UF

Тақырып:    Қаржы менеджменті 

 

Қаржы тәуекелін  басқару

 

1.     Тәуекел түсінігі және оның түрлері.

2.     Тәуекел менеджементін ұйымдастыру.

3.     Тәуекел менеджементінің әдіс – тәсілдері.

 

1. Тәуекел мен табыс өзара байланысты қаржылық категориялар болып табылады.Тәуекел – бұл экономикалық категория. Тәуекел мынадай экономикалық нәтижелер беруі мүмкін: теріс (зиян, залал, ұтылып қалу); нольдік,оң(ұтыс,табыс,пайда). Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелділік жағдайдың төнуі алдын – ала болжауға, оның деңгейін төмендету іс – шараларын қолдануға болады. Тәуекелді басқаруды ұйымдастырудың тиімділігі тәуекелдің жіктелуі арқылы анықталады. Жіктеу дегеніміз өзара байланысты белгілеріне қарай жеке топтарға бөлу. Әр тәуекелдің өзіне сай басқару тәсілі болады.

Тәуекелділік жағдайға байланысты тәуекел үлкен екі топқа бөлінеді: таза және спекулятивті.

Таза тәуекелдер – теріс немесе нольдік нәтиже алу мүмкіндігін білдіреді. Бұл топқа табиғи – (жаратылыс), экологиялық, саяси, трнспорттық және коммерциялық тәуекелдердің бір бөлігі жатады (мүмкін өндірістік, сауда).

Спекулятивті тәуекелдер – оң және теріс нәтиже алу мүмкіндігін білдіреді. Оларға коммерциялық тәуекелдің бір бөлігі болып саналатын (коммерциялық) қаржылың тәуекелдер жатады.

Табиғи тәуекелдер – жер сілкінуі, су тасқыны, өрт, дауыл т.б. жатады.

Экологиялық тәуекелдерге – айналаны қоршаған ортаны ластанумен байланысты тәуекелдер.

Саяси  тәуекелдер – халықаралық құқық нормасы қайшы келетін іс-әрекеттермен байланысты қауып қатерлер және еллдег саяси жағдайлармен, мемлекет қызметімен байланысты тәуекелдер.

Транспорттық  тәуекелдер - әуе, жер, темір, жол, су көліктерімен, жүктерді тасымалдаумен байланысты тәуекелдер.

Коммерциялық тәуекелдер – қаржы шаруашылық қызметпен байланысты қауып қатерлер.

Коммерциялық тәуекелдер құрылымдық белгілеріне қарай мүліктік, өндірістік, сауда, қаржылық болып бөлінеді.

Мүліктік – бұл кісіпкердің мүлкінің жоғалуымен байланысты тіуекелдер.

Өндірістік тәуекелдер - өнірістің тоқтап қалуынан болған зияндармен байланысты қауып қатерлер.

Саудалық тәуекелдер – төлемнен бас тарту, төлемді кешіктіру, тауарды уақтылы қоймауымен байланысты тәуекелдер.

Қаржылық тәуекелдер – қаржы ресурстарын(яғни ақша қаражаттары) жоғалтумен байланысты тәуекелдер.

Қаржылық тәуекелдер екі түрге бөлінеді:

1)     ақшаның сатып алу қабілетімен байланысты тәуекелдер;

2)     капитал салымымен немесе инвестициялық тәуекелдер.

Ақшаның сатып алу мүмкіндігімен байланысты тәуекелдерге мыналар жатады: инфляциялық, дефляцтялық, влюталық, өтімділік тәуекелдер.(Инфляция – бұл ақшаның құнсыздануы соның нәтижесінде бағаның өсуі. Дефляция – бұл инфляцияға қарама қарсы процесс, яғни бағаның төмендеуі, соған сәйкес ақшаның сатып алу мүмкіндігінің өсуі.)

Инфляциялық тәуекел – инфляция жағдайында ақшалай табыстардың құнсыздануымен байланысты тәуекелдер.

Дефляциялық тәуекел – дефляциялық өсуде кәсіпкерліктің экономикалық жағдайының нашарлауымен, табыстардың төмендеуімен бйланысты тәуекел.

Валюталық тәуекелдер – валюта курсының өзгеруімен байланысты тәуекелдер.

Өтімділік тәуекелдері – құнды қағаздарды, тауарды сатумен байланысты тәуекел.

2)  Инвестициялық тәуекелдерге мыналар жатады:

1) (пайданы жіберіп алу тәуекелі) пайда таба алмау тәуекелі – бұл жанама (қосымша) қаржылық зиян шегумен байланысты тәуекел.(қандай да іс-шараның жүзеге аспай қалуы нәтижесінде орын алған).

2) Пайдалылықты төмендедетін тәуекел (риск снежение доходности) портфельді инвестициялар, салымдар және несиелер бойынша дивидент және сыйақы мөлшерінің төмендеуімен байланысты тәуекелдер. Портфельді инвестиция инвестициялық порфельдің да активтерді иемдену дегенді білдіреді. Портфель дегеніміз құнды қағаздар жиынтығы.

3) Тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекеліне (риск прямых финансовых потерь) мыналар жатады: биржалық тәуекелдер, селетивті тәуекелдер (үгіттелген), банкротқа ұшырау тәуекелі.

Биржалық тәуекел – биржалық келісімдермен байланысты тәуекелдер.

Селективті тәуекел – капиталды, құнды қағаздаоды орналастыру әдістерін дұрыс таңдаумен байланысты тәуекел.

Банкротқа ұшырау тәуекелі ІІ меншікті капиталды толық жоғалуымен байланысты тәуекел.

2. Тәуекел бұл қаржылық категория. Сондықтан оған қаржы механизмі арқала әсер етуге болады. Мұндай әсер ету қаржы механизмінің әдіс-тәсілдері мен стратегия арқылы жүзеге асыралады. Стратегия мен әдіс-тәсілдердің жиынтығы тәуекелді басқарудың механизмін құрайды, яғни тәуекел менеджементі. Сонымен тәуекел менеджементі қаржы менеджементінің бір бөлігі және тәуекелді басқару жүйесі б.т.

Тәуекел менеджементінің басқару стратегиясы мен тактикасынан тұрады.

Басқару стратегиясы дегеніміз – көздеген мақсатқа жету үшін құралдырды пайдалану әдісі мен бағыты. Көздеген мақсатқа жеткен соң стратегияда оның бағыты да қолданылуы тоқтатылады. Жаңа мақсаттар жаңа стратегияларды өңдеуді қажет етеді.

Тактика – бұл нақты жағдайларда көздеген мақсатқа жетудің нақты әдіс тәсілдері.

Тәуекел менеджементі екі жүйеге бөлінеді: басқарылатын жүйе (басқару обьектісі ) және басқарушы жүйе(басқару субьектісі)

Экономикалық қатынастар жүйесіндегі тәуекелдерді төмендеті және оларды шектеуге бағытталған мақсатты іс-әрекеттерді тәуекел менеджементі деп аталады.

Тәуекел менеджементі екі қызмет атқарады:

1)     басқару обьектісінің қызметі;

2)     басқару субьектісінің қызметі.

Басқару обьектісінің қызметіне мыналарды ұйымдастыру жатады:

-         тәуекелді шешу;

-         тәуекелді капитал салымы (рисковых ылажений капитала);

-         тәуекел деңгейін төмендету;

-         тәуекелді сақтандыру процессі;

-         шар-ң процестің субьектілері арасындағы байланыспен экономикалық қатынасты ұйымдастыру.

Ал, басқару субьектісінің қызметіне мыналар жатады:

-         болжау;

-         реттеу;

-         ынталандыру;

-         бақылау;

-         үйлестік.

Тәуекел менеджементіндегі болжау – бұл белгілі бір оқиғаны алдын ала болжау. Менеджердің басты міндеті экономикалық теріс салдары бар оқиға болғанда жедел шешім қабылдау.

Реттеу – бұл басқару обьектісіне әсер ету.

Координация(үйлестік) тәуекелді басқарушы жүйенің барлық звеноларын келісімді түрде жұмыс атқаруын білдіреді.

Бақылау – тәуекелін деңгейін төмендету жұмыстарын ұйымдастыруды тексеру.

Тәуекел менеджементінің кәсіпкерліктің қызметтің дербес формасы деп қарастыруға болады. Кәсіпкерліктің формасы ретінде тәукел менеджементі – қаржы менеджерінің тәуекелді басқару үшін жүзеге асыратын творчестволық қызметі б.т, яғни тәуекел  - менеджементін кәсіпқой қызметтің түрі деп айтуға болады. Қызметтің бұл түрін мамандардың кәсіби институттары, сақтандыру компаниялары, қаржы менеджерлері орындайды. Кәсіпкерлік қызмет ретіндегі тәуекел менеджементінің әрекет ету саласы сақтандыру нарығы. Сақтандыру нарығы – бұл сту мен сатып алу обьектісі сақтандыру қызметі б.т. оған сұраныс кең ұсыныс пайда болатын ерекше әлеуметтік экономикалық орта.

Тәуекел менеджементі мынадай эленттерден тұрады:

1)     тәуекелмен байланысты жағдайда қолайлы әрекет ету жоспарын құру;

2)     заңды және нормативті актілерді қабылдауға дайындау;

3)     тәуекел шешімдерін қабылдау және оны талдау.

 

4.     Тәуекел менеджементінің әдіс-тәсілдері тәуекелді шешу құралдырынан және тәуекел деңгейін төмендету тәсілдерінен тұрады.

Тәуекелді шешу құралдары:

1.     Тәуекелден құтылу (қашу) – тәуекелмен байланысты іс-шаралардан қашу. Бірақ, тәуекелден қашу инвестор үшін пайдадан бас тарту дегенді білдіреді;

2.     Тәуекелді ұстап қалу – тәуекелді инвестордың жауапкершілігіне қалдыру;

3.     Тәуекелді беру – инвестордың жауапкершілікті басқа біреуге, мысалы сақтандыру компаниясына беруі.(тәуекелді сақтандыруы)

Тәуекел деңгейін төмендету тәсілдеріне мыналар жатады:

-         диверсификация – капиталды өзара тікелей байланысты обьектілерге орналастыру (салу); мысалы инвестордың әр-түрлі бес АҚ. Акциясын сатып алуы. Бұл тәуекел деңгейін төмендетеді. Диверсификация инвестициялық тәуекелді ыдырату (жою). Бірақ бұл тәсіл тәуекелді жоқ қыла алмайды.

-         қосымша ақпарат алу – Ақпарат тәуекел менеджементінде маңызды роль атқарады. Егер қаржы менеджерінде толық ақпарат болса ол нақты болжам жасап тәуекелді төмендете алар еді, яғни ақпарат бұл жерде өте бағалы тауар ролін атқарады. Инвестор осындай толық ақпаратқа кез-келген сомманы төлеуге дайын.

-         шектеу – бұл шығындарға, сатуға, несиеге шек қою.

-         өзара сақтандыру.

-         Тәуекелді сақтандыру – инвестор тәуекелден құтылу үшін өзара табысының  бір бөлігінен бас тартуға дайын. Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру.

-          Хеджирлеу – валюталық тәуекелді сақтандырудың әр-түрлі әдістерін білдіреді.

Тәуекелді басқару процессі  кезеіге бөлуге болады:

1)     мақсатты анықтау: кәсіпкерлік құрылым үшін фирманың үздіксіз жұмыс істеуі;

2)     тәуекелді анықтау;

3)     тәуекеді бағалау – яғни жағдайдың қаншалықты қауыптігін, қиындығын анықтау;

4)     тәуекелді басқару әдістерін таңдау – жоғарыда аталған әдістерді тәуекелдің түріне байланысты таңдау;

5)     таңдалған әдісті пайдалану – егер, мысалы сақьандыру әдісі таңдалса келесі қадам сақтандыру келісім шарттың жасау;

6)     нәтижені бағалау – тәуекелді басқарудың жалпы теориясына іске асқандығын, оның нәтижесін бағалау.  

 

 Кәсіпорындардың айналымдағы активтері мен қысқа мерзімді  міндеттемелерін басқару.

 

1.     Таза айналым капиталы және кәсіпорынның ағымдағы қаржылық қажеттілігі.

2.     Ағымдағы активтер мен пассивтерді кешенді оперативті басқару саясатын таңдау.

 

1.  Кәсіпорын активтері негізгі (тұрақты жер, ғимарат, құрылыс, м.е.а., негізгі құралдар т.б.) және айналымдағы (ағымдағы) болып екіге бөлінеді. Негізгі активтерді сату қиын, себебі оған көп уақыт кетеді және қосымша шығындарды қажет етеді. Ал айналымдағы активтер ақшаға айналуы қабілетіне байланысты жәй сатылатын (дайын өнім запастары , шикізат пен материялдар), тез сатылатын (дебиторлық борыш, депозиттрдегі қаржылар) және өтімді активтер (ақша қаражаттары, қысқа мерзімді құнды қағаздар) болып бөлінеді. Сонымен негізгі активтер – тұрақты, ал қалғандар – тұрақсыз активтер д.а.

Пассивтер меншікті және қарыз қаражаттары болып бөлінеді. Меншікті құралдар ұзақ мерзімді несиелер және қарыздар тұрақты пассивтерді құрайды. Қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар, кредиторлық борыш ағымдағы (қысқа мерзімді) пассивтерді құрайды.

Ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтердің айырмасы кәсіпорынның таза айналым капиталын береді. Оны жұмыс істеуші, жұмысшы капитал деп те атайды. Ал дәстүрлі терминологияда меншікті айналым құралдары д.а. Ағымдағы активтері мен пассивтерді басқарудың негізгі міндеті ағымдағы қаражыттардың қажеттілікті теріс шамаға айналдыру.

Ағымдағы қаржылық қажеттілік – бұл ағымдағы активтермен (ақша қаражаттарының) кредиторлық борыш арасындағы айырма немесе меншікті айналым құралдарының жетіспеушілігі болмаса қысқа мерзімді несиеге қажеттілік.

Ағымдағы қаржылық          дайын өнім мен      дебиторлық        кредиторлық 

қажеттілік              =       шикізат қорлары   +    борыш        -     борыш

                                                    (1)                               (2)                        (3)

Айналым құралдарының      Қорлардың айна-     дебиторлық       кредиторлық

айналымдылық кезеңі     =   лымдылық кезеңі  + борыштың     -  борышты

                                                                                   айналымды-      өтеудің

                                                                                    лық                   орташа мер-

                                                                                   кезеңі                 зімі

Негізгі ереже: Кәсіпорын (1) және (2) көрсеткіштердің азаюына, ал (3) көрсеткіштің көбеюіне мүдделі.

Ағымдағы қаржылық қажеттілік теңгемен, сату көлеміне, сатудан түскен түсім көлеміне пайыздың қатынас арқылы анықтауға болады.

                         Ағымдағы қаржылық қажеттілік

                         Сатудан түскен орташа түсім          *   100

Егер осының нәтижесі 50%-ға тең болса онда кәсіпорындардағы айналым құралдарының жетіспеушілігі оның жылдық айналымының жарытысына тең; яғни кәсіпорын 1 жылда 180 күн өзінің ағымдағы қаржылық қажеттілігін жабуға жұмыс істейді.

Ағымдағы қаржылық қажеттілікке мыналар әсер етеді:

Біріншіден  эксплутациялық және өткізу циклдарының ұзақтығы (шикізаттың дайын өнімге, дайын өнімнің ақша қаражатына тез айналуы).

Екіншіден өндіріс қарқынының өсуі ағымдағы қаржылық қажеттілік айналым мөлшеріне тікелей байланысты (өнім көлемін көбейту шикізат, материялдар, энергия көбеюін талап етеді).

Үшіншіден конъюктура жағдайы бәсекелестігі жоғары деңгейдегі нарықта бәсекелестерден озу үшін дайын өнімнің белгілі бір деңгейдегі запастарын ұстап отыру керек.

Төртіншіден өндірістің және дайын өнімнің сатудың мерзімділігі, шикізат пен материялдар мен қамтамасыз ету.

Ағымдағы қаржылық қажеттілікті теріс өлшемге айналдыру мақсатындағы ағымдағы активтер мен пассивтерді басқару тиімділігін арттыру керек. Осы мақсатта кәсіпорын факторингтік операцияда 3 жақ қатысады:

1)     факторингтік компания (немесе факторингтік бөлігі) - өз өз клинттерінен шот фактураны сатып алушы мамандандырылған мекеме.

2)     Клиент (товар қоюшы,кредитор) – факторинг компаниямен келісім жасаған өнеркәсіп және сауда фирмасы.

3)     Кәсіпорын (қарыз алушы) – тауарды сатып алған фирма факторинг қызметінің екі элементтен тұрады:

1.     қызмет көрсеткені үшін төлем (шот – фактурада көрсетілген соммадан белгілі бір %)

2.     шот фактурадағы сомманы тез (жедел) төлегені үшін %.

2.  Егер кәсіпорын ағымдағы активтердің өсуіне шек қоймаса, яғни ақша қаражаттарының, шикізатпен материялардың, дайын өнімнің көп мөлшердегі қоры болса, өзінің өзінің сатып алушыларын ынталандыра білсе, ағымдағы активтердің жалпы актиытер саласындағы үлес салмағы жоғары болса және де айналым құралдарының ацналымдылық кезеңі ұзақ болса – бұл активтерді басқарудың агрессивті саясатының белгілері. Агрессивті саясат төлем қабілетсіздік тәуелін жоққа шығарады, бірақ активтердің жоғары экономикалық рентабельділігін қамтамасыз ете алмайды.

Егер кәсіпорын ағымдағы активтерді азайту үшін олардың өсуін тоқтатса, ағымдағы активтердің жалпы активтер соммасындағы үлес салмағы төмен болса, ал айналым құралдарының айналымдылығы қысқа болса – бұл консервативті саясаттың белгілері, бірақ мұнда төлем қабілетсіздік тәуекелі жоғары.

Ағымдағы активтерді басқарудың агрессивті және консервативті  саясатының белгілері мен нітижелері.

 

Көрсеткіштер

Агрессивті саясат

Консервативті саясат

Саудадан түскен

      табыс

Таза пайда

Ағымдағы активтер

Негізгі активтер

Активтердің жалпы соммасы

Жалпы активтердің соммасы

ағымдағы активтердің үлес салмағы, %

Активтердің экономикалық рентабельділігі,%

 

 

1000 000

200 000

 

600 000

500 000

 

1100 000

 

 

 

 

 

54,55

 

 

200 000: 1100 000=18,18

 

1000 000

200 000

 

400 000

500 000

 

900 000

 

 

 

 

 

44,44

 

 

200 000. 900 000=22,22

 

Егер кәсіпорын активтерді басқарудың орта позициясын яғни орташа (біріңғай) саясатын ұстанса активтердің экономикалық рентабельдігі, техникалық қабілетсіздік тәуекелі, айналым құралдарның айналымдылығы орташа деңгейде болады.

Жоғарыда аталған ағымдағы активтерді басқару саясатына сәйкес қаржыландыру саясаты болуы керек, яғни ағымдағы пассивтерді басқару саясаты.

Ағымдағы пассивтерді басқарудың агрессивті саясатының белгісі – жалпы пассивтер соммасындағы қысқа мерзімді басымдылығы.

Ағымдағы пассивтердің басқарудың консервативті саясатының белгісі – жалпы пассивтер соммасындағы қысқа мерзімді несиенің өте төмен үлес соммасы немесе мүлдем жоқтығы. Бұл жағдайда тұрақты және тұрақсыз активтер тұрақты пассивтер есебінен (мүлікті құралдар және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар) есебінен қаржыландырады.

Ағымдағы пассивтерді басқарудың орташа саясатының белгісі – жалпы пассивтер соммасындағы қысқа мерзімді несиенің орташа деіңгейі.

Ағымдағы активтер мен пассивтер басқару саясатының типтерінің үйлесімділігін келесі матрицада көрсетеді.

Ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтерді кешенді оперативті басқару саясатын таңдау матрицасы.

 

Ағымдағы пассивтерді басқару саясаты

Ағымдағы пассивтерді басқару саясаты

Консервативті

Орташа(біркелкі)

Агрессивті

Агрессивті

Сәйкес келмейді

Орташа

Агрессивті

Орташа

Орташа

Орташа

Орташа

Консервативті

консервативті

орташа

Сәйкес елмейді

 

 

 

 

 

 

 

 

Матрица мынаны көрсетеді:

-         ағымдағы активтерді басқарудың консервативті саясатына басқарудың орташа және консервативті саясат типтері сәйкес келеді, агрессивті сәйкес келмейді.

-          Ағымдағы активтерді басқарудың орташа саясатына ағымдағы пассивтерді басқарудың барлық типі сәйкес келеді;

-         ағымдағы активтерді басқарудың агрессивті саясаттың ағымдағы пассивті басқарудың агрессивті және орташа типі сәйкес келеді, консервативті сәйкес келмейді.

Сонымен ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтерді басқарудың негізгі міндетті кәсіпорынның ағымдық қаржылық қажеттілігін теріс өлшемге айналдыру б.т.

Ағымдағы қаржылық қажеттілік бұл:

-         ағымдағы активтер мен (ақша қаражатынсыз) кредиторлық борыш арасындағы айырма;

-         меншікті құралдармен, ұзақ мерзімді несиелер мен , кредиторлық борышпен жабылмаған таза айналым активінің бір бөлігі;

-         меншікті айналым құралдарының жетіспеушілігі;

-         кәсіпорын бюджетіндегі жетіспеушілік;тапшылық;

-         қысқа мерзімді несиеге деген қажеттілік.

Қысқа мерзімді несиеге деген қажеттілікті анықтау.

Ол үшін өндірістік кәсіпорынның жылдық балансын қарастырамыз. 

 

Актив

соммасы

Пассив

соммасы

Негізгі активтер

Шикізат қоры

Аяқталмаған өндіріс

Дайын өнім қоры (запасы)

Дебиторлық борыш

Ақша қаражаттары

3500

400

200

600

1800

200

Меншікті құралдар (капитал)

Резервтік капитал

Ұзақ мерзімді қарыздар

Қысқа мерзімді банктік қарыздар

Кредиторлық борыш

 

2000

1000

2000

 

1000

1200

Қысқа мерзімдік қаржылық салымдар

Басқа да ағымдағы активтер 

 

200

 

300

 

 

Баланс

7200

Баланс

7200

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАҚ есептеудің екі әдісі бар жоғары және төмен

1.     меншікті айналым құралдарын есептейміз. Меншікті айналым құралдары тұрақты пассивиермен тұрақты активтер арасындағы айырма арқылы анықталады; (2000+1000+2000)-3500=1500мың.тнг.

2.     Ағымдағы қаржылық қажеттілік ағымдағы активтер (ақша қаражатансыз) мен ағымдағы пассивтер арасындағы айырма арқылы анықталады: (400+200+600+1800)-1200=1800мың.тнг.

3.     Ақша қаражатының потенциялды артығын немесе тапшылығын (1) мен (2) арасында айырма:  1500-1800=-300мың.тнг.

Бұл өкінішке орай есеп айырысу шотындағы артықтың емес тапшылықболып отыр.

4.   Қолма-қол ақшаның нақты артығы немесе тапшылығы потенциялды артықтың/ тапшылық негізінде бүгінгі күнгі  қысқа мерзімді салымдар мен қысқа мерзімді несиеніесепке ала отырып есептеледі:  (-300)+1000-200=500мы47тнг7

5.    Ағымдағы қаржылық қажеттілікменшікті айналым құралдарынан жоғары болғандықтан(1800 > 1500) кәсіпорынның бірқалыптыжұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты пассивтер жеткіліксіз. Сондықтан қысқа мерзімді несиеге деген қажеттіліктуындап отыр.біздің мысалымыз ол 300мың.тнг. құрайды.біздің мысалымызда МАҚ-ды төмен болды.

Сұрақ: меншікті айналым құралдарын (көбейту) қалай көбейтуге болады?

-        меншікті капиталды көбейту керек ( жарғылықты капиталды көбейту,бөлінбеген табысты (жабылмаған зиян) резервтерді көбейту. Шығындарды бақылау арқылырентабельділікті арттыру яғни агрессивті коммерциялық саясат.)

-         ұзақ мерзімді қарыздарды көбейту(егер пассивтер құрылымындағы ұзақ мерзімді несиелердің үлесі төмен болса, онда қосымша ұзақ мерзімді несие алуға болады). Нарықта экономика жағдайында ұзақ мерзімді несиелердің кәсіпорын үшін өз ерекшелігі бар: проценттері төмен қысқа мерзімді несиеге қарағанда, өтеу мерзімі ұзақ).

-         Айналымна тыс активтерді қаржыларды өндіріске зиян келмейтіндей етіп төмендету. (ұзақ мерзімді қаржылық салымдар).

     Енді ағымдағы қржының қажеттілікті қалай төмендетуге болады?

-         айналымдағы активтерді азайту керек (запастарды азайту) запастың оптимальды деңгейін есептеудің экономика – математикалық құралдарынпайдалану.

-         Дебиторлық борышты төмендету. Дебиторлық борыштың(ұзақтылығын) төлеу мерзімінің ұзақтығын клинтті жағалатып алмайтындай етіп қысқарту. (факторингті пайдалану).

-         Жабдықтаушылар мен есеп айырысу мерзімін ұзарта отырып кредиторлық борышты көбейту.

  

СӨЖ тапсырмасы:              Таза айналым капиталын есептеу.      

 

Актив

 

 Пассив

 

Ақша қаражаттары

Дебиторлық борыш

ТМҚ

Айналымнан тыс активтер

 

30,0

60,0

100,0

810,0

 

 

Кредиторлық борыш

Еңбек ақы б/ша есепайрысу

Бюджетпен есеп айырысу

Ұзақ мерзімді несие

Жарғылық капитал

Бөлінбеген табыс 

30,0

20,0

60,0

260,0

470,0

160,0

Баланс

1000,0

Баланс

1000,0

 

Қаржылық жоспарлау және болжау.

 

1. Кәсіпорынның ағымдағы қызметін бюджеттендіру жүйесіндегі қаржылық жоспарлау.

2. Қаржылық жоспарлаудың түрлері

  

1. Қаржы менеджментінде маңызды  объект ақша ағыны-құн нысандары жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық проңестерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады.Ақша ағынының құрамына  қаржы көмегім ен  де қалыптасатын сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын  барлық ақша ресурстары қамтылады.Қаражаттардың түсімінде анықтаушы орынды,өнімді,жұмыстарды  және қызметтерді өткізуден түскен түсім ақша, онан кейін несие ресурстары,әр түрлі тартылған ресурстар алады.Қаражаттардың жылыстауы дүркін-дүркін төленетін  төлеулермен де сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестиңиялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен де байланысты.

Қаржылық жоспарлау және болжамдау - шешім қабылдау жүйесінің негізгі элементі. Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың негізгі міндеті - заңды тәртіпте даярланған және қабылданған қаржы конңепңиясына сүйене отырып бюджеттік тапсырмалар мен елдің әлеуметтік экономикалық дамуының ілгерілемелі бағдарламаларының саналық және сандық параметрлерінің экономикалық негізделген түрде қамсыздандыру. Мұндай міндет бір қаржылық жылға есептелгендей, (ағымдық қаржылық жоспарлау) барынша дербес перспективаға да (қаржылық болжамдау) орындалады. Осыған байланысты қаржылық жоспарлау тактикасы меп оның стратегиясы ерекшеленеді.

Ағымдағы нақты бюджеттік тапсырмаларды қаржы бойынша даярлау, кварталдық қаржылық түсімдерді анықтау кезінде тактикалық міндеттер шешіледі. Оларды шешу қаржы өндірудегі стратегиялық мақсаттар қою мен зерттеуүшін құқықтық кеңістік құрады. Қаржылық болжамдау бұл жағдайда ағымдағы қаржылық міндеттемелерді орындау барысындағы алынған есептік және талдау мәліметтерін ғылыми зерттеу нәтижелеріне негізделеді. Бұл мәліметтерді жинау және өңдеу ағымдағы жылдың қаржы өндірудегі жағымды және жағымсыз құбылыстары, олардың инвестиңиялау қарқынына ықпал жасауы, салалардағы құрылымдық қозғалыстар, территория, корпораңия және азаматтар кірісінін арақатынастары жайын талқылауға мүмкіндік береді.         Қаржылық тактика бюджеттік топтастыру негінде кіріс бюджеттік баптардың жалпы құрылымын өңдеу, қаржылық реттеу және бақылау жүргізу кезіндегі билік органдары мен басқармалардың тәжірибелік іс-әрекеттерінің жиынтығы. Тактикалық қадамдардың сапалы мазмұны барлық деңгейдегі бюджеттің дер кезінде және толық  орындалуын қамсыздандырады.

Стратегиялық қаржылық жоспарлау (болжамдау) басқару теориясы мен тәжірибесінде маңызды орынға ие. Ол әлемнің жетекші елдерінің барлығында экономикалық болжау әдісі ретінде қолданылады.

Орташа мерзімді жоспарға қаржылық болжауды даярлауға мыналар енеді.

- Территориялық жекеменшіктің кірістілігін (аймақтардың қаржылық
қамсыздандырылу коэффиңиенті және бюджеттік нәтижелілігі қолданылады), аймақты арнайыландырудың салаларының техникалық жаңаруға мұқтаждығын,   еңбекақы   жағдайын,   аймақтың   ресурстық базасын, территорияныңэкспорттық-импорттық операңияларға қатысуын,   өндірістік  және  әлеуметтік инфроқұрылымының сапасын, транспорттық магистралдармен қамсыздандырылуын тағы басқа бағалау. Бұл мағлұматтар аймақтың  жиынтық  кірісін методикалық есептеу, оның экономикалық,  қаржылық және қаржылық потенңиалы жөніндегі ақпараттық негізді құрайды.

- Қаржылық түсімдер көлемін аймақтың экономикалық өсу қарқынын есепке ала отырып болжамдау. Бұл мағлұматтар барлық деңгейдегі бюджетті кезекті қалыптастыруда маңызды мәнге ие, өйткені оларда аймақтың субсидия, субвенңия, дотаңия және трансферттік қаржыландыру сияқты мемлекеттік ресурстарға мұқтаждығы барынша сенімді бейнеленеді.

- Территорияның әлеуметтік-экономикалық мұқтаждығын мүлік түрін түгендеу негізінде болжамдау. Территориялық жекеменшікті пайдаланудан түскен қаржы үлесін анықтау. Жекеменшік қатынасында және экономикалық мүдделер келісімі механизміне қажетті нысанды түзетулер енгізу.

- Бюджеттік тапшылық, инфляңия деңгейі, баға индексі, нарықтық индекаторлар жиынтығын шығару.

Қаржылық жоспарлау және болжамдау кезінде тең тыңшылық міндеттер емес, қаржылық реттеу және бақылау тактикасы мен стратегиясын жандандыру негіздері де жүзеге асырылды. Қаржылық реттеу мен болжамдау қаржылықменеджменттің негізгі элементтерінің бірі ретінде қарастырған толығымен дұрыс. Бұл жағдайда қаржылық менеджмент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару тұрғысынан кең мағынада қарастырылады.

            

2. Жалпымемлекеттік қаржылық менеджмент құрамында бюджеттік-қаржылық менеджмент негізгі бағыттардың бірінде тұрады.

Сәйкес жоспарланған кезеңге қаржы бойынша нақты тапсырманы даярлау бірқатар өзара байланысты әрекеттерге ие:

- Өткен кезеңдегі экономикадағы қалыптасқан тенденңияны есепке ала отырып, қаржылық режим варианттарын іздеу;

- Оптимальды қаржы өндіру варианттарын, оларды қаржылық топтар, қаржылық-шаруашылық іс-әрекет типтері, қаржы төлеушілер, жеке территориялар топтары шегінде сұрыптауды бағалау;

- Болашақ қаржылық режим вариантының басымдылығын негіздеу;

- Өткен жылғы бюджет орындалуының жүргізілген сараптамасының нәтижелерін есепке ала отырып, қаржылық кіріс жобасын есептеу;

- Бюджеттік топтастырудың сәйкес баптары бойынша үкімет пен
парламент қабылдаған қаржылық міндеттемелерді талқылау;

-   Сәйкес заңдардың бюджеттік кірісітің ақырғы келісімі негізінде айқындау және қабылдау.

Бұл әрекеттерде қаржы төлеушілер сияқты, ресми органдардан да түсетін басқарушылық шешімдерді өңдеу үшін ақпарат жинау мен өңдеудің аналитикалық сатысы шешуші рөл ойнайды. Жиналған және өңделген материалдардың сенімділігі мен толықтығы бюджеттік қаржылық нормалар мен ережелерді әрі қарай жетілдіру үшін бастапқы негізді құрайды.

Әралуан деңгейдегі бюджетке қаржылық түсімдердің нақты соммасы есебінде үш маңызды құрылғы үлкен мәнге ие:

- Қаржы  төлеушінің  бюджетпен  өзара   қатынасындағы   жағымды және  жағымсыз құбылыстарды бөлшектің зерттеу, бұл өзара қатынастың даму зандылықтарын орнату;

- Қаржы өндірудің барлық жүйесінің, оның жеке элементтерінің және жеке қаржылардың қаржылық-шаруашылық іс-әрекет көрсеткіштеріне(және керісінше) ықпалын айқындау мақсатымен бюджеттік-қаржылық қатынас жүйесінде факторлық талдау жүргізу;

Болжанбаған экономикалық, қаржылық, бюджеттік және қаржылық жағдайлардың,  қаржы төлеуші мақсаты мен бюджеттік мақсат арасындағы     келіспеушіліктердің туындау мүмкіндігін алдын-ала бағалау. Бұл жағдайларды реттестіру немесе толығымен жою бойынша шаралар жиынтығын даярлау.

Бүгінгі күні қаржы ғылымы бюджетке қаржылық түсімдердің көлемін жоспарлау әдісін арнайы жасаған жоқ. Қаржылық жоспарлау үрдісінде тәжірибеде жалпыға белгілі және кең қолданыстағы: тепе-теңдік, сараптау бағасы, корреляңия, қатарластыру, факторлық талдаудың хронологиялық қатарын құру сияқты дәстүрлік әдістер қолданылады. Бұл әдістерді қолдану барынша дұрыс, өйткені олар бір ізді және зерттелетін үрдіс ерекшелігіне тән емес. Соныменқатар қаржылық жоспарлауда қаржылық заңдылықтарды айқындау мен олардың негізінде қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын есепке алатын қаржы конңепңиясының ілгерілемелі жобаларын құрастырудағы арнайы тәсілдердіқолдану қажет.

 

Қаржы менеджменті жүйесіндегі қаржылық талдау.

 

1.Қаржылық талдаудың маңызы және міндеттері.

2.Қаржылық талдаудың әдіс-тәсілдері.

 

1. Қаржылық талдау  кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін зерттеу әдістері туралы білімдер жүйесі.Қаржылық талдаудың мақсаттары:

- кәсіпорынның ағымдағы және болашақтағы қаржылық жағдайын бағалау;

-  қолайлы, ыңғайлы қорлану көздерін анықтау және оларды жұмылдырудың мүмкіндігі мен мақсатқа сәйкестігін бағалау;

-нарықтағы кәсіпорынның жағдайын болжау.

Кез-келген ғылымның негізін оның пәні мен әдіс-тәсілдері құрайтыны белгілі. Қаржылық талдаудың пәні- қаржы ресурстары және олардың ағыны,ал қаржылық талдаудың әдісі  бұл кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін зерттеудің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы.

Нарықты экономика жағдайында талдау  өндірістік талдау және қаржылық талдау болып екіге бөлінді.Мұндай бөліну бухгалтерлік есептің қаржылық және басқару (өндірістік) болып екіге бөлінуімен байланысты.

Сонымен өндірістік талдау тек ішкі болады.Ол оперативті сипатта болады және кәсіпорын басшысына толығымен бағынышты.Мұндай талдау кәсіпорын жағдайын нақты талдауға мүмкіндік береді, яғни шығарылған және сатылған өнімнің өзіндік құнын,шығындыр құрамын зерттейді,бизнес жоспар бөлімдерінің орындалғанын талдауға мүмкіндік береді.Мұндай талдаудың мәліметтері кәсіпорынның бәсекелестік саясатын өңдеуде шешуші роль атқарады.Сондықтан да өндірістік талдаудың нәтижесі коммерциялық құпия болып саналатын мәліметтер қатарына жатады.Сонымен   қорыта кел басқарушылық немесе өндірістік талдау кәсіпорынның  өз мұқтаждығы,қажеттілігі үшін жүргізіледі.

Оның ерекшеліктері :

-         талдау үшін барлық ақпарат көздерінің қолданылуы;

-         жан-жақтан регламенттеудің жоқтығы;

-         талдаудың жинақтылығы, яғни кәсіпорын қызметінің барлық жағын зерттеу;

-         есеп,талдау,жоспарлау және шешім қабылдаудың бірлігі;

-         коммерциялық құпияны сақтау мақсатында талдау нәтижесінің жабықтығы.

Ал, қаржылық талдау ішкі және сыртқы болады.Сыртқы талдау кәсіпорыннан тыс, ашық жарияланатын қаржылық есеп беру көрсеткіштері негізінде жүргізіледі. Мұндай талдауды мүдделілігі бар меншік иелері мен мемлекеттік органдар жүргізеді.Сондықтан да мұндай талдау сыртқы қаржылық талдау деп аталады.

 

Кесте 1           Талдау түрлерінің салыстырмалы сипаттамасы

 

Салыстыру саласы

   Қаржылық талдау

   Өндірістік талдау

1.Ақпаратты тұтынушылары

  Ішкі, сыртқы

 

Кәсіпорын және оның     бөлімшелерінің басшылары

2.Талдау объектілері

 

  Кәсіпорын

 

Кәсіпорын және оның әр түрлі сегменттері

3.Ақпарат көздері

 

Қаржылық есеп беру

 

Экономикалық ақпараттар комплексі

4.Көрсеткіштерді есептеудің  өлшем бірлігі

Ақшалай өлшем

 

Барлық өлшем бірліктері 

5.Талдаудың кезеңділігі

Есеп беруді жасау

(тоқсан,жыл)

Қажеттілігіне қарай және ішкі реглеаентке сай

 

6.Ақпарат нәтижесіне қол жеткізу

 Барлық бұқараға ашық

Коммерциялық құпия

 

 

 Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін терең, кешенді зерттеу арқылы оның  қаржылық тұрақтылығын нығайту,тиімділігін арттыру, іскерлік белсенділігін көтеру болып табылады

Қаржылық талдаудың негізгі міндеттері:

-         кәсіпорынның қаржылық жағдайын және есепті кезеңдегі өзгерістерін жалпы бағалау;

-         активтердің, меншікті капиталдың және міндеттемелердің құрылымын, құрамын және қозғалысын бағалау;

-         кәсіпорынның төлемқабілеттілігі мен балансының өтімділігін талдау;

-         кәсіпорынның нарықтық тұрақтылығын қысқа мерзімге болжау және оның қаржылық стратегиясын өңдеу.

Осындай міндеттерден қаржылық талдаудың шаруашылық субъектісінің қызметін зерттеуде үлкен роль атқаратынын және оның қаржы менеджментінің маңызды элементі екенін көруге болады.Ең бастысы қаржылық талдау кез-келген шешім қабылдау процесінде кездесетін белгісіздік,екіұштылық жағдайды төмендетеді.Кез-келген кәсіпкерлік қызметтің соңғы мақсаты пайда табу.Сондықтанда шаруашылық субъектінің басшылығы қаржылық талдаудың нәтижесіне сүйене отырып ғылыми негізделген, дұрыс, оптимальды басқару және қаржы шешімдерін қабылдаулары керек.

 

2. Нарықты экономика жағдайында әрекет етуші кәсіпорындарда қолданылатын қаржылық талдаудың негізгі әдістері:

 

1.Горизонтальды талдау-есеп беру баптарындағы абсолютті және салыстырмалы өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді, яғни есепті кезең көрсеткіштерін өткен жылғы көрсеткіштермен салыстыру,тоқсандық жарты жылдық көрсеткіштермен салыстыру.

2.Вертикальды талдау- есеп берудің бөлек баптары бойынша үлес салмағын анықтау мақсатында жүргізіледі.

3.Трендті талдау- базистік жылдағы көрсеткіштерді бірнеше жылдық көрсеткіштермен салыстырмалы түрде ауытқуларын анықтауға негізделген.

4.Салыстырмалы талдау- бұл ішкі шаруашылық талдау болып табылады, яғни есеп беру көрсеткіштерін еншілес фирманың,бөлімшелердің бәсекелес компаниялардың көрсеткіштерімен салыстыру.

5.Факторлы талдау- соңғы нәтижеге әсер ететін факторларды талдау.

 Кесте 2            Кәсіпорын активтерінің құрамы және құрылымы

Көрсеткіштер

Жылдың басына

Жылдың соңына

Бір  жылдағы өзгерістер            (+; -)

Құрылымдағы өзгерістер

(гр.5- гр.3)

Сомасы,

мың теңге

Үлес салмағы,%

Сомасы,

мың теңге

Үлес салмағы,%

Мың тг.

(гр.4-гр.2)

%(гр.6:гр1*100)

1

     2

      3

     4

     5

      6

        7

      8

Активтер , барлығы

32551

100

41957

100

+9406

+28,9

х

Соның ішінде:

1.Ұзақ мерзімді активтер: сон.ішінде

 

18770

 

57,66

 

20001

 

47,67

 

+1231

 

+6,56

 

-9,99

а/ негізгі құралдар

18642

57,27

19497

46,47

+855

+4,59

-10,80

б/ қаржылық салымдар

128

0,39

504

1,20

+376

+293,75

+0,81

2.Ағымдағы активтер: сон.ішінде

13781

42,34

21956

52,33

+8175

+59,32

+9,99

а/ өндірістік қорлар

1501

4,61

1358

3,24

-143

-9,53

-1,37

Кәсіпорынның өндірістік потенциалы

 

20143

 

61,88

 

20855

 

49,71

 

+712

 

+3,53

 

-12,17

 

Сонымен  қатар талдау барысында мынандай аналитикалық процедуралар жүргізіледі.

-         ағымдағы көрсеткіштерді бизнес-жоспар көрсеткіштерімен салыстыру-.Шаруашылық субъектілері өздерінің кәсіпкерлік қызметін жоспарлайды,яғни бизнес-жоспар құрады.(нақты көрсеткіштер жоспарлы көрсеткіштермен салыстырылады)

-         ағымдағы көрсеткіштерді нормативті көрсеткіштермен салыстыру.Мысалы жалпы өтімділік коэффициенті 1 -2 арасында (кейде 3)  болуы керек, ал тез өтімділік коэф. 1-ден жоғары болуы керек, абсолютті өтімділік 0,2-0,25 болуы керек.

Міне, осындай әдіс-тәсілдер арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-26 19:29:08     Қаралды-7648

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »