Тақырыбы: «САПАНЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ»
1. Сапаны бақылау және басқару пәнінің мақсаты мен міндеті Сапа түсінігі
Жекеленген азаматтардың және қоғамның негізгі интелектуалдық ондық потенциалына өнімнің сапасын бағалау, және бақылау әдістері туралы білім жиынтығы да жатады.
Бұл білім жиынтығына- өнімнің жасалуы кезендеріндегі сапасын бағалау және бақылау осы білім негіздерін өндірісте қолдану әдістері де жатады. Бүгінгі танда өнім сапасын басқару әдістері тұрақты жүйеге айналады.
Сондықтан бұл білім сапасын игерудің маңызы зор. Өнім сапасы мәселелерінің ғылыми тұрғыдан шешу керек. Ал ұйымдастыру мәселелері өндірісті басқару барлық деңгейлерінде және ғылыми техникалық қызметтерде шешілуі керек. Ғылыми негізінде сапаға қойылатын талаптарды негіздеу туралы білім оларды бақылау және қамтамасыз ету шаралары жатады. Бұл білім жиынтығы қарастырылып отырған нысандарға байланысты 3-ке бөлнеді:
- Квалиметрия
- Сапаны басқару
- Сертификация.
Сапаны басқару мен бақылау - өнімнің сапа көрсеткішін, норматифті құжаттарды тұжырымдау әдістерін, сапа деңгейін бағалаужәне сапаны бақылауды қарастырады. Бұл жерде ықтималдылық және статистикалық әдістерге
- өнім сапасының деңгейін бағалау.
- Сынық нәтижелерін өңдеу және талдау әдістеріне шешімдерді қабылдау және оларды ұғыну әдістеріне көп көңіл бөлінеді.
Әр түрлі өндірістің сапасын сандық бағалау әдістерін зерттей тін ғылым сапасын квалиметрия деп аталады. Квалиметрияның п/б және даму тарихы бірнеше 10-ған жылдардан асады. Тіптен ол бүгінгі таңдағы отын алғанға дейін дамыған.
ISO/ОПМС 9000:2000 «Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі қағидалар және сөздік». (Quality management systems-fundamentals and vocabulary) халықаралық құжатында сапаның мынадай анықтамасы берілген:
«Сапа дегеніміз - сапа көрсеткіштерінің белгіленген талаптарға сәйкестік дәрежесі».
Осындай анықтаулар отанымыздың (Кеңестер Одағында) бірінші рет шығып пайдаланылған МЕСТ 15467-70. «Өнімнің сапасы. Терминдер» және 15467-79. «Өнімнің сапасын басқару. Негізгі түсініктер. Терминдер мен анықтамалар» стандарттарында келтірілгендей атап өтуіміз қажет. Мұнда: «Өнімнің сапасы дегеніміз - өнімнің тағайындалуына сәйкес белгіленген тұтынуын қанағаттандыруға жарамдылығын ескертетін қасиеттері жиынтығы».
2. Өнім сапасына талаптар. Сапа бойынша өнімнің градациясы
ГОСТ 15467 сәйкес сапа бойынша өнімнің жылдық, ақаулық және жарамсыз деп бөледі.
Жылдық өнім-бұл өнім, орнатылған талаптарды қанағаттандырады.
Бұл жіберілген нормативтік құжаттардың ауытқуын иемдену үщін, ақаусыз болуы мүмкін. Өнімнің өмірлік циклының келесі этаптарында пайда болған жасырын ақаулар мынаны білдіреді, осыған дейін берілген өнім жарамды деп қате саналса, шындығында ақау болып көрінеді.
Әрбір бөлек өнім орнатылған талаптарға сәйкестендірілмесе ақаулы өнім деп түсіндіріледі.
Жарамсыз өнім (брак)-ақаулықтың бар болуына байланысты тұтынушыға берілмейді.
Табылған ақаулар ескірген болса түзетілетін жарамсыз, ал технологиялық немесе экономикалық және түрлі себептерге байланысты табылған ақау ескірмеген болса, онда ол түзетілмейтін болады.
Егер кәсіпорындарда сапаға көңіл аудармаса, онда ақауларды және жарамсыздықтарды (брактарды) түзетуге маңызды құралдар талап етіледі. Үлкен әсерден ақауларды болдырмауға ақпаратты игерумен қол жеткізуге болады.
Осы уақытқа дейін, сапамен арнайы ішкі бөлімшелер айналысу керек деп санап келдік. Рыногтық экономикаға өту кезінде өнім сапасына әсер ететін факторларды оқып білуге қажеттілікті қамтамасыз етіп, оның жоғары деңгейге жеткізу үшін кәсіпорын қызметкерлеріне күш салу бағытталу тиіс деп,- саналған.
Түрлі мемлекеттерде жүргізілген зерттеулер сапаға аз назар бөлетін компаниялардың уақытының 60%-ті жарамсыздықтардың түзетілуіне кететіні көрсетілді.
Сапаны жоғарылатуда шығындармен кездесетінімізсөзсіз, бірақта жоғары сапасы түрлендірілуі, өнімнің жақсаруының арқасында пайда алумен ақталатып отырады.
Бөлек топтардағы өнімдер және отандық өнеркәсіп түрлері және жақын шет елдерде өнімдер сортқа, маркаларға, топтың қиындылығы және сапа, нөмер, сапа категориясына және т.б. бөлінеді. Өнім сапасының градациясы, тұтынатын тауар ретінде кестеде көрсетілген:
Тұтынушы тауарының сапа градациясы
Қабылданған градация |
Тауарлар |
Градация белгілері |
Сорт |
Мата, тігін және трикотаж бұйымдары, аяқ-киім, ыдыс-аяқ, галантериялық тауарлар, көптеген азық өнімдері |
Экстра, жоғарғы, бірінші, екінші, үшінші, дәмхана және т.б. |
Марка |
Цемент Керамикалық кірпіш Сызу парағы Манный крупа |
600,550,500,400 300,250,200,150 В,А,Ап,Б Т,М,МТ |
Номер
|
Жазу парағы Перловый крупасы Жұмыртқа крупасы |
0,1,2 1,2,3,4,5 1,2,3 |
Спа тобы |
Иіс сабын Кір сабын |
1,2,3 |
Күрделі топ
|
Тұрмыстық радиоаппаратуралары (телевизордан басқа магнитафондар) |
Жоғарғы, бірінші, екінші |
Сапа категориясы
|
Видеокасеталар Тауық жұмыртқасы Таза жануарлардан және құстардың еті |
Супер,экстра, стандарт Супар, супер-2,экстра, стандарт, оптима, ұсақталған немесе сыналған және (НҚ-ға тәуелді) 1,2. |
Мысалда келтірілген тауарлар тізбектері шектелмеген
Қазіргі күнге дейін өнім сапасының градациясы туралы бірлік жүйе жоқ, осыны белгілеу жалғасады. Видеокасетаның сапа категориясы касетаның өзіне тәуелді, ал құс жұмыртқаларының сапа категориясы оның өлшемі көбірек диаметрінің беріктігінен анықталынады, таза жануарлардың және құстың еттерінің оның азықтануына байланысты анықталынады.
Градацияның негізгі принциптері, мысалы, азық өнімдерінің сапасы мыналар болып табылады:
1.Шикізат принципі (колбаса, макаронды және нан өнімдері, чай, манный крупа және т.б.).
2. Технологиялық принцип (ұн, крупа, чай, т.б.).
3. Өлшемді принцип (таза жемістер, құс жұмыртқасы, чай және т.б.).
4. Ақаулы принцип (азық өнімдерінің көпшілігін нақты ақаулықты сапа бойынша бөледі және оның дәрежесін еске еске алып көрсетеді).
5. Қоспаның мөлшерін және бөлек заттардың құрамын ескеру, принципі (крупа, крахмал, өсімдік майы, жануар майы, және т.б.).
6. Азықтану принципі (таза жануар және құс еттерің).
7. Кешендік принцип (жеке градация арасындағы айырмашылықты қалыптастыру кешенді принциптерді жоғары саналуы себепші болады).
Өнім сапасы бағалаудың еңбасты ьапсырмасы оның сортын орнату юолыптабылады. Өнім сорты (класс)-категория немесе қатар көрсеткіштері, қасиетіне немесе сипаттамасына қатысты, өнімге талаптарлың түрлі болуын есепке алумен функционалды аналогтық пайдалануға қарастырылу.
Бірдей атаудағы өнімге қатысты, сорт тұтастығы сортамент деп аталыд. Табиғи және тауарлы сортамент деп ерекшеленеді.
Табиғи сортамент-бір атаудағы өнімдердің сорт тұтастығы, анатомо-морфологиялық белгілерімен сипатталып ерекшеленетін өнімнің әртүрлілігі.
Табиғи сорттағы түйіршіктерді үй шаруашылық –ботаникалық, химия-жидектерді-помологикалық, жүзім-ампелографикалық, жануарлар және балық (құстан басқа)-тегіне, құс кроссасына және т.б. болып анықталады.
3. Сапа көрсеткіштерінің жүйесі. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі.
Өнім сапасын қамтамасыз ету жүйесі өнімнің тіршілік кезеңінің барлық сатысында таралатын әрекеттер және шаралардан құрылады және өнім сапасы берілген талаптарға сай келу үшін, өнімнің тіршілік циклінің барлық сатыларында сапа бойынша мәселе және мақсаттардың жүзеге асыруға арналған жағдайларды құратын, іс – шараларды жоспарлы және жүйелі қамтамасыз етуді игереді.
Өнімнің тіршілік циклі келесі сатылардан құрылады:
1) Маркетинг. Нарықты іздеу және оқу
2) Өнімге техникалық талаптардың жобалау және жасау
3) Материалды – техникалық жабдықтар
4) Технологиялық процестерді дайындау және өңдеу
5) Өнімді өндіру
6) Бақылау және зерттеу
7) Орау және сақтау
8) Іске асыру және үлестіру
9) Жөндеу және пайдалану
10) Қызмет көрсетудегі техникалық көмек
11) Қолданғаннан кейін қайта пайдалану.
Жоспарланған іс – шараларға әдетте сапаны қамтамасыз ету бағдарламасы кіреді (мысалы, өнім сапасын жоғарылатудың тұтастай ғылыми – технологиялық бағдарламасы ). Бағдарлама нақты өніммен жасалынады және технологиялық деңгейде және өнім сапасына, арқан сапасын қажетті ресурстармен (жабдықпен, шикізат және бұйыды құрайтын қосымша материалдармен, өлшеу құралдарымен, өндірістік персоналмен және т.б.) қамтамасыз ету бойынша талапқа қатысы тапсырмалардан тұрады.
Өнімді қамтамасыз ету бойынша жүйелі өткізілген іс – шаралар, кәсіпорынмен тұрақты немесе периодты орындалатын жұмыстардан құралады (нарықты оқу, жұмысшылардың квалификациясын жоғарлату, персоналдың үздіксіз білімі және т.б.)
ИСО 9004 стандартында сапа философиясы келесілерді ұсынады: Сапаны қамтамасыз ету жүйесі проблемаларды алдын – ала ескеретіндей етіп жұмыс істеу керек.
Ескерту шараларының ішінде құралдарды өз уақтысында жаңарту, жабдықтың жоспарлы жөнделуі, жұмыс орындарында сәйкес құжаттардың болуы және т.б. болуы мүмкін.
Сәйкесінше, кәсіпорында сапа бойынша жұмысты орындай отырып, өнімнің тіршілік циклінің барлық сатысындағы сапаға әсер ететін жағдайлар және ішкі, сыртқы факторлардың өзара байланысуының көп тәріздігінен шығатын, өнім сапасын басқаруға жүйелі жақындау қажеттілігі туады.
Осылайша, сапа өндірістің барлық деңгейінде құрылады және өндірістің жақсы ұйымдастырылған менеджментінде тұтынушы бағытталуы тиіс.
4. Сапа пирамидасы. Сапа аймағындағы жетістік пирамидасы.
Сапа пирамида түрінде болуы мүмкін
|
САПА |
|
||||
|
Фирама сапасы Басқару жүйесінің сапасы Ұйым сапасы Фирманың жабдықталу сапасы Персонал сапасы Басқарушылар сапасы |
|
||||
|
Жұмыс сапасы Материал сапасы Жабдықтар сапасы Процесс сапасы Жұмысшылар сапасы Жұмыс жағдайының сапасы |
|
||||
Өнім сапасы Үлгіні жасау сапасы Қызмет сапасы |
||||||
Пирамида негізінде өнім сапасы бар. Оған кәсіпорынның барлық әрекеті негізделеді. Жұмыс сапасына қабылданған басқару шешімдерінің, жоспарлау жүйесі, өнімді шығару, сапаны басқару және ақаудың өз уақытында пайда болуының дәлелдігі кіреді. Өнім сапасы жұмыс сапасын құраушы және салдары болып табылады.
Жұмыс сапасы сонымен бірге фирманы функционирлеуді қамтамасыз етуінен байланысты. Бұл басқару сапасы (жоспарлау, талдау, бақылау). Жоспарлау сапасына (стратегияны жасау, саясатты, мәселені, жоспарлау жүйесін құрастыру т.б.) сапа аймағында қойылған мақсаттарға жету тәуелді.
Пирамида үстінде ТQМ "Total Quality Managment" - сапаның тотальды (жалпы) менеджменті бар, ол тек сапамен басқаруды емес, сонымен бірге сапаны қамтамасыз етуді игереді, яғни басқару шешімін, жоспарлау жүйесінің дәлелін, талап етілетін еңбек жағдайын, өндірістің жоғары ұйымдастырылған – техникалық деңгейін қамтамасыз етеді.
Бұйым сапасын жобалау кезінде орнатады және өндіріс кезінде қамтамасыз етіледі. Өндіріс процесінде сапаны қамтамасыз ету алдыңғы қатарлы технологияларды қолданумен, технологияның тәртіпті сақтаумен, ырғақтылықпен және өндіріс мәдениетінің қажетті деңгейімен қамтамасыз етумен, шикізатқа, материалға, жартылай фабрикаттарға нормативті құжаттардың және стандарттардың сәйкес келуін бақылауды ұйымдастырумен, сондай-ақ оның барлық сатысында технологиялық процесті бақылауды ұйымдастырумен жүзеге асады. Бақылау өнім сапасын қамтамасыз етудің ажырымас бөлігі болып табылады. Сапаны бақылау деп – талаппен орнатылған, өнім сапасы тәуелді болатын, процестің немесе өнім қасиеттерін сандық немесе сапалық сипаттамаларын сай келуін тексеруді айтамыз.
Сапаны бақылауды ұйымдастыру – нормативті – техникалық құжатқа толықтай сәйкес келетін, өнім өндірісін қамтамасыз етуге бағытталған, техникалы және административті іс – шаралар жүйесі.
Бақылау маңыздылығы бақылау объектісінің жағдайы, оның көрсеткіштерінің көрсеткіштері және себептері туралы ақпаратты алу және алынған нәтижелерді өнімді жіберуге келісім – шарттарда, нормативті құжаттарда, жобалы-конструкторлы құжаттарда табылған, орнатылған талаптармен салыстыру болып табылады.
Бақылау объектілері өнім немесе оны құру, сақтау, тасымалдау, жөндеу кезіндегі процесс және техникалық құжат болуы мүмкін.
Бақылауды жүргізу кезінде бақылау объектісін, бақылау әдісін (бақылауды жүргізу технологиясын, бақыланған көрсеткіштерді, бақылау дәлдігін) бақылауды орындау шараларды және бақылауды жүргізуге нормативтік құжаттарды анықтау маңызды.
Сапа бақылауына қойылатын талаптар орнатады:
- сынақ түрлері
- сынақтың периодтылығы
- таңдаулы бақылауды қолдану кезінде сынаққа арналған таңдамалар және үлгілерді жасау ережесі
- бақылауды өткізу тәртібі
- нормативті құжаттар талабына өнім сапасының сәйкес келуін талдайтын критерилер және бақылау процесінің параметрлері
- бақылау-өлшегіш аппаратурасына, приборларға және қажетті дәлдікте көрсететін құралдарға қойылатын, сондай-ақ сынақ стендтерінде және қондырғыларына талап
- бақылау нәтижелері өңдеу әдістері
- бақылау нәтижелерінің хаттама формасы.
Бақылаудың жеке түрлерін қолдану жағдайын қарастырайық.
Өнімнің жайланған кеңдігі бойынша бақылаудың тұтас және іріктелген екі түрі бар.
Тұтас бақылау кезінде бақыланатын партиядағы барлық бұйымдар қатысады, іріктелгенде – іріктеме деп аталатын бұйым бөлігі ғана қатысады.
Тұтас бақылау, ережеге сай мына кезде қолданылады:
- жаңа өнімді игеру кезінде, егер технологиялық операцияның орындалу сапасы келесі сатылардан тексеру мүмкін емес болса
- шығарылатын өнім сапасына қойылатын жоғары талап кезінде
- бақылау объектілерінің саны тұтынушы және дайындаушы тәуекелімен бекітілген үлгілерді алуға жеткіліксіз болса.
Іріктелген бақылау тұтас бақылаудың алдында экономикалық құндылықтары бар. Көп жағдайлар қатарында тұтас бақылау мүлдем қолданылмайды. Осылайша, сенімділік және ұзақтылық бақылауы бұзушы өнімді одан әрі қолдануға жарамсыз етеді және сондықтан мұндай бақылау қажеттілігі бойынша іріктелген болуы керек.
Іріктелген бақылау реттеу және бақылаудың статистикалық әдістеріне негізделген және қолданылады:
- массалы және ірі сериялы өндірісте, өнім бірлігінің саны дайындаушы және тұтынушы тәуелдіктерімен орнатылған үлгіні немесе іріктемені алуға жеткілікті болғанда;
- автоматты және жартылай автоматты және ағымды желілерден қолданатын, операцияларда, бақыланатын өнім бірлігі жекелеп бұзылады немесе өзінің қасиетін жоғалтатын жағдайда;
- бақылаудың еңбек сиымдылығы үлкен кезде.
Өнімнің бақылауға түсу сипаты бойынша бақылаудың келесі түрлері бар:
Үздіксіз бақылау – бақыланатын параметрлер туралы ақпарат үздіксіз түскенде болады.
Үздіксіз бақылау сандық және сапалық сипаттамаларды тұрақты қамтамасыз етуді қажет ететін, тұрақсыздық кезінде технологиялық процестерді тексереді. Ережеге сай, бақылаудың автоматты құралдарымен жүзеге асады.
Периодтық бақылау – бақыланатын параметрлер туралы ақпарат, орнатылған уақыт интервалы арқылы түсетін бақылау. Өнім бірлігінің және технологиялық процестердің периодтылығы бақылауды тұрақты технологиялық процесте және бекітілген өндірісте жүргізеді.
Ұшу (летучий) бақылау уақыттың кездейсоқ сәтінде фирмалы стандарттарда бекітілген жағдайда жүргізіледі. Ол технологиялық тәртіпті, бақылау рперациясының дұрыс жүргізілгендігін тексеруге арналған, Ұшу бақылауының тиімділігі кездейсоқтығымен шартталады, қамтамасыз ету ережесі арнайы жасалуы тиіс. Ұшу бақылауы, ережеге сай, өнімді дайындау, жөндеу, сақтау орнында тікелей жүзеге асуы керек.
Кіріс бақылауы – тұтынушыға түсетін жеткізушінің өнімін бақылау. Кәсіпорын – тұтынушыда дайындау, жөндеу, пайдалану кезінде өнімді бақылауға арналған. Бақылаудың бұл түріне шикізат, материалдар, жартылый фабрикаттар, жеткізушінің дайын өнімі, техникалық құжат және тағы басқа жатады. Кіріс бақылауы міндетті емес, бірақ кейбір жағдайда өте пайдалы және өте қажет. Мысалы: өнім сапасының көрсеткіштерін сақтау және тасымалдау процесінде өзгеруі мүмкін.
Дайын өнім сапасы бастапқы шикізат және материалдар сапасына тәуелді болатын өндіріске кіріс бақылауы қажетті.
Операциялық бақылау – белгілі бір операцияның орындалудан кейін немесе орындалу уақытында, процесті немесе өнімді бақылау.
Мұндай бақылау үздіксіз болуы керек және өнім сапасын анықтайтын, барлық технологиялық операцияларды игеру қажет.
Бақылау технологиялық операциялар көрсетілген алдын ала жасалған сұлбамен жүзеге асырылады. Операциялы бақылау өнімді өндірістің келесі учаскісіне беру кезінде жауапты немесе соңғы операцияларда ақаулы бұйымдарға немесе ақауы көп пайда болатын, технологиялық процестер үшін міндетті. Мысалы: өндіріс жағдайындағы бұл мәселені технологиялық процесті реттеудің статистикалық әдістер базасында шешеді.
Қабылдау бақылау – комплексті тексеру жүзгег асатын, ал реттеудің қажеттілігінде дайын бұйымды қарастыратын, өндіріс сатысын бақылаудың соңғы сатысын. Осылайша, қабылдау бақылауы – нәтижесі бойынша жеткізуге және қолдануға жарамдылығы туралы шешім қабылдайтын, өнімді бақылау.
Бақылау объектісіне әсер ету бойынша бұзылатын және бұзылмайтын бақылау болады.
Өнімді құру және жүзеге асыру сатысы бойынша бақылаудың екі түрі бар - өндірістік және пайдаланылатын. Өндірістік бақылау, ережеге сай, барлық көмекші, дайындаушы және технологиялық операцияларды игеруі.
Пайдалану бақылаудың объектілері пайдаланылатын бұйымдар және пайдалану процесі болуы мүмкін.
Бақылаудың негізгі мәселелердің бірі – бұл сапас көрсеткіштерінің анықталуы.
Сапа көрсеткіштерін анықтау – құралды немесе сынақ әдісімен шешілітін қарапайым өлшеу есебі. Түрлеріне тіркелмелі, органолептикалық және әлеуметтік әдістерді жатқызуға болады.
Құралды әдіс өлшеудің техникалық құралын қолдануға негізделінеді.
Бұл әдіспен мысалы, бұйым массасы және өлшемі, ток күші, автокөлік жылдамдығы және т.б. анықтайды. Ол барлық салаларды әсіресе өнеркәсіптен неғұрлым кең таралған. Өлшеуді автоматтандыру мүмкіндігі, жоғары дәлдік, объективтілік күшімен бұл әдіс артық көрінеді және әрқашанда қолдану керек.
Сапа көрсеткіштерін өлшеудің сынақ әдісін, өлшеудің техникалық құралдарын қолдану мүмкін емес немесе экономикалық ақталмаған жағдайда қолдану керек.
Тіркеу әдісі процестердің немесе өнімдердің бақыланатын параметрлерін тіркеу болып табылады.
Органолептикалық әдісте алғашқы өлшегіш түрлендіргіштері ретінде көру, дыбыс, есту, дәм сезу мүшелерін қолданады. Сапа көрсеткіштерінің мәні тәжірибе негізінде алынған сезімдерді талдау жолымен жүргізіледі. Сондықтан бұл мәндердің дәлдігі және сенімділігі оларды анықтайтын тұлғалардың дағдыларына және қабілеттеріне, класификациясына тәуелді. Бұл әдісті медицинада, тағамда, парфюмералы өнеркәсіпте кең қолданылады.
Сапа көрсеткіштерін өлшеудің әлеуметтік әдісі халықты массалы сұраудан немесе әлеуметтік топтардан құралады және олардың мүшелері сарапшылар рөлінде болады.
5. Бақылау түсінігі. Бақылауды ұйымдастыру.
Сапаны бақылау – ол қолданатын әдіске байланыссыз, алдымен өнімнің жақсысын жаманнан айырады. Әрине, сапасыз өнімді алып тастаумен өнімнің сапасы жоғарыламайды.
Атап айтқанда, қазіргі заманада электрондық өнеркәсіптерден бұйымдарын өлшеулерін өте кішкентай болғандықтан жарамсыздықты жөндеу мүлдем болмайды. Сондықтан қазіргі замандағы фирмалар жарамсыздықты анықтаумен емес, оның алдын алуға көңіл бөледі.
Оны технологиялық процесті мұқият бақылаудың арқасында «Сапаны басқару» концепциясына сәйкес жұмыс атқаратын.
Сапаны қамтамасыз етуде статистикалық әдістер үлкен рөл атқарады.
Статистикалық бақылау әдістерінің мақсаты өнім сапасының кенеттен өзгеруін болдырмау болып табылады. Мұндай өзгерістер анық себептерден пайда болады. Ол себептерді анықтап, жою қажет.
Статистикалық бақылау әдістері келесі топқа бөлінеді:
- альтернативтік артықшылықтары бойынша статистикалық соңғы қабылдап алудың бақылауы;
- сапаны түрлендіруші мінездемесі бойынша таңдамалы қабылдап алу бақылауы
- статистикалық қабылдап алудың стандарты;
- экономикалық жоспарлар жүйесі;
- үзіліссіз қабылдап алу бақылаудың жоспарын;
- технологиялық процестің статистикалық басқару әдістері.
Атап айтып кетейік, статистикалық бақылау мен басқару. Бұл салада біздің де ғылымдардың қосқан үлесі мол.
Көп жағдайдан өнім сапасын бағалау және ақпарат жинау арқасында шығып келеді. Мысалы, зауытта бұйымдардың партиясы бақыланады, оның ішінде жарамдысы да, жарамсызы да бар. Жарамсыздықтың үлесі белгісіз. Егер бақылауды бір партияның барлығын алып тексерсек, онда жарамсыздықтың үлесін тез арада анықтауға болады. Ал, егер сол партиядан тексеруге үлгі алатын болсақ, онда суретте басқаша болуы мүмкін, яғни онда ақпарат өтірік берілуі де мүмкін.
Бұл жерден мынандай проблема шығып келеді, бір үлгіден анық ақпаратты қалай алуға болады? Осы сияқты проблемалар басқа да уақыттарда болуы мүмкін.
1. Бұйымдар партиясынан алынған үлгінің қорытындысы бойынша, осы партияның жарамсыздық үлесін бағалайды.
2. Құрылғы бар. Құрылғының жұмысының қорытындысын тарату заңы кейбір дәрежеде қарастырылып отырған уақытта құрылғының сол жұмыстың істеу шамасын қарастыруды анықтайды.
Сапаны бақылаудың статистикалық әдістерінің әрбір түрі өздерінің артықшылығы мен кемшіліктері бар. Мысалы, сапаны түрлендіруші мінезі бойынша таңдамалы қабылдау бақылауды алатын болсақ оның артықшылығы үлгіні алу көлемі аз. Ал, кемшілігі әрбір бақыланатын мінездеме ьойынша бөлек жоспары қажет.
Ереже бойынша таңдамалы қабыл алу бақылау жоспары солай түзіледі. Жарамды өнімді қателіктен жарамсыз деп жібермеу мүмкінділігі болуы және өндірушіге залалы аз болуы керек. Таңдамалы бақылаудың көп жоспары былай жоспарланады: өндірушінің тәуекелі α = 0,05 болу керек.
Сапаны басқару – бұл өнімге әсер ететін шарттар мен факторлардың бағытталған әсері және сапаны жүйелі бақылау жолы арқылы оны өндіру, өндіріс, эксплуатациялау және тұтыну кезіндегі қажетті өнім сапасының деңгейін қамтамасыз ету, орнықтыру мен тұрақтандыру. Сапаны басқару дегеніміз – тауардың барлық өмірлік стадиясында өнімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және басқа да іс-шараларды жүргізуді айтамыз.
Қазіргі уақыт түсінігі бойынша, егер өнім өндіріліп қойса, онда сапаны басқару эффективті болмайды. Ол өнімнің өндіріс барысында үздіксіз орындалуы тиіс және сондай-ақ өндіріс процесінің алдында болуы қажет.
Сапаны басқару келесі принциптерденқұралады:
Мақсатқа сәйкестік – сапа қатынасында міндетті түрде дәл нысанаға ие болу керек;
Жоспарлануы – жоспарлық орындалуға жататын сапа саласындағы сатып алу шарасы алынады;
Үздіусіз;
Интенсивтілік – сапаның жоғарлануы экономика дамуының интенсивті факторына жатады;
Комплекстілік – аспектіге тәуелді сапалардың барлық проблемасын шешу;
Оптималдылық – тұтынушының сұранысы бойынша сапаның тура, дәл сәйкестігіне ұмтылу;
Тұрақы жақсару – кәсіпорын бәсекелестігін арттырады.
Өнім сапасын басқару - толығымен өндірісті басқарудың құрамдық бөлігі, функцияның бір тармағы. Сондықтан ол басқару ж.йесінің қызмет ету аймағында дамиды және орындалады. Ғылымның бұл саласы жалпы басқару теориясына сәйкес «жүйе», «орта», «бағдарлама» түсініктерге сүйеніп іс жүргізіледі.
Сапаға өндірістің негізгі факторлары мен шарттарынан басқа кездейсоқ, жергілікті және субъективті факторлар әсерін тигізеді. Барлық факторларға әсер ету үшін және сәйкесінше өнім сапасын ұстап тұру үшін басқару жүйесі қажет, яғни өнімнің шығарылу процесін тұрақты әсер ету шараларының жиынтығы.
Басқарушы және басқарылатын жүйелер бар. Басқарылатын жүйе ұйым, фирма, басқа құрылымның басқару деңгейімен сипатталады; басқарушы жүйе – сапа менеджментін жасайды және қамтамасыз етеді.
Өнім сапасын басқарудың негізгі категорияларын қарастырайық. Өнім сапасын басқару жүйесі келесі өзара байланысты категориялармен жүзеге асады: объект, субъект, мақсат, әдістер, құралдар, функциялар, басқарушылық қарым-қатынас мінездемесі.
Басқару объектісі - өнім сапасын, оның қасиеттері немесе оның бір бөлігі, тобы, жеке қасиеттерінің жиынтығы. Өнім сапасын басқарудың эффективті ұйымдастыру үшін тек басқару объектісі ғана ерекшеленуі керек, бірақ процесті жақсырақ тану мен ұйымдастыруға мүмкіндік беретін басқа категориялар нақты анықталуы тиіс.
Басқару субъектісі -өнім сапасының жоспарлы деңгейіне жету мен оны ұстап тұруын қамтамасыз ететін басқарушы органдар және адамдар.
Басқару мақсаты - өндіруші мен тұтынушының экономикалық қызығушылықтарын ескере отырып өнім сапасының анықталған деңгейі мен жағдайы, сондай-ақ қауіпсіздік пен экологиялық талаптары; сапа қасиеті мен деңгей жиынтығы, олар қажеттілік сипаттамасына сәйкес болуы керек және өндіру мен тұтынудың тиімділігін тұтынушыға бағаның қол жетімділігін, өнімнің құнының нормада болуы мен пайдасын қамтамасыз ету қажет.
Сапаны басқарудың әдістері - өндіріс процесіне басқару органдары әсер ететін жолдар, олар жоспарланған жағлай мен өнім сапасының жетістігін қамтамасыз етеді.
Сапаны басқарудың 4 әдісі бар: ұйымдастырушылық, әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, ұйымдық-технологиялық.
Ұйымдастырушылық әдіс – ұйым басқармасының қажет сапаны қамтамасыз ететін жүйе әдістерінің жиынтығы. Бұл топ әдісіне басқаратын (бұйрық, жарлық, директивалар), мативацияны қамтамасыз ететін тәртіптік, нормаға, нормативтерге регламенттауды тұрақтандыру.
Әлеуметтік – психологиялық әдістер қызметкерлердің рухани қызығушылығына әсер ету әдістерінің жиынтығы, олар сәйкес сапаны қамтамасыз етумен байланысты қалыптасады. Бұл әдіске жататындар: тәртіп және кәсіпорынға адалдығын насихаттау, берілген кәсіпорын қызметкері ретінде өзін құрметтеу, өзінің жетістігі үшін мақтаныш, моральды ынталандыру формалары.
Сапаны басқарудың экономикалық әдістері –сапа облысында берілген мақсатқа жетудегі экономикалық ынталандыру мен материалдық қызығушылықты ұйымдастырып қолдануына негізделген әдістер. Бұл топ әдісіне жататындар: сапаны басқару аймағында қаржыц қызметі, өнім мен қызметтің жаңа және заманғы түрін құруын жоспарлау, сапа деңгейін ескере отырып өнім мен қызмет бағасын құру.
Ұйымдық-технологиялық әдістер процесс пен өнім сапасын басқару әдістері мен процесс пен өнім сапасын реттеу әдістеріне жіктеледі. Ұйымдық-технологиялық әдісте негізгі орында сапаны статистикалық басқару әдісі тұрады.
Сапаны басқару құралдарына келесілер жатады: сапаны басқару жүйесінде арнайы функцияларын орындауды басқаратын басқару органдары мен қызметкерлері қолданатын аргтехника, байланыс құралдары; өнім сапа көрсеткішін регламенттейтін және сапаны басқару бойынша арнайы функцияларды орындауын ұйымдастыратын нормативті құжатнаманың банкісі;
Мемлекеттік эталон мен өлшеу құралдары енетін метрологиялық құралдары;
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің регламенттейтін құжаттары;
Зат пен материал қасиеті туралы берілгендердің стандартты анықтамалық мемлекеттік қызмет базасы.
Басқару объектісі ретінде сапа қатысында кәсіпорында жүзеге асатын функциялар келесідегедей:
Нормалау (стандарттау, сертификаттау, аттестация);
Өндірістің технологиялық дайындалуы (жеткілікті материалды-техникалық жабдықтандыру, өсімдіктердің сортталған дәндері, жануарлардың асыл тұқымды болуы, жоғарғы деңгейде қызмет көрсету, т.б.);
Кадрлардың квалификациясын жоғарлату, сапаға деген ынтасын, күшін, жауапкершілігін ақпараттық және метрологиялық қамтамасыз ету көмегімен өндірістік процесс жолын бақылау.
Сапа облысындағы басқару қатынастары – бұл субординация (бағыну) және координация (қызметтік) қатынастары.
6. Сапа, басқару обьектісі ретінде
Сапа басқару-бұл өндіріс сапасының керекті мөлшерінің жұмыс үстінде ұстап тұруы, қамтамасыз ету және орнату.
Сапаны басқару дегеніміз-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық және басқа да іс-шаралар өткізу, тауардың өмірлік циклының барлық стадиясында өндірістің жоғарғы сапасымен қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытт түсінігі бойынша сапамен басқару эффективті бола алмайды, егер өнім өндіріліп қойған болса, ол өнімді өндіріс барысында үздіксіз орындалуы тиіс, сонымен қатар өндіріс процесінің алдыеда болу:
Сапамен басқару келесі принциптерден құралады:
-мақсатқа сапа қатынасында міндетті түрде дәл нысанаға ие болу керек;
-жоспарлық орындалуға жататын сапа саласындағы сатып алу шарасы жоспарланады;
-үздіксіз;
-интенсивті-сапаның жоғарылау экономика дамуының интенсивті факторына жатады;
-жүйелі жақындау;
-комплекстілік-жайға тәуелді сапасының барлық проблемасын шешу;
-оптимальды-тұтынушының сұранысы бойынша сапаның тура-дәл қатынасына ұмтылу;
-үнемі жоғары сатыға көтерілу-кәсіпорынның бәсекесінің артықшылығын арттырады.
Өндіріс сапасын басқару-толығымен өндірісті басқарудың құрамдық бөлігі, функцияның бір бұтағы. Сондықтан, ол басқару жүйесінің қызмет ету аймағында дамиды және орындалады, құру, дайындау және қызмет көрсету тура жәнежақсы ұйымдасқан жұмыста сұраныс көбейеді.
Сапа негізгі факторлардан басқа өндіріс шартына көптеген кездейсоқ субьективті факторлар әсер етеді.
Осы факторлардың барлығына әсер ету үшін, келісілген сапа мөлшерін ұстап тұру үшін басқару жүйесі міндетті, яғни ылғи өнімнің шығарылу прцесіне әсер етеді. Басқаратын және басқарылатын жүйе анықталынады. Басқарылатын жүйе-фирмамен, ұйыммен әртүрлі басқару деңгейімен көрсетілген; басқарушы-сапа менеджментін құрады және қамтамасыз етеді.
Өнімнің сапамен басқарудың негізгі категорияларын қарастырайық.
Өндіріс сапасын басқару жүйесі келесі өзара байланысты категорияларға сүйенеді: обьект, субьект, нысана, әдістер, құралдар, функциялар, басқарушылық қарым-қатынастық мінездемесі және т.б.
Басқару обьектісі- өнім сапасы, оның құрамының жиынтығы немесе қандайда да бір бөлігі, тобы, бөлек құрамы. Өнім сапасын басқаруды эффективті ұйымдастыру үшін басқару обьекті бөлініп қана қоймай, соған қоса барлық процесті ұйымдастыруға және түсінуге мүмкіндік беретін басқа категориялар анықталуы қажет.
Басқару субьектісі-түрі және барлық сатыдағы органдары адамдар, өнімнің сапасын жоспарланған дейгейін ұстауды және жетуді қамтамасыз етуді талап етеді.
Басқару нысаны-тұтынушылық және өндіоушінің экономикалық қызығушылықтарының есебі өнімнің белгілі деңгейін және сапа құрамын және де экологиялық пен қауіпсіздікті талап етуі.
Сапаны басқару әдістері-өнімнің жоспарланған жағдай мен сапаны ұстап тұратын және жетістіктерді қамтамасыз ететін өндірістік процеске басқару органдары әсер ететін жолдар.
Сапаны басқару әдістерін төрт топқа бөлуге болады: ұйымдық, әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, ұйымдық технологиялық.
Сапа саладағы басқарушылық қарым-қатынас –бағыныштылар мен үйлесімдер арасындағы қарыс-қатынас.
Бағыныштылар қарым-қатынасы-бұл басқарушылықтың тікелей бағыныш байланысын мінездейді және функцияның центрленуі және өнім сапасын басқару тапсырманы басқару.
Бағыныштының қарыс-қатынасы-оның кәсіпорын деңгейіндегі өндіріс структурасына тәуелді және сапаны басқару структурасының жүйесіне байланысты.
Үйлесімділік қарым-қатынас-ұйым және жұмысшылар арасы горизонтальды байланыс көмегімен құралады, өнім сапасының анықталған деңгейін қамтамасыз ету үшін қозғалысқа түсіру немесе көтеру үшін.
Өнім сапасын басқару кіспорын деңгейінде функционалды реттеу жолымен ұйымдасуы мүмкін және жұмысшылар мен бөлшектер арасындағы тапсырма немесе сапаны басқарудың арнайы бөлімін құру.
Кәсіпорын басшылары мынаны ескеруі қажет, бұрынғыға қарағанда кәсіпорын көп нәрсеге үлгерімді болған.
Өнім сапасы әжептеуір деңгейде өнім қасиетінің қандайдабір деңгейін анықтайтын жағдайға немесе факторға тәуелді. Факторлар және жағдайлар өнім қасиетіне әр түрлі әсер етеді-кейде өзара бір-бірінен алшақтанған, кейде өзара әрекеттескен. Факторларға шикізаттар, материалдар, станоктар, машиналар, жабдықтар, инструменттер, өлнеу құралдары жатады. Осыған жұмысшылар білімі және профессионалды дағдылар сияқты, адамдық факторларда жатады.
Өнім сапасына әсер ететін жағдай деп тізбектелген факторлар әрекет ететін жағдайларды түсінеміз. Өнім сапасының деңгейіне әсер ететін, жағдайлар санына өндірістік процестерді және еңбекті ұйымдастыру формасы және басқа жағдайлар жатады. Жағымды жағдайлар орнатылған, техникалық толық қолдануға және осы мүмкіндіктерді өнімге қажетті қасиетті беруге бағыттауға рұқсат етеді. Жағымсыз жағдайлар орнатылған факторлар мүмкіндігін толықтай іске асыруға рұқсат етпейді (онда сапа қажетті деңгейге жетпейді), немесе осымүмкіндіктерді жүзеге асыруға үлкен күштерді талап етеді, бұл жағдайға еңбек, энергия және қаржы құралдары көп шығындалады.
Осылайша өнім сапасының тиімді деңгейін қамтамасыз ету үшін өнім сапасына әсер ететін факторлар және жағдайлар арасында неғұрлым жағымды қатынасты қамтамасыз ету керек. Өнім сапасына әсер ететін барлық факторлар обьективті және субьективтіге бөлінеді.
Обьективті факторлар тобы өте көп және қабылданған техникалық шешімдер сипатымен, техникалық құралдар қасиетімен өнімді құру және пайдалану кезіндегі өндіріспен байланысты факторлар кіреді. Соның ішінде:
-бұйым конструкциясы;
-база өндірісінің техникалық деңгейі;
-дайын өнімді дайындауға ұйымдастыру;
-технология және бақылаудың техникалық құралдары;
-пайдалану базасының техникалық деңгейі және т.б.
Субьективті факторлар тобына адамның өндірістік әрекетімен байланысты факторлар жатады. Ол еңбек сапасы арқылы белгілі бір өндірістік қызметтерді орындауға адам қабілетіне тәуелді. Оларға:
-профессионалды шеберлік;
-жалпы білімді деңгей;
-адамның психологиялық деңгейі;
-еңбек нәтижесіне қызығушылықтың жеке талпынысы.
Тәжірибеде көрсеткендей профессионалды шеберлік жоғары болған сайын, ол өнімді жақсы шығарады. Мінездері тұрақты қоймалы жұмысшылар қатаң өндірістік тәртіпке және өндірістік операциялардыорындауға оңай бағынады. Адам өндірістік процесс талабына өзін бағындыра алмаған жағдайда, ол еңбек сапасын төмендетеді және өнім сапасын нашарлатады, ақаулықты жібереді.
Жұмысшылардың жеке талпыныс өндірістік қызығушылықтары мен сай келсе, жұмысшылар жоғары сапалы өнім шығаруға қызықса, еңбек сапасы өседі, тұрақты болады, өнім сапасын кепілдендіреді.
Субьективті факторлардың ерекше белгісі, обьективті факторлармен салыстырғанда олардың тұрақтысы аз. Сондықтан субьективті факторлардың өзгерткіштігін ескертетін шараларды жүзеге асыру керек. Онымен сапа кәсіпорын әрекетінің барлық жағының тиімділігін көрсететін және сапа көрсеткіштер жұйесінен құралған комплексті ұғым болып табылады.
Мысалы, сапа көрсеткіштерінің жүйесі,
-жабдықтау сапасы-техникалық жағдайы;
-еңбек сапасы- ақаудың пайда болу себебі;
-өнім сапасы- ақаулардың болуы;
-өнім сапасын тексеру әдістері және т.б туралы ақпаратты беріп отырады. Бұл мағлұматтар жаңа бұйымды жобалау және шығарылған тауарды модернизациялау жұмыстары үшін негізгі болып табылады.
Маркетингтік қызмет сапасымен басқару аймағында шешімді өз уақытында қабылдауға мүмкіндік беретін, тұтынушы мен қайтымды тұрақты байланысты қамтамасыз етеді. Бүгінгі, нарықтық экономика жағдайында, сапаны тұтынушы тұрғысынан қарайды. Өнім нарықта сұранысқа ие болу үшін, ол келесі талаптарға жауап беруі керек:
-тұтынушылардың талабын қанағаттандыру;
-қолдану ортасында белгілі бір қажеттілікке нақты жауап беру;
-стандарттарға немесе техникалық шарттарға сай келу;
-тұтынушыға бәсекеге қабілетті баға бойынша ұсыну;
-өндірушіге пайда әкелу.
Осы мәселелерді шешу кезінде, кәсіпорын өндірістің техникалық деңгейін қадағалау, администраторлы және адамдық өзара қатынастарды бақылау, сапасыз өнімді шығаруды қысқарту бойынша шаралар қолдану сондай-ақ осындай өнімді шығаруды ескертетін, профилактикалық шаралар қажет.
Жұмыс сапасы фирманы фуңнкционирлеудің қамтамасыз етуімен тікелей байланысты. Өнімді шығарумен байланысты, жұмыс сапасының ерекше маңыздылығы бар. Өнім сапасы жұмыс сапасының құраушы және салдары болып табылады. Бұл сатыда өнім сапасы және тұтынушы ойы тікелей бағаланады, жарнамалар талданады. Осылайша, сапасымен басқару бойынша әрекет, өнім шығарылғаннан кейін тиімді бола алмайды. Бұд әрекет өндіріс жүрісінде іске асу тиіс.
Қазіргі теорияда және сапаны басқару пратикаксында келесі 5 негізгі саты белгіленеді:
1. «не өндіру» шешімін қабылдау, техникалы және нормативті базаны дайындау;
2. өндіріс дайындылығын тексеру және ұйымдастырылған жауапкершілікті үлестіру.
3. өнімнің дайында упроцесін жүзеге асыру;
4. ақауларды жою және болашақта ақаулардың пайда болуын болдырмау үшін өзгерістерді бақылау және өндіріс процесіне ендіру мақсатында қайтымды байланыс ақпаратымен қамтамасыз ету;
5. сапа бойынша ұзақ мерзімді жоспарлауды жасау.
Тізімделген сатыларды жүзеге асыру кәсіпорынның барлық басқару органдары және бөлімдерінің өзара әрекетінсіз мүмкін емес. Мұндай өзара әрекеттілік сапаны басқару жүйесін қамтамасыз етеді. Бір саты болмаған жағдайда, барлық жүйе үзіледі. Мысалы,шығарылған өнім ьехникалық талаптарға сай келеді, бұйым конструкциясы дамыған болу керек, ал өнім нақты қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жарамайды.
Сапамен басқару үшін, тиімді сападағы өнімді құруға әсер ететін барлық факторларды және жағдайларды анықтау керек, бақылауды, есептеуді, талдауды жүргізуді және ұйымдастыруды қамтамасыз ету керек.
ИСО 9000:2000 стнадартына сай «Сапамен басқару» термині сапаға қойылатын талапты орындауға бағытталған, сапа менеджментінің бөлігін білдіреді.
Сапамен басқарудың ұйымдастырылған құрылымдық жүйесіне фирма әрекетін басқарудың жалпы процесі кіреді. Сондай-ақ өндіріс процесін алға жылжытатын, өнім сапасын қамтамасыз ету әрекетіде маңызды.
7. Кәсіпорындардың кіріс бақылауын жүргізуінің дұрыстығын бақылау.
Кәсіпорындарда кіріс бақылау шикізаттарды техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін бақылайды. Кез келген өндірісте өнімді шығару үшін оған бірінші сол өнімнің шикізаты келіп түседі. Ал әрбір шикізат өзінің сапасы жағынан техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігі бойынша тексеруден өткізіледі. Егер де сол шикізаттың сапа көрсеткіштері белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайда шикізат жарамсыз деп танылады. Міне осы кіріс бақылаудың негізгі үрдісі.
Мысал ретінде Мұнай өндірісін алайық: СЛАЙДТАР қолданамыз
Технологиялық бақылау дегеніміз – өндірістегі технологиялық процестің жұмыс істеу параметрлерін қадағалау. Яғни, өндіріс барысындағы барлық үдіс параметрлерінің белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істеуін толық қадағалау.Ал метрологиялық бақылау дегеніміз - өндірістің жұмыс істеу параметрлерін қажетті бұйымдармен, құрал-жабдықтармен, құрылғылар мен өлшеу құралдарымен бақылау. Мұндай бақылаудың нормативтік негіздемелері болып мемлекеттік және салалық кәсіпорынның стандарттары саналады. Технологиялық және метрологиялық бақылау қызметтері өнім өндіру туралы алғашқы құжатты алғаннан бастап жүргізіледі. Олар төменде атап көрсетілген:
1) Өнімнің сапасын анықтау үшін қолданылатын өлшемнің нормалары мен дәлдік параметрлерін және технологиялық процесс пен құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану, номенклатураларын белгілеу.
2) Өлшем жүргізуді өлшем дәлдіктерін сақтайтын әдістемелермен қамтамасыз ету.
3) Өлшеу құралдары мен өлшеу әдістерінің дұрыс түрлерін қолдану туралы ұсыныстар жасау. Өндіріс стандарттарын немесе қажет болған жағдайда сандартталмаған өлшеу құралдарымен, өлшеу нәтижелерін дайындау және өңдеу тәсілдерімен қамтамасыз ету.
4) Өлшеу құралдарын стандарттау.
5) Өлшеу жүргізудің нормативтік-техникалық құжаттарға сай болуын қамтамасыз ету.
6) Өндіріс қызметкерлері мен жұмысшыларын өлшеу жүргізуге және өлшеу құралдарының дәлдәктерін сақтауды үйрету.
Сонымен қатар, жаңа техниканы игеру туралы мәлімдемелерді сараптаудың барысында тұтынушының талаптарына сай конструкторлық мақсаттар айқындалады. Техниканы игеру барысында өлшеу құралдарының дәлдік нормаларын белгілеудің дәлелділігі мен жеткіліктілігі анықталады. Дәлдік нормаларының дәлдігі деп, өнімнің сапасын көрсететін барлық парметрлерді анықтайтын дәлдік нормаларының белгіленуін айтады.
Метрологиялық бақылау кезінде ерекше еөңіл бөлетін мәселелер – техникалық талаптар және тексеру мен қабылдау тәртіптері
Дайын өнім сапасын бақылау.
Құжаттарда қойылған талаптар өндірістік процестерде бақыланады. Сапаны бақылау және өнімді қабылдау үшін өнім стандарттарында қарастырылған бақылау сынауларының мынадай категориялары қолданылады.
1. Қабылдау – тапсыру
2. Мезгіл – мезгіл
3. Типтік
4. Сертификациялық
1. Қабылдау – тапсыру сынаулары сынаулардың осы категориясы үшін қойылған өнімнің техникалық шарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүргізіледі. Сынаулардың оң нәтижелері алынған кезде техникалық бақылау бөлімі өнімді қабылдайды. Оларды белгілейді және де егер ұйым стандарты қарастырылған болса, өнім мен оның қораптарына және жалдама құжаттарына мөр және сәйкес таңбалар басылады. Қабылданған өнімдер тиеліп, жөнелтіледі немесе жауапты сақтауға өткізіледі.
2. Мезгіл – мезгіл сынаулар мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
- өнім сапасын терең бақылауда;
- бұдан бұрынғы және кезектегі мезгіл – мезгіл сынаулар аралығында технологиялық процестерді тұрақтандыруды бақылауда;
- өнімдерді қазіргі таңда күші бар конструкторлық және технологиялық құжаттар ұйым стандарты бойынша жасап дайындауды жалғастыру және оларды қабылдау мүмкіншіліктерін растауда.
Сынаулардың өнімді өндіру уақыты бойынша (ай, тоқсан, жарты жылдық және т.б) немесе жасалған бұйымдар саны немесе партиясы бойынша ұйым стандарты немесе жеткізіп беру келісім – шарттарында белгіленеді.
3. Типтік сынаулар, өнімнің (бұйымның) сапа көрсеткішіне әсер етуі мүмкін, егер оның конструкциясында немесе жасау технологиясында өзгерістер енгізуді ұсынудың мақсаттылығын бағалау мақсатында жүргізіледі. Сынауды бұйымдардың конструкциясында өзгерістер енгізілетін даналарында жүргізіледі.
4. Өнімнің (бұйымның), адамдардың өмірінің, денсаулығының немесе мүліктерінің қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік стандарттар талаптарының сәйкестігін анықтау үшін, сонымен қатар адамның өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін міндетті болып табылатын сертификациялық сынаулар жүргізіледі (қабылданған өнімдер үшін).
8. Тіршілік цикілінің барлық кезеңдерінде өнім сапасын басқару
Өнімнің тіршілік циклының өндіріс алдындағы сатыларындағы мақсаты – өнімді зерттеу және оны жасап дайындауды негіздеу - жобаланатын өнімге қойылатын талаптарды жасап дайындау болып табылады. Бұл талаптар өнім дайындаушылар мен шығарушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып шығарылатын өнімнің жоғары деңгейін қамтамасыз ететіндей болуы қажет. Бұл мақсаттарды шешудің бастапқы мәліметтері маркетингтік қызметтің нәтижесімен анықталады.
"Маркетинг" термині market деген ағылшын сөзінен алынып, нарық жағдайындағы кызметті көрсетеді
Кәсіпорынның осы кызметіне байланысты екі ерекшеленген қызмет түрін айтуға болады. Олар өнімнің тіршілік циклының маңызы және сатыларына байланысты әртүрлі болады.
Бірінші түрі кәсіпорынның өнімге қойылатын талаптарды дайындау мақсатында, оның шығарылуын қамтамасыз ету мүмкіншілігін іске асыруы бойынша рыноктың және оның мүмкіншілігін талдауды қамтиды. Бұл өнімнің жобалау алдындағы сатысында және жобалау кезінде жүргізіліп, зерттеулер мен жобалау нәтижесінде рынокта бәсекелес мүмкіншілігі бар бұйымдарды жасауға бағытталады. Бұл дегеніміз басқа кәсіпорындарда шығарылатын осындай (ұқсас) өнімдерге орын бермей, тұтынушылардың белгілі контингентін өзінін тұтыну қасиеттері мен экономикалық көрсеткіштері бойынша камтамасыз ету.
Екінші түрі өнімді рынокта өтуіп (сатылуын) қамтамасыз ететін жұмыстар мен іс-шаралардын нақты жиынтығы болып табылады. Ол өнімнің тіршілік циклының екі - өндіріс және жұмысқа пайдалану сатыларына, жатады. Ол өнімді сату (өткізу) және осы өнім шығарушы кәсіпорын үшін экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін сатуды жоспарлау, сату, жарнамалау және басқа да жұмыстарды қамтиды.
Жаңа өнімді жасап дайындаумен немесе өндірілген өнімнің түрлерін өзгертумен байланысқан нарық жағдайындағы қызметтің бірінші түрі мынадай кіші түрлерді қарастыруы қажет :
1. Шығарылатын немесе шығарылуы жоспарланған өнімді талдау;
2. Тұтынушыларды және баға саясатын жасауды талдау;
3. Өнімді сатудың болжаланған рыногынын сыртқы ортасын талдау;
4. Рыноктың тенденциясын талдау.
- Шығарылатын немесе шығарылуы жоспарланған өнімді талдау. Бұл қызметтің мақсаты өнім және оны шығару шарттары жөніндегі жағдайлар бойынша ұйым басшылығының анық білуін және осының негізінде алға қойылған мақсатқа жету жоспарын жасап дайындау болып табылады. Таңдау мынадай аспектілер бойынша жүргізіледі:
• өнім;
• оны жасау технологиясы;
• өндірісті (құжаттардың жағдайларын, кадрларды, байланысты және т.б. қоса отырып) ұйымдастыру.
Осы талдаудың нәтижесінде тұтынушылар мен сыртқы ортаны талдауды ескере отырып, өнімді жасауды немесе оның түрлерін өзгертудің техникалық тапсырысы жасалады, ол содан соң техникалық шарттар, конструкторлық және техникалық құжаттар, сонымен қатар іс-шаралар жоспары ("нарықтық кызметтер жоспары", "бизнес-жоспар") дайындалады.
- Тұтынушыларды және баға саясатын жасауды талдау.
Өнім жеткізіп беруші тұрғысынан қарағанда тұтынушының манызды сипаттары оның өнім сапасына және бағасына қоятын талаптары болып табылады.
2.1 Қазір жұмыс істейтін және де келешекте жұмыс істеуі мүмкін тұтынушыларды талдау дегеніміз тұтынушылар мен олардың кажеттіліктерінің экономикалық, әлеуметтік, географиялық, демографиялық (халықтың санын, құрамын және орналасуын сипаттайтын) және басқа да сипаттарын зерттеу болып табылады.
Осыларға байланысты нарықтық қызметтің тұтынушыларды түрге бөлу (типологиясы), рынокты бөлу (сегментациялау) және панелді зерттеулер сияқты тәсілдері қолданылады.
Типология дегеніміз әртүрлі критерилер негізінде тұтынушыларды таптастыру болып табылады. Типологияның ең көп таралған әлеуметтік-экономикалық және демографиялық сипаттар жыныс, жас, қызмет, пайда, жанұя құрамы және т.б. еске ала отырып таптастырылған түрі болып табылады. Сегментация халықтың белгілі бір түр (тип) топтарына қойылатын талаптардың сандық параметрлерін анықтауға бағытталады. Типология және сегментация жасаудың ақпараттық-әдістемелік базасы болып панелді зерттеулер болып табылады.
Тұтыну панелі дегеніміз оларды тандап алып, оларға жүйелі түрде бақылау жүргізілетін тұтынушылардың жиынтығы.
2.2. Тіршілік циклдың осы сатысында баға саясатын жасау, соңынан баға саясатын анықтайтын мәселелерді анықтауды қамтиды.
Бұл мәселелерге баға мен сұраныс арасындағы байланысты анықтау жатады. Әдетте, баға мен сұраныс арасы кері пропорционал байланысты, бірақта осы ережедсн ауытқу болуы да мүмкін.
Сонымен қатар, баға саясатын жасау кезінде мынадай факторларды ескеру қажет:
- бағаның өнім сапасы деңгейіне, оны жұмысқа пайдалану кезіндегі экономикалық тиімділігіне байланысы;
2. шығындар мен пайда қатынастарын бағалауды жүргізетін және бәсекелестердің осындай нәтижелерін салыстыратын ұйымдардың (мысалы. тұтынушылар қоғамы) болу немесе болмауы;
3. экспортка (сыртқа) шығарылатын өнімдер үшін - өнімді жеткізіп беру көзделіп отырған елде баға деңгейіне, пайдаға және бағаны өзгерту еркіндігіне шектеулер барлығы немесе жоқтығы;
4. өнім шығару циклдерінің сатылары қандай немесе бағаны анықтау, сату көлемінің өсуі, рыноктың толуы немесе сұрапыстың төмендеуі мерзімдеріне сәйкес екендігі немесе сәйкес еместігі.
Мына 16-суретте өнім жасалуы бойында сату көлемі және пайданың байланысының типтік сипаты көрсетілген.
Мұнда бірінші мерзім өнімді рынокқа өндіруге, екінші өнімді сатудың жоғарылауы немесе пайданың өсуі, үшінші - ең жоғары сату және ең жоғары пайда табу мерзімі. Төртінші мерзімде құлдырау басталады. Бұл мерзімде сату көлемін ұлғайту мақсатында бағаны төмендету және осы арқылы пайданы өсіру мүмкіншілігі туындайды. Мұндай іс-шаралар қарастырылған циклдің кез-келген сатысында жүргізілуі мүмкін.
1-сурет. Өнімнің сатылу көлемі және пайданың уақытка байланысының типтік сипаты
Баға саясатында бағаны түсіру маңызды орын алады. Маусымдық бағаны түсіру осы маусымдағы өтілімі жоғары тауарлардың тез сатылуын қамтамасыз етеді: мысалы, жаңа жылдың алдында – шырша ойыншықтарын; бақтар құрал-саймандарын – көктем және күз айларында; туристік тауарларын – кезекті демалыс кездерінде және т.с.с. сату. Кейде маусым аяқталған соң тауарларды арзан бағамен сату да қолданылады.
Бағаны түсіру қолма-қол және белгіленген мерзімде сату кезінде де қолданылады. Мысалы, егер тауар бағасы 10 күннің ішінде төленсе, сатып алушының бағаның 2% түсімімен төлеуі, ал 11 күн және одан көп болса түсім болмауы мүмкін және т.с.с.
Көтерме сауда кезінде бағаны түсіру (түсім) жиі қолданылады.
3. Өнімді сатудың болжаланған рыногының сыртқы ортасын талдау.
Өнім жеткізін берушіге қатысты сыртқы орта тағайындалуы бойынша ұқсас өнім шығаратын кәсіпорындар мен олардың өнімдері болып табылады. Сонымен қатар, өнім сатылатын аймақтар немесе елдер және олардың техникалық және әлеуметтік нормалары немесе үлестері.
3.1. Орындалатын іс-шаралардың екі аспектісінің біріншісі ұқсас өнімдер, олардың сапа көрсеткіштері, бағасы, шығару көлемі, өткізу рыногы, тұтынушы және сатып алушы елдер мен фирмалар, шикізаттар, материалдар мен комплекттеуші бұйымдар жөнінде мәліметтерді талдауды қарастырады.
Жоғарыда келтірілген ақпараттарды сақтау және өңдеу тәжірибесі «Өнімнің сапа деңгейінің картасы»-ында келтірілген формаларда көрсетілтен. Бұл ақпараттар жобаланатын өнімнің сапа деңгейін бағалауда пайдаланылады. Біздің елімізде және шет елдерде өнеркәсіптік каталогтар кең колданылады.
Мсыалы, Ресей және АҚШ сияқты елдерде катлогтардың мемелкеттік жүйесі бар.
3.2. Іс-шаралардың екінші аспектісі өнімді импорттайтын (ішке кіргізетін) елдердің техникалық және әлеуметтік нормаларын қамтамасыз етуге бағытталған немесе мыналарды қамтамасыз етуі:
• сапаның сәйкес деңгейін;
• пайдаланған өнімнің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау деңгейін;
• моралды - этикалық ережелер мен нормаларға сәйкестігін.
4. Рыноктың тенденциясын талдау
Ол сұраныс пен ұсыныстардың динамикасын, техникалық прогрестің бағыттарын және оның сапа көрсеткіштеріне әсер етуін, бағыттарының, өнімді жетілдіру бағыттарын анықтауды қарастырады. Бұл мәліметтер тактикалық мақсаттар, мысалы өнім өткізуді жоспарлау мен басқару үшін және де стратегиялық мақсаттар өнімнің дамуын, технологиясын мен өндірулерін болжайтын, жаңа өнімді жобалау үшін қажет.
Қазіргі таңда рынокты зерттеумен коммерциялық шарттарға негізделгені зерттеу және консультациялық фирмалар, жарнама агенттіктері, бірқатар сатумен өнеркәсіптік одақтар айналысады.
17-суретте нарықтық қызметтің бірінші түріндегі процестерді жүргізуге байланысты іс-шаралар келтірілген: өнім жеткізіп беруші немесе апарылатын немесе шығарылуға жоспарланған өнімдерге талдау жүргізетін маркетингтік қызметтер жүргізетін кәсіпорын; өнімнің сапа көрсеткіштері және дамуына өздерінің талаптары мен тілектерін қоятын зерттеу мен әсер ету обьектілері болып табылатын тұтынушы; кәсіпорын өнімдсрімен бәсекелесетін ұқсас - бұйымдар; өнімді өткізу аймағында немесе өнімді елге кіргізу - мемлекеттерінде қолданылатын техникаық және әлеуметтік нормалар, сұраныс және ұсыныстардың, талаптардың және басқа да сипаттардың динамикасымен сипатталатын рынок.
|
|
|
|
2-сурет. Маркетингтік қызметтің бірінші түрінің негізгі объектілері
Өнімнің тіршілік циклының өндіріс сатысында сапаны басқару.
Өндіріс белгілі өндірістік құрылымы бар зауыт, фабрика, комбинат, кәсіпорын арқылы жүргізіледі.
Өндірістік құрылым дегеніміз араларындағы байланыстары көрсетіліген кәсіпорынның цехтары және қызметтері құрамы.
Жұмыс орны дегеніміз техникалық жабдықтарды іске қосатын жұмыс істейтіндер (жұмысшылар), жабдықтар және енбек құралдары орналасқан кәсіпорынның карапайым бірлігі (орналаскан жері).
Өндірістік учаске дегеніміз заттык немесе технологиялық принциптері бойынша ұйымдастырылған жұмыс орындар тобы. Цех - өндірістік учаскелер жиынтығы.
Өндіріс түрі – өндірістің бұйымдарды жасау өдістерін қолдану белгісі, мысалы, құю, пісіру өндірісі, бойынша ерекшелінетін топтастырылған категориясы.
Өндіріс типі – өндірістің номенклатура кеңдігі, реттелуі, тұрақтылығы және өнім шығару көлемі белгілерімен ерекшелінетін таптастырылған категориясы.
Өндіріс типтері бірлік, сериялық және көпшілік (жаппай) деп бөлінеді.
Бірлік өндірісі дегеніміз әдетте қайталап жасау және жөндеу қарастырылмайтын біртүрлі өнімдердің аз көлемімен сипатталатын өндіріс.
Сериялы өндіріс дегеніміз мезгіл-мезгіл қайталанылатын партиялармен шығарылатын бұйымның жасалуы мен жөнделуімен сипатталатын өндіріс. Бұл өндіріс азсериялы, ортасериялы және ірісериялы болуы мүмкін.
Жаппай өндіріс дегеніміз берілген уақыт бойында көптеген жұмысшы орындарда бір ғана жұмыс операциясы жүргізілетін үздіксіз жасалынатын және жөнделетін бұйымды шығару көлемінің көптігімен сипатталатын өндіріс.
Кәсіпорынның типтік өндірістік құрылымы мынадай бөлімдер мен қызметтерді қарастырады (қазіргі таңдағы ірі кәсіпорындар үшін):
• бас конструктор бөлімі;
• бас технолог бөлімі;
• бас механик бөлімі;
• бас энергетик бөлімі;
• бас метролог бөлімі:
• техникалық бақылау бөлімі;
• сапаны басқару бөлімі;
• стандарттау бөлімі;
• маркетииг бөлімі;
• персонадды басқару бөлімі;
• жоспарлау - экономикалық бөлімі;
• қамтамасыздандыру бөлімі;
• өткізу болімі;
• цехтар.
Бұл құрылымды директор және техникалық басшы бас инженер басқарады.
Әрбір жұмыс орнында белгіленген талаптарды қамтамасыз ететін бастапқы материалдарды (шикізатты) басқа түрге айналдыратын іс-әрекеттер жүргізіледі. Әрбір жұмыс орнында жұмыс қаншама дұрыс орындалса, соңғы өнімнің сапасы соншама бағынышты.
Басқару - бұл объектінің алдына қойған мақсатына жетуге бағытталған көптеген әсерлердени таңдалып алынған ақпараттардың негізінде объектіге әсер етеді.
Басқарылатын объект пен оған жалғанған басқару құрылымы басқару жүйесін құрайды.
Басқару жүйелерінде басқарудың негізгі міндеттерінің төрт түрі шешіледі:
- тұрақтандыру (стабилизация);
- бағдарламаның орындалуы;
- ізге (соңына) түсу;
- тиімділеу (оптимизация).
Сапа басқару кезінде осы міндетгердің барлығы шешілуі керек. Бірақ уақыттын кейбір интервалдарында тұрақтану (стабилизация) міндеттері ең көп қолданылады. Бұл тұрақтандыру құжаттарында келтірілген өнімнің сапа көрсеткіштерінің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуден құралады. Құжаттардың талаптарының сақталуының кепілі технологиялық тәртіптерді қатаң сақтау болып табылады немесе өнімнің техникалық құжаттарында көрсетілген талаптар мен нормаларды орындау.
Өнімнің өмірлік кезеңінің процестері
Өнімнің өмірлік кезеңінің процестерін жоспарлау.
Ұйым өнімнің өмірлік кезеңін қамтамасыз етуге қажетті процестерді жоспарлауы және әзірлеуі керек. Өнімнің өмірлік кезеңінің процестерін жоспарлау сапа менеджменті жүйесінің басқа процестеріне (4.1) талаптарымен сәйкестендірілуі керек.
Өнімнің өмірлік кезеңінің процестерін жоспарлаған кезде, ұйым, егер бұл мақсатқа сай болса
-сапа саласындағы мақсаттар және өнімге талаптарды;
-процестерді, құжаттарды әзірлеуге, сондай –ақ өнімге қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге қажеттілікті;
-өнімге қажетті верификация (растау) және валидтеу (бекіту) маниторинг, бақылау және сынау жөніндегі қажетті әрекеттерді, сондай –ақ өнімді қабылдаудың критерилерін;
-өнімнің өмірлік кезеңінің процестері және алынған өнімнің талаптарға (4.2.4) жауап беретіндігі туралы куәлікпен қамтамасыз ету үшін қажетті жазбаларды бекіту керек.
Бұндай жоспарлаудың нәтижесі ұйымның жұмысының әдісіне жақын келетін нысанда бола алады.
Ескерту:
Сапа менеджменті жүйесінің процестерін (өнімнің өмірлік кезеңінің процестерін қоса) анықтайтын құжат және нақты өнімге, жобаға немесе шартқа қолданылуға жататын ресурстар сапа жоспары ретінде қарастырыла алады.
Өнімнің өмірлік кезеңінің процестерін әзірлеуде , ұйым, 7.3 келтірілген талаптарда қолданыла алады.
Тұтынушылармен байланысты процестер
Өнімге қатысты талаптарды анықтау
Ұйым
-тұтынушылармен бекітілген талаптарды жеткізу бойынша және жеткізуден кейінгі әрекетке талаптарды қоса;
-тұтынушымен бекітілмеген, бірақ қажет жерде арнайы немесе болжалданған жерде пайдалануға қажетті талаптарды;
-қажет жерде өнімге қатысты заңнамалы немесе регламенттейтін талаптарды ;
-ұйыммен бекітілген басқа да қосымша талаптарды анықтау керек.
Өнімге қатысты талаптарға талдау
Ұйым өнімге қатысты талаптарды талдауы керек. Бұл талдау ұйыммен тұтынушыға өнімді жеткізуді ұсыну, шарт немесе тапсырысты қабылдау, шартқа немесе тапсырысқа өзгерістерді қабылдау немесе қабылдағанға дейін жүргізілуі керек және
-өнімге талаптардың анықталғандығын;
-шар немесе тапсырыс талаптарының бұрынғы нысандалғанынан айырмашылықтарының келісілуін;
-ұйымның бекітілген талаптарды орындай алуын қамтамасыз етуі керек.
Талдау нәтижесінің, талдаудан шығатын кейінгі әрекеттердің жазбалары жұмысшы қалыпта ұсталынуы керек.
Тұтынушылар талаптарын құжатталған өтініш пен қамтамасыз етпейтін жағдайда, тұтынушылар талптары, олардың қабылданғандарына дейінгі ұйыммен бекітілуі тиіс.
Егер өнімге талаптарға өзгерістер енгізілсе, ұйым сәйкес құжаттардың дұрысталуын, ал мүдделі қызметкерлер өзгертілген талаптар туралы хабардар болуын қамтамасыз етуі керек.
Жобалау және әзірлеу.
Жобалауды және әзірлеуді жоспарлау және басқару қажет.
- жобалау және әзірлеудің кезеңдерін ;
- жобалау және әзірлеудің әрбір кезеңіне сәйкестенген талдауды, верификация және валидтеуді жүргізуді;
- жобалау және әзірлеу саласында жауаптылық пен өкілеттікті бекітуі керек
Ұйым, тиімді байланыс және жауаптылықты нақты тартуды қамтамасыз ету мақсатында, жобалау және әзірлеумен айналысатын түрлі топтардың өзара әрекетін басқаруы керек.
Жобалау және әзірлеудің дамуына қарай, егер бұл мақсатқа сай болса, шығысты жоспарлау көкейкесті етілуі керек.
Жобалау және әзірлеудің шығыс деректері
Жобалау және әзірлеудің шығыс деректері жобалау және әзірлеуге кіріс деректерге қатысты верификация жүргіздіре алатын нысанда ұсынылуы керек, сондай –ақ олардың жарыққа шығуына дейін бекітілуі тиіс.
Жобалау және әзірлеудің шығыс деректері .
-жобалау және әзірлеудің кірісдеректеріне жауап бере алулары;
-сатып алу, өндіру және қызмет көрсету жөніндегі сәйкес ақпаратпен қамтамасыз етуі;
-өнімді қабылдау критерилерінен немесе оларға сілтемелерден тұруы;
-өнімнің қауіпсіздігі жән дұрыс пайдалануы үшін қажет мінездемелерді анықтауы керек.
Жоба мен әзірленімге талдау.
Жақын кезеңдерде жоспарлы шараларға сәйкес жоба мен әзірленімге.
-жобалау менәзірленудің нәтижелерінің талаптарға жауап бере алу мүмкіндігін бағалау.
-қандай –да болмасын проблемаларды анықтау және қажет әрекеттер жөнінде ұсыныстар енгізу мақсатымен жүйелі талдау жүргізіліп тұруы керек.
Бұндай талдауға қатысушылардың құрамына жобалау мен әзірлеулерді талдаудың кезеңдеріне қатысы бар бөлімшелер, өкілдіктер қосылуы керек.Талдау және барлық қажетті әрекеттердің нәтижелерінің жазбасы жұмысшы қалыпта ұсталынуы тиіс.
Жоба мен әзірленімді верификациялау.
Жобалау мен әзірлеудің шығыс деректері жобалау мен әзірлеудің кіріс деректерінің талаптарына жауап беретініне көз жеткізу үшін жоспарлы шараларға сәйкес верификация жүзеге асырылуы тиіс. Верификация нәтижелерінің және барлық қажетті әрекеттердің жазбалары жұмысшы қалпында ұсталынуы тиіс.
Жоба және әзірленімді валидтеу
Жоба және әзірленімді валидтеу нәтижесінде алынған өнім белгілі жерде бекітілген қолдану мен ұсынылатын пайдалану талаптарына жауап бере алатынына көз жеткізу мақсатында жоспарлы шаралар мен жүзеге асырылуы тиіс. Мақсатқа сай жерде валидтеу өнімді жеткізу немесе жүзеге асырғанда айақталуы тиіс. Валидтеу нәтижелерінің және барлық қажетті әрекеттердің жазбалары жұмысшы қалпында ұсталынуы тиіс.
Жоба және әзірленім өзгерістерін басқару.
Жоба және әзірленім өзгерістері сәйкестендірілуі керек, ал жазбалар жұмысшы қалпында ұсталынуы тиіс. Өзгерістер талдануы, верификациялануы және бекітілуі,егер мақсатқа сай болса енгізілгенге дейін мақұлдануы керек. Жоба және әзірленім өзгерістеріне талдау, өзгерістің құрамдас бөліктерге және жеткізілген өнімге әсер ету бағасын қосу керек.
Өзгерістерге талдау нәтижесі және барлық қажетті әрекеттердің жазбалары жұмысшы қалыпта ұсталынуы тиіс.
Сатып алулар.
Сатып алулар процесі.
Ұйым, сатып алынған өнім, сатып алуларға бекітілген талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз етуі керек. Жеткізуші мен сатып алынған өнімге қатысты қолданылатын басқару түрі мен деңгейі, сатып алынған өнімнің кейінгі өнімді өндіруге немесе дайын өнімге әсер етуіне қатысты болуы керек.
Ұйым, тұтынушыларды, ұйым талаптарына сәйкес өнімді жеткізу қабілеті негізінде оларды бағалауы және талдау керек Сұрыптау, бағалау және қайта бағалау критерилері әзірленуі.
- сэйкессіздік себептерін бекітуге;
-сэйкессіздіктің қайталануынан болдырмау үшін эрекеттер қажеттігін бағалауға;
- қажетті эрекеттерді анықтау жэне жүзеге асыруға;
- қабылданған эрекеттер нәтижесінің жазбаларына;
- қабылданған түзетуші әрекеттерді талдауға талаптарды анықтау
үшін қү-жатталған процедура эзірленуі тиіс.
Ескертуші әрекеттер.
Үйым элеуетті сэйкессіздіктердің себептерін, олардың қайтадан туындауын болдырмау мақсатында эрекеттерді қабылдауы керек. Ескертуші эрекеттер анықталған элеуетті сэйкессіздіктерге эсер етуге септігін тигізуі керек:
- элеуетті сэйкессіздіктер жэне олардың себептерін анықтауға;
-сэйкессіздіктердің пайда болуының алдын алу мақсатында эрекеттердің қажеттігін бағалауға;
- қажетті әрекеттерді анықтау жэне жүзеге асыруға;
- қабылданған әрекеттердің нэтижесінің жазбаларына;
- қабылданған ескертуші эрекеттерді талдауға талаптарды анықтау үшін құжатталған процедура эзірленуі тиіс.
Осы курстық жүмыста «Дани Нан» АҚ-ның технологиялық процесіндегі бейтараптау бөлімшесіне жоғарыда келтірілген ИСО 9001 элементтерінің ішіндегі «Түзетуші-ескертуші эрекеттер» элементі бойынша қүжаттамалар эзірледім. Ол қүжаттар төменде көрсетілген.
9. Сынау түсінігі. Сынау түрлері.
Стандарттау аймағындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау.
Мемлекеттік қадағалаудың мақсаты жұмыс, өнім сапасын, мұнан былай өнім, өмір және азаматтардың денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздік қамтамасыз ету мәселелерінде мемлекет мүддесі мен тұтынушылар құқығын қорғау болып табылады.
Мемлекеттік қадағалаудың негізгі мәселелері болып табылады:
- өнімге міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттардың бүлінуін заңды және жеке тұлғалар жағынан болдырмау және бұлтартпау;
- сертификаттау ережелерін, сертификатталған өнім сапасын сақтауға бақылау;
- нормативтік құжаттардың белгіленген міндетті талаптарын және міндетті сертификаттау, Қазақстан Республикасында шығаралатын және таратылатын өнім сапасының күйін заңды және жеке тұлғалар сақтау туралы сенімді ақпаратты басқа мүдделі мекемелерге, мемлекеттік органдарға ұсыну.
Мемлекеттік қадағалау объектісі болып табылады:
- өнім, соның ішінде шетелдік;
- халыққа қызмет, жұмыстар;
- нормативтік техникалық (конструкторлық, технологиялық, жобалық) және өнімге, (жұмыс, қызметке) басқа құжаттама;
- дайындаушылар (сатушылар, орындаушылар) өнімдерін, сынау зертханалары (орталықтары), сертификаттау органдарын міндетті тіркеу жөніндегі жұмыстар.
Мемлекеттік қадағалау Қазақстан Республикасы аумағында заңды және жеке тұлғаларда, өмірдің өміршендік кезеңінің кез келген сатысында, шетелдік фирмаларды қоса жүзеге асырылады: өнімді өндіріске жеткізу және әзірлеу, оны дайындау, тарату (жеткізу, сату), пайдалану (қанау), сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату, сонымен қатар процесстерді (жұмыстарды) орындау мен қызмет көрсету.
Мемлекеттік қадағалау Мемстандарттың лауазымдық тұлғалармен және мемқадағалау жөніндегі оның ведомстваға қарасты аумақтық органдарымен Мемстандарт белгіленген тәртіпте аттестатталған және белгіленген үлгілі куәлігі бар мемлекеттік инспекторлармен жүзеге асырылады.
Тексеруге бақылау және қадағалау қызметтерін орындайтын басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық мекемелердің өкілдері, сертификаттау жөніндегі сарапшы аудиторлар тартылады.
Барлық жағдайларда Мемстандарттың лауазымдық тұлғалары немесе мемқадағалау жөніндегі оның аумақтық органдары басқарады.
Мемстандарт құзырына жататын, мемқадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының бас мемлекетік инспекторы Мемстандарт төрағасы болып табылады.
Бас мемлекеттік инспектордың орынбасары Мемстандарт төрағасының орынбасары болып табылады.
Облыс, бекітілген аумақтардың бас мемлекеттік инспекторы мемқадағалау жөніндегі Мемстандарттың аумақтық органдардың басшысы және негізгі бөлімшенің орналасқан жеріне тыс тұрған оның құрылымдық элементтері.
Мемқадағалау жүргізген кезде сыртқы қарау, өнімді сәйкестендіру, өлшеу және сынау бақылауы мен қадағалау нәтижелерінің сенімділігі мен әділдігін қамтамасыз ететін басқа әдістер қолданылады.
Заңды тұлғалардың басшылары мен жеке тұлғалар оларға тексеру жүргізген кезде мемлекеттік инспекторларға оларды орындау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті:
- мемлекеттік инспектор куәлігін және мемқадағалаудың аумақтық органында, және қажет болса, заңдарда белгіленген талаптарға сәйкес прокуратура органдарында тіркелген тексеру тапсырмасын ұсынған кезде қызметтік және өндірістік бөлмелеріне еркін рұқсатын;
- мемлекеттік қадағалау үшін қажетті құжаттар мен деректерді, сынаулар мен өлшеу құралдарын, тексеру актілерін рәсімдеуге арналған бөлмелер мен ұйымдастыру техникасын, сынауға үлгілерді жеткізуге арналған көлік құралдарын ұсыну, актілерге, хаттарға қол қоюға құқығы бар жауапты тұлғаларды бөлу тиіс;
- сынау талдау, өлшеу жүргізуге, тексерілетін объект шығындарына жаратылған үлгілер мен шығындардың құнын жатқызып нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына олардың сәйкестігін бақылау үшін өнім үлгілері мен сынамаларды іріктеу.
Мемлекеттік қадағалау төмендегілерді ескеріп таңдаулы тексерулер арқылы жүзеге асырылады:
- жыл сайын Мемстандартпен белгіленген мемлекеттік қадағалаудың басымдылық бағыттарын;
- Үкімет, Мемстандарт және жергілікті атқарушы органдардың мақсаттық тапсырмаларын;
- нақты заңды (жеке) тұлғаларды тексеруді талап ететін тұтынушылар шағымдары мен басқа жағдайларды;
- сертификаттау жөніндегі органдар мен тіркелген сынау зертханалары (орталықтары) туралы Қазақстан Республикасы Мемтізілімінің деректерін.
Өнімді дайындаушылармен нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын сақтаудың жоспарлық тексерулерінің дүркінділігі жылында бір рет.
Өнімнің өміршеңдік кезеңінің басқа сатыларында жоспарлық тексерулерінің дүркінділігі белгіленбейді және бүлінулер мүмкінділігі мен барлығына байланысты.
Өнімге нормативтік құжаттармен белгіленген талаптарды, жоғарыдағы мекемелер мен жергілікті билік органдарының қосымша тапсырмаларын заңды және жеке тұлғалар бұзған фактілері бойынша мемқадағалау жөніндегі аумақтық органдарға шағымдар мен кінәрәт талап түскен кезде, жоспарлы тексеру жүргізілсе де, немесе жүргізілмесе де, осы тұлғаларға жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.
Нормативтік құжаттардың міндетті талаптары, міндетті сертификаттау ережелері бұзулары тексеру нәтижесінде табылған және бұзуларды жою үшін көрсетілген мерзімі біткеннен кейін, заңдармен белгіленген ұйғарымдар берілген кезде берілген ұйғарымдарды орындауға тексеру жүргізілуі тиіс.
Бұрын берілген ұйғарымдарды орындауды тексеру оларды орындау үшін белгіленген мерзімге дейін ұйымдастырылуы мүмкін, егер ұйғарым берілген заңды тұлға мемқадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелерге табылған бұзылулар туралы хабарласа және тиісті рұқсаттарды беру туралы өтінсе.
Мемқадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелер ұсыныстары бойынша қалыптастырылатын сертификаттау жөніндегі органдар қызметтерін тексеретін комиссясынан басқалар, сертификаттау жөніндегі органдардан басқа мемқадағалаудың кез келген объектісін тексеру жөніндегі комиссия облыстың Бас мемлекеттік инспекторымен анықталады және бекітіледі, және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы немесе оның орынбасары бұйрығымен бекітіледі.
Стандарттау жқніндегі нормативтік құжаттар талаптарын сақтауға мемлекеттік қадағалау жүргізуді ұйымдастыру.
Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын сақтауға мемлекеттік қадағалау жүргізген кезде белгіленген талаптарды сақтауға бағалау жүргізілуі тиіс.
Осы мақсатпен өнімнің сыртқы түрін қарау, оның сәйкестендірілуі жүргізіледі және оларға сынау жүргізу үшін өнім үлгісі таңдалады.
Іріктеу әдісі мен іріктелген үлгілердің саны нақты өнімнің стандарттар талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Егер өнім стандарты тұтас бақылауды қарастырса немесе үлгілерді таңдау үшін мөлшерлерді белгілемесе, онда іріктеу көлемін тексерілетін объектің басшысы келісім бойынша мемлекеттік инспектормен анықтайды, бірақ тексерілетін топтамадан 10% өнімнен кем немесе тұтас бақылауда үш бұйымнан кем емес.
Үлгілерді іріктеу Б қосымшасы нысаны бойынша актімен ресімделеді.
Нормативтік құжаттар талаптарына өнімнің сәйкестігін бағалау стандарттармен ескерілген бақылау және сынау негізінде жүргізіледі.
Өнімді сыртқы қарау тексерілетін объекттің мамандарын тартып мемлекеттік инспектормен бақыланады.
Үлгілерді сынау тексерілетін өнімді сынайтын кез келген тіркелген зертханада жүргізіледі.
Тіркелген зертхана жоқ кезде сынауларды аттестталған зертханаларда жүргізу рұқсат етіледі.
Іріктелген үлгілерді басқа өнімдерден оқшалайды, буып түйеді, пломбылайды немесе мөр басады және сынау бағдарламасы көрсетілген іріктеу актінің көшірмесімен және В қосымшасы нысаны бойынша жолдама бағытхатымен сынауға жібереді.
Үлгілер алынған өнім топтамасы, сынау біткенге дейін тарутуға жатпайды, тез бұзылатын өнімдерді қоспағанда.
Сынау көлемін тапсырмаға байланысты, тексеруді басқаратын мемлекеттік инспектор белгілейді.
Дағдыдағыдай, сынаулар нормативтік құжаттарда белгіленген тек міндетті талаптар бойынша жүргізіледі.
Тұтынушылар шағымдары бойынша тексерулерді жүргізген кезде өнімнің тұтыну қасиетін негіздейтін өнім сәйкессіздігіне сынаулар осы көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Пайдаланылған шығындардың құны мен сынаулар жүргізуге шығындар тексерілетін объектілердің шығындарына жатады.
Сынау жүргізу мүмкін болмаса тіркелген немесе аттестатталған зертханаларда өнімді сынау тексерілетін объект базасында олардың мамандары күшімен мемлекеттік инспектор бар кезде жүргізіледі.
Ондайда сынау жүргізу алдында мемлекеттік инспектор тексерілетін объектті өлшеу құралдары, өлшеу әдістемесі, сынау жабдыұтары, мөлшерленген дәлдікпен бақылау жүргізуге дайындығын қамтамасыз етуіне көзі жетуі тиіс.
Өлшеу бақылауы, сыртқы қарау және өнімді сәйкестендіру сынаулары нәтижесі, Г қосымшасының ұсынылатын немесе еркіндік нысаны бойынша хаттма құрастырылады. Сынаудың құрастырылатын хаттамасы немесе сынау жүргізген, тіркелген зертханамен берілген хаттама тексеру актісіне қосымша болып табылады.
Сынау нәтижелері үлгілер іріктелген өнім топтамасына таратылады.
Сыртқы қарау мен өнім сынау нәтижесі бойынша бұзылулар белгіленбесе, онда тексеру бітеді және осы стандарттың 6.4 тармағына сәйкес акт ресімделеді.
Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына өнім сәйкессіздігі фактілері табылған кезде табылған бұзылулуардың себебі белгіленеді және толық бағдарлама бойынша тексеру жүргізіледі.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімді бақылау процесінде, сонымен қатар тексеріледі:
-уәкілетті органмен берілген сертификаттың барлығы, өнім түпнұсқалығы, ресімдеу дұрыстығы, тіркеу және күшінің мерзімі;
-сәйкестік белгісін қолдану құқықтылығы;
-инспекциялық бақылауды ескеретін, сертификаттау сызбасы бойынша сертификат берген сертификаттау жөніндегі органдармен инспекциялық бақылау жүргізуді растайтын құжаттар барлығы.
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарын сақтауға тексеру жүргізген кезде тексерілетінобъектіде бір мезгілде Мемстандарт бекіткен әдістемелер бойынша сынау және өлшеу құралдарының күйі мен қамтамасыз етілуі тексеріледі.
Дайындаушы-кәсіпорынның сапа жүйесі немесе өнім, сериялық өндірісі белгіленген тәртіпте сертификатталса, оны өндірушіде мемқадағалау органдарымен келесі жағдайларда тексеріледі:
-оларға тұтынушылар шағымдары немесе жоғарыдағы мекемелерден тапсырма болған кезде;
-егер сертификаттау жөніндегі органдар қызметтерін тексеру нәтижесінде оны өнімге сәйкестік сертификатын беру негіссіздігі немесе сертификаттау жөніндегі органдар жағынан сертификатталған өнімдерге инспекциялық бақылауды жүзеге асырған кездегі бұзылулар белгіленген кезде.
Сертификттау және сынау зертханалары жөніндегі тіркелген органдар қызметіне мемлекеттік бақылауды тіркелген таралған олардың қызметтері сәйкестігін анықтау мақсатымен,сонымен қатар Қазақстан Республикасның мемлекеттік сертификаттау жүйесі талаптарын сақтауды тексеру мақсатымен жүргізіледі.
Сертификттау жөніндегі тіркелген органдарға тексеру жүргізген кезде белгіленеді.
- өнім,сапа жүйесі, өндірісті сертификаттау жөніндегі органдарда тіркеу аттестаты барлығы.
- нормативтік құжаттың қажетті қоры және оны көкейтесті ету дер кезінділігі барлығы.
- нажетті персоналмен оның біліктілігі барлығы.
- сертификаттау органдарына бекітілген сертификаттау тәртіптері мен ережелерін анықтайтын құжаттың барлығы.
- сертификттау жөніндегі органдар туралы Ережелерде мемлекеттік сертификаттау жүйесінің құжаттарында белгіленген талаптарды сақтау.
- тіркеу саласына сәйкес өнімге сәйкестік сертификтын беру негізділігі мен рәсімдеу дұрыстығы .
- берілген сертификттарды беру дұрыстығы.
- нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкессіздігіне өнімге сертификат беруден бас тартқан жағдайда.
- қосалқы мердігерлермен жұмыс ережелері.
- сертификатталған өнімге инспекциялық бақылау жүргізу дұрыстығы.
- ішкі аудит жүргізу.
Тіркелген сынау зертқаналарында тексеру жүргізген кезде белгіленеді.
- сертификациялық сынау жүргізу құқығына сынау зертханаларының тіркеу атестатының барлығы.
- зертханаларды тіркеу саласында, сертификациялық сынауларға жататын өнім түрлерінің сәйкессіздігі.
- қажетті персоналмен оның біліктілігі барлығы, лауазымдық нұсқаулықтар, біліктілігін көтеру нысаны.
- сертификациялық сынауларда қолданылатын сынау жабдықтары мен сынау әдістемелері, құралдар күйі мен өлшеу әдістемелері, өлшеу құралдары сынауларды тексеру дер кезінділігі, стандарттық үлгілерді қолдану дұрыстығы,
- сыналатын үлгілердің іріктеу актілері мен үлгілерді белгілеу жүйесі,
- өнім үлгілері нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне сынаулар жүргізу толықтығы,
- сынаулар жүргізу бағдарламасы мен әдістемелерді сақтау.
- сертификациялық сынаулар хаттамаларының дұрыстығы мен рәсімдеу дұрыстығы.
- сынаулар сапасына ішкі бақылау және зертхана сапасын басқару жүйесіне ішкі тексеру жүргізі.
- тұтынушымен, басқа сынау зертханаларымен, сертификаттау органдарымен өзара іс қимылы.
Тексеру нәтижелерін ресімдеу.
Заңды және жеке тұлғаларды тексеру нәтижесінде Д қосымшасының міндетті нысаны бойынша акт ресімделеді.
Тексеру актісі күші бар заңдарға сәйкес әсерлер шараларын қолдану туралы ұйғарымдар мен қаулылар беру үшін негіздеме болып табылатын құжат.
Тексеру актісіне қойылатын негізгі талаптар:
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың, міндетті сертификаттау ережелері мен себептердің талаптарын бұзудың белгіленген фактілерінің сенімділігі мен негізділігі;
-қажетті ақпарат ең көп кезде баяндау қысқалығы;
-тексеру нәтижесінің толықтығы;
-тексеру нәтижесінің әділдігі;
Бұзылулар белгіленген тексеру актілері келесі бөлімдерден тұрады:
-бастапқы деректкерден;
-нормативтік құжаттар талаптары сақтауды тексеру нәтижесінен;
-бұзылу себептерінен;
-тұжырымдардан;
Негізгә актіге аралық актілер қоса жіберіледі: үлгілерпді іріктеу, сынаулар хаттамалары, табылған бұзылулар ж.т.б. туралы куәландыратын құжаттар көшірмелері.
Актіде тексерілген актінің қысқа сипаттамасы беріледі, табылған бұзылулар, олардың себептері жәнеде қолданылатын шараларды негіздеуге мүмкіндік туғызатын басқа деректер көрсетіледі.
Актіге тексерудің барлық қатысушылары қол қояды. Актіде баяндалған деректердің сенімділігі мен әділдігіне жауапкершілікті тексеру басшысы мойнына алады.
Актінің мазмұны тексерілген актінің қол қойған басшысына жеткізіледі. Басшы актіге қол қоюдан бас тартса, онда тсісті белгі жасалады.
Тексерілген актінің лауазымдық тұлғалары актімен қоса жіберілген тексеру нәтижесі бойынша өз пікірін жазбаша түрде баяндауғ құқығы бар.
Бұзылулар белгіленбеген тексеру актілері тек төмендегі бөлімдерден тұрады;
-бастапқы деректерден;
-нормативтік құжаттар талаптарын сақтауға тексеру нәтижелерінен:
Актімен сонымен қатар жіберіледі: үлгілерді іріктеу актілері мен сынаулар хаттамасы.
Өнімнің нақты түрлері және тексеру объектілері бойынша өнімнің өміршеңдік кезеңінің әр түрлі сатыларында тексерулерді жүргізу және ресімдеу жөніндегі қосымша талаптар Мемстандартпен белгіленген тексеру жүргізудің техникалық тапсырмасы мен тексеру әдістемесінде белгіленеді.
ИСО
1963 жылдан бастап КСРО Совет Министрлігі қарамағындағы стандарттау комитеті және өлшеу құралдар басқармасының ғылыми техникалық докторы профессор В.В.Бойцов басқарды. Өнім сапасын басқаруда стандарттаудың мүмкіндіктері әлі толық ашылмаған деді, сондықтан стандаттау сапаны және өнім сапасын басқаруда маңызды рөл атқару керек деді.
1917 жылы Мәскеу қаласында КО 15 конференциясында сапаны басқарудың Еуропалық ұйымы сапаны басқаруды жақсартудағы стандатаудың рөліне арналған конференция өткізді. Бұл конференциядан кейін ЕКО ұйымы жыл сайын конференция өткізіп тұрды. 1972 жылы бұл ұйымда « стандарттау және сапаны басқару » секциясы құрылды.
Барлығыда оңайға соққан жоқ. Түсініспеушіліктер, қарсылықтар, бәстесулер көбейді, бірақ жайлап ЕОК мен қоса әлемдік ғылыми техникалық орталық сапаны басқаруда стандарттаудың объективті нормативті әдістемелік ұйымдастыру рөлін мойындады.
1978 жылы ЕОК президенті, сол уақытта КСРО ң төрағасы болатын, ИСО-ң президентіне өтініш , ал ол КСРО ң төрағасы мемлекеттік стандарттаудың мүшесі В.В. Бойцов болатын. ИСО стандарттары сапаны басқаруда жиналған тәжірибелерін әзірлеуге ұсыныс білдірді. Ұсыныс қабылданып, ИСО президенті өнім сапасын басқарудағы бірінші халықаралық стандарттар жұмысын дайындауды ұсынды. ИСО 9000 және ИСО 8402 стандарттарын көп елдің уәкілдері қабылдады. Англия, Германия, Швейцария, Чехославакия және АҚШ елдерінің ғалымдары және мамандары өздерінің еңбектерін қосты. Өкінішке орай, КСРО мамандары бұл кезде аз қатынасты, ИСО/ТК жұмыстарына қатысуға мемлекетте болып жатқан оқиғалар кедергі болды. Сондықтан қазір ИСО ң құру тарихын еске алғанда, ол ой кімге қатысты екені ескерілмейді.
Ең алғаш ИСО стандарттары 1987 шығарыла бастады. Өнім сапасын басқаруда осылайша жаңа жұмыстар және халықаралық масштабтағы жаңа этаптық ұйымдар жасалына бастады. Көп елдерде жүйелік комплекстік стандарттау сапаны басқаруда орнықты орын алды.
ИСО стандарттары өзінің жағдайларын төмендегідей көрсетеді:
1. Өнім сапасы бұл объект мінездемесін басқарады. Жоғарыда айтылғандай басқару әрекеті: жалпы басқару теориясының принципін жүзеге асыру, сапа тапсырмаларының жоспарларын белгілеу, атқарушы механизмнің іс әрекетін ұйымдастыру, сол тапсырмалардың орындалуын қамтамасыздандыру, тапсырмадан жоспарлап алынған мәліметтерді фактілік маңызымен салыстыру, тапсырманың жоспарын сапаның фактілік маңызының қабыл алмауы, жаңару жағдайларында атқарушы механизм әрекеті тікелей және кері қатынастардың мүмкіншіліктерін жүзеге асыруды қарастырады.
2. Орнатылған талаптар, тұтынушылар сұранысы, тұтынуды қанағаттандыратын осындай өнім сапа деңгейін құру спаны басқарудың өзіндік мақсаты.
3. Сапаны басқару бұл кәсіпорынды жалпы жүйесін құрастыру.
4. Сапаны басқаруда және қамтамасыздандыруда барлық персонал және еңбек ұжымының мүшелері қатысады.
5. Кәсіпорынды басқарудың барлық иерархиялық деңгейі және өнімнің өмірлік циклының барлық қоры сапаны басқаруды жүзеге асыруы тиіс.
6. Сапаны басқару бұл барлық бөлімшелердің өзара әрекеттері барлық өндіріс процесінің қатысушыларының мынадай мақсаты арқылы жүзеге асырылады: сапаны жақсарту және қамтамасыздандыру.
7. Алдын ала дайындалған модель арқылы сапаны басқару жүйесі құралады.
8. Персоналдың жүйелі әрекеті, оның міндеті, жауапкершілігі және құқығы қатаң құжатталынады, периодты түрде қаралады және даңартылады.
ӨСБКЖ өнеркәсіптегі сапаны басқару жүйесі мемлекеттік сапаны басқару жүйесінің тарлу элементі ретінде қарастырылды. Ал ИСО 9000 стандартында олай емес. ИСО стандартының ӨСБКЖ стандартынан екі ерекшелігі бар:
ИСО стандарттарында тапсырыс берушішінің рөлі қатаң тағайындалған. Ол сапа жүйесін орнатуды талап ете алады. Ал өнімді өндірушіберілген және қажетті сапада өнімді жеткізе алатынын дәлелдеуі керек.
өнімді өндірушіде спаның құжатты жүйесі болуы керек.
Сапа жүйесінің инспекциясында тапсырыс берушінің құқығы бар екені ИСО 9000 стандартында көрсетілген. Келісім аяқталғанға дейін өнімді өндіру барысында оның жүйесінет қажетті өзгерістер енгізуіне тапсырыс берушінің толық құқығы бар. ИСО стандарттарында сапаны қамтамасыздандырудың мынадай модельдері қарастырылған:
-жобалауда немесе өңдеуде, өндірісте, монтаждауда, қызмет көрсетуде;
-соңғы бақылауда және сынауда сапаны қамтамасыздандырумоделі.
-өндірісте және монтаждауда;
Сапа менеджмент жүйесін ендіру ерекшеліктері мен мақсаттары
- қызығушы жақтардың қажеттіктерін есепке ала отырып ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту;
- кез келген жағдайда өнімнің сапалы шығуына ұмтылыс жасау;
- өндірісте өнім сапасына ұдайы жақсартуды қамтамасыз ету;
- алдыңғы жыл көрсеткіштеріне қатынасы бойынша өнімнің деңгейін қадағалау;
- өнім шығаруда ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту үшін әзірленген менеджмент жүйесін үнемі жұмысшы қалыпта ұстау;
TQM қадамы МС ИСО 9004; 2000 методологиялық сапа жүйесінде баяндалған. МС ИСО тұтынушылар сұранысын қанағаттандыруға аз талаптарды құрайды. ИСО 9000 сериялы стандартпен TQM ді айыратын бірнеше айырмашылықтарды белгілеуге болады.Олар;
ИСО 9000
Көз бояушылықты белгілі бір тұтынушыға қолданудың қажеттілігі.
Техникалық жүйелер мен процедураға көз бояушылық қолдану.
Жұмысшылардың жұмысқа деген қызығушылығының міндетті еместігі.
Үздіксіз жақсаруда көз бояушылықты қолданбау.
Сапаға деген құжаттық жуапкершілігі анықталынып айқындалуы қажет,бірақ көбіне сапаға деген жауапкершілік сапаны басқаратын бөлімге жүктеледі.
Көз бояушылықтың бөлімшелерге бөліну мүмкіндігі.
Негізінен статистикалық.
TQM
Көз бояушылық тек белгілі бір тұтынушыға қолдануылуы.
Көз бояушылықтың философияда, құрал жабдықтар мен оның методологиясында және концепсияда қолданылуы.
Барлық жұмысшылардың жұмысқа қызығушылығының қажеттілігі.
Сапаның жақсаруының бірден бір көзі болып TQM саналады,және сапаның айнымас серігі болып табылады.
Әрбір жұмысшының сапаға жауапкершілігі болуы міндетті.
Бөлімшелер мен қызмет және олардың деңгейінің ұжымдылығы.
Процесс пен мәдениеттің өзгеріп тұруынан құралады.
Ал TQM мен ИСО 9000 стандартының негізгі айырмашылығы, сапаның заман талабына сай басқарылуы белгілі бір жеткен деңгей барда бұйым сапасның жоғарылауына бағытталған шың болып табылады, ал ИСО 9000 сандарты бір жұмыс істелмеу ықтималдығының төмендеуіне бағытталған.
Егер процесс барысында ауытқулар пайда болса, онда ол жағдайды қиындатады,онда мекемеге көп жұмысшы, материал қажет етіледі.
TQM жүйесі қолданатын мекемелерде барлық мәліметтер мен деректер бүкіл мекемеге таралуы керек. Мұндай жағдайда процесстер енегізіледі ал мекеме тұтынушы талабын қанағаттандырылады.Кез келген мекеме нәтижелігі мен өміршеңдігі принципімен сәйкес құрылуына байланысты өсуі мүмкін.
11. Сапаны басқарудың негізгі әдістері. Сапаны басқарудың әдістерінің классификациясы. Сапаны басқаруды қамтамасыз ету.
Сапаны басқаруды қамтамсыз ету анықтамасын белгілеуден бүрын сапаны қамтамасыз ету процесін қарастырамыз.
Сапаны қамтамасыз ету дегеніміз өнімді өндіру кезінде оның қажетті сипаттарын қалыптастыру процесі немесе нэтижесі, сонымен қатар осы сипаттарды сақтау, тасымалдау жэне жүмысқа пайдалану кезінде қолдау. Сапаны қамтамасыз ету үшін қажетті матриалдық база, үйретілген және мүдделі персонал, сонымен қатар жұмыстарды айқын үйымдастыру, соның ішіндесапаны басқару қажет.
Кэсіпорындарда өнім сапасын басқару бойынша жүмыстарды үйымдастыру сапа жүйесін қүруды жэне жүйелерді тиімді жүргізуді қамтамасыздандыру үшін қажетті шараларды қабылдауды қарастырады.
Сапаны басқаруды қамтамасыз ету мэселелерін түсіну үшін сапаны басқару жэне қамтамасыз етудің құрылымдық схемасын қарастырамыз.
Сапа жүйелерінің құрылымдық схемасы кэсіпорынның қүрылымдық схемасы негізінде қүрылады жэне жүйенің қүрылымы -сапа жүйесінде орындалатын функциялардың қүрамы мен барлық қүрылымдық бөлімдердің өзара байланысын көрсету мүмкіншілігін береді. Бүл жерде сапа жүйесінің басқару түйіні -құрамына техникалық бақылау бөлімі, метрологиялық жэне стандарттау бөлімі, сонымен қатар сапа бойынша қызметтерді үйымдастыру, үйлестіру жэне эдістемелік басшылық жұмыстарын жүргізетін сапаны басқару бөлімі кіретін сапа қызметін бөлек блок ртінде көрсетуге болады.
Сапаны басқарудың функционалдық схемасының сапа жүйесініңқүрылымын көрсететін құрылымдық схемасынан айырмашылығы функционалдық схемада сапаны басқару процесін көрнекі көрсету мүмкіншілігі.
Егерде кэсіпорын тапсыыс берушілер мен аудиторларға сапа жүйесінің жұмысын жақсы түсіндіруді жэне көрсетуді қаласа, онда структуралық схемаға қосымша функциналдық схеманы түзуі керек.
Сапа жүйесінің функциялары мен қүрылымдық бөлімдерін анықтаған соң, келесі саты сапа жүйесінің нормативті эдістемелік құжаттардың қүрамын анықтайды.
Бүл дегеніміз сапа жүйеін жасап дайындаудағы өте көлемді және қиын жұмыс. Ол үшін сапаны басқару бөлімі стандарттау бөлімімен жэне сэйкес бөлімдермен -құжаттар авторларымен бірлесе отырып кэсіпорында қолданылатын барлық нормативтік қүжаттардың қүрамын қарастыру жэне бөлімдердің өздерінің функцияларын орындауға кажетті қү-жаттарды анықтауы керек.
Әдетте функциялардың бірқатарын орындау үшін бірнеше қүжаттар керек етіледі. Мысалы, сэйкессіз (жаратылмай тасталған) өнімді басқару үшін ең аз дегенде мыналар қажет етіледі;
-талдау, есепке алу жэне ақауларды бөлектеу бойынша стандарт;
-тү-тынушылардың шағымдарын қамтамасыздандыру бойынша стандарт;
-өнім өндіру кезінде қүжаттардан ауытқуға рұқсаттар беру бойынша стандарт.
Әдетте ең көп құжаттар өндіріс процесінде жылдам бақылау жүргізу үшін қажет етіледі.
Сапа жүйесінің қүжаттарын дайындаудың келесі сатысы -сапа жүйесінде орындалатын функциялар мен міндеттер көрсетілетін, 5 -кестенің 1 -бағанына ендірілген нормативтік құжаттардыжасап дайындау жэне нақтылау.
Бүл үшін кәсіпорынның сапаны басқару бөлімі жұмысты орындаушылар мен мерзімі көрсетілген жоспар —сызбаны (графикті) дайындап, басшылармен бекітуі қажет.Бүл кезде эртүрлі орындаушылармен жасалған қүжаттардың қайталануын жібермеу керек жэне эртүрлі қызметтерді орындауға қажетті қүжаттардың қалып қоюын (құжатқа кірмей қалуын) болдырмау керек.Сапа жүйесінің функциялары мен элементтерін орындау бойынша көп тараған қүжаттары -кәсіпорын стандарты болып табылады. Осымен қатар әртүрлі нүсқаулар, үйғарымдар (бүйрықтар, өкімдер) және басқа қүжаттарды пайдалануы мүмкін.
Сапа жүйесінің функциялары |
Құжаттарды орындаушы -бөлімдер |
Нормативтік құжаттар құрамы |
Қжаттардың жағдайы |
1 |
2 |
3 |
4 |
Сапаны басқарудың қүжаттық даму тарихын 5 кезеңмен байланыстыруға болады. Оларды сапаны дамытудың 5 жүлдызы деп те атайды.
1 кезең. Сапаға бағытталған алғашқы қадамды бірінші жүйе Тейлор жүйесі болып табылады. Бүл жүйе мамандармен инженердің технологиялық жэне өндірістік тағайындалуды болжамдады,ал жүмысшылар тек үжымдық түрде орындауды қарастырды. Бүл жүйе бүйым немесе өнімнің сапа талаптарын тағайындады. Оның ішіне анықталған шаблондар, калибрлер төменгі жэне жоғары мүмкін шектерді белгілейді. Тейлордың функционалды бүл жүйесінің сэтті қамтамасыз етілуі үшін сапа аймағында білікті инспекторлары енгізілді. Ақаулар, жарамсыз бұйымдар үшін жүмысшылырға айып пүл немесе жүмыстан шығару шараларын қолданда. Білікті мамандар дайындауда өлшеуіш жэне бақылау қүралдармен жүмыс істеу көзделді7
Түтынушы мен жеткізіп беруші арақатынасы бекітілген техникалық шарттардың , кіріс жэне шығыс бақылаулардың сақталуын түрғызады.
2 кезең. Тейлор жүйесі кез келген бір бүйымның жоғарғы механикалық сапа басқаруды енгізді. Дегенмен өнім ол өндірістік процестердің орындалу нэтижесі ғана.Кейінірек процестерді басқару керек екендігі анықталды. 1924 жылы Р.Л. Джонс қолдауымен қүрылған топ сапаны статистикалық сапа басқарудың негізгі эдісі деп есептелінеді. Э.Деминг арқылы Японияның экономикасына өз септігін тигізді. Э.Деминг жүмысшы тек жүмыс істеп қана қойса, онда ло қорқыныш сезімін сезеді де алдағы тапсырманы орындауға эсерін тигізеді, ал ол командалық жүмысты бүзады деп түсіндіріледі.
Ал Джуран Э.Демингтің ойларын кеңейте түтынушы талабына сэйкес деген түсінікті енгізді. Менеджер сапаны жоғарлататын іс эрекет жасауын көрсетіп айтты. Сапа жөніндегі инженер маманы пайда болды, ол бақылау карталарын түрғызып ақаулы бүйымдардың себебін анықтайтын қызметін атқарады.
3 кезең. 1950 жылы жалпыға ортақ сапа бақылауы TQM шықты. Авторы американдық ғалым Фейгенбаум болды, оны жылы сапа басқарудың жинақтылығы атты мақаласы жарық көрді. Ең бастысы TQM тің тапсырмасы ретінде өнімнің потенциалды сәйкессіздігі бағаланды. Оған; констукторлық дайындаулар, өнімді құраушы сапасы, жинақтаушы материалдар, өнеркэсіпті басқару жэне де сервисті қызмет етудің дамудағы сапа талаптары кіреді. Фейгенбаум сәйкессіздік себептерін анықтауда сапаға кететін шығынды есептеу жүйесін назар аударуға шақырды. Сапаға көптеген фактарлар эсері еткендіктен оның әр қайсысына көңіл бөлінулер керек. Японияда TQM ойы өз даму жолын тапты. Олар жүжысшыларға қосымшалар енгізді. Көп уақыт олар TQM қолданатынын айтты, Бүл кезеңде сапаны Құжатталған жүйесі пайда болған онда жауапкершілік, өкілеттілік, сонымен қатар мекеме басшылығының сапаға қатынасы кірді. Материалдық ыталандырулар азайды, ал моральді көбейе түсті. Басты сапалы еңбек бүл каллектив жүмысы, оған басшылықтың жұмысшы болашағын ойлап жанүлсына қолдау көрсету кірді. Ал Германияда Ф.Кросби сапаны басқаруда мекемелер ішінде өнерлік сайыстар үсынды.
4 кезең. 80 жылдары жалпыға ортақ сапаны бақылаудан, жалпыға ортақ сапа менеджментіне өтті. Бүл уақытта көптеген жаңа халықаралық сапа стандарты пайда болды. ИСО 9000менеджмент пен сапаны қамтамасыз етеуге өз септігін тигізді. Материалдар мен қамтамасыз көрсетуге өнімдердің программалық, сапасына көп көңіл бөлінетін стандарттар жылы жаңа бағытта шықты. Бүрын өнімнің көлеміне, жеткізу уақытына, шығын мен сапаға шешімдер қабылданса, енді бірініші орынға өнімнің сапасы мен барлық мекеме жұмысы қойылды. Сонда басқару жүйесі мекемені сапаға жұмылдырды. Бүл кезеңді Птоломей мен Коперник түжырымдамасымен салыстыруға болады.
Егер TQM бекітілген талаптарды орындау мақсатындағы сапаны басқару болса, онда TQM мақсатпен талаптардың орындалуын басқарды.Бүл эрдайым сапаны жақсартуға арналған жинақты жүйе болып саналады. Негізгі принцеп ретінде жақсартудың шегі жоқ деп қолданылады. TQM жүмысшы маңыздылығы зор, бүл жүйеде жаңа типті жүмысшылар тобы пайда болды.
5 кезең. 90 жылдары қоршаған ортаның мекемеге эсері көбейеді, ал мекемелер болса көпшілік қызығушылығымен ескере басталды. Бұл ИСО 1400 стандартының пайда болуына экелді. Бүл сапа менеджмент жүйесінен қоршаған ортаға талаптар болды. ИСО 1400 стандарттарына сай сертификатталған сапа жүйесі ИСО 9000 қарағанда белгілі.
Мекеме басшылығы қарамағындағы жұмысшы жағдайын жасауға көңіл бөлінді. Сапаны басқарудың корпаративті жүйесі пайда болды. Бес кезеңнен басты көрсеткіші ретінде ИСО және стандартының енуі болып табылады
12. Сапаны басқарудың құжаттық, кадрлық және ақпараттық қамтамасыз ету
Кадрлық қамтамасыз ету
Персоналдың (кадрлардың) мамандандыруын тұрақты арттыру жэне қайта дайындау ғылыми -техникалық прогресс жағдайында кэсіпорын қызметін тиімді жүргізуді қамтамасыз етудегі маңызды қажеттілік. Оданда басқа кэсіпорынның дамуының келешегі түрғысынан қарағанда кадрлардың өсуіне (дамуына) инвестиция (қаражат) тарту өте тиімді деп саналады.
Жоғары басшылық (басқару органы)кэсіпорынның стратегиясы мен саясатын еске ала отырып, сапа саласындағы саясатты анықтауды, жоспарлауды жэне өзгеріп отыратын сыртқы жэне ішкі факторларды ескеріп жоспарларды жүзеге асуына қол жеткізуді білуі керек. Бүл үшін
олардың сапаны қамтамасыз ету жэне басқару принциптерін анық түсінуі, сонымен қатар кэсіпорында сапа жүйелерін білуі талап етіледі. Сонымен қатар басшылық сапа саласында қолданылатын заңнамаларының негізгі талаптарын жэне жеткізіп берушілер мен тапсырыс берушілер арасында қарым -қатынастарындағы сапа жүйелерінің ролімен маңызын түсініп білуі қажет. Басшылыққа шешім қабылдаудың эртүрлі моделдері мен эдістері және оны мамандар арқылы орындау үшін персоналды мотивациялау (ынталандыру) тэсілдері белгілі болуы керек.
Сонымен қатар орта буын басқару кадрлары өзінің өнімнің дамуы келешегін, кэсіпорынның мүмкіншілігі мен сапа саясаты мен жоспарлауды анықтау кезінде мақсаттары мен бағыттарын қалыптастыру үшін тапсырыс берушілердің талаптарын білуі қажет. Тағы да өз бөлімдерінің сапа жүйесіндегі функцияларын жэне оларды орындау эдістерін үсынады, кэсіпорында қолданылатын сапа жүйелері туралы жалпы түсінігі болуы керек жэне де осы жүйедегі өзінің ролі мен орнын түсіну керек.
Осыларға байланысты кэсіпорын кадрлары (жоғары жэне орта буын) мынадай мәселелерді жетік білуі қажет:
-сапаны басқарудың пайда болуы жэне дамуы;
-сапаны басқару жэне қамтамасыз ету принциптері, сапа саласындағы негізгі терминдер;
- І8О 9000,18014000 жэне қажет болған жағдайларда ()8-9000 жэне т.б. халықаралық стандарттары;
-кәсіпорында сапа бойынша жүмыстарды жүргізу;
-сапаны басқару функциялары(элементтері) жэне оларды кэсіпорын бөлімшелерінде бөлуі;
-өнімді жэне сапа жүйелерін сертификаттау;
-сапа саласындағы қүқықтық мэселелер.
Сапа қызметі кадрлары (қызметкерлері) өздерінің тікелей міндеттерін атқару үшін білімді жэне білікті болуы керек.
Өндірістік кадрлар (жүмысшылар) кәсіпорында қолданылатын сапа жүйесі туралы, бүл жүйедегі өзінің ролі мен орнын, сонымен қатар, ол басқа да қызметкерлермен және әкімшілікпен сапа мэселелері бойынша қарым -қатынастар жасауы керек екендігін білуі керек.
Ақпараттық қамтамасыз ету.
Сапаны басқару бойынша шешімдер қабылдау үшін ақпараттар қажетті және жеткілікті болуы қажет.
Ақпаратты жинақтау және есепке алу, оларды өңдеу және қолданушыларға үсыну, олармен жүмыс істеу эдістері мен қүралдары -ең негізгі мақсат жоғары сапаға жету үшін басқару органдарының іс -әрекеттерін үйлестіруді қамтамасыз ету керек.
Ақпараттық қамтамасыз етудің басқару органдарымен (басшылық ) жэне қызметкерлер мен олардың міндеттері, жеткілігі жэне жауапкершілігіне сэйкес басты талаптарды сақтау, жинақтау, жаңалау, кодтау, кодтарды ашу, радио -теледидар арқылы жүргізу, беру(тасымалдау) , жөндеу мүмкіншілігі, бүрмалау жэне бұзылудан сақтаудолданушылар (түтынушылар) арасында өз мақсатында болу болып табылады.
Сапаны ақпараттық қамтамасыздандыру бойынша жүмыстардың әдістемелік түтастығы (бірлігі) өнім сапасының барлық деңгейінде жэне оны қүрудың жэне іске асырудың барлық кезеңдерінде , сонымен қатар өнім сапасын басқарудың арнайы функцияларының орындалуын қамтамасыз етуде ақпараттық қамтамасыздандыру бірлігіне сүйене отырып нормативті -техникалық жэне ү_йымдастыру -эдістемелік қу-жаттар кешенін қүру арқылы жетіседі.
Сапаны ақпараттық қамтамасыздандыруда стандарттар жэне патенттер туралы ақпараттар ерекше орын алады.Бүл қүжаттарда ресми түрде тексеріліп белгіленген көрсеткіштер, сипаттамалар, ережелер, эдістер туралы мэліметтер көрсетіледі.
13. Сапаны басқару тиімділігін қамтамасыз етуге және анықтауға жұмсалатын шығындар.
Өнім сапасын арттырудың (ӨСА) экономикалық тиімділігін есептеу кезінде шығындар ағымдағы жэне бір -ақ реттік деп бөлінеді.
ӨСА ағымдағы шығындарын анықтау үшін өнім шығаруға кететін шығындар түрғысында оның өзіндік қүнын қарастыруымыз керек. Бүл мэселе Стандарттау жэне сертификаттау мамандығының Кәсіпорын экономикасы курсында арнайы қаралады.
Сапаны арттырудың бір -ақ реттік шығындар қүрамын өнім сапасын басқаруды жоспарлау әдістерімен сэйкес жүргізіледі. Шығындарды жоспарлау жэне есепке алу кезінде басшылыққа алынатын шамамен алынған қүрамы мынадай:
- сапасы жақсарған жаңа өнімді шығаруды дайындау мен игеруге кететін шығындар;
- өнімнің техникалық деңгейін арттыруға, әлеуметтік -экономикалық қасиеттерін жақсартуға, стандарттау жэне унификациялау деңгейін арттыруға, материал сиымдылығын төмендетуге, технологиялылығын жэне жөндеу жарамдылығын жақсартуға бағытталған өнімді жаңартуға кететін шығындары;
- өндірістен ескірген өнімдерді шығаруға кететін шығындар;
- өнімнің сапа көрсеткіштерінің тұрақтандыруды қамтамасыз етуге, технологиялық шығындарды қысқартуға кететін шығындар.
ӨСА шығындарын жылдам басқару оларды жоспарлау жэне есепке алуды Қарастырады.
Басқару жүйесінде ӨСА экономикалық тиімділігі шығындарының ӨСА -дағы жоспарлау мен есепке алынудың рөлі мен орны суретте көрсетілген. Бүл кезде сапасы жақсарған өнімді пайдаланудан келетін экономикалық тиімділікті арттыру қорларын анықтау мақсатында ӨСА шығындарын экономикалық талдау маңызды орын алады.
ӨСА шығындары мақсатты есепке алу және есептеу эдістерімен анықталуы мүмкін. Есептеу эдістері шығындардың есепке алынбауы, сонымен қатар оларды жоспарлау кездерінде ӨСА шығындарын анықтау үшін қолданылады. Есептеу эдістерін қолдану үшін шығындардың ғылыми негізделген нормативтері қажет етіледі. Шығындарды жоспарлаудың нормативтік бакзасы жақсарған сайын ӨСА шығындарының статьяларының тізбесі көбейуі мүмкін.ӨСА шығындарын жоспарлау үшін шығындарды жоспарлау мерзімін анықта, өнімнің сапа көрсеткіштерінің бірлігіне келетін ағымдық шығындар нормативі ағымдағы шығындар бірлігіне келетін бір -ақ реттік шығындардың нормативі болуы қажет.
Пайдаланған әдебиеттер
- ИСО серий 9000. Международный стандарты. Система качества.
- Фомин В.М: Квалиметрия. Управления качеством. Сертификация: курс лекций.-М.: ЭКМОС, 2000-320с.
- Азгальдов Г.Г. Теория и практика оценки качества товаров. – М.: Экономика, 1989-256с.
- Гличев А.В. и др. Прикладные вопросы квалиметрий. – М.: Изд-во стандартов, 1985-190с.
- Басовскии Л.Е., Протасьев В.Б. Управления качеством.: Учебник . – М.: ИНФРА,2000-212с.
- Федокин З.К., Дурнев В.Д., Лебедев В.Г. Методы оценки и управления качеством промышленной продукции: Учебник . – М.:Филинь,2000-328с.
- Огвоздин В.Ю. Управления качеством. Основы теории и практики: Учебное пособия . – М.:Дело и сервис, 1999-255с.
- Шишкин И.Ф., Станякин В.М. Квалиметрия и управления качеством: Учебное пособия . – М.: Изд-во ВЗПИ,1992-255с.
- Осипов Б.В., Мировская Е.А. Математические методы и ЭВМ в стандартизации и управления качеством. – М.: Изд-во стандартов,1990-168с
- Левина Н.Б. Условия применения средневзвешенных показателей при оценке качества продукции . – М.: Изд-во стандартов, 1983-163с.
- Окрепилов В.В. Управления качеством: Учебник для вузов. – 2-ое изд., доп. и перераб . – М.: Экономика, 1998-639с.
- Управления качеством: Учебник для вузов/Под ред. С.Д. Ильенковой . – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999-242с.
- Шор Я.Б. Об интегральной оценке качестве продукции . – М.:надежность и контроль качества, 1973-242с.
- Робертсон А. Управления качеством/Пер. С англ. – М.:Прогресс, 1974-253с.
- Никифоров А.Д. и др. Инженерные методы обеспечения качества в машиностроении: Учебное пособия. – М.: Изд-во стандартов,1987-384с.
- Солод Г.И. Основы квалиметрии: Учебное пособия. – М.: Изд-во МГИ, 1991-84с.
- Методические указания. Промышленные изделия. Определения ресурса. МУ 10-1-71 – М.: Изд-во стандартов, 1971.
- Стандартизация и управление качеством продукции: учебник для вузов, – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000-487с.
- Методики оценки уровня качества продукции с помощью комплексных показателей и индексов. – М.: Изд-во стандартов, 1974-172с.
- Мишин В.М. Управление качеством: Учебное пособия для вузов. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000-303с.
- Погожев И.Б., Сульповар Р.Х. Обобщеные показатели качества при управлениипредприятием. – М.: Стандарты и качество,1973-235с.
Жарияланған-2016-01-18 18:23:17 Қаралды-56654
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина