UF

Тақырыбы:  Құрылыстағы еңбек ресурстары

 

1. Еңбек ресурстары мен еңбек өнімділігінің мәні

 

Қазіргі жағдайда еңбекті ұйымдастыру мен оның өнімділігінің көбеюіне көп көңіл бөлу қажет, себебі олар нақты экономикалық өсу мен прогресстің көзі болып табылады. Соңғы жылдары жұмыс орындарының босап кету жағдайлары өте анық байқалады. 1991 жылдан бастап, бірқатар салаларда өндіріс қуатының кемуі жаңа қуаттың артуына қарағанда біршама көбейген. Сондай-ақ, әсіресе құрылыста физикалық жұмыс орындарының кемуі шапшаң түрде жүруде, бұған басты себеп: өнімді сатудың азаюына байланысты көп жұмыс күшінің қажеттілігінің шектелуі.Қазіргі экономикалық жағдайда еңбек тиімділігінің өсуі негізгі мәселелердің бірі болып табылады және оның дұрыс шешімін таба білген жағдайда әлеуметтік дағдыланған нарықтық экономиканы құруда жақсы жетістіктерге жетуге болады. Мәселені қарастырудың нақты механизмі, ақша-несие және экспорт-импорт саясатын дұрыс жүргізуде жатыр. Аталған бағыт ұлттық өндірісті дамыту, инвестициялауға бейімді орта туғызу, мемлекеттің меншігінен алуды өндірістің мүмкіншілігі мен тиімділігінің негізінде жүргізу және  мемлекеттің жинақталған интеллектуалдық және еңбек потенциалын ерекше талдау секілді шараларға жол ашатын бірден бір жол.    

Еңбек өнімділігінің өсуіне бағытталған іс-шараларға жұмысшылармен бірге мемлекеттік органдар да атсалысуы керек. Сондықтан бұл сұрақ барлық салалар үшін және әсіресе құрылыс саласында өте маңызды.

Еңбек өнімділігі – өндіріс процесіндегі еңбек шығындарының тиімділігі. Жалпы анықтама бере отырып, еңбек өнімділігі өнім көлемімен, яғни уақыт бірлігінде жұмысшылыр өндіретін нақты тұтыну заттарының санымен анықталады деп тұжырымдауға толық негіз бар.

 

2. Еңбек өнімділігінің артуының қорлары мен факторлары

Факторлар – белгілі бір құбылыс немесе процеске әсер ететін қозғаушы күштер. Еңбек өнімділігіне әсер ету сипаты мен дәрежесіне байланысты оларды: материалды-техникалық, ұйымдастырушылық- экономикалық, әлеуметтік- психологиялық, табиғи-климаттық, саяси және меншіктік деп  топтастыруға болады.

Материалды - техникалық факторлар жаңа техниканы, прогрессивтік технологияны, шикізат пен материалдардың жаңа түрін пайдаланумен байланысты. Бұл жағдайда өндірісті жетілдіруге келесілер арқылы қол жеткізіледі:

жабдықтарды модернизациялау;

 тозған жабдықтарды, жаңа өнімділігі жоғарысымен ауыстыру;

өндірісті механизациялау дәрежесін жағарылату: қол жұмыстарын механизациялау, кіші механизациялау құралдарын енгізу, цехтар мен алаңдағы жұмыстарды комплексті механизациялау;

 өндірісті автоматтандыру;

жаңа прогрессивті техноглгияларды енгізу;

шикізат пен материалдардың жаңа түрлерін қолдану. 

ҒТП еңбек өнімділігін арттырудың негізгі көзі. ҒТП жетістіктерін өндіріске енгізу инвестицияларды талап етеді және олар бірінші ретте өндірісті техникалық қайта құру мен реконструкциялауға жұмсалуы керек.

Бұл фактор өте маңызды, себебі ол затталған еңбекті үнемдеуді қамтамассыз етеді.

Ұйымдастырушылық-экономикалық фактор еңбектің, өндірістің және басқарудың ұйымдастырылу дәрежесіне байланысты анықталады. Оларға өндірістегі басқарудың ұйымдатырылуының жетілдірілуі жатады: басқару аппаратының құрылымы, өндірісті басқару жүйелері, өндіріске басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізіу және дамыту.

Әлеуметтік-психологиялық фактор еңбек бірлестіктерінің сапасымен, әлеуметтік-демографиялқ құрамымен, дайындық дәрежесімен, еңбекке белсенділігімен және моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыратын тұтастай басқару стилімен анықталады.

Табиғи-климаттық факторлар құрылысқа едәуір әсер етеді, себебі құрылыс жұмыстары түгел дерлік ашық ауада жүргізіледі.

Бұл факторлар құрылыс процессін жобалаудың алғашқы кезеңінде ескерілуі қажет.

Саяси және заң шығарушлық факторлар салық салу, инвестициялау, лицензиялау, кедендік шараларды және т.б.  реттейді; халық шаруашылығының барлық бағыттарының соның ішінде құрылыстың дамуын анықтайды.

Меншіктік факторлар. Қазіргі жағдайда өндіріс құралдарына және еңбек өнімділігіне меншік формаларының өзгеруінен туындаған  мемлектеттегі экономикалық механизмнің де өзгеруіне байланысты, құрылыс экономикасына (қолданбалы ғылым ретінде) бірқатар өзгерістер енгізілуде. Бұл кәсіпкерлік пен бәсекелестік негізінде жаңа экономикалық қатынастарға алып келеді.

Барлық аталған факторлар өзара байланысты және бірі-біріне тәуелді сондықтан,олар біртұтас зерттелуі тиіс.

   Өндірістегі еңбек өнімділігінің өсуінің қорлары дегеніміз, өндірістегі үнемдеудің қолданылмайтын (деректі) ресурстары. Әдетте казақстандық кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің өсуінің қорлары: еңбексыйымдылығының кему қорларына, жұмыс уақытын пайдалануына, материалдық ресурстар мен еңбек құралдарының үнемделуіне өзара бөлінеді.  

Қолданылу уақытына байланысты қорлар ағымдық және перспективалық болып бөлінеді.

Ағымдық қорлар өте жақын уақытта іске асырылуы мүмкін, себебі олар айтарлықтай мерзімді шығындарды қажет етпейді. Олардың қатарына жабдықтарды қолдануды жақсартуды, жарамсыз қондырғыларды істен шығаруды, еңбекке ақы төлеудің анағұрлым тиімді және рационалды жүйесін қолдануды, кәсіпорындарда еңбекті ұйымдастыруды жақсартып, оны нормалауды жатқызуға болады.

Перспективалық қорлар әдетте өндірісте қайта құруды, жаңа технологияларды енгізуді және т.б. талап етеді, ол үшін қажетті қосымша капитал салымы және жұмыстарды жүзеге асыруға біршама уақыт тағайындалуы керек.

Өнімділікті маңыздылығы жағынан анықтағанда, яғни өнім көлемінің оларға кеткен шығындар ретінде қарастырсақ, ол келесі төрт жағдайда көбеюі мүмкін:

өнім көлемі өсіп, шығындар азайғанда (классикалық жағдай);

өнім көлемі шығынға қарағанда тезірек өскенде;

өнім көлемі өзгеріссіз қалып, шығындар азайғанда;

өнім көлемі, шығындарға қарағанда біршама азырақ қарқынмен     кемігенде.

Өнімділікті арттыруға бағытталған басқарушылық стратегиясы осы жағдайлар бойынша таңдалынуы керек.

 

3. Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістері

Қолда бар қорларды бағалау, әртүрлі ұйымдарда еңбек өнімділігін салыстыру, бірқатар жылдар ішіндегі еңбек өнімділігінің динамикасын анықтау үшін еңбек өнімділігін объективті өлшеу өте маңызды.

Құрылыста еңбек өнімділігі екі көрсеткіші бойынша анықталады: уақыт бірлігіндегі өндірілген өнім (өнімділік) және бірлік өнімді жасуға кеткен уақыт бірлігі (еңбек сыйымдылығы).

Еңбек өнімділігі өнім көлемі қандай бірлікте өлшенгеніне және еңбек шығындарына байланысты, әртүрлі әдістермен анықталады.

 Өлшеу әдістері:

Өнім шығарудң көлемі (жұмыстар, қызметтер):

нақты;

мөлшерлік

құндық: жалпы, тауарлық, шартты таза, таза өнімді.

Еңбек шығындары:

адам-сағаттар;

адам-күндер;

жұмысшылардың орташа тізімдік саны.

Нақты әдіс өнімді жұмысшының мамандығына сәйкес, жұмыстың түріне байланысты нақты көрсеткіштері бойынша (тасқалаудың текше метрлері, конструкциялар текше метрлері, ауданның шаршы метрлері) немесе бір жұмысшыға тиесілі, соңғы өнімнің бүтін өлшем бірлігі бойынша (тұрғын алаңның шаршы метрлері, құбыр километрлері және т.б.) анықтауға мүмкіндік береді.

Жұмыс түріне сәкес нақты көрсеткішті (жұмысшының өнімінің нақты көрсеткіштері) нақты өлшемдегі жұмыс түрінің көлемінің (текше метрлер, ұзндық метрлер, шаршы метрлер), сол жұмыс түрін орындайтын адам санына (адам) қатынысы ретінде анықтауға болады.

Нақты өнім шығару еңбек өнімділігін бағалаудың ең сенімді көрсеткіші. Бұл көрсеткіш көмегімен бригадалар мен жұмысшылардың еңбек өнімділігін салыстыруға, олардың санын жоспарлауға, кәсіби және квалификациялқ құрамын және т.б. анықтауға мүмкіндік бар.

Мөлшерлік әдіс іс жүзіндегі еңбек шығынының, мөлшерлемелермен бекітілген белгілі бір жұмыс көлеміне қатынасы, яғни жұмысшылырдың өнім шығару мөлшерінің орындалу дәрежесін анықтайды. Бұл мөлшерлік көрсеткіш еңбек сыйымдылығының норма бойынша (адам-күн) қатынасының 100% көбейтілген мәні.

 Құндық әдіс ең көп тараған әдіс. Мұнда өнім саны сметалық құны немесе кесімді бағасы бойынша есепке алынады. Бұл әдісте еңбек өнімділігінің дәрежесі бір негізгі жұмысшыға және көмекші өндіріске тиесілі құрылыс монтаждау жұмыстарының құнымен сипатталады. Құндық көрсеткіш құрылыс ұйымы бойынша (құрылыс басқармасы немесе трест бойынша), сондай ақ жалпы бірлестік, министірлік бойынша еңбек өнімділігінің жалпылама көрсеткіші. Көрсеткіштік ерекшелігі – есептеу жеңілділігі, әр түрлі объектілер мен құрылыстағы бірқатар жылдар ішіндегі динамикалық өнімділігін салыстыру мүмкіндігі, кемшілігі –  жұмыстардың материал сыйымдылығының, еңбек құралдары мен жабдықтардың баға динамикасының әсер етуі. Мысалы, құрамалы темірбетондарын монтаждау жұмыстарында, құрылыс монтаждау жұмыстарының еңбек сыйымдылығы 70-75%, ал жер жұмыстарында бар тек қана 5-8% құрайды. Сондықтан орындалатн жұмыстардың құрылымдық шегерілу проблемасы орын алады.

Жалпы өнімнің құндық көрсеткіші, бұл көрсеткіш негізінде ұзақ жылдар бойы өнім шығару көлемі есепке алынып, жобаланған. Ерекшелігі әртүрлі жылдар ішіндегі әртүрлі кәсіпорындар шығарған өнім белгілі бір жылдағы көтерме бағасы бойынша есептелінеді. Бұл әр түрлі периодттағы бағалар өзгерісін нивелирлеуге мүмкіндік береді. Бірақ өнім құны оны шығаруға жұмсалған еңбектен басқа, кооперацияға түсетін затталған шикізаттарға, материалдарға, жартылайфабрикаттарға, бөлшектерге де байланысты. Өңдеуге жұмсалатын қымбатырақ шикізат, өнімнің жалпы құнын және сәйкесінше жұмысшылырдың қатысуысыз ақ еңбектің өнімділік дәрежесін де жоғарылатады. Жалпы өнімнің құнына сондай ақ аяқталмаған өнімнің периодттың басы мен аяғындағы құны кіреді. Бұл, кәсіпорындарға жалпы өнімнің, сонымен бірге еңбек өнімділігінің құнын аяқталмаған өнім негізінде жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Тауарлы өнімнің құндық көрсеткіші аяқталмаған өнімнің әсеріне ұшырамайды, бірақ жалпы өнімге тиісті көрсеткіштердің бірқатар кемшіліктер тиесілі.

Теориялық жағынан қарастырғанда кәсіпорынның өнімді шығаруға жұмсаған салымы туралы толығырақ түсінікті қайта жасалған құнның таза өнімінің көрсеткіші береді. Себебі, оның мәніне шикізат, материал, жартылайфабрикаттардың шығыны әсер етпейді, ол амортизациялық аударылымдардан босатылған.

                               Р=Ж+Пт

мұнда, Ж – кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы (есептелінген төлеммен бірге), Пт – кәсіпорын табысы.

Таза өнім, ол нарықтық бағалар бойынша сатылып жатса, қайта жасалынған өнімді сипаттайды. Бірақ, шындығында(J) монополиялық бағалар әсері едәуір, олар кәсіпорынның жаңа құн жасауға салымын құлдыратып, таза өнімге құн орнату үлкен проблемаға айналады.

Шартты таза өнімнің көрсеткіші өзінің құрамына жалақы және қосымша табыстан басқа негізгі қаражаттң амортизациялық аударымдарын, яғни өткен еңбектің бөлігін қосады:

                           Р=Ж+Пт+A

мұнда Ж - кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы (есептелінген төлеммен бірге), Пт – кәсіпорын табысы, А – амортизация мөлшері.

Бұл көрсеткіштің жақсы жағы, жаңа құн жасай отырып, ол саластырмалы болады. Себебі, бұл көрсеткіш өндірістің еңбексыйымдылығына байланссыз және мұнда шығарлған тауар “тиімді” және  “тиімді емес” болып ажыратылмайды. Сондай ақ, еңбек өнімділігінің көрсеткіші кооперативті жеткізілімдер мен өнімнің бұрылыс шотынан тәуелсіз. Соңғысының өндірістерді біріктіріп, жаңа өндіріс құруда мәні зор.

Еңбек шығындар атқарылған адам-сағат көлемімен дәлірек сипатталады. Бірақ оларды есептеу күрделі мәселе.

Жұмысшылардың орта тізімдік саны адам-күнмен салыстырғанда, күні бойындағы үзілістерді ескермейді. Алайда, жұмысшылардың орта тізімдік санын жылдық еңбекөнімділігін есептегенде қолданады және ол мемлекет деңгейіндегі түрлі кәсіпорындардың көрсеткіштерінің салыстырмалылығын қамтамассыз етеді. Сағаттық және күндік өнім шығару көрсеткіштерін, кәсіпорынның ішкіөнімділігін талдау жасағанда қолданады. 

Сонымен, өнім шығаруды анықтау үшін сәйкес өндіріс пен еңбек шығындарының көлемін таңдайды. Өнімділік өнім өндіріс көлемін еңбек шығындарына бөлу арқылы есептелінеді.

Өнім көлемі мен еңбек шығындарының көрсеткіштерінің жетістіктері мен кемшіліктерін талдау негізінде, кез келген үйлесімнің нақты бір экономикалық мәні бар екенін ескеруге болады, ал оларды еңбек өнімділігін өлшеудің нақты тапсырмасын ескере отырып таңдау қажет. Кәсіпорында өнім шығарудың ең универсалды әдісі осы кәсіпорынның орта тізімдік бір жұмысшысына тиісті, кәсіпорынның таза өнімінің бір жылдық көлемі.

Еңбек өнімінің екінші көрсеткіші – еңбексыйымдылығы, яғни бірлік өнімді шығаруға кеткен еңбек шығынының көлемі.

Бірлік өнімнің еңбексыйымдылығын анықтау үшін, бүкіл өнімге кеткен шығындарды, бір период ішіндегі шығарылған өнім көлеміне бөледі. Еңбексыйымдылығының көрсеткішіне осы құрылысқа қатысты басқа факторлар әсер етпейді. Өнімнің (жұмыстың) нақты сыйымдылығы еңбек өнімділігінің деңгейі мен динамикасын дәлірек сипаттайды.

Еңбекті талдау жасап жоспарлау мақсатында, бөлек операциялар мен жұмыстардың еңбексыйымдылығын бөлек есептейді.

Технологиялық еңбексыйымдылық (T1) негізгі кесімді және уақытша жұмысшылардың еңбек шығындарымен анықталады. Ол  өндірістік операциялармен, бөлшектермен, түйіндермен және дайн өнімдермен есептеледі.

Қызмет көрсетудің еңбексыйымдылығы (T2) өндіріске қызмет көрсететін, негізгі және қосымша цехтардың барлық жұмысшыларының еңбегінің шығындары. Оны әр операция үшін немесе өнімнің технологиялық еңбексыйымдылығына пропорционалды түрде есептейді.

Өндірістік еңбексыйымдылық (T3) технологиялық және қызмет көрсету еңбексйымдылығы бойынша жинақталады, яғни бірлік жұмысты орындаған негізгі және көмекші жұмысшылардың еңбек шығыны.

Басқару еңбексыйымдылығы, басшылар, мамандар және қызметкерлер еңбегінің шығынынан жинақталады. 

Өнімнің толық еңбексыйымдылығының көрсеткішін пайдалану тиімді бола табылады, оның құрамына барлық категориялы жұмысшылардың (адам-сағатпен) еңбек шығыны кіреді:

                             T=T1+T2+T3=T4+T

Есептеу әдісіне байлансты мөлшерлік, нақты және жоспарлық еңбексыйымдылықтар ажыратылады.

Еңбексыйымдылығының көрсеткіштері еңбек өнімділігін, жаңа конструкцияларды, материалдарды, технологиялық процестерді  қолдану тиімділігін, сондай ақ құрылыс монтаждау жұмыстарың механизациясының тиімділігін есептеуде қолданылады. Ал құрылыста оларды еңбек ресурстарының қажеттілігін анықтау үшін қолданады.

Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері әрқашан жетілдірліп тұруы қажет, яғни еңбек шығынының тиімділігі объективті бағалануы қажет. Қазіргі нарыққа өту кезеңінде, жеке жұмысшы мен тұтас қоғамның да шаруашылық есептік көзқарастарын ескеретін, нәтижелер мен шығындардың байланысын бейнелейтін өлшеу түрлері іздестірілуде.

Еңбек өнімділігін жоғарылататын факторларды басқарудың ұйымдастырушылық – басқарушылық әдістері. Нарықтық экономикаға көшу еңбек өнімділігін өсіруді бақару жолдарын қайта қараструды талап етеді. Өнімділікті тек технико – экономикалық құрамы жағынын қарастру дұрыс емес.

Технико – экономикалық құрам, өндірістік факторлармен байланысты. Технология мен техниканың жаңа мүмкіншіліктері еңбекті, өндірісті және басқаруды жүзеге асыру негізінде пайдалынылады. Өндірісті ұйымдастыру - еңбектің заттай элементтерінің функциялау, ал басқаруды ұймдастыру – еңбек қатынастарның функциялануы. Жұмыс орнына және жалпы кәсіпорында еңбек әрекетін комплексты ұйымдастыру қажет.

Адам факторын белсендіру және ҒТП – ны үдету – бұл өндіріс факторларның динамикалық және баланстық дамуы. Бұл мәселе жоғары деңгейде қарастырылмаған.

Еңбек өнімділік мәселесін шеше отырып әлеуметтік факторларды – еңбектің гуманизациясын ескеру қажет. Тек осы жағдайда екі мәселенің оптимальды шешімі табылады, яғни жоғары нәтижелі өндіріс жасап, бәсекеге қабілетті тауар мен қызметтерді сату және де осы арқылы әр жұмысшыға сәйкес әлеуметтік кепілдемелер беру. Қысқаша айтқанда жұмысшыларға олардың еңбек функцияларын (мамандықтарды бірлестіру, басқаруға араласу, технология мен адамның және адам мен технологияның өзара адаптациясын жасау) көбейтуге мүмкіндік беру қажет.

Кәсіпорында еңбек әрекеттілігін ұйымдастыру кәсіпкерлікті дамытумен тығыз байланысты, ол жұмысшының белсенділігімен және жігерлендірілуімен ерекшелінеді. Кәсіпкерлік ұйымдатырушы -  кәсіпорынның мүддесін ескере отырып, жұмыспен қамтудың жаңа сфераларын жасайды.    

 

Әдебиеттер

1. Экономика строительства. Учебник для студ. строительных вузов, обучающихся по спец. «Экономика и управление на предприятиях (строительство)»; Допущено МО РФ /Под общ.ред. И.С.Степанова. -3-е изд., перераб. и доп. –М.: Юрайт-Издат, 2007. -620с.

 2. Экономика строительной отрасли. Учебник для студ. СПО; Допущено МО РФ/Н. И.Бакушев [и др.]. –М.: Академия, 2006. -224с. (СПО. Строительство и архитектура).

3. Сборник задач по экономике строительства: Уч.пособие Мамбеталиева У.Д. –ЮКГУ, 2000г.

4.  Құрылыс мамандығы студенттеріне арналған «Құрылыс экономикасы» пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау.: Мамбеталиева Ұ.Д. –ОҚМУ,  2005ж.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-12 18:20:18     Қаралды-5170

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »