайда мектеп әлеуметтік мәдени педагогикалық орта құралуы керек. Оқытудың басында әрбір оқушы үшін педагогикалық көмек көрсету, психологиялық түзету, білім беру, сауықтандыру бағдарламасын сұрыптайтын медициналық-педагогикалық консилиум өткізіледі. Мектепте түрлі жеке оқу бағдарламасы құрылады.
Естімейтін және нашар еститін оқушылар орта мектепті бітіргенен кейін мектеп негізіндегі пәндер бойынша емтихандар тапсырады. Осындай жағдаймен білім беру ортасының даралығының қалыптасуы қамтамасыз етеді.
Біздің елімізде соңғы жылдары арнайы факультеттерде естімейтіндерге арналған жоғары техникалық және гуманитарлық білім беру жүйесі қосылады.
Алғаш рет Қазақыстанда 1999-2000 оқу жылынан бастап «Сурдопедагогика» мамандығы бойынша оларға жоғары гуманитарлық білім беру мақсатындағы Абай атындағы ҚазҰПУ –да есту қабілеті бұзылған тұлғаларға топтық дайындық басталды. Естімейтіндердің жоғары кәсіби білім алу үлгісімен құралған жетекші принцип-гуманистикалық бағыт.
Гуманистикалық бағытталған білім берудің жүйелі факторы әрбір адамның құқығы болып табылады. Гуманизацияның маңызды аспектісі студенттердің жан рухының, жалпы мәдениетсіз дамуы болып табылады. Есту қабілеті бұзылған тұлғаларды оқыту кезеңіндегі оқу жоспары келесі блоктарды қосады: жалпы білім беретін гуманистикалық және өзіндік мамандандырылуы.
Фундаментальды жалпы мәдени және мамандандырылған дайындық түрлі қосымша мамандықпен мамандандыру мүмкіндігімен және т.б. байланысады (арнайы психология бойынша). Университет студенттері ЖОО білім берудің қазіргі стандартының жалпы тенденсиясымен сәйкес келетін фундаментальды жалпы мамандандырылған және арнайы білім алады.
Сонымен бірге есту қабілетін бұзылған тұлғаларды дайындау жүйесіне есту, сөйлеу реаблитациясы бойынша арнайы сабақтар да кіреді.
Оқыту процесінде есітуінде бұзылыстары бар студенттердің дамуының жеке ерекшеліктері ескеріледі. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің есту қабілеті бұзылған студенттерінің есебінен мамандардың дайындық тәжрибесі көп жағдайда олардағы әрекет жетістік білімінің жоғарғы деңгейімен таным әдістерін өнімді меңгерумен ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар, кәсіби, жұмысқа кешенді дайындығының да болатындығын көрсетеді.
Есту қабілеті бұзылған тұлғалардың кәсіби қызмет жоғары денгейде тек оқытумен қатар рухани адамгершілік, әлеуметтік психологиялық, арнайы технологиялық ақпарат және коммуникативті мәдениетпен де ұйғарады. Оқытуда үлкен назар есту қабілеті бұзылған тұлғалардың өміріндегі әрекетінің кеңістігін еш кедергісіз қалыптастыруға және айналадағы еститін тұлғаларды естімейтін тұлғаларды естімейтін тұлғалармен әлеуметтік және кәсіби сферада белсенді әріптестікке дайындауға бөлінеді.
Қазіргі қоғам мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетуге бейімделген.
Арнайы еңбек сабақтары
Еңбек сабақтары есту қабілеті зақымданған балаларға арналған мектептің оқу жоспарында бекітілген оқу пәні болып табылады. Арнайы еңбек сабақтары органикалық байланысқан есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған бүтін бір процесс. Ол оқушылардың политехникалық білімдерін қаруландыруға, еңбектік дағдылармен машықтарын оқу-техникалық ойлау және шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына бағытталған.
Тәрбие процесінде еңбекке деген коммунистикалық қарым-қатынасты қалыптастыруды, тапсырылған жұмысқа деген жауапкершілікті іске асырылады, яғни анықталған тапсырмалар оқытудың әр этаптарындағы әр түрлі әдістері мен формалары, мазмұны.
Есту қабілеті зақымданған оқушылар арнайы еңбек сабақтарындағы анықталған ерекшеліктерімен сипатталады . Бір жағынан ақыл-ой еңбегін тереңдетуге, игерген білімдерін бекітуге қызмет етеді, ал екінші жағынан оқушыларды практикалық әрекеттер негізінде жалпы еңбектік техникалық машықтар мен дағдыларды қалыптастырады.
Оқу әрекетін ұйымдастырумен оның әдістемесінде есту қабілеті зақымдалған балаларға да мынандай еңбек әрекетін талап етуден құрылады: оқушыларды еңбектің алуан қилы түрлеріне қосу, әрбір бұйымды жасау барысында технологияның жеткіліктілігі, педагог тұлғасынан олардың іс-әрекетіне дұрыс жетекшілікпен оқушылардың ебін тауып, қолайлы нұсқау жасау. Естімейтін және нашар еститін балаларды еңбекке баулып оқытудың ерекшеліктері оқулықтың тарауларына қарай ашылады.
Есту қабілеті зақымдалған балаларды еңбекке оқыту әр түрлі формада жүзеге асырылады, олардың ең кіші негізі сабақ болып табылады. Бұл міндеттерді шешуге кәсіпорындарға экскурсиялар өткізіп, оқу-өндірістік практикалар ұйымдастырылады.
Заттық-тәжрибелік оқыту еңбекке оқытудың (1-ші кезеңі І-ІV сыныптар)
Бірінші кезең бұл есту қабілеті зақымданған балаларға арналған арнайы мектептерде жалпы білім беретін мектептердегідей қарапайым тұрғыда жүргізіледі. Бұл кезеңнің басты міндеттерінің бірі-есту қабілетін зақымданған оқушылардың таным процестерін дамыту, ауызша сөйлеу дағдыларын және басқада дағдыларын жеке басқада дүние танымдық түсініктері мен ( физикалық және ақыл ойының даму тұрғысынан) жеке ұнамдылық сапасын қалыптастыру болып табылады. Бұл кезеңнің мазмұны оқу бағдарламасында бейнеленген
Кезең есту қабілеті зақымданған оқушыларды әр түрлі құрал-жабдықтармен, материалдармен таныстырады. Жеке еңбек операцияларымен өзінің практикалық әрекетін жоспарлауды меңгертеді және әдептілік негізін сонымен қатар еңбек пен техниканың қарапайым қауіпсіздік ережелерін игеруге мүмкіндік береді. Оқушылардың жалпы сөйлеу тілінің сөздік қорына арнайы техникалық терминдер енгізіледі. Ең бастысы жеке жұмыс істеуге дағдыландыру,жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс істеуге дағдыландыру және бір-біріне қажетінше көмектесу, мақсатты жұмыс істеу, еңбек операциясын ұқыптылықпен орындау,әдемі бұйым жасауға бағыттау болып табылады. Бұл жұмыстардың барлығына да сурдопедагог мұғалім жетекшілік жасай отырып, сыныпта немесе арнайы жабдықталған еңбек кабинеттерінде өткізеді.
Мектеппен өмірдің байланысу заңдылығында оқытудың алғашқы жылдарында – ақ оқушыларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан еңбекке дайындауды ұсынады.
Сондықтан да бастауыш мектепте оқушыларды еңбекке дайындықты практикалық қалыптастыруда қол еңбегі сабақтары міндетті пән ретінде қалыптастырылады. Н.Крупская қол еңбегі сабақтарының оқушылардың жеке дамуында, ақыл-ой өрісінің және таным процестерінің артуында ерекше маңызды екендігін айырықша атап көрсеткен. Еңбек әрекеті оқушыларда шынайылықты танып білуіне мүмкіндік тұғызады. Қол еңбегі сабағының ең маңызды тапсырмаларының бірі-оқушыларды әртүрлі материалдармен инструменттердің қолданылатындығына қарамастан оқушылар материалдардың сапасында айырмашылықтары бар екендігін, ал қолданылатын құрал-жабдықтардың да сол материалға байланысты тағайындалатындығын білуге міндетті. Бұл өте қарапайым білім болып табылады. Солай болсада игерілген бұл білімдер арқылы оқушыларда болашақта техникалық білімдер қарастырылады.
Оқушылар жоспар және суретпен жұмыс жасау барысында біртіндеп техникалық мәліметтер мен танысу негізінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Балаларды оқытудағы елеулі талаптардың бірі бұл еңбек сабағы мен басқа пәндер арасындағы байланысты қою. Қол еңбегі сабағы бір жағынан анық әрі нақтыланған басқа пәндерге керек болатын білімі мен іс-әрекеті тұрғысынан қалыптастырылуы керек.
Әрбір еңбек сабақтарының бұзуға болмайтын өз логикасы, яғни қисыны бар, сондықтан да сабақ қандай да бір пәннің қатысуы арқылы құрыла алмайды.
Еңбек сабақтары мен басқа пәндердің байланысы әрбір оқу жылында орналастырылуы керек, яғни ол дайындық немесе бірінші сыныпта ғана емес, себебі оқу материалдарының көлемі ұлғайған сайын пән аралық байланыста арта түседі.
Көрсетілген тапсырмалар қол еңбегі сабағы келесі талаптарды қанағаттандыру барысында шешіледі:
1.Ол балаларға қызықты және пайдалы, әрі әдемі әр түрлі заттарға деген қызығушылығы мен талаптарын арттыратындай болу керек.
2.Қол еңбегінің білімділік құндылығы бар болу керек. Қандай да болмасын бір затты дайындау барысында оқушылар нақты бір еңбек дағдылары яғни білімдерді меңгеру керек. Затты дайындау оқушылардың өз мақсатына бағытталмаған болуы керек, яғни бала жұмысты ешбір мақсатсыз өз ырқымен орындауы. Керек, яғни бала жұмысты ешбір мақсатсыз өз ырқымен орындауы. Тапсырма беру барысында балаларға істелініп жатқан заттың қандай мақсатта екенін, жұмыс нәтижесінде қандай нәрсені көруіміз керектігін және осы жұмыстардың қаншалықты маңызды екендігін ескерту керек.
ЗТО оқушылардың дене дамуына әсер ету керек. Дене дамуының өзіндік санитарлық-гигиеналық талаптары болады, міне осыған байланысты санитарлық-гигиеналық талаптарға бағыну керек.ЗТО мазмұны бағдарламада нақты анықталған. Егер сабақ жұмыс бөлмесінде өтсе, бұл оқушылар үшін партада арнайы орнатылған тақталар болады және барлық қажет құралдар арнайы жәшіктерде сақталады. Бұл есту қабілеті зақымданған оқушылардың еңбек әрекеті үшін өте маңызды болып табылады.
Жоспарлау- бұл еңбекке оқытуда педагогикалдық дұрыс ұйымдастырудың жағдайы. Жоспарлау бірден мұғалімнің көмегін, бірде мұғалімнің басшылығына сүйенеді. Оқушылар жоспарлауды үйренбеген жағдайда қол еңбегін жоспарлау мұғалім арқылы жүзеге асады. Еңбекті жоспарлау барысында мұғалім тек бағдарламалық талаптарды ғана емес маусымдық жағдайларын да ескеру керек. Әрбір мұғалім жұмыс мазмұнының негізгі элементтерін көрсететін оқу жоспарын құрастыра білуі тиіс: бірінші ,оқушылар қандай біліммен дағдыларды игереді; екінші, қандай оқу материалын игереді; үшінші, сабақтың негшізгі кезеңдері. Сабақ барысында еңбектің бір түрінен екінші бір түріне өту барысында оқушылардың меңгерген білімдері мен біліктіліктеріне есеп беруді өткізу керек. Оқушылар істеген жұмыстарының қалай болғанын, не істегенін және тағы да басқаларын ауызша сөйлеу арқылы есеп береді. Ал оқушылардың жұмыстарының нәтижесін бағалау барысында мұқият болу талап етіледі. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бағалауда олардың жасаған бұйымдарын ескере отырып, оқушының жеткен жетістіктерін есепке алу қажет. Әсіресе, артта қалған оқушылармен мұқият қарым - қатынаста болу керек, яғни олардың мүмкшіліктері ескеріле отырып бағаланады. Қол еңбегі сабақтары өте қарапайым тұрғыдан өткізіледі.
3 Жалпы техникалық еңбек дайындығы (2 -кезеңі Ү-ҮІІІ сыныптар)
Бұл кезең есту қабілеті зақымдалған оқушыларды еңбекке дайындауда өте маңызды рөл атқарады. Себебі, бұл кезеңде оқушылар жалпы техникалық дайындықтан өтеді, яғни өндірістегі әр түрлі техниканың түрлерімен кеңінен танысады. Оқу бағдарламасында жалпы техникалық дайындық екі дифференциалды оқытуды қарастырады, яғни ер балаларға техникалық еңбек, ал қыз балаларды қызмет көрсету еңбегін үйретуге оқыту. Бұл кезеңде еңбекке оқытудың жалпы және арнайы міндеттері шешіледі. Оған оқушылардың материалды өңдеуде қарапайым элементтері техника мен технологиялық элементтерін өндіріс негізімен еңбекті ұйымдастырудың элементтері жатады.
Ер балаларға арналған бағдарламаға машина жүргізу, ағашты және ағаштан жасалған бұйымдарды технологиялық өңдеу, металдар қорытпаларды технологиялық өңдеу сондай-ақ электротехникалық жұмыстар кіреді. Ең үлкен бөлігі бұл материалды технологиялық өндеу болып табылады. Әрбір тақырыпты өту барысында оқушылар нақты техникалық жұмысты орындайды.
Қыз балаларға арналған қызмет көрсету еңбегінің мазмұнына түрлі тағамдар әзірлеумен мата өңдеу, сонымен қатар электротехникалық жұмыстар кіреді. Ең негізгісі тігін машиналарын жүргізу, жүргізудің жұмыс тәсілдерін игеру, тігін бұйымдарын дайындау, матамен жұмыс істеу және материалды өңдеу болып табылады.
Практикалық жұмыс барысында оқушы қыздар сызбаны пайдалануға үйренеді, сызба құралдарымен өлшеп сызуға дағдыланады, сосын үлгіні жасауға және үлгінің нобайын жасауға үйренеді.
Бастапқыда оқушылар бұйымның үлгісімен технологиялық
операцияның орындалу жолымен және оның жалғасымен танысады. Осыдан кейін технологиялық карта құрастырады.
Ең басты назар өлшеу дағдыларына сұлбаның негізін сызуда әр түрлі есептеу формулаларын қолдануға аударылады.
Матамен жұмыс жүргізу барысында оқушылар матаның түрлері жайлы нақгы мәліметтер алады.
Екінші кезенде еңбекке оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасының бірі сабақ болып табылады. Оны еңбек пәнінің мұғалімі өтеді. Бұл кезеңнің еңбек сабақтары мектептің, шеберханасында өткізіледі.
Сурдопедагог есту қабілеті зақымдалған оқушыларды техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыруға және жеке басының гигиенасымен еңбек гигиенасын талап етуге көңіл бөлуге міндетті.
Жыл сайын еңбекке оқытуда қазіргі өндіріс орындарымен танысуға дайындық негізінде өндірістік экскурсиялар ұйымдастырылады,
Оқыту-тәрбиелеу мазмұнының мақсатымен өндірістік экскурсиялар жеке техникалық немесе технологиялық объектілерді оқытумен тікелей байланыста өткізіледі. Кешенді экскурсия тақырыптың немесе оқу бағдарламасына жақын байланысқан сұрақтар шеңберін қамтуды ұсынады. Әрбір оқу жылының соңында оқушылар қиын емес бұйымның жасалу жолымен кешенді жұмыс жасайды. Кешенді жұмыстың, ең басты мақсаты бұл окушыларды жыл бойы алған білімдері мен практикалық дағдыларын бекіту болып табылады.
Есту қабілеті зақымдалған балаларды еңбекке оқьітудағы ең басты назар ол оқушылардың сөйлеу тілінің дамуына аударылады. Олардың сөздік қорына жаңа арнайы терминдер енгізіледі. Оқушылардың әр такырыпта және әрбір еңбек әрекетінде игеруге тиіс сөздік жұмысы бағдарламада көрсетілген. Еңбекке оқытудың бұл кезеңіне мыналар кіреді:
а) жалпы өндірістік принциптерді ашу;
ә) өз бетінше мамандық таңдау үшін оқушыларды еңбектің әртүрімен таныстыру;
б) оқушылардың жалпы техникалық, ауылшаруашылық білімдері мен дағдыларын қаруландыру;
г) оқушылардың еңбекке деген жағымды қарым-қатынасқа, достық сезімді қалыптастыруға тәрбиелеу;
Еңбек әрекеті оқушылардың білімдерінің нақтылығы мен оның тәжірибелік жұмыстар мен байланыстыруын білуді ұсынады. Бұл кезеңнін соңында оқушылар нақты қандай мамандық тандайтынына сенімді болады деуге болмайды.
4 Жалпы еңбек, мамандандыру және кәсіби дайындық (3-кезеңі IX, X, XI сыныптар)
Оқытудың бұл кезеңі есту қабілеті зақымдалған оқушыларды мамандыққа дайыңдайды. Мамандық таңдау бұл мемлекеттің үлкен маңызды жұмысы болып табылады. Мамандыққа бағдарлау - бүтін бір кешенді психология, педагогикалық, медициналық жәнеұйымдастырушылық шараларды ұйғарады. Ол мектеп түлектерінің мамандықты саналы таңдауын, яғни қоғамға мүдделі жауап беруін, халық шаруашылығын әлеуметтік экономикалық пайдалануды, әрбір жеке мүмкіндіктердің максимальді дамуымен қамтамасыз етуді қарастырады. Оқушылардың саналы мамандық тандауға дайындықтары әр түрлі факторларға байланысты болып табылады. Практика өндіріс мекемелерінде өткізіледі. Мамандыққа әзірлеуде оқушылардың жас ерекшеліктері, дене бітімі және психикалық ерекшеліктері ескеріледі.Есту қабілеті зақымдалған оқушыларға тіл қатынасын белсенділігін жоғарлату жағдайындағы және есту белсенділігі талап етілетін мамандықтар ұсынылады.
Есту қабілеті зақымдалған балалардың мамандық таңдауы жалпы мектептегі құрдастарына қарағанда өте қиын, себебі олар мектептен алған білімдерін ары қарай жалғастыруы мүмкін болмай отыр. Жоғары оқу орындарында оларға арналған бөлімдер жоқ. Сондықтан да бұл курсты оқу өте ұзақ уақытты алады. Мамандық таңдауда олардың алдында ерекше шектелу тап болады. Кәсіптік еңбекке баулуда тіл дамуының деңгейі және жалпы білімі, танымдық әрекеттерінің ерекшеліктері немесе кемшіліктері оларға шектелу болады.
Оқушыларды саналы да дұрыс кәсіптік әрекетке дайындауға себепші факторларға мыналар жатады:
• оқушылардың өздеріне көптен таныс еңбек түрлерінен хабардар болу;
• физикалық және психикалық мүмкіншілігі жағынан сол іс-әрекетті орындауда қойылатын білім талаптарын білуі;
• таңдаған мамандықтарын игеруде өзінің нағыз мүмкіншілігімен жеке санасын дұрыс бағалай білу;
Оқушыларды мектеп бітірген кейінгі саналы әрі шығармалық өнімді енбекке дайындау барлық тәрбие жұмысында үлкен орын алады. Ол ғылым мен өндірістің жетістіктерімен, мектепте және мектептен тыс пайдалы еңбектің жетістіктерімен таныстыра отырып, өндіріс орнындағы озат жұмыскерлермен кездесу ұйымдастыру керек. Бұған еңбекке оқытуды ұйымдастыру процесінде кеңінен мүмкіндік беріледі.
Оқу жоспарымен бағдарламасына сәйкес Ү-ҮШ сыныптарда жалпы техникалық дайындықтың тапсырмалары шешіледі, ал IX сыныптан бастап мамандыққа оқыту басталады. Соңғы жылдары тағы да бір жаңа мамандық түрі енгізілді, ол - Ү-ҮІІІ сыныптарға арналған шеберлік жұмысқа негізделген автожөндеу жұмысы. Еңбек мұғалімдері оқыту процессін құрауда кең тәрбиелік мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылады.
Еңбекке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуді Н.И.Скоринова
оқушылардьщ оқитын мамандықтарының қаншалықты маңызды екендігін көрсетуден бастайды, ол жақсы жұмыскерлердің жетістіктері туралы, егер олар өз мамандықтарына шынайы сүйіспеншілікпен қарапайым болса, оларда өндірістің алдыңғы озаттары болатыны туралы айтып береді.
Еңбек сабағында мұғалімі Отанға деген сүйіспеншілікпен оның жетістіктеріне мақтануға тәрбиелеуде үлкен жұмыс атқарады.
Машинаға кіріспе сабақтарында мұғалім оқушыларға қазіргі тігін өндірісіндегі әр түрлі машиналардың жаңа түрлері мен қол машиналардың жаңа түрлері мен қол машиналардың орнын басушы механикалық машиналар және механиктер кешені туралы айтып, баяндап отырады.
Маталарға кіріспе сабақтарында мұғалім әр түрлерімен таныстырады.
Мектеп оқушылары өндірістің карқынды еңбекті көтеріп, кеңейтумен тікелей байланысты. Сонымен қатар оқушыларды қажет жағдайға жетіспейтін құрал жабдықтарды дайындауы керек, ал қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда мұғалім оқушының жұмыс орнына жақындайтын болады.
Техникалық карта оқушыны ойлануға, шығармашылық ойлауын кеңейтуге міндеттейді және өз бетінше жұмыс істеуге және ой күшіне сенуге тәрбиелейді.
Оқыту барысында мұғалім оқушыларды материалды пайдалануға тырысуға тәрбиелейді. Ол материалды қалай пайдалану керек екенін өздері ойланып көруді ұсынады.
Сабақ барысында тігін кәсіпорнында материалды үнемдеу барысында жоғарғы сапалы жоспарланған бұйымның өз бағасының төмендейтіндігін айтып отырады. Мұғалім көрсетілген материалды газет журналдардан алады. Сақтық шаралары барлығынан бірдей талап етіледі: өз уақытында машинаны, үтікті, жарықты қосу мен сіңіру және т.б. инструменттерге сақтық қарым -қатынаста болуға тәрбиелеу болашақ еңбек әрекетінде үлкен маңызға ие болып табылады. Бұйымның сапалы жақсы болуына бұйымның әрбір операциясы орындалған жағдайда қол жеткізуіне болады. Сондықтан да әрбір операциясы орындалған жағдайда қол жеткізуге болады. Сондықтан да әрбір операция тексерілген әрі бағаланған және жалпы бағалау әрбір оқушыны бағалауда мұғалім баланың шағын ғана жетістіктерін есепке алуға тырысу керек. Бұл олардың көңіл-күйлерін көтеруге және өз күштеріне сенуге мүмкіндік туғызады. Баланың нашар істеген жұмысына көтермелеп баға беру оны алдыңғы қатарлы оқушыларға қосылуына мүмкіндік береді.
Мұғалім оқушылардың ұжымдасуына тәрбиелеуде үздіксіз жұмыс жасайды. Жұмыс барысында кейбір жағдайда жолдастарының көмегі қажет болады, міне сол себепті мұғалім жақсы оқушылардың нашар оқушыға көмектесуін ұйымдастыруды және бүкіл толық жетістіктеріне алаңдауға және топтағы оқушылардың артта қалуына уайымдай білу үшін жасалатын көмектің бұл түрлері оқушыларды ұжым болып қалыптасуына әкеледі. «Мен үшін-дейді Н.И.Скоринова,-оқушылардың тек артта қалған оқушыға көмектесуі емес ең негізгі оларды ұжымдық сезімгс тәрбиелеу ең маңыздысы болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Аутаева А.Н., Мехметова А.А. Сурдопедагогика негіздері: оқу құралы.-Алматы, Аба атындағыКазҰПУ,2008.-94б
2.Сурдопедагогика: учебник для студ.высш. пед. учеб.заведений/под ред. Е.Г. Речицкой.- М.,2004.- 655с
3.Рау Ф.Ф. Обучение глухонемых произношению. М., 1960.
4.Специальная педагогика./Под ред. Назаровой Н.М. - М., 2004.
5.Закон РК «О социальной медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями», - Алматы, 2003.
6.Коржова Г.М., Байтурсынова А.А. История специального образования в Республике Казахстан: учебное пособие.- Алматы, 2003.
7.Сулейменова Р.А., Хакимжанова Г.Д. Зарубежный и отечественный
опыт включения детей со специальными нуждами в общеобразовательный
процесс. Проблемы и пути решения,- Алматы, 2001.
8.Волосовец Т.В., Сазонова С.Н. Организация педагогического процесса в дошкольном образовательном учреждении компенсирующего вида. М., 2004.
9.Психолого-педагогическое консультирование и сопровождение развития ребенка. /Под ред.Л.Н.Шипициной. М., 2003.
10.Головчиц Г.А. Дошкольная сурдопедагогика. М., 2001
Жарияланған-2016-01-27 17:37:08 Қаралды-48897
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина