Тақырыбы: Құрылыс нарығы
1. Құрылыс нарығының ерекшеліктері
Құрылыс кешенінде нарықтық қатынастарды іске асыру күрделі құрылыс салаларына жалпы болған ерекшеліктері бар: бір жағынан, жерге байлану, бір уақытта көп сома жұмсалуы және т.б., басқа жағынан – құрылыстық белсенділік спецификалық түрімен (саласымен) байланысты болған ерекшеліктер. Яғни азаматтық-тұрғын үй құрылысымен айналысатын құрылыс-монтаж ұйымдары негізінен аймақтық (жергілікті) нарықта қызмет атқарады, ал өндірістік құрылыспен (әсіресе мұнай-газ өндіретін өнеркәсіпте, көлікте, энергетикада және т.б.) аймақ территориясында да, Республиканың барлық субъектілерінде де қызмет атқарады. Мұндай режим тар ауқымдағы құрылыс-монтаж ұйымдарына тән. Ал құрылыстық материал өнеркәсібіне (жергілікті емес), құрылыс машиналары мен механизмдерінің, технологиялық құрылғылардың өндірісіне келетін болсақ, мұндағы нарық белсенділігінің аймақаралық ареалы бар.
Сонымен бірге, құрылыс нарығының өзінің әжептеуір қиындықтары бар, олар халықшаруашылығының экономикасының жалпы дағдарыстық күйімен байланысты.
Құрылыс нарығы ашық ұйымдық – шаруашылықтық жүйеден тұрады: тауарлық – ақшалық қатынастар іске түскен жағдайда нарық субъектілері (инвесторлар, тапсырыс берушілер, мердігерлер, жобалаушы ұйымдар, құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары және т.б.) өзара экономикалық қызығушылықтарын жүзеге асырады.
Құрылыстық нарыққа жүйе түрінде өз ішіне келесілерді алады:
а) құрылыс нарығының субъектілері (элементтері);
б) нарықтық қатынастардың объектілері (заттары);
в) құрылыстық кешен нарығының инфрақұрылымы;
г) нарықтық механизм;
д) мемлекеттік бақылау, бағдаржәне нарықтың өзіндік бағдары.
Инвесторлар, тапсырыс берушілер, мердігерлер, жобалаушы ұйымдардың ҒЗИ-ы, құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары, бұйым және конструкция өнеркәсібінің кәсіпорындары, құрылыстық, технологиялық, энергетикалық және басқа құрылғылары, тұрғындары құрылыс нарығының субъектілері (элементтері) болып табылады.
Құрылыс өнімі (ғимараттар кешендері, т.б.); құрылыс машиналарын, көлік құралдары, энергетикалық, технологиялық және басқа құрылғылар; материалдар, бұйымдар, конструкциялар, капитал, жұмыс күші, ақпарат және т.б. нарықтық қатынастарының объектілері (заттары) болып табылады.
Нарықтық механизмдерінгің қорғаушы күші сұраныс және ұсыныс болып қала береді. Мемлекет құрылыс нарығының субъектілерінің және оның инфрақұрылымының институальды тәуелділігін салықтық міндеттер, субвенциялар, антимонопольдық өлшемдер, аммортизациялық бөлінулер және т.б. негізінде орнатады және реттейді.
Нарықтық қатынас процесінің өзіндік реттелуі биржа жұмысы, тендерлік саудаласу арқылы іске асады, мұнда баға сұраныс және ұсыныс заңдылығымен реттеледі.
Нарықтық құрылым жоспарлық жүйеге қарағанда күрделі әрі көп қырлы болып келеді. Мұнда жақсы экономикалық жаупкершілігі шаруашылықтың және мердігерлік келісім-шарттарда көрсетіледі.
Құрылыс нарығының субъектілері және оның инфрақұрылымының элементтері өзара байланыста және өзара қатынаста болады.
Құрылыс нарығының ақпараттық жүйесінің негізгі міндеттері:
- тапсырыс беруші (инвестор) орнындағы құрылыс өніміне деген сұранысты білу;
- сәйкес мәліметтер қорын түзу;
- құрылыс – монтаждық ұйымының ағымдық өндірістік мүмкіндіктері, олар орындайтын жұмыстың мәнін, бағасы туралы ақпаратқа ие болу;
- жобалық және ізденушілік ұйымның ағымдық мүмкіндіктері, жобалық жұмысының бағасы туралы ақпаратқа ие болу;
- шығарылатын құрылыс материалының, бұйымының және бөлшектерінің көлемі, номенклатурасы, сапасы және бағасы туралы ақпаратты білу;
- құрылыс машиналары және механиздері бойынша нарық туралы ақпаратқа ие болу;
- құрылыстағы еңбек нарығы туралы ақпаратқа ие болу;
- коммерциялық жағдайға ие инвестициялық жоба туралы ақпаратты білу;
- жылжымайтын мүлік нарығымен өзара байланыс;
- жобалар, қаржылық ресурстар, құрылыс материалдары, машиналар, механизмдер, құрылыс өеімдері бойынша тендерлер өткізу үшін орталықтар құру;
- орталық мекемелермен – экономика министрлігімен, мемлекеттік құрылыммен және жергілікті әкімшіліктік органдармен өзара байланыс.
Мердігерлік жұмыстар нарығын белсендіру үшін:
1. мемлекеттік инвестицияны жұмсауды бақылауды қатайту. Бұл жұмыс келесі негізгі принциптерге негізделуі тиіс:
а) бюджеттік инвестицияның инновациямен сәйкес келуі;
б) артықшылықты объектілерді қаржыландыру;
в) инвестицияның өз орнын тез арада толықтыруын қамтамасыз ету;
г) құрылыс мерзімінің бұзылуы мен мемлекеттік кешенді эксплуатацияға енгізу
мерзімінің бұзылуына экономикалық қызығушылық пен дербес жауапкершілік;
2. құрылыс белсенділігіндегі салық жүйесін қайта жасау;
3. кәсіпорын мүлігінің құрамындағы аяқталмаған құрылыс салығын ұлғайту;
4. қаржыландыру көлемін арттыру.
Қарамағына құрылыстық бөлімшелерді алатын қаржылық - өнеркәсіптік (ҚӨТ)
топтарды құрудың маңызы зор. ҚӨТ бір жағынан осы акционерлік қоғамның іріленуіне септігін тигізуі, екінші жағынан кейбір АҚ және концерндерді біріктіріп алуы тиіс.
Қарамағына банктерді, құрылыс ұйымын, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, сақтандыру компанияларын қаржылық - өнеркәсіптік құрылымдарды экономикадағы басқа да институциональдық байланыстарының орнығуын қамтамасыз етуі, төлемей қалуының толқынын әлсіретуі, ішкі бәсеке ортасын қалыптастыруы, ҚР-дағы мердігерлік жұмыстар нарығын дамытуы мүмкін болатын еді.
2. Құрылыстағы кәсіпкерлік қызмет
Кәсіпкерлік дегеніміз азаматтар пайда алуға немесе жеке кіріс алуға бағытталған атынан немесе заңды түрде заңды тұлға атынан, іске асырылған мақсатты белсенділігі аталады.
Заңға сәйкес кәсіпкерлік белсенділіктің әрбір субъектісі құқылы:
- кәсіпорынды құру, сатып алу немесе өзгерту жолымен, сондай-ақ кәсіпорын мүлігінің иесімен келісімге отыру, банк мекемесінде есеп алу, есептік, несиелік және кассалық амалдардың барлық түрін орындау арқылы кәсіпкерлік белсенділікті бастауға және жүргізуге;
- келісім шартпен бастауға, ақшаны, зиялылық меншік объектісін, мүлікті және азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке мүліктік құқығын пайдалануға;
- өндірістік бағдарламаны дербес түрде қалыптастыруға, өнімді тұтынушыларды таңдауға, өнім бағасын ҚР Заңында анықталған шектеу бойынша орнатуға;
- сыртқы экономикалық белсенділікті іске асыруға валюталық амалды жүргізуге;
- кәсіпорынды басқару бойынша әкімшіліктік жұмыстарды іске асыруға;
- кәсіпорын белсенділігінен түскен, салық төлеуден және басқа да міндетті төлемдерден қалған пайданы жұмсауға;
- мемлекеттік - әлеуметтік қамтамасыздандыру, медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қызметін пайдалануға;
- кәсіпорын ұйымының одағын түзуге;
- сотқа заңды түрде дау салуға.
Сонымен бірег, заң кәсіпкерлердің міндеттерін айқындайды. Кәсіпкер міндетті:
- ҚР заңдылығындағы, келісім шарттағы міндеттерді орындауға;
- Жалдау бойынша жұмыс атқаратын азаматтармен немесе ұйымдармен түзілетін еңбек шартын ҚР Заңына сәйкес түзуге;
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайына қарамастан, барлық жұмысшылармен есептесуге;
- Жұмысшыларға ҚР Заңына және келісім шартқа сәйкес еңбекке қолайлы жағдай жарата отырып, әлеуметтік, медициналық және т.б. міндеттерді орындауға;
- Орталық және жергілікті үкімет органының мүгедектерді және басқа да еңбекке қабілетсіз шектеулі тұлғаларды қорғау бойынша шешімдерін орындауға;
- Кәсіпорынның кірісі туралы декларацияны уақытылы көрсетуге және салықтарды ҚР Заңында орнатылған рет және өлшем бойынша төлеуге;
- Несиені төлей алмаған жағдайда тоқырауды хабарлауға.
Заманауи кәсіпкер кәсіпкерліктің құқықтық статусын және кәсіпкерлік белсенділікті басқару заңдылығы мен принциптерін білуі тиіс.
Кәсіпкер ерікті иемденуші субъект бола отырып, пайданы арттыруға, шығындарды азайтуға тырысады. Бұл екі жол арқылы іске асады: 1. өнім құнын арттыру немесе 2. өндірістегі шығындарды төмендету арқылы. Бірінші жол оңай болғанымен, сатып алушыларды жоғалтып алуы мүмкін. Екінші жол жаңа шешімдерді, мүмкіндіктерді іздеп табуға, тәуекелге баруды талап етеді. Сондықтан кәсіпкерлер қарапайым адамдардан ерекшелігі ол жаңашыл, экономикалық сауатты, ақпаратты уақытылы, жылдам жинап, талдап, қолдана алатын адамдар. Кәсіпкер бәсекелестік жағдайында өзінің өндірісін алдыңғы ғылыми-техникалық деңгейде сақтап қалуы, оны арзандануы, қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын үнемдеуі, шығындарын азайтуы тиіс.
Кәсіпкерлік – басқарушының шаруашылықтық әрекетінің ерекше жаңашылдық стилі, оның негізіне жаңа мүмкіндіктерді шығармашылық ізденіс, әртүрлі көздерден алынған ресурстарды бәсекелестік жағдайында қолдана алу және тарта алу. Кәсіпкерлік белсенділік тәжірибесінде белгілі бір ерекшелік қалыптасты. Ең алдымен айқын әрі орындалатын мақсаттарды қоя білуі, тұтынушыға қажеттіні өндіру қажет. Сәттілік құраушылары өнімінің жоғары сапалылығы, жоғары деңгейлі қызмет, сенімді және сапалы маркетинг.
Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті бір-бірімен ажыратып байлайды. Кәсіпкер тауарлық-ақшалық қатынастарының ерекшелігін білуі, бағаны еркін құруының, ресурстардың еркін орын алмастыруын меңгеруі, формальды және формальды емес байланыстарды орната алуы тиіс.
Біз еліміздегі ережелерге сәйкес кәсіпкерлік белсенділіктің келесі формалары болуы мүмкін: жалдау еңбегін қажет етпейтін жеке және отбасылық еңбек белсенділігі; кооперативті, акционерлік және жалдамалы кәсіпорындар немесе ЖШС немесе қоғамдық фирмалар (жалдамалы еңбекті талап етуі).
Жеке немесе отбасылық кәсіпорын өзіндік қаржыландыру, несиелендіру принципіне сүйеніп қызмет атқарады. Оның иегері оның қаржылық жағдайына өз мүлігімен жауап береді. Мұндай кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң ғана заңды тұлға құқығына ие болады.
ЖШС немесе қоғам азаматтарының немесе азаматтар мен заңды тұлғалардың өндірістік шаруашылықтық белсенділікті бірге жүргізу үшін бірігуінен пайда болады. Бұл жабық типтегі кәсіпорын, яғни акцияға ие емес. Қоғам қатысушысы оны қаржылық жағдайына өзі жауапты.
ЖШҚ барлық меншік иелерінің жиналысында қабылданған қаулы және оны өзара келісімді негізінде жұмыс істейді. Басқарудың жоғарғы органы қатысушының жиналысы болып табылады. Жиналыста басқарушы сайланып, оның басқару мерзімі орнатылады. Мұндай кәсіпкерлік фирмалар батыс елдерінде көп.
Жауапкершілігі шектелмеген серіктестік немесе қоғам мүшелерінің әрқайсысы фирманың міндеті бойынша өзінің мүлігімен жаупты болған қоғамдардан тұрады. Қоғамға әркім қабілеті жеткенше үлес қосады: ақша, мүлік, қызмет, ноу-хау. Бұл қоғамның қатысушысылары құқықтық дербестігін сақтап қалады, ал серіктестік заңды жақ болып табылмайды.
Акционерлік қоғам азаматтардың және заңды тұлғалардың белсенділікті бірге жүргізу үшін бірігуінен түзіледі, оның мүлігі акцияны сату есебінен қалыптасады.
Акция – капитал құйылымын куәландыратын бағалы қағаз – акция иегеріне кәсіпорынды басқаруға, пайдадан үлес алуға (акция мөлшеріне сай) мүмкіндік береді. Акция сомасы, әдетте, ақшалай кәсіпорын мүлігіне, құнына сәйкес келеді.
Акцияның реквизиттері: акционерлік қоғамның аты және оның мекен-жайы, бағалы кағаздың аты, оның реттік нөмірі, шығарылу мерзімі, акция түрі, акцияның номиналды құны, акция иесінің аты, кәсіпорынның акцияны шығару күніне орнату қорының өлшемі, шығарылатын акция мөлшері.
Облигация – оны шығарған акционерлік қоғамның иегерге номиналды құнды орнатылған мерзімінде бекітілген пайыз көлемімен өтеуге міндеттілігін дәлелдейтін бағалы қағаз.
АҚ-ның екі типі бар: жабық және ашық.
Жабық АҚ – бұл бөліктерге бөлінген және бірнеше иегерлерге бөлінген фирма, мұнда акциялар сатылмайды.
Ашық АҚ – капиталы акцияны ашық түрде сату есебіне таралған фирма. әрбір адам акцияны сатып алып акционер бола алады.
Акционерлік типтегі кәсіпорындардың ерекшеліктері:
1. Акционерлік қоғамның несие берушілер алдындағы міндетіне жауапты емес. Қоғамның мүлігі жеке акционерлердің мүлігінен мүлдем бөлек.
2. акционерлердің құқығы мүліктік және жеке болып бөлінеді,. Мүліктік құқыққа жарияланған дивидендті алу және кәсіпорынның ликвидациясы жағдайында кәсіпорынның мүлігінің құнынан үлес алу жатады. Жеке құқыққа – жалпы жиналыстарда қатысу.
3. АҚ шексіз сандағы үлескерлерді біріктіруге мүмкіндік бере отырып, ірі үлескерлердің кәсіпорын белсенділігін бақылауын сақтап қалады.
4. АҚ капитал біріктіруінің орнықты формасы болып қалады. Қоғамнан бір үлескер кеткенімен ол жабылып қалмайды. Үлескер кез-келген уақытта өз акциясын сата алады.
5. АҚ-да ақшаға қатысты тәуекелдің шектеулілігі оны тартымды етеді.
АҚ тіркеу үшін әжептеуір бастаушы капитал қажет.
АҚ-ды құру сатылары: акционерлік қоғамды құрушылардың оны құру мақсаты туралы өтініш беруі; акцияның жазылуы; жеке және заңды тұлғалардың АҚ құрушылардың жиналысы; АҚ құру туралы шешім қабылдау; қаулы және басқа да нормативтік құжаттарды бекіту; басқару органдарын және тексеру комиссиясын сайлау; мемлекеттік тіркеу.
АҚ мемлекеттік тіркеуден өткен соң барып заңды тұлға құқығын алады, бұл жергілікті арнайы қаржылық органдар арқылы іске асады. Қоғамды тіркеу үшін өтініш, нотариус арқылы бекітілген қаулы, мекемелік жиналыстың хаттамасы, акцияларды төлегендігі туралы банк құжаты болуы тиіс. Егер, АҚ мемлекеттік кәсіпорынды түрлендіру арқылы түзілген болса, тіркелу үшін еңбек ұжымының бірдей шешімінің көшірмесі жеткілікті.
АҚ-ның белсенділігі ол құрылған мерзім өтісімен немесе оны құру кезінде көзделген мақсатқа жетісімен қоғамның жоғарғы органының шешімімен аяқталады.
Аралас кәсіпорын бірнеше кәсіпорындардың немесе азаматтардың (шет ел капиталы да кіреді) аралас капиталының негізінде құрылған құрама кәсіпорындар. Бірлескен кәсіпорынды құру процесі ЖШҚ-ды ұйымдастыруға ұқсас. Білескен кәсіпорын заңды тұлға болып, дербес балансқа ие.
Мұндай бірлестіктерге ассосациялар, концепциялар, консорциумдар, салалық және аймақтық одақтар жатады. Бірлестікке кіретін фипмалар өзінің шаруашылықтық дербестігін және заңды тұлғалық құқығын сақтап қалады.
Консорциум – кәсіпорындардың нақты мәселелерді шешу үшін ірі мақсаттық бағдарламаларды және жобаларды іске асыру үшін уақытша ерікті түрде бірігуі. Көзделген мақсатқа жеткен соң консорциум өз ісін тоқтата алады. Жаһандық тәжірибеде консорциум үлкен көлемдегі ірі коммерциялық немесе қаржылық амалдарды жүргізу, ірі өнеркәсіптік немесе басқа құрылысты асыру, өнім шығарылуын ұлғайту үшін қолданылады.
Консорциум қатысушылары өзінің шаруашылықтық дербестігін сақтап қалады және басқа консорциумдарға, ассоциацияларға қатыса алады. Мақсаттық бағдарламаны іске асыру үшін консорциум ұйымдастырушылары бөлген мүлікті пайдаланады.
Концерн – бұл ғылыми-техникалық және өндірістік дамыту, инвестициялық, қаржылық, табиғатты қорғау, сыртқы экономикалық және басқа белсенділіктердің және кәсіпорындарға шаруашылықтық есептік қызмет көрсететін ұйымның функцияларын ерікті түрде орталықтандыруға сүйеніп, бірігіп әрекет ететін кәсіпорындар бірлестігі.
Бірлескен белсенділікті іске асыру үшін концерндер өндірістік басқару органдарын түзеді, оған қатысушылар ерікті түрде, концерн қаулысына сай өзінің өкіметтілігінің бөлігін министрліктермен және мекемелермен өзара қатынаса отырып өткізеді.
Ассоциация – кәсіпорындардың және ұйымның шаруашылықтық есеп, өзіндік қаржыландыру және басқару негізінде бірігіп белсенділікті іске асыру мақсатында бірігуі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ассоциациясы оған ерікті түрде кәсіпорындар мен ұйымдар тарапынан берілген мүлікке ие. Ассоциация оған кіретін кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлігіне иелік құқығын алмайды.
Ассоциация оған кіретін дербес кәсіпорындардан жоғары тұрмайды. Ол тек қатысушының көздеген функцияларды ғана орындайды.
Ассоциация құрғысы келген кәсіпорындар үшін комиссия түзіледі, оның қызметі құжаттарды даярлау және ассоциацияға енгісі келгендерден өтініш қабылдау. Содан соң өкіметтің жиналысы өткізіліп, онда ассоциацияға айналымдық ақша, мүлік беру реті мен мерзімі анықталады. Жарғыда ассоциацияның аты, басқарушы органның мекен-жайы туралы мәлімет, ассоциация атқаратын міндеттердің, қызметтердің тізімі, мүшелік принциптері, басқару органдары туралы мәлімет болады. Ассоциация мүшелерінің жалпы жиналысы, кеңесі немесе басқарма және орындаушылық дерекция ассоциациясының басқарушы органы болып табылады. Жарғы тіркелген күннен бастап ассоциация заңды тарап құқығына ие болады. Қорлар – ақша мемлекет, кәсіпорын, ұйым ассоциация басқа шаруашылық бірлестіктер және нақты тұлғалар қарамағындағы қолданысқа арналған ақшаларын және басқа ресурстарын бірлестіруінің ұйымдасқан түрі.
Мемлекеттегі, кәсіпорындағы, ұйымдардағы және жеке тұлғалардағы қор көздері: кірістер, пайдалар, салықтар және жиналымдар, субсидиялар, қарыздар, міндетті және ерікті жарнамалар болуы мүмкін. Қор өзінің белсенділігін жарғыны басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.
Кез келген фирманы құрудан алдын өндірістік кәсіпорын әлде өнеркәсіптік жекеменшіктік формасы екендігін анықтау қажет. Бұл мәселе анықталған соң өкіметтік құжаттар – жарғы және өкілеттік келісім түзіледі, онда фирманың аты, жеке меншіктік формасы бекітіледі, кәсіпорын белсенділігінің мақсаты, міндеттері және бағыттары анықталады, фирманы басқару реті, өкілеттілігінің қарым-қатынасы анықталады.
Өкілеттілік құжаттарды жергілікті үкімет органдары тіркейді. Фирма мемлекеттік тіркеуден соң салық инспекциясына тіркелуі, банк мекемесінде есеп ашуы, мөр, фирмалық бланк, штамп және басқа да жекеменшік атрибуттарды алуы тиіс.
3.Құрылыстағы мердігерлік саудаласулар
Күрделі құрылыстың халықаралық тәжірибесінде жобалаушыларды, технологиялық құрылғыларды жеткізушілерді таңдау әдетте саудаласу жүргізу арқылы конкурстық негізде іске асырылады.
Саудаласудың тікелей екі жақтық келісімнен ерекшелігі мердігерлік құрылыс және жобалық фирма, жеткізушілер арасында бәсекелестік жағдайын тудырып, тапсырыс берушіге пайдалы ұсынысты таңдауға мүмкіндік береді.
Тапсырысты орналастырғаннан соң бәсекелестік жобаның өмірлік циклының әрбір фазасында өтуі мүмкін. Бұл конкурс түрінде іске асады.
Мердігерлік саудаласулар мынадай жағдайларда іске асады:
- ғимараттардың, кәсіпорындардың құрылысында;
- жобалық, таңдамалы, монтаждық және т.б. жұмыстарды орындауда;
- материалдарды, бөлшектерді, құрылғыларды жеткізіп берушіні таңдауда;
- жобаны, инжирингті басқаруда, бақылауда;
- басқа техникалық және ұйымдастырушылық жұмыстарында.
Жоғарыда аталған шарттарды орындап болған соң тапсырыс беруші шешуі қажет болған мәселелердің бірі саудаласу ұйымдастырушысын анықтау және белгілеу.
Саудаласуды ұйымдастыру қызметін тапсырыс беруші арнайы, лицензиясы бар фирмаға тапсыра алады. Саудаласуды ұйымдастырушы келесі қызметтерді атқарады: тендерлік комитеттің құрамын қалыптастырып, бекітеді, саудаласуды жариялау құжаттарын даярлайды, тендерге қажетті құжаттарды даярлайды, саудаласу нәтижелерін бекітеді, тендерлік комитетті таратады.
Саудаласу ұйымдастырушысы тағайындалған соң тапсырыс беруші немесе ұйымдастырушы саудаға түсетін затты анықтайды.
Жабық түрдегі саудаласу кезінде тапсырыс беруші өзіне белгілі фирмаларды ғана шақырады. Ашық саудаласуға барлық қалаушылар қатыса алады. Алдын ала квалификация жүргізу туралы хабарлама шақыру қағазында жазылуы тиіс.
Сауда нысанына қарай тапсырыс беруші (немесе саудаласуды ұйымдастырушы) тендерлік комитетті өз бетінше түзеді, арнайы мамандарды, ғылыми-зерттеу өкілдерін, жеке кеңесшілерді және эксперттерді келісім арқылы шақырады.
Саудаласуды ұйымдастырушылар және тапсырыс берушілермен қатар тендерлік комитеттер де оның дұрыс даярлануына, өткізілуіне, саудаласу нәтижелерінің объективтілігіне, заңдардың және басқа нормативтік актілердің сақталуына жауапты.
әдетте тендерлік құжаттың мазмұны екі бөлімнен тұрады:
1. жалпы (сауда шарттарына жалпы), ол осы елде құрылып жатқан кешендердің көптеген түріне ортақ болады;
2. арнайы, мұнда осы берілген нақты кешен туралы мәліметтер (толық технико-экономикалық сипаттама) болады; бұл бөлімге қажет болған жағдайда сызбалар және басқа құжаттар кіргізіледі.
Бағаны анықтау үшін ұсыныстарды құрылыстық өнімнің келісімді бағалары бойынша даярлау кезінде келесілер түзіледі:
- инвестициялардың негізін және жобалық – сметалық құжаттарды даярлау кезінде инвестордың тапсырысы бойынша – инвесторлық сметалар;
- тендерлік құжат жасалып келісім жасауға даярлық кезінде – мердігердің есептері.
Мұнда инвестордың сметасымен анықталған бағалармен мердігердің есептеулері сәйкес келмеуі мүмкін.
Құрылыста мердігерлік сауда нысанының бағасын анықтау әдістемесінің екі нұсқасы бар:
1. мердігерлік саудаласу нысанының бағасын анықтау, жоба алдындағы және жобалық – сметалық құжат болғанда: БА = АА+КҮ+КҚҚС
2. жоба алдындағы және жобалық – сметалық құжат жоқ болғанда ұлғайтылған көрсеткіштер және бірнеше нұсқамен ұқсас объектілер бойынша анықтау.
Келісім-шарт (контракт) өзінің міндетті күшіне енуі үшін заңды түрде ресмилестіруі тиіс.
Күрделі құрылыс нарығында көптеген контакттар бар, олардың бір-бірінен айырмашылығы мердігердің жұмысының құнын бағалау әдісінде. Қазіргі күнде инвестицияда қолданылатын төрт түрлі контракт бар – А, В, С және Р.
А типі – қатаң бағамен (соммамен) орнатылған контракт. Паушальды баға – бұл құрамдастары (қосындылары) туындыланбайтын сома. Pauschal термині неміс тілінен алынған болып жалпы деген мағынаны білдіреді, біртекті немесе әртүрлі тауарлар партиясына немесе қызмет орындауға жалпы сомалық баға орнату кезінде қолданылады. Саудаласудағы паушальды баға – бұл жалпы тауардың жалпы мөлшерінің (соның сортына, сапасына қарамастан) бағасы; паушальды жеңілдік – абсолютті цифрдағы жеңілдік; паушальды мөлшер – сорттарға, түрлерге бөлінбегендегі жалпы саны.
А типіндегі контракт бойынша тапсырыс беруші мердігерге жұмыс біткен соң төлемді паушальды сомамен өтейді.
Қазіргі жағдайда көптеген тапсырыс берушілер паушальды бағалы контрактты тәуір көреді. Олар үшін бұл контракттың тиімділігі шығындар нақты айқындалып, қаржылық тәуекелге бару жоқ болады.
Қатаң бағалы контракт әдетте басқа контракттарға ұарағанда шығынды аз талап етеді.
Бұл жағдайда тапсырыс беруші үшін қаржылық тәуекел минимальды болғанымен, мердігер үшін ол ұлғайып кетуі (материалдардың, құрылғылардың, жобалық-конструкциялық жұмыстардың, жұмыс күшінің бағасы өскенде және т.б.) мүмкін.
Паушальды баға контракттарында тапсырыс берушінің жұмыс барысын басқару және бақылау бойынша міндеттері азаяды, өйткені мердігер өзіне барлық міндеттерді алады. Бұл кезде тапсырыс беруші мерзім мен сапаны бақылауы мүмкін.
Қатаң бағалы контрактты қолдану кезінде бірнеше міндетті шараларды сақтау қажет. Әйтпесе контракт тапсырыс беруші үшін тиімсіз болуы мүмкін.
Мердігер саудаласуға бермей тұрып, құрылыстың нақты шарттарын, жұмыс көлемін және түрін біліп алу керек (шығындарды анықтау үшін) жұмыс көлемі мердігердің қаржылық мүмкіндіктеріне сай болуы тиіс.
Қатаң бағалы контракттың кемшіліктері де бар және сол үшін кейбір жағдайларда ол қолданылмайды. Мысалы, жұмыс көлемінің үлкен немесе күрделі болуы.
В типі – жұмыс көлемі бойынша төлеу контракты. Бұл контрактта жұмыс бағасы оның көлеміне және нарықтық бағасына қарай төленеді.
С типі шығындардың орнын толтырып беру қарастырылатын контракт. Мердігер жұмыс орындау кезінде жұмсаған фактілік шығындар өтеледі.
А, В және С контракттары сериялық контракт және жобалау және құрылысқатүзілген контракт болуы мүмкін. Сериялық контракт дегеніміз бірқатар жобалауды орындау үшін бір ғана мердігермен шарт түзу болып табылады. Жобалау және құрылысқа түзілген шарт бойынша бір ғана мердігер екі жұмысты да атқарады.
Д типі – мердігер орнатылған мерзім ішінде белгілі бір жұмысты жуық арада орындауы қарастырылатын мерзімдік контракт. Төлем ақы орындалған жұмыс және нақты мерзім (саты) бойынша төленеді.
А, В, С және Д контракттарда бекітілген немесе реттелетін бағалы болуы мүмкін. Бекітілген баға бойынша контракт құны ол түзілген кезден бастап бекітіледі және ол қайта қаралуға жатпайды.
Түзілетін (реттелетін) бағалы контрактта оның құнын асыруды және төмендетуді қарастыратын тарау бар. Әдетте мұндай контракттар ұзақ мерзімге түзіледі.
Құрылыс контракттарды түзу және орындау барысында мердігерлік фирма өз мойнына кепілдемелік міндеттерді алады, онда сәйкес кепілдемелік соманы құю талап етіледі.
Кепілдемелік міндеттердің мынадай түрі бар:
1. кешеннің құрылысына ұсыныс беру кезіндегі кепілдеме. Оны оферент – фирмалар тендерлік комитетке нақты орнатылған мерзімде құяды. Егер, оференттің ұсынысын тапсырыс беруші қабылдамаса, онда кепілдеме қайтарылады. Кепілдеменің шамасы әдетте ұсыныстың жалпы сомасының екі пайызын құрайды.
2. Контрактты орындау бойынша кепілдемеге құрылыс мезгілі бойынша жүреді және әдетте контракт құнының 10% құрайды. Кепілдемелік сома мердігер контракт шарттарын орындамай қалған жағдайда туындайтын шығындарды өтеуге көзделген. Зарар сомасы екі жақтық өзара келісім бойынша анықталады.
3. Төлеуге қабілеттілік кепілдемесі мердігердің өзінің жұмысшыларының айлық жалақымен қамтамасыз ете алатындығын, құрылыс материалдарын сатып ала алатындығын дәлелдейді.
Төлем кепілдемесін бөліп төлеу оның әртүрлілігіне жатады. Бөліп төлеу кезінде тапсырыс беруші мердігерге бастапқы материалдарды және құрылғыларды алу үшін төлем төлейді.
4. Құрылыс біткен соң берілетін кепілдемеге келісім-шартта қарастырылған кепілдемелік эксплуатациялық уақыт кіреді. Бұл эксплуатация кезінде ақаулықтарды жабу үшін қажет.
Осылайша кепілдеме жүйесі оң рөл ойнайды, өйткені ол барлығына пайдасын қарастырады.
Саудаласуды ұйымдастырушы себебін хабарламай-ақ, саудаласуды өтпеді дей алады. Егер ұсыныстардың бірі де қанағаттандырмаса, осылай болуы мүмкін. Бірақ басқа да себептері болуы мүмкін: тапсырыс беруші өзінің қаржылық жағдайына қарап, құрылысты төлей алмаса, саудаласу өткізілмеген деп саналады. Нәтижесінде үміткер – фирма тапсырыс қабылдамайды, ал кепілдік ретінде құйылған ақшалар оның ақша айналымын уақытша болса да азайтты.
4. Құрылыстағы лизинг
Лизинг сөзі аренда, жалға алу деген мағынаны береді. Оның арендадан айырмашылығы неде деген сұрақ туады.
Аренда дегеніміз мүлікті белгілі-бір төлем есебіне уақытша қолданысқа беру түсініледі. Бірақ нарықтық экономика дамыған сайын жаңа қаржылық аспаптар пайда болуда. Осындай аспаптардың бірі лизинг.
Мұндай терминнің пайда болуы аренданың жаңа түрінің бөлінуіне алып келді – қаржылық деген түр.
Қаржылық лизинг – бұл құрылғыларды меншікке алып оны уақытша қолдану үшін төлем ақыға жалға берумен байланысты экономикалық және қаржылық жүйе. Қаржылық лизингкезінде құрылғыны өндіруші мен қолданушы арасында осы келісімді қаржыландыратын делдал іске қосылады. Бұл келісімнің мәні мынада, яғни өзінің қаржылық жағдайы жоқ лизинг алушы лизингтік компанияға лизингтік келісім түзу туралы өтініш білдіреді. Екі жақтық келісім болғанда лизинг алушы сатушыны немесе өндірушіні таңдайды, ал лизинг беруші оны лизинг алушыға уақытша беру үшін сатып алады. Келісім аяқталған соң осы құрылғы не лизинг берушіге не болмаса лизинг алушыға өтеді.
Өзінің экономикалық сипаты бойынша лизинг несиелік қатынастарға және инвестицияларға өте ұқсас. Айырмашылық лизингте қатысушылар ақшамен емес нақты мүлікпен амал жүргізеді.
Нәтижесінде лизинг көбінесе тауарлық несие түрінде квалификацияланады. Бұл тоналудан және тәжірибелік пайданы жоғалтудан сақтайды.
Лизинг Қазақстандағы экономикалық жағдайда машинаны және құрылғыларды несиеге алғанға қарағанда әлдеқайда тиімді. Ал лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда лизинг беруші ештеңе жоғалтпайды. Егер, несие беруші өз ақшасын алу үшін тоқырау процесінің ұзын жолынан өтуі тиіс болса, ал лизинг беруші өзіне тиесілі техниканы сатып жіберуі немесе басқа лизинг алушыға беруі мүмкін.
Бірақ, лизингтік келісімге тұру үшін лизинг берушінің өз ақшасы немесе басқа қаржы құрылымдарынан оны ала білуі қажет. Біздің жағдайымызда мұндай құрылымдарға банктер, несие мекемелері немесе банктің қарамағында құрылған лизингтік компаниялар жатады.
Әлемдік тәжірибеде лизингтің екі түрі бар: қаржылық және жедел. Олардың бір-бірінен негізгі ерекшелігі құрылғыны жалға беру мерзімінде. Егер, жедел лизинг машинаны немесе құрылғыны қысқа мерзімге берсе, қаржылық лизинг бойынша жалға беру ұзақ мерзімді болып келеді.
Қаржылық лизинг – лизингтің кең тараған түрі, ол бойынша жалға берілген құрылғыны қайтару мерзімі біткенге дейін оның эксплуатациялық мерзімі де бітіп қалады. Ал жедел лизингке келетін болсақ, ондаға төлемнің салыстырмалы өлшемі қаржылық лизингтегіге қарағанда жоғары болады. Ол өзінің әрекеті бойынша кәдімгі біз білген арендамен бірдей.
Лизинг және аренда келісім-шартында мүлікте табылуы мүмкін болған ақаулықтарға байланысты тәуекелдіктер біртекті емес орналасады. Егер, лизингтік келісім – шарт бойынша лизинг беруші құрылғыны қолданушыға құрылғының ақаулықтары үшін жауап бермейтін болса, арендалық келісім-шартта жалға беруші ақаулықтар, олар тудыруы мүмкін зияндар үшін жауап береді. Лизинг берушіден бұл жауапкершіліктің алынып тасталуының себебі, лизинг алушы құрылғы берушіні өзі таңдайды, сондықтан өзі жіберген қателіктерді лизингтік компанияға жаба алмайды.
Сондықтан, келісім – шарт нысаны абайсызда жойылған күннің өзінде лизинг алушы лизингтік төлемді өтеуге міндетті.
Сонымен, қаржылық лизинг дегенде құрылғыны пайдалану нәтижесіндегі барлық ұтылыстар мен ұтыстар лизинг алушының мойнына жүктелетін келісім түсініледі. Сондай-ақ, лизингтік төлемдер лизинг берушінің құрылғы құнын өтеуіне ғана емес, қосымша пайда алуына жетуі тиіс.
Соңғы жылдарда лизингтік компаниялар ұйымдастыруы бойынша үш құрылымдық топқа жіктелуде.
Бірінші топтағы лизингтік компаниялапға банктер түзген немесе олар бақылайтын фирмалар кіреді. Екінші топқа негізінен өнім өндірушілердің қарамағындағы фирмалар болып табылатын лизингтік компаниялар кіреді.
Үш жақты лизингтік келісім кезінде қаржылық лизингті және қаржы ағымын ұйымдастыру сүлбесі. Бұл әсіресе жол, құрылыс, ауыл шаруашылық және автокөлік машина құрылысына тиісті. Өзінің өнімін жеткіліксіз таратқандықтан өндірушілер өзінің өткізуге басқа, базарларды іздейді, онда лизинг олардың тұтынушы үшін тиімді болған қаржылық жағдай өтуі үшін мүмкіндік жаратады.
Үшінші топқа өздерінің ақшасы, жұмыс тәжірибесі, соған қарай потенциалды клиенттері бар лизингтік компаниялар. Лизингтік нарықтың субъектілері келесілер болып табылады: лизинг берушілер, лизинг алушылар, құрылғыларды сатушылар, сонымен бірге банктер, брокерлік және консалтингтік фирмалар, олар лизингтік амалдардың тікелей қатысушылары болмаса да, нарықтың басқа қатысушыларына делдалдық, ақпараттық және консалтингтік қызмет көрсетеді.
Лизингтің негізгі субъектілері:
Лизинг алушы – лизинг келісі бойынша белгілі төлем өтеу арқылы, белгілі мерзімге және белгілі жағдайларда лизинг нысанын уақытша иемденетін және қолданатын жеке немесе заңды тұлға;
Лизинг беруші – лизингтік келісімнің іске асу барысында өз ақшасына немесе алынған ақшаға мүлікті алып, оны лизинг алушыға лизинг заты ретінде белгілі төлем есебіне белгілі мерзімге және белгілі жағдайларда уақытша иемденуге тапсыратын жеке немесе заңды тұлға.
Сатушы ( жеткізіп беруші) – лизинг берушімен сату – сатып алу келісіміне сәйкес лизинг алушыға лизинг заты болып табылатын мүлікті сататын жеке немесе заңды тұлға. Сатушы сату – сатып алу келісіміндегі шарттарға сәйкес лизинг нысанын лизинг алушыға немесе лизинг берушіге беруге міндетті.
Лизингтік келісімнің негізгі құжаты лизингтік келісім, ол екі бөлімнен тұрады: лизинг беруші мен сатушы арасындағы құрылғыны сату – сатып алу туралы шарт және лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы лизинг келісім шарты.
Лизингтік келісімінің мазмұны сатып алынатын және қолданушыға берілетін құрылғының атынан, оның құны мен жеткізілу мерзімінен, келісім шарттың іске енуі мен аяқталуынан, жақтардың құқықтарынан, міндеттерінен және жуапкершілігінен, құрылғыны жеткізу және қабылдау ретінен, құрылғыны күту, жөндеу және сақтандырудан, лизингтік төлемдерден және айыппұл санкцияларынан, даудамайды шешу ретінен келісім –шартты мерзімінен бұрын бұзу шарттарынан, жақтардың реквизиттерінен және т.б. тұрады. Құрылғыны қабылдап алу арнайы қабылдау – тапсыру акті арқылы іске асады.
Әдебиеттер:
1. Менеджмент в строительстве. Учебник для студ. обуч. по спец. «Экономика и управление на предприятиях (строительство)». Под ред. И.С. Степанова. -2-е изд.доп. и перераб. –М.: Юрайт, 2005-523 с.
2. Экономика отрасли (строительство). Учебник для студ. сред. спец. учеб. зав., обуч. по строительным спец. /В.В.Акимов [и др.]. –М.: ИНФРА-М, 2006. -304 с. – (среднее профессиональное образование).
3. Костюченко В.В. Менеджмент строительства. Учебное пособие /В.В.Костюченко, К.М.Крюков, О.А.Кудинов. Под ред. В.В.Костюченко. –Ростов н/Д.: Феникс, 2002. -448с.
4. Чистов Л.М. Экономика строительства. Учебник допущен УМО по образованию в области производственного менеджмента. /Л.М.Чистов. –СПб.: Питер, 2003. -637с.: ил.- (Учебник для вузов).
5. Экономика строительства. Учебник для студ. строительных вузов, обучающихся по спец. «Экономика и управление на предприятиях (строительство)»; Допущено МО РФ /Под общ.ред. И.С.Степанова. -3-е изд., перераб. и доп. –М.: Юрайт-Издат, 2007. -620с.
Жарияланған-2016-01-12 18:12:43 Қаралды-5021
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану